20.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

20 қыркүйек, сейсенбі

2022 жыл

№105 (15873)

ssamaly29@gmail.com www.saryarka-samaly.kz facebook.com/saryarqasamaly @saryarqa_samaly

@saryarqa_samaly

Сүтпен қамтуда

серпіліс бар

ИНВЕСТИЦИЯ

Нақпа-нақ

Облыста соңғы

екі жылда

11 мың

гектар жер

суармалы алқапқа

айналды

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Экспортқа

шектеу

қойылды

Алдағы алты ай аралығында

Қазақстанның шекарасынан

шет мемлекеттерге көлікпен

көмір тасымалдауға болмайды.

Мұндай шара жылыту маусымында

елімізде қатты отын

тапшылығын тудырмас үшін

қабылданып отыр.

Мәселе:

«СЫНЫПТАСТАРЫМ ЖӘБІР КӨРСЕТТІ»

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Ақтоғай ауданында 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасы

ашылды. Соның есебінен өңірде өндірілетін сүт көлемі айтарлықтай

арта түспек. Жыл соңына дейін шетелден тағы мыңға жуық ірі қара

әкелу жоспарланып отыр. Жаңа агроөнеркәсіптік кешеннің ашылуына

облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов пен Ауыл шаруашылығы министрі

Ербол Қарашөкеев қатысты.

Жалғасы 2-бетте

Қазақстанда 11 жастан 15 жасқа дейінгі әр бесінші оқушы қатарластарынан қысым (буллинг)

көреді екен. Өткен жылдың дерегіне сүйенсек, Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер

арасында 137 өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелген. Мектепте сауалнама жүргізген Ұлттық

қоғамдық денсаулық сақтау орталығы осындай дерек жариялаған. Әсіресе 11-13 жас

аралығында ұлдардың арасында буллинг кең тараған.

Толығырақ 4-бетте

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі көмірді автокөлікпен

шекарадан шығаруға уақытша шектеу

енгізді. Уақытша шектеу тұрғындар

мен коммуналдық және әлеуметтік

нысандарға арналған көмірдің шекаралас

өңірлерге автокөлікпен тасымалданып,

қатты отынды көршілес мемлекеттерде

қайта сату үшін шығарылған

фактілердің анықталуына байланысты

енгізіліп отыр.

- Министрліктің бұл шешімі жергілікті

көмір тиеу тұйықтарымен, өңір

әкімдіктерімен бірлесіп әзірленді. Басты

мақсат - 2022-2023 жылдарындағы жылу

беру маусымы кезеңінде көзделген

межені орындау және елдегі көмір

тапшылығын болдырмау, - дейді

министрлік өкілдері.

Айта кетейік, жыл басынан бері

елімізде 66 млн тоннадан астам көмір

өндірілді. Бұл ретте біздің облыстағы

«Майкөбен-Вест», «Шығыс» кеніштерінің,

«Шұбаркөл Көмір», «Қаражыра» кәсіпорындарының

өнімділігі артқаны байқалады.

Жалпы, елдегі әлеуметтік, коммуналдық

нысандарға жылыту маусымында

2,6 млн тонна, тұрғындарға 7 млн

тонна көмір керек. Осы уақытқа дейін

оның 4 млн тоннадан астамы таратылды.

Сондай-ақ, энергия өндіретін

кәсіпорындарға 35 млн тонна, өндірістік

орындарға 4,2 млн тонна қатты отын

жеткізіліп, 19 млн тоннасы экспортталды.

Бірақ бұдан былай жүк көліктерімен

сыртқа көмір шығарылмайтын болды.

Әзірлеген -

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.


2 20 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ

Шетелден әкелінген көліктерді

заңдастыру келесі жылдан бастап

жүргізіледі. Естеріңізде болса,

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаев ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне

дейін Қазақстанға әкелінген

шетелдік автокөліктерді

заңдастыру міндетін жүктеген

болатын.

Көлікті

заңдастыру -

келесі жылдан

Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден

елге әкелінген автокөліктердің тізімі

жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі

хабарлайды.

Қазір бұл үшін мемлекеттік органдар барлық

қажетті заңнамалық және ұйымдастырушылық

шараларды қабылдауда. Экологиялық

және Салық кодекстеріне түзетулер әзірленді.

ІІМ өкілдерінің хабарлауынша, азаматтар

бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңге

көлемінде ғана алым төлейтін болады.

Заңдастыру кезінде утиль алым төленбейді.

«Кодекстерге түзетулер келесі жылдың

қаңтарынан бастап күшіне енеді, сондықтан

заңдастыру келесі жылдан бастап жүргізілетін

болады. Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін

елге әкелінген автокөліктердің тізімі жасалды.

Кейінірек әкелінген автокөліктер заңдастыруға

жатпайды және жалпы негізде тіркеледі» -

деді министрліктен.

Бүгінгі таңда ІІМ және басқа да мемлекеттік

органдар автокөліктерді заңдастыруды

барынша қарапайым және түсінікті ету тәсілдерін

әзірлеуде. Автокөліктерді заңдастыру

үшін полицияға онлайн-өтініш беру мүмкіндігі

пысықталуда. Полициямен байланыс орталықтарының

жұмысы ұйымдастырылады.

Тіркелген көліктерге қарапайым ақ

нөмірлер беріледі, полиция қандай да бір

шектеулер қоймайды.

Еуразиялық экономикалық одақтың

тауары болып табылмайтын автокөліктер

кедендік баждарды төлеуі тиіс. Бұл үшін

Қаржы министрлігі азаматтарға қолайлы

кедендік декларациялау тетіктерін әзірлеуде.

Заңдастыруды өткізудің барлық шарттары

әзірленгеннен кейін Үкіметтің тиісті қаулысы

қабылданатын болады.

Айта кету керек, заңдастыруға «қылмыстық»

және кедендік бақылаудан өтпеген

автокөліктер кірмейді. Автокөліктердің

шығарылған жылына және экологиялық

санаттарына қарай талаптар жоқ. Қалған

талаптар бойынша шешім қазір ұлттық және

халықаралық заңнаманы ескере отырып

қабылдануда.

Сондай-ақ ІІМ жол ережесін бұзудың

кейбір түрлері бойынша жауапкершілікті

күшейту болғанымен, полиция шетелдік

автокөліктер бойынша ешқандай арнайы

рейдтік іс-шаралар жүргізбейтінін хабарлады.

Өз тілшіміз.

Басы 1-бетте

Сүтпен қамтуда

серпіліс бар

Сүт көлемі

көбеймек

Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің

дамуына сүбелі үлес қосып, өсімдік пен

мал шаруашылығын қатар дамытып отырған

«Ақтоғай-Агро» ЖШС тағы бір кешеннің

жұмысын бастады. Осыдан екі жыл бұрын

құрылысы басталған нысан 1200 басқа

арналған. Кәсіпорын басшылығы аталмыш

жобаны сәтті жүзеге асыру үшін 6 млрд

теңгеден астам инвестиция құйды.

Шараға қатысқан облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов өңірде тауарлы сүт фермаларының

әлеуеті зор екенін атап өтті.

- Бүгін жұмысын бастаған кешен

кәсіпорны өңірдің ішкі нарығын 100 пайыз

қамтамасыз етеді. Аймақта мал шаруашылығы,

оның ішінде сүт өндіру ісі қарқынды

дамып келеді. Бүгінде өңірде жұмыс

істеп тұрған 36 тауарлы сүт фермасының

үштен бір бөлігі - соңғы екі жарым жыл

ішінде ашылған нысандар. Барлығы

43 млрд теңге көлеміндегі инвестиция

есебінен бой көтерген бұл фермаларда

500-ден астам тұрақты жұмыс орны

құрылып, 38 мың тонна сүт өндіріледі.

Алдағы уақытта осындай тағы сегіз

ферманы іске қосу жоспарланып отыр.

Жалпы, мұндай мүмкіндік суармалы

алқаптардың аумағын арттырудың есебінен

туындап отыр. Соңғы екі жарым жыл

аралығында өңірдегі алқаптың көлемі

102 мың гектардан 142 мың гектарға

дейін көбейді, - деді Ә.Сқақов.

«Ақтоғай-Агро» ЖШС басшысы, облыстық

мәслихат депутаты Александр Терентьевтің

айтуынша, бұл шаруашылықта да

суармалы алқапты дамыту жұмыстары

жүйелі жүргізілуде. Соның нәтижесінде

былтыр картоптың 9 түрін және жүгерінің

жаңа сұрыптарын өсіруді қолға алған.

Сонымен қатар, малға арналған жем-шөп

базасын құру мақсатында жүгерінің

гибридті түрлері өсіріледі.

Тауарлы сүт фермасына келер болсақ,

мұнда жылына шамамен 10 мың литр

шикі сүт өндірілмек. Осы уақытқа дейін

Словакиядан сүт және ет бағытындағы

симментал тұқымды 93 ірі қара мал әкелді.

Жыл соңына дейін тағы 1 мың бастан

астам ірі қара әкелу жоспарда бар.

Шаруашылық жұмысымен танысқан

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол

Қарашөкеев ет пен сүт өндірісі бағытын

дамытудың маңызы зор екенін атап өтті.

- Павлодар облысында соңғы үш

жылдың ішінде 12 тауарлы сүт фермасы

ашылды. 2025 жылдың соңына дейін

100-ден астам инвестициялық жоба іске

аспақ. Бұл мақсатқа 180 миллиард теңгеге

жуық инвестиция салу жоспарланып отыр.

Осындай тауарлы сүт фермаларының ел

экономикасын дамытуда рөлі ерекше.

Себебі мұнда өнім жыл он екі ай бойы

дайындалып, тұрғындар тұрақты түрде

жұмыспен қамтылады. Ал өсімдік шаруашылығы

– көктемнен күзге дейін ғана

жалғасатын маусымдық жұмыс. Үкімет өз

кезегінде шаруашылықтың барлық түрін

қолдауға әзір. Айталық, биыл шаруаларға

субсидия төлеу үшін 450 млрд теңге

бөлініп отыр. Бұрын-соңды мұндай қомақты

сома қарастырылған емес. Өткен жылмен

салыстырғанда бұл 20 пайызға көп. Яғни,

мемлекет тарапынан адал кәсіп жүргізетін

азаматтарға барлық жағдай жасалған, -

деді министр.

Облыстың

әлеуеті зор

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол

Қарашөкеев біздің облысқа жұмыс сапары

аясында Ақтоғай ауданында өңір шаруаларымен

кездесіп, салаға қатысты өзекті мәселелерді

талқылады. Мәселен, Ертіс,

Железин, Ақтоғай, Успен және Тереңкөл

ауданының кәсіпкерлерін «Азық-түлік келісімшарт

корпорациясы» Ұлттық компаниясы»

АҚ арқылы бидай тапсыру, форвардтық

шарттар жасау мәселесі қызықтырды.

- Елімізде егін жинау жұмыстарының

70 пайызы аяқталды. Осы жылғы өнімділік

жақсы. Павлодар облысының шаруалары

жинаған бидай көлемі де жоғары.

Биыл астықтың сапасына байланысты бір

тоннасының бағасы 121-125 мың теңге

аралығында болады. Меніңше, бұл – жақсы

баға. Сондықтан ауыл шаруашылығы

тауарларын өндірушілерді «Азық-түлік

корпорациясының» қоймаларын толтыруға

шақырамын. Ал біз өз тарапымыздан

тиісті қаржыны уақытылы төлеу міндетін

мойнымызға аламыз, - деді Е.Қарашөкеев.

Сонымен қатар, аталмыш корпорация

екінші сұрыпты арпаны 95 мың теңгеден,

сұлыны 98 мың теңгеден, қарақұмықты

170 мың теңгеден сатып алуға дайын.

Ал жергілікті «Ұлан» фермерлік шаруашылығының

басшысы Ербол Досыбаев

инвестициялық субсидия үлестірілетін

кәсіпорындар сапына күркетауық етін дайындайтын

өңдеу орындарын қосып, оларға

қойылатын талапты жеңілдетуді ұсынды.

- Біздің ферма бір жарым жыл

аралығында ішкі және сыртқы нарыққа

күркетауық етін жеткізумен айналысып

келеді. Биыл 2900 тонна,

келесі жылы 3300 тонна өнім алуды

жоспарлап отырмыз. Кәсіпорынның

жылына 8 мың тоннаға дейін ет

дайындауға қауқарлы. Оны әрі

қарай дамыту үшін мемлекеттің

қаржылай қолдауы қажет. Атап

айтқанда, инвестициялық субсидиялар

бойынша қолданыстағы

ережеге сәйкес, демеуқаржы алу

үшін күркетауық етінің 20 мың

тоннасын нарыққа жөнелту керек.

Бұл көлем тым көп. Сондықтан

оны 5-8 мың тонна аралығына

дейін төмендету әлдеқайда дұрыс

болар еді. Бұл мәселеге қатысты

Павлодар облысынан министрлікке

тиісті хат та жолданған болатын, -

деді кәсіпкер.

Ербол Қарашөкеев бұл бағыттағы

жұмыстың қолға алынғанын атап

өтті. Бірақ өндірістің бұл түріне

қатысты мәселе де бар.

- Осы жылдың басында субсидия

алатын кәсіпорындарға қойылатын

талап жеңілдеп, күркетауық етін өндіру

көлемін 20 мың тоннадан 5 мың тоннаға

дейін азайту қарастырылды. Десе де,

күркетауық етін өндіру нысандарын құру

және кеңейту бойынша жобалардың жаңа

төлқұжаттарына қатысты қиындықтар туындауда.

Себебі күркетауық еті - әлеуметтік

маңызы бар өнім емес. Оның басым бөлігі

Ресей Федерациясына экспортталады.

Сондықтан осы кезеңде жеке төлқұжат

жасай алмаймыз, - деді министр.

Осы орайда министр Павлодар

облысына суармалы алқапты дамытуға

қатысты зор сенім артылып отырғанын

алға тартты. Бүгінде өңірдегі 110 мың

гектар жердің 64 мың гектары қарқынды

түрде суарылады.

– Қалған алқаптарды ұлғайту туралы

да ойластыру керек. Ең бастысы -

магистральдік арналардың өрістерге

жетуі үшін инженерлік коммуникацияларды

тартудың тұрақты қаржыландыру

көздерін жасау. Бұл бағытты күшейту

керек. Суармалы аумақты көбейту бойынша

бар үміт Павлодар облысына артылады

десем, артық болмас. Ал бұл – бүкіл

ауыл шаруашылығының болашағы, - деді

министр. Министрдің айтуынша, 2030 жылдың

соңына дейін республика бойынша

жаңбырлатып суару жүйесі 750 мың га

дейін жеткізілуі тиіс. Оның ішінде алдағы

жылдары шамамен 334 мың га суармалы

алқапқа айналдыру қажет болады.

– Мұндай су ресурстары және қарқынды

суландыруға арналған алаңдарды ұлғайту

мүмкіндігі басқа ешбір облыста жоқ.

Павлодар өңірінде қытай, түрік, еуропалық

және америкалық өндіріс жүйелері

орнатылуда. Бүгінде суару жүйелеріне

50 пайыз көлемінде субсидия беріледі.

Бұл ынталандыруға оң әсер етті, – деп

түйіндеді Е.Қарашөкеев.

Министрмен кездесу барысында

басқа да мәселелер талқыланып, түрлі

ұсыныстар айтылды.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ,

Суреттерді түсірген – Валерий Бугаев.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 20 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл 3

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Павлодарлық шаруалар көкөністердің тұқымдарын әдетте Нидерланды, Қытай

және басқа да шетелдерден қымбатқа сатып алады. Өз елімізде сатылымға

шығарылатын көшеттердің бағасы да аспандап тұр. Сол себепті талдарды Ресейден

әкелуге тура келеді. Бұл мәселелерді шешудің жолдары қандай?

Тұқым мен көшет

қымбат

Оны облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов Железин, Тереңкөл аудандарына

жұмыс сапары барысында

жергілікті шаруалармен талқылады.

Тереңкөл ауданында өткен кездесу

барысында кәсіпкерлер Голландия,

Қытай және басқа да шет елдерден

жеткізілетін көкөністердің тұқымдары

күрт қымбаттағанын айтты. Минералды

тыңайтқыштардың бағасы

да арзан емес. Аймақ басшысы

бұл мәселені құзырлы министрлік

алдында көтеру керек екенін атап

өтті. Отандық тұқым шығарумен айналысып,

300-ден астам субсидияның

бірін тұқым өсіруге бағыттау да

түйткілді тарқатуға ықпал етуі мүмкін.

- Мәселені шешу жолы аграрлық

ғылымда жатыр. Отандық зерттеу

институттары тұқым шаруашылығымен,

тыңайтқыштармен айналысуы тиіс. Ал

институттар ғылыми зерттеу жасауы

үшін мемлекеттік тапсырма берілуі

керек. Өзіміз тыңайтқыш шығаруды

күшейтіп, тұқым қорын жасақтап,

селекциялық ғылымды дамытуымыз

қажет. Сол кезде импортқа

тәуелділіктен арылуға мүмкіндік

туады, - деді облыс әкімі.

Көкөніс тұқымы қымбат болғанмен,

оның көлемі, сақтайтын қоймалар

саны жыл сайын көбейіп келеді.

Айталық, облыста жылына 45-50 мың

тоннаға арналған қойма ашылады.

Жалпы, өңірде 403 мың тонна көкөніс

сақтауға арналған қойма бар. Оның

70 пайызы заманауи құрылғылармен

жабдықталған. Әбілқайыр Сқақовтың

айтуынша, осы қарқын сақталса әрі

субсидия беру жалғасын тапса, алдағы

екі-үш жылда 650-700 мың тонна

көкөніс сақтауға мүмкіндік туады.

Қазіргі уақытта өңірде жылына жиналатын

360 мың тонна картоп, 200

мың тонна сәбіздің жартысы ғана

қоймаларда сақталады.

Аймақ басшысы Тереңкөл ауданындағы

көшеттер отырғызылған

тәлімбаққа да барды. Бұл жерде

көшеттердің қымбаттығына қатысты

мәселе көтерілді. Келер жылы көшеттер

отырғызу кезінде 5 млн талдың жетпей

қалатын түрі бар. Оларды Семейден,

Өскеменнен алу қымбатқа түседі.

Сондықтан Ресейден әкелу жоспарланып

отыр. Ал мәселені түбегейлі

шешу үшін облыста тұрақты тәлімбақ

салған дұрыс. Оны Павлодарға

жақын орналасқан бұрынғы Жаңаауыл

шаруашылығында ашу ойда бар. Егер

тұрақты тәлімбақ болса, жылына

10-12 млн көшет отырғызылады.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары

Мейрам Өтешов орман

шаруашылығындағы техникалардың

әбден тозғанын атап өтті.

- Орман шаруашылықтарында

техника жетпейді. Талап бойынша,

15 өрт сөндіру көлігінің орнына алтауы

ғана жұмыс істейді. 19 трактордың

12-сі ескіріп, есептен шығарылмақ.

Ағаш отырғызатын көліктердегі жағдай

да сондай. Техника бойынша қамтамасыз

етуді 100 пайызға жеткізу үшін

186 миллион теңге керек. Биыл 2 миллион

көшет отырғызу жоспарланған.

Күзде қазан-қараша айларында 700

мыңы отырғызылады. 2023 жылы

1,2 мың гектар жерге 7,3 миллион

отырғызылады. Биылғыдан үш есеге

артық. Сондықтан ағаш отырғызатын

машина да қажет, – деді М.Өтешов.

Көшеттерді отырғызу жұмыстары

қолға алынғанымен, олардың жайқалып

өсу көрсеткіші тым төмен. Айталық,

өткен жылы 7,4 млн көшет отырғызылса,

оның 1,6 млн ғана жерсінген. Яғни

23-24 пайызы ғана жақсы тамыр

тартты. Көрсеткіштің төмен болуына

ауа райының қолайсыздығы әсер

еткен десті мамандар.

Ал облыс әкімі көшеттер егіліп

жатқанымен, ағаштардың цифрлық

құжаты жоқ екенін сынға алды. Бұл

өңірдегі орманның жағдайын бақылау

үшін қажет.

- Әр көшет нөмірленіп, цифрландырылуы

тиіс. Өйткені ауыл тұрғындарынан

ағаштарды кесіп жатыр деген шағымдар

түседі. Нақты ақпарат, жүйе болмаса,

осы шаруашылықтың толығымен тиімді

басқарылып отырғаны көрінбейді.

Тұрғындар барлығын бақылап, орманды

сақтап қалуға ұмтылуы қажет, - деді

Ә.Сқақов.

Сонымен қатар, аймақ басшысы

ағаштарды суарудың тиімді жолын таңдауды

тапсырды. Бұған дейін ағаштар

Ертістен су тарту арқылы суарылып

отырған. Мамандар бүгінгі таңда тамшылатып

суару әдісін қарастыруда.

Железин ауданына барған Әбілқайыр

Сқақов «Самрук и К» ЖШС жұмысымен

танысты. Шаруашылық басшысы

Тимур Қабдуловтың айтуынша, мұнда

картоптың түркиялық сұрыптары өсіріледі.

Биыл кәсіпорын 40 тоннаға жуық

картоп алмақ. Директор Тимур Қабдылов

айтып өткендей, жергілікті нарыққа

ауданда өсірілген түрік картобы шығарылуы

мүмкін. Оның өнімділігі өзгелерден

әлдеқайда жоғары. Одан бөлек,

сәбіз, арпа, бір және көпжылдық шөптер

егіледі. Биыл тәжірибе ретінде

40 гектарға жүгері салынды.

Көкөністерді сақтайтын төрт

қойма бар. Біреуін өткен жылы, енді

бірін биыл үш-төрт айдың дересінде

салды. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

шаруашылықтың жұмысы қарқын

алғанына оң баға берді.

- Бұған дейін келгенімде шаруашылықтың

тек бір қоймасы болған.

Қазір кәсіптің кеңейе түскені көрініп

тұр. Бұдан әрі тәжірибе жинап, алған

бағытты дамыта беріңіздер, - деді

облыс әкімі.

Екі ауданның шаруалары аймақ

басшысымен кездесу барысында

көтерілген мәселелердің барлығы

назарға алынып, оларды шешу жолдары

қарастырылатын болды.

Өз тілшіміз.

Суреттерді түсірген –

Валерий Бугаев.

Айрықша

күтім -

балаларға

Биыл ерекше күтімді қажет ететін балаларды

оңалту үшін инфрақұрылымды кеңейту

бойынша облысымызда бірқатар жұмыс

бастауын алды. Соның бірі - жүйке-ми

қызметінде ақауы бар балақайларға

арналған күндізгі күтім орталығы. Аталмыш

орталықтағы жөндеу жұмыстары

қазан айының соңында аяқталады деп

күтілуде.

Облыстық жұмыспен

қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының басшысы

Альмира Дисюпованың айтуынша,

күндізгі күтім орталығы

қолданыстағы оңалту

мекемелерінен ерекше

болмақ.

- Мұнда терапия, эрготерапевт,

кинезиотерапевт,

парафинотерапия сияқты

қызметтердің аумағы кеңейтілетін

болады. Сонымен

қатар, әлеуметтік-медици-

налық оңалту, әлеуметтікпедагогикалық

түзету бөлімшесі,

TCST халықаралық

жіктеуіші бойынша ата-аналармен

және балалармен

жұмыс істеу әдісі мен

технологиясы құрылады.

Орталық жанынан еңбек

шеберханаларын, оның ішінде

ағаш ұстасы, робототехника,

тігін және қыш бөлімдерін

құру көзделген. Аталған

шаралар балалардың

еңбек дағдыларын дамытуға

мүмкіндік береді, - дейді

Альмира Аманқызы.

Басқарма басшысының

сөзінше, аутизм ауытқулары

бар балаларға арнайы оңалту

орталығының құрылысы

Тұңғыш Президент атындағы

«Қамқорлық қоры» бастамасымен

жүзеге асырылуда.

- Қазіргі таңда ғимаратта

жөндеу жұмыстары жүріп

жатыр. Осы күнге дейін ішкі

әрлеу жұмыстары аяқталды.

Өзге де мемлекеттік сатып

алу бойынша жұмыс түрлері

рәсімделді. Жалпы, қазан

айында жұмыс толық аяқталады

деп жоспарлануда. Бұл

оңалту мекемесінде шамамен

күніне 100 балақай күндізгі

күтімге қабылданады, -

деп атап өтті А.Дисюпова.

Аутистік спектрінде ақауы

бар балақайларға арналған

күндізгі күтім орталығының

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

ДЕНСАУЛЫҚ

мамандарын отандық және

шетелдік оқыту ұйымдарында

біліктіліктерін арттыру курстарына

жіберу, ғимаратты

жиhаздармен, түрлі құралжабдықтармен,

техникамен

жабдықтау «Қамқорлық қоры»

есебінен жүргізіледі.

- Жалпы, орталықты

құру аутизм және басқа

да психикалық ауытқулары

бар бүлдіршіндерге білікті

әрі кешенді қызмет көрсетуді

көздейді. Олардың бойында

еркіндікті, ортаға бейімдеу

дағдыларын қалыптастыруды

қалаймыз, - деді басқарма

басшысы.

Естеріңізге салайық, жаз

мезгілінің басында облыс әкімі

Әбілқайыр Сқақов ерекше

қажеттіліктері бар балаларды

оңалту үшін аймағымызда

инфрақұрылым жеткіліксіз

екенін хабарлаған болатын.

Орталықтарды ашу үшін

кейбір мемлекеттік органдар

алып жатқан алаңдарды

босату туралы шешім де

қабылданды. Атап айтқанда,

Лермонтов көшесі, 59 мекенжайында

орналасқан балаларды

оңалту орталығында

күрделі жөндеу жүруде. Бұл

қазан айының соңында

аяқталады деп күтіліп отыр.

Торайғыров көшесі, 46-үй

мекенжайындағы үш айдан

бір жылға дейінгі сәбилерді

ерте ортаға бейімдеу, араластыру

орталығының құрылысы

да назарда. Сонымен

қатар, жоспарланған қайта

құру оңалту орталықтары

қатарында 150 балаға

арналған Жасыл тоғайдағы

балалар орны және Солтүстік

өнеркәсіптік аймақта

150 орындыққа ересектер

үшін оңалту мекемесінің

құрылысы бар.

Суретті түсірген –

Есенжол Исабек.


4 20 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл ШАМШЫРАҚ

SARYARQA SAMALY

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ»

Дәстүрлі түрде ұстаздар

күні қарсаңында «Үздік

педагог» байқауы

өткізілмек. Аталмыш

байқауға құжаттарды

қабылдау 22 қыркүйекке

дейін жалғаспақ.

Қабылдау, тіркеу, конкурс

құжаттарын тапсыру әрі

бағалау teachercontest.iac.

kz веб-порталында жүзеге

асады.

Өтінім

қабылдау

басталды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше,

жеңімпаздарға 3 млн теңге

көлемінде сыйақы берілмек. Өткен жылы

бұл конкурсқа еліміздің әр өңірінен

64 мұғалім 3 млн теңгеден сертификаттар

табысталған.

Жалпы «Үздік педагог» байқауына

мектепке дейінгі, орта, техникалық

және кәсіптік білім беру ұйымдарының

штаттағы педагогтері қатыса алады. Биыл

цифрландыру бағытында үлкен жұмыс

атқарылып отыр. Мұндағы барлық кезең,

нақтырақ айтқанда, қатысушыларды тіркеуден

бастап республикалық кезеңнің

қорытындысын шығару нәтижелері толығымен

цифрландырылған.

Ал конкурс туралы ақпарат республика

бойынша 380 мың мұғалім пайдаланатын

kundelik.kz жүйесінде орналастырылады.

- Негізінен, аталған байқаудың маңызы

зор. Өйткені, ол үздіктердің ішіндегі

ондаған үздік педагогтің еңбегін тануға

мүмкіндік береді. Жүлде қорын ұлғайттық

және мықты мамандардың осы салаға

келуіне түрткі болып, ондаған жылдар

бойы еңбек етіп келе жатқан мамандарға

көрсетілген құрмет болады деп сенеміз.

«Үздік педагог» атағына білім беру

ұйымдарында жұмыс істейтін және

құжаттарды тапсыру кезінде кемінде

бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі

бар үміткерлер қатыса алады. Бұл –

балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері.

Байқау аясында педагогтың білім саласын

дамытуға қосқан үлесі, ұстаздық қызметінің

тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі

ескеріледі, - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту

министрлігі Орта білім беру комитетінің

төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Еске салайық, байқау үш кезеңнен

тұрады. Алғашқы кезең - аудандық,

қалалық деңгей, екінші кезең –

облыстық деңгей болса, үшінші кезең –

республикалық деңгей. бірінші және

екінші кезеңнің қорытындысы бойынша

ең жоғары балл жинаған педагогтер

республикалық кезеңге жолдама алады.

Атап өтер болсақ, «Үздік педагог»

республикалық байқауы 2012 жылдан бері

жыл сайын өтіп келеді. Осы уақыттар

аралығында 600-ге жуық үздік ұстаз

анықталды.

Өз тілшіміз.

МӘСЕЛЕ

«Сыныптастарым

жәбір көрсетті»

Қазақстанда 11 жастан 15 жасқа дейінгі әр бесінші оқушы қатарластарынан қысым (буллинг)

көреді екен. Өткен жылдың дерегіне сүйенсек, Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында

137 өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелген. Мектепте сауалнама жүргізген Ұлттық қоғамдық денсаулық

сақтау орталығы осындай дерек жариялаған. Әсіресе 11-13 жас аралығында ұлдардың

арасында буллинг кең тараған.

Маман не дейді?

Мәселен, Павлодар қалалық мектептердің

бірінің оқушысы Еламан өзінің

қатарластарынан қорлық көргенін айтады.

Болған жағдайды ата-анасына айтуға

қорыққан. Бірақ ата-анасы баласының

мінезі өзгергенін сезіп анық-қанығын

сұрағаннан кейін бала болған жағдайды

бүге-шүгесіне дейін баяндап берген.

- Әр мектепте оқушылардың құқығы

қорғалса екен. Себебі, оқушыларға басқа

сыныптастарынан, ұстаздар жағынан

әлімжеттік жиі көрсетіліп келеді. Бала

жағдайына ешкім назар салмайды. Мұны

өз басымнан өткергеннен кейін айтып

отырмын. Маған мектептегі өзге сынып

оқушылары зәбір көрсетті. Ақша талап

етті. Менің бергім келмеді. Себебі, анам

ақшаны үнемдеп ұста дейтін. Олар менің

үйімді тауып алатындарын, сосын ақша бермегенім

үшін ата-анаңа айтып қоямыз

деді. Қорыққанымнан, артыма қарамай,

бірінші келген автобусқа міндім. Бұл

жағдайды ата-анама айта алмадым. Алайда

келесі күні сынып жетекшіме айттым. Ол

оларға мән бермеуімді сұрады. Сөйтіп,

солай жүре бергеннен депрессияға шалдықтым.

Алайда, ата-анама өз жағдайымды

түсіндіргеннен кейін өз-өзіме келдім, -

дейді Еламан.

Қауымдастырылған заң профессоры,

Еуразия технологиялық университетінің

Адам құқықтары, инклюзия және азаматтық

қоғамды зерттеу орталығының директоры

Халида Әжіғұлова оқушыларға және студенттерге

білім ошақтарында тек теориялық

тұрғыдан ғана үйретіледі дейді.

- Шынымен, мектепте адам құқықтары

тек теориялық тұрғыда ғана айтылады.

Ал, оны өмірде қолдануға үйрету жағы

ескерусіз қалып жатыр. Бұл - өте үлкен

кемшілік. Себебі, оқушыларға, студенттерге

теориядан бөлек, тәжірибеде сол білімін

қолдануды үйрету керек. Балалар арызды

қалай жазуға болатынын, көшеде полиция

тоқтатса, не істеу керек екенін, мектепте

кәмелетке толмағандар жөніндегі маман

қалтаңды, сөмкеңді көрсетуді сұраса, не

істеу керек екенін түсінбей жатады. Мұның

бәрі – баланың құқығы және ол өте жиі

бұзылады. Өйткені, балалар өз құқығын

қалай қорғау керектігін білмейді. Ал балалар

өз құқығын білген кезде балаларға қатысты

құқықбұзушылық та азаяр еді, - дейді

Х.Әжіғұлова.

Сандар сөйлейді

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық

денсаулық сақтау ұлттық орталығы

мен ЮНИСЕФ-тің буллинг туралы 2018-

2020 жылдары жүргізген зерттеуіне сәйкес,

соңғы екі жылда буллинг және кибербуллингке

қатысты жала жабу немесе қорлау

туралы бірде-бір іс қозғалмаған.

Буллинг салдары суицидке әкелген

жағдайлар да болған. Қазақстанда 2021 жылдың

9 айында балалар мен жасөспірімдер

арасында 137 суицид тіркелген. Оның

78-і – ұл балалар. Оқушылардың 63 пайызы –

зорлық-зомбылық пен алалаудың куәгері,

44 пайызы зорлық-зомбылық пен алалауға

ұшыраған, ал 24 пайызы басқа балаларға

зорлық-зомбылық көрсетіп, алалаған. Ай

сайын 11-15 жастағы әр бесінші жасөспірім

буллинг құрбаны не қатысушысы болады.

Олардың басым көпшілігі – ер балалар.

Ал «Verum Foundation» қоғамдық бірлестігінің

2020-2021 жылдары Алматы облысы

Іле ауданында жүргізген зерттеуіне сәйкес,

12-15 жастағы балалардың жартысынан

астамы әлеуметтік желі, онлайн ойындар

мен мобильді қосымшаларды пайдалану

кезінде кибербуллингке ұшырайды. Бұл

агрессордың анонимді қалуына және

жауапкершіліктен қашуына мүмкіндік береді.

2020 жылы Қазақстан Президенті

Қ.Тоқаев балаларды кибербуллингтен

қорғаудың маңызды екенін айтқан еді.

Қазір Парламентте буллингке қатысты заң

жобасы қаралып жатыр. Онда жәбірлеуге

(буллинг) «адамның немесе адамдар тобының

кәмелетке толмаған адамға қатысты

кемсіту сипатындағы, оның ішінде

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

құралдарын (кибербуллинг)

қолдана отырып жасаған әрекеті»

деген анықтама берілген. Ал 2021

жылдың 15 қыркүйегінде жобаға

жауапкершілік механизмін қосу

ұсынылды.

Балалардың

пікірін ескеру

керек

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы

өкілі Айсұлу Бекмұса балаларға

қатысты мәселе туралы айтқанда

балалардың пікірін ескеру маңызды

екенін айтады. Ересектер не істесе

де, балалардың мүддесін бірінші орынға

қоюы керек.

- ЮНИСЕФ-тің «The changing childhood»

жобасына 21 мыңға жуық бала мен ересек

қатысты. Жобаның мақсаты – қазіргі баланың

жағдайын және заманауи әлемнің балаларды

қалай өзгертіп жатқанын анықтау.

Жобаға сүйенсек, жастардың 78 пайызы

интернет желілері балаларға өте қауіпті деп

санаған. Себебі, онда зорлық-зомбылық

пен қорқытып-үркітуге қатысты материал

көп деп ойлайды. ЮНЕСКО жүргізген соңғы

зерттеулерге сүйенсек, әлемде әр үшінші

оқушы, бұл - оқушылардың 32 пайызы, ең

аз дегенде бір рет мектепте моральдік

қысымға ұшыраған. Шамамен осынша пайыз

оқушы физикалық әлімжеттік көрген. Қазір

бұл салада ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, USAID,

БҰҰ Бас хатшысы, біздің мемлекеттік

органдар жұмыс істеп жатыр, – дейді

Айсұлу Бекмұса.

Бала буллингке

тап болса,

не істеу керек?

• Балаға психологиялық және эмоционал

қолдау көрсетіп, әрдайым оның жанында

екеніңізді және жағдайды түзету үшін

барыңызды салатыныңызды түсіндіру

қажет. Кейде табандылық танытып,

баламен бірнеше рет тілдесу қажет

болуы мүмкін;

• Дүрбелең мен агрессивті көңіл-күйге

берілмеу керек. Сіздің уайымыңыз баланың

психологиялық жарақатын одан сайын

күшейтеді;

• Баланы мұқият тыңдаңыз. Бұл

оқиғаның себебін анықтауға және балаға

өз әрекеттерін іштей талдап, осындай

жағдайдың тууына себеп болған ықтимал

жағдайды саралауға көмектеседі;

• Ешқашан бұл мәселенің туындауына

баланы кінәлап, сынға алмаңыз. Оған

«жәбірленушінің» орнында кез келген адам

болуы мүмкін екенін жеткізу маңызды.

Мәселе жәбірленушіде емес, агрессорда

екенін түсіндіріңіз.

• Буллингте күштер тең емес. Балаға

ол неғұрлым ашуланып, уайымға салынса,

агрессор соғұрлым күшейе түсетінін түсіндіру

қажет. Оған әзіл ретінде жауап беруді, назар

аудармауды немесе сенімді жауап беруді, өзін

агрессивсіз қорғауды үйрету керек. Бұл кейде

келесі шабуылдардың алдын алады. Сонда

бұл ойын агрессорға ұнамай, өз қалағанын

ала алмаған соң, ол кері шегінуі мүмкін.

• Мамандардың көмегіне жүгініңіз.

Әзірлеген - Айдана БОРАНБАЕВА.


SARYARQA SAMALY

ШАМШЫРАҚ 20 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл 5

БІЛІМ

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, Оқу-ағарту министрі:

«Мектеп пен балабақша педагогтеріне қолайлы жағдай жасауға бағытталған

талаптар сақталуға тиіс».

Тәрбиешілер үш-ақ

құжат толтырады

Бүгінде педагогтер алдында жас өрендерді оқыту, үйрету, жан-жақты дамытып,

тұлға ретінде қалыптастыру міндеті тұр. Алайда аталған міндеттерді орындау

үшін оларды қағазбастылықтан арылту мәселесін оң жолға қою қажет. Осы

уақытқа дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та мұғалімдердің

қызметіне тән емес функциялардан босатуды атап өткен болатын.

Жалпы мектепке дейінгі, орта

немесе техникалық және кәсіптік

білім беру ұйымдарында аталған

мәселені шешу үшін Мемлекет

басшысы қол қойған «Педагог

мәртебесі туралы» заң қажетті

нормаларды бекітіп, ауқымды

жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік

беріп отыр.

- Осы жұмыстардың шеңберінде

балабақша тәрбиешілері толтыруға

міндетті құжаттардың санын азайтатын

бұйрыққа қол қойылды. Екі

жыл бұрын бұйрық нәтижесінде

мектеп пен колледж мұғалімдерінің

есеп тапсыруын қатаң шектедік.

мысалы, мектеп мұғалімі күн

сайын екі құжат қана толтырады.

Ол – электронды түрде мектеп

журналына баға қою және сабақ

жоспары. Десе де, мектепке дейінгі

білім беру деңгейінде мұндай

тізім реттелмегендіктен, құжат

мәселесі болды. Бұл балабақша

басшылықтары мен оның қажет

екенін, маңыздылығын түсінумен

байланысты, - дейді Оқу-ағарту

министрі Асхат Аймағамбетов.

Ал қазіргі кезде мектепке дейінгі

білім беру деңгейімен министрлік

айқындаған нақты тізбе бар.

- Енді қол қойылған бұйрыққа

сәйкес тәрбиешілер жылына бір

мәрте оқу жылына арналған

перспективалық жоспарды, бір

аптаға оқу-тәрбие процесінің

циклограммасын толтырса, қажеттілігіне

қарай диагностикалық

(бастапқы, аралық, қорытынды

өлшеулердің) нәтижелері бойынша

оқу жылына арналған баланың

жеке дамуы картасын жүргізеді, -

деді А.Аймағамбетов.

Павлодар қаласындағы №121 балабақшаның

тәрбиешісі Раушан

Бағдатқызы «Педагог мәртебесі

туралы» заңнан оң нәтиже күтетінін

жеткізді.

- Жалпы, қыркүйек айынан

бастап жұмыс бүлдіршіндердің

білім деңгейін тексерумен басталады.

Негізінен жеке құжаттармен

балабақша хатшылығы айналысса,

тәрбиешілер циклограмма, оқу

іс-әрекетіне арналған құжаттармен

айналысады. Одан бөлек сөйлеуді

дамыту, сурет салу, математика,

жаратылыстану, аппликация, дене

шынықтыру мен ән сабақтары

бар. Күніне кішкентай топтарда

2 сабақ, ересек топтарда 3-4 сабақ

жоспарға сәйкес өтеді. Расымен

де, балалармен жұмыс істеу оңай

емес. Сондықтан, аталған сүйінші

жаңалықтың жақсы тұсы мол боларына

сенемін, - дейді тәрбиеші.

Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрі

жазбаша тапсырмалар немесе

олардың көшірмелері, бұйрықтардың

көшірмелері, есеп беру бланкілерінің

көшірмелері және педагогтен

есеп беруді немесе ҚР білім

беру саласындағы заңнамасында

көзделмеген мәліметтерді талап

етуді растайтын басқа да материалдар

педагогтердің құқығын

бұзу фактісін дәлелдер екенін

атап өтті.

- Егер құқық бұзушылыққа

алғаш рет жол берген адам

өз кінәсін мойындаса, комитет

және аумақтық орган әкімшілік

құқықбұзушылық туралы хаттама

толтырмай, кінәлі адамға ескерту

туралы қаулы шығарады. Ал адам

қайтадан құқық бұзса, оған қатысты

әкімшілік құқық бұзушылық туралы

хаттама толтырылады. Әкімшілік

айыппұл 20 АЕК-тен 120 АЕК-ке

дейін көлемді құрайды, - деді

А.Аймағамбетов.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

ЖОБА

Павлодар

қаласындағы

Назарбаев

зияткерлік

мектебінің

10-сынып

оқушысы

Аяулым

Мұхамедиева

информатика

пәнінің

мұғалімі Әлия

Арынғазиевамен

бірге «Ойын

технологияларына

негізделген интерактивті анатомия

курсы» бағдарламалық өніміне авторлық

құқыққа ие болды.

Пайдалы бағдарлама

Жобаны іске асыру үшін ойын

түрінде берілген тапсырмалар

негізінде анатомияны зерттейтін

пайдаланушылар үшін пайдалы

бағдарлама жасау идеясы болған.

Әлия Арынғазиеваның айтуынша,

жобаны бірнеше айдың ішінде

дайындаған. Бұл бағдарлама

студенттерге көптеген жаңа

нәрселерді білуге және шағын

ойындардың көмегімен білімдерін

тексеруге көмектеседі.

- Бағдарламаны әзірлеудің

нәтижесінде жаңа тәжірибе

жинадым. Бағдарламалау дағдыларымды

жетілдірдім және анатомия

саласындағы ой-өрісімді

кеңейттім. Бағдарлама студенттердің

осы пәнге деген қызығушылығын

дамыту үшін жасалған.

Ұсынылған материалдардың

көмегімен студенттер анатомия

саласында жаңа нәрсені үйренуге

және әртүрлі интерактивті ойындарды

орындау арқылы білімдерін

тексеруге мүмкіндік алады, -

дейді 10-сынып оқушысы Аяулым

Мұхамедиева.

Назарбаев зияткерлік

мектебінің

баспасөз қызметі.

Ұлт ұстазы – бүгінгі ұрпақ жадында

ЗЕРДЕ

Облыстық білім беру басқармасы және білім беруді дамытудың инновациялық орталығы

әдебиет-зерттеуші ғалым, ақын, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері

Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсыновтың ғылымилингвистикалық

мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын

ұйымдастырды.

Конференция жұмысына республика және

облысысымздан жалпы саны 600 педагог

қатысты. Бұл конференцияның мақсаты

– ғылыми-ағартушының қазақ тіл

білімі мен әдебиеттану ғылымдарының

және ұлттық жазудың негізін салудағы

еңбектерін талқылап, ғылыми-лингвистикалық

мұрасын зерделеу.

Конференция жұмысына республика

бойынша және аймағымыздағы жоғары оқу

орындарының ғалымдары, тіл мамандары

мен жанашырлары, колледж оқытушылары,

жалпы білім беретін және мамандандырылған

мектептердің мұғалімдері қатысты.

Пленарлық бөлім кіріспесінде әл-Фараби

атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі

кафедрасының меңгерушісі, филология

ғылымдарының докторы, профессор

Анар Салқынбай «Ахмет Байтұрсынұлы

зерттеулерінің өміршеңдігі», Нұр-Сұлтан

қаласының Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық Білім Академиясының жетекші

ғылыми қызметкері Арай Жаныс «Ахмет

Байтұрсынұлының педагогикаға көзқарасы»,

Торайғыров университетінің профессоры,

филология ғылымдарының кандидаты Бақытгүл

Қапасова «Ахмет Байтұрсынұлының қазақ

тілі әдістемесі бойынша еңбектері», Шығыс

Қазақстан облысы білім басқармасының

«Шығыс» өңірлік орталығының білім мазмұны

және білім беру сапасы мониторингісі

кабинетінің меңгерушісі Айзада Қантаева

«Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық

еңбектерінің құндылықтары және қазіргі

білім беру жүйесіндегі маңызы», Түркістан

облысының «Білім беруді дамыту орталығының»

қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері

Ақмарал Аблаева «Ахмет Байтұрсынұлы –

дәуірдің сөнбес жұлдызы» тақырыптарын

ортаға салып, ой бөлісті.

Сонымен қатар, «Оқуға шақыру», «Ұлт

ұстазы», «Мектептің жаны – мұғалім»

тақырыптары бойынша секциялық

жұмыстар, шеберлік сағаттар өтті. Атап

өтер болсам, орталықтың әдіскері әрі

қатысушы ретінде «Ғалым-әдіскер Ахмет

Байтұрсынұлының мұрасы: Павлодар

өңірінде» тақырыбында қазақ тіл білімі

мен әдебиеттану ғылымдарының негізін

салушы ғалымның 150 жылдық мерейтойын

дайындау және өткізу жөніндегі

жалпы республикалық жоспарды іске асыру

аясында Ертіс-Баян өңірінде атқарылған

іс-шаралармен бөлісті.

Бастысы конференция соңында сындарлы

кері байланыс орнады. Сондай-ақ, әр

өңір педагогтерінен келіп түскен жұмыстар

сараланып, аталған конференцияның жинағы

жарық көрді. Жинақта республика бойынша

65 үздік жұмыс қамтылды.

Конференция нәтижесінде ұлт ұстазының

ғылыми-лингвистикалық мұрасы кеңінен

насихатталды.

Педагогтердің барлық санатын біріктіру

болашақта Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін

зерттеу тәжірибесін жүзеге асыру үдерісінің

біртұтастығын қамтамасыз ету мақсаты

да орындалған сыңайлы.

Балжан СОЛТАНОВА,

облыстық білім беруді дамытудың

инновациялық орталығының

әдіскері.


6 20 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл ДОДА

SARYARQA SAMALY

БӘРЕКЕЛДІ!

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

араға 10 жыл салып медалін алған

ақсулық спортшыны құттықтап,

жылы лебізін білдірді.

Еске салайық, жерлесіміз

Дәулет Шабанбай 2012 жылы

еркін күрестен Олимпиаданың

қола жүлдегері ретінде 2019 жылы

танылған болатын. Спортшымыз

120 келі салмаққа дейінгі санатта

сынға түсіп, ресейлік балуанға

есе жіберді.

ЕР ҚАНАТЫ - АТ

«Ұлы дала жорығы»

марафоны басталды

Іс-шараны ашқан «AMANAT»

партиясының басшысы Ерлан

Қошанов ел Президенті Қасым-

Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін

оқып берді. «Біздің бабаларымыз

Ұлы дала шежіресін тұлпардың

тұяғымен жазған. Бүгінгі ұрпақ –

сол көшпенділер мәдениетінің

заңды мұрагері. Шын мәнінде,

қазақ пен жылқы - егіз ұғым.

Арғымақ ат - халқымыздың

символы деуге болады. Біз қазіргі

заманның жақсы қасиеттерін бойға

сіңіре отырып, ұлттық болмысымызды

жаңғыртуға тиіспіз. Бүгінгі

бәйгенің басты мақсаты - осы.

Әр өңірден келген шабандоздар

кең байтақ Қазақ даласын көктей

өтіп, қасиетті Түркістан қаласына

ат басын тірейді. Бұл – нағыз

азаматтар мен қазанаттар сыналатын

дода. Сондай-ақ, елімізге

рухани серпіліс әкеліп, жастарды

отаншылдыққа баулитын бірегей

жоба», – делінген Мемлекет басшысының

құттықтауында.

Марафон ұлы көшпенділер

өркениетін Қазақстанның мәдени

коды ретінде мойындатып, әлемдік

нарықта еліміздің туристік әлеуетін

арттыруға жол ашады. Қазақстан

жерінің тарихи-мәдени орындары

да әлемдік деңгейде жаңа туристік

маршруттарға айналуға әбден

лайық. Шыңға шығушыларды, тауға

өрмелеушілерді, құмды, шөлді, жаяу

немесе велосипедпен аралаушыларды,

шаңғы тебушілерді баурауға

да Қазақстанның мүмкіндігі мол.

Әділ марапат

қолға жетті

Ақсулық балуан Дәулет Шабанбайға 2012 жылы

Олимпиаданың қола медалі табысталды. Спортшыға

бұл марапаты Белградта өткен күрес бойынша әлем

чемпионаты барысында берілді.

«Алтын» медальді Өзбекстан,

«күміс» медальді Грузия елінің

азаматтары жеңіп алды. Алайда

кейіннен жеңіс тұғырынан көрінген

екі ел спортшыларынан допинг

сынамаларына тыйым салынған

заттар анықталып, медаль қайтарылды.

Сонымен қатар, Лондон

Олимпиадасындағы нәтижелері

де жойылған еді.

Нәтижесінде төрешілердің

қайта шешім шығарумен ресейлік

Күні кеше Астанада «Қазанат» ипподромында «Ұлы дала

жорығы» атты тұңғыш республикалық марафон-бәйге

басталды. 100-ден астам шабандоз Қазақстанның киелі

жерлерін аралап, елордадан Түркістанға

дейінгі 1200 шақырым қашықтықты

басып өтеді. Айта кетер жайт, бұл

марафон-бәйгеге облыс атынан

Баянауыл ауданының

«Қызылтау» командасы

атсалысып, «Баянауыл

Қызылтау - жер жаннаты»

ұранымен қатысуда.

Марафон Орталық және Оңтүстік

Қазақстандағы тарихи жерлердің

инфрақұрылымын дамытып, шетелдік

туристерді көптеп тартуға ықпал

етеді.

Аламан бәйгенің басталуына

ақын Светқали Нұржанов, Мәдениет

және спорт вице-министрі Нұрғиса

Дәуешов, «AMANAT» партиясының

атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек,

The Great Tour Steppe қамқоршылық

кеңесінің төрағасы Әлібек Әлденей

және қоғам қайраткерлері мен

зиялы қауым өкілдері қатысып,

шабандоздарға сәт-сапар тіледі.

Шараның басында 19 команда

жеребе бойынша белгіленген уақытқа

сәйкес Астана іргесіндегі Қаражал

ауылынан Сабынды ауылына

аттанды. Шабандоздар 12 күнде

1200 шақырымды бағындырып,

Түркістанға табан тіреуі тиіс. Бір

күнде 100 шақырымды еңсереді.

Оның арасында 2 сағат түскі ас пен

тынығуға арналған. Айта кетейік,

әр команданың бәйгені бастау

уақыты әртүрлі.

18-29 қыркүйек аралығында

марафоншылар елордадан Түркістан

қаласына дейін 1200 шақырымнан

аса қашықтық 12 сатыға бөлінген.

Еліміздің әрбір өңірінен марафонға

1 командадан қатысады. Қатысушыларға

Ұлы дала рухын сезінуге

және түркілердің киелі жерлері –

Жошы хан, Алаша хан кесенелері,

сондай-ақ Қазақ хандығының алғашқы

астанасы Созақ қаласы мен түркі

руханиятының бесігі Түркістан қаласы

Билял Махов пен ирандық Комеил

Гасеми, Дәулет Шабанбай үздік

үштік сабынан көрінді. «Қола»

медаль жерлесімізге бұйырды.

- Көптен күткен жүлдемді

қолыма алдым. Еліміздің спортшылары

чемпион атағын иеленсін!

Алға, жігіттер! Барлық құттықтауларға

өте қуаныштымын, -

деді Д.Шабанбай.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

сияқты тарихи орындарға зиярат

жасауға мүмкіндік туады.

- «Ұлы дала жорығы» Қазақстанда

алғаш рет ұйымдастырылып жатқан

1200 шақырымдық бәйгеге бас

тігіп, Павлодар облысының атынан

келген едік. Бұл - оңай бәйге

емес. Алғашқы 3 шақырымды

еңсердік. Алда жүретін жолымыз

жетерлік. Әр командада тоқтап

жатқан аттар бар. Өкінішке қарай,

бізден екі тұлпар жолдан шықты.

Әлі жарыс үстіндеміз, намысты

қолдан бермей жалғастырамыз, -

дейді «Ұлы дала жорығы» атты

тұңғыш республикалық марафонбәйгесіне

Баянауыл ауданынан

қатысушы Батырбек Қошқарбаев.

Соңғы меже – Түркістан қаласына

дейін ең қысқа уақыт ішінде жеткен

команда мүшелері бас жүлде –

«Ұлы дала сарбазы» атағы мен

30 млн теңге көлеміндегі жүлдемен

марапатталады. Екінші және

үшінші орын иегерлері сәйкесінше

20 млн теңге және 15 млн теңге

жүлдені қанжығаға байлайды. Жарыс

барысында барлық қатысушылар

демалыс орнымен, азық-түлікпен

және қажетті медициналық көмекпен

қамтамасыз етіледі.

«Ұлы Дала жорығы» – Қазақстанның

ат спорты саласында

әлемдегі жетекші орынға шығуына,

отандық туризмді дамытуға, жалпы

ат марафонын ұлттық брендіміз

ретінде дүниежүзіне мойындатуға

ықпал ететін шара. Аламан бәйгенің

жүлдесі - 60 миллион теңге.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

шыққандар «Ұлы дала сарбазы»

атанады. Ауқымды жобаның бас

серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық

әл-ауқат қоры.

Ә з і р л е г е н -

Аяулым ТӨЛЕГЕНОВА.

- Күні кеше ғана өзге елде

Қазақстанымыздың көк байрағын

жоғары шығарып, Әнұранын

шырқатып, Азия чемпионы

атанып келдіңіз. Сол сәттегі

сезім қандай болды?

- Мұндай жетістікке жету -

әрбір спортшының арманы. Тіпті,

іштегі сезімді айтып жеткізу де

мүмкін емес. Әлбетте, бірінші

кезекте ұлтымның намысын қорғай

алғаныма қуандым.

- Жалпы, Өзбекстанның

Бұхара қаласында өткен Азия

бәсекесіндегі қарсыластар

жайлы айтып берсеңіз...

- Азия чемпионатына 8 елден

300-ден аса спортшы қатысты.

Қарсыластарым өзбек, қырғыз,

моңғол, иран азаматтары болды.

77 келі салмақ дәрежесінде сынға

түстім. Оңай болды деп айтуға

болмас. Нәтижеміз жаман емес.

- Кез келген мамандыққа

адамның бала күнінен қызығушылығы

болу керек деп

айтып жатамыз. Сіздің спортқа

деген қызығушылығыңыз қай

кезден басталды?

- Мен 1992 жылы Ақтоғай

ауданы, Жалаулы ауданында

дүниеге келгенмін. 5-сыныптан

бастап мектептегі қазақ күресі

үйірмесіне қатыстым. Көпшілігі

сияқты бала күннен спортшы

болуды армандадым десем дұрыс

болмас. Ауылымыздағы жалғыз

үйірме осы болғандықтан, таңдауға

мүмкіндік болмады. Десе де,

спортқа жақын екендігім сол

уақыттан көрінді. Аудандық,

облыстық жарыстарға жиі бардық.

Нұрбек Еңсебаев, Мейрам Қамзин

сынды жаттықтырушыларым

күрестегі негізімді қалады.

Әдістерді үйретті. Ал 2011 жылы

әскери борышымды өтедім. Араға

бір жыл уақыт салып, 2012 жылдан

кәсіби түрде ережесіз жекпежекпен

айналысып келемін. Қазіргі

таңда «Жауынгер» орталығында

шынығамын.

- Бүгінге дейін жеткен

жетістіктеріңіз көп пе?

- Спортшы үшін әр бақ

сынаған жарысының орны бөлек.

Дегенмен бірқатар жеңістерім бар.

Жауынгерлік самбо, жауынгерлік

джиу-джитсу түрлерінен облыстық,

Қазақстан кубогының иегерімін

және Қазақстанның чемпионымын.

Сондай-ақ, жауынгерлік джиуджитсудан

халықаралық дәрежедегі

спорт шебері және Номад ММА

бойынша Азия мен Әлем жүлдегері

атандым. Негізінен, додаларда

үшінші де, екінші де, бірінші де

орындарды иелендім.

- Қазіргі уақытта немен айналысып

жүрсіз? Алдағы уақытта

қандай жоспарыңыз бар?

- Елге аман-есен оралдым.

Бүгінде Екібастұз қаласында ішкі

істер органында қызмет етемін.

Жұмысым спорт сияқты жылдамдық

пен шапшаңдықты талап етеді. Сол

СҰХБАТ

Қандай спорт бәсекесі болмасын, қазағымыздың

ұл-қыздары қайсарлық пен жігерлі болмысымен

көзге түсіп, жеңіс тұғырын бағындыру үстінде.

Күн сайын көк Туымызды жоғары ұстауға

ұмтылып, Әнұранымызды түрлі ұлт пен ұлыс

өкілдеріне тыңдатқан спортшылар қатары да

артып келеді. Соның бірі - Кенжебек Азылбеков.

Ол жақында ғана ММА-дан Өзбекстанда өткен

додада Азия чемпионы атанды. Елімізге сүйінші

жаңалықпен жеткен жерлесімізбен аз-кем

тілдесудің сәті түсті.

Бастысы - ынта,

ниет, жігер...

себептен, шынығуыма кедергісін

келтірмейді. Ал басты арманым –

туған ауылыма барып, зал ашу.

Өйткені, ауылда небір-небір мықты

балақайлар өте көп. Әрине,

мен айналысатын спорт жас

шамасымен өлшенеді. Өзіммен

қатарластарым жаттықтырушы

санатына өтіп кеткендері де

бар. Сондықтан өз уақытымен

шәкірт тәрбиелеп, ауыл жастарына

қолдау мен мүмкіндік жасап,

ел мерейін көтеруді қалаймын.

Жоспарым осы.

- Болашақта спорттан үміті

бар жас жеткіншектерге айтар

ақыл-кеңесіңіз...

- Спорт - жеңісі мен жеңілісі

қатар жүретін бағыт. Әрбіріміз

«жолым болмай қалды» дегендей,

нашар ойдан аулақ болу керек

екенін түсінуіміз шарт. Ешқашан

өзіңді психологиялық тұрғыдан

төмен сезінуге жол бермеу қажет.

Жақында Атырау қаласында

ауқымды чемпионат өткен болатын.

Мен бұл доданы асыға күттім

және тыңғылықты дайындалдым.

Алайда, аталған спорт бәсекесіне

барғанмен, қатысу бұйырмады.

Кейіннен жақындарым, достарым

«Мүмкін бағың Азия чемпионатында

тұрған болар» деп айтып

еді. Қазіргі күйімді жоғалтпай,

Өзбекстандағы чемпионатқа

дайындықты ұлғайттым. Міне,

осылай биіктен көріндім. Мұндай

жағдайлар өте көп. Сондықтан,

біріншіден бос жүрісті қойып,

сылтау іздемей, спортпен

айналысуға кеңес беремін. Жағдай

жоқтығын айту әдетке айналуы

мүмкін. Ынта, ниет, ерік-жігерді

жинап, зиянды заттардан аулақ

болыңдар. Себебі, спорт адамды

қатаң тәртіпке жетелейді. Еліміздің

ертеңі сіз бен біз екенін естен

шығармайық!

- Азия чемпионы атануыңызбен

тағы бір мәрте құттықтаймын!

Жеңісті күндеріңіз

көп болсын!

Сұхбаттасқан –

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


SARYARQA SAMALY ХАБАРЛАМА 20 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл 7

САРҚЫНШАҚОВ Әби

Сарқыншақұлы

Павлодар облысының Құрметті азаматы, Қазақ

CCР-нің еңбек сіңірген көлік қызметкері Әби

Сарқыншақұлы Сарқыншақов дүниеден өтті.

Темірдей тәртіп пен таудай

талабының арқасында «Теміржол

генералы» атанған тау тұлға

89 жасқа қараған шағында

фәниден бақиға аттанды.

Әби Сарқыншақов 1934 жылы

Қызылорда облысында дүниеге

келген. 1956 жылы Ташкент

теміржол көлігі инженерлері

институтын тәмамдап, Павлодар

өңірін бетке алған қайсар жігіт

қызметін қатардағы станция

кезекшісі болып бастады. Кейін

сол жұмыс орнының басшысы

болып тағайындалды. Тәуелсіздік

жылдары егемен елдегі теміржол

саласының оң жолға қойылып,

елді мекендер арасын жалғайтын

жаңа бағыттағы жолдардың

салынуына мұрындық болды.

Кейін басшылық қызметтерді

абыроймен атқарып, қызметіне

адал, жұмысына жауапкершілікпен

қарайтын шәкірттерді тәрбиелей

білді. 1974-1995 жылдары

Павлодарлық Тың теміржолшылар

жолдары бөлімшесінің басшысы

болып қызмет атқарды. Теміржол

саласындағы қызметі туралы

«40 жыл естелік» кітабын жазды.

Әби Сарқыншақұлы қоғамдық

маңызы бар елдік қызметтің

де бел ортасында жүріп, түрлі

игі істің бастамашысы болды.

Небары 24 жасында қалалық

кеңес депутаты болып сайланды.

Кейін де облыстық мәслихаттың

бірнеше шақырылымындағы

депутат ретінде ел игілігі үшін

абыройлы еңбек етті.

1996 жылы Қазақстанның

Көлік және коммуникациялар

министрлігі жанындағы

Теміржолшылар кеңесі Одағының

мүшесі және Бас кеңесшісі

ретінде қызметін атқарды.

КСРО-ның және Қазақстан

Республикасының жоғары

наградаларымен марапатталды.

«Құрмет», «Парасат»

ордендерінің, «Облыс алдында

сіңірген еңбегі үшін» белгісінің

иегері атанды.

Отанға деген сүйіспеншілігімен,

халық үшін атқарған қызметімен,

мамандыққа адалдығымен,

өскелең ұрпаққа жасаған

қамқорлығымен, жалпы игі

қасиеттерімен елдің арда

азаматына айналған ағамыздың

жарқын бейнесі жүрегімізде

мәңгі сақталады. Марқұмның

иманы серік болып, жаны

жәннатта болғай. Отбасы мен

туған-туысқандарына қайғырып

көңіл айтамыз. Артында қалған

ұрпақтарына барлық жақсылық

пен қызықты көруге нәсіп етсін.

Ә.Б.СҚАҚОВ, Е.Н.ӘЙТКЕНОВ, О.П.КРУК, М.О.ӨТЕШОВ,

А.А.ҚҰРМАНОВА, Д.Е.ЫБРАЕВ, Р.Ш.ШӨКЕЕВ, Н.А.НӘБИЕВ,

К.С.КЕҢЕСБАЕВ, М.П.ЮРЬЕВ, В.В.ШЕРШНЕВА,

А.В.РЮМКИН, Е.Г.АЗАРОВ, Ә.Б.ТҮГЕЛБАЕВ,

И.Б.ӘБДІҚАЛЫҚОВ, Т.У.СЫЗДЫҚОВ, З.А.АРЫНОВ,

Қ.Н.ШӘКӘРІМОВ, Ю.Д.ПОМИНОВ.

«AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы,

депутаттық корпустың мүшелері ҚР Құрметті теміржолшысы,

Қаз КСР еңбек сіңірген көлік қайраткері, Павлодар қаласы

және облыстың Құрметті азаматы

Әби Сарқыншақовтың

қайтыс болуына байланысты туған-туыстарының қайғысына

ортақтасып, көңіл айтады. Әби Сарқыншақұлы өз ісінің нағыз

маманы болды. Оның қатысуымен Павлодар станциясы КСРО-ның

ең ірі теміржол тораптарының біріне айналды. Сонымен қатар,

қоғам қайраткері ретінде облыстың саяси-қоғамдық өміріне

белсенді араласты. Әби ағамыздың жарқын бейнесі мәңгі

есімізде сақталады.

(20154)

Павлодар жүк тасымалы бөлімшесі мен Павлодар магистральдік

желі бөлімшесі басшылығы, Павлодар теміржолшылар ардагерлерінің

Өңірлік кеңесі және Теміржолшылар кәсіподағының Павлодар

филиалы Құрметті теміржолшысы, Қазақ КСР еңбек сіңірген

көлік қызметкері, облысымыздың және Павлодар қаласының

Құрметті азаматы, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы

Әби Сарқыншақовтың

қайтыс болуына байланысты отбасы, туыстары мен жақындарының

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Павлодар қаласының әкімдігі Павлодар облысының және

Павлодар қаласының Құрметті азаматы, ҚР Құрметті теміржолшысы

Әби Сарқыншақовтың

қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарының

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Облыстық «Saryarqa samaly» газетінің ұжымы газеттің

байырғы оқырманы және тұрақты авторы, Қазақстанның Құрметті

теміржолшысы, Павлодар облысының Құрметті азаматы

Әби Сарқыншақовтың

қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарының

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

ЕСКЕ АЛУ КЕШІ

Жарқын тұлға

Биыл белгілі өнер қайраткері Тоқбай Жұмағұловтың

туғанына - 140 жыл. Соған орай облыстық Бұқар

жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде

«Жарқын тұлға» атты әншіні еске алу кеші өтті.

Тоқбай Жұмағұлов Бөрілі ауылында

дүние есігін ашқан. Шын мәнінде

азан шақырып қойған аты – Түсіп.

Туған–туыстары еркелетіп «Тоқбай» деп

атап кеткен. Ел арасында Жұмағұлдың

баласы болып аталып кеткенімен,

Сыздық деген інісінің бел баласы.

Жұмағұл Тоқбайды жастайынан

ауылдағы әнші, домбырашыларға

апарып, өнерге баулыған. Тоқбай

домбыра аспабын меңгеріп қана

қоймай, орыс халқының балалайкасын

тартумен әуестенген.

Әншінің өнерін байқап, үлкен

өнерге «сүйреген» әнші, музыка

зерттеушісі - Жүсіпбек Елебеков.

Ол кісі Тоқбаймен Қазақстанды

аралап, танымал еткен. Сонымен

қатар, әншінің жиырма алты әнін

үнтаспаға түсірген. Өкінішке қарай,

әндері республикалық радио қорынан

да, мемлекеттік архивтен де, Ұлттық

академияның үнтаспаларынан да

табылмаған.

- Тоқбай Жұмағұлов - табиғи

талант иесі, кешегі өздерінің

өнерлерімен өшпес із қалдырған

тұлғалардың бірі. Атамыз орыстың

төл аспабы - балалайкамен күллі

Барнауылды таңдандырғаны рас.

Естуімше, барнауылдықтар жарты

сағат қошеметтеп, әншімізді жібермей

қойған екен, - дейді тіл жанашыры,

қоғам қайраткері Қадыр Әжмұратов.

Тоқбай Жұмағұлов 63 жасында

244 адам қатысқан өнер олимпиадасына

қатысып, жүлдегер атанған.

Қартайған шағында да туа біткен

әншілік дарынын тастамай, балалайкасымен

ел аралап, көрермендер

алдында талай ән шырқаған. 1964

жылы 82 жасында өмірден өтті.

Мақсат КӨЛТАЙ.

ОҚЫС ОҚИҒА

Екі бала көз жұмды

Облыстық полиция департаменті баспасөз

қызметінің мәліметінше, 19 қыркүйек күні таңғы

сағат 00.20 шамасында Ақсу қаласына қарасты

Достық және Төртқұдық ауылдарының арасында

болған жол апатында екі бала қаза тапты. Жолкөлік

оқиғасы Қызылорда-Павлодар тас жолының

59-шақырымында орын алған.

– Toyota Noah (минивэн) көлігін

басқарған 31 жастағы жүргізуші рульді

басқара алмай қалып, көлік шұңқырға

аударылып кеткен. Аталмыш факті

тексерілуде. Көлікте 11 жолаушы

болғаны анықталды. Оның алтауы –

бала, бесеуі - ересек адам. Олар

бір-біріне туыс болып келеді.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2016

және 2008 жылғы туған кәмелеттік

жасқа толмаған жолаушылар оқиға

орнында көз жұмды. 6 адам түрлі

жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Оның ішінде үшеуі - бала, - дейді

облыстық полиция департаменті

бастығының бірінші орынбасары

Жасқайрат Қайыров.

Оқиға орнына үш жедел жәрдем

көлігі мен апаттар медицинасы

орталығының бір бригадасы жіберілді.

Түрлі жарақат алған балалар облыстық

балалар ауруханасына, ал ересектер

Павлодар қалалық №1 ауруханаға

жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасы баспасөз қызметінің

мәліметінше, зардап шеккен

ересектер №1 қалалық ауруханаға,

балалар облыстық балалар ауруханасына

көптеген сынықтар мен

жарақаттармен жеткізілген. Барлық

қажетті емдеу-диагностикалық шаралар

жүргізілуде.

- Барлығы 11 адам зардап шеккен.

Жедел жәрдем келгенге дейін 2016

және 2008 жылы туған екі ұл бала

қайтыс болды. Төрт бала сағат 02:50-де

облыстық балалар ауруханасының

травматология бөліміне жеткізілді.

Кезекші травматолог, лор дәрігері

оларды қарап шықты. Ауруханаға

жатқызу кезінде жағдайлары орташа

ауыр болды, - дейді басқармада.

№1 қалалық ауруханаға жеткізілген

бес адамның ішінде екі ер азамат

көптеген сынықтармен полижарақаттар

бөліміне жатқызылды. Жабық бас

сүйек жарақаты мен бас миының

шайқалуы тіркелді. Бірнеше жарақат

алып, бас миы шайқалған екі әйел

адам ауруханаға жатудан бас тартты.

Айдана БОРАНБАЕВА.

Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

белгілі өлкетанушы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері

жөніндегі өңірлік комиссиясы жұмыс тобының мүшесі

Қайролла Мүбәракұлы Қаженовтің

қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарының

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Облыстық «Saryarqa samaly» газетінің ұжымы газеттің байырғы

оқырманы және тұрақты авторы, өңірімізге белгілі шежіреші,

өлкетанушы

Қайролла Мүбәракұлы Қаженовтің

қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарының

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 7628 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1533

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 20 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

ДУМАН

Қош бол,

«Ertis Promenade!»

Демалыс күні қалалық жағалаудың бас

сахнасында жазғы маусымның жабылуы

өтті. Кешке қала және облыстың үздік

орындаушылары және эстрада жұлдыздары

қатысып, 50 мыңға жуық жиналған қала және

қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Үш айдан астам көрермендерге

ерекше көңіл-күй

сыйлаған жазғы маусымның

жабылуы салтанатты түрде

өткізілді. Мерекелік шараны

жазғы маусымның ашылуын

жүргізген танымал тележүргізуші

Ғалымжан Кеңшілік және белгілі

әнші Луина тізгіндеді. Шарада

«101» топтары танымал әндерін

орындады. Кеш барысында

өңіріміздің белсенді жастары

Жаңа Қазақстан жайында өз

пікірлерін білдірді.

Сахнада алғаш болып ән

шырқаған жерлесіміз Меруерт

Түсіпбаева туған жеріне келгеніне

қуанышты екенін айтты.

ТУРИСТІК КӨРМЕ

Облыстық кәсіпкерлік және

индустриялық-инновациялық

даму басқармасының ұйымдастыруымен

«ErtisBayan-2022»

аймақтық туристік көрмесі

өтті. Іс-шара аясында 3 күндік

шлюпка қорытпасы, концерттік

бағдарлама, қолөнершілер

жәрмеңкесі және кемелер

шеруі болды.

«ErtisBayan-

2022»

Туристік мүмкіндіктер көрмесіне облыстың

барлық қалалары мен аудандары, Баянауыл

мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Ертіс орманы»

табиғи резерваты, Торайғыров университеті,

«Ertis» мұражайы және Г.Потанин атындағы

облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, облыстың

туристік ұйымдары стендтер қойып, кәдесый

және жарнамалық өнімдер таратты. Сондай-ақ,

көрмеге Ақмола облысы мен Астана қаласынан

меймандар қатысты.

өңіріміздің әр ауданынан

келген әншілер тобы және Иса

Байзақов атындағы Павлодар

облыстық филармониясы,

облыстық «Шаңырақ» халық

шығармашылығы орталығының

үздік өнерпаздары ән шырқап,

өз өнерлерін көрсетті. Кештің

хэдлайнерлері болған эстрада

жұлдыздары Меруерт Түсіпбаева,

Луина, Дастан Оразбеков,

Ақтоты Болшова және «Бро»,

- Сіздермен жүздескеніме

қуаныштымын жерлестерім.

Сіздермен кездесу үшін Алматы

қаласынан арнайы келдім.

Мұндай сахна, мұндай халық тек

менің жерімде ғана бар. Мен

сіздермен әрдайым біргемін.

Жаңа Қазақстан жасасын, - деп

ізгі тілегін жеткізді танымал

әнші М.Түсіпбаева.

Келесі болып сахнада

шырқаған «Бро» тобы

80-90-жылдардағы әндерден

попурри орындады. Шығарма

халықтың көңілінен бірден

шығып, халық бірлесіп шырқады.

Жазғы маусымның әр

шарасын жібермейтін қала

тұрғыны Дильназ Махамбет

кештің өз деңгейінен жоғары

өткенін айтты.

- Концерттік бағдарлама

керемет өтті. Ертіс жағалауында

өткен әр концерттік бағдарламаға

құрбыларыммен келіп жүрмін.

Бәрі бір-бірінен өткен. Осы

маусымда өз дарынымен Айқын

Төлепберген, Садраддин және

Әміре есте қалды. Келесі

маусымды асыға күтемін. Мұндай

шаралар жиі ұйымдастырылса

екен, - дейді Д.Маханбет.

Ал Естай атындағы мәдениет

сарайының басшысы Сапар

Шайхимовтың айтуынша, келесі

жылы сәуір айында келесі

маусымды ашу жоспарлануда.

- Ел бойынша тек біздің

өңірде ғана Ертіс өзенінің

жағасында осындай сахна

орнатылған. Бұл жерде жазғы

маусымда әр жылдардағы

музыкалық кештер, әр

жылдардағы би кештері, түрлі

фестивальдар ұйымдастырылды.

Келер жылы сәуір айының

15-інші жұлдызынан бастап

маусымды ашу жоспарланып

отыр. Өзіміздің эстрада

жұлдыздарынан бөлек шетел

әншілерін шақыру жоспарда

бар, - деді С.Шайхимов.

Биылғы жазғы маусым барысында

1 700-ге жуық өңіріміздің

үздік өнерпаздары, 35 эстрада

жұлдыздары, 13 «Қазақфильм»

жетекшілік еткен 13 отандық

фильм, 57 іс-шаралар, 10-нан

астам би кештері өткізілді.

Шараға белсене қатысқан

өңіріміздің әр ауданынан келген

өнерпаздар қала әкімі Асайын

Байхановтың атынан Алғыс

хаттармен марапатталды.

Айдана БОРАНБАЕВА.

Суреттерді түсірген –

Есенжол Исабек.

- Биыл туристік көрме 10-ыншы рет

ұйымдастырылып, «ErtisBayan» логотипімен

жанданды. Көптеген экспонаттар мен заттар

ұсынылуда. Мәселен, қатысушылар бүркіт, тазы

иттерімен келуде. Бұл көрме өзіндік сипатына

ие. Жергілікті тұрғындар оны асыға күтеді.

Сондай-ақ көрме аясында Ертіс өзені бойынша

3 күндік қайық есу шарасы өтті. Онда қайықшылар

өзеннің экологиялық жағдайы туралы айтып,

бейнероликтер түсірді. Тұрақ орындарында

экологиялық сенбілік өткізді, - деді облыстық

кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық

даму басқармасы туризм бөлімінің басшысы

Салтанат Нұрмағанбетова.

СПОРТ

Рахмет саған, GGG!

Өткен жексенбі бұрынғыдан өзгерек. Бұл күні қазақ елінің

мақтанышы Геннадий Головкин үшінші мәрте мексикалық

боксшы Сауль «Канело» Альвареспен қолғап түйістірді. Ауа

райына әрі таңғы уақытқа қарамастан павлодарлықтар

шаршы алаңдағы жекпе-жекті көру үшін «Ertis

Promenade» сахнасына жиналып, отандық арнаның

тікелей эфирінен тамашалады.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Таңғы жеті шамасынан Ертіс

жағасындағы сахна тұтас Ертіс-

Баян өңірінің тұрғындарына

толы болды. Олар өздерімен

бірге жиналмалы орындық

және көрпешелер әкеліп,

отбасыларымен жекпе-жекті

көрді. Ал жерлестермен бірге

байрақты бәсекеге Головкинді

қолдау мақсатында облыс әкімі

Әбілқайыр Сқақов келді.

Жұртшылық екі мықты шыққан

сәтте Головкинге жанкүйер болып,

әр раунд аяқталған соң қолдау

білдіріп, қазақ спортшысының

сәтті соққыларын ерекше

қошеметтеді. Қорытынды нәтиже

жариялаған уақытта көрермендер

сабырлық танытты.

- Головкиннің кезекті шаршы

алаңдағы бәсекесін көпшілікпен

тамашалауға арнайы Аққулы

ауданынан келдім. Мұндағы

атмосфераны айтып жеткізу

мүмкін емес. Спорт болған соң,

жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.

Сондықтан бір-бірімізді тек

жеңісте ғана емес, қиындықта да

қолдау қажет екенін ұмытпайық.

Жекпе-жекте Қазақстан ұтылды

деп есептемеймін. Лас-Вегаста

Димаш Құдайберген барша

әлемге Әнұранымызды орындап,

мәртебесін асқақтатты.

Головкин мен Димаш бірлік пен

бауырмалдылықтың көрінісін

көрсетті, - дейді жас ұстаз

Темірлан Камал.

Екі боксшының WBC, WBA

(Super) және IBO белбеуі үшін

үшінші жекпе-жегі Лас-Вегастағы

T-Mobile аренасында өтті.

12 раундқа созылған додада

төрешілер шешімімен «Канело»

жеңіске жетті. Еске салайық, бұған

дейін Головкин мен Альварес

арасында өткен алғашқы

бәсеке тең түсіп, екіншісінде

GGG қарсыласына есе жіберген

болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаев даңқты боксшыға

телефон қоңырауын шалып, оның

халық чемпионы болып қала

беретінін мәлімдеді.

Көрме облыстың тартымды туристік имиджін

қалыптастыруға, туристік саладағы іскерлік

және әріптестік байланыстарды дамытуға және

кеңейтуге, қатысушылар арасында тәжірибе

және жаңа идеялар алмасуға ықпал ететін

өңір үшін маңызды оқиға болып табылады.

- Бұл фестивальге әкелген туындылар -

студент кезімнен жасайтын бұйымдарым. Павлодар

педагогикалық университетінде тәлім алып, сол

жақта көркемөнердің қыр-сырын үйрендім. Қазіргі

таңда қазақи ұлттық нақыштағы ыдыстар жасаймын.

Ағаштан жасалған ұлттық нақыштағы ыдыстар

мен заттарға қоғамда сұраныс көп. Тұрғындар

назарына ұсынылған ашық аспан астындағы

фестивальде көптің көңілінен шыққан тостақ,

болмаса астауды тамашалап, таныса алады, -

дейді Баянауыл ауданы, Майқайың кентінің балалар

өнер мектебінің қолөнер және көркемсурет

мұғалімі, фестиваль қатысушысы Әлімжан Шәпи.

Ал Ақмола облыстық кәсіпкерлік және

туризм басқармасының бас маманы Наурызбек

Бекбаев екі өңір арасында әріптестік орнату

туралы айтты.

- «ErtisBayan-2022» туристік көрмесі қызықты

өтуде. Павлодар облысының тұрғындарына

біздің бірегей шипажайлар, ұлттық парктерді

орналастыру нысандары туралы түсіндірдік, -

деді Н.Бекбаев.

Аяулым ТӨЛЕГЕНОВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!