Сарыарқа самалы, 31 шілде, сенбі

PavlodarNews

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

31 шілде, сенбі

2021 жыл

№86 (15704)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Ауызсу тарифі

неге әртүрлі?

«НҰРЛЫ ЖЕР»

Нақпа-нақ

«Қайырымды істер

марафоны» аясында

өңірде

420 млн

теңгенің көмегі

көрсетілді

COVID-19

«Күрең

қызыл» -

қауіпті аймақ

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық

дәрігерінің қаулысымен

эпидемилогиялық жағдайды

бағалаудың жаңа критерийі

енгізілді. Оған сәйкес Қазақстанда

«күрең қызыл» аймақ

пайда болды. Елімізде вирус

қатты таралып жатқан өңірлер

енді аталған сызықпен

белгіленбек.

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдан бері сапалы ауызсу мәселесін

шешуге 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалған. Десе де, әлі күнге

дейін 1200 елді мекеннің тұрғындары сапалы ауызсуға зар болып

отыр. Павлодар облысында да жағдай мәз емес. Сумен қамтылу

деңгейі 88,4 пайызға тең. Бұл – республика бойынша ең төмен

көрсеткіштердің бірі.

«Шамшырақ»:

«ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНА ҚҰШТАРМЫН»

Сурет газет мұрағатынан алынды.

Жалғасы 3-бетте

Ұлты өзге болса да, қазақ тілін өз ана тіліндей меңгеріп, халқымыздың салты мен дәстүрін

жан дүниесіне сіңірген жерлестеріміз бар. Солардың бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Инга Гросс. Ол орыс сыныптарында оқитын оқушылар үшін қазақ тілінде тез

әрі жеңіл сөйлеудің ең тиімді әдістемелерін қолдана отырып, педагогикалық шеберлігін

танытуда.

Толығырақ 6-бетте

«Күрең қызыл» аймақ - тәуекел деңгейі

өте жоғары аймақ (инфекциялық төсекорындармен

толтырылу көрсеткіші 70%-дан

жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда

200-ден астам төсек-орынмен толтырылу

көрсеткіші кезінде)», деп түсіндірілген

Қаулыда.

Қаулыға сәйкес, 2 тамыздан бастап

«күрең қызыл» аймақта демалыс күндері

шектеу шаралары енгізіледі. Атап айтқанда,

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау

және Қарағанды қалаларында 2021 жылғы

2 тамыздан бастап:

1) орталық мемлекеттік органдарды,

әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын,

денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты,

азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және

тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын,

сондай-ақ осы тармақтың 4) тармақшасында

көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік

нысандарына қарамастан, «Ashyq»-қа

қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен

ұйымдардың қызметі тоқтатылады;

2) ойын-сауық, спорттық және басқа

да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ

отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге

тыйым салынады;

3) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың),

кеңселердің, ұлттық компаниялардың

және өзге де ұйымдар қызметкерлерінің

(вакциналанған және соңғы

3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды

қоспағанда) 80%-ы үшін қашықтан

жұмыс істеу формасы сақталады.

Мамандардың айтуынша, соңғы аптада

елдегі эпидемиологиялық жағдай тым

күрделеніп тұр. Тамыз айының ортасында

коронавирустың 4-толқыны жетуі

мүмкін деп болжануда.

Өз тілшіміз.


2 31 шілде, сенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

COVID-19

Облысымызда әр тәулік сайын

300-ге жуық адам коронавирус

індетін жұқтырып,

ауруханаларға түсіп жатыр.

Олардың шамамен 80 пайызынан

үндістандық дельта

штамы анықталуда. Қауіпті

вирустың бұл түрінің таралу

жылдамдығы да жоғары. Яғни,

бес күннің ішінде максималды

деңгейде таралып кетеді.

Той-томалақ

тыйылмай

тұр

Бұл туралы кеше облыстың бас санитар

дәрігері Батырбек Әлиев Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифингте айтты.

- Былтырғы жылдан бері таралып жатқан

вирус түрін «Ухань штамы» деп атаймыз. Оның

таралу жылдамдығы екі апта болса, дельта штамы

5 күнде кең көлемде таралып үлгереді. Адамның

ағзасына беретін кері әсері де күшті. Яғни, аз

уақытта дене қызуы көтеріліп, өкпесі қабынып,

тыныс алу жолдары жабылады. Сондықтан, барша

жерлестерімізден денсаулықтарына бей-жай

қарамай, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға

шақырамын, - деді Батырбек Төлеубайұлы.

Облыстың бас санитарының сөзінше, індеттің

өршуі немесе тоқтауы тұрғындардың өздеріне

байланысты. Өкінішке қарай, біздің өңір тұрғындары

сақтық шарасына көп мән бермейтінін, қалаған

уақыттарында той жасап, жабдық беруді тоқтатпай

тұрғанын қынжыла жеткізді. Өңірде вакциналау

үрдісі де баяу жүріп жатыр. Жоспар бойынша,

күніне 2500 адам коронавирусқа қарсы екпе алуы

тиіс болған. Бірақ, қазір ол көрсеткіш 1800-ден

аспай тұр.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы

Дінислам Болатханұлының сөзінше, өңірде 15 730 педагог,

яғни, вакцина қабылдауы тиіс мамандардың

92 пайызы екпе қабылдап үлгерген. Оқу жылының

басына дейін көрсеткішті 100 пайызға жеткіземіз

деп отыр.

Т.САХАБА.

ШАҺАР ТЫНЫСЫ

Жетекшіде

жұмыс қызу

Павлодар қаласының әкімі Асайын

Байханов Жетекші ауылына барып,

ондағы құрылыс жұмыстарының

барысымен танысты.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта

ауылда магистральді су желілерін тарту жұмыстары

аяқталған. Жалпы, мұнда сорғы станциясы мен

тазарту құрылыстары салынып, жалпы көлемі

400 текше метр болатын екі резервуар орнатылмақ.

Мердігер «Көлсай-Строй» ЖШС 7 тамызға дейін

үйлерге желілерді тарту жұмыстарын аяқтауға

уәде берді.

Асайын Байханов нысанда жұмысшылар санын

көбейту, жұмыс қарқынын жеделдету және оны

сапалы әрі уақытында орындауды тапсырды. Барлық

шаралар орындалмағанша, мердігерге тиісті қаражат

берілмейтінін ескертті.

Ауылда 300 орындық мектеп салынып жатқаны

белгілі. Құрылыс алаңында 80 адам еңбектеніп

жүр. Жұмысшылар саны көбейтіліп, білім ордасы

жаңа оқу жылына дейін тапсырылады деп күтілуде.

- Ауыл кеңейіп келеді, үйлер салынуда, жаңа

тұрғындар көшіп келуде. Мектепті уақытында

тапсыру - жалпы міндетіміз. Мен бұл нысанда

мәселелер болғанын білемін, бірақ қазір толыққанды

шешілді. Мердігердің міндеті - құрылыс қарқынын

бәсеңдетпей, керісінше, күшейту. «Заманауи

мектеп» тұжырымдамасы аясында салынған

мектеп ауылдың көркіне айналатыны сөзсіз, -

деді А.Байханов.

Сонымен қатар, қала әкімі мешіт құрылысын

аралап, «Aq jurek» спорттық-сауықтыру кешенінің

жұмысымен де танысты.

Ауыл тұрғындары №41 автобус маршрутын Кенесары

хан көшесінен жаңа ғимараттар аймағына

дейін ұзартуды өтінді.

О.ҚОЖАНОВ.

Ертеңін ойлаған

екпе алады

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бұрнағы күні Павлодар қаласындағы екпе егу

пункттерін аралап шықты. Бұл ретте емханалар мен жеке медициналық мекемелерге

бас сұғып, азаматтарды COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау науқанының

қалай өтіп жатқанын зерделеді.

Екінші Павлодардағы

№3 емханада аймақ басшысына

вакциналау қарқынының

төмендегені айтылды.

Біраз уақыт бұрын мұнда

корона-вирусқа қарсы күніне

200-300 адам вакциналанған

болса, бүгінде бұл көрсеткіш

100-ге жуық адамды ғана

құрайды. Халықты екпе алуға

ынталандыру үшін облыс орталығында

бағалы сыйлықтар

ұтысы ұйымдастырылды.

Дей тұрғанмен, мекемеге екпе

алуға келгендер Әбілқайыр

Сқақовпен әңгіме барысында

вакцина бірінші кезекте өздерінің

денсаулығы мен қауіпсіздігі

үшін қажет екенін атап өтті.

- Мені ешкім вакцина

қабылдауға мәжбүрлеген жоқ.

Өз еркіммен емханаға келдім.

Ең әуелі өз денсаулығым үшін

алаңдаймын. Менің ауылдастарым

вакциналауға белсенді

баруда деп айта аламын, -

деді Теміржолшылар кентінен

келген тұрғынның бірі.

Дүниежүзін діңкелеткен COVID-19 жұқпалы індеті біздің аймақта қайта өрши

бастады. Өңірімізде коронавируспен ауырғандар саны күн санап еселеніп,

қайтыс болғандардың статистикасы да өсіп келеді. Жыл басынан бері

225 адам көз жұмған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифингте

облыстық денсаулық сақтау

басқармасының басшысы Айдар

Сейітқазинов хабарлады.

- Қазіргі уақытта 1283 адам ауруханада

емделіп жатыр. КВИ жұқтырғандарға

арналған төсек-орындардың

54,3 пайызы толды. Осы аурудан жыл

басынан бері 225 адам көз жұмды.

Қайтыс болғандар саны шілде айында

күрт өскен. Бір айдың ішінде 60 адам

дүние салды. Қаза болғандардың ең

үлкені 88 жаста болса, ең жасы – 25-те, -

деді Айдар Сейітқазинов.

Басқарма басшысының сөзінше,

КВИ-ге қарсы екпе салдырушылардың

саны да өсіп келеді. Қазіргі уақытта

217 мыңнан астам адам вакцинаның

бірінші компонентін алған болса, екі

компонентін де салдырғандар саны 146

мыңнан асқан. Бұл - облыс тұрғындарының

Екпе егу пунктіне кезекте

отырғандар орташа алғанда

25-30 минут күтетінін айтты.

Облыс әкімі күту уақытын

қысқарту үшін емханада

қосымша пункттер ашуды

тапсырды.

№4 емханада коронавирустық

инфекцияға қарсы

вакцинаның бірінші және екінші

компонентін алатын пациенттер

ағынын бөлу туралы шешім

қабылданыпты. Егер адамдар

алғашқы екпені медициналық

мекеменің өзінде алса, екіншісін

жақын жерде орналасқан

«Ertis Olympic» ғимаратындағы

арнайы жабдықталған орыннан

қабылдауда. Орташа алғанда,

емханаға келушілер атап

өткендей, кезекті әр адам

10-15 минут күтеді.

- Мен оқытушы болып жұмыс

Індет қайта өршіді

19,5 пайызын құрайды. Осы аптада жергілікті

клиникаларға «Спутник V» вакцинасының

10 мың дозасы, «QazVac» вакцинасының

5 мың дозасы жеткізілді. Сонымен

қатар, Қытайда өндірілетін «Sinovac»-тің

46 мың дозасын әкелу жоспарда бар.

Коронавирусқа қарсы екпе алғандар

арасында ауырып жатқандар да бар.

Яғни, бірінші компонентін салдырған

126 адам тіркелген. Ал екі компонентін

бірдей алған бір адам жансақтау бөлімінде

жатыр. Ол адамның денсаулығы бұған

дейін де нашар халде болған.

Тағы бір жағымсыз мәлімет,

аймағымызда жүкті әйелдердің

КВИ жұқтыру дерегі көбейген. Соңғы

бірнеше күннің ішінде 10 шақты әйелден

қауіпті вирустың белгісі табылыпты.

- Ауруханаларға КВИ жұқтырған

жүкті әйелдер көп түсуде. Қазіргі уақытта

44 жүкті әйел емделіп жатыр. Жақында

өкпесінің 90 пайызы қабынған жүкті әйел

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

істеймін және вакцинаның

екінші компонентін алдым.

Барлық туған-туысқандарым,

соның ішінде шет елдерде

тұратындар да вакциналаудан

өтті. Енді жұмысқа

шығуға дайындалудамын, -

деді вакцина салдырғаннан

кейін бақылау бөлмесінде

отырған пациенттердің бірі.

Аймақ басшысы «Profimed»

жеке меншік клиникасына

да барды. Онда бүгінде

8 мыңға жуық павлодарлық

тіркелген. Дегенмен мұнда

барлық ерікті азаматтар

екпе ала алады. Бүгінгі

таңда аталған клиникада

3,6 мыңнан астам адам вакциналанған.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

аман-есен босанды. Сондықтан, аяғы

ауыр әйелдерге қауіпсіздік шараларын

сақтауды ескертеміз, - дейді басқарма

басшысы.

№1 Павлодар қалалық аурухананың

акушер-гинекологы Ирина Красильникованың

сөзінше, жүкті әйелдердің ауру

жұқтыруы іштегі балаға да зиян. Түсік

тастауына, тіпті іштен шетінеп кетуіне дейін

жеткізеді. Сараптама нәтижесінен COVID-19

симптомы барын білген әйелдердің көбі

психологиялық тұрғыда күрт нашарлап

кететінін айтады мамандар.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін

Павлодар облысында 29 799 адам

коронавирус жұқтырған болса,

26 671 адам жазылып шықты. Ал өткен

жылдан бері өңірімізде аталмыш індеттен

312 адам қайтыс болған.

Тілеуберді САХАБА.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 31 шілде, сенбі, 2021 жыл 3

БИЛІК ҺӘМ БҰҚАРА

Ұтымды ұқсату керек

Жыл басында аудан-қалалардың әкімдері түрлі жобаларды таныстырып,

облыстық бюджеттен қомақты қаражат сұрайтыны белгілі. Оны игерудің

де жауапкершілігі мол екенін ұмытпаған жөн. Алғашқы жартыжылдықтың

қорытындысы бойынша кейбір аудан басшылары берілген қаржыны ұқсата

алмай отырғанға ұқсайды.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Бұл туралы облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақовтың қатысуымен өткен кеңейтілген

жиында сөз болды. Облыстық

қаржы басқармасының басшысы

Жеңіс Шақатовтың айтуынша, алғашқы

6 айда 423,7 млн теңге қаражат

жаратылмаған.

- Игерілмеген қаражаттың

90 пайызы 3 ауданға тиесілі. Успен

ауданында 321,9 млн, Тереңкөл

ауданында 47,7 млн және Баянауыл

ауданында 12,1 млн теңге игерілмей

тұр. Оның басты себебі техникалық

ақауларға байланысты. Яғни, мемлекеттік

сатып алу порталындағы

келісімшарт жасасудың процедураларына

өзгеріс енгізіліп, қаражатты

уақытылы игеру мүмкін болмады.

Негізі аудандарда мемлекеттік сатып

алу мәселесімен бір адам ғана айналысады.

Салдарынан кемшіліктер

орын алып тұрады. Бұл ретте, қала

және аудан әкімдерінен мемлекеттік

сатып алумен айналысатын мемлекеттік

қызметшілердің санын көбейтуді

әрі сапалық құрамын күшейтуді

сұраймын, - деді Ж.Шақатов.

Успен ауданында Луганск-Константиновка

тас жолын жөндеу бойынша

қосымша келісімшарт техникалық

ақауларға байланысты тіркелмеген.

Белгілі болғандай, биыл аталған

процедураларға 5 мәрте өзгеріс

енгізіліпті. Оның үстіне мемлекеттік

сатып алу жөніндегі ақпараттық

жүйе де ара-тұра құбылып

тұратын көрінеді.

Баянауыл ауданында игерілмеген

қаражат Күркелі ауылындағы

орталықтандырылған сумен жабдықтау

жобасына бөлінген қаржы

екен. Салдарынан тиісті жұмыстар

тоқтап тұр.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

проблеманы жедел шешіп, ауа райы

қолайлы кезеңде жұмыстарды аяқтауды

тапсырды.

- Қазіргідей күрделі кезеңде

әр теңгенің мақсатты жұмсалуы

маңызды. Аудан басшылары бюджеттік

тәртіп мәселесінде кенже қалғаны

байқалады. Барлық деңгейдегі қаржы

қызметкерлерін арнайы оқыту артық

етпейді, - деді Ә.Сқақов.

Жиын барысында облыстық

экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасының басшысы Ирина

Назарчук биылғы жылдың алғашқы

жартысындағы өңірдің әлеуметтікэкономикалық

дамуына тоқталды.

- Облыстың жалпы ішкі өнімінің

көлемі 2,9 пайызға өсті. Өсім экономиканың

барлық салаларында

байқалады. Әсіресе, агроөнеркәсіп

кешеніндегі көрсеткіштер тәуір.

Мәселен, ет өнімдерінің көлемі

6,8 пайызға, сүт өнімдерінің көлемі

2,8 пайызға, жұмыртқа өндірісі

1,6 пайызға артып отыр. Бұл – республика

бойынша 2-нші нәтиже, - деді

И.Назарчук.

Бүгінде облыс бойынша жұмыссыздық

деңгейі 4,8 пайызды құрап

отыр. Жыл басынан бері 14 мың

адам екі қолға-бір күрек тапқан.

Оның 6 мыңнан астамы - тұрақты

жұмыс орындары.

Алғашқы алты айда аймағымызда

360 нысан бой көтерген. Оның

басым бөлігі – баспаналар. Жыл

соңына дейін 110 мың шаршы метр

тұрғын үй салу жоспарлануда. Осы

орайда Әбілқайыр Сқақов облыс

орталығындағы «Сарыарқа» шағын

ауданындағы жаңа үйлердің жағдайын

сұрады.

Павлодар қаласының әкімі

Асайын Байхановтың мәліметінше,

бүгінде шаһарда 18 тұрғын үй салынуда.

Бірінші жартыжылдықта 3 үй

немесе 143 пәтер тапсырылған.

Жыл соңына дейін «Сарыарқада»

тағы 612 пәтерлік 8 үй бой көтермек.

Тағы бір үй «Достық» шағын ауданында

пайдалануға беріледі.

Соңғы жылдары

Тереңкөл ауылына

қарасты ауылдардың

ажары арта түскен.

«Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасы

шеңберінде ұзақ

уақыт жөндеу күткен

әлеуметтік нысандар

жаңарып, жолдарға

асфальт төселуде.

Ауылдың

ажары артты

Аталған бағдарламаның игілігі жайлы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифингте Тереңкөл ауданының

әкімі Серік Батырғожинов айтып берді.

- Алдыңғы жылдары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

аясында 12 жоба жүзеге асты. Жалпы ұзындығы 7 км-ді

құрайтын 7 көшенің жолдарына асфальт төселді. Ауыл

көшелеріндегі 186 бағанға шамдар орнатылды. А.Текенов

атындағы №2 орта мектептің жылу қондырғылары

жөндеуден өтіп, ғимараттың есіктері ауыстырылды.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің стадионы қайта

жаңғыртылды. Стадионға 240 орынды трибуна орнатылды.

Жасанды жабынды алаң пайда болып, спорт

нысаны жарықтандырылды, - дейді С.Батырғожинов.

Биылғы жоспар ауқымды. Атап айтсақ, Федоровка

ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге 27,8 млн

теңге қаражат қарастырылған. Аталған ауылдың

8 көшесін (8,3 км) орташа жөндеуден өткізуге 137 млн

теңге бөлінген. Ауыл мектебінің терезесі мен есіктерін

ауыстыруға 82,8 млн теңге берілмек. Осылайша,

Федоровка ауылы аз уақыттың ішінде адам танымастай

болып өзгермек.

Аудан әкімінің айтуынша, аталған бағдарлама ауылдарда

жүзеге асуы үшін ондағы халық саны, инфрақұрылым

жағдайы есепке алынады екен. Бір ауылға бөлінетін

қаражат 300 миллион теңгеден аспауы тиіс. Бұл ретте,

Федоровка ауылы меценаттарының қаражаты есебінен

5 млн теңгеге көше жарығын орнату жоспарланған.

О.АХМАДИЯ.

Басы 1-бетте

Ауызсу тарифі неге әртүрлі?

Аймағымыздағы ауызсу мәселесі

«Halyq radiosy»-нда өткен

«Халық сөзі» бағдарламасында

кеңінен сөз болды.

Облыстық жер қойнауын пайдалану,

қоршаған орта және су

ресурстары басқармасының бөлім

басшысы Мақпал Лепесованың

айтуынша, соңғы 3 жылда өңірде

сумен қамту жұмыстары қарқынды

жүргізілуде.

- Үш жылдың ішінде 103 жоба

іске қосылып, 2 шақырымнан

астам су құбыры тартылды.

Бұл мақсатқа 54,9 млрд теңге

қаражат жұмсалды. Өткен жылдың

қорытындысына сәйкес, облыстағы

172 ауыл орталықтандырылған сумен

жабдықтау жүйесімен қамтылған.

71 ауылдың тұрғындары суды

Кешенді блок модульден алып

отыр. 107 елді мекенде жергілікті

су көздері пайдаланылады. Ал

2 ауылға су тасымалданып жүр, -

дейді М.Лепесова.

Биыл аймағымыздағы сумен

қамту жұмыстарын жалғастыруға

«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде

11 млрд теңге, облыстық

бюджеттен 314 млн теңге қаражат

бөлініпті. Қомақты қаржыға 35 жоба

іске қосылмақ. Бүгінде 33 жобаның

құрылысы жалғасуда. 2 жобаны

жүзеге асыру үшін конкурстық

жұмыстар басталыпты. Облыстық

қазынадан бөлінген қаражатқа

32 КБМ салынады деп күтілуде.

Осылайша, тағы 3 мыңнан астам

тұрғын сапалы сумен қамтылмақ.

Бұл бағытағы жұмыстар Ақтоғай

ауданында жүйелі қолға алынған.

Ауданның нақты экономика

секторы басшысының орынбасары

Болатхан Қапсалямовтың мәліметінше,

ондағы 31 ауылдың 20-сы

суды КБМ арқылы пайдаланып

отыр. Тұрғындар саны көп ауылдарда

ғана орталықтандырылған

сумен жабдықтау жүйесі бар.

Бірден айту керек, орталықтандырылған

сумен жабдықтау

жүйесінің жобасы ауылдағы халықтың

санына байланысты іске асырылады.

Атап айтсақ, тұрғындар

саны 200-ден асса ғана ірі жоба

қолға алынады. Ал 200-ден төмен

болса, Кешенді блок модуль немесе

жергілікті су көздері пайдаланылады.

Орталықтандырылған

сумен жабдықтау жобасын әзірлеу

оңай шаруа емес. Бір ауылға

су құбырын тартудың өзіне кем

дегенде 4-5 жыл уақыт қажет екен.

Атап айтсақ, орталықтандырылған

сумен жабдықтау жүйесін іске

қосу 3 кезеңнен тұрады. Ең әуелі

жерасты су көздерін іздестірубарлау

жұмыстары жүргізіледі.

Оған шамамен 3 жылдай уақыт

жұмсалады. Мердігер ұйым жыл

бойы судың деңгейін, сапасын

анықтап, «Қазжер қойнауы» орталығына

сараптамалық құжаттарды

жібереді. Ол жақтан қолдау тапса

ғана жобалық-сметалық құжаттар

әзірленеді. Одан кейін жобаға

қаражат қарастыру, конкурс жариялау,

тағы басқасы бар. Қысқасы,

су құбырын тарту жұмыстарының

машақаты көп.

Иә, тұрғындарды сапалы

ауызсумен қамтамасыз ету

үшін қазынадан қомақты қаражат

бөлінуде. Өкінішке қарай,

кейбір ауылдарда мердігердің

салғырттығынан тиісті жұмыстар

кешігуде.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

аудандарға жасаған жұмыс сапары

барысында әрдайым ауызсу

мәселесін назарда ұстап, су

жобасын уақытылы әрі сапалы

аяқтауды тапсырған болатын. Сапалы

ауызсу – тек зор денсаулықтың

кепілі емес, ауылдағы ағайынның

ата қонысында тұрақтап қалуына

жасалған қуатты инфрақұрылым

екенін естен шығармаған жөн.

Тариф десе тұрғындардың

елең ете қалатыны рас. Орталықтандырылған

сумен жабдықтау

жүйесі жобасын іске қосу бір бөлек,

оны күтіп-ұстау – маңызды іс. Бұл

шаруадан табыс түспейтіндіктен,

кез келген кәсіпкер жауапкершілігі

мол жұмысты алуға ынталы емес.

Десе де, жергілікті әкімдер ретін

тауып, тұрғындарға қолжетімді

бағамен су босатып отыр.

Бұл ретте, тікелей эфир барысында

Май ауданының тұрғындары

хабарласып, тариф бағасының

қымбаттау екенін айтты. Әлеуметтік

әлсіз топтың өкілдеріне

жеңілдіктер қарастырылса деген

тілектерін де жасырмады. Бүгінде

олар 1 текше метр су үшін

295 теңге төлейді екен.

Мақпал Лепесованың айтуынша,

облыс бойынша Железин ауданында

ең төменгі тариф тіркелген.

Ондағы баға 66,9 теңгеге тең.

Ал жоғары тариф Ертіс ауданында

тіркелген. Ертістіктер әр

текше метр су үшін 380 теңге

төлеуге міндеттелген. Десе де,

биыл қаңтардан бастап Ертіс

ауданындағы Беловод топтық

су құбыры сумен жабдықтаудың

аса маңызды топтық және оқшау

жүйелерінің тізіміне еніп, су босату

қызметі бағасының 80 пайызы

облыстық бюджеттен субсидиялануда.

Май топтық су құбырын

да тізімге енгізіп, алдағы уақытта

тұрғындар шығынының бір бөлігі

субсидияланбақ.

Байқағандарыңыздай, әр

ауданда тариф бағасы әртүрлі.

Мәселен, Баянауыл ауданындағы

жер қабатының ерекшелігіне

байланысты су шығару жұмыстарының

жобалық-сметалық құжаттары

қымбатқа түскендіктен, сәйкесінше

тариф бағасы өзге аудандармен

салыстырғанда қымбаттау.

Жалпы, тариф бағасы материалдық

шығындар мен өндірістік персоналдың

еңбекақысын есептеу

арқылы бекітіледі екен.

Қорыта айтсақ, тұрғындарды

сапалы ауызсумен қамтамасыз

ету үшін қазынадан қомақты

қаражат бөлінуде. Өкінішке қарай,

кейбір ауылдарда мердігердің

салғырттығынан тиісті жұмыстар

кешігуде. Бұл іске жауапты мамандар

қаражаттың мақсатты жұмсалуын

бақылауда ұстағаны маңызды.

Оралхан ҚОЖАНОВ.


4 31 шілде, сенбі, 2021 жыл ЗЕРДЕ

SARYARQA SAMALY

БІЛІМ

Жасанды интеллект мұғалімді

алмастыра ала ма?

Жасанды интеллект (ЖИ) білім саласына қалай әсер етеді? Оқу процесінде мұғалімнің

рөлі өзгере ме? «Мұғалім – ЖИ» тандемінде ынтымақтастық қалай құрылады? Ең күрделі

жасанды интеллект те мұғалімді алмастыра алмайды деген тұжырымдар да бар. Бірақ

бұл оқытуды жақсартуға және білім сапасын арттыруға көмектесетіні анық дейді сарапшылар.

Бүгінде қазақстандық мұғалімдерді

осы және жасанды интеллект төңірегіндегі

өзге де өзекті мәселелер толғандырады.

Өйткені қазіргі ақпаратты технологиялар

қарыштап дамыған дәуірде мұғалім үшін

мүмкіндіктер мен басымдықтар, жасанды

интеллект балалардың игілігі үшін жұмыс

істеуге тиіс. Технологияның дамуына қарай

оқытуда оқушының қабілетін, қажеттілігін,

жеке ерекшелігін ескеруді ұмытпауымыз

керек. Балалардың болашағын, олардың

үйлесімді дамуын қамтамасыз ете отырып,

адам мен компьютердің артықшылықтарын

біріктіру арқылы білім беруді тиімді етіп,

ал мұғалімнің жұмысын шығармашылыққа

айналдыруға болады. Бірақ жасанды

интеллекті мектептерде қолдану тәжірибесі

бізде әлі де жеткіліксіз.

– Алайда бізге бір орында тұруға

болмайды. Оқыту үшін сапалы цифрлы білім

беру ресурстарын жасақтау, мұғалімдер оны

пайдалану үшін цифрлы құзыреттіліктерін

белсенді дамытуы қажет, – дейді «Назарбаев

зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма

төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Заманауи білім берудегі жасанды

интеллектіге сұраныс мәселесі жуырда

осы Назарбаев зияткерлік мектептерінің

«Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім» атты

дөңгелек үстелінде кеңінен талқыланды.

НЗМ басшысы жасанды интеллект әлеуеті

талас тудырмайтынын жеткізді. Дегенмен

ғылым цифрландырудың мұғалімнің жұмысын

алмастыруға мүмкіндігі аз екенін айтады.

Керісінше машиналық оқыту алгоритмдері,

геймификация, онлайн технологиялар

мұғалімге оқытуды тиімді әрі қызықты

етуге көмектеседі.

Жасанды интеллект оқушының жеке

білім алу бағдарын анықтауға қолғабыс

етеді. 2017 жылдың қазан айында қытайлық

Squirrel компаниясы зерттеу жүргізген.

Төрт күн бойы оқушылардың бір тобы

жасанды интеллект көмегімен оқыды, ал

екінші топ оқушыларына мұғалім материалды

онлайн-технологияны қолданбай-ақ

түсіндірді. Математика бойынша қорытынды

тестілеу компьютер оқытқан балалардың

жақсы нәтижеге жеткенін көрсетті.

Сондай-ақ К.Шәмшидинова Джорджия

технологиялық институтының ғалымы Ашок

Гоэлемнен қызық дерек келтірді. Жасанды

интеллект оқушылардың жиі қоятын сұрағына

бірнеше рет жауап беру арқылы саналы

оқуға ықпал етеді. Бұған ғалымның өзі

жасаған «Джилл Уотсон» бағдарламасы

мысал болады. Онда оқушылар онлайн

сабақта жиі қоятын мыңдаған сұрақ пен

жауап қамтылған. Жинақталған ақпаратты

және қосымша параметрлерді қолдана

отырып, бағдарлама адамның көмегінсіз

қойылған сұрақтарға нақты жауап бере

алды.

Бүгінде ірі онлайн мектептер жасанды

интеллектке негізделген бағдарламаларды

жасайды және қолданады, сәйкесінше

бұл оқу процесін оқушы мен мұғалімге

тиімді және ыңғайлы етуге көмектеседі.

Мысалы, SkyEng ағылшын мектебінде

жасанды интеллект адаптивті, дербес

оқытуды және сол уақытта тапсырмаларды

тексеруді қамтамасыз етеді. Оқу

тренажерлерінің көпшілігі жасанды интеллектпен

жұмыс істейді.

Мұғалімінің күнделікті жұмыстарды

орындауға көп уақыты кетеді. Қазір әлемнің

көптеген елі жасанды интеллект көмегімен

аналитикалық және статистикалық мәлімет

жинауды автоматтандыруға тырысуда.

Мысалы, Батыс Аустралия университеті

Smart-кампус бағдарламасын жасады,

бұл күнтізбелік менеджмент, студенттер

базасы, электронды журнал және сабақ

кестесі, сабақты жоспарлаудың интеллектуалды

жүйесі, ұсыныстар жүйесі бойынша

ақпараттарды жинақтайды.

Ресейде Дневник.ру сайты жүргізген

сауалдамаға сәйкес респонденттердің 85%-ы

электронды күнделік арқылы аптасына

үш сағатқа дейін үнемдейтінін атап өтті.

Сонымен бірге сауалдамаға қатысушылардың

78%-ы қағаз журналдар мен күнделіктерден

толығымен бас тартты. Зерттеуге сәйкес

респонденттердің 85%-ы цифрлы жұмыс

құралдарына көшуге келіседі. Алайда

мұғалімдердің 15%-ы мұндай шешімге

қарсылық білдірген, бұны олар хакерлер

шабуылы мен ақпараттың басқаларға

қолжетімді болуы мүмкін екенімен түсіндірді.

Сондай-ақ сұхбаттасқан мұғалімдер электронды

журнал жұмысындағы қателіктер

мен көру органдарына зиян келтіруден

қорқады.

Ең күрделі жасанды интеллект те мұғалімді

алмастыра алмайды, бірақ бұл оқытуды

жақсартуға және білім сапасын арттыруға

көмектеседі. Осындай тұжырымды дөңгелек

үстел барысында білім беру саласында

ұзақ уақыт бойы NIS және Қазақстанмен

серіктес болып жүрген шетелдік сарапшы,

Финляндиядағы Ювяскюля университетінің

EduCluster тобының инновациялар және

сыртқы байланыстар жөніндегі директоры

Дэвид Марш келтірді.

– Қазір көптеген мұғалім үшін жасанды

интеллект туралы әңгіме қорқынышты және

түсінуге қиын. Менің ойымша, жақында

супер мұғалімдерді көбірек көреміз, олар

үшін ЖИ үйреншікті құралға айналады. Бұл

жаңа технологияларды басқаруды үйренгенде

мүмкін болады. Біз жасанды интеллект

жұмысымызды жақсартатынын білеміз

және оны қолдану біздің оқушылардың

жақсы нәтижеге жетуіне әкеледі, – дейді

Дэвид Марш.

Финдік сарапшы ЖИ айналамыздағы

барлық нәрсені бір түнде өзгертпейтінін

нақтылады. Оның айтуынша, жасанды

интеллекті бақылау қажет. Өйткені бұл

біздің әрқайсысымыздың көптеген жыл бойы

жүргізіп келе жатқан тәуелсіз, ынталы және

шығармашыл оқушыларды, Қазақстанның

жаһандық деңгейде ойлайтын азаматтарды

дайындау миссиямызды жүзеге асыруға

мүмкіндік береді. Бұл біздің оқушылардың

интеллектуалды және жеке өсуге емес, тест

нәтижелеріне ғана қызығушылық танытқан

кезеңді өзгертуге мүмкіндік береді.

Соңғы онжылдықта технология көптеген

мамандықты өзгертті. Мысалы, қазір ұшқыштар

он жыл бұрынғыға қарағанда мүлдем басқа

ұшақтарды басқарады. Осыдан жиырма

жыл бұрын хирургияда жұмыс істеген

дәрігерлер бүгінгі дәрігерлер қолданып

жүрген құрылғылардың сан алуандығынан

сасқалақтауы мүмкін.

Оқыту кезінде жасанды интеллекттің

қажеттілігіне күмәнданатындар үшін Дэвид

Марш «Егер бұл болмаса, онда білім беруді

дамытудың келесі үлкен қадамы қандай

болмақ?», «Ал қазір болмаса, бұл даму

қашан болады?» деген сұрақ қойып, осыны

ой елегінен өткізуге шақырды.

Бұл сұрақтар дөңгелек үстелге қатысқан

мұғалімдердің ЖИ дәуіріндегі орнына деген

қызығушылығын арттырды. Сондықтан олар

үшін сыныпта балалармен тікелей жұмыс

жасайтын әріптестерінің көзқарастарын білу

маңызды болды. Елордалық Зияткерлік

мектептің химия пәнінің мұғалімі, Global

Teacher Prize жаһандық сыйлығының

еліміздегі амбассадоры, «Қазақстанның

жыл мұғалімі – 2020» сыйлығының иегері

Динара Бейсембаева бүгінгі таңда жасанды

интеллектің педагогикалық практикада

қалай қолданылатынын көрсетті.

– Мен отандық және шетелдік әріптестер

арасында олардың жасанды интеллекті

қалай қолданатыны туралы сауалнама

жүргіздім. Олардың басым көпшілігі

ЖИ-тің не екенін біледі, бірақ онымен

қалай дұрыс жұмыс жасау керек екенін

толық түсінбейді. Әріптестер виртуалды

көмекшілерді, Google Forms, Whiteboard,

GeoGebra сияқты онлайн-платформаларды

пайдаланады және өздерінің арсеналын

кеңейтуді қалайды, өйткені олар оқыту

практикасы тек жақсарып келе жатқанын

түсінеді, – деді Д.Бейсембаева.

Қостанай қаласындағы мамандандырылған

ақпараттық технологиялар мектепинтернатының

физика пәні мұғалімі

Жахангир Гаппаров «Ақпараттық технологиялар

мен дәстүрлі оқыту арасындағы

тепе-теңдікті қалай сақтау керек?» деген

қазіргі кездегі мұғалімдердің көпшілігін

мазалайтын сұраққа жауап берді.

– Заманауи технологиялар қаншалықты

тез дамыса да, балаларды сапалы оқыту

үшін, ең алдымен, мектептің жайлы ортасы

маңызды, өйткені бұл білім жетілдіруге

ықпал етеді. Сонымен бірге технологиялар

материалды неғұрлым нақты және

жеңіл түсіндіруге көмектеседі. Дәстүрлі

және заманауи оқытудың дұрыс үйлесуі ең

жақсы нәтижеге жеткізеді деп санаймын, –

деді Ж.Гаппаров.

Назарбаев Зияткерлік мектептері

ДББҰ Басқарма төрайымының орынбасары

Светлана Испусинова McKinsey

зерттеуінің нәтижелерін көрсете отырып,

мұғалімдер мен ЖИ арасындағы үйлесімді

ынтымақтастықтың тікелей қажеттілігін

атап өтті. Білім беру технологияларын

қолдану деңгейі жоғары Канада, Сингапур,

Ұлыбритания және АҚШ-тағы 2 мыңнан

аса мұғалімге жүргізілген сауалдама

мынаны аңғартады. Мұғалім аптасына

орта есеппен 50 сағат жұмыс істейді,

оның 10,5 сағатын сабаққа дайындалуға,

6,5 сағат жұмысты тексеру және кері

байланысқа, 3 сағат біліктілікті арттыруға,

5 сағат әкімшілік тапсырмаларға, 4,5 сағат

оқушылар коучингіне, 3,5 сағат оқушылардың

әлеуметтік дағдыларын дамытуға және

16,5 сағат оқытуға жұмсайды. Тұжырымдар

анық – мұғалімдер дайындық, бағалау

және әкімшілік жауапкершілікке қарағанда

оқушымен жұмысқа аз уақыт өткізді.

Светлана Багитқызы жасанды интеллект

мұғалімдерге өз уақытының 20-30

пайызын мұғалімнің нақты миссиясы –

оқытуға қайта бөлуге көмектесе алатынын

айтты. Автоматтандырудағы ең үлкен әлеуеті

бар сфера – сабаққа дайындық. Технологияны

тиімді пайдалану бұл уақытты кем

дегенде екі есеге қысқартуы мүмкін. Қазірдің

өзінде түрлі дағдыларды дамытуға арналған

көмекші жаттығулар ұсынатын көптеген

бағдарлама бар. Осындай дағдылардың

ішінде С.Испусинова бейімделушілікті,

қарым-қатынасты, мүмкіндіктерді кеңейтуді,

сондай-ақ цифрлы дағдыларды ерекше

атап өтті.

NIS Адам ресурстарын басқару

департаментінің директоры Венера Мусарова

да цифрлы дағдылардың маңыздылығына

тоқталды.

– Мұғалімнің өзі интернеттегі онлайн

курстар, шеберлік сағаттарына қатысуы,

ақпаратты сұрыптауы, қазіргі заманғы

оқушыларды қызықтыратын құралдардың

көмегімен сабақ ұсынуы қажет. Мұғалім

виртуалды кеңістік мәселелерінде құзыретті

болуы, жасөспірімдер тенденциясын қадағалап

отыруы керек. Жасанды интеллектің

даму қарқыны мұғалімнің психологиялық

дайындығы мен үздіксіз кәсіби дамуын

болжайды. БҰҰ қазіргі заманның басқа

да жаһандық сын-қатерлерімен қатар оқу

принципін (lifelong learning) іске асыруды

басты міндеттер қатарына қосты. Қазіргі

әлемдегі көптеген дағды тез ескіреді және

бұл білім беру мамандарының өздеріне де

толық қатысты. Сондықтан үздіксіз білім

алу мүмкіндігі мұғалімдерге қойылатын

басты талаптардың бірі болып қалады, –

деді В.Мусарова.

Оның айтуынша, жаңа технологиялардың

пайда болуы әрдайым мұғалімнің рөлін

айқындап отырады. Дэвид Торнбургтың

«компьютер ауыстыра алатын кез келген

мұғалім соған лайық» деген сөзі жиі дау

тудырады, бірақ ол қазір мұғалімнің сансыз

дағдылары мен қасиеттерін алмастыра

алатын технологияның жоқтығын меңзейді.

Швейцариядан келген әйгілі ғалым,

цифрлы денсаулық сақтау және жасанды

интеллект бойынша Халықаралық серіктестік

жобасының директоры Амандип Джил

жасанды интеллект дәуірінде мұғалімнің

орнын ештеңе алмастыра алмайтынына

күмән келтірмейді.

– Мұғалім болу – тек бүтін бөлшектерді

оқыту ғана емес, бұл адамның әрекеті.

Балалар мұғалімге қарап, өздерін айнадағыдай

көреді. Сүйіспеншілік те, жанашырлық та,

тәлім беру де – бұл еш машинаның қолынан

келмейтін эмоционалды компоненттердің

бірі, – деді ол.

Назарбаев Зияткерлік мектептерін

дамыту департаментінің директоры Рустам

Абилов мектептен тыс және бейресми

білім берудің ерекшеліктеріне тоқталды.

Ол жасанды интеллект 10-20 жылда келетін

шындық емес, бүгінгі шындық екенін атап

өтті. Әлемде оқытуды қамтамасыз ету

үшін ЖИ-ді белсенді қолданатын көптеген

білім беру платформасы бар. Олардың

оқушыларының саны көбінесе он миллионмен

өлшенеді.

Думан АНАШ.


SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ 31 шілде, сенбі, 2021 жыл 5

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Энергоблок жаңаруда

Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 станциясында қуаттылығы

500 МВт болатын №1 энергоблокқа жаңа технологиялық

жабдықтарды орнату басталды. Қайта жаңартылған энергия

блогын пайдалануға беру және іске қосу 2023 жылғы желтоқсанға

белгіленіп отыр. Ауқымды жоба елдегі энергия жетіспеушілігін

азайтуға септігін тигізбек.

Станцияға иелік ететін «Самұрық-

Энерго» АҚ бұл жобаға үлкен мән беріп

отыр. Аталған ірі жобаны табысты іске

асыру, сондай-ақ компанияның өзге де

энергетикалық нысандарында жүргізіліп

жатқан жұмыстар сала бойынша орын

алып отырған электр қуатының тапшылығын

азайтуға және елдің энергетикалық

қауіпсіздігін арттыруға тиіс.

Соңғы төрт жыл ішінде республикада

электр тұтынудың орташа өсімі 4%-ды

құрап, жыл сайын электр қуатына деген

қажеттіліктің шамамен 600 МВт-қа өсіп

отырғаны белгілі. Мамандар қолда бар қуат

резервтерінің азайып бара жатқандығын

айтуда. Электр қуатының болжамды теңгерімі

Қазақстанда 2023 жылдан бастап өндірістік

қуат тапшылығы болатынын көрсетіп отыр.

Ал реттеу қуатының тапшылығы қазірдің

өзінде байқалуда. Жүйелік оператордың

ақпараты бойынша былтыр күзгі-қысқы

кезеңнен өту барысында ҚР Біртұтас электр

энергетикалық жүйесінің

(БЭЖ) жұмыс қуатына

қатысты нақты резерв

600 МВт-ты құрады. Саладағы

сарапшылар ағымдағы

қарқын сақталған жағдайда,

келесі жылыту кезеңінде

біртұтас жүйеде қуат

резервтері болмай қалуы

мүмкін деп отыр. Бұл электрмен

жабдықтаудағы шектеулерге

әкеп соқтыратыны

сөзсіз.

Осылайша «Жаңа

электр сүзгілерін орната

отырып, №1 энергия блогын

қалпына келтіру» жобасы

станцияның қуатын 4000 МВт-қа дейін

арттыруға және сол арқылы ГРЭС-те негізгі

жабдықтарды жаңғыртудың көп жылдар

бойы жүргізіліп келе жатқан процесін

аяқтауға мүмкіндік бермек. Естеріңізге

сала кетсек, 2014 жылы қуаты 500 МВт

болатын №2 энергоблок іске қосылды.

Бұл Екібастұз ГРЭС-1 нысанының өндірістік

көрсеткіштерін айтарлықтай арттыруға

мүмкіндік берді. Оған дейін 2012 жылдың

шілдесінде қуаты 500 МВт болатын №8

энергоблок та жұмысқа кіріскен болатын.

Айтып өтейік, Б.Нұржанов атындағы

Екібастұз ГРЭС-1 – әрқайсысының қуаты

500 МВт болатын сегіз энергоблокпен

жабдықталған. Қазақстандағы ең ірі жылу

электр станциясы. Ол бүгінде республика

бойынша барлық электр тұтыну көлемінің

20-23% қамтамасыз етеді.

Өз тілшіміз.

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Бағдарлама базарлығы

Былтыр Ақтоғай ауданында Нәтижелі жұмыспен қамту және

жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған

«Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберінде 114 адамға

мемлекеттік грант берілген болатын. Бүгінде жас кәсіпкерлер

шаруасын дөңгелетіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына

зор үлес қосуда.

Грант алғандардың 20-сы - жастар,

сондай-ақ 3 мүмкіндігі шектеулі жан, 4

әлеуметтік көмек алушы азамат және

еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс

тепкен 18 азамат қайтарымсыз қаражатқа

ие болды. Мемлекеттік қолдауға ие

болғандардың басым бөлігі жұмыссыздар

екен. Грант иегерлері өз бизнестерін дамыту

мақсатында көбіне ауыл шаруашылығы

саласына қадам басып, төрт түлік сатып

алыпты. Кейбірі шаштараз, сұлулық салоны

-

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

сияқты жергілікті тұрғындарға қажетті

бизнес түрлерін қамтыған.

Бүгінде Гүлдана Сұңқарбек өңірде

тоқыма өнерін жандандыруда. Қараоба

ауылының тұрғыны Әсем Қабиева Әуелбек

ауылында ашылған шағын индустриялық

аймақта өз сән салонын ашып, тұрғындарға

сапалы қызмет көрсетуде. Оралбай Әшір

«Муслим» шаруа қожалығын құрып, мал

шаруашылығымен айналысуда.

Қайырымды саудагер

О.АХМАДИЯ.

Аудан орталығында жеміс-жидек сатып, өз күшімен дүкен

тұрғызған Асан Мүбәрак есімді жерлесіміз тұрады. Өзге дүкен

иелерінен ерекшелігі - ол қайырымды шаралармен тұрақты

айналысады.

-

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Әкімдер қызметке кірісті

Биыл Баянауыл ауданы бойынша 4 ауылдық округте ауыл

әкімдерінің сайлауы өткізілді. Жұртшылықтың дауыс беруі

нәтижесінде барлық округтің басшылары таңдалды.

Бұл сайлаудың мақсаты - ауыл тұрмысын

түзеу. Тікелей таңдау жасауға мүмкіндік

алған ауыл халқы жоғары белсенділік

танытқанын айтып өтейік. Жұртшылық

саяси науқан аймақтың дамуына серпін

береді деген үмітте. Өйткені елі сайлаған

әкім әлеумет алдындағы жауапкершілікті

сезініп, туған жердің қажеттілігіне көңіл

аударуға тиіс. Жаңадан сайланған әкімдер

басты проблемаларды шешеді деген ойда

тұрғындар.

Аптаның екінші жартысынан ауылдық

округ әкімдерін тікелей сайлау қорытындысы

бойынша жеңіске жеткен азаматтар өз

міндеттеріне кірісе бастады. Баянауыл

аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

төрағасы Талғат Қалышбеков әкімдерге

куәліктерін табыстады. Ақсаң ауылдық

округіне Кенжебек Дүйсенбаев, Бірлік ауылдық

округіне Арман Мұсатаев, Сәтбаев ауылдық

округіне Мейіржан Көкенов, Ұзынбұлақ

ауылдық округіне Асқар Мұқанов әкім

болып сайланды.

Өз тілшіміз.

Федоровканың Қызылту ауылында

дүниеге келген Асан Мүбәрәк 1988 жылдан

бері сауда саласында еңбек етіп келеді.

Отбасылы, екі ұлы, бір қызы бар. Бұрын

қалада тұрып, сауда жасаған. 2014 жылы

туған жерге оралуды жөн көріпті. Отбасымен

ақылдасып, аудан орталығынан

жеміс–жидек сататын дүңгіршекті сатып

алады. Еткен еңбек, төккен тер босқа

кетпей, былтыр осы дүңгіршектің орнына

«SULEIMAN» деген сауда дүкенін ашады.

Барлығы еңбектің арқасында болатынын

білген отағасы алғашында жалға жер үй

алып, кейіннен екі қабатты үйден пәтер

сатып алыпты. Отбасымен осы дүкенде

еңбек етуде. Дүкен негізінен азық-түлік

өнімдерін сатады. Асан ағаның отбасы

қайырымдылық шараларымен тұрақты

айналысады.

Биылғы Құрбан айт мерекесінде дүкен иесі

құрбандық шалып, Павлодардағы «Мұрагер»

пансионатының тәрбиеленушілеріне етін

апарып берген. Одан бөлек әр жұма күні

«тегін нан» акциясын өткізеді екен. Діни

мерекелер мен жұма күндері ауылдағы

жағдайы төмен отбасыларына азық-түлікпен

жәрдемдесіп отырады.

«Тереңкөл тынысы».

-

УСПЕН АУДАНЫ

Бизнесін бастады

Успен ауданына «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде еліміздің

оңтүстік өңірлерінен қоныс аударғандар көп. Бүгінде олар өз

кәсіптерін бастап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына

аз да болсын үлес қосуда.

Жуықта Жұмабек Сарқыт жұбайы

Сайрамен бірге дәмхана ашты. Ол үшін

«Business Ertis» бағдарламасына қатысыпты.

Жұмабек шағын ғимаратты таңдап,

10 жылға жалға алған. Нысанды жөндеп,

бүгінде алғашқы меймандарына қызмет

көрсете бастады.

- Ауыл тұрғындары арасында көкөніс

қосылған тауық етінен жасалатын

«Даппанджи» тағамы үлкен сұранысқа

ие. Үй-үйге жеткізіп беру қызметі де бар.

Алдағы уақытта дәмхананың сыйымдылығын

арттыру мақсат етілуде. Оған қоса,

100 орындық банкет және бильярд залын

ашпақпыз, - дейді Жұмабек.

Олар бұл кәсіпті әу баста Алматы облысында

дөңгелетуге ниеттенген. Алайда

әрекеттері нәтиже бермепті. Мақсаттарына

Павлодар облысында қол жеткізгендеріне

қуанышты. Жергілікті тұрғындар оларды

ыстық ілтипатпен қарсы алып, барынша

қолдауға әзір.

О.АХМАДИЯ.

-

МАЙ АУДАНЫ

Асыл түлік – табыс көзі

Май ауданының биылғы бірінші жартыжылдықтағы даму

көрсеткішіне көз жүгіртсек, ауыл шаруашылығы саласындағы

жаңашылдықтар қуантады. Жергілікті шаруалар, әсіресе, малды

асылдандыруға ұмтылуда.

Аудан әкімі Марат Ақтаевтың мәліметінше,

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы

шеңберінде биыл импорттық 600 бас сиыр

және 2500 саулық сатып алу жоспарланған.

- Бүгінде импорттық ірі қара мал сатып

әкелу бойынша жоспардағы индикатор

160 пайызға орындалды. Наурыз-маусым

айларында «Нұржайлау» шаруа қожалығы

278 бас және «AgroExportPavlodar» ЖШС

680 бас ірі қара мал әкелді. Оның 480-і -

герефорд тұқымды, 200 бас симментал

тұқымды сиырлар. Жыл соңына дейін

тағы 1000 бас ірі қара мал сатып алу

көзделуде, - дейді аудан әкімі.

Айтпақшы, «AgroExportPavlodar» ЖШС

ет бағытында шетелден импорттық асыл

тұқымды ірі қара мал әкелу бойынша

операторлық жұмыспен айналысады екен.

Бұл - жеке қосалқы шаруашылықтарда

асыл тұқымды шаруашылықтың дамуына

ықпал ететіні сөзсіз.

Оралхан ҚОЖАНОВ.


6 31 шілде, сенбі, 2021 жыл ШАМШЫРАҚ

SARYARQA SAMALY

БӘРЕКЕЛДІ!

Физика пәні бойынша өткен

халықаралық олимпиадада

(IPhO) екі бірдей жерлесіміз

күміс медальға қол

жеткізіп, жергілікті білім

саласының қандай деңгейге

көтерілгенін тағы бір

мәрте дәлелдеді. Олар -

Дінмұхамед

Рахымжанов

пен Антон Драганчук.

Жеңімпаз жерлестерімізді

ҚР Білім және ғылым министрі

Асхат Аймағамбетов

өзінің жеке парақшасында

құттықтады.

Күміспен

күптелді

Дінмұхамед Рахымжанов

Антон Драганчук

Физика пәнінен халықаралық олимпиада

Литва республикасының Вильнюс

қаласында өтті. Оған біздің оқушылар

онлайн режимде қатысқан. Әлемнің ең

үздік зияткер оқушыларының басын

біріктіретін дәстүрлі білім бәсекесіне

биыл 70-тен астам елден 400-ге жуық

оқушы бақ сынады.

Халықаралық олимпиада ережелері

бойынша бірінші турда бес сағаттық

теориялық тапсырма берілген болса,

екінші кезең практикалық жұмысқа

арналды. Қазақстан құрама командасының

сапында бақ сынаған қос жерлесіміз

Дінмұхамед пен Антон күміс медальді

қанағат тұтты. Жүлделі оқушылар бүгінде

Павлодар қаласындағы №8 мектеплицейінің

10 және 11-сыныптарында

оқиды. Аталған оқушылар бұған дейін

де талай білім сайыстарында білімдерін

сынап, топ жарып жүрген болатын.

Жалпы, аталған олимпиадаға

Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және

Павлодар қалаларынан бес оқушы

қатысып, 6 медаль жеңіп алыпты. Құрама

қоржынын толықтырған медальдардың

5-еуі күміс, 1-еуі қола медаль.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов кеше

аталған қос жүлдегерді қабылдап, оларды

жетістігімен құттықтады.

Өз тілшіміз.

Ұлты өзге болса да, қазақ тілін өз ана тіліндей меңгеріп, халқымыздың

салты мен дәстүрін жан дүниесіне сіңірген жерлестеріміз

бар. Солардың бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Инга Гросс. Ол орыс сыныптарында оқитын оқушылар

үшін қазақ тілінде тез әрі жеңіл сөйлеудің ең тиімді

әдістемелерін қолдана отырып, педагогикалық шеберлігін

танытуда. Міне, сол еңбекқорлығының нәтижесінде өзі де,

оқушылары да жетістік шыңынан көрініп келеді.

ЖЕТІСТІК ШЫҢЫ

«Қазақ поэзиясына

құштармын»

Тілеуберді САХАБА

Инга Гросс – неміс ұлтының қызы. Бірақ

онымен бір кездесіп, әңімелескен адам

өзге ұлттың өкілі дегенге сене қоймайды.

Себебі, қазақ тілінде сөйлеп қана қоймайды,

ұлтымыздың құндылықтарын жадына сіңіріп,

салты мен дәстүрін де берік ұстанған жан.

Ол - сонау соғыс жылдарында Қырымнан

жер аударылып, қазақ жерінен пана тапқан

аз ұлттың ұрпағы. Атасы Отто Райнгольдович

бұл жаққа небары 13 жасында ғана

келген екен. Май ауданына қарасты Саты

ауылының Абай бөлімшесіне келгенде сол

жердің тұрғылықты халқы құшақ жая

қарсы алып, бауырларына басыпты. Сол

ауылда тұрып, үйленіп, шаңырақ көтерген,

балалы-шағалы болып, олардан немережиен

сүйді. Ұлдары қазақтан келін әкелсе,

қыздары қазақ отбасыларына ұзатылды.

Осылайша, қазақ халқымен төс қағысқан

құда болды. Инга - сол Отто ақсақалдың

немересі.

- Атам мен әжем қазақтар жайлы

көп естелік айтатын: «Күні бойы қазақ

балаларымен ойнаймыз, содан қазақша

жап-жақсы сөйлеп кеттік» дейтін атам марқұм.

Әжем болса: «Қазақтың балажандығы мен

малжандылығынан үлгі алдым» деп отырады.

Атам Отто да, әжем Эрика да өмір бойы

өздерін «қазақпыз» деп, қазақтың салтдәстүрін,

ырым-тыйымдарын әспеттеп өтті.

Үлкендердің бұл құрметі менің қазақтың

салт-дәстүрін сүйіп өсуіме және тілін

еркін меңгеруіме үлкен септігін тигізді.

Менің қазақ тілі мұғалімі болуыма ықпал

еткен тағы бір жағдай – қазақ поэзиясына

деген құштарлығым. Яғни, оқушы

кезімнен бастап қазақ әдебиетін жатажастана

оқитын едім. Сол кездің өзінде

түрлі көркемсөз оқу байқауларына қатысып,

орын алып жүрдім. Осы күнге дейін талай

қызық жағдайларға тап болдым. Мысалы,

аты-жөнім өзгеше бола тұра, таза қазақша

сөйлейтінімді көріп таңырқаған адамдар

да болды. «Қалай үйрендің?» деп сұрап

жатады. Мен өзімнің отбасымның тарихын

баяндап беремін, - дейді ол.

Инга Май ауданына қарасты Саты

орта мектебінде оқыды. Орта мектепті

тәмамдағаннан кейін Торайғыров университетінде

қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі мамандығы бойынша білім алды.

Кейін ИнЕУ-дің магистранты атанды. Қазіргі

уақытта Павлодар қаласындағы №43

орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. Тіл

мәселесіне қатысты іс-шараларға белсене

қатысып, өзінің тәжірибесі мен шеберлігін

шыңдаудан жалыққан емес. Әсіресе, орыс

мектебінде қазақ тілін үйретудің машақаты

мол екені баршаға аян. Сондықтан, өзінің

кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп, әрдайым

ізденіс үстінде жүретін жаңашыл ұстаз.

- Бүгінгі таңда орыс сыныптарында

қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша

сабақ берудемін. Әрине, мұндағы білім

методикасының қазақ сыныптарына оқытудан

айырмашылығы шамалы. Дей тұрғанмен

сыныптағы оқушының сабаққа деген

қызығушылығын ояту мұғалімнің жұмыс

- Атам мен әжем қазақтар жайлы көп естелік

айтатын: «Күні бойы қазақ балаларымен ойнаймыз,

содан қазақша жап-жақсы сөйлеп кеттік» дейтін

атам марқұм. Әжем болса: «Қазақтың балажандығы

мен малжандылығынан үлгі алдым» деп отырады.

Атам Отто да, әжем Эрика да өмір бойы өздерін

,,

«қазақпыз» деп, қазақтың салт-дәстүрін, ырымтыйымдарын

әспеттеп өтті. Үлкендердің бұл құрметі

менің қазақтың салт-дәстүрін сүйіп өсуіме және

тілін еркін меңгеруіме үлкен септігін тигізді...

жүргізу шеберлігіне байланысты. Біздің

мақсатымыз – алдымыздағы оқушыларға

қазақ тілін үйрету ғана емес, сонымен

қатар, қазақ халқының мәдениеті мен салтдәстүрлерін

саналарына сіңіру. Сонда ол

бала үйренген әрбір сөзінің мәні мен

мағынасын тереңнен түсінеді. Аталған

міндеттерге қол жетікізу үшін мұғалім

әрқашан ізденісте болып, білім жүйесіндегі

жаңалықтардан құлағдар болып отыруы керек

деп ойлаймын. Жалпы, қазақ тілі мұғалімі

болу – қызығынан гөрі қиындығы басым

шаруа. Бізге қойылатын талап та, артылатын

сенім де мол. Өйткені, біздің алдымыздан

еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтар

өтеді. Біз елдің болашағын тәрбиелеп

жатырмыз. Ал еліміздің болашағы - біз

тәрбиелеген білімді ұрпақтың қолында.

Қазақтың көрнекті жазушысы Жүсіпбек

Аймауытов бір жазбасында: «Сабақ беру жай

ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны

табатын өнер» деген екен. Сондықтан,

жаңа технологиялық әдістемелерді меңгере

отырып, оқушыларға сапалы білім беруге

тырысу қажет. Егер, оған өздігімен қол

жеткізе алмағандар сол жаңашылдықты

тәжірибе жүзінде қолданып жүрген ұстаздардан

үйренудің еш сөгеттігі жоқ. Біз, ұстаздар

қауымы, әрдайым дамып, жетіліп отыруымыз

керек, - дейді Инга мұғалім.

Ол белсенді тіл волонтері ретінде де

көп жұмыс атқарып келеді. Қазақстан

халқы Ассамблеясының «Мың бала», «Тіл

мектебі» сияқты республикалық жобаларына

қатысып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ

тілін үйренуіне атсалысуда. Сонымен қатар,

халықаралық деңгейдегі ұстаздармен де

жиі тәжірибе алмасып, өзінің іскерлігін

арттыруда. Мысалы, 2012 жылы Стамбул

университетінің профессоры, PhD докторы

Х.Тюфекчиоглудың «Әлемдегі маңызды

мәселелер: тіл, журналистика, мәдениет

және әлеуметтану мәселелері» атты семинарына

қатысса, 2014 жылы Моңғолия

ғылым Академиясының және Халықаралық

Шыңғысхан Академиясының академигі

Қаржаубай Сартқожаұлының «Түркі руханияты:

түркі тілі, тарихы мен мәдениеті» атты

халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарында

болды. Сондай-ақ, академиялық мобильділік

бағдарламасы бойынша Моңғолияның Ховда

университетінің Баян Өлгей аймағындағы

филиалында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Инга мұғалім облыстық, республикалық

және халықаралық байқауларда, білім

сайыстарында бақ сынады. Солардың

біразынан жүлделі орындар еншілеп, өз

мектебінің намысын абыроймен қорғап

келеді. Өткен жылы қазақтың бас ақыны

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына

орай орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен

әдебиет пәні мұғалімдері арасында өткен

республикалық олимпиаданың ІІ орын иегері,

«Daryn.online» білім беру платформасы мен

«Qaztest.kz» олимпиада сайты ұйымдастырған

республикалық пән олимпиадасының І орын,

қазақ тілі мұғалімдеріне арналған қашықтық

олимпиадасының ІІ орын иегері болды.

Бұл оның жетістіктерінің бір бөлігі ғана.

Алдағы уақытта да талай биік белестерді

бағындырып, мемлекеттік тілдің дамуына

өз үлесін қоса береріне сенімдіміз.


SARYARQA SAMALY

ШАМШЫРАҚ 31 шілде, сенбі, 2021 жыл 7

Облыстық білім беру басқармасының

хабарлауынша, көмекке

мұқтаж балалардың деректер

базасы құрылды. Сонымен қатар,

азаматтардың өтініштерін қабылдап,

олармен жұмыс жүргізетін

«жедел желілер» мен «сенім» телефондары

жұмыс істейді. Одан

басқа, қайырымдылық жасауға

ниеті бар жаны жомарт кәсіпкерлерді,

әлеуметтік серіктестерді,

мемлекеттік құрылымдарды тарту

бойынша жұмыстар жүргізілуде.

- Акцияның мақсаты – аз

қамтылған отбасылардың, көпбалалы

жанұялардың балаларына

және ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаларға әлеуметтік

көмек көрсету. Яғни, әлеуметтік

тапшылықтан, жағдайдың төмендігінен

мектепке бармай қалуының

алдын алуымыз қажет.

Облыстағы кейбір мектептер

оқушылардың қажеттілігіне қарай

көмек көрсету жұмыстарын бастап

кетті, - дейді басқарма мамандары.

Павлодар қаласындағы №35

орта мектеп директорының міндетін

атқарушы Гүлнәр Ибраеваның

сөзінше, биыл 70-тен астам балаға

қолдау көрсетіп, мектепке қажет

киім-кешек пен оқу құралдарын

алып беру жоспарланған.

- Бұл мақсатқа бюджеттен

МАМАН КЕҢЕСІ

Суреттер ғаламтордан алынды.

Жақсылыққа

шақырады

Республикалық деңгейде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» қайырымдылық

акциясы аясында қаншама баланың сабаққа бүтінделіп баруына жағдай жасалуда.

Аталған акция биыл 1 тамызда басталып, жағдайы төмен отбасыларға

көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылады. Бұл - әсіресе әр өңірдегі жомарт,

қайырымды жандардың белсенді атсалысуын қажет ететін шара.

арнайы қаражат қарастырылған.

Мектептің қамқоршылық кеңесі де

қолдау көрсетуге әзір. Дегенмен

ол жеткіліксіз. Мектепке киетін

киім мен сабаққа қажетті құралдары

бойынша көмек сұрайтындар

әлі де шығуы мүмкін.

Сондықтан біздің балаларға

көмек беруге ниетті кәсіпкерлер

болса, қуана қарсы аламыз, -

дейді Гүлнәр Рахымжанқызы.

Айта кетейік, «Мектепке жол»

акциясына қатысып, сауапты істің

қасынан табылғысы келетін қайырымды

жандар болса, тұрғылықты

жердегі білім беру бөліміне

немесе мектептерге хабарласуына

болады.

Өз тілшіміз.

Баланың тілі

бастауышта дамиды

Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы өте жылдам

жүретін ерекше қайталанбас кезең. Сондықтан да бастауыш сынып - балаға

сапалы білім берудің алғашқы баспалдағы.

Мен бастауыш сынып мұғалімі

ретінде осы саладан санама

түйген жайттарды ортаға салғым

келеді. Себебі, білген дүниені

іште сақтамай, өзгемен бөлісудің

артықшылығы көп. Бұл - әсіресе,

ұстаздар қауымы үшін ежелден

қалыптасқан қағида.

Жалпы, оқушының ойлау

жүйесі мен тілін қалыптастырып,

шығармашылық бағытта жан-жақты

дамыту бастауыш мектепте басталады.

Жас жеткіншектерге ана

тілімізді халықтың салт-дәстүрі,

әдет-ғұрыптары арқылы оқытыптәрбиелеу

- өте маңызды жұмыс.

Жастайынан халықтық тәлімтәрбие

негізінде тәрбиеленген

бала болашақта өз халқын, өз

жерін ардақтайтын адал да парасатты

азамат болып өсетіні сөзсіз.

Сондықтан мектепте балаларға білім

беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін

басшылыққа алу - басты талап. Бұл

міндетті орындаудағы шаралардың

қайнар бұлағы, сарқылмас көзі -

мемлекеттік тілде жүргізілетін

сабақтар.

Қай заманда болмасын адамзат

алдында тұратын ұлы мақсат -

саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол

келешек қоғам иелерін жан-жақты

жетілдіре отырып, ақыл-парасаты

мол, мәдени, ғылыми өресі озық

азамат етіп тәрбиелеу - біздің де

қоғам алдындағы борышымыз.

Өкінішке қарай, қазір бастауыш

сынып оқушыларының қазақ

тілінде сөйлеуі мен ойлауы әлі

толық қалыптаспаған. Бұл – өте

үлкен мәселе. Сыныпта отырған

балалардың жартысы қазақ тілін

жақсы түсініп, сабақтарды тез

меңгергенімен, тең жартысы өз

тілінде ойын жеткізе алмайды.

Мұғалім үйреткен тақырыпты да

бірден сіңіріп ала алмайды. Ондай

балаларға тәптіштеп бірнеше рет

қайталауға тура келеді. Оның

себептері әртүрлі болады: Көбінің

отбасы мүшелері, яғни, ата-аналары

үйінде орысша сөйлейді. Сонымен

қатар, көп балалардың күнделікті

ойнайтын ортасы орыс тілді болып

келеді. Тіпті, мектептің өзінде

үзіліс кезінде бір-бірімен орыс

тілінде сөйлесіп кетеді. Міне,

осы сияқты жағдайлар баланың

қазақ тілін үйренуге талпынуға

мүмкіндік бермейді. Ата-аналар

және ұстаздар осы жағдайдың

алдын алу керек. Яғни, оларға

қазақ тілді орта қалыптастыру

жағына әрекет ету қажет.

Жанат АССАНОВА,

дарынды балаларға арналған

№8 лицей-мектебінің мұғалімі,

Павлодар қаласы.

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС

БІЛІМ-АҚПАРАТ

Квота көбейді

ҚР Білім және ғылым министрлігі биыл алғаш рет

халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан

балалардың ЖОО-на түсуіне квота бөлді. Яғни,

кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала

тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектер

үшін гранттардың жалпы санының 5 пайызын

бағыттап отыр.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және

жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры

Әділет Тойбаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі

бар азаматтардың балаларына гранттардың 1 пайызын, І, ІІ топтағы

мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан

түлектерге 1 пайызын арнаған.

Сондай-ақ, ЖОО-ға ауылдық жерден барған балаларға да

арнайы грант бөлген. Бұл ретте ең алдымен болашақта ауылдардың

әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытына қажетті мамандықтарды

таңдаған студенттерге мүмкіндік беріледі.

Айта кету керек, биыл 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық

бірыңғай тестілеуден өтті. ҰБТ қорытындысы бойынша шекті

балды 88 мыңнан астам түлек жинады, бұл қатысушылардың

жалпы санының шамамен 60 пайызын құрайды. Биылғы жылы

орташа балл 69-ды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда

5 балға жоғары.

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық

комиссия қабылдайды. Конкурстық комиссияның отырысы

10 тамызға дейін өтеді. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың,

қоғамдық ұйымдардың өкілдері, журналистер, «Қазақстан

студенттері Альянсының» және «Отандастар» қорының өкілдері

кірді.

Биыл 7054 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 576 оқушы

халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары

болған. Сондай-ақ, әртүрлі іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстарға

белсенді араласқан 705 бала үздік аттестат алды. Талапкерлердің

баллдары тең болған жағдайда осы үміткерлер басым құқыққа

ие болады.

Жалпы, биыл 5 мың талапкер білім гранттарын тағайындау

конкурсына қатысуға өтініш берді. Олардың құжаттарын қабылдау

рәсімі 16-26 шілде аралығында жүргізілген. Енді оның нәтижелері

15 тамызға дейін жарияланады.

Өз тілшіміз.

Жазғы демалыс - жас жеткіншектердің ел-жер

көріп, тарихи орындарға саяхат жасауына мүмкіндік

берілетін уақыт. Біздің мектепте оқушылардың

жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу үшін

оқу-тәрбие және сауықтыру жұмысын жүргізуге

арналған іс-шаралар жоспары құрылған.

Сәтті саяхат

Н.Алшынов атындағы Жалаулы орта мектебінің бір топ оқушысы

жақында Қарағанды қаласындағы экологиялық мұражайға саяхат

жасады. Ол ТМД мемлекеттері арасында баламасы жоқ бірегей тарихи

орын болып саналады. Мұнда Қазақстан табиғи ресурстарының

әралуандығы, оларды шығару және өндеуі жолдары туралы құнды

мәліметтер бар. Сонымен қатар, Семей ядролық полигонының

тарихы мен қазіргі қауіпсіздігі жөнінде, Байқоңыр ғарыш айлағы

туралы тың деректер бар. Аталған экомұражайда ғарыш әлеміне

қатысты экспонаттар көп сақталған. Мысалы, зымырандар мен

ұшақтар бөлшектері, кеңес заманындағы және одан кейінгі

уақыттағы өндірістік-әскери техникаларды тамашалауға болады.

Экспозициялар бөлімінде экологияға байланысты 14 тақырыптық

көрме ұсынылған. Онда Қазақстан аумағында қандай пайдалы

қазбалар өндірілетіні, сондай-ақ оларды өңдеу жұмысы қалай

жүргізілгені туралы білуге болады. Жалпы, мұражай тарихы

оқушыларға әдемі әсер қалдырды.

Маржанкүл МАХМҰТОВА,

Н.Алшынов атындағы орта мектеп директорының тәрбие

жұмысы жөніндегі орынбасары, Ақтоғай ауданы.

«Шамшырақ» қосымшасын әзірлеген - Тілеуберді САХАБА.


8 31 шілде, сенбі, 2021 жыл РУХАНИЯТ

SARYARQA SAMALY

Абай адам болмысы

Сөз басында заманымыздың заңғар жазушысы

Мұхтар Әуезовтің Абайдың ұлы

ақын болып қалыптасуының рухани үш

бұлағы туралы ойын еске түсіре кетсек.

Бұл адамзаттың Абайы атанған түсініктің

алтын кілті іспеттес.

«Мұның біріншісі – қазақ

халқының, есте жоқ ескі заманнан

жиып, өсіріп келген өз даналығы,

ауызша әдебиет қоры... Екінші

бір қол артқан қазынасы - араб,

парсы, түрік тіліндегі Шығыстың

көркем классик поэзиясы. Үшінші

үлкен өнер, мол азық алған зор

саласы – орыс халқының мәдениеті

және сол арқылы Еуропа

мәдениеті». Осылай алдымен өз

халқының рухани құндылықтарын

бойына сіңірген Абай әлемдік

мәдениеттің қол жеткен озық

үлгілерін талғаммен, таңдаумен

және өзі өмір сүріп отырған

қоғам мен туған халқының өзіндік

ерекшеліктерін ескере отырып

қабылдады.

XIX ғасырдың екінші жартысы

мен XX ғасырдың басы Ресей

империясының Қазақстанды отарлау

саясатының тереңдей түсуімен

ерекшеленді. Қазақтың елі де,

жері де өзгенің қолына көшті.

Сөйтіп отаршылдық саясаты ешбір

елмен салыстыруға келмейтін

патшалық Ресей қазақ даласын

саяси дербестік пен табиғи даму

жолынан айырды. Жергілікті халық

тілінен, діні мен ділінен алыстауға

бет алып, қоғамда күрделі де

қайшылықты өзгерістерге жол

ашылды. Ұлттық намыс пен санасезім,

мәдениет пен ата салт

аяқасты етілді. Содан хакім Абайдың

«Тоғызыншы сөзде» «Мен өзім тірі

болсам да анық тірі де емеспін.

Әншейін осылардың ызасынан ба,

өзіме-өзім ыза болғаннан ба,

яки бөтен бір себептен бе? –

еш білмеймін. Сыртым сау болса

да, ішім өліп қалыпты» деп

жазуы немесе «Жиырма төртінші

сөзіндегідей», «Өстіп, жер жүзіндегі

жұрттың қоры болып, бірімізді

біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ,

қазақ ортасында да ұрлық, өтірік,

өсек, қастық қылып, өнерді, малды

түзден, бөтен жақтан түзу жолмен

іздеп, өрістетерлік күн болар ма

екен?» деп уайымдады, халқын

өркениетке жетелер түзу жолды

армандады.

Осындай жағдайда «мыңмен

жалғыз алысқан», өмірінің саналы

бөлігін болыстық пен ел билеудің

түрлі тағдырлы тірлігін басынан

өткізген, талайдың мінез-құлық

пен іс-әрекеттерін көзбен көріп,

құлақпен естіген, санамен саралаған

Абай шығармаларының басты

тақырыбы, негізгі нысанасы өз

кезіндегі феодалдық патриархалдық

қоғам, оның басты тұлғасы адам

болды.

Хакім Абайдың өз заманындағы

қоғамды тереңірек білуіне,

оның өзекті мәселелеріне жауап

беруіне Батыс ойшылдарының

әсер еткенін, оның өзінің әрі інісі,

әрі ең сүйікті шәкірті Шәкәрім

Құдайбердіұлына ағылшынның

атақты әлеуметтанушысы Герберт

Спенсердің шығармаларын оқуды

ұсынуы тегіннен-тегін емес еді. Ұлы

Абай қоғамның саяси қырын да

терең түсінді, бірақ оның өзіне аса

жақын, күн өткен сайын қайшылығы

күшейе түскен рухани жағын мұрат

еткен сияқты. Содан «Мақсатым -

тіл ұстартып өнер шашпақ, Наданның

көзін қойып, көңілін ашпақ...»

деген өлең жолдарындағы асыл

тұжырымды қарасөздерінің де

азаматтық кредосы етті. Біз осы

жанрдағы Абайдың адам болмысына

қатысты кейбір ойларына

ғана қысқаша жүгініп отырмыз.

Алдымен мына жайларға назар

аудара кетейік. 1890 жылдары

ақындықтың асқақ шыңына шыққан,

ойшылдық кемелі толысқан, алайда

өз сөздерімен айтқанда, ер ортасы

жасқа келген, қажыған, жалыққан,

істерінің баянсызын, байлаусызын

көрген, бәрі қоршылық екенін

білген Абай ақындық асқақ қуатына

мақсатты түрде қарасөз жанрын

серік етеді. Мұның үстіне Ділдадан

туған екінші ұлы Әбдірахман

1894 жылы науқасқа ұшырап,

1895 жылы қайтыс болғаннан кейін

әке болмысында үлкен күйзеліс

кезеңі басталады. Осы жылдары

жазылған жиырма жеті өлеңнің

он үші Әбдірахманға арналды.

Қайғы сәл басылып, 1896 жылы

жиырмадай өлең, араға бір

жыл салып, 1898-1899 жылдары

15 өлең жазады. Содан 1903 жылға

дейінгі төрт жылда барлығы 11 ғана

өлең жазылған. Мұның барлығы

төркінді мәселелер болатын.

Мәңгілік өсиет пен айрықша

аманатқа тамылжыған қарасөз

маржандарының ақ қағаз бетіне

түскендеріне ғасырдан асты.

Алайда олар дәл бүгін айтылғандай

айқын, қазір жазылғандай жарқын,

жарқырап тұр. Бұл, бір жағынан,

ұлы Абайдың шынайы хакімдігін

тағы да паш етсе, екінші жағынан,

қазағымның да сонау заманнан тым

ұзап кете қоймағанын байқатады.

Ұлы ойшыл ең бірінші адам

болмысының бөлек туынды екеніне,

сонан оның жанының хайуаннан

ірі жаратылғанын түсіндіруден

бастап, оған тән қасиеттер

мен қажетті дүниелерге, оның

ерекшеліктеріне, қоғамдағы қалыптасуы

мен жетілуіне барынша

назар аударады. Бұған өзінің бай

өмір тәжірибесін, ақыл-парасатын,

хакімдік қаракетін бағыттаған. 1891

жылы жазған «Жетінші сөзінде»:

«Дүниенің көрінген һәм көрінбеген

сырын түгелдеп, ең болмаса

денелеп білмесе, адамдықтың

орны болмайды. Оны білмеген

соң, ол жан адам жаны болмай,

хайуан жаны болады. Әзелде

құдайтағала хайуанның жанынан

адамның жанын ірі жаратқан...»

деп адамзат қауымын хайуандар

дүниесінен бөлек екенін, оның

ерекшеліктерін көрсетеді. Осы

ойды әрі қарай жетелей, тереңдете

түсіп: «Жас бала да анадан туғанда

екі түрлі мінезбен туады: біреуі –

ішсем, жесем, ұйықтасам деп

тұрады. Бұлар – тәннің құмары,

бұлар болмаса, тән жанға қонақ

үй бола алмайды, Һәм өзі өспейді,

қуат таппайды». Ал «көзі көрген,

құлағы естігеннің бәрін сұрап,

тыныштық көрмейді» және «білсем

екен, көрсем екен, үйренсем екен»

дегендердің барлығы жан құмары

екенін атап көрсетеді. Бірақ осы

адам жанының өз-өзінен өсіп,

жетілмейтіндігі мен күрделілігі

«Он тоғызыншы сөзде» былайша

айтылған: «Адам ата-анадан туғанда

есті болмайды: естіп, көріп, ұстап,

татып ескерсе дүниедегі жақсы

жаманды танидыдағы, сондайдан

білгені, көргені көп болған адам

білімді болады» дейді. Сонымен

қатар әрбір естіген нәрсенің жеке

өзі ештеңеге жарамайтыны, сол

естілерден естіп, жақсы нәрселерді

ескеріп, жаман дегеннен сақтанса,

сонда ғана оны естігені іске

жарайтын адам десе болатыны

ескертіледі. «Естілердің айтқан

сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де

есті болады» деп адамды өсуге,

жетілуге жетелейтін, кемелдікке

келтіретін жолдар көрсетілген.

Абай «Қырық үшінші сөзінде»

бұрын айтылған адам баласының

екі нәрсемен: «бірі – тән, бірі –

жанмен» ерекшеленетінін, бірақ

қайсысы еріксіз болатын табиғи, туа

біткен, қайсысы еңбекпен табылған

қасиеттер екенін білу керектігін

тағы да ескерте отырып, адамзат

өмірінде кәсіби қасиеттер болып

саналатын ақыл, ғылым күшімен

көрмегенді көреді, білмегенді

таниды дейді. Ал «Көзбенен

көріп, құлақпен естіп, қолмен

ұстап, тілмен татып, мұрынмен

иіскеп, тыстағы дүниеден хабар

алады. Ол хабарлардың ұнамдысы

ұнамды қалпыменен, ұнамсызы

ұнамсыз қалпыменен, әрнешік

өз суретіменен көңілге түседі»

деуі осыдан. Бұдан әрі адамның

есею, ақыл жинау үдерісінің аса

күрделі екені, ол жүйелі ойды,

жоғары жауапкершілікті, ерекше

жинақылықты талап ететіні былайша

суреттеледі: «Кімде-кім сырттан

естіп білу, көріп білу секілді

нәрселерді көбейте алса, ол –

көп жиғаны бар адам: сынап,

орындысын, орынсызын – бәрін

де бағанағы жиған нәрселерінен

есеп қылып, қарап табады. Бұлай

етіп бұл харекетке түсінген адамды

ақылды дейміз».

Өз замандастарының жетіле

түсуін армандаған, оған жеткізетін

асыл қасиеттерінің бірі жадының

мықты болуына ерекше көңіл

бөлген Абай «Отыз бірінші сөзінде»:

«Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт

түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі

байлаулы берік болмақ керек;

екінші – сол нәрсені естігенде я

көргенде ғибрәтлану (үлгі алу) керек,

көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу

керек; үшінші – сол нәрсені ішінен

бірнеше уақыт қайтарып ойланып,

көңілге бекіту керек; төртінші –

ой кеселді нәрселерден қашық

болу керек». Бұл айтылғандар -

адамды өсіретін, қалыптастыратын,

тұлға ретінде әлеуметтену, толысу

үдерісіне жетелейтін қағидалар

мен ұстанымдар. Ал «ой кеселдері»

деген, Абай атап көрсеткендей,

«уайымсыз, салғырттық, ойыншы

күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я

бір нәрсеге құмарлық пайда болу

секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі

ақыл мен ғылымды тоздыратұғын

нәрселер». Бұлар – адам баласын

өсірмейтін, өшіретін өріссіз әдет,

бүкіл қоғамды кері кетуіне ықпал

ететін зиянды тірлік.

Абай өзінің көптеген қарасөздерінде

адам тәрбиесіндегі

еңбектің рөліне ерекше мән

берді. Жоғарыда айтылған

қарасөздердегі ойлардың да

негізі еңбекте, ақылды әрекетте

жатыр. «Екінші сөзінде» өз елін

солтүстік, оңтүстік көрші жатқан

аймақтармен, көрші халықтармен

салыстыра отырып, олардың

артықшылықтары өнерлерінде,

кәсібінде, сауда-саттықпен айналысуында

екенін атап көрсетеді.

«Еңбек етіп, мал табудың да жөнін

солар біледі, салтанат, әсем де

соларда», «Оның бәрі – бірінбірі

қуып қор болмай, шаруа

қуып, өнер тауып, мал тауып,

зор болғандық әсері» деп өзге

елдердің өнегелерін үлгі етті. Ал

«Жиырма тоғызыншы сөзінде»

қазақтың «Жарлы болсаң, арлы

бол» дегенін қолдай отырып, «Ардан

кеткен соң, тірі болып жүргенің

құрысын» деп арсыздықты өліммен

теңгеріп, ал жаныңды қинап, маңдай

теріңді төгіп, еңбекпен мал табу

– «ар кететұғын іс емес» екенін

ескертеді. «Тыныш жатып, көзін

сатып, біреуден тіленбей, жанын

қарманып, адал еңбекпен мал

іздемек – ол арлы адамның ісі»

деп алдыңғы ойды күшейте түседі.

Абай бұлармен шектелмей, еңбектің

мақсат-мұратына «Отыз жетінші

сөзде» былайша арнайы көңіл

бөледі: «Өзің үшін еңбек қылсаң,

өзі үшін оттаған хайуанның бірі

боласың, адамшылықтың қарызы

үшін еңбек кылсаң, Алланың

сүйген құлының бірі боласың». Ал

«Төртінші сөзінде» «Қулық саумақ,

көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ –

өнерсіз иттің ісі» деп адам

болмысына қайшы қасиеттерді

барынша өткір, аяусыз сынаса,

«Әуелі құдайға сыйынып, екінші

өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді

сау, еңбек қылсаң, қара жер де

береді, құр тастамайды» деп адал

еңбекті марапаттады, халықты

осы еңбекке шақырды, үндеді.

Қалың халық арасында көп

болып, талайлардың тағдырына

көз жіберіп, ой тоқтатқан ұлы

ойшыл қазақ даласындағы барлық

жақсылықтың, жаңалықтың

жаршысы болып, адамды «ақыл,

білім, ар, мінез» арқылы жоғары

дәрежеге көтеріп, асқақтататындай

қоғамның прогрессивті дамуын

аңсады, армандады, соның жолын

іздеді. «Ақылды кісі мен ақылсыз

кісінің, менің білуімше белгілі бір

парқын көрдім» деп басталатын

«Он бесінші сөзінде» адам баласы

пенде болып жаратылғаннан

соң дүниедегіні қызық көрмей

жүре алмайтынын, алайда есті

адамның орынды іске қызығып,

құмарланып іздейтінін ескертіп,

ал «Есер кісі орнын таппай, не

болса сол бір баянсыз, бағасыз

нәрсеге қызығып, құмар болып,

өмірінің қызықты, қымбатты шағын

ит қорлықпен өткізіп алады екен»

дейді. Сонымен қатар «Егерде

есті кісілердің қатарында болғың

келсе, күнінде бір мәрте, болмаса

жұмасында бір, ең болмаса айында


SARYARQA SAMALY

туралы

ЗЕРДЕ 31 шілде, сенбі, 2021 жыл 9

САНАДАҒЫ САН САУАЛ

Ғалымбек

ЖҰМАТОВ,

жазушы

бір, өзіңнен өзің есеп ал!» деп

жинақылыққа, жүйелілікке, реттілікке,

жауапкершілікке жетелейді. Осылай

өткенді салмақтап, өмірдің құнын

бағалай білуді, оны «не білімге,

не ахиретке, не дүниеге жарамды,

күнінде өзің өкінбестей қылықпен»

өткізе алдым ба, әйтпесе босқа кетті

ме деп ақыл таразысына салуға

кеңес береді, терең ойлылықты

нұсқайды. Шынына келгенде,

адам болмысы да осылай өседі,

қалыптасады, жетіледі емес пе?

Абай адам үшін ең басты

қажеттілікке білім мен өнерді

жатқызды, сондықтан адамның

жан азығы – білуге құмарлығы, бұл

болмаса оның малдан айырмашылығы

жоқ деп кесіп айтты. Білмекке

құмарлықты қанағаттандыру –

дүниенің көзге көрінген және

көрінбеген қасиеттерін танып білу,

іздену, сұрап білу, ғылымға ұмтылу,

дүние сырын білу, бұлар көкірекке

сәуле, көңілге сенім береді деп

өмірдің адам болмысы үшін шынайы

мән-мағынасын айқындады. Ал

өнер, ғылымды қайдан үйренуге,

қалай білуге болады деген сұраққа

өзінің «Жиырма бесінші сөзінде»

ең жақын солтүстік көрші Ресейді

өнеге тұтты: «Орысша оқу керек,

хикмет те, мал да, өнер де, ғылым

да – бәрі орыста зор. ...Оның

себебі олар дүниенің тілін білді,

мұндай болды. Сен оның тілін

білсең, көкірек көзің ашылады».

Онан әрі хакім ғылым мен өнердің –

дүниенің кілті екенін, оны білгенге

дүние арзанырақ түсетінін шегелеп

айта отырып: «Турасын ойлағанда,

балаңа қатын әперме, енші берме,

барыңды салсаң да, балаңа орыстың

ғылымын үйрет! Мына мен айтқан

жол – мал аяр жол емес. Құдайдан

қорық, пендеден ұят, балаң бала

болсын десең – оқыт, мал аяма»

деп ойын барынша жан-жақты,

тиянақты түйіндейді. Алайда Абай

орыстың тілін, оқуын, ғылымын

білгенде оның пайдасына ортақ

болумен қатар «зарарынан қашық

болуды» да естен шығармауды

ұсынды, ойсыз бас шұлғи беруден

сақтандырды.

Шығармашылықтың алғашқы

жылдарында-ақ Абай «Жасымда

ғылым бар деп ескермедім» деп

өкінген, іле-шала «Ғылым таппай

мақтанба», қоғамда өз орныңды

«таппай баптанба» деп ескертіп,

ғылым жолының ауыр екенін, оны

жаны таза, ізгілігі мол жан ғана

игере алатынын айтқан болатын. Бұл

ойлар «Он сегізінші сөзінде» одан

әрі дами түсті. «Тегінде адам баласы

адам баласынан ақыл, ғылым, ар,

мінез деген нәрселермен озбақ.

Онан басқа нәрселермен оздым

ғой демектің бәрі де – ақымақтық»

деп ғылымды игеруді бүкіл адам

баласының басты қасиеттерінің бірі

ретінде атады. Әсілі, ғылыммен

қоғам да, адамзат баласы да ілгері

жылжитынын, алға басатынын, ал ұлы

Абайдың бұған «ақыл, ар, мінезді»

жайдан-жай қосып отырмағанын

терең түсінген абзал. Бұл ойлар

кімге болса да аса бір тағылымды

дегіміз келеді.

Абай қазақ қоғамы осылай

өзінің рухани дамуында түбегейлі

өзгерістерді қажет етіп отырғанын

және мұндай өзгерістер ең бірінші

білім мен ғылымның арқасында ғана

жүзеге асатынына өз қарасөздерінде

қайта-қайта оралып отырды.

Адам баласының білім арқылы өз

ақыл-ойын, дарын-қабілетін, танымтүсінігін,

рухани өресін, адамгершілік

пен имандылық қасиеттерін

үнемі, тоқтаусыз жетілдіре, байыта

түсетініне сенді, оған бойдағы бар

күш-жігерді мақсатты түрде жұмсап

отыруды қажет деп санай отырып,

«Отыз сегізінші сөзінде» күллі адам

баласын қор ететін ортақ үш нәрсенің

барын, содан қашудың қажеттігіне

кеңірек тоқталады. «Күллі адам

баласын қор ететін ортақ үш нәрсе

бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі

– надандық, екінші – еріншектік,

үшінші – залымдық деп білесің»

деумен шектелмей, автор олардың

ішкі себеп-салдарларын жан-жақты

ашып берді. «Надандық – білімғылымның

жоқтығы, дүниеден

ешнәрсені оларсыз біліп болмайды.

Білімсіздік хайуандық болады» деген

ойын: «Надандықтың кесапаты әр

жерде-ақ маңдайымызға тисе де,

ата жолдасымыз болған соң, біз де

қиып айрылмай келеміз. Олжалы

жерде үлестен қағылғанымыз – бәрі

надандық кесапаты. ...Дүниеде ерге

теңдік, кемге кеңдік, азды көпке

теңгеретін ғылым менен өнерді,

елсізді елдіге теңгеретін, жоқты

барға теңгеретін ғылым менен

өнерді керек қылатын қазақ аз»

дегенмен жалғастыра түсті, замандастарын

ойға алып налыды.

Ал «Еріншектік – күллі дүниедегі

өнердің дұшпаны. Талапсыздық,

жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік –

бәрі осыдан шығады» деп Абай

бар әлеуметтік кеселдің қайнар

көздерін көрсетеді. «Залымдық –

адам баласының дұшпаны»,

сондықтан ол адамды әлеуметтік

топтан айырып, хайуандар, тіпті,

жыртқыштар әлеміне қосады дейді.

Бұдан ащы айту мүмкін емес. Ал

қазір осы Абай айтқан сөздерге

ғасырдан асқанда, өз тізгініміз

өзімізде тәуелсіз ел атанғанда

жоғарыдағы надандық, еріншектік,

тіпті зұлымдықтан құтыла алдық

па, әлде бұл құбылыстар түрлі

көріністерге ие болды ма? Әсілі

жаппай сауаттылық пен өркениеттің

белгілі дәрежесі қоғамдағы бұл

көріністерді жоя алмайтын сияқты.

Бүгінгі қоғамдағы қылмыскерлер

арасынан бірде-бір сауатсызды,

сана-сезімнен артта қалулықты табу

қиын болары сөзсіз. Міне, тәрбиесіз

білім қауіпті деген әл-Фараби

ұстанымының мәні осында жатыр.

Күллі адам баласын қор ететін

үш нәрсе туралы ойлары Абайдың

бір жағынан қазақты қаншалықты

сүйе алса, соншалықты оның

қайшылықты жайларын сынай да

алғанын көрсетсе, екінші жағынан

хакім Абайдың әлемдік деңгейдегі

ойшыл екеніне тағы бір таптырмас

дәлел бола алады.

Біз әңгіме объектісі етіп отырған

қарасөздердің кез келгені тағылымды,

адам болмысының сан

қырларын ашады. Дегенмен «Он

жетінші сөзді» адам болмысын

қалыптастыруда ерекше мағыналы,

айрықша мазмұнға бай дегіміз келеді.

Шіркін осыларды терең түсініп,

әркім өмірлік мұрат етсе, бақыты

алдынан шығар еді. Абай осында

адамның келесідей асыл қасиеттеріне

тіл бітіріп, сан жетпес үлгі өнеге,

өсиет ұсынады. «Қайрат, ақыл,

жүрек үшеуі өнерлерін айтысып,

таласып келіп» әрқайсысы өзінің

ерекшеліктерін, өзгеден артықтығын

айтып, өздерінің мәртебелерін көтере

отырып, ғылымға жүгініпті, сонда

ғылым үшеуінің де сөздерін, өзіндік

артықшылықтарын атап көрсете

келіп: «Осы үшеуің бір кісіден менің

айтқанымдай табылсаңдар, табанының

топырағы көзге сүртерлік қасиетті

адам – сол. Үшеуің ала болсаң,

мен жүректі жақтадым. Құдайшылық

сонда, қалпыңды таза сақта, құдай

тағала қалпыңа әрдайым қарайды

деп кітаптың айтқаны осы, –

депті». Бұл сөзден алар тәліміміз,

біріншіден, тірлікте бірліктің,

түсіністіктің және үйлесімділіктің

қажеттігі. Екіншіден, ұжымдық

іс-әрекет, бірлесе, тұтаса қимыл

жасау – берекелі тірліктің бастауы.

Үшіншіден, тазалық, қалпыңның

тазалығы – адами болмысыңның

асылдығы мен құндылығы.

Мұның барлығы өз кезіндегі

феодалдық патриархалдық қоғамның

басты құндылығы – адам, жәй

ғана адам емес, рухани тұрғыда

кемелденген толымды адамның,

Абайдың арманындағы толық

адамның іргетасы, соның бойына

қажет асыл қасиеттер болатын. Ал

кемел не толық адамның қоғамдағы

орны қандай деген мәселеге де

назар аудара кеткен артық емес.

Соңғы кезде қазақстандықтардың

ел өміріне белсенді араласуға,

шешім қабылдау үдерісіне қатысуға

ынтасы артып келеді. Бұл жайдан

жай емес. Президенттің «Халық

үніне құлақ асатын мемлекет»

тұжырымдамасының болашағы мол.

Мұны жетілдіре түсу азаматтық

қоғамға барар жолымыз да, соны

құрар амалымыз да дегіміз келеді.

Тек бұл мәселеде шынайылық,

тазалық, әділеттілік және батылдық

қажет. Бұл – әділетті қоғам, мемлекет

құрудың әлеуметтік тәсілдері,

осындай қоғамның толық мүшесін

қалыптастырудың да құдіретті де

таптырмас құралы.

Құдайға шүкір, халқымыз сан

ғасыр күресіп, жеткізген тәуелсіздіктің

отыз жылдығына таяп қалдық.

Қоғамның барлық дерлік саласында

үлкен өзгерістер жүріп

жатыр. Әлемдік қауымдастықтан

өз орнымызды ойып алдық. Алайда

халқымыздың санасы Абай заманынан

ерекше артып кетті дей

алмаймыз. Мұның бірнеше себебі

бар. Біріншіден, біз сан жылдар

алдымен патшалық Ресейдің

«бұратана» халқы болдық. Екіншіден,

жалғыз партияның билігіне сүйенген

кеңестік қыспақта болдық. Жеке

билік ешуақытта жақсылыққа бастаған

емес. Үшіншіден, тәуелсіздік

алғанымызға отыз жылдай болса

да, тәуелсіздік алдымен сананың

тәуелсіздігі екенін терең түсіне

алғанымыз жоқ.

Адам болмысын, оның жеке

асыл қасиеттері туралы көп

толғанған, ылғи да толғаныс

үстінде болған, қазақ қоғамы

үшін келешек ғасырларға, бүкіл

адамзатқа қызмет ететін мол

мұраның иесіне айналған Абайды

тану, оның шыңына көтерілу, оның

ұлылығын, нағыз ойшылдығына терең

бойлау – аса маңызды мәселе.

Әсіресе, Абай танымындағы адамның

әлеуметтену үдерісін білу, зерттеу,

бүгінгі тәуелсіз елімізді тұғырлы

ете түсуде адам факторының

ерекше маңызды екеніне көңіл

бөлу қажет-ақ. Осы бағытта Абай

академиясы арқылы өткен рухани

һәм тарихи құндылықтарымызды

сонау әл-Фарабиден бастап Алаш

ардақтыларының ұлы мұраларын

кеңінен зерделеуге, терең де

жан-жақты насихаттауға бет

бұрсақ, ұтарымыз көп болар еді.

Бұл алдымызда тарихына отыз жыл

толатын тәуелсіздігімізді тұғырлы

етуімізге де мүмкіндіктерді байыта

түсер едік.

Әбдіжәлел БӘКІР,

саяси ғылымдар докторы,

профессор.

Тағы да жапондықтар

жайлы

Жапондықтар шағын ғана аралда тұрғанымен, өзге

жерге көшуге әсте құштарлығы жоқ екен. Шағын аралдағы

тіршіліктің бірқатар қиындығын жеңіп тұра беретіндігіне еш

адам таңданбайтын да болды. Соңғы бір деректер көзі

бойынша жапондықтардың Европада да тұратындығы айтылыпты.

Жоқ, олар тұрмысқа қолайлы жер іздегендіктен емес,

Европаның жасыл желекті жеріне қызыққандықтан да емес.

Сол жерде тұратындардың көбі, тіпті бәрі десе де дұрыс,

шалғайдағы өзі туған аралын тіршілікке қайтсе қолайлы етіп

дамытамын деген мәселемен қатты айналысады екен. Жапон

ғалымдарының көбі Голландияның сан ғасырлар бойында теңізді

құрғатып, құрлық жасау технологиясын зерттеп, өз аралдарында

пайдаланумен келеді. Сол секілді ғалымдар жерді игеріп,

егіншілікті дамытуда Алмания диқандарының тәжірибесіне

көп сүйенеді екен. Түптеп айтқанда, жер әлемінің ең

озық технологиясын, мәдениетін, өнерін өз аралдарының

тіршілігіне сіңіріп, жылдан-жылға гүлдендіруге ғұмыр бойында

талпынатындықтарын мақтана атайды.

Икебана жапондықтардың жасанды гүлі деп жүріп,

біраз уақыттан соң жапон елі голландтық қызғалдақ гүлін

өсіріп, бүкіл әлемге саудаға шығарса еш таңданбаспыз. Ал

бұл гүлдің түп-тамыры Алатау, Қаратау бөктерінде пайда

болғанын тарихтан білеміз. Білеміз де қоямыз. Қазақта атабабаларымыз

ат тұяғын дүбірлетіп жүріп қорғаған жердің

ұлан-ғайыр екеніне мақтанамыз. Сол бабаларымыз қорғап

берген жерді дұрыс пайдаланып жатырмыз ба? Бетпақдала,

Қызылқұм, Арал теңізінің маңы, Каспий теңізінің маңы айналып

келгенде көбі тек кесірткелер мен жыланның жорғалайтын

аймақтары болып саналады. Ол жерді өзіміздің қолымыздан

келмесе, өзгелердің тәжірибесінен үйреніп, өзгелердің технологиясын

пайдаланып, ортақ игілікке айналдыру деген бізде

жоқ әлі. Не егіске, не мал шаруашылығына, болмаса өндіріс

орындарын салуға жарамды деуге де келмей босқа жатыр.

Біреулер «осы бос жатқан аймақтарды игерсек қайтеді»

десе, жұмыртқа басқан кесірткелер секілді бауырлап, өзгені

де жолатпай, күнге күйіп қозғалмай жатып аламыз.

Жапондықтар мұхиттың қақ ортасында жерді құрғатып

аэродром салып жатқанда ғалымдарымыз елең етпей, талдың

көлеңкесінде шайын ұрттап қойып отыра береді. Жақында

өзіміздің қазақстандық теледидарда бір топ ғалымдарымыз

Арал теңізі мәселесін әңгімеледі. «Бұл мәселеге Өзбекстанның

ғалымдары араласатыны туралы әңгіме тілге тиек болды. Бұл

кұрделі мәселеге өзбек акалар тек өз мүдделері үшін араласатыны

бүгінде баршамызға аян. Олар Арал суын, Аралға

келеді-ау деген суларды суармалы жерлеріне барынша пайдаланып

отыр. Өз қажетінше болашаққа жоспарлап отырған

акаларымыз Арал мүлде құрғап кетсе қалай пайдалануға

болады дегенге де жоспар жасап отырғаны таңсық әңгіме

емес» деген еді. Кесірткедей жұмыртқа басып жан-жағымызға

қарай алмайтынымыздың кесірі де аз еместігі уақыт алға

жылжыған сайын айшықталып келеді.


10 31 шілде, сенбі, 2021 жыл ЕРЕЖЕ

SARYARQA SAMALY

Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған

ауылдық округ әкімдері арасындағы

«Ең тиімді ауыл әкімі-2021»

Республикалық жобалар байқауы бойынша

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

ЕРЕЖЕ

1.1. «Ең тиімді ауыл әкімі - 2021» онлайн-конкурсын өткізу туралы ереже (бұдан

әрі-Конкурс) ауылдық округ әкімдері арасындағы кәсіби шеберліктің онлайн-конкурсын

өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

1.2. Конкурсты ұйымдастырушылар – «Өрлеу» білім беру мен мәдениетті дамыту Қоры

ҚҚ қолдауымен «Бірлік» жеке қоры (бұдан әрі - «Қор»)

1.3. Конкурс 2021 жылғы 10 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында екі кезеңде өткізіледі.

1.4. Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.

1.5. Қатысушылардың өтінімдері ерікті негізде өзін-өзі ұсыну жолымен қабылданады.

1.6. Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар Қордың, республикалық және өңірлік

БАҚ интернет-ресурстарында іріктеліп, жарияланады, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының

жобалар жеңімпаздарының форумы өтеді (қолайлы эпидемиологиялық жағдайға байланысты).

2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Конкурстың мақсаты-жергілікті өзін-өзі басқаруды, ауылдық (кенттік) әкімшіліктердің

тиімді қызметін одан әрі дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, ауылдық округтер

әкімдерінің беделін арттыру;

2.2. Байқаудың міндеттері

- басқаруды ұйымдастырудың ең тиімді әдістерін, технологиялары мен модельдерін

анықтау;

- конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларының оң тәжірибелерін тарату;

- ауылдық округ әкімдерінің жұмыс сапасы мен нәтижелері бойынша стратегиялық

және сыни ойлауын дамытуды ынталандыру.

3. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

3.1 Байқау 10 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында екі кезеңде өткізіледі:

I тур (10 тамыздан 20 тамызға дейін) – облыстық,

II тур (25 тамыздан 20 қыркүйекке дейін) – республикалық.

3.2. I тур (сырттай) - қатысушылар электрондық Конкурстық материалды ұсынады.

II тур-материалды онлайн режимде қорғау.

3.3. Облыстық конкурсқа қатысушылар өз жұмыстарын және өтінім нысанын (1-қосымша)

2021 жылғы 20 тамызға дейін мына электрондық мекенжайға жіберуі тиіс: fondbirlik@

gmail.com

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: + 7 (775) 888 99 50

Серікбаев Ерлан

4. КОНКУРСТЫҚ ТАПСЫРМА ЖӘНЕ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

4.1. Байқауға қатысушылар келесі тақырыптарға жазбаша материал (мақала/жоспар/

жоба) ұсынуы тиіс:

- «Тиімді мемлекеттік басқару»;

- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі кезеңіндегі ауылдық Мемлекеттік басқарудың

үздік тәжірибелері»;

- «Ауыл шаруашылығының заманауи басқару тәжірибесі»;

- «Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығын дамытудың маңыздылығы»;

- «Қазіргі жағдайда ауылды дамыту және абаттандыру».

Сондай-ақ, еркін тақырып бойынша материал қабылданады.

4.2 Жазбаша конкурстық тапсырманың форматы:

- WORD форматы,

- Times New Roman қарпі,

- қаріп өлшемі 12,

- жоларалық интервал – 1,5;

- көлемі-А4 форматындағы 5-тен 20 бетке дейін.

4.3. Интернеттен материалды пайдалануға тыйым салынады.

4.4. Тапсырмаларды бағалау процесінде сарапшылар әрбір қатысушы бойынша жалпы

бағаны балмен қоя отырып (жалпы алғанда 100 балдан артық емес) өлшемшарттар

жиегін толтырады.

4.5. Конкурстық жұмыстарды бағалау процесі аяқталғаннан кейін қазылар алқасының

уәкілетті өкілі бағалау ведомостарын жинайды және әрбір қатысушы бойынша қорытынды

нәтижені есептейді.

4.6. Егер қатысушы тапсырманың қандай да бір бөлігін орындай алмаса, баға нақты

орындалған көлем үшін беріледі.

4.7. Бағаларды есептеудің қорытынды нысанына бас сарапшы қол қояды, ол оны өз

қолымен бекітеді, содан кейін әрбір құзыреттілік бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлерді

белгілейді.

5. ЖЕҢІМПАЗДАР ТУРАЛЫ ШЕШІМ

5.1 Байқау жеңімпаздары туралы шешімді қазылар алқасы қабылдайды.

5.2. Облыстық турдың қорытындысы бойынша «Ең тиімді ауыл әкімі – 2021» конкурсының

республикалық кезеңінің қатысушылары белгілі болады.

5.2. Байқау жеңімпаздары: байқау материалдарының әр бағыты бойынша лауреаттар

мен номинанттар.

5.3. Байқау қорытындысы бойынша екінші турға өтуіне қарамастан, қатысушылар

қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталады.

5.4. Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар Қордың, республикалық және өңірлік

БАҚ интернет-ресурстарында іріктеліп, жарияланады, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының

жобалар жеңімпаздарының форумы өтеді (қолайлы эпидемиологиялық жағдайға байланысты).

6. ТІРКЕУ ЖАРНАСЫ

6.1. 5 000 (бес мың) теңге мөлшеріндегі тіркеу жарнасы өтінім берілгеннен кейін төленеді.

6.2. Бұл жарна қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеті мүшелерінің жұмысын

ұйымдастыруға, сертификаттар мен дипломдарды басып шығаруға жұмсалады.

6.3. Төлем бойынша деректемелер конкурсқа арналған өтінімде көрсетілген қатысушылардың

электрондық поштасына хатта жіберілетін болады.

Байланыс телефоны: +7 775 888 9950 Ұйымдастыру комитеті

Серікбаев Ерлан

Қатысушының

аты-жөні:

Өтінім нысаны

«Ең тиімді ауыл әкімі-2021»

Республикалық байқауы бойыншы

Ауылдық округтің,

ауылдың атауы:

Байланыс

телефоны:

Электрондық

пошта:

Қосымша №1

Жоба

тақырыбы

Өтінім жібере отырып, сіз дербес деректерді өңдеу қағидаларымен

келісесіз.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифингте облыстық

еңбек басқармасының басшысы Асқар

Қапанов мәлімдеді.

- Павлодар облысының еңбек басқармасы

электронды еңбек келісімшарттарын

есептеудің бірыңғай жүйесін «enbek.kz»

сайты арқылы жүргізеді. Мақсат электронды

формадағы еңбек келісімшартты

бекіту процедурасын жеңілдету болып

табылады. Жұмыс беруші жұмысшының

бұған дейін қайда істегенін және қанша

тәжірибесі барын да біле алады. Сонымен

қатар, жұмыскерлер еңбек кітапшасын

қолданбайды. Бұл жүйе зейнетке шыққан

азаматтардың жұмысын да жеңілдетеді.

Яғни, құжаттарын «Зейнетақы төлеу

жөніндегі мемлекеттік орталыққа» тапсырып

жүрмейді,- деді ол.

Басқарма басшысының сөзінше, өңір

Еліміздің барлық облысында ХҚКО-лар

бес күндік жұмыс кестесіне көшті: сенбі

және жексенбі күндері жұмыс істемейді.

Осы шараларға байланысты ХҚКО-лардың

бір күнде қабылдауы мүмкін азаматтардың

саны шектеліп отыр. Халықтың көпшілігін

қамту және брондау мүмкіндігін қолжетімді

ету мақсатында «Азаматтарға арналған

үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронтофистерде

қызмет көрсету уақытын

20 минуттан 15 минутқа дейін қысқарту

туралы шешім қабылдады.

Бұл брондауға болатын слоттардың

санын 25%-ға ұлғайтты. Нақты айтқанда,

бір қызметкер бір сағат ішінде 4 клиентке

қызмет көрсете алатын болды. Ескі брондау

жүйесі кезінде сағатына үш уақыт слоты

қолжетімді еді, қазір төртке жетті.

Баспана бақыты

Қазіргідей қысылтаяң кезеңде қайырымдылық жасау – сауапты

іс. Мұны негізге алған «Metallogamma» ЖШС басшылығы ұзақ

жылдар бойы үйсіз жүрген отбасыға баспаналы болу бақытын

сыйлады.

Ақсу қаласына қарасты Береке ауылының

тұрғыны Мақсат отбасымен бірге аталған

елді мекенде пәтер жалдап жүргеніне аз

болған жоқ. Біреулер облыс орталығынан

жаңа пәтер алсам деп армандаса, Мақсат

ауылдан жекеменшік үйдің табылуын

тілеп жүрген еді. Соңғы 3 жылда пәтер

алуға ниеттеніп, кез келген жұмысты

істеуге дайын болған. Соңғы уақытта

көптеген ауылдастары сияқты Қарасор

көлінде микросфера жинаумен айналысып

жүрген. Бірақ, пәтерақысы, қала берді

отбасындағы мүмкіндігі шектеулі жан Аманжол

апайдың дәрі-дәрмегі бар, мақсатына

қол жеткізу мүмкін болмапты. Тағдырдың

тауқыметін тартқан жанұя жайлы естіген

«Metallogamma» серіктестігі басшылығы

Құрбан айт мерекесіне орай тосынсый

жасады. Отбасыға Ақжол ауылының

қақ ортасынан жайлы баспана сыйлады.

Онда жазғы ас үйі, монша, бақ бар.

ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

Тиімділігі мол жоба

Облыста 7787 кәсіпорын еңбек келісімшарттарын электронды

түрде толтырады. Мұның жұмысшылар үшін бірнеше пайдасы

бар. Яғни, еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз

етеді және бір мекемеге жұмысқа қабылданып, еңбек келісімін

жасаған кезде қағаз құжаттар жинап әуре болмайды.

кәсіпорындарында «Сигнал» атты арнайы

бағдарлама іске қосылған. Бұл жүйенің

де қарапайым жұмыскерлердің құқығын

қорғауда тиімділігі зор. Ең негізгісі, өндірістік

жарақаттардың төмендеуіне ықпал етеді.

- «Сигнал» бағдарламасы қазіргі таңда

аймақтың бірнеше кәсіпорнында енгізілген.

Бұл бағдарлама кәсіпорындағы кейбір

ыңғайсыз жағдайларға байланысты

жұмысшылар тарапынан болатын ескертулер

мен ұсыныстарды жұмыс берушіге

жедел хабарлай алады. Жұмыс беруші ең

жақсы ұсынысты таңдап, жұмысшыны

марапаттайды. Бұл дегеніміз жұмыскер

де, жұмыс беруші де ескертулері үшін

жазаланбайды. Керісінше кәсіпорынның

жұмыс сапасын көтеруге қосқан үлестері

үшін алғыс алады, - деді Асқар Қапанов.

Т.САХАБА.

«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ»

Алдын ала брондаңыз!

ҚР Бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, еліміздің Халыққа

қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) азаматтарды тек алдын

ала брондау бойынша қабылдайды. Сондай-ақ жұмыс кестесі

қысқартылды, фронт-офистер мемлекеттік қызметтерді таңғы

9-дан кешкі 6-ға дейін ұсынатын болады.

- Жаңа жүйе енгізілгеннен кейін ескі

уақыт слоттары бойынша кезекке тапсырыс

берген клиенттер мен жаңа слот бойынша

тапсырыс бергендердің уақыты қатар

келуі мүмкін. Біз мұны алдын ала болжап

отырмыз. Мұндай мәселелер бөлімде

бірден реттеліп отырады. Бұл жағдайды

тұрақтандыру үшін бірнеше күн қажет,

өйткені брондау процесі жаңа уақыт

слоттары бойынша жүргізіледі. Бірнеше

күннің ішінде жүйе өз қалпына келіп,

ХҚКО-лар барша халықты қабылдай алады

және мемлекеттік қызметті алу процесі

ыңғайланады, - деді «Азаматтарға арналған

үкімет» мемлекеттік корпорациясының

қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы

директоры Байрам Азизов.

М.ҚАПАНҰЛЫ.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Қысқасы өмір сүруге қажетті қолайлы

жағдай жасалған.

- Әу баста сенген жоқпын. Үйдің

босағасын аттай бергенде қуаныштан

жылап жібердім. Осы уақытқа дейін

пәтер жалдап, қиналған сәттеріміз

аз болған жоқ. Екі бала тәрбиелеп

отырмыз. Ең әуелі Аллаға шүкірлік дейміз.

«Metallogamma» серіктестігінің қызметкерлеріне

зор алғысымды білдіремін, -

дейді үйдің анасы Амангүл.

«Metallogamma» ЖШС басшылығы

Ақсу қаласына қарасты ауылдардың

тұрғындарына жиі көмек көрсететінін атап

өткен жөн. Аз қамтылған отбасыларға

азық-түлік себеттерін үлестірсе, былтыр

жеке қаражатына Ақжол және Береке

ауылдарына балалар ойын алаңын салып

берді.

О.АХМАДИЯ.


SARYARQA SAMALY ХАБАРЛАМА 31 шілде, сенбі, 2021 жыл 11

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды

жүзеге асыру

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік

алғаннан бері әлемнің

көптеген елдері сияқты бүгінгі

күнгі күрделі мәселелердің бірі –

сыбайлас жемқорлықтың алдын

алып, тамырын жоюға бағытталған

мақсатты жұмыстар атқарып келеді.

Қазақстан – сыбайлас жемқорлыққа

қатысты халықаралық конвенцияларға

қосылған, сыбайлас жемқорлыққа

қарсы арнайы заң қабылдап,

қызметтік мансап жүйесін енгізген

және мемлекеттік қызметшілердің

кадрлық резервін құрған Кеңес

одағының аумағындағы алғашқы

мемлекеттердің бірі болып табылады.

Уақыт өте келе сыбайлас

жемқорлыққа қарсы саясатты

жетілдіру бойынша жұмыстар

жүргізілді. Соның негізгісі ретінде –

Қазақстан Республикасының Тұңғыш

Президенті – Елбасы Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаев ұсынған

5 институттық реформасы және

оның жүзеге асыруға бағытталған

«100 нақты қадам» атты

бағдарламасын атап өтуге болады.

Аталған реформаларды жүзеге

асыруда білікті мамандар қажет

екені сөзсіз. Сондықтан Елбасы

кәсіби мемлекеттік аппаратты

қалыптастыруды бірінші кезекке

қойды. Сонымен қатар, заман талабына

сай қолданыстағы заңдарға

өзгерістер мен толықтырулар енгізу

немесе жаңа нормативтік құқықтық

актілер қабылдау керектігі айтылды.

Осыған байланысты сыбайлас

жемқорлыққа қарсы саясат қайта

қаралып, негізгі басымдық – сыбайлас

жемқорлықтың салдарларымен күресу

емес, оның алдын алуға бағытталды.

Осыны іске асыру үшін 2015 жылғы

18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл туралы» жаңадан заң

қабылданып, онда басты мақсат –

азаматтардың құқықтары мен

бостандықтарын қорғау, қоғамда

сыбайлас жемқорлыққа төзбестік

ахуалын қалыптастыру, сыбайлас

жемқорлық көріністерінен туындайтын

қауіп-қатерден ұлттық

қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз

ету, жемқорлыққа байланысты құқық

бұзушылықтың алдын алу, олардың

жолын кесу және ашу деп көрсетілді.

Заңда сыбайлас жемқорлыққа

қарсы заңнаманың қолданылу

аясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимылдың негізгі қағидаттары,

іс-қимыл шараларының жүйесі,

мониторинг жүргізу, сыбайлас

жемқорлық тәуекелдеріне талдау

жасау, сыбайлас жемқорлыққа

қарсы мәдениетті қалыптастыру

және стандарттар бекітілген.

Павлодар облысы аумағындағы

қазынашылық бөлімшелерінде

мемлекеттік қызмет, сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимылға

қатысты заңнамаларының аясында

бірқатар шаралар қабылданып,

жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл

мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа

қабылдау, қызметшілерді бағалауды

өткізу, тәуекелдерге мониторинг

жасау және т.б. сұрақтармен байланысты.

Жоғарыда айтылғанды түйіндесек,

сыбайлас жемқорлықпен күресте

бүкіл қоғамның барлық күш-жігерін

біріктіріп, бұл құбылысты тоқтатудың

барлық амалдарын қолдану арқылы

тиімді қарсы тұруға болады. Бұл

серпінді дамып келе жатқан және

әлемнің дамыған елдерінің қатарына

кіруді мақсат етіп отырған еліміз

үшін өте маңызды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Б.ТАСБОЛАТОВ,

Май аудандық қазынашылық

басқармасының басшысы.

Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары және аппараты

Павлодар қаласының Құрметті азаматы Николай Иванович

Чмыхқа жұбайы

Людмила Ахмедовнаның

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

(20131)

(20133)

Басқа қалаға көшуімізге байланысты Павлодар қаласындағы

орталықта орналасқан кірпіштен салынған 3 қабатты үйдің 2-ші

қабатындағы 80 ш/м 3 бөлмелі пәтер сатылады. Ас бөлмесі -

15 ш/м. 2 балконы бар. Еврожөндеу. Облыстық әкімшілік, орталық

парк пен Диагностикалық орталыққа және Ертіс жағалауына

жақын орналасқан. Байланыс телефоны: 32-95-29, 87014324204.

ШУАҚБАЕВА

Жанар Ниязбекқызы

№21 орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Шуақбаева Жанар Ниязбекқызы

28 шілде күні 57 жасында кенеттен

дүние салды.

Жанар Ниязбекқызы талантты,

әкімшілік қызметін атқаратын ерекше

адам болды, ол өз жұмысын өте

жақсы көретін және әр оқушының,

ата-ананың, әріптестің тілін таба

алатын.

Жанар Ниязбекқызы біз үшін

әрдайым өз кәсібіне деген шексіз

берілгендіктің, мейірімділік пен

даналықтың үлгісі болып қала бермек.

Біз оның ұмытылмас өмірлік қуатын,

көңілділігін, жоғары рухани және

этикалық қасиеттерін мәңгі есімізде сақтаймыз.

«Павлодар қаласының №21 мектебі» КММ ұжымы Жанар

Ниязбекқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның

жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл

айтады.

Әріптестері,

мектептің педагогикалық ұжымы.

(20130)

Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымның басқарма

төрағасының орынбасары Мақанов Ерқанат Қазкенұлына анасы

Бақытжан Құрманғалиқызының

қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

(20132)

Браконьер

ұсталды

Осы аптада Балық шаруашылығы

комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық

бассейндік балық шаруашылығы

инспекциясының қызметкерлері Май

ауданында Ертіс өзенінің «Белая»

ағынында рейд жүргізген. Оның

барысында «Вихрь-25» аспалы

моторы бар «Казанка» қайығында

тормен заңсыз балық аулаған С.

есімді азамат ұсталды. Инспекторлар

қайықты қараған кезде

бекіре тұқымдас балықтар табылды.

Оның ішінде салмағы 4 кг 1 сібір

бекіресі және жалпы салмағы

8.8 кг 14 дана стерлет бар. Балық

ресурстарына келген залал 3 469

ЗАҢ ЖӘНЕ ЖАЗА

Май ауданында Ертіс өзенінен бекіре балығын аулаған

браконьер қолға түсті. Балықтың сирек кездесетін

және құрып кету қаупі төнген түрін ұстағаны үшін

азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

771 теңгені құрады. Жануарлардың

сирек кездесетін және құрып кету

қаупі төнген түрлерін аулағандарға

ҚР ҚК 339-бабында жауапкершілік

көзделген. Ол үшін үш жылдан жеті

жылға дейін бас бостандығынан

айыру жазасы бар.

Оқиға орнына Май аудандық

полиция бөлімінің жедел-тергеу

тобы шақырылып, материалдар

қылмыстық іс қозғау үшін тиісті

органдарға жіберілді. Аталған факті

Балық шаруашылығы комитетінің

бақылауында.

Цифрлы тетік

Техникалық реттеу және

метрология комитетінің баспасөз

қызметі берген мәліметке сүйенсек,

бұл реформаның аясында

«Е-сертификаттау» сәйкестікті

бағалау бағытында электронды

сертификаттау қызметінің қанатқақты

жобасы іске қосылып, электронды

түрде сәйкестікті растау жөніндегі

құжаттарды беру процестері толық

бақылауға алынды. Осы арқылы

сәйкестікті бағалауға арналған

құжаттарды есеп туралы бланкілерге

жүгінбей, электронды форматта

ұсынуға жол ашылып отыр.

Жаңа ақпараттық жүйенің басты

міндеті – көлеңкелі сертификаттаудың

алдын алу, сондай-ақ бүкіл процесті

цифрлы технологиялар арқылы

автономды режимге бейімдеу.

Сөйтіп, сәйкестікті бағалау барысында

өтінімдерді қарау мерзімін

мейлінше қысқарту.

Заңның жаңа редакциясындағы

тағы бір өзгерістердің бірі –

«камералды бақылауды» енгізу.

Комитет өкілдерінің айтуынша, оның

артықшылығы тиісті талаптардың

бұзылуын уақтылы анықтап, оған

жол бермеуге, сол секілді қадағалау

субъектілеріне өрескел қателіктерді

реттеуге мүмкіндік береді.

Бұған қоса мамандардың баруын

қажет етпейтін профилактикалық

бақылау тетігі іске қосылады

деп көзделіп отыр. Бұл жүйе

бақылаудағы өнімнің 120 тобын,

180 мыңдай шаруашылық жүргізу

құқығындағы субъектіні (статистика

порталының дерегі бойынша),

1500 аккредиттеу субъектісін және

40-тан астам сараптамалық ұйымды

қамтымақ. Бұл ретте өңірлер

бойынша инспекторлардың нақты

штаты 95 адамды құрайтынын

айта кеткен орынды. Қолданыстағы

Өз тілшіміз.

РЕТТЕУ

Биыл 1 шілдеден бастап, «Техникалық реттеу туралы»

заң жаңа толықтыруларымен күшіне еніп, техникалық

реттеудің ақпараттық жүйесіне стандарттау мен аккредиттеуге,

сәйкестікті бағалау мен өлшем бірлігін

қамтамасыз етуге қатысты өзгерістер енгізілген еді.

жүйеде бақылау жұмыстары

түсетін шағымдар мен мемлекеттік

органдардың хабарламалары

негізінде жоспардан тыс тексерулермен

жүзеге асырылып келді.

Бүгінде белгіленген талаптар

бұзылған жағдайда тиісті хабарламаны

автоматты режімде жіберу

тетіктері пысықталып жатыр.

Уақытты үнемдеу үшін аталған

кемшіліктер туралы хабарламаны

электронды түрде (СМС, порталдың

жеке кабинетіне хабарламалар,

e-gov.kz) жеткізу мүмкіндіктері

қарастырылуда.

Тұтастай алғанда, 90-нан

астам бизнес-процесс, сол секілді

Техникалық реттеу, стандарттау

және метрология мемлекеттік

жүйелерінің 3 тізілімі автоматтандырылды.

Техникалық реттеудің барлық

үдерісіне тұрақты негізде 2 мыңнан

астам ұйым (ТРМК, ҚазСтандарт,

ҰАО, сертификаттау жөніндегі

органдар, зертханалар, техникалық

комитеттер, оқу орталықтары және

т.б.) қатысып келеді. Ал сәйкестікті

бағалау өтінімдері негізінде

10 мыңға жуық заңды тұлға (өтініш

берушілер) қатысуға ниет білдіріп

отыр.

Жауапты ведомствоның

дерегіне сенсек, биыл білім

беру, медициналық ұйымдарда,

өнеркәсіп орындарында, сондай-ақ

сынақ зертханаларында талапқа

сай келмейтін өлшеу құралдарын

қолданудың көптеген жағдайы

анықталды. Сәйкестікті бағалау

тәртібінің сақталмауы жеке қорғаныш

құралдарын, автохимияға арналған

өнімдерді және басқа да өнеркәсіптік

тауарды сертификаттау кезінде

әшкереленді.

Өз тілшіміз.

Торайғыров университетінің ұжымы философия ғылымдарының

кандидаты, «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат»

кафедрасының профессоры Степан Васильевич Невмержицкийге

жұбайы

Лидия Ивановна Невмержицкаяның

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

(20134)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Нөмірге қол қойған

Мұрат АЯҒАНОВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің

мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов

көшесі, 21-үй.

Редакцияның

мекенжайы:

140000, Павлодар

қаласы, Астана

көшесі, 143-үй.

Тел.: 66-15-30

Газеттің

эл. поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату бөлімі -

66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa samaly»-

ның компьютер oрталығында

теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет: сейсенбі,

бейсенбі және сенбі күндері

шығады, апталық

таралымы 8511 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй. Газеттің

сапалы басылуына баспахана

жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1313

Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар

мен суреттер рецензияланбайды

және қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан түскен

барлық хаттарды тегіс жариялауды

және оларға жауап беруді міндетіне

алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі

де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда жарияланған

материалдарды көшіріп немесе

өңдеп басу үшін редакцияның

жазбаша рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 31 шілде, сенбі, 2021 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

БАЙҒАБЫЛ ЖЫЛҚЫБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 125 ЖЫЛ

«Тапсырам домбырамды

Шолпаныма»

Ертіс-Баян өңірінің серісі, сегіз қырлы бір

сырлы арқалы әншісі Байғабыл Жылқыбаев

өмір мектебінде тәрбиеленіп, сахна төрінде

шыңдалған, алаш аспанын

әнмен өрнектеген аяулы

да дарынды әнші еді.

Қазақ сазгерлерінің жаңа

шығарған әндері ертеде

нотаға жазылмағандықтан

ауыл-ауылға тек әнші

өнерпаздар арқылы тарап

отырғандықтан олардың

үлгілері (варианттары)

көп болған. Өкініштісі,

соңғы кезде мұндай

көп үлгілердің бірталайы

сақталмай жойылып

кетті. «Өнер тозбайды», -

демекші, Байғабыл әншінің

шығармашылығының бір

құндылығы – ертеде өткен

әнші-композиторлардың

саф алтындай әндерінің

қаймағын бұзбай, бояуын оңдырмай, мөлдір

күйінде кейінгі ұрпаққа жеткізгендердің бір

тамаша өкілі, ән көпірі. Мәселен, ерекше

орындаған әндерінің бірі - Біржанның

«Теміртасы» болса, «Телқоңыр» әнінің

басқаша үлгісін бертінге дейін ешкім

білмеген. Сондай–ақ, әншінің өзі ұстаз

тұтқан Майра Уәлиқызынан үйренген

алғашқы әні «Толқыманы» еш мәнісін

бұзбай, қаз-қалпында жеткізуі арқылы бізге

жетіп отыр. Байғабыл халық әндерімен

қоса татар әндерін де шырқаған. Ақан

сері, Біржан сал, Жарылғапберді, Естай,

Шашубай, Ғазиз бен Майра әндерін шебер

орындаған.

Байғабыл Жылқыбаев 1896 жылы

Ақсу қаласының Құркөл ауылында туған.

Байғабыл – әкесі Жылқыбайдың отбасындағы

сегіз баланың сүт кенжесі. Ес білгелі

ән десе елеңдеп тұратын Байғабылға

Майраның әнін тыңдау бір ғанибет еді.

Ұстазы өз үйінен табылған жас әнші, Майраға

еліктеп сырнай да тартып көреді. Бірақ,

көбіне домбыраға қосылып ән айтқанды

ұнатқан. Әншінің тұңғыш ел таныған әнші

ретінде тұсаукесері Баянауылда өткен

бір жәрмеңкеде болса керек. Мұнда

Естай, Майра, Темірболат, Қараөткелден

келген Қосымжан да ән салған. Табиғат

берген талантының арқасында әртүрлі

жұмыс атқарғанымен, 1936 жылдары

Бесқарағай аудандық халық театрының

ашылуына септігін тигізіп, режиссер болып

тағайындалады. Шағын сахнада Мұхтар

Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан»,

Есімі естен кетпес, халық аузында жатталып қалатын тума

таланттар өмірде көп. Әр дәуірдің осындай жарқырап туған

жұлдыздары қазақ өнерінің кең аспанын жайната түсетіні

бар. Міне, сондай ұмытылмас тұлғалардың бірі әрі бірегейі -

әнші-домбырашы, композитор Байғабыл Жылқыбаев.

Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек» сынды

пьесаларын сахналаған. Осы қызметте

жүріп, сұрапыл соғыс жылдары елдің

еңсесін көтеру мақсатында көп жерде

концерт қойды. Осы театр сахнасында

ұлы Еренғайып екеуі ондаған рольдердің

сахналық бейнесін сомдаған.

«Ер жігіт сегіз қырлы, бір сырлы

болуы керек» дегендей, әншінің тағы бір

қыры – жауырыны жерге тимеген палуан

болғаны. Жерлес қарт адамдардың айтуынша,

Байғабыл Қоянды жәрмеңкесінде

өнер көрсетуімен бірге атақты күш алыбы

Қажымұқанның тобына қатысып, құрамында

болған. Қазақстанның 30 жылдық тойында

астанада болып, республикалық палуандар

күресінен екінші орынға ие болғанын әншінің

өзі айтқан екен.

Композиторлығына келетін болсақ, әнші

өз жанынан бірер ауыз ән шығарған.

Ол өзінің асыл қасиетін жалғыз қызы

Шолпанға өсиет етіп қалдырған. Ол туралы

жазылған «Домбырам» әні бар. Әншінің

шығарған басқа да әндерінің болғанын,

бірақ еш жерде сақталмағанын Шолпан

Байғабылқызы да айтқан болатын.

«Орнында бар оңалар» демекші, әке

шыққан өнер биігінен қызы Шолпан көріне

білді. Отбасындағы алты ұлдың ортасындағы

бір бәйшешек, әкенің қанымен келген

өнерді өмірінің мәніне айналдырды.

Шолпан Байғабылқызы әкесінің айтқан

бір сөзін есіне алып:

- «Асықпаңдар, менің қызым әлі менің

атымды шығарады», - деп әкем мақтанып

отырғанда, «Ойбай, қалай шығарамын?» -

деп таң-тамаша қалушы едім. Сөйтсем,

әкем көрегендікпен айтып кеткен екенау,

- деген болатын.

Шолпан Байғабылқызы Мәскеудегі Щепкин

атындағы жоғары театр училищесін бітіріп,

Торғай, Қызылорда, Павлодар театрларында

және Мұхтар Әуезов атындағы

Мемлекеттік Академиялық драма театрында

көп жыл актриса болып еңбек етті. Ол

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атанды.

Қазақ радиосында дикторлық қызметте де

болды. «Шын жүйрік өрге шапса өршеленер»

демекші, Шолпанға кез келген рольде ойнау

қиындық тудырмайды. Театр сахнасынан

алған мол тәжірибенің арқасында қазақ

ертегілерін оқығанда тіптен түрлендіріп

жібереді.

Саф алтындай таза өнерді мөлдіретіп

ұрпағына жеткізген арқалы әнші Байғабылдың

өнер мұрагері, Шолпанына арнаған

«Домбырам» әнінің сөзін ұсынамыз:

«Домбырам»

Байғабыл домбырасын қолына алсын,

Азырақ қоңырлатып әнге салсын.

Талантты жастар болса айтып жүрер,

Үлгі боп кейінгіге артта қалсын.

Домбырам - көңіл ашар ән менен күй,

Табылар өнерліге құрмет пен сый.

Әрқашан өнерліге орын дайын,

Қиянат, бұзықтықтан бойыңды жи.

Домбырам, еріккенде қолға алатын,

Жұмсайтын керек етсем қолқанатым.

Бір күні мен кетермін, сен қаларсың,

Күн болар хош айтысып, айрылатын.

Дауа жоқ кәрілік пен ақ өлімге,

Қаратпас кезі келсе кезегіне.

Тірлікте көрген қызық бәрі орынды,

Қызықсыз жинаған дүние керегі не?

Таусылмас айта берем қызықтарым,

Қызықтап жетпіс бес жыл

сені ұстадым.

Тапсырам домбырамды Шолпаныма,

Қадірлеп өзімдей ғып сол ұстасын –

деп жырлаған әншінің бүктемелі домбырасы

қазіргі таңда Бұқар жырау атындағы

әдебиет және өнер музейінде сақталуда.

Маржан ШАЙХИМОВА,

Бұқар жырау атындағы әдебиет

және өнер музейінің қызметкері.

СПОРТ

Қазір Токио Олимпиадасымен

қатар, футболдан Еурокубок

додалары қызған шақ.

Қуантарлығы, биыл аламанға

қосылған еліміздің 4 командасы

да жарыс жолын жалғастыратын

болды.

Төртеуі де

қатарда

Чемпиондар лигасында бақ сынап

жүрген алматылық «Қайрат» сырт

алаңда сербиялық «Црвена звездаға»

5:0 есебімен оңбай ұтылды. Үйде 2:1

есебімен жеңгені түк те болмады.

Осылайша, жарысты Конференция лигасында

жалғастырады. Үшінші іріктеу

кезеңіндегі қарсыласы – «Алашкерт»

(Армения).

Ал Конференция лигасының екінші

іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесулерін

өткізген «Астана», «Тобыл» және «Шахтер»

командалары тартысты өткен ойындарда

табандылық танытып, келесі

кезеңге жолдама алды. Шыны керек,

қарағандылықтар мен қостанайлықтардың

жарысты жалғастыратынына ешкім сенген

жоқ. Қарсыластары азулы болды. Тіпті,

алғашқы кездесулерін сәтсіз өткізіп,

екеуі де жеңіліс тапқан еді.

«Шахтер» мен румындық «Стяуа»

арасындағы кездесу Арменияда

өткізілді. Себебі қонақ команда

еліміздегі эпидемиялогиялық ахуалға

күдіктеніп, эпиджағдайы тұрақты

елдің стадионында ұйымдастыруға

өтініш білдіріпті. Қарағандылықтар

өз жанкүйерлерінің қолдауынсыз-ақ

намысты қолдан бермей, сенсация

жасады. Кездесудегі алғашқы голды

11-минутта «Шахтердың» қорғаушысы

Михаил Габышев соқты. Ал 76-минутта

стяуалық Флоринел Коман таразы басын

теңестірді. Бар күшпен алға ұмтылған

қарағандылықтар кездесудің аяқталуына

аз уақыт қалғанда, 91-минутта жеңіс

добын соғып, кездесуді экстра-таймға

ауыстырды. Гол авторы - Айдос Тәттібаев.

Экстра-таймда қос команда гол соға

алмады. Ал пенальти сериясында

кеншілердің бағы жанды. «Шахтер»

сапынан Эдин Рустемович, Стефан

Букорац, Иван Граф, Давид Атанаскоски,

Айдос Тәттібаев пенальтиден

мүлт кетпеді. Біздің қақпашы Игорь

Шацкий қарсылас ойыншының соққысын

қайтара білді. Қарағандылықтардың

келесі қарсыласы – «Колос» (Украина).

Бұл күні «Тобыл» да сенсация

жасады. Сырт алаңда хорватиялық

«Хайдукке» 2:0 есебімен жол бергені

белгілі. Өз алаңындағы кездесудің

алғашқы кезеңінде есеп ашылмады.

Барлығы «Хайдуктің» келесі кезеңдегі

қарсыласын талқылап отырған-ды.

Бірақ, қостанайлықтар небары 11

минуттың ішінде 3 гол салып, айды

аспанға шығарды. 56-минутта Душан

Йованчич көзге түсті. Сосын Игорь

Сергеев дубль жасады (61 және

67-минуттар). 70-минутта «Хайдук» 11

метрлік айып добын орындады, бірақ

«Тобыл» қақпашысы Александр Мокин

Филип Кровиновичтің соққысын қайтара

білді. Төреші кездесудің негізгі бөлігіне

5 минут қосты. Жеңіске жеттік деп

қуанып отырған сәтте, соңғы минутта

«Хайдук» командасының ойыншысы

Эмир Сахити гол соғып, кездесуді

экстра-таймға ауыстырды. Командалар

бұл кезеңде гол соға алмай,

барлығы пенальти сериясын күтіп

отырған. Алайда кездесу аяқталар

сәтте Асхат Тағыберген мергендігімен

танылып, «Тобыл» 4:1 есебімен

жеңіске жетті. Келесі қарсыласы –

«Жилина (Словакия).

«Астана» командасы сырт алаңда

грекиялық «Ариске» қарсы ойнады.

Өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске

жетсе де, сыртта қиын болатыны әу

баста белгілі еді. «Арис» ойыншылары

матч бойы шабуылдап, өздеріне

керекті 2:0 есебіне қол жеткізді. Десе

де, экстра-таймның соңғы секундтарында

Эужениу жеңіс добын соғып,

астаналықтар әупірімдеп жүріп келесі

кезеңге өтті. Кезекті қарсыласы –

«КУПС» (Финляндия).

Оралхан ҚОЖАНОВ.

More magazines by this user
Similar magazines