14.11.2023 Views

1Бекасыл Аулие 2023 (2) сонгы-1

Transform your PDFs into Flipbooks and boost your revenue!

Leverage SEO-optimized Flipbooks, powerful backlinks, and multimedia content to professionally showcase your products and significantly increase your reach.

Мамытбек Қалдыбайұлы

2023 ж.


ӘОЖ 821.512.122

КБЖ 84 (5Қаз)

Қ 25

Қ 25

Қалдыбайұлы Мамытбек.

БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕ. – Астана, 2023. − 432 б.

ISBN 978-601-271-822-5

Белгілі жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері

Мамытбек Қалдыбайдың «Бекасыл әулие» кітабында XIX ғасырдың екінші

жартысы мен XX ғасырдың басында Түркістан өңірінде өмір сүріп, ұлы әз

Төле биден кейін әділет, адамгершілік туын құлатпай биік ұстаған, сахара

ғұламасы атанған Бекасыл әулиенің ерлікке, ізгілікке толы іс-әрекеттері,

рухани өсу, қалыптасу, ел ағасы болу жолындағы жан дүниесі бейнеленген.

Сондай-ақ кітаптан оқырман қауым Абылай хан, әз Төле би, Қаз дауысты

Қазыбек, Әйтеке билер, Сырым, Сыпатай батыр, Бөлтірік, Жетес, Құнанбай,

Абай, Шәкәрім, тағы басқа да ұлылыларымыздың жұртқа беймәлім ісәрекет,

ойларымен де танысады.

Бұл туынды ертеректе жазылғандықтан, автор советтік қызыл

империя қаһарынан сақтанып Шәкәрімнің атын Тілеу деп өзгертіп алуға

мәжбүр болған еді. Бұл қатенің түзетіліп, шындықтың жазылуына ғалым

Мәуен Хамзин ой салды. Автордың оған айтар алғысы мол.

Шығарма тілі көркем, тартымды, сазды. Оқиғасы шежіреге, тың

деректермен әдіптелген.

ӘОЖ 821.512.122

КБЖ 84 (5Қаз)

ISBN 978-601-271-822-5 © Қалдыбайұлы М., 2023


БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕ

Асқар Алатаудың баурайы жайма-шуақ, тамыл жып тұр.

Сайрамсудың асау толқындары дамылсыз жағаға ұрады.

Қасиетті Мыңшейіт, ескі Есім хан ордасы көк майсаға бөленген.

Замананың сан ғасырлық тарихын ішіне бүккен бұл өңірді бір

сәт ой елегінен өткізген Бекасыл әулие бүгін Қарасорадағы

Жанұзақ байдың үйіне ат басын бұрғанды жөн көрді.

Малын бағып, қой, сиырын сауып, айран-сүт ішіп, күн көріп

отырған ауылдың хал-жайын бұрын нан біледі.

Мезгіл кіші бесін. Бекең қасындағы жолдасына мойнын

бұрып:

— Мына Жанұзақ байдың қасында отырғандар кімдер? —

деді.

— Беке, бұл жерде бірнеше қоңсы бар, бәрі байдың өз

ағайындары.

— Сәрсеннің баласы бар ма?

— Асылбекті айтасыз ба? Ол Жанұзақ байдың кой ын бағады.

Қолында түк жоқ, тақыр кедей. Әйтеуір Құдай бер ген

үш-төрт күшігі бар. Әкесі Сәрсеннің шұрқ тесік жаман үйінде

тұрады. Келіншегі байдың малын сауып, нәпақасын тауып

келеді.

— Шіркін, Сәрсен марқұм жақсы кісі еді-ау! Несін айтасың,

Сәрсен жәкемді сағындым, — деп күрсініп Бекасыл әулие ойға

батты.

— Дұрыс айтасыз, Сәрсен жақсы кісі еді ғой. Бірақ баласының

маңдайына дәулет бітпеген кедей. Үстіндегі киімі де

жамау-жасқау. Түнеугүні жалаң аяқ, жалаң бас кетіп бара

жатқанын көріп өзім ұял дым. Келін байғұс бір көне шекпенді

беліне орап алыпты.

— Ә, олай болса, батырым, бүгін соның үйіне қоналық.

— Ой, Беке, қалай қонамыз оның үйіне? Төсейтін киізі де

жоқ, ықтап отыратын үйі де жоқ, шұрқ тесік.

Құдай біледі, беретін тамағы да бола қоймас. Оданда анау

бай Жанұзақтың үйіне қонсақ қайтеді? Ол үйде бәрі бар.

3


— Жоқ, батыр, байдың дәмін татып жүрміз ғой. Кедейдің

үйіне де қоналық. Атасы атамыздан кем емес, түбіміз бірге

ағайын едік. Кешегі ер Сәрсеннің тұқымы еді ғой, айыбы

кедейлігі болмаса. Тамағы бар, күтімді, жақсы деп аттап

барып байдың үйіне қонғанымыз жарамас.

— Е, мақұл, Беке, айтқаныңыз болсын.

Бекасыл Бекасыл боп халыққа жаңа танылып келе жатқан

уақытында кейбір ақылсыз ағайындары:

— Бәріміз Түгелбай-Данайдың баласымыз. Мұның бізден

не артықшылығы бар? Оқуды кім оқымайды? — деп бетінен

алып, айтқанына көнбей, қарсы шығып, қадірін кетірмек те

болды. Сонда туыс ағасы Сәрсен намыстан жарылардай боп

Жанұзақ байдың әкесі Еділ ақсақалға барып, шағынған екен.

Ертесіне Еділ қария ел-жұртын жинап ап:

— Уа, ағайын, о, туыс-тумаларым, білсеңдер, Бекасыл жауға

ша батын құралың, паналайтын қорғаның емес пе? Қолда бар

алты ныңды қадірлеңдер. Әуелі мұны Түгелбай-Данай баласы

— өзіміз сыйлайық, содан кейін Бәйдібектің баласы сыйласын.

Сонда ғана мұны жалпы халық сыйлайтын болады. Сонда ғана

елге аруақ қо нады, — деп бата жасап, Бекасылдың соңынан

еруге серттескен еді. Сол күн есіне түсіп, Сәрсен ағасы, Еділ

ақсақал көз алдына елес теп, ет жүрегі елжіреп, Асылбектің

үйіне тезірек жетуге асық ты.

Қос атты қараша үйдің сыртына келіп:

— Кім бар-ау?! — деп тұра қалды. Үйінде отырған Асылбек

селк ете түсті.

— Ойпырмай, бұл кім болды екен? — деп әйелі де, өзі де

есіктен бір-ақ қарғып, сыртқа шықты. Екеуі де сәлем беріп,

аттылардың шылауына орала кетті.

— Қонақпыз. Бұл Сәрсеннің үйі ме?

— Иә, қош келіпсіздер.

Бекасыл атасын Асылбек танып қалды. Әйелі екеуі қолтығынан

сүйеп аттан түсіріп жатыр. Аман-есен айтысқан соң:

— Үйге кіріңіз, — деп есікті аша берді. Әйелі жүгіріпішке

еніп кетті де, төрде топырақ-топырақ боп жатқан құрым

киіз үстіне не төсерін білмей дағдарып тұрып қалды. Дереу

4


басындағы ак орамалын ала салды да, жайып жіберіп, құрым

киіздің үстіне төседі.

— Ата, төрлетіңіз, отырыңыз.

Бекең киімін шешіп, асықпай керегенің басына іліп, төрдегі

келіні төсеген ақ орамалға жақындап келді де, оны еңкейіп

жерден іліп алды.

— Қарағым, келін, үлкенге деген ақ ниетің ғой бұл

орамалың. Сыйлап, төсегеніңе ризамын, қарағым. Осы

құрметің де жетер, мә, қайтып басыңа тартып ала ғой. Бақдәулетті

көтеретін бала екенсің. Қызметіңе рахмет. Бүгін әдейі

ағамның үйіне қонайын деп келдім. Мейманыңмын.

— Келгеніңіз жақсы болды, ата. Сізді көргенде жүрегіміз

жарылып кете жаздады. Әуелі қорықтық. Бұл кім дедік.

Жоқ-жұтаң халымызды біліп біздің үйге қонақ келмеуші еді.

Келгеніңіз мұндай жақсы болар ма? Ал, ата, рұқсат етіңіз,

келініңіз екеуміз сыртқа баралық.

Бекасыл әулие басын изесімен екеуі тысқа шықты. Үйдің

сыртынан қараса, іші көрінеді, ішінен қараса, сырты көрінеді.

Құрым үй қырық тесік.

Далаға шығып Асылбек пен әйелі ақылдасып тұр. Не

істеген жөн? Мал дегенде жалғыз ешкісі бар. Ол лақтаған,

лағы бар. Асылбек әйеліне:

— Ойпырм-ай, жақсы болды, мына ешкінің лағын соямыз, —

деді. — Сенің басқа сақтаған тамағың бар ма еді?

— Ой, байғұс-ау, ол ешкінің лағын сойғанда не болады?

Шақырып келтіре алмайтын атамыз ғой, одан да сол ешкінің

өзін сояйық. Атамыз разы болып аттансын.

Бекасыл әулие сырттағы екеудің сөзін естіп:

— Әй, балам, келіндікі дұрыс, келіндікі дұрыс, — деді

дауыстап.

Асылбек бата алып, есік алдында ешкісін сойып жатыр. Жас

келіншек отын жағып, қазанын асып, томпаңдап жүгіріп жүр.

— Келін! — деді Бекасыл әулие өзіне шақырып, — қарағым,

келін, осы сойған ешкінің бас-сирағын үйітіп, қазанға қарын

құрышынына дейін түгел сал. Қазаның кең бе еді?

— Қазаным кең. Енем жарықтықтың көзі ғой.

5


Бекасыл әулие қасындағы атқосшысы Жанкісіге бұрылып:

— Сен қазір Жанұзақ байға бар. Мына Сәрсеннің баласы

Асылбектің үйіне келіп, Бекасыл атам қонып отыр, — деп хабар

бергін.

Атқосшысы аттанып кетісімен, Асылбекке:

— Қарағым, малыңды сойып болдың ба? — деді.

— Болдым, ата.

— Сойып болсаң, төңірегіңдегі ауылдың бәрін шақыр. Анау

Жүнісбектің, Нұрлыбайдың, Құт ты байдың ауылын да шақыр.

Бірін қалдырма.

— Ата, оның бәрі үйге сыймайды ғой, әрі тамақты қалай

жеткіземіз? Шақырғанмен олар менің үйіме келе қояр ма

екен?

— Ә, олай болса, оларға шыныңды айт. Бекасыл атам келіп

еді, менің үйімде отыр. Жалғыз ешкімді сойып, сіздерді де

тамақ ауыз тиюге шақырып келдім де.

Атқосшы Жанкісі Жанұзақ байдың үйіне барып түсті.

— О, қайдан жүрсің кештетіп?

— Қырғыз елінен келе жатыр едік, Бекасыл атам жолда қонамын

деп Сәрсеннің баласының үйіне түсті. Қазір сол үйде

қонақ болып отыр. Аруақтан аттамаймын, Сәрсен де ағайын

ғой деді.

— Ой, шын айтасың ба? Сен не айтып тұрсың өзі? Мұның

не сенің? Ол бейшараның түгі жоқ қой. Неге ескертпедің

Бекеңе? Мынау не дейді? — деп Жанұзақ бай сасқалақтай

орнынан ұшып түрегелді.

— Ау, Зүбайла, — деді іле дауыстап. — Бол, тез жи нал. Анау

Сәрсеннің баласының үйіне Бекасыл атамыз келіп түсіп отыр

дейді. Екеуміз барып, жалынып-жалбарынып ертіп келелік. Сен

барсаң, келер. Жақсы көретін келіні едің ғой.

— Бекасыл атам келмейді, — деді Жанкісі. — Сіздер үйге

шақырып әуре болмаңыздар. Ол кісі білмей түскен жоқ. Онан

да екеуіңіз үйіңіздегі көрпе-жастық, кілем, текеметтеріңізді

апарып Бекасыл атамның астына төсеңіздер. Ол кісі қазір

Асылбектің құрым киізінің үстінде отыр. Осы айтқанды істеңіздер,

әйтпесе шақырғандарыңызбен үйлеріңізге келмейді.

6


Жанұзақ «пәленше қайда, түгенше қайда» деп жігіттерін

айқалап шақырып, бәрін жинап алды.

— Бекасыл аталарың келіп, анау Сәрсеннің баласының үйіне

түсіпті дейді. Ол сорлының үйінде түгі жоқ еді. Алдына

қараса оты, артына қараса керегесі көрінеді.

— Ой, олай болса, ол кісіге барып сәлем берелік, — десті

жиналғандар.

— Ал, бәйбіше, шеш теңді. Кілем-текеметтерді алып барып

төсеп, атамызды аялап күтелік.

Бәрі жабыла кілем-көрпе, жастықты көтеріп, Асылбектің

үйіне бет алды. Алдымен Жанұзақ әйелі екеуі ішке еніп, сәлем

берді.

— О, ағатайым, балаларды ұялтып, біздің үйге түспегеніңіз

қалай?

— Жанұзақ мырза, сенің әкең, менің әкем, Сәрсеннің әкесі

бір кісінің баласы емес пе еді? Сен туған атадан, мен туған

атадан Асылбектің де әкесі туып отыр ғой. Бай деп, малы

көп, тамағым тояды деп мұның үйінен аттап кетіп, сенің үйіңе

түскенім Құдайға да, адамға да жөн болар ма екен? Сәрсеннің

баласының үйіне әдейі түстім. Менің тамағым аш емес. Ағайын

бәрің бірдейсің. Біреуіңді бар, дүниесі көп деп жақсы көріп,

біреуіңді кедей, беретін түгі жоқ деп жек көргенім дұрыс па?

Мені Құдай Бекасыл етіп жаратып еді. Осы Сәрсеннің тұқымы

жеті атасынан бері жарымай жүр. Сенің малыңды бағып,

айран-сүтіңді ішіп, күнелтіп келе жатыр. Осыған батамды

дарытайын деп түсіп отырмын, байеке.

Хабар тиген соң көрші ауылдар да дүрлігіп:

— Бекасыл әулие келіпті ғой, — деп бәрі бір-бірінен сүйінші

сұрағандай жүгірісе дабырласып жатты.

— Әй, кімнің үйіне түсіпті?

— Жанұзақтың үйіне ме?

— Жоқ, Асылбектің үйіне түсіпті. Асылбектің үйінде отыр.

— Ой, не дейді? Ол бейшараның тігерге тұяғы жоқ, тақыр

кедей емес пе? Ойбай-ау, ауылға шақырып келтіре алмайтын

кісіміз Асылбектің үйінде отыр дейді.

7


— Кәне, текемет, кілемдеріңді алып жүріңдер.

Дабырласа сөйлескен жұрт көрпе-жастығын көтеріп,

сойыс малдарын жетектеп Асылбектің үйіне ағылды. Бірі

төрге текемет, кілем төсеп, бірі керегеге шымылдық ұстап,

бәрі жабыла қимылдап жатыр.

Қант-шайды жасап, майды әкеп, тоқаш пісіріп, байдың

үлкен дастарқанын жайып, жұрт өткір көк көзді, ақ сақалы

омырауын жапқан ақ сәлделі, палуан тұлғалы ірі денелі

Бекасыл әулиені алқа қотан қоршап алды.

— Апырмай, келгеніңіз жақсы болды-ау. Жанұзақ семіз

құлын әкелдіріп сойғызды. Сырттағы үш жер ошақты елдер

қаумалай қоршап алған.

Екі-үшеуі салқын болсын деп үйдің іргесіне су сеуіп,

қалыңдап киіз, көрпеше төседі. Оған өрісте, мал соңында

жүрген жастар жайғаспақ екен. Қас қарая олар да төбе

көрсетті. Бәрі бірінен соң бірі «ассалаумағалейкум» деп

ізетпен иіле Бекасыл аталарына сәлем берді.

— О, қарақтарым, о, ерлерім, келіңдер, — деп Бекасыл әулие

әрқайсысын кезекпе-кезек құшақтап, арқаларынан қағып,

маңдайларынан сүйді.

Абыр-сабыр басылып, сәл тыныштық орнаған сәтте ірге

жақтан:

— О, асыл ата, айыпқа бұйыра көрмеңіз. Көптен бері сізге

бір сауал қойсам деп жүр едім. Рұқсат па? — деген гүрілдеген

зор дауыс естілді.

— Ой, даусыңнан айналайын, бұл қайсың? — деп Бекасыл

әулие жуан, ұзын мойнын шүғыл бұрып, дауыс шыққан жаққа

күлімдей қарады. Кәрі жүрегі лүпілдеп, ыстық қан түла бойын

шарлап кетті.

— Асыл ата, мен ғой. Жұмаш ініңіздің үйіндегі жаман немереңіз

Болатпын.

— Ой, айналайын, жігіт боп қапсың. Шүкір, шүкір! Ал, қой

сауалыңды.

— Ата, балалық шағыңыздың қалай өткенін білсем деп

едім. Мына отырған кісілерден сан рет сұрап, жарытымды жауап

ала алмадым.

8


— Сауалың орынды, балам. Бұлар менің өмірімді қайдан

білсін, үзіп-жұлып елден естігені болмаса.

— Ата, балалық шағыңыз қалай өтті?

— Айналайын, бала күндер дана күндер ғой. Есіме жақсы

салдың.

Бекасыл әулие орнынан қозғалақтап, күлімсірей, жоталы

қыр мұрынын алақанымен сипап, ақ сәлдесін түзулей, шешіле

сөйлеп кетті.

— Әкем қайтыс болғанда, мен үште, үлкен ағам Бай шымыр

он бесте, ортаншы ағам Бишымыр он екіде екен. Әкеміз аяқ

астынан төсек тартып, жатып қалады. Төртінші тәулікте

үсті-басына кап-қара, ірі жаралар шығады. Ол өте жұқпалы,

қауіпті шешек ауруының бір түрі екен. Бұрынғы қариялардың

айтуынша, шешек келді дегенше ел үдере көшіп, өлген кісісін

жерлемей, жатқан жерінде киіммен қалды рып, қаша жөнелетін

көрінеді. Айтқан жерден аулақ, ол жұқса, бүкіл ауылдың бірі

қалмай қыры лады екен. Осындай қатерге қарамай ағайынтуыс,

жекжат-жұрағат жиналып, әкемді ақ жауып, арулап

жерлепті. Ол кісі өте қайырымды болғанға ұқсайды.

— Әкеңіз қанша жасында көз жұмды?

— Отыз жеті жасында.

Ол кісі үлкен ағам Байшымырға:

— Жақсы адамда кек болмайды, жан баласына көңіл қалар

сөз айтпайды. Үлкенге де, кішіге де қолынан келгенше

қамқоршы болады. Ешкімге жамандық жасамайды. Жаман

адам кісіні қорлауға, жағымсыз сөз айтып, көңілін қалдыруға,

айналасындағыларға үстемдік етуге, біреуді біреуге айдап

сап шағыстыруға құмар. Кісі болудың жолы — тәртіпті,

әділетті болу. Түсінген адамға жасы үлкенді құрметтеу,

«ассалаумағалейкум» деп сәлем беру — үлкен тәрбие. Адамды

өле-өлгенше сыйлау керек, — деп ақыл айтады екен.

Жетідегі кезім. Немере ағайынымның екі-үш жа сар баласын

жұбатып, ойнатам. Бір күні:

— Мына сырқат шалды Қазықұрт тауы етегінде тұратын

тәуіпке жеткізіп сал. Бұл шал да саған туыс, — деп немере

ағайыным мені жұмсады.

9


Ертең ертемен күнбатысты бетке алып, жолға шықтық.

Астымда асау тор құнан. Күн қапырық. Аспанды торы ала

бұлт торлап алған. Түс ауа көлденеңдей жатқан биік қырдан

асып, бел-белес, адырлы даламен жүре бастадық.

— Осы жерде Тәуке хан қолы қалмақтармен тоғысып,

соғысқан екен, балам. Содан бұл жер Тоғыс деп аталып кеткен,

— деді сырқат шал түңғыш тілге келіп.

Межелі жерге кіші бесінде жеттік. Шай, қымыз ішіп, шөлімді

басқан соң:

— Аулыма қайтамын, — деп қиғылық салдым. Үй иесі-үлкен

ақсақалдың:

— Кеш боп кетті. Ұйықта, дем ал. Ертең ертемен қайтасың,

— дегеніне қасарысып, көнбедім.

— Қараңғы түнде атыңды да, өзіңді де қасқыр жеп кетсе

қайтесің?

— Жемейді.

Ақыры айтқанымнан қайтпаған соң, сол ауылда сауда

жасап жүрген екі жігітке мені табыстап:

— Сайрамсуға барсаңдар, мынаның ауылы Қара со раны

жанай өтесіндер. Мұны өздеріңмен ала кетің дер. Жалғыз

қорқады, адасып кетуі де мүмкін, — деді.

— Жарайды, — деп екеуі келісті.

Мен үн-түнсіз әлгі кісілердің арбасына отырып, атымды

жетекке алдым. Ілбіп келеміз. Екеуінде де үн жоқ. Ішім пыса

бастады. Қазықұрттан біраз ұзаған соң, екі жігіт кішілеу бұлақ

жағасына кеп токтады. Аттарын арбадан шегеріп, отқа қойды.

Көкмайсаға төсеніш төсеп, арба шанағынан бір қарбызды ап,

жайғасып отырып, асықпай жей бастады. Маған «кел» деген

жоқ. Екеуін де іштей жек көріп жақ тырмай отырмын.

Тор құнан арбаға байлаулы, жарап тұр. Сөздерінің нобайын

байқасам, оң қол жақта көрініп тұрған ауылға барып қонып,

ертеңіне сауда жасамақ. Қабағым түйіліп, тор құнан үстіне

қарғып міндім.

— Мен өзім жүре берем.

— Қорықпайсың ба? Біздің қасымызда жатып, аулыңа ертең

бар.

10


— Қорықпаймын.

Жолсызбен төтелей тартып, тор құнанның ба сын еркін

жібердім. Қараңғылық бірте-бірте қою ла на түсті. Ойым —

адаспау. Өзімді әжем айтқан ертегінің батырындай сезініп

келе жатқандаймын. Кенет жазғытұрым су орған жыра

кездесіп, ат қатты секіргенде, үстінен ауып түсе жаздадым.

Байқасам, ердің айылы босап кетіпті. Құнаннан жерге түссем,

қайтып мінуім қиын. Асау, ты қыр шып, бір орнында тұрмайды.

Не істеуім керек?

Енді айыл уайым болды. Ер бауырына түссе, ат үркіп,

тулайды. Үріксе, далада қалам. Ол — өлім. Балалар естісе,

мазақтап, күледі. Намыстанып барам. Ешкім жоқ па екен,

біреу-міреу кездесер ме екен деп жан-жағыма қарадым.

Ешкім көрінер емес.

Кішілеу жарқабаққа жетіп, ер ауып қалмасын деп тор

құнанның мойнынан ұстап, сырғып жерге түстім. Атымды

анандай жердегі биік сандық тастың жанына жетектеп

бардым. Тоқым біткен артқа кетіп, енді болмаса түсейін деп

тұр екен. Ерді түзеп, айылды қайта тарттым. Сандық тастың

үстіне шығып, тор құнанның мойнынан, жалынан сипап,

үзеңгіге білдірмей аяқ сап, лып етіп ерге қондым. Қуанышымда

шек жоқ. Тізгінді тарта ұстап, тор құнанды аяңға түсіріп, жанжағыма

алақтап қарай берем.

Түн қап-қараңғы. Алатау көзден біржола ғайып болған.

Ауылды шамамен бетке ұстап, төтелей тартып келем. Бір

кезде сол қол жағымнан жылтырап от көрінді. Әжемнің:

«Иесіз далада шайтан жүреді, от жағып отырады» — деген

сөзі есіме түсіп, тұла бойым мұздап сала берді. Ізінше:

— Е, қамшыммен басынан бір тартпаймын ба? — деп ойладым

да, қолымда қамшы жоғын біліп қатты састым. Қамшым

арбада қалып қойыпты.

Тор құнанды үстін-үстін тебініп, сол жак бүйір дегі отқа

әлсін-әлсін қарап қойып, жортып келем. Ол қызып алды.

Ауыздықпен алысып әл берер емес. Тізгінді тарта-тарта екі

қолымның қары талды.

11


Аспан бұлт, жұлдыздар көрінбейді. Ай жарық болса, әжем

айтқандай «басымен көк тіреп, жарты әлемді алып жатқан»

Алатау көзге алыстан шалынар еді. Тек бір-біріне ұқсас

жатаған төбелер ғана еміс-еміс өркештене қарауытады.

— Алатау көрінбейді-ау, көрінсе, адаспас едім, — деп ішімнен

өкініп, қиналып келем. Бір кезде алдымнан ит үргендей болды.

Тасарық ауылының терістігіндегі аласалау жота-қырды

танып қуанып кеттім.

Шығыс жақ арайлана бастады. Енді тор құнанның басын

еркін жібердім. Тасарықтан өтіп, қыр үстіндегі қара жолға кеп

түстім. Төменде бұралаңдап Қарасора өзені ағып жатыр.

Ауылға да жеттім-ау. Қаз-қатар тігілген үйлер арасын

аралай жарығы сөнбеген бай үйінің есігі алдына кеп тоқтадым.

Ішке енсем, үй толы жұрт.

— Ассалаумағалейкум.

— Ой, мынау қайдан жүр? Көктен түсті ме, жерден шықты

ма? — деп бай таңғалды.

— Қайдан келдің?

— Қазықұрттан.

— Жалғызсың ба?

— Жалғызбын.

— Ана шал қайда?

— Қазықұртта қалды.

— Немен келдің?

— Атпен келдім.

— Барып, атын көріңдер, — деді бай жігіттеріне. Бірі жүгіріп

кетіп, қайта келді.

— Ой, айтпаңыз, ат деген ақ көбік, қан сорпа. Тізгінін ердің

басына тартып, қаңтарып қойыпты.

— Қашан шықтың Қазықұрттан? — деді бай мұрты едірейіп.

— Кешкілік.

— Түнде қорыққан жоқсың ба?

— Жоқ. Неден қорқам, астымда ат, — деп едім, үй ішіндегілер

тегіс қарқылдап күліп жіберді.

— Басы піскен бала екен, — деп біреуі басымнан шертіп қалды.

12


— Қой енді, бұл тамақ ішсін, жатсын. Ертең сөйлесеміз.

Атын суытып қойыңдар, — деді немере ағайыным.

Той ма, шілдехана ма, әйтеуір дастарқан басындағылар

тарай қойған жоқ. Мен үйге бара төсекке құладым. Ертеңіне

түс ауа тұрыппын. Ауырып қалсам керек, басым мең-зең. Біреу

соғып тастағандай.

Немере ағайыным өзіне шақырып:

— Сонау Қазықұрттан қараңғы түнде қорықпай жалғыз

келген сен жігіт екенсің. Енді өзің апарған атаңды бірер

күннен соң өзің әкелесің, келістік пе? — деді. Мен уәдемді

бердім.

Мен өзімді мақтағанға көтеріліп қалдым.

Ас әзір боп, жұрт қол жусын деген хабар жетті.

Отырғандардың бәрі тысқа шығып, дәрет алып, іргеге

төселген кілем үстіне жайнамаз жайып, қатарласа тұрып,

намаз оқыды. Бекасыл әулие қайта төрге жайғасқан соң

алдына келген басқа бата жасады. Өзі алдымен құйқадан

дәм татқан соң, бір құлағын кесіп:

— Әй, айналайын, Болатым, қайдасың? — деп іргеден қол

созған Болатқа, екінші құлақты Асылбектің кенже ұлына

ұсынды.

— Енді өзің иелік ет, інім, — деп басты Жанұзаққа ұзатты.

Ет желініп, сорпа ішіліп болған соң:

— Әңгіме аяқталмай қалған еді, аяқтайын, — деп Бекасыл

әулие сөз тізгінін қайта қолына алды. — Бала кезімде топырақты

төбешік-төбешік етіп үйіп:

— Мынау Арыстанбаб әулие, мынау Ыбырайым ата әулие, —

деп әулиелердің атын атап, ойнайды екем.

Бекасыл қарт өзінше мәз бола, біраз күліп алды.

— Біздің ата қонысымыз осы Қарасора еді. Осында

жұрт күзем ап, киіз басатын. Тары қайнатып, қысқа азық

дайындайтын. Жүн жіптен тоқыған қаптарына кемінде он пұт

астық еркін сыйып кететін. Бәрі көз алдымда, тіпті, кесіртке,

шегірткелеріне, бұзаубас, қарақұрт, бүйісіне дейін көз

алдымда. Мен солардың арасында өстім.

13


Қара суық түскенде ауылымыз қыстауға көшетін.

Қыстауымыз Жергентал деген жерде еді. Наурыздың 22-сі

болғанда Ақсудың ар жағындағы Масаттың Маматас деген

жеріне қоныс аударатынбыз. Оның терең сайларының іші

жылы болатын. Осында тас қабақ, қайратты жігіттер ұйқы,

күлкіден безіп, төл алатын. Төл алу әбден аяқталғанда,

Қорғантас жайлауына көшетінбіз. Ол жердің шөбі желініп

болысымен, Қоңыртөбеге жылжитынбыз. Одан Семізсазға,

Ұларға ауысатынбыз. Бір жерде он күннен артық отырмаушы

едік. Көшкен жайлау шөбі мал түяғына көп тапталмай, тез

көтерілсін, қайта айналып келгенімізше жайқалып өсіп тұрсын

деп ылғи көшіп-конумен болатынбыз.

Бағлан пісіп, ұнның ішіндегі сары қазылар қазанға түсіп,

жұрт бірін-бірі қымыз мұрындыққа шақыратын. Мен секілді

жетімектер қойдың шетінде жүретін. Түнде қотанның төрінде

киіз төсеп, шоқпыт жамылып жататын. Таң сарғайғаннан

қойлар ыңы ранып, манырап жүре бастайтын.

Шөпке тұнған шықты жалаңаяқ кешіп, қой соңы нан үнсіз

ілесеміз. Табанымыз күс-күс. Біз секілді жетімді қорғап,

сақтаушы бір Алланың өзі ғой.

Тарыдан ұрлап, майынан айырылған айранды торсыққа

құйып, арқалап кетеміз. Қой жайылып бара жатады.

Итмұрыннан өтеді. Тозактың бірінші есігі тәрізді тікенек

тізеңнен тырнап, есіңді шығарады.

Қой өз өрісін біледі, итмұрыннан кейін арша де ген бәле

кездеседі. Оның ара-арасынан, жуа, бетеге астынан бір қойды

қалдырмай айдап шығуың керек. Бір қой жоғалса, күн жоқ.

Бұл — екінші тозақ.

Бұлардан өткен соң қалың қарағай кездеседі. Қойлар

маңырап мәз. Бір қойдың даусы екінші қойдың даусына ұқсамайды.

Бірі жіңішке, бірі жуан дегендей бүкіл дауыстың бәрі

бар, тұнып тұрған әсем саз. Ешкінің маңырағаны тіпті бөлек.

Таң атқаннан күн батқанға дейін керемет күй тыңдаумен

боламыз.

Қой қалың шөпке кірген кезде, нағыз жұмақ басталады.

Шөпті бырт-бырт үзіп жеп, бас көтермей рахатқа батады.

14


Өңшең жетімек балалар оңашалау жасыл дөңнің басына

шығамыз. Шұрқырап сөйлесе бастаймыз.

— Әй, сенде не бар?

— Талқан бар.

— Сенде ше?

— Менде шалап.

Бәріміз жиналамыз. Ұлы сәскеде қойлар тойып, бір-бірін

көлеңкелеп, тұрып қалады. Біз де тынығамыз. Қойлардың

кейбірін ұстап, сауамыз. Қалақ тасты қыздырып, бақырдағы

сүтке тастап кеп жібергенде қойдың сүті бүлк-бүлк қайнайды.

Оған тары қосамыз. Мұны үлкендер қорықтық дейді. Мұндай

тамақ әлемде жоқ. Оған тойып ап, алқа қотан отырамыз.

Кішкентай ғана қойшы қара шал — Елемес ата әңгіме

бастайды.

— Қожанасыр бабаларың алыс жолдан шаршап келе жатыпты.

Қарны ашқан соң қоржынына қол жүгіртіп, талқаннан

аузына салайын десе, сумаңдаған жел ұшырып әкете беріпті.

Осы жай бірнеше рет қай таланған соң, ыза болған Қожекең

есегінен жерге қарғып түсіп, қоржынының аузын шалкайта

ашып, талқанды будақтата шашып тұрып:

— Көршісінің асына көз салған көргенсіз неме! Алал асымды

бұйыртпадың, мә, бүйірің шығып семірсең, сен-ақ жей ғой, —

депті.

Біз мәз боп сықылықтап күлеміз. Бізді біраз көңілдендіріп

алған соң:

— Сендерге енді өз Төле би бабаларыңның термесін айтып

берейін, — деп Елемес ата ақ таяғын дом быра қып, көзін жұма

теңселіп, әндете жөнелетін. Қорықтыққа сылқия тойып алған

біз кірпік қақпай, дем алмай, жүрегімізбен тыңдаймыз. Даусы

жұмсақ, жұпар дауыс.

— Ата-ананың кадірін,

Балалы болсаң, білерсің.

Ақ дененің қадірін,

Жаралы болсаң, білерсің.

Бостандықтың қадірін,

15


Жазалы болсаң, білерсің.

Денсаулықтың қадірін

Ауырғанда білерсің.

Дәулетіңнің қадірін,

Мал кеткенде, білерсің.

Тіршіліктің қадірін,

Жан кеткенде, білерсің.

Аңдып жүрген дұшпанды

Дәл жеткенде білерсің.

Кедейлік деген — қиын іс,

Қайнатып құйған желімдей.

Михнаты көп болар,

Қаңтардың соққан желіндей.

Аты аталмаған жігіттен

Аты аталған дөң артық.

Пайдасы жоқ байлықтан

Сұлу кедей көп артық.

Іш киімің жыртық болса,

Жалаң бұттың өзі артық.

Малды болып би болсаң,

Жүн кисең де түлкі етеді.

Кедей болып би болсаң,

Түлкі кисең де, күлкі етеді.

Алған жарың жақсы болса,

Аз нәрсеңді көп етеді.

Алған жарың жаман болса,

Алтыныңды шөп етеді.

Термені аяқтасымен қолыңдағы таяғын бірімізге ұсынып:

— Ал енді сен айт, қарағым, — деп салмақ салатын. Анау

көңілінен шықпаса:

— Өй, сен өзі ақпа құлақ екенсің ғой, — деп ренжитін.

Салмақты көбіне маған салушы еді. Мен ол кісінің айтқандарын

тез жаттап алатынмын.

16


Тағы бір қызығы — Елемес ата аулымызға ақын-жыршы

келсе, бірімізді қалдырмай ертіп баратын.

— Ата, ертең ерте қой өрерде ұйықтап қап, байдың таяғын

жеп жүрерміз, — деп қауіп ойлаған бізге.

— Қорықпаңдар, балалар, ұйқыдан өзім оятып алам, —

дейтін. Біз ақын-жыршының жырын бай үйінің сыртында

отырып тыңдайтынбыз. Ертесіне түсте, қойлар жусағанда,

Елемес ата бізді ұйықтатып, отарды ат үстінде жалғыз

өзі қарайтын. Біздің Құдайдан кейінгі қамқоршымыз осы

кішкентай ғана қара шал еді.

Ол кезде білмеппіз, ол кісі үй-жайсыз, бала-шағасыз екен.

Оны кейін біліп, қатты аядык.

Елемес атаның Асанқайғы, Аяз би, Жиренше шешен, Алдар

көсе, Бәйдібек баба, Қарашаш, Домалақ ана, Қыз Жібек,

Қобыланды батыр, әз Төле, Қаздауысты Қазыбек, Әйтеке

билер, тағы басқалары туралы айтқан әңгімелері, ертегі,

дастандары әлі күнге есімнен шыққан емес.

Бірде бізге Елемес ата Бақ, Ақыл, Дәулет үшеуінің таласын

айтып берді. Біз әдеттегідей демімізді ішімізге тартып, тырп

етпей тыңдадық.

Ақыл:

— Адамның басына мен қонбасам, Бақ пен Дәулет, сендердің

өмірің қысқа болады, — деді.

— Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін деп тілемей

ме халық? Мен қонбасам, Ақыл сен не бітіресің? Дәулет,

сен не тындырасың? Тозған шүберектей ыдырап таусылмайсыңдар

ма? — деді Бақ күліп.

— Ей, Ақыл, ей, Бақ, мен қонбасам, ішсең тамаққа, кисең

киімге жарымай бейшара боп өтпейсіндер ме? — деді.Дәулет

шірене бәлсініп.

— Біздің таласымызды өмірдің өзі шешсін. Сен екеуің бір

жетім баланың басына қоныңдар. Егер оны мұратына жеткізе

алсаңдар, мен сендерге бас иіп, бағынам, — деді Ақыл.

Бақ пен Дәулет қой бағып жүрген жетім баланың басына

барып қонды. Бейшараның қой қайырып лақтырып жүрген

тасының бәрі алтын боп кетті.

17


Қасынан өтіп бара жатқан керуен басы күнге шағылысып,

жарқ-жүрқ еткен алтынды байқап, серіктеріне білдірмей:

— Сендер жүре беріңдер, түйем мамырлап қалды. Арттарыңнан

қуып жетем, — деп кейіндей берді. Керуеншілер ұзап

кеткеннен кейін қойшы баланы қасына шақырып ап, аты-жөнін,

кімнің қойын бағып жүргенін сұрады. Бар жайға қаныққан соң,

баланы бас сап құшақтап сүйіп, жылап:

— Сен менің туған інімсің. Көшкен кезде кебежеден түсіп

қалғансың. Содан ұшты-күйлі жоғалғансың. Сені таба алмай

әке-шешеміздің аңырап жылағаны да есте. Сенің біздің тұқымымыз

екеніңді мына көзің, түрің, маңдайың, қасың, шашыңбәрі

айтып тұрған жоқ па? — деп қойды иесіне әкеп тапсырып:

— Мынау менің інім, — деп былай алып шығып, алтындарды

түгел қаптап, түйесіне артты. Көктен сұрағанын Құдай жерден

беріп, қуанып үйіне келді. Бала шолжақтап, еркелеп, еркін өсіп,

жігіт болды.

— Аға! — деді бір күні.

— Ау, не айтпақсың, айналайын?

— Маған қатын алып бер, аға?

— Кімді алып берейін, айналайын?

— Ханның қызын алып бер.

Алтын жетеді. Ағасы аямай төгіп жіберіп, ханға барып,

қызына құда түсті. Алтыны құрғыр кімді балқытпайды? Хан

қызын беретін болды. Ұзаққа созбай, жасауын әзірлеп, қырық

күн тойын жасап, қызын ұзатты.

Күйеу бала етігін де, белін де шешпей өзінің отауындағы

төсекте шалқасынан жатыр. Жеңгелері ішке ханның қызын

алып кірді. Тысқа шығып, шаш сипар, көрпе қимылдатар

аламыз деп үміттеніп, тосып тұрғанда, жатқан жігіт ханның

қызы қалыңдығына:

— Әй, сілейіп неге тұрсын? Етігімді шеш. — деді бұйырып.

Әлгіндей дөрекі сөзді туғалы естімеген, білмеген, он екіде

бір гүлі ашылмаған қыз қатты қысылып, есалаңның даусынан

сескеніп, сол аяғының етігін шешуге кірісті. Қонышынан тарта

бергенде жігіт:

18


— Әй, аяғымды сындырдың ғой! — деп оң аяғымен дәл

аузынан теуіп кеп жіберді. Қыздың екі күрек тісі ұшып түсті.

Омырауын қан жауып кетті.

Қыздың шыр еткен катты даусын естіген жеңгелер жүгіріп

ішке енгенде қып-қызыл қанға боянып, естен танып жатқан

қызды көріп, жан дауыстары шыкты.

Бұл оқиғаны хан естіп, сөзге келмей: — Жігітті дарға

асыңдар! — деп жендеттеріне бұйрық берді. Олар есалаң ның

аяқ-қолын жерге тигізбей сүйреп, дарға ала жөнелді.

Хан жарлығын бүкіл халық естіп, көруге құмарланды. Жұрт

құмырсқаша құжынап, дар алаңына сыймай кетті. Жігіттің

мойнына арқан салып, асқалы даярланып жаткан кезде Ақыл

Бақ пен Дәулетке:

— Міне, көрдіңдер ғой, сорлы жетімлі сорлаттыңдар. Мұны

енді екеуің ажалдан құтқара аласыңдар ма? Жоқ, құтқара

алмайсыңдар. Хан енді еш нәрсеге бұрылмайды. Сендерден

алтын да алмайды. Қаһарына мінді, енді мұны дарға аспай

тоқтамайды, — деді кейіп.

Бақ пен Дәулет:

— Сен бұл бейшараны ажалдан құтқарар ма едің? — деді.

— Егер құтқарар болсаң, біз саған мәңгі бақи бағынып, табынып

өтер едік.

— Ендеше мен құтқарам, — деді де Ақыл жігіттің басына

қонды. Жендеттер арқанды мойнына тастап жіберіп, дарға

асуға енді ыңғайланғанда «жынды» күйеу балаға тіл бітті.

— Дат! Оу, менің өрескел әрекетімнің себебін хан ием неге

сұрамайды? Себепсіз гүл солмайды, көл тартылмайды, адам

өлмейді. Бәрінің себебі бар емес пе? Себебін сұрамай, істің аққарасына

жетпей дарға асуға бұйрық берген ханда қандай

ақыл бар? Бізді ол қалай басқарып отыр? — деді.

Жендеттердің бастығы іркіліп қалып, естігендерін ханға

жеткізді. Хан:

— Жарайды, себебін сұрайын, асуға үлгереміз ғой. Алдыма

алып кел, — деді.

Хан алдына келісімен жетім бала сөйлеп кетті.

19


— Тақсыр, хан ием, мен төсекте жатқанда қайғы-қасіретімнің

шегі болмай, қалың ой құшағында жатқан едім. Ойпырмай,

мен жар сүймедім тас сүйдім-ау деп назаланғаным рас.

Алтын дегеніміз құрғыр тас қой. Ағатайым алтынды төгіп

жібергеннен кейін сіз жалғыз қызыңызды маған беруге

көндіңіз. Менің кім екенімді білген жоқсыз, білгіңіз де келмеді.

Міне, осы дерт мені қайғы-қасіретке шомылдырып қойды.

Қызыңызды алып келгеннен кейін көрсем, араммен ауызданған

екен. Ойпырмай, қаны жоқ, жаны жоқ тас сүю былай тұрсын,

араммен ауызданған ернінен қалай сүйем дедім де, арам

қанын ағызып жіберейін деп екі күрек тісін теуіп сындырған

себебім сол. Алдияр тақсыр, өзіңіз білесіз, менде алтын мол.

Екі тіс түгілі отыз тісін түгел алтындауға құдыретім жете ді.

Бейбастық әрекетімнің бар сыры осы, енді қылша мойным

талша, дарға аса беріңіз. Қолмен істегенді мойынмен көтерем.

Хан қалың ойға еніп, әйелін шақыртты.

— Біздің қызымыздың араммен ауызданғаны қалай?

Ханша жылап отырып шынын айтты.

— Мұның алдында бір ұл, бір қызыңыз туа салып шетінеп

кетті ғой. Содан аузым күйген басым бір үлкен балгерге бал

аштырдым.

— Мына туатын балам дүниеге аман-есен келе ме? Келсе,

жасы ұзақ бола ма? Әлде бұл да туа салып, бізді жылатыпеңіретіп

тастап кете ме? — деп сұрадым.

Балшы балын ашып отырып:

— Перзентіңіз дүниеге аман-есен келеді. Жасы ұзақ болсын

десеңіз, арамның сүтімен ауыздандырыңыз, — деді.

Мен босанған күні бір ит күшіктеген еді. Күшіктері енесін

еміп жатқанда, менің адамдарым әлгі итті сауып, сүтін алып

келді.

Қызымды сол сүтпен ауыздандырдым. Шындығы осы.

Хан:

— Ойпырмау, мына жігіт дана ғой. Жақсы болса күйеу балаң

өз балаңнан кем емес деген. Бұл ұлым екен ғой. Менің

ырзық-нәсібем таусылған күні тақ иесі осы болады. Мұндай

20


дана жігіт халқыма тек бақыт, дәулет, қой үстіне бозторғай

жұмыртқалаған заман әкеледі, — деп хан оны ажалдан

құтқарып, бауырына басты.

Елемес ата әңгімесін аяқтасымен:

— Айтыңызшы, мен қайтсем ақылды болам? — дедім есім

кете елтіп.

— Ақылды болу ана сүтінен, одан кейін ілім-білім үйренгеннен,

— деді Елемес ата. — Айттың не, айтпадың не, сен

жаратылысыңнан зерексің. Өкініштісі — ілім-білім үйренуге

жағдайын жоқ.

Күні бойы ойланумен жүрдім. Жергентал өзені жағасына

қойымды иіріп, қисайып жатсам, көзім ілініп кетіпті. Көп шұбар

жылан тіземе дейін шығып, айқасып жатыр. Үлкен, жуан біреуі

беліме оралыпты.

— Ойпырмай, енді мені шағып өлтіреді-ау, — деп қол жуатын

шылапшынға ептеп аяғымның ұшын тигізген ем, тұла-бойым

мұздап, жылан біткен денемнен сусып, жерге түсті. Шошып

оянсам, түсім екен.

Ентіге жүгіріп, қарсы беткей етегіндегі Елемес атама

бардым.

— Ой, қорықпа, балам, түсің жақсы, Құдай қаласа атақты,

дәулетті адам болады екенсің, — деп дүға оқып, бетін сипап,

маңдайымнан сүйді.

— Ата, өткен жолы базаршыларға ілесіп, ылдидағы Қарамұрт

қыстағына барғанымда медреседе оқып жатқан бір

топ баланы көріп, мен де солардай шәкірт болсам шіркін деп

армандап едім.

— Қарағым, арманың арман-ақ қой, амал нешік. Мұны екі

ағаңа айтып көрдің бе?

— Айтып көрдім, ата. Олар менің медреседе оқуыма ықылассыз.

— Е, ендеше менің қосар ақылым жоқ.

Көпке дейін өзіммен өзім арпалысып, томаға-тұйық жүрдім.

Мезгіл ұлы сәске. Алақан деген ишан аулымызға келді. Ол

кісінің жылда осылай ауылымызды бір рет аралайтын әдеті

екен.

21


Кішілеу қия етегінде қой бағып жүргем. Соңында зікір

салған бір топ диуанасы бар Алақан ишан жанымнан өтіп

бара жатты. Ақ киім киген, ақ ат мінген ол кісіге мен ұзақ,

қызыға қарадым.

Іле-шала бір отардай қой айдаған топ көрінді. Жүгіріп

алдарынан шықтым.

— Ассалаумағалейкум, аталар, жол болсын?

— Әлей болсын. Біз Алақан ишанның мүридтері едік. Мынау

сол кісіге апара жатқан қойымыз.

— Онда сәл бөгеле тұрыңыздаршы? Сіздерге ұқсап, мен

де мүрид болайын. Жіті қимылдап, отарымнан екі қойды ұстап

ап, әлгілерге беріп жібердім.

Кешке анам, үлкен жеңгем қойды көгендеп сауды. Үлкен

жеңгем малға сондай қырағы еді.

— Ене, қоңыр ісек пен ақ тұсақ жоқ, — деді бір кезде.

— Адасып, жүрген шығар, — деп анам оның сөзін онша елемеді.

Екі қойдың жоғалғанын екі ағам да естіді.

— Апа, мына тентегіңді арқасы бар, тимеңдер деп шырылдап,

асты-үстіне түсіп, қорғай беруші едің. Енді қайтер екенсің?

Екі қой жоқ.

— Жоқ болса, жоғалсын. Мал табылады.

Екі ағам маған алара қарап, анамның көзінше ештеңе

демеді. Оңаша қалған сәтімді аңдып, мені ортаға алды.

— Екі қойды қайда жібердің? Шынынды айт?!

— Мүрид болғаным үшін Алақан ишанға беріп жібердім.

— Бар бол бауырым,сені молдаға оқуға беріп көк шыбықпен

шықпырту керек, — деп ағам Байшымыр қолын бір сілтеп кері

бұрылды.

***

Таңды дөңбекшіп зорға арттырдым. Мал соңында жүре

алмайды екенмін. Елге қызмет ету үшін оқу керек деген ой

санамда жаңғырды. Таңертен жолға жинал дым. Ағаларым

22


Қарамұртқа баратын екі ағайын жігітке мені тапсырды. Анам

біршама азық-түлігімді қамдап берді. Сұрай-сұрай Алақан

ишан ның үйіне бардым. Ол кісі:

— Осы кезге дейін келіп қалатын уағы болып еді. Неге

кешікті екен? — деп орнынан бір тұрып, бір отырып, әбден

мазасызданыпты.

Алыстан мені көргеннен:

— Ә, бәсе, айттым ғой. Әне, келе жатыр, — деп қуанып, алдымнан

шығып сәлемімді алысымен:

— Жүр, балам, — деп үйіне ертіп барып, төрінен орын берді.

Бәрі Алақан ишанның мені кұрметтеп қасына отырғызғанын

жақтырмады. Соны сезіп Алақан ишан:

— Әй, датқалар, би шонжарлар, бай мырзалар, бәріңнің

дәулетің мына Бекасыл балама жетпейді. Бәріңнен осы қара

сирақ бала артық, — деп менімен әңгімелесе бастады.

— Ата, арманым — оқу, — дедім. Ол кісі күлімсірей

маңдайымнан сипап:

— Сен айтпай-ақ бәрін білем, — деді. Ертеңіне Алақан ишан

мені Қарамолда медресесіне алып барды.

— Мына бала менің мүридім. Мұның есіл-дерті — оқу. Осы

баланы оқыт, — деді табыс етіп. Қарамолда жағдайымды

түгел сұрап шықты.

— Жатсам да, тұрсам да ойлайтыным — оқу оқып, өз

жолымды табу. Соған сіз көмектессеңіз екен?

— Ата-анасыз шәкірт болу қиын. Оқу ақысын айтпағанның

өзінде киіміңе, тамағыңа, жатын орныңа қаржы керек.

Мен жағдайымды айтқан соң, медресеге қабылдандым.

Әріп танымаймын. Мені байдың, бидің, болыстың балалары

келемеждей бастады.

— Сабақ білмейсің, — деп бірде ұстазым Қарамолда топырақ

еденге етпетімнен жатқызып қойып, солқылдақ көк шыбықпен

шыңғыртып сабады. Арқам тілім-тілім боп қанап, қатты

қорландым. Кешкі апақ-сапақта қыстақ сыртындағы Келембап

әулие қабіріне барып, құшақтап жылап: «Е, Құдай, мені не

ал, не маған ілім дарыт» — деп жалынып, жалбарындым.

23


Түнде түсімде басына ақ сәлде ораған, ақ көйлекті, ақ

сақалды кісі:

— Мә, балам, көп жылап, жалбарындың ғой, — деді қолыма

кітап ұстатты. Ұйқыдан өрекпіп ояндым.

— Құдай қаласа, маған ілім қонатын болды, — деп түсімді

өзімше жақсылыққа жорыдым.

Күн озған сайын сабақ үлгерімім жақсара берді. Арада

жарты жыл өткенде ұстазым Қарамолда:

— Ей, байдың, бидің, болыстың балалары. Құдай ықыласқа

береді. Мына жетім Бекасылдың оқуға ықыласы ә дегеннен

жақсы еді. Қазір бұған тең келетін ешқайсың жоқ. Мұның

жанында сендер бір тиынға тұрмайсыңдар, — деді.

Бір күні:

— Балам, сен үйіңе тездетіп қайт, — деді ұстазым Қарамолда.

— Түсімде екі ағаңның қолында пышақ, қойларыңды

шетінен бауыздап жатыр. Мына орамалға тұз түйдім. Осы

тұзды апарып, науаға төгіп, қойларыңа жалат. Бұдан ауыз

тигендері аман қалады, ауыз тимегендері өледі. Малдарыңа

ауру келді.

Құстай ұшып ауылыма бардым. Қарамолда ұста зым

айтқан дай, екі ағам қойды иіріп қойып, құ ла ғанын бауыздап

жатыр.

Анама оңашалап:

— Апа, мына тұзды ұстазым орамалға түйіп беріп жіберді, —

деп сыбырлап, мән-жайды айтып түсіндірдім.

Қойларды науаға айдап, тұзды жалаттык. Бір алабас қой

айдағанымызға көнбей отар шетіне қашамын деп өлді.

— Қарғам-ау, осы оқығаның да жетер, барма. Қатты жүдепсің,

— деп жалынған апама:

— Бізде бәрі жақсы. Күніне үш мезгіл тегін тамақ береді.

Өткен жолы өзіңіз барып көрген едіңіз ғой, — деп алдарқатып,

оқуыма әзер оралдым.

Бірде ала тақия, ала шапан киген өзбек шалы көшеде

қарсы жолығып:

— Ұлым, сен мына түріңмен кеселге шалдығасың. Тілімді

алсаң, ауылыңа қайт. Ауырсаң, оқудың да, өмірдің де керегі

болмай қалады, — деп ақыл айтты.

24


Бір жағы намыс, бір жағы ілім-білімге деген құштарлық

жетегіндегі мен ол кісінің сөзіне онша мән бере қоймадым.

— Қарағым, аштықтан, суықтан сақтан. Ауру-сырқау адамға

осы екеуінен жабысады. Бейнеттен қашпа. Бейнет жас адамды

шыңдап, шынықтырады, ақылды, қайратты етеді, — деген

кішкентай ғана қара қойшы шал — Елемес атамның өсиет сөзі

ойыма оралып, бұрынғыдан да қайраттанып, жігерлене түстім.

Өстіп жүріп бір жылдың қалай зырлап өткенін сезбей де

қалдым.

Бірге оқитын Оңғарбай досым:

— Көңілі қаласа, біздің үйде жүріп оқысын деп әке-шешем

саған сәлем айтты, — деді бір күні.

Мен әрі қуанып, әрі мұңайып:

— Бұған ұстазым қалай қарар екен? Әй, келіспейді-ау, —

деп едім.

— Әуелі айтып көрсеңші? Мүмкін келісер, — деп қолқалап

болмады.

— Жарайды.

Ұстазым өтінішімді ренжіп, ашуланбай, сабыр мен тыңдады.

Біраз ойланып отырып:

— Әй, осы сен жыланның аяғын көргенсің-ау, — деді суық

жымиып.

— Білмеймін, жыланның аяғын көрген жоқпын. Бірақ адамның

төсекте жатқанда, не киінгенде бір қабат терісі түседі

деп әжелеріміз айтып отыратын. Не іннен шыққанда, не

ағаш басына өрмелеп, не қатты қияқтың арасынан өтіп бара

жатқанда жыланның да солай бір қабат терісі түседі, ол жыланға

көрінбей адамға көрінеді дейтін.

Мен сондай бір жыланның терісін көрген едім. Қалай

көрдің дейсіз бе? Ауылымыздың қыз-келіншектері күнде

тезек теруге баратын. Әрқай сысының арқасында қойдың

жүнінен тоқыған қалың бір-бір ала қап. Ішінде діңките-діңките

тығыздап салынған ақ жапалар болады. Ауыл маңайындағы

қара тезектің түтіні киіз үйді қарайтып жібереді деп, алыстан

тау-тасты кезіп жұрт ақ жапа тереді.

25


Үлкен жеңгем өте бір жақсы адам еді. Мөлшері алты-жеті

жаста болуым керек, ертеңгі астан кейін қолыма кішкене

дорба беріп, мені қасына ертіп алды. Қырдан ақ жапа теріп

жүрміз. Кенет қарсы алдымдағы қалың итмұрын жанынан

табақтай үлкен ақ жапа кез келе кетті. Әлгіге қатты қуанғаным

сонша, жүгіріп барған бойда жерден жұлып алдым. Орнында

бір кішкентай жарқыраған нәрсе жатыр екен, тағы жапа деп

ойлап ем, оған ұқсамайды. Кәрі әжемнің ертегісінде жетім

бала табақтай көшпелі алтын тауып алды деген сөзі бар еді.

Сол есіме түсіп, алтын екен деп қалсам, иіріліп, дөңгеленіп

жатқан жерінің дәл ортасынан бір қарыстай жоғары

көтерілген басты көрдім. Жылан екенін енді таны дым. Екі

көзі кап-қара, дөп-дөңгелек. Маған қа рап аузын ашып, тілін

жалаң-жалаң еткізді. Не қо рыққанымды, не қуанғанымды

білмедім. Орным нан қозғалмаған күйі: «Жеңеше, Жеңеше!»

— деп айқай салдым. Жүгіріп жеңгем де келе жатты, бір

нәрсе оқтай болып көкке ұшып бара жатты. «О, не Еркежан?»

— деген жеңгемнің үні құлағыма еміс-еміс тигендей болды.

Көкке қолымды көтергенімді ғана білем.

Жеңгем бірдемелерді жыбырлап оқып. «Ол түйме ғой,

түйме! Сені бұл орыннан аударайын» — деп мені көтеріп, әлгі

жерден екі-үш адым ұзады да отыра қалып, басымды тізесіне

жантайтты.

Бұл екі ортада мен де ептеп есімді жиып алдым. Жаңағы

менің тұрып қалған орныма аспанға ұшып кеткен жылан

қайта сорғалап кеп, жерге басымен бір-ақ соқты. Жанына

жетіп бардым. Басы жерге біржола кіріп кетіпті. Құйрығы көкке

шаншылған күйі қайқаңдап жатыр. Жеңгем орнынан тұрды

да: «Еркежан-ай, сені Құдай сақтады, — деді. — Мына жылан

сені арбаған екен. Әлгі жерден мен сені алып кетпегенімде

төбеңнен түсер ме еді, әлде қайтер еді? Жеті күлше құдайы».

Жеңгем аса бір жүректі адам еді. Әлгі жыланды қадалған

жерінен қазып алып, таспен ұрып, мыж ғылап өлтіріп, сол

жерге көмді.

26


— Ана дорбамның ішінде осы жыланның үстінде жатқан

жапа бар, соны алып, лақтырып жіберіңізші? — деп жалындым.

Әлі дірілдеген буындарымды тоқтата алмай тұрмын.

— Қорықпа, ештеңе етпейді. Қазір ол жапаны лақтырып жіберем,

— деді де, жапаны қолына алын, анадай жерде тұрған

мені «Еркенжан, бері келші?» — деп шақырды.

Мен тез бардым.

— Мына жапада әлгі жыланның терісі жүр. Бұл жапаны

лақтыруға болмайды. Жыланның терісі кейбір «сырқатқа ем

деп әкем айтып отыратын. Мұны қасиеттеп, шүберекке тігіп,

жас балалардың бесігіне, тақияларына қадайды дейтін. Еді

мен мұны мүқият сақтап, үйге апарайын.

— Жыланның терісін адам ғана, адамның терісін жылан

ғана көреді, — деген еді сонда жеңгем.

Міне, ұстазым, жылан туралы менің білетінім осы. Бірақ

аяғын көргенім жок.

— Ә-әй, сірә, сен жыланның аяғын да көрген болуың керек.

Өз пайдаңды менімен ақылдаспай күні бұрын ойлап қойыпсың

ғой.

— Өтінем, мені дұрыс түсініңіз, ұстазым. Жақсылық та,

жамандық та бір Алланың әмірінен деуші едіңіз ғой. Осы

сөйлесіп отырғанымның өзі сізбен ақылдасқаным емес пе?

Мен бейнеттен қашпаймын.

— Ар жағын айтпай-ақ қой, ұлым. Қайда барам десең де

еркің, рұқсат. Осы кезге дейін мен сені қандай қорытынды жасайды,

нендей шешімге келеді деп әдейі сынап жүр едім. Сен

құл болуға емес, ұл болуға жаралғансың. Ілім-білімді игеруге

тек сендей шәкірт керек. Бек ризамын, ұлым. Ал сендей шәкірт

аз. Бүгіннен бастап сен медреседе тегін оқисың.

Ұстазымнан мен мұндай мейірім күткен жоқ едім. Ет жүрегім

елжіреп, тұла бойым балқып, аузыма басқа сөз түспей:

— Сізді аулымда қалған кішкентай ғана қара қойшы шал —

Елемес атамнан бір де кем көрмеймін, — деппін.

Ұстазым көзінен жас аққанша, селкілдеп, ұзақ күлді. Әлден

кейін өзіне өзі келіп, күлкісін тыйып:

27


— Ол кішкентай ғана қара қойшы шалың қандай шал? —

деп сұрады.

Мен Елемес атам туралы бар білгенімді шабыт тана отырып

айтып бердім.

— Ұлым, ол атаңды мен сен айтқандай кішкентай емес,

үлкен, ана-ау (Үй ішінде отыр едік, түстікке қараған терезе

жақты қолымен нұсқай көрсетті) Алатаудай адам деп білем.

Бір өкініштісі — қартайып қалыпты. Әйтпесе, ол кісіден де

жақсы шәкірт шығар еді.

Ертесіне медресеге Оңғарбай екеуміз екі қаракөк жорғамен

келдік. Оның ауылы медреседен он-он екі шақырымдай жерде

еді.

Табалдырықтан аттай берген мені ұстазым тоқтатып, бар

баланың назарын маған аударып:

— Әй, Бекасыл молда, бүгіннен бастап сіздің орныңыз мына

төрде. Бері өтіңіз, — деп қасына шақырып алды. — Бұдан

былай мен жоқта мына балаларға са бақ бересіз.

Бекасыл қарт алдындағы кәрлен кесе толы қы мыз ды екіүш

сіміріп, таңдайын жібіткен соң, жас тарға сынай қарап:

— Қалай, қарақтарым, зеріккен жоқсыңдар ма? — деді жымиып.

— Жоқ, зеріккен жоқпыз.

— Әңгімеңіз қызық екен, ата.

— Тағы жалғасы бар ма?

— Жалғасы бар, жалғасы ұзақ, балалар. Менің ілім-білім

жолына түсіп, адам болуыма, әулие атануыма әуелі Құдай,

содан кейін кішкентай ғана қара қойшы шал — Елемес атам

себепкер. Ол кісі — менің адамдық санамды оятып, көкірек

көзімді ашқан тұңғыш ұстазым.

— Елемес атаны біз де ұнатып қалдық.

— Е, қарақтарым, сендер үнатып қалсаңдар, мен ол кісіні

сүйемін. Сүйгенде жүрегіммен сүйемін. Сендерге Елемес ата

үй-жайсыз, бала-шағасыз еді деген едім ғой. Оным қате екен.

Кештеу түсінгенім үшін Алла тағаладан кешірім сұраймын. Ол

кісі перзентсіз емес екен. Ол кісінің перзенттерінің бірі мен

екенмін...

28


Бекасыл қарт ойлана төмен қарап, ұзак үнсіз қалды.

— Әңгімеңізді ары қарай жалғай түсіңізші? Сонымен

оқуыңыз не болды?

— Тағы бірде ұстазым Қарамолда. «Ей, бай-бағланның,

мырза-байбатшалардың балалары, түнде түс көрдім. Бәріміз

шешініп, дарияға түстік. Бекасыл түскен бойы дарияның арғы

бетіне тоқтамай өтіп кетті. Сендер біреулерің ортасынан, біреулерің

шетінен кері қайттыңдар. Мына жетім, бейшара Бекасыл

үлкен ілімді адам болды. Енді мен бұған сабақ бере

алмаймын, — деді де маған бұрылып қарап:

— Шырағым, жолың болсын. Екі қошқардың басы бір қазанға

сыймайды деген. Аулыңа бара ғой, — деп батасын берді.

Мен аулыма оралып, медресе ашып, шәкірттерге сабақ

бердім. Ауру-сырқауларды оқып, жаза бас тадым.

— Бір сырқатты қалай жазғаныңызды айтып бе ріңізші?

— Айтып берейін. Сендерден жасырар сырым жоқ, қарақтарым.

Мына көрші Қусирақ ауылынан үш жігіт қол-аяғы

байлаулы бір жігітті түйеге артып әкелді. Аузынан ақ көбік

ағып, ес-түсін білмейді. Ауруы аса ауыр.

Үйдің іргесіне сүйеп отырғызып, айналасын пы шақпен

шеңбер сызық жасай сызып, оқуға кірістім. Екі көзіммен

тесіле қарап, қолымдағы пышақты сермеп-сермеп, оқтатекте

«сүпі» деп дем салам. Алғаш арыстан боп ақырып,

мұрттарын едірейтіп, құйрығын шиыршыҡтап, екі көзі қыпқызыл

боп қанталап, аузын арандай ашып, маған ұмтылды.

Мен тоқталмай оқи бердім, оқи бердім. Үй селкілдеп, керегелер

сықырлап кетті. Қасымдағылар шошып тысқа қашты.

Кенет арыстан орнына сала құлаш тілін салаң датып,

аузын айқара ашқан айдаһар келді. Ол да қанша қаһарланып

ұмтылғанымен шеңбер сызықтан өте алмады. Оқи бердім,

оқи бердім. Бір кезде қылыш, гүрзі асынған, дулығалы бір топ

сарбаз, алтын тақ үстінде отырған патша көрінді. Патша:

— Не дейсің? Не бұйырасың? — деді.

— Мына бейшараға келген кеселді алып кет.

— Құп болады.

29


Патша сарбаздарымен қалай көзден ғайып болды, солай

ауру жігіт орнынан атып тұрды. Егер пышақты сермеп, қарсы

шауып отырмасам, көзімді сәл тайдырсам, аналар мені бір

ұрып, жалпамнан түсірер еді.

Мұндай қауіп-қатермен, қарақтарым, мен талай айқастым.

Соған бұл күнде өкінем.

— Неге, ата?

— Мен үлкен қателік жасадым. Қателігімді мойныма аламын.

Мен өмір бойы дию, пері, жын, шайтан, Ібіліспен айқасып

өттім. Құдайдың тіктеп жіберген кеселін оқумен қайтардым.

Менің оқымауым, мұның соңына түспеуім керек еді.

— Неге, асыл ата?

— Дию, пері, жын, шайтан, Ібіліс дегендерің енді менің ұрпағыммен

өш болады. Менің қателігім осы.

Бір көңіліме медеу етерім — егер ұрпағым біреуге қиянат

жасамаса, зорлық-зомбылық істемесе, адал тұрып, адал

жүрсе, маңдай терімен өмір сүрсе-өсіп-өніп, кеңге қанат

жаяды, абырой-беделі артып, ел құрметіне бөленеді. Ертеңдікеш

Құдайға жалбарынып, тілейтінім — осы тілек, қарақтарым.

— Кітаптарыңыз көп дейді, оларды қайдан алдыңыз?

— Менде бір үй толы кітап бар. Оны Түркістан, Бұхара,

Самарқанд, Ташкент, Дамашық, Герат, Александрия қалаларынан

алдырдым. Оқыған кітаптарыма пікірлер жаздым.

Өз өмір жолымнан, ардақты ел ағаларының өмірінен, аурусырқауды

емдеу, дау-дамайды әділ шешу, сыйластық,

татулық жөнінен жазған кітаптарым, «Жұлдызнамам» бар.

— Елемес атаңыздан басқа ұстаздарыңызды білсек деп

едік?

— Менің ұстаздарым көп, қарақтарым. Солардың ең бастысы

пайғамбарымыз Мұхаммед. Ол — ұзақ әңгіме. Тағы бір

рухани ұстазым — бұдан сегіз ғасыр бұрын өмір сүріп, Сайрамның

уәлиі болған Мансұр ата. Ол кісі — Мұхаммед Әнепияның

ұрпағы. Өмірінде төрт бәлекетке душар боп, бәрін жеңген.

Төрт бәлекеттің біріншісі — қотыр ауруына ұшырағанда

денесіне қол тигізбеген, сабырлылық сақтағаны соншалық,

денесі қанша қышып, жанын қоярға жер таптырмаса да төзіп

30


баққан. Екіншісі — ұйықтап жатып, аузына жылан сусып кіре

бастағанда үркіп, саспай, жыланның басын тістеп, лақтырып

жіберген. Үшіншісі — Сайрамды жау басып алғанда, түн

ішінде жалғыз өзі жер қайысқан қолға тиісіп, таң атқанша

бірін қалдырмай қуған. Қараңғыда асып-сасамыз деп жау

қолы өзі-өзін қырып жіберген. Осылай Мансұр ата елін, жерін

жат елдің қанауынан қорғап қалған.

Төртінші бәлекет — ашаршылық келіп, халық өте күйзеліп

жүдегенде, Мансұр ата алыс қалаларға керуен жұмсап астық

алдыртқан. Сайрамның төрт бұрышына қазан астыртып,

халқына тегін тамақ үлестірген. Тамақ жетпегендерге ұнды

илеп, қамырдай таратқан. Сол себепті ол кісіні халық Шаһы

қамыр (қамыр патша) деп те атаған.

Мансұр ата Сайрамда уәли боп тұрған кезінде үстінен

өсекшілердің ұйымдастыруымен Бұхардың патшасы Смайыл

Саманыға шағым түседі. Ол Ман сұрды шақырып ап, зынданға

салады.

Ол дәуірде Смайыл Саманы бәрінің үстінен қарайтын ең

үлкен патша еді. Оған Сайрам да бағынатын.

Мансұр атаның мұңын мұңдап, жоғын жоқтар ағайынтуысы

жоқ еді. Өзімен кіндіктес жалғыз қарындасы Маржан

ғана жеті жылдан кейін соңы нан іздеп барып, ағасына жолығу

үшін Смайыл Саманыдан рұқсат сұрайды. Ол рұқсат береді.

— Тыңдаңдар, не айтады? Мені жақсы дей ме, жоқ, жаман

дей ме? Соны біліңдер, — деп соңынан жансызын жұмсайды.

Маржан ағасының алдына барып, амандасқан соң, Мансұр

ата оған төмендегі сұрақтарды қояды.

— Тауда қар, шие қалың ба? Медреседе бала көп пе?

Адамдар көшеде жеке-жеке немесе топ-топ болып жүре ме?

Жансыз бұл әңгімені Смайыл Саманыға жет кізеді. Патша:

«Бұл өзі зынданда жатқан болса, оған мұндай сұрақтардың

қажеті қанша?» — деп, оны өзінен білмек боп, Мансұр атаны

алдына әкелдіріп:

— Зынданда жатқан саған бұл сұрақтардың қандай қажеті

бар? — дейді.

31


— Тауда қар қалың ба дегенімнің мәнісі — қар қалың болса,

су мол болады. Біздің еліміз диқаншылықпен айналысады. Су

мол болса, халық егінін қиналмай суғарады. Егін бітік өссе, ел

астыққа кенеледі. Ал астық бар жерде көңілділік те, өсіп-өну

де бар.

Тауда шие қалың ба дегенімнің мәнісі — біздің еліміздің

егетіні тары, қонақ. Оған құстар өш келеді. Тауда шие

қалың болса, құстар сол шиемен әуреленіп халқымның тары,

қонағына тиіспейді.

Медреседе шәкірт көп пе дегенімнің мәнісі — егер

медреседе шәкірт көп болса, дін қуатты болады. Дін қуатында

болса, адамдар иман жүзді, бір-біріне мейірімді болады. Кісі

қаны төгілмейді, жазықсыз жан қайғыға ұрынбайды.

Адамдар жеке-жеке, не топ-топ боп жүре ме

дегенімнің мәнісі — ел дау-дамайсыз, ұрыс-жанжал сыз

болмайды. Мен ұсталып кеткеннен кейінгі орны ма келген

уәли әділетті, тура жолмен жүрсе, адам дар жеке-жеке,

өзімен өзі тірлік етеді. Патша әділетсіздік жасаса, адамдар

қиыншылыққа ұшырап, қауіп ойлап, топ-топ боп жүреді.

Мұның бәрін төмен қарап үнсіз тыңдаған Смайыл Саманы

кенет басын көтеріп, Мансұр атаға зор ризалықпен қарап.

— Халыққа патша мен емес, сіз болуыңыз лайық екен. Халыққа

нағыз қамқор адам сіз екенсіз, — дейді.

— Мен патша болмаймын, өзіңіз бола беріңіз, — деп

Мансұр ата мансаптан үзілді-кесілді бас тартып, өле өлгенше

диқаншылықпен айналысқан.

Мансұр атадан кейінгі ұстазым, пірім — Қожа Ахмет Иассауи

қазіреті сұлтан. Ол кісі: «Сендер — жақсы, мен — жаман, сендер

— дән, мен — сабан», — деп өмір бойы халық алдында кішірейіп,

«бай, кедей бол, молда, диуана бол, әрқайсың өз орныңды

біл» — деп өзі үлгі көрсеткен. «Мұхаммед пайғамбарымның

үмбетімін. Ендеше пайғамбарымның жасынан артық жас

жасағаным — күнә» — деп алпыс үш жасында тірідей жер

астына түскен.

Тағы бір ұстазым, пірім — әз Төле би. Ол кісі үш жүздің

басын қайтсем біріктірем, елімді қайтсем бақытты ел етем

32


деп алдына үлкен мақсат қойған, жеке адам өмірінің обалсауабынан

халық өмірінің обал сауабы ауыр деп білген, «Оң

қолыңмен берген қайыр-садақаңды сол қолың сезбесін», —

деген кісі.

— Ата, бізге қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз?

— Өз тірлігін жасамай, тамақ үшін біреуге жалда жүрген жігіт

жөргегін сатқан баламен, сақалын сатқан кәрімен, қарғылап

асыраған тазымен тең. Әр халықтың ата-бабасынан келе

жатқан үйренген дағды, әдет-ғұрпы, жүрер жолы бар. Сол

әдет-ғұрпыңды кейінгі ұрпаққа үлгі етіп тастап кете алмасаң,

жаудан жеңіліп, адасып, жол таба алмаған сарбазбен теңсің.

Өткен тарихты білмесең, оған сауатты болмасаң, қанша данышпан

болсаң да, алдыңнан жол таппайсың. Тарих деген,

балаларым, адаспау үшін керек.

Жауыңнан кегіңді аламын десең, ашуыңнан ақылың

басым болсын. Ашуланып бір нәрсені бүл діріп қойсаң, кек ала

алмайсың. Ашуыңды басып, ақылыңды арттырасың, одан кек

аласың.

Өзін өзі ақтау — екі жүзді сайқалдың ісі. Шынайы, қасиетті

адам өзіне тағылған әділ кінәға тоқтайды. Қасиетсіз адам

әр нәрсені бір айтып, ақталғысы кеп, сайрай береді. Ол —

бәтуасыз. Оның сөзі де, өзі де құрсын.

Менің пайымдауымша, би екі түрлі. Біріншісі — Құдай

жаратқан би. Ол топқа Әз Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке

билер жатады. Ал екіншісі — адам жаратқан би. Олар әлгі

даналардың басып кеткен ізіне де татымайды. Өйткені Құдай

бергенді адам бере алмайды. Естеріңде болсын, ана сүтінен

дары маған жарымайды.

Халқымыз. «Я, Алла, бала берсең дана қып бер, дана қып

бермесең, ала бер, «Я Алла бала берсең би қып бер, би қып

бермесең, би түсетін үй қып бер» — деп тілеген. Халқымыз бар

ой-арманын әбден екшеп, өмірдің өзегін анық танып, осындай,

таза, саф алтындай дана тұжырым жасаған.

Өз басым Ескелді биді әз Төле, Қаз дауысты Қазыбек,

Әйтеке билердің Құдай бере салған шы найы мұрагері деп

33


білем. Ол жеті жасында билік айтқанда, найманның игі

жақсылары жөн сөзге тоқтап, қасиеттілік танытқан.

Оқиға былай болған екен. Жалайырдың бір атбегі серісінің

басына балап мініп жүрген жүйрігін найманның бір ұрысы енді

ұрлағалы жатқанда, ат иесі үстіне келіп қап құлақ шекеден

бірді қондырады. Анау жалп етіп құлап, тіл тартпай кетеді.

Бұл екі ел арасында үлкен дауға айналады. Найманның игі

жақсылары жиналып кеп:

— Арысымызды өлтірдің, құн төле, — дегенде, жауап таба

алмай терең тебіреністе отырған жа лайыр дың қарияларына

ақ шыбықты ат қып мініп, ақ ұлпа шаңды бұрқылдата,

жалаңаяқ шауып жүрген Ескелді бала келіп:

— Ақ басты аталар, ағалар, осының билігін мен айтайыншы?

— дейді. Екі жақтың да игі жақсылары жалт қарап:

— Айт, айт, қарағым. Баланың таңдайында періш тенің тазалығы,

әділеттілігі, шындығы жүреді деген ұғым бар, — дейді

келісіп.

— Ұрыда құн болса, жарлыда күн болмайды, шу, — деп

бала ақ шыбығын мініп ап, шаңды бұрқылдатып шауып жүріп

кетеді.

Ұзақ үнсіздіктен кейін жалайырдың бас биі:

— Оу, игі жақсылар, бұл — азамат емес, ұры ғой. Ұры біздің

елде де бар. Ол азаматқа жатпайды. Сол себепті мен баланың

билігіне қосылам. Бұл құнсыз кетуі керек, — дейді.

«Мал ашуы — жан ашуы, жан ашуы — мал ашуы» десе де,

найманның игі жақсылары ұры емес деп айта алмай қалады.

Сөйтіп өлген құнсыз кетеді. «Аталы сөзге арсыз таласады»,

«Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Ердің құнын екі ауыз сөз шешеді»

деген мақал-мәтелдер осындай оқиғадан шықса керек.

«Асыл — тастан, ақыл — жастан» деген ғой, қарақ тарым,

әз Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Ескелді билер тәрізді

бабаларыңа тартып өссеңдер, жаман болмас едіңдер. Ал,

Құдай оңдап, аруақ қол дап, озып кетсеңдер, кәнеки, ол —

бақыттың бақыты ғой.

34


Құдай пендесіне өмір сүру үшін махаббат, сенім, үміт атты

үш тірек сыйлаған. Сенім — дін, қарақтарым. Махаббатсыз,

дінсіз (сенімсіз) адам — сайтан. Үмітсіз ажалдың аузына өзі

барып түскенмен бірдей.

Жақсы-жаман, арзан-қымбат, ақылды-ақымақ, бай-кедей

— бәрі ағайынды. Ауру жазылсам, ақымақ ақылды, кедей бай

болсам дейді. Өйткені Алла Тағала Адам атаны жаратқанда

топырақты бір жер ден алмаған, әр жерден алған. Адамның

әр түрлі болуы содан, балаларым. Егер адамның бәрі бірдей

болса, дүние қызық болмас еді.

Атасы жақсының ұлы да жақсы, анасы жақсының қызы

да жақсы. Нашар адамның нашарлығы әр жерде көрінеді. Әз

Төле би бабаларың: «Қараға өлсең, тірілмейсің, аққа өлсең,

сүрінбейсің. Аққа қара жоқ, қараға шара жоқ. Шын сөзге өлім

жоқ» — деп тегін айтпаған.

Адам өмірінің бірқалыпты өтпегі оңай емес. Нені болмасын

тұрмыс билейді. Қайсыбіреу өмірді жақ сы өткізеді, қайсыбіреу

ауырлықта өткізеді. Ол солай етейін демейді, тұрмыстың

себептерімен солай бо лып қалады.

Қиыншылық көрмесең, рахат жоқ. Адамның елге жағуы да

қиын. Ілгеріде бір байдың жұртқа атағы шығыпты. Алыстан

сәлем беріп келушілер жыл бойы на таусылмайды екен. Сол

бай бірде елге той жасайды.

— Жұрт не айтар екен? — деп көп ішіне жасырын жансызын

қойыпты. Күнде екі-үш ауылдан келіп, той ұзаққа созылады.

— Па, мынау байлығын бір көрсетті, күнде той. Тамағы —

май, жей алмадық, — деп жұрт жақтырмапты.

— Не деді ел? — деп жансызынан сұраса:

— Ой, мақтаншақ неме, байлығын көрсетті. Еті семіз, тамағы

май боп, жей алмадық деді, — дейді ол.

Келесі жылы бай елді сынамақ боп тағы той жасайды.

— Майды азырақ салыңыздар, сойыс мал семіз болмасын,

— дейді. Ел тағы келеді.

— Уай, бұл таз, жас күнінде жетім боп өскен кедей еді. Сол

баяғы кембағалдығын танытты, — дейді.

35


Бұл, қарақтарым, әркімге бірдей бола алмайсың деген сөз.

Бірақ бірдей бола алғанға не жетсін? Бар қажыр-қайратты,

ақыл-ой, ілім-білімді осы жолға жұмсау керек. Кешегі Әз Төле

би бабаларың жалпак жұртқа жаққан кісі еді.

Иісі қазақтың жауы көп болған ғой. Қазақ көбіне қорғанып

жүрген. Жауға қарсы аттанарда үш жүздің басшылары, игі

жақсылары, батыр-бағландары әз Төле би алдына барып,

бата алады екен. «Әз Төле биден бата алмаса, жол болмайды»

деген мәтел солан шыққан екен. Адам неден сынады? Адам

астамшылдықтан сынады.

***

Ана жылы, жастау кезімде, Алтай тауы бөктерін де

болғанымда Бұлғақ деген батырдың: «Берсең де кешегім,

бермесең де кешегім» — деген сөзін естіген едім. Олай

деуінің мәнісі бар. Сараңдау байға бір жазға мінетін жақсы

аттың майын сұрап барыпты. Ауыл сыртына жете бере, сәнді

киінген ақсақалға кездеседі, Сәлемдесіп болғаннан кейін әлгі

ақсақал Бұлғақ батырдан:

— Қайда барасың? — деп жөн сұрайды. Ол жөнін айтады.

— Қарағым-ай, ол бір сараң, оңбаған адам еді. Сен сұраған

атты бере де қоймас. Егер көңілі түсіп бере қалса, қайтесің?

Сараңдығы ұстап бермесе қайтесің? — дейді. Сонда Бұлғақ

батыр:

— Берсе де әкесінің басын... Бермесе де әкесінің басын... —

депті.

— Е, қарағым, ендеше жолың болсын. Ол байдың үйі анау,

— деп алты қанат ақ орданы көрсетіпті.

Кермеге атын байлап, қамшысының бүлдіргісін қолына іліп,

өрмесін сүйрете (бұл қонақпын, қонамын деген белгісі екен)

үйге кіреді. Оны ауыл сыртында көрген ақсақал қарсы алады.

Сәлем беріп, төр алдына орналасады, тамақтан соң сол үйде

қонады.

Ертеңінде Бұлғақтан бұйымтайын сұрайды. Бұлғақ батыр

ол кісіні жаңа көргендей бұйымтайын айтады.

36


— Е, балам, берсем қайтесің? Бермесем қайтесің? — дейді

бай.

— Е, ата, берсең де кешегім, бермесең де кешегім, — деген

екен.

— Е, Бұлғақ ел еркесі, ел тентегі едің. Ақымақ тентек емес,

ақылды тентек екенсің. Ер намысы мен ел намысын да қорғай

біледі екенсің. Таңдаған атыңның майын ғана алмай, басын

да ал, — депті. Сол алатындарың некен-саяқ-ау, шіркін... Әйтеуір

Құдай сендерді ақымақ тентек болғаннан сақтасын.

Ілгеріде Шапырашты би қайта сайланып тұрған сәтінде:

— Жасым болса, келді. Осы төсте өзім баулып жүрген

Дулат деген балам бар. Би сол болсын, — деп өз балаларын

емес, Дулатты би сайлаған екен. Кейін Дулат бір жаққа

жол жүрерде, не бір үлкен жиын-кеңес өткізерде алдымен

Шапырашты бабамызға барып, ақылдасып, батасын алуды

дәстүрге айналдырған деседі. Осы сыйластық, түсіністік, осы

ынтымақ-бірлік сендерге, сендер арқылы ұрпақтарымның ұрпақтарына

жұқсын деп тілеймін, қарақтарым.

Тағы бір жайға тоқталайын. Сиқым баба қайтыс болар

алдында ел-жұртын жинап ап былай деген екен:

— Оу, іні-қарындастарым, бауыр етім балаларым, кешегі

Бәйдібек бабамыз: «Менің балам болма, халықтың баласы бол.

Менің тілімді алма, халықтың тілін ал. Халық деген кім? Халық

— анау ошақ қасы, от басында орнынан тұра алмай омалып

отырған шал-кемпір, отқа, суға түсіп кетем демей еңбектеп,

жығылып жатқан бала. Ер жігіт осы халқы үшін, халқының

ар-намысы, келешегі үшін өмір сүріп, жаудан, даудан қорғайды.

Ондай жігітті біз асыл ер деп ардақтаймыз.

Асыл ер өз сүйегін қорламайды.

Ақылсызға Бақ, Қызыр орнамайды.

Басына самұрықтың күн туса егер,

Самұрық шыбынға кеп қорғалайды, —

деп ата-баба мыз бекер айтпаған. Дүниеде бір Алладан

мықты еш кім жоқ. Аллаға, ата-баба аруағына сыйы нып, ынты-

37


мақты болсаңдар, ірімейсіңдер, әділет, шындық жолы мен

жүрсеңдер, шірімейсіңдер. Тұнық жүрсеңдер, тұна сың дар.

Ынтымақ-бірлік анасы — адамгершілік, атасы — әділдік. Бұл

екеуі бар жерде ашу-араз, дау-дамайдың белең алуы мүмкін

емес депті.

***

Бәйдібек бабамыздың Сары бәйбішеден кейін Домалақ

анаға (Нұрилаға) үйленгенін бәріңіз білесіздер. Сол Домалақ

анамызға Қызырдың қалай көзі түскенін айтайын.

Бақ пен Қызыр дала кезіп, жолаушылап келе жатып,

қазандай дәу қара тасты иығына артып, төбе басына бір

шығып, бір түсіп, терлеп-тепшіп жүрген жігітке кез болады.

— Ау, қарағым, бұл жүрісің қай жүріс? — дейді Бақ.

— Қызырдың назары түссін деп таңның атысынан күннің

батысына дейін осылай тыным таппай тырбанып жүрмін.

Мойны қылтиып, қабырғалары ырсыйып, арып-жүдеген

жігітті аяп кеткен Бақ Қызырға:

— Мына бейшараға назарыңызды түсіріңізші? Ертелі-кеш

дамыл көрмей өлетін болыпты, — деп өтінгенде, Қызыр:

— Назарымды түсірсем түсірейін, қане, өзі қайда тұр? —

деп қолымен қабағын ашып (қабағы үнемі жабық болады

екен) қараған кезде, көзіне жігіт көрінбей, төбенің етегіндегі

жазықта жүрген Домалақ анамыз көрінген екен. Бұл аңыз да

сендерді ойлантса керек. — Осыларды айта келіп, Сиқым баба

былай деді:

— Оу, ардақты ағайын, бүгін өздеріңмен қоштаспақпын.

Дүниеге келмек бар, тұрмақ жоқ. Халқыма да, өміріме де

ризамын. Осы күнге дейін атамның, бабамның жолымен түзу

жүріп келдім. Екі ел арасында шабысатын, қан төгісетін, не

қиын даулардың түйінін шешіп, екі жақты да татуластырып,

бітістірдім. Бұл менің ақылымның асқандығы емес, ата жолын

қуғандығым. Қиын-қыстау, қатерлі күндерде ата-бабамның

аруағы маған жолбасшы болды. Арттағыны көрдім, алдағыны

38


болжадым. Мен — данышпан емес, халқым — данышпан. Мен

— дана емес, ата-бабамның жолы — дана.

Оу, ардақты бауырларым, бауыр етім балаларым, «Анасы

тұрып қызы сөйлегеннен без» деген. Бірауыздылық істеп, бір

жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып, тату болсаң,

жау батпайды. Ала болсаң, әркім аунатып жейді.

Оу, халқым, атамызға, бабамызға адалдық жаққан,

«Адалдың несібесі артық, қудың құйрығы бір тұтам» деген.

Өзің не істесең, балаң соны істейді. Өзің қасқыр болсаң,

балаң да қасқыр, өзің түлкі болсаң, балаң да түлкі, өзің

қой болсаң, балаң да қой. Елге бірлік, татулық тілесеңдер,

алдымен өздерің әділетті болыңдар.

Өткен өмірімізге ой жіберсек, бірқатар із қалдыр ған

екенбіз. Халқымызға әліміздің келгенінше ереже айтып, жол

салдық. Сол айтқан ережеміздің ішінде үш нәрсе менің

көңіліме сыймай барады. Ол үш нәрсе — адам құны, аттың

құны, қыздың құны.

Бірінші, ердің құны екі жүз жылқы болсын деп едік. Сонда

мынау жақсы, мынау жаман жігіт деген жоқпыз. Ер деп

жігіт құнын бір-ақ есеп қылып айтып едік. Оның ішінде неше

түрлі жанның кездесетінін ескермеппіз. Бес саусақ бірдей

емес дегендей, өмірде озық туған, ел билеп, жұрт сұраған,

халыққа пайдасы тиіп, аты шыққан, әділдігін ел қадірлеген

парасат иесі бар. Оның басына әлдеқалай қиындық түссе,

халық қайғырады, жақсылық түссе, қуанады.

Енд бір адам бар, істегені — ұрлық, бұзықтық. Шаруаға

шалағай. Туысы жаман. Қайсыбірі елді жаудан қорғамақ түгілі,

шөгіп жатқан түйеге міне алмайды. Қайсыбірінің жақсылықты

ойлаудан гөрі жамандықты ойлауы көп. Оның басына

әлдеқалай қиындық түссе, білетін жұрт «құтылғанымыз

жақсы болды» деп қуанбаса, қайғырмайды. Далада шөлдеп,

не адасып өліп қалса, не ұрлық жасап, сойылдан мерт болса,

оның да құны екі жүз жылқы.

Қыздың құны қырық жеті қара дедік. Айтулы, ай десе

аузы, күн десе көзі, қараса түрі, сөйлесе лебізі, тегі мен заты,

39


аты мен атағы, сезімі мен ақылы бірдей келген арулардың,

халық аузында аңыз боп жүрген атақты қыздардың құны —

қырық жеті қара. Екінші бір қыз бар: дөң жауырын, қыли көз,

кісі бетіне қараса, ұрысатын, адам көрсе жынды болғандай

құрысатын, бір кісімен мейірлесіп сөйлесе алмайтын, ауыл

үймен керісіп, ертелі-кеш шу шығаратын. Мұның аты да қыз.

Мұның құны да қырық жеті қара.

Мінеки, біз сендерге ереже айтқанда осы жерін ойламаған

екенбіз. Бірақ, халқым, ол уақытында бәріміз бір кісінің

баласымыз, бір кісінің баласының аласы да, құласы да

болады. Жақсысын алып, жаманын лақтырып тастаймыз ба?

Сондықтан бәрі нің құны бірдей болсын деп едік.

Екінші, аттың құны бір бесті дедік. Аттың да аты бар. Бір

ат арғымақ, арық болса да діттеген жеріңе жеткізеді, қашса,

құтылады, қуса, жетеді. Бәйгеге қоссаң, алдымен келеді. Бір

бәйгесіне жүз түйе алып береді. Ол — халқына олжа салған,

ұран болған, шартарапқа даңқы шыққан дүлдүл. Оны хан

да, қара да бір көруге құмартады. Қараса көз тоймайтын,

өзі тұлпар, өзі сұлу сол аттардың да құны — бір бесті. Бұған

керісінше қойторы бар. Шапса шабысы, жүрсе жүрісі жоқ.

Алты күн мінсең, арқасы жауыр болады. Қойға мінуден басқаға

жарамайды. Жүз салсаң, бір баспайды. Қанша семіртсең де,

алты қыр аспай болдырады. Мұның атын да жылқы дейміз.

Мұның құнын да бір бесті дейміз.

Енді нарға келелік. Бір өзі он, жиырма түйенің жүгін

тасиды. Әрі күшті, әрі төзімді. Жүз күндік жолға шықсаң да

шыдайды. Үстіне не артсаң да көтереді. Мұның атын аруана

дейміз. Бұған кереғар бір түйе бар. Екі қап жүк артсан, көтере

алмайды. Бураға шөгерсең, қайымайды, мүйізкегі бар.

Осы жақсы мен жаманның, жүйрік пен шабанның, аруана

мен мүйізкегі бар түйенің төлеу құнының бірдей болуы

әділеттілік пе? Осыны халқым көптен бері ойлап жүр едім.

Бұл ел арасында қалыпты жағдайға айналып кеткен соң, оны

өзгертуге батылым бармай жүр еді. Енді сендер мұны қайта

қарап, өзгертем десеңдер, рұқсат. Сендерге қалдырған

аманатым осы.

40


— Ой, ақ жүрек асыл бабам-ай!

— Бізге деген қамқор көңіліңнен айналдық.

— О дүние есігін ашар сәтте де біздің қамамызды ойлаған

екенсіз-ау?!

— Әділеттілігіңізге болайық! — десіп жұрт біраз дүрлігіп

басылды.

***

— Ата, өткен жолы Сиқым бабаның Медеу деген балаға

жасаған жақсылығын айтып беремін деген едіңіз ғой?

— Ә, дұрыс. Уәдем — уәде. Балқаш көлінің күнгей жиегін

мекендеген Ысты елінің кәсібі түйеге тұз артып, ел елді

аралап сату еді. Бір жолы олар алпыс түйемен Атамжан

байдың ауылына барады. Тұзын бидайға айырбастап, оны ұн

етіп тартып, бір ай бөгеледі.

Атамжан бай:

— Әй, кірешілер, менің мынау қырғыздан әкеле тін астығым

бар еді. Түйелеріңді бір жұмаға бере тұрыңдар, — деп өтінді.

Ауылын паналап жатқан байды сыйлап, айтқанын екі ете алмады.

Бір ай өтті түйелер жоқ. Түйешілер жылып-еңіреп, не

істерін білмей шулап, лаж жоқ іштен тынды. Бір ауыз қарсы

сөз айтуға дәрменсіз. Тіпті «түйеміз қашан келеді» деуге де

батпады.

Әлгілердің арасында он бес-он алты жасар Медеу деген

бала бар еді. Ол да байдың алдағанына қорланады.

Медеу күні бойы ауыл адамдарының жұмысына жегіліп

жүр. Біреуіне тары түйіссе, біреуіне су әкеліседі. Оны үлкендер

де, балалар да жақсы көрді.

Бір күні түйелер де келді-ау. Бәрі арып-азған, арқалары

жауыр. Көбісінің аяғы ақсаған. Амал жоқ, түйешілер жүктерінің

үштен бірін ғана артып, еліне қайтты. Медеу жылап бара

жатқан ағаларының түрін көріп, түстік жерге ұзағанда:

— Атамжанның құлы боп қалармын, не кегімді алармын. Сіздер

қайта беріңіздер, мен елге бармаймын, — деді.

41


Ағалары айтқандарына көндіре алмай, қош айтысты.

Медеу Атамжан байдың ауылына қайта келді.

— Ой, балам, мұның қалай? — дегендерге:

— Ағаларым тағы қайта соғады ғой. Соған дейін мен осында

болайын дедім, — деді де қойды.

Медеу ауылда жүре берді. Біреуінің суын әкеліс се, біреуінің

тарысын түйіседі. Оны елең қылған ешкім жоқ.

Атамжанның бір жүйрік аты бар еді. Кешке суытып келіп,

кермеге байлап қояды. Мұны Медеу көріп жүр. Төртінші күні

ел ұйқыға енді-ау деген кезде Медеу таң асырылып кермеде

байлаулы тұрған кер бестіге ер-тоқымды салып жіберіп,

тартпасын тартып, үстіне қарғып мінді де, шу деп жүрді де

кетті.

Біраздан соң таң атты. Жолай кезіккен жылқышы кер атты

танып.

— Әй, мынау Атамжан байдың кер бестісі ғой. Мұны кім

мініп бара жатыр, — деп алдынан кес-кестей бермек еді, Медеу

жалт беріп қашты. Анау тұра кеп қуды. Жүйрік ат оған

жеткізсін бе?

Кіші бесін кезінде бала Медеу айдалада келе жатып, ойға

шомды.

— Ой, мұным қалай болады? Қуғыншым менің қайда бара

жатқанымды жақсы біледі. Елімде маған ара түсер, пана

болар ағаларым бар ма? Атамжан өлтіре сабап, ауылымды

азан-қазан етіп, атын алар да кетер. Алпыс түйеге иелік ете

алмаған ағаларым маған қалай көмектеспек? Қой, мен ауылға

бармаймын.

Меркедегі әділетті Сиқым бабама барайын. Ол кісі — әкемнің

досы. Бір құтқарса, сол кісі құтқарар...

Медеу енді құмға беттеуді қойып, Қордай тауына қарай

бағыт алды.

— Қайда барасың? — дегендерге.

— Сиқым баба ауылына барам. Баласы едім. Мынау Атамжан

байдың аты, — деп жауап берді.

— Е, екі мықты бір-бірімен дос екен ғой, — деп енді оны

ешкім қумады.

42


Жүріп отырып Медеу Сиқым баба ауылына жетті. Кермеге

кер атты байлады.

— Би аға, бір бала келіп, кермеге кер атын байлап жатыр.

Аты бұл жердің жылқысына ұқсамайды, — деді ақ таяқшылар

(күзетшілер) жүгіріп жетіп.

Көп өтпей:

— Ассалаумағалейкум! — деп бала Медеу ішке енді.

— Уағалейкумассалам, балам, жол болсын.

— Уа, ата, жол болмақ сізден болсын.

— Балам, қай ауылдың баласысың?

— Әжібек ауылының баласымын.

— Ойпырмай, қарағым-ай, жақсы ауылдың баласы екенсің

ғой. Ел-жұртың аман ба? Әкең аман ба? — деп Сиқым баба

қалбалақтап, жаны қалмай жөн сұрады. — Балам, қайда бара

жатырсың?

— Би ата, сізге келе жатырмын. Өзіңіз білесіз, біздің еліміз

тұз артып күн көреді. Нашар, кедей ел. Алпыс түйеге тұз артып,

төске барып, Атамжан деген байдың ауылына түсіп едік.

— Қырғыздан әкелетін астығым бар, түйелеріңді бір жұмаға

бере тұрыңдар, — деп түйемізді сұрады. Содан бір жұма

емес, бір ай жүгін тасытып, көлігімізді көтерем, жауыр етіп,

әбден болдыртып әкеп берді.

— Мұның қалай? — деп теңдік алатын біз емес, теңдік беретін

ол емес. Бірдеме десек, өзімізді сабайтын болды. Жүгіміз

шашылып қалды. Ал елімізде бала-шаға ашығып отыр.

Болдырған түйелерін жетектеп, амал жоқ, ағаларым жылай-жылай

қайтып кетті. Сізді әділетті адам, атамызды біледі

деп сыртыңыздан естуші едім. Мықтының да мықтысы бар

шығар, қатар жатқан ел едік, әділетін айтар деп сізге келіп

отырмын, — деді. — Мынау ат — Атамжанның аты. Байлаулы

тұрған жерінен мініп кеттім. Ашумен алсам да, сіңіруге шамам

жоқ. Сізді қорғалап келдім.

Сиқым баба әбден тыңдап болған соң:

— Жатып деміңді ал, балам. Бір мәнісі болар. Тынық, — деді

де ақ таяқшыларына тапсырма берді.

43


— Мына атты жақсылап бағыңдар.

Іле: «Маған Атамжанның өзі келсін» — деп сәлем айтып, кісі

шаптырды.

— Ойпырмай, бір сұмдық болған екен — деп Атамжан бай

ойға қалды. Жүйрігімді ұрлап кетті деп тұз сатқан кедейлер

ауылына жөнелтпек болған қуғыншыларын тоқтатып, жедел

жолға шықты.

Сиқым баба ауылына, келсе, кермеде кер бестісі байлаулы

тұр. Бір сұмдықтың болғанын іші сезді. Сәлем беріп, ішке енсе,

Медеу бала төрде, Сиқым бабаның оң жағында отыр. Сәлем

алған Сиқым баба.

— Атамжан мырза, сен не істеп жүрсің?! — деді қабағын

түйіп. — Арыстан айласы кетсе, ауылға шабады деген. Жан

сақтау үшін жүк артып еліңе келген кірешілердің түйесін

жұмсап, әбден болдыртып, арықтатып, өздеріне беріпсің.

Жарым жүгі далада қалыпты. Жақсы болған жігіт халықты

жылатып, жетім мен жесірдің көз жасына қарамай жақсы

болама? Жоқ, әлде жұрт сезбейді, білмейді дедің бе? Міне,

мына бала келіп отыр. Мұның қалай?

— Би аға, айтқаныңыздың бәрі рас. Құдайдан басқаның

бәрінде қателік болады деген ғой. Кеші ріңіз, төле десеңіз

төлеп берейін, кешіріңіз, — деп Атамжан бай тізерлей отырып

алдына басын иді.

— Ей, Атамжан, сен менің түйемді жұмсап отыр ған жоқсың,

анау кірешілердің түйесін жұмсап отырсың. Кешірімді менен

емес, солардан сұра. Одан соң Құдайдан сұра.

— О, би аға, ағымнан жарыла айтайын, мен адамнан да, сізден

де, Құдайдан да ұялып отырмын. Мына бала алдыңызға

келіпті ғой. Осы баламен мәңгілікке дос болайын. Түйеші

кірешілерді риза етейін.

— Ал, балам, сен жөн білмейтін болсаң, менің алдыма

келмес едің. Есебін тауып өтінішінді де айтпас едің. Мынау

Атамжанның сөзіне не жауап бересің? — деді Сиқым баба Медеуге

қарап.

44


— Би ата, сіздің алдыңызда айтқан соң, мен сенейін. Ер екі

сөйлемейді деген бар ғой.

— Ал, шырағым, сенсең жолың болсын. Бітісіңдер, — деп

екеуіне бата берді.

Атамжан ауылына оралған соң, баяғы тары түйген, су

әкелген бала демей Медеуді үлкен кісідей төріне отырғызып,

жаны қалмай қонақ етті. Екі-үш күннен кейін кер бестісін

мінгізіп, ту бие жетектетіп, қасына бір жолдас қосып, еліне

аттандырды.

— Біраз күнде жүктеріңді өзім жеткіздіріп беремін, ағаларың

алаң болмасын, — деп сәлем айтты.

Бекасыл әулие кесеге қолын созып:

— Аққа Құдай жақ деген осы, қарақтарым, — деп шайдан

ұрттап, шаршап қалдым, демалайын дегендей құс жастыққа

жантайды.

Әні-міне дегенше таң атып, ертеңгі ас та келіп қалды.

Бекасыл әулие:

— Ау, ағайын, сендерге бір айтатыным, мынау Асылбек Сәрсеннің

баласы ғой. Шіркін, Сәрсен жәкем жақсы кісі еді. Несін

айтасың, Сәрсен жәкемді сағындым. Амал нешік, мына Асылбек

жеті атасынан бері кедей.

Жанұзақ бауырым, Сәрсеннің әкесі де сенің әкең нің малын

бағып, өмір бойы шыр бітпей өтіп еді. Мына Асылбек те сенің

малыңды бағып жүр. Үйі мынау шұрық тесік. Келінде де,

өзінде де киер киім жоқ. Осының бәрін көздерің көріп, қалай

шыдап отырсыңдар, ағайын? Мен мұның үйіне әдейі таңдап

түстім. Кешеден бері тамақтарынды беріп, құрметтеп, киіз,

кілемдеріңді төсеп жатырсыңдар. Осы әкелген заттарыңның

бір сабақ жібі кері қайтпайтын болсын.

***

Бекасыл әулие мінезінің бір ерекшелігі, бір жаққа жол

жүргенде жолдасты да көп ертпейді және Бекасылмын

деп атын сарын қылмайды, себебі, ол кісіні біліп қалса, жұрт

шылауына оралып, үйіне қонақ етпей жібермейтін.

45


Біреудің үйіне түсе қалған күнде де, жөнін айтпай: «Құдайы

қонақпыз», — дейтін. Күй таңдамайды, не төсесе де жата кететін.

Жастық жоқ болса, тіпті ертоқымын да жастана салады.

— Ныспыңыз кім? — дегендерге:

— Аманжол, — деп жалтара жауап беруді әдетке айналдырған.

Бір үйге түссе, самауырыны қайнамай, келін отынды

тұтата алмай жатса, Бекасыл әулие байпағын шешіп жіберіп,

керней жасап, тұтатып бере қояды. Жүрген жерінің бәрінде:

«Тәккапарлық не ол? Ең жаман қасиет», — деп жұртты

көпшіл, кішіпейіл болуға тәрбиелейді. Ауыл-ауылды аралап

жүргенде еңбектеп, тәй-тәй басқан, не сүрініп-жығылған,

не борпылдақ шаңды шаң демей алысып-жұлысып ойнаған

қарадомалақ балаларды көріп, мейірлене күлімсіреп: «Міне,

менің рахаттарым... Тимеңдер, еркін ойнасын, еркін өссін. Біз

жемесек жемейік, осылар жесін, біз кимесек кимейік, осылар

кисін. Адам болатын осылар», — дейтін мәз бола қуанып.

Өз үйінде далада ойнап жүрген ересектеу немерелерін

дауыстап шақырса, құлағы еститіндей жерде болса, бәрі:

— Ата, мен мұндамын, — деп жүгіріп келетін. Сондайда:

— Е, Құдай, құдыретіңе құлдық. Осыларды аман ете көр,

ақырымды оңдай көр, — деп тілек тілейтін. Ізінше:

— Құдай балаға ата-ана мейірімін сап қойған. Онсыз адам

өсіп-өнбейді ғой, — дейтін ойға батып.

Шәкірттерін де өз перзентіндей жақсы көрді. Қысы-жазы

бірге көшіп-қонып жүріп, бәрін өз үйін де оқытты. Наурызбай,

Қазанқап, Әлібек тәрізді ізбасар лары үздік оқыды. Бірақ

Наурызбай ән айтып, домбыра тартуға құмар болды.

— Сен ән-күйді де, адам оқуды да қой, іліммен айналыс, —

деген ескертпесін алып-ұшып тұрған ол елемеді.

Бірде аулының бір әйелі ес-түсін білмей, ша лықтап ауырды.

— Бекасыл Әулиетауда, алып келу қиын. Осында шәкірті

Наурызбай бар. Сол оқысын, — деді қариялар.

Наурызбай оқыды. Оқып отырып, аузы-басы қисайып,

тілден айырылды.

— Таудағы Бекасыл әулиені әкеліңдер!

46


— Жәке, осылай болды, — деді атын қан сорпа терге көміп

жеткен жігіт.

— Әй, Наурызбай-ай! Айтсам, тілді алмайсың, әй, Наурызбай-ай!

Бекасыл әулие қысы-жазы бос жүретін жуас, жалпақ

жон, тайпалма жорға, семіз торы атын ерттеп мініп, келді.

Табалдырықтан аттап, ішке енген бойда Наурызбайды

қамшымен тартып, тартып жіберді. Аузы-басы қалпына түскен

ол орнынан атып тұрып, ұстазының қолын алды.

— Адам оқу үшін күні-түні таза болуың, дәретсіз жүрмеуің

керек деп саған айтпап па едім?!

Ашуын басқан соң Бекасыл әулие дәрет ап, әйелді оқып

жазды. Мұндай оқиға өмірінде көп кездесті.

***

Маусым айында Қоңыртөбе жайлауына шық қанда үлкен

ұлы Ыбырайым ауырды. Мұрнынан қан кетіп, тыйылмады.

— Атты ерттеп мін. Шап! Көп диуаналарымен зікір сап

Алақан ишан

келе жатыр. Досалының аулына өтіп кетіп жүр месін.

Осында алып кел, — деп ортаншы ұлы Мұсақ ұлды жұмсады.

Ол Алақан ишанның алдынан шауып шықты.

— Ә, қарағым, сені молда Бекасыл жіберді ғой, Баласына

бір бәле болғанын біліп, шақыру күтпей өзім келе жатыр едім,

— деді.

Ауылға кеп аттан түсті. Алақан Ишан диуана ларымен үйді

шыр айналып, зікір салды.

— Құдай сақтасын, ештеңе етпейді, — деп ишан төрге шыға

бергенде, қан тыйылып, Ыбырайым тілге келді.

Кенет босаға жақтағы тұғырда отырған көк құсқа ишанның

көзі түсіп:

— Мұны үйіңде үзбей ұста. Балаң шетінеп кетер ме еді, осы

көк құстың себебімен аман қалды. Көк құстың қасиеті көп.

Оның қасиеті ұрпағыңның ұрпағына кетеді, — деді Алақан

ишан.

47


***

... Ендігі кезекте есіне Сайрамнан қараағаш көшетін түйеге

артып әкеп, аумағы бір ауыл сыйып кететіндей ойпаңдау

жерге еккені түсті. Мал кірмесін деп айналасын үйдей биік етіп,

ор қаздырды. Ол келе-келе Бекасыл әулие тоғайы аталды.

Қараағаш ішінде үйрек, қаз, кезқұйрық, қырғауыл, бөдене

топ-тобымен жүретін. Күндіз бұлбұл сайрап, түнде байғыз

шаңқылдап жататын.

— Қараағаш ішіне бас сүқпайтынбыз, аралауға қорқатынбыз.

Отынсыз отырсақ та бір шыбығын алмай тынбыз. Абайсызда,

жанынан өтіп бара жатып, жапы рағы киімімізге жабыса

қалса, жеті күлше құдайы наны мызды пісіріп, үйімізге ауыл

адам дарын шақырып, құран оқытатынбыз, — десетін ауыл

әйелдері.

Осы қараағаштың ішіндегі бұлақ басында өзі ауық-ауық

ақ киімді кісімен сөйлесетін...

Қар қалың жауған жылдары:

— Қашан қыс шығады? Қар қашан кетеді? Білсе, тек Бекасыл

әулие ғана біледі, — деп алыс, жақын ауылдардан үйіне

атты кісілер үзбей келіп жататын.

— Бізді ел-жұрт жіберді. Мына қар қашан ке теді? Қай күні

жылылық болады? Қыс созылып, қолымыздағы азын-аулақ

малымыздан ажырап қалмаймыз ба? — дескен оларға:

— Ел-жұртқа сәлем айтыңыздар. Пәлен күні пәлен уақытта

құбыладан алтын күрек соғады. Үш күн, үш түн ішінде қар

еріп, таусылады. Биыл көктем ерте шығады, — деп Бекасыл

әулие өз болжамын айтатын.

Төбе төбенің басынан жол қарап, жақсы хабар күтіп

отырған ел қариялары жұмсаған адамдарының қарасы

көрінгеннен алдарынан шығып:

— О, не деді?

— Жақсы лепес бар ма? — десіп, биыл көктем ерте шығады

деген хабарды естісімен:

— Аузына май.

— Е, әулие біледі ғой, — десіп, көңілдерін демдеп, жадырай

күлісіп, шаруаларына жігерлене кірісетін.

48


Көпшілік емес пе! «Ат бойы қарды үш күн ішінде от жағып

кетіре ме екен? Айтқаны өтірік», — дескендер де табылатын.

Кейін күдіктері бос боп шығып, ұялатын.

Кей жылы: «Биыл қыс ұзаққа созылады. Қапы қалмаңдар»,

— деп елге өзі ерте хабар беріп, сақтандыратын.

Бекасыл әулие араб, шағатай, парсы тілін жетік меңгерген

еді. Араб елінен көп кітаптар алдырып оқитын. Халқымыздың

өткен кезеңдеріне, елдігі мен ерлігіне шолу жасап, болжаулар

айтатын.

Бекасыл әулие алысқа сапар шегіп, үйінде бол май

қалғанда, не қатты боран-шашында жақын маңай дағы

ауыл келін-кепшіктері қиналып, босана ал маса, тақиясын, не

қамшысын апаратын. Сонда аман-есен босанатын.

***

Осы ғасырдың бірінші ондығының маусым айында ақ

патшаның генералы (Түркістанның генерал-губернаторы. Бекасылдың

ұрпақтарының айтуынша ол генерал М.Черняев) 1

осы маңда бір көреген қарт бар дегенді естіп, арнайы адам

жіберіп, Бекасыл әулиені Сайрамсу өзенінің бойына алдыртып,

әскери шатырда отырып оңаша сөйлеседі. Сонда оның

бар сырын қолмен қойғандай етіп айтып бергенде, даң кеуде

генерал шошып кетіп, алдағы өмірін айтқызбай, басына оқалы

тақия, үстіне зерлі шапан жауып, револьевер сыйлаған екен.

— Енді он жылдан кейін үлкен өзгеріс болады. Түлкіден

де қу, бәкене бойлы, қасқа бас, көк көз таққа отырады. Ұрмай-соқпай

теріңді сыпырып алып, баланы әкеге, әкені балаға

қарсы қояды. Бір үй орыс, бір үй қазақ болып отырасыңдар.

Қыз беріп, қыз алысасыңдар. Ауа жол болады. Ел

үшке бөлінеді. Екі бөлігі елге қосылмайды. Сілен («село» болу

керек) деген орнайды. Ұзын шөбін орып аласың, қысқа шөбін

қорып аласың. Сілейіп жүресің, сілейіп күлесің. Ыбырайым, ол

заманды сен көрмейсің, Мұсақұл, сен шет жағасын көресің.

1

Түркістанда екі дүркін губернатор болған генерал М.Черняев 1898 жылы

қайтыс болған.

49


Ал мына отырған жаман қара балам Исақұл қазанында

қайнайды, — дейді екен.

Ол кісінің ерекшелігі көбіне ойға батып, түнжырай қабақ түйіп

отыратын көрінеді. Тағы бір мінезі, жоғарыда айтқанымыздай,

зерлі тон, оқалы, асыл киім киюге қызықпайтын. Қашан

болмасын қоңыртөбел, ықшам киімдер киетін

***

Осы ғасырдың бас кезінде (шамамен 1902 жылы) мамыр

айының жаймашуақ күні. Ұлы сәске түс. Екі атты жігіт сегіз

қанат ақ үйдің ауласына енісімен жер ге қарғып түсіп,

аттарын бүйірдегі мама ағашқа бай лап, жаяулай ақ үйдің

табалдырығынан аттады.

— Ассалаумағалейкум, ардақты ата, — деп қолда рын

кеуделеріне айқастыра қойып, Бекасыл әулиеге ізетпен сәлем

берді.

— Уағаликумассалам, келіңдер, қарақтарым.

Төрде, аласа дөңгелек столға шынтағын тіреп, кітап оқып

отырған Бекасыл әулие жігіттердің сәле мін ықыластана

алып, жүздеріне барлай қарады. Тілге келіп, амандық-есендік

біліскен соң, екі жігіт тің жасы үлкендеуі:

— Әулие ата, Шымкент қаласының биі Майлы Тіленшіұлы

бізді сізге арнайы жіберді. Абайдың немере інісі Шәкәрім

мырза Түркістан шаһарына бара жатыр екен. Қасында екі

серігі бар. Би атамыздың төрінде игі жақсыларымызбен

әңгіме-дүкен құрып отыр. Сізді тез жетсін деген сәлем айтты,

—деді жыл дам сөйлеп.

— Қуанышты хабар әкелгендеріңе ризамын, қарақ тарым.

Алланың нұры жаусын. Уа, бәйбіше, қайда сың?

— Мен сенектемін, кешегі сойған құнанның етін жайғап

жүрмін.

— Оны қоя тұр. Мен жол жүрмекпін. Киімдерімді дайында.

Келінге айт, мына балаларға қымыз әкел сін. Жол жүріп

шөліркеген шығар, сусындасын. Пошатай ініме хабар бер,

аттарды әкелсін.

50


Әп-сәтте абыр-сабыр басталды. Ағайындар құ лақ танып,

біртіндеп жиналып, Бекасыл әулиені, По ша тай інісі мен

хабаршы екі жігітті жолға шыға рып салды.

Төрт атты күнбатысты бетке алып жүріп кетті. Әрқайсысы

өз ойымен өзі болып, желе-жортып келеді...

Әлемді қызыл арай нұрға бөлеп, күн бата бастаған кезде

жолаушылар Малай бидің он екі қанат шаңырағына жетіп, ат

басын тіреді. Үш-төрт жігіт ағасы құрақ ұшып, мұсылманша

амандасып, Бекасыл әулиені аттан қошеметтей түсіріп алған

күйі алға бастап жүрді.

Еңселі шаңырақтың табалдырығынан бірінші аттаған

Бекасыл әулие оң қол саусақтарымен омырауын жапқан ақ

сақалын салалай түсіп, үй толы игі жақсылар мен жайсаңдарға

даусын соза «Ассалаумағалей-ку-ум!» деп жалпы сәлем берді.

Төрде түрегеп тұрған ұзын бойлы, кең иықты, шыңда өскен

шынардай сымбатты тұлғалы, сүйкімді де сұлу өңді, денесінде

бір түйір артық ет жоқ, басына қазақы жасыл тақия киген

жігіттің Шәкәрім мырза екенін іштей сезген әулие жақындай

бере құшағын жайып, төсіне төсін басып амандасты.

— Ел-жұртың аман ба, Шәкәрім балам?

— Шүкір, аман, ата. Елімнің үлкен-кішісі сіздерге сәлем айтты.

— Саламат болсын.

...Атақты Малай бидің құтты шаңырағында өріс алған

әңгіме-дүкен түн жарымына дейін жалғасты. Әуелі ел, жер

жағдайы сөз болды. Ет желініп, шай, қымыз ішіліп, дастарқанға

Бекасыл әулие бата жасаған соң:

— Екі күннен кейін Түркістан шаһарында Науан хазіреттің

бастамасымен түркі тектес елдердің жағдайын сөз ететін

жиынға шақырылған едім, — деді Шәкәрім мырза Бекасыл

әулиеге сұраулы жүзбен қарап. — Айыпқа бұйырмаңыздар,

көпшілік, уа ағайын-тумалар, қазір уақытты үнемдеп, ауыл

арасындағы әңгімеден гөрі Бекасыл ағамызды тың дасақ

деймін. Бірінші тілегім — Төле би бабамыздың балалық

шағының қалай өткенін білгім келеді.

51


— Әз Төле бидің даналығы аса күрделі, Шәкәрім шырағым.

Оның қыр-сырын толық танып, білдім деп айта алмаймын. Ол

үшін Төле би боп өмір сүру керек. Ол мүмкін бе?

— Мүмкін емес.

— Бала Төленің кішкентай кезінен-ақ жарлы-жа қыбайларға

жаны ашып, көмектесуінен, жасы үлкен-кіші демей жұрттың

бәрін сыйлауынан, бір сөзбен айтқанда халықпен қоян-қолтық

араласуынан ерекше болып өскені байқалады. Бір мысал.

Қарасай батыр атын тебініп, доп қуалап жүрген балаларға

жақын келіп:

— Қарақтарым, Әлібек бидің үйі қайсы тұста? — деп

сұрағанында, Төле бала бірден: «Ата, жүріңіз», — деп, томпаңдап

алға түсіп, үйіне қарай бастауы, Қарасай батыр қолын

ұсынып: «Балам, артыма мін гес», — дегенінде «Мінгеспеймін,

ата, көйлек-шалбарым шаң, үстіңізді былғаймын, қолым кір,

қолыңызды алмаймын», — деуі оның жаратылысы нан сезімтал,

көпшіл, мейірман, ойшыл бала екеніне көз жеткізеді.

Елге жағу, көптің көңілін табу үшін бұл қасиет тердің бала

Төленің бойынан табылуы — қуанарлық әрі барша балаға үлгі

боларлық өнеге. Кішкентай болса да әр іс-әрекетінен өзінөзі

тәр биелеумен шұғылданғанын, ең маңыздысы — бұл ынта-ықыласының

өзі өскен орта сырын қатесіз танып әрі дұрыс

қорытынды жасауына көмектескенін аңғартады.

— Төле би қастандыққа ұшырап, шейіт болды деген сыбыс

біз жаққа жеткен еді. Бұл хабар қан шалықты рас?

— Сіздің ол естіген сөзіңіз түбірімен қате. Мұны қайдан,

кімнен естігеніңізді білмеймін. Білетінім, Төле би ешқандай

қастандыққа ұшырап, шейіт бол ған жоқ, керісінше ағайынтумаларының

ортасында ауырып, 93 жасында өз ажалынан

өмірден озды. Ол кісіні соңғы сапарға қалай аттандырып

салғаны жөнінде ұрпақтарының бірі Көшен молда былай

деп жазған. «Төле бабамыздың денесін ауылдан алып

шығысымен үлкен әжемізден кейінгі кіші әжеміз үйін жығып,

нан-тоқашын пісіріп, саба-саба қымызын дайындап, ерекше

күтімдегі жылқысын сойып ілесе көшеді. Үлкен әжеміз еш

52


нәрсемен ісі жоқ, отырған орнында отыра береді.

Ташкентке жетер-жетпес тұста кіші әжеміз көшін тоқтатып,

қымызын сапырып, қазан-қазан етін асып, сүйекті алып

кеткендердің қайтар кезін күтеді. Жаздың күні. Сүйекшілер

әрі шөлдеп, әрі қарындары ашып, шаршап-шалдығып кері

оралып келе жатады. Кіші әжеміз алдарынан шығып:

— Үйге түсіп сусындаңыздар, — дейді.

— О, мына Төле атамыздың тоқалының үйі ғой. Түссек,

түселік. Сусындап, тамақтанып, әлденіп алалық, — деседі не

бір атақты билер мен әділетті ақсақалдар. Бәрінің де ойында

ештеңе жоқ.

Жапырлай аттан түсіп, жайғасып отырған кезде ту

ұстаушы Төле бидің туын әкеліп үйдің оң босағасына

шаншиды. Ту тігілді. Ата салт-дәтүрі бойынша оны ол үйден

енді қозғауға болмайды. Осылай кіші әжеміздің ақылдылығы,

сұңғыла сезімтал, тапқырлығы арқасында Төле бабамыздың

туы, бүкіл мүлік, заттары сол шаңырақта қалады. Біздің

үлкен үй атанғанымыздың себебі содан (Мұны ақын Қазанғап

Байболұлы да «Төле бидің тарихы» дастанында нақты

бейнелеген). Бұдан өзге Төле бабамыздың қабірі Ташкент

қаласының орта лығына жақын зираттағы ұстазы Шайхантәуір

әулие зиратына жерленіп, күмбез орнатылуы — ең үлкен айғақ.

Төле би бабамыз өмірден озар алдында, ет жақындарына:

— Мені Шайхантәуір әулие ұстазым жатқан зиратқа

жерлеңіздер, — деген тілек айтады.

— Асыл биеке, тілегіңізді орындаймыз. Шайхан тәуір әулиенің

жанына жерлейміз, — деген туыстарына:

— Өтінішім сол, мені жанына емес, аяқ жағына жерлеңіздер.

Ұстазыммен қатар жатқаным — күнә, — дейді.

— Жарықтықтың әулиені құрметтегені мәңгі өнеге екен!

Жауабыңызға қанағаттандым. «Біз жақта қазақтың мақалмәтелдерін,

жыр-дастандарын, аңыз-әңгімелерін мол жинаған

шежіреші Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Батырда Қаракерей

Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би

жоқ», — деген баға берсе, Бұқар жырау бабамыз:

53


— Ал тілімді алмасаң,

Ай, Абылай, Абылай,

Тұрымтайдай бала едің,

Түкістанда жүр едің.

Үйсін Төле бидің,

Түйесін баққан құл едің, —

дейді Ендігі білгім келгені — Төле бидің арғы аталары

кімдер болған?

— Ақындардың «Он бір ата үзілмей, билігінің шамасы»

деп жырлауында терең шындық бар. Бұған көз жеткізу үшін

халық жадында сақталған және жазбаша түрде бізге жеткен

шежіре-деректерге сүйенеміз.

Көшен молданың жазбаша-шежіресінде айтыл ған дай,

Төле бидің арғы бабасы Ақарыс. Одан — Кейкі би, Кейкі биден

— Төбе би, Төбе биден — Майқы би. Ол кісіден Қоғам, Мекірейіл,

Қойылдыр деген бала тараған.

Өзіңіз білесіз, Майқы би заманында Шыңғыс ханның бас

уәзірі болған. Шыңғыс хан жорыққа кеткенде, ол кісі хан

ордасында билік жүргізіп, даулы мәселені әділ шешіп отырған.

Аяғы ақсақ болуына байланысты күймеге мініп жүрген.

Майқы би жеті ханды қолынан өткерген, бар ғұмырын

халық келешегін ойлап, 120 жасында дүниеден озған.

Шыңғыс хан ешуақытта Майқы биге қарсы келмеген. Ол бірде

ақылшы-кеңесшілерін жинап, Батысқа жорыққа аттанатынын

айтқанда:

— Аттанба батысқа, саған осы алған жерлерің жетпей ме?»

дейді Майқы би.

— Неге аттанба дейсің?

— Сен сонау құс қанаты талатын, аттың тұяғы тозатын қиырға

барамын дейсің. Қайтарда қоржыныңды мойныңа артып

жүрерсің. Ат арыр, ер қажыр. Есіңде болсын ханның басын

қара алар, асқар басын қар алар, — дейді Майқы би.

Одан кейінгі атақты атамыз - тоғыз ұлды Құдайберді

би Есім ханның уәзірі әрі орда биі болған. Оның үлкен ұлы -

Түгелбай, ең кенжесі — Әлібек би. Әлібектен дақпыртына дала

тербелген Төлеби туған.

54


Түгелбай бабамыз «Қалмаққырылған» шайқасында шейіт

болыпты. Түгелбайдың ұлы Мырзакелді Тәуке ханның әскерінің

бір қолын басқарған, ханның қызына үйленген, одан

Сарыбатыр. Сарыбатырдың ұлы Биболат би - менің әкем.

Ол кісі ел таныған адам екен. Қоқан хандығы пансат деген

дәреже беріп, құзырындағы елге басшы етіпті.

Әкемді Абылай ханның жұрағаттары Қасым төре мен

балалары Есенгелді, Саржандарға көмек бердің, мініске

жылқы бердің деп құдаласа керек, ақыры ажалына солар

жеткенін үлкендер айтады.

— Енді бәрі түсінікті болды. Алдыңкүні Әулие атада атақты

Керімбай датқаның шаңырағында қонақ болғанымда Төле би

бабамның Жолан деген баласының батыр болғанын, бірнеше

жыл қалмақ тардын қолында кепілдікте тұрғанын естідім. Сіз

туралы да біраз сырға қанықтым. Алайда әулие аталықтар

сіздің қайда оқығаныңызды дәл анықтап айта алмады.

— Мен алғаш ауыл молдасынан сауат аштым. Медреседе

оқысам деп армандап жүргенімде, әкем ауырып қайтыс болды.

— Сіз қанша жаста едіңіз?

— Он жаста едім. Әкем аяқ астынан төсек тартып жатып

қалды. Төртінші тәулікте үсті-басына қап-қара ірі жаралар

шықты. Ол өте жұқпалы мама ауруының бір түрі екен. Көнекөз

қариялардың айтуынша, мама келді дегенше ел үдере

көшіп, өлген кісісін жерлемей, сол жатқан орнында киімімен

қалдырып, қаша жөнелетін, ол жұқса, айтқан жерден аулақ,

бүкіл ауылдың бірі қалмай қырылатын көрінеді.

Осындай қатерге қарамай, ағайын-туыс, жекжат-жұрат

жиналып, айнала от жағып, сақтық жасап, әкемізді ақ жауып,

арулап жерледі. Үлкен кісілердің от жағуы — ауру талшықтары

өліп, жұқпасын дегені екен.

— Сіз қанша ағайынды едіңіз?

— Мен үш ағайынды едім. Үлкен ағам он бесте, ортаншы

ағам он екіде, мен онда едім.

— Мырзакелді бабаңыз қай ханның қызына үйленген?

55


— Көне көз, құйма құлақ қариялардың айтуынша, Ташкент

қаласында дуанбасы боп, әз Төле бидің оң қолы атанып жүрген

кезінде, бір ұрыста қалмақтың батырына қарсы шығатын

адам болмай, 23 жастағы Мырзакелді бабам: «Мен шығамын»,

— дегенде, Тәуке хан:

— Бәрекелде, қарағым, осыдан жеңсең, саған қызымды беремін,

— дейді көңілі тасып. Мырзакелді жау батырын жеңген.

Хан уәдесінде тұрып қызын берген. Сол хан қызынан менің

әкемнің әкесі Сарыбатыр туған.

Ол кісі өз заманының жау жүрек қолбасы атанған. Билікке

таласып, түрлі себеппен жеңіске жете алма ған көрінеді.

Алайда жұрт Сарыбатыр бабамның әділет тілігін ескеріп, даудамайға

араласып, билік айтуын қалапты. Өзі ұшқыр ойлы,

қартайғанша сөз ден алдырмаған алғыр, адал, батыр кісі

болған деседі.

Жаудың келе жатқанын күнібұрын төбе-төбеге қарауыл

қойып, хабар алмай-ақ біледі екен. Жеңетін болса, көзіне

бір жарық елестеп, «аянбай соғыс, жеңілетін болсаң, бас

амандығын көздеп шегін» деген белгі беретін көрінеді.

Жасы жетпіске жеткен шағында көрші рудың қоңыраулы

палуаны Сарыбатырдың даңқын естіп, іздеп келеді. Оны

Сарыбатыр күні бұрын біліп:

— Бір сыйлы қонақ келе жатыр. Алдынан сусын алып

шығып, құрмет көрсетіңдер. Алыс жолдан қатты қиналған,

шаршап-шалдыққан түрі бар, — деп жігіттерін аттандырады.

Олар қонақты зор ықы лас, құрметпен қарсы алады. Аттарын

күймеден шығарып, өзін ақ үйге түсіреді.

Қоңыраулы палуан кішігірім төбедей дәу, тік тұрған түйенің

өркешінен озардай бойы бар, божбан қара екен. Бабам бағлан

тай сойып күтеді.

Арада үш күн өтеді. Сарыбатыр:

— Ей, жігіттер, қонағымыз тегін қонақ емес. Тұлғасы, түртүсі

нағыз батыр, палуан екенін айтпай әйгілегендей. Дәу де

болса, менімен алыспаққа, күреспекке келген тәрізді. Әйтеуір

тегін емес.

56


Төртінші күні Cарыбатыр қонақ түскен үйге келіп сәлем

береді:

— Жол болсын, батыр, — дейді.

— Әлей болсын. Көргенді елдің перзенті екеніңізді

таныттыңыз. Келген күні-ақ жол болсын сұрайды ма деген

едім, олай етпедіңіз. Еңді жасыңыздың үлкендігіне қарамай,

«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем

береді» деген дәстүрімізге сай мен түскен үйге келіп, халжағыдайымды

біліп жатырсыз. Алла тағалам алдыңыздан

жарылқасын. Алыс жол жүріп, шаршап-шалдыққанымды

басып, демалып, өзіме өзім келген соң, жөн сұрағаныңызға

ризамын. Даңқыңызды естіп, сізбен алыспаққа, күш

сынаспаққа келдім.

— Ойбай-ау, мен жетпістемін ғой. Қарттық құрық салды

емес пе?

— Сары аға, олай демеңіз. Әлі де болса,естуімше, сізде 3-4

жігіттің қайраты бар. Мен күш сынасқалы келдім. Биыл жасым

отыз бесте. Жеңсем, қызыңызды алып кетем, жеңілсем,

қызымды берем. Менің арманым — екі батырдан бір батыр

туса деген арман.

Сарыбатыр мен Қоңыраулы палуан келесі күні ауыл

сыртына шығып,бұзау қамшымен сабасуға келіседі.

Сарыбатыр сарылау кісі екен, қызара бөртіп, бозайғырына

мініп, ортаға шығады. Айналып шауып әуре болмай-ақ

қояйын дегендей жалт беріп, оң қолымен қарсыласының

жон арқасынан тартып кеп жіберіп, ердің үстінен қалпақтай

ұшырып түсіреді. Қоңыраулы палуан орнынан әрең тұрып,

қолын алып:

— Маған қарағанда мықты екенсіз. Күреспей-ақ қояйық.

Мен жеңілдім, — дейді. — Енді сізге қыз беретін болдым. Ұлдарыңыз

алдыма кеп қатар тұрсын.

Сарыбатыр ұлдарын жинап, алдына әкеп қояды.

— Балаларыңның үйленбегені қайсысы?

— Бәрі үйленген. Мына тұңғыш немерем Байшымыр он бес

жаста.

57


Қоңыраулы палуан Байшымырды айналып қарап:

— Әй, жәке, мынауыңның төбесі жалпақ екен. Бұл батыр

емес, мал табардың өзі болады, — дейді.

Бармағын тістеп, ойланып тұрып-тұрып:

— Менің он үш жасар Қарлығаш деген қызым бар. Соны

әлі де болса өзіңіз алыңыз. Екі жылдан кейін өзім әкеп берем.

— Жоқ, менің бала-шағам, келіндерім бар. Ендігім — ұят.

— О, батыр, мен сізді келгелі бері бақылап, сынаумен болдым.

Әлі де екі перзент сүйерлік қуат-қайратыңыз бар. Бір

бала болғанының өзінде бірегей болады. Ойланыңыз, қызымды

өзіңіз алыңыз, — дейді нығарлай сөйеп.

Айтқан екі жылдан кейін қоңыраулы палуан уәдесінде

тұрып, қызын күймелетіп, қос жеңгесімен Сарыбатыр ауылына

аттандырады..

— Ел-жұрттан ұят, — деген соң, ақсақалдар ол қызды

туысының баласына қосыпты.

Көп ұзамай Сарыбатыр ауруға шалдығып, қайтыс боады.

Қайтыс боларында кенже ұлы Биболатқа: «Мені ақ түйеге

мінгізіп, үш белден асырып қоя бер», — дейді аманаттап.

— Жәкемнің «ақ түйеге мінгізіп, үш белден асыр дегені —

атымды ардақтап, үш жүзге ас бер дегені», — деп түсінген

Биболат екі ағасымен, ел-жұртымен ақылдасып, көп малын

шығындап, үш жүздің игі жақсыларына ас беріп, әкесінің

тілегін орындайды.

Қарттардың айтуынша, Биболат жәкем Сарыбатыр әкесіне

айнымай тартқан, алған ісін аяғына жеткізбей тынбайтын,

адуынды, өткір тілді, аса еңбекқор, екі иығына екі кісі мінгендей

ірі денелі, бойы екі құлаштай кісі болыпты. Көріп отырсыз,

Шәкәрім балам, менің де бойым аласа емес.

Көңілдене күліп, сөзін жалғады.

— Үлкен ағам Байшымырға әкемнің: «Жақсы адам жан

баласына көңіл қалар сөз айтпайды. Үлкенге де, кішіге де

қолынан келгенше қамқоршы болады. Ешкімге жамандық

жасамайды. Жаман адам кісіні қорлауға, жағымсыз сөз айтып,

көңілін қалдыруға, айналасындағыларға үстемдік етуге,

58


біреуді біреуге айдап сап, шағыстыруға құмар. Кісі болудың

жолы — тәртіпті, әділетті болу. Түсінген адамға жасы үлкенді

құрметтеуі, «ассаламағалейкум» деп сәлем беруі — үлкен

тәрбие. Адамды өле-өлгенше сыйлау керек», — деген сөзін

естіп қалдым.

Әкеміздің осы тәлім-тәрбиесін алған үш ұлы — біздер

бұғанамыздың қатпағанына қарамастан жетімдік тағдыр

тауқыметі басымызға ерте түскеніне мойымай, керісінше,

әрекетшіл, еңбексүйгіш, әр нәрсенің көзін таба білетін іскер

боп өстік.

— Аналарыңыз қандай кісі еді?

— Анамыздың қандай кісі болғаны жөнінде мына оқиға

біраз мағлұмат беретіндей. Әкеміз Биболат қайтыс болғаннан

кейін туыс інісі Сапақ бабамыз:

— Маған жар бол, саған үйленем, — деп ескі әмеңгерлік

жолмен жеңгесінің мазасын алады.

— Қой, қайным, енді маған байдың керегі жоқ. Әуре болма.

Арыстанның басқан ізін ешкімге басқыз баймын. Бар арман,

ниетім — үш баламды жеткізу, — деп ырық бермейді.

Бірде Сапақ бабамыз анамыздың тары орып жүр ген жеріне

барып:

— Сенің арыстаның енді жоқ, бүгін мен арыстанмын, — деп

шатақ шығарады.

Тары орысып жүрген үлкен ағам Байшымыр ашуға булығып,

өткір қол орағын Сапақ бабамыздың мойнына орай салып:

— Ей, шал! Менің анама неге тыныштық бермейсің?! Қазір

мойныңды жұлып алайын ба?! — дейді.

— Әй, әй, сабыр, сабыр. Сен өсіп қалыпсың ғой, — деп Сапақ

бабамыз тайқып, жөніне кеткен екен.

Босағаға таяу отырған мұрты жаңа тебіндеп келе жатқан

бозбола:

— Шәкәрім аға, білгім келгені — «Сіздің балалық шағыңыз

қалай өтті?» — деді сұрақ қойып.

Шәкерім мырза дауыстай күлді.

59


— Бұл сұраққа бұрын онша мән бермеппін. Есіме түсіріп

көрейін... Мен кішкентай кезімде адам айтқысыз ерке, алған

бетімнен қайтпайтын ожар болыппын. Әкем жарықтық ағайынтуыстарына:

— Бетінен қақпаңдар, еркін өссін, — деп маған ешкімді

қарсы сөйлетпейді екен. Оның үстіне Абай ағам да, өлеңдерін

келістіріп жатқа оқығанымнан ба, мені жақсы көрді.

Өз қамқорлығына алып тәрбиеледі. Ғылым, білімнің сәулесін

сезіп, есейе келе өз бетім ше ізденіп, араб, парсы, түрік, орыс

тілдерін білдім. Ол кісі бәрімізге бір-бір тақырып беріп, өлең

жаздыратын. Жазғандарымызды тексерген соң, маған ерекше

үміт артып: «Шәкәрімнің асығыста жіберген кейбір кемшілігін

елемесек, ойлауында мін жоқ. Қайтсем мінін табамын деген

үмітпен шұқшиып қанша іздесем де, таба алмадым», — дегені

де есімде.

— Көкейіме тағы бір сұрақ келді. Сізге қойсам ба, қоймасам

ба? Көңіліне алып қалса қайтем деген екі ойлы халда

отырмын, — деді әлгі бозбала.

— Қандай сұрақ болса да қоя бер. Мен ешқандай көңіліме

алмаймын

— Сіздің әкеңізге ренжіген кезіңіз болды ма?

Шәкәрім мырза бар даусымен ахахалай күлді. Алдындағы

кесе толы қымызды сіміріп салып:

— Болды», — деді қайта күліп. — Ол — менің бала лығымнан,

шалалығымнан кеткен кемшілік. Иманды болғыр әкем ылғи

менің маңдайымнан, келіндерінің бетінен сүйетін. Сол қылығы

көңіліме сыймай, түнде ұйқыға бас қойған шағымда, түрлі

ойға бататынмын. Мезгілі жеткенде бітеу жара да жарылады

ғой. Сол бітеу жараға ұқсап мен де жарылдым. Таңғы астан

кейін әкеме:

— Әке, рұқсат етсеңіз, сізге деген көптен бері кө ңілімде

сақталып жүрген реніш-өкпемді айтсам деймін, — дедім. Әкем

жымия күліп:

— Айт, балам, — деді ойлы қой көздерін жүзіме сынай қадап.

60


— Көңліңізге алмайсыз ба?

— Алмаймын. Көңіліме алсам, мен қандай әке бол ғаным.

Өңі қуқыл тартып, өзгере қалды.

— Әке, сіз неге ылғи менің маңдайымнан, келіндеріңіздің

бетінен сүйесіз? Осы уақытқа дейін менің бетімнен бір рет

сүйген емесіз. Мұныңыз келін деріңізді жақсы көріп, мені жек

көргеніңіз бе?

Әкем шаңырақты басына көтере күлді. Сыртта күйбең

тірлік қамымен жүрген анам ішке таңырқай еніп:

— Не болды жер-көкті сонша дүрліктіріп? — деді жақтырмай.

— Сен әуелі мына балаңның маған не айтқанын есті.

— Не айтты?

Менің сөзімді естіген анам да ішек-сілесі қатып күліп;

— Айналайынымды Алла тағалам тіл-көзден сақтасын. Сіз

мұны жұртқа жария ете көрмеңіз, Көзден, сөзден қорқамын,

— деді әкеме жалынғандай қиыла қарап.

— Енді менің жауабымды тыңдамайсың ба?

— Тыңдайын.

Әкем бар назарын маған аударып:

— Балам, есіңде жүрсін. Сенің маңдайыңнан сүй сем, бағың

ассын, келіндерімнің бетінен сүйсем беделі ассын деймін.

— Мен қате түсініп келген екем, кешіріңіз, әке, — дедім

ұялғанымнан әкемді құшақтап. Сол сәтте менен бақытты адам

жоқтай еді. Осы сүйікті әкемнен жас кезімде жетім қалдым.

Құнанбай атам өз қамқорлығына алып, жетімдік, жоқшылық

зардабын тартқызбады. Абай ағам мұсылманша, орысша

оқуға ерте бауыр бастырды. Кеудеме ғылым, білім сәулесін

түсіріп, ойлана білуге баулыды. Есейе келе өз бетімше ізденіп,

араб, парсы, түрік, орыс тілдерін меңгердім. Жазған бірқатар

шығармам бар. Оны айтпай-ақ қояйын.

— Әкеңіздің ашуына тиген кезің болды ма? — деді шаңырақ

иесі Майлы би.

— Әжептеуір ес біліп қалғанмын. Малға қарап жүріп,

балалармен ойнап кететінмін. Бір күні қой қораның есігін

61


жабуды ұмытыппын. Қозылар сыртқа шығып, жақын маңдағы

жаңа бой түзеп өсіп келе жатқан егінімізді аралап кетіпті.

Мұны көрген әкем маған жақындай түсті. Қабағы қату.

Бұрындары қанша ашуланғанмен ол кісінің мені ұрмайтынын,

мінезі жұмсақ екенін сезетінмін. Бұл жолы өңі өте сұсты. Мен

қашқан бойда үйге жүгіре еніп, анамның ығына жасырындым.

Ізімнен қуып келген әкеме анам:

— Сен бұған тиісуші болма. Бұл өзіне керек нәрсені өзі іздеп

тауып алатын бала, — деді маған ара түсіп. Онымен де тынбай

бір абыройлы, атақты адамының жалғыз ұлы туралы айтқан

сөзін есіне алып, анам былай деді: «Қарт кісінің ерке-тотай

жалғызы әркімге соқтыға беретін сотқар болыпты. Жүрген

жері айқай-шу, төбелес көрінеді.

Ақсақалдар жиналып:

— Балаң төбелескіш, есерсоқ. Бізді қойшы, әкем екен

деп өзіңді де сыйламайды, тіліңді алмайды. Бұ ған не жаза

қолданамыз? — дегенде сотқардың әкесі:

— Баламның болмысы осындай болса, мен не істеймін?

Қубас атанғаннан гөрі баласы бар деген сөзді шүкір етемін.

Төбемнен май құйса да, қызымнан гөрі кеудемнен теуіп отырған

ұлымды жақсы көремін, — депті. Бұл қазақ жаралғаннан

бергі ата-бабамыздың қанына, сүйегіне сіңген, бәріміздің

тұла бойымызда бар, осы күнге дейін сақтаулы қасиет емес

пе? Жасыратыны жоқ, сен де сондайсың, мен де сондаймын

депті, — деген анама әкемнің:

— Оның рас. Жаугершілік заман — ұлды, «қой үстіне

бозторғай ұялаған» бейбіт заман қызды қадірлі етті. «Ұл

мен қыз көздің нұры» дегендей мен үшін перзенттің бәрі

қымбат. Мендегі ең үлкен кемшілік — барлық адамды жақсы

деп ойлап келгенім. Оным бос қиял екен. Бір отбасында он

бала болса, соның бір-екеуі ғана озық ойлы, қалғаны сол бірекеудің

қостаушысы, қорғаушысы болатын тәрізді, — деген

сөзін де ұмытқаным жоқ.

— Кімнің кім екенін қоян-қолтық араласқанда ғана білесің,

— деген Бекасыл әулие сөзін қоштап Шәкәрім мырза: «Қарым-

62


қатынас кезінде адамдар бірін-бірі танып, тереңірек біле

түседі, бәрінен де оның қабілетімізді анықтаудағы, санасезімімізді

қалыптастырудағы ықпалы зор, — деді.

— Дұрыс айтасыз. Қарым-қатынас — әркімнің бойындағы

ерекшеліктердің айнасы. Адам өзінің кім екенін тікелей де,

жанама түрде де танып біле алады. Жанама түрі күрделірек,

ол — танымның алғашқы баспалдағы. Ерекше есте ұстайтын

жағдай, әркім өз іс-әрекетінің нәтижелерін тек талдау

жолымен, яғни басқалардың қасиеттерімен өз қасиеттерін

салыстыру арқылы ғана жүзеге асыра алады. Тынымсыз

ізденіп, ойлай білудің көмегімен өз ортасына ықпал етіп,

өзгерістер енгізіп қоймай, өзі де өзгеріп, кең даму жолына

түседі. Оған қоршаған ортаның да әсер-ықпалы айтарлықтай.

— Анам мен ағаларымның мен оқуға аттанам дегенде

бетімнен қақпағаны, мені түсінгендігі шығар. Бөле-жара

айтарым, түрлі себептерге байланысты кез келген адамның

қалғып-мүлгіген қабілеті сілкініп оянғанда ғана алға жылжу,

даму басталады.

— Бұл пікіріңіз өте маңызды, Беке. Орыстың ақиық Пушкин

атты ақыны «Капитан қызы» деген шығармасында басыбайлы

шаруалар мен ақсүйек тер деп бөлініп, бір-бірімен күресуші екі

Ресейдің барын, ақсүйектердің аяусыз езгісіндегі халықтың

ауыр жағдайын, оның биліктегілерге өшпенділік, жеккөрушілік

көзқарастарын ашық та батыл жазғанын, бір сөзбен жинақтай

айтсам, орыс халқы әдебиетінде патшалық Ресейдегі езілген

халықтың өмірін шынайы бейнелегенін жаным сүйсіне ұнаттым.

Мұндай ауыр хал қазақ халқының да басында барын,

одан қалай етсек құтыламыз деген мұңды ой тұла бойымды

шырмап алды.

Өзімше бақылап, ой елегінен өткізгендегі қоры тындым, кез

келген тіршілік иесі — мейлі ол жылқы, сиыр, түйе, қой, құртқұмырысқа,

шыбын-шіркей, болсын — бәрі өлімнен қорқады.

Қорықпайтын бірде-бірі жоқ. Мысал ретінде дастарқан шетіне

қонған шыбынды алайық. Ол саған оңайлықпен ұстатпайды.

Қимыл-қозғалысыңнан қауіп төнгенін сезіп, ұшып кетеді.

63


Немесе жылқыны, сиырды, не түйені, тіпті қозы-лақты жарға

қарай айдасаң, жиекке жетісімен жалт беріп, басының ауған

жағына қарай қаша жөнеледі. Неге? Себебі, ешқайсысының

жардан, құлап өлгісі келмейді.

Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады? Біріншіден,

кез келген жан-жануарлардың, кішігірім жәндіктердің бәрі

де қауіп-қатерді сезінетінін, екін шіден, сезініп ғана қоймай,

одан құтылудың жолын қарастыратын қабілетінің барын

байқаймыз.

Тағы таңғаларлық әрі сүйсінерлік жағдай — тәлтіректеп,

жығыла жаздап, әрең тұрған қозы, лақ, не бұзау енесінің емшегін

жаңылмай тауып емеді. Әлжуаз неме ондай әрекетке

қалай барды? Бұл — арнайы зерттеу арқылы шешетін үлкен

жұмбақ.

— Менің де бір таңғалғаным бар, — деді Бекасыл әулие

сөзге араласып. — Бала кезім. Біздің ауыл маңында еліктер

өріп жүретін. Сол жылы қар қалың түсіп, қыс созылып кетті.

Аш жануарлар азық іздеп үйлеріміздің іргесіне дейін келді.

Адамдардан қорқу, үрку дегенді мүлде ұмытқан. Қайсыбір

жігіттер үлкендердің «әй, тиіспеңдер» дегендерін тыңдамай,

қуалап жүріп, төрт-бес елікті ұстап алды.

Мұны көз үйренген жағдай десем де, бұған дейін мүлде

беймәлім бір көрініс маған қатты әсер етті. Аштықтың әсерінен

әлсіреп жүре алмай жатып қал ған аналықтың лағын басқа

елік өзімен бірге алып кетті. Бұдан өткен мейірмандықтың

болуы мүмкін бе?

— Мен жастайымнан дүбірді аңсап өскен аңшы мын ғой, —

деді Шәкәрім мырза жымиып. — Киік пен еліктің мейірімділігін

ерте білдім. Маймылдардың да тұтқиылдан қатер төнген

кезде «мынау кімнің баласы» демей қолына түскендерін

арқалап, ағаш басына шығып кетіп, ажалдан құтқарып

қалатынын оқығанмын.

— Аңшы болғанда, мергенсіз бе? — деді босағаға жақын

тұста аталардың әңгімесін қыбыр етпей, ұйып тыңдап отырған

бозбала.

64


— Балам, мақтанды десең де өзің біл, Мен жай қатардағы

емес, құралайды көзге атқан мергенмін. Көл жағасында

қаннен-қаперсіз қонып отырған құс ты, не жазық далада

жайбарақат жайылып жүрген аңды атпаймын. Оларды үркітіп,

ұшырып, не қашы рып атамын. Сонда мерген, мерген емес

екенің анық талады.

— Сіз мергендікті қайдан үйрендіңіз?

— Кәнігі аңшылардан үйрендім. Бірте-бірте тәжі рибе жинап,

тынбай машықтандым. Бойында бі луге деген құштарлық

сезімі бар адам баласының үйренбейтін, игермейтін өнері жоқ.

— Бұл айтқандарыңыз жастарымызды ойлантып, өрге

талпынтатыны сөзсіз. Тек ниет, құштарлық, ерік-жігер керек,

— деді Бекасыл әулие қоштап.

— Әулиеатада бойы екі метрден аспаса, кем емес, алып

денелі, түр-түсі келіскен Керімбай датқаның шаңырағында

қонақ болдым. Айналасындағы игі жақ сылары мен

жайсандарының бәрін шақырыпты, естен кетпес әңгіме-дүкен

құрдық. «Жас жалтаңға қашады, кәрі қалыңға қашады»

дегендей жиы ны мызда жастар да болды.

Керімбай жасынан талай алыс-жұлыс, дау-да май дың бел

ортасында ширап, шыңдалған, көрген-білгені, көңілге түйгені

ұшан-теңіз, құйма құлақ, шежірелі данагөйлеріміздің бірі

екен. Ол кісінің ұр пағымызға таусылмас рухани азық, болар

бір оқи ғасын айтайын.

Бұзау болыстың бес күнге созылған тойында қырғыз

балуаны Жорабек пен қазақ балуаны Ақ шуақ күресіп, бірінбірі

жеңе алмай әбден титықтап, шаршаса керек. Ақырында

Ақшуақ оқыс қимыл жасап, қарсыласын қозғалтпай қояды.

Басы айна лып, көзі қарауытқан Жорабек тәлтіректегенмен

құламайды, біраз тыныс алып:

— О, жарандар! — дейді даусы қырылдай шығып, жанжағындағы

қаумалай қарап отырған жұртқа. — Осы жасыма

келгенше мені тізе бүктірген ешкім болмап еді. Мына жас ноян

Ақшуақ тізе бүгуіме мәжбүр етті. Күш атасы қолдап, Алла

тағалам алды нан жарылқасын.

65


Екі балуан құшақтасып, төс қағыстырды.

— Керімбай датқаның: «Екеуіңнің де ерліктеріңе сүйсіндік.

Жорабек қарағым, сен еліңе жеңілдім деп барма. Жас ноянға

жолымды бердім деп бар. Ақшуақ қарағым, сен жассың.

Алдыңда талай майдан бар. Жорабекті жеңдім деген ой

сенде болмасын. Бұғанам әлі қатпағандықтан мені аяп асыл

ағам бата берді дегейсің. Қарсыласыңды сыйлап, бағалай біл.

Ол да өзің секілді бір тайпаның намысы, туы деген аталы сөзі,

адамгершілігі мен парасаттылығы маған ерекше ұнады, — деп

Шәкәрім толқи сөйледі.

— Керімбай датқаның сөзінде түсінген жанға көп сыр

жатыр... — деді Бекасыл әулие өз көзқарасын білдіріп.

— Ұмытпай тұрғанда сұрайын дегенім, Беке, сіз сырқатты

қандай шөппен емдейсіз?

— Шөптің түрі көп қой. Оның бәрін қағазға жазып қойғанмын.

Амандық болса, Түркістаннан қайтар жолыңызда бір

данасын өзіңізге табыс етемін. Сізбен бүгін кездесетінімді алдын

ала білмедім ғой

— Бір шөптің емдік қасиеті туралы айтыңызшы?

— Шашыратқы деген шөпті білесіз. Тамыз айында күн

шықпай тұрған кезде көк гүлін бұтағымен кесіп алып, майдалап,

көлеңкеде құрғатып, оның бір уысын бір тостаған суға

сап қайнатып, ол суыған соң жүрегі ауыратын адамдар үш

бөлікке бөліп, таңертең, түсте, кешке ішуі керек.

— Оның қандай пайдасы бар?

— Шашыратқы тұнбасы жүрек тамырларын тазалап, қан

айналымын ретке келтіреді. Бұрын қазақтар шашыратқы

тұнбасына күн өткен балаларын шомыл дырып келген. Оның

бүйрек ауруына да бірден-бір ем екенін Құртқа тәуіптен естіп

білгем. Әсіресе, менің ізденуіме ол кісінің жарақат алған

адамдарды емдеп жазудағы тәжірибесінің көмегі көп тиді.

— Түсіндім, рақмет. Шындық туралы қандай ойдасыз?

— Дүниедегі ең шындық — көзбен көрген, құлақ пен естіген.

Солай десек те, оның бәрін айта берудің қажеті жоқ. Есту,

білу керек, сол естіген, білгеніңнің ішінде жұртқа айтатын

66


да, айтпайтын да сөз бар. Мысалы, біреудің біреуді күндеп,

сыртынан ғайбаттағанын иесіне жеткізудің қажеті жоқ. Олай

етсең, екеуінің арасына от салған болып шығасың. Құран

Кәрімде «тіліңді сақта, көзіңді сақта, құлағыңды сақта»

делінген.

Көпшілік емес пе, ананың анандай, мынаның мынандай

пікірі бар. Оны естіп қана қоя салған жөн.

— Адам көп білуге тиіс қой.

— Адам баласына көп білу керек-ақ шығар, бірақ бәрін білу

міндет әрі ол мүмкін емес, — деді Бекасыл әулие ұзақ үнсіздіктен

кейін. — Шамасы неге жетеді? Алла тағала соны қалайды.

«Әлін білмеген әлек» деген сөз жай айтыла салмаған. Менің

ойымша, әркім қабілетіне қарай талпынғаны дұрыс. Мен білгенді

анау білмейді деу де қате. Біздің міндетіміз — құлшылық

ете беру. Қабыл бола ма, болмай ма, ол — Алланың ісі.

Біздің тағы бІр міндетіміз — дүниеге келдік пе, кетуімізді

ойлауымыз керек. Бәріміз аз күн дүние қонағымыз. Жанымыз

— тәніміздің қонағы.

Мен дүниеге келдім, менен басқа ешкім жоқ деу де дұрыс

емес. Мақұл, дүниеге, қазынаға келдің. Енді сол қазынадан

алып қал. Талабың болса, ұмтыл. Дүние өтіп кетіп бара жатыр.

Мүлік те, қазына да, байлық та — бәрі өтеді. Дүние — керуен

деген сол. Дененің жалыны қайтқаннан кейін ол сені ұстап

тұрмайды, бір күні болмаса, бір күні тастап кетеді.

Біз өмірдің базарын базарлап жүрміз. Базар базар лаған

адам әйтеуір керек-жарағын алатын шығар. Керек-жарағын

алғаннан кейін базар тарқайды. Бәріміз кетеміз. Кеткенде

керегімізді алып кетуіміз керек. Құранның үшінші кітабында:

— Лаиллаһа иллала

Иллалада пайда бар.

Білмеген құлда не айла бар?

Барар жерің қараңғы,

Шамшырағыңды сайлап ал, —

делінген.

67


Бұл — «Базар базарлағанда керегіңді тауып ала біліп, о

дүниеге барар қамыңды бүгіннен ойла» деген ақыл. Қайсы

бір дауда шешімі табылмаған мәселе туындаса, оны қалай

шешу, кімге қалай жаза беру керек — бәрін ата-бабаларымыз

Құраннан іздеген. Құранда айтылмайтын сөз, шешілмейтін

түйін жоқ. Соның бәрін білу үшін араб тілін, басқа тілдерді

меңгергеннің пайдасы көп. Басқа тілді білсең, сол халықтың

ағайынысың, жақынысың. Оны өзіңіз ғылым жолына түскелі

де сезіп отырсыз.

— Сөз туралы ой бөліссеңіз?

— Сөзге Құранда үлкен мән беріліп, «сөз — құдірет» делінген.

Сөздің құдіреттілігін мынадан да ұғынуға болады. Ілгеріде әз

Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер қарсыластарына

қылыш асынып, әскер алып бармаған. Қандай дау болмасын

сөзбен шешкен. Сөз — қылыш. Сілтей біл, кесіп түседі. Міне,

оның құдіреті.

Сөз — өткір найзаның ұшы. Ебін тауып шанши білсең, етінен

өтіп, сүйегіне жетеді. Бұл қарулығы ма?

— Иә, қарулығы.

— Енді шипалығына назар аударайық. Қара тасты балқытып,

жыланды інінен шығаратын да — сөз. Не бір ақындар,

шешендер сөздің майын тамызып сөйлегенде, жабырқаған

көңілді жадыратып, сырқат жанды сауықтырып жіберген. Бұл

— шипалық қасиеті.

Алла тағала сөзбен, сөз Алла тағаламен болған. Сондықтан

да Құранда оны құдіретке теңеген. Қарағым, Шәкәрім,

сөздің құдіретін өзің де білесің. Сөз — қазына. Құдай қаласа,

қазынаға жолығып жүрсің, жолыға да бересің. Алла тағала

бұл еңбегіңді елеусіз қалдырмайды.

Сөз құрастырып жазу, жаңа ой айту қиынның қиыны,

азаптың азабы. Оңай дейтіндер жазып көр сін. Мысалы,

Құранда Алла тағала адамды жаратқанда бір нәрсеге шын

ниет, ынтасын аудартып жаратты дейді. Ол — құштарлық ,

махаббат. Мені қуантып отырғаны — сенің дүние сырын ұғуға

деген құштарлығың, ізденуің.

68


«Махаббатпен жаратты адамзатты,

Сен де сүй сол Алланы жаннан тәтті», —

деген Абай дедіңіз. Мән берсек, Абай Алланы сүю керек

деген сөзді жай айта салмаған. Өйткені адамды Алла жаратты.

Адамды Алла бекер жаратқан жоқ. Ақыл, ес, ой берді, сезім

берді. Түрлі құбылыс сырын пайымдайтын ұғым берді.

Махаббат адамда ғана емес, басқа тіршілік иелерінде

де бар. Оның түрі көп. Сүйіспеншілік, махаббат, достық,

баланың ата-анаға, ата-ананың балаға деген махаббаты, ерлізайыптылардың

махаббаты. Айта берсең, жалғаса береді.

Бір нәрсеге сүйіспеншілігің болмаса, құштарлығың болмаса,

еңбегің жанбайды.

Осылардың ішіндегі ата-ана мен бала махаббаты тіпті

бөлек. Бұл — мәңгі айнымайтын махаббат.

Адам баласы өзіне өзі сенімді болуы керек. Өзіне-өзі сенімді

адамның махаббаты ешуақытта айнымайды. Сол үшін Абай:

«Махаббатпен жаратты адамзатты,

Сен де сүй сол Алланы жаннан тәтті», —

десе керек..

Алланы сүю қажет. Алланы өзіне өзі сенімді адам ғана

сүйе алады. Ондай адам Алланың мейіріміне бөленеді. Түсіне

білгендерге:

«Жақсылар ақтан көңіл аудырмаған,

Жаманға Құдай рахым жаудырмаған.

Өз мінін өзі білмес, жөнге көнбес,

Мінезі тентек сиырдай саудырмаған», —

деген халық сөзінде де қанша сыр, қанша шындық жатыр?

Міне, осы секілді халықтың сөзін, ақыл-өсиетін жастарымыз

есінде сақтап, ғибарат алса ғана өседі. Әсіресе, еңбек, достық,

өнер махаббатын, ата-ана мен бала махаббатын құрметтеп,

қастерлеу қажет. Бүгін тату, ертең қату болса, ол махаббатқа

жатпайды. Ол — тұрақсыздық. Ал тұрақсыз жандар ешқашан

достыққа, махаббатқа берік болған емес.

69


Жаңа ата-ана мен бала арасындағы махаббат мәңгілік,

айнымас махаббат деп айттым ғой. Мысалы, келін бір шаруамен

басқа жаққа кетіп қалып, бесіктегі балаң шар етіп жыласа,

жүгіріп барып тербетесің. Ол жұбанғанша, тыным таппайсың.

Көрдің бе, сенің махаббатыңды Алла тағала балаңа қосақтап,

жегіп қойған. Ол қайта қыңқ десе, қайта жүгіріп барып, астыүстіне

түсесің. Не болмаса, қолыңа алып әл ди лейсің. Атаананың

осы махаббаты, адамзат жарал ғалы, өзгермей келеді.

Шәкәрім қарағым, сенің айтқандарыңнан менің түсінгенім,

сүйіспеншілікті, махаббатты Абай қатты қадірлеген екен.

Оған жоғарыдағы екі жол өлеңі арқылы-ақ көзім жетті. Мейлі

жақсы сөзбен, мейлі адамгершілікпен, ағайынгершілікпен

болсын адамдардың бір-бірімен сыйлас, қимас дос болғанын

бәріміз қалаймыз.

Келісерсің деген ойдамын, ер елден шығады. Жаудан

жерін, халқын қорғаған батырлар да, аузынан бал тамған

ақындар да елден шыққан. Ер шығаратын — ел. Жоқ нәрсені

жалғыз ер бар ете алмайды. Ел болса, ер туғызбай тұра

алмайды. Ойда-қырда бәрі халықтан, көптен шығады.

Ердің қолынан іс келсе, жазу, өнер келсе, жұртты соңынан

ертіп, жақсылыққа бастай білсе, оны өскен ортасы «бізден

пәленше шықты» деп мақтан көреді. Сондай ер — Абай,

сондай ер — өзіңсің қарағым Шәкәрім.

«Қолда бар да аяма адамына,

Ол сыйың жол ашады қадамыңа.

Адам мен хайуанаттың айырмасы —

Бір іспен ат қалдыру заманына», —

деген тәрізді ата-бабамыз түйіндеп кеткен сөздер көп.

Қапелімде бірі еске түссе, бірі еске түспей жатыр.

— Сіз жұрт алдында сөз сөйлеген кезде не нәрсеге баса

көңіл бөлесіз?

— Жұртқа сөзімді тыңдату үшін Құранның аяттары мен Мұхаммед

с Алла Аллаһ алейһи уа сәл лем пайғамбарымыздың

хадистеріне, ата-бабала рымыздың, ел ішіндегі үлкен ақсақал-

70


дардың, ғалым адамдардың пікірлеріне, мақал-мәтел де рімізге

сүйе ніп, ойымды түсінікті, дәлелді етіп жет кізуге тырысам.

Дейді дейдіден бойымды аулақ ұстаймын.

Әрине, сіз бен біз жаңа сөз қоспаймыз, қоса да алмаймыз.

Сөйлегенде ата-бабамыздың сөзінен сөз алып сөйлейміз, атабабамыздың

сөзінен сөз алып жауап қайтарамыз Тағы бір

бөле-жара айтарым, мүмкіндігінше, шамамның жеткенінше,

әділет жолынан айнымауды көздеймін.

— Жауабыңызға қанағаттандым. Енді адамдар туралы не

айтасыз?

— Ата-бабамыз адамдарды қайырымды, жомарт, сараң,

дүниеқор деп төртке бөлген. Қайырымды адам алдына біреу

мұқтаждықпен бұйымтайын айтып келсе, «жоқ» демейді.

Әйтеуір көңілін тауып, жөнін айтып, барын беріп шығарып

салады. Бұл — қайырымдылық.

Жомарт адам қолындағы бар нәрсесін ешуақытта ешкімнен

аямайды. Ертеңгі күні өзі аш қала ма, аш қалмай ма,

онымен ісі болмайды.

Сараң адам біреуге бір тиынын бермейді, біреудің тиынына

дейін пайдаланады. Қолындағы барынан айырылмай, екі шетінен

тістеп, қатып қалады.

Дүниеқор адам өлген-тірілгеніне қарамай көзі көргенін

жинаған үстіне жинай береді. Барды місе тұтпайды. Тағы,

тағы да болса деп ашкөзденіп ала сұрады. Сөйте-сөйте

Қарынбайдың өзіне айналады.

Құран Кәрімде: «Дүниені қанша жинасаң, сонша жина.

Керегіңді Құдай береді. Малың, жаның, басқа да дүниең

көбейеді. Бірақ қанша терлеп-тепші, басыңды тау-тасқа

ұр, Алла бергеннен артық нәсібеңді көбейте алмайсың», —

делінген. Өйткені Алла сен жаратылмай тұрып нәсібеңді

белгілеп қой ған. Сол бұйырғаннан артық ішіп-жемейсің,

киінбейсің.

«Әркім-ақ болсын биік тауым дейді,

Әркім-ақ өлмес тамақ тауып жейді.

71


Барыңды бар кезінде жұмсамасаң,

Өлген соң досың түгіл жауың жейді», —

деп ата-бабаларымыз: «Өлген соң жиған-тергеніңді досың

талап жатқанда, дұшпаның қарап тұра ма? Ол да алады. Сол

себепті барыңды көзіңнің тірісінде өз игілігіңе орынды жұмсай

біл», — деген тамаша өсиет қалдырған.

Адамда көз екеу. Шындап келгенде бір басқа бір көз

де жетеді. Мейлі ол он болса да, көкірек көзің болмаса, көр

көкірексің. Көкірек көзі барлар көргіш, сезгіш. Мысалы, бір

түп ағаш өсіп тұр делік. Былай қарасаң, кәдімгі күнде өсіп

тұрған алма ағашы. Ол көкірек көзі жоқ адам үшін солай.

Ал көкірек көзі бар адам оның қалай өсіп тұрғанын, жерден

нәр алған, алмағанын, тамыры қай тереңдікте, қабығы қалай,

жапырақтары неге ерте сарғайған деген тәрізді сұрақтар

жетегінде ойланып, әлгі алма ағашты көкірек көзімен көреді.

Мен көп сөйлеп кеттім, білем, Шәкәрім балам. Жаңа бір

сөзіңде Абай қайтыс болғанда: «Егер Абайдың жазғандары

көрші орыс тіліне, басқа елдердің тіліне аударылғанда, бүкіл

адам баласының мақтанышына айналар еді. Қор елде туып,

қор болып өтті-ау дедім», — деп қалдың.

— Күйінгенімнен айтқаным ғой.

— «Адамның ең бақытты кезі — бала кезі» деге ніңмен

келісем. Келісе отырып, пікіріңе менің қо сарым бар. Адамның

тағы бір бақытты кезі — ес біліп, етек жапқаннан кейін оймен

достасқан кезі дер едім. Себебі ойға шомған сәттегі қуаныш

сезімін өз басым ештеңемен теңгермеймін.

— Қоршаған ортаңыз туралы не айтасыз?

— Қазақ — ақ көңіл, адал, достыққа берік халық.

Адамгершілігі биік, жан-дүниесі таза. Сондықтан біздің елдің

адамдарының қай-қайсысы да — мейлі диқаншы, малшы,

мейлі би болсын — шеттерінен қарапайым, пейілі даладай кең,

анадай мейірімді, жайсаң жандар екені салған жерден сезіліп

тұрады.

Ұйғыр халқы «Бидай наның болмаса да, бидай сөзің бар

шығар» — дейді. Мен: «Бидай сөзіңізге Алла жар болсын», —

72


деймін ризалығымды білдіріп. Кейде біреулердің ұйғырдың

«Әкеңді өлтіргенге анаңды бер» деген мақалы мүлде ақылға

сыймайтын мақал ғой деп ренжігендері де бар.

— Бұлай кесіп-пішіп қорытынды шығару қиын. Әкесін өлтіргенге

кім анасын бере қояды? Бұл қорлықтың қорлығы емес

пе? Тарихтан тексеріп көрсем, грек деген халықта мұндай

оқиға бар екен. Қайғылы ана ұлына: «Мен әкеңді өлтірген

кісіге күйеуге шығамын», — дегенде, ұлы шоқ басып алғандай

ыршып түсіп, барынша қарсы болады. Оның қарсылығына

қарамай әйел қанды қол қанішерге күйеуге шығып, ебін

тауып оны өлтіреді. «Балам, сен жас, албырт едің, кек қайтару

жолында жүргеніңде мерт болуың да мүмкін еді. Ақылайламен

жауыздың жазасын бердім, — дейді анасы.

Мен ұйғыр халқының жоғарыдағы мақалы осындай

мақсатты көздеп айтылған ба деп тексеріп көрсем, жоқ,

мүлде олай емес екен. Бұл мақалда әкеңді өлтіргендей күнә

қылса да, сен оны кешір, кек сақтама, қайта оған жақсылық

істе, оның жазасын Алла өзі береді деген терең мағына бар.

Бұл мақалдан сіз мұсылман кім деген сұраққа толық жауап

табасыз.

— Пікіріңізге қосыламын. Жоқ іздегендер сізді іздеп келуші

ме еді?

— Келетін. Бір-екеуін айтайын. Сүйеубай бозбала ертелетіп

төбе көрсетіп:

— Ата, жайлаудаағы атым жоғалды. Қайда барарымды,

қайдан іздерімді білмей далмын, — деді. — Таудан тау

қоймай кезіп әбден шаршап, әуре болдым. Табылатынын да,

табылмайтынын да білмеймін.

Алдымдағы кітаптың бетін ашып жіберіп:

— Балам, әуре болма. Үш күннен кейін өзі сары, көзі көк

адам кеп, атыңның хабарын айтады, — дедім де өз шаруаммен

айналыса бердім. Құданың құдіреті үш күннен кейін

Ілесбай деген жақынымыз, (өзі кішкентай, көзі көк, сары кісі

еді) үйіме келіп:

73


— Сүйеубайдың жоғалған аты Қорғантастың ар жағындағы

сайда жайылып жүр, — деген хабар айтты.

Атыңызға мініп ауылыңызды таңертең, кешкі мезгілде

бір-бірден айналып шығады екенсіз. Мұныңыздың себебін

түсіндіресіз бе?

— Е, Шәкәрім балам, ауылымды күнде кешке бір айналатын

себебім — жұрт ұры-қарыдан аман болсын деп дұға оқып, жол

біткеннің бәрін бекітіп, байлаймын. Төңірегіміздегі ауылдарда

мал жоғалып, ағайын-туған, көрші-қолаң арасы ашу-араз боп,

дауласып, жанжалдасып жатады. Бізде оның бірі жоқ.

— Бұл айтқаныңыздың сырына қанықтым. Бізге жұмбақ,

ауылыңызды неге таңертең аралайсыз?

— Таңертең аралайтын себебім, бекітіп, байлаған жолдың

бәрін шешем. Жұмысқа, не басқа жаққа кететін кісілер кете

береді, келетін қонақтар келе береді.

— Мұңға берілер кезіңіз бар ма?

— Өзіме, тек өз еңбегіме сеніп өскен мен мұңға берілуді,

мұң шағуды бала кезімнен ұнатпайтынмын. Үлкен ағам

Байшымырдың бау өсіруді, кіші ағам Бишымырдың баю

жолын таңдағанынан қажыр-қайраты, ерік-жігері қандай мол

өр жандар деп сүй сінетінмін. Ең қуанатыным — екі ағамның

ауылыма молда боп оралғаннан кейін мешіт салуыма, медресе

ашып, бала оқытуыма білек түріп көмектескендері еді.

Бірде Бишымыр ағам егіс даласынан шаршап келіп, ұйқыға

енеді де түс көреді. Түсінде қоста жатқан мойынтұрыққа

сары алтындай жылан ора лып, лапылдап жанғандай жарық

шашып тұрады.

Анамыз:

— Балам, сенің еңбегіңе Бақ қарап, Қыдыр қонады екен. Сол

байлық-дәулет ұрпақтарыңа да жетсін, үзілмесін деп тілеймін,

— деді таңғы ас кезінде Бишымыр ағамның түсін жорып,

Құран оқытып, ауылдастарымызға құдайы көже таратты.

Сол жылы Бишымыр ағамның еккен бидайы жақсы бітіп,

тұнып қалды. Оны орып, бастырып, ұраға көміп, жиын-терін

74


біткеннен кейін ішім-жемнен артылғанын Сайрамның базарына

апарып сатты. Оның ақшасына бір түйеге жүк боларлық мата

алып, Әулиеатаға жеткізіп, сауда жасады. Ол жақтан бір қора

қой айдап қайтты. Солай келе-келе асқан бай атанды.

Күндердің күнінде Сиқым Қасымбек пен жаныс Қасымбек

болыстыққа таласады.

— Маған жүз тіллә қарыз бере тұрыңыз? — деп Сиқым

Қасымбек датқа Бишымырдан қарыз сұрайды. Ол кезде бір

тілләға бір ат беретін.

Бишымыр алғаш бойын аулақ ұстаған көрі неді. Содан,

лаж жоқ, Сиқым Қасымбек датқа Бишы мыр дың өкіл баласы

Досалы болысты араға салады. Досалының Бишымырға өкіл

бала болуының да тарихы өзіндік сыры бар.

Бишымыр ағамның Үсен деген баласы елге билік

жүргізген, жақсы ат мініп, жақсы құс салып, сері жігіт атанған.

Оның көк құсы алғыр болған, күніне 40-50 кекілік алатын . Бұл

дақпыртты естіген Досалы болыс Үсенге жолығып;

— Көк құсыңды маған бер. Менің болыс деген атым бар,

ел сыйлайды. Маған «Мынау Досалының құсы алғыр» деген

атақ керек. Сен менен не қалайсың, ал, — дейді.

Үсен өте сөзшең, айтар ойын тайсалмай, кімнің болмасын

жетесіне жеткізе айтатын жігіт еді.

— Сенің болыс деген атың болса, менің байдың баласы

деген атым бар. Аулақ жүр, — дейді құсын бермейтінін анық

білдіріп, жөнді сөйлеспей қояды.

Досалы болыс қапаланған күйі Бишымырға бара ды. Бұл

кезде ол кісі кәрілік жеңіп, аяғы ауырып, төсек тартып жатқан

еді. Балалары далаға көтеріп шығарып, үйге көтеріп кіргізетін.

— Жәке, Үсен балаңыз өстіді.

— Шақырыңдар оны.

Үсен келеді.

— «Ат аяған жерге қарайды, құс аяған көкке қарайды»

деген. Балам, ағаңды қапа қылма. Құсты бер, — дейді.

Үсен сүмірейген күйі үн-түнсіз көк құсын әкеп, Досалының

қолына ұстатады.

75


— Жәке, бата беріңіз, — дейді Досалы екі қолын жайып.

— Мен бүгіннен бастап сіздің қиямет-қайымда да өкіл

балаңызбын.

Бишымыр ел ағалары — ақсақалдарды шақырып, бір тай,

бір қой сойғызып, үлкен қариялардың көзін ше Досалыға

асықты жілікті ұстатып, батасын бере ді. Сол Досалы енді:

— Жәке, Сиқым Қасымбекке жүз тіллә қарызға беріңіз, ол

сізге көп ұзамай жүз ат береді, — дейді қолқа салып. Бишымыр

өкіл баласынан өте алмай сұрағанын амалсыз береді. Содан

Сиқым Қасымбек болыс болады.

— Жүз тілләні неге бердіңіз? Қарсыласымыз болыс боп

кетті, — деп Жаныс Қасымбек, оның тумалары Бишымырды

ұнатпай қалады.

Күндер өтіп жатады. Сиқым Қасымбек бір жағ дайлармен

Бишымырға жүз атты қайтара алмай ды. Ол кісі елден пара

алмайтын кісі екен. Болыс болған көрімдігіне елден жүз ат

жиналмайды. Ары ойланып, бері ойланып:

— Қой, Бишымыр жәкемнен ұят, мен барып алдынан өтейін.

Бойжетіп отырған қызым бар, жәкем нің балдарының біріне

қызымды берейін, — деген байламға келеді.

— Байеке, жағдай осындай. Мақұл десеңіз, құда болалық.

Қызымды бір балаңызға әперіңіз.

Туған-туысқандарымен ақылдасады. Олар:

— Үсен балаңыз бойдақ, соған әперейік, — дейді.

— Ол балаңызды сырттай білем. Үсенді ел басқа руға

жарайтын, сөзді тауып сөйлейтін бала деп есті гем. Ағасы

Асанның үйленгенінен де хабарым бар.

Бишымыр ойланып отырып:

— Қасымбек, — дейді. — Саған жүз тіллә қарыз бердім,

дұрыс. Сен алдың, ол да жөн. Ертең ел:

— Ойбай, жүз тілләсін тауып бере алмаған соң, орнына

Бишымыр адам алды демей ме өсектеп? Сенің де арнамысыңа,

атақ-дәрежеңе кір келмей ме? «Қасымбек болыс

алған қарызын өтей алмаған соң, Бишымырға қызын беріпті,

қызын сатыпты деген сөз жақсы ма? Сен осыны ойландың

76


ба? — дейді. — Мақұл, құда болайық, сөзің жерде қалмасын.

Сен бір балаңа менің бір қызымды әпер. Сен маған емес, мен

саған қыз берейін.

Осылай ақылдаса отырып, екеуі құда болады. Содан ел

ішінде:

— Бишымыр Сиқым Қасымбек болысқа әрі пұлын берді, әрі

қызын берді, — деген сөз тарайды.

Көп ұзамай жасы қырық бірдегі Сиқым Қасым бек болыс

аяқ астынан ауырып, жазғы шілде айында Меркеде өмірден

озады. Сүйегін туған жері Шым кент қаласы маңындағы

Көмешбұлаққа жеткізу қиын ға соғады. Елдің игі жақсылары

ақылдасып, күн батып, салқын түскенде ғана жолға шығуды,

келесі аялдар ауылға «жер қазып, дайын тұрыңдар» деп күні

бұрын хабар беруді ұйғарады. Жүздеген атты кісі әлгі ауылға

жетісімен марқұмның денесін алдын ала қазылып даяр болған

салқын шұңқырға уақытша қояды екен.

Халық түн ішінде жол бойына шығып, «Еш болмаса

түйенің үстіндегі Қасымбектің өлі тәніне бір құрмет көрсетіп

қалайық» десіп, бастарын төмен иіп тұратын көрінеді. Содан

түнделетіп бірнеше тәулік жол жүріп, Қасымбекті туған жері

Көмешбұлаққа апарып жерлейді. Ол кісінің мәйітін Меркеден

әкеліс кен топтың ішінде өзім де болдым. «Мені де халқым

Қасымбектей құрметтеп, ардақтаса, армансызбын» деген

ойды бастан кештім.

Бәрінен де тұла бойымды толқытып, тебіренткен жай —

Қасымбектің кемер белдігін мойнына салып:

— Уа, Бишымыр мырза, датқа, болыс, әрі би Қасымбекті

бүгін жерлемекпіз. Ерімнің мойнында сізге берешек жүз ат

қарызы бар. Соны кешесіз бе, қайтесіз? Басқа болыстардай

ерім озбыр емес еді. Әрі-сәрі күйде қиналып тұрмыз. Енем:

«Бишымырдың лебізін естімей баламды жерлемейсіңдер деп

отыр», — деген бәйбіше сөзі болды.

Сегіз қанат ақ үйде Қасымбектің туыс-тумасы, жекжатжұраты

отыр еді.

77


— Мына кісілердің бәрі куә, мен кештім. Сиқым Қасымбек

маған ешқандай қарыз емес.. Иманы жолдас, жаны жәннатта

болсын, — деді Бишымыр ағам.

Осы сөзді естігенде марқұмның бәйбішесі жылап жіберді.

Сиқым Қасымбек бірнеше әйел алған еді. Бәйбішесінің

жылап жібергенін көргенде «ерін құлай сүйген екен ғой» деп

отырғандардың бәрі риза болды.

Ертеңіне аттанар алдында:

— Жүз атыңыздың бодауы болсын. Мына атқа мініп қайтыңыз.

— Бәйбіше Қасымбектің бордақыланып күтімде тұрған

бір дәу семіз атын Бишымыр ағама мінгізді. Бодау деген сөзді

сонда бірінші рет естідім. Бордақы атты ауылға мен жетектеп

қайттым. Келген соң ол аттың етін ағайындарға бөліп бердік.

Сиқым Қасымбекті өзім жас кезімнен ұстаз тұтып, жақсы

көрген едім. Әсіресе, Толымбек байдың ол кісіні тай сойып

үйіне қонаққа шақырған оқиғасын жиі есіме алатынмын.

Оқиға былай болған екен. Қонаққа шақырған күні Қасымбек

датқа бірнеше игі жақсылармен Толымбектің ауылына келеді.

Жігіттер алдарынан жүгіре шығып, бірі тізгінін ұстап, бірі

қолтықтарынан сүйемелдеп, қошеметтей, аттарынан түсіріп

алады.

Ауыл адамдарымен тегіс амандасып болған соң Қасымбек

датқа жан-жағына зер сала қарап:

— Үлкен кісілер қайда? Алдымен үлкен кісілерге сәлем берейін,

— дейді.

— Ой, ол кісілер бұл жерде жоқ. Ауыл шетіндегі үйде. Қазір

алдыртамын. Олар келгенше төріме өтіп, сусындап, демала

тұрыңыздар, — дейді Толымбек бай кебеже қарнын әрең

қозғап, маңғаздана екі қолын кеудесіне қойып..

— Әй, сен не айтып тұрсың? Мен үлкен кісілердің қолын

алмай үйіңе кірмеймін.

Сиқым Қасымбек датқа ауыл шетіндегі кішігірім тозығы

жетіңкіреген қараша үйде екеуден-екеу отырған Толымбек

байдың әке-шешесіне жаяу барып сәлем береді. Сәлем

берісімен өз адамының бірін жұмсап атын алдыртады. Жауар

78


бұлттай түнерген күйі ерге қонған ол ызалана дауыстап,

былай дейді:

— Ей, Толымбек! Әке-шешеңді менен жасырып, қараша үйге

қамап қойғаның қалай? Сен бізді сыйлағанша, алдымен осы

кісілерді сыйламайсың ба? Сені өмірге әкелген біз емес, осы

кісілер емес пе? Ренжісең, ренжі, мен кеттім. Қонақ болмаймын.

Әке-шешеңді сыйламаған сен кімді сыйлап жарытасың?!

Толымбек бай қанша кешірім сұрап жалынса да, жібімей

Сиқым Қасымбек датқа атын тебініп қап, келген ізімен кері

қайтып кеткен екен.

Осы орайда айта кетейін, ағам Бишымырдан да алған

өнегем көп. Ол кісінің бір ерекше мінезі — ешқашан дүние бетіне

қарамаған. Самарқаннан, Марғұланнан, Ташкенттен жақсы

мата, жақсы заттар сатып алып, Тараз, Бішкек қалаларына

апарып, танитын сатушыларға қарыз, несиеге бере берген. Қай

жаққа барса да: «молдаға кітап алайық» деп маған кітаптар

алудан жалықпаған. Ол кітаптарды қосшылары түйеге артып

әкелетін. «Адам тапқан-таянғанын өз қажетіне аямай жаратуы

керек» деген сөзді менің де құлағыма құйған өзі.

— Сыр бойының Жаңақорған жерінде өмір сүрген

Әбдіжәлел бап өмірінен не білесіз?

— Ол кісінің кім екенін, не істегенін, қайдан келгенін шұқшия

зерттедім. Иран патшалығының орталығы Қорасан шаһары

болған. Оны бір де бір жау басып ала алмаған. Әбдіжәлел

бірнеше жүз қолмен барып, Қорасанды алған. Содан ол кісіге

Қорасани деген қосымша ат беріліп, Әбдіжәлел бап Қорасани

аталады. Араб патшалығы:

— Туран тайпасының төменгі ойпатындағы халықтарға ислам

дінін үйрет, медресе аш, мешіт салдыр. Шариғаттың барлық

ережелерін насихаттап, Құран Кәрімді оқытыңдар, жұртты

имандылыққа тәрбиелеңдер, — деп оны Туран даласына

аттандырады.

Әбдіжәлел бап Қорасани ата Туран тайпасына халифалық

құрып тұрған уақтысында үлкен мешітте намаз оқиды екен.

Азаңғы бандаттың сүннетін оқып болып, парыз намазына

79


келгенде жоқ болып кететін көрінеді. Соны байқап, біліп

жүрген баласы Үсенқожа:

— Е, ата, парыз намазда жамағаттан шығып, көрінбей кетесіз.

Мұның себебі не? — дейді сұрап.

— Е, балам, оны сұрама.

— Ата, ілім, білім парыз емес пе?

— Онда айтайын. Мен парыз намазды Меккеде өтеймін.

— Күнде жолаушы бола бергенше, сол Меккенің зиярат

жайын осында көшіріп әкелсек қайтеді?

— Біз ондай дәрежеге жеткен жоқпыз, балам.

— Онда сіз маған рұқсат беріңіз, мен тәуекел етіп көрейін.

Әбдіжәлел бап Қорасани баласына рұқсат деп батасын

береді. Ертеңіне таңертең кілем үстіне орналасқан Қағба

келіп қалады. Оны Әбдіжәлел бап Қорасани ата көріп:

— Е, балам, мен сені сынап едім. Пәлі, жетіліп қалған

екенсің. Мені атам деп білсең, қайта орнына апарып қой.

Бұл жерде аяқасты болады деген қауіппен кілем үстіндегі

Қағбаны жерге жақындатпаған екен. Сол екі арада күн

шығып, кілем үстіндегі Қағбаның көлеңкесі жерге түсіп қапты.

Сол Меккенің көлеңкесі түскен жерді адам аяғы баспасын

деп жалпақ қорған соқтырған. Сол қорған күні бүгінге дейін

бар. Оны адамдар Меккенің көлеңкесі түскен жер деп жаяу

айналады. Кейбіреулер он бір, он үш, он бес реттен айналып

өтеді. Пұшпағы қанамаған әйелдер, ауру-сырқаулар, Алладан

әр түрлі тілек тілегендер осында келіп түнейді.

Әбдіжәлел бап Қорасани ата тұрған жерінің сыртында,

күнбатыс беткейінде Сырдария өзені ағып жатыр. Оның

шығысындағы су қоймаларына, тоғандарға су жинап, таудың

бұлағын пайдаланып, күн көріп келген шаһар халқы қар

жаумай, жауын-шашын болмай, малы жұтап, өздері судан

зарық қандықтан шаһар басшысы Әбдіжәлел бап Қорасани

атаға:

— Бізге бір құлақ су бермесеңіз халымыз мүшкіл, — дейді

хат жазып. Хатты әкелген кісіге:

— Мына жерден су алсаң, шаһарыңа дәл барады. Осы

сағадан су ал, — деп Әбдіжәлел бап Қорасани ата асасымен

80


су жүретін жерді көрсетеді. Ол су Жаңақорған шаһарының

төменгі бетіндегі ескі шаһарға дәл барады. Соған байланысты

жұрт ол жерді Сунақ ата деп кеткен. Оның себебі, Әбдіжәлел

бап Қорасани атаның бөлген суы нақ келді дегеннен біртебірте

әлгіндей ат алған.

Әбдіжәлел бап Қорасани ата басынан замана талқысын

көп өткізген. Оны жамағатымен сауыр тонды хорезмдік бір

батыр шауып, қырған. Мен күмбезін көрдім. Шапқыншылықтан

қирап, орнына жаңадан өзінің ескі кірпішінен мұнаралы күмбез

тұрғызылыпты. Оған Қожа Ахмет Ясауи айына бір рет барып:

«Рахым ете көр, бабам Қорасани, мүшкіл ісімді қылғайсың

Һасан», — деп түнеген. «Тоқсан машайықты оң жағыңнан,

сексен машайықты сол жағыңнан көрдім» деп көптеген

бәйіттер шығарған.

Әбдіжәлел бап Қорасани атаның қасында Қылышты ата,

Төлек ата тәрізді көптеген атақты әзіздер, әулие-әмбиелер

жатыр. Найман руынан шыққан Қылышты ата Әбдіжәлел бап

Қорасани атаға өкіл бала болып, аруақты адам атанған.

— Беке, түн жамылған ұры-қары мазамызды алмас үшін дұға

оқып, ауылымды бір айналып шығып, ішке кірер жолды бекітіп

тастаймын дедіңіз. Дұғаның қасиеті туралы айтыңызшы?

— Дұға — Құдайдың, Құран Кәрімнің құдіреті. Оның күші

шексіз. Ол туралы пікір басқа дін өкілдері тарапынан да көп

кездеседі. Қысқарта айтқанда, дұға оқушы жақсылық пен

жамандықтың бәрін жасай алады.

— Көріпкел әулие жандардың қазақ халқы өмірінде

атқарған қызметі қандай?

— Олар нағыз рухани көсемдер. XIII-ші ғасырда өмір сүрген

Тибет елінің Сажа Бандид деген ғұламасының:

Дүниенің жаңалығын терең білген,

Көңілі көкжиекпен теңгерілген.

Дарыны кемелденген кемшіліксіз,

Адамның нағыз затын әулие дейміз, —

81


деген бір шумақ өлеңі еріксіз есіме түсті. Меніңше, әулиелік

кіршіксіз тазалықтың, пәктіктің атауы болуы мүмкін. Мұны өз

тәжірибемнен де нәзік аңғарғандаймын. Мысалы, мені елдің

бәрі төбелеріне көтеріп сыйлайды, айтқанымды екі етпейді.

Оның басты себебі, дін өкілі — имам, молда, көріпкел ғана емес,

емші, есепші-жұлдызшы, билікке араласып, дау-дамайды әділ

шешіп, халқыма шын жанашыр, қамқор көңілмен қызмет етіп,

шежіреші, ғұлама атанғанымнан-ау деймін. Көп жылдан бері

«Жұлдызнама» атты кітап жазып жүрмін. Қашан аяқтарым

белгісіз. Осының бәрі маған үлкен бедел, абырой әкелді,

жалпақ жұртқа сыйлы етті.

Жастарымыз ерекше үлгі тұтқан тағы бір маңызды жай —

мен сый-құрметке, абыройға тоқмейілсіп қал май, ізденісімді

ешқашан тоқтатқан емеспін. Егер сый-құрметке мәз болып

алданғанымда мен көп молдалардың, емші-есепшілердің

бірі боп қана қалар едім. Халық сүйіспеншілігіне бөленген

әулие атанбас едім. Шежіре-тарихты зерттеп білуім, оны

мүмкіндігінше ұрпақ тәрбиесіне пайдалануым, жеке бас

әрекетіммен жұртқа үлгі болуым мені әулие атандырып, ең

ізгі жан ретінде өшпес даңққа бөледі

— Халыққа қамқоршы болғаныңызға бірер мысал

келтіріңізші?

— Тауда отырған кезім. Ауылымның Көшербай деген

кедейі таудың аршасын бұтап, жаңқалап, жиырма шақырым

шалғайдағы базарға апарып сата ды екен. Өлең шөпті бұрап

есіп арқан жасайтын көрінді. Онысы су тисе тарқатылып, үзіліп

қала беретінге ұқсайды.

Жаңбырлы күні өлең шөптен жасаған арқаны үзіліп кетіп,

жаңа қонысқа көшкелі буынып-түйініп отырған бізге келіп,

Көшербай арқан сұрады. Кемпірім төмен қарап, қандай жауап

берер екен деп ұнатпай, үн-түнсіз бүрісіп отырып қалды.

— Бәйбіше, анау буулы теңнің бірін шешіп мына кісінің

тілегін орында, — дедім.

— Лақ, бұзау байлаған арқан көп. Соның бірін бере сал

демей, буған жаңа арқанды бер дегені несі? — деп сыбырлап

82


ашуланған кемпірім, амал жоқ, теңді шешіп, ұзын, жаңа

арқанды Көшербайдың қолына ұстатты. Ол ұзай бергенде

бәйбішем:

— Әне, байлығыңның жартысы Көшербаймен бірге кетіп барады,

— деді жақтырмай тыжырына сөйлеп.

— Мейлі, бәйбіше, қалғанының берекесін берсін дегін.

Кемпірім айтқандай, Көшербай бірер жыл ішінде жылқылы

бай атанды.

Бабыш деген кедейіміз тау-тасты аралап, аң аулап күн

көрді. Бірде үйіме келіп:

— Ертеңді-кеш табанымнан таусылдым. Жәке, күзге дейін

бір атыңыздың майын сұрай келдім. Бірінші қар жауғанда

басы бүтін әкеліп берем.

— Қарағым Бабыш, тірлік үшін тырбанып, кездес кен

қиындыққа мойымай, тер төгіп жүргеніңе риза мын. Бір атты

басы бүтін ал, — дедім.

Ол қуанышы қойнына сыймай үйден ұзай бер генде:

— Тағы байлығыңның жартысынан айырылдың, — деді кемпірім.

— Барына береке тіле, кемпірім, — дедім бұл жолы да сабырға

шақырып, «Бақ ауысады, ырыс жұғысады» дегендей

кейін Бабыш та бай атанды.

— Ыбырайым, Мұсақұл, Исақұл деген үш ұлым бар дедіңіз.

Олардың бойында сіздің адам тану, ат тану қасиетіңіз бар

ма?

— Бар. Әсіресе үлкен ұлым Ыбырайым атқа құмар боп,

он алты жасынан көкпар шапты. Бірде Түркістан жақтағы

әулиелерді аралап кеткенімде Ыбырайым үйге еніпті де, тіс

жармастан көрпеге оранып жатып қалыпты. Шешесі:

— Таңертең де, түсте, кешке де тұрмайсың. Мұның не? Қой

бұл жатысты. Тұр да тамағыңды іш, — дейді. Ол ләм-мим демей

жатып алады.

Үш күннен кейін Түркістан жақтан жолаушылап қайтып

келдім.

— Балаңыз ауырып қалды ма, әлде қайтті? Үш күннен бері

нәр татпай, бүк түсіп жатыр, — деді қоса ғым алдымнан шығып.

83


— Батажан, (Мен үйде жоқта дастарқаныма бата жасайтын

өзі еді. Содан оны Батажан деуші едім) не болды? Неғып

жатырсың?

Мені көріп орнынан қарғып тұрды. Шешесі алдына тамақ

әкеліп қойды. Оны ол ішіп болысымен:

— Әке, саудагер шал біздің ауылға бір бие алып келіпті. Сол

биенің төрт аяғы да ақ құнаны бар екен, Сатамын деп жұртқа

хабарлады. Барып көріп, ұнаттым, — деді. — Сіздің келуіңізді

күтіп жатырмын.

— Е, онда өзің бастап жүр. Жақсы құнан болса, бір мәнісі

болар.

Екеуіміз барып саудагер шалдың құнанын көрдік.

— Молдеке, мұны мен Жызақтан әкелдім. Бие ішінде келген

құлын еді. Биыл үште.

— Балам, таныпсың, ризамын. Баптауы келіссе, шашасына

шаң жұқпас жүйрік болғалы тұр, — дей келіп, саудагерге:

— Бұған қанша сұрайсыз? — дедім.

— Сиырдан, қойдан, жылқыдан, түйеден бір-бір тоғыз.

Бұл кезде менің сатып әперетініме әбден сенген Ыбырайым

құнанды жетектеп барып, Сайрамсу өзеніне шомылдырып

жатыпты. Ақырында сенімі расқа шығып, айтқан тоғызтоғызын

түгел беріп, атты сатып алдым. Сол қарақасқа кейін

бас бәйгені бермейтін жүйрік болды.

Ыбырайымның ұлы Тойшыбек қашан шілде болғанша

малдың бәрін Масаттта бағып, кейін тауға айдап шығатын.

Сол Масаттағы көкпарға Ыбырайым төрт аяғы ақ айғырын

мініп, жалғыз барады. Ешкімге дес бермей, көкпарды мәреге

қайта-қайта апарып салады.

— Бұдан өзге ешкім көкпар шаппай ма? Қаумалап ұстаңдар!

— деп ашу-ызаға булыққан көпшілік оны қолға түсіріп, сабамақ

болады. Ыбырайым ұстатпай қашады. Аналар қуады. Күтпеген

қалың нөпір алдынан көлденеңдей шыға келеді. Ыбырайым

атын биіктігі екі, ені бір жарым метрдей келетін тас қорғанға

қарай бағыт алады. Басқа құтылар жол жоқ. Төрт аяғы ақ

жануарды не де болса тәуекел деп тас қорғанға тіке салып

жібереді. Ат қарғып ар жағына аман өтеді.

84


Кең арналы, екі жағы қылышпен шауып өткендей тіп-тік,

биіктігі екі жүз метрдей келетін шың-құзды Ақсуға қарай бет

түзейді. Соңында қара-құрым қуғыншы. Оларға жалғыз адам

қалай қарсы тұрады?

Төменде, екі жүз метрдей тереңде түйедей тастарды

бұйым құрлы көрмей домалата долданып, алға оқша атылып,

арқырай аққан Ақсу өзені. Бұл жолы да шегінерге жер жоқ.

Ыбырайым атын жалғыз аяқ көпірге тағы туралап салып

жібереді. Ат екі ағаштың ортасына тұяғын бір тигізіп, арғы

жағаға бір-ақ қарғып, аман өтеді. Жұрттың бәрі: «Ойпырмаай,

ойпырма-ай, рас па, өтірік пе?» — деп таңғалып, жағаларын

ұстайды. Тақымындағы көкпарды екі-үш шақырым жердегі

Қостөбе ауылындағы жиені Бекбосынның үйіне апарып

тастайды.

Ертеңіне Ыбырайым үйге келгенде:—

— Балам, бұдан былай мұндай көзсіздікке барушы болма.

Ел-жұртты ызаландырма. Көкпар деген не? Тіпті болмаса,

мәреге кезекпен салмаймысың? Екі ретінде де Құдай жар

болып, мен дұға оқығаннан аман қалдың. Жалғыз-жарым

жүруді қой. Жалғыздық Құдайға ғана жарасады, — деп

ескерту жасадым.

Ыбырайым ұлым осылай той-домалаққа, көкпарға құмар

болса, Мұсақұл ұлым үй шаруасына, малға өзі басшылық

жасады. Ыбырайымның мінезі — қонақ келіп қалса, көзіне

түскен малды, мейлі ол жүйрік жылқы, егіз табатын жақсы

қой, асыл текті бұқа болсын, талғамай соя береді екен.

Ерте көктемде кезекті сапармен қырғыз еліне барады.

Қырғыздардың қолма-қол бере қоятын ақшалары болмайды.

— Кімге қанша мата керек, тізім жасаңыз, — қырғыз биіне

тізім жасатып, әкелген заттарын бес жүз қозыға бағалап,

несиеге қалдырып кетеді. Содан күзде қайтып келеді. Бес

жүз қозы бес жүз қой болған.

Қырғыз биі бәрін жинап, алдына салады. Үш қойшысымен

айдап, еліне қарай келе жатқанда кеш боп кетіп, үлкен

ауылдың ортасындағы ақбоз үйдің тұсына тоқтайды.

85


— Мына сайға қойды иіріңдер де түнімен ұйықтамай қорып

шығыңдар, — дейді серіктеріне. — Мен анау ақбоз үйге барып,

құдайы қонақ боламын.

Қойшылар қалады. Бишымыр ақбоз үйге барып:

— Құдайы қонақпын, — деп атынан түседі. Отағасы

қырғыздың манабы екен.

— Кел, туысқан, кел, — деп жақсы қарсы алады. — Әйелім

көрші ауылға қыдырып кетіп еді. — Қой сояды. Дастарқанды

бойжеткен қызы жаяды. Ары өтсе де, бері өтсе де оған

Бишымырдың көзі қайта-қайта түсе беріпті. Оны манап байқап

отырыпты. Бір отар қойды адап келгенін көрген:

— Әй, бай, сен неге менің қызыма қарай бересің? Қарай

бергенше, ана бір отар қойыңды таста да әкет, — дейді.

— Сіз сөзіңізде тұрсаңыз, мен сөзімде тұрдым.

Бишымыр тамағын ішіпті де, төсекке қисайып жатыпты.

Қырғыздың манабы ағайындарын шақы рып, түнімен

ақылдасады. Көрші ауылдағы әйелін алдырады.

Манап таңертең қызын жақсылап киіндіріп, бір тор жорғаны

күміс ермен ерттетеді. Бишымыр үш қойшысына:

— Сендер мына қойды тастаңдар да, аттарыңа мініп,

ауылға қайта беріңдер, — дейді. — Мен соңдарыңнан барамын.

Олар кетеді. Қырғыздың манабы бес жүз қойды алып қап,

қызын тор жорғаға мінгізбек болғанда:

— Уәдеде ер тоқым, жорға ат жоқ. Мен қызды артыма мінгестіріп

әкетем, — деп артына мінгестіріп, ауылына әкеледі.

Сол кезде Бишымыр алпыстың үстінде еді. Қырғыздың қызы

Зейнебүбі оның үшінші әйелі болады. Зейнебүбіден Абылай,

Пошатай деген екі ұл дүниеге келеді. Бишымыр ағам кейде:

— Кедей күз, қыс болатынын ойламайды, жыл мезгілін есеп

қылмайды. Істің көзін таба білмейді Егер көктемде он қадақ

бидай, не тары ексе, бір үйдің жылдық азығын тауып алар еді.

Ешкімге алақан жайып, жалынбас еді, — дейтін кейіп.

— Тоғызбұлақ жайлауын жылқыға толтырып жіберейін бе?

— деп те отыратын .

86


Алтыны көп болды. Көшкенде жалшылары басқа түйеге

артпай, қызыл нарға ғана артатын. Басқа түйелер көтере

алмай жатып қалатын.

Жасы жетпіске жақындағанда Бишымыр екінші әйелімен

тұрды.

— Алтынымды балаларыма бөліп беремін, — дегенде, екінші

әйелі:

— Жоқ, алтынды емес, алдымен жерді бөліп бер де, ниеттерін

байқағын. Егер бірден алтынды бөліп берсең, балаларың

өзара шатақтасып, араздасады, — дейді тоқтау айтып.

Біраз күннен кейін Бишымырдың балалары жерге таласып,

шатақтасады.

— Әне, көрдің бе? Бұларды таластырып, бір-біріне жек

көрінішті етпей, алтынды сырт көзден тасалап, бір жерге көм,

-дейді ақыл қосып.

— Мақұл.

Бишымыр алтынын ешкімге көрсетпей, түн жамылып

көмбек болады. Бұл әңгімені естіп қалған ағайынды үш жігіт

аңдиды. Бірақ олар түн жары мы нан ауғанға дейін аңдып,

одан арғы мерзімде ұйықтап қалады. Бишымыр алтынын

таңсәріде Тоғыз құмалақтың төбесіне жасырып көмеді. Содан

қай жерге көмгенін ана үш жігіт білмей қалады.

— Бұл барша адамды, әсіресе бүгінгі жастарымызды, ертеңгі

ұрпағымызды терең толғандыратын, өмірге ой көзімен

қарауға баулитын оқиға екен. Енді үлкен ағаңыз Байшымыр

туралы айтыңызшы?

— Байшымыр ағам өмірінің көбін жаугершілікте өткізді. Өзі

күшті, алып адам еді. Байшымыр ағам кейіннен бау өсірумен

айналысты. Бұл кезде өмір сырын, ел мінезін танып, санам

толысқан мен адамдардың әділ де, арлы, иманды болуын

қалап, олардың бір-біріне деген мейірімділік, бауырмалдық

сезімдерін оятуға ден қойдым. Ол үшін елін сүйген ерлер,

хандар тарихын, аңыз-әңгіме, жыр-дастандарды, өз

балаларымның өмір жолынан да жұртқа, әсіресе жастарға

үлгі-өнеге боларлық оқиға ларды ұзақ таңға ерінбей, шаршап-

87


шалдықпай, тіпті бірнеше күн қатарынан әңгімелеуді әдетке

айнал дырдым.

Үлкен жиындарда өткен тарихымыздан сөз қозғап, әз

Төле бабамыздың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар

ел тұстастығын, бір орталыққа бағыну қажеттігін, сонда ғана

азаттығымызды қорғай алатынымызды терең түсінгенін, сол

жолда Абылай ханмен, Бөгенбай батырмен, Бухар жырау мен

тонның ішкі бауындай сырлас, сыйлас, ниеттес болғанын, ел

амандығы, ел тыныштығы үшін бауыр еті — Жоланды екі рет

қалмақ ханына аманатқа бергенін, оның аманатта 14 жыл

жүргенін, үлкен ұлы Қожабектің де қалмақтың тұтқынында

болғанын, «Бұхара мен Хиуадан ата қонысымызға әрең жетіп,

ес жиып, ел боламыз ба дегенімізде Састөбеде өткен кеңес

елге құт емес, жұт болды» деп үш жүздің ынтымақ-бірлігінің

ыдырағанына қатты күйініп, қайғырғанын айта келіп:

— Қара түнек қатер біздің басымызға әлі төнулі. Ел ешқашан

жатжұрттық басқыншы езгісіне көнген емес, ал көнсе, ол ел

емес, — деп жұрт намысын қайрауға ұмтылып отырдым.

Осылай әз Төле бабамның бүкіл халықтық мүдде мен

мақсатты көздеген, яғни еркін ел болуды аңсағанына

назарын аудару мақсатының маңызын ел арасына түсіндіріп,

насихаттап, өз көзқарасымды ашық білдіріп келем.

Қырғыз елінің Бішкек, Ыстықкөл, Талас өңірлерін бірнеше

рет араладым. Көп ішінде жақсы да, жаман да бар. Біреу

біліп, біреу білмей сөйлейді. Біреу тауып, біреу қауып сөйлейді.

Бішкекте болғанымда бір қырғыз жыршысы:

«Заты жаман қазақсың,

Наурызбайдай бегіңді,

Итке сүйреп салғанмын.

Кеңесары төреңнің,

Басын кесіп алғанмын.

Кәне кегіңді алғаның?» —

деп жырлады. Әлгіні нөпір жұрттың ішінде кілт тоқтатып:

88


— Әй, қарағым, сенің жырың екі елді елдестіріп, достастыру

емес, егестіріп, бір-біріне қастастыру ғой. Мұның — Құдайға

да, адамға да жат қылық, ауыр күнә. Сен әуелі Кеңесары,

Наурызбайдың қырғызбен не үшін соғысқанын білесің бе? —

дедім. Ол жұлқынып:

— Білем, — деді.

— Білсең, айта ғой.

— Бізді бағындырамыз деді, біз бағынбаймыз де дік.

— Міне, сенің басты қатең. Білсең, түсінсең, Кеңесары мен

Наурызбай кәпір, озбыр орыс патша сының езгісіне қарсы

бірігіп соғысайық. Ол мені де, сені де аямайды, түбімізге

жетеді, — деді. — Оған бай-манаптарың көнді ме? Саған тағы

бір сұрақ. Кеңесары, Наурызбайдың жеңілу себебін білесің

бе?

— Білем, біздің күш басым түсті.

— Тағы да қателестің, қарағым. Шу өңірін жайлаған

қазақтың Сыпатай атты батырын естуің бар шығар?

— Естуім бар.

— Онда тыңда. Кеңесары қырғызбен соғысты бастап жібергенде

шаруа қырғыздың өкілі Сыпатайға келіп:

— Қазақтың батырысың, Кеңесары ханға барып айтыңыз,

біз бағынамыз, бізді шаппасын, — дейді. — Сыпатай Кеңесарының

алдынан шығып, сәлем береді. Кеңесары сол қолын

ұсынып, менсінбей амандасады. Оның себебі — астыртын орыс

патшалығына сатылған қазақтың қайсыбір би-шонжарлары

күні бұрын:

— Сыпатай қырғызшыл, — деп Кеңесарыға жамандап

қойған еді.

— Достығымды айтқалы келдім. Бейбіт халықты қырған

болмайды. Мен қырғызды соғыссыз-ақ бағындырып берейін,

— деген Сыпатайға:

— Ол ақылыңның бізге керегі жоқ, бара бер, өзіміз-ақ

бағындырып аламыз. — дейді Кеңесары.

— Өз еркіңіз өзіңізде, ханым. Мен достығымды білдірдім.

Қырғыз — жауынгер халық, сақтан. Қырғыздың жері таулы,

89


найзасының ұшы үшкір, үзеңгісі қысқа, — дейді де, Сыпатай

қоштасып, майдан шебінен қолын алып кетеді. Оған Бөлтірік

шешен ілеседі. Кенесарының жеңілуінің екінші себебі,

қырғызға орыс патшасы көмектесті. Кеңесары қолға түсіп,

тұтқын болғанда, күзетші қырғыз шалға:

— Сыпатай мен Бөлтіріктің ақылын алғанымда бүйтіп масқара

болмас едім. Қандасым деп сенген іш мерез болыс, билер

қас дұшпаным екен. Сыпатай мен Бөлтірікке өшіктіріп, айдап

салған сол иттер. Менің түбіме алауыздық жетті, — деген.

Осы алауыздық біздің арамызда әлі бар. Соның бірі сенсің.

Мына беталысың дұрыс беталыс емес. Ойлан, қарағым.

Қырғыз жақсылары әлгі жыршының үнін өшіріп, түн

жарымына дейін маған әңгіме айтқызды.

— Сіз ел тағдырына байланысты тағы қандай мәселеге

араластыңыз?

— Аққұс дамолланың уақтысында Байзақ дат қаның

Ақмолда деген баласымен тығыз қарым-қатынаста болдым.

Қоқандықтарға қарсы соғысып, Топыраққорғанды (Таразды.

М. Қ.) алуға орыстар келгенде мәмлегер ретінде Ақмолда

батыр мені өзімен бірге ала кетті. Сонда Жоланның Қырбас

деген батыры қалың қолымен ере жүрді.

Топыраққорғанның шығысында Ақмолда батыр:

— Мен хан баласы Шоқанмен тілдестім. Ол: «Орыстармен

соғыспаңдар, олар отты қаруларымен келіп тұр. Босқа

қырыласыңдар, одан да кері қай тыңдар деді», — дейді.

Біз хан баласының ақылын мақұл көріп, кері шегіндік.

Өкінетінім, Шоқанның өзімен кездесіп, сөйлесе алмадым.

Жолыққанда: «Қоқан хандығы елімізге — сор. Жылда түтін

салық жинайды. Оны бермесе, ел ағаларының баласын, не

әйелін ұстап алып кетіп, қадаға отырғызады. Мұнысы — елді

қорқытып, айтқанына көндірудің амалы. Біз бұл қорлықтан

қалай құтыламыз? — демек едім.

Қарапайым қара халық жергілікті болыстардан да жапа

шегіп, әділет, теңдік іздеп маған келеді. Жалпақ жұртты өзінің

қаталдығымен тітіренткен туысымыз Досалы болыстың: «Сізге

90


ақыреттік өкіл бала болайын, көк құсыңызды маған қиыңыз»,

— деп Бишымыр ағама қолқа салуы жайдан-жай емес, онысы

Бишымыр ағам арқылы маған жақындаудың саясаты екенін

сездім. Құс — жай желеу. Мұны білген мен ағама: «Мейлі, бір құс

үшін Досалының көңілін қалдырмағаныңыз жөн. Жамандыжақсылы

ел ағасы атанып жүр ғой. Тек тілейтінім — ел-жұртқа

қамқор, әділ болсын.Өзіне деген ренішімді жасырмаймын,

тілімді бірде алып, бірде алмайды. Ісі әділ болса, алмаса

алмасын, ісі әділ болмай жүр ғой. Түбі бұл келешегіне зиян,

— дегем.

Өзіне оңаша жолығып:

— Сен Қылышбай ақынның мына өлеңін тыңдап, астарына

мән бергін, — деп өлеңді жатқа оқып та бергем.

«Дүние бір көшкен керуен,

Талай салдың серуен.

Көрінгендей көш басы,

Асарсың бір күн белінен.

Түңілмеңдер, жігіттер,

Өтіп жатқан өмірден.

Кірсе лепес, шықса жоқ,

Тәубе етіңдер өлімнен.

Қол қайырың болмаса,

Не алып кетесің өмірден?

Малың болса сүйіп іш,

Жалғаныңда тұнып іш.

Өлгеннен кейін не керек,

Артынан жиып, терінген.

Ақыры бір күн өтерсің,

О, дүниеге жетерсің.

Ішіп-жемей жиғаның,

Артыңда қалар бір күні,

Сол кезде сорлы-ау не етерсің?

— Досалы қарағым, байлықты қайда алып барасың?

Қолда барға қанағат етсең қайтеді? Түсінсең, сіз бен біз,

91


айналамызды қоршаған халық байлық емей немене? Бұған

жетер жер бетінде байлық бар ма?

— Түсіндім, әулие ата, — деп Досалы екі қолын төсіне қойып,

кешірім сұрағаны да бар. Ол мақұл дегенімен уәдесін ұмытып

кете беретін.

Көпшілік бас қосқанда, көбіне әз Төле би бабамыздың

әділдігі, тапқырлығы, қалмақтармен соғысқандағы ақылды

амал-айласы жайлы әңгіме сұрап, жұрт мені еріксіз сөйлететін.

Қалмақтың тұтқиыл шабуылынан қазақтар қырылып, сүйектері

төбе-төбе боп үйіліп қалғанда, қарттар, кемпірлер, жас

әйелдер Сыр бойына барып, Сырдың жидесін, балығын жеп

жан сақтады. Басқа тамақ жоқ.

Қазақ соғыса-соғыса аз қалған. Оның өніп-өсуі үшін әз

Төле би:

«Бас-басыңа бай қайда, баққа қара,

Шал да болса жата бер екеуара» —

деп өмірге некелі бала әкелуді, сөйтіп қазақты көбейтуді

армандап, соғыста күйеулері өлген жесірлерді бір шалға

екеуден-үшеуден қосқан. Сол жылдары дүниеге келген

балалар кейін жігіт боп шешуші соғыста асқан ерлік танытқан.

— Кімдермен араласып, қарым-қатынас жасадыңыз?

— Осы Оңтүстік өңіріне әйгілі Оңғарбай, Майлықожа,

Мәделіқожа, Орынбай ақындармен, мына төрінде қонақ болып

отырған Шымкент қаласының биі Тіленші Майлыұлымен,

тау еліне аты жақсы таныс Аққұс дамолламен, Сиқым

Қасымбек, Жаныс Қасымбек болыстармен, Батырбек, Байзақ

датқалармен, Алакөз Жұртшымен, Балға бимен, тағы басқа

да көптеген ел ағаларымен сыйласып, сырластым. Қажымас

қайрат танытып, орыс патшасының басқыншыларымен күреске

шыққан, дінімізді салт-дәстүрімізді қорғауда Топырақ ты

қаладағы атақты діни ұстазым Сайд Мұхаммед Хан Ғази

деген кісімен тығыз байланыста болдым.

Е, ұмытып барады екем, бірлігіміздің алтын діңгегі, күллі

түркілердің тәует етер қасиетті қара шаңырағы — Түркістанда

92


үш жүз өкілдерінің басын қосқан Қойтас молданың Хиуадағы

Әминхан медресін бітіріп, молда атанған құрметіне арналған

той болды. Ол тойдың медресені бітірген шәкірт қуанышына

делінгені жай желеу, патша ағзам жансыздарын алдарқату

мақсатынан туған айла еді.

Аптаға созылған бұл жиында үш жүздің игі жақсылары

әнші, жыршы, күйші, ақындардың өнерін тамашалап қана

қоймады. Он сегіз қанат ақ үйдің ішінде отырып, ел келешегі

туралы мәслихат құрды. Мен де өз пікірімді айта келіп,

сөзімнің соңында ел бірлігін сақтау үшін әуелі дінімізді,

салт-дәстүрімізді қорғау керек екенін түсінген үш жүздің игі

жақсыларына алғыс айттым.

Орыс патшасы бұратана халықтарға өз үстемдігін

күшейте түсу үшін ХVIII ғасырдың екінші жарты сынан

бастап христиан дініне кіргізудің барлық айла-тәсілін жасап

бақты. Түркілердің арасына көлденең көк атты адамдарын

жіберіп, өз діндерін уағыздап, ел ішіне іріткі түсіре бастады.

Соны сезген Науан хазірет Х1Х ғасырдың басында

Шәймерден Қосшұғыловтың [Думаның депутаты] қасына екі

жігітті қосып, астыртын Түркия Сұлтанына жібер ді. Олар ел

ішіндегі жағдайды, патша ағзам ның жымысқы әрекеттерін

баяндап, Сұлтан орыс пат ша сына жедел түрде наразылық

хатын жіберіп, мұ сылман халықтарын еріксіз христиан дініне

кіргі зуге тиым салып, жөнсіз бейбастықтарын тоқта туды

талап еткені тарихта мәлім. Жансыздары арқылы мұны

ұйымдастырған Науан хазірет екенін патша біліп, оны ұзақ

жылға итжеккенге айдатты.

— Мінез ерекшелігіңіз туралы қандай ойдасыз?

— Біреудің кемшілігін біліп, көріп тұрсам да, оны көптің

көзінше мінеп, сынамайтынмын, әжуаламайтынмын. Жек көріп,

ұнатпағанымның өзінде де ойымды зердесіне сыпайылап,

астарлап қана, онда да сөз арасында «қарағым, шырағым»

деп сипалап отырып жеткізетінмін.

— Есте сақтау қабілетіңізге таңғалып отырмын. Бір естігеніңізді

ұмытпайды екенсіз. Бір ғұламаның: «Мидың бұдыр-

93


бұдыры болады. Жас ұлғайғаннан кейін ол бірте-бірте

жойылады. Содан адамның есте сақтау қабілеті әлсірейді», —

деген пікірін оқыған едім. Сіз сексеннен ассаңыз да әлі мықты

екенсіз, — деді Шәкәрім қойған сұрақтарына қанағаттанарлық

жауап алғанына ризалығын білдіріп.

— Ауа райының өзгеретінін, қай кезде жаңбыр жауатынын,

қай кезде құрғақшылық болатынын есептеп, болжап біледі

екенсіз.

— Тау өңірінің халқы ғана емес, батысындағы Сырдария,

оңтүстік шығысындағы Қаратау жұртшылығы түгел дерлік

құлақтарын түріп, менің мәліметімді тағатсыздана тосады.

Қар қалың жауған жылдары: «Қашан қыс шығады? Қашан

қар кетеді? Мұны тек сіз ғана білесіз?», — десіп үйіме алысжақын

ауылдардан атты кісілер келіп жатады.

— Бізді ел-жұрт жіберді. Мына қар қашан кетеді? Қыс

созылып, қолымыздағы азын-аулақ малымыздан ажырап

қалмаймыз ба? — деген оларға:

— Ел-жұртқа сәлем айтыңыздар. Пәлен күні пәлен уақытта

құбыладан алтын күрек соғады. Үш күн, үш түн ішінде қар еріп,

таусылады. Биыл көктем ерте шығады, — деп өз болжамымды

айтамын.

Төбе-төбенің басынан жол қарап, жақсы хабар күтіп

отырған ел қариялары жұмсаған адамдарының қарасы

көрінгеннен алдарынан шығып: «О, не деді? Жақсы лепес

бар ма?» десіп, «биыл көктем ерте шығады» деген хабарды

естісімен көңілдерін демдеп, жадырап күліп, шаруаларына

жігерлене кіріссе, көпшілік емес пе, араларынан: «Ат бойы

жауған қарды үш күнде кетеді дегені қалай, от жағып кеетіре

ме екен? Айтқаны өтірік» деп күдік келтіргендер де табылып,

кейін ол күдіктері бос боп шыққан соң, ұялатын да көрінеді.

Кей жылы: «Биыл қыс ұзаққа созылады, қапы қалмаңдар»

деп елге өзім ерте хабар беретінім де бар.

Екіқабат әйел келіп тамырын ұстатты.

— Қуанышты хабар, балам. Нәрестең үшеу, — дедім. Кейін

ол әйел айтқанымдай үш сәбилі болды.

94


Сырқат кісілердің тамырын ұстағаннан жазыла ты нын, не

қай күні өлетінін бірден білем.

— Жәке, тамырымды тағы ұстап көріңізші? — деп өтініп

қоймаған кісіге:

— Өткен жолы ұстадым ғой. Қаңтардың үшінен қалмайсың,

— дедім. Айтқанымдай сырқат кісі қаңтардың үші күні қайтыс

болды.

Өлетін кісілердің тамырын ұстаудан қашамын. Көзін

бақырайтып қойып, «сен пәлен күні өлесің» деуге көңілін

қимаймын. «Өлмейсің» деп тағы өтірік айта алмаймын.

Жұртты жиып: «Енді біраз жылдан кейін үлкен өзгеріс

болады. Түлкіден де қу неме, теріңді сыпы рып алып, баланы

әкеге, әкені балаға қарсы қояды. Бір үй орыс, бір үй қазақ

болып отырасыңдар Қыз беріп, қыз алсысасыңдар Сілен

(село дегені — М.Қ.) деген орнайды. Ұзын шөбін орып аласың,

қысқа шөбін қорып аласың. Сілейіп жүресің, сілейіп күле сің.

Ағайын екіге бөлініп, бірі кедей, бірі байды жақтайды. Ақылды,

сөзшең, бәкене бойлы қасқабас, көк көз, қағылез адамның

арқасында кіл жалаңаяқтардан жиналған топ ел басқарып,

қаныңды судай шашады. Сөйтіп халық тәртібі қатал өкіметке

бағынады. Ол заманда жұрт екі елі аузына төрт елі қақпақ

қойып сөйлейтін дәрежеге жетеді. Біз жақты (Оңтүстік

өлкесін айтқаны. — М. Қ.) екі жылдай «жылан тақыр» деген

құрғақшылық жайлайды, ел қоныстан ауады. Ағайынның іргесі

бөлініп, бір-бірінен ажырайды. Халықтың көтермейтіні

бар ма? Қиыншылық ұмытылып, ел енді тыныштала бергенде,

батыстан ақырзаманның бірінші алапаты екі шайқаспен

басталады. (фин және герман соғысын айтқаны-ау. — М. Қ.)

Осы шайқасқа аттанған ер-азамат үш топқа бөлінеді. Бір тобы

сол жақта мәңгілік қалады, екіншісі хабарсыз кетіп, қалған

тобы елге қайтады. Олардың көбі жарымжан күйде оралады.

Елде жетім, жесір көбейеді. Надан әкім боп зіркілдейді. Шал

қыз алады.

Адамның көптігінің арқасында бұл соғыста сендер

ұтасыңдар. Сөйтіп көрер көзге жарқын, іштей іріп жатқан

95


заман басталады. Көлік төрт дөңгелекті темір болады.

Барар жерге бие сауымындай уақытта жетесіңдер. Мұны да

азсынған адамдар арасын сабырсыздық жайлайды.

Аспан жол болады. Төрткүл дүниенің жаңалығын өз

ошағыңның басында отырып-ақ білетін бола сыңдар. Еркек

үйшіл, әйел базаршыл болады. Қатын ел билейді. Қысқа

етекті көйлек киіп, есек тұяқты етікпен жүреді. Имандылық

азаяды. Адамдар бір-бірінің үстіндегі үйлерде тұрады. Үйінің

есігін құлыптап кіріп, құлыптап шығады. Жастар ит іш пейтін

сусынға құмар болады. Қатын жіберу кө бейеді. Әйел заты

еркекті сыйлаудан қалады. Тірі жетімдердің саны артады.

Ыбырайым, ол заманды сен көрмейсің, Мұсақұл шет жағасын

көреді. Ал мына отырған жаман қара балам Исақұл қазанында

қайнайды. Бірақ осының бәріне ертелі-кеш Алланың бір тиымы

болады.?

Құдайға құлшылық етуде халқымыздың ой-ниеті таза. Оны

«Құдайсыз қурай сынбайды», «Құдай десек, құр қалмаймыз»

деген екі мақалынан-ақ білу ге болады.

Құдайдың құдіретін танып, дұрыс құлшылық ету үшін

Құранды қайталап оқып отыруымыз керек. Мен өзім солай

етем. Бұл еріккендігімнен емес. Құранды оқыған сайын

шөлдей берем, шөлім қанбайды. Бәрі ұғынықты сияқты-ақ

боп тұрады. Қайта оқысам, басқа ойға кезігіп, басқа бұлақтан

су ішкен сияқты боламын...

Бұл қасиетті кітапта: «Ей, адам, өзіңді өзің тәрбиеле, өз

басыңның тазалығын ойла»», — деген өсиет бар. «Өзіңді

өзің тәрбиеле» дегені — өз дініңді, өз әдет-ғұрпыңды, салт

санаңды қасиеттеп, сақтай біл дегені. Жер бетіндегі адамның

бәрінің іздегені — табыс. Оны біз мал дейміз. Қазақ «Малым

— жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы» дейді.

Малды біз қу жан үшін жинаймыз.

Құран аяты — ар тазалығы, ол бәрінен жоғары, «арыңды

қастерлеп, қадірлей біл» дегені. Құран басынан аяғына дейін

адамзат баласын сабырлылыққа, төзімділікке, имандылыққа

шақырады. Ол — Алланы танудың, әлемді танудың кілті.

96


Құранға жетер күш жоқ.

Мұсылман — мейірімді адам, кәпір — мейірімсіз. Кәпірді

Құдайсыз дейміз. Себебі ол ештеңеге сенбейді. Біз

мұсылманбыз, қазақпыз. Мұсылмандық, қазақтық салтдәстүрімізбен

ойланамыз.

Алла адамға жеті жұмбақ сыйлады. Бірінші, Алла дегеннің

өзі кім? Екінші, нәресте қалай туады, өседі, қартаяды, өледі.

Неге бұлай? Неге біз болған, толған күйімізде тұрмаймыз.

Үшінші, табиғат неге өзгереді? Неге ағаштар көгереді,

сарғаяды. Төртінші — тіл, бесінші — сана, алтыншы — жүрек,

Жетінші — еркіндік.

Осы жеті жұмбақ сырын. оның қадірін танып, білудегі

біздің негізгі мақсатымыз — жақсылыққа жету. Құранның

Бақара сүресінде: «Жақсылық істең дер, Алла жақсылық

істегендерді жақсы көреді», — делінген.

Мен кейде қандастарыма: «Қадірменді жамағат,

бәріңізден өтініп сұраймын, бір-біріңізге көз алар тып, қастық

ойламаңыздар, қайта бір анадан туған дай, бір шаңырақтың

астында өскендей бір-біріңізге бауырмалдық мейірбандық

танытыңыздар. Осылай сыйласқанда ғана қамшының

сабындай ғана қысқа ғұмырымызды біз дәмді де мәнді ете

түсеміз.

***

— Мен би-болыстарға да, молдаға да қарсы шығып, көп

адастым, — деді Шәкәрім мырза шешіліп. — Жаратылыстану

саласындағы ғалымдардың саналы сезім тек адамдарда

ғана болады дегінімен де келіспедім. Өз ойыма көз жеткізу

үшін марқа туған бір қозыға тәжірибе жасап та көрдім.

Күйектен шығысымен оған жеке күтім жасап, көзімнен таса

етпей бақтым. Іші өскен сайын ол байғұс жүдеп, бар жүнінен

айырылып, көтерем күйде орнынан тұра алмай жатып қалды.

Ақырында қоздай алмай қиналды. Мен көмекке келмегенде,

ол өлер еді. Іле-шала ес жиып, орнынан түрегеп, төлін жалап,

аналық парызын орындай бастады. Сана-сезімі болмаса, ол

өстір ме еді?

97


Бұл өз алдына. Жас қозы сүріне-қабына, жығыла жаздап,

тәлтіректеп емшек іздеді. Тұмсығымен түртініп жүріп,

ақырында оны тапты. Егер сана-сезімнен жұрдай болса, жаңа

туған қозы осындай әрекет жасар ма еді?.

Енесінің емшегі алдыңғы екі аяғының арасында емес,

артқа екі аяғының арасында деп оған біреу айтты ма? Ешкім

айтқан жоқ қой.

Тағы өзім байқаған бір жайдан мысал келтірейін. Өрісте

жайылып жүрген малды жарға қарай айдасаң, жалт беріп,

басының ауған жағына қарай қашады. Қауіп барын, жардан

құласа мерт боларын білмесе, ол сөйте ме? Осыдан мен санасезім

жануарлардың, тіпті кішкентай шыбын-шіркей, құртқұмырысқаның

бәріне тән, сондықтан бір құдіреттің бары рас

деген ойдамын.

— Алла бұл дүниедегінің бәрін еркек-ұрғашы, жақсыжаман,

өмір-өлім деп жұп етіп жаратты. Жаратушы ұғымында

ауру деген — жоқ нәрсе. Оған ғайбат сөйлегенімізден,

надандығымыздан тап бола мыз. Бізге жақсылықты Алла берген,

жаман дықты өзіміз сатып аламыз. Ол жамандықтың аты

не? Аты — күнә.

Құран — баршамызды күнәдан арылтатын, адам затты

ізгілікке тәрбиелейтін басты кітап. Алла бізді адам етіп

жаратты. Адам боп жаралған соң, өзімізде де, ұл-қызымызда

да махаббат болуы керек. Ол махаббаттың кілті Аллада. Сол

үшін Жарату шымызды сүюіміз — парыз.

Пананы да, желеп-жебеуші, жарылқаушыны да Алладан

іздеп, оған жүрегімізбен берілуіміз қажет. Аллаға жүрегімізбен

берілсек, қылмыс жасаудан, тағы басқа күнәлардан ұрыпсоқпай-ақ,

тар зынданда қорлық көрмей-ақ, өзімізден өзіміз

арыламыз. Тау суындай тазарып, әлемдегі ең күшті, ержүрек,

жомарт жандарға айналамыз.

Беке, Сіз әңгімеңізді ары қарай өрбітсеңіз.

— Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

— Дау-дамайға билік айтудан, сырқаттарды емдеуден,

ұстаздық етуден қолым бос кезімде әсем тау қойнауында

98


аңшылық, саяхатшылық құруға аңсарым ауып тұрады. Амал

не, оған қолым тие бермейді. Аңшылықтың өзі — серілік қой.

Азамат сері болу керек. Сері адам сегіз қырлы, бір сырлы.

Жергенталда тұрғанымда көршім Жұмалы қарт ты ертіп,

аңшылық, саятшылық құрдым. Сонда бүр кіт пен тек қасқыр

ғана алдырдым.

Бірде қыр басына көтеріліп, Қаражанымның томағасын

тартып, алысқа көз салып тұр едім, кенет ылдидан тауға

қарай жортып келе жатқан екі қасқырды байқап қалдым.

Жақындай түссін дегенімше болмай:

— Жіберіңіз Қаражанды! — деп Жұмалы қарт сыбырлады.

— Әй, алыстық етеді.

— Алыстық етпейді. Жіберіңіз?!

Жұмалы өтініп қоймаған соң, Қаражанды еркіне жібердім.

Ол төбесінен төне шүйілген күйі бір аяғымен қасқырдың артқы

құйымшағынан бүре ұстап, жалпылдап кетіп бара жатты. Әлден

соң екінші аяғымен желкеден бүрді. Осы кезде қасқыр

кілт тоқтай қалды. Қапталдаса жүгіріп келе жатқан екінші

қасқыр Қаражанның мойнын жұлып ап, көзден ғайып болды.

Мұны мүлде күтпеген мен қимылсыз жатқан құсыма жете

бере, атымнан қарғып түсіп:

— Әй, Қаражаным-ай, Қаражаным-ай! Қап! Қап! — дей бердім

өкініш оты өзегімді өртеп.

Осы қанды қатыгездіктен кейін аңшылық, саят шыл дықты

біржола қойып, ауылымның қысы-жазы сылдырап ағып жатқан

бұлағы төңірегіндегі ойпаңға қараағаш көшетін отырғызып,

«құстары сайраған, бөдене, қырғауылы жорғалаған

кішігірім орманды алқапқа айналдырдым. Ендігі жерде бос

уақытымның бәрін осы жұмысқа арнадым. Ауылдастарыма:

Отыннан қысылсаңдар бұтағын кесіп алыңдар, — деп өзім

рұқсат берсем де, олар:

— Әулие атамыздың еккен ағашын қалай кесеміз, қалай

отқа жағамыз? Киесінен қорқамыз», — десіп, жасыл желектің

жайқала беруіне қамқор болып, өзде рінше үлес қосты.

— Қара жұмыстан әлі қол үзбегенсіз бе?

99


— Құдайдың берген қуатының арқасында қол үзгем жоқ.

Биыл жасым сексеннен асса да, қара жұмысты жақсы көрем,

өзім еккен қараағашыма, бау-бақшама қараймын. Мұны бала

кезімнен еңбек етіп, шынығып өскенімнің әсері деп те білемін.

Балаларыма:

— Сендерді әулие әулеті, молда ұрпағы дейді. Жүрген

жерлеріңде жұрт үлгі, өнеге алайық десіп, өздеріңді көруге,

сөздеріңді тыңдауға құмартады. Сондай ықыласқа лайықты

болыңдар. Бір-біріңді аға, іні деп сыйлаңдар. Бір жас та

болса үлкенді сіз деңдер. Бетімізге шіркеу түсірерлік жаман

аттарың шығып, әулетімізге сөз келтірмеңдер. Олай ету — біз

үшін ұят, өлім. Осы жағына өте-мөте абай болыңдар, — деп

айтып отырамын.

— Мен де сізге ұқсап ел ішіндегі дау-жанжалды, кісі өлтіріс,

барымта шабысты сұмдық жек көрдім. Оны естісем, көңілім

айнып, қатты қиналатынмын. Абай ағама қол жұмсағаны үшін

елге ренжіп, құла дүзде жападан жалғыз жатып, кітап жаздым.

— Жапанда жалғыз жатам елден жырақ,

Ел іші болмаған соң маған тұрақ.

Жасымнан сүйген өмір оңашалық,

Қартайып алжыды деме, шырақ, —

деген бір шумақ өлеңімнен-ақ хал-ахуалымды түсінерсіз.

— Түсінбек түгілі, Шәкәрім балам, ми қатпарыңда,

жүрегіңнің түкпірінде нендей асыл ойлар жатқанын да көріп

отырмын. Бойыңды тіп-тік, найзадай түзу ұстайтын, еңкею

дегенді білмейтін сырт тұлғаң ғана емес, ішкі жан дүниең

де сұлу екен. Жұрт сырын білген үстіне біле түссем деген

құштарлығыңа да, темекі тартқан кезде жерге бір түйір күлін

түсірмеген ұқыптылығыңа да, бір тал сіріңкені екіге, үшке бөліп

от тұтатқан үнемшілдігіңе де тәнтімін. Ең ғажабы, бөлінген

сіріңкеңнің басы қанша жіңішкерсе де сын бады. Өзіңді асқан

мерген деп те естідім.

— Ол да табиғат сыйы. Мақтанғаным емес, құра лай дың

көзіне тигізетін мерген екенім рас. Әдетім — аңды, құсты

100


жатқанында, не отырғанында атпаймын. Өзіме де, өзгелерге

де қояр талабым:

— Шын мерген болсаң, қашып, не ұшып бара жатқанында

ат, — деймін.

Бір күні түндігі ашық киіз үйдің ішінде балала рым мен

әңгіме-дүкен құрып отырғанмын. Кенет ұшып келе жатқан бір

топ тырнаның тыраулаған дауысы естілді.

— Қой, біреуін алып қалайын, мылтықты бере тұршы?—

дедім үлкен ұлыма. Ол ұсынған мылтық пен үйде отырып-ақ

көп тырнаның береуін атып түсірдім.

Ол кезде ауылым Шыңғыстың ішіндегі үлкен биік тау

Шынтаудың төменгі етегіндегі Бұйрат бөктер деген жерді

мекен ететін. Қояны көп еді Мен жұмасына ауылыма екі рет

барып, итім мен құсыма жем алып қайтатынмын. Менің сұлбам

көрінгеннен-ақ үйдегілер дастарқан мәзірін әзірлеуге кірісіп,

әлекке түсетін.

— Әділет жолымен жүру деген — ер жігітке үлкен абырой

әрі сын. Анығында, халықтың да аңсағаны осы жол емес пе?

Бұл — әркімнің өз күнін өзі кө ретін теңдік, еңбек жолы. Алайда

мұны түсінбей бұрмалаушылар да бар.

— Пушкиннің «Дубровский» повесін өлеңмен аудардым

дедіңіз ғой. Сол жөнінде айтыңызшы, — деді ерекше киінген,

осы кезге дейін әңгімеге араласпай отырған көзілдірікті жігіт.

— Жер айналмай, тұрмайды дүние жай,

Келер-кетер адамзат із қалдырмай.

Сол өткен көп заманның бір кезінде,

Болыпты Троекуров деген бір бай, —

деп басталатын жолдар арқылы Дубровский бастаған

шындық, адал жүрек, ақ ниет әділеттілік пен орыс байларының

әділетсіздігін қарсы күрестіріп, ақыры қара жүрек зұлымдыққа

жеңдірген Пушкин ғажап философ қой. Мен ол повесті құлай

сүйіп, халқымыз арасына өлеңмен аударып таратқанды

қолай лы көрдім.

101


Пушкин әділетсіздікке, зұлымдыққа қарсы күреске шыққан

махаббаттың құлы, адалдықтың құрбаны Дубров скийді

әлемге танытып, жастар арасына ғасырлар бойы өшпес із

қалдырды. Мен повесті құлшына аударғандағы мақсатым

— өз халқымыздың арасындағы қиян-кескі озбырлық,

зұлымдықты да жалаңаштап көрсеткім, сол арқылы елжұртты

сүйіп, адалдық жолымен жүру, досқа, жолдасқа

деген жанашырлық сезімді таза ұстау, сүйген жар жолында

махаббат құрбаны болуды ұрпақтан ұрпаққа тәрбие етіп

қалдырғым келді.

— Мақсатыңыз қандай асыл еді, Шәкәрім мырза! — деді

Бекасыл әулие қуаныштан кәрі жүрегі лүпілдей соғып.

Қонақтар түн жарымынан ауа демалуға жатты. Ер теңіне

таңғы намаздарын оқып, тамақтанып, қы мыз ішкен соң,

дастарқанға Бекасыл әулие бата жасады.

— Шәкәрім інім, азын-аулақ сырлас, дәмдес болдық.

Мына киелі шаңырақ иесі Майлы бидің бір оқиғасын саған

таныстыра кетейін. Кеше айтуға сәті түспеді. «Жақсылықтан

үміт етсең, сабыр ет» деген бар ғой.

Біздің төскейге де үдере көшіп келген келім сектер

қазақтардың сулы, нулы жерін тартып алып, өздерін шөлді,

сусыз адырлы далаға қуды емес пе? Онымен де қоймай

олардың қонысын жанай өткен жүргіншілерді ұрып-соғып,

біздің мекенімізге жа қын дамаңдар деген зорлықты шығарды.

Одан мүлде хабары жоқ, түйеге мінген ауылы мыздың

бір баласы келімсектің көшесінен өтіп бара жатқанда,

түйе ырқына көнбей, мойнын созып, жас жеміс ағашының

жапырағын жей бастайды. Мұны көрген келімсек жүгіріп келіп,

баланы бақыртып ұрып-соғып, түйесін тартып алады. Бұл

зорлықты алыстан байқап қалған аттылы жігітіміз құйғыта

шауып жеткен бойда сегіз өрім қамшымен келімсекті бастан

бір-ақ соғады. Ол тіл тартпай өледі.

Жігіт баланы түйесіне көтеріп мінгізіп, тездетіп ауылына

келеді. Келсе, тірі пенде жоқ. «Келімсектің біреу өлді, енді

қалғандары бізді тірі қоймайды» деп жұрт біткен бала-

102


шағаларын ала-мала тауға қашып кетіпті.

Аттылы жігіт түйелі бала екеуі кішілеу төбе басына шығып,

«қайда барсақ екен?» деп абдырап тұрған кезде мылтықпен

қаруланған үш жүз шамалы атты келімсектер қазақ ауылын

бетке алады. Сәтін салып мына ортамызда отырған мың

болғыр Майлы Тіленші бауырмыз біздің төскейдің атақты

ақсақа лының жерлеуіне қатысып, Шымкентке қай тып бара

жатқанында әлгі қарулы келімсектерге кезігеді.

— Ау, бұл не дүрлігіс? — деп мән-жайға қанған соң:

— Сендер менің тілімді алсаңдар кері қайтыңдар. Тілімді

алмасаңдар, бірің қалмай ажал құшасыңдар, — дейді.

— Неге біз ажал құшамыз? Сенің бұл қай сөзің?

— Ана-ау, төбе басындағы екі адамды көрдіңдер ме?

— Көрдік.

— Олар жай тұрған адамдар ма?

— Оны біз қайдан білеміз?

— Ол екеуі сендердің қалай қарай бет алатында рыңды

бақылап тұрған күзетшілер. Төбенің ар жағын да бір мың

атты сарбаз сендерді күтіп тұр. Төбе басындағы екеу «аттан»

деген белгі берсе, шаруа ларыңның біткені.

Келімсектер өзара ақылдасып, келген іздерімен кері

қайтады. Қиын, шешуші сәтте амал тауып, екі жақты да қан

төгістен сақтап қалған мына біздің Майлы бауырмыз. Осы кісі

сіздерді нөкерімен Түркістан шаһарына алып барады. Мен

де ілесер едім, ауылымда сырқат адамдарым бар. Оларға

ем-дом жасауым керек. Қайтарыңда ауылыма кел, құрметті

қонағым бол. Қазір маған рұқсат ет, қарағым.

— Рұқсат. Мен сізді де Арқаға шақырамын.

— Дәм-тұз тартса, барармын, баруға құмармын.

***

Қазан айында Билікөлде той болып, сол тойда ұрыс шығып,

Ұлы жүздің ошақтылары Кіші жүздің үш жігітін өлтірді. Көп

ұзамай жұрт қыс қыстауға қоныс аударды.

Көктемде желектеген төрт жігіт:

103


— Дау іздейік, Төле биге баралық. Өлген үш жігітіміздің

құнын алайық, — деп Әйтеке биге ақыл салды.

— Көк өзек уақ, көктем кезі. Бұл кезде «бітсінге» сояр мал

жоқ, бәрі арық. Маусым болсын, мал семірсін, жер аяғы кеңіп,

жан жадырасын. Көшпелі халықпыз ғой, сыбайлас қоналық, —

деп Әйтеке би тоқтау айтты.

Төрт жігіт тоқтау сөзге құлақ аспай, аттанып, Төле биге

келді. Төкең тымауратып жатқан екен.

— Ер құнсыз болмайды, жесір даусыз болмайды, — деді

төрт жігіттің бірі салған беттен аптығып. — Үш жігіттің құнын

қашан дау етесіз?

Сөйлеп тұрған әлгіге Төле би астыңғы ернін көрсетті.

Оған түсінбеген, дауды жалғастыра, жоқтай сөйлеген екінші

жігітке үстіңгі ернін көрсетті.

Қалған екеуі алға ұмтылып, даусын көтере, сөзге араласып

еді, Төле би бейтаптанып шалқасынан жатқан күйі біріне оң

жұдырығын, екіншісіне сол жұдырығын көрсетті де үн-түнсіз,

сұлық жатты да қойды.

Төртеуі түкке түсіне алмай, өздері де, аттары да болдырып,

Әйтеке биге қайтып келді.

— Баласынды ма, Төле би бізді менсінбеді. Ешнәрсеге қолымыз

жетпей уайым жеп қайттық.

— Төле би алдына қалай бардыңдар?

— Алдымен сәлем бердік. Төле би сәлемімізді алды. Алғанмен

жол болсын деп бір ауыз тіл қатпады. Төсегінде, басын

көтермей жата берді.

— Сендерге не ишарат көрсетті?

— Екеуіміз бұлбұлша сайрап едік, біреуімізге астыңғы ернін,

біреуімізге үстіңгі ернін көрсетті.

— Ол Төкеңнің «қатын өсек, ауылға сөз таситын қу екенсіңдер»

деп сендерге берген сыны.

Әйтеке би енді қалған екі жігітке бұрылды.

— Ал сендерге не көрсетті?

— Төле шалқасынан жатқан күйі бір тіл қатпай, екеуімізге

екі жұдырығын көрсетті.

104


— Онысы ауылда жүріп, ұр да жық, білекке сенген батырсыңдар.

Сендермен дау бітпейді. Сендердің дауда не істерің

бар, даудың сендерде не ісі бар дегені.

Әйтеке би маусым айында нөкерін ертіп, Төле биге өзі

келді. Бір қонған соң, ертеңгі ас үстінде:

— Әз аға, — деп сөз бастады. — Ер құнсыз болмайды. Бір

шатақтың кесірінен көз жұмған үш жігіттің дауын бітірелік.

Арамыз ажырамасын, қанымыз бір еді ғой. Мен піше алмаймын,

мен сізден өте алмаймын. Өткенмен еш жаққа бара алмаймын.

— Келгеніңді қарсы алдым, ақиық алғыр қыраным, Әйтекем,

— деді Төле би. — Ердің құны екі жүз байтал.

Бұл шешімге екі жақ та келісті.

***

Бекасыл әулиенің айтқандарын Жайнақ бала түн жарымына

дейін көз ілмей ой елегінен өткізумен болды.

Таңғы ас үстінде сақал-мұрты ағарған қария сөз бастады.

— Беке, сізді, Қасқасу ауылының ақсақалдарын шақырған

себебіміз — Кертөбел жүйрігіміз кешегі түні қолды болды.

Біреу лердің айтуынша, ол Қасқасу асқан көрінеді. Бұған не

дейсіз? Жоғымызды қайтсек табамыз? Бізге қандай көмегіңіз

бар?

Бекасыл әулие төмен қарап, тұнжырай ойға еніп ұзақ үнсіз

қалды. Әлден кейін басын көтеріп:

— Мені жайдан жай шақырмайтындарыңызды сезген едім,

— деді езу тартып. — Жоқ іздесеңіз, ел-жұртыңызды жинаңыз.

— Мақұл.

Көп ұзамай жұрт жиналды. Бекасыл әулие топ алдына

шығып, сөз сөйледі.

— Жоғалған жүйріктің сүйіншісі жиырма жылқы. Көрген,

білген қайсыңыз бар?

— Ой, Беке, мынауыңыз ақылға сыймайтын іс қой, — деді

әлгі ауыл ақсақалы. — Мұнша қыл құйрықты табу оңай ма?

— Жүйрік дерегін білгіңіз келсе, сабыр етіңіз. Әуелі ұрының

кім екенін анықтайық.

105


Жұртта үн жоқ. Бір кезде қара мұртты, еңгезердей Нұржан

деген жылқышы Бекасыл әулиеге жақындай кеп сыбырлап:

— Сүйіншіге шынымен жиырма жылқы бересіздер ме? —

деді.

— Шынымен береміз. Жүйрік қайда?

— Көрші Сайрамсу ауылының жылқысында.

— Оны қайдан білесің?

— Жылқы қайырып жүріп көрдім.

Бекасыл әулие тездетіп Нұржан мен екі жігітті Сайрамсу

ауылының жылқысына жұмсады. Олар түс қайта Кертөбел

жүйрікті жетелеп жетті.

— Оу, сендердің араларыңнан ұсақ жан шығады деп

ойламап едім. Ұрының бірі — мына Нұржан. Бұл маған жиырма

жылқы айып төлейді, — деді Бекасыл әулие табанда кесім

шығарып. — Нұржан бала-шағасының көптігін айтып, зар

еңіреді. Мұңын шағып, кешірім сұрады.

— Ата-бабаңның аруағын сыйлап, бір жолға кештім. Екінші

рет ұрлық істесең, кешірім болмайды.

Жұрт Бекасыл әулиенің ұрыны ұрының өзіне әшкерелеткен

тапқырлығына риза болысты.

***

Қасқасу ауылына қайтып келе жатыр. Қасында Жайнақ

бала:

— Ата, ғибрат болар бір әңгіме айтыңызшы? — деп өтінді.

— Жақсы, қарағым. Бетіне ешкім жел боп тимеген, даламның

еркін өскен, еркін ойлы, ерке ұлы — Жайнағым, саған не

айтсам екен деп өзім де ойланып келе жатыр едім. Мына аңызға

құлақ түр.

Ымырт үйірілген кез. Бақ пен Қыдыр жол жүріп келе жатты.

— Кімнің үйіне түссек екен?

— Байдың үйіне түселік.

Қыр етегіндегі қамыс қораға бір отар қойын қамай

алмай жүрген байға кез болды. Жанына жақын барып, екеуі

қосарлана:

106


— Құдайы қонақпыз, — деді. Бай түлен түрткендей

ашуланды.

— Малымды жайлай алмай жатқан кезде қайдағы қонақ?!

Кетіңдер аулақ!

Бақ қолын жайып:

— Ия, Алла, мына пендеңе осы малынан он есе көп мал бер,

— деп бата жасады.

Екеуі жүріп отырып, бір кішілеу жар жағасындағы кедейдің

қараша үйіне кез болды.

— О, кім бар-ау?! Құдайы қонақпыз.

— О, құдайы қонақ болсаңыздар аттан түсіңіздер, — деп

жас жігіт келіншегімен құрақ ұшып қарсы алды. Үш ешкісінің

бірін сойып, жаны қалмай екеуін қонақ етті.

Ертесінде аттанар алдында Бақ;

— Үй-ішің, от басың аман болсын, ынтымақ-бірлігің кемімесін,

— деп бата берді.

Кедей жігіттің үйінен көш жер ұзап шыққан соң, Қыдыр:

— Сізге түсінбедім. Үйіне қондырмаған байға оңды бата

бердіңіз де, ал құрақ ұшып қарсы алған, асты-үстімізге түсіп,

барын алдымызға қойып, сыйлаған кедей жігітке жай бата

бердіңіз. Мұныңыз қалай? — деді ренжіп. Сонда Бақ күліп:

— Қайдағы оңды бата? Ол бейшара малы көбейген сайын

ұйқы да көрмейді, тамақ та ішпейді,той да тойламайды, ой

да ойламайды. Оның өмірі күндіз-түні алқынып-жұлқынумен

өтеді. Түсінсең, достым, бар азапты соған бердім. Ал бізді

үйіне қондырған кедей жігіттің тамағы тоқ, ұйқысы қалың боп,

қайғысыз өмір сүреді. Білсең, оған тірліктің жұмағын бердім.

— Тұспалыңызды түсіндім, ата.

— Түсінсең, балам, бұдан былай біреуге зорлық-зом былық,

қиянат жасамаймын, тентек болмаймын, барлық кезде әділ

боламын деп маған уәдеңді бер.

— Сеніңіз, ата, бұдан былай жаман қылықтың бәрінен аулақ,

жүремін. Рұқсат етсеңіз, бір сауалым бар.

— Рұқсат, қарағым.

— Жақында әкем екеуміз Қордай тауында болған едік.

Ол тау Қордай батыр атымен аталады екен. Әкем Қордай-

107


дың қандай адам болған деп екі-үш қариядан сұрап еді,

ешқайсысы жартымды ештеңе айта алмады. Сіз ол кісі

жөнінде білесіз бе?

— Білгенде қандай! Қордай Қасқарау Жаныстан шыққан

батыр. Ол жақта мен талай болғам, қарағым. Қариялары

оның ерлігін таңға дейін айтып тауыса алмайтын. Сендерге

жолыққандар ақпа құлақ, жаман-жәутік біреулер-ау.

Бекасыл атының тізгінін тарта түсіп:

— Есіме жақсы салдың, балам. Мен саған Қордай батырдың

бір-екі ерлігін айтып берейін. Жол қысқарсын, — деді

көңілдене. — Қордай жауға шапқанда өз атын ұран етіп, Қордайлап,

шабатын еді. Оның даусын естіген жау:

— Қордай өмірінде жеңіліп көрген емес. Оған қарсы соғысуға

болмайды, — деп беталды қаша береді екен.

Қордайдың бөрте аты болды. Жұрт: «Ол тұлпарда алпыс

аттың жүгірісі мен алпыс аттың күш-қуаты, ал Қордайдың

өзінде алпыс ердің айбаты мен алпыс ердің қайраты бар» —

десетін.

Бір жорықта Қордай жаудың көп малын айдап қайтты. Ол

уақытында жау тосып, көп болып майдандасатын еді.

Олжалы қайтып келе жатқан Қордай қолы биік таудың

баурайына тоқтап, атала көже әзірлеуге кірісті. Кенет:

— Ойбай, жау келіп қалды! — деген қарауылдың шошынған

даусын естіп, сарбаздар дүрліге атқа қонды. Қордай батыр:

— Шіркін, татайын деп отырған дәмді жауға тастап кетуге

болмас, ішіп кетелік, — деп мосыдағы бақырды іліп алып,

ыстық көжені жұтып жіберді. Жұтып жіберіп, қайта төккенде,

ыстық көжеден аттың жалы жидіп түсті.

Қордай батыр түк болмағандай сарбаздарына бұрылып:

— Сендер қолға түсірген жылқыны айдап алға тарта беріңдер.

Жауды есебін тауып өзім-ақ қайырармын, — дейді. Сарбаздары

жылқының соңынан жөңкіле қуып кетеді. Өзі бір биік

төбенің басына шауып шығып, аттан түсіп, белін шешіп, үстіндегі

қару-жарағын ердің басына іліп қойып, түзге отырған

кісіге ұқсап, сауытын жамылып отыра қалады. Бір адамның

108


төбе басына бұрылғанын, қалғандарының беталды безіп,

қашып бара жатқанын жау алыстан көріп келе жатады.

— Анау төбе басына жан сауғалап қашып барған ажалды

пендені бір-екеуің барып өлтіріп, найза қандаңдар, — деді жау

басшысы. Ол кезде ұрыс бастағанда бірінші найза қандау

салт болатын. Жау тобынан екі адам төбеге қарай бұрылып,

қалғандары алға ұмтылды.

Екі атты төбе басына келсе, басы қазандай бір дәу

жалпайып отыр.

— Әй, ез болсаң, қарусыз кісіні түйрей бергін, ер болсаң,

тоқта. Мен орнымнан түрегелейін, киімімді киейін, атыма мінейін,

найзамды қолыма алайын, — деді Қордай батыр. Әлгі екеуі

бір-біріне қарап:

— Әй, қарусыз кісіні шаншығанымыз ұят шығар. Атына

мінсін, содан соң өлтіріп, найзамызды қандармыз, — десті.

Қордай асықпай жайымен сауытын киіп, белін буып, түймесін

салып, ердің басында ілулі тұрған найзаны қолына алып, «әп»

деп атына қарғып мінді. Аңдып тұрған екі жау найзаларын

ала ұмтылысты. Қордай екеуін, бір-бір түйреп, аттарынан

ұшырып түсіріп, кеткен топтың соңынан қуа жөнеледі. Жау

тобын куып жетіп, ана батырды да бір түйреп, мына батырды

да бір түйреп, аттан аударып тастай береді. Оның Қордай

екенін жау білмейді. Артымыздан шауып келе жатқан әлгі екі

адамымыздың бірі екен деп ойлады.

Жау топалаң тигендей аттарынан бытырлап құ лап түсіп

жатыр. Бір кезде:

— Қордай! — деген дауысты естіп, жау қолы жан сауғалап,

жалт беріп кейін қашады.

Жайнақ қарағым, Қордайдың ойлап тапқан айла сын

айтпаймысың?! Төбе басында жалғыз қалғанын көрген жау

аты шабан, өзі қорқақ біреу деп ойлап, менсінбей екі адамын

ғана бөлді гой. Ақырында ажалды сол менсінбеуден тапты.

Ал жауды бір өзім қайырамын деген Қордайдың өз күшіне, өз

акыл-айласына сенгенін көрмеймісің?!

Осы әдіспен ол жауды талай рет жеңіп, ол жалайды.

109


Қордайдың ұрыс кезіндегі тағы бір істейтін айласы —

ілмекті қашып бара жатқан жаудың мой нына лақтырып, дәл

түсіру және қанша жау болса да сескенбестен қарсы барған.

Ол көп, аз демейді екен. Өзіне жұмсалған жаудың қаруын

бойына дарытпай, екі жігіт әзер көтеріп жүретін найзасын

кәдімгі қамшыдай үйіре сілтеп, көзіне көрінгенді шаншып,

түйреп тастап отырған.

Тағы бір ерекшелігі — жауға оңтайлы күні ғана аттанған.

Шабуылға ертеңгі шолпан жұлдыз туған мезгілде шыққанды

қалаған. Өзіне жеңілдім, бағындым деген дұшпанына

кешірімшіл болды. Тіпті оны досындай сыйлап, құрметтеген.

Бір жорықта жаудың өзі секілді батырымен кездесіп, оны

жеңіп, қолға түсіреді.

— Жанымды қи, сенімен мәңгілік дос болайын, — деді жау

батыры. Қордай:

— Жұмсап отырған ханың бар. Ол «жауыммен дос болды»

деп сені аяй ма? — деді.

— Мен ханыма шынымды, жеңілгенімді, айтамын.

Достасқанымды да жасырмаймын. Басымды кессе, хан кессін.

— Мен өзіме өзім қожа адаммын. Соғыссам, елімді, жерімді

қорғап соғысамын. Жаулассам, кегімді жоқтап жауласамын.

Мен ешкімнің жерін алғалы жүргем жоқ. Малым да, жерім де

өзіме жетеді. Ханың қазақ аз деп елімді, жерімді басып алғысы

келеді. «Иттің иесі болса, бөрінің Құдайы бар» емес пе?

Менің халқыма тимесе, ханыңа мен де тимей мін. Ханыңа

айт, қатар жатқан елміз, бізге тимесін, тыныштық берсін. Талай

заман болды, халқым түйенің қомы, аттың жалында дүркіреп

қашып күн көріп жүр. Ұйықтап жатқан балам жау келіп қалды

деп шошып оянады. Күнде дүрбелең, күнде атыс-шабыс.

Жайланып, арқаны кеңге сап рахаттанып, мамыражай боп

отырған халқымыз жоқ. «Сом темірге балға бар» дегендей

ел иесіз, ер киесіз болмайды. Мен тұрғанда қазақты ешкім

құртып жібере алмайды. Ханыңа айт, қатар жатқан елміз,

тыныш өмір сүрелік. Қойымызды құрттап, айранымызды

ұрттап, бала-шағамызды өсіріп, қыс қыстап, жаз жайлап, ел

болалық. Шабысқаннан не пайда? Осы сәлемімді ханыңа айт.

110


Жаудың батыры еліне барып, ханына Қордай батырдың

сәлемін жеткізді.

— Жарайды. Біз Қордаймен елдеселік, енді ерегісіп, шабыспалық.

Уәде байласу үшін Қордай батырмен жүзбе-жүз

сөйлесейік,— деп жау ханы екі ел шекарасын бөліп жатқан

үлкен Қарауыл төбеде кездеспек болды. Ертең бас қосамыз

деген түні Қордай түс көрді.

— Сен барма ол жерге. Барсаң, қолға түсесің. Жау

жаулығын істемей қоймайды. Хан уға малынған алтын

қанжарын қойнына жасырып тығып келмек. Екеуің достасып

құшақтаса берген кезде, хан әлгі қаруын саған жұмсамақ, —

деді бір үлкен ақсақал кісі.

Ертеңіне Қордай уәделі жерге бармай:

— Мен ханмен шекарада аттан түспей сөйлесем. Хан жеке

келсін, — деп елші жібереді.

— Жарайды, барайын — деп, хан лаж жоқ шекараға

сарбазсыз жалғыз келді.

— Әй, хан, ойлағаның достық па десем, зұлымдық екен.

Хан емес, қазақтың жай бір батыры болсам-дағы мен қолға

түскен батырыңды қоя беріп ем. Ал сен уға суғарған алтын

қанжарынды қойныңа жасырып, маған қастық жасауды

көздеп тұрсың. Соны сезген соң, саған сенгім келмеді, — дейді

Қордай батыр. — Сен хан емес екенсің. Хан болсаң, шыныңды

айт, қастық ойлағаның рас па?

— Қордай батыр, сен тек қана батыр емес, көреген білгіш

те екенсің. Кінәмді мойындаймын, саған қастық ойлағаным

рас еді. Енді маған не істе дейсің?

— Еліме тыныштық бер, елімді шаппа. Біз рахат танып мал

өсіріп, бала өсіріп, жаз жайлап, қыс қыс тап, мамыражай өмір

сүрейік.

— Мақұл, жарайды.

Екеуі уәделесіп, ел он жылға дейін қорқынышсыз, тыныш

өмір сүрді.

Осындай шат кезеңде Жетісу өлкесіне қазақтың ханы

Абылай келіп:

111


— Жетісуда кім бар? Кім батыр? Кім жақсы? — деп сұрады.

Ханға тарту-таралғысын, сойыс малын әкеп, сәлем беріп

жатқан бай мырзалар, билер елдің жақсысын, батырын, білгір,

тапқыш әулиесін тізіп айтты.

— Тақсыр, мынау қырғызбен шекаралас тауды мекен етіп,

қазаққа қалмақтан, қырғыздан кек әперген аруақты батыр

Қордай деген бар.

Өзі аз атадан шыққан, аз атадан шықса да азулы, білгір,

аруағы мықты, дүшпаны жел жағынан жүре алмайтын, жау

десе намысын қорғамай тұра алмай тын, айтқаны әзір, тілегі

қабыл болған Қордай батыр ол, — деді ел қариясы. Абылай

хан:

— Ол Қордай батыр бізге неге келмейді, келіп неге сәлем

бермейді? — деп ашуға мінеді. — Басқалардың бәрі алдыма

келді.

Ел болған соң, ер болған соң бақталастық, күн деушілік

болмай тұрмайды ғой.

— Уа, тақсыр, Қордай аз атадан шыққан батыр еді, кесірленіп,

келмей жатса, амалымыз бар ма? Мына сізді тайлы-таяғымызбен

жанымыз қалмай күндік жерден қарсы алдық.

Өзі аз атадан шыға тұрып тәккапарланып үйінде жатқанын

көрмейсіз бе? Сізді де біздей көріп менсінбегені ғой. Осыған

тізеңізді бір батырыңыз, — десті бай мырзалар.

— Ендеше шақырып кел ол кесір немені! — деп хан жасауылын

жұмсады.

Бес-алты атты жасауыл Қордай ауылына келіп:

— Қордай деген сіз боласыз ба? Сіз болсаңыз, хан шақыртып

жатыр, жүріңіз, — дейді. — Бізге алып келіңдер деп әмір

етті. Жүрсеңіз жүріңіз, жүрмесеңіз айдап кетеміз.

— Біз даланың тағысымыз, керек болса, ханның өзі келсін!

Әйтпесе, айдап кел дегеніне мен бармаймын! — деді Қордай

батыр қаһарына мініп.

Жасауылдар күш жұмсаудан қаймықты. Басы қазандай

дәу екен, найзамен түйреп тастар деп құйғыта шауып ханға

келді.

112


— Тақсыр, «бармаймын» деді. Басымызды кесіп алар деп

түрінен қорықтық.

Абылай хан ойланып отырды да:

— Апырмай, осы кезге дейін маған қарсы келген ешкім

болған жоқ еді. Бұған хат жазып берейін, — деп хат жазып,

жай бір кісіні жұмсады. Қордай батыр хаттағы сөздермен

танысып шығып:

— Ә, жарайды, енді барсам барайын, бағынайын. Абылай

билеп тұрған ханымыз ғой. Сен жүре бер, мен пәлен күні барамын,

хан мені күтіп алсын, — деп хат әкелген кісіні қайтарды.

Айтқан күні атына мініп, қару-жарағын асынып, Қордай батыр

ханның ордасына келді. Тәртіп бойынша ханның ордасына

атпен, қару-жарақпен ешкім бармайтын. Қайта бір шақырымдай

жерге атын да, қару-жарағын да қалдырып, басын

төмен иіп, тартуын сыйлап, ханның аяғын құшып, қошемет

көрсетуі керек. Қордай болса ешқандай тарту-таралғысыз,

ат-матымен, қару-жарағымен ханның ордасына келіп түсті.

Күзетшілер ұстап тоқтатайын деп еді, — түрінен қорықты.

Абылай ханға:

— Алдияр тақсыр, міне, көрмейсіз бе, сіздің ордаңызды басынып

ат-патымен түскенін. Бетіне ешкім қарап көрмеген бұл

даланың тағысына бір пұшайман жегізіңіз. Есінде жүрсін, —

десті бай мырзалар шағыстырып.

Хан басын төмен имей, бойын тік ұстап, ішке енген Қордайға:

— Батырым, жоғары шық, — деді. Қордай оң жағынан орын

алып, тізерлеп отырды.

— Аз елден, түкке тұрмайтын елден шыққан тағының

ханның алдындағы әдепсіздігін-ай! — деп бай мырзалар

таңырқасады.

— Уай, Қордайым, кешігіп келдің ғой әрі екі рет кісі жібергенде

келдің. Мұның қалай? Атыңмен, қару-жарағыңмен ордама

түскенің қалай? — деді хан жайлап. Қордай батыр:

— Әй, тақсыр, мен аз елден шыққан батыр едім, халқымды

бағып, жау күзетінде жатыр едім. Еліме хан келді дегенде

қуанып, елім аман болар деп, жұбанып едім. Жасауылмен

113


айдатып алардай менің не жазығым бар еді? Ауылыма жасауыл

жіберіп адыраңдатып, бала-шағамды қорқытатындай, қойқозымды

үркітетіндей айыбым не? Ел қорғаған батырымның

бірі еді ғой, халық үшін, ел үшін, мен үшін осы жақта жүр еді

ғой деп көзіңді салсаң болмай ма? Тақсыр, ел ме, жау ма деп

атыммен, қару-жарағыммен келдім. Төрелігіңе әлі сенгенім

жоқ. Әділетті, ел бағатын төрем болсаң, басым июлі, қолым

қусырулы, — деді.

— Жарайды, Қордай, бұл сөзіңнен жеңілдім.

— Апырмай, мына тентек батырдың аузына келгенін айтқанынан

қорыққаны ма, ханның жаза бермей қошеметтегені

қалай? — деп бай мырзалар бір-біріне таңырқай қарап

күңкілдесті.

— Әй, өңшең шуылдақ, дуылдақ немелер! — деді Абылай

хан бай мырзаларға ызғар шаша қарап. — Аз атадан шықса

да бұл Қордай тегін емес екен. Сендер не білдіңдер? Қордай

үйге кіріп келгенде көкті тіреп, жерді тіреп тұра алатындай,

мені де, сендерді де, бүкіл осы ордадағылардың бәрін жұтып

қоятындай көрінді. Сендер оны білген жоқсыңдар. Халық

бақытына біткен батыр екен. Қошеметтеп, дүшпанымызға

салалық. Сендер бақты мұнымен білмей таластырып

жүрсіңдер. Қордайдың бойында бүкіл қазақ халқын жаудан

қорғайтын күш-қайрат, сұс айбат бар екен.

Хан Қордайды құрметтеп сыйлап, астына ат мінгізіп, үстіне

шапан жапты.

Бірде Қордай ауырады. Денесін сары су жайлаған жара

қаптап кетеді. Түсінде ақ киімді ақсақал: «Тәуіп іздеп бара

жатқан жолыңда бір қарашұбар жылан кездеседі. Соны ұстап

жесең, жазыласың», — деп аян берді. Айтқандай, батырды

сүйретпеге салып, екі жігіт тәуіпке алып бара жатқанда,

алдарынан жылан шығып, ирелеңдей қашады. Қозғала алмай

жатқан Қордай сүйретпеден еңбектеп түсе салып, сол еңбектеген

күйі жыланды қуып жетіп ұстайды. Ұстасымен басын

тісімен бір шайнап жұлып, лақтырып жіберіп, денесін түгел

жүтып қойады. Шай қайнатым уақыт өткеннен кейін ағыл-

114


тегіл терлейді. Содан жарасы үгітіліп түсіп, бір апта ішінде

құлантаза жазылды.

Уақыт та бірде қашып, бірде қуып келе жатқан жау секілді

ғой. Күндерден күн өтіп, Қордай да қартайып, дүние салды.

Өлер алдында:

— Мен өлген соң мініп жүрген бөрте атымды асыма сойындар,

— деді. Ел оның айтқанын бұлжытпай орындады.

— Қордай батыр өліпті, енді кек алатын күн туды, — деп

жау жорыққа дайындалды. Ол кезде халық жаудан қорқып

дүркіреп қашып жүретін. Солай көшіп Шуға жеткен кезінде

жаудың қолы келіп қазақтарды шапты. Тұлымдысын күң,

айдарлысын құл етіп, бар байлықты түйеге артып, жау

шығысқа қарай бет түзеді. Кенет қарсы алдарынан бір

қолында шолақ ақ найзасы бар, бөрте ат мінген, басы

қазандай бір қара кісі шыға келді де «Қордайлап» тиісті.

Сәске түсте басталған соғыс кеш батқанша созылды. Жау

қырылып, бірлі-жарым қашқан адамы ғана аман құтылды.

Тұтқын болып, түйеге артылып бара жатқан не бір сұлу қызкеліншектер,

ер жігіттер — бәрі аман қалады. Аяқ астынан не

болғанын, өздерін кім құтқарғанын білмеді. Тек жер-дүниенің

Қордайлап күңіреніп кеткенін ғана білді.

— Қалай аман қалдыңдар? — деп үш күннен кейін соңдарынан

қуып жеткен қуғыншы қазақтар таңдана сұрады.

— Не екенін білмейміз, осы түсқа жеткенімізде астында

құйрығы шолақ сары бөрте аты бар, қолында шолақ ақ

найзасы бар, басы қазандай бір қара кісі «Қордайлап» ұран

сап, жаумен айқасты. Жер-дүниенің бәрі күңіреніп кетті, —

десті жау тұтқынынан құтылғандар.

— Сөйтсе, бұл Қордай батырдың аруағы екен. Бөрте ат

оның асына сойылған ат көрінеді. Бұл, балам, әрине аңыз,

халықтың қиялы. Халық қашан да батырларын жақсы көрген,

өлімге қимаған ғой...

— Аңыз болғанда тамаша аңыз екен, ата. Қараш тауының

аты да батырдың атынан қойылған ба?

— Иә, балам.

115


— Қараш батыр туралы білесіз бе?

— Бұрынғы қариялардан естігенім бар ғой.

— Ата, айтып беріңізші?

— Қазақ пен қалмақ, қытай арасында жерге, малға талас,

баққа талас көп болды, қуғын-сүргін, айдап кету, шауып кету,

бірінің малын бірі ұрлап кету секілді шапқыншылық тоқтамады.

Осыған байланысты Қараш батыр елдің шығыс шетінен

қоныс теуіп, Қорғастың бер жағындағы Асы жайлауын мекен

етті. Биік таудың басынан ертеңді-кеш көз салып, күндік жердегі

келе жатқан адамды (не жау, не ел болсын) аңдып отыратын.

Елін қарауылдап бағу, жауынан сақтану үшін Қараш

осы биік тауды таңдап алған еді.

Қараш батырдың аты аталғанда жаудың құты қашып,

өз өзінен абдырап, айтар сөзінен де, ойлаған ойынан да

жаңылатын. Шабынды болған жылқысының ізінен қумайтын.

Қараштың айқайлағандағы даусы күндік жерге жететін.

Жылына бір айқайлап қоятын. Оның даусын естіген жау:

— Қараш әлі тірі екен ғой. Қазақтан кек ала алмаймыз, —

десетін.

Қараш батыр таң қылаң бергеннен тау басына шығып,

төңірегіне көз жіберіп, алысты шолып, бағып отыратын.

Қарайған бірдеңе көрінсе болды, дереу сақтану, қорғану

амалына кірісетін.

Бірде Қордай тауының бергі еңісіндегі Қопаны жайлап

жатқан Өтеген батырдың ауылын жау шапты. Түн жамылып

кеп ұйқыдағы Өтеген батырдың қол-аяғын байлап, өздерімен

бірге әкетті.

Өтеген батыр тұтқындалып бара жатып, бір серігіне:

— Мені құтқарса, Қараш құтқарады. Тездетіп Қарашқа хабар

жеткізіңдер, — деп айтып үлгерді.

Жау ұзасымен ылау жетектеген қос атты хабаршы

шығыстағы бетке алды. Биік тау басында жанжағына жіті

көз сап отырған Қараш батыр кенет күнбатыс жақтан бір-екі

қарайғанды байқап қалды.

— Апырмай, күнбатыстан бір-екі қарайған көрінеді. Қараңдаршы,

қарақтарым, сендердің көздерің өткір ғой, — деп

116


балаларын қасына шақырып алды. Балалары да шетінен ығай

мен сығай, сен тұр мен атайын деген жау жүрек батыр еді.

— Сайға түсіп кетті, бергі дөңге шыққанда белгілі болады,

— десті балалары. Біраз өткен соң:

— О, құлынды биемен келе жатқан біреу ғой. Қасындағы ит

жетектегенге ұқсайды, — деді кенже ұлы.

— Ой, шіркіндер-ай, көрмей тұрсыңдар ма? Лау жетектеп,

қос атпен келе жатыр ғой. Бұл тегін емес. Өтегенді жау

шапқан екен. Соны маған хабарлағалы келе жатқан хабаршы

ғой. Аңғармай тұрсыңдар ма? Тездетіп атымды әзірлеңдер!

— деді Қараш қаһарына мініп.

Балалары қаракөк атын ерттеп, көлденең тарта берді.

Қараш батыр сауытын киіп, қару-жарағын алып, қос аттыға

қарай құйғыта шапты. Олар Қаскелеңнің басында кездесті.

— Осылай, елді жау шапты. Өтеген батырды байлап, алып

кетті.

— Жау қалай қарай бет алды?

— Жау батысқа қарай кетті.

Қараш батыр қамшыны басып, айдап жөнелді. Жау бұл

кезде Шу бойына жетіп қалған еді. Қордайдың кезеңінен

асып, Қараш батыр айқайлады.

— Ойбай, Қараш келіп қалған екен. Жан сауға, малды,

жанды тастап қашыңдар! — деді жау басшысы. Айдаудағы

малды да, байлаудағы ерді де тастап, жау бас амандығын

көздеп, безіп кетті.

Қараш батыр Шу бойына келсе, Өтеген батыр қол-аяғы

шынжырлаулы күйде жатыр. Екеуі өгіздей өкіріп, жылап

көрісті.

— Қарашым-ай, мен үшін тірі жүр екенсің ғой. Егер сен болмағанда

менің күнім батып-ақ еді. Жаудың көп жағы деп сен

қытай-қалмақпен шекаралас шығыстағы ел шетінде жатыр

едің. Мен елдің ортасындамын ғой деп қапы қалдым. Бейғамдығымнан

халқымды қорғай алмадым, жаудың қолына

түстім.

117


— Оқасы жоқ, өткен іске өкінбе. Алда абай бол. Жауды қумаймыз,

барар жеріне бара берсін, — деп Қараш батыр таланған

көшті, малды айдап кері қайтты.

— Биік тау басына шығып, ел іргесін жаудан қорғап, күзеткен

Қараш батырды ел ешқашан есінен шығарған емес,

Жайнақ қарағым, сөзімнің бір дәлелі — ол мекен еткен биікті

қазір де халық Қараш тауы деп атайды. Осы күні сендер ұшықиыры

жоқ кең далаға қазақ қалайша ие болды деген сөздің

түйінін шеше алмай жүрсіңдер. Бұл жерді, білсеңдер, бізге

ешкім тегіннен тегін берген жоқ. Қорықпаса, үйіңе кіріп алған

жылан да шықпайды. Осынша жерге халқымыз жау кетіп

қалған соң ие болды дегенге кісі сене ме? Жоқ. Керісінше,

біздің қайратты да, айбатты батырларымыз көп болған. Олар

жауды еріксіз қуып, қан жоса етіп, жерімізден айдап шыққан.

Сол батырлар — Қордай, Қараш, Өтеген және Райымбек . Мысалы,

мұндайлар толып жатыр, балам. Осы төстегі Ырыспек,

Қойгелді тәрізді қолбасшылар туралы айтар әңгіме таусылар

ма? Бізден батырлардың көп шығуы, білсеңдер, жаудың

көптігінен.

***

— Ата, тағы бір сауалым бар еді, айып ете көрмеңіз?

— Айт, қысылма.

— Ата, қандай қызға үйленген дұрыс? Сізге шынымды айтайын,

жар таңдау қиынның қиыны екен.

Бекасыл әулие бар денесімен селкілдеп, ішек-сілесі қата

күлді. Бір қауым уақыттан кейін күлкісін тыйып.

— Қарағым Жайнақ, жар таңдау жауды жеңгенмен бірдей,

— деді жас кезін есіне алып. — Мен саған жақсы қыз қандай

болады, соны айтып берейін. Данагүлді естуің бар шығар?

— Естуім бар, ата. Бұрнағы жылы ауылымызда өткен

той-жиында айтып бергенсіз.

— Сол жиында сен болып па едің?

— Мен болмағанда кім болады?

Бекасыл әулие тағы дауыстай күлді.

118


— Онда саған Данагүлдің сіңлісі туралы айтайын. Төле бидің

Ташкентте хан боп тұрған кезі. Еңке Қаңлы арбаға отын

артып, базарға барды. Жылмаңдаған біреу қасына келіп:

— Отыныңды сатасың ба? — деді.

— Сатамын.

— Арбасымен сатасың ба?

— Иә, арбасымен сатамын, — деді Еңке Қаңлы әлгінің қулығын

аңғармай.

Арбаны айдатып, үйіне алып барды. Отынды түсіріп, мен

бәрін бір-ақ сауда қылғанмын деп арбасын да, өгізін де

бермей қойды. Еңке Қаңлы мардымсыз ақшаны алып, жылапеңіреп

үйіне қайтты. Қарлығаш атты он бес жасар қызы бар

еді.

— Әке, жылама. Көршінің ат-арбасын сұрап ап тағы отын

артыңыз. Мен сатып келем, — деді.

Ертеңіне қыз арбаға отын артып, базарға барды. Дәніккен

қу тағы келді.

— Қызым, отынды сатасың ба?

— Сатам, сатпасам әкелем бе?

— Ат, арбасымен бересің ғой?

— Иә, сіз ақшаны қолыңызбен бересіз бе?

— Әлбетте. Жақын маңайда тұрамын. Арбаны айда, қызым.

Ақшаны барған соң аласың.

Отынды үйіне жеткізді. Ақшаны ұсынып еді, қыз алмады.

— Мен ақшаны қолыңызды кесіп аламын. Қолыңызбен берем

дегенсіз. Қолсыз алмаймын. Ал отынды мен ат, арбамен

берем дегем.

Екеуі ерегісе, ерегісе қазыға барды. Қазы шеше алмады.

Ақыры отын сатып алушы мен қыз Төле биге жүгінді.

— Бәрекелде, қызым, ақылыңа болайын. Мәлике данышпандай

ақылың бар екен. Данагүлімнің сіңлісі екенсің. Әттең дүние,

ұлдарымның бәрі аяқтанып кетіп еді. Әйтпесе келін етіп алар

едім. Қайда жүрсең де бағың жансын, қарағым, — деп Төле

би толқып, тебірене отырып, отын сатып алушыға қарады. —

Қыздың сөзі уәж... Сен отынның арба, өгізімен сатылмайтынын

119


жақсы білесің. Әкесін алдағаның аздай, қызын да алдамақ

болдың. Әкесін алдаған соң қыз ашынды. Енді айтқан уәдең

бойынша ақшаға қосып қолыңды кесіп бер. Әйтпесе, алған

арбаны да, өгізді де қайтар.

Қу амалсыз келісті. Қыз үйіне келіп, әкесіне:

— Әке, Төле бидің көз қиығы жаман бір уәзірі бар екен.

Негізі қоқандық сарт-ау. Мені айттырады. Қалың малды сіз

айтпаңыз, өзім айтамын, — деді.

— Жарайды, қызым.

Айтқандай уәзір Төле биге білдірместен үш жігітті

жаушылыққа жіберді. Еңке Қаңлы жаушыларға:

— Мен білмеймін, қызымның өзімен сөйлесіңдер, — деді.

Қарлығашпен сөйлесіп еді, Қарлығаш миығынан күле

отырып:

— Уәзірдің айттырарын өзім де сезгенмін, — деді. — Уәзірге

сәлем де. Менің қалың малым ауыр емес, жеңіл. Он бес теке,

жиырма қошқар, отыз бұқа, қырық сәурік, елу атан, алпыс

арқан, жетпіс шідер, сексен күдер берсін.

Уәзір түкке түсіне алмай, амалсыз Төле бимен ақылдасты.

Төле би ішегі қатып күліп, басын шайқап:

— Қайран қарамойыным-ай, — деп тағы селкілдей күлді. — Он

бес теке берсін дегені теке уақытың өтіп кетті-ау дегені. Жиырма

қошқар бақылдаған шағың. Отыз қара жерді сүзіп, өкіріп

жүрген бұқа кезің. Ол да өтті ғой. Әттең сені қырық жаста

кезіктіргенде де кет әрі емес едім, сәуріктей кісінеген кезің

еді. Сол тұста жолдас болсаң, армансыз-ақ жолдас болар

едім. Кәрілік қылмас едің деген сөзі. Елуде атан түйесің ғой.

Онда да ауырлық қылмас едің. Артқан жүгімді көтерер едің.

Алпыста арқандап бағам ба сені? Жетпісте адам — шідер,

отырып-тұруы — ақырет. Сексенде күдерсің, менен күдерінді

үзерсің, ақымақ дегені, — деді.

***

Әңгімемен Қасқасу ауылына қалай келгендерін сезбей де

қалды. Бекасыл әулие ауыл қарияларының басын қосып:

120


— Оу, ақсақалдарым, ақыл қосарларым, бәріңіз де атқа

мініп жүрсіздер ғой. Кешегі күні: «Е, Құдай, аулымызға бір

ие бер, бір бағатын бағбан бер?» — деп тілегендеріңіз рас

қой. Сол тілектеріңіз қабыл болды, — деді жарқын үн қатып.

— Мынау Жайнақтың алдынан қарсы шықпаңыздар. Соңынан

еріңіздер, өнерін көріңіздер. Жайнақ бәріңіздің ырыстарыңыз

үшін туған бала екен. Бұл тірі тұрса, сіздерді ешбір жауға,

жатқа қор қылмайды.

— Айтқаныңыз келсін.

— Періштенің құлағына шалынсын.

— Құдайдан күні-түні жалбарынып тілеген тіле гіміз осы ғой,

— десіп қариялар қоштай жөнелді.

— Ал, қарағым Жайнақ, түрегел, қолыңды жай! — деді Бекасыл

әулие мейірлене. Жайнақ орнынан ұшып тұрып, қолын

жайды.

— Атыңды естігенде жау шошынсын,

Қарсыласың сөз таба алмай тосылсын.

Ел қорғаны, ел бағбаны бола біл,

Басыңа бас, жасыңа жас қосылсын.

Дос, дұшпанынды айтқызбай-ақ танып жүр,

Ғаріп-ғасірге көзің қырын салып жүр.

Жағың түскенше жаманшылық көрмей,

Ел алғысын алып жүр. Әллауәкпар! —

деп Бекасыл әулие батасын берді.

Бұл ауылдан аттанып, Диқанкөл жұртына барды. Атқосшысы

қасында.

— Жайнағым елу, жүз түңлік ауылды жаудың, жаттың қорлығынан

қорғауға әбден жарайды. Әттең, сотқарлау өскен

көрінді, әйтпесе мың түңлікке де ие болардай екен. Амал

нешік...

***

Бекасыл әулие ауыл ауылды ерінбей көп аралады.

Ақырында ең шетте, тау қуысында, жатқан Ербол деген

121


адамның қараша үйіне барып түсті. Ербол — алпыс жыл байдың

қойын бағып, киіз байпағын таспамен көктеп, аптап, аяз демей

адал қызмет істеп, қартайған кісі. Бекасыл әулие оның кедей

болса да, зерек, намысшыл, қайратты, қайырымды жан екенін

сырттай естуші еді.

— О, Беке, сізді үйімізге келеді деп ойлаған жоқ едік. Барымызға

разы болыңыз, — деп бір кепе ақ қозысын бата тілеп,

сойды.

— Ерболым, құмар қып іздеткен сенің адалдығың, малға

қараған зеректігің. Сыртыңнан көп еститінмін. Бар десем, байдың

үйіне түспес пе едім? Менің келгеніме қысылып-қымтырылма.

Барыңды бер, өзің мен бірге тоңға оранып жатсам да,

ризамын. Маған ниетің жетеді.

Бірі сөйлеп, бірі тыңдап, әңгіме желісін түн ортасы ауғанша

үзбеді. Он үш, он төрт жастағы ұзын бойлы, қой көз, сары бала

есік жақта от жағып отырған күйі қыбыр етпей, шарт жүгініп,

екі шалдың әңгімесін тыңдады. Басқа өзіндей үш бала қызыл

іңірде-ақ жатып қалды. Бәрін Бекасыл әулие байқап отыр.

Бұлар таңға жуық жатты. Бекең тонына оранды. Бала

түйенің жабуын жамылып, қораның төрінен орын алды.

Қой қоздап біткен кез. Ерте ертемен мал өріске кетпей

тұрғанда жас қозыларды енесіне емізіп алу керек.

Бекасыл әулие таң қылаң бергеннен сыртқа шықты.

Қараса, бала бүйірдегі күркеден қозыны үштен-төрттен

құшақтап алып шығып жүр. Қозысын іздеп анталап, маңырап

тұрған көп қой. Әрқайсысының бетіне бір қарап, қозысын қоя

береді. Қоя берген қозысы енесін дәл тауып тұра қалады.

Бекең иығына шапанын желең жамылып, анадай жерде

бақылап, қарап тұр. Бір қора қойдың қозысын бала жалғыз

өзі танып салды. Шулап тұрған қой маңырағанын сап тыйды.

Бекең қуанғаннан адымдай басып үйге енді. Осы кезде

біреулерден хабар естісе керек, бес-алты адамымен Егізбай

бай келіп қалды. Бекеңмен сәлемдесіп:

— О, әулие аға, бұл қалай? Біздікіне неге түспе діңіз? Келем

деп неге хабар бермедіңіз? О, Ерболжан, ең болмаса, сен ха-

122


барласаң қайтті? Бұл кісі қашан келді? — деді ренжи, қысыла

сөйлеп.

— Оу, Егізбай, маған бәрің бірдей ағайынсың. Атымның тұмсығы

осында тірелді.

Шай ішіп аттанатын уақыт жетті. Ат ерттелді. Ербол:

— Әулие аға, келіп қапсыз. Қазақтың жолы ғой, не бұйымтайыңыз

бар? Ат-түйеміз жоқ болса да, қалағаныңызды

алыңыз.

— Әй, Ерболым, сенен қалайтыным көп. Маған мал керек,

май керек болса, мына Егізбайдікіне түспес пе едім? Саған

мал бер деп келіп отырғам жоқ. Сенен сұрайтыным, мынау

ұзын сирақ, қой көз өз балаң ба, біреудің баласы ма?

— О, әулие аға, өз балам. Үш ұлдан кейінгі кенжем ғой.

— Баланың аты кім?

— Аты Әділбек.

— Аты да жақсы екен. Келген шаруамды айтайын. Ереке,

мен болсам қартайдым. Мың түңлік Түгелбай-Данай ауылына

қалай қарағаным, жұртымды қалай баққаным, жаудан, жаттан

қалай қорғағаным өздеріңе мәлім. Өлмейтін темір өзек

жан жоқ. Ертеңгі күні дүниеден көшіп кетсем, мың түңлікке

бір бағбан керек қой. Сол себепті өсиет, ілім-білімімді, тәжірибемді

үйретіп, өткен күн өнегесін үлгі ғып тәрбиелейтін бір

естияр бала іздеп жүр едім. Сол баланы сіздің үйден таптым,

Ерболым. Мынау Әділбек түнде оттың басында шарт жүгініп

отырған қалпымен не орын ауыстырған жоқ, не басқа нәрсеге

көңілін бөлген жоқ, біздің әңгімемізді беріліп, бар ынтышынтысымен

тыңдады. Басқа балаларың жалығып кетіп

қалды. Ертеңгісін тысқа шықсам, бұл менен бұрын оянып,

қойдың ішінде жүр екен. Қой маңырап, шулап, қозысын күтіп

тұр.

Әділбек күркеден қозыны құшақтап алып шықты да,

құшағындағы төлді енесінің бауырына тастай берді. Дәл

тапқанына қозы да, қой да риза болып маңырауын қойды.

Мың түңлік ағайын да осы мың қой секілді. Жаңылыспай

тауып қозысын салған бала мың түңлік ағайынның қадірін

123


білер деймін. Сондықтан, Ерболым, қисаң, осы балаңды маған

бер. Өзімдей көріп, қасыма алып жүріп тәрбиелейін. Көзімнің

тірісінде өнегемді алып қалсын. Сенен қалайтыным осы.

— Қидым, сендім сізге. Сіз үшін малымыз да, жанымыз да

құрбандық.

Бекасыл әулие баланы өзімен бірге алып кетті. Үйіне әкеліп,

үш-төрт күн қасында болған соң:

— Қарағым, бір ту бие тауып қойдым. Соны жетектеп, мынау

жотаның ар жағындағы шөлде, қара бауырда Күзербай деген

шаруа атаң бар. Сол кісіге барып, батасын алып қайт. Мал

баққаннан басқа кәсіп істемеген, қызырлы, момын, жақсы

адам. Сол кісінің батасын алсаң, жаман болмайсың, Әділбегім,

— деді Бекең.

— Мақұл, ата.

— Сен ол кісіге барғанда: «Бекасыл атам мен әкем мына

биені соғымына апарып, батасын алып кел», — деп жіберді

дегін.

Бала қасына бір жолдас ертіп, ту биені жетектеп, аттанып

кетті. Жолда бір қалың түйеге кез болды.

Әлі жүріп келеді, әлі жүріп келеді, қалың түйе таусылар

емес.

— Ойпырмай, бұл кімнің түйесі болды екен? Қанша жүрсек

те ада болар емес, — деп Әділбек таңғалды.

Басында сенсең бөркі, үстінде түйе жүн шекпені бар, бойы

ботаның өркешімен бірдей бір арық шал түйе ішінен кездесіп,

жөн сұрады.

— О, қарақтарым, қайдан келе жатырсындар? Қай ауылдың

баласы боласыңдар?

— Бекасыл әулие ауылының балалары едік.

— Ә, қарақтарым, жақсы ауылдың балалары екенсіңдер

ғой. Қайда бара жатырсыңдар?

— Осы жақта Күзербай деген бір атамыз бар дейді. Сол

кісінің ауылын іздеп келе жатыр едік. Ата, Күзербай ауылы қай

жерде? Бүгін жете аламыз ба?

— Бүгін жетесіңдер. Анау төбесі көрінген ауыл Күзербай

ауылы.

124


Балалар шалмен қоштасып, желе жортып діттеген ауылына

жетті. Жігіттер алдарынан шығып, аттан түсіріп алды.

— Күзекең қайда?

— Күзекең малда. Кешке келеді.

Әне-міне дегенше ымырт жабылып, мал қораланды.

— О, атам келе жатыр, — деген жас баланың қуанышты

даусы естілді.

Күзекең есіктен ішке енгенде сәлем береміз деп күтіп

отырған екеуі қарғып түрегеліп, кішкене арық шалдың қолын

алды. Әділбек зер салып қарап еді, амандасқаны — бағана

түйе ішінде көрген қара шалы. Үстіне ауыстырып бір ақ шапан

киіпті.

— Ә, балаларым, отырыңдар. Әкелерің күйлі ме, шешелерің

бақуат па? Ел-жұрттарың жаудан, жаттан, ауру-сырқаудан

аман ба?

— Шүкір, аман.

— Әмсе аман болсын.

Тамақтанып, демін басқан соң шал түнімен әңгіме айтты.

Әбден мән-жайға қаныққан Күзербай қария ертеңіне

Әділбектің жүзіне тура қарап:

— Қарағым, жақсы адамның баласы екенсің. Бекең таныған

екен. Білсең, мен де сені сынайын деп түнімен әңгіме айттым.

Сен шарт жүгінген қалпында еш жағыңа қисаймастан,

сөзімді бөлместен тыңдап отырдың. Бекең көзімен көрсін, балаға

ықыласымен батасын берсін деп әдейі маған жіберген

екен. Сен тек Бекеңнің сынынан ғана емес, менің сынымнан да

сүрінбей өттің, — деді қуанышын жасырмай.

— Бекеңнен кейін бізге кім басшылық етеді? — деп

Құдайдың құтты күні ойлаушы едім. Осы бағып жүрген

малымыз әуелі Құдайдікі, одан кейін жаудан, жаттан қорғап

жүрген Бекеңдікі. Сол себепті асыл еріміз аман болсын деп

ертелі-кеш тілеуін тілеп жүрміз.

Бекең бұрынғыдай емес, қартайып кетті, жасы жетті.

Шіркін дүние, орнына өзіндей кісі табылар ма екен деп те

уайымдаймыз. Кеше өзің көрдің, шетінен кірген сары түйе

125


түс қайтқанша таусылмады. Сол мал, сол жан ел қорғаған

ердікі. Біз солардың арқасында мал бағып, мал өсіріп

келеміз. Күнде жеген тамағымыздың соңынан тәубе қылып,

қамқоршы еріміздің тілеуін тілеп отырамыз. Басшысыз ел

қорғансыз, қорасыз қой секілді. Малға ие боп отырғанымыз

Бекеңдей асылымыздың арқасы ғой. Әйтпесе, бұл мал кімдікі

болмайды? Мінгеннің астында, айдағанның алдында кетеді.

Қорғаның болса, қор болмайсың дегендей, біздің тілеуіміз

үшін Бекең Құдайдың бір берген адамы еді. Ол малым жоқ

демейді, біз малымыз бар демейміз. Үйімізде жатып, ішкен

тамағымыздың соңынан тәуба қылып. «Е, Құдай, Бекеңнің жанына

жаманшылық бере көрме. Айтқаны келіп, атқаны өлсін»,

— деп тілек тілеп отырамыз.

— Дүниеге көз ашқалы мал баққаннан басқа кәсібім жоқ.

Жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп-қонып жүреміз. Біз малды

бақсақ, Бекасыл бізді бағады. Қарағым, Әділбек, сыртқы

түр-тұрпатымды көріп, бір жаман шал, мал баққаннан басқа

ешнәрсе білмейді деп ойлама. Бекеңдей ерлер қорғап,

қоршап тұрмаса, біз бұл малға ие болар ма едік? Мал деген

нәрсе, қарағым, қайталап айтайын, айдағанның алдында,

шайнағанның аузында. Есінде болсын, ел бай емес, ер бай.

Халқын қорғап, қоршап, аман сақтап, мен секілді жаман

шалдарына мың түйеден айдатып қойғаны — ердің байлығы.

Сондықтан, қарағым, ер бай болмай ел бай болмайды. Осыны

ұмытпа.

Күзербай қария төмен қарап, ойға еніп, ұзақ үнсіздіктен

соң қайта сөйледі:

— Қарағым, еліңді бағуға жарарсың, алды-артыңа

қарарсың. Елді саған, сені Құдайға тапсырдым. Ал қолыңды

жай.

Әділбек қолын жайып, қарсы алдына шөкелеп отыра

қалды.

— Қарағым, Әділбек, бірінші батам, көзіңді жақынға салма,

алысқа сал. Екінші батам, өзіңнен әр уақытта сарқыт артылып

жүрсін. Үшінші батам, алдың тар, артың кең болсын. Осы үш

126


батамды етегіңе жазып ал. Әллауәкпар, — деп шал еңіреп жылап

отырып батасын берді.

Әділбек Бекасыл атасына қайтып келді.

— Балам, бардың ба?

— Бардым.

— Атаңды көрдің бе?

— Көрдім. Кішкентай ғана қара шал екен.

— Көргенің дұрыс болды, — деп Бекасыл әулие күлімсірей

отырып, өзінің бірінші ұстазы кішкентай ғана қара шал — Елемес

атасы туралы ұзақ әңгімеледі.

— Күзекеңнің батасын алдың ба?

— Алдым. Ол кісі үш бата берді.

— Қандай?

Әділбек бәрін айтып шықты.

— Көзіңді жақынға салма, алысқа сал дегені — жақының алдыңа

келсе, сен соған жақыным екен деп бұрсаң, әділдік болмайды.

Көзіңді алысқа сал дегені, бүкіл ауылды, елді қамтып,

сыртынан қамқор бол, ағайынның бәрі ағайын, бірін жақыным,

бірін алысым деме. Ел күнде тартысып, таласып жатады. Ол

— үйреншікті әдет. Сен бәрін жаттан қорға, еліңе қойшы бол,

сырттан қасқыр келтірме дегені. Екінші батасы — әрқашан

сарқытың мол болса, қасыңда жолдасың көп болады дегені.

Майы көп жерге шыбын да үймелегіш келеді емес пе?! Сенің

сол береке-қызырыңа танымайтын жат та келіп көмектеседі.

Досы көп ер қорасы мықты қойшы секілді, қасқыр да, басқа

жау да басына алмайды. Жолдасы көп жігітке жау бата ма?!

Қолыңда берекең мен қызырың тұрса, дұшпаның да дос

болады. Міне, қарағым, Күзербай атаңның сарқытың артылып

жүрсін дегенінің мәнісі осы. Ал үшінші батасы мен айтпасам

да өзіңе түсінікті болар?

— Түсінікті, ата.

Бекасыл әулие Әділбекті ә дегеннен ағайынның біреуін

жақсы, біреуін жаман демей, жұртқа бірдей, жанашырлықпен

қарауға, кедей, нашарларға ерекше қамқор болуға баулыды.

127


Келе-келе оны халықтың сүйіп, сыйлағаны соншалық Әділбек

демей Әдеке деп кетті.

Жасының ұлғайғанына байланысты Бекасыл әулие

кейде апта, кейде ай аралатып ағайын тума ларының үйіне

шақырусыз қыдырып баруды әдетке айналдырды. Барған соң

өзінің аға-жеңгесі, не қатар-құрбысы жоқ, бірен-саран бары —

сырқат, кейінгі балалар өскен, біреуі келіні, біреуі баласы, бәрі

абдырап, сасып қалатын. Шақырып келтіре алмайтын адамы

ойда жоқта келіп тұрса, саспай қайтсін?

— Үйлеріңде азықтарың бар ма, жоқ па? Халдарың қалай?

Кешегі әкемізбен туысқан ағаларымыздың баласы едіндер.

Тіршілігі не боп жатыр, білейін деп келдім. Сасып, бекер босқа

тапырақтамаңдар, қарақтарым. Мен сендерді сынағалы, не

қонақ болғалы келгенім жоқ. Сенің атаң мен менің атам бірге

туысқан. Бала күнімізде мидай араласып жүруші едік. Әкешешеңнің

тірі кезі. Біз бала едік, олар үлкен еді. Сол ойыма

түсіп кетіп:

— Ағамның үйіне барайыншы. Болдым деп ұмытып кетпейін,

хал-жайын көзіммен көрейін деп келгенім бұл. Осынша әбігер

боп бұларың не? Ағайынгершілік көзқараспен жай-күйлеріңді

біліп, өздерің қайнатқан бір шәугім шайдан ішіп, сөйлесіп

кетсем, сендерге де, маған да ғанибет емес пе? Мынау сен

отырған үй ағамның үйі еді. Сендей күнімде анау есіктің

алдына талай келіп, ішіп отырған шайынан мен де ішкен ем.

— Әй, балам Бекасыл, пәлен жаққа баратын едім, анау

керегенің басындағы жүгенді ал да, ауыл сыртында жайылып

жүрген атымды ұстап әкеп берші? — деп ағам жұмсап

жіберуші еді. Атын тауып, ұстап әкеп беруші едім. Мен сол

ағамның үйі деп халдарыңды білуге, амандық-есендіктеріңді

сұрауға келіп отырмын.

Ана үйдің, мына үйдің балаларына, ана үйдің, мына үйдің

келіндеріне әңгімемді айтып, ортала рыңда жүрсем, мен

өзімді бақыттымын дер едім. Намазға құлаған, не зікір салған

кезімде жан дүнием жадырап, рухым өсіп, бойыма көкке алып

ұшардай қуат бітсе, сендерді көріп, тілдескен кезімде де

128


сондай күй кешем. Іңір арасында, не ертеңгі шай мезгілінде

үйлеріңе жетіп келетінімнің сыры енді түсінікті ме? Мен бөтен

емеспін. Бөтен болмағандықтан да сендерге қуанышымызбен

бірге қателіктерімізді де айтқым келеді.

Бар, бай болудың да жөні бар. Іске ықтияттылық, ұқыптылық

танытсаң, біріңді екі етсең, байлық өзі келеді. Әлбетте, кімге

де болмасын бірден жақсылыққа жету қиын. Ол мүмкін де

емес. Өзгелердің еңбегімен бірен-саран жеткендер бар

шығар. Ол — өткінші жақсылық. Қиындыққа, қауіп-қатерге

төзіп, арпалыспен, маңдай термен жеткен жақсылық — шын

жақсылық. Кешегі өткен әз Төле би бабаларың ең қиын,

жаугершілік заманда өмір сүрді. Ол кісі қара басының емес,

халқының қамын ойлады. Үлгі аламын десеңдер, Төкеңнің

өмірі — дайын үлгі.

Бірін екі ете алмай жүргендерден де жиренбе, олар да

ағайының. Оларға да қайырымды, мейірімді бол. Ата балаға

сыншы, бала атаға сыншы деген, не істесеңдер де ойланып,

байқап істеңдер. Арқаның атақты ақылгөй, асыл ері Шоң би:

«Адам жерден табатынын көктен сұрамау керек», — деген

екен. Бұл да естеріңде жүрсін.

Адам болған соң, адамның түр-түрі бар. Ел аралап, неше

түрлісін көріп жүрмін. Меніңше, адамның жаманы жоқ, бірақ өз

бала-шағасын асырай алмағанды адамның жаманы деуге де

болады. Өз бала-шағасын өзі асырап, өз қотырын өзі қасып,

өзімен өзі боп жатса, Құдайдың бергені ғой. Өзімен өзі боп,

артылғанын әке-шеше, бауырларына бөліп берсе, абыройдың

үлкені осы емес пе?!

Құдайға шүкір, бізде дәулетті жігіттер аз емес. Олардың ақ

жарқын, кеңпейілдісі толып жатыр. Соларды көріп, кездейсоқ

сөйлесіп, сырласқанда, менің де інілерім, балаларым осылардай

болса деп тілеу тілеймін.

Естеріңде жүрсін, қарақтарым, жақсылық пен жамандық

егіз. Өмірге келген соң екеуін де қатар көресің. Жақсылықты

ғана қабылдап, жамандықты қабылдамаймын деу — күпірлік.

Мал бітті деп мастанбай, ақсақалдардың ақылын алып,

өсиет, өнегесін үйренсеңдер, анау ізіңді басып келе жатқан

129


балаларың да соны үйренеді. Сендерге бір мысал айтайын.

Ыбырайым ата баласы Қожа Ахметке:

— Жұмысыңды жалғастыра бер, — деп шеттеу жердегі

шайласына қарай кетеді. Ол кісі кетісімен:

— Бекер тер төгіп қайтем, менің де іс тындыра алатынымды

әкем көрсін, — деп бала Қожа Ахмет сәбіз егілген алқапқа

қарап:

— Арам шөбің кет, өнім беретінің қал,— дейді.

Ыбырайым ата аздап демалып келсе, сәбіз жайқалып тұр,

бір тал арам шөп жоқ.

— Балам, неге бұлай еттің? — дейді Ыбырайым ата ренжіп.

— Босқа бейнеттеніп, азаптанып қажеті не? Кереметтің

күшімен отай салған оңай емес пе?

— Тер төкпей ойлаған мақсатқа жету мүмкін бе? — деп

Ыбырайым ата сол күннен бастап ұлын еңбекке баулыған

екен.

Ата тілін, аға тілін алмай азбаңдар. Біреу жаман шылық

кылғалы тұр деп өзіңнен өзің сезіктеніп, пәленің ошағын

қазбаңдар.

Жақсы ел болмақ қазыналы қариядан, қарақтарым.

Біз араласып-құраласып жүрсек, ақылымызды айтамыз.

Араласпасақ, бір-бірімізді қалай түсінеміз, бір-бірімізге қайтіп

бауыр басамыз?

Мен жалғыз жүріп нән болғым, дүшпаныма жем

болғым келмейді. Сендермен сөйлеспесем, сыр ласпасам,

ешқандай пайдам да жоқ қой... Адам сый ламайтын пасық

болсаңдар, жұрт Бекасылдың ауылы, елі осы ма деп күлмей

ме?

Кембағал ағайындардың үйіне барғанда малын сойғызбайтын,

қазан астырмайтын, ішіп отыр ған тамақ тарынан дәм

татып, әңгімелесіп, хал-жағдай ларын біліп, ақылын айтып,

қоштасарында:

— Жамандық — арзан, жақсылық — қымбат. Тағы қайталап

айтайын, қарақтарым, нені болмасын ойланып істеңдер,

ойланбай істемеңдер. — дейтінімнің сыры осы...

130


***

— О, менің тәңірімдей табынған, дос-ағам Беке, сіз жаққа

біздің елден атастырылған бір қыз кеткен екен. Ел-жұртым

сол дауға мені жүр деп қинап отыр. Екі елді обықтырмай, біріне

бірін зорықтырмай бітістіріп жіберіңіз. Шаруаның көптгінен

бара алар емеспін, — деп Арқадан Шәкәрім інім сәлем айтып,

елшілікке үш жігітін жұмсапты. Ел-жұртымды жинап, мәнжайды

сұрастырдым.

— Уа, халайық, тентектік жасап, біреудің атастырған қызын

алып қашқан қайсың?! Мына кісілер сол аруын жоқтап келіп

отыр. Ережеге салып, елді күйзелтпейік. Кім де болса, ортаға

шығып, кінәсін мойнына алсын.

Топ арасынан жас жігіт сытылып шығып, Бекасыл әулиенің

алдына кеп тізерлей отырып, оң қолын кеудесіне қойып:

— Қызды алып қашқан мен едім. Өзім кедей, жеке жігіт

едім. Қыздың ауылына етікшілік кәсіппен барып, танысып едім.

Екеуміз бір-бірімізді ұнатып қалдық. Бірақ қызға бір байдың

баласы құда түсіп, қалың мал төлеп қойған екен. Содан, амал

жоқ, қызды түн жамылып алып қаштым. Қара басымнан басқа

бір қарам жоқ.. Ұсынған мойынды қылыш кеспейді, деген ғой.

Ендігі кесімді өзіңіз айтыңыз?

Бекасыл әулие ойланып қалды.

— Уа,ағайын, — деді жиналған жұртқа қарап.

— Сүйген жандарды бір-бірінен ажыратпайық. Кедейліккемшілік

емес. Жігіт қырық жеті қараны қайдан тапсын. Ел

емеспіз бе? Ел болып жинап берелік те, дауды бітірелік.

Бұл билікке жұрттың бәрі риза болып, қырық жеті қараны

сол күні-ақ түгендеді. Енді Бекасыл әулие қонақтарға қарап:

— Уа, Арғын атамның баласы, мынау малың. Айыбымызға

он қыл құйрық қостық. Енді пәлен деп дауласар ештеңе жоқ.

Бірін-бірі сүйген екі жасты жылатпайық. Жесірлеріңді қайта

апарғандарыңмен бәрібір ол енді сендерге сіңісе алмайды.

Тентек біздікі. Айыбымызды мойнымызбен көтеріп отырмыз, —

деді. — Осыған ризамысыңдар?

— Ойпырмай, Үйсін атамыздың баласы — не деген бірауызды,

бұл не деген берекелі, ынтымақты, жақсы ел. Атымыз

131


шөпте, аузымыз тамақта болды. Сіздің еліңіздің кісіні қалай

сылайтынын көрдік. Өзіңіздің еліңізге деген сүйіспеншілік

махаббатыңызға, қады ры ңыз қандай екеніне көзіміз жетті.

Екі жасты көп болып қорғап, құтқарып алдыңыздар. Ризалығымыздың

белгісі болсын, сізге олжамыздан бір соғым бие

берелік, — десті.

— Ә, батыр, «Қонақ риза болса, Құдай риза» деген. Еліме келіп,

дауларыңды бітіріп, халқымды мақтап аттанғандарыңның

өзі маған жетеді. Мен үшін одан өткен олжа жоқ. Мына

соғым биені менің атымнан елдеріңіздегі Бәйменде қартқа

сыйлаңыздар. Қадырлы қартыма сәлемдемем болсын, — деп

Бекасыл әулие қонақтарын ризалықпен аттандырды.

***

Бұл кезде Әділбек ел билеу сырына біраз қаны ғып, оң,

солын танып қалғанымен бір даулы іске басы қатып, қиналып

жүр еді. Ол дау өзінің жақын ағайыны Торғын байдың өзі

сұлу, өзі ақылды, өзі ақын Меруерт деген қызының шатағы

болатын.

Торғын бай, кіммен айтысып-тартысам десе де дәулеті

жетеді. Төрт ұлының ішіндегі мандайына біткен жалғыз

қызы Меруертті туғаннан қыз демей ұл деп өсірді. Еркекше

киіндіріп, еркек балаша үкілеген жорғаға мінгізді. Не керек, ол

ес білген күнінен бастап ерке шора болып өсті, еркек балаға

ұқсап көкпар тартты. Оны көрген жігіт екінші рет көруге

ынтығып, зарықты.

Өзі сұлу, есті, палуан қыз. Торғын байға көрші Шанышқылы

ауылынан шыққан Тілеміс деген бай бір үйір жылқы айдап

әкеп, қызынды менің балама бересің деп құда түсіп, құйрықбауыр

жесті.

Қыз бой жетті. Өзі қарауға көз ұялар сұлу. Қу тақым Тілеміс

бай момындарға қулығын жүргізіп, анау-мынау деп жөнді мал

бермеді. Осыған орай Торғынның да көңілі онша болмады.

Қызды көрші Сиқым ауылындағы Мамырбек деген жігіт

те ұнатушы еді. Ол пысық, аттылыға, жаяулыға бірдей күшті,

палуан, шабандоз, жауына алдырмайтын, сөйлесе кетсе, тілге

132


шешен, айлакер, бір басынан сегіз өнер құтылмаған асыл

туған жігіт еді. Өзі үш ағайынды, кедей, түгі жоқ. Меруертпен

той-домалақта өлеңмен айтысып, жылқы қайыруға бірге

барып жүретін.

Жасынан жұмысты көп істеп, өкпесіне суық тиген әкесі

Сегізбай қарт ұзақ ауырды. Әкем сырқат деп үйде қарап

отыруға бола ма?

— Әке, төсек тартып, көп жаттыңыз, сізге қалжа керек, үйдегілерге

азық керек. Көрші ауылдағы Жанұзақ бай арпамды

орып бер деп еді, мен орып берейін. Ақыңа бір мал ал деген,

соны әкеп сойып, сізді қалжалайын. Құдайға аманат, жата

беріңіз. Он шақты күнде оралармын, — деп рұқсатын алып,

шекпенін киіп, орағын беліне қыстырып, жаяу кетті.

Үйде ауру шал, жас бала, кәрі кемпір ғана қалды. Сегізбай

қарт шекпеніне оранып, күркілдеп жөтеліп отырып, тілеу тіледі.

— А, Құдай, жасымда кедей болдым. Елдің малын бағумен,

егінін салумен өмірім өтті. Қырық жыл кедейлік, қырық жыл

байлық деуші еді бұрынғылар. Алпыс жыл кедейлік көрдім,

Құдай маған байлықты өлгенде берейін деп жүрсің бе?

Көзімнің ағы мен қарасындай үш баламның біреуі ойға, біреуі

қырға жалданып кетті. Бәрі — жан бағудың, жан сақтаудың

амалы. Осы жаманшылықты бастан кешкеніме өткен

жасымның бәрі — куә. Өстіп отырып өліп кетсем, кедейліктің

кесірінен балаларым қаңғып жүріп, өлігімді де көре алмай

далада қала ма?

«Ауру өлгенше жаннан дәмелі, кедей өлгенше малдан

дәмелі» деген үмітпен бүгінге дейін келіп едім, әлі жарыған

жерім жоқ. Жарымағаным былай тұрсын, екі баламның тентіреп,

жоқтықтан безіп жүр генінің өзі жаныма аяздай батады. Адал

жүріп, тілек тілегеннен басқа жазығым жоқ еді ғой. Бәрінен

әлі бұғанасы қатпаған, он төрт жастағы Мамырбегімнің ауыр

жұмысқа жегілгені ойыма маза берер емес. Амал нешік?

Сегізбей қарт ентіге демін алып, күркілдей жөте ліп:

— Әй, кемпір, бір жұтым сусының бар ма? Жөтелі түскір

өкпемді қысып, мазамды алып барады, — деді әзер сөйлеп.

133


— Ой, байғүс-ау, — деп кемпірі ренжи тіл қатты. — Қырсыққанда

қымыран іриді деген емес пе? Күнде анау Жанұзақ

байдың ауылына барып, қосағының емшегін тартқылап, бір

шөңке сүт сауып алушы ем. Бүгін өзің ауырып, шыдай алмай

жатқан соң, қасыңда отырам деп сүттен айырылып қалдым.

Кешігіп барсам, қосағын ағытып жіберіпті. Кешегіден қалған

кішкентай шалап тұр еді. Соны іше тұр енді.

Сегізбай кеседегі шалапты ішіп бола бергенде Тұрсын

үйге кіріп келді.

— Ассалаумағаликум! Қалай, Сегізеке, тәуірсіз бе? :

— Ә, Тұрсын шырағым, тәуірмін деген ұранымыз ғой. Сені

әдейі шақыртып отырмын. Мынау науқас күннен күнге үдеді,

ауырлап бара жатыр. Ұйықта мағаныма бүгін үш күн. Бұл

аурудан мал болатын түрім жоқ. Қаршадай Мамырбегім де

дедектеп, маған қалжа табам ба деп үміт етіп, біреудің егінін

оруға кетіп еді. «Көрші ақысы — Құдай ақысы» деген емес

пе, менен қайтпаса, Құдайдан қайтар, сол баламды шақырып

берсең? Ең болмаса, басымда болсын. Өзге ұлымнан бір төбе

еді, түсімде көрдім, иығында маңдайы жарылып, шам жанып

тұр екен. Сол қызығын қызықтаймын ба деп едім, қызықтай

алмайтын тәріздімін. Бірақ мен көре алмаған жақсылықты тірі

жүрсе, Мамырбегім көрер. Бұғанасы қатпаса да оның менің

осы жатқаныма қиналып, қалжалық бірдеме тауып келемін бе

деп кеткенін көрмеймісің? Тұрсын батыр, енді саған айтарым,

атыңа мін-дағы ертеңнен сол Мамырбегімді іздеп барып,

хабар бер.

— О, Сегізеке, мақұл, барайын.

Тұрсын іздеп келгенде, Мамырбек егін басында арпа

орып жүр еді. Алдынан қарсы шықты. Анадайдан дауыстап,

сәлемдессімен:

— Ойпырмай, ағатай-ай, менің жәкем тірі ме, бар ма? — деді

абыржи шошып.

— О, Мамыржан, қорықпа, әкең бар.

— Түнімен ұйқым келмей шығып еді. Осы жоқтық тың кесірінен

әкеммен қоштаса алмай қалам ба деп қатты қорықтым.

134


Сіз неге келдіңіз? — деп Мамырбек Тұрсынды сөйлетпестен

сұрақ қойды.

— Оу, қарағым, қорықпа, әкең жақсы. Әншейін бұрынғы ұзақ

ауруы ғой. Жанұзақ байдың ауылына бір шаруамен келіп қайтпақ

едім. Сегізекең сені біле кел деген соң, саған бұрылғаным

ғой. Бірақ, әкең сені маған ерте кел деп еді. Егініңді орып

болып, алатыныңды алдың ба? Алмасаң, қайтып кеп аларсың.

Менімен ілесіп жүргін.

Бірі атта, біра жаяу келе жатты. Мамырбек былай шыға

бере:

— Аға, Жанұзақ байға барып, мынаның әкесі ауырып жатыр

еді деп бір семіз қой сұрап әперіңіз? Кейін өтермін, — деді.

— Жарайды, балам.

Екеуі байдың ауылына бұрылды. Жанұзақ бай кішілеу

төбе басында үш-төрт қариямен отыр екен. Сәлем беріп,

амандасқан соң:

— А, балам, ерте қайттың ғой? — деді таңданып.

— Ата, ерте қайтқаным, әкем ауру еді. Соған мына Тұрсын

көкем хабаршыға келіп отыр. Науқасы қиындады дейді. Сіздің

жүмысыңыздың бірсыпырасын бітіре алмай кетіп барамын.

Сізге келгенім, көзіңіз көріп, біліп жүрген ағайындарымыздың

бірі едіңіз ғой. Өлім — жау деген. Әкем тірі болса, қалжасы

болсын, кетіп қалса, ошағын қоңырсытайын. Бір семіз мал

беріңіз? Қызмет істеп өтермін. Бір малыңызға екі мал берейін.

Өздеріңіз де білесіздер, әкем сорлы өле-өлгенінше шыр

бітпей өтті. Ешкімнің ала жібін аттаған жоқ, ешкімге қиянат

жасаған жоқ. Бәріңіз көріп жүрсіздер, сол әкеге жақсылық

істейтін біздің түріміз мынау, ағайынды екеуміз екі жакта

қаңғып жүрміз. Үрерге итіміз, сығарға битіміз жоқ. Әкемнің

түбіне кәрілік емес, жоқтық жетті. Үш айдан бергі ішкені —

шалап, жегені — талқан. Өзі — жасы жеткен кісі. Мұндайда

сау кісінің өзі ауру болмай ма? Адамбыз ғой, өтерміз, — деп

Мамырбек жылап жіберді.

— Ойпырмай, балам-ай, — деп қалды бай. Дауыс жетер

жерде ат жайып жүрген атқосшысына:

135


— Оу, Бескемпір, мына Мамыржанға қорада бордақыланып

байлаулы тұрған қойлардың бірін ұстап бер! — деді айқайлап.

— Үйге барып айт, үш пүт бидай берсін. Басына ғаріпшілік

түсіп қалған екен ғой. Ой, шіркін дүние-ай! Сегізбай жақсы кісі

еді! Өмірінше адалдықпен жүрген, ешкімге залалы жоқ жан

еді ғой. Бір кісінің еңбегі жанса, Сегізбайдың еңбегі жанатын

шығар деуші едік.

Қасында отырған қарияның бірі:

— О, байеке, Құдайдың берері аз ба? Сегізбайлың еңбегінің

жанғалы тұрғанының бір дәлелі, мына Мамырбектің сөзі

бәрімізді ұйытып жіберді ғой, — деді.

— Солайы солай-ау, — деп басқа отырған қариялар да қоштаған

болды. — Ә, мына бала тірі жүрсе, аман болса, тілкөзіміз

тасқа, тіфә, тіфә, әке даңқын шығарар...

Үш пұт бидайды, қойды алып, Мамырбек аулына келді.

Есіктен ішке енісімен:

— Жә-ке-е! — деп ауру шалдың мойнынан құшақтай алды.

Шал қолынан ұстап, мандайынан сипап:

— Қарағым Мамыржан, келдің бе? Жан қысыл ған соң сені

шақыртып алдым. Ұйкым бөлінгеніне үш-төрт күн болды. Сендердің

тілеулеріңді алпыс жыл тілеп едім. Сол тілегімді Құдай

қабыл қылсын, қайтейін, сендер аман болыңдар. Мен енді

бас көтеруден кеттім, қарағым. Менің есім барында келгенің

жақсы болды. Өсиетімді айтып кетейін деп шақырдым. Бірінші

айтарым, «Таспен атқанды аспен ат» деген, менің дұшпаным

болса да соған қастық ойлама. Қастық ойлаған кісіге достық

ойла. Қолыңдағы барыңды бөліп беріп, өзіңе дос тұтсаң,

қаншалық қаныпезер болғанымен ол да мейірім төгеді. Осыны

істейсің.

Екінші айтарым, «Ағайын жақын отырса, тісте седі, алыс

отырса, кісінеседі» деген бұрынғының сөзі бар. Ағайыныңа

өкпең болмасын, бауырың болсын. Жан қысылғанда саған

жаны ашитын тек ағайының болады. Ағайыныңды жауға,

жатқа сатпа, білместік жасап, көңілін қалдырма. Жаман дегенін

де өзіңе дос ете біл. Жаман болса да, жақсы деп бауырыңа

136


тартсаң, озасың. Ал жақсы сені алдына салдырмайды. Мұны

түсінерсің. Сені бекер оқытпаған шығармын?

Үшінші айтарым, қарағым, менің береке-құтым, тілеуім

— өзіңсің. Ағаң Қорған мен інің Орманды саған тапсырдым.

Біреуі алдыңда, біреуі артыңда жүрсін, бірін оң жағыңа, бірін

сол жағыңа алып тәрбиеле. Тату-тәтті бол, қарамағыңнан

шығарма. Мен көрмеген жақсылықты сендер көріңдер. Орман

жас қалып барады, темір қанатын шығарып, сүйе, баулы.

Әуелім ауыл үйге жақ, ауыл үйге жақсаң, халқыңа

жағасың. Халқыңа жақсаң, қадырлы боласың. Сөзің пұлды,

айтқаның құнды болады. Осы аманатымды берік ұстап, бел

буып орындар деп Мамыржан, саған сенем. Мен айтарымды

айтып болдым.

Қасында отырған көршісі, Тұрсын қарт:

— О, Сегізеке, мұныңыз қалай? Аманатыңызды үлкен

ұлыңыз Қорғанға тапсырмай, жас, бұғанасы қатпаған Мамырбекке

тапсырғаныңыз қалай? — деді таңырқап.

— Ой, Тұрсын-ай, сені халық сынай алмай жүр екен ғой.

Қорғанды Мамырбекке неге теңейсің? Қор ған отбасына ие

болса да жарар. Мамырбегім озса, бағы жанса, қара қазақтың,

қала берсе, Сиқым, Жаныстың қамқоры атанар...

Сол күні қош айтысып, Сегізбай қарт дүние сал ды.

Мамырбек жетектеп әкелген малды сойды. Көптеп, ағайын

болып, біреуі аяқтап, біреуі табақтап, жәрдемдесіп жатыр.

Қартты ақ жауып, арулап жер леді.

Ендігі ой-сана, істейтін істің бәрі Мамырбектің басына түсті.

Қолы қысқа болса да, біреуден оны, біреуден мұны қарызға

сұрап алып, әкесінің ас-суын берді. Оның мұнысына халық

риза болды.

— Шіркін, Мамырбектің тіршілігі бар екен. Көрмейсің бе,

шалдың арты жақсы болды. Жоқтың ісін істеген жоқ, бардың

ісін істеді. Мұндай баланы берген Құдайға ризамыз, — десті.

Мамырбек ержетті. Әкесінің үлгісін еске алып, өсиетін

орындап, қатар-құрбысына қадірлі, ағайын-туғанына мейірлі

болды. Біреудің дауы кетсе, біреудің малы кетсе, өз дауындай,

137


өз малындай іздесіп, басын дауға, малын жауға бермеуге

әдеттенді. Ағайынның оған алғыстан басқа айтары болмады.

Соңғы кезде оның бар есі-дерті Меруерт сұлуға ауды. Бірақ

Меруертке сөз айтушылар, көз салушылар барған сайын

көбеймесе, азаймады.

— Әй, нең бар кергіп, біз екі қыздың қалың малын берелік.

Қыздың құны қырық жеті қара ғой, біз жүз қа ра төлейік.

Содан соң Тілеміс құдаңнан да құтыласың, — деп Торғынды

азғырушылар ана ауылдан да, мына ауылдан да табылды.

Біреу жорғасын, біреу жүйрігін беретін болған соң, азбайтын

адам бар ма? Ақыры Торғын қанша десең де айтқаныңды

берейік деген Піштай баймен уәделесті.

Мұның құда түскенін Тілеміс бай естіді. Жесір дауы қазақ

арасындағы үлкен шатақтың бірі ғой. Торғынға Тілеміс кісі

салды.

— Сен менің келінімді біреуге бермек болыпсың. Шынымен

солай етсең, аулыңды шауып, малыңды талап алам.

— Әй, кінә сенің өзіңде де бар. Қызыма кішкентай кезінде

құда болдың. Одан бергі кезеңде бір де бір мал бермедің.

Суысып кеттік. Өткен өтісіңді қай таралық, айыбымызды да

төлелік. Жұрт талқысы не десе, сол болсын. Бірақ саған қыз

бермеймін.

Екі жақ Ақбастау деген жерде бас қосып, бітім мәселесін

сөз етті.

— Тілеміс бізді қыстап жатыр. Сен жүз қара беремін әрі

айы бын төлеймін деген едің ғой, — деп Піштай байға кісі салды.

— Қызыңның басын ашып берсең болды, төлеймін, — деді

ол.

Піштай деген де күшті. Малды айыбымен төледі. Қыздың

бұрынғыдан да атағы шығып, жайнап кетті. Меруерт сұлу

деген сөз бір көргеннің аузынан түспеді.

— Халқым, ата-анам, әуелі күйеуімді көрейін, содан кейін

байлауымды айтайын. Сендер менің басымды байлап, саттындар.

Өз теңім болса, барайын, өз теңім болмаса, халқым,

ата-анам, өкпелемеңдер, — деді. — Күйеу ұрын келсін.

138


Піштай байдың баласы ұрын келді. Сөйлесіп көрсе,

мәпелеп өсірген бай баласы ешнәрсе білмейді. Аузың қайсы

десе, мұрнын көрсетеді. Меруерт ойға қалды.

— Мен екі үйдің ортасындағы жалғыз қыз едім. Ата-анам

мені ұл деп бағып еді. Дүниеге келген соң ата-анамды риза

етуім керек ғой. Мен сүйгеніммен кетіп қалсам, әке-шешем

талан-таражға ұшырайды ғой. Сонда оларға жақсылық істегенім

қайсы? Әкем теріс бата беріп, шешем сүтін көкке сауып

қарғамай ма? Мен халқыма белгілі болып, Меруерт атанып

едім. Сол халқыма нәлет айттырмауым жөн емес пе?

Меруерт әр түрлі ойға шомып, ақырында мынан дай

қорытындыға келді. Піштай байдың баласы түк білмейтін

жас, сөйлесейін. «Мен сендікпін, ата-анам берді, амалым

жоқ. Ал енді сені мен тәрбиелеуім керек. Айтқанымды істе.

Менің сертім бар. Үйіңе барып, келін боп түсіп, ақ отауды тігіп,

әкеңнің оң жағында жатып, қожа-молда шақырып ақ некемді

қидырғанша сен маған тиіспейсің. Тыныш жатамыз, мұны

ешкім білмейтін болсын. Жолдастарың, жең гелерің сұраса да

ештеңе айтпа. Бардым, бірге бол дым дегін де қойғын. Ал енді

мұны істемейтін бол саң, тәрбиеме көнбегендігің. Онда бірге

өмір сүре алмаймыз.

— Мақұл, айтқаныңның бәріне көндім. — Піштай байдың баласы

жан баласына сырын айтпайтын болды.

Бұл кезде Мамырбектің қатар-құрбылары оңаша бас

қосып:

— Шіркін, мынау Меруерт саған лайықты, сен үшін туғанақ

бала ғой. Қосылсаңдар, екеуің тең келер едіңдер. Қайран

дүние, осы Меруертті алсаң ғой, — десіп арман етті. — Шіркін,

жігіттің сұлтаны өзіңдей-ақ болар. Оқыған, адамгершілігі мол,

бетті, шешен, ақылды өзіңдей жігіт аз-ау. Ал Меруерт қыздың

сұлулығы, ақылы да саған тең. Дүниеде сұлу болса, Меруерттей-ақ

болар. Мал берген бір байдың баласына есіл қыз қор

болып бара жатыр-ау.

— Әй, жігіттер, маған бұл сөздерді достықпен, жанашырлықпен

айтып отырсыңдар. Ел талқысы деген оңай емес. Сен-

139


дер есіркегендерінмен ертеңгі күні халық алдында мен ұятқа

қаламын ғой, — деді Мамырбек күрсініп.

— Апырмай, мұның айтқаны жөн-ау. Өзіміз оңаша ақылдасалық,

— десті. Олар бір үйге жиналып, түні бойы кеңесті.

— Шіркін, қыз, болса, Меруерттей-ақ, ұл, болса,

Мамырбектей-ақ болар. Екі жақсы қосылса, қандай бақыт?! —

дегенде, бозбалалар ғана емес, естіп отыр ған кемпір-шалдар

да:

— Шіркін-ай, екеуі тең-ақ қой. Бірақ амал қанша, «Малдының

беті жарық, малсыздың беті шарық» деген емес пе? Қырық

жеті қараны ол қайдан тауып береді дейсің? — десті қоштап.

— Ойбай-ау, қырық жетісі несі? Қомағай, қатыгез әке

Піштай байға Меруертті жүз қараға сатып отыр емес пе?

Оның құнына кім жетеді?

Мамырбектің жолдастары ел ағалары — ақсақал дарға

барып ақылдасты.

— Ей, екі жасты қосқанның сауабы, екі жасты айырғанның

обалы бар деген ғой. Үй басы бір қарадан берсек те екеуін

қосалық, — десті ел ағалары өзара ақылдасып.

Ел-жұрттың бұлай келісім жасап жатқанын Піш тай білген

жоқ. Құда болып, малын төгіп жатыр.

Ел шешімін естіген Мамырбек жасырын келіп, Меруертке

жолықты.

— Меруертжан, қайын-жұртың қалай? Жас күнім нен бірге

өскен, бірге жүрген замандас қарындасым едің. Жақсыны кім

аңсамайды? Менің алдымнан сен қия өтпеуші едің, мен сенің

алдыңнан қия өтпеуші едім. Ағалы-қарындастай болып өстік

емес пе? Жан баспаған жалтаңға кетіп бара жатырсың. Халыңды

білейін деп келдім.

— Бір жас болса да үлкен едің, аға. Жас күнімізден

бір-бірімізге аға-қарындас боп жанымыз ашығанымен басқа

көзқарас болған жоқ еді. Аға, жан қысылды. Жалтаңға шығып

кетіп барамын. Іштегі қапамды айтпасқа болар емес. Мен осы

жөнінде сұрар деп өзім де үмітті едім. Сұрағаныңыз жақсы

болды-ау, аға, — деп қыз мұңайып, жауап берді.

140


— Қарағым Меруерт, екеуміздің көңіліміз бір, бөтен емеспіз.

Сенің мұңың менің мұңым, менің мұңым сенің мұңың. Көкейдегі

сырыңды айт, тыңдаймын. Екеуміз де тыңдайтын жерге келдік.

Көп ұнатқанды Құдай ұнатады деуші еді анам. Халықпен

бірге жүрген адаспайды деген де сөз бар. Іркілме, шешіл.

— Мамыржан, сенің соңғы айтқан сөзің ұнайды. Халықтың

соңынан жүрелік. Халық айтса, қалт айтпайды деген. Аға,

мен осы күнде Меруерт емеспін, жай тас болып қалдым. Мен

бақыттымын, екі үйдің ортасындағы еркемін деп жүр едім.

Бәрі басқа дүние болып шықты. Мен әкемнің ұлыдамын, қызыдамын

деуші едім. Онымның бәрі бекер екен. Мен әкемнің

байлап қойған малының бірі екенмін. Мені саудалап әуелі кім

көрінгенге қырық жеті қараға, соңынан жүз қараға сатты.

Мен бұл өміріме риза емеспін. Байдың баласы болғанымен

болашақ күйеуімнің жетесін таныдым. Шөгіп жатқан түйеге

міне алмайтын жаман. Амалым бар ма, малға ұқсатып, бұйдамнан

жетектетіп жібергелі жатыр. Мен бұрын мұндай боламын

деп пе едім? Жақсыға жармассаң, жаның қалады деген.

Аға, жассың, үйленген жоқсың, бақытың алдында, халқың

қадірлейді. Суға кетіп бара жатқан тал қармайды дегендей

өзіңіз қол ұшын созбасаңыз, су түбіне батарым ап-анық.

Қыз мұңайып, төмен қарады.

— Бір-бірімізді екі дүниеде де қимайық деп уәделеселік.

— Мақұл, аға, мен бүгіннен бастап еркіңдемін. Екеуі қол

алысты.

— Ал, енді, Меруертжан, маған ақыл тап дедің, ер деп

етегімнен ұстадың. Енді екеуміз ақылдасалық. Ел-жұртым

мен жолдас-жораларымның ұйғарымы бізді қоспақшы. Қазір

екеуміздің тілеуімізді тілеуші адамдар көп. Біздің қамымыз

үшін жұрт Әдекеге, Әділбек биге, барған көрінеді. Екеуміздің

қосылғанымыздан халыққа тиер пайда бола ма, болмай ма, оны

Құдай біледі. Бірақ жұрт бізді өз баласындай көріп, бағалап,

жамандыққа қимай тұр. Білсең, екеуміздің қолымыздан не

келеді? Шамамыз жетіп, адам болсақ, халықтың жақсылығын

біз ұмытпауымыз керек. Бұдан басқа қазір не айта аламын?

141


Екеуі бір-бірін қимай тарасты.

Ел елдігін жасап, екі жастың мұңын Әдекеге барып айтты.

— Ойпырмай, бұған менің ақылым жетпейді. Жаңадан

би болып едім. Ертеңгі күні ел арасында шатақ туса, бұл —

бітпейтін үлкен дау. Кім біледі, Піштай бай жүз қара төлеп

отыр. Бұрынғы дауын зорға басқан едік.

Әдекеңнің алдына барып, сөз айтып отырған мықты, тәуір

жігіттің бірі еді.

— Әдеке, бұл — халықтың тілегі. Мені сізге қыз бен жігіт

жіберіп отырған жоқ. Екі асылды халық боп қимадық, қолдан

шығарғымыз келмеді.

Бәрі жиналып, Бекасыл әулие алдына барды. Жүй рік

жігіттер әдемілеп, мән-жайды айтып түсіндірді.

— Халқым, жарайсың! — деді Бекасыл әулие бірден көңілдене

сөйлеп. — Ер қадірін ел білер, ел қадірін ер білер. Ер

қадірін білмеген ер ел қадірін білмейді. Шіркін, ниеттерің ақ

қой. Екі асыл қосылса, оған жетер рахат бар ма?! Үйде отырып

мына шау тартқан шал мен де құмардан шығар едім. Екі

асылдан туған нәресте де осал болмас еді. Халқым, бар мәселе

сенің ынтымағыңа байланысты. Ынтымақ қылам десең,

пәледен де құтыласың, даудан да, жаудан да құтыласың.

Рас, Мамырбектің өзінде бір қара жоқ. Ол — тек басы алтын

бала ғана. Ауыл боп бірлесіп, жүз қара жинасаңдар түк емес.

Біріншіден, екі жастың сауабын аласыңдар, екіншіден, ертең

қызметіңді істейді, ұраныңды шақырып, жоғыңды жоқтайды.

Ал енді сендер бұған айла табыңдар. Айла таппасаңдар,

дау-дамай, шатақ шығатыны рас. Ұрыс болып кетуі де мүмкін.

Әдеке, Мамырбекті ертіп маған кел. Үшеуміз ақылдасып,

бұған бір айла ізделік.

Бұл хабарды Мамырбек Меруертке барып айтты.

— Мамыржан, мен жасымнан жаманшылық көр гем жоқ, —

деді Меруерт ағынан жарылып. — Хал қым да, ата-анам да

алақанына салды. Мына сен, рас, қиындық көріп өстің. Маған

қарағанда сенің көріп-білгенің, көңілге түйгенің көп. Басымызға

қандай күн туса да, ата-анамызға, халқымызға ұнайтын-

142


дай іс істелік. Маған мынандай ой келіп тұр. Жақсы болсақ,

артымыз да жақсы болады, жаман болсақ, артымыз да жаман

болады, бүлінеді. Екеумізден ел, Бекасыл әулие бабамыз

үміт күтіп отыр. Сол ел Бекасыл әулие баба үмітін ақтайтындай

болайық.

Мен Піштайдың жаман баласын айтқаныма көн дірдім.

Әкеңнің оң жағына барып қонып, отауға еніп, мұсыл манша

некемізді қидырып, бір-ақ қосы лалық. Одан бергі жерде ішкі

сырымызды ешкім білмесін дедім. Оған ол келісті. Әкем тойды

жасап, мені ұзатсын. Өңшең бала, әйел, бәрі он шақты адаммен

жолға шығармыз. Сен бізді Қарамұрттың шөлді адырында

жігіттеріңмен тосып тұрғын да, тартып алып, Сайрамға түсіп

кет. Содан кейін екі ел сөйлесе жатар. Осылай етсек, менің

ата-анам да, ел де кінәлі болмайды, жыламайды. «Қайтеміз,

ұзаттық. Жау алғанына біз жауаптымыз ба?» — деседі. Менің

ақылым осы.

Әдеке Мамырбекті ертіп Бекасыл әулиеге барды. Бекасыл

әулие:

— Оу, қарағым, Мамыржан, сені халық үшін туған бала деп

жұрт үміт етіп жүр. Бір жұмысты қолға алып қалған екенсіңдер,

баянды болсын. Өзіннің не ойың бар? Не істегің келеді.

Кәне, айтып көрші? «Ақыл — жастан, асыл — тастан» деген

ғой. Келісімсіз, қисық жері болса, түзерміз.

— Ата, менің ойым сіздердің ойыңыз ғой, — деді Мамырбек

қысылмай, еркін сөйлеп. — Сізге Меруерт қызыңыздың байламын

айтайын. Ол осылай деді.

— Ә, дұрыс, қарағым. Меруерт халыққа да, ата-анаға да

залалы тимейтіндей алыстан шолған екен. Осы — дұрыс ақыл.

...Той тарқап, керуен көш Қарамұрттың шөлді адырына іліне

бергенде Меруерт қыз қолды болды.

— Бізге әдейі істеп отыр, өліспей келіспейміз. Соғысамыз,

— Піштай әулеті атқа қонды. Екі жақ айтысып-тартысып, Бекасыл

әулиеге жүгінді.

— Жасымда мені тыңдадыңдар, сыйладыңдар, енді қартайған

шағымда сөзімді жерге тастасандар, о дүниеге

143


налығандай боп аттанам ғой. Сол себепті шатақтарыңды

өздерің шешіңдер, мен араласпаймын.

— Сізді тыңдаймыз, сыйлаймыз, әулие баба. Жалпақ

жұртқа билігіңіз жүргенде екі ауылға билігіңіз жүрмей ме? Не

айтсаңыз да көндік, тырп етпейміз.

— Піштай қарағым, бұған сен не дейсің?

— О, әулие аға, мен де сол уәдеге тұрдым.

— Естідіңдер ғой, халқым. Тілімді алсаңдар, бір-біріңе жауығып,

қадыр-қасиетіңді қашырмаңдар. Сен дер ел болып,

маған тізгін-шылбырды ұстат саңдар, мен барымды салып

әділдік айтамын. Айып Торғында емес, ақ ниетпен қызын

ұзатты. Онда жа зық жоқ, жазық ұрыда.

Бекасыл әулие бұл дауды жүз қара айып салып бітірді.

— Халқым, ендігі менің айтарым, кейінгі жастар жыламасын,

әркім сүйгеніне қосылсын. Кейінгілерге осы бұзылмас

жол болсын. Шалыс басқан күнде де шабыспаңдар. Шабыссаңдар,

екі жақтан ер өледі. Ол жаудан, жаттан қорғар

қорғанынды өзің құртып, өзіңе өзің қастық еткенмен бірдей.

Үлкеніңнің тілін кішің алып, қолда барды ағайыншылықпен

бөлісе біліңдер. «Кеңге — кемел, тарға — зауал» деген.

Халқым, бұл — менің соңғы билігім. Ендігі жерде мына

Әдекеңнің ақылшы-кеңесшісі Мамырбек балам болсын. Екеуін

де тыңдаңдар, сыйлаңдар.

Ертеңіне Бекасыл әулие үйіне жиналған игі жақсы,

жайсаңдармен таңғы асын ішісімен:

— Оу, кемпірім, балаңның бірін жүгіртіп, Әділбек пен Мамырбекті

шақыртшы. Екеуіне айтар сөзім бар, — деді көңілдене

тіл қатып.

Көп ұзамай Әділбек пен Мамырбек әлденеден қауіптене,

абыржи ішке енді.

— Қарақтарым, отырыңдар. Қауіптеніп, үрейлене тін ештеңе

жоқ. Сендерге билігімді беруге уақытым жетті. Төле би

бабаларыңның әз Тәуке хан, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке

билер қатысқан үлкен жиын да айтқан мына әңгімесіне құлақ

салыңдар, — деді Әділбек пен Мамырбекке кезек қарап. — Қарақұрым

жұрт Төле биге:

144


— О, Төке, бізге де бірдеме деңіз?

— Өзіңізді де, сөзіңізді де сағындық.

— Көптен бері бас қосқан жоқ едік, көріскеніміздің көрімдігі

болсын, — деп бәрі қолқа салды.

— Жақсы, тілектеріңді жерге қалдырмайын, — деді Төле

би даусын соза, асықпай сөйлеп. — Аң аулап жүрген кезім.

Заңғар таудың қиясындағы ұядан екі балапан көргем. Екеуі

де қыранның тұқымы. Қара қанат болғанда қолға түсірермін

деп жүргенімде сырқат танып қалып, балапандар үясынан

ұшып кетті.

Тағы бірде тау-тасты аралап келе жатсам, әлгі сырттай

мен еншілеген қос балапан зеңгір көкте ұшып жүр. Қызыға

қарап тұрғам. Кенет бірі таудың етегіне қарай құйыла

жөнелді. Көгілдір таудың етегіне жетіп қалғанда қасындағы

енесі иығымен қағып, жоғары алып, биіктеп кетті. Енді екіншісі

жерге шүйілді. Оған да енесі ерік бермеді. Сонымен үш-үштен

алты рет қақпайлап, жерге түсіртпеді.

Жетінші жолы енесі шаршады ма, әлде кейіді ме, кім білсін,

екеуін де еркіне қоя берді. Анық көріп тұрмын, төмендегі

қойнауда бір үйір жабайы доңыз жайылып жатыр. Балапанның

бірі ағып барып, әлгі үйірге бұрқ етіп ұрынды да, жоқ болды.

Енді екінші балапан шүйілді. Енесі таудың қия жартасында

дүр-дүр сілкініп, қарап отыр. Бір бала сының жоқ болғанын

білсе де, қозғала қоймады. Екінші балапаны да аққан күйде

көзден ғайып болды. Кенет ана қыран дүр-дүр сілкініп,

жүнін жатқызып, көкке көтеріліп, бір-екі айналып келіп, жауар

бұлттай қос қанатын қомдап алды.

— Ойпырмай, қайтер екен? — деп тұрдым. Бір кезде таудың

баурайына қарай аққан қалпымен нән қабанды соқты да жоқ

болды. Атымды тебініп, шауып жеттім. Қарасам, екі балапан

екі доңыз жанында жайрап жатыр. Ана қыран нән қабанды

екпінмен кеп соққанда, белін үзіп жіберіпті. Бүркіттің екі тегеуіріні

быт-шыт, қып-қызыл, екі көзінен жас ағып, қабанның

үстінде салбырап жатыр.

145


Аттан түсе қалып, ажыратып алдым. Қабан жантәсілім

еткен, қыран тірі. Ағып кеп, бар пәр менімен ұрғанда топшысы

үзіліп кетіпті. Мойнын бұрап, аяғын босатып, ат жабуына орап,

бүркітті үйге әкелдім. Мен тауып алмасам, өледі ғой. Көпке

дейін көзінен жас ағып, тамақ ішпеді. Топшысын ор нына

әзер салдым. Екі түлеген соң ғана ана қыран жарақатынан

жазылды. Кеңдікке қайта жібердім.

Ана қыран балапандарына тоқта деді, олар тоқ тамады.

Үш реттен қорғап та көрді. Балалар бала лық жасап, ана тілін

алмады. Доңыздың қауіпті екенін ана сезді, балалар сезбеді.

Тілсіз жауға батырлық қылғандай болды. Ақыры екеуі де

мертікті.

Шіркін, бала деген қандай?! Кек қандай?! Ана өз басын

ұрпағы үшін өлімге қиды емес пе?

Қыранның қадырын, кәрінің, асылдың қадірін түсіну —

қасиет, түсінбеу-қасірет, хан ием, бауыр ларым. Жиыр мадағы

жігіт жетпістегі шалдан өзін артықпын деп са найды. Қайдағы

артық? Жетпістегі шалдың білгенін білу, көргенін көру үшін

жетпіс жыл жасау керек емес пе?

Бекасыл әулие Әділбек пен Мамырбекке кезек-кезек

барлай қарап:

— Қарақтарым, Төле би көңілінде қандай түйін жатқанын

түсініп отырған шығарсыңдар? — деді асықпай сөйлеп.

— Түсініп отырмыз, әулие ата.

— Түсінсеңдер, ризамын. Мен бүгіннен бастап би лікті Әділбек

пен Мамырбекке бердім. Ел-жұртымның үлкен-кішісіне

сәлем айтыңыздар, ешқайсысына ренішім жоқ. Егер қайсыбірінің

маған реніші болса, кешірсін...

***

Қырат-қыр, дала біткен жасыл түспен жайнап, көзімізді де,

көңілімізді де қуантқанмамыр айы айының соңғы күндерінің

бірінде Тілеу-Шәкерім дос-інісінен Арқаға үшінші рет шақырту

алған Бекасыл әулие тәуекел деп жолға жиналды.

— Жанұзақ, сен ертең семіз екі айғырыңды Асылбек пен

Арқарбайға бер. Арқадағы ағайын, ел-жұрт мені өздеріне

146


шақырып жатыр. Мен Асылбек пен Арқарбайды жолдас етіп

ертемін. Берісі бес-алты ай, арысы бір жыл жүріп қайтармыз.

Құттыбай, сен жақсы ер-тоқымыңды бер. Ағайын, сендердің

Асылбек пен Арқарбайға қосқандарың осы болсын. Құдайға

тапсырып, біз осы жолы екеуінің қырсығын кесіп жіберелік.

— О, мақұл, әулие ата, о, жарайды, — десіп жұрт біреуі атын,

біреуі ер-тоқымын, біреуі тонын беретін болды.

— Сыйлы жерге кетіп бара жатыр екенсіз, Беке. Менің

бұлғын ішігімді киіңізші? — деді Жанұзақ жалынғандай болып.

— Оу, Жанұзағым, орта жүздің жақсыларының ішігімді

танығаны не болар дейсің? Таныса, өзімді танысын. Мырзалығыңызды

аулымыздағы кедей-кепшіктерге, жоқ-жұтаңдарға

жасай беріңіз. Мен күнде киіп жүрген жұпыны киіміммен

жүре берем. Киімің нашар десе, кері қайтарып жіберер. Оны

уайымдап, қам жеме. Маңдайымның дағы бар, Құдай берген

атамның бағы бар, бір мәнісі болар...

Бекасыл әулие Асылбек пен Асқарбайды ертіп Арқадағы

досы Тілеу-Шәкәрім дос-інісінің еліне аттанды.

Айнала дала, сусыз шөл. Суыт жүріп келе жатыр. Бекасыл

әулие аулынан ұзай бере қасындағы Асылбек пен Асқарбайға:

— Бір ауылға келгенде: «Кімсіздер? Бұл кісінің аты-жөні

кім?» — десе, өрдегі, Алатаудағы Үйсін атаның баласы

боламыз. Бұл кісінің аты Аманжол дей салыңдар. Менің атыжөнімді

біліп қойса, жұрт әуре болып, жүргізбейді. Жігіт адам

жүз қадам үйден шыққаннан кейінгі жерде мүсәпір деген.

Біз құдайы қонақ болып жүрелік. Бұйырған несібімізді теріп

жерміз, — деді.

Ол кезде қазақ жолға тамақ алып шықпайды. Қай ауылға

келсе, сол ауыл тамағын береді, сыйлайды. Үш атты кештетіп

бір бай ауылға келді.

— Қонақпыз, құдайы қонақпыз.

Үйдің ішінен бір әйелдің ашуланған даусы естілді.

— Қонақ болсаң, қайтейін. Бұл қонаққа деп тігіп қойған үй

емес. Алдыңда тағы ауыл бар, соған барып қон.

Асқарбай:

147


— Мына қатынның сұры жаман екен, ата. Қонған мен тамақ

беріп жарытпас. Далаға түнесек те жүре берелік, — деді.

— Жоқ, түс аттан, түсіңдер, — деді Бекасыл әулие

қаһарланып.

Үшеуі де аттан түсті. Ешкім шығып, ізет көрсеткен жоқ.

Аттарын өздері байлады. Сегіз қанат ақ үйге кіріп келсе, кілем

мен текемет. Күмістеп, шымылдықтаған қос төсек. Әдемі,

толықтау келген қараторы әйел қарсы ұшырасқанымен

амандаспай:

— Осы қаңғыған жолаушыдан-ақ мазамыз кетіп, тойдық

қой. Іс-міс жоқ келіп, ақысы бардай аунап түсе қалады, — деді

бұрқылдай сөйлеп.

Бекасыл әулие жауап қатқан жоқ. Төр жаққа өтіп, шешініп,

кісесін керегенің басына іліп, отыра кетті. Үйдің іші жайнап

тұр. Жерге кілем мен шайы көрпе төсеп тастаған. Ат соғып,

алыстан күнұзын шаршап келген кісі-ау деген ешкім жоқ.

Әлден уақыттан кейін ішке бір жас келіншек енді. Жүзі

төмендеу, түсі жылы. Қонақтарға ақырын иіліп сәлем жасап,

мұңды дауыспен.

— Есенсіздер ме? — деп сәлем берді. Сәлем берді де

бөгелмей үйден шығып кетті. Есік алдында бұлқан-талқан

боп жүрген қараторы әйелге:

— Әпке, үйдегі кісілерге самауыр қояйын ба? — деді.

Қараторы әйел түлен түрткендей ашуланып, зекіп:

— Жә, мен оларды шақырып келді деймісің? Жоқ, әлде

ұлымның, не қызымның қайнысы, қайынатасы деймісің?

Ішпесе, тасын ішсін. Қаңғып жүрген біреу лерге күнің

түскендей мүләйімси қалыпсың. Асығыс не, ашығып бара

жатса, ана көже піскен соң ішер. Оған дейін өлсе, өле қалсын.

Біз жалынып шақырған жоқпыз, — деді. Жас, мұңды келіншек

қайтып сөзге келмеді, үні шықпай қалды.

Бекасыл әулие шапанын айқара жамылды да, ат соқты

боп әбден шаршағандықтан жүкке басын беріп құлай

кетті. Асылбек пен Асқарбайда үн жоқ. Қарындары ашып,

түкіріктерін жүтып отыр.

148


Әдемі, қараторы әйел, бір жаққа қыдырып ке тіп қалды-ау,

сірә, көпке дейін жоқ болды. Әлден уақыттан кейін:

— Әй, көжең пісті ме? — деген дауыс естілді.

— Көже пісті, әпке. Сізге қарап отырмын.

— Анау үйде жатқан қыдырымпаздарға бір-бір тостақ

көже бер.

— Ағайлар, ана кісі неге тұрмады? Аштан аш өзегі талады

ғой. Оятсаңыздаршы? — деді жас, мұңды келіншек. Мына

сөзді естіген Бекасыл әулие басын көтеріп алып:

— Қарағым, мен аш емеспін. Маған мазасызданбай-ақ кой,

— деді, — Атың кім, балам?

— Атым — Шолпан.

Осы кезде іргеден қараторы әйелдің шаңқылдаған даусы

шықты.

— Әй, ішпесе жалынып нең бар?! Тамағы тоқ шығар. Қаңғырған

кісі тамағын алып жүрмей ме қан жығасына байлап? Тағы

атың кім дей қалыпты? Саған құда түспек пе қаңғырынды.

Әліне қарамай ат сұрағыштығын мұның? Бұл кімнің шаңырағы

екенімен де ісі жоқ.

Жас келіншек лып етіп тысқа шығып кетті. Бекасыл әулие

қайта жантайды. Асылбек пен Асқар бай көжені ішіп, тойып

алды. Ел жататын мезгіл болып қалды.

Асылбек:

— Әулие ата, қалай етеміз, аттарды жібереміз бе? — деп

рұқсат сұрады.

— Аттарды жібермеңдер, солай қаңтарулы тұрсын. Бұларға

төсек салып берген де ешкім жоқ. Күнұзын ат соғып, шаршап

келген Асылбек пен Асқарбай мау жырап ұйықтап кетті. Ал

Бекасыл әулие ояу жатыр. Бір кезде даладан тасыр шығып.

— О, мырза келді, — деген дауыс естіліп қалды.

— Ат-көлік аман ба? Аман-есен барып қайттың ба? — дескен

жарқын үндер шығып жатыр. Мырза аттан түсіп, үйіне

қарай жүрді. Әлгі әдемі, қараторы үлкен әйелі екен де, жас

келіншек кіші әйелі екен.

149


Мырзаны бәрі қамалап, отауына алып кірді. Осы кезде

белдеуде байлаулы тұрған ат жақтан тарс еткен дауыс

естілді.

— Иә, аруақ! — деді де Бекасыл әулие жедел кимылдап, екі

серігін оятты. — Түрегеліңдер. Кеттік.

Үшеуі апыл-құпыл тысқа шығып, қаңтарулы дайын тұрған

аттарына қарғып-қарғып мініп, жөнеле берді.

— Пышақ. Пышақ. Мырзаның мініп келген торы айғыры өліп

бара жатыр, — деген үн де естіліп қалды. Жаңағы тарс етіп

жығылған сол ат екен.

Мырза отаудан жүгіріп шықты. Торы айғыр пышаққа ілінді.

Ел жиналып-ақ қалды. Жаңа ғана сап-сау, өзі мініп келген

айғырға не болды? Мырза басын ұстап, ойға енді.

— Жаңа мен келгенде мына жерде екі-үш ат қаңтарулы

тұр емес пе еді? — деп сұрады қызметшілерінен. Олардың

бірі:

— Бағана келіп үш қонақ қонған, — деді.

Біреу далбақтай жүгіріп кетіп, ізінше қайтып кел ді.

— Жоқ екен, кетіп қалыпты.

Мырза ойланып тұрды да, кіші әйелі жас келін шекке келіп.

— Оу деймін, ол кісілерге тамақ беріп, сыйлап па едіңдер?

Күтімі болып па еді? — деді. Жас келіншек міңгірлеңкіреп:

— Шай қояйын деп ем әпкем қойғызбады. Неге ашуланғанын

білмеймін, қонақтардың күтімі болмады, — деді ақырын

ғана. Мырза:

— Ой, иттің баласы. Торы айғырдың өлетін жөні жоқ еді.

Бір киелі адам келген екен ғой, назасына қалған екенсің ғой.

Менің де түбіме сен жетерсің түбі. Торы айғырмен кетсе

жақсы, бірақ сен тұрғанда қырсық менің басымнан кете қояр

ма екен?! — деп үлкен әйеліне ашуланды. — Әй, Алшынбай.

Досжан. қайдасыңдар?!

Екі жігіт алдына келісімен:

— Ол кісілерді көрдіңдер ме сендер? Танисыңдар ма? Қандай

кісілер еді? — деді аптығып, асыға сөйлеп.

— Жоқ, мырза, танымаймыз. Үш атты кісі, әйтеуір. Ажарлы,

тәуір адамдар еді.

150


— Қазір екеуің атқа мініңдер. Ұзай қойған жоқ шығар.

Екеуің екі жолмен жүріп, Қаракемерге дейін барыңдар. Егер

түнде таба алмасаңдар, алда Сарыбұлақ бар. Мен болжасам,

ол кісілер сол елге ертең ертесін барады. Қайткен күнде сол

кісілерді тауып әкеліңдер.

— Мырза сіздерді қол қусырып шақырады. Айыбымды

тартамын дейді. Қайткен күнде алып келіңдер деп жіберді

бізді. Сіздер құдайы қонақ екенсіздер. Кесірлі әйелдің мінезін

кешіріңіздер. Мырза мына екеумізді жіберіп отыр. Жалбарынып,

жалыныңдар, қайтсеңдер де алып келіңдер, — деді деңдер.

Екеуі түнімен ала шапқын болып іздеп, үш жолаушыны

таба алмады.

Ауылдан ұзап былай шыққаннан кейін Бекасыл әулие:

— Ал, жігіттер, шөбі тәуір жер болса, жатып, ат оттатып

алайық. Түн іші ғой, жол жүргеніміз жараспас, — деді.

— Әулие ата, жаңағы танымайтын үйге не істеп кеттік?

Апырмай, әйелі де жөні жоқ кесірлі екен-ау, — деді екі серігі.

— Ә, балалар, «Құдай ұрған оңалады, аруақ үрған

оңалмайды» деген. Ызаланып күтіп жатыр едім. Мырза келіп,

аттан түсіп, атын байлады. Мен ұйықтағам жоқ. Айғырын

аттым, — деді Бекасыл әулие, — Айғыр жығылған кезде

сендерді оятып алдым да жүріп кеттім. Ұйықтамай күтіп

жатқаным мырзаның келуі еді.

Ауылы шулыған болып қала берді. Кесірлі әйелдің кесірі

қырық есекке жүк болыпты деген. Бір әйелдің кесірі ғой.

Кел, балалар, мына жердің шөбі шүйгін екен, аттарыңның

ертоқымын алыңдар. Аттарымыз да ашықты ғой, тойынып

алсын. Өзіміз ертоқымды жастанып, ұйықталық. Ертелетіп

жол жүреміз.

— Әулие ата, «Құдай үрған оңалады, аруақ үрған

оңалмайды» деген сөздің мәнісін қалай түсінеміз? — деп

сұрады Асылбек:

— Саған қалай айтсам екен? Ә, мына оқиға есіме түсті.

Әзәзілдің азғыруымен Алла тағала Айып пайғамбарға жазылмайтын

құрт ауруын жіберді. Әзәзіл Алла тағалаға:

— Міне, бұл пайғамбарыңның біреуі ғой. Жазылмайтын ауру

жіберді деп үш күннен кейін сені тілдейді, — деді.

151


— Тілдемейді, — деп Алла тағала келіспеді. — Менің атыма

лағнет айтпайды. Айып пайғамбар ұзақ жыл іріп-шіріп, сасып

жатса да, тәнін жеп, жерге домалап, басқа жаққа кете

бастаған құртқа:

— Әй, Алланың жаратқан мақұлығы, мені саған ризық,

нәсібе ғып шашқан. Сүйегімнен аузыңа ілінер қорек табылса,

же, аяма. Тек қолқа-жүрегіме тиме. Ия, Алла бергеніңе шүкір,

тағдырыма ризамын, — деп жата берді. Әзәзілдің айтқаны

келмей, сағы сынып, қап-қара боп түтігіп жүргенде, Алла:

— Әй, әзәзіл, көзің жетті ме? Көрдің ғой, тіл тигізбек түгілі,

қабақ шытқан жоқ қой, — деді.

— Ия, көрдім, тіл тигізбеді. Шүкіршіліктен басқа айтары

жоқ. Шүкір, тағдырыма ризамын, — деді.

Осыдан кейін Алла тағала періштесі арқылы Айып

пайғамбарға:

— Ей, пәндем, шын берілген құлым екенсің. Тұр. Тірлік ет,

рахат көр. Жиырма бес жасыңды өзіңе қайта қайтардым, —

деп аян берді. Оянса, айналасында бір құрт жоқ, тап-таза. Өзі

жиырма бестегі қалпында отыр.

Айып пайғамбардың денесіне жабысқан екі құрт ерекше

есте қалған. Біріншісі — сүлік. Ол адамның бұзылған қара

қанын сорады. Екіншісі — ара. Ол бал береді.

Міне, бұл — Құдай ұрады да жарылқайды дегеннің керемет

мысалы. Ал енді аруақ үрғанның оңалмайтыны — аруақ Құдай

емес қой. Түсіндің бе?

— Түсіндім.

— Түсінсең, ұйықта.

***

Мырзаның екі жігіті олай шауып, былай шауып үш атты

жолаушыны таба алмады. Қараңғыда қайдан тапсын. Екеуі

Сарыбұлақтағы ауылға келіп қонып, шолпан туғанда оянып,

екі биік төбенің басына шығып, үш атты адам қай жақтан

келеді екен деп қарап тұрды. Сарыла күткендері зая кетпеді.

Ары-бері өтініп екі атты үш жолаушыны айтқан дарына

152


көндіре алмай, ауылдарына бет алды. Бір шақырымдай жерге

ұзаған уақытында біреуі қайта шауып келді.

— Оу, ата, тым болмаса, айтып кетіңізші, қай мезгілде қайтасыздар?

Осы жолмен қайтасыздар ма?

— Ау, батыр, жолаушы жол кеспейді деген. Қай жолмен

қайтарымызды Құдай біледі. Ат-көлік аман болып, елге аманесен

қайтсақ деген ойымыз бар, — деп Бекасыл әулие онымен

қоштасты.

***

Үш атты бірнеше күн жол жүріп, Арқаға келді. Бекасыл

әулиенің әдеті:

— Мен келе жатырмын, алдымнан шық, — деп ешкімге жар

салмайтын. Көк атты, көк киімді құдайы қонақ болып, біреуге

қонып, біреуге түстеніп жүре беретін. Осылай Арқадағы Тілеу-

Шәкәрім дос-інісінің ауылына дабырасыз бір-ақ келіп түсті.

Тілеу-Шәкәрім екеуі құшақтасып, сүйісіп, көріс ті. Екі жүйрік

құшақтарын жазбай жүктің алдына төселген текеметкөрпешенің

үстіне келіп отырды.

— Оу, қасиетті әулие досым, сізді келеді деп күткенімізге

алты жыл болды. Сіз келеді, сізді көреміз, қастерлі сөзіңізді

естиміз, еміңізді аламыз деп өзіңізді ел болып шақыртып едік.

Сізді келеді деп жылда тосамыз. Біздің елдің бораны қатты

болады, содан қорғанып келе алмай жатқан шығар деп мен

елге талай өтірікші де болдым.

О, қасиетті әулием, алдымен кісі шаптырып, хабар жібермей,

нағашысын іздеп шыққан жаман-жәутік жиендей бұл қай

істегеніңіз? Сіздің мына үн-түнсіз келісіңізден жолыңызды

тоса-тоса шаршаған елімнің жақсыларының бәрі хабарсыз.

Жылдағыдай келе алмас деп ойлап қалдық. Біздің міндетіміз

ардақты аға баласын барынша құрметтеп, парасаттап күтіп

алу еді. Қапы қалдық, — деді Тілеу-Шәкәрім өкініп.

— Ау, асыл дос-інім Тілеу-Шәкәрімжан, дұрыс айтасың.

Атыңды шапқанда сана демекші, мен Бекасыл болсам, халқымның

бақыты үшін, аруағы үшін туған шығармын. Бұл

153


жақтағы ағайындарға, Арғын атаның баласына жолым түсіп

келіп тұрғаным осы.

Мен дабысымнан гөрі шабысымды жақсы көремін.

Халықтың ортасында тудым ғой. Сынаса, сөзімді халқым

сынасын. Мен дабыспен Бекасыл бол маймын, сынаудан өтіп,

шабыспен Бекасыл боламын. Алатаудай дабыра етіп қайтесің?

Менің дабысыма бола Бекасыл демесін, өзімді көзімен көріп,

сөзімді құлағымен естіп, ұнатса ғана Бекасыл десін халқым.

Тілеу-Шәкәрім іштей толқып, тебіреніп кетті. Орнынан

тұрып, алғысын айтып, қайта қолын алды. Көп ұзамай-ақ ел

жақсылары құлақтанып, бірінен соң бірі келе бастады. Бәрі

құшақтасып, төс түйістіріп көрісіп жатыр.

Бекасыл әулие екі-үш күн тынығып, демін алған соң, ежелгі

әдетінше жер жағдайымен танысайын деген желеумен

салт аттылы, сабау қамшылы күйде ауыл сыртына жалғыз

шығып, өрістегі қойшы қолаң мен, жылқышы, бақташылармен

сырласып, достасып қайтты. Кеш түсе халық жиналды.

Амандық-есендік тен соң қарапайым жұрт:

— Біздің шешілмей жүрген дауымызды шешіп беріңіз, —

деп тілек айтты. — Ем-домыңызды содан кейін жасай жатарсыз.

— Уа, халқым, — деді Бекасыл әулие жиналған жұртқа, —

даусыз, жанжалсыз ел болмайды. Бір кісі ден туғандардың

өзі де дүниеге таласып, араз болады. Менің ағайын арасы

дау-дамайына билік айтайын деген ойым жоқ еді. Талаптілектеріңізден

аттай алмай, бір Аллаға, ата-баба аруағына

сыйынып, тәуекел деп тұрмын. «Шешінген судан тайынбас»

деген ғой, араларыңызда нендей қиын іс бар, қандай

бітпей жатқан дау-дамайларыңыз бар, алып келіп, алдыма

салыңыздар.

Ертеңіне биік төбенің баурайына қарай ел жақсылары

Бекасыл әулиені құрметтеп алып жүрді. Жан-жақтан ағылған

жұртта қисап жоқ. Ру басылары, ағайын ақсақалдары екі жақ

боп тартысып, бітіре алмай жүрген дау-дамайларын ортаға

салып, Бекасыл әулиені иіліп күтті.

154


— Оу, ағайын! — деп бастады сөзін Бекасыл әулие билікке

кіріспес бұрын. — Не нәрсені қор түтсаң, содан зардап шегесің.

Біріңді бірің қорлама, менің атам Пәленше деген, ол

тұрған да сенің атаң кім деп өзіңді өзің зор тұтпа, жатқа жем

боласың. «Тура биде туған жоқ, туғанына бұрған биде иман

жоқ» деген бұрынғылар.

Бекасыл әулие дау-дамайдың бәрін қара қылды қақ

жарғандай турашылдықпен шешіп, мынау Пәленнің, анау

Түгеннің тұқымы еді демеді, ара ағайындық, әділ билігін

айтты. Теңдікке қолы жете алмай жүрген талай нашарлар

Бекасыл әулиенің арқасында теңдік алып, жылап алғыстарын

жаудырды. Ауру-сырқау жандар емделіп, көңілдерін демдеді.

— Ау, болыс-билерім, бай-мырзаларым, нашарларға зорлық-зомбылықты

көп жасайды екенсіздер. Бұларыңыз —

үлкен кемшілік, бұл — халқымыздың өсіп-өнуіне, келешегіне

зиян. Қызыр халықта, өсемін-өне мін, жақсылыққа жетемін

десеңіздер халықты қорла маңыздар.

Әуелі Алланы сүйіңіздер. Жаны, ары таза еместер Алланы

сүйе алмайды. Алланы сүйе алмағандар адамды сүйе

алмайды. Ал адамды сүйген ақиқат жолынан адаспайды,

біреудің ала жібін аттамайды, ақиқат, әділдік үшін неге де

болсын, тіпті жанын қиюға да барады.

Елі жақсының — ері жақсы, ері жақсының — елі жақсы.

Халық үшін жақсы болсаңыздар жақсы болғандарыңыз.

Қарау, қиянатшыл адамды Алла да жек көреді. Әділетсіз

басшыны халық естіртіп айтпағанмен ішінен қарғап тұрады.

«Алғыс алған оңалады, қарғыс алған жоғалады» деген.

Халқыңа жауыз болып, қараулық істеме.

Алла бұл дүниедегілердің бәрін еркек-ұрғашы, жақсыжаман,

өмір-өлім деп жұп етіп жаратты. Ауру деген —

Алла ұғымында жоқ нәрсе. Оған ғайбат сөйлегенімізден,

әділетсіздігімізден, күтінбеген дігі міз ден тап боламыз.

Бізге жақсылықты Алла берген, ал жамандықты өз

еңбегімізге сатып аламыз. Ол жамандықтың аты не? Оның

аты — күнә.

155


Құран — бәрімізді күнәдан арылтатын Алла ақылы,

адамзатты ізгілікке тәрбиелейтін басты кіта п. Алла бізді адам

етіп жаратты. Адам боп жарал ған соң бір-бірімізді сүйіп,

құрметтей білуіміз — парыз. Өзімізде де, ұл-қызымызда да

махаббат болғаны жөн. Ол махааббаттың кілті Аллада. Сол

үші н Жаратушымызға сүйінуіміз, сыйынуымыз қажет. Пананы

да, арашашыны да, желеп-жебеуші, жарыл қаушыыны да

Алладан іздеуіміз, Аллаға жү регі мізбен берілуіміз керек.

Аллаға жүрегімізбен берілсек, қылмыс жасаудан, тағы басқа

күнәлардан ұрып-соқпай-ақ, тар зынданда қорлық көрмей-ақ,

өзімізден өзіміз араламыз. Таңғы шықтай тазарып, әлемдегі

ең күшті, ержүрек, жомарт жандарға айна ламыз.

Құдайға құлшылық етудегі халқымыздың ой-ниеті

таза. Оны «Құдайсыз қурай сынбайды», «Құдай десең, құр

қалмайсың» деген екі мақалымыздан-ақ білуімізге болады.

Құдайдың құдыретін танып, дұрыс құлшылық ету үшін

Құранды қайталап оқып отыруымыз керек. Мен өзім солай

етем. Құранды оқыған сайын шөлдей берем, шөлім қанбайды.

Бәрі ұғынықты сияқты-ақ боп тұрады. Қайта оқысам, басқа

ойға кезігіп, басқа бұлақтан су ішкен сияқты болам...

Құранда: «Ей, адам, өзіңді өзің тәрбиеле, өз басыңның

тазалығын ойла», — деген өсиет бар. «Өзіңді өзің тәрбиеле»

дегені — өз дініңді, өз әдет-ғұрпыңды, салт-санаңды қасиеттеп,

сақтай біл дегені. Жер бетіндегі адмның бәрінің іздегені

— табыс. Оны біз мал дейміз. Қазақ «Малым — жанымның

садағасыы, арым — жанымның садағасы» дейді. Малды біз қу

жан жан үшін жинаймыз.Ал Құран аяты, ар тазалығы бәрінен

жоғары, арыңды қасиеттей біл, қадірлей біл дейді.

Құран басынан аяғына дейін адамзат баласын сабырлылыққа,

төзімділікке, шыдамдылыққа, иман дылыққа шақырады.

Құран — Алланы танудың, әлемді танудың кілті. Құранға

жетер күш жоқ.

Біз мұсылманбыз. Мұсылман — мейірімді адам, кәпір

мейірімсіз. Кәпірді құдайсыздар дейміз. Себебі, ол ештеңеге

сенбейді.

156


Алла адамға жеті жұмбақ сыйлады. Бірінші, Алла дегеннің

өзі кім? Екінші, адам туады, өседі, қартаяды, өледі. Неге

бұлай? Біз неге болған, толған күйімізде тұрмаймыз? Үшінші,

табиғат неге өзгереді? Неге ағаштар көгереді, су ағады?

Төртінші, — тіл, бесінші — сана, алтыншы — жүрек, жетінші —

еркіндк.

Осы жеті жұмбақ сырын, оның қадір-қасиетін танып,

білудегі біздің негізгі мақсатымыз — жақсылыққа жету. Құранның

Бақара сүресінде: «Жақсылық істеңдер, Алла жақсылық

істегендерді жақсы көреді»,— делінген.

Құрметті жамағат, бәріңізден өтініп сұраймын, бір-біріңізге

көз алартып, қастық ойламаңыздар, қайта бір анадан

туғандай, бір шаңырақтың астын да өскендей бір-біріңізге

бауырмалдық мейір танытыңыздар. Осылай сыйласқанда

ғана қамшының сабындай қысқа ғұмырымызды дәмді де

мәнді ете түсеміз.

Бекасыл әулие сөзін доғарғанда:

— Қасиетіңнен айналдық, бір теңдікке жеткіздің, — деп

нашарлар, кемпір-шалдар батасын беріп: «Ем-домыңнан сырқатымыздан

айықтық», — деп аурулар алғыстарын айтып

жатты. Қайсыбіреулердің сауал да рына жауап берді.

Тіілеу-Шәкәрім бастаған елдің игі жақсылары салқын

түсісімен ақ шымылдыққа ұқсас ақ қайың дар қалқасындағы

бұлақ басына барып, ашық алаңқай дың көк майсасына

қалыңдап киіз, кілем, көрпеше төсеттіріп, Бекасыл әулиені

ортаға ап:

— Әңгіме айтыңыз? — дегенді әдетке айналдырды. Бастапқыда:

— Ау, ағайын, ау, бауырларым, әңгімені сіздер айтыңыздар.

Мен құдайы қонақпын, — дегеніне көнбей:

— Сіз жол басып келдіңіз. Әуелі сізден тыңдалық. Біз де

қарыздар болып қалмаспыз, — деп өтініп болмады.

— Жарайды, жарқындарым, алмақтың да салмағы барын

ұмытпаңдар.

Бекасыл әулие әзілдей күліп, өзін қоршай отырған үлкенкіші

ел жақсыларына барлай көз тастап:

157


— Сіздерге мен еліміздің ерен туған ерлерінің өрлігі мен

ерлігі туралы естіп-білгендерімді айтып берейін. Ауыл арасының

әңгімесі қажет бола қоймас, — деді.

— Біздің сізден күткеніміз де осы ғой.

— Дұрыс.

— Іркілмеңіз.

— Биыл қатты жұт болады. Маған соғымды жетерлік сойып

бер де, малды айда, — деп Алтынай қария он үш жастағы ұлы

Қарасайды малшыларына қосып, алыс сапарға аттандырды.

Қыс өтті. Ел ақсүйек боп жұтады. Жерге көк шықса да,

Қарасайдан хабар-ошар жоқ. Күндегі әдетінше ақ сақалы

желбіреп, ауыл сыртындағы төбе басында Алтынай қария

жол қарап отыр. Көз ұшында бірдеме қарауытады. Кенже

қызын қасына шақырды.

— Қарасайым көріне ме?

— Ат жетектеген біреу келе жатыр.

— Құдай жарылқап Қарасайым болса етті!

— Әні-міне дегенше бір семіз атты мініп, бір семіз атты жетектеп

Қарасай бала жетіп келді.

— Ассалаумағалейкум, Жәке.

— Уағаликумассалам, мал аман ба, балам?

— Мал аман.

— Мөлшерлі мерзімнен он бес күн кешіктіңдер ғой?

— Мал қызыл шу боп төлдеді. Содан кешіктік.

Алтынай баласы Қарасайды тамақтандырып болған соң:

— Ал, қарағым, бүгін кері қайт, үйге қонба, — деді. — Ел

ақсүйек боп жұтады. Төңіректе тігерге түяқ қалмады.

Жұрттың көзіне құрт толып отыр. Бірден айдап келсең.

«Ойпырмай, мына малды-ай!» — дейді таңырқап. Көз тиген соң

малдан мал қалмайды. Қазір бар да қымыз, айран дайындат,

семіз қойларды, семіз жылқыларды сойдыр. Етін атқа артып

әкеліңдер. Алдымен елдің тамағын тойғызып, көзінің құртын

алалық.

Қарасай әкесінің айтқанын бұлжытпай орындады. Ел

әбден тойынып, «Бәрекелде, Алтынай, Құдай тілеуіңді берсін»

— дегеннен кейін ғана:

158


— Ал, балам, енді қауіп жоқ, малыңды айдап әкел. Алтынай

жоқ-жұтаңдардың бас-басына сауын таратты. Елден алар

ештеңесі болмай жұтап отырған Есқұл байға екі жүз қой,

отыз жылқы бөліп берді.

Арада екі жыл өтті. Алтынай ауылын аңдаусызда қалмақ

шапты. Үйін жығып үлгере алмай, қашып-пысып, өздері әзер

бас сауғалады. Баспанасыз, малсыз қалды.

Есқұл бай бәйбішесіне:

— Біз ақ сүйек боп ашыққанда, Алтынай сауыны мызға,

соғымымызға дейін берген еді. Бүгін оның аулын жау шапты.

Не істейміз? — деп ақылдасты.

— Нендей көмек көрсетеріңізді өзіңіз біліңіз. Менің қосарым

— осы сегіз қанат ақ үй. Дүние шіркін қайда қалмаған! Ең

ақыры көсеуіне де тимеймін.

Алтынай аулы арып-азған, тоңып-тозған жоқ. Ел-жұрттың

арқасында үйлі, малды болды.

— Құдайға мың шүкір, — деді Алтынай баласы Қарасайға

оңаша сыр шертіп. — Жақсы айғырдың үйірінен ат қашпайды.

Неге десең, жақсы айғыр оны шеттетіп қумайды. Жақсы

адам да солай. Жаман жақсының қадірін білмейді. Сенен

тілейтінім, жақсы адам бол... Жақсы адамның белгісі — өзінен

бұрын өзгеге жақсылық жасайды.

— Е, дұрыс, әулие ата, Қарасайдың әкесі нағыз әке екен,

бүкіл жан-дүниемізбен түсіндік, — деп қияқ мұртты жігіт ағасы

басын изеп қойды. — Сөзіңізді бөлгенім үшін ғафу өтінем.

— Бір түнде Қарасайдың аулын қайта жау шапты. Жарар

малын түк қоймай айдап әкетті. Қарасай бала да шабылған

малмен бірге кетті.

Былай шыққаннан кейін жау қуғыншының жоғын біліп,

Қарасайға мал айдаттырып қойды. Талаудан түскен оны олжа

көріп, кім екенін сұраған да жоқ. «Бір бала малды айдасып

келе жатыр», — деді де қойды. Тіпті бертін келе оны мал

айдауға жеке қалдырып, жау күзетшілері өзара топтасып,

қызық-думанға басты.

Түстенген жерде Қарасай бес-он жылқыны қақпайлап,

ұмытып кеткен болып, сайға айдап, кейін қайырып жіберіп

159


отырды. Қонған жерде де бес-он түйені қақпайлап, сайға

айдап бөліп тастай берді. Қасындағы жолдастарының бәрі

ұйқыдан қалып, шаршап келе жатқандықтан оның бұл

әрекетін байқамады.

Бостандық алған мал бірден өз өрісіне тартты. Жолжөнекей

Қарасай бала малдың жарымынан көбін жаудан

алып қалды.

Бірнеше күн жол жүріп, жау өз елінің шетіне жетіп тынығып

жатқанда Қарасай қалмақ сарбаздарының бір жүйрік атына

мініп қашты. Ол қашқан бойда аулына келді. Ауылдағы

ақсақалдар, үлкен кісілер оған алғыстарын жаудырып, тапқыр

ерлігіне таңғалды.

Бәрінен әкесінің қуанышында шек болған жоқ.

Қарасай он төртке шықты. Елінің Жанай деген батырының

жетпіске жетіп, қартайыңқырап қалған кезі.

— Қарағым Қарасай, аруақты сыйлай ма деп өзге баладан

гөрі сенен үміт етемін. Мен бір алыс жерге бармақшы едім.

Сен маған серік болшы, — деді өзіне шақырып алып.

— Ата, әкем рұқсат етсе, сізбен жердің түбіне де баруға

дайынмын.

Жанай батыр күліп, Алтынай қарияның алдына барды.

Қария бірден рұқсат етті.

— Балам, мен бір жесір дауы үшін келе жатырмын. Қасыма

сенен басқа жолдас ерткенім жоқ. Өйткені, елшілікпен біте ме

деген үміттемін. Егер елшілікпен бітсе, сенің жолыңның болғаны.

Бұл — бірінші тырнақалдың. Бітпесе, онда не істейтінімізді

ақылдасып көреміз.

— Жарайды, ата. Бірақ қарақалпақ келіспесе, ыңғайыңызды

танытыңыз.

Күн, түн, жауын-шашын демей екеуі қарақалпаққа келді.

— Біз көрші жатқан елміз. Қойымыз қоралас, аулымыз аралас.

Мен мынандай дау қуып келдім. Осы дауды бітіріңдер.

Алдарыңнан өткелі отырмын, — деп Жанар батыр дау-дамайының

жайын айтты.

Қарақалпақтар өзара ақылдасып:

160


— Қой, біз бірқатар елміз. Жанай батыр көп кісімен қол артып

келіп отырған жоқ. Бір шал, бір бала келді деп бітім береміз

бе? Тағы бірде келерсің деп қайтарып жіберелік. Оған

дейін біз істің мән-жайын сұрап, ақиқаттап қоялық делік, —

деп екеуін құр сөзбен қайтармақ болды.

Қарасай бала қолды-аяққа тұрмай жылқышы лармен бірге

құлын байласып, бие айдасып, түйе шілермен түйе жайысып,

қай малдың қай жерде жатқанын, өрісі қайда екенін жақсы

біліп алды. Тіпті кейде күндік жерге дейін ұзап кетіп, жер

шолып қайтқан кездері де бар.

Қабағы түнжырап, қалың ой құшағында отырған Жанай

батырдың қасына келіп:

— Ата, дау өнетін бе? — деп сұрады.

— Қайта бергін, кейін тағы келерсің, сұрастырып көрерміз

деп жатыр, — деді Жанай батыр.

— Ата, ендеше айтқандарына келісіп: «Жарайды, келесі

жылы тағы келермін», — деңіз. Есебін өзім табамын. Сыр

бермей аттанайық.

Екеуі қайтпақ болды. Ертең қайтамыз деген күні қызыл

іңірде Қарасай бала атына мінді де, айғырымен жиырма

бес байталдың үйірін алдына салып қуып айдап, қайтар

жолындағы бір таудың қуысына әкеп тастады. Бір жаққа

кетіп қалмас үшін айғырды арқандап, тұсады. Түн жарымында

қайтып келді. Осылай еттім деп Жанай батырға айтқан жоқ.

Ертелетіп жүретін болды. Жұрт жиналып:

— Оу, Жанай батыр, еліңізге аман-есен жетуіңізге тілектеспіз,

— деп қайыр-қош айтысты.

Екеуі жүре-жүре түс ауа жылқыны айдап әкелген тауға

жетті. Тау етегіндегі ауылдың бір үйіне барып, «Құдайы

қонақпыз» деп түсті. Шай ішіп, ет жеп болғаннан кейін Қарасай

бала серігі Жанай батырға:

— Ата, мен біраз ұйықтап алайын. Күн батар кезде оятыңыз.

Ұмытып кетпеңіз, — деді сыбырлап.

Жанай батыр оны айтқан мезгілінде оятты. Қарасай бала

жеңіл тамақтанысымен білдірмей тысқа шығып, атына мініп,

161


шу деп жылқыға келді. Қысырақтың үйірін түнделете айдап,

қуып, жосылтып отырып тағы жарым күндік жерге апарып

тастады. Тағы айғырды арқандап тұсады.

Сыртта мал көп. Бір үйір жылқыны көргендер осы

маңайдағы ауылдың малы екен деді де қойды.

Ертеңіне екеуі тағы түс ауа бір ауылға келіп түсті. Тамақ ішіп

болған соң Қарасай тағы кешегі әдетіне көшті. Бірнеше күн

жөнді ұйықтамағандықтан көзі кіртиіп, мойны сорайып, азып

кетті. Ер үстінде қалғып-мүлгумен болды. Оны Жанай батыр

өзінше жорыды. Аттан құлап қалмауын көздеп, қатарласа

жүріп отырды.

Бесінші күн дегенде қарақалпақ елінің шетінен шықты.

Қазақтың жеріне аттарының тұяқтары тиген соң Қарасай

бала қасындағы тұнжырап, ойға батып келе жатқан Жанай

батырға.

— О, ата, бірімізді шал деді, бірімізді бала деді. Қарақалпақ

екеумізді қорсынды, — деп құпия сырын ашты. — Халқымның

аруағына сыйынып, мен арғымақ айғыры бар жиырма

бес қысырақтың үйірін айдап келе жатырмын. Сіз кеш бата

ұйықтап жатасыз, мен түнделетіп жылқы алып жүрмін. Енді

қауіп жок, қазақ жеріне жеттік. Қуғыншы енді бізге келе

алмайды. Келгенімен үйір қысырағын қайтарып ала алмайды.

Жолдағы ауыл адамдарымен әңгімелесіп отырғанда, бірде

болмаса бірде аңдаусызда аузыңыздан шығып кете ме деп

мұны сізге айтқан жоқ едім.

Енді өз жерімізге келдік. Біз қайта айналып оралғанша

қанша заман? Олар келе алмайтынымызды біліп, әдейі

кейінге сілтеді. Әзірше бір үйір жылқыны екеуміз бірігіп, «бір

жекжатымыздан алып келе жатыр едік» деп айдай берелік.

— Қарағым, мұның дұрыс болды. Бұл — сенің тапқан ақылың.

Бәсе, ақыл табады-ау деп, бала бол саң да, сені жолдас етіп

едім, — деп Жанай батыр есі шыға қуанды.

Олар тағы бірнеше күн жол жүріп, өз ауылдарына да жетті.

— Ал, ақсақал, енді жылқы өзіміздікі болды. Жұртқа

шындығыңызды айта беріңіз.

162


Бұл кезде Алтынай қария бейтаптанып, үйінде төсек

тартып жатыр еді. Елдің билері, ақсақалдары бәрі жиналып,

бір тойда отырған-ды. Жанай батырдан болған оқиғаны естіп,

білген соң, бір жігітті жұмсап:

— Шақыр баланы, көрелік, шақыр! — десті. Ол жылқының

ішінде жүрген Қарасайды тез-ақ тауып, ақсақалдардың алдына

алып келді.

— Оу, қарағым Қарасай, саған бұл ақылды кім үйретті?

Мынау Жанай айтты ма? Жоқ, басқа біреу айтты ма? — деп

сұрады төрде отырған ақсақалдар.

— О, аталар, мен бұл ақылды ешкімнен сұрағаным жоқ.

Менімен қарақалпақ ақылдасар деймісіздер? Қасымдағы

жолдасым Жанай атама да шынымды айтпадым. Шынымды

айтпаған себебім — ішіне сақтай алмайды-ау деп қорықтым.

Біз неше күн бойы жол жүріп, сол жерге теңдік алғалы

сандалып барып отырмыз. Олар бізді біреуі бала, біреуі шал

деп дауымызды бермей қулық сөзбен шығарып салды.

Атадан тумас па едік, ата жолын қумас па едік, егескеннен

есені алмас па едік, олжаны алып келіп ортаға салмас па едік!

Ата жолын қуған, атадан ұл боп туған батырдың бірі болсам

деп армандап жүрмін.

Төрде отырған үлкен ақсақал риза болып:

— Басыңнан дау аспасын,

Ізіңді жау баспасын.

Айтқаның келіп тұрсын,

Ойлағаның болып тұрсын, —

деп батасын берді. — Қарағым, сенің мына ісіңнен мен үш

түрлі қасиетті көріп отырмын. Оның бірі — айла, екіншісі — ақыл,

үшіншісі — ерлік. Үшеуінің тал бойыңнан табылғанына тәуба.

Қарағым, сенің атың бұдан былай Ер Қарасай болсын.

— Бұл бағаға мен де қосылам, — деді қияқ мұртты жігіт

қайта сөзге араласып.

— Осы Ер Қарасай ержете келе Қара Ертіс бойындағы қалмақпен

болған соғысқа қазақтың туын көтеріп қатысып, То-

163


был, Еділ, Жайық бойындағы ұрыстарда қол бастады. Жәңгір

ханды түтқыннан босатты. Мұны естігенбіз, білеміз.

— Е, онда мен сіздерге Ер Қарасайдың қартайған шағындағы

бір оқиғасын айтып берейін.

Сол күні Қарасай баба тау басында ымырт жабылғанға

дейін отырды. Кенже ұлы Көшек:

— Аталарыңды ертіп келіңдер, — деп мезгілді уақытында

жіберген балаларына Қарасай баба жауап бермеді. Олардың

келіп-кеткендерін байқаған да жоқ.

— Білмейміз, атам үндемеді. Біз отырып-отырып қайтып

кеттік — балалары осылай деп ауылға келді.

— Ой, бірнәрсеге тарынып қалған шығар, ол кісіге өзім

барайын, — деп өзі келді.

— Балам, сен кете бер, ойымды бөлме. Қараңғы түссе, түсер.

Мына көрпе-жастық бүгінше осында қала берсін, ауылға өзім

барармын, қам жеме, — деп Қарасай баба Көшекті еріксіз қайтарып

жіберді.

Тау басында, қараңғылық құшағында жалғыз отырып, ол

қайта ойға батты.

Шіркін дүние, біз өлімге жанымызды қиып, халқымызды

қорғап, баланы бауырға басып, ана мен атаны қастерлеп

сыйлап, бейбіт жатқан, өсіп-өнген ел болсақ деп армандап

едік. Сол арманға да бүгін жеттік-ау. Мың шүкіршілік.

Бұрынғылардың баста жақсылық та, жамандық та тұрмайды

деген сөзі бар. Шабылған еліміздің оннан бірі қалса

да, кемтік толып, қайтадан қазақ сл болып, арулысы мен

айдарлысы өсіп жетіліп, күндіз-түні күлкісі, той-тамашасы қайта

қалпына келгені мынау. Енді осылардың жаманшылығын көрсетпе,

Тәңірім. Елді жылатпа, ұйқысын бөлме, күлкісін тыйма.

Жасымда тілеген тілегімнің бәрін беріп ең, Тәңірім,

қартайып, екінші бала боп отырғанда тағы тілек тілейін. Осы

тілегімді де қабыл ет. Атым Қарасай қазы еді, малды бердің,

жанды бердің, ризамын. Енді осы елімді бағатын бір ие бер.

Осы тілегімді қабыл ете көр.

Ойын-сауықтан басқа ешнәрсе болмағандай осы күнгі

жастар не біледі? Иесіз ел жаудың алдындағы мал ғой.

164


Қалай айдаса, солай жүреді. Сондықтан ұрпағымыз туралы

уайым-қасіретті біз секілді, қария ойламаса, кім ойлайды?

Мың қойдың бір қойшысы болмаса, мың қой өрістен ауылға

өзі келе ме? Ел қамын уайымдап, атқа мінетін бала тумаса, ел

қайтіп жадырап күлмек? Бағатын батыры, ерлері жоқ халық

айдағанның алдында, шайнағанның аузында кетпей ме? Осы

қауіпті біз ойламасақ, кім ойлайды?

Зарыққан, тарыққан халықтың тілегі үшін біз туып едік.

Жау көрмеген, дау көрмеген жас ұрпақ өсті. Қарны ашпаған

тамақ тілемейді деген, сондықтан, Тәңірім, осы халықты

бағатын, хал-жағдайына қарайтын бір ие бер. Халықтың иесі

болмаса, тамағымыздың тойғаны не болады. Сенімді ұл бер,

сергек ер бер.

Қарасай баба басынан өткеннің бәрін, ілгергі уақыттағы

қалмақпен, қытаймен шабысқан, қолды болған үл-қызды,

кемпір-шалды құтқармақ боп ұрандасып жиылып, жаудан

ел-жұртын қорғап, ажыратып алған күндерін көз алдына

елестетіп, ой тереңіне бойлап, ене берді.

— Шүкір, даламызда лықып жатқан жылқы, түйе. Оған кім

қызықпайды? Ертең жау келсе, алдына сап айдап жөнелмей

ме? Ара түсетін кім? Шүкір, сүргіншілік болмағалы он жыл

өтті. Екеуден біреу, жүзден он қалғанша соғыстық емес пе?

Қазақтың елі бар, қорғайтын ері бар деп жау беттемей кетті.

Талаудан, шапқыннан қалған мал мал болып, жан жан болып,

орнында бар оңалар дегендей бас та жетілді, мал да жетілді.

Енді осы елге, Тәңірім, бір есті ие бер, — деп Қарасай баба

мойнына кісесін салып, таудың басында түнеп қалды.

***

Таң атқан соң Қарасай баба балаларына:

— Қарақтарым, мен жол жүремін. Маған ат, үш серік дайындаңдар,

— деді. Көп ұзамай айтқаны әзір болды.

Қарасай баба үш серігімен ешкімнен еш нәрсе сұрамай

ауыл аралап келе жатты. Екінші күні бір жерде шыбықты ат

қып мініп, сабаласып ойнап жүрген балаларды көрді.

165


— Ә, бұл әлі Шапырашты ауылы екен, — деп бұрылмай,

тұстарынан өте шықты. Қату қабағынан қаймыққан үш серігі

үндемеді.

Бір жерге жеткенде өгіз болып, бірін бірі сүйреп, қайсыбірі

арық қазып, су ағызып ойнап жүрген бала лардың үстінен

шықты. Қарасай баба Дулат жұртына келгенін бірден сезе

қойды.

— Әй, балаларым, Төле деген баланың үйі қайсы? Өзі қайда?

Ешкім жөнді жауап қатпаған соң ары қарай жүріп, асық

ойнап жатқан бір топ балаға бұрылды. Бәрі жапа-тармағай

сәлем бергенде, бір бала асығын жерге тастай салып, екі

жанын сипап, шаңын әбден кетіріп, Қарасай бабаға қолын

ұсынды. Жай ұсынып қана қойған жоқ, иіліп, кішілік ізет

танытты.

Балаға зер сап қараса, шашы алынған, қолының сырты

жарылмаған, тырнағы өспеген, аяғында көнелеу болса да

байпағы бар.

— Мұның әке-шешесі де ұқыпты, өзіне өзі ықтият ты жандарау,

— деп ойлады Қарасай баба.

— Иә, қарақтарым, Төле деген баланың үйі қайсы?

— Анау тұрған қараша үй, — деп әлгі ізетшіл бала қолымен

нұсқай көрсетті. — Жүріңіз, мен ертіп барайын.

Домалаңдап, алдына түсіп, жаяу жүріп берді. Қарасай баба

ішінен: «Менің іздеп жүрген Төлем осы шығар», — деді риза

болған кейіппен.

— Балам, жаяу жүріп шаршағанша, кел, алдыма мін, — деді.

— Жоқ, ата, мен асық ойнадым, үстім шаң-топырақ, таза

емес. Жаяу-ақ барамын, — деп ол көнбеді.

Алғаш көргенде-ақ бар асығын жерге тастай сап, қолын

қағып, онымен де қоймай екі санына сипап, ізет танытқанынан

баланың ішкі сезімінің күштілігін байқап, қатты риза болған

Қарасай баба атын сұрамай-ақ оның Төле екенін анық біліп,

іштей шүкіршілік етті.

Бала алдына түсіп жүгіріп отырып, үйіне бастап барды.

Қарасайды көрген Әлібек:

166


— Ойпырмай, батыр ағам-ай, сізді де көретін күн бар екенау?

Елімізге абырой, жеңіс әкелген, дауылды, жауынды күндері

пана болған, асыл ағатайым, сіздің мына келісіңіздің өзі

ерлік. Кеше күндіз ойлап, қартайған шағымда тағы бір көрсем

арманым жоқ деп едім, — деп жылап жіберді.

Бірін бірі қыса құшақтап, сағыныштарын басып болған соң,

төрдегі көрпешенің үстіне қатарласа отырды. Бірі сөйлеп

болса, екіншісі іліп әкетіп, екі жүйрік аузы тынбай, хал-жай,

ел амандығын сұрасып отыр. Анда-санда өткен күндерін де

тілге тиек етіп қояды.

— Оу, Әлібек інім, біздің өміріміз батып бара жатқан күнмен

тең, — деп Қарасай баба бірсыпыра сыр шертті.

Әлібек би Қарасай ағасының іздеп келгеніне жүрегі жарыла

қуанып, ағайын-жұртын тегіс шақырды. Күндіз қой сойып,

кешке құлын сойып, қонағын күтті.

Қарасай баба үй ішіне көз салып отыр. Әлібектің бақуатты

тұрмысына көңілі толғандай жымия күлімсіреді.

— Әй, Әлеке, жорықта жолдас болдық, бір жүрдік. Талай

жауымыздан кегімізді алдық. Кек алудың оңай болмағанын

білесің. Сабыр да, қажыр да таныттық, — деп өткеннен сөз

қозғады. — Енді, міне, қартайдық, қайғы ойладық. Өткен өмір

еске түсті. Құдайға шүкір, бала-шағамыздың ұйқысы бөлінбей

жеңістің рахатын көріп жатыр. Бар тілегімді берген Тәңір тағы

да тілегімді берер деп іздеп келдім. Бабалардың аруағына

сыйынып, зарланып, тау басында түн жамы лып тілеу тілеп

едім. Төле деген балаң түсіме енді.

Осы кезде Төле тойға баратындай жуынып, таза киімдерін

киіп, Қарасай бабаның қасына келіп отырды. Ол тілге келіп,

өзіне ойнаған әр балаға баға беріп, қайсыбірінің қылығын

сынап, қайсыбірінің қылығын қоштап қояды.

— Балам, қозға көмген бүйрегің пісіп, күйіп кеткен жоқ па?

— Жоқ, ата, бүйрек піскен уақытта тарс етіп, сонынан пысылдайды.

Қарасай баба өзінің бүйрек пісірген бала кезін есіне алып,

мырс етіп күліп жіберді.

167


Бүйрек пісті. Төле түрегеп барып, бүйректі ыстық сумен

тазалай жуып.

— Ата, ауыз тиіңіз, — деп алдымен Қарасай бабаға ұсынды.

— Өзің жей ғой, балам.

Ата, бұл мал сізге арналып сойылған, сіз үлкен кісісіз,

қонақсыз. Алдымен сіз ауыз тиіңіз.

— Мен де Төле баламның қолынан дәм таттым, мың шүкір,

— деп ауыз тиді.

Байқап отыр, Төле қазан-ошаққа жүгірмейді. Бүйрек өзіне

ғана тиесілі болса да, басқа баладай өзі жемей, бөлісіп жеді.

— Қартайған шағымда көрем бе, көрмеймін бе деп уайымдап

жүр едім. Келешек елімнің бағбанын көрдім, көрмек түгілі,

Құдайға шүкір, қолынан дәм таттым, — деп Қарасай баба

елжірей түсті.

Бір кезде тамақ дайын болды. Төле лып етіп Қарасай

бабадан рұқсат сұрап, қолына су құйды. Баланың жез

құмғанды әдеппен еңкейте ұстап, иіліп, сақ қимылдағаны да

Қарасай бабаға үнады.

Тамақ жеп, тынығып, ертесіне Қарасай баба аттанбақ

болды.

— Бұйымтайыңызды айтыңыз, батыр аға? Біздің бар жайылған

дастарқан-ықыласымыз осы. Риза болыңыз.

— Менің кенже ұлым Көшекке күндердің күнінде бір

жала жабылады. Билікке іліккен уағыңда, Төле балам, ақтап

алғайсың?

— Шамасы келгенше ақтауын ақтайды-ау. Бірақ қолында

айғақты дәлелі болмай шынжыр балақ шұбар төс билер

күмәнға жықса, не істейді?

— Балам қысылмасын. Тіпті болмаса, аруақ бар ғой, өзімнен

де бір көмекші хабар жетер. Ел-жұрттың назасына қалмау

үшін, қарағым Төле, әр ісіңді таразылап, әділ бол. Сонда сенен

мықты ешкім болмайды. Ал, қарағым, қолыңды жай, батамды

берейін.

Төле қарсы алдына жүгіне отырып, қолын жайды.

— Қарағым Төле, айтқаның әділ болсын,

168


Тілеген тілегің қабыл болсын.

Дүшпан қарғысы жетпесін,

Атқан оғы өтпесін.

Басыңнан бақыт кетпесін.

Бабам Бәйдібектің бағы

Жауңннан қорғап, септесін.

Жолдасыңа берекең артып жүрсін,

Дұшпаның өзіңді қорғалап,

Досың болып, басын тартып жүрсін.

Көзіңді жақынға салма, алысқа сал.

Сыйынғанға кие бол,

Ел-жұртыңа ие бол.

Әумин.

— Ой, жарықтық-ай! Ел қамқоры өзіндей-ақ болсын!

— Батасы қандай бата десеңізші?!

— Тілегі ше, тілегі?!

— О, Беке, Алланың нұры жаусын сізге, бір жасап қалдық.

***

— Ортамызға келгеніңіз қандай жақсы болды?! — деп қыбыр

етпей ұйып тыңдап отырған игі жақсылар қуаныштары

қойындарына сыймай, жарыса ризалық сезімдерін білдіріп,

іле қайта тынши қалды.

— Беке, іркілмеңіз?

— Таңертеңгі астан кейін Төбе би атанған Төле биге әз

Тәуке хан:

— Сіз ордама келгелі бері ел басқару маған жеңіл де

мағыналы бола түсті. Мұның сыры неде деп ойланып-толғансам,

сіз мені ә дегеннен әділдікке баули бастаған тәріздісіз,

Төле би бегім, — деді жымия күлімсіреп.

— Мені асыра бағалап отырсыз, хан ием. Егер сіз халық

өміріне ден қойып, зер салмасаңыз, халық өнегесін сүйіспеншілікпен

қабылдамасаңыз, жоғарыдағыдай тұжырымға кел-

169


мес едіңіз. Үйрену жағынан екеуміз де бірдейміз, хан ием.

Біздің ұстазымыз — халық.

— Мұныңыз да дұрыс, Төле би бегім. Сізге айтар бір тілегім

бар.

— Айтыңыз.

— Үш жүздің игі жақсыларының басын қосып, таныссаңыз?

— Ә, солай ма? — деп Төле би ұзақ ойға енді. — Бір күн

мұрсат беріңіз, өзіммен өзім кеңесейін.

— Қалауыңыз білсін.

Ертеңіне Төле би әз Тәуке хан алдына барып:

— Таныссам танысайын, — деді. — Биыл ел ауызды тамыз

айында бекітеді. Сол ауыз бекітетін ораза айының үшінші

жұмасында Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи қазіреті

сүлтанның мешіті жанындағы Аққұмға жиналалық.

Әз Тәуке хан бірден келісіп, жер-жердегі ел ағаларына

арнайы сәлем айтып, кісі жіберді.

Аттарын жаратып, адамдарын сайлап, пәлен уақытта жол

жүреміз, пәлен уақытта жетеміз деп жұрт дайындалды.

— Төле би шақыртыпты, әділетті би, әділетін естиміз, өсиетін

тыңдаймыз, — деп үш жүзден үш жүз жақсы атқа қонды.

Түркстанда күн ыстық, су ащы. Келгендердің аттары

жерсінбей, өздері шайға, сусынға қанбай күнге қақталып,

қиыншылық көрді.

— Ендігі жұмада барамын, — деп Төле би ақ киіз үйінен

шықпай жатып алды.

— Апырмай, бізді сонша күттіргені несі? Ертерек айтарын

айтса болмай ма? Сөйтіп бізді ертерек аулымызға қайтармай

ма? Ащы суға қамалып, ыстық күнде қанша жата береміз? —

деп келгендердің арасынан күңкіл сөз шығып, наразылық туа

бастады.

Төле би жеті күн өтті-ау дегенде ғана үйінен шықты. Бұл

күн жұма еді. Боз арғымағын мініп, жұқа ақ шапанын киіп,

басына ақ сәлдесін орап, Аққұмға қарай жүрді. Қасындағы

Қаз дауысты Қазыбек пен Әйтеке билерден оқ бойы озып

келіп, аттан түсіп, екі қолын кеудесіне қойып, иіле сәлем берді.

Жұрт сәлемін алып болғаннан кейін.

170


— Халқым, әкеміз, анамыз бір, — деп сөз бастады.

— Өстік, өндік. Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс боп өскен соң

тармақталып, үш тарапқа бөлініп кеттік. Іншалла, кейінгі ұрпағымыз

мұнан да көп болып өседі. Атамыздың «Жолмен

жүрсең — адаспайсың, жетесің, жолсызбен жүрсең — біріңді

бірің көрмей кетесің» дегені бар. Бір шетіміз о қиырда, бір

шетіміз бұ қиырда болса да, кейінгі ұрпақтарымыз ескеріп

жүретін болсын деп бастарыңызды қосып отырмын.

Осы кез топ арасынан бір жігіт суырылып шығып:

— Оу, ағаның баласы, үлкеніміз сен едің. Ағалық қылып,

басты қосып, өсиет айтпақ, кейінгіге жол салмақ болған соң

осында шақырдың. Жарар атымызды мініп, таза киімімізді

киіп, тайлы-таяғымызбен келіп едік. Келгенімізге бір жеті болды.

Ащы суға қамап, шаң-топыраққа тұншықтырып, мазақ

етерліктей біз не жаздық? Атымыз жерсінбей, өзіміз шайға

қанбай ыстық күнде өлетін халға жеттік. Өзің аулыңда, салқын

үйде жатып, бізді ыстық күнге қақтап, не ұтпақ болдың? Мына

халық риза емес. Ағаның баласы алдымен айыбын төлесін,

сонан соң айтқанына сенеміз дейді, — деді алқына сөйлеп.

Төле би орнынан жайлап түрегелді. Түрегеліп, күннің

батысына қарата оң қолын жоғары көтерді.

— Жыл сейіті ораза еді, ай сейіті — жұма, жер сейіті осы

біз жиылып отырған Аққұм еді. Осы үш сейіттің басын қосып

айтылған өсиет қиямет қайымға дейін бұзылмай кететін еді.

Бұл маған берілген аян болатын. Мен әдейі ораза айының

үшінші жұма күнін белгілеп едім. Бірақ қайсыбіреулеріңіз

мөлшерлі мерзімнен сәл кешігіп жеттіңіздер. Содан, амал

жоқ, келесі жұманы тосуыма тура келді. Сіздерді осында

шақыруымның себебі де Аққұмның қасиетіне байланысты.

Халқым, сенбесеңіздер, егер бастарыңызды қосып, баба

жолын айтып отырғаным рас болса, қолым жерге түспей тұрып

Аққұмның кереметін көріңіздер. Аққұм, көрсет құдыретіңді! —

деді қатты дауыстап.

Төле би назаланған күйде қозғалмастан оң қолын жоғары

көтеріп тұрды. Үш жүз кісі көз алмай қарап отыр. Түрегеп

171


тұрған даукес жігіт кескен теректей сылқ етіп, жерге құлап

түсті. Жұрт шу ете қалды.

— О, Төле би, қасиетің бар екен, көзге көрсеттің. Ғафу ет

бізді? — деп бәрі жапа-тармағай бастарын төмен иіп, тізерлеген

күйі кешірім сұрады.

— Құдай кешірсе, мен кешірдім, халқым, — деп Төле би оң

қолын төмен түсірді. — Қауіптенбеңіздер, есер неме ертеңақ

есін жияды. Бәріңізден сұрайтыным, кембағалға зорлықзомбылық

болмасын, жетім-жесірлерге барлар, байлар

малынан құшыр, садақа беріп тұрсын. Малшы, жалшылардың

маңдай тер, табан ақысын жемеңіздер, адал төлеңіздер.

Нашардың ақысын мықты жейтін болса, тоғыз есе айып

салынсын, — деп толып жатқан тәртіп-ереже ұсынды. Сөзінің

соңында:

— Бәріміз, үлкен-кішіміз демей қара қылды қақ жарған

әділ болуымыз керек, — деді әр сөзіне салмақ сала сөйлеп.

— Ол үшін ең алдымен ұстанған ережеміздің өзі әділ болсын.

Меніңше, ердің құны жасауымен екі қыз деген әділ емес. Бұл

ерсі. Қыздарымызды кемсітіп, жылатпайық. Адам құнына адам

беру жарамайды. Мұны бәріміз ақылдасып, шешуіміз керек.

— Дұрыс, дұрыс, — деп жұрт шу ете қалды.

Төле би боз айғырды құрбандыққа шалдырды.

Жұрт:

— Бәріміз ата жолымен жүреміз, ел бірлігін сақтаймыз, дау-дамайды

шешкенде әділ боламыз, — деп серт беріп, боз

айғырдың қанына қолдарын батырды.

Қоштасар сәт туғанда:

— Уа, қасиетті Төле би, біз енді жол жүргелі отырмыз. Қонысымыз

алыс, жер шалғай. Ұрпағымыздың ұрпағы нұрлы

ақылына орап, ыстық жүрегінің төрінде сақтап жүрер тағы

бір аталы сөз айтыңыз? — деді оң жағында қатар отырған

Қаз дауысты Қазыбек би еңсесін тіктей ұстап.

— Қажыр-қайратым, ақиық Қазыбегім, өзің баста. Сенен

өткен шешен бар ма?

— Аға тұрғанда іні сөйлемейді ғой.

172


Жұртта үн жоқ.

— О, асыл жаралған ақсүңқарым, дананы дана ғана үға

алады, шешенді шешен ғана жеңе алады, алыпты алып

қана жыға алады. Сенің «Аға тұрғанда іні сөйлемейді ғой»,

— деген сөзің күллі түркі халқы ізеттілігінің, имандылығының,

инабаттылығының, әдептілігінің өнегелі өрнегі емес пе?

Әлемге, әлемнің бар халқына қазақ халқын таныту жолында

ұстайтын туымыз, сөнбейтін шамшырағымыз сенің осы үлгің

болу керек, — деп Төле би толқи, тебірене тіл қатты. Іле:

— Еліңде ақылды, дана қартың болса,

Жазулы хаттай десеңші, — дегенде:

Қаз дауысты Қазыбек:

— Еліңде қаһарлы қолбасшы, батыр болса,

Ерттеулі аттай десеңші, — деді.

— Әуелі «Аллалап» айтылған азан болар,

Дәм беретін, нәр беретін қазан болар.

Еліңде айбынды, қаһарлы батыр болмаса,

Аулыңның үсті күнде шаң-тозаң болар, — деді Әйтеке би.

Жұрт демін еркін ала алмай, тәңірге табынғандай ұйып

тыңдап, үнсіз отырып қалды. Өлі тыныштықты Төле би бұзды.

— Құдайсыз қурай сынбаушы еді. Қара қазансыз дәм,

нәр жоқ еді. Менің айтқанымды, Қаз дауысты Қазыбегімнің

айтқанын сен қорытып, сана бірлігінің шыңына шығарып

тастадың. Сен екеумізден де биік екенсің. Бәрекелде, алтын

сапты алмас қылыш Әйтекем, — деп Төле би біраз үнсіз қалып,

сөзін жалғады.

— О, жамағат, біздің осы бір-бірімізді жоғары бағалап,

бірімізді біріміздің бек құрмет тұтуымыз ұрпағымыздың ұрпағына

үлгі болсын.

— Айтқаныңыз келсін.

— Періштенің құлағына шалынсын, әмин, — дескен жұрт

жапа-тармағай алақан жайып, бет сипады.

Ордаға қайтып оралған Төле биге әз Тәуке хан:

— О, Төле би бегім, мен сені үш жүздің игі жақсыларымен

не жайында сөйлесер екен деп әдейі сынап едім. Қасыңа

173


ермегенімнің де себебі содан. Сыннан сүрінбей өттің.

Хандығымның үш алтын діңгегін бүгін таптым. Енді ештеңеден

қаупім жоқ, — деп алғысын айтып, ризалығын білдірді.

***

— Біз де сізге ризамыз, Беке. Әңгімені майын тамызып айтады

екенсіз, — деп өзімен иықтаса қатар отырған, жасы тоқсанның

мол үстіне шыққан ақсақал Бекасыл әулиенің арқасынан

қақты. — Бүгін менің құрметті қонағым болыңыз? Өтінем, інім.

Келе, келе:

— Бүгін менің үйіме барасыз.

— Жоқ, Бекең менің үйіме барады, — деп жұрт таласатын

болды. Ондайда:

— Кімнің қарызы жоқ, мен соған барам, — деп Бекасыл әулие

әзілдеп күлетін.

Арқаның атақты ақын-жыршылары, әншілері өз кезегінде

өнерлерін көрсетіп-ақ бақты.

— Апырай, Арқа әсем әннің, асқақ ақындық өнердің ту тіккен

алтын ордасы екен ғой, — деп Бекасыл әулие таңдай қаға

таңғалды. Өзі тектес қариялардың әңгімелерін тыңдап:

— Сіздерге мен де шексіз ризамын. Бар естіген, білгендерімді

еліме жоғалтпай алып барам. Қазынаға қазына қосылды

деген осы, — деп балаша қуанған кездері де жетерлік.

— Кезек айналып өзіңізге келді, Беке, тартынбаңыз? — деген

сөз естілісімен жаратылысынан бәлсініп, кісімсуді білмейтін

Бекасыл әулие жорғасынан жаңылмай, тамағын қырнай,

екі-үш жөткірініп алып, сөзін бастай жөнелетін әдет тапты.

— Әз Тәуке хан дүниеден қайтқаннан кейін жаугершілік

заман туды. Ордабасы тауының биігіне қазақтың ақсақал

билері, данышпан ел жақсылары, палуан-батырлары мен шешен-шеберлері

жиналып, Әбілқайыр ханды шақыртып алды.

Ортаға Төле би шығып, сөз сөйледі.

— Ау, халқым, дүние жақсы, жаман, адал, арам деген екі

сөзден құралады. Арам — Алла тағалаға қас жын-пері, некесіз

туғандар. Олар адамды жақсылық жолдан жаманшылық

174


жолға бастайды. Түзу жолмен жүріп келе жатырсың делік,

соңыңда жұрт. Бір кезде төте жол табам деп ізіңдегілерді

сендіріп, жолсызға түссең не болады? Не болушы еді, арба

да сынады, адам да, ат та өледі. Ой, қыр, қалың, оппа қар оңдыра

ма? Ал тура жолмен жүре берсең, жол жолға қосылып,

қалаға барасың. Бұрынғылардың: «Жол қуған қазынаға жолығады»,

— дегені осы.

Халқым, біздің алдымызда қандай жол тұр? Жайнап

маса тыдай құлпырған даламызды, тау-тасымызды, өзен-суымызды

иемденген жау бізді біржола құл етпек, жер бетінен

жойып жібермек. Бәріміз бірігіп қарсы шықпасақ, жерімізді

қор ғамасақ, өмір сүре алмаймыз. Бізді жұтып, біржола жоқ

етпек ордалы жыланға, одақтас айдаһарға қандай амал-айла

табамыз? Жоңғар біздің бас жауымыз. Оны бізге көрші орыс

патшасы айтақтап, қаруландырып отыр. Ташкент, Түркістан,

Сайрам, Сауран, Тараз тәрізді сауда, қолөнер орталығын,

елімізді басқа елдермен байланыстыратын Жібек керуен

жолын біржола иемденуді көздеп келеді. Оу, Бөгенбай,

Қабанбай, Наурызбай, Қойгелді, Тайлақ, Өтеген, Малайсары,

Саңырақ тәрізді қарадан шыққан батырларым, жауды жеңудің

басқа жолы бар ма? Кәне, не дейсіңдер?

— Сіз айтқан жолдан басқа жол жоқ, — деп бәрі шу ете

қалды.

— Біз жоңғардан көп емеспіз, дініміз — мұсылман. Аз болсақ

та қарсы тұралық. Сонда қалай қарсы тұрамыз? Міне, осы

жайында сіз болып, біз болып ақылдасалық.

Көп арасынан:

— Не істеу керегімізді алдымен өзіңіз айтыңыз?

— Әуелі сіздің ойыңызды білгіміз келеді, — деген дауыстар

естілді.

— Е, жарайды, жамағат, мен ойымды айтсам айтайын, ұнаса,

қабыл аларсыздар, ұнамаса, ренжімеймін. Біз, ең алдымен

өз бірлігімізді, өз тірлігімізді, келешегімізді хандарға сенбей

өзіміз ойлауымыз керек. Шындықты айтсам, Әбілқайыр көңіліне

алмас, бізді билеген хан әулеттері әз Тәуке хан қазасынан

175


кейін өзді өзінің үстемдігін жүргізіп, беделін арттыру үшін бірбірімен

жауласып, дауласып, халқымыздың ынтымақ-бірлігін

бұзды. Ең масқарасы — басымызға бүгінгідей қара түн туғанда

бет-бетіне бұқпантайлап, бас сауғалап кетті.

Халқым, жауымызды жеңеміз десек, бір жерден сөз, бір

жеңнен қол шығарып, бір мүддеде болуға тиіспіз. Біз жауды

сонда ғана жеңеміз. Бір жағымыз соғысып, бір жағымыз

«қайсысы басым түсер екен?» деп бұқпалап қарап тұрсақ,

тоз-тозымыз шығады. Бізде мал-мүлкін, үй-жайын тастап,

босып жүргендер аз ба? Ынтымақ та, бірлік те өз қолымызда

болу керек. Өзімізді өзіміз басқаруымыз керек.

Екінші айтарым, біз түрік елінен де көмек сұрап отырмыз.

Халқым, жауымыз мықты. Оны жалғыз-жарым жүріп жеңе

алмаймыз.

— Дұрыс!

— Табылған ақыл! — деп жұрт тағы шу ете қалды.

— Айтарыңызды түгел айтыңыз, іркілмеңіз, Төке, — деп оң

жақ бүйірден қаба сақал, қара мұрт Қаз дауысты Қазыбек би

дем бере түсті.

— Ау, халқымның жақсылары, би, шешендері, ақсақалдар,

ержүрек батырларым, бәріңіз жиналып отырсыздар. Мына Ордабасының

биігіне атамыздың туын тігейік те, бір боз айғырға

бата беріп, сол боз айғырдың қанына қол батыралық. Атамыздың,

анамыздың, баламыздың, ару сұлуларымыздың, айдарлы

мырзаларымыздың қаны үшін кек алғанға дейін жаудан

қайтпайық, қасық қанымыз қалғанша соғысалық деп серттеселік.

«Жата берсең, жау алады, сөйлемесең, дау алады» деген,

жаудың қорлығына қашанғы төземіз? Тәуекел етіп, бірлік

жасап, батыр-палуанымызды, білгіш-бағланымызды түгендеп,

жаудан кекті алалық. Бүйтіп қашып-пысып, бет-бетімізбен

бытырап кете берсек күніміз не болады? Қол қусырып, құлдық

ұрып, ел боламыз ба? Жас өсе ме? Елінен айырылған

ер оңа ма? Жауға қор болып, өмірімізді өксітіп, халқымызды

жылатып қоямыз ба? Қалмақ бізді қанша қырды? Тағы қыра

бермек. Ерегескен жаудан кек алмай біз ел бола алмаймыз.

176


Сондықтан, о, ақсақалдар, о, игі жақсылар, есірген жаудан

есемізді алуымыз керек. Аруақ қартаймайды, аруаққа сыйынайық.

Малы барлар малы жоққа, аты барлар аты жоққа

қарассын. «Екі жарты — бір бүтін» дерліктей тірлік етелік.

Дүние ешкімге опа болған емес. Халқымызды қырып, малмүлкімізді

тартып алған, айдарлымызды құл, тұлымдымызды

күң қылған жауға қайрат көрсетіп, қарсы шығалық. Арсыз

өмірден — арлы өлім, қорлық, құлдықтан — ерлік өлім артық!

Әбілқайыр, Шыңғыстан қалған асыл едің. Атаң Шыңғыс

халықты сұрап, бәрінің басын қосып, ерлік жасап, көп елді

өзіне қаратқан еді. Сол Шыңғыстың ұрпағы, именетіндей

саған не болған? Шыңғысқа ешбір жау беттеген емес еді.

Дүние жүзіне жеңімпаз деген атағы тараған Шыңғыстың беті

қайтып көрген кезі бар ма? Соғыс басталғанда боз айғырды

ерттеп: «Бұған менің қызырым мінеді», — деп жетектеп алып

жүреді екен. Көнекөз қариялар Шыңғыстың әулиелігі де,

батырлығы да, білгіштігі де бар деседі. Сол Шыңғыстың

ұрпағы сен едің, соңыңнан ерген бұқара халқың біз едік. Ол

уақытта Шыңғыстың әскері көп болды. Көп болатын себебі —

қатарлас жатқан халықты бабаң өзіне қосып ала беруші еді.

Ол заман өтті. Халық жай-жайына тарады, бұтақталып, бөлініп,

жеке-жеке ел болып кетті. Шыңғыстан кейін біз ұзақ жылдар

тыныш өмір сүрдік. Жау Шыңғыстың аруағынан қорқып, бізге

көпке дейін тиісе алмады. Сырбаз жеп, сары қымыз ішіп,

түйемізді айдап, биемізді байлап, мамыражай тірлік кештік.

Халқымыз өсті, көбейді. Қазір біз Шыңғыстың сол кездегі

әскерінен аз емеспіз. О, Әбілқайыр, мына мейірімсіз жау

табанына жаншылып, езілген елге басшылық істеп, жауды

жерімізден түре қуып шығар амал-айлаң бар ма? Не дейсің

мына халқыңа?

Әбілқайыр ақбоз атымен ойқастап ортаға шықты.

— О, әулием, Төлем, дұрыс айтасыз. Бастайтын басшы

болмаса, ел жетім. Жалғыз менің аман болғаным кімге керек?

Елдің оңтүстігін жау шауып, тонап, қырып жатқаны маған

да батады. Қабырғам сөгіліп, қайғыдан егіліп, мен төсегімде

177


қалай тыныш ұйықтаймын? Сіз айтқандай, халқымыздың

басын қосып, қайрат көрсетелік. Бата беріңіз?

— Оу, халқым, ортамызда менен жасы да, жолы да үлкен

Әжібай қариямыз бар. Батаны сол кісі берсін.

— Мақұл, Төлем.

Жасы жүзден асқан, сақалы тізесіне түскен Әжібай қарт

зарлап жылап, Ордабасыны жаңғыртып, барлық аруақтарға

сыйынып, бір ет пісірім мезгіл бата берді.

Ел ботадай боздап, бетін сипады. Өзбек, қырғыз елінен

келген мұсылмандар да еңіреп, езілді.

Жігіттер боз айғырды алып келіп, қол-аяғын байламай,

қылышпен тікесінен тік шалды. Жиналғандардың бәрі қолын

боз айғырдың қанына малып:

— Әбілқайыр, Төле басшылығына көнеміз. Жаудан кек алмай

тынбаймыз, артымызға емес, алдымызға қараймыз, — деп

тағы да зар жылап, серт берісті.

Әбілқайыр сенімді батырлардан онбасы, жүзбасы,

мыңбасыларын қайта жасақтады. Әр мемлекеттен қаружарақ,

ұста әкеп, оларға өз ұсталарын қосып, бірнеше

ай қылыш, найза, шоқпар, қалқан, сауыт, соғып, соғысқа

дайындалды.

1729 жылдың көктеміне қарай Төле би қалмаққа Қаз дауысты

Қазыбекті басшы етіп, жүз кісіден құрылған елші жіберді.

— Қазақ, қалмақ қатар жатқан ел едік. Қыз алысып, қыз

беріселік, жекжат-жұрат, ағайын болалық. Бізді салығыңнан,

құлдығыңнан құтқар. Бітімге келелік, — деп хат жазып берді.

Қалмақтың ханы Ғалдан Серен көпке дейін жауап қатпады.

Бір күні елші басшысы Қаз дауысты Қазыбекті шақырып алып:

— Қорықсаң, қазақ жеріңді босат, жерді бізге бер. Қорықпасаң,

соғыс, — деп жауап қайтарды.

— Енді аянар, алаңдар ештеңе қалған жоқ, — деп Төле би

қаһарға мінді. — Жазықсыз төгілген қан мен көз жасы сенің

мойныңда, Ғалдан Серен...

Жауға қарсы Аңырақай шайқасындағы алғашқы соққы

осылай әзірленген еді.

178


— О, бәрекелде, Беке, мынау бұрын-соңды біз естімеген

әңгіме екен. Өткен тарихымызды тірілтіп, терең толғанысқа

түсірдіңіз.

— Екі дүниеде де иманды болыңыз.

— Сізді бізге Құдай айдап әкелді, — десіп жұрт жүрекжарды

сөздерін айтып, сыр бөлісті.

— О, Беке, атам қазақ «алтын шыққан жерді белден қаз»

деп тегін айтпаған ғой. Бізге, лажы болса, осындай ел тағдырына,

елдің игі жақсыларының өміріне байланысты сыр шертсеңіз?

— Ә, бұл тілектеріңізге мен де қосылам. Сіздерге енді

Бөлтірік шешен жайында әңгімелейін.

— Құлағымыз сізде, Беке.

— Бөлтірік ерте тұрып, қолына жүген алып, әкесіне ат ұстап

әкеп берейін деп үйден шықты. Ауыл сыртындағы төбе басына

жеткенде жылап отырған Таспау шалға кезікті.

— Уа, ата, неге жылайсыз?

— Қарағым, жыламай қайтем? Кеше кешкісін Жалайыр деген

елдің екі-үш жүргіншісі үйіме қонып еді, бір жаққа барсам,

отын-суымды тасып жанымды бағатын жалғыз түйемді ұрлап

кетті. Жасым сексенде, іздеуге шамам жоқ. Кемпірім де жүре

алмайды, өзің білесің, екеуміз де перзентсізбіз. Ішетін тамағымыз

да тапшы. Мен жыламай кім жылайды? Бар сеніп отырған

жалғыз түйем еді... Енді маған кім қол ұшын береді? Ел көшкенде

керегемді артып, соңынан еруші едім. Енді, қарағым,

өлімнен басқа маған не қалды?

— Ата, жыламаңыз. Бәріміз де балаңызбыз. Халық бар

жерде қандай бір іс болмасын қалпына келеді. Өмірден үміт

үзбеңіз. Жаны ашитын ағайын-туған табылар. «Кештік өмірің

болса, түстік мал жи» деген. Ел қамын ойлар ер туар, — деп

Бөлтірік қонақтардың қайдан келіп, қайда бара жатқанын

тәптіштеп сұрады.

— Қарағым, менің білуімше, қонақтар Шудан келе жатқан

Іленің ар жағындағы Жалайыр деген елден болу керек. Бір

сөзінде солай деп қалғандай еді. Кемпіріміз екеуміз бастау-

179


дың басындағы үй орнындай жерге тары егіп, оны торғайдан

қорып, оңаша отыр едік. Бір-екі қап тары алсақ, қыс бойы азық

етеміз ғой. Кештетіп үйімізге қонақ, болғандардың екеуі әйел

де, біреуі жігіт. Менің көзім көрмейтінін, кемпірімнің сырқат

екенін біліп, түйемді таң қараңғысында ұрлап кетті.

— Қай жолға түскенін білесіз бе?

— Қарағым, оны дәл айта алмаймын.

— Ата, ұры әйтеуір осы Іленің ар жақ, бер жағында болса,

түйеңізді тауып әкеп берем. Жыламаңыз. Кемпіріңіз екеуіңіз

Құдай деп тарыңызды қори беріңіз.

— Апырай, қарағым, көп жаса, атың кім?

— Атым — Бөлтірік, ата.

Ол әкесінің атын ұстап, үйіне әкелді.

— Маған рұқсат етіңіз, — деді Бөлтірік әкесіне. — Таспау

атамды білесіз ғой, сол кісінің жалғыз түйесін біреу «жүгімді

артып үйіме жеткізіп алайын», — деп сұрап алып, соңынан

қайтармай қойыпты. Сол кісіге түйеңізді әкеп берем деп уәде

етіп едім.

— Барсаң, бара ғой, шырағым. Ол кісі баласы жоқ ғаріп қой.

Кезінде талайға көмегі тиген, жаяуға атын түсіп берген ер еді.

Кәрілік шіркін кімді қажытпайды дейсің. Буыны құрып, үй орнындай

жерге тары салып, бұлақтың басында отырып қалып

еді. Барсаң, бара ғой, қарағым, бірақ көп кешікпе.

— Мақұл.

Әкесі бір күндік, жарым күндік жол деп ойлап қалды. Бала

алыс, жақын демей, айламен рұқсатын алып алды.

Бөлтірік әкесі мініп жүрген атты сұрайын деп ойлап,

сұрауға батпады. Себебі алысқа кететінін біліп қойса, рұқсат

етпес деп күдіктенді. Жолға жаяу шықты.

— Жалайыр деген елге бара жатырмын. Сол жақта жекжатымыз

бар еді, — деп бала керуенге ілесті.

Керуеншілер от жақса отынын әкелісіп, түйелерін бағысты.

Жүк түсірсе, қаптың бір жағын сүйеп тұрды.

— Ә, қарағым, адам болатын бала екенсің, — деп керуеншілер

оны жақсы көрді. — Қайда бара жатырсың?

180


— Іленің ар жағында Жалайыр Балпық деген нағашым бар

еді. Сол кісіге бара жатырмын.

— Ой, қарағым, Балпық нағашың болса, қызырлы жердің

баласы екенсің ғой, — деп керуен басы түйесіне мінгізіп алды.

Селбесіп, апта жүріп, Іленің ар жағындағы Көксу, Қараталға

жетіп, Балпықтың аулына да келді.

— Ал енді, қарағым, біз былай кетеміз. Балпықтың ауылы

мынау. Осы жерден жолымыз екіге айырылады. Егер біздің

елге барамын десең, бірге жүр.

Елге барған соң, Балпықтың құрметі үшін қайта осы жерге

жеткізіп салайық. Біз алыстан кіре тартып келе жатырмыз.

— Жоқ, ағалар, сіздерге рақмет, өзім-ақ табармын, — деп

қош айтысты.

Керуен басы Бөлтірікке:

— Қарағым, бір апта жолдас болдық, аты-жөніңді айтып

кетші? — деді өтініп.

— Ә, ағалар, атам — қазақ, атым — Бөлтірік. Дәм жазса, ағалар,

бір-бірімізге тағы кез болармыз.

Бала жалғыз жүріп кетті. Сұрай-сұрай Балпықтың аулына

келді.

Күз айы еді. Алыстан жаяу шаршап-шалдығып келе

жатқан Бөлтірік ауыл сыртындағы төбе басында отырған

ақсақалдарды көрді.

— Алдымен ақсақалдарға сәлем берейін, — деп бірден төбе

басына қарай тартты. Бала жалғыз, жаяу. Күн батуға таянып

қалған кез.

Төбе басында отырған ақсақалдардың ішінде Балпық би

де бар еді. Ол кісі қолын қабағына салып:

— Әй, жігіттер, күн батыстан жаяулап біреу келе жатқан

жоқ па? Қараңдаршы? — деді.

Жұрт жабыла қарады.

— Жалғыз бала көрінеді. Өзіміздің ауылдың балаларының

бірі шығар, — деп отырғандар әр түрлі сөз айтты.

Балпық би қолын көлегейлей қарап, жалғыз жаяу дан көзін

алмады. Әне-міне дегенше Бөлтірік жетіп келді.

181


— Ассалаумағалейкум, аталар, — деп даусын соза сәлем

берді. Танысып, жөн сұрасқан соң:

— Оу, қасиетті Балпық ата, сізді арнайы іздеп келем, — деп

Таспау шалдың жоғын жоқтап жүргенін айтты. — Адалдың

аяғы алтау, алты ай мінсең де арымайды деген екен Бәйдібек

бабам. Алдыңызға, Құдайға шүкір, арымай жеттім.

— О, сөзіңнен де, өзіңнен де айналайын, — деп Балпық би

баланы бірден ұнатты. Қой сойып, құрметтеп қонақ етті.

— Ол түйе біз жаққа келсе, табылады, қам жеме, балам.

Балпық би Бөлтірікпен түні бойы әңгімелесіп, әбден риза

болды. Таңғы астан кейін ағынан жары лып батасын берді.

Көптен қоян қашып құтылған ба? Ұры ұсталды. Жас жігіт

Бөлтіріктің алдына тізерлей отырып:

— Жалғыз қарт шешем бар еді. Кешіріңіз? — деп жылап,

жалбарынды.

— Ал, балам, мынаған не дейсың?

— Ата, адам баласы күнә жасап, сонынан сол күн әмді кеш

деп шын тілеп жыласа, он сегіз мың ғаламды жаратушы Алла

да кешеді деуші еді. Күнәсін мен кештім. Бір пақырдың түйесін

жаяу іздеп шықпасам, сіздің батаңызды алар ма едім? Ол

ойымда бар ма еді?

— Ә, балам, бұл білгендігіне ризамын. Халқыңа Әділетті сөз

айтуға жарайды екенсің. Бір көк атым бар. Сол көк атымды

мінгін. Мынау кісем еді, са ған қидым. Жауға барсаң да,

дауға барсаң да Балпық бабамның кісесі еді деп жаныңнан

тастама. Кінәліні сен кешсең, мен де кештім. Қош бол, — деп

маңдайынан емірене сүйді.

Бөлтірік кірешінің айыбын алмады. Атын мініп, түйені

жетектеп, қып-қызыл нарттай боп аулына келді. Бір айдан бері

жоқ болып кеткен баласының табылғанына әке-шешесі есі

шыға қуанды. Жағдайын сұрап білген жұрттың бәрі таңғалды.

Әкесі бір қойын сойып, жиналған көпшіліктің батасын алды.

— Бейшараның баласына бақ қонады екен.

— Мұны Құдай тегін жаратпапты, әйтпесе әулие Балпық

бидің батасын алу оңай ма? — деп жұрт риза болды.

182


Аламан қарт көлік жіберіп, Таспау қарияны шақыртып

алды.

— Отағасы, балаң барып түйеңді тауып әкелді. Біреуге

біреу себепкер деген, сіздің жетімшілігіңізді есіркеп, әулие

Балпықтың батасын алып келді.

Таспау шал Бөлтірікті құшақтап, бетінен сүйіп:

— Алла мені жақсы қып жаратты. Уақтысында батыр да,

шешен де, шебер де болдым. Бәрі баста тұрған жоқ. Ендігі

Құдайдан тілейтін тілегім, ғарып-ғасырдың қамын ойлаған,

нашарға жар болған біз секілді мүсәпірлердің тілін алып, бар

болғын, Бөлтірігім, халқымның панасы мен данасына айнал.

Атқаның өлсін, айтқаның келсін, — деп жылап тұрып, батасын

берді.

Бала Бөлтірік алғаш елге осылай танылды.

***

Бірде аулының қариясы Исаға барып, сәлем беріп.

— Ата, жас кезіңізде би болып, сән-салтанат құрдыңыз.

Мен де сізге ұқсасам деп талаптанып жүрмін. Ырым болсын,

атыңызды, киіміңізді маған бір күнге бере тұрасыз ба? — деді

қиылып.

— Талабыңа нұр жаусын, Бөлтірігім. «Болсаң болып көр, боз

жорғадай желіп көр. Егер бола алмасаң, болған ердің қосын

жегіп көр» деген ғой бабаларың.

Бөлтірігім боларсың. Ниетің тәуір екен, берейін сұрағаныңды,

— деді қуана желпініп, жанарының жасын жеңімен сүртіп. —

Мақұл, киіп көремін, мініп көремін десең, көр, мін, қарағым.

— Ата, мен ертең кешке қарай келейін. Киіміңізді киіп,

атыңызды мініп, Желдіқара байдың аулына барып, бір түнеп

қайтайын. Олар Не дер екен?

Иса қарт сақалы селкілдей күліп.

— Мақұл, шырағым, — деп бала мінезін қызық көрді.

Бөлтірік ертесіне Өмірбек деген жолдасын ертіп келді.

Киімді киді, атты мінді. Жолдасы екеуі Желдіқара байдың

аулына барды.

183


Күн батып барады. Мал қоралаған ауыл абыр-сабыр. Сәл

өтпей түн шымылдық құруға айналды. Ауыл сыртындағы

төбе басында бес-алты жігітпен әңгіме-дүкен құрып отырған

Желдіқара байға келіп.

— Ассалаумағалейкум, — деп сәлем берді.

— О, әлеукумсалам. О, қайдан келе жатқан мырзасыңдар?

— деді бай.

— Мына өрден келе жатқан Дулат едік. Мынау — Әшім

болыстың баласы, — деп жылпос, атқосшы жігіт самарқау

жауап қатты, — Жалайырда нағашысы бар еді, соған кетіп

бара жатырмыз.

Бай қасында отырған жігіттеріне:

— Өй, тұрмаңдар, атын ұстаңдар, үйге түсіріп, тездетіп, мал

сойыңдар, — деді. Бәрі құрметтеп үйге түсірді.

Бөлтірік төрде отыр. Сығырайған май шамның жарығынан

ешкімнің бет-аузы жөнді көрінбейді. Сыртта мал сойылып,

самауыр қойылып, тоқаш пісіріліп, қазан түсіріліп жатыр.

Қадірлі қонақтың құрметіне ауыл қариялары тегіс жиналды.

Жоқтан барды әңгімелеп отырғанда бір жігіт бас салған дәу

табақ етті көтеріп алып кеп Бөлтіріктің алдына қойып:

— Илаһи әмин, — деді.

— Балам, қадірлі, жақсы ауылдың баласы екенсің. Әдейі

қой сойып, батаңды алғалы алдыңа бас қойып отырмын, —

деп Желдіқара бай жылмыңдай сөйледі. Бөлтірік жамылып

отырған қасқыр ішіктің бос жеңін ұстап, табаққа салып, бастың

үстіне ары-бері сүйкеп, бұлғақтатып-бұлғақтатып алды.

Мұнысы несі деп шалдар аң-таң. Бәрі алдымен болыстың баласы

бата берсін деп табаққа қол салмай отырған. Бөлтірік:

— Әй, ішігім, бұл қойды маған арнап сойып отырған жоқ,

саған арнап сойып отыр. Бұл тамақты маған беріп отырған

жоқ, саған беріп отыр. Мен бұл үйге бұрын талай келіп, нан

ауыз тимей аттанғанмын, — деді де Желдіқараға қарады. —

Байеке, ішік киіп, ат мініп, кісе тағып келіп едім, көңілің толып,

қойыңды сойдың, қолыңды қусырдың. Осы қасқыр ішікке

бола сойдың ол қойыңды. Ендеше мына тамақты осы жесін.

Қолын жайып қайта сөйледі.

184


— Берер батам, алдымен байдың көңілі толсын, одан кейін

осы отырған бәріміздің тамағымыз тойсын, аллауәкпар!

Отырған шалдардың барлығы бұл не айтып кетті деп

балаға таңырқап қарап қалды. Бай бәрін түсініп:

— Ой, балам, сен әлгі өзіміздің Аламан кедейдің баласы

екенсің ғой. Шырағым, Бөлтірік, бұрынғының «Ерді

қорлама, құстырады» деген сөзі бар еді. Бұрын келгенде

көже бермейтінім рас еді. Ұсынға мойынды қылыш кеспейді

деген, кінәмді мойындаймын, — деді орнынан тұрып, қолын

қусыра кешірім сұрап. — Сен түйе сұрап келгеніңде, мен

бермей ұрсып, жекіп жіберіп едім. Енді, мінеки, мені құстырып

отырсың. Қарағым, ақ батамды берейін, қартайғанда мені

ел-жұртқа күлкі етпе, пәленше бай сөйтті дегізіп, дос,

дұшпанға масқаралай көрме, кеш ағаттығымды, кеш

тәккапарлығымды, тәубеме түстім. Ағайын, жекжатқа, көршіқолаңға

масқаралама. Ешкімге айта көрме, қарағым, айыбым

сол болсын, бір түйені мінгізіп, бір түйені жетектетіп жіберейін,

— деді жалынып.

— Ә, жарайды, айтпасам, айтпайын. Оны мен мақтаныш

етеді дейсіз бе? Бірақ мына отырғандарыңыздың аузына ие

болсаңыз болғаны.

Ертесіне бай баланы риза етті, бір түгілі екі түйесін басымен

берді. Бөлтірік қос түйені жетектеп алдымен Иса қарттың

үйіне келді.

— Ау, ата, жолым болды. Желдіқара байдын койын сойдырдық,

қолын қусырттық. Айыбына екі түйесін алып келдік.

Мұның бәрі сіздің қасқыр ішігіңіз бен атыңыздың арқасы.

Әйтпесе ол маған қол қусырып, түйе берер ме еді? Сіз де

жоқ-жұтаң адамның бірісіз. Мына бір түйені сіз алыңыз. Екінші

түйені үйге апарып әкемді қуантайын.

— Ой, шырағым, Бөлтірігім, осы үйде жалғыз атымнан

басқа бір бұзаулы сиыр, бес ешкі бар. Одан басқа мал

дегенді білмеймін. Мына тұрған Шудағы жиенімнен алған

екі қап тарымды жеткізе алмай қор болып отыр емеспін бе?

Байлардан көлік сұрасам бермеді. Жақсы болды ғой, көп

185


жаса, жамандық көрме, Құдай тілеуіңді берсін, қарағым, —

деп Иса қария алғысын жаудырды.

Әкесі Аламан да:

— Жарайсың, ұлым, — деп ризалық рай танытты.

— Әке, — деді Бөлтірік дастарқан басында отырып. — Мына

жолдасым Өмірбекке нендей сый ұсынамыз?

— Қарағым, оны өзің біл. Сен не десең, мен мақұл деймін.

— Ендеше, әке, бұл маған ақжолтай серік болды, мына

олжа түйені мұның үйі мен біздің үй серіктесіп жұмсасын. Әзір

бұдан өзге сыйым жоқ, болса тағы көре жатармыз.

***

Бекасыл Әулие қыбыр етпей аузын бағып отырған игі

жақсыларға:

— Бұл Бөлтіріктің бала кездегі іс-әрекеттері, енді есейген

кездегі іс-әрекеттерін тыңдағыларыңыз келе ме? — деп еді,

отырғандар.

— О не дегеніңіз, әлбетте, тыңдағымыз келеді.

— Бөгелмеңіз!

— Әңгіме жібін үзбеңіз! — десіп бәрі қауқылдаса өтініш білдірді.

— Жетісуды Әлі төре билеп тұрған кез. Ол қалың әскері

болмаса да халықты өзіне тырп еткізбей бағындырды. Жазалаймын

дегенін жазалады, өлтіремін дегенін өлтірді.

Бір күні билермен үлкен жиын өткізіп отырып, төре:

— Сендер төресіз ел болмайсыңдар. Басынды төре сұрамаса,

біріңе бірің бағынбай шулап, қара қазақ тозып кетер

едіңдер, — деді.

Билер:

— О, тақсыр, дұрыс айтасыз. Төре болмаса, көрген күніміз

не болмақ? — деді жамырай шулап, қошемет көрсетіп.

— Әй, шуламаңдар! — деп төре олардың қошеметтеп,

қоштағанын жақтырмады. Қабағын түйіп, ойланып отырып:

— Сендерге бір тапсырмам бар, — деді. — Осы тапсырманы

орындаңдар, орындамасандар, бастарыңды аламын. Үш

күн мұрсат беремін. Үш күнге дейін таппасаң, атамның салған

186


жолы бар, хан жарлығы екі болмайды, бастарыңды аламын.

Разымысыңдар?

— О, разымыз, тақсыр, разымыз.

— Тапсырмам мынау. Осы ай сайын шатақ, апта сайын,

күн сайын шатақ, дау-жанжал, төбелес. Біріңді бірің жұлқып

жейсіңдер де жатасыңдар. Тартысып, таласпайтын кездерің

жоқ. Сендердің осы дау-дамайларың бітпей-ақ қойды

ғой. Айтыс-тартыстарыңнан әбден басым қатты. Мұншама

не жетпейді сендерге? Дау-жанжал, ұрыс-керіс қайдан

шығады? Үш күннің ішінде келіп жауап беріңдер. Жауап бере

алмасаңдар, не қате жауап берсеңдер, бастарынды аламын.

Енді шуламай кетіңдер?

Жиналған билер топтасып, былай шықты. Бір ауылға келіп,

бас қосып ақылдасты. Біреуі ананы айтты, біреуі мынаны

айтты. Ол да жарамайды, бұл да жарамайды десті.

Екі тәулік өтті. Күнде жиналыс, жауап таба алар емес.

Иіріліп отырған жұртқа Әжең ақсақал сөз тастады.

— Әй, жиналған топ, бәрің де неше күннен бері ақыл таппадыңдар.

Бір ауыз сөзге жауап бере алмадыңдар. Сонша

қамалдыңдар. Аз деп менсін бей сіңдер. Жауды бір-ақ кісі

қашырады, дауды бір-ақ кісі бітіреді. Мені тыңдаңдар, тілімді

алыңдар. Ыстыда Бөлтірік деген бар. Өзі шешен, өзі тапқыр,

өзі жүректі. Соны шақырыңдар. Төренің сұрағына жауапты бір

тапса сол табады.

Қысылып отырған билер:

— Ойбай, біздің жанымызды алып қалса болды ғой, шақырайық,

— деп кісі жұмсап, ат шаптырады. Бөлтірік келді. Билер

безек қағып жайын айтты.

— Осындай басымызға ауыртпалық түсіп тұр. Жауап тауыпақ

тұрмыз, бірақ сеніміміз жоқ. «Бір айтқаннан тура айтпай

адассаңдар, бастарыңды аламын», — деді. Қарағым, шамаң

келсе, бізді, хал қыңды ажалдан құтқар. Барымыз сенікі.

Бөлтірік жымиып:

— Жарайды, шамам келсе, жауабын берейін, баршаңызды

ажалдан құтқарайын. Сіздер үшін жаным құрбан, — деді

жарқын үн қатып.

187


— Не деп жауап бересің, қане, бізге айтшы? — деді сенбей.

— Айтпаймын! Жауапты төренің өзіне беремін. Не дейтінімді

ертең естисіздер.

— Апырмай, «Осы Бөлтіріктен бірдеме шығады», — деп еді

Әжең ақсақал. Құтқарса, жарады, — десті отырғандар.

— Ертең түсте төре ауыл сыртындағы сазға келіңдер деген.

Төренің тігілген үйінің бер жағындағы көк төбенің басында

иіріліп отырамыз. Ортамызға төре келеді. Сен қарсы тұрып

жауап бересің.

— Мақұл. Сіздер жиналып отыра беріңіздер. Мен төреден

сәл кешігіңкіреп келемін.

Белгіленген орынға жұрт сәскеден барып отырды. Төре

аспай-саспай түске таман келді. Отырған билер жерге дейін

басын иіп, қошемет көрсетіп жатыр. Төре тағына отырып бола

берген кезде қасына Бөлтірік жетіп барды. Жетіп барды да:

— Ассалаумағалейкум, төрем, — деп жарқын үнмен сәлем

беріп, қолын алды. — Тақсыр, оң жағыңыздан орын алуға рұқсат

етіңіз?

Төре Бөлтіріктің бетіне тесіле қарап:

— Менің оң жағыма отыратын кісі бір жағы көзім, бір жағы

сөйлер сөзім болмақ. Көзіңнің оты бар екен, шамаң жетсе,

отыр, — деді.

Жұрт жайғасып болған соң, төре қолын көтеріп сөйледі.

— Кәнеки, менің тапсырмамның түйінін таптыңдар ма?

Біреуің алдыма келіп жауап беріңдер.

Отырған билердің бірі:

— О, тақсыр, анау оң жағыңызда отырған Бөлтірік жауап

береді, — деді.

Төре бұрылып Бөлтірікке қарады.

— Менің кесімім бар. Осы бір ауыз сөздің түйінін таппағанның

басын аламын. Қателессең де басынды аламын. Шартым сол.

Саған айтайын, менің алдымда мынау қазақтың дауы бітпеді.

Бүгін де дау, ертең де дау, биыл да дау, келесі жылы да дау.

Қай жерге барсам да алдымнан дау кетпейді. Осы дау қайдан

шығады? Осының шығатын түбін айтсаң, ұрыс-жанжалды

құртып, жанымыз жай табар ма екен?

188


Төре құрулы тақтың үстінде отыр, оң жағында Бөлтірік.

Билер төменде, жерде отыр.

Бөлтірік орнынан тұрып, төбелесе кететін адамдай төренің

бетіне ожырайып қарап, қабағын түйіп, түсін суытып:

— Тақсыр, былжырамаңыз! — деді.

Төре — бұған дейін қара қазақтан былжырамаңыз деген

сөз түгілі сен деген сөз естіп көрмеген адам, канына қарайып,

бұрқан-талқан ашуланды да кетті. Қолы қылышына сарт етіп

тиді. Ашулы, өңсіз болып тұрған Бөлтірік күліп жіберіп:

— Дат! — деді қолын көтеріп. — Дат деген сөз өліп бара

жатқан адамның «бір ауыз сөзге мұрсат беріңіз?» дегені. Оны

төре де, хан да, патша да орындауға тиіс. Орындамаса, ол хан

да, патша да емес.

Төре қылышын сілтей жаздап:

— Айт датыңды! — деп тоқтап қалды. Бөлтірік төренің бетіне

күліп қарап:

— Тақсыр, өзіңіз дау-дамай, ұрыстың басы неден шығады

деп сұрадыңыз. Неше күннен бері жұртты қамап, қинап

отырсыз. Сол сұрағыңызға жауап берейін деп алдыңызға

келіп едім. Сөзімнің алдын айтқызып, артын айтқызбадыңыз.

Қылышыңызды жалаңдатып күш көрсеттіңіз. Даудамай

ұрыстың басы былжыра мадан шығады дейін деп

«былжырамасын» айта бергенімде, аяғын айтқызбай қылышқа

қол салдыңыз. Енді менімен төбелесетін болып отырсыз. Міне,

бар бәленің басы осы «былжырамадан» шығады. Ал енді мен

де дайынмын, шаба беріңіз басымды.

— Мұны мен де тапқан едім, бірақ айтуға қателе сем бе деп

қорқып ем, — деді бір би топ ішінен.

Төре қолындағы қылышты тастап жіберіп:

— Былжыраған қазақ, сендер боқтың да исін білмейсіңдер!

— деп ашуланып, ордасына кетіп қалды. Нөкерлері, жасауыл,

жендеттері өзімен қоса кетті. Ел иіріліп отыр. Билерде зәре

жоқ.

— Құдай бізді төбемізден қос қолдап ұрды. Мына тіл мен

жағына сүйеніп қалған жаманды бекер шақырдық.

189


— Ойбай, бұл ханға: «Былжырама», — деп бәрімізді құртты

ғой. Төре енді бізді қойдай қырады.

— Төрені «былжырама» деп сөккені не деген сұмдық?!

Неткен көргенсіздік! Мұның кесірі мыңға тиді ғой, — деп билер

қатты састы. Біреуі ұрсып жатыр, біреуі боқтап жатыр.

— Жалғыз көк атты, қаңғып жүрген біреу, мұның несі кетіп

барады дейсің?!

— Мұның түгі де құрымайды. Азар болса төре басын алар.

Соңында жылап қалып бара жатқан бала-шағасы жоқ.

Билердің бірі Бөлтірікке төне түсіп:

— Айыпты енді өзің тарт! — деп айқайлады. Бөлтірік

ешқайсысына да ләм деп жақ ашпай отыр. Билер шулап

жатыр, тулап жатыр. Бөлтіріктің онымен ісі жоқ, аздап езу

тартып, кең даладан көзін алмай, ойға батқан. Бір кезде

орнынан тұрып, жұртқа қарап:

— Оу, жақсылар, болдыңдар ма? — деді. — Болсаңдар,

маған бір ауыз сөз беріңдер. Сендерді төніп келген қиындықтан

құтқардым. Төренің қаһарынан, ажалдан аман қалдыңдар.

Ханды сөккенім үшін өзім жауап беремін. Оған сендер

қиналмаңдар да, қайғырмаңдар. Жалғыз-ақ тілегім,

сендер бір тәулік менің айтқанымды орындайтын болыңдар.

Тұс-тұстан кер кеткен сөздер естілді.

— Ой, сен бізді тағы қайда бастамақсың? Осы жараң аздай

тағы бүлдірейін деп тұрсың ба?

— Аз Ыстыдан жақсы шығушы ма еді?

Билерің біреуі анау, біреуі мынау деп шулап, бірін бірі

тыңдар емес.

— Ақ боз атқа, қара нарға кілем жауып, Бөлтірікті мойнынан

байлап, нардың құйрығына тіркеп, төреге алып барсақ қайтеді?

— деген секілді сөздер де естіліп қалды.

— Оу, көпшілік, тоқтаңдар! — деді осы тұста Әжең ақсақал.

— Сендер бастарыңа түскен тозақ-ажалдан құтылдыңдар.

Төреміз Бөлтіріктің жауабының дұрыстығын сырттай

мойындамағанымен іштей мойындады. Тек өзімбілермендіктің,

менмендіктің қызуымен ашуланып кетіп қалды. Егер жауап

190


табылмағанда, төре бәріңнің бастарынды алар еді. Жауап

табылғаны үшін тоқтап қалды төре. Ал бұл Бөлтірік айтқан

сөзіме өзім жауап беремін деп отыр. Бұған неге сенбейсіңдер,

бұл сендерге не қиянат істеді? Қане, бұдан артық қайсың

барсыңдар? Құтқарушы тапсаңдар, таппас па едіңдер? Әлі

де болса, мұның тілегін беріңдер, соңынан еріңдер.

— Дұрыс айтады Әжең ақсақал, дұрыс айтады, — деген

сөздер естілді.

— Жарайды, — деп билер Бөлтіріктің сөзін тыңдайтындарын

білдірісті.

— Біз төрені біржолата жеңеміз, бұдан былай айтқанымызды

екі еткізбей орындатып отырамыз десек, алты кісі атқа мінсін.

Төңіректегі елді таң атқанша жинап, Шолпан туа төренің

ордасы төңірегін торуылдаңдар. Бәрі қолдарына сойыл,

шоқпарын алсын. Осыны орындаңдар!

Төреге бұрынғыдай ешкім қол қусырып, басын иіп барған

жоқ.

Ел тарап-тарап кетіп қалды. Бұған төре бұрынғысынан

бетер ашуланып, намыстанып: «Ісім сендермен болсын, қара

қазақ», — деп шиыршық атты.

Бөлтірік көкшолағына мініп бір ауылға келіп қонды. Түн

ортасынан ауған кезде қаңтарулы тұрған көкшолағына

қарғып мініп, төренің ордасына құйындата шауып жетті. Аттан

домалап түсе қалып:

— Ойбай, жау келіп қалды. Жау! Жау!.. Мені төреге жібер?!

— деді күзетшіге ентіге, еліре үн қатып. Күзетші не істерін

білмей сасқалақтап, оны қоя бере салды. Бөлтірік жүгіріп

отырып, шырт ұйқыда жатқан төренің қарағай үйіне жетіп,

қос қолымен есікті тарсылдатып үра бастады.

— Ойбай, тақсыр төре, тақсыр төре! Жау келіп қалды! Жау!

Жау!

Шырт ұйқыдан шошып оянған төре «жау келіп қалды»

деген сөзді есіткен соң, төбе құйқасы шымырлап, буынбуынынан

әл кетіп, іш киімшең босағаға жете бере сылқ етіп

жерге құлап түсті.

191


— Тақсыр, тақсыр, тез есікті ашыңыз, жау келіп қалды. Жау!

Төре орнынан еңбектей жылжып, есіктің ілгегін әзер ашты.

Ішке енген Бөлтірік:

— Ойбай, тақсыр, саспаңыз, мен — Бөлтірік қой. Бір суық

хабар әкеліп тұрмын, — делі ентігіп. — Қазақтың ардақтаған,

басына көтерген ханы едіңіз. Ұлы жүз өсіп-өніп көп ел болдық.

Бізді бір балаңыз басқарсын, — деп атаңыз Абылайдан

бабамыз Қараш би сұрап алып келіп еді. Сонда атаңызға атамыздың:

«Төре не десе де көнеміз», — деп берген серті бар

еді. Сол сертті бұзбай, кәріңізге қазақ шыдап, көніп келіп еді.

Бүгін, тақсыр, үлкен қателік жасап қойдыңыз. Айтқанына көніп,

айдауына жүріп келсек те жақпадық. Төренің бүгінгі қылығы

несі? Бізді халық деп есептемей ме? Бізді теңемеске теңегені

қалай? Ә, мұндай төресіз-ақ өз бетімізше жан бағалық. Әділеті

жоқ, зорлық-зомбылығы көп немеден біржола құтылалық.

Қашанғы төземіз? Бізге тағы, мазақ еткендей, сұрақ емес

сұрақты қояды. Біз де ар-намысы бар елміз, жұртпыз. Жалғыз

үй төренің қорлығына қашанғы көнеміз? Төрені өлтірелік те,

мына қырғызға кіріп кетелік. Ақыр бізді теңемеске теңеді ғой,

— десіп бір-бірімен уәде байласты.

О, Әлі төрем, сіз кеткеннен кейінгі жерде қазақтар осылай

деп кеңес құрды. Ел сізді өлтіреміз деген тәуекелге мініп,

қаруланып жатыр. Мен ести сала сізге жанұшырып, жеттім.

Жолда біреу ұстап ала ма деп асып-сасып, тақсыр, жасырынып

шығып, хабарлағаным осы. Сіз — қайық едіңіз, халық — теңіз

еді. Теңіз туласа, қайықтың күні не болады? Абайсызда

аузыңыздан жаман сөз шығып қалды. Тіл — кісінің жауы

деген осы. Тақсырым-ай, басыңыздан бағыңыз тайып кетер

ме екен? Онда ақырзаман орнады десеңізші?! Қам жемесеңіз

халықтың беталысы жаман. Бүгін түнде қамданбасаңыз, таң

атқан соң бәрі кеш.

Төре сасқалақтап:

— Ойпырмай, Бөлтірігім, енді не амал істейміз? Бұған қандай

айла табылады? — деді — Түн ішінде мен не істемекпін?

Қайда барып үлгермекпін? Не бұл жерде әскерім де жоқ.

192


Бұрын жон арқасынан таспа тілсең де мыңқ демейтін қазақ

бас асаулықты қайдан шығарды? Енді өзің бірдеме етіп

ақылын, жолын тапсаңшы? Анық досым екенсің, көзім жаңа

жетті. Шын дос осындай қиыншылықта танылады деген рас

екен. Жақсылығыңды ұмытпаспын, не істе десең де көнейін.

Халықтың бетін қайтарып бер.

Ойбай, тақсыр, мына түн ішінде басыма төнген қауіпқатерді

елемей шауып келгенде сізден жақсылығымды

аяймын ба! Менің сізден басқа досым бар ма? Олар да

мені кісі демейді. Қалың қазақ қаптаса, түнерген бұлттай.

Тақсырым-ай, қолымнан келген жақсылықты сізден аяймын

ба? Мені олар аз ғана үйлі ысты дейді. Сізді жалғыз үйлі төре

дейді. Бүгін тірі қалсаңыз, маған сізден артық дос табылар

ма? Кімнің кім екені сын өткелінде танылады деген ғой.

Әлдекімге ұқсап, қара басымды қорғалағаным жараспас.

Тақсыр, бар десеңіз, тәуекел, барып кө рейін. Сіз де жалғыз,

мен де жалғыз. Екеуміздің де көмегіміз жоқ. Шамам жетпесе,

амалым бар ма!? Ол жақтан келмей қалғаным. Шамам жетсе,

қайтып келіп, сізге бір хабарын берейін. Тілге түсінетін,

айтқанға көнетін болса, тоқтатып көрейін.

— Бөлтірігім, бөгелме, тездетіп бар. Шамаң келсе,

қазақтарды тоқтатып бақ, ашу-ызасын бас. Шамаң келмей

бара жатса да келіп хабарынды бер. Қашсақ та, екеуміз бірге

қашалық.

— Жарайды, бір Алла жар болсын, — деп Бөлтірік

көкшолағына міне салып, шаба жөнелді. Көпшіліктің ортасына

барып:

— Құдай жарылқады, сүйінші, — деді. Төре қаһарынан

қайтты, ризалығын алдым. Халық, ертең сойылдарыңды

тастап, аттарыңды айқастырып байлап, кешегі жерге барып

алқа қотан отырыңдар. Төре алдарыңа келеді.

Қайта шауып Бөлтірік төреге барды. Барса, төре нің ес-түсі

қалмаған, әйелі екеуі үрейленіп, біресе есікке, біресе төрге

қарай аяңдап, не істерін білмей сасулы. Бөлтірікті көріп, жүрегі

жарыла қуанып:

193


— Ойпырмай, Бөлтірігім, келдің бе? Не жақсылық хабарың

бар? Тыныштық па. әйтеуір? — дей берді.

— Тақсыр, атаң Абылайдың аруағы қолдап, айт қан сөзім

ем болды. «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» дегендей,

халқым, төре болса да үлкен басын иіп, кешірім сұрап тұр. Бір

жолға кешіріңдер». Айыбын тартса, адаспағаны. Абылайдың

аруағы үшін кешіріңдер» — деп жалынып-жалбарынып тұ рып

алдым. Әйтеуір сөзім ем болды.

— Жарайды, бір жолға кешірелік, бұдан былай қателессе,

өз обалы өзіне. Төре алдымызға келіп айыбын тартсын. Кінәсін

өз аузынан айтып, кешірім сұрасын, — деді халық.

— Ойбай, Бөлтірігім, енді не істейміз?

— О, тақсыр, айып тартқан кісінің не істейтінін білмейсіз бе?

Бұрынғы-соңғының жолы — қара жор ғаның үстіне асыл кілем,

ішік-тоныңызды жабыңыз. Ханымыңызды қасыңызға ертіңіз.

Мойныңызға кісеңізді салыңыз. Күн шыға бере қол қусырып,

басыңызды иіп, жиналып отырған халықтың алдына барыңыз.

Тақсыр, менен ақыл сұрайсыз ба? Содан соң не деуді, кінәлі

кісінің не дерін өзіңіз білесіз ғой? Мынау тартуым, мынау

тартқан айыбым, ханымыз екеуміз келіп, кешірім сұрап тұрмыз.

Халқым, ке шіріңдер, — деп алдарына басыңызды иіңіз. Содан

соң айтатын сөзін халық өзі білер.

Төре қара жорға атын алдырып, үстіне асыл кілем

жаптырып, бұлғын ішігін қоржынға салдырып, халық алдына

бармақ болды. Бөлтірік одан бұрынырақ келіп, жұртқа:

— Ал енді төре келетін болды. Сендерден кешірім сұрайды.

Төре қашан сөзін бітіргенше қозғалмай, тырс етпей, үндемей

отырыңдар, — деді пысықтап.

Қара жорға атын ерттеп, үстіне асыл кіреуке тонын, кілемін

жауып, мойнына кісесін салып, ханы мын қасына ертіп, төре

халықтың ортасына келді. Тырп етпе деп әбден дайындаған

Бөлтіріктің сөзі бар, жұрт бұрынғы әдетімен шулап, басын

иген жоқ.

Төре халыққа қарап сөз сөйледі.

— Оу, ассалаумағалейкум, отырған жамағат! «Ит құтырса

иесін қабады» деген. Халқым, айып менен, ашу үстінде ау-

194


зымнан бір ыңғайсыз сөз шығып қалыпты. Шайтан түрткен

шығар, алдарыңда кінәлімін. Қатесіз пенде бола ма? Халқым,

басымды иіп, қолымды қусырып, сенен кешірім сұрап келдім.

Кешіңдер? Мынау ат-тон — айыбым.

Отырғандар шу ете қалды.

— О, тақсыр сіз кешсеңіз, біз де кештік.

Билер, бай-бағландар жапырлай келіп, төренің қолын алды.

Төре орамалмен көз жасын сүртіп.

— Рақмет кешіргендеріңе — деп халыққа қайта басын иді.

Бөлтірік осы тұста сөзге араласып:

— Оу, халық! — деді — «Жақсының өкпесі торғын орамал

кепкенше, жаманның өкпесі басы жерге жеткенше» деген.

Атасы Абылай, өз тентегін білмесе, кісі тентегін тыя ала

ма? Тентегін білді ғой. Бұл — төреміздің ата баласы бола

алғандығы, асылдығы. Халқым, біз төреге риза болалық, төре

халқына риза болсын.

Жұрт төрені қаумалап, қошеметтеп, тағына әкеп

отырғызды. Төре тағына отырып, көңілі жай тапқан соң:

— Оу, халқым, мынау Бөлтірік баға жетпес дана екен. Сендер

боп, біз боп, Бөлтекеңнің даналығын ұмытпалық. Халқым,

Бөлтекең саған да керек, ел сұраған маған да керек. «Асыл

тас жерде жатпайды» деген, бүгіннен бастап Бөлтірік менің

оң жағымдағы бас биімнің бірі болсын.

***

Бекасыл әулие алдындағы кесені алып, шайдан екі-үш

ұрттап:

— Бөлтіріктің әңгімесі көп, таусылмайды, — деп еді.

— Бізге сол таусылмағаны керек, Беке.

— Сіз айта беріңіз, біз тыңдай береміз, — деп көпшілік тағы

қолқалай түсті.

Ұлы жүздің бағлан батыр, шешен жүйріктерін ордасына

шақырып алып:

— Алтынемелде Жалайыр мен Найман елі жай лауға

таласып, екі жағынан да бірсыпыра адам шығын болыпты.

195


Дау-дамайды қарап, әділ билік айтып, екі жағын бітістіру

үшін екі еллен қалыс билер шақырылмақ, — деді Тезек төре.

— Ұлы жүз бен орта жүздің дауы оңай дау емес. Екі елді

татуластырып, бітістіруге құланнан ұшқыр, қудан жүйрік әділ

билер баруы керек.

Орта жүзден аға сүлтан Өскенбайдың Құнанбайы келеді

дейді. Қасында Құсбек, Тәнеке секілді төре, қарасы бар

көрінеді. Осы дауға біздің жақтан кім барады? Бәріңізді

кеңескелі шақырып отырмын.

Жақсы мен жайсаңдар ары ақылдасты, бері ақылдасты.

«Қапыда сөз, жол тапқыш, дуалы ауыз, алдына жан салмас

жүйрік Бөлтірік барсын. Екінші, Құнанбай секілді жеті атасынан

мырзалық шынжыры үзілмей келе жатқан атақты Сарыүйсіннің

Мырзасы Сары барсын».

Жұрт ішінен біреу:

— Үшіншісіне Дәуітәлі барса қайтеді? — деп еді, Бөлтекең

отырып.

— Жас та болса әділ, мына Кебекбай барсын, — деді.

Бұлар ат-тондарын дайындап, белгіленген мер зім де бес

жүз қаралы топ болып жүріп кетті.

Жолда Бөлтірік Сары екеуінің арасындағы өткен бір

оқиғаны есіне алды.

— О, Бөлтеке, жаман ат, жаман тонмен Сыпатайдың қасына

ілескен неңді алған? — деді Сары би бірде кекете сөйлеп.

— Жарбиып жүрсем де, сенен бағым артық. Сендерге

дүние бөлінген күні мен бақтың базарында жүргем, — деді

аузына құм құйып.

Тағы бірде Бөлтірік ішке еніп, үй толы кісілерге қол беріп

амандасты. Үстіне шапан киіп, беліне қызының орамалын

байлап алған еді. Сөзден жеңе алмай жүрген Сары би:

— Бөлтірік, мынау ұзының мен қызылың не? — деді ұстап

көріп.

— Ұзыным ұлымдікі, қызылым қызымдікі. Киімді үнемдеп

киетін сен секілді қубас емеспін. Былшылдай берме! — деді.

Көптің көзінше қу бас деген сөз естіген, әрі оңбай жеңілген

Сары би үйден шыға жөнелді.

196


Арада екі-үш жыл өткенде Сары бидің әйелі Уәли,

Халық деген егіз ұл тапты. Сары би ат шаптырып, той берді.

Бөлтірікті тойына шақырмады. Бөлтекең бір ай мезгіл өткізіп,

балаларына бауы берік болсын айтқалы барды. Есік алдында

атынан түспей:

— Кім бар-ау, хабарлас! — деді дауыстап.

— Келген ана албасты екен, үйге кіргізбе! Мені жоқ де, —

деп Сары би әйелін жұмсап, өзі төсекке қисая кетті.

Әйелі тысқа шығып:

Сары би үйде жоқ еді, — деді.

— Өтірігіңе болайын, аты, әне, жайылып жүр, ертоқымы

іргеде жатыр. Құрдассынып қу бас деп едім. Олай демегенімде

ол отбасын ойлап, тілеу тілер ме еді? Осы бергенімді қайтып

алайын ба?!

Сары би сыртқа жүгіре шығып:

— О, Бөлтеке, аттан түсіңіз, — деп шылауына жармаса кетті.

Енді осы Сарымен Бөлтекең Алтынемелге келе жатыр.

— Ағаның баласы — біздер алдағы жұмада барамыз, — деп

күн ілгері шапқыншы хабар жіберген.

Айтулы күн де жетті. Ақ үйлер тігілген, бір жағына

ұлы жүздің жақсылары, билері, бір жағына орта жүздің

жақсылары, билері түсті.

Бір күн жатты, екі күн жатты. Ешкім шақыратын емес,

Құнанбайдан хабар болмады.

— Бұл қалай? Бізді дауға, әлде конаққа шақырып алды

ма? Не кісі жібермейді? Ағаның баласы едік. Алдымызға

келмесе де шақыртып алып, бізбен амандасатын жөні бар еді

ғой. Құнанбай мырзаның мұнысы несі? Бізді әлде менсінбегені

ме? — деді Сары мырза. Бөлтірік:

— Олай болса, Сары мырза, атасымен атаң теңдес, өзімен

өзің теңдес, бұрыннан жолығып, әңгімелесіп жүрсің, сырын

білесің ғой. Құнанбай қандай жігіт еді? — деді.

— О, Бөлтеке, шынын айтсам, Құнанбай — паң жігіт.

Жөпшеңді, анау-мынауды менсінбейтін тәкап пар. Сол тәкаппарлығы

ұстап жатыр да.

197


— Ендеше, біз-ақ кішірелік, алдына біз-ақ баралық. Алдымен

не істеп жатыр екен, Кебекбай білдірмей байқап келсін.

Кебекбай кетті. Ол барып, білдірмей салтанатын көріп

қайтты.

— О, Бөлтеке, Құнанбай мырзаны көріп қайттым. Өзінің

рұқсатынсыз үстіне ешкімді жібермейді екен. Басында да

жастық, аяғында да жастық. Шамасы тұрып тамақ ішпейтін

тәрізді.

— Ә, олай болса, былай болсын, — деді Бөлтірік. Сені біледі

ғой, Сары мырза. Құнанбай мырза мені танымайды. Әуелі

Кебекбай екеуің бар. Құнанбаймен амандасып, шүйіркелесіп

бола берген кезде мен барайын. Мені ешкім елемес. Есіктен

сәлем беріп, кіріп барғанымда, орныңнан ұшып түрегел. Ұшып

түрегел де: «О, келіңіз, келіңіз, Бөлтеке», — деп ысырылып,

жоғары жағыңнан орын бер. Барғанымды одағай көріп, Құнанбай

маған бір нәрсе деп тіл қатып қалар. Мені танымайды ғой.

Мынауың кім дегендей саған қарап сөйлер. Сол уақытында:

— Құнанбай мырза, — деп сен сөзіңді соза түс. Мен сені

қағып тастап:

— Сары мырза, тоқта! Мұның жауабын өзім берейін, —

деймін. Сонда сен:

— О, Бөлтеке, айтыңыз, — деп менен жасқанған кісіге ұқсап

қыпың ете қал әрі сөз ретіне қарай жауап беруге іштей дайын

отыр.

Бөлтекең өзінің кім екенін Құнанбайға танытпақ болды.

Құнанбай Үйсіннің беделді, мықты адамы жалғыз Сары, оны

қалпақпен оңай ұрып алам деп ойлап жатыр еді. Сарыдан

мықты адам барын ол қайдан білсін.

Сары мырза мен Кебекбай Құнанбай жатқан үйге қарай бет

алды.

— О, Сары мырза келе жатыр, — деген хабар Құнанбайға

жетті. Сары — ежелден ел сұраған Алтай бидің тұқымы.

Құнанбай шалқалай жатыр еді, Сары кіріп келгенде, басын

көтеріп амандасты.

— Сары мырза, аман-есенбісің? Ел-жұрт аман ба? Қарияң

күйлі ме? Жақсы жүріп, жайлы жатырсың ба? Оу, жігіттер,

198


мынау ұлы жүздің Сарысы болады. Атасы — Алтай би.

Шынжырбалақ шұбар төс, жеті атасынан бері кісілігі мәлім

Сары мырза деген осы.

Құнанбай сөзін аяқтап, қайта жамбастап жата бергенде,

Бөлтекең кіріп келді. Кебекбайдың айт қаны рас екен.

Құнанбайдың басында да, аяғында да жастық. Жамбастай

шалқалап, аяғын көсіліп жатыр.

— Ассалаумағалейкум!

Құнанбайдың аузы жыбыр да етпеді. Сары орнынан қарғып

түрегеліп еді, үйде отырған билердің бәрі де түрегелді.

— Жоғары шығыңыз, Бөлтеке, жоғары шығыңыз, — дей

берді Сары.

Бөлтірік көсіліп жатқан Құнанбайдың аяғының үстінен

аттай-маттай төрге өтті. Құсбек төре жақтырмай «е» деп

қалды. Құнанбай түсі бұзылып, оқтай қадалып Бөлтірікке бір

қарады да, Сарыға бұрылып:

— Сары мырза, жаңа аяқтанған ботадай тапырақтап, кісі

басқалы жүрген мынауың кім еді? — деді. Сары уәде бойынша:

— О, Құнанбай мырза, — дей бергенде, Бөлтірік;

— Тоқта, Сары! — деп қағып тастады. Мұнысы Бөлтіріктің

Құнанбайды жеңу үшін көрсеткен сес әдісі ғой.

— Өзім айтайын, Құнанбай мырза! Мынау Сары, ұлы жүзге

сөзі дәрі. Білмесең, менің атым Бөлтірік, анау-мынау кесірліні

сөзбен кетем өлтіріп, — деді де, Сарыға қарап:

— Сары мырза, осы біздің елде соқыр түйенің бағасы

қанша болушы еді? — деді.

— О, Бөлтеке, соқыр түйенің бағасы қанша болушы еді?

Көзі сау болса, екі бесті, көзі соқыр болса, бір-ақ бесті ғой.

— Ә, ондай болса, құны белгілі екен ғой.

Құнанбай басын көтеріп, орнынан тұрып;

— Бөлтеке, кешіріңіз, «Аға — бордан, іні — зордан» деген ғой,

кешіріңіз. Аяғым ауырып жатыр еді, аты-жөніңізді білмегеніме

айыптымын, — деп Бөлтекеңнің қолын алды.

— Жарайды, мырза, алды кең ағаның баласымыз ғой. Үлкенді

сыйлағаныңызға рақмет. «Жігіт адаспай жер танымайды, ер

адаспай ел танымайды» деген, кештім. Ерлігіңе сенермін.

199


Құнанбай:

— Бөлтеке, аға боласыз ғой. Бұл даудың төбе биі өзіңіз

болыңыз, жол сіздікі, — деді.

— Төбе би мен болсам, әділдігін, шындығын айтам. Атам

Төле бидің жолы — ақ жол. Аруағына сыйынып, адаспай

айтам. Бұл жер әуелі Құдайдікі, содан кейін адамдікі. Жер

бөтенсімейді, ел бөтенсиді. Бұл жерде кім болмады? Ноғайлы

да болды, ол түгілі қалмақ та болды. Жерге таласып, еңсені

езген неше түрлі салмақ та болды. Алақай деген Жалайырдан

шыққан тәуіп кемпір ауылға түнемей далаға түнеп күн

кешкен, тері жастанып, селеу төсеніп, жиһан кезген әулие

еді. Алты Найманның мұрнынан самал түсіп, алты сиырдың

сүтімен бағып-қағып, алты ай емдеп ауруынан жазғанда,

күз келіп, Найман былай көшкен, Жалайыр былай көшкен

кезде, әлгі ауруынан жазылғандар әулие кемпірдің сиырын

айдап кетеді. Тентектік жасап, өзін бір терекке байлап кетеді.

Күзеуде түйесі жоғалған Жалайырдың бір шалы келіп қалып,

кемпірді ажалдан құтқарып алған. Найман атамның баласы

сол уақытында-ақ зорлық жасаған екен. Анау тас молаға

көз салыңыздаршы? Онда әуелі Ноғай болған, ол кеткен соң

Жалайыр Шомай болған. Сол тас молада жаңағы мен айтқан

Алақай деген тәуіп кемпір де болған. Тас мола белгісі бар

жер Жалайырдікі. Менің билігім осы.

— Дұрыс, дұрыс.

— Ал енді шейіт болған жеті адамның билігін мынау отырған

Кебекбай айтсын.

Кебекбай жүресінен отырып:

— Ердің құны — екі ауыз сөз, бірі — берем, бірі бермеймін

деген, — деді. — Берем десе, бітеді, бермеймін десе, ел

елдіктен кетіп шабысады. Ер елшілік етіп, билер әділетін

сөйлеп, кеңшілік жасаса, бітпейтін дау бола ма?

— Дұрыс, дұрыс.

— Ал Найман атам жағынан бір адам артық өліпті. «Судың

түбін шым бекітеді, құнның түбін қыз бекітеді» деген. Менің

айтарым, Жалайыр мен Найман — қатар жатқан ел, ата жолын

қуып, құдандалы болсын. Екеуі қатар көшіп, қатар қонсын.

200


Ата қонысты бірге жайлап, тәтті өмір сүрсін. Баққаны қой

болсын, ертелі-кеш жайлауы той болсын. Жаманшылыққа

ұстаған сойылы отқа жағылсын, игілігіне жинаған малы осы

ата қоныс жайлауда бағылсын. Аллауәкпар! — деп Кебекбай

бата жасады.

Дауға алакөзденіп, жауығып келген екі елдің жақсылары,

билері құшақтасқан дос, бауыр, құда-жекжат болып тарқасты.

— О, бәрекелде, ризамыз Бөлтіріктің билігіне.

— Жөнге жығылған Құнанбай да кесек, ірі ғой.

— Кебекбай да осал емес екен.

— Екі жақты да бітістірген әділ билік қой. Осыны біз неге

ұмытып кете береміз? Үйренем, үлгі алам дегендерге дайын

үлгі алдымызда тұр ғой.

***

Көпшілік өзара даурығысып:

— Беке, сөзіңізді бөлгенімізге кешіріңіз? — десіп, қайта

тынши қалды.

— Қырғыздар Орманхан биге алты жүз жылқы сойып, ат

шаптырып, ас берді, — деп Бекасыл әулие сөзін жалғады. —

Бас бәйгесіне жүз тайлақ тікті. Алты ай бұрын сауын айтып,

қазақ пен қарақалпақты, түркімен мен тәжікті, өзбекті ат

жарысқа шақырды. Айтулы мезгілде түс-тұстан ел жиналды.

Бөлтекең де ат жарысқа арнайы шақырылған еді. Бір топ

кісімен Шәбден манаптың үйіне түсті. Шәбден:

— Бөлтеке, басқадан төрі қырғыз-қазақтың бала сы бір

туған. Келгеніңіз дұрыс болды. Атамның бәйгесіне дайындап

отырған қарақасқа арғымағым бар. Қарақасқа арғымақ тұрған

да бас бәйге қыр ғыздікі болады, — деп мақтанып отырды.

— Атаңның төрі, әуеде ұшқан құс болмаса, жерде жүрген

жылқы бұған ілесе алады деймісің?! — Бөлтірік ішінен:

«Апырмай, мынаның мақтануын-ай! «Асқанға — тосқан» деген,

шіркін! Бұл Шәбден Құдайды ұмытқан екен», — деп ойлады.

Бөлтірік қолына құмған алып, дәретке далаға шықпақ

болып: «Иә, Алла, бәле-жалаңнан өзің сақта», — деді. Оны

естіп Шәбден күлді.

201


— Оу, Бөлтірік, сен қазақтың Бөлтірігі болсаң, мен қырғыздың

Шәбдені болсам, екеумізге қайдағы жала? Қандай адам

батылы барып, екеумізге бәле сала алады? Адасып айта

салған бір сөзің-ау бұл?

Бөлтекең жауап бермей, үндемей, құмғанды алып далаға

шықты. Екі үйдің ортасында кермеде байлаулы тұрған

қарақасқа арғымақты көріп, қасына жақындап барып, жүрелей

дәрет ала бастады. Қарақасқа арғымақ Бөлтекеңе қарап

аузын ашып, есінеді. Есінегенде тілінің ортасында бармақтай

қалы бар екен, сол көзге түсті.

Бөлтекең дәрет алып, үйге енді.Таң атып, жар шылар әр

үйді қыдыра жырлап, жар салып жүр.

— Ұлы бәйге басталады, ұлы ат шабылады. Жиыр ма атқа

бәйге бар, қызықтан құр қалмандар. Бас бәйгеге жүз тайлақ,

бірің қалмай жиналыңдар. Бәсі қымбат олжа бар, оны жеңіп

алыңдар, — деп жаршылар үй жағалап жырлап жүр.

Бәйгеге қосылған ат үш жүз болды. Бәрін бәйге төріне

қарай даяшы айдады. Кімнің маңдайы жарқы рар екен деп

жұрт тағатсыздана күтіп, қарап тұр.

Ат айдалып кеткен соң палуандар шығып күресіп, сайыскерлер

шығып аударысып, кешке дейін тамаша болды.

Айдап барған аттарды даяшылар сол жерге, бәйге төріне

қондырып, ертеңіне таң ата қоя берді. Халықтың екі көзі

аттардың кеткен жағында. Кімнің аты бірінші келер екен, кімнің

атының маңдайы жарқырар екен деп тосып тұр. Әне-міне

дегенше бәйге шаңы көрініп, ат та келіп қалды. Қарақасқа

арғымақ жалғыз келе жатыр. Жұрт алыстан танып, айқай

салды. Бөлтірік жігіттерін шақырып алып:

— Қарақасқа арғымақты ұстаңдар! — деді — Жауабын өзім

беремін.

Ат сөреден өтісімен әлгі жігіттер қарақасқа арғы мақтың

шылауына жармасты. Қырғыз бен қазақтың арасында талас

туып, екі ел қамшыласып, сабаса жаздады.

— Бұл қалай? Атымызды неге ұстайсыңдар?

— Қарақасқа арғымақ Бөлтіріктікі. Сол кісі ұста деді.

202


— Қарақасқа арғымақтың менікі екені рас, — деді Бөлтекең

алдына келген қырғыздарға. — Пәлен уақытында қара бием

далада қалып, құлындап, құлынын ұрлатып алғанмын. Соны

мына Шәбденнің жиһан кезіп жүрген ұрылары ұрлап кеткен

екен. Бүгін танып тұрмын. Таныған алады, тапқан қуанады деген.

Ақиқат осы.

Екеуі де оңай кісі емес. Екі елдің бетке ұстарлары. Жұрт

оларды өтірік айтады демейді. Әділдігіне жету үшін қалыс

ағайындардан төрешілер тобы құрылды. Топ құрылып,

Шәбденге:

— Қарақасқа арғымақты қалайша менікі дейсің? Қандай

белгің бар? — деді.

— Жасымнан қолымда өскен өзімнің төл биемнің құлыны.

Аузын үріп, аяғын сыпырғанмын, — деп білетін белгілерінің

бәрін айтып шықты.

— Ал, Бөлтеке, сіз айтыңыз?

— Сыртындағы белгісін қайтейін? Мен бір-ақ белгісін

айтайын. Егер оным тура болмаса, айы бымды тартамын.

Құлынды мен көргем жоқ, бұлар туа салысымен алып кетіп

асыраған. Көрмесем де айтайын белгімді. Мұның тұқымы

қара қасқа болушы еді. Бұл сырт белгісі. Енді ішіндегі белгісін

айтайын. Тілінің дәл ортасында, көмей жағында бармақтай

қалы бар. Сол белгім бекер шықса, ат Шәбдендікі, айыбымды

тартамын.

Төрешілер дереу:

— Атты жығыңдар, төрт аяғын буып, тілін көріңдер, — деді.

Тұрғандар атты жығып жіберіп, төрт аяғын буып, тілін тартып

суырып қарап еді, бармақтай қалы бары рас екен. Бәрі көрді

де:

— Ат қазақтікі, — деді төрешілер. — Олжа да қазақтікі,

беріңдер.

Қырғыз Шәбден сөзге келген жоқ, отырған орнында

қап-қара болып түтігіп, жақ аша алмай отырды да қалды.

Асқа келгендер тарады. Қарақасқа арғымақтың бәйгесі жүз

тайлақты қырғыздың кедейлеріне таратып, қарақасқа айғырды

жетектеп, Бөлтекең жолға шықты.

203


— Апырмай, көптің ішінде мына екі дәу бірін-бірі аямай, өмірі

жүз көріспестей болып кетті-ау, — деп ел сөз етісті.

Бөлтекең былай ұзап шыға беріп, қасындағы елу-алпыс

жігіттеріне қарап:

— Оу, жігіттер! Аттың басын Шәбденнің аулына қайта

бұрыңдар, — деді. — Шәбденнің үйіне тарт.

Бөлтірік ішке кіріп келді. Кіріп келсе, Шәбден ашумен қапқара

боп түтігіп, теріс қарап жатыр екен. Оңай ма оған, әрі

қарақасқа жүйрігінен айырылды, әрі дүйім жұрттың алдында

ұры атанды.

Бөлтекең сәлем беріп, белін шешпестен Шәб денге:

— Шіркін, Шәбден, сен Құдайды ұмытайын дсе ген екенсің!

Әнеукүні не дедің маған? Қырғыз дың мықтысы — мен, қазақтың

мықтысы — сен, бізге бәлежала жоламайды дедің ғой.

Бәле-жала жола маса, бүгін неғып жатырсың қайғырып? Түрегел

орныңнан! Тәубаңа кел! Тәубаңды есіңе түсі рейін дем

ем. Әйтпесе, ат сенікі, — дегенде Шәбден орнынан қарғып

түрегеліп, жүгіріп келіп, Бөлтекеңнің аяғынан құшақтай алды.

— Бөлтекем-ай, қырғыз-қазақтың қызыры екенсің ғой.

Бәріміз сыйынып жүретін пір екенсің ғой. Мен асып, тасып

кеткен екенмін. Пендеміз ғой, кешіре көр? — деді.

— Ә, шіркін, кешірімді менен сұрама, Құдайдан сұра. Сенің

қырсығың жүз тайлақ болды. Сонымен кетсін. Оны олжа етіп,

сіңірі шыққан кедейлеріңе үлестіріп жібердім.

Шәбден жігіттеріне әмір етті.

— Әкел бір боз биені!

Дереу боз биені алдыртып, құдайыға шалып жіберді.

— Бөлтеке, көзімнің еті өсіп, қырсығым қайғы бола жаздаған

екен. Төнген қара бұлттан сіз құтқардыңыз, Алланың нұры

жаусын сізге. Кедейлеріме үлестірген жүз тайлаққа қоса мен

де жүз тайлақ үлестірмекпін. Қайғы-қасіреттен құтқарушым

— сіз, — деп Бөлтекеңді қонақ етіп, асқар Алатаудан асыра

шығарып салған екен.

204


***

— Шіркін, Бөлтекең асқар Алатаудың өзі ғой.

— Анадан тусаң осылай ту.

— Бәрінен маған Бөлтекеңнің қарапайымдылығы ұнады, —

дескен үндер басыла бергенде.

— Енді Бөлтекеңнің бір әңгімесін айтып беріп, демалайын,

— деп Бекасыл әулие таңдайын жібітісі мен сөзін жалғады.

— Бөлтірікті көрші елдердің сұлтандары мен бектері,

саудагерлері көре алмай, қайткен күнде де көзін жоюдың

амалын қарастырып, ел арасына әр түрлі сөз тарата бастады.

— Қазақтың Бөлтірік дегені бар, ауыздыға сөз бермейді,

аяқтыға жол бермейді. Қазақ сахарада мал бағып, қанненқаперсіз

жататын, уайымсыз халық.

Ішкені — қымыз бен айран, жегені — ет пен құрт, жал, жая.

Шетінен жас баладай аңқау. Білімі жоқ, оқымаған халық.

Сауда-саттықты, алдап-арбау деген ді мүлде білмейді. Бір

қойының жүнін бір таба нан беріп алдап алушы едік. Тіпті бірер

қадақ қантқа бір қойын айырбастай салатын аңқау халық.

Әр ауылы әр сайда отырады, басы қосылмайды. Барсақ,

асын тегін беретін, атын тегін мінгізетін. Осы аңқау қазақты

еркін сорып, жеп, еркін жатушы едік. Ал енді Бөлтірік дейтін

бір ақылды адам шықты да, бізге алдатпайтын болды.

Аузымызға түсіп тұрған олжадан қағылдық. Сондықтан

осы Бөлтіріктің көзін жоймай болмайды. Оны құртсақ, қазақ

ішіп-жеуіміз үшін біздің өрісіміз болады.

— Қалай құртамыз Бөлтірікті? — деп көрші елдің қаскүнем

сұлтан, бектері, алыпсатар саудагерлері өзара ұзақ

ақылдасты.

— Бұл Бөлтірік тірі тұрғанда қазақты жауға да, дауға да

алдырмайды. Сол себепті оның көзін жоюдан басқа бізге

істер шара жоқ.

Бәрі ақылдасып:

— Елге жайсыз, қанішер қарақшы ұлыққа, орыс патша

ағзамына қарсы, өте қауіпті адам. Ақ патшаны өлердей жек

көреді. Ешкімнің айтқанына көнбейді, — деп үстін-үстін шағым

205


жазды. Ол шағымдарды тексеруді ұлықтың өзі қолға алды.

Жасауылына:

— Бөлтірікті ұстап әкел! — деп бұйрық берді.

— Ойбай, ұлық, жасауылыңыз не сіздің? Ол қанішер бірліжарым

кісіге келуші ме еді? Барған дардың басын кесіп алады.

— Онда көп әскер жібереміз бе?

— Олай етпесеңіз болмайды. Жазалаушы әскер жіберіңіз.

— Мақұл, ендеше. Барып, Бөлтірік деген қарақ шыны тауып,

қолын байлап әкеліңдер!

Қарулы әскер бұйрықты алып, атқа мінді. Ел құлағы елу

деген, жазалаушы әскер шыққанын Бөлтірік үйінде жатып

естіді.

Шапқыншы:

— Ойбай, Бөке, осындай қарулы қол келе жатыр, сізді

ұстап, Итжеккенге айдатпақ, — деді. — Мұны істе тіп отырған

көрші елдердің сұлтан, бектері, пайда күнем саудагерлері.

Суық хабардан шошынған ел лезде Бөлтіріктің үйіне

жиналып қалды.

— Бөке, тездетіп бой жасырыңыз. Көз көрмес, құлақ естімес

жаққа кетіңіз?

— Уа, халқым, сендер бекер үрейленбеңдер. Мені Құдай

жаратқан, ұлық жаратқан жоқ. Ол құртамын дегенімен

құрта алмайды. Бір ауыз сөз бермей айдап жіберсе, амал

жоқ, бір ауыз сөз берсе, көрермін. Бекерге үрейленбеңдер.

Малдарыңды бағып, шаруа ларыңды істеп жата беріңдер.

Жазалаушы әскер ертең түсте келеді екен ғой. Түк білмеген

кісіге ұқсап, елемей, қойшы қойыңды, жылқышы жылқыңды

бағып жүре беріңдер. Сендер көзге түспей-ақ қойыңдар.

Жазалаушы әскер келе жатыр деп біреуің мойныңды бұрып

қарамаңдар, таңданбаңдар. Келсін, жауабын өзім беремін.

Бөлтіріктің мына сөзінен кейін ел үрейін басты. Ертеңіне

түсте жазалаушы әскер де жетті.

Бөлтекең салқын болсын деп алты қанат үүйдің киізін

керегеден жоғары түріп, үстінде ақ көйлегі, ақ ыстаны бар,

желпуішті қолына алып, шыбынды қағып, жұмсақ ақ төсекте

206


бір аяғының үстіне бір аяғын қойып, самалдап жата берді.

Ауылда қыбыр еткен жан жоқ.

Әскер ат қойып, шаңытып келе жатыр. Келсе, ауылда жөн

сұрайтын ешкім жоқ. Әскер бастығы — татар жігіті Бөлтіріктің

ақ үйінің тұсына келіп, айқай салды.

— Кім бар бұл ауылда?! Шық бермен!

Салқындап жатқан Бөлтірік керегенің сағағынан еңкейіп:

— Әй, кімсіңдер?! Кім керек сендерге, неғып жүрген адамсыңдар?!

— деді.

— Бұл ауыл кімнің ауылы?

— Бөлтіріктің ауылы.

— Бөлтірік қайда?

— Оны қайтесің?

— Жөніңді айт, Бөлтірікті айдаймын.

Бөлтекең жайымен, асықпай:

— Әй, Бөлтірік деген мына мен боламын. Сендер менің

сөзімді тыңдаңдар. Ей, сорлы, бала-шағаң бар ма өзіңнің? Бар

болатын болса, қаныңды жүктемейін. Әйтпесе, біріңді қалдырмай

қырып тастауым сөз емес. Елу кісі елден көп болмайды.

Ұлығың Бөлтірік бұзық деген сөзді естіп, айдап кел деп жіберіп

отыр ғой? Мына төбенің астында менің бес жүз сарбазым

тұр. Бұйрық берсем болғаны-ақ түгіңді қоймай қырып

салады. Ұлығың қашан ұстап, жазалағанша көріп аламын.

Бірақ мен саған ақыл айтайын, тыңда. Ұлықтың бұйрығының

бары рас па? Рас болса, найзаның ұшымен керегенің көзінен

өткізіп, маған бер. Оқиын.

Әскер бастығы бұйрық жазылған қағазды берді. Бөлтірік

оқыды.

— Әй, сорлы, сенің жаның — олжа, Құдайдікі — парыз,

патшанікі — уәжіп деген. Мен ұлықтың тілін алайын, Шақырған

екен, барайын.

Сен бүгін қонақ бол, мал сойғызайын, тынығың дар. Ертең

түсте жылқыдан атымды алдырып, сен дермен бірге аттанайын.

Қалаға бір шақырымдай жақын дағанда мені атымнан түсіріп,

қолымды бай лап, айдап жүріңдер. Ұлық бұйрығында мені

жаяу айдап кел деген екен, жаяу айдап барыңдар.

207


Осы екі ұсынысымның қайсысын таңдағың келеді? Өзің біл.

Өлім керек десең, өлім дайын. Ал соңғы айтқанымды істесең,

аман қаласың. Ұлықтың да бұйрығы орындалып, абыройға

кенелесің.

Әскер бастығы қасындағыларға: «Осылай дейді, қайтеміз?»

— деп ақылдасты.

— Ой, айналайын, тірі қалғанымыз керек қой. Әйтеуір ұлықтың

бұйрығы орындалса болды емес пе? — десті серіктері.

— Мақұл, жарайды.

Бәрі келісіп, аттарын қораның ішіне қалмақша айқастырып,

байластырды, мылтықтарын қораның төріне ілді. Мұны көріп

Бөлтірік аяғына кебісін, басына тақиясын киіп, көйлекшең

тысқа шықты.

— О, Пәленше, о, Түгенше, қайдасың? — деп ініле рін

шақырды. Олар жүгіріп-жүгіріп алдына келді.

— Мына қонақтардың мылтықтарын апарып, анау үйте

жинаңдар, өздерін анау үйге кіргізіңдер. Ерін сыпырып,

аттарын жылқыға қоя беріңдер. Қымыз әкеліңдер, мал

сойыңдар.

Жазалаушы әскер аттан да, мылтыктан да айырылды.

Оңаша үйде көздері жәутеңдеп, есік жаққа қарағыштап,

қорқып отыр. Төр жақта екі жағына екі жастық қойып, жаумен

емес, қонақпен сөйлескендей Бөлтекең әңгіме айтып отыр.

Ештеңе болмағандай жайдары, көңілді.

— Әй, қонақтар, нанын сатпай бермейтін халық емеспіз біз.

Біздің қымызымыз да тегін, шайымыз да, майымыз да, сойған

қойымыз да тегін. Қазақ осындай халық болады, — деп кояды.

Түн жарымынан ауа Бөлтекен үйіне келіп жатты. Ертеңгі

шайға тағы барды. Түсте жылқы келді. Аттарды ұстатып,

ерттетіп, бәрі ұлыққа бет алып жүрді.

Жолда ел адамдары жан-жақтан хабарланып, «Бөлтекеңді

осылай айдап бара жатыр» дегенді есітіп, анау да шауып

келеді, мынау да шауып келеді.

— Қош айтысалық, заман қандай болады әлі? Ұлық сізді

Итжеккенге айдатып жіберсе, көре алмай арманда қаламыз

208


ба? Тар жол, тайғақ кешуге кезіксеңіз, мынау азық болсын

сізге, — деп біреулер ақша ұсынып жатыр.

— Бөлтеке, не айтасыз? — деп баз біреулері жылап жүр.

— Халқым, не айтайын? Менің айтатыным — ауызбірлік,

берекеңді бұзба. Бәйдібек, Қарасай, Төле би бабаларымыздың

айтқан өсиетіне адал болыңдар. Мен бұл сапардан

қорықпаймын. Сөзге келетін, сөзге түсінетін ұлық болса,

түсіндіремін. Маған ешнәрсе бермей-ақ қойыңдар. Маған

қаражаттың керегі жоқ. Қаражат өзімде де бар. Іншалла,

мен жазаланбаймын. Біреуге қылған қиянаттығым, біреуге

қылған зорлығым жоқ. Ақтығыма сенемін. Бір Құдайға,

одан қала берсе, Бәйдібек, Сиқым, Қарасай, Төле бабаларымның

аруағына сыйынып, қызыл тілім барда ұлыққа

күнәсіздігімді айтып, түсіндірермін. Сендерге айтарым,

халқым, үрейленбеңдер. Малың ды бағып, шаруаңды істеп,

жүре беріңдер. Менің тапсыратыным осы.

Жазалаушы әскер Бөлтірікті айдап, қаланың шетіне жеткен

кезде:

— Ал енді мен аттан түсейін. Қолымды артыма қайырып

байлаңдар, — деді Бөлтірік. Аттан түсті. Уәде бойынша қолын

байлап, бір сарбаз алдына салып айдады.

Ұлықтың есігінен бергі екі аралықта құжынап тұрған халық.

Бөлтекең сол тұрған жұртты аралап, жазалаушы әскердің

алдына түсіп, қайқаңдап жүріп келеді. Тіпті ойына ештеңе

кіріп шығатын емес, қызыл түлкідей жайнап, тойға келе

жатқандай. Ұстал дым, құримын деп қорқып, уайымдап келе

жатқан ол емес. Таныстарына басын изеп, сәлемдесіп келеді.

Көптің ішінен біреу:

— Бөлтірігім бұл пәледен аман құтылар, жүзі жарқын екен,

— деп қалды.

Ұлықтың есігінің алдына жақындағанда жау ласып жүрген

екі-үш саудагер:

— Ә, Бөлтірігім, темір торға түстің бе? Енді құтыла

қоймассың. Қыл бұғалық мойныңа мықтап салынды. Қазақтан

шықтым деп тұштаңдап, пысық болып едің, — деп мұқатып

күлді.

209


— Ә, бұл мал бағып, көйлегін жумайтын қазақтан да жақсы

туа ма? Енді тартсын жазасын!

Ұлық отырған үйдің алдыңғы бөлмесіне олар да

қабаттасып енді. Бөлтіріктің көзі сап-сарала болып, жазу

жазып отырған тілмаш-көмекшіге түсті. Тосылып тұрған жоқ,

екпіндей алға ұмтылып, тілмаш-көмекшіні теуіп кеп жіберді. Ол

анадай жерге ұшып кетіп, еденге қисая жығылды. Басындағы

тел пегі есік жаққа барып түсті. Мықтының біреуі келіп қалған

екен деп ойлаған тілмаш-көмекші сасқалақтай орнынан ұшып

тұрып, қолын шекесіне қойып, тілге келмей қалшиып қатты

да қалды.

Қабаттаса енген екі саудагер осының бір залалы тиіп

жүрер, куәлікке тартар деп үрейленіп, сыртқа қашып шықты.

Бөлтірік жүз дөңгелек көкала қағазды көмекші-тілмашқа

ұсына қойды.

— Әй, мен Бөлтірік боламын. Сенің де бала-шағаң бар ғой.

Мынаны нәпақа қыл. Тек сұрарым, ұлығыңа сөзімді дұрыс

жеткіз!

Көмекші-тілмаштың үні өшті, жүз теңге оңай ма? Ол кезде

бір теңге бір қойдың құны.

— Құп.

Көмекші-тілмаш ішке еніп кетіп, ұлыққа:

— Бөлтірік келіп тұр, — деді.

— Кірсін.

Бөлтірік кіріп келді. Ол кезде ұлықтың алдына келген кісі

басын жерге қойып, тоңқайып жатып ізет көрсететін. Ол мұны

істемеді.

Келген бетінде ұлыққа қарап қасқайып, тікесінен тік тұрып

қалды.

— Айтқын мына қырғызға, маған неге басын имеді? Заңда

бар емес пе? Неге қол қусырып, құлдық ұрмады? — деді

ұлық тілмашқа қарап ашуланып. Ол аударды.

— Ұлығыңа айт. Ол патшаның пәрменімен келген халықтың

ұлығы емес пе? Патша оны жібергенде халыққа әділетсіздік

жаса, ойыңа не келсе, соны істе деп жібере ме? Осыны сұрап

бер.

210


— Тақсыр, осылай дейді бұл қырғыз.

— Ә, әлбетте, дұрыс айтады қырғыз. Әділеттік істе деп

жібереді бізді патша ағзам. Зорлық, зомбылық, қиянат

жасағанға жаза қолдан деп тапсырады.

— Олай болса, ұлық барлық халыққа бірдей емес пе?

Біреудің кінәсін көзбен көріп, құлақпен естімей, сырттай бір

қу жамандаған екен деп, оның тілін алып, еліме шапқыншы

әскер жіберіп, буаз қатыным шошып бала тастап, баламның

жүрегі жарылып, халқым күйзеліп қорқып, зәресі ұшып,

осынша зобалаң әрекет жасайтындай мен не күнә істеппін

бұл ұлыққа? Осыған сұрау салып па, ақиқатын анықтап па?

Менің не күнәм бар екен? Ұлықтан сұрашы? Мұны бірінші

көргенім осы. Оның да мені бірінші көргені осы. Шынымды

айтсам, мен мұны ұлық екен деп тұрғаным жоқ. Өйткені патша

ағзамның тапсырған тапсырмасын ол орындап отырған жоқ.

Мұндай адамды мен ұлық деп есептемеймін. Басым ды иіп,

қолымды қусырмаған себебім сол. Айт ұлы ғыңа!

Жүз теңге алған парақор көмекші-тілмаш Бөлті рік тің сөзін

келістіріп, әдемілеп жеткізді.

Ұлық басын шайқап:

— Түсіндір қырғызға, айтқанының бәрі дұрыс, — деді. Қайта

басын шайқап, сөзін жалғады. — Бұл қырғыз данышпан екен.

Мұнша заңның бәрін біледі өзі. Бірақ осы қырғызға мен де

сұрақ қоямын. Соған дұрыс жауап берсе, мұның барлық

күнәсін кешемін.

— Ә, айтсын.

— Қазақтан мен «ұзын құлақ» деген сөз естідім Бұл не

сөз?

— Жарайды, айтайын. Тақсыр, мені қазір сіздің алдыңызға

жаяу айдап әкелді «Ойбай, осылай шап қыншы әскер жіберіп,

елін талқандап, Бөлтірікті жаяу айдап әкетіпті», — деген сөзді

жұрттың бәрі естіді. Қазақ ауылы сай-сайда отырады. Соған

қарамастан халық не болар екен, ұлықтың алдына барыпты,

бейшараның күнәсі жоқ еді, көре алмаған дүшпанның істеп

отырғаны ғой, Ұлық сол қу мен жауыздардың айтқанына

211


сеніп, тексеріп, анықтамай-ақ адамды шынымен-ақ қаралап,

Итжеқкенге айдатып жіберер ме екен? Жоқ, болмаса патша

ағзамның талабына сәйкес әділеттік жасап, босатар ма екен

деп тағатсыз күтіп отыр. Тақсыр, «ұзын құлақ» деген осы.

Ертең сіз қулар мен сұмдардың қараулыкпен айтқан бәлежаласына

сеніп, пара алып, мені соттап, Итжеккенге айдатып

жіберсеңіз: «Ұлық әділетсіз екен, пара алып, әділетсіздік

істепті», — дейді. Халыктың аузына сіз қақпақ сала алмайсыз.

Егер ақиқаттап, әділеттеп, шағымшынын тілін алмай патша

ағзамның айтқанын істеп, айыпсызды ақтап, ел бүлдіргісі келіп

жүрген шағымшыға жаза қолданып, әділеттік істесеңіз, оны

да халык біліп қояды. «Ұлығымыз әділ екен, патша ағзамның

айтқанын істепті, шағымшыны жазалапты, акикатшылды

босатыпты», — дейді. — Сіздің түсте шыққан жарлығыңызбен

ел кешке жетпей-ақ құлақ танып, хабарланады. Ұзынқұлақ

деген осы, тақсыр.

Ұлық орнынан тұрып, Бөлтіріктің қолын алды.

— Әкел Бөлтіріктің іс қағазын!

Көмекші-тілмаш ұлықтың әмірін орындап, бір құшақ іс

қағазды көтеріп келді. Ұлық:

— Мынаның бәрі — сенің үстіңнен берілген шағым қағаз. Сені

ел тонайтын, қолына жігіт ұстап, жұртты шауып, жәбірлейтін

бандит деп көрсеткен осында. Мен сенен оның бірін де байқап

тұрғаным жоқ.

Ұлық көмекші-тілмашына қарап, әмір етті.

— Мына іс қағазды отқа жақ! Тек шағымды бергендердің

аты-жөнін жазып алып қал.

Төрдегі орнына отырып жатып Ұлық:

— Бөлтірік, сені данышпан дейтінім — халықты билеп

отырған сонау патша ағзамның заң-законының бәрін ойыңмен

тауып, оқымай-ақ біліп отырсың. Бұдан былай саған өлеөлгенше

ешкім қастық істемейді деп сенім білдіремін. Тілегім,

біраз күн қасымда бол, — деді. Бөлтірік мақұл деп келісті.

Бөлтіріктің ұлыққа абыройының артқанына алыпсатар

саудагерлер қатты намыстанды.

212


— Мына жалғыз қазақ ұлықты да, халықты да аузына

қаратып, бағындырып алды. Бұған бір айла тауып, ұлықтың

алдында масқарасын шығаралық.

Күншілдердің күннен күнге тынышы кетті. Қортық саудагер:

— Қазақ қыр сахарасында жүреді, моншасы жоқ,

шомылмайды. Әр ауылы әр сайда отырады. Малын бағып,

үстінің битін қағып жүреді. Осының осы кемшілігін бетіне

басып, ұялтып, халықтың алдында сағын сындырмаймыз ба?

Осылай бір амалын ойлалық. Сөйтіп Бөлтіріктің тілін байлалық,

— десті.

Қортық саудагер:

— Қолынан іс келетін, пысық жігітіміз бір битті шүберекке

түйіп, ашықтырсын. Алдымыздағы жұмада жиын болмақ.

Сол жиында тағы Бөлтірік сөйлейді. Ол сөйлеп отырғанда

әлгі жігітіміз елге байқатпай қолындағы аш битін жотасына

жорғалатып қоя берсін. Сол сәтте мен Бөлтірікке:

— Оу, Бөлтеке, атаңның боз жорғасы жотаңда шауып кетіп

барады. Аты-жөнін сұрадың ба, қайда бара жатыр екен? —

деймін барша жұрт есту үшін айқайлап. Қанша шешен болса

да, Бөлтірік қапелімде сөз таба алмай сасып қалады. Сол

кезде сендер дуылдап, шулап күліп жіберіңдер. Осы жолы

ол қанша шешен болса да, абыройы қашып, жеңіледі. Сөз

таппай ұлықтың алдында масқарасы шығады.

Айтқанындай жұма күні жиын болды. Ұлық Бөлтірікке тағы

сөз берді. Ол сөйлеп отыр.

Уәде бойынша, пысық жігіт аш битті дайындап алып

келген екен, Бөлтіріктің қасына таяу отырып, битті шүберектен

шығарып, жотасына байқатпай қоя берді.

Аш бит зырылдап, Бөлтіріктің жотасында жү гіріп кетіп

бара жатыр. Мұны қортық саудагер көріп қалған болып:

— Бөлтірігім, тоқта! — деді қолын көтеріп. — Атаңның

боз жорғасы жотаңда шауып кетіп бара жатыр. Аты-жөнін

сұрадың ба? Қайда бара жатыр екен?

Бөлтірік сөйлеп отырған сөзінің желісін үзбестен жауап

берді.

213


— Ә, ол биттен жөнін сұрадым. Байғүс бит тамақ іздеп,

пайда іздеп кетіп бара жатыр екен. Бит пен иттің, саудагердің

тамақ іздеп, пайда іздеп бармайтын жері бола ма, тәйірі?

Қортық саудагер қып-қызыл боп жауап қайтара алмай,

төмен қарап отырып қалды. Ұлықтың алдында Бөлтіріктен

кешірім сұрап, ат-шапан айыбын тартты.

— Бөлтірігім, барлық тосқауылдан да құтылдың. Жаның

тірісінде жаманшылық көрмессің. Енді алдың нан шығатын

саудагер болмас. Бағындық саған, — деп қортық саудагер

де басын иді.

Біраз күн өткен соң Бөлтірік ұлықтан рұқсат сұрады.

— Оу, тақсыр, рұқсат беріңіз, менің де бала-шағам бар.

Сағынған шығар. Ел-жұртым қашан келеді деп бала-шағамдай

күтіп отыр. Мені жазалау үшін алдырғаныңызды да естіп,

әділетшілік жолымен кеңшілік етіп босатқаныңызды да біліп,

халқым сіз бен бізден базарлық күтіп отыр.

— Ұлыққа барыпты, ұлықтың алдын көріпті, әділет тілігіне

ұлығымыз түсініпті деп халық қуану лы. Сол халқыма қайтайын,

халқымды барып қуан тайын. Рұқсат етіңіз?

— Ә, Бөлтірігім, оның дұрыс. Қайтуыңа рұқсат. Не қалайсың?

Халқыңа аға сұлтан қояйын ба? Қолымнан келеді.

— Оу, тақсыр, халқыма мен өзім де аға сүлтанмын. Халқым

менен ешнәрсесін аямайды. Жалғыз көкшолақ атым бар. Алты

қанат үйім, әйелім, балам бар. Содан басқа менің маңдайымда

еш нәрсе жоқ. Қыс болса, соғымым дайын, жаз болса, соятын

қойым дайын. Ішсем — қымыз, мінсем — ат, жүк артсам

— түйе дайын. Халқым маған мұның бәрін өзі беріп тұрады.

Халықты мен қорғаймын, халық мені қорғайды. Қонаққа жүз

кісімен келе қалыңыз, маңдайымда бір лағым жоқ болса да,

сізді қарсы алуға жараймын. Не керектің бәрін халқым береді.

Халқымның малы — менің малым. Олар менің малымды бағады,

мен олардың өзін бағамын. Қойшымын. Жаудан, даудан,

жаттан сақтаймын.

Тақсыр, халқыма сізсіз де аға сүлтанмын, айтқанымды

істетемін. Сондықтан маған мансаптың керегі жоқ.

214


Ұлық ойға батып отырып:

— Бөлтірігім, енді мансапқа қызықпасан, саған дүние

берейін, — деді.

— Оу, тақсыр, менің халқым бай, мал бағады. Сол малға қызықпайтын

адам болмайды. Малды сатса, алтын да, ақша да

болады, киім-кешек, азық-түлік те болады. Біздің қазаққа мал

болса болғаны, оған ақшаның керегі жоқ. Біріне бірі дүниені

сатпай тегін береді, Ақшасы қалтасынан кетсе, жан сақтай

алмайтын халық емес.

Қазақ дегеннің кешке жақын үйіне қонақ болып бара

қалсаңыз, қойын сойып, қолын қусырады. Атың болдырып

келсе, астыңа ат мінгізеді. Түйең ақсап келсе, кіре тартқан

ақсақ түйеңді алып қалып, сау түйесін береді. Осындай

мейірімді, момын халықпыз. Ешкімнің сабақты жібін алмаймыз.

Тақсыр, маған рұқсат етсеңіз, сізден лайықты көріп

сұрайтын бұйымтайым бар. Халқым мені тосып отыр. Қазақта

базарлық деген болады. Қалаға шыққан кісіден де бала-шаға

базарлық дәметеді. Ал мен үлкен ұлыққа барып келгеннен

кейінгі жерде олардың менен дәметіп, күтетіні көп.

Ұлығым, мансап берсеңіз, халқым өз басын ойлағаны

дейді. Ал алтын, дүние, ақша берсеңіз, мен оны қай қазаққа

жеткіземін?

Сондықтан сізден сұрайтыным бір-ақ нәрсе.

Ұлық ойлана сөйлеп:

— Бөлтірігім, алтын, дүние алмадың, мансап алмадың. Енді

көңіліңдегі не нәрсе, айт? — деді.

— Тақсыр, халыққа жететін нәрсе — сіздің марха батшылығыңыз,

кеңшілігіңіз ғана. Одан басқа ешнәрсе жетпейді.

Дүние беріп біз ешкімді тойдыра алмаймыз. Иісі қазақ деген —

азғантай ауыл. Сол азғантай ауылға сіздің рахымыңыз түсіп,

үш жылға алым-салықтан құтқарсаңыз болғаны, — деді. —

Тақсыр, Қоқан ханы жылда біздің қора басына қойы мызды

иіріп қойып, жүз қойдан он қой, жүз түйеден он түйе, жүз

жылқыдан он жылқы алым алушы еді.

Малды иіріп қойып санаған кезде әлгі онның бірінен Қоқан

жағына аруана түйе іліксе, оны алып қала алмайтынбыз.

215


Жылқыдан тұлпар, қойдан қошқар іліксе де, сол кепті

киетінбіз. Әділетті ақ патша құзырына көшкелі бері, шүкір,

жағдайымыз біршама тәуірлене түсті. Тақсыр, енді сізден

өтініп сұрайтыным, халқымды жоғарыдағы алымнан үш

жылға құтқарыңыз. Халқым үш жыл ұйқысы бөлінбей тыныш

ұйықтайтын болса, қойдай маңырап, қозыдай шулап, сізге

батасын берген, алғысын айтқан болар еді. Менің халқыма,

тақсыр, лайықты базарлық осы.

Ұлық жайдарылана сөйлеп:

— Бөлтірігім, халқың үшін туған ер екенсің. Сендей ұл

тапқан қазақ халқы ырысты халық екен. Сендей рақымды ұлы

бар халық не деген жақсы халық?! Дүние жүзінде мұндай

мейірімді, рақымды халық жоқ-ау, сірә, — деді — Бөлтірігім,

бұдан былай бетіңе ешкім қарамайды. Түркімен, өзбек, тәжік,

қырғыз, қазақ айтқаныңнан шықпайды. Тілегіңді бердім. Мен

жасым жетіп қалған адаммын. Дәм жазса, қайта айналып

көрісерміз. Әзірше қош, сау бол, — деп құшақтасып, қол

алысып, қимай қоштасты.

— О, шіркін, ерім ер-ақ екен!

— Ақыл-айласынан айналдық.

— Халықты үш жылға салықтан құтқару деген — жатқан

байлық қой!

— Соған қалай ақылы жетті десеңізші?! — десіп жұрт тағы

дүрлігісіп, біразға дейін басылмады.

***

— Сыпатай батыр Бөлтірікті ерекше жақсы көріп, құрмет

тұтқан деп естіп едік. Беке, бұл жөнінде бізге не айтасыз?

— Сыпатай кедейлердің батыры болды, нашар ларды

жақтады. Мансапқа, атақ-даңққа құмартпады.

Қоқанның ұлығы би. датқа болыңыз дегенінде:

— Жоқ, мен би де, датқа да болмаймын, мені халқым онсыз

да тыңдайды, онсыз да сыйлайды, — деген бірден кесіп

сөйлеп.

— Әйтпесе Ботпай еліне датқа болатын лайықты адам

тауып беріңіз?

216


— Едіге деген жігіт бар, — деп Сыпатай Едігені датқа

сайлаған.

Байлар жиналып келіп:

— Батыр-ау, мұныңыз қалай? Едігені қолдап, бізді тап-таза

сорлаттыңыз ғой, — дегенде:

— Едіге-кедей баласы, әділ, ешқайсыңа бұрмайды. Әдейі

сайлаттым. Сендерге билікті берсе, елді жік-жікке бөліп,

құртасыңдар! — деген.

Елінде бір үлкен даулы іс бола қалса, Сыпатай Бөлтірікті

шақыртқан. Бірде:

— Бөлтірігім, келдің бе? Шақшақ батыр мен Тілеміс

батырды Қоқан ханы тұтқындап, зынданға салыпты. Сол

екеуін босатып әкел! — деді бұйырып.

— Қоқан ханы мені танымайды, сені таниды. «Үйреніскен

жау атыспаққа жақсы», өзің бар.

— Бөлтірігім, дұрыс айттың. Айтысатын дауға сен барып

тұр, атысатын жауға мен барып тұрайын, — деп өзі аттанып,

Шақшақты да, Тілемісті де зынданнан босатып әкелді.

Не бір жайсаң мен қасқалар, хан маңындағы датқалар

Сыпатайға:

— Батыр, осы Бөлтірікті неге жаныңыздан тастамайсыз?

Бізді көзге де ілмейсіз. Жауыр атты келейден не жақсылық

күтесіз? — дегенде:

— Бұл сөзді білмей айтып тұрсыңдар, отын деп отынды

менсінбейсіндер. Тамақты отын пісіреді, үйді жылытып,

берекені отын кіргізеді. Кедей деп кедейді менсінбейсіңдер,

өткір кедейлен шығалы. Бөлтірік — маған бір төбе, сендер —

бір төбе, — делі қаһарлана қабақ түйіп.

Бірде Бөлтіріктен жұрт сыр тартып:

— Бөлтеке, Сыпатайдан озған жеріңіз болды ма? — деді.

— Жағың қарыссын! Сыпатайдан озып қайда барам?

Сыпатай — халықтың көсемі, мен халықтың шешенімін.

Бөлтірік бір күні қартайған Сыпатай батырдан:

— Сізден өткен батыр болды ма, сізден өткен шешен,

сізден өткен бай болды ма? — деп сұрады.

217


— Ой, Бөлтірігім-ай, менің қай жағым бай?! Жылына бием

бір, атым бір құлындайды, өзім бір құлындаймын. Сонда да

Құдай берген дәулеттен артық болмайды екен. Қасқарау

Жыланкөздің шенейін де көре алмаймын.

Менің қай жағым батыр? Жауға талай бірге шапқанда

Тойшыбектің найзасы нысанаға бұрын тиюші еді. Анық батыр

сол.

Мені шешен дедің ғой. Менен гөрі ана қырғыз Жанқараш

шешен. Бір айдан кейін қырғыздарда өткен ат бәйгесіне

барған Бөлтірік:

— Сізден өткен бай, батыр бар ма? Шешен бар ма? — деді

қырғыз Жанқарашқа әңгіме арасында.

— О, Бөлтірігім, менің алдымда ана қара шалың Сыпатай

бар емес пе? Сен мені мазақтап сұрап отырсың ба? — деді.

— Жоқ, ол қара шалдан талай сұрадық. Алдымда сіз бар

дейді.

— Ә, ол мақтанғанды сүймейді, дана адам ғой. Мен тәуірмін

деп тегі айтпайды. Менен анау жақсы деп қашан да алдына

біреуді салып сөйлейтін Сыпатайдың әдеті ғой, — деді күліп

Жанқараш.

***

— Кенесары қырғызбен соғысты бастап жібергенде, шаруа

қырғыздардың өкілі Сыпатайға келіп:

— Қазақтың батырысың, ханға айтыңыз, біз бағынамыз,

бізді шаппасын, — деді.

Сыпатай Кенесарының алдынан шығып, сәлем берді.

Кенесары сол қолын ұсынып, менсінбей амандасты. Оның

себебі — би-болыстар, датқалар күні бұрын: «Сыпатай қырғызшыл»,

— деп Кенесарыға жамандап қойған еді.

— Достығымды айтқалы келдім. Бейбіт халықты қырған

болмайды. Мен қырғызды соғыссыз-ақ бағындырып берейін.

— Ол ақылыңның бізге керегі жоқ бара бер, өзіміз-ақ

бағындырып аламыз.

— Өз еркіңіз өзіңізде, ханым. Мен достығымды білдірдім.

Қырғыз елі жауынгер, сақтан. Қырғыздың жері таулы келеді,

218


найзасының ұшы үшкір, сабы ұзын. Үзеңгіні қысқа тебеді, —

деп қоштасып, майдан шебінен қолын алып кетті.

Ешкім үстіне батып кіре алмай тұрғанда, Бөлтірік Кенесарының

алдына кіріп барып:

— Әй, хан, мен де қолымды алып кетемін. Абылайдың ақ

туының астында сені жақтап тәуір-ақ жүрдік қой. Қырғызды

жеңіп қайтсаң, менін елім Балқаштың төңірегінде, жолыңда

ғой. Азар болса, қырып кетерсің, — деп ол да қолын алып кетті.

Мұны көрген басқа сарбаздар да түн жамылып қашты:

— Қолдан айырылдық, кетелік, — деген Кенесарыға:

— Бас сауғалап қашқаным — өлгенім, — деп Наурызбай

орнынан қозғалмай, отырып алды. Солай олар қолға түсті.

Кенесарының қырғыздан жеңілу себебі осындай. Кенесары

қолға түсіп, тұтқын болғанда, күзетші қырғыз шалға:

— Сыпатай мен Бөлтіріктің ақылын алғанымда бүйтіп

масқара болмас едім. Атаңа нәлет, ішмерез болыс, билер

қас дұшпаным екен. Сыпатай мен Бөлтірікке өшіктіріп, айдап

салған — сол иттер. Менін түбіме алауыздық жетті, — депті.

— Би, болыс тарапынан арандатушылықтың әбден болуы

мүмкін ғой.

— Біз жақта да кейбір болыс, билердің ақ патшаға жағынып,

Кенесарыны қолдамағаны болған.

***

— Беке, орайы келгенде сұрамасақ, кейін өкініп жүрерміз.

Бізге Сыпатай батыр туралы білетініңізді айта түссеңіз?

— Бір ұлы бәйгеде атақты Сүйінбай ақын Сыпатайдың

баласын мақтап өлең айтады. Риза болған Сыпатай тоғыз

түйе бастаған тарту тартады.

— Мұныңды мен алмаймын. Айып алатын мен кіммін?!

Қаңтарбай ақыныңмен айтысып, жеңсем ғана аламын, — дейді

Сүйінбай ашу шақырып.

— Нар тәуекел, айтысам, — деп намысқа қызған Қаңтарбай

шаршы топ алдына қарай ұмтыла бергенде, Андас батыр шап

беріп:

219


— Қой, айтыспа! Қызды-қыздымен Сүйекеңе тілің тиеді, екі

ел арасында жанжал шығады, — дейді еркіне жібермей. Мұны

кейін Сұраншы батыр естиді.

— Бұл Андас батырдың қай басынғаны?!

Сұраншы Сүйінбайды ертіп барып, Қаңтарбаймен

айтыстырады. Екі жақ та берісер емес. Қаңтарбай қыза-қыза:

— Сүйеке, бар мен байлар біздің елде.

Дірдектеп кедей тоңар күзгі желде.

Сексен нарға сексеннен көген артқан

Біздегідей бай бар ма сіздің елде? —

дегенде, Сүйекең:

— Оның несін бай дейсің жұртын қапқан,

Ондайлар біздің елде толып жаткан.

Сұраншыдай, Саурықтай бар ма ерің,

Ақ семсермен қас жаудың басын шапқан? —

дейді.

Қаңтарбай сөз таппай, сасқалақтап, Дулаттың көптігін

айта бастайды.

— Мал бітеді баққанға,

Көппін деп сен мақтанба.

Ажыратып алған кім,

Сарыкемерде жау шапқанда? —

дейді Сүйінбай шұғыл жауап қатып.

Бұлай деуінің мәнісі — Төрегелдінің мын қолы Ботпай

Тілеуқабылдың ауылын шауып қайтып бара жатқанда

Сұраншы батыр екі жүз қолмен соңынан қуады.

Мың кісіге екі жүз кісі бата ма? Төрегелді қолы Сарыкемерге

түнделете жетіп қонғанда, Сұраншы батыр жылқының тезегін

жинаттырып, айнала төңірекке от жақтырады. Бар дүние

лезде от болып кетеді.

Мың қол шошып: «Ойбай, қазақ қаптап келіп қалды» —

деп олжа-мүлкін тастай қашады. Сұраншы екі жүз қолмен

220


«Қарасайлап» бүйірден тиеді. Біраз тұтқын олжалайды. Осы

жайларға тоқтала келіп, Сүйінбай:

Он кісіңе бір кісім татыр, Дулат,

Қара шұбар жігітті жерге көмбей, —

дейді. Қара шұбар жігіті Сұраншы батыр екен.

Сыпатай алдына тізерлей жүгініп:

— Сүйеке, ат-тон айыбымыз әзір, — деп үстіне шапан жауып,

астына өзінің қаракер сәйгүлігін мінгізеді. Қаракердің тізгінін

тарта ұстаған Сүйінбай былай деп жырлайды.

— Жағаласқан жауына қар боратқан,

Алысумен жастығын бір кұратқан.

Есіл ер еңбегі артық Сыпатайым,

Дулатты артына ерткен жалпы жатқан.

Қоқанды табанына басып-жаншып,

Иранға бес жүз әскер қолын артқан.

Жарқылдап Қара теңіз жағасында,

Қалмағын Қызыл бастың бір шулатқан.

Сыпатай, халық қамын жеген ұлсың,

Жетім мен жесірлерді жылатпастан.

Мейірін осыншалық жұртқа шашқан,

Дулатта батыр бар ма сенен асқан?

Мақтансаң, мақтан, Дулат, ерлеріңе,

Байлығың кімге керек асқан-тасқан?

***

— Мен біраз демалайын, шаршап қалдым, — дегендей

Бекасыл әулие жастыққа жантайды.

Бекасыл әулие жастықтан басын көтеріп, ойға батып, біраз

үнсіз отырды. Бір қауым уақыттан кейін:

— Бөлтірік бидің бір оқиғасы есіме түсті, — деді күлімсіреп.

— Бөлтекең қарсыласын палуандығымен, не батырлығымен

жеңген емес, ақылдылығымен жеңген. Қырғыз, қазақ қатар

отырған ел ғой. Той-жиынды бірге тойлап, келер күннің қамын

бірге ойлап, бірге қуанған.

221


Ол заманда сайысқа найзамен шығады, өлген сайыскерге

құн төлемейді екен. Қырғыздың аз руының Құсшы деген батыр

сайыскері екі жыл қатарынан қазақтың екі батыр сайыскерін

өлтіріпті. Ел күзеуге қонғанда тағы жиын өтті. Құсшы батыр

сайыскер майдан төріне тағы ат ойнатып шығып, жекпе-жекке

кім шығады деп жар салды.

— Өзі жорықсыз нән екен, тағы кісі өлімі болады-ау, — деді

қазақ жағы қорқып.

— Әй, қырғыз, сен мынау Құсшыңды шығарма, жолыңды,

бір тоғызыңды ал да басқа бір сайыскеріңді шығар, — деп

араға кісі салды.

— Қазақ, қорықсаң екі бәйгі бер, — деді қырғыз.

Бөлтіріктің кісілік құрып, халыққа аты шығып, танымал

болып қалған кезі. Әлгіндей қорлық-мазаққа шыдай алмай:

— Халқым, Құдай мені Бөлтірік қылып, сен үшін жаратып еді,

мен сен үшін туып едім. Мынандай қысылтаяң, тар кезде бұғып

қалғаным жараспас. Халқым, сені мазаққа қалдырмайын.

Батаңды бер, — деді шамырқанып. — Сайысқа мен шығайын.

Мына қырғыз қос бәйгенді бер деп келемеждеп күледі ғой.

Кейінгі ұрпағымызға не айтамыз? Не деп ақталамыз?

Екі адамымызды өлтіргенін місе тұтпай, қорықсаң, қос

бәйгеңді бер деген қырғызға не дерсің?! Тағы кісі өлімі

болады деп бүққанымыз жөн бе? Одан жан қала ма? Қос

бәйгені алған соң, қырғыз бізге теңдесе алмады, қорықты

деген пиғылмен тағы шықпай ма жалаңдап?

— Оу, халқым, маған батаңды беріңдер, маған сеніңдер?!

Ел жақсылары шу ете қалды.

— Ой, Бөлтеке, сіз сайысқа түсіп жүрген адам емессіз. Сізді

өлтіргенше балалардың бірін өлтірсін. Айтқан жерден аулақ,

жазым болсаңыз, қырғыз, қазақтың Бөлтірігін өлтірдік деп

күлмей ме? Мазақтың қөкесі сонда болмай ма? Бұл өлгенше

сүйекке таңба емес пе?

— Халқым, біз қазір де мазақ болып тұрмыз. Қырғыз тағы

біреуімізді өлтірсе, үш адамын өлтірдік дейді. Бұл мазақ емес

пе?

222


— Мен сендердің бақытың үшін туып едім, Алла абырой

берер, сені бір жолы мазақтан құтқаруға жараймын. Маған

бата беріңдер. Мен өліп кетсем, халқының намысы үшін өлді

дейді. Босқа өліп жатқандар аз емес қой. Олардан менің

қай жерім артық? Бір айласын табармын, маған батаңызды

беріңіздер?

Жүз жасаған ақсақал:

— Әй, мұның бетін қайтармайық, бата берейік, тәуекел, —

деп бата берді.

— Шіркін-ау, бұл батыр да, палуан да емес еді. Бұл Құдай

көмейіне берген алтын көмей шешен еді. Бір дүлейдің

қолында босқа өліп кететін болды-ау, — деп қазақ біткен

Аллаға жалбарына жылап, тілеуін тіледі.

Бөлтекең қолына найза алып, майданның төріне ат ойнатып

шыға келді. Қырғыз Құсшы адырандай шауып, Бөлтекеңнің

қасына барды.

— Әй, тоқта батыр. Екеуміз есерлерше едіреңдемейік, тілге

келелік.

Екеуміз де мұсылманбыз ғой. Бәрінен сәлем үлкен.

Алдымен, едіреңдемей сәлемдеселік.

Сәлем дегенді естіп, қырғыздың сайыскері атының басын

тартып.

— Ассалаумағалейкум! — деп сәлем берді.

— Уалейкумассалам. Әй, батыр, сен мені тыңда! Сен ақ қалпақты

қырғыздың ішінде аз рудан шыққан Құсшы едің, мен аз

ру Ысты едім. Сорлы, мына тұрған жұрт екеумізді де аз рудан

болған соң, бірі өліп бірі қалсын, жеңгенінін бәйгесін алалық

деп қорлап тұр-ау. Өлмейтін адам жоқ. Сен бұдан бұрын екі

кісіні өлтірдің. Кісі өлтіргеннің қандай екенін өзің білесің. Оның

жазасын ақ қалпақты қырғыз тартпайды, көріңде өкіріп өзің

тартасың. Жатар жерің жалғыз, оны да ойла. Қан ішкенмен

бай болмайсың.

— Ей, сорлы, сен мені тыңда, екеуміз де аз рудан шыққан

байғұспыз, бір-бірімізге тая соғып, жеңе алмаған болып,

өтіп кетелік. Көрік кеуделердің мазағына қалмалық, бәйгені

бермелік.

223


— А, мақұл, болды, Бөлтеке, — деп қалды Құсшы сайыскер

сөзге түсініп.

Ол найзаны тая салып өте берді. Бөлтекең найзаны өлмес

жерден салды да, аттан түсіріп кетті.

Бәйгені қазақ алды. Екі жақ жабыла шауып, сабаласа

жаздап, әзер басылды. Қырғыздар сайыскеріне:

— Қазақтың әлжуаз біреуінен жеңіліп саған не болды? —

десті.

— Мені алдап кетті.

Өкініш өзегін өртеген қырғыздың сайыскері:

— Ендігі жылы ат шабысында кегімді алармын. Бөлтірікке

сонда көрсетермін алдаудың қалай боларын? — деді ызаланып.

Бөлтекең — баяғы Бөлтекең, қырғыз, қазақтың адамы

болып, екі ел әңгімесіне араласып жүре берді.

Келесі жылы тағы күз келіп, қырғыз, қазақ қайта бас қосты.

Бір үлкен жиында екі жақтан сайысқа тағы адам шығатын

болды. Ерегісіп жүрген Құсшы алақанына түкіріп:

— Ә, енді осы жолы Бөлтірікті өлтірмесем бе? — деді жыл

бойы ашу-ызадан сірескен бойын жазып.

Сайыс басталар күн жетті. Құсшы майдан төріне шығып,

айқайлап тұрып алды.

— Бөлтірік! Шық майданға! Кезек келді. Ез болсаң, қорықсаң,

бәйтемді бер, ер болсаң, шық майданға?!

— Ойпырмай, қалай етсек екен? — деп қазақтар жағы қатты

састы. Басқа кісі шығарайын десе, қырғыздар көнер емес.

— Оу, халқым, тәуекел, мен шығайын. Мені қырғыз емес,

Құдай жаратты. Қорыққаннан жан қалмас, тәуекел! Құдай

берген абыройын тағы берер. Мені шығарыңдар, — деді

Бөлтірік.

— Ойпырмай, былтыр сөзбен айлалап алып кетіп едің. Биыл

енді ол айлаңа анау көнбейді ғой. Әлде де болса, орныңа

басқа кісі жіберелік, — десті қазақтар қатты уайымдап.

— Оу, халқым, мынау қырғыздың айтқан сөзін естімеймісің?

Ез болсаң, қорықсаң қал, ер болсаң, шық деп тұр емес пе?

224


Мұның түрі жаман. Менің орныма біреуді шығарсаңдар, тағы

өлтіріп кетеді. Қаһарына мініп тұр. Басқадан жаным ардақты

ма? Тәуекел, өзім шығайын. Құдай берген жанды қырғыз

алмас. Алла тағалам, ата-бабам аруағы қолдаса, тағы бір

абыройға кенелермін.

Бөлтірік майдан төріне шықты. Екеуі екі жақтан едірейісіп,

бір-біріне найзаны төндіргелі жақындасып келген уақытта,

Бөлтірік:

— Әй, ақ қалпақты қырғыз! Сайысқа бәрің түсетін бе едің?!

Анау артыңдағы қабаттасып келе жатқан итіңе қой демеймісің?!

— деді айқайлап. Аңғал батыр Құсшы желке түсымнан

біреу қосамжарланып шауып келе жатыр екен деп жалт қарады.

Жалт қараған сәтте Бөлтекең сағадан қағып жіберіп,

аттан түсіріп кетті.

Құсшы тағы жеңілді.

— Бөлтірік, саған қонған бақыт оңай емес екен. Аруағың

басты, шын жеңілдім. Менің күшім басым « болғанмен, сенің

аруағың басым болды, — деп Құсшы мойындады.

— Әй, күшке сенген Құсшым, сен сайысқа шықсаң, кісі өлтіруші

едің. Ал мен, алдын-ала айтқанымдай, сені өлтіргенім

жоқ. Бар болғаны айламен аттан түсіріп кеттім. Қырғыз, қазақтың

арасында қан төгілген жоқ. Білсең, бұл менің сені

аяғандығым емес пе? Уәдеде тұрғандығым емес пе? Кісі өлтірмелік,

қан төкпелік деп ә дегенде уәделескеніміз есіңде

ме?

Күш апат келтіреді, ақыл абай болады. Бұдан былай күшіңе

сеніп, адам өлтіруге құмарланба. Өлтірген адамдарыңның

бала-шағасы күндіз-түні зарлап жылап, сені қарғап жатыр.

Сен биттей, болар-болмас боқ дүниеге, олжаға сатылып,

адам өлтіріп, қайғы-қасіретке қалып жүрсің. Бұдан кейін адам

жылатпа?! — деді Бөлтірік қоштасып.

***

Бекасыл әулие сөзін аяқтасымен:

— Ата, есімде жүрген Жетес бидің сөзін айтсам, рұқсат

па? — деді қымыз құйып отырған жас жігіт.

225


— Рұқсат, айт, қарағым.

— Өй, сөзді бөлмесеңші! — деп қияқ мұртты жігіт әлгіге

төне жаздап еді, төр жақтағы үлкен қарияның бірі:

— Әй, үніңді өшір! Ол да адам ғой, айтсын айтарын, — деп

жекіп тастады. Сөйле, қарағым, қысылма?

Жас жігіт абдыраңқырап сөзін бастады.

— Естуімше, Төле он бес жасында сексеннен асқан Жетес

биге барып, сәлем беріп, бірер күн қасында болыпты.

— Балам, бата басқа бітеді, қына тасқа бітеді. Атамда бір

нәрсе қалды-ау деп кейін өкініп жүрме. Менен не қалайсың?

— деді Жетес би қоштасарында. -Қалауыңды айт?

— О, қасиетті, ата, — деді Төле. — Ат берсеңіз өліп қалады,

тон берсеңіз тозып қалады. Атқа-тонға бергісіз қалауым бар.

Рұқсат болса, соны сұрайын.

— Сұра, шырағым, сұра.

— Егер әр он жасты бір белес деп ұйғарсақ, соны сіз қалай

бағалар едіңіз?

— Түсінікті, балам. — Жетес би сөйлеп кетті:

— Онға келдім ойнадым,

Қызығына тоймадым.

Жиырмаға келдім бойладым,

Сонда да балалықты қоймадым.

Есейе келе, бойыма барды киіндім,

Қыз-келіншектерге шүйілдім.

Жаман сөзге күйіндім,

Жақсылыққа сүйіндім.

Жауларыма түйілдім.

Отызға келдім, алтайы қызыл түлкі болдым.

Қыран бүркітке алдырмадым,

Құмайы тазыға шалдырмадым.

Дос-құрбының көңілін қалдырмадым.

Қырыққа келдім, ақ алмастай жарқылдадым,

Арғымақтай аңқылдадым.

Түз тағысындай саңқылдадым.

226


Елуге келдім,

Биік белге шықтым.

Алыс, жақынын байқадым,

Дәулетімді шайқадым.

Алпысқа шықтым,

Алты тарау жолға түстім.

Қайсысының жақын, алысын білмедім.

Жетпіске келдім,

Бар билікті келін мен балаға бердім.

Айтқанына көндім,

Айдауына жүрдім.

Сексенге келдім,

Алдым — ор, артым — жар,

Оң жағым — от, сол жағым су сияқты,

Бөгеттерге тап болдым.

Әр күн осылай әңгімемен, сыйласу, сырласу қызығымен өтіп

жатты. Күз жетіп, ауыл ауылда той-жиын көбейді. Құдайдың

құтты күні көкпар, бәйге, басқа да ойын-сауық. Жұрт күні бойы

сабылып, кеш бата сүріне жығылатынды шығарды. Әңгіме

жайына қалды.

***

Әне-міне дегенше азынап қыс та жетті. Арқаның алайдүлей

ақ бораны жұртты үйге қуып тықты. Бір-бірін соғым

басына шақырысу басталып, әңгіме көрігі қайта қызды.

Үй толы жұрт. Төрде Тілеу-Шәкәрім бастаған ақсақалдар,

ел ағалары.

— Сұрақтарың болса, беріңдер, қарақтарым. Сөзді сөз,

ойды ой қозғайды. Беталды әңгіме туа бермейді, — деп Бекасыл

әулие әңгіме сұраушыларға ескерту де жасап қояды.

— Бізге Абылай хан туралы айтып берсеңіз?

— Е, дұрыс. Білгенімді айтайын. Киімі алба-жұлба, сидиған

арық бір жас бала сұрай-сұрай Қазықұрт тауының төменгі

сағасындағы Еспе-Тоғанас жазы ғын жайлап отырған Төле би

227


аулына келді. Күн кешкіріп, Төле би кішілеу төбе басында бір

топ қариямен әңгіме-дүкен құрып отыр еді.

Бала қарсы ұшырасқан малшылардан:

— Төле биді қалай табамын? — деді.

— Сен кім едің?

— Жолаушымын.

— Анау төбенің басында отырған Төле бидің өзі.

Бала кілт бұрылып, төбе басына қарай тартты.

— Ассалаумағалейкум! — деп отырған кісілерге иіліп сәлем

берді.

— Уалейкумассалам! Оу, балам, жөн сұрамақ үлкеннен, жөн

айтпақ кішіден деген. Көп жүріп, ұйқың бұзылып, табаның

тасқа тиген бала көрінесің. Аты-жөнің кім?

— Аты-жөнімді өзім де білмеймін. Жасымнан жетім өстім.

Осы жақта Төле би деген әділ би бар, жетімдерді өз баласындай

көріп, қорғайды дегенді естіп, әдейі іздеп келе жатырмын.

Басында сеңсең тымақ, шашы, тырнағы өскен, күпісі жыртылған,

үсті-басы сабалақ-сабалақ. Төле би көзін алмай ойланып

отырды да:

— Сенің атың Сабалақ болсын, — деді. — Ал, қарағым, ата-анасыз

өссең, жетім болсаң, анық менің балам екенсің. Мен

сені өз ұлдарымнан артық көрмесем, кем көрмеймін. Байсүгір,

мына баланы біздің үйге ертіп бар. Сусындатып, бәйбішеме

табыс ет. Көзі тәуір, тегін бала емес көрінеді...

Ертесіне Төле би мұны бір сынайыншы деп:

— Қарағым, қой жай, — деді. Бала мақұл деп бірден келісті.

Сабалақ қой жайып жүрді. Бір күні Төле би қойды қалай

жайып жүргенін білмек боп, іздеп барды.

Барса, бала шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр. Төле би ат

үстінен түспей:

— Ә, шіркін, бір асылдың жұрнағы менің қолыма түскен екен

ғой. Оң, сол қолы, екі аяғы төрт жақта. Бірінші күні байқағанымдай,

бұл тегін бала емес. «Даңқым төрт тарапқа тарайды,

төрт тарапты да түгел аламын деп жатыр-ау» — деп үйіне

көңілді оралды.

228


Төле би кетісімен Сабалақ оянды. Басын көтеріп.

— Төкең келген екен ғой. Қап, әттеген-ай, мені үнемі ұйықтап

жатады деп ойлады-ау енді, — деп қиналды.

— Сен ренжіме, Төкең: «Балам шаршаған шығар, ұйықтасын,

оятпаңдар деп қайта саған жанашырлық танытты», —

деді қасындағылар.

Төле би түнде төсегінде жатып та ойға батумен болды.

Түн ортасында қой үрікті. Қасындағы бәйбішесі.

— О, биеке, қой үркіп жатыр, — деді жұлқылай түртіп.

— Қой үріксе, бәйбіше, сен тысқа шықшы?

— Ойбай, мен қорқам ғой.

— Сен, бәйбіше, қорықпа. Тысқа шық. Менің анау ілулі

тұрған қамшымды ұстап шық. Не көрер екенсің.

Би екі қайтара айтқан соң бәйбіше «бисмиллә» деп

түрегеп, адалбақанда ілулі тұрған қамшыны алып, далаға

шықты. Шықса, қораның төрінде жатқан баланың төңірегі

жап-жарық. Ар жағындағы кезеңде қасқыр сығалап тұр.

Бәйбіше көрді де, «бисмиллә» деп қорқып, тез үйге енді.

— Ә, бәйбіше, неге тез қайттың? Не көрдің?

— Ойпырмай, биеке, көргенім — төбенің ар жағын дағы кезеңнің

етегінде қойға шабайын деп бір қасқыр тұр. Қора жапжарық.

Сабалақ ұйықтап жатыр. Сабалақтың дәл басында бір

шырақ жанып тұрғандай.

— Ә, бәйбіше, әдейі сені көрсін деп едім. Бұл баланы бізге

Құдай айдап әкелді. Бұл тегін бала емес, бір асылдың тұқымы

деп айтып едім ғой. Анау кезеңдегі қасқыр — менің жіберген

қасқырым. Ол қораға батпады.

Мынаның басында шырақ жанып тұр. Қасқырды биттей де

елемеді. Ойына да алып тұрған жоқ. Аруағы менен де басым

екен.

Кемпір түрегеп, отқа май салып, ырымын жасады. Ол

Сабалақтың қасиетін бүгін ғана аңғарды.

— Бәйбіше, бұл балаңды өз балаңнан да артық күт.

Сабалақ біраз күн түйе бақты. Құдықтан қауға тартып,

түйелерді суғарды. Қанша қажып шаршаса да, қабағын

шытпады, бір түйеге кейіп, тіл тигізіп, ашуланған жоқ.

229


Төле бидің жараған бурасы бар еді. Ол жатқан жерден

жұрт қашатын. Қыстыгүні маңайына адам жолатпайтын. Кісі

алатын. Сол бура Сабалаққа бас иіп, бағынды.

Бір күні Төле би былай деді:

— Бәйбіше, анау бура біздің малдың қызыры еді. Сол Сабалаққа

енесіндей бағынып кетті. Мынау Сабалақтың пірі басып

тұр. Біздің малымыздың қызыры — ойсылқараны өзіне

қаратып алды. Мұны енді жылқыға салып көрелік.

Таңертең Сабалақты шақырып алып:

— Балам, енді жылқы баққын, — деді мейірім таныта. —

Атқа шауып, қатар-құрбыңмен той-домалаққа қатыс, көкпар

тартып, көңіліңді көтер, қайратынды таныт.

— Ата, мен қайратымды көкпарда емес, қажет жерінде танытайын.

Ол жылқы бақты. Ылғи айғыр ұстап мінді.

— Жетім баланы жылқыға алып еді, айғырдан басқа мінбеді.

Байтал-тайды менсінбейді, — десті жылқышылар өзара

күңкілдесіп. Ол ойларын бәйбішеге де білдірді.

— Осылай, балаңыз ылғи айғыр мінеді.

— Ә, шіркін, айғыр мінсе, өзіне өлшеп мініп жүрген шығар.

Ол бала жетім емес, өз балам. Ешқайсың ештеңе демеңдер.

Би мен бәйбіше оңаша отырып, баланың қылығын әңгіме

етіп, өзара кеңесті. Би жігіттеріне бір қойды алдыртып,

сойдырды. Жақсылап тұрып етті пісіртті. Өзінің мейманға

жасайтын нән алтын табағына етті турады да, қызы мен

келініне табыстап:

— Осыны Сабалақ қай жерде жүрсе, сол жерге апарып

беріндер. Мына сыбағанды атаң мен анаң сыйлады деңдер,

— деді.

Қызы мен келіні жорғаға мініп, табақтың бетін орамалмен

жауып, алып келсе, Сабалақ бір төбенің басында жылқышы

серіктерімен құрығына сүйеніп сөйлесіп тұр екен.

— Сабалақ аға, мынаны атам мен анам сізге беріп жіберді,

— деді Төле бидің қызы.

— Ә, ол кісілер мені ескеріп, беріп жіберген екен ғой. Сыйлағандарына

Алла риза болсын. Ал, жігіттер, отырыңдар,

мына сыбағаны желік.

230


Сабалақ үстіндегі шапанын, кемзалын шешіп, жерге жайып:

— Жігіттер, мына шапанның, кемзалдың үстіне отырың дар,

— деді де өзі шапанның жағасына отырып, табақты ортаға

алды. Бетін ашса, қойдың басы, ет.

— Бисмиллә, Төле атамның берген басындай халқыма бас

болайын, жауыммен қас болайын, аллауәкпар! — деп батаны

өзі жасады да, басты қақ ортасынан тілді. Мұрнының үстінен

көлденең бір сызып, оң жақтағы ұртынан кесіп аузына салды.

Оң құлағын кесіп оң жағындағы, сол құлағын кесіп сол

жағындағы жолдасына берді. Екі көзін кесіп, сыбаға әкелген

қарындасы мен жеңгесіне ұсынды.

Қалған серіктеріне қарап, жадырай күліп, бастың құйқа

етін бөліп таратты. Өзі бастың таңдайын кесіп жеді.

Осы көрген-білгенін қызы мен келіні атасы мен анасына

айтып келді.

Төле би бәйбішесімен оңаша сырласты.

— Ә, бәйбіше, бұл бала халыққа ие болады деп айтып

едім ғой. Шапанын, кемзалын төсеп, серіктерін соның үстіне

отырғызғаны — халқымды осылай қадірлеп, қорғай білемін

дегені. Бастың оң, сол құлағын кесіп, оң, сол жақтағы

жолдасына бергені — халқым, құлақдар бол, оң, сол жағымнан

да хабар алып тұрайын, хабаршы сен бол, қорғаушы мен

болайын дегені. Бастың оң, сол көзін қызым мен келініме

бергені — көретұғын көзім, айтатұғын сөзім бол, алып туатын

ана, көреген дана бол дегені. Қалған серіктеріне бастың

құйқасын таратқаны — бір басшыға мың қосшы, бәрің маған

қосшы болыңдар дегені. Таңдайды жегені — жез таңдай

шешен атанайын, беріп жіберген сыбағасы үшін атам мен анама

алғыс айтамын дегені. Құдай берді, кемпірім, тойыңды жасай

бер. «Асыл аты-жөнін айтпайды, дұшпан жауынан қорқып

қайтпайды» деген. Осы ның тегін еместігін аты-жөнін айтпай

жүргенін-ақ сезіп едім. Ал енді. кемпір, баланы шақырып, үй

жұмысына жұмсалық. Қонақ келгенде қолына су құйсын, атын

ерттеп, аттандырып, әңгіме тыңдасын. Жылқыны бағатындар

көп қой. Мұны өз баламыздай қонак күтуге қоялық.

231


***

— Сол жылы қыс жұмсақ болды. Қыстан ел күйлі, мал семіз

шықты.

— Осы көктемде бас қосып, сөйлеселік. Қалмаққа кеткен

кегімізді қайтаралық. Ол үшін Төле биге барып, қай жерде

бас қосамыз деп келісіп, батасын алалық, — деп қасында қырық,

елу кісісі бар Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Ырысбек,

Қойгелді, Қабан батырлар атқа қонды.

Бәрі Қазықұрт пен Алатау аралығындағы Қараспан

жазығында отырған Төле бидің ауылына келді. Ақ үйге түсіп,

түнімен әңгімелесті.

— Бұл жерді неге Қараспан дейді, Төке? — деп Бөгенбай

батыр алғаш жер сырын білгісі келген сыңай танытты.

— Сабалақ қарағым, сен жауап берші? — делі Төле би босаға

жақта отырған Сабалаққа бұрылып.

— Құп, ата, — деп ол оң қолын кеудесіне қойды. — Қараспан

атану себебі — мына Қазықұрт тауы мен Қос Тура арасында,

әсіресе, сәуір кезінде қара бұлт қап-қара боп тұтасып, Күн

көзін көрсетпей тұрады. Жаңбыр тәулік бойы, кейде апталап

жауады. Содан жұрт Қараспан деп атаған.

Тамақ желініп, қымыз ішіліп болған соң, қалмаққа қарсы

жорыққа аттану, ол үшін Ордабасыда бас қосып, кеңесу

мәселесі сөз болды. Қонақтарды күте жүріп, Сабалақ бар

әңгімені қалт жібермей тыңдады.

Түнде Бөгенбай батыр дәрет алуға тысқа шықты. Соңынан

құмғанын ала-мала Сабалақ ілесті.

— Балам, кімнің баласысың? — деді Бөгенбай құмған

ұсынған оған.

— Төле бидің баласымын.

— Балам, сөзден құлағыңды, кісіден көзіңді айырмайды

екенсің, болсаң боларсың. Менен не тілейсің?

— Сізден тілегім, келесі жылы қалмаққа аттанатын болдыңыздар

ғой. Сол жорыққа мен де қатыссам қайтеді? Төле

атам мені жассың, әлі бұғанаң қатқан жоқ деп рұқсат етер

емес. Сіз сұрасаңыз жіберер еді. Сонда мен сізге көмекші

232


болуға жарар едім. Сізден өтініп, тілейтінім — алдағы жорыққа

мені де ала кетіңізші?

Бөгенбай көп ойланбай-ақ:

— Жарайды, балам, жарайды, — деп екі рет айтып қалды.

Кісілер ертеңгісін аттанатын болды.

— О, батыр, не қалайсың, бұйымтайыңды айт? — деді Төле

би Бөгенбайға.

— Биеке, Төке, қалайтыным, кешеден бері мына көзі өткір

бала бізге қызмет етіп жүр. Сұрасам, сіздің балаңызбын дейді.

Астына ат мінгізіп, үстіне сауыт кигізіп, осы ұлыңызды алдағы

жорыққа жіберсеңіз? Менің қалағаным осы.

Төле би ойланып:

— Батыр-ай, байқаған екенсің-ау. Баламның бір жыл кемдігі

бар ғой, — деді қинала.

— Төке, тілегі жақсы екен, рұқсат етіңіз? Алдағы жорыққа

атамнан сұрап, мені де ала кетіңіз деп балаңыздың өзі өтініш

білдіріп, мен мақұл деп қойған едім.

Төле би ұзақ ойланып:

— Жарайды, батырым, сіз айтқан соң рұқсат, — деді.

Келесі жылы уәде бойынша, Төле би астына өзінің Ақтабан

деген атын мінгізіп, үстіне сауытын кигізіп, Сабалақты қасына

ертіп жолға шықты.

Жүзбасылар, мыңбасылар топ-топ болып межелі жерге

жиналып жатыр. Бәрі бас қосып, ақылдасып болғаннан кейін

тамақ, қару-жарақтарын түйеге артып, керуен жол тартып,

уәделескен жаудың шебіне келіп, тау етегіне орналасты. Екі

жақтан елші шығып, ұрысты сәрсенбі күні бастаймыз деп

келісті.

Сол күні ертеңгілік қалмақтың батыры Шарыш майдан

алаңына ат ойнатып шығып:

— Ажалыңа асықсаң кел, қазақ! — деп айқай салды. Бір жас

жігіт атының тізгінін тартпай, майдан алаңын айнала шауып:

— Шарыш батырға қарсы шығар кім бар?! Жекпе-жек! —

деп жар салып жүр.

Осы кез Сабалақ киімін шешіп, маңдайын орамалмен

шарт таңып, Ақтабан атын тебініп, алаң шетіне жетіп келді.

233


Бөгенбай батыр:

— Қарағым, Сабалақ, менің нар қызыл атымды мін! — деді

айқайлап.

— Алаң болмаңыз, жәке, осы атым жарайды.

— Ендеше сауытымды ки.

— Төле атамның сауыты да мықты, оқ өткізбейді.

— Е, онда Құдай, аруақ қолдасын, балам.

Сабалақ ортадағы жекпе-жекті күтіп тұрған Шарыш

батырға қарсы «Абылай! Абылай!» — деп ұрандап шапты.

— Ойпырмай, менің де туысқаным бар екен ғой, — деп Әбілмәмбет

хан тәубе етті.

Ортаға жеткен Сабалақ атының басын іркіп, Шарышқа

кезегін беріп, қасқая қарап тұрды. Шарыш межелі жерден

шауып келіп, найзасын Сабалақтың кеуде тұсына түйреді.

Сауыттың екі қабаты үзіліп, үшінші қабаты найза ұшын

жібермей ұстап қалды.

Кезекті енді Сабалақ алып, межелі жерге қарай құйғыта

шапты. Шарыштың кеудесін оның найзасы тесіп өтті.

Жекпе-жектің ең қадірлі ережесі — өлтірген жауының

денесін батыр атпен сүйреп өз тобына жеткізу. Бұл іске

екі жақтың да адамдары араласпайды. Бәрі қалыс қалып,

бақылап тұрады.

Шарыш алып денелі, нән адам еді. Оны өз тобына сүйреп

жеткізуге Сабалақтың шамасы жетпеді.

— Басын әкелсең де жарайды, қарағым, басын әкел! — деп

Бөгенбай айқай салды.

Сабалақ Шарыштың айдарынан ұстап, оң қолымен

қылышын сілтеп, басын шауып алды да, аңыратып отырып, өз

тобының алдына әкеп тастады. Осы кез қалмақтар бірден лап

қойып, жаппай ұрыс бастады.

Тәртіп бойынша жау түсірген батыр оның атының құлағын

кесіп алуға тиіс. Кімнің қанша дұшпанды өлтіргенін сарапшылар

сол кесілген аттың құлақ саны арқылы анықтайтын.

Алғашқы күнгі ұрыста Сабалақ жаудың сегіз атының құлағын

кесті. Екінші күні жау үдере қашты. Ұрыс тоқтаған соң.

234


— Әй, кешегі халық көзіне түскен қара бала қайда? — деді

хан Әбілмәмбет.

— О, жүрген шығар.

— Іздеп тауып, маған әкеліңдер.

Сабалақ бұлақ басына барып, жуынып жатыр еді.

— Хан шақырады, — деді шабарман жетіп барып. Ол атына

мініп, құйғыта шауып, хан алдына келді.

— Оу, батырым, сен қалмақтың батыры Шарышқа қарсы

шыққанда не деп ұрандадың?

— Абылайлап ұрандадым.

— Ойпырмай, қарағым-ай, сенің атың Әбілмансүр емес пе?

— деді хан Әбілмәмбет.

— Болсақ, болармыз.

— Қарағым-ай, құндақта бір бала тірі кетті деп еді. Сен сол

ма едің? Абылайлағаныңда сай-сүйегім сырқырап, бір орында

тұра алмадым. Атаңның аруағына сыйынған Әбілмансұр

сен болғаның ба? Қарағым-ай, сені тірі көрдім, енді арманым

жоқ, — деп бас салды.

Жұрттың бәрі таңғалып қарап тұр. Әбілмансұрды хан

ордаға ертіп келіп, оң жағына отырғызды. Жауын жеңіп, жолы

болған өңшең қасқа мен жайсаңдар дүрілдесіп, баланың

аты-жөнін сұрады. Әбілмансұр өмірбаянын түгел айтты.

Төле би:

— Қарағым-ай, қолымда дәмдес-түздас болып жүргенде,

шыныңды айт дегенімде де шыныңды айтпай: «Ата,

ердің ерлігін көрмей, аты-жөнін сұрамай-ақ қойыңыз», — деп

едің. Асылдың тұқымы екеніңді сол сөзіңнен-ақ біліп едім.

Қарағым, ханымыз екенсің. Мына Әбілмәмбет ханның алдында

сұраймын, артық-ауыс сөзім болса, өт, кеш, — деді.

Әбілмансұр жауап бермек болып оқтала беріп еді:

— Төке, Әбілмансұрдан жасым үлкен ғой, мен жауап берейін,

— деді Әбілмәмбет. — Баланың айта тынын мен айтайын, рұқсат

етіңіз?

— Рұқсат, хан ием.

— Асылдың асыл екенін танып, қолыңызға түскен алтынды

ардақтай біліп, қадіріне жетіп, тәрбиелеп, осы күнге алып

235


келіп, халқының алдында көзге көрсеткеніңіз үшін сізге бүкіл

Абылайдың тірісі түгіл өлісі, бүкіл ата-бабамыздың аруағы

риза, — деп түрегеп кеп қолын алды.

Ел тынышталып, ентігін басқан кезде Әбілмансұр Төле

бидің алдына барып, кішілікпен шөкелей тізерлеп:

— О, аруақты ата, батаңызды беріңіз? — деді.

Төле би тік тұрған бойда қолын жайып:

— Құдай-аруақ қолдасын,

Қызыр болсын жолдасың.

Саған қастық ойлаған,

Кім болса да, оңбасын.

Алысты алыстан шола біл,

Жақынға жақын қона біл.

Бабаларым тілегі -

Еліңе ие бол. Әмин! —

деп бата берді.

***

— Ата, Абылай қалмақ түтқынынан өз ақыл-айласымен

құтылған дейді. Осы рас па?

— Ә, айтайын, қарағым. Қалмақтың ханы Ғалдан Серен

Шарыштың өліміне қатты күйзеліп: «Оны өлтірген адамды

тірі ұстап, өлтіремін. Құн алмаймын!» — деп өзіне өзі серт етті.

Сұрастыра келе Шарышты өлтірген Сабалақ-Абылай екенін

естіді. Енді оны қалай да қолға түсіру амалын ойластырды.

Ғалдан Сереннің бұл ниетін білген қазақ халқы Абылайды

ана ауылға, мына ауылға қондырып, үнемі орнын ауыстырып

отырды. Бірде жау жансыздары Абылайдың қандыкөйлек

серіктерінің бірі Өтеген батырды қолға түсірді. Одан Ғалдан

Серен хан:

— Абылай қайда жүреді? — деп сұрады. Өтеген айтпады.

Оны дүреледі. Онда да айтпады. Денесін жалаңаштап, жонынан

таспа тілді. Оған да міз бақпады. Су теріні бас киім етіп

тігіп, кигізіп, күнге тастады. Бұл адам баласы төзе алмайтын,

ақыл-есінен адасатын ең ауыр жаза еді.

236


— Енді айтасың ба?! — деді Ғалдан Серен төне түсіп.

— Ей, Ғалдан Серен, сені ел атағы шыққан ақылды хан

деуші еді, сен ақылсыз, қасиетсіз екенсің! — деді үсті-басы

қан-қан Өтеген еденде сұлап жатып. — Егер сенің сол жақсы

көрген Шарыш батырың Абылайдың қолына түсіп, сенің бар

құпиянды айтып қойса, сен оған не дер едің? Атып, не пісіріп

жесең де, Абылайдың қайда екенін айтатын кісі мен емеспін.

Мейлі, қандай жаза қолдан, тіпті өлтірсең де айтпаймын!

Ғалдан Серен ашулы, айбарлы Өтегеннің басынан су

теріден жасалған бас киімді шештіріп, қайта зынданға

салдырды. Уақыт өтіп жатты. Бір күні Ғалданның әскері

ұйықтап жатқан жерінен Абылайды қолға түсірді. Мұны

естіген Төле би тоқсан жақсыны ертіп, қалмақ ханы Ғалдан

Серенге елші боп барды.

— Абылайды босатыңыз, өлтірмеңіз? Қанша алсаңыз да

құн төлейміз.

Ғалдан Серен:

— Мен Шарыш өлген күні кесімімді айтып қойғам, — деп

алған бетінен қайтпады. Төле би суыт кері оралды.

Көп ұзамай Ғалдан Серен Абылайға сот құрды. Ойы — оны

өлім жазасына кесу.

Алдымен Абылайды шақырды. Біраз сұрақ-жауап алған

соң.

— Енді мұның Өтеген батырын шақырыңдар! — деді

бұйырып. — Қандай үкім боларын ол өз құла ғымен естісін.

Өтеген батыр ішке енгенде, Абылай есік алдында отыр

еді. Өтеген тез төрт тағандап, еңбектей жорғалап барып,

Абылайға:

— Менің үстіме отырып жауап бер! — деді. Ғалдан Серен:

— Неге бұлай, тұр орныңнан! — дегенде:

— Абылай да хан. Сенімен терезесі тең. Ендеше ол да тақта

отырып жауап беруі керек, — деді Өтеген.

— Мен оның тағы болам.

Ғалдан Серен Абылайдың астына тақ алдырды.

— Жаңа айттым ғой, жазаң кесіліп қойылған. Тек өлер

алдыңдағы тілегіңді айт! — деді. Бұл қалмақ хандарының

ежелден келе жаткан салты еді.

237


Абылай:

— Қазір өліп кетсем, үш арманым бойымда кетеді-ау, —

деді қинала қабақ шытып. — Бірінші, мен Шарышты қазақ пен

қалмақтың қан майданында өлтірдім. Ал сен мені ұйықтап

жатқан жерімде қолға түсіріп, өлтіргелі отырсың. Қазақ пен

қалмақтың қан майданында өлсем арманым болмас еді.

Екінші, қазақ халқының өмірі үнемі соғысумен, атысумен,

шабысумен өтіп келеді. Төле би атам аманат еткендей басын

қосып, отырықшы ел ете алмай кеттім. Үшінші арманым, төрт

атадан бері жалғыз едім. Қазір өлсем, не бала, не бауырым

жоқ, өмірге келмегендей боламын ғой, — деді.

Ғалдан Серен қасындағы екі уәзіріне қалмақ шалап:

— Мынаның сөзінің бәрі рас. Әсіресе, соңғы сөзін қарашы?

Мен де төрт атамнан бері жалғыз едім. Осы күнгі жалғызым

Әмірсанам өліп кетсе, мен де тұқымсыз қалатындай екенмінау,

— деді күрсініп. Мына сөзді естіген Абылай:

— Алдияр тақсыр, мен өлімнен құтылдым! — деп орнынан

атып түрегелді.

— Неге? Сен өлімнен құтылған жоқсың?

Абылай Ғалдан Сереннің жүзіне тіке қарап:

— Ханның екі айтқаны қара болады. Мені жалғыз балаң

Әмірсанаға теңедің. Енді мені өлтіру үшін жалғыз балаңның

басын алып келуің керек. Содан кейін ғана менің басымды аласың.

Мен де қалмақша білуші едім, — деп Абылай езу тартты.

Ғалдан Сереннің екі уәзірі:

— Тақсыр, әлгі сөзді бұ жерде бекер айттыңыз. Абылайды

өлтірген соң айтуыңыз керек еді, — десті өкініп. — Енді өлтіргеніңіз

болмайды.

Ғалдан Серен Абылайға тіке қарап:

— Өлім жазасынан құтылдың ғой. Енді мына сауалыма жауап

бер? Төле биге қалай қарайсың? — деді.

— Мен ол кісіге өле-өлгенше қарыздармын. Жеңіс-қуанышымның

бәріне Төкең ортақ.

— Алтын да тас, тас та тас,

Алтын бірақ басқа тас.

238


Алтынға алтын кезіксе,

Алтынды алтын тастамас, —

деген Төкең ғой.

Мен ол кісіні жайдан жай іздеп барып, қолында тұрғам

жоқ. Қолында тұрған жылдары Төкеңнен көп нәрсе үйрендім.

Қазір де үйренем.

— Ата, сауалыма дәл жауап ала алмағандаймын.

— Ә, асықпа, балам. Төле би елшілікпен келіп, Ғалдан

Серенге сөзін өткізе алмағаннан кейін, орыс елшісін ертіп

қайта оралды.

— Абылайды тұтқыннан босат, әйтпесе жоңғар мен біздің

ел арасы бүлінеді, — деді орыс елшісі. Күштің аты — күш қой,

Ғалдан Серен амалсыз Абылайды тұтқыннан босатты.

— Ата, жаңа бір сөзіңізде Сабалақ Абылай өмірбаянын

түгел айтты дедіңіз. Ол қандай өмірбаян?

— Сауалың орынды, балам, тыңда.

— Саудагер едік. Абылай, сіздің даңқыңызға, хал қыңызға

әкелген сыйлығымыз бар, — деп жоңғар қалмағынан келген

саудагерлер дүниені төгіп тастады. Олар осылай қымбатын

арзанға сатып, ханды да, қараны да, батыр-бағланды да риза

етіп, жылдап жатып, қайтып жүрді.

Қазақ елінің ішкі жағдайын түгел біліп алған керуен бәрін

ханына айтып барды. Жау керуенін тағы жұмсады.

— Жылдағы құт керуен, — деп оны қазақтар құшақ жая

күтіп алды.

Сырға әбден қанған жоңғар ханы әскерін әзірлеп, жайпақ,

жадағай жатқан Абылай ханның ордасына бір түнде басып

кірді. Күтпеген жерден жау көрген бейбіт халық улап-шулап,

бір-біріне хабар бере алмай, жаппай қырғынға ұшырады.

Жоңғар ханы: «Абылайдың тұқымынан түк қал масын!

Қатын, бала-шағасына, немере-жиен деріне дейін қырыңдар!

Әйтпесе бас көтеріп кегін алады», — деп әмір етті.

Түн ішінде шашау шығармай бәрін қырып жат қанда, бір

ақсақалды қария:

— Жаңа босанған келінді алып қашындар, құтқарыңдар,

— деп айқай салды. Бір жігіт сал байлап жіберіп, емшектегі

балалы әйелді салға мінгізіп. сумен жүзе жөнелді.

239


Түн іші. Жоңғардың күзетшілері судың шолпылын есітіп,

тұспалдай садақпен атты. Ескек есіп келе жатқан жігітке оқ

тиді. Әйел де құлады. Бұдан кейін салмен жоңғарлардың ісі

болмады. Сал ағып кете барды.

Таңға жуық жар басында балықтан басқа қорегі жоқ,

жасы жетпіске жеткен кәрі шал балық аулап отыр еді, ағып

келе жатқан иесіз салды көрді.

— Апырмай, бұл тегін сал емес қой. Мұны ұс тайын, — деп

орнынан қарғып тұрды. Салды ұстап қараса, ішінде бір жігіт

қанға бөгіп өліп жатыр. Асыл киген жас әйел ауыр жаралы,

қасындағы емшектегі бала жылай-жылай өкпесі өшіп, ұйықтап

қалыпты.

Шал баланы алып орап, әйелмен бірге қамыстың үстіне

жатқызды. Ем-дом жасап, ептеп есін кіргізген соң жөн сұрады.

Әйел ыңырсып, көпке дейін тілге келмей, әзер сөйледі.

— Мен Абылай ханның келінімін. Мынау баланың аты Әбілмансұр.

Бәрімізді жоңғар қырды...

Осы үш ауыз сөзге келді де дүние салды.

Шал жігітті де, әйелді де ақ жуып, арулап жерлеп, баланы

бақты. Төсегі-қамыс, жамылғысы-жапырақ, тамағы-балық.

Шалдың ауына бұрын бір шабақ, екі шабақ түсіп келсе,

енді нән балықтар түсетін болды.

Нәресте есейді. Шал балаға сыр ашты:

«Балам, менің осы жерде өмір сүріп отырғаныма отыз жыл

болды. Бұрын ауыма бір шабақ, екі шабақтан артық түспеуші

еді. Құдайдың берген нәсібі осы шығар деп риза болушы

едім. Күндегі тамағымды күнде тауып жеп жүрдім. Баспанамшайла,

жамылғым-жапырақ күйі өмір сүрдім. Сен келгеннен

бастап, балам, менің нәсібем ұлғайды. «Жан бергенге дән

береді» дегендей сенің нәсібең өзгеше екен.

Басыма үй де бітті.

Ажал шіркін күтіп тұра ма? Жасым сексеннен асты, балам.

Тумасаң да туғандай болып едің. Енді саған шындықты

айтайын, бұрын көңілі бөлінер деп едім. Мынау жатқан қос

бейіттің бірі — сені қорғап, құтқарған жамағайыныңның бейіті,

бірі — сені тапқан анаңның бейіті. Екеуі де жаудан қаза тапты.

240


Балам, сен үш жүзге хан болған атақты Абылайдың

тұқымысың, туған немересісің. Атың — Әбілмансұр. Елді жау

шапқанда, ең болмаса бір бала тірі қалсын деп халық сені

шешеңмен салға салып, түнде қашырып еді. Жоңғардың

әскерлері көріп қойып атып, мына екеуі шейіт болды. Түнімен

сал ағып, ертеңгісін жар басында отырған маған тап болды...

Енді саған шындықты айтатын уақыт жетті. Сөзімді таза

тыңда. Бір күні болмаса бір күні дүние ден тайып кетсем, саған

бәрі белгісіз болып қалмақ. Қайталап айтам, сен осы қазақты

билеген Абылай ханның тұқымысың. Атың — Әбілмансүр.

Осыны ұмытпа, қарағым.

Саған кездескеннен бағым жанды. Отыз жыл көрген

қиыншылығым басымнан ажырап, кәдімгідей адамға ұқсап,

өмір сүрдім. Сенің анаңның асыл киім-кешегі екеумізге үй,

жетерліктей азық болды. Мен сенің, бір жағы, атаң, бір жағы,

анаң болдым. Қолымнан асырадым.

Ал енді сен маған риза бол, мен саған ризалықпен батамды

берейін. Жолың оңғарылсын, Құдай бетіңнен жарылқасын.

Мені ақ жуып, арулап жерлегеннен кейін күннің шығысында

ел иесі, жетім-жесірлердің қамқоршысы — Төле биді іздеп

тап, балам.

Атаңның аты, атаңның бағы далада қалдырмас, бір жерден

шығарсың, бірақ айтатын бір ақылым, қашан қадіріңді ел

біліп, қайратыңды танып, мойындағанға дейін жөнінді ешкімге

айтпа».

Шал қайтыс болды. Шалды ақ жуып, арулап, анасының

қасына қойды. Балықшы ауылындағы жұртпен қош айтысып,

күннің шығысындағы Төле биді іздеп, жолға түсті.

***

— Е, енді бәрі түсінікті, ата.

— Тағы қандай сауалдарыңыз бар?

Жұрт үндей қоймады.

— Онда мен сіздерге Абылай ханның тегенесі туралы

айтып берейін. Өтеғұлдың бес ұлы бар еді. Екеуі жау қолына

241


түсіп, хабар-ошарсыз кетті, үшеуі шешектен өлді. Қартайған

шағында қу бас атанып, перзентсіз қалды.

Боз атын кермеге жабулап байлап (жаугершілік кезі жұрт

атын осылай сайлап ұстайтын), ешкіммен сөйлеспей, төсегінде

теріс қарап жатып алды.

— Өстіп Өтеғұл үйінен шықпай қалды, — дегенді естіп, жалайыр

Артық батыр іздеп кеп, кермеде байлаулы тұрған боз

аттың басын қылышпен шауып тастады.

Бір аяғымен табалдырықтан аттап:

— Ей, Өтеғұл, бала керек болса, басыңды көтер! — деді

айқайлап. — Қартайғанда көбін қайтесің, көпке бергісіз екі ұл

болса, жетеді ғой.

Өтеғұл басын көтеріп, Аллаға, ата-баба аруағына сыйынып,

Артық батырдың батасын алды.

— Өлгенім өтелді деп бірінші ұлыңның атын Өтеген қой.

Жоғалғаным табылды деп екінші ұлыңның атын Табылды қой.

Артық батыр батасы қабыл боп қайғыдан қансырап

жазылған әке екі ұл сүйді. Тұңғышы Өтегенін он үшке дейін

қасынан шығармай тәрбиеледі. Ол кезде Өтеғүл Балқаш

көлінің түстігі — Бақанасты мекендейтін. Базар Құлжада еді.

— Ата, мені ешқайда шығармай қойдыңыз ғой. Он үшке

келдім. Базаршылармен бірге ел аралап, базар көріп қайтайын,

— деді бір күні Өтеген.

— Онда жолың болсын, балам, — деп алдына жүз елу қой,

жиырма жылқы салып, базаршыларға қосты.

— Адасып қалмаңдар. Ел, жер көрмеген бала ғой, сен баскөз

бол, — деп жанына бір жігітті жолдас етті.

— Құлжаның базарында Қара ұста деген темір ұста бар.

Соның үйіне түс, балам. Сол малынды өткізіп, базарлатып қайтарады,

— деді Өтеғүл.

Құлжаға жеткен соң Өтеген Қара ұстаның үйіне түсті.

Алғашқы күннен саудасы жүрмеді. Қойының бәрін өңкей пұлы

жоқ, сіңірі шыққан кедей байғұстар несиеге алды.

Бір айдай мезгіл өткенде базаршылар қайтпақ болды.

Өтегеннің түгі жоқ, несие жиналмады.

242


— Сіздер жүре беріңіздер. Қайта оралып келгендеріңізді

күтем, — деді Өтеген амалсыз.

Жанындағы жолдас жігіті жиырма жылқының пұлын алып,

базаршылармен бірге қайтып кетті. Арада он күн өткенде

Өтеген Қара ұстаға:

— Бұл жерде жүре алар емеспін. Ішім пысты, аулыма

қайтамын, — деді.

— Қарағым, ең болмаса, бір жеті тоқта.

Қара ұста оған арнап садақ, сауыт соқты. Жауынан

қалай қорғануды, жауын қалай көздеп атуды үйретті. Әбден

машықтанғанына көзі жеткен соң:

— Ал, қарағым, әкеңнің айтқан тапсырмасын орындадым.

Енді жолың болсын, — деп Өтеғұлға арнаған сәлем-сауқатын

қоржынға салып, садақты Өтегеннің мойнына іліп, сауытты

кигізді. — Ескертетінім, жол торығыш Кісінеуік деген ұры

бар. Қорғаны — амал-айласы. Қырық кісі болса да жалғыз өзі

алады. Содан абай бол. Оның белгісі — өркеші жоқ желмаяға

мініп жүреді. Сауытының сыртынан кигені — түйенің жүнінен

тоқылған қырық жамаулы шекпен.

Өтеген Құлжадан шығып, Шолақтың Қара тауы ның

астындағы Іле өзені бойына, қалың тораң ғының ішіне

ене тоқтады. Атын байлап, тамақ әзірлегелі отын жинап

жүргенде, қырқадан ат кісі неді. Қараса, желмаяға мінген

адам. Таңғалғаны, жылқыша кісі нейді екен. Әлгі үстірттен

біраз қарап тұрды да жолға түсіп, көрінбей кетті.

— Кісінеуік ұры дәл осы, — деп ойлады Өтеген. Атына кісен

сап, отқа қойды. Ерін жастанып, тоқымын төсеніп, ұйықтап

жатқан адам сұлбасын жасады да, өзі басқа тораңғының

қалқасына барып отырды.

Оттың қызылы сөніп, жолаушы ұйықтады-ау деген есеппен

Кісінеуік ұры мысықтабандап жылжи кеп ер жастанып

жатқанды айбалтамен енді шаба бермек болғанда Өтеген

садақпен тартып жіберді. Оқ мойын омыртқасын жұлып әкетті.

— Түбіме жеттің. Балшы басында мүйізі бар біреуден өлесің

деп еді. Сірә, мүйізің бар-ау сенің? Соны көрсетші? Екінші ті-

243


легім, бетімді жасырып кет. Үшінші айтарым, жаман деп түйемдегі

шомды, үстімдегі шекпенді тастама.

Таң ата оны жерлеп, шекпенін, шомын алып қараса, өңіріне

өңкей бір теңгелік алтынды жамай беріпті. Бәрін олжалап,

нарды жетектеп, жолға шық ты. Неше күн жүріп, Бақанасқа

күн қызарып батып бара жатқан мезгілде жетті.

Ауыл сыртындағы төбе басында отырған Өтеғұл қарт түйе

жетектеген баланы көріп:

— Апырмай, Өтегенім осы болса игі еді, — деді қуанып. Айтқанындай

баласы екен.

Өтеген әкесіне көрген-білгенін түгел айтты. Өтеғұл мал

сойып, баласының аман келгені үшін жұртқа құдайы тамақ

берді.

***

Өтеген ер жетті, елге батыр деген аты шықты.

Қалмақтармен соғыста талай ерлік танытты. Бірде Абылай

ханның он екі қанат ақ ордасына атымен барып түспек болды.

Ақ таяқшы (күзетші):

— Түсуге рұқсат жоқ, Абылай көп кісілермен кеңес құрып

отыр, — деп түсірмеді.

Тәртіп бойынша хан ордасына атпен баруға болмайды.

Олай ету кешірімсіз. Қайта атын алысқа қалдырып, жаяу бару

керек. Оны орындамаған адам жазаға ұшырайды.

— Жарайды, түспесем түспейін, — деген Өтеген үйдің үзігін

көтеріп жіберіп, — Охо-о, алпыс өгіз, бір бұқа отыр екен ғой, —

деп жүріп кетті.

— Әй, үстіңгі үзікті көтерген кім? — деді Абылай ізінше.

— Аты-жөнін білмеймін. Бір адам түсемін деді, мен түсірмедім.

— Шақыр оны!

Сәл өтпей Өтеген батыр «Ассалаумағалейкум!» деп иіліп

ішке енгенде, Абылай хан:

— Бері жібер, — деп өзінің оң жағынан орын берді. Өтеген

ханның оң тізесін баса отырып, бөркін қасына қойғанда,

244


басындағы мүйізін (ол кісіні ел мүйізді әулие деп те атаған)

отырғандардың бәрі көрді.

Абылай хан құндыз ноғай бөркін басынан алып Өтеген

бөркінің үстіне қоя салды.

— Ой, бәрекелде, қанша айтса да хан емес пе? Бөркімнің

тысы жоқ еді, тыстап берді, — деп Өтеген бөркінің үстіне қаптап,

басына қайта киіп алды.

— Сіз жаңа үстіңгі үзікті көтергенде не айттыңыз? — деді

Абылай хан.

— Мына үйде алпыс өгіз, бір бұқа отыр екен ғой, — дедім.

— Астарын түсіндім, — деп Абылай хан басқа сөз айтпай,

қалың ойға енді. Өтеген батыр үнсіздікті бұзып:

— Сізден бір ауыз сауал сұрайын деп едім, — деді.

— Сұраңыз.

— Көзбен көрген шын бола ма, құлақпен естіген шын бола

ма?

— Әлбетте көзбен көрген шын болады.

— Ендеше, тақсыр хан ием, бір қолқам бар. Мен жиһан кезіп

жүріп Абылай ханның ордасында болдым десем, ешкім сенбейді

ғой. Өзіңіз көзбен көрген шындық дедіңіз. Ендеше сіз

мына алдыңыздағы тегенені маған берсеңіз жұрт сенеді.

— Алыңыз.

Осы тегенені Қордай тауында болғанымда мен көрдім,

көрмек түгілі одан дәм таттым, қарақтарым.

— Қазір ол тегене бар ма екен?

Оны білмедім. Көптен бері Қордайға жолым түскен жоқ.

Меніңше, бар болуы керек.

Арқалықтар құшақ жая қарсы алды. Бүгін мына үй, ертең

ана үй дегендей қонақ етіп, құрметтеді, түрлі сұрақтар қойып,

сөйлетіп, мені тыңдады, мен оларды тыңдадым..

Арқалықтардың ақ ниеті, дарқан көңілі, сөзге шешен, ойға

көсем жомарт пейілі, көпшіл жан дүниелері ә дегеннен-ақ ойдүниемді

баурап алды. Өмірдің мәні де, сәні де сыйластық

екеніне көзім еселеп жетіп, қалың ойға ене түстім.

Бекасыл әулие оң алақанымен маңдайын әлсін-әлі сипай

отырып:

245


— Е, ұмытып барады екем, — деп серпіле сөйледі. — Арқада

болған күндерімде Тілеу-Шәкерім дос-інім екеуіміздің

қасымыздан бір елі шықпай жүрген Баттал деген жігіт

Абаймен әкесінің қарым-қатынаста болғанын әңгімеледі. Оның

айтуынша, әкесі екеуден екеу сөйлесіп отырғанда, Абайға:

— Сен әкеңнен артықсың, — депті.

— Жоқ, мен артық емеспін, — деп Абай төмендегі оқиғаны

айтып беріпті. Бір күні Құнанбай Абайдың үйіне келіп, оңаша

қалғанда:

— Мырзажігіт (Құнанбай Абайды Мырзажігіт, ал оны Абай

тәте дейді екен), табыныңда жақсы аттар бар ма? — дейді.

Абай әкесінің ойын түсініп:

— Бар, тәте, — дейді.

Ұзақ ойланып отырып, Құнанбай:

— Табыныңнан жеті байталды бөліп алуың және бір жақсы

айғыр табуың керек, — деп шешеді. Сыйлас адамының үш рет

бәйгеден бірінші келген құнанын Абай жүз қойға сатып ап,

жеті байталының тобына қосады.

Арада жыл өтеді. Құнанбай мен Абайдың үй лері де,

жылқылары да бөлек көшіп жүреді екен. Таңертеңгі мезгілде

Абайға:

— Тәтең жігіттерімен келе жатыр, — деген хабар жетеді.

Абай әкесінің мінезін біледі. Үй төңірегін тазалап, аттарын

ерттеп, жігіттерін дайындап тұрады.

Құнанбай жақындағанда, Абай алдынан жүгіріп шығып,

қос қолын кеудесіне қойып сәлем беріп, аттан түсіріп алады.

Қолтығынан сүйегеннен-ақ Құнанбай:

— Мырзажігіт, көңіліңді қалдырмайын, түсейін. Тек үйде

отырмаймыз, шай-пай ішпейміз, дастарқаныңнан дәм татамыз

да, шұғыл аттанамыз, — деп ескертеді.

Қазақтың көшпелі өмір тәртібі әскер тәртібінен бір де кем

емес. Кермеден аттар үзілмейді, кейбірі ерттеліп, жорыққа

дайын тұрады. Құнанбай: «Ал, Мырзажігіт, кеттік» — дегендей

салмақ сала қараған сәтте, Абайдың басына: «Ә, бұл кісі

жылқыға барып, баяғы жеті байтал мен жүз қойға сатып

246


алған құнанды көрмек екен ғой», — деген ой сап ете түседі.

Қыстыкүні, қар қалың. Жылқылар Ақшатау тауын қыстап

жатқан. Жолда Құнанбай әңгіме айтқансып Абайды алыстан

қармап келеді. Төрт-бес сағат жүріп, жылқыға да жетеді.

— Тәтемнің артықтығын сонда білдім. Жылқының ішінен

мен сатып алған бөтен құнанды айтқызбай таныды. Танып

тұрды да:

— Мырзажігіт, мына құнанды ұстаттыршы, — деді. Жылқышы

құнанды әп-сәтте-ақ ұстап әкелді.

— Жүр, енді ана табынды аралайық, — деп тәтем басқа

шоғырға бастады.

— Ана құнанды ұстаңдар! — Жылқышалар оны алты айналдырып

жүріп, әрең ұстады.

— Ал енді осы екеуін жарыстырып көрейік, Мырзажігіт.

Қар белуардан асады. Көз көрім жерден екі

ат бірінен бірі оза алмай қатар келе жатыр. Жақын дағанда

тәтем:

— Мырзажігіт, қазір құнаның қалай болар екен, құлап қалмас

па екен? — деп күлді. Езуін жиып алғанша болған жоқ,

жүз қойлық жүйрігім етпетінен түсті. Анау тұсымыздан құйғытып

өте шықты. Тәтем:

— Ал, Мырзажігіт, сау бол, — деді де, атын бұрып ап, өз

жігіттерімен жүрді де кетті. Мен әкемнен артық болсам, өз

жылқымның ішінен жүйрік құнан ды таңдай білмес пе едім?

Халық мені ақылды, әкесінен артық дейді. Ақылдылығым

қайда? Мұны мен қалайынша байқамадым? Бала қандай

ақылды болса да, әкесінен бір басқыш төмен болады екен

деген түйінге келдім, — дейді Абай.

Қандай ақылдылық, қандай әділетті мойындау?! Шіркін,

осы асыл қасиет ұрпағымыға жұқса ғой, жұқса екен деп

тіледім.

Енді, халқым, екінші балаға айналған шағымдағы есте

сақтау қабілетімнің мүмкіндігіне қарай естіген есті сөздерімді

ортаға салайын. Ер көңілді, сыртқы көркі ішкі әлеміне сай

сымбатты жігіт ағасы, арқа лық Батталдың айтқан адам

247


аттарын ұмытып қалмау үшін қойын дәптеріме жазып алған

едім, Сол жазбама қарайлап сөйлеуіме рұқсат етіңіздер, —

деп Бекасыл әулие көзілдірігін киді.

— Рұқсат, рұқсат, — десті үй толы жас, кәрі бір ауыздан

қуаттап.

— Біраз ойға шома үнсіз қалған Баттал: «Балташ ағадан

Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінің қалай жазылғаны туралы сұрап

едім, шаршаңқырап, денсаулығы болыңқырамай отырса да,

әңгімелеп берді», — деді сөзін асықпай сабақтап. — Абай

соққыға жығылғаннан кейін арғын, найман, керей, уақтың

нелер игі жақсылары мен жайсаңдары жиналып келіп,

сойқанды ұйымдастырушы Оразбайды, Бей сем біні, Әбенді

байлап, Абайдың алдына әкеп, әрқайсысына жүз түйеден құн

төлетіп, өздерін жаза ламақ болғанда:

— Тобықты торғайдай тозып, бүлініп, елдіктен кетеді. Кейінгі

ұрпаққа өшпенділік, кек қалады, — деп Абай бәрін ақылмен

тоқтатып, елдің, ердің жайын сөз етіпті.

Өзінің досы да, қасы да түгел келгенде, Шаған-Мотыштан

Шәкенің қызына құда түсіп отырған құдасы Молдабайдың

ауылынан ешкім келмейді. Мұны Абай көңіліне түйіп қойыпты.

Жазғы шілде айында күйеу бала Мұсатай отыз шақты

жолдасымен. қыздың қолын ұстауға Шәкенікіне келеді.

Олардың басшысы Байшы екен. Бәрі Абайға сәлем береді.

Сонда Мұсатайға қарап:

— Шешеміз Айпара: «Мәмбетей тоңмойын, торсық аяқ

дәулетбасы атанады, намыс-жігер болмайды», — деген еді.

Сол айтқаны рас болды. Сен бүгін келдің бе? — дейді Абай.

Жігіттердің басшысы Байшы:

— Шешең Мәмбетейдің сондай боларын білгенде, сенің

соққыға жығылатыныңды неғып білмеді екен, — дегенде,

Абай үндемей отырып қалыпты. «Қатты сөз айтып қойдым,

айыбым» деп Байшы Абайға жүз сом береді. Оны алып:

— Қате менен де бар. Орынсыз сөз айтып қалдым, — дейді де

Абай Байшының жүз сомына жүз сом қосып, өзіне қайтарады.

Ол кісі «Сегіз аяқ» өлеңін осы оқиғадан кейін жазған екен.

Баттал Абай ағасының алдына барып, өзінің бастан кешкен

қиындығын, Оразбай бай зорлық жасап, жайлауын тартып

248


алмақ болған шайқаста бесіктегі нәрестенің шетінеп кеткенін

айтып жылап, мұңын шаққанын әңгімеледі.

Абай ағам екі иінінен ауыр тыныс алып: «Баттал, сен маған

қарағанда бақыттысың. Алдыма келіп жылап, мұңыңды шағып

отырсың. Мен кімге барып мұңымды шағамын, — деген сөзін

тыңдап отырып, бетіне қарасам, ол кісі жылап отыр, — деді аянышты,

мұңды үнмен. — Кішкентай ғана шоқша қара сақалына

көзінен аққан жасы сүзіле ілініп мөлдіреп тұр. Ағамның көзінің

жасын орамалыммен сүртіп:

— Жыламашы, аға, мен де жыламаймын, — дедім де, мойнынан

құшақтап еңіреп қоя бердім.

Мұны естігенде қатты толқып.

— Маған тамаша ой сыйладың, балам, рақмет. Мұң шағып

алдына барғандағы Абайдың жауап сөзін қайталашы?

— Абай ағам: «Баттал, сен маған қарағанда бақыттысың.

Алдыма келіп жылап, мұңыңды шағып отырсың. Мен кімге барып

мұңымды шағамын», — деді ауыр күрсініп.

— Осы үш сөйлем Абайдың жүрегін езіп, жаншыған қайғықасіретін

танып-білуімізге, қорша ған ортасының қандай

екенінен де толық хабардар болуымызға көмектесіп тұрған

жоқ па?

Құдайға мың бір шүкір, мен арқалықтардан ұрпағымыздың

ұрпағына үлгі болар Абайдай, Шәкәрімдей даналардың,

басқа да айтулы ел ағала рының өлеңдерін оқып, әңгімелерін

естіп, таң-тамаша қалып, жан-тәніммен елжіреп сүйсіндім.

Имандылық жолымен айтсам, Абайдың, Шәкерімнің туындылары

е-е-ең сауабы да, шарапаты да мол туындылар екен.

Алла тағала кеңшілікпен ризалығын берсе, екеуіне де пейіштің

төрінен орын бұйырған шығар, бұйырғай деген ниеттемін.

Себебі, Абай да, Шәкерім де Алланың құдіретіне бойұсынған

даналар.

Бөле-жара айтар болсам, Тілеу-Шәкәрім дос-інімнің

ғашықтық туралы айтқан ойларына да жан-тәніммен елжірей

балқып, шалқи қуандым әрі «ғашықтық сырын, ғашықтық

қасиетін қалай нәзік түсіне білген» деп таңырқай риза бодым.

249


— деді Бекасыл әулие тұнжырай қабақ шытып, ұзақ үнсіз

қалып.

— Не үшін балқып, не үшін шалқып риза болға ныңызды

бөліссеңізші? — деді ынтыға тағатсыздан ған жас-кәрі.

— Бөлісемін, асықпаңыздар. Тілеу-Шәкәрім дос-інімнің

айтқандарын сіздерге өңін айңалдырмай қалай дәл

жеткізсем деген ой құшағында іштей қиналып отырмын. Е,

тәуекел, Шәкәңнің: «Сүйген жарға адал болуы, оның бақыты

үшін өзге дүниені керек етпей, арын, иманын, малын, жанын

сүйген жарының жолына арнауы, жары жоқ болса, өзін жаным

жоқ» деп сезінуі — ер жігіттің асыл қасиеті», — дегені маған

көп ой салды. Шындыққа жүгінсек, халқымызға қамқорлық,

жанашырлық танытып, келер ұрпақ қамын жейтін тек сүйген

жарына, достыққа адал ер жігіттің ғана қолынан келмек.

Өмір тәжірибесі көрсетіп, дәлелдеп келе жатқандай, екі

жүзді, алдамшы, жылпос, жалқау, қорқақ, намыссыз, алаяқ,

жағымпаздардың біреуді құлай сүйіп, жақсы көруі екіталай.

Тілеу-Шәкәрім дос-інімнің оларды «ақылы, иманы, мейірімі

жоқ, әлемге жау, залым жандар» дей келіп, «таза еңбегімен,

маңдай терімен өмір сүріп жүргендерді ғана адам деп

білетіні» менің жан-дүниемді рухани байыта түсті.

Шындық нұрына бөленген күрескер ары, қанша балталаса

да, өлмейді, Құдайға мың жыл құлшылық етсе де, нәпсінің

құлына айналып, біреуге қиянат істеген арамза имансыз

өледі. Нәпсі — жұрт таңғалған сұлу қыз, немесе сансыз байға

тиіп жесір қалған көрікті әйел секілді сені сиқырлап, түбіңе

жетуі мүмкін. Ары таза, сөзі мен ісі сәйкес келген нағыз жігіт

қана өткір қылыш, — жәдігөйдің торына түспей, өзін қорғап,

құтқара алады. Өтірік айтып күдікке ілінді ме, ол абыройдан

айырылады, оған ешкім сенбейді. Жұрт сену үшін өзің ер

болуың керек. Ер болудың басты шарты — өзіңді өзің тани

білуің. Өзіңді өзің танымасаң — езсің.

Өзін таныған — ер ұсақ-түйек өткінші нәрсеге көңіл бөлмей,

«өмірге не үшін келдім» деген сұраққа жауап іздеп, күшқуатын,

ақыл-ойын халқына пайда келтірер, өзінен кейінгілерге

өнегелі із қалдырар іске жұмсайды.

250


Тіршілік иелерінің бәрінен адам ғана артық, ардақты.

Ойлана білетіндер, мейірім мен ынсапты, ақ ниет пен адал

еңбекті дос еткендер — шын адамдар. Өкініштісі — олар сирек.

Ездер неше жыл дос болып жүріп, бір сөзің ұнамай қалса,

бұрынғы жақсылығыңның бәрін ұмытып, жау болып шыға

келеді. Сондықтан сыннан өткізбей ешкімге сенбеген жөн.

Тілеуу-Шәкәрім дос-інімнің бұл тәрізді ойлары ұшан-теңіз.

Арқаға шеккен сапарымда кесе-көлденеңдеп Абайға

ашық қарсы шыққан Оразбай байдың қандай адам болғанын

білуге ерекше құмарттым.

— Оған мән беріп қайтесіз? Ол кедейлердің жайлауын

тартып алып, зорлық жасаудан тайынбаған, Абайды соққыға

жығуға дейін барған озбыр, — деушілер де болды.

— Оу, ағайындар! Біреудің теріс ісін жіпке тізе бермей,

оның қандай ізгі істері бар, соған да зер салалық. Мысалы,

қайсыбір кісілерден естуімще, Орзбайдың халқына жасаған

жақсылығы да аз көрінбейді. Қанша озбыр атанса да, жұртын

ажал-аштықтан, отын жетіспеген жылдары азулы аяздан,

дүлей бораннан қорғап, аман сақтап қалған да кезі көп екен.

Ол кісі жылда малдың қиынан тезек жасаттырып, шөмелешөмеле

етіп үйгізе беріпті. Жұрт жарықтық:

— Осынша құнамақор болар ма еді? Жайына жатқан малдың

қиына да тыныштық бермейді. Өзіне не жетпейді? —

десіп сыртынан түрлі сөз айтып, мазақтап күлген де көрінеді.

Мұнысы аздай жылда шабылған шөпті жинаттырып, таутау

етіп үйгізеді екен.

— О, Оразеке, жігіттерді мұнша азапқа салып, қинағаныңыз

қалай? Бұл үйгізген шөбіңіз бірер жылдан кейін-ақ малдың

жеуіне жарамай шіріп кетеді ғой, — дегендерге тіл қатпай,

жай мырс етіп күліп қоятын көрінеді.

Қыс ұзаққа созылып, ошағына жағар отыны, малына берер

шөбі таусылып сасқан жұрт шөмеле-шөмеле тезекті, шөпті

үйлеріне тасып, өздерін де, бала-шағаларын да, малдарын

да сақылдаған сары аяздың, дүлей боранның қаһарынан

аман сақтап қалпты. Мұны алдын ала болжап, ойлана білген,

251


жалпақ жұртқа бір өзі пайда келтірген, ұмытылмастай

жақсылық жасай алған ер Оразбайдың ерлігі емес дей

аламыз ба? Көпшілікке қамқор болып, пайда келірген адамды

жаман адам деуге батылымыз жете ме?

Менің Арқа еліне сапар шеккендегі басты мақсатым —

Абай мен Оразбай байдың арасындағы тартыс-таластың

себеп-сырын білу еді, — деді де, Бекасыл әулие құрғап қалған

тамағын жібіткелі алдындағы кесе толы қымызға қолын

созды. Үнсіздікті жас жігіт бұзды.

— Екі алыптың талас-тартысының себеп-сырын біл діңіз бе?

— Білдім, балам. Ол кісілердің тартыс-таласының негізгі

өзегі — бақталастық. Бұл дерттің екі түрі бар. Бірінші — бейбіт

ниеттегі тайталас. Ол айналасына жақсылық жарығын

шашып, оза шауып, жақсы атқа ие боларлық әділет жолымен

жүзеге асуы керек, жүзеге асып та келеді.

Бақталастықты ең қауіпті екінші түрі — дүлей қара күшке

ерік беріп, обал-сауапты ұмыту. Бұл нағыз — имансыздық,

мұсылман баласына жат мінез, жат қылық.

Оразбай бақталастықтың осы түріне барғанын кеш те

болса, түсініп, өкінеді, тәубаға келеді. Абай өлімін сүйінші

сұрағандай еліре естірткен жас жігітті Оразбай қамшымен

жотасынан тартып жіберіп, қамшының сабын сындырып, көшіп

бара жатқан көшін тоқтатып:

— Абай — алып піл еді, пілге үрген мен қанден күшік едім.

Азын-аулақ біткен дәулеттің арқасында шәуілдеп үруші едім.

Енді кімге үрем? Үретін адамым қалмады-ау. Көш тоқтатылсын,

арқан қиылсын. Абайдың қазасы — бүкіл халықтың қазасы,

барлығы қара жамылсын, — деп шөккен нардай күңіреніп,

отырып қалған екен...

Мұны естігенде мен «Ақымақ достан, ақылды дүшпан

артық, өлі арыстаннан тірі тышқан артық» деген мақалдарды

еріксіз есіме алдым...

Біздің де атақты адамдарымыз арасында талас-тартыс

болып тұрған, алда да бола береді. Айталық, Батырбек датқа

мен Байзақ датқаның бір-бірімен келіспеушілігінің күрделі

болатыны — ел мүддесінің, ел келешегінің таразыға түсуінен

бастау алған.

252


Байзақ датқа орыс басқыншыларын қолдаса, керісінше

Батырбек датқа: «Орыс басқыншылары ұлымызды құл,

қызымызды күң етіп, қазақ деген атымызды жер бетінен

біржола жояды», — деген көз қарасты ұстанып, Қоқан хандығының

билігін қолдады.

Орыс басқыншылығы да, Қоқан хандығы да датқалардың

келіспеушілігін өз мақсаттарына шебер пайдаланды. Қоқан

хандығы Байзақ датқаны алдау сыратып, Шымкент қаласына

шақырып алып зең біректің аузына таңып, аспана қарата атып

жіберді. Ат үстінде тұрған датқаның ұлы бір шетке ұшып

түскен әкесінің шынтағын іліп ала қашып, ауылына әкеп,

жерлеу әрекетіне кіріседі. Батырбек датқа елу жылқыны

алдына салып, қырық жігітімен бауырым дап жылап:

— Елі үшін басын қатерге тіккен Байзақ датқаның қазасы

қайырлы, иманы саламат болсын. Бауырымның жаназасына

мына елу жылқыны алып келдім, — дегенде, адуынды, асау

жігіттер:

— Мынау неге келіп тұр? Өзі де, жылқысы да керек емес

бізге?! Сабап-сабап қуып жіберелік, — дескенде, абыз ақсақал:

— Тәйт! Ауыздарыңды жабыңдар! Ол бауырының қазасына

қайғырып, қабырғасы қайысқаннан келіп тұр. Қайта «ниетіңіз

қабыл болсын» деп оны құрметтеңдер! — дейді оны тыйып

тастап. Бұл да бүкіл адамзат баласын ойлантып-толғантатын,

мәңгі өлмес асыл өнеге емес пе?

Ел ағалары жиналып, Оразбайды, оның қолшоқ парларын

алдына әкеп, әрқайсысына жүз түйеден айып төлетіп,

жазаламақ болғанда, Абайдың: «Тобықты баласы торғайдай

тозып, ынтымақ-бірлігінен, жүрер жолынан адасып, елдіктен

кетпесін, келер ұрпаққа өшпенділік, кек қалмасын. Мен

кешірдім, маған ештеңенің керегі жоқ», — деуі санамды

сілкінтіп, ойыма ой, ақылыма ақыл қосқан, жан дүниемді

рухани байытып, адамгершіліктің асқар шыңына алып шыққан

сәт болды.

...Арқа өлкесінің би-шешендерінің қанатты, ойшыл, нақыл

сөздері де, мені тәнті етті. Назыбек шешен атақты Әнет

бабаға арнайы сәлем бере келіп: «Бір ауыз өсиет айтыңыз»,

253


— десе керек. Оған Әнет баба күле қарап: «Әй, Назыбегімай,

жасы келіп, қартайған, қасынан жар тайған, басынан мал

тайған адамнан не өсиет сұрайсың?», — деп ештеңе айтқысы

келмейді. Бір беткей Назыбек: «Өсиетіңізді естімей кетпеймін»,

— деп отырып алады. Әнет баба күле қарап:

— Қоймадың ғой, айтайын. «Әкім» деген өсиетімді жадыңда

сақта, — дейді. Назыбек алғысын айтып, риза көңілде

нөкерлерімен ауылына қайтады. Жолда серіктеріне:

— Әнет бабаның қандай өсиет айтқанын ұқтыңдар ма? —

дейді. Нөкерлері жұмған ауыздарын ашпайды. Содан өзі «ә»

әрпі әділ бол, «к» әрпі күншіл болма, «і» әрпі ілтипатты бол,

«м» әрпі менмен болма, мейірімді бол дегені» деп әкім сөзінің

мән-жайын айтып түсіндіреді. Әнет бабаның данышпандығын

түсінген Назыбек те осал емес-ау.

— «Батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ,

Үйсін Төле биден асқан би жоқ» деп баға беріп, жазып кеткен

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Кедейлік үш ағайынды болады.

Үлкені — кесірлік, ортаншысы — еріншектік, кішісі — ұйқы», «Егер

жігіт шешен болып, малсыз қалса, рас деп айтқан сөзі шын

болмайды», «Адамдарды жеңсең, кеңістіктен гөрі жеңілген

кеңістік көбірек бөліп тұрады», «Біз мәңгі өз заттарымыздан

оза алмай әуреге түсіп жүреміз», «Жас адамды бүкіл қоғамға

қарсы қоятын өзңмен өзің болу еркіндігі — өте қатерлі

еркіндік», «Қозғалыс — қажеттілік, жылдамдық — ләззат»

деген тұжырымдары — қандай терең тұжырымдар.

Бөгенбай батырдың шөбересі Саққұлақ бидің: «Басшың

— ақыл, жолдасың — ой, жолаушың — еңбек, қорғаның —

кәсіп, қорғаушың — сабыр, қолдаушың — мінез, қымбатың

— ар, таусылмайтының — арман, таразың — жүрек, қызығың

— өмір»» дегендері кез келген жанды ойлантып, темірқазық

жұлдыздай адастырмай алға бастайтыны анық.

...Әкесі Саққұлақты қонақ етіп отырғанда, Шоқан:

— Рұқсат етсеңіз сізге қояр сұрағым бар еді, — дейді.

— Қоя ғой сұрағыңды.

— Біреу жолдан адасса, кімнен ақыл сұрайды?

254


— Көнеден сұрайды.

— Көне адасса ше?

— Көргендіден сұрайды.

— Көргенді адасса ше?

— Көптен сұрайды.

— Көп адасса ше?

— Көп оқығаннан сұрайды.

— Көп оқыған адасса ше?

— Көп оқыған адам ашық тұрған кітап емес пе? Ол неге

адассын? — деген екен Саққұлақ би. Ол кісінің:

— Аспан толы жұлдыздан

Жарқырап тұрған ай артық.

Жабыдан шыққан жүйріктен

Қазанат туған тай артық.

Түйе сойған жиыннан

Тоқты сойған той артық.

Ықылыссыз берген етіңнен

Жайдары ішкен шай артық, —

дегені де дүйім жұртты ойлантып, парасатты болуға

тәрбиелейтіні сөзсіз.

Баянауылдан Байдалы бидің көңілін сұрай келіп: «Ау, аға

баласы, бұл қай жатысыңыз?» — деген Шорманның Мұсасына:

— Алыста не — алыс, тәтті де не — тәтті, жақында не —

жақын?, — деген сауал қояды. Мұса ойланып:

— Жер мен көктің арасы— алыс, кісіге туыс — жақын, бала

— тәтті, — депті. Байдалы би жастықтан басын көтеріп алып,

Мұсаға:

— Балам, ақылың әлі алқымыңнан аспапты. Білімді мен

білімсіздің арасынан алыс жоқ, Бала жақсы болса да, жан

шығарда адамның өз жанынан тәтті жоқ, жақында — ажал

жақын, — депті.

Мен Арқадан бір емес, бірнеше арбаға жүк болар рухани

азық алдым. Әсіресе, Абай, Шәкәрім қанша қазсаң да

таусылмайтын асыл ойдың кені екен. Ол кісілердің ауыл-

255


аймағымен, өмір жолымең, ойларымен танысып, тау басына

шыққандай қуандым.

Данышпандар Абай, Тілеу-Шәкәрім дос-інімнің еліне жастау

кезімде келмегеніме — бір өкінсем, қартайып қалғандығыма

— екі өкіндім. Ауылыма қамығып, артыма қимастықпен қарайқарай:

«Асыл інім, тілеу тіледің, ниетің ниетіммен астасты,

Нұрың пейіште шалқығай деген лебізім періштенің құлағына

шалынғай! Тілеулі жұртым, қимай аттанарамын. Түсімде бабам

Алланың бір қасиетті аянын маған хабарлап еді. Түйгенім: «енді

мен бұл қасиетті өңірге оралмаймын, мені қойшы, қаншама

өткелек, қысастық көрсе де, осы өлкенің қос данышпаны ерте

ме, кеш пе, алдымен Алланың, сосын халқының, адамзаттың

мақтанышына айналары хақ» деген үміт-сенімдемін.

— Бізге қандай тілек айтасыз?

— Ауыл-аймағымыздың ғана емес бүкіл қазағы мыздың

басын біріктіруімізге кесірін келтірер ашу-араздық, ұрыс-керіс,

дау-дамайдың бізге ешқандай пайдасы жоқ, қайта ілгері

басқан аяғымызға тұсау болары сөзсіз.

— Дұрыс айтасыз, өте дұрыс.

— Кешегі данамыз Абай ынтымақ-бірлігімізді аңсап, бар

білгенін айтып кетті емес пе?

— Арамза, қу-сұмдардың өрекпіп еркінсуіне жол бермей,

шәуілдеген үнін өшіріп, ел ісіне аралсуына тыйым салғанымыз

жөн, — деп жұрт әр тұстан өз пікір лерін білдіріп жатты.

— Осылай шындықты ашық айта білетін, шындық үшін

күресетін азамат болуларыңызды тілеймін. Ешкімді беталды

мақтамаңыздар да, даттамаңыздар, артық бір сөзді

қоспаңыздар, бір сөзді жасырып қалмаңыздар. Тек барды

бар, жоқты жоқ деп айтыңыздар. Сіздердің бәріңіз киелі

жандарсыздар, тегін емессіздер. Құдай бізді о баста осылай

жаратқан.

Жалпы біздің халық тегін емес, ерекше халық. Бізге

бұйыр ған тағдыр әркімге бұйыра бермейді. Алаяқ арсыз дардың

арбап алдауына еріп, ауыл, үй арасындағы болмашы,

ұсақ-түйек іске араласып, ақымақ болмаңыздар. Ел ішіне

бүлік салмаңыздар, қолдарыңыздан келгенше бір-біріңізге

256


жақсылық жасауға ұмтылыңыздар. Сонда ғана біз өсіпөнеміз,

өзгелермен тереземіз теңеседі.

«Кең болсаң, кем болмайсың» дегендей бір-біріміздің

кемшілігімізге кешірімді болайық. Қазақ тар өзара сыйыса

алмай, жақсыларының жағасынан алып, аяғынан шалып,

жауласып жатыр деген сөзге қалып, масқара болмайық.

Ұрпағымыз ұйитын ұлығатты сөз айтып, үнемі жақсылыққа

жетелейтін жолды іздейік.

Адамгершілігімізді, азаматтығымызды, ақыл-ой парасат

тылығымызды, елге, еңбекке деген сүйіс пеншілік қабы

летімізді жетілдіріп, айнала мызға, азын-аулақ ара ласқан

адамдарымызға, сол арқылы бүкіл халқымызға сыйлы,

абыройлы болайық.

Кешегі Сырым, Исатай, Махамбет, Кеңесары, басқа да

батырларымыз сіз бен біздің, келер ұрпағымыздың, киелі

жеріміздің, тіліміздің, салт-дәстүріміздің дербес еркіндігі

үшін шейіт болды емес пе? Олар есіме түссе, қаным қызып,

делебем қозып кетеді. Елімізді сүйген ерлеріміздің ісін

жалғастырып, алға апару бүгінгі ұрпақ парызы.

— Бәркелде-е, тамаша тілек айттыңыз.

— Мен Арқаға келгелі Құнанбай қажы өмірінен көп мағлұмат

алып, марқайып, етек-жеңімді жинап, өзімді-өзім тани

түстім. Құнекеңнің тереңіне бойлай алмай ой азабын тарттым.

Көмекке келіп, қолқабыс тигізген Көкпай ақын мен Шәкерім

мырза, Баттал деген жігіт болды.

Құнанбай заманның, қоғамның беталысын бай қап, ел

келешегін болжай білген, қара қылды қақ жарғандай әділ,

жұртын түзу жолға бастағысы келіп, ұрлыққа, дінбұзарлыққа,

зинақорлыққа қатаң тыйым салған даналарымыздың бірегейі

екен.

Осындай асылдан туған Абайдың асыл болуы — табиғи

құбылыс. «Әке көрген оқ жонар» дегендей Абайдың

ойлағаны — ел мүддесі, ұрпақ келешегі. Менің қабырғамды

қайыстырғаны — ел арасындағы даулы мәселелерді ағайынгершілікпен

шешпей, әділет жолымен шешкендіктен айнала-

257


сындағы шонжарлар, атқамінерлердің ұнатпағаны, бұл аздай

құлай жақсы көріп, үміт артқан ұлдарының бірінен кейін бірінің

мезгілсіз қаза болғаны Абайға ауыр тиді. Бүкіл жан дүниесі

құлазып, өзін жапанда жалғыз қалғандай сезінді.

Абай жеке бас өнегесімен, талабымен, сезімтал дығымен,

білгіш тапқырлығымен, адамгер шілік қасиетімен қарапайым

халқын жақсы болуға тәр биеледі.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Ақылың мен қайратың екі жақтап.

деген төрт жол өлеңін әр қазақтың баласы жаттап алып,

өміріне шамшырақ еткені, тіпті әр үй төріне іліп қойғаны жөн.

***

Ел жақсылары жиналып:

— О, қасиетті Беке, жол болсын сұрасақ дейміз. Атабабамыздың

салты ғой, — десті.

— Жол болсын десеңіздер, әлей болсын. Мен халқымның

арқасында дүниеге мүқтаж емеспін. Сендерден ештеңе

дәметпеймін, мені сыйласаңдар болды. Сыйлағанда ата-баба

салт-дәстүрін, өнеге, өсиет, ақыл сөздерін келешек ұрпаққа

жеткізсеңдер деймін.

Жасымнан Бекасыл болып шықтым. Айтқаным келді,

атқаным өлді. Халқымды жаудан да сақтадым, даудан да

сақтадым. Дүшпансыз адам бола ма? Мені құртамын деп

соңыма түскендер де аз емес еді. Адамның байлауына,

ханның айдауына түскем жоқ. Қоқанның төрт бірдей қаһарлы

ханының алдында да болдым.

Құдайдың берген бағы бәле-жаланың бәрінен де

құтқарды. Халқымызды, халқымыздың жолын сыйлаңыздар.

Маған бөліп бергендеріңіз осы болсын.

Жұрт ұйып тыңдап, сұрақ қойғандары сұрақ қойып

жатқанда жиналған топтың ішінен бір жігіт түрегеліп:

258


— О, қасиетті ата, рұқсат па? — деп дауыстады.

— Рұқсат, қарағым, айтарың болса, айт.

— Елімізде көп жаттыңыз, енді бізбен қоштасқалы тұрсыз.

Мына көптің алдында бір күнәма кешірім сұраймын. Кешіңіз

күнәмды? — деп жігіт екі қолын кеудесіне қойып, басын иді.

Отырғандардың бәрі:

— Бұл жазған не істеп қойды екен? Өзі атақты мырза әрі

халқымыздың тәуірінің бірі еді. Осынша күнә істегендей не

болып қалды екен? — деп аң-таң. Оның кім екенін ә дегенненақ

Бекасыл әулиенің іші біліп қойған.

— Оу, халқым, мынау жігіт маған күнәмді кеш деп арыз

айтып тұр. Естідіңдер ғой? Бұл қалай деп түкке түсінбей

ойланып тұрсыңдар. Халқым, бұл жігіт күнәсін өз аузынан

айтсын, өздерің естіңдер. Мұны мен емес, халқым, сен кеш.

Осындай қате істеген адамдарға өнеге болсын. Мына менің

басыма, жаңа айттым ғой, ештеңенің керегі жоқ.

Көп ішінен:

— Айтсын, халық тыңдасын, — деген сөз болып қалды.

— Жарайды, мен айтайын, — деп жігіт ортаға келіп, сөзін

бастай бергенде:

— Қарағым, кішкене бөгеле тұр, — деді Бекасыл әулие. —

Ниетің ақ болмаса, сен мені іздеп келмейсің ғой. Ол іске сенің

кінәлы емес екеніңді мен біліп тұрмын. Сен кінәлі емессің,

шырағым. Бірақ күнәлісің. Енді болған оқиғаны жақсы білетін

менің мына қасымдағы серігім Асылбек айтып берсін. Жай

естігенің болмаса, сен оны бастан-аяқ түгел білмейсің. Саған

оны ешкім толық айтып берген жоқ.

— Айтсын! Айтсын! — деп ел тағатсызданып шу ете қалды.

Асылбек орнынан түрегеп, ортаға шығып, еркін сөйлеп

кетті.

— Әулие атамның «Арқадағы ағайынымыз шақырды, баралық»

— деп айтып жүргеніне көп болып еді.

— Оу, әулие ата, алысқа кетіп бара жатырмыз. Ат жақсысын

мінелік, тон жақсысын киелік. Сізге не табылмайды? «Танығанға

бой сыйлы, танымағанға тон сыйлы» деген. Жолымыз

259


ұзақ, бір қиыр шет. Атымыз, тонымыз, атағымыз тәуір болса,

жол-жөнекей танымаған ел сыйлайды. Тамағымыз тоқ. төсегіміз

жайлы болады. Алысқа жүретін болып отырмыз ғой, —

дедім. Әулие атам:

— Жоқ, қарағым, менің сыртымды танығанша, халқым,

ішімді танысын. Тамағым тоқ, төсегім қалың болады екен деп

жолдағы елді әбігерге сап, дабыралап қайтейін. Елеусіз күйде

құдайы қонақ болып жүре берейін. Сол лайық, — деді.

Екі кісі атқосшы алды. Көк атты, көк киімді жолаушы болып

жүре бердік. Ауылдан шығып, бес-алты қонғанымызға дейін

халық танып, сыйлап, құрметтеп шығарып салып отырды.

Балқашқа қарай бет алған соң бізге әулие атам ақыл

айтты.

— Жігіттер, дәм жазып үшеуміз жолдас болдық. Кемеге

түскеннің тілеуі бір деген. Үшеуіміздің де тілегіміз дені-қарымыз

сау, астымыздағы ат-көлігіміз аман болып, Арқаға аман-есен

жетсек, аулымызға аман-есен қайтсақ деген тілек. Енді

мені танымайтын ағайын елдің ішіне барамыз. Дабысымды

таниды, өзімді танымайды. Сол себепті бүгіннен бастап менің

атымды Аманжол деңдер. Барған ауылымыз құдайы қонақ

деп сыйласа да, сыйламаса да өзі біледі.

Осы уәдемен келе жаттық. Бірнеше күн жүрдік, Таныған

да сыйлады, танымаған да сыйлады. Оу, далада, екі елдің

арасында ұзақ жүрдік. Екі арада атымыз сабылып, өзіміз

барлығып, шөлдеп-шөліркеп, күн бата бір ауылдың шетіне

іліндік. Сол ауыл мына тұрған мырзаның ауылы екен, — деп

болған жайдың бәрін баян етті.

Тыңдап отырған халық:

— Үлкен айыпты болған екен. Бұл иісі қазақта жоқ әдет

қой, — деп бір-біріне қарап күңкілдесіп қалды. Бекасыл әулие

орнынан тұрып:

— Уа, халқым, бұл жігіттің күнәсін кешсеңдер де, кешпесеңдер

де өздерің біліңдер, — деді. Біреулер:

— Айыбын тартсын, — десе, біреулер:

— Бекасыл әулиенің өзі білсін, — деп жатыр. Әркім әр түрлі

деп ойын айтып шықты. Бекасыл әулие тағы халыққа қарап:

260


— Оу, халқым, маған бұл жігіт ештеңе де істеген жоқ.

Өзін көріп тұрғаным да осы. Кесірлі келін, кесапатты ұл,

халқым, бәрімізде де бар. Мен ренжісем, осы жаман қылық

жұртқа өнеге болмасын деп ренжіп тұрмын. Әйтпесе бұл

жігіт ештеңемді алған жок. Атым аман, өзім аман. Ауылында

жарым түн болдым да кеттім. Кешсеңдер де, кешпесеңдер

де өздерің біліңдер деп тұрғаным осы, — деді. Жұрт ішінен

бір ақсақалды қария тұрып, ортаға шығып:

— Оу, қасиетіңнен айналайын Беке, бұл айтқаныңызға халықтың

бәрі түсініп тұр ғой. Жұрттың таразысына салғаныңыз

да әбден дұрыс. Мына отырғандардың бәрі — әр ауыл, әр

жерден жиналған ел қариялары мен жігіттері, ел қамқорлары.

Сіздің әділеттілігіңізді бұлжытпай естерінде сақтар. Бұл

жолғы билікті де өзіңіз айтыңыз, — деді.

Бекасыл әулие орнынан қайта тұрып, қайта сөйледі.

— Халқым, түсінсең болды, маған керегі осы. Осындай

бірлі-жарым тентек-телілерімізді тізгіндеп отырмасақ, қайтіп

ірге жаймақпыз? «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген,

халқым, сен кешсең, мен де кештім...

— Оу, қасиетті Бекасыл әулием, — деді жаңағы ақсақал. —

Халқымызды аралап, жақсы-жаманын көріп, әділеттілігіңізді

айтып, төрімізде бір жыл жаттыңыз. Сіз халқыңызға риза

болдыңыз, халқыңыз Сізге риза болды. Ал енді бүгін қош

айтысып, сізді халқыңыз Алатауға аттандырғалы отыр.

Үлкен кісі сыртқа шығып, ауылына қайта оралғанда келінкепшігі,

бала-шағасы не базарлық әкелді екен деп дәметеді.

Сондықтан, қасиетті әулием, бала-шағаға, келін-кепшікке

деген азырақ сәлем-сауқатымыз бар. Алдыңызға елу құнан

атан, елу құнажын байтал салып отырмыз. Осыны көптей көріп,

разы болыңыз. Ел-жұртыңызға мұндағы бауыр ларыңыздан

сәлем айтыңыз.

Тілеу-Шәкәрім бастаған ел жақсылары, ақсақал дары бір

күндік жерге дейін қаумалай шығарып салып, бір-бірімен төс

түйістіре құшақтасып, қимай қоштасты. Қастарына:

— Ауылдарыңызға дейін малды айдасып барсын, — деп

алты жігіт қосты.

261


Жолға түсіп келе жатыр. Бағанағы мырза жігіт Боранқұл

қосыла жүрді.

— Ау, әулие ата, күнәмді халық алдында кештіңіз ғой. Енді

аулыма жүріп қонағым болыңыз?

— Жарайды, балам.

Екеуі қатарласып жүріп келеді.

— Қарағым, келешегің бар, ел ағасы, ел қамқоры болуға

лайықты жігіттің бірі екенсің. Өз баламдай жақсы көріп қалдым.

Сені бір дерттен сақтандырайын.

— Ол қандай дерт, ата?

— Тыңда.

— Қытай, жоңғарлармен шабысқан батыр Байсейіт найза

жарақатынан ерте өліп, жалғыз қызы Әсел інісінің қолында

қалды.

— Қарағым, мына Әсел — менің жалғыз шырағым. Өз

қалағанына қос. Малға қызығып, басын саудаға салып жүрме.

Мал-мүлік жаудікі, адам өзіңдікі. Қасыңда жүрсе — сүйенішің,

алыста жүрсе — жұбанышың, — деп батыр қайтыс боларында

інісіне тілек айтты.

— Мен тірі тұрғанда қызыңыздың өз еркі өзінде болады.

Басын саудаға салмаймын, тілегін орын даймын. Теңін тапса,

маған сол — олжа, — деп інісі уәде етті.

Әсел денелі, төртпақ келген палуан, сары өңді сұлу қыз

боп өсті. Бірте-бірте ел аузына ілікті.

Бұл кезде Қасқараудан шыққан Ноғайбай ер жетіп, ел

билеуге ілігіп, қалыңдық айттырып жүр еді. Ел құлағы елу

деген, бір күні «Байсейіт батырдың сұлу, дарынды, әнпаз,

ақылды, палуан қызы бар» деген дақпыртты құлағы шалды.

Ноғайбай қасына жүйрік шешен, тапқыр жақсыларды

ертіп, Байсейіт батырдың інісіне келді.

— Ағамның жалғыз шырағы еді, өз билігі өзінде, өзімен

сөйлес, — деді ол.

Ноғайбай Әселмен оңаша тілдесті. Екеуі алғаш көргенненақ

бір-бірін ұнатты.

— Орынсыз іс істеп, құрған салтанатыңыздың сәнін кетіріп,

көп алдында абыройыңызды төкпеймін. Жағаңыз кір болмайды.

Ер-тұрманыңыз, дүние-мүлкіңіз жарасып, сән-салтанатпен

262


жүресіз. Әкемнің жалғыз шырағы едім. Мені ұл орнына бағалап,

өзі өле-өлгенше бетіме қарап, мынауың теріс деп айтқан жоқ

еді. Ес біліп, етек жапқалы істеген ісім әкеме ұнап еді. Сізге

айтар бір-ақ тілегім бар. Ол тілегімді берсеңіз — қалың мал

сол.

— Айтыңыз тілегіңізді?

— Тілегім — әкемнің атына тіл тигізбейсіз, әкемнің сауыт-сайманын

өзіммен бірге алып кетемін. Оны екеуміз болып,

Құдай берсе, кейінгі ұрпағымыз болып шаң жуытпай, көздің

қарашығындай сақтаймыз. Осыны орындасаңыз мен сізге

мәңгілік жармын.

— Мақұл, уәдем уәде.

Әсел ағасының үйінен жасауымен отау көтеріп, қалыңсыз

Ноғайбайға ұзатылды. Әселдің ақылдылығы, білгірлігі елжұртқа

көп ұзамай-ақ белгілі болды. Жиын-тойдан салтанаты

асқан адамды көрсе, Ноғайбай Әселге айтып келіп:

— Одан да жақсы салтанат құру мүмкін бе? — деп

сұрайтынды шығарды.

Әсел одан да мықты сән-салтанат құру мүмкін екенін айтып,

жоқ нәрсені табуға ақыл-кеңес берді. Әселдің ақылымен

Ноғайбайдың ел басқарушылығы, билігі, дарындылығы, кең

дастарқан, кеңпейілдігі артып, беделі өсе түсті.

Ноғайбайдың үйде бар-жоғын білдірмей, өзі жоқта —

мейлі ел ағасы, мейлі кедей-кепшік келсін — қонақ етіп,

тамақ беріп, сыйлап, жеңіл-желпі жұмысы бар кісілерді

Ноғайбайға қараттырмай, өзі бітіріп жіберетін. Сауыным жоқ

дегендерге сауын, ат сұрап келгендерге ат беретін. Әсіресе,

оның кедейлерге көп шапағаты тиді. Ел-жұрт Ноғайбайдың

қайырымды болуы Әселдің арқасы дей бастады.

Осындай сән-салтанатпен жүргенде Ноғайбайдың үйіне

бірде атақты кісілер келіп қонды. Тай, қой сойылып, тамақ

асылды. Әңгіме қызып, шұбар төс, шынжыр балақтар өткенкеткеннен

сыр шертті.

— Әй, мына кісілер құр шай, қымызбен алданып қалды ғой.

Тамағың дайын болды ма? — деп Ноғайбай екі қайтара сұрады.

Әңгімеге қызыққан Әсел орнынан қозғала қоймай:

263


— Тамақты дайындап жатқан адамдар бар, хабар беріледі,

— деді елең етпей.

Үшінші ретінде Ноғайбай:

— Әй, әкеңнің... барсаңшы енді, — деп Әселді боқтап жіберді.

Әсел өңі бұзылып, ізетпен орнынан тұрып, есік алдына

барып:

— Ноқа, қырық жеті қараға сатып алған қалың малыңды

қайтарып алғың келді ме? Ондай болса, әкең әкеме атқосшы

болып, ер-тоқымын ерттеуге жарамап еді. Менің әкеме тіл

тигізгенің үшін сенің әкеңді де... — деп тысқа шығып кетті.

Біраздан соң Ноғайбаймен сөзге келгенін біле тұра,

тамақты ескі дәстүрмен өз қалпында, өз салта натында

дастарқанға әкеп қойды да, өзі отырмады.

Алғаш келін боп түскен жылы құдыққа құлап кеткен

тайлақты он жігіт жабылып шығара алмағанда, Әсел жалғыз

өзі құрмаланған арқаннан ұстап, тайлақты сыртқа лақтырып

жібергенін есіне алып, сескенген шынжыр балақ, шұбар төстер

екеуінің арасындағы келеңсіз іске билік айту, не болмаса

келістіру туралы жақ ашпады. Ештеңе естімеген адам боп

қана аттанды. Бәрі Әсел қаһарланса, әкесінің сауыт-сайманын

киіп ап, қарсы сөйлегенімізді шауып, ел-жұртқа қарай алмас

қара бет етер деп қорықты.

Осы келісімсіз әңгімеден кейін Ноғайбай өкпелеп тоқал

алды. Кіші отаудан көп ұзап шықпайтын болды. Әсел де

өкпелі.

Ноғайбайдың сән-салтанаты, кең дастарқаны төмендеді.

Келген мықтылар алдымен Әселдің үйіне түсіп, тамақ жеп,

содан кейін ғана Ноғайбайға баратын болды.

Күндердің күнінде Ноғайбай ауырып, халы нашарлады.

— Бұл өмірде жаман өмір сүрген жоқсыз. Ақ дегеніңіз —

алғыс, қара дегеніңіз қарғыс болды. Тіршілікте екеуміз бірбірімізге

көңіл қалыстыратын жаман сөз айтысқан жоқ едік.

Егер де абайсызда байқамай айтылған сөз болса, о дүниеге

арқаламай кешірелік, — деп Әсел алдына барып, кешірім

сұрады.

264


Ноғайбай теріс қарап жатқан күйі басын көтеріп:

— Сенің маған бақ әкеліп, қыдыр орнатқаның үшін

бұл дүниеде емес о дүниеде де ризамын. Бірақ кілең

шонжарлардың арасында маған айтқан әлгі бір сөзің есімнен

шықпайды, — деді.

— «Жақсы кісінің кегі шайы орамал кепкенше, жаман кісінің

кегі ата-тегіңе жеткенше» деген, ұзақ сапарға аттанарыңызда

соны да кек түтып, бұл дүниеден о дүниеге арқалап кетейін

деп пе едіңіз? Мұныңыз пейіш атты жақсы жайға баруыңызға

кесір жасағандық емес пе? Ерлі-зайыпты адамдардың

арасында ондай сөз, ондай келісімсіз іс болатынын халық

басқарып жүріп сезбедіңіз бе? «Ханда қырық кісінің ақылы

болады» деген, хан болмағаныңызбен, мен сізді ханға балап,

ақылды, данышпан деуші едім. Осы бір үй ішіндегі келісімсіз

лебізді еске алып жүргеніңіз сізге жараспайды. Тек менің

сізден сұрайтыным, егер мені кешірсін десеңіз, адал жауап

беріңіз. Әкемді балағаттауға қалай аузыңыз барып, берген

сертіңізден неге тайдыңыз?

— Осынша сән-салтанат, кең дастарқанға ие бол ғаныма,

күнінде бір өзгеше ат мініп, киім кигеніме, ауыл маңында қараусыз

қой, бағусыз жылқы жатқанына тасып, жұртқа Ноқа,

Ноқа дегіздіріп сән-салтанат құрған, келгендерді риза етіп

аттандығрған, үлкен бір той-думан өтіп жатқан сияқты күндіз-түні

үйімнен кісі үзілмеген мендей де жан бар ма екен

деген көңіліме менмендік еніп отырғанда аузымнан шығып

кеткен еді. Сен де кешір. Менікі әбестік екен. Сен атқа мініп,

әкеңнің сауыт-сайманын киіп, мені шапсаң, не істер едім? Кім

ара түсер еді? Кім маған қол ұшын беріп, әйеліңмен шабыс

дер еді? «Әйелімен шабысып жатқан Ноғайбайға жақ болалық»

— деп қай ағайын келіп, менің сойылымды соғар еді?

Кешір әбестігімді? Өзіме менмен ой келгенде айтылған сөзге

қазір де өкінем...

— Мен кешірдім.

Ноғайбай оң қарап, қолын ұсынды.

— Ноқа, тағы бір сұрағым бар.

265


— Айт, бөгелме?

— Сіз о дүниелік бола қалсаңыз, қайсымыздың үйімізден

шыққанды қалайсыз? Тоқалдың үйінен шықпасын деп балалар

намыстанып жүр. Осыны айта кетсеңіз?

— Әсел, есің бар емес пе? Ноғайбай о дүниеге кетіп қалса,

бүкіл үш жүздің игі жақсылары шақырылады. Қырғыз, қазақ

жиналады. Оларға мүше, сойыс бересің. Халықты ұйымдастырып,

үй тігесің. Соларға жететін малың, дүниең бар ма?

Кімді қалай қарсы алып, қалай қайтарасың? Шатақ осыдан

шығады.

— Ноғайбайдың тірі кезі сән-салтанатпен өтіп еді, өлгенінде

де абыроймен шығарып салды деген атақ болу үшін қандай

ойың, қандай құрған жоспарың бар? — деп кіші әйеліме

сөз салып көр.

Ноғайбай қайтыс болды. Әсел кіші әйелмен ақылдасты.

— Алсаң, олардан сен алып жүрсің, келсе, сенің үйіңе келіп

жүр. Олардың өтісін сен білесің. Жаңадан жиған жас балалардың

мал-мүлкін шаша алмаймын. Бұларға да кейін дүние

керек. Келгендерге: «Мына Ноғайбай бұл дүниеден өтіп бара

жатыр, не көмек бересіңдер?» — деп айтсаң, сен айта аласың.

Оны мен қалай айтам? Мен өз қолыңнан жақсылап аттандырып,

дұрыс жөнелткеніңді жөн көрем, — деді кіші әйел.

— Жарайды, ендеше.

Әсел қараңғы түскенде Ноғайбайдың денесін кілемге

орап, қапсыра құшақтап, балаша көтеріп, өз үйіне алып келді.

Ертесіне Ноғайбай қазасын естіген қырғыз, қазақтың ел

ағалары, аты шулы мырзалар қора-қора қой, үйір-үйір жылқы

айдап, ойдан да, қырдан да ағылып келді.

— Ақымақ басым, мүнша байлық жиналатынын қайдан

білейін, келте ойлаппын, — деп өкініштен кіші әйел. бармағын

шайнады...

***

— Ишараңызды түсіндім, қасиетті ата. «Жақсыдан — шапағат»

деп тегін айтылмаған екен. Сізге жолыққалы, сіздің

әңгімелеріңізді естігелі бері анамнан қайта туғандай күй

кешіп, ішкі жан дүнием бір түрлі тазарып, нұрланып кеткендей,

266


өзімді тіпті өзгеше сезіне бастадым. Маған сеніңіз, қасиетті

ата, кесір, кесапат келініңіз өзгереді. Алланың нұры жаусын

сізге.

— Құранда «Анаңды риза етсең, жаннатқа барасың» —

делінген. Келінді сыйлағаның дұрыс, қарағым, ол да ертеңгі

ана...

Арада төрт күн қонып, Боранқұл мырзаның ауылына келді.

Кісі шапқылатып, хабар беріп қойған екен, ауыл ақсақалдары

құрметтеп қарсы алып, күні бұрын тігілген ақ үйге әкеп түсірді.

Ертесіне бір ақсақал қымыз ішіп отырып:

— Оу, қасиетті әулием, сізді көргенімізге шүкірміз. Берсеңіз,

тілейтін бір тілегіміз бар, — деді.

— Ә, тілеңіздер, айтыңыздар?

— Мынау келіп, түсіп отырғаныңыз Боранқұл мырза ның ақ

үйі. Үлкен келініңіз сіздің алдыңызда айыпты болған екен.

Бес күн бұрын осы үйге ат басын бұратыныңызды естіп,

аулымыздың ақсақалдарының бәрінің басын қосып шақырып:

— Менің байқаусызда істеп алған қателігім бар еді, ол кісіні

мен білген жоқ едім. Осындай оқиға болып еді. Мырзам сол

кісіні қайтар жолында ауылға ертіп келетін болыпты. Бәріне

кінәлі мен едім, кінәмді өзім сұрасам кешпейді ғой. Осыған сіздер

не ақыл қосасыздар? Кешсе, сіздердің сақалдарыңызды

сыйлап кешер, аталар. Мына ақымак келіндеріңіз үшін сол

кісіден кешірім сұрасаңыздар? — деп келініңіз зарлап жылап,

өтініп болмады.

Кешеден бері біз де қипақтап айта алмай, бойымыз, ойымыз

үйренгенше қатты қиналдық. Оу, қасиетті данагөйім, айып

етпесеңіз, соны сізге мәлім етіп отырмыз. Сол келініңіз сізден

кешірім сұрап, үстіңізге кіруге бата алмай, сыртта жылап тұр.

— О, келіннің кінәсін халық кешті ғой, келе берсін. Мен де

кештім.

Келін ішке еніп, иіліп сәлем жасады. Иіліп сәлем жасағаннан

кейін қасындағы ілесе енген жігіттің қолтығындағы мәуітімен

тысталған, жүні тік қасқыр ішікті Бекасыл әулиенің иығына

жапты.

267


— Ата, кешіріңіз, мынау сізге берген айыбым, қабылдаңыз?

— Кешірдім, қалқам. Құранда «Жаннат адаспаған, жаман

әдетке мойынұсынбаған әйелдердің аяғының астында» —

делінген. Бұдан былайғы жерде адамның біреуін ала, біреуін

құла көрмейтін бол.

— Құп, ата, — деп келін басын төмен иіп, аяғының ұшынан

басып, тысқа шығып кетті.

Бекасыл әулие Асқарбайға бұрылып:

— Мына ішікті андағы Асылбектің иығына жапқын. Олжаны

байлайтын атамыздың салты ғой, — деп Асылбекке бұрыла

қарады.

— Кейінгі олжаны ауылға барған соң көрерсің, Әзірге мынаны

ал.

Тамақ желініп, қымыз ішіліп болған соң:

— Оу, аға, іні замандастарым, о, Боранқұл мырза, осы

ауылдағы жеңгелерімді, келіндерімді, бойжеткен қыздарымды

осында шақырыңыздар. Ол кісілерге Төле би бабамыздың

келіні туралы әңгіме айтып бергім бар, — деп Бекасыл әулие

тосын тілек білдірді.

— О, қасиетті Беке, манадан бері сізден әңгіме сұрауға батпай

отыр едік. Мұныңыз жақсы болды, — деп ауыл қариясы

есік жақта отырған жастарға иек қақты.

Әні-міні дегенше ақ жаулықты аналар, қызыл-жасыл

киінген қыз-келіншектер жиналып та қалды. Үй сыртындағы

көгал үстіне төселген текемет, кілем, көрпеше үстіне жұрт

дөңгелене жайғасқан соң, Бекасыл әулие сөйлеп кетті. —

Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына,

бидің билігіне қызықпаймын. «Асыл пышақ қын түбінде

жатпайды» деген. Келінім ақылды болса, балам дана болады.

Ердің бақыты — әйел деген. Ел сыйлайтын ерді ақылдылықпен

адам етіп тәрбиелейтін — әйел. Келінді асықпай ел арасынан

өзім іздеймін. Бұйрық болып, кездессе, көрермін. Ырыс, бақыт

та, қызыр да әйелде. Әйел қызырлы болса, үйіңнен адам

кетпейді. Мысалы, берекелі үйге кім келмейді? «Би бол, би

болмасаң да би түсетіндей үй бол» деген. Би түскендей үй

268


болу — әйелден. Ол әйелді бар да жақсы көреді, кембағал,

қайыршы да жақсы көреді. Жақсы кісіні жұрт жек көре ме?

Әйелі жақсы болмай, ер оңбайды. Ердің бақытын кетіретін де

әйел, ерге бақыт әперетін де әйел.

Осындай ой жетегінде жүрген Төле биге түркімен елінен

елші келіп: «Бір жылдан бері бітпей жаткан дауымыз бар еді,

соған билік жасаңыз», — деп тілек айтты. Жер шалғай болса

да, Төле би түркімен еліне барып, дауласқан екі жақты

татуластырып қайтты.

Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жат қан

жолушылардың алдынан бір топ атты қыз көрінді. Ол топтың

ішінде кедей Сиқым Алакөздің Данагүл деген қызы да бар

еді. Жалғыз көкшолақ атына мініп, байдың қыздарымен

тойдан қайтқан беті еді бұл.

«Әй, апайлар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын

тартыңыздар. Жоғары жақтан бірқатар атты келе жатыр.

Алдынан кесе көлденең өтіп кетпейік. Үлкендердің алдын

кесіп өту дұрыс болмайды. Олар — ел қорғайтын, жер

қорғайтын ерлер. Кім біліпті, араларында ақылы асқан ақылды,

данышпан қариялары бар шығар, ашулы, арынды батырлары

бар шығар? «Ер сыйлаған есікте қалмас» деген. Әлі-ақ бәріміз

де бір-бір үйдің иесі боламыз. Шарапат-жақсылығы тиер,

үлкен кісілердің батасын алып, алғысына бөленейік. Апайлар,

аттарыңыздың басын тартыңыздар, тосып тұралық. Атты ер

кісілер алды мыздан өтсін, сонан соң жүрсек те ауылымызға

жетерміз», — деді Данагүл.

Қызыл-жасыл киінген қыздар жол кеспей иіріліп тұрып

қалды. Топ алдындағы Төле би мұны алыстан көріп, байқап

келе жатыр. Қызыл-жасыл киінген қыздардың деңгейіне

жетіп, алдарынан өтіп, ат ала кел дерліктей жерге ұзап кеткен

соң, қасындағы жолдасының біреуіне:

— Анау алдымызды кеспей кейіндеп қалған балаларды

шақырып келші? — деді. Ол шауып барып, қыздарды шақырып

келді. Жақындай бергенде Данагүл атынан түсіп, жаяулап:

269


— Апайлар, бәріңіз де аттан түсіңіздер. Жаяу барып сәлем

берелік. Үлкен кісілерге атпен тасыраңдап жетіп барып, сәлем

бергеніміз ұят. Бұл кісілер — ешуақытта да кездеспейтін

кісілер. Жолымыз болады екен, — деді.

Барлық қыз аттан түсті. Жаяу жүріп келіп, бәрі басын иіп,

ізетпен сәлем берді. Төле би:

— Балалар, өркендерің өссін, бақытты болыңдар, — деді

қуанып. — Қарақтарым, қай ауылдың баласысындар?

— Сиқым ауылының баласы едік.

— Балалар, алыстан бізді көріп, тосып тұрдыңдар. Әлдеқашан

өтіп кететін уақыттарың болып еді. Не себептен тостыңдар?

Қыздар не дерін білмей Данагүлге қарады. Ол:

— Аталар, біз сіздерді алыстан көріп, аталарымыз бен ағаларымыз

шығар. Араларында ел бастаған батыр, сол ерге

ақыл айтқан ақсақалы, әкеміздей үлкен, қызырлы адамы

бар шығар деп алдарыңыздан өтпей тосып тұрдық. Үлкен

кісілердің батасын алалық, жақсыны көрмек үшін, көрмеген

аталарымыз, ағаларымыз болса, көрелік, аты-жөнін білелік

деп тосып тұрдық, — деді.

— Қарағым, балам, атың кім?

— Атым Данагүл, ата.

— Әкеңнің аты кім?

— Әкемнің аты Алакөз.

— Жақсы, шырақтарым, өркендерің өссін, Құдай

тілеулеріңді берсін. Жарайды, енді аттарыңа мініңдер, — деп

Төле би батасын беріп жүріп кетті.

— Тарт Сиқым ауылына, — деді былай шыға бере жолдастарына.

Сиқым ауылына жақындап келгенде бір серігін

шаптырды.

— Бар Алакөзге, ауқатты адам ба екен, нашар адам ба

екен? Қандай адам екен? Хал-жайын біліп, біз жеткенше қайта

орал.

Шапқыншы бәрін біліп қайта оралды.

— Ой, биеке, Алакөз деген кедей адам екен. Байдың

жылқышысы көрінеді.

270


— Үйі қайсы?

— Үйі — анау шетте тұрған қараша үй.

— Онда сен қайта бар. — Шапқыншы қараша үйге қайта

барды.

— Алакөз қайда?

— Анау құдық басында мал суғарып жүр.

Орта жастағы әйел шапқыншыға шидің ішінен бір тостаған

айран ұсынды. Шөлдеп келген адам айранды тұна жүтып,

басын көтере бергенде ұзын бойлы отыз бес-қырықтың ар

жақ бер жағындағы жігіт ағасы ішке кіріп келді.

— Ассалаумағалейкум!

— Уаликумсалам. Ия, Сиқым Алакөз сен боласың ба?

— Мен боламын.

— Сен болсаң, ауылыңа мейман келеді. Төле биді білесің

бе?

— Ой, білмегенде ше? Оныңыз не дегеніңіз? Төкеңді кім

білмейді? Ол кісіні бүкіл қазақ түгілі өзбек, қырғыз, тәжік, түркімен,

қарақалпақ түгел біледі емес пе?

— Ал енді сол Төкең мына түркімен жақтан келе жатыр

еді. Бүгін сенің үйіңе қонақ болады. Қонақты қарсы алуға

жағдайың бар ма, батыр?

— Ой, бар жағдайым. Ол кісі Құдай айдап біздікіне келсе,

одан артық бақыт бар ма? Байларға бармай біздікіне келгеніне

мың мәрте шүкіршілік етеміз. Ал, қатын, қамдан. Байдан бір

мал қарызға әкелейін.

Шапқыншы қайта шауып кетті. Алакөз де атына мінді. Келіп

сәлем беріп, Төле биді серіктерімен үйіне әкеп түсірді. Алаша,

киіз жетпеген жерге қамыс төседі.

Үй кісіге толды. Жалғыз сиырының айранына суды қосып

жіберіп, шалап жасап, бір-бір тоста ғаннан сусын ұсынды.

Біреулерді жүгіртіп, байлар дың үйінен самауыр, қарызға нан

алдырды. Ауыл хабарланып жиналып қалды.

— Ой, Алакөздің үйіне Төле би келіп түсіпті. Қасында бір топ

жолдасы бар, — деген хабар Досан байға да жетті. Домаланып

ол да келді. Келіп сәлем беріп жатыр.

— Төке, айыпқа бұйырмаңыз, біздің үйге баралық.

271


— Жоқ, қарағым Досеке, мен бүгін осы үйге қонамын. Ертең

ертелетіп жолға шығамыз. Ауылдан кеткеніме көп болып

еді, қашан жеткенше көңілім алаңдап, тыншыр емес. Үйіңе

шақырғаныңа ризамын. Бүгін мейірімім түсіп, мына Алакөздің

шаңырағына қонақ болғым келді. Ал енді бәрің бірдей ағайынсыңдар

ғой, құрметтерің болса, істей беріңдер.

Лездің ішінде ақ киіз үй де, текемет те, жастық та келіп

қалды. Алакөздің үйінде жоқ болғанымен, елде бар. Мал

сойылып, ауыл адамдарының бірсыпырасы жиналып, әңгіме

тыңдап, Төкеңмен бірге отырды.

Бір кезде Төле би сыртта жүрген Алакөзді шақырып алды.

— Алакөзім, балаң бар ма? Қанша балаң бар?

— Уа, би аға, менің балам емес Құдайдың баласы деп

айтайын, жеті ұл, бір қыз балам бар.

— Осы үйде жүрген келіннен бе?

— Ия, осы келініңізден.

— Мм... жақсы екен... Келін қай елдің баласы еді?

— О, би аға, келініңіз мынау қожа атамның тұқымы еді. Тектұрмас

деген әулиенің әулетінен.

— Ә, жақсы. Тектұрмас қарияны мен білем. Жарайды,

келінім. Балам, әлгі қызыңды, Данагүлді шақырып кел. Үлкен

кісілердің әңгімесін естіп отырсын. Бала ғой...

Данагүл көрші үйде өзі құралпы қыздармен отыр еді:

«Әкең шақырып жатыр», — деп бір келіншек барып шақырып

келді.

— Атаңмен амандас, — деді оған шешесі ақыл айтып.

— Ол кісілерді бағана күндіз мен көргенмін, көріп сәлем

бергенмін. Мені таниды, — деді Данагүл. Бір кезде тамақ пісті.

Төле бидің алдына бата сұрап бас келді.

— Әлгі Данагүл баламды шақыршы?

Табаққа бата беріп болғаннан кейінгі жерде Төле би басты

қасқалап пышақпен кесті де бір ұртын алып өз аузына салды.

Бір құлағы мен таңдайын алып: — Қарағым Данагүл, келші,

өзім қолымнан ұсынайын. Құлақ бергенім —екімнің бірі бол,

таңдай бергенім, айттырмай біліп, құпия, жұмбақ сырымды

272


шешіп, өсиетімді жұртқа жайып жүретін балам бол, міне, —

деп ұсынды.

Данагүл келіп еңкейіп, қолына алып:

— Рақмет, ата. Айтқаныңыз қабыл болсын, — деді басын иіп.

...Таң атты. Шай ішіп отырғанда жұртқа Төле би:

— Оу, жігіттер, мына Алакөз мырзамен құда болғым келіп

отыр. Данагүл балама мейірімім түсті. Бұйрық болса, бала етіп

алсам деп отырмын. Мен де кедей адаммын, Алакөз де кедей

адам. Қоралап айдап беретін малым жоқ. Сондықтан мұнікі —

менікі, менікі — мұныкі, екеумізге екі бала ортақ. Ниетім қалыс.

Қабыл көрсең, Алакөз қарағым, тапқанымыз екі баланікі.

Алакөз әйелі екеуі орнынан ұшып түрегеп, жылап қоя берді.

— Би аға, біз бүйтіп дүниеге келіп, бізге бала бітіп, ол баламызға

сіз секілді адамның мейірі түсіп, үйімізге келіп құда

болады, қызырға ие боламыз деген жоқ едік. Би аға, өле-өлгенше

балам сіздікі. Ерлі-байлы екеуміздің мал-жанымыз да

осы баланың жолында. Сіздің бізді елегеніңізге, осынша мейірбаншылықпен

бізге мейіріңіздің түскеніне ризамыз. Рас па,

өтірік пе деп келініңіз екеуміз қуаныштан жарылып кете жаздап

тұрмыз.

— Ал ендеше, олай болса, мінеки, бабам Бәйдібектің батасы

болсын, әмин. Қолыңды жай. «Ақылды, абыройлы, мейірлі,

рахымды, кішіпейіл, киелі, айтқаны әділ, тілегі қабыл, өмір

жасы ұзақ, халқына қадірлі, жұртына сүйкімді, әке-шеше,

туыс-туғанына жағымды, арты шүбірлі, алды қоқырлы, нәсіпті

болсын! Аллауәкпар! — деп бата берді.

. Арада ай өтпей Төле би Данагүлді аулына келін етіп

түсірді. Келіні күткендегідей болды.

— Балам, Данагүлім, өзімнің ұлым қандай болса, сондай болып

жүре бер. Атаға көрінбей қашып кетуді қой. Ол — ескірген

әдет.

Мен болсам халық үшін жүрген адаммын. Көбінесі түзде

жүремін. Үйдің, ауыл-абанның, бәрінің ақылшысы өзің бол,

шырағым. Шаруаны да өзің басқар. Тізгін, шылбырды

колыңа ал, — деп келінін баласындай көріп, титтей нәрсе

273


болса, ақылдасып отыратын болды. Бір жақтан жолаушылап

келсе, үлкен кісідей келініне көрген-білгенін айтып, сұрақ қоя

сынап, ауылдағы шаруаның жайын әңгімелетіп, үнсіз тыңдап

отыратын.

Көп ұзамай-ақ келіні ел аузына ілікті.

— О, Төкең аруақты, тегін кісі емес қой. Келінді тауып алды.

Шүкірлік, келіні ауыл-аймақ, ағайын-туғанға түгел ақыл беруге

жарайды, — десті жұрт.

Төкең сыртта алты алашқа билік етсе, қара домалақ келіні

ауылдағы ағайын-туғанға билік етті.

***

Арбаның дөңгелегіндей дөңгелеп өтіп жатқан уақыт қой.

Бірде Төле би алыстағы жекжатына барып, атқосшысы екеуі

ғана қайтты.

— Қайсы жолмен жүрсек екен? Бір жол бар: ел жағалап

жүреді. Бір жол бар: шөл жағалап кетеді. Ол — төте жол.

Қызылқұмды кесіп, ел жағалап он күн жүргенше, шөлмен

кетсек, ауылға төрт-бес күнде барамыз. Осының қайсымен

жүреміз? — деді жолдасы.

— О, батырым, қарын ашпай тамақ тәтті болмайды. Жолушы

жүрмей ер қадыры болмайды. Қиыншылық көріп, қарның

ашпай, ас қадірін білмейсің. Ел жағалап жүріп жүрміз ғой. Салт

аттылымыз, сабау қамшылымыз. Төтелеп тартып, шөлмен

жүріп көрелік. Азар болса, үш-төрт күн далаға түнерміз,

немесе малшыға түнерміз. Малшы кезікпесе, аңшыға түнерміз.

Тәуекел, Қызыр әлейкумассалам шөлде жүреді деген. Біз де

көрелік сол қиыншылықты. Шөлмен төте тарталық.

Екеуі шөлмен тартты. Елден шығып, екі қонып, үш қонып

келе жатты. Бұлар келе жатқан шөлді қырық қарақшының

жайлап жүрген кезі еді. Олар — кезіккенді тонап, елден мал

ұрлап, ешкімге теңдік бермей жүрген қарақшылар.

Үшінші күні Төле би жолдасы екеуі қырық қарақшыға

кезікті. Бас салып, сөз сөйлеуге де мұрша бермей, қолға

түсірді. Ақсақалды қарттың Төле би екенін ешқайсысы білген

жоқ. Атын тартып алып, киімін тонап, екеуін шөлге тастайтын

болды.

274


Төкең өзінің кім екенін айтпады.

— Әй, батырлар, сендер бәрің де батырсындар. Сендерге

мал керек пе, жан керек пе? Жан керек болса, бір шал мен

бір жігітті өлтіріңдер де, ат-тонын алыңдар. Ал енді мал керек

болса, мен сендерге бір қора мал берейін. Екеумізді босатыңдар.

Қырық қарақшының бастығы:

— Бізге, әрине, мал керек. Біз осы шөлде не үшін жүрміз?

Мал үшін жүрміз. Қара басың қалқайып малды қайтып бересің?

— деді.

— Менің малым көп, мен бір бай адаммын. Жүз түйем бар,

жүз жылқым, қатын, бала-шағам бар. Жасым алпыстан асты.

Маған жанымнан мал артық па? Өлсем артымда қалмай ма?

Ауылға барып мал әкеліп беремін дегенге сенбессіңдер. Оның

ебін өзім айтайын. Ақылыңа сыйса, тыңда. Мен ауылыма хат

жазайын. Кенже ұлыма құда түсіп, біреудің қызын әпермек

едім. Соған арнаған қырық құнан атан, жиырма бура, сегіз

ақ бас атаным бар еді. Соны берсін. Оң босағамда көмген

алтыным, сол босағамда күмісім бар еді. Өзімнен басқа жан

баласы білмеуші еді, — деп Төле би қарақшының бастығына

қарады. — Алтын қадырлы мы, күміс қадырлы ма?

— Ой, алтын қадырлы. Алтының болса, алтынынды жіберсін

дегін, — деді қарақшының бастығы қуанып.

— Онда оң босағамдағы алтынымды тұтас берсін. Дүниені

жиғанда қайтемін? Жанымнан садаға. Біз екеумізді де

жібермей ұстап отырыңдар. Біреуің менің атыма мініңдер. Аттың

тілі жоқ кой. Атыма мініп, хатымды алып барсаңдар, осы

малды айдатып жібереді, — деп хат жазып, атын, шапанын

беріп, екі қарақшыны жұмсап, өздері құдықтың басындағы

қарақшылардың шайласында қалды.

Екі қарақшы Төле бидің аулына келді.

— Тосқауыл деген кісі осы қағазды беріп жіберді. Кенже

ұлына қыз айттырған екен, мына малды берсін деді.

Қағазды оқып, ауыл абасы болып ақылдасты.

— Бұл қалай? Төкең өз қолымен жазыпты. Ол аздай атын

275


мінгізіп, шапанын кигізіп жіберіпті. Төкеңде мұндай мал жоғын

кім білмейді? Бұл не? — деп таңғалысты жұрт. Біреуі оны айтты,

біреуі мұны айтты.

— Құда болған шығар, осы малды тауып берер деп елге

сенген болар, — десті. Ойласып келіп, елден мал жинамақ

тоқтамға келді. Сонда ғана бұл жайдан хабардар болған Данагүл:

— Сіздер түсінбеген екенсіздер. Атам қырық қарақшының

қолына тұтқын болып түскен екен. Қырық құнан атан берсін

дегені қырық мықты жауынгер жігіт берсін дегені. Жиырма

буыршын берсін дегені жиырма палуан берсін дегені. Сегіз

ақ бас атан берсін дегені сегіз ақсақал берсін дегені. Оң босағадағы

алтыны мен едім, сол босағадағы күмісі баласы еді.

Атам мені артық көруші еді. Жұмбағымды шешер деп ойлаған

екен. Алтынымды түгел берсін дегені мені ала келсін дегені,

— деді ой толғап.

Отырғандардың барлығы Данагүлдің даналығына

таңғалысты.

— Жарайды, мал береміз, — деп екі қарақшыны бір-екі күн

қонақ етті. Үшінші күні малды жинап, екеуінің көзіне көрсетіп,

жолға шықты. Екі қарақшы жол бастап келеді.

Бірнеше күн жол жүріп құмның шетіне іліккен соң, Данагүл:

— Ал енді жақындап қалдық қой. Сіздер алдымен барып,

хабарын айта беріңіздер, — деді.

Алпыс жігіт, сегіз ақсақал соңдарынан жасырын ілесіп, көз

көрім қашықта келе жатқан еді. Ойларында дәнеңе жоқ екі

қарақшы оза шауып, шайлаға барды.

— Осындай бардық, айтқаны рас екен. Екі-үш малшысы

малды айдап келеді. Біз хабар айтқалы бұрын жеттік.

Қарақшылар қуанып, жайма-шуақ болып, аттарын қоя

беріп, жайғасып жатты. Бәрінің басында «мал келе жатыр,

олжаға қарық болдық» деген ой.

Күн батсымен қалың қол сау етіп құдықтың басында

қаннен-қаперсіз жатқан қарақшыларды тырп еткізбей қоршап

алды. Қырқын да матап байлады. Ауылына әкелген соң Төле

276


би бәріне арнап сөз сөйледі.

— Ғүмыр біреу, кезек екеу деген. Сендерге өлім керек

пе, өмір керек пе? Кешегі күні түтқынға мен түсіп едім, бүгін

сендер түстіңдер. Дүние — кезек деген осы болады. Маған

сендердің аттарыңның керегі жоқ. Бес-алты күн өздеріңмен

жолдас болып қалып едім. Тілімді алсаңдар, әлі де болса

ақылымды айтып, ара түсейін. Бәріңнің елге пайдаларың жоқ,

жарлының жалғызын тартып ап жылатасыңдар. Шөлдеп,

шөліркеп келе жатқандарды өлтіресіндер.

Айдалада не қатының, балаң жоқ, қаңғып өмір сүресіңдер.

«Зорлық, зорлық түбі — қорлық» деген. Жетім мен жесірге,

жалғыз-жарымға жасаған зорлық тарың бүгін мойындарыңа

түсіп отыр. Жазық сыз өлген жандардың қаны үшін сендерді

қырып жіберсек, шамамыз жетеді. Оны біліп тұрсыңдар.

Менің атым — Төле би. Адамның баласына әділдік айтып,

таласқан- тартысқанын, жауласып, айтысқанын анықтап,

өмірімше істеп келе жатқан кәсібім — жұртқа жақсылық жасау,

болысу. Біреуге біреу зорлық істесе, біреуге біреу қиянат

жасаса, оған әділ жаза кесемін, әділ үкім айтамын. Жәбір

шеккен жанға болысып, оны ажалдан, азаптан құтқаруға

асығамын. Сендердің қарақшылық кәсіпке ден қойғандарыңа

қанша уақыт болды? Содан бері не малды, не жанды болған

жоқсыңдар. Бұларыңнан не пайда? Әлде де кеш емес, мен

сендерге болысайын. Тілімді алсаңдар, өлтіртпейін. Сендер

бұл кәсіпті қойындар. Тәубаға келіңдер. Мына менімен бірге

жүріңдер. Қатының жоғыңа қатын, малың жоғыңа мал, үйің

жоғыңа үй алып беремін. Халықпен бірге өмір сүріп, адал кәсіп

істеңдер. «Салмай жортқан ерден салмай құлындаған бие

артық» деген. Таза адал еңбек істесеңдер, қарның тояды,

біреуді жылатып, тартып алғанның берекесі болмайды. Менің

айтар ақылым осы. Осы екі жолдың қайсысын таңдайсыңдар?

Қарақшының бастығы:

— Айналайын, ағатай, айтқаныңыздың бәрі рас. Онан

қашқан, мұнан қашқан қырық руданбыз. Қанша уақыт болды

ел тонап, малды алдық. Керуенді де тонадық. Ішкен тамағымыз

болмаса, ешқайсысы жұққан жоқ. Жырымыз жырлан-

277


ды, Төке, енді сырымызды айталық, — деді. — Біз де адамның

баласымыз. Өзіңіз секілді анадан тудық. Бірақ жаман

жолға түсіп, дүние қудық. Бұл әдетіміз мынадан болды. Осы

тұрған алдыңыздағы қырық жігіттің қырық түрлі сыры бар.

Біздің әкеміз қарақшы болған жоқ, шешеміз зұлым болған

жоқ. Біреуіміз, айталық, істеп қойған болымсыз күнәмізді

кешірмей бай, мырза басымызға өлім жазасын тудырған

соң қашып шықтық. Біреуіміз, малымыз жоқ болған соң,

байдың малын ұрладық. Сол ұрлаған байдың малын қалыңға

жұмсап, тұрмыс құрмақ болдық. Бай өлім жазасын берген

соң қашып шығып, қарақшылық жолға түстік. Енді біреуіміз

әкемізді құл, шешемізді күң етіп ұстаған соң сол қорлыққа

шыдамадық. Біздің де адамшылық, жігіттік арымыз бар. Біз

секілді қарақшыны кім ұнатсын? Құдықтың сасық суын ішіп,

құм даланы кезіп жүруші едік. Жүз күнгі жаманшылықтан бір

күнгі тірлік артық деген. Біз арымызды арлаймыз, кегімізді

жоқтаймыз деп жүріп, қарақшы болдық. Сөйтіп жүргенде

сізге жолықтық. Біздің де көретін жақсылығымыз бар екен.

Біз де адам қатарында тіршілік етіп, өмір сүретін болдық.

Даңқыңызды естігенмен қасыңызға бара алмаушы едік.

Сізді Құдай айдап кез қылды. Мұң-мұқтажымызды көзіңізбен

көрдіңіз. Біз сіздей ақылды, қамқоршыны қайдан табамыз?

Айтқан сөзіңізге мың бір рет құлдық. Айтқаныңызды істелік.

Бір туысыңыздай болалық, биеке. Сыртыңыздан естуші

едік. Біздің де адам болатын күніміз бар екен. Көрген пенде

шошушы еді. Ешкімге жолай алмаушы едік. Біздің әкеміз де,

бабамыз да сіз екенсіз. Айтқаныңызды істелік.

Бастықтарының сөзін қоштап, бәрі шу ете қалды. Төле би

толқи сөйледі.

— Балаларым, мен құда-жекжатыма барып, қайтып келе

жатыр едім. Он күндік елмен жүргенше, бес күндік шөлмен

жүрейік деп сендерге кездестім. Халық үшін туған адам едім,

менің де сендерге шарапатым тиді. Мен бір жетім емес, қырық

жетімді ажалдан құтқарып, адам қатарына қосқалы отырмын.

Осы әділетшілігіме ризамын.

278


Төле би қырқына да қамқорлық жасады. Біреуі қой, біреуі

түйе бақты. Әркім қолдан келген ісін істеді. Бәріне әйел алып

берді. Ешкімге тигізген жоқ.

Қырқы да өсіп-өнді. Жұрт оларға қырық ағайынды деген

ат қойды. Бастарына мал да бітті, жан да бітті.

***

Бекасыл әулие сөзін аяқтаған кезде қимыл-қозғалыссыз

ұйып тыңдап отырған жұрт арасынан күндік киген бір әже тіл

қатты.

— Ау, әулие қайным, алдымен аналық алғысымды айтуға

рұқсат ет, — деді ентіге сөйлеп. — Екіншіден, ниетіңізге ризамыз.

Кесірлі келініміз үшін осында отырған үлкен-кішіміз түгел

кешірім сұраймыз.

— Ау, әділетті жеңеше, мақсат жастарымызды сіз боп, біз

боп түзу жолға салу ғой. Түзу жол ешкімді адастырмайды.

— Оныңыз рас, қайным. Қадамыңызға гүл бітсін. Бірақ жаңа

мені әділетті жеңеше деп қалдыңыз-ау. Мен әділетсіз жеңешеңізбін.

Отырғандар ду күліп жіберді.

— Әу, жамағат, күлмеңдер! — деді әже ашулана ентігіп. —

Әулие қайным, неге әділетсіз екенімді сізге айтайын. Мына

отырғандар біледі, өткен жылы көктемде жылқы бағып жүрген

ұлым жай оғынан қаза тапты. Сегіз жыл отасқан келінім

жалғыз немеремді алып, біржола төркініне кетпек болды.

— Маған ештеңенің керегі жоқ, немеремді қалдырып кет.

Егер бермесең биге жүгінем. Бала кішкентайынан менің бауырымда

өсті. Қарағым, сені келін деп те көрген жоқ едім. Туған

қызымнан кем көрмеуші едім. Өзім бұрын да олақ-салақ едім,

тіпті сен келгелі үйім, шаруам бар екен деп ойламадым емес

пе? Қайта екеуміз елдің енесі мен келінін сөз етіп, біреуіне күліп,

біреуін сөгіп отырушы едік. Қайтейін, тағдыр шығар, әйтпесе,

сыртымды қойып, ішкі құрылысым — бүйрек, бауыр, жүрек

бір-бірінен айырылысып, өзегімді өртеп, қабырғамды сөгіп

279


жатқан сияқты. Дәм қосқан уақытта сыйластық, дәм айырған

уақытта ренжісіп, ұрсысуымызға бола ма? Сен тұрғанда

маған бидің керегі не? Менің биім өзіңсің. Сенен айырылып,

үйірінен адасқан қаздай болғаным да жетер. Мына немеремді

маған тастап кет. Екі соққыны көтере алмаспын. Ермек етіп

жұбанайын. Кішкентайынан бауырыма басып үйренгем, қолқа

жүрек, қос бүйрегім сияқты еді, — деп өлердегі сөзімді айтып,

келініме жалындым. Ол аяғымды құшақтап жылап:

— Қателігім болса, кешір, анажаным. Дәм-тұзымыз бітіп

айырылысып отырған шығармыз. Қидым бір шикі өкпені сізге,

— деп қалдырып кетіп еді.

Осы бала өскен сайын менің арманым да ұлғайып барады.

Біреу ала көзімен қараса да, жаныма батады. Біреу бір салып

қалса да, сойыл маған тигендей болады. Оның үстіне «Әкесіз

жетім — ерке жетім, анасыз жетім — арсыз жетім» дегендей,

туған ананың балаға деген езілген ет жүрегіне, қиылып

қарап, не қателіктерін кешіріп, бауырына басқанына, елжірей

тәрбиелегеніне не жетсін?!

Міне, менің қателігім мен әділетсіздігім.

— Өз күнәсін мойындағаннан өткен әділеттік жоқ, жеңеше.

Сізге мен де ризамын, — деп Бекасыл әулие біраз үнсіз отырып,

сөзін қайта жалғады. — Мені тыңдар болсаңыз, бір сөз

айтқым бар.

— Айт, тыңдаймын, қайным.

— Келініңізбен хабарласып тұрасыз ба?

— Хабарласып тұрамын. Жақында ерленді.

— Баланы өзіне алуға қарсы емес пе?

— Қарсы емес, қайта қолы жетпей, мысы құрып жүр.

— Ендеше мені тыңдасаңыз, баланы келініңізге беріңіз.

Сонда сіз нағыз әділетті әже боласыз.

— Ойланып көрейін, мұны маған жақсы айттың, қайным...

Бекасыл әулие Боранқұл мырзаның ауылында үш күн

жатып, аттанып, жүретін болды.

280


***

— О, қасиетті ата, «Ер шекіспей бекіспейді» деген ғой. Дос

болалық, қалағаныңызды алыңыз, — деді Боранқұл мырза.

— Ой, қарағым, мен қалағанымды алып қойдым ғой. Оны

әлі білген жоқсың ба? — деді Бекасыл әулие күліп. — Менің

қалағаным — келіннің мінезі еді. Жұртты ала-құла көрмеймін,

мұндай жат істі істемеймін деп мына жұрт алдында уәдесін

берді. Халық алдында өзің де кешірім сұрап, уәде бердің.

Бәрімізді ренжісуге кіріптар етіп жүрген осы келіннің кесір

мінезі емес пе еді? Сол кесір мінезді қойдым деді ғой келін.

Менің қалағаным осы еді, оны алдым, балам.

— Мынау бәйгенің алдын бермейтін жүйрік атым еді, сіз

мініңіз, — деп астына ат мінгізді.

Боранқұл мырзаның өзі бас болып, қаумалай қоршап,

теңізден өткізісіп, шығарысып салып, қош айтысты.

Теңізден ұзап, жалайыр жеріне жеткен кезде Бекасыл

әулиенің қайтып келе жатқан хабарын жұрт естіп қалған екен,

алдынан қарсы алушылар тіпті көбейіп кетті. Ауыл шетіне

қонақ болды. Ел жақсылары, ақсақалдары сәлем беріп келіп

жатыр.

— Оу, қасиетті Бекасыл әулием, жақсынікі ортақ деген ғой.

Арғын атамның баласына барып, олжалы қайтыпсыз. Олжа! —

деді бірі.

— Оу, халқым, барға берген олжа мақтан болады, жоққа

берген олжа сауап болады. Осында қолы жетпей жүрген, ішуге

тамағы, киюге киімі болмай жүрген кедей-кембағалдар бар

шығар, шақырыңдар!

Отырған үлкендер, ел ағасы ақсақалдар:

— Ой, бәрекелде, Бекең дұрыс айтады. Жөн сөз, жөн-ақ, —

деп даурығысып қалды.

— Мен ертең Оспанның ауылында боламын. Ол шақырып

күтіп отыр. Әлгі кісілер сол ауылға келсін.

Ертеңінде бәрі Оспанның ауылында бас қосты. Ауылауылға

хабар тарап кетті.

— Нашар, кедей адамдар келсін дейді. Бекасыл әулие мал

айдап келе жатыр, олжа үлестірмек.

281


Ел ағалары-ақсақалдар оңаша ақылдасып:

— Ей, жігіттер, нысапсыздықты кенде көр деген. Бекеңнің

бар малын олжа екен деп талап алып қаламыз ба? Жалайырдың

кедейі жыртылып айырылады.

Жүз түгілі мың кедей бар. Нысап сайын береке деген. Бір

жиырма кедейдің тізімін жасап, шақырыңдар. Үрерге иті,

сығарға биті жоқтарын ғана таңдаңдар, — деп тапсырма

берді.

— Жолай қария дұрыс айтады, — деп жұрттың бәрі

қоштады. Жиырма кедей жиналып та үлгерді.

— Ал, ішке кіріп, Бекасыл әулиеге сәлем беріп, қолын алып,

шығыңдар, — деді ел ағалары-ақсақалдар. Келген жиырма

кедей бірден, екіден ішке еніп сәлем берді.

— Жоғары шығып отырыңдар, балаларым, — деп Бекасыл

әулие ішке енгендерін сыртқа шығармай отырғыза берді. Бәрі

түгел келіп, отырып болған соң:

— Оу, халайық! — деп Бекасыл әулие сөз бастады. — Бір

атадан туғанмен біреудің нәсібі артық болады, біреудің нәсібі

кем болады. Мына отырған Жолай бай мен Оспан байдан

сендердің әкелерің кем емес. Бір кісінің баласысыңдар. Айтындаршы,

сендердің қолдарыңдағы малды осылар тартып

алды ма?

— Жоқ, Бекасыл әулие, ешкім тартып алған жоқ, — деді

отырған кедейлер.

— Жігіттер, қазақта «Ажал — Құдайдан, тамақ — байдан»

деген бір мақал бар. Біреудің жұмысын тегін істеп, тамағын

тегін ішіп, «Ажалымыз Құдайдың міндетінде, тамағымыз —

байдың міндетінде» деп жүре берсеңдер мал-мүлікті біреу

бөліп бере ме? Өздерің талаптанбасаңдар, сендерді біреу

адам болсын дей ме? Қыс ішеріңді жаз ішсең, қыс киеріңді

жаз кисең сен қайтып бар болып тұрасың? Менің айтарым —

ерінбей, көзін тауып еңбек ет, дүниені есепсіз жұмсама, есебін

тауып, көзін тауып жұмса. Алдыңда қыс боларын, қыс өтсе,

жаз келерін ойла. Ұрлық істеме, адал жүр, адал тұр. Біреудің

ақысын жеме, өз ақынды ешкімге жегізбе. Осы айтқанымды

істесең, кісіге қолыңды жаймайсың, кісі қызметін істемейсің.

282


Баяғыда менің әкем Оспанның қойын жайып еді, өмір сонымен

өтіп еді, менің де кәсібім осы болып жүре беруім керек деп

жүре берсең, жүре бересің.

Бекасыл әулие жиырма кедейге жиырма қара үлестірді.

Ауыл ақсақалдары, бай-бағлан мырзалар:

— Оу, қасиетті Бекасыл әулие, аулымызға күтпеген жерден

келіп қалдыңыз, мынау біздің сізге деген тартуымыз, — деп

елу қараны алдына салды.

— Ел шетіне келдіңіз ғой, әулие ата, енді бізге рұқсат

беріңіз, — деп мал айдасып, шығарысып келе жатқан алты

жігіт өтініш білдірді:

— Ау, балаларым, ауылыма жүріңдер, қонақ болыңдар,

сый-құрметімді көріңдер?

— Ниетіңізге Алла риза болсын, сый-құрметіңізді жолжөнекей

де көріп келе жатырмыз ғой. Шапағатыңыздан

кенде болғанымыз жоқ.

— Ендеше алтауыңа алты ат мінгіземін. Сендер де байдың

жылқысын бағып жүрген кедейсіңдер ғой, — деп алтауына

алты жылқы жетектетті.

— Ел-жұртыңа сәлем де, қош сау болыңдар!

***

Бекасыл әулие апта жарым жүріп ауылының шетіне ілікті.

Кішілеу жарқабақтың ығындағы бір қара лашықтың алдына

келіп, аттан түсе қалып, қасындағы серіктеріне де түсіндер

деп, ішке дауыс берді. Тысқа кедей жігіт шықты. Сәлемін

алысымен Бекең.

— Оу, нең бар, қарағым? — деді.

Жігіт не дерін білмей сасып қалды.

— Қарағым, саспа. Бетіне қоюы шыққан ашыған бидай көжең

бар ма?

— Бар, ата.

— Е, онда күбіңді пісіп-пісіп жіберіп, бір аяқ құйып бергін.

Қарасора ауылымның бидай көжесін сағындым.

Кедей жігіт күбісін пісіп, шайқап, бір аяқ көже құйып берді.

Отыра қалып сіміріп, мейірленіп:

283


— О, шіркін, Арқадағы ағайынды бір жыл армансыз-ақ

аралап жүрдім ғой. Түйе де, бие де сойылды, қошемет,

сый-құрметіңде де шек болған жоқ. Жегенім жал-жая, қазықарта,

ішкенім қымыз еді. Соның бәрінен туған жерімнің бір

аяқ көжесі тәтті болды-ау, шіркін! Құмарымнан бір шықтым.

Жігіттер, туған жердің топырағына жететін дүниеде еш

нәрсе жоқ екен, туған жер адамға, қайда жүрсең де, ыстық

екен. Бір жыл бойы жеген жал-жаяның бәрі туған жерімнің бір

тостаған көжесінен артық болмады. Осы естеріңде жүрсін, —

деді жіпсіген әжімді маңдайын алақанымен сүртіп.

— Арқадан әулие атамыз келіпті, — деп бір-біріне жүгіріп

хабар беріп, сүйінші сұраған жұрт. Кейбір қызылауыздылар:

— Жүз түйе, жүз жылқы айдап әкеліпті, — деп сарынға сарын

қосып жүр.

Бекасыл әулие жиналған жұртына:

— Айтар әңгіме көп, оны кең, мол уақытта асықпай жайланып

отырып айтып берермін. Халқым, енді былай болсын.

Ертең сәске түсте Жанұзақ байдың ауылына жиналыңдар.

Сол жерде азын-аулақ олжамды үлестірейін. Базарлық деген

болады ғой.

Қасына Асылбекті шақырып алды.

— Асылбек қарағым, қаламыңды қолыңа ал. Біздің Түгелбай-Данай

ауылында қанша кедей, нашар бар? Бірсыпырасын

мен білемін, бірсыпырасын өзің білесің, жұрт біледі. Соларды

жаз. Тізімге ілінгендерінің бәрі ертең Жанұзақ байдың

ауылына келсін. Адам жіберіп шақырт.

Ертеңіне айтқан жерге кедейлер тегіс келді. Беҡасыл

әулие жасыл майсада киіз, көрпеше төсеп жайланып отырған

жұрттың алдына шығып:

— Малы барлар, сендерге ештеңе бермеймін. Малы

жоқ кедейлерге, олар да біздің бауырымыз ғой, олжамды

үлестіремін. Сендер рұқсат етіңдер, — деді.

Елу қараны елу кедейге таратты.

— Ау, халқым, естеріңде бар ма, қырғыз елінен оралғанымда

Озипа келіннің үйіне ат басын бұрғаным, сонда

келінімнің төсеніші болмай, басындағы ақ орамалын төсеніш

284


еткен ақ ниеті әлі есімнен шыққан жоқ. Қонақ болып отырып,

Құдай, аруақ қолдаса, қырсығыңды кесейін дегенім айтқан

уәдем бар еді.

Сол жолғы келіннің көрсеткен ізетіне мен мына он қараны

тарту етемін, ал мына он қараны Асылбекке тарту етемін.

Боранқұл мырза мінгізген жүйрікті Асқарбай балам мінсін.

Дүниелерің болса да, дүниеден безбезсіңдер, сөзімді сыйлап

Жанұзақ ат, Құттыбай інім ішігі мен ер-тоқымын Асылбекке.

беріп еді. Сол сыйларың үшін екеуің менен бір-бір ат мініңдер.

— О, әулие аға, келімді-кетімді кісіңіз бар емес пе? Мұныңыз

қалай? Олжаңыздың бәрін жұртқа үлестіріп жібердіңіз — деді

Жанұзақ сөзге араласып. — Жекжат-жұрағатыңыз бар. Олар

да олжамен қайтқаныңызды естіп келеді ғой. Біразын өзіңізге

қалдырсаңыз болмай ма? Бәрін үлестіргеніңіз қалай?

— О, шіркін, жекжат-жұрағатым менің хал-ахуалымды білмей

ме? Маған келген қонақ болса, сендер күтесіңдер. Менің

байлығым — өздеріңсіңдер. Сендер аман, бар болсаңдар, мен

де аманмын, бармын...

— Біреудің дауын бітіріп, біреудің жауын жеңіп берсе, болыс

біткен пара алады. Пара алғанда түйені түгімен жұтады.

Ал сіз түйе алатын жерден түйме алмайсыз. Мұныңыз қалай?

— Мен мейлі дауға, мейлі жауға бармайын, айтқаным келеді,

әділетім жеңеді. Неге? Себебі, мен өзім үшін Бекасыл

болғаным жоқ. Егер өз құлқыныма тартып, біреуіңнен ат, біреуіңнен

тон алсам, онда дүние мені азғырып, аузымнан әділетім

қашар еді.

Бір басымның қамы үшін жиған дүние не болады? Халқым

сен тұрғанда мен аштан өлмеймін, көштен қалмаймын.

Бірің жылқымды бағып жатырсыңдар, бірің қойымды бағып

жатырсыңдар. Керек боп қалды десем, соғымымды да,

сойыс малымды да өздерің әкеп бересіңдер. Басыма көлеңке

болатын қара лашығым, қасымда шай құйып беретін қара

кемпірім болса, бала-шаға өсіп жатса, маған сол — қанағат,

маған сол жетеді. Менің нәсібем халық үстінде емес пе?

Маған дүние ал, дүние жи демеңдер. Егер мен, айтқан

жерден аулақ, дүние соңына түссем, сендерді жаттан,

285


жаудан кім қорғайды, пайда-залалыңды, ар-намысыңды кім

ойлайды? Мені сыйлап, құрметтесеңдер, айтқан ақылымды

алып, тыңдасаңдар — берген дүниелерің сол. Маған ат пен

түйе бергендеріңнен гөрі соғым керек болса, соғым, қонақ кеп

қалса, қой, не жылқы әкеп сойғандарыңның өзі артық.

Халқым, мен қашан қонақсыз болдым? Сен қашан мені

жерге қараттың? Құдайға мың бір шүкір, сенің мені жерге

қаратқан кезің жоқ. «Сыйға — сый, сыраға — бал» дегендей,

мен де сені жерге қаратпасам деп күн-түн үйде де, түзде де

ой азабын тартам. Білсеңдер, менің ұйқым да шала, күлкім де

шала. Сол үшін өзіме ризамын. Түсіне білсем, бағалай білсем,

маған қонған бақ оңай бақ емес. Менің қайғым да оңай қайғы

емес...

Бекасыл әулие біраз дем алып, өзіне өзі келгеннен кейін:

— Жасым жетті, бұрынғыдай ел арасында жүріп-тұруым

ауырлап бара жатыр. Өзімнің орныма мың түңлік Түгелбай-

Данай баласын бағып-қағатын бір баланы іздеп тауып,

тәрбиелейін. Өмір сенімді емес, жалғанға кім келіп, кім

кетпейді? Біреудің айтқанына сене бермейін. Бай да, мырза

да өз баласын мақтайды. Сондықтан мың түңлік аулымды

аралайын. Кім жақсы, кім нашар өзім байқап, сынайын, — деп

атқа қонды.

Атқосшысы екеуі алдымен Қасқасу ауылына келді. Қонақ

боп жатып:

— Бұл ауылда елін жаудан, даудан қорғап, намысын қолдан

бермейтін тәуір туған бала бар ма? — деп сұрады.

— О, Беке, осында Жайнақ деген бала бар. Бірақ өзі тентектеу,

зорлықшыл. Біреудің бір нәрсесі болса, тартып әкетеді.

Өзі бұзықтау, жұртты сабайды, — десті ауыл ақсақалдары.

— Соған ақылыңызды айтып қойсаңыз. Сіздің батаңызда

момынды сыйлау, үлкенді тыңдау секілді жақсы әдет жөнінде

айтылады ғой. Мынаның зорлықшыл, тентек болатын түрі бар.

— Ә, олай болса, оны шақыртыңыздаршы? Мен бір сөйлесіп

көрейін.

— Жарайды.

286


— Баланы іздеп таппадық, — деп кешке екі жігіт қайтып

келді.

Ертеңіне Бекасыл әулие көп адаммен Көксәйек ауылына

қонаққа кетіп бара жатқанында алдынан бір шаң шықты.

Біраздан соң астында қара қасқа аты бар жалғыз қара

көрінді.

— О, Беке, мынау кеше іздетіп таппаған тентек Жайнақ, —

деді қасындағы ауыл ақсақалдары. — Сіздің алдыңыздан

қарсы шауып келе жатқанын көрмейсіз бе? Үлкенді үлкен демейді.

Бұл тентек өстеді ылғи.

Әне-міне дегенше қара атты Жайнақ жақын келіп, атынан

қарғып түсіп, басын иіп:

— Ассалаумағалейкум, әулие ата, — деп сәлем берді. Бекең

ұсынған қолын алып:

— Қарағым, атыңа мін, — деді.

Екеуі қатарласып, жұрттан оқ бойы озып, оңаша жүріп

отырды.

— Апырай, мұнысын түсінбедік қой. Бекең ұрыса ма деп

едік, екеуі құрдастардай, сырластардай әңгімелесіп кеткені

несі? — деді ақсақалдар күңкілдесіп. — Бұл қалай?

Көксәйек ауылына жеткенде екеуі қатар аттан түсіп, төрден

орын алды. Бекасыл әулиенің айтқан әңгімесін Жайнақ бала

ұйып тыңдап отыр.

Қожа Ахмет Иассауи хазіреті сұлтан біреу басынан

қолымен ұрса: «Ой, айналайын, қолың ауырып қалды-ау, кеше

көр мені?» — деп кешірім сұрайды екен. Ал басына таяқпен

ұрса, кешірім сұрамайтын көрінеді.

— Неге, ата? — деп Жайнақ бала таңдана сұрақ қойды.

— Таяқтың еш жері ауырмайды ғой.

— Апырмай, сонда ол кісінің басы ауырмай ма?

— Ауырады.

— Онда неге кешірім сұрайды? Қайта қарымта қайтармай

ма?

— Кешірімді, көпшіл, кішіпейіл болу — жақсы адамның әдеті,

балам. «Жақсыда кек болмайды, жаманда тек болмайды.

287


Жақсы — тәубешіл, жаман — табашыл», деген осындайдан

шықса керек.

— Ойпырмай, ата, мұныңыз тіпті қызық, бұл айтқаныңыз

мені ойлантпай қоймайды екен.

Отырғандар ду күлді.

— Мысалы, ата, басыңыздан біреу қолмен ұрса, сіз содан

кешірім сұрар ма едіңіз?

— Сұрар едім.

— Ой, ата, мұныңызға мен сенбеймін.

— Ол өз еркің, балам. Саған қалай түсіндірсем екен. Мысалы,

дәл қазір осы отырғандардың арасынан біреу мені балағаттап,

тілдесе, мен ренжіп, ашуланбаймын.

— Рас па?

— Рас.

— Мен тілдесем ше?

— Сен тілдесең де.

Осы кез ауыл иесі — үлкен ақсақал:

— Әй, бала, тіліңді тартып сөйле! — деп жекіп тастады. Бекасыл

әулие:

— Қария, сабыр сақтаңыз, бұл баламның менімен пікір

таластырып, сырласып отырғанының еш сөкеттігі жоқ, — деп

Жайнаққа күлімсірей қарады. — Түсінсең, мені тілдеген адам

адамгершілік, имандылық жағынан алғанда менен бір саты

төмен тұр, ал егер мен жауап беріп, оны тілдесем, онда мен

одан бір саты төмендеймін. Түсіндін бе?

Жайнақ қабағын шыта біраз ойланып отырып:

— Түсіндім, ата, — деді жымиып. Қысылу, қымтырылу деген

атымен жоқ, қайта өзін бейне Бекасыл әулиемен терезесі

тең адамдай сезінетін тәрізді. Қасқасу ауылынан келген

ақсақалдар сөзден қалып қызғаныш-ызадан жарыла жаздап

отыр.

Ауыл иесі — үлкен ақсақал:

— Беке, сізді Арқадағы ағайындарға барып қайтты дейді.

Ол жақтағылардың хал-жағдайлары қалай екен? — деп әңгіме

ауанын басқа жаққа қарай бұрды.

— Е, Құдайға шүкір, бәрі жақсы, бәрі аман-есен, баршаңызға

тегіс сәлем айтты.

288


— Саламат болсын, ризамыз.

Бекасыл әулие, ол жақтағы ел, жер жағдайынан біраз сыр

шертті.

— Беке, айып етпесеңіз, сізден базарлық сұрайын деп отырмын.

— Е, қысылма, сұра.

— Бізге Арқадағы ағайындардың ұлағатты, ғибратты әңгімесінен

айтып берсеңіз?

— Е, жөн. Кейбір өзіме ұнағандарын сондағы азаматтардың

көмегімен қағаз бетіне түсіріп алған едім. Араларыңда

арабша оқи алатындарың бар ма?

— Бар, — деп Жайнақ бала елден бұрын жауап қатты. —

Маған беріңіз, ақсақалдарға өзім оқып берейін.

— Мә, қарағым.

Бір бума қағазды алдына алып, өз ыңғайына қарай реттеген

соң, дауыстап оқи бастады. Даусы құлаққа жағымды қоңыр

дауыс екен.

***

— Әке, мен Төле биге барып, сәлем беремін, өзін көріп, сөзін

тыңдасам деймін, — деп жас талап Қазыбек қолқа салды.

— Ой, сорлы балам-ау, ол кемеңгер кісі, не деп барасың? Алдында

сөз таба алмай күлкі боласың, барма, — деді әкесі шошып.

Бірақ Қазыбек қоярда-қоймай рұқсат алып, біраз кісімен

Төле биге барып сәлем берді. Азын-аулақ әңгімелескен соң

Төле бидің Қазыбекке ықыласы ауып:

— Шырағым, бір бала әкесінен өте, бір бала әкесіне жете,

бір бала кері кете туады деген. Сен соның қайсысың? — деді

сынай.

— Өткенімді алдымдағы өмірім біледі. Өз ойымша, әкеме

жете тудым-ау деймін, — деді Қазыбек сөзден тосылмай.

— Ә, шырағым, жарайсың, — деп Төле би жадырай күліп,

ризалығын білдірді. — Кел, қарағым, менің оң жағыма отыр.

— Алысыңыз қандай? — деді Қазыбек те қасына отырған

соң сынай сұрақ қойып.

289


— Алысым жақын болды.

— Тәттіңіз қандай?

— Тәттім шырын болды.

— Несиеңіз қандай?

— Несием, шүкір, өніп жатыр.

Қазыбек ауылына келген соң, әкесі қасындағы серіктерінен:

— Менің балам Төле бимен не деп сөйлесті? — деп сұрады.

— Екеуі былай десіп әңгімелесті, мәнісін біз түсіне алмадық.

— Ол қай сөйлескені екен? — деп қарт әке де таңғалды.

Кешке дастарқан басында жұмбақ сырды Қазыбектің өзі

шешті.

— Төкеңнің «алысым жақын болды» дегені — қос жанарын

айтқаны. «Тәттім шырын болды» дегені — ұйқысының қашқанын

білдіргені. Шүкір, «несием өніп жатыр» дегені — балаларының

жақсы бағып, жақсы күтіп отырғанын түсіндіргені.

***

Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсті. Үйде әйел ғана бар

екен. Ол ерінің жоғына қарамай Қазыбектерді сонша сыйлап

күтті. Қазыбек:

— Апырмай, әйелі мынандай, ері қандай болды екен? — деп

кете қоймай таңырқап отырды. Сөйтіп отырғанда үйге ері

келді. Қазыбек:

— Ей, жарандар, бір сөзімнің мәнісі бар,

Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар?

Құдайдың құдыретіне қарап тұрсам,

Жапалақ үйрек алған бір ісі бар, —

деді. Әйел түпкі ойын сезе қойып:

— Биеке, сөзіңіздің мәнісі бар.

Алланың ұққан жанға әр ісі бар.

Ілген құсын жапалақ місе түтпай,

Әлі де қоңыр қаздан дәмесі бар, —

дегенде, Қазыбек:

— Әйел жақсы болса үй мен мейманның тұрағы емес пе.

Әйел жаман болса, бұл жалғанның тозағы емес пе.

290


Туған балаң жақсы болса, екі көздің шамшырағы емес пе.

Туған балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы емес пе.

Астыңдағы атың жүрдек болса, бұл жалғанның пырағы

емес пе.

Атың жаман болса, бұл жалғанның азабы емес пе,

— деген екен.

***

Сырымның әкесі Дат тәуір әйелге үйленді. Одан Сырым

туды. Елдің ақсақалдары:

— Сенің атың бір қоя салған ат еді-ау. Есіміңе нәсібең сай

емес, — деп Датты келекелеп жүрді.

Сырым жиырма екі жасқа толғанда Байбақты деген елін

аралады. Сонда ағайындары қаумалап, Нұралы ханның Есім

атты баласы Ақмоншақ деген жүйрік атын лауға деп алғанын,

екі жылдан бері қайтармағанын айтып, мүң шақты. Сұрай

барса:

— Құлаққа — құлақ, тұяққа — тұяқ ал да тын, — деп Есім

жалтарды. Сырымға ел-жұрты:

— Сол Ақмон шақты сұрап Нұралы ханға бар. Ақмоншақ

күллі Байбақтының атын шығарған ат еді, — деді.

— Ол ит берсе, жақсы, бермесе. тегін қайтпаспын, — деп

Сырым аттанып, Нұралы ханның үйіне түсті. Хан жөн сұрады.

— Сіздің балаңыз Есім менің ағайындарымның Ақмоншақ

деген атын алған екен. Сол аттын сүйегі болса да алып қайтайын

деп келіп едім. Нұралы хан баласы Есімді шақырып

алды.

— Мына Сырым атын сұрап келіпті. Атын қайтар.

— Сырымға ат керек болса, құлаққа — құлақ, тұяққа — тұяқ

алсын да тынсын!

Сырым ұшып түрегеп, есікті жауып:

— Менің де еститінім осы еді, — деп Есімге тұра ұмтылды.

Нұралы хан ара түсіп, баласына:

— Ей, Есім, сен түсін. Сырымның үлкен әкесі — Шолан батырды

біздің төрелер қылыштап өлтірген. Бұл соғысқалы келіп

жүр екен. Атын бер! — деді. Есім құлағына да ілген жоқ.

291


Сырым аттанып кетті. Нұралы хан ізінен қуғыншы жібертіп:

— Келіп үйге қонақ болсын, атын алсын, — деді.

— Атаңа нәлет хан, бір тай үшін есігіңе барып екі еңкейсемау,

— деп Сырым ашуланды. — Айтып бар, қонақ болар күнімді

өзім хабарлаймын!

Сырым ағайындарына келіп:

— Атты әкеліп берсе, алыңдар, әкеліп бермесе, енді атты

сұрамаңдар, — деді.

Осы оқиғадан кейін Сырым желмаяға мініп, Нұралы ханды

шабамын деп Сарыарқаның қазағынан көмек сұрай шықты.

Сөйтіп жүргенде қариялар:

— Осының қолынан бірдеңе келе ме, келмей ме? Бақай

сыншының алдына апарып, сынынан өткізейік, — десті ақылдасып.

Сол оймен екеуін кездестірді. Бақай сыншы:

— Ей, Сырым, жоқтан бар болдың,

Айырдан нар болдың.

Қамқа тон тозды,

Атадан ұл озды.

Анадан қыз озды,

Боздан буырыл озды.

Сен осыған жауап берші? — деді.

— Ей, Бақай ата,

Жоқтан бар болсам — Құдайдың құдыреті шығар,

Айырдан нар болсам, атам үлкен болған шығар.

Қамқа тон тозса, киюі салақ болған шығар.

Атадан ұл озса, еркіндігі болар,

Анадан қыз озса, шіркіндігі болар.

Боздан буырыл озса, жүйріктігі болар, — деді Сырым.

Бақай сыншы:

— Ей, Сырым, әкең Дат ожар еді. Шешең қайратты да қараторы

еді. Күндіз келген жиырма кісіні, түнде келген жиырма

кісіні қонақ қылып аттандырушы еді.

292


— Ей, Бақай ата, Әкем Дат тентек болса, болған шығар.

Шешем күндіз келген жиырма кісіні, түнде келген жиырма

кісіні қонақ қылып аттандырса, қырықтың бірі қыдыр деген,

онда мен қыдырдан жаралған болармын.

Өзін өзі езген — ит,

Өзен бойын кезген ит.

Өзі болған жігіттің,

Түп атасын қазған — ит, — деді Сырым.

Бақай сыншы сөзден жеңіліп, Сырымға ат мінгізіп, шапан

кигізіп, қонақ етіп аттандырған екен.

***

Қалмақтың ханы қазақ елін қапыда шауып, жылқысын

олжалап, ұлын құлдыққа, қызын күңдікке айдап әкетті.

Тайкелтір би жүз адаммен қалмақ ханы Қонтажыға елшілікке

аттанды. Балалармен ойын ойнап жүрген он төрт жасар

Қазыбекті шешесі әлгі топқа қосып:

— Атқосшы болып барсын, өлсе, сүйегін әкел, — деді қаракер

құнанына мінгізіп.

Бір төбенің басына шыққанда Қазыбек:

— Ей, Тайкелтір, елдестірмек — елшіден, жаулас тырмақ —

жаушыдан. Сөйлегенде ойлап сөйлеу керек. Ауыздан шыққан

сөз атқан оқпен бірдей, қайтып ала алмайсың. Елдесе алмай

ерегісіп кетсеңдер, сендердің олақтықтықтарың, — деді

ескертіп.

Сонда Тайкелтір:

— Атшы боп барасың ба, басшы боп барасың ба? — деді

кекетіп.

— Тәйір-ай, мен жол көрген ағаларымның қасында басшы

боп қайтем, атшы боп барсам да жетер.

— Осы жолы калмақтын сүтін су ғып қайтпасақ, бізден қатын

артык, — деп күпсінді Тайкелтірдің жігіттері.

— Қазақтан көп адам келе жатыр. Ішінде тайға мінген бір

баласы да бар, — деп хабарлады күзетшілер қалмақ ханы

Қонтажыға.

293


— Абылай ханның тайға мінгізіп бала жібергені мені келемеждегені

ғой. Бәрін қырып тастап, аттарын жылқыға қоса

салайын, — деді Қонтажы қаһарланып.

— Жүз кісіні өлтіріп жайлана алмассың, жүз жылқыны

жылқыға қосып, бай бола алмассың. Бала дегенің сұңқар

болып жүрмесін, тай дегенің тұлпар болып жүрмесін, — деді

бәйбішесі. Қонтажы:

— Ендеше ертең ордама шақырыңдар. Өзіме өзі, сөзіме

сөзі тең келсе, оны көремін, тең келмесе, жазасын сол жерде

беремін, — деп шалқыды. — Осы бізбен елдесе алатын адамы

бар ма екен? Барып, көріп, біліп кел.

Ол жұмсаған сыншысы қайтып келіп:

— Бәрін аралап көрдім, сізбен теңдесіп сөйлесетіні жоқ, —

деді.

Бәйбішесі:

— Сен мұны қоя тұр. Аттардың арасында бір бала жатыр,

мен содан шошыдым. Екі аяғына екі аттың шылбырын

байлап, екі қолымен екі аттың шылбырын ұстап жатыр. Аяғым

жеткенше жүремін, қолым жеткенше сермеймін деп құлаш

ұрып, аузынан жалын бұрқырап жатыр. Мен содан шошып

келдім, — деді.

— Сен де ақылыңнан танып жүр екенсің ғой. Өзі бала болса,

ол ер жетіп бізді шапқанша талай уақыт бар ғой, — деп

Қонтажы елең етпеді.

Ертесіне Қонтажы қазақтарды алдына шақырып алды.

Тайкелтір бірінші сөз бастап:

деп еді.

— Өлеңді өзгеге бердік,

Ерлікті төменге бердік.

Сөзді өзіңе салдық,

Алдияр тақсыр, алдыңа,

Жоқ қуып келіп қалдык.

Берсең, алдық,

Бермесең, қалдық, —

294


— Олай болса, ертеңге дейін бір жауап қайтарамын. Жауап

қайтпайтын болса, ат-тоның аманында еліңді тапқаның да

теріс болмас, — деді Қонтажы менсінбей.

Ешкім ештеңе демегеннен кейін Қазыбек бала орнынан

ұшып тұрып, қолбасы Бертіске жетіп барып:

— Жерден жердің несі артық?

Бір-ақ уыс шөбі артық.

Ерден ердің несі артық?

Ептестірген сөзі артық.

Малдан малдың несі артық?

Бір-ақ асым еті артық.

Міндетіне алған сөзден шегінген ерден,

Аштан өлген аюдың еті артық, —

деді намыстанып.

Қонтажы Қазыбекті шақырып, қасына отыр ғызды.

— Балам, неше ағайындысың?

— Үш ағайындымын.

— Олар кімдер?

— Қазақ, қалмақ, қырғыз, — деді де өзіне тап берердей

бұлқынып, сөйлеп кетті:

— Қыз — күң боламын деп туған жоқ,

Ұл — құл боламын деп туған жоқ!

Қонтажы мына сөзден кейін амалсыз қолға түскендерді

кері қайтарды. Қазақтар қоштасып, енді ұзай бергенде

тұтқыннан босанған бір жігіт: «Тісім сынды, атым өлді, тоным

ұрланды» — деп зар қақты.

Қазыбек Қонтажыға қайта барып:

деді.

— Аузындағы тісі қайда,

Болат емей немене?

Астындағы аты қайда,

Тұлпар емей немене?

Үстіндегі тоны қайда

Жанат емей немене? —

295


Қонтажы атын мінгізіп, тонын шешіп кигізіп, тісі үшін деп

қылышын берді. Даусы қаздың даусындай боп естілген

балаға: «Атың бұдан былай Қаз дауысты Қазыбек болсын» —

деді. Содан ол Қаз дауысты Қазыбек атанып кетті.

***

Тобықты Қараменденің өлерінде балаларына айтқаны:

— Иә, шырақтарым,

Адасқан сиырды тана бастайды.

Қартайған әкені бала бастайды,

Бала жақсы болса, дана бастайды.

Бала жаман болса,

Қолына шаланы ала бастайды.

Иә, туыспен сыйласыңдар,

Туыссыз жалғыз кісінің,

Кейде келер, кейде келмес күлкісі бар.

Туысы екеу кісінің,

Ойда жортып жүрген түлкісі бар.

Туысы үшеу кісінің,

Отарда жатқан жылқысы бар.

Не болмаса, туысы жалғыз кісінің.

Шығар-шықпас жаны бар.

Туысы екеу кісінің,

Өкпе, бауырдай жалы бар.

Туысы үшеу кісінің,

Жағасы жайлау, төбесі қыстау халы бар.

Тағы біраз ойланып жатып:

— Баласы бардың панасы бар,

Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар, —

деген ғой. Бәрі дұрыс, — дейді де, — апырмай, осының

қосымшасын, яғни:

296


— Рас, жақсы болса, інісі бар,

Жаман болса, құтыла алмайтын жүмысы бар.

Рас, баласы бардың панасы бар,

Жаман болса, басында пәлесі бар.

Рас, ағасы бардың жағасы бар,

Жаман болса, бет-аузында,

Ат тепкендей жарасы бар, —

деп, неге айтпады екен, — депті. Мүсет деген бидің

Арқадағы білгірлердің бәрінен атағы да, абыройы да артық

еді. Бірде көрші ауылдағы момын Есен биге Мүсет би жан

ашып:

— Байғұсты әркім бір жүндеп; аяқ асты етіп жүрген болар.

Сөз жәрдемімді берейін, — деп жолға шықты.

Есен ауылының шетінде қозы бағып жүрген жетісегіз

жасар бір бала кезікті. Ол «Ассалаумағалейкум» деп

үлкендерше сәлем берді.

— Ә, балам, мына қозы кімнің қозысы?

— О, ата, қозы — қойдың қозысы.

— Е, балам, оны сенсіз де білем. Қозы иесінін аты бар ма?

— Е, солай демейсіз бе, ата. Қозы иесінің торы аты, қара

аты, сары аты бар.

— Әй, пәтшағар, мен осы ауылдың бас ие үлкенін сұрап

тұрмын.

— О, ақсақал, аулымыздың үлкенін сұрасаңыз, Құрал

атамның түйесінің ішінде бір үлкен қара нар бар.

— Ә, қызталақ, жөніңді айтпаймысың? Мен үлкен дегенде

осы ауылдың ақсақалын сұрап тұр емеспін бе?

— Ой, ата Байшұбар атамнын қойының ішінде бір ақ серке

бар. Сақалы тура бір бау.

Мүсет би не істерін білмей ашуға мінді. Қамшының астына

алайын десе, қарғадай бала өліп қалуы мүмкін, алмайын десе,

сөзден жеңіліп тұр. Ыза боп, мүйіз шақшасын алып, ердін

қасына шақ-шақ ұрып, насыбай атты. Бір жағынан ашу, екінші

жағынан насыбай дуылдатып, шамырқанған биді мазақ етіп:

297


— Ата, шақшаныз ненің сүйегі?— деді бала Таяқ жеймін-ау

деген ой қаперінде жоқ.

— Е, кайтейін деп едің? Шақшам — қоянның мүйізі.

— Ойпырмай, ә, — деп бала ішегін тартты.

— Әй, неге ішегіңді тартасың?

— Сіздің елдің қоянының мүйізінен шақша ғана шықса,

біздің елдің қоянының мүйізінен шаңырақша шығады.

Сөзден ұтылған Мүсет би ашуын әзер басып, Есен бидің

үйіне барды. Жұрт дүркірей қарсы ап, ақ үйге түсірді. Қошемет,

құрметте шек жоқ.

— Ауыл шетінде қозы бағып жүрген бала кімнің баласы?

— Е, ол әке-шешесіз жетім бала.

— Сол жетімді маған алып келіңдер?

— О, биеке, күн кешкіріп қалды, сәл сабыр етсеңіз, оның өзі

де келеді.

— Келгенін күте алмаймын, әкеліңдер!

Екі жігіт барып, баланы әкелді. Ол сәлем беріп, ішке енген

кезде:

— Қолыңды жай. Сенің атың бүгіннен бастап Бала би болсын,

басыңа менің бағым қонсын, — деп батасын беріп, Есен

биге қарап:

— Бұдан былай балаға қозы бақтырмайсың, өз қасыңа

алып, туған балаңдай тәрбиелейсің. Ертеңгі күні орныңды осы

басады, — деді.

***

Бала бидің даңқын Төле би естіп:

— Ойпырмай, Орта жүзден Бала би деген шығыпты. Аса

алғыр, білгір дейді. Шіркін, өзін бір көріп, тілдесер ме едім?

— деп армандап жүрді. Арада төрт-бес жыл өткенде, Арқада

бір үлкен жиын болатын болып, Төле биге шақыру келді.

Тәуір киімдерін киіп, жарау атын мініп, қасына инабатты, сыйсыяпатты

серіктерін ертіп, Арқаға аттанды.

Барса, көк жасыл жайлау төріне ел қарақұрым жиналыпты.

Ақ үйлер тігілген.

298


— «Бала би қайсың, көргелі, тілдескелі келдім», — дегенім

жараспас. Бір шатақ шығарып, баланың тапқырлығын тексерейін,

— деп шешті. Сол оймен бір шетте отырған ерші Қалмамбет

дегенге жолығып:

— Ей, ершім; еріңді әкелші, көрейін, — деді. Ол ойында түк

жоқ, ерін әкеп, қолына ұстатты.

— Сен ұрысың, мынау менің баламның қолды болған ері!

— Жоқ, биеке, бұл — өз ерім. Өзім шапқанмын.

Дау туып, біреу Бала биге жүгіріп кетті.

— Ой, жүр, атақты Төле би келіп, Қалмамбеттің ерін менің

ерім деп шатақ шығарып жатыр.

Бала би келіп, екі қолын ұсынып, Төле биге сәлем берді.

— Кәне, биеке, ерді маған көрсетіңізші?

— Мә, көр.

Бала би ерді ұстап тұрып:

— Қапталың қайың, қасың тал,

Қалмамбет шапқан бір ерсің.

Ұлы жүзден кеп тұрған,

Әлібекұлы Төлесің.

Танысаң ерді ала ғой,

Ақырет сен де көрерсің.

Қиямет-қайым болғанда,

Тәңірі алдына барғанда,

Жауабын өзің берерсің... —

деп ерді Төле бидің қолына қайта ұстата салды.

— Оу, Қалмамбет шырағым, ренжіп қалдың ба? Ренжіме.

Шатақты әдейі шығарып, Бала бидің әділетті билігіне көз

жеткізсем деп едім. Шүкір, көз жеткіздім, — деп Төле би біраз

теңге қосып, Қалмамбетке ерін қайтарған екен...

299


ҰРПАҚ ЛЕБІЗІ

— Мен Бекасыл бабамның үлкен шөбересімін. Жасым биыл

сексен алтыға қарай кетті. Атым — Пансатбек, жұрт тілі келмей

Паң дейді, — деп бастады сөзін арық, қатпа қара шал. — Ұлы

Отан соғысына қатысып, тұтқынға түсіп, Германия, Франция,

Англия, Египет елдерінде болдым. Бізді өлімнен аман алып

қалған Мұстафа Шоқай еді. Ол кісінің: «Бауыр-ем!» — деп

жылап, жаны ашығаны әлі есімде.

Саид портында тұрғанымызда Совет өкіметі елшілігінің

өкілі келіп:

— Отаныма қайтамын дегендерің мына кемеге мініңдер.

Ешқандай жаза қолданбаймыз, кешірім жасаймыз. Соғыстан

бұрынғы бейбіт күндердегідей бақытты, шат өмір сүресіңдер,

— деді уәде беріп.

— Барған соң сатқынсыңдар деп бізді атасыңдар немесе

өмір бойы абақтыға қамайсыңдар, — дегендерге:

— Айттық қой, уәдеміз — уәде. Тұтқынға түскен дерің үшін

сендер кінәлі емессіңдер, соғыс кінәлі. Сол себепті сендердің

құқықтарың барлық совет халқының құқығымен бірдей, —

деп бізді сендіруге тырысты.

Қасымдағы екі жолдасым:

— Сенбейміз, алдап тұр. Барған соң, сөз жоқ, бізді

жазалайды, — деп елге қайтудан біржола бас тартты.

— Тәуекел! Мен елге қайтам. Алдаса да мейлі. Сүйегім жат

жерде қалғанша, туған топырағымда қалсын, туған топырағымды

тыңайтсын, — деп кемеге міндім.

Мұның алдында ғана Бекасыл бабам түсіме еніп: «Енді,

Құдай қаласа, аман-есен елге ораларсың» — деген еді.

Бабамның сол сөзі де жаныма қамшы болды.

1941 жылы Белоруссия орманында жаудан жасырынып,

қиын, қауіпті жағдайда қашып жүргенімде де Бекасыл бабам

түсіме еніп: «Ей, шырағым, осы төбеден аса алмайсың-ау. Осыдан

ассаң, қиыншылықтан құтылып кетер едің» — деген еді.

300


Қатты қиналып, Құдай, аруаққа жалынып, жалбарынған

кездерімде бабам түсіме еніп жүрді. Кейде бір сәтке елес боп,

көрініп қана кететін.

Қара теңіз арқылы ел шетіне іліктік. Кемеден түскен жерде

бізді тұтқындады. Жазаламаймыз деген уәделері өтірік боп

шықты.

Сібірдің қарағайын кесіп жүрміз. Жасымнан еңбек етіп,

шынығып өскен мен бұл жағдайға да тез төселіп кеттім.

Күндік тапсырманы асыра орындаймын, темекі тартпаймын,

арақ ішпеймін, өтірік айтпаймын, тәртіп бұзбаймын.

Неге екенін қайдам, абақты бастығы орыс кісі еді, мені

туған бауырындай жақсы көріп кетті. Ай сайын алатын азынаулақ

жалақымды:

— Мұны мен қайтем? Сіз жұмсай беріңіз, — деп өзіне бере

салатынмын. Мүмкін мені содан жақсы көрді ме екен? Әйтеуір

маған мейірімі түсті.

Арада екі жыл өткенде:

— Басеке, маған бір ай демалыс беріп, ауылыма жіберіп

алыңызшы? — деп жалына бастадым. — Ауылымды сағындым.

— Ой, сен ол жаққа барған соң, кері қайтпай қоясың ғой.

— Қайтам, сөз жоқ қайтам.

— Болмайды. Сен барған соң уәдеңді ұмытасың.

— Ұмытпаймын. Тәртібімді күнде көріп, біліп жүрсіз ғой.

Мені бір сынап көріңіз?

Ақыры не керек, бір күні бастығым жібіп, мені бір ай

демалысқа аулыма жіберді. Алып-ұшып алтын бесік ұяма

жеттім. Ешқайда бұрылмай тіке Бекасыл бабамның басына

барып, қабырын құшақтап, ағыл-тегіл жыладым... Ағайынтуғандарым,

сол кезгі жоқшылыққа қарамай, бір мал тауып

сойып, ел-жұртқа құдайы тамақ берді.

Ертеңіне ауылдық кеңестің төрағасы Пернебай Жорабеков

үйіме кеп, менімен оңаша сөйлесті. Басымнан өткен жағдайдың

бәрін сұрап, білген соң:

— Сен ел-жұртқа, ағайындарыңа бір ай демалыс алып

келгеніңді айттың ба? — деді.

301


— Жоқ. Оны айтуға мұршам болмай жатыр әрі сұраған ешкім

де жоқ.

— Сенің абақтыдан бір ай демалыс алып келгенінді ешкімнің

білмегені жақсы. Сен енді ағайындарыңа, ел-жұртқа

аулыма біржола құтылып келдім дегін.

— Неге?

— Енді сен абақтыға қайтып бармайсың.

— Оу, бауырым-ау, сен не айтып тұрсың? Менің сөзсіз қайтып

келем деген уәдем бар ғой.

— Ондай ақымақ уәдені енді ұмыт.

— Ұят емес пе? Ол маған адам деп сенді ғой.

— Ал олар жазаламаймыз деген уәдесінде тұрды ма?

— Сонда маған не істе дейсің?

— Ауылда өз шаруаңмен айналыс, үй-жай бол. Енді

абақтыға оралмайсың. Қазір аудан орталығына барып, бастығыңа

сені қайғылы жағдайда қайтыс болды деп жедел

хат жолдаймын.

— Оу, бауырым-ау, мені тірідей өлтіргенің бе?

Ол қарқылдап күліп жіберді.

— Не десең, о де. Бірақ ескертетінім — бұл жағ дайды

екеумізден басқа жан баласы білмесін! Қай талап айтам, елжұртқа

абақтыдан біржола құтылып келдім дегін.

— Мақұл.

Ол сол күні аудан орталығынан абақты бастығына мені

қайғылы жағдайда қаза тапты деп жедел хат жолдады.

Содан Құдай, аруақ қолдап, иманды болғыр Пернебай

бауырым қорғап, ауылымда қалдым. Іздеген, сұраған пенде

болған жоқ.

Алғаш ана үй, мына үй қонаққа шақырып, хал-қадарларынша

құрметтеп, сыйлап бақты. Қайда бармайын арақ алдымнан

шыға келетін болды. Дәмін татқан сайын көңілденіп, өткен

өмір қиындығын ұмыта бастадым.

Бірте-бірте ел жағдайы да түзелуге бет алды. Ол кезде

сірге деген бар еді. Жұрт бір үйге жиналып, қымыз ішіп, ет

жеп, әңгіме-дүкен құратын. Сондай бас қосуларда Бөртеке

бабам (ол кісіні Мүсақұл демей Бөртеке деп кеткенбіз):

302


— О, шырақтарым, кейінгі балаларға пайдасы тиетіндей

жақсы сөз, жақсы өсиет айтыңдар, — деуші еді.

Бірде Бекасыл бабамыз туралы әңгімелей келіп:

— Ыбырайым ағам екеуміз ол кісінің тілін екі рет алмадық.

Онымыз, кейін ойласақ, үлкен білместік екен, — деді. — 1914

жылы, қайтыс боларынан бір жыл бұрын:

— Әй, балаларым, енді үш көктем ауысқан соң жылантақыр

болады. Осы бастан азық-түліктеріңді мол етіп дайындап

алыңдар, — деді бірнеше рет ескертіп.

Балалығымыз ба, шалалығымыз ба, кім білсін: «Әкеміз айта

береді», — деп елең етпей жүре бердік. Өкінгенмен кеш, сол

айтқан 1917 жылы қуаңшылық болып, ішім-жемнен тарылдық.

Ініміз Исақұл әлі жас. Бар ауыртпалық ағам Ыбырайым

екеумізге түсті. Биіктігі екі адам бойындай сайға дәу тастарды

қалап, су өтпес үшін арасын Жергенталдың екі бастауынан

шығатын сағыз секілді нілбота деп аталатын лаймен бекіттік.

Оны түйемен тасып жеткіздік. Осылай жазыққа су шығарып,

тары, қонақ, су бармайтын жерге арпа ектік. Сөйтіп аштықтан

аман қалдық.

Екінші өкінішіміз, Бекасыл әкеміз тоқсан екіге келгенде:

— Оу, балаларым, семіз бір жылқы сойыңдар. Сиқым, Жаныс,

Ботпай, Шымыр жақсыларын шақырыңдар. Оларға менің

айтатын әңгімем бар, — деді.

Қара басып біз шақырмадық. Осы білместігімізге әлі күнге

өкінеміз.

Ол кезде үйіміз осы күнгі мектептің шығыс жағында еді.

Кейде әкеміз орнынан тұрып, сілеусін бөркін киіп, мыс сапты

қамшысын ұстап, өзі еккен тоғайға еніп кететін, бір қауым

уақыттан кейін қайтып келетін.

— Қайда барады екен? — деп бір күні білдірмей ізіне түстім.

Кішкене ғана төбе басында сары долана болушы еді. Сол

жерге жер бауырлай жылжып жетіп, төменге көз салғаным

сол еді, жыра етегіндегі бұлақ басында әкеммен сөйлесіп

отырған ақ киімді, ақ сәлделі кісі жан-жағына күдіктене қарай

бастады.

303


— Балаларымның бірі келген екен ғой, — деген әкемнің даусы

естілген заматта әлгі ақ киімді кісі көзден ғайып болды.

Тоғайдың ішімен жүгіріп отырып, мешітке бардым. Сәлден

соң әкем келді.

— Менің соңымнан барма деп саған ескертпеп пе едім?

Жазым боп кетуге сәл-ақ қалдың. Тағы көз қиығымен ғана

қарады. Тіке қарағанда тірі қалмас едің. Құдай сақтады, —

деді. — Бұдан былай соңымнан барушы болма.

— Жәке, ол кісі кім?

— Ә, сұрап қайтесің? Алла тағаламның төрт періштесі бар.

Соның бірі.

— Бекасыл бабамыздың бір сайыста сізге, ағаңыз Ыбырайымға

берген бағасы бар дейді. Ол қандай баға? — деп

дастарқан басындағылардың бірі сұрақ қойды.

— Е, дұрыс, ол оқиға есімде. Ыбырайым ағам екеуміз

көкпаршы едік. Сиқымның атақты шабандоздары Нұржан мен

Құлажанның әкесі Өмір, Сиқымның атақты биі Балға бізбен

бірге көкпар шапты.

Төңкерістің бер жағындағы Тас жайлауда көкпар соңынан

аударыспақ болды. Сиқым жағынан бірінші боп алаңға Өмір

шықты. Ол кісі кішігірім төбедей аса ірі кісі еді. Жүрексінсе

керек, Жаныс жағынан ешкім шыға қоймады.

Соққыш бастаған Жаныстың игі жақсылары Бекасыл

жәкеме келіп:

— Екі балаңыздың бірін бізге беріңіз. Аударыспаққа шықсын,

— деді өтініп. Жәкем қарсылық білдірген жоқ.

— Мына Ыбырайым (қамшысымен сілтей көр сетті)

намысшылдау еді. Аттан ауып, түсіп қалса, қатты опық

жеп, қиналып қалады-ау. Мына Бөрте кеш (мені көрсетті)

можантомпайлау, аса көп намыстанбаушы еді. Осыны алыңдар.

Мен атымды тебініп, алаңға шауып шыға келдім. Манадан

күтіп тұрған Өмір тиісе кетті. Алысып жүріп оң білегі қолыма

түсіп қалды. Күшке салып тартайын кеп. Бір кезде:

— Бөртеке, абырой сенікі, білегімді қоя бер, — деді Өмір

атының мойнын құшақтап.

304


Қоя бердім. Қарасам, білегінің терісі сыпырылып, саусақтарының

ұшына дейін жетіпті. Тырнақтарынан қан тамшылап

тұр.

Бар күшке салып, сонша қатты тартқан екем. Той, жиында

кездесе қалған жағдайда Өмірдің бетіне тіке қарай алмай,

сеңсең бөркімді көзіме түсіріп, екі жылға дейін теріс айналып

жүрдім.

Бір рет Сайрамсудың басындағы Жоланда көкпарға

таласып, сабас болыпты. Сол сабаста менің Өтебек деген

балам ортада қалып қойыпты. Өліп кетер демей жоландар

қамшының астына алған. Пәрдебек, Мыңбай деген

ағайындарымыз қайтсек Өтебекті ортадан шығарып, соққыдан

құтқарамыз деп жамбастап жатып, қайтпай сабаласыпты.

— Ей, жаныстар! Бөтен жұртпен сабалассаңдар мейлі еді.

Өзді-өзіңді сабап қырыласыңдар ма? Қане, тоқтатыңдар! —

деп Сиқым Балға би айқай сап, екі жақты да пышақ кескендей

тыйған екен. Соны естіп, Бекасыл бабамның бір үлкен ас жиынға

жиналған Дулаттың игі жақсыларына: «Біздің елде Төле би

бабамнан кейінгі әділ би Сиқым Балға. Оның бойын дағы намыс,

ақыл, қайрат біздің осы отырған бәріміздің бойымыздан төрт

көзі түгел табыла қояр ма екен? Әй, қайдам, күдігім бар. Бүгін

өзі осында болуы керек еді, бір жер құдалыққа шақырып,

сонда кетіпті. Өзімен сөйлескендеріңізде байқар едіңіздер.

Пікірімді қорытып, бір сөзбен айтсам, Балға — Дулаттың туы»

— деп берген бағасы ойыма оралып, Балға жәкеме деген

ризалығым бұрынғыдан да арта түсті.

1932-1933 жылғы ашаршылықта, қолында бар азық-түлігін

белсенділер тартып алып қойғанда Нұржан мен Құлажан

бас сауғалап Ташкентке өткен екен. Күндіз жасырынып жатып,

түнде ғана жол жүріп, бірнеше атпен ауылдарына қайта

оралыпты. Ондағы мақсаты — Балға биді бала-шағасымен

Ташкентке көшіріп әкету.

— Біз сізге келдік. Сізді жұртта қалдырғанымыз — иісі

Сиқымға намыс. Бала-шағаңызды, бәріңізді өзіміз асыраймыз.

Тек бізбен бүгін түнде көшсеңіз болды.

— Маған жанашырлық білдіргендеріңе, ағайынгершілік танытқандарыңа

ризамын. Бірақ мен ешқайда көшпеймін. Балға

305


өлімнен қорқып, ата жұртын тастап, қашып кетті деген сөз

— иісі Сиқымға намыс, сүйекке таңба, — деп қанша жалынып,

жалбарынса да, Нұржан мен Құлажанның айтқанына көнбей,

көшпей қойыпты. Содан бала-шаға, бүкіл ауылымен аштықтан

қырылып қалды.

Кейде оңаша қалған сәттерімде:

— Бекасыл бабам Балғаны қалай таныған, не деген сыншы

кісі?! — деп өз өзімен ойға бататыным да бар.

— Бекасыл бабаңыздың шәкірттері туралы не айтасыз?

— Е, ол кісінің біраз шәкірттерін білем. Солардың бірі — Пошатай

ақсақал аулымызда ұзақ жыл имам болды. Бір жағы

өзіміздің ағайынымыз еді. Жан бар жерде қаза бар деп елді

ынтымаққа шақырып жүрді. Жаназа оқығаны үшін жұрт қой,

ақша берсе, алмаушы еді.

— Сен бердің, мен алдым. Жаназаны Құдай үшін оқыдым, —

дейтін. Жан садағасы деп жылда пітір береміз ғой. Осы күнгі

молдалар соған таласады. Ал Пошатай ақсақал пітірден бір

тиын алмайтын.

— Менің екі ағам, Бекасыл, Мыраз молда, имам болды,

екеуі де пітір алған емес, — дейтін. — Мешітке түскен мүлікке

қиянат қылмаңдар. Керек десеңдер мешіттің топырағы

үстіңе жағылып, үйіңе барса, ол да зиян. Мешітке қоссаң қос,

мешіттен алма.

Жасы менің әкемнен кіші еді. Жәке деуші едік. Алдынан

қия өтпейтінбіз. Өте таза кісі еді. Құдайдың құдыреті, баласы

Қанат тартпады.

— Елде әулие екеу болса, біреуі Пошатай ақсақал еді.

Жатқан жері торқа болсын, біреуге қиянат қылды дегенді әлі

естіген емеспін.

Бекасыл бабам ол кісіге жас кезінде бал ашқан екен.

— Әулие жәкем саған кітап көтеріп берейін деді. Үйінде

екеуміз ғана едік. Бір-бірімізге қарсы қарап отырғанбыз. Кітабын

ашып, бір нәрселерді теріп, қағазға жазды. Қай жылы,

қай жұлдызда туғанымды есептен шығарды. — Балам, перзенттен

кем боласың. Не біреу, не екеу, одан артық перзентің

болмайды, — деп, төмен қарап ойланып отырып:

306


— Шырағым, ештеңе емес, ақыр жағың ақар-шақар болады,

— депті Пошатайға. Жеңгедей алған әйелінен тағы бір

бала бар. Ақкөңіл жақсы жігіт.

Бекасыл бабамның екінші шәкірті — Құдайберген молда.

Бір жылы жаңбыр жаумай, қуаңшылық қаупі туды. Колхоз

басқармасының төрағасы Қобал деген еді.

— Маған рұқсат етсеңіздер, мен күн жауғызам, — деді

Құдайберген молда.

— Егер күн жауғызсаң, колхоздан сегіз қадақ қонақ берем,

— деді Қобал.

Құдайберген молда киімінің бәрін теріс айналдырып киді.

Күллі халық бастау басына жиналды. Молда бір қара тезекті

бірге апарып, бастауға сап қойып, ұзақ, талмай оқыды.

Бір кезде бастау қазанға үқсап қайнап, тасып кетті.

Қазықұрт жақтан тоқымдай бұлт шығып, бірте-бірте қанатын

кеңге жайып, аспанды тұтас торлап алды. Көп ұзамай нөсер

шелектеп төкті. Сай-сайдан сел жүріп, үйімізге зорға жеттік.

Содан кейін тойыншылық болды. Бір өкініштісі, кейін Қобал

сегіз қадақ қонақты берген жоқ деп естідік.

— Бекасыл бабаның үшінші шәкірті Қазанқап Байболұлы

туралы не айтасыз?

— Ол жөнінде көп біле бермеймін. Білсеңдер, айтыңдар,

тыңдайын.

— Біздің естуімізше, ол кісі жирен сақалды. жирен мұртты,

бәкене бойлы, шотырлау сары кісі болыпты. Жұрт оны Бекасыл

әулиенің өкіл баласы дейді екен. Себебі, Бекасыл баба

нәрестесі шетіней берген Байболды жұбайымен бірге емдеп,

Қазанқаптың дүниеге келуіне себепкер болған көрінеді. Кейін

өзі ашқан медреседе оқытып, ұстаздық еткен. Оның атақты

«Төле би тарихы» дастанының жазылуына көп ақыл-кеңес

қосып, тарихи деректер айтқан.

«Төле би тарихы» дастанының 178-бетінде Қазанқап ақын:

— Таусылмас көп сыр естідім,

Адамынан үш жүздің.

Тере берсең табылар,

307


Әділ кісі болған соң,

Жүрек аңсап, сағынар.

Сөз жәрдемін көрсеткен,

Теріп айтсам мыналар.

Біріншісі — Бекасыл,

Токсан үш жаста жөнеді.

Қоқандағы хандардың,

Төртеуін көрдім деп еді, —

деп жырлаған.

— Тұстастарымнан сөзге ұста Оңғарбайым, шә кірт терім

арасынан Қазанқабым, — деп Бекасыл әулие екеуін ерекше

мақтан түтыпты.

Кеңес өкіметі орнаған жылдары Ноғай Батыр беков

аудандық милиция бөлімінің бастығы екен. Бір топ кісімен

келе жатып, көшеде Қазанқапқа қарсы жолығып қалады.

— Большевикті мақтап, Николайды жамандап бір ауыз өлең

айтасың! — дейді ол бұйырып. Сонда Қазанқап:

— Бәрекелді, большевик,

Кигіздің жұртқа бөз көйлек.

Төрт теңге болды көк түйнек.

Атаңа нәлет, Николай,

Кигіздің жұртқа шерстанай,

Ішкіздің жұртқа қант пен шай, —

деген екен іркілмей.

— Е, мұны естігенбіз, білеміз.

— Бекасыл бабаның қолжазбалары, кітаптары туралы не

айтасыз?

— Бір жағы қорыққанымыз ба, бір жағы салақтығымыз ба,

Бекасыл бабамыздың бір кітабын сақтай алмағанымыз үлкен

айып болды. Түнде түйеге артып алып кеткенін білеміз,

бірақ қайда апарып жасырғанын ешкім білмейді. Аулымызда

Бекасыл бабамыздың шәкірті Құдайберген деген молда

болды дедім ғой. Ол кісінің Ұябас деген інісі бар еді. Ол

ашаршылықта аштан өлді. Қиыншылық кезең, оны жертөлеге

апарып жерлейді.

308


— Сол жертөледе сандық — сандық кітап бар еді. Өз көзіммен

көрдім, — деді Ұябастың баласы.

— Жертөле қай жерде?

— Дәл осы жерде, — деп ол мені ертіп барып көрсетті.

— Бульдозер әкеп қазсақ, рұқсат етесің бе?

— Рұқсат етемін.

— Әні-міні деп жүргенімізде ол орынға аулымыздың бір

адамы үй салып жіберді. Енді ол бізге қаздырмайды. Бекасыл

бабамыздың кітабын таудан көрдік дегендер де болды. Табылмаған

соң айты не, айтпады не? Бәріне тәркілеу заманы

кінәлі.

— Сіз әлі күнге дейін құс салады екенсіз. Мұны алғаш

кімнен үйрендіңіз?

«Әкемнің ең кіші інісі Мамытбек жәкем өнебойы ителгі

салатын. Жергентал өзенінде кекілік көп еді. Бала кезімізде,

соңынан жүгіріп жүретінбіз. Жаздай құсты мен бағатынмын.

Соғыстан кейінгі уақыт. Қай жер тиімді, сол жерге жұмысқа

бардым. Орман шаруашылығында он шақты жыл істедім.

— Е, бұл ата кәсібіміз ғой. Мен болсам қартайып қалдым.

Қайырып берейін, құс салсаңшы? — деді Мамытбек жәкем.

— Мақұл.

Тор тоқитын Бейсембайға бардым.

— Ә, жіп жоқ, жіп болса тоқу қиын емес қой. Кеше бір құс

ұстап едім, керзі етікке айырбастаймын, — деді ол.

Бекбау ағам дүкенде сатушы еді, сол кісіге бардым да

жағдайды түсіндірдім:

— Көке, жүдә керек боп тұр ғой.

— Керек болса, табылады.

Етікті апарып, құсты Мамытбек жәкеме әкеп бердім. Таудан

бір келгенімде:

— Енді дайын, құсты апарып, сала бер, — деді Мамытбек

жәкем.

Құсбегілік өнер бір жағы нағашымда да бар еді. Ол кісі

бөденеге қырғи салатын. Кейін ірі құсқа көшті. Қашан көзі

көрмей қалғанша құс салып жүрді. Қазір құсты өзім қайырам.

309


Балаларым салады. Бірақ мен сияқты салғандай емес, барады

да таба алмадық, өйттік, бүйттік деп қайтып келеді. Аса көп

тесіле қарамайды.

Анам тірі кезі. Жергенталда отырмыз. Жеті түлеген

көкпеңбек құсым бар еді. Соған кейде жем іздеп, кейде басқа

шаруамен үйден кетіп қалатын кезім көп. Құсымның үстіне

бит түспесін деп бір жағына күл төгіп, еркін аунасын деп

екінші жағына киіз төсеп, салқын боп тұрсын деп ортасына

су сеуіп қоятынмын. Көк құс жас балаға үқсап маған, анама

еркелейтін. Мен бір жаққа кеткенде анам көзінен таса етпей,

қасында ұршық иіріп отыратын.

— Бұл — маған ермек. Бұл жоқ болса үйде отырғым

келмейді, — дейтін анам.

Жақпайтын, әлде тоңазытылған ет беріп қойдым ба, бірде

құсым ауырды. Екі күн бойы тамақ жемей, көзі кіртиіп отырып

қалды. Жақында ғана біздің жайлауға ара бағатын Петр

деген орыс көшіп келген еді. Оның қарауылы Бектай қазақтың

баяғы қыл қобызын тартып, жын шақырып, бақсылық жасап,

ауырған балаларға түкіреді, бала көтермеген әйелдерге зікір

салады екен.

— Құсыңның көзі кіртиіп қалды. Көз тиді-ау деймін. Бектайды

үйге шақырып кел, түкіріп берсін, — деді анам.

Мен Бектайға бардым. Ол қобызын қолтығына қысып, үйге

келді. Құс бұрышта отырған. Бектай қарсы алдына барып,

шөкелей отырып, құсқа түкіре бастады. Кенет қобызы сарт

етіп қолынан ұшып кетті де, өзі жерге құлап, аузынан ақ көбік

ағып, талып, өлді де қалды. Анам екеуміз қолынан сүйрелеп,

бетіне су сеуіп, асып-састық. Бір кезде бейшара есін жинады.

Қобызын қолына алды да, келген жағына қарай үн-түнсіз

жүре берді.

— Үйіне жеткізіп сал, бір жерде жығылып қалмасын, — деді

анам. Мен соңынан ілестім. Үйіне жеткен соң, маған қайырылып,

қарап тұрды да:

— Енді құсқа түкіргенім осы болсын, — деді. — Құсың қанатын

жазып алды да, бір ұрды. Қалай құлағанымды білмеймін.

Құлаған бойда аяғымен алқымымды қысқанда, жанымды қо-

310


ярға жер таппай, буынып өліп кеттім.

— Әй, апам да, мен де қарап тұрдық, құс орнында отырды.

Қимыл етіп, қанатын жазған да жоқ кой, — десем, — мен

сенбеймін — деді.

«Осы оқиғаны Мамытбек жәкеме барып айтып едім:

— Әй, жынды, есалаң неме, өле алмай жүр ме, қызталақ?

Құстың перісі мұның жынынан екі-үш есе күшті ғой, — деді

де қойды. Сонда барып есіме Бекасыл бабамның үлкен

ұлы Ыбырайым атам ауырғанда Алақан ишанның бұрышта

отырған көк құсын көріп: «Балаң шетінеп кетер ме еді, осы көк

құстың себебімен аман қалды. Көк құстың қасиеті көп. Оның

қасиеті ұрпағыңның ұрпағына кетеді. Құстың отырған жеріне

ыныс-жыныс, жын-шайтан жоламайды» — деген сөзі түсті.

Бірде:

— Сіз құсты ат шығару үшін әлде құмарлықтан саласыз

ба? — деп бір қыздар сұрақ қойды.

— Ат шығару ойымда болған емес. Құсты құмарлықтан

саламын, — дедім. — Алдыңғы жылы осындай жаз айында

үш жігіт, бір әйел, жандарында ондар шамасындағы қыз бар,

үйіме келді. Ішке кіргізіп, шай-пай бердік. Орысша білетін біреуі

тілге келді.

— Кімсіңдер?

— Француздармыз. Сізді құс салады деп естідік.

— Кімнен естідіңіздер?

— Осы ауылдың бір баласы Ташкентте істейді екен. Сол

айтты. Якутияға дейін барып, бос қайттық. Сұрай, сұрай сізді

таптық.

Шай-пай ішкеннен кейін арық жағасында тұғырда отырған

бір қаршыға, бір қырғиымды көрді.

— Қазақша киініңіз, құсты қолыңызға қондырыңыз. Біз киноға

түсіреміз.

Ой, несін айтасың, содан әлгілер мені ары әуреледі, бері

әуреледі. Жеке де, немерелеріммен де суретке түсірді.

— Мұны қайтесіңдер?

— Мұны кино, кітап етіп шығарамыз. Бұл барлық елге,

Қазақстанға да тарайды. Суреттеріңізді салып жібереміз.

311


Олар уәде беріп кетті. Содан жоқ. Өтірікші біреулер ғой

дедім де қойдым. Француздармыз дегенде, мен Францияда

болғанмын деп айтқым кеп, мақтаншақ біреу демесін деп

айтпап едім. Үш-төрт ай өткенде суреттерім мектепке келіпті.

— Атаның суретін көреміз, — деп мүғалімдер бір-біреуден

талап ап қойыпты.

— Үш-төртеуін зорға әкелдім, — деді келінім, — оның өзін

мына немерелерім жыртып құртты.

— Құсты қалай қолға үйретесіз?

— Тормен ұстаған соң, инемен екі көзінің астын тесіп,

жіппен байлаймыз. Мұны көзі тігулі тұр дейміз. Аяғына бау

тағып, үйдің босаға бұрышына отырғызып қоямыз. Адам

кіріп-шығады, бала-шаға сөйлеседі. Соған оның құлағы

үйренуі керек. Күніне бір рет аз-аздан ет береміз. Ашыққан

соң бір тістеп, екі тістеп жеуге кіріседі. Ауық-ауық қолымызға

қондырып, үйрете бастаймыз. Он шақты күннен кейін көзін

ашамыз. Адамды алғаш көргенде жұлқынып, шатынайды.

Уақыт өте бауыр басады, қолыңа қонады, қолыңнан жұлқып

ет жейтін болады. Бітті, ар жағы қиын емес.

Алғаш құс салып жүрген кезімде Бекасыл бабам түсіме

енді. Алдымен кітап пен құсты қатар қойып:

— Осы екеуінің бірін қала, — деді.

— Өзім әріп танымаймын, кітапты қайтем? — дедім.

— Түбі кітапты алсаң, жақсы болар еді?

Мен құсты алдым. Оянсам, түсім. Кітапты алсам, молда,

тәуіп болуым мүмкін екен. Мешітте Егембай молдамыз маған

ылғи құран оқытады.

— Менен жасы кішілер бар ғой, соларға оқытсаңшы? Мен

батагөй-ақ болайын, — десем.

— Үйи, көке, олар сізге ұқсап өз жүйесімен оқымайды ғой.

Олар асты-үстін араластырып оқиды, — дейді ол.

— Құсты жақсы көресіз ғой?

— Әлбетте. Бұл да бір перзентім секілді. Орнында отырмаса,

көңілім алаң, орнында отырса, көңілім тоқ. Сыртынан

оқта-текте бір қарап қоям. Құс салғанда атым сүрінеді-ау,

312


жығылам-ау демейсің, бәрін ұмытасың. Сондағы ұстайтының

арзымайтын-ақ нәрсе. Құмарлық адамның сүйегімен бірге кетеді

екен.

— Түгелбай-Данай әулетінде қазір қария кім?

— Той-жиында бас ұстап, бата берері мен болып қалдым.

Сексен сегіздегі Қамытбегіміз бар, бірақ ол кісі үйіне әзер

кіріп-шығады. Жас жағынан да, басқа жағынан да үлкен

болу адамға үлкен жауапкершілік жүктейді екен. Бекасыл

бабамның келер ұрпақ қамын ойлап, ертеңгі ел иесін іздеп,

уайым-қайғы жеген сырын енді-енді түсініп жүрмін. Бізге ол

кісідей болу қайда?

— Ел ағасына лайық жастарыңыз бар ма?

— Құдайға шүкір, бар. Соңғы кезде Қозыбақтың Амалбегінің

аты аталып жүр.

— Амалбек Тшановты айтасыз ба?

— Иә, сол. Бекасыл бабамның кіндік шөбересі Ержан

Исақұлов деген бір генералымыз бар. Ауылда ұстаздық етіп

жүрген, көп жыл мектеп директоры болған Шардар деген

азаматымыз бар. Құдайға шүкір, бұдан басқа да үміт артар

жастар жетерлік. Бәрінің сырттай тілеуін тілеп отырамыз.

— Бекасыл бабасындай болғанын қалайсыздар ғой?

— Әлбетте, қарақтарым. Жақсылыққа жетем деп талпынған,

шын ниет еткен жастарға дайын үлгі халқымызда

көп қой. Біздің халық ол жағынан кенде емес. Бәрінен аруақ

сыйлаған, аруаққа сыйынған жеткіншек жаман болмайды, қарақтарым.

— Оныңыз рас. Жетпісінші жылдары Алматы облысы, Жамбыл

ауданы, Шиен елді мекенінде Әбді деген өзіңіздей қариямен

кездескенімізде, бізге баба аруағы туралы мына әңгімені

айтып берген еді.

Батыр Саурықтың асы. Алыс ағайыннан Ақто рпақ,

Көкторпақ деген қос жүйрік келді. Екеуі де шаппай бәйгемді

бер дейтін жел тимес.

Шапыраштылар оңаша бас қосып:

— Бізге бәйгені мына Ақторпақ пен Көкторпақ бермейді. Бір

амал таппасақ, қиын. Қарасай бабамыздың босағасын сөре

басына апарып тігелік, — деп ақылдасты.

313


— Сөреге атымыз жетсе, жақсы, жетпесе, ұялып қалмаймыз

ба? Сөреге апарып Қарасайдың босағасын тіккен еді, сонда

да аттары қалып қойды деп естіген жұрт мазақтап күлмей

ме? — деді қариялардың бірі.

— Онда Қарасай бабамыздың босағасын сөреге қарата

тігелік, — дескендер де табылды. Ақырында он шақты жігіт

үйді жықпай көтеріп, сөреге қарата тікті.

Бәйге басталды. Ақторпақ пен Көкторпақ бірінен кейін бірі

сәйгүліктердің алдында келе жатты. Сөреге жақындап-ақ

қалды.

Қарасайдың баласы Телібай:

— Бабам Қарасай, сарт боп кеттің бе?! Мына екі ат бәйгені

қатар алатын болды-ау, — деп жылап жіберді.

Сәл өтпей Ақторпақ қырынан кетіп құлап, Көкторпақ оның

үстіне сүріне жығылды. Бас бәйгені үшінші келе жатқан

Сұраншының Ақтұяғы алды. Шапыраштылар:

— Жарықтық Қарасай бабамыздың аруағы колдады, — деп

қуанғаннан бөріктерін аспанға атты.

— Мұндай оқиға бізде де аз емес, қарақтарым. Ол — ұзақ

әңгіме.

— Саурық батырды қырғыздар өлтірген деп естуші едік.

Сол рас па?

— Рас.

Әбді қария бұл жөнінде былай деді: «Саурық батыр

Қастектің аузында қырғыздың Тәуке, Тиес детен екі батырын

өлтірді. Олар өлген жер Тәуке, Тиес сайы аталады. Қырғыздар

кек қайтармақ боп Саурықтың ізін аңдиды.

— Саурық бет алды кісіге алдырмайды. Сендер жақындап

келгенде ортадан жол қалдырып, қақ жарыла қашыңдар.

Мен ту сыртынан тап беріп, найза саламын, — депті қырғыз

батыры.

Ел таудан түсіп, Қарақыстақ ауылының арғы бетіндегі

жазықта отырғанда, қырғыздар бұғып келіп, жылқыға тиді.

Мезгіл — шаңқай түс. Жан-жақтан:

— Ойбай, жау шапты! — деген үрейлі дауыстар естіледі.

Қаннен-қаперсіз дем алып жатқан Саурық батыр жігіттеріне:

314


— Тойторы атымды ұстап әкеліңдер! — деп өзі найзасын

ала-мала жота басына ұмтылады.

— Мынаны ки! — деп алдынан сауытын алып шыққан бәйбішесіне

бұрыла алмайды. Ойы — тездетіп жау бетін қайтару.

Жігіттері Тойторыны таппай, Қойторы атын әкеледі. Үстіне

қарғып мінген Саурық қақ жарыла қашқан жауды қуып жетіп,

ары-бері сайыса бастайды. Бір кезде жамандатқыр семіз

Қойторы бір орында тұрып қалады. Осы сәтте ту сыртынан

жеткен қырғыз батыры Саурықтың жауырын ортасынан найза

шанышады.

Саурық жығылмай арпалысқанда, кірген тұсынан найза

шорт сынып, сабы қырғыз батырының қолында кетеді. Жаралы

Саурық аттың үстінде құламай үйіне келеді. Адамдар найза

сынығын суырып алғанда, ол қайтыс болады.

— Тойторының жоқтығы-ай,

Қойторының тоқтығы-ай, -

деп қыздары жоқтау айтады.

— Саурық батырдың кегін аламыз. Атқа қоныңдар! — деп

жүз шақты жігіт жар салғанда, ауылдың ақсақалы:

— Әй, қарақтарым, желікпеңдер. Кек түбі — қантөгіс.

Тоқтаңдар! Ақымақ болмандар! Жаудан өлген адам — шейіт,

— деп бәрін қантөгіске жібермейді.

— Нағыз қария екен. Түсіндім, — деп Паң қарт ойға ене отырып,

сөзін жалғады. — Әлбетте, намыс үшін аянып қалмауымыз

керек. Бекасыл бабамның шөберелерінің бірі Шардар көп жыл

ауылымызда мектеп директоры болып, бокстан спорт шебері,

талай жарыста бірінші орын алған. Ұшқалақ емес, ұстамды.

Сегіз қырлы, бір сырлы дегендей бос сөзі жоқ, әділ жігіт.

Біз қартпен қоштасқалы тысқа шықтық. Аулада, биік өскен

алма ағашының көлеңкесінде бес-алты бала бірін бірі қуып,

күліп, ойнап жүр.

— Жиендерім ғой. Жылда осы. Бірі кетіп жатады, бірі

келіп жатады. Бәрін ата-анасының қолына аман-есен тапсырсам

деп Құдайдан тілеймін. Қарақтарым, дәм-тұзыма риза

болыңдар. Қонақты құр сөзбен тойғыза алмайсың деген

ғой бұрынғылар. Бекасыл бабамыз: «Қонақ үйімнен күліп-

315


ойнап, риза боп аттансын. Қабақ шытып кетсе, жаныма қатты

батады» — дейді екен.

— Ризамыз, ақсақал, бәрінен сіздің Бекасыл бабамыз туралы

айтқан естелік әңгімеңіз — ұрпақ үшін үлкен олжа.

Балаларыма:

— Ағаларың не айтса, кішілерің мақұл де. Беттеріне

ажырайып қарама. Сендер тату болсаңдар ас та, ат та көп.

Тату болыңдар, — деп отырам. — Ағалары бір іске жұмсаса,

інілері жүгіріп кете барады. Құдайға шүкір, балаларымнан көңіл

қаларлықтай ештеңе байқағам жоқ. — Үйге ие бол. Белден

күш кетті, ауыздан тіс кетті. Үйренген қу әдет, ертеңді-кеш

малды өріске айдай салғаныма алдана берме. Арзымайтын

бір тымау-сымаудың өзінен-ақ қисайып қалуым мүмкін, — деп

кейде ескертіп те қоям. — Бекасыл бабамыздың: «Құдайға

шын сыйынып, шүкірлік еткен — екі дүниенің абыройлы адамы»

— деген сөзін естеріне салып отырам.

— Ұмытып кете жаздаппыз, қария, қанша ұрпағы ңыз бар?

— Менікі емес, Құдайдікі деп айтайын, жеті қызым, төрт

ұлым, жеті немерем, шөберем бар. Жиен немерелерім

отыздан асады. Әкемнен екі жасымда қалған менің айдаудан,

байлаудан аман құтылып, өсіп-өніп, бүгінге жеткенімнің бәрі

әуелі Құдайымның, одан кейін ата-бабам аруағының қолдапқорғауының

арқасы деп білем. Бар тілегім — елім аман болсын,

елімізді, еркіндігімізді жаудан, жаттан қорғар азаматтар аман

болсын. Бекасыл бабамның тағы бір сөзі есіме түсіп тұр. Ол

кісі: «Жүз жылда бір елден бір жақсы адам шығады. Ел құр

болмайды» — деген екен. Әйтеуір жақсыларымыз көбейе

берсін.

Қоңыраттың бір белгілі кісісі үйімізде қонақ боп отырып,

үлкен әжемізден:

— Балаларыңыздың аты кім? — деп сұрапты.

— Бишымыр, Байшымыр, Бекасыл.

— Ойпырмай, бәйбіше, не деген жақсы атты қойғансыздар.

Құдай біледі, үш балаңыз да жақсы болады, — деген екен. Сол

үшеудің елге белгілісі — Бекасыл бабамыз. Өмірден өткенше

жарықтықтың түф деген түкірігі жерге түспеген көрінеді.

316


Бұл күндері де ауру-сырқаулар сонау Алматы, Тараз,

Қызылордадан Бекасыл баба қабырының басына кеп құран

оқып, құрбандық шалып, қараағаш ішіндегі бастаудың суын

әкетіп жатады. Жақында тұрмысқа шыққан ауылымыздың бір

қызы құран бағыштап, мал сойып, зиярат жасады. Бір жиен

қызымыз Алматыға бір фляг су әкетті. Арғы күні үш машина

адам келді. Аурулардың талайы жазылып, бала көтермеген

әйелдердің бала туғандары да бар.

Паң қартпен, есік алдындағы арық жағасында, жеміс

ағашы көлеңкесінде отырған қаршыға, қырғи аталатын қос

құсымен қимай қоштасып, Бекасыл әулиенің сексен жастағы

екінші немересі Жолдасбек қарияның үйіне бардық. Барсақ,

ол кісі алма бағын суғарып жүр екен, иығында кетпен, аяғында

керзі етік, басында көк тақия, үстінде ақ көйлек. Паң қартқа

қарағанда бұл кісі әлдеқайда тың көрінді. Шашының да,

мұртының да ағы аз, жоталы, қыр мұрынды, иықты. Қыл қалам

шебері атақты Аманкелді батырымыздың суретін Шәріп

деген баласының бейнесіне қарап салған деседі. Соның бір

дәлелін біз Жолдасбек қария тұлғасынан да көргендей, бір

сәтке Бекасыл әулиені ойша елестеттік. Ұқсас жайлар көп

секілді. Бірақ Бекасыл баба ақсары өңді болса, Жолдекең

қараторы. Бабасына Астана қалалық ұлттық қауіпсіздік

комитеті департаментінің бас тығы боп істейтін Бекасыл

әулиенің шөбересі генерал Ержан Бекбауұлы Исақұловтың

ақсары өңі, жалпы сырт түр-тұлғасы толығырақ ұқсайтындай.

Шай-пай ішіп, амандық-есендік сұрасқан соң, негізгі

жұмысымызға көштік.

— Сіздер әуелі Бекасыл бабамның немересі — менің әкем

Өтебектің айтқандарына құлақ түріңіздер, — деп Жолдасбек

қарт ойланып-толғана отырып, сөзін сабақтады. — Бекасыл

баба қайтыс боларында сегіз жаста едім, — дейтін. — Тізесіне

шығып отырдым. Үй толған үлкен кісілер. Ол былай деді:

Жылқыдан ту торы биені, түйеден қара нарды, қойдан ақбас

қошқарды, қара малдан мына жаман (мені иегімен нұсқап

көрсетті) мініп жүрген құнажынды (оны өзім өте жақсы көруші

едім. Кешке қарай жайылымнан тойып кеп есік алдында

317


пысылдап жататын. Үстінен ары өтіп, бері өтіп, мойнынан

құшақтап ойнаушы едім) басыма тігіңдер, — дегенде, ол кісіні

ішімнен жек көріп қалдым.

— Мен пәлен күні қайтыс болам. Күнбатыстан желмаяға

мінген ақ киімді, ақ сақалды, ақ сәлделі кісі желіп келеді. Түйе

есік алдына жете бере шөгеді. Жуып-шайып, оң жақтағы

шымылдық ішіне қойған мені әлгі келген кісі желмаяға артып,

өзімен бірге әкетеді. Сонда бір де бірің дауыс шығарып

жыламаңдар. «Әкемізді қайда апарасың? Сен кімсің?» —

деп сұрамаңдар. Егер сендер Құдайға сыйынып, сабырлық

танытып, жыламай тұрып қалсаңдар, мені ол кісі сол күйінде

Меккеге апарып қояды, — деді. — Егер де жыласаңдар, мені

тастап кетеді. Онда екі ағамның қасына қойындар. Жыртыс,

ас беріңдер, бірақ көкпар бермеңдер.

Бекасыл атам қайтыс болды. Жәкемдер жуып шайып, оң

жаққа жатқызып, шымылдық тұтты. Ташкент, Ақмешіт, Тараз,

Бішкекке дейін ат шап тырып, хабар бергізді.

Жаныс Қасымбек датқа Арыс өзені жағасында тұрады

екен. Таңғы намазын оқымақ болып, дәрет алғалы далаға

шыққанда, тау жаққа көзі түсіп, аспаннан жерге құйылып

жатқан нұрды көреді.

— О, тәуба, Бекасыл әулие қайтыс болыпты-ау, деп дереу

намазын оқып бітісімен атына мініп, жаназаға деп едәуір

мал айдап жолға шыққан екен. Жаназаға ел-жұрт ойдан да,

қырдан да көп жиналды. Алдарына сап айдап әкелген малда

есеп жоқтай еді.

Бір кезде, Бекасыл атам айтқандай, шудасы жалпылдаған

түйеге мінген ақ киімді, ақ сақалды, ақ сәлделі кісі желіп

келді де, есік алдына түйесін шөгерді. Өзі жерге түсе салып,

кідірмей үйге кірді.

Есік алдында жиналған қарақұрым жұрт. Кенет Бекасыл

атамның денесін құшақтап көтерген күйі түйе қомына әкеп

жатқыза бергенде таяқ ұстап тұрған атамдар, көкемдер жыламақ

түгілі өкіріп жіберді. Ақ киімді кісі атамды қайта көтеріп,

шымылдық ішіне әкеліп қойды да, түйесіне мініп, төмен қарап

кетті де қалды.

318


— Ой, тез соңынан шап! — деп көкемдер мені жұмсады. Мен

атқа міне сап көп жерге дейін шауып бардым, бірақ ешкімді

көре алмадым.

Кейін көкемдер:

— Әттеген-ай, әкемізге уәде беріп едік. Бекер жылаған

екенбіз. Жыламағанымызда, әкеміз Меккеге барар еді, — деп

өкінді.

Бекасыл бабамды жерлерде Сайрамнан бір түйе мата

алдырған екен. Сол матаға орап, сүйегін төрт жігіттен

кезектесіп көтеріп, таудағы Жергенталдан Қарасораға әкеле

жатады.

Жолдағы елдер:

— Баламызға жасын, бағын берсін, жолын берсін, шақалақ

нәрестелерімізге көйлек қып тігеміз, бесікке байлаймыз, тұмар

қып тағамыз. Тәбәрік, — деп бабамыздың денесін ораған

матаны кесіп ала беріп, кесіп ала беріп, тыржалаңаш қалдырыпты.

Содан амал жоқ, Сайрамға қайта адам жұмсап, тағы

бір түйе мата алдырып, арнайы күзет қойып, үлкен әбігермен

жерлеген екен.

— Бекасыл бабаңның жаназасы өткен жер — мына орын, —

деп жәкем мені арнайы ертіп барып, жаназа өткен жазықты

көрсеткені де бар.

— Бекасыл бабаңыздың кітаптары жөнінде не айтар едіңіз?

— Алты қанат ақ үй толы кітап еді. Астына үш-төрт қабат

киіз төсеп, жерден шаңырақ белдеуіне жеткенше жиюлы

тұратын. Ымырт жабылған кез. Ақ текеметтерге орап, ала

арқанмен олай да, былай да буып, атам мен жәкем қолдасып,

есік алдына шөгерген екі түйеге артты. Іле екеуі екі атқа мініп,

түйелерді жетектеп, қараңғылық қойнына сүңгіді де кетті.

— Сонда қалай қарап жүрді, тауға ма, ылдиға ма?

— Бізді дұшпан көз қылып, алдамаса, тауға, Кіші Қапшағайға

қарай кеткен тәрізді еді. Ілгеріде көрші Қасқасу ауылының

Қаржау деген бақташысы қалып бадам арасындағы үңгірдің

бірінен қаз-қатар жолы тұрған кітаптарды көреді.

— Ойпырмай, мынау не қылған кітаптар? Шын ба, өтірік пе?

Бекасыл әулиенің тауға жасырған кітаптары бар деуші еді,

319


әлде сол ма екен? — деп мелшиіп катады да қалады. Біреуін

алуға қорқып, батпайды. Ойланып, мең-зең боп тұрады да,

ауылға барып, қарияларды ертіп келмек болады.

— Адасып, таппай қалмайын, — деп төңірегіне қарап: «Е,

мынау арша, мынау жартас, күнде көріп жүргендерім ғой,

жаңылыспаймын» — деп, өзінше белгілеп, атпен шауып

сиыршылар қосына барады.

— Әй, сиырлар қайда?

— Сиырлар жайылып жатыр. Мен ауылға барып, қарияларды

ертіп келем. Кіші Қапшағайдың үңгі рінен қаз-қатар жиюлы

кітап көрдім.

Сауыншылар: «Мынау не айтып тұр?» — дейді де қояды. Ол

Қасқасуға шауып кетеді.

— О, жәке, көке, мен Бекасыл әулиенің кітаптарын көрдім.

Жүріңіздер.

— Қай жерден көрдің? Үңгірден бе?

— Үңгірден.

— Қашан көрдің?

— Қазір.

— Ой, онда жүр. Табылса, Құдай беріп қалды ғой.

Үш қарияға Атай, Анар, Әсембай сиыршылар қосылып, бәрі

ары қарайды, бері қарайды, кітаптар жоқ.

— Осы жер еді.

Үңгір іші бос. Бұл қасиет пе, жұмбақ па? Сенеміз бе,

сенбейміз бе? Сенбейік десек, Қаржау өтірік айтатын жігіт

емес. «Жасағаннан ба, әлде ыстық-суық ботқаны асағаннан

ба» дегендей, бір-екі айдан соң Қаржаудың екі жанары сөніп,

басыр боп қалды. Қазір Қаржау, Анар тірі, ал басқалары

қайтыс болды.

— Совет өкіметінің қуғын-сүргініне ұшыраған жоқсыздар

ма?

— Көп ұшыраған жоқпыз. Бөртекей (Мұсақұл) бабам бір

төремен тамыр екен. Кешеге дейін төрелердің айтқаны

айтқан, дегені деген болды ғой.

Оңтүстік ауылында Сыбан Бәйменов деген кісі ауылдық

кеңес төрағасы болды. Ол Бөртекей бабамның төре тамырының

баласы екен. Әкемді таниды.

320


— Біз бұрыннан келе жатқан тамырмыз. «Құлдың тапқаны

бидікі» деген. Мен десең, мына баламды сақта, — дейді әкем

түнделетіп үйіне барып.

— Мақұл, біздің тамыр екенімізді ешкім білмесін, тісіңнен

шығарма.

— Құп болады. Ол жағынан қам жеме.

Сыбан аға мені ФЗО-дан да /фабрика, заводқа жұмысшы

дайындайтын курс/, ең ақыры Шу темір жолына жүмысқа

барудан да алып қалды. Сол кісінің көмегі арқасында қуғынсүргін

көргем жоқ. «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген

өлмесін» дегендей, ол кісі ата-баба аруағын сатпады.

Ол кез ауыр кез еді. Қайда барсаң да қаптаған жетім,

жесір, шал-кемпір. Әр адамға, балаға дейін күнде өкіметке

12 килограмм масақ теріп өткізу міндеттелген. Өткізбесең,

шырылдатып сабайды.

Әкемнің арқасында мен масақ теріп, таяқ жегем жоқ.

Қарным ашып, жыртық киім киіп, ауыр жұмыс істегем жоқ.

Бірақ оқи алмадым. Мен әкемнің жалғызы едім. Өзімнің көз

алдымда, қасымда жүр, — деп оқуға жібермеді.

Сыбан аға орнынан түскеннен кейін әкем шолақ

белсенділерден бой тасалап, ел жоқ, жұрт жоқ, қалың бадал

қаптаған Ақсудың ар жағындағы Масатқа қорықшы боп көшіп

барды. 1945 жылдан 1950 жылға дейін қысы-жазы жалғыз

үй тұрдық. Табан ақы, маңдай термен тұрмысымыз түзелді.

Жесір жеңгемізге, жетім бала-шағаға қап-қап ұн, бидай, ет

беріп, көмектесе бастадық.

Жолдасбек қария басындағы көк тақиясын ары-бері

қозғап, бір оқиғаны есіне түсіре алмаған жандай тұнжырап,

үнсіз қалды.

— Ақсу, Масаттан неге көштіңіздер? — деп біз сөзге араластық.

— Еліміз жоқ па, ағайын жұртымыз жоқ па?

Қысы-жазы Ақсу, Масатта жалғыз үй қашанғы отыра

береміз? Елге көшеміз, — дедім әкеме бір күні.

— Көшпейміз.

321


— Неге көшпейміз?

— Ел айтысып-тартысып жатады. Әулиенің, байдың баласы,

шынжыр балақ шұбар төстің тұқымы деп (Бекасыл бабамның

ең үлкен ағасы Байшымыр түйеге алтын артқан бай болған

екен) бәле болады. Шолақ белсенділер қаматып, айдатып

жібереді. Мұның сыртында ағайындарда мал жоқ, бізде көп.

Күндеп, көре алмайды, сыйламайды. Бар малдан айырылып,

қуғын-сүргінге ұшырап, азып-тозамыз.

— Олар аш болса, мен де аш боламын, тоқ болса, мен де

тоқ боламын. Олар тірі жүрсе, мен де тірі жүремін, — деп Бекасыл

бабамның аруағына сыйынып, атпен ауылыма келдім.

Ол кезде колхозымыздың басқарма төрағасы Жолдыбай еді.

Екеуміз аулымыздың орталық көшесінде қарсы ұшырастық.

Ол да ат үстінде. Амандық-есендік сұрасқан соң, бетіме

тесіле қарап тұрды да:

— Жолдасбек, Құдайға шүкір, жігіт боп қалдың. Сенде енді

балалық жоқ. Көкеме сәлем айт, елге көшіп келсін. Қалаған

жерлеріңнен жер берем, — деді.

— Көшулеріңе қанша арба керек болса, сонша арба жіберем.

Көкем мал бағам десе, бұл жақта да мал бар. Келіп,

елге орнығыңдар, үй-жай салыңдар. Құдайға шүкір, ел тынши

бастады ғой. Қашанғы шың-құз, орман, тоғай арасында

жалғыз үй отырасыңдар, қашанғы қаңғып жүресіңдер? —

деді.

— «Жақсы істі періште бастайды, жаман істі шайтан бастайды»

дейді екен Бекасыл бабам. Бүгін сол кісінің аруағына

сыйынып, сізді іздеп келе жатыр едім. Алдымнан шықтыңыз,

жай шығып қойған жоқсыз, ойымдағыны дөп бастыңыз. Сізді

періште деп біліп, сәлемінізді әкеме жеткізем, — деп қуанышым

қойныма сыймаған күйі ешқайда бұрылмай кері қайттым. Үйге

кеп, Жолдыбай туысқанымыздың сөзін әкеме айтып:

— Көке, елге көшеміз, — дедім. Әкем ұзақ ойланып-толғанып,

ақыры елге көшуге келісті. Қайта Жолдыбайға жолығып, үш

арба алдым. Тұрған жеріміздің басшыларымен есеп-қисап

жасап, бір мал құдайы беріп, елге көштік.

322


Бөртеке атам да, Бекбау, Паң көкелерім де, басқа ағайынтуғандар

да, бәрі біздің елге кеп қосылғанымызға қуанып,

шашу шашты. Бекасыл бабамыздың басына барып, бір мал

сойып, құран оқып. «Бір — жола келдік баба, өзіңіз қолдап,

қорғай көріңіз?» — деп құдайы тарттық. Бұл кезде шолақ

белсенділердің екпіні шынымен-ақ әлсіреп қалған екен, бірекі

рет тиіскенімен бұрынғыдай, тізесін батыра алмады.

— Бойыңызда Бекасыл бабаңыздың рухы барына көзіміз

жетті. Әттең, оқымағаныңыз өкінішті-ақ, — деген бізге Жолдасбек

қария:

— Мен оқуға өте құмар едім, — деп терең күрсінді. — Әкем

«а» деген әріпті де танымайтын. Ол кісінің 1928 жылға дейінгі

өмірі жақсы өтті. Байбатша, мырза атанды. Еркін жүріп, еркін

тұрды. 1928-1945 жылдар аралығындағы өмірі өте ауыр

болды. Соны көрген мен қатты қиналып, қорланып, тек оқысам

деп армандадым. Ол арманым іске аспаған соң:

— Құдай маған бала берсең, өлгенімше оқытам. Өмірім итше

талау, итше қабу болды. Не той, не көкпар көрмедім, ақынжырау,

әнші, палуан күрес өнерін, жалпы салт-дәстүрімізді

тамашаламадым. Бозбалалық, жігіттік дәуір-өмірдің ең қызық

дәуірі ғой. Содан мақұрым қалдым. Ендігі арманым, бала

берсең, Құдай, көзім жұмылғанша оқытам— дедім.

Кейін төрт ұлыма:

— Маған, апаларыңа жалтақтап қарамай, алаңсыз, жақсы

оқы. Қанша теңге, киім керек, бәрін тауып берем. Өз тобыңның

алды, бай баласы байбатшадай етіп жүргізем, — дедім. Ол

уәдемді артығымен орындадым. Құдай маған берді.

— Көке, қай оқуды оқиын? — деді үлкен ұлым Несіпбек.

— Айқай-ұйқайы жоқ, агроном болшы? — дедім. Екінші

ұлым Салауат орман шаруашылығы институтын бітірді.

Бейбітханым салық полициясында істейді. Ақылбегім — дене

тәрбиесі институтының түлегі.

Совет өкіметі уағында өзімді адам ретінде сезініп, оң,

солымды таныған кез. Одан бұрын күндіз-түні қауіп ойлап,

уайым жеумен жүрдім. Қай жылы екені есімде жоқ, Келес

ауданында мақта теруге апарды. Бұрын үйренбеген жұмыс.

323


Ә дегеннен белім ауырып, берекем қашты. Біз тұратын ауыл

Келес ауданының күнбатыс шетінде екен. Одан ары қарай

құла дала қу мекиен, ел жоқ.

Кешке тамақтанып отыр едік, совхоздың шаруашылық ісін

басқаратын жігіт келді.

— Сырдың жағасындағы орманнан ағаш кесіп дайындауымыз

керек. Қолымызда тиісті орыннан алған рұқсат қағазымыз

бар. Бізге бір адамыңызды беріңіз? — деді бригадиріміз

Балқыбекке.

Шаруашылық басшысы менің аты-жөнімді жазып ап:

— Ертең ерте келем. Қалған үш адамды өз ауылымнан

табам, — деп кетті. Ертеңіне келді.

— Барасыз ба?

— Барам.

Балта, ара, шеге, қайрақ, шарық, қауын, қарбыз, ұн, көрпетөсек,

төрт қой алдық. Бір неміс, бір орыс, бір қазақ, мен —

төртеуміз жүк таситын машинаның үстіне, шаруашылық

ісі басшысы кабинаға мініп, ертең ертемен жолға шықтық.

Сырдария жағасына күн бата жеттік.

Біз қамыстан жасалған бойы бір тұтам кішілеу үйге

тоқтадық. Айнала тап-тақыр, бау-шарбақ атымен жоқ, кішілеу

жалаңаш қыстақ. Қыстақтың солтүстік жағы — қарауытқан

қалың орман.

Қақырынып-түкірініп, үсті-басымның шаңын қағып, жуыныпшайынып

болған соң ішке ендім. Енсем, төрде аппақ сақалы

кіндігіне түскен, басында ақ матадан тіккен ақ тақия, үстінде

ақ көйлек әдемі ақ шал отыр. Состиып, сәл тұрыңқырап

қалдым. Қанша дегенмен сыр мінез өз елім емес қой.

— Әй, неғып тұрсың?! Бері кел, мына жерге отыр! — деді қария

бұйыра сөйлеп, оң жағынан орын ұсынып. Ыңғайсызданған

күйі қысылыңқырап, лаж жоқ, төрге өттім.

Қарт кісі бізді бастап келген жігітпен (бір-бірін бұрыннан

жақсы білетін болу керек) біраз әңгімелесті. Бір кезде маған

бұрылып қарап.

— Сен қай жақтың баласысың? Түр-әлпетіңе қарағанда

төстің, тау жақтың баласысың ғой? — деді.

— Иә, қария, таудан келдім.

324


— Таудың қай жерінен келдің?

— Сайрамсудан.

— Сайрамсудың қай жағынан?

Біз жақты білетін кісі екен-ау деп ойлап қойдым.

— Жаныссың ба? Досалының ауылынансың ба?

— Жаныспын, бірақ Досалыдан атамыз бөлек.

— Сен қай атасың?

— Түгелбай — Данай.

— Мм... Сен Бекасыл әулиенің ауылынан екенсің ғой?

— Иә.

— Бекасыл әулиені естуің бар ма?

Терлеп кеттім.

— Естуім бар.

— Бекасыл әулиеден кім бар? Әй, Ыбырайым деген үлкен

ұлынан балалар бар ма?

— Бар.

— Бөртекейден ше?

— Бөртекейден менмін.

— Рас, Бөртекейденсің бе?

— Рас, Бөртекейденмін.

— Алдыма кеп отыршы?

Қарсы алдына барып, шөкелеп отырдым.

— Аяғыңды жаз.

Екі аяғымды түзулеп жаздым. Еңкейіп, етбетінен жата қап,

көзінен жасы бұршақтап, екі аяғымды құшақтаған күйі кезеккезек

сүйіп, біресе екі аяғымды кезек-кезек төсіне апарып

басып:

— Е. жеткіздің бе, Құдай? Көрсеткеніңе мың да бір шүкір.

Асықпа, алдыңа өзі келеді деп еді, Құдая тоба, — деп сөйлеп,

көпке дейін екі бетімнен кезек-кезек шөпілдетіп сүюмен

болды.

— Сен Бекасыл әулиенің шынымен шөбересісің бе? — деді

қайталай сұрап.

— Шынымен шөбересімін.

Үй іші жым-жырт. Серіктерім аң-таң.

325


— Балам, мен жігіт кезімде ол жақта көп болғам. Қамытбек,

Сейітбек, Балға би, Өте әже, Онтау әже, Тыныбек би — бәрін

білем. Ол жақта көп жүргем.

Мен ішімнен: «Бұл кісі Орынша апамыздың бауыры ма

екен?» — деп ойлап, жүрегім лүпілдеп, кеудеме сыймай

барады. Бірақ тіл қата алмадым.

— Ризамын. Жарықтық Бекасыл әулиенің нағыз шөбересі

екенсің, — деп басымнан сипап, иығымнан сүйіп қойды.

Қария түн жарымына дейін әңгіме айтты. Өз аты ұмытпасам

Сағи, әкесінің атын ұмытыппын. Ол көп жыл перзент сүймей,

Бекасыл бабама келіп қаралып, перзент сүйген екен.

— Бекасыл бабаңыздың мүліктерінен сақталғаны бар ма?

— Бар. Бабамның құбыланамасын мен көрдім. Оны жесір

жеңгеміз беріге дейін сақтап жүріп, ұрлатып алды.

— Ол жеңгеңіз бұл күнде бар ма?

— Бар. Жасы тоқсан екіде. Бұдан екі-үш жыл бұрын

ауылымыздағы Қозыбақтың Жамалы Меккеге барып қайтты.

Бекасыл бабамыздың сия дәуіті бүгінде генерал баламыз

Ержанның үйінде сақтаулы. Оны ол әкесі Бекбаудан мұра етіп

алып қалды.

Бекбау бауырымыз айтқанынан қайтпайтын, бір бет кісі

еді. Бекасыл бабамыздың сия дәуітін түкпірден түкпірге,

кебежеден кебежеге жасырып жүріп сақтаған.

Ағайын арасында бүгінде:

— Ержанға бақ қайдан қонды? — деген сұрақ бар. Бәріміз

бір кісідей:

— Бұл Бекасыл баба дәуітінің шарапаты, — деген тұжырымға

тоқтаймыз.

Ержанның бір қасиеті — Астанадан ауылымызға келгенде

туып-өскен үйінде басылып біраз отырады да, шауып Бекасыл

бабамыздың басына барады. Құран оқып, дүға жасайды,

құдайы береді.

Оның осы ықылас-ниетіне бәріміз елжірей еріп, алғысымызды

жаудырамыз, немерелерімізге үлгі етіп айтып отырамыз...

Біз Қарасорадан қайтар күні Паң қарияны ертіп, Бекасыл

баба зиратына барып, мінәжат етіп, құран оқыдық. Бүкіл жан

326


дүниеміз, ой-санамыз нұрланып, тау суындай тазара түскендей,

бейне Алатаудай күш арқалап қайтқандай, өзімізді аса

сергек, аса бақытты сезіндік...

***

Бекасыл әулие бабам Орынша әжемді Құттыбай бабама

той жасап, жасау-жабдығымен ұзатады. Әжеміз Торлан,

Бекбосын, Қалдыбай, Алтыбай атты төрт ұл, Тұрсын деген

бір қыз сүйеді. Оларды аман-есен тәрбиелеп, ел қатарына

қосады. Қалдыбайдан — мен, филология ғылымының кандидаты,

доцент, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,

Төле би ауданының құрметті азаматы, «Халықаралық «Алаш»

әдеби сыйлығының лауреаты, бауыржантанушы, болсам,

Алтыбайдан — Мамырбек, техника ғылымының докторы,

профес сор, Мамырбектен — Жақсылық техника ғылымының

докторы атанды. Әулетімізден математик, инженер мамандығын

игергендер де бар Біздің осы азын-аулақ жеткен

жетісті гімізде Бекасыл бабамыздың шарапаты мол деп

білеміз. Аруағы, рухы алдында тізерлеп тәжім етіп, бас иеміз,

алғысымызды арнаймыз.

Орынша әжеміз соғыс жылдары бір қиырдағы Кавказдан

күшпен, зорлықпен аулымызға көшіріліп әкелінген ашжалаңаш

шешендерге қолдағы барын бөліп берген екен.

— Соғыстан Қалдыбайым аман оралады, бірақ мен көрмеймін.

Мен ноқат гүлденгенде өлемін. Алтыбайыма топырақ жат

жерден бұйырды, — деген екен. Әжеміздің сол айтқандары

айна-қатесіз келді.

Қайтыс боларынан бірер сағат бұрын біз, немерелері Мақан,

Мақым, Мамырбек, Анар, мен — бәріміз еркелеп, мазасын

алғанымыз есімізде.

— Әй, далаға барып, есік алдында ойнаңдар. Шаршап

жатқан кемпірді шаршатасыңдар, — деп бізді үйден қуған

аналарымызға әжеміздің әлсіз үн қатып:

— Тимеңдер, мен шаршамаймын, — дегені де есімізде. Сонда

ол кісі әл үстінде жатқан екен. Баламыз ғой, оны қайдан

327


білейік. Әл үстінде жатса да біздің қамымызды ойлап, өзін

ұмытқан әжеміздің мейірімі не деген шетсіз, шексіз мейірім

деп бұл күні сүйсіне таңғаламыз.

Бекасыл бабамыз қайтыс болғанда Орынша әжеміз қара

жамылып қайғырып:

— Сарқылды таудың бұлағы,

Халқымның туы құлады, —

деп жоқтау айтқан екен. Кейін. «Сексеуіл емен бұтақсыз,

қоян емен су жүрек. Орнында бар оңалар» — деп өзін жүбатқан

деседі. Біз де өзімізді осы сөзбен жұбатқанды жөн көрдік.

Естуімізше, Бекасыл әулиенің тұтынған затта рының өзі

де ел-жұртына қызмет еткен көрінеді. Ол кісі алысқа сапар

шегіп, үйінде болмай қалғанда, не боран-шашында жақын

маңайдағы ауыл келін-кепшіктері қиналып, босана алмаса,

тақиясын, не қам шысын апарады, содан қиналып жатқан

әйел аман-есен босанады екен.

Ең өзек өртер өкініш — Бекасыл бабаның жылдар бойы

ұйқысыз, күлкісіз көзінің майын тауысып жазған еңбектерінің,

тірнектеп жинаған кітаптарының тәркілеу кезінде шолақ

белсенділердің әпербақан әрекетінен жоғалып кетуі. Бұл

жөнінде әулие баба өмірбаянын зерттеушілер төмендегідей

дерек айтады: «Сахара ғұламасы атанған Бекасыл бабаның

жиған-терген кітаптары мен жазған еңбектері баласы

Мұсақұлдың қолында қалады. Алайда, 30-шы жылдардағы

(1930-шы ж., М. Қ.) кәмпеске кесапаты Бекасыл әулетінің тозтозын

шығарды. Мал-мүліктерінен айырылған оның бала лары

қуғын-сүргінге душар болды.

Қайтсек аман сақтаймыз деген үмітпен Бекасыл әулиенің

кітап қазынасын балалары түнделетіп тау бөктеріндегі бір

үңгірге тасып, жасырып тастаған, Әулие асыл қазынасының

қай жерге жасырылғанын білетін баласы Мұсақұл 1930-

шы жылы қуғын-сүргін кезінде аштықтан қайтыс болады.

Өмірден озар алдында әкесінің сүйікті шәкірттерінің бірі әрі

туыс інісі Пошатайға баба мұрасының қайда жасырынғанын

айтып үлгере алмайды.

328


Бір жағы кәмпеске, ашаршылық, бір жағы соғыс басталып,

үлкен қариялардан ерте айырылып қалғанымыздың кесірінен

бабамыздың асыл қазынасының қайда жасырылғанын біле

алмай адастық, — деді бізге бабаның көзі тірі, сексен сегіз

жастағы шөбересі Паңсатбек қария. — Түнде қос түйеге

артып әкеткенін білеміз, бірақ қайда апарып жасырғанын

ешкім білмейді. Аулымызда Бекасыл бабамыздың шәкірті

Құдайберген деген молда болды дедім ғой. Ол кісінің Ұябас

деген інісі бар еді. Ол ашаршылықта аштан өлді. Қиыншылық

кезең, туыстары оны жертөлеге апарып жерлейді.

— Сол жертөледе сандық-сандық кітап бар еді. Өз көзіммен

көрдім, — деді бірде Ұябастың баласы.

— Жертөле қай жерде?

— Дәл осы жерде.

— Бульдозер әкеп қазсақ, рұқсат етесің бе?

— Рұқсат етемін.

Әні-міне деп жүргенімізде ол орынға аулымыз дың бір

адамы үй салып жіберді. Енді ол бізге қаздырмайды. Бекасыл

бабамыздың кітабын таудан көрдік дегендер де болды.

Табылмаған соң айтты не, айтпады не? Бәріне тәркілеу

заманы кінәлі» («Бекасыл әулие» «Елорда» баспасы, Астана

қаласы, 2001 ж. 270-271-беттер).

— Бекасыл әулиенің сексен жастағы шөбересі Жолдасбек

қартқа:

— Бекасыл бабаңыздың кітаптары жөнінде не айтар едіңіз?

— дегенімізде, ол кісі былай деді:

— Әкем бабаңның алты қанат ақ үйі толған кітап еді

дейтін. Астына үш-төрт қабат киіз төселген кітаптар шаңырақ

белдеуіне жеткенше жиюлы тұратын. Ымырт жабылған кез.

Ақ текеметтерге орап, ала арқанмен олай да, былай да буып,

атам мен жәкем қолдасып, есік алдына шөгерген екі түйеге

артты. Іле екеуі екі атқа мініп, түйелерді жетектеп, қараңғылық

қойнына сүңгіді де кетті.

— Сонда қалай қарап жүрді, тауға ма, ылдиға ма? — деп

сұрадым мен.

329


— Бізді дұшпан көз қылып, алдамаса, тауға қарай, Кіші

Қапшағайға қарай кеткен тәрізді еді. Ілгеріде көрші Қасқасу

ауылының Қаржау деген бақташысы қалың бадам арасындағы

үңгірдің бірінен қаз-қатар жиюлы тұрған кітаптарды

көреді.

— Ойпырмай, мынау не қылған кітаптар? Шын ба, өтірік

пе? Бекасыл әулиенің тауға жасырған кітаптары бар деуші

еді, әлде сол ма екен? — деп мелшиіп біреуін алуға қорқып,

батпайды. Ойланып, мең-зең боп тұрады да, ауылға барып,

қарияларды ертіп келмек болады.

— Адасып, таппай қалмайын, — деп төңірегіне қарап: «Е,

мынау арша, мынау жартас, күнде көріп жүргендерім ғой,

жаңылыспаймын» — деп, өзінше белгілеп, атпен шауып

сиыршылар қосына барады.

— Әй, сиырлар қайда?

— Сиырлар жайылып жатыр. Мен ауылға барып, қарияларды

ертіп келем. Кіші Қапшағайдың үңгірінен қаз-қатар жиюлы

кітап көрдім.

Сауыншылар: «Мынау не айтып тұр?» — дейді де қояды. Ол

Қасқасуға шауып кетеді.

— О, жәке, көке, мен Бекасыл әулиенің кітаптарын көрдім.

Жүріңіздер.

— Қай жерден көрдің?

— Үңгірден.

— Қашан көрдің?

— Қазір.

— Ой, онда жүр. Табылса, Құдай беріп қалды ғой.

Үш қарияға Атай, Анар, Әсембай сиыршылар қосылып, бәрі

ары қарайды, бері қарайды, кітаптар жоқ.

— Осы жер еді.

Үңгір іші бос. Бұл қасиет пе, жұмбақ па? Сенеміз бе,

сенбейміз бе? Сенбейік десек, Қаржау өтірік айтатын жігіт

емес. «Жасағаннан ба, әлде ыстық-суық ботқаны асағаннан

ба?» дегендей, бір-екі айдан соң Қаржаудың екі жанары

330


сөніп, басыр боп қалды. Қазір Қаржау, Анар тірі, ал басқалары

қайтыс болды» («Бекасыл әулие», «Елорда» баспасы, Астана

қаласы, 2001 ж., 284-285-беттер).

Біздің ойымызша, Ұябастың баласы айтқан жертөледе

Бекасыл бабаның емес, шәкірті Құдай берген молданың

кітаптары болуы мүмкін. Олай деуіміздің себебі, шаш ал десе

бас алған шолақ белсенділер үй-үйді тінтіп, бай-манаптардың,

би-болыстардың, молдалардың мүлкін талан-таражға

салып, аяусыз жойып, өздерін жазалап жатқан қауіпті кезде

кітаптарды бір үйден екінші үйге апарып жасыру ақылға

сыймайтындай, керісінше, оларды тау үңгірлеріне жасыру

әбден мүмкін. Себебі, біріншіден, ол жаққа іздеп барушылар аз,

барған күнде де тауда не көп, үңгір көп. Дайын асқа тік қасық,

жанаяр белсенділер олардың қайсыбірін қарап, тауыссын.

Екіншіден, үңгір іші қыс-жазы құрғақ болады, жауын-шашын

тимейді. Онда нендей зат болса да ұзақ сақталады. Мұны

Бекасыл әулие балаларының ескермеуі, жалпы жасырған

мүліктерінің ұзақ сақталуын көздемеуі мүмкін емес. Сол

себепті асыл баба мұрасы тау үңгірінің біріне жасырылған

деген тұжырымға келгендейміз.

— Олай болса, неге бар үңгірді сүзіп шығып, тауып алмасқа?

Аласапыран кез өтті ғой, — деушілер де ұшырасар.

Бұл сұраққа берер жауабымыз, баба мұрасы ширек ғасырдан

бері іздестіріліп-ақ келеді, бірақ табылар емес. Біздің болжауымызша,

оның табылмауы, әлі де жақсы іздестірілмеген

тәрізді. Ал баз біреулерге ол кітаптар жиюлы, дайын күйінде

табыла салатындай көрінуі де мүмкін. Асыл қазынаны жасырушылар

сырт көзге түсе берместей етіп, әбден мұқияттап

жасырғанын естен шығармағанымыз жөн. Оның үстіне, Жергентал

жайлауын үш жағынан да таулар қоршап тұр. Ондағы

үңгірлер санын есептеп шығу да қиын.

«Үмітсіз — шайтан» дегендей Бекасыл баба ұрпақтары: «Бір

күні болмаса бір күні ол кітаптар табылады, — дейді күдерін

үзбей. Ылайым солай болғай.

331


***

Ел сыйлаған, тәрбие көрген текті адамның ұрпағы да жақсы,

текті болып, төңірегіне үлгі-өнеге таратпақ. Бұл тәжірибеде

дәләлденген. Өнегелі әулеттің өнегесін Бекасыл бабаның өз

кіндігінен өрбіген ұрпағы өмір жолынан да аңғарамыз.

— Әулие бабам ұлы Ыбырайым атамды өзі жоқта

дастарқанға бата жасайтын болғандықтан Батажан деп атап

кеткен екен, — дейді шөбере келіні Баршагүл ана. — Батажан

атамыз алып күштің иесі, атақты шабандоз, жүрек жұтқан

батыр, ақылды кісі болған деседі.

Аулымызға тосыннан бір дәу қара шошқа пайда боп,

малға шашқан шөпті жеп, сиырлардың қарнын жарып кете

бастайды.

— Енді бұдан қалай құтыламыз? — деп ауыл адамдары

уайым жепті.

Бір күні Нұрсұлтан деген аулымыздың бір кісісі шошқаны

көріп, атпен қырға қуып шығады. Жергенталдың үстіндегі

тепсеңге жеткенде қатарласа түсіп, қолындағы таяқпен

бас тан ұрады. Ұрған кезде, атының тартпасы босап кеткен

екен, ер-тоқымымен ауып, құлайды. Шошқа үстіне мініп ап,

тырп еткізбей басып отырады. Анда-санда бір иіскеп қоятын

көрінеді.

— О, бейшара Нұрсұлтан өлді-ау, өлді ғой, — деп жұрт шулап,

алыстан қарап тұрады. Ешқайсысы жақындап, көмектесе

алмайды. Жақындауға бәрі қорқады.

— Іштен тепсем бе, жоқ, басымнан асыра лақтырсам ба?

— деп Нұрсұлтан астында жатып ойға батады. Осы кезде

таудың қуысында құс салып жүрген Батажан атам кеп қалады.

Жығылып жатқан кісінің кеудесінде отырған дәу қара

шошқаны көріп:

—Анау не? — дейді.

— Ойбай, Нұрсұлтанды шошқа басып отыр, — деп жұрт шулайды.

— Өй, өңшең жүрексіздер! Атадан адам боп тумай кеткірлер!

Ер азаматты көз алдарыңда тағыға талатып қалай шы-

332


дап тұрсыңдар! — деп қолындағы құсын лақтырып жіберіп:

«Е, Жаратқан ием жар бола көр, әулие бабаларымның әруағы

қолдай көр» — деп айқайлап, ат қойып, шаба жөнеліпті.

Жақындап қалғанда шошқа шалқасынан басып жат қан

Нұрсұлтанды тастап, қаша жөнеліпті.

Нұрсұлтан орнынан ұшып тұрып, атына жай дақ міне сап,

шошқаны қуып жетіп, тұла бойын кернеген ашу-ызаның

екпінімен басынан ұрғанда, саусақтарының тырнақтары

арасынан қан шығып кетіпті. Дүлей тағы омақаса жығылып,

тіл тарт пай өліпті. Дәу, семіз қара неменің терісінің қаттылығынан

иттердің тістері батпай, тек құйрық жағын үңгіп

жеп, етін әрең тауысыпты.

— Бекасыл бабамның немерелерінің бірі — Мамытбек

атам көңілденген сәттерінде әңгімені нәшіне келтіріп, әдемі

айтатын, — деп еске алады Паңсатбек қария. — Бір ерекшелігі —

тұйықтау кісі еді. Қамырдан қыл суырғандай етіп суыртпақтап

сыр тартпасаңыз, өздігінен шешіліп сөйлемейтін.

Шөже ерткен тауық қит-қиттап, қанатымен қақ пайлап,

сары ауыз балапандарын соңынан қалдыр май, ертеңдікеш

жем тауып беріп, асырау қамында жүреді ғой. Итмысық,

жыртқыш құстан жан ұшыра қорғайтыны тағы бар.

Өз ойымша, Мамытбек көкем де 1932-1933-ші ашаршылық

жылдары сол шөже ерткен тауықтай еді. Ертең ертемен қара

есегіне мініп, Мәмет, Зиякүл, Сейдінкүл, Жолтай деген төрт

баласын, мені, тағы басқа ауылдың балаларын ертіп, ауыл

сыртындағы көкке апарып жаятын. Бәріміз ашпыз. Сарымсақ,

жуа, желкек теріп жейміз. Біз жайылып жүргенде ол кісі: «Мына

жерде қалың екен, балалар, бері келіңдер» — деп шақыратын.

Кейде есегінен түсе қалып, шөп теретін. Оны үйге келген соң

құмғанға салып қайнатып, шай жасайтын.

Күндегі әдетіміз осы. Жайыла-жайыла беттеріміз,

қолдарымыз терісіне сыймай тырсылдап, аяқтарымыз,

балтырларымыз топ-томпақ боп, жүдә семіріп кеттік. Сөйтіп

жүргенде Құдай жар болып, біздің ырысымызға Мамытбек

атамыздың жалғыз ақ сиыры бұзаулады. Сүт ішкенде барып

333


білдік, біз семірмеппіз. Керісінше, көк шөпке жайыла-жайыла

денемізді ісік жайлап кетіпті.

Мамытбек атамыз күнде бізге өлшеп бір-бір ожаудан үш

мезгіл сүт бере бастады. Сүт ішкеннен кейін жіптіктей боп

қайта арықтадық. Кейде атамыз жеңгесіне:

— Есенқыз, әй, Есенқыз, келінің екеуің мына балалардан

қалған қазанның қаспағын бір жалап кетсеңдерші? — дейтін

айқайлап шақыратын. Өзі ауық-ауық аң атып әкелетін. Өстіп

жүргенімізде қодара бидай пісіп, масақ тердік. Қуырған қуырмаш

жеп, ес жидық. Осылай Мамытбек атам 1932-1933

жылғы ашаршылықта бір ауылды түгел ажалдан аман алып

қалды.

Кейін бәріміз ержеттік. Рашит деген жігіт Мамытбек

атамның Сейдінкүл деген қызына сөз салыпты.

— Барып, ол жігітпен сөйлес. Қандай жігіт екен, біл, — деп

Мамытбек атам үлкен ұлы Мәметті жұмсайды. Ол жолығып

сөйлесіп, онша ұнатпай, тірлікті қисаңдатып келіпті.

— Москваның жетімхана үйінде өскен жалғыз жігіт екен.

Әкесі колхоздың басқарма төрағасы кезінде «халық жауы»

атанып, қуғын-сүргінге ұшырап, опат болыпты. Халуа деген

немере әпкесінің қолында оқып, бухгалтер курсын бітірген,

туған жері Орал-Жайық көрінеді, — дейді.

Мәметтің қарындасын ол жігітке бергісі кел ме генін сезген

атамыз:

— Әй, Мәмет, — дейді. — Қыз не дейді екен?

— Әке-шешем мақұл десе, ол кісілерден озып қайда барам?

Ықтияр әке-шешемде, — деді. Жалпы қызыңыз кет әрі

емес.

— Қыздың ықтияры болатын болса, жалғыз көбеймей

ме, көп жалғыз болмай ма? Ол — Құдайдың қолындағы іс.

Бекасыл бабам бір-бірін ұнатқан екі жасты жылатпаңдар

деген. Екі жасты жылатпайық, — деп жігіттің көңілін жықпай,

ақ батасын беріп, той жасап, қызын ұзатты. Екі жас тату-тәтті

өмір сүрді. Он шақты балалары, немере-шөберелері бар, өсіпөнген

үлкен шаңыраққа айналды, — деп Паңсатбек қарт сөзін

334


жалғай түсті. — Әулие бабамның тағы бір немересі — Бекбау

көкем де керемет ақкөңіл, елден ерекше сұсты еді. Алдына

онша-мұнша адам өздігінен батып келе алмайтын. Біраз жыл

дүкенші боп істеді. Келгендерге:

— Жұмысың жоқ па? Бар итіңді суғар, көжеңді іш, — деп

дүкеннен шығарып жіберетін.

— Кәмпит жейсің бе? Мә, — деп жоқ-жітік кісілердің балаларына

кәмпит, қант-шай беріп, басқа да азық-түлікпен қарасып

тұратын.

Қарыз сұрап келгендерге, мейлі үлкен, кіші болсын:

— Әй, айтқан мезгілде әкеліп бересің бе? — дейтін. Әкеліп

берем десе, ыңқ деші дейтін. Анау ыңқ десе, мейлі мың теңге

болсын беріп жіберетін. Не сұраса да бере салатын. Ыңқ десе

болды, ол адам өтірік айтпайды деп сенетін.

— Қарызға бір кило қант бер?

— Әкеп бересің бе?

— Әкеп берем.

— Ыңқ деп айт!

— Ыңқ демеймін.

— Онда қарызға бермеймін. Бар итіңді суғар, көжеңді іш.

Той-жиында палауды өзі таратып жүреді.

— Ей, жеген жоқсың ба?

— Жеген жоқпын.

— Ыңқ деші.

— Ыңқ.

— Мә, — деп бір табақ палауды бере салатын. Жетіспеушілік

кез ғой. Екінші қайтара келгендерге бермейтін. Берсе,

басқаларға жетпей қалуы мүмкін ғой.

— Ей, сенің аузың майланып қалыпты. Қанша сүрткеніңмен

білініп тұр. Бар, итіңді суғар! — дейтұғын. Өзі қызық кісі еді.

Араздасып қалғандарды тез татуластырып жіберуге шебер

еді.

Кеңестік қызыл империя қуғын-сүргіні басыла қоймаған

ауыр кез. Қайда барсаң да қаптаған жетім, жесір, шал-кемпір.

Әр адамға, балаға дейін күнде өкіметке 12 килограмм масақ

теріп өткізу мідеттелген. Өткізбесең, шырылдатып сабайды.

335


Әкесінің арқасында Бекасыл бабаның шөбере лерінің бірі —

Жолдасбек масақ теріп, таяқ жеген жоқ. Қарны ашып, жыртық

киім киіп, ауыр жұмыс істемегенімен оқи алмады. Өзімнің көз

алдымда, қасымда жүр деп әкесі Өтебек оны оқуға жібермеді.

Өтебек шолақ белсенділерден бой тасалап, ел жоқ, жұрт

жоқ, қалың бадал қаптаған Ақсудың ар жағындағы Масатқа

қорықшы боп көшіп барды. 1945 жылдан 1950 жылға дейін

қысы-жазы жалғыз үй тұрды.

Ақсу — киелі жер. Оның шың-құздарының терең шатқалын,

небір жыңғылды терең сай-жырларын Өтебек түнделетіп

жалғыз кезе беретін.

— О, жәке, түнде жүргеніңізді қойсаңызшы? Айтқан жерден

аулақ, жазатайым атыңыз сүрініп кетсе, қауіпті ғой, — деген

баласы Жолдасбекке:

— Ой, балам-ай, сөзді білмей сөйлейсің-ау. Жақсы ат сүріне

ме? Атымның сыры өзіме мәлім ғой. Түнде жүрсең, ауа

салқын, жол өнімді болады. Барар жеріңе демде барып

қаласың, — дейтін көрінеді.

— Қасқыр, аю, басқа да жыртқыш аңдар бар ғой.

— Ой, жүрегі жоқ қорқақ, жаман неме. Бекасыл бабамның

шөбересімін деуге қалай ұялмайсың? Бабаң ештеңеден

сескенген емес. Қасқыр, аю, қабан дегендерің қорыққан

адамға ғана шабады. Олар қорыққаныңды біледі. Мен ылғи

түнде жүрем, неге маған бір қасқыр, не аю кездеспейді?

Адамнан барлық аң қорқады. Адамды Құдай әз етіп жаратқан.

Әкесі туралы Жолдасбек қарт та бізге:

— Әкем Өтебек біреудің ала жібін аттаған емес, ірі, палуан

денелі бола тұра ешкімге күш көрсетіп, қиянат жасамаған.

Бекасыл бабамыздың айтқан өсиет сөздерін жүрегінде берік

сақтап, дінге өте берілген кісі еді, — деді шешіліп. — Әкем:

«Бекасыл бабаңның үйінде кей күндері азаннан кешке дейін

мал сойылатын» —дейтін.

— Жәке, ол қалай?

— Алыстан үш-төрт атты мейман келеді. Қымызын, етін

беріп, қарағым, шырағым деп әңгімесін айтып, оларды риза

етіп аттандырғанша, тағы бір топ келетін.

336


Олардың аттарын байлап, тартпаларын босатып, үйге

бастап жүреміз. Қойшы, азаннан кешке дейін кейде ең кемі

үш-төрт мал сойылатын.

— Әй, жәке, қыс, жаз, көктем, күз бар. Күніне біреуден сойғанның

өзінде сонша малдың бәрі қайдан шыға береді? Соя,

соя ада болмай ма?

— Ой, балам-ай, Құдай дәулетті шынымен берсе, тепкілесе

кетпейді екен. Бекасыл бабаңа Құдай нәсібені мол ғып берген

ғой. Жарықтықтың даңқын естіп алыс жақтан, жердің түбінен

адамдар бірінен кейін бірі келетін көрінеді. Үйі бір күн адамсыз

болмай, қазан асылып, мал сойылып жататынға ұқсайды.

Малды сырқат жандардың өрен-жарандары көбіне өздерімен

бірге жетелеп, не арбаға артып әкеледі екен. Дайын асты кім

жек көрген. Ауылда жұмыссыз жүргендер де сұғына кеп, ет

жеп, жырғап қалатынға үұсайды. Бір ғажабы, әулие бабам

дем салып, оқыған сырқаттар екі-үш күннен кейін сауығып,

алғыстарын айтып, үйлеріне қайтады екен. Бірақ олар күнде

емес, анда-санда келсе керек. Сонда жылқының қазысы өзінің

ішегіне сыймайтын. Сиыр, қой сойсаң да шара-шара аппақ

май түсетін. Қазір жер тозып, сол уақыттағы шөптер құрып

кетті ме, әлде ауа былғаныш па, жыл бойы жемдеп бақсаң да,

бабаңның кезіндегі малдарға ұқсап семірмейді.

Ол кезде құнан қой бір бөлек, дөнен қой, тоқты бір бөлек

бағылатын. Еркек қозыларды Бекасыл бабаң өзі бақылап

піштіретін. Бармағын бір-бірлеп бүгіп, айды, күнді санап:

— Оу, балаларым, қошқардың күйегін алып, қойға қоя

беріңдір. Бүгін қашып кеткен қой келесі жылы сәуірдің он

бесінен бастап төлдейді, — дейтін. Бәрі бабаң айтқандай

болатын.

— Жәке, Бекасыл бабам үлкен, орташа, не кішкентай адам

ба еді? — деп сұрадым бірде.

— Бабаң ұзын бойлы, ірі денелі, екі иығына екі кісі мінгендей

алып адам еді. Үнемі ақ көйлек, ақ дамбал киіп, таза жүретін.

Кебіс-мәсісін Досалы бидің етікшісі тігетін. Кебісінің үлкендігі

итаяқтай еді. Нәл қаққан, өкшесі биік, кебісінің бір сыңарының

337


салмағы, әй Құдай біледі, бірер кило келетін. Осыдан-ақ біле

бер, Бекасыл бабаңның тұлғасы қандай екенін.

— Атаңның кебісін қой, — дегенде әзер қоятын едім. Бабаң

өте дәу еді.

— Жәке Бекасыл бабам жарықтық күндіз-түні дәретпен

отырады, бейдәрет болмайды дейсіз. Күні бойы қымыз ішеді,

ет жейді, біреу келіп, біреу кетіп жатады. Тағы бабам жарықтықтың

ұстағаны бас. Осы ауқаттың бәрі дәретті бұзбай

қоймайды ғой.

— Бекасыл бабаңның тары жармаға арналған білектей дорбасы

болатын. Мейіз, науат, келіге түйген жаңғақтың дәнін қосып

жасаған жарманы сол дорбаға сап қоятын. Бір кесе сүтке

әлгі жармадан бір уыс қосып, қозғап-қозғап, сіміретін. Бұл тоқ

тамақ, үлкен, кіші дәретке қуаламайды, жел де шығармайды.

Содан бабаңның дәреті ұзақ сақталады. Ал дәреті бұзылса,

қайта дәрет алады.

Қыстың күні, әсіресе, қараша, желтоқсанда қысыр қалған

биенің құлынының тұмсығына енесін ембес үшін екі істік ағаш

байлап қоятын. Сөйтіп қысырақты күніне екі рет сауып алатын.

Оның сүтінен әзірленген қымызға өрік, мейіз, құйрық салады.

Әбден пісіп-пісіп, тәтті болғаннан кейін бір кесе ішеді. Міне,

бабаңның ауқаты осы.

Ол кезде шайды көрген де, естіген де емеспіз. Иттеріміз

есектей еді. Қасқырды қырдан қыр, таудан тау асырып қуатын.

Оларға Бекасыл бабаң ағаштан ойып, итаяқ жасап, қайыстан

бау тағатын. Көшкенде қайыс бауынан арба шанағына байлап

қоятын. Итаяқ түспей салаңдаған күйі жаңа қонысқа бізбен

бірге баратын.

Бабаң домбыра да шертетін, бірақ оны жай ермек үшін

шертетін. Оған көп беріле қойған жоқ. Көбіне кітап оқудан,

жазудан қолы тимейтін.

— Жәке, өлең шығару, домбыра қобыз тарту өнері Бекасыл

бабамда, әлде мама-шешемде бар ма еді?

— Өлең, ән шығару, домбыра, қобыз тарту өнері бабаңның

Манкенттегі Шілмембет нағашысынан бар еді.

338


— Бекасыл бабам көкпарға құмар ма еді?

— Бабаң жақсы көргенімен көкпар шапқан емес. Сайысқа

да түспеген. Егер түскенде бәйгенің алдын бермеуі де мүмкін

еді.

Біз Жолдасбек қарияның бұл айтқандарынан Бекасыл

бабаның күнделікті тұрмыс тіршілігінен аз да болса хабар

алғандай күй кештік. Әсіресе, ол кісінің тек ілім-білім қуған

жан ғана емес, он сауса ғынан өнер тамған талант иесі екеніне

көз жеткізе түстік.

— Бекасыл бабамның кенже қызы Тәуірше әжем де аса

ірі денелі, қайратты кісі болатын, — дейді немересі Шөпшек

Салыбекұлы. — Сексеннен асқан Тәуірше әжем бір күні аулаға

бір бақан етті жайып қоймай ма? Таңертең ерте тұрып қараса,

ет жоқ. Кейін маған былай дегені бар:

— Етті ит жеп кеткенін білдім. Ыза болып, таяғымды артыма

жасырып, ауылды аралап келе жатсам, жақын бір ағайынымыздың

дәу бір көк иті есігінің алдында екі аяғын созып тастап,

қарны қампайып жатыр. Ашуым бойыма сыймай, ақырын үндемей,

демімді ішіме тартып, жақындап келдім. Бейне мамық

төсекте жатқандай басын жерге төсей көсіліп, қаннен қаперсіз

ұйқы құшағына еніпті. Қолымдағы таяғым әулие әкем еккен

қараағаштан жасалған жуан таяқ еді.

Тұла бойымды ашу кернеп тұр. Ішіме демімді тартып,

шіренген күйі ұзыннан жатқан итті бір ұрып ем, аяғын сермей

алмай қатты да қалды.

Үй иесі кемпір:

— Өйбүй, Дүйсенбінің әйелі бір ұрғанда итімді өлтіріп қойды,

— деп ойбай сап қалды. Мен үндемей, таяғымды сүйретіп, кете

бардым. Арамтамақ сазайын менен солай тартқан...

Тәуірше әжемнің де тосын мінезі көп еді. Бірде Көзір

деген туыс інісі әйелінің үстіне тағы бір әйел алыпты. Әжем

құтты болсын айтқалы таяғын сүйретіп, үйіне барса, бойы бір

тұтам, шидей арық біреу бұрышта көзі жылтырап отыр дейді.

Амандасып, жөн сұраса бергенде, Көзір інісі ыржиып, ішке

кіріп кетіпті.

339


— Е, қараңғағыр, бір уыс бәлені қайдан таптың? Тұқымымыз

майдаланып кететін болды, — деп тая ғымен бір ұрып,

інісінің басын жарып қойыпты. Біз Көзір атамыздың Тәуірше

әжемізден таяқ жеуіне себепкер болған апамызды Кіші апа

деуші едік. Сол кіші апамыздың балаларының бәрі әжем айтқандай

кішкентай боп қалды.

— Мына бір уыс бәлені қайдан әкелдің? — деп әжең күйеуімнің

басын жарып қойған, — деп Кіші апамыз бертінге дейін

айтып, күліп жүретін.

Бишымыр бабамыздың қырғыз әйелінен туған Абылай

деген атамыз тоқсан тоғыз жасында дүние салғанда, Тәуірше

әжеміздің:

— Қыршын кеткен қарағым-ай, — деп жоқтау айтып жылағанына

жұрттың бәрі ішек-сілелері қата күліп, мәз болғандары

да бар.

Тәуірше әжемді жұрт әкесі Бекасыл бабамның аузынан

түсіп қалған дейтін. 1978 жылы Талдықорғанда екі жылдық

әскери борышымды өтеп келдім. Тәуірше әжем 103-те еді.

Көзі көрмей қалыпты. Амандасып:

— О, әже, мен Шөпшек деген немереңізбін ғой, — дедім.

Даусымнан таныды. Сонда да сеніңкіремей:

— Бері жақындашы, қарағым, бері жақында, — деді.

Жақындап ем, бөркімді шешіп тастап, алақанымен иығымнан,

бетімнен ұстап:

— Енді сендім,— деді.

Бұл айтылғандардан да Бекасыл бабаның сырт тұлғасын

ғана емес, ішкі әлемінен де біраз хабар алғандай боламыз.

Әсіресе, ол кісінің өр рухын тани түскендейміз.

Бұл ретте бізге әулие бабаның немересі Өтебектің өмір

жолы да көп ой салғаны анық. Ол Кеңес үкіметі орнағаннан

кейін әулиенің, молданың ұрпағы делініп, қуғын-сүргінге

ұшырайды. Басына түскен қиындыққа, әділетсіздікке Өтебек

жасымайды. Құз-жартас ортасында қорықпай жалғыз үй

отырып, табан ақы, маңдай терімен тұрмысын түзейді. Жесір

жеңгесіне, жетім бала-шағаға қап-қап ұн, бидай, ет беріп,

көмектесе бастайды. Баласы Жолдасбек есейген соң:

340


— Еліміз жоқ па, ағайын, жұртымыз жоқ па? Қысы-жазы

Ақсу, Масатта жалғыз үй қашанғы отыра береміз? Елге көшеміз,

— дейді әкесі Өтебекке.

— Көшпейміз.

— Неге көшпейміз?

— Ел айтысып-тартысып жатады. Әулиенің, байдың баласы,

шынжыр балақ, шұбар төстің тұқымы деп (Бекасыл бабаның

ортаншы ағасы Бишымырдың түйеге алтын артқан бай

болғанын шолақ белсенділер білетін) бәле болады. Абақтыға

қаматып, айдатып жібереді. Мұның сыртындағы ағайындарда

мал жоқ, бізде көп. Күндеп, көре алмайды, сыйламайды. Бар

малдан айырылып, қуғын-сүргінге ұшырап, азып-тозамыз, —

деп әкесі көнбейді.

Өтебектің бұл айтқандарынан біз оның бойында Бекасыл

бабаның ойшылдық, қауіп-қатердің қайдан келерін күні бұрын

сезіп, болжаушылық, өзін қоршаған орта сырын нәзік таныпбілушілік

қасиеттері барын аңғарамыз. Ал жастық жалыны мол

баласы Жолдасбектің «Олар аш болса, мен де аш боламын,

тоқ болса, мен де тоқ боламын. Олар тірі жүрсе, мен де тірі

жүремін», — деп Бекасыл бабасының аруағына сыйынып, атпен

ауылына баруы, орталық көшеде колхоз басқармасының

төрағасы Жолдыбайға жолығып қап, амандасуы, оның:

«Жолдасбек, Құдайға шүкір, жігіт боп қалдың. Сенде енді

балалық жоқ. Көкеме сәлем айт, елге көшіп келсін. Қалаған

жерлеріңнен жер берем. Көшулеріңе қанша арба керек болса,

сонша арба жіберем. Көкем мал бағам десе, бұл жақта да

мал бар. Келіп, елге орнығыңдар, үй-жай салыңдар. Құдайға

шүкір, ел тынши бастады ғой. Қашанғы шың-құз, орман,

тоғай арасында жалғыз үй отырасыңдар, қашанғы қаңғып

жүресіңдер» — деуі шолақ белсенділермен бірге ел ішінде

ойлы, парасатты, жанашыр жандардың да жоқ емесін, соның

бірі колхоз басқармасының төрағасы Жолдыбай екенін, ондай

жандар жүрген жерде елдің елдігі жалғаса беретінін, қандай

күн туса да, жақсылыққа деген құштарлық отының сөнбейтінін

ұққандай боламыз.

341


— «Жақсы істі періште бастайды, жаман істі шайтан бастайды»

дейді екен Бекасыл бабам. Бүгін сол кісінің аруағына

сыйынып, сізді іздеп келе жатыр едім. Алдымнан шықтыңыз.

Сізді періште деп біліп, сәлемімді әкеме жеткізем, — деген

жас жігіт Жолдасбек сөзінен Бекасыл бабамыздың жігіт

кезіндегі өзін көргендей әсерлендік. Жай көріп қана қоймай,

ол кісінің көңіл көкжиегімен, ой-парасат тереңдігімен, бір

сөзбен айтқанда, рухымен танысқандай да болдық.

— Қалай ойлайсыз, Бекасыл бабаңыздың қасиеттерінен

бойыңызға жұққаны бар ма? — дедік Жолдасбек қартқа.

— Оны айту маған қиындау. Мына жайға көңіл бөліңіздер.

Елге көшіп кеп, ес жиғаннан кейін үй-жай, қора-қопсы

салып, есік алдына жүз түптен астам алма ағашы көшетін

отырғыздым. Қолым сәл босаса болды, соны баптап, күтем.

Төрт-бес жыл өтісімен-ақ жеміс бере бастады. Кей жылы

күзде төрт тоннаға дейін алма жинап алатын болдым.

Бір жылы автобус жалдап, аузы-мұрнынан шығара жүз

елу жәшік алма артып, кемпірім базарға кетті. Мен балаларға,

малға бас-көз болып, үйде қалдым.

Бейбітхан, Асылбек деген екі ұлым жас, мектепте оқиды.

Өздері от жағып, тамақ істейді. Отты тұтата алмай, бетауыздары

күйелеш-күйелеш боп, бір-біріне қарап күледі.

Бірте-бірте тамақты кезекпен әзірлейік дегенге шықты. Кей

күні үлкені кішісін алдап жұмсауға көшті.

Арада он сегіз күн өтті. Кемпірімнен хабар жоқ.

— Апамыз қашан келеді? Жүдә, әбіржіп кеттік, кірлеп кеттік.

Мектепте ағай ұрсып жатыр, — деп екеуі қыңқылдай бастады.

Кей күні:

— Тамақ та ішпей, аш жата саламыз, — дегенді шығарды.

Күн батып, малды жайғап, кешкі тамағымызды ішіп, үйде

отырғанбыз. Екі ұлымның әдеттегідей қыңқыл-сыңқылы,

ренжігені көбейе бастаған соң:

— Балам, қой қораға барып, қырық бір құмалақ санап әкел,

— дедім Ақылбегіме. Ол еріне басып кетіп, әкелді.

— Санадың ба?

342


— Санадым.

Мен бал ашуға кірістім. Бұрын мұндайды өмірінде көрмеген

екі ұлым таңырқап, екі жағымнан төнді де қалды.

— Мұныңыз не?

— Бұл — бал ашу, — деп мән-жайды айтып түсіндірдім. Құмалақты

шашып жіберіп:

— Апаларыңның әлі үш жәшік алмасы сатылмапты. Базарға

алып барып, алып қайтып жүргеніне бүгін үшінші күн.

— Қайтіп білдіңіз? Қырық бір құмалақ сөйлемейді ғой.

— Тілін білген адамға сөйлейді. Үш жәшік алманың өтпеу

себебі — өңкей солып, құрт жеген қалдығы екен.

— Енді не болады?

— Бүгін емес, ертең түнгі сағат он екі мен бірдің арасында

апаларың үйге келеді.

— Осыдан, көке, сізді сынап көреміз. Айтқаныңыз орындала

ма, орындалмай ма, байқаймыз.

— Мейілдерің.

Қырық бір құмалақты отқа тастай салдым. Ертеңіне екі

ұлым түнгі онға дейін ұйықтамады. Бір кезде Бейбітханым:

— Ертең сабақ, ұйықтайық, — деді.

— Көкем бүгін келеді деді ғой. Апам келгенше ұйықтамайық.

— Ой, көкем айта береді.

Шамды сөндіріп жаттық. Қай мезгіл екенін білмейміз,

машина гүрілінен оянып кеттік.

— О, апамыз келді!

Екі ұлым менен бұрын қимылдап, мәйкішең, трусишең

жүгіріп, далаға шықты. Апаларын құшақтап беттерінен сүйіп

жатыр.

— Айналайын, апа, неге кешіктіңіз? Қор болдық қой.

— Әдірә қалғыр үш жәшік алма өтпей үш күн әуре болдым.

Екі ұлым маған күлімсіріей қарап:

— Көке, қайтіп білдіңіз? Айтқаныңыз дәл келді ғой, — десті

таңырқап.

Жолдасбек қарт әңгімесін әрі қарай созып, мына жайды

әңгімеледі.

343


— Мен оқуға өте құмар едім. Әкем әріп танымайтын. Ол

кісінің 1928 жылға дейінгі өмірі жақсы өтті. Байбатша, мырза

атанды. Еркін жүріп, еркін тұрды. 1928-1945 жылдар аралығындағы

өмірі өте ауыр болды. Соны көрген мен қатты қиналып,

қорланып, тек оқысам деп армандадым. Ол арманым

іске аспаған соң:

— Құдай маған бала берсең, өлгенімше оқытам. Өмірім итше

талау, итше қабу болды. Не той, не көкпар көрмедім, ақынжырау,

әнші, палуан күрес өнерін, жалпы салт-дәстүрімізді

тамашаламадым. Бозбалалық, жігіттік дәуір — өмірдің ең

қызық дәуірі ғой. Содан мақұрым қалдым. Ендігі арманым,

бала берсең, Құдай, көрге кіргенше оқытам, — дедім» («Бекасыл

әулие», «Елорда» баспасы. Астана қаласы, 2001 ж., 286-

бет).

Жолдасбектің жоғарыдағы сөздерінде заман қайғысы,

ащы өксік, асыл арман жатыр. «Өмірім итше талау, итше қабу

болды», деген бір ауыз сөзбен тағдырының бар тауқыметін

баяндай білгені Бекасыл бабасына тартқан ойшылдығын,

парасаттылығын танытып тұрғандай. Төрт ұлыма: «Маған,

апаларыңа жалтақтап қарамай, алаңсыз, жақсы оқы. Қанша

теңге, киім керек, бәрін тауып берем. Өз тобыңның алды, бай

баласы байбатшадай етіп жүргізем» — дедім. Ол уәдемді

артығымен орындадым. Құдай маған берді. «Көке, қай

оқуды оқиын?» — деген үлкен ұлым Несіпбегіме: «Айқайұйқайы

жоқ, агроном болшы» —дедім. Екінші ұлым Салауат

орман шаруашылығы иниститутын бітірді. Бейбітханым

салық полициясында істейді. Ақылбегім — дене тәрбиесі

иниститутының түлегі» — деген әкелік мейір-сезімге толы

сөздерінен оқымаса да тоқығаны көп, өмір, қоғам сырын

дұрыс түсініп, өмірінің жалғасы — балаларына дұрыс тәрбие

бере білген әке екенін көреміз. Әсіресе, ол кісінің «Айқайұйқайы

жоқ агроном болшы?» — деген бір ауыз сөзінде көп

мағына жатыр.

Шау тартқанына қарамай өз бетінше әріптерді жазып,

оқып үйрену арқылы сауатын ашқан ол кісі бүгінде барлық

344


газет-журналдарды, кітаптарды оқи береді. Тіпті қолынан

кітап түспейді десе де болғандай. Құранның жартысын жатқа

біледі. Бес уақыт намазын үзбейді.

— Оразқұл жәкем де сөзге ұста еді, — дейді әулие баба

шөбересі Ілесбек сөз кезегінде. — Ауыл адамдары араздасып,

ұрсысып қалса, Оразқұл жәкем де бәрін келісімге келтіріп,

екі жақты да тез татуластырып жіберетін. Ажырасқандарды

қайта қосатын.

— Ашу-аразды қойыңдар. Бұл бізге жараспайды, — дейтін.

Малға да шаруа кісі еді. Қара күшке де өте мығым болатын.

Там төбесіне шөп жиятын. Жоңышқаның екі-үш бауын орапорап,

қолымен нығыздап тастағанда орнынан қозғалта

алмаушы едік. Шал кезінің өзінде үлкен бөренелерді иығына

қағып сап көтеріп кете беретін. Көрген адамдар:

— Ойпырмай, мына кісі не деген қара күш иесі?! — деп қайран

қалатын. Қартайса да екі-үш жігітке бой бермейтін. Жұбайы

— Пістегүл жеңешем де рақметті жақсы адам еді. Баймақан,

Нұрқан деген ұлдары мықты спортшы. Үлкен ұлы Қалман

да бір адамның көңілі қалсын демейді. Қазір жеке менщік

дүкені бар. Жағдайлары жаман емес. Сондай мінәйім, артық

сөзі жоқ. Жан баласына дауыс көтермейді. Ол кісіні балалары

да, келіндері де, ағайын-туғандары — біздер де сыйлаймыз,

айтқанын тыңдаймыз. Соған өзі бізді еріксіз мәжбүр етеді.

Қариямыз жоқта қариямыздың орнын жоқтатпайтын бір

кереметі бар кісі.

Кейігі кезде әулетіміздің ең үлкені Оразқұл көкем

болып қалды. Құдалық келеді, той-жиын болады. Бәрін өзі

басқаратын. Көпшіл, әзіл-қалжыңға ұста, асабаға лайық,

той-жиынды басқаруға шебер еді. Аға-жеңгелермен, інікеліндермен

тіл табысып, бәрін өзіне үйіріп, айтқанын істететін.

Қай келіні болмасын «ата, ата» деп аузына қарап отыратын.

Бәріміз де сөйтуші едік.

Бос сөйлемейтін, ұтатын жерін айтатын. Қалай болмасын

өз дегеніне көндіріп, сөзбен жеңіп қоятын. Керек жерінде

күлдіретін де, жылататын да. Сөйтіп жұртты соңынан ертіп

345


алатын. Ол кісінің сондай қасиеті бар еді. Әсіресе, құдақұдағиларды

тырқылдатып күлдіріп, сілесін қатырып, әдемі

өсиет сөздерді, мақал-мәтелдерді орынды қолданып,

бұрынғы болған шежіре-тарих оқиғаларды келістіріп, бейне

кинодағыдай көз алдыңа елестетіп айтатын. Пәленше бай,

түгенше болыс, датқаға Бекасыл бабам былай деген деп

бәрін қолмен қойғандай етіп, жұртты аузына қарататын. Есте

сақтау қабылеті таңғаларлықтай еді. Ол кісіге бәріміз тырп

етпей бағынушы едік.

— Eй, жігіттер, бізді Бекасыл әулие әулеті, молда балалары

дейді. Жүрген жерімізде «әулие ұрпақтарынан үлгі, өнеге

алайық» деген сөзді көп естимін. Сол әулие ұрпағы деген

ұғымға лайық болыңдар, бір-біріңді жаудың балалары санамай,

аға, іні деп сыйлаңдар. Бір жас та болса үлкенді сіз деңдер.

Жаман аттарың шығып, әулетімізге сөз келмесін. Олай

ету — біз үшін ұят, өлім. Осы жағына өте абай болыңдар, —

деген өсиет сөзі әлі есімде. Содан бізде (кейінгі жастарды

қайдам) Несіпбектер, Ержандар, төменгі буын бізің баламызға

дейінгілер бір-бірін аға-көке деп сыйлап тұрады. Мысалы,

Сапархан менен бір жас үлкен. Мен ол кісіні сіз деймін. Өкшелес

інісімін деп жағаласып кетпеймін. Мақұлбек, Аманкелді көкемдерді

де сіз деймін. Олардың айтқанын екі етпеймін. Мен үшін

ол кісілердің айтқаны — заң. Үлкенді сыйлау, тыңдау бізде

дәстүрге, бұлжымас қағидаға айналған. Біз бір-бірімізді өте

жоғары дәрежеде сыйлап тұрамыз.

Қазіргі қариямыз — 88 жастағы Паңсатбек ақсақал. Ол

кісі де бір-ақ сөйлейтін кісі. Өзі құсбегі. Бүркіт те баулиды.

Қаршығаны, ителгіні қос-қосымен ұстайды. Бәрінің тілін тауып,

баптай біледі. Бір кезде ол кісінің құмай тазысы да болды.

Ондай тазылар қазір жоқтың қасы. Өте есті еді. Қайда барса

да соңынан қалмайтын.

— Әулетіңізде аңшылық өнермен айналысқан тағы кімді

атар едіңіз? — деген сұрағыма Паңсатбек қарт былай деп

жауап берді.

— Мамытбек атамның баласы Мәмет те аңшы, құсбегі еді.

Оның да құмай тазысы болатын. Көбіне тауға барып, киік ау-

346


лайтын. Өзі өте қайырымды еді. Өле өлгенше бригадир, ферма

меңгерушісі боп, ат үстінен түспей кетті. Өте бір есте қалар

кереметі — айтқанын екі етпейтін, сөзге ұста, ойшыл да

тапқыр, намысшыл еді.

Сөйлесе келе байқағанымыз — Паңсатбек қарияның өмірі

қиындыққа, қауіп-қатерге толы болыпты. Оны өзіндей етіп

айтып жеткізе алмаспыз. Сол себепті өзін тыңдалық.

— 1941 жыл. Тұтқынға түстік. Тікен сым темірмен қоршалған

лагерь ішінде жатырмыз. «Бауырлар-ым!» деген дауыс

естілді. Мойнымды бұрып, артыма қарауға шамам жетпеді.

Азып, тозып, әлсірегенім соншалық, орнымнан қозғала

да алмадым. Көзім алды қарауытып, басым айнала берді.

— Қор болған мұсылман бауырларым-ай, — деп жылаған

Мұстафа Шоқай екен. Ол бізді құтқарады, — деген қауесет

естіп, әжептеуірім қуаттанып қалдым.

Ертеңіне бізді іріктей бастады. Ала шапанымыздың,

киімдеріміздің бәрін сыпырып тастап, моншаға түсіріп, ақ

көйлек, ақ дамбал берді. Күніне алты реттен бір қасықтай

ғана мөлшерде тамақтандырды. Содан оның көлемін біртебірте

көбейте түсті. Бір апта ішінде әжептеуір ес жинап, алға

қарай алатын адамға айналдық. Бәрімізді тап-таза, аппақ

төсекке жатқызды.

Таңертең орнымнан тұрып қарасам, ақ сейсептің

беті көкпеңбек биттен көрінбейді. Моншаға түскенімізге,

шашымызды сыпырып тастағанымызға қарамастан ақ сейсеп

үсті көкпеңбек бит. Содан әлгі төсенішті жинап алып өртеп,

басқа ақ төсеніш төседі. Ол да қайтадын көкпеңбек битке

толды.

Үстімізге күпәйке берген. Оны қарға бір ұрсақ, қардың

беті қап-қара бит боп шыға келеді. Адамның денесі сансыз

қансорғыштың ұясына айналғанына әлі күнге таңғаламын.

Содан біз бір апта тазаланумен бодық.

«Е, айналайын Мұстафа Шоқай бауырым, мені ажалдан

әуелі Құдай, содан кейін сіз алып қалдыңыз. Енді бір апта

кешіккеніңізде мен өмірден баз кешер едім», — деп ертеңді-кеш

алғыс айтумен болдым.

347


Мұстафа Шоқай бізге «Түркістан легионері» деген эмблемасы

бар киім кигізді. Әскери жаттығуға қайта кірістік. Бір күні:

«Ойбай, дейсің, Мұстафа Шоқайды қасындағы адам күндеп,

у беріп өлтіріп қойыпты» — деген қауесет бұрқ етті. Бәріміз

қай ғырдық.

Бізді кемеге тиеп, Америкаға аттандырып жіберді. Онда

қылыш секілді қанжармен қант таяқшасын шауып, ордық.

Ақшаны жақсы төлейді. Кешке дейін жақсы істесең, ақшаға

көміліп қаласың. Енді біз дүние жинай бастадық. Біреулер

фабрика, дүкен ашып, капиталист бола бастады. Оған ерік

берген. Менің есі-дертім — ауылыма жету. Құдай қаласа,

туған топырағыма сөз жоқ оралам деген сенімім көкірегіме

күннен күнге беки түсті. Алдымды абақты күтіп тұрса да, елге

жеттім-ау!

Адамның жаны соншалықты сірі екеніне әлі күнге

қайранмын. Біз тірі қаламыз деп ойлаған жоқ едік. Бойымызда

мойнымызды бұрып, артқа қарай алатындай әл-дәрмен

қалмағаннан кейін бізден не қайран? Құдайдың құдіреті

күшті екен. Міне, мен әлі күнге дейін тірімін, өмір сүріп келемін...

Бұл есітер құлаққа оңай, ал бастан кешкен кісіге зіл

батпан, ауыр қайғы екені аян. Әйтсе де Паңсатбек қарттың

туған жерге деген таңғы шықтай мөлдір сүйіспеншілігі

Бекасыл бабамыздың өзі өскен ауылына деген сүйіспеншілігін

еріксіз есімізге салғандай. Салыстырып көрелік. Бекасыл

әулие Арқадағы ағайындарында бір жыл жүріп, Қарасорға

оралғанда бір кішілеу жарқабақтың ығындағы қара лашықтың

алдына келіп, аттан түсе қалып, қасындағы серіктеріне де

түсіңдер деп, ішке дауыс береді. Тысқа кедей жігіт шығады.

Сәлемін алысымен:

— Оу, нең бар, қарағым? — дейді Бекасыл баба.

Жігіт не дерін білмей сасып қалады.

— Қарағым, саспа. Бетіне қоюы шыққан бидай көжең бар

ма?

— Бар, ата.

— Е, онда күбіңді пісіп, шайқап, бір аяқ көже құйып бергін.

Қарасора ауылымның бидай көжесін сағындым.

348


Кедей жігіт күбісін пісіп, шайқап, бір аяқ көже құйып береді.

Отыра қалып сіміріп, мейірленіп:

— О, шіркін, Арқадағы ағайынды бір жыл армансыз-ақ аралап

жүрдім ғой. Түйе де, бие де сойылды, қошемет, сый-құрметінде

де шек болған жоқ. Жегенім — жал-жая, қазықарта,

ішкенім қымыз еді. Соның бәрінен туған жерімнің бір

аяқ көжесі тәтті болды-ау, шіркін! Құмарымнан бір шықтым.

Жігіттер, туған жердің топырағына жететін дүниеде ешнәрсе

жоқ екен, туған жер адамға қайда жүрсең де ыстық екен. Бір

жыл бойы жеген жал-жаяның бәрі туған жерімнің бір тостаған

көжесінен артық болмады, — дейді жіпсіген әжімді маңдайын

алақанымен сүртіп.

Осы сүйіспеншілік шөбересі Паңсатбектің де бойынан төрт

көзі түгел табылып тұрған жоқ па? Оны жат жерде магнитше

тартып алған сол туған жерге, елге деген махаббат құдыреті

екенін бәріміз жақсы түсінсек керек. Әсіресе, Паңсатбектің:

«Тәуекел! Мен елге қайтам. Алдаса да мейлі. Сүйегім

жат жерде қалғанша, туған топырағымда қалсын, туған

топырағымды тыңайтсын», — деген сөзі қандай қасиетті

сөз?!. Бұл — кім көрінгеннің аузына түсе бермейтін, қасиетті

бабаның қасиетті ұрпағы ғана айта алар сөз!

Паңсатбек қария — советтік қызыл империя қуғын-сүргінінің

кесірінен оқымаған, бірақ тоқы ған кісі. Осы жайында ойласам,

есіме Қазақ мем лекеттік спорт және туризм академиясының

бұрын ғы ректоры, педагогика ғылымының докторы, профессор

Бектілеу Қаражановтың бірде маған:

— Бауыржан Момышұлы неге Бауыржан Момышұлы? — деп

сұрақ қойғаны түседі. Ә дегенде не дерімді білмей ойланып,

тосылып қалғаным бар. Бұл мүлде мен күтпеген сұрақ еді.

— Неге үндемейсіз?!.

— Халқын сүйгендіктен...

— Мұныңыз — әлсіз жауап.

— Онда өзіңіз айтыңыз.

— Бауыржан Момышұлының Бауыржан Момыш ұлы болуы

— қаны таза...

349


Профессор Бектілеу айтқандай, Паңсатбек қария ның да

қаны таза. Өкінерлік жай — советтік империя қорлық-зорлығын,

алдау-арбауын көп көргендіктен бе, оқуға ықылас

таныт пағаны. Оны төмендегі өз сөзі де айғақтайды: «Алғаш

құс салып жүрген кезімде Бекасыл бабам түсіме енді. Алдыма

кітап пен құсты қатар қойып:

— Осы екеуінің бірін қала, — деді.

— Өзім әріп танымаймын, кітапты қайтем? — дедім.

— Түбі кітапты алсаң жақсы болар еді».

Мен құсты алдым. Оянсам, түсім. Кітапты алғанымда молда,

тәуіп болуым мүмкін екен. Мешіт те Егембай молдамыз маған

ылғи құран оқытады.

— Менен жасы кішілер бар ғой, соларға оқытсаңшы? Мен

батагөй-ақ болайын, — десем:

— Үйи, көке, олар сізге ұқсап өз жүйесімен оқымайды ғой,

— дейді.

Бұл айтқанынан байқағанымыз — Паңсатбек қарт қабілетті,

алғыр-ақ. Әттең, кезінде оқи алмаған...

Ол кісі әңгімені асықпай, әр сөзді орнымен қолданып,

құлаққа жағымды әуезбен көкейіңе бірден қона кететіндей

етіп айтады. Лепіріп, көпіріп сөйлеуден мүлде аулақ.

Әлдекімдердей мақтануға да жоқ. Болған нәрсені болғандай

боямасыз әңгімелеуге шебер. Шикілігіңді байқап қалған

сәттерде сәл жымиып, мұртынан күліп қоятыны бар. Аса

сергек, сезімтал, қиядағыны қалт жібермес көргіш, байқағыш,

әзілге ұста. Бұл күнде шөгіп, қаршығадай қартқа айналса да,

жазда шалғы тартып, қыста аңға құс салады. Жас кезінде

екі иығына екі кісі мінгендей, сымбатты, сұңғақ бойлы көркем

жігіт болғаны көрініп-ақ тұр. Біз ол кісіге қарай отырып, бір сәт

ойша Бекасыл бабаны көз алдымызға елестеттік.

Паңсатбек қарияның мына айтқан сөзі де бізге көп ой

салды. «Қоңыраттың белгілі кісісі үйімізде қонақ боп отырып,

үлкен әжемізден: «Балаларыңыздың аты кім?» — деп сұрапты.

— Бишымыр, Байшымыр, Бекасыл.

— Ойпырмай, бәйбіше, не деген жақсы атты қойғансыздар.

Құдай біледі, үш балаңыз да жақсы болады, —деген екен.

350


— Құдайға шүкір, осы үш баладан тараған ұрпақтың бәрі

де бүгін де жақсы, — деді Паңсабек қария сөзін жалғай

түсіп. — 1924 жылы туған, Отан соғысына қатысқан офицер,

әділеттілігімен, ақыл-парасатымен ел-жұрт сүйіспеншілігіне

бөленген Халмет Хамитұлы есімін алдымен атағаным жөн

тәрізді. Ол кезінде колхоз партия ұйымының хатшысы,

басқарма төрағасы, аудандық жол торабы ның бастығы

қызметтерін атқарды. Елге, елдің өсетін азаматтарына

ақылгөй, қамқор болған, дүние қоңыздық әрекеттен бойын

аулақ ұстап, таза жүрген, өз сөзін кез келген жерде өткізе

алған ірі тұлға еді. 1998 жылы қайтыс болды. Соңында қалған

балалары да жақсы.

Бүгінгі туысқандарымыздың ішіндегі ең көрнек тісі, генералмайор,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

төрағасының орынбасары Ержан Бекбауұлы Исақұловты да

ерекше мақтан етеміз. Қарағымыздың өмірін ұзақ қылып,

абыройлы ете көр деп Құдайдан тілек тілейміз. Кім кімнің де

жақсы болмағы — тегінен және жақсы тәрбиеден.

Балаларыма: «Ағаларың не айтса, кішілерің ма құл де.

Беттеріне ажырайып қарама. Сендер тату болсаңдар ас та,

ат та көп. Тату болыңдар» — деп отырам. Жасы үлкендері

жұмсаса, жасы кішілері жүгіріп кете барады. Құдайға шүкір,

балалрымнан көңіл қаларлықтай ештеңе байқағаным жоқ.

«Үйге ие бол, белден күш кетті, ауыздан тіс кетті. Үйренген

қу әдет, ертеңді-кеш малды өріске айдай салғаныма алдана

бермеңдер. Арзымайтын бір тымау-сымаудың өзінен-ақ

қисайып қалуым мүмкін. Бекасыл бабамыз: «Құдайға шын

сыйынып, шүкіршілік еткен — екі дүниенің абыройлы адамы»

— деген. Мен бес уақыт намазымды оқып, Құдайға құлшылық

еткен жанмын, — деп отырам.

— Қария қанша перзентіңіз бар?

— Менікі емес, Құдайдікі деп айтайын, жеті қызым, төрт

ұлым, жеті немерем, шөберем бар. Жиен немерелерім отыздан

асады. Әкемнен екі жасымда қалған менің айдаудан,

байлаудан аман құтылып, өсіп-өніп бүгінге жеткенімнің бәрі

351


әуелі Құдайымның, одан кейін ата-бабам аруағының қолдапқор

ғауының арқасы деп білем. Бекасыл бабамның: «Жүз

жылда бір елден бір жақсы адам шығады. Ел құр болмайды»,

— деген сөзі есіме түсіп тұр. Әйтеуір жақсыларымыз көбейе

берсін.

Бізбен қоштасарында Паңсатбек қарт: «Қарақ тарым, дәмтұзыма

риза болыңдар. Бекасыл бабамыз: «Қонақ үйімнен

күліп-ойнап, риза боп аттансын. Қабақ шытып кетсе, жаныма

қатты батады» — дейді екен. Бар тілегім — елім аман болсын,

елімізді, еркіндігімізді жаудан, жаттан қорғар азаматтар аман

болсын» — деді.

... Бекасыл баба рухын біз Шардар деген тағы бір шөбересі

бойынан да молынан аңғардық. Ол Бекасыл баба атын алған

орта мектепте ұзақ жыл директор болып істеген. Бокстан

спорт шебері, Қазақстан Республикасының жеңімпазы.

Бірде Шардар орталық дүкенге барады. Есік алдында үш

таулық жігіт ай-шай жоқ «бізге ақша бер» деп тиісе кетеді.

Ешқайсысын танымайды. Шардардың атақты боксер екенін

олар білмейді. «Ей, қойыңдар, ұят болады. Бұларың қалай?»

— десе, сөзге көнбейді. Бізден қорқады, қорыққанынан

сұрағанымызды бере салады деп күткен ойлары жүзеге

аспаған соң, үшеуі күш көрсетуге көшеді. Кең жауырынды,

алып денелі біреуі қолын сілтей бергенде, Шардар көз ілеспес

жылдамдықпен иегінің астынан бір ұрып, етпетінен құлатады.

Қораздарша қоқиланып тұрған екеуі тұра кеп қашады.

— Күйеуімді мақтайын деп отырғам жоқ. Мен осы ауылға

келін боп түскен екі-үш жылдан кейін запастағы офицерлерді

әскерге алды. Күйеуіме ілесіп Читаға бардым, — деді

сөз арасында Бекасыл бабамыздың шөбере келіні, Шардардың

жары Ырысай. — Бір жылдан соң аулымызға қайтып келе

жаттық. Самолетпен Ташкентке кеп қондық. Совет өкіметінің

кезі ғой. Өзбектер қазақ деп бізді бөледі екен.

Қолымда Қайрат деген аяғын тәй-тәй басқан балам бар

еді. Ол кезде Ленин деп өле жаздайтын едік қой... Ташкенттің

көрнекті жеріндегі Ленин ескерткіші түбінде баламызбен

суретке түстік.

352


Бөбегіміз тас текпішекке сүрініп құлап, мұрнын жаралап,

қанатып алды.

— Қой, енді бізге мұнда кідіруге болмайды. Таксимен кетейік,

— деді күйеуім Шардар.

Кешкі сағат жеті. Мейлі сеніңіз, мейлі сенбеңіз, түнгі он

екіге дейін таксидің кезегінде тұрдық. Кезегіміз келсе де

өзбек жүргізушілер мінгізбей, өзбектерін отырғызып алып

кетіп қалады

— Бұлар бізді қатты бөлектейді екен ғой. Қазір такси келсе,

мен мініп алам, — деді Шардар ашуланып. — Біреуінің тұмсығын

бұзсам да мазағына көнбеймін.

— Әй, сен олармен төбелесіп кетсең, шырылдап мен жас

баламен жалғыз қайда қалам? Сені бәрі жабылып ұрып өлтіріп

тастауы да мүмкін. Ашуды қой, — деп жалынып, уайымдай

бастадым.

Шардар күшпен бір таксидің ішіне енді. Мен желке

тұсында: «Қой, керегі жоқ», — деп шырылдап тұрмын. Әбден

ашуланған ол тыңдар емес. Бір қолымен рульден ұстап, қатты

да қалды. Мына жақта бес-алты өзбек таксистер «соққыға

жығып, сұлатып таста» деп айқайлап жатыр.

Таксист жүрді де кетті. Шардардың оң аяғы бәтеңкесінің

темір нәлі тиген асфальттан от шығып барады. Мен баламды

кеудеме қыса шырылдап, соңында қалып қойдым. Баламның

аузы-басы қан, ыстығы көтеріліп, мұрнынан тынбай су ағып

жатыр. «Ойбай, Құдай-ай, енді қайттім? Күйеуімді мыналар өлтіріп

тастайды-ау», — деп шыр-шыр етіп, не істерімді білмедім.

Қазір ойласам, өте қорқақ екенмін. Құдай оңдап, жиырмаотыз

метр ұзаған соң, такси тоқтады да, кері шегініп менің

қасыма келді. Шардардың не айтқанын білмеймін, өзбек

шофер жігіт маған:

— Мініңіз, — деді. Үні жұмсақ, әйтеуір жуасып қалыпты.

Шардардың ашуы келсе, арқаланып, ештеңеден қайтпайтынын

сонда көргем.

Шардар — салмақты, шойыннан құйғандай сом денелі,

кең жауырынды жігіт ағасы. Ағайын, ауыл арасында, жекжат-

353


жұрат ортасында сыйлы, абырой лы. Артық-кем сөзі жоқ,

біртоға жан. Мамандығы — математик.

Адам жақсыны, жаманды көріп, бірнәрсеге еліктеуі керек,

— дейді Шардар. — Өсудің өзі — еліктеу. Аулымызда оқып

жүрген кезімізде Шымкенттен бір бала келіп, бізбен бірге

оқыды. Сол:

— Шымкент қаласында Шапқат Сүндетов, Анар деген

қазақтың намысын қолдан бермейтін атақты боксерлер бар.

Төбелесіп қалса да, рингке шықса да тамаша өнер көрсетеді,

— деп делебемізді қоздыра тамсантып, әңгіме айтатын.

Біз оларды баяғының батырларындай, ертегілер дегі

қаһармандардай көріп, соларға жолығып, қолын алсақ,

солардай болсақ деп армандайтынды шығардық. Жетінші

сыныпты бітірген соң мен Шымкент қаласында оқитын

болдым. Ауылдан бар ғам, ешкімді танымаймын. Әйтеуір

оқуымды жаман оқып жүргем жоқ. Оныншы сыныпты бітірер

жылы бір баламен қалжыңдасып, қол сермесіп қалдым. Ол лып

етіп біресе олай, біресе былай шығып кетеді. Жұдырығымды

өзіне дарытар емес.

— Ойпырмай, сен қалайша мұншалықты дәрежеде мықтысың?

— деп сұрадым. Сөйтсем, ол бокс үйірмесіне қатысады

екен.

— Е, сен мені де қатыстыр, — дедім жата жабысып. Ол ертіп

барды. Біз барған Спартак стадионы орталық стадион екен.

Жаттығуымыз түнгі сағат тоғыз, онда басталады. Бала көп,

отыз-қырықтан асады. Спортзалға сыймайды.

Қазақ балаларының бокс, күрес дегенге жаны құмар ғой.

Жаттықтырушымыз Тен деген жігіт еді.

— Сен кет, қатыспа, — деуге ұялса керек, әбден жүгіртіп,

жүгіртіп әкеледі де бокстасуға түсіреді. Бұрыннан

жаттығып, әбден шеберленген орыс, грек балалары бізді

аясын ба? Оңбай таяқ жейміз. Көзіміз, бет-аузымыз көгеріп,

ісіп кетеді. Сонда да боксты тастамадық. Қазақтан он

шақты жігітпіз. Қаланың шеті Жаңа шаһардан қаланың

ортасына кеп жаттығамыз. Бізге түнгі оннан кейін кезек

354


келеді. Үйге түн жарымынан ауа барамыз. Сөйтіп жүріп ең

ақырында, табандылығымыз ба, жоқ әлде құмарлығымыз

ба, қазақ балаларынан екі-ақ жігіт қалдық. Көп ұзамай

жарыстарға қатысып, разрядқа іліндік. Жаттықтырушымыз

да бізге оң көзімен қарап, үлкен ыждағаттылықпен бокстың

түрлі әдістерін әрқайсымызға жеке-жеке үйрететін болды.

Соңынан білдік, жаттықтырушымыз алғашында бізді әбден

төбелестіріп, төбелестіріп, шыдамды, икемді дегендерімізді

іріктейді екен.

Оныншы сыныпты бітірер кезде қалалық бірінші лікке

қатысып, әжептәуір көзге түстім. Біріншілік деген біз үшін

өте қызық еді. Топырлап барып, бас-көз демей төбелесіп

қайтатынбыз.

Оныншы сыныпты бітерген соң қай иниститутқа баруым

керек деген мәселе мені қатты толғандырды. Жүнісбеков

деген бөле ағам:

— Технология иниститутына түс, — деді. Оған менің ықыласым

болмады. Себебі онда бокстан жаттықтырушы жоқ.

Өзімше ойланып-толғанып, педагогика институтының физика-математика

факультетіне құжат тапсырдым.

Ол кезде педагогика институтына Башировтың жаңадан

жаттықтырушы боп келіп, институттың аты аспандап, дүркіреп

тұрған кез еді. Әйтеуір не керек, өзім аңсарым ауған бокспен

алаңсыз айналысуыма толық мүмкіндік туды. Бұрынғы аты

аңызға айналғандармен де бірге жаттығуыма тура келді.

Олар да өзіміз секілді пенде екен. Кейде бізден жеңіліп те

жүрді. Олардың жеткен дәрежесіне біз де жеттік.

Осы тұста менің айтайын дегенім — жас балалар үлкен,

биіктегі адамдарға еліктеп, солардай болуды армандау керек

екен. Мысалы, біздің кезімізде Оң түстік Қазақстан облысында

бокстың онша дамыма ғанынан шығар, жарық жұлдыздар

жоқ еді. Әбдісалам Нұрмахановтың ойынын кейінірек көрдік.

Бірге де жүрдік. Жаттығуларына да бардық. Ал егер біздің

бала кезімізде әлгіндей кісілер арамызда жүрсе, мүмкін

солардай болуға еліктер ме едік? Содан ғой армандаған соң

ең жоғарыдағыны армандау керек дейтінім...

355


Ол кезде елімізде аты шулы ешкім жоқ еді. Мысалы,

Әбдісалам Нұрмаханов, Виктор Агеев, Олег Григорьев секілді

олимпиада чемпиондары кейін шықты. Олардың ойындарын

көрдік. Егер біздің бала кезімізде олар болғанда, сөз жоқ,

солардай болсақ деп армандар едік. Сол ғой менің өкінетінім.

— Ойыңыз енді түсінікті болды. Бокс жекпе-жегінде әділетсіз

төрешілер кездесе ме?

— Кездеседі. Алматыдағы төрешілер, жеңіп тұрсаң да,

жеңілдіре салатын. Рожков, Хасанов деген кісілер өздері

үйреткен балаларын құрамаға қосатын.

Біз жеңіп тұрсақ та, үнемі екінші орын алатынбыз. Үлкен

жарысқа қатыссақ, біз де шеберлене, айбындана түсер едік.

Адам жарыс сайын өседі, жіберген қателігін қайталамауға

тырысады, ойланады. Өзің білмейтін қарсыласпен айқассаң,

тіпті жақсы, намысқа тырысып, барынша дайындаласың,

өсесің, шеберлігінен үйренесің. Ал бізді қайтті? Жеңіп тұрсақ

та құрамаға енгізбеді. Керісінше, бізден жеңілгендерді

құрама сапына енгізіп, үлкен жарыстарға апарды. Олардың

арасында ол жақта бірінші орын алғандары да болды. Ал біз

қатысқанда ше?

Өзім спорттың қай түріне болса да көп араластым.

Волейболдан, тоғызұмалақтан, мылтық атудан, ядро

серпуден, қазақша күрестен, жеңіл атлетикадан облыстық

көлемдегі жарыстарға қатысып, разряд алдым.

Жастарға бокс — өте жақсы нәрсе, ептілікке, жүректілікке,

қиын жағдайдан тез шешім тауып кетуге, төзімділікке,

табандылыққа үйретеді. Оның осы тәрізді көптеген қасиеті

бар.

Спорттың қай түрі болса да жақсы. Әйтсе де біздің

қазақ жастары бокс пен күресті ерекше ұнатады. Бұл бабаларымыздың

жастайынан көкпар шауып, сайысқа түскенінен

бе, жауымен жекпе-жекке көп шыққанынан ба екен, әйтеуір

бір тылсым сыр бар. Айтты-айтпады, қазіргі таңда қазақтың

атын шығарып жатқан бокс пен күрес қой. Кешегі Әбдісалам

Нұрмаханов, Серік Қонақбаев, Ермұқан Ыбырайымов, Бекзат

Саттархановты алыңыз.

356


Жалпы қазақтар жекпе-жекке бейім бе, соған жаны құмар

ма, әлде көзін ашқаннан жекпе-жекке үйренген бе, әйтеуір

тегін емес. Өзім солай ойлаймын. Мұның сырын ғылым зерттеп

білсе, артық болмас еді.

Менің ойымша, спортқа барған адам тегінде барлық

жағынан өте таза болу керек. Арақ ішпеуі, темекі тартпауы,

өтірік айтпауы, ешкімге қиянат жасамауы керек.

Қолы бос, жұмысы жоқ жастар былай шығып алып темекі

тартады, арақ ішеді, ұрлық жасайды. Сөйте, сөйте үлкен

қылмыстарға барады. Спорттың барлық түрі дамыған кез

келген жерде тәртіпсіздіктің болуы мүмкін емес. Ондай

ортада өскен қазақ балаларынан небір жақсы азаматтар

тәрбиеленіп шығарына мен шексіз сенем. Ол үшін спортты

барлық жерде жолға қою керек, оған мемлекет тарапынан

тиісті көмек қажет.

— Нұржан көкемнің жөні тіпті бөлек болатын, — деп сөз

кезегін ІІлесбек алды. — Биыл мен елу бестемін. Осы күнге дейін

ондай шыншыл, турашыл, қайтпас қайсар, жігітті кездестірген

емеспін, енді кездестіре алмайтын да шығармын. Қайсарлығы

сондай бір айтқанынан қайтпайтын, оны ешкім бағытынан

қайтара алмаған, қайтаруы мүмкін де емес еді. Басын кесіп

алам десең де, өтірік айтпайтын, өтірік айтқанды жек көретін.

Таза жүретін, тек шындықпен ғана жүретін, өте пәк жан еді.

Біреулер ерегісіп, төбелесіп қалса:

— Жанжал-шатақтың не пайдасы бар, жігіттер? Төбелескеннен,

ұрысқаннан бірдеме табасыңдар ма? — деп шыж-көбелек

боп екі жағын да ажыратып, жарастырып жүруші еді.

Мектепте оқыған кезімізде өзінің қатарластары:

— Е, сен де бір өтірік айтшы? — деп жабыла қинаса да

өтірік айтқыза алмайтын.

— Ыңқ деші, ыңқ демесең, сені қорлаймыз, — деп бес-алтауы

жығып, астарына басып алғанда да, берілмейтін. Өзі

мықты еді. Екі-үшеуін лақтырып жіберетін. Дегенмен көптің

аты көп қой, кейде бес-алтауы жабылса, жалтарып қашатын.

Бәрі қуып жетіп, үйме-жүйме боп жерге жығып, кірпігін со-

357


зып, көзінің ішіне темекі үрлеп, «ыңқ деп айт!» деп қорлап

жататын. Кезінде Нұржанның әкесі — Бекбау жәкем олардың

әкелеріне, ағаларына «ыңқ» дегізген ғой. Олар соның

қарымтасын қайтарғысы да келетін. Бәрібір Нұржан қатты

қиналған сәтінде де ыңқ демейтін. Балалар жабылып қанша

қинаса да Нұржан көкем олардың ырқына көнбейтін. Сондай

бір кереметі бар жігіт еді.

Нұржан көкем сөзді мәнерлеп, таптап сөйлейтін, арасында

бос сөз қоспайтын. Өсек-пөсекке құлақ аспайтын.

— Өмірде ондай бола береді, ондайға көңіл бөлудің қажеті

жоқ, — деп тақырыпты басқа жаққа бұрып жіберетін. Қазақтың

ескі әндерін керемет айтатын. Шәмшінің «Арыс жағасында»,

«Қайдасың», «Қайықта» секілді лирикалық әндерін

өте жақсы көретін.

Қара күшке де мықты, денесі сом, шыныққан, нағыз

майталман спортшы дерліктей еді. Ол кісінің бір ерлігін

айтайын.

Шымкент қаласындамыз. Кешкілік мезгіл. Нұржан көкем

автобус айдап келе жатқан (ол кезде ол кісі автобус айдайтын).

«Солнышко» кафесінің алдына жете бере тоқтады. Кафенің

алдында үш орыс жігіті тұр екен. «Мініңдер» деп мінгізді.

— ІІлесбек, менің әлім жетпей бара жатса, жәрдемдесерсің.

Жеңілмейтінімді сезсең, тамашалап қарап тұр, — деді де

рульді бос қалдырып, салон ішіне енді.

— Естеріңде ме, өткен аптада бесеулеп мені жерге жығып,

домалатып тепкілегендерің?! — деді де, сақ-сақ еткізіп, иектерінің

астынан ұрып, үшеуін де кескен теректей сұлатып

түсірді. Бірақ тепкен жоқ. Рульге барып, автобустың есігін

ашып:

— Қане, шығыңдар! — деді айғайлап. Үшеуі үнсіз, сүмірейген

күйі түсіп қала берді.

— Көке, неге оларды теппедіңіз? — дедім мен қимылына

қайран қап:

— Адамды тебуге болмайды. Ол — айуандық! — деді Нұржан

көкем көңілдене жымиып.

358


Менің музыканы сүюіме бірден-бір себепкер болған — осы

Нұржан көкем. Ол кісі мектепте оқып жүрген кезінде музыкаға

әуес еді. Әскерден келген нен кейін кішкене қобыз тауып алды.

Соны ойнап:

«Ты мне дорог, край мне дорогой,

На границе часто снится дом родной» —

деген жолдарды қобызға қосылып айтқанда керемет

әсерге бөлейтін. Баламын ғой, Нұржан көкем кез келген

музыкалық шығармаларды орындауда алдына жан

салмайтындай сезілетін. Бұған тағы ол кісінің сымдай

тартылған сұлу тұлғасы қосылып, менің бала қиялымды көкке

шарықтатып жіберетін. Мектебімізде концертті аяқ астынан

ұйымдастырып, кез келген мерекені ұмытылмастай қызықты

етіп өткізетін. Өзі сахнаға шығып қазақша, орысша әндерді

шырқағанда барынша елтіп, аузымызды ашып тыңдайтынбыз.

Мандалинді де әдемі тартатын. Музыкаға құлай берілуіме ол

кісінің әсері көп.

Туыс ағам ғой әрі ауылдас тұрдық.

— Мына әнді былай орындаған жөн, мына музыканы былай

түсін — деп ерінбей сырласып, өз ой-пікірін ашық бөлісетін. Ән

сиқырын ұғуда, оны нәшіне келтіріп шырқауда ол кісіден мен

көп тәлім аддым.

Нұржан көкем, әсіресе, Абайдың, Шәмшінің әндерін

нәшіне келтіріп, құйқылжытып, дауысты көтеретін жерде

көтеріп, төмендететін тұста төмен детіп, бәсейтетін жерінде

бәсейтіп, мөлдір, нәзік сезімге бөлеп, ұғымды, әсерлі етіп,

әсем шыр қайтын. Ол кісі арнайы музыка мектебінде оқымаса

да, музыкалық білімі жоқ болса да, дауысты толқын дататын

жерде толқындатып, жай айтатын жерде жай айтып, жұрттың

ықыласын өзіне еріксіз баурап алатын.

Менің жастайымнан музыкаға әуес болуыма бірден бір

себепкер — Нұржан көкем. Алтыншы сыныпта оқып жүрген

кезімде ағам Жолдасбектің үйін соғуға орыс кісілер келді.

Шұңқырдағы лайды қалыпқа сап сүйреп шығып, кірпіш құйып,

359


күні бойы тынбайтын. Гитарасын анандай жерге қойып қоятын.

Мен алақтап, оның қасынан шыға алмайтынмын. Барлық

нәрсені ұмытатынмын. Шешем айқайлап жатыр ма, сабақ

пысықтауым керек пе, бәрін жиыс тырып қойып, кәдімгі бір

алтын көрген адамға ұқсап, гитараны төңіректей беретінмін.

Қолыма алып, ары-бері ұстап шертіп, құрылысына қараймын.

Иелері менің қызыққанымды білді ме, ұрсып, қумады.

Жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай шертіп, бір уақта

құлақ күйін бұзып алдым.

— Енді қайттім? — деп уайымдап, бір кезде қайтадан бастапқы

қалпына келтірдім. Менің мұнымды иелері байқаса керек,

араларындағы бір татар кісі қасыма келіп:

— Не істедің? Гитара құлақ күйін бұзып алдың ба? — деді.

— Жоқ, бұзып, қайта жөндедім.

— Ойпырмай, сен бұрын гитарада ойнаушы ма едің? — деп

ол таңғалды.

— Жоқ, мұны қолыма ұстауым бірінші рет.

Сонда әбден қызыққаным ғой. Апама қоймай «осы

гитараны маған сатып әпер» деп қиғылық салдым. Аналар

сата қоймады. Апам байғұс Шымкент қаласынан іздеп, оны

таппай, амалы құрып скрипка сатып әкелді.

— Бары осы, балам, — деді қиналып. Кейіннен мандалин

тауып әкелді. Біраз уақыттан соң қобыз қолыма түсті. Жалпы

домбырадан басқаның бәрін меңгердім. Шертіп ән айтқаным

болмаса, домбырада күй тарта алмаймын. Ал қалған

музыкалық аспаптардың бәрін де еркін ойнай берем.

«Өзін өзі мақтаған өгіз тентек» деген бар ғой, сонда да

бір мақтанып айтайын, мәдениет инис ти тутын бітіріп, аудан

бойынша мықты музы кант тардың бірі боп шықтым. Мұнымды

ел-жұрт біледі. «Армандастар» халық ансамблі атағын жеңіп

алу үшін Москваға да барып қайттым. Мен оның көркем дік

жетекшісі едім. Кейін Алматыда екі рет болдық.

Мұндай дәрежеге жетуім — Нұржан көкемнің әсері. Өзімнің

үш ұл, екі қызым бар. Олар оқымай-ақ, шоқымай-ақ шетінен

музыкант. Егер келініңіз де маған ұқсаған әнші, музыкант

360


болғанда, балаларым Алматы, не Астанада жүрер ме еді,

қайтер еді деп ойлаймын. Бесеуі де кез-келген уақытта

ансамбльмен ән салып кете береді. Тағы бәрі биші. Тек

бізге домбыра дарымапты. Баянда, пианинода, гитарада,

мандалинде ойнай береміз.

Түр-тұлғасы Бекасыл бабаның өзінен аумайды дейтін

шөбересі генерал, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік

комитеті төрағасының орын ба сары Ержан Бекбауұлы

Исақұловтың бойынан да әулие баба рухы мол сезіледі.

Иниститутта оқып жүріп, бірде ауылына барған оған жеңгесі

Ырысай: «Пәленше деген бізге тиісіп, соқтыға береді.

Түгенше де қарап жүрмейді. Соларға бірдеме деп қоймайсың

ба, қайным?» — дегенінде, студент Ержан: «Жеңеше, біздің

бейтарап қалғанымыз дұрыс болар. Әлі жас пыз ғой. Ертең

есейеміз, әлі-ақ бізге ешкім тиісе алмайтын болады» —дейді.

Қандай ойлы жауап?!.

Ауылынан Астанаға келген туыстарына ол: «Сіздер

мен жаққа жол жүрерде алдымен ауылдағы үйіме барып,

анамның хал-жайын, денсаулығын біле келіңіздерші?» — дейді

екен өтініп. Қандай мейірімділік, саналалық?!. Бірде Ержан

Астанадан Шымкент қаласындағы туысына телефон соғады.

— Анамның халы, денсаулығы қалай?

— Анаңның дені сау, жақсы.

— Шыныңызды айтыңызшы? Мен түс көрдім, шамасы,

анашым сырқаттанып қалды-ау деймін?

— Оның рас, екі аптадай төсек тартып жатып, тәуір болды,

қазір өз аяғымен жүгіріп жүр. Мен ауылдан бүгін түске жақын

келдім.

— Е, солай десеңізші, көңілім енді орнына түсті.

Ержанның анасын ойлап, мазасыздануы, түс көруі, ол кісінің

саулығы жақсарғанын білісімен көңілі орнына түсуі Бекасыл

бабаның мейірімді, иманды ұрпағы екенін айтпай-ақ әйгілеп

тұрғандай. Мұғалім дердің қарсы болуына қарамастан оның

оқуға алты жасынан (ол кезде алты жасынан оқуға рұқсат

етпейтін) баруы, мектепті үздік бітіруі Бекасыл бабасының

361


ілім-білімге деген құштар мінез екершелегін еске салғандай.

Кеңесарық ауылы қария ларының айтуы бойынша, Ержан сырт

тұл ғасы, ақсары өңімен де, ішкі жан дүниесімен де Бекасыл

бабасына көбірек ұқсайтын көрінеді. Бұл айтыл ғандарға

тереңірек көз жеткізе түсу үшін оның ұстаз дарының,

әріптестерінің пікіріне құлақ түрелік.

Е. ОМАРОВ, сынып жетекшісі-ұстазы:

— Ержан — мектепте өте жақсы оқыған шәкірт. Сыныптан

сыныпқа мақтау грамотасымен өтіп отырған. Үнемі мектептің

мақтанышы боп, озаттар бұрышында фотобейнесі ілулі тұратын.

Мен сынып жетекшісі болғандықтан мектептегі жиындарда

ылғи оны мақтап, «осы оқушыдан үлгі алыңдар» деп

айтып отыратынмын.

Қ. ПОШАТАЙҰЛЫ, қарт ұстаз:

— Мектеп жасында ол терең ойлы, «Аз сөз — алтын, көп

сөз — көмір» дегендей, әрбір сөзін сөйлерде ой таразысымен

екшеп, дәлдікпен жеткізетін еді. Ойына сөзі сай, білімді оқушының

бірі болатын. Тапқырлық, алғырлық, адалдық, ойшылдық,

ұстамдылық оның бойынан табылатын қасиеттер еді.

Мен Ержанды адам баласына деген жанашырлық, мейірбандық,

кісі танушылық қасиеттерін меңгерген азамат деп

білемін. Ол иісі қазақтың баласы деуге лайықты. Себебі: ол

(кім болса, ол болсын) — кішіге қамқор, үлкенге сыйлы, ақыл

мен парасаттылықты қатар ұстанған жан.

Ел ішінде айтыс-тартыс, дау-дамай, ашу-араз болмай

тұр майды. Ал, Ержан болса, осылардан бейтарап қалуды

қалайды.

Т. ТОҒЫСБАЕВ, мектептегі ұстазы:

— Ержан математика, физика, химия, т.б. пәндерді өте

жақсы игерді. Колхоздың ауылшаруашылық жұмыстарына,

елімізде мақта жинауға, айта берсек, жеке адамдардың үй

шаруашылығына дейін оқушыларды жұмылдыратын.

Мінезі ашық-жарқын еді, жеңіл әрі жылдам қимылдайтын,

адамгершілігі мол, табиғаты таза, жалт-жұлт етіп жарқырап

тұрған жаны жайсаң, орынды жерінде пікірін ашық айтатын,

жұмсақ мінезді еді.

362


Е. МҰСТАФЕТОВ, запастағы генерал-майор, қасиетті

Станис лав, В.Н. Татищев атындағы орден дердің иегері,

Ресей жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы

қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері, заң

ғылымдарының докторы, профессор, академик:

— 1988 жылы Шымкент облысы бойынша мемлекеттік

қауіпсіздік комитеті басқармасының бастығы болған

кезімде қарамағымдағы жоғары кәсіби дайындықтан өткен,

күрделі жағдайларда жедел шешім қабылдауға қабылетті

кадрлармен таны сып, олардың ерлік, адамгершілік,

саяси, іскер лік қасиеттеріне зер салғаным есімде. Сонда

бөлім бастығы, майор Е.Исақұлов ой-толғамының жүйелілігімен,

табандылығымен, алға қойған мақсатты тиянақты

орындауға өз бағыныштыларын бір кісідей жұмылдыра

алатын құлшынысымен менің наза рымды өзіне еркімнен және

қалауымнан тыс ерекше аударған еді. Оған аса жауапты

тапсырмаларды толық сеніммен жүктеуші едім.

Ержан Бекбауұлы Исақұловқа кең саяси дүние таным,

жоғары кәсіби шеберлік, алдағы күн оқиға ларын болжай

білушілік, ерік-жігерге толы табан ды лық, іскерлік қасиеттер

тән. Ол адамдармен қарым-қатынаста қарапайым, түсінікті,

басшы ре тін де өмірдің әр құбылысына дұрыс талдау жасап,

күрделі жағдайларда жедел, нақты, батыл шешім қабылдай

алатын, өз ісіне сын көзбен қарай білетін жоғары мәдениетті

ақыл иесі.

В. К. БОЖКОВ, генерал-майор, Қазақстан Рес публикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төраға сы ның бірінші орынбасары,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

Құрметті қызметкері, заң ғылымының кандидаты:

— Ержан Бекбауұлының өз талантын әулет дәстүрі бойынша

әдебиет әлемінде емес, Отанымыздың тыныштығын,

адамдарымыздың алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ету саласына

арнауы — үлкен маңызға ие. Ең қиын, ең жауапты бұл

істе оның суреткерге тән нәзік сезімталдығы, қиядағыны көре

білгіш қырағылығы, адам мінезіндегі өзгерістерді жіті аңға-

363


рғыш байқампаздығы — өзіне жүктелген тапсырманы дер

кезінде тиянақты орындап, ар-намыс, абройын, кәсіптік шеберлігін

қорғай білуіне көмектескені анық.

М. ЖОЛДАСБЕКОВ, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия

Ұлттық университетінің ректоры:

— Ержанды аға деп арқа тұтатын, сөйлессең, айызың

қанатын, жүріс-тұрысынан парасаттылық, көрегендік, кісілік,

адамгершілік көрініп тұратын азамат деп танимын.

Өзінің әзілі де жақсы. Мұндай қызметте жүрген дердің

біразы әзілдесе де алмайды.

С. ТОҚПАҚБАЕВ, генерал-майор, Ұлттық қауіп сіздік комитетінің,

Республика Ұланының, Прези денттің күзет қызметінің,

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы, Сыбайлас

жемқорлықпен күресті ұйымдастыратын және мемлекеттік

қызметкерлердің қызметтік этиканы сақтау комиссиясының

бұрынғы төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің

бұрынғы кеңесшісі, қазірде өнеркәсіптік корпорация ның

директорлар кеңесінің төрағасы:

— Еліміз рухы мықты жандар арқылы еңселі, ер тұлғалы

азаматтар арқылы мәртебелі дейтін болсақ, сондай жандардың

бірі — Ержан Бекбауұлы. Ерекеңнің өмір жолына көз жүгіртсек,

ол өзінің қажымай-талмай істеген еңбегінің арқасында,

қатарынан қалмай бүгінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті

төрағасының беделді орынбасарларының бірі, генералмайор,

елімізде белгілі азамат, сүйікті әке, адал жар! Талай

жақсы мінездерінің ішінде жалғыз маған емес, басқаларға да

ұнайтыны — оның кішіпейілдігі мен үлкен адамгершілік қасиеті.

А. ТШАНОВ, Қазақстан Республикасы Парла мен тінің

депутаты:

— Ержан екеуміз бір ауылда тудық, сол Қарасорада өстік.

Әркімнің тағдыры әр түрлі. Ержан да талай-талай қара көз

өспірімдер секілді әкесінен жастай қалды. Қиындықтарды

да бір адамдай кешті. Бірақ халқымыздың сан ғасырлардан

бермен қарата сабақтасып келе жатқан салт-дәстүрлерінің,

ауылымыз бен аймағымыздағы ақ жүрек ағаларымыз бен

364


апаларымыздың үлгі-өнегелерін зейінді санасына сіңіріп,

зерек, ұғымтал, еңбексүйгіш, сезімтал болып өсті. Әсіресе,

оның елгезектігі, білімге, үйренуге деген құлшынысы мен

ұмтылысы бөлекше болатын.

Қ. КАРБУЗОВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік

комитеті төрағасы орынбасары, генерал-майор:

— Егемен еліміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз

ететін бірден-бір қуатты қорған, мызғымас қамал Ұлттық

қауіпсіздік комитеті болса, оның басшыларының бірі ретінде

осы салаға Ере кең нің де қосқан және де қосар үлесі, еңбегі

мол. Бүгінде ол сапалық жағынан нығайып, Қазақстан

Республикасы Президентінің стратегиялық жоспа рымен

үнде се түсуде. Сондықтан болар оның қажы рлы еңбегі мемлекет

тарапынан генерал-майор шені мен еленді.

Ержан Бекбауұлының беделінің басты кепілі — тапсырылған

іске деген жанкешті жауапкершілігі, Отанға берілгендігі және

күмәнсіз қуаттылығы, қажымас қайраттылығы, мызғымас

мақсатшылдығы, әріптестеріне деген сыпайы қарым-қатынасы,

әрі адалдығы, өмірге деген мұқият көзқарасы екендігі

шүбәсіз шындық.

Қазіргі таңда бүкіл ел болып мемлекеттік тіл мәселесін

қолға алып жатқан шақта, осы салада да үлгі болар игі істер

жасап келеді. Бұл — нағыз өз Отанын сүйетін, елін, жерін

құрмет тұтатын азамат тарға ғана тән қасиет.

Қ. ЫБЫРАЕВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік

комитеті кадрлар департаментінің басты ғы, Ұлттық қауіпсіздік

комитетінің алқа мүшесі:

— Ерекең әсіресе, біреудің еңбегі еленіп марапат тала

қалса, бір әріптесі қинала жүріп, пәтер алып жатса, бір

қызметтес інісі немесе қарындасының жұлдызы жанып, бір

саты жоғарылар болса, осы қуаныштың барлығы өз басына

жасалып жатқандай, балаша қуанатыны бар. Ол кезде

көзінде қуаныш сәулесі жалтылдап, жүзіне күлкі үйіріліп, мәзмей

рам болатынын айтсаңшы. Керісінше, біреудің көлең келі

сәттерін, қиналған кездерін көргенде оған іштей уайымдап,

ақыл-кеңес береді.

365


И. АБДРАМАНОВ, полковник, Ұлттық Қауіп сіздік комитеті

Департаменті бастығының орын басары:

— Атырау облысы орталығынан 300 шақырым шалғайдағы

Теңіз мұнай кенінің жаңадан ашылуына байланысты он

мыңдаған мұнайшылар мен құрылысшылар вахталық әдіспен

жұмыс істеп жатқан кез. Әр жерден бұрғылар орнатылып,

жаңа өнеркәсіп орындары, жаңа елді мекендер, асфальт

және темір жолдар салынып, газ, су құбырлары, жоғары

вольтті электр жүйелері тартыла бастады. Жалғыз газ

өңдеу заводын іске қосуға бес мың венгер мамандары мен

жұмысшылары, сондай-ақ Германияның, Францияның, Канада

мен Американың ондаған мамандары атсалысты.

Осындай қызу, қарбалас шақта, яғни 1989 жылдың ақпан

айында Атырау облыстық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің

экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бөлімінің

бастығының орын басары болып гүлденген, бау-бақшалы

Шымкенттен Ержан Бекбауұлы Исақұлов ауысып келді. Оның

бұл келісіне біз іштей күлдік. Себебі бір кен мен екінші кен

арасы ондаған шақырым шалғай, байланыс нашар, көлік

жоқтың қасы. Құмды дауыл көз аш тырмайды. Бұл аздай ауа

райы күндіз 50 градус, түнде 30 градус ыстық, ызыңдаған

маса, қыста Каспий жақтан тынымсыз соққан сүйектен

өтердей мұзды жел.

Ержан Бекбауұлы осы табиғаты қатал Теңіз ауда нына

іссапармен келген алғашқы аптаның өзінде-ақ қиындыққа

көмпіс, еңбексүйгіштігімен өзін «судағы балықтай» сезініп,

бәрімізді таңғал дырды. Оның басшылығымен талай маңызды

жедел шараларды жүзеге асырдық.

Бұл тәрізді Ержан Бекбауұлы туралы жүрек жарды жылы

лебіздер тізе берсек тіпті көп-ақ. Бұл мінездемелерден

оның бойындағы Бекасыл әулие бабасының қасиеттерін

бұрынғыдан да терең танып, біле түскендейміз.

Төмендегі оқиғаға да қысқаша тоқталып өтелік. «Ақиқат»

газеті: «Қарағанды жоғары милиция мек тебін бітірген,

полиция майоры Мәулен Исақұловтың Отырарға полиция

366


бастығы болып ауысуының ал ғаш қы қадамы құтты болды.

Бабтардың бабы Арыс тан бабты екі рет, «Құрбан атаны» екі

рет тонап, үшінші рет тонауға тағы келген ұры ұсталды» — деп

жазды Анар Аспан. («Арыстанбапты тонаған адам ұсталды»,

«Ақиқат» газеті, 22.02.2000 ж.). Осы мақа ладағы аты аталған

Мәулен Исақұлов та Бекасыл әулиенің туған шөбересі, Ержан

Исақұловтың туған інісі..

Мұндай тәлім-тәрбиелік, тағлымдық өнеге Бекасыл әулие

ұрпағының кез-келгенінің бойынан табылары анық. Олардың

бәрі де халқымыздың: «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса

игі» деген дана мақалын еске салғандай ертеңді-кеш арнамыстарын

биік ұстап, адал тер төгіп жүр.

Бекасыл бабамыздың мінез ерекшелігін танып-білуде туған

қызы Тәуірше әже өмір жолының да үлес салмағы үлкен.

— Әжемнің шын аты о баста Тәуірше екен, кейін көзі Бекасыл

бабамның көк көзінен айнымағандықтан жұрт Көккөз апа

атап кетіпті, — деді бізге немересі Шөпшек. — Бекасыл бабамның

қызы әрі кенжесі болғандықтан ерке өсіп, он сегіз жасқа

дейін әкесінің қойнында жатыпты.

Аулымыз Кеңесарықта Бекасыл бабам еккен қараағаш

тоғайы бар. Ол кісі оны киелі орын деп біліп, айнала ор қазып,

қоршап, мал кірмейтін еткен. Жаздың ыстығында ну тоғай

ішіне енсең, сондай салқын.

— Жас кезім, — дейтін Тәуірше әжем. — Үйдегілер әкеме

тамақ беріп жіберді. Тоғай ішінде жалғызаяқ жол бар еді. Сонымен

жүгіріп келе жатырмын. Бесін уақыты. Бірінші бастауға

жетіп, «әке!» деп айқайладым. Бір сары кісі бірінші бастау басында

күнбатысқа қарап, аяғын тізесіне, қолын жеңіне дейін

жалаңаштап дәрет алып отыр екен. Қорқып, қасынан жүгіріп

өтіп кеттім.

Екінші бастау басына жеткенімде қаншырдай қатып

қалған бір қара кісіні көрдім. Ол кісі күнбатысқа қарап намаз

оқып отыр.

Үшінші бастауға жеткенімде бір ағаш тасасынан әкемді

байқап қалдым. Тұсына жете бере «көкетай!» деп айқайлап,

367


бақырып жыладым. Қорқып келе жатқам ғой. Әкем қасыма

кеп жұбатты.

— Апам сізге тамақ беріп жіберіп еді. Жаңа бірінші бастау

басында үлкен бір сары кісінің дәрет алып отырғанын көрдім.

— Тоба.

— Одан берігерек екінші бастауға келіп ем, қаншырдай қатып

қалған қара кісі күнбатысқа қарап намаз оқып отыр.

— Тоба.

Әкем маңдайыма қолын қойып, өз маңдайын тәубетті.

— Мұны енді ешкімге айтпай-ақ қой, қарағым. Жаман

болмайсың, Құдай қаласа, бақытты боласың.

Тәуірше әжем он сегізге толғанда Шаян жақтағы

Сарқырама Шалқар деген ауылда тұратын тоғыз баланың

әкесі Беркімбай бабам бір топ кісімен :

— Текті жердің аты текті жер. Бекасыл әулиенің бір бойжеткені

бар дейді. Сол қызға құда түсіп, төртінші ұлым Дүйсенбіге

әперем, — деп айттырып келеді.

— Мен қызымды алысқа бермеймін. Тәуіршем таудың баурайында,

салқын жерде өскен. Неге мен оны күні жанып

тұрған шөлді жерге жіберем? Сіздердің мекен-жайларыңыздың

суы жылы, құмы ыстық. Оған менің қызым шыдамайды,

— деп Бекасыл бабам қарсы болып, келіспейді. Өзі дәулетті,

халыққа сыйлы, тілге шешен Беркімбай бабам бір топ серіктерімен

аулына қайтпай, Кеңесарықта бір жарым ай жатып

алыпты. Бекасыл бабамыздың Түркістанға жол жүріп кеткенінде,

ортаншы ағасы Бишымыр бабамыз:

— Қазақ атамыз: «Елдің елден, ердің ерден кемі жоқ» —

деген. Сонша жерден алдына кеп отырса, неге Бекасыл қарсы

болады? Менің қарындасым неге текті кісінің баласының

көкірегінен итереді? Қарабатыр Байжігіттің бізден елі кем бе,

жері кем бе? Құдаларды шақырыңдар, мен батамды берем, —

деп шақыртып, құдаласқан екен.

Беркімбай бабамның Алатау бөктеріне кеп, құда болам деп

ықылас білдіріп, құмартып жүрген себебі — қазақ атамыздың:

«Жақсыдан жаман туды деп күйінбе, ол да тартар негізге.

368


Жаманнан жақсы туды деп сүйінбе, ол да тартар негізге»

деген тұжырымын берік ұстанғанынан екен.

Тәуірше әжемізге үйленген Дүйсенбі атамыз жеті перзент

сүйіпті. Ең үлкен ұлы Омарбек те наға шыларына тартып, көзі

көк, өңі сары болыпты. Екі иығына екі адам мінгескендей алып

денелі, аузын ашса өлең өзінен өзі төгіле жөнелетін көрінеді.

Содан суырып салма ақын атанып, үлкен той-жиындарда

өнер көрсетіп жүреді.

Қыс уақыты болса керек. Алатау баурайындағы

Қорғантаста отырған нағашыларына қыдырып келеді. Жұрт

құрметтеп, шайға қандырып:

— О, Омарбек, жиен! Кәне, бір ауыз өлең айтып жібер,

шырағым, — дейді. Сонда іркілмей:

— Қыс, боран кедергі емес күреңіме,

Желбең жүрсем, жел тиер жүрегіме,

Нағашым деп қуанып келіп едім,

Қой соймай, шай ұсындың жиеніңе, —

дейді.

«Көздің түбі — құрт» дегендей Омарбек жиырма жеті

жасында көз өтіп қайтыс болыпты.

— Апа, аузымды ашсам, өлең өзінен өзі құрала кетеді. Қайсысын

айтарымды білмеймін. Айтпасам, тұншығып қалам, —

дейді екен. Аулымыздың адамдары:

— Шырағым, бұл өлең шығару өнері саған наға шың Бекасыл

әулиеден дарыған, — деп шабыттандыратын көрінеді.

Әкем:

— Латын әрпімен бір шумақ өлеңді бір-екі сағат тапжылмай

отырып әрең жазатын едім, — дейтін. — Бірде: «Әй жаман бері

кел», — деп Омарбек ағам қасына шақырып ап, мына екі шумақты

қайта-қайта оқып отырып, қағазға түсіртті.

— Қолыма қалам алдым жазайын деп,

Заманың бара жатыр азайын деп.

Аяғың зәредейден кетсе тайып,

Дұшпаның табалайды талайын деп.

369


Қолыма қалам алып жаздым нұсқа,

Адамға жаманшылық емес нұсқа.

Құр кетпес тілегенің деген Алла,

Ерлер көп ұқсайтұғын қыран құсқа.

Омарбек ағамның осы екі ауыз өлеңін қағазға түсірдім.

Егер жылдам жазатын болғанымда көп өлеңін жазып қалар

едім...

Енді Тәуірше әжемнің кеңдігіне, қасиеттілігне көз жеткізер

бір шағын оқиғаға тоқталайын. Ері Дүйсенбінің (менің

бабамның) ағасы қайтыс болып, жеңгесі бір баламен жесір

қалады. Бір күні жеңгесі баласын ертіп келіп:

— Қайным, шариғат бұйырады, маған үйленесің, — дейді.

— Менің әйелім бар, үйленбеймін. Ал мына балаңды өз баламдай

бағып-қағам, тәрбиелеймін. Жетім дік көрсетпеймін.

— Жоқ маған үйленесің.

Тәуірше әжем күйеуіне:

— Мен рұқсат бердім, үйлен, — дейді. Үлкен ұлы да:

— Жәке, үйленіңіз, — депті. Дүйсенбі атам орнынан атып

тұрып, баласын қуып жөнеледі. Жерде жатқан шыбықты ала

сап, қуып жетіп, жонарқасынан тартып-тартып жібереді.

Ашуы тарқаған соң:

— Жеңгеңе неге үйленбейсің? Балаң да рұқсат беріп отыр.

Мен де шын ниетіммен рұқсат еттім, — дейді Тәуірше әжем

Дүйсенбі атама. Сонда ол кісі:

— Мен айырбастай алмаймын. Жақсы атқа мініп, жақсы

көрген әйелімен бірге қартайған адамның бұл жалғанда

арманы жоқ. Басқа арманның бәрі бекер, — деген екен. Бұдан

бабам Дүйсенбінің Тәуірше әжемді құлай жақсы көргенінен

әжемнің қадір-қасиетін аңғару қиын еместей.

Дүйсенбі бабам қырық екі жасында өкпесіне суық тиіп,

қайтыс болады. Тәуірше әжем перзенттері бірінен кейін бірі

шетіней берген соң, 1929 жылы Салыбек деген (менің әкем)

жалғыз ұлымен Шаян ның ыстық желіне, суына көндіге алмай

төркініне біржола көшіп келеді.

Жұрт Тәуірше әжемізді әкесі тәрізді бір естігенін ұмытпайтын

ұқпа құлақ, зерек, меймандос, көпшіл кісі еді дейтін.

370


Пейілінің кеңдігі сондай, үйге кіріп келген адамға жеп отырған

тамағын түгелімен бере салуға дайын екен.

— Шырағым, біреуді қандай жек көрсең де, үйіңе келген

адамның көңілін аулап, риза қып жібер. Ешқандай кінәсін

көзіне айтпа. Сонда саған Алла тағалам береді. Маған осы

жасты (104-ке келіп қайтыс болды) пейілімнің кеңдігінен

берген шығар. Жас кезімде, тоғай ішіндегі әкеме тамақ

апарғанымда керемет әулие кісілерді көрдім. Сол кісілердің

мейірімге толы көздерінің қиығы түскен себепті Алла тағала

осынша жасын маған қиған шығар.

— Әже, менің атымды неге Шөпшек қойдыңыз? Балалар

мазақтап күліп жатыр, — дедім бірде.

— О, шырағым, сұрағаның жақсы болды. Беркімбай бабамыздың

дәулетті, елге сыйлы, өсіп-өнген Шөпшек деген

ақылды, парасатты нағашысы болған. Өзі: «Менің атым

— Шөпшек, арам адам епсек» деп әзілдеп күліп отыратын.

Үлкен қариялар бас қосқан жиындарда Бекасыл әулие:

«Тектіден тізгін тартпа, тексізге үміт артпа», — деген деп әкем

туралы сүйсіне, ұзақ әңгіме айтатын. Сол атасына тартып

өссін, сол атасының жолын, бағын берсін, шөптей жинап жүріп

көрген жарығымсың, мен де өсіп-өнейін, шөпшек сүйейін деп

ырымдап қойдым, — деді. — Шырағым, мен Төле бабамның

ұрпағына құмармын. Сол кісінің ұрпағының қызын алсайшы?

«Алып — анадан» деген, таңдап жүріп, кең жауырынды, бойы

да, ойы да биік, денелі қыз ал. Бойы, ойы аласа қыз алма.

Көрген ел риза болсын. Ұрысып-керіскен дауыстарың естілсе,

сені де келінді де құртам... Маған күліп жүретін сары келін

әкел..

Әскери борышымды өтеп, ауылға оралған соң Салыбек

әкем:

— Шырағым балам, Құдай қаласа, атаңа ұқсап мен де Төле

бабамның ұрпағына құмармын, — деп әңгіме айтты. — Ол кісі

Шолпан әпкең мен Пернекүл қарындасыңды, елді билеген,

үш жүзге сөзін өткізген Төле бабамның ұрпағына ұзатсам,

ал сен Төле бабамның бір қызына үйленсең. Сол кісінің

371


қасиеті, кереметі жұғып, ұрпақтарым көбейсе, өсіп-өнсе деп

армандаймын...

Мен іштей ойға бататынмын. Бекасыл бабамның үлкен ұлы

Ыбырайымның Кеуен, Тойшыбек, Пардабек, Мамытбек деген

төрт баласы болған. Менің шешем — Тойшыбек атамның қызы.

1929-1930 жылдары біз жақта колхоз құрылып, үкімет

қолымыздағы бар малды тартып алғаннан кейін, елде

ашаршылық басталды. Тойшыбек атам ның Қырықбай, Жүзбай

деген екі ұлы, бір қызы бар екен. Ел қырғынға ұшыраған соң

Сұлухан шеше міз (Тойшыбек атамның жұбайы), лаж жоқ, екі

ұлын балалар үйіне өткізеді.

—Тәуірше апа, мына қызымды балалар үйіне тапсырмай-ақ

қояйын. Өзіңіз бағып, өсіре беріңіз. Құдай қаласа, кейін келін

етіп аларсыз. Әйтеуір өліп қалмасын, — дейді Сұлухан шешеміз.

Бойжеткен соң ол қызды (менің шешемді) Тәуірше әжем

шариғат бұйырады деп әкеме қосады.

Шешемнің бір қасиеті — балалар үйіне тапсы рылған екі

ағасын түсінде көреді. Бір ақсақал:

— Қырықбай тірі, Жүзбай жер бетінде жоқ, — дейді.

1929 жылы Тәуірше әжем Қорғантастағы бауырларым

аштан өліп қалмасын деп бәрінің басын қосып, жалғыз түйесін

сойып берген екен. Сол сойылған түйенің өкпесін жеуге

болмайтындықтан бір ағашқа апарып іліпті. Қалған етті бауырлары

теңдей бөліп алған. Сол көрініс бес-алты жастағы

Қырықбайдың есінде қалыпты.

Ол Шымкенттегі балалар үйінде оқып, ер жетеді. Туған

жерінің де бауырларының да атын білмейді. Тек қана: «Біздің

ауыл тауда еді. Бір мал сойғанда, оның кішкене бір бөлек етін

жеуге болмайды деп ағаштың басына ілгені есімде. Есейген

соң тауға кетем», — дейді екен. Балалар үйіндегілер:

— Тауда тусаң, Төле бидің ұрпағы боларсың, — деп фамилиясын

Төлеев деп жазады. Ол жігіт болады. Төле би ауданының

Шошқабұлақ, Қаратөбе ауылдарында бухгалтер боп

істейді.

— Менің баламсың, — деп іздеп келгендерге:

372


— Қандай белгіңіз бар, қандай жерде тұрасыздар? —деп

сұрайды. Келгендер тұрған жерлерінің табиғат көріністерін

айтады екен.

— Әуре болмай-ақ қойыңыздар, мен сіздердің балаларыңыз

емеспін.

Қаратөбе ауылында бухгалтер боп істеп жүрген кезінде

Мамытбек атам, тағы басқа ағайындар іздеп барады. Сонда

Қырықбай:

— Құдайдың құдыреті, ішім бірден жылып кетті, — депті.

— Осындай тауда тұратынбыз. Есіктің алдында қызыл

жар бар еді. Су ағып жататын, — деп Мамытбек атам жер

табиғатын айтқанда:

— Тағы да ойланып көрем. Құдай қаласа, Құдай бұйыртса,

сіздердің балаларыңыз болармын, — депті.

Кейін өзі іздеп кеп, сойылған малды сұраған.

— Сен бес-алтыда едің. Тәуірше апамыз біз аштан өлмесін

деп түйе сойған, — деп бәрін түсіндіріп айтады. Дәл ойынан

шыққан соң Қырықбай көкем ауылға кеп, бухгалтер боп істеді.

Әтіркүл деген Қапалдың қызына үйленіп, Мұсабек, Серік, Нұрмахан,

Иманәлі, Айгүл деген балалары болды. Қазір бәрі үйлі-жайлы.

Бекасыл бабам ұрпақтарының тағдыры осылай қилықилы.

Бір қуанарлығы — қандай ауыртпалық кездессе де, арнамыстарына

кір жұқтырған емес.

— Ойыңда қалсын, саған бір сыр шертейін, — деді бірде

әкем. — Мен мына сенің анаңды алайын деп алған жоқпын.

Маған Тәуірше апам әперді. Заманның ағымы солай болды.

Кәмпескеден кейін Бекасыл бабамның әулетіне көп

ауыртпалық түскен. Күн көріс қамымен Тәуір ше әжем 1929

жылдан Тасарық қыстағындағы орыс тардың арасында

тұрған.

— Ол жерде бізден басқа бір қазақ жоқ еді. Балам Салыбек

алма бағына қарауыл болды. Жетім, жесір атанып,

үкіметтің қаһарынан құтылдық. Бауырларымның барлығы

бәрі қуғын-сүргенге ұшырап, тоз-тозы шықты. Мен әйтеуір

373


күнделікті азығымды тауып жеп отырмын ғой, аштан өліп

қалмасын деп таудағы жалғыз түйемді бауырларыма сойып

бердім, — дейтін Тәуірше әжем. — Шаңқай түс кезі еді. Адам

жейтін қабаған дәу итіміз болатын. Сол бізді күні-түні қорып,

есік алдында жататын.

Шайланың ішінде, босағаға жақындау жерде қамыр

илеп отырғам. Бір ұзын, ақ киімді жігіт ішке кіріп келді. Басын

көтермей, төмен қараған күйі жаны ма кеп жайғасты. Бетіме

қарар емес.

— Нан бер.

— Айналайын, нан жоқ еді. Енді қамыр илеп отырмын.

Итке берем деп қайнатып, босаға жанына қойған қазандағы

быламықты көрсетіп:

– Анау не? — деді.

— Итке берем деген быламық.

— Содан бер.

— Өйбүй, шырағым, бұл иттің асы ғой. Ішесің бе?

Төмен қарап отырып:

— Берсең, ішем, — деді.

Бір тостағанға құйып бердім. Ішті де жүгіріп тысқа шықты.

Қыдыр (с.ғ.с.) екен деген ой миыма сап ете қап, мен де жүгіріп

тысқа шықтым. Адам жеп қоятын итім есік алдында тырп

етпей жатыр. Үрген де жоқ.

Баудың ең шетінде, бұтақтары тарбиған кәрі алма бар еді.

Әлгі ұзын жігіт соның қасында маған қарап тұр. Төрт алманы

қалтама сала сап, тұра жүгірдім. Қасына ентіге жеттім.

— Мынаны ала ғой, ренжіме, шырағым.

Алақанына төрт алманы сап, қоштасып, үйге қарай сәл

жүріп, бұрылып қарасам, ұзын жігіт жоқ. Соның арасынша

туыс інімнің әйелі Мәрия келе қалды.

— Шырағым Мәрия, ұзын жігітті көрген жоқсың ба? Сен

келген жаққа қарай кетіп еді.

— Жоқ, апа. Ешкімді көргем жоқ. Құс екеш құс та көзіме

шалынбады.

Қап, алманы алақанына салған кезімде бас бармағын

ұстамаппын. Қыдырдың (с.ғ.с.) бас бармағында сүйек

374


болмайды деуші еді. Қап, қап... Құдайдың көрсеткені ғой.

Жақсылап күтіп ала алмай қалдым. Сұраған нәрсесін

бергенімде жаман болмас едік. Әлде де жаман емеспіз...

Әйтеуір алақанына алма салдым.

Осыны айтып Тәуірше әжем:

— Қарағым, жаман болмайсыңдар, — деп отыратын.

Қазақ атамның «Құдайдан шын тілесе, тілеуіңді береді»

деген сөзі рас боп, әжемнің, әкемнің ниеті періштелердің

құлағына шалынып, әпкем Шолпан Төле бабамның үлкен

ұлы Сүйіндіктің ұрпағына күйеуге шықты. Ленгер қаласының

үстіңгі жағындағы Зағампарда тұрады. Әпкемнің алты ұл, екі

қызы бар. Қарындасым Пернекүл де сол ауылға ұзатылды.

Оның екі ұл, үш қызы бар. Мен де Төле бабамның Жолан

деген баласының бір қызына үйлендім.

— Енді біз, Құдай қаласа, жаман болмайтын шығармыз.

Жаман болмаймыз, — деп әкем маған риза көңілмен батасын

берді. Шүкір, жаман емеспіз. Құдайдың мейірімі шығар, сегіз

ұл, бес қыздың әке сімін.

Үлкен қызым Зылиха Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы

университетті бітіріп, Қасқасу орта мектебінде мұғалім

боп жүр. Одан немерем бар. Екін ші қызым Ақмарал заң

университетін қызыл дипл ом мен бітірді. Үшінші қызым Нағима

медицина академисында оқып жатыр.

Бабаларымның тілектері қабыл болып, ұлымның үлкені

Көбей Алматының заң академиясында, екінші ұлым Көпбай

— Астанадағы әскери мектеп «Ұланда» оқып жүр. Үшінші

ұлым Бахтияр Шымкенттегі әскери училищенің курсанты.

Басқа балаларым мектепте, бәрі озат оқушы. Құдай

қаласа, бабаларымның, Тәуір ше әжемнің аруағы қолдаса,

перзенттерім жаман болмайтын шығар деп ойлаймын.

Әжемнің, әке-шешемнің бес уақыт намаздарына мені қосып,

тілеуімді тілеп өткенін ешуақытта ұмытпаймын...

Әкем ақын кісі еді. Оған бір дәлел. Есік алдында әңгімелесіп

тұрғанбыз. Кенет көкке қарап, ұзақ толғанып:

Шырағым, бір өлең айтайын ба? — деді.

375


Айтыңыз көке.

— Жаңбыр жауар ауадан,

Қара бұлт торласа.

Жақсылық емес қашанда,

Жігітті жігіт қорласа.

Жігітті қорлап не қылад,

Әруақ басқа орнаса, — деді.

— Ой, көке, бұл өлеңді дәл қазір шығардыңыз ба? — деп

таңғала қарап едім:

— Дәл қазір шығардым. Оған көктегі қара бұлт түрткі

болды. Бірақ айтар ойым көптен бері жүре гімде жүрген.

— Сонда қалай?

— Шырағым, мен жас кезімде аурушыл болдым.

— Ой, Салыбекті қойшы, — деген бірен-саран ағайын

адамдармен ұрсысып, келісе алмай қалатын мын. Бетің бар,

жүзің бар демей айтар ойымды айтып салатынмын. Содан

жақпай қалам. Жаспын. Жастықтың әсері шығар, әлгілерге

қарсы шығам деп бірде ат үстінде отырып, шіренгенімде,

үзеңгім үзіліп кетті.

Ой, Салыбек үлкен сөзді, билікке араласатын да түрі

бар — деп әлгілер мені келемеждеп күлді... Сол ылғи есімде

жүретін. Құдай маған жас берді. Биыл сексеннен астым.

Көп ауыртпалықты бастан өткердім. Уақыт бірқалыпты

тұрмайды ғой. Дәл сол адамдар қазір кездессе, жаңағы

өлеңді айтып: «Біреудің алдын кес-кестемеу, аяғынан шалмау

керек. Сендердің мені қорлағандарыңды, қолынан не келеді

деп зорлық-зомбылық жасағандарыңды еске ап, өлең еттім.

Әйтпесе, жоғарыдағы ойды мен қайдан алам? Ол — сендер

сыйлаған ой. Бекасыл бабам жарықтық балаларына: «Мен

ойнап айтсам, сендер шындап істеңдер», — дейтін. Сол бабам

айтқандай, сендермен шындап сөйлесіп тұрмын, — дер едім.

Әкем ертеңгілік мезгілде, шай ішіп отырғаны мызда:

— Балам, нағашыларымыздың ауылында еркелеп жүріп

жатырмыз. Бұл жердің тентегіне де, жақсысына да ризамын.

376


Осы елдің шарапатының, кеңдігінің арқасында, шүкіршілік,

уайым-қайғымыз жоқ. Басқа жерде, басқа елде болсақ,

қандай күй кешерімізді Құдай білсін? Жаныс деген халыққа

рақмет, — деді толғана сөйлеп. — Өлер алдында әкем былай

деді: «Тауда туған құлынның екі көзі таста, ашаршылықта

туған баланың екі көзі аста болады» деген. Мен, шырағым,

Шаян жақта (бүгінгі Бәйдібек ауданы), ойда туғам. Ол жаққа

жылына бір рет барып тұрам. Сен таудың құлынысың. Мен

өлсем, кіндік кесіп, кір жуған жеріме сенің қанша жылда бір

баратыныңды қайдан білейін?

— Көке, неге олай дейсіз? «Ағайынды айында көрмесе,

ағайын жат, жылында көрмесе, жекжат жат». Құдай қаласа,

көке, сізді сыйлағаным болсын, кіндік кесіп, кір жуған жеріңізге

өзіңізге ұқсап жылында бір барып тұрам. Ол кісілер мені

іздеп келсін, келмесін, жылда хабар алып, өлісіне құран оқып,

тірілерімен жолығып, сізді жоқтатпаймын.

— Мен десең, әкең десең, солай ет, құлыным. Біздің

руымыз Сіргелі. Бұл менің бөлінгенім емес. «Жалғыздығын,

руын жасырған көбеймейді» деген бұрынғылар. Әкелік тілегім,

руыңды ешуақытта жасырма.

Көп ұзамай әкем төсек тартып жатып қалды.

— Құдайдың мұнысына да тоба. Биыл жасым сексен екіге

келді. Ойыңда жүрсін, бір әңгіме айтайын шырағым, —деді.

— Өмірден жинаған тәжірибем бар. Шешең жуас, ал менің

мінезім жеңіл, пысық, шапшаң адаммын. Тез жұмыс істей

қоймадың деп кейде шешеңе тілім тиіп кетеді. Сол аруақтың

құлағына шалынды ма, балаларыма көп зиян келді. Лажы

болса, жақын адамнан қыз алма, жақын адамыңа қыз берме.

Алыстан алу керек екен. Жақыннан алсаң ашу үстінде тілің

тисе, аруақтың құлағына жетіп, балаларға зиян келтіреді екен.

Әйтпесе, маған бір жақтан елден ерекше кесір кеп қалған

жоқ. Он тоғыз балам шетінеп кетті. Соған ішім удай ашиды.

Шырағым балам, ойыңда болсын, Алла тағаланың дәргейі

кең. Он сегіз мың әлемді жаратқан. Ол мейірімді. Аруақтың

қаһарына ілігіп қалма, аруаққа ит қоспа, тіл тигізбе.

377


Уәдемді алған соң екі қолын жайып: «Өсіп-өн, жамандық

көрме, шырағым» — деп батасын берді. Өзінің анасы, Тәуірше

әжем туралы көп әңгіме айтты.

— Қазақ атамның әулие қолтықтаған деген сөзі бар.

Тәуірше әжең әулие қолтықтаған кісі дерліктей кең адам еді.

Ешкімнің көңілін қалдырмайтын. «Қасқыр дан қасқыр туады

қуалап жүріп қой жейтұғын, иттен ит туады иіскеп жүріп боқ

жейтұғын» деген мақалға ой жіберсең, Тәуірше әжеңнің

бойындағы бар асыл қасиет Бекасыл бабаңнан дарыған. Ол

қасиет менде де, сенде де бар.

Бекасыл бабаң балаларына:

— Жолама опасызға көңілің сенбес,

Жалғанда ол бір ағаш жеміс бермес.

Бар болсаң еркелейді ит сияқты,

Жоқ болып өлдім десең, жақын келмес, —

деп сақ болуды да ескерткен.

Мен құл емеспін,

Ата тегін ұмытатын.

Мен күн емеспін,

Жұрттың бәрін жылытатын, —

деп өзіне өзі баға да берген.

Әулие бабаңның үлкен ұлы Ыбырайымға: «Біреумен сөз

таластырғанда, көзіңді көзіне тіке қада. Сонда оның жүзі

үйіріліп кетеді. Сөйлегенде жасымай, жігерленіп сөйле», — деп,

ал келіндеріне: «Жақсы әйел жібек мінезімен, жақсы сөзімен

тамағын уақтылы беріп, күйеуін бәйге атын баптағандай

баптауы керек. Сонда оның көңілі өседі» — деген тәрізді

айтқан ақыл-өсиеті де есіме түсіп отыр.

Әжемнің айтуынша, Бекасыл бабам құранды оқып отырып,

ішінен бір аятты тауып алыпты. Сол дұғаны тоғыз күлше пісіріп,

өмірі пұшпағы қанамаған әйелге жегізсе, ол әйел перзент

сүймей қалмайды екен.

Тәуірше әжем: «бабамнан сол дұғаны үйреніп ап екі әйелді

перзентті еттім», —дейтін. Әжемізден әкем де, біз де сол

378


дұғаны үйрене алмай қалдық. Үйренгенде халыққа пайдамыз

тиер еді.

Менің ерекше таңғалатыным, әжем 104-ке келсе де ақылесінен

жаңылған жоқ. Жас кезінен оқыған намазын, тұтқан

оразасын жамбасы жерге тигенше үзбеді. Қайтыс болғанда

ел-жұрт боп құрметтегеніміз сондай, он шақырым жерге

иығымызбен көтеріп апарып, әкесінің жанына жерледік.

Өлерінің алдында:

— Айналайын балаларым, мен риза, менің аруағым риза

болсын десеңдер, әкемнің басына сағана тұрғызыңдар, — деп

өтініп, Бекасыл бабамыздың басына сағана тұрғызды. Оны немере-шөберелері

болып бір жөндеуден өткіздік. Енді жақында

шөбере інісі Ержанның бастауымен жаңа күмбез-кесене

салмақпыз.

Енді шөбере келіндерінің бірі — Баршагүл ананың сөзіне

қайта құлақ түрелік.

— Тәуірше апамыз мейірімді, ағайынның бәріне бірдей қарайтын,

қамқор кісі еді. Тоқсанға келгенше бие сауып, үй жұмысын

істей берді. Сауамын дегенде бие үркіп, аяғы тайып

құлап, жамбасын шығарып алды. Содан үйде отырып қалды.

Сонда да бес уақыт намазын үзбеді. Бауырлары, немере, шөберелері

зембілге салып, машинаға мінгізіп үй-үйді аралатып,

дәм татыратын. Ауыл адамдары алдында қоғадай жапырылып,

сыйлайтын, қошеметтеп, қадірлейтін, көйлек кигізіп,

көңілін аулайтын. Апамыз әлсін-әлі әулие әкесінің басына

барып, шаң-тозаңын сүртіп, құран оқып, мінәжат етіп тұратын.

Той-жиынға, құдалыққа барсақ, міндетті түрде сыбаға

әкелетінбіз. Жастығының астына сақтағанын бізге үлестіретін.

— Мә, қарақтарым, бақытты болыңдар, жүзге жетіңдер,

— деп балаларымызды етегіне салып, орап, менің жасымды,

бағымды берсін деп ырымдайтын.

Балаларға түкіретін. Өлгенінше кесте тігіп, киім пішіп өтті.

Қайшыны қолына алғанда: «Ойпырмай, апам байғұс бүтін

матаны бүлдіреді-ау» — деп қауіп тенетінбіз. Жоқ, ол қаупіміз

көп ұзамай-ақ бекер боп шығатын. Күні бұрын өлшеп алған

сызық бойынша матаны түзу қырқатын. Мұны көріп:

379


Тәуірше апамыз қандай зерек, қандай еңбекқор?! — деп

таңғалатынбыз.

Шынында да зерек еді, көзі сау, қартайса да иненің жасуын

көретін. Үрім-бұтақтарының аттарын жаңылыспай айтатын

және әрқайсысын дауыс тары нан ажырата алатын қасиетті

кісі еді.

«Кірпі мен жайраның еті — дәрі, өтін көзге жақса, адамның

көру қабылеті артады. Сайрамсудың балығының және аюдың

өтінің адам ағзасына қуат беретін қасиеті жоғары», — деп бізге

айтып отыратын.

«Бекбау інімнің үйіне барайын», — деп шығып, тіке бізге

келмей әуелі алыстау ағайындардың үйіне бас сұғатын. Нан

ауыз тиіп, амандық-есендік біліскен соң немерелерін шұбыртып

үйімізге келетін. Жарықтықтың онысы — бізді көзіне ілмей

бірден жақынының үйіне барды демесін дегені екен.

Біздің шаңырақта да көп отырмай, басқа аталарының үйіне

баратын. Ешкімді алаламайтын.

Шөпшек деген немересінің үйіндегі келініне: «Тату-тәтті

тұрыңдар. Құдай қанша берсе, сонша туа бер. Нәрестені

көпсінбе. Менің талай балам жер қой нында жатыр», — дейтін.

Қызы Шолпанды еркелетіп менің Аюжаным деп атын

атамайтын. Інісінің үйіне Әтіркүл келін боп түскенде:

«Айналайын Аюжаным, сен де біреудің үйіне осындай келін боп

түсер ме екенсің? Сол күнді көрсем қәні?» — деп армандаған

екен. Армандамай қайтсін жарықтық, балалары бірінен соң бір

өле берген. Содан жүрегі шайлығып, езіліп, беті қайтып, әбден

запы болған ғой.

Кейін Шолпаны күйеуге шығып, балалы-шағалы болғанда

есі шыға қуанды. Жиендері келсе: «Аулың дағы балаларға

бір-бір қант, жаңғақ, құрт, өрік-мейізден үлестір, мә, қалтаңа

сап қой. Кетеріңде ұмы тып кетесің», — дейтін.

Кейде жиендері балалық жасап: «Бәрін сақыр латып

қалтама сап жүрем бе?» — деп тастап кететін. Жарықтық

соны біліп қоятын. Жиендері келесі келгенінде:

«Әнеукүні менің бергендерімді неге тастап кеттің?» — деп

кәдімгідей ренжіп, өкпелейтін.

380


Бірде Ержан балам Алматыдағы оқуынан келіп, сәл

отырған соң:

— Тәуірше апама амандасам, — деді.

— Апаңа кім екеніңді білдірмей амандас. Жүздегі кісі сені

таныр ма екен, танымас па екен? — деп алдына бардық.

— Бұл сәлем берген балаңыз кім? — дедік біз сынағалы.

Ержанның арқасынан, маңдайынан сипап оты рып:

— Ой, айналайын, сен Ержансың ғой. Кәдімгі Бекбаудың баласысың

ғой, — деді мейірлене маңдайынан сүйіп, көпке дейін

құшағынан босатпай, балаша қуанып.

Бір қайын ағамыздың әйелі орыс еді. «Мұсылман ға тиген

адам — үрдің қызы. Оны бөтенсімеңдер. Мен өліп, сүйегімді

жуғанда, оған су құйғызыңдар. «Өлінің тілін тірі алмайды»

демеңдер», — деді өтініп. Жүз төрттегі ананың сол өтінішін

өзі жақсы көрген орыс келіні бұлжытпай орындады.

Тәуірше апамыздың жалғыз ұлы Салыбек қайтыс болғанда,

күн шайдай ашық еді. Ер кісілер мәйітін иықтарымен кезеккезек

көтеріп, анасының қасына жерлеуге апара жатқанда,

төбелерінен шөкімдей бұлт пайда болып, себелеп жаңбыр

жауыпты. Ержа ным үйге келген соң:

— Ол жаңбыр емес, Тәуірше апамның жалғыз ұлы Салыбегінің

қазасына қайғырып жылаған көз жасы ғой, — дегені әлі

есімде.

Баршагүл ана айтқандай, Бекасыл әулие бабаның

жиендері де қасиетті, ер мінезді, ерен іс-әрекеттің иелері

екен. Бір мысал. Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатының

депутаты, «Мамандандырылған авто көлік» ЖШС-нің

президенті Қапалбай Тұрды беков те — Бекасыл баба

жұрағаты. Ол Төлеби ауданындағы туған аулы Керегетас

адамдарына көп жылдан бері қамқор боп келеді. Бұдан біраз

уақыт бұрын өз қаржысына ауыл орталығынан мектеп үйін,

спорт кешенін салып берді. Ол білім ұясын жұртшылық оның

атымен Қапалбай деп атады.

2002-ші жылы орталықтан жырақта жатқан ауылына

фельдшерлік-акушерлік ғимарат салдырды. Оның ашылу

381


салтанатына облыс әкімі қатысып, лентасын Тұрдыбековпен

бірге қиды. Әр азамат Қапалбай Тұрдыбеков секілді туған

ауылдарына қамқор болса, талай шешілмей жатқан мәселе

оң шешімін табар еді.

Қапалбайдың ағасы Бейсен Тұрдыбеков — Шым кент

қаласындағы Абай аудандық милиция бөлімінің бастығы,

полковник. Оны да жұрт азамат тығы, біліктілігі үшін ардақтап,

құрмет тұтады.

Сүйсінерлік әрі ерекше ескерерлік тағы бір жай — Бекасыл

бабаның өкіл ұл, қыздарынан тараған ұрпақтары да үлгіліөнегелі.

Сол өкіл перзенттерінің бірі — менің әжем Орынша.

Ол кісіні бүкіл ауыл-аймағымыз Әулиенің қызы деп атаған.

Бекасыл бабамыз той жасап, Құттыбай бабамызға ұзатқан,

бір қыз, Торлан, Бекбосын, Қалдыбай, Алтыбай деген төрт ұл

сүйген. Қызының атын ырымдап Тұрсын деп қойған. Екі ұл

перзенті Ұлы Отан соғысына қатысқан. Орынша әжеміздің:

— Соғыстан Қалдыбайым аман оралады, бірақ мен көрмеймін.

Мен ноқат гүлдегенде өлемін. Алтыбайыма топырақ жат

жерден бұйырды, — деп айтқан болжамы айна-қатесіз келді

дейтін аналарымыз.

Орынша әжеміздің мінезінен де Бекасыл бабамыздың

мінезінің шет жағасын көргендей боламыз. Әжеміз соғыс

жылдары бір қиырдағы Кавказдан күшпен, зорлықпен

көшіріліп әкелінген аш-жалаңаш шешендерге қолдағы барын

бөліп берумен болыпты. Ортаншы ұлы Бекбосын атамыз:

— Өзіңіз жарымай отырып, өзгені жарылқағанды қойсаңызшы?

Азық-түлік онсыз да тапшы. Соғыс болса мынау. Бүйте

берсеңіз, балаларды аштан қырып аламыз, — деп бірнеше рет

ескертсе де, Орынша әжеміз:

— Мен өлсем өлейін, ана байғұстар аман қалсын. Құдаймен

істерің бар ма? — деп шешендерге: «Бұдан былай сендер

есік жақтан келмеңдер, көзге түсіп қаласыңдар, үйдің

сыртындағы көше жаққа қараған терезеге келіңдер», — деп

өзі ақыл үйреткен екен. Осыны айтып шешелеріміз:

— Әулиенің қызы әулие болмай қайтсін? — деп күлетін.

382


...1932-ші аштық жылы әкелеріміз түнделетіп ұра қазып,

бір жылға жетерлік астықты сырт көзден жасырып көміпті.

Көмгенде белсенділер ұшы істік темір таяқпен түрткілеп қанша

іздесе де таба алмастай етіп, бірнеше қабат топырақ, тас

төсеген. Бірде Әуелбек деген ет жақын ағайынымыз үйде

оңаша отырған Орынша әжемізге келіп:

— Әулиенің қызы-ау, сізге өтірік айтқан жараспайды. Ұра

қай жерде? Оны бәрібір үкімет таппай қоймайды. Бекерден

бекер жатқа жем еткенше, ол астықты өзіміз бөліп алайық.

Ағайынбыз ғой, — деп азғырады. Орынша әжеміз оның алдағанына

сеніп, жүр деп ертіп барып:

— Міне, ұра мына жерде, — деп көрсетеді. Содан шаш ал

десе бас алған шолақ белсенділер ұраны ашып, бір де дән

қалдырмай, арбаға артып алып кетеді. Үлкен-кіші, бала-шаға

тегіс аштықтан қырылатын болғандықтан, лаж жоқ, үй-жай,

қора-қопсыны тастап, Бекбосын атамның Мақтарал өңіріндегі

қоңырат құдасына көшіп барып, жан сақтайды. Ес жиған соң:

«Туған жерден артық жер жоқ» — деп аулымыз Қостөбеге

қайта көшіп келеді.

Бекбосын атамызды аулымыздың адамдары осы күнге

дейін «Бекбосын бай» дейді. Қариялардан естуімше, атам

әлдекімдердей кісі ақысымен емес, өз маңдай терімен

байыған көрінеді. Жасында алғыр, өжет, намысқой, көкпар

десе ішкен асын жерге қоятын шабандоз болыпты. Торлан

деген ағасының, Қалдыбай (менің әкем), Алтыбай деген екі

інісінің арқасында аузы дуалы кісілердің қасына еріп, тойжиыннан

қалмайды екен. Дау-дамайға төрелік айтып, билік те

жасаған кезі болыпты. Құда түсіп, екі інісіне өзімен терезесі

тең екі байдың қызын әперіпті.

...Қыстыңкүні Сырдария өзені үстінен өтіп келе жатқанында

мұз ойылып, ат-патымен суға кетеді. Жанталаса малтып

жүріп, өзі сыртқа аман шығады. Аман шыққанымен өкпесін

суық шалып, аурушыл, мүгедек боп, ұзақ жыл төсек тартып

жатады.

1948 жылдың көктемі. Біз үшінші сыныпта оқып жүргенбіз.

Күн жексенбі еді. Таңертең Бекбосын атамыз бізді арбаға

383


тиеп ап, Ақсу өзеніне қарай жол тартты. Соңымыздан аулымыздың

аттылы-жаяулы адамдары шұбырып келеді.

Біреулер түтін салып, бал арасы ұясының балын аламыз деп

аулымыздың сыртындағы Ақсу өзенінің қос жағасын жалғап

жатқан Сырлыбай көпірін өртеп жібергеннен кейін жұрт екі

жаққа қатынай алмай қалады. Енді сол өртенген көпір орнына

Бекбосын атам өз қаржысына жаңа көпір салдырмақ екен.

Өзен жағасына кеп тоқтадық. Әйелдер қатар-қатар

ошақ қазып, қазан асып, ер кісілер тау боп үйіліп жатқан

бөренелерді домалата сүйреп, іске кірісті. Бекбосын атам

биіктеу дөңге төселген текемет, кілем, көрпеше үстінде

жастыққа шынтақтай жатып, жұрт қимылын бақылаумен

болды. Қасында бес-алты қария.

Көпірді жұрт күн батар алдында әзер салып бітті. Ортаға

ақ сақалды қария шығып, екі қолын жайып:

— Бәрекелде, Бекбосын, Бекасыл әулиенің жиені екеніңді

жұртқа тағы бір таныттың. Сырқатыңды ескермей көпір салдырғаның

үшін өзіңе, үрім-бұтағыңа Алланың мейірімі түсіп,

нұры жаусын, өсіп-өн, — деп бата берді. Жұрт жан-жақтан

шулап, қоштап ала жөнелді.

— Ризалық, алғыс сөздеріңізді маған емес, әулие Бекасыл

бабамның аруағына арнаңыздар, көпке қызмет етуді мен сол

кісіден үйренгенмін, — деп атам жұртқа еңкейіп, басын иді.

Сол көрініс әлі көз алдымда.

Орынша әжем Бекасыл әулие бабамыз қайтыс болғанда

былай деп жоқтаған екен. (Бұл ұзақ жоқтау екен, мына үзіндіні

Төлеби ауданы, Қазақстан ауы лында тұратын Бекбосын атамның

сексен жас тағы қызы Дариға апамыздың аузынан жазып

алдық):

Тартылды тауым бұлағы,

Халқымның туы құлады.

Өзіңді жоқтап, атажан,

Жүрегім қан жылады.

384


Тапсырдың кімге елімді,

Алатауым, белімді?

Қалай ғана жұбатам,

Өзендерім, көлімді.

Алла деген атам ең,

Өсіп-өндік батаңмен.

Арлыларға кең құшақ,

Арсыздарға қатал ең.

Ағасы едің елімнің,

Жағасы едің көлімнің.

Жұлдызы едің көгімнің,

Жоқтап сізді егілдім.

Адастырмас жол едің,

Мыңға татыр қол едің.

Азбаса деп ұл-қызым,

Қайғы-уайым жеп едің.

Қазаңызға күйінем,

Іздеп келер үйім ең.

Алла жар боп, сіз қостап,

Бір қыз, төрт ұл сүйіп ем.

Жесірлерді қуантқан,

Жетімдерді жұбатқан.

Жаппар ием жар болып,

Орын бергей жұмақтан.

Тіледім хақтан бір тілек,

Жұмақ болғай орны деп.

Сексеуіл емен бұтақсыз,

Қоян емен су жүрек.

385


Айырылдым-ау қапыда,

Қазаң ауыр халқыңа.

Ұрпағыңды өсірем,

Кір келтірмей атыңа.

Үміттерді жалғаған,

Әділ жолды таңдаған.

Иманыңыз жолдас боп,

Рахмет жауғай Алладан.

Бұл тілекті бәріміз де тілейміз. Бұл күнде Орынша әжеміздің

немересі Мамырбек Алтыбайұлы техника ғылымының докторы,

профессор, мен — Мамытбек Қалдыбайұлы филология

ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстан жаушылар

одағының мүшесімін. Мұны мақтан үшін емес, бізді білімге

құштар еткен Бекасыл бабамыздың өнегесіне, шарапатына

көз жеткізе түсу үшін ғана тілге тиек еттім.

***

— Бекасыл бабамның өмірінде құпия сырға толы тосын

жағдайлар көп болған. Ол кісінің бір оқиғасы есіме түсті, —

деді бізге ІІлесбек. — Бабам тауда кітап оқып отырса, майда

балалар миын ашытып, әрнені бір сұрай беріпті. Олардың

көңліне тигісі келмей:

— Келін қарағым, су құйып бір тостаған әкелші? Мына

балаларыма қызық көрсетейін, — дейді. Келіні Мінсіз бір тостақ

су әкеледі. Әулие бабам бір-екі дем салса, тостағанның

ішіндегі су шыркөбелек айнала жөнеледі. Балалар соны қызықтап

өзді-өзі болып кетеді. Бабам қайта дем салса, әлгі су

айналмай тоқтап қалады екен.

Бекасыл бабам құранды соншалықты құлаққа жағымды,

жайлы әуезбен оқығанда жұрт қыбыр етпей ұйып тыңдайтын

көрінеді. Емдеу қабілеті де сондай әсем әуезден тарайды

екен. Құранда ғана нота бар. Оны оқуға дауыс керек. Созып,

не жоғары, не төмендетіп, не тоқтап қалып, секіртіп айту, төрт

386


белгіге, сегіз белгіге созу дегендер бар. Байқап тұрсаң, тура

нота секілді.

Құранды мақамына келтіріп оқыған адамның музыкалық

есту, тыңдау қабілеті керемет болған. Қазір молдалар көп,

бірақ көбі құранды нәшіне келтіріп оқи алмайды. «Он бес

шақты сүрені мақамына келтіріп оқыған адамды молда деп

айтуға болады. Құранды мақамына келтіріп оқыған адамда

қасиет бар» делінеді. Осы тұрғыдан зер салсақ, Бекасыл

бабамның музыкалық есту қабілеті де керемет болған

көрінеді. Ол кісі Құранның қасиетін жете білген тәрізді.

Ұлы баба бойындағы тылсым күш құпиясы көп. Мына

жағдайға да көңіл бөлелік.

— Бір кісінің таудағы шөбін трактормен әкеле жаттық. Қасында

мен қатарлы баласы бар, — деп бізге Бекасыл баба шөберелерінің

бірі Шардардың үлкен ұлы Қайрат әңгіме айтты.

— Сенің Бекасыл бабаң менің бабаммен дос болған. Бекасыл

бабаң құдіретті кісі екен. Әкемнің аузы нан естіген бір әулиелігін

айтайын, — деді Мәмет көкеммен аттас Мәмет деген

кісі. — Мұны әкеме Жолан ағайындардың бір қариясы айтыпты.

Бекасыл әулие Қорғантас деген таудың үстіндегі бұлақ

басында отырады. Кедей шал таудан аң табы лып қала ма деп

күні бойы сандалып, ештеңе кезік пей, кешқұрым аштан аш

бұратылып, сенің Бекасыл бабаңа барады. Ол кісі сандықтың

үстінде тұрған үш қапшық тарының біреуінің аузын ашып,

ақталған айранға араластырып береді.

— Бүкіл жаз бойы тоя тамақ жегенім осы жолы,— дейді

кедей шал риза болып. Сол үйге қонады. Жұрттың бәрі ұйықтады-ау

деген уақытта ол аяғының ұшынан басып, ешкімге

білдірмей бір қапшық тарыны ұрлап, әкетіп қалады.

Кейін сол шал көзіне жас алып менің бабама былай деп

мұңын шаққан екен.

Аулыңыздағы Бекасыл деген кісінің бір қапшық тарысын

ұрлап кетіп едім. Содан ба еш тұрмысым түзелмеді. Сол

кісінің наласына қалдым-ау деп осы күнге дейін өкінем. Сол

жылы әлгі бір қапшық тарымен бүкіл отбасымды аштықтан

387


құтқардым. Бірақ кейінгі өмірім жақсы болмады. Бекасыл

қария үш мәрте түсіме кірді. Үш ретінде де:

— Әй, бекер қылдың-ау, балам. Сұрасаң да беретін едім

ғой, — деді. Сол жолы үлкен қателік жасадым. Ұлым жоқ, екі

қызым бар. Қызға қараған күн құрысын, — деп жылапты.

Түс демекші, Бекасыл бабаның шөбере келін дерінің

бірі ІІлесбектің анасы Мәрия Кемел бекқы зының сөзіне зер

салалық.

— 1945 жылы соғыс басылды, — деді кейуана. — Әкем:

«Тұқым ал, шырағым», — деп өзімнен жиырма бес жас үлкен

шалға берді.Алғаш қыз тудым. Іле-шала Құдай берген ұлым

ІІлесбек дүниеге келді. Көп ұзамай шалым сал боп ауырды. Он

екі жыл төсек тартып жатты.

— Үш жетімді қайтіп бағам? — деп жылап-еңіреп жүргенімде

шал бейшара дүние салды. Көз жасымды көлдетіп, екі-үш

айдан кейін сегізінші сыныпты бітірген қызым күйеуге қашып

кетті. Ұлым Ілесбек екеуміз-ақ қалдық.

— Адам боламыз ба, болмаймыз ба? — деп жылап-еңіреп

жүргенімде әулие бабам түсіме кірді. Ол кісіні мен танымаймын,

көрген емеспін. Бабаң осындай кісі еді дегенді әркім-әркімнен

естігем.

— Мен Пәленше деген атаңмын — деп қамыр ауқат, қазы-қарта,

ет, төбесінде әдемілеп үйтілген, сап-сары қойдың

басы салынған дәу табақты алдыма әкеп қойды. Маңдайымнан

үш рет сипап, арқамнан үш рет қағып, жылама деп үйден

шықты.

Мен оянып кеттім. Таң атып келеді екен. Жүгіріп көршім

Намазбай қайын ағама бардым. Айналайын мың болғыр,

кемпірі екеуі есік алдында жүр екен.

— Не болды, не болды, келін? — деді.

— Қайын аға, мен түс көрдім, жорып беріңізші?

— Үйге кір, айналайын.

Өзі де, кемпірі де ішке еніп, қасыма кеп отырды. Түсімді

түгел айтып бердім.

— Өйбүй, айналайын-ай, Құдай саған беріп қапты ғой.

388


Көз жасыңды Құдай, аруақ көрген екен. Адал келін екенсің,

қарағым. Әулие бабаң алдыңа кеп, маңдайыңнан сипап,

арқаңнан қағып, ырыс-нәсібеңді әкеп берген екен. Құдай

әзір, аруақ әзір деген осы, айналайын. Жаман келін емессің,

қарағым. Әулие бабаң көз жасыңды көрген екен. Түсің өте

жақсы. Мына балаңның жеке еңбегінен гөрі қосымша табысы

көп болады екен. Құдай қаласа, ырыс-нәсібесін Алла тағала

жеткізеді, — деп маңдайымнан сипап, екі қолын жайып, бата

жасады.

Мен үйіме келе сап жеті күлше пісіріп, қарияларды

шақырып, шай бердім. Міне, биыл сексен алтыға келдім. Маған

әулие бабамның шарапаты, кереметі тиіп жатыр. Құдайға мың

бір шүкір, денім сау, шырақтарым алдымда. Тәуба, тәуба.

Құдайым жалғыз-ақ қайғыдан аман қылсын. Шырақтарымның

алдында өлсем арманым жоқ. Шөбере, шөпшек сүйдім...

— Апам менің жеке еңбегім деп мектепте музыка пәнінен

сабақ беретінімді, қосымша табысым деп үлкенді-кішілі

той-томалақта асабалық қызмет ететінімді айтып отыр, — деп

Ілесбек күлді.

Бекасыл баба өмір жолынан мол дерек беретін мұндай

әңгімелер Оңтүстік Қазақстан өңірінде көп. Алдағы мақсат

— соның бәрін жинақтап, зерттеу жұмысын жалғастыра беру.

***

Енді Бекасыл әулиенің есте сақтау қабілеті, яғни жады

туралы бірер сөз. Шөбере келіндерінің бірі Баршагүл ананың

айтуы бойынша, ол кісі өзі туып-өскен Оңтүстік Қазақстан

өлкесі оқиғаларын ғана емес Арқа, Батыс Қазақстан өңірі

оқиғаларын да ұзақ таңға талмай әңгімелейді екен. Пошатай

атам:

— Адам көп ізденіп, көп оқу керек. Сол оқығаннан көңліне

ұмытпастай етіп тоқу керек. Онсыз ешкім өзін-өзі дамыта алмайды.

Хандардың, үлкен кісілердің талайымен дастарқандас

болдым. Көбі қойған сұрағыма жауап бере алмай, «Е, сіз айтқандай

ғой, солай ғой», — деп жалтара жауап қатып, қысылып,

389


қиналатын. Бұл — ізденбеудің, оқымаудың, оқығанын көңліне

тоқымаудың кесірі. Менің жадым жақсы. Төрт-бес жастан

бергі жағдайдың бәрі көз алдымда тұрады. Кейбіреулер,

«ойбой, ұмытып қалыппын, есімде жоқ» деп жатады. Құдайға

шүкір, тоқсанға келсем де мен одан аманмын. Жадымның

беріктігінің арқасында күн көріп жүрмін», — деп әзілдеуші

еді, — дейтін. —Молжәкем сөйлегенде ағып жатқан бұлақтай

көрінетін, жұрт біткенді өзіне ұйытып алатын.

***

Пошатай атамнан естіген, әулие бабамыздың кейбір

айтқандарын да ортаға сала кетейін. Артықтығы бола қоймас.

Әлібек би Түркістанға зиярат еткелі бара жатқанында

алдынан түйе жетектеген дуана кезігіп, сусын сұрапты.

Бәйбішесі кәрлен кесеге құйып қымыз береді. Дуана оны

ішіп сап, қайта құсып, бәйбі шеге ұсынады. Ол оны жиіркеніп

ішпейді. Қасында тұрған бидің тоқалы ыдысты қолына ап,

ішіп салады.

Келесі жылы тоқал маңдайы торсықтай ұл табады. Атын

азан шақырып, Төле қояды. Босаға жақта тұрған баланың

бесігі өзінен өзі жылжып, төрге шығып қала береді.

— Бала деген босағада жатып-ақ өсуші еді. Мұнда қандай

сыр бар, — деп Әлібек би бәйбішесі екеуі ұйықтамай аңдиды.

Түн жарымынан ауа бергенде шаңырақтан бір сәуле түсіп,

бала шар етіп жылайды. Бесік өзінен өзі тербеліп, төрге бір-ақ

шығады.

— Мен жөнге көшейін, бұл бала тегін емес екен. Түйе жетектеген

дуана — қыдыр деген сөз рас болды ғой, — деп бәйбіше

күндестік-қызғанышын қойып, тоқалмен апалы-сіңлідей

боп кеткен екен.

***

Әулие бабам Қаз дауысты Қазыбектің әкесі Келдібектің

Тоқмейіл деген бір аяғы ақсақ, бір көзі соқыр қызға үйлену

тарихын да қызықты етіп әңгімелейтін. Келдібек қы рық

390


жасқа дейін үйленбей жүріпті. Әкесі он жеті байдың қызын

айттырады. Жігіт ақыл-парасаты жағынан олардың ешқайсысын

ұнатпайды. Бір үлкен, көріпкел кісі:

— Сен қырық жасыңда көзі қыли, аяғы ақсақ, оң емшегінде

қалы бар қызға үйленесің. Одан ақылды палуан да, батыр да,

көсем де, шешен де туады, — деген көрінеді.

Келдібек би түсінде қызды көрді. Оны қалай кездестірем

деп жүргенде көрші ауылдағы жиынға барып, бір аяғы ақсақ,

бір көзі соқыр Тоқмейіл деген қызбен кездесіп, тілдеседі. Қыз

оны бір ауыз сөзбен оңдырмай жеңеді.

Аулына келіп, жеңгесіне:

— Тоқмейілге үйленем, — дейді.

— Ойбай, мырзаға, аяғы ақсақ, көзі қыли қызға үйленем

дегенің не масқара?!.

— Айттым, болды, үйленем. Анама осы ойымды жеткізіңіз.

Ол енесіне айтады, енесі шалға айтады.

— Бәлені көзіме көрсетпе! Одан басқа қыз құрып қалды

ма? Үйленсе, он жеті байдың қай қызын қаласа да алып берем.

Ақырында шал баласын шақырып ап, оңаша сөйлеседі.

Қаймағын сүттен шыққан алдым қалқып,

Аяғы ақсақ болса да ақылы артық.

Көзі қыли, сөзінен ішім жылып,

Сөйлескенде өн бойым кетті балқып, —

депті Келдібек.

— Мейлі, баламның көңлі ауған екен. Мұның да бір мәні болар,

— дейді әкесі ұлының алған бетінен қайтпайтынына көзі

жетіп.

— Оу, сұлу келіншек аспандағы күнге қолың жетті. Енді не

арманың бар? — деп әзіл айтқан катар-құрбыларына:

— Жасырмаймын көзім қыли, аяғым ақсақ, Келдекеңмен

көңілім сондай жақсы-ақ. Келдекеңе, Ай куә, уәдем бар. Тоғыз

божбанды билейтін бір ұл таппақ, — дейді. Сол келіншек өзі

айтқандай Қазыбекті дүниеге әкелді.

391


Тоқмейіл алты ұл, бір қыз туыпты. Бір қызығы, Тоқмейіл

ана барлық баласын өзі бағалап, сын тезінен өткізіп отырады

екен. Қазыбекке:

— Ақ сүтімді беріп өсірдім,

Бар мініңді кешірдім.

Аузыңнан болар кәсібің,

Адалдан болар нәсібең, —

деген екен.

***

Бекасыл әулие бабамның айтқан тағы бір әңгі месі. Көбек

атты кісінің баласы отыз беске дейін үйлен бей жүріпті.

— Әке, қыздың қандайына үйленгенім жақсы, — дейді бірде

баласы.

— Шыны тектес сыры терең, қолаң шашты торыны ал.

— Ол болмаса ше?

— Ол болмаса, қолы мырза, сөзі сараң, аққұбаның өзін ал.

— Ол болмаса ше?

— Мұңға мұқалмас, жоққа жұтамас, қажымайтын қараны

ал.

— Ол болмаса ше?

— Ол болмаса, өзі сары, көзі көк, қалтылдаған сөзі көп, салпы

етектің өзін ал.

— Ойпырмай, көке-ай, ең болмаса, ақты бір айтпадың ғой, —

депті баласы. — Алғаным ақ болса, қандай болар еді.

— Ей, балам-ай, ақ болғанда ақтың сәні бола ма, жалтырауықтың

мәні бола ма, қалтырауықтың дәні бола ма? Дәні болмаған

соң оның ешқандай мәні де болмайды. Сонда ақтың

қандай сәні бар? — деген екен.

Осы тәрізді әңгімелерді айта келіп, Пошатай атам:

— Молжәкем бір естігенімді өмірі ұмытпаймын деуші еді.

Құдайдың құдыреті, мен де Молжәкеме тартқан екем, — деп

күлетін.

— Молжәкемнің Абылай хан туралы айтқаны да есімде, —

деп сөзін жалғайтын. — Әскері жеңіліп, жоң ғарлардан быты-

392


рап артқа қарай қашып, не істерін білмей сасқанда, Абылай

хан қасындағы ақылгөйіне:

— Тұлпарыммен барып, аналарды өзім қайырсам қайтеді?

— дегенде:

— Сен қайырма. Олардың алдынан алға озып шап. Сен шапқан

уақытта артыңнан өздері ереді, — дейді ақылгөй жырау.

Айтқанындай, намыстан жарыла жаздап, ашуланып тұрған

Абылай тұлпарына қамшыны басып, алға озғанында әскері

соңынан еріп, қалмақтардың быт-шытын шығарып, қуып,

қырып, жеңіп шыққан екен.

Ертеңіне Абылай қайтадан даярланып:

— Бүгін енді мен қолды өзім бастап шығам, — дейді. Ақылгөй

жырау:

— Ей, хан ием, шыны мың күнде емес, бір-ақ күнде сынады.

Сіздің кешегі ерлігіңіз есте қалды. Енді қолға сырттай басшылық

жасаңыз, елге, жұртқа керексіз, — дейді.

Осы Абылай ханның он екі әйелден отыз ұлы, қырық

қызы болған көрінеді. Орнымды басады-ау деп өзі үміт

артқан Жолыбай деген ұлы аттан құлап қайтыс болады. Үш

жүздің игі жақсылары жина лып, қанша жұбату сөз айтса да,

Абылай басын көтермей жатып алыпты. Сонда Жәнібек деген

батыр ашуланып, бағы жанып Орта жүзге хан болғанын, игі

жақсылардың қатты қолдағанын айтып, шамалы ренжиді.

Абылай басын көтермеген соң «тұрыңдар, кеттік» деп аттанып

бара жатқанында Ұлы жүздің жігіттері қарсы ұшырасады.

Араларындағы бір жас бала:

— О, не болды? — дегенде:

— Абылай жұбанбады, басын көтерер емес, — дейді Жәнібек

батыр.

— Әй, ол басын көтермесе, сендер тілін таппағансыңдар

ғой. Абылай хан елден ерекше ақылы бар, жөн білетін, ел билеген

адам емес пе? Сендер бір тілін таппағансыңдар. Бекер

кетіп бара жатырсыңдар.

— Әй, білгіш болсаң, барып сен тұрғыз! — дейді Жәнібек

батыр ашуланып.

393


Бала Абылайға кеп, сәлем беріп:

— Ей, Абылай! Көтер басыңды! — дейді. — Ай аумайды, күн

аумайды, Абылай, асыл айнымайды, алтын шірімейді, Абылай.

қазақтың үш жүзі ағып жатқан үш өзен емес пе? Сол өзеннің

құярлығына сен біткен алтын бәйтерек емессің бе, Абылай?

Ол алтын бәйтеректе ондаған бұтақ болмай ма, Абылай?

Ол бұтақтарда сандаған мың жапырақ болмай ма, Абылай?

Ол бұтақтың біреуі сынбайтын, жапырақтың біреуі үзіліп

түспейтін Құдайдың кімі едің сен, Абылай? Оның өзі ұяңнан

ұшқан сұңқарың шығар? Жер орнында, жұрт орнында.

Тыңдамайтын сөздерін, сыйламайтын өздерін, бұл жұрт не

жазды саған, Абылай? Өлім деген дерт емес пе, өртеніп

жатқан өрт емес пе? Сол өртті сөндіруге келіп жатқан осы

ел емес пе, Абылай? Мен туғанымды білсем, өлуімді де білем,

Абылай, — дегенде, Абылай басын көтеріп:

— Ақыл айтсам — азығым бол, ат арқандар қазығым бол.

Орның оң тізем болсын, — деген екен. Абылайдың оң жағынан

орын алған балаға жұрт таңғалып:

— Сен кімсің? — дегенде:

— Руым —Қоңырат, атым — Құл, — депті.

— Осыны жұрт Қаз дауысты Қазыбек би мен ақылгөй Бұқар

жырау айтты дейді, — дегендерге Молжәкемнің:

— Мен мұны әбден зерттеп, тексеріп көрдім. Мұны Қоңырат

Құл айтқан, — дегені де есімде.

***

«Сіздер енді Бекасыл бабамның немересі — менің әкем

Өтебектің айтқандарына құлақ түріңіздер, — деді Жолдасбек

қарт тың әңгімеге тартып. — Бекасыл бабам қайтыс боларында

әкем Өтебек сегіз жаста екен. Тізесіне шығып отырдым. Үй

толған үлкен кісілер. Бекасыл атам былай деді: «Жылқыдан

ту торы биені, түйеден қара нарды, қойдан ақбас қош қарды,

қара малдан мына жаман (мені иегімен нұсқап көрсетті)

мініп жүрген құнажынды (оны өзім өте жақсы көруші едім.

Кешке қарай жайылымнан тойып кеп есік алдында пысылдап

394


жататын. Үстінен ары өтіп, бері өтіп, мойнынан құшақтап

ойнаушы едім) басыма тігіңдер», — дегенде, ол кісіні ішімнен

жек көріп қалдым.

«Мен пәлен күні қайтыс болам», — деген мезгілде Бекасыл

атам қайтыс болды. Жәкемдер жуып-шайып, оң жаққа

жатқызып, шымылдық тұтты. Ташкент, Ақмешіт, Тараз, Бішкекке

дейін ат шаптырып, хабар бергізді.

Жаныс Қасымбек датқа Арыс өзені жағасында тұрады

екен. Таңғы намазын оқымақ болып, дәрет алғалы далаға

шыққанда, тау жаққа көзі түсіп, аспаннан жерге құйылып

жатқан нұрды көріп: «О, тәуба, Бекасыл әулие қайтыс

болыпты-ау», — деп дереу намазын оқып бітісімен атына мініп,

жаназаға деп едәуір мал айдатып, жолға шыққан екен. Жаназаға

ел-жұрт ойдан да, қырдан да көп жиналды. Алдарына

сап айдап әкелген малда есеп жоқтай еді».

Жақсының өлімі де жақсы, ел-жұрт сүйіктісін соңғы сапарға

да қимай, құрметтеп шығарады деген сөздің шындығы

Бекасыл әулие бабаны жерлеу рәсімінен де байқалыпты. Ол

кісі 1915 жылы күз айында қайтыс болыпты. Мәйітін төрт

жігіттен кезек-кезек алмаса көтеріп, «Аллаху» деп зікір салып,

таудағы Жергенталдан жеті-сегіз шақырым шалғай ойдағы

Кеңесарыққа қарай алып жүріпті. Сайрамсу өзені жанына

жеткенде жігіттер не істерін білмей ошарыла бергенде,

Пошатай қайнысы Ташкенттен әкеп, өзі тіккен, қонышы

тізесінен асатын етігімен суға қойып кетеді. Қасындағылар

да солай етеді. Өзен суы тізелерінен келеді. Зікір салып,

арғы жағаға шыққанда оларды басқа жігіттер алмастырады.

Отыра қалып, етіктерінің суын төгіп, шұлғауларын сығып,

қайта киеді.

— Менің етігімнің ішіне бір тамшы су енбепті. Ұзын қоныштың

пайдасын сонда көрдім, — депті сонда Пошатай.

Жолдағы елдер:

— Баламызға жасын, бағын берсін, жолын берсін, шақалақ

нәрестелерімізге көйлек ғып тігеміз, бесікке байлаймыз, тұмар

ғып тағамыз. Тәбәрік, — деп Бекасыл баба денесін ораған ма-

395


таны кесіп ала беріп, жалаңаштай түсіпті. Содан, амал жоқ,

Сайрамға қайта адам жұмсап, тағы бір түйе мата алдырып,

арнайы күзет қойған екен.

Жыртыс тарату кезінде де жоғарыдағы оқиға қайта ланыпты.

Ең соңында мата жетіңкіремей, кеш теу келген кісілерге

аз-аздан бөліп беріп, жұрт көңі лін аулаған екен.

Халқымыздың ежелден «Өлі риза болмай, тірі байымайды»

деп қолынан келгенше ата-баба аруағын ардақ тұтып, ас

беріп, қабырының басына сағана, күмбез орнатып, оны ешкімге

қорлатпай, көзінің қарашығындай қорғап, сақтап келе жатқан

дәстүрі бар. Мұның жастарымызды отаншыл, намысшыл етіп

тәрбиелеудегі маңызы үлкен. Оны тереңірек түсіну үшін кезінде

түрлі себептермен бүгінгі Ресей федерациясына өтіп кеткен

Астрахань, Саратов облыс тарының жекелеген аудандарында

тұратын қандастарымызбен болған тілші әңгімесіне көңіл

бөлелік. Тілшінің: «Енді қысылып-қымтырылмай-ақ ата

мекендеріңізге оралуға болады. Бұған үкіме тіміздің бірқатар

қаулылары, сондай-ақ қабыл дан ғалы жатқан «Көшіп келу

туралы» Заң да жеңілдік береді» — дегеніне, ресейлік

қандас ағайындар: «Бәрі мізде ата мекенімізге оралсақ деген

аңсар бар, бірақ бұл жер де біздің ата-бабамыздың мекені

ғой. Тіпті, өзге мемлекетке территориялық талап қоймай-ақ

Қазақстанға оралайық-ақ дейміз. Біздерге Қазақстанның

қазіргі жері де жетеді. Алайда, ата-бабамыздың сүйектері

жерленген мола-мазарларды қалай қиып кетеміз? Өзіміз

басы-қасында отырғанда көз алартушы басқа ағайындар біз

түп көтеріле көшсек, ата-бабаларымыздың сүйегін жерменжек

сен етіп, қорламасына кім кепіл? Міне, елімізге орала алмай

отырған себебіміздің бастысы осы» — деп жауап бергені (Қ.

Әбдірманұлы, «Ата-баба сүйегі аяқ асты қалмасын», «Өркен»

газеті, 27.VII.1992 ж.) үлкен-кішімізді ойлантса керек.

Осы толғақты мәселені дәл шешудің жолын іздестірген

тілші өз ойын былай жалғастырады: «Біздіңше мұндай

жағдай тарихта бірнеше рет бол ған. Берісін айтсақ, екінші

дүниежүзілік соғыс тан кейін біздің, яғни бұрынғы ССРО-ның

(Советтік социалистік республикалар одағының) жерінде

396


сүйегі қалған жапондықтар мен олардың өлкесінде жер ленген

біздің адамдардың мазарларын қорғау үшін кезінде ССРО

мен Жапония бір-бірінің адам дарының сүйектерін қорлатпау

жөнінде екіжақты шарт жасасқан екен. Дәл осындай келісім

қазіргі кезде де қажет деп есептейміз. Әрине, әлем шарының

әр төскейіне тарыдай шашыраған біздің қазақ үшін бірнеше

елмен осындай келісімге келу керек... Осындайда ойға түседі,

бұдан бес жыл бұрын Алматыға келген кельндік Лихат

бауырымыз Батыс Германиядағы бір топ қазақтар Ұлы Отан

соғысы кезінде қаза тауып, сонда жерленген бірқатар қандас

жауынгерлеріміздің мола-бейіттерін бұзғызбай, сол жерді

жалға алып, жыл сайын қомақты қаржы төлеп отырғандығын

айтқан. Әйтпесе, жергілікті үкімет осынау бейіттерді сыпырып

тастамақшы екен. Олар жыл өткен сайын әлгі жалға алған

жер жөніндегі ақыны тіпті молайта түседі. Сонда да қанына

тартқан қазақтар қолдан келгенше қар жыларын жиып беруде

екен. Міне, нағыз бауыр малдықтың ерен үлгісі. Бізге де,

яғни тәуелсіз Қазақ мемлекетіне де, қазіргі территорясынан

тыс қары жердегі туған-туыстарымыздың бейіттерін

қорғап-сақтауда осындай жанашырлық ауадай қажет» (Қ.

Әбдіраманұлы, «Ата-баба сүйегі аяқ асты қалмасын», «Өркен»

газеті, 27.VII.1992 ж.).

Мұны еске алып отырған себебіміз — Бекасыл баба

аруағын ардақтап, қастерлеуде де ұрпақтары тарапынан

жүзеге асырылып жатқан шаралар аз емес. 2001 жылдың

30-шы сәуірі күні туған ауылындағы Кеңесарық орта мектебі

ұлы баба есімімен аталып, сол күні бүкіл төс ел-жұртының

бас қосуымен үлкен ас берілді. Оған Алматы, Астана,

Тараз, Бішкек, Қызылорда, Ташкент қалаларынан адамдар,

аудандық, облыстық әкімдер қатысты. Сол жылы «Бекасыл

әулие» атты көлемді кітап жарық көрді. Амандық болса,

мұндай туындылар, зерттеу ғылыми еңбектер алда да жарық

көре бермек.

Жақсылық жалғасындай жақында бізге Бекасыл баба

шөбересі, Исақұлов Ержан Бекбауұлы Астана дан телефон

397


соғып: «Бекасыл бабамыздың ескі сағанасының орнына жаңа

күмбез-кесене орнатамыз» — деді. Бұл қуанышты хабарға біз

де шын жүректен тілектестік білдіріп, өз үлесімізді қостық.

Бекасыл әулиедей халық адамына, ел ардақ тысына

айналған ұлылардың орны қашан да бөлек, оларға деген

құрметтің мәні де өте-мөте терең. Себебі атақты, даңқты

адамдарымыздың өмірі жас тарымызды Отанын, елін сүйген

ойшыл, парасат ты, жігерлі, намысшыл болып өсулеріне

өлшеусіз ықпал етеді. Мұны Бекасыл бабаның қарт шөбересі

Паңсабектің айтқан мына бір әңгімесінен де біршама

сезінгендейміз. «Бұл күндері де ауру-сырқаулар сонау

Алматы, Тараз, Қызылордадан Бекасыл баба қабырының

басына кеп құран оқып, құрбандық шалып, қараағаш тоғайы

ішіндегі бастауының суын әкетіп жатады. Жақында тұрмысқа

шыққан аулы мыздың бір қызы құран бағыштап, мал сойып

зиярат жасады. Бір жиен қызымыз Алматыға бір фляг су

әкетті. Арғы күні үш машина адам келді. Аурулардың талайы

жазылып, бала көтермеген әйелдердің бала тапқандары да

бар».

Бұған қосымша Бекасыл әулие мешітінің орнына салынған

мешітте жұма намаз үзбей оқылады, ауыл адамдарының

құдайысы әулие баба күмбезінде беріледі. Бұл — жұртты

имандылыққа, Құдайға құл шылық етуге тәрбиелеудің жолы.

Бұған қуана отырып, біздің өз тарапымыздан айтарымыз

— Бекасыл әулие баба атын иемденген мектеп ұстаздары

мен ата-аналар қауымына жүктелер жауапкершілік те үлкен.

Себебі бұл білім ұясында оқитын, тәрбие алатын әр бала асыл

баба атына лайықты білімді де, тәрбиелі, ізгі жанды, жігерлі,

отаншыл, намысшыл болып өсуге тиісті.

Халқымыз: «Оқу — инемен құдық қазғандай» деп бекер

айтпаған. Бұл білім алу өздігінен жүзеге аса салмайтынын,

ол үшін Бекасыл әулиедей қайсарлық, табандылық таныту

керектігін мегзесе керек. Ал көрші қытай халқында «Бау

өсірген адам он жыл алға, бала оқытқан адам жүз жыл алға

қарайды» деген мақал бар екен. Мұны біз де ескеріп, Бекасыл

398


бабамызша ілім-білім жолындағы қиындық атаулыны жеңіп,

он жыл емес, жүз жыл алға қарайтын болайық.

***

Әрине, ең жақсы ұстаз — шәкірттің өзі екені рас. Себебі,

ол ықылас қоймаса, үйрену, іздену жоқ, онсыз даму қайдан

болсын. Бұл тарапта Бекасыл бабаның дарындылығы,

алғырлығы бізді ойлантады. Әйтпесе, оның қасында басқа

да жетім балалар жүрді ғой. Олар неге оқуға, білімге

талпынбады? Оның себебі, олар дарынсыздар еді. Мұның

мысалын бүгінгі өмірімізден де көптеп кездестіреміз.

Осы тұста халқымыздың қадірлі ұлдарының бірі Асанбай

Асқаровтың өмір жолында ұшырасқан мына бір оқиғаны еске

ала кетелік. Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші

хатшысы болып жүрген кезінде Асекең ешкімге айтпай құм

қойнауын жайлаған қойшылар ауылын аралап, олардың

тұрмыс-тіршілігін өз көзімен көріп қайтпақ болады. Бір

жазықта түйеге мініп, қой бағып жүрген қартқа кезігеді. Ол

Асекеңнің машинасын алыстан көрісімен түсе қалып, жерге

киіз, көрпеше төсеп, малдас құрып отыра кетеді. Асекеңнің

сәлемін сол отырған күйі қабыл алады.

— Құмды ауылды аралағалы Асанбай Асқаров келе жатыр

деп естіп едім. Дәу де болса, сол сенсің, — дейді қарт. Әңгімелесе

келе:

— Мен Меркедегі Пәлен деген атақты байдың баласы едім.

Мына елсіз жапан түзде қой соңында жүргенім үшін кеңес

үкіметіне де, партияға да, саған да өкпем жоқ, имандай сырым,

тек әкеме ғана өкпелімін. Қолындағы байлығының жүзден

бірін жұмсап мені оқытқанда, мен бүйтіп құм арасында қой

бағып жүрмес едім, анау Алматының төріндегі Сәтпаевтың

(академик Қаныш Сәтпаевты айтып отыр — М. Қ.) қасында

отырар едім. Әкемнің байлығы не өзіне, не маған бұйырмады,

— дейді.

Меркелік қойшы қарттың бұл өкінішіне тереңірек ой

жіберсек, жетім, панасыз Бекасыл бабаның тұлғасы ақ

399


басты Алатау шыңындай биіктеп, асқақтай түседі. Оған қол

ұшын берген кім? Ешкім емес. Қайта оның жігерін жасытуға

әрекеттенген жандар көп болды. Оқу іздеп, қараңғы түнді

елемей, аулынан қашып кетуі, медреседегі қиыншылық —

бұғанасы қатпаған оған оңайға түспегені аян. Ол соның бәрін

жеңе білді. Қандай қиын кедергі кездеспесін жігерсіздік,

әлсіздік танытқан жоқ, қайта қарсыласып, төзіп бақты. Бұл

қасиет біздің бүгінгі жас жеткіншектерімізге де дарыса

дейміз.

Адам мінезінің дамып, қалыптасуы қоғамдық болмыспен,

әлеуметтік ортамен белсенді қарым-қатынас жасауына тығыз

байланысты екені Бекасыл бабаның жоғарыдағы қасиеттерді

жасынан еншілеп өсуі, яғни еңбексүйгіш, тәртіпті, ұстамды,

батыл, қайсар, уақытша сәтсіздіктерге мойымайтын жігерлі,

тапқыр, табанды болып өсуі барысынан ерекше танылады.

Оны қоршаған ортасы ғана өзгертпей, ол өзі де шамашарқына

қарай қоршаған ортасына өзгерістер енгізеді. Бұл —

үлкен олжа. Мысалы, оның бар қиындық, ауыртпалыққа төзіп,

медреседе оқуы, оны бітірген соң ауылына келіп, медресе

ашып, бала оқытуы, өз бетінше ізденіп, үлкен ғұлама, сәуегей

әулие, емші, жұлдызшы, ел ағасы атануы — шын мәніндегі

үлкен өзгерістер. Сондықтан да Бекасыл баба мінез бітімінде

басқаларда қайталанбайтын ерекшеліктер мол. Айталық,

қартайса да ағайын дарының үйіне күтпеген жерден жетіп

баруы, бір жаққа жолаушылап шыға қалса, күй талғамай,

әрі-беріден кейін ертоқымын жастанып жата кетуі, жұртты

әбігерге түсіргісі келмей кім екенін жасырып: «Аманжолмын,

құдайы қонақпын» деуі, қолға түскен олжасын «Барға

берген — мақтан, жоққа берген — сауап» деп кедей-кепшікке

үлестіруі, самауыры тұтанбай жатқан келіннің самауырынын

тұтатып бере қоюы — тағы басқа көптеген іс-әрекеттері

қандастарымыз бойында кездесе бермейтін, тосын әрекеттер.

Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы

мен ой-өрісі, пейілі кең адамды толық, үлкен мінезді адам

дейміз. Мінез сапаларының бірі — оның бірқалыптылығы.

400


Мұндай адамның қастерлейтіні — ылғи да сөз бен істің бірлігі.

Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты болмақ.

Бұл екеуі — мінездің егіз қозыдай бірінен екіншісі ешқашан

ажырамайтын қасиеттері. Мінездің тұрақтылығы адамның

саяси, адамгершілік ұғымынан, түсінік терінен туындамақ.

Байсалды, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде

кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, ұстанымы, мінезқұлқы

болады, қауіп-қатерден қорқып, бой тасаламайды,

керек жерінде батылдық көрсете біледі. Белсенділік, достық

пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық, жұртты соңынан

ерте біліп, бастама көтерушілік — үлкен, толық мінезді адамға

ғана тән қасиеттер. Бұл қасиеттер Бекасыл баба бойынан төрт

көзі түгел табылып, ол кісінің толық, кесек мінезді адам екенін

әйгілей түскендей. Ал толық, кесек мінезді адамдар өмірде

өте сирек кездесетінін Бекасыл әулие өмірін зерттеушілер

жақсы біледі.

Біздіңше, меркелік қойшы қарттың өкпесі — адам, заман

сырын түсінбегендіктен туған жасық, болым сыз өкпе. Шын

өкпелесе, әкесін де, өзін де бар байлығынан айырып, мүсәпір

күйге түсірген советтік қызыл империяға, сонымен бірге күрес

жолында жасықтық танытқан өзіне өкпелесін. Бәрінен оның

кесір-кесапаттығын, тәкаппарлығын қайтерсіз! Жақсылыжаманды

ел ағасы — Асанбай Асқаровпен орнынан тұрмай,

отырған күйі амандасуы — кесірлік, тәкаппарлық, әкем

оқытқанда, Алматыдағы Сәтпаев тың қасынан табылар едім

деуі — бос қиял.

Ол кісі мен Бекасыл бабаның айырмашылығы жер мен

көктей. Бекасыл бабаның байқампаз-біл гір лігі, қайсарпарасаттылығы,

жан дүниесінің жомарт тығы, күрескерлігі

— жігерсіздерге жігер сый лайтын өнеге. Қой бағып жүріп,

тұсынан өтіп бара жатқан ишанға мурит боламын деп екі

қойды беріп жіберуі, кейін есейіп, ел ағасы, ел қамқоры

атанғанда да қолдағы барын кедейлерге үлестіріп отыруы

— оның жасынан-ақ байлыққа қызықпағанын, қызықпайтынын

дәлелдесе керек.

401


Байлық! Ол қажет пе? Әлбетте, қажет. Қажет болғанда бізге

сараң, арам, надан байлық емес, адал, ойлы, ақылды байлық

қажет. Бұл тарапта дана, кемеңгер Абайдың өз заманындағы

абыройын, арын сатып байыған, малмен мақтанып, малмен бірбірінің

кеудесін басып, күндестігін қоздырған қазақ байлары

туралы айтқан мына пікіріне жүгінбей болмайды. «Қош, сөйтіп

жүріп-ақ мал таптың, байы дың. Сол малды сарып қылып, ғылым

табу керек. Өзіңе табылмаса, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет

те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза,

қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ

көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған.

Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айырылады» (Абай, «Қара

сөздер. Поэмалар», «ЕЛ» баспасы, Алматы, 19913 ж. 28-бет).

Бекасыл баба да халыққа пайдасыз байлықты барынша

жек көрді, оны өзінің білімге, кісілікке ұмтылуымен нақты

дәлелдеп те берді. Бекасыл баба ның ұлылығы, ұлылармен

туыстығы осы тұста барын ша даралана түседі.

Бекасыл әулиенің кейін ел ағасы, ел қамқоры атанған

кезде мансапты да мансұқ еткенін көреміз. Ол кісінің барлық

кезде өзін кішіпейіл, қарапайым ұстауы да жаны, ары сұлу

жан екенін ерекше әйгілеп тұрғандай.

Тағы бір таңғала сүйсінерлік жай — атақты суретші

Молдағали Қалдыбай Бекасыл бейнесін өзінен аумайтын

Тәуірше деген қызының тұлғасына қарап салса, «Бекасыл

әулие» атты көлемді кітапты қызы Орыншаның немересі

Мамытбек Қалдыбайұлы жазды. Ал қабырының басына

қойылған күмбезінің архитектурасын Омбының қазағы, атақты

сәулеткер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик

Қалдыбай Монтақай жасады. Осылай Қалдыбай есім ділер дің

үш қиырдан бас қосуының өзі де Бекасыл баба қасиеттілігінің,

киелілігінің бір дәлелі тәрізді.

2003-ші жылы Алматы қаласындағы әулие-абыз Әлмерек

баба атындағы тегін емдеу, имандылыққа шақыру, рухани сауықтандыру

орталығынан Ермек-ұстаз басшылық ететін 70

ақжолдық Бекасыл әулие қабырының басына барып, құран

402


бағыштап қайтты. Осы жылдың күзінде Ермек-ұстаздың

шәкірттерінің бірі Айдар Жүнісовтың дүниеге келген сәбиіне

Бекасыл әулие баба есімі берілді. Оның шілдехана тойында біз

де болдық. Менің де, Алтыбаев Мамыр бектің де немересінің

аты — Бекасыл.

Жоғарыда айтқан Алматы қаласындағы әулие-абыз

Әлмерек баба атындағы тегін емдеу, иман дылыққа шақыру,

рухани сақтандыру орталығында әр бейсенбі, жұма күндері

жұрттың үйлерінен пісіріп әкелген жеті шелпектеріне әр

кез оқылған құран бұрынғы өткен әулие-әнбиелердің, атабабалардың

аруақтарымен бірге Бекасыл әулие аруағына

да арналады. Орталықтың бас емшісі Ермек-ұстаз: «Алдыңкүні

сізді түсімде көрдім. Қасыңыздағы бір кісіне көрсетіп:

«Мына кісіні танисыз ба?» — дейсіз. Таны маймын дедім.

«Полиграфияның бастығы ғой. Аты Пәленше. «Баспаға бір

кітап бастырмақ едік» — дедіңіз. Қарасам, сол жағымда

Ержан, оң жағымда бір әдемі, сұлу кісі жымиып қарап тұр.

«Мына ақсақал Бекасыл әулие бабамыз» — дедіңіз. Оянсам,

түсім. Тәуба деп дереу Бекасыл баба аруағына арнап құран

оқыдым» — деді. Бұл да асыл бабаға деген құрметтің бір түрі

болса керек.

Тәуелсіз ел атанған 32 жыл ішінде Бекасыл баба өмірін

зерттеуге назар аударған ғалымдар саны да арта түсті.

Солардың арасынан Қожа Ахмет Иассауи атындағы қазақтүрік

университетінің оқытушысы, тарих ғылымының

кандидаты, Зікірия Жандарбек, «Қазақтану ғылыми-зерттеу

орталығының директо ры, тарихшы-этнолог Мұхитхан Миразов,

өлкетану шы Өмірбек Шыныбекұлы, шежіреші Әшірбек молда

Қойтасұлы есімдерін бөле-жара атаған жөн.

«Халықтың тарихында мәңгілік ұмытылмас ұлы оқиғаларды

бастасқан, бүкіл ұлт тағдырына ортақтасқан адамдар,

шынында да өлмек емес. Олар халықтың жанына, болмысына,

табиғатына сіңіп, өз өмірінің жалғасын келешек ұрпақтардан

табады, заман озған сайын жаңарып, ұлылығы өсе, тереңдей

түскендей болады: өскен заман тереңдегі қазынаны тезірек

403


таниды, тезірек аршып алады. Жеке адам дардың ұлылығы

заман ұлылығына жараса түсе ді» (Т. Әлімқұлов, «Жұмбақ

жан», «Жазушы» баспа сы, Алматы, 1993 ж., 2-бет), — деген

Төкен Әлімқұлов тың пікірі Бекасыл әулие бабамызға да арнап

айтылғандай.

Кешегі алдына мыңғырған мал салып, бай атан ғандардан

бізге бүгін қандай белгі, өсиет, өнеге қалды? Осы сұраққа

үлкен-кішіміз болып бір сәт ой жіберелікші.

Әрине, айтарлықтай белгі қалған жоқ. Ал Бекасыл әулиеден

мәңгі өлмес өнеге, өсиет қалды. Бұған қоса тағы бір үлкен

қуаныш — жақында сүйікті шәкірті Қазанғап Байболұлының

үйінде сақталған қолжазба еңбегі табылды. Бұл жөнінде ұлы

ақын Қазанғаптың баласы Оңғар бізге былай деді:

«Ең үздік, ең жақсы көретін шәкіртімсің. Ешкімге берме,

қолыңнан шығарып алма, — деп Бекасыл әулие әкеме 1900

жылы өзінің бір қолжазба кітабын сыйлаған екен. Оған биыл

жүз жылдан асты. Кітап қазір үйімде. Оның апаттан аман

қалуына журналист Иманәлі Ырысымбетов себепкер. Ол

кезінде әкемнен оқимын деп алып, өзінде сақтапты. Кейін

бізге табыс етті. Жылда бір рет күнге жайып алам. Төңіректегі

молдалар көріп, ешқайсысы оқи алмады. Бұдан қырық жыл

бұрын:

— Бұл кітапты қолыңнан шығарып алма. Кейін кітаптың шын

иесі табылып, өзі алады, — деді Мұхтархан қари ескертіп. Арғы

жылы Сайрам ауданынан бір топ кісілер кеп:

— Үйіңдегі кітапты бізге жүз мың теңгеге сат, —деді.

Мен:

— Миллиард теңге берсеңдер де, сатпаймын, — дедім.

Енді біз Бекасыл әулиенің ең дарынды шәкіртіне сеніп

сыйлаған сол қолжазба кітабы жөнінде қысқаша сөз

қозғай өтелік. Ол қолжазбамен танысып шыққан Қазақстан

мұсылмандары діни басқармасы қызметкері: «Мен бұрынсоңды

мұндай кітапты еш жерде кездестірген емеспін.

Туынды кей тұста түрік, араб, парсы, кей тұста қазақ тілінде

жазылған, — дей келіп, былай деді. — Бұл кітапты, меніңше,

404


шәкіртіне сыйлаған кісінің өзі жазған. Себебі кітаптағы кейбір

үзінділерді ол кісіден басқа қазақ тілінде кім жазады? Ол

мүмкін бе? Екінші дәлел, кітапта кез келген ауруға шипасы тиер

дұғалар, жұлдызнама ережелері бар. Оны, менің байқауымша,

Бекасыл әулие Сүлеймен (с.ғ.с.) пайғамбардың, басқа да

өзінен бұрын өткен ғұламалардың еңбегін пайдалана отырып,

жазған. Тағы бәрі тәртіппен, үлкен ғылыми жүйелілікпен

жүзеге асырылған. Барлық сырқатқа арналған дұғаның

қалай, қай кезде, қандай жағдайда қолданылатыны егжейтегжейлі

түсіндірілген. Бір сөзбен айтсам, қазір пайдаланып

жүрген жай, қарапайым дұғалардай емес, күрделі де жинақы,

яғни, қалай айтсам екен, дұғалардың ең асылы. Ә дегеннен

бір деген санды алып, бірдің аумағына кім жатады дейді де

Алла жатады дейді. Алладан ем қалай сұралады, оны қайтіп

айту керек, оған қандай дұға жасау, қай кезде жасау қажет

дегенді бастан-аяқ ретпен түсіндірген. Екі саны да солай.

Екінің аумағында екі періште бар. Ол екіден кім бар? Адам

ата мен Хауа ана бар. Оларды пейіштен қалай шығарған?

Қандай дұға жасаған? «Жұлдызнамада» (кейіннен кітаптың

бұл атауы «Зикзал» болып өзгерген) осының бәрі бар.

Бұл кітап — оны жазған кісінің адамзат тарихынан

хабары терең, жан-жақты, аса зор білімді ғұлама болғанын

дәлелдейтін кітап. Мұнда дұғалардың барлығы бар және

дұға болғанда қарапайым, біз білетін дұғалар емес. Бәрі де,

менің пайымдауымша, дұғалардың қаймағынан жинақталған.

Бұл туын дыны тезірек қазақ тіліне аударып, жеке кітап етіп

шығарсақ, халқымыз үшін үлкен сауап болар еді... Бейнелеп

айтсам, Қазақстанның жер байлығы — мұнай десек, бұл

туынды да біздің сондай бай лығымыз» — деген пікір білдірді.

Бұған зерттеуші маман, ғалымдарымыз алда арнайы көңіл

бөліп, өз бағаларын берер деген ниеттеміз. Бекасыл әулие

бабаның ол қолжазба еңбегі қазақ тіліне аударылып, жеке

кітап боп жарық көрмек.

Бекасыл әулие бабаның жақында тағы бір 105 беттік

қолжазбасы табылды. Оны Қазығұрт бөктеріндегі Жылыбұлақ

405


ауылында тұратын айтыс кер ақын, ән-өлең, терме, толғау,

жыр үлгілерін жинап, ел арасында айтып жүрген ұстаз

Көлбай Майлыбаевтан филология ғылымдарының докторы,

профессор Қыдырәлі Саттаров сұрап алған. Қолжаз баны

Мұхитхан Үмбетұлы Ержан Исақұловқа тап сыр ған. Келешекте

ол қолжазба да жарық көреді деген үміттеміз.

Бекасыл әулие баба өмір жолын, тағдыр талайын зерттей

келе өз заманында әз Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке

билердің әділет, адамгершілік, елдік, ерлік жолын қуып,

оны ту етіп ұстап, келер ұрпаққа аманат ретінде жеткізген

ізденіс, талпынысымен таныса түстік. Осы орайда ұзынарықтық

Молберген қарттың мына бір сөзін еске алғанды жөн

көрдік. «Бекасыл әулие жарықтық қартайған шағында: «Мен

өскен ортада ел намысын, ер намысын ойлаған ірі мінездің,

ірі іс-әрекеттердің иелері көп болды. Қиянатқа қаны да, жаны

да қас, әділет пен адамгершіліктің алып қорғаны — асыл ағалар

мен ақсақалдардың, әсіресе, аспанымда Темірқазық боп

жарқырап, жанып, адастырмай жол сілтеп тұрған әз Төле би,

Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билердің үлгі-өнегесі қаныма

қасиет боп дарыды десем, өзінше ісініп, бөсті дей көрмеңдер.

Екіталай, қиын-қыстау күндерде тәуекел деп, басымды бәйгеге

тігіп, бай, жарлы демей халқымның намысын тұтас жыртып,

арын тұтас жоқтағаным — аспанымдағы Темірқазықтай

асыл жандардың шарапаты, сол кісілерден бойыма жұққан

қасиеттің құдыреті» — деп жиі айтып отырады екен» — деуші

еді бұрынғы қариялар.

Әулие бабаның осы ата-баба дәстүрін алға жалғастыру

ізденіс, талпынысы, өкінішке қарай, біздің төсте өзі өмірден

өткеннен кейінгі жетпіс жылдан астам мезгіл ішінде жалғасын

таппай, үзіліңкіреп қалды. Оған советтік қызыл империяның

халқымыздың салт-дәстүріне, дінге қарсы жүргізген солақай

саясаты кесірін тиізді.

Құдайға шүкір, советтік қызыл империя құлап, келмеске

кетті. Заман түзелді. Енді біз де түзелуміз керек.

406


Атақты түрік жазушысы Әзиз Несин Түркияда өз

қаржысына жетім балаларға арнап мектеп-интернат ашқаны

мәлім. Оған жылда бір жасқа жетпеген ата-анасы жоқ жүз

сәбиді қабылдайды екен. Неге бір жасқа дейінгілерді ғана

қабылдайды деген сұраққа ол: «бір жастан асқан балалар

тәрбиеге көне бермейді» дей келіп:

— Қамқорлығымда тәрбиеленіп жатқан бұл балалардың

арасынан Түркияны, отандастарымды бақытқа жеткізетін бір

көсем шықса, өзімді армансызбын дер едім, — деген екен.

Атақты жазушының асыл арманы Бекасыл әулие бабамыз

атындағы мектеп, ата-ана ұжымына да терең ой салады

деген ниеттеміз. Сөйтіп біздің төс кейден де әз Төле би,

Жұртшы, Балға би, қос Қасымбек датқалар, Бекасыл әулие

секілді дана, кемеңгер жандар шықса екен деп тілейміз...

Әмин, тілегіміз періштенің құлағына шалынғай...

***

Заман көші ілгері жылжыған сайын уақыт еншісі не енетін

өткен ұлы оқиғалардың барлығы,өмірдің тіз бектері болып

өріліп, тарих болып хаталып жат қан дығын білеміз. Сол

өткен заманмен бірге жа сасып,сол ұлы керуенде ұрпақтар

сабақтастығын жалғап, кешегіні бүгінге, бүгінгіні ертеңге

сабақтаған қазақ халықының жүріп өткен жолдары да

ғасырлар қойнауында жатқан шежірелі үлкен тарих екені

айқын. Сол өткен күн тарихы адамзат санасында жатталып,

жаңғырып атадан балаға мирас етіліп сақталуда. Сол кезде

халық қамын ойлап, елдікті ту етіп көтерген би, әулиелер

туралы естеліктер, орынды уақиғалар, ел есінде ғасырлар

бойы сұрыпталып, інжу маржандай сақталып келеді. Десек

те қазіргі ізденімпаз, қағылез қауымға көп көзінен қаға беріс

қалып келе жатқан Балға би туралы кейбір деректі әңгімені

қозғай кеткенді жөн көрдік.

Тіленшіұлы Керімді жұрт ұйып тыңдап отыр.

— 1905 жылы Абайдың немере інісі Шәкәрім Меккеге бара

жатып, біздің үйде қонақ болғанын Жетісудің төбе биі — әкем

407


Майлы биден естіген едім. Аймағымыздағы игі жақсылар мен

жайсаңдардың сол бас қосуында Шәкәрім Бекасыл әулиеден:

— Өз замандастарыңыздың арасынан кімді ең әділ би деп

білесіз? — деп сұрапты. Әулие бабамыздың:

— Бұл сұрақты бір кезде мен өзіме де қойған едім.

Безбендей келіп, біздің төстегі ең әділ би — Балға би деген

бағаға тоқтадым. Оның бойындағы намыс, ақыл, қайрат

осы отырғандарымыздың бойынан төрт көзі түгел табыла

қояр ма екен? — деп берген жауабы есіме түскен сайын

«Бекасыл бабам қандай көреген, қандай адам танығыш» деп

таңғалатынмын. Таңғалатынымның себебін айтайын.

Мен білген Балға би бай емес, орташа еді. Ол кісіні ашыққан,

тарыққан ғаріп-ғасірлер паналап күн көретін. Шұбырып келе

жатқан аш жүргіншілерден:

— Қайда барасыңдар? — деп сұрағандарға, олар:

— Балғаға барып жан сақтасақ дейміз, — деп жауап беретін

болған. Балғаның мейірімділігі осы төстегі елге тегіс жететін.

Ол кісі үлкендер түгілі кішкентай балаларға дейін «айналайын,

қарағым» деп, қолынан келген көмегін аямайтын. Оның сырын

білетіндер:

— Балғадай мәрт адам жоқ. Одан мейірім тауып, жәрдем

алмаған жетім-жесір, ғаріп-ғасір бұл маңайда кемде-кем, —

десетін. Балғаға өзімен тұстастарынан ешкім батып сөйлей

алмайтын. Жұртты қаталдығымен қалтыратып, дірілдететін

Досалы биге:

— Әй, құйрығыңды неге қыспайсың?! Неге ұры жұмсап, халықтың

малын жейсің?! — деген Балға еді ол.

1932 жылдың желтоқсан айы. Бұл кез Қазақстан билігіне

Мирзоян келіп, халыққа қоймалардан астық жәрдемі беріле

бастаған кез еді. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы

Айтмағамбетов мені өзіне шақырып алып, қарлы боранға

қарамай;

— Керім қарағым, 1928 жылдан 1930 жылға дейін сен осы

Бадам болысында істепсің. Ел, жер жағдайын сенен артық

білетін ешкім жоқ. Төңкеріс, Сайрамсу колхоздарына төтенше

408


уәкіл боп барып, аш халыққа азық-түлік жеткізіп, көмектесуге

тиіссің. Әрі-беріден кейін ол колхоздарда тұратындар сенің

туған-туысқандарың деп естідім. Жолың болсын, көмекті

тездет, — деді.

Қар ат бойы, жүруге жол жоқ. Колхозда күйлі көлік, мал,

шана, арба өте кем. Жәрдемге бөлінген астықты елу-алпыс

шақырым шалғай аудан орталығы Ақсудан халыққа жеткізіп

беруді ұйымдастыратын бастауыш партия ұясы хатшысы

Аллақұлды іздеп таба алмадым. Ол Күреңтөбеліне мініп,

Балдыбірек өзені бойында көк қаршығасына үйрек алдырып,

аңшылық құрып (ел аштан қырылып жатыр) жүріпті.

Жұрттың жүдеп біткені сондай, қап түбінде бір түйір

дән қалмаған. Осы ауыр күй Балғаның ауылына да түскен.

Бала-шағасы жаз, күз бойы аңыздан масақ теріп, қысқа

әзірлеген алты қап бидайын Анаш, Сатылбек бастаған шолақ

белсенділер тартып алып кеткен.

— Ата-ау, баба-ау, өлеміз ғой, біз де қаңғып, қайыр сұрап

күн көрелік, — деп бала-шағасы шырылдап жылағанда:

— Ей, қарақтарым, мен кеше кім едім? Жетім-жесір, жоқжұтаңдарға

пана болған Балға едім. Енді мойныма дорба

іліп, екі қолымды жайып, маған бір үзім нан бер деп кімге

барам? Барғанмен ана кедей-кепшіктер несін берсін? —

депті. — Барымызды тартып алған өкіметке не айтарымды

білмей далмын. Мұндай халды патша заманында көрмек

түгілі естімеген де едік. Ол заманда патша малын баққан

бақташылармыз деп ренжитінбіз. Енді кімміз деп ренжиміз?

Ақ патшаны жын шалған дегенімізге қарағанда, мына халық

сенген өкімет жынның өзі болып шыққаны ма? Жынмен қалай

алысасың, оны қалай жеңесің?

Балға қайыр сұрап, қаңғып жүріп өлді деген сөз өлімнен

жаман. Балаларым, келіндерім, көрпе-жастықты жерге

жайластырып төсек салыңдар. Жаталық, тағдырдың жазғаны

осы шығар, тағдырдың жазғанын көрелік...

— Жәке, үйде малдан жалғыз есек қалды. Сойып жейік, —

деген үлкен ұлына:

409


— Мен халқымның Балғасы едім. Балға өлерінде есек жеді

деген атқа қалып, тірі жүргенім кімге керек? — деп келісім

бермейді.

Тынымсыз жауған жеті тәулік қардан бір үймен екінші

үйге қатынау мүмкін болмай қалды. Қар тоқтаған соң, бір топ

белсенді жарамды аттарға мініп, Балғаның ауылынан хабар

алуға бардық. Барсақ, бір із жоқ. Есіктер жабулы, қар көміп,

сылап тастаған. Әрең дегенде Балғаның үйіне жетіп, жабыла

аршып, ішке ендік.

— Ой, дүние-ай! — Керім қолын сермей, ерінін тістеп, түршіге

тіл қатты. — Қабырғада тұскиіздер жайнап тұр. Еденге

төселген кілемдер көз жауын алады. Текемет, көрпе, ағаш

кереует үстіне салынған төсекте Балғадан бастап, келінкепшік,

немере-шөбереге дейін серейіп-серейіп өліп жатыр.

Басқа үйлерде де осы көрініс, Балға әулеті осылай

түгел қырылды. Оларды кейін, қар ерігенде ғана жерледік.

Жерлегенде ешкімнің әлі болмай, үйлерінің қабырғаларын

үстілеріне құлата-құлата салдық.

Балға әкем Тіленшінің замандасы еді. Үйімізде талай қонақ

болған. Өксігімді баса алмадым. Әлі күнге дейін есіме түссе,

жүрегім қозғалып, құлағым шуылдап, серейіп-серейіп өліп

жатқандардың суреті елестеп, соққы жегендей есеңгіреймін.

— Керім «ой, жалған-ай» деп төмен қарап, үнсіз қалды. Әлден

кейін:

— Балғаның, оның бала-шағаларының обалы кімге? — деді

булыға, ренжи үн қатып.

Жұрттың бәрі қабақ шыта түнеріп, үлкен қиналыс үстінде

тым-тырыс отырып қалды. Бір кезде Қалтай қарт жөткірініп:

— Балға бір сөзді, ер мінезді нағыз ел ағасы еді, — деді

ойын түйіндей. — Құлажан, Нұржандар Өзбекстанға өтіп,

жайланған соң, 5-6 ат жетелеп, күндіз қызыл белсенділердің

көзіне түсіп қалмайық деп сай-жыраны паналап жатып, түнде

ғана жүріп, Балғаға жетіп:

— Жәке, сізді әулетіңізбен Өзбекстанға көшіріп әкетуге

келдік, — дегенде:

410


— Қарақтарым, туыс, жанашыр сезімдеріңе рақмет. Мен

туған жерімнен ешқайда көшпеймін. Балға қара басының қамын

күйттеп, елден безді деген жаман атқа қалғым келмейді.

Құдайдың басқа салғанын көппен бірге көрем, — деп көшпей

қояды.

Қариялардан естуімше, Балға дүниеден өтерден үш күн

бұрын ылдидағы Ешенқұлдың үйіне барыпты. Арықтап, әбден

әлсіреп қалған екен. Аздап тамақтаныпты.

— Ешенқұл шырағым, мені енді үйіме апарып таста. —

Ешенқұл Балғаны аттың алдына мінгізіп, өзі артына мінгесіп,

ауылына апарады. Шеттегі ағасы Байтудың үйіне жеткенде:

— Ешенқұл шырағым, тоқта. Байтуға жолығып, қолын

алып кетейін. Бірге туған ағам еді ғой, — деп аттан түсіп, ішке

енсе, Байту да, әйелі де орнынан тұра алмай қалған екен. Бала-шағасы

өлген.

— Қайран аға, қайран жеңге, сіздер де дүниеден өтер болдыңыздар

ғой, — деп күп болып ісініп кеткен екеуін кезек-кезек

құшақтап, жылапты. — Кешікпей мен де арттарыңыздан

жетермін...

Өз үйіне келгенде Ешенқұлға:

— Шырағым, сен ішке кірмей-ақ қой. Біздің үйдегі жеңгеңнің,

бала-шаға, келін-кепшіктің қайтыс болғанына үш күннен

асты. Иістеніп қалса, шошып жүрерсің, — деп есік алдында

қоштасып, кері қайтарып жіберген екен. Әйелінің, бала-шаға,

келін-кепшігінің өлгенін барған жеріне де айтпапты. Не деген

ұстамды жан десеңіздерші?

Сүйінбай төр жағалай отырған қарияларға, есік жақтағы

жастарға ойлана көз тастап:

— Бізді басқалар төрт ата Сиқым өрт дейтін, — деп көкірегі

қарс айырыла күрсінді. — Өрт боп жүргеніміз Балғаның арқасы

екен. Балға кеткен соң, өрт түгілі балтаға сап бола алмай

қалдық.

— Сабыр, сабыр, Сүйеке, — деп Қалтай қарт басу айтты. —

«Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды» деген ғой. Үміт үзбейік.

Үміт үзген қария — қария емес. — Қолымен есік жақта оты-

411


рғандарды нұсқай көрсетті.— Үміт — мына жастар.

Осы жайларды, есімее алғанда: «Құдайға құлшылық қылу,

елге адал қызмет істеу адамның ұстамдылығына байланысты

екен ғой», — деген тұжырымға келдім. Балға бидің өлімі,

біле білсек, қыран қарға бола алмайды дегенге анық көз

жеткізер асыл өлім. Өз өмірін халықтың өмірімен бірдей көріп,

өзін халықтан оңашалап қалғысы келмеген қасиетті жан

Балғадай-ақ болар...

Арын сатып, қолын жайып, қайыр сұрағысы келмеген,

одан ештеңе өнбейтінін білген ер Балға ғой ол. Мұндай

өлім адамзат тарихында бұрын-соңды кездесті ме екен,

кездеспеді ме екен? Балғаны тыңдаған балалары, келіндері

қандай, шіркін! Жарық дүниемен қоштасар сәтте бір ауыз мұң

шақпаған ағасы мен жеңгесі ше? Кейде мен осы жайында да

ойға батып, күрсінем...

Бұл кітаптың жаңа нұсқасы жазылар алдында сонау Арқа

елінен профессор Мәуен Хамзин атты азаматтан деректі

мақала келіп түсті. Онда Бекасыл әулиенің қазақтың біртуар

ұлы Шәкәріммен кездес кендігін айғақтайтын деректер

келтіріліп, бұрын біздің құлағымызға еміс-еміс жеткен, жадымызда

жатталған сөздер санада жаңғыра бастады. Бұл

дегеніңіз жаңаша ізденістерге жол ашты. Ұлық жандардың

Түркістанда кездесуі, Бекасыл әулиенің Арқаға (Семей

өңіріне) сапары, бауыр малдық пен туысқандықтың, ізгіліктің,

қасиет тіліктің жарқын көрінісі десек болады.

Мауен бауырымыздың бұл деректері 2023 жылдың 24

мамырында еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанның »

10-бетінде «Бекасыл әулие ел дана ла рының ортасында» деген

атпен жарық көріп, оқырмандардың қасиетті бабаларымызға

деген қызы ғушылығын қайта жаңғыртты.

Сондықтан ол мақаланы толығымен осы кітапқа қосуды

жөн көрдім.

412


ҰЛЫ БАБА

БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕ БИБОЛАТҰЛЫ

ЖАЙЛЫ АЗДАҒАН ОЙ-ТОЛҒАМ …

Бізге жеткен мұрасы жалпыадамзаттық құндылықтар

қатарынан ойып тұрып орын алатын, ұлты мыздың, иісі түркі

әлемінің даңқты перзенті Бекасыл Биболатұлы туралы

соңғы кезеңде біраз игілікті іс-шаралар жүзеге асырылды.

2006 жылы Астанада, осыдан бірер жыл бұрын Түркістанда

алқалы ғылыми отырыстар, бас қосулар өткізілді.

Қаламгер М. Қалдыбайұлының, ғалым Қ.Ергөбековтің т.б.

кітаптары, мақалалары жарық көрді. Ғылыми конференция

материалдары жеке жинақ боп шық ты. Алайда әйгілі баба

туралы толықтай біліп болдық па? Әзірге бертінге дейін

өзгеге бодан боп ек, өз асылымызды ардақтауға енді ғана

қолымыз жетіп жатыр ғой. Ұлы бабаны әспеттеу өз алдына,

оның дүниелерін игеру, насихаттау, кей жайттарды індете

зерттеу басты міндетіміз ғой, міне, осыған байланысты өзіміз

жүргізген кейбір ізденісімізді алға тартпақпыз.

Бірден айтайық: біз ғұлама ғалымдығы, әмбебап қасиет,

сипаттарының молдығы, көрегендігі мен әулиелігі шебер

ұштасқан Бекасылдай тарихи тұлғаны індете зерттеген жан

емеспіз.

Әңгіме Бекасыл бабаның өмірі мен мұрасын зерттеуде

аянбай тер төккен М.Қалдыбайұлының кітабындағы алынған

деректерді өз естігенімізбен толықтыру туралы болып отыр.

Ертелі-кеш баба туралы естігенімізді ортаға салмақпыз.

1995 жылы сол кездегі мемлекет басшысының шешімімен

ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның қолдауымен

кеңінен аталып өтті. Іс-шараның бәріне тоқталу біздің

міндетімізге жатпайды, алайда Абай мерейтойына арнап, тамаша

зерттеулер жазған бір топ ғалымдар Мемлекеттік сыйлықтың

иегері атанды. Олардың ара сында даңғайыр ғалым

Қайым Мұхаметханов бартын. Әдейі Семейден алдыртқан.

Бұл кісі М.Әуезовтің ғылыми жетекшілігімен Абай шәкірттері

туралы елуінші жылдардың басында кандидаттық диссер-

413


тация қорғаған, алайда ғылыми еңбекте «халық жаулары»

айтылғандықтан, ұзақ мерзімге сотталып, Қарағандының іргесіндегі

ҚарЛАГ-та отырған. Тек Сталин өлісімен, ақталып,

бостандыққа шыққан. Өзі іргесін қалаған Семейдегі Абай

музейінің ұзақ уақыт директоры болды, пединститутта сабақ

берді. Қысқасы, ол кісі сол Абайдың 150 жылдық мерейтойына

қатысты қыруар шаруаның ортасында жүргенде

(Алматыда, М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында),

сонда жол түсіп, аздап әңгіме-сұхбат құрғанымыз

бар еді. Бекасыл әулие туралы сол Қайым ақсақалдан естіп

ек. Шәкәрім мен Бекеңнің жас алшақтығы әжептеуір болса

да, екеуінің арасындағы сыйластық туралы айтып еді. «Семей

— Шыңғыстау өңірінде Абай өз алдына, Шәкәрім, бәрінен

бұрын, әулие деп есептеледі. Демек, олардың жолығу,

сұбхаттасулары заңдылыққа жатады. Әттең, бодан елде

олар туралы айтылмады. Ұлы Мұхаң (М. Әуезов. — авт.) көп

сырды өзімен бірге алып кетті ғой. Жарықтық бізге қырсығы

тиер деп талай жайтты айтпады», — деп күрсінгені әлі

есімде. Әңгіме Абай, Шәкәріммен басталып, Бекең әулие

сөз арасында ғана қозғалып еді. Біз пақыр ол кезде ненің

парқы мен нарқын білуші ек, түбегейлі сұрап алмаппызау

деп осы уақытқа дейін өкінеміз. Ойдан ой туады. Өткен

ғасырдың жетпісінші жылдары біз Абай атындағы КазПИде

профессор С.Қирабаевтың жетекшілігімен кандидаттық

диссертация жазумен айналыстық. Сол тұста аспирант Төкен

Ибрагимов кандидаттық диссертация қорғады. Кейіннен

Семейдегі Абай мемориалдық музей-қорығының басшысы

боп недәуір уақыт қызмет атқарды. Абай, Шәкәрім, Әуезов,

әрісі Кеңгірбай би туралы көп айтатын. Сонда Оңтүстік

өңірдің тумасы Бекасыл деген ғұламаның Шәкәрім аулына

кеп, біраз уақыт болатынын айтушы еді. Тіпті «1902 жылы

Шәкәрім бір салтанатты мәжіліске шақырылса керек, Түркістанға

барыпты, Бекасыл әулие жібермей, сол өлкеде біраз

бөгеліпті дегенді үлкендерден естуші ек», — деп әңгімелеп

еді. М. Қалдыбайұлының кітабындағы ол кісі Арқа өңіріне

барып тұрады екен деген дерекке сүйенсек, сірә, сол

414


Шыңғыстау-Семей өңірі деп нақтылағанымыз абзал сияқты.

Ал, Шәкәрімнің 1902 жылы Түркістанға барғаны рас, ол

туралы «Абай» журналының 2005 жылғы бірінші нөмірінде

«Түркістан төріндегі бас қосу» атты мақала жарияланды.

Авторы — әдебиетші ғалым Фадли Әли. Ол мәжіліс-салтанатта

сол 2005 жылы қатысқандардың тізімі де жарияланды. Ол

неғылған салтанатты бас қоcу? Не үшін ұйымдастырылды?

Оны түбегейлі зерттеу — алдағы күндердің міндеті.

Омарбай ақсақал: «Асыл текті Бекем Шығыс өңірінен еліне

аттанып бара жатқанында, сірә, бұл соңғы сапары екенін

сезді ме екен (расында да, сонсоң Арқаға ат ізін салмапты,

едәуір уақыттан соң бақиға аттаныпты), қамығып, артына

қимастықпен қарап: «Тілеу тіледің, тілеуің тілеуіммен астасты,

Тәңірінен сұраған тілеуің періштенің құлағына шалынғай!

Тілеулі жұртым, қимай кетіп барамын, Алланың бір қасиетті

аянын түсімде бір әулие маған беріп еді. Түйгенім: енді

мен бұл қасиетті өңірге оралмаймын, мені қойшы, қаншама

өткелек, қысастық көрсе де, осы өлкенің қос ұлысы ерте

ме, кеш пе, алдымен Алланың, сосын халқының, адамзаттың

мақтанышына айналар-ақ» депті. Ал, осындағы «тілеулі

жұртым», «тілеу тіледің», «тілеуің тілеуіммен астасты» т.б. М.

Қалдыбайұлының «Сахара ғұламасы» кітабындағы «Арқада

Тілеу деген адамның аулына барады екен» деген мәліметіндегі

символдық бейне (нақты адамның есім-ныспысы

емес) кейпіне кіріп тұрған жоқ па? Ал, Шығыс өңірі, оның

құрамындағы кәдімгі Семей өлкесінің қос ұлысы Абай мен

Шәкәрім емес пе? Яғни біздің болжамымызға сәл жан беретін

сияқты-ау... Абай төңірегінен 70 шақты адамның советтік

тоталитарлық кезеңінде атылғаны, айдалғаны, тұқымын тозтоз

қылғаны, Шәкәрімнің елсіздегі құр құдықта бәленбай

жыл жатқаны, тек бертінде ғана Алланың рақымымен елжұртымен

қауышуы — бәрі де сол Бекең әулиенің «қаншама

өткелек, қысастық көрсе де...» деуімен сәйкес боп тұрған жоқ

па?

Мүмкін, өзін-өзі мақтапты деп біреулер ойлайтын шығар,

бірақ мен қазір жетпістен астым, демек, мақтану сатысынан

415


өтіп кеткен адаммын ғой... Қалай болғанда да жасымнан

зеректеу, үлкендердің кейбір ғибратты әнгімелеріне көбірек

құлақ түрген бала болыппын. Оның үстіне әкем ескі хисса,

жырларды көп біледі екен, түнде есікті жауып ап, Қасқатай,

Есмақай, Жұматай, Әкімбек т.б. сияқты сенімді ағайындарына

өзі ауырып отырса да, таң атқанша жырлап береді екен.

Кейіннен білдім, ол дүниелер Шәкәрімнің «Дубровский»,

«Қалқаман-Мамыр», сондай-ақ «Кенесары», «Наурызбай-

Қаншайым» т.б. және нағашысы, өршіл ақын Дия қажы

Ахметұлының (ірі алашордашы, Уфа, Стамбул медреселерінде

оқыған. Меккеге барып қажы атанған, патша өкіметіне де,

советтік билікке де қарсы болған, ақыры, 1931 жылы «халық

жауы» ретінде атылған. Дияның жиеншарымын ғой, өзіміздегі

және шетелдегі журналдарға бірнеше мақала жариялаттым.

ҰҚК, Бас прокуратура, ІІМ мұрағатынан тапқан материалдар

бойынша ол кісі және т.б бірнеше тұлғалар жайлы газетте

мақалаларым шықты. «Ерназар-Бекет», «Мұхаммед»,

«Сақырап» (Фердаусидің «Шах-наме» дастаны негізінде

өзінше жазған), «Шаһарбану» т.б шығармалары екен. Әкемді,

сірә, осынша зерек, алғырлығынан болар, ел арасында «Хакім

Хамаң», «Ғалым Хамаң» деуші еді. Ол кісі 1902 жылы туған,

1957 жылы қайтыс болды. Небәрі 55 жыл ғана ғұмыр кешті.

Әкей о дүниелік болғанда мен сегізге де толған жоқ едім...

Хош, сонымен, бізге әкеміздің білетінін есту бұйырмапты.

Атақты адамдар, ел,жер тарихы туралы естуім сәл кейіндеу.

Айтпағым: ауылдағы жасы үлкен (аулымыз ол кезде

Сталин атындағы колхоз деп аталатын) қарияларға сәлем

бергенімізде, олардың көпшілігінің маған белгілі бір дәрежеде

мүсіркей қарайтынын сезінуші ем. Бізді жеткізген анамнан (ол

кісі 2006 жылы 92 жасында өмірден өтті) сұрасам: «Құлыным,

олар сені асылдың тұяғы деп қарайды, Хамаңнан ерте

қалды-ау деп мүсіркейді», — деп жауап қайтаратын. Менің бұл

шимайларым қалың жұртшылыққа арналып отырған жоқ қой,

сондықтан шынымды айтайын, әкеден жастай айрылғанымнан

ба, әкемнің ертерек кеткеніне тап бір солар кінәлідей-ақ мен

ауылдағы қарияларды, тіпті әкесі бар балаларды ұнатпай

416


өстім. Оңашалау жүретінмін. Колхоз кітапханасындағы бүкіл

кітаптың 99%-ын оқып шықтым. Керосин шақтап беріледі,

түнде оқимын, шешемнен талай ұрыс естуші ем...

Кешірім өтінемін. Негізгі мәселеден ауытқып бара жатқан

сияқтымын. Бүкіл айтылғандардың түйіні мынада. Замананың

қыспағынан әбден зәрезап боп, қорқып қалған қартаң

адамдар ешуақытта сенімді адамы болмаса, өткен уақыт

аясындағы жайттарды айта бермеуші еді. Әрине, оларды

сөгуге де болмайды. Мен, сірә, сыр шашпайтын, салмақты

бала боп көрінген шығармын және ең бастысы — сол қариялар

менің Хамза марқұмның баласы екендігіме көбірек ден

қойды ма, ептеп там-тұмдап әңгіме айтатын. Олар Есімбек,

Жолдыбек, Оңайбек, Ыбырай, Қабыш, Омарбай т.б адамдар

болатын. Есейе келе, білімдар азамат, ағаларым Көшкінбай,

Қуаныш, Кәртай сияқты кісілерден азды-көпті тарихты

тыңдадым. Әңгіме арқауы Жақсы Жанқұтты, Ақжолтай

Ағыбай, Қасқар би, Кенесары, Наурызбай, Бодық, Жарылғап,

Жидебай, Деріпсал, Қойайдар батырлар, көріпкел әулие

Бөкес туралы болатын. Ұмытпасам, алпысыншы жылдардың

ортасы болатын, елге Тойғанбаев Омарбай деген ақсақал

отбасымен кеп, ауылға орналасты. Өзі бізге аталас. Жұмажан

деген ұлы бар. Бізге іні боп келеді. Кейін нен білдік, «балапан

басына, тұрымтай тұсына» аталатын қарсаңда Арқадан

қыруар жұрт әрісі Қытай, берісі көрші елдерге, сондай-ақ

Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне жөңкіле көшті ғой (бірден

ескерте кетейін, аспирант, докторант кездерімде Алматының

дәл түбіндегі Шелек, Есіктен, Маловодное аулынан талай

ағайындарымызды тауып, әңгімелескенмін), сол көптің бірі

осы Омарбай әкеміз екен. Алғаш көргенімде түсі суықтау, тіптік

боп отыратын, шешен сөйлейтін, сәлем бермегендерге,

ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты сақтауға келгенде сәл

де болса мүлт кететіндерге қатаң ескерту жасап отыратын

адам сияқты көрінді. Үйі ауылдың Қызылшоқы деген шеттеу

бөлігінде болды. Мал іздеп жүргенде сәлем берем. Біртінбіртін

бойым үйренді. Сонан анда-санда болса да, осы қарияға

үйір бола бастадым. Менің өзгеге сыр шаша қоймайтынымды,

417


бірдеңе білгім келетінін және кітапты көп оқитынымды білді

ме, ақсақал үзіп-үзіп өзі, отбасы туралы, естіген немесе әйгілі

адамдар туралы сараңдау болса да аздап әңгіме айтатын.

Бұл кісі әулет, зәузатымен кеңес жылдарындағы күшпен

тәркілеу, аштық науқаны кезінде Оңтүстік өңірге ауыпты. Көп

бейнет көрген (неге екенін қайдам, атамекенінен қаңғыртқан

большевик, коммунистер билігі мен көсемдерін жамандау,

балағаттаудан бойын мүлдем аулақ салатын), содан өсіпөнген

жері қазіргі Жамбыл облысы екен. Елге қарай келгенде

Мерке ауданынан шығыпты. Жалпы, сол үркіншілік кезінде

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шу бойы т.б біраз жерде

ғұмыр кешіпті. Қария ол жайлар туралы шешіліп айтуды

ұнатпайды-ау деймін, қысқа ғана қайырғаны есімде қапты.

Мен ауылдағы орталау мектепті 1964 жылы бітіріп, Шет

ауданының орталығы Ақсу-Аюлыдағы орта мектепті 1966

жылы тәмамдадым. Әрі қарай жұмыс, әскери міндетті өтеу,

ЖОО-да оқу, еңбек ету, тұтастай алғанда, Омекең өмірден

өткенше байланысым үзілген жоқ. Есік алдында отырғанында

сәлем беру үшін барам, содан ол кісінің үзік-үзік әңгімесін

естимін. Біреу маңымызға келсе, ақсақал әңгімесін басқа

бірденеге бұра қояды. Әрине, салыстырмалы түрде алсақ,

өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдары қоғамдағы

аздаған «жылымығымен» аян еді ғой, демек, артық-ауыс сөзің

үшін тұтқындау т.б тыйылған кезі болатын, бірақ талайды

көрген Омарбайдай әкелеріміз өте сақ болатын.

Әңгімелесу барысында: «Осы сені жас оқымысты дейді

ғой, Сталин колхозының барлық кітабын тауысыпсың. Ал, не

білесің? Не оқыдың? Айтшы», — дейді маған. Мен өзімше

білгішсініп оқыған кітаптарымдағы Тоқаш (З. Шашкин

романындағы), Құныскерей (Х. Есенжановтың «Ақ Жайық»

романындағы), сәл кейінірек Кенесары, Наурызбай, Жанайдар,

Ағыбай (І. Есенберлиннің тарихи роман трилогиясындағы) т.б.

танымал тұлғалар туралы айтам. «Дұрыс-ақ, біледі екенсің», —

дейді. Бірақ неге екенін осы уақытқа дейін түсінбеппін,осынау

тұлғалар ішінде там-тұмдап айтқаны Қасқар Тасыбекұлы

туралы еді. Онда да ол кісінің Бекең әулиемен сырлас, сыйлас

418


болғандығы туралы айтқаны есімде қапты. Содан кезекті бір

«отырысымызда» мынаны айтып еді. «Сенің Қасқар бабаң,

менің ағам мына дүниеде екі адамды аузынан тастамай

өтіпті. Біріншісі — көзінің тірісінде «Жақсы Жәкең» атанған,

Құнанбайдың сенімді досы, Абайға бата берген, рухы қазірде

Меккеде дамылдап жатқан Жаңқұтты би, себебі ұлы Жәкең

Қасқарға да бата берген, алайда сол тұста сәл қобалжыпты,

сірә, Қасқардың ғұмыры келте боларын білді ме екен?! Екінші,

табынып, қастерлеп өткен адамы — атақты Бекасыл әулие.

Бекасылдың әулиелігі бабаң Бөкестің әулиелігімен бағыттас.

Бөкес жарықтық Жақсы Жәкеңнің ажалы қашан келетінін

дәл айтқан. Жәңгір төренің (Қараөткел (Ақмола) аға сұлтаны

болған Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының немересі) аштан

өлетінін (расында солай болған, төре қыл тамақтан өлген),

Нұрлан мырзаның әкесі адуын Байсейітке тұқымының өспейтінін

айна-қатесіз, анық айтып берген. Мен қашан да айтып отырам,

Алланың ұйғарымы солай болғанына шүкір деймін, себебі мен

бауырмал, қазақылығы жоғалмаған қасиетті Оңтүстікте өмір

сүрдім. Өзгені қайдам, өз басым Бекасыл әулиені пір тұтып

отыратын адаммын. Ол — Қасқар бабаңмен дәмдес болған.

Бабаң сол кісінің ақылымен діни білім алған, жүрегіне иман

ұялатқан». Омекең әкеміздің айтқан әңгімесінің қысқаша

түйіні осындай еді. Мүмкін, мен әдебиетшілігіме басып, ол

кісінің айтқанын әдемілеп жеткізіп отырған шығармын, арада

көп жылдар өтті ғой, алайда шындықтан алыстаған жоқпын.

Осы жайтты айта келе тәңірімнің қолдағаны шығар, менің

азды-көпті әңгімелерді жазып алғаным деп шүкіршілік етем.

Ол кездегі үлкендердің бәрі де дүниеден озды, рухтары

пейіште шалқығай дегім келеді. Ал, қазіргі жас буын, тіпті

менен сәл үлкен, мен құралпылардың көпшілігі Омарбай

ақсақалды шежірешіл, көп білетін адам еді деп ешқайсы

да ойламайды. Даңғайыр білімпаз, асқан шежіреші еді деп

ешкім де айтпас, алайда ол кісінің, азын-аулақ, қысқа әңгімесі

маған әсер етіпті, бірақ арада жарты ғасырдай уақыт өткенде

қолға қалам алып, осылайша оңашадағы ойларымды қағазға

түсірермін-ау деп ойламаппын.

419


Сонымен, мектеп жасындағы оқушы кезімнен бастап,

Омекең аздап болса да санама сіңірген Бекасыл әулие кім еді?

Айрықша құрметтің астарында әлдебір табынушылық, киелі,

қасиетті, қастерлі әлдебір ұғымға сыйынушылық, тәу етушілік

бар сияқты боп көрінетін. Жаспын ғой, сондықтан осы бір

құрмет маған да ауысып, Бекем атанған кісі кәдімгі екі аяқты,

жұмыр басты пендеден гөрі, киелі, қасиетті тылсым дүниенің

өкілі сияқты боп елестейтін… Арада қаншама жылдар өтті?!

Ат жалын тартып мінетін халға жеттік. Білім саласында қызмет

етіп келеміз. Ғылыммен айналыстық. Бұрынғылар өз алдына,

алды жетпістен асып, арты соған тақалғандардың өздері де

бірталай қоғамдық құрылымда ғұмыр кешіппіз. Дегенмен,

жас кезімде жадыңнан мықтап орын алған жайттар, әсіресе,

әлдебір киенің, қасиеттің, қастердің символындай боп

көрінген тұлғалар, оқиға, құбылыстар санаңда мәңгілікке

қалып қояды екен.

2009 жылдары бауырымыз Т. Мұхтаров үлкен бастама көтерді.

Сәбит ағамыз бар, елдегі ағайындар бар, ұйымдасып

қаражат қосып, 2010 жылы Кеншоқы ауылында әдемі мешіт

тұрғыздық. Қасқар бабамыздың «Ұрпақтарым мешіт салдырса

ғой» деген арманы жүзеге асты. Уақыт өте келе, мешітке

Қасқар бабамыздың аты берілмесе де, ішінде бабамыз туралы

танымдық дүние болса екен деп кітап жазуды қолға

алдым. Материал аз, көне көз қариялар баяғыда дүниеден

өткен. Ертелі-кеш естіген деректерді сараптап, ғылыми-тарихи

сәйкестігін тексеріп, баба ғұмыр кешкен уақыттағы қоғамдықәлеуметтік,

тарихи, саяси жағдайлардың хал ахуалына, өзі пір

тұтқан, өзім құрметтеген тұлғалар туралы ізденіп жүргенімде

«Егемен Қазақстаннан» Бекасыл жарықтық туралы мақаланы

оқыдым. Баяғыда Омекең әкеміз айтқан әңгімелер үздік-үздік

еске түсті. Бірден айтайын, тағы да қайталайын, Омарбай

ақсақал Бекасылдай танымал тарихи тұлға туралы егжейтегжейлі

қыруар мағлұмат берді дей алмаймын, алайда сол

аз ғана мәліметтің өзі ізденісіме арқау болды дегім келеді.

Сөйтіп жүргенде, 2004 жылы «Жібек жолы» баспасынан

«Сахара ғұламасы» деген атпен шыққан М. Қалдыбайдың

420


тарихи-өмірбаяндық кітабын оқыдым. Алдында осы автордың

«Бекасыл әулие» атты еңбегін оқығам. Құралбек Ергөбековтің

мерзімді баспасөз бетінде жарияланған дүниелерін т.б.

азды-көпті еңбектерді шолғанмын. Оның үстіне «Орхон

ескерткіштерінің толық атласы», Бекасыл бабамыздың

«Жұлдызнама» кітабының тұсаукесері өткен 2006 жылдың

ақпанында мен ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасында профессор

едім. Сол айтулы мәжілісте болғанмын. Аяулы ағаларым А.

Сейдімбек, Ғ. Құлқыбаевтармен талай рет дастарқандас,

мәжілістес болғанбыз. Өмірге келу қандай заңдылық болса,

кету де сондай заңдылыққа жатады, қазір екеуі де жоқ,

рухтары пейіште шалқыса екен дейміз де. Бұны айтып отырған

себебім: Ақаңның үйінде Ғабекең үшеуміз таң атқанша

әңгімелескенде, басты тақырыбымыз сол Бекасыл бабамыз

жайында бол ғанын қазір біреу білсе, біреу білмес..... Айрықша

ден қойсақ, М.Қалдыбайдың баба туралы еңбектері, сөз жоқ,

үлкен ізденістің жемісі. Автор өте ірі іс тындырған. Алайда

сонау 2006 жылы ЕҰУ-де өткен үлкен отырыста айтылған

ұсыныс-пікірлер жалғасын тапты ма? Кейбір жазбалардың

тілі жұмбақ болып, сол түпнұсқа күйінде қап еді ғой. Баба

мұра сын кешенді түрде зерттейтін жас ғалымдар іске кірісті

ме? Табиғаттың тылсым күші мен жұм бағы, ғарыштан адам

санасына келетін сигнал, көріп келдік қасиет т.б, сондай-ақ

Нострадамус (16-ғ), сәл бертіндегі Ванга, жұлдызшы атанып

жүрген Глоба т.б болмысындағы қасиет, сипаттар, тұтастай

алғанда, АДАМ — ТІРШІЛІК — ҒАРЫШ үштағанын біртұтас

органикалық бірлікте, тығыз байланыста, кешенді түрде

қарастырмауымыздан бізге беймәлім күйінде қала бермек

пе?!

Әрине, мен жұлдызшы да, астроном да, табиғат танушы

да емеспін. Жоғарыдағы айтқандарым тек өз пікірім яғни өз

«МЕНім» ғана… Ендеше, М.Қалдыбайдың кітабы аса білгір

дүние дей келіп, біздің патша көңіліміз «...Шіркін-ай, ұлы

бабамыздың өзгеше феномен екендігін көрсету мақсатымен

«Бекасыл Биболатұлы — көріпкел», «Бекасыл Биболатұлы —

философ», «Бекасыл Биболатұлы — діндар ғұлама», «Бекасыл

421


Биболатұлы және халықтық медицина»...т.с.с. деп жіктеп

берсек, қадірін келтіріп, әр тарауды бұлтартпас айғақтармен

дәйектеп отырғанда ғылыми сипатымен қатар, көпшілік үшін

де пайдалы дүние боп шығар еді дегенді де айтқысы кеп

тұрғанын жасыра алмаймын.

Бекасыл әулие жан-жақты, ғылыми тұжырымға сұранып

тұрған тұлға екеніне ешкім де дау айтпас...

Біз тапқанынан гөрі, жоғалтқаны көп халықпыз. Үш

жүз жылға тақау уақыт бойы тәуелсіздікті аңсаппыз,

тоталитарлық тәртіп аясында жетпіс жылдан астам ғұмыр

кешіппіз... Сондықтан да әулие бабамызды елімен табыстырып,

насихаттау сатысынан өткен сияқтымыз, ендеше, оның сансалалы

білімі мен табиғат сыйлаған, Алла аялаған жұмбақ

кабілет-қарымына зерттеу еңбегі қажет-ақ... Тіпті бұл жерде

Бекасыл әулиені мадақтап, лайықты бағасын беру өз алдына

(ол кісі өз бағасын елінен әлдеқашан алған), ондай зерттеу

еңбегі шықса, тұтас халқымыздың, ұлтымыздың бойындағы

қасиеттерді дәлелдегеніміз боп шықпай ма?

Хош, өз желімізге оралайық... Менің ойымша, осынау

даңғайыр тұлғаның ғұмыры мен еңбегін қазіргі кезеңде

Уақыт пен Кеңістік сияқты тарихи-философиялық ұғымдар

аясында зерттеу яғни Бекасылтану ілімінің туу, қалыптасу,

даму кезеңдеріне кіріскен жөн. Алғашқы яғни туу сатысы

белгілі бір дәрежеде қалыптасқан сияқты, енді қалыптасуы,

дамуы кезеңіне еңбек сіңірген абзал. Осынау ілімге кішкентай

да болса қосқан үлесім болсыншы деп, төмендегілерді

айтпақпын. Ескертерім:бұл айтылғандар еш бұлтартпайтын

тұжы рым деуден аулақпын, сондай-ақ жақтаушы болсын,

ресми оппонент болсын, сын-ескертпелер болса, алғыстан

басқа айтарым жоқ.

Өз ойымызды білдіруге Омарбай әкеміздің қысқа

әңгімелеріндегі мына жайттар себепкер болды. Сөздерін

сол күйінде беруге тырыстым. «Ей, оқымысты ұлым (мектеп

оқушысы бола тұра колхоз кітапханасындағы барлық

дерлік кітапты тауысқан «ғұламаны» оқымысты деп әрі

еркелеткені-ау, әрі сүйсінгені-ау деп ойлаймын өз басым),

422


Бекем әулиенің Абай үйінде болғанында Жүсіп Көпей

баласы келіп, екеуінің арасындағы болған әңгімені естуің бар

ма?», — деген-ді әкеміз. Бұл — менің есімде қалған бірінші

қысқа әңгімесі. Мендей «ғұлама» ол кезде Абайды білсе

де, Көпей баласының кім екенін қайдан білсін? Кейіннен

ойланып, бір реті келгенде Ақаңа (Ақселеу) айттым. Ол кісі

бірде телефон соғып, ол әңгімені іңдете қарастырғанын

айтты. Өзі қайтыс болар кезінде шыққан «Қазақтың ауызша

тарихы» атты кітабына енгізіпті. Ол әңгіменің сұлбасы былай.

Ақиқатты айтайық, Абай мен Мәшһүр Жүсіп ортасы бәлендей

жақсы болған деуге болмайды. Мәшекеңнің Абайды әкесі

Құнанбай өлгенде ас бермеді деп, тағы да сол Абайды

Базаралыларды ит жеккенге айдатып жіберді деп кінәлағаны

өз кітаптарында жазылған. Ал, Шәкәрімді ата-тек шежіресін

шығарғанда талай адамды (Құнанбай әулетімен араз) әдейі

кіргізбеген деп сөккені де мәлім. Сонымен, Тобықты еліне бір

шаруасымен келген Мәшһүр Абайдікіне сәлем беруге келеді

ғой. Табалдырықтан аттай берген Мәшекеңе Абай: «Ақынның

атағы өзінен қырық күн бұрын жүреді деген сөз бар, қане,

айтшы, Құдай қайда, жұмақ қайда, тозақ қайда?» — депті.

Сонда Мәшһүр: «Құнанбайдың Ыбырахымының Құдайы

қайда екенін білмеймін, менің Құдайым жүрегімде. Қатының,

жаман болса, тозақ; жақсы болса, жұмақ», — депті. Абай риза

боп, екеуі құшақтаса табысыпты. Ал осы отырыстың ішінде,

Омарбай қария айтқандай, Бекең Абайдың үйінде болды

дейік, Омекең айт қандай, жоғарыдағы әңгімені Оңтүстік

өңіріне жайған Бекең екен, ендеше Бекасыл бабаның Арқаға

сапа рында жиі келетін өңірі Абай елі емес пе екен деген ойға

келгенімді жасырмаймын. Бұған бірнеше себеп бар.

Біріншіден, ел-жұртына мәлім танымал тұлға елінің аты

шыққан әйгілі адамдарын іздеп, жүздес кенді қалайтыны

анық.

Екіншіден, Бекасыл бабамыз ғұмыр кешкен уақыт қазақ

тарихындағы ең бір күрделі де ауыр кезең. Арқа жерінде

патша өкімімен хандық билік жойылып, аға сұлтандық

басқару институты дүниеге келді. Дәл сол тұста, бір ғана

423


қазіргі Қарағанды, Павлодар, Семей өңірлерінде болған

алапат оқиғаларды еске алайық. Бөкей хан Барақұлынан

(атақты Әлиханның төртінші бабасы) соң хандық таратылды,

Қарқаралыда округ ашылды, аға сұлтан басшы болды. 1849-

1952 жылдар аралығында Құнанбай аға сұлтан болды. Бөкей

тұсында да, аға сұлтандық тұсында да ешкімге бағынбай,

өз алдына Төртуыл одағын құрып, хан, төре тұқымымен алысып

өткен Шоң би Баянауыл өңірінікі. Жер дауы, жесір дауы,

Еңлік-Кебек, Қалқаман-Мамыр, Қодар-Қамқа оқиғалары ертелі-кеш

боп, Семей өңірі дүркіреп жататын. Жұрт назарын

өзіне аударатын. Оның үстіне Найман бабамыздың Сыбанынан

тарайтын айрықша талантты әулетте, бәрін тізбей-ақ қояйық,

бір ғана Ақтайлақ бидің Абылай хандығының соңғы кезінде

Қытайға елші боп баруы, өз еліне Түркістаннан қожалар

әулетін XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бас кезінде

алдыруы, басында қожалар Аякөз маңында топтасып, біразы

Шәуешекке беттеп, біразы Шыңғыстауға Құнанбайдың

шақыруымен баруы т.б. бұл өңірдегі қайнаған, буырқанған

өмірді көрсетеді. Бердіқожа (Мұхтар Әуезовтың үшінші

атасы) Құнанбай төңірегіне көшіп, Құрбанғали т.б. қожалар

(араларында қазіргі белгілі азамат Мұхтар Құл-Мұхаметтің

бабасы бар) Шәуешек асқан. Сөйтіп, Ақтайлақ би бастаған

игілікті істің арқасында сол өңір шоқындырудан аман қалды

десек, артық бол мас. Ендеше, осынау діни, рухани жайттар

орын алған елге уақыт өте келе, Оңтүстік өңірден Бекасыл

бабамыздың сапарлауы қисынға келіп тұрған жоқ па?

Омарбай әкеміздің қысқа әңгімесінің бірінде мындай дерек

бар-тын. «Әй, оқымысты бала, Абайдың өлгенін естігенде оған

бұрындары өш бо лып, қастасқан Оразбайдың (ол тіпті Абайға

қамшы жұмсаған) не деп жылағанын білесің бе? Білмесең,

Бекем осы әңгімені жыр қып айтқан екен». Әрине, ол кезде мен

қайдан білейін, жаспын. Омекең менің «Иә, не деп жылапты?»

деген сауалыма жауап қайырған жоқ. Қазір ойлаймын, ол кісі

«осы қара бала есейе келе ізденсін» деп әдейі айтпады ма

екен деп. Мүмкін, солай да шығар?!

1995 жылы ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы Семей

өңірінде өткенде естіген әңгімеміз бен «Абай туралы естелік-

424


тер» кітабындағы (А., Қаламгер, 2018 ж.) деректер бәлендей

бір-бірінен алшақ емес екенін айтқан дұрыс. Көнекөз

қариялардың айтуынша, Оразбай қатты қайғырғанда, бір

тілектесінің: «Неге қамығасың? Абай жауың, дұшпаның еді

ғой? — дегенде, Оразбай: «Жоғал көзіме көрінбей! Абай өлді,

енді кіммен алысам? Беу, арысым-ай!» — деп боздапты. Ал

естеліктер кітабында қайғырған Оразбай: «Беу, Абайым-ай!

Арысым-ай! Мені Оразбай еткен, атымды шығарған сен едің

ғой. Саған қарсы тұрам деп Оразбай атым шыққан жоқ па

еді?» — деп егіліпті. Мәселе бұл жерде Омекең айтқандай

осынау әңгімені айтқан Бекеңде боп тұр ғой... Олай болса,

Бекасыл әулиенің бір емес, бірнеше рет келуі, онда да Арқадағы

Шыңғыстау өңірінде болуы жай ғана Құнанбай, Абай,

Шәкәрім елімен етене жақын болуы жай ғана кездейсоқтық

емес шығар деген ойға келемін. Оның үстіне М. Қалдыбай

кітабында Бекеңнің Шәкәрім қажымен талай мәжілістес,

дәмдес, сұбхаттас болғаны айтылған ғой. Демек, бұл да

ойланарлық жайт сияқты...

Мен қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы, Кеңшоқы

ауылында (бұрынғы Сталин атындағы колхоз) туып өстім.

Сонда әңгімесін көп естіген адамымның бірі Омарбай ақсақал

еді. Омарбай ақсақал деген кім? Ол туралы алда айтқалы

отырмын. Сол Омарбай әкеміздің айтуынша, Бекең әулиенің

зердесінің тұнық екенін, бір көргенін, не естігенін еш уақытта

ұмытпайтынын көнекөз қариялар жыр қып, аңыздай ғып

айтады екен. Ал Бекасыл бабамыз өз кезегінде өзінен жиырма

жастан астам кіші Абайдың талантына, өзгеден оқшау ілімбіліміне

және есте сақтау қабілетіне тәнті боп отырады екен.

«Ал, тыңда деген-ді бірде Омекең, — Базаралы деген адамды

естуің бар ма? Оны итжеккенге айдатқан Құнанбай емес. Сол

Базаралы елге оралғанда өз кінәсін біліп, кешірім өтінбекші

болды ма, Ыбрахым барып, сәлем беріпті. Әңгіме үстінде

Базаралы Абайдың сұрағына қандай жауап қайырғанын

білесің бе? Егер осы туралы Бекең айтпаса, бәріміз де

басқаша ойлар ек...». Міне, айна-қатесіз осыны айтып еді.

Кейіннен әріптес ғалым інім Тұрсынның (Жұртбай) «Құнанбай»

425


атты кітабын оқыдым. Мәшһүр Жүсіп те өз жазбаларында

Базаралының итжеккенге айдалуына кінәлі деп Құнанбайды

емес, Абайды айтқан. Абай Базаралыға сәлем бере барып,

әңгіме үстінде ағасының өзге елде жүріп, орысша үйренген,

үйренбегенін сұрапты. Сонда Базаралы: «Шырағым, орысшаны

үйренетін жерге-ақ жіберіп ең, өзім жетесіз боп, үйрене алмай

қайттым», — депті. Ал,осы әңгіменің Бекасыл әулиенің дуалы

аузы арқылы ел арасына таралуы жоғарыдағы ойымызға

белгілі бір дәрежеде тірек емес пе дегіміз келеді.

Осы жерде және бір жайтқа тоқтала кетуді парызым

деп білемін. Қазіргі қызмет істеп жүрген университетімде

2010-2013 жылдар аралығында ғылыми-шығармашылық

топ «Сәкен Сейфуллин», «Қаз дауысты Қазыбек би», «Бұқар

жырау» тұлғалық энциклопедияларын шығарды. Тұсаукесер

рәсімдерін Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада

зиялы қауым өкілдері, депутаттар, белгілі ғалымдардың

қатысуымен өткіздік. 2010-жылы Қазыбек бабамызға арналған

энциклопедия шығардың алдында бір топ ғалым сол тұстағы

ректор, Түркістан қаласына бардық. Оңтүстіктегі бірталай

атаулы адамдардың аруағына, Ясауи бабамыз кесенесіндегі

Қаз дауысты Қазыбек бабамызға тәу етуге, құран оқытуға,

құрбандық шалуға бардық. Әлі есімде, сонда бір қариялармен

сұбхаттас боп қалдық. Ұмытқан жоқпын, әңгімеміз Арыстан

баб кесенесінің маңында болып еді. Ақсақал жөн сұрасқан

соң, Оңтүстік өңірдегі киелі деп есептелетін әруақтар мен

тарихы мол орындарды әңгімелей келіп, екі жайтты айрықша

деп қоя отырып айтып еді. Біріншісі — Арқадан шыққан

Деріпсал батыр, оның Байқозы батырмен байланысты ерлік

істері, екіншісі — Бекасыл әулие туралы. Бірінші дерегі туралы

2013 жылы Арқада Деріпсал батырдың құрметіне өткен үлкен

іс-шарада сөз алып, айтып бердім және облыстық «Орталық

Қазақстан» газетінде мақалам жарияланды. Ал екінші дерегі

яғни Бекасыл әулиенің, әсіресе, оның зеректігі, зердесінің

тұнық тығы жайлы ел жұртын таңдандырып өткендігі туралы

еді.

Сонда Бекең әулие Семей өңіріне жиі келуі өз алдына Абай,

Шәкәрім, мұрасын оңтүстікке насихаттаушы да болды ғой…

426


Сол әңгіменің жалпы сұлбасын беруді өзімнің парызым деп

есептеймін. «Сендердің елдерің ежел ден-ақ өз ерекшелігімен

өзгені тәнті етіп келген. Әсірессе, Шыңғыстау өңірі қасиетті

мекен ғой. Ертеде қазақ орыс патшасына қарап тұрғанда,

ел ішінің тыныштығы үшін әдет-ғұрып заңына орай, Ереже

әзірленген. Оны Абай жазып, Қарамола съезінде бекіттіргенін

жұртшылық біледі. Патша өкілінің Ереже даярлау туралы

тапсырмасын алы сымен, Абай басты адамдарға хабарласып,

ұсыныс тарыңызды жіберіңіздер деп өтінген ғой. Алайда талай

мықтылардың ұсыныстарын Абай ұнатпай қабылдамапты.

Тіпті кейбіреуіне ызаланып: «Әй, надандық-ай!» — деп

қынжылыпты. Бұрын аға сұлтан болған бір Бұғыбай деген

жуан бұны естіп ап, қатты намыстаныпты. Содан бір отырыста

Абайды мадақ тау көбейіп кеткен соң долырған Бұғыбай

Абайды мақтаушыларды тілдеп: «...күні кеше ақ тобық аттың

бәйгесіне келген жетім тобықтының баласына осыншама

табынғандарың не? Абайларың көк мойын жетім лақ та, біз

өткел бермес дария емеспіз бе?» — деп зіркілдепті. Әңгіме,

сірә Абайдың үйінде болса керек. Абай өз шаңырағында

отырған соң ештене демепті. Арада біраз уақыт өткен соң

Найманның бір жөн білетін болысына кездесіп: «Қаракерей

баласы, анадағы сөзді сенен естісем, оқасы жоқ еді. Әттең,

келімсек, кірме сарттан естігенім жаныма батты-ау!» — депті.

Сөйтсе жоғарыдағы Бұғыбайыңның бабасы ертеде қазаққа

сіңген тәшкендік сарт екен. Бұл сөзді естіген Бұғыбай арнайы

кеп Абайдан кешірім сұрапты. Бірақ бұндағы адамдар атын

мен шатастыруым да мүмкін, себебі Бекасылдай әулие бабам

ішінде болған екен, сол кісінің атағаны басқа адамдар екен!

Енді аңыз бен ақиқат, нақты шындық пен көркемдеу ұғымдары

арасындағы аздаған алшақтыққа мән беріп, түсініктеме

айтуға тырысайық. «Абай туралы естеліктер» кітабында

Совет Тоғызбаев атты автор Бақихан деген қариядан жазып

алғандарын «Жан шықпаған бел едің» деген мақаласында

беріпті. Ондағы дерекке сүйенсек, бұрын аға сұлтан болған

адам Түркістандағы қарияның бізге айтқан әңгімесіндегі

Бұғыбай емес, Бұтабай. Және өктем сөзді айтқан — Бұтабай

427


емес, Кәдір деген сол елдің белгілі адамы. Ол Бұтабайдың

жақтасы болған. Кәдір қажылыққа бара жатып, Семейдегі

Абай түсе тін үйге келген ғой. Үйде көп адамдар болған екен.

Жоғарыдағы зілді сөзді айтқан сол Кәдір екен. Кәдірдің арғы

бабасының тәшкендік жігіт екенін Абай білгендіктен айтыпты.

Демек, кешірім сұрай келген де Бұтабай емес, Кәдір.

Қош... енді өз өрісімізге яғни ұсыныстарымызға оралайық.

Менің ойымша, сабақтастық сияқты филосо фия лық

ұғымды үзіп алмас үшін төмендегідей шаралар жүзеге асса...

1. «БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕ БИБОЛАТҰЛЫ» атты ғылыми-сараптамалық,

рухани-мәдени кешен орталығы құрылса (Мүмкін,

Нұр-Сұлтан немесе Алматы немесе Шымкент немесе Түркістанда),

түрлі шараларды жоспарлап, үйлестіріп, жұртты

хабардар етіп, насихаттап отырар еді. Уақыт өте келе, басқа

өңірлерде, алдымен, оқу орындарында орталық-бөлімше

(филиал) құрылса, кеңінен қанат жайып кетер еді.

2. Орталықтың әу басында құрылып, біртін-біртін қажетті

орынға айналуына, менің ойымша, республика бойынша маңызды-маңызсызы

бар қыруар жобалар бар емес пе, солардың

біріндегі қар жыны айтпай-ақ қояйық, «Рухани жаңғыру»

бағдар ламасына бөлінген аса мол қаржының аздаған бөлігін

тиісті орындармен келісе отырып, бөлуге болатын сияқты.

Бұндай ұсыныс жүзеге асу үшін жер-жерде ынталы топ

құрылса, олар Министрлікке арнайы өтінішпен шықса, жөн

болар еді дегім келеді.

3. Орталық құрылымымен, оған тілектес танымал азаматтардан

қоғамдық топ немесе Кеңес құрып, жұмыс жоспарын

жасаған тиімді сияқты. Алдымен негізгі міндеттерді саралаған

жөн. Яғни мақсат- міндеттер:

— Бекасыл Биболатұлының ғұмыр жолы мен болмысына

біткен қасиет, сипаттарын саралау арқылы қазақтың ұлттық

рухын, менталитетін кеңінен насихаттау;

— Әулие бабаның ғұмырындағы кейбір көмескі жайттарды

анықтау, біртұтас ғұмырнамалық және генеологиялық картасын

әзірлеу;

— «Бекасыл баба ізімен» атты экспедиция ұйымдастыру;

428


— Облыс орталықтарында, т.б. елді мекендерде белгілі бір

мерзім аясында танымдық сипаттағы түрлі іс-шаралар өткізуді

ұйымдастыру (м., дөңгелек үстел, конференция, пікірлесу

отырысы т.б.)

— Әулие бабамыздың «Жұлдызнама», «Зикзал» деп аталатын

әрқайсысы қос ауқымды томнан тұратын кітаптары туралы,

олардағы біз меңгере қоймаған тылсым сырлар туралы

сыни пікірлер топтастырылған жинақ шығаруды қолға алса...

— БАҚ- та (газет-журнал, радио-теледидарда) Орталықты

ашу туралы ниеттен хабар беретін арнайы хабарлар, мақалалар

ұйымдастырылса, дұрыс болар еді. Пайымымызша,

«Асыл арна» телеарнасында тұрақты айдар (рубрика) неге

ашпасқа? Оған түрлі сала мамандарын (теолог, экстрасенс,

тарихшы, философ, филолог т.б.) кеңінен тартса, орынды болар

еді.

Ал, барлық жұмысты жоспарлап, үйлестіріп отыратын

Орталық өз жоспарына жоғарыдағы іс-шаралармен қатар,

«Бекасыл Биболатұлы және XIX ғасырдағы Қазақстанның

саяси, рухани, тари хи хал-ахуалы», «Бекасыл әулие және

тылсым құбылыстар құпиясы», «Бекасыл Биболатұлы және

жұлдыз нама ілімі», «Бекасыл және медицина: халық емшілігі

кеше және бүгін», «Бекасыл әулие және ғы лымдағы көріпкелдік

қасиет», «Бекасыл әулие және Ислам құндылықтары»,

«Бекасыл Биболат ұлы және теология ғылымы», «Әулие баба

және тарих ғылымы», «Бекасыл баба және түркітану ілімі»

т.б. деген атаулармен зерттеулерге жол ашар еді. Ақиқатын

айтайықшы, белгілі бір ғалымдар, зиялылар тобы болмаса,

қалың жұртшылық атақты бабамыз туралы, оның кітаптары,

ұлы өнегелік қа сиеттері туралы біле ме? Ендеше, бүкіл

жұмысты үйлестіретін белгілі бір дәрежеде штаб сияқты

орган — Орталық керек деп тұрғаным сондықтан.

Осымен тәмамдаған да жөн болар. Ұлы бабамыздың

басына барып, құран бағыштағанымыз, тәу еткеніміз болсыншы

осынау шағын еңбек деген тілекте отырмыз.

М. ХАМЗИН, филология ғылымдарының докто ры,

профес сор, ҚР Мәдениет қайраткері, Қарағанды

қала сы.

429


Жаңа ғасыр елімізге,қоғамға әлеуметтік саяси өзгерістер,

жаңа лықтар әкелді. Еліміз тәуелсіздік алды. Еліміздің аты

төрт күл дүниеге жайылып, ірі мемлекеттер мойындайтын елге

айналдық. Егемендік алған елдің салты, дәстүрі, тілі, діні

қайта оралып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей болдық.

Бүгінгі ұрпақ ата салтына, адалдыққа көшті. «Ескіні есіңе

алсаң, есейгеннің белгісі» деген қағиданы ісімен көрсетіп,

Бекасыл әулиеге мектеп атауы беріліп, ескерткіш орнатылып,

естелік кітаптар жа зылып, халықаралық және республикалық

деңгей дегі ғылыми конференциялар өткізіліп жатыр. Бұл да

болса болар елдің баласының ынтасымен, ықыласынан туған

тіршілік түйіні болса керек. Бекасыл әулие есімі ұрпақтар

есінде мәңгі өшпей, жалғасын табатына ешқандай күмәніміз

жоқ.

Бекасыл әулиенің қазақтың бір туар ұлы Шәкәрім мен

кездескендігін айғақтайтын тың дерек тер табылып, бұрын

біздің құлағымызға еміс-еміс жеткен, жадымызда жатталған

сөздер санада жаң ғыра бастады. Бұл дегеніңіз жаңаша

ізденістерге жол ашып отыр. Ұлық жандардың Түркістанда

кездесуі, Бекасыл әулиенің Арқаға (Семей өңіріне) сапары,

бауырмалдықпен туысқандықтың, ізгіліктің, қасиет тіліктің

жар қын көрінісі десек болады.

Ал Бекасыл әулиенің «Жұлдызнама» («Зикзал») атты

еңбегі жаһандану заманының түйткілді мәсе лелерін шешуде

бағдаршам болады десек артық айтқандық емес. Бүгінгі

таңда, діни ағымдардың пікір қайшылығы өрістеген кезеңде,

оларды бір арнаға тоғыстыру маңызды мәнге ие болатынын

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғам дық даму

министірлігі мен мұсылмандар Діни бас қармасы назарда ұстап,

тәлім-тәрбие мен иман дылық бағытында жүйелі жұмыстарды

алға қояды деп сенемін. Ол үшін Мәуен бауырымыздың

ұсыныс тарын мемлекеттік тұрғыда жүзеге асырса құба-құп

болар еді.

Мен Бекасыл әулиенің бір ұрпағы ретінде Мауенге осы

кітаптың бетінен шексіз алғысымды білдірем және Алладан

оған барлық жақсылықтарды нәсіп етуін тілеймін.

430


МАЗМҰНЫ

БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕ ......................................................................................................................3

ҰРПАҚ ЛЕБІЗІ .........................................................................................................................300

ҰЛЫ БАБА БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕ БИБОЛАТҰЛЫ

ЖАЙЛЫ АЗДАҒАН ОЙ-ТОЛҒАМ … ................................................................413

431


Мамытбек Қалдыбайұлы

БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕ

Басуға 12.06.2023 қол қойылды. Пішімі 84 x108/ 32 .

Офсеттік басылым. Қағазы офсеттік. Шартты баспа табағы 27,0.

Есептік баспа табағы 22,68. Таралымы 1000. Тапсырыс № 0087.

Дайын файлдан «Регис-СТ Полиграф» баспаханасында

басылды 010000, Астана, Ш. Айманов к., 13

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!