31.08.2019 Views

31 тамыз, 2019 жыл №99 (15419)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

12 31 тамыз, сенбі, 2019 жыл ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

КӨРМЕ

«Зайырлы елдің заңы»

Осындай атаумен С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада

Конституция күніне орай кітаптар көрмесі өтті. Шараға тарихшылар,

өңірдегі кітапхана мамандары мен Ұлттық ұланның

сарбаздары қатысты.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Көрмеге қойылған кітаптардың барлығы -

Ата Заңның негізінде жарық көрген

дүниелер. Мұнда Қасым, Есім, Тәуке

хандардың заңдары, Кеңес дәуірінің

Конституцияларынан бастап, 1995 жылғы

негізгі заңға дейінгі заңнамалардың дамуы

туралы баяндайтын 100-ге жуық басылым

қойылған. Олардың қатарында Жамбыл

Артықбаевтың «Жеті жарғы» мемлекет және

құқық ескерткіші» атты еңбегі, «Қазақтың

ата заңдары», «Қазақстан мемлекеттері:

хандық биліктен Президенттік Республикаға

дейін» атты кітаптар бар. Сонымен қатар,

қазақ халқының әділдік жолында шешуші

сөзін айтқан билерінің қоғамда алатын рөлі

мен олардың атқарған істері жайынан сөз

ететін жинақты да осынан кездестіруге

болады.

- Елімізде атап өтілетін әр мемлекеттік

мерекенің қоғамда алатын орны ерекше.

Бүгінгі Конституция күні де - сондай

даталардың бірі. Еліміздің бүгінгі таңда

жеткен жетістіктерінің барлығы тұғыры

берік Ата Заңымыздың арқасы деп білеміз.

Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде

қарым-қатынас орнату, маңызды реформаларды

жүзеге асыру, құқықтық мемлекет

құру – мемлекеттің басты құжатының

аясында атқарылып жатқан жұмыстар, -

дейді С.Торайғыров атындағы облыстық

кітапхананың өлкетану секторының басшысы

Салтанат Жанғазинова.

Кітаптар көрмесіне арнайы келген

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік

университетінің «Құқықтану» кафедрасының

профессоры, заң ғылымдарының кандидаты,

запастағы әділет полковнигі Серік Бастемиев

бүгінгі Ата Заңның артықшылықтарына

қысқаша тоқталып өтті.

- Тәуелсіз Қазақ елінің бүгінгі Ата Заңы

қазіргі және болашақ ұрпаққа арналған.

Оның басым тұсы - адамдарға бірдей

мүмкіндік береді. Яғни оқимын, жетістікке

жетемін дейтін болсаң, еңбек ет дейді.

Конституция толығымен өзіңді, өміріңді,

бостандығыңды, құқығыңды, сонымен қатар

маңдай теріңмен тапқан дүние-мүлкіңді

де қорғайды, - деді С.Бастемиев.

Көрмеге қойылған кітаптар қатарындағы

И.Ерофееваның «Символы казахской

государственности» атты жинағында өз

дәуірінде билік еткен хандар мен сұлтандардың

тек өздеріне тән таңбаларының

болғаны көрсетілген. Әр ханның

мөртаңбасында араб тілінде шыққан

тегі мен аты жазылған. Мысалы, Бөкей

ханның бадам пішінді мөртаңбасында

«Букай-султан ибн Нур–Али-хан» деп

жазылған екен.

- Бүгінгі көрмеде ерекше атап өтетін тағы

бір дүниеміз - Сәкен Өзбекұлының «Абай

және адам құқы» атты еңбегі. Мұнда өз

«Қазақ аруы» не істеп жүр?

заманында қазақ елінің құқықтық жүйесіне

реформаторлық өзгеріс енгізген ғұлама

Абайдың заңгерлік қасиеттері кеңінен суреттелген.

Бұл да - көп жерде назардан тыс

қалып қоятын тарихи құндылықтарымыздың

бірі, - дейді С.Жанғазинова.

Айта кетелік, аталмыш көрме 4 бөлімнен

тұрады. Онда Ата заңның тарихынан бастап,

еліміздің экономика, саясат, мәдениет

салаларындағы жетістіктері туралы сыр

шертеді.

Осы жылы «Қазақ аруы - 2019» байқауында жеңіске жеткен жерлесіміз

Сәния Темірханованы бүгінде көпшілік жақсы таниды. Еңбек жолын

педагог болып бастаған ол шоу-бизнеске бет бұрған. Өзін жаңа қырынан

танытуды мақсат еткен сұлу не істеп жүр?

С

МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІ

Трамвайдағы

концерт

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Жуырда облыстық Иса

Байзақов атындағы филармонияның

камералық хор

қызметкерлері Конститутция

күніне орай трамвайда моноконцерт

берді.

Айтулы мереке қарсаңында өнерпаздар

қала ішіндегі №5 айналмалы бағыт

б о й ы н ш а қ а т ы н а й т ы н т р а м в а й д ы ң ж о л а у -

шыларына жанды дауыста өнер көрсетті.

Үлкен сахнада өтетін ән кештеріне келуге

уақыт таба бермейтін тыңдармандарын

өздері іздеп, жолға шыққан әншілерге

бұл идея былтыр келген.

- Осы жоспарымызбен өңірлік

трамвай басқармасының басшылығымен

бөліскенімізде олар бірден қолдады.

Себебі, мұндай музыкалық шараны біз

қоғамдық көлікте бірінші рет өткізіп

отырмыз. Осылайша жерлестерімізді

Конституция күнімен құттықтауды жөн

көрдік, - дейді камералық хордың

жетекшісі Мадина Нұрғожинова.

Туындыларды ешбір музыкалық

аспаптың сүйемелдеуінсіз-ақ орындаған

әншілер қала тұрғындарының назарына

отандық және шетелдік танымал хит

әндерді орындап берді.

Жасыбайда

салған

ән қандай?

Баянауылда «Жасыбай

толқынында» атты республикалық

авторлық әндер

мен поэзия фестивалі өтті.

Айтулы шараға еліміздің

6 өңірінен бард өнерінің

орындаушылары келген.

«Жасыбай толқыны» фестиваліне

қатысқан ерлі-зайыпты Юрий Насыбуллин

мен Марина Багинская бард әншілер

арасында көпке белгілі. Олар көпшілікке

бірқатар бард әндердің авторлары әрі

әйгілі халықаралық Грушин фестивалінің

лауреаттары ретінде етене таныс.

- Біз қасиетті Баян өңіріне алғаш рет

келіп тұрмыз. Тұмса табиғатына ғашық

болмау мүмкін емес. Бард әндері де

Баянауылдың табиғаты секілді махаббатты

жырлайды. Фестиваль жылдан жылға

керегесін кеңейтіп келеді. Әсіресе жас

орындаушылармен қатарымыз көбеюде, -

дейді Юрий Насыбуллин.

Осымен екінші рет ұйымдастырылып

отырған «Жасыбай толқынында» атты

авторлық әндер фестиваліне қатысуға

ниеттілер саны артқан. Биыл еліміздің

түкпір-түкпірінен кәсіби және әуесқой

әншілер көптеп келген. Фестиваль

бағдарламасында концерттерден бөлек

авторлардың шағын шығармашылық

кештері де көрермен назарына ұсынылды.

Соңғы уақытта түрлі байқауларға қатысып, нәтижесінде көп уақыты жол

мен дайындыққа кететін Сәния ұстаздықтың ауыр жүгін арқалап жүруден бас

тартқан. Оқушыға білім беріп, оны биік шыңға жетелеу асқан жауапкершілікті

талап етеді, - дейді ол.

- Қазір мен өзімді іздеп жүрген адаммын. Сондықтан мектеп жұмысына байланып

отыра алмаймын. Кез келген адамға өмірінде бір-ақ рет мүмкіндік беріледі.

Менің мүмкіндігім - «Қазақ аруы» атануым. Бұл менің балалық армандарымның

орындалуына, өзім көздеген межеден де биік белесті бағындыруыма жол ашып

отыр, - дейді С.Темірханова.

Сәния қазіргі таңда кино әлеміне қанат қаққаны жайында сөз етті.

Айтуына қарағанда, ол отандық телеарналардан беріліп жүрген «Қарлығаш

ұя салғанда», «Келінжан» тәрізді рейтингі жоғары телехикаялардың продюсері

Гүлнұр Мамасарипованың «Армандастар» атты жаңа жобасында бас кейіпкердің

жастық шағын сомдаған.

Сонымен қатар, сұлулық байқауларын қалт жібермейтін С.Темірханова «Miss

Virtual World» жобасында бақ сынап жатқанын жеткізді. Ол inDriver қосымшасында

дауыс беру арқылы жүзеге асады екен. Сәния қатысып жатқан сұлулық байқауында

жеңіске жету үшін жерлестерін дауыс беруге шақырады. Аталмыш сыннан

сүрінбей өтетін болса, ол сұлуларға арналған 5-інші тәждің иесі атанбақ.

Жерлесімізге қолдау білдіріп, дауыс берейік!

Қ.МҮСӘЙІП.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!