Дулаттардың шығу тегі.
Transform your PDFs into Flipbooks and boost your revenue!
Leverage SEO-optimized Flipbooks, powerful backlinks, and multimedia content to professionally showcase your products and significantly increase your reach.
Ержан Исақұлов
ДУЛАТТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ.
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ
БЕКАСЫЛ БИБОЛАТҰЛЫ
ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕРІ.
Бұл брошюрада Шыңғыз ханның төртінші атасы Түмбине ханның тоғыз
ұлынан тарайтын рулардың ішінен тек дулат руының шығу тегі жайлы деректер
ғана келтірілген.Оның басты себебі, Шыңғыз хан империясының
заңды мұрагерлерінің бірі-дулаттар құрған Моғолстан мемлекеті екені
белгілі.Моғолстан мемлекетінің үш ғасырлық тарихы Мұхаммед Хайдар
Дулатидің 1545 жылы шыққан «Тарих-и Рашиди» (Рашидтің тарихы) атты
еңбегінде толығымен баян далған.
Рашид ад-диннің «Жамиғ ат- тауарих» атты еңбегінде келтірілген дерек
бойынша, дулат руынан жасақталған әскерлер Шыңғыз хан құрған 13
күреннің 9-шы мыңдығының құрамына болған.
Дулат руының шежіресі Бәйдібек Қарашаұлынан бастау алатыны мәлім.
Біздің есептеуіміз бойынша Бәйдібек ХI ғасырда өмір сүрген, ол әлем билеушісінің
төртінші атасы Түмбине ханға шөбере, ал Шыңғыз ханға немере
ата болады. Бәйдібектің Сарыүйсін, Ысты, Ошақты, Шапрашты, Албан,
Суан, Дулат атты жеті ұлы болғаны мәлім. Дулаттан Сиқым, Жаныс,
Ботбай және Шымыр тарайды. Олардың аттары кейіннен сиқым, жаныс,
ботбай, шымыр деген рулардың атауына айналған. Оларды жалпы дулат
деп атайды. Дулат руы қазіргі кезде қазақ халқын құрайтын ірі қауымдастықтардың
қатарына жатады.
Қазақ руханиятының алып тұлғасы Мәшһүр Жүсіп ХХ ғасырдың басында
тағдырдың жазумен бес жыл бой Оңтүстік жерінде өмір сүргені
мәлім. Сол жылдары ол дулат руынан шыққан Бекасыл Биболатұлымен
тығыз байланыста болады, кезінде ол туралы баға жетпес естеліктер жазады.
Сол естеліктерді осы брошюраға қоса жариялауды жөн көрдік.
Бұл брошюра дулаттан шыққан Бекасыл Биболатұлының
200 жылдық мерейтойына арналады.
Ержан Исақұлов
17 .09. 2022 жыл.
Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылы.
Дулат руының шығу тегі
Дулат руының шығу тегі Түмбине ханға барып тіреледі. Сондықтан
оқырманға түсінікті болу үшін «Шыңғыз хан» атты кітаптың 176-
180 беттеріндегі («Жамиғ ат-тауарихта» 244-246 беттер) Түмбине
хан туралы дастанды тағы да бір рет қайталап оқуды ұсынамыз: 1
«Түмбине хан – Шыңғыз ханның төртінші атасы, мұғулша төртінші
атаны «будату» деп атайды. Оның ақылды, қабылетті, әрі ержүрек
тоғыз ұлы болды. Олардың әрқайсысынан сый-құрметті, атақты
болған тармақтар мен рулар пайда болды. Қазіргі таңда ол рулардың
әрбірі (саны бойынша) жиырма-отыз мың отбасыға дейін барады.
Олардың саны еркектер мен әйелдерді қосқанда жүз мың адамға
дейін жетеді.
Олар (тулуы тұрғысынан) үлкендер болып табылатын
және бір анадан туғандар
Бірінші ұл – Жақсу, оны тағы Йахши (Жақсы) деп те атайды. Оның
нәсілінен нұяқын руы, ұрұт пен маңғыт рулары бастау алады. Оның
(бірнеше) ұлдары болды. Ең үлкені кейін (оның) орынбасары болған
(ұлы) Бурун (Боран) еді. Оның үлкен ұлы – Чучи (Шұшы), оның
үлкені – Миргитай (Мергітай), оның ұлы – Сука бики (Сука бек). Ол
Шыңғыз ханның ұлдарының замандас, немере туысы болған.
Екінші ұл – Барин Шийилтуқа Бичи (Барын Шиелтоқа биші). Оның
ұрпақтарынан ... 2 руы тарайды. Оның Урум (Үрім) атты ұлы болды.
Оның ұлы – Чауридай Байжу (Шаурыдай Байжу), оның ұлы – Шибай,
Шыңғыз ханның ұлдарының замандас, немере туысқаны болды.
Үшінші ұл – Қачула (Қашула) 3 . Оның ұрпақтарынан барлас руы
тарайды, оның үлкен ұлы – Ардамту Барула [болатын]. Оның үлкен
ұлы – Тудайин (Тудайын), оның үлкен ұлы – Чучийа (Шушия), оның
1
Брошюрада автордың жазғандары курсивпен берілген.
2
Ру аты жазылмаған.
3
«Жамиғ ат-Тауарихтағы» дерек бойынша барлас руы өзінің бастауын Түмбине ханның
үшінші ұлы Кашуладан, дулат руы оның сегізінші ұлы Болшар дуқұланнан алады. Ал «Зафар
намада» Түмбине ханның ұлдары Қабыл мен Қашула егіз болған деп көрсетілген (Әмір Темір
Қашуланың сегізінші ұрпағы, Шыңғыз ханның аталас туысы болады. Ол туралы Ұлықбек өзінің
«Турт улус тарихи» атты еңбегінде де айтады). Біздің пікірімізше, қалай болғанда да олардың
бәрі бір кіндіктен тараған адамдар болып шығады.
4
үлкен ұлы – Булуқан Қалач (Бұлуқан қалаш). Ол – Шыңғыз ханның
ұлдарымен замандас, немере туысқаны еді.
Төртінші ұл – Сим Қачийун (Сим Қашуын). Оның ұрпағынан
хадаркін руы тарайды. Оның ұлы – Адар кидай болатын, оның үлкен
ұлының аты – Науқун (Науқын). Науқынның ұлы – Хуқу. Оның үлкен
ұлы – Буражу (Буражы). Ол – Шыңғыз ханның ұлдарының замандас,
немере туысқаны еді.
Бесінші ұл – Баат килугай. Оның ұрпақтарынан будат руы тарайды.
Оның үлкен ұлы – Кулуган мирган (Күліген мерген), оның үлкен ұлы
– Тарқутай (Тарқытай), (оның үлкені) – Қуридай (Қорыдай), (оның
үлкені) – Чурқидай (Шұрқыдай), ол – Шыңғыз ханның ұлдарының
замандас, немере туысқаны еді.
Олар (тулуы тұрғысынан) кіші болып табылатын
және басқа анадан туғандар
(Түмбине ханның) алтыншы ұлы – Қабыл хан. Шыңғыз ханның
шежіресі соған барады. Одан басқа бірнеше тармақтар тараған,
(алайда олардың) әрбірі туралы жаднама (кейінірек) келтірілетін
болғандықтан, мұндағы (олар туралы деректер) созылмайтын болады.
Жетінші ұл – Удур Байан (Одыр Баян). Оның әулетінен [журйат]
руы тарайды 4 .
Сегізінші ұл – Боданжар (лақаб аты Болшар дуқұлан) 5 . Оның
ұрпағынан барлық дұқұлат рулары тарайды.
Тоғызыншы ұл – Йисутай (Есутай), оны тағы Жучи Нақу (Жошы
Нақу) деп те атайтын. Оның әулетінен бисут (бисүт) руы 6 бастау
алады. Ол отшыген еді. «Отшыген» (сөзінің) мағынасы – кенже ұл
болып табылады. Ол отбасы мен (ата) жұртта қалады, яғни ошақ пен
жұртының иесі болады.
Бұл жоғарыда аталған ұлдардың барлығының көптеген бауыры
мен немере бауырлары болды, содан көптеген руларға бастау болды.
4
Бұл рудан Жамұқа шыққан. Жамұқа мен Шыңғыз ханның қарым қатынасы жөнінде журйат
руы туралы бөлімде жазылған.
5
Боданжар өз аты, ал Болшар дуқұлан (дулат) лақаб аты. Ол дулаттардың атасы деген мағына
білдіреді.
6
Бұл рудан Жебе ноян шыққан. Жебе ноян жөнінде «Шыңғыз хан» атты кітаптың бисүт руы
туралы тарауында айтылған.
5
Олардың барлығы баһадүрлер әрі құрметті адамдар (болған). Алайда
(мұнда) тек (олардың арасындағы) ең үлкендері мен (әкелерінің)
орынбасарлары болғандардың ғана есімдері жазылды. Олардан
басқаларының есімдері мәлім емес.
(Мұнда) әрқайсысы өз әкелерінің орынбасарлары болған, Түмбине
ханның үлкен немерелерінің аттары, олардың әрбірі Қабыл ханның
ұлы мен немерелерінің қайсыбірінің заманда сы болғандығы белгілі
болу үшін, оның (Қабыл ханның) бесінші ұрпағына дейін жазылды.
Ал олар (Қабыл ханның бесінші ұрпақтары) Шыңғыз ханның ұлдары
болып табылады».
Сонымен, жоғарыдағы дерек бойынша, Түмбине хан Шыңғыз
ханның төртінші атасы болады. Шыңғыз хан 1155 жылы туылғаны
белгілі. Бір буынды әр 28 жылда өмірге келеді деп санасақ 7 , Түмбине
хан шамамен 1000 жылдардың бас кезінде, ал оның Боданжар
(Болшар дуқұлан) атты ұлы 1028 жылдары өмірге келген болып
шығады. Боданжар (Болшар дуқұлан) мен Шыңғыз ханның үшінші
атасы Қабыл хан бір әке мен бір анадан туған, Қабыл ханнан қият руы
тарайды. Ал оның туған бауыры Боданжардан (Болшар дуқұланнан)
дулат руы тарайды.
Түмбиненің ұлдарынан тараған әрбір тармақ пен рулар сол кездің
өзінде («Жамиғ ат-тауарих» жазылған уақытта – 1300-1316
жылдары) жиырма-отыз мың отбасыдан тұрған және оның дуқұлат
деген тармағы Шыңғыз хан құрған он үш күреннің тоғызыншысының
құрамына кірген («Жамиғ ат-тауарих», 329-330-беттер).
Бұдан шығатын қорытынды – XIII ғасырда дулат деп аталатын
екінші бір жаңа тайпа (ру) пайда болған.
Олардың біріншісі – біздің заманымыздан бұрынғы кездерде пайда
болған, әлем халқына ежелден танымал дулат (дулу) тайпасы.
Екіншісі – Шыңғыз ханмен аталас Боданжардан (Болшар дуқұлан)
тарайтын дулат руы. Бұл деректі есте сақтау қажет. Өйткені
аталған дерек Шыңғыз ханның ұрпақтарының дулат руына және
ол рудан шыққан тарихи тұлғаларға түрлі артықшылықтар мен
үлестер беріп, оларды сүйеніш еткенін дұрыс түсінуге көмек береді.
Дулат тайпасы үйсін тайпасының бір тармағы екені ежелден
белгілі. Үйсін тайпасы, «Жамиғ ат- тауарихтың» 43-44 бетіндегі
7
Бұл тек шартты ұғым. Өйткені, бір адам 100 жыл өмір сүрсе, екінші адам 30 жыл немесе
одан да аз өмір сүруі мүмкін. Кейбіреу ерте, кейбіреу кеш үйленеді.
6
дерек бойынша, Ергене қоңнан шыққан мұғулдардың бірінші тармағына
жатады. Ол тармақ, «Шыңғыз ханда» көрсетілген біздің
есептеуіміз бойынша, б.з.д. VIII-IV ғасырлар аралығында пайда
болған. Тармақтың тайпаға айналуы үшін ем кемінде 200-300 жыл
керек екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Сонда, дулат тайпасы
б.з.д. II ғасырда пайда болды деп тұжырымдауға болады. Біздің
бұл қорытындымыз, дулат тайпасының тарихын зерттеген
ғалымдардың мәліметтері мен қытай жазбаларындағы деректерге
сәйкес келеді.
Дулаттар жайлы қытай, Византия, араб, иран, орыс, бұлғар,
чуваш және қазақ ғалымдары көптеген еңбектер жазғаны мәлім.
Белгілі жазушы Әбдіқадыр Дәуітбеков солардың бәріне шолу жасап,
ондағы деректердің негізінде, 2019 жылы «Дулаттар» деген еңбек
жазды. Бұл еңбекте ол дулат тайпасының тарихын таңбалар,
нумизматикалар, геральдика мен символикалар және ДНК арқылы
зерттеп, жаңаша сөйлетті.
Аталған еңбектерде дулаттардың байырғы замандардан бүкіл
әлемге танымал болғандығы, дулаттан шыққан Атилла мен оның
ұрпақтарының Европаның сол кездегі мемлекеттерін жаулап
алып, оларды көп жылдар бойы билеп, адамзат тарихында өшпес
із қалдырғаны, Ұлы Бұлғария мемлекетінің негізін қалағаны туралы
нақты деректер келтіріледі. Дунайдағы Болгария мемлекетінің он
екі патшасы дулат тайпасынан болғандығы айтылады.
Қазіргі кезде болгар халқының бір бөлігі, чуваштар және Солтүстік
Кавказ бен Азов теңізінің жағалауын мекендейтін халықтар
(қарашай, балқар және т.б.) өздерін дулат тайпасынан тараған деп
санайтындығы туралы жазылған.
Дулаттар мен оның ашина деген тармағынан шыққан қағандар
VI-VII ғасырларда Түрк қағанаты, Шығыс және Батыс Түрк
қағанаттары деп аталатын мемлекеттерді құрғаны белгілі.
Бұл деректердің барлығы, жоғарыда атап көрсеткеніміздей,
біздің заманымызға дейін пайда болған дулат тайпасына тиесілі.
2019 жылы Жамбыл облысына қарайтын Мерке деген елді
мекенде Дулат бабаға арналған кесене салтанаты түрде ашылып,
халқымыздың зиярат жасайтын қасиетті орнына айналды.
Дулаттар туралы барлық жазба еңбектерде осы дулат тайпасы
мен XIII ғасырда пайда болған дулат руы бізге дейін бұлай екіге
7
бөлініп қаралмаған. Өйткені, біздің пікірімізше, оның өзіндік үлкен
себептері бар: біріншіден, түркілер мен оның мұғул тармағының
тарихы туралы парсы тілінде жазылған «Жамиғ ат-тауарих»
атты кітап әлем халқына тек XIX ғасырдан бастап қана танымал
бола бастады; екіншіден, XX ғасырда «Жамиғ ат-тауарихтағы»
Шыңғыз ханның шығу тегі адам айтқысыз бұрмаланып, оның
атақонысы Ертістің бойынан Моңғолия жеріне «көшіріліп», ол
шыққан түркілердің мұғул тайпалары, моңғол тайпасына айналып,
оның өзі моңғол болып шықты. Бұл іске көне қытай жазбаларынан
алынған, түркілер мен мұғулдар тарихы туралы қытай тіліндегі
деректер, оның ішінде тайпалардың, жер-сулардың, адамдардың
қытай тіліндегі атаулары, өз «үлестерін» қосып, түркілер мен
оның мұғул тармақтарының шығу тарихы мен атауларын адам
айтқысыз шатастырып жіберді, түркілер мен мұғулдарды екі бөлек
халық деген ұғымның қалыптасуына алып келді; үшіншіден, түркі
халықтары мен Шыңғыз ханның осы бұраланған тарихы патшалық
Ресей мен әсіресе Кеңестер Одағы кезінде халықтың жадына жүйелі
түрде және күштеп енгізілді. Қазақтарға «қырғыз» және «қырғызқайсак»
деген атау тағылды; төртіншіден, түркілер мен Шыңғыз
ханның тарихын зерттеген барлық ғалым осы бұрмаланған тарих
шеңберінің аясынан шыға алмады, ал бұл шеңберден шыға алған
азын-аулағы қудаланып, қамауға алынды, жер аударылды және
атылды; бесіншіден, түркі халықтары мен Шыңғыз ханның шығу
тегі туралы парсы, араб, шағатай, қытай тілінде шыққан көне
және орта ғасырлық кітаптарды («Жамиғ ат- тауарих», «Зафар
нама», «Мехман нама-и Бұхара», «Шаджра ат-Түрк» және т.б.)
XIX-XX ғасырда өмір сүрген қазақ ғалымдары түпнұсқадан оқып,
зерттей алмады. Олардың көбі тек орыс ғалымдары аударған
деректерді пайдалануға мәжбүр болды. Өйткені, XX ғасырдың 20
жылында халқымыздың әліпбиі төрт рет өзгертілді. Ал, парсы
және араб тілінде оқи алатын ғалымдардың тағдыры, жоғарыда
көрсетілгендей, тәлкекке айналдырылды. Соның нәтижесінде, қазіргі
кезде парсы және шағатай тілін білетін адамдар жоқтың қасы. Ал
араб тілін Совет заманында және тәуелсіздік алғаннан кейін оқыпүйренген
адамдар шағатай тіліндегі шығармаларды оқи да, түсіне
де алмайды; алтыншыдан, қазақ ғалымдарының көп бөлігі Шыңғыз
ханға моңғол деп қарап, оның тарихы түгелдей және жан-жақты
зерттелгенге санап, бұл тақырыпқа зейін аудара қойған жоқ. Ал
8
зейін аударғандары жоғарыда айтылған себептерге байланысты
шынайы тарихи деректерге қолдарын жеткізе алмай және Кеңестік
заманда қалыптасқан шеңберлер мен ұғымдардан шыға алмай, шымшытырық
пен шатасуларға толы көптеген туындыларды жазып
тастады. Соның нәтижесінде қазіргі кезде халқымыз өз тарихын
өзі түсіне алмайтын халға жетті.
Біздің шынайы төл тарихымыз жазылған «Жамиғ ат-тауарих»
тек жеті ғасырдан кейін алғаш рет 2018 жылы парсы тілінен
қазақшаға аударылып, ондағы түркілердің тарихы мен олардың
мұғул тармағынан шыққан әлем билеушісі Шыңғыз хан мен оның
ұрпақтары туралы аса маңызды мəліметтер мен өте құнды
деректерге енді ғана қолымыз жетіп отыр. Соның бірі – осы қазіргі
кезде қазақ халқының құрамына кіретін Шыңғыз хан дәуірінде пайда
болған екінші рет дулат атты атауға ие ру туралы дерек.
Осы жерде оқырман назарын «Жамиғ ат-Тауарихтың» авторының
мұғулдардың шежіресі туралы қалай айтқанын көр сете кетуді
жөн көрдік: «Бұл (мәліметтерді) өтірік және бос ойдан шығарулар
деп есептеудің қажеті жоқ, себебі мұғулдардың көне замандардан бері
сондай дәстүрі бар, (яғни) олар өздерінің шығу тегі мен шежірелерін
(жаттап) сақтаған. Сондай-ақ олардың өзгелерге ұқсап балаға жол
көрсететін не діни жамағаты немесе діні болмағандықтан, әрбір туған
балаға әкесі мен анасы оның руы мен шыққан тегі жайлы шежіресін
түсіндіреді. Сол үшін олар мұндай ережені әр кез (бұлжытпай)
сақтаған және қазіргі уақытта да бұл (ереже) олардың арасында
құрметтеледі. Және осындай дәстүр арабтарда да бар.
Осы себептен бұл тоғыз тармақтың әрбірі қандай атау мен лақап (ат)
алғаны анықталды. Қазір де олардың балалары мен немерелері осы
(атаумен) аталады әрі әулетінің (бастауы) осы тармаққа дейін барады.
Бұл тоғыз ұлдың (жасы) үлкен бесеуі бір анадан болды (туылды),
төртеуі басқа анадан (туылған) еді. Олардың аттары және (әрбір)
тармақ ұрпақтарының есімдері келесідей (түрде) толық баяндалады»
[244].
Бұл жерде әлем оқымыстылары түгелдей мойындаған, «ортағасырлық
энциклопедия» ретінде танылған «Жамиғ ат-тауарихты»
Шыңғыз ханның тікелей ұрпағы Ғазан хан мен түркілер мен
мұғулдардың шыққан тегін жақсы білетін Болат әмірдің
қатысуымен, хандық қазыналарында сақталған жазба деректерге
9
(«Алтын дәптерге») сүйеніп жазылғанын, сондықтан олар ешқандай
күмән туғызбайтынын тағы да оқырмандардың есіне саламыз.
«Жамиғ ат-тауарихтың» 762-бетіндегі дерек бойынша Шыңғыз
хан өзінің империясын ұлдары мен жақын туысқандарына бөліп
берген кезде, Қашғардан Әмударияға дейінгі жерлер Шағатайдың
үлесіне тигені белгілі.
Үгетай қағанның немересі Қайду хан мен онымен одақтас болған
Шыңғыз ханның ұрпақтары көшпенді болып, ата-бабаның салтдәстүрімен
өмір сүруді мақсат тұтқан. Ал Мөңке қаған бастаған
екінші топқа кіретін Шыңғыз ханның ұрпақтары отырықшылдық
пен қалалық өмірді қалаған.
1269 жылы Қайду хан шақырған Талас құрылтайының шешімімен
Құбылай мемлекетінен Жошы, Шағатай және Қайду атты үш дербес
ұлыс бөлініп шығады. Сол құрылтайда Барақ ханның ұсынысымен
Шағатай ұлысы екіге бөлінеді, оның шығыс жартысындағы жерлер
Қайду хан ұлысына өтеді. Кейіннен ол ұлыстың жерінде Моғолстан
мемлекеті құрылады. Ол жердің халқы өздерін моғол дар 8 деп атады.
Ал, Мавреннахр Әмір Темірдің дәуіріне дейін бірнеше әмірліктен
тұратын Шағатай ұлысы болып қала береді, олардың халқы өздерін
шағатайлар деп атады.
Қайду хан қайтыс болған соң (1302 жылы), бүкіл бұрынғы
Шағатай ұлысының билігі ешбір қантөгіссіз Қайду ханмен одақтас
болған Шағатайдың шөбересі Барақтың ұлы Дуаға өтеді. Дуа мен
оның ұрпақтарының билігі 1346 жылға дейін жалғасады. Шағатай
ұлысының ең соңғы ханы Қазан болады, оны 1346 жылы әмір Қазаған
8
Осы жерден бастап Мұғулстан мен мұғул деген атаулар Моғолстан және моғол болып
аталады (тек осы тарауда ғана). Өйткені, XV ғасырда жазылған «Зафар нама» мен XVI
ғысырда жазылған «Тарих-и Рашидиде» Қайду ұлысындағы мемлекеттің атауы Моғолстан, ал
оның халқы моғолдар деп жазылған. Сондықтан бұл тарауда XIV-XVI ғасырлардың тарихы
қамтылғандықтан, біз ол атауларды солай қалдырдық.
Моғолдар мен шағатайлар бірін бірі мұқатып ат қойған: шағатай моғолды «жете» деп, ал
моғол болса шағатайды «қараунас» – қара тобыр деп атаған.
«Зафар намада» Моғолстанды да Жете деп те атаған, ол мемлекетің әскерлерін де жете
әскерлері деп көрсеткен. Сонымен қатар, ол кітапта Тоғылық Темірді Шағатай ханның нәсілінен
болғандығы айтылады, оны Жете патшасы деп көрсетеді. Тоғылық Темір 1330 жылы өмірге
келген, ол он алтыға толғанда оны қалмақтың ішінен Болатшы әмір алып келген. Ол он сегізге
келгенде хан болған, жиырма төрт кезінде мұсылман болған, 1363 жылы отыз төрт жасында
дүниеден өткен.
«Тарих-Рашидидің» 42-бетіндегі дерек бойынша, Тоғылық Темірге дейін Шағатай ұлысында
жүз жылдың ішінде сегіз хан патшалық құрған.
10
өлтіреді. Осы кезден бастап Шағатай ұлысы Моғолстан мен
Мавреннахр болып тағы да екіге бөлінеді.
Осы мемлекеттердің тарихы мен дулат руына қатысты аса құнды
мәліметтерді Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Захир ад-Дин Бабырдың,
Әбілғазы Баһадүр ханның, Махмуд ибн Валидің, Шараф ад-Дин Али
Йаздидің, В. В. Бартольдтың, В. П. Юдин нің, К. А. Пишулинаның, Н.
А. Аристовтың, О. Қараевтың, А. Даут беков тың, А. Селеубаевтың,
Өмірбек Шыныбекұлының және басқа да ғалымдардың еңбектерінен
оқуға болады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің бүкіл әлем ғалымдарына танымал
«Тарих-и-Рашиди» деген кітабының 397-398 беттерінде келесідей
дерек келтірілген: «Қашғар уәлаятын Шыңғыз хан жаулап алды.
Шыңғыз ханның көңлі Иран мен Тұранды және бар әлемді жаулап
алу жорығын аяқтаған соң тыныштанып, атажұртына қайта оралып,
барлық басып алған жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Хәзәр һәм
Қыпшақ даласын түгелдей, бір жағы Рұм және мұхитпен, екінші жағы
Мавреннахр және Моғолстан шекарасымен шектесетін аумақты үлкен
ұлы Жошы ханға берді. Моғолстанды толық, Қара Қытайды, Түркістан
мен Мавреннахрды Шағатай ханға берді. Қытайды толықтай Төлеге
берді. Өзінің атамекені – негізгі орда Қарақорым мен Қалмақты
Үгетайға тапсырды. Әскер мен әмірлерді де ол тағы осылай бөліп
берді. Сол бөлінген үлесте дулат тайпасы Шағатай ханның үлесіне
тиді. Шағатай хан Дулатқа Маңлай Сүбені тапсырды. Маңлай Сүбе 9
– «күнгей жақ» деген мағынаны білдіреді. Маңлай Сүбе бір жағы
Шашпен, екінші жағы Шалыш, бір шеті Ыстықкөл және бір тарабы
Сары Ұйғырмен шектеседі. Осы қоршалған төрт тараптың ортасында
Қашғар мен Хотан орналасқан. Дулат арасынан бірінші болып,
аталған өлкеге иелік еткен әмір Байдаған болған. Әмір Байдағаннан
9
«Маңлай Сүбе» туралы «Тарих-и Рашидидің» 35-бетінде тағы да мынандай деректер бар:
«Шағатай хан өз иеліктерін бөліске салғанда Болатшының атасы Өртебураға «Маңлай Сүбені»
берген. «Маңлай Сүбе» Қүнгей бет жағы болған, оның шығысы Қусан және Тарбұғыр, ал батысында
Шаш (Ташкент), Газ және Фергана уәлаятының шеткі аймағы болған Жақышман
(Жақсыман). Ал солтүстігі Ыстықкөл, оңтүстігі Тұрфан мен Сары Ұйғырмен шектескен. Осы
аймақты Маңлай Сүбе деп атайды. Мұнда әмір Болатшы билік ететін. Онда бірнеше үлкен
қалалар болған. Олардың ең үлкені Қашғар, Хотан, Жаркент, Касан, Ахсикент, Әндіжан, Ақсу,
Ат Басы, Қусан еді. Әмір Болатшы аталған қалалардың ішінде Ақсуда тұратын» Бұл Болатшы
әмір мен «Жамиғ ат-тауарихтағы» Болат әмір бір адам ба, жоқ па маған (авторға) белгісіз.
11
«Чагатайский Улус. Государство Хайду. Моголистан».
О. Караев. Нур-Султан – 2019 г.
12
13
ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға, перзенттен-перзентке мұра
болып, айтылғандай мырза Әбу Бәкірге 10 дейін жетті».
Осы үзіндідегі Мұхаммед Хайдар Дулатидің Байдаған деген атасы
Дулат арасынан бірінші болып сол өлкеге иелік еткені, одан соң иелік
ғасырдан-ғасырға, перзенттен-перзентке мұра болып оның немере
ағасы Әбу Бәкір мырзаға (ол туралы деректер «Шыңғыз хан» атты
кітаптағы 231- сілтемеде көрсетілген) жеткені анық айтылған.
«Жамиғ ат-Тауарихта» дулат руының Шыңғыз ханның төртінші
атасы Түмбине ханның ұлы Боданжардың (Болшар дуқұланның)
ұрпағынан тарайтыны, ол рудың Шыңғыз хан 41 жасқа келгенде
(1196 жыл) құрған он үш күреннің тоғызыншысының құрамына
кіргені, бірақ сол кезде әлі танымал болмағаны туралы жазылған
(«Жамиғ ат-тауарихтың» түпнұсқаның 206, 246, 329-330 беттері).
Демек, бұл деректер Түмбине хан өмірге келіп (1000 ж.), оның
төртінші ұрпағы Шыңғыз хан алғашқы әскерін жасақтаған мерзімге
дейін (1196 ж.) өткен 200 жылға жуық уақытта дулат руының әлі
толық қалыптаспағандығын, соған қарамастан сол кездің өзінде
аталған әскердің құрамында болғандығын көрсетеді.
Дулат руы Дулат деген адамнан тарайтыны түсінікті. Ал,
Дулаттың әкесі Тілеуберді (Жарықшақ), оның әкесі Бәйдібек, оның
әкесі Қараша екені тарихтан мәлім. Енді осы атауларды «Жамиғ ат-
Тауарихтың» 244-246 беттеріндегі Түмбине хан туралы дастандағы
«Сегізінші ұл – Боданжар (Болшар дуқұлан). Оның ұрпағынан барлық
дуқұлат руы тарайды» деген сөйлемдегі «дуқұлат руы тарайды»
деген сөздердің алдына рет-ретімен қойып оқысаңыз, онда осы рудың
Түмбине ханнан Шыңғыз хан дәуіріне дейінгі шежіресі шығады:
Түмбине хан-Боданжар (Болшар дуқұлан)-Қараша-Бәйдібек-
Тілеуберді (Жа рықшақ)-Дулат.Ол шежірені осы брошюраның 43
бетінен көруге болады.
10
Мырза Әбу Бәкір XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың бас кезінде Қашғар уәлаятын
билеген. Мырза Әбу Бәкір туралы «Тарих-и Рашидидің» 352-бетінде былай көрсетілген: Әмір
Сейіт Әлінің екі перзенті болған – Сансыз мырза және Мұхаммед Хайдар мырза (Дулатидің
атасы). Сансыз мырзаның екі ұлы болған: Біріншісі – Әбу Бәкір мырза, екіншісі – Омар мырза.
Сансыз мырза өлген соң, бұл балалардың шешесін моғолдың әменгерлік-«йәнгалик» дәстүрі
бойынша Мұхаммед Хайдар мырза некелеп алады. Мұхаммед Хайдар мырза бұл әйелден екі
бала сүйеді. Үлкені – Мұхаммед Хұсайын (Мұхаммед Хайдар Дулатидің әкесі), екіншісі – оның
немере ағасы Сейіт Мұхаммед мырза. Әбу Бәкір мырзаға Есенбұға ханның баласы Досмұхамед
хан өзінің қарындасын береді. Әбу Бәкір мырза Қашғар уәлаятын қырық сегіз жыл бойы баянды
әрі тәуелсіз билейді.
14
Бұл шежіреден Бәйдібектің Түмбинеге шөбере екендігі белгілі
болады. Түмбиненің өткен мыңжылдықтың (1000 ж.) ең бас кезінде
дүниеге келгенін, біз жоғарыда шежіре санаудағы әр буын 28
жылдан кейін пайда болады деген ғалымдардың арасында шартты
қалыптасқан ұстанымды қолданып, есептеп шығарған болатынбыз
(«Шыңғыз хан» атты кітаптың 228-беті). Ол есебіміз Шыңғыз
ханның 1227 жылы 72 жаста болғандығы туралы дерекке негізделіп
жасалған болатын. Ол есеп бойынша, Шыңғыз хан өмірге 1155 жылы
(1227-72=1155) келген болып шығады. Ал Шыңғыз ханның төртінші
атасы Түмбине 1000 жылы туылған болса, оның Боданжар (Болшар
дуқұлат) атты ұлы өмірге 1028 жылы (1000+28=1028) келген,
оның ұлы Қараша – 1056 жылы (1028+28=1056), оның ұлы Бәйдібек
– 1084 жылы (1056+28=1084), оның ұлы Тілеуберді (Жарықшақ) –
1112 жылы (1084+28=1112), оның ұлы Дулат – шамамен 1140 жылы
(1112+28=1140), туылған болып шығады. Яғни, Дулат Шыңғыз хан
мен оның ұлдарының замандасы болған.
Бәйдібектің Марау (бәйбіше), Зереп және Нұрила атты үш
әйелінен үш ұл мен жеті немересі болғандығы тарихтан мәлім:
Марау бәйбішеден Байтоқты, Зереп анадан Жалмамбет, Нұриладан
Тілеуберді (Жарықшақ). Осы үшеуінен Жеті Арыс деп аталып кеткен
жеті ұл тарайды: Байтоқтыдан – Сарыүйсін; Жалмамбеттен –
Шапырашты, Ошақты, Ысты; Тілеубердіден – Албан, Суан және
Дулат.
Бәйдібектің Домалақ ене аталып кеткен кіші әйелі Нұрила 1093-
1166 жылдары өмір сүрген «Диуани хикметтің» авторы Қожа
Ахмет Яссауидің қызы болған. Сондықтан, Әмір Темір Қожа
Ахмет Яссауиге 1398 жылы мавзолей тұрғызған. Өйткені, оны түп
нағашысы деп санаған.
Бәйдібектің ұрпақтары Шыңғыз хан дәуірінен кейін қалын
елге айналғаны мәлім. Оның ұрпақтарынан шыққан Ботбай,
Өтейбойдақ, Қарасай, Құдайберді, Төле би, Қазыбек, Өтеген,
Қойгелді, Сәмен, Сыпатай, Сүйінбай, Бекасыл, Жамбыл, Тұрар,
Кенен, Бауыржан атты ұлы бабаларымыз қазақ жұртына кеңінен
танымал. Солардың қатарында, тек қазақ халқына ғана емес, бүкіл
дүниежүзі халықтарына танымал, отыз жыл бойы Қазақ Советтік
Социалистік Республикасының басқарған Дінмұхаммед Ахметұлы
Қонаев пен ғасырлар бойы егемендікті аңсаған халқымызды 1991
15
жылы Тәуелсіздікке жеткізген Қазақстан Республикасының тұңғыш
Президенті – Елбасы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев бар.
Бәйдібек бабамыздың өмір сүрген дәуірін кейбір тарихшылар
біздің заманымызға дейінгі кезеңге (б.з.д. V-IV ғ.) апарады, ал
қалғандары оны біздің заманымыздың V-VІ ғасырларында болған
деп санайды. Кейбір тарихшылар оны би болған десе, кейбіреулері
хан болған деп жазады. Мұндай пікірлердің орын алу себебі, біздің
пайымдауымызша, осы күнге дейін Бәйдібек бабамыздың өмір сүрген
дәуірі туралы ңақты деректің болмауына байланысты.
Жоғарыда келтірілген дулат руы туралы аса құнды деректер тек
2018 жылы «Жамиғ ат-тауарихты» қазақшаға аударғаннан кейін
ғана белгілі болды.
Бүгінгі күні «Жамиғ ат-Тауарихтағы» бұл деректерді, «Тарих-и
Рашидидегі» Мұхаммед Хайдар Дулатидің Шыңғыз ханнан жеті
артықшылық алған атасы Өртебура мен Шағатайдан Дулатқа
үлес ретінде берілген «Маңлай Сүбе» деп аталатын алып аумаққа
иелік еткен тағы бір атасы Байдаған мен олардың Моғолстан
мемлекетін бір уысында ұстаған ұрпақтары туралы деректермен
сабақтастыра зерттеудің нәтижесінде жаңадан жаңғырған дулат
руының шежіресін құруға қол жеткізіп отырмыз.
Бәйдібек бабамыз бен оның жоғарыда аталған және аталмай
қалған даңқты ұрпақтары жөнінде қазіргі кезде кітаптар мен
басқа да деректер жеткілікті. Сондықтан, осы жерден бастап тек
Бәйдібектің кіндігінен тарайтын дулат руының тарихымен ғана
шектелу дұрыс болатын шығар деп шештік.
Жоғарыда аталған еңбектерден, бұл дулат руының тарих
сахнасына тек XIV ғасырда шыққанын байқауға болады.
«Тарих-и Рашидидегі» дерек бойынша, XIII ғасырдың жетпісінші
жылдары пайда болған Моғолстан мемлекетінің тізгіні үш ғасырға
жуық дулат руынан шыққан Өртебураның ұрпақтарының қолында
болған. Оның әмір Байдаған және ұлысбегі Түлек, Болатшы әмір, Шамс
ад-Дин, Камар ад-Дин және Шейх Дәулет бес ағайынды немерелері
мен олардың ұрпақтары бірінен кейін бірі «Маңлай Сүбеге» иелік
етіп, Моғолстанның ұлысбегі (қазірше Премьер-Министр – Е.И.),
әмірі деген жоғарғы лауазымдарға тағайындалып, мемлекеттің
басқа да негізгі құрылымдары мен аймақтарына басшылық еткен.
16
Болатшы әмір 11 Моғолстан мемлекетінің тағына 1348 жылы
Дуаның Есенбұға 12 деген ұлынан туған 16 жасар немересі Тоғылық
Темірді отырғызады. Оның астанасы етіп Ақсуды белгілейді.
Тоғылық Темір 24 жасында ислам дінін қабылдайды 13 , өзінің қол
астындағыларды да осы дінге кіргізеді, жоғарыда аталған дулат
әмірлерінің қолдауымен мемлекет аясында тұрақтылық орнатып,
халықтан салық жинауды бір жүйеге келтіреді. 1360-1361 жылдары
екі рет Мавреннахрға жорықпен барады, ол ұлыстың барлық әмірлерін
бойұсындырады. Солардың ішінде барлас руынан шыққан жас Әмір
11
Бұл Болатшы әмір «Тарих-и Рашидиде» Әмір Болат (Болатшы) дулат деп те аталады. Бірақ
кітаптың өне бойында Болатшы әмір деп жазылғандықтан, біз де солай қалдыруды жөн санадық.
«Жамиғ ат-тауарихтың» 35-бетінде Рашид ад-Дин түркі руларының, оның мұғул тармағының
шығу тегі мен олардың тарихы жөніндегі деректерді Болат чинсаннан (Болат әмірден) алғанын
атап көрсетеді (Ол туралы «Шыңғыз хан» атты кітабтың 12-бетінен оқуға болады).
Болат чинсанның Құбылай қағаннан Ирандағы Арғын ханға 684 хижри жылы (1285 милади
жылы) елші болып барғаны туралы дерек «Жамиғ ат-тауарихтың» 1161-бетінде көрсетілген.
Чинсан деп «Жамиғ ат-тауарихтың» 906-бетіндегі дерек бойынша, найб және уәзір болуы
мүмкін болған ұлы әмірлерді атайды.
Белгілі башқұрт ғалымы Ахмет-Заки Уәлиди Тоғанның 1941 жылы Стамбулда шыққан
«Моғолдар, Шыңғыз және Түрктер» деген мақаласында: «Әуелде, Рашид ад-Динде, моғол мен
түрк тайпаларына, Шыңғыздың ата-бабаларына қатысты риуаяттар автордың өз шығармасы
емес. Бұлардың барлығы Құбылай қағанның бауыршысы (яғни casnigi) болып, кейін Иран
Елхандарына жіберілген, ол жерде тарих пен шежіре істерімен шұғылданған моғол, дүрбен
тайпасының бегі Пулат Ака (немесе Пулат жыңсан) мен оның жанындағы бір ғалым моғол
тарапынан Шыңғыз әулетінде сақталған «Алтын дәптерде», тағы басқа құжаттарда кездесетін
мәліметпен бірге моғол тілінде әзірлеген. Сонымен қатар бұл мәлімет Рашид ад-Дин мен бір
ирандық ғалым хатшы тарапынан парсы тілінде де жазылған», – деп айтады.
Бұл деректер, А-З.У.Тоғанның айтуынша, Рашид ад-Диннің «Fevaid-I Sultaniye» деген еңбегінде
жазылған.
«Тарих-и Рашидидегі» көрсетілгендей, Болатшы әмір аталары Өртебура мен Байдағаннан
мұра болып қалған «Маңлай Сүбеге» иелік еткен, 1348 жылы Моғолстан тағына Тоғылық Темірді
отырғызған, оның хандығын құрып, ол мемлекетінің ұлысбегі болған, 1361 жылы өмірден
өткен. Оның туылған жылы «Тарих-и Рашидиде» көрсетілмеген. Оның баласы Құдайдат жүз
жасаған адам. Соған қарағанда Болатшы әмір де көп өмір сүрген және Қайду хан мен Қубылай
қағандармен замандас болған. Бірақ Болатшы әмір мен Болат әмір бір адам ба, жоқ па, маған
(осы брошюраның авторына) мәлім емес.
12
Бұл Есенбұға – Шыңғыз ханның ұлы Шағатайдың шөбересі болатын Барақтан туған Дуаның
ұлы. Оны 1465 жылы Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек сұлтандарға Моғолстанның
бір шетін бөліп берген Жүніс ханның ұлы Есенбұғамен шатастырмау керек.
13
«Тарих-и Рашидидің»: 29-бетінде «Тоғылық Темірге дейін-ақ исламды Барақ хан, одан
кейін Кебек хан қабылдаған еді. Алайда осы хандар кезінде моғол ұлыстарында ислам дами
алмай құлдырап, жаһаннам ылдиына бет алды. Ал дәулетті Тоғылық Темір хан бақытты моғол
ұлысын ислам жолында толықтай алға жетелеп отырды», – деп көрсетілген. Осы дерекке
сүйеніп, Моғолстан халқы ислам дініне 1356 жылдан бастап кіре бастаған деп айтуға болады.
17
Темір де болады. Ол туралы Жете әмірлерінің ішінен ханға еркін кіре
алатын, өзінің ақылымен, асқан парасаты мен айрықша қаблетімен
ерекшелетін әмір Әмид Әмір Темірдің батырлығы мен батылдығы
жайында ханға баяндайды. Тоғылық Темір өзінің ұлы Ілияс қожаны
Мавреннахрдың билеушісі етіп Самарқанда қалдырады. Ал Әмір
Темірді Кеш уәлаятына әмір етіп тағайындап, өзі Моғолстанға
оралады. Сол кезде Моғолстан мемлекетінің ұлысбегі Болатшы
әмір қайтыс болады. Болатшының орнына Тоғылық Темір оның
жасөспірім ұлы Құдайдадтты тағайындайды.
Ілияс қожаның Мавреннахрдағы билігі көпке созылмайды. Оның
әскерінің басшылары оның әлсіздігін пайдаланып жергілікті халықты
тонауға кіріседі, содан соң Ілияс қожа мен оның Мавреннахрдағы
тірегі Әмір Темірге қарсы бүлік шығарады. Осыны пайдаланып
Әмір Темір Самарқанды тастап шығады, жергілікті халықтың
моғолдарға деген наразылығын пайдаланып Мавреннахрдың билігін
жеңіп алуға бел шешіп кіріседі.
Бұл кезде Ілияс қожа әкесінің қайтыс болғандығы туралы хабар
алады, сондықтан әкесінің тағына ие болу үшін ол Моғолстанға
аттанады. Сол кезде Әмір Темір мен әмір Құсайын (Шағатай
ұлысының соңғы ханы болған Қазанды өлтірген әмір Қазағанның
немересі) бірігіп Ходжент қаласының маңында Ілияс қожаға шабуыл
жасайды, сөйтіп оны тұтқынға алады, одан көп құн алып, содан соң
оны тұтқыннан босатып жібереді.
Тоғылық Темір 1363 жылы қайтыс болады. (О.Қараевтың
«Шағатай ұлысы. Қайду хан. Моғолстан» деген кітабындағы дерек
бойынша Тоғылық Темірдің және оның Бибі Кәрие деген әйелі мен
олардың бес баласының мазары Іленің бір саласы болатын Қорғас
өзенінің сол жағалауындағы Байнаман дейтін аңғардың ең биік
жеріне қойылған).
Камар ад-Дин мен оның ағасы Шамс ад-Дин басқарған әмірлер
Тоғылық Темірдің тағына оның ұлы Ілияс қожаны отырғызады.
Ілияс қожа көп ұзамай қалың қолмен тағы да Мавреннахрға
аттанады. Құсайын мен Темірдің әскерін жеңеді, олар Самарқанды
тастап, Әмударияның ар жағына қашады. Ілияс қожаның әскерлері
1365 жылы Самарқанды көп уақыт бойы қоршап тұрады, бірақ оны
ала алмайды. Сол кезде оның әскерлерінің аттары оба індетінен
қырылып қалады. Сондықтан, Ілияс қожа қоршауды тастап,
Моғолстанға оралады. Бұл оқиға дулат әмірлерінің наразылығын
18
тудырады. 1365 жылы Камар ад-Дин 14 Ілияс қожаның ордасына
шабуыл жасап, бір күнде он сегіз хан мен ханзадаларды өлтіріп, өзі
хан атанады. Сөйтіп, мемлекетті басқару мен оның істерін жөнге
келтірумен айналысады. Алайда, әмір Камар ад-Диннің тағына көз
алартқан әмірлердің бәрі мүмкіндігінше оған қарсылық көрсетуге
тырысты.
Бұл кездері Мавреннахр жерінде де үлкен өзгерістер болды.
Әмір Темір өзінің одақтасы болған Мавреннахрдың билеушісі
әмір Құсайынды өлтіріп, билікті өз қолына алады. Бірақ таққа
өзі отырмай, Шыңғыз ханның ұрпағы болатын Сүйер Ғатмышты
(кейбір тарихшылар оны Сұрғатмыш деп атайды) Мавреннахрдағы
Шағатай ұлысының ханы етіп жариялайды (осы ұстанымға Әмір
Темір өмірінің соңына дейін берік болады).
Осы сәттен бастап Тоғылық Темірдің кезінен басталған Шағатай
ұлысының билігі үшін күрес өрши түседі. Моғолстан әмірлерінің
Мавреннахрдың шығысына жасаған шабуылдарын желеу етіп, 1375
жылы Әмір Темір жетеге, яғни Моғолстанға, бет алады. Өте терең
үш шатқалға бекінген Камар ад-Диннің әскерін талқандап, оның
ел-жұртын тонап, өзін ұлыстан қуып шығады. Бұдан кейінгі отыз
жылдың ішінде Моғолстанға қарсы Әмір Темір бес рет рет, оның
ұрпақтары тоғыз рет жорық жасайды, халықты тонайды, оларды
күйзеліске ұшыратады, Ертіске дейін барып, ол жерде өз таңбасын
қалдырады, Камар ад-Диннің әскерлерімен сан рет шайқасады,
бірақ оны түпкілікті жеңе алмайды. Сөйтіп, Әмір Темір өзінің
өмірінің аяғына дейін Моғолстанды толық жеңе алмай және оны
Мавреннахрға қоса алмай кетеді.
1390 жылдан бастап Әмір Темір Таяу және Орта Шығыс елдеріне
жорықпен барады. Бұл кезден біраз бұрын, Камар ад-Дин Моғолстан
ханының тағына Тоғылық Темірдің ұлы Қызыр қожаны отырғызады,
ол қысқа мерзімде бүкіл Моғолстан жерін қайтарып алады. Сол
кезде Әмір Темір Қызыр қожаның ұлы Шам-и Жаһанды тұтқыннан
14
Камар ад-Дин дулат әмірлерінің ішінде ерекше тұлға болып саналады. Ол өмірінің соңына
дейін (1389 ж.) Моғолстанға он төрт рет жорықпен келген Әмір Темір мен оның ұрпақтарымен
соғысады, бірақ оны олар түпкілікті жеңе алмайды. Ол өте дарынды, ержүрек және ақылды
қолбасшы болған, соғыс кезінде жердің ыңғайын (Шарын және сол сияқты тау шатқалдарын)
шебер пайдаланған. Жиырма бес жылға созылған соғыстарда, Әмір Темір мен оның ұрпақтары
Камар ад-Динді бірде бір рет қолға түсіре алмаған, ол әр кез жаудан сытылып кетіп отырған.
Камар ад-Дин өмірінің соңғы сәттерінде шемен ауруына шалдығады, соның салдарынан қайтыс
болады (Тарихи-и Рашиди», 77-78, 99-100 беттер).
19
босатады. Бұған риза болған Қызыр қожа өзінің қызын Әмір Темірге
береді, сөйтіп олар бір-біріне туыс болады.
Бұдан кейін де Тоғылық Темірдің мұрагерлері Камар ад-Диннің ұлы
Жахан-шах пен басқа да дулат әмірлерінің көмегімен бірнеше рет
Мавреннахрға жорық жасайды. Әмір Темірдің ұрпақтары да сан рет
Моғолстанға шабуыл жасайды. Соның ең соңғысын Әмір Темірдің
немересі Ұлықбек басқарады. Бірақ ол да Моғолстанды жаулап ала
алмайды.
1428 жылы Моғолстанның билеушісі, Қызыр қожаның шөбересі
Уәйіс хан 15 соғыста қайтыс болады. Оның орнына оның ұлы Есенбұға
отырады. Моғолстан мемлекетінің ұлысбегі болып дулаттан
шыққан Болатшы әмірдің ұлы Құдайдаттың немересі Сейіт Әлі
тағайындалады. Ал мемлекеттің барлық ұлыстарының билігі оның
туыстарының қолында болады. Сейіт Әлі алғашқыда Әмір Темір
әулетінің отыз мыңдық әскерін талқандайды. Сөйтіп, Есенбұға
Сейіт Әлінің көмегімен Моғолстанның жерін ойраттар 16 мен Әмір
Темір әулетінің әскерлерінен тазартады. 1450-1451 жылдары ол
Сайрамға, Түркістанға және Ташкентке шабуылдар жасайды,
Мавреннахрға басып кіріп, Әндіжанды бағындырады. Ал, сол кездегі
15
Уәйіс хан – Жүніс хан мен Есенбұға ханның әкесі, Шер Әлі Оғланның баласы, Мұхаммед
ханның немересі.
Әкесі Уәйіс хан қайтыс болған соң, 13 жастағы Жүніс хан тағына отырады. Бірақ сол кездегі
әмірлер бүлік шығарып, оның орнына Есенбұғаны қояды, ал Жүніс ханды Ұлықбекке алып
барады. Ұлықбек оны өзінің әкесі Мырза Шаһрухтың жанына жібереді, ол оған құрмет көрсетіп,
оны «Зафар наманың» авторы Шараф ад-Дин Али Йаздидің тәрбиесіне береді. Сол кездегі аса
данышпан ғалым болған Йаздидің қасында ол он екі жыл болады, содан соң 41 жасқа келгенше
Әзірбайжан мен Иракта болады. Жүніс хан өзінің үш қызын Әмір Темірдің шөбересі Сұлтан
Әбу Саидтың үш ұлына (Сұлтан Аһмет мырзаға, Сұлтан Маһмұд мырзаға, мырза Омар Шейхқа)
ұзатады. 1455 жылы Сұлтан Әбу Саид (Жүніс ханның үш қызының қайын атасы) оны Шираздан
алдырып Моғолстанға жібереді. Жоғарыда көрсетілгендей, Жүніс ханның әпкесі Орын Сұлтан
ханум – Сейіт Әлінің әйелі, Мұхаммед Хайдар мырзаның шешесі. Мұхаммед Хайдар мырза
Есенбұға ханның қызы Дәулет Нигар ханумға үйленген. Жүніс ханның Хуб Нигар ханум деген
тағы бір қызына Мұхаммед Хайдар мырзаның ұлы Мұхаммед Хұсайын үйленеді. Сондықтан
Мұхаммед Хайдар Дулати Жүніс ханға туған жиен, ал Әмір Темірдің жоғарыда аталған шөбересі
Әбу Саид ханның немерелерімен бөле болады. Бұл деректер «Тарих-и Рашидидің» 130-131, 133,
140-беттерінде келтірілген.
16
Ойрат – «Жамиғ ат-Тауарихтағы» дерек бойынша мұғул тайпасына жатады. Қалмақ пен
жоңғар – осы ойраттан тарайтын тармақтар.
«Тарих-и Рашидидің» 112-114 беттеріндегі дерекке қарағанда, моғолдар қалмақ тармен
іргелес болған, пұтқа табынған қалмақтарды кәпір деп санаған, сондықтан олармен үнемі
соғысып келген.
20
Мавреннахрдың билеушісі болған Әмір Темірдің шөбересі Әбу Саид
оған қарсы ештеңе істей алмайды.
Сол дәуірдегі қазақтар мен қазақ сұлтандарының тіршілік
ерекшеліктері туралы, бұл атаулардың оларға берілу себебі хақында
және олардың істерінің қандай салдары болғандығы жөнінде
«Тарих-и Ращидидің» 375-377 беттерінде төмендегідей деректер
келтірілген:
«Әбілқайыр хан 17 – Қыпшақ даласында түгелдей билігін орнатқан
кезде Жошы әулетінен шыққан кейбір тіміскішіл сұлтандар одан
келер бір пәленің исін сезіп қалып, оны орнынан тайдырмақ болды.
Керей хан, Жәнібек сұлтан сияқты кейбір сұлтандар мен басқалар
17
«Тарих-и Рашидидің» беттеріндегі (226-232, 236, 297-330) дерек бойынша Әбілқайыр
– Жошының Шайбан деген немересінің ұрпағы, Дешті Қыпшақта хандық құрған, оның қол
астындағы халық ол кезде өзбек деген атаумен танымал болған (Өзбек хан Жошының ұлы
Батудың ұрпағы Меңгі Темір ханның немересі, 1280-1341 жылдар аралығында өмір сүріп, хандық
құрған. Өзбек атауы оның кезінен қалған). Әбілқайырдың дәуірінде бала әкеге, ағайын ағайынға
қарсы шыға бастайды. Әбілқайыр қайтыс болған соң, ағайын арасындағы қайшылықтар өте
шиеленісіп кетеді. Содан әркім әр жаққа тартты, текті адамдар немесе ел үмітпен қарап отырған
сұлтандар мен ханзадалар жан-жаққа бытырап кетті. Әбілқайырдың Шаһ Бұдағ сұлтан деген
ұлынан туған Шаһибек хан деген немересі алауыздықтан әуре-сарсаңға түсіп, шарасыздықтан
Мавреннахрға кетті (Шаһибек тарихта Мұхаммед Шайбани хан деп те көрсетіледі, қазақ ханы
Қасым ханның туған бөлесі). Ол кезде ол елдің билігі Сұлтан Аһмет мырзаның (Әмір Темірдің
немересі Сұлтан Әбу Саидтың ұлы) қолында еді. Шаһибек оның Бұхарадағы билеушісі әмір
Абдоләлі тарханның қасына барып қызмет ете бастады. Сұлтан Аһмет мырза мен Абдоләлі
тархан бір мезгілде өлгендіктен, Шаһибек хан Түркістанға кетті. Ол сондағы Сұлтан Маһмұд
ханға (Жүніс ханның ұлы) қол созды. Сөйтіп ханның көмегімен Шаһибек хан Бұхара мен
Самарқанды өз билігіне алды, күннен күнге күші арта түсті, әскерінің саны алпыс мыңға жетті.
Игі жақсылар, сұлтандар мен әмірлер, сонан соң Әбілқайыр ханның Қыпшақ даласында абдырап
сергелденде жүрген елі, ол қай жерге жетсе де, оған келіп қосылып жатты. Оның масаттанғаны
соншалық өзінің қамқоршысын (Сұлтан Маһмұд ханды) құртуға бел буды. Ал қамқоршысы
өзі қамқорлығына алып жүргеннің алдында дәрменсіз болып шықты. Ол шамасы жеткенше
ханның әскерінен адамдарды бөлуге тырысты. Сөйтіп өзбек әскеріне отыз мың моғол қосылды.
Тақта отырған Темірдің ұрпақтары жеңілді. Сонымен, 1500-1510 жылдардың аралығында
Шаһибек бірте-бірте Әмудария мен Сырдарияның аралығындағы Мавреннахрдың барлық
дерлік қалаларын жаулап алды. Сөйтіп, онымен келген өзбектердің жергілікті тұрғындармен
сіңісудің нәтижесінде «өзбек» және араб, парсы сөздері араласқан шағатай тілі деген атаулар
орныға бастады. Шаһибек 1510 жылы парсының шаһы Исмайылдың (Шыңғыз ханның ұрпағы)
қолынан қаза табады. Оның құрған мемлекетінде оның туыстары билік жасайды.
«Тарих-и Рашидидегі» бұл деректер 1545 жылы жазылған. Одан кейінгі дәуірлерде Шаһибек
құрған мемлекет толығымен ыдырайды. XVII ғасырда ол мемлекеттің аумағында Бұхара мен
Хиуа (Хорезм) хандықтары, ал XVIIІ ғасырдың басында Қоқан хандығы құрылады. 1876 жылы
Қоқан хандығы жойылады, оның аумағындағы жерлер мен халықтар Түркістан губернаторына
бағындырылады. Ал, Бұхара мен Хорезм Ресейге тәуелді болып қалады.
21
аз ғана топпен Әбілқайыр ханнан қашып, Моғолстанға келді. Сол
уақытта Моғолстан хандығын билеу кезегі Есенбұға ханға жеткен
еді. Есенбұға хан оларды қатты құрметтеп, оларға Моғолстанның бір
шетін белгілеп берді. Олар осы жерден қауіпсіз жайлы қоныс тапты.
Сөйтіп тыныш өмір сүріп жатты.
Әбілқайыр хан дүние салғаннан кейін өзбектердің ұлысында
алауыздық пайда болды. Әркім мүмкіндіктеріне қарай қауіпсіз һәм
дұрыс өмір сүру үшін Керей хан мен Жәнібек ханды паналады, олар
осылай күшін нығайтты. Басында өстіп елден қашып, олардан бөлініп
жырылып қалып, біраз уақыт тарығып әрі сергелдеңде болғандықтан,
оларды «қазақ» деп атады. Бұл лақап ат оларға осылай таңылды.
Керей хан қайтыс болғаннан кейін, хандық таққа оның ұлы
Бұрындық хан отырды. Жоғарыда аталған Қасым хан Жәнібек
ханның баласы болатын әрі әкесі сияқты іс жағынан Бұрындық ханды
тыңдап, соған бағынатын еді. Керей ханның Бұрындық ханнан басқа
да көптеген ұлдары болған. Жәнібек ханның да Қасым ханнан басқа
балалары болған. Соның бірі Әдік сұлтан еді. Жүніс ханның төртінші
қызы Сұлтан Нигар, ханымды Мырза Сұлтан Маһмұд ибн Сұлтан
Әбу Саид мырза қайтыс болған соң, Әдік сұлтанға берді. Ташкент
ойрандалған кезде, Әдік сұлтан Шаһибек ханнан қашып шығып,
қазақтарға кетті. Сұлтан Нигар ханым да оның соңынан ілесті. Әдік
сұлтан сол күндері дүние салды. Содан Сұлтан Нигар ханымды
Қасым хан некелеп алды. Әдік сұлтаннан кейін Қасым хан билікке қол
жеткізді. Сөйтіп Бұрындық ханға хандықтың атынан басқа ештеме
қалған жоқ. Ең ақырында Бұрындық ханды қуып жіберді. Сонымен
Бұрындық Самарқанға кетіп, жат өлкеде өлді.
Алайда Қасым хан Қыпшақ даласын түгелдей өзіне қаратып алғаны
соншалықты, Жошы ханнан кейін ешкім де ол сияқты мұндай билікке
қол жеткізген емес. Мысалы, әскерінің саны мың-мыңнан (миллион)
асатын еді. Ақырында 924 һижри қәмәри (1518 милади) жылы
қайтыс болды. Қазақ сұлтандарының арасында тартыс басталды.
Қасым ханнан кейін оның ұлы Мамаш хан хандық таққа отырды. Ол
шайқастардың бірінде тұншықпадан өлді. Одан кейін Әдік сұлтанның
ұлы Таһир хан таққа отырды. Ол қатыгез адам болатын, қаталдығы
өз шегінен шыққан соң, елінің саны төрт жүз мың бола тұра одан
бірден безіп, бытырап кетті. Оның қара басы қырғыздардың арасында
жалғыз қалды, мүшкіл жағдайда қаза тапты.
22
Отыз мыңға жуық адам тағы да Моғолстанға жиналды. Таһир
ханның бауыры Бойлаш хан таққа отырды. Ең ақырында сәтсіз
тағдырдың қырсығынан соншама халықтан, міне бүгін төртінші жыл
болып барады, еш бір жерде із де қалмапты. Отызыншы жылдары 930
һижри қәмәри (1524 милади) жылы қазақ саны мың-мың (миллион)
болатын. Қырық төртінші жылы 944 һижри қәмәри (1537 милади)
жылы сонша халықтан бұл жерде еш белгі қалмаған. Олар жөніндегі
кейбір оқиғалар ханға қатысты әңгімемізде келтіріледі. Ал қазақтың
қысқаша ахуалы баяндалып өткендей болды.
Қасым хан хандық атағының жарлығын өзіне алмай-ақ жатқан кезде
оның үстемдігінің күштілігі соншалықты жоғары болғандықтан,
Бұрындық ханды ешкім ауызға да алмайтын. Алайда Қасым хан
Бұрын дық ханның жанында болуды қаламайтын. Өйткені оның
жанында болатын болса, оны құрмет тұтуға тура келді. Егер де құрмет
көрсетпеген жағдайда сынға ілінетін еді. Ал құрмет тұтқан жағдайда,
өзі іштей оған бағынғанын мүлдем ұнатпайтын. Сондықтан Қасым
хан одан іргесін аулақ ұстайтын. Бұрындық хан Сарайшыққа қоныс
тепті. Қасым хан одан мүмкіндігінше қашық жүрейін деп Моғолстан
шекарасына кетіп қалды.
Қасым хан Қараталда қыстап, ерте көктемде өзінің туған өлкесіне
қайта оралмақ болған еді. Сонда бұған Кетебектен бір кісі Сайрам
әкімімен бірге келіп, Сайрамның кілтін оған алып барып, оған тарту
етті. Қасым хан оны қабыл алып, содан моғолдар Йәнги деп атап жүрген
Тараз жаққа бет алды. Өзінен бұрын ол әмірлерінің бірін жіберді.
Кетебек оған Сайрамды тапсырды және өзі оның қызметіне кірді.
Әрі Ташкентті алуды үгіттеді. Қасым хан қалың қолмен Ташкентке
бет алды. Сүйіншік хан Ташкент қамалына тығылды. Қасым хан
сонда барды. Ташкент қамалында бір түн түнеп, қайтты. Ташкент
маңына шабуыл жасап, тапқанын тонап кетті. Сайрам айналасындағы
жайлауға малын жайды. Оған қатысты басқа жағдайлар ретіне қарай
айтылады» 18 .
18
Бұл үзіндіде келтірілген оқиғалар аса құнды деректердің қатарына жатады. Өйткені,
Қазақ хандығын қашан, қай жерде, кімдердің құрғандығын, олардың билігі қанша уақытқа
созылғандығын, өзбек-қазақ деген атаулардың қашан пайда болғандығы туралы нақты деректер
тек Мұхаммед Хайдар Дулатидің осы «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде ғана жазылған. Бұл
деректердің негізінде 2015 жылы біздің еліміз алғаш рет Қазақ хандығының 550 жылдығын
кеңінен атап өтті.
Аталған еңбектің 375-377 беттерінде қазақ деген атаудың қашан және не себептен пайда
болғандығы, қазақтар мен қазақ сұлтандарының тіршілік ерекшеліктері, олардың істерінің
23
Сонымен бұл деректерден мәлім болғаны – 1465 жылы Есенбұға хан
Моғолстан жерінің бір шетін Әбілқайыр ханнан жәбір көріп, көмек
сұрап келген Жошының ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандарға
бөліп береді. Сөйтіп, Жәнібек пен Керей 1465-1466 жылдары Шу мен
Қозыбас өңіріндегі дулат жерінде Қазақ хандығын құрады.
Осы жерден бастап бұл тарауда айтылған барлық деректерді
бізге жазба түрінде қалдырып кеткен Мұхаммед Хайдар Дулатидің
өмір баянына тоқтап өтуді жөн көрдік.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің өзінің айтуынша, ол ел арасына
Мырза Хайдар деген атпен танымал болған, дулат руының атақты
әмірі Болатшы әулетінен шыққан. Оның шығу тегі мына тәртіпте
жіктеледі: Мұхаммед Хайдар Дулатидің әкесі – Моғолстан ханы
Сұлтан Маһмұд ханның тұсында Өртөбе деген аймақты тоғыз
жыл билеген Мұхаммед Хұсайын көреген 19 , оның әкесі – Қашғардың
жиырма төрт жыл бойы әкімі болған Мұхаммед Хайдар мырза
көреген 20 , оның әкесі –Моғолстанның ханы Есенбұғаның ұлысбегі
Сейіт Әлі көреген 21 , оның әкесі – Моғолстан ұлысындағы Қашғардың
билеушісі Сейіт Ахмет, оның әкесі Моғолстанның алты ханының
(Қызыр қожа хан, Шам-и Жаһан хан, Мұхаммед хан, Шер Мұхаммед
хан, Уәйіс хан) тұсында ұлысбек болған Құдайдад 22 , оның әкесі
Тоғылық Темірді Моғолстан тағына отырғызған әйгілі Болатшы
салдары, қазақ халқының тарихында «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен ерекшеленетін
Қасым хан туралы өте құнды деректер келтірілген. Оларды әр бір қазақ баласы білу керек деп
ойлаймыз.
19
«Көреген» – ханның күйеу баласы дегенді білдіреді. Өйткені, Мұхаммед Хұсайын көреген
Жүніс ханның қызы Хуб Нигар ханумға 1494 жылы үйленген. Оның ұлы Мұхаммед Хайдар
Дулати өмірге 1499 жылы үш қыздан кейін келген.
20
Мұхаммед Хайдар мырза көреген Есенбұға ханның Дәулет Нигар ханум атты қызына
үйленген. Мұхаммед Хайдар мырзаның шешесі Орын Сұлтан ханум Жүніс ханның әпкесі
болған. Ол туралы деректер «Тарих-и Рашидидің» 133-бетінде көрсетілген.
21
Сейіт Әлі көреген Уәйіс ханның қарындасы Ұзын сұлтан ханумға үйленген.
Жоғарыда аталған Жүніс хан мен Есенбұға хан – Уәйіс ханнының ұлдары. Ары қарай
олардын шежіресі былай жалғасады: Уәйіс хан ибн Шер Әлі оғлан ибн Махмуд хан ибн Қызыр
қожа хан ибн Тоғылық Темір хан ибн Дуа хан ибн Есенбұға хан ибн Барақ хан («Тарих-и
Рашиди», 33,129-130 бет).
22
«Тарих-и Рашидидің» 115-117 беттеріндегі дерек бойынша, әмір Құдайдат өте тақуа
және ұлы кісі болған, тоқсан жыл (1364-1447) билік жасаған, Қашғар, Жаркент, Хотан, Ақсу,
Бай және Құсанды толық билеген. Оның билік құрған кезінде жиырма төрт мың шаңырақтың
саны ешқашан кемімеген. 97 жасқа жеткенде әйелімен Меккеге қажылыққа кетеді. Меккеден
Мәдинаға барып Пайғамбардың қасиетті зиратына зиянат етеді, сол күні түнде сол жерде қайтыс
болады. Оның сүйегі Омар халифаның қабірінің аяғына жерленеді. Әмір Құдайдат Меккеге
кеткенде Уәйіс хан, оның орнына Құдайдаттың Мұхаммед Шаһ деген ұлын қояды.
24
әмір. Ол – Шыңғыз ханның жарлығымен жеті артықшылық алған
Өртебураның ұрпағы.
Шағатай өз үлесін балалары мен жақын туыстарына бөлген
кезде, дулатқа қазіргі кезде төрт мемлекет сыйып отырған «Маңлай
Сүбені» берген.Ол өлкеге алғаш иелік еткен – Болатшы әмірдің тағы
бір атасы Байдаған әмір. Ол туралы жоғарыда айтылған болатын.
Өртебура мен оның ұрпақтарының Шыңғыз хан мен Моғол стан
мемлекеттеріндегі мансаптары мен артықшылықтарын «Тарих-и
Рашидидің»103-105 беттерінде келтірілген төмендегі деректерден
көруге болады.
«Әмір Құдайдаттың арғы атасы Өртебура Шыңғыз хан заманында
оның жарлығы бойынша жеті артықшылық мансап алған. Бірінші –
дабыл, екінші – ту, түркше түмен ту немесе нақара дейді. Үшіншісі
– өз қызметшісінің екеуіне ол қосын ту тапсырады. Әр қосын ту
төрт қатар тудан тұрады, төртіншісі – ханның мәжілісіне қорамсақ
алып кіре алады. Хан мәжілісінде моғул дәстүріне көреген ханнан
басқа ешкімге қорамсақпен отыруға рұқсат етілмеген, бесінші –
бұғы немесе қоян аулауға шыққанда нөкер болып қатысуына рұқсат
етіледі. Алтыншысы – мұғулдардың ұлысына әмір болады және ол
мұғул ұлысының сардары деп жарлықтарда тіркеледі. Жетіншісі –
әмірлер бас қосқан салтанат сарайда ол төрде, ал әмірлер екі жағынан
бір жебе бойы төменірек отырады.
Шыңғыз ханның Өртебураға берген жарлығындағы жеті артықшылығы
осындай еді.
Әмір Болатшы қалмақ жерінен Тоғылық Темірді алып келіп,
хан тағына отырғызғаны туралы бұдан бұрын айтылды. Содан
Тоғылық Темір сол жеті артықшылыққа тағы екеуін қосып, тоғыз
артықшылыққа жеткізген. Бір қосынның әмірін яғни мың нөкері
бар әмірді ханға айтпай-ақ басшылыққа тағайындауға, не жұмыстан
босатуға еркі бар және ол үшін ханның үкімі қажет емес, екіншісі –
әмір Болатшының ұрпақтары тоғыз қылмыс жасағанға дейін жауапқа
тартылмайды. Олардың ішінен біреуі тоғыз қылмыс істеген кезде
оны ақ боз жабағыға отырғызып, жауапқа тартылатын орынға алып
келеді. Аттың аяқ астына құрмет көрсету үшін тоғыз ақ киіз төселеді
және оның сөзін барлас руының әмірі ханға жеткізеді, ал ханның сөзін
арканут руының әмірі жеткізіп тұрады. Тергеу жасап, оның тоғыз
қылмысы анықталып, кінәсі дәлелденгенде, оған өлім жазасы кесіледі
де күре тамырын қиып жібереді, әлгі екі әмір, әбден жаны шыққанша,
25
екі жағынан ұстап тұруға тиіс. Әбден қансырап жан тапсырған кезде,
әлгі екі әмір жыла-сықтап денесін алып кетеді.
Тоғылық Темір осы нақты тоғыз артықшылықты дәлелдейтін
жарлыққа қол қойды. Мен сол Тоғылық Темір ханның жарлығын
көрген едім, ал ол дерек ретінде атадан атаға өтіп, әкемде (Алла
оны тозақтың отынан құтқарғай) қалған еді, Шаһибек ханның
аласапыранында жоғалып кеткен. Жарлық көктем мезгілінде, доңыз
жылы Құндызда моғол тілінде 23 әрі моғол жазуымен жазылған еді.
Осыған сүйене отырып Тоғылық Темір ханның Құндызға дейін
(жерлерде) билік еткенін болжаған болатын. Ханның өмірі жайында
ешкім ешнәрсе білмейді, ол туралы «Зафар-намада» жазылғандардың
бәрін мен осы тарихта келтірдім.
Ал енді Қызыр қожа хан әмір Болатшының ұлы әмір
Құдайдаттың күш-қажыр жұмсауымен әмір Қамар ад-Диннің үрейлі
қастандығынан құтылып 24 , хандық тағына отырғанда ұлы атасының
жеті артықшылығын қайта жаңартып, әмір Құдайдат істерін реттеуде
бұрынғы тоғыз артықшылыққа тағы да үш артықшылық қосып, он
екіге жеткізді. Біріншіден, той күні ханның үш жасаулы ат үстінде
сап түзеп тұрады. Ал әмір Құдайдаттың бір жасауылы сап түзеп
тұрады. Екіншіден, той күндері бір кісі ханның оң жағында шарап
құйылған кесесін ұстап тұрады және әмір Құдайдаттың сол жағында
бір кісі шарап кесесін ұстап тұрады. Хан және Құдайдаттқа арналған
екі кесе оларға беріледі. Үшіншіден, жарлық хатына мөр қойылғанда,
Жарлық біткен жерге әмір Құдайдат мөрі қойылады, сол сөйлем
басталар жерге хан мөрі басылады. Осы он екі артықшылыққа Қызыр
қожа хан әмір Құдайдаттың атына жарлық берді.
Он екі артықшылық әмір Құдайдаттан кейін баласы әмір Мұхаммед
Шаһ көрегенге өтті. Әмір Мұхаммед Шаһтан кейін немере інісі
Әмір Сейіт Әлі көрегенге өтеді. Әмір Сейіт Әліден кейін оның ұлы
Мұхаммед Хайдар мырза көрегенге өтеді. Ал Мұхаммед Хайдар
мырзадан кейін оның баласы Мұхаммед Хұсайын мырза көрегенге
өтеді. Бұл Мұхаммед Хұсайын көреген мен пақыр Мұхаммед
Хайдардың әкесі болған. Ел арасында Мырза Хайдар атымен танымал
болғанмын.
23
Бұл дерек XIV ғасырда мұғул тіліндегі мұғул жазуы мемлекет деңгейіндегі қолданыста
болғандығын білдіреді.
24
«Тарих-и Рашидидің» 100-бетіндегі дерек бойынша емшек жасында болған Қыдыр қожаны
Қамар ад-Диннің қастандығынан Құдайдаттың шешесі Мираға аман алып қалады.
26
Әкем (Алла оны тозақтың отынан құтқарғай) шейіт болған соң
немере ағам Сейіт Мұхаммед мырза шейіттердің сұлтаны Сұлтан
Саид ханға барып қосылды. Саид хан /ұжмақ гүлзарында мәңгі
болғай/ немере ағама бұл артықшылықтарды бекітіп берді. Ол
жайлы осы «Тарих-и-Рашидидің» екінші кітабында толық айтылады.
Осындай бұл артықшылықтардың қолданылуы Шыңғыз хан кезін де
басталып 625 һижри қәмәри жылы (1228 милади) Сұлтан Саид хан
қайтыс болғанға дейін және менің немере ағам мүһәррәм айында 940
һижри қәмәри жылдың (1533 милади) 25 мерт етілгенге тамыз айына
дейін созылды. Сұлтан Саид ханның хандық кезеңі аяқталып, хандық
кезек сұлтан Әбдірашидке 26 жеткенде ол ата-бабалар тәртібін жоюға
үкім берді. Жаратушының даңқы артсын. Өйткені кезек маған келген
кезде мені біреуге құлдықта болудан, әйтеуір бір ханға мұқтаж
болудан құтқарды».
Мұхаммед Хайдар Дулатидің анасы – Хуб Нигар ханум Жүніс
ханның қызы, әйелі – Жүніс ханның үлкен ұлы Ахмед ханның қызы,
Сұлтан Саид ханның қарындасы. Ал Сұлтан Саид хан болса
Мұхаммед Хайдар Дулатидің әпкесі Әбиба Сұлтан ханишке үйленген.
Сондықтан осындай туыстыққа байланысты Мұхаммед Хайдар
Дулати, әкесі қайтыс болған соң, Жүніс ханның немересі болатын
Сұлтан Саид ханға барып, жиырма төрт жыл бойы оның жанында
болады, мемлекетінің істерін жүргізеді және әскерге басшылық
жасайды,1532 жылы Тибетті бағындырады, 1533 жылы Кашмирді
жаулап алады. Бірақ өз әскеріндегі Мырза Әлі Тағай дегеннің
алдауына сеніп Кашмирді тастап кетеді. Сол кезде Сұлтан Саид хан
қайтыс болады. Мемлекет тағына оның ұлы Әбдірашид отырады.
Ол жоғарыда аталған Мырза Әлі Тағайдың жалған арызына сеніп
Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сейіт Мұхаммед мырза
мен оның бала-шағасын және туысқандарын қырып тастайды.
Сондықтан, Мұхаммед Хайдар Дулати Моғолстанға соқпай,
Бадахшанды билеп отырған Мырза хан деген бөлесінің баласы
25
Шыңғыз ханның дулаттан шыққан әмір Өртебураға берген артықшылықтары 300 жылдан
астам уақытқа созылған. Одан кейін бұндай артықшылықтар Құдайберді бидің төрт атасы мен
оның Әлібек биден туған немересі Төле биге дейін жалғасқан.
26
Рашид хан – Сұлтан Саид ханның ұлы. Сұлтан Саид хан 1533 қайтыс болады. Оның
тағына оның ұлы Рашид (Әбдірашид) хан отырады. Ол Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуынша
Моғолстанның соңғы ханы болған. Рашид хан мен Мұхаммед Хайдар Дулати өте жақын туыс
болғаны жоғарыда айтылған деректерден белгілі. Соған қарамастан Рашид хан, өзінің бас әмірі
болған Мұхаммади барластың айтуымен Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы мен оның
ұлдарын (хандыққа таласады деген күдікпен) қырып тастайды.
27
Сүлеймен шаһ мырзаға барады. Ол жерден Кабул арқылы Үндістанға
өтеді. Ол ел сол кезде Ұлы Моғолстан деп аталған. Оның патшасы
Мұхаммед Хайдар Дулатидің бөлесі Бабырдың ұлы Камран болған.
Камран Мұхаммед Хайдар Дулатиді әскербасы етіп тағайындайды.
Онын көмегімен Мұхаммед Хайдар Дулати 27 1541 жылы Кашмирді
екінші рет бағындырып, ол мемлекетте он жыл бойы дербес
патшалық құрады. 1551 жылы бір шайқастың кезінде оқ тиіп
кездейсоқ қайтыс болады.
Біздің пікірімізше, осындай ұлы тұлға мен оның жазып қалдырған
асыл мұрасына біздің елімізде әлі күнге дейін керекті деңгейде
мән берілмей келеді. Оның аты Тараз қаласындағы мемлекеттік
университет пен екі-үш қаладағы көшелерге ғана берілген.
Біз, 1465 жылы құрылған Қазақ хандығының тарихын оқырман
жақсы білетініне сенімдіміз. Өйткені, Қазақ хандығының 550
жылдығы аталып өткен 2015 жылының қарсаңында және одан кейін
де өте көп кітап, мақала, хабар мен кинофильмдер шыққан болатын.
Сондықтан, біз бұл жерден бастап тек дулаттарға қатысты
тарихи деректерді ғана қысқаша баяндаймыз.
Қолда бар тарихи деректерге қарағанда, дулаттар барлық кезде
Шыңғыз ханның ұрпақтарынан шыққан хандарды қолдап отырған,
олар басқарған мемлекеттерде шынайы билік жүргізген. Жоғарыда
аталған Болатшы әмірдің ұлы Құдайдат әмірдің бір өзі алты бірдей
ханды таққа отырғызған. Солардың қатарында Түркістанды түгел
билеген, қазақ пен қырғыздардың 47 жыл бойы ортақ ханы болған
еңсегей бойлы Есім ханның орда биі, төрт атасынан бері би болған
дулаттан шыққан Құдайберді би 28 . Оның ұлы Әлібек би, одан бірнеше
27
Ұлы бабамыздың Кашмир аңғарындағы Сринагар деген қаласындағы «Мазар Салатинге»
деп аталатын сұлтандар мазарындағы қабірі мен оның осы дәуірге дейін белгісіз болып келген
«Жаһан наме» деген дастанын тек төрт ғасырдан соң (1999) Қазақстандағы Дулатитанудың
негізін қалаушы белгілі ғалым Әбсаттар Дербісәлі іздеп тапқаны жұртшылыққа мәлім.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегін 1895 жылы Лондонда алғаш
рет парсы тілінен ағылшын тіліне Денисон Росс (1871-1940) аударған. Содан соң ол кітапты
өзбек ғалымдары 1996 жылы Ташкент қаласында парсы тілінен орыс тіліне аударып, баспадан
шығырған.
Ал қазақ тіліне ол кітап алғаш рет тек 2003 жылы ғана аударылған. Аудармашы филология
ғылымдарының докторы Ислам Жеменей. Оған бұл жұмыста демеушілік көрсеткен белгілі мемлекет
қайраткері Уәлихан Бишімбаев.
28
Есім ханның орда биі болған Құдайберді бидің төрт атасы мен оның баласы Әлібек би
мен немересі Төленің де төрт ханның тұсында би болуы, біздің пікірімізше, жоғарыда айтылған
дулаттан шыққан ұлы тұлғалардың Шыңғыз ханмен аталас туыстығына, олардың сол дәуірлердегі
28
ханның тұсында билік еткен Төле би. Сол кезден «Толық хандыққа
тек Есім хан ғана жеткен. Толық билікке тек Төле би ғана жеткен»
деген аталы сөз қалған.
Есім хан – Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек
ханның ұлы Қасым ханның шөбересі 29 . Есім хан хандық таққа 1598
жылы, Тәуекел хан қайтыс болған соң, отырғаны тарихтан мәлім.
Ал оның ордасы қазіргі Түркістан облысына қарасты Төле би
ауданындағы Сайрамсу, Қасқасу және Қарасора өзендерінің бойында
орналасқанын әрбір адам біле бермейді (Осы брошюраның 32-35
беттеріндегі суреттер).
Белгілі археолог А. Н. Подушкин мен Қазақстан Жазушылар одағының
мүшесі, өлкетанушы Өмірбек Шыныбекұлының айтуынша,
Есім ханның ордасының тарихы оның хандық құрған дәуірінен едәуір
тереңде жатыр. Оның ордасының маңайынан табылған әр түрлі затайрықша
қуатты болғандығына, мансаптық, құқықтық және экономикалық артықшылықтарына,
сол кездің өзінде (қазіргі кезде төрт бірдей мемлекет: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, ҰСАР)
орналасқан «Маңлай Сүбе» деп аталатын алып аймаққа иелік етуіне, саяси ықпалдығына, дулаттан
шыққан әмірлердің Моғолстан мемлекетінің барлық билігін тізгінінде ұстауына, олардың тікелей
қолдауымен Моғолстанда хандық таққа отырған Әлем билеушісінің ұрпақтарының қыздарын
алып, оларға қыздарын беріп, төре тұқымымен құда-жекжат болғандығына, тағдыршешті кезенде
Керей мен Жәнібекке жер беріп, оларға Қазақ хандығын құруға және оны нығайтуға қолдау
көрсетіп, оларды шығыстағы ойраттар мен Әмір Темірдің ұр пақтарының шақпыншылықтарынан
қорғап тұруына тікелей байланысты болған.
Би деген мансаптық, құқықтық дәрежені білдіретін атау сонау Үйсін мемлекетінің дәуірінен
белгілі. Ол мемлекетті Күнбилер басқарғаны мәлім. Содан соң бұл атауы бір себептермен
жойылып кеткен. Өйткені, XIV-XVI ғасырлар аралығындағы Моғолстан мен Мавреннахрдың
тарихы жазылған «Тарих-и Рашидиде» би деген атау (мансап) немесе сөз бір де бір рет
кездеспейді. Ондай атау «Жамиғ ат-Тауарих» пен «Зафар намадада» жоқ. Сондықтан бұл атау,
біздің пікірімізше, тек XVI ғасырдың аяқ кезінде қайтадан пайда болған. Яғни, билер институты
Шыңғыз хан дәуірінде болмаған. Оның себебі, Шыңғыз хан құрған мемлекет тек оның «Жаса»
атты заңға негізделген әскери-әкімшілік құрылымдардан ғана тұрған.
29
Бұл дерек Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақтың түп атасы» деген еңбегінен алынған:
Жәнібек ханнан Қасым хан, одан Шығай хан, оның ұлы Тәуекел хан, оның ұлы Есім хан (Кейбір
деректерде Тәуекелді Есім ханның туған ағасы деп көрсетеді. Біздің пікірімізше, Шәкәрім
Құдайбердіұлы жасаған шежіре дұрыс әрі шынайы). Есім ханның ұлы Салқам Жәңгір, оның
Тәуке және Уәлибақы деген екі ұлы болған. Тәуке хандық таққа отырғанда, Уәлибақы қапа
болып Үргеніштегі нағашысы Қайып ханға кетіп қалады. Уәлибақының ұлы Абылай «қанішер»
деген атқа ие болады. Абылай қанішердің ұлы – Көркем Уәли. Көркем Уәлидің ұлы қазақтың
хандарының ең атақтысы Абылай хан (Әбілмансұр).
Абылай жас кезінде жетім қалады. Оны Төле би тауып алып, өзінің қасына алып, тәрбиелеп,
ол жиырма жасқа келгенде тарихи аренаға шығарып, оны хандық таққа отырғызады. Абылайдың
ұлы Қасым хан. Ол – Кенесары мен Наурызбайдың әкесі. Кенесары (1802-1847) – қазақтың Үш
жүзінің соңғы ханы.
29
тардың пайда болған уақыт тары б.з.д. мың жылдықтарға меңзейді.
Біздің пікірі мізше, Есім ханның өз ордасын жоғарыда аталған жерге
орналастыруының басты себебі ол жерде ежелгі замандарда Түрк
пен Мұғул ханның ордалары орналасқандығына байла нысты болған.
Есім ханның тікелей ұрпағы Абылай хан жас кезінде Төле бидің
түйелерін баққаны туралы дерек Бұқар жыраудың жырларынан
белгілі. Біздің пікірімізше, Төле би Абылайдың шыққан тегін жақсы
білген. Сондықтан, жетім қалған Абылайды жас кезінде тауып
алып, оны «Абылай қанішер» деп аталып кеткен әкесінің жауларынан
аман сақтау үшін оған Сабалақ деген лақап ат беріп, оның шыққан
тегін біліп қоймас үшін жат көзден таса жерде ұстап, оған өзінің
түйесін «бақтырып» қойған.
Кезі келген кезде Абылайды саяси аренаға шығару үшін қазақ
халқының қалмақтармен болған тағдыршешті Аңырақай 30 шайқасына
қатыстырған. Сөйтіп Абылайды хандық таққа отырғызған. Абылай
ханды қалмақтардың тұтқынынан құтқарып алған да Төле би екені
жұртқа мәлім.
Төле бидің аталас туысқандары, ұрпақтары Абылай хан мен оның
даңқты ұлдары Қасым мен Кенесарыға және басқа да төрелерден
шыққан тұлғаларға қолдау көрсетіп отырған.
Қазақтың әйгілі перзенті Мәшһүр Жүсіп «Қазақ баласы оқыдымтоқыдым
десе де, Бекасыл хазырет бола ма» деген өзінің естелігінде:
«Жүсіп бауырым, мен әкеден жастай қалдым, әкеміз Биболат ел
таныған адам екен. Қоқан хандығы пансат деген дәреже беріп,
құзырындағы елге басшы қылыпты. Абылайдың жұрағаттары Қасым
мен оның ұлдары Есенгелді мен Санжарға мініске жылқы бердің деп
Бекасылдың әкесі Биболат Сарыбатырұлын Қоқан хандары қудаласа
керек, ақыры ажалына солар жетіпті» – деп жазады.
Бүкіл адамзаттың қымбат жауһарларының бірінен санала тын
«Зикзал» атты ғибратты мұраның авторы Бекасыл Биболатұлының
жақын туысы әрі шәкірті, Төле бидің бірге туған бауыры Елібайдың
ұрпағына жататын Қазанғап Байболов (1891-1946), аталған
ұстазынан алған тарихи мәліметтердің негізінде «Еңсегей бойлы ер
Есім» мен «Төле бидің тарихы» атты дастандар жазғаны белгілі.
Қазіргі кезде туысқан қырғыз елінде де «Энчегер бойлуу эр
Эшим» деген дастан бар екені белгілі болды. Ол дастан 2020 жылы
30
Кейбір тарихшылар Абылайды Аңырақай шайқасына қатыспаған деп санайды. Бірақ оның
қалмақтардың батырымен жекпе-жекке шығып, оны жеңгендігін мойын дайды.
30
Халықаралық Түркі академиясында қазақшаға аударылып, оқырманға
жол тартты. Онда қазақ пен қырғыз жұртының жігі бөлінбей,
жұбы жазылмай бір шаңырақтың астында, бір мемлекеттің туы
аясында болған туыстық дәуірінен хабар береді.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуынша, Енисейден ауып бірнеше
ғасыр Моғолстан мемлекетінің аумағында тұрған қырғыздар саяси
аренаға XVI ғасырда шыға бастаған. Сол кездері Моғолстанда
тұратын барлық моғолдар мұсылман дінін қабылдай бастаған.
Тек қырғыздар ғана өз дінінде қалады, сөйтіп моғолдардан бөлінуге
әрекет жасайды. Сондықтан әйгілі Төле би: «Қазақ пен қырғыздың
еншісі бөлінбей бір ел болып тұрған заманында дүниеге келіп, екеуі
ажырасқанын көріп өмірден өткенім-өкінішім», деп айтқан сөзі де
бауырлас халықтардың терең тамырына сәуле шашып тұрғандай.
Есім ханның тұқымынан шыққан ең соңғы жоғары лауазымды адам
– 1927-1934 жылдары Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің
төрағасы болған Елтай Ерназаров. Ол қазіргі Түркістан облысының
Төлеби ауданындағы Есім ханның ордасынан 5-6 км жердегі
Балдыберек деген өзеннің бойында туып өскен және сол жерде
жерленген. 1967 жылы Оңтүстік елді мекеніндегі оның мазарының
басына ескерткіш қойылған. Елтай төренің туыстары әліге дейін сол
жердегі Тасарық деген елді мекенде тұрады. Көне көз қарттардың
айтуынша, Елтай төренің сондай биікке көтерілуіне себепші болған
да дулаттар.
Біздің пайымдауымызша, аталған тұлғалардың бұлай билік құруы
және бірін бірі қолдауы, жоғарыда көрсетілгендей, дулаттардың
Шыңғыз хан әулетімен жақын туысқандығына байланысты болған.
Дулаттар өзінің ата-бабаларының мыңдаған жылдар бойы қасиетті
мекені болған Алтай мен Моғолстаннан қол үзіп қалғаны
белгілі.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің жоғарыда келтірген деректеріне қарағанда,
Әмір Құдайдаттың атамекені Қашғарда болған. Ол Шыңғыз
ханнан атасы Өртебураға меншік ретінде берілген «Маңлай Сүбеге»
Байдаған деген атасы мен әкесі Болатшы әмірден кейін иелік еткен.
Біздің пікірімізше, Шыңғыз хан өзі жаулап алған жерлерін ұлдары
мен туыстарына бөліп берген кезге дейін, дулат руының бастапқы
ата-қонысы Жалаңаш көлдің маңайында болған. Ол жерде әлі күнге
дейін Дулат деген елді мекен мен Дулат деген застава бар. Ол
мекен мен заставаның аты 1969 жылы совет-қытай шекаралық
31
Есім хан ордасының көрінісі. Орданың сол жағындағы өзен – Сайрамсу.
32
33
Есім хан қызының ордасының көрінісі. Орданың сол жағындағы өзен –
Сайрамсу.
34
35
жанжалына байланысты дүние жүзіне мәлім болғаны белгілі. Қазіргі
Алматы облысында Қапал атты аудан орталығы бар. Кезінде Қапал
ауданы мен Қапал елді мекені қапал руының арғы атасы Қапалдың
құрметіне берілген. Ал Қапал дулаттан тарайтын жаныс руының
бір тармағы болады.
1914 жылы шыққан «Карта коренных областей Туркестана»
деген картада Қаратал өзенінің Балқашқа құятын сағасының оң
жағалауында Дулат деген адамның мазарының орны көрсетілген.
Ол жоғарыда аталған Түмбине ханның жетінші ұлы Боданжардан
(Болшар дуқұланнан) бастау алатын дулат руының атасы Дулаттың
мазары болуы мүмкін. Бұл дерек қосымша зерттеуді қажет етеді
деп ойлаймыз.
И. Г. Андреевтың «Описание Средней орды кыргыз-кайсаков»
деген кітабында XVIII ғасырдың аяғында (1780 жылдары) Іле мен
Қаратал өзендерінің аралығында Жаныс болысы болғандығы туралы
жазылған.
Қазіргі қазақ халқының құрамына кіретін Дулат руының Сиқым,
Жаныс, Ботбай және Шымыр деген тармақтары Іле өзенінің
бастауынан Тәжікстан шекарасына дейінгі таулы аудандарды
мекендейді.
Дулат руынан кезінде көптеген батырлар, мемлекет және қоғам
қайраткерлері шыққан. Олардың ішінде жоғарыда аты аталған ұлы
тұлғалардан басқа, қазақ халқына кеңінен танымал Асанбай Асқаров,
Төлепбек Назарбеков, Өмірбек Бәйгелді, Мекемтас Мырзахметов,
Шерхан Мұртаза, Мамытбек Қалдыбай, Асқар Кулибаев, Сарыбай
Қалмұрзаев, Әкім Тарази, Әбсаттар Дер бісәлі, Сәт Тоқпақбаев,
Жеңіс Жұманбеков, Амалбек Тшанов, Қалық Абдуллаев, Сатыбалды
Ибрагимов, Қуаныш Төлеметов, Шамша Беркимбаева, Қайрат
Мәми, Мұсабек Әлімбеков, Нартай Дүтбаев, Қайрат Қожамжаров,
Молдияр Оразалиев, Амангелді Момышев, Серік Қонақбаев, Бексейіт
Түлкиев, Тоқболат Тоғысбаев, Ерболат Төлепбай, Уәлихан Қалижан,
Нурлан Өнербай, Тұңғышбай Жаманқұлов, Мұрат Жолдасбаев,
Мүсілімбай Дайырбеков, Марал Ысқақбай, Ағабек Сүгіралиев,
Уәлихан Бишімбаев, Қылышбек Ізбасқанов, Мархабат Байғұт,
Жеңіс Мауленқұлов, Тынысбек Калменов, Зауытбек Тұрысбеков,
Өмірзақ Шөкеев, Нұрлан және Болат Жылқышиевтер, Бәйділда
Жылқышиев, Асқар және Абылай Мырзахметовтер, Ерлан және
Бейбіт Атамқұловтар, Дархан Мыңбай, Ерік Өтембаев, Дихан
Қамзабекұлы, Дәулет Ембердиев, Ғалымжан Жумжаев, Қосбасар
36
Нұрбеков, Алик Шпекбаев, Сәуірбай Есжанов, Әнуар Түгел,
Шаймұрат Отарбаев, Қозы-Көрпеш Кәрбозов, Нұржан Мырзалиев,
Нұржан Жігітеков, Болат Қырғызбаев, Мейірхан Жаманбаев,
Әмірхан Естаев, Владимир Накисбаев, Сейітжан Қойбақов, Жеңіс
және Бектөре Сұлтановтар, Ақжігіт Иса беков, Шерімхан Шаңбаев,
Тұрысбек Алиасқаров, Диханбек Сатылғанов, Құрман Елубаев, Дархан
Қыдырәлі, Мәлік Отарбаев, Бейсен Тұрдыбеков, Асқар Әзімбаев,
Алтынсары Үмбеталиев, Қайрат Молдасейітов, Әмірхан Сыпабеков
және басқалар бар.
Осы брошюра баспаға дайын болған кезде, менің қолыма төмендегі
дерек ілінді:
2021 жылы Ақтан сопы Құтб «Біздің тарих» атты шағатай
тіліндегі(1730 ж.) еңбегі қазақшаға аударылған болатын.
Аталған еңбектің дүниеге келуіне әу баста Шыңғыз ханның
алғашқы нөкерлерінің бірі саналатын, сонан соң Шағатай ханның
алғашқы уәзірі болған Құшық ноян себепші болған екен. Яғни, күндердің
бірінде Шағатай хан Шыңғыз ханның өмірбаянын жақсы білетін
Құшық нояннан Шыңғыз ханның қай жылдары қайсы аймақтарды
жеңіп алғаны туралы сұрайды. Ол болса, қартайып қалғанының
салдарынан сұралған оқиғаны жақсы есіне түсіре алмай қалады да,
үйіне барып сол оқиға туралы қызметшілерінен сұрап білмек болады.
Бірақ қызметшілері де ол оқиға жайлымардымды мәлімет айта
алмайды...
Осы оқиғадан кейін, Құшық ноян қағазға жазылмай қалған дүниенің
бәрі ұмытылып, ізсіз жоғалып кетуі мүмкін екенін түсінеді де, содан
өзінің және туыстарының бар білгендерін жаздырды да, Орақты
ноянның ұлы Мұға ноянға табыстап «Бұл жазбаларды ұрпақтанұрпаққа
мұқият түрде жеткізіп отыру қажет» деп өсиет айтады.
Сол өсиетке байланысты ол жазбалар ұрпақтан-ұрпаққа өте
отырыпМұға ноянның XVIII ғасырда өмір сүрген ұрпағы Ақтан сопы
Құтбқа жетеді. Сонда ол Құшық нояннан бірі қарай жинақталып
келген барша тарихи деректерді сұрыптап, реттеп, соның негізінде
1730 жылы «Біздің тарих» атты кітабын жазады(Ол кітапта
айтылған мәліметтер Зәріпбай Оразбайдың 2021 жылғы жарық
көрген «Ұлы Түрк тарихы» кітабының «Құшық ноян атамыздың
өсиеті» деп аталған тақырыбында кеңінен баяндалған болатын).
2022 жылы Ақтан сопы Құтбтың ұрпақтарының бірінен оның
парсы тілінде жазылған тағы бірқолжазбасы табылды.Ол еңбектің
37
біраз беттері әйгілі Шымыр Алтыбармақтың шығу тегіне арналған
екен.Онда Шымыр Алтыбармақтың арғы атасы Шымыр баhадүр
мен оның кейбір ұрпақтары туралы төмендегідей баға жетпес аса
құнды деректер келтірілген: «...Шымыр Алтыбармақ бабамыз дуғлат
мыңдығының атақты қолбасшысы Шымыр (Шымыр бек) баһадүр
нәсілінің гүлбақшасында, руханияттың жұпар исін аңқытып тұрушы
райхан гүлі сияқты дүниеге келді.Ал Шымыр бек баһадүр болса, ол
жаужүрек батырлардың баһадүрі, жауларға арыстандай айбат шегіп,
олардың жүректеріне қорқыныш ұялататын алып сардар, соғыс
ісінің қыр-сырларын терең білетін шебер қолбасшы, әрі қиын-қыстау
кездерде өз қауымын қиындық жағдайлардан аман алып шығатын
данагөй жолбасшы және хандарға да ақыл-кеңес айта алатын кеменгер
ақылшы ретінде танылған мәшһүр де даңқты баһадүр тұғын.
Содан болар Шағатай ұлысының билеушісі Барақ ханның (Шағатай
ханның немересі Е. И.) атақты қолбасшыларымен бірге Қайду хан
(Үгетай қағанның немересі Е. И.) шақырған Талас құрылтайына (1269
ж.) барғаны жайлы жалайыр тайпасынан шыққан Орақты ноянның
немересі,Мұға ноянның ұлы Жалайыртай баһадүр бабамыз өзінің
бітіктерінде (жазбаларында) нақты түрде дерек жаздырып қалдырған.
Кезінде Шағатай хан олардың әкелерін Шаш (Ташкент) уалаятын игеруге
жіберген, сөйтіп Жалайыртай аталарымыз Шашқа келген кезде,Шымыр
бек баhдүрде сонда келген. Шымырбек бахадур кезінде Барақ хан мен
Абақа ханның соғысына да қатысқан. Онан соң да, ол Жалайыртай
атамыз қатары, дуғлаттардың мыңдық қолын басқарып,Барақ ханның
ұлы Дуа ханның әскерімен бірге бірнеше рет Құбылай ханның әскеріне
қарсы соғыстарға қатысқан атақты қолбасшы еді.
Ол (Шымыр бек баhадүр) біздің Жалайыртай атамыздан шамалы
бұрын қайтыс болып, Шаштың маңайындағы өзінің жұртына
жерленген.Ол өмірінің соңғы жылдарын құлшылықпен тақуалық
ұстанып, Құдайға құлшылық жасау үшін тәркі дүниелік ұстанымын
ұстанды. Содан болар, ол пәниден бақиға көшкенінен кейін қалайық
оны әулие деп атайтын болған.
Шымыр бек баһадүрден кейін оның мыңдық қолына оның Жиенбай
бек баһадүр деген немересі сардар болды. Көкбөрі баhадүр Дуа
ханнан екі түмен әскер сұраған кезде, Дуа ханның пәрмені бойынша
дуғлат мыңдығын осы Жиенбай бек баһадүр бастап шыққан болатын.
Сөйтіп, ол соғыстан ауыр жарақаттанып қайтты. Сосын оның
орнына Шымыр бек баһадүрдің басқа бір немересі, яғни Қапланды
38
бек (Қабыланды) баһадүр Шаш уәлаятындағы дуғлат мыңдығына
мыңбасы- қолбасшысы болды. Ол сахараға аңға шығып, қабылан
салып аңшылық жасауды өте ұнататын, сондай-ақ оның аңшылыққа
үйретілген қабыланы да бар еді. Содан оны жұртшылық Қапланды
бек баһадүр деген лақаб атымен атайтын.
Қапланды бек (Қабыланды) баһадүрдің әкесінің есімі бізге мәлім
емес, тек оның Қайду хан шақырған құрылтайдан (1269 ж.) екі жыл
бұрын дүниеге келгені және ол өзінің әкесі сияқты сардар болғаны
белгілі.
Ал Қапланды бек әкесінің бәйбішесінен дүниеге келгені және одан
үлкен үш әпкесі және бірнеше інілері болғаны мәлім. Сондай-ақ,
Қапланды бек баһадүр туралы көбірек мәлімет жеткенінің себебі, ол
атақты батыр әрі шебер қолбасшы болған екен. Және айтуларынша,
ол өзінің атасы Шымыр бек баһадүрға тартқан, яғни алып тұлғалы,
өте сұсты, әрі көп адамдар оған тік қарауға қаймығатын арыстандай
айбатты кісі болған. Және хандардың арасында да оның беделі аса
жоғары болғандықтан ол Сайрамға уәли етіп тағайындалған еді.
Қапланды бек баһадүр қартайған кезде оның орнына оның ұлы
уәли болды. Бірақ оның уәлилік мерзімі көпке ұзамады, яғни Ақсақ
Темір билікке келгеннен кейін оны Сайрамның уәлилігінен шеттетіп,
орнына басқа адамды тағайындапты.
Қапланды бек баhдүрдің бұл ұлының есімі бізге белгілі емес, тек
оның Аллайар есімді ұлы туралы кейбір деректер бізге жеткен. Бұл
туралы оның Мухаммад шариф (Мұхаммедшәріп) деген ұлы кейбір
деректерді жазып қалдырған екен. Яғни, Аллайар да,оның әкесі
де Қапланды бек баһадүр сияқты әскери сардар болған және оның
бірнеше ұлдары бар еді. Ал оның ұлы Мұхаммедшәріп болса, ол
дін жолын таңдапты. Содан болар оның әлемге әйгілі Алтыбармақ
және Низамуддин есімді ғұлама ұлдары да дін жолын таңдап, ұлық
әулиелердің дәрежелеріне ие болыпты.
Мұхаммедшәріптің үлкен ұлы Шоқай бек баhадүр атасы Аллайардың
қолында қалып, әскерлік өнеріне ден қойып, атақты қолбасшы
дәрежесіне жетеді. Ал Алтыбармақ пен Низамуддин әкесімен бірге
Шашқа кетіп, діни білімдерді үйренуге ден қойып, үлкен ғұламалар
және мемлекет қайраткерлері болып жетіледі. Бұл екеуі жайлы
Руқайа мамамыздың естелік жазбасында кеңінен әңгіме етілген
(Руқайа Алтыбармақтың ұлы Темірбалтаның қызы,ол жалайырға
тұрмысқа шыққан, яғни «Біздің тарих» атты кітаптың және осы
39
қолжазбаның авторы Ақтан сопы Құтбтың әжесі болады. Сондықтан,
Алтыбармақтың шежіресі Руқайа қайтыс болған соң Ақтан сопы
Құтбқа мұра бо лып қалған ).
Ал Мұхаммедшәріп бабамыздың өзі Ақсақ Темір билігінің
дәуірінде (1370 жылдан кейін) дүниеге келіпті. Ал оның ұлы
Алтыбармақ бабамыз Ақсақ Темір қайтыс болған жылы (1405 ж.)
дүниеге келген екен. Оның ағасы Шоқай одан екі жыл бұрын (1403
ж.), ал інісі Низамуддин екі жыл кейін (1407 ж.) туылған. Сондай-ақ,
Мұхаммедшәріп бабамыздың басқа да ұл-қыздары көп болған екен.
Солардың ішінен Шоқай бек бахадүр даңқты қолбасшы болып
жетіледі. Сөйтіп, ол Ақсақ Темірдің ұлы Шахрух қайтыс болғаннан
кейін, өзінің ата-бабасының тарыдай шашылып кеткен әскерлерін
атасы Шымыр бек баһадүрдің жұртына жыйнап, ретке келтіреді.
Сосын, Шахрухтің ұлы Ұлығ бек (Ұлықбек) қайтыс болған жылы
Сайрамның уәлиін биліктен тайдырып, өз билігін орнатып, қайтадан
өзі уәли болады.
Ал оның екі бауыры туралы Рұқайа анамыздан жеткен деректе
айтылуынша, Алтыбармақ бабамыз өмірінің соңғы кездерінде отанына
оралуды армандап жүрген, бірақ жасы жүзге жақындап, жол
са парына жарамайтын болып қалғандықтан арманына жете алмай,
Әлішер Науаи қайтыс болған жылдың келесі жылына, шамамен 908
(1502) жылы Хиратта (Гератта) қаза тауыпты. Сөйтіп, өзінен үш-төрт
жыл бұрын дүние салған бауыры Низамуддин жерленген мазаратқа
жерленіпті.
Низамуддин Хусайн Байқара сарайында жоғары лауазымда, яғни
Қази ал-қузат (жоғары сот төрағасы) мансабында қызмет еткен.
Туысқандарының және жақын адамдарының қазасынан соң,
Темірбалта әкесі Алтыбармақтың өсиетіне сай Шашқа (Ташкентке)
қоныс аударады. Сөйтіп, жалайыр руының тумасы Шұрқырауықұлы
Барсық деген ғұлама кісімен достасады да, оның Нәдір деген баласына
қызы Руқайаны береді,өзі сол жерде қоныстанып қалады.
Низамуддиннің ұрпақтары да Темірбалта қоныс аударған кезде,онымен
бірге Шашқа (Ташкентке) келеді. Сосын Сайрамның маңайында
қоныс танған жақын-туыстарын тауып, сол жерге барып қоныстанады.
Алланың тағдыры және қалауымен Ұлық әулиелік дәрежесіне жеткен
Шымыр Алтыбармақ бабамыздың (Алла оның қасиетті рухын қош
иісті қылсын) шарапатты шығу тегі мен оның даңқты бауырларының
бізге белгілі болғандары осы айтылған деректер.
40
Осы келтірілген деректерді талдай отырып, Шымыр бек баһадүрдың
Алтыбармақ бабамызға дейінгі ұрпақтарының ретін кестеге салып
қарайтын болсақ, келесідей шежіре тізбектеледі.
Шымыр бек баһадүр:
1.Шымыр бек баһадүрдің ұлы (есімі белгісіз) – 1267 жылы туылған;
2. Қабыланды бек баһадүр (Шымыр бек баһадүрдің немересі);
3. Қабыланды бек баһадүрдің ұлы (есімі белгісіз) (Шымыр бек
баһадүрдің шөбересі);
4. Аллайар (Шымыр бек баһадүрдің шөпшегі);
5. Мұхаммедшәріп (Шымыр бек баһадүрдің неменесі) Әмір Темір
билігінің дәуірінде (1370 жылдан кейін) дүниеге келіпті;
6. Шымыр бек баһадүрдің жүрежаттары.
Соңғы буынды талдап қарағанымызда, Алтыбармақ бабамыз
Әмір Темір қайтыс болған жылы дүниеге келгені (1405) белгілі
болады.Жоғарыда көрсетілгендей оның ағасы Шоқай одан екі жыл
бұрын(1403), ал інісі Низамуддин екі жыл кейін (1407) туылған екен.
(Қазіргі Түркестан облысының Сарыағаш ауданының солтүстікшығысында
Қапланбек атты елді мекен бар. Ол жерде 1928-
1992 жылдар аралығында дүниежүзіне белгілі жүзім мен жеміс
өндіретін «Қапланбек» атты шаруашылық болған, 1992 жылдан
бері ол «Қапланбек» өндірістік шаруа қожалығы деп аталады. Менің
пікірімше,Қапланбек елді мекенінің атауы Қабланды (Қапланды)бек
баһадүрдің атымен тікелей байланысты.Ол елді мекеннен шамамен
15 шақырым жердегі Ташкент қаласында Қабыланды бек баһадүрдің
бабасы Шымыр бек баһадүрдің кесенесі орналасқан).
Осы деректер келтірілген Ақтан сопы Құтбтың қолжазбасын
қазақшаға аударған Зәріпбай Оразбайдың айтуынша, жалайырдан
шыққан Ақтан сопы Құтб аталған еңбегін тек өзінің түп нағашысы
болатын Шымыр Алтыбармаққа арнаған. Сондықтан, қолжазбаның
авторы Алтыбармақтың жоғарыда көрсетілген ата-тегі мен олардың
бірер ұрпақтарының аттарының белгісіз болғанына аса көңіл бөле
қоймаған және тек өзінің қолында бар деректермен ғана шектелген.
Қолжазбадағы деректерге қарағанда Алтыбармақ өзінің өмірінің көп
бөлігін араб елдерінде өткізіпті, оның мәйіті қазіргі Ауғанстан жерінде
қалыпты. Алтыбармақтың туған бауырлары мен олардың кейбір ұрпақтары
да көбінесе ата жұрттан алыс жерлерде өмір сүрген екен.
Ақтан сопы Құтбтың қолжазбасында көрсетілгендей, Шымыр
бек баhадүр Шағатайдың ұрпақтарының әскерінің құрамында
41
болған дуғлат руының мыңдығына қолбасшылық еткен, Үгетай
қағанның немересі Қайду хан шақырған Талас құрылтайына (1269
жылы)Шағатайдың немересі Барақ ханмен бірге барған. Барақ хан
мен Хұлағудың ұлы Абақа ханның арасында орын алған шайхасқада
(ол оқиға хижраның 668 жылы болған,григорян жыл санауы бойынша
1270 жылы) және Барақ ханның ұлы Дуа хан мен Құбылай қағанның
арасыда болған соғысқа да қатысқан. Өмірінің соңында тек Аллаға
құлшылық етумен айналысқан,әулие атанған. Оның мәйіті Шаш
қаласының маңайында жерленген.
Аталған деректерден шығатын қортынды: Шымыр бек баhадүр
Шыңғыз ханның шөберелері Құбылай қағанға, Қайду ханға, Барақ
ханға, Абақа ханға замандас болған, яғни XIII ғасырда өмір сүрген.
Шымыр бек баhадүрдің шежіресі қазақ жұртына ежелден жақсы
белгілі. Ол жоғарыда аталған әйгілі Бәйдібектің немересі Дулаттың
кенже ұлы.
Шымыр бек баһадүрдің әулие болғаны туралы дерек бүкіл
адамзаттың қымбат жауһарларының бірінен саналатын Бекасыл
Биболатұлының «Зикзал» атты еңбегі нің 2-ші томының 117 бетінде
сақталған Бүйін дұғасы: «Мейрімді де рахымшыл Алланың атымен
(бастаймын)». «Буйи буйи дисади буйи мазар аулийа, Сырым сырым
дисади сари мазар аулийа, Шайхан Шымыр аулийа, Бір тухумдай бурун
батар аулийа, Күн батарда қарақат аулийа, Күн кузинда аулийа, Жір
жүзінде аулийа, Буйи буйи буйи чиқ, Бүйи килди қамбар чиқ, Қамбар
қилди қалма чиқ, Атқан уқдан қаттиғ чиқ, Ағин судан жітік чиқ,
Тахт Сүлейман пайғамбар дами бірлан, Манда килдум сан да чиқ,
Ала буйи жатіб атар, Қара буйи Худаниң құрти булди, Құдіратдин
фарман бұлди», Тағында отырған Сүлеймен пайғамбардың демімен
«сүф!» шық! («Зикзалда» бұл дұғаның сөздері асылмәтінде қалай
берілген болса, дәл солай оқылуы қажет деген ескерту бар).
Шымыр бек баһадүр мен оның ұрпақтары туралы бұл жаңа
мәліметтер «Шыңғыз ханда» көрсетілген деректерді растайтын
тағы бір аса құнды дәлел болып табылатыны сөзсіз. Сондықтан, мен
оларды «Ана тілі» газетінің 2022 жылы 7 шілдеде шыққан нөмірінде
«Шымыр бек баһадүр» деген тақырыппен жарияладым.
Жалпы дулат руының шығу тегі мен «Шыңғыз хан» атты кітапқа
байланысты мәліметтерді мынау телефон мен злектрондық почта
арқылы алуға болады: 8 707 518 75 24 және marzhan_x@mail.ru
42
Байсыңқұр
Шыңғыз ханның бесінші атасы
Түмбине
Шыңғыз ханның төртінші атасы
І әйелінен
ІІ әйелінен
Жақсы
Одан нұяқын мен ұрут және
маңғыт руларытарайды
Барын Шиелтоқа биші
Одан барын руы тарайды
Кашула
Одан барлас руы тарайды
Сим Кашыйын
Одан хадаркін руы тарайды
Баат Килугай
Одан будат руы тарайды
Қабыл хан
Оның балалары мен
немереле рін «қият» деп
атайды
Одыр Баян
Одан журйат руы тарайды
Боданжар
(Болшар дуқұлан
Одан дуқұлат руы тарайды)
Есутай (Отшыген
Одан бейсүт руы тарайды
Боран
Ұрым
Ердемжі
барлас
Адар
Қидай
Күліген
мерген
Бартан
баһадүр
Қараша
Шұшы
Шаурыдай
Байжу
Суғу
шешен
Науқын
Тарқытай
Жесугей
баһадүр
Бәйдібек
Мергітай
Шибай
Карашар
ноян
Хуқу
Қорыдай
Тимужин
(Шыңғыз
хан)
Жамұқа
Тілеуберді
(Жарықшақ)
Жебе
Сука бек Ежіл ноян Буражы Шұрқыдай
Еленгір
баһадүр
Берқұл
Жошы
Шағатай
Үгетай
Төле
Дулат
Тарағай
Әмір
Темір
Сиқым Жаныс Ботбай Шымыр
Қоңыр түспен боялған адамдардың атауларын «Жамиғ ат-тауарихтағы» шежіреге
«Шыңғыз хан» атты кітаптың авторы Е. Исақұлов қосқан.
Төменнен санағанда екінші қатардағы адамдардың барлығы Шыңғыз ханның
ұлдарының замандасы және немере туысы болады.
43
Дубун Баян мен оның әйелі Алан Қуа
Олардың төменде көрсетілгендей екі ұлы болған. Олар мұғул-дүрліккенге жатады. Дубун Баян жас кезінде
қайтыс болады. Оның жесір қалған әйелі Алан Қуаның пәк құрсағынан, яғни «нұрдан» пайда болған
үш ұл дүниеге келеді.
Білгентай
Бөгенатай
І әйелінен
Жақсы
Одан нұяқын,
ұрут және
маңғыт рулары
тарайды
Барын
Шиелтоқа
биші
Одан барын руы
тарайды
Кашула
Одан барлас руы
тарайды
Сим Кашыйын
Одан хадаркін
руы тарайды
Баат
Килугай
Одан будан руы
тарайды
Сиқым Жаныс Ботбай
44
Дубун Баян қайтыс болғанан кейін Алан Қуаның құрсағында
«нұрдан» пайда болған үш ұл
Бұқұн Қатақи
Одан қатаған руы тарайды
Бұқату Салжи
Одан салжуыт руы тарайды
Бодонжар
Шынғыз ханның атасы
Бұқа
Бұқатай
Дутум Манин
Нашын
Қайду хан
Байсынқұр
Тумбине хан
ІІ әйелінен
Қабыл хан
Одыр Баян
Болшар
дуқұлан
Есутай
(Отшыген)
Одан қият деген
тайпа
бастау алады
Одан журйат
руы тарайды
Одан дуқұлат (дулат)
руы тарайды
Одан бисүт руы
тарайды
Бартан баһадур
Қараша
Жесугей баһадур
Бәйдібек
Теміршың
(Шыңғыз хан)
Жамұқа
Тлеуберді (Жарықшақ)
Дулат
Шымыр Хангелді Маныс
45
Жанту Жантан Жарлықамыс Қара
Жайылмыс Байыс Өтеміс
Қожамберді Қыбырай Жамбай
Құдайберді Құдайқұл Қәдірқұл Қәдірберді
І әйелден
ІІ әйелден
Түгелбай Данай Ақтай Бақыбек
Тауасар
Құттымбет Байкөбек Құттығай Толыбай
Мырзакелді Қожакелді Ырыспанбет Тілеш
Әбді Қараман Сарыбатыр Бозбатыр
Биболат Шамат Сапақ Құттыаяқ Орақ
Байшымыр Бишымыр Бекасыл
46
Қапал Шегір (Өтеулі) Бөгежілі Оймауыт
Олжанқұл Сұлтанқұл Ақберді
ІІІ әйеліден
ІV әйеліден
Қарашәуке
Қарасопы (Әжібек)
Құдайменді Тоқпан Әлібек
І әйеліден
ІІ әйеліден
Тыныбеқ Ақбота Ақшора Өтебай Төле би Елібай
Жомарт Солтанай Тұраш Жамбай
Сапарбай
Сәрсенбай
47
48
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының
Бекасыл Биболатұлы туралы естеліктері
«Зұлмат заман келе жатыр, құл-құтан көтеріліп, ылғи жалаңаяқтар
ел басқарып, қаныңды судай шашады. «Жылан тақыр» боласыңдар.
Көмусіз адам көбейеді. Қырғын соғыс болады. Жесір көбейеді.
Соғыста ұтасыңдар. Сөйтіп, көрер көзге жарқын, бірақ іштей іріп
жатқан бір заман басталады. Көлік төрт дөңгелекті темір болады.
Аспан жол болады. Бір үй орыс, бір үй қазақ болып отырасыңдар.
Олар жерлеріңді тартып алады. Көшіремін деп əуре болмаңдар,
жетпіс жылдан соң өздері көшеді. Имандылық азаяды. Өнеге тозады,
қасиет азады. Жастар ит ішпейтін сусынға құмар болады. Еркек
үйшіл, əйел базаршыл болады. Қатын ел билейді. Қысқа етекті
көйлек киіп, есек тұяқты етікпен жүреді. Қатын жіберу көбейеді,
əйел еркекті сыйлаудан қалады. Тірі жетімдердің саны артады. Бірақ
осының бəріне ертелі-кеш Алланың бір тыйымы болады» – атақты
жұлдызшы Бекасыл əулие өмірден өтерінен аз бұрын осылай деген
екен. Көріпкелдің айтқаны келгені кəміл.
Бекасыл Биболатұлының екі томдық (жалпы көлемі 49 баспа
табақ) «Зикзал» («Жұлдызнама») атты ғибрат кітабы – халқымыздың
тəуелсіздік жылдарында тапқан асыл қазыналарының бірі. Он
тоғызыншы ғасырда қағазға түскен құнды қолжазба 2003 жылы
Бекасыл əулиенің шөбересі, Мəжіліс депутаты болған генерал
Ержан Исақұловтың қолына тигелі бері екі рет шығарылып, ғылыми
айналымға түсіп, бірнеше конференциялардың арқауы етілді. Биыл
кітаптың үшінші басылымы жарық көрмекші.
Таяуда «Егемен Қазақстан» Бекасыл əулиенің қазақ тарихындағы
алатын бөлекше орнын тағы да таныта түсетін бағалы мұраға қол
жеткізді. Құнды қолжазбаның мəтінін бізге баянауылдық мəшһүртанушы
Алтынбек Құрманов жолдаған. «Менің атам Иманғали
Мəненұлы Мəшекеңнің шəкірті болған кісі. Атамның қолында
ғұлама бабамыздың талай қазынасы бар еді. Біразы Мəшһүр Жүсіп
Көпейұлының бұған дейін жарық көрген 20 томдығында жарияланған.
Мына дүниесі ешқайда шыққан емес. Мұны мен 1987 жылы
көшіріп алған едім», дейді А.Құрманов. Бұл еңбектің осыған дейін
жарияланбағанын біздің электронды поштамен жолдауымыз арқылы
мəтінмен танысқан Мəшекеңнің шөбересі, филология ғылымдарының
докторы Нартай Жүсіпов те растап отыр. Қазақ руханиятындағы
49
алып тұлғалардың бірі Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының Оңтүстікке
сапарын баяндайтын, «Қазақ баласы оқыдым, тоқыдым десе де,
Бекасыл хазірет бола ма» деп аталған бұл еңбек Бекасыл əулиенің
қадір-қасиетін айшықты аша түседі. «Пірəдармен болған он күнімді
айтып, бүгінгі жұртқа жеткізе алам ба. Жүсіп бауырым, мына мен
пақырдың көзінің майын тауысқан Жұлдызнаманы ермек қыл деп
қолыма кітəбін ұстатты. Жеті жұрттың қамын жеп, жеті ұлттың тілімен
өрілген дүниеде не жоқ дейсің. Арабтың да, Түріктің де, Парыстың
да тілін ұғып, сөз маржаны түзілген дүние», деп жазады Мəшекең
«Зикзал» («Жұлдызнама») кітабы туралы. «Хазіреттің қара сөзі бір
төбе де, ақындығы бір төбе, құлағының тесігі, көкірегінің есігі бар
пендеге жетерлік» дегені де – үлкен сөз. Төле би туралы «данышпан
Төлеби», «дақпыртынан дала тербелген Төлеби» деп келетін, Бекасыл
əулие туралы «Бекасыл хазіретті көргенде, жол азабын ұмытып, бірге
туғанымды көргендей күйде болдым. Бұл кісінің аузынан шыққан
дүрлері, елге берген бата-тілегінің қабылдығына таң қаласың», «Миуа
ағашының көлеңкесіндей бір қауым елдің дұға дарыған асылымен қош
айтыстық» делінетін бағалары аталарымыздың асылды ардақтаған
даңқты дəстүрлерін еске салып, бүгінгі ұрпақтарына үйренерлік үздік
үлгі танытып тұр. Қысқа қайырым аңдатпаның соңында Мəшһүр
Жүсіп Көпейұлының «Ауылынан аттанарда бір жас жігітті қосып
берді», «Жас жігіт Бекасыл хазіреттің медіресесінде оқиды екен,
əңгімесін тақпақтап айтатын, ақындығы бар, зерделі екен, жолжөнекей
сахабалардан хабары мол екен. Хисса-жырларды жатқа
айтып, жүргінші елдің айызын қандырды. Иə, аты Қазанғап екен»
дегені кезінде ғұламаның қолжазбасын аманатқа алып қалып, заманы
туғанда үрім-бұтақтарына табыс еткен ақын шəкірті, «Еңсегей бойлы
Ер Есім», «Төле бидің тарихы», «Сайыпжамал сұлу» сияқты тарихи
жырлар мен дастандардың авторы Қазанғап Байболұлы екенін еске
сала кетейік. Сөз ретін пайдаланып, баспасөзге жазылым науқаны
түйінделер тұсқа жақындағанда ел газеті «Егемен Қазақстанның»
бетінде келер жылы да, Мəшекеңше айтқанда, «құлағының тесігі,
көкірегінің есігі бар пендеге жетерлік» есті сөз жүйелі жариялана
береді деп сендіре алатынымызды да қосып айтайық, қадірменді
оқыр ман. Ал енді Мəшекеңнің өзі сөйлесін.
50
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: Қазақ баласы оқыдым,
тоқыдым десе де, Бекасыл хазірет бола ма
Жиырма тоғыз жасымда, дəмтұздың жазғаны болар, Бұхарай Шəріп
бетке алып, білім-ғылымды мақсат қылып, атқа қондым. Ғайып пірден
рұқсат болғанымен, басқа түскен жақсылық пен жамандық адам
баласына бір қызық дəурен екен.
Жол-жөнекей Ұлытауда жатқан Ер Едіге, Жошыхан, Қойлыбай
бақсыларға ат басын бұрып, дұға бағыштап, жатқан жерлеріне зер
салып, сол төңіректегі елді аралап, аузы дуалы үлкендерінен үлгілі
сөз тердім.
Бетбақ даланы басып, өркеш-өркеш құмдарының арасында керіліп
жатқан керуен жолына келіп, Шуды бағдарлап, жұртқа ілесіп жол
тарттық. Ұлытаудың төрт құбыласы ел жайлаған сулы-нулы жайлау.
Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Сарысу, Атасу, Бұланты өзендері тайдай
тулап жатады. Күн соңынан аптаны ат үстінде өткізіп жүргенде,
талай əулиелерге, еңіреген ерлерге пір болған Бабай түкті Шашты
Əзіздің қорымына тоқтадық. Талайдың шөлін басқан бұлағынан
таңдайымызды жібітіп, басына түнеп аттандық. Бабай түкті Шашты
Əзіз Ұлытаудың биік жотасында мəңгілік дамыл тапқан, Ноғайлы
заманында жат жұрттықтармен елу жыл соғысып, Сарыарқаны
алған Ер Едігеге, қазақтың басын қосып, орыс пен шүршітке елдігін
танытқан Хан Абылай сықылды сырттандарға сүйенер, сыйынар пір
болыпты.
Сарыарқадағы елден сауда қылып, несібесін буып-түйіп артып
шыққан керуен Бабай түкті Шашты Əзіздің басында бір түнеп,
Түркістан шаһарын бетке алып жолға шықты. Мен сықылды салт
басты жүргендер, керуенді қорғаушылардың санын көбейтіп, соңына
ілестік. Жүргінші, жолаушылар да қарамызды ұлғайтып, ұланғайыр
əскердей шұбап, аттылы-жаяу жүріп, Əзіреті Сұлтанға маңдайымыз
тірелді. Құл Қожа Ахмет бабаның Ақсақ Темір соққызған зəулім
мазарын аралап, жер асты қылуетіне түсе берісте, ойламаған жерден
Жаныс Бекасыл хазіретке кезіктім. Жарықтық Бекасыл хазірет Ұлы
жүз Ақарыс Үйсін, Дулат, Шудың қамысындай көп Жаныстың
ішіндегі данышпан Төлебиден соң, ел тоқтаған пірəдар еді. Қазақ
орысқа қараған заманнан бері Бұхарай Шəріптегі Мір Ғарабтағы
Хасида іліміне он тоғыз бала ден қойған екен, ақылдан адасып
ірге жағалап кетпей, сол он тоғыз мүскіннің алтауы ғана аман-есен
51
қалыпты. Соның алғашқысы осы Бекасыл хазірет болса, енді біреуі
осыларды қағазға тоғытып отырған адам.
Жаратқан Алланың мейірімі шексіз емес пе, Бекасыл хазіретті
көргенде, жол азабын ұмытып, бірге туғанымды көргендей күйде
болдым. Бұл кісінің аузынан шыққан дүрлері, елге берген бататілегінің
қабылдығына таң қаласың. Тамам жұртты түгендеп
боласың ба, осындай лепесін Жаратқан қабыл қылған жандардан
неңді аяп қаласың. Бекасыл хазірет Төлебимен аталас, жақын туыс
екен. Ата-бабасына зер салсақ, Ұлы жүз Үйсіннен Албан, Дулат,
Сары Үйсін, Шапырашты, Ошақты, Ысты, Сіргелі, Жалайыр, Қаңлы,
Шанышқылы (Қатаған) тараса, Дулаттан Сиқым, Ботбай, Шымыр,
Жаныс, Хангелді, Маныс тараған деседі. Ал Жаныстан Жарлықамыс,
Шегір, Əгей, Жалманбет, Жанту, Оймауыт, Жантан туады екен.
Жантудан Жайылмас, Ақберді, Өтеміс, Жаңабай, Қуажақ, Қожаберді,
Құдайберді. Құдайбердіден Əлібек, Тоқпан, Түгелбай, Данай, Ақытай,
Бақыбек, Құдайбек тараса, Əлібектен дақпыртынан дала тербелген
Төлеби туады екен. Төлебидің бірге туған бауырлары Еліби,
Өтеби, Тыныбек, Ақбота, Шекер есімді туғандары болыпты. Қалың
Жаныс елі жаз жайлауға Шуды мекен қылса, қыс түсе Арыстың
бойын қоныс қылады екен.
Бұл ата тарату кестесін Бекасыл хазіреттің қасына еріп жүрген
Төлебидің баласы Əуезбектің немересі Қабыл деген бозбаладан сұрап
қағазға хаттадым.
Хазірет мені қасынан бір елі тастамай, өзімен ертіп жүрді. Əзірет
Сұлтанда жатқан жақсылар мен жайсаңдарға дұға бағыштап, Қарнаққа
жүріп кеттік. Хазірет жол-жөне кей жол қысқарсын деп, өзі жайында
əңгіме қылды. Жүсіп бауырым, мен əкеден жастай жетім қалдым,
əкеміз Биболат ел таныған адам екен. Қоқан хандығы пансат деген
дəреже беріп, құзырындағы елге басшы қылыпты. Абылай ханның
жұрағаттары Қасым төре мен балалары Есенгелді, Саржандарға көмек
қылдың, мініске жылқы бердің деп қудаласа керек, ақыры ажалына
солар жетіпті, деп үлкендер айтады. Бұл көрші өзбек ағайындарға
өкпем қара қазан деп, мүбəрəк жүзін мұң басты. Сол кішкене күнімнен
Құранды кеудеме ұстап, Жаратқанға жалбарынумен келем. Сайрам,
осы бара жатқан Қарнақтағы медіреселерді түгестедім, жоғымды
іздеп Тəшкен, Самарқан, Бұхарай Шəріптен бір-ақ шықтым. Мір
Ғарабтағы оқу-тоқу аздық етті, ұстаздарым ақыры (Шам) Дамашыққа
шығарып салды. Дамашықта мына Отырар, Шəуілдірдің топырағында
52
дүние есігін ашқан Əл Фараби жатыр. Өз заманында ұстаздардың
ұстазы аталған ғұламаның жазған кітəбін қолыммен ұстап, көкірегіме
тоқыдым. Бұхарай Шəріптегі Хасида ілімінің пайдасын сонда көрдім,
небір өлім аузынан аман қалдым. Кəзіргі тірлігім ата жұртым –
Арыстың бойында, баубақша егіп, адасқан елге қол ұшын беріп,
соңымыздан жұрт айтарлықтай жоғын тапсын деп Жұлдызнама
деген кітəбімді хаттап болып қалдым, баспаға шығаруды, ел қолына
жеткізуді мақсат етудемін деп көңілдегі сырын айтты.
Жылда осы уақытта Əзіреті Сұлтанда жатқандарға келіп, дұға
бағыштап қайтамын. Менімен бірге жүр, елге барып қонақ боласың.
Иесіз дүние бола ма, пірлерім де мені іздеп тапты. Солардан басқа
мына мен пақырда сүйенер қалмады. Өзің де көре жатарсың демесі
бар ма, балаша қуанып қалдым.
Бекасыл хазіреттен бір елі қалмай еріп жүрдім, Қарнақта болып, бет
алысты Арыстанбабқа бұрдық, соңынан Сайрамдағы сансыз бабтарға
тоқтап, мінəжат қып, қайта Арысты бетке ұстап жүріп кеттік. Ара
қонып, арық қазған жұртпен араласып жүргенде, Хан қорғаны деген
жерге тоқтап, ат шалдырып, Бекасыл пірəдардің əңгімесіне құлақ
түріп, қағазға хаттадым. Жарықтықтың айтуында шүбə жоқ. Осы
Хан қорғанында үш жүзге атағы жайылған Хан Абылай опасыз елдің
жасаған амалынан, күйіктен көз жұмып, Əзіреті Сұлтанға жерленіпті.
Осыншама күн, жол-жөнекей біз сықылды ғайып пірге қол тапсыр
ғандардың қарыны аша ма. Бекасыл хазірет қолына Иман шартын
ұстаса болғаны, небір сараң керуен басылар мен кірешілер
қоржындарын ашып, жолын босатпайды. Солардың уыстап берген
ақшаларын жарықтық ғаріп-мүскіндерге үлестірумен болды.
Тақсыр мұныңыз қалай дегенге, шырақтарым, осының бəрі Жаратқан
Алланың есебіндегі дүние деуші еді.
Сүйтіп жүріп, хазіреттің ауылына да жеттік, өзінің еккені бар,
бұрыннан өскені бар, ауылының маңайы қалың ағаш екен. Осы күнгі
бір қауым ел тайлы-таяғымен жүріп бау-бақша отырғызса да, дəл
Бекасыл хазірет бола алмас еді.
Пірəдармен болған он күнімді айтып, бүгінгі жұртқа жеткізе
алам ба. Жүсіп бауырым, мына мен пақырдың көзінің майын тауысқан
Жұлдызнаманы ермек қыл деп қолыма кітəбін ұстатты. Жеті
жұрттың қамын жеп, жеті ұлттың тілімен өрілген дүниеде не жоқ
дейсің. Арабтың да, Түріктің де, Парыстың да тілін ұғып сөз маржаны
түзілген дүние, хадимшесі шамалы, шағатай тілінде қағазға жазылған
53
бір ғаламат. Қол жазба əр ауруға дұғамен бекіткен, тіпті, жарқанаттың
миының екі түрлі, бірі ақ, бірі жасыл болатынын, егер де мұны пайдаланса
денеге шаш, түк шығатын қылып не болмаса шықпайтын қылады
екен. Ер мен əйелдің арасындағы ғұмырды баян еткен.
Адам баласының шашын, тырнағын жұманың ішінде қандай күнде
алатынын, əр аурудың ем шипалы дұғаларын, бедеу əйелдің құлантаза
жазылып кетуге болатынын Құрандағы сүрелермен бекітіпті. Төрт
түлік мал мен қыран бүркіттің шипасы мен бабын жазып, аятпен
бекітіп, бағыт бағдар сілтеген екен. Хазіреттің қара сөзі бір төбе де,
ақындығы бір төбе, құлағының тесігі, көкірегінің есігі бар пендеге
жетерлік. Дұға біткеннен Исм Ағзам, Қақариқұл, Дұға-и Құлқұл,
Шариғаттағы төрт пір, Дұға-и Хатм, Əсінад, Ғажайбұл Истихфар,
Рисала-и Бафəндə, Рисала-и Сартараш, Имам Жапар Садықтың
рауая ты, Рисала-и Дуруд, Дұға-и Қадах, Қадахнама, Əбжад, Əли
Қарамалланың дұғасы, елде етек алған безгек, қызылша ауруларының
бетін алатын, тауысып біте алмас дүниелер. Айдың, күннің амалы,
бір жұмадағы жеті күннің пайдасы. Əрқайсысы бірбір кітап, бəрі де
тегіс ғылым. Осы дүниенің бір қыдыруы қағазға өлеңмен жазылыпты.
Оқыған жан араб, парсыдан сөз білмесе, миына тоқуы мүмкін емес. Бір
күні Бекасыл хазірет бауырым, бұл жазбаға қосарың болса жазыңыз
дегенде уа тақсыр, менің бұл кітаптан аларым болмаса, қосарым
шамалы деп айтып едім, көзіне жас алды.
Күн бейсенбі еді. Түн ауған соң дəретіңді ал да маған еріп жүріңіз
деді. Дəретімді алып, айдың сəулесімен жағаласып, соңынан түсіп
жүріп келемін. Жасының ұлғайғаны хазіретке жүк емес. Қалың
қара ағаштың бел ортасында адам құшағы зорға жететін діңгекке
қолын тіреп ұзын бойлы ақсақал тұр. Киген киім үлгісі хиссаларда
айтылған адам ба дерсіз, жақындап барып бір тізерлеп сəлем бердік.
Бізге ұсынған қолында буын болмады. Ғақылын айтып шығарып
салды. Уа пірəдар, қасыңдағы пайғамбардың үмбетіне айт, артына
қарамасын дегенін естідім. Бойым дел-сал болып, денемнің қызуы
көтеріліп келеді. Бекасыл хазірет қалың талдың арасынан алақанын
көсіп жіберіп сыз балшықты алды да жауырыныма басты, иншалла,
жолымыз болардан басқа сөз айтпады. Үйге кірген соң, шам жағып
дұға оқыды, мен бейбақ түнгі нəпіл намазымды оқып есімді жидым.
Таң ағарып атқан соң ерікті ұйқыға бердік.
Осындай бір иелеріне кездесіп жүргенін бір баласы сезіп, əкесі
түн жарымда тұрып кеткен соң соңынан ерген екен, қалың ағаштың
54
арасымен уағадалы жерге келгенде, хазірет піріне амандасады,
ақсақал сəлемін алып, Бекасыл, осы бетіңмен үйіңе қайт, соңыңнан
балаң еріп келіпті, мен ескертіп едім ғой, өзіңнен басқа жан баласы
білмесін деп, балаң келіп қалмасын, мен тура қарасам жазым болар
деген соң, хазірет бұрылып қараса, ағаш ағашты тасалап кетіп
барады екен. Үйіне келген соң əлгі баласын шақырып алып, неге
менің соңымнан ердің деп сұрағанда, баласы жылап жіберген екен.
Айналайын, ендігəрі менің соңымнан жүруші болма, жазым боласың,
ол адам тура саған қарады ма депті. Сонда баласы əке, ол кісінің көзі
болған жоқ, мен көре алмадым, көзінің орнында аппақ жарық шам
тұрды деп айтқан екен.
Алланың нұры түскен пендесі Биболат баласы Бекасыл хазіретке
Құдай рахмет айласын. Ауылынан аттанарда бір жас жігітті қосып
берді. Қоржынның екі басына азық салып жатып, Жүсіп бауырым,
адам баласы шаңырағынан қырық қадам шықса ғаріп деген, жат жерде
жүрсің, сапарың оң болсын, біздей мүскіндерге дұға қыла жүрерсің
деп құшағын жайды.
Миуа ағашының көлеңкесіндей бір қауым елдің дұға дарыған
асылымен қош айтыстық.
Жас жігіт Бекасыл хазіреттің медіресесінде оқиды екен, əңгімесін
тақпақтап айтатын, ақындығы бар, зерделі екен, жол жөнекей сахабалардан
хабары мол екен, хисса-жырларды жатқа айтып, жүргінші
елдің айызын қандырды. Иə, аты Қазанғап екен. Біздің Орта жүзде аға
сұлтан Бəсентиін Сатыпалдының Қазанғабы сықылды, атың өшпесін
деп батамызды бердік.
Торайғыр ауылы, Баянаула ұлы ғұлама Мəшһүр Жүсіп атаның
шəкірті Иманғали Мəненұлының жинағынан 1987 жылғы 20
тамызда көшіріп алған Алтынбек ҚҰРМАНОВ.
Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» (Жұлдызнама) атты араб, парсы,
шағатай тілінде жазылған еңбегін қазақ тіліне аударған Зәріпбай
Оразбайдың Мәшһүр-Жүсіптің жоғарыда айтылған естелігіндегі
деректерге берген түсініктемесі.
Мәшһүр-Жүсіп былай дейді: «Қазақ орысқа қараған заманнан
бері Бұхар-и-Шарифтегі, «Мір-Арабтағы» «Қасида»(«Хасида») іліміне
он тоғыз бала ден қойған екен. Ақылдан адасып ірге жағалап
кетпей, сол он тоғыз міскіннің алтауы ғана аман-есен қалыпты.
Соның алғашқысы – осы Бекасыл хазірет болса, енді біреуі осыларды
қағазға тағытып (түсіріп) отырған адам (Мәшһүр-Жүсіп)».
55
Мәшһүр-Жүсіптің осы сөздерінен бірнеше мәселенің беті ашылады:
1. «Мір-Арабтағы» «Қасида» іліміне он тоғыз бала ден қойған
екен» дегеннен түсінетініміз:
а) «Мір-Араб» медресесі сол дәуірдегі ең үлкен де аса беделді
медреселердің бірі саналған;
б) Мәшһүр-Жүсіп оқыған дәуірде ол медресені қазақтың он тоғыз
баласының бітіріп, олардың бәрі «Қасида» ілімімен айналысуға
кіріс кенін аңғартады. Өйткені, тәртіп бойынша «Қасида» ілімімен
айналысуға медресені аяқтаған соң ғана рұқсат беріледі;
в) Мәшһүр-Жүсіптің: «Ақылдан адасып ірге жағалап кетпей, сол
он тоғыз міскіннің алтауы ғана аман-есен қалыпты» деген сөзінің
мағынасы – «Қасида» ілімімен айналысу үшін аса жоғары деңгейдегі
біліммен қатар, жүректілік те қажет болған, яғни «Қасида» ілімімен
айналыспақ болған адам асқан ержүрек болуы қажет. Оның себебі,
«Қасида» оқитын адам қырық күн бойы «Шілдехана қылуетінде»
«Қасида» кітабын оқудың барлық шарттарын мұқият сақтап, жалғыз
отырып оқып бітіруі (аяқтауы) шарт. Қырық күннің ішінде оған ешкім
көмектеспейді, жоламайды, жан баласымен сөйлесуге де, кездесуге
де рұхсат етілмейді. Сол қырық күн аралығында «Қасида» оқыған
адам өте көп қиыншылықтарға тап болады, ең қауіптісі – оның көзіне
түрлі қорқынышты дию-перілер көрініп, айбат шегіп, сан-алуан әдістәсілдермен
қорқытады. Міне, осындай жағдайда жүрегі нашарлар,
есі ауып, «ақылдан адасып ірге жағалап кетеді». «Қасида» ілімін
меңгеру әркімнің қолынан келе бермейтіні содан;
г) Мәшһүр-Жүсіптің: «он тоғыз міскіннің алтауы ғана аман-есен
қалыпты» деген сөзінің астарында «Қасида» ілімін меңгермек болған
он тоғыз қазақ жігітінің он үші «Қасида» оқу кезіндегі ауыр сынақтарға
шыдай алмай, ақылдарынан адасып қалғандығы, сөйтіп олардың
арасынан тек алтауы ғана «Қасида» оқуын сәтті аяқтағандығы туралы
деректі аңғарамыз;
д) «Соның алғашқысы осы Бекасыл хазірет болса, енді біреуі осыларды
қағазға тағытып отырған адам (Мәшһүр-Жүсіп)» деген сөзінің
астарынан Бекасыл әулиенің «Қасида» оқуын ең алғашқы бо лып аяқтағанын,
оның тек ғұлама ғана емес, ержүректі адам болғандығын
және ол сол дәуірде Бұхар-и-Шарифтегі медресені аяқтаған қазақ
ғұламаларының көшбасшысы болғандығын байқаймыз.
2. Мәшһүр-Жүсіптің: «Бекасыл хазіретті көргенде жол азабын
ұмытып, бірге туғанымды көргендей күйде болдым. Бұл кісінің ау-
56
зынан шыққан дүрлері, елге берген бата-тілегінің қабылдығына таң
қаласың. Тамам жұртты түгендеп боласың ба? Осындай лепесін (дұға
сөздерін) Жаратқан қабыл қылған жандардан неңді аяп қаласың» деген
сөздері – Бекасыл хазіреттің нағыз әулиелік дәрежеге жеткендігін
көрсетеді. Өйткені, тек әулиелік дәрежеге жеткен адамның ғана бата-тілегі
мен дұға сөздері қабыл болады.
3. Енді жоғарыда айтылғандай, Бекасыл хазіреттің: «Сол кішкене
күнімнен Құранды кеудеме ұстап, Жаратқанға жалбарынумен
келем. Сайрам, осы бара жатқан Қарнақтағы медреселерді түгесіп
едім. Жоғымды іздеп Тәшкен, Самарқан, Бұхар-и-Шарифтен бір-ақ
шықтым. «Мір-Арабтағы» оқу-тоқу аздық етті. Ұстаздарым ақыры
(Шам) Дамашыққа (Дамаск) шығарып салды. Дамашықта мына Отырар,
Шәуілдірдің топырағында дүние есігін ашқан Әл-Фараби жатыр.
Өз заманында ұстаздардың ұстазы аталған ғұламаның жазған кітабын
қолыммен ұстап, көкірегіме тоқыдым. Бұхар-и-Шарифтегі «Қасида»
ілімінің пайдасын сонда көрдім. Небір өлім аузынан аман қалдым»
деген сөздері бірнеше мәселенің бетін ашып береді:
а) «Сол кішкене күнімнен Құранды кеудеме ұстап» деген сөзі
– Бекасыл хазіреттің бала кезінен білімге құштарлығын, Құран
ілімі не ынтасының зор болғандығын, сол дәуірдегі Сайрамдағы,
Қарнақ тағы, Тәшкен мен Самарқандағы атақты медреселердің бәрін
аяқ тағандығын, одан кейін ең әйгілі де атақты «Мір-Араб» медресесін
бітіріп, үлкен ғұлама дәрежесіне жеткендігін көрсетеді. Сондайақ
оның: «Мір-Арабтағы» оқу-тоқу аздық етті. Ұстаздарым ақыры
(Шам) Дамашыққа шығарып салды» деген сөздері – білімін одан да
әрі көтеру үшін Дамашыққа (Сирияға) барып оқығандығын, білім
деңгейінің ұстаздарының білім деңгейіне жеткендігін, ұстаздары
сияқты өзінің де Орталық Азияның ең үлкен ғұламаларының қатарына
қосылғандығын аңғартады;
б) «Өз заманында ұстаздардың ұстазы аталған ғұламаның кітабын
қолыммен ұстап, көкірегіме тоқыдым» дегені Әл-Фарабидың мұрасын
толық игергендігін дәлелдейді.
в) «Бұхар-и-Шарифтегі» «Қасида» ілімінің пайдасын сонда көрдім.
Небір өлім аузынан аман қалдым» деген сөзі – «Қасида» ілімінің
қасиетінің зор екендігін және ол ілімді меңгеру екінің бірінің қолынан
келмейтіндігін айқындайды.
4. Бекасыл әулиенің: «Менімен бірге жүр, елге барып қонақ боласың.
Иесіз дүние бола ма, пірлерім де мені іздеп тапты. Солардан
57
басқа мына мен пақырда сүйенер қалмады. Көре жатарсың» деген
сөзінен: Бекасыл хазіреттің сопылық жолын ұстанғандығын, оның
пірі Хызр (а.с.) (Қыдыр) болғандығын, сондай-ақ Мәшһүр-Жүсіпті де
оған кездестірмек болғандығын айқындайды. Міне, бұл жағдай Бекасыл
әулие - өз дәуірінің «Құтб заман» дәрежесіне жеткен үлкен пір
болғандығын байқатады.
5. Мәшһүр-Жүсіптің: «Осыншама күн жол-жөнекей біз сықылды
Ғайып пірге қол тапсырғандардың қарыны аша ма» деген сөзі де –
оның да сопылық жолын ұстанғандығының, сондай-ақ пірінің есімі
«Ғайып пір» деп аталғандығын көрсетеді.
6. Мәшһүр-Жүсіптің: «Бекасыл хазірет қолына «Иман шартын»
ұстаса болғаны, небір сараң керуенбасылар мен кірешілер қор жындарын
ашып, жолын босатпайды. Солардың уыстап берген ақшаларын
жарықтық ғаріп, міскіндерге үлестірумен болды» деген сөзі:
а) Бекасыл хазіреттің өзі жазған «Иман шарт» деп аталатын қасиетті
кітабының да болғандығын растайды. Ол қазіргі біз білетін «Иман
шарт» кітабы емес, өйткені Мәшһүр-Жүсіптің: «қолына «Иман шартын»
ұстаса болғаны, небір сараң керуенбасылар мен кірешілер
қоржындарын ашып, жолын босатпайды» деген сөзі – ол Бекасыл
әулиенің өзі жазған кітаптің өзгеше кітап болғандығын дәлелдейді;
б) «Солардың уыстап берген ақшаларын жарықтық ғаріп, міскіндерге
үлестірумен болды» деген сөзі – Бекасыл хазіреттің тапқантаянғанын
кедейлер мен мұқтаж адамдарға үлестіріп беретін аса қолы
ашық жомарт жан – нағыз әулие болғандығын айғақтайды;
г) «Тақсыр, мұныңыз қалай дегенге: «Шырақтарым, осының бәрі
Жаратқан Алланың есебіндегі дүние» деуші еді деп жауап бергені
де – Бекасыл хазіреттің Жаратқан Аллаға шын жүрегімен берілген
нағыз әулие адам болғандығын дәлелдейді.
7. «Жүсіп бауырым, мына мен пақырың көзінің майын тауысқан
«Жұлдызнаманы» ермек қыл деп қолыма кітабын ұстатты» дегенінен
– Бекасыл хазірет өзінің бұл қолжазбасын алғашында «Жұлдызнама»
деп атағаны байқалады. Мұның себебі – қолжазбаның бас
жағындағы 56 беті жұлдыздардың бұржылары туралы мәліметтерді
жан-жақты, кең қамтиды. Бірақ, бізге жеткен қолжазба-кітабында
«Жұлдызнама» деген атау жоқ, керісінше,кітабын «Зикзал» деп, ал
мұның құрамындағы бірінші кітапты «Палнама» деп атаған, сөйтіп
ол қолжазбаның 251-бетіне дейін жалғасқан.Сондықтан «Жұлдызнама»
тақырыбы «Палнама» кітабының бір тақырыбы ретінде
58
енген және ол тек жұлдыздардың бұржыларына қатысты мәліметтер
дің тақырыптарын ғана қамтиған. Сондай-ақ «Әбжәд ілімі» де
«Палнама» кітабының бір тақырыбы болып табылады.Сөйтіп қолжазбаның
251-бетіне дейінгі түрлі «Тылсымдар», «Ізгілік дұғалары»
мен «Қайтарық дұғалары» және басқа да көптеген тақырыптар
«Палнама ілімі» құрамына жатады. Сондықтан осы тақырыптардың
барлығын бір-біріне өріп, өрнек теп, қиюластыра сөз еткенде «зикзал»
ұғымы шығады да, шығармасын «Зикзал» деп атаған.
Біз қолжазба аудармасының бірінші және екінші басылымдарын
жариялаған кезде мұндай деректер ашылған жоқ еді, сондықтан
кітаптың бірінші (2005 ж) және екінші (2011 ж) басылымдарын
«Жұлдызнама» деп атаған болатынбыз.
8. Мәшһүр-Жүсіптің: «Жеті жұрттың қамын жеп, жеті ұлттың
тілімен өрілген дүниеде не жоқ дейсің, арабтың да, түріктің де, парсының
да тілін ұғып, сөз маржаны түзілген дүние, Қадимшесі шамалы,
шағатай тілінде қағазға жазылған бір ғаламат қолжазба, әр ауруға
шипасын дұғамен бекіткен, тіпті жарғанаттың миының екі түрлі
– бірі ақ, бірі жасыл болатынын, егерде мұны пайдаланса денеге шаш,
түк шығатын қылып, не болмаса шықпайтын қылады екен. Адам баласының
шашын, тырнағын жұманың ішінде қандай күнде алатынын,
әр аурудың ем-шипалы дұғаларын, бедеу әйелдің құлан таза жазылып
кетуге болатынын Құрандағы сүрелермен бекітіпті. Төрт түлік
мал мен қыран бүркіттің шипасы мен бабын жазып, аятпен бекітіп,
бағыт-бағдар сілтеген екен» деген сөздері – Бекасыл әулиенің көп
саланың жан-жақты білгірі, әрі рухтың әрі жанның (тәннің) шипагері
болғандығын айғақтайды.
а) Мәшһүр-Жүсіптің: «Хазіреттің қарасөзі бір төбе де, ақындығы
бір төбе, құлағының тесігі, көкірегінің есігі бар пендеге жетерлік. Дұға
біткеннен «Исми ағзам», «Қаһариқұл», «Дұға-и-құлқұл» «Шариғаттағы
төрт пір», «Дұға-и-Хатим», «Әсінад», «Ғажайбұл истиғфар»,
«Рисала-и-Бәсранда», «Рисала и-сартараж», «Имам Жаббар Садықтың
руаяты», «Рисала и-дуруд», «Дұға и-Қадақ», «Қадақнама», «Әбжәд»,
«Ғали Қара молданың дұғасы» елде етек алған безгек, қызылша
ауруларының бетін алатын, тауысып біте алмас дүниелер. Айдың,
күннің амалы, бір жұмадағы жеті күннің пайдасы. Әрқайсысы бірбір
кітап, бәрі де тегіс ғылым. Осы дүниенің бір қыдыруы қағазға
өлеңмен жазылыпты. Оқыған жан араб, парсыдан сөз білмесе, миына
59
тоқуы мүмкін емес» деген сөздері – Бекасыл әулиенің асқан ғұлама
болғандығын дәлелдей түседі.
Мәшһүр-Жүсіптің: «Әрқайсысы бір-бір кітап, бәрі де тегіс ғылым»
дегені, біздің бұл қолжазба жайлыайтқан пікірлерімізді толық растайды.
9. «Осы дүниенің бір қыдыруы қағазға өлеңмен жазылыпты.
Оқыған жан араб-парсыдан сөз білмесе, миына тоқуы мүмкін емес»
дегені – Бекасыл әулиенің араб-парсы тілдерін терең білгенін, шабыты
келген сәтте сол тілдерде өлеңді еркін жаза алатын ақын да екендігін
айқындайды.
10. Мәшһүр-Жүсіптің: «Бір күні Бекасыл хазірет: «Бауырым, бұл
жазбаға қосарың болса жазыңыз дегенде: «Уа, тақсыр, менің бұл
кітаптан аларым болмаса, қосарым шамалы» деп айтып едім, көзіне
жас алды» деген сөздері –Бекасыл әулиенің Мәшһүр-Жүсіптен
шоқтығы биік болғандығын және оның игерген ілімінің де терең
екендігін жеткізіп тұр. Өйткені, Мәшһүр-Жүсіп сияқты халқымыздың
ғұлама перзенті кезінде өз ортасында өзіне тең таппай, сырласуға
кісі таппай, сырын ешкімге ұғындыра алмағандығы жайлы деректер
басылымдарда мол кездеседі. Сондықтан Мәшһүр-Жүсіп өзінің Бекасыл
әулиемен бірге болып, сырласқан аз күнгі сұхбатын қимай, арнайы
қағазға түсіріп кеткен.
11. Мәшһүр-Жүсіптің: «Қалың қараағаштың бел ортасында, адам
құшағы зорға жететін діңгекке қолын тіреп ұзын бойлы ақсақал тұр.
Киген киім үлгісі хиссаларда айтылған адам ба дерсіз, жақындап барып
бір тізерлеп сәлем бердік. Бізге ұсынған қолында буын болмады.
Ғақылын айтып шығарып салды. «Уа, пірадар, қасыңдағы Пайғамбардың
үмбетіне айт, артына қарамасын» дегенін есіттім. Бойым дел-сал
болып, денемнің қызуы көтеріліп келеді» дегендегі көріп-сәлемдескен
адамы – Хызр, яғни Қыдыр (а.с.) еді. Оның басқаларға көрінбей, қалың
қараағаштың арасында тек Бекасыл әулие мен Мәшһүр-Жүсіпке
ғана көрінгені және оң қолының буыны болмағандығы, одан соң: «қасыңдағы
Пайғамбардың үмбетіне айт, артына қарамасын деген» сөзі,
осы сөзінен кейін Мәшһүр-Жүсіптің денесінің қызуы көтеріліп кеткендігі
– ол кісінің расында Хызр (Қыдыр) (Алла Тағаланың оған ризалығы
болсын!) болғандығын дәлелдейді, және де Мәшһүр-Жүсіптің
Хызрмен (Қыдыр) амандасып, сөйлескені – оған Қыдыр дарығаны
болып табылады. Бұл оның үлкен дәрежелерге жетіп, Мәшһүр-Жүсіп
атанғанына да себеп болуы ғажап емес.
60
Сонымен, ойымызды қорыта айтсақ, Хызрмен (Қыдыр) (Алла
Тағаланың оған ризалығы болсын!) кездесіп, сөйлесу, әсіресе екінші
бір адамды ертіп барып, оны да Хызрмен (Қыдыр) (Алла Тағаланың
оған ризалығы болсын!) жолықтыру – тек «Құтб заман» дәрежесіне
жеткен әулие адамның ғана қолынан келетін аса жоғары дәрежелі
қасиет. Осыдан: «Бекасыл әулие – өз дәуірінің «Құтб заман» дәрежесіне
жеткен әулие, ғылымның көптеген салаларын жетік меңгерген көп
қырлы ғұлама, медресе ұстаған ұлы ұстаз» деп тұжырым жасауымызға
болады. Бұл ойымызды Мәшһүр-Жүсіптің: «Қазақ баласы оқыдымтоқыдым
десе де, Бекасыл хазірет болама»деген сөзі де дәлелдей
түседі. Міне, осы айтқандарымыздың бәрі – Бекасыл Биболатұлының
шынайы әулие болғандығының айғақты дәлелі.
Өкінішке орай, бұл ұлық ғұлама дүниеден өткен дәуір 70 жылдық
тоқырау дәуірімен ұштасып, Бекасыл әулие сияқты көптеген ғұла малардың
аты аталмай, керісінше шолақ саясаттың надандық топырағының
астында көміліп, атеизмнің құрбандарына айналды, көбінің
аттары ел жадынан ұмытылып та қалды. Міне, ендігі күнде сол асылдарымыздың
есімдерін қайта жаңғыртудың сәті туды, сондай-ақ бұл
біздің дәуір үшін кезек күттірмейтін әрі қарыз, әрі парыз болған міндет
тердің бірі емес, бірегейінен болып саналады. Сондықтан Бекасыл
әулиені қазақ даласынан шыққан ғұламалардың қатарына қосып,
оның дәрежесі мен алатын алтын орынын көрсетіп беру қажет. Осы
мақсатта біз қолда бар деректерге сүйене отып, қазақ даласынан
шыққан ғұламалардың қайсы салаларда еңбек еткендігін көрсететін
шағын тізбені келтірдік.
а) «Хикметтер» (Даналықтар) санаты (бағыты) бойынша: 1. Ахмет
Иасауи; 2. Мұхаммед Дәрбіш; 3. Дәруіш Әлі; 4. Иқани; 5. Сақи; 6.
Құл Тимури; 7. Халис; 8. Сүлеймен Бақырғани; 9. Шамсиддин; 10.
Бекасыл әулие.
б) «Тарих» санаты бойынша: 1. Мұхаммед Хайдар Дулат; 2. Жүсіп
Баласағұни; 3. Махмұд Қашқари; 4. Сүлеймен Бақырғани; 5. Қадырғали
Жалайыри; 6. Бекасыл әулие.
в) «Пайғамбарлар тарихы» санаты бойынша: 1. Мұхаммед ибн
Мұхаммед Шымыр би-Алты Барма; 2. Бекасыл әулие.
г) «Тәпсір және хадис» санаты бойынша: 1. Мұхаммед ибн Мұхаммед
Шымыр би-Алты Бармақ; 2. Қазы Насируддин ибн Ұмар Әл-
Байзауи; 3. Бекасыл әулие.
61
д) «Жұлдызнама» санаты бойынша: 1. Әл-Фараби; 2. Махмұд
Қашқари; 3. Бекасыл әулие.
ж) «Палнама» санаты бойынша: 1. Бекасыл әулие.
з) «Тасаууф (сопылық) ілімінің қағидалары» санаты бойынша: 1.
Ахмет Иасауи; 2. Мұхаммед ибн Мұхаммед Шымыр би-Алты Бармақ;
3. Фаридүддин Аттар Махмуди Исбинжаби; 4. Бекасыл әулие.
и) «Философия» санаты бойынша: 1. Әл-Фараби. 2. Бекасыл әулие.
к) «Медицина» санаты бойынша: 1. Әбу Насыр әл-Фараби; 2. Жүсіп
Бала сағұни; 3. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы; 4. Құртқа тәуіп, Бекасыл
әулие.
Бұл тізбеде келтірілген ғұламалардың легі үзілді-кесілді емес, яғни
тағы басқа да ғұламалар туралы деректер шықса, міндетті түрде өз
еңбектеріне қарай бұл тізбеге қосылатын болады. Алдағы уақытта
ұсынылған тізбенің санаты мен тақырыптарын екшелей келіп, пысықталып,
өзгерістер еңгізілуі мүмкін екендігін де айтқым келеді.
Бекасыл әулие
Иманғали Мәненұлынның Алтынбек Құрмановқа аманат
етіп қалдырған Мәшһүр Жүсіптің қолжазбаларының ішінен
«Жарату шының періштесі» атты тағы бір жазбасы табылған
болатын. Ендеше осы жаңадан табылған кұнды жазба туралы
айтпай кетуге болмас. Өйткені қазақ халқының ұлы ойшылы,
фольклортанушы, этнограф, тарихшы. философ, қазақ мәдениеті
мен әдебиетінің алып тұлғасы – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының
келтірген бұл деректері Бекасыл Биболатұлының шынайы
тұлғасын ашуымызға және оның мұрасын бұрынғыдан да терең
әрі кең түсінуімізге мүмкіндік береді. Сондықтан төменде Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлының «Жаратушының перштесі» деп аталған
жазбасының толық мәтінін жариялап және сол жазбаның кейбір
тұстарына түсінік беруді жөн көрдік.
Жаратушының періштесі
Сайрамды соңымызға қалдырып шыққан бетте, ат басын Арысқа
бұрдық. Өзенді жағалай арық қазып, қара жердің жұмсарған қыртысын
62
кетпен, шотпен аударып дән егіп ризық несібелерін күтіп баққан
қалың ел Сарыарқадағы жұрттай төрт түлік малдың төліне телміріп,
керек-жарағын керуеншілердің жолынан тоспай, амал қылуда.
Бекасыл хазірет атының тізгінін тартып, алақанымен маңдайын
көлеңкелеп тұрды да: «Жүсіп бауырым, мен сізге сонау Шам шаһарында
ұстаздарымнан естіген ризық дәні туралы бір әңгімені айтайын»,
– деп ықылас білдірді.
– Әттең, мұқтаж дүние-ай, қағаздың қат болғаны қапы қалдырмасы
бар ма?!
Он сегіз мың ғаламның иесі Алла Тағала, адам баласын ананың
құрсағында бір тамшы судан жаратқанда бір періштеге әмір етті:
«Мен ұлық қып, ерекше саналы ғып, топырақтан жаратқан адамның
ұрпағы анасының құрсағында жатқанда, жын-пері шолалап мүгедек,
кемтар қылып жүрмесін. Жарық дүниенің есігін ашқанша күзетіп
тұруды саған аманат қыламын» деген екен.
Айы толып, күні жеткен соң, нәрестенің анасының құрсағынан
шығатын түрі жоқ дейді. Күзетші періштеге: «Мен мына жылы да
жайлы жерден ешқайда бармаймын, жарық дүниеде не жақсылық
бар, бейнет арқалап ыстық-суыққа күйіп-тоңып, бір аяқ тағамға бола
кетпен арқалап, азапқа түскенше жатқаным артық» десе керек.
Періштенің адамға әмірі жүрмейтіні белгілі, нәрестенің дүниеге
шығатын уақыты асып кетсе, анасы да жазым болады, содан Алла
Тағалаға келген екен. Періште өз қызметін тәмам қылғанын, сосын
нәрестенің анасының құрсағынан шықпай жатып алған харекетін
баян қылады.
Сонда Алла Тағала айтқан екен: «Йа, менің ақылды періштем, өзіңе
тапсырған қызметті адал атқардың, енді пейішке бар да, одан бір
уыс дән алып, жаңағы шықпауға бел буған адамзаттың нәрестесіне
біреуін бер. Ол пейіштен келген дәннің дәмін татып көрген соң тағы
да сұрайды, сол кезде қолыңды созып, жарыққа шығуына амал қыл.
Тартынса салып қаларсын» деп айтса керек. Періште пейішке барып
Алла Тағаланың әмірін орындап, бір уыс дән алып келген соң, біреуін
нәрестенің аузына салады да, тағы да сұрағанда қолын соза беріпті.
Нәрестені осылай амалын тауып жарық дүниеге шығарған періште
уысындағы дәнді құлашы жеткен жерге дейін шашқан екен.
Кейбіреуінің періштесі палуан ба деп қаласың. Енді біреуі есігінің
алдына шаша салады ма, неменесе біреудің баласы Үрім деп Қытайда
жүр десе, енді бірі ауылдан ұзағанын естімейсің.
63
Йа, бұл періштенің пейіштен әкелген дәндері адам баласының
риздық дәні еді. Осы риздық қай уақытта, қай сағатта таусылса, адам
баласын қас-қағым сәт ұстап тұрмайды екен. Жаратушы он сегіз
мың ғаламның иесі Алла аманат жанын өзіне қайырады. Осы жүрген
пенделер бұл дүниеге жалаңаш келді, жалаңаш кетеді. Бар алғаны
тәнін жасырған бөз ғана.
Жүсіп бауырым, әлемді жаулаған Ескендір де екі қолын көтеріп
жерлеуді тапсырған екен. Қолыңда дәулет болса, жоқпен бөліс,
барға қанағат қыл, дұрысы сол. Осы күнгі жұрттан сұрасаң болғаны
тағдырыңды таразыға салады. Өзге түгелі өз туғандарына қимайды.
Бір күні сол адамның жаназасын естисің, міне, жалған дүние!
Мына тұрған Хан қорғанында дақпырт дүмпуі талайды таңқалдырған
Абылай хан дүниеден көшкенде, бір ақбас бура маңына жан жуытпай
тұрып алған екен. Ханның нөкерлері мен батыр, билерінің амалы
таусылып, аңтарылып тұрған кезде, алыстан бір адам көрінеді. Жұрт
аузындағы сөзін жиғанша әлгі адам топқа араласып, мән-жәйді біліп
болған соң бураға төніп сөйлей жөнеледі дейді. Сен осы қазақтың
бағына, маңдайына біткендерге неге жармасасың, маңына жан жуытпай
Еңсегей бойлы Ер Есімнің мүрдесін Сарыарқада, Ұлытауда
қалдыр дың. Енді міне, Аблайдың сүйегін Арыстың бойында, сарттың
қорғанында қалдырмақшысын ба, шөк патшағар, деп таяғы мен тізесінен
қағып шөгеріп, Абылай ханның сүйегін теңге салып екі аттың
арасына байлап Әзіреті Сұлтанға апарып Ақсарайдың төріне қойған
екен. Сол адам үш күн ұдайымен Абылай ханның қабірінің топырағын
құшақтап еңіреп жылаған екен. Түркістанның қожалары уа, тақсыр,
мұнша неге жылайсыз дегенде, есіл Абылай Сарыарқада жүріп-жүріп
сонда өлмей, сарттың қорғанында өлді. Енді бұл қазақтан бақ, қуат
қайтты. Хандық өзбекте – сартта қалды, соған жылап отырмын деген
екен.
Сарыарқада Абылайдың қырқына арнап ас-дұға берген соң,
әлгі адам Абылайдың қабіріне келуін қойған екен. Осы адам хан
Абылайдың көзі тірісінде шолалап һам қорғаушысы болған Бабай
Түкті Шәшті Әзіз әулие деседі. Хан қорғанында шөгеріп кеткен
ақбас бура жарықтық әулиелердің көлігі Желмая болса керек. Сонау
көнеден Әли Қарамолла, Асан қайғы, Әмір Темір, Бабай Түкті Шәшті
Әзіздерге қызмет қылған деседі.
64
Бұл дүниеде кімдер дегеніне жеткен. Сізге сонау Шам шаһарында
ұлық ұстаздардан естіп білген «Ұлсыз патша» деген хикаятты баян
қылайын деп төңірекке зер салып ұзақ қарап, тамағын кенеп қоңыр
даусымен әңгімесін бастады. Хазіретпен өткізген күндер біз секілді
жандарға енді қайтып келе ме.
(Зәріпбай Оразбайдың түсініктемесі: Осы тұста шамалы кідірте
тұрып, жазбада айтылған деректерді ой елегінен өткізіп көрсек.
Біріншіден – Бекасыл әзіреттің: «...Жүсіп бауырым, мен сізге
сонау Шам шаһарында ұстаздарымнан естіген ризық дәні туралы
бір әңгімені айтайын», – деген сөзі, оның Шам (Сирия) еліне барып
білім үйренгендігі туралы нақты мәлімет береді. Бұған қоса,
МәшһүрЖүсіптің «Қазақ баласы оқыдым,тоқыдым десе де, Бекасыл
хазірет бола ма» деген жазбасында да, оның білім үйрену үшін
Шам (Сирия) еліне барғандығы дәлдеп айтылып.Онда Бекасыл
Биболатұлы: «...Сол кішкене күнімнен Құранды кеудеме ұстап,
Жаратқанға жалбарынумен келем. Сайрам, осы бара жатқан Қарнақтағы
медреселерді түгесіп едім. Жоғымды іздеп Тәшкен, Самарқан,
Бұхарай Шәріптен бір-ақ шықтым. Мір Арабтағы оқу-тоқу аздық
етті, ұстаздарым ақыры (Шам-Сирия) Дамашыққа (Дамаск) шығарып
салды. Дамашықта (Дамаск) мына Отырар-Шәуілдірдің топырағында
дүние есігін ашқан Әл Фараби жатыр, өз заманында ұстаздардың
ұстазы атанған ғұламаның жазған кітабын қолыммен ұстап, көкірегіме
тоқыдым...» деген болатын.
Алдымен айтар болсақ, Бекасыл әзірет әңгімелеп берген бұл
хикаясында адамзат баласы үшін үлгі болатын ұшан-теңіз даналықхикметтер
бар. Әсіресе Бекасыл әзірет өмір сүрген, көпшілік жұрт
өз ауылынан ұзауға шамасы келмей жүрген қиын-қыстау дәуірде
кішкене күнінен Құранды кеудесіне басып, Жаратқанға жалбарынып
жүріп, сонау Шам еліне дейін білім іздеп, соның шарапатынан
өз заманында ұстаздардың ұстазы атанған ғұлама Әл Фарабидің
жазған кітабын қолыммен ұстап, көкірегіне тоқып, тынымсыз білім
ізденудің арқасында өзі де үлкен ғұламалық дәрежеге жеткен, сөйтіп
Хызырмен (Қыдыр) (Алланың оған сәлемі болсын!) сырласудай бақдәулетке
ие болған – асыл әулие Бекасыл әзірет туралы жаңа деректер
табылғанына қалайша қуанбаспыз?!
Екіншіден – Мәшһүр Жүсіп өзінің «Қазақ баласы оқыдым,тоқыдым
десе де, Бекасыл хазірет бола ма » деген жазбасында: «...Күн соңынан
65
аптаны ат үстінде өткізіп жүргенде, талай әулиелерге, еңіреген
ерлерге пір болған Баба Түкті Шашты Әзіздің қорымына тоқтадық.
Талайдың шөлін басқан бұлағынан таңдайымызды жібітіп, басына
түнеп аттандық. Баба Түкті Шашты Әзізді Ұлытаудың биік жотасында
мәңгілік дамыл тапқан ноғайлы заманында жат жұрттықтармен
елу жыл соғысып, Сарыарқаны алған ер Едіге, қазақтың басын қосып,
орыс пен шүршітке елдігін танытқан хан Абылай сықылды
сырт тандарға сүйенер, сиынар пір болыпты» деп дерек келтіргенін
жоғарыда айтқан болатынмыз.
Ал енді ұлы ғұламаның жаңадан табылған бұл жазбасында Бекасыл
Биболатұлы Баба Түкті Шашты Әзіз туралы деректер келтіріп, оның
хан Абылайдың көзі тірісінде шолалап 31 һәм қорғаушы әулие болғандығы
жайлы айтады. Сондай-ақ жазбада Бекасыл Биболатұлы Хан
қорғанында Абылайханның мәйітінің маңына жан жолатпай тұрған
ақбас бура туралы әңгімелеп: «...Баба Түкті Шашты Әзіз келіп шөгеріп
кеткен ақбас бура жарықтық әулиелердің көлігі – Желмая болса керек.
Сонау көнеден Әли карамалла 32 , Асан қайғы, Әмір Темір, Баба Түкті
Шашты Әзіздерге қызмет қылған деседі...» деп дерек айтқан. Осы
деректерді екшеп қарағанымызда: Баба Түкті Шашты Әзіз ер Едіге,
хан Абылай сықылды сырттандардың сүйенетін рухани-қамқоршысы
және «Бұхара мектебі» аталатын жалпы Орталық Азияның сопы
шайықтарының рухани жолбасшы-пірлерінің бірегейінен болғандығы
айқындалады. Және Абылай дәуірінде өз кейпінде келуі – оның ғайып
пірлердің бірі болғандығын көрсетеді (бұл өзалдына үлкен тақырып).
Ал әңгімеде тілге тиек етілген ақбас бура – әу баста Әзірет Әлінің
(карамаллахү уажха) Желмаясы, сосын әртүрлі дәуірлердегі әйгілі
әулиелердің, яғни ғайып пірлердің көлігі болғандығы айтылады (бұл
да өзалдына үлкен тақырып).
Сондай-ақ кейбір ауызекі деректерде айтылуынша, Бекасыл
Биболатұлы өмірінің соңғы кезінде өзінің ұрпақтарын жинап: «Мен
дүниеден өткеннен соң, мені алып кету үшін түйеге мінген бір адам
келеді, ол адамның айтқандарын орындаңдар», – деп өсиет айтады.
Расында да, Бекасыл әзірет дүниеден өткен кезде оны алып кету
үшін түйеге мінген адам келеді. Бірақ ұрпақтары әкесін жат адамның
31
Желеп-жебеп
32
Әли карамалла – Әзірет Әлі (карамаллахү уажха), яғни Әзірет Әлінің есіміне қосып
айтылатын «Алла оның жүзін кереметті, сыйлы қылсын» деген мағынаны аңғартатын сөз.
66
қолына тапсырғылары келмей, қарсылық жасайды. Сонда әлгі келген
түйедегі адам қайтып кетіп, қайта оралмайды.
Міне осы айтылғандардың бәрін салыстыра отырып,«Бекасыл әзірет
дүниеден өткен кезде оны алып кету үшін келген түйедегі адам – Баба
Түкті Шашты Әзіз әулие, ал оның мінген түйесі – жоғарыда айтылған
Әзірет Әлінің (карамаллахү уажха) ғайыптан келген Желмаясы ма
екен?! «деген ой келеді.
Және бір мән беретін жағдай, Бекасыл Биболатұлы мен Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлының Баба Түкті Шашты Әзіз туралы айтқан сөздері
ағылшын ғалымы Девин де Виис 33 келтірген мәліметтерге де сай
келеді. Ол өзінің «Исламизация и народная религия в золотой орде
– Баба Түкті и обращение в ислам в историческом и эпическом
придании» 34 атты кітабында былай деген: «...Баба Түкітінің ғажап,
әрі күшті көрінісі ХІV ғасырдағы Алтын Ордаға Исламды алып
келуші ретінде қалыптасқан. Солтүстік Кавказ ноғайлары оған ХХ
ғасырда «Исламизацияның басшысы» деп ат берген; расында оның
жетістіктеріне Орта Азиялық бірнеше халықтардың (өзбектерден
бастап қалмақтарға дейін) ислами негізін қалауды жатқызады. Оны
таңқаларлықтай көлемдегі «Орта Азиялық» ақсүйектердің (ХVІ
ғасырдағы Ноғай Ордасының билеушілерінен бастап, ХVІІ ғасырдағы
Бұхараның сопы шайықтарының) рухани ата-тегі деп атаған. Ол
түркітілдес халықтардың (ноғай, татар, башқұрт, қарақалпақ, қазақ
және өзбек) арасында басқаларға қарағанда әлдеқайда көп көлемде
мифтік баба және рухани-қамқоршы ретінде эпостық ауызекі жырларда
аталып кеткен; оған арнап кесенелер тұрғызу қандай кең өріс
алса (Астраханнан Башқұртстанға, одан Оңтүстік Қазақстанға дейін),
оны әулие деп ұлықтау да сондай кең таралымға ие болған»(Зәріпбай
Оразбайдың түсінігі аяқталды).
Енді Мәшһүр Жүсіп пен Бекасыл әзіреттің әңгімесін жоғарыда
үзіл ген жерінен қайта жалғастырамыз.
«Бұл дүниеде кімдер дегеніне жеткен. Сізге сонау Шам шаһарында
ұлық ұстаздардан естіп-білген «Ұлсыз патша» деген хикаятты баян
қылайын», – деп төңірекке зер салып ұзақ қарап, тамағын кенеп қоңыр
дауысымен әңгімесін бастады.
33
Devin DeWeese
34
Islamization and Native Religion in the Golden Horde: Baba Tükles and Conversion to Islam in
Historical and Epic Tradition
67
Хазыретпен өткізген күндер біз сықылды жандарға енді қайтып
келе ме?!».
(Зәріпбай Оразбайдың түсініктемесі: Бұл жазбадағы Бекасыл
әзіреттің: «Шам шаһарында ұлық ұстаздардан естіп-білген» деген сөзі
– оның Шам елінің ең ұлық ұстаздарынан білім алғанын айқындайды
да, содан оның өзінің де Ислам әлеміндегі ең үлкен ғұламалар
қатарына қосылғандығын дәлелдейді. Бұған қоса МәшһүрЖүсіптің:
«Хазыретпен өткізген күндер біз сықылды жандарға енді қайтып келе
ме?!» деп арман мен мұң толы жүрегінің шерін жазып, айтқандағы
лебізі – Бекасыл әзіреттің қайталанбас ұлы тұлға, білімі толы құтты
қазына, шынайы әулиелік дәрежесіне жеткен біртуар қазақтың асыл
перзенті болғанын дәлелдей түседі (Зәріпбай Оразбайдың түсінігі
аяқталды).
Сосын МәшһүрЖүсіп Бекасыл хазіреттен есіткен хикаясын хикмет
түріндегі жырға айналдырып ағыла түседі.
«Ұлсыз патша» хикаясы
Сынаптай сырғып өтер дүние жалған,
Ғылым баққан ерлерде барма арман?!
Мысырда «Ұлсыз патша» болған екен,
Бұл әңгіме хазыретілден бізге қалған.
Дін баққан Шам шаһары ғылымға бай,
Әркімді шын сыйласа сақтар құдай.
Бекасыл хазыретілер дәмін татып,
Нұр шашқан елге оралып тыным таппай.
Ер екен Хақ жолынан адаспаған,
Өзін көрсе жын-пері халас болған.
Аузынан шыққан дүрлер біздер үшін,
Бұл күні арман болды-ау алыс қалған.
Мұны жаздым мысал ғып қалам алып,
Есі бүтін ұғар-ау тағат тауып.
Жасаған амалыңды ойланбасаң,
Бармақ тістеп қаларсың жерді қауып.
68
«Ұлсыз патша» болған екен бұл жалғанда,
Ұл-қызы болмаған соң шерлі арманда.
Елінде жұмаққа тең заман екен,
Кедейі жоқ, кем-кетіксіз жаралған ба?!
Ұлық патша жинапты елін, жұртын,
Емші, бақсы, тәуібін, өңшең мықтың.
Бәріне «Амал қыл!» – деп әмір етті,
«Дәулетімді берем», – деп барлық мүлкін.
Бір шайхы және болған бұл шаһарда,
Патша оны шақыртты жиналғанда.
«Маған арнап бір дұға қылғын», – дейді,
«Дүниеде мен болдым көп арманда».
Шайхы айтты: «Бір Аллаға етсең құрбан,
Иншалла бір ұл болар сізге содан.
Онан соң ұл береді дұға қылсаң,
Патшамыз разы бол енді маған».
Ал, патша құрбан қылды семіз қойды,
Етіне дәруіштер тәмам тойды.
Бір кесе тағам беріп патшайымға,
Дұға қып шайхы сонда қолын жайды.
«Бұл патша үшін берген тағам», – дейді,
«Қошқардай бір ұл болар содан», – дейді.
Жылаған көздің жасы қабыл болып,
Жаратқан шаһзада етіп бір ұл берді.
«Дүние перзентке тең келе ме,
Жарасы жоқ-жітіктің емделеді.
Дұға оқып себепкер болдыңыз», – деп,
Шайхыға бір қисапсыз мал береді.
Патша бір күні айтады сол қажыға,
«Мінәжат қылсаңыз, – дейді, – бір Аллаға».
69
«Бір ұл тағы маған берер ме екен,
Мен үшін қол жайсаңыз бір дұғаға?!».
«Бұрын да сізге дұға қылғам», – дейді,
«Аллаға тағы керек құрбан белгі.
Дәруішке бір малды құрбан етсең,
Жарылғайды Жаратқан соған», – дейді.
Ол шайқы қылмақ болды мінәжатты,
Құрбан қылды бір үлкен семіз атты.
Патшаға тағат-тағылым пайда болып,
Ақыры бір ұл берді Алла Нұр сипатты.
Патшайымға бұл құрбан себеп болып,
Бір ұл туды айы жетіп, күні толып.
Дәруішке ұлық патша сауын айтып,
Шайхыдан дұға қылған себеп болды.
Бір күні Патша көрді сол қожаны,
«Мен үшін және қыл, – деп, – бір дұғаны.
Үшінші балам болса дүниеде», –
Деп патша Шайхы пірге жығылады.
«Анғам-Ақсан қылыңыз тағы соны,
Төрт құбылаң теңелер оң мен солы.
Уа, патшам, тағы да құрбан еткін,
Аллаға қабыл болсын бұл ойыңыз».
Мұны айтып ол шайхы қайтып кетті,
Ал патша бір қашарды құрбан етті.
Дәруіштер құрбанды жеп, бата қылып,
Патшайымға бата беріп, бәрі кетті.
Патшаға ұл береді Хақ тағалам,
Өсіпті жігіт болып сол үш бала.
Арамза боп өсіпті кенже бала,
Ең үлкені болыпты ғалым, дана.
70
Ең үлкені бек құрметті дана бопты,
Ортаншы баһадүр, Хақ батыр болды.
Кіші ұлы басбұзар, қан төгуші,
Патшаның берекесі содан кетті.
Бір күні Шайхыменен сұхбаттасты,
Патша сөзі Шайхыға қатты батты.
«Үшінші ұлдың болғаннан болмағаны,
Туғаннан тумағаны оның жақсы».
Уа, Шайхы, менің үшін дұға еттің,
Әр ісіңді қабыл еткен Құдіреттім.
Екі ұлым болса дағы жетер еді,
Үшінші тілемеген болсамшы еді».
Шайхы айтты: «Батырсам оның көзін,
Тыңдаңыз мен жазғанның мына сөзін.
Кіші ұлдың арамза болуына,
Балаңа себеп болған өзіңе-өзің.
Үлкеніңе қой бердің бек қымбатты,
Екіншіңе шығардың семіз атты.
Үшінші ұлыңа құрбан бердің,
Харамзада қашардың кесапаты.
Қойды құрбан қылғаның – қойдай жуас,
Атты құрбан қылғаның – баһадүр тас.
Қашар шалған, мінекей, кіші балаң,
Арамдығы өлгенше қала қоймас.
Жақсылық, өнеге іс істей қоймас,
Мойынын бек жақсыға бұра қоймас.
Әр нәрсе ыңғайына қайтып келер,
Арпа шашып, бидайды ора қоймас.
Осылайша Шайхы айтып оның датын,
Арамзалар көрсетер кесапатын.
71
Аналар жерігенде халал жесін, тілек тілеп,
Сақтасын арамзадан жұрағатын...
«Бисимилласыз» біткен нәсіл ұрда, жық болар,
Махаббатсыз біткен нәсіл мейірімсіз орны толар.
Сейсенбі күні біткен нәсіл сергелдең сотқар болар,
Сиыр етіне жеріген нәсіл қисық-қыңыр сор болар.
Бұхарада шәкірт болып жүргенімде,
Құлақты жақсы сөзге түргенімде.
Ғалымдар бас қосқанда сөйлеп еді,
Мен ұғып, жаздым мұны көргенімді.
Хазіреті Бекасыл Биболатұлына Алла рахмет айласын.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинауынан көшірген – Иманғали
Мәнен баласы. Ақбеттау болысы, Ақши ауылы, 1921 жыл.
Ұлы ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шәкірті Иманғали
Мәненұлы жинағынан көшірген – өлкетанушы Алтынбек
Жұматұлы Құрманов, 1987 жыл, 20 тамыз ».
Зәріпбай Оразбайдың түсініктемесі: Бұл шумақтарда баяндалған
әңгіменің мән-жайы өте анық, сондықтан олардың тілдік мағыналары
жайлы түсініктеме жасауды қажет етпейді, бір сөзбен айтқанда бәрі
түсінікті. Дегенмен, бұл шумақтардың астарында үлкен хикметтіданалық,
адамзат баласына үлгі болатын бірнеше тақырыптардағы
рухани тәрбиелік насихаттар бар. Әрине, олардың бәрі туралы бұл
кітапта әңгіме ету мүмкін емес, сондықтан мысал ретінде бір ғана
тақырыпқа қатысты қысқаша әңгіме етеміз.
Әлбетте, адамзат баласына берілетін ең ұлық нығметтің бірі –
перзент. «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген сөздің асыл
мағынасын осы хикметпен танысқан соң терең түсінгендей боласың.
Дегенмен, перзенттің де перзенті бар, яғни «әкесінің есіктегі басын
төрге сүйрейтін» немесе «әкесінің төрдегі басын көрге сүйрейтін»
перзенттер де болады. Ата-ана ізгі перзентке қандай қуанса, үмітін
ақтамаған перзенттінің теріс мінезді іс-әрекетіне қамығып, қайғымұңға
батады. Хикметте баяндалған патша сияқты: «Үшінші ұлдың
болғаннан болмағаны, туғаннан тумағаны оның жақсы» дейтіндей
жағдайға жететіндер де бар. Бірақ мұндай қасіретті жағдайлардың
орын алуына негізінен ата-ананың өздері себепші болатындықтарын
72
көпшілік біле бермейді. Мұндай жағдайдың шынайы ақиқатын
шайқының патшаға айтқан:
«Кіші ұлдың арамза болуына,
Балаңа себеп болған өзіңе-өзің.
Үлкеніңе қой бердің бек қымбатты,
Екіншіңе шығардың семіз атты.
Үшінші ұлыңа құрбан бердің,
Харамзада қашардың кесапаты», – деген сөздерінен анық аңғаруға
болады. Бұдан мәлім болғаны – перзенттің ізгі немесе жарамсыз
болып дүниеге келуіне алдымен ата-ана себепші болады. Сондықтан
ата-ананың өзі алдымен адал жеп, адал ішулері, перзенттері үшін
беретін құрбандықтары мен садағасы адал малдарынан берулері
қажет. Сонда барып ізгі, салихалы перзент дүниеге келеді.
Адамзат өмірінде осындай хикметті-даналыққа толы рухани
тәрбиенің мысалдары өте көп, бұларды екінің бірі біле бермейді. Сол
себепті мұндай жағдайларды әр дәуірдің ғұламалары мен әулиелері
қыр-сырын ашып, халықтың игілігіне ұсынып отырған. Біз осы
күндері аударма жасап, талдап отырған қолжазбаның авторы Бекасыл
әзірет те сондай ізгі жандардың бірегейі болған. Оның ұрпақтарына
мұраға қалдырған қолжазбасында адамзаттың өмірінде кездесетін
түрлі күрделі жағдайлардың шешімдерін айқындап беретін аса құнды
деректер жинақталған. Мысалыға: көп кітаптарда кездесе бермейтін
«Балаға ат қоюдың баяны», «Шаш алдырудың қағидалары жайлы»,
«Сақал тараудың баяны», «Құлақтың шыңылдағанының баяны»,
«Көзі ұшудың баяны», «Киім кигенде оқылатын дұғалар», «Киім
пішудің баяны», «Тырнақ алудың баяны», «Жаңа айды көргеннің
қағидалары», «Сәтсіз уақыттар мен сағаттар жайлы», «Сапар шегудің
баяны», «Көшіп-қону жайлы» аталатын тақырыптар және осы
сықылды басқа да бірқатар тақырыптардың қыр-сырлары ашып
көрсетіліп, қажетті мәслихаттар берілген. Әлбетте, олар жайлы біз
аударма барысында жүйелі түрде әңгімелеп баратын боламыз.
Әрине Мәшһүр Жүсіптің айтқаны сияқты «Қазақтың біртуар
пер зенті Бекасыл хазірет енді біз сықылды жандарға» қайтып келмейтіндігін
білсек те, Құдай Тағала мейірімділік етіп, оның осы
қолжазба кітабы біздерге дейін мұра болып жетіп келгеніне мыңда бір
шүкіршілік дейміз. Ендеше осы асыл мұраның қадіріне жетіп, ондағы
ашық та, астарлай айтқан өсиеттерінің мәні мен мағынасын бүгінгі
ұрпаққа өз деңгейінде жеткізіп беру біздер үшін сын да болмақ.
73
Мазмұны
Дулат руының шығу тегі 4
Олар (тулуы тұрғысынан) үлкендер болып табылатын
және бір анадан туғандар 4
Олар (тулуы тұрғысынан) кіші болып табылатын
және басқа анадан туғандар 5
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Бекасыл Биболатұлы туралы естеліктері 49
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: Қазақ баласы оқыдым,
тоқыдым десе де, Бекасыл хазірет бола ма 51
Бекасыл әулие 62
Жаратушының періштесі 62
«Ұлсыз патша» хикаясы 68
74
Дулаттардың шығу тегі.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының
Бекасыл Биболтұлы туралы естеліктері.
Ержан Исақұлов
Компьютерде терген – Ә. Байзақова