Views
8 months ago

Sony SVT1313K1R - SVT1313K1R Documents de garantie Russe

Sony SVT1313K1R - SVT1313K1R Documents de garantie Russe

Сымсыз WAN

Сымсыз WAN стандарттары бойынша нұсқаулық (тек ендірілген сымсыз WAN функциялары бар модельдер үшін) Берілім LTE: 2600 МГц (тек енгізілген LTE функциялары бар үлгілер үшін) UMTS/HSPA: 900/2100 МГц GSM/GPRS/EDGE: 900/1800 МГц Пайдалану шарттары Бұл жабдық сұйық кристалды экран мен пайдаланушы арасында 15 мм-ден артығырақ қашықтықта пайдалануға арналған. Сымсыз кең ауқымды желіні сізге немесе басқаларға қауіп тудыруы мүмкін радио кедергі жасайтын ортада пайдаланбаңыз, атап айтқанда: Заңмен тыйым салынған аймақтарда. Барлық арнайы ережелерді орындаңыз жəне барлық белгілер мен ескертулерді сақтаңыз. Сымсыз кең ауқымды желіні ықтимал жарылғыш аймақта пайдаланбаңыз. Сымсыз кең ауқымды желіні отын толтыру орнында немесе қызмет көрсету станциясында, отын қорларының (отын қоймасы жəне тарату аймақтары), химиялық зауыттардың немесе жару əрекеттері жүріп жатқан аймақтарды пайдаланбаңыз. Сымсыз кең ауқымды желіні келесі орталарда пайдалануға рұқсат етілмеген: медициналық жəне өмірді сақтау жабдығы (ауруханалар, жекеменшік клиникалар, т.б.). Медициналық жабдыққа радио кедергі тиюі мүмкін. Ұшақта, жерде немесе əуеде. Көлікті жүргізгенде. Қабылдамау хабарламасы Сымсыз байланыстың берілім жəне қабылдау сипаттарына байланысты деректер кейде жоғалуы немесе кідіртілуі мүмкін. Бұл радио берілім жолының сипаттамаларының өзгерістерінен туындайтын радио сигнал күшінің өзгеруіне байланысты болуы мүмкін. Sony компаниясы сымсыз WAN арқылы тасымалданған немесе қабылданған деректердегі кідірістерден немесе қателерден я болмаса сымсыз кең ауқымды желінің мұндай деректерді тасымалдамауы немесе қабылдамауынан туған кез келген түрдегі зақымдарға жауапты болмайды. 50

BLUETOOTH ережелер нұсқаулығы (тек ендірілген BLUETOOTH функциялары бар модельдер үшін) BLUETOOTH ® сымсыз технологиясы - құқықтық ақпарат Басқа BLUETOOTH қолдайтын құрылғылармен сымсыз байланысқа арналған. Ішкі BLUETOOTH технологиясы 2,4 ГГц жиілік диапазонында (2,400 ГГц - 2,4835 ГГц) жұмыс істейді. Кейбір жағдайларда немесе орталарда ғимарат иесі немесе ұйымның жауапты өкілдері ғимаратта BLUETOOTH сымсыз технологиясын пайдалануды шектеуі мүмкін, мысалы, ұшақтарда, ауруханаларда немесе басқа құрылғыларға немесе қызметтерге кедергі қаупі зиянды деп қабылданатын немесе анықталатын кез келген басқа ортада. Нақты ұйымда немесе ортада BLUETOOTH сымсыз технологиясын пайдалануға қолданылатын саясат туралы білмесеңіз, оны қосу алдында рұқсат сұрау ұсынылады. BLUETOOTH сымсыз технологиясын пайдалану бойынша кез келген шектеулерге қатысты дəрігермен немесе жеке медициналық құрылғыларды (кардиостимуляторлар, есту құрылғылары, т.б.) жасап шығарушымен кеңесіңіз. KZ 51