15.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 15 сәуір, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

БЕРЕН 15 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл 7

Ұранға қазақ деген

атты алған

Таяуда редакциямызға бір

топ азамат хабарласты.

Халқымыздың басынан

өткен қайғылы соғыс

жылдарын зерттеуші

топтың білдірген

өтінішінің мәні мынада:

Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты

қорғаған қазақ жауынгерлері

туралы жеке қазақша газет шығып

тұрған екен. Ұрысқа қатысушы қазақ

жауынгерлерінің көпшілігі орыс тілінде оқи

алмайды, бірақ оларды сөзбен ұрысқа

жігерлендіру, рухтандыру керек екенін

түсінген Қазақ КСР Үкіметі сол қаладан

қазақ баспасөзін ұйымдастырған. Онда

бірнеше қазақ әскери тілшілері жұмыс

істеген, ұрыс алаңынан хабарлар жазып

басқан. «Отанды қорғауда» атты қазақ

газетінде атақты қазақстандықтардың,

Қазақтар

(Очерк)

соның ішінде павлодарлық сарбаздардың

ерліктері туралы жазылған. Яғни, қазақ

сарбаздарын рухтандыратын мақалалар,

очерктер үздіксіз жарық көріп тұрған.

Айта кетелік, Ленинград қорғаушыларының

арасында қазақтар санының көптігі

жағынан орыстар мен украиндерден

кейін үшінші орында тұрған. Қазақ

тілді әскери басылымда Ұлы Жамбыл

Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім»

атты дастаны, кеудесімен пулеметті

жапқан Сұлтан Баймағамбетов, Әлия

Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, бөлімше

командирі Жолдас Арықбаев, пулеметші

Тастақ Назаровтың, сержанттар Иван

Гуза және Шахан Қосаевтардың ерлігі

туралы жазылып, жарыққа шыққан. Олар

туралы біздің, бейбітшілікте жарқын өмір

сүруші ұрпақтарының білетініміз кем.

Сондай-ақ, соғыс уақытында майданға

көмек беру туралы, Павлодар облысының

қосқан үлесі туралы мәлімдемелер,

Маған бір фриц былай деді: «Біздің қарсылас

солдаттарымыз қорқынышты болды, оларды

ешқандай от тоқтата алмайды, бізге тура

жүгіреді. Олардың

қазақтар екенін мен кейін

естідім. Бұрын мұндай

халықтың бар екенін де

білмеген едім…». Фрицтер

көп нәрсе білмейді. Оларға

Ресейдің алып мемлекет

екенін айтқан да, онда

алып халық тұратынын

айтпаған.

Күн шығыс даласында тым ыстық пен

қатты суыққа әбден еті үйреніп кеткен

қайратты халық тұрған. Қазақ ақындары

қазақтың кең даласы, батырлардың ерлік

істері туралы жырлаған. Батырға ардан

қымбат нәрсе жоқ. «Маған жалғыз-ақ

намыс қымбат» деп алты құлаш найзасын

алып, Ер Тарғын батыр жеті жүз жауға

жалғыз шапқан. Москваны қорғаған

28 батырдың көз алдында Тарғынның

осы бейнесі тұрған емес пе?

Панфиловшылардың біреуі, 19 жастағы

Сұлтан Ходжиков Алматыдағы өзінің

сүйгеніне былай деп жазады: «Эсфира,

сүйіктім, жоқ, мен сені немістің қорлығына

бермеймін! Өлем, бірақ шегінбеймін.

Мен ондаған жауыздарды және оларды

полковнигімен қоса о дүниеге аттандырдым.

Бұл менің махаббатымның

белгісі, Эсфира. Сенің Сұлтаның». Он

бір немісті полковнигімен жойған жігіттің

сезіміне қандай қыз қуанбайды.

Жиырма жыл бұрын Амангелді

батыр қазақ халқының бақыты үшін

шайқасқа шықты. Ол: «Қорқақ адамды

кездестіруге қоян ұялады», - деген.

Амангелді жорыққа шыққанда жауының

бетіне түкіріп, теңізші орыс досын

құшақтаған.

Қазан төңкерісінен кейін Қазақстан

гүлдене бастады. Гвардияшыл Өмірәлиев

жиырма жасында «Таш пашат» гүлденген

колхозының төрағасы болды. Ол

бір кезде жауынгерлер қатарында

болды. Үш аптаның ішінде жиырма

төрт немісті қырып үлгерді. «Бұл жай

ғана кепілдеме, төлемі әлі алда», -

дейтін ол.

Өмірбек Ілиясов атты қазақ өзінің

ауыр жарақатына қарамастан, жанармай

құйылған шынылы неміс танкісін өртеуге

қайраты жетті. Ол үлкен жүректі кішкентай

қазақ. Фрицтер қазақтың кім екенін енді

білді. Увалиев жиырма тоғыз немістің

жанын жаһаннамға аттандырды. Жауынгерлер

жиырма тоғыз рет «ура» деп

айқайлады. Пулеметчик қазақтар Естаев

пен Балапанов неміс жаяу әскерлерін

танкіден бөлектеп, ерлік істеді. Олар

немістерге 150 метр жақындап, содан

кейін ата бастады. Сонда Балапанов

Естаевқа айтты: «Жаудың мүрдесінен

жақсы иіс шығады» деген рас екен.

Жауынгер Тұрсынбаев Тынық мұхиты

жағалауында Қазақстанын қорғады. Қиын

күн болды: біздің жігіттер жаңа шекараны

қорғау үшін шабуылға шықты.

Бірақ немістер оғы командирге тиді.

Барлығы абыржып, не қыларын білмей

қалды. Тұрсынбаев алға шықты да: «За

Родину!» деп айқайлады. Одан кейін

«Отан үшін!» деп қазақшалап қайталады.

Взводты немістерге біртабан жақындатты.

Жау кейін шегінді. Тұрсынбаев ұрыс

аяқталған соң: «Немістерді қыру – менің

кішкене ғана ерлігім, біз бәріміз біріксек –

үлкен күшке ие боламыз», - деді.

Қазақ Ырысов жауынгерлерді ұрысқа

бастап барды. Өзі жаралы болса да оқ

тиген командирді ұрыс даласынан алып

шықты. Ырысовқа командирі: «Санчастіге

бар», - деді. Ол: «Жоқ, соғысуға барам», -

деп жауап берді.

Майданға кетіп бара жатқан Әшім

Қасқабаевты бүтін ауыл болып шығарып

салды. Әшімнің әкесі, сақалды қазақ

баласына былай деді: «Әшім, біздің

жеріміздің қандай екенін ұмытпа. Жеріміз

жақсы – бұл жерде бидай да, қарбыз да,

кендір де - бәрі бар. Бұл - сенің жерің,

неміске берме» деді. Әшім пулеметчик

болды. Ауыр күннің бірі еді. Немістер

шабуылға шықты. Мина таусылды. Әшім

қолына винтовка алып, «Көзін құрт

тағы басқа да құнды деректер кездеседі.

Қазақ халқының Ленинград майданында

ерлік жолынан хабар беру үшін,

әрі ұлт ұрпағы мақтан етсін деген оймен

1942-1944 жылдары Ленинград қаласында

шығып тұрған «Отан қорғауда» атты

газетінде жарияланған осы жәдігерлердің

кей бөліктерін жариялауды жөн деп

шештік.

Айта кетерлігі, бұл құнды мұраны

Ресей архивінен тауып ұсынушы – белгілі

қазақстандық мәдениет қайраткері, киноактер,

өнертанушы, меценат, бүгінде

Санкт-Петербург қаласында тұратын

азамат Шерхан Әбілов.

Бүгін біз атақты кеңестік майдангер

жазушы Илья Эренбургтің «Отанды

қорғауда» газетінде 1942 жылдың

11 қарашасындағы санында жарық көрген

«Қазақтар» атты мақаласын ұсынамыз.

Редакциядан.

немістің» деп жауға қарай жүгірді.

Оның соңынан басқа жолдастары

да жүгірді. Әшім неміс офицерін

найзамен түйреді. Сол күні ол 4 рет

шаппа-шап соғысқа қатысты, бірнеше

немісті түйреді. Әшім жарақат алып

қалды. Оған жолдастары: «Қасқабаев,

саған госпитальға бару керек» деді,

оған Әшім: «Госпитальдың керегі жоқ,

одан да немістерді жою керек» деп

жауап беріп, қатарда қалды. Жігіттер

осылай соғысты.

Ленинградты қорғаушы қазақ Көкжалин

шабуылға кетіп бара жатқанда снаряд

қаруын ортасынан бөліп тастады. Ол

қорыққан жоқ. Жауға гранатпен шықты.

Қазақтар далада атқа мініп өскен.

Керек болса олар еңбектейді, жүгіреді,

батпаққа да түседі, оларды ешнәрсе

тоқтата алмайды.

Отанға берілгендік отпен тексеріледі.

Сабанды отқа салсаң, жанып кетеді,

болатты отқа қойсаң шыңдалады. Бір

құдай екіншісін жек көретін, венгр

румынды тұншықтыратын Гитлердің

«Жаңа Еуропасына» обал-ақ. Біз өртті

тұтатамыз. Олардан істеген ісі үшін

жауап беретін сәт туғанда бір неміс

екінші немісті өлтіре салады. Соғыс

отының ортасында біздің Отанымыз

үш есе күштірек бола түсті. Қазақтар

орыстармен теңдей соғысты. Біз бірге

өртенеміз, бірге ұрысамыз, жеңістің

алғашқы кезеңіне бірге қуанатын

боламыз.

Илья ЭРЕНБУРГ,

«Отан қорғауда» газеті,

18 қараша, 1942 жыл,

Ленинград қаласы.

Мейірімді

дәрігер

Павлодар қалалық №4 емхананың

педиатр-дәрігері Нұржамал Әубәкірованы

бала тәрбиелеп отырған

ата-аналар қауымы жақсы біледі

десек, қателеспейміз. Өз саласының

маманы күнделікті қызметінен бөлек,

«Instagram» әлеуметтік парақшасы

арқылы да тұрғындардың сауалдарына

жауап беріп, бала еміне

қажетті кеңес береді.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Болашағын балаларды

емдеу ісімен

байланыстырған білікті

дәрігер өзіне жүктелген

міндетті тыңғылықты

атқарып

келеді. Нұржамал

Талғатқызының жұмыс

істеп жүргеніне көп

уақыт болмаса да,

мамандығына адаспай

келген деп толық айта

аламыз. Оған оның

атқарып жүрген тың

істері дәлел бола

алады. Жас маман

өзі жұмыс істейтін

медициналық мекемеде

тұңғыш рет аналарға арналған мектеп

пен балаларды дұрыс тамақтандыруға үйрететін

ресурс орталығын ашты. Әріптестерінің ортасында

сыйлы дәрігер өткен жылы «100 жаңа

есім» жобасында бақ сынаған болатын.

Нұржамал Талғатқызы 1991 жылы Шығыс

Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Қасым

Қайсенов ауылында дүниеге келген. Жергілікті

мектепті тәмамдаған соң, Нұр-Сұлтан

қаласындағы медициналық университетке оқуға

түседі. 5 жыл бакалаврда, 2 жыл интернатурада,

2 жыл резидентурада оқып, дәрігер

мамандығының қыр-сырын меңгереді. 2018

жылы қолына диплом алған соң, Павлодар

қаласындағы №4 емханаға жұмысқа

тұрады.

Нұржамал Талғатқызы күнделікті қызметінен

бөлек, өзі ашқан орталықта өмірге нәресте әкелген

әйелдерге баланы дұрыс тамақтан-дырудың

тәсілін үйретеді. Өзі тәжірибе жүзінде нәрестенің

жас ерекшеліктеріне байланысты ботқа әзірлеп

көрсетеді. Сонымен қатар, аналарға арналған

мектепте жүкті әйелдерге арнайы кеңес береді.

Тәуелсіздіктің құрдасы әр маман заман

талабына сай бейімделіп, сапалы қызмет

көрсете білуі керек деген пікірін жеткізді.

- Технология дамыған заманда әр адам

оның тілін жетік меңгере білуі керек. Дәрігердің

жұмысы ауыр болса да, «Instagram» парақшасын

белсенді пайдаланамын. Оқырмандарым өте

көп. Кейде олардың арасында ойын өткізіп,

балаға қажетті дәрумендерді сыйға тартамын.

Бұл арқылы аналарға нәрестені дұрыс күту,

тамақтандыру, емдеуге қатысты кеңес беремін.

Декретте отырған аналар сырқаттанып қалған

балаларының суреттерін жолдап, қандай да бір

жара, ісікке қатысты сұрақ қойып жатады. Кейбір

ауру түрлері барлық балада кездесетіндіктен

аналарға мұндай жағдайда не істеу керектігін

үйретемін. Тікелей байланысқа да шығып, сауалдарына

жауап беремін. Қызметім өзіме ұнайды, -

дейді дәрігер.

Нұржамал Талғатқызы өзінің Тәуелсіздіктің

төл құрдасы екенін мақтан етеді. Жас маман

ретінде оған мемлекеттік қолдау көп көрсетілгенін

жеткізді. «7-20-25» бағдарламасы арқылы

баспанаға ие болғанын айтты.

- Қазір жұмыс істеймін деген адамға

мемлекет тарапынан мол мүмкіндік беріледі.

Өткен жылы «100» жаңа есім жобасында бақ

сынадым. Мұндай жобаларға қатысудың өзі

жастарға стимул береді. Бұдан бөлек, шет елде

жұмыс істеп жүрген әріптестерімізбен байланыс

орнатылған. 2019 жылы Түркия еліне барып,

біліктілігімізді арттырып келген болатынбыз.

Мұны да Тәуелсіздігіміз сыйлаған мүмкіндік

деп айтар едім, - дейді Н.Әубәкірова.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!