16.06.2022 Views

Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

БЕТПЕ-БЕТ 16 маусым, бейсенбі, 2022 жыл 7

ОНЛАЙН ЖЕЛІ

Жазушыға Ньютонның

байқампаздығы керек!

Әдебиет – ардың ісі. Бүгінгі таңда біздің қоғамға қандай әдебиет керек? Осы хақында ортада

сөз қозғалса, әдебиет сүйер көпшіліктің де айрықша назар тігері анық. Себебі, әдебиетті

халық өзінің жан-жүрегі деп біледі. Әдебиет пен әдебиетті жасаушылардан бүгінгі күнге сай

сөз күтеді. Бірақ бізге алдымен басты мәселені айқындап алған дұрыс. Қоғамға не керек?

Жазушы неге зәру? Біз қандай әдебиетке мұқтажбыз? Қазіргі таңда бізге қандай әдебиет

керек деген тәуелсіздіктің табалдырығындағы сұрақ бүгін де күн тәртібіне сұранып тұр.

Осы орайда, бұл сауалдарға жауап іздеп, әдебиет жайлы «Saryarqa samaly»-ның Instagram–

дағы парақшасында «Онлайн желі» ұйымдастырдық. Тікелей желі қонағы - Торайғыров

университетінің профессоры, жазушы Серік Елікбай.

- Әңгімемізді әдебиеттің

бүгіні мен ертеңінен бастасақ...

- Әр халық үшін әдебиеттің

алатын өз орны бар. Бүгінгі

әдебиет тікелей сіз бен бізге

байланысты. Яғни, оқырман

мен қаламгер арасында көпір

болуы керек. Әдебиет талас пен

тартыстан тұрады. «Абай жолы»

романының эпилогы «Өмірден

Абай өтті» деп аяқталады. Бірақ,

бұл арада бір нәрсе жоқ. Ол

- анықтауыш. Өмірден қандай

Абай кетті? Енді сол анықтауышқа

жауап беру үшін, бүтіндей төрт

кітаптың үшеуін қайта оқып

шығу керек. Жапон елі жазушы

Муракамиді авангардтық дәрежеге

көтеріп, әдеби культ жасайды.

Мураками - ортаңқол жазушы.

Ал неге оқырман Муракамиға

құмартады десек, оған оның

бойындағы маргиналдығы себеп

шығар. Сондай-ақ, оның батыстық

дүниетанымы. Біз әдебиетке сұрақ

қоя алмай жүрміз. Әдебиет бізге

не береді? Бізде ақсақалдылық

басым. Жазушылар одағында бедел

деген бар. Ал, шын әдебиет бедел

дегенді мойындамайды. Мысалы,

Мағжан кемелденген шағында

«тар жол тайғақ кешті». Қарсы

шыққандардың қарасы қалың болды.

Оның ұлтшылдығы, қазақшылдығы

ешкімге керек болмай қалды.

Себебі формат өзгерді. Ұлтты

емес, кеңесті жырлайтын әдебиет

қажет болды. Жалпы, адамзат

билік ауысқан шақта, әдебиетті

де ауыстырғысы келеді. Бірақ

олай болмайды. Мәселен, кеңес

үкіметін насихаттаған әдебиет қазір

том-том болып, шаң басып жатыр.

Заманымен бірге кетті. Патшаның

кезіндегі әдебиеттің тағдыры да

сондай. Демек, әдебиеттің атқаратын

функциясы өзге. Біз әдебиеттің

пәлсапасын ұға алмай жүрміз.

Бірінші сұрақ, әдебиет не үшін

қажет? Әдебиет бізге не береді?

Бұл ішуге жарайтын нәрсе ме?

Жеуге жарайтын нәрсе ме? Жоқ

әлде, киім қылып киюге бола ма?

Жалпы, қандай да бір істің алға

басуы - сол іске тікелей сұрақ қоя

алуында. Сол кезде оның функционалды

еңбегі еленеді. Бұл -

оқырманға берер жауап. Жазушы

да: «атақ-даңқ үшін жазып жүрмін

бе? Ұлт үшін жазып жүрмін бе?»

деген сауалды қоя алуы керек.

Бұл ертеңгі әдебиеттің жолын

ашады. Әдебиет еш уақытта ұлттан

алыстамауы керек. Бірақ қазіргі

әдебиет елден жырақ. Айтуға

ауыр болғанымен, мойындамасқа

шарамыз жоқ. Мысал үшін, дүниеге

келіп жатқан нәрестелердің есіміне

қарасаңыз, арасында Алпамыс

жоқ, Ер Төстік жоқ, Ертарғын

жоқ, Ақжүніс жоқ, Құртқа жоқ,

Гүлбаршын жоқ. Бұл дегеніміз

әдебиеттің елден алыстағанын

көрсетсе керек. Ертеңгі әдебиет

бүгін емес, кеше жазылуы тиіс

еді. Осы тұстан ақсап тұрмыз.

- Жақында баспасөз бетінде

математик Асқар Жұмаділдаев:

«Ендігі жерде жазушы, ақын

керек емес. Олар сырқат, ауру

адамдар» деген пікірді айтты.

Ақын-жазушы кеңес кезінде

сөзі өтімді, ықпалды үлкен

тұлға болып саналатын.

Бүгінде олардың қоғамдағы

орны әлсіреп кеткен сияқты.

Сіз қалай ойлайсыз?

- Асқар Жұмаділдаев - қазақтың

ғалымы. Ол - Эйнштейн, Паскаль,

Исаак Ньютон емес. Әрине, оның

математика саласында атқарған

еңбегін жоққа шығара алмаймын.

Мысалы, Асқар Жұмаділдаевтың

математикалық еңбектерімен қатар

Қабдеш Жұмаділовтің, Ілияс

Есенберлиннің кітаптарын қатар

қоялық. Әркімнің атқаратын өз

функциясы бар. Асқар ағамыз математика

саласындағы «плюс» пен

«минусты» айтса, оған келісемін.

Жалпы, жазушы көбейгеннен

әдебиет кемімейді. Үлгі ретінде

айталық, жаңағы Эйнштейні бар,

мықты ғалымы бар өркениетті

елдердің бәрі жазушысын тастап

кеткен жоқ. Ги де Мопассанның,

Гюгоның, Байронның, Бальзактың

да алған өз орындары бар.

Біздің елге елеулі азаматтардың

әдебиетке араласуы заңды. Асқар

Жұмаділдаевтың да, кез келген

әкімнің де әдебиет жайлы айтуға

құқы бар. Себебі әдебиет - ұлттың

жаны. Әдебиет - түсінікті. Мен

қазір дедукциялық алгебра туралы

айтып жатқаным жоқ. Ол белгілі бір

топқа ғана қызық болуы мүмкін.

Әдебиет байқампаздықты қажет

етеді. Тағы да сол Ньютонды

мысалға келтіре кетейін. Оның

ашқан тартылыс күшінде ешқандай

ұлылық жоқ. Біз оның басына

түскен алмадан басқа, өзге де

алмаларды білеміз. Жұмақтағы

алма, троян соғысындағы алма,

сондай-ақ, талай суретшілерге

арқау болған қаншама алмаларды

білемін. Алайда Ньютон

басына құлаған алмасына сұрақ

қоя білді. «Бұл неге менің басыма

құлады?» деді. Ол дегеніміз -

байқампаздық. Ал байқампаздық

дегеніміз - суретшінің бірінші

қасиеті. Демек, Исаак Ньютон -

жазушы. Детальмен көріп отыр.

Сұрағыңызға оралайын. Асқар

ағамыздың жазушы не ақынның

«сырқат, ауру» деген пікірімен де

келісемін. Себебі ұлттың мүддесін,

елдің жағдайын ойлап, тарихын

қанымен жазып жүрген жазушының

шат-шадыман күйде болуы мүмкін

емес. Абайдың «моласындай

бақсының, жалғыз қалдым, тап

шыным» деуі, Шәкәрімнің «аулақта

өзім кестім кіндігімді» дегені -

заңдылық. Себебі ұлтты ойлайтын,

жұртты ойлайтын ақын жазушының

сау болуы мүмкін емес. Ал физик,

математиктердің қаншалықты

ауыратынын білмеймін.

- Жазушы Тынымбай

Нұрмағамбетов: «Әдебиетте,

өнерде атмосфера жасайтын

тұлғалар қалмай барады» деді.

Ал жазушы Дулат Исабеков

ағамыз: «Мен бүгінгі заманның

кейіпкерін таба алмай жүрмін»

деді бір сұхбат барысында.

Қазір мүйізі қарағайдай

біраз жазушыларымыздың

шығармасына арқау болатын

кейіпкер жоқ па шынымен?

- Жалпы, кейіпкерін таппаған

жазушының жағдайы нашар.

Бұл жерде Дулат ағамызды

айтып жатқаным жоқ. Ол кісі -

барлығымыздың рухани әкеміз,

жазушы. Олай деуіне де бір себеп

бар шығар. Ал енді Тынымбай

ағамыздың тұлғалар жоқ дегенімен

келісе алмаймын. Тұлғалар да әдеби

кейіпкерлерде жетерлік. Тек сол

Ньютонның байқампаздығы қажет.

Мысал үшін, біздің үйде ауламызды

сыпырып жүретін орта жастағы

бір келіншек бар. Көп қабатты

үйдің тұрғындарынан қалған

небір түнгі сұмдықты таңертең

сыпырып жүреді. Кейіпкер емес

пе? Кейіпкер. Өзі біліп тұрып,

жауабын сорлатып, боздатып сұрап

тұрған оқытушы да - кейіпкер. Ал

тұлғаға келетін болсақ, тұлғаны

жағдай жасайды. Қазір бейбіт

заманда біздің әдеби кейіпкерлеріміз

саудагерлер мен әкімдер.

Соғыс болса, батыр шығады.

- Нобель сыйлығына

қатысты әңгіме болғанда,

кейбір мемлекеттердің

өздерінің талантты жазушыларына

осы сыйлықты

алып беру үшін мүдделі саясат

жүргізгендігі айтылады. Бізге

де осындай саясат керек пе?

Әлде, қазақ қаламгерлеріне

бұл сыйлық аударма саласымен

қолбайлау боп тұр ма?

- Нобель сыйлығынан бастайық.

Жуырда иесі атанған Орхон

Памуктың туындысын түркі елі

алғашқыда қабылдамады. Себебі

онда саяси шындықтар айтылады.

Ал енді өзімізге қарай ойысайық.

Біздің қоғам ойлы азаматтарға зәру

емес. Оған «атқарушы азаматтар»

қажет. Бізде саяси өмірді, бүгінгі

күннің шындығын жазып жүрген

қаламгерлер некен-саяқ. Бар.

Алайда, олардың аудиториясы

бар ма? Ол - бір дүние. Үлкен

әдебиеттің бойында күрес-керлер

мен бунтарьлардың қаны болады.

Ақынның арқалана өлең оқуы да,

оның «ішкі әлемінің жарылыстары»

да содан. Жазушының екі түрі

болады: бірі - өзін ұмытады, бірі

- өзгені шығарады. Бізде Нобель

сыйлығын алу үшін талпынып тұрған

бір жас талант үшін арманын

лақтырып тастауға дайын жүз

ақсақал бар екеніне кәміл сенемін.

- Жаңағы өзіңіз айтқан Орхон

Памуктың Нобель сыйлығы

берілген «Қызыл қар» романы

Түркияның қоғамдық-саяси

өмірін суреттесе, жазушы Франц

Кафканың атақты «Қорған»

романы сол кездегі Австрияның

бет-бейнесін ашады.

Қазақ халқының бүгінгі

өмірі қазіргі жазушылардың

шығармаларынан орын ала

алды ма?

- Жақында Ырысбек Дәбейдің

«Қоңыз» дейтін кітабын оқып

шықтым. Тәуір дүние! Бүгінгі

қоғамды сипаттайтын шығарма.

Сол қоғам туралы жазылған туынды

«қоғамға керек пе?» деген тағы

да сұрақ туады. Өкінішке қарай,

бүгінгі қоғам хақында жазылып

жатқан әдебиет пессимистік бағытқа

кеп тіреледі. Мен қазір қазақ

әдебиетінде романистердің тартысын

көрмеймін. Роман жазып жүргендер

аз. Арыз жазып жүргендер көбейді.

Әдебиет бәсеке болған жерде

дамиды. Француз әдебиеті ренессанс

кезінде дами түсті. Өйткені

олардың кардиналының өзі пьеса

жазған. Ол пьеса сахналанды

да. Наполеон Гетенің елін басып

кіргенде алдымен жазушының үйіне

кіріп сәлем берген. Ал қазір қай

әкім жазушыға кеп сәлем береді.

Біздің қоғам «анау бір жазушы,

не ақын көлік мініпті, коттедж

салыпты» деп бас ауыртады. Ал

оның жазған дүниесінің мәңгілік

екеніне бас қатырғымыз келмейді.

Бұл - қазіргі қоғамның дерті.

- «Кітаптың тиражы –

әдебиеттегі ситуацияны

айна-қатесіз көрсететін барометр

сияқты» дейді жазушы

Таласбек Әсемқұлов. Бұрынғы

және бүгінгі кітаптардың

тиражы жайында не дейсіз?

- Оқылатын кітап өз оқырманын

қалай да болсын табады. Оқылады.

Мыңдаған тиражбен шығып, шаң

басып жатқан қанша кітаптардың

да тарихын білеміз. Іздеп жүріп

оқылған кітаптың құны жоғары

болады.

Түйін:

Ақын-жазушыны құдасындай қадірлейтін,

қаламынан туған дүниені ғаламдай қабылдайтын

халықтың сенімін алдамау үшін не істеу керек?

Мұндай сауалға әрқайсымыздың ішкі дауысымыз:

«Жақсы жазу қажет», – деп жауап береді. Алайда, жазу

оқудан басталады. Жақсы жазуға ешқандай қаулықарармен

қол жеткізе алмаймыз. Әр қаламгердің

өз бойындағы табиғи дарыны, жүрек философиясы,

яғни, өмірге деген пәлсәпалық көзқарастар жиынтығы

ғұмыр концепциясындағы күнделікті өмірмен тығыз

байланыста болуы шарт. Әдебиет сүйер қауымның

үмітін ақтауға бағытталған қадам сонда ғана нақты

көрініс табады.

«Онлайн желіні» жүргізген – Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!