Sony SVD1321Z9R - SVD1321Z9R Documents de garantie Ukrainien
Sony SVD1321Z9R - SVD1321Z9R Documents de garantie Ukrainien
Sony SVD1321Z9R - SVD1321Z9R Documents de garantie Ukrainien
Create successful ePaper yourself
Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.
Сымсыз LAN стандарттары бойынша

нұсқаулық

(тек ендірілген сымсыз жергілікті желі функциялары бар модельдер үшін)

Сымсыз жергілікті желі – құқықтық ақпарат

Сымсыз жергілікті желі өнімі IEEE 802.11a/b/g/n стандарттарының бірін

пайдаланатын мақсатты радио құрылғы болып табылады.

Пайдалану шарттары

Бұл жабдық сұйық кристалды экран мен пайдаланушы арасында 15 мм-ден артығырақ

қашықтықта пайдалануға арналған.

Кейбір жағдайларда немесе орталарда ғимарат иесі немесе ұйымның жауапты

өкілдері ғимаратта сымсыз жергілікті желі технологиясын пайдалануды шектеуі

мүмкін, мысалы, ұшақтарда, ауруханаларда немесе басқа құрылғыларға немесе

қызметтерге кедергі қаупі зиянды деп қабылданатын немесе анықталатын кез келген

басқа ортада. Нақты ұйымда немесе ортада сымсыз жергілікті желі технологиясын

пайдалануға қолданылатын саясат туралы білмесеңіз, оны қосу алдында рұқсат

сұрау ұсынылады. Сымсыз жергілікті желі технологиясын пайдалану бойынша кез

келген шектеулерге қатысты дəрігермен немесе жеке медициналық құрылғыларды

(кардиостимуляторлар, есту құрылғылары, т.б.) жасап шығарушымен кеңесіңіз.

Кедергілер

Егер жабдық теледидар қабылдауына зиянды кедергі келтірсе, мұны жабдықты

өшіріп қосу арқылы анықтауға болады, пайдаланушыға келесі шаралардың біреуі

немесе бірнешеуі арқылы түзету ұсынылады: қабылдау антеннасының бағытын

немесе орнын өзгерту, жіберуші мен қабылдағыш арасындағы қашықтықты арттыру,

анықтама алу үшін дилермен немесе тəжірибелі радио/теледидар техник маманымен

кеңесу.

Қабылдамау хабарламасы

Sony компаниясы пайдаланушының арнаны дұрыс емес таңдауына байланысты кез

келген радио немесе теледидар кедергісіне, əрі кез келген басқа қалаусыз əсерге

жауапты болмайды. Мұндай арнаны дұрыс таңдамау салдарынан болған кедергіні

түзетуге тек пайдаланушы жауапты.

48