16 ақпан сейсенбі

PavlodarNews

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

16 ақпан, сейсенбі

2021 жыл

№19 (15637)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

«Қазөнер»

қолдаусыз қалмады

КӘСІПКЕРЛІК

Нақпа-нақ

Былтыр

Қазақстанда

650

мың тонна

нан

өндірілді

ҚҰНДЫЛЫҚ

Наурыз

10 күн

тойланады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт

Тоқаев Наурыз мейрамының

мазмұнын байыта түсетін

тұжырымдама жасауды

Үкіметке тапсырғаны

мәлім. Еліміздегі жауапты

министрліктің ұйғаруымен

биыл Наурыз мейрамын

тойлауға қатысты іс-шаралар

елімізде 14-23 наурыз

аралығында өткізілетін

болды.

Биыл облыста кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Business

Ertis» өңірлік бағдарламасы бастау алды. Аталмыш бағдарламаның

аясында тегін өндірістік цех алып, ісін дөңгелетіп отырғандардың

бірі – «Қазөнер» жеке кәсіпкерлігі. Бұл кәсіпорынның шеберлері

облыс тұрғындарының талғамына сай келетін ұлттық нақыштағы

дүниелерді дайындап, жергілікті нарықты өзіміздің өніммен қамтып

отыр.

Дәулет:

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ҚУАНТАДЫ

Суретті түсірген - Жансері Съезбек.

Жалғасы 6-бетте

Осыдан 10 жыл бұрын Павлодар қаласындағы Алюминстрой шағын ауданындағы ескі екі

қабатты үйлердің орнын жаңа көпқабатты баспаналар басады деген жоспарға күмәнмен

қарағандар көп болды. Ал бүгінде Сарыарқа деп аталатын ірі шағын ауданның бой көтергенін

көрген көпшілік таңданысын жасыра алмайды.

Толығырақ 5-бетте

Бұдан былай Наурыз мейрамы

10 күн тойлануы мүмкін. Ашық НҚА

сайтында ҚР Мәдениет және спорт

министрлігінің Наурыз мейрамын атап

өту тұжырымдамасын бекіту жобасы

пайда болды. Онда «Наурыз мейрамын

тойлауға қатысты іс-шаралар

14-23 наурыз аралығында өткізіледі

(10 күн)», - деп жазылған. Құжатқа сәйкес,

14 наурыз – «Көрісу күні», 15 наурыз –

«Жайлау күні», 16 наурыз – «Шежіре

күні», 17 наурыз – «Тарихқа тағзым

күні», 18 наурыз – «Игі істер күні»,

19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік

күні», 20 наурыз – «Зияткерлік күні»,

21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»,

22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»,

23 наурыз – «Жоралғы күні».

ҚР Президенті Қасым-Жомарт

Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

атты мақаласында: «Мейрам кезінде

ұлттық құндылықтарды дәріптеу

мақсатында халық жаппай ұлттық

киімдерімізді киіп, төл ойындарымызды

ұйымдастырып, көпшілік орындарда

(сауда орталықтары, вокзал,

әуежай, қонақүй т.б.) ұлттық

музыка ойнатылуын қамтамасыз

ету, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып,

жас ұрпаққа Ұлыстың ұлы күнінің

маңызы жөнінде өсиет, өнеге

айтуы маңызды», - деген болатын.

Соған сәйкес бүгінде мейрамның

маңызын арттыру бағытында қадамдар

жасалуда.

Әзірлеген - Қ.МҮСӘЙІП.


2 16 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ХАЛЫҚ САНАҒЫ

Биыл халық

санағының өтуіне

байланысты

ауыл-қалалар,

көшелер, алаңдар,

даңғылдардың

атауын өзгертуге

уақытша мораторий

жариялау

жоспарланып

отыр.

Мораторий

енгізіледі

Соған сәйкес, 1 мамыр мен 31 желтоқсан

аралығында әкімшілік-аумақтық құрылымдарды қайта

құрып, атауларын ауыстыруға болмайды.

Аталмыш мәселе халық санағын өткізу жөніндегі

арнайы комиссияның отырысында қаралды.

- Халық санағын сапалы өткізу үшін әкімшілікаумақтық

бірліктерді құру, қысқарту, қайта құруға

және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау

беру, атауларын ауыстыруға қатысты ұсыныстарға

2021 жылғы 1 мамыр – 31 желтоқсан аралығында

мораторий енгізген жөн, - делінген хабарламада.

Вице-премьер Әлихан Смайылов бұл ұсынысты

мақұлдады. Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросына

тиісті хатты Президент Әкімшілігіне жолдауды

жүктеді.

Айта кетелік, осы жылдың 1 қыркүйегінде елімізде

онлайн халық санағы басталып, 15 қазанға дейін

жалғасады. Азаматтар тәулік бойы жұмыс істейтін

sanaq.gov.kz сайтына өзі және отбасы мүшелері

туралы ақпаратты енгізе алады. Ал дәстүрлі санақ

2021 жылдың 1-30 қазан аралығында барлық санитарлық

талаптарды сақтай отырып жүргізіледі. Бұл

еліміз тәуелсіздік алғалы үшінші жалпыхалықтық

санақ болады.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

ТАҒАЙЫНДАУ

Басқарма

тізгіні -

Байжановта

Биыл ветеринария саласы ауыл шаруашылығы

басқармасының құрамынан

бөлініп шығып, басқарма ретінде

қайта құрылған болатын. Бұл жаңа

ведомствоға Қайыржан Байжанов

жетекшілік ететін болды.

Қайыржан Байжанов

1976 жылы туған. 1998 жылы

Семей зооветеринарлық

институтын, 2020 жылы

Нархоз университетін

тәмамдады.

Еңбек жолын 1998

жылы Железин ауданы

Уәлиханов ауылдық округінде

мал дәрігері

болып бастады. 2002-

2006 жылдар аралығында

ҚР Ауыл шаруашылығы

министрлігінің Павлодар

аудандық аумақтық басқармасында

маман болып

жұмыс істеді. 2006 жылдан 2010 жылға дейін Павлодар

қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы,

сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2010-2014

жылдары Павлодар ауданының ветеринария бөлімін

басқарды. 2014-2016 жылдары «Nur Otan» партиясы

Павлодар аудандық филиалы төрағасының бірінші

орынбасары, кейін Павлодар аудандық мәслихатының

хатшысы қызметтерін атқарды.

2017-2019 жылдары облыстық ветеринария

басқармасына жетекшілік етті. 2019 жылы мемлекеттік

орган таратылған соң Шарбақты ауданы әкімінің

орынбасары болып тағайындалды. Осы уақытқа дейін

осы лауазымда еңбек етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

СОТ

Әділет жүйесінің

діңгегі

Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев

сот жүйесін жаңғырту

мәселелері жөнінде

кеңес өткізді. Президент

сот жүйесіндегі

жүргізіліп жатқан

реформалар аталған

салаға жаңадан

білікті мамандарды

жұмылдыруға, әділ сот

төрелігін орнықтыруға

тиіс екенін атап өтті.

Мұндай шаралар, ең алдымен,

қоғамның соттарға деген сенімін

нығайту үшін жасалып отыр. Сонымен

қатар соттар мен сот рәсімдері

қазіргі заман талабына сай болуы

және азаматтарымыздың, бизнес пен

инвесторлардың құқықтарын қорғауы

тиіс. Президент мемлекеттің індетке

қарамастан сот жүйесін жаңғыртуды

жалғастыра беретінін атап өтті. Енді

осы жаңа нормалардың нақты жүзеге

асырылуын қамтамасыз етіп, сот

қызметіндегі бюрократияны түбегейлі

жою қажет.

– Жоғарғы сот төрағасы судьялардың

біркелкі жағдайда әртүрлі шешім

қабылдайтыны жөнінде маған бірнеше

рет баяндаған. Мұндай келеңсіздіктерге

жол беруге болмайды. Соның салдарынан

қоғамда наразылық туындап,

соттардың бәрі жемқор деген жағымсыз

ақпарат тарайды. Осы орайда Жоғарғы

соттың нормативтік қаулылары мен

сот тәжірибесіне жасалған шолуларды

басшылыққа алу қажет. Сондай-ақ ІТ

қызметтерінің талдау жасау мүмкіндігін

пайдаланған жөн. Соттар қылмыстық

процесті жүргізу барысында тергеу

органдарына жалтақтамауы керек.

Егер сотта мемлекеттік айыптаушы

сотталушының кінәсін дәлелдей алмаса,

айыптау үкімін шығаруға болмайды.

Судьялар табандылық танытса,

тергеу амалдары сапалы жүргізілетіні

анық. Қылмыстық қудалауға түскен

азаматтардың құқықтары да лайықты

қорғалары сөзсіз, – деді Мемлекет

басшысы.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Жуырда С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапханада арнайы жиын

өтті. Шараға облысымызға белгілі

ақын, жазушылар, өнер майталмандары

шақырылды. Бұдан бөлек, ZOOM

платформасы арқылы онлайн режимде

аймағымыздың әр түкпірінен 150-ге

жуық адам қатысты. Олардың қатарында

мәдениет саласының өкілдерінен бөлек,

қала, аудандардың зиялы қауымы болды.

Жиын аясында Павлодар облысының

мәдениет, тілдерді дамыту және

архив ісі басқармасының басшысы

Самал Бегалинова мен ҚР Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Павлодар облысы бойынша

департаменті басшысының бірінші

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға

қатысушыларға барлық реформаның

негізі адам игілігіне бағытталатынын

ескертті. Сондықтан сот рәсімдері

бәріне түсінікті болуы тиіс. Адам

игілігіне бағытталған бұл әдіс биылғы

1 шілдеден бастап енгізілетін әкімшілік

әділет жүйесінің діңгегі болуы керек.

Нәтижесінде, мемлекеттік аппараттың

азаматтармен жұмыс істеу жүйесі

түбегейлі өзгереді. Бұл ретте маңызды

реформаның табысты болуы соттардың

кәсібилігіне тікелей байланысты.

– Былтырғы Жолдауымда соттарды

жаңадан іріктеу үдерісін ашық етуге

тапсырма бердім. Азаматтарымыз

кімнің және сіңірген қандай еңбегі

үшін сот болатынын білуге құқылы.

Бұл мәселені кешіктірмей шешу керек.

Соттарды біліктілігі жоғары кадрлармен

жедел қамтамасыз ету – Жоғары сот

кеңесінің маңызды міндеті. Сонымен

қатар Жоғарғы сот кадрлардың

тұрақтамау себебіне жан-жақты талдау

жүргізуі қажет. Судья мамандығына

мықты заңгерлер тартылуы тиіс, –

деді Президент.

Мемлекет басшысы сыбайлас

жемқорлықты сот жүйесіне деген

сенімге селкеу түсіріп отырған негізгі

факторлардың бірі деп санайды. Тек

соңғы 5 жылдың ішінде сыбайлас

жемқорлық фактісі үшін Фемиданың

17 өкілі жауапқа тартылды. Түркістан

Парасат жолында

Сурет akorda.kz сайтынан алынды.

ЖЕМҚОРЛЫҚ

Облысымыздың зиялы қауым өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш

біріктіруде. Бұл ретте аймағымыздың барлық қалалық, аудандық және ауылдық

кітапханалары жанынан «Парасат жолы» орталықтары ашылды.

орынбасары Ардақ Балғожин өзара

әріптестік жөнінде меморандумға

қол қойды. Қос мекеме жемқорлық

індетіне қарсы үгіт-насихат жүргізу,

қоғамда парасаттылық идеологиясын

қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды

бірлесе атқаруға уағдаласты.

Облыс бойынша 500-ге жуық

мәдениет мекемесі бар. Онда

3 мыңға жуық адам еңбек етеді. Енді

бұл қатарға мәдениет мекемелерімен

тығыз байланыс орнатқан зиялы қауым

өкілдері, ғалымдар да қосылады.

- «Парасат жолы» орталығы жемқорлыққа

қарсы идеологиялық күресте

қоғаммен байланыс орнатудың, оған

әсер етудің жаңа форматы дер едім.

Мәдениет мекемелері бұған дейін де

сыбайластықтың алдын алу бағытында

облысында сотталған алқа төрағасы мен

облыстық соттың судьясына қатысты

жемқорлық деректері қоғамда үлкен

шу туғызды.

– Осыдан бірер күн бұрын масқара

жағдай болды. Жоғары сот кеңесінің

бұрынғы мүшесі, сондай-ақ аудандық

соттың төрағасы болған, 30 жылдық

еңбек өтілі бар Жоғарғы соттың

судьясы ұсталды. Бұл оқыс оқиға

жұрттың бәріне белгілі. Аталған жағдай

қоғамды теңселтіп кетті. Жоғары

сот кеңесінің және Жоғарғы соттың

басшылықтары осы оқиғадан сабақ

алып, қажетті шешім шығаруы керек

деп ойлаймын. Осы кезең ішінде

Сот қазылары алқасының шешімімен

29 судья теріс іс-әрекеттері үшін қызметтерінен

босатылған. Жалпы, судьялардың

қатарын тазалау жұмыстары белсенді

жүргізіліп жатқаны байқалады. Бұл

үдерісті мүлде тоқтатуға болмайды.

Біз судьяларға деген қалыптасқан

теріс көзқарасты өзгертуіміз керек.

Фемиданың барлық қызметкері

заңдылықтың, сатылмайтындықтың,

кәсібиліктің үстем құруына қызмет

етуі тиіс. Сонда ғана біз құқықтық

мемлекет және әділетті қоғам құра

аламыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

egemen.kz

кешенді жұмыстар атқарып келді. Енді,

орталық жанына жиналған шығармашыл

зиялы қауым, ғалымдардың көмегімен

парасаттылық идеологиясын насихаттау,

қалыптастыру бағытында іс-шараларды

жаңаша қарқынмен жалғастыратын

боламыз, - деді басқарма басшысы

Самал Балғабайқызы.

Шараға қатысқан Қазақстанның

еңбек сіңірген қайраткері, белгілі

ақын Арман Қани жемқорлыққа қарсы

күресте идеологиялық үгіт-насихат

жұмысының маңыздылығын ерекше

атап өтті. «Парасат жолы» орталығының

жұмысына сәттілік тіледі.

Атап өтерлігі, «Парасат жолы» өңірлік

орталығының жетекшісі болып облыстық

мәслихат депутаты Жарқынбек Амантай

тағайындалды.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 16 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл 3

COVID-19: КАРАНТИН

Науқастарды

қабылдай бастады

Павлодарда кардиологиялық орталықтағы инсульт бөлімшесі алғашқы

науқастарды қабылдады. Жаңа бөлімше 27 адамға есептелген. Оның 7-еуі

жан сақтау орнына арналған.

Бөлімше меңгерушісі Гүлжан

Қангелдиеваның айтуынша, мұнда

миокард инфарктісі және ми қан

айналымы бұзылған науқастар

ем қабылдайды. Олар денсаулық

жағдайына байланысты сұрыпталады.

Шұғыл көмекті қажет еткендерге

жедел түрде медициналық көмек

көрсетіледі.

– Егер науқасқа реанимациялық

көмек қажет болса, оны жылдам

көрсетеміз. Жағдайы орташа

дәрежедегі адамдарға да қажетті ем

тағайындалады. Қазір ишемиялық

инсульт диагнозымен 2 науқас

емделуде. Олар Тереңкөл және

Успен аудандарынан түсті, - дейді

Г.Қангелдиева.

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасының мәліметінше, инсульт

орталығындағы қарқынды терапия

палатасы заманауи өкпені жасанды

желдету аппараттарымен, дефибрилляторлармен,

мониторлармен

және электрокардиографтармен

жабдықталған. Сондай-ақ, инсульт

Өткен тәулікте 101 адам коронавирус

жұқтырған. Дей тұрғанмен,

күн санап індетке шалдыққандардың

саны біртіндеп азайып

келе жатқанын атап өткен жөн.

Індеттің одан әрі таралуына

жол бермеу үшін жұртшылық

облыстық бас санитар дәрігердің

20 қаңтардан бастап күшіне

енген қаулысындағы талаптарды

орындауы қажет. Оған

сәйкес, сенбі-жексенбі күндері

Жуырда мониторинг тобының

өкілдері облыс орталығындағы

Торайғыров көшесі, 51 мекенжайында

орналасқан Mojo клубының

түнгі уақытта жұмыс істегенін

анықтады. Тексеру кезінде онда

50-ден астам адам болған. Бұл

туралы облыстық кәсіпкерлік және

индустриалдық-инновациялық даму

басқармасының бөлім басшысы

Дәурен Усаханов айтты.

- Аталмыш түнгі клуб карантин

тәртібін бірнеше мәрте бұзды.

Шектеу жалғасады

Аймағымызда эпидемиологиялық ахуалды жақсарту мақсатында тұрғындар

бірқатар шектеу шараларын әлі де ескеруі тиіс. Павлодар облысы әлі күнге

«қызыл аймақта» қалып отыр.

қоғамдық көлік жүрмейді. Дәмхана

иелері келушілерді күндізгі сағат

9.00-ден кешкі сағат 20.00-ге

дейін қабылдай алады. Жеткізу

қызметі кешкі сағат 22.00-ге дейін

жұмыс істемек.

Атап өтерлігі, дәмханалар сенбіжексенбі

күндері де кешкі сағат

20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, жеткізу қызметі кешкі

сағат 22.00-ге дейін тапсырыс

қабылдай алады.

алған науқастардың денсаулығын

жақсарту үшін оңалту кабинеті

де іске қосылған.

Инсульт бөлімшесінде реаниматологтармен

қатар, тағы 4 невропатолог

жұмыс істейді.

Сурет газет

мұрағатынан алынды.

Демалыс күндері сауда орындары,

азық–түлік емес тауарларды

сататын дүкендер, спорт

нысандары, фитнес орталықтары,

жаттығу залдары келушілерді

қабылдай алмайды. Сондай-ақ,

бассейн, монша, сауна және

бизнес орталықтар да қызмет

істемейді. Мекеме қызметкерлерінің

80 пайызы қашықтан

жұмыс істеуі тиіс.

Клубтардағы ойын-сауық

тыйылмай тұр

Өңірде эпидемиологиялық

жағдайды

жақсарту, коронавирустың

одан әрі

таралуына жол бермеу

мақсатында мониторинг

топтары тұрақты

түрде рейд жүргізуде.

Өкінішке қарай,

карантин режимін

бұзғандар апта сайын

тіркелуде.

Өткен жұма күні түнгі сағат 22.30

шамасында оның ішінде 50-ден

астам адам болған. Сонымен

қатар, «Пастила» дәмханасы да

тәртіп бұзғандардың тізіміне еніп

отыр. Оларға қатысты әкімшілік

іс қозғалды, - дейді Д.Усаханов.

Сонымен қатар, талапқа бағын

бағандардың қатарын Астана көшесі,

18 мекенжайындағы «Гоголь» кафесі

де толықтырды. Онда 20 адам

рұқсат етілмеген уақытта демалған.

Кәсіп иелері мен тұтынушылардың

барлығынан түсініктеме алынып,

материалдар облыстық санитарлықэпидемиологиялық

бақылау департаментіне

жолданды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің

қызметкерлері қазірден бастап көктемгі су

тасқынының алдын алу жұмыстарына белсенді

кірісуде.

Дайындық

мығым

Оралхан ҚОЖАНОВ

Бүгінде аймағымызда су басу қаупі жоғары 28 елді мекен

тіркелген. Әсіресе, Баянауыл және Ақтоғай аудандарындағы

жағдай – басты назарда.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр

Өтегенов су тасқынына дайындық жұмыстарына тоқталды.

- Аймағымызда тасқынның туындау қаупі қар суы мен Шүлбі

су қоймасындағы ахуалға байланысты. Былтырғы жылмен

салыстарғанда қар жамылғысының биіктігі төмен. Бірақ, топырақта

мұз қату көрсеткіші 135 сантиметрді құрап отыр. Өткен жылмен

салыстырғанда 14 пайызға көп. Бұл дегеніңіз топырақта су сіңу

процесі ұзаққа созылуы мүмкін. Қала берді, желдің әсерінен

даладағы қар елді мекендерге қарай «жылжыды». Сондықтан

да, жергілікті атқарушы орган өкілдері қар шығару ісін ұмыт

қалдырмаған жөн. Біз өз тарапымыздан тиісті шараларды қолға

аламыз, - дейді Е.Өтегенов.

Белгілі болғандай, көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше

жағдай орын алса, 1 миллиард теңгеден астам қаражат сақтаулы

екен. Бұдан бөлек, 125 тонна жанар-жағармай, мың тонна инертті

заттар, 134 техника әзірленген. Айтпақшы, наурыз айының басында

аймағымызда «Көктем – 2021» республикалық оқу-жаттығу жиыны

өткізілмек. Осылайша, сақтық шаралары жоғары деңгейде

ұйымдастырылмақ.

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

Ауғанның жерін

көргендер

15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан

шығарылғанына 32 жыл толды. Бұл – 10 жылға

созылған қанды майдан даласынан аман оралған

әрбір азамат үшін естен кетпес қуанышты күн.

Облыстық «Ауған соғысы

ардагерлері мен мүгедектері»

қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Байғабыл Майкотовтың сөзінше,

облысымызда Кеңес-Ауған шайқасына

қатысқан 760 азамат

бар. Ал соғыста 36 жерлесіміз

қаза тапқан екен.

- Павлодарлық жігіттер

Ауғанстанның барлық соғыс

аймағында болды деуге болады.

Мысалы, Кандагар, Кабул,

Газмин, Герат сынды көптеген

қалаларда шайқасты. Олардың

ерлігін ұмытуға және ескерусіз

қалдыруға болмайды. Өңіріміздегі

Ауған соғысы ардагерлерінің ең

үлкені бүгінде 80-ге келген болса,

ең кішісі 50-ден асты. Майдандас

достарымыздың әрқайсысының

есімі тарихта қалуы керек. Осы

мақсатта жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Бұған дейін қатысушылар туралы

бір кітап жарыққа шыққан болатын.

Енді екінші басылымды әзірлеп

жатырмыз, - деді Б.Майкотов.

Сол жылдары Ауғанстан

жерінде әскери міндетін өтеген

жерлестеріміздің бірі - Сейіталин

Серік. Ол Отан алдындағы

азаматтық борышын 1984-1986

жылдары аралығында Ауғанстан

шекарасындағы «Гельменд»

провинциясында атқарған. Атап

айтқанда 371-ші мотоатқыштар

полкі, 2-батальонының бөлімше

командирі болып қызмет атқарды.

Майдангер ағамыз 15 ақпанды

екінші туған күніміз секілді

қарсы аламыз. Себебі, бұл -

бізді Отанымызбен және отбасымызбен

қауыштырған естен

кетпес күн, дейді.

- Мен әскерге соғыстың ең

ушығып тұрған уақытында бардым.

Міндеттеріміз ауыр болды. Әр

тапсырманы бұлжытпай орындауға

тырыстық. Елге оралған соң құқық

қорғау саласында жұмыс істеп,

зейнеткерлікке шықтым. Әскери

міндетімді Ауғанстан жерінде және

дәл соғыс уақытында өтеуім арқылы

әскери тапсырмалардың барлығын

меңгердік. Бұл менің өмірде және

қызметімде үлкен көмек болды.

Барша қарулас достарымды осы

атаулы күнмен құттықтаймын, -

дейді Серік Шамшитұлы.

Еске салсақ, Кеңес одағынан

Ауған соғысына 500 мыңнан астам

азамат қатысып, оның 15 мыңы

опат болды. Ал Қазақстаннан

бұл майданға 22 мыңнан астам

жауынгер тартылды. Оның 889-ы

ерлік жолында қаза болған болса,

30-дай отандасымыз хабарсыз

кеткен. Сонымен қатар, 3 мыңнан

астам қазақстандық Ауған соғысынан

мүгедек болып оралды.

Т.САХАБА.


4 16 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

- Дәулет Қоқанұлы, бір жарым

жыл облыстық ақпарат және

қоғамдық даму басқармасының

құрамында болып, қайта бөліндіңіздер.

Жеке басқарма ретінде

атқаратын міндеттер күшейіп

жатқан болар?

- Иә, жеке басқарма болып

құрылғаннан кейін құзыретіміз артып,

мүмкіншілігіміз кеңейе түсуде.

Себебі, енді осы саланы жетік білетін

мамандарды тартып, бір бағытта

ғана жұмыс жүргізуге мүмкіндік

туды. Яғни, діни экстремизмге апаратын

әрекеттердің алдын алу,

діни ұйымдардың ҚР «Діни қызмет

және діни бірлестіктер туралы»

Заң нормаларын қатаң сақтауын

қадағалауға толық мүмкіндік туып

жатыр.

- Өткен жылы қандай заң

бұзушылықтар жиі орын алды

және оларға қандай шаралар

қолданылды?

- Біздің өңірде діни ахуал тұрақты

сақталуда деуге болады. Дегенмен,

кішігірім заң бұзушылықтар болып

тұрады. Оның барлығы тұрғындардың

дін туралы заң талаптарын

жетік білмеуінің салдары деп түйдік.

Яғни, көпшілік қауым діни

мазмұндағы ақпараттарды, діни

кітаптарды қайда тарату немесе

Діни ахуал -

тұрақты

Жақында облыстық дін істері басқармасы дербес мекеме

ретінде қайта құрылды. Бұған дейін облыстық ақпарат

және қоғамдық даму басқармасының құрамында

болған еді. Бұл өзгеріс еліміздегі және өңіріміздегі

дін саясатының өте өзекті екенін байқатады. Осыған

орай басқарма басшысы Дәулет Зәкарияновты әңгімеге

тартқан едік.

қайдан сатып алу керектігін білмейді.

Мысалы, Аққулы ауданының Ямышев

ауылында «Евангельді христианбаптистер»

діни бірлестігінің өкілдері

көшеге шығып, жеке үйлерді аралап

кітапшалар таратқан екен. Құқық

қорғау органдары заң бұзған

азаматтардың аталған әрекетіне

бірден тоқтау қойып, әкімшілік

жаза тағайындады. Сол секілді

Ертіс ауданының бір азаматы өзінің

жеке әлеуметтік парақшасында

радикалдық мазмұндағы материалды

сақтағаны анықталды. Діни

тақырыптағы кітаптар мешітте және

рұқсат берілген дүкендерде ғана

сатылуы тиіс. Сондай-ақ, БАҚ-та

немесе интернет жүйесінде де ресми

тіркеуден өткен діни бірлестіктер

ғана таратуға құзырлы. Негізі, ҚР

«Діни қызмет және діни бірлестіктер

туралы» Заңын бұзған жеке

тұлғалар 50 АЕК, ал заңды тұлғалар

100 АЕК көлемінде айыппұл

арқалайды.

- Сонда кез келген сауда

нүктесінен кітап сатып алудың

өзі қауіпті болып тұр ғой. Біздің

өңірде діни басылымдар сататын

қанша дүкен бар?

- Жалпы, облысымызда діни

кітаптарды, шағын кітапшаларды

және діни мазмұнда жасалған кәдесыйлар

мен жапсырма қағаздарды

сатуға рұқсат алған 36 дүкен

бар. Оның 24-і Павлодар қаласында,

қалғандары Екібастұз, Ақсу

қалаларында және Железин ауылында

орналасқан. Ондай дүкендер

мектептен, колледжден және

басқа да мемлекеттік мекемелерден

300 метр қашықтықта орналасуы

тиіс. Тіпті, рұқсат берілген

орындардың өзінде сараптамадан

өткен әдебиеттер сатылады.

- Ал, діни әдебиеттердің сараптамадан

өткен немесе өтпегендігіне

қалай көз жеткізуге

болады?

- ҚР Ақпарат және қоғамдық

даму министрлігінің ресми сайтында

сараптамадан өтіп, пайдалануға

болатын кітаптардың тізімі жарияланады.

Ол тізім тоқсан сайын

жаңартылып отырады. Егер біреудің

қолында қандай да бір күмәнді

материал немесе кітап түскен

болса, бірден құзырлы органдарға

немесе сол дінге қатысты

ғибадатханаларға әкеліп тапсыруы

керек.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Тілеуберді САХАБА.

ӨНДІРІС

Ақсу электр станциясының инженерлер

тобы энергоблоктарда болуы мүмкін ақаулардың

алдын алып, құбырларды қаз қалпында

сақтап қалудың жолын ойлап тапты. Бұл

жоба инноваторлар форумында үздіктер

сапынан табылып, өндіріс орнында іске асатын

болды.

Қарапайым әдіс

құбырларды

қорғайды

«Еуроазиаттық энергетикалық

корпорация» АҚ мәліметтері

бойынша, 2018 жылы

бу қыздырғыш құбырлардағы

ақаулардың салдарынан энергоблоктардың

жұмысын 14 рет

тоқтатуға тура келген. Бұл

блоктар бір жылда орта есеппен

156,2 сағат тұралап тұрғанын

білдіреді.

Құбырлардағы ақаулардың

алдын алу үшін көп жағдайда

тесік пластиналар қолданылады.

Бірақ олар аса тиімді емес.

Сондықтан Ақсу электр станциясының

қызметкерлері –

диагностика қызметінің жетекші

инженері Анастасия Демченко,

осы бөлімнің инженері Виктория

Клейнис және беріктік жөніндегі

бөлімнің жетекші инженері

Антон Шульмин бұл мәселені

шешудің жолын ойластырды.

Олар қызуға төзімді болаттан

иілген табақтар жасап, оларды бу

қыздырғыш құбырлардың үстіне

орнатуды ұсынды. Бұл ойды

іске асыруға шебер Вячеслав

Алиферов көмектесті.

- Жұмыс барысында құбырға

қатысты қиындықтар жиі

кездеседі. Ал арнайы табақтар

жасау – мәселені шешудің ең

төте жолы. Ол қыруар қаржыны

қажет етпейді. Орнату үшін көп

жұмыс күші де керек емес.

Оған қоса, тек біздің топта

нәзік жанды инженерлер бар.

Сондықтан болар, жоба инноваторлар

форумында жоғары

бағаланып, 21 жобаның ішінен

екінші орынға ие болды. Мұндай

шаралардың ұйымдастырылуы

қызметкерлерді ынталандырып,

қарым-қабілеттерін

танытуға мол мүмкіндік

береді, - дейді А.Демченко.

Жүлделі орын алған инженерлерге

Еуропа, ТМД елдері

мен отандық кәсіпорындарда

тағылымдамадан өту үшін жолдама

беріледі. Сонымен қатар,

бір жылдан кейін бұл жобаның

тиімділігін байқауға болады.

«Еуроазиаттық энергетикалық

корпорация» АҚ соның есебінен

екінші энергоблоктағы ақаулар

екі есеге азайып, шамамен

17 млн. теңге үнемделеді деген

болжам жасап отыр.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

COVID-19

Еріктілердің еңбегі ерен

Карантин уақытында павлодарлық еріктілер ауқымды жұмыс атқаруда. Әрдайым

алдыңғы шептен табылып, мұқтаж жандарға қол ұшын соза білді.

Жансері СЪЕЗБЕК

Еріктілер орталығының жетекшісі

Жанар Әйткенованың айтуынша,

төтенше жағдай кезінде мұқтаж

отбасыларға азық-түлік қоры таратылған.

Осылайша, облыс орталығындағы

әлеуметтік әлсіз топтағы

100 азаматқа көмек көрсетілген.

Бұл бағыттағы жұмыстар төтенше

жағдай режимі жарияланбай

тұрып та атқарылғанын атап өткен

жөн.

Аймағымызда блок-бекеттер

қойыла бастаған уақытта да еріктілер

тұрғындарға үнпарақтар

таратып, үйде отыруға кеңес беріп

жүрді. «Жақыныңа жанашыр бол!»

акциясын жиі өткізіп, тұрғындарға

үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Тіпті, аптасына 2-3 мәрте өткізіліп

те жүрді. Түсіндіру жұмыстары

жүргізілмес бұрын қала 6 аумаққа

бөлінген. Атап айтсақ, акция

тұрғындар көп жүретін «Артур»,

«Манақбай», «Квазар», «Керуен»,

«Орталық әмбебап дүкені» сауда

орындары мен орталық жағалау

аумағын қамтыған. Бұдан кейін

қалалық трамвай басқармасы

басшылығымен келісіп, қоғамдық

көліктерде де түсіндіру жұмыстары

жүргізілген.

Былтыр 16 мамырда Түркістан

облысынан гуманитарлық көмек

ретінде 10 тонна орамжапырақ

жеткізілген. Еріктілердің атсалысуымен

оңтүстіктен жеткен өнім

аналар үйі, қарттар үйі, балалар

үйі сияқты көмекке мұқтаж мекемелерге

таратылған.

Кейінірек Өзбекстан елінің,

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау

ұйымының және «Samruk Kazyna

Trust» ұйымының желісі арқылы

гуманитарлық көмек жеткізілген.

Атап айтсақ, басқа киетін қорғаныс

киімдері, медициналық халаттар,

бетперделер, дәрі-дәрмектер

және тағы басқа қажетті заттар

әкелініп, оны таратуда да еріктілер

белсенді атсалысқан.

«Ардагер time» жобасы шеңберінде

қарияларға көмек көрсетіліп,

дәріханалардан қажетті дәрілер

жеткізілген. Еріктілер үй шаруасына

да қолғабыс жасап, үлкендердің

ақ батасын алыпты. Қорыта айтсақ,

қариялардың ақ батасы – еріктілер

үшін ең үлкен жетістік. Жастар

алдағы уақытта да қайырымдылық

шараларына белсенді

атсалысуға ниетті.

Жақында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали

Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Есіңе мені

алғайсың» атты республикалық поэзия оқу

байқауы жарияланған болатын. Сол байқаудың

бас жүлдесін Ж.Аймауытов атындағы облыстық

қазақ музыкалы драма театрының актрисасы

Еркежан Төлеубек жеңіп алды.

«Есіңе мені

алғайсың»

МАҚАТАЕВ-90

Байқау Алматы қалалық

мәдениет басқармасының қолдауымен

және «Алматы» телеарнасының

ақпараттық демеушілігімен

өтті. Қатысушыларға

қойылған басты талап – ақынның

шығармашылығынан бір

өлең оқып, сол туындының

мағынасына сәйкес ұзақтығы

1-3 минут аралығында бейнеролик

түсіру қажет. Ал одан

кейінгі кезекте дайын болған

туындыны әлеуметтік желілерге

#Мақатаев90 хэштегімен жариялау

талап етілді.

Актриса Еркежан Төлеубек

Мұқағалидың «Сәби-Ана» өлеңін

оқып, сол шығарманың желісі

бойынша 3 минуттық бей неклип

түсірген. Түсірілім идеясының

авторы және режиссері – Әділет

Ақанов пен Нұркен Нұрлыбек.

Ал сюжеттегі бас кейіпкердің

ролін ҚР Мәдениет қайраткері

Бахаргүл Құрбанова сомдап

шықты.

- Бейнеклип үш күннің ішінде

дайын болды. Түсірілім жұмысымен

кәсіби мамандар айналысты.

Өз істерін жетік білетін

кәсіби режиссер, оператор және

программистердің еңбегінің

нәтижесінде бейнеклип сәтті

шықты. Жанашырлық танытқан

барлық әріптестеріме шын

жүректен алғыс білдіремін, -

дейді ол.

Байқау жеңімпаздарын

марапаттау рәсімі «Алматы»

телеарнасының студиясында

тікелей эфирде өтті. Оған

қазылар алқасының төрағасы,

айтыскер ақын Ринат Зайытов

және басқа да танымал өнер

иелері қатысып, жеңімпаздардың

сый-сыяпаттарын табыстады.

Бас жүлде алған жерлесіміз

Еркежан Төлеубек 1 млн. теңге

көлемінде сыйақыға ие болды.

Ұйымдастырушылардың

сөзінше, байқауға 2 мыңнан

астам адам қатысқан. Олардың

арасында кәсіби кино және

театр актерлері, танымал әншікүйшілер

және қарапайым

өлеңсүйер азаматтар да бар.

Т.САХАБА.


SARYARQA SAMALY ДӘУЛЕТ 16 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл 5

Құрылыс қарқыны

қуантады

Осыдан 10 жыл бұрын Павлодар қаласының Алюминстрой шағын ауданындағы ескі екі қабатты

үйлердің орнын жаңа көпқабатты баспаналар басады деген жоспарға күмәнмен қарағандар көп

болды. Ал бүгінде Сарыарқа деп аталатын жаңа шағын ауданның бой көтергенін көрген көпшілік

таңданысын жасыра алмайды. Қаланың көркін бұзып тұрған, қараусыз қалған саяжайлардың

орнында да Достық шағын ауданының үйлері салынып жатыр. Облыс орталығындағы екі бірдей

шағын ауданда пәтерлердің ел игілігіне тапсырылуы арқылы талай жылдан бері кезек күтіп,

өз үйіне қол жеткізуді аңсаған мыңдаған отбасының арманы орындалып келеді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Сарыарқа мен

Достық

Өткен ғасырдың 1950-60 жылдары

алюминий зауытының қызметкерлері үшін

облыс орталығында екі қабатты баспаналар

бой көтерді. Әу баста қамыстан

салынған бұл үйлер уақытша тұрғызылды

делінгенмен, жарты ғасырдан астам уақыт

аралығында мұнда бірнеше ұрпақ дүниеге

келіп, үлкен өмірге қадам басып үлгерді.

Жылдар өте келе екі қабатты үйлердің

қабырғалары сөгіліп, еден, терезелері

әбден тозып, тіпті кейбіреулері апаттық

жағдайға жетті. Ал оларды сүріп, орнына

жаңа баспаналарды тұрғызуға қазынада

қомақты қаржы болған жоқ. Сондықтан

160-қа жуық уақытша баспананың тұрғындары

жаңа үйлерге қоныстанудан күдер үзе

бастаған еді.

Бірақ 2013 жылы жергілікті билік мәселені

шешер жолды тауып, бюджеттен қаражат

қарастырып, Сарыарқа ауданының бас

жоспарын дайындады. Ал 2014 жылы

бұл аудандағы алғашқы тұрғын үйлер

қолданысқа тапсырылды. Үй алудан үмітін

үзген жұртшылықтың қуанышында шек

болмады. Инженерлік желілері ескірген,

подъездегі баспалдақтары құлауға шақ

тұрған, тиіп кетсең төбесі опырылып түсетін

ескі пәтерлерден көшіп, жаңа, кең, жайлы,

заманауи баспанаға жайғасты.

Содан бері арада алты жылдан астам

уақыт өтті. Бұл кезеңде 30 жаңа тұрғын

үй салынды. 2795 отбасы қоныс тойын

тойлады. Аулалар абаттандырылып, жаңа

жолдар төселді. Жарықтандыру жүйесі

ретке келтірілді. Атқарылған ауқымды істің

нәтижесінде сәулеті көз тартатын үйлерден

тұратын Сарыарқа шағын ауданы құрылды.

Бүгінде көпшілік дәл осы ауданнан баспаналы

болуды армандайтыны жасырын емес.

Өткен жылдың жазында мұнда 650 орындық

мектептің құрылысы басталғанын ескерсек,

сарыарқалық атануды қалайтындардың қатары

арта түсері анық. Оған қоса, балабақша,

емхана сынды әлеуметтік маңызы бар

нысандарды салу да жоспарда бар.

Облыстық құрылыс басқармасының

мәліметінше, осы жылы Сарыарқада

10, келесі жылы тағы 2 үй қолданысқа

беріледі. Бұл дегеніңіз – 1080 пәтер! Яғни,

мыңнан астам отбасының жергілікті құрылыс

материалдарынан салынған жаңа үйлерге

қоныстану мүмкіндігі туады.

Сарыарқамен қатар Достық шағын

ауданы дамып келеді. Қаланың шетіндегі ескі

саяжайлардың, басқа да бос аумақтардың

орнында тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды

жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары

Асайын Байханов атап өткендей,

былтыр «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік

корпорациясының қаржысы есебінен екі

тұрғын үй салынды. Жалпы ауданы 14,4 мың

шаршы метр болатын жаңа баспаналарда

барлығы 216 пәтер бар. Оның 174-і «Отбасы

банк» АҚ салымшыларына сатылып, 10 пәтер

тұрғын үй кезегінде тұрған павлодарлықтарға

берілді. Оған қоса, биыл 7 көпқабатты

баспананың құрылысы басталып, оның екеуі

жыл соңына дейін ел игілігіне берілмек.

Жалпы, Достық ауданында 2023 жылға

қарай барлығы 50 көпқабатты баспана,

1200 орындық мектеп пен 240 бүлдіршінге

арналған балабақша салынады. Сонымен

қатар, күніне 500 адамды қабылдайтын

емхана және жедел жәрдем станциясы

бой көтермек.

Жергілікті билік жеке үйлердің құрылысын

да қалыс қалдырған жоқ. Бірнеше жыл

бойы Әуежай қалашығы ауданында тұралап

қалған іс соңғы жылдары қайта жанданды.

Бұл ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы

бойынша бірыңғай архитектуралық стильдегі

55 жеке үй салу жоспарланған-ды. Бүгінде

бірінші және үшінші типті 18 баспананың

құрылысы аяқталды. Екінші және төртінші

типке жататын 37 үйде құрылыс-монтаждау

жұмыстары жүргізілуде. Таяу уақытта бұл

баспаналар да толығымен аяқталып,

мемлекеттік бағдарламалар арқылы саудаға

шығарылмақ.

Айта кетелік, өткен жылы Павлодар облысында

барлығы 378 шаршы метр тұрғын

үй қолданысқа тапсырылды. Бұл ретте

ауылдық жерлердегі баспана құрылысына

да көп мән беріліп отыр. Оған өткен жылы

64,2 мың шаршы метр үйдің елді мекендерде

салынуы айғақ. Ал биыл құрылыс

қарқынын үдете түсіп, 388 мың шаршы

метрден астам пәтер салу жоспарланып

отыр. Оның ішінде 19 көпқабатты баспана

бар. Сол арқылы екі мыңға жуық отбасы

жаңа пәтерлердің кілтін қолына ала алады.

Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету

жолында осындай қарышты қадамдар

жасалуда. Ендігі ретте сапалы салынған

үйлерге қоныстанар сәтті тағатсыздана

күтетін боламыз.

Жаңа нысандарға

барар күн жақын

Баспана – тұрғындарды мазалайтын басты

мәселе. Оған ешкім дау келтіре қоймас.

Әркім өз үйі – өлең төсегінде алаңсыз

өмір сүруді қалайды. Қолайлы жағдай

жасалған жаңа пәтер кімнің тақиясына

тар келер дейсіз?! Балалардың соңғы

үлгідегі балабақшада тәрбиеленіп, заманауи

мектепте білім алып, барлық құралжабдықтармен

қамтылған спорттық мекемеде

дене шынықтырғанын да ойлайды.

Жаһандану заманындағы өскелең ұрпақ

мұндай игіліктерге әбден лайық.

Десе де, әркез олай бола бермейді.

Кейбір бүлдіршіндер тар балабақшада

асыр салып ойнай алмай қысылады. Енді

бір оқушылар біраз жыл бойы жөндеу

көрмеген мектепте бірнеше ауысымға

бөлініп оқуға мәжбүр. Ал кейбір ауылдарда

спорттық орталықтар тіпті жоқ. Бұл

мәселелерді тұрғындар әкімнің есептік

кездесулері, басқа да жиындар кезінде

талай мәрте айтып, көтеріп жүр. Мәселен,

облыс орталығындағы дарынды балаларға

арналған Абай атындағы №10 гимназияда

мәжіліс пен спорт залы болмағаны жалпақ

жұртқа белгілі. Оқуда озат балалар мерекелік,

спорттық шараларды білім орнының кең

дәлізінде өткізетін. Көптің көкейінде жүрген,

біраз жыл бойы қордаланып қалған бұл

мәселе былтыр шешімін тапты. Оқу орны

«Заманауи мектеп» жобасының аясында

адам танымастай өзгеріп, оған қосымша

Сурет ғаламтордан алынды.

ғимарат салынды. Затон шағын ауданының

тұрғындары ауданда қазақтілді мектептің

жоқтығын әрі №13 орыстілді мектеп

оқушыларының балабақшаның аядай ғана

ғимаратында оқып жүргенін бір емес,

бірнеше рет айтты. Жұртшылықтың бұл

тілегі де ескеріліп, өткен жылдың соңында

бұл ауданда Мұзафар Әлімбаевтың есімін

арқалаған заманауи мектеп есігін айқара

ашты. Ал биыл облыс орталығына қарасты үш

бірдей ауылда білім мекемелеріне қатысты

көпжылғы мәселелер шешімін таппақ. Атап

айтқанда, Жетекші ауылында 300 орындық

оқу орны мен 100 бүлдіршінге арналған

шағын орталық, Мойылдыда мектепке

қосымша ғимарат, Теміржолшылар кентінде

шағын жинақты мектеп салынады. Сонымен

қатар, Б.Ахметов атындағы педагогикалық

колледждің жанынан студенттер үйі бой

көтереді. Бұл – тек білім саласында құрылысы

жүргізілетін ірі нысандар. Одан бөлек,

денсаулық, мәдениет және спорт салаларында

салынатын ғимараттар баршылық.

Айталық, Ақсу қаласына қарасты

Қызылжар ауылында дәрігерлік амбулатория

жоқ. Бұған дейінгі ғимарат жарамсыз

болып танылған еді. Сондықтан тұрғындар

жаңа емдеу мекемесінің құрылысын үш

жыл бойы күтіп жүр. Аталмыш мәселе

жақында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың

қатысуымен өткен Ақсу қаласы әкімінің

есептік кездесуінде көтерілген болатын.

Жергілікті билік бұл бағыттағы мәселенің

шешімі белгілі екенін айтып еді. Осы жылы

елді мекенде медициналық мекеме ашылады.

Павлодар қаласындағы Ғ.Сұлтанов

атындағы облыстық аурухананың жаңа

корпусының құрылысы аяқталады.

Сонымен қатар, биыл қолданысқа берілетін

нысандардың қатарында Ертіс ауданының

орталығында, Шарбақты ауданының Орловка

ауылында ашылатын дене шынықтырусауықтыру

кешендері бар.

Әлеуметтік нысандардың құрылысы

бағытында осындай ауқымды істер қолға

алынған тұста тұрғындардың алаңдауына

еш негіз жоқ. Жоспарлы істер белгіленген

уақытта сапалы атқарылар деген сенім мол.

Демек, жаңа балабақша, мектеп, емхана,

мәдениет үйі, спорттық мекемелерге баратын

күн жақын.

Бір бағдарламаның

бергені

Құрылыс туралы сөз қозғаған тұста

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын

айтпай кетуге болмас. Былтыр

пандемия кезінде қабылданған бұл бағдарлама

«бір оқпен екі қоянды» атуды көздеп еді.

Яғни, карантин шараларына байланысты

тұрақты табысынан айырылған азаматтарды

құрылыс алаңдарына тартып, «екі қолға бір

күрек» беруді діттеді. Діттеген мақсатына

жетті. Өткен жылы осы бағдарлама аясында

Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен

Ақтоғай, Май, Ертіс аудандарында 19 үй

салынып, жөнделді. Облыстың ауданқалаларында

инженерлік желілерді жүргізу,

суармалы жүйені енгізуге қатысты 26

жоба жүзеге асты. Әлеуметтік, мәденитұрмыстық

бағыттағы жеті нысанның

құрылысы жүргізілді. Бұл құрылыс нысандарында

11 мың жаңа жұмыс орны құрылып,

тұрғындар айлықтарын уақытылы алды. Бұл –

бір. Екіншіден, қаржының жоқтығына байланысты

кейін ысырылып келген бірқатар

жобаларға қатысты түйткілдердің түйіні

тарқады. Мәселен, Павлодар ауданындағы

Чернорецк ауылында 1990-ыншы жылдардан

бері қаңырап бос тұрған екі қабатты жатақхана

жөнделіп, жас мамандар, аз қамтылған

және көпбалалы отбасылар баспаналы

болды. Тізе берсек, осы іспетті нақты

нәтиже көп. Жалпы, өткен жылы «Жұмыспен

қамтудың жол картасы» бағдарламасы

арқылы құрылыс пен жөндеуге қатысты

барлығы 228 жоба жүзеге асты.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов жобаларды

жүзеге асыруда тұрғындардың тілегі

ескерілгенін ерекше атап өткен болатын.

- Барлық жобалар – тұрғындар тарапынан

айтылған ұсыныс-өтініштерге жауап.

Мысалы, жұртшылық аулаларды абаттандыруды

жиі сұрайды. Сондықтан 185 аула

ретке келтіріліп, ойын алаңдары орнатылды,

жарық шамдары қойылды. Тағы бір

мәселе – әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға

баспана беру. Бұл жайт та назарға алынып,

мыңнан аса жалдамалы пәтер қолданысқа

берілді. Айтпағым, біз үшін ұзақмерзімді

нәтиженің болуы маңызды. «Жұмыспен

қамтудың жол картасы» бағдарламасы

соған мүмкіндік берді. Аталмыш бағдарлама

аясында жөнделіп, салынған нысандардың

әлеуметтік, экономикалық тиімділігін бірнеше

жыл бойы байқаймыз деген ойдамын, -

деген еді аймақ басшысы.

Шынымен, бағдарлама бойынша бой

көтерген нысандардың облысты дамытуда

орны ерекше. Бір ғана мысал: суармалы

жүйе құрылысы ауыл шаруашылығы

саласының көрсеткіштерін еселей түседі.

Агроөнеркәсіптік кешеннің өңірлік жалпы

өнімдегі үлесін 20 пайызға дейін арттырады.

Осыдан-ақ, құрылыс саласындағы

жобалардың тұрғын үймен қамту, әлеуметтік

нысандардың санын көбейтуде ғана емес,

тұтас экономиканы ілгерілетуде маңызы

зор екенін аңғаруға болады.

Павлодар облысы бұл бағыттардың барлығында жоғары

жетістіктерге ие. Жаңа тұрғын үйлердің аумағы,

әлеуметтік нысандардың саны жыл санап артып келеді.

Соның нәтижесінде баспана, балабақша, мектеп, басқа

да салаға қатысты шешімін күткен мәселелердің түйіні

тарқағанын көз көрді. Сарыарқа, Достық шағын аудандары –

соның жарқын үлгісі. Алдағы уақытта да құрылыс қарқыны

үдеп, жоспарлы жобалар сәтті жүзеге асады дегенге сенгіміз

келеді.


6

ӨНЕГЕ

16 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл ТАҒЫЛЫМ

Бұрынғы

ақсақалдар қайда?

SARYARQA SAMALY

«Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым,

экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және

елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз

ұрпақ тәрбиелеу».

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласынан.

Кешегі қарттарымыз

заманын ойлап бәйек

сөз айтып, дәйек

болатын. Бір ауылды

уыздай ұйытып,

ел-жұртын сүйе білген,

сүйеніші болған.

Тентегін тезге салған,

тентірегенді жөнге

салған. Қасиеті қалың

елге қазы бола білген,

өсиеті қауым елге азық

болған қарттарымыз

қайда?

Бұрынғы қарттарымыз пәтуәлі сөзімен

ел-жұртын тәрбиелеген. Олардан кең

даланың иісі аңқып тұратын. Ол кездегі

қарттардың көбі ар жағы құраннан шариғат

айтып, бер жағы қисса-дастандарды жатқа

айтып отыратын. Сөз қадірін өз қадірінен

жоғары ұстайтын еді. Ақ жаулықты әжелеріміз

болса: «Қызым, саған айтам,

келінім, сен тыңда» деп, қызын да,

келінін де инабаттылыққа, кісілікке тәрбиелеген.

Ертеде бір жиында екі жігіт бір нәрсеге

келісе алмай қалады. Бір-бірінің жағасынан

алғалы тұрған жігіттерді көрген бір адам

жанында отырған қарияға бұрылып:

- Ақсақал, екі жігіт бір-бірімен төбелесейін

деп тұр, тоқтау айтып көріңізші, - дейді.

Сонда ақсақал дауысын шығарып:

«Жаманның жолы қиқалаң, жақсының

жолы төте еді,

Жақсы, жаман әркімнің арасынан

өтеді.

Жанжалдаспай, дауласпай тату

жүрсең не етеді.

Ынтымағың жарасса, бұл дүниенің

қызығы, бәріңе бірдей жетеді» деген

пәтуәлі сөз айтқан. Әлгі екеуі де сөзге

тоқтай білетін есті жігіттер екен: «Т-фу, сәл

нәрсеге бола бір–біріміздің жағымызды

сындыра жаздадық қой!» - деп татуласыпты.

Міне, сөздің құдіреті, түсінген адамға!

Бұрынғылар айтқан екен:

Сурет ғаламтордан алынды.

«Нақыл сөз айтсаң жақсыға,

Аталы сөз деп тоқтайды.

Нақыл сөз айтсаң жаманға,

Өзіңді ұқпай боқтайды.

Надандықтың белгісі

Өзін-өзі мақтайды.

Жақсының сөзі – ғибрат,

Қап түбінде жатпайды»

Адамның ақылы сөзінен тұрады.

Ауызға сөз ақылмен келу керек.

Сөйлеу үшін ойлау керек,

Жұту үшін шайнау керек.

Ойланбай сөйлеу адамды опыққа

апарады.

Үйде болсын, түзде болсын адам

өзін бір қалыпта ұстау керек. Кішіпейіл,

сабырлы, салмақты болу қадіріңді арттырады.

Адам ең бірінші, өзін-өзі тани

білуі керек. Кезінде Саққұлақ би айтқан:

«Адамның басшысы – ақыл, шолушысы –

ой, жетекшісі – талап, жолдасы –

кәсіп, қорғаушысы–мінез, сынаушысы –

халық, қымбаты – ар-ұят, таусылмайтыны

– арман, қызығы – жасаған ғұмыры,

оның ішінде тәттісі – сыйластық» деген

екен.

«Бір адамды көргенде не айтасыз?»

дегенде «жақсы қасиетін ғана айту керек»

депті. «Неге?» деп сұраған кезде:

«Жақсының қадамы ұзақ, барар жері

алыс.

Жаманның жолы қысқа барар жері

жоқ» - депті.

Тағы бір сөзінде: «Қария деген екі

түрлі болады. Қазыналы қария, қазымыр

қария. Даланың қазынасы – мал, елдің

қазынасы – қария, - дейді.

Ал бүгінгі қарттарымыз жұртының жүрегін

емес, өз қамдары үшін биліктің білегін

сүйгіш келеді. Соны көріп қынжыласың.

Қазіргі ақсақалдарымыздың кейбіреулерінде

айтар өсиет сөзі жоқ, көрсетер өнегесі

жоқ, жаныңа жақын тартар қасиеті

жоқ.

Рашит БЕКТЕМІРОВ,

«Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық

бірлестігінің мүшесі, Май ауданының

Құрметті азаматы.

«Қазөнер» қолдаусыз қалмады

Басы 1-бетте

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Осыдан төрт жыл бұрын павлодарлық

Гүлназ Қадыр мен Мейіргүл Абзалова облыс

орталығында «Қазөнер» дүкенін ашып,

күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды,

қыз-келіншектерге арналған орамалдарды

сатуды қолға алды. Бірнеше жыл бойы

ұлттық нақыштағы дүниелерді саудалап,

тәжірибе жинаған соң «Неге өз өнімімізді

дүкен сөрелеріне қоймасқа?» деген ой

келген екен. Сөйтіп, екі кәсіпкер былғарыдан

әмияндарды, ағаштан сандықтарды жасауға

кірісті.

- Шыны керек, осыдан біраз жыл бұрын

көпшілік арасында «Ұлттық үлгідегі өнімдерге

қызығушылық аз», «Сапалы дүниелерді

шығаратын жергілікті кәсіпорындар жоқ» деген

пікір болды. Біз бұл ойды жоққа шығарып,

көздің жауын алатын, сапасы шетелдік тауарлардан

кем түспейтін өнімдерді дайындай

алатынымызды дәлелдегіміз келді. Сөйтіп,

әлі дами қоймаған былғары аксессуарлар

нарығына қарай қадам бастық. Тұрғындардың

тапсырыстары бойынша оюлы әмияндар

жасауды ұйғардық. Бұрын-соңды жергілікті

нарықта болмаған, тұтынушыларға таңсық

бұл өнімдер аз уақыт аралығында жоғары

сұранысқа ие болды. Жақын-жұрағатына,

туған-туысына сыйға тарту үшін есімдерін

оюлатып жазуды қалайтындардың қатары

көбейді. Бүгінгі күні былғары әмияндарға

сұраныс артпаса, төмендеген жоқ, - дейді

Гүлназ Қадыр.

«Қазөнер» жеке кәсіпкерлігі ағаштан

сандықтарды дайындау ісімен де айналысады.

Павлодарлық шеберлердің қолынан

шыққан оюлы сандықтарға да сұраныс

жоғары көрінеді. Тіпті, Нұр-Сұлтан, Өскемен

қалаларынан тапсырыс берушілер баршылық.

Көп жағдайда ұлттық нақышта заманауи

үлгіде жасалған тұрмыстық затты әжелерге,

аналарға сыйлық ретінде әрі қыз жасауының

бөлшегі ретінде сатып алады екен.

Әмияндарды дайындауға қажет басты

шикізат – былғары Алматы қаласындағы

тері зауытында өндіріледі. Қосымша

фурнитуралар Қытайдан

жеткізіледі. Ал сандық жасауға

қажет ағашты Ресейдің

Новосібір облысындағы

кәсіпорыннан сатып алады.

Бұл ретте Мейіргүл Абзалова

пандемияға байланысты

шикізатты, құралжабдықтарды

жеткізуде біраз

қиындықтың туындағанын

алға тартты. Өнімнің сапасын

одан әрі арттырып, санын

көбейтуге мүмкіндік беретін

кейбір құрылғылар әлі елге

жетпеген көрінеді. Бұл мәселе

бір ай аралығында шешілуі

тиіс.

- «Қазөнердің» өнімдері

облыс орталығындағы екі

дүкенде сатылады. Сондай-ақ,

интернет желісі арқылы

тапсырыстарды қабылдап,

қаладағы тұтынушыларға тегін жеткізіп

береміз. Карантин шаралары күшейтіліп,

сауда орталықтарының жұмысы шектелген

тұста Instagram парақшасы арқылы сауданы

оң жолға қоюымыз көп көмегін тигізді.

Соның нәтижесінде ісімізде іркіліс болған

жоқ. Тек шикізатпен қамту, құралдарды

жеткізу ісінде бірқатар кедергі кесе-көлденең

шықты. Бірақ оларды да еңсеріп, бірінші

кезекте қажет құрылғыларды жеткізіп алдық.

Бастысы, өндірістік цех мәселесіне бас

қатырмайтын болдық, - дейді Мейіргүл

Абзалова.

Бұған дейін әмияндарды да, сандықтарды

да көлікжайларда жасаған кәсіпорын енді

«Іскер» шағын индустриялық аймағынан

өндірістік орынды тегін алды. Ай сайын

коммуналдық ақыларды уақытылы төлесе

болғаны. Гүлназ Қадырдың айтуынша, бұл –

кәсіпкерге көп көмек.

- Көктем-жаз кезінде көлікжайларда

жұмыс істеу аса қиын бола қойған жоқ.

Ал қыстың күні жылуы жоқ нысандарда

сапалы өнім дайындау оңай емес. Абырой

болғанда, «Іскер» шағын индустриялық

аймағынан орын бұйырып, кәсібіміздің

тасы өрге домалады. Жылуы, жарығы,

суы – барлығы бар ғимаратта жұмыс істеу

бір ғанибет! Жалдау ақысының жоқтығы

тіпті жақсы. Мемлекеттік қолдау болмаған

жағдайда, дәл осындай шағын цехты жалдау

үшін айына кем дегенде 50-60 мың теңге

төлейтін едік. Ал «Business Ertis» өңірлік

бағдарламасының аясында тегін ғимарат

берілуінің нәтижесінде жалдау ақысына

жоспарланған қаржыны өндіріске жұмсап,

аяққа нық тұрып кетуге болады, - дейді

Г.Қадыр.

Бұл – ұлттық нақыштағы өнімдерді

шығаратын кәсіпорынға көрсетілген

мемлекеттік көмектің бір парасы ғана.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары

да әркез кеңес беруге әзір.

- Жеке есепшілердің көмегіне жүгінер

болсаңыз, бір қабылдау үшін кемінде 5 мың

теңге сұрайды. Сондықтан есеп-қисапқа

қатысты сұрақтар туындаса, бизнесжоспар

жасау қажет болса бірден Өңірлік

кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінеміз.

Білікті мамандар барлығын егжей-тегжейлі

түсіндіріп береді. Ол үшін ақы да алмайды.

Ісін жаңа бастаған біз сияқты кәсіпкерлер

үшін бұл – зор қолдау. Жалпы, облысымызда

бизнес бастап, кәсіп кеңейтуге

ниетті жандарға көп көмек көрсетіледі.

Мемлекеттік гранттар, жеңілдетілген несиелер

беріледі. Қаржылай емес қолдау тағы

бар. Осындай мол мүмкіндіктер жасалған

тұста оларды тиімді пайдаланып, шағын

және орта бизнестің дамуына үлесімізді

қоссақ дейміз, - деп атап өтті Г.Қадыр.

«Қазөнер» жеке кәсіпкерлігі алдағы

уақытта оюлы сөмкелер, үй жиһаздарын

шығаруды жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы

түрлі идеяны іске асыру мақсатында

мемлекеттік бағдарламаларға қатысу

ойда бар. Ал әзірше «Іскер» шағын

индустриялық аймағынан тегін берілген

шағын цехта тұтынушылардың тапсырыстарын

сапалы әрі уақытылы орындау үшін еңбек

етпек.


SARYARQA SAMALY МЕЗГІЛ 16 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл 7

ҚҰҚЫҚ

Еліміздің басты

Заңы - Конституцияға

сәйкес Қазақстан

Республикасында

сот төрелігін тек сот

қана жүзеге асырады.

Азаматтардың сотқа

деген сенімі жалпы

мемлекетке деген

сенімді білдіреді.

Бүгінде Жоғарғы Соттың тарапынан

бұрын-соңды болмаған

іс-шаралар атқаралуда, дамыған

елдерде қолданылатын жаңа

тәсілдерді, PR-технологияларды

қолданып жүргізуде.

2018 жылдың басында сот

жүйесі «Сот жүйесіндегі 7 түйін»

бағдарламасын жүзеге асыруға

басты назар аудара отырып,

өзінің дамуының жаңа бағытын

айқындады. Аталған жеті түйінге

келер болсақ, «Мінсіз судья»,

«Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Сапалы

нәтиже», «Е - сот», «Оңтайлы орта»

және «Сотсыз татуласу орталығы»

секілді жеті топқа біріктірілген

мақсатты басымдықтар мен оны

іске асыру тәсілдері сот саласын

дамытуға өз үлесін қосты.

Аталған бағдарламалардың

мақсаты – азаматтардың сот

төрелігін сапалы атқарып, заң

үстемдігінің жоғары сеніміне қол

жеткізу.

Бағдарлама судьялардың іс

қарауда шеберлігін жетілдірудің

практикалық құралына айналды.

Азаматтардың өтініштерін ескере

отырып, әзірленген жеті бағыт жүзеге

асырылып, нақты нәтижелерді

байқатты. Халықтың соттарға деген

сенімін арттыру үшін дауларды

бітімгершілік рәсімдер арқылы шешу

мүмкіндіктерін кеңейту, судьялардың

сапалы іс қарауы, әділ сот талқылауы

және IT-технологиялардың жоғарғы

деңгейі тұрғысынан жаңа тәсілдер

қарастырылды.

Елімізде «Медиация туралы»

Заңы қабылданып, өзінің өміршеңдігін

дәлелдеді. Павлодар

Сот жүйесіндегі

оң өзгерістер

облыстық сотының ұйымдастыруымен

билер «Медиация –

ата-баба жолы» семинар-тренингте,

халықаралық құқық қорғау орталығының,

медиаторлары қауымдастығының

басшылары және қалалық соттардың

судьялары қатысуымен өткізілді.

Семинарда медиация рәсімін

жүргізу қағидалары мен әдістемесін,

дауларды шешудегі медиаторлардың

рөлін түсіндірдік. Өткен ғасырдағы от

ауызды орақ тілді билердің дауларды

шешу жолдары мен құрылу тарихына

тоқталдық.

Тренингте қатысушылар қылмыстық

істер бойынша медиацияны

қолдану ерекшеліктерін, отбасылық,

еңбек, азаматтық, даулардың

болдырмау жолдарын талқылады.

Тренингтің практикалық бөлімі

қатысушылардың қызығушылығын

тудырды, онда олар сот қызметінің

заманауи әдістерін, тараптардың

татуласуына, дауларды шешудің

тәсілдерін егжей-тегжейлі зерделеді.

Кейстік және ахуалдық есептерді

шешуге белсенді қатысты. Тараптарға

татуласудың қалай жүргізілетіні,

қандай сұрақтар қою керектігі, іс

бойынша жеңілдіктер беруге болатыны,

құқықтарына қысым жасауға

жол бермей, дұрыс шешу тетіктерін

қарастырылды.

Семинар соңында билер кеңесінің

ережесі бекітілді. Билер

«sud.gov.kz» сайтынан алынды.

кеңесінің мүшелеріне куәліктер

және төсбелгілері табысталды.

Халық медиация институты мен

басқа татуластыру рәсімдері туралы

хабардар болу үшін, жергілікті

атқарушы органмен бірлесіп, облыс

судьяларымен ауылдық жерлерде

тұрақты түрде түсіндіру және

ақпараттық жұмыстар жүргізілді.

Өткен жылы тараптардың татуластыруымен

қарастырылған істер

саны ұлғайғанын атап өту керек.

Медиация тәртібімен қылмыстық

жауаптылықтан татуласып, келтірілген

зиянды қалпына келтіріп, бас

бостандығынан айырмай қаралған

қылмыстық істердің саны онша

ауыр емес және ауырлығы орташа

қылмыстар бойынша артты.

Республика соттарында «Түнгі

сот», «Отбасылық сот», «Виртуалды

сот», «Татуластырушы судья»

пилоттық жобалары жүзеге асырылды,

олар өздерінің тиімділігін тәжірибеде

дәлелдеді.

Нақтырақ айтсақ, сот жүйесінің

одан әрі дамыту, сот төрелігіне

қоғамның сенімін арттыру бағытында

атқарылып жатқан жұмыстар баршылық.

Сот төрелігінің қолжетімділігі

жолындағы маңызды қадам Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Сотының

«Сот үкімі туралы» нормативтік

қаулысын қабылдауы болды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Соты сапалы сот төрелігінің жылы

деп жариялаған 2020 жыл соттар

жұмысының сапасын арттыруға

бағытталған жаңа серпіліске жеткізді.

Соттар қызметінің негізгі қағидаларының

бірі - азаматтардың

әділ сот талқылауына құқықтарын

қамтамасыз ету. Бұл өз кезегінде

нақты дәлелдер мен талдауларға

негізделген сот актілерінің жоғары

сапасын қамтамасыз етеді.

Сот үкімі қылмыстық іс бойынша

бүкіл іс жүргізудің қорытындысы

шығарылатын құқық қолданудың

аса маңызды актісі болып табылады.

Тек сот үкімімен адамды

қылмыстық құқық бұзушылық

үшін кінәлі немесе кінәсіз деп

тануға болады. Үкім Қазақстан

Республикасының атынан шығарылады,

сондықтан ол заңды,

әділ, сонымен бірге қол жетімді

тілде баяндалуы қажет. Процесске

қатысушылар соттың қаңдай шешім

қабылдағанын, сотталушының не

үшін сотталғанын немесе ақталғанын

түсіндіруі керек. Сондықтан

жан-жақты әрі дәлелді объективті

түрде зерделеу қажет.

Былтырғы жылы Қазақстан

Республикасының Жоғарғы Соты

қылмыстық істер бойынша сот

үкімдерін жаңа үлгілерін дайындау

және оларды түсіндіру бойынша

ұсыныстар әзірледі. Бұл тың

ұсыныстар судьяларға сот актілерін

жаңа форматта, қол жетімді және

түсінікті тілде жасауға көмектесуге

арналған.

Жалпы алғанда сот жүйесіндегі

жүзеге асырылып жатқан оң

өзгерістер, халықтың соттарға деген

сенімін арттыру, сот төрелігінің

заңдылығы мен ашықтығының

қол жетімділігін жоғары деңгейде

қамтамасыз ету үшін берік құқықтық

негіз жасайды.

Әкетай МҰРАТҚАЛИ,

Павлодар облыстық соты

қылмыстық істер жөніндегі

сот алқасының төрағасы.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Азамат БАЙТЕНОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Дүйсембай Кәрімұлын

еске аламыз

Ақтоғай ауданы Жолболды

ауылында 1936 жылы

дүниеге келген. Жас кезінен

талаптанып, әр салада қызмет

атқарды. Дүйсембай

Кәрімұлы 84 жасында дүниеден

озды. 1955 жылы Павлодар

қаласының зооветтехникумына

түсіп 1959 жылы бітірді,

содан кейін 1966 жылы Целиноград

ауылшаруашылық

институтының агрофакультетіне

оқуға түсті. 1971 жылы оқуды

бітіріп, бөлімшесінің агрономы

және зейнеткерлікке дейін бас агроном

болып жұмыс істеді. Елмен қарым-қатынаста,

сыйластықта болды. Еске ала отырып, абзал

жанның жатқан жері жарық, топырағы торқа, иманы

саламат болсын. Ұрпағы оның ізін жалғайды,

ұмытпайды, мәңгілікке сақтайды деп сенеміз.

Өмір жалған, өтпелі екен қас қағым,

Жанға жара салатұғын, басқа мұң.

Арамыздан алыстадың, сағындық,

Амал қанша, Алла ісіне бағындық.

Өрлі тұлғаң бөлекше еді өмірде,

Енді, міне, басыңа кеп табындық.

Ұмытпаймыз, есте мәңгі қаласың,

Біздер үшін – асқар таусың, дарасың.

Еске алысып, сағынумен тұлғаңды,

Басамыз біз жырмен жүрек наласын.

Еске алушылар:

ұлдары мен қыздары, балалары мен

келіндері, немерелері мен жиендері.

(1)

Павлодар облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы

«Павлодар облысы бойынша 2015 - 2024 жылдарға арналған

қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы»

№403/46 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007

жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық

кодексінің 19-бабы 3) тармақшасына

және Қазақстан Республикасының 2001

жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы

жергілікті мемлекеттік басқару

және өзін-өзі басқару туралы» Заңына

сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облыстық мәслихатының

2015 жылғы 10 желтоқсандағы «Павлодар

облысы бойынша 2015-2024 жылдарға

арналған қоршаған орта сапасының

нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы»

№403/46 шешіміне (нормативтік-құқықтық

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№4882 болып тіркелген, 2016 жылғы

14 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық

жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер

енгізілсін:

Көрсетілген шешіммен бекітілген

Тиімді жарнама!

«HALYQ RADIOSY» - 100.5 FM толқыны өз жарнамаңызды «Бизнес FM» бағдарламасында

орналастырудың ерекше мүмкіндігін ұсынады. Дыбыс роликтерін әзірлеу және жалға беру

бағасы 3000 теңгеден бастап, ал хабарландырудың әрбір сөзі үшін 100 теңге,

10 сөзден асса, бағасы 80 теңге болады. Жарнамаңыз күніне 24 рет шығып,

тыңдаушылардың 90%-дан астамын қамтиды. Бұл жарнама беруші үшін ең тиімді де

нәтижелі болатыны сөзсіз! «HALYQ RADIOSY» толқынындағы «Бизнес FM» бағдарламасы

Сізді міндетті түрде естиді!

Телефондарымыз: 66-15-40, 66-15-42.

Павлодар облысы бойынша 2015-2024

жылдарға арналған қоршаған орта

сапасының нысаналы көрсеткіштеріне:

«Чкалов» сөзі «Сағдат Нұрмағамбетов»

сөздеріне ауыстырылсын;

«Кутузов көш.» сөздері «Нұрсұлтан

Назарбаев даңғ.» сөздеріне ауыстырылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау

облыстық мәслихаттың экология және

қоршаған ортаны қорғау мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған

күннен кейін он күнтізбелік күн өткен

соң қолданысқа енгізіледі.

Павлодар облыстық

мәслихатының

сессия төрағасы

Павлодар облыстық

мәслихатының хатшы

Қ.ӘБІШЕВ.

Е.ӘЙТКЕНОВ.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8344 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 254

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 16 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл ӘЛЕУЕТ

SARYARQA SAMALY

ИНФОГРАФИКА

Суармалы жерлерді

ұлғайту жоспары

СПОРТ

Соңғы жылдары аймағымызда

велоспорттың дамуы көңіл

көншітеді. Олимпиада чемпионы

Александр Винокуровтың

жеңісті жолын жалғауға бекінген

жастар жетерлік.

Татьянаның

табысы

Жақында Шымкент қаласында маунтинбайктен

еліміздің қысқы чемпионаты

өткен болатын. Республиканың түкпіртүкпірінен

83 спортшы қатысқан жарыста

павлодарлық спортшылар үздіктердің

қатарынан табылды. Атап айтсақ, кросскантри

элиминатор (ХСЕ) түрінде ерлер

арасында Алтынбек Аханов, әйелдер

арасында Татьяна Генелева күміспен

күптелді. Татьяна бұл жетістікпен шектелмей,

кросс-кантри шорт-трек түрінен

де күміс медаль еншіледі.

Жеңіл

атлетшілер

жетістігі

Жеңіл атлетикада жетістікке

жету оңай емес. Қай жарыста

болмасын мықтылар бас

қосып, алтын үшін жан алысып,

жан берісіп жатады. Бұл

ретте, аталған спортта павлодарлық

спортшылар да - үздіктер

қатарында.

Ғибадат үйінің ашылу салтанатына

Қазақстан Мұсылмандары

діни басқармасының Павлодар

облысы бойынша өкіл имамы

Жолдас Қоспақұлы, Ақсу қалалық

мешітінің бас имамы Әбдімүтәліп

Омаров және ауыл ақсақалдары

қатысты. Заманауи үлгіде салынған

жаңа ғибадат үйінде халықпен

жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктер

қарастырылған және

қауіпсіздік талаптары ескерілген.

Атап айтқанда, жамағат намаз

оқуға арналған үлкен залы,

балаларға арналған дәріс бөлмесі,

имамдар бөлмесі бар, дәретханасы,

от жағатын орны бар.

- Жаңа ғибадат үйінде бір

уақытта 200 адам намаз оқып,

ғибадат-құлшылық жасауға болады.

Сол ауылдың тұрғыны,

Берекеде - жаңа мешіт

Ақсу қаласына қарасты Достық ауылдық округінің Береке ауылының

тұрғындары көптен күткен қуанышты сәттің куәсі болды. Ауылда осыдан

бірнеше жыл бұрын басталған мешіт құрылысы аяқталып, жұмысын бастады.

Ғибадат үйінің құрылысына ауылдың азаматтары қолдау көрсетті.

Байболат Ахметұлы есімді азамат

наиб имам болып тағайындалды.

Ал бас имамдыққа

Алматыдағы Нұр-Мүбәрәк Ислам

университетінде оқып жатқан

жерлестеріміздің бірі келеді деп

отырмыз. Яғни, шағын ауыл болса

да, дипломы бар, кәсіби дінтанушылар

жұмыс істейтін болады, -

дейді Ақсу қалалық мешітінің

бас имамы Әбдімүтәліп Омаров.

Жалпы, қазіргі күні Ақсу ауылдық

аймағына қарасты Құркөл

ауылында мешіт құрылысы аяқталуға

жақын тұр. Биыл ашылып,

іске қосылады деп күтілуде. Ал

Үштерек ауылының азаматтары

Алла үйінің құрылысын енді

бастады.

Т.МАРХАБА.

Спортзал ашылды

Қасиетті жұма күні Павлодар қаласы, Павлодарский ауылында орналасқан

«Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжіне арналып жаңадан салынған

спорт кешенінің ашылу рәсімі болды.

Шараға олыстың бас имамы

Жолдас Қоспақұы, облыс дін

істері басқармасының басшысы

Дәулет Қоқанұлы, Павлодар қаласының

әкімі Ержан Иманслям

және аталмыш спорт кешенін

тұрғызған құрылыс компаниясының

жауапты адамдары,

қала мешітінің имамдары,

медресе шәкірттері қатысты.

«Әбу Бәкір Сыддық» медресесі

2020 жылдың 9 қазанында

медресе-колледж мәртебесін

алған еді. Қазақстан Республикасының

заңнамасына сәйкес

медресенің өзінің спорт кешені

болуы қажет болды. Осыған

орай жан-жақты ізденіс пен

ұйымдастыруының нәтижесінде

2019 жылдың тамызында «KSP

STEEL» ЖШС-нің қолдауымен

спорт кешенінің құрылысы басталып,

2021 жылы қаңтарда

аяқталып, кешен ғимараты

медресе балансына берілгені

туралы бас имам Жолдас

Қоспақұлы қысқаша таныстырып,

демеушілер мен атқарушыларға

зор алғысын білдіріп,

сый-сыяпаттарын ұсынды.

Келесі кезекте Павлодар

қаласының әкімі Ержан Иманслям

және құрылыс демеушілерінің

бірі Эдуард Львовичтер

нысанның ашылуына арналған

рәміздік лентаны қиды.

Соңында қала басшылары

спорт кешені және медресеколледж

ғимаратын аралап

танысты.

А.ТОЙШЫБАЙ.

Үздік атану бір бөлек, оны әрдайым

дәлелдеп отыру қажет. Жақында Өскемен

қаласында жеңіл атлетикадан ел кубогы

мен жасөспірімдер арасындағы ел

біріншілігі ұйымдастырылды. Ольга

Рыпакова атындағы жеңіл атлетика

манежінде өткен Қазақстан кубогында -

252, ал жасөспірімдер арасындағы ел

чемпионатында 106 спортшы сынға

түсті. Павлодарлықтар ел кубогында

жеті медаль жеңіп алды. Атап айтсақ,

әйелдер арасында ұлттық құрама сапында

өнер көрсетіп жүрген Ольга Сафронова

60 және 200 метрде алтыннан

алқа тақты. Ал Роксана Оспанова

болса, 60 метрге жүгіруде күміс,

60 метрге кедергілер арқылы жүгіруде

алтын медаль еншіледі. 60 метрге

кедергілер арқылы жүгіруде Анна

Дубина қола медаль иеленді.

Ал ерлер арасында Сергей Русак

60 және 200 метрге жүгіруден қола

медальға қол жеткізді.

Жасөспірімдер арасындағы ел

біріншілігінде жерлестеріміз 10 медаль

олжалағанын атап өткен жөн.

Жастар

шыңдалуда

Өткен демалыста «Ertis» хоккей

клубы Петропавл қаласына

барып, жергілікті «Құлагер»

командасымен екі ойын өткізді.

Қос кездесуде де ұпай еншілеу

қиынға соғатыны түсінікті еді. Бастысы –

шайба көп соғып, жастардың тәжірибе

жинақтауына мүмкіндік беру. Бұл

мақсат осы чемпионат аяқталғанға

дейін сақталатыны сөзсіз. Ал жаңа

маусымда команданың қаржылық

жағдайына байланысты жоспары да

өзгеретіні анық.

Кездесулерге тоқталсақ, алғашқы

ойында жерлестеріміз 5:2 есебімен

жеңіліс тапты. «Ertis» сапынан Данияр

Білімбаев 2 шайбаның авторы атанды.

Ал екінші ойында 7:1 есебімен есе

жібердік. Бұл жолы Юсуп Асуханов

мергендігімен көзге түсті.

Әзірлеген – Оралхан ҚОЖАНОВ.

More magazines by this user
Similar magazines