Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі

PavlodarNews

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

6 сәуір, сейсенбі

2021 жыл

№38 (15656)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

САУЛЫҚ - САҚТЫҚТА!

Имамдар вакцина

алуға шақыруда

Нақпа-нақ

Елімізде зейнетақы

қорының бір бөлігін

алуға қатысты

870 млрд

теңгенің

өтініштері

мақұлданды

КАРАНТИН РЕЖИМІ

«Ashyq»

жобасы

енгізіледі

Бұған дейін Нұр-Сұлтан және

Алматы қалаларында пилоттық

режимде «Ashyq» қосымшасы

іске қосылған болатын.

Сол арқылы мекемеге келушілердің

мәртебесі анықталады.

Баға саясаты:

АУЫЛДЫҢ БЕРЕКЕСІНЕ ҚАРЫҚ БОЛДЫ

Сурет газет мұрағатынан алынды.

Әлемді жайлаған қауіпті індеттен отандастарымызды тек вакцина

ғана құтқара алады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақындарымызды

қорғау үшін вакцина салғызудың маңыздылығын

айтқан. Мемлекет басшысының пікіріне өңіріміздің имамдары

да үн қосып, жұртшылықты екпе салдыруға шақыруда. Себебі

шариғат тұрғысынан алғанда асыл дініміз вакциналауды құп

көреді. Бұл ретте Оразаның кезінде де алуға рұқсат беріледі.

Жалғасы 3-бетте

Өткен сенбіде облыс орталығында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі көптің

көңілінен шықты. Таңғы 7-ден бастап сауда қызып, павлодарлықтар арзан өнімді молынан

сатып алды. Тауар өндірушілердің де қалтасы қампиып, қуанышпен тарқасты.

Толығырақ 8-бетте

Ендігі ретте бұл жоба біздің өңірде де

пайланылмақ. «Ashyq» жобасының негізгі

міндеті – қазақстандықтарды COVID-19

жұқтырудан қорғау және бизнеске шектеу

шаралары кезеңінде жұмыс істеуге

мүмкіндік беру. Мобильді қосымша

арқылы қандай да бір мекемеге келушінің

коронавирустық инфекцияны жұқтырғанжұқтырмағаны,

ПТР-тест тапсырғантапсырмағаны

туралы ақпарат шығады.

Айталық, QR-кодта жасыл түс жанса,

адамның ПТР-тест тапсырғанын және оның

қызмет көрсету орнына кіруге болатынын

білдіреді. Егер мәліметтер базасы қызыл

түс көрсетсе, келушінің бойында қауіпті

вирус бар. Сары түс тұрғынның инфекция

жұқтырған адаммен байланыста болғанын

айғақтайды. Соңғы екі түс қауіпті болғандықтан,

осы топтардан табылғандардың

қоғамдық орындарға кіруіне шектеу

қойылады.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Бағдат Мусин пилоттық жоба біздің

облыста да енгізілетінін хабарлады.

- «Ashyq» қосымшасы өз нәтижесін

беріп келеді. Жобаны пайдалану картасын

кеңейту үшін Павлодар, Тараз және Ақтөбе

өңірін қосамыз. Фитнес-клубтар, бассейн,

боулинг, спа-орталықтар мен компьютер

клубтарынан бөлек, жобаға қоғамдық тамақтану

мен кинотеатрларды қосу әзірленуде.

Міндет – қазіргі қиын жағдайға қарамастан

бизнес өкілдеріне жұмысын жалғастыруға

жағдай жасау, - деді Б.Мусин.

Осылайша, алдағы уақытта павлодарлықтар

да қоғамдық орындарға кірер

кезде жеке куәлігін ұсынып, «Ashyq»

қосымшасы арқылы мәртебесін көрсете

алады. Егер коронавирустық инфекцияға

шалдыққаны немесе қауіпті дертпен

ауырған адамдармен байланысты болғаны

анықталса, мейрамхана, фитнес-клуб

сынды мекемелерге кіре алмайды. Бірақ

жеке деректерді беру – міндетті шара

емес.

Әзірлеген – Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.


2 6 сәуір, cейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ЭКОЛОГИЯ

Биыл елімізде жаңа

Экологиялық кодекс

қолданысқа енгізілгені

белгілі. Маңызды құжатқа

сәйкес, аймағымызда

табиғатты қорғау бойынша

ілкімді істер атқарылмақ.

Ағаш егу –

маңызды іс

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың

қатысуымен өткен экологиялық кеңес отырысында

алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.

Ірі жобалардың бірі – ағаш отырғызу ісі.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған

орта және су ресурстары басқармасының

басшысы Қадылжан Сәтиевтің айтуынша, осы

жылы ағаш көшеттерін отырғызу науқаны

сәуір айының үшінші онкүндігінде басталады.

Осылайша, биыл өңірімізде 102 мыңнан

астам көшет отырғызылмақ. Жалпы, алдағы

бес жылда 420 мыңнан астам ағаш егіледі.

Қазірдің өзінде Павлодар, Екібастұз және

Ақсу қалаларында осы мақсатта бөлінген

жер телімдері белгіленіп отыр. Көгалдандыру

ісіне қатысуға ниет білдірген азаматтарға

да арнайы аймақтар қарастырылған.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі

құжаттарға сәйкес, ірі кәсіпорындар ағаш

егу жұмыстарының көш басында жүруі тиіс.

Зауыттар жылдық жоспарға сай санитарлыққорғау

аймақтарын көгалдандыруға міндетті.

- Санитарлық-қорғау аймақтарына отырғызылатын

ағаштардың саны стандарттарға

сай болуын жіті қадағалау керек. Әрбір

компанияға көгалдандыруға қойылатын талаптар

туралы ескерту жасалып, олар міндетті түрде

орындалуы тиіс. Жалпы, ағаш отырғызу ісіне

атүсті қарамай, жасыл желектерді күтіп-ұстау,

суару жұмыстары да бірыңғай техникалық

сипаттамаға сай болуы керек. Көгалдандыру

жұмыстарының тиімділігін өңір тұрғындары

бағалайтын болады, - деді аймақ басшысы.

Айтпақшы, жиын барысында аймағымызда

орман тәлімбағы қайта ашылатыны айтылды.

Оның бір өзі жыл сайын 12 млн-ға жуық

көшет жеткізуге қауқарлы. Орман тәлімбағы

1990 жылдан бері қолданыста болмаған

Павлодар ауылындағы алаңда бой көтереді.

Ауданы 91 гектардан асады.

Жиында экологиялық кеңес мүшелері

бірқатар мәселе көтерді. Атап айтсақ, «Эком»

бірлестігінің жетекшісі Светлана Могилюк

Торайғыров көшесіндегі 81-ші үйдің ауласындағы

жағдайды мысалға алды. Белгілі болғандай,

онда бірнеше ағашты кесу туралы дербес

шешім қабылданған. Осыдан 25 жыл бұрын

шағын саябақтағы алаңқай жекеменшік иелікке

өткен екен, ал қазір меншік иесі бұл жерде

құрылыс жұмыстарын бастауға ниетті.

- Кез келген қоғамдық орында құрылыс

барынша шектелу керек. Бұл ретте, құрылыс

жүргізуге рұқсат қағаздары алынған қаладағы

барлық аулаларға ревизия жүргізіліп, тұрғындар

мен кәсіпкерлер арасындағы наразылықтардың

туындауын күтпей, ортақ шешім қабылдаған

абзал, - деді С.Могилюк.

Биолог Татьяна Пономарева болса,

аулалардағы шіріген ағаштарды назардан

тыс қалдырмау керектігін айтты.

24 сәуірден бастап елімізде «Таза табиғат»

республикалық экологиялық жобасы бастау

алмақ. Оған сәйкес, ел аумағында үш

миллиардқа жуық ағаш пен бұта көшеттерін

отырғызу жоспарланған. Ал Павлодар облысында

12 мың ағаш пен бұта егіледі (қайың,

қарағаш, шетен, сібір шыршасы, қарағай

және пирамидалық терек) деп күтілуде. Жоба

көгалдандырудан бөлек, су қоймалары мен

бұлақтарды тазартуды көздейді.

О.ҚОЖАНОВ.

КӨРІКТЕНДІРУ

Бір апта уақыт берді

Бүгінде облыс орталығындағы көшелердің сиқы кеткен. Еріген қар суының астында қалуда.

Тұрғындар ойқы-шойқы жолдардың да зардабын тартып жүр. Сенбі күні облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов қала көшелерін аралап, бұл іске жауаптыларға жағдайды ретке келтіру үшін бір апта

уақыт берді.

Осипенко көшесінде дер кезінде

тазаланбаған қардың еруі салдарынан

ондаған учаске су астында қалған. Көше

бойын 10 ассенизаторлық машина құрғатуға

кіріскен. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

арнайы техниканың санын көбейтіп, қала

көшелерін бір апта ішінде ретке келтіруді

талап етті.

Усолка шағын ауданына барған әкім Майра

және Парковая көшелерінің қиылысындағы

су құбыры ауыстырылған жерді көріп шықты.

Аймақ басшысы қыста қалалық желілерде

орын алған апатты жағдайларға байланысты

барлық бұзылған жолдарды барынша

тез және сапалы түрде қалпына келтіруді

тапсырма берді.

- Павлодар тұрғындары жолдардың

жағдайына наразы, кейбір жерлерде жүру

мүмкін емес. Қала басшысына жағдайды

ретке келтіру үшін бір апта уақыт беремін.

Жұртшылықты жол жамылғысын жамау және

қалпына келтіру кестесімен таныстырыңыз.

Адамдар жолдың белгілі бір бөлігі қай кезде

қалыпты жағдайға келетінін білуі тиіс. Жалпы,

Павлодар қаласын абаттандыру мәселесіне

келер болсақ, сәуір айында санитарлық

Қайта өршуге әзір болу керек

Соңғы күндері коронавирустық инфекция белгілерімен ауруханаларға жатқызылған науқастардың

саны шамамен екі есеге артты. Бүгінде емдеу мекемелеріндегі орындардың төрттен бір

бөлігі бос емес.

Денсаулық сақтау саласының мамандары

дертке шалдыққандар қатары күрт

артқан жағдайда тиісті ем-дом көрсетуге

дайын. COVID-19-ға қарсы іс-қимыл

жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаевтың елдегі эпидемиологиялық ахуал

жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын

орындау барысы, өңірде қауіпті індетке

қарсы күресті күшейтуге байланысты

дайындық шаралары талқыланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

басшысының міндетін атқарушы Сәуле

Арыстанованың айтуынша, бүгінде өңірде

тәулігіне орта есеппен 30 коронавирустық

инфекция жағдайы тіркеліп отыр. Науқастар

ауруханалардағы 1394 инфекциялық

төсек-орынның төрттен бір бөлігінде ем

қабылдауда. Соңғы күндері медициналық

мекемелерге жатқызылған тұрғындардың

саны шамамен екі есеге көбейді.

Эпидемиологиялық ахуал күрделене

түскен жағдайда өңірдегі ауруханаларда

4051 төсек-орын болады.

- Жұқпалы инфекцияның таралу көрсеткіші

артса, тәулігіне 3350 ПТР-тест жасауға

қауқарлы 6 зертхана жұмыс істейді. Қазіргі

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

тазарту айлығын ұйымдастыру қажет.

Бұған еңбек ұжымдарын, мердігерлер мен

мемлекеттік қызметшілерді жұмылдырыңыз,-

деді аймақ басшысы.

Қала әкімі Ержан Иманслям ретке

келтіру жұмыстары кестесінің монополистермен

келісіліп жатқаны, жол қызметтерінің

шұңқырларды жамап, жекеменшік үйлер

секторларындағы жолдарға асфальт төсейтіні

туралы хабарлады. Шаһар басшысының

айтуынша, жалпы ұзындығы 19 шақырымға

жуық қаланың 34 көшесіне асфальт-бетон

жабыны төселмек.

таңда 11 оттегі станциясы дайын. Оның

8-і ковидтік стационарларда орнатылды.

Оған қоса, аймақтағы 1484 төсек-орын

оттегімен, ауруханалар 11 компьютерлік

томография және 82 рентген аппараттымен

қамтылды. Медициналық мекемелердің

барлығында жеке қорғаныс құралдары

мен дәрі-дәрмектердің 45 күндік қоры

бар. 580 медициналық қызметкерден

жасақталған резерв құрылды, - деді

С.Арыстанова.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

коронавирустың жаңа штаммдарының

пайда болуын ескере отырып, сырқатқа

шалдыққандарды анықтау шараларын

қайта қарау қажеттігін айтты. Сонымен

қатар, тұрғындарға екпе салу мәселесіне

айрықша назар аударды.

- Жаппай вакцинация – вируспен күрестің

бірден-бір тиімді құралы. Біз енгізген шектеу

шараларының тек қысқамерзімді нәтижесі

бар. Бұл ретте вакцинамен қамту деңгейі

жоғары елдердегі жағдайдың тұрақталып

келе жатқанын байқауға болады. Сондықтан

өңірде тұрғындарды ұжымдарға, вирусты

жұқтыру қаупі жоғары топтарға, басқа

да санаттарға бөле отырып, ұйымдасқан

Қаланы аралау барысында аймақ басшысы

«Ertis Solutions» ЖШС өкілдері ұсынған

цифрлық жобаға қызығушылық танытты.

Жоба коммуналдық кәсіпорындардың қоқыс

пен қарды тазалау, көшелерді тазарту

және басқа да қызметтер аясындағы өз

міндеттемелерін қалай орындап жатқанын

үзбей бақылай алады.

Ә.Сқақов Естай және Е.Бекмаханов

көшелерінің қиылысында орналасқан шағын

саябақта да болды. Қала әкімдігі бұл учаскені

жаяу жүргіншілер жолдарын салу және

қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнату

арқылы жақсартуды ұсынды. Павлодарлық

биолог Татьяна Пономарева саябақтағы

ағаштар санитарлық тұрғыдан ішін-ара

кесілуі тиістігін атап өтті. Маман Металлургтер

саябағын дамыту жөніндегі өз

ұсыныстарын енгізді. Оның пікірінше, дәл

қазір бұл саябақта ағаш отырғызуға әлі

ерте. Алдымен саябақтың дренаж жүйесі

мәселесін біржақты ету керек.

Әбілқайыр Сқақов «Горзеленстрой» ЖШС

базасында павлодарлық тәлім-бақтардың

көктемгі маусымға дайындығымен танысты.

Сондай-ақ аймақ басшысы қалада жаңа

демалыс аймақтарын құруға байланысты

екі жобаны зерделеп, оларды жергілікті

тұрғындармен талқылап, үйлестіруді

тапсырды.

САУЛЫҚ-САҚТЫҚТА

түрде екпе салған дұрыс. Ауыл жұрты

да назардан тыс қалмауы тиіс. Екпе егу

барысы күнделікті түрде қадағаланады, -

деді Ә.Сқақов.

Қазіргі таңда «Гам-КОВИД-Вак»

препаратының І компонентін облыстың

6018 тұрғыны, II компонентін 2856 адам

қабылдады. Жалпы, облысқа вакцинаның

90 мыңнан астам дозасы бөлініп отыр. Бұл

көлем өңірге кезең-кезеңмен жеткізіліп,

емханаларға таратылады.

Сондай-ақ, аймақ басшысы мониторингтік

топтардың жұмысын қайта қарауды

тапсырды.

Осы орайда Әбілқайыр Бақтыбайұлы

бүгінде кәсіпкерлердің жұмысы тұтастай

алғанда шектелмегенін алға тартып, бизнес

қауымдастықты санитарлық талаптарды

сақтауға шақырды. Сонымен қатар, шағын

және орта бизнестің жұмысын үйлестіру үшін

COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі штаб

құрамына «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер

палатасының өкілдерін қосуды жүктеді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 6 сәуір, сейсенбі, 2021 жыл 3

COVID-19: ЕКПЕ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

коронавирусқа қарсы екпе салуға қатысты

МӘЛІМДЕМЕСІ

Құрметті отандастар!

Ислам дінінде адамның өмірі

мен денсаулығынан асқан құндылық

жоқ. Сондықтан әрбір адам өз

денсаулығына аса мән беруі қажет.

Алла Тағала «Бақара» сүресінің

195-аятында: «Өздеріңді өз қолдарыңмен

қауіп-қатерге салмаңдар», –

деп бұйырған.

Алла Елшісі (оған Алланың

салауаты мен сәлемі болсын):

«Емделіңдер, расында Алла

әрбір дертті шипасымен қоса

жаратты», – деген.

Дана халқымыз: «Ауырып ем

іздегенше, ауырмайтын жол ізде», –

деген. Сол үшін кез келген адам

емделудің және аурудың алдын алу

жолдарын қарастыруы тиіс.

Арнайы медицина мамандары

қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген

коронавирус індетінің алдын алу үшін

Басы 1-бетте

Имамдар вакцина

алуға шақыруда

Осы орайда Қазақстан Мұсылмандары

діни басқармасының облыс

бойынша өкіл имамы Жолдас

Қоспақұлын әңгімеге тартқан едік.

- Екпе Пайғамбарымыздың және

халифалардың тұсында болған жоқ.

Ол кейін медицина саласының дамуымын

бірге пайда болып, қазіргідей

жұқпалы ауруларды тоқтату, алдын

алу мақсатында салына бастады.

Себебі, жер бетінде қандай да

бір ауру пайда болса Алла тағала

оның сырқатын да бірге жаратады

екен. Алла тағала 2019 жылы жалпы

адамзат баласына ортақ бір ауыр

сынақ жіберді. Яғни, COVID-19

жұқпалы ауруы тарала бастады,

қазір де беті қайтпай тұр. Осы

ретте, астын сызып айтар бір дүние,

мұндай ауруды жеңудің жалғыз

амалы - дәрігердің кеңесіне жүгініп,

айтқанын орындау. Тіпті, қасиетті

Құран кәрімнің өзінде «сұрақтарыңа

жауап іздесеңдер, сол саланың

білгірлерінен сұраңдар» деген

аят бар. Сондықтан, дәрігерлерді

тыңдау, айтқанын орындауды

шариғатымыз да құп көреді. Мұнымен

айтпағым, жұқпалы індетке қарсы

вакцина салдырудың да шариғатқа

қайшылығы жоқ. Себебі, әлемге

қауіп төндірген коронавирус індетінің

алдын алу үшін медицина ғалымдары

әртүрлі амал-айла жасауда. Соның

бірі – вакцина. Оны дүниежүзілік

денсаулық сақтау ұйымдары бекітіп,

ОНОМАСТИКА

Қайта атау ұсынылды

Павлодар қаласында 30 көшенің атауын өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдау өтті.

Шара эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимде ұйымдастырылды.

Көшелерді қайта атау жөнінде

түскен ұсыныстарды Павлодар қалалық

мәслихатының азаматтардың

құқықтары мен заңды мүдделерін

қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясы мен жер

мәселелері және қала құрылысы

жөніндегі тұрақты комиссия қарады.

Павлодар қалалық мәслихатының

депутаты Қобланбек Қожиннің

сөзінше, өңірдің зиялы қауым өкілдері

мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан

ел Тәуелсіздігінің алдағы

30 жылдық мерейтойының құрметіне

облыс орталығындағы 30 көшенің

атауын өзгертіп, қайта атау жөнінде

ұсыныс түскен.

Шарада өңірдің белгілі азаматтары,

қоғамдық бірлестік өкілдері

сөз алды. Тұрғындарға көрсетілім

әлеуметтік желі арқылы эфирден

берілді.

вакцинациялаудың адам денсаулығын

сақтап қалудың қауіпсіз және

тиімді әдіс екенін айтуда.

Ал шариғат бойынша зәру

жағдайда екпе салуға болады.

Алайда екпе салдыру – әр азаматтың

өз еркі.

Алла Тағала халқымызды жұқпалы

індеттен сақтап, науқас

жандарға шипа нәсіп етсін!

Құрметті отандастар!

Ислам дінінде адамның өмірі

мен денсаулығынан асқан құндылық

жоқ. Сондықтан әрбір адам өз

денсаулығына аса мән беруі қажет.

Алла Тағала «Бақара» сүресінің

195-аятында: «Өздеріңді өз қолдарыңмен

қауіп-қатерге салмаңдар», –

деп бұйырған.

Алла Елшісі (оған Алланың

салауаты мен сәлемі болсын):

«Емделіңдер, расында Алла әрбір

қолдануға рұқсат берген екен.

Сол үшін дәрігердің ақыл-кеңесіне

ғана жүгінгеніміз абзал болады, -

дейді Жолдас имам.

Бас имам «Екпе оразаға кері

әсерін тигізе ме?» деген сұраққа

толымды жауап берді. Бұл жерде

ғалымдардың пәтуаларына жүгінуге

тура келетінін айтады.

- Мысалы «Фатуа ал хинди» деген

кітапта терідегі ұсақ тесіктер арқылы

сұйық заттың ішке енуі – оразаны

бұзбайды деген. Әлемге әйгілі ислам

ғұламалары Имам Юсуф пен Имам

Мұхаммедтің пікірлері бойынша,

қарындағы және бастағы терең

жараны емдеу оразаны бұзбайды

екен. Себебі, ораза бұзылу үшін

оған қолданылатын дәрі ішке табиғи

жолдармен баруы шарт. Біріншісі,

қорек ретінде құйылатын сұйықтық

болса, екіншісі сырқатқа қарсы

дәрілік мақсатта егілетін екпе.

Соңғысын салған жағдайда ораза

бұзылмайды. Бұдан шығаратын

қорытынды қандай? Жұқпалы аурудан

қорғану мақсатында салынатын

вакцина да дәрілік мақсатында

болғандықтан оразаны бұзбайды.

Сондықтан, дәрігерлердің кеңесі

бойынша Рамазан айында да вакцина

қабылдай беруіңізге болады.

- Алла қаласа сәуір айының

13-інен бастап ораза ұстаймыз.

Өкінішке қарай, елімізде індеттің

беті әлі қайтқан жоқ. Жылына бір

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы

бойынша, ұсынылған тізімнің

7-еуі кері қайтарылып, 23 көшеге

жаңаша атау беретін болып мақұлданды.

Атап айтқанда, қалалық

мәслихат депутаттары Мир көшесін

Олжабай батыр, Ермаков көшесін

Мұстафа Шоқай, Набережная көшесін

Шоң би, Урицкий көшесін Генерал

Смағұлов, Циолковский көшесін

Бауыржан Момышұлы, Роза Люксембург

көшесін Қазақ радиосы, Теплов

көшесін Бөгенбай батыр, 1 Южная

көшесін Бiрлiк, 2 Южная көшесін

Кәукен Кенжетаев, Парковая көшесін

Мұқағали Мақатаев, Донецкая

көшесін Мағжан Жұмабаев, Кубанская

көшесін Қалмұқан Исабаев,

Совхозная көшесін Рафиға

Нұртазина, Таганрогская көшесін

Қазанғап би, Ангарская көшесін

Нағымбек Нұрмұхаммедов,

дертті шипасымен қоса жаратты», –

деген.

Дана халқымыз: «Ауырып ем

іздегенше, ауырмайтын жол ізде», –

деген. Сол үшін кез келген адам

емделудің және аурудың алдын

алу жолдарын қарастыруы тиіс.

Арнайы медицина мамандары

қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген

коронавирус індетінің алдын алу үшін

вакцинациялаудың адам денсаулығын

сақтап қалудың қауіпсіз

және тиімді әдіс екенін айтуда.

Ал шариғат бойынша зәру

жағдайда екпе салуға болады.

Алайда екпе салдыру – әр азаматтың

өз еркі.

Алла Тағала халқымызды жұқпалы

індеттен сақтап, науқас жандарға

шипа нәсіп етсін!

muftyat.kz

келетін қасиетті Рамазан айын

жақсы игілікті істермен өткізуіміз

керек, жоспарын әзірлеп жатырмыз.

Жақын күндері хабарлайтын боламыз.

Мысалы, күн сайын әрбір мешітте

тарауық намазы оқып, ауызашарлар

ұйымдастырылады. Бірақ

жамағатты мешітте көп уақытқа

отырғызбас үшін тарауық қысқа

сүрелермен өткізу жағын да ойластырып

отырмыз. Сонымен қатар,

күн сайын Құран хатым жасап,

әртүрлі қайырымдылық жұмыстар

жүргізіледі. Содан кейін айдың

соңында Айт намазын да оқитын

боламыз. Дегенмен, санитарлық

нормаларды естен шығармаймыз.

Барлық сақтық шаралары қатаң

сақталады, - деді бас имам.

Тілеуберді САХАБА.

Читинская көшесін Аманжол

Шамкенов, Декабристов көшесін

Қамар Қасымов, Молодежная көшесін

Жастар, Юннатов көшесін Дихан

Әбілов, 1 Советов және 2 Советов

көшелерін Самат Бәкіров, Зыряновская

көшесін Зейтін Ақышев,

Саянская көшесін Алма Әжібаева,

Лесная көшесін Ағайынды

Дүйсембиновтер деп атау туралы

ұсыныстарды дауысқа салып,

қабылдады.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары

Светлана Гладышеваның

сөзінше, қала көшелерін қайта атау

жұмысы енді қалалық мәслихаттың

сессиясында талқыланып, одан

кейін республикалық ономастикалық

комиссияның қарауына жіберіледі.

Т.САХАБА.

Железин ауданы –

астықты өлке. Ауыл

шаруашылығын

жүргізуге қолайлы өңір.

Аумақта осы саланы

дамытып отырған

кәсіпкерлер баршылық.

Солардың қатарында

Владимир Неупокоев

те бар.

Баптай білсең,

жер - жомарт

Кәсіпкер өзі таңдаған салада

40 жылдан астам уақыт еңбек

етіп келеді. Сонау 90-жылдарда

Прииртышск ауылдық округінде

құрылған «Неупокоев» шаруа

қожалығы бүгінде егістік алқабы

ұлғайған, техникасы сай ірі

шаруашылыққа айналған. Сол

уақытта жұмысын небары

122 гектар жерге дән себуден

бастаған қожалықтың егіс алқабы

қазіргі уақытта 5563 гектарды

құрап отыр. Жыл сайын жаңа

техникалармен толыға түсуде.

Бұдан бөлек, шаруашылықта

жұмыс орындарының саны артып

келеді. Бүгінде 30-ға жуық адам

еңбек етеді.

Қожалық иесі Владимир

Неупокоев ауыл шаруашылығында

білімді мамандардың жұмыс

істегенін қалайды. Бұл ретте

кадрлық саясат оң жолға қойылған.

Шаруашылықта кәсіптік-техникалық

білім беру мекемесінің студенттері

тәжірибе жинайды.

- Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде

қиын-қыстау кезеңнен сүрінбей өтіп, табысты кәсіпкерлердің бірі

атандым. Шаруашылықты қолға алған уақытта осындай нәтижеге

қол жеткіземін деп ойламадым. Әлемдік дағдарыстар мен қаржылық

қиындықтар кезінде мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау арқылы

бар ауыртпалықты жеңдік. Бүгінде ауыл шаруашылығы үшін жасалып

жатқан қолдау шаралары өңірде осы саланың қарыштап дамуына

өз септігін тигізуде. Үкімет тарапынан бөлінген демеуқаржылар,

жеңілдетіліп берілген жанар-жағармай, техникаларды жаңарту егістік

науқанын бастан-аяқ сәтті өткізуге мүмкіндік береді.

Қазір ауылда мал, егін шаруашылығын дамытамын деген

адамға мемлекеттік бағдарламалар үлкен көмек болады. Мемлекет

тарапынан қайтарымсыз гранттар да берілуде. Төмен пайызбен

несие алып, мал санын арттыруға да болады. Осының барлығы –

Тәуелсіздігіміздің жемісі дер едім, - дейді В.Неупокоев.

Кәсіпкер ауыл тұрғындарына тұрақты түрде материалдық көмек

көрсетеді. Әсіресе, зейнеткерлер мен жергілікті білім беру мекемесіне

қол ұшын созып, жағдайларын біліп тұрады. Тіпті, қожалықта

еңбек етіп жүрген мамандарды да ынталандырып, жұмысқа деген

қызығушылығын арттырады. Бұл ретте шаруашылықта істеп жүріп

жеңіл көлік мінген азаматтар бар. Сонымен қатар, теледидар,

тоңазытқыш сынды тұрмыстық заттармен марапатталған мамандар

көп. Қожалықта еңбек етіп, зейнетке шыққан адамдарға 50 мың

теңге көлемінде жәрдемақы да төленген.

«Неупокоев» қожалығында күнбағыс майын өндіретін арнайы

цех жұмыс істейді. Онда жылына 10 тонна май өндірілетінінін атап

өткен жөн. Кәсіпкер ауыл тұрғындарын нан-тоқаш өнімдерімен

қамтамасыз етеді. Бұл ретте наубайхана іске қосылған. Бір жылда

шамамен 20 мың бөлке нан пісіріледі.

Қожалықта 60-қа жуық техника жұмыс істейді. Болашақта

кәсіпкер шұжық цехын іске қосуды жоспарлап отыр.

- Биыл ауа райына байланысты көктемгі егіс жұмыстарына сәл

кештеу кірісетін сияқтымыз. Есесіне техникамызды толыққанды сайлап

аламыз. Биыл еліміз үшін маңызды жыл екені белгілі. Тәуелсіздіктің

30 жылдығында Жер-Анадан мол өнім алып, қамбамызды астыққа

толтырып, өңір тұрғындарының, жұмысшыларымыздың игілігіне

жаратсақ па дейміз. Мерейлі жылда мерекелік көңіл күймен жұмыс

істейміз, - дейді В.Неупокоев.

А.ҚУАНЫШЕВА.

Суреттер газет мұрағатынан алынды.


4 6 сәуір, сейсенбі, 2021 жыл ЭКОНОМИКА

SARYARQA SAMALY

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Экспорттық

әлеует артты

«Made in Kazakhstan» заттаңбасымен өндірілетін павлодарлық өнімдер әлемдік нарықта сұранысқа ие.

Әсіресе, алпауыт мемлекеттер – Қытай мен Ресей, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан қазақстандық

тауарларды алуға асық. Өңірімізде шығарылатын теміржол бөлшектері, электр желілері, алюминий

дискілері, микросфера сынды өндірістік тауарлардан бастап жартылай дайын өнімдерге дейін әлемдік

нарыққа жөнелтіледі. Өзгенің нарығынан ойып тұрып орын алған компаниялардың шығындары

мемлекет тарапынан өтеледі.

Әлемдік нарықта

сұраныс бар

Павлодар облысындағы шаруалардың басын

біріктіретін «Ертіс Агро» ауылшаруашылықкәсіпкерлік

кооперативі - тауарды тұрақты түрде

экспорттайтын павлодарлық компаниялардың

бірі. Соңғы бірнеше жылда ауыл шаруашылық

өнімдерін көршілес мемлекеттердің нарығына

жеткізу ісін оң жолға қойды. Айталық,

былтыр аталмыш кооператив Қытайға

1 мың тонна өнім жөнелтті. Ал таяуда Аспанасты

еліне күнбағыс, жүгері, бидай, соя

сынды дақылдарды сатылымға шығаруға

рұқсат беретін құжатты рәсімдеді. Демек,

Қытай нарығы өңірімізде өсірілетін аталмыш

өсімдіктер үшін есігін айқара ашады.

«Ертіс Агро» АКК төрағасының орынбасары

Тимур Аспановтың айтуынша, алдағы

уақытта экспорттық әлеуетті одан әрі арттыру

жоспарда бар.

- Шыны керек, өткен жылы пандемияның

салдарынан көршілес мемлекеттің нарығына

тауар тасымалдауда бірқатар қиындықтар

туындады. Қытайлық тараптың талаптарына

байланысты астық тиелген контейнерлер шекараларда

біраз уақыт тұрып қалды. Сондықтан

тәуекелге бармай, ішкі нарықты қамтуға басымдық

бердік. Ал биыл көліктік логистикаға қатысты

кедергілер кездесе қоймас деген үміттеміз.

Мәселе реттелсе, кооперативте өңделетін

өнімдердің тең жартысын экспорттау жоспарда

бар. Бүгінгі күні экспорттық үлес 50 пайыздан

төмен болып отыр, - дейді Т.Аспанов.

Бұл ретте «Ертіс Агро» басшылығы тауарларды

сыртқа жеткізуде мемлекет тарапынан

зор қолдау барын алға тартты. Мәселен, былтыр

аталмыш кооперативтің тасымал қызметіне

жұмсаған шығындарының тең жартысы қазына

қаржысының есебінен өтелді.

Сонымен қатар, павлодарлық кооператив әлемдегі

ең ірі В2В алаңдардың бірі - Alibaba.com

сайтында «Алтын жеткізуші» мәртебесін алды.

Бұл алаң әлемнің экспорттаушылары мен

импорттаушыларына бизнес-ақпараттармен

алмасып, келісімшарт жасауға ықпал етеді.

- Alibaba.com сайтының басшылығы тауар

жеткізушімен айналысатын алдыңғы қатарлы

компанияларға аккаунт ашады. Қандай да

бір әлемдік кәсіпорын аталмыш сайт арқылы

өніммен қамтушы серіктесті іздеген кезде бұл

туралы ақпарат «Алтын жеткізуші» мәртебесі

бар кәсіпорындардың электронды поштасына

бірден түседі. Сол хаттың негізінде

сатушылар мен сатып алушылар бір-бірін

тауып, келіссөздер жүргізіп, өзара байланыс

орнатып жатады. Яғни, «Алтын жеткізуші»

мәртебесінің берілуі өзгелерден бір қадам

алға жүріп, тиімді келісімдер жасауға оң

ықпал ете алады, - дейді Т.Аспанов.

Айта кетелік, былтыр ел көлемінде тек

50 компания халықаралық платформадан орын

иеленген еді. Олардың қатарында жоғарыда

аталған «Ертіс Агро» ауылшаруашылықкәсіпкерлік

кооперативінен бөлек, «ТПК «Тонар»,

«Завод МВИ», «RTF ACTICA» сынды жергілікті

кәсіпорындар бар. «Алтын жеткізуші» мәртебесін

алған бұл тауар өндірушілер үшін шағын

сайттар ашылып, онлайн түрде оқыту вебинарлары

өтіп, Alibaba.com алаңында тауарды

сатудың тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Бүгінде

павлодарлық төрт компанияның барлығы осы

жүйенің жемісін көріп, экспорттық әлеуетін

біршама арттырды.

Шығынды

мемлекет өтейді

Мемлекеттік қолдауға ие болған павлодарлық

экспорттаушылардың қатары мұнымен

шектелмейді. Мәселен елімізде тігісі жоқ

болат құбырларды шығаратын жалғыз зауыт

- «KSP Steel» ЖШС 2018 жылдан бастап

құбырларды шетелдіктерге сатады. Осы

уақыт аралығында ресейлік серіктестеріне

жалпы құны 13 млрд теңге болатын тауарды

жеткізді. Сондай-ақ, «Kazakh Export» экспорттық

сақтандыру компаниясы соңғы екі жылда

павлодарлық кәсіпорынға шамамен 19 млрд

теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті.

«Format Mach Company» ЖШС де – Ресей

нарығын тұрақты түрде өніммен қамтушылардың

бірі. Вагон құймаларын шығаратын

Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорынның тауары

шетелдік құзырлы органдардың тексерісінен

өтіп, тиісті сертификаттарға ие болған. «Kazakh

Export» аталмыш кәсіпорын «Қазақстан Даму

банкі» АҚ-нан алған 1 млрд теңге көлеміндегі

несиені сақтандырды.

Сол сияқты «RTF PVL», «Gissenhaus»,

«УПНК-ПВ» компаниялары, сүт, ет және

жартылай дайын өнімдерді өндіретін

«Молком», «Рубиком», «Айсберг-ПВ» кәсіпорындары

Ресей, Қытай, Беларусь, Өзбекстанға

«Қазақстанда жасалған» тауарларды жүйелі

түрде жөнелтеді.

Облыстық индустриалдық-инновациялық

даму басқармасы басшысының орынбасары

Сағыныш Нұрқымбаевтың айтуынша, өткен

жылы павлодарлық 23 компания тарапынан

экспорттық шығындарды өтеуге қатысты

77 өтініш түсті. Соның ішінде 16 кәсіпорынның

30 өтініші мақұлданды. «Казэнергокабель»,

«Проммашкомплект», «Металлогамма»,

«R.W.S. BINDING», «Giessenhaus», «Айсберг

ПВ», «Царская Каша KZ» және тағы басқа

экспорттаушыларға барлығы 183 млн теңге

төленді.

- Отандық экспорттаушыларды қолдау

мақсатында жан-жақты жұмыс жүргізіледі. Бұл

бағытта «QazIndustry», «Kazakh Export», «QazTrade»

және «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы»

институттарымен бірлескен істер атқарылады.

Мәселен, «Business Ertis» бағдарламасының

аясында «QazTrade» сауда саясатын дамыту

орталығы» АҚ басшысы Азамат Асқарұлы

мен «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру

компаниясы» АҚ өкілдері өңірімізге арнайы

келіп, кәсіпкерлермен жүздесіп, экспортқа

қатысты мәселелерді талқылады. Көлік

шығындары, тауарларды сақтандыруға

қатысты тақырыптар бойынша вебинарлар

ұйымдастырылады, - дейді С.Нұрқымбаев.

«Kazakh Export» АҚ өкілі Алмаз

Берікқалиұлының айтуынша, экспортқа

өнім шығаратын отандық кәсіпорындардың

келісімшарттары мемлекет тарапынан

сақтандырылады. Яғни, тауар ақысын төлеуге

қатысты қиындықтар туындаса, олардың

барлығы аталмыш компания тарапынан

өтеледі.

- Әлемдік сауда нарығында сан түрлі

жағдай болуы мүмкін. Қазақстандық компаниялардан

тауар алатын шетелдік серіктестер

кей кездері тиісті төлемді уақытылы жасай

алмай жатады. Сондай кездерде өзге

елдің кәсіпорындары беруі тиіс соманы

«Kazakh Export» өтейді. Осылайша, ел билігі

экспорттаушылардың қаржылық қиындыққа тап

болмауы үшін жағдай жасап отыр. Сонымен

қатар, отандық кәсіпкерлер шетелдіктермен

келісімдер жасамас бұрын серіктестерінің

мүмкіндіктері, әлеуеті, жұмыс жоспарына

қатысты талдау жасап, біздің компанияларға

ұсына аламыз. Олар соның негізінде келісім

жасауға қатысты нақты шешім қабылдай

алады. Егер халықаралық сауданың тәуекелді

тұсы көп болса, бас тартуына болады, -

дейді А.Берікқалиұлы.

Ал «Qaz Trade» АҚ бас директоры Азамат

Асқарұлы экспорттаушылардың шығындарын

өтеу мәселесін тілге тиек етті. Басқасын былай

қойғанда, қазақстандық тауарды сырттағы

бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау,

отандық кәсіпкерлердің халықаралық

көрмелерге қатысуы сияқты шығындардың

өзін мемлекет өтейді.

- Өзге елдердің нарығында саудасын

дөңгелетіп отырған кәсіпорындар тауарды

көліктің қай түрімен жеткізсе де жол

шығындарының басым бөлігін мемлекет

төлейді. Яғни, бұл мақсатқа 75 мың айлық

есептік көрсеткіш көлемінде қолдау қаржы

қарастырылған. Бұл дегеніңіз – 220 млн

теңге. Сол сияқты маркетингтік бағыттардың

шығындары ескеріледі. Айталық, павлодарлық

кәсіпкерлер көршілес Ресей елінің

облыстарындағы халықаралық көрмеге, ресми

кездесулерге қатысса, сапарға жұмсалған

шығынның бір бөлігі өтеледі. Себебі осындай

шаралардың нәтижесінде экспорттық үлес

артуы әбден мүмкін. Сондықтан мемлекет

тарапынан 13 мың айлық есептік көрсеткіш

көлемінде қаржы қарастырылады, - дейді

А.Асқарұлы.

Айта кетелік, экспорттық шығындарды өтеу

бойынша өтініштерді қабылдаудың алғашқы

легі маусым айына дейін жалғасады. Осы

уақытқа дейін кәсіпкерлер www.export.gov.kz

сайты арқылы өтініш бере алады. Сұрақтар

туындаған жағдайда «экспорт АО «Qaz Trade»

телеграм-каналына жазуға немесе 8 (7172)

76-85-88, 76-85-11 телефон нөмірлеріне

хабарласуға болады.

Байқағанымыздай, отандық өнімнің сан алуан түрін әлемдік нарыққа

шығаруға мол мүмкіндік бар. Осы мақсатта қаржылай әрі қаржылай

емес қолдау көрсетіледі. Ендігі ретте жергілікті кәсіпорындар сол

тетіктерді тиімді пайдалана алса болғаны. Тек өзгенің көсегесін

көгертеміз деп өзімізді ұмыт қалдырмаған абзал.

ЖОЛАУШЫЛАР

ТАСЫМАЛЫ

Алдағы уақытта облыс

орталығындағы қоғамдық

көліктердің барлығы электронды

билеттеу жүйесіне

көшуі мүмкін. Әзірге осы

жылдың наурыз айынан

бастап пилоттық жоба

жүзеге асуда.

Тиімдісі -

QR-код

Оған сәйкес, жолаушылар тасымалы

бағытындағы маңызды жайттар ескеріліп,

тиімді жоба қолданысқа енгізілмек.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифингте жан-жақты

талқыланды. Естеріңізге салсақ, осыдан

екі жыл бұрын трамвайлар мен кейбір

автобустарда валидаторлар орнатылып,

жаңашылдыққа алғашқы қадам

жасалған болатын. Өкінішке қарай,

жобаны қолға алған кәсіпорын істі

соңына дейін жеткізбеген. Десе де,

трамвайларда әлі күнге дейін валидаторлар

жұмыс істеп тұр. Биыл қала

әкімдігі электронды билеттеу жүйесімен

айналысатын екінші мекемемен тығыз

қарым-қатынас орнатыпты. Жаңа

жүйенің авторы – «Innoforce solutions»

ЖШС. Аталған серіктестіктен «Смарт

Автобус ПВ» ЖШС қондырғыларды

сатып алып, қоғамдық көліктерге тегін

орнатып жатқан көрінеді. Бірақ кейін

жолақысынан түскен табыстың бір

бөлігіне ортақтасуға ниетті.

«Innoforce solutions» ЖШС коммерциялық

директоры Айдос Тоқтарұлы пилоттық

жоба - Avtobys жүйесінің артықшылықтары

көп екенін алға тартып отыр. Бүгінде

мұндай жүйе Атырау, Семей және Ақтөбе

қалаларында сәтті жүзеге асуда.

- Жаңа жүйеге сәйкес, арнайы төлем

картасы қарастырылған. Бағасы –

450 теңге. Бүгінде ол облыс орталығындағы

ірі сауда орындарының барлығында дерлік

сатылымда бар. Қазірдің өзінде тұрғындар

жалпы құны 20 мың теңгенің картасын

сатып алды. Оны кез келген терминалдан

10 мың теңгеге дейін толтыра

аласыз. Сондай-ақ, жолақыны мобильдік

қосымшаны жүктеп алып, QR-код және

bluetooth көмегімен де төлеуге мүмкіндік

бар, - дейді А.Тоқтарұлы.

О.ҚОЖАНОВ.

Әкелер

кеңесі

құрылды

Аққулы ауданындағы

орта мектептер тәрбие

жұмыстарына көп көңіл

бөлуде.

Жақында Жамбыл орта мектебінде

бұрын соңды болмаған

«Әке – шаңырақтың тірегі» атты

әкелер кеңесі, С.Сатыбалдин орта

мектебінде «Аялы алақан» атты аналар

кеңесі құрылды.

Әкелер кеңесінің басты мақсаты -

отбасылық құндылықтарды сақтау,

мектеп пен отбасының өзара байланысын,

қарым-қатынасын нығайту. Сонымен

қатар, әкелердің отбасындағы, бала

тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.

- Негізі, халқымыздың ұлттық танымтүсінігінде,

салт-дәстүрінде әкенің

орны, әке тәрбиесі маңызды болып

келген. Өкінішке орай, ер азаматтардың

жұмыс бастылығына байланысты

бұл құндылықты құлдыратып алдық.

Міне, осы қасиетімізді қайтарып

алуымыз керек. Сондықтан, әкелер кеңесін

ашуға бел будық, - дейді Жамбыл

мектебінің мұғалімі А.Исабаева.

Кеңестің ашылуына қатысқан әкелер

мен аналар өз ойларын ортаға салып,

бала тәрбиесінде өзекті мәселелерді

талқылады.

Зәуреш ОРАЗБАЕВА,

Аққулы ауданы.


SARYARQA SAMALY

әлеумет 6 сәуір, сейсенбі, 2021 жыл 5

Әлеуметтік жоба

Мемлекеттік грант кімдерге беріледі?«

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы жариялаған «Бес әлеуметтік

бастаманың» бір бағыты студент жастардың тұрмыс жағдайын

жақсарту бағдарын ұстанғаны белгілі. Осы бастаманың жүзеге

асыру сәтінен елімізде 9 мың орынға арналған 34 жатақхана

іске қосылды.

Ілкімді іске білек сыбана кіріскен инвестор

немесе жеке кәсіпкер жатақхананы

өз қаражаты есебінен салып, нысанды

(жатақхананы) студенттер игілігіне пайдалануға

бергеннен кейін мемлекет тарапынан

8 жыл бойы үздіксіз негізде ақша төлемдері

жүргізілетін болады.

Жыл сайын әр орынжай үшін жаңадан

жатақхана салынған жағдайда – 122 АЕК

(Алматы қаласы үшін бұл көрсеткіш 144 АЕК),

ғимаратты жатақхана ретінде реконструкциялау

жасалған жағдайда 47 АЕК көлемінде

қаржы төленеді.

Сондай-ақ, жатақхана салу (реконструкциялау)

жобаларын іске асыратын

кәсіпкерлерге мемлекеттік тапсырыстан

басқа қосымша ұсыныстар бар, олар:

1) «Қарапайым заттар экономикасы»

мемлекеттік бағдарламасы аясында банктік

несиелер мөлшерлемесін субсидиялау.

Қолдаудың бұл шарасы кәсіпкерлерге

қарыздық жүктемені азайтуға және несиені

жылдық 6%-бен төлеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, несие тарту үшін кепілдік

болмаған жағдайда «Даму» қорынан кепілдікті

қамтамасыз ететін қосымша тетіктер де

қарастырылған. Бұл – өте оңтайлы тәсіл.

2) Студенттер төлейтін ай сайынғы тұру

ақысы мемлекет тапсырысының құнына

кірмейді. Оның мөлшерін жатақхананың

меншік иесі дербес реттейді және ол нақты

өңірдегі тұрғын үй нарығының шынайы

шарттарына сәйкес анықталады.

3) Құрылысты салушы немесе ғимаратқа

реконструкция жасаушы тарап (меншік иесі)

тұрмыстық қызметтер көрсету мақсатында

коммерциялық алаңдар жасақтауға құқылы.

Олардың негізгі тұтынушылары, әрине,

жатақхана тұрғындары болары күмәнсіз.

4) Сонымен қатар, егер белгілі бір тұлға

белгілі бір ғимараттың иесі болса, оны

реконструкция арқылы жатақхана ретінде

пайдалануға бергеннен кейін, ол тұлғаға

мемлекеттік тапсырысты алуға болады.

Істің ұтымды бір тұсы – ғимараттың

инвестордың меншігінде қалуы.

Жобаға қатысудың біршама шарттары

бар, оның бастысы – қолға алған істі

ілгері бастыру үшін бастапқы капитал мен

жер телімінің болуы. Жер телімі болмаған

жағдайда біз оны мемлекеттік-жекешелік

әріптестік тетігі арқылы, өңірлердің

әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларымен

бірге жобаны бастамалау немесе

консорциум құру жолымен ресурстарды

біріктіру арқылы алудың бірқатар тиімді

жолдарын ұсынамыз.

Келесі шарт - жатақхана ғимаратының

нысанды мақсатта қолданылуы 20 жыл

ішінде сақталуы тиіс. Осы тұрғыда, бұл

нысанды 20 жыл ішінде банкке кепілге қою

немесе сату мүмкіндігі бар, бірақ сатып

алушы да аталған мерзім аралығында

ғимараттың нысанды қолдануын өзгертпеуі

шарт.

Осы тұрғыда жобаға қызығушылық

танытқан тұлғалар үшін, 2 мысал негізінде

(құрылыс және реконструкция жолымен)

үшінші әлеуметтік бастама аясында пайдалануға

берілген жатақханар жөнінде мәлімет

ұсына кеткен жөн болар.

1) Жаңа құрылыс жолымен: М.С.Нәрікбаев

атындағы «КАЗГЮУ университеті» АҚ

студенттері үшін 370 орындық жатақхана

пайдалануға берілді. Жатақхана заманауи

үлгіде салынған. Жатын орындардан бөлек

студенттерге қолайлы болуы үшін көркем

безендірілген коворкинг орталығы және

асхана бар. Университет 8 жыл ішінде

орналастырылатын мемлекеттік тапсырыс

аясында 1 млрд теңгеден астам қаражат

көлемінде қаржы алады және жатақхана

нысаны өз меншіктерінде қалады. Жатақханада

ай сайынғы тұру бағасы – 15 мың теңге.

2) Реконструкция жолымен: «Тараз инновациялық-гуманитарлық

университеті» өз

оқу орнының студенттері үшін – 500 орындық

жатақхананы орын тапшылығын сезінген

жастар игілігіне тапсырды. Реконструкциядан

өткізілген ғимарат бұрынғы «Тараз» қонақ

үйі. Ашық көздерден алынған мәліметтерге

сәйкес, еліміздегі қонақ үйлердің орташа

толымдылығы 26,4%-дан кем. Университет

8 жыл ішінде орналастырылатын мемлекеттік

тапсырыс аясында 550 млн теңгеден

астам қаражат көлемінде қаржы алады

және жатақхана нысаны өз меншіктерінде

қалады. Жатақханада ай сайынғы тұру

бағасы – 10 мың теңге. Демек, толымдылығы

аз қонақ үйге иелік еткенше, жатақханаға

қайта бейімдеу қаржылық тұрғыдан да

инвестор үшін әлдеқайда тиімді.

Жобаға қызығушылық танытқан мүдделі

тараптарға қатысу шарттарымен толық танысу

үшін studdom.fincenter.kz сайтына кіру және

8 (7172) 695-127, 8 (705) 198-01-01 телефон

нөмерлеріне хабарласу қажет. Ал, одан

кейінгі қадам – шарт жасасу үшін Қаржы

орталығына өтініш беру керек (Шарттың үлгі

нысаны және оны жасасу үшін қажетті

құжаттар тізбесі invest.fincenter.kz telegramарнасында

орналастырылған).

Біз, әрине, мәуелі жемісін берер екіжақты

тиімді әріптестікке қашанда мүдделіміз.

«Қаржы орталығы»

акционерлік қоғамы.

Білім

Инвестициялық әлеуеті артуда

Жаһандық экономикада ағымдағы «коронадағдарысқа» байланысты

едәуір өзгерістер орын алуда. Оның бір айқын дәлелі әлем бойынша

тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің қысқаруы. Мысалы,

инвестициялық тартылымдығы жоғары Еуропаның 47 елінде

жоспарланған 6 мыңнан астам жобалардың тек 65% мерзімдеріне

сәйкес жүзеге асырылса, қалған 35% уақытша тоқтатылып,

тіпті мүлдем жүзеге аспай қалуы мүмкін.

Салыстырмалы түрде алғанда Орталық

Азия елдеріндегі жағдай қалыпты, әрі

өсім көрсету әлеуеті сақталған. Осындай

оң тенденция біздің елде де байқалуда.

Мәселен, «Finprom.kz» ақпараттық порталының

мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанға

ағымдағы жылы тартылған шетелдік инвестициялардың

жалпы көлемі 3,6 млрд АҚШ

долларын құрады. Олардың ішінде салымдардың

негізгі бөлігі Нидерланд, АҚШ және

Ресейге тиесілі. Сонымен бірге, «Moody’s и

FitchRatings» рейтингтік агенттігі Қазақстанның

рейтингін инвестициялық сенімді деңгейінде

растады. Демек, елімізде экономиканы

жандандыру бағытында қабылданып жатқан

шаралардың оң бағасын беруге негіз бар.

Сырттан тартылған және ішкі ресурстардың

арқасында салымдар бойынша көрсеткіші

жоғары секторлар қатарында білім беру

саласының нәтижелері бірігей. 2018 жылдан

бері инвестициялар көлемі бойынша өсім

көрсетпеген білім саласына инвесторлардың

қызығушылығының артуының себебі ірі

инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге

асыруда мемлекеттік-жекешелік әріптестік

қағидаттарына негізделген механизмді кеңінен

қолдану болып табылады. Ағымдағы жылдың

қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы

бойынша қарқынды өсім көрсеткен бұл

салаға 143,5 млрд теңге инвестиция

тартылып, өткен жылмен салыстырғанда

бұл көрсеткіш 27%-ға артып отыр.

Осындай оң бетбұрысқа білім саласын

жетелеген аталмыш механизмнің басты

мақсаты - мемлекеттің қолдауымен

кәсіпкерлерге білім саласын кеңінен игеруі

арқылы халыққа ұсынатын қызмет көрсетудің

сапасын арттыру. Бүгінде мемлекет пен

жеке сектордың ынтымақтастығының негізінде

өңірлерде 14 мыңнан астам оқушыға

арналған 40 жекеменшік мектеп мен

11 мың төсек-орынға шақталған 44 студенттік

жатақхана бой көтерді.

Дағдарыс жағдайында жаңа нарықтар

мен жобаларға ізденіс үстіндегі инвесторлар

мен кәсіпкерлерге осы әріптестіктің

қаншалықты тиімді екенін жатақханалар

салу жобасы арқылы көрсетуге болады.

Жалпы мемлекет жатақхана салуға дайын

кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсетуге

әзір. Оның саяси негізі екі жыл бұрын

Елбасының Бес әлеуметтік бастамасында

қаланған болатын. 2018 жылдан бастау

алған механизмге инвесторларды кеңінен

тарту міндетін орындау үшін әр түрлі

жаңашылдықтар да енгізілу үстінде.

Қаржылық қолдау шараларының ішіндегі

негізгісі – мақсатты мемлекеттік тапсырысты

орналастыру. Мемлекеттік тапсырыс

соммасы айлық есептік көрсеткішке тәуелді,

әрі жыл сайын 4-5%-ға артып отырады.

Ағымдағы жылдың жағдайында 1 студентке

арналған төлемнің көлемі 400 мың теңгеге

дейінгі соманы құрайды. Бұдан бөлек,

механизм шеңберінде құрылысы үшін жер

телімдерімен қамтамасыз ету, жобалықсметалық

құжаттамаларды ұсыну, банкті

несиенің пайызын жеңілдету бойынша

өзге де қолдау тетіктері қарастырылған.

Нәтижесінде екі жылдың төңірегінде іске

қосылған жатақханалардың 27-сі немесе

орындардың жалпы санының 35% жеке

сектордың инвестицияларының арқасында

пайда болды.

Мемлекеттік

қолдау құралы

Мақсатты мемлекеттік

тапсырысты

орналастыру

Оқу орындарымен

консорциум құру арқылы

инвестиция көлемін

оңтайландыру

Жер телімдерін

жеңілдетілген негізде

ұсыну

Типтік жобалықсметалық

құжаттаманы

ұсыну

Банктік несиенің

пайыздық

мөлшерлемесін

арзандату

Мерзімі

Бірақ, жоғары қарқынға қарамастан

жатақханаға деген сұраныстың әлі де толық

қамтылмағанын атап өткен жөн. Қазіргі

уақыттың өзінде 68 мыңнан астам студент

жатақханаға мұқтаж. Орта есеппен бір

жатақхана 500 орынға арналса, тапшылықты

жою үшін шамамен 136 объектіні іске

қосу қажет. Сонымен қатар, алдағы 10-15

жылдың барысында студенттер контигентінің

27%-дық өсімі болжануда. Демек, 2030

жылы еліміздегі студенттер саны 1,5 есе

артып, 364 мың адамды құрайды. Яғни,

бұл көрсеткіштер болашақта жатақханаға

Шарттары

8 жыл бойы 1 студентке 122/144 айлық есептік

көрсеткіш, студенттердің қолданысқа

берілген жатақханада тұруы міндетті.

Алғашқы 12 ай төлем арттырушы

коэффициент негізінде төленеді,

жазғы демалыс кезеңіне де

төлемдер қарастырылған

Мерзімі шексіз Әріптестіктің барлық шарттары

консорционалдық келісімде

бекітіледі. Келісім шеңберінде

жобаны жер телімімен немесе

қосымша қаржымен қамтамасыз

етуге қол жеткізуге болады

Меншікке немесе

жалға рәсімдеуге

байланысты

2021 жылдан

бастап, жарамдылығы

орта есеппен

5 жыл

Пандемияға байланысты Қашықтықтан

қашықтықтан оқыту оқыту аяқталғанға

кезінде мемлекеттік дейін

тапсырысты орналастыру

Өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік

корпорациялар арқылы, жергілікті

мемлекеттік - жекешелік әріптестік

жобалары аясында

Типтік жобалық-сметалық

құжаттаманы Қазақстанның барлық

4 климаттық аймағына қолдану

мүмкіндігі

7 жылға дейін «Қарапайым заттар экономикасы»,

«Бизнестің жол картасы – 2025»,

«Даму» қоры бағдарламалары

аясында арқылы

Төлемдер жатақхананың жобалық

қуаттылығына сәйкес жүргізіледі

деген сұраныстың арта түсуінің тағы да

бір айқын дәлелі.

Бүгінде бағдарлама өз жалғасын табуда.

Жобаға қызығушылық танытқан инвесторлар

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қаржы

орталығына хабарласа отырып, толық

ақпаратпен таныса алады.

Байланыс мәліметтері: 8 (7172) 695-127,

8 (705) 198-01-01, жобаның сайты - studdom.

fincenter.kz, telegram-арнасы - invest.

fincenter.kz.

«Қаржы орталығы» АҚ.


6 6 сәуір, сейсенбі, 2021 жыл ХАТТАМА

SARYARQA SAMALY

Павлодар қаласының көшелерін қайта

атау мәселесі жөнінде Павлодар қалалық

мәслихатының азаматтардың құқықтары

мен заңды мүдделерін қамтамасыз

ету және жер қатынастары мен қала

құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияларының көпшілік тыңдауының

хаттамасы

2021 жылғы 3 сәуір Zoom режимінде,

сағат 10.00-де Қайырбаев көшесі, 32

Карантин шараларын сақтауға байланысты көпшілік

тыңдау https://us02web.zoom.us/j/84549309025?

pwd=aWN4a1lYc0JZSFhNVHJ0U2llTmJCQT09ZOOM

арқылы онлайн режимде өтті. Конференция идентификаторы:

845 4930 9025. Қосылу коды: 950503.

Қала әкімдігінің Facebook парақшасында тікелей

жүргізілді.

Төрағасы Қ.Н.Қожин – Павлодар қалалық

мәслихатының депутаты, азаматтардың құқықтары

мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы.

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін

қамтамасыз ету және жер қатынастары мен қала

құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың

мүшелері қатысты.

Көпшілік тыңдаулар қаланың қоғамдастықтары

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Арман Қанидың,

«Нұр-Ана әлемі» ҚБ төрағасы Б.Ш.Максилованың,

ардагер журналист З.Л.Бутэрустың, ҚР Мәдениет

қайраткері Ғ.Балтабайдың, ҚР Ұлттық қауіпсіздік

комитеті ардагерлер кеңесінің Павлодар облыстық

филиалының төрағасы М.Жантеміровтің, Павлодар қ.

қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Рюмкиннің, қалалық

ардагерлер кеңесінің төрағасы К.С.Кеңесбаевтың,

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының

директоры А.Ә.Әбішевтің және «Jеbe» ҚБ төрағасы

Д.Жұмаділовтың қатысуымен өтті.

Келіп түскен ұсыныстарды азаматтардың құқықтары

мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және жер

қатынастары мен қала құрылысы мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиялардың мүшелері қарастырды.

Павлодар қаласының тұрғындарына көпшілік

тыңдауды өткізу туралы хабарландыру Павлодар

қаласы әкімдігінің сайтында, қалалық мәслихаттың

сайтында және «Saryarqa samaly», «Звезда Прииртышья»

газеттерінің 2021 жылғы 30 наурыздағы

нөмірлерінде хабарландыру ретінде жарияланды.

Дауыс беруге азаматтардың құқықтары мен заңды

мүдделерін қамтамасыз ету және жер қатынастары

мен қала құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиялардың мүшелері болып табылатын қалалық

мәслихат депутаттары қатысты.

Көпшілік тыңдауға 500-ден аса қатысушы қатысты

(Инстаграмм, Facebook, ZOOM парақшаларында).

Күн тәртібі

Павлодар қаласының бірқатар көшелерінің атауын

қайта атау, яғни атап айтқанда Павлодар қаласының

Мир көшесіне - қазақтың атақты батыры Олжабай

батыр, Ермаков көшесіне - Алаш қайраткері, саяси

қайраткер Мұстафа Шоқай, Набережная көшесіне -

Атақты би, Баянауыл сыртқы округінің алғашқы аға

сұлтаны Шоң би, Урицкий көшесіне – ҰКҚ генералмайоры

Үкімет Смағұлов, Циолковский көшесіне –

атақты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы, Роза

Люксембург көшесіне – биылғы жылы құрылғанына

100 толуына орай Қазақ радиосы, Теплов көшесіне -

атақты қолбасшы Бөгенбай батыр, 1-я Южная көшесіне –

Бірлік, 2-я Южная көшесіне - халық әртісі, әнші,

режиссер Кәукен Кенжетаев, Парковая көшесіне -

ақын Мұқағали Мақатаев, Донецкая көшесіне - алаш

ақыны Мағжан Жұмабаев, Кубанская көшесіне –

жазушы Қалмұқан Исабай, Совхозная көшесіне -

Еңбек Ері Рафиқа Нұртазина, Таганрогская көшесіне -

белгілі би, шешен Қазанғап би, Кузнецкая көшесіне -

Алашорда үкіметі Павлодар филиалының төрағасы

Қабыш Бердалин, Ангарская көшесіне - халық суретшісі

Нағымбек Нұрмұхаммедов, Читинская көшесіне -

жазушы Аманжол Шамкенов, Декабристов көшесіне -

қазақ музыка аспаптарының атасы, ҚР еңбегі сіңген

қайраткер Қамар Қасымов, Молодежная көшесіне –

Жастар, Юннатов көшесіне – ақын, жазушы Дихан

Әбілев, 1-я Советов және 2-я Советов көшелеріне -

облыстан шыққан тұңғыш генерал Самат Бәкіров, Зыряновская

көшесіне – ақын, сазгер Қабдыкәрім Ыдырысов,

Саянская көшесіне - мемлекет қайраткері Алма Әжібаева,

Лесная көшесіне – бір отбасынан Ұлы Отан соғысына

қатысып, қаза тапқан 7 ағайынды Дүйсембиновтер,

29-я ноября көшесіне - мемлекет қайраткері және

дипломат Сержан Қанапиянов, Кленовая көшесіне -

сазгер Шәмші Қалдаяқов, Центральная көшесіне –

қазақтың атақты ханы Хақназар хан, Степная көшесіне -

жазушы Зейтін Ақышев, Орловская көшесіне - атақты

күйші Дина Нүрпейісова, Челябинская көшесіне -

атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлы есімін

беру.

Көпшілік тындау отырысының төрағасы Қобланбек

Кожин көпшілікті күн тәртібімен және жұмыс регламентімен

таныстырды.

Сөз сөйлегендер: Гладышева Светлана

Анатольевна – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары;

Кеңесбаев Кенже Сәдуақасұлы – қаланың

Құрметті азаматы, Павлодар қаласының ардагерлер

кеңесінің төрағасы;

Рюмкин Александр Васильевич - қаланың

Құрметті азаматы, Павлодар қаласы қоғамдық

кеңесінің төрағасы;

Қани Арман Бақтанұлы – Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі;

Максилова Бақытжамал Шаханқызы - «Нұр-

Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы;

Бутэрус Зоя Леонидовна – бұқаралық ақпарат

құралдарының ардагері;

Әбішев Асыл Әлімжанұлы - «Қазақ тілі»

облыстық қоғамының төрағасы;

Шнайдер Светлана – Қазақстан халқы Ассамблеясының

белсендісі.

Гладышева Светлана Анатольевна:

Құрметті қатысушылар, құрметті ақсақалдар!

Жеке және заңды тұлғалардан Павлодар облысының

және Павлодар қаласының әкімдерінің атына келіп

түскен өтініштер мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімімен қарастырылды. Кейін барлық қажетті

құжаттар жергілікті өкілді органға жолданды.

Біз облыс орталығындағы ескірген көше атауларын

жаңарту - уақыт талабы деп санаймыз. Бұл

жалпы қала тұрғындарына түрлі ұлттар мен этнос

өкілдері қазақ халқының тарихи тұлғаларымен жақын

танысып, қоғамдағы өзара келісім мен ауызбірлікті

нығайтуға ықпалын тигізеді.

Мир көшесі

(Қазақтың атақты

батырларының бірі)

Ермаков көшесі

(Лесозавод шағын

ауданы. Журналист-революционер)

Олжабай батыр

Мұстафа Шоқай –

Алаш қайраткері, саяси

қайраткер

Набережная көшесі

Урицкий көшесі

(1919 жылға дейін

Мещанский переулок

деп аталды. Моисей

Соломонович Урицкий –

Ресей революциялық

қозғалысының

қайраткері)

Циолковский көшесі

(ХХ ғасырдың 50-ші

жылдарының басында

пайда болды, орыс

ғалымы, авиағарыш

саласындағы

өнертапқыштың 100

жылдығына орай

аталған)

Роза Люксембург көшесі

(1919 жылға дейін

4-й Казачий переулокдеп

аталды. Неміс

және поляк социалдемократиясының

қайраткері есімімен

аталған)

Теплов көшесі

(1957 жылға дейін

Южная деп аталды.

Семен Кононович Теплов

– большевик, Павлодар

Совдеп төрағасының

орынбасары)

Шоң би – қазақтың

атақты биі, Баянауыл

сыртқы округінің алғашқы

аға сұлтаны

Генерал (Үкімет)

Смағұлов – ҰКҚ генералмайоры,

16 ж. басқарған,

Қарағанды обл. тумасы

Бауыржан

Момышұлы – Кеңес

Одағының Батыры,

қолбасшы, жазушы

Қазақ радиосы –

құрылғанына биыл 100

жыл толады.

Бөгенбай батыр –

қазақтың атақты батыры,

қолбасшы

1-я Южная көшесі Бірлік

2-я Южная көшесі Кәукен Кенжетаев -

халық әртісі, әнші,

режиссер

Парковая көшесі Мұқағали Мақатаев -

ақын

Донецкая көшесі Мағжан Жұмабаев –

алаш ақыны

Кубанская көшесі Қалмұқан Исабаевжазушы

Совхозная көшесі Рафиқа Нұртазина –

Еңбек Ері, биыл

100 жасқа толады

Таганрогская көшесі Қазанғап би - белгілі

би, шешен. Баянауыл

сыртқы округінің аға

сұлтаны. 2021 жылы

туғанына 250 жыл толады

Кузнецкая көшесі Қабыш Бердалин -

Алаш қайраткері, 1918-

1920 жж. Алашорда

үкіметі Павлодар

филиалының төрағасы

Ангарская көшесі Нағымбек

Нұрмұхаммедов -

халық суретшісі

Читинская көшесі Аманжол Шамкенов -

жазушы

Декабристов көшесі Қамар Қасымов -

Қазақ музыка аспаптарын

жаңартушы, ҚР

еңбегі сіңген қайраткер

Молодежная көшесі Жастар көшесі

Юннатов көшесі Дихан Әбілев – ақын,

жазушы

1-я Советов көшесі Генерал Бәкіров –

2-я Советов көшесі

Зыряновская көшесі

Саянская көшесі (ХХ

ғасырдың 60-шы

жылдарының басында

пайда болды. Шығыс

Сібірдің Саян таулары

бойынша аталған)

Лесная көшесі

29-я ноября көшесі

(34 жеке үй,

кардиологиялық аурухана,

«Эко» баспасы.

1919 жылғы 29

қарашада ақ гвардияшылардан

қаланы

азат ету күні бойынша

аталған)

Кленовая көшесі

(Теміржолшылар кенті)

Центральная көшесі

(Теміржолшылар кенті)

Степная көшесі

(Теміржолшылар кенті)

Орловская көшесі

Челябинская көшесі

облыстан шыққан тұңғыш

генерал қазақ

Қабдыкәрім

Ыдырысов – ақын,

сазгер

Алма Әжібаева –

мемлекет қайраткері

Ағайынды

Дүйсембиновтер -

соғысқа бір отбасынан

қатысып, қаза тапқан

7 ағайынды

Сержан Қанапиянов –

мемлекет қайраткері

және дипломат

Шәмші Қалдаяқов -

композитор,

Қазақстанның халық

әртісі

Хақназар хан –

қазақтың ханы

Зейтін Ақышев -

жазушы

Күйші Дина – атақты

күйші

Құрманғазы – атақты

күйші

Қожин Қобланбек Нұрмұханұлы:

Құрметті тыңдауға қатысушылар, көтеріліп отырған

мәселе өзекті әрі маңызды, осыған байланысты

бүгінгі көпшілік тыңдауға қатысып отырған қала

жұртшылығының ой-пікірлерін білгіміз келеді.

Кеңесбаев Кенже Сәдуақасұлы:

Құрметті көпшілік тыңдауға қатысушылар!

Біз әріптестермен, қалалық ардагерлер кеңесінің

мүшелерімен осы мәселені қарастырып, зерделей келе

көше атауларын қайта атауды дұрыс деп есептейміз.

Ұсыныстар орынды. Барлығыңызға рахмет!

Рюмкин Александр Васильевич:

Құрметті қатысушылар! Көшелерді қайта атау

жұмыстары біздің қолдауымызбен жүргізіліп отыр.

Ерекше ескертулер жоқ. Ешқандай даулы мәселелер

болмайды деп ойлаймын.

Қани Арман Бақтанұлы:

Мен, қала көшелерін қайта атауды қолдаймын.

Менің жерлестерім де қолдайды деп ойлаймын.

Назарларыңызға рахмет!

Бутэрус Зоя Леонидовна:

Алма Мұқанқызы Әжібаева – тележурналист, қоғам

қайраткері. ҚазМУ, СОКП ОК жанындағы Қоғамдық

ғылымдар академиясын бітірген. Облыстық комсомол,

партия, совет органдарында жұмыс істеді. Облыстық

партия комитетінің хатшысы кезінде Павлодар облыстық

электронды ақпарат құралдарының әлеуметтік-ағартушылық

қызметіне баса назар аударды. Зейнетке

шыққан соң Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университеті ректорының

кеңесшісі болды.

Алма Әжібаеваның есімімен қала көшелерін атау

әбден лайықты.

Максилова Бақытжамал Шаханқызы:

Бүгін қуанышты күн. Көшелердің атаулары ұлы

адамдардың атымен аталатынына қуаныштымыз.

Сержан Мұқанұлы Қанапиянов - мемлекет және қоғам

қайраткері. Көкшетау қаласында дүниеге келген,

балалық шағын Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау

ауданы, Сырымбет ауылында өткізген.

1971 жылы Павлодар индустриалды институтын

бітірді. 1971-1975 жылдары Алматы ауыр машина

жасау зауытында шебер, инженер-конструктор, аға

инженер болып жұмыс істеді.

Көше атауын Сержан Қанапияновтың есімімен

атауды қоя тұрайық деп санаймыз.

Ғалия Балтабайқызы:

Қазақ радиосы – Қазақ радиолары ЖШС-не

қарасты, Қазақстан тұрғындарына, ТМД елдерінде

және шет елдерде тұратын қазақ тыңдармандарына

хабар тарататын радио желі. Қазақ радиосы хабарлары

Астана мен Алматыдан берілетін радио хабарынан

және облыс орталықтары хабарынан тұрады. Хабарлар

ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындарда

жұмыс істейтін радио станциялары арқылы таратылады.

Жедел ақпараттан жаңалықтар, шолулар,

репортаждар, т.б., қоғамдық-саяси, экономикалық,

ғылыми, білім беру, әдеби-драмалық, музыкалық,

спорттық және басқа хабарлар таратылады. Қазақ

радиосы атауын беруін қолдаймын.

Әбішев Асыл Әлімжанұлы:

Құрметті қауым! Қайта атау бойынша ұсынылып

отырған тұлғалардың әрқайсысының өзінің орны

бар. Сондықтан барша қазақ өкілдері, мүшелері

әрбір тұлғаны лайықты деп санайды. Бұл мәселе

бүгінгі күн тұрғысынан алғанда өзекті болып табылады.

Өңіріміздегі «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері

көшелерге ұсынылып отырған ұлы тұлғалардын

есімдерін қолдайды.

Жүсіпова Санира:

Менің бүгінгі ұсынысымды көзі ашық, көкірегі ояу

Павлодар жастарының ұсынысы деп қабылдауларыңызды

сұраймын. Қаланың кейбір көшелерінің атауларын

мемлекеттік тілге аудару қажет деп ойлаймын. Өйткені

атауы аударылған көшелердің мән-мағынасы еш

өзгермейді. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып

Молодежная көшесін Жастар көшесі деп атаудан

бастауды ұсынамыз. Жастар - еліміздің болашағы.

Сондықтан халық қалаулары, халық өкілдері жастардың

үні халық құлағына асады деп сенемін.

Покидова Наталья:

Бүгінгі күні қала көшелерін қайта атау мәселесі

өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және «Рухани

жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қажетті

деп санаймын. Болашақ ұрпақ үшін еліміздің дамуы мен

қалыптасуына айрықша үлес қосқан тарихи тұлғалардың

есімімен аталған көшелер қажет. Жоғарыда аталған

тұлғалардың ішінде біздің жерлесіміз Алма Әжібаева

және өзге де тұлғалар бар. Сондықтан, мен, жас

ұрпақ өзінің өткенін, тарихи ұлы тұлғаларын білуге

тиісті деп есептеймін. Әрі Қазақстанда тұратын әр

халқы өзінің өткен тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін

білуі тиіс. Жоғарыда айтылған ұлы адамдар, біздің

болашағымыз үшін күрескен көптеген адамдар менің

ойымша осы Павлодар қаласындағы 30 көшенің

атаулары қатарында Алма Әжібаеваның аты берілсе

дұрыс болады деп ойлаймын. Сондықтан бүгінгі

мәселені қолдаймын. Барлықтарыңыз менімен келіседі

деп ойлаймын.

Қожин Қобланбек Нұрмұханұлы:

Құрметті қатысушылар, пікірталасқа көшеміз.

Гудина Ирина:

Қайырлы күн, құрметті қала тұрғындары! Қала

көшелерін қайта атау болашақ ұрпақ үшін маңызды

деп есептеймін. Қазіргі мемлекеттер моральдық

тұрғыда идеологиялық ескірген атаулармен өмір

сүруі мүмкін емес. Ұстаздар – өз мамандығына

берілген адамдар. Осындай ұстаздардың бірі біздің

жерлесіміз Нұртазина Рафиға Бекенқызы болып табылады.

Оны ұлағатты ұстаз, бар ғұмырын педагогикалық

қызметке арнаған адам деп айтуға болады. Оның

оқушылары Қазақстанның және әлемнің әр жерлерінде

тұрады, олардың барлығы өз ұстазын ілтипатпен

еске алады. Рафиға Нұртазинаға көше атауын беру

барлық ұстаздарға жасалған ынталандыру болып

табылады. Назарларыңызға рахмет.

Кәрімов Талғат:

Айтылып кеткен Дина мен Құрманғазының есімдерін

көше атауларына берейін деп отырғандарыңызға

рахмет. Бірақ, менің ойымша Дина апамыз бен

Құрманғазының есімдерін музыка мектептеріне берсек

дұрыс болады деп ойлаймын. Өнер тарландары

Кәукен Кенжетаев, Қамар Қасымовтың, жерлес жазушымыз

Қабдыкәрім Ыдырысовтың есімдерін көшелерге

беруді қолдаймын.

Хафиз Ғабит:

Бүгін біздер кезек күттірмейтін, аса маңызды,

идеологиялық салмағы ауыр істің талқылауында

отырмыз. Қазіргі күні көше атауын өзгерту біздің

Ертіс-Баян өңіріңде ғана емес, Қазақстанның басқа

қаларында жүзеге асырылып жатыр. Бұл тарихи

заңдылық. Қала тұрғыны ретінде күн сайын тарихи

маңызы жоғалған, идеологиялық тұрғыдан ескірген

көшелерге көзіміз түседі. Жаңадан ұсынылып отырған

көшелер өзгеретін болса қала келбетіне жаңаша образ

пайда болатына сенімдімін. Сондықтан көшелерге

біздің облысымыздың және Қазақстанның тарихи

тұлғалардың есімдері берілгенің орынды деп ойлаймыз

және Павлодар жастарының атынан осыған қолдау

білдіреміз. Жаңа атаулардың келгенін қолдаймыз.

Тоғаева Жанар:

Мен, қала тұрғыны ретінде Павлодар қаласының

моральдық тұрғыда ескірген кейбір көшелерін қайта

атауға келісемін. Менде мынадай сұрақ бар. Белгілі

бір еңбек сіңірген сәулетші, Ыбырай Алтынсарин

атындағы гимназияның түлегі болып табылады.

Танымал адамға Павлодар қаласының бір көшесін

беру туралы ұсыныс енгізуге қалай болады және

қандай мерзімде қарастырылады.

Нұрғамысова Айнұр:

Мен, қала тұрғыны ретінде көшелерді қайта

атау маңызды деп білемін. Көше атаулары тарихи

мұрамыздың маңызды бір бөлігі болып табылады.

Павлодар қаласының әрбір тұрғыны қаланың даму

тарихын білуі тиіс. Сондықтан қаланың топономикасына

атақты халық суретшісі, Павлодар облысының

тумасы Нағымбек Нұрмұхаммедовтің есімінің енуі

дұрыс деп санаймын. Нағымбек Нұрмұхаммедовтің

суреттері Павлодар қалалық көркем-сурет мұражайының

коллекциясының ажырамас бір бөлігі. Біз талантты

суретшінің суреттерінің қорымызда сақталып

отырғанымен мақтанамыз. Нұрмұхаммедовтің

есіміне қала көшесін беру қала тұрғындарына

атақты жерлесіміз туралы қызықты деректерді

білуге жаңаша тың серпін береді. Біздің қаламыздың

бір көшесіне Нағымбек Нұрмұхаммедовтің есімін

беруін қолдауларыңызды сұраймын.

Зейнуллина Айман:

Біздің Ертіс-Баян өңірінің көшелері танымал

тарихи тұлғалардың есімдерімен аталып солармен

өмір сүретін болса керемет болады. Жаңа маған

дейін бірқатар азаматтар өз пікірлерін айтып кетті,

мен де ол ұсыныстарды қолдаймын. Сонымен бірге

алғашқы кәсіби қазақ театрының спектаклін қойған

жерлесіміз, Алаш қайраткері Қошке Кемеңгеровтің

есімі ұмыт қалып барады. Сондықтан Қанапияновтың

орнына Қошке Кемеңгеров есімін ауыстырып қойсақ

дұрыс болар еді.

Жұмаділов Данияр:

Биыл өздеріңіз білесіздер Тәуелсіздіктің -

30 жылдығы. Осы мерейтойға орай қаланың

30 көшесінің атауын ауыстыру туралы ұсыныс жасалды.

Бұл біз үшін үлкен мереке.

Осы жылы тәуелсіздігімізге - 30 жыл. Осыған

байланысты, біз ұлттық қаһармандарымыздың есімін

мәңгі есте сақтауымыз тиіс. Қуанышымызға орай

біздің тарихымыз кеңес кезеңімен ғана шектелмейді.

Мұстафа Шоқай, Бауыржан Момышұлы, Бөгенбай

батыр, Олжабай батыр, біздің жерлестеріміз Кәукен

Кенжетаев, Аманжол Шәмкенов секілді тұлғалар

көше атауын беруге лайықты деп ойлаймыз. «Jebe»

ҚБ мүшелері қазақша аталуын қолдаймыз және

идеологиялық тұрғыдан көше атаулары өзгеден емес

мемлекет құраушы өзіміздің ұлтының көңіліне қараса

деген пікірімді айтқым келеді. Біз осы ұсыныстардың

барлығын қолдаймыз.

Жантеміров Мұхаметқали:

Біз ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңындағы

осындай идеяларды қолдаймыз. Ұлы тұлғалардың

есімдерін мәңгі есте сақтау орынды әрі дұрыс. Осы

қатарда Генерал Смағұлов та бар. Ол Павлодар

облысы ҰҚК 15 жыл басқарған Ертіс-Баян өңіріндегі

арнайы қызметтің алғашқы генералы. Аймақтың

тұрақтылығын сақтау, қауіпсіздікке қатысты барлық

мәселелер бойынша жедел шешім қабылдау мәселесі

ҰҚК басқармасына жүктелген болатын. Сондықтан

біз, ардагерлер, генерал Смағұловтың кандидатурасын

қолдаймыз.

Еркеғали мырза:

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 көшенің атауын

ауыстырып, өзіміздің лайықты жерлестеріміздің құрметіне

көшелердің атауларын беру қуантатын жағдай. «Рухани

жаңғыру» бағдарламасының аясында көшелерді қайта

атау рухани жаңғырудың бір көрінісі болып табылады.

Сонымен қатар, Павлодар қаласының атауын

өзгертуге жұмыстар жасалу керек деп ойлаймыз. Біз

«Қаған» қоғамдық бірлестігіміздің атынан көшелердің

атауларын қайта атауды қолдаймыз. Жаңа айтылған

Қошке Кемеңгеров ағамыздың атына бір көше берілсе

деген ұсынысты қолдаймын.

Қожин Қобланбек Нұрмұханұлы:

Құрметті қатысушылар, біз барлық қатысушыларды

тыңдадық. Жарыссөзді аяқтауларыңызды сұраймын.

Депутаттарда ұсыныстар немесе толықтырулар

бар ма?

Веретнов Игорь Викторович

Құрметті әріптестер, қала тұрғындары!

Осы мәселеге дайындық барысында қала көшелеріне

ұсынылып жатқан кейбір ұсыныстар бойынша біздің

мемлекеттің, мәдениет пен білімнің қалыптасуына

қосқан үлестері сәйкес келмейтіндігі туралы бірқатар

ескертулер жасаған қала жұртшылығынан көптеген

ұсыныстар мен ескертулер түсті.

Құрметті әріптестер! Ұсынылып отырған көшелерді,

мемлекеттік қайраткерлер Сержан Қанапиянов, Қабыш

Бердалин, Шәмші Қалдаяқов, Құрманғазы, Күйші

Дина, Зейтін Ақышев және Хақназар хан есімдеріне

көше атауларын беру мәселесін уақытша тоқтатуын

ұсынамын.

Қожин Қобланбек Нұрмұханұлы:

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Игорь

Викторович Веретновтан:

- Сержан Қанапиянов, Қабыш Бердалин, Шәмші

Қалдаяқов, Құрманғазы, Күйші Дина, Зейтін Ақышевқа

және Хақназар хан атына көше беру мәселесін

мораторий алынғаннан кейін тұрғындарға кеңінен

ақпараттандыруы үшін тоқтатылуы ұсынылды. Барлығы

жеті көше.

Дауыс беруге 9 депутат, екі тұрақты комиссияның

мүшелері қатысты, оның ішінен:

«Қолдағандар» - 9 депутат,

«Қарсы болғандар» - жоқ,

«Қалыс қалғандар» - жоқ.

Бірауыздан!

Көпшіліктің ой-пікірлерін ескере отырып, қала

жұртшылығынан келіп түскен қаланың кейбір көшелерінің

атауларын қайта атау туралы ұсыныстарын дауысқа

салайық:

- Мир көшесін Олжабай батырға,

- Ермаков көшесін Мұстафа Шоқайға,

- Набережная көшесін Шоң биге,

- Урицкий көшесін Генерал Смағұловқа,

- Циолковский көшесін Бауыржан Момышұлына,

- Роза Люксембург көшесін Қазақ радиосына,

- Теплов көшесін Бөгенбай батырға,

- 1-я Южная көшесін Бірлік көшесіне,

- 2-я Южная көшесін Кәукен Кенжетаевқа,

- Парковая көшесін Мұқағали Мақатаевқа,

- Донецкая көшесін Мағжан Жұмабаевқа,

- Кубанская көшесін Қалмұқан Исабаевқа,

- Совхозная көшесін Рафиқа Нұртазинаға,

- Таганрогская көшесін Қазанғап биге,

- Ангарская көшесін Нағымбек Нұрмұхаммедовке,

- Читинская көшесін Аманжол Шәмкеновке,

- Декабристов көшесін Қамар Қасымовқа,

- Молодежная көшесін Жастарға,

- Юннатов көшесін Дихан Әбілевке,

- 1-я Советов және 2-я Советов көшелерін

Генерал Бәкіровке,

- Зыряновская көшесін Қабдыкәрім Ыдырысовқа,

- Саянская көшесін Алма Әжібаеваға,

- Лесная көшесін Ағайынды Дүйсембиновтерге.

Құрметті әріптестер, көше атауларын қайта атауға

әр көше немесе тізім бойынша дауыс береміз бе?

Бір тізім бойынша дауыс беру туралы ұсыныс түсті.

«Қолдағандар» - 9 депутат,

«Қарсы болғандар» - жоқ,

«Қалыс қалғандар» - жоқ.

Бірауыздан!

Павлодар қаласы мәслихатының және қала

әкімдігінің «Павлодар қаласының көшелерін қайта атау

жөніндегі ұсыныстарды Республикалық ономастикалық

комиссияның қарауына енгізу туралы» бірлескен

шешімі мен қаулысы 2021 жылғы 7 сәуірде өтетін

3-ші кезектен тыс сессияда қарастырылатын болады

және материалдар Қазақстан Республикасының

заңнамасында белгіленген тәртіпте Республикалық

ономастикалық комиссияның қарауына жолданады.

Төраға Қ.Қожин. (2051)


SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 6 сәуір, сейсенбі, 2021 жыл 7

РАМАЗАН-2021

13 сәуірде

басталады

Биыл қазақстандықтар қасиетті

Рамазан айында ауыз бекітуді сәуір

айының 13-інен бастайды. Бұл туралы

Қазақстан Мұсылмандары діни

басқармасының кеңейтілген төралқа

мәжілісінде белгілі болды.

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай

қажы Тағанұлының айтуынша, Рамазан айы біздің

күнтізбеміз бойынша 13 сәуірде басталып,

12 мамырда аяқталады. Яғни, толық 30 күн ауыз

бекітетін боламыз. Қасиетті Қадір түні биыл 8 мамырдан

9 мамырға қараған түнге сәйкес келеді. Ал

Рамазан айты 13 мамырда басталады.

- Санаулы күндерден соң қасиетті Рамазан

айы кіреді. Мейірім мен кешірімге, сауапқа толы

айды әдеттегідей өз деңгейінде өткізуді Алла

нәсіп етсін! Қазіргі жағдайды ескере отырып, ең

бастысы тазалық пен тәртіп жағына көңіл бөлсек.

Осы айда мейлінше қайырымды істерді көбірек

атқаруға шақырамын. Жамағаттың ыңғайына

қарай уақытын белгілеп онлайн дәрістер, Құран

үйрету сабақтарын өткізуді жалғастыруымыз керек.

Халыққа пайдалы уағыз тарату мақсатында тікелей

эфирлер ұйымдастырып, мүмкіндігі жоқ жандарға

ауызашар пакеттерін жеткізу жағын қолға алуды

тапсырамын, - деді бас мүфти.

Еске сала кетейік, биыл елімізде пітір садақасының

мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Оны

имамдар 2 келі ұнның орташа бағасымен есептеп

алған.

Т.МАРХАБА.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Кең болсаң,

кем болмайсың

Суретті түсірген - Ольга Бугаева.

Қайырымдылық - ізгіліктің бастауы.

Ата-бабамыз қайырымдылықты аса

сауапты іс деп қабылдап, ұрпағын

әрдайым жақсылыққа, адалдыққа,

қайырымдылық пен мейірімділікке

баулыған.

Облысымызда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында

«Қайырымды істер марафоны» бастау алғаны

мәлім. Марафонға өз үлесін қосуға ниеттілердің

ішінде Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің

білім алушылары да бар. Қайырымдылықтың

өзгеше түрі ретінде болашақ шаштараз мамандар

Павлодар педагогикалық институтына барып,

ондағы студенттердің шашын тегін қиып берді.

Осылайша қолдарынан келген көмектерін көрсетті.

Мұндай қамқорлық алыс өңірлерден келіп, білім

алып жүрген жастар үшін тиімді болғаны рас.

Шаштараз қызметі қоғам үшін қай кезде болмасын

өте маңызды саланың бірі. 55 жылдық тарихы

бар оқу орнын қолынан өнер тамған мыңдаған

шәкірттер бітіріп шығып, өз кәсіптерімен айналысуда.

Колледж басшысы Азамат Кашитовтың айтуынша,

ұжым эстетикалық тәрбиемен қатар, рухани

қайырымдылық тәрбиені қолға алып отыр. Соның

дәлелі - бүгінгі шара. Болашақ жас мамандарға

арналған мұндай тәжірибелік шаралар 2 айға

созылады. Айта кетерлігі, оқу орнының 1-інші

оқу тобы дуалды оқыту бойынша білім алуда.

Ақысыз шаш қиып, қайырымды іске ұйытқы болған

жастар, бұл марафон іс-тәжірибе жинауға да оң

септігін тигізіп отыр дейді.

Мұхтар МӘДІБЕК,

ППУ Гуманитарлық жоғары ғылымдар

мектебінің 1-курс студенті.

Монтессори

кабинеті ашылды

БІЛІМ

Екібастұз қаласындағы қиын жағдайға тап болған балаларға

арналған орталықта монтессори кабинеті өз жұмысын бастады.

Жеткіншектер бұл орталықта бірқатар қызмет көрсету түрін меңгеріп,

кейін сол салада еңбек ете алады.

ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған екі жастағы бүлдіршіндер

де бар. Олардың осы жастан

бастап дамуы, қоршаған

ортаны тануы, қандай да бір

бағытқа қызығушылық танытуы

аса маңызды. Сондықтан

демеушілер қаржысының есебінен

бүлдіршіндердің ой-өрісінің

кеңеюіне, психологиялық

денсаулығын жақсартуға оң

әсер ететін Монтессори

кабинетін ашып, қажетті құрал-

«Сәби бақыты» қоғамдық

қорының президенті Ақмарал

Мамедованың айтуынша,

Екібастұз қаласындағы өмірлік

қиын жағдайдағы балаларды

қолдау көрсету орталығында

олардың дамуына

бағытталған арнайы сынып

болған жоқ. Сондықтан осыдан

біраз уақыт бұрын орталық

тәрбиеленушілерінің қашықтан

білім алуы кезінде

қиындықтар туындамас үшін

зияткерлік даму кабинеті жабдықтармен

ашылды. Мұнда балалар

сабақтан тыс уақытта үй

тапсырмаларын орындап,

қосымша білім алды. Ал күні

кеше Монтессори орталығы

өз жұмысын бастады.

- Аталмыш орталықта

қамтыдық.

Балғындар мұнда өз-өздеріне

қызмет көрсетуді үйренеді, -

дейді А.Мамедова.

Ал жеткіншектерге кәсіби

бағдарлау бағытында қолдау

көрсетіледі. Атап айтқанда,

орталық тәрбиеленушілері

шаштараз, бет, тырнақ әрлеуші

сияқты соңғы уақытта сұранысқа

ие кәсіпті меңгере алады.

Жергілікті оқу орындарының

мамандары оларға қызмет

көрсету түрлері бойынша

білім беріп, тиісті сертификат

табыстайды. Кейін сол

арқылы қосымша табыс табуға

мүмкіндік болады. Айта кетелік,

мұндай тәжірибе елімізде

алғаш рет қолға алынып

отыр. Яғни, бұған дейін қиын

жағдайға тап болған балалар

орталығы тәрбиеленушілері

үшін осындай шеберлік сыныптарын

ұйымдастырып,

сертификаттар табыстаған

емес.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Ұлттық жаңғыру дәстүрі

2021 жылғы 10 - 20 наурыз аралығында «Павлодар қаласының

№5 жалпы орта білім беру мектебінде» Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа

бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында онлайн форматта

«Наурыз дәстүрлері», атты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде

іс-шаралар өткізілді.

Шаралардың басты мақсаты

- оқушылардың Наурыз

мейрамын тойлау дәстүрлері

туралы білімдерін кеңейту,

қазақ халық ойындарымен,

салт-дәстүрлерімен таныстыру,

оқушылардың шығармашылық

қабілеттерін, танымдық

қызығушылығын дамыту,

адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге,

халық дәстүрлерін

құрметтеуге, Отанға деген

сүйіспеншілік сезімін, өз елі

үшін мақтаныш сезімін оятуға

ықпал ету.

Аталмыш күндері мектеп

оқушылары 20-дан астам наурыз

дәстүрлерін ұсынды. Онлайн

жобаға 1–11 сынып оқушылары,

ата-аналар белсенді қатысты.

Жалпы 1300-ден аса

көрермен.

Жоба қатысушылары Наурыз

дәстүрлері туралы қызықты

деректі ашатын және

Жаннатта боп жаныңыз, сіз жатыңыз.

Өшпес, Әке-Ата, күнде атыңыз.

Өзіңдей боп өшірмес шырағыңды,

Аман болса тұяғың артындағы.

Жан Анам, сені қимадық.

Өмірден өттің, қиналдық.

Жайлы болсын жатқан жер,

Иманың болсын жолдасың.

көрсететін креативті видеороликтер,

презентациялар жасады.

Белсенділікті танытып

және шығармашылықтарын

жан-жағынан көрсеткен оқушылар

мен ата-аналар алғыс

хатпен марапатталды.

Қожабеков Өмірзақ,

Қожабекова Мәрия

Әсемгүл ОМАРОВА,

Павлодар қаласының №5

жалпы орта білім беру

мектебі» КММ-нің қазақ

тілі мен әдебиеті пәнінің

ұстазы.

Ардақты да асыл Әкеміз, немере-жиендерінің сүйікті атасы, әкеміз Қожабеков

Өмірзақтың қырқынана және түн ұйқысын төрт бөлген, мейірімді қамқор анамыз

Қожабекова Мәрия анамыздың жылына арналған дұға-ас беру өтетіні туралы

хабарлаймыз.

Аққулы ауданы, Төсағаш ауылында өз шаңырағында 2021 жылдың сәуір айының

10-шы жұлдызында ас береміз.

Ата-Анамды жұмақ иелері болуды нәсіп ете гөр, РАББЫМ!

Әкешім-Анашым, мәңгі есіміздесіздер, сағынышпен еске аламыз!

Еске алушы – Қожабековтар әулеті.

(1)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет:

сейсенбі, бейсенбі және сенбі

күндері шығады, апталық

таралымы 8433 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 554

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу үшін

редакцияның жазбаша рұқсаты

алынып, газетке сілтеме

жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 6 сәуір, сейсенбі, 2021 жыл НАРЫҚ

SARYARQA SAMALY

БАҒА САЯСАТЫ

ПАРАСАТ

Ауылдың берекесіне

қарық болды

Өткен сенбіде облыс орталығында ұйымдастырылған

ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі көптің

көңілінен шықты. Таңғы 7-ден бастап сауда

қызып, павлодарлықтар арзан өнімді молынан

сатып алды. Тауар өндірушілердің де қалтасы

қампиып, қуанышпен тарқасты.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Иә, жұртшылық жәрмеңкені

асыға күткені анық. Мұны сауда

алаңына жиналған тұрғындардың

санынан аңғаруға болады.

Әсіресе, ала сөмкесін арқалаған

зейнеткерлер мәз. Халық көп

келетіні алдын ала болжанған еді.

Сол себепті барлық санитарлық

ережелердің сақталуы қатаң

бақыланды. Сатушылар бетперде

тағып, медициналық қолғаппен

қаруланған. Әр дүңгіршектің жанына

антисептиктер қойылыпты.

Естеріңізге салсақ, облыс

орталығындағы соңғы рет жәрмеңке

биыл қаңтар айында

ұйымдастырылған болатын. Аймағымызда

эпидемиологиялық

ахуал жақсарғаннан кейін жәрмеңкенің

жұмысын қайта жандандыруға

шешім қабылданды.

Өткен сенбіде Павлодар, Ертіс,

Ақтоғай және Успен аудандарының

ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушілері өз өнімдерін

ұсынды.

Жәрмеңкенің жұмысы бастала

сала ұзын-сонар кезек сүт,

картоп және жұмыртқа сатылып

жатқан жерде пайда болды.

Сүтті «Галицкое» және «Луганск»

шаруашылықтары әкеліпті. Литрінің

бағасы – 130 теңге. Тұрғындар

бос ыдыстарын өздерімен

бірге ала келіп, табиғи сүтті

молынан сатып алды.

«Андас» шаруа қожалығы

картоптың әр келісін 80 теңгеден

босатты. Дүкендерде «екінші

нанның» бағасы одан екі есе

қымбат бағада сатылатыны мәлім.

Сондықтан бұл жерде де

кезектің пайда болғаны – заңдылық.

Айтпақшы, сәбіз де 80 теңгеден,

яғни өте тиімді бағада

ұсынылды.

Жұмыртқаның жөні бөлек.

Соңғы айларда бағасы күрт қымбаттаған

өнімді алуға асыққандар

көп болды. Тіпті, «жетпей

қала ма» деген оймен сапырылысқан

халық алға ұмтылумен

болды. Жұмыртқаның ондығы

365 теңгеден сатылды.

Тұтынушылар кезекті қысқарту

үшін ендігі жолы сатушылардың

жәрмеңкенің әр

бұрышында орналасуын сұрады.

«Картопты бір ғана шаруашылық

сатып тұр. Екі-үш кәсіпкер

өз өнімін ұсынса жақсы болар

еді», дейді павлодарлықтар.

Бұл күні ет өнімдерінің сапасын

қадағалау үшін жылжымалы

ветеринарлық зертхана

жұмыс істегенін атап өткен жөн.

Яғни, кез келген ет өнімдері

сөреге қойылмас бұрын арнайы

тексерістен өткізілді.

Жәрмеңкенің жалғасуын

асыға күткендердің бірі – қала

тұрғыны Асыл Айғожина.

- Нарықта азық-түліктің бағасы

қымбаттаған сайын «Жәрмеңке

өтеді» деген ақпарат жағымды

естіледі екен. Біз сияқты

зейнетақысын айдан айға жалғап

отырған зейнеткерлер

үшін жәрмеңкенің жиі өткізілуі

маңызды. Енді жәрмеңке үздіксіз

жалғасады деген сенімдемін,

- дейді зейнеткер.

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының бөлім

басшысы Төлеген Көшербаевтың

айтуынша, жәрмеңкеде

25 бас сиыр еті, 20 бас жылқы

Суреттерді түсірген - Тілеуберді Сахаба.

еті, 15 бас қой еті сатылған.

Сондай-ақ, 50 мың дана жұмыртқаны

тұрғындар аз уақыттың

ішінде талап алған. Қала берді,

6 тонна сүт, 3 тонна құс еті

босатылған. Өнімдердің бағасы

нарықтағы бағамен салыстырғанда

15-20 пайызға арзан болды.

Аймағымызда аяқ астынан

эпидемиологиялық ахуал нашарлап

кетпесе, алдағы сенбіде

жәрмеңке жалғасын таппақ.

Сатып алушылар мен сатушылардың

тілегі бір. Жәрмеңке

тоқтамасын!

Облыстық Қазақстан халқы

Ассамблеясы жанындағы

«Аналар кеңесінің» мүшелері

жиналды. Бас қосуда

өткен жылы іске асқан

ауқымды жобалар жайында

баяндалып, алдағы

уақытта атқарылар істерді

талқыланды.

Аналар

жәрдем берді

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Шараға қалалар мен аудандардағы

«Аналар кеңесінің» жетекшілері қатысты.

Әр ұжым жекелей есеп беріп, алдағы

міндеттеріне тоқталды. Мәселен,

Ақтоғай аудандық «Аналар кеңесінің»

төрайымы К.Қарағожинова Тәуелсіздіктің

30 жылдығына орай қолға алынған

республикалық «30 игі іс» қайырымдылық

марафоны аясында аудандағы

«Жас қанат» жастар ресурстық орталығында

«Қуаныш сыйла» қайырымдылық

орталығы ашылғанын айтты.

- Бұл - қайырымдылық дүкені. Мұндағы

басты мақсат – ауданымыздағы

көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіріп,

көмек қолын созу. Мұнда көбіне көп

балалы отбасылар мен жалғыз басты

ата-аналар қамтылды. Бізге игі шараны

ұйымдастыруға бірнеше кәсіпкер көмек

қолын созды. Сонымен қатар «Аналар

кеңесінің» мүшелері мен еріктілер

тобының арқасында балалар мен

ересектерге жаңа киімдер, ыдыстар

мен күнделікті қажетті дүниелер тегін

үлестірілді. Алдағы уақытта мұндай игі

істер өз жалғасын табатын болады, -

деді ол.

COVID-19

Жалпы, өткен жылы ҚХА Аналар

кеңесінің белсенділері әлемді әбігерге

салған пандемия кезінде ауқымды

шараларды тындырды. Атап айтсақ,

медициналық бетперде тарату, аз

қамтылған отбасыларға материалдық

көмек көрсету, медицина қызметкерлерін

қолдау және басқа да шараларда

көпке үлгі бола білді.

Сонымен қатар, жиын барысында

аналар қоғамды алаңдатып отырған

мәселелерді де талқылады. Ол қатарда

отбасында ұлттық құндылықтарды

дәріптеу, әйел адамның жанұядағы

орны, қыз бала тәрбиесі, жанұядағы

зорлық-зомбылық оқиғаларының белең

алуы басқосуда кеңінен талқыланды.

Бұдан бөлек, Павлодар ауданы Қоғамдық

келісім кеңесінің төрайымы С.Шин

ауылдық округтердің әйелдерін қоғамдық

шараларға тарту, Үкіметтік емес

ұйымдардың гранттарын иелену, өз

ауылдарында қариялар мен зейнеткерлердің

уақытын тиімді пайдалану

бойынша ұсынысын ортаға салды.

Жиын соңында өңірлік ҚХА «Аналар

кеңесі», «Қоғамдық келісім» КММ

жанындағы Медиация орталығы,

Павлодар облысы Кәсіпкер әйелдер

қауымдастығы үш жақты әріптестік

меморандумға қол қойды.

More magazines by this user
Similar magazines