16.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

17 қыркүйек, сенбі

2022 жыл

№104 (15872)

ssamaly29@gmail.com www.saryarka-samaly.kz facebook.com/saryarqasamaly @saryarqa_samaly

@saryarqa_samaly

Аудандар арасы

қысқарады

ЕЛ ЖӘНЕ БИЛІК

Нақпа-нақ

Биыл облыста

392

шақырым

жол салынып,

жөнделеді

ПАРЛАМЕНТ

Астана атауы

қайтарылады

Кеше Парламент палаталарының

бірлескен отырысында «ҚР

Конституциясына өзгерістер

мен толықтыру енгізу туралы»

Заң қабылданды. Соған сәйкес,

Президент жеті жылға сайланып,

бас қаланың бұрынғы

атауы қайтарылатын болады.

Денсаулық:

КАДР МӘСЕЛЕСІ ӘЛІ ДЕ ӨЗЕКТІ

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Алдағы уақытта Май және Баянауыл аудандарының арасы қысқара

түспек. Жаңа «дәліздің» салынуы нәтижесінде елді мекендердің

арасы бірден 300 шақырымға қысқарады.

Май ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов жол инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандарды

жаңғырту, ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстардың

барысымен танысты.

Жалғасы 2-3-беттерде

Басы ауырып, балтыры сыздаған адам бірінші кезекте мейірімділік жаршысы атанып

кеткен дәрігерге көмекке жүгінетіні сөзсіз. Алайда науқастар бір дәрігердің өзіне бара

қалсаң, ұзын-сонар кезекте сағаттап күтетінін айтып налиды. Неге мұндай кезек деп

сұрасаң, дәрігер тапшылығының себебінен дейді.

Толығырақ 7-бетте

ҚР Әділет министрі Қанат Мусин

депутаттар алдында заң жобасын ұсынды.

Алда енгізілетін өзгерістердің бірі -

Президенттің мандатын қайта сайлану

мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу. Яғни,

заң жобасы күшіне енген соң Президент

тек бір рет жеті жылға сайланады.

- Ұсынылған Конституциялық новелла

биліктің монополиялану тәуекелдерін едәуір

төмендетеді және билікті қалыптастыру мен

жұмыс істеуінің өркениетті қағидаттарын

белгілеп, саяси тұрақтылықты нығайтады.

Сондай-ақ, Конституцияның Президенттің

өкілеттік мерзіміне және оны қайта

сайлау жөніндегі шектеулерге қатысты

ережелерінің өзгермейтінін белгілейтін

түзету көзделген. Соған сәйкес, алдағы

уақытта бір реттен артық Президент

болып сайлану, оның өкілеттілік мерзімін

ұлғайтуға мүмкіндік болмайды. Осылайша,

бұл норма Конституцияның ажырамас

бөлігіне айналады және кейіннен қайта

қаралмайды, - деді министр.

Заң жобасындағы тағы бір өзгеріс -

Нұр-Сұлтан қаласы атауының қайтадан

Астана болып өзгеруі. Министрдің

сөзінше, қала атауының өзгерсе де,

азаматтарға құжаттарды ауыстырудың

қажеті болмайды. Сонымен қатар, қалалық

мәслихат елорданың бұрынғы атауын

қайтаруды талқылау кезінде қосымша

шығындар болмайтынын мәлімдеген еді.

Ғимараттардағы атаулар жоспарлы түрде

кезең-кезеңімен ауыстырылады.

Үшіншіден, Конституциялық Сот

судьяларының қайта тағайындалуына

шектеу қоя отырып, олардың өкілеттік

мерзімдерін 8 жылға дейін ұзарады.

Парламент депутаттары бұл ұсыныстарды

қолдады. Енді Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өзгерістер

мен толықтыруларға қол қойған соң

жоба заңды күшіне енеді.

Әзірлеген – Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.


2 17 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл ӨҢІР

SARYARQA SAMALY

Басы 1-бетте

Аудандар арасы

Инфрақұрылым

жақсара түсті

Облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақовтың тұрғындармен тұрақты

кездесуі Май ауданында жалғасты.

Алдымен аймақ басшысы елді

мекендердегі әлеуметтік нысандарды

аралады. Екінші күні аудан

орталығында жұртшылықпен

жүздесіп, азаматтарды жеке

қабылдады.

Газетіміздің өткен нөмірінде

Әбілқайыр Бақтыбайұлы Май топтық

су құбырынан тұтынушыларға

берілетін судың сапасына қатысты

сын айтып, талдау жұмыстарын

жүргізуді тапсырғанын жазған

едік. Сондай-ақ, бұл күні Саты

ауылының азаматтарымен кездесіп,

елді мекенде «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасы аясында атқарылған

жұмыстардың нәтижесін тексерді.

Аймақ басшысы аудандағы

жолдарды жөндеуге байланысты

қолға алынған ауқымды

істерді де пысықтады. 2020 жылдан

бастап «Қызыл Октябрь -

Жаңа Ақшиман» автожолының

95 шақырымының 52,8 шақырымы

жөнделді. Жыл соңына дейін

тағы 42,2 шақырым қалыпқа

келтіріледі. Сол арқылы Жаңа

Ақшиман ауылына жету жеңілдей

түседі. Ә.Сқақов осы учаскелерді

аяқтау бойынша кешенді жұмыс

жүргізуді тапсырды.

- «Ақшиман-Лекер» бағытындағы

автомобиль жолының сапалы

күрделі жөндеуін қамтамасыз ету

керек. Қазіргі уақытта ауданда

«Ж.Аймауытов – Ақшиман» автожолын

күрделі жөндеу бойынша

жоба әзірленуде. Осы жобаның

іске асырылуы Май және

Баянауыл аудандары арасында

жаңа «дәліз» ашуға, сондай-ақ

ауылдар арасындағы жолды

300 шақырымға қысқартуға мүмкіндік

береді, - деді облыс әкімі.

Әбілқайыр Сқақов шалғайда

жатқан Ақшиман ауылына арнайы

барды. Мұнда 1981 жылы салынған

Ақшиман негізгі мектебінің ғимараты

биыл күрделі жөндеуден өткен

еді. «Мектептерді жаңғырту»

бағдарламасы бойынша спорт

және мәжіліс залдары, оқу кабинеттері

жаңартылып, терезелер

ауыстырылды. Сондай-ақ, жаңадан

22 компьютер сатып алынды. Жоба

құны - 90 млн теңге. Мектеп

директоры Салтанат Егінбаеваның

сөзінше, мұндай ауқымды жөндеу

мектептің негізі қаланғаннан бері

жасалмаған. Жалпы, мектепте

49 оқушы, шағын орталықта

20 бала бар. Ғимараттың екінші

және үшінші қабаттарындағы жөндеу

жұмыстарынан кейін жылу қосылды.

Жұмыс сапары кезінде

облыс әкімі Ақшиман ауылының

тұрғындармен кездесті. Олардың

сөзінше, жедел жәрдем көлігі

әбден ескірген. Тұрғындарды

тасымалдайтын шағын атвобус

та қажет. Кездесу барысында

«Қалмаққырылған» саябағының

жобасы талқыланды. Тұрғындарға

барлық өтініш-тілектерін жинап,

аудан әкіміне жолдау ұсынылды.

- Бірінші кезекте шалғайдағы

ауылдарды заманауи жедел жәрдем

көлікте-рімен қамтамасыз ету керек.

Әлеуметтік маңызға ие маршруттарды

субсидиялауға дайынбыз.

Дегенмен, автопаркты жаңарту -

тасымалдаушылардың міндеті, -

деді аймақ басшысы.

Аймақ басшысы жергілікті

жылқы шаруашылығымен айналысатын

қожалық өкілдерімен

кездесіп, олардың өңірдің

агроөнеркәсіптік кешенін дамыту

бойынша ұсыныстарын тыңдады.

Айталық, шаруа қожалықтарының

басшылары шалғайдағы фермаларды

электр желілеріне қосу,

бос жерлерді айналымға енгізу

сияқты мәселелерді көтерді.

Сондай-ақ, сапары барысында

Ә.Сқақов былтыр күрделі жөндеуден

өткен Жалтыр орта мектебінде

болды. Мектеп директоры Анар

Жанығұлованың айтуынша, 1983

жылы салынған ғимарат толығымен

жаңғыртылып, мектеп шатыры,

терезелері, есіктері ауыстырылып,

электр желілері, жылу

жүйесі жаңартылды. Облыс әкімі

мектептің жаңа жылыту маусымына

әзірлігін тексеріп, балалардың

жайлы жағдайда білім алуы үшін

аталмыш нысанды үзіліссіз жылумен

қамтуды мықтап қолға алуды

тапсырды.

Аймақ басшысы балалармен

тілдесіп, өзара пікір алмасты. Бұл

ретте өңірімізде іске қосылған «Жаңа

мамандықтар атласы» жобасының

аясында оқушылар мамандық

таңдауға көмектесетін тестілеуден

өтіп, әрбіреуінің психологиялық

портреті жасалынды. Облыс әкімі

бұл іске мектеп түлектерін тартуға

шақырды. Олар өз өмірбаянын

балаларға әңгімелеу арқылы

оқушылардың болашақта өз орнын

табуға көмек бере алады.

Кеңтүбектегі аудандық балалар

және жасөспірімдер спорт мектебінің

филиалында шатыр, терезелер,

есіктер, еден ауыстырылып, жылу

жүйесі ретке келтірілді. Спорт

мектебінде 90-ға жуық бала еркін

күрес, тоғызқұмалақ және волейболмен

айналысады. Биылдан

бастап мұнда үстел теннисінен

секция ашылды.

Әбілқайыр Сқақов мектептерде

үстел теннисін дамытудың

маңыздылығын кезекті рет атап

өтті.

- Бұл маңызды әрі әлеуметтік

спорт түрін барынша насихаттау

керек. Осыған дейін де өңірімізде

балаларды тәртіпке баулып, балғын

спортшылардың ой-өрісін кеңейтіп,

көру қабілетін жетілдіретін үстел

теннисін дамыту бойынша тапсырма

берген болатынмын, - деді облыс

әкімі.

Жетістік бар,

дегенмен...

Бұрнағы күні аудандық мәдениет

үйінде өткен жұртшылықпен жүздесу

барысында бірқатар мәселе

талқыланып, тапсырмалар берілді.

Жалпы, облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов соңғы уақытта ауданның

жеткен жетістіктері баршылық

екенін атап өтті. Айталық, соңғы

үш жылда мал шаруашылығындағы

өсім көрсеткіші 1,2 есе артты. Сол

сияқты жол жөндеу жұмыстарының

көлемі екі есе көбейді. Осыдан

екі жарым жыл бұрын шамамен

26 шақырым жол жөнделсе, биыл

50 шақырымға жаңа асфальт

төселеді. Тұрғын үй құрылысы

саласындағы көрсеткіштер де жаман

емес. Былтыр аудан бойынша 5 мың

шаршы метр баспана пайдалануға

берілсе, биыл 5,3 мың шаршы

метр тұрғындар игілігіне тапсырылады.

Осы орайда аймақ басшысы Май

ауданы түлектері қалыптастырған

игі дәстүрді ерекше атап өтті.

Мұндағы мектептерде білім алған

азаматтар оқу орындарына заманауи

кабинеттерді сыйға тартып,

өскелең ұрпаққа жақсы тарту

жасайды. Өзге аудан-қала түлектері

бұл бастамадан үлгі алса, артық

болмас.

- Жалпы алғанда, ауданның

даму қарқыны жақсы. Әлеуметтік

нысандар жаңғыртылып, тұрғындардың

әл-ауқатын арттыруға

бағытталған жобалар жүзеге асуда.

Мәселен, Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында

елдегі ең төмен жалақы

көлемін 70 мың теңгеге дейін

көтеруді тапсырған болатын. Соның

нәтижесінде ауданның 400-ден

астам тұрғынының айлығы көбейеді.

Десе де, шағын ауылдарда әлі

де шешілмеген мәселелер бар.

Мәселен, ауылдарда дәріхана

ашу ісін оң жолға қою керек.

Медициналық мекемелердің

ішінде төрт дәріханалық пункт

ашу бойынша жұмысты аяқтап,

шалғайда орналасқан ауылдарға

көмірді үздіксіз тасымалдауды

тапсырамын. Сондай-ақ,

бұқаралық спортпен айналысатын

тұрғындардың, қосымша білім

берумен қамтылған балалардың

санын арттыру керек, - деп

міндеттерді белгіледі Ә.Сқақов.

Айта кетейік, тұрғындармен

кездесудің жаңа форматы аясында

облыс әкімінің орынбасарлары

мен басқарма басшылары Май

ауданындағы 22 ауылды аралап,

жұртшылықтың талап-тілегін

білген еді. Соның барысында

азаматтардан 63 сұрақ түсті.

Оның жетеуі тез арада шешімін

тапса, 16 мәселенің түйіні жыл

соңына дейін тарқайтын болды.

Инфрақұрылымды дамыту, жол

жөндеу, әлеуметтік көмек көрсету

сынды мәселелер де бақылауға

алынды. Мәселен, осы жылдың

қараша айында Ақшиман ауылына

интернет байланысы орнатылатын

болды.

Көмір қымбат

болмайды

Кездесу барысында аудан

тұрғындары көпті толғандырған

қоғамға ортақ өзекті мәселелерді

де, жеке басқа қатысты сауалдарды

да көтерді. Көктөбе ауылының

тұрғыны Ирина Бехтольд аудан

орталығындағы Әуезов, Сәтбаев,

Бектұров көшелерінің жолдары күз

бен көктемнің жаңбырлы күндері

батпаққа айналып, тұрғындарға,

әсіресе балаларға қолайсыздық

тудыратынын айтты. Ауылдық

әкімдіктің жөндеу көрмегеніне де

бірнеше жылдың жүзі болыпты.

Қоғамдық жұмыспен айналысатын

адамдарға ғимаратты әктеп, бояу

үшін арнайы киімдер, құралдар,

тіпті қолғаптар берілмейді.

Көктөбе ауылының әкімі Әкімбек

Темірғалинов болса, бұдан бейхабар

екенін, құралдар алуға қаржының

аздық ететінін айтып, ақталды.

Ал аудан әкімі Ағыбай Әмірин

бюджетті нақтылау кезінде тиісті

қаражат бөлінетінін атап өтті.

Аймақ басшысы Әбілқайыр

Сқақов ауыл әкімдері халықпен

тығыз байланыста болуы тиіс

екенін еске салды.

- Жергілікті жердегі осындай

ұсақ-түйек мәселелерді шешу

үшін міндетті түрде облыс әкімі

келуі керек пе? Сонда ауыл,

аудан әкімі немен айналысады?

Бұған дейін мұндай болмашы

сауал қойылмағанына қарағанда

тұрғындардың билікке деген сенімі

жоқ шығар. Жөндеуге қажет

киімдермен, құралдармен қамту үшін

бюджетте қаржы қарастырылады.

Сондықтан мәселе тез арада

шешілсін, - деді Ә.Сқақов.

Аудан орталығының тағы бір

топ тұрғыны мектептің суық екенін

айтты. Сондықтан балалар қыс

бойы салқын кабинеттерде оқуға

мәжбүр. Бұл жағдай ұстаздар мен

қызметкерлерге де қолайсыздық

тудырады. Ағыбай Әмірин бұған

дейін орталық жылу қазандығынан


SARYARQA SAMALY

ДАМУ 17 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл 3

қысқарады

ғана жылытылып келген білім

мекемесіне биыл қосымша екі

қазандық қойылғанын атап өтті.

Сондықтан алдағы жылыту маусымында

қиындық туындамауы тиіс.

Көктөбе ауылының азаматтары

көмір бағасына қатысты да

алаңдаушылық білдірді. Зейнеткер

Людмила Козлованың айтуынша, ел

арасында «Биыл көмірдің тоннасы

25 мың теңге болады» деген әңгіме

желдей есіп жүр. Баға бұлай күрт

қымбаттаса, тұрғындардың қатты

отын алатын мүмкіндігі болмайды.

- Алаңдауға еш негіз жоқ.

Ауданға көмір тасымалдаумен

айналысатын 7 кәсіпкермен

жасалған келісімнің нәтижесінде

қатты отынның бір тоннасының

бағасы 18 мың теңгеден аспайтын

болды. Аудандағы «Қайнама» көмір

кенішімен жасалған меморандумға

сәйкес, жергілікті отын аудан

тұтынушыларына 13-14 мың теңгеден

жеткізіледі. Өзімізде өндірілетін

бұл көмірдің қызуы жақсы. Сол

сияқты аталмыш кәсіпорын

250 тонна қысқы отынды тегін

беретін болды. Соның есебінен

әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған

48 отбасының әрқайсысына

3-4 тонна көмір тегін беріледі, -

деді А.Әмірин.

Өткен жылы «Еңбек» бағдарламасы

бойынша оңтүстіктен қоныс

аударған Эльмира Ахметова да

үйдің суық екенін айтты. Былтыр

қыста 10 тонна көмір жақса, күз

басталғалы баспанасын жылыту

үшін күніне 3 шелек көмір салады.

Қабырғалар сөгіліп, төбеден су

ағады. Қалдық су құйылатын

екі үйге ортақ шұңқырдың апта

сайын толып қалатыны тағы бар.

Аудан басшысы бұл мәселе бір

ай дересінде шешімін табарына

уәде берді.

- Оңтүстік өңірлерден қоныс

аударушыларға 10 үй салған

мердігердің жұмысы сапасыз болып

шықты. Бұл мердігер баспаналарды

ретке келтіруге міндетті.

Алайда соттың шешімін де орындамай

отыр. Соған қарамастан,

аудан әкімдігі өз күшімен төрт

үйді жөндеді. Тағы төрт үй қазан

айының ортасына дейін жөндеуден

өтеді, - деп жауап берді аудан

басшысы.

Сапасыз су

сергелдеңге

салды

Көктөбе, Саты ауылдарының

тұрғындары ауызсудың сапасына

қатысты шағым білдірді. Айтуларынша,

топтық су құбыры қосылғалы

денсаулықтары сыр бере бастады.

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов

судың сапасын тексеруге қатысты

нақты тапсырма берілгенін еске

салды. Соның нәтижесі бойынша

жұмыстар атқарылатын болады.

Ал Малайсары ауылының азаматтары

Кемертұздың болашағына

алаңдаушылық білдірді. Себебі

инвесторлар бұл жердің балшығын

өңдеуге кіріспек. Жазғы маусымда

10 мың тонна саз алуға ниетті.

Алайда бұған жергілікті жұртшылық

қарсы.

- Кемертұзға еліміздің әр өңірі

мен облыстың аудан-қалаларынан

ем алуға келетіндердің қарасы

көп. Сол жерде бас дәрігер

қабылдап, кеңесін де береді.

Егер инвестор бұл орынды

бизнеске айналдырса, су тартылып

қалып, табиғатқа қауіп төнеді, -

дейді ауыл азаматы Балтабай

Жетібаев.

Әбілқайыр Сқақов бұған дейінгі

қоғамдық тыңдау кезінде жұртшылық

жобаның іске асуына қарсы

болғандықтан, бастама жүзеге

аспағанын атап өтті.

- Мұндай инвестициялық жобалар

тек көпшіліктің мақұлдауынан

өткен соң орындала бастайды.

Тұрғындардың пікірі міндетті түрде

ескеріледі, - деді Ә.Сқақов.

Кездесу барысында қандастар

мен оңтүстік өңірлерден қоныс

аударған азаматтар жеңілдетілген

несие беру, баспанамен және

жұмыспен қамту мәселелерін

көтерді. Олардың қатарында

оңтүстіктен Успен ауданына көшіп,

бірақ жергілікті әкімдіктен қолдау

таппаған 7 отбасы бар. Олар облыс

әкімі Ә.Сқақовтың көктемде Успен

ауданы азаматтарымен кездесуі

кезінде қолдау көрсетуді сұраған

болатын. Кейін Май ауданына

қоныс аударып, тұрғын үймен

қамтылды. Енді егін салып, мал

шаруашылығымен айналысу үшін

пайыздық мөлшерлемесі төмен

несие берілсе екен дейді. Құзырлы

басқарма басшылары бағдарлама

талаптарын түсіндіріп, бұл мәселелер

бойынша кеңес берді.

Аудан тұрғыны Қайыржан

Ахметұлы бір кездері жабылып

қалған туберкулезге шалдыққан

балаларды емдеп, тәрбиелейтін

балабақша жұмысын қайта

жаңғыртуды сұрады. Бірақ оған

еш негіз жоқ екен. Облыстық

денсаулық сақтау басқармасының

басшысы Айдар Сейітқазиновтің

сөзінше, ауданда 11 бала мен

ересек адамнан аталмыш сырқат

белгілері байқалды. Оларға тиісті

медициналық көмек көрсетіледі.

Бұл ретте аудан азаматтары

дәрігерлердің тапшылығы барын

бүгіп қалмады. Сондай-ақ, Семей

полигонынан зардап шеккен аймақ

ретінде бірқатар жеңілдіктер

қарастырылған арнайы бағдарлама

дайындауды ұсынды. Аталған бастамалар

кейін толығымен сараланып,

қаралатын боп келісілді.

Аймақ басшысының тұрғындармен

кездесуі барысында көтерілген

негізгі мәселелер – осы. Олардың

әрқайсысы бойынша тиісті тапсырмалар

беріліп, жеке бақылауға

алынды. Ал кездесуден соң облыс

әкімі азаматтарды жеке сұрақтары

бойынша қабылдады.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Суреттерді түсірген –

Валерий Бугаев.

ЕГІС

Павлодар облысында қырыққабат пен пияз алқаптары

аз. Сондықтан бұл өнімдер сауда орындарына

оңтүстік аймақтардан жеткізіледі. Биыл өзге өңір

нарығына деген мұндай тәуелділіктен арылу үшін

бұл көкөністер егілетін аумақтар едәуір ұлғайды.

Көкөніс алқабы

көбейді

Кеше облыс әкімі Әбілқайыр

қақов Павлодар облысындағы

бірнеше шаруашылық жұмысымен

танысты. Мәселен, Черноярка

ауылындағы «Родник»

шаруа қожалығы 12 гектарға

егілген пиязды, 15 гектарда

өсірілген қырыққабатты жинай

бастады. Олардың келісін алқаптан

80 теңгеден сатып жатыр. Сәбіз,

картоп пен қызылшаның да өнімділігі

жақсы. Шаруашылық басшысы

Геннадий Андрейцевтің айтуынша,

өнімнің бір бөлігі 5 мың тоннаға

арналған көкөніс қоймасында

сақталады. Кейін «Павлодар»

әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен

жасалған келісімшарт

бойынша өңірдегі әлеуметтік

дүкендерге жеткізіледі.

Ал «Кабылдиновтар» шаруашылығы

көкөністермен қатар

брокколи екті. Былтыр жиналған

алғашқы өнім мол болғандықтан,

биыл да өсіруді жөн санапты.

- Біз брокколидің келісін

700 теңгеден сатамыз. Сырттан

келген өнімнің келісі – 1500 теңге, -

дейді шаруашылық басшысы

Жаслан Қабылдинов.

Аймақ басшысы Әбілқайыр

Сқақов біздің өңір өніммен өз-өзін

қамтуы тиіс екенін айтты. Кейін

көкөністерді фермерлік базарда

делдалдарсыз, тиімді жолмен

сатылымға шығара алады.

- Былтыр қырыққабаттың

бағасы күрт өсіп, тапшылық

туындады. Биыл мұндай жағдай

қайталанбас үшін өнімді жинау,

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Қазандық қашан

іске қосылады?

Осыдан бес жыл бұрын қазығы қағылған Ақсу

қаласындағы қазандықтың құрылысы аяқталып

қалды. Бастапқы жоспар бойынша ол осыдан бір-екі

жыл бұрын іске қосылуы тиіс еді.

Алайда жобаға түрлі түзету

енгізілуінің салдарынан әлі

қолданысқа берілген жоқ. Биыл

да пайдаланылмайтын түрі бар.

Себебі күлді үгетін құрылғылар

қараша айында ғана орнатылады.

Кеше Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифинг барысында

Ақсу қаласының алдағы

жылыту маусымына дайындық

барысы баяндалды. Шаһар

басшысы Нұрлан Дүйсембиновтің

айтуынша, жылу станциясы мен

желілердегі ағымдық, күрделі жөндеу

жұмыстарының барлығы белгіленген

кесте бойынша жүргізілуде.

Бүгінде жоспарлы істің басым бөлігі

аяқталды. Энергия көздерінде

еш қиындық жоқ. Қаладағы

263 және Ақсу шағын ауданындағы

көпқабатты 23 үйде тиісті шаралар

атқарылды.

Бұл ретте облыстық энергетика

және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасының

басшысы Ержан Салханов жаңа

қазандықтың құрылысына қатысты

мәселеге тоқталды. Айтуынша,

сақтау жұмыстарын сапалы

жүргізу қажет. Жергілікті жердегі

қырыққабат нарығының 20 пайызын,

пияздың 10 пайызын ғана қамтып,

қалғанын оңтүстіктен тасымалдау

дұрыс емес. Алдағы уақытта егін

алқаптарын әртараптандырудың

осы тәжірибесін пайдалануды

жалғастыру керек. Биыл өңір

тұрғындарын қамтамасыз ету

үшін пияз дақылдарын әртараптандыру

бойынша жұмыс жүргізілді.

Елдегі ең ірі қоймалар біздің

облыста орналасқан. Енді осының

барлығын біріктіріп, дұрыс модель

құру керек. Шағын және орта

шаруа қожалықтары үшін ірі

сауда желілеріне шығу, оны

сөреге жеткізу қиын екенін

түсінеміз. Сондықтан фермерлік

базар ашылатын болады, - деді

Әбілқайыр Сқақов.

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының басшысы

Нұрболат Мақашевтің сөзінше,

биыл пияз алқаптары 380 гектарға,

қырыққабат егілетін аумақ

200 гектарға дейін ұлғайды.

Бүгінде өнімділік гектарынан

280-300 центнерді құрайды.

Сол арқылы өңір тұрғындары

сұранысының 80 пайыздан астамын

өтеуге мүмкіндік туады.

Сонымен қатар, аймақ басшысы

Тереңкөл, Железин аудандарындағы

шаруашылықтарға барды.

Бұл туралы толығырақ газетіміздің

келесі нөмірінен оқи аласыздар.

Өз тілшіміз,

Павлодар ауданы.

аталмыш қазандықтың қашан іске

қосылары әзірше белгісіз. Барлығы

күлді үгетін қондырғының қойылуына

байланысты болып отыр.

- Сынақ барысында қазандықта

жанған көмір ірі күл болып шықты.

Гидрологиялық күлді жою жүйесіне

сәйкес, ол ұсақ болып шығуы керек.

Сондықтан мердігер компания –

«KPI Energy» ЖШС өз қаражаты

есебінен күл үгетін алты құрал

алмақ. Олардың бағасы – 11 млн

теңге. Қарашада құралдар орнатылып,

сынақ жүргізілген соң қандай

да бір қиындықтар болмаса, ол

әкімдіктің баланасына беріліп,

қызмет көрсететін ұйым мен жылу

тарифі анықталады. Содан соң

ғана қазандықтың қай уақытта

толығымен іске қосылары белгілі

болады, - деді Е.Салханов.

Басқарма басшысының сөзінше,

биыл Ақсу ферроқорытпа

зауытындағы қазандықтардың

қаланы жылытуға қуаты жетеді.

Ал жаңа қазандықтың қуаттылығы

180 ГКал-ды құрайды. Шаһардың

жалпы сұранысы – 110 ГКал.


4 17 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

- Қазір заңмен азаматтық және

қызметтік қару айналымы мәселелері

бойынша бірқатар редакциялық

түзетулер енгізілді. Бұл қандай

өзгерістер?

- Қазақстан Республикасының

қылмыстық кодексіне газды, жарақат

салатын, аң аулайтын, белгі беретін

лақтыратын қарудың контрабандасы

үшін қылмыстық жауапкершілікті

енгізу бөлігінде (ҚР ҚК 286-бабы

«Контрабанда») өзгерістер мен толықтырулар

енгізілді. Сондай-ақ, баптың

диспозициясына (ҚР ҚК 288-бабы

«Қаруды заңсыз жасау») қаруға

«негізгі (құрамдас) бөліктері» ұғымы

белгіленеді. Осы норманы енгізу рұқсат

беру рәсімдерінсіз іске асырылатын

қарудың көрсетілген қару түрлерінің

орын ауыстыруын бақылауға мүмкіндік

береді. «Жекелеген қару түрлерінің

айналымына мемлекеттік бақылау

жасау туралы» Заңға: азаматтық

қаруға жатқыза отырып, аңшылық

қару ұғымы енгізіледі. Бұдан бөлек,

қару-жарақты әкелуге және оның

айналымына рұқсат беру тәртібі

енгізілуде. Енді контрабанда үшін

қылмыстық жауапкершілік және заңсыз

айналым және қолдану үшін әкімшілік

жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ, тегіс ұңғылы аңшылық қаруға

рұқсат алудың шекті жас мөлшері 18 жастан

21 жасқа дейін ұлғайтылады.

Онымен қоса, қаруға рұқсат алу

үшін медициналық куәландырудан өту

тәртібі міндетті түрде психологиялық

тестілеуден өтуімен күшейтіледі.

- Заңға енгізілген өзгерістер

мен толықтырулар жол саласын

да жанай өтті. Көлік жүргізушілерін

не күтіп тұр?

- Көлік құралын мемлекеттік

нөмірлерсіз қайта басқарғаны үшін

құқық бұзушылықтың жаңа құрамы

енгізіледі. Онда 20 АЕК мөлшерінде

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ

Облыстық бюджетті нақтылау

мәселелері облыстық мәслихаттың

кезектен тыс сессиясында қаралды.

Мемлекет тапсырысы шеңберінде

«Зерек» және «Точка роста» жеке

меншік балабақшаларында қосымша

175 орын ашу жоспарлануда. Оған

79,1 млн теңге көзделген.

- Денсаулық сақтау жүйесі

бойынша ауруханаларды жарақтау

жалғасатын болады, оған 79,1 млн теңге

көзделген. Дене шынықтырумен және

спортпен шұғылданатын азаматтардың

санын 2025 жылға қарай 50%-ға

дейін жеткізу мақсатында волейбол

дамытуға, ветеринария саласында

жануарларда қауіпті инфекциялық

Қызмет беделі

арта түспек

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев құқық қорғау органдарының жұмысын

жетілдіру, әскерилердің міндеттері мен жауапкершілігін

күшейту, қару-жарақ айналымын бақылау, жекелеген құқық

бұзушылықтар бойынша жазаны қатаңдату туралы жөнінде бірқатар

заңнамалық өзгерістер енгізуді құптады. Бұл жаңашылдықтар

туралы Павлодар облысы полиция департаменті бастығының

бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров бізге түсіндіріп берді.

айыппұл салу немесе қарау құзыреті

соттарға жүктелген 1 жыл мерзімге

көлік құралдарын басқару құқығынан

айыру көзделген. Айыппұл түріндегі

жаза алынып тасталады. Яғни, жалған

мемлекеттік нөмірлері бар көлік

құралын жүргізгені үшін 5 тәулікке

дейін әкімшілік қамауға алынады.

- Ішкі істер органдарының

қызметкерлерінің және әскери

қызметшілердің құқықтық және

әлеуметтік қорғалуы күшейтілді.

Тәртіп сақшысына бағынбаған

азаматтар қамауға алынуы мүмкін.

Осы жөнінде тарқата кетсеңіз...

- Құқық қорғау органы қызметкерінің,

әскери қызметшісінің заңды

бұйрығына немесе талабына бағынбағаны

үшін заңдағы 667-баптың

санкциясынан «ескерту» түріндегі

жазалау шарасы алынып тасталды.

Айыппұл мөлшері 30 АЕК-ке дейін

және 15 тәулікке дейін әкімшілік

қамауға алу ұлғайтылады. Мұндай

іс-әрекетті қайталап жасағаны үшін

15-тен бастап 20 тәулікке дейін әкімшілік

қамауға алу қарастырылған.

Қаржы бөлінеді

Биыл «Балалар жылы» аясында облыстың үздік педагогтарына

және дарынды балаларға гранттар төлеу

жоспарланды. Ғимараттың едәуір тозуына байланысты

Павлодар қаласындағы 10 балабақшаны және Ақсу қаласындағы

1 балабақшаны, сондай-ақ Павлодар қаласындағы

№8 мектеп лицейді жөндеу көзделген.

аурулар өсуінің алдын алуға байланысты

эпизоотияға қарсы іс-қимыл

шараларын жүргізуге 250 млн теңге

жоспарланды.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаевтың «Балалар жылын»

өткізу бойынша тапсырмаларын іске

асыру қажеттілігіне, ағымдағы жылдың

соңына дейін облыстық бюджетті

сапалы орындауды қамтамасыз ету

үшін және басқа мәселелерге байланысты

әзірленді, - деді облыстық

экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасының басшысы Ирина

Назарчук.

Сонымен қатар облыстық білім

беру жүйесіне 2,6 млрд теңге немесе

Әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын

адамдарға қатысты 50 АЕК-ке дейінгі

мөлшерде айыппұл ұлғайтылады.

Көлік құралын тоқтату туралы заң

талабын бірінші рет орындамағаны

үшін айыппұл мөлшері 40 АЕК дейін

өсіріледі. Сондай-ақ, 3 тәулікке дейінгі

мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі

баламалы жаза енгізіледі. Құқық

бұзушылық фактіліері құзыреті соттардың

қарауына беріледі. Іс-әрекетті

қайталап жасағаны үшін көлік құралын

басқару құқығынан айыру мерзімі

бір жылға дейін ұлғайтылып,

5 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі

қосымша жаза енгізіледі.

Мұндай құқық бұзушылықты көлік

құралын басқару құқығы жоқ немесе

одан айырылған адам жасаған кезде

айыппұл 60 АЕК-ке дейін ұлғайтылып,

15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға

алу түріндегі жазаның қосымша түрі

енгізіледі.

- Ақпаратыңызға рахмет.

Сұхбаттасқан -

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

барлық шығыстардан 60 пайыздан

астам бағытталды.

Осы қаражаттың шегінде жаңа

оқу жылында 1-4 сынып балаларын

тегін тамақтандыру бойынша 1,1 млрд

теңге, колледждерде мемлекеттік

тапсырыс бойынша 700 млн теңге

және «Еңбек» бағдарламасы бойынша

кадрларды қайта даярлау шеңберінде

толық оқыту бойынша 200 млн теңге

бөлінген. Сондай-ақ, «Балалар

жылының» шеңберінде балалардың

қоғамдық көлікте тегін жол жүруін

қаржыландыру бойынша 254,6 млн

теңге бөлу жоспарланған.

Енгізілетін өзгерістерді ескерумен

бюджеттің нақтыланған көлемі

440,1 млрд теңгені құрайды. Соның

ішінде республикалық бюджеттен

нысаналы трансферттер мен

несиелер – 134 млрд теңге.

Басқарма басшысының ұсынған

жобасын облыстық мәслихат депутаттары

бірауыздан қолдады.

Айдана БОРАНБАЕВА.

Жарайсың,

Алдияр!

Аталмыш додаға әр өңірден

іріктелген мықты палуандар

қатысты. Нәтижесінде

жерлесіміз боз кілемде шапшаңдықпен

шеберлік танытып,

жеңіске жетті.

Осы уақытқа дейін талай

шыңды бағындырған Алдияр

белбеу күресі бойынша

«Қазақстан чемпионы» және

қазақ күресінен облыс

чемпионы да атанды.

- Студентіміз республикалық

деңгейде іріктеу

жарыстарынан сүрінбей өтіп,

әлем чемпионатына жолда-

БӘРЕКЕЛДІ!

Павлодар педагогикалық университетінің

студенті Алдияр Айтмұхамбетов Атырау

қаласында қазақ күресінен өткен республикалық

турнирдің күміс жүлдесін иеленді.

Бұл туралы облыстық

экология департаменті

басшысының орынбасары

Мағзұм Кукумбаев Өңірлік

коммуникациялар қызметінде

өткен брифингте мәлімдеді.

- Облыстағы ауа жағдайын

бақылау мақсатында

«Қазгидромет», санитарлықэпидемиологиялық

бақылау

қызметтері, экология департаменті

мен полиция тұрақты

мониторинг жүргізеді.

Ауа сапасы бойынша ресми

деректерді көпшілікке уақытылы

ұсыну мақсатында

Павлодар және Екібастұз

қалаларының LED-экрандарында

AirKz мобильді

қосымшасынан деректерді

трансляциялау үшін жұмыстар

жалғасуда. Ал экология

департаменті үшін мобильді

зертхананың сатып алынуы

Павлодар, Екібастұз және

Ақсу қалаларында атмосфералық

ауаның ластануының

есебін жүргізуде пайдасы

зор болмақ. Себебі, бұл

жаңа нысандарды жобалау

кезінде қоршаған ортаның

фондық жай-күйін және ауа

бассейнінің экологиялық

сыйымдылығын айқындауға

мүмкіндік береді, - дейді

М.Кукумбаев.

Сонымен қатар, Павлодар

қалалық тұрғын үй-коммунал-

ма алды. Әлі де талай жарыстарды

бағындырады деген

сенімдеміз, - деп атап өтті

өнер және спорт жоғары

мектебінің оқытушысы, жаттықтырушы

Жанар Усина.

Атап өтер болсақ, Батыс

жерінде өткен спорт бәсекесі

елімізге еңбегін сіңірген

жаттықтырушы Мәлік Сүлейменовтің

жүлдесіне арналды.

Спортшы Алдиярға толағай

табыс пен жеңісті күндер

тілейміз!

М.БАЯНБЕКҚЫЗЫ.

ЭКОЛОГИЯ

Қоқыс үйінділері

жойылуда

Осыдан екі жыл бұрын өңіріміздегі өзекті

экологиялық мәселені шешуге бағытталған

Жол картасы құрылған болатын. Бұл Жол

картасы жалпы 33 шараны қамтыса, бүгінде

оның 13-і жүзеге асқан. Қалған 15 шара

бойынша алдағы уақытта кезең-кезеңімен

жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Ал рұқсат етілмеген

қоқыс үйінділері «Ғарыш сапары» геопорталының

жасағы көмегімен анықталуда.

дық шаруашылығы, жолаушылар

көлігі және автомобиль

жолдары бөлімінің

басшысы Арслан Қалияқбаров

өңір аумағында жалпы

82 қоқыс үйіндісі бар екенін

атап өтті.

- Бүгінде жойылған қоқыстардың

саны - 135. Олардың

барлығы геопорталдың ықпалымен

табылып, жойылды.

Енді рұқсат етілмеген 59 қоқыс

бар. Жұмыстар әлі де

жүргізіліп жатыр, - дейді

Арслан Сержанұлы.

Оның айтуынша, қалада

қоқыс үйінділері үнемі пайда

болатын жерлер анықталды.

Тізімге Малайсары батыр

көшесіндегі, 53-інші және

55-інші үйлер, Екінші Павлодар

көшелерінің бір бөлігі енген.

Бұл жерлерде қалдықтарды

кім және қалай әкелетінін

анықтау үшін бейнекамераларды

орнату жоспарланып

отыр.

Сондай-ақ, бөлім басшысы

павлодарлықтарға қоқыс

үйінділері мәселесіне бейжай

қарамай, көрген немесе

білген жағдайда 109 нөмірі

бойынша хабарлауды, құқық

бұзушылардың фотосуреттері

мен бейнелерін бөлісуді

сұрады.

М.ТӨЛЕБАЙ.

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының

мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы»

Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, 2022 жылдың

28 қыркүйегінде сағат 11.00-де VII сайланған Павлодар

қалалық мәслихатының ХХІІ кезекті сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

1. Павлодар қаласы әкімінің қаланың әлеуметтікэкономикалық

даму бағдарламалары мен жоспарларының

орындалуы туралы есебі.

2. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы төртінші

бюджеттік деңгейінің орындалуы.

3. Әртүрлі.

Павлодар қалалық мәслихат аппараты.


SARYARQA SAMALY

ҚОҒАМ 17 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл 5

ЕРТЕҢ - АНАЛАР КҮНІ

Мәуелі бәйтерек

Отбасылық құндылықтарды дәріптеуімен, қазақы салт-дәстүрлерді

сақтауымен, балаларға саналы тәлім-тәрбие беруімен, қызметке деген

адалдығымен елден ерек болған баянауылдық Жармағамбетовтер әулеті –

көпке үлгі боларлық отбасылардың бірі. Аудандық деңгейде өткен

«Мерейлі отбасы» байқауында бас жүлдені иеленген әулет облыстық

сында үздік үштік сапынан көрінді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Баянауыл ауданында туыпөсіп,

кіндік қаны тамған жердің

өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген

Әсет-Айгүл Жармағамбетовтердің

жанұясы аудан жұртшылығына

жақсы таныс. Отағасы Ақсан

ауылындағы 10 жылдық мектепті

тәмамдап, әскерде Отан алдындағы

борышын өтеген соң Баянауыл

совхозының жастар ұйымында

хатшы, кейін сауда ұйымының

директоры болды. Кеңестік кезеңде

ұмытылған Наурыз мейрамын

алғашқылардың бірі болып 1990 жылы

аудан орталығында өз деңгейінде

ұйымдастыра білді. Сөйтіп, қазақы

салт-дәстүрдің қайта жаңғыруына

септігін тигізді. 1995 жылы Баянауыл

аудандық ішкі істер бөліміндегі

еңбек жолын бастап, аудандағы

құқықтық тәртіптің сақталуы жолында

қалтқысыз қызмет атқарды.

Әсіресе, кәмелеттік жасқа толмаған

балалармен жұмысты жүргізуге

жауапты маман ретіндегі еңбегін

ерекше атап өтуге болады. Тоқырау

болған тоқсаныншы жылдары қараусыз

қалған балаларды қамқорлығына

алып, олардың өмірден өз жолын

табуына бір кісідей атсалысты.

Ұзақ жылғы қалтқысыз қызметі

үшін аудандық ішкі істер бөлімінің

медальдарымен, облыстық ішкі істер

департаментінің Құрмет грамоталарымен,

биыл «Қазақстан Полициясына

– 30 жыл» мерейтойлық

медалімен марапатталды. Ал

2010 жылы құрметті демалысқа шықты.

Зейнеткер атанса да құқық

саласындағы қызметінен қол үзген

жоқ. Бүгінде Баянауыл аудандық

ішкі істер бөлімі ардагерлер

кеңесі төрағасының орынбасары

әрі Баянауыл ауылдық қоғамдық

кеңесінің мүшесі ретінде өскелең

ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне, ауданның

дамып-өркендеуіне баса назар

аударып, белсене қатысып келеді.

- 1990 жылдар құқық қорғау

саласы, жалпы елдегі барлық сала

үшін оңай болған жоқ. Қиын-қыстау

кезеңде ата-аналардың қарауынсыз,

киімсіз, тамақсыз, құжатсыз қалған

балалар көп болды. Аудандағы

осындай балаларды іздеп, олардың

құжаттарын реттеп, мектепинтернатқа

орналастыратын едік.

Үйге әкеп, жуындырып, тамақтандырған

кездер де көп болды. Бүгінде

бұл қиындықтың бәрі артта

қалды. Балаларымыз, немерелеріміз

ашық аспан астындағы бейбіт

өмірде, тыныш заманда өмір сүріп

жатыр. Бұдан асқан бақыт бар

ма? – дейді Ә.Жармағамбетов.

Жолдасы түзде қызмет атқарып,

қоғам тыныштығын қызғыштай

қорып жүрген тұста үйдің шаруасын

жан жары Айгүл Қайырханқызы

дөңгелетіп отырды. Ол – Баянауыл

ауданы, Бірлік ауылының тумасы.

Ауылдағы мектепті тәмамдаған соң

1983 жылы Павлодар педагогикалық

училищесіне түсіп, тәрбиеші

мамандығын меңгерді. 1985

жылы балабақшада еңбек жолын

бастады. Араға төрт жыл салып,

яғни 1989 жылы Әсет Уахитұлымен

шаңырақ көтеріп, үш ұл мен бір

қызды өмірге әкелді. Мектепке

дейінгі білім беру мекемесіндегі

тәрбиеленушілерімен қатар,

өзінің ұл-қыздарына уақыт бөліп,

барлығына бірдей аналық мейірімін

сыйлауда аянып қалмады. Қазіргі

уақытта Баянауыл ауылының

сәбилер бақшасында тәрбиеші

болып қызмет етеді. Балалардың

саналы тәлім-тәрбие алуына қосқан

үлестері үшін аудандық, облыстық,

республикалық деңгейдегі түрлі

марапаттарға ие болды. Осыдан

үш жыл бұрын Білім және ғылым

министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Шәкірттері де түрлі

деңгейдегі сындарда жеңімпаз,

жүлдегер атанып жүр.

- Мен де, жолдасым да

ата-әженің қолында өсіп, үлкендердің

тәрбиесін көрдік. Олардан

бойымызға сіңіріп өскен қазақы

тәрбиені өз балаларымызға беруге

тырыстық. Жалпы, бала тәрбиесі –

бөлек әлем, маңызды жауапкершілік

және тынымсыз еңбек. Атадан

қалған аталы сөздер, бүгінгі күнге

дейін жеткен ұлағатты ойлар –

ұлттық тәрбиенің ажырамас бөлігі.

Балаларға «Үлкенге – құрмет, кішіге –

ізет» көрсете біл, қарттарға

қолғабыс жасап, батасын ал деп

бар білгенімізді үйретіп келеміз.

Осындай қағидаларға сүйеніп өскен

бала ертеңгі күні елдің тұтқасын

ұстар азамат боларына кәміл

сенемін, - дейді А.Жармағамбетова.

Жармағамбетовтер әулетінің

тұңғышы Наурызбай Ұлыбританияның

Манчестер университетінде

білім алды. Бүгінде облыс орталығындағы

«УПНК-ПВ» кәсіпорында

бөлім басшысы ретінде табысты

қызмет атқаруда. Келіндері Әйгерім

әкесі, белгілі ғалым Бекен Сағындықұлының

жолын жалғап, магистратура,

докторантурада оқып,

қазіргі таңда Торайғыров университетінің

студенттеріне сабақ

береді. Облыстағы түрлі жастар

ұйымдарына жетекшілік еткен

Абай есімді ұлы бүгінде «AMANAT»

партиясының орталық аппаратында

жұмыс істейді. Кенже ұлы

Әлнұр Павлодар педагогикалық

университетінде жоғары музыкалық

білім мамандығында оқиды.

Отбасының жалғыз қызы Мөлдір –

аймаққа белгілі Сейітовтер әулетінің

келіні. Ол да музыкалық

білім алып, бүгінде бар білгенін

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы

мектептің шәкірттеріне үйретуде.

Ұстаздың да, оқушыларының да

шығармашылық жетістіктері жетерлік.

Жолдасы Тілек Сейітов те талай

аламан айтыстың үздіктері сапынан

көрініп жүр.

Биыл балалар жылы аясында

Мөлдірдің қызы Інжу мен Айгүл

Қайырханқызы «Әжемнің ертегісі»

атты аудандық байқауға қатысып,

екінші орын иеленді.

- Отбасында әйелдің, ананың,

әженің рөлі ерекше. Ананың

тәрбиесі – үлкен өмір мектебі.

Балаларымыздың білімді, пайымы

мол азамат болып қалыптасуында

аналарының рөлі зор. Сондықтан түн

ұйқысын төрт бөліп, перзенттеріне

барлық жағдайды жасап, үй

шаруашылығын шиыршықтай

иіріп, бүгінде немере-жиендерінің

аяулы әжесіне айналып отырған

жан жарымның еңбегі көп деп

білемін. Кез келген шаңырақта

әкеге деген құрмет, отағасын

сыйлау анадан бастау алатын

тәрбие. Осыны бүгінгі келіндер

қаперде ұстаса екен деймін, -

дейді отағасы Әсет Уахитұлы.

Осындай ардақты әкелер, асыл

аналар барда бала тәрбиесінің

саналы болары анық. Ендеше,

өзгелерге өнеге боларлық әулеттер

көп болсын деп тілейміз.

Әлем нұрын сыйласам ба екен...

«Ана» деген сөзді есту, оны іштей қайталау, айтудың өзі - керемет сезім. Өйткені

жүрегі жұмсақ, іштен шыққан баласына еміреніп, бар жылуы мен мейірімін,

шапағатын сыйлайтын - ана. Сәбидің дүниеге келуінен есейген шағына дейін

баласының жайын ойлап отыратын бірден-бір жан.

2012 жылы бекітілген Аналар

күні жыл сайын қыркүйектің үшінші

жексенбісіне келеді. Айта кетерлігі,

аналарды ұлықтауға арналған

мереке әлемнің әр елінде түрлі

уақытта тойланады. Мәселен, АҚШ,

Дания, Германия, Италия, Түркия,

Жапония мен Бразилияда аналар

күні мамырдың екінші жексенбісінде

аталып өтеді. Қазақстанда Аналар

күні Елбасының бастамасымен

қыркүйек айына бекітілді. Себебі

күздің алғашқы айы молшылықтың

мезгілі саналады.

«Жұмақтың кілті анаңның

табанының астында» деген сөздің

мәнін ашу үшін анаңызды Меккеге

үш рет апару аздық етеді. Бір

тағдырды дүниеге әкеліп, бағыпқағып

өсіру - жауапкершіліктің

үлкені. Өзінің ғана емес, сіздің де

алдыңыздағы борышын атқарған

анаға құрметсіздік жасау келсе,

тек хайуанның қолынан келер.

Оның өзінде төлін сүймейтін

хайуан жоқ.

Өңірімізде «Алтын алқа»

иегерлерінің саны - 1793, ал «Күміс

алқа» иелері 3012, Батыр ана

атанғандар 380 жанды құрады.

2021-2022 жыл аралығында

облыс бойынша 13 «Алтын алқа»

және 230 «Күміс алқа» берілген.

Айта кетер жайт, аймағымызда

7826 көпбалалы отбасы бар.

Әкеңіздің қабағын бағып, үйдің

берекесі болып отырған ананың

адамзат үшін алаңдап отыратыны

тағы бар. Олар - үйдің ғана емес,

түздің де адамы. Қандай жұмыс

болса да, қандай қиындық болса

да көтеруге дайын. Өйткені олардың

жанын нәзік, жүрегін берік етіп

жаратқан. Ана екеу емес, біреу

ғана. Ал жалғыз дүниенің екінші

рет қайтып келмейтінін, біреудің

бірнешеу болмайтынын түсінсеңіз,

жақсылық жасаңыз. Көз жасын

күлкіге, мұңын қуанышқа айналдырып,

жабырқаса жұбатып,

сағынса қасынан табылыңыз.

Ол - міндетіңіз.

Әлемдегі ең сұлу және ең

ыстық атау – «Ана». Оның қадірі

мен қасиетін түсініп болу мүмкін

емес. Өйткені түн ұйқысын төрт

бөліп, сіз үшін жанын беретін

ананың балаға деген махаббаты

мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді

ашқан кезде бауырына басып,

«балам» деген анаңның әлдиі,

бүтінін беріп, жартысын алған,

барын беріп, жоғына қанағат

танытқан – анаң. Осы орайда

көпбалалы ана, «Күміс алқа» иесі

Марика Жұманбекова өз пікірін

білдірді.

- Мен - көпбалалы анамын.

Менің 6 балам бар. Мемлекет

бізге жақсы қолдау көрсетуде.

Бүгінгі таңда көпбалалы отбасы

ретінде мен 76 479 теңге көлемінде

жәрдемақы аламын. «Күміс

алқа» иегері ретінде 20352 теңге

көлемінде қаражат аламын.

Сонымен қатар, көпбалалы отбасы

ретінде бізде қоғамдық көлікте

тегін жүру сияқты жеңілдіктер

бар. Балабақшадағы балаларға

тегін тамақтану ұйымдастырылған.

«Мектепке жол» акциясы бойынша

балаларға мектеп формасы

ұсынылды. Бұдан басқа, мемлекет

міндетті медициналық жарналарды

төлейді, соның есебінен

медициналық және дәрілік көмекке

қол жеткізе аламын. Баланың

анаға деген риясыз махаббатын

сөзбен жеткізу мүмкін емес, -

деді көпбалалы ана Марика

Жұманбекова.

Ана - бір қолымен әлемді, енді

бір қолымен бесікті тербетуші

жер бетіндегі ең қасиетті адам.

Оның алақаны тікеннің өзін

жұмсартып, асаудың өзін жуас

қылар құдіретке ие. Жүрегінің кеңдігі

сондай өз баласына ғана емес,

әлемнің баласына орын берер.

Өйткені ана мен бала бір-бірі

үшін жаралған қос сөздегі бір

ұғым. Жан жүрегіңіз барында

анаңызды қуантыңыз, сүйіп, жылы

құшағына еніңіз! Себебі, бұл -

баға жетпес сәттер легі. Олар

бар жақсыға әбден лайық!

Аяулым ДУМАНҚЫЗЫ.


6 17 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл АУЫЛ-АЙМАҚ

SARYARQA SAMALY

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Ойын алаңдары орнатылды

Ақсу қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында

балалардың ойын алаңы ашылды. Бұл балалар жылы аясында

жасалған тамаша тарту болды.

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Екібастұз қаласындағы балабақшаларда қойылған бейнебақылау

камералары бойынша бірыңғай оператор қызмет

көрсетуі тиіс. Сол арқылы сапаны жақсартып, жұмысты жүйелі

ету жоспарланып отыр.

Камералармен қамтылады

Қала әкімі Аян Бейсекин балабақша

меңгерушілерімен кездесіп, саладағы

өзекті мәселелерді талқылады. Бұл ретте

шаһар басшысы мектепке дейінгі білім

беру мекемелерін бейнебақылау камераларымен

қамту мәселесіне ерекше

назар аударды.

- Ең оңтайлы шешім - бір ірі бірыңғай

оператормен шарт жасау. Біріншіден, сол

арқылы сенім деңгейі артады. Екіншіден,

бұл қызметкерлерді тәртіпке келтіреді.

Себебі бүгінгі таңда балабақшаның әр

меңгерушісі бейнебақылау камераларынан

жазбаны күнде қарап, қадағалайтынына

күмәнім көп. Ал бұл - маңызды міндеттердің

бірі, - деді А.Бейсекин.

Сонымен қатар, Аян Уахитұлы мектепке

дейінгі ұйымдардың іргелес аумақтарын

абаттандыру және тазалау бойынша

ескерту жасады.

- Негізгі аумақпен қатар оған іргелес

жатқан аумақ бар. Сіздер сол жердің

тазалығы үшін де жауаптысыздар.

Ағаштарды санитарлық кесу бойынша

келісім жасап, ұқыпты ұстауды басты

назарға алу керек. Егер бұл талап

сақталмаса, әкімшілік және тәртіптік

сипаттағы шаралар қабылданатын болады.

Тазалық та - тәрбиенің маңызды элементі.

Балабақша аумақтары сүреңсіз күйде

болып, қоқыс пен түрлі қалдыққа толса,

тәрбие туралы сөз айтудың өзі артық, -

деп сын айтты шаһар басшысы.

Жиын соңында балаларға берілетін

тағамның құнарлығын, құрамын бақылау,

тамақтану нормативтерін сақтауға қатысты

тиісті тапсырмалар берілді.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Шағын шаһардағы Пушкин көшесі,

44 пен Астана көшесі, 35 мекенжайлары

бойынша орналасқан көпқабатты

баспана тұрғындарының қуанышында

шек жоқ. Себебі бұл аулада балалардың

бос уақытын өткізуіне арналған

алаң орнатылды. Мердігер компания -

«Alem Stroy City» ЖШС жүктелген

жұмысты уақытылы аяқтады. Бұл алаңдар

– Павлодар облысының әкімдігі

мен ERG компаниясы арасында әлеуметтік

жобаларды жүзеге асыру жөнінде

-

ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ

Бүгінгі күннің батырлары

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жанып жатқан көліктен төрт

адамды аман алып қалу кезінде жәрдемдескен Жылыбұлақ

ауылдық округінің тұрғындары Еркебұлан Жүзбаев пен Қажымұрат

Амангелді марапатталды.

Осыған дейін облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов Еркебұлан Жүзбаевтың отбасына

барып, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін»

төсбелгісімен марапаттаған болатын.

Еске салайық, Павлодар-Шарбақты

тас жолында жеңіл көліктің «КамАЗ»

тіркемесімен соқтығысының куәгері болған

азаматтың бірі Еркебұлан еді. Ол оқиға

орнында жанып жатқан көліктен адамдарды

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

құтқаруға асығады. Ал аталған апаттың

екінші куәгері Қажымұрат Амангелді осы

сәтте көмекке келіп, адамдарды аман

алып қалды.

Атап өтер болсақ, облыстық төтенше

жағдайлар департаментінің басшысы

генерал-майор Ж.Жұмашев та батырларға

Алғыс хатын жолдады.

М.ТӨЛЕБАЙ.

Қыстың қамын жаз ойла

Аудан бойынша барлық көмір қажеттілігі

13576 тоннаны құрайды. Оның ішінде

13163 тас көмір және 413 қоңыр көмір.

Білім беру объектілеріне 6890,0 тонна

тас, әкелінген 5490 тонна, мәдениет

объектілері 1130,0 тонна тас, әкелінгені

790,0 тонна. Ал денсаулық сақтау

объектілері 1000,0 тонна тас көмір

және 241 тонна қоңыр көмірді қажет

етеді. Оған 208 тонна тас көмір (21%),

241 тонна қоңыр көмір (100%) жеткізілді.

Агротехникалық колледжге 650

тонна, әкімдіктердің ауылдық округіне

183,0 тонна тас көмір және 73,0 тонна

қоңыр, 183 тонна тас көмір әкелінді.

Айта кетерлігі, 2022-2023 жылдардағы

жылу беру маусымына 21 нысанның

21-і дайындалды.

Тұрғындар үшін Майкөбе көмірінің

жасалған меморандумның жемісі.

Бұған дейін «AlemStroyCity» ЖШС

Дөнентаев көшесі, 11 мекенжайында

орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің

ауласына да дәл осындай балалар

алаңын орнатқан еді. Ол да әкімдік

пен ERG компаниясы өзара уағдаласқан

келісімнің аясында қаржыландырылды.

Заманауи кешендерде балақайларға

қажеттінің бәрі бар. Воркаутпен айналысуға

арналған турниктер де қойылды.

С.ЖАМАЛИТДИНОВА.

Аққулы ауданы әлеуметтік сала объектілерін коммуналдықтұрмыстық

көмірмен қамтамасыз ету бойынша 2022-2023

жылдарға арналған жылу беру кезеңіне дайындық басталды.

қажеттілігі 18119 тоннаны құрайды. Көмірді

жеке тасымалдаушылар қамтамасыз

етеді. Көмірдің құны 1 тонна үшін 18000

теңге. Барлық тасымалдаушылармен

көмір бағасының өсуіне жол бермеу

мақсатында меморандум жасалды.

Сондай-ақ елді мекенде «Бақытжан»

жеке кәсіпкер отын базасы және жеке

тасымалдаушылар жұмыс жасайды.

Жеті білім беру объектісінде жылыту

қазандықтарын ауыстыру жұмыстары

жүргізіген. Олар: Потанин атындағы орта

мектеп, Лебяжі орта мектебі, Ямышев

орта мектебі, Майқарағай орта мектебі,

Қазы орта мектебі, Уахатов атындағы

мектеп, Амангелді атындағы мектептің

қазандықтары.

Аяулым ДУМАНҚЫЗЫ.

-

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Баянауыл ауданындағы Сәтбаев ауылында «Ауыл - ел бесігі»

бағдарламасы бойынша мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары

қарқынды жүргізілуде.

Еліміздегі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

ауылдардағы тұрмыс-тіршілікті жақсартуға

бағытталған. Сонымен қатар шалғай

ауылдарды да аудан стандартына сай

әрі модернизацияға лайық етіп, жаңа

бір деңгейге көтеру мақсатын көздейді.

Осы орайда Қаныш Сәтбаев ауылындағы

мәдениет үйінің ғимаратын күрделі

жөндеуден өткізу үшін өткізілген конкурс

нәтижесіне сәйкес жеңімпаз болған

-

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Тұрғындармен кездесті

Ақтоғай ауданының әкімі Қ.Арынов Қарабұзау, Харьков,

Приреченск, Жоламан ауылдарының тұрғындарымен тұрақты

кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудан әкімі

тұрғындарды толғандыратын мәселелер

бойынша баяндама жасады. Атап айтқанда,

қосымша көше шамдарын орнатуды

басты назарға алды. Ағымдағы жылы

Харьковка ауылында қосымша 2 шам,

Приреченск ауылында 8 жарықдиодты

шам, Жоламан ауылында 6 жарықдиодты

шам және Қарабұзау ауылында 1 шам

орнатылды.

Тұрғындардың ұсынысы бойынша

Жоламан және Харьков ауылдарында

балалар ойын алаңдары орнатылды.

Жоламан ауылында полигонды жою

үшін 1 млн теңге бөлінді. Бұдан басқа

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Ауыл - ел бесігі

Сапалы интернет қажет

Қазіргі таңда Железин ауданына қарасты Озерное, Есқара және

Петропавловка ауылдарында ұялы байланыс сигналының

тұрақсыздығы мен интернет сапасының төмендігі басты

мәселенің бірі болып отыр.

Аудан әкімі Айтуған Шайхимов аталған

ауыл тұрғындарымен кездесу барысында

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына

Жолдауындағы негізгі басымдықтарды

түсіндіріп, ағымдағы жылдың бірінші

жартысында атқарылған жұмыстарды

баяндады.

Жергілікті халықпен жүздесуде ұялы

байланыс пен интернеттің нашар екені

айтылды. Сондай-ақ, Есқара ауылында

мердігер «ГрадСтройСервис» ЖШС.

Олармен 129692,5 мың теңгеге келісім

шарт жасалды.

Бүгінгі күні еден төсеніші төселіп,

терезе орнату аяқталды. Сондай-ақ,

шатыры мен сыртқы есіктері қойылды.

Сонымен қатар қасбетін жөндеу және

қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Аяулым ТӨЛЕГЕНОВА.

бюджетті нақтылау кезінде кіреберіс жолға

жөндеу жүргізуге 1,5 млн теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау саласында Приреченск

ауылындағы медициналық пунктке 21,8

млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде.

Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 15

қыркүйегіне дейін жалғасады.

Кездесуде ауыл тұрғындары Жоламан

ауылының жанындағы тас жолға аялдама

орнату, азық-түлік пен дәрі-дәрмек

бағасын реттеу, ауылішілік жолдарды

жөндеу, жұмысқа орналасу және т.б.

мәселелерді белсенді көтерді.

Айдана БОРАНБАЕВА.

футбол алаңын салу және қысқы отын

үшін құлаған ағаштарды тегін мәселесі

көтерілді. Ал Петропавловка тұрғындары

көшені жарықтандыру, жеңілдетілген

бақылау-өткізу пунктін ашу, ауыл

шаруашылығы жерлеріне бақылауды

күшейтуді атап өтті.

Аталмыш сұрақтар талқыланып,

бақылауға алынды.

М.ТӨЛЕБАЙ.


SARYARQA SAMALY 17 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл

7

ДЕНСАУЛЫҚ

Басы ауырып, балтыры сыздаған адам бірінші кезекте мейірімділік

жаршысы атанып кеткен дәрігерге көмекке жүгінетіні сөзсіз. Алайда

науқастар бір дәрігердің өзіне бара қалсаң, ұзын-сонар кезекте сағаттап

күтетінін айтып налиды. Неге мұндай кезек деп сұрасаң, дәрігер

тапшылығының себебінен дейді.

Кадр мәселесі

әлі де өзекті

МӘСЕЛЕ

Ана өлімі дерегі

көбейген

Аналар өлімінің құрылымын сараласақ,

73 пайыз жағдай – басқарылатын, яғни әрекетамал

жасауға болатын себептер, 27 пайызында

ғана ауыр соматикалық аурулар себеп болған, деп

мәлімдеді ҚР Денсаулық министрі Ажар Ғиният.

Министр Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қызылорда,

Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында ана өлімі

бойынша жағдай нашар екенін атап өтті.

Сонымен қатар биыл акушерлік, гинекология және перинатология

ғылыми орталығында үш рет ана өліміне жол берілгенін

«сорақы жағдай» деп атады. Министрдің айтуынша, сарапшылар

барлық жағдайда да диагностика кеш жасалғанын, қауіп-қатер

мен емдеу тактикасы дұрыс бағаланбағанын анықтаған. Салдарынан

адам өмірі үшін маңызды ағза мүшелері өзгеріске ұшырап,

соңы өліммен аяқталған. Осыған байланысты ғылыми орталықтың

басшысы қызметінен босатылған.

Ажар Ғиният амбулатория мен стационар деңгейінде науқастың

жай-күйін жете бағаламау, медициналық ұйымдар арасындағы

сабақтастықтың жоқтығы салдарынан пациентті өлтіріп алған

жағдайлар Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында да орын

алғанын айтты.

- Әріптестер, мұндай сорақы жайттар бүкіл өңірдегі жұмысты

жоққа шығарады әрі денсаулық сақтау саласына нұқсан келтіреді», –

деп ескертті ведомство басшысы.

Өз тілшіміз.

Айдана БОРАНБАЕВА

Бұрын көптеген дәрігер

мамандардың өзге елдерге кетіп

жатқанынан хабардар болып,

жағамызды ұстаған едік. Ал

еліміздегі емдеу мекемелерінде

жұмыс жасап жүрген мамандардың

30 пайызы зейнет жасына жеткен.

Тіпті есеп комитеті еліміз бойынша

медицина кадрларының тапшылығы

23 мыңға жетіп, кадрлық дефицит

екі есеге дейін артқанын хабарлаған

болатын. Ал өңірлерде жағдай

қалай? Кадр тапшылығын жоюда

Павлодар облысында қандай жұмыс

атқарылып жатыр?

Павлодар облыстық денсаулық

сақтау басқармасының басшысы

Айдар Сейітқазиновтың сөзінше,

өңірде де кадр тапшылығы сезіледі.

Алайда әр жылда бұл мәселені

алдын алу бойынша бірқатар

жұмыстар жасалып, қолға алынған.

Жергілікті бюджет есебінен жоғарғы

медициналық университетіне,

колледжге түскен студенттер

оқуды аяқтаған соң өздерінің елді

мекендеріне оралуда. Аудандарда

маман жетіспеушілігі айтарлықтай

байқалмағанымен, бұл мәселе

облыс орталығында өте өзекті.

Облыстық перинаталдық орталық,

жұқпалы аурулар ауруханасы,

облыстық көпбейінді ауруханаға

әлі де дәрігерлер керек. Негізінен

жетіспейтіні – анестезиологтар

мен реаниматологтар. Себебі,

медицина университетін мұндай

мамандық бойынша бітіріп келетін

түлектер саны аз.

Ағымдағы жылдың қыркүйек

айындағы жағдай бойынша облыстық

стационарлар бойынша тапшылық

34 дәрігерді құрайды. Мамандықтар

бөлінісіндегі тапшылық мынадай

сандарды көрсетеді:

- Патологоанатомиялық бөлімше,

патологоанатом-дәрігер - 1,25 мөлшерлеме;

- цитологиялық зертхана,

дәрігер-зертханашы – цитолог)

- 1,5 мөлшерлеме;

- сәулелік диагностика бөлімшесі,

дәрігер-рентгенолог – 1,25

мөлшерлеме;

- химиотерапия бөлімшесі,

гематолог-дәрігер - 0,25 мөлшерлеме;

- жалпы ауруханалық персонал,

дәрігер-диетолог - 0,5 мөлшерлеме;

- диспансерлік бөлімше, онкологдәрігер

- 1,0 мөлшерлеме;

- жалпы ауруханалық персонал,

дәрігер онколог-сарапшы –

1,0 мөлшерлеме;

- торакальды бөлім, онкологдәрігер

- 2,0 мөлшерлеме.

- ересектер фтизиатриясы,

балалар фтизиатриясы - 1;

- Жаңа туылған нәрестелер

патологиясы бөлімшесі – 2;

- гематология бөлімшесі - 1;

- тар шеңберлі мамандар

бөлімшесі - 1;

- консультациялық-диагностикалық

бөлімше – 2;

- шұғыл көмек көрсету бөлімшесі

(қабылдау бөлімшесі) - 2;

- шұғыл кардиология бөлімшесі

- 1;

- анестезиология, реаниматология

және қарқынды терапия

бөлімшесі - 7;

- қалпына келтіру емі және

медициналық оңалту бөлімшесі – 2;

- инсульт орталығы - 1;

- рентгенэндоваскулярлық

хирур-гия зертханасы - 3;

- консультациялық-диагностикалық

бөлімшесіне 2 бос орын

бар.

«Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы

бойынша биыл аудандарға

12 дәрігер келген. Мәселен, Ақсу

қаласының қалалық ауруханасына

- 2 дәрігер, Аққулы ауданының

ауруханасына - 1 дәрігер, Ертіс

аудандық ауруханасына - 1 дәрігер,

Тереңкөл ауданының ауруханасына

- 1 дәрігер, Шарбақты аудандық

ауруханасына - 3 дәрігер және

Павлодар ауданының емханасына

7 дәрігер келген. Көтерме

жәрдемақы 6 маманға берілген.

1 маманға тұрғын үй берілді.

Қалған мамандарға көтерме

жәрдемақы жақын уақытта беру

жоспарлануда.

Ауылдар мен аудандарға

қызметке орналасқан дәрігерлер

жергілікті атқарушы билік тарапынан

қарастырылатын көмектен

тыс қалмайды. Аудан әкімдіктері

тарапынан жаңадан келген мамандар

үшін коммуналдық қызметтерге,

отын, су, көмірге арналған

шығындарды өтеу мақсатында

арнайы қаражат қарастырылған.

Деректерге сүйенсек, жас

мамандарды тұрғын үймен

қамтамасыз ету мәселесі назардан

тыс қалмаған көрінеді. Бұл жұмыс

аудандарда нақты қолға алынған.

- Бірқатар аудандарға келген

жас мамандарды қажеттілігіне

қарай тұрғын үймен қамтамасыз

ету жоспарлануда. Одан бөлек,

жалдамалы пәтерді қажет ететін

мамандарға жағдай жасау қолға

алынбақ, - деп жазады облыстық

денсаулық сақтау басқармасы.

Жалпы, облысымызда кездесетін

ең тапшы мамандықтардың

мәселесін шешу бойынша да нақты

жұмыстар қолға алынған. Атап

айтар болсақ, білім беру гранттарын

көбейту мәселесі күн тәртібінен

түскен емес. Атқарылып жатқан

жұмыстар қаншалықты нәтижелі

болатынын уақыт көрсете жатар.

Әлбетте, жауапты министрлік

пен жергілікті атқарушы билік

тарапынан нақты жұмыстар қолға

алынып жатыр. Алайда зейнет

жасындағы кадрлар мен зейнет

жасына жақындаған дәрігерлер

алдағы уақытта орнын босататынын,

ал жоғары оқу орнына

түскен мамандар ұзақ жылдар

бойы білім нәрімен сусындайтынын

ескерсек, кадр тапшылығын

жақын арада толық шешу мүмкін

емес.

Облыста ақ желеңділер

тапшылығының бір себебі – учаске

санының көбеюінде. Денсаулық

сақтау министрлігінің «Денсаулық»

мемлекеттік бағдарламасы бойынша

2016-2019 жылдар аралығында

участок саны арттырылды.

Бұрын бір участкедегі 2000

адамға бір жалпы тәжірибелік

дәрігер жауапты болса, қазір бұл

индикатор 1700-ге төмендеді.

Мұндай дәрігерді күнделікті тұрмыста

орысша атауынан қысқартып ВОП

деп атап кеткеніміз де рас. Ол –

әр отбасының сәбиінен бастап

қартына дейін жағдайын білетін

маман. Бірақ, қалай қарасақ та,

бір дәрігерге 2000 адамды қарау

ауыр әрі жауапкершілік те жоғары

еді. Сондықтан учаске санының

артуы елге де, дәрігерге де тиімді.

Түптеп келгенде, сапалы

маманмен қамтылу - аса өзекті

мәселе. Сол себепті осы бағытта

жұмыс жалғаса бермек.

КЕҢЕС

Картопты ыстықтай

жесе, не болады?

Пісірілген картоп денсаулыққа пайдалы. Оны қант

диабетімен ауыратындар мен артық салмақтан

арылғысы келетіндер жеуге болады. Бұл тағам

диетаға және жүрек-қан тамырлары дертінен жапа

шегетін жандарға ұсынылады. Бірақ картопты

дұрыс пісіріп жеу керек екен. Неліктен бұл тағам

ыстық кезінде өте зиян екендігі туралы эндокринологтар

айтып берді.

Пісірілген бір картопта 941 мг калий бар. Бұл жүрек үшін ең

маңызды минералдың күнделікті нормасының 20%-ын құрайды.

Ғалымдар тағамдағы калий мөлшерінің шамалы көбеюінің өзі қауіпті

аурулардың алдын алатынын анықтады.

Сонымен қатар, картоп өте сіңімді және жоғары қанықтыру

индексіне ие. Және, өкінішке қарай, оны дұрыс тұтынбау арқылы

тез семіруге де болады.

Дұрыс тамақтану - маңызды

«Ештеңе қоспай пісірілген картоп - дұрыс тамақтанудың бір

бөлігі», - дейді эндокринолог Зухра Павлова.

Диетолог маман ыстық картоп жеу артық салмаққа алып келетінін

ескертеді.

«Ыстық картоп жемеңіз, оларды бөлме температурасына дейін

суытыңыз. Бұл жағдайда крахмалдың бір бөлігі ретроградтық

крахмалға айналады. Суытылған картоп қандағы глюкозаның деңгейін

көтермейді», - дейді маман.

Маманның айтуынша, төзімді крахмалдың қасиеттері пайдалы

тағамдық талшықтарға ұқсас. Ол тоқ ішекте ашытылады және

пайдалы бактериялардың көбеюіне қолайлы орта береді.

«Ештеңе қоспай қайнатып пісірілген және салқындатылған картоп

денсаулыққа әлдеқайда пайдалы, - дейді эндокринолог.

Диетолог суытылған картоп іштің кебуі және газдың пайда

болуынан құтылуға таптырмас тағам екенін айтады.

Егер картоп қайнатпай қуырып жесе:

• Фри картобының бір порциясы ауыр тағам калориясымен бірдей;

• Сүт пен май картоп пюресіне калория қосады;

Картоп бәлішіне ұн мен сары май қосылғандықтан арықтау үшін

зиянды тағамға айналады.

«Майлы, тұзды, қуырылған тағамдарды шамадан тыс тұтыну

бауыр мен бүйрекке әсерін есептемегенде, жүрек-қан тамырлары

аурулары мен қант диабетінің даму қаупін арттырады. Қуырылған

картоп бет терісіне өте зиянды. Ал зейін мен есте сақтау қабілетін

әлсірететін ғылыми дәлелдер бар», – дейді эндокринолог.

Жоғарыда айтылған ережелерді сақтай картопты пісіріп, суытып

жесеңіз өзіңізді қатерлі ісіктен, гипертониядан, инсульттен және

семіздіктен қорғауға болады.

Ақпараттар massaget.kz сайтынан әзірленді.

Бетті әзірлеген - Айдана БОРАНБАЕВА.


8 17 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл РУХАНИЯТ

SARYARQA SAMALY

ДӘСТҮР

Баталы сөз - аталы сөз

Қазақ халқының ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде, елдің рухани қазынасында бата

сөздерінің мән-мағынасы, қадір-қасиеттері айрықша бағалы. Өйткені, қанымызға

сіңісті, жанымызға жағымды, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап сілкіндіретін,

серпілтетін, марқайтып-қанаттандыратын осынау ақылды, нақылды сөздер -

тәрбиенің бастау бұлағы. Бата беру - ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы тірнектеп

жинап, ой елегінен өткізіп тексерілген өмір тәжірибесінің, ұлттық санасының,

даналығының қорытындысы, адамгершілік қағидасы.

Халықтың тілек-бата сөздері жас ұрпақты

әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып

өсуге тәрбиелейді. Олардың дәулетті,

бақытты, кешірімді болуын тілейді, туған

жерін, елін қорғауға тас түлек болып,

ер жетуге талаптандырады.

Әрбір ата-ана болашақтың тұтқасы, иесі -

ұрпағына амандық, парасаттылық, ізеттілік,

өжеттілік, мейірім, өнер-білім, құт-береке,

толағай табыс, ұзақ өмір тілейді. Бата беру

дәстүрі арқылы оларды адамгершілікке,

рухани тазалыққа, имандылыққа, әдептілікке

баулуды қалайды.

Дана халқымыз «Жаңбырмен жер

көгерер, батамен ел көгерер», «Баталы

құл арымас, батасыз ұл жарымас» деп

тегін айтпаған. «Атаңнан бота қалғанша,

бата қалсын», «Ботаның құны - бір жұттық,

батаның құны - бір пұттық» - деп, батаның

қадір-қасиетін бағалай білген.

Батаның түрі сан алуан. Қазақ халқы

өмір тіршілігіндегі барлық жағдайды

батамен өрнектеп отырған. Солардың

ішінде ұлттық салт-дәстүрге арналған,

қыз ұзатуға, үйлену тойларына арналған

баталар.

Әдеттегідей аңғарып жүргеніміз - қыз

ұзату, үйлену тойларында бата сұрағанда

көбінесе азаматтар «Сен саларда мен

салар, атқа шөпті кім салар» дегендей,

бір-біріне сілтеп, мағынасыз, ешқандай

тәрбиелік мәні жоқ жаттанды бата беріп

жатады. Мұның өзі алтын ұясынан ұшқалы

елін, туған жерін, ата-анасын, ағайын–

туыстарын, құрбы-құрдастарын қимай,

жат жерге барғалы тұрған қыз балаға,

болашақ жарын тауып, қуанышқа бөленіп,

жас отау құрған жасқа ешқандай

әсер қалдырмайтыны сөзсіз.

«Бата - қасиет», «Бата - өсиет»,

«Бата - тілек» екенін ескере отырып,

оқырман қауымға қыз ұзатуға

және үйлену тойына арналған ақ

батаның үлгісін беріп отырмын.

Сөздерің от жалынды,

Алғыр, іскер алымды.

Мұраттарың келелі,

Қадамдарың адымды болсын.

Қалаулы боп халқыңа,

Қадірлі боп жалпыға.

Дақ түсірмей жүріңдер,

Ата-баба салтына.

Қыз ұзатуға бата

Жаратушы құдірет,

Ниетімді кәміл ет.

Қыз балаға арналған,

Ақ батамды қабыл ет!

Сүйкімді бала едің,

Отбасының сәні едің.

Қырмызыдай құлпырған,

Жатқа қимас жан едің.

Жасың келді бой жетіп,

Өстің ақыл-ой жетіп.

Ата-анаң, айналаң,

Жасап жатыр, той өтіп.

Сертке берік сенімді,

Тауыпсың өз теңіңді.

Артқа тастап барасың,

Ата-анаңды, еліңді.

Алыс-жақын қауымның,

Туып-өскен ауылың.

Ақ тілегін арнауға

Келіпті туыс, бауырың.

Лайым бағың ашылсын,

Шашулар да шашылсын.

Ағайын мен айналаң,

Мерейіңді асырсын.

Айың тусын оңыңнан,

Жұлдызың тусын солыңнан.

Жаратушым жар болып,

Бере берсін молынан.

Бармақтай бақ берсін,

Бар берсе нақ берсін.

Береке мен бірлікті,

Отбасыңа ап келсін.

Үлкендерді тыңдай біл,

Ата-енеңді сыйлай біл.

Жақсыларды жаныңа ,

Туыс қылып жинай біл.

Ақжарқын кең пейілді,

Шаруаға бейімді.

Үлгілі бол ісіңмен,

Ұрпақтарға кейінгі.

Сапар шықса жолдасың,

Қолтығынан демей біл.

Еш алаңсыз болмасын,

Қуанышқа бөлей біл.

Ақтап көптің сенімін,

Ырысы бол еліңнің.

Қадірін біл қашанда,

Туып-өскен жеріңнің.

Ақылың мол, дана бол,

Айналаңа пана бол.

Қосағыңмен қоса ағар,

Елге сыйлы ана бол.

Денсаулығың зор болсын,

Қуанышың мол болсын.

Сәтті болсын қадамың,

Ақ тілегім сол болсын!

Үйлену тойына бата

Жаратқан ием құдырет,

Жарылқаудың қамын ет.

Жас отауға арналған,

Тілегімді қабыл ет.

Бір-біріңе сенімді,

Тауыпсың өз теңіңді.

Той жасады ата-анаң,

Шақырып бар еліңді.

Жаңа өмір бастаған,

Құтты болсын бастамаң.

Сәтті болсын қадамың,

Екеу ара қостаған.

Шаңырақтарың биік,

Керегелерің кең.

Босағаларың берік,

Төрт құбылаң тең болсын.

Сезімнің пәктігін,

Көңіліңнің шаттығын.

Жас отаудың ішінде,

Сәбидің тәтті үнін берсін.

Тұрмыстарың сәулетті,

Бай, қуатты, дәулетті.

Өркен жайып көгеріп,

Өскелең әулетті болыңдар.

Ақылы мол кемелді,

Абыройлы, беделді.

Сегіз қырлы, бір сырлы,

Жан-жақты өнерлі болыңдар.

Тұла бойларың дарын,

Көпшілікке мәлім.

Білімі мол, білікті,

Айтулы ғалым болыңдар.

Көңілдерің тоқ болсын,

Дос-жарандар көп болсын.

Күнделікті тұрмыста,

Мұқтаждарың жоқ болсын.

Шаруаларың келісті,

Еңбектерің жемісті.

Ағайын-туыстарың,

Жұрағатты, өрісті болсын.

Отау құрған жастарым,

Ата-анаң асқарың.

Қадірлей біл оларды,

Аман боп отбасыларың.

Денсаулығың зор болсын,

Ырыстарың мол болсын.

Сапарларың оң болсын,

Ақжолтай жол болсын.

Лайым биік тұғырлы,

Үбірлі-шүбірлі боп.

Өмірлерің бақытты,

Ұзақ ғұмырлы болыңдар.

Балтабай СЫЗДЫҚОВ,

Республикалық бата беру

байқауының 1-орын иегері,

Қазақстан Республикасының

мәдениет қайраткері,

Баянауыл ауданының

Құрметті азаматы.


SARYARQA SAMALY ИМАНДЫЛЫҚ 17 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл 9

ТЕМІРҚАЗЫҚ

Имандылықтың өлшемі

Имандылық сөзін естісе, көз алдына мешіт пен басына ақ сәлде ораған имам елестейтіндер

көп. Сонда имандылық ұғымының басқа адамға қатысы жоқ па? Жалпы, адамның

қаншалықты ізгілікті, иманды адам екенін немен өлшеуге болады.

Ендеше, имандылық дегеніміз не,

оны тек дінмен байланыстыру дұрыс

па? Менің түсінігімдегі имандылық –

адамгершіліктің ең жоғарғы көрінісі. Ал

иманды адам дегеніміз – діншіл адам

емес. Имандылық ордасы дегеніміз –

тек мешіт емес, ол әрбіріміздің өз

шаңырағымыз. Себебі, әрқайсымыз өз

шаңырағымыздан өсіп-өнген ұрпақтың

иманды, инабатты болып шығуын

қалаймыз ғой.

Имандылық дегеніміз – адам бойындағы

көркем мінез, ойындағы тазалық, сөзіндегі

өнеге, көзіндегі мейірім, өзіндегі ізгілік,

қолындағы жомарттық, жүзіндегі жылулық,

жүрегіндегі нұр. Бір сөзбен айтқанда,

пенденің «Ассалаумағалейкүмінен» бастап,

«сау болыңызға» дейінгі аралықтағы

адамдық өлшемі. Бір адамның тал

бесіктен жер бесікке дейінгі аралықтағы

ізгіліктің көрінісі. Мұндай жандар қашанда

қоғамның айнасы бола білген. Иманды

адам міндетті түрде ақ шапан киіп, ала

тәспісін санап, мешітке кіріп кетсін деген

сөз жоқ. Қоғамдағы кез келген салада

иманды адамдар бар, болуы да заңды.

Мұны айтып отырғаным, аузында кәлимасы

бар адамның барлығын «молдеке» деп

танитындар баршылық. Ал имандылық

ұғымының қарапайым адамға қатысы

жоқ секілді... Немесе бұл тек белгілі

бір жасқа жеткен адамдарға тән қасиет

деп ойлаушылар да жоқ емес.

Имандылық құндылығын тек мешіттен

оқып сіңіреді деген сөз жоқ. Сіз үйіңізде

жақсы тәрбие беріп те қоғамға қадірлі,

Отанына сүйіспеншілікті, ата-анасына

жұмсақ, ағайынына қайырымды, көршісімен

тату, досына адал иманды ұрпақ өсіруіңіз

әбден мүмкін. Тіпті, мұның тәлімі мен

білімі және елге тиер пайдасы бәлен жыл

мешіт-медресе оқыған тақуа шәкірттен

де артық болуы ғажап емес. Есесіне,

мешіт-медреседе бәлен жыл білім теріп,

күңіреніп құран оқып, жүздеген хадис

ҒИБРАТ

Біріншісі: өсіп-жетілу сатысы; туғаннан

отыз үш жасқа дейінгі аралық. Бұл

кезең - балалық және жастық шақ.

Екіншісі: тұрақтау сатысы; отыз үштен

қырыққа дейінгі кезең. Бұл - күштің

мейлінше толысқан, ақылдың кемелденген

сатысы.

Үшіншісі: кемел (болып-толу) сатысы;

қырықтан алпыс жасқа дейінгі аралық. Ал

жаттап, Пайғамбардың өмірбаянын

өзіне өнеге етіп алған кейбір адамның

бойындағы имандылық құндылығы

төмендеу болуы да мүмкін. Ал ондай

адамды діншіл деп атауға болатын

шығар, бірақ иманды деуге келмес.

Иә өзі үшін тақуа шығар, бірақ өзге

үшін жұғымсыз болса не қайыр?!

Сосын осыған ұқсас бір мәселе

бар: елге пайдалы, өзіне сауапты амал

жасауға ниет еткен ауқатты адамдардың

көбі мешіт салумен шектеледі. Иә, мешіт

салу – сауап! Бірақ қоғамға қажеттілігі

мешіттен де зор бір жұмысқа қолғабыс

етсе, одан да үлкен сауап алар ма еді?!

бір хадисте былай дейді: «Қырық жасқа

келіп, қайыры/жақсылығы жамандығынан

басым түспеген адам жаһаннамға

дайындалсын». Бұл кезеңде адамның

күш-қуаты кеми бастайды. Бірақ бұл

барынша айқын болмайды.

Төртіншісі: қарттық және құлдырау

шағы; алпыс жаста басталып өлгенге

дейінгі аралық. Бұл кезеңде адам

Бұл білім, ғылым үйрету, халыққа қызмет

көрсету, тіпті, сауда орны болуы да

мүмкін. Елге белгілі дінтанушы Қайрат

Жолдыбай бір сөзінде:

- Тек мешіт салсам ғана сауап аламын

деу қате. Халыққа қажет, пайдалы кез

келген дүниені жасау құлшылық һәм

үлкен сауап. Кәсіпкерлер «Гарвард»

секілді ғылым ордалары мен «NASA»

секілді зертханаларды құрып жатса,

мың мешітке бергісіз сауап іс болар

еді, - деген болатын.

Тілеуберді САХАБА.

Адам өмірінің кезеңдері

Адам өмірі төрт сатыдан тұрады. Әрқайсысыны өз ерекшелігі және адамға берер

ғибраты бар. Ақыл-ойы кемел әрбір адам өзінің жасына сай өмір сүріп, сол кезеңдер

бойынша дамып, жетілуі керек.

бәдені әлсіреп, болдыра бастайды.

Өлім қорқынышы күшейеді.

Хазірет Әлиден (к.у.) жеткен бір риуаятта

жетпіс бес жаста «әрзәли өмір»

басталады. «Әрзәли өмір» - адамның

бала күнгідей не айтып, не істегенін

білмейтін күйге түсуі. Кез келген адам

ондай күйге жетуі мүмкін. Пайғамбарымыз

(с.ғ.с.) «әрзәли өмірден» Aллаға сыйынған.

ПӘТУӘ

Гив (giveaway) ағылшын тілінен аударғанда

«беру», «тарату» деген мағынаны білдіреді.

Бұл – инстаграм әлеуметтік желісінде

тіркелушілер санын көбейту мақсатында

өткізілетін ұтыс ойыны.

Гив ойнатудың

үкімі қандай?

Негізгі шарты – инстаграмдағы бірнеше парақшаға

тіркелу, сондай-ақ «хабарламаларды қара», «репост

жаса», «пікір қалдыр» деген сияқты басқа да

талаптар болады. Гив ойындарын ұйымдастыру әрі

оған қатысудың шариғаттағы үкіміне келсек, оны

төмендегі екі жолмен қарастыруға болады: Ойынға

қатысу үшін тіркелушілер тарапынан кіру жарнасы

алынса немесе бір өнімді (кітап, т.б.) сатып алуды

шарт қойса (кейбір кәсіпкерлер біршама айлакерлік

танытып, белгілі бір соманы төлеуді емес, белгілі бір

өнімдерді сатып алуды шарт етеді. Мұндай конкурсқа

қатысудың рұқсат етілуі не тыйым салынуы қатысушы

адамның ниетіне байланысты. Егер тауарды ұтысқа

қатысу мақсатында сатып алса, онда шариғатта

тыйым салынады. Ал сатып алушы өзіне қажетті

тауарды сатып алу барысында ұтысқа қол жеткізіп

жатса, оның оқасы жоқ), ол құмар болып саналады.

Ал шариғатта құмар ойындарына тыйым салынған.

Егер парақшаға тіркелушілерден ешқандай кіру

жарнасы алынбаса әрі ұтыс демеушілер тарапынан

қойылса, онда рұқсат етіледі (әл-Мағаиру әш-Шарғия,

1287-бет).

Үкім: Гив ойынында парақшаға тіркелушілер тарапынан

кіру жарнасы алынса немесе бір затты сатып

алу шарты қойылса, ондай конкурсқа қатысуға тыйым

салынады. Одан тапқан табыс шариғат бойынша

харам болады. Тіркелушілерден кіру жарнасы алынбаса

және ұтыс демеушілер тарапынан қойылса,

шариғат бекіткен шарттар толықтай орындалса, ол

ойынға рұқсат етіледі.

Ескерту: қазіргі таңда көптеген ұтыс ойындарында

шариғат бекіткен шарттар толық орындалмайтынын

ескерген жөн. Сондықтан мұндай ойындардан сақ

болу керек.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі.

БІЛГЕНГЕ - МАРЖАН...

Көлікте намаз

оқуға бола ма?

ДІНИ МЕРЕКЕ

Ізгіліктің бастауы

Мәуліт – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған күнін атап өту рәсімі. Бұл мереке Һижри жыл

санағы бойынша Рабиғул әууәл айының 12-ші жұлдызына сай келеді. Биылғы рәбиғул

әууәл айы қыркүйек айының 27-сінде кірсе, Мәуліт күні қазан айының 7-сіне сәйкес

келіп тұр. Бұл - жас ұрпаққа Алла елшісінің өмір жолы өнеге етудің ең тиімді жолы.

Оны толық бір ай бойы тойлауға болады. Мұнда

мәуліт шәріп жырынан үзінділер, салауат және дұғалар

оқылады. Мәулітте Алла елшісінің өмірбаяны, ахлақәдебі

жайында уағыз-насихаттар айтылады. Сондықтан

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мәулітін тойлау - мұстаһаб,

яғни, рұқсат етілген амал болып саналады.

Мәуліт мерекесін әртүлі деңгейде атап өтуге болады.

Мысалы, Аллаға шүкіршілік ретінде – ораза ұстау, садақа

беру, Құран оқу секілді құлшылықтармен жүзеге асады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Алла Тағаланың жаратылысқа

берген нығметтерінің ең ұлысы. Өйткені онымен

ислам, иман, жаннат және тозақ отынан құтылу хабары

келді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туғанына қуанышын

білдіріп атап өту, кедейлерді тамақтандыру, уағыз-насихат

айту – бұлардың барлығы Алла Тағала разылығына

жетелейтін шүкіршілік амалдар. Алла Тағала Құранда:

«Бұрын анық адасуда болса да, оларға аяттарын

оқып, оларды (күпірліктен) тазартып, Кітап (Құран) пен

даналықты (сүннетті) үйрететін бір елшіні өз араларынан

жіберуі арқылы Алла мүміндерге зор нығмет берген

еді», – деген.

Сонымен қатар, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің туған

күнінде шүкіршілігін оразамен білдірген. Әбу Қатададан

жеткен хадисте: «Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) дүйсенбі күнінің

оразасы жайлы сұралғанда: «Ол күні мен дүниеге келдім

және осы күні маған уахи түсірілді» – деп жауап берген.

Ғалымдар жоғарыдағы аталған хадистерге сүйене отырып,

мәулітті атап өтуге болады деген.

Жерге түсіп намаз оқуға мүмкіндік болмаса (мысалы,

жер лай, дала қатты суық, боран, т.б.), аялдағанға

дейін намаз уақыты өтіп кететін болса, онда пойыз,

ұшақ және басқа қоғамдық көліктерде де намаз оқуға

рұқсат етіледі. Қоғамдық көліктерде оқылатын бес

уақыт парыз және үтір уәжіп намаздарда құбылаға

қарау және тік тұру (қиям) мүмкіндікке қарай толық

орындалуы керек. Белгілі себептермен (ауру, бас

айналу, т.б.) тік тұрып намаз оқи алмаса, отырып

оқуға болады. Отыруға шамасы жетіп, алайда иіліп

рукуғ пен сәжде жасауға шамасы келмесе, отырған

күйінде рукуғті сәл еңкейіп, сәждені төменірек иіліп

орындайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Намазды тік тұрып

оқы. Шамаң келмесе, отырып оқы. Оған да шамаң

келмесе, жамбастап жатып оқы», – деген екен.

Бетті әзірлеген – Тілеуберді САХАБА.


10 17 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл ҚҰҚЫҚ

SARYARQA SAMALY

СҰХБАТ

Сенімді диалог

алаңы құрылды

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша 9-10 қыркүйек аралығында

Павлодар облысы полиция департаментінің басшылығы, сондай-ақ, аудандық

полиция бөлімдерінің басшылары жергілікті тұрғындарға «Жолда қабылдау»

республикалық акциясын өткізді. Аталмыш акция құқықтық ағартуға және

азаматтарды ақпараттандыруға бағытталған. Осы орайда, облыстық полиция

департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының

міндетін атқарушы Қуаныш Мұстафиновпен әңгімелесіп, акцияның

маңыздылығын әңгімемізге арқау еттік.

- Акция туралы толығырақ

айта кетсеңіз...

- Акция барысында Павлодар

облысының әрбір қаласы мен ауданында

полиция қызметкерлері

тұрғындарға мемлекеттік қызмет

көрсетті. Азаматтар мен полиция

арасындағы екі жақты диалогтың

арқасында әрбір жүгінген азамат

кәсіби кеңес алды. Мүмкіндігінше

көп адамдар кеңес алу үшін тәртіп

сақшылары акцияны облыстың

қалалары мен аудандарының халық

көп жиналатын орындарында өткізді.

Мәселен, 9 қыркүйек күні аталмыш

іс-шара Павлодар қаласында

«Батырмол» СОО жанында өтті.

Онда азаматтармен тікелей диалог

алаңы құрылып, акция «dp_pavlodar»

Instagram аккаунтының тікелей

эфирінде жалғасты. Сондай-ақ,

облыстың көші-қон қызметінің

өкілдері әкімшілік тәжірибеге, жол

қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және

полиция органдарының қызметіне

қарасты басқа да мәселелер

бойынша кеңестер берді.

- Тұрғындарды көбінесе

қандай сұрақтар мазалайды?

- Іс-шараға қатысқан азаматтардан

түрлі сипаттағы сұрақтар

түсті. Мысалы, тікелей эфир

қатысушылары қазіргі заманғы

кибер-шериф кешенінің қандай

бұзушылықтарға назар аударатындығына

қызығушылық танытты.

Тәртіп сақшылары кешен облыс

жолдарында қауіпсіздік белдіктері

тағылмаған, жалған нөмірлермен

тәртіп бұзушыларды, іздестірудегі

көлік құралдарын анықтайтынын

түсіндірді. Сондай-ақ, аймақ

тұрғындарын жол қауіпсіздігі

қатты алаңдататыны байқалды.

Кейбір тұрғындар өз аулаларында

жасанды кедір-бұдырлар, жаяу

жүргіншілер өткелдерін, жол

белгілерін орнатуды ұсынды.

Сонымен қатар, оқу жылының

басталуына байланысты балалардың

қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.

Осыған байланысты мектеп

жанындағы аумақтар мен басқа

да оқу орындары аумақтарының

қауіпсіздігіне қатысты осы мәселе

полицияның да, басқа да жергілікті

ПОЛИЦИЯ ЕСКЕРТЕДІ

Ата-анасы немесе туыстары

үйде болғанына қарамастан,

балалар қысқа уақыт қараусыз

қалып, терезеге көтеріліп, жұқа

қорғаныш торына сүйеніп құлап

кетіп жатады. Полицейлер қала

мен облыс тұрғындарына қырағы

болуды ескертеді:

атқарушы органдардың да тұрақты

бақылауында екенін атап өткім

келеді. Бұдан бөлек, акция барысында

көші-қон заңнамасы мен

жұмысқа орналасу мәселелері де

жиі қозғалды.

- Акция онлайн форматында

да өтті ме?

- Иә, тікелей эфирде полиция

қызметкерлері мемлекеттік қызмет

көрсету, әкімшілік айыппұлдарды

төлеу, жүргізуші куәліктерін беру,

автокөлікті тіркеу және қайта

жабдықтау, жол қозғалысын

ұйымдастыру мәселелері бойынша

тұрғындардың сұрақтарына жауап

берді. Айта кету керек, абоненттердің

әр үндеуіне толық жауап берілді.

Тәжірибе көрсеткендей, бұл акция

халықтың сұранысына ие және

толғандыратын сұрақтарға жауап

алуға көмектеседі. Көптеген

Instagram қолданушылары акция

барысында өз ұсыныстарын

енгізіп, полицияның жұмысы

үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ,

азаматтар онлайн, офлайн форматында

ҚР-ның жаңа заңдарымен

танысып, заңнамаға енгізілген

соңғы өзгерістер мен толықтырулар

туралы кеңейтілген ақпарат алды.

- Қазақстанда темекі шегу

туралы заңнама күшейтілді.

Жаңа заңға сәйкес, қазір қоғамдық

орындарда темекі шеккен

азаматтар айыппұл арқалауы

мүмкін дейді...

- терезелерді ашық қалдырмаңыз;

- терезелерге металл торларды

орнатыңыз;

- терезе жанында жиһаз қоймауға

тырысыңыз, оның көмегімен

бала терезе алды тақтайына

өздігінен көтеріле алады;

- Дұрыс. Темекі шегудің алдын

алу және шектеу бірінші кезекте

халықтың денсаулығын қорғау үшін

керек. Қазақстанда темекі шегу

туралы заңнама күшейтілгенін

еске саламын. Жаңа заңға сәйкес,

әртүрлі аурулардың пайда болу

қаупін азайту үшін темекі өнімдері

мен электронды темекі шегуге

тағы бірнеше қоғамдық орындарда

тыйым салынды. Енді жабық

қоғамдық аялдамаларда, ойын

алаңдарында, метрода және жер

асты өткелдерінде темекі шегуге

болмайды.

Ағымдағы жылдың басынан

бастап полиция қызметкерлері

белгіленбеген орындарда темекі

тартқаны үшін 200-ге жуық құқық

бұзушыны анықтады. Барлық

тұлғалар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық

туралы кодекстің 441-бабы

бойынша әкімшілік жауапкершілікке

тартылды. Бұзушылықтардың

алдын алу және анықтау

мақсатында полиция қызметкерлері

қоғамдық орындарда

жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар

өткізеді. Сондай бір рейд барысында

Павлодар қаласының

27 жастағы тұрғыны тұрғын үйдің

кіреберісінде темекі тартқаны үшін

әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін ер

адамға 15 АЕК көлемінде айыппұл

төлеуге тура келеді.

- Ақпаратыңызға рахмет.

Терезе мен ереже

Жыл басынан бері Павлодар облысында кәмелетке толмағандардың терезеден

құлауының 10 фактісі тіркелді. Екі жағдайда екі бала қайтыс болды. Көп

жағдайда жазатайым оқиғалар мектеп жасына дейінгі балалармен орын алады.

- балалар терезені өз бетінше

аша алмайтындай етіп құлыптап,

мықты бекітілуін тексеріңіз;

- баланы тіпті қысқа мерзімге

қараусыз қалдырмаңыз.

Балаға терезеге көтеріліп, терезені

ашу үшін 10-20 секунд жеткілікті.

Ертіс ауданының жергілікті полиция қызметкерлері

Островский-Гагарин көшелерінің қиылысында

патрульдеу кезінде күдікті болып

көрінген тракторды байқады.

«Тракторшының

махаббаты»

Тексеру кезінде «Т-40» көлігін

жүргізген 35 жастағы жүргізушіден

алкогольдің өткір иісі

шықты. Медициналық куәландыру

нәтижелері жүргізушінің

мас күйінде екенін растады.

Сондай-ақ, ер адамның

2022 жылдың қаңтар айында

8 жыл мерзімге көлік құралдарын

жүргізу құқығынан айырылғаны

анықталды. Ертіс ауданы

полиция бөлімі бастығының

бірінші орынбасары Серік Үсеновтің

айтуынша, қазіргі таңда ауыл

тұрғыны Ертіс ауданының уақытша

ұстау изоляторына қамалды.

- Аталған факті бойынша ҚР

қылмыстық кодекстің 346-бабы

1-бөлігі - көлік құралын басқару

құқығынан айырылған және

алкогольдік масаң күйдегі адамның

көлік құралын басқаруы бойынша

сотқа дейінгі тергеу басталды, -

деп хабарлады ол.

Белдікті тақ,

жүргізуші

Қауіпсіздік белдігі жүргізуші мен оның жолаушылары

үшін өмірді сақтаудың кепілі екенін

бәрі біледі. Бірақ бәрі бірдей қарапайым ережені

сақтай бермейді.

Павлодар қаласының патрульдік

полиция батальонының полицейлері

құқық бұзушылықтарды анықтау

мақсатында тұрақты түрде рейд

жүргізеді. Қала жолдарында рейд

жүргізген тәртіп сақшылары

қауіпсіздік белдіктерін пайдалануға

ОҚЫС ОҚИҒА

Шарбақты аудандық мектеп асханасында

9 бала уланды. 4 бала аудандық ауруханаға

жатқызылған. Оқушылардың неден уланғаны

жайлы әлі зерттеулер жүргізілуде. Олар тамақтан

уланды деген болжамдар келтірілуде.

Оқушылар уланды

Айдана БОРАНБАЕВА

№2 орта мектептің оқушыларының

улануы туралы

алғашқы шұғыл хабарлама

9 қыркүйекте таңғы тоғызда

санэпидемиологтарға Шарбақты

ауруханасынан келіп түскен.

Балалар мектеп асханасындағы

тамақтан улануы мүмкін. Тоғыз

оқушының төртеуі күндізгі сағат

үште медициналық көмекке

жүгінген. Олардың барлығы -

Шарбақты аудандық орта мектептің

оқушылары.

- Сол күні сағат 20.40-та

осы мектеп оқушысынан соңғы

шұғыл хабарлама түсті. Балалар

құсу, іштің ауыруы, диарея

мен дене температурасының

39 градусқа дейін көтерілуіне

шағымданды. Тоғыз баланың

ішіндегі ең кішісі – нөлдік, ең

үлкені – тоғызыншы сынып

оқушысы, - деп хабарлады

облыстық санэпидбақылау басқармасында.

Шарбақты аудандық ауруханасының

бас дәрігері Алмаз

Мекишевтің айтуынша, бес

адамға қабылдау бөлімінде

көмек көрсетіліп, амбулаторлық

емделуге жіберілді. Төрт бала

облыстық балалар ауруханасына

жатқызылған.

Облыстық санэпидемиологтардың

болжамынша, оқушылар

мектеп асханасында улануы

мүмкін. Өйткені олардың бәрі

сол жерде тамақтанған. Дегенмен,

мұндай болжам әлі расталған

жоқ.

– Эпидемиологиялық тексеру

барысында 7 және 8 қыркүйекте

балалар рожки, котлеттер,

қарақұмық, қызылша жеп,

алма шырыны мен компот

ішкені анықталды, – деді

облыстық санэпидбақылау

басқармасында.

Мамандар №2 орта мектеп

асханасында жоспардан тыс

тексеру жұмыстарын бастады.

Оның ішінде қоғамдық тамақтану

орындарында жұмыс істейтін

жеке кәсіпкерлік қызметкерлерін

тексереді. Ауызсу мен

өнімдерге талдау жасалады.

Зертханалық зерттеулердің

нәтижелері әлі дайын емес.

Бірақ №2 орта мектепте аспаздың

жұмысқа рұқсатының

болмауы, тәуліктік сынамаларды

сақтау шарттарының бұзылуы

сияқты бірнеше бұзушылық

тіркелді.

Сонымен қатар, ауруханаға

жатқызылған балаларда

ShigellaSonne тектес бактериялар

анықталды. Олар тамақтан

улануы мүмкін екенін көрсетеді.

ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ

ерекше назар аударады. Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

ағымдағы жылдың басынан бері

қауіпсіздік белдігін пайдалану

талаптарын бұзғаны үшін 2920

жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке

тартылғанын хабарлады.

Бетті әзірлеген - А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


SARYARQA SAMALY ХАБАРЛАМА 17 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл 11

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Құрметті Сағадат

Қизатұлы!

Қызмет деген бір белестен

өтіп, құрметті демалыс деген

кезеңге жеттіңіз! Ұстаздықтың

ауыр жүгін көтеріп, алдыңыздан

сан ұрпақ қанат қақты.

Қадірлі боп жұртқа, достарыңа,

Шығыпсыз алпыс үштің

асқарына.

Жетіпсіз қазыналы

шаққа мына.

Соңыңызда шатқал шың,

қия қапты.

Сөзіңіз, ісіңіз де тиянақты.

Айтқан ақыл, өнеге, тәліміңіз,

Жүректерге ізгілік ұялатты.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Асыл ана, мейірімді

әже Зейнулина Жаңыл

Жүкенқызын сеңгірлі

80 жасқа толу мерейтойымен

шын жүректен құттықтаймыз!

Қуатты денсаулық, өнегелі

өмір берсін! Алланың нұры

жауып, ортамызда аман-есен

салиқалы ғұмыр кешуіне

тілектеспіз!

Еркелетіп немере, шөбересін,

Кәрілікті анамыз елемесін.

Үрім-бұтақ, ұрпағы

құттықтаймыз,

Тіршіліктің қызығын

көре берсін!

Ізгі тілекпен, балалары: Айман,

Шынболат-Айгерім, Айгүл-Қабылбек,

Серік-Бикеш, немере-жиендері, шөберелері.

Тілек білдірушілер: Құсайын-Сұлушаш,

Темірболат-Айбарша, Айтмұқамбет-Рымтай,

Қайырболат-Бақыт, Қарлығаш, Бақытбек-Рымкен.

(376)

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалы 2022 жылы

қазан айының 26 күні сағат 11.00-де Павлодар қаласы, Қ.Әбусейітов

атындағы мәдени-сауық орталығы, Катаев көшесі, 44 мекенжайы

бойынша акт залында «Ықтимал әсерлер туралы есеп» материалдары

бойынша «Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-

Успенка-РФ шекарасы» 1381 км автомобиль жолында Ертіс өзені

арқылы өтетін көпірдің құрылысы» жобасына ашық жиналыс түрінде

қоғамдық тыңдау өтетінін хабарлайды.

Төтенше жағдай немесе шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин

енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар ZOOM бейнеконференция

құралы бойынша онлайн форматта, сілтеме бойынша өткізіледі:

https://us02web.zoom.us/j/89663377572?pwd=NFRBVXl5b1A0S

29HNDlVaXpLOUo2QT09

Конференция идентификаторы: 896 6337 7572; кіру коды: 123.

Бастамашының аты: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық

филиалы, БСН 130941001458, Павлодар обл., Павлодар қ., Ломов

к-сі, 180, pavlodar.info@qaj.kz, 8 (7182) 60-90-83.

Жобалау құжаттамасын әзірлеушілер:

1) «Тека-проект» ЖШС, БСН 060540003706, Алматы қ., Әуезов

ауданы, Қабдолов к-сі, 16-үй, almatymost@mail.ru, тел. 8 (727)

399-56-09.

2) «Фирма «Ақ-Көңiл» ЖШС, БСН 930140000145, Алматы қ.,

Молдағұлова к-сі, 32-үй, 249-пәтер, akkonil@mail.ru, тел. 8 (701)

727-30-98.

Құжаттама бірыңғай экологиялық порталда орналастырылған

(ecoportal.kz), сондай-ақ ЖАО сайтында (www.gov.kz/memleket/

entities/Pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru).

ЖАО – «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған

орта және су ресурстары басқармасы» ММ; Павлодар қ., Жеңіс алаңы,

5Б, тел. 8 (7182) 32-16-81; temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz.

Ескертулер бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ қоршаған

ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және ЖАО көрсетілген

мекенжайлар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін

3 жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.

Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: pavlodar.

info@qaj.kz, 8 (7182) 60-90-83 немесе almatymost@mail.ru, тел.

8 (727) 399-56-09.

ЖАРНАМА

66-15-40, 66-15-42

(20151)

Конкурс жариялайды

Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысының

Денсаулық сақтау басқармасы» ММ Павлодар

облысы әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау

басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы

«Аққулы аудандық аурухана» коммуналдық мемлекеттік

кәсіпорнында Байқау кеңесінің мүшелерін

іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсты ұйымдастыру мен

өткізуді Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы Денсаулық

сақтау басқармасының «Аққулы

аудандық аурухана» шаруашылық

жүргізу құқығындағы коммуналдық

мемлекеттік кәсіпорнында Байқау

кеңесі мүшелерінің лауазымдарына

орналасуға үміткерлерді іріктеу

жөніндегі конкурстық комиссия (бұдан

әрі–Комиссия) жүзеге асырады.

Конкурс құжаттарды қабылдау

аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде

140000, Павлодар қаласы, Астана

көшесі, 59, Павлодар облысының

Денсаулық сақтау басқармасы,

3-қабат, мәжіліс зал мекенжайы

бойынша өткізіледі.

Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы Денсаулық сақтау

басқармасының шаруашылық жүргізу

құқығындағы «Аққулы аудандық ауруханасы»

коммуналдық мемлекеттік

кәсіпорны орналасқан мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 140700,

Павлодар облысы, Аққулы ауылы,

Амангелді көшесі, 84-үй, тел.

8 (71839) 2-16-43.

Кәсіпорын қызметінің мәні заңда

белгіленген тәртіппен берілген

лицензияларға және бекітілген

медициналық қызмет түрлеріне

сәйкес ауыл тұрғындарына білікті

медициналық көмек көрсету болып

табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты:

Амбулаториялық-емханалық көмек

(халыққа алғашқы медициналықсанитарлық

және консультациялықдиагностикалық

көмек) стационарлық

көмек, халыққа стационарлықалмастыратын

көмек, халыққа

жедел және шұғыл медициналық

көмек көрсету, халыққа денсаулық

сақтау бағдарламаларын орындау;

Конкурсқа қатысушыларға

қойылатын талаптар:

- жоғары білімнің, сондай-ақ

келесі талаптардың бірінің болуы:

- Денсаулық сақтау саласында

немесе ұйымның бейіні бойынша

және (немесе) экономика/қаржы және

(немесе) бизнес және (немесе) басшы

лауазымдағы құқық бойынша кемінде

3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

- Денсаулық сақтау және (немесе)

экономика және (немесе) бизнес

және (немесе) Құқық саласындағы

қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.

Байқау кеңесінің мүшесі ретінде

тұлға сайлана алмайды:

- өтелмеген немесе алынбаған

соттылығы бар;

- осы заңды тұлғаны банкрот деп

тану туралы шешім қабылданғанға

дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның

басшысы болып табылған;

- бұрын сыбайлас жемқорлық

құқық бұзушылық жасаған;

- Байқау кеңесінің басқа мүшесімен

немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен

жақын туыстық және сипат

қатынастарындағы қарым-қатынастар.

Конкурсқа қатысуға ниет

білдірген тұлғалар үшін өтініштер

мен құжаттарды қабылдау бұқаралық

ақпарат құралдарында конкурс өткізу

туралы хабарландыру жарияланған

күннен бастап 30 күнтізбелік күн

ішінде жүргізіледі және бұқаралық

ақпарат құралдарында конкурс өткізу

туралы хабарландыру жарияланған

күннен бастап 30 күнтізбелік күн

өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген

тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда

көрсетілген мерзімде

комиссияға мынадай құжаттарды

ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш

(еркін нысанда));

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде

түйіндеме;

3) Өмірбаян (еркін нысанда));

4) үміткердің жеке басын

куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білім туралы құжаттың

көшірмесі;

6) қызметкердің еңбек қызметін

растайтын құжаттың көшірмесі: жұмыс

кітабының көшірмесі (бар болса)

немесе еңбек шартының көшірмесі,

қабылдау туралы бұйрықтардан

үзінділер немесе жұмыс өтілін

растайтын құжаттан алынады;

7) Қазақстан Республикасы Бас

прокуратурасының Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің аумақтық бөлімшелері

берген соттылықтың және сыбайлас

жемқорлық құқық бұзушылықтардың

жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің

біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби

деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты

(біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер

мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар

туралы құжаттардың

көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының

басшылығынан ұсыныстар) ұсына

алады.

Үміткер конкурстық өтінімнің

түпнұсқасын конвертке салып, оны

«түпнұсқа» деп белгілеп желімдейді.

Бұл конвертте үміткердің тегі, аты,

әкесінің аты және мекенжайы көрсетілуі

тиіс. Осыдан кейін конверт сыртқы

конвертке салынады.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) 140000 мекенжайы бойынша

Павлодар облысының Денсаулық

сақтау басқармасына жіберілсін.

Павлодар қ., Астана к-сі, 59;

2) мемлекеттік кәсіпорынның

Байқау кеңесі мүшелерінің

конкурсы және «бұқаралық ақпарат

құралдарында конкурс өткізу

туралы жарияланған күннен бастап

30 күнтізбелік күн өткенге дейін

ашуға болмайды».

Конкурстық өтінім мемлекеттік

және орыс тілдерінде бір данадан

жіберіледі.

Конкурстық комиссия конкурстық

өтінімдер салынған конверттерді ашқан

күннен бастап бес жұмыс күні ішінде

кандидат ұсынған құжаттарды және

кандидаттың Қазақстан Республикасы

Үкіметінің қаулысымен бекітілген

талаптарға сәйкестігін бағалауды

қарайды.

Өткізілген бағалау нәтижелері

бойынша конкурстық комиссия

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

қаулысымен бекітілген талаптарға

сәйкес келетін кандидаттарды іріктеуді

жүргізеді, онда оны өткізу күнін,

уақытын және орнын көрсете отырып,

әңгімелесуге шақыру жіберіледі.

Комиссия конкурсқа қатысушылармен

әңгімелесу жүргізген

кезде мемлекеттік кәсіпорын

қызметі саласындағы қатынастарды

реттейтін Қазақстан Республикасының

нормативтік құқықтық актілерін білу,

сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымы

қызметінің ерекшелігін білу тексеріледі.

(20153)

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондар арқылы хабарласыңыздар: «Ертіс Медиа»

ЖШС 66-15-41, «Қазпошта» АҚ ПОФ-ның жазылу бөлімі: 32-40-37,

32-49-93 және сенім телефоны: 32-35-35.

«Ертіс Медиа» ЖШС ұжымы кәсіпорын қызметкері Гүлжазира

Сағындыққызына әкесі

Садвокасов Сағындық Айкенұлының

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 7606 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1527

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 17 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл НАМЫС

SARYARQA SAMALY

БӘРЕКЕЛДІ!

Голды қарсыластың қақпасына

салған - Еркебұлан Тұңғышбаев.

Бұл - футболшының осы ойын

маусымында соққан 8-інші голы.

Айта кетерлігі, матч басталмас

бұрын ойыншылар мен көрермендер

жуырда дүниеден өткен футболшы

Роман Богдановты бір минут

үнсіздікпен еске алды.

Ойын барысында қарсыластарынан

басым түсіп, жеңіске

жеткен «Ақсу» футболшыларын

облыс басшысы Әбілқайыр Сқақов

ӨНЕР

Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек.

Айдана БОРАНБАЕВА

Қойылымның режиссері Ержан

Қаулановтың айтуынша, музыкалыпоэтикалық

кеш ел Тәуелсіздігінің

30 жылдығына және ақиық ақын

М.Мақатаевтың 90 жылдығына

арналды. Өткен жылы қойылымның

премьерасы мұзбалақ ақынның

туған күніне орай көрермен назарына

ұсынылған еді.

Мәкен КӘРІМОВА, ардагер ұстаз:

Музыкалық қойылым

Ж.Аймауытов атындағы облыстық

қазақ музыка-драма театрының

симфониялық оркестрі

және бас дирижері, ҚР Еңбек

сіңірген қайраткері Болат

Рахымжановтың сүйемелдеуімен

өтті. Кеште ақынның сөзіне

жазылған «Күрең күз», «Мен деп

ойла», «Қарасазым-ай», «Есіңе

мені алғайсың», «Құмған алған»,

«Сарыжайлау», «Қазағым-ай»,

- Бүгін Павлодар облысының рухани ордасына айналған

Павлодар облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ

музыка-драма театрында кезекті маусымның ашылуы

өтті. Мен бұл театрдың тұрақты көрерменімін.

Бүгінгі қойылымға құдағиыммен келдім. Спектакль

көңілімнен шықты. Мұқағали Мақатаев - халықтың

ақыны. Оның әр өлеңі халықтың аузында жаттанды.

Барша павлодарлықтарды театрға келіп, рухани баюға

шақырамын.

Қарсыласты

қапы қалдырды

арнайы барып құттықтап,

жылы лебізін білдірді.

- Мен сіздердің ерекше ойын

көрсеткендеріңізді атап өткім келеді.

Жеңіске лайықтысыздар. Жарайсыздар!

Қатарынан үш ойында үш

жеңіс әкелдіңіздер, - деді өңір

басшысы.

Аяулым ТӨЛЕГЕНОВА.

Суреттерді түсірген –

Валерий Бугаев.

Қазақ театрының

жаңа маусымы

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының

20-туры аясында «Ақсу» футбол

клубы орталық стадионда «Ақжайық»

ойыншыларын қабылдап, 1:0 есебімен

жеңді.

Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма

театрында жаңа 34-маусымның шымылдығы

түрілді. Маусым мұзбалақ ақын Мұқағали

Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына

бағытталған «Есіңе мені алғайсың» музыкалыпоэтикалық

кешімен ашылды. Жиналған

көрермен керемет кешті тамашалап, ақынның

әндерімен сусындады.

«Ана, сен бақыттысың» секілді

әндері орындалды. Қойылымның

бас кейіпкерінің рөлін театрдың

актері Бауыржан Манатбек

сомдады. Бауыржан рөлді сомдау

барысында ақынның өлеңдерін

жаттаумен ғана шектелмей, әр

өлеңінің мағынасын түсіну қажет

дейді.

- Театрда қызмет етіп

жатқаныма биыл жетінші маусым.

Бұл уақытқа дейін бірнеше рет

басты рөлдерді сомдадым.

Дегенмен, тарихта қалған,

ел танитын әрі халық сүйіп

оқитын тұлғаның бейнесін сомдау

алғаш рет бұйырды. Жалпы, кез

келген ақынның немесе жазушының

басты рөлін сахналау шығармасын

жаттаумен шектелмейді. Оның

ішкі жан дүниесіне үңіліп, жүріп

өткен жолындағы қиындықтарды

өз жаныңмен сезіне

білуің керек. Сонда ғана тарихи

тұлғаның табиғаты ашылады.

Әрбір қазақ кемінде бір-екі

өлеңін жатқа оқитын Мұқағали

бейнесін лайықты алып шығуға

барымды салдым, - дейді

Бауыржан Манатбек.

САУАЛ-СІЗДЕН

Емделу

мерзімі

анықталады

Толқын, Павлодар қаласы:

- Уақытша еңбекке жарамсыздыққа

сараптама жүргізіп, анықтама

қағазын кім береді?

Сауалға «Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

облыс бойынша филиалының

директоры Нұрлан Қасымов жауап

береді:

- Жалпы уақытша еңбекке

жарамсыздық жағдайы анықтамасын

аурухана немесе емхана дәрігерлері,

науқасты үйіне барып қабылдаған

жағдайда бере алады. Сонымен қатар

дәрігерлік консультациялық комиссияның

да беруге мүмкіндігі бар. Аталған сараптаманы

жүргізген уақытта медициналық

қызметкер емделушінің денсаулық

және еңбек жағдайларын әлеуметтік

факторларды бағалау негізінде уақытша

еңбекке жарамсыздық белгілерін

белгілейді. Осылайша уақытша еңбекке

жарамсыздық мерзімін анықтайды,

жарамсыздық анықтамасын беріп,

дәрігерге келесі тексерістен өту күнін

тағайындайды. Қажет болса, науқасты

дәрігерлік консультациялық комиссия мен

медициналық-әлеуметтік сараптамаға

жібереді. Атап өтер болсақ, ауруханаларда

уақытша еңбекке жарамсыздыққа

сараптама жүргізу үшін Қазақстан

Республикасының қолданыстағы

заңнамасына сәйкес берілген лицензия

болуы керек.

Онлайн

өзгерту

мүмкін бе?

Мақсат, Ақсу қаласы:

- Жеке куәлігімде толық атыжөнімде

қателіктер орын алған

екен. Халыққа қызмет көрсету

орталығына бармай-ақ, оны онлайн

түрде ауыстыруға бола ма?

Сауалға Павлодар қаласындағы

№3 Халыққа қызмет көрсету

орталығының супервайзері

Досбек БАЙРОН жауап береді:

- Бүгінде egov.kz электронды

үкімет порталында «Паспорт, жеке

куәлік алу» қызметін онлайн рәсімдеу

кезеңдері қолжетімсіз. Бұл қызметтің

қолжетімділігін жаңарту ағымдағы жылдың

31 желтоқсанына дейін жоспарланып

отыр. Сондықтан, тұрғылықты мекенжайы

бойынша Халыққа қызмет көрсету

орталығына жүгінсеңіз болады.

Редакциядан:

Құрметті оқырман!

Егер Сізді мазалаған

сұрақтар болса,

ssamaly29@gmail.com

поштасына немесе

8 747 373 7784 WhatsApp

нөміріне жолдауыңызға

болады.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!