Views
1 week ago

Sony SVE1511T1E - SVE1511T1E Documents de garantie Ukrainien

Sony SVE1511T1E - SVE1511T1E Documents de garantie Ukrainien

BLUETOOTH

BLUETOOTH ережелер нұсқаулығы (тек ендірілген BLUETOOTH функциялары бар модельдер үшін) BLUETOOTH ® сымсыз технологиясы - құқықтық ақпарат Басқа BLUETOOTH қолдайтын құрылғылармен сымсыз байланысқа арналған. Ішкі BLUETOOTH технологиясы 2,4 ГГц жиілік диапазонында (2,400ГГц - 2,4835ГГц) жұмыс істейді. Кейбір жағдайларда немесе орталарда ғимарат иесі немесе ұйымның жауапты өкілдері ғимаратта BLUETOOTH сымсыз технологиясын пайдалануды шектеуі мүмкін, мысалы, ұшақтарда, ауруханаларда немесе басқа құрылғыларға немесе қызметтерге кедергі қаупі зиянды деп қабылданатын немесе анықталатын кез келген басқа ортада. Нақты ұйымда немесе ортада BLUETOOTH сымсыз технологиясын пайдалануға қолданылатын саясат туралы білмесеңіз, оны қосу алдында рұқсат сұрау ұсынылады. BLUETOOTH сымсыз технологиясын пайдалану бойынша кез келген шектеулерге қатысты дəрігермен немесе жеке медициналық құрылғыларды (кардиостимуляторлар, есту құрылғылары, т.б.) жасап шығарушымен кеңесіңіз. 56

Кепілдік МАҢЫЗДЫ: Өнімге қандай да қызметтер көрсету алдында жəне Sony компаниясы деректерді жою керек болған жағдайда, қатты дискінің мазмұнының, соның ішінде қатты дискіге сақтаған кез келген деректердің немесе орнатқан бағдарламаның, сақтық көшірмесін жасау керек. Sony ақпарат тасушыда я болмаса кез келген өнім қызметінің кез келген бөлігінде сақталған кез келген бағдарламалардың, деректердің немесе басқа ақпараттың кез келген зақымдануына немесе жоғалуына жауапты болмайды. KZ Кепілдік талонының мына жеріне талаптарына сəйкес кассалық чекті немесе басқа құжатты бекітіңіз. 57