05.08.2021 Views

Сарыарқа самалы, 5 тамыз, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 5 тамыз, бейсенбі, 2021 жыл 3

БИЛІК ЖӘНЕ БҮГІНГІ МӘСЕЛЕ

Қаржы нарығы тұрақсыз кезеңде инвестор табу да оңай шаруа емес.

Аймағымызда биылғы жылдың алғашқы жартысында негізгі капиталға

217 млрд теңге инвестиция құйылған. Бұл – өткен жылдың сәйкес

кезеңімен салыстырғанда 15 процентке артық.

Оралхан ҚОЖАНОВ

БАҚЫЛАУ

Жаңа инвесторлар

Штаб шындап

кіріссе...

Облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақовтың қатысуымен өткен

аппараттық жиында инвестиция

мәселесі талқыланды.

Облыстық кәсіпкерлік және

индустриялық-инновациялық

даму басқармасы басшысының

міндетін атқарушы Сағыныш

Нүркімбаевтың айтуынша, инвестиция

тарту бойынша кешенді

жоспар құрылған.

- Біз алдымызға екі міндет

қойдық. Біріншіден, қолда бар

инвестициялық жобаларды соңына

дейін жеткізіп, іске асыру қажет.

Екінші міндетіміз - жаңа инвесторларды

тарту. Бірінші міндетті

орындау үшін инвестициялық штаб

2021-2025 жылдарға арналған

жобалар пулын қалыптастырды.

Пулға жалпы сомасы 1,9 триллион

теңгені құрайтын 174 жоба

енгізілді. Екінші міндетті іске асыру

үшін Сыртқы істер министрлігімен

бірлесіп салалық жобаларды анықтау

бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Сондай-ақ, Екібастұз қаласындағы

индустриялық аймақты және

«Павлодар» арнайы экономикалық

аймағындағы жобаларды дамытудамыз.

Жыл басынан бері жалпы

сомасы 112 миллиард теңгені

құрайтын 9 жаңа жоба жүзеге

асырылды, - дейді С.Нүркімбаев.

Бұл бағытта проблемалар да

жоқ емес. Мәселен, көп жағдайда

инвесторлар өз жобасына қажетті

техникалық шарттарды орындауға

құлықсыз екен. Бұл ретте, аймақ

басшысы Әбілқайыр Сқақов осы

және басқа да проблемаларды

шешу өңірлік инвестициялық

штабтың міндеттерінің бірі екендігін

еске салды.

- Біздің міндетіміз – инвестицияларды

тартуға байланысты бизнес

үдерістерді оңтайландыру. Өңірге

келген инвестор жобаны жүзеге

асыру үшін дайындық жұмыстарын

көруі қажет. Жыл сайын техникалық

шарттарды алу, жер мәселесі және

басқа да қиындықтарға тап боламыз.

Инвестицияларды тарту үдерісінің

Аймағымызда тамақ

өнімдерінің қауіпсіздігін

бақылау жұмысы

тұрақты жүргізілуде.

Өнімдерінің сапасы

талапқа сай болмай

шығатын цехтар да

бар. Мысалы, құзырлы

мекемелер ағымдағы

жылдың басынан бері

тамақ өндіретін

51 кәсіпорынға

2 231 505 теңге көлемінде

айыппұл салған.

жарылқай ма?

әрбір қатысушысы рұқсаттар

мен шешімдер беру кезінде бұл

рәсімдерді жеңілдетуге тырысуы

қажет, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Көмір бағасы

өспесін!

Жиында облыс бойынша алдағы

жылыту маусымына дайындық

жұмыстары да сөз болды. Облыстық

энергетика және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылығы

басқармасының басшысы Ержан

Салхановтың мәліметінше,

биыл өңірде жылу желілерінің

12,4 шақырымы жөндеуден өтуі

қажет. Бүгінде 5,6 километр жылу

желілері жаңартылған.

- Облыс орталығында салынып

жатқан №42 жылу магистралі мен

№6 сорғы станциясының құрылысы

15-інші қыркүйекте аяқталуы тиіс.

Аталған жобалар қысқы маусымда

жылу мәселелерінің азаюына

мүмкіндік беретіні сөзсіз, - деді

Ержан Салханов.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

өткен қысқы маусымда аймақта

жылыту жүйесі төмен деңгейде

жүргізілгенін айтты.

- Сапалы дайындық жұмыстарын

жүргізіп, коммуналдық қызметтермен

БАҒА САЯСАТЫ

Картоп пен сәбіз

арзандады

Павлодар қаласында көкөністердің арзандағаны

байқалады. Бүгінде шаһарда картоп пен сәбізді

арзан бағаға сатып алуға болады.

Бүгінде кейбір сауда сөрелерінде балғын картоптың килограмын

100 теңгеден, сәбізді 172 теңгеден босатуда. Павлодар облысы

индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше,

картоп пен сәбіздің бөлшек сауда бағасы айтарлықтай төмендеген.

Сатылып жатқан табиғи өнімдердің басым бөлігін жергілікті

көкөніс өсірушілер ұсынуда. Жаздың басымен салыстырғанда

сәбіз 3,5 есеге, картоп 4 есеге арзандады

Картоп пен сәбіз Павлодар ауданының Черноярка алқабындағы

шаруа қожалықтарынан күн сайын сауда нүктелеріне тікелей

жеткізіледі. Соның нәтижесінде алыпсатарлардың әрекетіне тосқауыл

қойылуда. Жергілікті нарықты арзан бағадағы өніммен толықтыру

арқылы көкөністердің бағасы тұтынушылар үшін қолжетімді бола

түсті. Бүгінде бағаның арзандауымен бірге картопқа сұраныстың

азайғаны да байқалады.

Арзан картоп пен сәбіз сатылатын дүкендер:

№ Сауда нысанының атауы Мекенжайы

1 «Арзандау» дүкені Назарбаев даңғылы, 34

2 «Нұрай» дүкені Жамбыл көш., 5

3 «Нұрай» дүкені Ак.Сәтбаев көш., 253

4 «Әсем-Ай» дүкені Қамзин көш., 352/1

5 «Колос» дүкені Қамзин көш. 58/2

6 Минимаркет Толстой көш., 125

7 Ертіс ауданының «Майя» дүкені Назарбаев даңғылы, 204

8 «Бақытжан» дүкені Айманов көш., 49

9 «Болашақ» дүкені Лебяжі көш., 95

10 «Әсем» дүкені Назарбаев даңғылы, 95

11 «Железинский» дүкені Амангелді көш., 19/2

12 «Павлодарский» дүкені Назарбаев даңғылы, 2/1

13 «Эрзи» дүкені Қамзин көш., 348

14 «Пионерский» дүкені Ломов көш., 41

15 «Альтаир» дүкені Ак. Шөкин көш., 38

16 «Артём» дүкені Торайғыров көш., 103

17 «Альтаир» дүкені Ак. Сәтбаев көш., 21/2

18 «Азия» дүкені Назарбаев даңғылы, 89

19 «Гулливер» Назарбаев даңғылы, 48/1

20 «Лакомка» дүкені Лермонтов көш. 84

21 «FoodMarket» Малайсары батыр көш., 6/2

22 «J-market» Павлов көш., 85/2

23 «Экономь» дүкені Назарбаев даңғылы, 170

24 «Ет бастау» дүкені Назарбаев даңғылы, 293

25 «Даниял» дүкені Қарағанды көш., 1

26 «Дания» дүкені Ломов көш., 60

27 «Алма» дүкені Хабаровская көш., 104

28 «Радуга» дүкені Торайғыров көш., 26

29 «Провианть» дүкені Катаев көш., 24/1

30 «Корзинка» дүкені Назарбаев даңғылы, 89

31 Ленин кенті, «Кулинария» дүкені Мақажанов көш., 54

32 Кенжекөл ауылы, «Кенжекөл» Әшімбетов көш., 4/1

дүкені

33 Кенжекөл ауылы, «Арлан» дүкені Октябрьская көш., 97/1

34 «Геолог» дүкені Молодежная көш., 12

Сапасыз өнімнен сақтан!

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен онлайн брифингте

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің бөлім басшысы

Айдар Әлменов хабарлады.

- Күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің

бірі - тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі.

Жыл басынан бері ерекше тәртіп бойынша

тексеру жүргізіп, тамақ өндірісінің 18 объектісін

қамтыдық. Олардың қатарында кондитерлік

және ұн тартатын цехтар, ет, сүт, балық

және, құс етін өңдейтін цехтар бар. Сонымен

бірлесіп жұмыс атқару аса маңызды.

Олардың апаттық бригадалары

алдағы жылыту маусымына сақадай

сай болуы керек, - деді Ә.Сқақов.

Өткен қыста жылу мөлшері

аз болған облыс орталығындағы

көпқабатты 319 үйге биыл

«Павлодар жылу желілері» ЖШС

қызмет көрсетеді. Шаһар басшысы

Асайын Байхановтың айтуынша,

кәсіпорын проблемалы үйлердің

үйішілік желілерімен де айналыспақ.

- «Тиісті кесте бекітіліп, аталған

үйлердің тұрғындарымен жиналыстар

өткізілді. Жылыту маусымына

дейін үйлердің үштен екі бөлігін

орталық жылыту жүйесіне қосу

және әзірлігін тексеру үшін барлық

үдерістердің мерзімін барынша

қысқарттық», деді А.Байханов.

Әбілқайыр Сқақов қыс мезгіліне

қалалар ғана емес, ауылдық аймақтар

да әзір болуы қажеттігін еске салды.

Бірінші кезекте мектептер, ауруханалар

және басқа да әлеуметтік

нысандарға көмір жеткізілуі тиіс.

Сонымен бірге, әкім қатты отынның

бағасын қолдан көтеруге тосқауыл

қоюды тапсырды. Көмір бағасы

өткен жылмен бір деңгейде болуы

маңызды.

Сурет газет мұрағатынан

алынды.

қатар, наубайханалар мен қарақұмық зауыты,

май зауыты, қоғамдық тамақтану орындары

мен азық-түлік сауда орындары да -

біздің бақылауымызда. Жүргізілген тексеру

нәтижелері бойынша 51 тәртіп бұзушылық

анықталып, кәсіпорындардың әкімшіліктері

жауапкершілікке тартылды, - деді Айдар

Тұрсынқазыұлы.

Мамандардың зерттеу нәтижелеріне

сүйенсек, сапа талабына сәйкес келмеген

өнімдердің 97 пайызы импорттық өнімдерге

тиесілі екен. Қазіргі таңда жеміс-жидек,

Өз тілшіміз.

көкөніс және бақша өнімдерінің сапасы

қатаң бақылауға алынған. Маусым айынан

бері 717 сынама жүргізіліп, оның 29-ынан

нитраттардың артқаны анықталды. Көбі

Шымкент және Қарағанды қалаларынан

жеткізілетін қарбыз, қауын, өрік, нектарин,

пияз өнімдерінен шыққан. Сынама қорытындысы

бойынша аталған қалалардың санитарлықэпидемиологиялық

бақылау департаменттеріне

тиісті хаттар жіберілген.

Тілеуберді САХАБА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!