23.02.2021 Views

23 ақпан сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

23 ақпан, сейсенбі

2021 жыл

№22 (15640)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Күрделі оталар

жасауға кірісті

ШИПАГЕР

Нақпа-нақ

Биыл өңірлік

агроөнеркәсіп

кешенінде

350 млрд.

теңгенің өнімі

өндіріледі деп

күтілуде

1 наурыз - Алғыс айту күні:

СУЫҚ ВАГОН, ҰЗАҚ ЖОЛ...

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы диагнозы - өмірге қауіп төндіретін

дерт. Көктамыр тромбымен бітелген жағдайда адамның

кеуде қуысы ауырып, тыныс алуы қиындайды. Бұл жағдайдың соңы

өлімге соқтыруы да мүмкін. Павлодар облыстық кардиологиялық

орталықтың білікті дәрігерлері аталмыш дертке шалдыққан

науқастардың жүрегіне шұғыл түрде ота жасап, өмір сыйлауда.

Жалғасы 6-бетте

1944 жылдың 23 ақпаны мен 9 наурыз аралығында 650 мың азамат Ингушетиядан еріксіз

көшірілді. Жер аударылған 85 мың отбасы Қазақ жеріне түпкілікті қоныстанды. Сол бір

ауыртпалық кезеңнің ащы дәмін татып, соғыстың қасіретін көрген шешен-ингуш халқы

өкілдерінің Павлодар өңіріне қоныстанғанына бүгін 77 жыл толып отыр.

Толығырақ 4-бетте

ЦИФРЛАНДЫРУ

Қызмет алу

жеделдейді

Мемлекет басшысына «Халық

үніне құлақ асатын мемлекет»

тұжырымдамасын жүзеге

асыру аясында қолға алынған

е-арыз-шағымдар қызмет

жүйесі таныстырылды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш

өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді

қабылдады. Министр eGov mobile

мобильді қосымшасына биометриялық

сәйкестендіру жүйесін енгізу жайында

баяндады. Бұл халықтың мемлекеттік

қызмет көрсету жүйесіне тіркеліп, қызмет

алу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік

береді. Ал «Халық үніне құлақ асатын

мемлекет» е-арыз-шағымдар азаматтардың

мемлекеттік органдардан жауап

алуын жеделдетеді. Мемлекет басшысы

осындай қызметтің құрылуына қолдау

білдіріп, оны тиімді енгізуге тапсырма

берді.

Сонымен қатар Бағдат Мусин «Азаматтарға

арналған Үкімет» мемлекеттік

корпорациясының жұмысы, оның ішінде,

бүкіл еліміз бойынша халыққа қызмет

көрсететін 115 орталықты жаңғырту

жоспары туралы айтты. Осыған байланысты

мемлекеттік корпорацияның кадрлық

әлеуетін арттыру мәселесі өте

маңызды болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа басшылық

қызметтерге үміткерлерді, соның ішінде,

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының

жетекшілерін іріктегенде президенттік

жастар кадрлық резервінің тәжірибесін

пайдаланатыны жөнінде мәлімет

берілді. Мемлекет басшысы бұл идеяны

қолдап, іріктеу үдерісінің барынша ашық

болуын қамтамасыз етудің маңыздылығына

назар аударды. Бұл жұмыстар

Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен

бірлесе атқарылады.

Президентке «KazSat» байланыс серігінің

жүйесін дамыту жөнінде де баяндалды.

Байланыс серіктерінің жаңа түрлерінің

шығуымен байланысты «KazSat-

2R» жобасын тоқтату туралы шешім

қабылданды. Бұл бюджеттің миллиардтаған

теңге қаржысын үнемдеуге мүмкіндік

бермек.

Әзірлеген - Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 23 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ

АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ»

Дәрігерлерге

баспана

беріледі

Осыдан үш жыл бұрын Баянауыл

ауданының орталығында жатақхана

қолданысқа берілген болатын.

Мұндағы пәтерлер жергілікті ауруханада

еңбек ететін бір топ медицина

қызметкеріне үлестірілді.

Алайда жатақхананың жылу жүйесінде

үнемі ақаулар болып, ақ

желеңділердің отбасы қыс бойы

бүрсең қағып шығады.

Бұл мәселе облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың

есептік кездесуінен соң тұрғындарды онлайн

режимде қабылдауы кезінде белгілі болды.

Баянауыл ауданының медициналық қызметкерлері

2018 жылы аудан орталығында пайдалануға

берілген жатақхананы жылумен қамтамасыз

етуде қиындықтардың жиі туындайтынын бүгіп

қалмады. Бұл жағдай бірнеше баласы бар

отбасыларға қолайсыздық тудырып отыр.

Онлайн-қабылдауға қатысқан аудан әкімі

Қанат Кәрімов тұрғын үйді тапсыру кезінде

бірқатар техникалық қателіктің кеткенін айтып,

төрт дәрігердің отбасына салынып жатқан

үйлерден пәтер ұсынды.

Әбілқайыр Сқақов жергілікті билікке дәрігерлерге

ұсынылып отырған тұрғын үй құрылысының

сапасын бақылауды және жатақхана

мәселесін шешуді тапсырды.

- Біздің міндетіміз - ауылдық жерлердегі

дәрігерлер мен ұстаздарға жағдай жасау. Егер

осындай қолайсыз жағдайлар орын алатын

болса, ертеңгі күні ауылдағы ағайынды кім

емдеп, олардың балаларын кім оқытады?

Мәселеге осы тұрғыдан да қарап, ақ желеңділер

мен мұғалімдерге барлық жағдайды жасау

қажет. Ал Баянауылдағы бұл мәселені уақыт

оздырмай шешуді тапсырамын, - деді Ә.Сқақов.

Айта кетелік, аймақ басшысы тұрғын үй,

әлеуметтік мәселелерге алаңдаған азаматтарды

тұрғындар алдындағы есептік кездесуден

кейін қабылдады. Ал есептік кездесудің

өзі эпидемиологиялық жағдайға байланысты

онлайн форматта өтіп, үш телеарна, әлеуметтік

желілердегі тікелей эфир арқылы көрсетілген

болатын. Әбілқайыр Сқақов жұртшылықпен

тікелей тілдесу кезінде 50-ге жуық сауалға

жауап берді. Жалпы, бұл күні барлығы 526

сұрақ келіп түсті. Олардың әрқайсысы назарға

алынып, алдағы уақытта жауап берілетін болады.

ҚАРЖЫ

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мобильді

аударымға салық

салынады

Бұдан былай кәсіпкерлерге мобильді

қосымша арқылы аударылатын

ақшаға салық салынбақ. Үкімет

осылайша салықтан жалтаратын

бизнесті толығымен қадағалауды

көздеп отыр.

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары

Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«Кәсіпкерлерге тұтынушылардан банктің

мобильді қосымшасы арқылы түсетін ақша

аударымдарының фискализациясы мәселесін

шешуге ерекше назар аудару қажет. Қазір

біз қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі жақсы

қарқынмен дамып жатқанын көріп отырмыз.

Бірақ, біздің алдымызда салық төлеуге міндетті

кәсіпкерлердің қызметіне толығымен салық салу

міндеті тұр», - деді ол қаржы министрлігінің

алқа отырысында.

Бұл ретте қазіргі таңда қазақстандық

кәсіпкерлерге берілген салық жеңілдіктері

ескерілмек. Сонымен қатар, вице-премьер

азаматтарға арналған тегін «Е-Salyq Azamat»

мобильді қосымшасын белсенді жарнамалауды

тапсырды. Биыл кәсіпкерлер үшін «Е-салық-бизнес»

ақпараттық жүйесін іске қосу өте маңызды. Ол

кәсіпкерлерге оңай тіркелуге, салық төлеуге

және есепті автоматты режимде тапсыруға

мүмкіндік беруі тиіс.

Өз тілшіміз.

ҚҰРЫЛЫС

Олқы тұстарды нұсқады

Облыс

орталығындағы

«Сарыарқа» шағын

ауданында және

Павлодар қаласына

қарасты Жетекші,

Мойылды ауылдарында

жаңа

мектептер, оқу

орнына қосымша

ғимарат бой

көтеруде. Бұл

нысандар білім беру

мекемелеріндегі

орын тапшылығын

жойып, балаларды

заманауи талаптар

негізінде оқытуға

мүмкіндік беруі тиіс.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

сенбі күні бірқатар ірі құрылыс учаскесіне

арнайы барып, жұмыстардың барысын

қадағалады.

Алдымен аймақ басшысы «Сарыарқа»

шағын ауданында салынып жатқан

650 орындық мектептің құрылыс алаңына

ат басын бұрды. Қазіргі кезде құрылысшылар

екінші және үшінші қабаттарды

тұрғызып жатыр. Осы жылдың күзінде

жұмыстарды толық аяқтап, жаңа мектепті

пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы оқу орнын

«Заманауи мектеп» бағдарламасының

талаптарына сәйкес жабдықтауды

жүктеді. Сонымен қатар, мектеп

Азамат Нұрсерікұлы

Байтенов 1987 жылы

Павлодар облысының Успен

ауданында дүниеге келген.

2009 жылы Павлодар мемлекеттік

педагогикалық институтын

«Тарих» мамандығы

бойынша тәмамдап, 2012 жылы

осы жоғары оқу орнында тарих

магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2009 жылы №3

Успен орта мектебінде тарих

пәнінің мұғалімі болып бастады.

2011-2012 жылдары Павлодар

облысы әкімінің баспасөз

құрылысына қатысты жобаларды жасау

кезінде олардың қуаттылығын арттыру

мүмкіндігі қарастырылуы қажет екенін

атап өтті.

- Облыс орталығында оқушы орындарының

тапшылығын ескере отырып,

1000 және одан да көп балаға арналған

мектептер салу керек. Павлодарда төрт

қабатты білім беру мекемелерін салуға

да мүмкіндік бар, - деді Ә.Сқақов.

Облыс әкімі Жетекші ауылында

құрылысы басталған 300 орындық

мектепте атқарылып жатқан істерді

қызметінде жұмыс істеді. Ал

2014 жылға дейін Павлодар

қалалық әкімдігінің баспасөз

қызметін басқарды. 2014 жылы

«Pavlodarnews.kz» ақпараттық

агенттігінің бас редакторы

ретінде еңбек етіп, сол жылы

Павлодар қаласы әкімінің

баспасөз қызметінің басшысы

лауазымына қайта оралды.

2015 жылы Павлодар

қаласының ішкі саясат

бөлімі басшысының орынбасары

болып тағайындалды.

2016-2019 жылдары Павлодар

облысы әкімінің баспасөз

қызметіне жетекшілік етті.

Суретті түсірген - Әлібек Жиенәлинов.

тексерді. Жаңа нысанда мектептен

бөлек, 100 бүлдіршінге арналған шағын

орталық та болады. Жоспарға сәйкес,

оқу орны биыл күзде қолданысқа тапсырылуы

тиіс.

Мойылды ауылында да құрылыс

жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл елді

мекенде мектепке қосымша ғимарат

салынып, оқу орнының қуаттылығы

артпақ. Белгілі болғандай, жобалау

кезінде бірқатар кемшіліктер орын алды.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы олқы тұстарды

назарға алып, жобаға түзетулер енгізуді

тапсырды.

Ә.Сқақов бой көтеріп жатқан

медициналық нысандардың құрылыс

алаңдарына барды. Ғ.Сұлтанов атындағы

облыстық клиникалық ауруханаға қарасты

жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратын

салу барысында да кемшін тұстар

анықталды. Аймақ басшысы олқылықтарды

қысқа уақыт аралығында жойып, жұмыс

сапасын мықтап бақылауға алуды

тапсырды.

- Бастысы – жоспарлы істі соңына

дейін жеткізіп, сапалы медициналық

нысанды ел игілігіне беру. Бұл ретте

авторлық және техникалық қадағалау

органдары барлығын жіті бақылауы тиіс, -

деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы «Восточный» шағын

ауданында бос жатқан жерде болды. Мұнда

оңалту орталығын салу жоспарланып

отыр. Учаскенің ауданы үлкен саябағы бар

көпфункционалды медициналық кешенді

тұрғызуға мүмкіндік береді. Ә.Сқақов

нысанды жобалау кезінде санитарлық

қорғау аймағының нормативтерін сақтау

қажеттігін атап өтті.

ТАҒАЙЫНДАУ

Басқармада - жаңа басшы

Азамат Байтенов облыстық ақпарат және

қоғамдық даму басқармасының басшысы

болып тағайындалды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

2019-2020 жылдар аралығында

облыстық ақпарат және

қоғамдық даму басқармасы

басшысының орынбасары

болды.

2020 жылдың сәуір

айында «Ертіс Медиа» ЖШС

басшылығына келіп, жаңа

лауазымға тағайындалғанға

дейін медиахолдингтің директоры

болып қызмет атқарды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суретті түсірген -

Валерий Бугаев.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 23 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл 3

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Шыны керек, бұл бағытта мақтанарлық

көрсеткіш аз. Жылына 2000 тонна күнбағыс

тұқымы жиналғанымен, амалсыздан

сыртқа жібереміз. Картоптың жағдайы да

сол. Шикізат мол болғанымен, өзімізде

қайта өңдеуге мүмкіндік жоқ. Қантты

100 пайыз сырттан әкелеміз. Бұл

салаға жауапты мамандар қайта өңдеу

СОТ

Инвесторлар тартылмақ

Елімізде экспортқа жіберілген өнімнің 33 пайызы ғана қайта

өңделген өнім. Өкінішке қарай, шикізатты экспорттап, дайын

өнімді сатып аламыз. Павлодар өңірінде де қайта өңдеу саласы

бойынша мәселелер аз емес.

Павлодар облысы соттарына

өткен жылы

35 169 өтініш және

975 іс түскен. Оның

3 мыңға жуығы

келісіммен аяқталыпты.

Дегенмен, қылмыстық

істер саны азаймай

тұр. Яғни, қастандық

қылу немесе зорлықзомбылық

жасау сынды

қылмыстар көбеюде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифингте

Павлодар облыстық сотының азаматтық

істер бойынша алқасының төрағасы

Бақытбек Бегалиев пен Павлодар

облыстық сотының судьясы Марат

Рымбаев баяндады.

- Заңнамаға енгізілген өзгерістердің

арқасында өткен жылдың ұқсас кезеңімен

салыстырғанда 10 606 өтінішке аз болды.

Сол секілді қаралуы аяқталған істер

саны да төмен. Мәселен, 2019 жылы

34 747 іс аяқталса, 2020 жылы 21 178

іс аяқталды. Сонымен қатар, 13 033 іс

бойынша сот шешімі шығарылды. Бұл

одан бұрынғы жылмен салыстырғанда

40,3 пайызға аз, - дейді Бақытбек

Бегалиев.

АКЦИЯ

Оралхан ҚОЖАНОВ

Тілеуберді САХАБА

кәсіпорындарын құру үшін инвесторларды

тарту қажеттігін алға тартуда. Осы

ретте, мемлекеттік бағдарламалардың

тиімділігін есепке алып, бұл бағытта

жүйелі жұмыстар қолға алынуда, деп

сендіруде облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасындағылар.

Естеріңізге салсақ, агроөнеркәсіптік

кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасын

Барымташылық

туралы бап енді

Облыс соттарына келіп түскен

қылмыстық істер саны 31 пайызға

көбейген. Мысалы, 2020 жылдың

12 айында барлығы 1618 іс түскен болса,

2019 жылы бұл көрсеткіш 1233-ке тең

болатын. Негізгі себеп – «Қылмыстық

кодекстің» 346-бабының 1-бөлігі бойынша

теріс қылықтарды қылмыстар қатарына

ауыстыру болып табылады. Сол секілді,

ұсақ ұрлықтар да азайған жоқ.

іске асыру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы

министрлігі арнайы карта құрған болатын.

Бұған сәйкес, қайта өңдеудің 9 басым

түрі айқындалды. Атап айтсақ, сүтті,

етті, теріні және жүнді, майлы және

дәнді дақылдарды, жеміс және көкөністі,

қант қызылшасын және картопты қайта

өңдеу кәсіпорындарын құру қажет.

Картаға сәйкес, 2021 жылға дейін

ауыл шаруашылығы саласында 79 жаңа

зауыт салу және 80 зауытты жаңғырту

көзделген. Сөйтіп, қайта өңделетін

өнімдердің жалпы өндірісін 1,9 триллионнан

3 триллион теңгеге дейін

ұлғайту және 7 мың жұмыс орнын

құру жоспарланған.

Коллажды жасаған - М.МҰстафина.

Павлодар облыстық сотының судьясы

Марат Рымбаевтың айтуынша, қазіргі күні

заңнамаға жаңа баптар қосылып жатыр.

Мысалы, ҚР «Қылмыстық кодексіне»

барымташылық туралы арнайы бап

енгізілген. Бұрын бұл істер жалпы ұрлық

ретінде қарастырылса, қазір ол бойынша

жекелей шешімдер шығарылады. Бұл

төрт түлік малдың ерекше қорғауға

алынатынын көрсетеді.

Жол қауіпсіздігі - назарда

COVID-19: ВАКЦИНА

Екінші легі

жеткізілді

Аймағымызға COVID-19-ға қарсы

вакцинаның екінші партиясы

жеткізілді. «Спутник V» препараты

Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық

аурухананың қоймасына орналастырылды.

Естеріңізде болса, ҚР Денсаулық сақтау

министрлігі облысқа COVID-19-ға қарсы вакцинаның

80 мың дозасын бөлген болатын. Препараттың

алғашқы легі өңірге 1 ақпанда әкелінген еді.

Сол уақытта оның көлемі 1200 дозаны құрады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының

мәліметінше, 20 ақпанда облысқа тағы 1200 доза

жеткізілді. Қалалар мен аудандардағы емханаларға

жеткізілгенге дейін вакцина Ғ.Сұлтанов атындағы

ауруханада сақталатын болады. Медициналық

мекеменің қоймасы арнайы мұздатқыштармен

жабдықталған. Жақын уақытта сыйымдылығы

1,2 текше метрді құрайтын тағы 3 мұздатқыш

жеткізілмек. Қажет болған жағдайда облыстық

қан орталығының қоймасы да пайдаланылады.

COVID-19-ға қарсы 1 ақпаннан бастап екпе

алған мамандар араға 21 күн салып екінші дозаны

салғызуы тиіс. Әуелде екпе жұқпалы аурулар

ауруханасы, жедел жәрдем қызметі, карантиндік

стационарда жұмыс істейтін ақ желеңділерге

салынды.

Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің

мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының

оқытушылары қамтылады. Үшінші кезеңде күштік

құрылымдар қызметкерлері вакцина ала бастайды.

Екпе саларда әр адамның пікірі ескеріледі. Вакцинаны

алуға жазбаша түрде келісім береді. Препараттан

бас тартқаны үшін ешкім әкімшілік немесе

қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Екпе салатын кезде алдымен адамның дене

қызуы, қан қысымы өлшенеді. КВИ-ге қатысты

сауалнама да алынады. Денсаулығы толық

тексерілген соң, келісімі сұралады. Қатерлі ісікпен

ауыратындар, химиятерапия алатындарға екпе

алуға болмайды.

Естеріңізге сала кетейік, препарат балаларға

егілмейді. Вакцинаны 18-65 жастағы адамдар

ғана ала алады.

САУЛЫҚ - САҚТЫҚТА!

Облыс – «сары»

аймақта

Аймағымызда жол сақшылары «Қауіпсіз жол»

жедел алдын алу іс-шарасын ұйымдастыруда.

Акция бастау алған 2 күннің ішінде жол

ережесін бұзған бір мыңға жуық жүргізуші

анықталды.

Оның ішінде қоғамдық көлік иелері

тарапынан 12 факті тіркелген. 14 жүргізуші

көлікті мас күйінде айдаған. Сонымен

қатар, 100 жолаушы жолдың екінші

бетіне жүгіріп өткені үшін жазаланған.

40 темір тұлпар айыппұл тұрағына орналастырылса,

17 көліктің мемлекеттік

нөмірі алынған.

Облыстық полиция департаменті

жергілікті полиция қызметі басқармасының

басшысы Ғалым Сарғұловтың

айтуынша, жедел алдын алу іс-шарасы

жүргізушілер мен тұрғындарды жол

ережесін сақтауға шақыруға бағытталған.

Оның сөзіне сүйенсек, техникаға жалған

мемлекеттік нөмір таққан құқықбұзушы

Шарбақты ауданында тіркелген. Мұндай

әрекетке барғандар темір тұлпарды

тізгіндеу құқығынан

жарты жылға айырылады

екен. Бұдан бөлек,

жолдағы бейнебақылау

камералары да жол

ережесін бұзғандарды

анықтауға көмектесуде.

Өткен жексенбіде

таңғы сағат 8.00 шамасында

Мир көшесі

бойында «ВАЗ 21083»

маркалы көлік жолаушыны қағып кетті.

Зардап шеккен адам жолдың екінші бетіне

жүгіріп өтпекші болған. Ол ауруханаға

жеткізілді. Ал жүргізушінің көлігі айыппұл

тұрағына қойылды. Тергеу шаралары

жүргізілуде.

Полицейлер тұрғындарға жаяу

жүргіншілер жолағы арқылы жүруді,

жүргізушілерге жылдамдықты асырмай,

көлікті жауапкершілікпен тізгіндеуді

ескертеді.

Өз тілшіміз.

Өткен аптаның соңында

Павлодар облысы коронавирусты

жұқтырушылардың саны

бойынша «сары» аймаққа шықты.

Бұған дейін аймағымыз «қызыл»

аймақта болған еді.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі

ведомствоаралық комиссияның мәліметі бойынша,

Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан,

Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары

«сары» аймақта. Қалған өңірлер – «жасыл»

аймақта.

Өткен сенбіде облыста 111 адамнан коронавирус

анықталса, 103 адам сауығып шыққан. Ал

жексенбі күні 100 адам COVID-19-ды жұқтырды.

77 адам індетті жеңді.

Еске сала кетейік, өңірде індеттің таралуына

жол бермеу мақсатында мониторинг топтары

күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Сенбі-жексенбі

күндері адам көп шоғырланатын сауда орындары

жұмыс істемейді. Қоғамдық көлік қатынамайды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


4 23 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Спорт нысандары

көбейеді

- Рахметолла Мәкенұлы,

аймағымызда тұрақты

түрде спортпен айналысатын

азаматтар аз емес. Тұрғындарды

қолдау бағытында

қандай жұмыстар атқарылуда?

- Бүгінде 230 мыңнан аса

павлодарлық бұқаралық спортпен

шұғылданады. Бұл – жалпы тұрғынның

31 пайызы. Әрине, тұрғындардың

салауатты өмір салтын ұстануы үшін

инфрақұрылым мәселесін мықтап

қолға алып, жаңа нысандардың

салынуы маңызды. Материалдықтехникалық

базаның әлсіздігі ауылдық

елді мекендерде бұқаралық спорттың

дамуына тежеу болатыны сөзсіз.

Өңірлердегі спорт нысандарының

саны әлі де болса көбейтуді қажет

етеді. Осы орайда, бұл бағыттағы

жұмыстар кестеге сай атқарылуда.

Әсіресе, соңғы жылдары ауылдық

жерлерде спорттық ғимараттар

бой көтеруде. Жөндеу қажет етіп

тұрған нысандар жаңаруда.

Бұқаралық спортты дамытудың

бірден-бір жолы – мектеп, колледж

және жоғары оқу орындарының

спорт залдарында жаттығуға

мүмкіндік жасау. Яғни, салауатты

өмір салтын ұстанған адам міндетті

түрде ірі спорттық нысандарды

жағалау қажет емес. Мектептер

мен колледждердегі, сонымен

Халықтың денсаулығы - елдің дамуы үшін стратегиялық

маңызы бар мәселе. Мемлекет басшысы

былтырғы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту

керектігін айқындаған еді. Әсіресе, балаларға

үйірмелердің қолжетімді болуын қадағалаған

жөн. Аймағымызда бұл бағыттағы жұмыстардың

барысы қалай? Сауалымызға облыстық туризмді

және спортты дамыту басқармасының басшысы

Рахметолла Қасқырбаев жауап берді.

қатар жоғары оқу орындарындағы

спорт залдарын сабақтан тыс

уақытта көпшіліктің пайдалануына

рұқсат. Қала берді, дене

шынықтырумен айналысу үшін

аулаларды, саябақтарды жабдықтау

– маңызды. Соңғы жылдары

саябақтарда, қала көшелерінде

бірқатар Street Workout, стритбол

алаңдары көптеп салынғанын атап

өткен жөн. Осылайша, Мемлекет

басшысының тапсырмасына сәйкес,

балалар және жасөспірімдер спортын

дамытудың кешенді жоспары

сәтті жүзеге асатын болса, зор

нәтижелерге қол жеткізілетініне

сенім мол.

- Былтыр карантиндік

шектеулерге байланысты

аймағымызда спорттық шаралар

өткізілмегені белгілі.

Есесіне, спорттық нысандарды

жөндеу жұмыстары

жүргізіліп, инфрақұрылым

бағытында атқарылған

шаруалар аз болған жоқ...

- Иә, былтыр 40 спорт нысаны

кестеге сай жөндеуден өтті. Әрине,

ғимараттарды жаңартуда мемлекеттік

бағдарламалардың үлесі зор.

Мәселен, «Жұмыспен қамтудың

жол картасы» бағдарламасы

шеңберінде 29 жоба, «Ауыл – ел

бесігі» бағдарламасы шеңберінде

11 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ,

жаңадан 14 нысан іске қосылғанын

атап өткен жөн. Павлодар және

Ақсу қалаларында, Ленин кентінде

дене шынықтыру-сауықтыру кешені

іске қосылса, Павлодар ауданы

Ольгинка ауылында спорт кешені,

Тереңкөл ауылында хоккей корты,

қала берді, көптеген елді мекендерде

шағын футбол алаңдары

пайдалануға берілді. Биылға

жоспарланған ірі жобалардың бірі –

Ақсу қаласында мұз сарайын салу.

Сондай-ақ Ертіс және Шарбақты

аудандарында дене шынықтырусауықтыру

кешендері бой көтереді.

- «Спорт сити» жобасының

тағдыры қалай болады?

- Бұған дейін футбол манежі

пайдалануға беріліп, жеңіл атлетика

залының құрылысы тоқтап қалған

болатын. Бүгінде құрылысты аяқтауға

инвесторлар тартылуда. Бұдан бөлек,

«Спорт сити» қалашығында мұз

кешені мен жекпе-жек сарайының

құрылысы жүргізілуде.

Жабық футбол манежі аз

уақыттың ішінде командалардың

жаттығу алаңына айналды. Онда

«Екібастұз» футбол клубынан бастап,

әуесқой футбол ұжымдары доп

тебуде. Жалпы, соңғы 3 жылда

аймағымызда заманауи талаптарға

сай 20-дан астам футбол алаңы

салынғанын атап өткен жөн. Жаңа

алаңдардың салынуы жүктемені

төмендеткені сөзсіз.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Оралхан ҚОЖАНОВ.

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

Павлодар қаласындағы «Жас ұрпақ» жасөспірімдер

үйінен шу шықты. Мекемеде тәрбиеленіп

жатқан қос жасөспірім қыз сәл нәрсеге келісе

алмай жаға жыртысқан. Қос құрбының «қақтығысы»

полицейлердің араласуымен аяқталды.

«Жас ұрпақтағы»

жанжал

«Жас ұрпақ» жастар үйінің

директоры Айжан Қойсоймасованың

айтуынша, бұған дейін Ангелина

мен Карина бір бөлмеде тұрып

келген. Бөлмедегі жарықдиодты

шамды бөлісе алмаған құрбылар

жанжалдасқан. Мәселенің ушыққанын

байқаған мекеме

қызметкерлері полиция және

жедел жәрдем қызметкерлерін

шақыруға мәжбүр болады.

- Мен Ангелинаға жақындап,

басу айтпақ болдым. Алайда ол

ешкімді тындағысы келмейтінін

байқатты. Жанындағы қызды

іздеп таппақ болып, ашуланды.

Біз оны басқа бөлмеге жасырып

қойған едік. Көп кешікпей

полиция қызметкерлері де келіп

үлгерді. Олар өз жұмыстарын

жүргізді. Соңынан жедел жәрдем

қызметкерлері келіп, Ангелинаны

аурухана жеткізу керек

деген шешім шығарды. Бұл

қыз негізі психоневрологиялық

диспансерде есепте тұр, - дейді

Айжан Қойсоймасова.

Ангелинаның сөзінше, мекеме

қызметкерлері оның үстінен

«директорға қол көтерді» деген

шағым түсірген. Оның айтуынша,

мекемеде балаларға қолайлы

жағдай жасалмаған. Бөлмелері

салқын және кейде ыстық су

болмай қалады екен. Ал, кейбір

бөлмелерде тоңазытқыштар

жоқ. Сонымен қатар, мекеменің

ауласындағы қарды тазалауға

мәжбүрлейтінін, ал бағынбаған

жағдайда психоневрологиялық

диспансерге апарамыз деп

қорқытатынын айтқан.

Ал тәрбиешілер ондай

жағдай болмағанын айтады.

Тәрбиеленушінің бұл шағымын

мекеме директоры да теріске

шығарып отыр. Орталықтағы

16 баланың барлығын өз баласындай

көретінін жеткізді.

Дегенмен, бұл жағдайдың

анық-қанығы әлі де зерделенуде.

Мәселеге облыстық білім

беру басқармасының басшысы

Дінислам Болатханұлы да араласып,

қызметтік тексеру

жүргізілетінін атап өтті.

- Біз бұл жағдайды жылы

жауып қоя салмаймыз. Қызметтік

тексеріс жүргізіледі. Кінәлі адамдар

анықталған жағдайда тиісті жазасы

беріледі. Осындай жағдайдан

кейін мекеме ішіне бейнекамералар

орнату керек деген

ойға келдік. Себебі мұндағы

балалардың ғана емес, осында

қызмет істейтін тәрбиешілердің

де құқықтары қорғалуы керек, -

деді басқарма басшысы.

Осы жағдайдан кейін

тәрбиеленушілердің бірі бөлек

бөлмеге көшірілген. Ал алдағы

уақытта Ангелинаны Тереңкөл

ауданының аграрлық-техникалық

колледжінің жатақханасына

ауыстыру жоспарлануда.

Тілеуберді САХАБА.

1 НАУРЫЗ - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Суық вагон, ұзақ жол...

Шешен-ингуштер де - тоталитарлық

жүйе кезінде саяси қуғынсүргінге

ұшыраған халықтардың

бірі. Бір-ақ күнде халық жауына

айналып, өзінің Отанын, ағайынтуысын

тастап кетуге мәжбүр

болған 85 мың отбасын сол

кезде Қазақстанның әр өңіріне

бөліп жібереді. Солардың 8 мыңға

жуығы Павлодар жеріне табан

тіреді. Сол кезде депортацияның

құрбанына айналғандардың бірі

Гилани Садулаевтың ата-анасы еді.

- Сол бір зұлмат заманды біз

көрмедік. Бірақ біздің ата-анамыз

бен бір туғандарымыз, халқымыз

басынан өткерді. Үлкендер өмірден

өткенше естеріне алып, еңіреп

отыратын еді. Естуімізше, оларды

бір-ақ күнде жинап-теріп, қақаған

аязда мал таситын суық вагондармен

Қазақстанға және Орталық

Азияға жер аударған екен. Әкем:

«Жол өте ауыр болды. Суық пен

аштыққа шыдамай, жолда көптеген

адамдар, оның ішінде қариялар,

жас балалар мен әйелдер қайтыс

болды» деп еске алып, айтып

отыратын, - дейді Г.Садулаев.

Г.Садулаевтың айтуынша, жер

аударылған ата-анасы Павлодар

облысының қазіргі Аққулы ауданы

Қызылқоғам ауылына келген. Сонда

1944 жылдың 23 ақпаны мен 9 наурыз аралығында 650 мың азамат

Ингушетиядан еріксіз көшірілді. Жер аударылған 85 мың отбасы Қазақ

жеріне түпкілікті қоныстанды. Сол бір ауыртпалық кезеңнің ащы дәмін

татып, соғыстың қасіретін көрген шешен-ингуш халқы өкілдерінің

Павлодар өңіріне қоныстанғанына бүгін 77 жыл толып отыр.

ғұмырының соңына дейін тұрып,

қазақ отбасыларымен бір туғандай

болған.

- Депортация басталған уақытта

менің әкем 20 жаста, ал анам

небары 15-16-да ғана болған екен.

Кейін әкем бір жарым жыл әскер

қатарында болады. Азаматтық

борышын өтеп келгеннен кейін

менің анаммен отау құрады. Өз

Отанынан таппаған тыныштық

пен бақытты Қазақ жерінде

көрген олар 10 перзенттің атаанасы

атанды. Әкеміз бақташы,

құрылысшы, кейінгі 20 жылында

шаруа болып қызмет етті. Әкей

1981 жылы жүрек ауруынан қайтыс

болса, анамыз 2006 жылы өмірден

өтті. Қызылқоғам ауылын 1994-

1995 жылдарға дейін мекен еттік.

Кейіннен облыс орталығына көшіп

келдік. Бірақ әлі күнге дейін ауылдастарымыз

қалаға келгенде

біздің үйге ат басын бұрмай

кетпейді, - дейді ол.

Бүгінде өзі де екі перзенттің

әкесі атанған Г.Садулаев қиын

кезде бір үзім нанды бөлісіп жеп,

аядай ғана бөлмесінен орын берген

қазақ халқына дән риза.

- Әкем әрдайым бізге: «Егер

біз Қазақстаннан басқа жерге

депортацияланғанымызда аман

қалуымыз екіталай еді. Себебі,

бізге қазақтар ішер асынан бастап,

киер киімі мен баспанасына дейін

бөлісті. Бізді өзге ұлт демеді. Бауырына

басты» деп айтып отыратын.

Шындығы сол, нәубет заманда

адам жанына арашашы болып,

жылағанның көз жасын сүртіп,

барымен бөліскен Қазақ халқына

қанша алғыс айтсаң да жарасады.

Ата-анамыз өмірлерінің соңына

дейін алғыс айтып, «бізді құтқарған

қазақтар» деп құлағымызға сіңіріп

келді, - дейді Гилани.

Қазір аймағымызда шешен-ингуш

халқының 4 жарым мыңға жуық

өкілі тұрып жатыр. Олар барлық

салада қызмет етіп, Қазақстанның

дамуына өз үлестерін қосуда. Тіпті,

қазақ тілін меңгеріп, оның салтдәстүріне

дейін өз қолданысына

енгізуінің өзі табан тіреген жеріне

деген құрметі болса керек.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.


SARYARQA SAMALY

ДӘУЛЕТ 23 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл 5

Балық шаруашылығы -

байлық көзі

Елімізде балық шаруашылығының дамуы көңіл көншітпейді.

Ел Президенті былтырғы Жолдауында аталған саланы

дамыту керектігін тапсырды. Іле-шала бұл іске жауапты

мамандар арнайы бағдарлама әзірлеуді қолға алған болатын.

Алдағы уақытта бұл бағытта қандай жаңашылдықтар

орын алады? Көз жүгіртіп көрелік.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Жоспар қандай?

Экология, геология және табиғи ресурстар

министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша,

министрлік балық шаруашылығын

дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын

әзірлеген. Бастысы – балықты қайта

өңдеу ісін жандандыру.

- Министрлік ғалымдар және сарапшылармен

бірлесіп, балық саласының

дамыту потенциалына талдау жүргізді.

Нәтижесінде республиканың су айдындарында

жылына 600 мың тоннаға дейін

балық өсіруге болатындығы анықталды.

Мұны кезең-кезеңмен іске асыруды жоспарлап

отырмыз. Болжам бойынша жоспардың

45 пайызы 2030 жылы, ал қалған

55 пайызы 2040 жылға дейін орындалуы

тиіс, - дейді М.Мырзағалиев.

Бағдарламаға сәйкес, 2030 жылға

қарай жылына шамамен 270 мың тонна

тауарлы балық өсіру жоспарланып отыр. Бұл

ретте, 545 жаңа балық өсіру шаруашылығы

құрылады деп күтілуде. Ал жұмыс істеп

тұрған 323 шаруашылық толық жобалық

қуатына шықпақ. Өңірлердегі жобалар

бойынша 10 жыл ішінде 345 млрд. теңге

жеке инвестиция тарту көзделуде.

Балық шаруашылығын табысты дамыту

үшін 4 негізгі фактор анықталыпты.

Біріншісі - заңнаманы жетілдіру. Екіншісі -

сапалы балық шабақтарымен қамтамасыз

ету. Үшіншісі - балық жемінің өндірісін

жолға қою. Төртіншісі – кадр мәселесі.

Бизнес үшін тиімді шарттар жасауға

бағытталған заңнамаларды жетілдіру

шеңберінде өткен жылы табиғат пайдаланушылары

балық ресурстарын пайдаланғаны

үшін төлейтін жылдық төлемді тоқсан сайын

бөліп беріпті. Бұған дейін олар рұқсат

алғанға дейін балық аулау төлемдерін

төлеуі тиіс-тін. Бұл айтарлықтай қаржылық

жүктеме болатын, салдарынан көбіне

несие қаражатын алуға немесе айналым

қаражатынан жұмсауға итермелейтін. Бұдан

бөлек, балық шаруашылығы су айдындарын

балық аулаудан балық өсіруге

ауыстыру қағидалары бекітілді. Осылайша,

кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын

пайдаланушыларға зор мүмкіндік жасалуда.

Сондай-ақ балық шаруашылығын

жүргізу үшін 49 жылға шарт жасасудың

нақты мерзімі белгіленді. Бұл бизнеске

сеніммен инвестиция салуға және ұзақ

мерзімді жоспарлар құруға мүмкіндік

береді. Бұрын шарттың мерзімі 5 жыл

мен 49 жылдың арасында болатын.

Қысқасы, балық өсірушілерге қойылатын

артық талаптар алынып тасталды. Оларға

қойылатын жалғыз талап - балық өсірудің

жыл сайынғы көлемін орындау.

Бағдарламаны сәтті жүзеге асыру үшін

балық өсіру шаруашылықтарын сапалы

шабақтармен қамтамасыз ету аса маңызды.

Бүгінгі таңда елімізде 15 балық питомнигі

бар екен. Олар тұқы тұқымдас балық

түрлерінің шабақтарын 12 пайызға және

бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын

66 пайызға қамтамасыз етеді. Өз

кезегінде фарель, сиг және басқа да құнды

балық түрлерінің шабақтары импортталады.

Бұл ретте 10 жыл ішінде шабақтарға

қажеттілік 2,5 млрд. дананы құрайды.

Осыған байланысты импортқа тәуелділікті

төмендету мақсатында 4 балық өсіру

аймағы үшін селекциялық генетикалық

орталықтар құру пысықталуда. Сонымен

қатар, 2022 жылы форель және сиг

балықтары үшін 2 жаңа питомник салу

көзделіп отыр. Бұдан басқа, 4 мемлекеттік

балық питомнигінде мемлекеттік-жекешелік

әріптестік тетігін енгізу жоспарлануда.

Негізгі мәселелердің бірі - жеммен

қамтамасыз ету. Балық өңдірісінің өзіндік

құнының құрылымында жемге жұмсалатын

шығындар жалпы шығыстардың 70 пайызын

құрайды екен. Сондықтан құрама жемнің

сапасы мен тиімділігі балықты өндірістік

өсіру тиімділігінің шешуші факторы болып

табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда балық

жемін өндірумен жалпы қуаты жылына 136

мың тонна болатын 14 отандық кәсіпорын

айналысады. Алайда ондағы жем тұқы

балық түрлеріне ғана жарамды. Министрдің

айтуынша, әрқайсысының қуаты жылына

80 мың тонна болатын 5 заманауи зауыт

салуға кәсіпкерлерді тарту қажет. Оларды

Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан

және Маңғыстау облыстарында орналастыру

көзделуде.

Кадр мәселесіне тоқталсақ, 10 жыл

ішінде 4 мың адамды оқыту жоспарланып

отыр. Ол үшін білім беру гранттарын жылына

40-тан 400-ге дейін ұлғайта отырып, оқу

бағдарламаларын балық өсіруге қайта

бағдарлау қажеттігі ұсынылуда. Бұдан

басқа, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру

шеңберінде жүйелі түрде кешенді

ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады.

Министрдің ойынша, саланы табысты

дамытудың аса маңызды факторы –

бастапқы кезеңде бизнесті субсидиялау.

Балықты қайта өңдеу кешендерін құруға

және кеңейтуге жұмсалатын шығындарға

арналған инвестициялық субсидиялар

табысты болмақ. Оған 36,8 млрд. теңге

қажет.

Осылайша, жоғарыда аталған шаралар

сәтті жүзеге асса, 10 жыл ішінде балық

өнімдерін ішкі тұтынуды жылына 134 мың

тоннаға дейін ұлғайтуға жол ашылмақ. Бұл

балықты тұтынуды бір адамға 4 келіден

8 келіге дейін арттыруға мүмкіндік береді,

яғни Дүниежүзілік денсаулық сақтау

ұйымының ұсынымдарының 50 пайызы

орындалады. Сондай-ақ Экспорттық түсімді

$330 млн.-ға дейін ұлғайтуға қол жеткізілмек.

Фарель және бекіре тұқымдас балық

өндірісін ұлғайту есебінен импорт көлемін

45 мыңнан 25 мың тоннаға дейін төмендетуге

мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, кемінде

50 мың қосымша жұмыс орындарын

құруға және басым түрде ауылдық жерлерде

халықтың табысын арттыруға ықпал

ететін болады.

Аймақтағы ахуал

мәз емес

Суреттер ғаламтордан алынды.

Балық шаруашылығының дамуы елімізде

тұралап жатқандықтан Павлодар

облысында да жағдай мәз емес екенін

болжау қиын емес. Статистикалық деректерге

сүйенсек, 1999 жылы аймағымызда

150 шақты табиғат пайдаланушысы болса,

қазір бұл салада небары 30-ға жуық азамат

еңбектеніп жүр.

«Ұста пышаққа жарымас» демекші,

Павлодар облысы Ертіс өзенінің бойында

орналасса да, балық шаруашылығы ақсап

тұр. Қаржылай қолдаудың жоқтығынан солай

болуы да заңдылық. Облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар дүниесі

аумақтық инспекциясының басшысы Руслан

Төлепбаевтың мәліметінше, аймағымызда

балық шаруашылығы қорын Ертіс өзені мен

республикалық деңгейдегі 9 және жергілікті

мәндегі 265 су қоймасы құрайды.

Бүгінде 30-ға жуық табиғат пайдаланушысы

су қоймаларының біразын балық өсіру

мақсатында жалға алған. Бірақ, кәсіпкерлердің

көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығы

дәрежесіне ауысуы мүмкін болмай

отыр. Салдарынан өндірістік негізде балық

тұқымын шығарып, оларды су қоймаларына

жіберу жұмысы кенже қалуда. Қазір

аймағымызда Сәтбаев каналының иелігіндегі

екі балық тәлімбағы ғана жұмыс

істеуде. Оның өзінде, ол тек аталмыш

каналда балық өсірумен айналысады.

Яғни, қуаты аз. Салдарынан жергілікті

табиғат пайдаланушылар балық тұқымын

Қарағанды облысынан сатып алуға мәжбүр

екен.

Құжаттандыру –

құптарлық іс

Бүгінде аймағымызда тауарлы балық

шаруашылығын дамыту жұмыстары қолға

алынуда. Ол үшін 2022 жылға дейін арналған

арнайы бағдарлама да қарастырылған.

Қазір жылдық өнім көлемі 10 тоннаны

құраса, екі жылдан кейін 100 тоннаға дейін

жеткізу көзделуде.

Облыстық жер қойнауын пайдалану,

қоршаған орта және су ресурстары басқармасының

басшысы Қадылжан Сәтиевтің

айтуынша, соңғы жылдары су айдындарын

құжаттандыру ісі жүйелі іске асуда.

Мәселен, 2017 жылдан бері 117 көлдің

құжаты реттелген. Былтырдың өзінде

40 су айдыны жаңа базаға енгізіліпті.

Бұл бағыттағы шаралар көлдің жағдайын

бақылауға жол ашып, тауарлы балық шаруашылығын

жүргізу мүмкіндіктерін айқындап

бермек.

Бүгінде аймағымыздағы 75 балық

шаруашылығы су айдындарын 32 табиғат

пайдаланушысы ұзақ мерзімге жалға алған.

Онда 300-ден астам адам нәпақысын

айырып отыр. Десе де, талаптарды орындамағандар

да аз емес. Нәтижесінде

былтыр 20 табиғат пайдаланушысымен

келісімшарт бұзылыпты. Облыста тауарлы

балық өсірумен небары 3 шаруа қожалығы

айналысады екен. Бұл бағыттағы жұмыстарды

жандандыру мақсатында 9 көл таңдалған.

Алдағы уақытта инвестиция тартылып,

өнім көлемін арттыру жоспарлануда.

Жалпы, аймағымызда соңғы 3 жылда

табиғат пайдаланушылармен 4 мың тонна

су жануарлары ауланған. Биылдан бастап

балық аулауға тыйым салу мерзімі

15 сәуірден 30 мамырға дейін өзгертілгені

белгілі. Ережені елемегендерге 300 АЕК

мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Түйін:

Аймағымызда балық етін өңдейтін кәсіпорынды айтпағанда,

жас балық өсіретін қолайлы орын жоқ. Салдарынан табиғат пайдаланушылары

балық шабақтарын Қарағанды облысынан сатып алуға

мәжбүр. Кезінде дүркіреп тұрған Тереңкөл ауданындағы балық

тәлімбағы келмеске кеткені өкінішті. Қорыта айтсақ, Мемлекет

басшысының тапсырмасынан кейін балық шаруашылығында

«дүмпу» орын алып, нәтижелі жұмыстар атқарылатынына

сенім мол.


6

23 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл SARYARQA SAMALY

Басы 1-бетте

Күрделі оталар

жасауға кірісті

Иә, кардиологиялық орталықтағы

тәжірибелі дәрігерлер күн сайын

адам жанына араша түсуде десек,

қателеспейміз. Кардиологтар жүректі

емдеудің тың тәсілдерін меңгеруде.

Алдымен жыл басында жасалған

ең күрделі отаға тоқталайық.

Операцияны өткізуде кардиологтарға

онколог мамандар көмектесті. Олар

сирек кездесетін қатерлі ісік –

саркомаға шалдыққан 61 жастағы

науқастың өміріне араша түсті.

Сала мамандары әлем бойынша

мұндай ота тек 50 мәрте жасалғанын

айтады. Хирургиялық шараға 20-дан

астам дәрігер қатысқан. Күрделі

ота 10 сағатқа созылыпты.

Облыстық кардиологиялық орталықтың

директоры Әділжан

Әлбазаровтың айтуынша, науқастың

ағзасындағы қатерлі ісік жүрекке

дейін өскен. Оның қалай пайда

болғаны анықталған кезде, емдеу

әдістері ұсынылған. Өкінішке қарай,

көлемі үлкен ісікті емдеуге сәулелі

терапия мен химиялық терапия

дәрменсіз. Сондықтан қарияның

өмірін ұзарту үшін дәрігерлер батыл

шешім қабылдап, ота жасаған.

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

да - өлімге әкелетін диагноз.

Жыл басынан бері кардиологтар

осы дертке шалдыққан 3 науқастың

өміріне араша түскен. Барлығына

шұғыл түрде ота жасалып, нәтижесі

сәтті аяқталған.

Білікті дәрігер, кардиохирургиялық

бөлімнің жетекшісі Мұрат

Райхановтың айтуынша, өкпе

артериясының тромбоэмболиясы –

өмірге қауіп төндіретін дерт. Аз

ғана уақыттың ішінде адамның

жағдайы қиындап, тыныс алуы

нашарлайды. Ауа жетпеген соң,

өмірімен қоштасады.

- Бас дәрігеріміз - өз ісінің

маманы, тәжірибелі хирург. Оның

бастамасымен өткен жылы 8 ота

жасалды. Жыл басынан бері 3 науқасқа

операция жүргізілді. Өкпе

эмболиясы көбінесе, көктамырдың

тромбымен бітелуінен туындайды. Сан

етінде, жамбаста пайда болған көк

тамырлар тромбқа айналады. Кейін

оның бір бөлігі ажырап, қан ағымы

арқылы өкпеге түсуі мүмкін. Сол

кезде тыныс алу тетіктері бітеледі.

Салдарынан адам тұншығады.

Бұл дерт жас талғамайды. Қазір

2 науқас отадан кейін ем қабылдауда.

Оның бірі 62-де болса, екіншісі –

36 жаста, - дейді М.Райханов.

Мұрат Арыстанұлының сөзінше,

бұл дертті болдырмау үшін адамдар

жыл сайын өткізілетін медициналық

скринингтік тексерулерге қатысуы

керек. Аталмыш диагноз компьютерлік

томографияның көмегімен

анықталады екен. Егер мамандар

сараптама нәтижесі арқылы ұйыған

қанды көрсе, бірден ота жасауға

дайындалады. Науқас бойында

демікпе пайда болмай тұрып,

операция жасаған тиімді.

Мұрат Арыстанұлының айтуынша,

өңірде жүректің ишемиялық

ауруына шалдыққан науқастардың

қатары артып келеді. Бұл дертке

шалдыққандардың саны әлем

бойынша да жоғары. Туа біткен

жүрек ақаулары да өмірге қауіп

төндіреді. Мұндай науқастар шұғыл

отаға зәру.

Қазіргі уақытта облыстық кардиологиялық

орталықта жүрек оталарының

50-ден астам түрі жасалады. Мамандар

тың технологияның тілін меңгерген.

Орталықтың материалдық-техникалық

мүмкіндігі де жоғары.

Мұрат Райхановтың есімін өңір

жұртшылығы жақсы біледі десек,

артық айтқандық емес. Себебі ол

жылына 250 адамның жүрегіне ота

жасайды. Аптасына кем дегенде

3 операцияға қатысады. Бұдан

бөлек, тәуліктің кез келген уақытында

ауыр жағдайда түскен науқастардың

өміріне араша түседі.

- Медицина саласын таңдаған

соң, міндетімізге адал болуымыз

керек. Жұмыс уақыты аяқталып, үйде

болсам да, қоңырау қабылдауға

дайын тұрамын. Биыл өкпе артериясының

тромбоэмболиясына шалдыққан

алғашқы науқас түнгі сағат

1 шамасында ауруханаға түсті.

Маған хабарласқан бойда, орталыққа

аттанып, дереу операция жасадым.

Қазір денсаулығы бірқалыпты. Осы

саланы таңдағаныма еш өкінбеймін.

Біз үшін өзгеге өмір сыйлаудан

асқан бақыт жоқ, - дейді дәрігер.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір

елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларына

шалдығушылардың қатары

көп. Сондықтан әр адам қан қысымын,

қан құрамындағы холестерин мен

қант деңгейін анықтауға ерекше

көңіл бөлгені жөн. Өйткені дұрыс

тамақтанбау, арақ пен темекіні

тұтыну, қозғалыстың аздығы жүректің

өзгеріске ұшырауына әкеледі. Бұл

аурудың алғашқы белгілеріне жүрек

пен кеуде тұсының ауырсынуы мен

шаншуы, тамыр соғысының жиілеуі

жатады. Өкініштісі, көпшілік бұған

уақытша жағдай деп қарап, мән

бермейді. Сол себепті тыныс алу

қиындап, ентігу пайда болса немесе

аяқта ісік пайда болған жағдайда,

дереу дәрігерге барған жөн.

Мамандардың айтуынша, күтімі

жақсы жүректің қызметі 150 жылға

дейін қауқарлы екен. Жүрек жұмысын

жақсарту үшін салауатты өмір салтын

ұстанған дұрыс. Ащы, тұзды, майлы

тағамдарды жемей, табиғи өнімдерді

тұтынған пайдалы екен. Әр адам

өз денсаулығына жауапкершілікпен

қараса, ғұмыры ұзарып, дәрігерлердің

жүктемесі азаятыны сөзсіз. Білікті

дәрігерлер де тұрғындарды осыған

шақырады.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Суреттер газет

мұрағатынан алынды.

Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында

еліміз бойынша ЭКҰ-ға 7 мың квота бөлінді.

Бұл ретте медициналық сақтандыру қоры

6,2 млрд. теңге бағыттап отыр.

Қаржы бөлінді

Өткен жылы 1105 бағдарлама үшін 960 миллион теңге

қарастырылған. Биылғы көлем 7 есеге көп.

Биыл облыста 290 жұпқа сәби сүю бақыты бұйырмақ.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық

емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша

директоры Нұрлан Қасымовтың айтуынша, квотадан үмітті

отбасылар Қазақстан азаматы болуы шарт. Егер жатырдың

туа біткен немесе жүре пайда болған ауруы, психикалық

ауытқушылық, ағзасында қатерлі ісік болған жағдайда квота

берілмейді.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ЭКҰ

бағдарламасынан тегін өтуге жолдама алғандарға МӘМС

аясында қаржы бөлінеді. Квотаға қатысу үшін ерлі-зайыптылар

тіркелген жері бойынша емханаға жүгінуі қажет. Дәрігерлер

жұптарды бедеулік мәселесі бойынша диспансерлік есепке

қояды. Денсаулықтары ЭКҰ-ға жарамды болса, порталға

тіркеледі. Отбасы мүшелері экстракорпоралды ұрықтандыру

клиникасын өздері таңдайды, - дейді Н.Қасымов.

Айта кету керек, жолдама алған жұптар жылына бір

мәрте МӘМС бойынша тегін ЭКҰ-дан өте алады. Бүгінде

еліміз бойынша 19 медициналық ұйым ЭКҰ бағдарламасын

жүргізеді. Оның 18-і – жекеменшік.

МАМАН КЕҢЕСІ

Теріс

әсердің бәрі

уақытша

Елімізде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау

науқаны жалғасуда. Екпеге қатысты

тұрғындар арасында сұрақ көп. Вакцинаның

жағымсыз әсерлері қандай? Екпеден кейін

қалай күтіну керек? Кімдерге егілмейді? Осы

орайда, бірінші санатты тәжірибелі дәрігер,

сарапшы, терапевт Людмила Асташкинаның

кеңесін ұсынуды жөн көрдік.

- COVID-19-ға қарсы

екпе алған соң, алғашқы

екі-үш күн ішінде тұмауға

ұқсас белгілер мазалауы

мүмкін. Бұлшық ет пен

буын ауырып, дене

қызуы көтерілуі ықтимал.

Бұл - қалыпты жағдай.

Бәрі екпе салу ережесіне

сай жасалса, күтпеген

қауіпті жағдай орын

алмайды. Вакцина алған

адам 3 күн медициналық қызметкердің бақылауында болады.

Учаскелік дәрігер қоңырау соғып, жағдайын біліп тұрады.

Атап өтерлігі, алғашқы 3 күнде суға түсуге, моншаға баруға

болмайды. Денеге артық күш түсірмеу керек. Екпе алған

адамға қалай күтіну керектігі жөнінде жадынама беріледі.

Онда бәрі анық жазылған. Егер дене температурасы көтерілсе,

«Парацетамол» ішуі керек. Өзге сұрақтар туындаса, дәрігеріне

қоңырау шалады.

Екпе кезінде әр науқастан жазбаша түрде рұқсат алынады.

Егер созылмалы ауруға шалдықса, оған екпе салынбайды.

Вакцинаға жоғары сезімталдығы бар адамдар екпе алмайды.

Өйткені бұл – жаңа вакцина. Аллергия, жедел инфекциялық

және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулардың

қабынуы, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ

18 жасқа толмағандарға салынбайды. Вакцина алуға келген

пациенттің денсаулығы жайлы толық ақпарат жиналады.

Егер жоғарыда айтқан қарсы көрсетілімдер болса, егу

шаралары жүргізілмейді.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


SARYARQA SAMALY МЕЗГІЛ 23 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл 7

СПОРТ

Талай үздіктерді түлеткен

Биыл облыс орталығындағы №1 балалар-жасөспірімдер

спорт мектебі 50 жылдығын қарсы

алуда. Осынау жылдары республикалық жарыстар

былай тұрсын, көптеген халықаралық турнирдің

жеңімпаздарын тәрбиелеп шығарған ұжымның

аймақтың спорт саласына қосқан үлесі зор.

Тарихқа көз жүгіртсек, спорт

мектебінің алғашқы директоры болып

Владислав Юрченко тағайындалған.

Сол уақытта ниет білдіруші шәкірттер

спорттың 11 түрінен (велоспорт,

оқ ату спорты, еркін күрес, грек-рим

күресі, қазақ күресі, шахмат, коньки

спорты, шаңғы спорты, хоккей,

семсерлесу және бокс) қабылдана

бастаған.

Спорт мектебінің жетістіктерін

екі кезеңге бөліп қарастыруға

болады. Алғашқысы – 1971-1991

жылдар аралығындағы, екіншісі –

Тәуелсіздік жылдарындағы көрсеткіштер.

Алғашқы кезеңде спорт

мектебінен 10 КСРО-ның спорт

шебері түлеп ұшқан. Бірқатар

спортшы КСРО құрамы сапында

өнер көрсеткенін атап өткен жөн.

Олардың қатарында Татьяна Малышева,

Валерий Самокиш, Хайдар

Карпиков, Елена Петрова, Павел

Королев, Дарья Рудовская, Сергей

Ичинский, Людмила Ревикатова

сияқты танымал спортшылар бар.

Олимпиадалық ойындарда,

қала берді халықаралық жарыстарда

жарқын жетістікке жеткен

спортшылардың көшін Александр

Шишигин (оқ ату спорты), Андрей

Невзоров (шаңғы спорты), Евгений

Егоров (шахмат) және Юля Бондарева

(оқ ату спорты) бастап тұр.

Әрине, спортшыларды биікке

жетелеген жаттықтырушылардың

еңбегі зор. Бұл ретте, 1977 жылы

В.Абрамов (еркін күрес) пен

В.Ивановаға (оқ ату спорты) Қазақ

КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы

атағы берілген.

Еліміз Тәуелсіздік алған жыл-

«Тіл – тіршіліктің бастауы»

деп бекер айтылмаған. Адам

ес білген кезінен бастап айналадағы

жаңа ұғымдарды ана тілі

арқылы қабылдап, үйрене бастайды.

Ана тілін балалар ананың

әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған

ортасынан еліктеу арқылы

үйренсе, есейе келе орыс тілімен

ағылшын тілін мектептен, қоғамнан,

халықтан үйреніп, меңгереді.

Себебі, бұл - заман талабы.

«Қазақстан бүкіл әлемде үш

тілді пайдаланып, жоғары білімді

ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар

қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс

тілі - ұлтаралық қатынас тілі

және ағылшын тілі – жаһандық

экономикаға ойдағыдай кірігу

тілі» -деп Елбасымыз өз Жолдауында

айтып кеткен. Ағылшын

тілі – қазіргі заманда жаһандық

тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген

елінде сөйлейді. Қазіргі заманауи

мектептерде ағылшын тілі пәні

міндетті пән ретінде оқытылады.

Күні кеше ағылшын тілі пәні

кестедегі негізгі пән ретінде

1 сыныптан бастап оқытыла

бастады.

Мектеп оқушылары үшін

ағылшын тілінің маңызы зор.

Ағылшын тілі баланың психикалық

қабілетін, логикалық және

абстрактілі ойлауын дамытуға

көмектеседі, және болашақта

оған үлкен мүмкіндіктер ашады.

Шетел әдебиетін оқу баланың

көкжиегін кеңейтуге және мәдени

деңгейін арттыруға көмектеседі.

Оралхан ҚОЖАНОВ

дардан кейін халықаралық аренаға

жиі шыға бастады. Әр

елде турнирлер де көп ұйымдастырылатын.

Бұл – спорт мектебінің

шәкірттеріне жігер сыйлап,

жеңіске ұмтылуына оң әсерін

тигізді. Сайыстарда жиі төбе

көрсеткен спортшылар мол тәжірибе

жинақтауға мүмкіндік алды.

1990 жылдардан бері қарай

спорт мектебінің жаңа буыны

қалыптасты. Көптеген спортшылар

әлем біріншіліктерінде жүлдеге іліге

бастады. Олардың қатарында Александр

Скатов, Павел Приказчиков

(екеуі де шорт-трек), Александр

Шартнер (грек-рим күресі), Сергей

Мыльников (велоспорт), Андрей

Головко (шаңғы спорты), Асхат Нукин

(шахмат) сияқты мықтылар бар.

2000 жылдың басында мектеп

басшылығы «Олимпиадалық резервтің

мамандандырылған балаларжасөспірімдер

спорт мектебі»

атағына жету мақсатын қойды.

Ол үшін жоғары нәтижелерге

қол жеткізу керектігі түсінікті. Бұл

ретте, жаттықтырушылар құрамы

тынбай еңбек етіп, 2004 жылы

алғашқы сең қозғалды. Велоспорт, оқ

ату спорты және үстел теннисі

бөлімдері еліміздің спорт министрлігі

тарапынан жоғарыда

аталған мәртебелі атақты иемденді.

Бұған, әрине, В.Гладуш,

А.Ильясов, Д.Абрамкин, К.Бондаренко,

А.Мищук, Н.Лушников,

Е.Попова, И.Поляков сияқты жаттықтырушылардың

еңбегі орасан.

Олардың шәкірттері барлық

деңгейдегі турнирлерде оза шапты.

Мәселен, велоспорттан Юрий

Ағылшын тілін білу оқушыларға

оның білім шекарасын кеңейтуге,

шетелдік көздерден қажетті

ақпаратты табуға көмектеседі.

Бүгінде мемлекет арасындағы

өзара іс-әрекет, қарым-қатынас

жақынырақ болған сайын ағылшын

тілін білудің де маңызы зор.

Қазіргі заманғы білімді адамға

тым болмаса бір шетел тілін

білу керек, себебі білім, ғылым,

спорт, экономика, бизнес тек бір

елдің шеңберінде ғана таралмаған.

Ағылшын тілін білмей, әр түрлі

елдердің халықтары арасындағы

ынтымақтастық мүмкін емес.

Біріншіден, біздің уақытта

халықаралық конференцияларда,

көрмелерде сіз қызықты

адамдармен, басқа елдің мәдениетімен,

салт-дәстүрімен таныса

аласыз. Оқушылар мен студенттер

алмасу, халықаралық

тағылымдамалар - қазір сирек

емес және ағылшын тілін білу сізге

осындай іс-шараларға қатысуға

мүмкіндік береді. Екіншіден, барлық

маңызды халықаралық спорттық

сайыстар, соның ішінде Олимпиада

ойындары ағылшын тілінде

өтеді. Үшіншіден, ағылшын тілін

білу материалдық байлық пен

мансап үшін тамаша мүмкіндік

береді. Сіз шетелдік әріптестермен

бірлесіп бизнес жүргізіп, түрлі

келіссөздерге қатыса аласыз.

Ең соңында сіз ағылшын тілін

жай ғана қызық үшін үйрене

аласыз. Сіз ағылшын тілінде

сүйікті өлеңдеріңізді тыңдап,

Юда екі дүркін Азия чемпионы

(2001, 2003 жж.), Әлем кубогының

күміс жүлдегері (2000 ж.), 2004

жылы Афины қаласында өткен

жазғы Олимпиада ойындарының

11-орын иегері атанды. Тағы бір

велоспорт өкілі Андрей Зейц 2016

жылы Рио-де-Жанейро қаласында

өткен жазғы Олимпиада ойындарында

8-орыннан көрінді.

2010 жылдан қазіргі уақытқа

дейін де жаңа буын қалыптасып

үлгерді. Бұл ретте, мектепте жаңа

спорт бөлімдері ашылды. Атап

айтсақ, паралимпиадалық спорт

түрлерінен үстел теннисі, пауэрлифтинг,

таеквондо, футбол, жеңіл

атлетика, суға жүзу, Олимпиадалық

емес спорт түрлерінен шахмат,

дойбы, тоғызқұмалақ үйірмелері

мектеп қарамағына өтті.

Соңғы жылдардағы жетістіктерге

тоқталсақ, тоғызқұмалақшылар

Аружан Әбдіханова, Диана Абай,

Аяжан Егінбай, садақ атушылар

Дарья Шабанова, Игорь Герасимов,

шахматшылар Нұрсұлу Оразалина,

Владислав Малыгин, Асанәлі Жанабаев,

дойбыдан Аружан Ахмет, коньки

спортының өкілдері Андрей Зуев,

Арина Ильященко, шаңғы спортының

Ағылшын тілінің әлемдегі рөлі

және оқытудың маңызы

түсіне аласыз, шетелдік танымал

фильмдерді көре аласыз. Сіз

ағылшын тілін білсеңіз, бүкіл

әлем бойынша еш қиындықсыз

саяхаттай аласыз. Осының бәрі

халықтың арасында ағылшын

тілін оқытуға ынталандырады.

Бүгінде әлем бір орында

тұрмайды. Жаңа ашылулар,

технологиялар шығып жатыр.

Сондықтан халықаралық тілді

білу өте маңызды. Ағылшын тілін

жақсы білу, әртүрлі елдерден

келген адамдар мен түсінісу үшін

маңызды болып табылады. Бұл

тілді білу әрбір адамның өмірде

табысқа жетуі үшін көмектеседі.

Ол сондай-ақ көрші елдердің

мәдениеті мен дәстүрлерін білу

үшін көмектеседі.

Қорытындылай келе, қазіргі

замандағы ағылшын тілінің рөлі

жайлы ұзақ уақыт айта беруге

болады. Әрқайсымыздың ағылшын

тілін үйренудегі өз себептеріміз

болуы мүмкін, бірақ ол қазіргі

заманғы табысты адамның

маңызды құрамдас бөлігі болып

табылады. Бұл тіл қазіргі заманда

жаһандық тіл болғандықтан,

оның Қазақстандағы рөлі және

болашақтағы маңызы зор.

Айна МЫҢЖАСАРОВА,

Ақжар ауылы «Ақжар жалпы

орта білім беретін мектеп»

КММ ағылшын тілі

пәнінің мұғалімі,

Май ауданы.

(1)

Тиімді

жарнама!

«HALYQ RADIOSY» -

100.5 FM толқыны өз

жарнамаңызды «Бизнес

FM» бағдарламасында

орналастырудың ерекше

мүмкіндігін ұсынады.

Дыбыс роликтерін әзірлеу

және жалға беру бағасы

3000 теңгеден бастап, ал

хабарландырудың әрбір сөзі

үшін 100 теңге,

10 сөзден асса, бағасы

80 теңге болады.

Жарнамаңыз күніне 24 рет

шығып, тыңдаушылардың

90%-дан астамын

қамтиды. Бұл жарнама

беруші үшін ең тиімді

де нәтижелі болатыны

сөзсіз! «HALYQ RADIOSY»

толқынындағы

«Бизнес FM» бағдарламасы

Сізді міндетті түрде

естиді!

Телефондарымыз:

66-15-40, 65-15-42

Сурет ғаламтордан алынды.

үздіктері Мария Польдяева, Людмила

Голенкова, фристайл-акробатшы

Дарья Демченко, биатлоншы

Никита Мильников, шайбалы

хоккейден «Ертіс 2003» командасы,

велоспортшы Егор Карасев,

мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы

суға жүзуден Иван Щепов,

оқ ату спортынан Никита Ханов,

Руслан Загитов, пауэрлифтинг

шеберлері Дмитрий Кабылдинов,

Клим Островский, Диана Малыхина,

Вадим Плахотников сияқты

мықтылардың аяқ алысы қуантады.

2019 жылдың өзінде-ақ спорт

мектебінде Халықаралық дәрежедегі

3 спорт шебері, 15 ҚР спорт

шебері дайындалып, 151 адам спорт

шеберлігіне үміткер атағын қорғады.

Бүгінде спорт мектебінде 80 жаттықтырушы

тіркелген. Әрқайсысының

спорттық дәрежелері бар.

27 спорт түрінен 2063 тәрбиеленуші

шеберліктерін шыңдауда.

Жыл сайын спорттық база жаңғыртылып,

сәйкесінше жергілікті спортшылардың

тынысы ашыла түскендей.

Елу жылдық тарихы бар спорт

мектебі жеңісті жолын жалғастыра

беретініне сенім мол.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директорының

міндетін атқарушы

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8344 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 297

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8

23 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл ЗЕРДЕ

SARYARQA SAMALY

ҚОЛӨНЕР

Таңғажайып туындылар

Павлодар қаласындағы

«Балалар техникалық

мектебінің» жаңа

заманауи ғимаратқа

көшірілгеніне

5 жылдан астам уақыт

болды. Бүгінде аталған

қосымша білім беру

мекемесінде 700 бала

тәрбиеленеді. Бұл

біздің облыстағы

мектеп оқушыларының

техникалық және

сәндік-қолөнер

бағытындағы

шығармашылығын

дамытатын бірегей

орталық болып

табылады.

Тілеуберді САХАБА

Мектеп директоры Александр Зозуляның

сөзінше, оқу орны базасы 1952 жылы

құрылып, жас техниктер станциясы ретінде

жұмыс істей бастаған. 1999 жылы «Балалар

техникалық мектебі» болып өзгертілді. 2017

жылы аймақ басшысының қолдауымен заманауи

үлгіде жабдықталған жаңа ғимаратқа

көшіріліпті. Бүгінде 3D модельдеу, ұшақ,

кеме үлгілерін жасау, әскери техникаларды

құрастыру, бастапқы техникалық модельдеу

және робототехника бағыттарында 38 үйірме

жұмыс істейді. Сонымен қатар, көркемөнер,

сәндік қолданбалы өнер бағытында

«Кәдесый», «Флора», «Радуга», «Шебер

қолдар», «Маржаннан тоқу» студиялары бар.

«Балалар техникалық мектебіне» келетін

оқушылардың жасына шектеу қойылмайды.

Яғни, кез келген сынып оқушысы жазылып,

өздері қалаған бағытта шығармашылықпен

айналысуына мүмкіндік жасалған. Сонымен

қатар, қаладағы №21, 40, Кенжекөл орта

мектептері мен №1 мектеп - интернатында

шағын филиалдары жұмыс істейді.

- Техникалық сауаттылығы жоғары

балалар - еліміздің басты байлығы. Бұл -

әр мемлекет үшін аса өзекті мәселе.

Себебі, еліміздің болашақ өндірісін,

ғылымын, техникасын жасайтын жастар

осындай орталықтардан шығады. Біздің

балалар ұшақ көшірмелерінің бірегей үлгісін

жасайды. Бұл - өте күрделі әрі әдемі туынды.

Сонымен қатар, әскери техникалардың

түрлі макеттері мен кемелердің көптеген

модельдері бар. Біздің үйірмелерге осы

салада қосымша білімі бар ең үздік педагогтар

жетекшілік етеді. Әртүрлі қалалық,

облыстық, республикалық жарыстарға және

чемпионаттарға қатысып, жүлделі орындарды

иеленіп келеміз, - дейді мектеп

директоры Александр Николаевич.

Әскери техникалар құрастыру үйірмесінің

жетекшісі Олег Зозуляның сөзінше, әскери

техника үлгілерін жасап үйренуге қызығатын

балалардың қатары көп. Қазіргі таңда бұл

үйірмеге 80-нен астам бала келіп жүр.

Барлығы - бастауыш сынып оқушылары.

Тіпті, бірінші және екінші сынып оқитын

балалардың өзі танкілердің неше түрін

құрастырады.

- Балалардың саны көп болғандықтан

екі ауысыммен жұмыс істейміз. Балалар

аптасына алты күн келеді. Оқушыларға

қолайлы болсын деп кейбір сабақтарды

сенбі күнге қойдық. Біздің үйірмеде

жылына 12-15 танкінің үлгісі

жасалады. Мысалы,

осы жылы кезінде

соғыс алаңдарында пайдаланылған

Т 34-85, БМ-13,

«Катюша», СУ-14, КВ-2,

Т-60 әскери техни-

Суреттерді түсірген - автор.

каларының үлгісін құрастырдық.

Сонымен қатар, соғыстан кейінгі ауыл

шаруашылығы техникаларын да жасадық.

Жобаның ерекшелігіне, күрделілігіне байланысты

бір техниканың үлгісі шамамен 1-4

ай аралығында дайын болады, - дейді

үйірме жетекшісі.

Диляра БОЛАТ,

«Кәдесый» үйірмесінің тәрбиеленушісі:

- Біздің үйірмеде 50-ден астам бала

бар. Мен қыркүйек айынан бері үйірмеге

қатысудамын. Аптасына екі рет келеміз.

Қағазбен, матамен әртүрлі кәдесыйлар

жасап үйрендік. Жаңа жылда достарыма

арналған кәдесыйлар қорабын жасап,

сыйлаған едім. Қазір 8 наурыз - Халықаралық

әйелдер күніне орай анама өз қолыммен

сыйлық дайындап жатырмын. Одан кейін

Наурыз мейрамына арналған кәдесыйлар

жасаймыз. Жетекшіміз үйірме ішінде

әртүрлі конкурстар ұйымдастырады.

Оған да қатысып, түрлі сыйлықтарға

ие боламыз.

СПОРТ

Әр кездесуде

қуантуда

Демалыс күндері

шайбалы хоккейден

ел чемпионатының

кезекті ойындары өтті.

Бұл турда павлодарлық

«Ertis» Қарағанды

қаласына қонаққа барып,

жергілікті «Сарыарқа»

командасымен бақ

сынады.

Қос кездесу де нәтижелі аяқталды.

Алғашқы ойында қарағандылықтар

6:2 есебімен басым түссе, келесі күні

7:3 есебімен жеңіске жетті. Бұған

дейін павлодарлық жас хоккейшілер

қарсыластарының қақпа кілтін таба

алмай, бір шайба соғуға зар боп жүрсе,

соңғы ойындарда тәжірибе жинақтап,

2-3 шайбамен жауап қайтаруда. Бірінші

кездесуде жерлестеріміздің сапынан

команда капитаны Артем Игнатенко

мергендігімен танылса, екінші ойында

Данияр Білімбаев кезекті рет дубль

жасады. Сондай-ақ Юсуп Асуханов

та шеберлігімен көзге түсті.

Бірден айту керек, әдетте командалар

мұз айдында 4 бестікпен өнер

көрсетеді. Осылайша, сәт сайын бір-бірін

ауыстырып, тынығуға мүмкіндік жасайды.

Ал павлодарлықтардың толыққанды

3 бестікпен ойнап жүргенін атап

өткен жөн. Яғни, қарсыластарымен

салыстырғанда жас ойыншыларға

жүктеме көп. Десе де, қиындықтарға

қарамастан әр кездесу сайын алға

қадам басып келе жатқан жергілікті

жігіттердің аяқ алысы қуантады. Бұлай

жалғаса берсе, алдағы бесжылдықта

турнир кестесінің көш басынан табылуымыз

мүмкін.

Қанат

қалпақтай

ұшырды

Тәжірибелі

қазақстандық боксшы

Қанат Ислам өзінің кәсіби

рингтегі кезекті жекпежегін

Майамиде (АҚШ)

27 жастағы эквадорлық

Джейсон Миндамен

өткізіп, жеңіске жетті.

Алғашқы секундтан бастап отандасымыз

басымдық танытты. Төртінші

раундта Қанат Ислам эквадорлықты

бірінші рет нокдаунға жіберді. Раунд

өткен сайын Қанат қарсыласын

тығырыққа тіреді. Жетінші раундта

Минданың кезекті нокдаунынан

кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып,

Қанаттың жеңісін тіркеді. Орта

салмақтағы жекпе-жек он раундқа

жоспарланғанымен, жетінші раундта

техникалық нокаутпен аяқталды.

Осылайша, Қанат Ислам 28-ші

жекпе-жегінде 28-рет жеңіске жетті.

Оның 22-сінде қарсыластарын нокаутқа

жіберді. Ал Джейсон Минда рингтен

төртінші рет жеңіліске ұшырады.

Әу баста 35 жастағы Исламның

қарсыласы 33 жастағы ганалық

Ободай Саи болуы тиіс еді. Алайда

кездесуге санаулы күн қалғанда оған

қарсы эквадорлық Джейсон Минда

шығатыны анықталды.

Айта кетелік, осы күні АҚШ-тың

Нью-Йорк қаласында полицей болып

істейтін қазақ Димаш Ниязов жеңіл

салмақтағы жекпе-жекте аргентиналық

Джонатан Годойды жеңді!

Әзірлеген –

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!