01.06.2021 Views

Сарыарқа самалы, 1 маусым, cейсенбі

  • No tags were found...

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

1 маусым, сейсенбі

2021 жыл

№60 (15678)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

БҮГІН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

БАСПАСӨЗ - 2021

Бала - отбасы бақыты

ҚҰРМЕТТІ

ОҚЫРМАНДАР!

«Saryarqa samaly» газетіне

2021 жылдың екінші

жартысына жазылу

жүргізілуде!

БІЗДІҢ БАСЫЛЫМҒА ЖАЗЫЛУДЫҢ

КЕЛЕСІДЕЙ МҮМКІНДІКТЕРІ БАР:

«Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы

(1 және 6 айға толық жазылу индекстері

- 55443, 55441)

Қалаларда -

1 айға - 1153 теңге 99 тиын

6 айға - 6924 теңге 20 тиын

Аудан, ауылдарға -

1 айға - 1207 теңге 01 тиын

6 айға - 7242 теңге 40 тиын

«Alash Press» ЖШС бөлімшелері

арқылы (Павлодар қ.) -

1 айға - 1152 теңге 50 тиын

6 айға - 6915 теңге

Суретті

Коллажды Коллажды ғаламтордан түсірген жасаған - Валерий - М.Мұстафина.

жасаған

алынды. Бугаев.

- М.Мұстафина.

Бүгін бүкіл әлем Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтуде.

Болашақ ұрпақтың әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және

елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне жағдай тудыру -

әр мемлекеттің маңызды миссиясы. Бұл атаулы күн - әлемнің

түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана

емес, жасөспірімдердің құқығын қорғап, оларға қамқор болуға,

әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін дата.

Зобалаң:

ҰРПАҚТАР ЖАДЫНДА

Жалғасы 5-бетте

Қазіргі зерттеушілердің мәліметтері бойынша, 1933 жылға қарай 40 миллион мал басының

тек 5 миллионы ғана қалды, аштықтан 2 миллион 580 мың қазақ қаза тапты, миллионға

жуық адам аса мұқтаждықпен қуылды, туған жерлерін тастап, бөтен жерге кетуге мәжбүр

болды.

Толығырақ 4-бетте

Газет редакциясынан алу

(Павлодар қ.) -

1 айға - 990 теңге

6 айға - 5940 теңге

Басылымға «Қазпоштаның» жергілікті

бөлімшелерінде немесе «Alash Press» ЖШСінде

(тел. 61-63-18, тек Павлодар қаласы

үшін) жазыла аласыз. Одан басқа, Астана

к-сі, 143 мекенжайы бойынша баламалы

жазылып, тікелей редакциядан алуға

болады. Мекемелер мен ұйымдар газеттің

кемі 50 данасына жазылса, кәсіпорынға

дейін жеткізу ұйымдастырылады. Тел:

8 (718 2) 66-15-41.

Арман ТЕМІРБЕК,

Облыстық Ж.Аймауытов

атындағы қазақ

музыка-драма театрының

директоры

Құрметті оқырман!

Егер сізге «Saryarqa samaly» газеті

тиісті уақытында жеткізілмесе, мына

телефондарға хабарласыңыздар:

«Қазпошта» АҚ ПОФ-тың жазылу бөлімі:

32-40-37 және

сенім телефоны:

32-35-35


2 1 маусым, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ҰЛТ ҚАСІРЕТІ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық

құрбандарын еске алу күніне байланысты

үндеу жариялады. Үндеудің толық

мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.

Ел тарихындағы

ең азалы кезең

Зобалаң жылдар зардабы

Өткен ғасырдың 30-ыншы жылдары - Қазақстан халқы үшін ең ауыр да тарихи

кезеңдердің бірі. Кеше облыс орталығындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік

мекемесінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі: Тарих және естелік»

атты халықаралық онлайн форум өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының

мүшелері, халықаралық деңгейдегі тарихшылар мен сарапшылар қатысып,

жазықсыз жазаланғандарды ақтауға және аштық құрбандарын еске алуға

қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

Құрметті отандастар!

Бүгін, 31 мамыр – ел тарихындағы ең азалы кезеңнің

бірін еске алу күні.

Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы саяси қуғынсүргін

Кеңес Одағы дәуіріндегі миллиондаған азаматтың

тағдырына таңба салды. Қазақстанда жүз мыңнан астам

адам жазықсыз сотталып, оның төрттен бірі өлім жазасына

кесілді.

Еліміздің аумағында он бір еңбекпен түзеу лагері болды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан

Назарбаевтың бастамасымен қасірет мекені КАРЛАГ пен

АЛЖИР-де тоталитарлық жүйенің шексіз қатігездігін үнемі

еске салып тұратын тарихи мемориалды кешендер ашылды.

Зұлмат заманда тұтас халықтар қудалауға түсті. Туған

жерінен зорлықпен көшірілген бес миллионға жуық адам

қасиетті қазақ жерінен пана тапты. Қазақстан олардың

құтты мекеніне айналды.

Ұлтымыз алапат аштықтың зардабын тартып, орны

толмас шығынға ұшырады. Шектен шыққан ұжымдастыру

науқаны Ұлы даланы бұрын-соңды болмаған ауқымды

гуманитарлық апатқа ұрындырды.

Халқымыз небір зобалаңды көрсе де рухын аласартқан

жоқ. Бірлігін бекемдеп, ынтымағын арттыра түсті.

Тәуелсіздік таңы атқаннан кейін біз арыстарымызды

ақтауға кірістік. Кезінде жазықсыз жазаланған мыңдаған

азаматтың есімін ел жадында жаңғырттық.

Былтыр қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін

Мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия солақай саясаттан

жапа шеккен қазақстандықтарға қатысты тарихи

әділдікті қалпына келтіруге тиіс. Бұл – мемлекеттің ғана

міндеті емес, бүкіл қоғамның парызы.

Төл шежіреміздегі қайғылы кезеңдерді ұлттық бірегейлігімізден

бөле-жара қарау мүмкін емес. Сондықтан, біз саяси

қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына

тағзым етіп, есімдерін мәңгі есте сақтаймыз.

Тарихтан тағылым алып, мұндай тауқымет ешқашан

қайталанбауы үшін бәрін жасайтын боламыз.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,

ҚР Президенті.

ВЕТЕРИНАРИЯ

Өнім сапасы –

басты назарда

Азық-түлік қауіпсіздігін бақылау – маңызды

шаруа. Содан болар, қазір кез келген мемлекет

сырттан ішкі нарыққа жол тартатын

өнімдердің сапасын жіті қадағалап, арнайы

талаптарды да ойлап тапқан. Мұны өз тауарларын

экспорттап жүрген павлодарлықтар

жақсы біледі.

Жыл басынан бері павлодарлық ауыл шаруашылығы

тауарын өндірушілері 5100 тоннадан астам өнімді

экспорттаған. Тұтынушылардың қатарында сонау БАЭ де

бар. Ондағылар қой етіне қызығушылық танытып отыр.

Павлодарлық кәсіпкерлер негізінен Ресей және Өзбекстан

нарығын жаулауға асық екен.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн

брифингте ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау

комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы

Рашид Нұрбеков азық-түлік қауіпсіздігі және төрт түлік

ауруларының алдын алу жөнінде айтып берді.

- Жыл басынан бері шекаралас аумақтағы кедендік

бекеттерде азық-түлік тасымалдаған 1200-ден астам

жүк көлігі тексерілді. Ережеге қайшы келетін жайттар аз

тіркелген жоқ. Көбі «Меркурий» жүйесінде тіркелмеген.

Тауар тасымалдау бойынша талаптардың орындалмауы

да жиі кездеседі, - дейді Р.Нұрбеков.

Төрт түлік ауруына келсек, жыл басынан бері облыс

аумағында құтырманың 15 оқиғасы тіркеліпті. Оның

3 ошағы Железин ауданында, екеуі Баянауыл ауданында.

Ауруды таратушылар – жабайы аңдар. Айтпақшы, былтыр

өңірде тіркелген құс тұмауына «кінәлілер» де жабайы

құстар болатын. Бұл ретте, ветеринариялық бақылау және

қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының

мамандары шекаралас аймақтағы су тоғандарын тексеріп,

жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын айтады.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Форумға облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов, Қазақстан халқы Ассамблеясы

төрағасының орынбасары,

ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан

халқы Ассамблеясы хатшылығының

меңгерушісі Марат Әзілханов және

өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты.

- Социалистік режим кезінде

қазақ даласы «ГУЛАГ»-тың лагеріне

айналып, алыптарымыз қуғынға

ұшырады. Олардың ішінде Әлихан

Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет

Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев,

Жүсіпбек Аймауытов бастаған ұлы

тұлғаларымыз бар. Бұл қара тізімде

«Алашорда» үкіметінің Павлодар

уездік бөлімшесін басқарған Қабыш

Бердалин, аймағымыздан шыққан

тұңғыш дәрігер Арын Сүлейменов

сынды аяулы жерлестеріміз болды.

Сталиндік режимнің құрбанына

айналған бірде-бір қазақтың есімі

Бүгіннен бастап

облыс орталығының

тұрғындары электр

энергиясын пайдаланғаны

үшін бұрынғыдан

артық төлейді. Себебі

коммуналдық қызметтің

бұл түріне белгіленген

шекті тариф өсті.

Осы жылдың 1 сәуірінде ҚР Энергетика

министрлігі электр энергиясын

өндіретін кәсіпорындардың тарифін

өсіріп, жаңа бағаны бекіткен болатын.

Бұл электр таратушы компаниялардағы

бағаның өсуіне ықпал етті. Бұған дейін

«ПавлодарЭнергосбыт» ЖШС «ПавлодарЭнерго»

АҚ-нан электр энергиясының

1 кВт/сағатын 8,29 теңгеге сатып

алып, жеке тұлғаларға 11,12 теңгеге,

заңды тұлғаларға 17,96 теңгеге және

бюджеттік ұйымдарға 24,25 теңгеге

жеткізіп келген еді.

Ал 1 сәуірде электр өндіруші –

«ПавлодарЭнерго» компаниясы 1 кВт/

сағ энергияның бағасын 10,24 теңгеге

дейін өсірді. Сол себепті «ПавлодарЭнергосбыт»

ЖШС облыстық табиғи

монополияларды реттеу департаментіне

шекті тарифті 3,51 теңгеге көбейтіп,

ұмытылмайды. Осыдан 28 жыл бұрын

елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын

ақтау туралы заң қабылданған. Бұл –

қазақ елінің болашағы үшін күресіп,

еркіндікке ұмтылған ұлт қайраткерлері

алдындағы ең үлкен борышымыз, -

деді Әбілқайыр Бақтыбайұлы.

Қазақстан халқы Ассамблеясы

төрағасының орынбасары Марат

Әзілхановтың сөзінше, саяси қуғынсүргін

жылдары 100 мыңнан астам

қазақстандыққа әртүрлі жала жабылып,

сотталған болса, соның 25 мыңнан

астамы атылған. Ал, Павлодар өңірінен

810 адам атылған деген бейресми

дерек бар. Сол жылдары Қазақстан

аумағында «Дальний», «Песчаный»,

«КарЛаг», «АЛЖИР», «Степной» және

«КамышЛаг» сынды ГУЛАГ-тың

11 лагері жұмыс істеді.

- Қазақстан халқы Ассамблеясының

29-сессиясында репрессияның

Электр энергиясы

қымбаттады

19,25 теңге көлемінде бекіту туралы

өтініш берді. Құзырлы орган өтінішті

сарапқа салып, тиісті есептеулер

жүргізіп, нәтижесінде шекті тарифті 19,15

теңге көлемінде бекітті. Соған сәйкес,

1 маусымнан бастап тұрғындар бір

кВт/сағат электр энергиясын пайдаланғаны

үшін 12,23 теңге, заңды тұлғалар

19,76 теңге, бюджеттік ұйымдар 44,99

теңге төлейтін болды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Олег Крук әлеуметтік

желідегі ресми парақшасы арқылы

электр энергиясының қымбаттау

себебін түсіндірді.

- 1 сәуірде жаңа тарифтің енгізілуіне

байланысты электр энергиясын

өндіруші компаниялар босату құнын

25 пайызға арттырды. Сондықтан

1 маусымнан бастап жеке, заңды

тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар

төлейтін тарифті өсіруге тура келді.

Бұл ретте тұрғындар үшін бір кВт/

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

құрбанына айналған мыңдаған азаматты

ақтап алғанымыз мақтанышпен

айтылды. Елімізде бұл бағытта үлкен

жұмыс атқарылуда. Прокуратура органдары

340 мыңнан астам азаматты

ақтап, 14 кітап шығарды. Бұған «Әділет»

тарихи-ағарту қоғамы мен «Мемориал»

халықаралық қоғамы белсенді

атсалысты, - деді Марат Алмасұлы.

Жиынға ҚР Президенті архивінің

директоры Жәмила Әбдіқадырова,

Ресей халықтары Ассамблеясы кеңесінің

төрағасы, Еуразия халықтары

ассамблеясы бас хатшылығының

басшысы (Мәскеу қ.) Светлана

Смирнова, Е.Бөкетов атындағы

Қарағанды университетінің ректоры,

заң ғылымдарының докторы, профессор

Нұрлан Дулатбеков сынды

азаматтар онлайн қатысып, сөз

сөйледі.

Тілеуберді САХАБА.

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

сағат электр энергиясының бағасы

тек 1 теңгеге өседі. Салыстырмалы

түрде алып қарасақ, мемлекеттік

қазына есебінен қаржыландырылатын

мекемелер үшін белгіленген тариф

бірден 85 пайызға қымбаттап, 24,25

теңгеден 44,99 теңгеге жетті. Яғни,

тұрғындар мен бизнеске салмақ

салмау мақсатында негізгі жүктеме

бюджеттік ұйымдарға түсіп отыр, -

дейді О.Крук.

Осы орайда электр таратушы

компания 1 маусымнан кейінгі орташа

өсімді есептеп берді. Мәселен, бұдан

былай бір бөлмелі пәтер иелері

жарықты пайдаланғаны үшін

бұрынғыдан 171,7 теңге, екі бөлмелі

пәтер тұрғындары 282,8 теңге,

үш бөлмелі үйдің қожайындары

378,75 теңге артық төлейді.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 1 маусым, сейсенбі, 2021 жыл 3

ЕЛ КЕЛЕШЕГІ

Жанам деген

жастарға от береді

Бүгінде Ертіс-Баян өңірінде 14-29 жас арасында 135 мыңнан

астам жас бар. Оларды тұрақты жұмыспен қамту, кәсіпкерлік

негіздерін дамыту мен қолдау мақсатында аймағымызда бірқатар

істер атқарылуда.

К

еше облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов өңірдің белсенді

жастарымен кездесіп,

жастар саясатына қатысты

мәселелерді талқылады. «Достық

үйінде» өткен кеңесте жастардың

кәсіпкерлік белсенділігін арттыру,

жас кәсіпкерлердің және олардың

бизнес-жобаларын қолдау, Павлодар

қаласындағы жастардың жай-күйі,

жастар ресурстық орталықтарының

жұмысы, еңбек жасақтарының

қызметі мен жұмыс беруші жастар

кеңесінің атқарып жатқан істері

кеңінен сөз болды.

- Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең

ұрпақтың дамуына ерекше

назар аударуда. Бұл - жастарға

артылар мол сенімнің көрінісі. Біз

үшін жастарды қандай мәселе

толғандыратынын білу өте маңызды.

Алдағы уақытта да жастардың

дамуына, олардың өмірден өз

орнын табуына бағытталған жобаларымыз

өз жалғасын табатын

болады, - деді Ә.Сқақов.

Жыл санап облыста жас

кәсіпкерлердің саны артқанын

байқаймыз. Облыстық кәсіпкерлік

және индустриялық-инновациялық

даму басқармасының басшысы

Айбек Тұрсынғалиевтің айтуынша,

былтыр бизнесті қолдау

бойынша мемлекеттік бағдарламалар

аясында жас кәсіпкерлердің

269 жобасы қаржыландырылған.

Мәселен, «Бизнестің жол картасы

- 2025» бойынша - 72,

«Еңбек» бағдарламасы аясында -

93, «Қарапайым заттар экономикасы»

негізінде 4 жоба қолдауға

ие болған.

- Биыл да бұл жұмыстар

жалғасын табуда. Бүгінгі таңда

жас кәсіпкерлердің 187 жобасы

мемлекетік қолдауға ие болды.

Оның ішінде 178 жоба - «Бизнестің

жол картасы 2025», 9-ы «Еңбек»

бағдарламасы бойынша. Осы

ретте «Бизнестің жол картасы -

2025» бағдарламасы аясында

жаңа бизнес-идеяларды іске

асыру үшін жас кәсіпкерлерге

(29 жасқа дейінгі) мемлекеттік

гранттар берілетінін атап өткім

келеді. Бұл - 5 млн теңгеге дейін

берілетін өтеусіз гранттар. Осы

мақсаттарға 2019 жылдан бастап

жыл сайын республикалық бюджеттен

39 млн теңге қаражат

бөлінеді. Өткен жылдың қорытындысы

бойынша 10 жоба

қолдау тапса, биыл жыл басынан

3 жоба қаржыландырылды, -

деді А.Тұрсынғалиев.

Басқарма басшысы соңғы

уақытта жастар арасында

кәсіпкерлікке ден қойғандардың

саны артып келе жатқанын атап

өтті. Мәселен, биыл жыл басында

қолға алынған «Business Ertis»

өңірлік әртараптандырылған бағдарламасын

атап өтуге болады.

Бағдарлама 5 негізгі блоктан,

36 жобадан және 588 кіші жобадан

тұрады.

Аймақ басшысы жауапты

органдар жаңа бизнес-идеяларды

қолдап қана қоймай, оның әрі

қарай дамуына атсалысу керектігін

атап өтті.

- Жас кәсіпкерлерді кемі 3-5

жылға дейін бақылауға алған абзал.

Бұл олардың кәсібін ары қарай

дамытып, аяққа нық туруына

жол ашады. Біз мамыр айынан

бастап бұқаралық спортты дамыту,

балалардың спорттық үйірмелерін

ашу мақсатында мемлекеттік

тапсырыс жасаудамыз. Биыл осы

тәсілмен 2 мыңға жуық баланы

қосымша спорттық үйірмемен

қамтуды жоспарлап отырмыз. Сол

себепті өңір жастарын бұқаралық

спортты дамытуға атсалысуға

шақырамын, - деді Ә.Сқақов.

Кеңесте Павлодар қаласының

әкімі Ержан Иманслям жастарға

арналған бағдарламалардың тыңғылықты

іске асып жатқанын атап

өтті. Ал облыстық Жастар бастамаларын

дамыту орталығының

басшысы Төлеген Айтпаев кейбір

аудандарда жастар орталығына

арналған ғимараттың жетіспейтінін,

мамандардың шалғай ауылдарға

барып, кеңес беруіне көліктің

жоқтығы қолбайлау екенін айтты.

Сонымен қатар, облыстық «Жасыл

ел» штабының командирі Русана

Сәмекова биылғы жылы жастарды

жұмыспен қамту бойынша Тереңкөл

ауданы «Жасыл елге» қаржы

бөлмегенін атап өтті. Өз кезегінде

Тереңкөл ауданының әкімі Серік

Батырғожинов «Жасыл елдің»

екінші маусымына 1 млн теңге

қаржы қарастырылып отырғанын

мәлімдеді.

Кеңес соңында аймақ басшысы

қалалар мен аудандардың әкімдері

облыстық ақпарат және қоғамдық

даму басқармасымен бірлесіп,

жастарды қолдау жөніндегі

2021-2025 жылдарға арналған

кешенді бағдарламаны іске асыру

шеңберінде жұмысты күшейтуді

міндеттеді. Сондай-ақ, жастар

ресурстық орталықтарының

қызметін бақылауды, шалғайдағы

ауылдық округтердің жастарына

айрықша көңіл бөлуді, «Жасыл

ел» сарбаздарының жұмысын

бақылауды тапсырды.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ,

Суретті түсірген -

Валерий Бугаев.

БІЛІМ

Биыл өңірімізде «Ертiс bala fest» көрмесі өтеді

деп жоспарлануда. Одан жас білімпаздардың

оқу жылының басынан бері қандай нәижеге қол

жеткізгенін байқауға болады. Яғни, оқушылардың

өнер, мәдениет, білім, ғылым және спорт саласында

жыл бойы жеткен жетістіктері ұсынылады.

Оқушы

жетістігі

ұсынылады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен

брифингте облыстық білім беру

басқармасының басшысы Дінислам

Болатханұлы айтты.

- Мектеп оқушыларының жазғы

демалысын барынша тиімді пайдалану

керек деген шешімге келдік.

Яғни, жазғы демалыс маусымына

білім беру компонентін де

қосып отырмыз. Бұл оларға жаз

бойы бас көтертпей сабақ оқыту

керек деген сөз емес. Балаларды

шаршатпай, жалықтырмай,

сабақтарды ойын форматында

өткізуді ұсынып отырмыз. Ал ауыл

балалары үшін онлайн лагерьлер

ұйымдастырып, қосымша сабақтар

өтілетін болады, - дейді Дінислам

Болатханұлы.

Басқарма басшысының

сөзінше, өткен аптада 9-сынып

оқушыларының қорытынды аттестациясы

басталған. 11-сынып

оқушыларының қорытынды емтиханы

1-10 маусым аралығында

өтеді. Қорытынды сынақтар

кезінде санитарлық нормалар

мен талаптар сақталады. Былтыр

аймағымызда 188 түлек «Алтын

белгі» иегері атанған болса, биыл

227 оқушы үміткер. Олардың

138-і қазақ тілінде, қалғаны орыс

тілінде оқыған.

- Биылғы жаздың басты

ерекшелігі – соңғы қоңырау

соғылғанымен оқу жүйесі тоқтаған

жоқ. Министрліктің тапсырмасына

сәйкес барлық мектепте

26 мамырда жазғы мектеп басталды.

Ол 19 маусымға дейін

жалғасады. Біз мұғалімдерге

сыныпты толтырыңдар, бала

жинаңдар деген тапсырма бермейміз.

Балалар жазғы мектепке

өзінің қалауымен және ата-анасының

рұқсатымен ғана келеді. Статистикаға

жүгінсек, бүгінгі күнге

дейін облыс мектептерінің жазғы

оқуына 32 мың оқушы жазылыпты.

Білім беру мекемелерінде

3 мыңдай топ құрылып,

4 мыңнан астам мұғалім жұмысқа

тартылды. Жазғы мектеп кезінде

мұғалімдер тарапынан үй тапсырмасы

берілмейді, балаларға мектеп

формасын киюдің керегі жоқ.

Сабақ өту ұзақтығы - 40 минут.

Негізінен, көңілді сайыстарға,

спорттық ойындарға ден қойылады.

Жазғы мектеп балалардың, әсіресе

қашықтан оқыған оқушылардың

негізгі пәндері бойынша орын алған

олқылықтардың орнын толтыру

мақсатында ұйымдастырылуда, -

деді басқарма басшысы.

Еске сала кетейік, биыл

аймағымызда 4483 оқушы

11-сыныпты бітірді. Түлектердің

аттестатын табыстау рәсімі 12-14

маусым күндері аралығында

өтеді.

Тілеуберді САХАБА.

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Улау жұмыстары

бақылауда

Әлеуметтік желіде шыбын-шіркейдің «қатысуымен»

түсірілген бейнежазбалар қаптап кетті. Әсіресе,

масаға таланған сәбилердің ата-аналары қапалы.

Өз кезегінде улау жұмыстарына жауапты мамандар

күндіз-түні әлеуметтік желідегі парақшалары

арқылы байланысқа шығып, дезинсекциялық

шаралардың жазбаларын жүктеуде.

Мамандар таңның атысы,

күннің батысы демей, «Инстаграм»

парақшасында тікелей

эфирге шығып, тұрғындарды

маңызды ақпаратпен қамтамасыз

етуге тырысады-ақ. Бастысы –

жұмыстың нәтижелігі.

Тұрғындардың шағымынан

кейін бұл іске облыс әкімдігі

де белсенді араласып, мәселені

назарда ұстап отырғанын атап

өткен жөн. Облыс әкімінің орынбасары

Асайын Байханов күн

сайын өзінің парақшасы арқылы

павлодарлықтармен байланысқа

шығып, улау жұмыстары жүргізілетін

учаскелерді аралап жүр.

Жақында ол қайықта келе жатып,

тікелей эфирге шығып, Ертіс

өзенінің сол жағалауындағы өңдеу

жұмыстарының барысын бақылады.

Оның айтуынша, қаламен

салыстырғанда мұнда масалар

әлдеқайда көп. Сондай-ақ, шыбыншіркейдің

жойылуы тиіс «ордалары»

аз емес екен.

- 5-8 күннің ішінде тұрғындар

масалардың азайғанын сезеді

деп ойлаймын. Павлодарлықтар

Ертіс жағалауында масаларды

улау неліктен ұшақ арқылы

ерте қолға алынбағанын жиі

сұрайды. Оның себебі бар. Су

жіберу кезінде өзен суы арнасынан

асып, біраз уақыт тұрады.

Егер арнасына түспей тұрып

улауды бастасақ, химиялық

препарат сумен бірге өзенге ағып,

балықтарға үлкен зиян келеді.

Биыл шыбын-шіркейдің көп болуын

су қоймаларынан босатылған су

мөлшерінің артқанымен байланыстырып

отырмыз. Мамыр айында

37 градустық аптап ыстықтың

орын алуы шыбынның көбеюіне

себеп болғаны рас, - дейді

Асайын Байхан.

О.ҚОЖАНОВ.


4 1 маусым, сейсенбі, 2021 жыл ЗОБАЛАҢ

SARYARQA SAMALY

Ұрпақтар жадында

ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық тарихы

Биылғы жылдың

маңызды оқиғасы -

Қазақстан Республикасы

Тәуелсіздігінің

30 жылдығы.

Тәуелсіздікке қол

жеткізу жолына назар

аудара отырып, біз

ата-бабаларымыздың

басына түскен

сынақтар туралы еске

алуға міндеттіміз.

Қазақстан

Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

«Тәуелсіздік

бәрінен қымбат»

атты мақаласында

біздің бүгініміз

бен болашағымыз

көбінесе өткенге деген

қарым-қатынасқа,

алдыңғы ұрпақтардың

іс-әрекеттерін

құрметтеуге және өз

тарихымыздан сабақ

алуға байланысты

екенін әділ атап өтті.

Өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы

ашаршылық көптеген

қазақстандықтар үшін өшпес азапқа

айналды. Күштеп ұжымдастыру,

еріксіз отырықшыландыру, шаруаларға

қатысты қуғын-сүргінді

жүзеге асыруда көрініс тапқан

Кеңес басшылығының тоталитарлық

саясатының салдарынан қазақ

даласындағы тіршілікті қамтамасыз

етудің дәстүрлі жүйесі бойынша

орасан зор залал келтірілді.

Қазіргі зерттеушілердің мәліметтері

бойынша, 1933 жылға

қарай 40 миллион мал басының

тек 5 миллионы ғана қалды,

аштықтан 2 миллион 580 мың

қазақ қаза тапты. Миллионға

жуық адам мұқтаждықпен қуылды,

туған жерлерін тастап, бөтен

жерге кетуге мәжбүр болды. Бұл

уақыт халықтың жадында «Ұлы

жұт жылдары» - малдың жаппай

қырылуы мен адамдардың қаза

болуы ретінде қалды. Қазақ жері

жаппай ашаршылық құрбандарының

мәйіттерімен жабылған үлкен

зиратқа айналды деуге болады.

Бұл трагедия Қазақстанда тұратын

басқа халықтарға да әсер етті.

Мысалы, украиндықтардың 11%-ы,

орыстардың – 6 %-ы, өзбектердің

8%-ы, ұйғырлардың 13%-ы, татарлардың

10%-ы, немістердің 11%-ы

аштан қырылды.

Аштық пен «қоныс аудару»

трагедиясы тарихының бұрынсоңды

белгісіз беттерін ашқан

алғашқы зерттеушілерге құрмет

көрсету керек. Кеңестік кезеңдегі

жаппай ашаршылық қасіретін

зерделеу жөніндегі алғашқы

мемлекеттік комиссиялардың

құрамында М.Қозыбаев, М.Тәтімов,

Ж.Абылхожин, Х.Әбжанов,

Қ.Алдажұманов, Т.Омарбеков,

Е.Садықов, З.Қабылдинов, Б. Аяған

және т.б. белгілі қазақстандық тарихшылар

болды және бірқатар ғылыми

жобаларды іске асыруға қатысты.

Бұл мәселені жергілікті зерттеуде

мұрағатшылар мен өлкетанушылар

болды. Павлодарлық зерттеушілер

арасында бұл жұмысқа В.Болтина,

Х.Мақажанова, М.Жаманбалинов,

Р.Бектеміров, Ғ.Жұматов, Е.Қайыров

және т.б. үлкен үлес қосты.

Өкінішке қарай, бұл тақырып

әлі толық зерттелмеген, отандық

тарихымызда көптеген ақтаңдақтар

сақталған. Біріншіден, ХХ ғасырдың

30-жылдарының басындағы

драмалық оқиғалар мен процестерге

әлі де нақты тарихи-құқықтық

баға берілген жоқ: бұл геноцид

немесе биліктің «асыра сілтеуі»

болды ма? Бұл мәселені шешу,

сондай-ақ саяси қуғын-сүргін

құрбандарын, «кулактар, байлар»

деп аталатын шаруа көтерілістеріне

қатысушыларды, ГУЛАГ тұтқындарын,

түрлі зорлық-зомбылық саяси акциялары

мен ашаршылық кезінде

қоныс аударуға мәжбүр болған

босқындарды толық ақтау үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт

Тоқаевтың тапсырмасы бойынша

Мемлекеттік комиссия құрылды.

Өңірлерде осыған байланысты

комиссиялар құрылды.

Қойылған мәселелерді зерттеудің

негізгі көзі, әрине, мұрағаттық

құжаттар болып табылады.

Жүргізілген мемлекеттік саясаттың

арқасында өз халқына қарсы

жазалау шараларын жүргізген

партиялық және кеңестік билік

органдарының жаңа, бұрын

зерттеушілер үшін қолжетімсіз

шешімдері, нұсқаулықтары, бұйрықтары,

хаттамалары ашылуда.

Сонымен қатар репрессия мен

аштықтан зардап шеккендердің

ұрпақтарының ауызша куәліктері

жиналады.

Бұл жұмысқа Қазақстан халқы

Ассамблеясы нақты үлес қосуда.

Атап айтқанда, Павлодар облысы

ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының

бастамасымен ағымдағы жылдың

сәуір айында «ХХ ғасырдың

30-жылдарындағы ашаршылыққа

байланысты тарихи жады орындарына»

кешенді экспедиция ұйымдастырылып,

өткізілді. Ақсақалдармен,

өлкетанушылармен,

ауданның мәдени-ағарту жұртшылығы

өкілдерімен кездесу барысында

ашаршылық және қуғынсүргін

құрбандары ұрпақтарының

естеліктері жинақталып, табылған

жаппай жерлеу орындарының

ғылыми сипаттамасы жасалды,

«Қайғы мен еске алу орындары»

интерактивті картасы жасала

бастады. Біздің ойымызша, Карта

арқылы көпшілік бұл трагедия туралы

түсінікке ие болады, қорқынышты

ашаршылық кезінде жазықсыз қаза

тапқандарды есте сақтайды, осы

жерлерді мемориализациялауға

белсенді қатысады (қоршау және

символдық белгілерді орнату).

Алғаш рет ҚХА ғылымисараптамалық

тобының жаппай

жерлеу орындарын экспедициялық

зерттеуі 2015 жылы болды. Баянауыл

орталығындағы өлкетанушылар

1931-1932 жылдардағы ашаршылық

құрбандарының қоршалған зиратын

көрсетті, сондай-ақ Ақтоғай

ауданындағы Мүткенов және Әбжан

ауылдары арасында, «Төре түбегі»

деген жерде «қолдан жасалған»

ашаршылықтан адамдардың жаппай

қырылу құрбандарына қоршау,

ескерткіш орнату туралы айтып

берді.

Жаппай жерлеу орындарының

көбі Ақтоғай ауданының Қараоба

округінде жатыр. Олар Қараобаның

өзінде де, оған іргелес жатқан

Исантерек, Жаңаауыл, Әуелбек,

Өтес ауылдарында орналасқан.

Соңғысының жанында Ақсу

ауданының «Жаңа шаруа» ауылы

(Сарышығанақ, бұрынғы Калинин)

орналасқан.

Кеңес өкіметі тонап кеткен,

Павлодар округінің әбден сарқылған,

ашыққан қазақтарының үлкен қатары

жүрген аудандардың бірі Ертіс

ауданы болды. Жол аудан орталығы –

«Ұйымшыл» колхозы арқылы Омбы

бағытында өткен. Бұл жолмен

негізінен Ақсу, Ақтоғай және Май

аудандарының қазақтары жүретін.

Бұл жолдың әр 80 метрінде кем

дегенде бір мәйіт жатты. Жергілікті

ақсақалдар ашаршылық қасіретін

еске алып, өнегелі әңгімелер

айтады. Осылайша олар «Ұйымшыл»

колхозында жалғыз қалған бір

қария қаза тапқандарды құдыққа

жерлегені туралы айтып берді. Қария

қаңырап қалған ауыл арқылы өткен

басқалармен бірге кете алмады.

Ол өмірінің соңғы сағаттарын

қасиетті іске – өлгендерді жерлеуге

арнады. Өкінішке орай, оның есімі

сақталмаған, бірақ оның іс-әрекетін

еске алу ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.

Өлкетанушылардың естеліктері

негізінде жазылған «Құдықта қалған

құрбандар» («Сарыарқа самалы»,

30.05.2019, авторы Т.Сахаба)

мақаласында Ертіс ауданында 35

жаппай жерлеу орны бар екендігі

атап өтілген. Олардың көпшілігі

Суворов, Панфилов, Сатай, Тоқта

ауылдарының жанында орналасқан.

Ертістің дәл ортасында халық

арасында «Ізбасты зираты» деп

аталатын жерлеу орны орналасқан.

Сурет ғаламтордан алынды.

Сондай-ақ, 1931-1932 жж. аштықтан

қайтыс болғандардың жүздеген

қалдықтары тасталған бірнеше

құдық сақталған. Олар Ертіс

пен Қарақұдық ауылы арасында

- Деревянко құдығы, Оспан

құдығы және Кеңес ауылынан

12 шақырым жерде тағы екі құдық

бар. Байырғы тұрғындардың

айтуынша, тірі қалғандардың

қабірлерді қазып, ежелгі дала

әдет-ғұрыптары бойынша жерлеуге

күші жетпеген. Сондықтан олар

мүрделерді күрекпен жинап,

арбаларға салып, құдықтарға

апаруға мәжбүр болған.

Облыстың басқа аудандарында

бірқатар жаппай жерлеу

орындары анықталды: Аққулы,

Железин, Тереңкөл, Екібастұз,

Павлодар. Қазір жақын арада

ғылыми айналымға енгізілетін

жиналған материалдар өңделуде.

«Қоныс аударушылардың»

тағдырын зерттеу ерекше назар

аударуды талап етеді. Бұл термин

сол кездегі мемлекеттік мұрағат

қорларында сақталған ресми

құжаттарда қолданылған. Қазір

бірқатар зерттеушілер босқын

қазақтарды туған жерлеріне жаяу,

малсыз, кедей, аш қалдырғанын

айтып, бұл терминнен бас тартуды

талап етуде. Бірқатар зерттеушілер,

атап айтқанда, елдің жетекші

тарихшысы З.Е.Қабулдинов бұл

терминді тырнақшаларда қолданып,

«қоныс аудару» мал мен мүліксіз

болғанын атап өтті.

Павлодар қазақтары үшін

«қоныс аударудың» негізгі бағыты

Алтай және Батыс Сібір өлкесі

болды. Қазақтардың көші-қонының

қорқынышты көрінісі трагедия

құрбандарының ұрпақтарының

естеліктерінде сипатталады:

қайтыс болғандардың ісінген

жалаңаш денелері, ата-анасыз

қалған балалар, балаларын табуға

күші жетпеген аналар. Мысалы,

К.Рахымжановтың әдеби-деректі

«Қиын кезде» кітабында жансыз

ауылдардың, өлі денелерге толы

тозақтың және аштықтан құтылудың

бекер әрекетінде үлкен қалаға

қарай қандай да бір жұмыс табуға

деген елес үмітпен қырылған

бақытсыздардың, сондай-ақ онымен

бірге осы қиын қыстау кезеңде аман

қалуға мүмкіндік беретін тұрақты

нан кесегінің сипаттамасы бар.

Шет елдегі босқын қазақтарды

қиын тағдыр күтіп тұрды. Олар

сібір қалалары мен шаруа

ауылдарының көшелерінде жүздеп

аштықтан қайтыс болды. Жергілікті

тұрғындардың да жағдайы ауыр

болды. Колхоздарға мәжбүрлеп

айдалып, асқан салықтар салынған

олар экономикалық дағдарысты

бастан өткерді. Бұл олардың аз

қамтылған қазақ босқындарға

агрессивті көзқарасының жекелеген

фактілерін де түсіндірді. Мұрағат

құжаттарында Сібір қоныстарының

шовинистік тұрғындарының

қылмыстық әрекеттерінің дәлелі

бар. Осылайша Купин ауданының

«Овцевод» совхозының директоры

Замсибкрай тұтас қазақ

ауылын өртеу туралы өкім берді.

Оның әрекетін Халық соты айыптады.

Қазақтарды ұрып-соғу

жағдайларының жиі болуына байланысты

құқық қорғау органдары

кез келген ұятсыздықты тоқтату

туралы қатаң ескерту жасауға

мәжбүр болды.

Қазақтар өздерінің еңбексүйгіштігімен,

шыдамдылығымен,

ашықтығымен бірте-бірте «каннибалдар»,

«бродягтар» сияқты өздері

туралы аңыздарды жоққа шығарды.

Қазақтар өндірістік бригадаларға

кіре отырып, жоспарды 100% орындауға

тырысты және социалистік

жарыста үздік көрсеткіштерге

қол жеткізді. Орыс тілін тез

үйреніп, жергілікті экономикалық

әдістерді қолдана отырып, олар

жаңа ортаға бейімделді. «Қоныс

аударушылардың» ұрпақтары

айтқандай, олардың ата-аналары

сібірліктердің бақтарында жұмыс

істеді, жұмыс үшін берілген картопты,

басқа да көкөністерді алып келді,

содан кейін өздері бақша отырғыза

бастады. Олар тек тәжірибе алып

қана қоймай, өз шеберліктерімен

бөлісті. Павлодар облысы Железин

ауданы тұрғындарының бірі оның

атасының теріні өңдеу бойынша

шебер, барлық округке тұлып, бөрік,

былғары аяқ киім тіккенін айтып

берді. Бірақ босқын қазақтарды

жұмысқа орналастырудың негізгі

орны шахталар, кеніштер, темір

жолдардағы біліктілігі төмен

жұмыстар болды. Аштықтың сол

қорқынышты кезеңінде Павлодар

Ертіс өңірінің көптеген қазақтары

Кузбасс-Кемеров, Новокузнецк

қалаларында болды. Қазақтардың

басым бөлігі Омбы, Новосібір

облыстары мен Алтай өлкесіне

қоныстанды. Бұл 1933-1934 жылғы

үдерістер еді. Ол сол кездегі

рухта өтті: күшпен, асығыс және

адамгершілікке қарсы, жаңа адам

құрбандарымен. Ең қызығы,

мұндай керемет қиындықтарға

тап болған адамдар қатаймады,

жарқын, мейірімді нәрсе табуға

тырысты. Өз балаларына тату

көршілік, өзара құрмет, келісім

және бейбітшілік туралы көбірек

айтылды.

Бұл трагедияны еске алу қазіргі

ұрпақ үшін өте маңызды. Бұл -

қайғылы қателіктер бүгін және

ертең қайталанбауы үшін тарихи

сабақ. Миллиондаған жазықсыз

жала жапқандардың, атылғандардың,

лагерьлерде азапталғандардың,

жаппай ашаршылықтан

қаза болғандардың тарихи жадына

сүйене отырып қана, біз ортақ үйіміз -

Қазақстандағы бейбітшілік пен

келісімнің баға жетпес құндылығын

жақсы түсінеміз.

С.Н.МАМЫТОВА,

тарих ғылымдарының

докторы, Торайғыров

университетінің

профессоры,ғылыми-сараптама

тобының төрағасы,

Қазақстан халқы

Ассамблеясының мүшесі.


SARYARQA SAMALY 1 маусым, сейсенбі, 2021 жыл

5

БӘРЕКЕЛДІ!

Батыр бала Саян

Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымшасының

мерекелік шығарылымы

Құрметті балалар! Сендерді 1 маусым - Халықаралық

балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Сендер - еліміздің

ертеңі, үміті екендеріңді ұмытпаңдар! Баршаларыңа жарқын

болашақ тілейміз. Жазғы демалыстарыңды қызықты

өткізесіңдер деген сенімдеміз! Жаңа оқу жылына дейін күш

жинап, білімге деген құштарлықтарыңыз арта түссін. Еліміздің

келешегі - дарынды да талантты ұл-қыздарымыздың қолында!

«Ainalaiyn»

ЭССЕ

Әне-міне дегенше 2020-2021 оқу жылы да аяқталды. Алда

түлектеріміздің мемлекеттік емтихандары тұр. Әлемді жайлаған

пандемия білім беру саласына да өз қиыншылығын тигізгені рас.

Ґнермен жетем арманєа!

ЭССЕ

Ауылєа

барамыз!

Мектепте соңғы

қоңырау соғылып,

балалар жазғы

демалысқа шықты.

Биылғы оқу жылында

үйде, мектепте де сабақ

оқыдық.

Железин ауданы Башмачное ауылының

тұрғындары кішкентай Саянның

ерлігін ешқашан ұмытпайтыны анық.

3-сыныпта оқитын ол суға түсіп, жүзе

алмаған 4 жастағы қызды құтқарып

қалады.

Оқиға желісіне тоқталып өтейік. 4 жастағы

Аруананың ата-анасы қалада демалуды жоспарлап,

жолға дайындалады. Сол сәтте кішкентай қыздарының

үйден шығып кеткенін аңғарып, оны

іздей жөнеледі. Баланың жоғалғанын естіген

көршісі Асхат Рахманғұлов пен ұлы Саян баланы

дереу іздеуге кіріседі. Оқушы Саян өткен жылы

салынған су құбыры станциясының жанындағы

арықта қозғалмай жатқан қызды көреді. Бірден суға

түсіп, баланы жағаға алып шығады. Қолын бұлғап,

әкесін көмекке шақырады. Асхат кішкентай қызға

алғашқы медициналық көмек көрсетіп, баланы

аудандық ауруханаға жеткізеді. Жолда қыз бала

есін жинай бастайды. Аруана Павлодар қаласында

емделді, жағдайы жақсы. Осылайша әкесі мен

баласы кішкентай қыздың өмірін сақтап қалды.

Саянның ата-анасы ұлдарының ерлік әрекетін

мақтан тұтады. Әкесі Асхат алғашқы әскери дайындық

пәнінен сабақ беретінін атап өту керек. Саянның

әрекеті көпке үлгі болуы тиіс! Жарайсың, Саян!

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Фотоэтюд

Соған қарамастан, Байғабыл Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебінің

көркемсурет сыныбы биылғы оқу маусымын жемісті де жеңісті аяқтады деп нық

сеніммен айтуға болады. Шәкірттеріміз көптеген облыстық, республикалық, халықаралық

өнер байқауларына белсене қатысып, бақтарын сынады. Биіктерден көрініп, жүлделі

орындарға ие болды. Мысалы, 2020 жылы Алматы қаласында өткен республикалық

«Өнерге қанат қаққандар» атты байқауда «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша

шәкірттеріміз Ақназар Әбдіғалықов пен Ангелина Балабанова бас жүлдеге ие болды.

2021 жылы Республикалық «Зерде» желілік басылымының ұйымдастыруымен өткен

шығармашылық байқауда оқушыларым Жанерке Маралбек пен Айсана Сапина

жүлделі І орынға ие болды. 2021 жылы «BALBULAQ» балалар мен жасөспірімдер

шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен ІІ Халықаралық «Көктем

шуағы» фестиваль-байқауында «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша оқушым

Мәдина Бекболат І дәрежелі дипломмен марапатталып, лауреат атанды.

Жазғы демалыстан кейін келетін жаңа оқу жылы да толағай табыстарға, қуанышқа

толы болады деп ойлаймын. Ол үшін толассыз іздену, көп еңбектену және ерінбей

үйрену керек.

Сөзімнің соңын бір шумақ ұстаздық тілекпен аяқтасам.

Жауқазын ғұмыр сан қияға салғанда,

Қауырсын қанат самғауынан талған ба?

Ұстазда да басқа мұрат жоқ шығар

Сен өнермен жетіп жатсаң арманға!

Анашымның бауырсағын,

Жалғыз қалай тауысамын?

Аспаз болам өскенде,

Бал татитын саусағым.

Айлана БЕКЖАН,

4 жаста

Ақсу қаласы.

ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Үйге келсем, мысығым

Тамақ пісіріп қойыпты.

Бес тышқанды жанына

Көмекші қып алыпты.

Біреуі ыдыс жуыпты,

Біреуі еден сыпырып,

Тағы бірі кір жуса,

Екеуі шаң сүртіпті.

«Керемет!» - деп қуандым,

Күнделікті толтырттым.

«Ертең бестік алам» деп

Достарыммен бөлістім.

С.ӘСЕНОВ,

Б.Жылқыбаев атындағы

балалар өнер мектебінің ұстазы,

Май ауданы.

Көмекшілер

Әкем болса ол аң-таң,

Жануарға қаптаған.

Ауладағы итіміз

Гүлдерді жүр суарып,

Балапандар барлығы

Шөп жұлыпты жабылып.

Көліктегі қояндар,

Жүк тасып жүр, ойлаңдар!

Қасқырларды жегіп ап,

Қамшылайды тайраңдап.

Балапандар анама

Сән үлгісі бойынша

Жеті көйлек тігіпті.

Бауырым Дамир екеуіміз

2-сыныпты тәмамдап, оқуды

сәтті аяқтадық. Жақында ауылға

барамыз. Атамыз бен апамыз

Май ауданы Жұмыскер ауылында

тұрады. Әкемнің қарындасы мен

інісінің балалары да атам мен

апама келеді. Барлығымыз бірге

ойнаймыз.

Ауылда біздің атымыз бар.

Ағам бауырым екеуімізге атқа

мінуді үйретеді. Ауылдағы өзенде

шомылып, балық та аулаймыз.

Құрт жеп, қымыз ішеміз. Апамның

ыстық бауырсақтары тіл үйіретінін

де айтқым келеді. Ұйықтар алдында

апамыздың ертегісін тыңдаймыз.

Жазғы демалыста Семей қаласына

қарасты Ақсуат ауылында тұратын

нағашы атамыз бен апамызға

да барамыз. Бауырым екеуіміз

атамыз бен апамызға жаттап алған

өлеңдерімізді айтып, қуантамыз.

Осылайша, біздің демалыс көңілді

өтетініне сенімдімін.

Амир НҰРИДЕН,

Павлодар қалалық №35 орта

мектебінің 2-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Анам болса қуанып,

Тойға киіп алыпты.

Үй шаруасы істеліп,

Мұнтаздайын тап–таза.

Керемет қой көмекшің

Жан – жануар болса да.

«Демалдым ғой бүгін мен» –

деп ойладым ояна.

Сақып ЕРҒАЛИ,

Павлодар қалалық

№39 мектептің

3-сынып оқушысы.

«Айналайынды» үйлестірген – Айдана ҚУАНЫШЕВА.


6 1 маусым, сейсенбі, 2021 жыл ЗЕРДЕ

SARYARQA SAMALY

ҚҰНДЫЛЫҚ

Ой-білімнің ордасы

Кітап туралы сөз болғанда менің ойыма, ең алдымен, ғұлама ғалымдар,

ел тарихындағы танымал тұлғалар мен артына өшпес мұра қалдырған

айтулы қаламгерлер түседі. Олар кезінде кітаптардан нәр алды,

білімін толықтырды, бойындағы дарын-қабілетін жетілдірді.

Ұлтымыздың біртуар абызы болып

танылған Әбіш Кекілбаевтың: «Адамды

адам қылған – кітап, ал адамзат қылып

қалыптастырған – кітапхана» деуі сондықтан

болса керек. Егер адамның бойында

Алладан дарыған дарын қуаты болып,

ол оны ерекше қажырлылықпен дамытса,

қажымай еңбектенсе, оның соңында ұлы

жетістіктер қалатыны белгілі. Осы орайда

кітаптың атқарар рөлі өлшеусіз. Әйгілі

ғұлама Конфуций былай деген екен: «Адам

данышпандыққа үш нәрсе арқылы жетеді:

еліктеу арқылы – ол жеңіл жол; оқу арқылы –

ол ауыр жол; ойлау арқылы – ол ең нұрлы

жол». Ал осындағы оқу да, ойлау да

кітап арқылы жүзеге асады. Демек, дана

ойшыл бұл жерде адамның данышпандыққа

жетуінің жолын кітаппен байланыстырады

әрі адамның осы игілікті істе ауыр да нұрлы

жолдан өтуі керектігін атап көрсетеді.

Сондай-ақ әлем руханиятында өзіндік орны

бар жазушы Бернард Шоу: «Кітапты бос

уақытымда оқымаймын, арнайы уақыт

бөлемін» деп жазуы да осыдан болса керек.

Демек, кітап оқу дегеніміз, ең алдымен,

ой еңбегі. Адам оқу арқылы салыстыру,

қорытынды жасау, көз жеткізу, көркемдік

пен әсемдіктің сиқырлы сырларына сүйсіну

сияқты үрдістерді бастан кешеді. Ал мұндай

күрделі еңбекті, менің ойымша, дәстүрлі,

басылып шыққан кітапсыз, ғылым мен

технологияның қарыштап дамуы арқылы

жасалып жатқан электронды құралдардың

көмегімен ғана жүзеге асыру мүмкін емес.

Оның үстіне кітаптың денсаулыққа ешқандай

зияны жоқ.

Адамның парасатты, мәдениетті болып

қалыптасуы үшін кітаптың атқаратын рөлі

өте зор. Халқымызда «Күш – білімде, білім –

кітапта», «Білімнің басы – бейнет, соңы –

зейнет», «Кітап – алтын қазына», «Кітап -

ғылым, тілсіз мұғалім» деген даналық

сөздер бар. Қалай дәл әрі тауып айтылған

сөздер! Осы арада менің ойыма өңірімізден

шыққан белгілі ғалым, көрнекті жазушы,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

сыйлығының лауреаты Ғарифолла Есімнің

ізденгіштік еңбегі түсіп отыр. Ол туралы

жазылған мақалада автор оның студенттік

кезін еске алып, біреулер іздесе оны не

институттан, не кітапханадан табасың

деуші едік дегенді айтады.

Кітапхана – қоғам өмірінің алуан

түрлі мәселелері бойынша әдебимәдени,

қоғамдық-саяси тақырыптарға

арналған іс-шараларды өткізетін негізгі

мәдениет мекемесі. Павлодар қаласындағы

кітапханаларда әртүрлі жастағы тұрақты

оқырмандар болса, олардың кейбіреуі

кітапхана ұйымдастырған іс-шараларға

белсене қатысады. Осындай белсенділер

қатарынан көрінген зиялы ақсақалдар мен

ақ жаулықты әжелердің зейнеткерлерді

біріктіретін қоғамдық бірлестік құру

туралы идеясы осы кітапханада туды.

Олар «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық

бірлестігін құрып, мемлекеттік тіркеуден

өткеніне екі жылдан асып барады. Өмірлік

тәжірибесі мол, қазыналы қарттардан

құрылған бірлестік кітапханашылармен

ынтымақтаса отырып, жұртшылық, әсіресе

оқушы және студент жастар арасында

ұлтымыздың салт-дәстүрлерін, еліміз бен

жеріміздің азаттығы жолында күрескен

қайраткер тұлғалардың тағылымды өнегесін,

мемлекеттік тілдің дамуын, әдеби, мәдени

және тарихи құндылықтар мен діни-рухани

қағидаттарды насихаттау жолында ізгілікті

істер атқарып келеді.

Қазіргі уақытта кітапханаларға

мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалып

отыр. Соның нәтижесінде күннен-күнге

кітапханалардың қоры артып, алуан түрлі

тақырыптарға арналған кітаптармен толыға

түсуде. Қай жастағы, қай мамандықтағы

болмасын, көпшілік оқырманның сұранысын

қанағаттандыратындай жағдай жасалған. Мен,

өз басым, қаладағы бірнеше кітапханаға

жазылғанмын. Кітапханашылар сұраған

әдебиетімізді бірден тауып береді. Ол

үшін тұрақты оқырман ретінде алғыс

білдіремін.

Еліміздің келешектегі кемелдігі халықтың

білімі мен парасатына байланысты және олар

ілгерілеуіміздің бірден-бір қозғаушы күші

десек, бұл ретте бар білімнің алтын ордасы

саналатын кітапханалардың рөлі арта түседі.

Сондықтан білім қуған кітапқұмарлардың

қатары артуы үшін кітапханаларға қоғам

белсенділерінің, білім мекемелерінің,

қоғамдық ұйымдардың барынша қолдауы

керектігін ешқашан естен шығармауымыз

керек.

Серік САТЫБАЛДИН,

Павлодар қаласы.

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

тізілімінде

2021 жылғы 27 мамырында №7296 болып тіркелді.

Павлодар қаласы

Павлодар облыстық мәслихатының

ШЕШІМІ

(VII сайланған IІI кезекті сессиясы)

№ 22/3

Павлодар облысының елді мекендерінде

ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

2021 жылғы 22 сәуірдегі

Павлодар облысының елді мекендерінде ауыл

шаруашылығы

жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы

жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының

«Ветеринария туралы» Заңына сәйкес Павлодар облыстық

мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының елді

мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау

қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттын

аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

П а в л о д а р о б л ы с т ы қ м ә с л и х а т ы н ы ң с е с с и я т ө р а ғ а с ы

П а в л о д а р о б л ы с т ы қ м ә с л и х а т ы н ы ң х а т ш ы с ы

Павлодар облыстық мәслихатының

2021 жылғы 22 сәуірдегі

№22/3

шешімімен бекітілген

Қ.ӘБІШЕВ.

Е.ӘЙТКЕНОВ.

1. Осы Павлодар облысының елді мекендерінде ауыл

шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары (бұдан

әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және

өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының

«Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Павлодар

облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын

асырау тәртібін жүзеге асырауды айқындайды.

2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсiретiн, ауыл

шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың,

құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;

2) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру –

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі

дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi

енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып,

бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды)

пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi

қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;

3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі

дерекқор – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса

алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық

дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі

туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін

көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік

ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті

орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;

4) ветеринариялық паспорт – электрондық құжат түрінде

берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда:

жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі,

жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;

5) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың

қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;

6) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері – меншік,

шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқарудағы немесе

басқа да заңды негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары

бар заңды немесе жеке тұлғалар;

7) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер:

ауыл шаруашылығы және үй, жабайы жануарлар;

8) жануарларды карантиндеу – диагностикалық зерттеулер

мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында

жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін,

орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау;

9) жануарлардың аса қауіпті аурулары – уәкілетті орган

айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды

қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың

ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтікэкономикалық

залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары.

2 тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын асырау

тәртібі

3. Ауыл шаруашылығы жануарларын асырауы Қазақстан

Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2008

жылғы 24 қаңтардағы «Жеке қосалқы шаруашылықтарда

елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл

шаруашылығы пайдаланымындағы елді мекенді жерлерде

малдарды бағу жүктемесінің ветеринарлық нормативтерін

бекіту» №28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің

мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №5145 болып тіркелген)

сәйкес жүргізіледі.

4. Ауыл шаруашылығы жануарлары қолданыстағы

зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық нормаларға

сәйкес және экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, тұрғын

үй ғимараттарынан, мектептерден, медициналық және

мектепке дейінгі мекемелерден, саябақтардан, хайуанаттар

бақтарынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру, сауда

және азық-түлік өнеркәсібі мекемелерінен, демалыс орындарынан,

балалардың сауықтыру ұйымдары мен шипажайлардан,

жасанды су айдындарынан, артезиан құдықтарынан,

су көздерінен қашықта орналасқан арнайы жабдықталған

панажайларда ұсталады.

5. Жеке аулаларда ветеринариялық-санитариялық

ережелерді сақтаған жағдайда қолданыстағы зоогигиеналық

және ветеринариялық-санитариялық нормаларға сәйкес

және экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, арнайы

жабдықталған орындарда ауыл шаруашылығы жануарларын

асырауға рұқсат етіледі.

6. Елді мекеннің ауа кеңістігінен жабайы құстар ұшып

өтетін мезгілде құс иелері құстарын жұқпалы ауруларды

таратушы болуы мүмкін ұшып өтетін жабайы құстармен

қатынасты болдырмайтын жабық орындарда асырау қажет.

7. Тұрғын үй қорының пәтерлерінде (көп қабатты тұрғын

үйлер) ауыл шаруашылығы жануарларын асырауға жол

берілмейді.

8. Ауыл шаруашылығы жануарларын қоғамдық шомылатын

орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су қоймаларында

және су бөгеттерінде суаруға жол берілмейді.

9. Ауыл шаруашылығы жануарларының өлімі, тірі организмдермен

және биологиялық тіндермен (материалдармен)

ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен

эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ ауыл

шаруашылығы жануарларын өсіруді, дайындауды (союды),

жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты

сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс

объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен

жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі

ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар,

заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған

қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және

өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп

қалдықтары) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы

министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі «Биологиялық қалдықтарды

кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы» №16-07/307

бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік

тіркеу тізілімінде №11003 болып тіркелген) жойылуға жатады.

10. Адамдардың сүйемелдеуінсіз жүрген ауыл шаруашылығы

жануарлары қараусыз жануарлар болып есептеледі және

иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау үшін қоражайларға

айдауға жатады.

Ұсталған қараусыз жануарларды ұстау, иелеріне

қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі 1994 жылғы

27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық

кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады.

11. Ауыл шаруашылығы жануарларына қарау тәртібі,

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға қарау қағидаларын

бекіту туралы» №16-02/701 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық

актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №10183 болып

тіркелген) белгіленген.

12. Ауыл шаруашылығы жануарларын асыраудың міндетті

шарты болып аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау,

паразитарлық ауруларға қарсы өңдеу, тұрғылықты мекенжайға

қарасты ветеринариялық емханаларда диагностикалық

зерттеуден өткізуі болып табылады.

13. Ауыл шаруашылығы жануарлар иелері, жануалар

науқастанған немесе ауруға күдікті туындаған барлық жағдайда

ветеринарлық мекемеге хабарласып, тексеру нәтижелері

бойынша маманның нұсқауын мүлтіксіз сақтауы қажет.

14. Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей

және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялықсанитариялық

сараптама жасамай, ауыл шаруашылығы жануарларды

өткiзу үшiн союға жол берілмейді.

15. Ауыл шаруашылығы жануарларын сату, әкелу және

әкету ветеринариялық паспорт негізінде ветеринариялық

құжатты рәсімдеген жағдайда ғана рұқсат етіледі.

16. Диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық

өңдеулер жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген,

сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын ауыл

шаруашылығы жануарларына Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы

«Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы»

№7-1/700 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің

мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №10223 болып тіркелген)

карантиндеу жүргізу қажет.

17. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарларды

тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінен тыс жерге орнын ауыстыру

(тасымалдау) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы

«Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын

(тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге

асыру қағидаларын бекіту туралы» №7-1/496 бұйрығына

сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің

тізілімінде №11845 болып тіркелген) жүргізіледі, сонымен

қатар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы

министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы «Ветеринариялық

құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне

қойылатын талаптарды бекіту туралы» №7-1/453 бұйрығына

сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің

тізілімінде №11898 болып тіркелген), ветеринариялық құжаттар

арқылы сүйемелденеді.

18. Осы Қағидаларды бұзу Қазақстан Республикасының

заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғады.


SARYARQA SAMALY МЕЗГІЛ 1 маусым, сейсенбі, 2021 жыл 7

МӘДЕНИЕТ

Арқадан

абыроймен

оралды

Дәстүрлі әншілер байқауына

40-қа жуық орындаушы қатысып,

екі кезең бойынша өтті. Бірінші

кезеңнің өзінде әр қатысушы үш

әннен орындады. Оның біреуі

Жүсіпбек Елебековтің репертуарынан

болуы керек еді.

- Мен бірінші кезеңде Жүсіпбек

Елебековтің репертуарынан Мәди

Бәпиұлының «Шіркін-ай» әнін

шырқадым. Сонымен қатар,

Жарылғапбердінің «Топайкөк»

және Манарбек Ержановтың

«Біржан салға» деген туындыларын

ұсындым. Соңғыларын өз

таңдауымыз бойынша орындадық.

Екінші кезеңде Ақан серінің

«Құлагер» әнін шырқадым. Бұл да -

Жүсекеңнің үнемі айтып жүрген

әні. Екінші кезеңге 18 қатысушы

өтіп, ақтық сында бақ сынады, -

Құрметті оқырмандар!

«Naizatas» әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналына

2021 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу

науқаны жүргізілуде!

Жазылу

мерзімі

«Қазпошта»

АҚ –ның

бөлімшесі

арқылы

жазылу

«Alash Press»

ЖШС – нің

бөлімшелері

арқылы

жазылу

Редакцияда

ресімделу

және

алумен

жазылу

Индексі 67276 Павлодар қ. Павлодар қ.

қала ауыл 3 495

6 ай 3 501,90 3 514,80 теңге

теңге теңге

Қарағанды облысында

қазақтың күміс көмей

әншісі, Мемлекеттік

сыйлықтың лауреаты

Жүсіпбек Елебеков

атындағы VIII дәстүрлі

әншілер байқауы өтті.

Еліміздің ең танымал

сахна саңлақтары

бақ сынаған байқауда

И.Байзақов атындағы

облыстық филармония

әншісі Дәуренбек Сләмғали

өнер көрсетіп, ІІ орынды

қанжығалап қайтты.

дейді әнші Дәуренбек.

Қазылар алқасының құрамында

Жүсіпбек Елебековтің шәкірті

Ғалым Мұхамедин, ҚР Мәдениет

қайраткері, дәстүрлі әнші Рамазан

Стамғазиев сынды танымал өнер

иелері болды. Ән байқауының бас

жүлдесін Еркін Шүкімәновтің шәкірті,

алматылық Ақжол Өсербай жеңіп

алса, бірінші орын қарағандылық

Нұрболат Ұзақбайға бұйырды.

Еске сала кетейік, Дәуренбек

бұған дейін Әміре Қашаубаев

атындағы республикалық ән

байқауының бас жүлдесін жеңіп

алған. Сонымен қатар, Мәди Бәпиұлы

атындағы байқаудың лауреаты,

Ақан сері Қорамсаұлы атындағы

байқаудың дипломанты атанған.

Т.САХАБА.

3 237

теңге

Үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен «Naizatas» журналына

кез келген пошта болімшесінде пошта қызметкері арқылы

немесе Павлодар қаласы Ак.Сәтбаев кошесі, 50 (тел. 32-40-37)

мекенжайында орналасқан Қазпочта ғимаратында, Ак.Марғұлан

к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де

(тел.61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, (баламалы) редакция

арқылы жазылуды Астана кошесі, 143-үй мекенжайында ресімдеп,

журналды тікелей редакциядан алуға болады. Тел. 8 (7182) 66-15-41.

ХОККЕЙ. ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

11 шайба соқты!

Шайбалы хоккейден Латвияда өтіп жатқан әлем

біріншілігінің топтық кезеңі аяқталуға жақын.

Қазақстан құрамасының плей-офф сынына жолдама

алуға мүмкіндігі зор. Соңғы турда Норвегияны

ұтса жеткілікті.

Қазір - екі топта да ұпай үшін жанталас сәт. Бір ұпайдың өзі

турнир кестесіндегі жағдайды өзгертуі мүмкін. Біздің топтағы

Финляндия отандастарымыздан жеңілсе де, қалған кездесулерде

ұпайдан шашау шығармай, плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын

жолдама алды. Қалған 3 жолдамаға үміткерлер көп. Қатарынан

3 рет ұтылған Канаданың өзі «ұйқысынан кеш оянса да», үміт

үзе қойған жоқ. Айтпақшы, Қазақстан құрамасы үйеңкі жапырақ

елінен келген хоккейшілермен жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Әу баста-ақ фаворит саналған канадалықтар 2:0 есебімен

алға шыққан еді. Қазақстандықтар еңселерін түсірмей, есепті

теңестіре алды. Алайда тең есепті ұстап тұру оңай шаруа емес.

Отандастарымызға сәл сәттілік жетпеді. Канадалықтар екі шайба

соғып, 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан кейін Қазақстан құрамасы топтың аутсайдері – Италиямен

жолықты. Сенсацияның ауылынан алыстамайтын отандастарымыз

бұл жолы да жұртшылықты таң қалдырып, рекордтық

нәтиже тіркеді. Италияның қақпасына 11 шайба соқты! Бұл –

осы біріншілікте бір ойында соғылған әзірге үздік көрсеткіш.

Турнир кестесіне көз жүгіртсек, Финляндия 15 ұпаймен көш

бастап тұр. АҚШ-тың еншісінде 12 ұпай. Қазақстан құрамасында

10 ұпай, Германия, Латвия және Канада құрамаларының үшеуінде

де 9 ұпайдан бар. АҚШ пен Германияның бір ойыны кем екенін

ескерген жөн. Келесі турда қай команданың плей-оффқа жолдама

алатыны белгілі болмақ.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

БӘРЕКЕЛДІ!

Шахмат шебері

Павлодар аудандық мәдениет, дене тәрбиесі және

спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Талғат Бланкин

шахматтан Chessplanet онлайн турнирінде 3-орынды

иеленді.

Бұл жарыстың ерекшелігі неде дейсіз ғой? Турнир апта сайын

ұйымдастырылады екен. Қатысу үшін 2500 рубль (шамамен 14-15

мың теңге) төлейсіз. Карантин болмаған кезде де онлайн өтіп

келіпті. Қазір жарыстардың көбі онлайн форматқа көшкендіктен,

бұл турнир ФИДЕ (халықаралық шахмат федерациясы) тарапынан

жоғары бағалануда. Бұл жарыста үздік шыққандардың

да нәтижесі ресми тіркеледі деген сөз.

Талғат Бланкиннің айтуынша, жарысқа Ресей, Қырғызстан, Армения

және Қазақстаннан 90-ға жуық шахматшы қатысқан. Әр ойынға

3 минут уақыт берілген. Талғат 9 партияның жетеуінде жеңіске

жетіп, екеуінде тең түскен. Осылайша, қола жүлдеге қол жеткізген.

Осы сияқты турнирлерге жиі қатысып, тәжірибе жинақтауға

ұмтылған Талғатқа сәттілік тілейміз!

О.АХМАДИЯ.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Басқа қалаға көшуімізге байланысты Павлодар қаласындағы

орталықта орналасқан кірпіштен салынған 3 қабатты үйдің 2-ші

қабатындағы 80 ш/м 3 бөлмелі пәтер сатылады. Ас бөлмесі - 15

ш/м. 2 балконы бар. Еврожөндеу. Облыстық әкімшілік, орталық

парк пен Диагностикалық орталыққа және Ертіс жағалауына

жақын орналасқан. Байланыс телефоны: 32-95-29, 87014324204.

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондары арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-тың жазылу бөлімі 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны

32-35-35.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат комитетінің

мерзімді басылымды, ақпарат

агенттігін және желілік басылымды

есепке қою, қайта есепке қою

туралы 19.06.2019 ж. №17747-Г

куәлігі берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату бөлімі

- 66-15-41.

Фототілші, корректорлар - 65-

12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa samaly»-

ның компьютер oрталығында

теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет: сейсенбі,

бейсенбі және сенбі күндері

шығады, апталық

таралымы 8463 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй. Газеттің

сапалы басылуына баспахана

жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 912

«Торайғыров университеті»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының Директорлар кеңесі,

14000, Павлодар қаласы, Ломов көшесі

64, «Торайғыров университеті»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының Басқарма Төрағасыректоры

бос лауазымдық орнына

конкурс жариялайды. Қоғамның

орналасқан мекен-жайы: Павлодар

қаласы, Ломов көшесі 64.

Қызметінің негізгі мәні - жоғары

және жоғары оқу орнынан кейінгі

білім беру бағдарламаларын іске

асыру, іргелі ғылыми және қолданбалы

зерттеулерді жүзеге асыру болып

табылады.

Қызметтің мақсаты -

ұлттық және жалпыадамзаттық

құндылықтар, ғылым мен практика

жетістіктері негізінде жеке тұлғаны

қалыптастыруға, дамытуға және

кәсіби қалыптастыруға бағытталған

сапалы білім алу, оқыту және білім

беру, сондай-ақ ғылыми әлеуетті

дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру

үшін қажетті жағдайлар

жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға

қойылатын талаптар: жоғары білімі

және (немесе) жоғары білімнен

кейінгі білім, білім беру ұйымдарында

және (немесе) уәкілетті органдарда

басшылық лауазымдардағы жұмыс

өтілі кемінде 5 жыл.

Конкурсқа мынадай тұлғалар

қатыса алмайды:

1) жиырма бес жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық

құқықбұзушылық жасаған;

3) белгіленген тәртіппен

өтелмеген немесе алынбаған

соттылығы бар;

4) медициналық арнайы мекемелерде

есепте тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының

заңнамасында көзделген басқа да

жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер

тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысанда өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке

басын куәландыратын құжаттың

көшірмесі;

3) 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуретпен

белгіленген нысандағы

конкурсқа қатысушының қызметтік

тізімі;

4) жоғары оқу орнын дамыту

бағдарламасы;

5) білімі туралы құжаттар

мен олардың қосымшаларының

көшірмелері және оларды салыстырып

тексеру үшін түпнұсқалары;

6) жұмыс орны (қолданыстағы

не соңғы) бойынша кадр қызметі

куәландырған еңбек қызметін

растайтын құжаттың көшірмесі;

7) № 075/e нысаны бойынша

денсаулық жағдайы туралы

медициналық анықтама (дәрігерлік

кәсіби-кеңестік қорытынды);

8) мемлекеттік қызметтер

туралы заңнамаға сәйкес құжаттар

ұсынылатын күнге дейін бір

жылдан аспайтын уақытта берілген

психоневрологиялық ұйымнан

анықтама;

9) мемлекеттік қызметтер

туралы заңнамаға сәйкес құжаттар

ұсынылатын күнге дейін бір

жылдан аспайтын уақытта берілген

наркологиялық ұйымнан анықтама;

10) қылмыстық заңнамаға сәйкес

лауазымға орналасуға тыйым салудың

жоқтығын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін

құжаттарды қабылдау хабарландыру

жарияланған күннен бастап 10 (он)

күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өтетін күні мен

орны қосымша хабарланатын

болады. Жоғарыда көрсетілген

құжаттарды белгіленген мерзімде

Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрлігінің жоғары және

жоғары оқу орнынан кейінгі білім

департаментіне (каб. 643) тапсыру

қажет, телефоны: 8 (7172) 74-27-25.

(2092)

Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар

мен суреттер рецензияланбайды

және қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан түскен

барлық хаттарды тегіс жариялауды

және оларға жауап беруді

міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың мазмұнына

жарнама берушілер жауап

береді.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда жарияланған

материалдарды көшіріп немесе

өңдеп басу үшін редакцияның

жазбаша рұқсаты алынып, газетке

сілтеме

жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 1 маусым, сейсенбі, 2021 жыл СТАТИСТИКА

SARYARQA SAMALY

Облыстың әлеуметтікэкономикалық

саласы

Осы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында облыстың әлеуметтік-экономикалық

салаларында айтарлықтай өсім байқалды.

Инфографиканы жасаған - Нұрбек Кожиков.

Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша әзірленді.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!