02.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 2 қыркүйек, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

МӘСЕЛЕ 2 қыркүйек, бейсенбі, 2021 жыл 19

«ҚАЗПОШТА» АҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

«Газет уақытылы

келмейді...»

Жақында бір топ

оқырман облыстық

«Saryarqa samaly»

газетінің жаңа

нөмірлері уақытылы

келмейтінін

айтып, базынасын

білдірді. Редакцияға

хабарласқан

тұрғындардың

сөзінше, ауылдардағы

«Қазпошта»

бөлімшелері

мерзімді басылымды

оқырман қолына дер

кезінде жеткізуге

асықпайды. Тіпті,

облыс орталығындағы

кейбір пошта

қызметкерлерінің

өзі жұмасына 3 рет

шығатын газетті жиыптеріп,

аптасына бір

рет қана тарататын

көрінеді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Белгілі ақын, журналист, Павлодар

қаласының Құрметті азаматы

Шолпан Байғалы - газетіміздің

тұрақты оқырмандарының бірі.

Жыл сайын баспасөзге жазылу

науқаны барысында алғашқылардың

бірі болып облыстық «Saryarqa

samaly» газетінің сейсенбі, бейсенбі

және сенбілік нөмірлеріне жазылуды

дәстүрге айналдырған. Бірақ үш

нөмір пошта жәшігіне аптасына

тек бір рет келіп түседі дейді.

- «Saryarqa samaly» - бір

кездері өзім еңбек еткен қара

шаңырақ, аймақтың басты басылымы.

«Қызыл ту» уақытынан бері

үзбей оқимын десе де болады.

Ақпараттық хабарлармен қатар,

рухани, тәрбиелік, әлеуметтік

және экономикалық бағыттардағы

сараптамалық мақалалар көп.

Сонымен қатар, «Звезда Прииртышья»

газетін алып, орыс тілді

басылымның жаңалықтарынан

хабардар боламын. Бұрындары

«Найзатас», «Ақбеттау» журналдарын

алатын едім. Алайда «Қазпошта»

жұмысы жүйелі болмаған соң бұл

әдеби басылымдардан көз жазып

қалдым. Қазір «Үркер» журналы өте

сирек келетін болды. Аптасына үш

мәрте шығатын облыстық газеттер

де қолға уақытылы тимейді. Газет

тарататын мамандар аптасына бір-ақ

рет үш нөмірді қатар әкеледі. Бұл

мәселені «Қазпошта» АҚ облыстық

филиалы басшылығына талай рет

айттым. Біресе қызметкерлердің

ауырып қалғанын, біресе басқа

жағдайды алға тартып, түрлі сылтау

айтады. Павлодар қаласының қақ

ортасында тұрып, өңірде жарыққа

шығатын басылымдарды ала

алмай жүрген тұста ауылдағы

ағайынның жағдайын елестету тіпті

қиын. «Қазпоштаның» кесірінен

ақпарат ағынынан қалыс қалып

қоятын болдық, - дейді ардагер

журналист.

Мұндай мәселе облыс орталығының

іргесінде орналасқан

Кенжекөл ауылының тұрғындарын да

мазалап отыр. Жасы тоқсанға таяп

қалған ақсақал Темірбекалтай

Тілеубеков газеттің пошта

бөлімшесіне кеш түсетінін айтып,

редакциямызға арнайы хабарласты.

- Қазір интернет дамып жатыр

дегенмен, газеттің орнын ештеңе

баса алмайды. Басылымдағы мәнді,

мағыналы, ой салатын дүниелер –

бағалай білгенге рухани азық,

қайталанбас құндылық. Сол

себепті жылдар бойы облыстық

«Saryarqa samaly» газетінің тұрақты

оқырманымын. Бір әттеген-айы,

аймақтың ата басылымы пошта

бөлімшесіне кеш келеді. Үнемі

телефон шалып, бейсенбілік нөмірдің

жеткен-жетпегенін біліп отырамын.

Оған қоса, сондағы қызметкерлер

«Газетті пошта бөлімшесінен алып

кетіңіз» дейді. Бұл жағдай соңғы

5-6 жыл көлемінде жалғасуда.

Тым құрығанда мен сияқты

зейнеткерлердің үйіне әкеліп

беруге болмас па?! Жасым 86-да

болғанына қарамастан, пошта

бөлімшесіне өзім барамын. Осындай

кем-кетіктің шетін шығара бастасаң

болғаны, қызметкерлер өз уәжін

айтады. Олардың сөзінше, айлығы

бар-жоғы – 35 мың теңге. Мұндай

мардымсыз жалақыға кім жұмыс

істеп, сапалы қызмет көрсетсін?..

«Қазпошта» басшылығы осы

мәселені назарға алып, қысқа

мерзімде реттесе екен дейміз.

Редакция газет таратуға жауапты

мекемені қамшылап, оқырманның

мүддесін қорғап, басылымның

уақытылы жеткізілуін талап

етуі дұрыс, - дейді ақсақал.

Редакциямызға WhatsApp

арқылы өкпе-назын жеткізген

Баянауыл ауылының тұрғыны,

зейнеткер Балжан

Райымқұлова облыстық

газеттің аудан орталығына

апта салып бір-ақ жететінін

айтты.

- Аймақтағы басты жаңалықтардан,

оқиғалардан

хабардар болу үшін облыстық

«Saryarqa samaly» газетіне

жазылған едік. Мерзімді

басылымға жазылған соң

оны уақытылы алып, оқуды

қалаймыз. Бірақ Баянауыл

ауданында газет тарату ісі

тым кенже қалып жатыр.

Мысалы, «Saryarqa samaly»

газетінің 17, 19 және 21

тамызда жарық көрген

нөмірлері қолымызға тек

24 тамыз күні тиді. Яғни,

арада бір апта уақыт өтті. Кейде

одан да кеш келеді. Бұл – жақында

ғана туындаған мәселе емес.

Жылдар бойы жалғасып келе

жатқан жайсыздық. Осыған нүкте

қойылып, басылымның әр нөмірін

сол күні оқитын жағдай жасалса

екен дейміз, - дейді оқырман.

Бұл мәселе аудандық газеттердегі

әріптестерімізді де алаңдатып

отыр. Айталық, Ертіс аудандық

«Ертіс нұры», «Иртыш» газеттерінің

директоры (редакторы)

Алтынай Демесінова пошта қызметі

көңіл көншітпейтінін айтады.

- Ауылдарға пошта бір апта

кешігіп жетеді. Оның ішінде

республикалық, облыстық басылымдар,

біздің аудандық газеттер

бар. Басылымдар оқырманға

уақытылы жетпеген соң тұрғындар

да баспасөзге жазылуға құлықсыз.

Мерзімді баспасөздің маңыздылығы

уақытылы ақпарат таратуында емес

пе?! Өкінішке қарай, бұл ретте

пошта қызметінде олқылық көп.

Баспасөздің беделін арттыру үшін

оны оқырманға жедел жеткізу

керек, - дейді А.Демесінова.

Осы орайда пошта қызметкерлерін

де сөзге тарттық. Байқағанымыздай,

ауылдық жерлерге

газет-журналдардың кешігіп жетуі

көп жағдайда «Қазпоштаның»

аудандық, қалалық филиалдарының

жұмысына тіреліп тұр.

Мәселен, Ақсу қаласына қарасты

Евгеньевка ауылындағы пошта

қызметкері Камила Исақова

мерзімді басылымдар елді мекенге

бір күн кешігіп келетінін айтты.

- Облыстық «Saryarqa samaly»

газетін ауылымыздың 31 тұрғыны

жаздырып алады. Газет таратуға

жауапты маман басылым қолымызға

тиген күні оны үй-үйге апарады.

Атап айтқанда, сейсенбілік

нөмір сәрсенбі күні, бейсенбілік

шығарылым жұмада, сенбі күні

жарыққа шыққан нөмір дүйсенбі

күні таратылады. Себебі Ақсу

қаласынан облыстық газет дәл

осы күндері ғана жеткізіледі, -

дейді К.Исақова.

Бұл ретте оқырмандардың

басым бөлігі «Қазпошта» әу бастағы

негізгі міндетін ұмыт қалдырғанға

ұқсайды деп пайымдайды. Қай

заманда да поштаның басты жұмысы

мерзімді баспасөзді уақытылы

таратып, ақпараттық қамтамасыз

етуге баса мән беру болатын-ды.

Бірақ соңғы уақытта бұл бағыттан

жаңылысып, ақылы қызметтерге

көбірек көңіл бөлетінге ұқсайды.

- Бұрындары облыстық газеттің

аптасына бес нөмірі жарық көретін

еді. Сол тұста газеттің нөмірлері

бума-бума боп қатталып, аптасына

бір рет қана келеді дегенді

ести қойған жоқпыз. Қазіргідей

шағымдар жиі түспейтін. Ал

қазіргі байланыс дамыған уақытта

поштаның ауыл-ауылдарға, облыс

орталығындағы үйлер мен мекемелерге

дер кезінде жетпеуі -

қисынға келмейтін дүние. Пошта

қызметкерлері төлемдерді қабылдап,

сәлемдемелерді, хат-хабарларды

жолдап, жеткізу қызметі үшін ақы

алуға әбден «еті үйреніп», баса

назар аударатын көрінеді. Газетті

тарату ісін ысырып қойып, екінші

кезекке итереді. Себебі төленген

әр түбіртек, жіберген әр хат үшін

комиссиялық төлем қабылдайды.

Бұл ретте «Қазпошта» басшылығына

газетті үйге дейін жеткізу қызметі

үшін оқырман қауымның да ақы

төлейтінін еске салғым келеді.

Газет-журнал таратуға жауапты

мекеме редакциялармен бір

қатарда еңбек етіп, мемлекеттік

саясат пен ұлттық идеологияның

жаршысы болуы тиіс. Өкінішке

қарай, іс жүзінде жағдай мүлде

басқа, - дейді ардагер журналист

Шолпан Байғалы.

Иә, әр оқырман «Saryarqa

samaly» газетіне жазылғаны үшін

төлейтін ақының жартысынан

астамын «Қазпошта» «сыпырып»

алады. Өңірдегі жалғыз таратушы

болғандықтан, монополистік

үстемдігін пайдаланып, жеткізу

қызметі үшін қомақты ақы белгілейді.

Ал сол қызметтің сапасы ақының

көлемі сияқты жоғары болмай

тұрғаны өкінішті. Мекеме басшылығы

мәселені тереңінен түсініп,

тұрғындардың сын-ескертпесінен

сабақ алып, кемшіліктерді жояр

деген үміттеміз. Оқырман алдында

сенің де жауапкершілігің бар,

«Қазпошта»! Осыны әсте естен

шығаруға болмайды! Газет

жарық көргеннен кейін уақытылы

оқырман қолына тиюі тиіс. Олай

болмаған жағдайда 8-777-935-

39-38 «WhatsApp» нөміріне шағым

қалдырып, 8 (7182) 66-15-41 нөміріне

хабарласуларыңызға болады. Әр

тұрғынның хабары жеке қаралып,

пошта бөлімшелерімен тиісті

жұмыстар жүргізіледі.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!