Views
2 months ago

Sony KDL-32RD303 - KDL-32RD303 Guide d'installation Russe

Sony KDL-32RD303 - KDL-32RD303 Guide d'installation Russe

Қауіпсіздік

Қауіпсіздік туралы Осы өнімді сатып алғаныңыз үшін рақмет. Тұтынушылар үшін Осы құрылғыны орнатуға жеткілікті түрде тәжірибе қажет. Орнату жұмыстарын Sony дилерлері немесе лицензиясы бар мердігерлер жасауы керек және орнату барысында қауіпсіздікке аса назар аударыңыз. Sony дұрыс қолданбау, дұрыс орнатпау немесе көрсетілген құрылғыдан басқаны орнату салдарынан болған зақымдарға немесе жарақатқа жауапты емес. Заңды құқығыңыз (қандай да бір) жарамайды. Sony дилерлері үшін Осы құрылғыны орнатуға жеткілікті түрде тәжірибе қажет. Орнату жұмыстарын қауіпсіз түрде орындау үшін осы нұсқаулықты толық оқып шығыңыз. Sony дұрыс қолданбау немесе дұрыс орнатпау салдарынан болған зақымдарға немесе жарақатқа жауапты емес. Орнатқаннан кейін тұтынушыға осы нұсқаулықты беріңіз. Осы пайдалану нұсқаулығы өнімнің дұрыс қолданылуын және зақымды болдырмауға қажетті алдын алу шараларын көрсетеді. Осы нұсқаулықты толық оқып шығып, өнімді дұрыс қолданыңыз. Болашақта ақпарат алу үшін осы нұсқаулықты қолжетімді жерде сақтаңыз. Sony өнімдері қауіпсіздікті ескере отырып жасалған. Өнімдер дұрыс қолданылмаса, өрт, ток соғу, өнімнің құлауы немесе оны лақтыру салдарынан ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін алдын алу шараларын қараңыз. Қазақстан Республикасы жерінде тұтынушылардан кінәрат-талаптар қабылдайтын ұйым Қазақстандағы «Сони Электроникс» ЖAK Өкілдігі 050059 Алматы қаласы, Иванилов көшесі, 58 үй АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Арнайы құрылғылар Қабырғаға бекіту кронштейні теледидарға арналған құрылғылармен бірге қолдану үшін жасалған. Қабырғаға орнататын кронштейнді пайдалануға болатынын тексеру үшін теледидарға арналған Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз. Тұтынушылар үшін ЕСКЕРТУ Осы алдын алу шаралары сақталмаса, өрт, ток соғу немесе құрылғының құлауы салдарынан ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін. Орнату жұмыстарын лицензиясы бар мердігерлер жасауы керек және құрылғыны орнату кезінде кішкентай балаларды алыс ұстаңыз. Қабырғаға бекіту кронштейні немесе теледидар дұрыс орнатылмаса, келесі жағдайлар болуы мүмкін. Лицензиясы бар мердігерлер орнату жұмыстарын жүргізе алатындығына көз жеткізіңіз. Теледидар құлап, дененің көгеруі немесе сынық секілді ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. Қабырғаға бекіту кронштейні орнатылатын қабырға тұрақсыз, қисық болса немесе еденге перпендикуляр болмаса, құрал құлап, жарақатқа не мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін. Қабырға теледидардың салмағынан төрт есе ауыр салқмақты көтере алуы қажет. (Салмағын тексеру үшін теледидардың Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.) Қабырғаға бекіту кронштейні қабырғаға берік бекітілмесе, құрал құлап, жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін. Балалар үшін Балаларға теледидар үстіне шығуға рұқсат бермеңіз. Ұсақ жабдықтарын балалардан аулақ ұстаңыз, жұтып қоймасын. Теледидарды тасымалдау немесе бөлшектеу жұмыстарын лицензиясы бар мердігерлер жасауы керек. Лицензия бар мердігерлерден басқа адамдар теледидарды тасымалдаса немесе бөлшектесе, ол құлап, жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін. Теледидарды екі немесе одан да көп адам бекітуі немесе бөлшектеуі керек. Теледидарды бекіткеннен кейін бұрандаларды және т.б. босатпаңыз. Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін. Қабырғаға бекіту кронштейнінің бөлшектерін ауыстырмаңыз. Егер солай істейтін болсаңыз, қабырғаға бекіту кронштейні құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін. Арнайы құрылғыдан басқа құралды бекітпеңіз. Осы қабырғаға бекіту кронштейні тек арнайы құрылғылармен бірге қолдану үшін жасалған. Арнайы құрылғыдан бөлек құралды бекітсеңіз, ол құлап не сынып, жарақатқа не мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін. Қабырғаға бекіту кронштейніне теледидардан басқа затты қолданбаңыз. Теледидарды солға/ оңға, жоғары/төмен шайқамаңыз. Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін. Теледидарға сүйенбеңіз немесе асылып тұрмаңыз. Теледидарға сүйенсеңіз не асылып тұрсаңыз, ол сізге құлап, ауыр жарақат алуыңыз мүмкін. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осы алдын алу шаралары сақталмаса, жарақат алуыңыз немесе мүлік зақымдануы мүмкін. Құрылғыны тазалау не оған күтім жасау кезінде қатты күш салмаңыз. Теледидардың жоғарғы бөлігіне қатты күш салмаңыз. Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін. Алдын алу шаралары Қабырғаға бекіту кронштейніне орнатылған теледидарды ұзақ уақыт бойы пайдалансаңыз, қабырғаның материалына байланысты теледидар артындағы не үстіндегі түс өзгеруі немесе тұсқағаздың түсі кетуі мүмкін. Қабырғаға бекіту кронштейнін орнатқаннан кейін қайта алсаңыз, қабырғада бұранда саңылаулары қалады. Қабырғаға бекіту кронштейнін механикалық тербеліс әсер ететін орында пайдаланбаңыз. KZ − 3 (KZ) −

Қабырғаға бекіту кронштейнін орнату Sony дилерлері үшін ЕСКЕРТУ Келесі нұсқаулар тек Sony дилерлеріне арналған. Жоғарыда берілген алдын алу шараларын оқып шығыңыз және осы құрылғыны орнату, оған күтім жасау, оны тексеру кезінде аса назар аударыңыз. Қабырғаға бекіту кронштейнін теледидардың бұрыштары не қапталы қабырға бетінен шығып тұратын орындарға орнатпаңыз. Қабырғаға бекіту кронштейнін теледидардың бұрыштары не қапталы қабырға бетінен шығып тұратын баған секілді орындарға орнатпаңыз. Адам немесе басқа зат теледидардың шығып тұған бұрышына не қапталына соқса, ол жарақат алуы немесе мүлік зақымдануы мүмкін. Теледидардың салқындатқыштың үстіне не астына орнатпаңыз. Теледидарға салқындатқыштан ұзақ уақыт бойы су тамшылары ақса не салқын ауа соқса, ол өртке, ток соғуға немесе теледидардың дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін. Қабырғаға бекіту кронштейнін осы пайдалану нұсқаулығына сүйене отырып мықтап бекітіңіз. Бұрандалардың бірі жоғалып не түсіп қалған болса, қабырғаға бекіту кронштейні құлап, жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін. Қабырғаның материалына сай бұрандаларды пайдаланыңыз және диаметрі 8 мм (немесе ұқсас) болатын төрт не одан да көп бұрандаларды пайдалана отырып құралды мықтап бекітіңіз. Берілген бұрандалар мен бекіту бөлшектерін осы нұсқаулықтағы нұсқауларға сүйене отырып дұрыс пайдаланыңыз. Қосалқы элементтерді пайдалансаңыз, теледидар құлап, біреуге дене жарақатын салуы немесе теледидарды зақымдауы мүмкін. Нұсқаулықта берілген процедураларға сүйене отырып кронштейнді дұрыстап құрастырыңыз. Бұрандалардың бірі жоғалса немесе түсіп қалған болса, теледидар құлап, біреуге дене жарақатын салуы немесе теледидарды зақымдауы мүмкін. Бұрандалар көрсетілген орында мықтап бекітілуі керек. Осылай орындалмаса, теледидар құлап, біреуге дене жарақатын салуы немесе теледидарды зақымдауы мүмкін. Орнату кезінде теледидарды соғып алмаңыз. Теледидарды соғып алсаңыз, ол құлауы немесе сынуы мүмкін. Бұдан жарақат алуыңыз мүмкін. Теледидарды қабырға мен еденге перпендикуляр болатындай етіп орнату керек. Егер солай болмаса, теледидар құлауы немесе жарақат алуыңыз мүмкін. Теледидар дұрыс орнатылғаннан кейін кабельдерді дұрыс бекітіңіз. Адамдар немесе басқа заттар кабельге оралатын болса, жарақатқа не теледидардың зақымдануына әкелуі мүмкін. Айнымалы ток сымы немесе қосу кабелі қысылып қалмауы керек. Айнымалы ток сымы немесе қосу кабелі құрал мен қабырға арасында қысылып қалса, майысқан немесе күштеп оралған болса, ішкі бағыттағыштар зақымданып, қысқа тұйықталуға немесе электр көзінің үзілуіне себеп болуы мүмкін. Бұл өрттің пайда болуына немесе ток соғуға әкелуі мүмкін. Кронштейнді қабырғаға бекітуге қажетті бұрандалар берілмеген. Қабырғаға бекіту кронштейнін бекіту кезінде қабырғаның материалы мен құрылымына сай бұрандаларды пайдаланыңыз. − 4 (KZ) −