03.12.2021 Views

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Екпе алу - елдің амандығы

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

4 желтоқсан, сенбі

2021 жыл

№140 (15758)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Ерікті болу -

жүрек қалауы

ФОРУМ

ЗАҢ

Рақымшылық

жасалады

Сенатта «ҚР Тәуелсіздігінің

30 жылдығына байланысты

рақымшылық жасау туралы»

заң қабылданды. Оған сәйкес,

елімізде 2 292 сотталушыға,

11 753 пробацияда тұрған

азаматқа рақымшылық жасалады.

Бүгінде волонтерлер қоғамның ажырамас бөлігіне айналған. Олардың

әрқайсысы мұқтаждарға қашанда демеу беруге даяр тұрады.

Облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығында қазақстандық

еріктілердің республикалық форумы өтті. Маңызды шара ҚР Ақпарат

және қоғамдық даму министрлігінің, сондай-ақ ERG компаниясының

қолдауымен ұйымдастырылды.

БАСПАСӨЗ - 2022

Газетке жазылуды ұмытпаңыз!

Жалғасы 3-бетте

Құрметті оқырмандар! 2022 жылға арналған «Saryarqa samaly» газетіне жазылу жалғасуда!

Жазылу мерзімі

«Қазпошта» АҚ–ның бөлімшесі

арқылы жазылу

«Alash Press» ЖШС–нің

бөлімшелері арқылы жазылу

Редакцияда ресімделу

және алу мен жазылу

Индексі 55441 Павлодар қ. Павлодар қ.

қала

ауыл

6 ай (аптасына үш нөмір) 6 924,20 теңге 7 242,40 теңге 6 915 теңге 5 940 теңге

12 ай (аптасына үш нөмір) 13 848,40 теңге 14 484,80 теңге 13 830 теңге 11 880 теңге

Зейнеткерлерге, мүгедектерге және ҰОС қатысушыларына арналған жеңілдікпен жазылу

Индексі 55442

қала

ауыл

12 ай (бейсенбілік нөмір) 4 035,60 теңге 4 259,20 теңге 4 025 теңге

Суретті түсірген – Есенжол Исабек.

3 084 теңге

Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген басылымға 50 данадан кем емес жазылған жағдайда кәсіпорынға

дейін жеткізумен ұжымдық баламалы жазылуды ұсынамыз, тел.: 8 (718 2) 66-15-41.

«Құжаттың мақсаты – аса ауыр емес

және ауырлығы орташа қылмыс үшін

жазадан босату және кейбір ауыр, аса

ауыр қылмыс үшін жаза мерзімін қысқарту.

Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке

толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші

және екінші топтағы мүгедектерге,

қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға

қолданылады», – деді ҚР Ішкі істер

министрі Ерлан Тұрғымбаев. Министрдің

мәлімдеуінше, еліміздегі 64 жаза өтеу

мекемесі мен 16 тергеу изоляторында

34 мың адам бар. Бүгінге дейін 30 мың

азаматқа сот үкімі шыққан. 4 мың адам

тергеу мақсатында қамауда отыр.

Олардың 93%-ы ауыр және аса ауыр

қылмыс жасаған. 45%-ы бұған дейін

бірнеше рет сотталған. 32 мың адам

пробациялық бақылауда. Қабылданған

заңға сәйкес, 2 292 сотталушыға, 11 753 пробацияда

тұрған азаматқа рақымшылық

жасалады.

- 1 мың адам қамаудан бостандыққа

шығады. 3 881 адам пробациялық бақылаудан

босатылады. 1 330 сотталушыға,

7 492 пробацияда тұрған адамға жаза

мерзімі қысқартылады, – деді министр.

Ол сотқа дейінгі тергеу өндірісіндегі

5 мың қылмыстық іс қысқартылғаны

туралы мәлімдеді.

Сенатор Андрей Лукин заң жобасы

Мемлекет басшысының тапсырмасын

орындау мақсатында әзірленгенін және

қылмыстық құқық бұзушылық жасаған

азаматтардың әлеуметтік осал санатына

рақымшылық жасауға бағытталғанын

атап өтті. Құжатта жасалған іс-әрекеттің

ауырлығын және істің өзге де мән-жайын

ескере отырып, сотталғандардың жекелеген

санатына қатысты жаза мерзімін

қысқарту көзделген. Заң жобасы

Қылмыстық кодекстің ережелеріне толық

сәйкес келеді.

Өз тілшіміз.


2 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ҚАРЖЫ

ҚР Ұлттық банкі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына

арналған номиналы 20 000 теңге болатын

мерейтойлық банкнотты шығарады. Оның

бет жағында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың

портреті бар.

Жаңа банкнотта -

Елбасы бейнесі

Мерейтойлық банкноттың

дизайны бірегей технология

бойынша дайындалды. Атап

айтқанда, банкноттың тігінен

орналасқан және номиналдың

голографикалық бейнесі,

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына

арналған логотип және Президент

Қасым-Жомарт Тоқаевтың

факсимилесін қамтыған металсыздандырылған

жолақ әлемде

алғаш рет қолданылды.

Мерейтойлық банкноттың

27 қорғаныш элементі бар.

Банкнотта сұр түс басым,

көлемі 155х79мм.

- Бет жағында Қазақстанның

Мемлекеттік рәміздері,

Тұңғыш Президент

Нұрсұлтан Назарбаев

портретінің голографиялық

бейнесі, Қазақстанның

тәуелсіздігі мен мемлекеттілі-гінің

нышаны саналатын

«Қазақ елі» монументі,

«Мәңгілік ел» салтанат қақпасы

сынды негізгі бейнелер көрініс

тапқан. Ал сыртқы

бетінде Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаевтың портреті,

Нұр-Сұлтан қаласы мен

Ақорданың панорамалық

көрінісі, Қазақстан Тәуелсіздігінің

30 жылдығын мерекелеуге

арналған логотип

бейнеленген, - делінген

Ұлттық банктің хабарламасында.

Айта кетейік, Елбасының

портреті бар 10 000 теңгелік

алғашқы мерейтойлық банкнот

2016 жылы Тәуелсіздіктің

25 жылдығына орай шығарылған

болатын.

Өз тілшіміз.

«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН

МЕМЛЕКЕТ»

Орталықтың

оң ісі

Облыс әкімдігі жанынан құрылған

ахуалдық-сараптамалық орталық аз уақыт

аралығында өз тиімділігін көрсетті. Бұл

орталыққа әр түрлі сала бойынша түскен

ақпараттар жан-жақты талдаудан өтеді.

Соның нәтижесінде өтініштерді қарау

мерзімі 3 есеге қысқарды.

Аймақ басшысы Әбілқайыр

Сқақов әлеуметтік желідегі

ресми парақшасында қараша

айында өңірде болған айтулы

оқиғаларды қорытындылап,

айдың негізгі деректері мен

көрсеткіштеріне тоқталды.

- Қараша айы біздің өңір

үшін маңызды оқиғаларға толы

болды. Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев қарашаның

алғашқы күндері

Екібастұзға жұмыс сапарымен

келіп, өңір тіршілігіне

жаңа қарқын берді. Президент

моноқалаларды дамыту

бойынша республикалық

кеңес өткізіп, нақты мақсатміндеттерді

белгіледі. Теміржол

кластерінің құрамына кіретін

жаңа өндіріс орнын іске

қосты. Айта кету керек,

елдегі теміржол өнімдерінің

73 пайызы Екібастұзда

шығарылады, - деп жазды

Ә.Сқақов.

Сонымен қатар, Әбілқайыр

Бақтыбайұлы жергілікті және

республикалық бұқаралық

ақпарат құралдары өкілдерінің

алдында есеп беріп, өңірдің

экономикалық және әлеуметтік

даму қарқыны туралы

баяндағаны мәлім.

- Өткен айда жергілікті

журналистерге ахуалдықталдау

орталығының жұмыс

барысын таныстырдым. Бұл -

әртүрлі салалар бойынша

ақпарат жиналатын және

талдау жасалатын орталық.

Мұндай жаңа жоба облыс

тұрғындары үшін маңызды

және пайдалы шешімдерді

қабылдау үшін қажет.

Сол кезде қандай да бір

деректерге негізделмеген,

шын мәнінде қажеті жоқ

жобалар ысырылып отырады.

Қазірдің өзінде ахуалдықсараптамалық

орталықтың

ісі жақсы нәтижелер беруде.

Айталық, жергілікті атқарушы

органдарға түсетін өтініштерді

қарау мерзімдері 3 есеге

қысқарып, қайтадан түсетін

шағымдардың саны 60 пайызға

азайды, - деді аймақ басшысы.

Әзірлеген –

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

ҚҰҚЫҚ

Қауіпсіз қозғалыс

қадамдары

Келесі жылы Павлодар қаласында көлік жүйесін жетілдіру мен қауіпсіздікті арттыруға

бағытталған «Vision Zero Pavlodar» жобасы жүзеге аспақ. Соның аясында жолдарды

жөндеу мен оларды қалпына келтіру, бағдаршамдар орнату, жол бойында жарық

желілерін тарту жұмыстары қарастырылған.

«Q88 Қазақстан урбанистер

қауымдастығының» басшысы Ерлан

Әукенов аймақ басшысы Әбілқайыр

Сқақовқа облыс орталығындағы

жолдарда апаттарды азайтуға қатысты

тұжырымдаманы таныстырды. «Vision

Zero Pavlodar» деп аталатын жоба

жол-көлік оқиғаларына деген нөлдік

төзімділік қағидаттары негізінде

құрылған.

«ERG» компаниясының қолдауымен

келесі жылы жүзеге асатын жобада

36 қадам қамтылған. Олардың қатарында

2022 жылы Павлодар қаласының

көшелерін жөндеу жұмыстарының

сапасын арттыру да бар.

Ерлан Әукеновтің айтуынша, сарапшылар

қала көшелерінің жолдарын

қалпына келтіру мақсатында бюджеттен

бөлінетін қаражатты тиімді жұмсау

бойынша кеңестер беруге дайын.

Сонымен қатар, тұжырымдама авторлары

төрт немесе одан да көп жолағы

бар көшелердегі реттелмейтін жаяу

жүргінші өткелдерінде «антиқалталар»

мен қауіпсіздік орындарын жабдықтау

керек деген пікір білдірді. Облыс

орталығындағы проблемалы көше

қиылыстарында қозғалыс жүйесін

қайта ұйымдастыру да қажет.

- Павлодар қаласында 916 қиылыс

бар. Жол-көлік оқиғаларының 33 пайызы

дәл осындай 12 аймақта тіркеледі.

Сондықтан олардың инфрақұрылымына

өзгертулер енгізу керек. Атап айтқанда,

жарықтандыру, бағдаршамдарды орнату

жұмыстарын жетілдірген жөн, - деп

атап өтті Е.Әукенов.

Жол картасында қала жолдарын

қосымша жарықтандыру, жарықты

Алқалы жиында өңірлік қоғамдық

кеңес төрағасы, облыс мәслихатының

депутаты Жарқынбек Амантайұлы

Елбасы үндеуін әрбір азаматқа жеткізіп,

болашақ жас ұрпақтың бойына сіңірудің

маңыздылығын алға тартты.

- Елбасы төрағалығымен «Nur Otan»

партиясы Саяси кеңесінің отырысы

өтіп, Нұрсұлтан Әбішұлы «Елдіктің жеті

тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын

ұсынды. Тұңғыш Президентіміз бәсекеге

қабілетті болу үшін бірегей ұлттық мінез,

асқақ рух керек деп атап өтті. Мұндай

қасиеттер мәдени құндылықтарды тану

арқылы келеді. Жаһандану үдерісі тек

экономикаға емес, мәдениетіміз бен

өшіру және қосу уақытын реттеу,

автотұрақ кеңістектерін дамыту және

тағы басқа мәселелер бар. Осындай

өзекті мәселелер қамтылған аталмыш

тұжырымдама жергілікті билік тарапынан

мақұлданды. Десе де, аймақ басшысы

Әбілқайыр Сқақов тұжырымдаманы

жергілікті жол-көлік жүйесіне барынша

бейімдеуді тапсырды. Сондай-ақ,

келесі жылы жөндеу мен қалпына

келтіру жұмыстары қарастырылған

учаскелерді қамтуды жүктеді.

- Мектеп алдындағы шамадан тыс

жүктелген жолдар, жаяу жүргіншілерге

арналған өткелдердің көрінбеуі, жол

қозғалысына кедергі келтіретін ағаштар

сынды мәселелерді күнде байқаймын.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Miras»

қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасының «Елдіктің

жеті тұғыры» қағидаттарының маңыздылығы талқыланды.

Шараға қоғам мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Елдіктің тұғыры

салт-дәстүрімізге де әсерін тигізуде.

Руханият мәселесі өзекті болып тұр.

Тәуелсіздігімізді сақтау үшін ұлтжанды

патриот жандарды тәрбиелеп, бірлігі

жарасқан бір ұлтты мемлекет құрып,

отбасы институттарын жаңғырту

керекпіз, - деді кеңес төрағасы.

Өз кезегінде «Нұр Ана әлемі» ҚБ

төрайымы Бақытжамал Максилова

қағидаттар жиынтығында айтылған

«Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның

алтын діңгегі» бөліміне қатысты өз

ойын ортаға салды.

- Бүгінде демографиялық саясаттың

әуелгі факторы ретінде отбасылық

құндылықтарды халық санасына сіңіру –

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Сол себепті біз үшін «Vision Zero

Pavlodar» жобасының тиімділігін

тұрғындарға көрсету маңызды. Біздің

басты мақсат - жүргізушілер мен

жаяу жүргіншілерге тең мүмкіндіктер

жасау, - деді Ә.Сқақов.

«Q88 Қазақстан урнабистері

қауымдастығы» өкілдерінің айтуынша,

тұжырымдамада көрсетілген басым

бағыттарды іске асыруға қомақты

қаржының қажеті жоқ. Алдағы бірнеше

апта дересінде тәуелсіз сарапшылар

мен жергілікті билік барлық ұсыныстарды

мақұлдап, жұмысқа кірісуі керек.

Облыс әкімінің баспасөз

қызметі.

басты міндеттердің бірі болып табылады.

Мемлекеттің жүргізіп отырған

әлеуметтік саясаты – қазақстандық

отбасының оң имиджін насихаттау

арқылы өскелең ұрпақты

отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу.

Отанға деген махаббат отбасынан

басталады, - деді Бақытжамал

Максилова.

Сондай-ақ, Елбасы жария еткен

қағидаттарға үн қосқан ардагер

журналист, ақын Шолпан Байғалы

бір шаңырақтың астында берекелі

ғұмыр кешіп, татулықты ту еткен

Қазақстан халқы Ассамблеясының

әлеуеті зор екенін атап өтті.

Аталмыш жиында С.Торайғыров

университеті қазақ тілі кафедрасының

меңгерушісі Айман Зейнуллина

«Жер – ата-баба мұрасы, халық

қазынасы» атты бөлімге қатысты

өз ойымен бөлісті. Тіл маманының

айтуынша, жер - мемлекетіміздің ең

басты ресурсы. «Ата-бабамыздың асыл

мұрасы болып қалған атамекеніміздің

әр тасы қымбат» деді ол.

Сондай-ақ, жиында Елбасының

бастамасын кең ауқымда насихаттау,

жастар тәрбиесі, тіл мәселесі сынды

бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Іс-шараға қатысушылар «Елдіктің жеті

тұғыры» қағидаттар жиынтығына

қатысты өз ойларын ортаға салып,

пікір алмасты.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл 3

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ

Бір оператор

қалуы тиіс

Бүгінде Павлодар

қаласындағы қоғамдық

көліктерде электронды

билет жүйесі аясында

екі оператордың жұмыс

істейтіні белгілі. Трамвайлар

мен үлкен

класты автобустарда

«Avtobys», шағын автобустарда

«O-CITY»

көлік карталарымен

жолақысын төлеуге

болады. Алайда екі

картаны қатар алып

жүру жолаушыларға

айтарлықтай қолайсыздықтар

тудырады.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Сондықтан Павлодар қаласының

әкімі Асайын Байханов жолаушыларды

тасымалдаумен айналысатын алты

кәсіпорын басшылығымен кездесу барысында

желтоқсан айының ортасына

дейін бір ғана операторды қалдыруды

тапсырды. Шаһар басшысының

пайымынша, қоғамдық көліктердің

барлығында бірдей тек бір қызмет

көрсетуші компания қалуы тиіс.

Бұл өзгерісті «Трамвай басқармасы»

АҚ желтоқсанның алғашқы күнінен-ақ

бастап кетті. Екі жыл бойы трамвайларда

«O-CITY» жүйесі жұмыс

істеп, кондукторлар тұрғындардың

банк картасын қызыл валидаторға

жанастыру арқылы жолақыны электронды

түрде қабылдаған еді. Осы

уақыт аралығында 4 миллионнан

астам транзакция жасалды. Бірақ

кәсіпорын басшылығы таяуда бұл

жүйеден бас тартты. Жолаушыларға екі

көлік картасымен жүру ыңғайсыздық

тудырмас үшін трамвайларда жыл

басында іске қосылған «Avtobys»

жүйесін қалдыруды құп көрді. Яғни,

енді қоғамдық көліктердің бұл түрінде

жалғыз оператор қалды.

Ал шағын автобус иелері керісінше

«Avtobys» жүйесімен жұмыс

істеуге бейілді емес. Кейбір көлік

жүргізушілерінің сөзінше, бұл жүйе

бойынша қызмет көрсететін «Смарт

Автобус ПВ» компаниясының комиссиясы

тым жоғары. Әр билет бағасының

10 пайызын аталмыш кәсіпорынға аудару

қажет. «O-CITY» жүйесіне жауапты

«BPC Kazaknstan компаниясы болса,

COVID-19

Өңірлік коммуникациялар

қызметінде

облыстағы ағымдағы

эпидемиологиялық

жағдай және вакцинациялау

науқанына

байланысты баспасөз

конференциясы өтті.

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасы мекемелерін стратегиялық

дамыту және инновациялық технологиялар

бөлімі басшысының міндетін

атқарушы Ерғалы Асылбек ағымдағы

эпидемиологиялық жағдай туралы

баяндады.

Соңғы тәулікте коронавирус

жұқтырған 87 адам тіркелген, оның

85-і дерттің симптомдық түріне

шалдыққан. Қазір облыс бойынша

стационарда 731 адам емделуде.

Реанимациялық төсек-орындарда

9 адам өкпені жасанды тыныс алдыру

аппаратына, 18 адам инвазивті емес

өкпені тыныс алдыру аппаратына

қосылған.

6 пайыздық комиссияға келісіп отыр.

Сол себепті жолаушыларды шағын

автобуспен тасымалдаушыларға дәл

осы оператор тиімді болып тұр. Бұған

дейін «Смарт Автобус ПВ» жетекшісі

Талғат Тоқтасынов шағын автобустарда

«Avtobys» валидаторларын

небары бір күн ішінде орнатуға

дайын екенін айтқан болатын. Тек

ол үшін жүргізушілердің өзі осы

жүйеге көшуге бейілді болуы керек.

Осылайша, облыс орталығындағы

жолаушыларды тасымалдайтын және

электронды билет бойынша қызмет

көрсететін компаниялар өзара мәмілеге

келе алмай отыр. «Павлодар облыстық

көлікшілер одағы» қауымдастығының

басшысы Василий Рудаковтың сөзінше,

алдағы 10 күн дересінде операторлар

мен кәсіпорындар қалай болғанда

да ортақ байламға келуі тиіс. Ол

үшін билет бағасынан ұсталатын

комиссия көлемі де қайта қаралуы

әбден мүмкін.

Асайын Байханов пен жолаушыларды

тасымалдайтын кәсіпорындар

басшылығымен кездесу барысында

тариф мәселесі де көтерілді. Естеріңізде

болса, тұрғындарды тасымалдауға

жауапты мекеме өкілдерінің

80 теңгелік тарифке көңілі толмайтынын

жазған едік. Олар бұл тариф

бекітілген 2017 жылдан бері дизель

отыны, автобус бөлшектерінің қымбаттағанын

алға тартып, жолақыны кемінде

100 теңгеге дейін өсіру керек екенін

білдірді. Тіпті, «Павлодар облыстық

көлікшілер одағы» қауымдастығының

төрағасы Василий Рудаков жергілікті

биліктің бұл ұсынысты қарауы үшін

сотқа арыз беруге бекінгені есімізде.

Алайда Асайын Қуандықұлы тарифті

арттыруға жол берілмейтінін кесіп айтты.

Жақын уақытта қоғамдық көліктерде

қатынау ақысы 80 теңге болып қалуы

тиіс. Ал шығындардың өтемі ретінде

кәсіпорындарға бюджеттен өтемақы

мен субсидия қарастырылады.

Бұл ретте жергілікті билік алты

кәсіпорынның барлығына жеңілдікпен

жүретін 16 санат өкілдері үшін өтемақыны

уақытылы төлеп отырғанын атап өткен

жөн. А.Байхановтың айтуынша, жыл

басынан бері жолаушыларды тасымалдайтын

компанияларға 332 млн теңге

көлемінде өтемақы берілді. Сондай-ақ,

өткен аптада қосымша бөлінген

192 млн теңгені төлеу басталды.

Бүгінгі таңда оның 94 млн теңгесі

аударылды. Қалған сома жыл соңына

дейін толық беріледі.

- Павлодарлықтардан қала әкімдігіне

жүргізушілер мен кондукторларға

қатысты көптеген шағым түседі. Көп

жағдайда жүргізушілер тұрғындарға

оларды тегін тасымалдайтынын

және жеңілдікпен жүретін жолаушылар

үшін өтемақы төленбейтінін айтады.

Бұл – жалған ақпарат! Оның тарауына,

сол арқылы адамдарды адастыруға

жол беруге болмайды. Біз тасымалдаушы

компанияларға тиісті төлемдерді

уақытылы төлеп отырмыз. Алдағы

уақытта да міндеттемелерді орындаймыз.

Ал сіздердің міндеттеріңіз –

қызметкерлер мен автобустарды жалға

алушыларға мәселенің мән-жайын

түсіндіру. Маршруттар бойынша

келісімшартты алты кәсіпорынмен

жасаған соң, сәйкесінше өтемақы

да сол алты кәсіпорынға беріледі.

Қоғамдық көліктерді жалға алушылар

мен әкімдік арасында ешқандай құжат

жоқ. Сол себепті оларға тікелей түрде

өтемақы төленбейді. Оны автобустарды

жалға беруші мен жалға алушы

өзара шешуі тиіс. Біз қоятын басты

талап – жолаушыларға сапалы қызмет

көрсету, тұрғындарға сыпайы сөйлеу,

түсініспеушілік тудыратын, шындыққа

жанаспайтын ақпараттарды таратпау, -

деді А.Байханов.

Айта кетелік, бүгінде қала тұрғындарының

30 мыңға жуығы көлік

карталарын алып үлгерді. Дифференциалды

тарифке көшу үшін тағы

30 мың жолаушы картаны сатып алу

қажет. Бірақ нақты қай картаның

жарамды болары әзірше белгісіз. Ол

қоғамдық көлік иелері мен операторлар

арасындағы келіссөздерден

соң белгілі болады.

Ахуал тұрақты

- Жалпы төсек-орындар қоры

25 пайызға қысқартылды. Зеленая

роща көшесіндегі және теміржол

ауруханасындағы стационарлар

жабылды. №3 қалалық ауруханада

төсек қорының саны азайтылды.

Коронавирус инфекциясының таралу

қарқыны бойынша облыс «сары»

аймақта орналасқан.

Жүкті әйелдер статистикасына

сәйкес соңғы тәулікте жаңа 5 жағдай

тіркелді. Жүкті әйелдер арасында

облыс бойынша барлығы 58 адам

ем қабылдауда. Соның ішінде 27

әйел стационарлық, 31-і амбулаторлық

ем қабылдауда. Өңірде 54 бала

медициналық бақылауда. Оның 19-ы -

стационарлық, 35-і амбулаторлық ем

алуда, - деді Ерғалы Амангелдіұлы.

Қазіргі таңда 342 мыңнан астам

адам 1 компонентпен егілсе, 317

мыңнан астам адам екі компонентті

толық қабылдаған. Спикердің айтуынша,

облысқа екі компонентті «Pfizer»

вакцинасының 29250 дозасы әкелінген.

Бүгінде екпе алған 1726 адамның

1155-і жасөспірім, 61-і жүкті әйел, 510

әйелдің емізулі баласы бар. Облыста

ревакцинация басталғалы 654 адам

екпе алған.

Торғын ОРАЗАЛЫ.

Ұлттық өнерді ұлықтаған

кешке жиылған жұртшылық

нағыз суырып салма айтыстың

куәгері болуда. Мерейлі мереке

қарсаңында ұйымдастырылып

отырған облыстық аламан

ардагер ақындарды марапаттау

рәсімінен басталды.

Облысқа аты танымал айтыс

ақтаңгерлері Жұмкен Сейітов,

Бейсенбі Мұқажан, Шолпан

Байғалы, Қанат Шайғазин Ертіс-

Баян өңірінің руханиятына,

айтыс өнерін дамытуға қосқан

қомақты үлесі үшін облыс

әкімі Әбілқайыр Сқақовтың

атынан Құрмет грамотасымен

марапатталды. Алғыс хатты

табыс еткен облыс әкімінің

орынбасары Айзада Құрманова

ақындарға сәттілік тілеп, айтыс

- ел руханиятының төрінен

орын алатын өнер екенін атап

Кеше Ж.Аймауытов

атындағы қазақ

музыка-драма

театрында Ел

Тәуелсіздігінің

30 жылдығына

арналған «Тәуелсіздікке

тағзым» атты

облыстық ақындар

айтысы басталды.

Дүбірлі айтыс

басталды

өтті. Жыр додасына түскен

дүлдүлдердің шабысына,

сөз қағысына баға беретін

қазылар алқасының төрағасы

«Алаш» әдеби сыйлығының

лауреаты, ақын Ғалым

Жайлыбай күн бұрын өткен

баспасөз конференциясында

жергілікті тұрғындарды нағыз

суырып салма айтыс күтетінін

айтқан болатын. Облыстың

28 ақынынан 14 жұп құралып,

жүйріктер жеребе арқылы өзінің

қарсыластарын сахна үстінде

біліп отырды. «Айтыс десе

ішкен асын жерге қоятын»

ұлттық өнердің жанашырларын

бүгін екінші айналым мен

финал күтеді.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Суретті түсірген -

Есенжол Исабек.

Басы 1-бетте

Ерікті болу -

жүрек қалауы

Форум барысында түрлі форматтағы оқыту-дамыту

тренингтері мен семинарлар ұйымдастырылды. Тәжірибелі

еріктілер мен белсенділер өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен

бөлісті. Сонымен қатар коммуникация жөніндегі маман,

Astana Group президентінің кеңесшісі Әлішер Елікбаев

волонтерлік қызметпен айналысатын барлық қайырымдылық

ұйымдары бір арнаға тоғысып, жүйелі түрде қайырымдылық

жасау керектігі туралы әңгіме өрбітті.

Шара аясында «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығын

тапсыру салтанаты өтті. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму

вице-министрі Болат Тілепов қатысушыларды құттықтап,

елдегі азаматтық қоғамның қалыптасуындағы еріктілердің

ерекше рөлін атап өтті. Ал Павлодар облысы әкімінің

орынбасары Айзада Құрманова павлодарлық еріктілердің

Қазақстандағы еріктілер қозғалысының бастамашыларының

бірі болғанын тілге тиек етті.

– Павлодардың осы форумды өткізу орталығы ретінде

таңдалғаны кездейсоқ емес. Кезінде алғашқы еріктілер

орталықтарының бірі Павлодарда, қазіргі ҚР Парламенті

Мәжілісінің депутаты Вера Ким мен облыстық мәслихат

депутаты Динара Айтжанованың басшылығымен құрылған

болатын. Көптеген павлодарлық белсенділер «волонтерлік

туралы» заңды әзірлеуге қатысты,-деді Айзада Амангелдіқызы.

«АЅАА» Шымкент қаласының ACCESS түлектері» жастар

ҚБ, «JasStar» волонтерлік желісі, «Жерұйық Кеген жастары»

ҚБ «Үздік волонтерлік ұйым» атанды. Қазақстанның белсенді

еріктілері мен үздік волонтерлік ұйымдары «Корпоративтік

еріктілік көшбасшысы», «Коронавирустық инфекциямен

күреске қатысқаны үшін», «Тұрақты даму мақсаттарының

көшбасшылары», «Үздік әлеуметтік көмекші», «Төтенше

жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін», «Хабарсыз

кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін және

тағы да басқа аталымдарымен марапатталды.

Т.ӘБІЛДА.


4 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Қысқы кезеңге

дайынбыз!

Қыс мезгілінде тұрғындарды алаңдататын негізгі

мәселенің бірі – қауіпсіздік. Бұл уақытта бет қаратпас

суық пен қалың қардың салдарынан жолда қалған

жолаушылардың саны көбейетіні рас. Қақаған

қыста жолда тұрып қалған жүргізушілер мен жолаушыларды

кім құтқарады? Олар қайда хабарласуы

керек? Өңірде құтқарушылар мен техника саны

жеткілікті ме? Осы орайда, облыстық төтенше

жағдайлар департаменті басшысының орынбасары,

подполковник Мейрамбек Батырқұловпен

әңгімелескен болатынбыз.

ДІН-ДІҢГЕК

Ақтоғай ауданына қарасты Мүткенов ауылының

құрылғанына биыл 90 жыл толып отыр. Ел

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және аталған

мерейтойға орай елді мекенде күмбезі мен мұнарасы

келіскен жаңа мешіт ашылды.

Мүткеновте -

жаңа мешіт

- Мейрамбек Қажымаханұлы,

қыс мезгілінде құтқару

қызметіне жүктелетін міндет

еселене түсетінін білеміз.

Мамандардың қысқы кезеңге

дайындығы қандай деңгейде?

- Облыс әкімінің бірінші

орынбасарының басшылығымен

қысқы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

2021-2022 жылдарға арналған арнайы

жоспар бекітілді. Оған сәйкес,

облыстық және республикалық

маңыздағы жолдардағы төтенше

жағдайлардың алдын алу,

жұртшылыққа ауа райы жөнінде

дер уақытында хабар беру мәселесі

назарға алынады. Жолаушылардың

қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

жеке құрамнан 1262 адам құтқару

қызметімен айналысатын болады.

Сонымен қатар, қар тазалайтын

338 бірлік техника сақадай сай

тұр. Жолаушыларды оқшаулауға

арналған 71 техника әзірленсе,

қиын жолдарда 134 техника

жүре алады. Сонымен қатар,

жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз

етуде жергілікті атқарушы орган

27 мердігер ұйыммен келісім

жасаған. Сол себепті қақаған

аязда, ақ түтек боранда жолда

қалған жолаушыларды құтқаруға

дайынбыз.

- Жолда қалған жүргізушілер

мен жолаушыларды

орналастыруға арналған жылыту

бекеттерінің әзірлігі

қандай?

- Далада қалған жолаушылар

үшін жергілікті атқарушы органмен

бірлесіп, 181 жылыту бекеті дайындалды.

Бұдан бөлек, үш мобильді

бөлімше, екі жолдағы медициналыққұтқару

қызметі және 13 жолда

құтқару бөлімшесі жұмыс істейді.

Жалпы алғанда 199 жылыту орны

бар. Олар 15 мың адамды орналастыра

алады. Жылыту бекетінде

жолаушыларға ыстық тамақ беріледі,

жатын орын да қарастырылған.

- Қақаған аязда, ақ түтек

боранда жолға шығып кеткен

жолаушылар кімнен көмек

сұрай алады?

- Ең бірінші кезекте «102» нөміріне

қоңырау шалып, құтқарушыларға

қандай бағыттағы жолда келе

жатқанын айтуы керек. Өзіне

жақын жердегі елдімекенді білсе,

жақын маңдағы құтқару қызметі

жіберіледі. Көліктегі адам саны

6 ЖЕЛТОҚСАН - ПРОКУРАТУРА КҮНІ

мен жанармай мөлшерін де айтуы

тиіс. Ұялы телефоны үнемі қосулы

болуы тиіс. Құтқарушыларың оқиға

орнына жету мүмкіндігі жолдың

жағдайы мен ауа райына байланысты.

Мәселен, Екібастұздан

Шідертіге жету уақыты 1-1,5 сағатқа

созылуы мүмкін. Десе де, мамандар

жедел жетуге тырысады.

Ұялы байланыстан ажыратылған

елді мекендер бар. Егер аязды күні

көлік тоқтап қалса, жол-жөнекей

кездесетін өзге техникалардан

көмек сұрау керек. Салон ішінде

отыра бермей, үсік шалмас үшін

үнемі қозғалыста болып, жаттығу

жасау маңызды. Кез келген жүргізуші

өзімен бірге жылы киім, майшам,

сіріңке, азық-түлік алып жүргені

дұрыс. Қандай бағыт бойынша

жолға шыққанын туыстарына айтуы

керек. Бұл әрекет оқыс жағдайдан

қорғайды. Жалпы, құтқару қызметі

ауа райы туралы хабарламаны

тәуліктің кез келген уақытында

жолдап, ескертіп отырады. Тұрғындар

СМС-хабарламаға мән берсе екен

дейміз.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан -

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Мешіт 200 адамға арналған,

қос мұнаралы, күмбезді, келісті

ғимарат етіп салынған. Имам

бөлмесі, дәрісхана, әйелдер намаз

оқитын бөлме, дәрет алатын

орын, киім ілетін дәлізі бар.

Мешіттің салтанатты ашылуына

облыстың бас имамы Жолдас қажы

Қоспақұлы, Ақтоғай ауданының

бас имамы Ахметолла қажы

Жандарбекұлы, Ақтоғай ауданының

әкімі Қаршыға Арынов және

басқа да ел алдында жүрген

азаматтар қатысты. Құрметті

меймандар ауыл халқын жаңа

мешіттің ашылуымен құттықтап,

Алланың үйі игілікті істерге

бастамашы болып, иманды да

ибалы жастарды тәрбиелеп

шығаруға ұйытқы болатынын

жеткізді. Мешіттің бой көтеруіне

атсалысқан белсенді азаматтарға

Алғыс хаттар мен

сый-сыяпаттар табысталды.

- Өткен жылы басталған

мешіттің құрылысына Қазақстанның

түкпір-түкпірінде, сондай-ақ жақын

және алыс шетелдерде тұратын

ауыл тумалары мен жергілікті

ауылдық округінің тұрғындары

түгелдей өз үлестерін қосты.

Әлбетте, бұл игі істің бастамашысы

болып, ұйымдастырып,

ұйыстырған азаматтар болды.

Осының нәтижесінде мешіт

құрылысы толық аяқталып, ел

игілігіне ұсынылды, - деді облыстың

бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

Ауыл ақсақалдары ақ батасын

беріп, ақ жаулықты аналар шашу

шашып, ізгі ниеттерін білдірді.

Салтанат соңы ауылдық мәдениет

үйінде мәдени-рухани шарамен

жалғасын тапты.

Өз тілшіміз.

Әділдік жолында

Ел Тәуелсіздігімен қатар жасасып келе жатқан маңызды мемлекеттік органдардың

бірі - прокуратура. Биыл отандық прокуратураның құрылғанына

30 жыл толады. Бұл ретте Павлодар облыстық прокуратурасы да өзіне жүктелген

жауапты міндетті абыроймен атқарып, азаматтардың бостандығы мен заңды

құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында талмай еңбек

етіп келеді.

Жалпы, аймағымыздағы бақылаушы

органның құрамында 13 аумақтық

және бір мамандандырылған

табиғатты қорғау прокуратурасы

жұмыс істейді. Аталмыш мекемелерде

200-ден астам прокурор

еңбек етуде. Олардың қалтқысыз

қызметі мен біліктілігінің нәтижесінде

облысымызда жыл сайын

қылмыс көрсеткіші орташа есеппен

16,3 пайызға азайып келеді.

Мәселен, 2020 жылы құқық

бұзушылықтар саны 25,2 пайызға

кемісе, ағымдағы жылдың 10 айы

ішінде бұл көрсеткіш 7,4 пайызға

азайған. Бұдан бөлек, прокура-

тура жалпы құқық қорғау органдарының

жұмысының нәтижелілігі мен

тиімділігін арттыру бағытындағы

көптеген жаңаша бастамаларға

мұрындық болып келеді. Сондай-ақ,

түрлі заңсыз әрекеттердің салдарынан

мемлекетке келтірілген

қомақты шығындар өтеліп келеді.

Азаматтардың конституциялық

құқықтары қорғалуда. Мысалы,

Екібастұз қаласының прокуратурасы

жергілікті 308 оқытушыға

жалпы сомасы 27 млн теңге

көлеміндегі қарызын қайтартып

берді. Бұдан бөлек, білім беру

мекемелерінің 322 қызметкерінің

8 млн теңге көлеміндегі зейнетақы

және әлеуметтік төлемдері қалпына

келтірілді.

Тағы бір кемшілік «Богатырь

Көмір» ЖШС-не қатысты

анықталды. Аталмыш кәсіпорын

екі жыл бойына ауыр жұмысқа

жұмылдырылған қызметкерлерінің

жалақысын дұрыс төлемей келген.

Тек прокуратураның араласуымен

1577 қызметкердің еңбекақысы

қайта есептеліп, төленді.

Прокуратура органдарының

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының

жүзеге асу барысына жүргізген

тексерулердің нәтижесінде

223 кәсіпкерге жалпы сомасы

100 млн теңге көлеміндегі бұған

дейін ала алмай келген гранттары

өтелді. Сонымен қатар, жалпы

көлемі 172 мың гектарды құрайтын

194 жайылым мемлекет меншігіне

қайтарылды.

Екі мердігер кәсіпорын мемлекеттік

жекеменшік серіктестік

аясында Павлодар қаласының

көшелерін жарықтандыруға бөлген

405 млн теңгені қолды қылуға

тырысқан. Прокурорлар бұл заңсыздықтың

да жолын кесті. Прокуратура

мамандары бизнес өкілдерімен

жиі кездесіп, мәселелерін

тыңдап әрі шешіп келеді.

Аймағымыздың бас прокуроры

Қайрат Әбдіханов құзырлы орган

адам құқығын қорғауды бірінші

орынға қоятынын айтады.

- Құқығы тапталып, жапа

шеккендер бізден көмек сұрап

келеді. Оларға жәрдемдесу – кәсіби

міндетіміз ғана емес, адамгершілік

парызымыз. Прокурорлар жеке

кәсіпкерлердің мәселесін тыңдаудан

жалыққан емес. Май ауданының

прокурорына жолыққан бір кәсіпкер

мемлекет тарапынан несие алып,

жалпы аумағы 140 шаршы метрді

құрайтын балаларға арналған ойын

алаңын ашқанын айтқан. Алайда

карантин талаптарына сәйкес,

тек жалпы аумағы 500 шаршы

метрден асатын мекемелердің

қызметіне рұқсат берілген болатын.

Осыған байланысты ол жұмысын

жүргізе алмай отырғанын жеткізіп,

көмек сұрады. Біз жоғары билікке

хат жолдап, мәселені шешуді

сұрадық. Сөзіміз жерде қалмай,

жалпы аумағы 500 шаршы метрге

жетпейтін нысандардың жұмыс

істеуіне рұқсат берілді. Осылайша,

мәселенің республика деңгейінде

шешілуіне де атсалысып келеміз.

Сонымен қатар, өңірде санитарлық

талаптың қатаң сақталуын қадағалау

бойынша да тексерулер

жүргізілді, - дейді Қ.Әбдіханов.

Осылайша, облыстық прокуратура

мамандары әділдік жолында

жүруде. Қоғамда заңсыздыққа жол

бермей, тұрғындардың құқығын

қорғауда. Күрделі салада еңбек

етіп жүрген прокурорларды төл

мерекесімен құттықтап, еңбектеріне

жеміс тілейміз!

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Суретті түсірген -

Есенжол Исабек.


SARYARQA SAMALY

ТАЛБЕСІК 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл 5

«Ауыл – ел бесігі»

жобасының мақсаты –

ауыл тұрғындарының

өмір сүру сапасы

мен әл-ауқатын

жақсарту. Осы жоба

аясында аймағымызда

орталықтан шалғайда

орналасқан талай

елді мекеннің көсегесі

көгеріп, тамырына

тіршіліктің қаны

жүгірді деуге болады.

Ендеше, биыл бұл

бағдарлама Ертіс-Баян

өңіріне не берді, қандай

өзгеріс енгізді?

ҚР Тұңғыш Президенті –

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019

жылы «Nur Otan» партиясының XVIII

съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі

7,5 миллион ауыл тұрғынының

әл-ауқатын жақсарту мақсатында

перспективалы ауылдарды іріктеп,

сол ауылдарда әлеуметтік саланы

дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар

салып, коммуникациялар жүргізуді

қарастыратын «Ауыл – ел бесігі»

жобасын іске асыруды тапсырған

болатын. Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы төрт

жылда «Ауыл – ел бесігі» жобасын

қаржыландыру көлемі 800 млрд

теңгеге дейін ұлғайып, ауылдарды

жаңғыртуға 1,3 трлн теңге бөлу

жоспарланғанын айтты.

Облыстық экономика және

жөнделетін және салынатын нысандар

қатарына 70 жоба мақұлданып, оның

63-і аяқталды. Бұл бағдарламаның

игілігін 22 ауылдың 25 мыңға

жуық тұрғыны көріп отыр деуге

болады. Атап айтқанда, Ақтоғай

ауданының Приреченск, Баянауыл

ауданының Жаңажол, Железиннің

Михайловка, Башмачное, Церковное,

Ертіс ауданының Қызылжар,

Тереңкөлге қарасты Федоровка,

Май ауданының Кеңтүбек, Павлодар

ауданының Заря және Новочерноярка

ауылдарындағы 10 мектепке

күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен

қатар, Ақсу қаласының Қызылжар

ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория

бой көтерген болса, Баянауыл

ауданы Жаңажол ауылының көше

шамдары толық жаңартылды. Одан

бөлек, 6 ауылда мәдениет үйлеріне

күрделі жөндеу және қайта жаңарту

жұмыстары жүргізіліп, бір ауылда

жаңа мәдениет нысаны бой көтерді.

Сондай-ақ, төрт ауылға балабақша,

екі ауылға спорт алаңы орнатылды. Ал

38 жоба бойынша ауыл көшелерінің

жолдары жөнделіп, жалпы ұзындығы

81 шақырым жол қайта қалпына

Ауылдардың

тіршілігін түлеткен

қалпына келтірілді. Малыбай ауылдық

клубына күрделі жөндеу жүргізіліп,

қайта ашылды. Ал Мерғалым елді

мекенінде балалар ойын алаңы мен

шағын футбол алаңының бірден іске

қосылуы тұрғындарды қуантты. Сол

секілді Жамбыл ауылында шағын

футбол алаңы ашылса, Ямышев

ауылында 250 адамға шақталған

зәулім мәдениет үйі бой көтеріп,

ел игілігіне берілді. Ал, аудан

орталығындағы батырлар алаңында

ауданның Социалистік Еңбек ері

атанған алты адамға монументалды

тақта орнатылған. Жалпы, биыл

көктемнен бері 50 уақытша және

7 тұрақты жұмыс орны құрылған.

- «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын

ауылға енгізгенімізге екі

жыл болды. Биыл біздің ауданда

аталған бағдарлама аясында

ауқымды жұмыстар атқарылды. Ауыл

тұрғындары да дән риза. Барлық

нысандар жергілікті халықтың ұсынысы

бойынша таңдалды. Яғни, есеп

беру кездесулер кезінде көтерілген

мәселелерді ескеріп, сарапқа сала

отырып жобаға енгіземіз. Мысалы,

Ямышев ауылында Тәуелсіздік алған

Жөнде уге дейін

Жөнде уден кейін

бюджетті жоспарлау басқармасының

бөлім басшысы Әлібек

Қаленовтің хабарлауынша, биыл

аталған бағдарлама аясында

облысқа 5 млрд теңге бөлінген. Оның

90 пайызы республикалық бюджет

пен Ұлттық қордан бағытталған болса,

10 пайызы – жергілікті бюджеттің

қаражаты. Бұл қаражат облысымыздың

барлық қала және аудандарына

қарасты ауылдар-дағы тозығы жеткен

нысандарды жөндеуге игерілуде.

- Биыл аймағымызда «Ауыл –

ел бесігі» бағдарламасы бойынша

Жөнде уге дейін

келтірілді, - дейді Әлібек Жайықұлы.

Аққулы ауданының әкімі

Абзал Балғабаевтың айтуынша,

ауданға «Ауыл – ел бесігі» жобасы

аясында 445 млн теңге бөлінген.

Яғни, аталған жобаның шарапатын

Аққулының тұрғындары да көруде

деуге болады. Жыл басынан бері

бірнеше ірі нысан бой көтеріп,

ауыл тұрғындарының игілігіне

берілді. Мәселен, Ямышев және

Малыбай сынды екі ауылдың ішінде

9 көше күрделі жөндеуден өткен.

Жалпы ұзындығы 8 шақырым жол

Жөнде уден кейін

жылдан бері мәдениет ошағы

болмаған. Бұл ауыл тұрғындарына

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына

орай жасалған үлкен тарту болды.

Таңдалған нысандарда жүргізілген

жұмыстардың барысын ауыл тұрғындары

да бақылай алады. Тіпті,

әр ауылдан бақылау топтарын да

құрдық. Сондықтан, жұмыстардың

сапасы жоғары деңгейде сақталды.

Келесі жылғы бағдарлама жобасына

екі ауылды енгізіп отырмыз. Олар –

Қызылағаш және Жамбыл ауылдары.

Аталған елді мекендердің жолдарын

жөндеп, мектеп пен мәдениет үйіне

күрделі жөндеу жұмысын жүргіземіз.

Сонымен қатар, балалар алаңын

салу жоспарда бар. Жалпы, 2025

жылға дейін барлық ауылдарды

қамтып, тозығы жеткен нысандар

мен жолдарын қайта қалпына

келтіруді жоспарлап отырмыз, -

дейді Абзал Әбілқақұлы.

Ал Ақтоғай аудандық экономиканың

нақты секторы бөлімінің

басшысы Серік Байбосыновтың

хабарлауынша, «Ауыл – ел бесігі»

мемлекеттік бағдарламасы аясында

146,8 млн теңге бөлініп, Приреченск,

Ақжол ауылдарындағы

жалпы ұзындығы 5,95 шақырым

жол жөнделген. Сонымен қатар,

Ақжол ауылдық округіндегі мәдениет

үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары

жүргізіліп, нысанның шатыры,

электр желілері, сыртқы қоршауы

ауыстырылған.

Облыстық экономика және

бюджетті жоспарлау басқармасының

хабарлауынша, келесі жылы Павлодар

облысына республикалық бюджеттен

4,1 млрд теңге, жергілікті бюджеттен

600 млн теңге бағытталмақ. Бүгінгі

күнге дейін 45 жоба мақұлданып тұр.

Дегенмен, бұл сан келесі жылдың

басына дейін тағы өзгеруі мүмкін.

Республика бойынша аталған

бағдарламаның қолдауымен 2025

жылға дейін ауыл тұрғындары 100

пайыз сумен қамтамасыз етіліп,

10 мың шақырым ауыл және

кентішілік жолдар жөнделеді деп

күтілуде. Сонымен қатар, 12 мың

шақырым инженерлік желі, бірнеше

мың әлеуметтік инфрақұрылым

нысандары салынып, 5 мың ауыл

мектебі жаңғыртылуы тиіс деген

болжам бар.

Тілеуберді САХАБА.

2021 жылғы 10 айдағы Павлодар облысы бойынша тексеру

комиссиясы қызметінің қорытындылары

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары ретінде тексеру

комиссиялары қызметінің мақсаты жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік

сектор субъектілері активтерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.

Тексеру комиссиясымен жүктелген өкілеттіктерді

іске асыру шеңберінде 2021 жылғы

10 айда 109 объектіде 10 аудиторлық іс-шара

жүргізілді. Мемлекеттік аудитпен қамтылған

қаражат көлемі 228 510,8 млн. теңгені құрады.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы

16 330,6 млн теңгені немесе аудитпен қамтылған

қаражат көлемінің 7,1%-ын құрады. Оның

ішінде қаржылық бұзушылықтар - 8 478,0

млн теңге; тиімсіз пайдаланылған бюджет

қаражатының, мемлекет активтерінің сомасы –

5 814,5 млн. теңге; тиімсіз жоспарлау сомасы –

2 038,0 млн. теңге.

Қаржылық бұзушылықтар құрылымындағы

анағұрлым үлес бухгалтерлік есепті жүргізу

және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі

бұзушылықтарға тиесілі немесе 81,0%.

8 478,0 млн теңге бюджетке өтелуге немесе

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтермен

қалпына келтірілуге жатады, оның 5 051,1

млн теңгесі немесе 59,6%-ы өтеліп, қалпына

келтірілді.

2021 жылғы 10 айда Тексеру комиссиясымен

аудит объектілеріне және басқа да

мүдделі тұлғаларға 538 ұсыным мен 383

тапсырма жіберілді.

Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құқық

қорғау органдарына аудиттің 9 материалы

жіберілді. Өткен жылдары Тексеру комиссиясымен

жіберілген аудит материалдары

бойынша 3 тұлға қылмыстық жауаптылыққа

тартылды.

Ағымдағы жылғы өткен кезеңде жол

берілген бұзушылықтар үшін жалпы сомасы

14,5 млн. теңгеге 78 лауазымды тұлға және

9 заңды тұлға айыппұл түрінде әкімшілік

жауаптылыққа тартылды.

Аудит объектілерінің 178 лауазымды

тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа

тартылды, олардың 45-і бірінші басшылар

болып табылады.

Республикалық бюджеттің атқарылуын

бақылау жөніндегі есеп комитетімен Павлодар

облысы бойынша тексеру комиссиясының

2020 жылғы және 2021 жылғы I жартыжылдықтағы

қызметінің нәтижелері бойынша «Тиімді»

деген баға берілді.

Өкінішке орай, ағымдағы жылы жүргізілген

аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері жергілікті

бюджеттердің атқарылуы кезінде жүйелі

сипаттағы бұзушылықтардың сақталып отырғанын

айғақтайды.

Бұл әлі де:

белгілі бір оң өзгерістерге қарамастан,

сапалы жоспарлауды қамтамасыз ету мәселелері

және дәл осы ұстаным бізді алаңдатады;

өзара іс-қимылдың болмауы және уәкілетті

органдармен бюджетке түсетін түсімдердің

толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз

етуге бағытталған өкілеттіктерді іске асыру

бойынша түпкілікті шаралардың қабылданбауы;

уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалар

әкімшілері тарапынан бюджет қаражаты

мен мемлекет активтерінің пайдаланылуын

бақылау мен мониторингтің жеткіліксіз деңгейі;

- мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін

тиімсіз пайдалану;

- қаржы қызметкерлерінің кәсіби дайындығының

төмен деңгейі.

Бухгалтерлік есеп саласындағы жүйелі

жалпы бұзушылықтар күрделі сипаттағы

шығындар сомасына баланстың ұлғаюы емес,

бухгалтерлік жазбалардағы операциялар мен

оқиғалардың көрінісі емес, жеке бухгалтерлік

жазбалардың дұрыс есепке алынбауы болып

табылады.

Тексеру комиссиясы қызметінің объективтілігі

мен ашықтығы мақсатында Тексеру

комиссиясының отырыстарына мәслихат

депутаттарының, «Нұр Отан» партиясы ПОФ

өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету бойынша

практика жалғасуда.

Аудиторлық іс-шаралардың барлық

қорытындылары Тексеру комиссиясының

ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Тексеру комиссиясының қызметі алдағы

уақытта да өңірдегі қаржылық және бюджеттік

тәртіпті нығайтуға бағытталатын болады.

Павлодар облысы бойынша

тексеру комиссиясы

(20227)


6 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл АУЫЛ-АЙМАҚ

SARYARQA SAMALY

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Модульді пункттер

салынады

Биыл елімізде алғаш рет Павлодар облысында модульді

полиция пунктері салына бастады. Дәл осындай орталықтар

Ақсу қаласында да құрылады.

УСПЕН АУДАНЫ

Жанармай бекеті ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Успен ауданында

жаңа жанар-жағармай құю бекеті ашылды. «Қосақ»

шекара бекетінің жанында орналасқан нысанның пайда

болғанына автокөлік иелері дән риза.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың

жол бойындағы сервистік желіні дамыту

тапсырмасына сәйкес Успен-Қаратай

автожолында орналасқан «Монолит» автожанармай

құю станциясы тұрақты қызмет

көрсетеді. Өңірдің кәсіпкерлік картасын

дамыту аясында бой көтерген нысан

Лозов ауылдық округінің 7 тұрғынын

тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Жанармай құю бекеті жаңа техникалармен

жабдықталып, заманауи

талаптарға сай салынған. Газ, дизельдік

отын, АИ-92, АИ-95 сұрыптағы жанармайларымен

тәулік бойы қызмет етеді.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Осы уақытқа дейін облыс орталығында

төрт және Баянауыл ауданында бір

пункт ашылып еді. Ендігі ретте Ақсу

қаласында үш пункт жұмысын бастамақ.

Олардың құрылысы басталып та кетті.

Атап айтқанда, Әуезов көшесі, 87 және

Ленин көшесі, 43 мекенжайларында

модульді, ал «Skif» супермаркетінің

аумағында стационарлық пункт пайда

болады. Бұл орталықтар қажетті құралжабдықтардың

барлығымен қамтылып,

азаматтарды тәулік бойы қабылдайтын

болады.

Учаскелік полиция инспекторлары

аталмыш мекенжайларда орналасқан

үйлердің тұрғындарымен кездесіп, жаңа

жобаның басым бағыттарын түсіндірді.

Көпшілік мұндай бастаманы қолдап,

полицияның халыққа жақындай түсеріне

сенім білдірді.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

-

МАЙ АУДАНЫ

Арзан өнімдер сатылды

Май ауданының орталығында ауыл шаруашылығы тауарларының

жәрмеңкесі және ауылшаруашылық техникаларының

көрмесі ұйымдастырылды.

Аталмыш шараның барысында елді

мекендер жылқы, сиыр, қой еттерін,

оған қоса, сүт, айран, құрт, ірімшік

әкелді. Жәрмеңкеде ұсынылған барлық

ет-сүт тағамдарының бағасы жергілікті

нарықпен салыстырғанда 15-20 пайызға

төмен сатылды.

Сондай-ақ, «Тәуелсіздік алаңында»

ауылшаруашылық техникаларының

арнайы көрмесі өтті. Бұл көрмеде тракторларды

құрастырумен айналысатын

«Димаш» жеке кәсіпкерлігінің техникалары

таныстырылды. Аталмыш шағын

зауыт өндірісті бастау үшін осы жылы

5 млн теңге грант ұтып алған болатын.

Бүгінде кәсібін дөңгелетіп отыр.

Шара соңында аудан дамуына үлес

қосқан ауыл шаруашылығы саласының

қызметкерлеріне Алғыс хат табыс етті.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

-

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Кәсіпкерлерге қолдау зор

Ақтоғай ауданында ашылған шағын индустриялық аймақ

кәсіпкерлердің аз уақыт ішінде кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік

берді. Жаңа орталықта әзірге маникюр, ателье, шаштараз,

аспаз және шет тілін үйрететін бөлім бар.

Ауыл тұрғыны Арай Серікбаева «Бастау

бизнес» бағдарламасы бойынша білім

алып, кәсібін дамытуға грант жеңіп алыпты.

- Біздің ауылда үйге тамақ жеткізуге

сұраныс бар, бірақ мұндай қызметтерді

ұсынатын кәсіпкерлер өте аз. «Бастау

бизнес» бағдарламасы бойынша оқып,

грант алып, тағам дайындайтын жобаны

қолға алдым. Біз тапсырыс берушіге үйге

жеткізуге болатын аспаздық өнімдер,

кәуап пен салаттар ұсынамыз, - дейді

жеке кәсіпкер.

Ал ауданда алғашқы тіл мектебін

ашқан Жанар Дарханқызы «Тенгри» оқу

орталығы қазақ және ағылшын тілдерін

оқытатынын айтады.

-

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

- Шағын индустриялық аймақтың

ашылуы кәсіпкерлерге көрсетілген қолдау

деп білемін. Мемлекет тарапынан осындай

қамқорлық болғанына ризамыз. Себебі,

пандемия кезінде көптеген кәсіпкерлер

қиындықтарға тап болды. Қала берді,

халыққа сапалы қызмет көрсететін жақсы

ғимарат табу да өте қиын. Бүгінгі ашылған

орталықта жоғары сынып оқушылары

ҰБТ-ға дайындалады және дипломатия

сабақтарын өткізу жоспарлануда, - дейді

Жанар Дарханқызы.

Жергілікті әкімдік бұл бағыттағы жұмыстар

жалғасын тауып, кәсіпкерлік саласының

дамуы қарқын алатынын айтты.

Мал өсірсең, қой өсір…

О.АХМАДИЯ.

Тереңкөлдік Алексей Зинковский «Еңбек» мемлекеттік

бағдарламасының «Бастау» жобасы аясында білім алып,

6 млн 800 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген. Бұл

қаражатқа 140 бас қой сатып алуды жоспарлап отыр.

Кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама

жеке бизнес ашуға мүмкіндік бергенін

айтады. Осы жоба арқылы мал санын

көбейтіп отырған таныстары көп екен.

- Өзім ірі қара өсірумен айналысамын.

Енді қой шаруашылығын дамытқым

келеді. Ұсақ малды Баянауыл ауданынан

сатып алмақпын. Бұл бағытта жұмыс

жүргізілуде. Маған қолдау білдірген

жергілікті кәсіпкерлер палатасының

ұжымына алғыс айтамын. Екі қолға -

бір күрек таба алмай отырған жандарды

бағдарламаға қатысуға шақырамын, -

дейді А.Зинковский.

Мемлекеттен алған қаражаттың тең

жартысын қысқы жем-азыққа жұмсамақ.

Болашақта екі жұмыс орнын ашуды да

жоспарлауда. 250 гектар жер мен трактор

сатып алуды да қарастыруда. Жеке

қожалық ашуды қолға алған кәсіпкердің

ісіне табыс тілейміз.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

-

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Қолжетімді жәрмеңке

Аудан орталығында

кезекті ауыл

шаруашылығы

жәрмеңкесі өтті.

Шараға барлық

ауылдық округтің

шаруа қожалықтары

мен кәсіпкерлері

қатысып, тұрғындарға

ет, сүт, бал, жем, отын

өнімдерін ұсынды.

Аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімінің

мәліметінше, жәрмеңкеде 1,8 тонна

сиыр еті, 300 келі жылқы еті, 500 келі

қой еті және 500 келі құс еті сатылды.

Етке деген сұраныс жоғары болғанын

атап өту керек. Сондай-ақ, 800 келі

сүт өнімі, 4 тонна картоп, 300 келі

ЕРТІС АУДАНЫ

Су құбыры іске қосылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Нұрлы жер»

бағдарламасы аясында Майқоңыр ауылын ауызсумен

қамтамасыз ететін су құбыры пайдалануға берілді.

Жобаны «Дәнекер» ЖШС жүзеге асырды.

Бүгінде құдықтар орнатылып, су

құбыры желілерін төсеу аяқталды. Бірінші

көтерілетін 2 сорғы станциясы және

тазарту станциясы, су қорының резервуарлары,

сарқынды суларға арналған

резервуар, екінші көтерілетін сорғы станциясы

орнатылды.

Майқоңыр ауылы ауызсумен толық

нан-тоқаш өнімдері де саудаланды.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі барысында

ауыл азаматтарына 5 тонна жем,

2 тонна мал азығы мен 10 текше метр

ағаш сатылды. Жәрмеңкеге риза болған

жұртшылық шараның жиі өткізілуін сұрады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

қамтылып, 78 тұрғын үй (18-і үй аз

қамтылған отбасылар) мен ауылдың

әлеуметтік нысандары орталықтандырылған

су жүйесіне қосылды.

Жалпы ұзындығы 11,6 км су құбыры

желісі тартылып, тереңдігі 550 метр

болатын 2 ұңғыма қазылған.

Т.ӘБІЛДА.


SARYARQA SAMALY

ҚОҒАМ 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл 7

КӨПШІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Бүгінде бірқатар қызмет көрсету орындары

мобильді аударымдардан бас тартып, тұрғындардан

ақыны қолма-қол ақшамен қабылдауға

көшті. Бұған ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының

«Салық және кейбір міндетті төлемдер

туралы» Кодекске өзгертулер енгізуі себеп болды.

Алайда бұл ретте кәсіпкерлер жаңашылдықтың

түп төркінін түсінбей, асығыс шешім қабылдап

жатқан көрінеді.

Қолма-қол ақшаға

қайтып ораламыз ба?

Қазіргі таңда қандай да бір

қызметтің ақысын банктердің

мобильді қосымшасы арқылы

аудару дағдыға айналды. Тұрғындардың

басым бөлігі бұрынғыдай

әмиян ұстап, қалтасына ақша

салып жүрмейді. Дүкенге телефонмен

барса жеткілікті. Сөрелерде

көрсетілген ұялы телефон нөмірі

бойынша тауар құнын әп-сәтте

аудара салады. Такси, сұлулық

салондары, көлік дөңгелектерін

жөндеу сияқты қызмет көрсету

орындары да мұндай жүйеге

әлдеқашан көшіп қойған.

Бірақ «Салық және кейбір

міндетті төлемдер туралы» Кодекске

өзгерістер енгізуге қатысты заң

жобасы депутаттар тарапынан

мақұлданғаны сол еді, электронды

түрде төлем қабылдау

сап тыйылды. Түптеп келгенде,

мұндағы өзгерістер «мобильді

төлем» деген түсінікті енгізуге

ғана байланысты. Қазіргі уақытта

тауарлар мен қызмет түрлерінің

ақысы «аударымдар» деген

тетік арқылы жасалса, келер

жылдан бастап «төлемдер» деген

батырманы басу арқылы іске

асуы мүмкін. Мүмкін деп отырған

себебіміз – Сенат депутаттары

жаңашылдықты құптағанмен,

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаев әзірше тиісті құжатқа қол

қойған жоқ.

Соған қарамастан отандық

тауарлар мен қызметтер нарығында

«дүрбелең» туындады.

Әсіресе, бұған дейін банк картасына

аударым жасауды өтінген

саудагерлер, такси жүргізушілері

енді қолма-қол ақшамен есеп

айырысуды талап ететін болды.

Олардың басым бөлігі желтоқсан

айынан-ақ кәсіпкерлердің шоттарына

мобильді қосымшалар арқылы

түсетін қаражаттың барлығы

мемлекеттік кіріс органдары

тарапынан бақыланып, қосымша

салық салынады деп пайымдайтын

көрінеді.

- Мен өз-өзін жұмыспен

қамтыған азамат ретінде тіркеліп,

бірыңғай жиынтық төлем жасаймын.

Бұған дейін такси қызметі ретінде

тұрғындардан тапсырыс қабылдап,

діттеген жерге апарғаным

немесе сәлемдеме жеткізгенім

үшін белгіленетін ақыны өзімнің

немесе жұбайымның банк шотына

аударуын өтінетін едім. Себебі

соңғы уақытта тұрғындардың дені

мобильді аударымға көшкен соң

біз де қолма-қол ақшадан қағылып

қалдық. Кейде жолаушыларға

беретін қайтарым ақша болмай

жатады. Бірақ қарашаның соңында

депутаттар Кодекске өзгертулер

енгізген соң әлеуметтік желілерде

«енді мобильді қосымша арқылы

түскен табыстың бәрі бақыланып,

қосымша салық салынады» деген

ақпаратты көзім шалды. Егер әр

тапсырыстан түсетін табыстың

бір бөлігін салыққа төлеп, бір

бөлігіне жанар-жағармай сатып алар

болсам, пайда көрмейтін түрім бар.

Оған қоса, бөлшектерді ауыстыру,

көлік жөндеуге кететін шығындар

бар. Сондықтан соңғы бірнеше

күнде тапсырыс қабылдаған кезде

ақыны қолма-қол ақшамен ғана

қабылдайтынымды ескертетін

болдым, - дейді Қуаныш есімді

такси жүргізушісі.

Азық-түлік дүкеніндегі сатушылардың

басым бөлігі де қолма-қол

ақшамен есеп айырысуды құп

көретін болды. Олардың сөзінше,

тұтынушылардың 70 пайызы тауар

бағасын аударыммен, 20 пайызы

банк картасымен, тек шамамен

10 пайызы қолма-қол ақшамен

төлейді. Егер қызмет көрсетушілер

аударым жасаудан жаппай бас

тартса, бұрынғы төлем тәсіліне

қайтып келер түріміз бар. Ал

ел билігі керісінше электронды

сауда айналымына көшу қажеттігін

алға тартады. Сол үшін де осы

жылдың шілде айында шағын

және орта бизнес нысандары

төлемдерді POS-терминалдар

арқылы қабылдауы тиіс деген

талап қойды. Қаржы министрлігінің

дерегінше, жыл басынан бері

ел көлемінде барлығы 36 трлн

теңге онлайн аударым жасалды.

Бірақ жақын күндері бұл сома

едәуір азаятын сияқты.

Сондықтан салық органдары

Кодексте қарастырылған

жаңашылдықты түсіндіруге кірісті.

Облыстық мемлекеттік кірістер

департаменті түсіндіру жұмыстары

басқармасының басшысы Галина

Бирюкова жаңа салық түрі енгізілмейтінін

хабарлады. Қосымша

міндетті төлем түрі пайда болуына

қатысты тараған мәлімет – жалған

ақпарат.

- Бұл заң жобасына сәйкес,

«мобильді төлемдер» түсінігі пайда

болады. Ол туыс-туғандардан,

тамыр-таныстардан арасында

бір түсетін аударымдар мен

кәсіпкерлікті жүргізу есебінен

шотқа аударылатын төлемнің аражігін

ажырату үшін қажет. Яғни,

кімнің қатардағы тұрғын, кімнің іс

жүзінде кәсіпкер екенін анықтауға

мүмкіндік береді. Бірақ салық салу

режимінде ештеңе өзгермейді.

Салық мөлшерлемесі, оны төлеу

мерзімі, есеп беру уақыты сол

қалпы сақталатындықтан, бизнес

нысандарына қосымша жүктеме

түспейді, - дейді Г.Бирюкова.

«Төлем» мен «аударым» деген

жеке жолақтардың пайда болуы

тұтынушыларға да тиімді болмақ.

Себебі қазіргі уақытта қандай

да бір тауар ала қалсаңыз,

мобильді қосымша арқылы

аударым жасайсыз. Бірақ бұл

ретте түбіртек берілмейді. Яғни,

ертеңгі күні тауарды қайтару,

ауыстыру мүмкіндігі болмайды.

Егер тауар бағасын «төлем» батырмасы

арқылы төлер болсаңыз,

өз құқығыңызды қорғай аласыз.

Осы орайда келер жылдың

1 қаңтарынан бастап «e-Salyk

Business» мобильді қосымшасын

қолдану арқылы жаңа арнайы

салық режимі енгізілетінін еске

сала кетейік. Бұл қосымша арқылы

жеке кәсіпкерлікті тіркеуге, салық

режимін таңдауға, оны кассалық

аппарат ретінде қолдануға

болады. Сондай-ақ, 2023 жылға

дейін жеке кәсіпкерлер табыс

салығынан босатылғанын атап

өткен жөн. Демек, Кодексте бір

түсінік енгізілгенмен, қосымша

салық салынбайды. Сол себепті

қызмет көрсету орындары мен

тұтынушыларға электронды аударымдарды

төлем тәсілі ретінде

қолдануға еш кедергі жоқ.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Экономика

негізі

2011 жылдың 29 қарашасында

ҚР Президентінің Жарлығымен

бұрынғы Павлодар химия зауытының

аумағында «Павлодар» арнайы

экономикалық аймағы өз жұмысын

бастады. Сол уақыттан бері мұнда

еліміздің экономикасын ілгерілеткен

ауқымды жобалар жүзеге асуда.

Сондай жобалардың бірі –

тазалау құралдары мен дезинфекциялық

өнімдерді шығаратын

«Белизна ПВ» кәсіпорны. Кейін

химиялық тыңайтқыштарды дайындайтын

«АгроХимПрогресс» пен

қыздырылған мұнай коксын

шығаратын еліміздегі алғашқы

әрі әзірше жалғыз зауыт –

«УПНК ПВ» ЖШС іске қосылды.

Осылайша, аймақтағы алғашқы

өндіріс орындарының қазығы

қағылды.

Араға бес жыл салып, яғни 2016

жылы өндіріс орындарының саны

жетеуге жетті. Бұл уақытта май

өндірісімен айналысатын «Evooil

Kazakhstan» және алюмосиликатты

микросфералар дайындайтын

«Металлогамма» кәсіпорындары

қатарды толықтырды.

Атап өтер маңызды жайт, осы

10 жыл аралығында бюджеттің әр

теңгесіне тартылған инвестиция

көлемі азайған емес. Мемлекет

мұндағы инфрақұрылымды жақсарту

үшін қомақты қаржы салса, оның

1 теңгесіне кемінде 10 теңге жеке

қаражат құйылады. Бұл көрсеткіш

бойынша «Павлодар» бірнеше жыл

бойы еліміздегі ең тиімді аймақ

аталып келеді.

Бүгінде аталмыш аймақтың

инвестициялық портфелі жалпы

сомасы 323,44 млрд теңге болатын

44 жобаны қамтиды. Оның қатарында

14 кәсіпорын тұрақты түрде өнім

ӨНДІРІС

Осыдан 10 жыл бұрын облыс орталығында

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы

құрылды. Химия, мұнай-химия және металлургия

саласындағы өндіріс орындарын біріктірген

бұл аймақ жыл сайын өз тиімділігін дәлелдеп

келеді. Бұған бюджеттің әр теңгесіне 10 теңге

жеке инвестиция тартылуының өзі айғақ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен

баспасөз жиынында Павлодар

облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі аумақтық

инспекциясының басшысы Руслан

Төлепбаев мәлім етті.

- 2021 жылдың 1 желтоқсанынан

бастап Қазақстан бойынша «Ақбөкен»

акциясының екінші кезеңі басталады.

Акция екі кезеңнен тұрады.

Біріншісі, көктемгі төлдеу кезеңінде

15 сәуірден 15 мамырға дейін

жалғасады. Екінші, қысқы кезең

1-31 желтоқсан аралығында өтеді.

Аталмыш акцияның мақсаты – киіктер

санының популяциясын сақтау.

Сондай-ақ, киіктерді, олардың

мүйіздерін және басқа да дериваттарын

заңсыз өндірумен, өткізумен

және сатып алумен айналысатын

шығарады. Тағы 18 жобаны іске

қосу бойынша жұмыстар атқарылып

жатыр. Ал 12 жоба жақын уақытта

іске қосылуы тиіс.

Биыл «Павлодарда» үш зауыт

жұмысын бастады. Алғашқысы –

микросфера дайындайтын «Казциносфера»,

екіншісі – дизель отынына

арналған қоспалар шығаратын

«CDR Group», үшіншісі – металдың

сұрыпталған құймаларын өндіретін

«Металлэкс». Жыл соңына дейін

2,2 млрд теңгелік тағы екі жоба

жүзеге асады. Соның нәтижесінде

56 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Жалпы, арнайы аймақ іске кіріскен

10 жылда мұнда 1700-ден астам

тұрақты жұмыс орны пайда болды.

- 2011 жылдан бастап

барлығы 82 млрд теңге инвестиция

тартылды. Оның 20,8 млрд

теңгесі – шетелдік қаржы. Арнайы

аймақтың өндіріс көлемі 195 млрд

теңгеден асты. Дайын өнімнің

басым бөлігі сыртқа экспортталады.

Осы уақыт аралығында

бюджетке 12 млрд теңгеден астам

салық төлемдері аударылды, - деп

хабарлайды облыстық кәсіпкерлік

және индустриялық-инновациялық

даму басқармасы.

Осылайша, «Павлодар»

арнайы экономикалық аймағы

өңір экономикасының негізіне

айналып отыр. Бұрын-соңды

елімізде болмаған өндіріс түрлерін

қолға алып қана қоймай, жергілікті

тұрғындарды тұрақты жұмыспен

қамтып, бюджетке түсетін міндетті

аударымдар жасайды. Ендігі мақсат

– отандық және шетелдік инвестицияны

көптеп тартып, әл-ауқатты

одан әрі арттыру.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

«АҚБӨКЕН»

Киік - киелі

жануар

Павлодар облысында 10 мыңға жуық киік тіркелген.

Оларды аулауға заңмен қатаң тыйым салынған.

Браконьерлерге 6000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде

айыппұл салынады немесе олар 3 жылдан 10 жылға

дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

браконьерлік топтардың қызметін

анықтау және оған тосқауыл болу, -

деді Руслан Төлепбаев.

Инспекция басшысының айтуынша,

ақбөкеннің аталығын заңсыз

атқандарға 500 АЕК, ал аналығы

мен төлін аулағандарға 350 АЕК

мөлшерінде айыппұл салынады.

«Қызыл кітапқа» енгізілген жануарларды

аулағаны үшін айыппұл

3 есе ұлғаяды, яғни 3-4 млн

теңгеге дейін жетеді.

Киіктерді, басқа да аулауға

тыйым салынған жануарлардың

етін сату, аулау, тасымалдау сияқты

заңсыз әрекеттер анықталса,

87053842131 немесе 8(7182)

60-72-01 нөмірлеріне қоңырау

шала аласыздар. Жануарларға

қамқор болайық!

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


8 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл КӨКЖИЕК

SARYARQA SAMALY

АРНАУ

«Сарыарқа

самалына»

ПОГОНДЫ ЖУРНАЛИСТ

Полиция десек, бірден көз алдымызға иығында жұлдыз белгісі бар арнайы формамен жүретін маманды

елестетеміз. Ал, сол киімнің ішіндегі адамның кім екеніне көңіл бөле бермейміз. Осы орайда өңіріміздегі

полицейлердің жұмыс барысымен танысып, қызметтері туралы сөз қозғауды жөн санадық.

Сарыарқаның самалы,

Атқарар арлы жұмысы,

Замана үні тынысы,

Тамыршысы дәуірдің,

Ұлттың рухы, ырысы.

Жатпайтын әсте демалып,

Беттеліп әрбір жаңалық.

Жарысып қатар уақытпен,

Көретін жарық жаңарып,

Кемеліне жеткізген.

Тереңіне үңіліп,

Тіл кестеден өткізген.

Жалындайтын жанатын,

Арман, еңбек, мың үміт,

Ақ маржан ойдың кестесі,

Тізіліп түсер дестесі.

Шежіре, шешен ойға бай,

Тасқа түскен таңбадай,

Оқып ләззат алатын,

Тарихта қалатын.

Сүрінгенге сүйеніш,

Жығылғанға жұбаныш,

Табыстыға қуаныш.

Жақсылықтың жаршысы,

Қырағылығы қырандай,

Намысы берен ұрандай,

Қалаған жерге қадалған,

Жасыннан жаны нәр алған,

Журналистер жұлдызы,

Найзағай намыс жаралған.

Жетесізін жемірдің,

Шұғыласын өмірдің,

Көлеңкесін тірліктің,

Берекесін бірліктің,

Назарда берік ұстаған,

Шындықтың жолын нұсқаған.

Шашақты найза болаттай,

Қауырсын қалам ұштаған.

«Бес асыл іске» шақырған,

Терең ой, талап, ақылдан,

Тапсыратын жылма-жыл,

Арда көңіл оқырман.

«Сарыарқаның самалы»

Қаламы желдей есілген,

Елдің даңқын өсірген

Журналистер, тілшілер,

Халықтың кетпей есінен.

Жүрегіне жол тапқан,

Жаңалық десе зыр қаққан,

«Сарыарқаның самалы».

Тәуелсіз қазақ елінде,

Әр үйдің тұрған төрінде.

«Сарыарқаның самалы»

Павлодардың жерінде,

Аймақтың көзі, құлағы,

Тілінің кәусәр бұлағы.

Шапағат, шындық, шырағы,

Отан үшін қырағы.

Халқының соққан жүрегі,

Ұлтының сана тірегі.

Ұлттық төл басылым,

Інжу, маржан асылым,

Жарқыраған жақұттай,

Жиырма бірінші ғасырым.

Рухым, жаным, азығым,

Бағытым, темірқазығым,

«Сарыарқаның самалы»,

Көбейе берсін жазылым.

Халыққа тиген пайдасы,

Тәуелсіз елдің айнасы,

Алмастай асыл тілімді,

Халқыма жеткіз үнімді,

Шашу ғып жұртқа шашайын,

Жүректен шыққан жырымды.

Шынасыл ШОТБАҚҰЛЫ,

ҚР Білім беру ісінің үздік

қ ы з м е т к е р і , а қ ы н .

Полицей болу оңай ма?

БӘРЕКЕЛДІ

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ

«Қазір біз бандиттен емес, полициядан

қорқамыз» дейді үйіме қарсы тұратын

бір көрші апай. Жасы алпыстан асса да,

апамыздың сөзіне үйіммен қоса маған

да қарсы шығуыма тура келді. Алдымен

бүгінгі қоғам полиция қызметкерлері

болмаса не болады деген сұраққа жауап

іздеп көрейікші. Тәртіп пен заң жоқ жерде

қоғамның құлдырайтыны айтпасақ та түсінікті.

Апамыздың әңгімесіне әлеуметтік желінің

әңгімелері әсер еткен болар. Дегенмен,

елдің тыныштығы бірінші кезекте тұруы

тиіс. Демек, елге қажет мамандықтардың

бірі – полиция. Әрине, бұл мамандықтың

қаншалықты қауіп-қатерге толы екендігі

баршамызға аян. Десе де, сөзбен айту

бір, көзбен көру басқа. Сол себепті, біз

де «сырттан тон пішпей», бір күн полиция

қызметкері болып көрдік.

«Погонды журналист» жобасы аясында

өткен бір күніміз таңғы сағат 08.00-де

патрульдік полиция батальонында басталды.

Таңғы жиналыс жоспарға сәйкес өтісімен,

тәртіп сақшылары өздеріне тиесілі аудандарға,

белгіленген учаскеге жол тартты. Яғни,

шаһарымыздағы әр аудан, әр аумақ -

патрульдік полиция қызметкерлерінің

бақылауында. Солтүстік, оңтүстік және

орталық аудандардағы тәртіпке жауапты қызмет

инспекторларынан жасақталған 3 рота

жұмылдырылады. Біздің маршрут Назарбаев

даңғылынан басталып, Ломов пен Толстой

көшелері арқылы Жібек жолына дейінгі

аймақты қамтыды. Жақсылық Мұсабаев

пен Нариман Оспанов есімді патрульдік

полиция қызметкерлерімен бірге қоғамдық

тәртіп пен жол жүру ережелерінің сақталуын

қадағаладық. Басшысынан бұйрық күткен

адамдай рацияның ар жағындағы үзік-үзік

естілетін дауысқа құлақ түріп отырғанымыз

сол еді, Жақсылық Айбекұлы назарымызды

ортаға бұрып, әңгімесін бастады.

- Негізі, қарбалас жұмыстың бәрі кешке

басталады, - деді ол. - Кафе, мейрамхана, көңіл

көтеретін мекемелерде қоғамдық тәртіпті

сақтамай, заңға қарама-қайшы әрекеттерге

баратын адамдарды жиі кездестіреміз.

Ондай «орынсыз орындар» көп. Оларды

тізімге енгізіп, күнделікті тексеруден өткіземіз.

Сондай-ақ, қаламыздағы барлық ықшам

аудандар мен өндірістік аймақтар қатаң

бақылауда. Жергілікті тұрғындардан түсетін

арыздардың басым бөлігі – үй ішіндегі

жанжал. Әрине, оның бәрі ішімдіктің салдарынан.

Мерекенің соңы заң бұзушылыққа

әкеліп соғатыны өкінішті, - деген Жақсылық

Мұсабаевтың сөзіне әріптесі Нариман

Ғалымжанұлы да қосылды.

- Тәртіп пен тыныштықты сақтау үшін

күні-түні еңбек етуге дайынбыз. Ең бастысы -

елдің тыныштығы. Жергілікті тұрғындардың

Фестивальден олжалы оралды

Қостанай қаласында Қазақстандағы алғашқы мобильді кино

фестивалі өтті. Кино байқауда Pavlodarnews.kz тілшісі Оңғар

Бауыржанұлы «Үздік әлеуметтік ролик» номинациясының жеңімпазы

атанды.

Мобильді кинофестивальдің ұйымдастырушысы,

режиссер Фархат Серкебаевтың

айтуынша, байқауға еліміздің әр аймағынан

200-ден астам жұмыс келіп түскен. Олардың

40-қа жуығы іріктеуден өтіп, 8 аталым бойынша

үздіктер марапатталды.

- Бастапқыда Қостанай облысының қатысушыларымен

ғана шектелеміз деп ойлағанбыз.

Дегенмен, өзге облыс тұрғындары да

белсенділік танытты. Сол себепті байқау

республикалық көлемде ұйымдастырылды, -

деді Фархат Серкебаев.

Фестивальге жолданған бейнематериалдарды

сараптамадан өткізіп бағалаған

қазылар алқасында белгілі қазақстандық

актерлер Мұрат Бисенбин, Төлепберген

қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әріптестерім

күндізгі, кешкі және түнгі ауысыммен

24 сағат бойы жұмыс істейді. Тәртіп

сақшыларының қатары кешкі және түнгі

уақытта жаяу патруль қызметкерлерімен

толығады, - деді қызмет инспекторы, кіші

лейтенант Нариман Оспанов.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары

жол жүру ережелерінің сақталуын да жіті

бақылайды. Қырағы полиция қызметкерлері

үнемі автокөлік иелеріне жылдамдықты

асырмауын еске салады. Сондай-ақ, таңғы

және түскі уақытта мектептердің алдындағы

жолдарға кезекке тұрып, оқушылардың

қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

- Учаскелік аймаққа қатысты біз №14

мектепті бақылауға алдық. Сол сияқты

әріптестеріміз қаламыздағы барлық оқу

орындарын қадағалайды. Білім мекемелерінің

алдындағы жолдарға тұрып, көлік иелерін

жол жүру ережелерін сақтауға шақырамыз.

Әрине, автокөлік иелері патрульдік

қызметкерлерді көрген бойда жылдамдықты

түсіріп, белдіктерін тағып жатады. Бұл жерде

ең басты мақсатымыз – оқушылардың

қауіпсіздігі, - деді қызмет инспекторы,

кіші лейтенант Жақсылық Мұсабаев.

Жол жүру ережесін қозғаған соң, ресейлік

нөмірлі автокөлік мәселесін де сырт айналып

кете алмадық. Айып тұрағына тоғытылып

жатқан автокөліктердің мәселесі қалай

шешіледі деген сауалымызға Нариман

Оспанов жауап берді. Оның айтуынша,

ондай автокөлік иелерінің басым бөлігі

жол-көлік ережелерін сақтамайды.

- Ресейлік нөмірі бар темір тұлпарды

тізгіндеген жүргізушілердің көбі жол жүру

ережесін бұзып жатады. Бағдаршамның

Байсақалов пен блогер Айнұр Нұрсейітова

болды. Фестивальге қатысу үшін бірнеше

ережелер бекітілді. Фильмдер міндетті түрде

телефонға түсіріліп, ұзақтығы 5 минуттан

аспауы тиіс еді.

- Біз «Суицид» тақырыбында әлеуметтік

ролик түсірдік. Өкінішке қарай, қазір қоғамда

осындай қайғылы жағдайлар жиі кездесіп

жатады. Фильм арқылы біз осы мәселені

көтердік, - дейді Оңғар Бауыржанұлы.

Сонымен қатар, ол фильм түсіру барысында

операторлық жұмысы үшін Олег Красильниковке,

тамаша актерлік ойыны үшін Алина

есімді бойжеткенге алғысын білдірді.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Суреті түсірген - Есенжол Исабек.

түсіне қарамайтындар да болады. Олардың

көбі автокөлік нөмірі шетелдікі болғасын

айыппұлдан шеттетілеміз деп ойлайды. Бұл -

қате түсінік. Қазір қаламыздың барлық

қиылыстарында бейнебақылау камералары

орнатылған. «Борышкер» жедел алдын алу

шарасы өткізіледі. Айыппұлын төлемегендердің

көліктеріне «тұсау» салуға тура келеді.

Соның нәтижесінде жол жүру ережелерін

бұзған жаңағыдай автокөліктердің иелері

дабыл қағуда. Алайда, заң бәріне ортақ,-

деді ол.

Әңгіме арасында қос патрульдік полиция

қызметкерлеріне қарап қоямыз. Олардың

назары – көшеде. Қаламыздағы қоғамдық

тәртіптің сақталуын, ел тыныштығын күзетіп

келеді. Рация мен диктофонды қатар ұстап

өткен күніміз шытырман оқиғаларға толы

болмаса да, есте қаларлықтай өтті. Жұмыс

барысында жаяу жүргіншілерге арналған

жол қозғалысы ережелері түсіндірілді.

Белгіленген жолақтан өтпей, жолды кез

келген жерден кесіп өткен азаматтарға

айыппұл да салынды. Себебі, жол-көлік

оқиғаларына байланысты түрлі жазатайым

жағдайлардың орын алуына тек автокөлік

иелері ғана емес, жаяу жүргіншілер де

себеп болып жатады. Сондай-ақ, жарығын

қосуға ұмытып кеткен автокөлік иелерімен

де таныстық.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Адамдар

полиция қызметкерлерін өздерінің қорғаушысы

ретінде танып, өз қауіпсіздіктерін сезінулері

тиіс» деген еді. Бұл халық алдында адал

қызмет етуге ант берген қатардағы әрбір

тәртіп сақшысына үлкен жауапкершілік

жүктейді. Еліміздің іргесі тыныш болып,

байрағымыз биіктен түспесін!


SARYARQA SAMALY

ТАРИХ 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл 9

Азаттық бәрінен

қымбат!

Тәуелсіздік - әр халық үшін қасиетті, қымбат және киелі ұғым. Қазақ

халқы азаттық алу жолында жан беріп, жан алып, ұдайы күресті. Соның

нәтижесінде осыдан 30 жыл бұрын егемен елдің арайлы таңы атты.

Жалпы, қазақ халқының ешкімге

тәуелсіз болуын армандап, сол

жолда құрбан болған азаматтар

баршылық. Ұлы Отан соғысында

елімізді жаудан аман алып қалу

үшін майданға аттанған азаматтар

қаншама?! Тарихи деректерге

жүгінсек, Отанды қорғауға 18-35

жас аралығында бір миллионнан

астам қазақстандық аттанды.

Менің әкем Секербай

Малғаждарұлы да 35 жастан

асқан шағында бірінші лекпен

бірге майданға шақырылды. Бірақ

алтын шығаратын кен орнында

жұмыс істегендіктен әрі жасына

байланысты әскери комиссариат

оны «жерасты соғысына» барасың

деп үйге қайтарып, кейін шахтаның

ауыр жұмысына салды. Анам

Мөрбан да сол шахтаның фабрикасында

ауыр жұмыс істеді. Әкем

екеуі денсаулығынан айырылып,

өмірден ерте озды. Міне, Тәуелсіз

елдіктің өтеміне берілген бір ғана

отбасының тағдыры осындай.

Сол жеңімпаздардың мұрагерлері,

яғни біз де Тәуелсіздікті

армандап, аңсадық. Қазақстанның

барлық аймағында бейресми

қоғамдық ұйымдар, кей жерлерде

астыртын жұмыс жасады. Мысалы,

қарағандылық «ЕСЕП» партиясы

(елін сүйген ерлер партиясы),

60-70-жылдардағы Алаш

арыстарының тұяғы - Мұрат Әуезов,

Советқазы Ақатаев, Болат Тайжан

құрған студент жастардың «Жас

тұлпар», олардың ізін жалғастырушы

«Мұрагер» бірлестігі, жерлесіміз

Арман Қанидың бастамасымен

мектеп қабырғасында пайда болған

оқушылар ұйымы мен жекелеген

тұлғалар егемен ел болу жолында

табанды күрес жүргізді. Мен де

1978-1979 жылдардағы ел мен

жер үшін болған күрестің қақ

ортасында жүрдім десем, артық

айтқандық емес.

Ол былай болды: Украинада

жоғары оқу орнын тәмамдаған соң

қазіргі «Дипломмен – ауылға!» деген

бағдарлама сияқты жолдамамен

туып-өскен өлкем - Ерейментауға

келдім. Аудандық білім бөлімі

мені сол кездегі Новодолинкаға

жіберді. Мұнда кілең немістер

тұрады екен. Бір ғана қазақ отбасы

бар. И.Сталиннің 1941 жылғы

бұйрығымен жойылған Поволжье

неміс автономия республикасынан

жер аударылған, тұйық тұратын

ұлттық анклав болатын. Ол кезде

ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров

айтқандай «Өрмелеп шығып күн

болам...» деген жастық жалынмен

елге оралып, үлкен іске жарармын

деген сенім болды. Алайда бөтен

елде, жат жерде жүрген өгей

баланың күйін кештім. Мектеп,

балабақша, қоғамдық қатынастар,

қысқасы, тірліктің бәрі – тек неміс

тілінде. Тіпті, Кеңес Одағы кезінде

көшеде ілулі тұратын плакат, стенд,

лозунгтардың өзі неміс тілінде

жазылған. Клуб, дүкен сынды

көпшілік жиналатын орында не

қазақ, не орыс тіліндегі сөздерді

естімейсің. Сол маңдағы қазақ

ауылдары бұл елді мекенді «ФРГ»

деп атайды екен.

Әйтеуір не керек, бір жасар

ұлым Асқармен бірге келген бізге

жас отбасы ретінде көпқабатты

тұрғын үйден үш бөлмелі пәтер

берді. Тұрмыс жағдайымыз сол

кездегі қаладағы жағдайдан артық

болмаса, кем емес еді. Оқу жылы

басталып, жолдасым Дәметкен

екеуіміз мектепте сабақ беруге

кірістік.

Сол тұста неміс автономиясы

құрылатыны туралы сөз қозғала

бастады. «Ерейментау орталығы

болады. Басшысы тағайындалыпты.

Қала аты өзгереді» деген әңгімелер

желдей есті. Автономия құру туралы

көтерілген осы мәселе үшін бұрынғы

танысым Андреймен сөзге келіп

қалдым. Мен оған киелі де қасиетті

қара шаңырақ та, жер де қазақтікі

екенін қадап айттым. Қанжығалы

Бөгенбай батырдың кім екенін

түсіндірдім. Екеуіміздің арамызда

болған бұл талас директордың

құлағына жеткен екен. Ол мені

бірден кабинетке шақырып алды.

- Сен бізге қарсысың ба

сонда? – деп бастады бірден

әңгімесін ол.

- Немістерге еш қарсылығым

жоқ. Мен Қазақстанда неміс

автономиясының құрылуына

түбегейлі қарсымын. Біздің елде

мұндай автономия болған емес,

болмайды да, - деп нық сөйледім

мен.

- Ей, қазақ! Бұл - сен шешетін

мәселе емес! – деді тағы директор

креслосында шалқайып отырып.

- Біз, халық шешеді мұны, –

деп «жұмыстан кетемін, берген

пәтерден көшемін» деп кесіп

айтып, кабинеттен шығып кеттім.

Ертеңгі күні пәтерді тапсырған

кезде әлгі директордың айтқан

сөзі әлі күнге дейін есімде. Ол

«Тым құрығанда мына үйіңді

ойласаң етті. Сендер, қазақтар,

мынадай баспанаға ешқашан қол

жеткізе алмайсыңдар. Сен түгілі

балаларыңа да мұндай пәтер

тимейді. Бұл жердің болашағы

жоқ», деді. «Оны уақыт көрсетер»

деп теріс айналып, отбасыммен

бірге көшіп кеттім.

Осы оқиғадан соң арада бір

жылға жуық уақыт өтті. 1979

жылдың жаз айында қарындасымның

отбасы амандығын білейін деп

ауылдан қалаға, яғни Целиноградқа

келдім. Орталық алаңдағы «Каззолото»

қонақ үйіне орналастым

да, «Ишим» қонақ үйінің ішіндегі

«Интурист» мекемесінде жұмыс

істейтін қарындасыма бармақ болып,

алаңға қарай бет алдым. Алаңда

спорт мерекесі ұйымдастырылып

жатыр екен. Бір уақытта алаңға

«Қазақстандағы неміс автономиясына

жол жоқ!» деген жазуы бар

плакаттарды ұстаған манифестацияшеруі

жиналды. Сол кезде бір жыл

бұрын Новодолинкадағы естіген

сөзім рас екеніне көзім енді жетті.

Бастан өткен оқиғаның бәрі есіме

оралып, шеруге қосылып, алаңда

болдым.

Өздерін «Облыстық атқару

комитетінің өкілдеріміз» деп

таныстырған бірнеше адам

«Тараңдар, шеру жасауларыңа

еш негіз жоқ. Жалған сөзге

алданбаңдар! Ешқандай автономия

болмайды» деген сарында сөйлеп

жатты. Алаңнан тың игерушілер

сарайына қарай шығып келе

жатқанымда дәріхананың жанында

тұрған екі адам «Тоқта, сен бізбен

бірге барасың» деп қолымды арқама

қайыра бергенде жұлқынып шығып,

тура сол дәріхананың артына қарай

жүгірдім. Ауладағы жүк көліктерінің

арасымен өтіп, «Қаззолото» қонақ

үйіне кіріп кеттім. Кіреберістегі

кезекші қызметкер – орыс әйелі

таңертең мені осында орналастырған

болатын. Ол алаңдағы шеруді көрген

екен. Содан маған «тығыл» деді

де, өзі орындығына отыра қалды.

Соңымнан келген «қуғыншыларға»

мұнда ешкімнің келмегенін айтып,

он шақты бөлмені көрсетті. Әлгі

екеуі бөлмеден шығып кеткен соң,

«Бұлар енді сенің қыр соңыңнан

қалмайды. Қаладан кет те,

жасырын», деді.

Содан вокзалға барып, автобуспен

қаладан шығып кеттім. Кейін

сол күндері қала көшелерінде,

автобустарда, қоғамдық орындарда

тәртіп бұзушылық болып, қудалау

басталғанын естідім. Алаңдағы

сол шеруден кейін біраз уақыт

үрейленіп жүрдім. Халық бірігіп,

барлық ұлт өкілдері неміс автономиясына

қарсы екеніне көзі

жеткен Кремль репрессияларға

бармауына сол шеру себеп болғаны

ақиқат. Құпия қабылданған шешім

ел ішіне тарап кетіп, геосаяси

ахуал маңызды мәселені кейінге

шегерді.

Сөйтіп жүріп, ауылда 11 жыл

мұғалім болып еңбек еткен соң

1989 жылы жолдасым Дәметкенге

жоғары оқу орнынан шақыру

түсіп, Павлодар қаласына көшіп

келдік. Сол жылы «Тіл туралы» Заң

қабылданды. Қазақ тілі мемлекеттік

тіл конституциялық мәртебесін

алып, қолдану аясы кеңейді. 1991

жылы мен де Павлодар техникалық

университетінің тілдер кафедрасына

оқытушы болып қабылдандым.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары

жаңа құрылған қоғамдық ұйымдар,

партиялар азаматтық белсенділік

танытып жатты. Жас мемлекеттің

алғашқы қадамы демократиялық

жол таңдауға қолдау көрсету

болды. 1991 жылы республикалық

азаматтық «Азат» қозғалысының

ұйымдастырушысы Советқазы

...Тіпті, Кеңес Одағы кезінде көшеде ілулі тұратын плакат,

стенд, лозунгтардың өзі неміс тілінде жазылған. Клуб, дүкен сынды

көпшілік жиналатын орында не қазақ, не орыс тіліндегі сөздерді

естімейсің. Сол маңдағы қазақ ауылдары бұл елді мекенді «ФРГ»

деп атайды

,,

екен...

Ақатаев, Марат Шормановтардың

қатысуымен өткен ұйымдастыру

жиналысында Павлодар облысы

бойынша үйлестіру кеңесінің

құрамына сайландым. 1992 жылы

азаматтық «Азат» қозғалысының

Павлодар облысы атынан Алматыда

өткен республикалық

«Жаңғыру» қазақтың ұлттық

өркендеу орталығында болдым.

Кейін осы орталықтың облыстық

бөлімшесін әділет басқармасында

тіркеп, төрағалық еттім.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары

демократиялық қоғам құру

жолында партиялар, бірлестіктер,

ұлттық-мәдени орталықтар өз

жұмыстарын бастады. Жеңіс

Марданов ұйымдастырған «Қазақ

тілі» қоғамы, Гүлбарам Наурызбаева

басқарған «Народный конгресс»

партиясы, ағайынды Мейрам, Мақсат

Қалиевтер құрылтайшысы болған

республикалық партия, Амантай

Қалиев жетекшілік еткен «Невада-

Семей» антиядролық қозғалысы,

Жанат Қоңыровтың «Таухит»

бірлестігі, Зара Қожахметова

төрайымы болған «Мұсылман

әйелдері лигасы» және тағы

басқа ұйымдар дамудың сара

жолы азаматтық қоғам құру екенін

көрсетіп, белсенділік таныта білді.

Мен жетекшілік еткен облыстық

«Жаңғыру» қазақтың ұлттық өркендеу

орталығы сол жылдары көптеген

айтулы шараларды ұйымдастырды.

Кеңес Одағы заманында көлеңкеде

қалып қойған діл, тіл, мәдениет,

халықтар достығының дәнекершісі

ретінде ұлттық намысты оятатын,

рухты көтеретін маңызы зор

ауқымды істер атқарылды. Бастысы,

«Ел елге қосылса – құт!» демекші,

Моңғолиядан атамекенге оралған

қандастарымызды құшақ жая

қарсы алып, оларды орналастыру

жұмыстарына атсалыстық.

Бір қызығы, мемлекеттік

қызметке ауысқанда сол

қандастарымыздың құжаттарын

реттеу жұмысы жүктелді. Өз

қолыммен мыңдаған қандасқа

Қазақстан Республикасының

азаматтығын жедел рәсімдеп,

қатарға қосылуына үлес қостым.

Құжат тексеруде моңғол тілін жетік

білетін Мұхит бауырым жәрдем

көрсетті. Сондай-ақ, «Жаңғыру»

орталығы бірінші болып алтыбақан

ойынын қайта жаңғыртқан еді. Сол

кезде қалалық мәдениет бөлімінде

жұмыс істейтін өзге ұлт өкілі «Не

мынау? Алып тастаңдар!» демесі

бар ма?! Мен оған «Алтыбақан -

қазақ жастарының ұлттық ойыны»

екенін айтып, тарихи деректермен

түсіндіріп бақтым... Сол алтыбақан

ойын-сауық бағдарламасында

танымдық-ақпараттық «Алтын

дала» ойынын өткізіп, жастарды өз

қатарымызға шақырдық. Қоғамдық

ұйым ретінде қаржы тапшылығы

қолбайлау болғанымен, бізге

ұйымдар мен жеке азаматтар

көмек көрсетті. Бокстан бапкер

болған жылдары өзім тәрбиелеген

спортшылар да қол ұшын соза

білді.

Мәскеудегі «Мұрагер» қазақ

жастары қоғамымен байланыс

жасап, оларға тәжірибе алмасу

бағытында бірнеше рет барып,

Ресей астанасының төрінде өткен

Наурыз мейрамына қатыстық. Олар

да елге келіп, біз ұйымдастырған

шараларға атсалысты. «Мұрагердің»

төрағасы Нұржан Өміржановқа

алғыс айтып, иығына шапан жауып,

елге шақырдық.

Атқарылған істер сол уақыт

пен қоғамдық жағдай шеңберінде

өз орнын алды. Сол кезеңдегі

азды-көпті еңбегім ескеріліп,

түрлі марапаттар табысталды.

Айталық, республикалық «Тарихи

әділеттілік» қоғамдық комитеті

атынан Тәуелсіздіктің 20 жылдығы

қарсаңында Алғыс хатпен марапаттады.

Ол Тәуелсіздік жолындағы

күреске қосқан еңбегімнің

тамшыдай ғана үлесінің көрінісі

іспетті. Сондықтан мен үшін бұл

марапаттың маңызы зор.

Сөзімді түйіндей келе,

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы үш жүз

мыңжылдыққа ұласып, Мәңгілік ел

атанайық деген тілегімді білдіргім

келеді. Мереке құтты болсын,

ағайын!

Айдарғазы МӘКЕШЕВ,

ардагер ұстаз,

Павлодар қаласы.


10 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл ӨНЕГЕ

SARYARQA SAMALY

БІЛІМ

Химия - оқушылар үшін қиындық тудыратын

пәндердің бірі екені жасырын емес. Десе де,

есеп пен теориядағы қиындық пәнді игеруден

қашқақтауға себеп бола алмас.

Таңғажайып

химия

Шәкірттерімнің қызығушылығын

арттыру мақсатында түрлі әдістерді

қолданып, сабақты пайдалы өткізуге

тырысудамыз.

Иә, өмірдегі кей құбылыстарды

бақылай отырып, оның себебін

білу үшін ғылымның тілі қашанда

маңызды болмақ. Егер келіспесеңіз,

химиктердің көмегінсіз жасалған

бір затты тауып көріңізші. Сіз

пайдаланатын дәптерден бастап,

барлық техниканың құрамында

органикалық не бейорганикалық

зат бар. Химия тек қышқыл, сілті

ғана емес, оның қатарына әр түрлі

қоспа, тұнба мен балқытпа да

кіреді. Қарындашыңыздағы графиттің

өзі – химиялық зат.

Химик болу – бұл тек химия

ғылымымен шектеліп қалу емес.

Химиктерден үздік философтар

шығады. Мысалы, Джозеф

Пристли тарихта оттегіні ашқан

химик ретінде із қалдырса, кейінгі

өмірінде үздік философтардың бірі

ретінде көзге түскен. Ендеше,

оқушылар заман талабына сай

әр пәнді жетік меңгерсе, білімді

Тиімді жүйе

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қоғам қажеттіліктеріне

сай келетін осы заманға лайықты азамат

тәрбиелеу балабақшадан басталады» деген

болатын. Сондықтан да, бүгінгі өскелең ұрпаққа

уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру

мәселесі толассыз, күн сайын өзгеріп тұрған

әлеммен бірге қатар жүрері анық.

Әлемде «e-Learning» деп атап

кеткен электрондық оқыту жүйесі

ерекше орын алады. Оны Отандық

білім жүйесіне енгізудің маңызы

зор деп санаймын. «e-Learning»

дегеніміз не? Бұл – интернет және

мультимедианың көмегімен оқыту,

яғни электрондық оқыту жүйесі.

Ол барлық әлем елдерінің білім

беру жүйесіне жаңа ақпараттықкоммуникациялық

технологиялармен

келген.

Қазіргі таңда баланың танымдық

қызығушылығын қалыптастыру

үшін жаңа технология түрін

қолдану қажет деп есептеймін.

Мектеп жасына дейінгі балалардың

оқу-танымдық іс-әрекетін,

белсенділігін қалыптастыруда

олардың қабілеттерін дамытуға,

танымдық жан қуаттарының оянуына

ықпал етіп, ізденісіне, талабын

ұштауға білім деңгейін жетілдірудің

маңызы ерекше. Балалардың

бойына оқу қызметін меңгерту, ол

танымдық білсенділікті дамытудың

басты бағыты болып саналады.

Тапсырмаларды орындау барысында

балалардан белсенді ойлау

талап етіледі. Осының нәтижесінде

балалар өздігінен бақылауды

үйренеді, олар да тапсырылған

істі орындаудағы жауапкершілікті

сезіп, еңбексүйгіштік, табандылық

қалыптасады. Осы жұмыстың

негізгі мақсаты - балалардың

танымдық міндеттерін қалыптастыру,

шығармашылық қабілеттері

мен қызығушылығын жетілдіру,

білімге құштарлығын ояту. Мектеп

жасына дейінгі балалардың

танымдық әрекеттеріне бастапқы

диагностикалық зерттеулерді еңгізу

арқылы бағалау пікірлерінің

әділдігі айтарлықтай күшейтілуі

мүмкін. Ол үшін негізгі танымдық

жастардың қатары артып, еліміз

дами түспек.

Динара КӘКІМОВА,

Нығыман Алшынов

атындағы Жалаулы орта

мектебінің химия пәні мұғалімі,

Ақтоғай ауданы.

үрдістердің қалыптасу деңгейін

зерттеу жөніндегі диагностикалар

жиынтығы ұсынылады. Танымдық

белсенділікті психологиялықпедагогикалық

құбылыс ретінде

анықтау, бұл мектепалды даярлық

кезеңіндегі балалардың тұлғалық

сапасының ерекшелігіне талдау

жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін

қалыптастыру жағдайлары мен

құралдарын қарастыруға мүмкіндік

береді. Себебі меңгерілген білімнің

сапасы мен беріктігіне тек балаларды

оқыту, дамыту және тәрбиелеудің

нәтижесі емес, сонымен қатар

балалардың заманауи ізденіс

арқылы, электрондық жүйемен

өзіндік танымдық іс-әрекетіне

қатысуымен тәуелді болып келеді.

Қазіргі таңда адамзат

қоғамына ғылыми жаңалықтар

мен инновациялық технологиялар

қаншалықты маңызды болса, мектеп

жасына дейінгі баланы тәрбиелеу

мен оқыту саласын заман талабына

сай дамыту соншалықты уақыт

сұранысын қанағаттандыратын

жаңа бағдарламалармен, технологиялармен

қамтамасыз ету

болып отыр.

Қорыта келгенде, аталған технология

балабақшада балалардың

жас ерекшеліктерін ескеріп, әр

сатыға балалардың қабылдау

мүмкіндіктеріне сай пайдалануға

болады.

Электронды білім беру бойынша

жүзеге асырылатын ауқымды жоба

Қазақстанның білім беру жүйесін

ақпараттандырудағы серпіліс болады

деген сенімдемін.

Мейрамгүл ТӨЛЕУБАЕВА,

№20 балабақшаның

педагог-психолог,

Кенжекөл ауылы.

МЕРЕЙ

Тұлғасы биік

ұстаз

Бар ғұмырын ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеуге арнаған Тілеужан

Қарабаев бүгінде сексеннің бесінші белесін бағындырып отыр. Талай

шәкіртке білім нәрін сепкен Сәтбаев ауылының тұрғыны Тілеужан

ақсақал – математика пәнінің жілігін шағып, майын ішкен ардагер

ұстаз.

Әріптесім Тілеужан Қарабаевты

1977 жылдан бері жақсы танимын.

Ол кісіні қарапайым, сабырлы

да салмақты адам ретінде қатты

құрметтеймін. Мен Теңдік мектебінің

оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі

болғанымда Тілеужан аға Алексеевка

орта мектебінің директоры

болып қызмет атқарды.

Бір қарағанда түсі суық, аз

сөйлейтін адам боп көрінгенімен,

әзіл-қалжыңға да жақын тұрады.

Мамандығына адал, шебер

ұйымдастырушы, қос тілді қатар

меңгерген мықты ұстаз әрі іскер

басшы. 1979 жылы Шадыра орта

мектебінде директор болып

еңбек еткен кезінде шебер

ұйымдастырушылық қабілетін

байқадым. Ол кісінің сауаттылығы,

тиянақтылығына сүйсінесіз. Білікті

маман ретінде жас мамандар –

біздерге білмегенімізді үйретіп,

қиналған сәтте қолдау көрсетіп,

бағыт-бағдар беретін еді. Осындай

білікті ұстаздарға қарап бой түзеп,

еңбек еттік.

Сексеннің сеңгіріне шығып

отырған абыз ағаның жеке

кітапханасы құнды кітаптарға

бай. Балаларға арналған ертегі,

жұмбақ, мақал-мәтелдер жинақтары,

жылдар бойы жинаған жеке мұрағат

папкалары, Кеңестер Одағының

батырлары, Баянауылдан шыққан

ғалымдар, мемлекет қайраткерлері,

ақын-жазушылар, қоғам және

өнер қайраткерлері, палуандар,

қолөнер шеберлері, т.б. атақты

адамдар туралы деректер жекежеке

папкаларға жинақталыпты.

Кішігірім мұрағат дерлік.

- 1936 жылы Жаңатілек ауылы

қазіргі Жаяу Мұса ауылында

орта шаруа отбасында дүниеге

келдім. Әкем Әбілғазы ұста,

балташы, етікші болса, анам

Бикен Қазелқызы он саусағынан

өнер тамған шебер адам болды.

Отбасымда 6 бала тәрбиелендік.

Қазір жалғыз қарындасым екеуіміз

ғана қалдық, - деп Тілеужан аға

өмір жолын ойша бір шолып өтіп,

одан ары толғана баяндады.

- Ауылдағы бастауыш мектепті

тәмамдап, Қарағанды қаласындағы

№2 Жамбыл атындағы орта

мектебін үздік бітірдім. Менің

мектеп, институт қабырғасында

білім алып, саналы азамат болып

қалыптасуыма ағам Мұқан зор

еңбек сіңірді. Ол кісі Қарағанды

қаласында еңбек етіп, «Құрметті

шахтер», «Құрмет белгісі» орденінің

иегері атанған.

Тілеужан аға бала кезінде ақын

болуды армандапты. Балалық

арманының жетегінде жүріп жазған

тырнақалды туындылары баспасөз

беттерінде жарық көрген екен.

- 1948 жылдың қараша

айында белгілі ақын, «Пионер»

журналының редакторы Мұзафар

Әлімбаев мектебімізге келді.

Мұзағаң өлең жазуға талпынып

жүрген оқушыларды жинап алып,

жазғандарымызды қарап шықты.

Менің өлеңдерімді ұнатып, бір-екі

өлеңімді көшіріп жаздырып алды.

Менің ауылды, әжемді сағынып

жазған өлеңдерім болатын. 1950

жылдың көктемінде болуы керек,

өлеңдерім «Пионер» журналына

жарқ етіп шыға қалды! Ол кезде

республикалық журналға шығу –

үлкен сенсация! Бүкіл мектеп

болып, оқушылар мен мұғалімдер

маған таңғала қарады. Студент

кезімде Қарағандының облыстық

газетінде де өлеңдерім жарық

көрді. Аудандық «Ленин туы»,

«Жеңіс» газетінің тілшісі болып

жүргенде 2-3 өлеңім газет бетінде

жарияланды. Кейін жастары мен

шамалас мықты ақындардың

шығармаларын өз жазғандарыммен

салыстырдым да, өлең жазуды

біржола қойдым. «Ақындығым»

осымен аяқталды. Осыдан 5-6

жыл бұрын бір кездескенде Зекең

(Зекебай Солтанбаев): -Тілеужан,

жыр дәптерің бар ма? - деп

сұраған еді. Ол кісіге менің

жазғандарым ұнайтын. Мен: -

Ойбой, Зеке, мен бұрынғыдай

бұрқыратып өлең жазбаймын, -

дедім де, жоғарыдағы уәжімді

айттым, - деп Тілеужан аға әдемі

естелігін одан әрі сабақтады.

- Спорт пен салауатты өмір

салтын серік еткен адамның

денсаулығы мықты болатыны

белгілі. Жас күнімнен спорттың

барлық түрлерімен шұғылданып,

бүгінгі күнге дейін салауатты

өмір салтын ұстанамын. Орта

мектепті үздік бітірген соң ақын,

журналист, спортшы боламын

деген армандарымның барлығы

қалып, Қарағанды қаласындағы

педагогикалық институттың математика

бөліміне оқуға түстім.

Институтты үздік аяқтап, туған

жерім Баянауылға жолдамамен

келдім. Аудандық білім бөлімінің

бастығы Бәкір аға Қазыханов

Алексеевкадағы жеті жылдық

орыс мектебіне қызметке жіберді.

«Орыс тілінде сабақ беру қиын

ғой» деп едім, Бәкір аға болмай,

«сенің дипломың үздік, игеріп

кетесің» деп сенім білдірді. Сол

жылы ата-анамды көшіріп алып,

еңбек жолын бастадым. Менің

алғашқы қабылдаған 6-сыныбымда

ересек оқушылар білім

алды. Шәкірттерім өзімнен 3-4

жас қана кіші еді. Ұзын бойлы

бойжеткен қыздар мен жігіттер.

Ересек оқушыларды оқыту оңай

болмады. Ізденіс пен еңбектің

арқасында барлық қиыншылықты

жеңіп, өзіме артылған сенімді

ақтадым, - деп қайырды Тілеужан

аға риза кейіппен.

Тілеужан Қарабаев 1960

жылы Жаңатілек сегіз жылдық

мектебінің оқу ісінің меңгерушісі,

1967-1978 жылдары Алексеевка

орта мектебінің директоры, 1979

жылдан зейнеткерлікке шыққанға

дейін Шадыра орта мектебінің

директоры болып қызмет етті.

Еселі еңбегі бағаланып, 1974

жылы Казақ ССР-нің халық

ағарту ісінің үздігі, 1984 жылы

көп жылдық ерен еңбегі үшін

КСРО Жоғарғы Кеңесінің және

Павлодар облыстық халық депутаттар

кеңесінің медалі, «Еңбек

ардагері» медалі, т.б. көптеген

марапаттарға ие болған.

Тілеужан Қарабайұлы – шыққан

биігіне адал еңбекпен

жеткен, мансап пен марапатқа

ұмтылмаған, ардан аттамаған

жан. Бар бақытым отбасым деп

ғұмыр кешіп отырған парасатты

адам. Зейнеткерлікке шыққаннан

кейін де өмірлік белсенділігін

жоғалтқан жоқ. Тілеужан аға –

көп жылдар бойы еңбек еткен

мектебінің қамқоршысы, Сәтбаев

ауылының үлкен-кішісіне ақылкеңесін

айтып, игі істің жанашыры

болып жүрген ақсақалдар

алқасының төрағасы, ауылдың

құрметті ақсақалы.

Әкесі Қарабай темір ұстасы

болса, анасы қолөнер шебері

еді. Ал Тілеужан аға шәкірттерге

білім берген ұстаздардың ұстасы.

Отанасы Мәпиза апай - ұлттық

қолөнер бұйымдарын тігетін ісмер

адам. Мәпиза апай Шадыра

орта мектебінің интернатында

тәрбиеші болып қызмет етті. Ол

кісінің кітапты көп оқитын жақсы

қасиетін оқушылар үлгі етуші еді.

Сөз соңында Тілеужан аға мен

Мәпиза апай сынды жастарға үлгі

болар тамаша жандардың өнегелі

ғұмыры ұзақ болсын демекпін!

Нескен МӘЛІКОВА,

«Қазақ ССР-іне

еңбегі сіңген» мұғалім,

Баянауыл ауданының

Құрметті азаматы,

Сәтбаев ауылы.

Сурет ғаламтордан алынды.


SARYARQA SAMALY МЕЗГІЛ 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл 11

БӘРЕКЕЛДІ!

Жүлдегер атанды

«Halyq radiosy»-ның бас редакторы Раушан

Сыбанжанова «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауында

«Үздік радиобағдарлама» номинациясында

жүлделі орынды иеленді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы

аясында «Тәуелсіз елдің тілі»

тақырыбында ұйымдастырылған

байқау он алтыншы рет өтті.

Республикалық деңгейде өткен

додаға «Үздік мақала», «Үздік сайт

мақаласы», «Үздік радиобағдарлама»,

«Үздік телебағдарлама» төрт номинациялары

бойынша 131 журналистен

300-ге жуық материал

келіп түскен екен.

«Үздік радиобағдарлама»

номинациясы бойынша 3-орынды

«Жамбыл» радиосының жүргізушісі

Құттықтаймыз!

Аяулы да қымбатты Роза

Қабдуқызы! Сізді мерейтойыңызбен

шын жүректен құттықтаймыз!

Әрдайым бізге

тілекші, қамқоршы, туыстардың

берекелі діңгегі бола

беріңіз! Денсаулығыңыз күйліқуатты,

ғұмырыңыз ұзағынан,

көрер қуанышыңыз молынан

болсын.

Жазылу

мерзімі

«Қазпошта» АҚ–

ның бөлімшесі

арқылы жазылу

Қазақстан Республикасы Білім

және ғылым министрлігінің Білім

және ғылым саласында сапасын

қамтамасыз ету комитеті Павлодар

облысының Білім саласында сапасын

қамтамасыз ету департаменті

мемлекеттік қызмет көрсетудің екі

түрін көрсетеді.

Білім туралы құжаттарға

(тұпнұсқалар) апостиль қою.

Апостиль тек білім туралы құжаттың

тұпнұсқаларында қойылады.

Өтініштерді қабылдау Халыққа

қызмет көрсету орталығы және

«Электронды үкімет» веб-порталы

арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету

мерзімі - 15 жұмыс күні.

Білім беру қызметімен

айналысуға лицензия және/немесе

оған қосымшаны беру.

Жетпіс жасыңыз құтты

болсын!

Тарылмасын тынысыңыз,

Таси берсін әрқашанда

ырысыңыз,

Немере келіндерінен сәлем

алып,

Шөберенің қолынан су

ішіңіз!

Бала-шаға қызығына

кенеліп,

Әлі талай асулардан

асыңыз.

Кеңпейіл, ашық-жарқын

мінезіңіз,

Кейінгі жас өренге болды

үлгі.

Туыстардың ортасында

Аман–есен жүріңіз!

«Alash Press» ЖШС–

нің бөлімшелері

арқылы жазылу

Тілек білдіруші:

Өмірзақовтар әулеті.

(1377)

Редакцияда

ресімделу және

алу мен жазылу

Индексі 67276 Павлодар қ. Павлодар қ.

қала

6 ай 3 501,90

теңге

12 ай 7 003,80

теңге

ауыл

3 514,80

теңге

7 029,60

теңге

Жұлдыз Бейсек алса, 2-орынды

«Halyq radiosy»-ның бас редакторы

Раушан Сыбанжанова лайық деп

танылды. Ал 1-орынды «Шалқар»

радиосының жетекші редакторы

Оңғар Құрал иеленді.

Байқау БАҚ-та жарияланған

мемлекеттік тілдің қызмет ету

аясын кеңейту және мәртебесін

нығайтып, сондай-ақ мемлекеттік

тілдің қазіргі ахуалын зерттеуге

бағытталды.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Құрметті оқырмандар!

«Naızatas» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналына 2022 жылға

жазылу жалғасуда!

3 495 теңге 3 237 теңге

6 990 теңге 6 474 теңге

Үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен «Naızatas» журналына кез келген пошта

бөлімшесінде пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қаласы Ак.Сәтбаев көшесі, 50

( тел. 87182 32-40-37) мекенжайында орналасқан Қазпошта ғимаратында, Ак.Марғұлан

к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел. 87182 61-63-18)

жазыла аласыз. Одан басқа, (баламалы) редакция арқылы жазылуды Астана

көшесі, 143-үй мекенжайында ресімдеп, журналды тікелей редакциядан алуға

болады. Тел. 8 (7182) 66-15-41.

Білім беру қызметіне лицензия

беру www.elicense.kz порталы арқылы

тек электронды нысанда жүзеге

асырылады.

Қызмет көрсету мерзімі:

Лицензия және (немесе) лицензияға

қосымшасын беру - 30 жұмыс

күні.

Лицензия және (немесе) лицензияға

қосымшасын қайта рәсімдеу -

3 жұмыс күні.

Мектепке дейінгі барлық ұйымдар

«Е-лизенциялау» порталы арқылы

мектепке дейінгі білім беру саласында

қызметті бастағандығы туралы

хабарламаны беруге міндетті.

Білім саласында

сапасын қамтамасыз ету

департаменті

(20231)

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапасын қамтамасыз ету

комитеті Павлодар облысы білім саласында сапасын қамтамасыз ету

департаменті қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік

қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік

әдеп қағидалары), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі

туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын

бұзу фактілері туралы хабарлау үшін Департаменттің 61-82-75,

61-82-66 сенім телефондары жұмысын жалғастыруда.

(20230)

Павлодарлық спортшы ару Сандуғаш Ақанова

парапауэрлифтингтен әлем чемпионатының

күміс жүлдегері атанды.

Күміс медаль

иеленді!

Сандуғаш Ақанова Торайғыров

университетінің психология мамандығы

бойынша білім алуда. Ол -

3-курс студенті. 2019 жылы

Нұр-Сұлтан қаласында өткен әлем

чемпионатының күміс жүлдесін

иеленді. Бұл бәсекеде 45 кг-ға

дейін салмақ дәрежесі бойынша

қатысқан еді.

Сондай-ақ, Атырау қаласында

ұйымдастырылған республикалық

спартакиада да қоржынды

2021 жылғы 1 қарашадағы

жағдай бойынша депозит нарығы.

Павлодар облысында екінші деңгейдегі

банктердегі депозиттердің өсуі жалғасуда.

2021 жылғы қазан айының соңында

депозиттер көлемі бір айда 2,7%-ға

ұлғайып, 533,8 млрд. теңгені құрады.

Заңды тұлғалардың депозиттері 6,3%-ға -

193,8 млрд. теңгеге дейін, жеке

тұлғалардың депозиттері – 0,8%-ға

340,0 млрд. теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің

көлемі бір айда 413,2 млрд. теңгеге

дейін 1,3%-ға, ал шетел валютасында

120,6 млрд. теңгеге дейін 7,8%-ға

ұлғайды. Долларландыру деңгейі

2021 жылғы қазан айының соңында

22,6%-ды құрады (2021 жылғы қыркүйек

айының соңында – 21,5%), бұл республика

бойынша (37,2%) қалыптасқан

деңгейге қарағанда 14,6%-ға төмен.

Заңды тұлғалардың ұлттық

валютадағы депозиттері 2021 жылғы

қазанда 1,1%-ға 148,3 млрд. теңгеге

дейін өсті, шетел валютасында 27,6%-ға

45,4 млрд. теңгеге дейін өсті (заңды

тұлғалар депозиттерінің 23,4%).

Жеке тұлғалардың теңгедегі

депозиттері 1,4%-ға 264,9 млрд.

теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында

1,4%-ға 75,1 млрд. теңгеге

дейін төмендеді (жеке тұлғалар

депозиттерінің 22,1%).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір

айда 2,7%-ға ұлғайып, 527,1 млрд.

теңгені құрады. Олардың құрылымында

ұлттық валютадағы салымдар 409,0

млрд. теңгені (немесе мерзімді

депозиттердің жалпы көлемінің 77,6%),

шетел валютасындағы салымдар –

118,1 млрд. теңгені (немесе мерзімді

депозиттердің жалпы көлемінің 22,4%)

құрады.

2021 жылғы қазанда заңды

тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді

депозиттері бойынша орташа алынған

сыйақы мөлшерлемесі 8,2% құрап,

бір айда 0,1%-ға шамалы өсті, жеке

тұлғалардың депозиттері бойынша 2021

жылғы қыркүйек деңгейінде қалыптасты

– 8,2%. Заңды тұлғалардың шетел

валютасындағы мерзімді депозиттері

бойынша орташа алынған сыйақы

мөлшерлемесі қыркүйек айындағы

0,5% деңгейінде қалыптасты, жеке

тұлғалардың депозиттері бойынша 2021

жылғы қыркүйек айындағы деңгейде

қалды – 0,9%.

2021 жылғы 1 қарашадағы

СПОРТ

қоламен толықтырды. Араға көп

уақыт салмай қазақстандықтарды

кезекті жеңісімен қуантуда.

Жерлесіміз Сандуғаш Ақанованы

Грузиядағы әлем чемпионатындағы

күміс жүлдесімен құттықтаймыз!

Қайсар қызымыздың шығар шыңы

мен алар асуы, жеңісті күндері

көп болсын деген тілек білдіреміз.

М.ТӨЛЕБАЙ.

Өңірдегі депозит және кредит нарығының

жағдайы

жағдай бойынша кредит нарығы.

Екінші деңгейдегі банктердің экономиканы

кредиттеуінің өсуі байқалады.

2021 жылғы қазан айының соңында

кредиттер көлемі бір айда 1,8%-ға

ұлғайып, 481,8 млрд.теңгені құрады.

Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі

150,6 млрд. теңгеге дейін 0,5%-ға

төмендеді, жеке тұлғаларға берілген

кредиттер 331,2 млрд. теңгеге дейін

2,9%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі

бір айда 1,9%-ға 451,8 млрд. теңгеге

дейін ұлғайды. Олардың құрылымында

жеке тұлғаларға берілген кредиттер

2,9%-ға 330,7 млрд. теңгеге дейін

ұлғайды, заңды тұлғаларға берілген

кредиттер 0,7%-ға 121,1 млрд. теңгеге

дейін азайды.

Шетел валютасындағы кредиттер

көлемі бір айда 0,2%-ға 29,9 млрд.

теңгеге дейін өсті. Олардың құрылымында

заңды тұлғаларға берілген кредиттер

29,5 млрд. теңгеге дейін 0,2%-ға өсті,

жеке тұлғаларға – 0,9%-ға 0,4 млрд.

теңгеге дейін төмендеді.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі

бір айда 2,2%-ға 428,6 млрд. теңгеге

дейін ұлғайды, ал қысқа мерзімді

кредиттер көлемі 1,1%-ға 53,2 млрд.

теңгеге дейін азайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін

кредиттеу 2021 жылғы қазанда 1,4%-ға

76,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды

(экономикаға кредиттердің жалпы

көлемінің 15,9%).

Салалар бөлігінде банктердің

экономикаға кредиттерінің неғұрлым

елеулі сомасы өнеркәсіп (берілген

кредиттердің жалпы көлеміндегі үлесі –

16,4%), сауда (9,1%), ауыл шаруашылығы

(2,1%) сияқты салаларға тиесілі.

2021 жылғы қазанда заңды

тұлғаларға ұлттық валютамен берілген

кредиттер бойынша орташа алынған

сыйақы мөлшерлемесі 11,3%-ды құрады

(2021 жылғы қыркүйекте – 11,2%),

жеке тұлғаларға – 15,4% (2021 жылғы

қыркүйекте – 15,5%). Заңды және

жеке тұлғаларға шетел валютасында

берілген кредиттер бойынша сыйақы

мөлшерлемелері тиісінше 4,5% және

0,3% құрады (2021 жылғы қыркүйекте

– 4,5% және 0,7%).

«Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі» РММ

Павлодар филиалы

(20226)

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондары арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-ның жазылу бөлімі: 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны:

32-35-35.

Павлодар қаласының әкімі және Павлодар қаласының жұртшылығы

қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Павлодар облысының және

Павлодар қаласының Құрметті азаматы Александр Васильевич

Рюмкинге жұбайы

Рюмкина Светлана Леонидовнаның

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары және аппараты

қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Павлодар облысының және

Павлодар қаласының Құрметті азаматы Александр Васильевич

Рюмкинге жұбайы

Рюмкина Светлана Леонидовнаның

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

(20228)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8233 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2119

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл ДУМАН

SARYARQA SAMALY

МӘДЕНИЕТ

Ән айтылып,

күй төгілген күн

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай аймағымызда

мерекелік шаралар ұйымдастырылды. «Шаңырақ»

облыстық халық шығармашылығы және мәденисауық

қызметі орталығы ұжымы концерт өткізді.

Сондай-ақ, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкадрама

театры Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа

саяхат» қойылымын көрерменге тегін ұсынды.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

«Елімнің тұңғыш Елбасы»

атты концерт барысында Тұңғыш

Президентіміздің сүйіп тыңдайтын

әндерінің бірі «Сәулем-ай» Серік

Рысбектің орындауында шырқалды.

Бұл халық әні «Шаңырақ

сазы» халықтық-фольклорлықэтнографиялық

ансамблінің сүйемелдеуімен

шырқалды. Оған қоса,

композитор Алтынбек Қоразбаевтың

«Үшқоңыр» әні көрермен

ықыласымен бірлесе орындалды.

«Шаңырақ» орталығы басшысының

міндетін атқарушы

Жарқынбек Амантай қала тұрғындары

мен қонақтарын мерекемен

құттықтап, «Ел тірегі –

Елбасы: тарих пен тағылым»

атты «Жасын» жобасының жеңімпаздарын

марапаттады. Аталмыш

зияткерлік сайыстың қорытындысы

бойынша 3-орынды №2

орта мектебінің 10-сынып оқушысы

Ділназ Тоқболатова, 2-орынды

№2 орта мектебінің 11-сынып

оқушысы Алмаз Сейітхазин, ал

1-орынды Қ.Бекқожин атындағы

орта мектептің 10-сынып оқушысы

Шынболат Орымбай иеленді.

Сонымен қатар, өңіріміздің

рухани ордасы Ж.Аймауытов атындағы

қазақ музыка-драма театры

Сақыпжамал СҮЙІНБАЙ,

медицина саласының ардагері, театрдың тұрақты көрермені:

- Мерекеге орай ұйымдастырылған тегін қойылымды

тамашаладық. Театр әртістерінің шығар биігі көп болсын.

Балғын шақтың естеліктерінен көрініс берген қойылымның

режиссері мен театр басшылығына алғысым зор. ҚР Тұңғыш

Президенті күнімен барша қазақ халқын құттықтай отыра,

індеттен аман-есен өтіп, бейбіт күнде қауышуды тілеймін.

Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек.

ұсынған «Балалық шаққа саяхат»

қойылымы жұртшылықты күлкімен

қатар мағыналы ойға батырды. Бір

уақытта көрермен көңілі босап жатқан

болса, енді бір мезетте балалық

шақтың тәтті сәттерін еске

түсірді.

- Ертіс-Баян өңірінің рухани

қара шаңырағы Ж.Аймауытов атындағы

Павлодар облыстық қазақ

музыка-драма театры Б.Соқпақбаевтың

«Балалық шаққа саяхат» қойылымын

мерекеге орай тегін ұйымдастырды.

Театрға келушілердің

арасында балалардың қызығушылығы

жоғары екендігіне қуаныштымыз, -

деді театрдың әдеби-драма бөлімінің

меңгерушісі Нұркен Тұрлыбек.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!