14.11.2023 Views

Бекасыл Биболатұлы. Исақұлов Е

Transform your PDFs into Flipbooks and boost your revenue!

Leverage SEO-optimized Flipbooks, powerful backlinks, and multimedia content to professionally showcase your products and significantly increase your reach.

Бұл кітап Бекасыл Биболатұлының асыл мұраларын

құрметтейтін оның ұрпақтарына, ғалымдар мен қалың

оқырман жастарға арналған.

Ержан Исақұлов

Қандай жағдайда болсын ата-бабаның ізгі есімін қайта

тірілту, өткен буындардың істері мен сөздері туралы (тарихи)

естеліктерді қайта жаңғырту – жақсылықтың (ізгіліктің)

белгісі, тек (бұл жақсылық) көрнекті де ерекше (қасиетті)

ұрпақтардың, әрі мәртебелі мұрагерлердің табанды күш

салуының арқасында, Раббани құптау (Алланың қалауы)

мен Құдайдың көрсеткен илахи көмегімен ғана орындалатын

болады

Рашид ад-дин Фазлуллах Хамадани

БЕКАСЫЛ

БИБОЛАТҰЛЫ

Астана 2023 жыл


УДК 94 (574)

ББК 63.3 (5Қаз)

Б39

Б39

Бекасыл Биболатұлы. Құрастырған Исақұлов Ержан. — Астана, 2023. — 256 бет.

ISBN 978-601-271-736-5

Сахара ғұламасы деген атпен белгілі болған Бекасыл Биболатұлының 200 жылдық

мерейтойы 2022 жыл дың 17 қыр күйегінде қасиетті Түркістан жеріндегі оның туған ауылында

халықаралық қазақ-қырғыз зиялыларының V форумының аясында аталып өтті.

Бұл жинаққа сол форумда жасалған баяндамалар, құттықтаулар, айтылған тілектер

мен Бекасыл әулиенің құрметіне берілген асқа қатысқан оның ұрпақтарының, қазаққырғыз

зиялыларының, ел ағалары мен кеңбайтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген

ғалымдардың және қонақтардың фотосуреттері енгізілді.

УДК 94 (574)

ББК 63.3 (5Қаз)

ISBN 978-601-271-736-5 © Исақұлов Ержан, 2023


3


4


5


6


7


8


9


10


11


12


ДАРХАН САТЫБАЛДЫ,

Түркістан облысының әкімі.

Қайырлы күн бүгінгі халықаралық форумға қатысушылар!

Құрметті қонақтар!

Қазақ халқының ұзақ тарихы небір қым-қуыт оқиғаларға толы. Сол оқиғалардың басында

болмыс-бітімі алуан түрлі тұлғалар болғаны аян.

Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу — қазақтың дәстүрлі таным-түсінігінде ертеден

қалыптасқан үрдіс. Қазақтың шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі

арқылы танылып отырады. Қазақ халқының тарихында ұлт болып ұйысуда ерекше орын алған

Төле би бабамыздың ұрпағы Бекасыл Биболатұлының тұлғасын дәріптеуге арналған халықаралық

форум осынау игі шараның бірі һәм бірегейі.

Ең алдымен ұлттық тұлға деген ұғым ол — тарихи өлшем. Яғни тарихи тұрғыдан ұлт үшін,

халық үшін орасан маңызы зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке барған немесе аса жауапты тарихи

сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай ұлттық,

тұлғалық деңгейге көтеретін бағаны беріп отырған. Міне, қазақ тарихының әрбір белесінде

осындай орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан, ұйымдастырушы болған

азаматтар ұлттың тұлғалары атанған. Қазақ ұлтының бағына, тағдырына орай тарих-ана әр

ғасырда Бекасыл Биболатұлы секілді ғұламаларын жаратқан.

Ұлы ғұлама ойшыл Сократ: «Әрбір қоғамда күннің нұры бар, тек сол нұрдың жарқырауына

мүмкіндік беріңіз», - деген. Сол секілді әрбір қоғам мен дәуірдің өзінің жарқыраған шоқ жұлдызы

болады. Ұлттық идеяның алтын діңгектеріндей бой көтерген рухани құндылықтарымыздың

барлығы да бір ғана мақсат жолында, бір ғана мұратты көздеп халық жүрегіне жол тартты. Ол

мақсат пен мұрат түптің түбінде бізді бүгінгі ұлттық тәуелсіздігімізге, ұлттық мемлекетіміздің

мәңгілік баянды болуы идеясына біріктіріп отыр.

Тарихтың жарқын беттері Сіз бен біздің көз алдымызда, осы заманның кеңістігінде жазылуда,

бабалар рухы жаңғыруда. Бұл да біздің басымызға, бағымызға жанған бақыт шоқ жұлдызы дер

едім. Халқымызда «Су ағар да тас қалар, кәрі өтер де жас қалар» — деген нақыл бар. Келер

ұрпақ алдында жүзіміз жарқын, еңсеміз биік болсын десек кешегі өткен Ұлы Даланың дүбіріндей

үні қалған бабалар рухын мәңгі жадымызда сақтағанымыз абзал.

Құрметті жерлестер, қадірменді қауым бүгінгі игі іс-шара халқымыздың тарихында

қайталанбас нар тұлғалардың бірі Бекасыл Биболатұлының 200 жылдығы мерейтойына орай

ұйымдастырылып отыр. Осы ауқымды іс-шараға атсалысқан барша зиялы қауым өкілдеріне айтар

алғысымыз шексіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілек білдіреміз!

13


14


15


16


Биыл сахара ғұламасы аталған Бекасыл Биболатұлының туылғанына 200

жыл болады. Оның мерейтойы осы жылдың қыркүйек айының 17 жұлдызында

ғұламаның туған жерінде халықаралық қазақ-қырғыз зиялыларының

V форумы ның аясында аталып өтіледі деп күтілуде. (Төмендегі мақала

«Егемен Қазақстан» газетінде 13 қыркүйек күнгі нөмірінде жарияланды).

«Егемен Қазақстан» газетінің ұжымының атынан форумның жұмысына

сәтті лік тілей отырып, қасиетті бабамыздың рухына тағзым етіп, оның

ұрпақтары мен Түркістан жұртшылығына бақ пен береке тілейміз.

АЛҒЫ СӨЗ ОРНЫНА

МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ,

Мемлекет және қоғам қайраткері,

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Бекасыл Биболатұлы қазіргі Түркістан облысының

Төлеби ауданындағы Есім ханның

ордасының іргесінде 1822 жылы өмірге келіп,

1915 жылы туған жерінде қайтыс болған.

Бекасыл Биболатұлы — Сайрам, Қарнақ,

Ташкент, Самарқант, Бұхара, Шам (Сирия)

еліндегі білім ордаларын түгел меңгерген данышпан,

теолог, астролог, астроном, математик,

философ, шипагер, бақ қонған, кие дарыған

кісі, ислам қағидаттарын, өмір салтын терең

меңгер ген дана, асқан ғұлама, Есім ханның

уәзірі Құдайберді бидің тікелей ұрпағы, Төле

бидің жақын аталас туысы, «Еңсегей бойлы Ер

Есім» мен «Төле бидің тарихы» атты дастандардың

авторы Қазанғап Байболовтың ұстазы.

Бекасыл Биболатұлы туған жерінде медресе

ашып, сол аймақтың балаларын оқыт қан,

шығармашылықпен айналысып, көп теген кітаптар

жазған. Көзінің тірісіде-ақ Бекасыл әулие

атанған.

Бүгінгі ұрпаққа Бекасыл Биболатұлынан

әзірге жеткені «Зикзал» атты ғибрат кітабы —

халқымыздың тәуелсіздік жылдарында тапқан

асыл қазыналарының бірі. Он тоғызыншы ғасырда

қағазға түскен бұл құнды қолжазба, тәуелсіздік

жылдары төрт рет шығарылып, ғылыми

айналымға түсті, бірнеше ғылыми конференцияға

арқау болды. Тек қазақ халқының ғана емес,

бүкіл адамзаттың қымбат жауһарларының

бірінен саналатын бұл шығармада исламның

асыл қасиеттері, адамзаттың байтақ тәжірибесі,

дәстүрі, өмір салты, замананың ой санасы,

ғылымның сан-саласы қамтылған, қазақ топырағында

бұрын кездеспеген, өмір тылсымдарының

сырлары мен құпияларын ашатын,

адам ның күнделікті өміріне керекті пайдалы

кеңес тер, ғылыми мәліметтер мен басқа да

тұжы рым дар бар.

Қазақ руханиятындағы алып тұлғалар дың

бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Оңтүстікке

са парын баяндайтын, «Қазақ баласы оқыдым,

тоқыдым десе де, Бекасыл хазрет бола ма»

деп аталатын мақаласында Бекасыл әулиені

аса құрметпен хазрет,ұстаз деп атайды және

пір тұтады,ғұламаның қадір-қасиетін айшықты

аша түседі, оның «Зикзал» атты еңбегін аса

құнды баға жетпес туынды деп бағалайды.

Отандық ғалымдардың пікірінше, «Зикзал» —

кез келген қазақтың төрінде тұратын қасиет ті

кітап.

Қазақстан мұсылмандарының діни бас қармасының

ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі

дінтанушы, араб, парсы және шағатай тілдерінде

жазылған «Зикзалды» қазақ тіліне аударған

17


Зәріпбай Оразбай ол ең бекті әлемдік деңгейдегі

Ханафи мазһабын дәріптейтін бірден бір

ғылыми кітаптардың қатарына жатқызады.

2020 жылы пандемияның ең өршіп тұрған

шағында, Қазақстанның Бас Мүфтиі Наурызбай

қажы Тағанұлы, «Зикзалдағы» індетке қарсы

қолданылатын қасиетті 7 аятты Қазақстан

мұсылмандарының діни басқармасының сайтына

іліп қойды, бүкіл дүниежүзіндегі мұсылман

елдердің имамдарына үндеу жасап, олармен

бір мезгілде Құран оқып, Жаратушыдан адам

баласының күнәлерін кешіріп, індеттің бетін

қайтаруды сұраған болатын. Сонымен қатар,

биылғы жылы Наурызбай қажы Тағанұлы «Зикзалды»

еліміздің медреселерінің оқу программасына

ендіру туралы ниет білдіріп, Бекасыл

Биболатұлының 200 жылдығын атап өту туралы,

оның есімін Ұлы тұлғалар тізіміне қосып,

түркі дүниесінің рухани астанасы Түркістан мен

еліміздің бас қаласы Астанадағы көшелерге

беру жөнінде бастама көтерген болатын. Ол

бастама жұртшылықтың көңілінен шығып, зиялы

қауымның ішінде зор қолдауға ие болды.

Қазақ Ұлттық медицина университетінің

И. Ә. Құлманбетов, Р. И. Құлманбетов және

Д. С. Ка раскова деген бір топ ғалымдары өздерінің

2019 жылғы «Бекасыл Биболатұлының

медициналық канондары» деген мақаласында

Бекасыл Биболатұлының «Зикзалын» клиникалық

медицина мен фармакология саласындағы

медициналық энциклопедиялық ғылыми еңбек

деп бағалаған.

Бекасыл Биболатұлының өмірбаяны мен

еңбегі туралы деректер қазақ елінің мұсылман

ойшыл-ғұламалары Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн,

Махмуд Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Хусамеддин

Сығанақи, Мәшһүр Жүсіппен бірге Қазақстан

Республикасының Білім және ғылым

министрлігі ұсынған (2016 ж.) жалпы білім беретін

мектептердің 9-сыныбына арналған академик

Ғ. Есімнің жетекшілігімен дайындалған

«Зайырлық және дін тану негіздері» және «Светкость

и основы религоведения» атты оқулыққа

енгізілген.

Қазіргі кезде Бекасыл Биболатұлының

«Зикзалы» қазақ оқырмандарының тарапы нан

зор сұраныс тудырып отыр.

2022 жылы Қазақстан Республикасының

Президенті Қ. Тоқаевтың шешімімен қазақ руханиятындағы

алып тұлғаларды, дала даналары

мен ғұламаларының есімін және қасиетті

жерлердің атауы қайта жаңғыртылып жатыр.

Оның жарқын көрінісі биылғы жылы құрылған

Абай, Ұлытау, Жетісу мен орталығына Д. Қонаевтың

аты берілген Алматы облыстары.

Осы орайда жоғарыда айтылған Қазақстанның

Бас Мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының

Бекасыл Биболатұлының ұлық тау туралы

бастамасы Қазақстан Үкі метінің тарапынан

қолдау табады деп сенеміз.

Бүгін еліміздің астанасы Нұр-Сұлтанда

әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының

кезекті VII съезі өтіп жатыр. Арада бір күн

салып қазақ-қырғыз зиялыларының V форумының

аясында Бекасыл Биболатұлының 200

жылдық мерейтойы қасиетті Түркістан жерінде

аталып өтілмекші. Мұның өзі ғұлама бабамыздың

ұстанымы мен рұхының биіктігінің дәлелі.

18


ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ

БЕКАСЫЛ БИБОЛАТҰЛЫНЫҢ 200 ЖЫЛДЫҚ

МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

V ФОРУМЫ

2022 жылдың 17 қыркүйегінде Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты Кеңес-Арық

елді мекеніндегі «Ривьера Қасқасу» демалыс орнында арнайы жасалған

Сценарий бойынша өткізілді.

9.00 — Конференцияға қатысушылар Бекасыл әулиенің кесенесіне барып, оған және оның ата-бабаларына

Құран бағыштады. Бекасыл Биболатұлының музейін, оның бұлақтары мен ескерткішін

көрді. Есім ханның ордасының орнымен танысты.

10.20 — Конференцияға қатысушылар конференция өтетін жерге келді. Ол жерде сағат 9:00-

ден бастап ұлттық ансамбль қазақ пен қырғыз халықтарының белгілі күйлері мен жырларын

орындап тұрды және Төлебидің тікелей ұрпағы Нұрлан Өнербаев бастаған әртістер ән шыр қап,

жұрттың ықыласына бөленді.

10.50 — Ұйымдастырушылар қонақтарды конференция өтетін жерге шақырды.

19


20


АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК,

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Конференцияның модераторы Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары

Ақберен Елгезек қонақтарға құттықтау айтып, конференцияға арнайы қатысуға келген қырғыз

және қазақ зиялыларын таныстырып, Бекасыл Биболатұлының мұраларының құндылығы мен

мән-мағынасына өз көзқарасын білдіре келе, конференцияны ашық деп жария лады және төмендегі

тақырып пен тізім бойынша баяндамашыларға сөз кезегін беріп отыр ды.

21


22


АМАЛБЕК ТШАНОВ,

Мемлекет және қоғам қайраткері.

Ардақты ағайын!

Құрметті зиялы қауым!

БАБАЛАР ЖОЛЫ — ӨНЕГЕ

Қазақ сахарасы даналарға, ғұламалар мен

батырларға, халық қадір тұтқан әулиелерге қашанда

кенде болмаған. Елдің жүрегінен орын

алған қасиетті қастер тұтар есімдер жыл өткен

сайын жаңғыра түседі.

Бабалардың тағылымды істері ұрпағына

қай уақытта да өнеге. Ал жас ұрпақ соның

қадір-қасиетін жете білсе, одан асқан парыз

бен борыш болмаса керек. Ұрпақ сабақтастығы

деген осы.

Соның бір айғағы қалың жұртшылық әлі де

біле бермейтін қазақ тарихынан қастерлі орын

алуға лайық дана, көреген, өз кезеңінің білгірі

Бекасыл Биболатұлы.

Заңғар Алатаудың бауырында, қарт Қазығұрт

пен қасиетті Сайрам өңірінде ғұмыр

кешкен Бекасыл бабаның ілім-білім жолына

түсіп, ерте есеюіне қастерлі мекеннің шапағаты

мол болғаны анық.

Бекасыл Биболатұлы кім? Ол атақты Еңсегей

бойлы ер Есімнің тұстасы Құдайберді бидің

үлкен ұлы Түгелбай батырдан тараған үрім

ұрпақ. Кезінде Құдайберді билігімен, Түгелбай,

Данай батырлығымен қазақ-қырғызға танымал

болған екен. Оны бүгінде бізге жеткен рухани

мұраларымыз айқындап отыр.

Сол бірегей бабалардың ұрпағы, кезінде

ел арасында атағы жайылып, патшалық өкімет

құрылымы мен отарлау идеологиясына қарсы

тұрған, кешегі Кеңестік жүйенің ызғарынан

тарихтың көлеңкелі тасасында қалып қойған

оқымыстының бірі — Бекасыл Биболатұлы десек

қателеспейміз. Бекасыл ғұламаның аты

біршама еңбектерде сипай айтылып келгенімен

арнайы зерттелмеген. Өз зерттеушісін күтіп

жатқан Бекасыл Биболатұлы мұралары әлі беймәлім,

толыққанды зерттеліп, танылып ғылыми

айналымға қосылмаған.

Ортамызға қайта оралған «Зикзал» атты

ғұлама мұрасын жан-жақты зерттеу, артына

қалдырған туындысының ерекшеліктерін, тарихи,

діни, көркемдік көкжиегін зерделеу де әлі

талай ізденіске жетелері хақ.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың

басында өмір сүріп, бұрынғы өткен бабалардың

әділет, адамгершілік, елдік дәстүрін

жалғастырып, келер ұрпаққа аманат етіп

жеткізген, ел арасында медресе ашып, бала

оқытып (қазіргі Кеңесарық ауылында) емдік

кітаптар, жұлдызнама, өлеңдер жазып, қыр

ғұламасы атанған Бекасыл Биболатұлы туралы

алғаш рет атақты ақын Қазанғап Байболұлы

қалам тербеді. Бұл ойымызды Қазанғап өзінің

атақты «Төле би тарихы» дастанында растай

түседі:

Таусылмас көп сыр естідім,

Адамынан үш жүздің.

Тере берсең табылар

Әділ кісі болған соң,

Жүрек аңсап, сағынар.

Сөз жәрдемін көрсеткен,

Теріп айтсам мыналар

Біріншісі Бекасыл

Тоқсан үш жаста жөнеді.

Қоқандағы хандардың

Төртеуін көрдім деп еді.

Бекасыл Биболатұлы өз шығармасында

білім мен дінді ұштастырып, шариғат негіздері

23


жайлы құнды мұра жазып қалдырды. «Зикзалдың»

өн бойында қасиетті Құран сөздерін

жиі пайдаланған. Бекасыл — діни ағартушылық

жолды ұстанған абзал жан.

Патша үкіметінің дін мен тілге, ділге қарсы

жүргізген саясатын түсіне отырып сонда да

болса ислам құндылықтарын уағыздап, жұртшылықты

білімге, ілім алуға шақырды. Бабаның

Исламтану бағытында көптеген жазбалар

қалдырғаны анық, бірақ солақай саясаттың

кесірінен оның көпшілігі бүгінгі күнге жеткен

жоқ. Шығыс өркениетінің араб, парсы, шағатай

тілде рін және Құран Кәрім философиясын

жетік меңгерген Бекасыл ғұлама Хакім десе

болған дай.

Дін өкілдері шариғат айтқанда осынау

«Зикзал» шығармасын да пайдаланып, салыстырып,

байланыстыра білсе саналы да иманды

шәкірт тәрбиелеп өркениетті қоғам құруға

қадам жасап, ислам құндылықтарының барынша

кеңейуіне жол ашар еді.

Бекасыл әулие әлем жаратылысын, тылсым

табиғаттың сырын игерумен қатар, шипагерлікпен

айналысқан. Сондықтан оның «Зикзал»

кітабының халық медицинасының білгір

шипагерлеріне үлкен көмек болатынына біз

кәміл сенеміз. «Зикзалды» оқу үстінде көзің

анық жететін бір ақиқат автордың жан-жақты

білімділігі. Ислам діні тарихының шығыстық теологиялық

философияның жетік білгірі болғаны

күмән туғызбаса керек.

«Зикзал» жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Әрине кітапқа кез-келген адамның тісі бата

бермейді. Мұнда теологиялық, философиялық,

астрономиялық, астрологиялық, медициналық

т.б. мазмұндағы мәліметтер, тіпті болжамдар

баршылық. Олар туралы тек сол саланың білгір

мамандары пікір айта алады деп білемін.

Сондықтан Бекасыл Биболатұлының еңбегін

буынға қалар құнды мұра деп бағалауға

әбден дайық.

Бекасыл бабаның 200 жылдық мерей тойы

құтты болсын.

24


25


Кожогелді Күлтегін,

Қырғыз Республикасының халық ақыны, қырғыз зиялыларының жетекшісі.

26


Кожогелді Күлтегін және қырғыз зиялылары

27


Зайнидин Курманов, Қырғыз Жоғарғы Кеңесінің экс-спикері.

28


Қырғыз зиялылары Бекасыл әулиенің кесенесіне зиярат етіп отырған кезі

29


Қырғыз ақындары мен жыршылары

30


31


32


САУЫТБЕК АБДРАХМАНОВ,

Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің депутаты.

АРДАҚТЫ АҒАЙЫН. ОРТА ТОЛСЫН!

Баға, бата жөнінде көп ойналатын

халықпыз. Соның ішінде бағаға байланысты

сөзден бастағым келіп отыр. Баға деген сөз

салыстырмалы ұғым. Бағаның бағасы сол

бағаны берген адамға байланысты. Біреудің

керемет дегенінен. басқа біреудің тәуір дегені

артық болуы мүмкін. Ол жаңағы айтқандай, сол

адамның сөзінің салмағына байланысты. Осы

тұғырдан алғанда. жаңа Мәлік (М. Н. Отарбаев)

бауырымыз оқып берген құттықтау сөзде

айтылған жағы дай ларға қадалып айтқым

келеді. Мем лекет басшысының құттықтау

сөзінде, халқы мыз дың данышпан перзенті,

асқан ойшылы. халқымыз бала кезінен Мәшһүр

деген есімді қосып берген. Мәшһүр Жүсіп

Көпейұлының Бекасыл бабамызды ұстаз деп

танығанын, оның «Зикзал» деген еңбегін аса

құнды еңбек деп бағалағанын арнайы атап өтті.

Мәшһүр Жүсіптің өзі сонау Арқа төрінен

осы таудың етегіне арнайы келген. Бір жиында

айтып қана қоймай. арнайы жазған. Осы жай

Бекасыл бабамыздың еңбегіне бұрынғыдан

Солдан оңға қарай:

Ғарифолла Есім, Нұрлан Өнербаев және Сауытбек Абдрахманов

33


да зерделей қарау ды міндеттейді. 2013 жылы

мен «Егемен Қазақстанда» жұмыс істеп жүрген

кезім де. Ержан бауырымыз (Е. Б. Исақұлов) Баянауылдағы

Алтынбек бауырымыздың (А. Ж. Құрманов)

қолынан Мәшһүр Жүсіптің «Қазақтың

баласы оқыдым, тоқыдым десе де, Бекасыл

хазрет бола ма» деген естелігін алып келіп, оны

газет бетінде жариялаған болатынбыз.

Осы конференция өтіп жатқан жерде

тұрған билбордта Бекасыл бабамыздың сан

қырлы қасиеттері айтылған. Соның ішінде бір

қасиеті көрсетілмеген екен. оны мен іштей

дұрыс деп отырмын. Ол көріпкел деген сөз.

Біраз кітаптарда. мақалаларда көріпкел деген

сөз айтылады. Жалпы адамзат тарихында

көріпкел деген қасиет талайдан бар. Сонау

Нострадамустан ке шегі Вангаға дейін. Біздің

өзімізде де Мөңке биден бастап. басқа да

көріпкелдер өткен. Бекасыл бабамыз да өзі

дүниеден өтер кезінде: «Зұлмат заман келе

жатыр. Жылан тақыр боласындар. Көлік төрт

дөңгелекті темір болады. Аспан жол болады.

Қатын ел билейді... » деп айтып кеткен. Бірақ

бұның жағыдайы сәл басқашалау. Мен 1986

жылы Болгарияға журналистік сапармен

бардым. сонда бізді Вангамен жолықтырды.

Кейін мен біраз кітаптарды қарап. ол кісі туралы

жаздым да. Сонда мен ол адамның шынында

да зағип екенін, ештеңені оқи алмайтынына

көзім жеткен болатын. Яғни, оның шынымен

көріпкелдік қасиеті болатын.

Ал Бекасыл бабамыздың алдағыны

бол жауы. ол аса терең білімнің арқасы. ғұламалықтың

арқасы, арғы-бергінің бәрін

көкрегіне түйгеннің арқасы. Осы жайында

айтқым келді. Тағы бір айтатын дүние. мемлекет

Басшысының құтықтауындағы-біз енді

журналистік әдетпен бәрін жазып отырамыз

ғой-адалдық пен тазалыққа үн деген деген

тіркеске назар аударғым ке леді. Қазіргі кезде

заман өзгеріп. қоғам өзгеріп. адам өзгеріп.

жаңа белесіміздің, тарихымыздың жаңа

дәуірі басталды деп отырған кезде, Бекасыл

бабамыздың сөзі бізге бұрынғыдан да керек.

Өйткені. біз қазір адалдыққа. тазалыққа

шақыратын сөз ге де, сондай өнегеге де зәру

жағыдайдамыз. Соның бәрін өздеріңіз көріп.

біліп отырсыздар. Сол күндеріміз келсін. Сол

күндерге жетуге Бекасыл бабамыздың Ұлы

рухы дем берсін деймін. Рахмет!

34


35


36


БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕГЕ АРНАУ!

ЗҰЛФҰХАР ҒАЙЫПОВ,

Қазақстан Республикасы Президентінің

жанындағы мемлекеттік басқару

академиясындағы институттың директоры.

Шежіресі қазақтың тұнған сырға,

Заманында ақындар қосқан жырға.

Ғұламалар — сол шежіре ұйытқысы,

Соның бірі — Бекасыл дара тұлға.

Иеленген әулиелік тылсым сырды,

Бабамыз Елі үшін көңіл бұрды.

Бүгінгі өтіп жатқан үлкен жиын,

Өскелең ұрпақ үшін өте құнды.

Үйсіннің, ол Жанысы елі сенген,

Қиналғанға медет боп, аян берген.

1822-де дүниеге кеп,

93-жыл бабамыз өмір сүрген.

Жер қойнауы — тұнған бір байлық кені.

Оны ұшырған — Оңтүстік, киелі елі,

Сайрамсу, Қарасора, Қасқасудай —

Үш өзеннің тоғысы туған жері.

Біліми жолда түн ұйқысы бөлінеді,

Қайсарлық болмысына сеніп еді.

Біліми орта Бұхара мен Шам елінде,

Бекасыл білім алған көрінеді.

Медресе ашып елінде еңбектенді,

Алдын болжап болашақты өрнектеді.

Өте құнды болашақты болжап жазған,

«Жұлдызнама», «Зикзал» атты еңбектерді.

Киелі, қасиетті тұлға болған,

Періштедей жүрегі нұрға толған.

Әр түрлі тәсілменен адам емдер,

Шипагерлік қасиет те оған қонған.

Қасиет бар, болмаған жан баласында,

Еңбегі көп медицина саласында.

Жұлдызға қарап болашаққа баға берген,

Ол бірегей көріпкелдер арасында.

Ол — философ терең ой шамын жаққан,

Ол — сазгер әуендері қанат қаққан.

Ол — ақын, математик, өнертапқыш.

Зерттеген астролог жұлдызды аққан.

Ол — ерекше ғұламалар саңлағы,

Ол — құбыла болашақтың табынары.

Бүгінгі орны бөлек конференция,

Сөзімнің дәлелі болып табылады.

Өтінемін сәл құлақ түріңіздер,

Бекасылды «әулие», — деп біліңіздер.

Бабамызға әлемді мойындатқан,

Дұғаларды бағыштап жүріңіздер.

37


38


ОРАЗБАЙ ЗӘРІПБАЙ ЖҰМАНҰЛЫ,

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Ғұламалар

Кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

университетінің «Түркітану» ғылыми-зерттеу орталығының аға

ғылыми қызметкері.

БЕКАСЫЛ БИБОЛАТҰЛЫНЫҢ «ЗИКЗАЛ»

АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ, ҒИБРАТТЫ ШЫҒАРМАСЫ ТУРАЛЫ

Алла Тағаланың құдіретімен Оның

қалауына сай жүйеленген бұл тынымсыз

дүниенің дөңгелегі бір сәтке де тоқтамайды.

Және соған байланысты өмір тіршілігі де бірінен

кейін бірі келіп, өтіп бара беретін керуендер

сияқты, бір кезеңнен кейін кейінгісі жалғасып

бара береді. Сонда, өмір керуеніне ілесіп бара

жатқан адамдардың әрқайсысының артынған

жүктері әртүрлі болатыны белгілі: бірі алтынкүміс,

екіншісінікі түрлі байлықтар, ал басқа

бірі әйтеуір тапқанын керуенге тиеп, қашан

керуен сарайына жеткенше, әрқайсысы өзінің

заттарын мақтап-мадақтап бара жатады.

Бірақ «Үйдегі көңілді базардағы нарық

бұзады» демекші, әркімнің арқалаған затының

шынайы бағасы керуен сарайына жетіп, саудаға

салған кезінде ғана белгілі болады.

Сол сияқты әр адамның артында қал дырған

мұрасы қаншалықты құндылыққа ие екендігі

— оның кейінгі ғасырларға жетіп баруы, әлде

жетіп бармауы арқылы ғана белгілі болады. Міне

осы қағйдаттың негізінде, өмір шындығына зер

салатын болсақ, басым көпшіліктің қалдырған

мұралары алысқа бармай-ақ ұмытылып, із-түссіз

жоғалып кете береді. Тек бірен-саран ғана

адамның қалдырған асыл мұрасы кейінгі

ғасырларға жалғасып, өзінің шынайы да асыл

құндылыққа ие екендігін дәлелдеп шығады.

Әне сондай, өзінің шынайы құндылыққа ие

екендігін дәлелдеп шыққан асыл мұралардың

бірі де бірегейі ретінде, Бекасыл Биболатұлының

«Зикзал» атты рухани тағылымдық, әрі

ғибратты шығармасын айтуға болады.

Бұл құнды мұра мен оның авторы туралы,

қазақ халқының біртуар перзенті, ғұлама

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы зор сүйіспеншілікпен

сипаттама бере отырып, өзінің: «Қазақ баласы

оқыдым-тоқыдым десе де, Бекасыл хазірет

бола ма», — деп жазып қалдырған естелігінде,

«Зикзал» кітабының қасиеттерін талдай

отырып: «Жеті жұрттың қамын жеп, жеті ұлттың

тілімен өрілген дүниеде не жоқ дейсің,

арабтың да, түрктің де, парсының да тілін

ұғып, сөз маржаны түзілген дүние. Қадимшесі

шамалы, шағатай тілінде қағазға жазылған бір

ғаламат қолжазба. Әр ауруға шипасын дұғамен

бекіткен және әр аурудың емдік дұғаларын

Құрандағы сүрелермен бекітіпті. Төрт түлік мал

мен қыран бүркіттің шипасы мен бабын жазып,

аятпен бекітіп, бағыт-бағдар сілтеген екен»

деп түсініктеме берген. Одан соң, Бекасыл

әулиенің көп саланы жан-жақты білетінін, әрі

рухтың әрі жанның (тәннің) шипагері болғандығын

паш еткен. «Хазіреттің қарасөзі бір төбе

де, ақындығы бір төбе» деп оның ақындық

қасиеті туралы да, тамсана дәріптеген. И ә ,

ғұлама Мәшһүр Жүсіп айтқанындай, Бекасыл

Биболатұлы Алланың игі нұрына бөленген көп

қырлы ғұлама әрі дарынды ақын адам болған.

Ол жас кезінен-ақ өзінің білім үйренуге деген

зор ынта-жігерінің арқасында Сайрам, Қарнақ,

Тәшкен, Самарқан медреселерін, сосын Бұхар-и

Шарифтің «Мір-Араб» медресесін аяқтап,

ақыры Шам (яғни Сирия) еліне дейін барып,

сол дәуірдің ең үлкен ғұламаларынан білімін

шыңдап, жан-жақты кемел білімге ие болған.

39


Онан соң, сол ұшаң-теңіз біліміне сай амал

қылып, оның пайдасын халқына молынан тигізу

жолында еңбектенген, соның шарапатынан

көзінің тірісінде-ақ әулие атанып, аты аңызға

айналған ұлы тұлға болған.

Оның мұндай, көзінің тірісінде әулие атануының

тағы бір себебі бар. Ол туралы Мәшһүр

Жүсіп өзінің естелігінде былай деп жазыпты:

«Қазақ орысқа қараған заманнан бері Бұхар-и

Шарифтегі, «Мір-Арабтағы» «Қасида» іліміне он

тоғыз бала ден қойған екен. Ақылдан адасып

ірге жағалап кетпей, сол он тоғыз міскіннің

алтауы ғана аман-есен қалыпты. Соның алғашқысы

— осы Бекасыл хазірет болса, енді біреуі

осыларды қағазға тоғытып (түсі ріп) отырған

адам». Бұл, Бекасыл хазіреттің «Қасида» ілімін

менгерген жоғары деңгейлі ғалым болумен

қатар, асқан ержүрек адам болғанын да ай қындайды.

Мәшһүр Жүсіптің айтуынша, Бекасыл

Биболатұлы Қыдыр дарыған, яғни Қыдырмен

кездесіп, сыр ласып тұрған, сондай-ақ оның

өзін (Мәшһүр Жүсіпті) де онымен (Қыдырмен)

кездес тіріп, оған (Мәшһүр Жү сіпке) үлкен керемет

көрсеткен, солайша, өз дәуірінің «Құтб

заманы» дәрежесіне көтерілген әулие адам

болған. «Құтб заман» дегені — әулиелердің ең

жоғарғы дәрежесі. Қарапайым тілмен түсіндіретін

болсам, Ахмет Яссауи өз дәуірінің «Құтб

заманы», яғни өз дәуірінің ең жоғары дәрежелі

әулиелерінің бірі болған. Әне сол сияқты,

Сахынада солдан оңға қарай Ақберен Елгезек, Заріпбай Оразбай

және Ержан Исақұлов

40


Бекасыл Биболатұлы да Алланың берген зор

қасиетінің шарапатынан өз заманының ең

жоғары дәрежелі әулиелерінің бірі болған.

Өкінішке қарай, Бекасыл Биболатұлы қайтыс

болғаннан кейін, Қазан төңкерісі болып, оның

соңы қасыретті тоталитаризм жүйесіне ұласып,

рухани дағдарыс дәуірі басталғаны баршаға

белгілі. Соның салдарынан әулие бабамыздың

рухани еңбектері аталмай, елдің жадынан

өшуге айналған еді.

Негізінде, әулие адамдардың ерекше қасиеттері

болады. Солардың бірі: Олар өздері

нің әулиелігін де, білімділігі мен ке ремет

қа сиет терін де жарнамаламайды, ке рісінше

олар ды құпия сақтауға тырысады. Тек өздерінің

соншама жылдар бойы жи нақтаған ілімдері

мен арттырған құнды тә жірибелерінің

пай дасын еліне тигізуге және өздерінен кейінгі

ұрпақтарына мұра етіп қалдыруға әрекеттенеді.

Сол себепті Бекасыл хазірет те ұрпақтары на

мұра болып қалуы үшін: «Қалам алиб жаздим

«Зикзал» деп, осы баға жетпес құнды еңбегін

жазып: «Узум улсам, хатим қалур йад», яғни

«Өзім өлсем де, хатым жатталып қалады» деп,

өзіне өлмес-өшпес ескерткіш қалдырып кетті.

Міне енді, егемендік нұры жарқыраған дәуір де,

оның аты қайта жаңғыруға бет бұрды. 2022

жылдың 17 қыркүйегінде қазақ-қырғыз зиялыларының

V форумының аясында Бекасыл

Биболатұлының 200 жыл дық мерейтойына ар-

Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» атты еңбегін қазақшаға аударған

Заріпбай Оразбайға әулиенің ұрпақтары ат мінгізді

41


налған халық аралық конференцияның оның

туған жерінде өтуі соның жарқын дәлелдерінің

бірі.

Ал енді, Бекасыл Әулиенің «Зикзал» кітабы

туралы айтар болсам, ол өте сирек кезде

сетін асыл жауһарлар қатарына жатады.

Оның ерекшеліктерінің бір қыраты мынада:

ол кітапта келтірілген әрбір үлкен тақырыпты

өз алдына бір кітап ретінде қарауға болады,

яғни, онда бірнеше кітап «зикзал»тәсілімен

өр нек теліп бір еңбек етіп жинақталған. Сөзім

жалпыға түсінікті болу үшін, мынадай бір

мысал келтіруге болады: қолжазбаның ең

алғашқы «Фал нама» аталатын тақырыбын өз

алдына бір кітап деп қарауға болады. Сондайақ,

кітап болғанда да, анау-мынау кітап емес,

дүниежүзі бойынша «Фалнама» деп аталатын

кітаптардың тоғызыншысы бо лып табылады.

Яғни, біз бұл қолжазбаны зерттеуге кіріскенге

дейін, дүниежүзі бойын ша «Фалнама» аталатын

кітаптардың сегізі мәлім болған.

Зерт теулер нәтижесінде Бекасыл әулиенің

«Фалнама» кітабы осы санаттағы кітаптардың

тоғызыншысы екен дігі анықталды. Бұл дегеніміз

Бекасыл Биболатұлы дүниежүзілік деңгейдегі

еңбек жазған болып шығады.

Бізге, бұл аса құнды жаңалықты табуы

мызға Чарльз Амброуз Стори мен Юрий

Энохович Брегельдің еңбектері баға жет пес

қызмет атқарды. Яғни біз дің тұжы рым дарымызға

арқау еткен де ректер осы ға лым дардың

кітаптарынан алынды. Сө зіміз дәлелді болуы

үшін, біз «Зикзал» кіта бының аудармасында

Чарльз Амброуз Стори мен Юрий Энохович

Брегельдің еңбектерінде анықталған сегіз

«Фал нама» кітаптарының толық тізімін тү сініктеме

ре тінде келтіргенбіз. Сондай-ақ, осы аталған

екі ғалымның ең бектерінің не гізінде қорытындылар

жа садық. Сол қо рытын ды лар дың

бірінде, дү ниежүзі бойын ша бү гінгі таңға дейін

мәлім болған не бәрі сегіз «Фал нама» кітабы

бар екендігі анық талды. Сондай-ақ, бұл сегіз

кі таптың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар.

Ең басты ерекшелігі-біріндегі мәліметтер

екін шісінде қайталанбайды, содан олардың

42

әр қайсысы өз алдына бір дербес кітап болып

та былады.

Осылайша, Бекасыл Әулиенің «Зикза лындағы»

«Фалнама» кітабы дүниежүзі бойын ша

қазірге дейін мәлім болған сегіз «Фал нама»

кітабынан кейінгі тоғызыншы «Фалнама» кітабы

болып отыр. Сондықтан, бұл табылған дүние

біздер үшін, біздің халқымыз үшін аса құнды

мұра, әрі көңіл қуантатын жаңалық болып отыр.

Осы арада «Фалнама» дегені не, ол қан дай

мағына аңғартады?» деген сауал туын дауы

табиғи жағдай. Бұл аса ауқымды тақы рып

болғандықтан, оны екі ауыз сөзбен тү сіндіріп

беру мүмкін емес. Сондықтан, біз бұл сауалдың

жауабын аударма кіта бымыздың түсініктемелерінде

егжей-тег жей лі келтіргенбіз.

Қа ла ған адам ол туралы «Зик залдан» оқып, таны

суына болады.

Сондай-ақ, бұл шығарма үлкен ғұлама

әрі көркем сөз шеберінің қаламынан туындағандықтан

және өз дәуіріндегі жоғары

білімді мамандардың түсіну деңгейіне арнап

жазылғандықтан, оны осы салада арнайы білімі

бар адамдар ғана оқып түсіне алатындығын

да айтуым қажет. Сол себепті, мен бұл күрделі

ғылыми еңбекті қазіргі дәуірдегі оқырманның

баршасы тү сіне алатындай етіп аударып,

кеңейтілген түсініктемелер беруге

әре кет тендім. Сондықтан, енді оны көпшілік

оқып түсінуі мұм кін деп ойлаймын. Осы тұста,

заңды түрде: «Кітапта жа зылған емдік дұғалар

мен басқа да жақ сылық тылсымдарды қазіргі

дәуірде пай далануға бола ма, олар пайда бере

ме, ол дұғалардың қайбірі ең күшті? — деген

сияқты сауалдар туындауы мүмкін.

Бұл сұрақтың жауабы көпшілікке тү сінікті

болуы үшін, мына бір болып өткен хикметті

келтірген жөн секілді. Онда ай тылуынша: кезінде

бір шебер темірші бол ған екен. Оның

атақ-даңқы бүкіл қалаға белгілі болғандықтан,

оның жасап базарға шығарған қаружарақтары

ешқашан тұрып қалмайтын болған.

Күндердің бірінде ол бір қалқан жасап

базарға шығарады да: «Ей, қалайық, мен мына

қалқанды жасадым, бұл дүниедегі ең мықты


қалқан, оны бірде-бір найза тесе алмайды» —

деп жар салады. Сонда жақын маңайда тұрған

бір саудагер жүгіріп келіп, оның қалқанын

айтқан бағасына сатып алады. Араға бір апта

салып әлгі темірші бір найза жасап шығады

да: «Ей, қалайық, мен мына найзаны жасадым,

бұл дүниедегі ең мықты найза, оған бірде-бір

қалқан дес бере алмайды» — деп жар салады.

Сонда бір апта бұрын оның қалқанын сатып

алған саудагер оған жақындап: «Ей, темірші,

мен сенің шеберлігіңе шүбәм жоқ. Бірақ сен бір

апта бұрын «Мына қалқан дүниедегі ең мықты

қалқан, оны бірде-бір найза тесе алмайды» —

деп жар салған едің. Ал енді «мына найзаға

бірде-бір қалқан дес бере алмайды» — деп

тұрсың. Енді бұл екеуінің қай бірі мықты екендігінің

аражігін өзің ажыратып берші» — деп

сұрайды. Сонда темірші: «Бұл қарулардың екеуі

де мықты, тек әңгіме оларды шеберлікпен

қолдануда-ғой» — деп жауап берген екен.

Сол сияқты, үлкен ғылымның білімінен және

оның күрделі тәжірибелерінің нәтижесінде

туындаған «Зикзал» кітабындағы әрбір дұғаның,

әрбір тылсымның өзіндік мықты қасиеттері

және оларды қолданудың өзіндік әдіс-тәсілдері

бар. Әне сол өзіндік әдіс-тәсілдерін

үйреніп, меңгерген адамдар ғана дұғалар мен

тылсымдардың керемет қасиеттерін пайдалана

алады. Сондықтан, алдағы кезде бұл құнды

мұраның қасиеттерін ары қарай зерттеп, оның

құпиялары мен тылсымдарының мағыналарын

түсініп, шеберлікпен қолдануға қол жеткізсе,

оның елге берер игілігі де әлі мол болмақ.

Сөзімнің соңында айтарым, ел арасында бұл

кітапқа деген қызығушылық өте жоғары.

Маған өте көп адамдар хабарласып: «Зикзал»

кітабын қайдан тапсақ болады» — деп сұрайды.

Бұл кітаптың электронды нұсқасы Интернетке

шығарылған. Бірақ, көпшілік адамдар бұл

кітаптың өз үйінде тұрғанын қалайтындығын

айтады. Бірақ, қазіргі күнде бұл сұранысты қанағаттандыруға

мүмкіндік болмай тұр. Дегенмен,

бұл мәселені шешуге әрекет бар екенін

де айтқым келеді. Себебі, мұндай құнды мұра

әрбір оқырмандардың үйінің төрінде тұруға

тиіс. Алла баршамызға жар болсын.

«Зикзал» мен «Жамиғ ат-тауарихтың» тұсаукесері: солдан оңға қарай —

Өмірбек Байгелді, Дархан Қыдырәлі, Ержан Исақұлов, Маулен Әшімбаев

және Мырзатай Жолдасбеков. Астана. 30.10.2018 ж.

43


44


АЛТЫНБЕК ҚҰРМАНОВ,

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шәкірті

Иманғали Мәненұлының ұрпағы,өлкетанушы.

Модератор Ақберен Елгезек: Осы конференция басталғалы бері Мәшһүр Жүсіп атамыз дың

аты біраз айтылып жатыр. Бекасыл әулиенің «Зикзал» атты кітабына: «Жеті жұрттың қамын жеп,

жеті ұлттың тілімен өрілген, бұл дүниеде не жоқ дейсің, арабтың да, түріктің де, парсының да

тілін ұғып, сөз маржаны түзелген дүние» — деп баға берген екен Мәшһүр атамыз.

Мәшһүр Жүсіп атамыз осы өлкеге сапар жасағанда, он күн бойы, өзіне ұстаз тұтқан Бекасыл

әулиенің қасына жатып сырласып, сұхбаттасып, Қызыр Алейхи Саламның жүзін көрген адам-деп

айтып жатыр. Осы Оңүстікке келген сапарын баяндап беру үшін Алтынбек Құрманов ағамызды

ортаға шақырамыз. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұрпағы, Баянауылдан осы жерге арнайы келіп

отыр.

МӘШҺҮР ЖҮСІП ПЕН БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕ

Алтынбек Құрманов: Ассалаумағалейкум,

ұлы Тұранның төл перзенті, алаш елі. Қыдыр

дарып, құт қонған Оңтүстік. Ерең қабырға,

Заңғар Алатаудың суы мен нуын, төсекте басы,

төскейде малы қосылған қырғыз елінен келген

туғандар және де осы, ұлық та үлкен қасиетті

бабамыз Бекасыл Хазретлі Биболатұлының

200 жылдығына орай өтіп жатқан ғылыми конференцияның

қонақтары, зиялы қауым, қадірлі

Қасқасу елінің азаматтары мен азаматшалары.

Мен ғалым емеспін, мен бар болғаны өлкетанушымын.

Бізді жоқшы деп айтады, бірақ

жоқшылар әртүрлі болады. Жоқшының міндеті

— тауып алған жауһарды иесіне аман-есен қайтару.

Бір кереметі, біздің қазақта екі айтылған

данышпандық сөз бар, бірі — аманат, екіншісі

— уәде.

Шетел ғалымдары XIX-ғасырда біздің елді,

жерді зерттеп жатқанда ең бір үлкен, күрделі

аяғы соғысқа ұласып кететін істерді қазақ уәдемен

шешетіндігіне таң қалған. Қазақ — Уәде

құдай сөзі дейтін. Ал аманатқа қиянат жүрмейді.

Осы, үлкен конференцияға қонақ болып келуім

бар-жоғы аманатқа жасаған әрекетім еді.

Ұлы ғұлама ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы,

біздің бабамыз. Бүкіл жақсының бәрін қазаққа

тиеслі етіп таңу біздің қанымызда болатын дүние

және болу керек дүние. Сол кісінің шәкірті

менің атамның немере інісі Иманғали Мәненұлы

деген атамыз, мені өсіріп тәрбиелеп бақты.

Қартайған шағыңда мені шақырып алып:«Сен

ел қыдырасың, көп жүресің, мұрағат ақтарасын.

Саған аманатым бар еді, мұқият болшы. . .

Мәшһүр Жүсіп атамыз Бұқарада оқыды,

Ташкенттегі «Көкілташ» медресесінде және

Түркістанда болды. Сол кезде өз заманында

жоғары тұтқан, өзіменен сырлас және туған бауырындай

болған Бекасыл Биболатұлы атаның

бір -біріне жазған дүниелері бар еді.

Сол замандағы кеңестік дәуірдің ықпалынан

мен жеткізе алмадым. Саған үлкен бір

аманат айтам. Біреудің қолында кетіп қалмасын,

өйткені сен сенгішсің, сақ бол, мынау бір

жазбаларды Бекасыл әулиенің ұрпақтары табылса,

тікелей сол ұрпақтарының қолына бер»

— деген еді.

Сол әңгімеден соң, бір 10-15 жыл болып

қалды, біздің ауданға халық соты болып Дәулет

Әбдіхалықов деген азамат келді, менімен

құрдас еді. Менің үйіме бірнеше қонақтармен

келді. Мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Бекасыл

Биболатұлы туралы аманат етіп тапсырған

дүние жазбаларын, қолыма ұстап отыр едім.

Сол жерде жөн сұрастық.

Алтынбек Құрманов:

— Сен қай елдікісің?

45


Мәшһүр Жүсіптің Бекасыл әулие туралы естеліктерін сақтап, оларды бүгінгі күнге

жеткізген Алтынбек Құрмановтың иығына әулиенің ұрпақтары шапан жапты.

Солдан оңға қарай: Ержан Исақұлов, Алтынбек Құрманов,

Жеңісбек Мауленқұлов және Бекасылдың шөбересі Райхан Бекбауқызы.

Дәулет Әбдіхалықов:

— Мен Шымкенттікімін: бұрынғы Ленгір,

қазіргі Төлеби ауданы, сол жердің тумасымын,

— деді.

Алтынбек Құрманов:

— Сіздің елде Бекасыл Биболатұлы деген

адам болды ма? — деп сұрадым.

Дәулет Әбдіхалықов:

— Иә, болды. Ол кісі біздің бабамыз. Біз ол

кісіні әулие дейміз.

Алтынбек Құрманов:

— Ондай болса, менің Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

деген атам Бекасыл Биболатұлымен араласқан

екен, сол кісі жайында жазған жазба

дүниелер марқұм атамнан қалған еді дедім.

Дәулет Әбдіхалықов:

— Маған беріңіз, — деді.

Алтынбек Құрманов:

— Жоқ, мен бере алмаймын, өйткені ол —

атамнан қалған мұра, аманат. Ол кітапты тікелей

ұрпағына жеткіз деген. Ұрпақтары бар,

үлкен әулет, Байшымыр, Бишымыр, кенжесі Бекасыл

Хазрет Биболатұлы болады деп айтқан

еді.

Әуелі Алла, одан кейін Мәшһүр Жүсіп

Көпейұлымен Бекасыл Биболатұлы бабаларымыздың

осы дүниесінің табылуына себепші

болған Дәулет бауырыма, Аллам ұзақ ғұмыр

берсін. Бұл дүниенің бір кереметі бір ауыз сөзбенен,

бір қыдыру елді атқа қонғызып, бір қыдыру

елді аттан түсіретін елміз ғой.

Енді, айтайын дегенім 2003-жылы сол

Дәулет, Ержан Исақұлов ағамыз хабарласып,

— «менің шешемнің сандығында жатқан Бекасыл

Хазретлі бабамыз жөнінде жазылған «Қазақ

баласы оқыдым — тоқыдым десе Бекасыл

Хазрет бола ма?» деген жазбасын берген болатынмын.

Сауытбек Абдрахманов ағамыз бен

Ержан ағамыз осыны қолға алып, 2013-жылы

«Егеменді Қазақстанда» жарияланған болатын.

46


Жақында шешемнің сандығынан шыққан тағы

бір «Сайрам суда Мыңшейт, Қасқасуда кім жатыр?»

деп аталатын естелік еліміздің бас-басылымы

«Егемен Қазақстанға» шықты.

Бүгінгі ғалымдардың, ел ағаларының, азаматтардың

саналы, білімді екендеріне қарамай,

олардың арасында кейде түсініксіз бір жағдайлар

болып тұрады. Ал, аттары аталған екі ғұламадан

көп нәрсені үйренуге болады.

Олардан қазақ баласына, бауырмашылдыққа,

дінге, ғылымға деген сүйіспеншілікті

үйренуге болады. Ол кісілердің арасындағы

адамгершіліктің үлкен қағидалары, бүгінгі

біздің зиялы қауымға да, ел арасындағы азаматтарға

да керек-ақ деп ойлаймын. Мен сонау

Мәшһүр Жүсіп Көпей атамыздың елінен, Сарыарқа

жерінен Қасқасуға келуімнің себебі сол

аталарымыздың батасынан шығар. Қыдыр дарып,

құт қонған Оңтүстіктің күлгін топырағында

кімдердің табанының ізі, маңдайы жерге

тимеді, десеңізші. Арғысы Әбу Насыр Әл-Фараби,

Абу Али ибн Сина, Омар Хаям, Абдурахман

Джами, Қожа Ахмет Ясауи және Бекасыл хазрет

Биболатұлы дер едім.

Сіздердің құлақ қойып тыңдағандарыңызға

рақмет! МәшҺүр Жүсіп елінен Бекасыл Хазрет

еліне басымды иіп, үлкен сәлем айтамын!

Енді, Бекасыл әулиенің шөбересі Ержан Исақұловқа

МәшҺүр Жүсіп Көпейұлының Бекасыл

Биболатұлы туралы газет беттерінде жарияланған

естеліктерін тапсыруға рұқсат етініздер.

47


МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ

БЕКАСЫЛ БИБОЛАТҰЛЫ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕРІ 1

«Зұлмат заман келе жатыр, құл-құтан

көтеріліп, ылғи жалаңаяқтар ел басқарып,

қаныңды судай шашады. «Жылан тақыр»

боласыңдар. Көмусіз адам көбейеді. Қырғын

соғыс болады. Жесір көбейеді. Соғыста

ұтасыңдар. Сөйтіп, көрер көзге жарқын,

бірақ іштей іріп жатқан бір заман басталады.

Көлік төрт дөңгелекті темір болады. Аспан

жол болады. Бір үй орыс, бір үй қазақ болып

отырасыңдар. Олар жерлеріңді тартып алады.

Көшіремін деп әуре болмаңдар, жетпіс жылдан

соң өздері көшеді. Имандылық азаяды. Өнеге

тозады, қасиет азады. Жастар ит ішпейтін

сусынға құмар болады. Еркек үйшіл, әйел

базаршыл болады. Қатын ел билейді. Қысқа

етекті көйлек киіп, есек тұяқты етікпен жүреді.

Қатын жіберу көбейеді, әйел еркекті сыйлаудан

қалады. Тірі жетімдердің саны артады. Бірақ

осының бәріне ертелі-кеш Алланың бір тыйымы

болады» — атақты жұлдызшы Бекасыл әулие

өмірден өтерінен аз бұрын осылай деген екен.

Көріпкелдің айтқаны келгені кәміл.

Бекасыл Биболатұлының екі томдық

(жалпы көлемі 49 баспа табақ) «Зикзал»

(«Жұлдызнама») атты ғибрат кітабы —халқымыздың

тәуелсіздік жылдарында тапқан асыл

қазыналарының бірі. Он тоғызыншы ғасырда

қағазға түскен құнды қолжазба 2003 жылы

Бекасыл әулиенің шөбересі, Мәжіліс депутаты

болған генерал Ержан Исақұловтың қолына

тигелі бері екі рет шығарылып, ғылыми

айналымға түсіп, бірнеше конференциялардың

арқауы етілді. Биыл кітаптың үшінші басылымы

жарық көрмекші.

Таяуда «Егемен Қазақстан» Бекасыл

әулиенің қазақ тарихындағы алатын бөлекше

орнын тағы да таныта түсетін бағалы мұраға

қол жеткізді. Құнды қолжазбаның мәтінін

бізге баянауылдық мәшһүр танушы Алтынбек

Құрманов жолдаған. «Менің атам Иманғали

1

Бұл мақала 2013 жылы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрді

48

Мәненұлы Мәшекеңнің шәкірті болған кісі.

Атамның қолында ғұлама бабамыздың талай

қазынасы бар еді. Біразы Мәшһүр Жүсіп

Көпейұлының бұған дейін жарық көрген 20

томдығында жарияланған. Мына дүниесі

ешқайда шыққан емес. Мұны мен 1987 жылы

көшіріп алған едім», дейді А. Құрманов. Бұл

еңбектің осыған дейін жарияланбағанын біздің

электронды поштамен жолдауымыз арқылы

мәтінмен танысқан Мәшекеңнің шөбересі,

филология ғылымдарының докторы Нартай

Жүсіпов те растап отыр. Қазақ руханиятындағы

алып тұлғалардың бірі Мәшһүр Жүсіп

Көпейұлының Оңтүстікке сапарын баяндайтын,

«Қазақ баласы оқыдым, тоқыдым десе

де, Бекасыл хазірет бола ма» деп аталған

бұл еңбек Бекасыл әулиенің қадір-қасиетін

айшықты аша түседі. «Пірадармен болған он

күнімді айтып, бүгінгі жұртқа жеткізе алам ба.

Жүсіп бауырым, мына мен пақырдың көзінің

майын тауысқан Жұлдызнаманы ермек қыл деп

қолыма кітәбін ұстатты. Жеті жұрттың қамын

жеп, жеті ұлттың тілі мен өрілген дүниеде не

жоқ дейсің. Арабтың да, Түріктің де, Парыс тың

да тілін ұғып, сөз маржаны түзілген дүние», деп

жазады Мәшекең «Зикзал» («Жұлдызнама»)

кітабы туралы. «Хазіреттің қара сөзі бір төбе де,

ақындығы бір төбе, құлағының тесігі, көкірегінің

есігі бар пендеге жетерлік» дегені де — үлкен

сөз. Төле би туралы «данышпан Төлеби»,

«дақпыртынан дала тербелген Төлеби» деп

келетін, Бекасыл әулие туралы «Бекасыл

хазіретті көргенде, жол азабын ұмытып, бірге

туғанымды көргендей күйде болдым. Бұл кісінің

аузынан шыққан дүрлері, елге берген бататілегінің

қабылдығына таң қаласың», «Миуа

ағашының көлеңкесіндей бір қауым елдің дұға

дарыған асылымен қош айтыстық» делінетін

бағалары аталарымыздың асылды ардақтаған

даңқты дәстүрлерін еске салып, бүгінгі


ұрпақтарына үйренерлік үздік үлгі танытып

тұр. Қысқа қайырым аңдатпаның соңында

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Ауылынан

аттанарда бір жас жігітті қосып берді», «Жас

жігіт Бекасыл хазіреттің медіресесінде оқиды

екен, әңгімесін тақпақтап айтатын, ақындығы

бар, зерделі екен, жол-жөнекей сахабалардан

хабары мол екен. Хисса-жырларды жатқа

айтып, жүргінші елдің айызын қандырды. Иә,

аты Қазанғап екен» дегені кезінде ғұламаның

қолжазбасын аманатқа алып қалып, заманы

туғанда үрім-бұтақтарына табыс еткен ақын

шәкірті, «Еңсегей бойлы Ер Есім», «Төле бидің

тарихы», «Сайыпжамал сұлу» сияқты тарихи

жырлар мен дастандардың авторы Қазанғап

Байболұлы екенін еске сала кетейік. Сөз ретін

пайдаланып, баспасөзге жазылым науқаны

түйінделер тұсқа жақындағанда ел газеті

«Егемен Қазақстанның» бетінде келер жылы

да, Мәшекеңше айтқанда, «құлағының тесігі,

көкірегінің есігі бар пендеге жетерлік» есті

сөз жүйелі жариялана береді деп сендіре

алатынымызды да қосып айтайық, қадірменді

оқыр ман. Ал енді Мәшекеңнің өзі сөйлесін.

МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ: ҚАЗАҚ БАЛАСЫ ОҚЫДЫМ,

ТОҚЫДЫМ ДЕСЕ ДЕ, БЕКАСЫЛ ХАЗІРЕТ БОЛА МА

Жиырма тоғыз жасымда, дәм-тұздың

жазғаны болар, Бұхарай Шәріп бетке алып,

білім-ғылымды мақсат қылып, атқа қондым.

Ғайып пір ден рұқсат болғанымен, басқа түскен

жақсылық пен жамандық адам баласына бір

қызық дәурен екен.

Жол-жөнекей Ұлытауда жатқан Ер Едіге,

Жошыхан, Қойлыбай бақсыларға ат басын

бұрып, дұға бағыштап, жатқан жерлеріне зер

салып, сол төңіректегі елді аралап, аузы дуалы

үлкендерінен үлгілі сөз тердім.

Бетбақ даланы басып, өркеш-өркеш

құмдарының арасында керіліп жатқан керуен

жолына келіп, Шуды бағдарлап, жұртқа ілесіп

жол тарттық. Ұлытаудың төрт құбыласы

ел жайлаған сулы-нулы жайлау. Қаракеңгір,

Сарыкеңгір, Сарысу, Атасу, Бұланты өзендері

тайдай тулап жатады. Күн соңынан аптаны ат

үстінде өткізіп жүргенде, талай әулиелерге,

еңіреген ерлерге пір болған Бабай түкті Шашты

әзіздің қорымына тоқтадық. Талайдың шөлін

басқан бұлағынан таңдайымызды жібітіп,

басына түнеп аттандық. Бабай түкті Шашты

Әзіз Ұлытаудың биік жотасында мәңгілік

дамыл тапқан, Ноғайлы заманында жат

жұрттықтармен елу жыл соғысып, Сарыарқаны

алған Ер Едігеге, қазақтың басын қосып, орыс

пен шүршітке елдігін танытқан Хан Абылай

сықылды сырттандарға сүйенер, сыйынар пір

болыпты.

Сарыарқадағы елден сауда қылып,

несібесін буып-түйіп артып шыққан керуен

Бабай түкті Шашты әзіздің басында бір түнеп,

Түркістан шаһарын бетке алып жолға шықты.

Мен сықылды салт басты жүргендер, керуенді

қорғаушылардың санын көбейтіп, соңына

ілестік. Жүргінші, жолаушылар да қарамызды

ұлғайтып, ұлан-ғайыр әскердей шұбап, аттылыжаяу

жүріп, әзіреті Сұлтанға маңдайымыз

тірелді. Құл Қожа Ахмет бабаның Ақсақ Темір

соққызған зәулім мазарын аралап, жер асты

қылуетіне түсе берісте, ойламаған жерден

Жаныс Бекасыл хазіретке кезіктім. Жарықтық

Бекасыл хазірет Ұлы жүз Ақарыс Үйсін, Дулат,

Шудың қамысындай көп Жаныстың ішіндегі

данышпан Төле биден соң, ел тоқтаған

пірадар еді. Қазақ орысқа қараған заманнан

бері Бұхарай Шәріптегі Мір Ғарабтағы Хасида

іліміне он тоғыз бала ден қойған екен, ақылдан

адасып ірге жағалап кетпей, сол он тоғыз

мүскіннің алтауы ғана аман-есен қалыпты.

Соның алғашқысы осы Бекасыл хазірет болса,

енді біреуі осыларды қағазға тоғытып отырған

адам.

Жаратқан Алланың мейірімі шексіз емес

пе, Бекасыл хазіретті көргенде, жол азабын

49


ұмы тып, бірге туғанымды көргендей күйде

болдым. Бұл кісінің аузынан шыққан дүрлері,

елге берген бата-тілегінің қабылдығына таң

қаласың. Тамам жұртты түгендеп боласың

ба, осындай лепесін Жаратқан қабыл қылған

жандардан неңді аяп қаласың. Бекасыл хазірет

Төле бимен аталас, туыс екен. Ата-бабасына зер

салсақ, Ұлы жүз Үйсіннен Албан, Дулат, Сары

Үйсін, Шапырашты, Ошақты, Ысты, Сіргелі,

Жалайыр, Қаңлы, Шанышқылы (Қатаған) тараса,

Дулаттан Сиқым, Ботбай, Шымыр, Жаныс,

Хангелді, Маныс тараған деседі. Ал Жаныстан

Жарлықамыс, Шегір, Әгей, Жалманбет, Жанту,

Оймауыт, Жантан туады екен. Жантудан

Жайылмас, Ақберді, Өтеміс, Жаңабай, Қуажақ,

Қожаберді, Құдайберді. Құдайбердіден Әлібек,

Тоқпан, Түгелбай, Данай, Ақытай, Бақыбек,

Құдайбек тараса, Әлібектен дақпыртынан дала

тербелген Төлеби туады екен. Төле бидің бірге

туған бауырлары Еліби, Өтеби, Тыныбек, Ақбота,

Шекер есімді туғандары болыпты. Қалың

Жаныс елі жаз жайлауға Шуды мекен қылса,

қыс түсе Арыстың бойын қоныс қылады екен.

Бұл ата тарату кестесін Бекасыл хазіреттің

қасына еріп жүрген Төлебидің баласы Әуезбектің

немересі Қабыл деген бозбаладан сұрап

қағазға хаттадым.

Хазірет мені қасынан бір елі тастамай,

өзімен ертіп жүрді. Әзірет Сұлтанда жатқан

жақсылар мен жайсаңдарға дұға бағыштап,

Қарнаққа жүріп кеттік. Хазірет жол-жөне кей

жол қысқарсын деп, өзі жайында әңгіме қылды.

Жүсіп бауырым, мен әкеден жастай жетім

қалдым, әкеміз Биболат ел таныған адам екен.

Қоқан хандығы пансат деген дәреже беріп,

құзырындағы елге басшы қылыпты. Абылай

ханның жұрағаттары Қасым төре мен балалары

Есенгелді, Саржандарға көмек қылдың, мініске

жылқы бердің деп қудаласа керек, ақыры

ажалына солар жетіпті, деп үлкендер айтады.

Бұл көрші өзбек ағайындарға өкпем қара қазан

деп, мүбәрәк жүзін мұң басты. Сол кішкене

күнімнен Құранды кеудеме ұстап, Жаратқанға

жалбарынумен келем. Сайрам, осы бара

жатқан Қарнақтағы медіреселерді түгестедім,

50

жоғымды іздеп Тәшкен, Самарқан, Бұхарай

Шәріптен бір-ақ шықтым. Мір Ғарабтағы оқутоқу

аздық етті, ұстаздарым ақыры (Шам)

Дамашыққа шығарып салды. Дамашықта

мына Отырар, Шәуілдірдің топырағында дүние

есігін ашқан Әл Фараби жатыр. Өз заманында

ұстаздардың ұстазы аталған ғұламаның жазған

кітәбін қолыммен ұстап, көкірегіме тоқыдым.

Бұхарай Шәріптегі Хасида ілімінің пайдасын

сонда көрдім, небір өлім аузынан аман қалдым.

Кәзіргі тірлігім ата жұртым — Арыстың бойында,

баубақша егіп, адасқан елге қол ұшын беріп,

соңымыздан жұрт айтарлықтай жоғын тапсын

деп Жұлдызнама деген кітәбімді хаттап

болып қалдым, баспаға шығаруды, ел қолына

жеткізуді мақсат етудемін деп көңілдегі сырын

айтты.

Жылда осы уақытта Әзіреті Сұлтанда

жатқандарға келіп, дұға бағыштап қайтамын.

Менімен бірге жүр, елге барып қонақ боласың.

Иесіз дүние бола ма, пірлерім де мені іздеп

тапты. Солардан басқа мына мен пақырда

сүйенер қалмады. Өзің де көре жатарсың

демесі бар ма, балаша қуанып қалдым.

Бекасыл хазіреттен бір елі қалмай

еріп жүрдім, Қарнақта болып, бет алысты

Арыстанбабқа бұрдық, соңынан Сайрамдағы

сансыз бабтарға тоқтап, мінәжат қып, қайта

Арысты бетке ұстап жүріп кеттік. Ара қонып,

арық қазған жұртпен араласып жүргенде, Хан

қорғаны деген жерге тоқтап, ат шалдырып,

Бекасыл пірәдардің әңгімесіне құлақ түріп,

қағазға хаттадым. Жарықтықтың айтуында

шүбә жоқ. Осы Хан қорғанында үш жүзге атағы

жайылған Хан Абылай опасыз елдің жасаған

амалынан, күйіктен көз жұмып, Әзіреті Сұлтанға

жерленіпті.

Осыншама күн, жол-жөнекей біз сықылды

ғайып пірге қол тап сыр ғандардың қарыны

аша ма. Бекасыл хазірет қолына Иман шартын

ұстаса болғаны, небір сараң керуен

басылар мен кірешілер қоржындарын ашып,

жолын босатпайды. Солардың уыстап берген

ақшаларын жарықтық ғаріп-мүскіндерге үлестірумен

болды.


Тақсыр мұныңыз қалай дегенге, шырақтарым,

осының бәрі Жарат қан Алланың есебіндегі

дүние деуші еді.

Сүйтіп жүріп, хазіреттің ауылына да жеттік,

өзінің еккені бар, бұрыннан өскені бар, ауылының

маңайы қалың ағаш екен. Осы күнгі бір қауым

ел тайлы-таяғымен жүріп бау-бақша отырғызса

да, дәл Бекасыл хазірет бола алмас еді.

Пірәдармен болған он күнімді айтып, бүгінгі

жұртқа жеткізе алам ба. Жүсіп бауырым,

мына мен пақырдың көзінің майын тауысқан

Жұлдызнаманы ермек қыл деп қолыма

кітәбін ұстатты. Жеті жұрттың қамын жеп, жеті

ұлттың тілімен өрілген дүниеде не жоқ дейсің.

Арабтың да, Түріктің де, Парыстың да тілін

ұғып сөз маржаны түзілген дүние, хадимшесі

шамалы, шағатай тілінде қағазға жазылған

бір ғаламат. Қол жазба әр ауруға дұғамен

бекіткен, тіпті, жарқанаттың миының екі түрлі,

бірі ақ, бірі жасыл болатынын, егер де мұны

пайда ланса денеге шаш, түк шығатын қылып

не болмаса шықпайтын қыла ды екен. Ер мен

әйелдің арасындағы ғұмырды баян еткен.

Адам баласының шашын, тырнағын

жұманың ішінде қандай күнде алатынын,

әр аурудың ем шипалы дұғаларын, бедеу

әйелдің құлантаза жазылып кетуге болатынын

Құрандағы сүрелермен бекітіпті. Төрт түлік мал

мен қыран бүркіттің шипасы мен бабын жазып,

аятпен бекітіп, бағыт бағдар сілтеген екен.

Хазіреттің қара сөзі бір төбе де, ақындығы

бір төбе, құлағының тесігі, көкірегінің есігі бар

пендеге жетерлік. Дұға біткеннен Исм Ағзам,

Қақариқұл, Дұға-и Құлқұл, Шариғаттағы төрт

пір, Дұға-и Хатм, Әсінад, Ғажайбұл Истихфар,

Рисала-и Бафәндә, Рисала-и Сартараш,

Имам Жапар Садықтың рауая ты, Рисала-и

Дуруд, Дұға-и Қадах, Қадахнама, Әбжад, Әли

Қарамалланың дұғасы, елде етек алған безгек,

қызылша ауруларының бетін алатын, тауысып

біте алмас дүниелер. Айдың, күннің амалы, бір

жұмадағы жеті күннің пайдасы. әрқайсысы

бірбір кітап, бәрі де тегіс ғылым. Осы дүниенің

бір қыдыруы қағазға өлеңмен жазылыпты.

Оқыған жан араб, парсыдан сөз білмесе, миына

51

тоқуы мүмкін емес. Бір күні Бекасыл хазірет

бауырым, бұл жазбаға қосарың болса жазыңыз

дегенде уа тақсыр, менің бұл кітаптан аларым

болмаса, қосарым шамалы деп айтып едім,

көзіне жас алды.

Күн бейсенбі еді. Түн ауған соң дәретіңді

ал да маған еріп жүріңіз деді. Дәретімді алып,

айдың сәулесімен жағаласып, соңынан түсіп

жүріп келемін. Жасының ұлғайғаны хазіретке

жүк емес. Қалың қара ағаштың бел ортасында

адам құшағы зорға жететін діңгекке қолын

тіреп ұзын бойлы ақсақал тұр. Киген киім

үлгісі хиссаларда айтылған адам ба дерсіз,

жақындап барып бір тізерлеп сәлем бердік.

Бізге ұсынған қолында буын болмады. Ғақылын

айтып шығарып салды. Уа пірәдар, қасыңдағы

пайғамбардың үмбетіне айт, артына қарамасын

дегенін естідім. Бойым дел-сал болып, денемнің

қызуы көтеріліп келеді. Бекасыл хазірет қалың

талдың арасынан алақанын көсіп жіберіп

сыз балшықты алды да жауырыныма басты,

иншалла, жолымыз болардан басқа сөз

айтпады. Үйге кірген соң, шам жағып дұға

оқыды, мен бейбақ түнгі нәпіл намазымды оқып

есімді жидым. Таң ағарып атқан соң ерікті

ұйқыға бердік.

Осындай бір иелеріне кездесіп жүргенін бір

баласы сезіп, әкесі түн жарымда тұрып кеткен

соң соңынан ерген екен, қалың ағаштың

арасымен уағадалы жерге келгенде, хазірет

піріне амандасады, ақсақал сәлемін алып,

Бекасыл, осы бетіңмен үйіңе қайт, соңыңнан

балаң еріп келіпті, мен ескертіп едім ғой,

өзіңнен басқа жан баласы білмесін деп, балаң

келіп қалмасын, мен тура қарасам жазым

болар деген соң, хазірет бұрылып қараса,

ағаш ағашты тасалап кетіп барады екен. Үйіне

келген соң әлгі баласын шақырып алып, неге

менің соңымнан ердің деп сұрағанда, баласы

жылап жіберген екен. Айналайын, ендігәрі

менің соңымнан жүруші болма, жазым боласың,

ол адам тура саған қарады ма депті. Сонда

баласы әке, ол кісінің көзі болған жоқ, мен көре

алмадым, көзінің орнында аппақ жарық шам

тұрды деп айтқан екен.


Алланың нұры түскен пендесі Биболат

баласы Бекасыл хазіретке Құдай рахмет айласын.

Ауылынан аттанарда бір жас жігітті қо сып

берді. Қоржынның екі басына азық салып жатып,

Жүсіп бауырым, адам баласы шаңы ра ғынан

қырық қадам шықса ғаріп деген, жат жерде

жүрсің, сапарың оң болсын, біздей мүс кіндер ге

дұға қыла жүрерсің деп құшағын жайды.

Миуа ағашының көлеңкесіндей бір қауым

елдің дұға дарыған асылымен қош айтыстық.

Жас жігіт Бекасыл хазіреттің медіресесінде

оқиды екен, әңгімесін тақпақтап айтатын,

ақындығы бар, зерделі екен, жол жөнекей сахабалардан

хабары мол екен, хисса-жырларды

жатқа айтып, жүргінші елдің айызын қандырды.

Иә, аты Қазанғап екен. Біздің Орта жүзде аға

сұлтан Бәсентиін Сатыпалдының Қазанғабы

сықылды, атың өшпесін деп батамызды бердік.

Торайғыр ауылы, Баянаула ұлы

ғұлама Мәшһүр Жүсіп атаның шәкірті

Иманғали Мәненұлының жинағынан

1987 жылғы 20 тамызда көшіріп алған

Алтынбек ҚҰРМАНОВ.

Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» (Жұлдызнама)

атты араб, парсы, шағатай тілінде

жазылған еңбегін қазақ тіліне аударған

Зәріпбай Оразбайдың Мәшһүр Жүсіптің

жоғарыда айтылған естелігіндегі деректерге

берген түсініктемесі.

Мәшһүр Жүсіп былай дейді: «Қазақ орысқа

қараған заманнан бері Бұхар-и-Шарифтегі,

«Мір-Арабтағы» «Қасида»(«Хасида») ілі міне он

тоғыз бала ден қойған екен. Ақылдан адасып

ірге жағалап кетпей, сол он тоғыз міскіннің

алтауы ғана аман-есен қалыпты. Соның

алғашқысы — осы Бекасыл хазірет болса, енді

біреуі осылар ды қағазға тағытып (түсіріп)

отырған адам (Мәшһүр Жүсіп)».

Мәшһүр Жүсіптің осы сөздерінен бірнеше

мәселенің беті ашылады:

1. «Мір-Арабтағы» «Қасида» іліміне он тоғыз

бала ден қойған екен» дегеннен түсінетініміз:

а) «Мір-Араб» медресесі сол дәуірдегі

ең үлкен де аса беделді медреселердің бірі

саналған;

52

б) Мәшһүр Жүсіп оқыған дәуірде ол

медресені қазақтың он тоғыз баласының бітіріп,

олардың бәрі «Қасида» ілімімен айналысуға

кіріс кенін аңғартады. Өйткені, тәртіп бойынша

«Қасида» ілімімен айналысуға медресені

аяқтаған соң ғана рұқсат беріледі;

в) Мәшһүр Жүсіптің: «Ақылдан адасып

ірге жағалап кетпей, сол он тоғыз міскіннің

алтауы ғана аман-есен қалыпты» деген сөзінің

мағынасы — «Қасида» ілімімен айналысу

үшін аса жоғары деңгейдегі біліммен қатар,

жүректілік те қажет болған, яғни «Қасида»

ілімімен айналыспақ болған адам асқан ержүрек

болуы қажет. Оның себебі, «Қасида» оқитын

адам қырық күн бойы «Шілдехана қылуетінде»

«Қасида» кітабын оқудың барлық шарттарын

мұқият сақтап, жалғыз отырып оқып бітіруі

(аяқтауы) шарт. Қырық күннің ішінде оған ешкім

көмектеспейді, жоламайды, жан баласымен

сөйлесуге де, кездесуге де рұхсат етілмейді.

Сол қырық күн аралығында «Қасида» оқыған

адам өте көп қиыншылықтарға тап болады,

ең қауіптісі — оның көзіне түрлі қорқынышты

дию-перілер көрініп, айбат шегіп, сан-алуан

әдіс-тәсілдермен қорқытады. Міне, осындай

жағдайда жүрегі нашарлар, есі ауып, «ақылдан

адасып ірге жағалап кетеді». «Қасида» ілімін

меңгеру әркімнің қолынан келе бермейтіні

содан;

г) Мәшһүр Жүсіптің: «он тоғыз міскіннің

алтауы ғана аман-есен қалыпты» деген сөзінің

астарында «Қасида» ілімін меңгермек болған

он тоғыз қазақ жігітінің он үші «Қасида» оқу

кезіндегі ауыр сынақтарға шыдай алмай,

ақылдарынан адасып қалғандығы, сөйтіп

олардың арасынан тек алтауы ғана «Қасида»

оқуын сәтті аяқтағандығы туралы деректі

аңғарамыз;

д) «Соның алғашқысы осы Бекасыл хазірет

болса, енді біреуі осы ларды қағазға тағытып

отырған адам (Мәшһүр Жүсіп)» деген сөзінің

астарынан Бекасыл әулиенің «Қасида» оқуын

ең алғашқы бо лып аяқ тағанын, оның тек ғұлама

ғана емес, ержүректі адам болғандығын және

ол сол дәуірде Бұхар-и-Шарифтегі медресені


53

аяқтаған қазақ ғұламаларының көшбасшысы

болғандығын байқаймыз.

2. Мәшһүр Жүсіптің: «Бекасыл хазіретті

көргенде жол азабын ұмытып, бірге туғанымды

көргендей күйде болдым. Бұл кісінің аузынан

шыққан дүрлері, елге берген бата-тілегінің

қабылдығына таң қаласың. Тамам жұртты түгендеп

боласың ба? Осындай лепесін (дұға

сөздерін) Жаратқан қабыл қылған жандардан

неңді аяп қаласың» деген сөздері — Бекасыл

хазіреттің нағыз әулиелік дәрежеге жеткендігін

көрсетеді. Өйткені, тек әулиелік дәрежеге

жеткен адамның ғана бата-тілегі мен дұға сөздері

қабыл болады.

3. Енді жоғарыда айтылғандай, Бекасыл

хазіреттің: «Сол кішкене күнімнен Құранды кеудеме

ұстап, Жаратқанға жалбарынумен келем.

Сайрам, осы бара жатқан Қарнақтағы медреселерді

түгесіп едім. Жоғымды іздеп Тәшкен,

Самарқан, Бұхар-и-Шарифтен бір-ақ шықтым.

«Мір-Арабтағы» оқу-тоқу аздық етті. Ұстаздарым

ақыры (Шам) Дамашыққа (Дамаск)

шығарып салды. Дамашықта мына Отырар,

Шәуілдірдің топырағында дүние есігін ашқан

Әл-Фараби жатыр. Өз заманында ұстаздардың

ұстазы аталған ғұламаның жазған кітабын

қолыммен ұстап, көкірегіме тоқыдым. Бұхар-и-

Шарифтегі «Қасида» ілімінің пайдасын сонда

көрдім. Небір өлім аузынан аман қалдым» деген

сөздері бірнеше мәселенің бетін ашып береді:

а) «Сол кішкене күнімнен Құранды кеудеме

ұстап» деген сөзі — Бекасыл хазіреттің бала

кезінен білімге құштарлығын, Құран ілімі не

ынтасының зор болғандығын, сол дәуірдегі

Сайрамдағы, Қарнақ тағы, Тәшкен мен

Самарқандағы атақты медреселердің бәрін

аяқ тағандығын, одан кейін ең әйгілі де атақты

«Мір-Араб» медресесін бітіріп, үлкен ғұлама

дәрежесіне жеткендігін көрсетеді. Сондайақ

оның: «Мір-Арабтағы» оқу-тоқу аздық

етті. Ұстаздарым ақыры (Шам) Дамашыққа

шығарып салды» деген сөздері — білімін одан

да әрі көтеру үшін Дамашыққа (Сирияға) барып

оқығандығын, білім деңгейінің ұстаздарының

білім деңгейіне жеткендігін, ұстаздары сияқты

өзінің де Орталық Азияның ең үлкен

ғұламаларының қатары на қосылғандығын

аңғартады;

б) «Өз заманында ұстаздардың ұстазы

аталған ғұламаның кітабын қолыммен ұстап,

көкірегіме тоқыдым» дегені Әл-Фарабидың

мұрасын толық игергендігін дәлелдейді.

в) «Бұхар-и-Шарифтегі» «Қасида» ілімінің

пайдасын сонда көрдім. Небір өлім аузынан

аман қалдым» деген сөзі — «Қасида» ілімінің

қасиетінің зор екендігін және ол ілімді

меңгеру екінің бірінің қолынан келмейтіндігін

айқындайды.

4. Бекасыл әулиенің: «Менімен бірге жүр,

елге барып қонақ боласың. Иесіз дүние бола ма,

пірлерім де мені іздеп тапты. Солардан басқа

мына мен пақырда сүйенер қалмады. Көре жатарсың»

деген сөзінен: Бекасыл хазіреттің сопылық

жолын ұстанғандығын, оның пірі Хызр

(а.с.) (Қыдыр) болғандығын, сондай-ақ Мәшһүр

Жүсіпті де оған кездестірмек болғандығын айқындайды.

Міне, бұл жағдай Бекасыл әулие -

өз дәуірінің «Құтб заман» дәрежесіне жеткен

үлкен пір болғандығын байқатады.

5. Мәшһүр Жүсіптің: «Осыншама күн жолжөнекей

біз сықылды Ғайып пірге қол тап сырғандардың

қарыны аша ма» деген сөзі де —

оның да сопылық жолын ұстанғандығының,

сондай-ақ пірінің есімі «Ғайып пір» деп аталғандығын

көрсетеді.

6. Мәшһүр Жүсіптің: «Бекасыл хазірет қолына

«Иман шартын» ұстаса болғаны, небір сараң

керуенбасылар мен кірешілер қор жын дарын

ашып, жолын босатпайды. Солардың уыстап

берген ақша ларын жарықтық ғаріп, міскіндерге

үлестірумен болды» деген сөзі:

а) Бекасыл хазіреттің өзі жазған «Иман

шарт» деп аталатын қасиет ті кітабының да

болғанды ғын растайды. Ол қазіргі біз біле тін

«Иман шарт» кітабы емес, өйткені Мәшһүр-

Жүсіптің: «қолына «Иман шар тын» ұстаса болғаны,

небір сараң керуенбасылар мен кірешілер

қоржындарын ашып, жолын босатпайды»

деген сөзі — ол Бекасыл әулиенің өзі жазған

кітап тің өзгеше кітап болғандығын дәлелдейді;


б) «Солардың уыстап берген ақшаларын

жарықтық ғаріп, міскін дерге үлестірумен болды»

деген сөзі — Бекасыл хазіреттің тапқантаянғанын

кедейлер мен мұқтаж адамдарға

үлес тіріп беретін аса қолы ашық жомарт жан —

нағыз әулие болғандығын айғақтайды;

г) «Тақсыр, мұныңыз қалай дегенге:

«Шырақтарым, осының бәрі Жаратқан Алланың

есебіндегі дүние» деуші еді деп жауап бергені

де — Бекасыл хазіреттің Жаратқан Аллаға

шын жүрегімен берілген нағыз әулие адам

болғандығын дәлелдейді.

7. «Жүсіп бауырым, мына мен пақырың

көзінің майын тауысқан «Жұлдызнаманы» ермек

қыл деп қолыма кітабын ұстатты» дегенінен

— Бекасыл хазірет өзінің бұл қолжазбасын

алғашында «Жұлдызнама» деп атағаны

байқалады. Мұның себебі — қолжазбаның бас

жағындағы 56 беті жұлдыздардың бұржылары

туралы мәліметтерді жан-жақты, кең қамтиды.

Бірақ, бізге жеткен қолжазба-кітабында

«Жұлдызнама» деген атау жоқ, керісінше,кітабын

«Зикзал» деп, ал мұның құрамындағы

бірінші кітапты «Палнама» деп атаған, сөйтіп ол

қолжазбаның 251-бетіне дейін жалғасқан.Сондықтан

«Жұлдызнама» тақырыбы «Палнама»

кітабының бір тақырыбы ретінде енген және

ол тек жұлдыздардың бұржыларына қатысты

мәлімет тер дің тақырыптарын ғана қамтиған.

Сондай-ақ «Әбжәд ілімі» де «Палнама» кітабының

бір тақырыбы болып табылады.Сөйтіп

қолжазбаның 251-бетіне дейінгі түрлі «Тылсымдар»,

«Ізгілік дұғалары» мен «Қайтарық

дұғалары» және басқа да көптеген тақырыптар

«Палнама ілімі» құрамына жатады. Сондықтан

осы тақырыптардың барлығын бір-біріне өріп,

өрнек теп, қиюластыра сөз еткенде «зикзал»

ұғымы шығады да, шығармасын «Зикзал» деп

атаған.

Біз қолжазба аудармасының бірінші және

екінші басылымдарын жариялаған кезде мұндай

деректер ашылған жоқ еді, сондықтан

кі тап тың бірінші (2005 ж) және екінші (2011 ж)

басылымдарын «Жұлдызнама» деп атаған

болатынбыз.

54

8. Мәшһүр Жүсіптің: «Жеті жұрттың қамын

жеп, жеті ұлттың тілімен өрілген дүниеде не

жоқ дейсің, арабтың да, түріктің де, парсының

да тілін ұғып, сөз маржаны түзілген дүние,

Қадимшесі шамалы, шағатай тілінде қағазға

жазылған бір ғаламат қолжазба, әр ауруға

шипасын дұғамен бекіткен, тіпті жарғанаттың

миының екі түрлі — бірі ақ, бірі жасыл болатынын,

егерде мұны пайдаланса денеге шаш, түк

шығатын қылып, не болмаса шықпайтын қылады

екен. Адам баласының шашын, тырнағын

жұманың ішінде қандай күнде алатынын, әр

аурудың ем-шипалы дұғаларын, бедеу әйелдің

құлан таза жазылып кетуге болатынын Құрандағы

сүрелермен бекітіпті. Төрт түлік мал мен

қыран бүркіттің шипасы мен бабын жазып, аятпен

бекітіп, бағыт-бағдар сілтеген екен» деген

сөздері — Бекасыл әулиенің көп саланың жанжақты

білгірі, әрі рухтың әрі жанның (тәннің)

шипагері болғандығын айғақтайды.

а) Мәшһүр Жүсіптің: «Хазіреттің қарасөзі

бір төбе де, ақындығы бір төбе, құлағының

тесігі, көкірегінің есігі бар пендеге жетерлік.

Дұға біткеннен «Исми ағзам», «Қаһариқұл»,

«Дұға-и-құлқұл» «Шариғат тағы төрт пір»,

«Дұға-и-Хатим», «Әсінад», «Ғажайбұл истиғфар»,

«Рисала-и-Бәсранда», «Рисала и-сартараж»,

«Имам Жаббар Садықтың руаяты»,

«Рисала и-дуруд», «Дұға и-Қадақ», «Қадақнама»,

«Әбжәд», «Ғали Қара молданың дұғасы»

елде етек алған безгек, қызылша ауруларының

бетін алатын, тауысып біте алмас

дүниелер. Айдың, күннің амалы, бір жұмадағы

жеті күннің пайдасы. Әрқайсысы бір-бір кітап,

бәрі де тегіс ғылым. Осы дүниенің бір қыдыруы

қағазға өлеңмен жазылыпты. Оқыған жан араб,

парсыдан сөз білмесе, миына тоқуы мүмкін

емес» деген сөздері — Бекасыл әулиенің асқан

ғұлама болғандығын дәлелдей түседі.

Мәшһүр Жүсіптің: «Әрқайсысы бір-бір кітап,

бәрі де тегіс ғылым» дегені, біздің бұл қолжазба

жайлыайтқан пікірлерімізді толық растайды.

9. «Осы дүниенің бір қыдыруы қағазға

өлеңмен жазылыпты. Оқыған жан араб-пар-


сыдан сөз білмесе, миына тоқуы мүмкін емес»

дегені — Бекасыл әулиенің араб-парсы тілдерін

терең білгенін, шабыты келген сәтте сол тілдерде

өлеңді еркін жаза алатын ақын да екендігін

айқындайды.

10. Мәшһүр Жүсіптің: «Бір күні Бекасыл

хазірет: «Бауырым, бұл жазбаға қосарың болса,

жазыңыз дегенде: «Уа, тақсыр, менің бұл

кітаптан аларым болмаса, қосарым шамалы»

деп айтып едім, көзіне жас алды» деген сөздері

— Бекасыл әулиенің Мәшһүр Жүсіптен

шоқтығы биік болғандығын және оның игерген

ілімінің де терең екендігін жеткізіп тұр. Өйткені,

Мәшһүр Жүсіп сияқты халқымыздың ғұлама

перзенті кезінде өз ортасында өзіне тең таппай,

сырласуға кісі таппай, сырын ешкімге ұғындыра

алмағандығы жайлы деректер басылымдарда

мол кездеседі. Сондықтан Мәшһүр Жүсіп өзінің

Бекасыл әулиемен бірге болып, сырласқан аз

күнгі сұхбатын қимай, арнайы қағазға түсіріп

кеткен.

11. Мәшһүр Жүсіптің: «Қалың қараағаштың

бел ортасында, адам құшағы зорға жететін

діңгекке қолын тіреп ұзын бойлы ақсақал тұр.

Киген киім үлгісі хиссаларда айтылған адам

ба дерсіз, жақындап барып бір тізерлеп сәлем

бердік. Бізге ұсынған қолында буын болмады.

Ғақылын айтып шығарып салды. «Уа, пірадар,

қасыңдағы Пайғамбардың үмбетіне айт, артына

қарамасын» дегенін есіттім. Бойым делсал

болып, денемнің қызуы көтеріліп келеді»

дегендегі көріп-сәлемдескен адамы — Хызр,

яғни Қыдыр (а.с.) еді. Оның басқаларға көрінбей,

қалың қараағаштың арасында тек Бекасыл

әулие мен Мәшһүр Жүсіпке ғана көрінгені

және оң қолының буыны болмағандығы, одан

соң: «қасыңдағы Пайғамбардың үмбетіне айт,

артына қарамасын деген» сөзі, осы сөзінен кейін

Мәшһүр Жүсіптің денесінің қызуы көтеріліп

кеткендігі — ол кісінің расында Хызр (Қыдыр)

(Алла Тағаланың оған ризалығы болсын!)

болғандығын дәлелдейді, және де Мәшһүр

Жүсіптің Хызрмен (Қыдыр) амандасып, сөйлескені

— оған Қыдыр дарығаны болып табылады.

Бұл оның үлкен дәрежелерге жетіп,

55

Мәшһүр Жүсіп атанғанына да себеп болуы

ғажап емес.

Сонымен, ойымызды қорыта айтсақ, Хызрмен

(Қыдыр) (Алла Тағаланың оған ри залығы

болсын!) кездесіп, сөйлесу, әсіресе екінші бір

адамды ертіп барып, оны да Хызрмен (Қыдыр)

(Алла Тағаланың оған ризалығы бол сын!)

жолықтыру — тек «Құтб заман» дәрежесіне

жеткен әулие адамның ғана қолынан келетін

аса жоғары дәрежелі қасиет. Осыдан:

«Бекасыл әулие — өз дәуірінің «Құтб заман»

дәрежесі не жеткен әулие, ғылымның көптеген

салаларын жетік меңгерген көп қырлы ғұлама,

медресе ұстаған ұлы ұстаз» деп тұжырым

жасауымызға болады. Бұл ойымызды Мәшһүр

Жүсіптің: «Қазақ баласы оқыдым-тоқыдым

десе де, Бекасыл хазірет болама»деген сөзі де

дә лелдей түседі. Міне, осы айтқандарымыздың

бәрі — Бекасыл Биболатұлының шынайы әулие

болғандығының айғақты дәлелі.

Өкінішке орай, бұл ұлық ғұлама дүниеден

өткен дәуір 70 жылдық тоқырау дәуірімен

ұштасып, Бекасыл әулие сияқты көптеген

ғұла ма лардың аты аталмай, керісінше шолақ

саясаттың надандық топыра ғының астында

көміліп, атеизмнің құрбандарына айналды,

көбінің аттары ел жадынан ұмытылып та қалды.

Міне, ендігі күнде сол асыл дарымыз дың

есімдерін қайта жаңғыртудың сәті туды, сондай-ақ

бұл біздің дәуір үшін кезек күттірмейтін

әрі қарыз, әрі парыз болған мін дет тердің бірі

емес, бірегейінен болып саналады. Сондықтан

Бекасыл әулиені қазақ даласынан шыққан

ғұламалардың қатарына қосып, оның дәрежесі

мен алатын алтын орынын көрсетіп беру қажет.

Осы мақсатта біз қолда бар деректерге сүйене

отып, қазақ даласынан шыққан ғұламалардың

қайсы салаларда еңбек еткендігін көрсететін

шағын тізбені келтірдік.

а) «Хикметтер» (Даналықтар) санаты (бағыты)

бойынша: 1. Ахмет Иасауи; 2. Мұхаммед

Дәр біш; 3. Дәруіш Әлі; 4. Иқани; 5. Сақи; 6. Құл

Тимури; 7. Халис; 8. Сүлеймен Бақырғани; 9.

Шамсиддин; 10. Бекасыл әулие.


б) «Тарих» санаты бойынша: 1. Мұхаммед

Хайдар Дулат; 2. Жүсіп Баласағұни; 3. Махмұд

Қашқари; 4. Сүлеймен Бақырғани; 5. Қадыр ғали

Жалайыри; 6. Бекасыл әулие.

в) «Пайғамбарлар тарихы» санаты бойынша:

1. Мұхаммед ибн Мұхаммед Шымыр би-Алты

Барма; 2. Бекасыл әулие.

г) «Тәпсір және хадис» санаты бойынша:

1. Мұхаммед ибн Мұхам мед Шымыр би-Алты

Бармақ; 2. Қазы Насируддин ибн Ұмар Әл-

Байзауи; 3. Бекасыл әулие.

д) «Жұлдызнама» санаты бойынша: 1. Әл-

Фараби; 2. Махмұд Қашқари; 3. Бекасыл әулие.

ж) «Палнама» санаты бойынша: 1. Бекасыл

әулие.

з) «Тасаууф (сопылық) ілімінің қағидалары»

санаты бойынша: 1. Ахмет Иасауи; 2. Мұхаммед

ибн Мұхаммед Шымыр би-Алты Бармақ; 3.

Фаридүддин Аттар Махмуди Исбинжаби; 4.

Бекасыл әулие.

и) «Философия» санаты бойынша: 1. Әл-

Фараби. 2. Бекасыл әулие.

к) «Медицина» санаты бойынша: 1. Әбу

Насыр әл-Фараби; 2. Жүсіп Бала сағұни; 3.

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы; 4. Құртқа тәуіп,

Бекасыл әулие.

Бұл тізбеде келтірілген ғұламалардың

легі үзілді-кесілді емес, яғни тағы басқа да

ғұ ламалар туралы деректер шықса, міндетті

түрде өз еңбектеріне қарай бұл тізбеге

қосылатын болады. Алдағы уақытта ұсынылған

тізбенің санаты мен тақырыптарын екшелей

келіп, пысық талып, өзгерістер еңгізілуі мүмкін

екендігін де айтқым келеді.

БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕ 2

Иманғали Мәненұлынның Алтынбек Құрмановқа аманат етіп қалдырған Мәшһүр

Жүсіптің қолжазбаларының ішінен «Жарату шының періштесі» атты тағы бір

жазбасы табылған болатын. Ендеше осы жаңадан табылған кұнды жазба туралы

айтпай кетуге болмас. Өйткені қазақ халқының ұлы ойшылы, фольклортанушы,

этнограф, тарихшы. философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің алып тұлғасы

— Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының келтірген бұл деректері Бекасыл Биболатұлының

шынайы тұлғасын ашуымызға және оның мұрасын бұрынғыдан да терең әрі кең

түсінуімізге мүмкіндік береді. Сондықтан төменде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының

«Жаратушының перштесі» деп аталған жазбасының толық мәтінін жариялап және

сол жазбаның кейбір тұстарына түсінік беруді жөн көрдік.

ЖАРАТУШЫНЫҢ ПЕРІШТЕСІ

Сайрамды соңымызға қалдырып шыққан

бетте, ат басын Арысқа бұрдық. Өзенді

жағалай арық қазып, қара жердің жұмсарған

қыртысын кетпен, шотпен аударып дән егіп

ризық несібелерін күтіп баққан қалың ел

Сарыарқадағы жұрттай төрт түлік малдың

төліне телміріп, керек-жарағын керуеншілердің

жолынан тоспай, амал қылуда. Бекасыл хазірет

атының тізгінін тартып, алақанымен маңдайын

көлеңкелеп тұрды да: «Жүсіп бауырым, мен

сізге сонау Шам шаһа рында ұстаздарымнан

естіген ризық дәні туралы бір әңгімені айтайын»,

— деп ықылас білдірді.

— Әттең, мұқтаж дүние-ай, қағаздың қат

болғаны қапы қалдырмасы бар ма?!

Он сегіз мың ғаламның иесі Алла Тағала,

адам баласын ананың құрсағында бір тамшы

судан жаратқанда бір періштеге әмір етті:

2

Бұл мақала 2014 жылы 27 наурызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарық көрді

56


«Мен ұлық қып, ерекше саналы ғып, топырақтан

жаратқан адамның ұрпағы анасының құрсағында

жатқанда, жын-пері шолалап мүгедек,

кемтар қылып жүрмесін. Жарық дүниенің

есігін ашқанша күзетіп тұруды саған аманат

қыламын» деген екен.

Айы толып, күні жеткен соң, нәрестенің

анасының құрсағынан шығатын түрі жоқ дейді.

Күзетші періштеге: «Мен мына жылы да жайлы

жерден ешқайда бармаймын, жарық дүниеде

не жақсылық бар, бейнет арқалап ыстықсуыққа

күйіп-тоңып, бір аяқ тағамға бола

кетпен арқалап, азапқа түскенше жатқаным

артық» десе керек.

Періштенің адамға әмірі жүрмейтіні белгілі,

нәрестенің дүниеге шығатын уақыты асып

кетсе, анасы да жазым болады, содан Алла

Тағалаға келген екен. Періште өз қызметін

тәмам қылғанын, сосын нәрестенің анасының

құрсағынан шықпай жатып алған харекетін

баян қылады.

Сонда Алла Тағала айтқан екен: «Йа, менің

ақылды періштем, өзіңе тапсырған қызметті

адал атқардың, енді пейішке бар да, одан

бір уыс дән алып, жаңағы шықпауға бел

буған адамзаттың нәрестесіне біреуін бер. Ол

пейіштен келген дәннің дәмін татып көрген соң

тағы да сұрайды, сол кезде қолыңды созып,

жарыққа шығуына амал қыл. Тартынса салып

қаларсын» деп айтса керек. Періште пейішке

барып Алла Тағаланың әмірін орындап, бір уыс

дән алып келген соң, біреуін нәрестенің аузына

салады да, тағы да сұрағанда қолын соза

беріпті. Нәрестені осылай амалын тауып жарық

дүниеге шығарған періште уысындағы дәнді

құлашы жеткен жерге дейін шашқан екен.

Кейбіреуінің періштесі палуан ба деп

қаласың. Енді біреуі есігінің алдына шаша

салады ма, неменесе біреудің баласы Үрім деп

Қытайда жүр десе, енді бірі ауылдан ұзағанын

естімейсің.

Йа, бұл періштенің пейіштен әкелген

дәндері адам баласының риздық дәні еді. Осы

риздық қай уақытта, қай сағатта таусылса,

57

адам баласын қас-қағым сәт ұстап тұрмайды

екен. Жаратушы он сегіз мың ғаламның иесі

Алла аманат жанын өзіне қайырады. Осы

жүрген пенделер бұл дүниеге жалаңаш келді,

жалаңаш кетеді. Бар алғаны тәнін жасырған

бөз ғана.

Жүсіп бауырым, әлемді жаулаған Ескендір

де екі қолын көтеріп жерлеуді тапсырған екен.

Қолыңда дәулет болса, жоқпен бөліс, барға

қанағат қыл, дұрысы сол. Осы күнгі жұрттан

сұрасаң болғаны тағдырыңды таразыға

салады. Өзге түгелі өз туғандарына қимайды.

Бір күні сол адамның жаназасын естисің, міне,

жалған дүние!

Мына тұрған Хан қорғанында дақпырт

дүмпуі талайды таңқалдыр ған Абылай хан

дүниеден көшкенде, бір ақбас бура маңына

жан жуыт пай тұрып алған екен. Ханның

нөкерлері мен батыр, билерінің амалы таусылып,

аңтарылып тұрған кезде, алыстан бір адам

көрінеді. Жұрт аузындағы сөзін жиғанша әлгі

адам топқа араласып, мән-жәйді біліп болған

соң бураға төніп сөйлей жөнеледі дейді. Сен

осы қазақтың бағына, маңдайына біткендерге

неге жармасасың, маңына жан жуыт пай

Еңсегей бойлы Ер Есімнің мүрдесін Сарыарқада,

Ұлытауда қалдыр дың. Енді міне, Аблайдың

сүйегін Арыстың бойында, сарттың қорғанында

қалдырмақшысын ба, шөк патшағар, деп таяғы

мен тізесі нен қағып шөгеріп, Абылай ханның

сүйегін теңге салып екі аттың арасына байлап

Әзіреті Сұлтанға апарып Ақсарайдың төріне

қойған екен. Сол адам үш күн ұдайымен

Абылай ханның қабірінің топырағын құшақтап

еңіреп жылаған екен. Түркістанның қожалары

уа, тақсыр, мұнша неге жылайсыз дегенде, есіл

Абылай Сарыарқада жүріп-жүріп сонда өлмей,

сарттың қорғанында өлді. Енді бұл қазақтан

бақ, қуат қайтты. Хандық өзбекте — сартта

қалды, соған жылап отырмын деген екен.

Сарыарқада Абылайдың қырқына арнап асдұға

берген соң, әлгі адам Абылайдың қабіріне

келуін қойған екен. Осы адам хан Абылайдың

көзі тірісінде шолалап һам қорғаушысы


болған Бабай Түкті Шәшті Әзіз әулие деседі.

Хан қорғанында шөгеріп кеткен ақбас бура

жарықтық әулиелердің көлігі Желмая болса

керек. Сонау көнеден Әли Қарамолла, Асан

қайғы, Әмір Темір, Бабай Түкті Шәшті Әзіздерге

қызмет қылған деседі.

Бұл дүниеде кімдер дегеніне жеткен. Сізге

сонау Шам шаһарында ұлық ұстаздардан естіп

білген «Ұлсыз патша» деген хикаятты баян

қылайын деп төңірекке зер салып ұзақ қарап,

тамағын кенеп қоңыр даусымен әңгімесін

бастады. Хазіретпен өткізген күндер біз секілді

жандарға енді қайтып келе ме.

(Зәріпбай Оразбайдың түсініктемесі:

Осы тұста шамалы кідірте тұрып, жазбада

айтылған деректерді ой елегінен өткізіп көрсек.

Біріншіден — Бекасыл әзіреттің: «...Жүсіп

бауырым, мен сізге сонау Шам шаһарында

ұстаздарымнан естіген ризық дәні туралы

бір әңгімені айтайын», — деген сөзі, оның

Шам (Сирия) еліне ба рып білім үйренгендігі

туралы нақты мәлімет береді. Бұған қоса,

МәшһүрЖүсіптің «Қазақ баласы оқыдым,тоқыдым

десе де, Бекасыл хазірет бола ма» деген

жазбасында да, оның білім үйрену үшін Шам

(Сирия) еліне барғандығы дәлдеп айтылып.

Онда Бекасыл Биболатұлы: «...Сол кішкене

күнімнен Құранды кеудеме ұстап, Жаратқанға

жалбарынумен келем. Сайрам, осы бара

жатқан Қарнақ тағы медреселерді түгесіп едім.

Жоғымды іздеп Тәшкен, Самарқан, Бұхарай

Шәріптен бір-ақ шықтым. Мір Арабтағы оқутоқу

аздық етті, ұстаздарым ақыры (Шам-

Сирия) Дамашыққа (Дамаск) шығарып

салды. Дамашықта (Дамаск) мына Отырар-

Шәуілдірдің топырағында дүние есігін ашқан

Әл Фараби жатыр, өз заманында ұстаздардың

ұстазы атанған ғұламаның жазған кітабын

қолыммен ұстап, көкірегіме тоқыдым...» деген

болатын.

Алдымен айтар болсақ, Бекасыл әзірет

әңгімелеп берген бұл хикаясында адамзат

баласы үшін үлгі болатын ұшан-теңіз даналықхикметтер

бар. Әсіресе Бекасыл әзірет өмір

58

сүрген, көпшілік жұрт өз ауылынан ұзауға

шамасы келмей жүрген қиын-қыстау дәуірде

кішкене күнінен Құранды кеудесіне басып,

Жаратқанға жалбарынып жүріп, сонау Шам

еліне дейін білім іздеп, соның шарапатынан

өз заманында ұстаздардың ұстазы атанған

ғұлама Әл Фарабидің жазған кітабын қолыммен

ұстап, көкірегіне тоқып, тынымсыз білім

ізденудің арқасында өзі де үлкен ғұламалық

дәрежеге жеткен, сөйтіп Хызырмен (Қыдыр)

(Алланың оған сәлемі болсын!) сырласудай

бақ-дәулетке ие болған — асыл әулие Бекасыл

әзірет туралы жаңа деректер табылғанына

қалайша қуанбаспыз?!

Екіншіден — Мәшһүр Жүсіп өзінің «Қазақ

баласы оқыдым,тоқыдым десе де, Бекасыл

хазірет бола ма » деген жазбасында: «...Күн

соңынан аптаны ат үстінде өткізіп жүргенде,

талай әулиелерге, еңіреген ерлерге пір

болған Баба Түкті Шашты Әзіздің қорымына

тоқтадық. Талайдың шөлін басқан бұлағынан

таңдайымызды жібітіп, басына түнеп аттандық.

Баба Түкті Шашты Әзізді Ұлытаудың биік

жотасын да мәңгілік дамыл тапқан ноғайлы

заманында жат жұрттықтармен елу жыл

соғысып, Сарыарқаны алған ер Едіге, қазақтың

басын қо сып, орыс пен шүршітке елдігін

танытқан хан Абылай сықылды сырт тандарға

сүйенер, сиынар пір болыпты» деп дерек

келтіргенін жоғарыда айтқан болатынмыз.

Ал енді ұлы ғұламаның жаңадан табылған

бұл жазбасында Бекасыл Биболатұлы

Баба Түкті Шашты Әзіз туралы деректер

келтіріп, оның хан Абылайдың көзі тірісінде

шолалап 3 һәм қорғаушы әулие бол ғандығы

жайлы айтады. Сондай-ақ жазбада Бекасыл

Биболатұлы Хан қорғанында Абылайханның

мәйітінің маңына жан жолатпай тұрған ақбас

бура туралы әңгімелеп: «...Баба Түкті Шашты

Әзіз келіп шөгеріп кеткен ақбас бура жарықтық

әулиелердің көлігі — Желмая болса керек.

Сонау көнеден Әли карамалла 4 , Асан қайғы,

3

Желеп-жебеп

4

Әли карамалла — Әзірет Әлі (карамаллахү уажха), яғни


Әмір Темір, Баба Түкті Шашты Әзіздерге

қызмет қылған деседі...» деп дерек айтқан. Осы

деректерді екшеп қарағанымызда: Баба Түкті

Шашты Әзіз ер Едіге, хан Абылай сықылды

сырттандардың сүйенетін рухани-қамқоршысы

және «Бұхара мектебі» аталатын жалпы

Орталық Азияның сопы шайықтарының рухани

жолбасшы-пірлерінің бірегейінен болғандығы

айқындалады. Және Абылай дәуірінде өз

кейпінде келуі — оның ғайып пірлердің бірі

болғандығын көрсетеді (бұл өзалдына үлкен

тақырып). Ал әңгімеде тілге тиек етілген ақбас

бура — әу баста Әзірет Әлінің (карамаллахү

уажха) Желмаясы, сосын әртүрлі дәуірлердегі

әйгілі әулиелердің, яғни ғайып пірлердің көлігі

болғандығы айтылады (бұл да өзалдына үлкен

тақырып).

Сондай-ақ кейбір ауызекі деректерде

айтылуынша, Бекасыл Биболатұлы өмірінің

соңғы кезінде өзінің ұрпақтарын жинап: «Мен

дүниеден өткеннен соң, мені алып кету үшін

түйеге мінген бір адам келеді, ол адамның

айтқандарын орындаңдар», — деп өсиет

айтады. Расында да, Бекасыл әзірет дүниеден

өткен кезде оны алып кету үшін түйеге

мінген адам келеді. Бірақ ұрпақтары әкесін

жат адамның қолына тапсырғылары келмей,

қарсылық жасайды. Сонда әлгі келген түйедегі

адам қайтып кетіп, қайта оралмайды.

Міне осы айтылғандардың бәрін салыстыра

отырып,«Бекасыл әзірет дүниеден өткен кезде

оны алып кету үшін келген түйедегі адам — Баба

Түкті Шашты Әзіз әулие, ал оның мінген түйесі —

жоғарыда айтылған Әзірет Әлінің (карамаллахү

уажха) ғайыптан келген Желмаясы ма екен?!

«деген ой келеді.

Және бір мән беретін жағдай, Бекасыл

Биболатұлы мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының

Баба Түкті Шашты Әзіз туралы айтқан

сөздері ағылшын ғалымы Девин де Виис 5

келтірген мәліметтерге де сай келеді. Ол өзінің

«Исламизация и народная религия в золотой

Әзірет Әлінің есіміне қосып айтылатын «Алла оның жүзін

кереметті, сыйлы қылсын» деген мағынаны аңғартатын сөз.

5

Devin DeWeese

59

орде — Баба Түкті и обращение в ислам в

историческом и эпическом придании» 6 атты

кітабында былай деген: «...Баба Түкітінің ғажап,

әрі күшті көрінісі ХІV ғасырдағы Алтын Ордаға

Исламды алып келуші ретінде қалыптасқан.

Солтүстік Кавказ ноғайлары оған ХХ ғасырда

«Исламизацияның басшысы» деп ат берген;

расында оның жетістіктеріне Орта Азиялық

бірнеше халықтардың (өзбектерден бастап

қалмақтарға дейін) ислами негізін қалауды

жатқызады. Оны таңқаларлықтай көлемдегі

«Орта Азиялық» ақсүйектердің (ХVІ ғасырдағы

Ноғай Ордасының билеушілерінен бастап, ХVІІ

ғасырдағы Бұхараның сопы шайықтарының)

рухани ата-тегі деп атаған. Ол түркітілдес

халықтардың (ноғай, татар, башқұрт,

қарақалпақ, қазақ және өзбек) арасында

басқаларға қарағанда әлдеқайда көп көлемде

мифтік баба және рухани-қамқоршы ретінде

эпостық ауызекі жыр ларда аталып кеткен; оған

арнап кесенелер тұрғызу қандай кең өріс алса

(Астраханнан Башқұртстанға, одан Оңтүстік

Қазақстанға дейін), оны әулие деп ұлықтау да

сондай кең таралымға ие болған» (Зәріпбай

Оразбайдың түсінігі аяқталды).

Енді Мәшһүр Жүсіп пен Бекасыл әзіреттің

әңгімесін жоғарыда үзіл ген жерінен қайта

жалғастырамыз.

«Бұл дүниеде кімдер дегеніне жеткен. Сізге

сонау Шам шаһарында ұлық ұстаздардан

естіп-білген «Ұлсыз патша» деген хикаятты

баян қылайын», — деп төңірекке зер салып

ұзақ қарап, тамағын кенеп қоңыр дауысымен

әңгімесін бастады.

Хазыретпен өткізген күндер біз сықылды

жандарға енді қайтып келе ме?!».

(Зәріпбай Оразбайдың түсініктемесі:

Бұл жазбадағы Бекасыл әзіреттің: «Шам

шаһарында ұлық ұстаздардан естіп-білген»

деген сөзі — оның Шам елінің ең ұлық

ұстаздарынан білім алғанын айқындайды да,

содан оның өзінің де Ислам әлеміндегі ең

үлкен ғұламалар қатарына қосылғандығын

6

Islamization and Native Religion in the Golden Horde: Baba

Tükles and Conversion to Islam in Historical and Epic Tradition


дәлелдейді. Бұған қоса Мәшһүр Жүсіптің:

«Хазыретпен өткізген күндер біз сықылды

жандарға енді қайтып келе ме?!» деп арман мен

мұң толы жүрегінің шерін жазып, айтқандағы

лебізі — Бекасыл әзіреттің қайталанбас ұлы

тұлға, білімі толы құтты қазына, шынайы әулиелік

дәрежесіне жеткен біртуар қазақтың асыл

перзенті болғанын дәлелдей түседі (Зәріпбай

Оразбайдың түсінігі аяқталды).

Сосын МәшһүрЖүсіп Бекасыл хазіреттен

есіткен хикаясын хикмет түріндегі жырға

айналдырып ағыла түседі.

«ҰЛСЫЗ ПАТША» ХИКАЯСЫ

Сынаптай сырғып өтер дүние жалған,

Ғылым баққан ерлерде барма арман?!

Мысырда «Ұлсыз патша» болған екен,

Бұл әңгіме хазыретілден бізге қалған.

Дін баққан Шам шаһары ғылымға бай,

Әркімді шын сыйласа сақтар құдай.

Бекасыл хазыретілер дәмін татып,

Нұр шашқан елге оралып тыным таппай.

Ер екен Хақ жолынан адаспаған,

Өзін көрсе жын-пері халас болған.

Аузынан шыққан дүрлер біздер үшін,

Бұл күні арман болды-ау алыс қалған.

Мұны жаздым мысал ғып қалам алып,

Есі бүтін ұғар-ау тағат тауып.

Жасаған амалыңды ойланбасаң,

Бармақ тістеп қаларсың жерді қауып.

«Ұлсыз патша» болған екен бұл жалғанда,

Ұл-қызы болмаған соң шерлі арманда.

Елінде жұмаққа тең заман екен,

Кедейі жоқ, кем-кетіксіз жаралған ба?!

Ұлық патша жинапты елін, жұртын,

Емші, бақсы, тәуібін, өңшең мықтың.

Бәріне «Амал қыл!» — деп әмір етті,

«Дәулетімді берем», — деп барлық мүлкін.

Бір шайхы және болған бұл шаһарда,

Патша оны шақыртты жиналғанда.

«Маған арнап бір дұға қылғын», — дейді,

«Дүниеде мен болдым көп арманда».

Шайхы айтты: «Бір Аллаға етсең құрбан,

Иншалла бір ұл болар сізге содан.

Онан соң ұл береді дұға қылсаң,

Патшамыз разы бол енді маған».

Ал, патша құрбан қылды семіз қойды,

Етіне дәруіштер тәмам тойды.

Бір кесе тағам беріп патшайымға,

Дұға қып шайхы сонда қолын жайды.

«Бұл патша үшін берген тағам», — дейді,

«Қошқардай бір ұл болар содан», — дейді.

Жылаған көздің жасы қабыл болып,

Жаратқан шаһзада етіп бір ұл берді.

«Дүние перзентке тең келе ме,

Жарасы жоқ-жітіктің емделеді.

Дұға оқып себепкер болдыңыз», — деп,

Шайхыға бір қисапсыз мал береді.

Патша бір күні айтады сол қажыға,

«Мінәжат қылсаңыз, — дейді, — бір Аллаға».

«Бір ұл тағы маған берер ме екен,

Мен үшін қол жайсаңыз бір дұғаға?!».

«Бұрын да сізге дұға қылғам», — дейді,

«Аллаға тағы керек құрбан белгі.

Дәруішке бір малды құрбан етсең,

Жарылғайды Жаратқан соған», — дейді.

Ол шайқы қылмақ болды мінәжатты,

Құрбан қылды бір үлкен семіз атты.

Патшаға тағат-тағылым пайда болып,

Ақыры бір ұл берді Алла Нұр сипатты.

60


Патшайымға бұл құрбан себеп болып,

Бір ұл туды айы жетіп, күні толып.

Дәруішке ұлық патша сауын айтып,

Шайхыдан дұға қылған себеп болды.

Бір күні Патша көрді сол қожаны,

«Мен үшін және қыл, — деп, — бір дұғаны.

Үшінші балам болса дүниеде», –

Деп патша Шайхы пірге жығылады.

«Анғам-Ақсан қылыңыз тағы соны,

Төрт құбылаң теңелер оң мен солы.

Уа, патшам, тағы да құрбан еткін,

Аллаға қабыл болсын бұл ойыңыз».

Мұны айтып ол шайхы қайтып кетті,

Ал патша бір қашарды құрбан етті.

Дәруіштер құрбанды жеп, бата қылып,

Патшайымға бата беріп, бәрі кетті.

Патшаға ұл береді Хақ тағалам,

Өсіпті жігіт болып сол үш бала.

Арамза боп өсіпті кенже бала,

Ең үлкені болыпты ғалым, дана.

Ең үлкені бек құрметті дана бопты,

Ортаншы баһадүр, Хақ батыр болды.

Кіші ұлы басбұзар, қан төгуші,

Патшаның берекесі содан кетті.

Бір күні Шайхыменен сұхбаттасты,

Патша сөзі Шайхыға қатты батты.

«Үшінші ұлдың болғаннан болмағаны,

Туғаннан тумағаны оның жақсы».

Уа, Шайхы, менің үшін дұға еттің,

Әр ісіңді қабыл еткен Құдіреттім.

Екі ұлым болса дағы жетер еді,

Үшінші тілемеген болсамшы еді».

Шайхы айтты: «Батырсам оның көзін,

Тыңдаңыз мен жазғанның мына сөзін.

Кіші ұлдың арамза болуына,

Балаңа себеп болған өзіңе-өзің.

Үлкеніңе қой бердің бек қымбатты,

Екіншіңе шығардың семіз атты.

Үшінші ұлыңа құрбан бердің,

Харамзада қашардың кесапаты.

Қойды құрбан қылғаның — қойдай жуас,

Атты құрбан қылғаның — баһадүр тас.

Қашар шалған, мінекей, кіші балаң,

Арамдығы өлгенше қала қоймас.

Жақсылық, өнеге іс істей қоймас,

Мойынын бек жақсыға бұра қоймас.

Әр нәрсе ыңғайына қайтып келер,

Арпа шашып, бидайды ора қоймас.

Осылайша Шайхы айтып оның датын,

Арамзалар көрсетер кесапатын.

Аналар жерігенде халал жесін, тілек тілеп,

Сақтасын арамзадан жұрағатын...

«Бисимилласыз» біткен нәсіл ұрда, жық болар,

Махаббатсыз біткен нәсіл мейірімсіз орны толар.

Сейсенбі күні біткен нәсіл сергелдең сотқар

болар,

Сиыр етіне жеріген нәсіл қисық-қыңыр сор болар.

Бұхарада шәкірт болып жүргенімде,

Құлақты жақсы сөзге түргенімде.

Ғалымдар бас қосқанда сөйлеп еді,

Мен ұғып, жаздым мұны көргенімді.

61


Хазіреті Бекасыл Биболатұлына Алла

рахмет айласын.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинауынан

көшірген — Иманғали Мәнен баласы.

Ақбет тау болысы, Ақши ауылы, 1921 жыл.

Ұлы ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының

шәкірті Иманғали Мәненұлы

жинағынан көшірген — өлкетанушы

Алтынбек Жұматұлы Құрманов, 1987

жыл, 20 тамыз ».

Зәріпбай Оразбайдың түсініктемесі:

Бұл шумақтарда баяндалған әңгіменің мәнжайы

өте анық, сондықтан олардың тілдік

мағыналары жайлы түсініктеме жасауды қажет

етпейді, бір сөзбен айтқанда бәрі түсінікті.

Дегенмен бұл шумақтардың астарында үлкен

хикметті-даналық, адамзат баласына үлгі

болатын бірнеше тақырыптардағы рухани

тәрбиелік насихаттар бар. Әрине, олардың бәрі

туралы бұл кітапта әңгіме ету мүмкін емес,

сондықтан мысал ретінде бір ғана тақырыпқа

қатысты қысқаша әңгіме етеміз.

Әлбетте, адамзат баласына берілетін ең

ұлық нығметтің бірі — перзент. «Балалы үй

— базар, баласыз үй — мазар» деген сөздің

асыл мағынасын осы хикметпен танысқан

соң терең түсінгендей боласың. Дегенмен,

перзенттің де перзенті бар, яғни «әкесінің

есіктегі басын төрге сүйрейтін» немесе

«әкесінің төрдегі басын көрге сүйрейтін»

перзенттер де болады. Ата-ана ізгі перзентке

қандай қуанса, үмітін ақтамаған перзенттінің

теріс мінезді іс-әрекетіне қамығып, қайғымұңға

батады. Хикметте баяндалған патша

сияқты: «Үшінші ұлдың болғаннан болмағаны,

туғаннан тумағаны оның жақсы» дейтіндей

жағдайға жететіндер де бар. Бірақ мұндай

қасіретті жағдайлардың орын алуына негізінен

ата-ананың өздері себепші болатындықтарын

көпшілік біле бермейді. Мұндай жағдайдың

шынайы ақиқатын шайқының патшаға айтқан:

«Кіші ұлдың арамза болуына,

Балаңа себеп болған өзіңе-өзің.

Үлкеніңе қой бердің бек қымбатты,

Екіншіңе шығардың семіз атты.

Үшінші ұлыңа құрбан бердің,

Харамзада қашардың кесапаты», — деген

сөздерінен анық аңғаруға болады. Бұдан мәлім

болғаны — перзенттің ізгі немесе жарамсыз

болып дүниеге келуіне алдымен ата-ана

себепші болады. Сондықтан ата-ананың өзі

алдымен адал жеп, адал ішулері, перзенттері

үшін беретін құрбандықтары мен садағасы

адал малдарынан берулері қажет. Сонда барып

ізгі, салихалы перзент дүниеге келеді.

Адамзат өмірінде осындай хикметтіданалыққа

толы рухани тәрбиенің мысалдары

өте көп, бұларды екінің бірі біле бермейді. Сол

себепті мұндай жағдайларды әр дәуірдің

ғұламалары мен әулиелері қыр-сырын ашып,

халықтың игілігіне ұсынып отырған. Біз осы

күндері аударма жасап, талдап отырған

қолжазбаның авторы Бекасыл әзірет те

сондай ізгі жандардың бірегейі болған. Оның

ұрпақтарына мұраға қалдырған қолжазбасында

адамзаттың өмірінде кездесетін түрлі күрделі

жағдайлардың шешімдерін айқындап беретін

аса құнды деректер жинақталған. Мысалыға:

көп кітаптарда кездесе бермейтін «Балаға ат

қоюдың баяны», «Шаш алдырудың қағидалары

жайлы», «Сақал тараудың баяны», «Құлақтың

шыңылдағанының баяны», «Көзі ұшудың

баяны», «Киім кигенде оқылатын дұғалар»,

«Киім пішудің баяны», «Тырнақ алудың баяны»,

«Жаңа айды көргеннің қағидалары», «Сәтсіз

уақыттар мен сағаттар жайлы», «Сапар шегудің

баяны», «Көшіп-қону жайлы» аталатын

тақырыптар және осы сықылды басқа да

бірқатар тақырыптардың қыр-сырлары ашып

көрсетіліп, қажетті мәслихаттар берілген.

Әлбетте, олар жайлы біз аударма барысында

жүйелі түрде әңгімелеп баратын боламыз.

Әрине Мәшһүр Жүсіптің айтқаны сияқты

«Қазақтың біртуар пер зенті Бекасыл хазірет

енді біз сықылды жандарға» қайтып келмейтіндігін

білсек те, Құдай Тағала мейірімділік

етіп, оның осы қолжазба кітабы біздерге

дейін мұра болып жетіп келгеніне мыңда бір

шүкіршілік дейміз. Ендеше осы асыл мұраның

қадіріне жетіп, ондағы ашық та, астарлай

айтқан өсиеттерінің мәні мен мағынасын бүгінгі

ұрпаққа өз деңгейінде жеткізіп беру біздер

үшін сын да болмақ.

62


МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ:

«САЙРАМСУДА МЫҢ ШЕЙІТ, ҚАСҚАСУДА КІМ ЖАТЫР?» 7

Қазақ руханиятындағы алып тұлғалардың

бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Оң түстікке

сапарын баян дай тын «Қазақ баласы оқы дым,

тоқыдым десе де, Бекасыл хазірет бола ма?!»

деген қол жазбасының мәтінін бая науыл дық

мәшһүртанушы Алтынбек Құрманов 2013 жылдың

27 қарашасында «Егемен Қазақстан» газетінде

жариялаған болатын. Аталған қолжазбада

Мәшһүр Жүсіп Бекасыл Биболатұлын аса

құрметпен хазірет, ұстаз деп атайды және пір

тұтады, ғұламаның қадір-қасиетін айшықты

аша түседі, оның «Зикзал»(«Жұлдызнама»)

атты еңбегін аса құнды туынды деп бағалайды.

Таяуда Алтынбек Құрманов өзінің Иманғали

Мәненұлы деген атасынан қалған архивтен

Мәшһүр Жүсіптің Бекасыл Биболатұлы

туралы «Сайрамсуда мың шейіт, Қасқасуда

кім жатыр?» деп аталатын тағы бір естелігін

тауып, ре дак цияға жолдапты. Естелікте Бекасыл

Биболатұлының дене тұрқы, ата шежіресі,

қасиеті, ұста ны мы, үлгілі істері мен қазақ пен

қыр ғыз арасындағы туындаған дау ға бітімгершілік

жасағаны туралы тың деректер келтірілген.

Аталған естелікті Иманғали Мә ненұлының

1948 жылы Таш кент қаласы мен Қасқасуға

(қа зіргі Түркістан облысының Төлеби ауданына

қарасты Қасқасу елді мекеніне) сапары туралы

әңгіме сі мен қоса жариялауды жөн көрдік. Ол

әңгімеден сол кездегі кеңестік саясаттың ащы

табы мен Мәшһүр ұрпақтарының аманатқа

адал екені анық сезіліп тұр.

Хазіретпен сапарда

Хазіреттің ауылында жұмақы лық (жұма

күні өткізілген іс-шаралар-А.Қ.) тірлік болды.

Шар ша ған жолсоқтыдан арылып, кітап көте ріп,

жанымыз жай тауып жат қан күндердің бірінде

Ала тау дың теріскейіндегі қырғыз жұртынан кісі

келді. Хазіретті шақыра келді.

Сөздерінің төркіні, жаныстың (Ұлы жүздің

дулат руының бір тармағы-А.Қ.) мал баққан

кісі ле рі, солардың еккен тары, бидай ларына

мал түсірді деп, содан жаныстың атқа мінер

жігіт-желең дері көкпарға тартқан лақ текедей

бақыртып диқан, бағбаны демей сілтеген сойылдың

астында қалыпты. Ендігісі бұл қазақтан

құн сұрамақшы. Қырғыздың сөз ұстағандары,

төрелігін, дұрысын айтар деп, өзгесіне бармай,

Бекасыл хазіретке жүгінбекші. Қоқилап, киіз

қалпағын милығына баса кие тін қалың қырғыздың

ортасына Бекасыл хазірет жалғыз барамын

деп, мұндағы ағайындары жалғыз жібермейміз

деп әуре-сарсаңға түсті.

Жарықтық Хазірет болса: «Уа аға йын, кінә

бізден, соғылған со йыл дың басы соларға тиді,

сабы бізде қалды» деп айтумен болды.

Түбіне жетіп сұраса келе, қыр ғыздарға төбелес

қылған жаныстар да, малын егіндеріне

түсірген шымырлар (шымыр да дулат руының

бір тармағы-А.Қ.) болып шықты.

Хазірет жарықтық алыс жолға жүрмекші

болып, жылқыда жүрген, есік пен төрдей жирен

төбел атын алдырып, таң асыртты. Ертеңінде

түс ауа аттанбақшы. Таң атып қал ған екен,

далаға шықсам, Хазірет кетпенін иығына салып

қалың бау дан келеді екен, алдынан шығып,

сәлем бердім.

Сәлемімді алған соң: «Жүсіп бауырым, мына

Қасқасудың бойында, ата-бабам жатыр, соларды

аттап кетіп қайда барамын. Жаныстың

Жантуынан тараған Құдайбердісінің Түгелбай-

Данай дан тараған игі жақсылар, басы Түгелбай-Данай

болып сонда жатыр. Күніміз жеткенде

барар жеріміз», деп айтқан соң, оразамызды

ашып, атқа қондық. Қасқасу десе Қасқасу

екен, тау бөктерінен құлаған екпіні атты адам

былай тұрсын, атан түйеге қауіпті. Өткендерге

мұңымызды шағып, мына елдің тірлігіне сөз

қы лыс қан біздерді соңымыздан боталы ін ген

7

Бұл мақала 2022 жылы 28 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрді

63


64

қуып жетті де, бізбен қатар жүрді де отырды.

Бекасыл хазірет екі алақанын жайып дұға қылды:

«Уа, жаратқан мырза Құдай, босқа өткізген,

өзің берген күнің болса кешіре гөр. Жолымыз

болады екен», деп көз қиығымен боталы інгенді

меңзеді.

Қабірстан көрінген тұста, аттарды талға

байлап, ұрттасаң таңдайдан өтіп, маңдайыңды

түсірер мұздай судан, жуынып-шайынып,

төңіректі қарасақ, бота да жоқ, түйе де жоқ,

ғайып болды.

Жарықтық Хазіреттің көзіне жас үйіріліп,

қалың қорымға бет түзедік.

Заманы өтіп, тозығы жеткені бар, бүгін дүниеден

өткені бар, қалың бейіттің бір шетіне

тізе бүгіп, Құран Кәрімнің бетін аштық. Жатқан

қалың аруаққа дұға қылып, бет сыйпасып, рұқсатын

алып жанымыз бір рахат тауып еді.

Жарықтықтың әңгімесі елден ерек, санамызға

үлгі. Мұндай адам іздесең табыла ма?

Бүгінгінің жұр тына таң боласың, қолында барына

жақұт еді деп қараулары жоқ, Самарқанның

сартын көрсе соның соңында шұбырып жүргендері.

Бұл харекеттерін не дейсін, қазақтың

игі жақсылары ажал жетіп өлгендей болса, солардың

Әзіреті Сұлтаннан дәмесі болса, қожа

нәсіліненбіз деп жүрген жаңағы сарттарың

жүз жылқы сұрасын. Міне, дүниені көріңіз не

болғанын.

Бекасыл хазірет қырғыз арасында бөгелген

жоқ. Болған амалдың ақ-қарасын айырды

да, ауылына оралды, бос оралмады, бітімді

болды. Ғәділ ісіне берген ат-шапан жолын,

ағайын араз болмасын деп, шығыны шыққан

жаққа тарту етті. Бұл ісі үлгі болмағанда ше,

мына елге кім үлгі болар.

Есік пен төрдей күрең төбелден басқа ат

алып жүре алмас, алып денелі, бойы ұзын, салалы

саусақ тары, еңбектеген бала түгілі жасы

үлкенге көлеңке болғандай ірі. Үстінен ақ киімін

тастамайтын, сұрағандар болса: «Ақта қара

жоқ, қараға шара жоқ. Шырағым, ішің қандай

ақ болса, сыртың да солай болсын, аққа Құдай

жақ» деп отырушы еді. Сонша ірі болса да асқа,

тамаққа қомағай емес. Ішетін асының түрі-сүтке

қосылған жеміс талқаны, қысырақтың қымызы,

ет біткеннен қойдың құйрығын турап,

араластырып жатқаны. Қанағатшыл адам.

Мәшһүр Жүсіп ашығып қал масын деп

тапсырған екен. Тәуір деген қызы, ет пен қымызға

мені әбден бөктірді, береке дарыған бала

ма деп қалдым. Хазіреттің ауы лының төңірегіндегі

жерден көтерем малды көре алмадым.

Міне, малға да, жанға да құт деп осыны айт.

Ұрпағы көп жасағыр, шаңырағынан адам арылмайды.

Ырыздығын жаратқан Тәңір Хазіреттің

пейіліне берген болар. Біреуді даттап, біреуден

сый аласың ба, қолыңда. Жат түгілі, туға нына

қимайтын заман болған соң айтамыз да.

Хазіреттің ата-бабасы жатқан Қасқасудан

Сайрамсу алыс емес, сол Сайрамсуда мың шейіттің

қорымы бар. Сонау Алла Тағаланың хақ

діні исламды таратқан заманда, намаз үстінде

отырған бейбақтар дінсіздердің қолынан қаза

болған деседі. Оны да көзбен көрдік. Жолаушының

күні Ғәріптің күні деседі. Бұл жерде

Сарыарқадағы туғандарының арасында жүргендей

күйдесің. Жолаушының мақсаты көздеген

жері. Тәшкен шәрді бетке ұстап шыққан

адам жата ала ма?

Хазіретті Бекасылдар арамыздан кеткен

соң біз сықылды жоқшылар кімге бармақ.

1908 жыл. Түркістан, «Тәшкен сапарым».

Бұл жазбаны Иманғали Мәкен баласы 1921

жылы Молда Мәшһүр жазбасынан көшіріп

ұсынған.

Мәшһүрдің аманаты

Ұлы Отан соғысы аяқталып, елге оралғаннан

кейін ұстаз-мұғалімдік кәсібіме кірістім.

1948 жылы Қарағанды облысы қазіргі Бұқар

жырау ауданы (бұрынғы Ульяновка) Шалқар

ауылында істеймін, бір күні аудан орталығындағы

милицияға шақыртты. Ойда дәнеңе жоқ,

салт атпен аудан орталығына келдім.

Милиция бастығының орынбасары Хамит

деген жігіт: «Жолдас Мәненов, жоғарыдан

келген нұсқау бойынша отбасы, ағайын туыс тары

ңыздың қайда оқып, қай жерде істегендері


жөнінде анықтамалар керек. Бір айдың ішінде

біздің ме кемемізге тапсырасыз дейді. Ол заманда

Сталиннің бар кезі, орын дамасқа лажы

жоқ. Өзің біле сің, қарындасым Әбиданың Алматыдағы

кілем фабрикасының алғашқы директоры

болғанын. Өзі 1934 жылы Ташкенттегі

Орта Азия университетінде жеңіл өнеркәсіп

мамандығы бойынша оқығанын жақсы білесіз.

Өзің де мұрағат қопарып, жоқ дүниені іздеп

бағудасың ғой. Тәш кенге хат жазсам өзбек

туғандар жауап бермейді. Содан аудандық оқу

бөліміне өтініш жазып, демалыс алдым да, Ташкент

қайдасың деп бір-ақ тарттым. Қарағандыдан

пойызға міндім де Алматыға келдім. Алматыда

туыстар баршылық. Әлкей, Шапықтар

қызметте. Ол жерде бір қонып, Ташкент бағытындағы

пойызға отырдым, межелі уақытында

әйтеуір жеттік-ау. Енді университетке барсам

мені кір гізбейді. Ананы әкел, мынаны әкел деп.

Енді не істеу керек, содан Алматыға телефон

шалып, Шапыққа (Шокин) мыналарға хабарлас,

көнбесе Қанышқа (Сәтпаев) айт, маған көмек

жаса деп, әйтеуір бір парақ қағаз бергіздірді.

Өзің білесің, Әбида апаң 30-жылдар соңында

дүние салды. Ол заманда өліге де, тіріге

де анықтама сұрататын кез. Апаңның күйеуі

ҚазССР прокуратурасында жауапты қызметте

болып, 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшырады.

Сөйтіп, Әбида марқұмға қатыс ты анықтама

қолыма тиген соң Шымкенттің Леңгіріне тарттым.

Ондағы ойым молда ата (Мәшhүр Жүсіп-

А.Қ.) құрмет тұт қан Бекасыл хазіреттің ауылын,

жат қан жерін бір көріп қайту болатын. Ол кісі

қасиетті адам ғой. Леңгірге келгенше жолым

ақты да отырды. Содан Леңгірде ешкімді танымаймын,

көрінген адамнан сұрап, Қасқасу

деген ауылға барушы едім, жөн сілтеп жіберсеңіздер

деп. Ол күн ешқайда бара алмадым.

Ауылдың шетінде бір ақсақал атын арқандап

қойған екен, сол адамға мен құдайы қонақ едім

деп, жөн сұрасып, сол кісінікіне қонып шықтым.

Ол кезде жоқшылықтан арыла қоймаған заман

еді ғой. Түнімен әлгі ақсақалмен әңгіме соқтық.

Ақсақал: «Қасқасуда кімің бар еді? Онда кімге

барасың?», деген соң, шынымды айттым. Солай

да солай мен Бекасыл хазіретті іздеп келе

жатыр едім. Сол кісі менің ұстазым Мәшһүр

Жүсіптің сыйлас адамы болған еді деп.

Жаңағы ақсақалым Бекасыл хазі ретке аталас

ағайын болып шық ты. Маған: «Ой, бауырым,

Тәңір жарылқасын, ертең саған ол жаққа баратын

көлік іздеймін. Бауырым, есіңде болсын,

Қасқасу деген екеу. Орыс Қасқасуы, қазақ

Қасқасуы деп аталады. Сен қазақ Қасқасуына

барасың», деп, не амал қылатынымды нүктесіне

дейін айтып берді. Міне, қартайғанның белгісі

ғой сол ақсақал дың есімін ұмытып қалдым.

Сөйтіп, Бекасыл хазіреттің қабі рінде болып,

дұға бағыштап қайттым. Есімде қалғаны өзеннен

өтетін ағаш көпір болатын.

Бекасыл хазіреттің ұрпақтары бар, ақсақалмен

ақылдасып едім, «шырағым біреуді біреу

көрсеткен заман ғой, шамаң келсе байқарсың»

деп ақылын айтып еді. Содан, менің қырсығым

тиер деп қорғаладым.

Мына кітап Мәшһүр Жүсіп бабаңа сол кісінің

(Бекасыл хазірет тің-А.Қ.) бергені. Мына өзің

көшір ген әңгімелер де молда атаң нан қалды.

Алтынбек, айналайын! Заман түзелер, сен

көп жүресің, кім біледі, мүмкін ұрпақтары іздер,

біз дің жақта өздеріңе қатысты дүниелерді,

екшеп теріп алады. Бұл кісі – Оңтүстіктің

Мәшһүр Жүсіп бабаң сықылды қадірменді адамы.

Аруағы риза болады. Енді саған аманат. Сен

өзің аңғалсың, бөтен біреудің қолында кетіп

қалып жүрмесін. Саған үш қайыра айтарым, өз

ұрпағынан іздеушілер болса ғана бер. Әйтпесе,

үйіңде тұра берсін», деп әңгімесін аяқтады.

Әңгімені Торайғыр ауылының тұрғыны,

86 жастағы баянауылдық Иманғали ақсақалдан

1989 жылғы 7 қарашада жазып алған

Алтынбек ҚҰРМАНОВ

65


Солдан оңға қарай-Ержан Исақұлов, Абдулла Пошатаев,

Аман Үкібаев пен Алтынбек Құрманов.

66


Павлодар облысындағы Қоңыр әулие үңгірі.

67


68


69

МАМЫТБЕК ҚАЛДЫБАЙ,

жазушы, «Бекасыл әулие» және

«Сахара ғұламасы» атты кітаптардың авторы


70

СӘРСЕНБІ ДӘУІТОВ,

жазушы, Бекасыл әулиенің

«Жұлдызнамасың» аударған ғалым.


71

МАҚСҰТ ШАФИҒИ,

аудармашы, Бекасыл әулиенің

«Жұлдызнамасың» аударған ғалым.


72


73

АБДУЛЛА ЖОЛДАС,

дінтанушы ғалым, Бекасылдың «Жұлдызнама»

атты ғибрат кітабының аудармашысы.


74


СЕРІК НЕГИМОВ,

филология ғылымдарының докторы,

Еуразия ұлттық университетінің профессоры.

АТАЛЫ ЖҰРТТЫҢ БАСЫ, АЛТЫН ЕРДІҢ ҚАСЫ.

БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕНІҢ АЛТЫН ЖҰРТЫ!

Бекасыл әулие әлемге әйгілі, әмбебап оқымысты

деп жаңа бауырымыз айтты. Бекасыл

әулие заманның Құтбы дедік, бүкіл медреселердің

оқуын тауысқан, мұсылман қағидаларын

жетік пайдаланған, ғұламаның ғұламасы,

бірден-бірі. Заманында Мәшһүр Жүсіп бабамыздың

досы, сырласы, замандасы Ақан сері:

«Осы Мәшһүр неге көкке ұшып кетпей жүр» деген

екен. Сөйтсе мұсылман қағидаты бойынша

Құранды жетік білген, бойына, болмысына терең

сіңірген және оны қорғасындай балқытып,

сүйсіне оқыған адам, шынында да көкке ұшып

кету керек екен. Бұл жайлы пайғамбарымыздың

хадисінде айтылған.

Бекасыл әулиенің «Зикзал» («Жұлдызнама»,

«Нұрлы өрнектер»)деп аталған кітабы-біздің

қазағымызды, түркі дүниесін биік

мұраттарға жеткізетін, мынау елді-жерді руханиятпен

сақтайтын ғажайып бір мұра. Бекасыл

әулие көріпкелдің нағыз өзі. Себебі Бекасыл әулиенің

еңбектерінде «Мұхайыр Муфасса Араби

дүниенің төртбұрышынан құпия хабарлар алады

екен және сол құпия хабарлардың мағынасын,

мәнісін, сырын терең түсінеді екен» деп

айтылған. Сол замандардағы ұлы дәстүрді XIX

ғасырдағы жалғастырушысы Бекасыл әулие

және Мәшһүр Жүсіп.

«Ассалаумаалейкүм, Ғайып Ерен, қырық

шілтен, қараңғы перделердің артындағы

мәліметтердің сырын жеткізушілер, ашушылар,

түсіндірушілер». Бекасыл әулиенің кітабында

осындай асыл сөздер бар. Міне, осы асыл

сөздерді «Ассалаумаалейкүм, Бекасыл әулие

сіз қараңғы перденің артындағы беймәлім

мәліметтердің сырын түсінетін, дүниенің төртбұрышындағы

құбылыстарды танитын, білетін

75

білгірсіз» деп түсіну керек.

Бекасыл әулиенің «Зикзал» атты еңбегінде

диханшылық жайлы әңгіме айтылады. Диханшылықтың

тарихы, тамыры, сыры не? — деген

кезде: Алла тағала адамзатқа жүз сексен уыс

бидай берген екен. Адамзат сонда Алладан

сұрапты- бұны не істейміз деп? «Бұны егесіңдер,

әр дәннен жүз-төрт жүз дән өсіп шығады».

Содан бір нан піскен екен. Нан піскен кезінде

(ұзындығы бір жарым кез, әр кезігі 50 см)

дөңгеленіп ұшып бара жатады. Сонда адам

баласы артынан жүгіреді. Бұны Бекасыл әулие

: «Нәпсі артынан жүгіру осыдан басталады»

деп түсіндіреді. Бекасыл: «Адам пайғамбардан

бастап Мұхаммед пайғамбарға дейін асқан

дана, асқан данышпан 7777 диханшы өткен»

деп жазады. Осылардан, Алланың адамзатқа

жіберген 180 бидайы туралы түсінік жазған

Бекасыл Биболатұлының ақылының тереңдігін

көруге болады.

Бекасыл әулие құстар туралы әңгімесінде,

құстардың көзі туралы баяндайды. Құстардың

жеті түрлі көзі болады, кейбір құстардың көзі

от болып жанса, екіншісі алғырлық танытады.

Құсты сыйласаң, Сізге береке сыйлайды.

Жарқанаттың екі түрі болады екен: бірі ақ,

бірі жасыл. Жарқанаттың миы таза адамдардың

басына, ормандай етіп шаш өсіреді екен.

Міне осындай Бекасыл әулиенің сырлары,

ғажайып әңгімелері біздің тұрмысымызға,

дәстүрімізге, өмірімізге өте қажетті қағидалар.

Қасида ілімі туралы айтар болсақ, 1919-

жылы және 1926-жылы Мәшһүр Жүсіпті НКВД

ұстағысы келеді, дайындалып келеді. Олардың

келе жатқанын Мәшһүр Жүсіп сезіп отырады.

Оның оқыған дұғасынан Сарыарқаның бәрін


Оңнан солға қарай: Абзал Сах, Серік Негимов, Ғарифолла Есім

және басқалар Бекасыл әулиенің кесенесінде зиярат етуде.

алай-дүлей боран басып кетеді. Түк көрінбейтін,

ат құлағы көрінбейтін боран болғаннан кейін,

НКВД-ның адамдары Мәшһүр Жүсіпті ұстай

алмай қайтып кетеді.

Екінші рет олар Мәшһүр Жүсіптің үйіне келеді,

ауыз үйіне кіреді де, бірақ төргі бөлмеге

кіре алмайды. Өйткені, Мәшекең төргі бөлмеде

отыр екен. Сонда Мәшһүр бабамыз дұғаны

оқып кеп жібереді. Дұғаны оқыған соң, ауыз үй

түрлі жын-шайтандарға, диуларға, өте қорқынышты

жан-жануарларға толып кетеді. Содан,

НКВД-ның адамдары шошып, қашып кетеді.

Қасида ілімін қолдану үшін үлкен қаһармандық

пен ерлік керек. Оны қолданатын адамның

жүрегінің қылы болуы керек.

Егерде, Бекасыл әулиенің еңбектерін қарасаңыздар,

оқымай-ақ, оның қолтаңбаларына

таң қаласың.

Оның қолтаңбаларының сұлулығы, көркемдігі,

тереңдігі, жазылу реті, қағазға орналастыруы

керемет әсер қалдырады. Оның барлығы

тылсым дүниелердің айқын көрінісі.

Бұның барлығы ғажайып дүние. Жазуды

меңгеру, жазуды түрлендіріп қолдану керемет

дүние.

Құрметті қауым, сөзімнің соңында айтарым:

Бекасыл әулие шын мәнісіндегі болжампаз,

шын мәнісіндегі ой зергері, сөз-зергері, шын

мәнісінде бүкіл Құранның алты мың алты жүз

алпыс алты аяттың түйсігімен сезінген адам.

Осыдан он бес шақты жыл бұрын Еуразия

Ұлттық университетінде Ержан бауырымыз

«Зикзал» деген кітаптың тұсау кесерін жасады

Сонда жасым 75 келген еді. Бекасыл бабамыздың

сөзін енді түсініп жатырмыз. Соның сондағы

сөзін айтайын. . .

Қасиетті Түркістан жеріндегі мынау ұлы

таулар, Есімханның ордасы, хандардың, абыздардың,

билердің, ғұламалардың, ұлы әруақтардың

отаны.

Бұл қазақ даласының жүрегі. Мынау жерде

Қазығұрт тұр. Қазығұрт мемлекетіміздің,

елдігіміздің, қасиеттілігіміздің рәмізі. Қазығұрт

тауы Алланың берген қазығы. Алла өзі жа-

76


саған алтын қазығына, яғни осы жерге алтын

адамдарды берген. Сонда Бекасыл әулиенінің

жүрегіме қонған мынандай бір батасы бар.

Бақ — дәулет, ырыс, несібе.

Аспандай күркіреп келсін.

Бұлттай қаптап келсін,

Күндей жарқырап келсін,

Судай сарқырап келсін,

Қаздай қалықтап келсін,

Рахат нұрын шаша берсін!

Бекасыл әулиенің елі-жұрты, әулеті, ұрпағы.

Алла тағала мынандай ұрпақтар берген, мынандай

қайраткерлер берген. Соның ішінде Ержан

Исақұлов деген бауырымыз, генерал-майор,

саяси ғылымдарының докторы, Рашид ад-Диннің

«Жамиғ ат-тауарих» деген еңбегін Ираннан

алып келіп, оны қазақ тіліне аудартып, 5 томдық

кітап етіп шығарды. Соның негізінде «Шыңғыс

хан» атты ғылыми еңбек жазды. Елдің, мемлекеттің

жоғын жоқтап жүрген қайраткер. Бекасыл

әулие шын мәнінде бақытты адам. Бүгін

міне, оның 200 жылдық мерейтойын өткізіп

жатырмыз. Бекасыл әулие мың жылдықтардың

тұлғасы. Мынау біздің жеріміз, Мөде қаған айтқандай

«біздің ата-бабаларымыздың қасиетті

сүйегі көмілген жері емес, қары судай төгілген

жері емес, бұл жер, бұл дара, бұл өлке біздің

қиямет қайымға дейінгі дүние есігін ашатын

ұрпақтардың елі — жері». Осындай алтын

жерімізде, Бекасыл бабамыздың туған елінде,

оның ұрпақтары мен қасиетті Түркістан жұртшылығының

қатысуымен, қырғыз-қазақ зиялыларының

халықаралық форумның аясында керемет

іс-шараның күәсі болып отырмыз.

Бекасыл әулиенің рухы мәңгі жасасын. Осы

сөзді білесіздер, Зәріпбай бауырымыз біледі,

әр бір сөзде қуат бар, энергия бар, философия

бар, гармония бар, әсер бар. Ауадағы протондар,

нейтрондар айтылған сөздерді тоғызыншы

қабатқа алып кетті. Айтылған лебіздердің,

тілектердің барлығы біздің жерімізге, елімізге,

мемлекетімізге нұр болып жаусын!

Серік Негимовтың иығына Бекасылдың ұрпақтары шапан жапты.

Солдан оңға қарай: Білімтай Түменбаев, Зәріпбай Оразбай, Ержан Исақұлов, Серік Негимов,

Амалбек Тшанов, Жеңісбек Мауленқұлов.

77


78


ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ,

академик, абайтанушы, ұлттық құрылтай

мүшесі, аса көрнекті ғалым.

БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕ

Құрметті қауым, ағайындар, туыстар,

қырғыз бауырларым, бәріміз керемет

күй кешіп отырмыз.

Бір сөз айтқым келеді, қандай іс болмасын

жарасымды болу керек. Жарасымды болмаса

ол іс, іс болмайды. Бүгінгі жасап отырған іс-шарамыз

өте жарасымды, байқайсыздар ма?

Күніміз міне нұр беріп тұр, тамаша, ауа жақсы,

мынау жиналған халық, шешендер жақсы

сөздерді төгіп жатыр.

Осында, Бекасыл әулиенің басына басымызды

иіп келіп отырмыз ғой. Бірақ менің айтқым

келетіні біздің әрқайсымыздың бойымызда,

рухымызда әулиелік дән бар. Егер бізде әулиелік

дән болмаса, біз әулиені іздеп келмес едік,

уақыт жібермеуші едік. Сол бойымыздағы әулиелік

дән бізді осы жерге әкеліп отыр. Демек,

бойымыздағы сол әулиелік дәнді өшіреміз бе

әлде өсіреміз бе ол өзімізге байланысты.

Сауытбек Абдрахманов бауырым тамаша

сөз айтты: «Біз адалдыққа зәруміз». Осы жерге

келген соң тазаруымыз, пендешілігімізді азайту

керек шығар, періштелігімізді көбейту керек

шығар, шайтанымызды қолымыздан келсе,

қуумыз керек шығар. Қазір шайтан санамызға,

түсінігімізге, миымызға әбден кіріп кетті. Шайтандармен

қатты достасып кеттік. Шайтанмен

достасқан жерден әулиелер қашады, оны сіздер

жақсы білесіздер.

Адамның бойында жақсы қасиет бар, қабілет

бар.

Іс жарасымды болу үшін оны ұйымдастыру

керек қой. Соны ұйымдастырып жүрген мына,

Ержан бауырымның бойында қасиетте, қабілетте

бар. Кейбір адамдардың бойында қабілет

бар, «но не способный». Ал, Ержан бауырымда

екеуі де бар, қасиетте және қабілетте бар!

Ондай адамды қазақ айтады, кісілікті адам

деп. Кісілікті адам ғана өзінің уақытын, қаражатын

т. б. еңбектерін ортаға салып, осындай

іс-шара ұйымдастыра алады.

Сондықтан Ержан бауырым, мың да бір

алғыс Сіздерге, ұрпақтарыңызға, менің бармайтын

жерім жоқ, барған жерімде Сізді үнемі

мысал ретінде айтамын.

Егерде, әрбір генерал, академик, министр

сіз сияқты іс атқаратын болса мына қазақтың

жері, елі гүлденіп тұратын еді. Сондықтан Сізге

мың алғыс! Сіз жақсы адамсыз. Жақсы адам

болу үшін Абай айтады: «тұқымы жақсы болу

керек, ұстазы жақсы болу керек». Демек, Сіз

жақсы әулие адамсыз.

Мен сіздерге бір сөз айтсам, жаңалық

емес, артықтық етпес: адамзат адасып барады.

Адасқанның көрінісі екі бауырлас халық

орыс пен украиндер қырылып жатыр. Міне

бұл адасу, тағы да басқа жақта адасып жатыр.

Соғысу деген адасу, соғысу деген иттің

баласы, соғыстан басқа жаман сөз жоқ, дүниежүзінде

ең жаман сөз — соғысу. Абай айтады,

«Адам адасқанда оны алып шығатын үш тайпа

ел бар; біріншісі пайғамбарлар, екінші әулиелер,

үшінші хакімдер. Хакімдер болмаса мына дүние

ойран болар еді. Енді пайғамбар заманы өтіп

кетті, пайғамбарлар жоқ. Мынау, біздің пайғамбарымыз

деп ешкімді айта алмайсыздар, өйткені

біздің соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед.

Әлде Шымкент жақ та бар ма? Айтыңыздар,

бар болса, біз біліп қайтайық?!

Ендігі сұрақ, әулие бар ма? Міне, Бекасыл

әулие бар, ал енді біздің ішімізде әулие бар

болса, біз оны не істейміз? Біз оны жүндей

жұлып, мынау ауру, мынау есуас деп бір жерге

апарып тастауымыз мүмкін. Сондықтан әулиені

халық анықтап береді, уақыт анықтайды.

79


Әулие деген адамзатты жамандықтан

сақтайды. Сонда әулие деген кім, әулиелік деген

не? Ол қасиет, анау жақтан келеді. Серік

мырза айтқандай космостан келеді ме, ана

жақтан келеді ме, бір Құдай біледі. Зәріпбай

мырза айтқандай әулиелік деген жарнаманы

қажет етпейді. Біз біреуге он — он бес теңге

берсек, жарнама жасаймыз. Мынша ақша

бердік, өйттік-бүйттік, үй салып бердік, жер

алып бердік дейміз. Ал, әулиелер үнсіз, оның оң

қолы жасағанды сол қолы білмейді, сол қолы

жасағанды оң қолы білмейді. Әулие жарнамасыз,

өзінің ішкі, Алла тағаланың берген қасиеті

арқылы қызмет ететін адам ол әулие. Енді осы

әулиенің қандай ұстанымдары бар дегенде,

адам баласы бір — біріне бауыр. Әулие адам

ешқашан адамдарды бөлмейді, ешнәрсеге

айырбастамайды. Шымкентте руға бөлінбейді,

руды ұмытып кетті дегенді естіп едім. Қоңырат,

Дулат-оның барлығы бір қазақ. Егер сіз Бекасыл

әулиені әулие десеңіз, осындай конференцияға

келіп отырсаңыз, басыңызды исеңіз,

сіз бұл мәселені ұмытып кетесіз. Ұмытпай от

қылып жаға берсеңіз, Бекасыл әулиенің айтқан

сөзі, сөз болмайды.

Адамшылықтың алды махаббат дейді,

әулие, тек қана махаббат. Махаббат — Алла

Тағаланың асыл қасиеті, Алла Тағала адамды

маххабатпен жаратқан, сондықтан бір-бірімізге

мейірімді болуымыз керек, жақсы істерді еске

алуымыз керек. Әулие жақсы нәрсені өлшеуші.

Жақсы нәрсені жақсы деп айтатын тек әулие.

Кейде бізде бір адамдар бар, жақсы нәрсені

көріп отырып, жақсы деп айтпайды, үндемей

отырады. Ондай адамдар үндемей келіп, үндемей

кетіп қалады, ол нәрсе дұрыс емес. Ал, Сіз

әулие деп бас иіп отырсаңыз, Бекасыл әулиенің

қызметін түсінсеңіз. Сіз жақсы нәрсені өлшеуші

болуыңыз керек.

Алланың сөзі әріпсіз, дыбыссыз. Алла Тағалада

жазу жоқ, дыбыс жоқ, Алланы түсінетін

және білетін тек әулие. Жүрек таза болу керек,

бұл әулиелікке бастайтын мәселе. Кім біледі,

бір үйде бала туылып жатыр, мүмкін ол — әулие.

80

Ал, Сіз соны ақ жүрекпен дұрыстап тәрбиелемесеңіз

ол бала қайда кетіп қалады?

Сондықтан, байқап қараңыздар, дүниеге

әкелген нәрестені дұрыстап қарау керек. Кім

туды, әулие туды ма, асыл қазыналы адам

туды ма? – соны қарау керек.

Әулиенің діні — ислам, кітабы — Құран. Әулие

мына жанымызда тұрады, ол мына Қожа Ахмет

Ясауи. Ол кісі не дейді, «мен Алланың дидарына

ғашықпын. Алланың дидарына ғашық болып,

оған құлшылық жасау» деген Қожа Ахмет

Ясауидің сөзі бар. Бірде Түркістанның 1500

жылдығына ығай мен сығайлар пойызда келдік.

Пойыздың ішінде айттым, қазір көресіздер,

пойыздан түскенде «Құл Қожа Ахмет Ясауи»

дегенді, жергілікті адамдар «Ұлы Қожа Ахмет

Ясауи»деп жазып қояды дедім, қасымдағылар

жоқ олай болмайды деді. Түркістанға келіп,

пойыздан түстік, сол жерде «Ұлы Қожа Ахмет

Ясауи» деп жазып қойыпты. Әкімнің бір орынбасарына

айттым, әй бұларың не дедім, Қожа Ахмет

айтып тұр ғой: Құл Қожа Ахмет Ясауи деп,

мен Алланның құлымын деп тұр.

Алланың құлы болу үлкен биік дәреже. Әлгі

орынбасар біз құл деп қалай айтамыз дейді,

Ұлы деп айтамыз дейді. Ұлы деген Алла Тағаланың

эпитеті, егер өзінді Алламын десең, Ұлы

деп айт. Мен Ұлы Абай дегенді жазбаймын, ана

редакторлар хәкім деген сөзді жазып қояды.

Абай да, Мұхтар да пенде, бәріміз пендеміз,

адам Ұлы болмайды. Ұлы тек қана Жаратушы.

Қожа Ахмет Ясауи Ұлы емес. Сонда Түркістанда

Қожа Ахмет, Мединеде Мұхаммед, Маңғыстауда

пір Бекет, бұл қайдан шыққан сөз?

Әулиені Мұхаммедпен салыстыруға болмайды.

Әулие Пайғамбер емес. Мұхаммед әулие болуы

мүмкін, бірақ әулие Пайғамбар бола алмайды.

Бұны шатастырмаңдар. Егер біз Бекасыл әулиені

Ұлы — деп айтсақ ол айтар еді, мен жәй

адаммын-деп. Мынау сөздің соңында айтайын.

«Зикзал»туралы айтып жатырмыз. Абай айтады:

Әуелі аят, хадис-сөздің басы,

Қосарлы бәйіт мысал келді арасы.

Қисынымен қызықты болмаса сөз.


Неге айтсын Пайғамбар мен оның Алласын.

Зикзал — деген қисынды сөз. Қисынды

сөзді кім айтады?

Қисынды сөзді Пайғамбар айтады, Алла айтады.

Бұл Алланың сөзі. Яғни біз «Зикзал» дегенде

Алланы еске алуымыз керек. Енді хәкім

Абай айтқандай, Бекасыл толық адам, Бекасыл

әулие, таза мұсылман, кемел тұлға. Бекасыл

хәкім, ойшыл, оның ұрпағы туралы жаңа осында

тұрған жігіттер дәлелдеп айтып берді.

Осында менің шәкіртім отыр, Абзал Сақов

деген жігіт, ол қәзір Бекасыл әулие туралы

докторлық диссертация жазып жатыр.

Одан кейін Бекасыл әулиені, Ержан мырза

біледі, мен IX сыныптарға арналған дін тану

оқулығының авторымын, соған өзіміздің Бекасыл

әулиені орысша-қазақша жазып кіргіздік.

Ол жерде Бекасыл әулиені теолог, ойшыл ғалым

дедік. Осындай жасалып жатқан жарасымды

іс-шараларыңыз жасалады және әрі-қарай

жалғасады. Осындай жарасымды іс-шараларыңыз

көп болсын! Сіздерге, шымкенттіктерге,

жарасымды жұмыс жасау міндеті алда тұр, ол

зәру мәселе. Жарасымсыз мәселелерден кету

керек, тазару керек, Бекасылды көтерген сайын

Шымкент ағара беру керек, ағара беру керек

мөп-мөлдір судай болу керек!

Тазарайық, әулиемізге қиянат жасамайық.

81


82


ОМАР ЖАЛЕЛ,

филология ғылымдарының кандидаты,

абайтанушы, жазушы.

БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕНІҢ «ЖАРАТУШЫНЫҢ ПЕРІШТЕСІ»

АТТЫ ӘҢГІМЕСІ ТУРАЛЫ

Мен қазір Мәшһүр атамыздың Бекасыл әулиеден

есіткен «Жаратушының періштесі» деген

әңгімесі туралы айтқалы отырмын. «Бекасыл

хазірет атының тізгінін тартып, алақанымен

маңдайын көлеңкелеп тұрды да: «Жүсіп бауырым,

мен сізге сонау Шам шаһарында ұстаздарымнан

естіген ризық дәні туралы бір әңгімені

айтайын», — деп ықылас білдірді.

— Әттең, мұқтаж дүние-ай, қағаздың қат

болғаны қапы қалдырмасы бар ма?!

Он сегіз мың ғаламның иесі АллаТағала,

адам баласын ананың құрсағында бір тамшы

судан жаратқанда бір періштеге әмір етті: «Мен

ұлық қылып, ерекше саналы жаралған адамның

ұрпағы анасының құрсағында жатқанда,

жын-пері шолалап мүгедек, кемтар қылып жүрмесін.

Жарық дүниенің есігін ашқанша күзетіп

тұруды саған аманат қыламын» деген екен.

Айы толып, күні жеткен соң, нәрестенің

анасының құрсағынан шығатын түрі жоқ дейді.

Күзетші періштеге: «Мен мына жылы да жайлы

жерден ешқайда бармаймын, жарық дүниеде

не жақсылық бар, бейнет арқалап ыстықсуыққа

күйіп-тоңып, бір аяқ тағамға бола

кетпен арқалап, азапқа түскенше жатқаным

артық» десе керек. Періштенің адамға әмірі

жүрмейтіні белгілі, нәрестенің дүниеге шығатын

уақыты асып кетсе, анасы да жазым болады,

содан Алла Тағалаға келген екен. Періште

өз қызметін тәмам қылғанын, сосын нәрестенің

анасының құрсағынан шықпай жатып алған харекетін

баян қылады.

Сонда Алла Тағала айтқан екен: «Йа,

менің ақылды періштем, өзіңе тапсырған қызметті

адал атқардың, енді пейішке бар да,

одан бір уыс дән алып, жаңағы шықпауға

бел буған адамзаттың нәрестесіне біреуін

бер. Ол пейіштен келген дәннің дәмін татып

көрген соң тағы да сұрайды, сол кезде

қолыңды созып, жарыққа шығуына амал

қыл. Тартынса, салып қаларсын» деп айтса

керек. Періште пейішке барып Алла Тағаланың

әмірін орындап, бір уыс дән алып келген

соң, біреуін нәрестенің аузына салады да,

тағы да сұрағанда қолын соза беріпті. Нәрестені

осылай амалын тауып жарық дүниеге

шығарған періште уысындағы дәнді құлашы

жеткен жерге дейін шашқан екен. Кейбіреуінің

періштесі палуан ба деп қаласың. Енді

біреуі есігінің алдына шаша салады ма, немесе

біреудің баласы Үрім не Қытайда жүр десе,

енді бірі ауылдан ұзағанын естімейсің. Иә, бұл

періштенің пейіштен әкелген дәндері адам

баласының ризық дәні еді. Осы риздық қай

уақытта, қай сағатта таусылса, адам баласын

қас қағым сәт ұстап тұрмайды екен. Жаратушы

он сегіз мың ғаламның иесі Алла аманат

жанын өзіне қайырады. Осы жүрген пенделер

бұл дүниеге жалаңаш келді, жалаңаш кетеді.

Бар алғаны тәнін жасырған бөз ғана.

Жүсіп бауырым, әлемді жаулаған Ескендір

де екі қолын көтеріп жерлеуді тапсырған екен.

Қолыңда дәулет болса, жоқпен бөліс, барға

қанағат қыл, дұрысы сол. Осы күнгі жұрттан

сұрасаң болғаны тағдырыңды таразыға салады.

Өзге түгелі өз туғандарына қимайды.

Бір күні сол адамның жаназасын естисің,

міне, жалған дүние!» деп Бекасыл хазрет әңгімесін

аяқтады деп жазыпты Мәшһүр атамыз

өзінің естелігінде.

Бұл әңгімеден, құрметті конференцияға

қатысушылар, қандай ғибрат аламыз? Көп

83


Омар Жәлел мен қырғыз зиялыларының Есім ханның ордасында жүрген кезі.

84


Бекасылдың шөбересі Сапарбек Дурқожаев және Омар Жалел, Қайрат Сақ Есім ханның

Қырғыз Республикасынан келген ұрпақтарымен әңгімелесіп тұрған сәті

адамдар осы дүниеге келгенде, ырзық- несібесін

жинаудың орнына,жұмақтың дәнін анау

жаққа (о дүниеге) барып тереміз дейді. Бұл үлкен

қателік екен ғой. Сөйтсек, жұмақтың дәні

осы дүниеде екен ғой. Пайғамбарымыздың

мынандай хадисі бар: «Дүние - Ахметтің егіні»

деген. Көп адамдар харекет етудің орнына,

яғни, ырзық- несібесін теріп жеуге ерінеді. Қазақ

айтады: «екі жеп, екі асайды» деп. Олар ойлайды,мына

дүние жалған.Біздің бүкіл ырзық- несібеміз

жұмақта, яғни о дүниеде күтіп тұр дейді.

Әлбетте, жұмақтың барына ешкімнің дауы жоқ.

Бірақ Мәшһүр атамыз: «Әлсіз адам ақыретсіз»

дейді. Яғни, Бекасыл әулиенің осы әңгімесінен

менің ұққаным, адам осы дүниеде жасайтынын

жасау керек. Және менің негізгі ұққаным:

көп адамдар аштан өліп қалам деп қорқады,

арын сатады. Құранда айтады, шайтан сендерді

кедейшілікпен қорқытады деп. «Мынау

біздің елімізді жаулаған парақорлықтың салдарынан:

«бара бергенше, пара бер» деген

оңбаған мақал шығып кетті дейді Абай. Және

ол: «Iсі білмес, кісі білер» деген мақал шығып

кетті дейді. Осының бәрі иманның әлсіздігінен,

дінді дұрыс түсінбегендіктен. Адам ырзық-несібесі

таусылмай, бұл дүниеден өтпейді екен ғой.

Ал біз болсақ несібеміз таусылып қалады деп,

мансап үшін, мал үшін арымызды сатамыз.

Бекасыл әулие осындай әңгімені айта отырып,

оның астарында осындай керемет ғибрат

қалдырған екен. Біз осыны дұрыс түсініп, Бекасыл

әулиенің аса құнды мұралары мен жоғарыда

айтылған өсиеттерін қазіргі жастарымыздың

санасына барынша жеткізуіміз керек.

Менің ойымша, бүгінгі конференцияның басты

мақсаты осы болса керек.

85


86


АНАРБЕК ОҢҒАРҰЛЫ ОРМАНОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері.

АМАНАТҚА БЕРІК ОҢҒАР ҚАЗАНҒАПОВ ТУРАЛЫ

Құрметті ағайындар!

Мен Бекасыл әулиенің мерейтойына

қатысып отырған жұртқа бабамыздың «Зикзал»

атты қолжазбасының осы күнге қалай жеткені

туралы айтуды өзімнің қасиетті парызым деп

ойлаймын.

Екі мың бірінші жылдың мамыр айында маған

досым Ержан келіп, Бекасыл бабамыздың қолжазбасы

Қазанғап Байболұлының ұлы Оңғар

деген ағамыздың үйінде сақтаулы екенін айтып

берді. Содан соң, біз Ержан екеуміз сол Оңғар

тұратын Төлеби ауданындағы Ұзынарық деген

жерге барып, оған келген шаруамызды айттық.

Ол кемпірі екеуі төргі бөлмеге кіріп, ол жерден

ақ орамалға оралған бір затты алып шықты,

сөйтіп оның ішіндегі қолжазбаны жылап тұрып

Ержанның қолына берді. Оңғар ағамыз: «Әкем

Қазанғап қайтыс болардың алдында, мені мен

шешемді шақырып алып, біздің қолымыз ға

қолжазбаны беріп: бұл — Бекасыл бабамның

кітабы. Сендерге аманат етіп қалдырам. Оны бір

кездері егесі келіп сендерден сұрайды. Кітапты

тек сол егесіне беріңдер. Ол кезге дейін

үйде сақтаңдар. Жылына екі рет күннің көзі

түсетін жерге шығарып, парақтарын аударып

отырыңдар деп өсиет қалдырған еді. Шешем

қайтыс болып кетті. Содан бері бұл кітапты мен

көзімнің қарашығындай көріп, сақтап келдім.

Еңді міне кітаптың егесі келіп, мен әкемнің

аманатын орындап отырмын. Қарызымнан

құтылғаныма Аллаға шүкіршілік білдірем», —

деп еңіреп жылап жіберді.

Біз Оңғар ағамызды жұбатып, оған

алғысымызды айтып, кемпірі екеуінің иығына

шапан жаптық. Әттең, сол кезді видеоға

жазып алу ойымызға келмепті. Соған әлі

өкінемін. Содан бері, жиырма жылдай өтіпті.

Менің досым Ержан өзінің бабасының араб,

парсы, шаға тай тілінде жазылған қолжазбасын

қазақшаға аударып, халқымыздың игілігіне

айналдырды. Енді бүгін Бекасыл бабамыздың

200 жылдық мерейтойын оның туған жерінде,

барлық ұрпақтарының қатысуымен, халықаралық

форумның аяасында өткізіп жатыр.

Сондықтан мен Ержан досыма шын жүректен

ризашылығымды білдіремін. Той тойға ұлассын!

Оңғар Қазанғапов

87


88


МҰХИТХАН ҮМБЕТҰЛЫ,

«Қазақтану» ғылыми-зерттеу орталығының

директоры, тарихшы-этнолог.

БЕКАСЫЛ — САХАРА ҒҰЛАМАСЫ

Қазақ сахарасы даналарға, ғұламалар мен

батырларға қашанда кенде болмаған. Елдің

жүрегінен орын алған қасиетті қастер тұтар

есімдер жыл өткен сайын жаңғыра түседі.

Оның үстіне енді барын іздеп, жоғын

түгендеп жатқан тұста халық қамын ойлаған

ардақтылардың орны бөлек. Олар елдің

өткеніне зер салдырады, көңіліңе қуаныш

нұрын ұялатады. Бабалардың тағылымды

істері ұрпағына қай уақытта да өнеге. Ал жас

ұрпақ соның қадір-қасиетін жете білсе, одан

асқан парыз бен борыш болмаса керек. Ұрпақ

сабақтастығы деген осы.

Соның бір айғағы — қалың жұртшылық әлі

де біле бермейтін, қазақ тарихынан қастерлі

орын алуға лайық дана, көреген, өз кезінің

білгірі Бекасыл Биболатұлы.

Бекасыл Биболатұлы 1822 жылы қазіргі

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының

Қарамұрт ауылында дүниеге келген. Бекасыл

ғүмыр кешкен асқар Алатау баурайындағы

әулиелі бұл жердің жазылмаған қатпар-қатпар

тарихы бар. Сансыз баптар мекені, «Мыңшейіт»

әулие, Хантағы, Есімхан ордасы (Төрткүл

төбе) сияқты қасиетті де қастерлі мекеннің

шапағаты Бекасылдың ілім-білім жолына түсіп,

ерте есеюіне жетелегені кәміл.

Бекасылдың әкесі Биболат екі иығына

екі кісі мінгендей бойшаң, адуынды, келбетті

кісі болыпты. Кезінде көне көз қариялар

Бишымырдың мінезі, Бекасылдың келбеті әкесіне

аумай тартқан деп отыратын. Шежірелі

қарттардың айтуынша Биболат 49 жасында

қоқандықтар дың улауынан қайтыс болады.

Мазары Карамұрттағы Каланбаб зиратханасы

қатарында.

Биболаттың артында 15 жасар үлкен ұлы

— Байшымыр, 12 жасар ұлы — Бишымыр және 3

89

жасар кенжесі Бекасыл жетім қалады. Ағайыннан

соншалықты жәрдем болмағандықтан

ба лалардың үлкені Байшымыр бас болып, өздерінің

күнкөрістерінің қам-қаракетін жасауға

кіріседі. Әкеден қалған малды Қарамұрт (қазіргі

Сайрам ауданында) қыстағына апарып, керек-жарақтарына

айырбастап отырады. Қарамұрт

қыстағында ағаларымен бірге барып-келіп

жүр ген Бекасылдың көзі медресе оқушы ларына

түсіп, солардай шәкірт болуды, медресе

ден білім алуды армандайды. Ол кезде

Сайрам, Қарамұртта медреселер көп болатын.

Бұл өңірге жан-жақтан оқыған, білімдар

жандар келіп-кетіп жататынды. Мұнда көптеген

әулиелер жерленген. Қасиетті Ахмет Ясауи

бабамыздың әкесі Ибрагим, анасы Қарашаш та

осында қойылған. Мыңдаған жылдық тарихы

бар бұл өлкеден Исламтану ғылымының небір

жұлдыздары ілім-білім алып шыққаны бе лгілі.

Ал Бекасылдың бар арманы білімдар жандардан

сабақ алу, оқу болды.

Ақыры ағалары Байшымыр мен Бишымыр

інісін Бұхарада оқып «Хафиз» атағын алған

Қарамолданың медресесіне алып келеді.. Бұл

кезде Бекасыл 9 жаста болатын. Бірақ

Бекасылдың мұндағы білімге көңілі тола қоймайды.

Өйткені Қарамолданың дәрісі ислам

қағидаларынан басқа ешнәрсе үйретпейді.

Бекасыл ендігі білімді өзінің зеректігі арқасында

өз бетінше ұштай түседі. Арабша, шағатайша

тарихи кітаптарды, аңыз, қисса-хикаяларды

көп оқиды. Бір жағынан қазақтың аңызәңгіме,

өлең-жырларын, шежіре-тарихтарын

ел арасында жүріп, ауызша тыңдап, өзінен

бұрынғы шешен билер мен хандар әсіресе,

өзінің бабалары Құдайберді би, Төле бидің

кесімді, тапқыр, өнегелі нақыл сөздерін ойында

сақтап өседі. Затынан зерек өскен жас балаға


бұл рухани нәр болады. Бекасыл жас кезіндеақ

жасы үлкен талай атақты адамдардың

алдынан өтіп, батасын алады.

Бекасыл Биболатұлы он жеті жасынан

бастап Оңтүстік өлкесінің билігіне араласады.

Ол туралы ел арасында ауызша айтылып,

бірден-бірге жеткен аңыз-әңгімелер, хикаялар

мол. Сол қария әңгіме былай дейді: «Молда

дәрісін алғашқы кезде жөнді ұқпаған Бекасыл

күнде молдадан ұрыс естиді, оның таяғын

жейді. Осыған қапа болған, тіреніш-сүйенері

жоқ Бекасыл (медреседе негізінен өзбек балалары

оқиды) бір күні әулие-әнбилерден медет

сұрауға бекінеді. Содан кешкісін Қарамұрт

қыстағындағы Каланбаб әулиенің моласын

құшақтап жатып, «Е, айналайын Каланбаб, шын

әулие болсаң, маған білім-ілім бер, Алла-тағала

тілегімді қабыл ет», — деп ағыл-тегіл жылап

жатып, ұйықтап кетеді. Түс көреді. Түсінде ақ

киімді, сақалы кеудесіне түскен бір қария тұр

екен. Қария оған: «Құрық берейін бе, Көген

берейін бе?» депті, Бекасыл болса: «Маған

анау омырауыңыздағы кітапты беріңіз» депті

қолын созып. Сонда әлгі Қария — Е, айналайын,

балам-ай, білімге құштар екенсің ғой. Онда аузыңды

аш, — депті. Бекасыл осы оқиғаны былай

жалғастырады екен.

— Аузымды ашқаным сол еді, әлгі ақ

сақалды кісі аузыма түкіріп жібергені, мен

лоқсып, оянып кеттім. Содан жүгіріп медресеге

келсем, есіктен кірген бойда Қарамолда:

— Әй, Бекасыл молла, жоғары шық- Бүгіннен

бастап сіздің орныңыз мына жер болады, —

деп мені құрметтеп, өзінің жанына жоғары

отырғызды. Бұл әңгімені көптеген қариялар

растап, айтып отырады.

Содан Бекасыл медресені бітірген соң,

Қарасора ауылына келіп, өзі де медресе ашып,

бала оқытуға ден қояды. Ол медресе шәкірттеріне

Құран сүрелерінен тағылымды насихаттар

жеткізумен қатар, тарих, жағрапия,

та биғаттану, емдік-емшілік т.б. ғылым салаларынан

дәрістер оқып отырған. Оның Бұқара

қаласындағы медреселерден көптеген кітаптар

алдырып, пайдаланғалы белгілі. Көптеген

90

еңбек терге тафсирлер, пікірлер жазғаны анық.

Ол тапқырлық пен шешендікке баса назар

аударған.

Бекасыл Төле биді пip тұтқан. Дана

бабаның нақылдарын, шешендік сөздерін

халық арасында насихаттап, үлгі-өнеге еткен.

«Бекасыл сөйлегенде сөз маржаны төгіліп

тұратын, әрбір әңгімесі нақыл мен мәтел

кірпішінен қаланатын» деуші еді жетпісінші

жылдары ауылдағы қариялар. Сол кездегі

көнекөз қарттардан көп нәрсені жазып алып

қалмағанымызға бұл күндері қатты өкінеміз.

Ауылдың ардақты, шежірешіл қарты

Пошатай ақсақал арғы-бергі тарихтан әңгіме

айтқанда елдің барлығы да ұйып тыңдайтын.

Солақай саясаттың кесірінен аталар сөзіне

құлақ аса бермедік. Пошатай, Айнабек

Ақынбекұлы сынды ақылман қариялар тыңдар,

ұғар құлақ болмаған соң көптеген шежіресырларды

өздерімен бірге ала кеткені белгілі.

Айнабек Ақынбекұлы, Пошатай Бишымырұлы,

атақты ақын Қазанғап Байболұлы Бекасылдың

тәлім-тәрбиесін алған, жазба әдебиетпен бірге

ауыз әдебиетінің, халық поэзиясының дамуына

мол үлес қосқан. Қазанқаптың «Төле би» атты

дастанында мынандай өлең жолдары бар.

... Таусылмас көп сыр естідім,

Адамынан үш жүздің.

Tepe берсең табылар,

Әділ кісі болған соң,

Жүрек аңсап сағынар.

Сөз жәрдемін керсеткен

Теріп айтсам мынапар:

Біріншісі — Бекасыл,

Тоқсан үш жаста жөнеді,

Қоқандағы хандардың

Төртеуін кердім деп еді... («Төле би»

дастаны, 178-бет).

Бекасыл бабаның әйгілі Оңғарбай ақынмен

бірге оқығандығын, Сиқым руынан шыққан есімі

белгілі Аққұс молдамен сыйластық қарымқатынаста

болғандығын біздер де кейін гі

кез дерде біліп келеміз. Бекасыл ел есін де

жыл дар бойы орныққан, ұрпақтарына өсиетті

сөз қалдырған айтулы тұлға, халықтың


бірлігін сақтап, әділетсіздікті арнасына түсіріп,

от сөзді кесімімен қара қылды қақ жарған

Қасымбек, Батырбек, Момынбек сияқты болысдатқалармен

қатар жүріп, билігі бұқараның

жадында мықтап жақталған. Әрине, Бекасыл

жас кезінен-ақ үйренері де, ғибраты да мол дана

би Төле ұлағатын өз бойына жинақтауға, тоқи

білуге тырысқан. Оның нақылдарын, шешендікөсиет

сөздерін халық арасында на сихаттап,

үлгі-өнеге етіп отырған. Бекасыл ұс таздықпен

бірге шығыс ғұламаларының ең бектеріне

пікірлер жазып, оны қолжазба тү рінде таратқан.

Оның «Жаныс шежіресі» деген қолжазбасының

нұсқасын кезінде өз тұс тастары мен шәкірттері

көп пайдаланған. ХХ ғасырдың ортасында

дүние салған, Сайрам ауданының тұрғыны

Исабек молданың Қазанғап Байболұлының

қолында Бекасылдың өзі жазған кітаптары

болғандығын, Қазанғаптан сол кітаптардың

бірін қалап алғандығын, бірақ сол кітаптың Сыр

бойын аралап жүргенде қолды болғандығын

айтып отыратын әңгімесі «алтынның қолда

барда қадірі жоқ» екендігін растай түседі.

«Зертас» атты ауылда Ереген деген

шежіреші қарт болды. Жасы жүзге жақындаған

бұл қария көкірегіне нұр қүйылған көлкөсір

дария десе де болғандай еді. Осы құйма

құлақ атамызда да Бекасыл кітаптарының

кейіннен көшірілген нұсқалары болған. Түрлі

себептермен жыртылып-жоғалғаны, қолда

кет кендері бар, әзір бірде-бір данасы жоқ.

Сонда да болса көпті көрген қария арғы-бергі

тарихтан зерделікпен нақышына келтіре әңгіме

айтудан жаңылмайтын.

Бекасылдың жинаған кітаптары мен өзінің

жазған дүниелері 1930 жылдардағы

ала сапыранда тау үңгірлерінің біріне жасырыл

ғандығын бүкіл тау жұрты әлі де айтып

оты рады. Менің жорамалым бойынша Бекасыл

баба кітаптарды ертерек, өзінің көзінің тірісінде

тау қойнауына жасырған. Себебі алдын көрегендікпен

болжайтын әулие Бекасыл —

замананың құбылып өзгеретінін, ілім-білім жетегіндегі

қожа-молдалардың қуғынға түсетінін

бажайлаған болу керек.

91

Бекасылдың осы рухани қазынасымен

қатар ағасы Бишымырдың жасырған алтынын

іздеп, бірақ, жолы болмаған адамдар да қазір

ел арасында баршылық. Қазір мен кезінде

жасырылған кітаптарды көрген қария сөздер

мен дәлел-дәйектерді саралау барысында

бұл қазынаны Алла жазса табармыз деген

сенімдемін. Жоба-жорамал адастырмағай деп

тілейік.

Мен Бекасыл бабаның өмір жолына шолу

жасай отырып, мынандай байлам жасадым.

Кезінде қыр ғұламасы атанған Бекасыл

Биболатұлының әлі де ашылмаған сырлары

мол. Оларды ашу халық игілігіне жарату осы

саламен айналасатын ғалымдардың, тарихшылардың,

әдебиетшілердің, қала берді, болашақ

ұрпақтың еншісінде. Алайда, біз мынандай

ой түйгіміз келеді.

Біріншіден, Бекасыл өз бойына көл-көсір

білім жинақтаумен қатар оны айналасына бере

білді. Бірақ жұртшылық оны әулие, молда

санатында ғана түсінді. Біздің ұғып, білуімізше

Бекасыл шәкірттердің терең білім алуына,

әсіресе Шығыс қазынасынан сусындауына мол

үлес қосқан үлкен дарын иесі.

Екіншіден, Бекасыл Орта Азия ғұламалары

Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Әли Ибн-Сина, Әлішер

Науаи, Омар Хаям еңбектерін ыждаһатпен

зерттеп, аудармалар жасап, халықты емдеу

ісімен де бел шеше шұғылданған екен. Яғни,

ол өз тұсының үлкен емшісі бола білген. Оны

мынандай мәліметтер айқындайды:

«Таудағы ел арасында Мантай деген кісінің

Есенқыз атты қызы шалықтап, есінен танып,

тіпті тілден қалып, жатып қалады. Сонда әкесі

Бекасылды алдырып, үш күн дем салдырыпты.

Содан Есенқыздың беті бері қарап, біраз

уақыттан соң, ауруынан құлан-таза айығып

кетеді. Бекасылдың еміне риза болған Мантай:

«Осы қызды саған бердім, келін етіп ал» депті.

Бекасыл осы қызды үлкен ұлы Ыбырайымнан

туған немерелерінің тұңғышы Төребекке

қосады. Есенқыз апамыз өзі өмірден өткенше

мынандай әңгіме айтады екен: «Үйге қонақ

келгенде есік алдындағы итіңе де кет деп


айтушы болма, қонақтың көңілі қырар болып

қалады», — деуші еді Бекасыл атам.

Тегінде Бекасылдың емшілік қасиеті

туралы Оңтүстік өңірінде әңгіме көп. Оның

періштелермен сөйлесетіндігіне де біздер

күмәнмен қараймыз. Ал, өз тұстастары мұның

шындық екенін айтып отырады.

Үшіншіден — Бекасыл Биболатұлы үлкен

жұлдызшы кісі болған. Ол жұлдыздарға

бақылау жасаудың нәтижесінде табиғат

құбылыстарының тылсым сырларын ашуға күш

салған. Оған кезінде куә болған адамдардың

аузынан жазып алынған мынандай дәлелдің

бар екенін айта кетуімізге болады. Бір жылдары

тау өңірі мен Сайрам маңында құрғақшылык,

болып, көпке дейін аспаннан тамшы тамбай

қояды. Ол заманда жаңбыр шақыратын да

кісілер болады екен. Мәселен, Сайрам өңірінде

Үсен-ахун деген сәуегей қария болыпты Осы

өңірдің үлкен-кішісі жиылып, әр шаңырақтан

бір пұттан бидай жинап беруге келісіп, Үсенахуннан

жаңбыр шақыруды өтінеді. Үсен- ахун

халық өтінішін қабылдап, жаңбыр шақырту

үшін қанша әрекет еткенімен нәтиже болмайды.

Сонда Үсен-ахун жұртқа: «Менімен бәсекелес

бір дарын иесі бар, сол адамды алдыру керек»

депті. Жұртшылық қайсыбіреулердің жөн

сілтеуімен Бекасылға келіп, өтініш айтады.

Содан Үсен-ахун мен Бекасыл екеуі бірлесе

отырып, жаңбыр шақырады. Бұл жылы егін мол

бітеді. Бұл оқиға жайлы кешеге дейін көзі тірі

қарттар шешіле әңгіме айтатын. Сол жаңбыр

шақырғанда құдайы тамақ пісірген, әрі аспаз,

әрі қасапшы болған Төлен деген кісінің қызы

әкеден жеткен әңгімені сөзбе-сөз жеткізген

екен. Үсен-ахун мен Бекасыл екеуі дұға оқып,

жаңбыр жаудырған күні тамақ пісірген кісінің

баласы Жандар Төленов Ташкентте тұрған

екен. Ол да қазақтың зиялы азаматтарының

бірі. Философия ғылымдарының докторы,

профессор. Ел-жұрттың айтуына қарағанда

Үсен-ахун өмірінде үш рет жаңбыр шақыртқан

екен.

Кешегі кеңестік жүйенің әпербақан

саясатының құрбаны болған Үсен-ахун қария

92

Қазан төңкерісінен кейін қуғын-сүргінге

ұшырып, шет елге Ауғанстанға өтіп кетуге

мәжбүр болған.

Төртіншіден — қазақ жерінде көріпкелдік

қасиет қонған қаншама әулиелер бар екені

баршаға белгілі емес. Солардың ішінде

шоқтығы биік көріпкелдің бірі Бекасыл болды.

Бір сөзбен айтқанда Бекасыл өз кезіндегі ілімбілімді

игерген, айрықша ғұлама кісі болған.

Бекасылдың көріпкелдік, алдағыны болжай

білетін қасиет иесі екендігіне таң қалмасқа

шара жоқ. Оның болашақты болжап айтқан

әңгімелері қазіргі кезде расқа айналып

отыр. Мәселен, бабамыз — адам ғұмыры 60-

70 жылдай ғана қысқа болғанымен ол өзіне

300 жылдық тас баспана салады, теңге жол

болады деген екен. Бекасылдың көрегендігін

қанішер генерал Черняев та мойындаған деген

қария сөз бар. Бекасыл қайтыс боларының

алдында жұртты жиып былай депті:

— Екі-үш жыл өтер-өтпесте өкімет ауысады.

Елді кедей билейді, ағайын екіге бөлініп, бірі

кедейді, бірі байды жақтайды. Бірақ, бір сөзшең,

ақылды, қағілез адамның арқасында кіл

жалаңаяқтардан жиналған топ ел басқарады.

Ол заман туғанда жұрт екі елі аузына төрт елі

қақпақ қойып сөйлейтін болады. Мұртты кісінің

зәрі елді күйзелтеді. Ағайынның іргесі бөлініп,

бір-бірінен ажырайды. Көлік-төрт дөңгелекті

темір болады. Екі күндік жерге бие сауымдай

уақытта жетесіңдер. Аспан жол болды. Төрткүл

дүниенің жаңалығын өз ошақтарыңның

басында-ақ отырып, білетін боласыңдар. Еркек

үйшіл, әйел базаршыл болады. Үйінің есігін

құлыптап кіріп, құлыптап шығатын халге жетеді.

Бірақ, осының бәріне ертелі-кеш Алланың

бір тиымы болады...» деген екен.

Иә, қазір бақсақ, Бекасылдың осы айтқандары

дәл келіп тұр емес пе! Бұған қалай

дау айта аласыз.

Бесіншіден, жалпы түркі жұрты, соның

ішінде қазақ көне мәдениеті бесіктерінің бірі

Қазығұрт, Сайрам өңірі, ауызша айту және

жазба дәстүрлері тоғысқан құнарлы орта —

Бекасылдың білімдарлық, парасаттылығын


ұштай түскені белгілі. Оның осы қасиетті

топырақта туған «Зикзал» атты тамаша еңбегін

қалың жұртшылықпен қауыштыру нұр үстіне

нұр болар еді. Біз Бекасыл кітаптарын тауып,

жинақтап, есімін ұрпақ есінде қалдырарлық

шаралар белгілесек ғанибет емес пе? Бекасыл

Биболатұлының артына қалдырған мұрасы бар

болмысымен халық мәдениетімен бірге жаңғырып,

мәңгі жасай бермек.

Тірісінде әулиелігін сыйлаған жұрт

Бекасылды ақырға сапарға да құрметпен шығарып

салған, Қарасорадағы жаназаға жиналған

жұрттың санында шек болмаған.

Бір ғасырға жуық жасаған Бекасыл

Биболатұлы 1915 жылы қазан айында дүние

салыпты. Бұл күндері Кеңесарық ауылының

ортасындағы күмбезді мазаратқа зиярат

етушілер аз емес.

Көзі тірісінде-ақ сахара ғұламасы атанған

ерекше дарын иесі Бекасыл Биболатұлының

атын ардақтау, ұрпақтар парызы мен қарызы

деп санаймыз.

Бекасылдың шөбересі Ержан Исақұловтың иығына ағайындары шапан жапты.

Солдан оңға қарай — Ақылбай Манкеев, Мұхитхан Үмбетұлы, Сержан Дүйсебаев

және Талғат Манкеев

93


94


ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ,

тарихшы, Қазақстан Республикасы Білім

саласының құрметті қызметкері.

«ТАРИХ АДАСПАУ ҮШІН ҚАЖЕТ»

БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕ ҚАНДАЙ ОРТАДА ТӘРБИЕЛЕНДІ?

2020 жылы қараша айында Алматыда

Алтын Орданың 750 жылдығы аясында Білім

және ғылым министрлігі Ғылым комитеті

«Ғылым ордасында» Ержан Исақұлов пен

Зәріпбай Оразбайдың «Шыңғыз хан» кітабының

тұсаукесері өтті.

Шараны ашып жүргізген Ш. Уәлиханов

атындағы тарих және этнология институтының

директоры Зиябек Қабылдинов кітаптың

маңыздылығына тоқталды.

— Бұл кітапта қазақтың тамырының тереңде

екені, Шыңғыс ханның ұлтымызбен тікелей

байланысы бар екені баяндалады. Ержан мен

Зәріпбай ағаларымыз тарихшылар мен ғалымдардың

қолына жетпеген деректерді тауып,

осы керемет еңбекті жазып шықты. Біз осы

кітапты оқып, ондағы деректерді сіңіріп, ізімізден

ерген жастар мен жас ғалымдарға ұсына

білуіміз қажет, — деді Зиябек Қабылдинов.

Автор Ержан Исақұловтың айтуынша,

«Жамиғ ат-тауарихта» келтірілген түркілер мен

оның мұғул тармағына қатысты ең маңызды

деректер іріктеп алынып, кітап соның негізінде

жазылған.

— Кітапқа «Жамиғ ат-тауарихта» келтірілген

деректерден басқа XV және XVI ғасырларда

парсы тілінде жазылған Шараф ад-Дин

Әли Йаздидің «Зафар намасы» мен Мұхаммед

Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты

туындыларынан түркі және мұғул тайпаларының

пайда болған уақыттары туралы, түркілердің

мұғул тармағынан шыққан Шыңғыз

ханның шежіресі Нұх (а.с.) мен Адам (а.с.) атаға

тірелетіні жайлы, «Әмір Құдайдадтың арғы

атасы Өртебура Шыңғыз ханның заманында

оның жарлығы бойынша 7 артықшылық алса,

Тоғлық Темір оған тағы 2 артықшылық қосып,

9 артықшылық берген». .

Сондай-ақ автордың сөзінше осы күнге

дейін Шыңғыз ханның шыққан тегі «моңғол»

деген қате ұғым қалыптасқан. Ержан Исақұлов

бұған қатысты да терең түсінік береді.

— «Жамиғ ат-тауарихтың» қазақшасы мен

орысшасын салыстырып зертеу барысында

оның орысша аудармасында өрескел қателіктер

мен бұрмалаулардың орын алғандығы

анықталды. Соның нәтижесінде тайпалардың,

адамдардың, жерлердің, таулардың, өзендер

мен көлдердің атаулары мен тарихтары

адам айтқызсыз өзгерістерге ұшыраған,

қазіргі Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс

пен Бұрқан Қалдұн тауларындағы өзендердің

алқабын мекендеген түркілердің мұғул тармағынан

шыққан Шыңғыз хан мен оның руының

атауы «моңғол» деп қате аударылып, мұғулдар

мен олардың ежелгі көршілері болған керейлер

мен наймандардың ата-мекендерінің орындары

аудармашылардың қолымен Ертіс пен

Бұрқан Қалдұннан бір сәтте Моңғолия жеріне

апарылған,сөйтіп олар «моңғолға» айналған, —

дейді автор.

Шыңғыс хан қайтыс болған соң, қазіргі

қазақ халқын құрайтын ру-тайпалардың үлкен

бөлігі Жошы ұлысына қарағаны белгілі. Ал дулат

тайпасы алдымен Шағатай ордасына кірді.

Осы жерде, М. Х. Дулатидің «Тарих-и-Рашиди»

кітабында жазылған Шағатай ұлысының

орнында, «Моғолстан» мемлекетінің құрылғаны

белгілі. «Жер дауы мен жесір дауы» деген

халқымызға етене ұғымдарды еске алсақ, жер

қауымдық (рулық) меншік саналған қоғамда

Әбілқайырдан іргесін ажыратқан Керей

95


мен Жәнібекке, өздері қаламаса, Моғолстан

мемлекетіндегі «Беклер бек» (Бектердің бегі)

лауазымын мұраға алған дулат тайпасының ата

мекені Шу бойы мен Қозыбасыдан жер бөліп

бере салуға Есен Бұға ханның жүрегі дауалай

қоймаса керек?!

Бекасыл әулиенің кім екендігіне тоқталып,

оның мұрасының халқымыз үшін қаншалықты

құнды екенін М. Жолдасбеков («Жұлдызнама»

«Егемен Қазақстан» маусым 11.06.13 ж.) өз

мақаласында тағы да бір рет айтып өтті.

«Дарияның қасынан құдық қазғандай»

болмайық, дегенмен, өз білгенімізді қосайық.

Төленің әкесі Әлібектің туған бауыры

Түгелбайға шөпшек болып келетін Бекасыл

әулие өзіне жақын туыс болып табылатын

Төле бидің көзін көргендердің тәлімін көріп,

немерелерімен аралас өсіп қана қойған жоқ,

әз Төлені өзіне рухани ұстаз — пір тұтып өткен.

Өкінішке орай, Төле би тарихын зерттеушілер,

тұрғындарының жартысынан астамы

Құдайберді бидің ұрпақтары болып табылатын

Төле би ауданына ат басын бұрмағаны анық.

Бекасыл әулиенің ең соңғы шәкірттерінің

бірі, оның немере інісі Пошатай ақсақалдың

әңгімесін тыңдамасақ та, көзіміз көрді. Бар

ғұмырын елді имандылыққа шақыруға арнап,

1970 жылдардың соңында өмірден өткен

Пошатай қария көп сырды өзімен бірге алып

кетті.

Мемлекетіміздің шынайы тарихын қалыптастырамыз

десек, М. Х. Дулати бабамыздан

бастап, ортағасырлық ғұламаларымыздың барлық

мұраларын қайта зерттеумен қатар, әлем

елдерінің үлкен кітапханалары мен мұра ғаттарын

ақтарып қана қоймай, ел ішінде сақталып

қалуы мүмкін ескі кітаптарды іздестіруге тура

келеді.

...Сипаттайын Төле би.

Әлібек бидің баласы,

Бекбике деген анасы.

Тұңғыш би боп сайланған

Құдайберді бабасы.

96

Тексере келсең аңғарып,

Үш жүздің де ағасы.

Ағалығын айтайын,

Ұлы жүздің баласы,

Ұлы жүздің ішінде,

Сомдаған болат сияқты,

Тұтас ұзақ саласы.

Он бір ата үзілмей,

Билігінің шамасы.

Басқа би мен Төле би,

Аспан мен жердей арасы.

Қазақта сансыз көп билер,

Үш биден бөлек үш жүздің

Жеткен жоқ түгел шамасы... («Төле бидің

тарихы» Қазанғап Байболұлы «Төлеби»

кітабы-1993 ж.) деген өлең жолдардан Төлеге

дейін оның он атасы би болғанын аңғарамыз .

Еліміздің айтулы ғалымдары мен жазушыларының

алғы сөзімен шыққан «Бәйдібек

баба-Алып бәйтерек ұрпақтар шежіресі»

(«Өнер» баспасы 2004 ж.) атты кітапқа

сүйенсек, Дулат- Жаныс - Жортуыл - Жантудың

Жайылмысынан Қожамберді тарайды. Қожамбердіден

Құдайберді, Құдайқұл, Кәдірқұл,

Кәдірберді, Олжағұл, Сұлтанқұл, Ақберді

туады. Жоғарыда аталған кітап бойынша

«тоғыз ұлды Құдайберді» атанған бабамыздан

Түгелбай, Данай, Ақтай, Бақыбек, Қарашәуке,

Қарасопы (Әжібек), Құдайменде, Тоқпан, Әлібек

атты ұлдар өрбіген.

Біз өз тарихымызды екшегенде, халық

ауыз әдебиеті ең басты назарда болуы қажет.

Неге біз өз жыр — дастандарымызды

мұрағаттық деректермен қатар қойып, зерттемейміз?

Мысалы, «Ес біліп, етек жапқан күнімнен

бір, тарихын Төле бидің теріп жүрдім» деп

жырлап өткен ҚазанғапБайболұлының (1889—

1945 ж.ж.) дастандары әлі күнге ғалымдар

назарынан тыс қалып келеді.

Қазанғап Байболұлының 1941 ж. жазылып

біткен «Еңсегей бойлы ер Есім», «Төле бидің

тарихы» дастандары тек 1993 ж. ғана «Төле


би» деген атпен кітап болып, баспадан шықты

(Белгілі себептермен, кеңес дәуірінде ол

дастандар басылмады). Екі жыр бірін-бірі

толықтыра отырып, қазақ тарихының 3 ғасырға

жуық кезеңін қамтиды. «Еңсегей бойлы ер

Есімнің» ерліктерімен басталып, Кенесарының

көкжал ұлы Садық төренің жанқиярлығын

баяндаумен аяқталады.

Ақын аталған жырларды тікелей Бекасыл

әулиенің еңбектеріне сүйеніп жазған. Ұстазынан

естігенінің бәрін Қазанғап жырға қосқан.

Қазанғап жырларының басқа жырлардан баса

көрсететін ерекшелігі, дереккөздерге сілтеме

беріліп, қай деректі кімнен алғанын анық

көрсетеді.

Мысалы:

Адамынан үш жүздің.

Тере берсең табылар,

Әділ кісі болған соң,

Жүрек аңсап сағынар.

«Таусылмас көп сыр естідім,

Сөз жәрдемін көрсеткен,

Аздап айтсам мыналар:

Біріншісі Бекасыл,

Тоқсан үш жаста жөнеді,

Қоқандағы хандардың,

Төртеуін көрдім деп еді» деп, («Төле бидің

тарихы» Қазанғап Байболұлы «Төлеби»

кіта бы — 1993 ж.) деп деректерді қайдан алғанын

да көрсетеді.

Қазанғаптың көзін көрген журналист Жанәлі

Рсымбетовтің айтуынша, Қазанғап өз ұстазы

Бекасыл әулие туралы: «Есімхан», «Қамбар

батыр», «Абдулланама», «Орқа-күлше», тағы

басқа сол сияқты тамаша, қызық әңгімелерді

алғаш осы кісіден естідім» деген екен («Ол

жүйрік жырау еді», «Оңтүстік Қазақстан» газеті

20.09.1967 ж.).

Құдайбердіұлы Әлібектің жетінші ұрпағы

боп келетін (Төленің бір құрсақтан шыққан

інісі Елібайдан тарайды) халық ақыны Қазанғап

Байболұлы (1889 — 1945 ж.ж.) осы Бекасыл

әулиенің тікелей тәрбиесін алған төл шәкірті

ғана емес, қолында тұрып ер жеткен өкіл

97

баласы. Баласы тұрмай, жастай шетіней берген

Байбол әйелі екеуі Бекасыл әулиеге емделіп,

сонан кейін туылған Қазанғап, бұғанасы

бекігенше әулиенің тәрбиесінде болып, тәлімін

алды. Заманында «Сахара ғұламасы» атанған

Бекасыл әулиенің сақталып қалған жалғыз

кітабы «Жұлдызнаманың» Қазанғап ақын

ұрпақтарының қолынан табылуының өзі көп

жайды аңғартса керек!?

Аталған кітаптың толықтырылып, 2011

ж. баспадан шыққан нұсқасына алғысөз

жазған дінтанушы ғалым Абдулла Жолдастың

айтуынша, кісі еңбегіне қылдай қиянат

жасауды өзіне ар санап өткен Бекасыл

әулие өз еңбектерінде де пайдаланған

әдебиеттердің барлығына сілтеме беріпті.

Әулие өзінің осы қасиетін шәкіртінің де бойына

сіңіргенін байқаймыз. Қазанғап ақын да өз

дастандарында қай деректі кімнен алғанын

анық көрсеткен. Яғни, қазіргі тілмен айтқанда,

авторлық құқықты қатаң сақтаған.

Қазанғап жоғарыда көрсетілген Бекасыл

бабадан өзге, Шәкәрім мен қазір көпшілік

оқыр манға аттары белгісіз болып қалған

Әбдірәйім, Жақыпбек, Әлдеке, Шойбек, Астай

имам, Арғынбай Баймағанбетұлы, Ботбай Тұрта,

Тайқы, қара молда Еркебек т.с.с. кісілердің

жазбаларын да пайдаланғанын атап көрсетеді.

Яғни, аталған кісілердің жазбалары Бекасыл

әулиенің кітапханасында болуы мүмкін.

Қалай болғанда да, өз жыр — дастандарымызды

мұрағаттық және басқа да

деректермен салыстыра зерттеп, көзден таса

қалған тұлғаларымыздың лайықты бағасын

берер уақыт жетті.

Сол дастандардан тарихшылар мен әдебиетшілер

өз ізденістері үшін қазақ тарихындағы

ең бір қаралы парақтардың бірі «Қатаған

қырғыны» (XVII-ғ.), біртұтас Қазақ хандығының

ыдырауының басы болған Тәуке хан өлімінен

кейін орын алған саяси-экономикалық және

әлеуметтік дағдарыстар, Төле бидің Әбілқайырға

деген көзқарасы, Әбілқайыр ханның анасы мен

Төле бидің қатынасы, «Састөбе» құрылтайына


Төле бидің өзі келмей, ағасы Өтебайдың баласы

Қуандықтың ұлы Тастемір шешенді жіберу

себебі, Төле бидің тапсырмасымен Өтеген

Өтеғұлұлының Иран, Ауған, Түрікмен жерлерін

аралап, 17 жыл дегенде елге оралуы, Төле

би мен Әбілмансұр қатынасы, Жолбарыс

ханның қазіргі ресми тарихымыз «жұмбақ»

санап жүрген өлімінің себебі, Абылайдың

жоңғардан босаған жерлерді иемденіп қалған

қырғыздарға жасаған жорығына сылтау болған

оқиға, Төленің ұлы Қожамжардан Ташкентті

тартып алған Жүніс қожаның кім екендігі,

еліміздің оңтүстігінің Қоқан езгісіне түсуі және

бүгінгі күні барша қазаққа ортақ мәтелге

айналған кейбір қанатты сөздер мен еліміздің

түстігіндегі көптеген жер атауларының шығу

төркіні секілді бірнеше бағыт табар еді. Сондайақ

«Төле бидің тарихы» жырында барлық ұлы

адамдардың басында болатын қасірет, бүкіл

қазақ мойындаған Төлені, өз туыстарының

шаршатуы, Тәукенің өлімінен соң жеке-жеке

хандыққа бөлініп кеткен халықтың бір бөлігі

Ұлы жүздің «Қырғыз-қазақтың бір туғанындай

күнінде туылып, шілдей бытырап енші алған

күндерінде өтіп барамын» деп өмірден өткен

Төледен кейін Жүніс қожаның тұсында екіге

жарылып, бір — біріне қылыш көтеріп, найза

кезеуі, ал дулаттардың Қоқан тұсында екіге

жарылып сойылдасуы секілді бүгінгі ұрпаққа

сабақ боларлық оқиғалар баяндалады.

1627 ж. Моғолстан жағында жорықта

жүрген Есім ханның Сайрамсу бойындағы

ордасы на Тұрсын шабуыл жасаған. Қамсыз

отырған ел тоз-тозы шығып, қырғынға ұшырап,

Есімнің туыстары осы маңдағы «Қорғантас»

деген құздағы үңгірге жасырынып жан

сақтайды(Сол өңірде 46 жыл орманшы болған

Кертай Баялиев (1929 ж.т.) ақсақалдың айтуынша,

үңгірге тек төбеден арқанмен ғана

түсуге болады. Жергілікті халық «дуамен байланған

киелі үңгір» деп жолай бермейтін сол

үңгірге түсер сатының арша бұтақтарынан

өрілген қалдықтары өткен ғасырдың 50 жылдарына

дейін тұрған көрінеді. Ленинградтық

бір топ ғалым 1960 жылдары сол үңгірді іздеп

98

келген. Бірақ, Кертай ақсақал киелі үңгірдің

киепеті ұрпағыма тиіп кетер деп, барар жолды

көрсетпеген).

Осы соғыс туралы М. Мағауин Мәшһұр-

Жүсіпке сілтеме жасай отырып, былай дейді:

...«Бірі қорқаулықтан, бірі кектен көздерін қан

басқан екі әмірші Сайрам қамалының түбінде

беттесе ді. Бір жақта екі арыс қатаған, және

оған ерген соншама қауым, екінші жақта үш

арыс алаш және оған қосылған қаншама жұрт.

Бәрі де қазақ»...

Сірә, жер жағдайын білмеуі кедергі

болса керек, Мұхтар ағамыз шайқас Сайрам

қамалының түбінде өтті («Қазақ тарихының

әліппесі» Алматы-1995 ж.) деп қысқа қайырады.

Ал, Қазанғап шайқас кезінде Есім хан

ставкасының солтүстігі Түлкібас, Дәу баба,

батысы Қазығұрт, Шымкентке дейінгі жер

алақандағыдай анық көрінетін «Мыңбайыр»

жотасында (қазіргі Диханкөл Құдайбақ ауылының

желкесіндегі биік жота), ал Тұрсынның

шатыры кейін «Шатыртөбе» (қазіргі Алатау

ауылдық округi, Төлеби ауданы) аталып кеткен

жерде тұрғанын анық көрсетіп қана қоймайды,

екі тараптан жекпе-жекке шыққан батырлар

туралы да үлкен ақпарат береді.

Мәселеңки, Қатағанның бас батыры

Айрылмастың жекпе-жекке киер киімін суреттегенде

...Керіктің қалың терісін,

Басына қалқан қойдырды,

Түтеген мылтық тиер деп,

Өзінің алдын тор қылды...деп қайырған

жолдар этнографтарды да қызықтырары

сөзсіз. Қазақ батырларының тек, Африка

құр лығын мекендейтін керіктің (жираф) терісімен

қалқанын қаптауы сол кездегі сауда

байланыстарының ауқымы өте кең болғанынан

хабар берсе керек?!

Ал, енді шешуші шайқас қай жерде өтті?

Оны табу үшін алдымен екі жақ әскерінің

санын шамалап болса да, анықтау қажет екендігі

түсінікті. М. Мағауиннің деректері бойынша,

Тұрсын хан 1623 ж. Бұхара ханы Имамқұлыға

қарсы 100 мың әскер шығарыпты.


Одан кейінгі 4-5 жыл ішінде Тұрсынның

қосындары көбеймесе, азаймағаны анық.

Күші азайса, әлденешінші рет Есімге қарсы

шығуы екіталай еді. Тұрсында 100 мың әскер

болса, осы шайқаста жеңіске жеткен Есім хан

әскерінің саны да одан кем болмаса керек!

Сайрамсу алабында осыншама қыруар

әскер еркін соғыса алатын жер Ақсу өзенінің

сол жағы мен Сайрамсу (Балдыбірек) өзенінің

оң жағасын бойлай, «Майбұлақ» ауылынан

(Төлеби ауданы) мен Кепесарай ауылына

(Сайрам ауданы) дейін созылып жатқан

«Саңлақ» жазығы ғана.

...Балдыбірек деуші еді,

Сайрамсу бір саласын,

Дабырашалды бір төбе,

Азат биік бас жағы.

Басына шығып төбенің,

Дағара шалды Есім хан»...

Ақынның «Дабырашалды» деп отырғаны

Балдыбірек өзенінің сол жағасындағы қазіргі

Майбұлақ (Жамбыл) ауылының солтүстік

шетінде орналасқан биік төбе.

Ол төбе аталған соғыстан кейін

«Даңғырашалды» аталып кеткен (Ресей

отаршылары 1906 ж. осы жерде «Доброшалды»

деген село орнатқан. Кейінірек, село

«Борисовка» атала бастады. ОҚО Облыстық

мұрағаты).

Бұл жерде ақынның аталған жырларды

1941 ж. көктемде жазып бітіргенін ескеру керек.

Шайқастың қалай өткені туралы М. Мағауин

ештеңе айтпайды.

Ал, Қазанғап Байболұлы мен Қазыбек бек

Тауасарұлының шайқас эпизодтарын суреттеуі

өте ұқсас, ал басты кейіпкерлердің есімдері

бірдей.

Екі автор да бір дереккөзді пайдаланғаны

анық байқалады.

Бірнеше күнге созылған кескілескен

ұрыстан соң Тұрсын ханның әскері тас-талқан

боп жеңіледі.

Сонымен, қазақ тарихына «Қатаған қырғыны»

атанып енген қырғын Сайрамсуда басталып,

Ханабадта аяқталды.

Қатаған тайпасының «арбаның күпшегінен

бойы асқан еркек кіндіктісі түгел найзаға ілініп,

әйел заты түгел үлес-олжаға берілді, түрлі

себеппен кешірім жасалған жекелеген топтары

басқа руларға таратылады » (М. Мағауин).

Қазанғап Шәкәрімге сілтеме жасап, Тұрсын

ханның Қоңырбике, Айбике, Нұрбике атты

қыздары Арғын-Тобықты жігіттеріне тигенін

айтады.

«Қатаған қырғынының» туысқа туыс қол

көтерген АЗАМАТ соғысы екенін Қазанғап пен

Қазыбек бек Сүлейменнің (Есім ханның батыры

) өзінің туған қайынағасы Айрылмасты (Тұрсын

ханның бас батыры) жекпе-жекте өлтіруімен

көрсетеді.

«Қатаған қырғыны Есім ханның жеңісі емес,

бүкіл Қазақ ордасының үлкен жеңілісі болды.

Іргелі елдің туын көтеріп отырған сегіз ұлыстың

екі бөлшегі түнекке батыпты. Содан былай,

қазақ мемлекетін құраған қауым алты алаш

деп аталады» деп топшылайды М. Мағауин. Ия,

шынында да «Қатаған қырғынынан» есеңгіреп

қалған қазақ, тек «Орбұлақ шайқасынан кейін

ғана, еңсесін қайта тіктей бастады. Оған,

1628 жылдан «Орбұлақ шайқасына» (1643

ж.) дейінгі деректердің мардымсыздығы куә.

Шет жерлік дереккөздерді айтпағанда, осы

кезеңде өзіміздің ақын-жырауларымыз да

«үнсіз» қалған.

Сонымен, Есім ханның осы жорыққа

аттанар кезінде қазақ жүздерін — Ұлы жүзді

Құдайберді, Орта жүзді Шаншар, Кіші жүзді

Жидебай билер бастағанын өзінің дастанында

Қазанғап Байболұлы былай толғайды:

...Ынтымақпен сайлады,

— Құдайберді — Жаныстан,

Ең әуелі болғаны.

Орта жүздер сайлады,

Арғын Шаншар мырзаны.

Қаздауысты Қазыбек,

Осыдан тарап шығады.

Кіші жүз Алшын Жидебай,

Баласы мұның Айтеке

Шежіреде шығады....

99


Құдайберді әулеті Есім хан заманы, Ресей,

Қоқан басқыншылықтарын қоса алғанда

атышулы «Қазан төңкерісіне» дейін тайпа

билігін уысынан шығармады. Әлібектен кейін,

оның үлкен ұлы Ақбота би сайланды. Ақботадан

кейін билікке Төле келді. Төле бидің деңгейіне

жете алмаса да, одан кейінгі Қожамжардан

бастап, Дербісәлі, Шойбек би, Момбек датқа

барлығы ел есінде қалатын тұлғалар деңгейіне

көтерілді, олардың барлығы дерлік, өздеріне

қарайтын елдің мүддесін өз мүдделерінен

жоғары қойды.

Ниязбек батыр Ташкент маңында «Ниязбек»

қамалын салса, Шойбек би шежіре жазды,

Момбек датқа Кенесары бастаған ұлт-азаттық

көтерілісіне қатысты.

Осы әулеттен шыққан ең соңғы билер,

Сайрамсу бойындағы Қожабек – Жолан

ауылдарының старшындары Қоқай Көкиев пен

Досалы Досмұратов еді. «Қазақ ұлт-азаттық

қозғалысы» атты жинақтың 4-кітабынан «1906

ж. наурыз айында Бадам болыстығының №

ауылында орыс келімсектерінің Сайрамсу

бойындағы суармалы жерлерді алуына қарсы

Қоқай би Көкиев пен Досалы би Досмұратов

бастаған толқу болып өтті»-деген жолдарды

оқуға болады.

Жоғарыда аттары аталған ағаларымыздың

қазақ әдебиеті мен ғылымына сіңірген

еңбектерін ешкім жоққа шығара алмайды.

Оқырманның қолына әлі талай кітаптары мен

көптомдықтары тиері сөзсіз.

Біздікі, тек ендігі жерде кезінде кеткен

қателіктерге жол берілмесе деген тілек!

Кейбір қолында билігі бар, қолдан «би-батыр»

жасауға шеберленген замандастарымыз, орта

ғасырлардан бергі тарихымызда елдігімізге

айтулы үлес қосып қана қоймай, тұтастай бір

билер династиясының бастауында тұрған

Қожамбердіұлы Құдайберді мен оның ұлы

Әлібек билерді де насихаттап, есте қалдыру

жағын да естен шығармаса екен деген үміт!

Жолбарыс ханның өлімі

... Төле би жұртын жиды қиял ойлап,

Шығарсам арық қазып, Сырдан байлап.

100

Ел болсақ отырысты болар еді-ау,

Қыстасам, Алатауды жазда жайлап.

Бір жағымыз далалы диқан болсақ,

Көшпелі бір жағымыз бие байлап.

Елдерден қатар жатқан үлгі алайық,

Балалардың түбіндегі қамын ойлап.

Мақұл деп арық қазды қалың елі,

Тозақтың тау торабы көлденеңгі.

Орнығып қазақ бәле болады деп,

Жолбарыс хан жау болды Тәшкендегі.

Төле бидің сол қазған арығынан,

Жұртына азын-аулақ ырыс келді.

Амалы жоқ, қуған соң тұрыс бар ма,

Бел байлады Төле би ұрысқа енді... «Төле

бидің тарихы» жырынан.

Тарихымыздағы тағы бір ақтаңдақ, ол Ұлы

жүздің ханы Жолбарыстың өлімі. Тарихшылар

оны бірде қожалардың қолынан ажал құшты

десе, кейбір деректер оны сарттардың өлтіргенін

жеткізеді.

«Төле бидің тарихы» жырда Төле бидің

«Ақтабан шұбырынды» оқиғаларынан кейін

қазақ халқы отырықшылыққа көшіп, егін

екпесе «ұлт» ретінде жойылып тынатынын

терең түсініп Ташкент, Сайрам маңында өз

туыстарына арықтар қаздырып, егін салдыра

бастағаны жақсы көрініс тапқан. Төленің өз

кіндігінен тараған ұлдары бас болып қаздырған

Сайрамсу бойындағы «Қожабек», «Жолан»

арықтарын сол жерлердің халықтары әлі күнге

өз игіліктеріне пайдаланып отыр. Ал, Төленің

ұлы Ниязбек бас болып салдырған Ташкент

түбіндегі «Ниязбек» қамалы мен арығының,

қажет кезде бүкіл Ташкент шәрін ауыз сусыз

қалдыруға боларлықтай, стратегиялық маңызы

болды.

Негізін, Төленің немере туысы Бектемір

(Тоқпанның ұлы) қалаған қыстақ қазір Ташкент

қаласының бір ауданына айналып кетті.

Өз дәргейіндегі көшпелі халықтың

отырықшылыққа бет алуын, өз билігіне төнген

тікелей қауіп деп түсінген Ұлы жүздің ханы

Жолбарыс Ташкент түбіндегі қазақ егіншілерін

қуып тастау мақсатында өз жасақтарымен

барып тиіседі. Оны құрамалардың биі Бүркіт


қолдайды. Қақтығыста садақ оғынан қатты

жараланған Жолбарыс өлім аузында жатып,

Төле биді шақырып кешірім сұрайды. Жолбарыс

өлімінен кейін Ташкент билігі Төлеге тиді.

Осындайда, «Тарих адаспау үшін қажет»

деген Бекасыл әулиенің әйгілі сөзі еріксіз еске

түседі.

Осы жолдардың авторына 2009 ж. Бекасыл

әулиенің шөберелері Пансатбек Кеуенов

(1916-2012 ж.), Жолдасбек Бөртекеев (1929

ж.т.) деген қариялардың әрқайсысымен жекежеке

ұзақ сұхбаттасып, сөздерін диктофонға

жазып алудың сәті түсті. «Кеңес өкіметі орнап,

белсенділер дінге қарсы ашық шабуылға

шыққан аласапыран заман басталғанда,

Бекасыл әулиенің ұрпақтары ғұламаның қалған

кітаптарын Сайрамсу-Жергентал бойындағы

көп үңгірдің біріне тығып, өздері бас сауғалап

жан-жаққа бытырап кетті. Одан соң, іле-шала

1932-33 жылдардағы ашаршылық басталып,

«балапан басына, тұрымтай тұсына» деген

заман туды. Өкіметтің ызғары басылып, дінге

деген көзқарас жұмсара бастағанда, кітап

тығылған үңгірді білетіндер бақилық болып

кетіп еді» деп өкінеді қос қария.

Бүгінгі күні сол мұраны іздеу жұмыстарын

Бекасыл бабаның ұрпағы генерал Е.Исақұлов өз

күшімен жүргізіп жатқанын М. Жолдасбековтің

мақаласынан оқып білдік («Жұлдызнама»

«Егемен Қазақстан» маусым 11.06.13 ж.). Бірақ,

«Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы

шықпас» дегендей, бұл жұмыс бір азаматқа

тым ауыр жүк екені бесенеден белгілі.

Егер, мемлекеттік органдар немесе

демеушілер арнайы экспедиция жасақтаса

Бекасыл әулиенің кітапханасын табуға болады.

Себебі, іздейтін жердің құлама құз-жартасы,

үңгірі-жықпылы көп болғанмен, аумағы аса

үлкен емес. Ол кітаптар табылып жатса, тек

оңтүстік өлкенің тарихы ғана емес, бүкіл

халқымыздың өткеніне қатысты көп дүние

табылары сөзсіз.

Сондай кездері, іштегі жағдайды өз мүддесіне

пайдаланып қалғысы келетін жекелеген

азаматтар мен топтар бастарын көтере бастайды.

Жастарымыз сондай желөкпелердің жетегінде

кетіп қалмау үшін өткен тарихымызды

жақсы білуі тиіс. Бауырға бауыр қол көтерген

азамат соғысы түгілі, ағайындар арасындағы

араздықтың өзі берекені қашыратыны белгілі.

Біз осы бастан сондай жағдайлардың алдын

алумыз керек.

Осы тұста «Тарих адаспау үшін қажет»

деген Бекасыл әулиенің әйгілі сөзін тағы

естеріңізге салғым келеді.

101


102


АБЗАЛ САХОВ,

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,

Ш. Уәлиханов атындағы №2 Жалпы орта білім

беретін мектебі.

PhD докторант, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ.

ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ӘУЛИЕ ФЕНОМЕНІ:

БЕКАСЫЛ БИБОЛАТҰЛЫНЫҢ ӘУЛИЕЛІК БЕЙНЕСІ.

Біз Бекасыл Биболатұлының әулиелік бейнесі

мен төл еңбегі «Зикзалды» өз деңгейінде

қарастыру үшін алдымен көшпенділер дүниетанымына

Ислам дінінің келуін қарастыруымыз

шарт. Осы тұста Ислам дінін қабылдаған

халықтар үшін діннің өзіндік оңды және кері

әсер етуші тұстары болғандығын зерттеуші

ғалымдардың еңбектерінен көруімізге болады.

Оңды әсерін қарастырсақ біріншіден, көшпелі

түркілер даласына ілім мен білімнің келуіне

себепкер болды. Екіншіден, бытыраңқы түркі

тайпаларының бірігуіне септігі тиді. Кері әсер

тигізген жағы көшпелі түркілердің Ислам діні

келгенге дейінгі құндылықтарының тарих беттерінен

ысырылып жойылуына себепкер болды.

Бұл мақалада Ислам дінінің көшпелі түркілер

даласына келуіндегі пайдалы жағын қарастырамыз.

Атап айтқанда түркілердің дүниетанымына

жаңа ұғымдар мен ілімнің келуін

саралаймыз.

Қазақ даласын мекендеген көшпелі түркілер

мәдениетіндегі наным-сенімдердің Ислам

дінінің қағидаларымен көп жағдайда бағыттас

болуы, онымен қоса Ислам дінінің ұстанымында

жұмсақтықты қалап, күш жұмсауды қолдамауына

байланысты қазақ жерін мекендеген

түркі халқы жаңа дінді негізінен қарсылық

білдірмей қабылдағанын көреміз. Қазақ даласына,

оны мекендеген түркі халықтарының

мәдениетіне Ислам дінінің келуімен бірқатар

жаңа ұғымдар мен ұстанымдар келді. Сол

ұғымдар ішінен әулие ұғымын айтсақ болады.

Әулие сөзіне ғалымдар былайша түсініктеме

береді: «Әулие деп негізінен сопылық жолды

ұстанған, шариғат пен тарихатты үндестіріп,

ақиқатқа қол жеткізген тақуа ғалым һәм сопыларды

айтады. Кез-келген сопы мен ғалымның

әулие атануы тағы неғайбіл» десе [1, б.124].

Ілиясова «Әулиелердің адамдар арасындағы

басты миссиясы — қоғамдағы құндылықтарды

сақтау, ел бірлігін, тұтастығын, рухани-әлеуметтік

тұрақтылықты сақтау болатын» — деген

[2, б.11]. Ал С. Қондыбай «Әулие — халық

арасында ерекше діндар-тақуалығымен, шипа

дарытқан емшілігімен әйгілі болған, керемет

қасиетке ие, қауымға рухани тәрбие жүргізуші

тұлға. Әулие — «уәли» деген араб сөзінің көпше

түрі, қазақша қасиетті деген мағынаны береді.

Бұл сөз Құран Кәрімде Алла мен пайғамбарға

қатысты жебеуші, жарылқаушы деген мәнде

кездеседі. Ал хадистерде жақын болу деген

мағынада, яғни Уәли Аллаһ-Аллаға жақын, дос,

Алланың мейірімі түскен деген ұғымда ұшырасады»,

— деп жазған [3, б.194]. Ал Б. Бопай «әулие

деген кім?» деген сауалға «Әулие деген

— Алладан аян келген адам. Болатын істерді

болжап алдын ала айтатын, айтқаны айнымай

келетін, иман сақтап, бойын таза ұстап, білімге

бар жан-тәнімен берілген, Құдай жолында құлшылық

еткен, көріпкелі бар адамды қазақтар

“әулие адам” деп атаған. Қысқартып айтқанда,

Аллаға іс-әрекеті жаққан, Алла жолында жүрген

Алланың сүйікті құлы. Алла тағала ондай

адамдарға ерекше шарапат дарытады, бөлекше

білім, қабілет береді. Болатын істер туралы

аян көрсетеді», — деп ойын жазған [4]. Философ

М. Бурабаев әулие ұғымына төмендегідей

анықтама берген: ««Мен, «Әулие» деген

сөзге берілген анықтамаларға көңілім толмады.

Түрік-мұсылман халықтары оның ішінде

103


қазақтарға «Әулие» деген сөз арабтардан

келген. 1986 жылы Бейрутта шыққан Жубран

Масғуд деген ғалымның «Раидәт-Туллаб» деген

«Арабшадан арабша» түсіндірме сөздігіне

көз жүгірттік: «Әулие» — бұл сөздің көпше түрі

«әулиелер»; ұғым араб тіліндегі «әули» сөзінен

шыққан... Жоғарыда айтылған, пікірге қосарым,

Әулиелердің қоғамдық, көрегендік (жан-жақты

білімді болғандықтан), жастарға, халыққа үлгі-өнеге

көрсетуінде» [5, б.186].

Академик Ғ. Есім әулиелік жөнінде «Әулие

болып, оқу-тоқудан қалыптасуынан гөрі, әулиелік

адамның табиғатымен енетін қасиет деген

түсініктемін. Өмірге әулие болып туу керек.

Әулие адам өзінің ғұмырын, өмір сүру қалпын,

сезім санасын өзі дара қасиеттерімен қалыптастырады.

Әулиелік деген даралық. Әулиеліктің

табиғаты бір болғанмен көрінуі әртүрлі», — деп

пікір білдірген [6]. Академик Ғ. Есімнің «Өмірге

әулие болып туу керек» деген пікірінде әулиенің

тектен-тек болмағандығын оның тектілігі

жөнінде ой қозғайды [6]. Әулие болуы үшін

дінді жетік меңгерген болуы керек. Бұл жерде

М. Бурабаевтың «Қазақтардың арасында

молдалар (әсіресе шала молдалар) көп болған.

Бірақ оларды «әулие» деуге болмайды. Ал

әр «Әулие» молда бола алады» деген пікірін

алға тарта отырып, әулиелердің діни ізденіс

жолдарын қарасақ, сол замандағы ірі діни

орталықтарынан білім алып, Ислам дінін жетік

меңгергендіктерін көруге болады [5, б.186].

Көшпелі түркілердің Ислам дінін жетік меңгеру

деңгейімен қатар ғылымдыда меңгергендігін

З. Кітапшының келесідей еңбегінен көре аламыз

«Құранның парсышаға аударылуы болса

Самани династиясының билеушісі Мансұр бин

Нұх кезеңінде (961-976) қолға алынды. Бір қызығы

бұл жердегі Құранды тәржімалау комиссиясына

Ферғана, Самарқанд, Бұхара сияқты

үлкен діни орталықтардың ғұламаларымен қатар,

Испиджабтың ғалымдары кіреді» [7, v.106].

Нақтылай кетсек, 840 жылы мұсылмандар билігіне

кірген Испиджабтан арада бір ғасыр өткен

соң Құран Кәрімді тәпсірлейтін ғалымдардың

шыққандығын көреміз. Бұл біздің зерттеуіміз

104

үшін өте маңызды ақпарат. З. Кітапшының

баяндауы біздің көшпелі түркілер даласына

дінмен қоса ілім келді деген тұжырымымызға

дәлеледердің бірі болады. Жәнеде, Бекасыл

Биболатұлының алғашқы білім алған медресесі

осы Испиджаб немесе Сайрам қаласының

маңындағы Қарамұртпен байланысты болуы

терең зерттеулерді талап етеді. Айтпағымыз

Испиджабтың тумасы ретінде Ахмет Яссауиді

білеміз, мұндай тұлғалар қанша болғаны бір жаратушыға

мәлім. Сонымен қоса, білім алу жолының

келесі сатысын Қарнақта жалғастыруыда

ашылмай келеді. Қарнақ Түркістан қаласының

маңындағы елді мекен. Арасы жақын. Аталған

қалаларда ілімі жоғары тұлғалар негізін салған

мектептердің болғандығы анық. Сайрам мен

Қарнақты аталған мәселелер бойынша тереңдеп

зерттей түссек үлкен бір ғылыми олжаға

кенелер едік. Ал ол ашылулар Бекасыл Биболатұлының

мұрасының жаңа қырларын көрсетер

еді.

Жоғарыда аталған діни және іліми сауаты

жоғары тұлғалар бала оқытып, елді сауаттандырумен

айналысқан. Діни сауатылығымен

ғылыми сауаттылығын қоса шыңдаған әулиелердің

қалдырған еңбектері олардың білімі

жан-жақты болғанын көрсетеді. Аталған мәселелерді

ескеріп, ғалымдардың пікірлерінің

маңыздылығын бағамдап, мынадай тұжырымға

келдік: әулиелік — адамға тылсымның

құдіретімен берілген қасиет. Бұл тұжырымызды

тереңірек тарқатсақ. Адам баласы тіршілік

етіп бастағаннан бері ілім-білімді меңгергеннің

барлығы әулие болған жоқ. Жәнеде тектілікпен

берілді дегеннің өзінде әулие шыққан әулеттің

ұрпақтарының барлығы дерлік әулие санаттан

көрінбейді. Тылсымның құдіретімен қалыптасқан

тұлғаларда әулиелік қасиеттер көрінді.

Осылайша тылсымның құдіретімен ілім-білімді,

ғылым мен дінді терең меңгеріп, оны сабақтастыра

білген тұлғалар бұқара көпшіліктің

сантүрлі сұрақтарына дәйекті әрі нақты жауаптар

берді. Өмірдің түрлі жағдайлары негізінде

қалыптасқан мәселелерге нақты жауап қатқан

тұлғаларды бұқара әулие атады.


105

Әулие сөзінің шығу тегіне тоқталсақ. Қазақстан

Ұлттық энциклопедиясында Әулие

сөзіне былайша анықтама береді: «Әулие —

Араб тілінен ءايلوأ (жекеше түрі ‏(ىلو — желеп-жебеуші,

ерекше діндарлығымен, дін жолына

кіршіксіз берілгендігімен халық сеніміне

ие болған қасиетті тұлға» [8, б.21]. Ал Ислам

энциклопедиясында «Әулие сөзін — достар,

жақындар. Уәли сөзін — соның жекеше түрі.

Құран Кәрімде көбінде дос деген мағынада

қолданылады. Алланың достары (evliyaullah),

Алланың қаһарынан қорқатын, мұсылмандарға

жәрдемші, жақсылықты ұлықтап, жамандықтан

аулақ жүруді насихаттаушы», — деп тарқатқан

[9, б.189]. Түрік тілі мен әдебиеті энциклопедиясында

Әулие сөзіне мынадай анықтама береді:

«Әулие — балама сөзі уәли. Парсы, түрік

тілдерінде жекеше түрде қолданылады» [10].

Әулие ұғымының қалыптасуы Ислам

дінімен келген. Ислам дінімен келген әулие

сөзінің Құран Кәрімде қолданылуы жөнінде

төмендегідей ақпараттарға кезіктік: ««Әулие»

сөзі Құран Кәрімде 35 жерде, «Уәли» сөзі 113

жерде кездеседі» [11].

Құран Кәрімнен сілтемелер келтірсек: 3 —

Әли Ғымран сүресі 28 аят: «Мүміндер, мүміндерден

өзге кәпірлерді дос тұтпасын. Әлдекім

осыны істесе, Аллаға ешнәрседе байланысы

жоқ. Бірақ олардан сақтану үшін болса басқа.

Алла сендерді өзі қорқытады. Және барар

орын Алла жақ» [11, б.53]

3 — Әли Ғымран сүресі 175 аят: «Негізінен

шайтан өз достарын қорқытады. Сондықтан

олардан қорықпаңдарда, Менен қорқыңдар,

егер мүмін болсаңдар» [11, б.73]. 33 — Ахзап

сүресі 5 аят: «Оларды әкелері мен шақырыңдар.

Сол Алланың қасында турарақ. Егер әкелерін

білмесеңдер, сонда олар; дінде туыстарың, достарың.

Ол жөнінде қателессеңдер, сендерге

кінә емес. Бірақ әтейге жүректеріңмен болса

(болмайды.) Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді»

[11, б.418]. 33 — Ахзап сүресі 6 аят: «Пайғамбар,

мүміндерге өздерінен артық. Оның жұбайлары

олардың аналары. Алланың Кітабында;

туысқандар бір-біріне мүміндерденде мұһажірлерденде

(мираста) жақын. Бірақ достарыңа

(мүміндерге) қамқорлық жасауларыңа болады.

Осылар Кітапта жазылған болатын» [11, б.418].

Бұқара сүресі 107 аят: «Білмедің бе? Көктер

мен жердің иелігі Аллаға тән. Сендер үшін Алладан

өзге не дос, не жәрдемші жоқ» [11, б.17].

39 — Зүмәр сүресі 3 аят: «Көңіл бөліңіздер! Дін

нағыз Аллаға тән. Сондай Алладан өзгені дос

тұтқандар: «Біз бұларға, Аллаға жақындастырсын

деп қана табынамыз» (дейді.) күдіксіз олардың

араларындағы таласқан нәрселеріне Алла

(Т.) үкім береді. Расында Алла кім өтірікші, өте

қарсы болса, оны тура жолға салмайды» [11,

б.458]. Жоғарыда келтірілген Құран Кәрімнің

аяттарындағы сүрелермен ғалымдардың пікірінен,

әулие сөзінің аудармасы Алланың досы

деген ұғым бергенімен, ол адамдарға бұқара

көпшілік берген әулие статусынан Алланың жолындағы

ізгілікті қолдаушы адам деп білеміз.

Зерттеу барысында Құран Кәрімнің қазақша

аудармаларын саралай келе негізгі ой

сақталғанымен түпнұсқаның мәтіндік маңызын

аша түсу мақсатымен мәтіндер өзгеріске

ұшырағандығы анықталды. Анықталған айырмашылықтарды

ескере отырып мақалаға

келесідей сілтемелер келтірдік. Атап айтқанда,

Халифа Алтайдың 1991 жылы басылған

қазақ тіліндегі Құран Кәрімнің аудармасы

[11], 2019 жылы шыққан Кустаеваның Құран

Кәрімнің орысша-қазақша аудармасына мәтіндік

жағынан сәйкес келеді [12]. Ал 2013 жылы

шыққан Құран Кәрімнің қазақша аудармасында

мәтіндік айырмашылықтар анықталды [13].

Сүрелердің атаулары Халифа Алтайдың аудармасында

«Әли Ғымран» [11] сүресі, 2013

жылғы аудармада «Әли Имран» сүресі деп

берілген [13]. Халифа Алтайдың аудармасындағы

«Ахзап» [11] сүресі, 2013 жылы шыққан

Құран Кәрімде «Әл-Ахзаб» сүресі деп берілген.

Халифа Алтайдың аудармасындағы 3 —

Әли Ғымран сүресінің 175 аятында: «Негізінен

шайтан өз достарын қорқытады. Сондықтан

олардан қорықпаңдарда, Менен қорқыңдар,

егер мүмін болсаңдар», — деп берілсе [11,

б.73], 2013 жылғы аудармада «Шын мәнінде,


сол — шайтан, өзіне ерушілерді ғана қорқытады.

Сондықтан олардан қорықпаңдар, иманды

/мүмін/ болсаңдар Менен қорқыңдар»,

— деп жазылған [13, б.84]. Халифа Алтайдың

аудармасындағы Бақара сүресінің 107 аятында:

«Білмедің бе? Көктер мен жердің иелігі

Аллаға тән. Сендер үшін Алладан өзге не

дос, не жәрдемші жоқ», — деп [11, б.17], ал

2013 жылғы аудармада «Аспандардың және

жердің билігі Аллаһта екендігін білмедің бе?

Сендерге Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек

беруші де жоқ», — деп жазған [13, б.21]. Бұл

сілтемелерді келтіру арқылы біздің негізгі мақсатымыз

— Құран Кәрімнің аудармаларындағы

кемшіліктерді іздеу емес, қолданылған әдебиетті

нақтылап ойымызды қорыту деп айтқымыз

келеді.

Әулие ұғымын айшықтай түсу мақсатымен

әулиеліктің өзге діндердегі қолданысы аясына

көз жүгіртсек, бұл ұғым барлық діндерде

кездеседі. «Христиан дінінде «великомученик»

(ұлы қасірет шегуші), «апостол» (пайғамбар),

«мученник» (қасірет шегуші), «монах», «блаженный»

(дәруіш) т.б. ретінде кездеседі.

В. Н. Топоров «Христиан дінінде Әулие сөзі

святой депте аударылады. Әулие (святой) ұғымының

негізінде Славянға дейінгі (Прославяндық)

svet (svent) — жарық немесе сәуле деген

ұғымды береді дейді», — деп жазған [14,

с.7]. Жоғарыда көрсетілгендей прословяндық

«svet» немесе (svent) сөздерін — жарық, сәуле

деген ұғымдарға қарағанда, «Нұр» деген балама

аударма ретінде қолдану сөздің мағынасын

аша түсері анық. Бұл тұжырымыз құранға

дейінгі түскен үш кітаптың бірі — Забурда

нақтыланады. Және де В. Топоровтың прославяндық

сөз деп тарқатуыда Забурды меңзейтінін

көруімізге болады. Жаратушыдан түскен

төрт кітаптың бірі — Забурда, Ишая пайғабардың

жазба деректерінде төмендегідей мағлұмат

қалдырған: «Б.з.д. 740 жылы Жаратқан

Ие Ишаяға аян беріп, оны пайғамбары болуға

шақырады. Ишая өмірінің басым бөлігін Яһуда

елінің астанасы Иерусалимде өткізген» [15,

б.797]. Алладан немесе Жаратушыдан түскен

106

төрт кітаптың бірі — Забурдағы деректер бойынша

«нұр» жөнінде төмендегідей ақпараттар

жазылған:

«Жаратқан Иенің адал қызметшісі —

Әлемнің Нұры

«Міне, менің қолдап жүрген қызметшім,

Жаным рақат табатын таңдаулым!

Оған қондырдым өзімнің Рухымды,

Ол халықтарға жеткізбек әділ үкім.

Қызметшім ақырмайдыда айқайламайды,

Оның даусы көшелерде шықпайды.

Ол майысқан таяқты сындармайды,

Бықсыған білтеніде сөндірмейді,

Шынында әділдікті орындайды.

Ол соны берік орнатқанша жер бетіне

Күші тасып, алған бетінен қайтпайды.

Алыс елдер үміт артар оның тәліміне»

[15, б.840-841]

«Құдайдың қызметшісі — барлық халықтар

үшін жарық Нұр»

Аралдармен теңіздер жағалауларындағы

елдер, алыстағы халықтар, сөзіме құлақ түріп,

тыңдаңдар: мені анақұрсағынан-ақ Жаратқан

Ие тағайындады, есімімді туған кезімнен-ақ

есінде сақтады. Ол сөзімді семсердей өткір етті.

Мені қолының саясында қорғап үшкірленген жебеге

ұқсас қылып «қорамсағында» сақтап келеді»

делінген [15, б.848-849]. Забурдағы жазылған

«нұр» атқаратын қызметтер Исламда ғы

«әулие» қызметтеріне сай келетіндігін байқауымызға

болады. Демек, жаратушының бұйрығымен

әулие болған тұлғалардың кейіннен

исламға дейінгі өзге діндерде құндылығының

жойылуына адами факторлардың әсері орасан

зор болған. Жоғарыда көрсетілген сілтемелер

негізінде Алладан түскен төрт кітапта әулиелердің

орны ерекше екендігін байқауымызға

болады. Әулиелер қызметі қай дінде болсада

ерекше болғанымен, өзге діндерді ұстанған

мүмкіндігі бар ірі тарихи тұлғалар, атын тарихта

қалдыру мақсатында өзін-өзі әулиелендіріп әулиеліктің

құндылығын төмендеткен. Осылайша

әулие сөзінің тарихына үңілгенде, әсіресе өзге

діндерде жаңсақ мәліметтерге жолығуымыз

көптеп кездеседі. Бұл мәселені зерттеуші


Ә. Ны санбаев «Христиан дінінде III-IV ғасырларда

патшалардың, князьдердің, епископтардың,

патриархтардың, Рим папаларының есебінен

әулиелердің саны көбейді», — деп мәлімдейді

[8, б.21]. Дінтанушы Л. Н. Тоқтарбекова Нысанбаевтың

мәлімдемесін: «...салыстырмалы түрде

айтар болсақ, яһудилер Таурат пен Забурды

мойындағанымен, Інжіл мен Құранды мойындамайды,

өз кезегінде христиандар Көне және

Жаңа өсиетті қабылдап, мұсылмандардың

Құранын мойындамайды. Ал мұсылмандар болса,

төрт кітаптыда — Таурат, Забур, Інжіл және

Құранды — қасиетті мәтін ретінде мойындайды,

тек алдыңғы үшеуін адамдар тарапынан бұрмаланған

деп есептейді», — деп қолдады [16,

б.23]. Бұл тұжырымдар біздің Таурат, Забур,

Інжіл қасиетті кітаптары түскен исламға дейінгі

діндеріндегі әулие ұғымының бұрмалануы

жөніндегі ойымызды нақтылайды.

Қазіргі таңда Қазақстан аумағындағы әулиелерді

насихаттау мен жаңғырту әрекеттері

екі тарапта жүзеге асырылуда. Бірінде, ислам

дініне дейін пайда болған діндердің басынан

өткерген әулиелік ұғымына өзінің атын қосу

тәжірибесі Қазақстандада бой көрсетуде.

Әртүрлі әрекеттер арқылы белгілі бір белес, қырат,

төбелер, т.с.с. жерлерге бабасының немесе

әкесінің атын беріп әулиелер қатарына өзінің

ата-бабаларының есімін енгізу мақсатында

әрекеттер жасап жатқан азаматтарда табылуда.

Аталған әрекеттерді жасау арқылы бабасының

атын ұлықтап, есімін мәңгілікке қалдыруды

мақсат тұтқан азаматтар елдің мәдениеті мен

тарихына қиянат жасайтындығын сезінбеуде.

Осы әрекеттері арқылы әулиелер қатарына

жасанды тұлғаларды енгізу процесі әулиелік

ұғымының құнсыздануына алып келетіндігін

бағамдамауда. Аталған әрекеттердің практика

жүзінде жүзеге асырылу себептерін исламтанушы

Ә. Муминовтың келесі тұжырымынан

көрсек болады «Кеңестік кезеңде қазақтардың

мұсылман мәдениетін кешенді зерттеу іс

жүзінде мүмкін болмады. Сонымен қатар, саяси

идеологиялық шеңбердің әсерінен дәстүрлі,

модернизация және рухани процестердің

107

тұтастығын түсінуде түрлі пікірлер пайда болды.

Ауызша тарихтың, мифологияның үлкен

қабаты ресми ғылымда әдейі еленбеді, бірақ

жеке қауымдастықтар белсенді түрде мән

бере бастады» [17]. Ә. Муминовтің тұжырымы

негізінде аталған әрекеттерді қазақтың тәуелсіздік

алғанға дейінгі жоғалғанын түгендеп,

тамырын жалғау әрекеттернің бір көрінісі деп

тұжырымдауға болады. Ә. Муминовтің тұжырымын

«Практика и места памяти в Казахстане»

атты ұжымдық монография авторлары келесідей

ойларымен қуаттай түседі: «Ағымдағы

зерттеуде есте сақтаудың апроприацияланған

стратегияларына баса назар аударылды — Тәуелсіздіктің

алғашқы жылдарында іс жүзінде

әрбір өңірде белгілі бір аумақтың символдық

өзегі, өңірдің символдық орталығы рөлін атқаратын

үлкен мемориалдық кешен құрылды»

[18, с. 24]. Осылайша тәуелсіздік алғаннан кейін

жоқты қолынан келгенше қалпына келтіру

процесі жүзеге асырыла бастады.

Екіншісі, өз заманында белгілі бір себептермен

аты аталмай немесе ұмыт қалуға жақын

қалған есімдерді кейінгі ұрпақ тамырын іздеп,

есімдерін қайта жаңғырту жұмыстары.

Аталған әрекеттің екі түріде қазіргі таңда

атқарылуда. Ел ішінде әулие атанып, зираты

қастерлі саналған тұлғаларымыздың шынайы

бейнесін қалыптастырып, тарих беттерінен

өшірмей жаңғыртуда тарихшыларымыз бен

шежірешілеріміздің алатын орны ерекше.

Аталған сала мамандары тыңғылықты зерттеу

жасап, ғылыми бағамдау заман талабына айналуда.

Ислам дініндегі әулие ұғымының халық

ішіндегі құндылығы мен таралуы жөнінде С.

Қондыбай төмендегідей ойын айтқан: «Әулиелер

мен киелі орындар — қазақ жерінің нақты

нүктесі, координаты, есімі болып табылады.

Олар — бір жағынан, жер-суаты, екінші жағынан,

әр аймақтың бейнелік портретін толықтыратын,

байыта түсетін материал. Олар — кез келген

жер тараптың рухани-эстетикалық байлығы

болып табылады... Олар — ғасырлар бойы қазақ

халқының рухани «экспертизасынан» өт-


кен дүниелер. Бұл — эстетикалық байлық. Тіпті

болмағанда олардың аттары — қазақ жерінің

нақты нүктелерінің аттары ғой, оның өзіде

маңызды мәселе бола алады», — деп жазған

[19, б.6]. С. Қондыбайдың бұлайша ой қорытуына,

қазақ даласындағы әулие атанған жерлердің

бірінде сол тұлғалар жерленсе, бірінде

саяжайы, енді бірінде жан тапсырған немесе

қоныстанған жерлері болған. Әулиелердің өмір

сүрген заманында оны танып білген халық,

жергілікті жерлердегі сол кісілер өмірден өткеннен

кейінгі арнайы географиялық ланшафттардағы

нүктелерге әулиелер есімдерін беріп,

зиярат еткен. Бұл дәстүр халық ішінде қазіргі

таңдада өз жалғасын табуда.

Әулие ұғымының қалыптасуы мен Ислам

дінінің келуі жайындағы ізденістеріміз Б. Биболатұлының

әулие атануынның себептерін ашып

көрсетеді. Жоғарыда келтірілген ғалымдардың

тұжырымдары негізінде Б. Биболатұлының

төл еңбегімен өмірлік мақсатының негізінде

авторды толық әулие деп атауға негіз бар.

Жаратушының нұры төгілген тұлға, қажырлы

еңбегінің негізінде дін мен ғылымды

ұштастыра меңгеріп оның игілігін халқына

төккен. Б. Бибо латұлының жазбаларындағы

адам баласынан тек жақсы қасиеттерді көріп,

оны насихаттауы негізінде халық әулие атаған.

«Менің кім екенімді білгің келсе, айналамдағы

халықтан сұра» деген халық даналығын негізге

ала отырып Б. Биболатұлының әулиелік қасиеттерін

өз еңбегінен және ел ішіндегі ауыз

екі сақталған ақпараттары негізінде тұжырымдауға

болады.

С. Қондыбайдың қазіргі таңдағы әулие

ұғымының қолданысы «қазақ жерінің нақты

нүктесі, координаты, есімі болып табылады»

деген пікіріне толықтай қосыла отырып әулиелік

феноменнің қалыптасуы мен өрбу тарихын

тарқата келе келесідей тұжырымға келдік [19,

б.6]. Қазақ дүниетанымындағы әулиелік пен

өзге діндердегі әулиеліктің рөлін саралай отырып

ойымызға «қазіргі таңда Бекасылдай әулиелер

бар ма?» деген сауал туындады. Біздің

пайымдауымызша қазіргі таңда әулиелер бар.

Бірақ, біз оларды тану қасиетімізден айрылып

қалғанбыз. Бұл ойымызды Б. Әбдірахмановтың

келесідей ойымен бағамдасақ: «Осынша әулие

қазір барма, бар болса, қайда?» деп ойлауы

мүмкін. Олар біздің арамызда бар, бірақ

біздің пенделік «менмендігіміздің» басым болуына

байланысты мойындағымыз келмейді.

Олардың жақсылығын, әулиелік қасиеттерін

уағыздауға қазіргі қоғамның рухани деңгейінің

төмен болуына байланысты адамның әулиелігін

фәниден бақилыққа өткенде ғана айтамыз»

[19, б.48]. Б. Әбдірахмановтың тұжырымын негізге

ала отырып Б. Биболатұлының әулиелігіне

күмән келтіруден гөрі, оны насихаттау жұмыстарын

жүзеге асырған жөн деп санаймыз.

Және де, әулие бейнесі — ұлт ішіндегі бірегейлік

пен жаңғыру бейнесі екендігін нақтылай

кеткіміз келеді. Әулиеліктің ұлт тарихында

қоғамның қалыптасуына мәдени-әлеуметтік,

әлеуметтік-тарихи, саяси-психологиялық орны

орасан зор екендігін айтқымыз келеді. Бекасыл

әулиенің тек географиялық нүктенің координаты

болып қана қалмауы үшін оның тұлғалық

бейнесін зерттей отырып, еліміздің тарихының

өткені мен болашағы арасындағы үзілген

тамырды жалғау бүгінгі уақыт талабы болып

табылады. Бұл мәселе өз кезегінде «Сакралды

Қазақстан», «Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» бағдарламаларының маңыздылығын

аша түседі.

108


Белгілі ғалым Қайрат Сақ пен Қырғыз Республикасынан келген

Есім ханның ұрпақтарының хан ордасымен танысып жүрген сәті

109


110


ҚАЙРАТ АНАРБАЕВ,

ОҚМПУ доценті м.а., тарих ғылымдарының

кандидаты.

БАҚЫТЖАН НАУРЫЗБАЕВ,

Лермонтов атындағы №17 ЖОМ директоры,

тарих пәні мұғалімі.

ГАУХАР ӘУЕЗОВА,

№84 ЖОМ тарих пәні мұғалімі.

БЕКАСЫЛ БИБОЛАТҰЛЫНЫҢ «ЗИКЗАЛ» ЕҢБЕГІНДЕГІ

КЕЙБІР ТАРИХИ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР.

Көне және жаңа дәуірлердегі Қазақстан

тарихын зерттеуде құнды дереккөздер ретінде

түрлі жазба мұралар пайдаланылып келеді.

Олардың қатарына көне грек, латын, парсы,

қытай, араб, түрік, армян, славян тілдерінде

жазылған жылнамалар, тарихи, географиялық,

агиографиялық шығармалар, энциклопедиялар,

саяхатшылардың естеліктері, актілік

құжаттар және сөздіктер т.б. жатады. Жазба

ескерткіштердің басым бөлігін, негізінен,

сипаттау бағытында жазылған елшілер мен

саяхатшылардың, уағыз таратушылардың

(миссионерлердің) естеліктері мен жазбалары

және өзіндік жанрға жататын актілік, яғни

заң актілері - жарлықтар, бұйрықтар, түрлі

актілер-өтініштер, арыз-шағымдар құрайды.

Олар тарихи дереккөз ретінде ғылыми айналымға

енген. Өкінішке орай, тілдік жәдігерлер

— сөздіктерді тарихи дереккөз ретінде қарастырып,

ғылыми айналымға қосқан еңбектер

жоқтың қасы. Шындығында, «тiлдiк деректер»

арқылы этностың болмысын, тұрмысын және

өзiндiк тарихи ерекшелiктерiн айқындауға болады.

Өйткені, халық тарихи санасы арқылы

өзін толық тани да, таныта да алады. Халық

өз тұрмысы мен болмысындағы бар, әрі қажет

еткен дүниенің бәрін, тарихи санадағы ұғым,

түсініктерін тіл арқылы сыртқа шығарады және

сақтайды.

Осы орайда қазақ халқының төл перзенттерінің

жазған еңбектерінің елге берері мол

екені даусыз дүние екені тағы белгілі. Өйткені,

111

олардың еңбектерінде шетелдік жазбагерлердің

еңбектерінде кездесетіндей халықтың

тарихи танымы мен тіліне байланысты кедергілер

болмайды. Керісінше ұлттымыздан

шыққан ғұламалардың қандай сипаттағы болмасын

жазбаларында халықтың танымы мен

қолданған тілдегі ұғымдар сол күйінде қолданыста

болатынымен де құнды. Солар арқылы

халқымыздың тарихы мен мәдениетіне, дүниетанымына

байланысты деректерді зерделеудің

мол мүмкіндіктері ашыла түседі.

Міне, сондай құнды еңбектер қатарында

жерлесіміз Бекасыл Биболатұлының (1822-

1915 жж.) 2017 жылы «Ғылым» баспасынан

екі том болып толықтырылып жарияланған

«Зикзал» («Нұрлы өрнектер») атты еңбегі бар.

Ал толықтырылып аталған еңбек бұған дейін

2005 жылы бір том болып, ал 2011 жылы

алғашқы толықтыруларымен екі том болып жарияланған

болатын. Еңбектің осы басылымдары

туралы кезінде ақпарат құралдары арқылы

көпшілік таныс болды. Ол аудармалар Мақсұт

Шапиғи мен Сәрсенбі Дәуітұлы және кейінгісі

белгілі дінтанушы ғалым Абдулла Жолдасұлы

тарапыннан жасалғаны белгілі. Соңғы толықтырылған

еңбекті түпнұсқадан қазақ тіліне аударған

белгілі дінтанушы, аудармашы Оразбай

Зәріпбай Жұманұлы мен Оразбаев Мухамедзаффар

Зәріпбайұлы.

Жазба жәдігердің аз ғана уақытта бірнеше

мәрте толықтырулармен шығуының өзіндік

себептері де жоқ емес. Араб, парсы және


түрік-шағатай тілінде жазылған шығарманы

оқып, талдауға санаулы мамандардың ғана тісі

бататынын айтпағанда еңбектің мазмұндық

тұрғыдан күрделігі де аз әсер етпегені байқалады.

Халықтың рухани мұрасын түгелдеуге

маңызы көп еңбектің лингвистикалық және

діни жағын арнайы мамандар айта жатар дей

келе, біз өзіміз байқаған кейбір тұстарына қатысты

алғашқы ойларымызды бөліскенді жөн

санаймыз.

Әуелі еңбектің өзі Бекасыл Биболатұлының

ғұламалық, білімпаздық келбетін, әулиелік қасиетін

байқатады. Яғни автордың өз заманына

лайық Ислам дінінің қағидаларын, Құран

тәпсірлерінің мағынасы мен астарындағы құпияларын,

хадис ілімдерінің қасиеттерін және

пайғамбарлар тарихына қатысты деректерді

терең игерген, Ислами ілім-дердің бір тарауы

болып саналатын «Палнама», яғни шариғи деректер

негізінде жорамал жасау ілімдерін жете

меңгерген ғұлама. Екіншіден, ол араб, парсы,

түрік тілдерін жақсы білген.Яғни бүгінгі тілмен

айтқанда «полиглот», әрі астролог.

Автор туралы алты Алашқа белгілі тұлға

Мәшһүр Жүсіптің: «Қазақ баласы оқыдым,

тоқыдым десе де Бекасыл хазірет бола ма?...»

— деген сөздеріндегі бағалауы көп нәрсені

аңғартады [1]. Ал жазба жәдігердің ұлтымыз

үшін құндылығы туралы ғалым Мырзатай Жолдасбековтің

кітаптың екінші басылымын таныстыруда

айтқан: «Біз уызға жарымай өскен

ұрпақпыз. Дүние жүзінің тарихын оқыған қазақ

өз тарихын жарытымды оқи алған жоқ. Тарихи

дүниелер енді-енді ғана ашылып жатыр.

Өз бастауымызбен, асыл мұраларымызбен енді-енді

қауышып жатырмыз. Оның бірі Бекасыл

бабаның «Жұлдызнама» кітабы» — деп тебірене

айтқан сөздерінен артық айту да мүмкін емес

шығар. Ендігі міндет еліміздің көпшілік қауымын

сол елдің «көзайымына» айналған еңбекті

терең талдап оқуға ден қоюы керектігінде демекпіз.

Аталған аудармашы ғалымның пікіріне қарағанда,

бұл еңбекте баяндалған барша ғылыми

мәліметтер, келтірілген дұғалар, тылсымдар

112

мен олардың қолдану тәсілдері, пайғамбарлар

мен әулиелер туралы деректер, адамдар мен

перілер, жануарлар мен құстар, шаруашылық

пен диқаншылық, құсбегілік пен аңшылық

және басқа да көптеген салаларды қамтыған

мәселелер мен олардың шешімдері Құран мен

хадистердің ғылыми ұстанымдарына негізделгені

байқалады.

Әсіресе, діни-космогониялық және этнографиялық

жағынан маңызға ие деректерді

талдап қарастыруға керекті деректердің кездесуімен

жазба мұра бағасын арттырып тұр

деп санаймыз. Жазба ескерткіштің тікелей

болмаса да оларды түйсінуге, түсінуге көмектесетін

тұстары да жоқ емес. Әрине, Бекасыл

әулие еңбегінде кездесетін лингвистикалық,

діни-космогониялық және өзге де сипаттағы

деректер тікелей этнографиялық сипатымен

нақты ажыратылып жазылмаған. Олай жазу

мақсаты да болмағаны белгілі. Бірақ біз тілдегі

сөздің материя екенін, ал кез келген «материя

бейнелеуге бейім» екені туралы теорияларды

негізге ала отырып, тарихи зерттеу әдіс-тәсілдерін

қолдана отырып деректанулық талдаулар

арқылы ұлтымыздың санасында өмір сүріп,

қазіргі күндері ұмытыла бастаған этнографиялық

деректерді аршып алуға болады деп санаймыз.

Бұл орайда отандық тарих ғылымын да

лингвистикалық деректерді пайдалану арқылы

деректерді пайдалану үлгілерін көрсеткен ғалымдардың

(П. Голубовский, С .Г. Кляшторный,

С. А. Плетнева, С. Моллова, Ә. Қоңыратбаев,

Ә. Марғұлан, Қ. С. Анарбаев т.б.) еңбектері бағдар

бола алады.

Енді «Зикзалдағы» біздің назарымызды

ерекше аударған тарихи этнографилық деректерге

тоқталамыз. Мысалы жазба жәдігерде

келтірілген «Хатундай нығмет бар ма екен?!

Хатун үйни қуанчи.

Қүрса туйар қарын ачи,

Фарзандларини дүр-тажи...» деп басталып

әйелдердің қасиеттері мен шыққан тегі, ананы

құрметтеу сияқты шумақтармен аяқталған

тұстары бар. Біздіңше ол өлең жолдары халқымыздың

«Жұмақ ананың аяғының астында»,


«Бұл дүниенің бәрі (ондағы дүниелердің бәрі

де) сән-әшекей (өткінші, уақытшалық нығметтер),

ал енді осы өткінші дүниедегі сән-әшекейдің

ең қайырлысы — ізгі салиқалы әйел» деген

асыл сөздерін еске салып тұрғандай әсер

береді. Біздіңше, Бекасыл әулие аталған шумақтар

арқылы жай ғана жыр жазбаған әйелдің

жаратылысының мәні мен қазақ қоғамындағы

қыздың орны туралы ойларын да қоса

кеткені байқалады.

«Зикзалдың» тағы бір діни-космогогниялық

және этнографиялық тұрғыдан дереккөздік

ерекшелігі ол еңбектің ішінде қазақ фольклорында

айтылатын кейбір діни-мистикалық

ұғымдар мен түсініктерді терең ұғынуға көмекші

сипатының болуы деп қарастыруға болады.

Соның ішінде ортағасырлық сопылық ілімнің

діни түсініктеріне қатысты көп жайттарды айқындай

түсуге әсері көп. Мысалы, сопылық

ілімнің сатылары бойынша «ғайып ерендердің»

бірнеше сатыдан тұратынын және солардың

арасынан эпостық жырлар мен аңыздарда көп

кездесетін әруақ, «ғайып ерен қырық шілтен»

туралы түсініктерді кеңейтуге қатысты мағлұматтарды

кездестіреміз. «Зикзалдың» 187 бетінен

немесе соңғы басылымның ІІ томының

алғашқы парақтары «Ғайып ерлер» деп басталады.

«Ғайып ерендер» дұғасының өзінің бірнеше

түрі бар екені осы ескерткіште анық көрсетілген.

Соның бірінші түрін жазбагер төмендегіше

көрсеткен: «Мейірімді де рақымшыл Алланың

атымен бастаймын.

Ассалаумү алейкум, ей, Ғайып ерлер!

Және ей, қасиетті адамдардың әруақтары,

Және ей, екі имам,

Және ей, аутадтар,

Және ей, бүдалар,

Және ей, руқабалар,

Және ей, үманалар,

Және ей, нүжабалар,

Және ей, хауарийлер,

Және ей, құтбтардың құтыбы,

Алланың құтқарушылығымен, маған аян

етіңдер!

113

Және Алланың мейірімділігімен мейірімділік

жасаңдар!....» — деп келетін дұғаның мәтіндерінен,

оған аудармашылар берген түсіндірмелерге

қарағанда алғашқы имамдар — бұл рухани

жетекшілер, мұсылман қауымының басшылары,

аутадтар-қазық, тіреулер, бүдалар — орынбастарлар,

руқабалар- бақылаушылар, күзетушілер,

байқаушылар, үманалар — сенімділер,

нүжабалар-асыл болмысты атақтылар, хауарийлер-көмекшілер

ал Құтбтың сопылық дәреже

сатыдағы ең жоғары әулие, яғни «кемел

адам» деген ұғымға ие екенін байқай аламыз

[3, 3-4 бб.].

«Зикзалдағы» тағы бір ерекше назар

аударуды қажет ететін мәселе халықтың

астрологиялық білімдері мен дүниетанымдық

сенімдерінің іздерін байқататын деректердің

кездесуі. Соның ішінде жұлдыздардың орналасуының

адамның күнделікті іс-әрекеттеріне

ықпалы жөніндегі автордың болжамдары дер

едік. Еңбектегі «Сегіз жұлдызды білудің баяны»

атты тарауы ерекше құнды деректерге ие

деп ойлаймыз [2, 366-368 бб.]. Біз халқымыздың

ауыз әдебиетінде «жұлдызы жанған адам

, «жұлдызы қарсы» деген сияқты сөз тіркестерінің

бар екенін білеміз. Аталған еңбек олардың

бостан босқа айтылмайтынын, адамның

еңбегі мен сол еңбектің жемісі аспан шырақтарының

орналасу циклімен байланысты екенін

ұқтыратын мағлұматтар берілген. Жазбада автор

келтіргендей әрбір цикл он күндік бойынша

есепке алынғанын байқаймыз. Оның өзі ғылымнан

тыс емес екен. Өйткені, жұлдыздар аспан

әлемін айына үш мәрте айналып шығады екен.

Олардың қай тұста орналасуына орай сапарлардың

оң немесе теріс болуына байланысты

болжамдар жасалғанын байқауға болады. Автордың

келтірген болжамдары бойынша жұлдыздар

жақсы. Алдыңда болса, яғни «қарсы

жүрген адамды жұтып жібере жаздайды». Ал

«егер арқада болса, тым көрікті болар. Қандай

іс қылса да, жақсы, сәтті болар». «Егер оң қол

жақта болса, зиян қылады, сол қолыңда, көкте

немесе жерде болса орташа болғай» деген

болжамдары мен әрбір онкүндікте қайталанып


отыратын циклмен көрсетілуі соны анық байқатады.

Біз «Зикзал» тек діни-жұлдызнамалық

сипаттағы ғана емес, этнотанымдарды да түгелдеуге

мол көмегі бар еңбек екенін айтқымыз

келеді. Мысалы, мал шаруашылығымен

айналысқан көшпелілердің астрономиялық

білімдері де сол шаруашылық сипаттарымен

астасып жатқаны тарихи деректер арқылы

белгілі. Соның ішінде кешегі күні ұлттық діни

және астрономиялық танымымызда болып

бүгіндері ұмытыла бастаған ұғымдардың

түп төркінін түсінуге көмегі бар екенін байқадық.

Мысалы, халқымыз арық етті «көкбақа»

немесе «көкбақыл» деп атайды. Оның түпкі

мәнін түсінбеген біздер майы жоқ, көк ет болып

тұрғандықтан солай атайтын шығар деп

түсінетініміз анық. Алайда халық түсінінігінде

бұл сөздің аспан жұлдыздарымен және діни

түсініктерімен астасып жатқанын «Зикзалды»

оқып барып тереңдеу түсіне бастайтын

сияқтымыз. Жазба жәдігерде ғұлама келтіргендей,

«Хамал (яғни, Тоқты шоқжұлдызы-автор)

бұржысы жалпы адамзаттың атасы Адам

(Алла тағалаланың оған ризалығы болсын)

бұржысы болып саналатыны және оның көкте

бесінші қабатта туатыны айтылған». Ал аудармашы

тарапынан: «Алла тағала бұл бесінші

қабатта көкте бір ерікті, яғни осы көктегі жаратылыстарды

басқарып, қадағалап тұратын

періште жаратқан. Ол періштенің аты- Күкбаъил,

келбеті тоқты (немесе тоқтының терісіне

ұқсас) суретті, үнемі айтып тұратын тасбихының

мәтіні мынандай: «Ешбір кемістіксіз Алла,

ол әу бастан бар және ақырет болғанда да ол

бар болып қала береді, ол көзге көрінетінді де,

көрінбейтін-жасырын нәрселерді де біледі. Ол

үнемі сергек-ұйықтамайды және ол әрдәйім

тірі, ешқашан өлмейді» деген қасиетті Құрандағы

атауы аталмаған дұға ретінде түсініктер

берілген [2, 91-92 бб.] Міне осы жерден біздің

сирек болса да қолданыстағы арық етке қатысты

айтып жүрген «көкбақыл» сөзіміздің

мағынасымен тереңдеу таныса бастағандай

бола аламыз демекпіз. Бүгінгі жастарымыздың

рухани жаңғыруы үшін бұндай бабалар

үні мен тілін терең түсінуде берері мол осындай

дүниелер керек ақ дегіміз келеді. Ал ондай

этнографиялық деректер жазба еңбекте

жетерліктей деңгейде.

Бұл жазба мұраның ұлттық құндылықтарды

екшей түсудегі деректік тағы бір қыры

құранның арабшадан түрік-шағатайға аударма

түсініктерінің берілуінде. Яғни Құран аудармаларымен

айналысуды бабаларымыз ерте кезеңдерден

қолға ала бастаған. Әрине бір мақала

төңерегінде жазба ескерткіштің барлық тұстарын

ашып көрсету мүмкін де емес, ол мақсатымызға

жатпайды. Біз көпшілік назарын құнды

жәдігердің қазақ тілінде жарияланып жатқанымен

қоса ондағы танымымызды кеңейтетін

кейбір тұстарына аударуды жөн санаймыз. Ал

тереңдей берсек жазба ескерткіштің мазмұнының

астрономиялық және діни танымдарымыздың

ұлттық сипаттарын танытудағы рөлі өз

алдына бір төбе.

114


Кеңесарық ауылындағы ағайынды Түгелбай мен Данайдың кесенесі

115


116


ҚҰРАЛБЕК ЕРГӨБЕКОВ,

қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша

педагогика ғылымдарының магистрі.

ҚАЗАНҚАП АҚЫННЫҢ ТАРИХИ ҚОС ДАСТАНЫ

ЖӘНЕ БЕКАСЫЛ ҒҰЛАМА

Ілгергі уақытта Түркістан облысындағы

«басында Нұх пайғамбардың кемесі қалған»

деп аңыз ететін қос өркешті Қазығұрт

тауының географиялық орналасқан қалпына

байланысты, бергі жағы Қыңырақ шоқысы

тарапынан арғы жағы Масат өзенінің

айналасына дейінгі жерлерді жайлаған жұртты

бабаларымыз Төс елі деп атаған. Сол Төс

елінен халық поэзиясы өкілдерінің бірі, тарихи

жырлардың жүйрігі, дастаншы жырау ақын

Қазанқап Байболұлы шыққан еді.

Қазанқап осы күнгі Түркістан облысына

қарасты Төлеби ауданындағы Ұзынарық

елді мекенінде (бұрынғы Түркістан генералгубернаторлығы,

Сырдария облысы, Шымкент

уезіндегі Бадам болысының «Бесбала»

ауылында) 1891-інші қоян жылы туған. Оның

әкесі Байбол өз еңбегіне арқа сүйеген, шаруа

баққан, момын, қарапайым жан екен. Ал шешесі

Бегімжан сөзге шешен, ер мінезді, өткір,

ақынжанды адам болыпты.

Бегімжан әуелде Тұрымтай, Жәудір және

Ұлтуар атты үш қыз тапқан. Одан кейінгі туған

перзенттері шетінеп, тұрақтамай қойыпты.

Байбол мен Бегімжан екеуі ұрпағын

жалғастырар ұл бала көруге зарығып, енді

шынымен-ақ ізсіз қалатын болдық па деген

уайымға батып, ақырында көршілес «Қарасора»

(қазіргі Кеңесарық) ауылының тұрғыны Бекасыл

молдаға көрінген. Соның үш күндік демін

қабылдаған. Сөйтіп, тұмарын жаздырып алған.

Не керек, ерлі-зайыптыларға Бекасыл

қолданған демнің шарапаты тиген. Көп

кешікпей Байболдың жұбайы тағы да құрсақ

көтерген. Содан «Бесбала» ауылы көшіп барып,

Оңтүстік Алатаудың төріндегі Сарыбұлақ деген

жайлауда отырғанда, Бегімжан ана босанып,

ұл табады. Сол уақытта ерлі-зайыптылардың

қуанышында шек болмайды. Олар: «Жаратқан

ием, осы баланың амандығын, өмірін бере

гөр», — деп ақ тілегін айта-айта нәрестені

көтерген бойда апарып, белдің арғы бетіндегі

Жергентал жайлауын қоныс еткен Бекасыл

молданың етегіне орайды.

Бекасыл Биболатұлы (1821—1914) бойына

балгерлік, жұлдызшылық қасиет дарыған, өз

кезіндегі ілім-білімге жетік, тәпсірлер жазатын

әдеті бар, ауызы дуалы, айрықша ғұлама

болған кісі екен. Ол төрт тараптағы мұсылман

баласына емшілік қасиетімен, әсіресе, жынперілерді

қайтарып оқитын қасидахандығымен

әйгіленген. Бекасыл молданың болашақты

болжап айтқан сөздерінің тура шығып

отыруына, яғни көріпкелділік қасиетіне орай

жұрт оны сәуегей әулие санаған. Сол Бекасыл

жаңа туған сәбиді қолына алып, балаға үш рет

үшкіріп, дем салып береді.

Байбол жарық дүниеге келген перзентінің

атын Қазанқап деп қояды. Ол қазақ атамның

ежелден келе жатқан ғұрып-ғадеті бойынша

ырымдап: «Тіл-көзден сақтасын», — деп

елеусіз ғана есімді таңдаған екен. Байболдың

шаңырағында бір мал садақаға шалынып,

Бекасыл молда: «Қазанқап!» — деп баланың

құлағына үш мәртебе айқайлап, азан шақырып,

атын қойып береді. Сөйтіп, ата-анасы ұл баладан

тұңғышы Қазанқапты зарығып жүріп көрген.

Байболдың босағасында Қазанқаптан

соң Жолдас және Қартай деген екі ұл өмірге

келген. Көп ұзамай аурушыл, қарт әке дүниеден

қайтқан. Оның артында қалған алты перзентті

117


Қазанқап Байболұлы

өсіріп, жетілдіру ауыртпалығын Бегімжан ана

өз мойнымен көтерген.

Б. Биболатұлы «Қарасора» ауылында

медресе ашып, бала оқытқан. Бегімжан ана

заман ағысын түсіне біліп, жас Қазанқапты

кейде арқалап алып, кейде қолынан жетелей

жүріп, Бекасылға оқытқан. Сөйтіп, ол алғаш

Бекасыл молдадан сауат ашып, хат таныған.

Қ. Байболұлы он алты жасқа келгенде,

басына ақ сәлде орап, молда болып, Аққұм

деген ауылда мектеп ұстап, бала оқытқан. Ол

Б. Биболатұлынан қол үзіп кетпей, онымен жиі

қатынасып тұрған. Қазанқап ұстазынан тарихи

кітаптарды, аңыз, қисса, хикаяларды алып, көп

оқыған. Соның нәтижесінде араб, парсы (иран),

көне түркі (шағатай) тілдерін меңгерген.

Қ .Байболұлы ел арасында жүріп, қазақтың

ауызша айтылған аңыз әпсаналарын,

ертегілерін, шежіресі мен тарихын көп тыңдап,

жадына ала берген. Тарих жүзінде өткен атақты

хандар мен шешен билер туралы кездескен

әңгімелерді, дерек мағлұматтарды хаттап,

ұқыптап жинақтаған. Болашақ ақын үшін бұлар

рухани нәр болған.

Тарихшы Жанәлі Ырсымбетұлы былай

деп жазған: «Қазанқаптың жас шағын жақсы

білетіндер оның ес білгеннен-ақ қағылез, сезімтал,

әрі мысқылшыл болғанын атап айтады.

118


Қазанқаптың жұбайы Күлгін, ұлы Оңғар Қазанқапов,

Оңғардың қызы Нұрилла және Күлгін апаның абысыны

Оның ақындық ой-өрісінің өркен жаюына...

өзінің бірінші ұстазы Бекасыл молда да күшті

ықпал еткен. Бұл өзі молда болғанымен, сол

заманның асқан зиялы адамдарының бірінен

саналған екен. Сөзді үнемі тақпақтап, әсірелеп,

өлеңмен айтқан. Қағазды көп жазып, тарих,

шежірені мол жинаған адам. Ұзақ жырларды

үнемі жатқа айтатын көрінеді. Қазанқап: «Есім

хан», «Қамбар батыр», «Абдулланама», «Орқа-

Күлше», тағы басқа да сол сияқты тамаша,

қызық әңгімелерді алғаш осы кісіден естіген

едім», — дейтін» [1.4].

1930 жылы жаңадан құрылған колхоздың

төрағасы болған Қазанқаптың ел үшін жасаған

азаматтық істері кері бағаланып, ауылдағы

шолақ белсенділердің жалған ақпарымен

абақтыға қамалып, жазықсыз жапа шегуіне

тура келген. Бірақ ақынның ісі амнистияға

жатқызылып, бір айға жетер-жетпес уақытта ол

бостандыққа шыққан. Көп ұзамай Қ.Байболұлы

Өзбекстанға өтіп кеткен. Содан ол 1931 жылы

Ташкенттегі Жәрмеңке деген базарға барған.

Базарда баға күрт көтеріліп, қымбатшылықтың

жанып тұрған кезі екен. Ақын базарды аралап

жүріп, қауынның бағасын сұрапты. Сол уақытта

сауда жасап отырған өзбек: «Бес сом», – депті.

Қазанқап табан астында былай деп өлеңдетіп

жіберген екен:

119


Оңғардың ұлдары Темірхан, Есімхан, Даулеткерей мен келіні Гүлжан

120


Қазанқаптың немересі Дәулеткерей мен оның ұлы Нұрселеу

121


«Атаңа нәлет Николай,

Кигізіп едің сухнобай,

Он тиын еді қант пен шай.

Спасиба, бәлшебек,

Жәрмеңке деген базарда

Бес сом болды көк түйнек.

Үстіме шекпен кигіздің,

Егеудей қылып тигіздің,

Жасасын Кеңес өкімет» [2.1].

Бұл арада Қ. Байболұлы шендестіру тәсілін

қолдану арқылы бар билікті қолына алған

большевиктерге «спасиба» деп мысқылды

түрде рақметін айтып, оларды астарлы

әдіспен сықақтаған. Осыған қарағанда, ақын

Кеңес өкіметі жүргізіп отырған саясатты 1931

жылдарға дейін оншалықты мақұлдамай

келгенге ұқсайды.

Қазанқаптың ұстазы Бекасыл Биболатұлы

1914 жылы 93 жасында дүниеден қайтқан.

Бірде ол болашақты болжалдап, мынандай

сәуегейлік сөзін айтқан екен: «Николай тақтан

түсіп, орнына бір қой көзді, пәкене бойлы,

қасқабас, сондай қу, жаны жоқ аяр, жәдігөй

сары орыс патша болады. Ол елдің барлығын

топтайды. Істетеді де, алады да. Зымияндығы

сонша, ұрмай-соқпай, теріңді сыпырмай, тірідей

қаныңды сорады» [3.56]. Б.Биболатұлының бұл

бейнелеп айтып отырғаны — большевиктік партияның

басшысы В. И. Ленин екені көрініп тұр.

Қ. Байболұлы өзінің отызыншы жылдардың

басында жазып аяқтаған «Еңсегей бойлы

ер Есім» дастанында ұстазы Бекасылдың

болашақты болжалдап айтқан осы сәуегейлік

сөзін әзелден келе жатқанын аңғарып, ХVII

ғасырдың тарихи оқиғасына шебер қию ластырып

қолданған екен. Оны дастанның үшінші

бөлімінде, «Хан өсиеті» атты соңғы әңгімесінде

еңсегей бойлы ер Есім ханның қазақ ұрпағына

айтып кеткен аманат сөзі ретінде жазып

қалдырған:

«Менен соң күнің қысым, малың талан,

Көп болар алты ауыз боп көрген күнің.

...Бұл жақта Жапон, Қытай, бұяқта Орыс,

Біреуі алмай қоймас өнерлінің.

Менен соң қилы-қилы заман болар,

Қоңсы боп шегір көзді адам қонар.

Атаны бала рая қылмайтұғын,

Ағаға іні қарсы табан қояр.

Біріңді бірің шағып, күнде өлтіріп,

Мал-мүлкің, қатын-балаң талан болар.

Соратын теспей қаның басшы болып,

Ақырың осыменен тәмамдалар» [4.390-

391].

Қазанқап айтып отырған тарихи оқиға

негізінен Бекасыл жазып қалдырған, сол

алғашқы ұстазынан алынған «Есім хан» [1.4]

шығармасында болуы әбден ықтимал. Қалай

болғанда да дастанның негізгі мақсаты,

қорытынды түйіні — қазақ халқымен шекаралас

жатқан Қытай мен Орыстан келер қауіп үлкен,

сол өнерлі елдің біреуі алса, күнің қысымға

түсіп, малың таланға ұшырайды. Соңы — теріңді

«теспей, қаның соратын басшың болып»,

ақырың тәмамдалады дегенге саяды. Онысы

— әлгі В.И. Ленин бастап берген, кешегі совет

дәуірінің сан қилы қитұрқылық саясатының

қазақ қоғамына тигізген ызғарлары, қаншама

қандастарымыздың зардап шеккендері, еркіндік

пен бостандықтан айрылып қалғандары

болса керек.

Сонымен қатар, Бекасыл жазып қалдырған

«Жаныс шежіресі» деген тарихи және шежірелік

аңыздардан тұратын өте құнды, бағалы еңбек

те болған. Ұстазының бұл еңбегін пайдаланған

Қазанқап «Төле бидің тарихы» атты дастан

жаратқан. Ақын дастанның кірісу бөлімінде

өзінің ес білген күнінен бері аңыз әпсана мен

шежіре нәсапнама деректемелерін жинап

жүргенін, бұл жолда өзінің ұстазы Бекасылдың

көп сөз жәрдемін бергенін былайша ерекше

ықыласымен атап айтқан:

«Дайынды тарих қалған жоқ

Жазулы болып өзімен.

Айта берсем ұласқан,

Жүз адамның сөзі бар,

Атасынан үш жүздің,

Тере берсе табылар...

Сөз жәрдемін көрсеткен,

122


Аздап айтсам мыналар:

Біріншісі — Бекасыл,

Тоқсан үш жаста жөнеді.

«Қоқандағы хандардың

Төртеуін көрдім», — деп еді» [5.2].

«Төле бидің тарихы» дастанының түпкі

мақ сатын сараптайтын болсақ, негізінен ол әзіз

аға бидің данагөйлік, шешендік қасиет терін

таныту, әділ де тура төрелік ше шімдерін насихат

тау, осылар арқылы ардақты бабамыздың

бірегей ұлық бейнесін жасау ниетінен туған. ҚР

Мемлекеттік сыйлы ғының иегері, филология

ғылымдарының докторы, профессор М. Мырзахметов

пен тарих ғылымдарының докторы,

профессор М. Қойгелдиев Қазанқап ақын дастанының

өзіндік ерекшеліктерін айта келіп, соңында

былай деген: «Төле би тарихының» өзге

еңбектерден тағы бір айырмашылығы — халық

тағдырының сол бір өте ауыр кезеңінде өмір

сүріп, қызмет еткен ірі тарихи қайраткерлердің

(Әлібек, Қазыбек, Әйтеке билер, Әбілқайыр хан,

Бөгенбай, Малайсары, т.б.с.с.) үлкен шоғырына

бе рілген мінездемелердің болуы. Олар негізінен

объективті, әділ, халықтық бағаға жақын»

[6.8-9].

Қазанқап Байболұлы «Төленің дүниеге

келгені мен би сайланғаны», «Үш бидің бас

қосқан жері», «Қожамжар би, Бәйтік дәуірі

және Қоқан дәуірімен тәмамдаймын» дейтін

үш бөлімнен тұратын өте көлемді аталмыш

дастанында Бекасыл Биболатұлының есімін

бес жерде атайды. Алғаш қалмақтың ханы

Қоңтәжі туралы дерек мағлұматтарды беруші

ретінде келтіреді [7.56]. Екінші, Тәшкенттегі

Ұлы жүздің ханы Жолбарыс ханның оқиғалары

туралы баяндағанда, Жақыпбек, Үстай деген

айтушы кісілердің қатарында Бекасылды

да көрсетеді [7.116]. Үшінші, Өтеғұл баласы

Өтеген батыр жайындағы мәліметтерді беруші

[7.140] болса, төртінші, Жанкел ақынның жыр

жолдарын жеткізуші [7.146] болады. Бесінші,

Тәшкентті билеген Жүніс қожаның шығарған

ақшасына куәлік етуші ретінде: «Ортасы тесік,

мен бала күнімде көріп едім», — деуші еді

Бекасыл деген кісі» [7.159] деп беріледі.

Біз Бекасыл баба шөберелері Жолдасбек

Өтебекұлы мен Пансатбек Кеуенұлының

айтуларынан жазып алынған аңыз әңгімелерді

«Бекасыл әулие хикаяттары» [8.17-25] деген

тақырыппен жариялаған едік. Сол арадағы

Пансатбек қарияның (қазір марқұм) бір әңгімесі

былайша айтылады: «Бекасыл баба дүниеден

өтерінің алдында: «Үш жылдан соң тақыр

болады. Осы бастан қамданып, азықтарыңды

дайындаңдар», — дейді. «Е-е, әкем де айта

береді. Ел аманда не қылған тақыр?» — деп

балалары ескермейді. Шынында да 1917-нші

жылан жылы тақыр болыпты.

Бекасылдың балалары Қапшағайдың

алдында тары, қонақ, арпа егуге әрекет етеді.

Судың келуіне үлкен тас кедергі жасайды.

Сонда олар тастарды қалап, үйдің биіктігіндей

жоғары көтеріп, нілбота деген сазды лаймен

сылап, суды амалдап өткізеді. Осылайша ащы

тер төккенде, әке сөзі еске түсіп, балалары

өкіне бармақ тістепті» [8.23].

Осы әңгіменің мазмұнына қарағанда,

Бекасыл Биболатұлының 1917-нші жылан

жылғы тақырдан үш жыл бұрын, 1914-інші барыс

жылы қайтыс болғаны көрінеді. Ал, ғұламаның

93 жаста өмірден өткенін ескерер болсақ,

бабаның 1822-інші жылан жылы дүниеге

келгені шығады.

123


124


КАДРАЛЫ КОНКАБАЕВ,

Эл аралык медицина университети. Бишкек.

БЕКАСЫЛ БИБОЛАТ УУЛУ — ТҮРК ДҮЙНӨ ТААНЫМЫНЫН

19-КЫЛЫМДАГЫ ДААНЫШМАНЫ

Акыркы жүз жылдыкта түрк элдеринин

дүйнө таанымы абдан эле өзгөрүүлөргө тушукканы

белгилүү. Дүйнөлүк өнүгүү процесстери,

албетте, түрк элдерине да чоң таасир эткендиги

талашсыз.

19-кылымда жашап өткөн казактын өз учурундагы

белгилүү окумуштуусу, антропологу,

философы, дарыгери, астроному Бекасыл Бикболот

уулунун өмүрү жана чыгармачылыгы менен

таанышуу — жогоруда айтылган ойлордун

21-кылымдагы далили десек аша чапкандык

болбойт.

Бекасыл аалымдын чыгармачылыгына токтолоордун

мурда кыскача болсо да анын урпагы

— казак таануу илиминде 21-кылымдын

баштарында өзгөчө күрдөөлдүү жумуштарды

ишке ашырган Ержан Исакулов мырза жөнүндө

кыска бир маалыматты айта кетүүнү ылайык

көрдүм.

Политология илимдеринин доктору, генерал

Ержан Исакулов мырза менен Астана шаарындагы

Эл аралык Түрк академиясында төрт

жылга жакын бирге жумуш иштедик. Академиянын

президенти, академик Дархан Кыдырали

мырза түрк ааламындагы биримдик, интеграция,

шериктештик, чыгармачылык өз ара байланыштар,

маданият, билим берүү, илим изилдөө

ж.б. багыттарда баштаган демилгелүү иштери

Академияда иштеген чакан топту кандай бирге

иштөө керектигине түрткү болсо, топтун жашы

улуулары катары Ержан мырза экөөбүздү Академия

өзгөчө жакындатты десем болот.

Түрк ааламынын азыркы жана келечек биримдиги

үчүн 2018—2022 жылдар аралыгында

ондогон орчундуу жумуштар аткарылды. Ошолордун

бирөөнө гана токтоло кетейин. Себеби,

125

5 жолу өткөрүлгөн «Кыргыз-казак чыгармачыл

интеллигенциясынын форумдары» эки бир

боор элдин маданий, тарыхый, илимий, адабий,

руханий тектеринин биримдиктерин, эки элдин

эң жакынаң-сезим, ой-пикир, философиялык

түшүнүктөрүнүн бирдейлигин дагы бир жолу

айкындатты. Келечекте, балким, туура багыттарда

иш-чаралар өткөрүлүү улантылса, бардык

түрк элдери үчүн биримдиктин модели

болушу толук ыктымал деп ойлоого негиз бар

экендигин белгилеп кетким келди.

2018-жылдын 25-апрелинде Кыргыз-казак

чыгармачыл интеллигенциясынын 1-форуму

Астанада, ушул эле жылдын 11 — 12 октябрында

2-форуму (улуу көсөм Чыңгыз Айтматовдун

90 жылдыгы) Ош шаарында өткөрүлгөндүгү

кыргыз менен казакка Чыңгыз Айтматовдун,

Мухтар Ауезовдун руханий туу экендигин көрсөттү.

Ал эми бул форумдун 3-сү Алматы облусунун

Талды-Коргон шаарында»Улуу Талаанын

түбөлүк мурасы — «Манас» аттуу илимий симпозиум

өткөрүлүп, «Манас» эпосун изилдөөнүн

орчундуу проблемалары козголсо, Чокан Валикановдун

музей-комплексинде жана Сарыөзектүн

талаасында курулган керемет сахнада

«Эл аралык «Манас» фестивалы» өткөрүлүп,

«Түрк ааламынын манасчысы» атактарынын

күбөлүктөрү казак манасчысы Баянгалий

Алымжановго, кыргыз манасчылары Назаркул

Сейдирахмановго, Рыспай Исаковго жана Замир

Баялиевдерге ыйгарылган эле. 4-форум

2019-жылдын ноябрь айынын соңунда Э. Арабаев

атындагы Кыргыз мамлекеттик университетинде

эки өлкөңүн мамлекеттик, коомдук

ишмерлери, маданият, илим тармактарынын


126

өкүлдөрүнүн катышуусунда Бишкекте өткөрүлгөн.

Пандемияга байланыштуу кийинкиге жылдырылып,

5-форум 2022 жылдын 17 сентябры

күнү Түркстан облусунун Төле бий ооданына

караштуу Каска-Су айылында, Эр Эшимдин хан

ордусунда олуя Бекасыл Биболат уулунун 200

жылдыгына жана Эл аралык Түрк академиясы

тарабынан басмадан казакча жана кыргызча

чыгарылган кыргыздын «Эр Эшим» жана «Жаныш,

Байыш» дастандарынын да таанытымдары

менен коштолду.

Бул маалыматтарды жазып жатканымдын

да себептери бар. Генерал Ержан Исакулов

«Кыргыз-казак чыгармачыл интеллигенциясынын

форумдарынын» бардыгына катышып,

Ошко чейин барып, эки элдин биримдигине өз

салымын кошкон. Ал эми 5-форумдун уюштуруу,

өткөрүү иш-чараларынын бардыгын Ержан

мырзанын жеке демилгеси жана башчылыгында

өткөрүлгөн. Бул форумдардын ар бириндекыргыз

элинин таанымал чыгармачыл

адамдары Казакстанга, ал эми казак калкынын

чыгаан чыгармачыл инсандары Кыргызстанга

келишип, эки элдин арасындагы биримдиктин

жаңы доорун башташты десек ашыкча болбойт.

Ержан Исакулов мырзанын кыргыз менен

казак элдеринин тарыхый байланыштарынын

кандай болгондугун азыркы элдерге, алардын

жаштарына да айта кетүү керек.

Эл аралык Түрк академиясындагы көп ирет

жүргөн аңгемелешүүлөрдө ар түрдүү ойлор

айтылып, пикир алышуулардан кийин тарыхта

орун алган окуяларды чагылдырган кыргыз

менен казакка орток дастандарды жарыялоо

идеясы чыкты. Кыргыздын «Эр Эшим», «Жаныш,

Байыш» дастандары басмага даярдалып,

Академия аларды 2020 жылы казакча, кыргызча

жарыялады.

Эмне себептен ушул эки дастанды жарыялоо

керек эле? Моголистан 14 — 16-кылымдарда

жергиликтүү түрк элдери менен моңгол чагатай

улусунан калган уруулардын карышымынан

куралган мамлекет болгон. Мамлекеттин соңку

жылдарында негизинен кыргыздар менен казактардын

үстөмдүгү өкүм сүргөндүгү тарыхта

белгилүү. Кыргызда ошол Моголистан доорун

чагылдырган бир нече дастандар, уламыштар

айтылып, элдин эсинде сакталып калган. Мисалы,

«Эр Эшим» дастанынын кыргыздарда

беш варианты белгилүү болсо, ал эми казакта

«Естегей бойлы Ер Есим» деген бир варианты

жазылып алынган. Бирок, Эр Эшимдин хан ордосунун

калдыгы Төле би ооданынын Каска-Су,

Сайрам-Су дарыяларынын кесилишинде сакталып

турат. Эки элде да айтылып калган «Эр

Эшим» дастанындагы окуялар жунгар-калмак

жапырыгы доорундагы окуяларды баяндайт.

Дастандын башкы каарманынын урпактарыбыз

дегендер азыркы казактардын да, кыргыздардын

да курамдарында бар.

5-форумга Кыргызстандын Талас облусунан

жоон топ Эр Эшимдин урпагы Колпоч баатырдын

тукумдарынын өкүлдөрү да катышып,

өзгөчө кубангандыктарын форумдан кийин айтып

келишти. Мындан кийин Эр Эшим казактыкы,

же кыргыздыкы деген талаштарыбыз туура

эмес дешкендери мени кубантты.

Ал эми «Жаныш, Байыш» дастаны тек гана

кыргыз элинде айтылат. Бул дастандын кыргызча

7 варианты Кыргыз Улуттук илимдер

академиясынын Кол жазмалар фондусунда

сакталууда. Эл аралык Түрк академиясы басып

чыгарган дастан кыргызча жазылып алынган

анын 7-варианты болуп саналат. Дастанды өз

учурунун таланттуу инсаны, 1930 жылдарда

Кыргыз филармониясында классик залкарлар

менен 7 жылдай иштеп калган комузчу, ырчы,

дастанчы Айдар Күйүковдон 1970 — 1971 жылдарда

ушул чакан макаланын автору Кадырали

Конкобаев тарабынан жазылып алынган. Кол

жазма мурда эч жерде жарыяланбаган.

«Жаныш, Байыш» дастаны да жунгар-калмак

жапырыгы доорундагы окуяларды чагылдырат.

Дастанда айтылган жер-суу аттары

Кыргызстанда жана Казакстанда азыр да колдонулат.

Мисалы, Кыргызстандын Жалал-Абад

облусунун Токтогул районунда Жаныш-Байыш-Ата,

Байыш-Булак, Жаныш-Төр деген ыйык,

мазар жерлер болсо, Жаныш баатыр менен


127

Байыш баатырдын аң уулоого алданып барып,

калмактарга туткунга түшкөн Ала-Көл Казакстанда.

Кызык жери, дастанды кыргыздар

айтышат. А бирок, Жаныш менен Байыштын

урпактары казактын улуу жүзүндөгү чоң уруу

топторун түзөт Эмне себептен мындай? Суроонун

азырынча жандырмагы, жообу жок.

Политология илимдеринин доктору Ержан

Исакулов казактын жаныс уруулар тобунун урпагы

катары бул дастандын кыргызча, казакча

жарыяланышынын демилгечилеринин бири.

Кыргыздын бул эки дастанынын казакча

жана кыргызча китеп болуп басылышы түркологдор

үчүн абдан маанилүү тарыхый булак

экендиги талашсыз. Анткени, тарыхый жазма

булактарда айтылбаган, жазылбаган маалыматтар

элдик оозеки чыгармаларда чагылдырылган.

Мурдагы замандардагыдай элдик

оозеки чыгармаларды маалымат булагы катары

тааныбоо, колдонбоо, жарабайт деген

түшүнүктөрдү, менимче, кабыл албоо керек.

Элдин, журттун өткөндөү, кечмиштери жөнүндөгү

ар бир маалыматты туура изилдеп, туура

жыйынтык чыгаруучу учур келди деп ойлоймун.

Мындай ойго эң башкы түрткү болгон иш-аракеттерди,

жарыяланган эмгектерди Казакстандан

көрдүм. Өткөн замандарда акылман

ата-бабалардан калган кол жазма мурастарды,

оозеки адабият үлгүлөрүн жарыялаган казак

окумуштууларынын, зыялыларынын эгемендик

жылдарындагы аткарган иштери мактоого,

колдоого арзыйт. Элдин көөнөрбөс мурастарын

элге кайтарып беришүүдөдө. Анын бир,

эки өрнөгүн да айта кетейин. Казак фольклорунун

100 томдугу, Казак этнографиясынын 50

томдугу ж.б. аткарылган иштерге көзүң тоёт.

Адбетте, кыргыздарда да жок эмес дечи. Мисалы,

20 томдук «Кыргыздар» топтому. К. Жусупов

менен К. Иманалиевге ыраазычылык гана

айтуу керек.

Генерал Ержан Исакулов, Бекасыл Биболат

уулунун тике тукуму, теги казактын жаныс

уруусун болот. Бекасыл бабасы жазып кеткендей

генерал Эр Эшимдин баш бийи Кудайбердинин

урпактарынан. Кадимки Төле бий да Кудайберди

бийдин урпактарынан экен. Демек,

казак менен кыргыз айткандай: «Аккан арыктан

суу агат» тура. Канча муун өтсө дагы теги кууп,

генерал түрк калктарынын орто кылымдардагы

тарыхый эмгектерин, көөнөрбөс мурастарын

жарыялоодо ат көтөргүс кызмат жасады.

Мекенчилдик, задисиндеги акылмандык, казак

улутунун нукура уулу, өз бабасынын, жалпы

түрк насилдүү эски замандардан бери унутулбай

сакталып келе жаткан ата мурастарын

жарыялоодо окумуштуу Ержан Исакулов өзүн

аалымдык, окумуштуулук жактан да ааламга,

жалпы түрк дүйнөсүнө тааныта алды.

Сөз куру болбос үчүн аалым Ержан Исакулов

мырзанын тике демилгеси, уюштуруучулугу,

эмгектерди басмага даярдоодогу, аларды

басмаканадан чыгаруудагы бардык каражаттарды

табууда эбегейсиз эмгек, кайрат көрсөткөндүгүн

адилеттик үчүн айта кетүүнү милдеттим

дем билдим.

Ержан Исакуловдун демилгеси менен

толук нускасы изделип, Иранда 1994 жылы

жарыя ланган Рашид ад-Диндин «Жамигат

ат-Тауарих» чыгармасынын (Рашид ад-Дин

Фазлуллах Хамадани (1247 - 1316). Жамигат

ат-Тауарих (тарихтар жинагы). — Астана: Фолиант.,

2018. 1-том. — 596 бет; 2-том. — 596 бет;

3-том. — 600 бет; 4-том. — 596 бет; 5-том. — 596

бет) толук факсимилесин, алардын бардыгын

казакчага котортуп, 5 том кылып, полиграфиянын

эң жакшы үлгүсүндө жарыяланышы эгемендик

жылдарындагы түрк түркологиясындагы

эң жогорку жетишкендик деп бааланышы

керек. Мындай меценаттыкты жасоо ар кимдин

эле колунан келе бербейт.

«Зафер наме» дагы Ержан мырза тарабынан

2020 жылы Астанада басмадан чыкты.

Ал эми Ержан Исакулов мырзанын бабасы

Бекасыл Биболат уулунун «Зикзал» деп атаган

кол жазмасын басмага даярдап, эки томдон

турган көлөмдүү эмгекти жарыялаганы өзүнө

кепке арзыйт.

Бекасыл Биболатулы. Зикзал. — Астана,

«Гылым» баспасы, 2017. — 912 бетти түзгөн

бул эмгек 2 китептен турат.


Бекасыл Биболатулы (1822 — 1915 жж.)

өз эмгегин арап, фарсы, чагатай казакчасында

жазган. Эмгек ар турдүү котормочулар тарабынан

эгемендик жылдарында 3 жолу басылган.

Атактуу түрколог Мырзатай Жолдасбековдун

жалпы жетекчилигинде арап, фарсы,

чагатай жазма тилдерин жакшы билген аалым

Зарипбай Жуманулы Оразбай тарабынан 2005-,

2011-2014 жылдарда ар түрдүү аттар менен

жарыяланган китептерди, кол жазмалардын

бардыгын кайрадан карап, толуктап, азыркы

казак тилине которулуп, Эл аралык Түрк академиясы

тарабынан М. Жолдасбеков агайдын

баш сөзү менен төртүнчү жолу басылган.

Бекасыл олуянын «Зикзал» чыгармасы

Түркстан элдеринин 19-кылымдагы бардык

түшүнүктөрүн камтыган улуу илимий, эл таанытымын

ар тараптан чагылдырган чыгарма.

Өз доорунун эң акылман, даанышмандыктын

өрнөгү болгон Бекасыл олуянын «Зикзал»

чыгармасындагы ойлор, маалыматтар азыркы

казактар, кыргыздар, өзбектер, деги эле бардык

түрк элдеринин азыркы урпактары үчүн

мааниси зор экендиги талашсыз.

Отурукташкан, көчмөн түрк элдеринин

19-кылымдагы, ага чейинки доорлордогу илим

менен билимдин синтези, топтому болгон «Зикзалдын»

бүгүн дагы актуалдуулугу кутумчулук,

манкуртчулук доордо кемиген жок, тескерисинче,

артты десек болот.

Айтылган сөздөр куру болбос үчүн Бекасыл

олуяга байланыштуу бир жагдайга токтоло

кетели.

Бекасыл олуянын замандашы, жашы бир аз

кичүү, атагы азыр да унутулбай калк оозунан

түшпөгөн Машкур Жусуп айткан экен: «Казак

оруска караган замандан бери «Бухари-и Ша-

Бекасыл әулиенің шөбересі Ержан Исақұлов Қырғыз Республикасынан келген

Есім ханның ұрпақтары арасында

128


риптеги», «Мир-Араптагы «Касидага» он тогуз

жаш адам ниет кылган экенбиз. Акылдан

адашып, эшик сагалап кетпей, ошол он тогуз

мискиндин ичинен алтоо гана аман-соо калыптыр.

Ошонун алгачкысы — Бекасыл хазирет

болсо, бирөө аларды кагазга жазып отурган

адам (Машкур Жусуп)» деген экен.

Машкур Жусуп жазгандай илим, билимдүү

болуу ар кимдин эле бешенесине жазган эмес.

Төле би ооданындагы капчыгайдын ичинде

Машкур Жусуп жашаган, эмгектерин жазган

үңкүрдү 2018 жылдын 8 -10-майында көрдүк.

Бекасыл олуянын ата-бабасы, ал киши өзү жайлаган,

кымыз ичип, ат ойноткон жайлоосуна

бардык. Дархан Кыдырали, Акедил Тойшон

жана мени атка мингизип алып, Ержан мырза

ата конуштары менен тааныштырган эле.

Ошондо жайлоо шартында, көчмөн турмушта

калк ичинен суурулуп чыккан акылмандарды

өрнөк тутуу керектигин ойлонуп калдым эле.

Азыркы шарттын бири аларда болгон эмес.

Бирок, алар калтырып кеткен илим, билимдин

жетишкендиктери таң калтырбай койбойт.

Бекасыл олуянын «Зикзал» чыгармасы

2018-жылдан бери менин жадымдан чыкпай

калды. Кыргыз элине анын илимий ойлорун,

жашоо-тиричиликтеги элдик нарктарды, дубалардын

маанилерин, мусулманчылыктын,

исламдын тамыры тереңге кеткен, аң-сезимди

козгогон таасирдүү философиялык түшүнүктөрүн

жеткирсемби, канткенде, жолу табылат

деген ойдо жүрөмүн.

Себеби, кыргыз менен казактын генетикалык,

турмуштук, жашоо-тиричиликтеги тарыхый

байланыштарын тактоо муктаждыгы

актуалдуу маселелерден. Эки эл ортосундагы

байланыштар чырмалышып калган. Мисалы,

Ержан Исакулов мырзанын көп туугандары кыргыздын

жээндери болуп чыкты. Иликтөө, тактоо

али алдыда...

Кәдірбек Кұныпияұлы мен Нұрғали Ораздың Қырғызстаннан келген қоңақтармен бірге

Бекасыл әулиеге берілген аста отырған сәті

129


130


АҚЕДІЛ ТОЙШАНҰЛЫ,

Халықаралық Түркі академиясының

сарапшысы, филология ғылымдарының

кандидаты, фольклортанушы.

ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ ЕР ЕСІМ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚ ПЕН

ҚЫРҒЫЗ ЭПОСЫНДАҒЫ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Сөз жәрдемін көрсеткен,

Аздап айтсам мыналар:

Біріншісі Бекасыл,

Тоқсан үш жаста жөнеді

Қазанғап Байболұлы

Алатаудың күнгейі мен теріскейін ен

жайлаған еншісі бөлінбеген ағайын ел дердің

өкілдері Түркістан облысы Төлеби ауданы

Кеңесарық ауылында қазақ-қырғыз зиялыларының

V форумына делегация болып жасақталып

жиналды. Дәстүрлі форум Халықаралық

Түркі академиясы қолдауымен табысты өтті.

Бұл жолғы алқалы бас қосудың ерекшелігі

сол, қазақ пен қырғыздың бауырының бүтін,

туырлығының тұтастығын күзеткен Төле

биден тараған ғұлама қайраткер, ірі оқымысты

Бекасыл әулие Биболатұлының 200 жылдық

мерей тойы аясында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Жиын алдында алыстан келген ағайындар

Бекасыл баба кесенесіне зиярат етіп, тағзым

етті. Халықаралық Түркі академиясы тарапынан

жарық көрген Бекасыл Биболатұлының

«Зикзал» кітабы, сонымен бірге қырғыз жыршысы

Тоғалақ молда Бәйімбетұлының «Ер

Есім», қырғыз халық эпосы «Жаныш-Байыш»

жырының қазақ тіліне аударылған нұсқаларының

таныстырылымы өтті.

Халықаралық Түркі академиясы қолдаған

осынау маңызды жобаны жүзеге асыруға

толағай еңбек сіңірген, жетекшілік еткен, кезінде

академия президентінің кеңесшісі болған,

көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері,

генерал, саяси ғылымдардың докторы Ержан

Бекбауұлы Исақұлов екенін ілтипатпен айта

кеткен жөн. «Жаныш, Байыш» эпосын қазақша

сөйлеткен белгілі ақын, білімпаз қаламгер

Кәдірбек Құныпияұлы, «Ер Есім» жырын

қазақшалап, түсінік жазу менің еншіме бұйырды.

Еңсегей бойлы ер Есімнің тарихи тұлғасын,

артында қалған қазыналы мұрасын тәуелсіз

еліміздің жастары мен сарбаздарына үлгі етуге

күш-жігерін арнап, кезінде парламентте депутат

болып жүрген жылдары республикамыздың

Премьер-министріне 2010 жылы 3 наурызда

депутаттық сауалнама жолдап, ресми қозғау

салған сардар ағамыз Ержан Бекбауұлы

Исақұлов болғанын айырықша атап, «ердің

қадірін ер біледі» деген осы шығар деп құрмет

тұтып бағалаймыз.

Жалпы, қазақ пен қырғызға ортақ хан

болған Есім хан туралы тарихи аңыздар, жырөлеңдер

қазақ-қырғызға үндес таралған. Осы

аңыз-әпсаналардың сарынымен қазақ ақыны

Қазанғап Байболұлы «Еңсегей бойлы ер Есім»,

қырғыз жыршысы Тоғалақ молда «Ер Есім»

жырларын тудырған. Ал бүгінгі қазақ-қырғыз

басқосуы өтіп отырған өлкеде «Есім ханның

ордасы», «Есім ханның төрткүл төбесі», «Есім

ханның дәуіт төбесі» деген жер аттары әлі

сақталып, қилы хикая, аңыз-әпсаналар бүгінге

жалғасып айтылып келеді. Бір сөзбен айтқанда,

131


132


133


ақын Қазанғап Байболұлы өскен өңір Есім хан,

оның биі Түгелбай, одан таралған Төле би,

кейінгі ұрпағы Бекасыл әулие секілді зерделі

жандар өмір сүріп, Түркістанды түгел билеген

айбарлы Есім ханның айналасындағы рухани

құндылықтар бүгінге жалғасуына негіз қалаған

киелі атақоныс деуге негіз жеткілікті.

«Сөз жәрдемін көрсеткен, Аздап айтсам

мыналар: Біріншісі Бекасыл, Тоқсан үш

жаста жөнеді» деп «Төле би» дастанында

ескерткеніндей Қазанғап Байболұлы Бекасыл

әулие, МәшҺүр Жүсіп Көпейұлы, Шәкерім

Құдайбердиев секілді көкірегі нұрлы

жандардың еңбегімен етене таныс болғаны

анық. Жыршының сөз өрнегінде арап-парсы

сөздердің жиі ұшырасуы да оның ислам білімі

дәстүрінде, Бекасыл әулие медресесінде

дәріс алып, шәкірттік тәлім көріп, зердесі

қалыптасқандығын байқатады.

Жыршы Қазанғап Байболов өзі өскен

ортадағы ел аузында айтылып жүрген сюжеттерді

жинастырып, топтастырып, эпикалық

дәстүрге сай көлемді тарихи жыр тудырады.

Еңсегей бойлы ер Есім — Қазақ ханы,

Шығай ханның ұлы (т. ж. б — 1645). Ол Қазақ

хандығына Түркістан шаһарын түпкілікті астана

етіп, билік жүргізген. Сұлтан кезінде-ақ ағасы

Тәуекел ханмен бірге Түркістаннан Самарқанға

дейінгі жерді Қазақ хандығы құрамына қосқан.

Ол 1598 жылы Тәуекел Бұқара жорығында

қайтыс болысымен таққа отырады. 1599

жылы Бұқар хандығымен шарт жасасып,

Ташкент қаласын, Ферғананы бағындырып

алды. Ташкент қаласы содан бастап 200 жыл

бойы қазақ хандығының билігінде болды. Есім

хан сонымен бірге Шығыс Түркістан Қашғар,

Турфан, Чалыш уәлаяттарында алты жылдай

болып, сол елдің билеушісі Абд әр-Рахымның

саяси билігінің нығаюына жәрдем жасады.

Абд әр-Рахымның қызын өзі алып, інісі Күшік

сұлтанның қызын оған беріп, сол замандағы

дәстүр бойынша билік статусын заңдастырды.

Абд әр-Рахыммен бірге Ақсу секілді үлкен

бекіністерге шабуыл жасап, көптеген шаһарларды

құзыретіне қаратады. Демек, Есім хан

134

— Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын

ұлғайтып, мемлекет билігін өрістеткен, сол кезеңде

Орта Азия геосаясатына өзгеріс енгізген

айтулы тұлға.

Қаһарман ханының бейнесін тарихи жадыны

жаңғыртып эпикалық дәстүр аясында дәріптей

сомдаған «Еңсегей бойлы ер Есім» жыры —

қазақ халқының ерлік тарихынан мол хабар

беретін ерекше бағалы мұра. Ол — жеті мың

жолдан тұратын көлемді де күрделі эпикалық

туынды.

Халық ақыны Қазанғап Байболовтың жырлауында

хатқа түсіріп, 1938 жылы Орталық

ғылыми кітапхананың сирек қорына тапсырған

зиялы И. Ырсымбетов. Жырды зерттеуге

советтік идеология тыйым салғаны белгілі,

академик Ә. Марғұлан сол себептен де

зерттеуінде оны «Еңсегей» деп бүркемелеп

атап өтеді.

Қаһарманның жауға аттанып кеткенде өзінің

жақын туысының елін шабуы, патшалықты

уақытша иемденуі, анасы мен қарындасын

қой жайғызып құлдыққа салуы, оған бас

кейіп кердің жасырын, көбінде бет пішінін өзгертіп

келуі, жақындары оны тани алмауы,

олармен қайым өлең айтып айтысуы, артынан

елін зұлымнан азат етіп мәңгі бақытты етуі —

дәстүрлі эпостың құрылымында кездесетін

тұрақты сарындар. Сол себептен де бұл жыр

бір қарағанда «Алпамыс» эпосына да ұқсап

кетеді. Сонымен бірге бұл дәстүр қырғыз

халқының «Ер Есім» эпосына да арқау болғаны

аңғарылады.

Қырғыздағы «Эр Эшим» жырының сюжеті

де негізінен дағдылы осы қалыпқа құйылған.

Екі елдің эпосында да қалмақты жеңіп келген

ер Есім жауға таланған жұртта мал бағып

жүрген жақын туыстарына жолай кез болады.

Қырғызда ер Есімнің әйелі «Бекбекей» әуеніне

салып қасіретті жағдайы туралы өлең айтса,

қазақта ханның анасы бесік жырының әлдиімен

зарын жеткізеді. Әйткенмен екі елдегі эпоста

кездесетін кейіпкерлер, оқиғаның өрбуі мүлде

бөлек. Бір сөзбен айтқанда, бұл жыр бір эпостың

нұсқалары емес, жеке дара туған екі бөлек


дүние деуге болады. Дегенмен мұнда егіз

ботадай ұқсастықтар да аңғарылады. Тарихи

тұлғаның нақтылы өмірі жырланғандықтан да

солай болуы заңды тәрізді. Мәселен, ханның

жау қолындағы құлдықтағы жұбайы қырғыз

жырында:

«Отын алған біздің қыз,

Отты жаққан біздің қыз,

Қой қайтарған біздің қыз,

Қозы баққан біздің қыз,

Эншегер бойлуу эр Эшим,

Есен келсе қалмақтан,

Біздің қыздай болар ма екен Сіздің қыз?»,

— деп зарлайды. Әрине, бұл шумақтар негізінен

сол қалпында Қазанғап Байболов нұсқасында

қайталанады. Өйткені бұл тарихи өлең әу

бастан ел құлағына сіңісті болып, кейіннен

көркем эпосқа кіріккені сөзсіз.

Қырғыз эпосында Есім ханның мінген

тұлпарының аты — Шарыпқұла («Сарыпқұла»).

Бұл туралы аңыз-әпсана қазақ арасында да

мол таралған, тіпті «Сарыпқұла» деген осы

сәйгүлікке арналған халық күйі де бар. Бұл

күйді Б. Ерзакович халық ақыны Ш. Әбеновтан

жазып алған болатын. Күйдің нотасын біз «Ер

Есім» жинағына енгіздік. Ал Қазанғап Байболов

жырында Есімханның мінген тұлпарының

бейнесі мифологиялық ескі танымнан хабар

береді. Ол сәйгүліктің келбеті ерекше, мұндай

сұлулық әлеміне байланысты мифтік тұлпарлар

туралы Маңғыстау қазақтары, сонымен бірге

Еділ бойындағы башқұрттарда түрлі аңыздар

сақталған. Эпостағы бұл ерекше қияпатты

хайуан — адам басты, жылқы денелі теңіз

жылқысының айғырынан туған суын тұлпар. Ал

қырғызда Есімханға тұлпарды әйгілі Түгелбай

сыйлайды, ол тұлпардың сумен қатысы жоқ,

керісінше тау еркесі тылсым марал мен биенің

шағылысуынан туған-мыс деген әпсана

айтылады. Түгелбай туралы М. Тынышпаев

«бұл қырғыздағы алаш зиялысы Ешенәлі

Арабаевтың тоғызыншы атасы, Е. Арабаевтың

бабасы Түгелбайға олжаға тарту етілген

қатағанның қызынан туған» деп жазады. Ал

«Есімханның ордасы» атты осынау жұртта

135

отырған Төле бидің бүгінгі тұқымдары арғы

бабалары Түгелбайдың қатағанның тағы бір

қызына үйленгені, осы Түгелбай Есімханмен

бірге жорықта жүріп қаза болғаны, оның

қатағаннан алған сол жұбайы қырғыз ішіне

барып әулетімен бірге сіңіп кеткені туралы

әңгіме айтады.

Түгелбайдың бүгінгі ұрпағының бірі Төлеби

ауданы Қасқасу ауылдық округінің тұрғыны

1938 жылы туған Қанатбек Бошатайұлы Есім

хан мен Тұрсынханның әу бастағы кикілжіңі

неден болғаны туралы Халықаралық Түркі

академиясы экспедиция кезінде мынадай

аңызды бізге айтып берген еді:

«Тұрсынханда керемет бір тұқымы тұлпар

туатын айғыр бар еді. Сол айғырдан Есімхан да

бір құлын алғысы келеді. Тұрсынхан келіседі,

бірақ қызғанып, жылқышысына «Есімханның

биесіне айғыр шапқан кезде басын тартып

қап, ұрықты сыртқа ағызыңдар» деп жасырын

тапсырма береді. Мұндай болатынын сезген

Есімхан да атбегіне ескерту жасап, қырағы

болуды тапсырады. Биені шағылыстырғалы

әкеледі. Айғыр шаба бергенде Тұрсынханның

жылқышысы айтқандай-ақ басын тартып

қалады, оны сезген Есімханның атбегісі

тақиясын тоса қояды да, ұрықты жерге төкпей

құйып алады. Күйлеп тұрған биені жығып

жібереді де, жатырына тұқымды дереу құяды.

Осы биеден керемет тұлпар туады да, ақыры

екі ханның бақастығы тіпті қозып, араларына

сына, сызат түсе береді».

«Қанша ғасырлар өткенімен Есімханның

тұлпары Сарыпқұла, оны ханға сыйлаған

Түгелбай, Түгелбайдың бір жұбайы қатаған

хан Тұрсынның нәсілінен тарағаны туралы, ол

ұрпақтың үрім-бұтағы қырғызда қатаған деген

атпен өрбіп келе жатқаны жайында қазақ пен

қырғыз арасында шежіре әңгімелер ұқсас

айтылуы әлдеқандай кездейсоқтық емес,

тарихтың терең сабақтастығын, түйткілді бір

түйіннің барын аңғартқандай, арнайы тексере

түсуді қажет ететін жайт», — деген пікір

білдіреді Есім хан ордасындағы ескі мұралар

туралы толғаған тарихшы Д. Қыдырәлі.


Түркістанды түгел билеген, қазақ пен

қырғызға ортақ хан болған Еңсегей бойлы

ер Есім (қырғызша «Энчер бойлы эр Эшим»)

хан туралы жыр-аңыздар негізінен қазақ пен

қырғыз халқына әу бастан ортақ таралған.

Ер Есім туралы қырғыз эпосы алғаш рет

1970 жылы Тоғолоқ Молда шығармалар

жинағының 2-томына «Эр Эшим. Түгелдің

байлығы» деген атпен енген.

Тоғолоқ молдо кітабын құрастырушы

ғалым Жаки Таштемиров былай деп жазады:

«Ер Есім ел арасында тарихи адам қатарында

айтылып, оның жасаған ерліктері ұрпаққа

ұласып ұмытылмай айтылып келеді. Тоғолоқ

Молда 1936 жылы бірінші жолы қара сөзбенен

мағынасын айтып берген. Кей жерінде

жорға сөз, жыр кездеседі. Кейін оны жырға

айналдырған».

Біздің ойымызша, ғалым Ж. Таштемиров

Тоғолақ Молданың «Тарих, түпкі аталар» деген

шежірелік еңбегін меңзеп отырған болу керек,

себебі онда ақын ауызша тарих ретінде Ер

Есім жырының негізгі сюжеттік желісі, оқиғасы,

кейіпкерлер өмірін қара сөзбен баяндап, аракідік

жырмен толғап отырады. Осы шежіренің

соңында «Айтушы Тоғолоқ Молда, жазып

алған А. Чоробаев» деген сөз бар.

Демек, Тоғолоқ Молда 1920 жылдардың

өзінде Есім хан, Тұрсын хан қақтығысы,

Сарыпқұла тұлпардың иесі Түгелбай туралы

шежіреге қанық болған.

Жалпы, Қырғыз Республикасы Ш. Айт матов

атындағы Тіл әдебиет институтының Қолжазбалар

фондында (Инвентарь №1017) кирилше,

сонымен бірге арабша (Инвентарь: №

(346)138) «Эр Эшим» жырының екі мәтіні бар.

Арабша қолжазба мәтінде жырдың толық

нұсқасы сақталған, өйткені кирилше нұсқада

қысқарған «Эр Эшимнин төлөөсү» («Ер Есімнің

сый төлеуі / Ер Есімнің сыйы») деген 249 жол

өлеңнен, қарасөзден тұратын негізгі бір үлкен

тарауы қысқарып «түсіп қалған».

Жалпы, Қырғызстанда жарияланған кирилше

нұсқада көптеген жыр жолдары түсіп,

өзгеріске ұшыраған, кейбір сөйлем, сөздер,

136

жекелеген жер-судың атауларында қателіктер,

редакциялық түзетулер, өңдеу-өзгерістер

орын алғаны байқалды. Сол себептен де

негізгі толық арабша нұсқаны тірек етіп, сол

мәтін бойынша жұмыс істеп, эпос қазақ тіліне

арабша түпнұсқадан аударылып, Халықаралық

Түркі академиясында эпос қырғыз және қазақ

тілінде толық жарияланды.

Қазақ, қырғыз тілінде дайындалған бұл

жинақта кирилше мәтінмен салыстырғанда

түсіп қалған 282 жол жыр жолы қалпына

келтірілді. Жаңсақтықтар мейлінше мұқият

түзетіліп, бұл туралы жарияланып отырған

жырдың тиісті беттерінде жан-жақты түсініктер

берілді.

Еңсегей бойлы ер Есім хан туралы аңызжырлар

қазақ халқының арасында аса мол

таралғаны айқын. Бұл туралы Әбілғазы Бахадүрхан,

Шоқан Уәлиханов, Құрбанғали Халиди,

Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Мұхамеджан Тынышпаев,

Сәкен Сейфуллин, Әлкей Марғұлан

бастаған оқымыстылардың еңбегінен, халық

ақындарының жыр-өлеңдерінен білуге болады.

Есім хан заманының жыраулары Жиембет

пен Марғасқа ұлы ханның қаһармандық

қайсар бейнесін, ол басқарған мемлекеттің

мүддесі, халықтың ауызбіршілігі, опасыздық,

сол заманның салт-санасы мен шындығын өз

толғауларында мүлтіксіз сомдайды.

Жалпы алғанда, Еңсегей бойлы ер Есім хан

туралы қазақ халқы арасында таралған аса

көлемді тарихи үш эпос сақталып бізге жеткені

белгілі болып отыр. Бірінші эпос — қаһарман

ханының бейнесін эпикалық дәстүр аясында

дәріптей сомдаған Қазанғап Байболұлының

«Еңсегей бойлы ер Есім» жыры екенін айттық.

Екінші эпос — ҚХР-дағы қазақтарға таралған

«Есім хан» жыры. Бұл жыр Қытай Халық

Республикасында тұратын қазақтар арасында

көп жылдар сақталып келіп, ақырында сонда

шығатын “Мұра” журналы (1988. № 10), сонымен

бірге «Шалғын» журналында жарияланған.

Үшінші эпос — Есімхан дәуірін суреттейтін

«Олжаш батыр» жыры. Бұл тарихи жыр сол

замандағы сайыпқыран ерлердің бірі Олжашқа


арналады, жырға Есімхан мен қатаған

Тұрсынханның ортасындағы қақтығыс арқау

болады, бірақ онда Тұрсынхан қалмақтың ханы

ретінде суреттеледі.

Ерекше айта кететін жайт, қазақ халқының

музыкалық фольклорында Еңсегей бойлы

Есімхан мен оның Сарыпқұла атты тұлпарының

бейнесі күй тілінде сомдалады. Бұл халық күйі

— XVI-XVII ғасырдағы қазақ хандығы дәуірінен

хабар беретін бірден-бір бағалы рухани ескерткіш.

Күйді белгілі музыка зерттеушісі, профессор

Б. Ерзакович 1944 жылы халық ақыны

Шәкір Әбеновтен жазып алады.

Күй аңызын айтып берген әйгілі ақын Шәкір

Әбенов былай деп түсінік берген: «Бұл күй Есім

хан (1598-1629 ж. хандық еткен) туралы тарихи

оқиғаны баяндайды. Күй соғыс кезінде аяғынан

жараланған атына арналыпты»

Ел арасында Сарыпқұла тұлпар туралы

көнекөз қариялар айтып келген әңгіме көп.

Солардың бірін тарихшы Құрбанғали Халиди

былай деп жазып қалдырады: «Бұрын Есім

ханның Сарып құла аты бірінші бәйгені ешкімге

бермегенін көп естиміз. . . Есім хан [ XVI ғ ] 1583

жылдан кейін өткен кісі, оның Сарыпқұла аты

қазақ-қалмаққа бірдей атақты болып, талай

қазақ пен қалмақ оның қасиетін айтып қызығатын.

Сарып — аяқ ауруы, яғни жай уақытта ақсап,

бәйгеге қосса сауығып кетеді екен».

Олай болса ел аузында айтылып жүрген

аңыздарды өзара салыстыра келгенде «Сарыпқұла»

күйі Есімханның даңқты тұлпарының

жүрісіндегі табиғи тума ерекшелікті суреттеуге

арналған деуге толық негіз бар.

Біз дайындап Халықаралық Түркі

академиясы тарапынан жариялаған жинаққа

«Сарыпқұла күйінің» нотасын арнайы енгіздік.

Жалпы, Есім хан туралы жыр-дастандардың

қазақ пен қырғыз еліне кең көлемде қатар

жайылуы, ондағы кейіпкерлер мен аңыз-әңгімелердің,

жыр-шумақтардың негізінен ортақ

болуы еңсегей бойлы ер Есімнің тамырлас,

тағдырлас халықтардың тарихи-саяси өміріне,

мемлекеттік дәстүріне айырықша із қалдырған

орасан ірі тұлға екендігін көрсетеді.

137

Қырғыздар ұлы ханды «Энчегер бойлуу

эр Эшим» деп дәріптеп асқақтатып, аңызжырға

қосып ұлықтаған, кие тұтқан. Тіпті емшідомшылар

Есімханның аруағын шақырып, бәдік

өлеңін айтып, науқас адамды емдеп дуалайтын

болған.

Мысалы:

Ер Есімнің жайлауы Еділ, Нұра,

Ерегістім мен сені қойман сірә. . .

Еділден ер Есімнің көші келет,

Көш алдында ер Есім өзі келед,

Өзі келіп сыртыңнан өтіңді алад!

Көш, көш, бәдік, көш бәдік көшірейін,

Бәдік болған атыңды өшірейін.

«Ер Есім» тарихи эпосын жырлаушы Тоғолоқ

Молдо бұл бәдік туралы былай деп түсінік

береді:

«Ер Есім деген атақ қырғыз елін қорғап

тұратын құдіретті күш болып есептелді. Ер

Есімнің еркін жүрмеген жері қалған жоқ. Мысал

үшін бәдік ауруымен ауырған кісілерге дем

салып, дарымшылар мынадай бәдік айтады.

. . Міне, осындай түрде қырғыздар бір қатар

ауруларды «Ер Есім келед» деп сес көрсетіп,

ырымдап дауалап, жеңімпаз Ер Есімді ерекше

аруақты киелі күш, елдің иесі деп есептеген».

Екі елдің эпосында ел аузындағы тарихи

жырлар да қаз-қалпында қолданылып отырады.

Мысалы:

«Қырғыз Изар ауғанда,

Қазақ қайың сауғанда,

Ақ қалпақты жұртыма,

Ашаршылық жауғанда.

Есім ханның Шарыпқұласы,

Бұзаулы сиыр болған жоқ », —

деп жырлайды Тоғолоқ молда.

Бұл аңыздың қазақ нұсқасы «Қырғыз Гисар

ауғанда, қазақ қайың сауғанда, Ер Есімнің

Шарыпқұласы, бір қап бидай болмапты» деп

айтылады. Гисар деген жер атауын қырғыздар

Изар, Ыссар деп те атағаны белгілі.

Елеулі ерекшелік, Есім хан туралы қырғыз

эпосында Көкім бидің бейнесі кездеспейді, керісінше

Қазанғап Байболұлы жырлаған қазақ


эпосында Көкім бидің образы бар, демек Төле

би өнегесімен терең сусындаған, Бекасыл әулие

медресесінде ел шежіресіне қанық болған

жыршы Қазанғап Байболұлы жырында тарихи

деректер, өткен заманның бедерлі өрнектері,

мемлекетшілдік рәміздер мол кездеседі.

Қырғыздағы «Эр Эшим» жырының, қазақтағы

«Еңсегей бойлы ер Есім» негізгі сюжеті

сырттай қарағанда ұқсастық танытатынын

айттық, айырмашылықтар да аз емес. Екі

елдің эпосында да қалмақты жеңіп келген

ер Есім жауға таланған жұртта мал бағып

жүрген жақын туыстарына жолай кез болады.

Қырғызда ер Есімнің әйелі «Бекбекей» әуеніне

салып қасіретті жағдайы туралы өлең айтса,

қазақта ханның анасы бесік жырының әлдиімен

зарын жеткізеді. Екі елде туған Есім хан туралы

жырларда ортақ тұстардың мол болуы ежелден

ортақ таралған тарихи аңыз-жырлардың ел

жадында ізі терең сақталғандығын көрсетеді.

Айталық, ханның жау қолындағы жұбайы

қырғыз жырында:

«Қой қайтарған біздің қыз,

Қозы баққан біздің қыз,

Эншегер бойлуу эр Эшим,

Есен келсе қалмақтан,

Біздің қыздай болар ма екен Сіздің қыз?»,

— деп зарлайды.

Бұл шумақтар негізінен сол қалпында

Қазанғап нұсқасында қайталанады. Өйткені

бұл тарихи өлең әу бастан ел құлағына сіңісті

болып, кейіннен көркем эпосқа кіріккені сөзсіз.

Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың

Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Манастың

Аққұласы көнеден жеткен алтын аңыздар.

Сол сияқты еңсегей бойлы ер Есімнің

тұлпары Сарыпқұла туралы аңыздар да қазақ

пен қырғыз арасында ортақ таралады. Қырғыз

эпосында Есім ханның мінген тұлпарының аты

— Шарыпқұла. Қырғыздар тұлпардың түп иесі

Түгелбай, Шарыпқұла кермарал тәрізді ғажайып

тылсым жануардан туған будан деседі.

Аңызға сенсек, Түгелбайдың жылқысында

қисап жоқ екен, ер Есімнің сыншысы үйірдің

шетіндегі «жабағы жүні түспеген, құм сірке

138

басып биттеген» құланы таңдап алыпты, ол

лезде тұлпарға айналады.

Қырғыз жыр-аңыздарында Есім ханға

тұлпарды Түгелбай сыйлайды. Түгелбай туралы

Алаш қайраткері, білгір тарихшы Мұхамеджан

Тынышбаев «бұл қырғыздағы Алаш зиялысы

Ешенәлі Арабаевтың тоғызыншы атасы.

Ешенәлі Арабаевтың бабасы Түгелбайға

олжаға тарту етілген қатағанның қызынан

туған» деп жазады.

Екі елдің эпосындағы Есім хан бейнесі бірінбірі

толықтырғанымен, елеулі айырмашылықтар

да бар. Қырғыз эпосы мен шежіресінде Есім

хан — қыпшақтың ханы, руы саруу, қазақ пен

қырғызды жаудан ортақ қорғаушы. Қатағанның

Тұрсын ханы — ант бұзып, опасыздық жасаушы

бүлікші.

Алты алаштың басын біріктіріп, ұлы далаға

әмірін жүргізген айбынды Есім хан бауырлас

қазақ пен қырғызды да бір тудың астына

топтағаны белгілі. Есім хан туралы аңыздар сол

себептен қырғыз арасына да көп таралғанын

айттық. Бұл жағдайлар қазақ эпосында

мақтанышпен айтылады.

Түрік тектес халықтардың түгел бірлігі

қажет екендігі, сонда ғана ел азаттығының

баянды болатыны, қазыналы далаға көз

алартқан сұғанақ жау ынтымақ болса ашкөздік

жасай алмайтыны эпоста ұрпаққа өсиет етіліп,

осы мұрат Ташкентке бек сайланған қырғыз биі

Көкімнің аузымен айтылады:

— Армансыз, ер Есім хан, олжаландың,

Бір тайпа түгел алып олжаларын.

Арманың бұл жалғанда қалғаны жоқ,

Мүддеңнің бәрі болып, ырзаландың.

Ынтымақ, ауыз бірлік қып тұрайық,

Сайлы жұрт, жасаған жау, қырса бәрін.

Найыбың өзіңнен соң мен болайын,

Баласын қырғыз-қазақ бір санағын.

Артыңнан мен інің боп сүйенейін,

Қолайтты, қатты жауға жұмсап алғын. . .

Ұрыссақ, еш патшадан бос келмейміз,

Баршасы түгел тұрса бұқараңның.

Қазақ пен қырғызды ортақ билеген Есім

ханның ұрпақтары қырғыз арасында сару


руынан дедік, содан таралған тұқымнан әйгілі

қаһарман Қолпаш шыққаны белгілі. «Эр

Эшимдин баласы Жанчактыны Таласка ала

келген. Ошондон Колпоч уругу тарайт. Колпоч

да баатыр болгон. Колпоч баатыр 1703 —

1775-жылдарда жашагандыгы эстеликке

чегилген. Талас шаарында Колпоч баатырга

арнап, анын урпактары эстелик орнотушкан».

Қорыта айтқанда, қазақ пен қырғыз халқы

сүйікті ханы Еңсегей бойлы ер Есімханның

бейнесін фольклордың түрлі жанрларында

өшпестей етіп сомдап, ұрпақтан ұрпаққа

тарихи дастандар арқылы даналықпен жеткізе

білген деуге дәлел жеткілікті. Бауырлас екі елді

тамыры, тегі бір қаһарман тұлғалар мен ортақ

тарихи дастандар біріктіре беретін болады.

Әйгілі шайыр Қазанғап Байболов, Тоғолоқ

молда тудырған қаһармандық эпос Еңсегей

бойлы ер Есімнің сүйікті тұлғасын ел жүрегінде

мәңгі тірілтті деуге дәлел жеткілікті. Осындай

ақындардың тарихи жадысының қалыптасуына

нұрлы өрнек шашқан әз Төле би, Бекасыл

әулие Биболатұлындай дана бабалардың рухы

баршамызды жебей берсін.

Ақеділ Тойшанұлы, Қайрат Сақ, Серік Негимов және қырғыз бауырлар

139


БАҚЫТ ҚОЖАЛЫҰЛЫ,

биология ғылым докторы, профессор.

БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕНІҢ КІТАПХАНАСЫ ТУРАЛЫ

Кітапхананы қалай тапқаны туралы

Төрәлінің баласы Гаухарбектің айтқаны: «1938

жылдың жазына қарай атам Төрәлі қойларды

Ұлар тауының етегінде жайып жүреді. Оның

серік қойшысы Шегебай деген ауыл адамы

болатын. Сол кісіге қойды санап өткізіп ауылға

қайтып кетеді. Ауылдан келген соң, қайта

қойды қабылдап алғанда, қой ішіндегі серкелердің

бірінің жоқ екенін аңғарады. Шегебайдан

сұрағанда, ол ешкінің жоғалғанына 2 күн

болғанын айтады.

Әкем, Шегебайдан қойды қай өріске жайғанын

анықтап алғаннан соң, ертеіңіне Шегебай

айтқан өріске қойды жаяды. Ешкіні іздейді.

Әлден уақытта ешкінің әлсіз дауысы

шығады. Алғашқы кезде әкем, ешкінің маңыраған

даусы қайдан шыққанын аңғара алмайды.

Тағыда ешкінің даусы алыстан естіледі.

Таудың ортадан жоғары жағындағы ағаштар

арасынан ешкі даусы шығатын сыйяқты. Үңгір

үстіндегі шөптерді тазалап болғанда ішінде

ешкіні көреді. Үңгірдің тереңдігі 1,5 — 2 метрдей.

Әкем беліне жіп байлап үңгірге түседі.

Шегебай үңгірдің төбесінде тұрып жіппен

ешкіні көтеріп шығарады. Әкем ақырын қараңғыға

көз үйренген соң ары үңгір ішіне қарай

жүреді.

Үңгір ішінде баспалдақтан түсіп қарсы алдындағы

есікті ашады. Есікті ашқан соң тағыда

дәліздегі үш есікті көреді. Дәліз арқылы оң

жақтағы есікті ашса қараңғы, ештене көрінбейді.

Қолындағы пілтені жаққан соң іштегі

текпішектеп жыйылған көп кітаптарды көреді.

Текпішектің төменгі жағында ұзындығы 1 метрден

көбірек, көлдені 60-70 см., қалыңдығы

бір қарыстай болатын көп кітаптарды көреді.

Ал текпішектің жоғарғы жағында жұқалау,

140

кішілеу, көп кітаптардың қатар тізіліп жиылғанын

көреді. Осыдан кейін басқа екі бөлменің

есігін ашқанда оларда алдыңғы бөлмедегі

сияқты кітаптар жинаулы тұр екен. Бір бөлменіңкіреберісінде

азырақ кішкене жұқа кітаптар

жинаулы тұр екен. Осы кітаптардың ішінен

әкем 3 кітапты 1 қойнына тыға салады, асығыс

жан жағына қарап, «ешкім көрмеді ме?» дегендей

бойын қорқыныш билеп сыртқа беттейді.

Жіпеннен сыртқа шықаннан соң, іштей ешкімге

айтпауға серт жасайды. Ауылға келген соң,

ауылдағы үлкен сауатты, ескіше оқи алатын,

ауыл молдасы Артық ишан деген кісіге алып

келген кітаптарын көрсетеді. Ол кісі екі күннен

кейін атамды шақырып алып, әкелген кітаптарды

ешкімге көрсетпеуін және бұл туралыешқандай

сөз айтпауын өтінеді: «Бұл кітаптар

өте құнды және киелі кітаптар екен. Балдарың

және ағайын-туыстарың, жалпы үрімбұтағың

аман болсын десең, жұмған аузыңды ашпа»

деп бұйырады.

Бұл уақытта, елімізде 30 жылдардағы қызыл

коммунистердің саясатынан-ашаршылық,

елді қорқыту, қожа-молдаларды соттау кезеңі

болатын. Менің әкем Төрәлі, елдегі басқа өзі қатарлы

дін исламға сенетін қарттар сияқты, бұл

кітаптардың құнды екенін сезеді. Сондықтан

өз-өзіне ешкімге айтпауға ант береді.

Осы кітаптарды көргеннен кейін сенің әкең

өте тұйық, мінезі салмақты, сөйлемейтін болды

деп — апам Ботан айтып отыратын еді. Жылдар

өткен соң әкемнің денсаулығы жақсарып

(бұрын әкем аяғынан сал болып ауырған еді),

1

Бұл кітаптың екеуін мен қолыма ұстап көрдім. Оның біріншісі

«Рисалла» деп аталады, екіншісі 1868 жылы Ташкент

қаласындағы типографиядан шыққан діни кітап. Үшіншісін

— дәруіш тәжіктер алып кеткен.


көңілді болып жүре бастады. Шешем де әкеме

қарап денсаулығы жақсарып, үйімізге береке

келіп, дастарханымыз молайып, жағдайымыз

жақсара бастады. Үйімізден кісілер шықпайтын

болды. Әкеме үлкен шабыт келіп, шипагер-сынықшылық

қонды. Әкем ертеңгі, немесе алда

келетін адамдарды (қолы, аяғы және басқа да

сүйектері сынған) болжап, апама үйді жинап

таза ұстауын өтінетін. Әкем айтқандай ертеңіне

бірнеше аурулар келетін. Соларды әңгімелесіп

отырып сынықтарын және шыққан сү йектерін

орнына оңай, жанын ауыртпай салатын. Сол

күні апам жанағы аурулардан бір материалдық

заттар немесе тәтті тағамдар алатын

болса, әкем түніменен ұйықтай алмай шығады

екен. Ертеңіне апама ренжіп «Неге олардың

сыйлығын аласың, мен құдай үшін, сауап үшін

жұмыс істеймін. Келген адамдардың жағдайы

жақсы болып, сынған, шыққан жерлері жазылып

кетсе болды, солардың жаны ауырмаса

екен деп құдайдан тілеймін. Олар менен шипа

іздеп келеді, сол шипа үшін, сауап үшін істеймін.

Лайым мына менің балдарымның жолдары

ашылып, бақытты өмір сүрсін, мен сол үшін қызмет

істеймін дейді екен».

Иә, Ержан, атамның мейірмандылығына,

қайырымдылығына бірнеше рет көзіміз жетті.

Бір күні үйге бір жүк мәшинесімен бірнеше

кісілер келді. Түрік жігіттері екен. Біреуінің бұғанасы,

біреуінің иығы, үшіншісінің жамбасы және

тобығы шығып кетіпті. Атам жай ғана әңгімелесіп

отырған адамдай шыққан сүйектерін білдірмей

салды. Ешбір ауырған адамдар қайтып

келген емес, барлығы жазылып кететін. Себебі

атамнан кейін аудандық аурухана дәрігері травматолог

Үсенов гипске салады екен. Артынан

рентгенге салып тексерген кезде ешқандай

ауытқуды таба алмайтын. Және тағы бір керемет:

Алматыда тұратын тіс дәрігері М. деген

кісі бар. Сол кісінің жамбасы шыққан болатын,

сол кезде ол кісі 14 жасар еді, сол кісінің жамбасын

қайта сындырып, жабағының қазысына

орап бір айдай емдеп жамбасын орнына келтірген

еді. Қазір сол кісі Қазақстанның еңбек

сіңірген тіс дәрігері, жасы 70-тен асты, аяғының

ешқандай кемдігі жоқ. Сол сияқты Шымкент

қаласындағы шифер заводының жұмысшысы

К. деген кісінің мен өзім аяғын абайсызда сындырған

едім. Сынықтан жілік сүйегі ет-теріден

сыртқа шығып кеткен еді, соны да атам операциясыз

орнына келтірді, аяғы жазылып кетті. Ол

солдат қатарында үш жыл қызмет етіп, қазір

ел ағасы болып жүр. Осы сияқты көріністерді

көптеп келтіруге болады. Менің айтайын дегенім

таудан табылған үңгірдегі кітаптардың

шапағаты, атама тиді деп ойлаймын.

Күнделікті осындай жағдайды көріп жүрген

мен, бесінші сынып оқушысы, бір күні үлкен плакат

қағаз алып, әрбір сынық мүшелеріне арнап

бағалар қойдым. Мәселен: жамбас шыққанға —

бір тана, иық шыққанға — бір қой, бұғана сынғанға

— бір қошқар, тағы сол сияқ ты сынықтардың

түріне қарай әрқайсысын бағалап бағасын

қойдым, соны төлеуін өтіндім. Соңынан мектепке

оқуға кетіп қалдым. 2-3 күн өткеннен соң

атам шақырып маған былай деді: «Балам сен

біреудің жан азабын кәсіп етпекші екенсің ғой.

Солай біреудің ауруының арқасында күн көріс

қылмақшы екенсін ғой. Мен сені ақ жүрек қайырымды

жігіт екен десем, барлық көңілің дүниеде

екен ғой. Мен осы отаршылықты саған

үйретіп, батамды берейін деп едім, райымнан

қайттым» деп маған ашу көзімен қарады. Осы

көріністен мен атамның қандай адам екенін

түсіндім. Атам 1975 жылы өмірден өтті. Ал өзі

таудағы кітап туралы ешқандай ешкімге жақ

ашып бағыт сілтемеді. Бірақ маған, ұлы Гаухарбекке,

аманат етіп, кітаптың қайда жатқан мөлшерін

тура айтпай, шамалап айтқан еді. «Заман

өзгерер, кітапті іздеңдер, халықтың игілігіне

жаратындар, сендер бақытты болыңдар, ол

кітап уақытысы келгенде табылады» деп күрсінген

еді.

Ал, Ержан, саған жақсылық, жол тілейміз,

мүмкін бұл кітапхана сенің бабаң Бекасыл әулиенің

кітаптары жиналған үңгір шығар. Лайым

халқымыздың игілігіне және мәдениетіне жаратылсын».

141


142


ЕРЖАН ИСАҚҰЛОВ,

саяси ғылымдарының докторы.

БЕКАСЫЛ БИБОЛАТҰЛЫ МЕН ОНЫҢ

АТА-БАБАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ

Бекасыл Биболатұлы мен оның ата-бабала

рының тарихы Шыңғыз хан мен оның

ұрпақтарымен тікелей байланысты. Ол туралы

мен «Шыңғыз хан» атты кітабымда жазған

болатынмын.

Парсы елінің атақты ғұламасы Рашид аддиннің

1318 жылы жазылып біткен «Жамиғ

ат-тауарих» («Тарихтар жинағы») атты әлем

ғалымдары түгелдей мойындаған кітабында

көрсетілген дерек бойынша, Шыңғыз хан —

түркілердің мұғұл деген тармағынан шыққан,

оның Бөрте шина деген он алтыншы атасы

біздің заманымыздың VII ғасырында Ергене

қон деп аталған жерден қазіргі Шығыс Қазақстан

облысындағы Тарбағатай, Оңтүстік

Алтай және Қалдун деген таулардан бастау

ала тын Бұқтарма, Қара Ертіс және Күршім

өзендерінің алқабына қоныс аударған. Олардың

көршілері керейлер мен наймандар

болған.

Шыңғыз хан 1155 жылы Бұқтарма өзенінің

Ертіске қосылған жерінде дүниеге келген.

Бұл деректер жоғарыда көрсетілген Рашид

ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих» атты кітабы

мен Шараф ад-дин Йаздидің «Зафар нама»

(1425 ж.) атты еңбегін Зәріпбай Оразбай

2018-2019 жылдары қазақшаға аударған

соң ғана мәлім болды. Ергене қон деген жер

атауының 1786 жылы Нюрнбергте шыққан

Ф. Л. Гюссфельдтің картасында қазіргі Iле

өзенінің сол жағалауын да екендігі анық көрсетілген

(Менің пікірімше, Ергене қон деген

жер қазіргі Алматы облысындағы Шарын

шат қалының бұрынғы атауы. Ол шатқал

156 км созылады, оның табиғаты өсімдіктер

мен жануарларға бай және өмір сүруге өте

қолайлы).

Шыңғыз ханның жорықтары әлем жұрт шылығына

жақсы мәлім. Ол көзінің тірісінде-ақ

бүкіл жаулап алған елдері мен әскерлерін

өзінің төрт ұлы мен жақын туыстарына бөліп

берген:

Шыңғыз ханның өзінің ордасы Ертіс өзенінің

оң жағалауындағы Қарақұрым деп

аталған жазықта болған (Ол жазық түгелдей

1960 жылы салынған Бұқтарма су қоймасының

астында қалған).

Ертіс өзені мен Алтай тауларының айналасындағы

барша уәлаяттар мен ұлыстарды,

ол аймақтардағы жайлаулар мен қыстаулар

Жошының билігіне берген. Оның (негізгі) жұрты

Ертістің айналасында болады және оның

мемлекетінің астанасы да сол жерде орналасады.

Жошы 1227 жылы әкесінен бұрын

қайтыс болады. Жошының ұлы Бату хан

Ертістің бойында дүниеге келген (ол туралы

«Шыңғыз хан» атты кітапта бұлтартпас дәлелдер

келтірілген). Бату хан мен оның немере

інілері Шыңғыз хан империясының аумағын

кеңейтіп, Еуропа мен әлемнің басқа елдерін

де бағындырады. Бату хан 650 хижри жылы

(1252 жылы) Еділ өзенінің бойындағы Сарай

жерінде дүние салады.

Шыңғыз ханның екінші ұлы Шағатайдың

үлесіне Алтай мен Әмударияға дейінгі жерлер

тиесілі болады. Оның ордасы Iле өзенінің оң

жағалауындағы Алмалық пен Шығыс Түркістандағы

Бесбалықта болады. Ол 1242 жылы

қайтыс болады.

143


Шыңғыз ханның үшінші ұлы Үгетайдың

үлесіне ойраттардың жерлері тиеді. Оның

ордасы — қазіргі Шығыс Қазақстан облысына

қарасты Бері Манырак тауы мен Еміл және

Кобық өзендерінің маңайында орналасады.

Шыңғыз хан өлгеннен соң (1227 жылы) екі

жылдан кейін Үгетай өсиетке сай әкесінің

Қарақұрымдағы тағына отырады. Ол жерде

Үгетай Қарақұрым атты үлкен қала салады, он

үш жыл бойы қаған болады.

Үгетайдан кейін таққа оның ұлы Күйік қаған

отырады. Ол бір жылдан кейін(1243 жылы)

қайтыс болады, оның денесі Еміл өзенінің

жоғарғы жағында орналасқан орданың

маңайында жерленеді.

Шыңғыз ханның кенже ұлы Төле өмір

бойы әкесінің Қарақұрымдағы ордасында

болады. Оның үлесіне Қытай мен Қарақұрымда

орналасқан тоғыз орда тиеді. Төле 1232 жылы

қайтыс болады.

«Жамиғ ат-тауарихтағы» деректерге қарағанда,

Шыңғыз хан мен оның кенже ұлы Төле

және Төледен тараған ұрпақтар қазіргі Шығыс

Қазақстан облысының аумағындағы Бұрхан

Қалдұн тауларындағы Ұлы қорыққа жерленген.

(Жошының қорығы қазіргі Ұлытау облысында

екені ХХ ғасырда мәлім болды.

Шағатайдың денесі, тексеруді қажет

ететін дерек бойынша, Алматы облысындағы

Шілік өзенінің бойындағы қорыққа жерленген).

Ал Үгетайдың қорығы Шығыс Қазақстан

облысындағы биік таудың басында.

Шараф ад-дин Йаздидің 1425 жылғы

жазылған «Зафар намасындағы» деректер

бойынша, Шыңғыз хан қайтыс болғаннан

кейінгі уақытта Ұлы қағанның жұртында оның

15 ұрпағы қағандық құрады. Жошының 32

ұрпағы 210 жыл бойы Дешті Қыпшақтың

хандары болады. Ал Шағатайдың 32 ұрпағы

109 жыл бойы Шағатай ұлысының хандары

болады. Одан соң ол ұлыстың хандығы Үгетай

ханның Данышпанша атты ұрпағына тиеді.

Біраз уақыт өткен соң хандыққа қайтадан

Шағатайдың ұрпақтары иелік етеді, 1500-1510

144

жылдар аралығында Дешті Қыпшақта билік

құрған Жошының тікелей ұрпағы Әбілхайыр

ханның немересі Шайбан (Шаһибек) хан Әмір

Темір әулетін тақтан тайдырып, Темір құрған

мемлекетті түгелдей жаулап алады. XVI ғасырдың

екінші жартысында Шайбан хан

құрған мемекеттің аумағында Бұхара хандығы

құрылады, мемлекеттің астанасы Самарқаннан

Бұхараға көшіріледі. XVII ғасырдың басында

Бұхарадан Хорезм (Хива) хандығы бөлініп

шығады. XVIII ғасырда ол мемлекеттің

аумағында Қоқан хандығы құрылады. 1876

жылы Қоқан хандығы жойылады, оның аумағындағы

жерлер мен халықтар Түркістан

губернаторына бағындырылады.

Бұхара Хива(Хорезм) ХХ ғасырдағы Қазан

төңкерісіне дейін Ресей патшалығына тәуелді

болып қалады. 1918 жылы ол губернаторлық

пен хандықтардың аумағында РСФСР

құрамындағы Түркістан Автономиялық

Советтік Социалистік Республикасы, Бұхара

Советтік Халық Республикасы, Хорезм Советтік

Халық Республикалары мен 1920 жылы

Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік

Республикасы құрылады. 1924 жылы аталған

Орта Азия Республикаларының шекаралары

межеленіп, олардың аумағында Өзбек Советтік

Социалистік Республикасы, Түркімен Советтік

Социалистік Республикасы мен Өзбек ССР-інің

құрамындағы Тәжік автономиялық Советтік Социалистік

Республикасы (1929 жылдан бастап

Тәжік Советтік Социалистік Республикасы)

пайда болды. Тек 1936 жылы ғана Қазақ Автономиялық

Советтік Социалистік Республикасы

Қазақ Советтік Социалистік Республикасы

болып өзгертілді. Аталған Республикалар

Советтік Социалистік Республикалар Одағының

(Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының)

құрамында болды. Ол Одақ 1991

жылдың соңында құрдымға кетті. КСРО-ның

құрамында болған 15 мемлекет өздерінің

тәуелсіздіктерін жариялады.

Рашид ад-диннің айтуынша, Шыңғыз

ханның төртінші атасы Түмбине ханның тоғыз

ұлы болған. Оның әрқайсысынан атақты рулар


бастау алады: үшінші ұлы Қашуладан — Әмір

Темір; алтыншы ұлы Қабыл ханнан -Шыңғыз

хан;жетінші ұлы Одыр Баяннан-Жамуқа,

тоғызыншы ұлы Есутайдан — Жебе ноян. Дулат

руы Түмбине ханның сегізінші ұлы Боданжардан

(лақаб аты Болшар дуқұлан) тарайды. Бұл

ру XIII ғасырда пайда болады. Дулат руының

әскерлері Шыңғыз хан құрған он үш күреннің

тоғызыншысының құрамына кірген.

Менің зерттеуім бойынша, Дулат деген адам

Шыңғыз хан мен оның ұлдарының замандасы

болған. Оның әкесі — Тілеуберді, ол Байдібектің

Жеті Арыс (Сарыүйсін, Шапырашты, Ошақты,

Ысты, Албан, Суан) аталған жеті ұлының біреуі.

Байдібектің әкесі Қараша, оның әкесі жоғарыда

аталған Боданжар (Болшар дуқұлан).

Шыңғыз хан, жоғарыда айтылғандай, көзі

тірісінде-ақ барлық жаулап алған жерлерді,

мемлекеттер мен әскерлерді өзінің төрт ұлы

мен жақындарына бөліп берген. Мұхаммед

Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиінде»

төмендегідей дерек келтірілген: «Сол (Шыңғыз

хан) бөлген үлесте дулат тайпасы Шағатай

ханның үлесіне тиді. Шағатай Дулатқа Маңлай

Сүбені береді. Маңлай Сүбе бір жағы Шашпен,

екінші жағы Шалыш, бір шеті Ыстықкөл және

бір тарабы Сары Ұйғырмен шектеседі. . . ».

Ол жердің аумағында қазіргі кезде төрт

мемлекет орналасқан (Қазақстан, Қырғызстан,

Өзбекстан және Шыңжан-Ұйғыр автономиялық

районы).

1269 жылы Үгетай қағанның немересі Қайду

ханның шақыруымен қазіргі Жамбыл облысына

қарасты Талас пен Кенжек аумағындағы

жайлауда Талас Құрылтайы өтеді. Ол Құрылтайдың

шешімімен Құбылай қағаннан тәуелсіз

үш мемлекет — Жошы ұлысы, Қайду ұлысы мен

Шағатай ұлысы пайда болады. XIVғасырдың

басында Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде

дулаттар құрған Моғолстан атты мемлекет,

ал оның батысында 1370 жылы Әмір Темірдің

мемлекеті өмірге келеді.

Мұхаммед Хайдар Дулати осы Моғолстан

деген мемлекеттің үш ғасырлық тарихын

жазған. Ол мемлекет — Шыңғыз хан

Империясының заңды мұрагері.

Оның айтуы бойынша, 1465 жылы Моғолстан

мемлекетіне қарайтын дулаттардың Шу мен

Қозыбас атты жерінде Жошының тікелей

ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар

бастаған Қазақ хандығы бой көтереді.

Қорыта айтқанда, дулат руы бастау

алатын Дулат деген адам мен Әлем билеушісі

Шыңғыз хан замандас болған, олардың

шежіресі үш атадан қосылады, яғни олар бірбіріне

немере аға-іні болады. Дулаттар барлық

кезде Шыңғыз ханның ұрпақтарынан шыққан

хандарды қолдап отырған, олар басқарған

мемлекеттерде шынайы билік жүргізген.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің Құдайдат

деген атасы бір өзі алты бірдей ханды таққа

отырғызған. Солардың қатарында Түркістанды

түгел билеген, қазақ пен қырғыздар 47 жыл

бойы ортақ ханы болған Еңсегей бойлы Есім

ханның орда биі, төрт атасынан бері би болған

Құдайберді би. Оның ұлы Әлібек би, одан

бірнеше ханның тұсында билік еткен Төле би.

Сол кезден «Толық хандыққа тек Есім хан

ғана жеткен, Толық билікке тек Төле би ғана

жеткен»деген аталы сөз қалған.

Бекасыл Биболатұлы Құдайберді бидің

үлкен ұлы Түгелбайға шөбере болады.

Бекасылдың әкесі Биболат Қоқан хандығында

пансат деген дәрежеге ие боп, қарамағындағы

елге басшылық жасаған. Абылай ханның

жұрағаттары Қасым төре мен балалары

Есенгелді, Саржандарға көмек қылдың, мініске

жылқы бердің деп қоқандықтар оны қудалаған.

Ақыры ажалына солар жетіпті.

Осы айтылған деректердің барлығы

«Дулаттардың шығу тегі. Мәшһүр Жүсіп

Көпейұлының Бекасыл Биболатұлы туралы

естеліктер» деген кітапшада да жазылған.

Ол кітапша конференцияға қатысушыларға

таратылып берілді.

Ендігі жерде төл тарихымыз жазылған

«Шыңғыз хан» атты кітап пен аталған кітапша

қолдарыңызға тиді, мәселе олардағы

келтірілген деректерді мұқият түсініп алуда.

145


Бекасыл әулиенің 200 жылдың мерейтойы аталып өткен жер

(Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Кеңесарық аулы)

146


147


ЕРЖАН ИСАҚҰЛОВ,

саяси ғылымдарының докторы.

ДУЛАТ РУЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ

Дулат руының шығу тегі Түмбине ханға

барып тіреледі. Сондықтан оқырманға түсінікті

болу үшін Ержан Исақұловтың «Шыңғыз хан»

атты кітабының 176-180 беттеріндегі («Жамиғ

ат-тауарихта» 244-246 беттер) Түмбине хан туралы

дастанды тағы да бір рет қайталап оқуды

ұсынамыз: 1 «Түмбине хан — Шыңғыз ханның

төртінші атасы, мұғулша төртінші атаны «будату»

деп атайды. Оның ақылды, қабылетті, әрі

ержүрек тоғыз ұлы болды. Олардың әрқайсысынан

сый-құрметті, атақты болған тармақтар

мен рулар пайда болды. Қазіргі таңда ол рулардың

әрбірі (саны бойынша) жиырма-отыз

мың отбасыға дейін барады. Олардың саны

еркектер мен әйелдерді қосқанда жүз мың

адамға дейін жетеді.

Олар (тулуы тұрғысынан) үлкендер

болып табылатын және бір анадан

туғандар

Бірінші ұл — Жақсу, оны тағы Йахши

(Жақсы) деп те атайды. Оның нәсілінен нұяқын

руы, ұрұт пен маңғыт рулары бастау алады.

Оның (бірнеше) ұлдары болды. Ең үлкені кейін

(оның) орынбасары болған (ұлы) Бурун (Боран)

еді. Оның үлкен ұлы — Чучи (Шұшы), оның

үлкені — Миргитай (Мергітай), оның ұлы — Сука

бики (Сука бек). Ол Шыңғыз ханның ұлдарының

замандас, немере туысы болған.

Екінші ұл — Барин Шийилтуқа Бичи (Барын

Шиелтоқа биші). Оның ұрпақтарынан ... 2 руы тарайды.

Оның Урум (Үрім) атты ұлы болды. Оның

ұлы — Чауридай Байжу (Шаурыдай Байжу),

оның ұлы — Шибай, Шыңғыз ханның ұлдарының

замандас, немере туысқаны болды.

1

Автордың жазғандары курсивпен берілген.

2

Ру аты жазылмаған.

Үшінші ұл — Қачула (Қашула) 3 . Оның

ұрпақтарынан барлас руы тарайды, оның үлкен

ұлы — Ардамту Барула [болатын]. Оның үлкен

ұлы — Тудайин (Тудайын), оның үлкен ұлы —

Чучийа (Шушия), оның үлкен ұлы — Булуқан

Қалач (Бұлуқан қалаш). Ол — Шыңғыз ханның

ұлдарымен замандас, неме ре туысқаны еді.

Төртінші ұл — Сим Қачийун (Сим Қашуын).

Оның ұрпағынан хадаркін руы тарайды. Оның

ұлы — Адар кидай болатын, оның үлкен ұлының

аты — Науқун (Науқын). Науқынның ұлы —

Хуқу. Оның үлкен ұлы — Буражу (Буражы). Ол —

Шыңғыз ханның ұлдарының замандас, немере

туысқаны еді.

Бесінші ұл — Баат килугай. Оның

ұрпақтарынан будат руы тарайды. Оның үлкен

ұлы — Кулуган мирган (Күліген мерген), оның

үлкен ұлы — Тарқутай (Тарқытай), (оның үлкені)

— Қуридай (Қорыдай), (оның үлкені) — Чурқидай

(Шұрқыдай), ол — Шыңғыз ханның ұлдарының

замандас, немере туысқаны еді.

Олар (тулуы тұрғысынан) кіші болып

табылатын және басқа анадан

туғандар

(Түмбине ханның) алтыншы ұлы — Қабыл

хан. Шыңғыз ханның шежіресі соған барады.

Одан басқа бірнеше тармақтар тараған, (алайда

олардың) әрбірі туралы жаднама (кейінірек)

3

«Жамиғ ат-Тауарихтағы» дерек бойынша барлас руы

өзінің бастауын Түмбине ханның үшінші ұлы Кашуладан,

дулат руы оның сегізінші ұлы Болшар дуқұланнан алады.

Ал «Зафар намада» Түмбине ханның ұлдары Қабыл мен

Қашула егіз болған деп көрсетілген (Әмір Темір Қашуланың

сегізінші ұрпағы, Шыңғыз ханның аталас туысы болады. Ол

туралы Ұлықбек өзінің «Турт улус тарихи» атты еңбегінде де

айтады). Біздің пікірімізше, қалай болғанда да олардың бәрі

бір кіндіктен тараған адамдар болып шығады.

148


келтірілетін болғандықтан, мұндағы (олар туралы

деректер) созылмайтын болады.

Жетінші ұл — Удур Байан (Одыр Баян).

Оның әулетінен [журйат] руы тарайды 4 .

Сегізінші ұл — Боданжар (лақаб аты Болшар

дуқұлан) 5 . Оның ұрпағынан барлық дұқұлат рулары

тарайды.

Тоғызыншы ұл — Йисутай (Есутай), оны тағы

Жучи Нақу (Жошы Нақу) деп те атайтын. Оның

әулетінен бисут (бисүт) руы 6 бастау алады. Ол

отшыген еді. «Отшыген» (сөзінің) мағынасы —

кенже ұл болып табылады. Ол отбасы мен (ата)

жұртта қалады, яғни ошақ пен жұртының иесі

болады.

Бұл жоғарыда аталған ұлдардың барлығының

көптеген бауыры мен немере бауырлары

болды, содан көптеген руларға бастау болды.

Олардың барлығы баһадүрлер әрі құрметті

адамдар (болған). Алайда (мұнда) тек (олардың

арасындағы) ең үлкендері мен (әкелерінің)

орынбасарлары болғандардың ғана есімдері

жазылды. Олардан басқаларының есімдері

мәлім емес.

(Мұнда) әрқайсысы өз әкелерінің орынбасарлары

болған, Түмбине ханның үлкен немерелерінің

аттары, олардың әрбірі Қабыл ханның

ұлы мен немерелерінің қайсыбірінің заманда сы

болғандығы белгілі болу үшін, оның (Қабыл ханның)

бесінші ұрпағына дейін жазылды. Ал олар

(Қабыл ханның бесінші ұрпақтары) Шыңғыз

ханның ұлдары болып табылады».

Сонымен, жоғарыдағы дерек бойынша,

Түмбине хан Шыңғыз ханның төртінші атасы

болады. Шыңғыз хан 1155 жылы туылғаны

белгілі. Бір буынды әр 28 жылда өмірге келеді

деп санасақ 7 , Түмбине хан шамамен 1000 жыл-

4

Бұл рудан Жамұқа шыққан. Жамұқа мен Шыңғыз

ханның қарым қатынасы жөнінде журйат руы туралы бөлімде

жазылған.

5

Боданжар өз аты, ал Болшар дуқұлан (дулат) лақаб аты.

Ол дулаттардың атасы деген мағына білдіреді.

6

Бұл рудан Жебе ноян шыққан. Жебе ноян жөнінде

«Шыңғыз хан» атты кітаптың бисүт руы туралы тарауында

айтылған.

7

Бұл тек шартты ұғым. Өйткені, бір адам 100 жыл өмір

сүрсе, екінші адам 30 жыл немесе одан да аз өмір сүруі

мүмкін. Кейбіреу ерте, кейбіреу кеш үйленеді.

149

дардың бас кезінде, ал оның Боданжар (Болшар

дуқұлан) атты ұлы 1028 жылдары өмірге

келген болып шығады. Боданжар (Болшар

дуқұлан) мен Шыңғыз ханның үшінші атасы

Қабыл хан бір әке мен бір анадан туған, Қабыл

ханнан қият руы тарайды. Ал оның туған бауыры

Боданжардан (Болшар дуқұланнан) дулат

руы тарайды.

Түмбиненің ұлдарынан тараған әрбір тармақ

пен рулар сол кездің өзінде («Жамиғ ат-тауарих»

жазылған уақытта — 1300-1316 жылдары)

жиырма-отыз мың отбасыдан тұрған және

оның дуқұлат деген тармағы Шыңғыз хан

құрған он үш күреннің тоғызыншысының құрамына

кірген («Жамиғ ат-тауарих», 329-330-беттер).

Бұдан шығатын қорытынды — XIII ғасырда

дулат деп аталатын екінші бір жаңа тайпа (ру)

пайда болған.

Олардың біріншісі — біздің заманымыздан

бұрынғы кездерде пайда болған, әлем халқына

ежелден танымал дулат (дулу) тайпасы. Екіншісі

— Шыңғыз ханмен аталас Боданжардан

(Болшар дуқұлан) тарайтын дулат руы. Бұл деректі

есте сақтау қажет. Өйткені аталған дерек

Шыңғыз ханның ұрпақтарының дулат руына

және ол рудан шыққан тарихи тұлғаларға түрлі

артықшылықтар мен үлестер беріп, оларды

сүйеніш еткенін дұрыс түсінуге көмек береді.

Дулат тайпасы үйсін тайпасының бір тармағы

екені ежелден белгілі. Үйсін тайпасы,

«Жамиғ ат- тауарихтың» 43-44 бетіндегі дерек

бойынша, Ергене қоңнан шыққан мұғулдардың

бірінші тар мағына жатады. Ол тармақ, «Шыңғыз

ханда» көрсетілген біздің есептеуіміз бойынша,

б.з.д. VIII-IV ғасырлар аралығында пайда

болған. Тармақтың тайпаға айналуы үшін ем

кемінде 200-300 жыл керек екендігі ғылыми

түрде дәлелденген. Сонда, дулат тайпасы

б.з.д. II ғасырда пайда болды деп тұжырымдауға

болады. Біздің бұл қорытындымыз, дулат

тайпасының тарихын зерттеген ғалымдардың

мәліметтері мен қытай жазбаларындағы деректерге

сәйкес келеді.


«Чагатайский Улус. Государство Хайду. Моголистан».

О. Караев. Нур-Султан – 2019 г.

150


151


Дулаттар жайлы қытай, Византия, араб,

иран, орыс, бұлғар, чуваш және қазақ ғалымдары

көптеген еңбектер жазғаны мәлім.

Белгілі жазушы Әбдіқадыр Дәуітбеков солардың

бәріне шолу жасап, ондағы деректердің

негізінде, 2019 жылы «Дулаттар» деген еңбек

жазды. Бұл еңбекте ол дулат тайпасының тарихын

таңбалар, нумизматикалар, геральдика

мен символикалар және ДНК арқылы зерттеп,

жаңаша сөйлетті.

Аталған еңбектерде дулаттардың байырғы

замандардан бүкіл әлемге танымал болғандығы,

дулаттан шыққан Атилла мен оның ұрпақтарының

Европаның сол кездегі мемлекеттерін

жаулап алып, оларды көп жылдар бойы

билеп, адамзат тарихында өшпес із қалдырғаны,

Ұлы Бұлғария мемлекетінің негізін қалағаны

туралы нақты деректер келтіріледі. Дунайдағы

Болгария мемлекетінің он екі патшасы дулат

тайпасынан болғандығы айтылады.

Қазіргі кезде болгар халқының бір бөлігі,

чуваштар және Солтүстік Кавказ бен Азов

теңізінің жағалауын мекендейтін халықтар (қарашай,

балқар және т.б.) өздерін дулат тайпасынан

тараған деп санайтындығы туралы жазылған.

Дулаттар мен оның ашина деген тармағынан

шыққан қағандар VI-VII ғасырларда

Түрк қағанаты, Шығыс және Батыс Түрк қағанаттары

деп аталатын мемлекеттерді құрғаны

белгілі.

Бұл деректердің барлығы, жоғарыда атап

көрсеткеніміздей, біздің заманымызға дейін

пайда болған дулат тайпасына тиесілі.

2019 жылы Жамбыл облысына қарайтын

Мерке деген елді мекенде Дулат бабаға

арналған кесене салтанаты түрде ашылып,

халқымыздың зиярат жасайтын қасиетті орнына

айналды.

Дулаттар туралы барлық жазба еңбектерде

осы дулат тайпасы мен XIII ғасырда пайда

болған дулат руы бізге дейін бұлай екіге

бөлініп қаралмаған. Өйткені, біздің пікірімізше,

оның өзіндік үлкен себептері бар: біріншіден,

түркілер мен оның мұғул тармағының тарихы

152

туралы парсы тілінде жазылған «Жамиғ ат-тауарих»

атты кітап әлем халқына тек XIX ғасырдан

бастап қана танымал бола бастады; екіншіден,

XX ғасырда «Жамиғ ат-тауарихтағы»

Шыңғыз ханның шығу тегі адам айтқысыз

бұрмаланып, оның атақонысы Ертістің бойынан

Моңғолия жеріне «көшіріліп», ол шыққан

түркілердің мұғул тайпалары, моңғол тайпасына

айналып, оның өзі моңғол болып шықты.

Бұл іске көне қытай жазбаларынан алынған,

түркілер мен мұғулдар тарихы туралы қытай

тіліндегі деректер, оның ішінде тайпалардың,

жер-сулардың, адамдардың қытай тіліндегі

атаулары, өз «үлестерін» қосып, түркілер мен

оның мұғул тармақтарының шығу тарихы мен

атауларын адам айтқысыз шатастырып жіберді,

түркілер мен мұғулдарды екі бөлек халық

деген ұғымның қалыптасуына алып келді;

үшіншіден, түркі халықтары мен Шыңғыз ханның

осы бұраланған тарихы патшалық Ресей

мен әсіресе Кеңестер Одағы кезінде халықтың

жадына жүйелі түрде және күштеп енгізілді.

Қазақтарға «қырғыз» және «қырғыз-қайсак»

деген атау тағылды; төртіншіден, түркілер мен

Шыңғыз ханның тарихын зерттеген барлық

ғалым осы бұрмаланған тарих шеңберінің аясынан

шыға алмады, ал бұл шеңберден шыға

алған азын-аулағы қудаланып, қамауға алынды,

жер аударылды және атылды; бесіншіден,

түркі халықтары мен Шыңғыз ханның шығу тегі

туралы парсы, араб, шағатай, қытай тілінде

шыққан көне және орта ғасырлық кітаптарды

(«Жамиғ ат- тауарих», «Зафар нама», «Мехман

нама-и Бұхара», «Шаджра ат-Түрк» және т.б.)

XIX-XX ғасырда өмір сүрген қазақ ғалымдары

түпнұсқадан оқып, зерттей алмады. Олардың

көбі тек орыс ғалымдары аударған деректерді

пайдалануға мәжбүр болды. Өйткені, XX ғасырдың

20 жылында халқымыздың әліпбиі төрт

рет өзгертілді. Ал, парсы және араб тілінде

оқи алатын ғалымдардың тағдыры, жоғарыда

көрсетілгендей, тәлкекке айналдырылды.

Соның нәтижесінде, қазіргі кезде парсы және

шағатай тілін білетін адамдар жоқтың қасы. Ал

араб тілін Совет заманында және тәуелсіздік


алғаннан кейін оқып-үйренген адамдар шағатай

тіліндегі шығармаларды оқи да, түсіне де

алмайды; алтыншыдан, қазақ ғалымдарының

көп бөлігі Шыңғыз ханға моңғол деп қарап,

оның тарихы түгелдей және жан-жақты зерттелгенге

санап, бұл тақырыпқа зейін аудара

қойған жоқ. Ал зейін аударғандары жоғарыда

айтылған себептерге байланысты шынайы тарихи

деректерге қолдарын жеткізе алмай және

Кеңестік заманда қалыптасқан шеңберлер мен

ұғымдардан шыға алмай, шым-шытырық пен

шатасуларға толы көптеген туындыларды жазып

тастады. Соның нәтижесінде қазіргі кезде

халқымыз өз тарихын өзі түсіне алмайтын

халға жетті.

Біздің шынайы төл тарихымыз жазылған

«Жамиғ ат-тауарих» тек жеті ғасырдан кейін

алғаш рет 2018 жылы парсы тілінен қазақшаға

аударылып, ондағы түркілердің тарихы

мен олардың мұғул тармағынан шыққан әлем

билеушісі Шыңғыз хан мен оның ұрпақтары туралы

аса маңызды мәліметтер мен өте құнды

деректерге енді ғана қолымыз жетіп отыр. Соның

бірі — осы қазіргі кезде қазақ халқының

құрамына кіретін Шыңғыз хан дәуірінде пайда

болған екінші рет дулат атты атауға ие ру туралы

дерек.

Осы жерде оқырман назарын «Жамиғ ат-Тауарихтың»

авторы ның мұғулдардың шежіресі

туралы қалай айтқанын көр сете кетуді жөн

көрдік: «Бұл (мәліметтерді) өтірік және бос

ойдан шығарулар деп есептеудің қажеті жоқ,

себебі мұғулдардың көне замандардан бері

сондай дәстүрі бар, (яғни) олар өздерінің шығу

тегі мен шежірелерін (жаттап) сақтаған. Сондай-ақ

олардың өзгелерге ұқсап балаға жол

көрсететін не діни жамағаты немесе діні болмағандықтан,

әрбір туған балаға әкесі мен анасы

оның руы мен шыққан тегі жайлы шежіресін

түсіндіреді. Сол үшін олар мұндай ережені әр

кез (бұлжытпай) сақтаған және қазіргі уақытта

да бұл (ереже) олардың арасында құрметтеледі.

Және осындай дәстүр арабтарда да бар.

Осы себептен бұл тоғыз тармақтың әрбірі

қандай атау мен лақап (ат) алғаны анықталды.

153

Қазір де олардың балалары мен немерелері

осы (атаумен) аталады әрі әулетінің (бастауы)

осы тармаққа дейін барады. Бұл тоғыз ұлдың

(жасы) үлкен бесеуі бір анадан болды (туылды),

төртеуі басқа анадан (туылған) еді. Олардың

аттары және (әрбір) тармақ ұрпақтарының

есімдері келесідей (түрде) толық баяндалады»

[244].

Бұл жерде әлем оқымыстылары түгелдей

мойындаған, «орта ғасырлық энциклопедия»

ретінде танылған «Жамиғ ат-тауарихты»

Шыңғыз ханның тікелей ұрпағы Ғазан хан мен

түркілер мен мұғулдардың шыққан тегін жақсы

білетін Болат әмірдің қатысуымен, хандық

қазыналарында сақталған жазба деректерге

(«Алтын дәптерге») сүйеніп жазылғанын, сондықтан

олар ешқандай күмән туғызбайтынын

тағы да оқырмандардың есіне саламыз.

«Жамиғ ат-тауарихтың» 762-бетіндегі дерек

бойынша Шыңғыз хан өзінің империясын

ұлдары мен жақын туысқандарына бөліп берген

кезде, Қашғардан Әмударияға дейінгі жерлер

Шағатайдың үлесіне тигені белгілі.

Үгетай қағанның немересі Қайду хан мен

онымен одақтас болған Шыңғыз ханның ұрпақтары

көшпенді болып, ата-бабаның салтдәстүрімен

өмір сүруді мақсат тұтқан. Ал Мөңке

қаған бастаған екінші топқа кіретін Шыңғыз

ханның ұрпақтары отырықшылдық пен қалалық

өмірді қалаған.

1269 жылы Қайду хан шақырған Талас

құрылтайының шешімімен Құбылай мемлекетінен

Жошы, Шағатай және Қайду атты үш дербес

ұлыс бөлініп шығады. Сол құрылтайда Барақ

ханның ұсынысымен Шағатай ұлысы екіге

бөлінеді, оның шығыс жартысындағы жерлер

Қайду хан ұлысына өтеді. Кейіннен ол ұлыстың

жерінде Моғолстан мемлекеті құрылады. Ол

жердің халқы өздерін моғол дар 8 деп атады.

8

Осы жерден бастап Мұғулстан мен мұғул деген

атаулар Моғолстан және моғол болып аталады (тек осы

тарауда ғана). Өйткені, XV ғасырда жазылған «Зафар нама»

мен XVI ғысырда жазылған «Тарих-и Рашидиде» Қайду

ұлысындағы мемлекеттің атауы Моғолстан, ал оның халқы

моғолдар деп жазылған. Сондықтан бұл тарауда XIV-XVI

ғасырлардың тарихы қамтылғандықтан, біз ол атауларды


Ал, Мавреннахр Әмір Темірдің дәуіріне дейін

бірнеше әмірліктен тұратын Шағатай ұлысы болып

қала береді, олардың халқы өздерін шағатайлар

деп атады.

Қайду хан қайтыс болған соң (1302 жылы),

бүкіл бұрынғы Шағатай ұлысының билігі ешбір

қантөгіссіз Қайду ханмен одақтас болған

Шағатайдың шөбересі Барақтың ұлы Дуаға

өтеді. Дуа мен оның ұрпақтарының билігі 1346

жылға дейін жалғасады. Шағатай ұлысының ең

соңғы ханы Қазан болады, оны 1346 жылы әмір

Қазаған өлтіреді. Осы кезден бастап Шағатай

ұлысы Моғолстан мен Мавреннахр болып тағы

да екіге бөлінеді.

Осы мемлекеттердің тарихы мен дулат

руына қатысты аса құнды мәліметтерді Мұхаммед

Хайдар Дулатидің, Захир ад-Дин Бабырдың,

Әбілғазы Баһадүр ханның, Махмуд ибн

Валидің, Шараф ад-Дин Али Йаздидің, В. В.

Бартольдтың, В. П. Юдин нің, К. А. Пишулинаның,

Н. А. Аристовтың, О. Қараевтың, А. Даут бековтың,

А. Селеубаевтың, Өмірбек Шыныбекұлының

және басқа да ғалымдардың еңбектерінен

оқуға болады.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің бүкіл әлем

ғалымдарына танымал «Тарих-и-Рашиди» деген

кітабының 397-398 беттерінде келесідей

дерек келтірілген: «Қашғар уәлаятын Шыңғыз

хан жаулап алды. Шыңғыз ханның көңлі Иран

мен Тұранды және бар әлемді жаулап алу жорығын

аяқтаған соң тыныштанып, атажұртына

қайта оралып, барлық басып алған жерлерді

солай қалдырдық.

Моғолдар мен шағатайлар бірін бірі мұқатып ат қойған:

шағатай моғолды «жете» деп, ал моғол болса шағатайды

«қараунас» — қара тобыр деп атаған.

«Зафар намада» Моғолстанды да Жете деп те атаған,

ол мемлекетің әскерлерін де жете әскерлері деп көрсеткен.

Сонымен қатар, ол кітапта Тоғылық Темірді Шағатай ханның

нәсілінен болғандығы айтылады, оны Жете патшасы деп

көрсетеді. Тоғылық Темір 1330 жылы өмірге келген, ол он

алтыға толғанда оны қалмақтың ішінен Болатшы әмір алып

келген. Ол он сегізге келгенде хан болған, жиырма төрт

кезінде мұсылман болған, 1363 жылы отыз төрт жасында

дүниеден өткен.

«Тарих-Рашидидің» 42-бетіндегі дерек бойынша, Тоғылық

Темірге дейін Шағатай ұлысында жүз жылдың ішінде сегіз

хан патшалық құрған.

154

төрт ұлына бөліп берді. Хәзәр һәм Қыпшақ даласын

түгелдей, бір жағы Рұм және мұхитпен,

екінші жағы Мавреннахр және Моғолстан шекарасымен

шектесетін аумақты үлкен ұлы Жошы

ханға берді. Моғолстанды толық, Қара Қытайды,

Түркістан мен Мавреннахрды Шағатай

ханға берді. Қытайды толықтай Төлеге берді.

Өзінің атамекені — негізгі орда Қарақорым

мен Қалмақты Үгетайға тапсырды. Әскер мен

әмірлерді де ол тағы осылай бөліп берді. Сол

бөлінген үлесте дулат тайпасы Шағатай ханның

үлесіне тиді. Шағатай хан Дулатқа Маңлай

Сүбені тапсырды. Маңлай Сүбе 9 — «күнгей жақ»

деген мағынаны білдіреді. Маңлай Сүбе бір

жағы Шашпен, екінші жағы Шалыш, бір шеті

Ыстықкөл және бір тарабы Сары Ұйғырмен

шектеседі. Осы қоршалған төрт тараптың ортасында

Қашғар мен Хотан орналасқан. Дулат

арасынан бірінші болып, аталған өлкеге иелік

еткен әмір Байдаған болған. Әмір Байдағаннан

ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға, перзенттен-перзентке

мұра болып, айтылғандай мырза

Әбу Бәкірге 10 дейін жетті».

9

«Маңлай Сүбе» туралы «Тарих-и Рашидидің» 35-бетінде

тағы да мынандай деректер бар: «Шағатай хан өз иеліктерін

бөліске салғанда Болатшының атасы Өртебураға «Маңлай

Сүбені» берген. «Маңлай Сүбе» Қүнгей бет жағы болған, оның

шығысы Қусан және Тарбұғыр, ал батысында Шаш (Ташкент),

Газ және Фергана уәлаятының шеткі аймағы болған

Жақышман (Жақсыман). Ал солтүстігі Ыстықкөл, оңтүстігі

Тұрфан мен Сары Ұйғырмен шектескен. Осы аймақты Маңлай

Сүбе деп атайды. Мұнда әмір Болатшы билік ететін. Онда

бірнеше үлкен қалалар болған. Олардың ең үлкені Қашғар,

Хотан, Жаркент, Касан, Ахсикент, Әндіжан, Ақсу, Ат Басы, Қусан

еді. Әмір Болатшы аталған қалалардың ішінде Ақсуда

тұратын» Бұл Болатшы әмір мен «Жамиғ ат-тауарихтағы»

Болат әмір бір адам ба, жоқ па маған (авторға) белгісіз.

10

Мырза Әбу Бәкір XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың

бас кезінде Қашғар уәлаятын билеген. Мырза Әбу Бәкір

туралы «Тарих-и Рашидидің» 352-бетінде былай көрсетілген:

Әмір Сейіт Әлінің екі перзенті болған —Сансыз мырза және

Мұхаммед Хайдар мырза (Дулатидің атасы). Сансыз мырза

ның екі ұлы болған: Біріншісі — Әбу Бәкір мырза, екіншісі

- Омар мырза. Сансыз мырза өлген соң, бұл балалардың

шешесін моғолдың әменгерлік «йәнгалик» дәстүрі бойынша

Мұхаммед Хайдар мырза некелеп алады. Мұхаммед Хайдар

мырза бұл әйелден екі бала сүйеді. Үлкені — Мұхаммед

Хұсайын (Мұхаммед Хайдар Дулатидің әкесі), екіншісі — оның

немере ағасы Сейіт Мұхаммед мырза. Әбу Бәкір мырзаға

Есенбұға ханның баласы Досмұхамед хан өзінің қарындасын

береді. Әбу Бәкір мырза Қашғар уәлаятын қырық сегіз жыл


Осы үзіндідегі Мұхаммед Хайдар Дулатидің

Байдаған деген атасы Дулат арасынан

бірінші болып сол өлкеге иелік еткені, одан соң

иелік ғасырдан-ғасырға, перзенттен-перзентке

мұра болып оның немере ағасы Әбу Бәкір мырзаға

(ол туралы деректер «Шыңғыз хан» атты

кітаптағы 231- сілтемеде көрсетілген) жеткені

анық айтылған.

«Жамиғ ат-Тауарихта» дулат руының

Шыңғыз ханның төртінші атасы Түмбине

ханның ұлы Боданжардың (Болшар дуқұланның)

ұрпағынан тарайтыны, ол рудың Шыңғыз

хан 41 жасқа келгенде (1196 жыл) құрған он

үш күреннің тоғызыншысының құрамына кіргені,

бірақ сол кезде әлі танымал болмағаны

туралы жазылған («Жамиғ ат-тауарихтың» түпнұсқаның

206, 246, 329-330 беттері).

Демек, бұл деректер Түмбине хан өмірге

келіп (1000 ж.), оның төртінші ұрпағы Шыңғыз

хан алғашқы әскерін жасақтаған мерзімге дейін

(1196 ж.) өткен 200 жылға жуық уақытта

дулат руының әлі толық қалыптаспағандығын,

соған қарамастан сол кездің өзінде аталған

әскердің құрамында болғандығын көрсетеді.

Дулат руы Дулат деген адамнан тарайтыны

түсінікті. Ал, Дулаттың әкесі Тілеуберді (Жарықшақ),

оның әкесі Бәйдібек, оның әкесі Қараша

екені тарихтан мәлім. Енді осы атауларды

«Жамиғ ат-Тауарихтың» 244-246 беттеріндегі

Түмбине хан туралы дастандағы «Сегізінші ұл —

Боданжар (Болшар дуқұлан). Оның ұрпағынан

барлық дуқұлат руы тарайды» деген сөйлемдегі

«дуқұлат руы тарайды» деген сөздердің

алдына рет-ретімен қойып оқысаңыз, онда осы

рудың Түмбине ханнан Шыңғыз хан дәуіріне

дейінгі шежіресі шығады: Түмбине хан-Боданжар

(Болшар дуқұлан)-Қараша-Бәйдібек-Тілеуберді

(Жа рықшақ)-Дулат.Ол шежірені осы брошюраның

43 бетінен көруге болады.

Бұл шежіреден Бәйдібектің Түмбинеге шөбере

екендігі белгілі болады. Түмбиненің өткен

мыңжылдықтың (1000 ж.) ең бас кезінде дүниеге

келгенін, біз жоғарыда шежіре санаудағы

әр буын 28 жылдан кейін пайда болады деген

бойы баянды әрі тәуелсіз билейді.

155

ғалымдардың арасында шартты қалыптасқан

ұстанымды қолданып, есептеп шығарған болатынбыз

(«Шыңғыз хан» атты кітаптың 228-беті).

Ол есебіміз Шыңғыз ханның 1227 жылы 72

жаста болғандығы туралы дерекке негізделіп

жасалған болатын. Ол есеп бойынша, Шыңғыз

хан өмірге 1155 жылы (1227-72=1155) келген

болып шығады. Ал Шыңғыз ханның төртінші

атасы Түмбине 1000 жылы туылған болса, оның

Боданжар (Болшар дуқұлат) атты ұлы өмірге

1028 жылы (1000+28=1028) келген, оның ұлы

Қараша — 1056 жылы (1028+28=1056), оның

ұлы Бәйдібек — 1084 жылы (1056+28=1084),

оның ұлы Тілеуберді (Жарықшақ) — 1112 жылы

(1084+28=1112), оның ұлы Дулат — шамамен

1140 жылы (1112+28=1140), туылған болып

шығады. Яғни, Дулат Шыңғыз хан мен оның

ұлдарының замандасы болған.

Бәйдібектің Марау (бәйбіше), Зереп және

Нұрила атты үш әйелінен үш ұл мен жеті немересі

болғандығы тарихтан мәлім: Марау бәйбішеден

Байтоқты, Зереп анадан Жалмамбет,

Нұриладан Тілеуберді (Жарықшақ). Осы үшеуінен

Жеті Арыс деп аталып кеткен жеті ұл

тарайды: Байтоқтыдан — Сарыүйсін; Жалмамбеттен

— Шапырашты, Ошақты, Ысты; Тілеубердіден

— Албан, Суан және Дулат.

Бәйдібектің Домалақ ене аталып кеткен

кіші әйелі Нұрила 1093-1166 жылдары өмір

сүрген «Диуани хикметтің» авторы Қожа Ахмет

Яссауидің қызы болған. Сондықтан, Әмір

Темір Қожа Ахмет Яссауиге 1398 жылы мавзолей

тұрғызған. Өйткені, оны түп нағашысы деп

санаған.

Бәйдібектің ұрпақтары Шыңғыз хан дәуірінен

кейін қалын елге айналғаны мәлім. Оның

ұрпақтарынан шыққан Ботбай, Өтейбойдақ,

Қарасай, Құдайберді, Төле би, Қазыбек, Өтеген,

Қойгелді, Сәмен, Сыпатай, Сүйінбай, Бекасыл,

Жамбыл, Тұрар, Кенен, Бауыржан атты ұлы бабаларымыз

қазақ жұртына кеңінен танымал.

Солардың қатарында, тек қазақ халқына ғана

емес, бүкіл дүниежүзі халықтарына танымал,

отыз жыл бойы Қазақ Советтік Социалистік

Республикасының басқарған Дінмұхаммед Ах-


156

метұлы Қонаев пен ғасырлар бойы егемендікті

аңсаған халқымызды 1991 жылы Тәуелсіздікке

жеткізген Қазақстан Республикасының тұңғыш

Президенті — Елбасы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев

бар.

Бәйдібек бабамыздың өмір сүрген дәуірін

кейбір тарихшылар біздің заманымызға дейінгі

кезеңге (б.з.д. V-IV ғ.) апарады, ал қалғандары

оны біздің заманымыздың V-VІ ғасырларында

болған деп санайды. Кейбір тарихшылар оны

би болған десе, кейбіреулері хан болған деп

жазады. Мұндай пікірлердің орын алу себебі,

біздің пайымдауымызша, осы күнге дейін Бәйдібек

бабамыздың өмір сүрген дәуірі туралы

ңақты деректің болмауына байланысты.

Жоғарыда келтірілген дулат руы туралы

аса құнды деректер тек 2018 жылы «Жамиғ

ат-тауарихты» қазақшаға аударғаннан кейін

ғана белгілі болды.

Бүгінгі күні «Жамиғ ат-Тауарихтағы» бұл

деректерді, «Тарих-и Рашидидегі» Мұхаммед

Хайдар Дулатидің Шыңғыз ханнан жеті артықшылық

алған атасы Өртебура мен Шағатайдан

Дулатқа үлес ретінде берілген «Маңлай

Сүбе» деп аталатын алып аумаққа иелік еткен

тағы бір атасы Байдаған мен олардың Моғолстан

мемлекетін бір уысында ұстаған ұрпақтары

туралы деректермен сабақтастыра зерттеудің

нәтижесінде жаңадан жаңғырған дулат

руының шежіресін құруға қол жеткізіп отырмыз.

Бәйдібек бабамыз бен оның жоғарыда

аталған және аталмай қалған даңқты ұрпақтары

жөнінде қазіргі кезде кітаптар мен басқа

да деректер жеткілікті. Сондықтан, осы жерден

бастап тек Бәйдібектің кіндігінен тарайтын

дулат руының тарихымен ғана шектелу дұрыс

болатын шығар деп шештік.

Жоғарыда аталған еңбектерден, бұл дулат

руының тарих сахнасына тек XIV ғасырда

шыққанын байқауға болады.

«Тарих-и Рашидидегі» дерек бойынша, XIII

ғасырдың жетпісінші жылдары пайда болған

Моғолстан мемлекетінің тізгіні үш ғасырға

жуық дулат руынан шыққан Өртебураның ұрпақтарының

қолында болған. Оның әмір Байдаған

және ұлысбегі Түлек, Болатшы әмір,

Шамс ад-Дин, Камар ад-Дин және Шейх Дәулет

бес ағайынды немерелері мен олардың

ұрпақтары бірінен кейін бірі «Маңлай Сүбеге»

иелік етіп, Моғолстанның ұлысбегі (қазірше

Премьер-Министр — Е.И.), әмірі деген жоғарғы

лауазымдарға тағайындалып, мемлекеттің

басқа да негізгі құрылымдары мен аймақтарына

басшылық еткен.

Болатшы әмір 11 Моғолстан мемлекетінің

11

Бұл Болатшы әмір «Тарих-и Рашидиде» Әмір Болат

(Болатшы) дулат деп те аталады. Бірақ кітаптың өне бойында

Болатшы әмір деп жазылғандықтан, біз де солай қалдыруды

жөн санадық.

«Жамиғ ат-тауарихтың» 35-бетінде Рашид ад-Дин түркі

руларының, оның мұғул тармағының шығу тегі мен олардың

тарихы жөніндегі деректерді Болат чинсаннан (Болат

әмірден) алғанын атап көрсетеді (Ол туралы «Шыңғыз хан»

атты кітабтың 12-бетінен оқуға болады).

Болат чинсанның Құбылай қағаннан Ирандағы Арғын

ханға 684 хижри жылы (1285 милади жылы) елші болып

барғаны туралы дерек «Жамиғ ат-тауарихтың» 1161-бетінде

көрсетілген.

Чинсан деп «Жамиғ ат-тауарихтың» 906-бетіндегі дерек

бойынша, найб және уәзір болуы мүмкін болған ұлы әмірлерді

атайды.

Белгілі башқұрт ғалымы Ахмет-Заки Уәлиди Тоғанның

1941 жылы Стамбулда шыққан «Моғолдар, Шыңғыз және

Түрктер» деген мақаласында: «Әуелде, Рашид ад-Динде,

моғол мен түрк тайпаларына, Шыңғыздың ата-бабаларына

қатысты риуаяттар автордың өз шығармасы емес. Бұлардың

барлығы Құбылай қағанның бауыршысы (яғни casnigi) болып,

кейін Иран Елхандарына жіберілген, ол жерде тарих пен

шежіре істерімен шұғылданған моғол, дүрбен тайпасының

бегі Пулат Ака (немесе Пулат жыңсан) мен оның жанындағы

бір ғалым моғол тарапынан Шыңғыз әулетінде сақталған

«Алтын дәптерде», тағы басқа құжаттарда кездесетін

мәліметпен бірге моғол тілінде әзірлеген. Сонымен қатар

бұл мәлімет Рашид ад-Дин мен бір ирандық ғалым хатшы

тарапынан парсы тілінде де жазылған», – деп айтады.

Бұл деректер, А-З.У.Тоғанның айтуынша, Рашид ад-

Диннің «Fevaid-I Sultaniye» деген еңбегінде жазылған.

«Тарих-и Рашидидегі» көрсетілгендей, Болатшы әмір аталары

Өртебура мен Байдағаннан мұра болып қалған «Маңлай

Сүбеге» иелік еткен, 1348 жылы Моғолстан тағына Тоғылық

Темірді отырғызған, оның хандығын құрып, ол мемлекетінің

ұлысбегі болған, 1361 жылы өмірден өткен. Оның туылған

жылы «Тарих-и Рашидиде» көрсетілмеген. Оның баласы

Құдайдат жүз жасаған адам. Соған қарағанда Болатшы әмір

де көп өмір сүрген және Қайду хан мен Қубылай қағандармен

замандас болған. Бірақ Болатшы әмір мен Болат әмір бір адам

ба, жоқ па, маған (осы брошюраның авторына) мәлім емес.


тағына 1348 жылы Дуаның Есенбұға 12 деген

ұлынан туған 16 жасар немересі Тоғылық

Темірді отырғызады. Оның астанасы етіп Ақсуды

белгілейді. Тоғылық Темір 24 жасында ислам

дінін қабылдайды 13 , өзінің қол астындағыларды

да осы дінге кіргізеді, жоғарыда аталған

дулат әмірлерінің қолдауымен мемлекет аясында

тұрақтылық орнатып, халықтан салық

жинауды бір жүйеге келтіреді. 1360-1361 жылдары

екі рет Мавреннахрға жорықпен барады,

ол ұлыстың барлық әмірлерін бойұсындырады.

Солардың ішінде барлас руынан шыққан жас

Әмір Темір де болады. Ол туралы Жете әмірлерінің

ішінен ханға еркін кіре алатын, өзінің

ақылымен, асқан парасаты мен айрықша қаблетімен

ерекшелетін әмір Әмид Әмір Темірдің

батырлығы мен батылдығы жайында ханға баяндайды.

Тоғылық Темір өзінің ұлы Ілияс қожаны

Мавреннахрдың билеушісі етіп Самарқанда

қалдырады. Ал Әмір Темірді Кеш уәлаятына

әмір етіп тағайындап, өзі Моғолстанға оралады.

Сол кезде Моғолстан мемлекетінің ұлысбегі

Болатшы әмір қайтыс болады. Болатшының

орнына Тоғылық Темір оның жасөспірім ұлы

Құдайдадтты тағайындайды.

Ілияс қожаның Мавреннахрдағы билігі көпке

созылмайды. Оның әскерінің басшылары

оның әлсіздігін пайдаланып жергілікті халықты

тонауға кіріседі, содан соң Ілияс қожа мен

оның Мавреннахрдағы тірегі Әмір Темірге қарсы

бүлік шығарады. Осыны пайдаланып Әмір

Темір Самарқанды тастап шығады, жергілікті

халықтың моғолдарға деген наразылығын пайдаланып

Мавреннахрдың билігін жеңіп алуға

бел шешіп кіріседі.

12

Бұл Есенбұға – Шыңғыз ханның ұлы Шағатайдың

шөбересі болатын Барақтан туған Дуаның ұлы. Оны 1465

жылы Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек сұлтандарға

Моғолстанның бір шетін бөліп берген Жүніс ханның ұлы

Есенбұғамен шатастырмау керек.

13

«Тарих-и Рашидидің»: 29-бетінде «Тоғылық Темірге

дейін-ақ исламды Барақ хан, одан кейін Кебек хан қабылдаған

еді. Алайда осы хандар кезінде моғол ұлыстарында ислам

дами алмай құлдырап, жаһаннам ылдиына бет алды.

Ал дәулетті Тоғылық Темір хан бақытты моғол ұлысын

ислам жолында толықтай алға жетелеп отырды», – деп

көрсетілген. Осы дерекке сүйеніп, Моғолстан халқы ислам

дініне 1356 жылдан бастап кіре бастаған деп айтуға болады.

157

Бұл кезде Ілияс қожа әкесінің қайтыс

болғандығы туралы хабар алады, сондықтан

әкесінің тағына ие болу үшін ол Моғолстанға

аттанады. Сол кезде Әмір Темір мен әмір Құсайын

(Шағатай ұлысының соңғы ханы болған Қазанды

өлтірген әмір Қазағанның немересі) бірігіп

Ходжент қаласының маңында Ілияс қожаға

шабуыл жасайды, сөйтіп оны тұтқынға алады,

одан көп құн алып, содан соң оны тұтқыннан

босатып жібереді.

Тоғылық Темір 1363 жылы қайтыс болады.

(О. Қараевтың «Шағатай ұлысы. Қайду хан.

Моғолстан» деген кітабындағы дерек бойынша

Тоғылық Темірдің және оның Бибі Кәрие деген

әйелі мен олардың бес баласының мазары

Іленің бір саласы болатын Қорғас өзенінің сол

жағалауындағы Байнаман дейтін аңғардың ең

биік жеріне қойылған).

Камар ад-Дин мен оның ағасы Шамс ад-

Дин басқарған әмірлер Тоғылық Темірдің

тағына оның ұлы Ілияс қожаны отырғызады.

Ілияс қожа көп ұзамай қалың қолмен тағы

да Мавреннахрға аттанады. Құсайын мен

Темірдің әскерін жеңеді, олар Самарқанды тастап,

Әмударияның ар жағына қашады. Ілияс

қожаның әскерлері 1365 жылы Самарқанды

көп уақыт бойы қоршап тұрады, бірақ оны ала

алмайды. Сол кезде оның әскерлерінің аттары

оба індетінен қырылып қалады. Сондықтан, Ілияс

қожа қоршауды тастап, Моғолстанға оралады.

Бұл оқиға дулат әмірлерінің наразылығын

тудырады. 1365 жылы Камар ад-Дин 14 Ілияс

қожаның ордасына шабуыл жасап, бір күнде

он сегіз хан мен ханзадаларды өлтіріп, өзі хан

атанады. Сөйтіп, мемлекетті басқару мен оның

14

Камар ад-Дин дулат әмірлерінің ішінде ерекше

тұлға болып саналады. Ол өмірінің соңына дейін (1389 ж.)

Моғолстанға он төрт рет жорықпен келген Әмір Темір мен

оның ұрпақтарымен соғысады, бірақ оны олар түпкілікті жеңе

алмайды. Ол өте дарынды, ержүрек және ақылды қолбасшы

болған, соғыс кезінде жердің ыңғайын (Шарын және сол

сияқты тау шатқалдарын) шебер пайдаланған. Жиырма бес

жылға созылған соғыстарда, Әмір Темір мен оның ұрпақтары

Камар ад-Динді бірде бір рет қолға түсіре алмаған, ол әр кез

жаудан сытылып кетіп отырған. Камар ад-Дин өмірінің соңғы

сәттерінде шемен ауруына шалдығады, соның салдарынан

қайтыс болады (Тарихи-и Рашиди», 77-78, 99-100 беттер).


істерін жөнге келтірумен айналысады. Алайда,

әмір Камар ад-Диннің тағына көз алартқан

әмірлердің бәрі мүмкіндігінше оған қарсылық

көрсетуге тырысты.

Бұл кездері Мавреннахр жерінде де үлкен

өзгерістер болды.

Әмір Темір өзінің одақтасы болған Мавреннахрдың

билеушісі әмір Құсайынды өлтіріп,

билікті өз қолына алады. Бірақ таққа өзі отырмай,

Шыңғыз ханның ұрпағы болатын Сүйер

Ғатмышты (кейбір тарихшылар оны Сұрғатмыш

деп атайды) Мавреннахрдағы Шағатай ұлысының

ханы етіп жариялайды (осы ұстанымға

Әмір Темір өмірінің соңына дейін берік болады).

Осы сәттен бастап Тоғылық Темірдің кезінен

басталған Шағатай ұлысының билігі үшін

күрес өрши түседі. Моғолстан әмірлерінің

Мавреннахрдың шығысына жасаған шабуылдарын

желеу етіп, 1375 жылы Әмір Темір жетеге,

яғни Моғолстанға, бет алады. Өте терең

үш шатқалға бекінген Камар ад-Диннің әскерін

талқандап, оның ел-жұртын тонап, өзін ұлыстан

қуып шығады. Бұдан кейінгі отыз жылдың ішінде

Моғолстанға қарсы Әмір Темір бес рет рет,

оның ұрпақтары тоғыз рет жорық жасайды,

халықты тонайды, оларды күйзеліске ұшыратады,

Ертіске дейін барып, ол жерде өз таңбасын

қалдырады, Камар ад-Диннің әскерлерімен сан

рет шайқасады, бірақ оны түпкілікті жеңе алмайды.

Сөйтіп, Әмір Темір өзінің өмірінің аяғына

дейін Моғолстанды толық жеңе алмай және

оны Мавреннахрға қоса алмай кетеді.

1390 жылдан бастап Әмір Темір Таяу және

Орта Шығыс елдеріне жорықпен барады. Бұл

кезден біраз бұрын, Камар ад-Дин Моғолстан

ханының тағына Тоғылық Темірдің ұлы Қызыр

қожаны отырғызады, ол қысқа мерзімде бүкіл

Моғолстан жерін қайтарып алады. Сол кезде

Әмір Темір Қызыр қожаның ұлы Шам-и Жаһанды

тұтқыннан босатады. Бұған риза болған

Қызыр қожа өзінің қызын Әмір Темірге береді,

сөйтіп олар бір-біріне туыс болады.

Бұдан кейін де Тоғылық Темірдің мұрагерлері

Камар ад-Диннің ұлы Жахан-шах пен

басқа да дулат әмірлерінің көмегімен бірнеше

рет Мавреннахрға жорық жасайды. Әмір

158

Темірдің ұрпақтары да сан рет Моғолстанға

шабуыл жасайды. Соның ең соңғысын Әмір

Темірдің немересі Ұлықбек басқарады. Бірақ

ол да Моғолстанды жаулап ала алмайды.

1428 жылы Моғолстанның билеушісі, Қызыр

қожаның шөбересі Уәйіс хан 15 соғыста қайтыс

болады. Оның орнына оның ұлы Есенбұға

отырады. Моғолстан мемлекетінің ұлысбегі

болып дулаттан шыққан Болатшы әмірдің ұлы

Құдайдаттың немересі Сейіт Әлі тағайындалады.

Ал мемлекеттің барлық ұлыстарының билігі

оның туыстарының қолында болады. Сейіт Әлі

алғашқыда Әмір Темір әулетінің отыз мыңдық

әскерін талқандайды. Сөйтіп, Есенбұға Сейіт

Әлінің көмегімен Моғолстанның жерін ойраттар

16 мен Әмір Темір әулетінің әскерлерінен

тазартады. 1450-1451 жылдары ол Сайрамға,

Түркістанға және Ташкентке шабуылдар жа-

15

Уәйіс хан — Жүніс хан мен Есенбұға ханның әкесі, Шер

Әлі Оғланның баласы, Мұхаммед ханның немересі.

Әкесі Уәйіс хан қайтыс болған соң, 13 жастағы Жүніс

хан тағына отырады. Бірақ сол кездегі әмірлер бүлік

шығарып, оның орнына Есенбұғаны қояды, ал Жүніс ханды

Ұлықбекке алып барады. Ұлықбек оны өзінің әкесі Мырза

Шаһрухтың жанына жібереді, ол оған құрмет көрсетіп, оны

«Зафар наманың» авторы Шараф ад-Дин Али Йаздидің

тәрбиесіне береді. Сол кездегі аса данышпан ғалым болған

Йаздидің қасында ол он екі жыл болады, содан соң 41

жасқа келгенше Әзірбайжан мен Иракта болады. Жүніс

хан өзінің үш қызын Әмір Темірдің шөбересі Сұлтан Әбу

Саидтың үш ұлына (Сұлтан Аһмет мырзаға, Сұлтан Маһмұд

мырзаға, мырза Омар Шейхқа) ұзатады. 1455 жылы Сұлтан

Әбу Саид (Жүніс ханның үш қызының қайын атасы)

оны Шираздан алдырып Моғолстанға жібереді. Жоғарыда

көрсетілгендей, Жүніс ханның әпкесі Орын Сұлтан ханум

— Сейіт Әлінің әйелі, Мұхаммед Хайдар мырзаның шешесі.

Мұхаммед Хайдар мырза Есенбұға ханның қызы Дәулет

Нигар ханумға үйленген. Жүніс ханның Хуб Нигар ханум деген

тағы бір қызына Мұхаммед Хайдар мырзаның ұлы Мұхаммед

Хұсайын үйленеді. Сондықтан Мұхаммед Хайдар Дулати

Жүніс ханға туған жиен, ал Әмір Темірдің жоғарыда аталған

шөбересі Әбу Саид ханның немерелерімен бөле болады. Бұл

деректер «Тарих-и Рашидидің» 130-131, 133, 140-беттерінде

келтірілген.

16

Ойрат – «Жамиғ ат-Тауарихтағы» дерек бойынша

мұғул тайпасына жатады. Қалмақ пен жоңғар — осы ойраттан

тарайтын тармақтар.

«Тарих-и Рашидидің» 112-114 беттеріндегі дерекке

қарағанда, моғолдар қалмақ тармен іргелес болған, пұтқа

табынған қалмақтарды кәпір деп санаған, сондықтан

олармен үнемі соғысып келген.


сайды, Мавреннахрға басып кіріп, Әндіжанды

бағындырады. Ал, сол кездегі Мавреннахрдың

билеушісі болған Әмір Темірдің шөбересі Әбу

Саид оған қарсы ештеңе істей алмайды.

Сол дәуірдегі қазақтар мен қазақ сұлтандарының

тіршілік ерекшеліктері туралы,

бұл атаулардың оларға берілу себебі хақында

және олардың істерінің қандай салдары

болғандығы жөнінде «Тарих-и Ращидидің»

375-377 беттерінде төмендегідей деректер

келтірілген:

«Әбілқайыр хан 17 — Қыпшақ даласында тү-

17

«Тарих-и Рашидидің» беттеріндегі (226-232, 236, 297-

330) дерек бойынша Әбілқайыр — Жошының Шайбан деген

немересінің ұрпағы, Дешті Қыпшақта хандық құрған, оның

қол астындағы халық ол кезде өзбек деген атаумен танымал

болған (Өзбек хан Жошының ұлы Батудың ұрпағы Меңгі

Темір ханның немересі, 1280-1341 жылдар аралығында

өмір сүріп, хандық құрған. Өзбек атауы оның кезінен қалған).

Әбілқайырдың дәуірінде бала әкеге, ағайын ағайынға қарсы

шыға бастайды. Әбілқайыр қайтыс болған соң, ағайын

арасындағы қайшылықтар өте шиеленісіп кетеді. Содан әркім

әр жаққа тартты, текті адамдар немесе ел үмітпен қарап

отырған сұлтандар мен ханзадалар жан-жаққа бытырап

кетті. Әбілқайырдың Шаһ Бұдағ сұлтан деген ұлынан туған

Шаһибек хан деген немересі алауыздықтан әуре-сарсаңға

түсіп, шарасыздықтан Мавреннахрға кетті (Шаһибек

тарихта Мұхаммед Шайбани хан деп те көрсетіледі, қазақ

ханы Қасым ханның туған бөлесі). Ол кезде ол елдің билігі

Сұлтан Аһмет мырзаның (Әмір Темірдің немересі Сұлтан

Әбу Саидтың ұлы) қолында еді. Шаһибек оның Бұхарадағы

билеушісі әмір Абдоләлі тарханның қасына барып қызмет

ете бастады. Сұлтан Аһмет мырза мен Абдоләлі тархан

бір мезгілде өлгендіктен, Шаһибек хан Түркістанға кетті.

Ол сондағы Сұлтан Маһмұд ханға (Жүніс ханның ұлы)

қол созды. Сөйтіп ханның көмегімен Шаһибек хан Бұхара

мен Самарқанды өз билігіне алды, күннен күнге күші арта

түсті, әскерінің саны алпыс мыңға жетті. Игі жақсылар,

сұлтандар мен әмірлер, сонан соң Әбілқайыр ханның Қыпшақ

даласында абдырап сергелденде жүрген елі, ол қай жерге

жетсе де, оған келіп қосылып жатты. Оның масаттанғаны

соншалық өзінің қамқоршысын (Сұлтан Маһмұд ханды)

құртуға бел буды. Ал қамқоршысы өзі қамқорлығына алып

жүргеннің алдында дәрменсіз болып шықты. Ол шамасы

жеткенше ханның әскерінен адамдарды бөлуге тырысты.

Сөйтіп өзбек әскеріне отыз мың моғол қосылды. Тақта

отырған Темірдің ұрпақтары жеңілді. Сонымен, 1500-1510

жылдардың аралығында Шаһибек бірте-бірте Әмудария мен

Сырдарияның аралығындағы Мавреннахрдың барлық дерлік

қалаларын жаулап алды. Сөйтіп, онымен келген өзбектердің

жергілікті тұрғындармен сіңісудің нәтижесінде «өзбек» және

араб, парсы сөздері араласқан шағатай тілі деген атаулар

орныға бастады. Шаһибек 1510 жылы парсының шаһы

Исмайылдың (Шыңғыз ханның ұрпағы) қолынан қаза табады.

Оның құрған мемлекетінде оның туыстары билік жасайды.

159

гелдей билігін орнатқан кезде Жошы әулетінен

шыққан кейбір тіміскішіл сұлтандар одан

келер бір пәленің исін сезіп қалып, оны орнынан

тайдырмақ болды. Керей хан, Жәнібек сұлтан

сияқты кейбір сұлтандар мен басқалар аз ғана

топпен Әбілқайыр ханнан қашып, Моғолстанға

келді. Сол уақытта Моғолстан хандығын билеу

кезегі Есенбұға ханға жеткен еді. Есенбұға хан

оларды қатты құрметтеп, оларға Моғолстанның

бір шетін белгілеп берді. Олар осы жерден

қауіпсіз жайлы қоныс тапты. Сөйтіп тыныш өмір

сүріп жатты.

Әбілқайыр хан дүние салғаннан кейін өзбектердің

ұлысында алауыздық пайда болды.

Әркім мүмкіндіктеріне қарай қауіпсіз һәм дұрыс

өмір сүру үшін Керей хан мен Жәнібек ханды паналады,

олар осылай күшін нығайтты. Басында

өстіп елден қашып, олардан бөлініп жырылып

қалып, біраз уақыт тарығып әрі сергелдеңде

болғандықтан, оларды «қазақ» деп атады. Бұл

лақап ат оларға осылай таңылды.

Керей хан қайтыс болғаннан кейін, хандық

таққа оның ұлы Бұрындық хан отырды. Жоғарыда

аталған Қасым хан Жәнібек ханның баласы

болатын әрі әкесі сияқты іс жағынан Бұрындық

ханды тыңдап, соған бағынатын еді. Керей

ханның Бұрындық ханнан басқа да көптеген

ұлдары болған. Жәнібек ханның да Қасым ханнан

басқа балалары болған. Соның бірі Әдік

сұлтан еді. Жүніс ханның төртінші қызы Сұлтан

Нигар, ханымды Мырза Сұлтан Маһмұд ибн

Сұлтан Әбу Саид мырза қайтыс болған соң,

Әдік сұлтанға берді. Ташкент ойрандалған кезде,

Әдік сұлтан Шаһибек ханнан қашып шығып,

қазақтарға кетті. Сұлтан Нигар ханым да оның

соңынан ілесті. Әдік сұлтан сол күндері дүние

салды. Содан Сұлтан Нигар ханымды Қасым

хан некелеп алды. Әдік сұлтаннан кейін Қа-

«Тарих-и Рашидидегі» бұл деректер 1545 жылы

жазылған. Одан кейінгі дәуірлерде Шаһибек құрған

мемлекет толығымен ыдырайды. XVII ғасырда ол мемлекеттің

аумағында Бұхара мен Хиуа (Хорезм) хандықтары, ал XVIIІ

ғасырдың басында Қоқан хандығы құрылады. 1876 жылы

Қоқан хандығы жойылады, оның аумағындағы жерлер мен

халықтар Түркістан губернаторына бағындырылады. Ал,

Бұхара мен Хорезм Ресейге тәуелді болып қалады.


160

сым хан билікке қол жеткізді. Сөйтіп Бұрындық

ханға хандықтың атынан басқа ештеме қалған

жоқ. Ең ақырында Бұрындық ханды қуып жіберді.

Сонымен Бұрындық Самарқанға кетіп,

жат өлкеде өлді.

Алайда Қасым хан Қыпшақ даласын түгелдей

өзіне қаратып алғаны соншалықты, Жошы

ханнан кейін ешкім де ол сияқты мұндай билікке

қол жеткізген емес. Мысалы, әскерінің саны

мың-мыңнан (миллион) асатын еді. Ақырында

924 һижри қәмәри (1518 милади) жылы қайтыс

болды. Қазақ сұлтандарының арасында

тартыс басталды. Қасым ханнан кейін оның

ұлы Мамаш хан хандық таққа отырды. Ол шайқастардың

бірінде тұншықпадан өлді. Одан

кейін Әдік сұлтанның ұлы Таһир хан таққа

отырды. Ол қатыгез адам болатын, қаталдығы

өз шегінен шыққан соң, елінің саны төрт жүз

мың бола тұра одан бірден безіп, бытырап кетті.

Оның қара басы қырғыздардың арасында

жалғыз қалды, мүшкіл жағдайда қаза тапты.

Отыз мыңға жуық адам тағы да Моғолстанға

жиналды. Таһир ханның бауыры Бойлаш

хан таққа отырды. Ең ақырында сәтсіз тағдырдың

қырсығынан соншама халықтан, міне бүгін

төртінші жыл болып барады, еш бір жерде із

де қалмапты. Отызыншы жылдары 930 һижри

қәмәри (1524 милади) жылы қазақ саны мыңмың

(миллион) болатын. Қырық төртінші жылы

944 һижри қәмәри (1537 милади) жылы сонша

халықтан бұл жерде еш белгі қалмаған. Олар

жөніндегі кейбір оқиғалар ханға қатысты әңгімемізде

келтіріледі. Ал қазақтың қысқаша

ахуалы баяндалып өткендей болды.

Қасым хан хандық атағының жарлығын өзіне

алмай-ақ жатқан кез де оның үстемдігінің

күштілігі соншалықты жоғары болғандықтан,

Бұрындық ханды ешкім ауызға да алмайтын.

Алайда Қасым хан Бұрын дық ханның жанында

болуды қаламайтын. Өйткені оның жанында

болатын болса, оны құрмет тұтуға тура келді.

Егер де құрмет көрсетпеген жағдайда сынға

ілінетін еді. Ал құрмет тұтқан жағдайда, өзі

іштей оған бағынғанын мүлдем ұнатпайтын.

Сондықтан Қасым хан одан іргесін аулақ ұстайтын.

Бұрындық хан Сарайшыққа қоныс тепті.

Қасым хан одан мүмкіндігінше қашық жүрейін

деп Моғолстан шекарасына кетіп қалды.

Қасым хан Қараталда қыстап, ерте көктемде

өзінің туған өлкесіне қайта оралмақ болған

еді. Сонда бұған Кетебектен бір кісі Сайрам

әкімімен бірге келіп, Сайрамның кілтін оған

алып барып, оған тарту етті. Қасым хан оны

қабыл алып, содан моғолдар Йәнги деп атап

жүрген Тараз жаққа бет алды. Өзінен бұрын ол

әмірлерінің бірін жіберді. Кетебек оған Сайрамды

тапсырды және өзі оның қызметіне кірді.

Әрі Ташкентті алуды үгіттеді. Қасым хан қалың

қолмен Ташкентке бет алды. Сүйіншік хан

Ташкент қамалына тығылды. Қасым хан сонда

барды. Ташкент қамалында бір түн түнеп, қайтты.

Ташкент маңына шабуыл жасап, тапқанын

тонап кетті. Сайрам айналасындағы жайлауға

малын жайды. Оған қатысты басқа жағдайлар

ретіне қарай айтылады» 18 .

Сонымен бұл деректерден мәлім болғаны

— 1465 жылы Есенбұға хан Моғолстан жерінің

бір шетін Әбілқайыр ханнан жәбір көріп, көмек

сұрап келген Жошының ұрпақтары Жәнібек

пен Керей сұлтандарға бөліп береді. Сөйтіп,

Жәнібек пен Керей 1465-1466 жылдары Шу

мен Қозыбас өңіріндегі дулат жерінде Қазақ

хандығын құрады.

Осы жерден бастап бұл тарауда айтылған

барлық деректерді бізге жазба түрінде қалдырып

кеткен Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмір

баянына тоқтап өтуді жөн көрдік.

18

Бұл үзіндіде келтірілген оқиғалар аса құнды деректердің

қатарына жатады. Өйткені, Қазақ хандығын қашан, қай жерде,

кімдердің құрғандығын, олардың билігі қанша уақытқа

созылғандығын, өзбек-қазақ деген атаулардың қашан

пайда болғандығы туралы нақты деректер тек Мұхаммед

Хайдар Дулатидің осы «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде

ғана жазылған. Бұл деректердің негізінде 2015 жылы біздің

еліміз алғаш рет Қазақ хандығының 550 жылдығын кеңінен

атап өтті.

Аталған еңбектің 375-377 беттерінде қазақ деген

атаудың қашан және не себептен пайда болғандығы,

қазақтар мен қазақ сұлтандарының тіршілік ерекшеліктері,

олардың істерінің салдары, қазақ халқының тарихында

«Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен ерекшеленетін

Қасым хан туралы өте құнды деректер келтірілген. Оларды

әр бір қазақ баласы білу керек деп ойлаймыз.


Мұхаммед Хайдар Дулатидің өзінің айтуынша,

ол ел арасына Мырза Хайдар деген атпен

танымал болған, дулат руының атақты әмірі Болатшы

әулетінен шыққан. Оның шығу тегі мына

тәртіпте жіктеледі: Мұхаммед Хайдар Дулатидің

әкесі — Моғолстан ханы Сұлтан Маһмұд

ханның тұсында Өртөбе деген аймақты тоғыз

жыл билеген Мұхаммед Хұсайын көреген 19 ,

оның әкесі — Қашғардың жиырма төрт жыл

бойы әкімі болған Мұхаммед Хайдар мырза

көреген 20 , оның әкесі –Моғолстанның ханы

Есенбұғаның ұлысбегі Сейіт Әлі көреген 21 , оның

әкесі — Моғолстан ұлысындағы Қашғардың билеушісі

Сейіт Ахмет, оның әкесі Моғолстанның

алты ханының (Қызыр қожа хан, Шам-и Жаһан

хан, Мұхаммед хан, Шер Мұхаммед хан, Уәйіс

хан) тұсында ұлысбек болған Құдайдад 22 ,

оның әкесі Тоғылық Темірді Моғолстан тағына

отырғызған әйгілі Болатшы әмір. Ол — Шыңғыз

ханның жарлығымен жеті артықшылық алған

Өртебураның ұрпағы.

Шағатай өз үлесін балалары мен жақын

туыстарына бөлген кезде, дулатқа қазіргі кезде

төрт мемлекет сыйып отырған «Маңлай Сү-

19

«Көреген» — ханның күйеу баласы дегенді білдіреді.

Өйткені, Мұхаммед Хұсайын көреген Жүніс ханның қызы Хуб

Нигар ханумға 1494 жылы үйленген. Оның ұлы Мұхаммед

Хайдар Дулати өмірге 1499 жылы үш қыздан кейін келген.

20

Мұхаммед Хайдар мырза көреген Есенбұға ханның

Дәулет Нигар ханум атты қызына үйленген. Мұхаммед

Хайдар мырзаның шешесі Орын Сұлтан ханум Жүніс ханның

әпкесі болған. Ол туралы деректер «Тарих-и Рашидидің»

133-бетінде көрсетілген.

21

Сейіт Әлі көреген Уәйіс ханның қарындасы Ұзын сұлтан

ханумға үйленген. Жоғарыда аталған Жүніс хан мен Есенбұға

хан — Уәйіс ханнының ұлдары. Ары қарай олардын шежіресі

былай жалғасады: Уәйіс хан ибн Шер Әлі оғлан ибн Махмуд

хан ибн Қызыр қожа хан ибн Тоғылық Темір хан ибн Дуа хан

ибн Есенбұға хан ибн Барақ хан («Тарих-и Рашиди», 33,129-

130 бет).

22

«Тарих-и Рашидидің» 115-117 беттеріндегі дерек

бойынша, әмір Құдайдат өте тақуа және ұлы кісі болған,

тоқсан жыл (1364-1447) билік жасаған, Қашғар, Жаркент,

Хотан, Ақсу, Бай және Құсанды толық билеген. Оның билік

құрған кезінде жиырма төрт мың шаңырақтың саны ешқашан

кемімеген. 97 жасқа жеткенде әйелімен Меккеге қажылыққа

кетеді. Меккеден Мәдинаға барып Пайғамбардың қасиетті

зиратына зиянат етеді, сол күні түнде сол жерде қайтыс

болады. Оның сүйегі Омар халифаның қабірінің аяғына

жерленеді. Әмір Құдайдат Меккеге кеткенде Уәйіс хан, оның

орнына Құдайдаттың Мұхаммед Шаһ деген ұлын қояды.

161

бені» берген.Ол өлкеге алғаш иелік еткен — Болатшы

әмірдің тағы бір атасы Байдаған әмір.

Ол туралы жоғарыда айтылған болатын.

Өртебура мен оның ұрпақтарының Шыңғыз

хан мен Моғол стан мемлекеттеріндегі мансаптары

мен артықшылықтарын «Тарих-и Рашидидің»103-105

беттерінде келтірілген төмендегі

деректерден көруге болады.

«Әмір Құдайдаттың арғы атасы Өртебура

Шыңғыз хан заманында оның жарлығы бойынша

жеті артықшылық мансап алған. Бірінші

— дабыл, екінші — ту, түркше түмен ту немесе

нақара дейді. Үшіншісі — өз қызметшісінің

екеуіне ол қосын ту тапсырады. Әр қосын ту

төрт қатар тудан тұрады, төртіншісі — ханның

мәжілісіне қорамсақ алып кіре алады. Хан

мәжілісінде моғул дәстүріне көреген ханнан

басқа ешкімге қорамсақпен отыруға рұқсат

етілмеген, бесінші — бұғы немесе қоян аулауға

шыққанда нөкер болып қатысуына рұқсат

етіледі. Алтыншысы — мұғулдардың ұлысына

әмір болады және ол мұғул ұлысының сардары

деп жарлықтарда тіркеледі. Жетіншісі — әмірлер

бас қосқан салтанат сарайда ол төрде, ал

әмірлер екі жағынан бір жебе бойы төменірек

отырады.

Шыңғыз ханның Өртебураға берген жарлығындағы

жеті артық шылығы осындай еді.

Әмір Болатшы қалмақ жерінен Тоғылық

Темірді алып келіп, хан тағына отырғызғаны

туралы бұдан бұрын айтылды. Содан Тоғылық

Темір сол жеті артықшылыққа тағы екеуін қосып,

тоғыз артықшылыққа жеткізген. Бір қосынның

әмірін яғни мың нөкері бар әмірді ханға

айтпай-ақ басшылыққа тағайындауға, не жұмыстан

босатуға еркі бар және ол үшін ханның

үкімі қажет емес, екіншісі — әмір Болатшының

ұрпақтары тоғыз қылмыс жасағанға дейін жауапқа

тартылмайды. Олардың ішінен біреуі тоғыз

қылмыс істеген кезде оны ақ боз жабағыға

отырғызып, жауапқа тартылатын орынға алып

келеді. Аттың аяқ астына құрмет көрсету үшін

тоғыз ақ киіз төселеді және оның сөзін барлас

руының әмірі ханға жеткізеді, ал ханның сөзін

арканут руының әмірі жеткізіп тұрады. Тергеу


жасап, оның тоғыз қылмысы анықталып, кінәсі

дәлелденгенде, оған өлім жазасы кесіледі де

күре тамырын қиып жібереді, әлгі екі әмір, әбден

жаны шыққанша, екі жағынан ұстап тұруға

тиіс. Әбден қансырап жан тапсырған кезде,

әлгі екі әмір жыла-сықтап денесін алып кетеді.

Тоғылық Темір осы нақты тоғыз артықшылықты

дәлелдейтін жарлыққа қол

қойды. Мен сол Тоғылық Темір ханның жарлығын

көрген едім, ал ол дерек ретінде атадан

атаға өтіп, әкемде (Алла оны тозақтың

отынан құтқарғай) қалған еді, Шаһибек ханның

аласапыранында жоғалып кеткен. Жарлық көктем

мезгілінде, доңыз жылы Құндызда моғол

тілінде 23 әрі моғол жазуымен жазылған еді.

Осыған сүйене отырып Тоғылық Темір ханның

Құндызға дейін (жерлерде) билік еткенін болжаған

болатын. Ханның өмірі жайында ешкім

ешнәрсе білмейді, ол туралы «Зафар-намада»

жазылғандардың бәрін мен осы тарихта келтірдім.

Ал енді Қызыр қожа хан әмір Болатшының

ұлы әмір Құдайдаттың күш-қажыр жұмсауымен

әмір Қамар ад-Диннің үрейлі қастандығынан

құтылып 24 , хандық тағына отырғанда ұлы атасының

жеті артықшылығын қайта жаңартып,

әмір Құдайдат істерін реттеуде бұрынғы тоғыз

артықшылыққа тағы да үш артықшылық қосып,

он екіге жеткізді. Біріншіден, той күні ханның үш

жасаулы ат үстінде сап түзеп тұрады. Ал әмір

Құдайдаттың бір жасауылы сап түзеп тұрады.

Екіншіден, той күндері бір кісі ханның оң жағында

шарап құйылған кесесін ұстап тұрады және

әмір Құдайдаттың сол жағында бір кісі шарап

кесесін ұстап тұрады. Хан және Құдайдаттқа

арналған екі кесе оларға беріледі. Үшіншіден,

жарлық хатына мөр қойылғанда, Жарлық біткен

жерге әмір Құдайдат мөрі қойылады, сол

сөйлем басталар жерге хан мөрі басылады.

Осы он екі артықшылыққа Қызыр қожа хан әмір

Құдайдаттың атына жарлық берді.

23

Бұл дерек XIV ғасырда мұғул тіліндегі мұғул жазуы

мемлекет деңгейіндегі қолданыста болғандығын білдіреді.

24

«Тарих-и Рашидидің» 100-бетіндегі дерек бойынша

емшек жасында болған Қыдыр қожаны Қамар ад-Диннің

қастандығынан Құдайдаттың шешесі Мираға аман алып

қалады.

162

Он екі артықшылық әмір Құдайдаттан кейін

баласы әмір Мұхам мед Шаһ көрегенге өтті.

Әмір Мұхаммед Шаһтан кейін немере інісі Әмір

Сейіт Әлі көрегенге өтеді. Әмір Сейіт Әліден

кейін оның ұлы Мұхаммед Хайдар мырза көрегенге

өтеді. Ал Мұхаммед Хайдар мырзадан

кейін оның баласы Мұхаммед Хұсайын мырза

көрегенге өтеді. Бұл Мұхаммед Хұсайын көреген

мен пақыр Мұхаммед Хайдардың әкесі

болған. Ел арасында Мырза Хайдар атымен танымал

болғанмын.

Әкем (Алла оны тозақтың отынан

құтқарғай) шейіт болған соң немере ағам Сейіт

Мұхаммед мырза шейіттердің сұлтаны Сұлтан

Саид ханға барып қосылды. Саид хан /ұжмақ

гүлзарында мәңгі болғай/ немере ағама бұл

артықшылықтарды бекітіп берді. Ол жайлы

осы «Тарих-и-Рашидидің» екінші кітабында толық

айтылады. Осындай бұл артықшылықтардың

қолданылуы Шыңғыз хан кезін де басталып

625 һижри қәмәри жылы (1228 милади)

Сұлтан Саид хан қайтыс болғанға дейін және

менің немере ағам мүһәррәм айында 940 һижри

қәмәри жылдың (1533 милади) 25 мерт етілгенге

тамыз айына дейін созылды. Сұлтан Саид

ханның хандық кезеңі аяқталып, хандық кезек

сұлтан Әбдірашидке 26 жеткенде ол ата-бабалар

тәртібін жоюға үкім берді. Жаратушының

даңқы артсын. Өйткені кезек маған келген кезде

мені біреуге құлдықта болудан, әйтеуір бір

ханға мұқтаж болудан құтқарды».

Мұхаммед Хайдар Дулатидің анасы — Хуб

Нигар ханум Жүніс ханның қызы, әйелі — Жүніс

ханның үлкен ұлы Ахмед ханның қызы, Сұлтан

25

Шыңғыз ханның дулаттан шыққан әмір Өртебураға

берген артықшылықтары 300 жылдан астам уақытқа

созылған. Одан кейін бұндай артықшылықтар Құдайберді

бидің төрт атасы мен оның Әлібек биден туған немересі Төле

биге дейін жалғасқан.

26

Рашид хан — Сұлтан Саид ханның ұлы. Сұлтан Саид

хан 1533 қайтыс болады. Оның тағына оның ұлы Рашид

(Әбдірашид) хан отырады. Ол Мұхаммед Хайдар Дулатидің

айтуынша Моғолстанның соңғы ханы болған. Рашид хан

мен Мұхаммед Хайдар Дулати өте жақын туыс болғаны

жоғарыда айтылған деректерден белгілі. Соған қарамастан

Рашид хан, өзінің бас әмірі болған Мұхаммади барластың

айтуымен Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы мен

оның ұлдарын (хандыққа таласады деген күдікпен) қырып

тастайды.


Саид ханның қарындасы. Ал Сұлтан Саид хан

болса Мұхаммед Хайдар Дулатидің әпкесі Әбиба

Сұлтан ханишке үйленген. Сондықтан осындай

туыстыққа байланысты Мұхаммед Хайдар

Дулати, әкесі қайтыс болған соң, Жүніс ханның

немересі болатын Сұлтан Саид ханға барып,

жиырма төрт жыл бойы оның жанында болады,

мемлекетінің істерін жүргізеді және әскерге

басшылық жасайды,1532 жылы Тибетті бағындырады,

1533 жылы Кашмирді жаулап алады.

Бірақ өз әскеріндегі Мырза Әлі Тағай дегеннің

алдауына сеніп Кашмирді тастап кетеді. Сол

кезде Сұлтан Саид хан қайтыс болады. Мемлекет

тағына оның ұлы Әбдірашид отырады.

Ол жоғарыда аталған Мырза Әлі Тағайдың

жалған арызына сеніп Мұхаммед Хайдар Дулатидің

немере ағасы Сейіт Мұхаммед мырза мен

оның бала-шағасын және туысқандарын қырып

тастайды. Сондықтан, Мұхаммед Хайдар

Дулати Моғолстанға соқпай, Бадахшанды билеп

отырған Мырза хан деген бөлесінің баласы

Сүлеймен шаһ мырзаға барады. Ол жерден

Кабул арқылы Үндістанға өтеді. Ол ел сол кезде

Ұлы Моғолстан деп аталған. Оның патшасы

Мұхаммед Хайдар Дулатидің бөлесі Бабырдың

ұлы Камран болған. Камран Мұхаммед Хайдар

Дулатиді әскербасы етіп тағайындайды. Онын

көмегімен Мұхаммед Хайдар Дулати 27 1541

жылы Кашмирді екінші рет бағындырып, ол

мемлекетте он жыл бойы дербес патшалық

құрады. 1551 жылы бір шайқастың кезінде оқ

тиіп кездейсоқ қайтыс болады.

27

Ұлы бабамыздың Кашмир аңғарындағы Сринагар

деген қаласындағы «Мазар Салатинге» деп аталатын

сұлтандар мазарындағы қабірі мен оның осы дәуірге дейін

белгісіз болып келген «Жаһан наме» деген дастанын тек төрт

ғасырдан соң (1999) Қазақстандағы Дулатитанудың негізін

қалаушы белгілі ғалым Әбсаттар Дербісәлі іздеп тапқаны

жұртшылыққа мәлім.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты

еңбегін 1895 жылы Лондонда алғаш рет парсы тілінен

ағылшын тіліне Денисон Росс (1871-1940) аударған. Содан

соң ол кітапты өзбек ғалымдары 1996 жылы Ташкент

қаласында парсы тілінен орыс тіліне аударып, баспадан

шығырған.

Ал қазақ тіліне ол кітап алғаш рет тек 2003 жылы ғана

аударылған. Аудармашы филология ғылымдарының докторы

Ислам Жеменей. Оған бұл жұмыста демеушілік көрсеткен

белгілі мемлекет қайраткері Уәлихан Бишімбаев.

163

Біздің пікірімізше, осындай ұлы тұлға мен

оның жазып қалдырған асыл мұрасына біздің

елімізде әлі күнге дейін керекті деңгейде мән

берілмей келеді. Оның аты Тараз қаласындағы

мемлекеттік университет пен екі-үш қаладағы

көшелерге ғана берілген.

Біз, 1465 жылы құрылған Қазақ хандығының

тарихын оқырман жақсы білетініне сенімдіміз.

Өйткені, Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып

өткен 2015 жылының қарсаңында және

одан кейін де өте көп кітап, мақала, хабар мен

кинофильмдер шыққан болатын. Сондықтан,

біз бұл жерден бастап тек дулаттарға қатысты

тарихи деректерді ғана қысқаша баяндаймыз.

Қолда бар тарихи деректерге қарағанда,

дулаттар барлық кезде Шыңғыз ханның ұрпақтарынан

шыққан хандарды қолдап отырған,

олар басқарған мемлекеттерде шынайы билік

жүргізген. Жоғарыда аталған Болатшы әмірдің

ұлы Құдайдат әмірдің бір өзі алты бірдей ханды

таққа отырғызған. Солардың қатарында

Түркістанды түгел билеген, қазақ пен қырғыздардың

47 жыл бойы ортақ ханы болған еңсегей

бойлы Есім ханның орда биі, төрт атасынан

бері би болған дулаттан шыққан Құдайберді

би 28 . Оның ұлы Әлібек би, одан бірнеше ханның

28

Есім ханның орда биі болған Құдайберді бидің төрт

атасы мен оның баласы Әлібек би мен немересі Төленің де

төрт ханның тұсында би болуы, біздің пікірімізше, жоғарыда

айтылған дулаттан шыққан ұлы тұлғалардың Шыңғыз

ханмен аталас туыстығына, олардың сол дәуірлердегі

айрықша қуатты болғандығына, мансаптық, құқықтық және

экономикалық артықшылықтарына, сол кездің өзінде (қазіргі

кезде төрт бірдей мемлекет: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан,

ҰСАР) орналасқан «Маңлай Сүбе» деп аталатын алып

аймаққа иелік етуіне, саяси ықпалдығына, дулаттан шыққан

әмірлердің Моғолстан мемлекетінің барлық билігін тізгінінде

ұстауына, олардың тікелей қолдауымен Моғолстанда хандық

таққа отырған Әлем билеушісінің ұрпақтарының қыздарын

алып, оларға қыздарын беріп, төре тұқымымен құда-жекжат

болғандығына, тағдыршешті кезенде Керей мен Жәнібекке

жер беріп, оларға Қазақ хандығын құруға және оны нығайтуға

қолдау көрсетіп, оларды шығыстағы ойраттар мен Әмір

Темірдің ұр пақтарының шақпыншылықтарынан қорғап

тұруына тікелей байланысты болған.

Би деген мансаптық, құқықтық дәрежені білдіретін атау

сонау Үйсін мемлекетінің дәуірінен белгілі. Ол мемлекетті

Күнбилер басқарғаны мәлім. Содан соң бұл атауы бір

себептермен жойылып кеткен. Өйткені, XIV-XVI ғасырлар

аралығындағы Моғолстан мен Мавреннахрдың тарихы


тұсында билік еткен Төле би. Сол кезден «Толық

хандыққа тек Есім хан ғана жеткен. Толық

билікке тек Төле би ғана жеткен» деген аталы

сөз қалған.

Есім хан — Қазақ хандығының негізін

салушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы Қасым

ханның шөбересі 29 . Есім хан хандық таққа 1598

жылы, Тәуекел хан қайтыс болған соң, отырғаны

тарихтан мәлім. Ал оның ордасы қазіргі

Түркістан облысына қарасты Төле би ауданындағы

Сайрамсу, Қасқасу және Қарасора өзендерінің

бойында орналасқанын әрбір адам біле

бермейді (Осы брошюраның 32-35 беттеріндегі

суреттер).

Белгілі археолог А. Н. Подушкин мен Қазақстан

Жазушылар ода ғының мүшесі, өлкетанушы

Өмірбек Шыныбекұлының айтуынша,

Есім ханның ордасының тарихы оның хандық

құрған дәуірінен едәуір тереңде жатыр. Оның

ордасының маңайынан табылған әр түрлі заттардың

пайда болған уақыт тары б.з.д. мың

жылдықтарға меңзейді. Біздің пікірі мізше, Есім

ханның өз ордасын жоғарыда аталған жерге

орналастыруының басты себебі ол жерде

ежелгі замандарда Түрк пен Мұғул ханның

жазылған «Тарих-и Рашидиде» би деген атау (мансап)

немесе сөз бір де бір рет кездеспейді. Ондай атау «Жамиғ

ат-Тауарих» пен «Зафар намадада» жоқ. Сондықтан бұл атау,

біздің пікірімізше, тек XVI ғасырдың аяқ кезінде қайтадан

пайда болған. Яғни, билер институты Шыңғыз хан дәуірінде

болмаған. Оның себебі, Шыңғыз хан құрған мемлекет тек

оның «Жаса» атты заңға негізделген әскери-әкімшілік

құрылымдардан ғана тұрған.

29

Бұл дерек Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақтың

түп атасы» деген еңбегінен алынған: Жәнібек ханнан Қасым

хан, одан Шығай хан, оның ұлы Тәуекел хан, оның ұлы Есім

хан (Кейбір деректерде Тәуекелді Есім ханның туған ағасы

деп көрсетеді. Біздің пікірімізше, Шәкәрім Құдайбердіұлы

жасаған шежіре дұрыс әрі шынайы). Есім ханның ұлы

Салқам Жәңгір, оның Тәуке және Уәлибақы деген екі ұлы

болған. Тәуке хандық таққа отырғанда, Уәлибақы қапа

болып Үргеніштегі нағашысы Қайып ханға кетіп қалады.

Уәлибақының ұлы Абылай «қанішер» деген атқа ие болады.

Абылай қанішердің ұлы — Көркем Уәли. Көркем Уәлидің ұлы

қазақтың хандарының ең атақтысы Абылай хан (Әбілмансұр).

Абылай жас кезінде жетім қалады. Оны Төле би тауып

алып, өзінің қасына алып, тәрбиелеп, ол жиырма жасқа

келгенде тарихи аренаға шығарып, оны хандық таққа

отырғызады. Абылайдың ұлы Қасым хан. Ол — Кенесары мен

Наурызбайдың әкесі. Кенесары (1802-1847) — қазақтың Үш

жүзінің соңғы ханы.

164

ордалары орналасқандығына байла нысты

болған.

Есім ханның тікелей ұрпағы Абылай хан жас

кезінде Төле бидің түйелерін баққаны туралы

дерек Бұқар жыраудың жырларынан белгілі.

Біздің пікірімізше, Төле би Абылайдың шыққан

тегін жақсы білген. Сондықтан, жетім қалған

Абылайды жас кезінде тауып алып, оны «Абылай

қанішер» деп аталып кеткен әкесінің жауларынан

аман сақтау үшін оған Сабалақ деген

лақап ат беріп, оның шыққан тегін біліп қоймас

үшін жат көзден таса жерде ұстап, оған өзінің

түйесін «бақтырып» қойған.

Кезі келген кезде Абылайды саяси аренаға

шығару үшін қазақ халқының қалмақтармен

болған тағдыршешті Аңырақай 30 шайқасына

қатыстырған. Сөйтіп Абылайды хандық таққа

отырғызған. Абылай ханды қалмақтардың

тұтқынынан құтқарып алған да Төле би екені

жұртқа мәлім.

Төле бидің аталас туысқандары, ұрпақтары

Абылай хан мен оның даңқты ұлдары Қасым

мен Кенесарыға және басқа да төрелерден

шыққан тұлғаларға қолдау көрсетіп отырған.

Қазақтың әйгілі перзенті Мәшһүр Жүсіп

«Қазақ баласы оқыдым-тоқыдым десе де, Бекасыл

хазырет бола ма» деген өзінің естелігінде:

«Жүсіп бауырым, мен әкеден жастай

қалдым, әкеміз Биболат ел таныған адам екен.

Қоқан хандығы пансат деген дәреже беріп, құзырындағы

елге басшы қылыпты. Абылайдың

жұрағаттары Қасым мен оның ұлдары Есенгелді

мен Санжарға мініске жылқы бердің деп

Бекасылдың әкесі Биболат Сарыбатырұлын

Қоқан хандары қудала са керек, ақыры ажалына

солар жетіпті» — деп жазады.

Бүкіл адамзаттың қымбат жауһарларының

бірінен санала тын «Зикзал» атты ғибратты

мұраның авторы Бекасыл Биболатұлының

жақын туысы әрі шәкірті, Төле бидің бірге туған

бауыры Елібайдың ұрпағына жататын Қазанғап

Байболов (1891-1946), аталған ұстазынан

30

Кейбір тарихшылар Абылайды Аңырақай шайқасына

қатыспаған деп санайды. Бірақ оның қалмақтардың

батырымен жекпе-жекке шығып, оны жеңгендігін мойындайды.


алған тарихи мәліметтердің негізінде «Еңсегей

бойлы ер Есім» мен «Төле бидің тарихы» атты

дастандар жазғаны белгілі.

Қазіргі кезде туысқан қырғыз елінде де

«Энчегер бойлуу эр Эшим» деген дастан бар

екені белгілі болды. Ол дастан 2020 жылы Халықаралық

Түркі академиясында қазақшаға

аударылып, оқырманға жол тартты. Онда қазақ

пен қырғыз жұртының жігі бөлінбей, жұбы

жазылмай бір шаңырақтың астында, бір мемлекеттің

туы аясында болған туыстық дәуірінен

хабар береді.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуынша,

Енисейден ауып бірнеше ғасыр Моғолстан мемлекетінің

аумағында тұрған қырғыздар саяси

аренаға XVI ғасырда шыға бастаған. Сол кездері

Моғолстанда тұратын барлық моғолдар

мұсылман дінін қабылдай бастаған. Тек қырғыздар

ғана өз дінінде қалады, сөйтіп моғолдардан

бөлінуге әрекет жасайды. Сондықтан

әйгілі Төле би: «Қазақ пен қырғыздың еншісі

бөлінбей бір ел болып тұрған заманында дүниеге

келіп, екеуі ажырасқанын көріп өмірден

өткенім-өкінішім», деп айтқан сөзі де бауырлас

халықтардың терең тамырына сәуле шашып

тұрғандай.

Есім ханның тұқымынан шыққан ең соңғы

жоғары лауазымды адам — 1927-1934 жылдары

Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің

төрағасы болған Елтай Ерназаров. Ол қазіргі

Түркістан облысының Төлеби ауданындағы

Есім ханның ордасынан 5-6 км жердегі Балдыберек

деген өзеннің бойында туып өскен және

сол жерде жерленген. 1967 жылы Оңтүстік

елді мекеніндегі оның мазарының басына

ескерткіш қойылған. Елтай төренің туыстары

әліге дейін сол жердегі Тасарық деген елді

мекенде тұрады. Көне көз қарттардың айтуынша,

Елтай төренің сондай биікке көтерілуіне себепші

болған да дулаттар.

Біздің пайымдауымызша, аталған тұлғалардың

бұлай билік құруы және бірін бірі қолдауы,

жоғарыда көрсетілгендей, дулаттардың

Шыңғыз хан әулетімен жақын туысқандығына

байланысты болған.

165

Дулаттар өзінің ата-бабаларының мыңдаған

жылдар бойы қа сиетті мекені болған Алтай

мен Моғолстаннан қол үзіп қалғаны белгілі.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің жоғарыда

келтірген деректеріне қара ғанда, Әмір

Құдайдаттың атамекені Қашғарда болған.

Ол Шыңғыз ханнан атасы Өртебураға меншік

ретінде берілген «Маңлай Сүбеге» Байдаған

деген атасы мен әкесі Болатшы әмірден кейін

иелік еткен.

Біздің пікірімізше, Шыңғыз хан өзі жаулап

алған жерлерін ұлдары мен туыстарына

бөліп берген кезге дейін, дулат руының бастапқы

ата-қонысы Жалаңаш көлдің маңайында

болған. Ол жерде әлі күнге дейін Дулат деген

елді мекен мен Дулат деген застава бар. Ол мекен

мен заставаның аты 1969 жылы совет-қытай

шекаралық жанжалына байланысты дүние

жүзіне мәлім болғаны белгілі. Қазіргі Алматы

облысында Қапал атты аудан орталығы бар.

Кезінде Қапал ауданы мен Қапал елді мекені

қапал руының арғы атасы Қапалдың құрметіне

берілген. Ал Қапал дулаттан тарайтын жаныс

руының бір тармағы болады.

1914 жылы шыққан «Карта коренных областей

Туркестана» деген картада Қаратал

өзенінің Балқашқа құятын сағасының оң жағалауында

Дулат деген адамның мазарының

орны көрсетілген. Ол жоғарыда аталған Түмбине

ханның жетінші ұлы Боданжардан (Болшар

дуқұланнан) бастау алатын дулат руының атасы

Дулаттың мазары болуы мүмкін. Бұл дерек

қосымша зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз.

И. Г. Андреевтың «Описание Средней орды

кыргыз-кайсаков» деген кітабында XVIII ғасырдың

аяғында (1780 жылдары) Іле мен Қаратал

өзендерінің аралығында Жаныс болысы

болғандығы туралы жазылған.

Қазіргі қазақ халқының құрамына кіретін

Дулат руының Сиқым, Жаныс, Ботбай және

Шымыр деген тармақтары Іле өзенінің бастауынан

Тәжікстан шекарасына дейінгі таулы аудандарды

мекендейді.

Дулат руынан кезінде көптеген батырлар,

мемлекет және қоғам қайраткерлері шыққан.


Олардың ішінде жоғарыда аты аталған ұлы

тұлғалардан басқа, қазақ халқына кеңінен

танымал Асанбай Асқаров, Төлепбек Назарбеков,

Өмірбек Бәйгелді, Мекемтас Мырзахметов,

Шерхан Мұртаза, Мамытбек Қалдыбаев, Асқар

Кулибаев, Сарыбай Қалмұрзаев, Әкім Тарази,

Әбсаттар Дер бісәлі, Сәт Тоқпақбаев, Жеңіс

Жұманбеков, Амалбек Тшанов, Қалық Абдуллаев,

Сатыбалды Ибрагимов, Қуаныш Төлеметов,

Шамша Беркимбаева, Қайрат Мәми, Мұсабек

Әлімбеков, Нартай Дүтбаев, Қайрат Қожамжаров,

Молдияр Оразалиев, Амангелді Момышев,

Серік Қонақбаев, Бексейіт Түлкиев, Тоқболат

Тоғысбаев, Ерболат Төлепбай, Уәлихан Қалижан,

Нурлан Өнербай, Тұңғышбай Жаманқұлов,

Мұрат Жолдасбаев, Мүсілімбай Дайырбеков,

Марал Ысқақбай, Ағабек Сүгіралиев, Уәлихан

Бишімбаев, Қылышбек Ізбасқанов, Мархабат

Байғұт, Жеңіс Мауленқұлов, Тынысбек Калменов,

Зауытбек Тұрысбеков, Өмірзақ Шөкеев,

Нұрлан және Болат Жылқышиевтер, Бәйділда

Жылқышиев, Асқар және Абылай Мырзахметовтер,

Ерлан және Бейбіт Атамқұловтар, Дархан

Мыңбай, Ерік Өтембаев, Дихан Қамзабекұлы,

Дәулет Ембердиев, Ғалымжан Жумжаев, Қосбасар

Нұрбеков, Алик Шпекбаев, Сәуірбай

Есжанов, Әнуар Түгел, Шаймұрат Отарбаев, Қозы-Көрпеш

Кәрбозов, Нұржан Мырзалиев, Нұржан

Жігітеков, Болат Қырғызбаев, Мейірхан Жаманбаев,

Әмірхан Естаев, Владимир Накисбаев,

Сейітжан Қойбақов, Жеңіс және Бектөре Сұлтановтар,

Ақжігіт Иса беков, Шерімхан Шаңбаев,

Тұрысбек Алиасқаров, Диханбек Сатылғанов,

Құрман Елубаев, Дархан Қыдырәлі, Мәлік

Отарбаев, Бейсен Тұрдыбеков, Асқар Әзімбаев,

Алтынсары Үмбеталиев, Қайрат Молдасейітов,

Әмірхан Сыпабеков және басқалар бар.

Осы брошюра баспаға дайын болған кезде,

менің қолыма төменде гі дерек ілінді:

2021 жылы Ақтан сопы Құтб «Біздің тарих»

атты шағатай тіліндегі(1730 ж.) еңбегі қазақшаға

аударылған болатын.

Аталған еңбектің дүниеге келуіне әу баста

Шыңғыз ханның алғашқы нөкерлерінің бірі саналатын,

сонан соң Шағатай ханның алғашқы

166

уәзірі болған Құшық ноян себепші болған екен.

Яғни, күндердің бірінде Шағатай хан Шыңғыз

ханның өмірбаянын жақсы білетін Құшық нояннан

Шыңғыз ханның қай жылдары қайсы

аймақтарды жеңіп алғаны туралы сұрайды.

Ол болса, қартайып қалғанының салдарынан

сұралған оқиғаны жақсы есіне түсіре алмай қалады

да, үйіне барып сол оқиға туралы қызметшілерінен

сұрап білмек болады. Бірақ қызметшілері

де ол оқиға жайлымардымды мәлімет

айта алмайды...

Осы оқиғадан кейін, Құшық ноян қағазға

жазылмай қалған дүниенің бәрі ұмытылып, ізсіз

жоғалып кетуі мүмкін екенін түсінеді де, содан

өзінің және туыстарының бар білгендерін жаздырды

да, Орақты ноянның ұлы Мұға ноянға

табыстап «Бұл жазбаларды ұрпақтан-ұрпаққа

мұқият түрде жеткізіп отыру қажет» деп өсиет

айтады.

Сол өсиетке байланысты ол жазбалар ұрпақтан-ұрпаққа

өте отырып Мұға ноянның XVIII

ғасырда өмір сүрген ұрпағы Ақтан сопы Құтбқа

жетеді. Сонда ол Құшық нояннан бірі қарай

жинақталып келген барша тарихи деректерді

сұрыптап, реттеп, соның негізінде 1730 жылы

«Біздің тарих» атты кітабын жазады(Ол кітапта

айтылған мәліметтер Зәріпбай Оразбайдың

2021 жылғы жарық көрген «Ұлы Түрк тарихы»

кітабының «Құшық ноян атамыздың өсиеті»

деп аталған тақырыбында кеңінен баяндалған

болатын).

2022 жылы Ақтан сопы Құтбтың ұрпақтарының

бірінен оның парсы тілінде жазылған

тағы бірқолжазбасы табылды.Ол еңбектің біраз

беттері әйгілі Шымыр Алтыбармақтың шығу

тегіне арналған екен.Онда Шымыр Алтыбармақтың

арғы атасы Шымыр баhадүр мен оның

кейбір ұрпақтары туралы төмендегідей баға

жетпес аса құнды деректер келтірілген: «...Шымыр

Алтыбармақ бабамыз дуғлат мыңдығының

атақты қолбасшысы Шымыр (Шымыр бек)

баһадүр нәсілінің гүлбақшасында, руханияттың

жұпар исін аңқытып тұрушы райхан гүлі сияқты

дүниеге келді.Ал Шымыр бек баһадүр болса,

ол жаужүрек батырлардың баһадүрі, жауларға


167

арыстандай айбат шегіп, олардың жүректеріне

қорқыныш ұялататын алып сардар, соғыс

ісінің қыр-сырларын терең білетін шебер қолбасшы,

әрі қиын-қыстау кездерде өз қауымын

қиындық жағдайлардан аман алып шығатын

данагөй жолбасшы және хандарға да ақылкеңес

айта алатын кеменгер ақылшы ретінде

танылған мәшһүр де даңқты баһадүр тұғын.

Содан болар Шағатай ұлысының билеушісі

Барақ ханның (Шағатай ханның немересі Е.

И.) атақты қолбасшыларымен бірге Қайду хан

(Үгетай қағанның немересі Е. И.) шақырған

Талас құрылтайына (1269 ж.) барғаны жайлы

жалайыр тайпасынан шыққан Орақты ноянның

немересі,Мұға ноянның ұлы Жалайыртай

баһадүр бабамыз өзінің бітіктерінде (жазбаларында)

нақты түрде дерек жаздырып қалдырған.

Кезінде Шағатай хан олардың әкелерін

Шаш (Ташкент) уалаятын игеруге жіберген,

сөйтіп Жалайыртай аталарымыз Шашқа келген

кезде,Шымыр бек баhдүрде сонда келген. Шымырбек

бахадур кезінде Барақ хан мен Абақа

ханның соғысына да қатысқан. Онан соң да,

ол Жалайыртай атамыз қатары, дуғлаттардың

мыңдық қолын басқарып, Барақ ханның ұлы

Дуа ханның әскерімен бірге бірнеше рет Құбылай

ханның әскеріне қарсы соғыстарға қатысқан

атақты қолбасшы еді.

Ол (Шымыр бек баhадүр) біздің Жалайыртай

атамыздан шамалы бұрын қайтыс болып,

Шаштың маңайындағы өзінің жұртына жерленген.Ол

өмірінің соңғы жылдарын құлшылықпен

тақуалық ұстанып, Құдайға құлшылық жасау

үшін тәркі дүниелік ұстанымын ұстанды. Содан

болар, ол пәниден бақиға көшкенінен кейін қалайық

оны әулие деп атайтын болған.

Шымыр бек баһадүрден кейін оның мыңдық

қолына оның Жиенбай бек баһадүр деген

немересі сардар болды. Көкбөрі баhадүр Дуа

ханнан екі түмен әскер сұраған кезде, Дуа ханның

пәрмені бойынша дуғлат мыңдығын осы

Жиенбай бек баһадүр бастап шыққан болатын.

Сөйтіп, ол соғыстан ауыр жарақаттанып қайтты.

Сосын оның орнына Шымыр бек баһадүрдің

басқа бір немересі, яғни Қапланды бек (Қабыланды)

баһадүр Шаш уәлаятындағы дуғлат

мыңдығына мыңбасы- қолбасшысы болды. Ол

сахараға аңға шығып, қабылан салып аңшылық

жасауды өте ұнататын, сондай-ақ оның

аңшылыққа үйретілген қабыланы да бар еді.

Содан оны жұртшылық Қапланды бек баһадүр

деген лақаб атымен атайтын.

Қапланды бек (Қабыланды) баһадүрдің

әкесінің есімі бізге мәлім емес, тек оның Қайду

хан шақырған құрылтайдан (1269 ж.) екі жыл

бұрын дүниеге келгені және ол өзінің әкесі сияқты

сардар болғаны белгілі.

Ал Қапланды бек әкесінің бәйбішесінен дүниеге

келгені және одан үлкен үш әпкесі және

бірнеше інілері болғаны мәлім. Сондай-ақ, Қапланды

бек баһадүр туралы көбірек мәлімет

жеткенінің себебі, ол атақты батыр әрі шебер

қолбасшы болған екен. Және айтуларынша, ол

өзінің атасы Шымыр бек баһадүрға тартқан,

яғни алып тұлғалы, өте сұсты, әрі көп адамдар

оған тік қарауға қаймығатын арыстандай айбатты

кісі болған. Және хандардың арасында

да оның беделі аса жоғары болғандықтан ол

Сайрамға уәли етіп тағайындалған еді.

Қапланды бек баһадүр қартайған кезде

оның орнына оның ұлы уәли болды. Бірақ оның

уәлилік мерзімі көпке ұзамады, яғни Ақсақ

Темір билікке келгеннен кейін оны Сайрамның

уәлилігінен шеттетіп, орнына басқа адамды

тағайындапты.

Қапланды бек баhдүрдің бұл ұлының есімі

бізге белгілі емес, тек оның Аллайар есімді ұлы

туралы кейбір деректер бізге жеткен. Бұл туралы

оның Мухаммад шариф (Мұхаммедшәріп)

деген ұлы кейбір деректерді жазып қалдырған

екен. Яғни, Аллайар да,оның әкесі де Қапланды

бек баһадүр сияқты әскери сардар болған

және оның бірнеше ұлдары бар еді. Ал оның ұлы

Мұхаммедшәріп болса, ол дін жолын таңдапты.

Содан болар оның әлемге әйгілі Алтыбармақ

және Низамуддин есімді ғұлама ұлдары да дін

жолын таңдап, ұлық әулиелердің дәрежелеріне

ие болыпты.

Мұхаммедшәріптің үлкен ұлы Шоқай бек

баhадүр атасы Аллайар дың қолында қалып,


әскерлік өнеріне ден қойып, атақты қолбасшы

дәрежесіне жетеді. Ал Алтыбармақ пен Низамуддин

әкесімен бірге Шашқа кетіп, діни білімдерді

үйренуге ден қойып, үлкен ғұламалар

және мемлекет қайраткерлері болып жетіледі.

Бұл екеуі жайлы Руқайа мамамыздың естелік

жазбасында кеңінен әңгіме етілген (Руқайа

Алтыбармақтың ұлы Темірбалтаның қызы,ол

жалайырға тұрмысқа шыққан, яғни «Біздің

тарих» атты кітаптың және осы қолжазбаның

авторы Ақтан сопы Құтбтың әжесі болады.

Сондықтан, Алтыбармақтың шежіресі Руқайа

қайтыс болған соң Ақтан сопы Құтбқа мұра болып

қалған).

Ал Мұхаммедшәріп бабамыздың өзі Ақсақ

Темір билігінің дәуірінде (1370 жылдан кейін)

дүниеге келіпті. Ал оның ұлы Алтыбармақ бабамыз

Ақсақ Темір қайтыс болған жылы (1405

ж.) дүниеге келген екен. Оның ағасы Шоқай

одан екі жыл бұрын (1403 ж.), ал інісі Низамуддин

екі жыл кейін (1407 ж.) туылған. Сондай-ақ,

Мұхаммедшәріп бабамыздың басқа да ұл-қыздары

көп болған екен.

Солардың ішінен Шоқай бек бахадүр

даңқты қолбасшы болып жетіледі. Сөйтіп, ол

Ақсақ Темірдің ұлы Шахрух қайтыс болғаннан

кейін, өзінің ата-бабасының тарыдай

шашылып кеткен әскерлерін атасы Шымыр бек

баһадүрдің жұртына жыйнап, ретке келтіреді.

Сосын, Шахрухтің ұлы Ұлығ бек (Ұлықбек) қайтыс

болған жылы Сайрамның уәлиін биліктен

тайдырып, өз билігін орнатып, қайтадан өзі

уәли болады.

Ал оның екі бауыры туралы Рұқайа анамыздан

жеткен деректе айтылуынша, Алтыбармақ

бабамыз өмірінің соңғы кездерінде ота нына

оралуды армандап жүрген, бірақ жасы жүзге

жақындап, жол са парына жарамайтын болып

қалғандықтан арманына жете алмай, Әлішер

Науаи қайтыс болған жылдың келесі жылына,

шамамен 908 (1502) жылы Хиратта (Гератта)

қаза тауыпты. Сөйтіп, өзінен үш-төрт жыл

бұрын дүние салған бауыры Низамуддин жерленген

мазаратқа жерленіпті.

168

Низамуддин Хусайн Байқара сарайында

жоғары лауазымда, яғни Қази ал-қузат (жоғары

сот төрағасы) мансабында қызмет еткен.

Туысқандарының және жақын адамдарының

қазасынан соң, Темірбалта әкесі Алтыбармақтың

өсиетіне сай Шашқа (Ташкентке) қоныс

аударады. Сөйтіп, жалайыр руының тумасы

Шұрқырауықұлы Барсық деген ғұлама кісімен

достасады да, оның Нәдір деген баласына

қызы Руқайаны береді,өзі сол жерде қоныстанып

қалады.

Низамуддиннің ұрпақтары да Темірбалта

қоныс аударған кезде,оны мен бірге Шашқа

(Ташкентке) келеді. Сосын Сайрамның маңайында

қоныс танған жақын-туыстарын тауып,

сол жерге барып қоныстанады.

Алланың тағдыры және қалауымен Ұлық

әулиелік дәрежесіне жет кен Шымыр Алтыбармақ

бабамыздың (Алла оның қасиетті

рухын қош иісті қылсын) шарапатты шығу тегі

мен оның даңқты бауырларының бізге белгілі

болғандары осы айтылған деректер.

Осы келтірілген деректерді талдай отырып,

Шымыр бек баһадүрдың Алтыбармақ бабамызға

дейінгі ұрпақтарының ретін кестеге салып

қарайтын болсақ, келесідей шежіре тізбектеледі.

Шымыр бек баһадүр:

1. Шымыр бек баһадүрдің ұлы (есімі белгісіз)

— 1267 жылы туылған;

2. Қабыланды бек баһадүр (Шымыр бек

баһадүрдің немересі);

3. Қабыланды бек баһадүрдің ұлы (есімі

белгісіз) (Шымыр бек баһадүрдің шөбересі);

4. Аллайар (Шымыр бек баһадүрдің шөпшегі);

5. Мұхаммедшәріп (Шымыр бек баһадүрдің

неменесі) Әмір Темір билігінің дәуірінде (1370

жылдан кейін) дүниеге келіпті;

6. Шымыр бек баһадүрдің жүрежаттары.

Соңғы буынды талдап қарағанымызда, Алтыбармақ

бабамыз Әмір Темір қайтыс болған

жылы дүниеге келгені (1405) белгілі болады.

Жоғарыда көрсетілгендей оның ағасы Шоқай


одан екі жыл бұрын(1403), ал інісі Низамуддин

екі жыл кейін (1407) туылған екен.

(Қазіргі Түркестан облысының Сарыағаш

ауданының солтүстік-шығысында Қапланбек

атты елді мекен бар. Ол жерде 1928-1992

жылдар аралығында дүниежүзіне белгілі жүзім

мен жеміс өндіретін «Қапланбек» атты шаруашылық

болған, 1992 жылдан бері ол «Қапланбек»

өндірістік шаруа қожалығы деп аталады.

Менің пікірімше,Қапланбек елді мекенінің атауы

Қабланды (Қапланды)бек баһадүрдің атымен

тікелей байланысты.Ол елді мекеннен шамамен

15 шақырым жердегі Ташкент қаласында Қабыланды

бек баһадүрдің бабасы Шымыр бек

баһадүрдің кесенесі орналасқан).

Осы деректер келтірілген Ақтан сопы

Құтбтың қолжазбасын қазақшаға аударған

Зәріпбай Оразбайдың айтуынша, жалайырдан

шыққан Ақтан сопы Құтб аталған еңбегін тек

өзінің түп нағашысы болатын Шымыр Алтыбармаққа

арнаған. Сондықтан, қолжазбаның

авторы Алтыбармақтың жоғарыда көрсетілген

ата-тегі мен олардың бірер ұрпақтарының

аттарының белгісіз болғанына аса көңіл бөле

қоймаған және тек өзінің қолында бар деректермен

ғана шектелген.

Қолжазбадағы деректерге қарағанда Алтыбармақ

өзінің өмірінің көп бөлігін араб елдерінде

өткізіпті, оның мәйіті қазіргі Ауғанстан

жерінде қалыпты. Алтыбармақтың туған бауырлары

мен олардың кейбір ұр пақтары да көбінесе

ата жұрттан алыс жерлерде өмір сүрген

екен.

Ақтан сопы Құтбтың қолжазбасында көрсетілгендей,

Шымыр бек баhадүр Шағатайдың

ұрпақтарының әскерінің құрамында болған

дуғлат руының мыңдығына қолбасшылық еткен,

Үгетай қағанның немересі Қайду хан шақырған

Талас құрылтайына (1269 жылы)Шағатайдың

немересі Барақ ханмен бірге барған.

Барақ хан мен Хұлағудың ұлы Абақа ханның

арасында орын алған шайхасқада (ол оқиға

хижраның 668 жылы болған,григорян жыл санауы

бойынша 1270 жылы) және Барақ ханның

ұлы Дуа хан мен Құбылай қағанның арасыда

болған соғысқа да қатысқан. Өмірінің соңында

тек Аллаға құлшылық етумен айналысқан,әулие

атанған. Оның мәйіті Шаш қаласының

маңайында жерленген.

Аталған деректерден шығатын қортынды:

Шымыр бек баhадүр Шыңғыз ханның шөберелері

Құбылай қағанға, Қайду ханға, Барақ

ханға, Абақа ханға замандас болған, яғни XIII

ғасырда өмір сүрген.

Шымыр бек баhадүрдің шежіресі қазақ

жұртына ежелден жақсы белгілі. Ол жоғарыда

аталған әйгілі Бәйдібектің немересі Дулаттың

кенже ұлы.

Шымыр бек баһадүрдің әулие болғаны

туралы дерек бүкіл адамзаттың қымбат жауһарларының

бірінен саналатын Бекасыл Биболатұлының

«Зикзал» атты еңбегі нің 2-ші

томының 117 бетінде сақталған Бүйін дұғасы:

«Мейрімді де рахымшыл Алланың атымен

(бастаймын)». «Буйи буйи дисади буйи мазар

аулийа, Сырым сырым дисади сари мазар аулийа,

Шайхан Шымыр аулийа, Бір тухумдай бурун

батар аулийа, Күн батарда қарақат аулийа,

Күн кузинда аулийа, Жір жүзінде аулийа, Буйи

буйи буйи чиқ, Бүйи килди қамбар чиқ, Қамбар

қилди қалма чиқ, Атқан уқдан қаттиғ чиқ, Ағин

судан жітік чиқ, Тахт Сүлейман пайғамбар дами

бірлан, Манда килдум сан да чиқ, Ала буйи

жатіб атар, Қара буйи Худаниң құрти булди,

Құдіратдин фарман бұлди», Тағында отырған

Сүлеймен пайғамбардың демімен «сүф!» шық!

(«Зикзалда» бұл дұғаның сөздері асылмәтінде

қалай берілген болса, дәл солай оқылуы қажет

деген ескерту бар).

Шымыр бек баһадүр мен оның ұрпақтары

туралы бұл жаңа мәліметтер «Шыңғыз ханда»

көрсетілген деректерді растайтын тағы бір аса

құнды дәлел болып табылатыны сөзсіз. Сондықтан,

мен оларды «Ана тілі» газетінің 2022

жылы 7 шілдеде шыққан нөмірінде «Шымыр

бек баһадүр» деген тақырыппен жарияладым.

169


«Шыңғыз хан» атты кітаптың Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы

Шоқан Уәлиханов атындағы институтта өткен тұсаукесері.

Солдан оңға қарай — Кабылдинов Зиябек Ермұханұлы,

Кулекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы, Ержан Бекбауұлы Исақұлов,

Әбдіров Мұрат Жеткергенұлы және басқалар

170


Байсыңқұр

Шыңғыз ханның бесінші атасы

Түмбине

Шыңғыз ханның төртінші атасы

І әйелінен

ІІ әйелінен

Жақсы

Одан нұяқын мен ұрут және

маңғыт руларытарайды

Барын Шиелтоқа биші

Одан барын руы тарайды

Кашула

Одан барлас руы тарайды

Сим Кашыйын

Одан хадаркін руы тарайды

Баат Килугай

Одан будат руы тарайды

Қабыл хан

Оның балалары мен

немереле рін «қият» деп атайды

Одыр Баян

Одан журйат руы тарайды

Боданжар

(Болшар дуқұлан

Одан дуқұлат руы тарайды)

Есутай (Отшыген

Одан бейсүт руы тарайды

Боран

Ұрым

Ердемжі

барлас

Адар

Қидай

Күліген

мерген

Бартан

баһадүр

Қараша

Шұшы

Шаурыдай

Байжу

Суғу

шешен

Науқын

Тарқытай

Жесугей

баһадүр

Бәйдібек

Мергітай

Шибай

Карашар

ноян

Хуқу

Қорыдай

Тимужин

(Шыңғыз

хан)

Жамұқа

Тілеуберді

(Жарықшақ)

Жебе

Сука бек Ежіл Буражы Шұрқыдай

ноян

Еленгір

баһадүр

Берқұл

Жошы

Шағатай

Үгетай

Төле

Дулат

Тарағай

Әмір

Темір

Сиқым Жаныс Ботбай Шымыр

Қоңыр түспен боялған адамдардың атауларын «Жамиғ ат-тауарихтағы» шежіреге «Шыңғыз

хан» атты кітаптың авторы Е. Исақұлов қосқан.

Төменнен санағанда екінші қатардағы адамдардың барлығы Шыңғыз ханның ұлдарының

замандасы және немере туысы болады. Тумбине хан Шыңғыз ханның төртінші атасы, ал Әмір

Темірдің тогызыншы атасы.

171


Дубун Баян мен оның әйелі Алан Қуа

Олардың төменде көрсетілгендей екі ұлы болған. Олар мұғул-дүрліккенге жатады.

Дубун Баян жас кезінде қайтыс болады.

Оның жесір қалған әйелі Алан Қуаның пәк құрсағынан,

яғни «нұрдан» пайда болған үш ұл дүниеге келеді.

Білгентай

Бөгенатай

І әйелінен

Жақсы

Барын

Шиелтоқа биші

Кашула Сим Кашыйын Баат

Килугай

Одан нұяқын,

ұрут және маңғыт

рулары тарайды

Одан барын руы

тарайды

Одан барлас руы

тарайды

Одан хадаркін руы

тарайды

Одан будан руы

тарайды

Сиқым Жаныс Ботбай

172


Дубун Баян қайтыс болғанан кейін Алан Қуаның құрсағында

«нұрдан» пайда болған үш ұл

Бұқұн Қатақи

Одан қатаған руы тарайды

Бұқату Салжи

Одан салжуыт руы тарайды

Бодонжар

Шынғыз ханның атасы

Бұқа

Бұқатай

Дутум Манин

Нашын

Қайду хан

Байсынқұр

Тумбине хан

ІІ әйелінен

Қабыл хан Одыр Баян Боданжар

(Болшар дуқұлан)

Есутай

(Отшыген)

Одан қият

деген тайпа

бастау алады

Одан журйат руы

тарайды

Одан дуқұлат

(дулат) руы

тарайды

Одан бисүт руы

тарайды

Бартан баһадур

Қараша

Жесугей баһадур

Бәйдібек

Теміршың

(Шыңғыз хан)

Жамұқа

Тлеуберді (Жарықшақ)

Дулат

Шымыр Хангелді Маныс

173


Жанту Жантан Жарлықамыс Қара

Жайылмыс Байыс Өтеміс

Қожамберді Қыбырай Жамбай

Құдайберді Құдайқұл Қәдірқұл Қәдірберді

І әйелден

ІІ әйелден

Түгелбай Данай Ақтай Бақыбек

Тауасар

Құттымбет Байкөбек Құттығай Толыбай

Мырзакелді Қожакелді Ырыспанбет Тілеш

Әбді Қараман Сарыбатыр Бозбатыр

Биболат Шамат Сапақ Құттыаяқ Орақ

Байшымыр Бишымыр Бекасыл

174


Қапал Шегір (Өтеулі) Бөгежілі Оймауыт

Олжанқұл Сұлтанқұл Ақберді

ІІІ әйеліден

ІV әйеліден

Қарашәуке

Қарасопы (Әжібек)

Құдайменді Тоқпан Әлібек

І әйеліден

ІІ әйеліден

Тыныбеқ Ақбота Ақшора Өтебай Төле би Елібай

Жомарт Солтанай Тұраш Жамбай

Сапарбай

Сәрсенбай

175


Бекасыл Биболатұлының өскен жері

176


Таудың ең биік жері — Сайрам шыңы, оның орта белінде

Бекасылдың Қорғантас жайлауы

177


Кеңесарық ауылының көрінісі

(Суреттің орта тұсында Бекасыл әулиенің кесенесі көрініп тұр)

178


179


180


Есім хан ордасының көрінісі. Орданың сол жағында — Сайрамсу өзені

181


Кеңесарық ауылындағы Бекасыл әулиенің ескерткішінің алдында отырған

Асылжан Рахымжанұлы Исақұлов

182


Бекасыл әулиенің кесенесі. Солдан оңға қарай: Нұрғали Ораз, Орынбай Рахманбердиев,

Болат Жылқышиев, Зұлфұхар Ғайыпов, Берген Ержаппар, Анарбек Орман,

Ержан Исақұлов, Мәлік Отарбаев

Кеңесарық ауылындағы Бекасыл әулиенің бұлағы

183


Кеңесарық ауылындағы Бекасыл Биболатұлының атындағы мектеп

184


Бекасыл Биболатұлының мұражайының ашылу сәті

185


186


187


Бекбаудың жұбайы Баршакүл Қалдыкөзқызы Исақұлова

188


Бекасылдың немересі Бекбау Исақұлов

189


Бекасылдың шөбересі Маулен Бекбауұлы Исақұлов

190


Бекасылдың шөбересі Ержан Бекбауұлы Исақұлов

191


Ержан Исақұлов пен жұбайы Ботагөз Мырзақызы

192


Рахымжан мен Бауыржан Исақұловтар

193


194


Ержан мен Ботагөз ұл-қыздары мен немерелерінің ортасында

(Шынар, Ануар, Бауыржан, Рахымжан мен олардың ұл-қыздары: Алишер, Аружан,

Мухаммед-Рахим, Аиша, Асылжан, Амиржан және келіндері Бибінұр мен Маржан)

195


12 РУХАНИЯТ

20 ҚЫРКҮЙЕК 2022 ЖЫЛ

АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ

Ғұлама ғибраты

Бекасыл Биболатұлының 200 жылдығы туған жерінде атап өтілді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Рухани ілімді терең меңгеріп, з заманының ғұлама данагйі болған Бекасыл

Биболатұлының туғанына биыл 200 жыл. Осыған орай, оның туған жері

Түркістан облысы Тле би ауданында қазақ-қырғыз зиялыларының

халықаралық V форумы тті. Форумға қатысушылар алдымен Кеңесарық

ауылындағы Бекасыл әулиенің кесенесіне барып, Құран бағыштады, музейінде

болып ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Ал «Ривьера Қасқасу» демалыс орнында

ұйымдастырылған ғылыми-конференцияда

Бекасыл Биболатұлының

«Зикзал» еңбегіне, ғылыми мəліметтер

мен дінтану туралы ой-тұжырымдарына

талдау жасалды. Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бекасыл

Биболатұлының 200 жылдық мерейтойына

арналған құттықтауын Президенттің

кеңесшісі Мəлік Отарбаев оқып берді.

«Дархан даламызда өсиет сөз, өшпес із

қалдырған тұғырлы тұлғалар аз емес.

Сол тарихи тұлғалардың бірі – «сахара

ғұламасы» атанған Бекасыл Биболатұлы.

Қасиетті Түркістан топырағында

дүниеге келіп, ұлт руханиятының

дамуына зор үлес қосқан ғұламаның

«Зикзал» атты еңбегі халқымыз үшін

асыл мұра. Бекасыл Биболатұлы – ғасырлар

бойы халқымыздың бойында

жинақталған өмірлік тəжірибені, салтдəстүрді,

дала даналығын жеткізген

ағзам жандардың бірі. Ол өмір бойы

адалдық пен тазалыққа, еңбекқорлық

пен отансүйгіштікке үндеген. Бірлік пен

ынтымақты ту етіп, халықты татулық

пен бауырмалдықты сақтауға шақырған.

Өзінен бұрынғы ойшылдардың

шығыстық тағылымын кейінгі ұрпаққа

жеткізу үшін медресе-мектеп ашып,

білім мен мəдениетті дамытқан. Қазақ

руханиятындағы алып тұлғалардың

бірі Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы ғұлама

Бекасыл Биболатұлын аса құрметпен

ұстаз деп мойындап, оның «Зикзал»

атты еңбегін баға жетпес құнды ғылыми

туынды деп бағалаған. Ғұлама Бекасыл

Биболатұлының 200 жылдық мерейтойы

Халықаралық форумның аясында

атап өтілуде. Мен баршаңызды қасиетті

сырлары мен құпияларын аша тын,

адамның күнделікті өміріне керекті

пайдалы кеңестер, ғылыми мəліметтер

мен басқа да тұжырымдар бар «Зикзал»

атты ғибрат кітабы – халқымыздың

тəуелсіздік жылдарында тапқан асыл

қазыналарының бірі ретінде бағалануда.

Оның бір дəлелі бүгінде «Зикзал»

қазақ оқырмандарының тарапынан зор

сұраныс тудырып отыр. Ғалымдардың

пікірінше, «Зикзал» – кез келген қазақтың

төрінде тұратын қасиетті кітап. Ал

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі

дінтанушы, араб, парсы жəне шағатай

тілдерінде жазылған «Зикзалды» қазақ

тіліне аударған Зəріпбай Оразбай бұл

еңбекті əлемдік деңгейдегі Ханафи

мазһабын дəріптейтін бірден бір ғылыми

кітаптардың қатарына жатқызады.

«Бекасыл Биболатұлы Құранның тəпсір

ілімін, хадис ілімін, пайғамбарлар тарихын

өте жоғары деңгейде білген.

Ша риғат ғылымдарын өте жақсы меңгерген.

Жəне соны өте шебер тілмен

баян дап бере алған. Кітабының «Зикзал»

деп аталуының себебі бір еңбекте бірнеше

кітапты жинақтап, құрастырып

жазуында. Мұндай өте күрделі тəсілмен

кітап жазған ғұламалар сирек. Бірнеше

кітапты бір-бірімен ғажап байланыстыра

құрастырады. Бір тақырып ретінде

қарайсыз, ал оның ішінде бірнеше кітап

бар. Соның ең алғашқысы «Палнама»

деп аталады. Бұл – дүниежүзіндегі

«Палнама» аталатын кітаптардың тоғызыншысы.

Яғни «Палнама» туралы

қалам тартқан əлемнің тоғыз ғұла масының

бірі – Бекасыл баба деген сөз.

Бұл кітапқа дейін бұрын дүние жүзі

бойынша «Палнама» деп аталатын

кітаптардың сегізі мəлім екен. Оны

америкалық ғалымдар дəлелдеген.

ӨЗІНЕН БҰРЫНҒЫ ОЙШЫЛДАРДЫҢ ШЫҒЫСТЫҚ ТАҒЫЛЫМЫН

КЕЙІНГІ ҰРПАҚҚА ЖЕТКІЗУ ҮШІН МЕДРЕСЕ-МЕКТЕП АШЫП,

БІЛІМ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТҚАН. ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНДАҒЫ

АЛЫП ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БІРІ МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ

ҒҰЛАМА БЕКАСЫЛ БИБОЛАТҰЛЫН АСА ҚҰРМЕТПЕН ҰСТАЗ

ДЕП МОЙЫНДАП, ОНЫҢ «ЗИКЗАЛ» АТТЫ ЕҢБЕГІН БАҒА ЖЕТПЕС

ҚҰНДЫ ҒЫЛЫМИ ТУЫНДЫ ДЕП БАҒАЛАҒАН

аспандай күркіреп келсін, Бұлттай қаптап

келсін, Күндей жарқырап келсін,

Судай сарқырап келсін, Қаздай қалықтап

келсін, нұрын шаша берсін!». Міне,

қандай үлы тілек, ұлы сөз. Бекасыл

əулие нің еңбегі ұлы даламыздың, мемлекетіміздің

рухани өрлеуіне толық

үлес қосатын рухани байлығымыз,

қазынамыз. Ол мыңжылдық тұлғасы.

Сондықтан да Бекасыл əулиенің ұлттық

құндылықтарын өзіміздің өмірімізде

қолдана білсек, оның шығармаларында

мемлекетті басқару ісіне керек ақылкеңестер,

тəрбие мол. Даналық тəжірибесі

өмірімізге қажет», дейді филология

ғылымдарының докторы, профессор

Серік Негимов.

Ал форумға арнайы келген баянауылдық

өлкетанушы Алтынбек Құрманов

Мəшһүр Жүсіп пен Бекасыл Биболатұлы

арасындағы байланыс, қарым-қатынас

туралы де ректердің бүгінге қалай жеткені

жө нінде əңгімеледі. Айта кетелік,

ел газеті «Егемен Қазақстанның» тұрақ

ты оқырмандарының есінде болар,

ба сылымның 2013 жылдың 27 қарашасындағы

санында қазақ руха ниятындағы

алып тұлғалардың бірі Мəшһүр

Жүсіп Көпейұлының Оңтүс тікке

сапарын баяндайтын «Қазақ баласы

оқыдым, тоқыдым десе де, Бекасыл

хазірет бола ма?!» деген қолжазбасының

мəтіні жарияланған болатын. Баянауылдық

мəшһүртанушы Алтынбек

Құрмановтың ұсынуымен. Аталған

қолжазбада Мəшһүр Жүсіп Бекасыл

Биболатұлын аса құрметпен хазірет,

ұстаз деп атайды жəне пір тұтады,

ғұламаның қадір-қасиетін айшықты

аша түседі, оның «Зикзал» атты еңбегін

аса құнды туынды деп бағалайды.

Ал биыл газетіміздің 28 шілдедегі

нөмі рінде Мəшһүр Жүсіптің Бекасыл

Биболатұлы туралы «Сайрамсуда мың

шейіт, Қасқасуда кім жатыр?» деп аталатын

тағы бір естелігі жарияланды. Оны

да Иманғали Мəненұлы деген атасынан

қалған архивтен тапқан Алтынбек

Құрманов редакцияға жолдаған-ды.

Естелікте Бекасыл Биболатұлының

дене тұрқы, ата шежіресі, қасиеті,

ұстанымы, үлгілі істері мен қазақ пен

196


тұлғаның салтанатты шарасының басталуымен

құттықтаймын. Бұл той – қазақ

руханиятының, түркі ойының тойы!»

делінген Президент жолдаған құттықтау

хатта. Мемлекет басшысының құттықтау

хаты əулие-бабаның ұрпағы – белгілі

мемлекет жəне қоғам қайраткері Ержан

Исақұловқа табыс етілді.

Конференцияда Қырғыз Республикасының

халық ақыны Қожагелді

Күлтегін мен Жоғарғы Кеңесінің эксспикері

Зайнидин Құрманов, Түркістан

облысы əкімінің орынбасары Сəкен

Қалқаманов, Президент жанындағы

Мем лекеттік басқару академиясы инсти

тутының директоры Зұлпықар Ғаипов

Бекасыл Биболатұлы еңбектерінің

ерек шеліктері мен құндылығы туралы

баяндады. Ел ынтымағы мен бір -

лі гінің маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ

конференция барысында сөз

алған баяндамашылар оның Сайрам,

Қарнақ, Ташкент, Самарқанд, Бұхара,

Шам (Сирия) еліндегі білім ордаларын

түгел меңгерген данышпан, теолог,

астролог, астроном, математик,

фило соф, шипагер, кие дарыған кісі

бол ғанын, Ислам қағидаттарын, өмір

сал тын терең меңгерген даналығын

айтты. Бекасыл Биболатұлы туған жерінде

медресе ашып, сол аймақтың

балаларын оқытқан, шығармашылықпен

айналысып, көптеген кітап жазған.

Көзі нің тірісінде-ақ əулие атанған Бекасыл

Биболатұлының исламның асыл

қасиеттері, салт-дəстүрі, ғылымның сансаласы

қамтылған, қазақ топырағында

бұрын кездеспеген, өмір тылсымдары ның

Яғни бұл дүниежүзілік деңгейдегі еңбек.

Соған сүйене отырып та ол кісіні

дүниежүзілік деңгейдегі ғұлама

деп тұжы рым жасауымызға болады.

«Зик зал» тағылымы мол, көп қырлы:

пай ғамбарлар тарихы, ислами ақиқат

ілімі, сопылық санаты, жұлдызнамалық

ілім, жорамал жасау, дұғалармен емделу,

бұржылық ілім негіздері, өмірдегі

түрлі құбылыстар баяны, жылдар сипаттамасы

қамтылған жан-жақты терең

ілімді қасиетті кітап. Мен «Зикзалды»

оқырманға түсінікті болу үшін қарапайым

тілде аудардым, көптеген түсініктемелер

бердім», дейді белгілі шығыстанушы

Зəріпбай Оразбай.

Бекасыл Биболатұлы философ,

астролог, теолог, шипагер, қаламгер

сияқ ты қасиеттердің барлығын бір бойына

тоғыстырған ұлтымыздың ұлы

тұлғаларының бірі екенін филология

ғылымдарының докторы, Мəжіліс депутаты

Сауытбек Абдрахманов та

атап өтті. «Жаңа билбордта Бекасыл

баба мыздың сан қырлы қасиеті айтылды.

Соның ішінде бір қасиеті көрсетілмегенін

мен іштей дұрыс деп отырмын.

Ол – көріпкел деген сөз. Біраз

кітаптарда, біраз мақалаларда сол көріпкел

деген сөз айтылады. Жалпы,

кө ріп келдік, əрине адамзат баласының

тари хында талай көрінген қасиет. Сонау

Нострадамустан кешегі Вангаға дейін,

біздің өзімізде де Мөңке биден тартып

көптеген көріпкелдер өткен. Бекасыл

бабамыз да өмірден өтерінде «...осындай

күндер келеді құл-құтан көтеріліп,

ылғи жалаңаяқтар ел басқарады.

«Жы лан тақыр» боласыңдар. Көлік төрт

дөңгелекті темір болады. Аспан жол болады.

Қатын ел билейді», деген сияқты

көп əңгімелерді айтып кеткен. Бірақ

мұның жағдайы сəл басқашалау. Мен

1986 жылы Болгарияға журналистік сапармен

бардым. Сонда бізді Вангамен

жолықтырды. Кейін біраз кітаптарды

қарап, оқып жаздым да. Ол шынында

да зағип адам, ғылыми дүниелерді оқуы

мүмкін емес, яғни оның көріпкелдік

қасиеті бар. Ал Бекасыл бабамыздың

алдағыны болжауы ол аса терең білімнің

нəтижесі. Ғұламалықтың арқасы, арғыбергінің

бəрін көкірегіне түйгеннің

арқасы. Осы жайды ғана айтқым келеді.

Тағы бір айтатын дүние Мемлекет басшысының

құттықтауында айтылған

«адалдық пен тазалыққа үндеген» деген

сөзге назар аударғым келеді. Қазіргі

кезде заман өзгеріп, қоғам өзгеріп,

адам өзгеріп тарихымызда жаңа дəуір

басталады деп отырған кезде Бекасыл

бабамыздың сөзі бізге бұрынғыдан да

керек. Өйткені қазір біз адалдыққа,

таза лыққа шақыратын сөзге де, сондай

өне геге де зəру жағдайда тұрмыз. Оның

бəрін өздеріңіз көріп-біліп отырсыздар.

Сол күндеріміз келсін, сол күндерге

жетуге Бекасыл бабамыздың рухы дем

берсін!» деді Сауытбек Абдрахманов.

Ал академик, жазушы Ғарифолла

Есім Бекасыл əулие – Алла тағала сөзін

жұртшылыққа тереңдеп жеткізуші тұлға

екенін айта келе, «Зикзал» сөзінің

мəн-мағынасы туралы өз көзқарасын

білдірді. «Бекасыл əулиенің негізгі

шы ғармасының аты – Зикзал. Ол оны

толық түсіндірмегенімен өлеңінде бар.

Аудармашы зикзал, сірə, қисынды деген

мағынаны білдірсе керек. «Қолыма

қалам алып жаздым зикзал, Басқаның бір

өлімнен ертесі абзал. Жақсылар, оқып

көрсең, міне, кітап, Ішінде əрбір түрлі

нұсқалар бар», дейді Бекасыл əулие. Ал

хакім Абай: «Əуелі аят хадис – сөздің

басы, Қосарлы бəйітмысал келді арасы,

Қисынымен қызықты болмаса сөз, Неге

айтсын пайғамбар мен оны Алласы»,

дейді. Зикзалды насихат сөз, қисынды

сөз не үлгілі сөз деп түсінуге болар.

Сон да не қызықты? Өмір – қызықты.

Өмір сүре білу– қызықты. Екі дүние

мархабатына бөлену – қызықты. Хакім

Абай «Қисынымен қызықты болмаса

сөз» деп отыр. Сонда қисынды сөз

– Алланың сөзі. Алланың сөзін сөйлеуші,

Зикзал айтушы – Бекасыл əулие.

Хакім Абай айтқан, толық адам – таза

мұсылман адам. Бекасыл əулие – таза

мұсылман, яғни ол заманының толық

адамы. Кемел тұлға. Жол бастаушы.

Жөн көрсетуші. Тура жолға салушы.

Алла тағаланың қисынды сөзін айтушы.

Зикзал еңбегінің авторы», деді академик.

Бекасыл Биболатұлы – өз дəуірінде

«Құтб заман» дəрежесіне жеткен əулие,

медресе ұстаған ұстаз. Құран ілімін

жетік білген адам. «Өзінің Отанына,

өз ортасына ізгілік дəнін себуші. Жеті

ұлттың тілін білген. Өзінің шығармасын

жеті ұлттың тілімен өрнектеген,

жеткізген ғажайып бір энциклопедия лық

білім иесі. Бекасыл əулиенің «Зикзал»

кітабында мынадай керемет ұлы тілек

бар: «Бақ, дəулет, ырыздық, несібе

МЕРЕЙ

Қос қайраткерге құрмет көрсетілді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты

Сауытбек Абдрахманов пен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университетінің профессоры Құлбек Ергбек «Түркістан облысының құрметті азаматы»

атанды.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Батырхан СРСЕНХАН,

«Egemen Qazaqstan»

Облыс əкімі Дархан Сатыбалды азаматтардың

ерен еңбегін атап өтіп, өңір

халқы атынан алғыс айтты. Айта кетелік,

Сауытбек Абдрахманов Қазығұрт ауданында

өмірге келген. Журналистика саласындағы

Президент сыйлығының лауреаты,

«Қазақстанның еңбек сіңірген

қай раткері» құрметті атағы бар. Бірнеше

орден, медальдармен наградталған. Абай

атын да ғы Мемлекеттік сыйлықтың, Ха лықаралық

«Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты.

Филология ғылымдарының докторы,

профессор. Қазақстан Журналистика

академиясының академигі. Қазақ жəне орыс

тілдеріндегі көптеген кітаптың авторы, аудармашы.

Ал əдебиетші, сыншы, публицист,

филология ғылымдарының докторы, профессор,

Халықаралық Ш.Айтматов академиясы

ның академигі Құлбек Ергөбек Отырар

ауданын да дүниеге келген. «Парасат» орденінің

иегері, Халықаралық «Алаш» əдеби

сыйлығы ның лауреаты.

Қос қайраткерге шығармашылық табыс

тілеген Дархан Сатыбалды өңір тұрғындары

ұлысымыздың ұйытқысы – Оңтүстік

өңірінен шыққан тұлғаларды əрдайым мақтан

тұтатынын жеткізді. «Сіздер білімғылым,

журналистика жəне зерттеу салаларында

үлкен жетістікке қол жеткіздіңіздер.

Еліміздің өркендеуіне, гүлденуіне мол

үлес қостыңыздар. Кəсіби маман ретінде

өздеріңізден кейінгі буынның қалыптасуына

біріңіз қаламгер, саяси қайраткер ретінде,

енді біріңіз ғалым, көрнекті əдебиет сыншысы

ретінде зор еңбек сіңірдіңіздер», деді

облыс əкімі.

қырғыз арасындағы туындаған дауға

бітімгершілік жасағаны туралы тың деректер

келтірілген.

Форум аясында Бекасыл Биболатұлының

еңбектерін насихаттау, есімін

ұлықтау сынды игі істерді ұйымдастырып,

бастамашы болып жүрген

генерал, саяси ғылымдар докторы,

про фессор Ержан Исақұловқа

ауылдас тары сый-құрмет көрсетіп, ат

мінгізді. Он тоғызыншы ғасырда қағазға

түскен құнды қолжазба 2003

жылы Бекасыл əулие ұрпағының қолына

тигелі бері ғылыми айна лымға

түсіп, бірнеше конференцияның

арқауы етілгенін айта кетелік. Конферен

цияның модераторы Қазақстан

Жазушылар одағы төрағасының бірінші

орынбасары Ақберен Елгезек «Зикзалдың»

құндылығы мен мəн-мағынасына

өз көзқарасын білдіре келе,

Ержан Исақұловтың Жазушылар одағы

мүшелігіне қабылданғанын хабарлап,

арнайы куəлікті табыс етті. Өз кезегінде

генерал ғалым халықаралық форумның

Түркістан немесе Шымкентте емес

туған жерінде ұйымдастырылуының

себебін айта келе, іс-шараны өткізуге

ат са лысқандарға жəне алыстан арнайы

келген қонақтарға алғысын жеткізді.

Форум қатысушылары мен қонақтары

Қырғыз елінің манасшылары мен

Төлеби ауданының тумасы, белгілі əнші

Нұрлан Өнербаевтың өнерін тамашалады.

Жиын соңында Бекасыл Биболатұлы

мен оның ата-бабаларына арналып ас

берілді.

Түркістан облысы

197


198


Солдан оңға қарай: Бекасыл Биболатұлының портретінің авторы

Құрасбек Зәүірбеков және Ержан Исақұлов

199


200


Мәлік Отарбаев, Амалбек Тшанов, Дәулет Әбдіхалықов

және Алтынбек Құрманов

201


Форумның құрметті қонағы, Шыңғыз ханның ұрпағы, белгілі ақын, Абай атындағы

мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бахытжан Мұсаханұлы Қанапиянов

202


Бекасылдың шөбересі Қалдықыз Бекбауова

203


Бекасыл бабаның асына бата берген Түркістан облысының ақсақалдары — Орынбай

Рахманбердиев, Шалатай Мырзахметов және Бекет Тұрғараев

204


205


206


Бекасыл әулиенің құрметіне берілген астың қонақтары

207


Қырғызстандық қонақтар

208


209


Бекасыл әулиенің ұрпақтары ас үстінде

210


211


212


БӨРТЕКЕЕВА ӘЛИЯ,

М. Х. Дулати атындағы жалпы орта білім

беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі.

ҰРПАҒЫМЫН ҒҰЛАМА БЕКАСЫЛДЫҢ

Екі жүз жылдық тарихы бар ғұлама өткен өмірден,

Әр сөзінен даналық пен шапағаты төгілген.

«Жұлдызнама» кітабында жазылған әр ісінен,

Жұртқа берер пайдасы мол өсиеті өрілген.

Ата — анасыз жетім қалған жастайынан зарығып,

Білім алғым келеді деп, жылайтынды қамығып.

Ағалары Байшымыр мен Бишымыр оны қолдамай,

«Малыңды бақ» деген кезде мұңайыпты жабығып.

Жылап жатып бейіт басында көзі ілініп кеткенде,

Түс көріпті, ұстазына сол түс аян берген-ді.

Бекасылдың қолындағы кітабы өртенді, япырай,

Бұл бала бір ойшыл дана болады екен деген-ді.

Уақыт өте қос бауыры түсіністік білдіріп,

Ынта қойып оқуына жасады мол мүмкіндік.

Мақсатына қол жеткізген зерек бала қуанып,

Зердесіне жинады көп ғылым сырын мың жылдық.

Мәшһүр Жүсіп екеуі бір білімменен сусындап,

Ден қойыпты ұлылыққа бойындағы барын сап.

Бұл күндері сол данышпан, ойшыл менің бабамды,

«Ғалым» деп танып, отыр міне, дүйім жұртым мойындап.

Ибраһим, Мұсақұл мен Исақұл үш ұлынан,

Бір қауым ел өсіп-өніп, текті ұрпақ тараған.

Бекасылдың бір шөпшегі болғаныма мақтанып,

Мен тілеймін аман-саулық әулетіме Алладан.

Мұсақұлды жеңгелері атаған екен Бөрте деп,

Сол Бөртеден туылыпты атам менің Өтебек.

Әкем - Лесбек Өтебекұлы, мен бақтағы бір гүлі,

Бөртекеева Әлиямын, елге жүрген еркелеп.

Кеңесарық ауылында бой көтеріп ескерткіш,

Мектебі мен көшесіне атын берді бабамның.

Исақұлдың шөбересі Ержан ағам салып күш,

Бөленді мол алғысына тәңірім мен адамның.

Сол ауылда Бекасыл еккен ну қара ағаш болыпты,

Киелі жер деп, пана тұтқан ел-жұрты сонда қоныпты.

Орнында қазір ну орманның бұлақ қалған шипалы,

Құдіретті қара суға ел көңілі толыпты.

Турасын айтып, келешектің келер күнін болжаған,

Емін айтқан дерттен сірә жазылмас жан болмаған.

Аузы дуалы әулиеге басын иген құрметтеп,

Алғыс айтам елім менен үкіметіме қолдаған!

Сауапты іс жасадыңыз, елді жинап қаншама,

Күмбезіне көпшілік жүр, таңдай қағып тамсана.

Рақмет сізге, Ержан аға, үлгі болған біздерге,

Құдай өзі қуат берсін, қажыма аға, шаршама!

Ал ендеше жомарт халқым, көңліңде мұң болмасын,

Құшақ жайып ұл қыздарың, қанаттарын қомдасын!

Қасиетті ғұлама бабам құдіреті әлдилеп,

Хақ Тағалам пана болып, елімді мәңгі қолдасын!

213


214


МЫҚТЫБЕК ЗӘУІРБЕКОВ,

заңгер.

БЕКАСЫЛ БАБАМЫЗҒА АРНАУ!

Қарасора жерінде,

Бекасыл баба туылған

Дана болған Ол кісі

Ел-жұртқа аты жайылған!

Ол кісідей білімді,

Біздің оңтүстік елінде,

Сол кездері болмаған

Меңгерген терең ілімді!

Кемеңгер адам болған соң,

Халық оны пір тұтып

Бекасыл әулие атаған,

Данышпандығына бас иіп!

Еңбегін халық бағалап,

Мектепке аты берілген,

Ғалымдар терең зерттеп,

Бірнеше кітап жазылған!

Қуғын көріп биліктен,

Көп еңбегі жоғалған,

Табылса сол еңбектер,

Халық игілігіне жараған!

Әліде болса үміт бар,

Іздеп жатыр ұрпақтар,

Сәтін салса Тәңірім,

Бір кездері табылар...!?

Ерекеңдей ағамыз.,

Баба әруағын қастерлеп,

Мектепке атын бергізіп,

Ескерткіш қойды ауылға,

Кесене басына тұрғызып!

Ол кісіге жарасады,

Қандай мақтау айтсақ та,

Кеңесарық атын өзгертіп,

Бекасыл ауылы десек те ...!?

Тілейміз біз Алладан,

Аман болсын ұрпағы,

Жатқан жері жайлы боп,

Қолдап жүрсін әруағы!!!

10. 09. 2022 жыл

Алматы қаласы

215


216


МАХАТ САДЫҚ,

журналист.

БЕКАСЫЛ БИБОЛАТҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 200 ЖЫЛ

Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты

Қасқасу ауылында ғұлама ғалым, өз заманының

данагөйі болған Бекасыл Биболатұлының

200 жылдығына арналған халықаралық

форум өтті.

Қазақ-қырғыз зиялыларының басын қосқан

алқалы жиын қатысушылары алдымен Бекасыл

әулиенің кесенесіне барып, құран бағыштады.

Ауыл орталығындағы музейінде болып ескерткішіне

гүл шоқтарын қойды.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаев Бекасыл Биболатұлының

200 жылдық мерейтойына арналған құттықтау

хатын жолдады. Мемлекет басшысының

құттықтау хатын Президенттің кеңесшісі

Мәлік Отарбаев оқып берді.

«Дархан даламызда өсиет сөз, өшпес із

қалдырған тұғырлы тұлғалар аз емес. Сол тарихи

тұлғалардың бірі — «сахара ғұламасы»

атанған Бекасыл Биболатұлы.

Қасиетті Түркістан топырағында дүниеге

келіп, ұлт руханиятының дамуына зор үлес қосқан

ғұламаның «Зикзал» атты еңбегі халқымыз

үшін асыл мұра.

Бекасыл Биболатұлы — ғасырлар бойы

халқы мыздың бойында жинақталған өмірлік

тә жірибені, салт-дәстүрді, дала даналығын

жет кізген ағзам жандардың бірі. Ол өмір бойы

адалдық пен тазалыққа, еңбекқорлық пен

отан сүйгіштікке үндеген. Бірлік пен ынтымақты

ту етіп, халықты татулық пен бауырмалдықты

сақ тауға шақырған. Өзінен бұрынғы ойшылдардың

шығыстық тағылымын кейінгі ұрпаққа

жеткізу үшін медресе-мектеп ашып, білім мен

мәдениетті дамытқан.

Қазақ руханиятындағы алып тұлғалардың

бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ғұлама Бекасыл

Биболатұлын аса құрметпен ұстаз деп мойындап,

оның «Зикзал» атты еңбегін баға жетпес

құнды ғылыми туынды деп бағалаған.

Ғұлама Бекасыл Биболатұлының 200 жылдық

мерейтойы Халықаралық форумның аясында

атап өтілуде. Мен баршаңызды қасиетті

тұлғаның салтанатты шарасының басталуымен

құттықтаймын.

Бұл той — қазақ руханиятының, түркі ойының

тойы!» делінген Президент жолдаған құттықтау

хатта.

Мемлекет басшысының құттықтау хаты

ғұлама әулиенің ұрпағы — белгілі мемлекет

және қоғам қайраткері Ержан Исақұловқа табыс

етілді.

Бекасыл әулие

Бүкіл саналы ғұмырын халық руханиятына

арнаған, мешіт салдырып, бала оқытқан Бекасыл

баба Биболатұлы ғылым мен білімнің

шамшырағы болды.

Бекасыл әулие 1822 жылы қазіргі Түркістан

облысының Төлеби ауданындағы Сайрамсу,

Қасқасу, Қарасора дейтін үш өзеннің тоғысқан

жеріндегі Есім ханның ордасының жанында

өмірге келген.

1915 жылы 93 жасында туған жерінде қайтыс

болған. Оның төртінші атасы Құдайберді

би Есім ханның орда биі. Үшінші атасы Түгелбай

батыр 1689 жылы «Қалмаққырылған» шайқасының

шейіті аруағы. Түгелбайдың ұлы Мырзакелді

Тауке ханның мың басы батыры.

Бекасылдың әкесі Биболат Пансатбегі

Абылай ханның жұрағаттары Қасым төре мен

балалары Есенгелді, Саржандарға қамқорлық

жасаған Қоқан хандығының уәкілі болды.

Биболаттың ұлдары Байшымыр, Бишымыр,

Бекасыл. Олардың ұрпақтары: бүгінгі Түркістан

облысының Төлеби ауданындағы ауылдарда -

217


Кенесарық, Қасқасу, Тасарық, Оңтүстік және

Астана, Алматы, Шымкент және Леңгір қалаларында

тұрады.

Бекасыл Биболатұлы жас кезінде Сайрам,

Қарнақ, Тәшкен, Самарқан медреселерінде

оқыған. Бұхарадағы «Мір-Араб» медресесін тауысқан.

Сосын Шам (Сирия) еліне барып, сол

дәуірдің ғұламаларынан тәлім алған ерен ілім

иесі. Туған жеріне оралған соң барлық ғұмырын

білім мен ілімге арнады. Шығармашылықпен

айналысып, көптеген кітаптар жазған. Бүгінде

жұртшылыққа кеңінен танылған «Зикзал» атты

екі томдық кітабының қолжазбасы сақталып

қалған.

Рухани ұстаз

Қазақ руханиятындағы алып тұлғаларды,

дала даналары мен ғұламаларының есімін

қайта жаңғыртып жатырмыз. Солардың арасында

Бекасыл Биболатұлы — түбі бір түркі

жұрты руханиятының орнығуына мол еңбек

сіңірген рухани ұстаз. Оның шығармаларының

мұраты — ізгілік, адамгершілік, мейірімділік,

әділдік, отансүйгіштік, жақсылыққа баулу, жамандықтан

жиркендіру, көмектесу, ауырды

жеңілдету. Ол шығармалар қай заманда да

құндылығын жоғалтпайды, ел мұратына қызмет

ете береді.

Бекасыл бабаның кітаптарын оқыған адам

шипагерліктің, дұғамен емдеудің, зікір байлаудың,

жадыны ашудың көптеген түрлерімен

таныса алады. Аталмыш еңбекте әріптердің

құпия сыры, жұлдыздардың жұмбағы, мезгілдердің

адамның мінез-құлқына қалай әсер

ететіндігі, ауру-сырқаулардан дұғамен және

қандай ем-домдармен емделу керектігі, зұлым

күштер тарапынан жадыланған сәтте, одан айықтыратын

Құран мен хадиске сай бекітілген

дұғалар көрсетілген. Осы тақырыптар бойынша

өмірлік тәжірибеден нақты мысалдар (қисса)

берілген. Сондай-ақ, күнделікті өмірдегі

адамдардың әдет-қылықтарының сыр-құпиясы,

оны дін шарттарына сай қалай жасау керектігі

де қамтылған. Түрлі кәсіптердің сыры,

бақытқа жетудің жұмбақтары, тарихта болған

218

адамдардың мистикалық халге душар болған

сәттері, жалпы, адам баласының әртүрлі рухани

күйлері діни тұрғыда талданған.

Бұл кітаппен әлем жұртшылығын таныстыру

үшін оны ағылшын, орыс, түрік және өзбек

тілдеріне аудару мәселесі бүгінгі кеңесімізде

айтылар тақырып.

Ата — бабаларымыздың ерлік дәстүрі мен

әлемдік өркениетті дамытуға қосқан ғылыми

еңбектерін дүние — әлемге танытумыз парыз.

Біз Ұлы дала ұрпағымыз, Бабаларын қадірлей

білген қазақпыз!

«Зикзал» ғибрат кітабы

Бекасыл Биболатұлының екі томдық«Зикзал»

атты ғибрат кітабы — халқымыздың тәуелсіздік

жылдарында тапқан асыл қазыналарының

бірі. Он тоғызыншы ғасырда қағазға

түскен құнды қолжазбаны, 2003 жылы Бекасыл

әулиенің шөбересі, Парламент Мәжілісінің

депутаты болған генерал Ержан Исақұловтың

қолына тигелі бері міне, төрт рет кітап болып

шықты. Қазір ғылыми айналымға түсіп, бірнеше

конференцияларда талқыланды.

Бұл ғылыми негізделген жауһар кітаптарда

басынан бағы тайып, тіршіліктің тар жол, тайғақ

кешулеріне кездесіп, торыққан, неше түрлі

қиын сынақтарға тап болып, қиындықтан шығатын

жол таппай сеңделген, дертке шалдығып

жаны жүдеген, перзентке зар болып қасірет

шеккен, өмірден түңілген адамдарға өмір тылсымдарының

сырлары мен құпияларын ашып,

дертіне дауа болатын ғылыми мәліметтердің,

шешімдер мен тұжырымдардың, қағидалар

мен нұсқаулардың, нақтылы ақыл — кеңестер

мен ұлағатты өсиеттердің жинағы баяндалған.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және

қоғамдық даму министрі:

«Қос халықтың бауырының бүтін, туырлығының

тұтастығын күзеткен Төле биден тараған

ғұлама қайраткер, ірі оқымысты Бекасыл әулие

Биболатұлының 200 жылдық мерейтойы алқалы

басқосудың айшықты мағынасын арттыра

түседі. Олай дейтініміз, Бекасыл әулиенің мектебінен

шыққан шәкірті, Қазанғап Байболұлы


Түркістанды түгел билеген Ер Есім дастанын

жырласа, Алатаудың алып шайырының бірегейі

Тоғалақ молда Байымбетұлы «Еңшер бойлы Ер

Ешимді» қаһармандықэпосқа айналдырды.

Өздеріңізге белгілі, Халықаралық Түркі

академиясының ұйытқы болуымен шыққан Бекасыл

Биболатұлының «Зикзал» және бүгін тұсауы

кесілгелі отырған Тоғалақ молда Байымбетұлының

«Ер Есім», «Жаныш-Байыш» жыры

әлем жұртының әдеби және тарихи мұрасын

молайтты».

Ержан Исақұлов, Бекасыл атаның

ұрпағы,саясат ғылымдарының докторы,

генерал:

2018 жылы Астана қаласында «Бекасыл

әулие» жеке қоры құрылды. Аталған қордың

қызметінің мақсаты — Бекасыл Биболатұлының

бүкіл адамзаттың қымбат жауһарларының

бірі саналатын «Зикзал» атты еңбегімен қазақ

халқын кеңінен таныстыру.

Бұл еңбектегі исламның асыл қасиеттерін,

адамзаттың байтақ тәжірибесі мен дәстүрін,

өмір салтын, замананың ой-санасын, ғылымның

сан-саласын қамтыған, қазақ топырағында

бұрынды-соңды кездеспеген Бекасыл Биболатұлының

аса құнды, тағлымды, ғибратты

мұрасын қоғамның игілігіне пайдалану.

Осы орайда «Бекасыл Әулие» интернет-порталы

ашылғанын жариялаймыз. Бекасыл

Биболатұлының «Зикзал» атты кітабының

электрондық нұсқасын арнайы төлемді сайтқа

шығардық.

Ендігі кезекте ғылыммен, дін істерімен, мәдениет,

білім беру үрдістерімен айналысатын

мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдармен

жан-жақты және кешенді өзара әрекет жасау,

олардың көмегімен арнайы «Бекасылтану»

орталығын ашу жоспары тұр.

Бекасыл Биболатұлының кітапханасын іздестіруді

бекасылтанушылар қолға алған болатын.

Сол жанашыр қауымның қолдауымен

Бекасыл Биболатұлының музейін жабдықтап,

бабаның 200 жылдық мерейтойы қарсаңында

ашылды.

20.09.2022ж.

Махат Садық Қырғыз Республикасынан келген

Есім хан ұрпақтарының ортасында

219


220


ЮСУП КЕЛИГОВ,

член Совета Ассамблеи народа Казахстана,

сопредседатель Ассоциации чеченцев и ингушей

Казахстана «Вайнах», почетный депутат

маслихатов Казахстана.

Дорогие друзья!

Құрметті отандастар!

Сегодня видный государственный и общественный деятель нашей страны, глава известной

семьи в Казахстане Ержан Исакулов проводит международный форум в честь юбилейной даты

своего великого предка, который известен в народе как «Ученый Сахары».

Құрметті Ержан Бекбауұлы!

Искренне от всей души, от себя и от имени семьи Келиговых, а также от Совета Ассамблеи

народа Казахстана, вайнахов Казахстана, Общественного совета столицы поздравляю Вас и в

Вашем лице всех потомков Бекасыл ата с его 200-летним юбилеем.

Я горжусь Вами и блогадарен судьбе за Вашу бескорыстную дружбу и братскую поддержку.

Вы внесли большой вклад в становление и развитие нашей страны, укрепление государственности,

обеспечение ее безопасности. Вы воспитали достойных сыновей, которые вносят свою лепту

в построение Нового Казахстана.

Желаю Вам и Вашим родным благополучия, здровья, достатка в семье, мира и стабильности

в стране!

221


Сауытбек Абдрахманов, Амалбек Тшанов, Мәлік Отарбаев және Ержан Исақұлов

222


223


Солдан оңға қарай: Ерболат Төлепбай, Ғарифолла Есім, Сәкен Қалқаманов,

Сауытбек Абдрахманов, Амалбек Тшанов, Мәлік Отарбаев, Ержан Исақұлов

және Ақберен Елгезек (екінші қатарда Рахымжан Исақұлов және Досжан Сейітбек)

224


225


226


Солдан оңға қарай: Алдияр Аубакиров, Бексұлтан Сарсеков, Зәріпбай Оразбай,

Ерболат Төлепбай, Ғарифолла Есім, Сәкен Қалқаманов, Сауытбек Абдрахманов,

Досжан Сейітбек (екінші қатарда) және Мәлік Отарбаев

227


Солдан оңға қарай: Ақеділ Тойшанұлы, Асқар Ақшаев, Әбдіқадыр Кәрім,

Зұлпұхар Ғайыпов

228


229


230


Солдан оңға қарай: Сәкен Қалқаманов, Ерболат Төлепбай, Ғарифолла Есім

және екінші қатарда-Төлеген Төртайұлы мен Нұрлан Өнербаев

231


232


Конференцияға қатысқан зиялы қауым

233


Конференцияға қатысқан зиялы қауым

234


235


Солдан оңға қарай: Ислам Әбіш, Қошқар, Дәурен, Ақеділ Тойшанұлы, Асқар Ақшаев,

Әбдіқадыр Кәрім, Зұлпұхар Ғайыпов, Шыңғысбай Батырхан, Оңалбай Әбдіжаппар

және екінші қатарда Сәлімбай Шунеев пен Маржан Мамытбекова

236


237


Солдан оңға қарай: Бегалы Тілешев, Әмірхан Спабеков, Абдулла Пошатаев,

Серік Негимов,Рахымжан Исақұлов, Ғарифолла Есім, Абзал Сақ пен Қабдылкәрім

Қойшыбаевтың Есім ханның ордасын аралап жүрген сәтінен көрініс

Зәйітбеков Ермек пен ауылдағы ағайындар Бекасыл әулиенің 200 жылдық

мерейтойының құрметіне берілген астың дастарханында отырған сәті

238


Ауылдағы келіндердің Бекасыл әулиенің 200 жылдық мерейтойының

құрметіне берілген астың дастарханында отырған сәті

Ержан Исақұлов пен М.Әуезов атындағы

мемлекеттік университеттің ректоры

Дария Пернешқызы Қожамжарова

Бекасыл әулиенің 200 жылдық мерейтойына

арналған барлық баннерлер мен

шежірелердің және осы фотоальбомның

дизайнының авторы Әлия Байзакова

239


Солдан оңға қарай: Алдаберген Сапарәлиев, Талғат Ибрагимов, Ержан Исақұлов,

Абай Макишев, Аман Үкібаев пен Самат Үкібаев

240


241


Конференцияның соңында Ақберен Елгезек, Ержан Исақұловтың Жазушылар одағы

мүшелігіне қабылданғанын хабарлап, арнайы куәлікті табыс етті. Өз кезегінде генерал

ғалым — Ержан Исақұлов халықаралық форумның Түркістан немесе Шымкентте емес,

242


Бекасыл әулие нің туған жерінде ұйымдастырылуының себебін айта келе, іс-шараны

өткізуге ат салысқандарға және алыстан арнайы келген қонақтарға алғысын жеткізді.

243


Бекасылдың ұрпақтары атынан Кеңесарық ауылының биі Ақылбай Мәнкеев

244


Бекасыл әулиенің шөбересі Ержан Исақұловқа ат мінгізді және шапан кигізді

245


246


247


248


249


250


251


252


253


МАЗМҰНЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың құттықтау хаты - 5

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Д. Қыдырәлінің құттықтау хаты -7

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновтің құттықтау хаты -9

Шымкент қаласының әкімі М. Айтеновтің құттықтау хаты -11

Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалдының құттықтау хаты -13

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Төрағасы,

Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау хаты -15

Мырзатай Жолдасбеков. Алғы сөз орнына -17

Қазақстан Жазушылар Одағы Төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек -21

Амалбек Тшанов. Бабалар жолы — өнеге - 23

Бекасыл Биболатұлының 200 жылдық мерейтойына арналған халықаралық

V форумының құрметті қонақтары: қырғыз зиялылары -26

Сауытбек Абдрахманов. Ардақты ағайын. Орта толсын! -33

ЗұлфұхарҒайыпов. Бекасыл әулиеге арнау! -37

Оразбай Зәріпбай. Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» атты тағылымды,

ғибратты шығармасы туралы -38

Алтынбек Құрманов. Мәшһүр Жүсіп пен Бекасыл әулие -45

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Бекасыл Биболатұлы туралы естеліктері -48

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Қазақ баласы оқыдым, тоқыдым десе де,

Бекасыл хазірет бола ма -49

Бекасыл әулие. — Жаратушының періштесі -56

Бекасыл әулие. «Ұлсыз патша» хикаясы -60

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Сайрамсуда мың шейіт, Қасқасуда кім жатыр?» -63

Иманғали Мәненұлы. Мәшһүрдің аманаты -64

Мамытбек Қалдыбай. «Бекасыл әулие» және «Сахара ғұламасы»

атты кітаптардың авторы -68

Сәрсенбі Дәуітов. Жұлдызнама -70

254


Мақсұт Шафиғи. Жұлдызнама -71

Абдулла Жолдас. .Бекасыл: «Жұлдызнама.» ғибрат кітабы -72

Серік Негимов. Аталы жұрттың басы, Алтын ердің қасы. Бекасыл әулиенің алтын жұрты! -75

Ғарифолла Есім. Бекасыл әулие -78

Омар Жалел. Бекасыл әулиенің «Жаратушының періштесі» атты әңгімесі туралы - 82

Анарбек Орманов. Аманатқа берік Оңғар Қазанғапов туралы -86

Мұхитхан Үмбетұлы . Бекасыл — сахара ғұламасы -89

Өмірбек Шыныбекұлы. Тарих адаспау үшін қажет.

Бекасыл әулие қандай ортада тәрбиеленді? -94

Абазал Сахов. Қазақ дүниетанымындағы әулие феномені:

Бекасыл Биболатұлының әулиелік бейнесі -103

Қайрат Анарбаев, Бақытжан Наурызбаев, Гаухар Әуезова: Бекасыл Биболатұлының

«Зикзал» еңбегіндегі кейбір тарихи-этнографиялық деректер -111

Құралбек Ергөбеков. Қазанқап ақынның тарихи қос дастаны және Бекасыл ғұлама -117

Кадралы Конкабаев. Бекасыл Биболат уулу — түрк дүйнө таанымынын

19-кылымдагы даанышманы -125

Ақеділ Тойшанұлы. Еңсегей бойлы Ер Есім туралы қазақ пен қырғыз эпосындағы

ортақ құндылықтар -131

Бақыт Қожалыұлы. Бекасыл әулиенің кітапханасы туралы -140

Ержан Исакұлов. Бекасыл Биболатұлы мен оның ата-бабаларының тарихы -143

Ержан Исақұлов.Дулат руының шығу тегі -148

Ғұлама ғибраты («Егемен Қазақстаннан») -196

Бекасыл әулиенің суретін салған Құрасбек Зәуірбеков. -198

Әлия Бөртекеева. Ұрпағымын ғұлама Бекасылдың -213

Мықтыбек Зәуірбеков. Бекасыл бабамызға арнау! -214

Мақат Садық. Бекасыл Биболатұлының туғанына 200 жыл - 216

Юсуп Келиговтің құттықтау хаты -220

Бұқаралық ақпарат құралдарының Бекасыл әулиенің 200 жылдық

мерейтойы туралы хабарлары -246

255


БЕКАСЫЛ БИБОЛАТҰЛЫ

Құрастырған Ержан Исақұлов

Басуға 02.05.23 қол қойылды.

Пішімі 60х90 1 / 8

. Қағазы борлы. Офсеттік басылыс.

Шартты баспа табағы 32.

Тапсырыс № 57. Таралымы 500 дана.

Дайын файлдан «Регис-СТ Полиграф» баспаханасында басылды

010000, Астана, Ш. Айманов к., 13

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!