20.05.2022 Views

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

5 маусым - Республикалық референдум

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

21 мамыр, сенбі

2022 жыл

№54 (15822)

ssamaly29@gmail.com www.saryarka-samaly.kz facebook.com/saryarqasamaly @saryarqa_samaly

@saryarqa_samaly

Жол азабын

жүрген білер

ЕЛ ЖӘНЕ БИЛІК

Нақпа-нақ

Өңірдің Өңірде шағын сүт өндіру және

көлемін орта арттыру бизнес

саласында үшін

47,58

мың

тауарлы субъекті сүт бар

фермасы салынады

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН

Әділ қоғам

Бұдан былай «жайлы орын»,

лауазымды қызметті бөліске

салатындардың жолы кесілмек.

Ешбір қызметті заңсыз иеленуге

жол берілмейді.

Соңғы жылдары Аққулы ауданындағы жолдардың бір бөлігі жөнделіп,

жүргізушілер мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасалды. Алайда

мұнымен мәселе бітер емес. Аудан жұртшылығының басым бөлігі

әлі күнге дейін ой-шұңқырларды айналып өтудің амалын жасап

жүр. Тіпті, кейбір елді мекендердің арасын жалғайтын жол жоқ.

Бұдан әбден ығыр болған ағайын көп ұзамай жаңа жолдар салып,

жамау-жамау учаскелерді жөндеуді сұрап отыр.

Жазылу мерзімі

1 ай (аптасына

үш нөмір)

6 ай (аптасына

үш нөмір)

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі арқылы жазылу

8(7182) 32-40-37

Құрметті оқырмандар!

«Alash Press» ЖШС–нің

бөлімшелері арқылы

жазылу 8(7182) 61-63-18

Индексі 55444 Павлодар қ.

Индекс 15440

қала

ауыл

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Жалғасы 2-бетте

2022 жылға арналған қоғамдық-саяси, ақпараттық-жарнамалық

«Saryarqa samaly» газетіне жазылу жалғасуда!

Редакцияда ресімделу

және алумен жазылу

8(7182) 66-15-41

Павлодар қ.

1 153,99 теңге 1 207,01 теңге 1152,50 теңге 990 теңге

6 923,94 теңге 7 242,06 теңге 6 915 теңге 5 940 теңге

Бұрнағы күні елордада бизнес

өкілдерімен кездескен Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп

мәлімдеді. Кәсіпкерлерді мемлекет мүддесін

жоғары қоюға шақырды. Үкіметке

бизнес-қауымдастықпен бірлесіп, келер

жылға дейін салық саясатының ұзақ

мерзімді тұжырымдамасын дайындауды

тапсырды.

Президент бәріне бірдей әділ қызмет

ету үшін ашық экономика қалыптастыру

саясатын жалғастырады. Енді «жайлы

орын», лауазымды қызметті бөліске

салатындардың жолы кесілмек.

Жиында Мемлекет басшысы алдағы

республикалық референдумда әр

азаматтың дауысы маңызды екенін

тағы бір еске салды.

- 5 маусымда Республикалық референдум

өтеді. Ата заңымызға өзгерістер

енгізіледі. Екінші республика мемлекеттік

басқару үлгісіне көшеміз. Халқымыз

осындай бетбұрысты кезеңде ел болашағын

айқындауға тікелей атсалысатын

болады. Жауапты сәтте әр азаматымыздың

дауысы айрықша рөл атқарады.

Түптеп келгенде, келешегіміз экономиканың

мықты болуына байланысты.

Осы орайда кәсіпкерлеріміз мемлекет

мүддесін жоғары қоя білуі керек. Жалпы

жұмысты дұрыс жүргізу үшін мемлекеттік

органдардың есебі жеткіліксіз.

Елімізде және әлемде болып жатқан

оқиғалар туралы сіздердің пікірлеріңізді

білу аса маңызды, - деді Мемлекет

басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға

алаяқтармен күресті күшейтуді

тапсырды. Бастысы - бизнес пен мемлекет

мүддесінің арасындағы тепе-теңдікті

қатаң сақтау. Тағы бір өзекті мәселе –

мемлекеттік аудит жүйесі. Салық саясатында

тепе-теңдік жоқ. Үкімет бизнесқауымдастықпен

бірлесіп, салық саясатының

ұзақ мерзімді тұжырымдамасын

дайындамақ.

Өз тілшіміз.


2 21 мамыр, сенбі, 2022 жыл ӨҢІР

SARYARQA SAMALY

Басы 1-бетте

Жол азабын жүрген білер

Автобус қажет

Аймақ басшысы Әбілқайыр

Сқақов Аққулы ауданына сапары

барысында Шақа, Бесқарағай және

Малыбай ауылдарына барып,

елді мекендерідң жағдайымен

танысты. Шақа ауылдық округінің

тұрғындары жолды асфальттау

мәселесін шешуді сұрады. Олар

отыз жыл бойы қиыршық тас

жолмен республикалық магистральге

жетуге мәжбүр.

Облыс әкімі бұл мәселе

биыл шешілетінін айтты. Аймақ

билігі аудандық жолдың грейдер

учаскелерін асфальттауға қаражат

бөлді. Жалпы ауданда елу

шақырымнан асатын жолдарды

асфальттау бойынша екі ірі жоба

іске асырылады.

Ал Майқарағай және Шоқтал

ауылдарының жұртшылығы Шақа

ауылындағы мектепке балаларды

жеткізуге автобус қажеттігін,

сондай-ақ фельдшерлік-акушерлік

пункттің (ФАП) жоқтығын жеткізді.

ФАП мәселесін шешу үшін, ең

алдымен, оған қажетті ғимаратты

анықтап, оны сатып алу, жөндеу

және кадрлармен қамтамасыз ету

қажет. Облыс әкімінің айтуынша,

оған дейін Шақаға шалғай ауылдардың

мұқтаждықтары үшін сатып

алынған бес мобильді медициналық

кешеннің бірі жіберіледі. Ал мектеп

автобусы мәселесін шешуді аудан

басшылығына тапсырды.

Малыбай ауылында Әбілқайыр

Сқақов өткен жылы күрделі жөнделген

көше жолдарын зерделеді. «Ауыл -

ел бесігі» жобасы аясында мұнда

ауылдық клуб жөнделіп, төрт көше

асфальтталған.

Аққулы ауданында 18 мамырдан

шыбын-шіркейге қарсы өзендегі

өңдеу жұмыстары басталды.

- Шыбын-шіркей көп. Жұмыстың

нәтижесі көрінбейді. Сондықтан

өңдеуде кемшіліктер бар. Бұл

бағыттағы жұмысты күшейту қажет, -

деді Әбілқайыр Сқақов.

Болашақ

Головкиндер

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың

Аққулы ауданына жұмыс сапарының

екінші күні спортшылармен кездесуден

басталды. Алдымен аймақ

басшысы «Шабандоз» ат спорты

клубының жастарымен жүздесті.

Бүгінгі таңда Аққулы, Шарбақты,

Малыбай және Мерғалым ауылдарында

көкпар қарқынды дамып

келеді. Әкімдік пен шаруалар тарапынан

қолдау бар. Спортшылардың

ендігі тілегі – ауылдық жерлерде

қызмет ететін бапкерлерге штаттық

жұмыс орнының ашылуы.

Әбілқайыр Сқақов аудан

орталығындағы спорт мектебіне

барды. Мектеп басшысы Дулат

Әбетжановтың айтуынша, қазіргі

уақытта 758 бала спорттың тоғыз

түрімен тұрақты түрде шұғылданады.

- Ауылда спорттың дамығаны

жақсы-ақ. Бірақ тек аудан орталығы

емес, басқа елді мекен балалары

мен тұрғындарының секцияларға

баратын мүмкіндігі болуы керек.

Болашақ Головкиндер дәл осы

ауылдардан шығады. Осы бағыттағы

жұмысты жетілдіру керек, - деді

облыс әкімі.

Өсім бар,

дегенмен...

Әбілқайыр Сқақовтың жұмыс

сапары Аққулы ауданы тұрғындарымен

кездесумен жалғасты.

Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы

саласында ілгерілеушілік барын атап

өтті. Айталық, дәнді-дақылдар мен

бұршақ өнімдерінің түсімі соңғы

жылда үш есеге артып, 4,1 мың

тоннаға жетті. Сол сияқты ірі қара

басы 33,5 мыңнан 39 мыңға, жылқы

саны 14,5 мыңнан 17,3 мыңға дейін

көбейді. Әйтсе де, суармалы алқапқа

қатысты тек бір инвестициялық

жоба бар. Әбілқайыр Бақтыбайұлы

осы бағыттағы шараларды ширатуды

тапсырды.

Сонымен қатар, әлеуметтік

маңызы бар тауарлармен қамту

жұмыстары кемшін түсіп жатыр. Жыл

басынан бері аудандағы дүкендерге

тұрақтандыру қорынан барлығы 65

мың тонна өнім жеткізілді. Десе де,

жұмыртқа, пияз және нан көлемі

аздық етеді. Ал ұн, макарон өнімдері,

сүт, айран, құс еті сынды әлеуметтік

өнімдердің 8 түрі аудан көлемінде

мүлде өндірілмейді. Әбілқайыр

Бақтыбайұлы бұл мәселеге де

баса назар аударып, ауылдағы

ағайынды арзан өніммен қамтудың

тиімді жолдарын қарастыруды

тапсырды.

Тұрғындар көтерген 75 мәселенің

отызы инфрақұрылымға, 26-сы

әлеуметтік жағдайларға, қалғаны

жұмыспен қамту, бизнесті қолдауға

қатысты болды.

Аудан әкімі Абзал Балғабаев

көпшілік көтерген тоғыз түйткілдің

түйіні бірден тарқағанын атап өтті.

Тағы 22 мәселе жыл соңына дейін

оң шешімін тауып, қалғаны жеке

бақылауына алынды.

Ауыл арасында

жол жоқ

Аққулы ауданының азаматтарын

алаңдататын ең өткір мәселе жол

сапасы екені анық аңғарылды.

Шарбақты ауылдық округіне қарасты

Жабағылы ауылынан келген азамат

Арнай Белгібаев елді мекенге

апаратын жол жоқтығын айтты.

- Төсағаш пен Жабағылы арасындағы

28 шақырым жер жолдың

сапасы тіпті нашар. Көктем мен

күзде бұл аумақ ми батпаққа

айналады. Қыс кезінде бораннан

жол жабылады. Сөйтіп, тек жазғы

уақытта ары-бері қатынаймыз.

Қалған мезгілде басқа ауылмен,

аудан, облыс орталығымен байланыс

үзіледі. Байланыс демекші, біздің

ауылда ұялы телефонды қолдану

мүмкін емес. Жолда қалып қойсаң,

тамыр-танысқа қоңырау шалып,

көмек сұрай алмайсың. Кеңестік

кезеңнен бері әбден қордаланып

қалған осы екі мәселені шешіп

берсеңіздер екен, - деді Арнай

Белгібаев.

Аудан әкімі Абзал Балғабаевтың

айтуынша, екі елді мекен арасындағы

жолды бір уақытта салу мүмкін

емес. Сондықтан биыл әзірше

тек 10 шақырымға қара жол

салынады. Тиісті қаражат

бөлінсе, қалған бөлігінде келесі

жылы жол пайда болады. Ал

ауылдағы тұрғын саны 250

адамнан аз болғандықтан,

ұялы байланыс пен интернет

желісін тарту мәселесі қиындау

болып тұр. Аудан басшылығы

құзырлы министрлікке мұнара

орнату мүмкіндігін қарастыру

үшін хат жолдапты.

Қазы мен Қарақала

ауылдарының арасындағы

45 шақырым жолда да

ой-шұңқыр көп. Сол сияқты

Мерғалым мен Майқарағай

ауылдарын жалғайтын жол

жөндеуді қажет етеді. Тілектес

ауылының тұрғындары елді

мекенге кіреберіс 800 метр

жолды ретке келтіруді сұрады.

Бұл жұмыстар да келесі жылға

шегеріліп отыр. Ал Қазантай мен

Малыбай арасындағы 9 шақырым

жолға биыл күзге дейін

қиыршықтас төселетін болды.

Тағы бір мәселе - аудан орталығындағы

жалғыз жанар-жағармай

бекеті екі айға жөндеуге жабылды.

- Бұл бекет жақын маңда

орналасқан 6 ауылдық округ

тұрғындарын қамтамасыз ететін.

Енді бензин алатын орын жоқ.

Тіпті, жедел жәрдем көлігінің өзі

жанармайға жарымай отыр, - дейді

зейнеткер Төлеужан Смайылов.

Шарбақты ауылының тұрғындары

да жанар-жағармай бекеті керек

екенін айтады. Әсіресе, көктем-күз

кезінде тұрғындардың отынға

деген сұранысы жоғары. Аудан

басшысы Абзал Әбілхақұлының

сөзінше, жөндеуге жабылған бекет

1 маусымда қайта ашылады. Одан

бөлек, алдағы екі-үш ай дересінде

тағы екі жанармай сату орны

жұмысын бастайды.

Ал «Аққулы-Сервис» коммуналдық

мекемесінің басшысы Серік Қалемов

техниканың аздығын алға тартты.

- Ауданда таза ауызсумен қамту

мәселесі оң жолға қойылып келеді.

Жақында аудан орталығында құбыр

қалпына келтіріледі. Бірақ олар

істен шыққан тұста жер қазатын

техника таппай қиналамыз. Қатты

отынды жеткізуге тағы қыруар

қаржы төлеуге тура келеді. Осыны

ескере отырып, жер қазатын және

көмір тасымалдайтын техникалар

сатып алуға мүмкіндік жасауды

сұраймыз, - деді С.Қалемов.

Әбілқайыр Сқақов бұл мәселе

барлық ауданда өзекті болып

тұрғанын атап өтіп, коммуналдық

мекемелер әкімдік жанындағы

ұйым болуы керек екенін айтты.

Қазіргі уақытта жүйелі шешім табу

жолдары қарастырылуда.

Мектеп жағдайы

сын көтермейді

Аққулы аудандық мәслихатының

депутаты Раушан Байдүйсенова

аудан ғана емес, облыс шаруаларын

алаңдатып отырған

басты мәселе – субсидия

жайын сұрады. Айтуынша,

былтыр мал

азығының бір бөлігін

өтеу мақсатында мемлекет

тарапынан жыл

соңында демеуқаржы

төленді. Бірақ биыл

«Qoldau» порталында тек

сүт бағытындағы шаруашылықтарға

500 млн

теңге қарастырылып

отыр. Ал ет бағытындағы

ірі қараның жем-азығына

төленетін өтемақы көлемі

көрсетілмеген.

- Біз былтыр 30 жылда

алғаш рет өңірдегі 1200

шаруашылыққа 820

млн теңге көлемінде

субсидия бердік. Салыстырмалы

түрде қарар

болсақ, оған дейін жыл

сайын тек 20-30 кәсіпкер

оған қол жеткізіп келген

еді. Қазір бір ірі қара мал үшін

10 мың теңге, бір қойға 3 мың теңге

беріледі. Биыл да субсидия арқылы

қолдау жалғасады, - деді

облыс әкімі.

Жергілікті депутат көтерген

тағы бір өзекті жайт – орманды

өңдеу. Сол арқылы қарағай

орманының қақ ортасында тұрған

өңір тұрғындарын сапалы құрылыс

материалымен қамтуға мүмкіндік

туады. Тек ол үшін мемлекет тарапынан

рұқсат керек.

- Бұл бастамадан табиғатқа,

орманға зиян келмеуі керек. Рұқсат

беру, талап-ережелердің сақталуын

қамту Экология, геология және

табиғи ресурстар министрлігінің

құзіреттілігіне кіреді. Мен орталық

органға ұсынысыңызды жеткіземін,

- деп жауап берді Ә.Сқақов.

Аққулы ауданының тұрғындарын

әлеуметтік мәселелер де алаңдатады.

Қазантай ауылының тұрғыны

Тәңірберген Сыздықов ауылда

мәдениет үйі жоқтығына мән берді.

- Осыдан екі жыл бұрын ауыл

азаматтары өз бастамасымен

ғимараттың іргетасын қалай бастады.

Енді төбесін жабуға көмек

керек, - деді ауыл ақсақалы.

Шоқтал ауылындағы 6 бала

оқитын мектеп оқушы санының

аздығына байланысты жабылудың

алдында тұр. Шарбақты ауылындағы

балабақшаның төбесінен су ағады.

Майқарағай ауылының азаматтары

облыс әкімінің әлеуметтік

желідегі жеке парақшасына жөндеу

жұмыстарының сапасыз жүргізілгенін

жазып, шағымдарын айтты. Соның

негізінде аймақ басшысы Әбілқайыр

Сқақов жоспардан тыс Майқарағай

ауылына да барды.

- Мердігер жұмысының сапасы

сын көтермейді. Оқу жылы аяқталысымен

барлық кемшіліктерді

жоюды тапсырдым. Мектептің

сыртқы ауласында қалған қоқысты

жинауға да шамалары келмегені

ашу тудырды. Құрылыс қалдықтарын

жинау үшін облыс әкімінің тапсырмасы

қажет деп ойламаймын.

Мұндай мәселелер ауыл әкімдерінің

деңгейінде шешілуі тиіс, - деді

Ә.Сқақов.

Облыс әкімі Аққулы ауданына

сапарын түйіндей келе, бірқатар

нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, Әбілқайыр Сқақов

жұртшылықпен жүздесу соңында

Аққулы ауданының азаматтары

5 маусым күні Республикалық референдумда

белсенділік танытып, өз

таңдауларын жасайтынына сенім

білдірді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Суреттерді түсірген -

Валерий Бугаев.


SARYARQA SAMALY

саясат 21 мамыр, сенбі, 2022 жыл 3

Биыл ел тарихында үшінші рет жалпыхалықтық референдум өтпек. Бұған дейін 1995

жылдың сәуірінде Президенттің өкілеттілігін ұзарту, тамыз айында Конституцияны

қабылдау бойынша ұйымдастырылған еді. Сол кезеңде жұртшылық бұрын-соңды

болмаған саяси науқанға қалай қатысты? Жалпы, жаңашылдықты қалай қабылдады

және қандай мәселелерді талқылады? Ақсу қаласының Құрметті азаматы, мемлекеттік

қызмет саласының ардагері, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі

Қаршыға Шаяхметовпен бірге ел басынан өткен тарихи уақытқа шегініс жасадық...

Бүгінгі таңдау –

ертеңгі өмір

С

- Қаршыға аға, елімізде алғаш

рет референдум ұйымдастырылған

тұста Ақсу қаласына

қарасты Құркөл ауылының

әкімі болғаныңыз есімізде. Сол

уақытта жұртшылық жаңашылдық

туралы жаңалықты қалай

қабылдады?

- Несін жасырайық, 1990 жылдар

егемендікті енді ғана алған қазақ елі

үшін оңайға соққан жоқ. Тұрғындар айлар

бойы жалақы, зейнетақы, жәрдемақылар

алған жоқ. Балаларымыз жыртық киіммен,

тамаққа тоя алмай жүрген кездер де

болды. Сондай қиын-қыстау уақытта

«Қазақстан Республикасының болашағын

айқындайтын, елдегі басты құжат болатын

жаңа Ата Заңды қабылдауымыз қажет»

деген хабар жетті. Бұл жаңалықты

қараңғы түнектің ар жағындағы шырақ

іспетті қабылдадық. Ертеңге деген

сенім мен үміт оты оянды. Аумалытөкпелі

кезеңнен жарқын болашаққа

қадам басамыз деген ой жақсылыққа

жетеледі. Сөйтіп, құркөлдіктер бір кісідей

30 тамыз күні сайлау учаскесіне келді.

- Ол уақытта да Конституцияның

қандай бағыттарына айрықша

басымдық берілді?

- Жоғарыда атап өткенімдей, ол

тұста елді қаржылай қиындық жайлады.

Кейбір адамдар ішерге тамақ, киерге

киім, істерге жұмыс таппады. Абдырап

қалдық. Қысқасы, экономика құлдырады.

Оның салдары барша халыққа өте ауыр

тиді. Сондықтан Ата Заңды дайындаудағы

негізгі бағыт экономиканы тіктеп,

индустриялық-инновациялық салаға

бет бұру болды. Қарнымыз тоқ болған

кезде ғана уайым-қайғымыз жоқ боларына

көзіміз жетті. Сол кезде кеңшар,

ұжымшарға ортақ болған жекенің мүлкі

қайтарылып, жекешелендіру жобалары

іске аса бастады. Бұл жұмыс алғаш

болып Құркөл ауылында қолға алынды.

Осылайша, елдің еңсесін тіктеу үшін

Конституцияда экономикалық мәселелер

қамтылды. Әрине, саяси жүйелерге

де өзгеріс енгізілді. Бірақ «Алдымен

экономика, содан соң саясат» деген

тұжырымдама бәрінен биік тұрды.

- Саясат демекші, биылғы

өзгерістердің дені саяси реформалар

енгізуді көздейді. Бұған

қатысты не ойлайсыз?

- 30 жылға жуық уақыт аралығында

мемлекеттің әл-ауқаты, әлеуметтікэкономикалық

жағдайы – барлығы

өзгерді. Сондықтан Ата Заңға да

өзгерістер енгізетін кез келді. 1995

жылы экономикамызға басымдық беріп,

соның негізінде елде көптеген зауытфабрикалар

ашып, жағдайымызды

айтарлықтай жақсартып алдық. Ендігі

ретте саяси жаңашылдықтарға мойын

бұру керек. Бұл – қоғам мен заманның

талабы. Меніңше, бастамалар орынды.

Олардың ішінен ауыл, аудан, облыс

әкімдерін сайлау мәселелерін бөлежара

атап өтер едім. Шыны керек,

бұрындары бізді жоғары тұрған басшы

әкім ретінде тағайындаған тұста

тұрғындар тарапынан «Біз сені сайлаған

жоқпыз. Сен – әкімдіктің адамысың»

деген сөздер ара-тұра айтылатын.

Ал енді жергілікті жердегі басшыларды

халықтың өзі таңдайды. Жаңа

Қазақстанды құрудың негізгі іргетасы

осы деп білемін. Былайша айтқанда,

билік халықтың қолына беріліп отыр.

- Алғашқы референдум кезінде

қазақстандықтар белсенділік

танытып, 90 пайызы ұсынылған

өзгерістерді құптады. Биыл да

Ата Заңның үштен бірі өзгеріске

ұшырайды. Осы орайда белсенді

дауыс беруге қатысу туралы не

айтасыз?

- 1995 жылы ақшадан әбден қысылып,

қиналған жұрт ертеңгі күнге деген сеніммен

референдумға жаппай қатысты. Сол

тұста жұртшылық бұған немқұрайлы

қарап, дауыс беруге бармаса, жоғары

жетістіктерге жетер ме едік? Әй, қайдам.

Халықтың дұрыс таңдау жасауының әрі

Ата Заңның толықтырылуының нәтижесінде

өстік, өркендедік, өрісіміз кеңейді. Енді

дамудың келесі кезеңіне аяқ басатын кез

келді. Заман ағымына қарай бейімделіп,

жүйелерді жетілдіретін уақыт бұл.

Осыдан 27 жыл бұрын қазақстандықтар

дамыған мемлекеттің іргетасын қалай

қаласа, бүгінгі буын дәл солай Жаңа

Қазақстанды құруға нық қадам басуы

тиіс деп ойлаймын. Ол үшін бірнеше

минуттық, сағаттық уақытын қиып,

учаскеге барып, дауыс беруі керек.

Иә, кеңестік кезеңнен сайлауға қатысуға

әбден «еті үйреніп» алған қарттар,

олардың ізін басып келе жатқан аға

буын биыл да референдумнан қалыс

қалмайды. Оған күмәнім жоқ. Десе де,

Жаңа Қазақстанның ертеңі – жастар.

5 маусым күні дәл осы жастар қауымының

өзгерістер мен толықтыруларды құптауы

не құптамауы аса маңызды. Сондықтан

мәні зор шарадан шет қалмаңдар,

шырақтарым, дегім келеді. Бүгінгі референдум

– сендердің ертеңгі өмірлерің!

- Әңгімеңізге көп рақмет!

Сұхбаттасқан –

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Республикалық референдумның

мән-маңызын түсіндіру бойынша

осыдан екі апта бұрын облысымызда

құрылған азаматтық штаб мүшелері

аудан-қаладағы жұртшылықпен

жүздесіп, Ата Заңға енгізілуі

жоспарланған басты өзгерістердің

мән-маңызын түсіндірді.

Дауыс беру –

маңызды

Азаматтық штаб төрағасы Серік Сәдуақасов кеше

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг

барысында екі апта дересінде 200-ден астам кездесу

ұйымдастырылғанын айтты. Түрлі сала өкілдерінің,

еңбек ұжымдарының қатысуымен өткен шаралар барысында

көптеген сауалдар қойылып, ұсыныс-пікірлер

айтылды. Бұл кездесулерге барлығы 50 мыңнан астам

адам қатысты.

- Өкінішке қарай, кейбір жергілікті атқарушы

органдар тарапынан бұқарамен байланыстың кемшін

қалып жатқанын байқадық. Басқасын былай қойғанда,

республикалық референдумның не үшін өткізілетінін,

оның қашан болатынын білмейтін тұрғындар кездесті.

Азаматтық штаб өкілдері кездесулер барысында Ата

Заңның үштен бір бөлігіне өзгертулер мен толықтырулар

енгізілуі жоспарланғанын егжей-тегжейлі түсіндіріп,

әр баптың басым тұсына тоқталды. Бір қуантарлығы,

«Мен референдумға келмеймін» деген адам болған

жоқ. Әрқайсысы таңдау жасаудың маңыздылығын

терең ұғынды деген ойдамын, - дейді С.Сәдуақасов.

Азаматтың штаб алғаш құрылған уақытта оның

құрамында 37 адам болса, бүгінде 100-ден асып

жығылады. Үгіт-насихат жұмыстарына аудан-қалалардағы

ардагерлер, қоғамдық бірлестік өкілдері, жастар

да қосылды.

Брифинг спикерлерінің сөзінше, әсіресе тұрғындар

пайдалы қазбалар халыққа тиесілі болады, өлім жазасына

тыйым салынады деген өзгерістерге ерекше

назар аударды.

- «Жер қойнауы, өсімдік, жануарлар, су, басқа да

қазбалар халықтың меншігі болып саналған соң, олар

бізге қалай беріледі?» деген сипаттағы сауалдар туындап

жатты. Әзірше оның қалай боларын ешкім білмейді.

Себебі бұл өзгеріс қабылданса, соған негізделе отырып

заңдар мен заңнамалар қабылдануы тиіс. Бұл ретте

бастысы – қазіргі Конституцияда жер мемлекеттің

меншігі деп жазылса, енді халықтың иелігінде деп

көрсетіледі, - дейді «Қағандық» қоғамдық бірлестігінің

төрағасы Еркеғали Жанғазы.

Саясаттанушы Серік Ілиясовтың айтуынша, өлім

жазасын алып тастауға қарсы тұрғындар бар. Олар

ауыр қылмыс жасауға барғандардың өмірін қию қажет

деп санайтын көрінеді.

- Меніңше, құқық қорғау органдарының, прокуратураның

және сот төрелігінің әділдігіне 100 пайыз көз жеткізген

кезде ғана өлім жазасын қолдануға болады. Ал көкейде

күдік бар кезде мұндай қадамға баруға болмайды.

Себебі бұл – адам өмірі, - дейді саясаттанушы.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Тұтас өңірді

қамтымақ

«AMANAT» партиясы референдумды

қолдау жөніндегі

ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

мен іс-шараларды ұйымдастыру

үшін республикалық және

17 өңірлік штаб құрды.

Облыс бойынша 14 штаб құрылды. Облыстық штабтың

жетекшісі болып партияның облыстық филиалының

атқарушы хатшысы Илья Теренченко бекітілді. Штабтың

құрамында 377 мүше бар. Саяси ұйым маңызды

шараға белсене араласып, халық арасында түсіндіру

жұмыстарын жүргізіп жатыр. Конституцияға өзгерістер

енгізу мәселелері бойынша осы күнге дейін 6 мыңға

жуық адамды қамтитын 152 іс-шара өткізілді.

12-20 мамыр аралығында облысымызға жұмыс сапарымен

келген Республикалық штабтың мүшелері Айгүл

Нұркина, Анатолий Бойчин, Вера Ким тұрғындарға

референдумның маңыздылығын түсіндірді.

- Президент ұсынған референдум өткізу бастамасы

азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту

және саяси процестерді терең демократияландыру

туралы көпжылдық сұранысынан туындады. Оларды

тиімді іске асыру үшін Конституцияға өзгерістер мен

толықтырулар енгізу қажет болды, - дейді Айгүл Нұркина.

Партия штабтары 3 маусымға дейін облысымыздың

барлық аудандары мен қалаларына барып, ақпараттықтүсіндіру

жұмыстарын одан әрі күшейтпек. Жаңа

Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың

негізгі азаматтық борышымыз!

Өз тілшіміз.


4 21 мамыр, сенбі, 2022 жыл МЕРЕЙ

SARYARQA SAMALY

БҮГІН - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

Жүректерге жол тапқан

Кітапханашылар - білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына

өлшеусіз үлес қосып, елімізді өркендету жолында еңбек етіп келе

жатқан мамандық иелерінің бірі. Өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған,

оқырмандарға қажетті ақпараттарды тиімді бере алатын, парасатты

кітапханашылардың орны ерекше.

С.Торайғыров атындағы

облыстық әмбебап ғылыми

кітапхананың майталман

мамандарының бірегейі - өз

ісінің шебері, білімді, парасатты,

ой-өрісі кең кітапханашы

Сәуле Жанкаринова. Ол отыз

екі жыл кітапхана саласында

еңбек етуде.

1986 жылы Жаяу Мұса

атындағы Ақсу қаласы

мәдени-ағарту училищесінің

кітапхана бөлімін, 1990 жылы

әл-Фараби атындағы Шымкент

педагогикалық мәдениет институтының

кітапхана факультетін

бітірді. Еңбек жолын облыстық

кітапханада ғылыми-әдістемелік

бөлімінде әдіскер болып

бастады.

Облыс кітапханаларына

әдістемелік-тәжірибелік көмек

көрсетті, әдістемелік ұсыныстар

дайындады. Кітапханада абонемент

бөлімінің, құжаттарды

өңдеу мен жинақтау және

каталогтарды ұйымдастыру

бөлімінің басшысы болды.

Қазіргі таңда оқу залдары

бөлімін басқарып, кітапхана

ісінің дамуына өзінің қомақты

үлесін қосып келеді.

Сәуле Асылбекқызы -

оқырмандардың жүрегіне

жол таба білген, тәжірибесі

мол, еңбекқор кітапханашы.

Кітапхана қорын өте жақсы

біледі, оқырмандарға ақпарат

Майя Әбдірахманқызы

1977 жылы Әл-Фараби атындағы

педагогикалық мәдениет

институтының (қазіргі Әл-Фараби

атындағы Қазақ Ұлттық университеті)

кітапханалық факультетін

тәмамдап, көп жылдан

бері С.Торайғыров атындағы

облыстық әмбебап ғылыми

кітапхананың басшысы болып

қызмет атқарып, абыроймен

зейнетке шықты.

Елің сені елесе -

Еңбегінің жанғаны, – дегендей,

елі елеп, ұзақ жылдардағы

еңбегі бағаланып, 2016 жылы

«Кітапхана ісінің ардагері»

төсбелгісімен марапатталды.

Майя Жиенбаева - қызығы

мен қиындығы мол кітапхана

саласында 40 жыл табан

аудармастан еңбек еткен

білікті басшы. Өзі басқарған

мекеменің қызметкерлеріне

беру, іздестіру жолдарын

ұтымды пайдаланады. Тұрғындарды

сауаттылыққа, адамгершілікке,

мәдениеттілікке

тәрбиелеуге атсалысып, өңіріміздегі

ақындармен, жазушылармен,

өнер адамдарымен

кездесу кештерін, конференциялар,

дөңгелек үстелдер

ұйымдастырып, қазақ, орыс,

әлем әдебиеттері классиктерінің

шығармаларын ұрпақ санасына

сіңіру жолында зор еңбек

етуде.

Қаладағы әртүрлі ұлттықмәдени

орталықтармен, ұйымдармен,

оқу орындарымен,

мектептермен тығыз байланыс

жасайды. Кітап көрмелерін

ұйымдастырып, атаулы күндерге

орай, танымдық тақырыптарда

кештер өткізіп, оқырмандарға

кең мағлұмат беріп отырады.

Кітапханадағы «Жанашыр» жобасын

іске асыруға белсенді

қатысып, облыстық «Оптимист»

мүгедектер қоғамымен, «Самал»

оңалту орталығымен, қарттар

үйімен және өзге де ауқымды

жұмыс жасап келеді.

Ол бағдарламалар мен тың

жобаларды жүзеге асыруда,

түрлі мәдени іс-шараларды

жоғары деңгейде өткізеді.

Шығармашылық ізденісте

жүреді. Оның бастамасымен

туған өлке тарихы мен

мәдениетін ауқымды насихаттау

және зерделеу негізінде

жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге

көмектесу, оқырмандардың

шығармашылық

мүмкіндіктерін дамытуға ықпал

етуде. «Истоки» әдеби–поэтикалық

клубы, дебаттық турнир,

мүмкіндігі шектеулі жандар үшін

«Ақ таяқ» күнін ұйымдастырды.

Қорды толықтыру бөлімінде

еңбек еткен жылдары

оқырмандардың сұраныстарын

ескере отырып, жаңа

әдебиеттерге тапсырысты

рәсімдеп, мерзімді басылымдарға

жазылу бойынша үлкен

жұмыс жүргізді. Баспалармен,

кітап дүкендерімен байланыс

орнатып, көптеген жобаларды

іске асыруға атсалысты. Атап

айтар болсақ, «Қорды бірге

толықтырайық», «New Best

Books» - оқырман олжасы!»

жобалары, «Кітапханаға кітап

сыйла» акциясы бар.

Сәуле Асылбекқызы кәсіби

қызметімен қатар, қоғамдық

іс-шараларда белсенді. Жас

мамандардың кәсіби білімдерін

жетілдіру мақсатында тағылымды

тәжірибесі және өнегелі

істерімен бөліседі. Облыстық

семинарларға қатысып, қалалық,

аудандық, ауылдық және

мектеп кітапханаларының кітапханашыларына

кеңес беріп,

мол тәжірибесімен алмасады.

Жаңалық жаршысы ретінде

жаңа түскен әдебиеттермен,

Кітапханашы ғұмыры

Ақылға азық, санаға сәуле құятын мамандық иесі – кітапханашы. Бұл

саланы дамытуға сүбелі үлес қосып, ұлы істің игі жолында аянбай

тер төгіп жүрген жайсаң жандар аз емес. Солардың бірі де бірегейі -

кітапхана саласының ардагері, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, білікті

маман Майя Жиенбаева.

жоғары талап қойып, терең

ой тастай білген өз ісінің

хас шебері.

Кітапхана мамандығына

жан-тәнімен беріліп қызмет

атқарып, әрдайым оқырман

мен руханият арасын жалғап,

ұлттық құндылықты насихаттап,

өз кәсібінің кыры мен сырын

шебер меңгерген жан. Жалпы

мерзімді басылымдармен

уақытылы танысып, оқырмандарға

жеткізуге тырысады,

әдеби кітапты көп оқиды.

Кітапханашының көп жылғы

еңбегі еленіп, «Қазақстан

Тәуелсіздіне 30 жыл» медалімен,

«Мәдениет саласының

үздігі», «Кітапхана ісінің үздігі»

төсбелгілерімен және облыс

әкімі, мәдениет басқармасының,

кәсіподақ комитетінің Алғыс

хаттарымен және Құрмет грамоталарымен

марапатталды.

Әріптестерімді 21 мамыр –

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің

кәсіби мерекесімен

шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңыздың ел

руханияты жолындағы қызметтеріңізге

шығармашылық

табыстар тілеймін!

Жазгүл ҚАЖЫБАЕВА,

С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапхананың

бөлім басшысы.

кітапханашы мамандығы туралы

бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін

емес. Оның көпшілік біле

бермейтін, сыры көп. Бұл

тек бір үзік сыр ғана.

Салтанат

ЖАНҒАЗИНОВА,

С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапхананың

өлкетану библиографиясы

және цифрлық

технологиялар

бөлімінің қызметкері.

Мәдениет – адам баласын тұлға

ретінде қалыптастыратын

құрал, өмірдің айнасы, өнердің

нағыз қоймасы. Ал бұл саланың

қоймасын қайнатып, өнерпаздың

бабын келістіріп, жұртшылыққа

әсемдік пен әдемілікті, саф

алтындай өнерді жарқыратып

ұсынуда қызметкерлердің

рөлі орасан зор. Әсіресе, сахна

сыртындағы мамандардың

еңбегі ерекше.

Өнер

қоймасының

Маржаны

Сахна қашанда сұлулық пен жиналықты

талап етеді. Осы тұста өзге қызметкерлерден

ерте келіп, кеш қайтатын, ең бастысы олардың

образға сәйкес киімдерін қамтамасыз ететін

маманды атап айтсақ болады. Сондай жанның

бірі - Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясында

10 жылдан астам еңбек етіп келе

жатқан Маржан Докуова. Оның айтуынша, кез

келген өнер иесіне сыртқы киімнен бастап түрлі

аксессуарларға дейін беріледі.

- Сахна киімдеріне жауапты маман болғандықтан,

мерекелік немесе өзге де шаралар басталмастан

бұрын, яғни толық киім жиынтықтарының

бар-жоғын тексереміз. Киім-кешектерді үтіктеп

болған соң, өнер ұжымы немесе қызметкердің

бөлмесіне апарамын. Ал концерттер мен тағы да

басқа жобалар аяқталғаннан кейін сахна киімдерін

орнына қоямыз. Мысалы, бір күнде бірнеше

концерттер өткізуге, шалғай ауылдарға барып

өнер көрсетуге тура келеді. Сондықтан, алдын

ала қатысатын ұжымдар мен жеке әншілер тізімін

алып, сахналық образдарды ертерек әзірлеп

қоямын, - дейді Маржан Қайруллақызы.

Сонымен қатар, ол облыстық филармония

базасында 9 ұжымның не киетінін бірден есте

сақтау мүмкін емес екенін айтты.

- Сахна киімдеріне деген көзқарас маманның

жауапкершілігін арттырады. Себебі, «костюмер»

үшін арнайы білім алу керек емес. Дегенмен,

үлкен әрі кең көлемдегі шараларда жұмыс істеуге

терең білім қажет. Сәйкесінше, міндеттері де

бар. Мысалы, суретші таңдаған сахналық киімді

сақтау, іріктеу және алу, қажеттілік туындаған

жағдайда шұғыл көмекті жүзеге асыру, шарадан

соң міндетті түрде киімдерді орау, жоғары деңгейде

сақталуын қамтамасыз ету мен кезекшілікті де

естен шығармауға тиіс. Әрине, дәл осы кезеңде

мекемедегі гардеробты бес саусақтай білуі шарт, -

деді М.Докуова.

- Тұңғыш рет филармония әншілерімен бірге

Алматы қаласына бардық. Әрине, құндыз жағалы

бас киімдер үшін өте қатты алаңдадым. Бүкіл бір

топтың киімдеріне жауапты маман болғандықтан,

барынша мұқияттылық таныттым. Өнер ордасындағы

түсірілімдеріміз жоғары деңгейде өтті.

Өмірлік тәжірибе болды. Филармонияға дейін

театрда қызмет жасаған едім. Десе де, әрдайым

кәсіби жетілуге мән беру керек. Жұмысыма деген

сүйіспеншілік - кез келген ауыртпалықты еңсеріп

өтуге үлкен көмек. Еңбектің наны қашанда тәтті

ғой, - дейді ол.

Бұл өнерпаздар мен ұжымдардың сахналық

киімдеріне жауапты қызметтің арқалаған жүгі бар.

Мұнда жұмыс істеу үшін қырағылық, ұқыптылық

және білім де керек. Дәл осы жолда еңбек етіп

жүрген Маржан Қайруллақызына сәттілік тілейміз.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


SARYARQA SAMALY

21 мамыр, сенбі, 2022 жыл

5

Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша

ФОТОБАЙҚАУ!

«Патриот балақай!»

Облыстық «Saryarqa samaly» газетінің «Айналайын» қосымшасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы және

«Балалар жылына» орай «Патриот балақай» фотобәйгесін жариялайды

Байқау ережесі төмендегідей:

- Ата-аналар 1-13 жас аралығындағы баласының

сәтті шыққан тек бір ғана (бірнеше сурет қабылданбайды)

суретін жолдайды;

- Бүлдіршіндер Тумен не болмаса Елтаңбамен фотоға

түсуі керек;

- Сурет сапалы болуы міндетті (сапасыз суреттер

қабылданбайды);

- Суретпен бірге баланың аты-жөнін, жасын, мекенжайын

көрсету қажет;

- Байқауға материалдар 25 мамырға дейін қабылданады;

- Сурет ssamaly29@qmail.com электронды поштасына

немесе 87473737784 ватсап нөміріне «байқауға» деп

жіберілуі керек.

- Ең бастысы балапандарыңыздың суреті газетпен

қоса «saryarqa_samaly» instagram парақшасында да

жарияланады. Газеттің іnstagram парақшасына тіркеліп,

жарияланған суреттің сілтемесін әлеуметтік

желілер арқылы таратуға болады. Себебі, фотосурет

астындағы жазба мен қаралым саны байқау қорытындысына

әсер ететінін естеріңізге саламыз.

Байқау қорытындысы 1 маусым – Балалар күні қарсаңында

жарияланады. Жеңімпаздарды қазылар алқасы

ақылдаса отырып анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орындар

бойынша Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталады.

Редакция.

ХАТҚОРЖЫН

Мен оқыған кітаптар

Анам маған арнап әр түрлі

кітаптар сатып алды. Бос уақытта

мен оларды оқимын. Әсіресе

ертегі оқығанды ұнатамын. Ертегі

болса да, кейде оқиғалар өмірден

алынған сияқты.

Мысалы, «Түлкі мен бөдене» ертегісі адамға

достықты бағалауды үйретеді. Дос табу оңай,

ал оны сақтау қиын.

Адам жиі кітап оқитын болса, ішкі жан

дүниесі бай болып, сөздік қоры молая

түседі. «Наданмен дос болғанша, кітаппен

дос бол» дегендей, адам кітапқа жақын

болуы керек деп ойлаймын. Кітапты бір

рет оқысаң, кейіннен кітап оқуға құлшыныс

та көбейеді. «Күш – білімде, білім - кітапта»

деген мақал осыны дәлелдейді.

Аида МЕЙРАМ,

№19 орта мектебінің 3 «Ә»-сынып

оқушысы.

Менің есімім - Айя. Алты жасымнан көркем гимнастика

үйірмесіне барып жүрмін. Былтыр Алматы қаласындағы

«Мадина» көркем гимнастика мектебі өткізген

«Жаса, Отаным» атты көркем гимнастикадан ашық

чемпионатына қатыстым.

Менің арманым...

Осы жарыста бірінші орынға ие

болдым. Чемпионатқа Қарағанды,

Семей, Петропавл, Павлодар,

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан

және Өзбекстан елінен көптеген

өнерлі гимнастар келді. Туған

жеріме келгенде қуанышымда шек

болмады. Өйткені, мені мектебім

қызыл кілем төсеп қарсы алды.

Биыл наурыз айында Павлодар

қаласында «Көктем қарлығаштары»

атты көркем гимнастикадан

ашық жарыстан «А» санатында

үшінші орынды иелендім.

Гимнаст болу оңай емес. Ол

үшін көп жаттығу, шыдамдылық пен

төзімділік керек. Себебі, өзіңдіөзің

күнде дайындамасаң, үлкен

жетістіктерге жете алмайсың.

Менің болашақтағы арманым -

атақты гимнаст болу. Осы өнерге

баулыған жетекшіме және өз анама

алғысым шексіз.

Айя ИСКУЖАНОВА,

Дарынды балаларға арналған

Абай атындағы гимназияның

2 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Көктемнің алғашқы

мерекесі

Көктем басталғанда мен көп ойлана бастадым. Өйткені көктемнің

алғашқы мерекесі – 8 наурыз, ал 8 наурыз күні - ол құрметті,

қадірлі аналардың, сұлу қыздардың мерекесі.

«Мұғалімге, анама, сыныптағы

қыздарға не сыйлаймын» деп жиі

ойландым. Ақпан айында еңбек

сабағында біз аналарымызға

арнап екі сыйлық жасадық. Өз

қолыммен жасалған сыйлықтарымды

анама сыйладым. Оны

көріп анам мені құшақтап, қуанып

риза болды.

Ал сыныптағы қыздарымызға

денсаулық, бақыт, оқуда табыс,

жақсылық тілеп, әдемі жауқазын

гүлін және ағаштан жасалған

арнайы аты жазылған қаламсап

сыйладық. Мұғалімімізге көңілкүй

сыйлау үшін ән шырқадық.

Ұстазымыз қатты қуанды.

Сөйтіп, көктемнің алғашқы мерекесін

қуанышты түрде өткіздім.

Қайсар ӘЛІМБАЙ,

№2 орта мектептің

3 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.


6 21 мамыр, сенбі, 2022 жыл

SARYARQA SAMALY

МЕКТЕПТЕГІ ТӘЖІРИБЕ

Асбұршақ

қандай өсімдік?

Біздің гимназияда

PBL-жоба

негізінде биология

пәнін, оның ішінде

«Тұқымқуалаушылық

пен

өзгергіштік

заңдылықтары»

бөлімінде қолданылады.

Біздің

сынып бірнеше

топтарға бөлініп,

асбұршақты зерттеуге

кірісті.

Осы жобамен толығырақ

танысайық. Project Based Learning

(PBL) дегеніміз не? PBL – білім

беруді дамыту және бағалау

негізіндегі жоба. PBL жобалау

арқылы білім беруді іске асырады.

Яғни жобалау арқылы білім бере

отырып, біздің алған білімдерімізді

өмірде пайдалана білуге жол ашады.

Бұл оқыту тәсілі бұрыннан оқу

үрдісіне «тәжірибе негізінде оқыту»

деген атаумен енген болатын.

Ал қазіргі жаңашыл түрі «PBL

жоба арқылы білім беру» болып

табылады.

Алдымен пән мұғалімі Гүлмира

Байбекова жобаның тақырыбы

мен мақсатын таныстырды

және орындалатын бағыттарды

түсіндірді. Зерттеу обьектісі ретінде

асбұршақты алдық. Алғашында

генетика ғылымының даму

тарихын зерттеп, будандастырудың

түрлерін ажырата білдік. Кейіннен

Г.Мендельдің заңдарымен таныстық.

Генетикалық есептердің шарты

бойынша 1 және 2-нші ұрпақтарда

қандай өзгеріс болатынын білдік.

Тұқымды қалай егіп, күтіп-баптау

керектігіне дейін зерттеп, үйреніп,

оқып алдық.

Ребус

Жоба сыныпқа қызықты болғандықтан

тәжірибемізді тезірек бастап

кеттік. Зерттеуге асбұршақты алдық.

Себебі бірнеше белгілері арқылы

тұқым қуалайтын өзгерістерді

бақылауға болады. Асбұршақтың

тұқымдарының түсі сары және

жасыл, пішіні тегіс және бұдыр,

гүлдерінің орналасуы қолтығында

және төбесінде, ал реңі қызыл

және ақ, сабақтары биік және

аласа болып келеді. Жемістерінің

пішіні - қарапайым және бунақты,

түсі сары және жасыл. Өсіруге

қолайлы, гүліндегі жыныс мүшелері

күлте жапырақшаларымен толық

қалқаланып тұратындықтан, өсімдік

өздігінен тозаңданатыны ыңғайлы.

Сондықтан, әр сорт өзінше таза

дамып жетілетіндіктен, белгілері

ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз беріледі.

Бұл өсімдікті қолдан тозаңдандыру

арқылы өсімтал будандар

алуға мүмкіндік береді.

Сыныпта 14 оқушы асбұршақты

екті. Қалған балалар өзге жобамен

айналысады. Наурыздың алғашқы

күні әр бала өз қолымен сары

тұқымды топыраққа екті және

күні бүгінге дейін суарып, баптап

келеді. Тұқымды егіп, оның өсу

қарқынын толығырақ зерттеу

үшін түссіз құмыраға орналастырылды.

Мұнда өсімдік тамырының

морфологиясы жақсы көрінеді.

Өскін тамыр жайғанды келе,

кеңірек ыдысқа немесе жерге

егуді жоспарладық. Әр күн сайын

кезекші бала күнделік жүргізіп, бұл

жерде өскін бойының ұзындығы,

жапырағының саны мен өлшемін

жазып отырады.

Асбұршақтың гүлі шыққан кезде

тозаңдану әдісін қолданып, екінші

ұрпақты алуға кірісеміз. Қазір

зерттеуге алынған өсімдік 18 см

болып өсті, 27 жапырағы бар.

Жапырақтары ашық жасыл түсті

және жұқа екенін бақылап, балалар

визуалды түрде білімдерін бекітеді.

Қаланың балалары көкөністер

мен жеміс-жидектердің қалай

өсетінін кейбірі білмей жатады.

Сондықтан бұл жоба маған өте

құнды. Осындай жобалар басқа

пәндерге енгізілсе, функционалдық

сауаттылық тезірек артатын сияқты.

Қорыта келе, белгілі тақырыпқа

арналған зерттеу жобасы

оқушылардың бойында тығырықтан

шығу жолын, оның мүмкіндіктерін

қарастыруда ізденуін қалыптастырады.

Шығармашылыққа баулиды.

Тез шешім қабылдауға дағдыландырады.

Жауапкершілікке үйретеді.

Сабырлық пен өзгерістерді

бақылауға үйретеді. Болашақта

бұршақ тұқымды өсімдіктерді

өсірумен айналысатын мамандар

шығатынына сенімдімін.

Алина КАБИМУЛЛА,

дарынды балаларға арналған

Абай атындағы гимназияның

9 «Ә»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Аңдардың суретін пайдаланып, ребусты шеш

,,, , ,, , ,,,,, ,,,,

2.

5.

Көктем келді

Көктем келді шуақ шашып далама,

Бәйшешектер гүлдеп әсем, қырда да.

Табиғатым таң қалдырмай жаһанды,

Кереметті қарсы алыңдар айнала.

Көктемменен ашылады деміміз,

Гүлдене берсін біздің еліміз.

Қыдыр ата бізге берген батамен,

Келе берсін қазағыма мол ырыс!

Алтынай МҰРАТ,

Көктөбе орта мектебінің

3 «Ә»-сынып оқушысы, Май ауданы.

Сөзжұмбақ «Наурыз»

1) Ас атасы –... .

2) Біздің бас қаланың бұрынғы атауы.

3) Киіз үйдің бір бөлшегі.

4) Гүл атауы.

5) Достық сөзінің басқа атауы.

6) ...қалай болса, бөркіңді солай ки.

1.

3.

Көктем

4.

6.

Н

а

у

р

ы

з

Көктем бізге қош келді,

Құт-береке ап келді.

Ақ мол болып әркімде,

Тоқтық болсын әркезде.

Шуақ кіріп әр үйге,

Береке бер бәріне.

Тыныштық бер жеріме,

Достық болсын елімде.

Сәния БЕКМҰХАМБЕТ,

Көктөбе орта мектебінің

3 «Ә»-сынып оқушысы,

Май ауданы.

Мансұр ҚАСЕНОВ,

№2 орта мектебінің 3 «Ә»сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Гүлдер қандай мағына білдіреді?

Құрастырған: Бақытбек ДИЯНА,

№2 орта мектептің 3 «Ә»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Шырша - салтанат пен байлық.

Бәйшешек - жақсылыққа деген үміт.

Орхидея - сыйластықтың куәгері.

Ақ раушан - сенім.

Қызыл раушан - сезімді құпия білдіру.

Ақ нәркес (нарцисс) - адалдық.

Ақ фиалка - романтикалық армандар.

Аққанат (калла) гүлі - құрмет пен таңдану белгісі.

Кінәмшіл (мимоза) - қарапайымдылық, ұяңдық.

Сарыгүл (ирис) - достық, адалдық, құрметті білдіреді.

Лалагүл (лилия) - мейірімділіктің нышаны.


SARYARQA SAMALY

21 мамыр, сенбі, 2022 жыл

7

Сөзжұмбақ

«Наурыз»

ТАҢДАУ

Тәтті мамандық

2.

5.

4.

6.

1.

3.

Н

А

У

Р

Ы

З

1. Ас атасы - . . .

2. Ашыған сүт.

3. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам

4. Сүттен жасалатын кептірілген тағам

5. Наурыз көжеге қосылатын дән

6. Асқа дәм береді

Арайлым СОЦИАЛЛОВА,

№2 орта мектептің

3 «Ә»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Алтынай МҰРАТ,

3-сынып оқушысы,

Көктөбе ауылы,

Май ауданы.

Әр бала кішкентай кезінен мамандық таңдауы керек. Мен

кондитер кәсібіне қатты қызығып, ғылыми жоба жаздым. Бұл

жобаны жүзеге асыруға анам көмектесті. Біз екеуіміз әр түрлі ас

мәзірлерін зерттедік. Үш жылдан астам уақыт бойы сүйікті отбасымызды

керемет тәттілермен қуанттық. Егер сіз өзіңіздің сүйікті

мамандығыңызды бала кезінен ғылыми тұрғыдан зерттесеңіз,

онда сіз болашақта нағыз кәсіби маман бола аласыз.

Енді мен сіздерге не істегенім туралы

айтайын. Менің жобам «Тәтті мамандық»

деп аталады. Мен бұл тақырыпты өзім

таңдадым, өйткені тәттілер адамдардың

көңіл-күйін көтереді. «Тәттіні жеген кезде,

серотонин қуаныш пен ләззат гормонын

шығарады, сондықтан көңіл–күй көтеріледі»

деген ақпаратты оқыдым.

Кондитер мамандығы - заманауи

және өте сұранысқа ие. Мен өз алдыма

міндеттер қойдым. Ғаламтордан кондитер

мамандығы туралы ақпарат таптым,

мамандықтың ерекшеліктерін білдім.

Қаламызда осы мамандықты қайдан

үйренуге болатыны жайлы хабар жинадым,

кондитер мамандығы туралы жеке презентация

жасадым.

Мен интернеттегі ақпаратты көп

зерттедім. Кондитерлік өнімдер, десерттер

және басқа да тағамдар жасайтын кәсіби

аспаз екенін түсіндім. Бұл мамандықтың

өкілдерін ірі қонақүйлерде, мейрамханаларда

және наубайханаларда кездестіруге

болады. Көбінесе кондитер деп бизнесі

кондитерлік өнімдерді сатумен байланысты

адам аталады. Басты ерекшелігі,

бұл жұмыстың көп бөлігі қолмен орындалады.

Сондықтан кондитер болуы тиіс

адамның саусақ моторикасы дамуы тиіс.

Сонымен қатар, кондитер болғысы

келетін адам талғамын, қиялын және

шығармашылығын дамытса, керемет

тағамдар шығады. Сонда ғана ол

аспаздықтың нағыз шедеврлерін жасай

алады.

Кондитерлік сала Еуропада 15-16-

ғасырларда дамыды. Осы кезеңде итальяндықтар

тәттілер өндірудің ең жақсы

шеберлері болып саналды. Тіпті, Италияда

отбасылық рецептер ата-анадан балаларға

берілетін кондитерлердің әулеті болған.

Тәтті бәліштер мен тоқаштар қонақтарды

қуантып қана қоймай, мерекелік үстелдің

сәніне айналады. Кондитерлер өндірісте өзін

көрсете отырып, цех бастығы бола алады

немесе өз бизнесіңізбен айналыса аласыз.

Көптеген кондитерлер шағын бизнес

ашып, содан соң өндіріске дейін өседі.

Ал кондитер мамандығын 9-сыныпты

бітіргеннен кейін колледжден алуға

болады. Көбінесе мемлекеттік білім

мекемелерінде оқу тегін.

Жақында үлкен практикалық жұмыс

істедім. «Крендель» кондитерлік дүкеніне

мамандық туралы білу үшін бардым.

Аспаздар «Тәтті мамандық» тақырыбында

ғылыми жұмыс жазып жатқанымды

естігенде, олар мені цехқа шақырды.

Мұнда түрлі пештерді көрдім. Тоқаш,

пицца, тәтті бәліштің қалай жасалатынын

бақыладым. Маған кондитер

туралы жұмыс жазғаным үшін «Мақтау

хат» берілді. Сондай-ақ, «Тоқаш» жасау

бойынша шеберлік сағатына сертификат

ұтып алдым.

Қорытынды бойынша жұмысым

үздік атанды. Тұңғыш Президент күніне

арналған «Менің Отаным - Қазақстан»

атты 21 өңірлік ғылыми–практикалық

конференциясының жеңімпазы атандым.

154 оқушы арасында «Өз өлкеңді таны»

секциясында бірінші орынға ие болдым.

Құрметті балалар! Бала кезден бастап

бір кәсіпті үйреніңіз, бұл өте керемет

және қызықты. Сүйікті ісіңізді жақсы

мамандар арасынан таба аласыз. Іске сәт!

Ягала ГЛЕБ,

№30 орта мектептің 2 «В»-сынып

оқушысы, Павлодар қаласы.

БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Көктем

Көктем келді шуақты,

Мәз-мейрам боп жүреміз!

Жылғалардан су ақты,

Таңырқап біз күлеміз.

Айзере НҰРЛЫБЕК,

№30 орта мектептің

1 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Кең далам

Қар еріді, күн жылынып.

Аспанда құстар тізілді.

Кең далам жатыр буынып,

Көргендей менің жүзімді.

Бала мен парта

Үсті басы қап-қара,

Киімі де лас қара.

Апай айтты: «Масқара!

Үстің неге қап-қара?»

Балалар да күліпті,

Кінәсін өзі түсінді.

Жуып кетті соңынан,

Риза болды партасы.

Аян ҚАЗБЕК,

№30 орта мектептің

1 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Медина ҚАПАНОВА,

№39 орта мектептің

4 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Құстар

Кітап

Кітапты мен оқимын,

Білімді мен боламын.

Барлық керек білімді,

Кітаптан мен табамын.

Жақсы деген балалар,

Кітаптарды оқиды.

Тапқыр болып өсуді.

Үйрендім мен осыдан.

Аялайық құстарды,

Ұя жасап баптайық!

Құстар - біздің досымыз,

Оларды біз сақтайық!

Айша МЕРХАТҚЫЗЫ,

№39 орта мектептің

4 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Архат УАХИТ,

№30 орта мектептің

1 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Тәртіпті

бала

Мен ақылды боламын,

Айтқан тілді аламын.

Ұстазымды тыңдаймын,

«Төрт» пен «бестік» аламын.

Тақтаға да шығамын,

Кітап оқып тұрамын.

Тыныштықты

сақтаймын,

Мен тәртіпті баламын.

Сымбат ӨМІРБЕКОВА,

№39 орта мектептің

4 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.


8 21 мамыр, сенбі, 2022 жыл

SARYARQA SAMALY

БІЛГЕНГЕ - МАРЖАН

Үш тілде

сөйлеп үйренейік!

Құрметті балалар, егемен елдің жарқын болашағы –

сендердің қолдарыңда! Сондықтан мемлекетіміздің

гүлденіп, дамуы үшін жас ұрпақтың жан-жақты білім

алып, шет тілдерін жетік меңгеруінің маңызы зор.

Осы мақсатта арнайы «Ainalaiyn» қосымшасының

оқырмандары үшін Павлодар қаласындағы №39 инновациялық

үлгідегі жалпы білім беру мектебінің ағылшын

тілі маманы, тәжірибелі ұстаз Бақыт Елемесова

үш тілде сөйлеуді үйрететін болады.

Сонымен бүгін гүл атауларына қатысты жаңа

сөздерді үйренеміз. Ендеше, іске сәт!

tulip

қызғалдақ

тюльпан

flower

гүл

цветы

rose

раушан

роза

sunflower

күнбағыс

подсолнух

3.

9.

4.

Сөзжұмбақ!

7.

2.

5.

8.

1. Халықаралық балалар кітап күні кімнің құрметіне пайда болды?

2. Көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ.

3. Кітаптармен жұмыс істейтін маман.

4. Кітаптар тұрағы қалай аталады?

5. Балалар журнал атауы.

6. Кітапты жазған адамды қалай атайды?

7. Қазақтың ұлы ақыны.

8. Кітапханаға үнемі барып оқитын адам

қалай аталады?

9. Кітап басып шығаратын жер қалай аталады?

1.

6.

А

Й

Н

А

Л

А

Й

Ы

Н

Малика ҚАЛЫҚОВА,

№2 орта мектептің

4 «Ә»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

chrysanthemum

бақытгүлі

хризантема

Жаңылтпаштар

Хакім хат ашып отыр.

Хат ашып, шатасып отыр.

Жұмбақтар

Шиге жайып кептірген,

Өзі қышқыл, түсі ақ,

Сорсаң дәмді,

Жаңғақтай-ақ домалақ.

(құрт)

Тобатайға құртымдай,

Жаз бойы бiр тынбай.

Жинаған гүл сөлiн,

Не?

Бiлсең, айтшы өзiң?

(бал арасы)

Өзi ащы,

Бiрақ,

Дәмдi етер асты.

(тұз)

Сусыз піскен ас көрдім,

Домаланған бас көрдім.

Шабысты ат,

Шалыс шаппас,

Шалыс шапса,

Алыс шаппас.

Ою, ою ойым бар-ды,

Ойналмастан ойын қалды.

Орындалмай ойымдағы

Ойылмады ою-дағы.

Орашолақ, олақпын ба,

Оя алмадым оюларды?

Асан бақша жақтан

Ақ сабақ асқабақ әкелді,

Басқа жақтан

Басқарақ асқабақ әкелді.

Ала-ала алашалар,

Тамаша олар,

Оған кім таласа алар.

Доп теп

дөптеп

Сұр інген сүрінген бе?

Сүрінген сұр інген бе?

Біреуі - көрікті кісі,

Біреуі - бөрікті кісі.

Көрікті кісі зорықты,

Бөрікті кісі қорықты.

Тақпақ жаттап,

Айтсақ жақсы-ақ.

Жатқа тақпақ

Жатта тақ-тақ.

Қондық жаңа қонысқа,

Қалың екен жоңышқа.

Қоныстағы жоңышқа,

Оралады қонышқа!

Кермеде тұр қырық

кір қыстырғыш,

Қырық кір қыстырғышқа

Қырық қыз келіп,

кір қыстырды.

Ата мен әже, ана да,

Алма мен алмұрт тереді.

Ауылға Арман бала да

Арбамен тасып береді.

Алтынай МҰРАТ,

3-сынып оқушысы,

Көктөбе ауылы,

Май ауданы.

(қауын)

«Ainalaiyn» қосымшасының үйлестірушісі - Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ 21 мамыр, сенбі, 2022 жыл 9

-.

ЕРТІС АУДАНЫ

-

УСПЕН АУДАНЫ

Халықтық басқару

Аудандық референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі штабының

жетекшісі Болат Қасенов халыққа қызмет көрсету

орталығының қызметкерлерімен кездесіп, ағымдағы жылдың

5 маусымында өткізілетін маңызды саяси шараның

мақсат-міндеттері жөнінде айтты.

Кездесу барысында аудандық штаб

мүшелері ХҚКО-ның ұжымымен Конституцияның

ел дамуындағы рөлін және жаңа

Қазақстанды құрудағы конституциялық

реформаның маңыздылығын талқылады.

Өз кезегінде, аудандық штабтың жетекшісі

Болат Қасенов референдумға өте маңызды

саяси оқиға ретінде қарауға шақырды.

- Референдум - Жолдауда жарияланған

реформаларды халықтың таңдауы

арқылы құқықтық тұрғыда бекіту. Саяси

науқанның мақсаты - Парламенттің рөлі

мен мәртебесін күшейтіп, халықтың елді

басқаруға қатысуын кеңейту. Сондай-ақ,

Шараға қатысушы Қозыкеткен ауылының

тұрғындары облыстық штаб мүшелерімен

Ата Заңымыздағы толықтырулар мен

өзгеріске ұшырайтын заңдарды талқылады.

Сонымен қатар жиында жергілікті тұрғындар

зейнет жасын төмендету мүмкіндігі туралы

өз ұсыныстарын және басқа да бірқатар

өзекті мәселені қозғады.

- Қазақстандықтар тарихи таңдаудың

ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ

Аталған дәстүрлі байқау қазақ, орыс

және ағылшын тілдерін жетік меңгерген

қабілетті жастарға қолдау көрсету мен

үштілділікті насихаттау мақсатында өтті.

Қатысушылар үш кезең бойынша сынға

түсті. «Елтаным» бөлімінде қазақ елінің

тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері

және оның аймақтары бойынша экранда

көрсетілген тақырыптар аясында сұрақтарға

қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жауап

берумен басталды. «Сөзтаным» атты

келесі кезеңде сөздердің баламасын

азаматтардың құқықтарын қорғаудың

конституциялық тетіктерін күшейту сияқты

іргелі өзгерістерге жол ашады, - деді

штаб жетекшісі.

Шара соңында штаб мүшелері қатысушыларға

алдағы референдум - мемлекетімізді

жетілдіруді, жаңғырту мен

нығайтуды көздейтіндігін айтып, 5 маусымда

дауыс беруге шақырды. Ұжым қызметкерлері

де референдумға қолдау

білдіріп, заңға енгізілген толықтырулар

мен түзетулердің дұрыс екенін айтты.

Оң өзгерістердің басы

Полиглоттар сыны

А.МҰҚЫШЕВ.

Облыстық референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі штабының

жетекшісі Илья Теренченко бастаған жұмыс тобы Қозыкеткен

ауылының тұрғындарымен кездесті. Түсіндіру жұмыстарына

облыстық штабтың мүшесі Света Абдраманова, аудандық

штабтың жетекшісі Есен Инербаев пен аудандық мәслихаттың

хатшысы Жасталап Бараисов қатысты.

қарсаңында Ел алдындағы жауапкершілікті

сезіне отырып, референдум өткізу - саяси

дамудың келесі кезеңі екенін түсіну қажет.

Бұл - уақыт талабы. Себебі ел тағдырын

анықтайтын реформаларға тек депутаттар

ғана емес, бүкіл халық қатысу қажет, -

деді штаб мүшелері.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен

«Тіл шебері» байқауы ұйымдастырылды.

айтып, аударма бағытымен жарысты.

Ал қорытынды «Ойтаным» кезеңінде

берілген тақырыпқа мемлекеттік тілде

эссе жазу тапсырылды.

Байқаудың нәтижесі бойынша Заборовка

мектебінің ағылышын тілі пәнінің

мұғалімі Аяулым Азамат топ жарып, жеңіске

жетті. Жеңімпаздар Алғыс хаттармен

және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Өз тілшіміз.

МАЙ АУДАНЫ

Аудан әкімі Ағыбай Әмірин ауыл халқымен кездесулерін

бастады. Жұртшылықпен жүздесу Ақшиман, Ақжар, Май

ауылдарынан бастау алды.

Жұртшылықпен жүздесуде

ҚР Президентінің 3 наурыздағы «Әкімдердің

халықпен кездесулерін өткізу туралы»

Жарлығы мен «Халық үніне құсақ асатын

мемлекет» тұжырымдамасын орындау

мақсатында және қоғамды одан әрі

демократияландыру, елде жүргізіліп

жатқан реформалар туралы ауданның

халқын хабардар ету, ауданның атқарушы

органдарының ашықтығын, жауапкершілігін

арттыру мақсатында ағымдағы жылдың

екінші тоқсанында халықпен кездесулері

басталған еді.

Кездесу барысында Қазақстанды

жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Футбол алаңы ашылды

Спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында ауданға

қарасты 5 ауылда шағын футбол алаңдары салынуда. Бүгінде

Лесное ауылында жаңа футбол алаңы қолданысқа берілді.

Ал өзге ауылдарда жасанды алаң құрылуда.

Аудандық мәдениет, дене шынықтыру

және спорт бөлімінің бас маманы Жамбыл

Бейсембайдың айтуынша, Лесное ауылында

бұрын-соңды футбол алаңы болмаған

екен.

- Тұрғындардың сұранысымен жасөспірімдер

мен ересек азаматтар үшін алаң

ашылды. Мұны Павлодар қаласындағы

«Промжилстройкомплекс» ЖШС салды.

Шамамен 12 млн 935 мың теңге қаражат

жұмсалды. Қазіргі күні Ақтау, Еңбекші,

-

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Қор жұмысын

таныстырды

Железин, Мыңкөл ауылдарында құрылыс

жүріп жатыр, - дейді бас маман.

Сонымен қатар, ол Железин елді

мекенінде алаңның аяқталуға жақын екенін

атап өтті. Ал өзге Еңбекші, Мыңкөл,

Ақтау ауылдарында Нұр-Сұлтан қаласынан

келген «Жан-Ерке и К» ЖШС мердігер

ұйымы жоспарға сай жұмыс істеп жатқанын

айтты.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» облыс

бойынша филиалының директоры Нұрлан Қасымов пен

халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің

басшысы Алма Мұқатова Тереңкөл ауданында тұрғындармен

кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қорының» облыс

бойынша филиалының директоры Нұрлан

Қасымов «Халықты міндетті әлеуметік

медициналық сақтандыру жүйесімен

қамту» бойынша ақпараттар беріп, түсіндіру

жұмыстарын жүргізді.

бағыттары бойынша атқарылып жатқан

жұмыстар мен Ата Заңымызға өзгерістер

енгізу бойынша Республикалық референдум

туралы ақпарат ұсынылып, ауылдық

округтердің тұрғындарын толғандырып

жүрген негізгі әлеуметтік мәселелер,

оның ішінде қаңтар айында көтерілген

сұрақтардың орындалуы туралы есеп

берілді.

Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды

сұрақтары бойынша жеке қабылдады.

Мұндай кездесулер осы айдың

24-іне дейін жалғасатын болады.

Айдана БОРАНБАЕВА.

Кездесуге ауылдық округ әкімдері,

мемлекеттік мекемелердің және құқық

қорғау органдарының басшылары қатысып,

әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы

сұрақтарын қойды.

М.БАЯНБЕКҚЫЗЫ.

-

ПАВЛОДАР АУДАНЫ

Өңдеу шаралары жүргізілуде

Павлодар ауданында «Агрозащита-ПВ» мердігер ұйымы мен

ғылыми сүйемелдеу жасайтын «Богумбаева» жеке кәсіпкерлігі

қансорғыштарға қарсы күреске кірісті.

Аталған мердігерлердің жұмысы барысын

аудан әкімі Ержан Иманслям, депутаттар,

ауыл тұрғындары тұрақты түрде

бақылайды. Жалпы, Павлодар ауданында

620 гектар аумақ шыбын-шіркейге қарсы

препараттармен өңделеді. Бүгінгі күні

Ертіс өзенінің жағалауында орналасқан

барлық алты ауылда тиісті жұмыстар

атқарылды. Аудандық нақты экономика

секторы бөлімінің мәліметі бойынша,

осы уақытқа дейін 520 гектар аумаққа

«Ципертрин» химиялық препараты құйылды.

- Ендігі ретте су айдындарында ғана

емес, ауыл ішінде де өңдеу жұмыстарын

қолға алу жоспарда бар. Сол арқылы

дернәсілдермен қатар имаго түрлерінің

санын азайту көзделіп отыр, - дейді

«Богумбаев» ЖК ғылыми тобының жетекшісі

Аманжол Гуляев.

Айта кетейік, Павлодар ауданында

дезинсекциялық шараларға 5,9 млн

теңге бөлінді.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.


10 21 мамыр, сенбі, 2022 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БИЛІК ЖӘНЕ БҰҚАРА

Көшелер самаладай

жарқырайды

Ағымдағы жылдың

қазан айының

соңына дейін облыс

орталығында

150 аула абаттандырылып,

тұрғын үй

аумағында

150 балалар алаңы

құрылады. Оған қоса,

Павлодар қаласына

2250 жарықтандыру

тіректері де

орнатылмақ.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Бұл туралы Павлодар қаласының

әкімі Асайын Байханов тұрғындармен

өткен кездесу барысында мәлімдеді.

- Қазіргі таңда Павлодар қаласында

164 аула мен 10 көшеде жарық

жоқ. Бұл олқылықтың орнын қазан

айына дейін ретке келтіреміз. Облыс

орталығына 2250 жарықтандыру

тетіктерін орнатамыз. Ал жыл

соңына дейін жеке секторлардың

53 көшесіне асфальт төселеді.

12 магистральді көше жөндеуден

өтеді. 30 мың шаршы метрден

астам алаңда шұңқырларды бекіту

қолға алынуда. Бүгінде қаланың

3 шағын ауданында асфальт төселу

жұмыстары аяқталды, - дейді Асайын

Қуандықұлы.

Қала әкімінің сөзінше, айына

30 ауланы абаттандыру жұмыстарымен

қатар, аула аумақтарында 55 стритворкаут

алаңы, көше тренажерлері

мен 7 стритбол алаңы пайда болады.

Бұл жұмыстарды 1 шілдеге дейін

аяқтау жоспарланып отыр.

- Мәшhүр Жүсіп Көпеев көшесінде

су құбырларын қайта жаңарту

ТӘРТІП

жұмысы жүріп жатыр. Күні бүгін

Толстой көшесінен Қайырбаев

бойына дейінгі жөндеу аяқталды.

Ал қазан айының соңында Мир

көшесіндегі жұмыстар бітеді деп

күтілуде. Маусым айында Зеленстрой

шағын ауданы мен Казправда-

Ладожская көшесіне дейінгі аралықта

кәріз жүйесінің құрылысы басталады,

- деді А.Байханов.

Жиында инженерлік желілерді

жөндеу мәселесі қозғалды. Бүгінде

Ломов – Астана – Естай - Көпеев

көшелері шекарасында ЖМ-31

магистралінің құрылысы жалғасуда.

Оған қоса, тұрғындар тарапынан

қаланы көгалдандыру мәселесі де

көтерілді. Қала әкімі биыл қалада

20 мың ағаш отырғызу жоспарда

барын хабарлады. Оның ішінде

5 мың түпті отырғызу жұмыстары

аяқталса, мамыр айының соңына

таман 3 мың көшет отырғызылмақ.

Тіпті, 80 мың шаршы аумаққа гүл

егілмек.

Тұрғындармен кездесуде шаhар

басшысы тазалық пен қала келбетіне

әр азамат жауапты екені жөнінде

сөз қозғады.

- Қала көшелеріндегі тазалыққа

жауапты мердігер ұйымдар аула ішіне

жауап бермейді. Алайда, аула ішіндегі

қоқысты тазалағанмен, сол жерде

қайтадан қоқыс пайда болады. Бұл

бітпейтін үрдіске айналып жатыр.

Тіпті, қоқыс жәшіктеріне арналған

алаңды сындырып кетеді. Олар жиі

жөнделеді. Сондықтан, тұрғындар

жауаптылық танытуы тиіс, - дейді

А.Байханов. Ол қала көшелерінде

ай сайын 500-ден артық орындық

жөнделетініне шағымын білдірді.

- Әрине, тозығы жеткен аулалардағы

орындықтардың сынуы

мүмкін. Мысалы, Естай көшесінен

Ломов көшесіне дейінгі аллеяда

жиі жүремін. Өткенде ғана бүтін

болған орындықтардың жағдайы

бүгінде мәз емес. Одан бөлек ойын

алаңдарында ішімдіктен босаған

шыны құтылар жиі қалып жатады.

Қала – ортақ үйіміз болғандықтан,

ұқыптылық танытуымыз керек, -

дейді шаhар басшысы.

Велопатруль

өз жұмысын бастады

Қала аумағында велопатруль іске қосылды. Енді павлодарлық полицейлер

орталық жағалауда және саяжайлар ішінде велосипедпен жүретін болады.

Әрбір велосипед полиция бөлімшелеріне бекітілген. Велопатруль саяжай

алқаптарын күзетіп, заң бұзушылықтардың алдын алмақ.

Павлодар қаласы полиция

басқармасы жергілікті полиция

қызметі басшысының орынбасары

Қанат Дүйсекенов солтүстік

саяжайларда ұрлықтың алдын

алу және ескерту мақсатында

рейдтік іс-шаралар басталғанын

атап өтті.

- Велосипедке офицерлер емес,

сержант шеніндегі тәртіп сақшылары

мініп жүр. Жалпы, бұл сынақтың

үдеден қаншалықты шығатындығы

белгісіз. Әзірге «Полиция»

белгісі бар 10 велосипед сатып

алынды, - дейді Қанат Дүйсекенов.

«Денсаулық» бағбаншылығының

төрағасы Валентина Трофимова

қалада велопатрульдің пайда

болғанына дән риза. Оның айтуынша,

аталмыш саяжайда шамамен

4 мың учаске бар. Олардың

800-ге жуығы қараусыз қалған.

Ұрылар сол жерден металл сынықтары

мен құрылыс материалдарын

алып кетуге тырысады.

- Саяжайға келген адамда

иелігін растайтын құжаттар болуы

керек. Саяжайда күзетшілер жоқ,

тек бақылаушы-қараушылар бар.

Олар аумақты қадағалайды. Ал әр

саяжайды қорғау үшін көп қаражат

қажет. Ұрлық көбейді, бұл мәселені

өз күшімізбен шеше алмаймыз.

Енді патрульдік полицияның арқасында

ұрлық азаяды деп үміттенеміз,

- деді ол.

Естеріңізге салсақ, осыдан

бірер жыл бұрын саябақ ішінде

тәртіпті бақылайды деп тұрқы биік

аттар сатып алынған болатын.

Енді полицейлер «шайтанарбаға»

мінгесті. Велосипедтің шөп те,

су да сұрамайтынын ескерсек,

өте тиімді құрал екені аян. Не

десек те бұдан былай қала

полицейлері атпен де, велосипедпен

де патрульде жүреді.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Бұл туралы облыстық жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының

басшысы Альмира Дисюпова

Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен брифингте мәлімдеді.

- Азаматтардың әлеуметтік

осал топтарына және қоғам мен

мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі

қатер төндірмейтін қылмыс жасаған,

келтірілген залалды өтеген

60 адам рақымшылыққа ілінді.

Оның ішінде 3-еуі тұрақты жұмыспен

қамтылды, 12 азаматқа бірреттік

қаржылай көмек берілді.

Денсаулығына байланысты жұмысқа

жарамсыз 9 адамға медициналық

орталықтар жәрдемдесуде. Бұл

жұмыстар наурыз айынан басталды.

Ал жыл басынан бастап

өңіріміздегі жұмыспен қамту

орталықтарына қылмысын өтеуден

босатылған 94 азамат

жүгінген. Өткен жылғымен салыстырар

болсақ, көрсеткіш 24 пайызға

артық. Нәтижесінде 37 адам тұрақты

жұмысқа орналасты, 15-і түрлі

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, 2022 жылдың

26 мамырынды сағат 11.00-де VII сайланған Павлодар

қалалық мәслихатының ХIХ кезектен тыс сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

1. Павлодар қалалық мәслихатының

2021 жылғы 24 желтоқсандағы

«2022-2024 жылдарға арналған

Павлодар қалалық бюджеті туралы»

№106/13 шешіміне өзгерістер енгізу

туралы.

2. Павлодар қалалық мәслихатының

«2022–2024 жылдарға

арналған Павлодар қаласы кентінің,

ауылдық кругінің және кейбір

ауылдарының бюджеті туралы»

2021 жылғы 29 желтоқсандағы

№114/14 шешіміне өзгерістер енгізу

туралы.

3. 2021 жылғы бюджеттің орындалуы.

2021 жылғы қалалық бюд-

Құжаттарды қабылдау туралы

хабарландыру:

Павлодар облысы

кәсіпкерлерінің назарына!

Құжаттарды қабылдау:

«Павлодар облысының кәсіпкерлік

және индустриялық–инновациялық

даму басқармасы» ММ;

Пошталық мекенжайы: 140000

Электронды пошта мекенжайы:

pred_obl@mail.ru

Толық ақпаратты: Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 16, 1-қабат,

112, 114-каб. немесе мына байланыс

телефондары арқылы білуге болады:

32-33-21, 32-33-09;

Нысанасы: 2015 жылғы 29 қазандағы

Қазақстан Республикасының

Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына және

79-4-бабының 1-тармағына сәйкес

және Қазақстан Республикасының

Үкіметі 2021 жылдың 11 қарашада

№795 дара кәсіпкерді немесе заңды

тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік

субъектілерінің тізіліміне енгізуге

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен

«Рақымшылық туралы» Заң жобасы әзірленгені

мәлім. Бүгінде бұл Заң жобасы аясында облысымызда

60 адам жазасын өтеуден босатылды.

Оларға медициналық, психологиялық, әлеуметтік

көмектермен қатар жұмыспен қамту жұмыстары

жүргізіліп жатыр.

Адасқанның

айыбы жоқ

қоғамдық жұмыс-тарға тартылды,

- деді Альмира Аманқызы.

Сонымен қатар, басқарма

басшысы квоталық жұмыс бойынша

111 кәсіпорындағы 650 орынға

113 адам орналасқанын атады.

- Әрине, кейбір еңбек ұйымдарының

басшылары жазасын

өтеп келген азаматқа сенімсіздік

білдірген жағдайлар да бар.

Дегенмен, ақпараттық әрі түсіндіру

жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, аймағымыздағы әлеуметтік

осал топтарға арналған

Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында

бейімдеу орталықтары

жұмыс істейді, - деді А.Дисюпова.

Облыс бойынша қылмыстықатқару

жүйесі департаменті басшысының

орынбасары, әділет

полковнигі Дәулет Ысқақов сотталғандардың

дені 20-дан 60 жасқа

дейінгі аралықта екенін айтты.

Оған қоса, жұмыс берушілермен

қарым-қатынас орнатып, рақымшылыққа

ие болған азаматтарды

механизатор, мал дәрігері сынды

еңбек орындарымен қамтып, кейбірі

қайта оқыту курстарынан өткенін

атады.

жетінің орындалуын бақылау

нәтижелері туралы есебі.

4. Павлодар облысы бойынша

Тексеру комиссиясының «2021 жылғы

Павлодар қалалық бюджетінің

атқарылуы туралы» есебі.

5. Павлодар облысы бойынша

Тексеру комиссиясының «2020 жылғы

Павлодар, Жетекші, Мойылды

ауылдары, Ленин кенті және

Кенжекөл ауылдық округінің IV

деңгейлі бюджетінің орындалуы

туралы» есебі.

6. Әртүрлі.

Павлодар қалалық

мәслихат аппараты.

арналған өтініштерді «Павлодар

облысының кәсіпкерлік және

индустриялық–инновациялық

даму басқармасы» ММ қабылдайды.

Өтінім берілетін жер:

«Павлодар облысының кәсіпкерлік

және индустриялық–инновациялық

даму басқармасы» ММ.

Құжаттаманы ұсыну мерзімі:

2022 ж. «1» маусымнаң бастап

2022 ж. «15» маусым аралығында,

жұмыс күндері сағат 9.00-ден

18.00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін

түскен өтінімдер қабылданбайды.

Өтінімдерді берудің басталу

күні мен уақыты: 2022 ж. 1 маусым

сағат 9.00-ден бастап (жергілікті

уақыт).

Өтінімдерді берудің аяқталу күні

мен уақыты: 2022 ж. 15 маусым

сағат 18.00-ге дейін (жергілікті

уақыт).


SARYARQA SAMALY

ХАБАРЛАМА 21 мамыр, сенбі, 2022 жыл 11

Әкімшілік тәжірибе –

сыбайлас жемқорлықтың

алдын алудың тиімді құралы

Әкімшілік тәжірибе айтарлықтай күш пен қаражатты, қатаң дәлелдемелер

базасын, сот процестеріне ұзақ уақытты қажет ететін қылмыстық шаралардан

айырмашылығы, әкімшілік шараларды қолдану аз уақыт пен

шығынды қажет етеді.

Әкімшілік практика тетіктерін тиімді пайдалана

отырып, біз өзіміздің алдын алу тетіктеріміздің –

талдаудың, мониторингтің, сыбайлас жемқорлыққа

қарсы шектеулердің, стандарттардың және т.б.

күші мен қуатын толыққанды өрістете аламыз.

Нәтижесінде - мемлекетке шығын келтіру және

жымқыру түріндегі салдарларға жол бермей,

аса ауыр сыбайлас жемқорлық көріністерінің

уақтылы алдын алу.

Бүгінгі күні біз сыбайлас жемқорлық сипатындағы

әкімшілік құқық бұзушылық туралы 7 іс қозғадық.

Мәселен, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс

жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағаны үшін

квазимемлекеттік сектордың 2 басшысы әкімшілік

жауапкершілікке тартылды.

Айта кету керек, бұрын сыбайлас жемқорлық

қылмыс жасаған тұлғаларды қабылдауға шектеу

еңбек заңнамасында қарастырылған.

Орналасқан жері: Павлодар облысы

әкімдігі, Павлодар облысы Денсаулық сақтау

басқармасының «Железин аудандық ауруханасы»

ШЖҚ КМК: Қазақстан Республикасы,

140400, Павлодар облысы, Железин

ауданы, Железинка ауылы, Квитков көшесі,

50, телефон: 8 (718-31) 22831, 22754.

Кәсіпорын қызметінің мәні: толық көлемде

консультациялық, алғашқы санитарлық,

диагностикалық және емдік көмек көрсету

(амбулаториялық, стационарды алмастыратын),

мамандықтар бойынша балалар мен

ересектерге консультациялық-диагностикалық

медициналық көмек көрсету болып табылады:

- стоматология, клиникалық Зертханалық

диагностика, дәрігерге дейінгі көмек, Жалпы

терапия, Жалпы хирургия, педиатрия,

оториноларингология, эндокринология,

офтальмология, невропатология, онкология,

наркология, психиатрия, акушерия

және гинекология, дерматовенерология,

кардиология, трансфузиология, Сараптама:

Кәсіби жарамдылыққа сараптама

және уақытша еңбекке жарамсыздыққа

сараптама, сондай-ақ есірткі құралдарының

айналымына байланысты қызмет бойынша

жұмыс істейміз.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) денсаулық сақтау саласында немесе

ұйымның бейіні бойынша және (немесе)

экономика/қаржы және (немесе) бизнес

және (немесе) құқық саласында кемінде

5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) денсаулық сақтау саласында немесе

ұйымның бейіні және (немесе) экономика/

қаржы және (немесе) бизнес және (немесе)

құқық бойынша басшы лауазымда кемінде

3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) денсаулық сақтау және (немесе)

экономика және (немесе) бизнес және

(немесе) Құқық саласындағы қоғамдық

бірлестіктерге мүшелік.

Конкурсқа қатыса алмайды:

1) Қазақстан Республикасының заңна-

Хабарландыру

«Демеу Көк-Тас» ЖШС жеңілдетілген

тәртіпте қатты пайдалы қазбаларды барлау

жоспары мен экологиялық бағалау материалдары

бойынша қоғамдық тыңдаулар

өткізуде.

Тыңдаулар 2022 жылғы 27 маусымда

сағат 15.00-де Павлодар облысы, Май

ауданы, Ақшиман ауылдық округі, мекенжайы

бойынша өтеді. Жаңа Ақшиман көш.

Желтоқсан 1, әкім аппаратының ғимараты

Қоғамдық тыңдау кезінде онлайнтрансляцияға

қосылу сипаттамасы: конференция

идентификаторы: 455 763 6415,

құпиясөз: a8Ub79.

Жоспарланған іс-шараның бастама-

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны

үшін мемлекеттік мекемелердің екі басшысы

әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, Успен ауданының жұмыспен қамту

бөлімінің басшысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының

Заңында көзделген бағыныштыларға декларация

тапсыру бойынша шаралар қабылдамағаны үшін

әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа

қарсы қызмет тыйым салынғанына қарамастан,

кәсіпкерлік қызметпен айналысатын мемлекеттік

қызметшілерді анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылы Екібастұз қаласының бір

КММ басшысына ҚР ӘҚБтК-нің 154-бабына

сәйкес 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды,

себебі ол жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы, 140000, Астана

көшесі, 59, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы Денсаулық сақтау

басқармасының «Железин аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу

құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Бақылау кеңесінің

мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

масында белгіленген тәртіппен өтелмеген

немесе алынбаған сотталғандығы бар адам;

2) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану

туралы шешім қабылданғанға дейін бір

жылдан астам заңды тұлғаның басшысы

болып табылатын; 3) бұрын сыбайлас

жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) Байқау кеңесінің басқа мүшесімен

немесе мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен

жақын туыстық және жекжаттық

қатынастардағы адам құқығы бар.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді

ұсыну мерзімі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген

адамдар үшін құжаттарды қабылдау

бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс

өткізу туралы хабарландыру жарияланған

күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде

жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- мемлекеттік және орыс тілдеріндегі

түйіндеме;

- еркін нысанда жазылған өмірбаян;

- кандидаттың жеке басын куәландыратын

құжаттың;

- жоғары білім туралы құжаттың;

- еңбек кітапшасының (ол болған

жағдайда) немесе соңғы жұмыс орнынан

еңбек шартының;

- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің

аумақтық бөлімшелері берген соттылығының

және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының

жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне,

жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне

қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін

арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар

беру, ғылыми жарияланымдар туралы

құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ

алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан

ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар облысы,

Железин ауданы, Железинка ауылы, Квитков көшесі, 50, «Железин аудандық

ауруханасы» ШЖҚ КМК, тел. 8718-31-22831, 2-қабат, кадр бөлімі, бұқаралық

ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған

күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде.

Конкурс құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік

отыз күн ішінде Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59, 4-қабат, конференц-зал

мекенжайы бойынша Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасында

өтеді.

(2089).

шысы: «Демеу Көк-Тас» ЖШС, 050060,

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Ходжанов

көш., 78, 70-п., БСН 160440034159, тел.

87012230942, info@dktco.kz.

Жоба материалдары сайттарда орналастырылған:

https://ecoportal.kz/жәнеhttps://

www.gov.kz/memleket/entities/pavlodartabigat/?lang=ru.

Жобаның материалдары бойынша

қосымша ақпаратты мына мекенжай мен нөмір

бойынша алуға болады: 050060, Қазақстан

Республикасы, Алматы қ., Ходжанов көш.,

78, 70-п., тел. 87012230942, info@dktco.kz.

Ескертулер мен ұсыныстар ecoportal.

kz сайтында және Павлодар қ., Қайырбаев

көш., 5Б, электронды пошта мекенжайы:

temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz; тел.

+7(7182)326618.

(2087).

сатып алу сайтындағы тендерлерге қатысты.

Осындай құқық бұзушылық үшін тағы

2 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке

тартылды.

Сауатты әкімшілік тәжірибе – бұл Агенттік

алдына қойылған, қоғамның сенімін арттыруға,

сыбайлас жемқорлықты азайтуға, азаматтардың

және жалпы мемлекеттің әл-ауқатын жақсартуға

бағытталған міндеттерді толыққанды іске асыру.

ЖАРНАМА 66-15-40, 66-15-42

Шыбын-шіркей

маусымы

Масалар мезгілі де келді. Бұл мәселе, әсіресе, Ертіс

өзені бойында орналасқан Павлодар қаласы және

аудандарының тұрғындарына өзекті болып тұр.

Ертіс өңірі жәндіктер жаппай таралып мекендейтін ауданға

жатады. Көктемгі су тасу кезінде көптеген алқаптарды су

басады, осы кезеңде үлкен кеңістік орын алып, шіркейлер

мен масалардың дәрнәсілдерін басуға қолайлы болып келеді.

Көптеген ұсақ жақсы жылынған су айдындары (тамаша орындар)

масалардың жетіліп ұшуларына қолайлы мекен болып келеді.

Шыбын-шіркейдің қауіптілігі, олар адамдарға ауыр вирусты

және паразитарлы аурулардың қоздырғыштарын таратулары

мүмкін.

Масалар Зика қызбасы, Денге қызбасы, Конго-Крым

геморрагиялық қызбасы, безгек және т.б. трансмиссивті ауруларды

таратушы болып табылады. Трансмиссивті аурулар

адамдардың денсаулығының нашарлауының және өлімге әкеп

соқтыруының себебі, экономикалық дамуға елеулі кедергі болып,

осы аурудың ықпалына ұшыраған адамдарға экономикалық

қиындықтар туғызады.

Маса шаққан уақытта денеге улы сілекейді енгізеді, шаққан

жер қызарып, ісінеді, қышиды, кейбір жағдайда ауыр аллергиялық

реакцияларды берулері мүмкін.

Орташа алғанда бір маса 1-3 ай ғана өмір сүреді, жаз бойы.

Ал дымқыл, су басқан жертөлелердегі қалалық масалар жыл

бойы өмір сүреді. Масаның бірнеше жүз метр қашықтықты

еңсеруге қабілеті бар 100-150 км (желге).

Инфекция таратушылармен күрес - тұрғындарды қауіпті

жұқпалы аурулардан қорғаудағы әдістердің бірі.

Саяжай иелеріне айтарымыз, сіздердің саяжайларыңыздағы

су құйылған бактар, бөшкелер баяғыда масалардың көбеюіне

арналған инкубаторға айналып кеткен. Сіздердің су құйған

ыдыстарыңыздағы «бастар» - ол маса дәрнәсілдері. Сіздің учаскеңізде

немесе саябақтарыңызда маса болмағанын қаламасаңыз,

онда өзіңіздің учаскеңізде маса дәрнәсілдерімен күресудің

бірнеше әдістері бар екенін біле жүріңіз:

• учаскеңізде су құйылған ыдыс болған жағдайда, оның

бетін жауып қойыңыз;

• су құйылған ыдысты таза ұстаңыз;

• су құйылған ыдысты 4 күнде 1 рет ауыстырып отырыңыз;

Маса дәрнәсілдері пайда болған жағдайда су бетінде

пленканың пайда болуы үшін бірнеше тамшы мұнай өнімін

тамшылаған жөн (мазут, машина майы және т.б.), нәтижесінде

маса дәрнәсілдері тұншығып қалады.

Ғимараттарға масалардың ұшып келулерін болдырмау үшін

есік, терезелерде тор ілулері тиіс. Репеленттерді, электрфумигаторларды

қолдануға кеңес беріледі.

«Павлодар қалалық санитарлық- эпидемиологиялық

бақылау басқармасы» РММ.

(2090).

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондары арқылы хабарласыңыздар:

«Ертіс Медиа» ЖШС 66-15-41, «Қазпошта» АҚ

ПОФ жазылу бөлімі 32-40-37, 32-49-93 және сенім

телефоны: 32-35-35.

Торайғыров университетінің ұжымы инженерия факультеті

деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары,

қауымдастырылған профессор Асылхан Владимирұлы

Маздубайға

әкесінің

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл

айтады. (2091).

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8426 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 807

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 21 мамыр, сенбі, 2022 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

МУЗЕЙ ТҮНІ

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»

Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ertis» бөлімшесі алаңында

халықаралық музей күніне арналған тарихи қайта құру шарасы өтті. Өңір тұрғындары

мен қонақтарының назарына эксклюзивті Шығыс жәрмеңкесі және жанданған экспонаттар

ұсынылды.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Аталған «ҚИМАҚ.TIME» тарихи

реконструкциясынан кейін жергілікті

шығармашылық ұжымдардың

қатысуымен мерекелік бағдарлама

ұсынылды. «Ertis»

мультимедиялық музей ішінде

ежелгі заманнан бастап экспонаттар

орналастырылды. Көпшілікпен

бірге музей ішін аралаған

облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов өңірімізден табылған

жәдігерлерге ерекше тоқталды.

- Мұндағы әрбір зат –

еліміздің тарихы. Кітаптан оқу -

бөлек дүние. Ал жәдігерлерді

өз көзіңізбен көріп, танысу -

ерекше сезім. Сондықтан, жазғы

лагерь барысында оқушыларды,

ауылдық жерлерден балаларды

арнайы әкелуіміз керек. Тіпті,

колледж студенттері де тарих

ӨНЕГЕ

беттерінен сыр шертетін мекемемен

танысуы тиіс, - деді

Әбілқайыр Бақтыбайұды.

Осы уақытқа дейін дәстүрге

арналған музей түні Астана

көшесі бойында өткізілген болатын.

Биыл қызметкерлер Ертіс

өзені жағалауын мекендеген

тарихи аңызға сүйеніп, театрландырылған

қойылымды көрсетті.

Мұнда қимақ, татар, баяндар,

қыпшақ, ланикас, аджлад сияқты

халықтардың өкілдері, қимақ

халқы бейнеленді.

Г.Н.Потанин атындағы облыстық

тарихи-өлкетану музейі

басшысының ғылыми жұмыстар

жөніндегі орынбасары Айгүл

Сағатованың айтуынша, шараның

басты мақсаты - Ертіс-Баян

өңірінің тарихи-мәдени мұрасын

танымал ету.

- Өткен жылдың қараша айында

Қимақ қағанатынан Қазақ

хандығына дейінгі аралықты қамтитын

халықаралық ғылымипрактикалық

конференция өткіздік.

Деректерге сүйенер болсақ,

9-11 ғасырларда Ертіс

өзенінің төменгі ағысын бойлай

Қимақ қағанаты өмір сүрген

деген мәліметтер бар. Сондықтан,

осы идеяны жалғастыру

үшін тұңғыш рет «Ertis» музейінде

«ҚИМАҚ.TIME» тарихи реконструкциясын

өткізуді жөн

санадық, - деп атап өтті ол.

Павлодар қаласының тұрғындары

мен қонақтары кинорежиссер

Шәкен Айманов,

Григорий Потанин жұбайымен,

Қаныш Сәтбаев және Юрий

Орлов өмірімен етене танысып,

олармен бірге суретке түсті.

Сондай-ақ, қимақ жауынгері

және түнгі мұражайдың басқа

да экспонаттарын тамашалады.

Ерболат ӘМІРЕНОВ, көрермен:

- Халықаралық музей күніне орай ұйымдастырылған

«ҚИМАҚ.TIME» жобасы халқымыздың рухани байып,

кемелдене түсуіне жақсы әсер етеді деп ойлаймын.

Бүгінгі жиылған халықтың санында есеп жоқ. Пандемиядан

кейін өтіп жатқан мағыналы шаралардың бірі.

Мұнда ұлттық құндылықтарымыз қайта жанданып

отыр. Себебі, ұсынылған мерекелік бағдарлама,

театрландырылған қойылым, көрмедегі заттардың

барлығы демалыс ретінде саналса, екінші бір тараптан

әрбірімізді мәдени байытқаны сөзсіз.

Музей түні.

Тарихқа үңілу

Жабайылық бұл күні санаға жат,

Руханияты жаңғырған қала ғажап!

Маң-маң басқан мамонтқа ілесіп кеп,

Осы өңірде қап қойды-ау баба қазақ.

Төмен сырғып мұз көшкін биіктерден,

Дүлей дәуір ығысты иықты ерден.

Сонсын баба қазақ пен Өлеңтіге

Алтын мүйіз киелі киік келген...

Тас ғасыры ғажайып түсім еді,

Таңбалы тас соны еске түсіреді.

Сонсын жылқы, жарықтық,

Бабаларды

Сапарға алыс шақырып кісінеді.

Кеткенінде қағынан құлан жеріп,

Қабылан жұрт жөңкілді ұранға еріп.

Самала нұр себездеп шаңыраққа,

Тұғырына қонғанша қыран келіп.

Соның бәрін көзіммен көргендейін,

Көне керуен жолымен серуендейін.

Ұлып тұрған көкбөрі

Ұлттық рухтың

Үнін естіп кеудеме енген кейін.

Білем, ұрпақ біздерден кем қалмасын,

Ел-жұрт жастық жігерді

енді аңдасын.

Өйткені олар аспанға көтеріп тұр,

Ертіс-Баян өңірі елтаңбасын!..

Арман ҚАНИ,

Павлодар қаласы.

Қазақ сатирасының Таңдайы

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Халықаралық «Алаш» әдеби

сыйлығының иегері, сатирик-жазушы, техника ғылымдарының кандидаты,

жерлесіміз Таңдай Кенеевтің 75 жылдығына орай әдеби-танымдық еске алу

кеші өтті.

Әдеби шараға сондай-ақ

қаламгердің жары Гүлбаршын

Арынова, інісі еңбек ардагері,

геолог Жұмағали Кенеев, қызы

Гүлнәр Таңдайқызы және туғантуыстары

мен өңірдің белгілі ақынжазушылары

қатысты.

Таңдай Кенеев 1947 жылы

Екібастұз қаласында дүниеге келген.

1970 жылы Қазақтың политехникалық

институтында инженерэлектрик

мамандығы бойынша

білім алды. Алғашқы еңбек жолын

аталған жоғары оқу орнынан

бастап, кейін Қазақ КСР ғылым

академиясының Тау-кен институтында,

Рудный, Хромтау қалаларындағы

өндірістерде мамандығы

бойынша көп жыл қызмет істеп,

1994 жылы Қ.Сәтбаев атындағы

Қазақ ұлттық техникалық университетінде

ұстаздық қызметке қайта

оралды. Аға оқытушы, тау-кен факультеті

деканының орынбасары,

оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректордың

орынбасары, оқу-тәрбие

ісі жөніндегі проректоры, кафедра

меңгерушісі, Баспа орталығының

директоры қызметтерін атқарды.

- Тәкең екеуіміз 1970 жылы

мемлекеттік эмтихандарымызды

тапсырып, оқуымызды аяқтағаннан

кейін 1971 жылы шаңырақ

көтердік. Бір шаңырақ астында

өмір сүргенімізге 38 жыл болды.

61 жасында дүниеден өтті. Биыл

біздің арамыздан кеткеніне 14 жыл

болады. Бір-біріміздің ойымызды

сөзсіз түсіну мен сыйластықтың

арқасында ма, сол кезең тез өтті.

Мінезі жұмсақ, сабырлы да салмақты

жан еді. Отбасында Таңдай

арқасүйер отағасы, балаларына

өнегелі әке болды. Осы 61 жасында

тек шығармашылық еңбектерден

басқа көптеген ғылыми-техникалық

мақалалар, еңбектер жазды. Ол

еңбектер болашақ жас инженертехниктерге

қажет болар деп,

барлық еңбектерін өзі ұстаздық

еткен Қазақ ұлттық техникалық

университетіне тапсырдық. Күндіз

білім ордасында сабақ берсе,

түннен бастап таң атқанға дейін,

қағаз бетіне өз ойын түсіретін.

Алғашқы «Бомж» атты сатиралық

повесі 2005 жылы солай жарық

көрген еді. Балаларына да әкесінің

қабілеті мен қасиеті дарыды.

Үлкен қызым Гүлнәрдың суретші

мамандығын таңдауына әкесі

тікелей себекер болды, - дейді

жан жары Гүлбаршын Арынова.

Белгілі қаламгер техникалық

салада еңбек ете жүріп, шығармашылыққа

бет бұрып, 1980 жылдан

бері әзіл-әңгіме, сатира жанрында

қалам тербеді. Тырнақалды туындысы

«Әй, Тастыгүл-ай» деген атпен

«Қазақстан әйелдері» журналында

жарияланған және «Лениншіл жас»

(қазіргі «Жас Алаш») газетінде

жарық көрді. 1984 жылы «Нашар»

атты әңгімесі байқауда жеңіске

жетіп, республикалық бұрынғы «Ара»

журналының лауреаты атанды.

«Арман қанатында», «Көңілді көшенің

жігіттері» т.б. жалпы жинақтары

белді газет-журналдарға жарияланды.

Сонымен қатар, «Қисық

шеге», «Қыңыр», «Ырың-жырың»

атты сатиралық жеке жинақтары

жарық көрді.

Жарының сөзінше, жазушы -

сегіз қырлы, бір сырлы болған

жан. Қылқаламмен сурет салып,

шахмат ойынында қарсыластарына

дес бермеген. Сонымен қоса,

ұсташылықпен, аспаздықпен айналысқан.

Шара барысында республика

деңгейіне танымал сатира садағын

асынған Ғалымбек Жұматов Таңдай

Кенеев жайлы өз естеліктерімен

және шығармашылық жолы жайлы

баяндады. Жергілікті ақын, аудармашы

Айбек Оралхан жазушының

шығармашылығына шолу жасаса,

өңіріміздің жалынды жастар атынан

Павлодар педагогикалық университетінің

студенті Жәнібек

Есенгелді қаламгерге арнаған

арнау өлеңін оқыды.

«Бүгін облыстық кітапхана

төрінде сатира сардары, белгілі

қаламгер Таңдай Кенеевтің 75 жылдығына

орай әдеби-танымдық

еске алу кешін өткіздік. Зиялы

қауым өкілдерінің кездесу барысында

Таңдай Кенеевтің өмірі мен

шығармашылығынан сыр шертетін

бейнекөрсетілімдер қойылды.

Сондай-ақ Бұқар жырау атындағы

әдебиет және өнер музейіне

сатирик жайлы арнайы көрме

ұйымдастырғаны үшін кітапхана

атынан алғысымызды білдіреміз», -

деді ұйымдастырушылардың бірі

облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың

кітапхана ісін дамыту

бөлімінің қызметкері Қарлығаш

Қашқынбай.

Кеш соңында сатириктің жары

Гүлбаршын Арынова жиналған

көрермендерге жазушының бірнеше

кітаптарын сыйға тартты.

Айдана БОРАНБАЕВА.

Суреттерді түсірген –

Есенжол Исабек.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!