Views
1 month ago

Sony VPCSA4A4E - VPCSA4A4E Documents de garantie Ukrainien

Sony VPCSA4A4E - VPCSA4A4E Documents de garantie Ukrainien

Қауіпсіздік /

Қауіпсіздік / ережелер нұсқаулығы VAIO компьютері туралы ақпарат Қауіпсіздік туралы ақпарат ❑ Ескерту: Бұл құрылғыны жерге қосу керек. (2 ашалы штепселі бар өнімдерден басқа.) ❑ Компьютерді (қуат) түймешігімен өшіру компьютерді қуат көзінен толық ажыратпайды. Оны толық ажырату үшін айнымалы ток адаптерін немесе қуат кабелін қуат көзінен ажыратыңыз. Желілік розетка жабдық жанына орнатылуы жəне оңай қол жетімді жерде болуы керек. ❑ Негізгі құрылғыны немесе оның кез келген керек-жарақтарын кез келген себеппен ашу немесе бөлшектеу кепілдік берілмейтін зақымдарға əкелуі мүмкін. ❑ Электр тогының соғуын болдырмау үшін корпусты ашпаңыз. Қызмет көрсетуді білікті мамандарға ғана орындатыңыз. ❑ Өрт немесе ток соғу қаупін болдырмау үшін компьютерге немесе оның кез келген керек-жарақтарына жаңбыр немесе ылғал əсерін тигізбеңіз. ❑ Батареядағы металл клеммаларды қысқа тұйықтамаңыз немесе оларға су, кофе немесе сусын сияқты сұйықтық төгіп алмаңыз. ❑ Күн сəулесі немесе жылытқыштар тікелей əсер ететін орындарға қоймау керек. Ішкі шамадан тыс қызу, құрылғының өртенуіне немесе зақымдалуына əкелуі мүмкін. ❑ Компьютер жұмыс істеп тұрғанда ауа шығару немесе кіргізу саңылауларын жаппаңыз. ❑ Ауа саңылауларын жабу ауа айналымын шектеп, ішкі шамадан тыс қызу болып, компьютердің деформациясына, дұрыс жұмыс істемеуіне немесе өрт қаупіне əкелуі мүмкін. ❑ Тиісті ауа айналымын жəне қалыпты сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін келесі сақтық шараларын сақтаңыз. ❑ ❑ ❑ ❑ ❑ ❑ ❑ Компьютерді кілемдер, жастық немесе көрпелер сияқты матамен жабылған беттерде, перде жанында немесе ауа тесіктерін жабуы мүмкін шаңды беттерде пайдаланбаңыз. Компьютерді əрқашан тегіс беттерде пайдаланыңыз. Матамен жабылған немесе оралған кезде компьютерді жəне/немесе айнымалы ток адаптерін пайдаланбаңыз. Айнымалы ток адаптерінің таза ортада жұмыс істеуін қамтамасыз етіңіз. Компьютерді сөмкеге немесе футлярға салмастан бұрын компьютерді өшіріңіз жəне қуат көрсеткіші шамының өшкенін тексеріңіз. Компьютерді ұстағанда, оның суығанын күтіңіз. Ауа шығатын саңылаудың айналасы қатты ыстық болуы мүмкін. Компьютерді тікелей тізеңізде пайдаланбауға кеңес беріледі. Қалыпты жұмыс кезінде құрылғы астының температурасы артуы мүмкін жəне уақыт өте келе ыңғайсыздыққа немесе күйіктерге əкелуі мүмкін. Айнымалы ток адаптерін теріге тигізбеңіз. Ток адаптері қызып кетсе жəне ыңғайсыздық тудырса, оны денеден алыс ұстаңыз. Егер бұл жабдықты электромагниттік радиацияны шығаратын кез келген жабдықтың жанына қойса, аудио жəне сурет бұрмалануы мүмкін. KZ 45