02.12.2021 Views

есептер 1.Тлеулесова А (1)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Алғы сөз

Мектептің математика курсының мазмұны физика-математика

ғылымының, техниканың және халық мәдениетінің күн санап өсіп

дамуына байланысты өзгеріп жетіліп отырады. Орта мектептің

математика курсы мектеп жасындағы балаға арналады, баланың жас

ерекшелігіне, әр сыныптағы білім дәрежесіне, өмір тәжірибесіне,

педагогикалық мақсатқа сай болып келеді. Сонымен қатар математика

курсының мазмұны тағайындалғанда, оның өмірде кездесетін

мәселелерді шешуге жарамды және пайдалы болу жағы да

қарастырылады.

Сөйтіп, мектептің математика курсында математика ғылымының

бай мазмұнынан оқушыға түсінікті және тұрмыс мәселелерін шешуге

керекті материалдар іріктеліп алынады, бірақ оларда ғылымда

қалыптасқан жүйелілік, дәлелділік, дерексіздік т.с. сақталынады. Бұл

жайлар оқушыларға түсінікті болу үшін оқу үрдерісі, көрнекі

құралдар, өмірден алынған мысалдар кең түрде қолданылу арқылы

логикалық дәлелдеу және жүйелі пайымдау жолымен жүргізіледі.

Математика әдістерінің күшейіп кең түрде қолданылатын болуы

түрлі проблемаларды математикасыз шешуге болмайтындығын

көрсетіп отыр. Ол, әрине, мектеп пен мұғалімнің жұмысына

байланысты нәрсе. Сондықтан да кейінгі кезде математик ғалымдар

математика мұғалімдерін мектеп бітіретін оқушыларды

математикалық ғылым жолына салып, бағыт беруге шақырып отыр.

Жаратылыстану ғылымдары математика, физика, химия,

астрономия, биология т.б. табиғаттағы заттарды, құбылыстарды,

заңдылықтарды зерттеп баяндайды. Кейбір жаратылыс ғылымдары ,

атап айтқанда, физика табиғаттағы заттар мен құбылыстарды сапалық

ерекшеліктері, мысалы, массасы, тығыздығы т.с.с. жағынан алып

сипаттайды. Ал математика заттардың мұндай сапалық сипаттарын

оқытпайды. Бірақ математикада басқа ғылымдар сияқты адамдардың

практикалық мұқтаждықтарынан, жер участоктарының ауданы мен

ыдыстардың сыйымдылығын өлшеуден, уақытты есептеуден және

механикалық есептерді шешу барысындағы қажеттіліктерден шыққан.

Олай болса математика бір ғана ғасырдың, елдің, не адамның табысы

ғана емес, адамзаттың ғасырлар бойы іс-тәжірибесінен жинақталып

дамыған, көптеген халықтарға ортақ зерттеулердің нәтижесі болып

табылатын ғылым.

4

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!