21.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

8

КӨРМЕ

21 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл РУХАНИЯТ

«Көңіл толқыны»

Шығармашылық

адамын түрлі

тақырып шабыттандырары

сөзсіз. Сәндікқолданбалы

өнер тарихында

авторлық

қуыршақтар –

миниатюралық

мүсіндер ретінде

көп зерттелмеген

сала. Сүйкімді

авторлық қуыршақтар

көздің жауын алып,

адамға мейірім шуағын

сыйлайды.

Облыстық көркемсурет музейінде

ашылған мүсінші Пернегүл Омарованың

«Көңіл толқыны» көрмесі – осының дәлелі.

Автордың жаңа көрмесінде қуыршақтар

тақырыбының саналуандығын паш ететін

ретроспектива мен болашаққа көзқарас,

ұлттық нақыштағы қуыршақтар, авторлық

ізденістер, дәстүрлі бейнелер мен батыл

эксперименттер көрініс тапқан.

Пернегүл Омарова – авторлық қуыршақтар

жасау өнерінде танымал қазақстандық суретші.

Кәсіби мүсінші, Санкт-Петербург қаласында

И.Репин атындағы Өнер академиясының

түлегі. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық

өнер академиясында ұстаздық етіп, шәкірт

тәрбиелеген. Ол – Қазақстанда тұңғыш

«Ғасырлар бесігі» шағын мүсіндер (қуыршақтар)

тарихи-этнографиялық музейдің идея авторы

әрі негізін қалаушы.

Пернегүл Омарова аз қамтылған

отбасылардың балаларымен, мүмкіндігі

шектеулі жеткіншектерге арналған көптеген

әлеуметтік шығармашылық жобаларды

ұйымдастырушы ретінде танымал. Оның

еңбектерінде тарихи тұлғалардың бейнелері,

қазақ халқының аңыздары мен ертегілерінің

кейіпкерлері, халықтың тұрмысын, салтдәстүрін

көрсететін көріністер, поэтикалық

образдар шебер орындалған.

Пернегүл Омарованың төлтуындылары

отандық және шетелдік көптеген көрмелерге

қойылған. Жұмыстардың басым бөлігі

Қазақстан, АҚШ, Франция, Финляндия,

Италия, Германия, Канада, Жапония, Катар,

Ресей және т.б. елдердің жеке коллекцияларында

сақтаулы.

Белгілі жерлес ақын Мұзафар Әлімбаевтың

келіні Пернегүл Омарованың Ертістің Павлодар

өңіріне деген құрметі ерекше.

- Павлодар өңірін жақсы көремін.

Сондықтан «Көңіл толқыны» атты көрмемді

өңір жұртшылығына арнап отырмын. Пандемиядан

кейін өмірге деген көзқарасым

өзгерді. Айналамыздағы қаншама адамдар

коронавирус құрбаны болды. Өмірде ең

маңыздысы жүрек жылуы деп ойлаймын.

Адамзат өлшеулі ғұмырды дүние жиюға

емес, өмірден рухани ләззат алуға жұмсауы

керек», - дейді Пернегүл Омарова.

Көрменің ашылу салтанатына қатысқан

«Самал» сауықтыру орталығының директоры

Зинаида Багненко, М.Әлімбаев атындағы

мектептің директоры Дастан Мұхтар Пернегүл

Омарованы құттықтап, гүл шоғын табыстады.

Балалардың ғана емес, ересектердің де

қызығушылығын оятатын ерекше көрмені

3 қазанға дейін тамашалауға болады.

Т.ӘБІЛДА.

SARYARQA SAMALY

МӘДЕНИЕТ

Тәжірибе

алмасу –

кәсіби

қажеттілік!

Естай атындағы

мәдениет сарайында

ел Тәуелсіздігінің

30 жылдығы мен

Иса Байзақов

атындағы облыстық

филармонияның

75 жылдық мерейтойына

орай «Хор

музыкасының

аңыздары»

атты алғашқы

республикалық

фестиваль өтті.

Фестивальге Нұр-Сұлтан, Алматы,

Ақтөбе филармонияларынан арнайы

келген хор дирижерлері қатысты.

Шара басында Алматы қаласынан

Б.Байқадамов атындағы хор капелласының

көркемдік жетекшісі және

бас директоры Бейімбет Демеуов

іс-шараны ұйымдастырған барша

мәдениет өкілдеріне өз алғысын

білдіріп, қатысушыларға сәттілік

тіледі.

Ғалымның атын

хаты шығарар

Облысымызда Мәшhүр Жүсіп бабамыздан қалған мұраның

ағартушылық дарындығын дәріптеу мақсатында ақынның

туған жері Ескелді мекенінде «Мәшһүр Жүсіп мұрасының

жаңғыруы» атты республикалық ғылыми конференциясы

өтті.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

ХХ ғасырдағы ұлы Абайдың ізбасары,

даңқы алты Алашқа мәлім Мәшһүр Жүсіп

есімін білмейтін адам кемде-кем. Ғұлама

ғалым ретінде ол талғамы бөлек терең

білімге ие. Тіл, философия, жаратылыстану,

медицина, дін бағыттарымен қатар өлең,

поэма, әңгіме, шежіре, педагогика, публицистика

саласында жазған шығармашылық

мұралары жан-жақтылығымен қашанда оқ

бойы алда.

Академик Қ.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық

музейі мен М.Ж.Көпеев мемориалдық

музейінің ұйымдастырылуымен өткен

конференцияның мақсаты - М.Ж.Көпеев

бабамыздың құнды қолжазбалары мен

ғылыми еңбектерін, өмір жолын, өлеңдері

мен ауыз әдебиеті үлгілері жинақтарын,

шежіре мен айтыс, жинақтаған тарихи

жырларын өскелең ұрпаққа насихаттау.

М.Ж.Көпеев шығармашылығының бағалы

мұраларын кең ауқымда зерттелуіне жол

ашу - негізгі мақсат-міндеттің бірі.

«Ғұламаның бізге қалдырған мол мұрасын

зерттеп, келешек ұрпаққа мирас ету – азаматтық

парызымыз» деп конференцияның алғы сөзін

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді

дамыту және архив ісі басқармасының

басшысы Самал Бегалинова бастады.

Ол өз сөзінде шараға қатысушылар мен

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан келген

қонақтарға алғысын білдірді.

Сирек кездесетін қолжазбалар мен алуан

түрлі басылымдардың түпнұсқалары – құнды

жәдігер. Бұл тарихтан сыр шертетін көне

басылымдарды сақтап қалу мен қалпына

келтіру жұмыстары тұратын «Қолжазбалар

және сирек кітаптар ұлттық орталығы»

мамандары конференция барысында өз

ұсыныстарымен бөлісті. Реставрация және

конвервация бөлімінің жетекшісі Сырым

Ботабектің айтуынша, заманауи технологиямен

жабдықталған орталық мұрағаттар

мен мұражайлардағы түпнұсқасы бар құнды

жәдігерлерді реставрациялау маңызды.

Қағаздағы жазуға жарық, ылғал, бөлме

температурасының әсері тиетіндіктен, уақыт өте

келе музейде немесе халық қолында белгісіз

күйде қалып жатқан сирек қолжазбаларды

сақтап қалудың шешімі – реставрация.

Осы мақсатта конференцияға «Қолжазбалар

және сирек кітаптар ұлттық орталығы» арнайы

«Ұлы дала тарихының жазба мұралары»

атты көрмені ұсынды.

- Біз бүгін Нұр-Сұлтан қаласы «Қолжазбалар

және сирек кітаптар ұлттық орталығы»

атынан Мәшhүр Жүсіп атамыздың конференциясына

орталықта сақталған «Ұлы дала

тарихының жазба мұралары» атты көрмемізді

қоса алып келдік. Бұл көрмеде ерте орта

ғасыр мен тоғызыншы ғасырлардан бастау

алатын құнды еңбектер жинақталған. Бұл

еңбектердің маңыздылығы түпнұсқалығы мен

құндылығы жағынан тек Европа елдерінде

ғана бар жәдігерлер мен сирек кітаптар

болып табылады, - дейді тарихшы, сарапшы

маман Мұхамеддияр Аңкабай. Ол 1074 жылы

жарық көрген Махмұд Қашқари ұсынған

дөңгелек әлем картасын конференцияға

арнайы әкелгенін айтып өтті.

Аталған шара барысында Мәшһүр Жүсіптің

шөбересі, М.Ж.Көпеев мемориалдық музейінің

меңгерушісі Әсет Пазыловтың «Алты Алашқа

жайылып кеткен атым» және «Степной провидец

Машхур Жусуп» атты жаңа кітаптардың тұсауы

кесілді. Әсет Пазыловтың айтуынша, Мәшһүр

Жүсіпті жалпы ғалым, ақын, философ деп

жатамыз. Алайда әулиелігі жеке-дара қалып

жатады. Сол себепті де,

ғалымның болжағыштығы

бар, шежірешілігі мен

тұлғатануы, хандығы

туралы жөнінде айтып,

ғұмырнамасынан сыр

шертіп, әулиелік қырын

баяндауды мақсат қылған

екен. Бұл кітаптарда

жиналған еңбектердің

барлығы Мәшһүртану

естеліктері мен архивтерден

алынған құжаттар

негізінде жазылған.

- Бүгін мына Ескелді жеріндегі мұражайда

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұраларын жаңғырту

жөнінде үлкен іс-шаралар өтіп жатыр. Мұның

бастауы Павлодарда «Көне ғасыр күмбірі» атты

жыршы-термешілер байқауымен басталған

болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген

термешілер ғұлама ғалым бабамызды жырлап,

Мәшһүр Жүсіптің образдары мен өзге де

қырларын ашты. Қазіргі уақытта «Мәшһүр

Жүсіп мұрасының жаңғыруы» атты конференция

өтті. Баянауыл ауданының Құрметті

азаматтары Мұрат Рахметов, Қорабай Шәкіров

ағаларымыз ең алғашқы мүсіндер қалай

жасалды, одан кейін мұражай қай кезде

құрылды деген сынды сауалдарға байланысты

құнды мәліметтер берді. Сонымен

қатар, Нұр-Сұлтан қаласынан келген меймандарымыз

өз баяндамаларын таныстырды.

Сондықтан да бүгінгі іс-шара өз мақсатына

жетті деп ойлаймыз. Мәшһүр Жүсіп мұраларын

зерттеу мұнымен тоқтамақ емес, - деп

шара соңын Мәшһүртанушы, Торайғыров

университетінің профессоры, филология

ғылымдарының докторы Айтмұхамет Тұрышев

қорытындылады.

Артына мәңгі өшпес рухани мұра қалдырған

Мәшһүр Жүсіп бабамыздың құнды еңбектерінің

бізге және келер ұрпаққа берері мол екені

анық.

Ескелді шатқалы,

Баянауыл ауданы.

- Еліміздің әр өңірінде филармонияда

хор дирижерлері өз жұмыстарын

атқаруда. Дегенмен өнер

майталмандарының басын біріктіріп,

әсіресе хор дирижерлерінің кәсіби

тәжірибе алмасуы аса маңызды. Осы

тұста, «Легенды хоровой музыки»

атты фестивальдің ұйымдастырылып,

шеберлік сабағының өткізілгендігіне

қуаныштымыз, - дейді «Қазақконцерт»

мемлекеттік концерттік ұйымына қарасты

«Астана мюзикл» мемлекеттік театрының

хормейстері Алмат Әбішев.

«Қазіргі заман жағдайында хор

ұжымымен жұмыс істеу ерекшеліктері»

атты «choir session» шеберлік сабағын

Ғ.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық

филармониясының қазақ камералық

хорының көркемдік жетекшісі Мербол

Құспанов, Алматы қаласынан Бейімбек

Демеуов, Нұр-Сұлтан қаласынан Алмат

Әбішев сынды кәсіби мамандар өткізді.

Шеберлік сабағына аймағымыздағы

өнер колледжі мен музыка мектептерінің

педагогтары, хормейстері де қатысты.

Фестивальге қатысушыларға сертификаттар

табысталды.

Шара соңы Иса Байзақов атындағы

Павлодар облыстық филармониясы

камералық хорының «Дала үні» атты

гала-концертімен жалғасты.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!