26.09.2019 Views

26 қыркүйек, 2019 жыл №110 (15430)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 26 қыркүйек, бейсенбі, 2019 жыл

АЛАҢ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ПОЭЗИЯ

Абайды

төрт тілде

сөйлетті

Биыл Қазақстан сыртқа 7 млн. тонна астық экспорттайды деп жоспарланып

қойған. Қазақ бидайының сапасы жоғары болғандықтан, 50-ге жуық шет

мемлекеттен тұрақты сұраныс бар. Дей тұрғанмен, қуаңшылық салдарынан

ел бойынша дәнді дақыл аз жиналып, қамбаларға күткендегіден

шамамен 15 пайызға кем өнім құйылмақ. Осы орайда кейбір экономистер

биыл халықаралық нарықта астықтың қымбаттайтынын, соған орай

пайданы көздеген отандық экспорттаушылардың басым бөлігі қордағы

астықты сыртқа молынан өткізіп жіберуі мүмкін деген қауіп барын айтады.

Мұндай жайт біздің ұлттық азық-түлік қорымызға үлкен қауіп төндіріп, нан

бағасының өсуіне жол беруі мүмкін. Сондықтан мамандар астық экспортына

белгілі көлемде шектеулер қою қажеттігін сөз етуде. Мәселені «Алаң»

қатысушыларының талқысына ұсындық.

Астық экспортына

шектеу қою қажет пе?

Павлодар қаласының

№39 гимназиялық

сыныптары бар

инновациялық үлгідегі

орта мектебінде ұлы

ойшыл, философ, ақын

Абай Құнанбаевтың

туғанына 175 жыл

толуына орай

поэзиялық кеш өтті.

Алпысбай ХОНЖ

- Қазақстанның астығын негізінен Азия

елдері көп алады. Соның ішінде Ауғанстанға

бидай мен ұн жеткізуде Пәкістан бізге

тікелей бәсекелес. Сол Пәкістан биыл өз

аумағынан астық шығаруға түбегейлі тыйым

жасады. Себебі ондағы бидай мен ұн қоры

мәз емес көрінеді. Бәсекелесіміздің жағдайы

бізге әсер етпей қоймайды. Сәйкесінше,

қазақ өніміне сұраныс өсіп, экспорт бағасы

да артады. Былай қарағанда жақсы-ақ.

Алайда «таяқтың екі ұшы барын» ұмытпайық.

Ағымдағы жыл диқандарымыз үшін қиынға

соғып, қуаңшылық салдарынан егін аз өнім

беруде. Оның үстіне Азық-түлік келісім-шарт

корпорациясының астықты дәнді дақыл

бойынша ресурстары да азайып қалған

(деректерге сүйенсек, соңғы 10 жыл ішіндегі ең аз мөлшерде тіркеліп

отыр). Ұлттық компания алдағы маркетингтік жылдың болжамды

балансын зерделеместен қорды азайтып жібергені тағы түсініксіз.

Асылжан МАМЫТБЕКОВ,

«Қазақстанның ет өндірушілер одағы» бірлестігінің

төрағасы:

Биыл қамбаларды астықпен толтыру қиынға соғатындай.

Әлемдегі астыққа деген сұраныс пен бағаның өсуі біздегі

барлық бидайдың (соның ішінде ұнның) экспортқа кетіп

қалуына түрткі болуы мүмкін. Салдарынан жергілікті нарықта

бидай тапшылығы туындап, қымбатшылық қолдан жасалады.

Өндірушілер үшін бұл - жақсы жаңалық. Алайда оның зардабы

болмай қалмайды. Астық қымбаттаса, нан-тоқаш өнімдерінің

бағасы да өседі. Келеңсіздіктердің алдын алу үшін Үкімет

э к с п о р т қ а б е л г і л і б і р д е ң г е й д е т ы й ы м н е м е с е ш е к т е у -

лер салуы мүмкін. Сол кезде баға құлайды. Бұл дегеніңіз

қуаңшылықтан зардап шегіп отырған фермерлерге соққы

болмақ. Себебі онсыз да аз өнім жинаған олар бағаның

өсуінен өз шығындарын өтеп алуға құлшынатыны мәлім.

Сондықтан мәселені осы бастан бастап ойластыру керек.

Шараға аталған мектеп оқушылары

мен ұстаздары жаппай қатысты. Мектептің

9-10-сынып оқушылары ақынның бірнеше

қырын ашып көрсетуге тырысты. Шара

барысында А.Құнанбаевтың шығармалары

4 тілде орындалды. Оқушылар Абайды

қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде

сөйлетті.

- Бүгінгі шара 3 бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде Абайдың поэзиясы

бірнеше тілде оқылды. Әдеби кештің

екінші бөлігінде Абай Құнанбайұлының

қара сөздері орындалды. Қорытынды

бөлімде ұлы философтың әуезді әндері

шырқалды. Мақсатымыз – өзге ұлт

өкілдері арасында Абай шығармашылығын

насихаттау. Ақынның тәлімтәрбиеге

толы жырлары мен өсиет

сөздері арқылы жас ұрпақтың бойына

Отансүйгіштік пен патротизмді дарыту, -

дейді аталған мектеп директорының

оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Назымгүл Баймағамбетова.

Облыс орталығында орналасқан

бұл мектепте бүгінде барлығы 2134

оқушы оқиды. Аралас үлгіде білім

беретін мектеп оқушыларының басым

бөлігі орыс сыныбында тәрбиеленеді.

Солардың бірі - 9-сынып оқушысы

Әлішер Пішенбаев. Ол әдеби шара

барысында Абай Құнанбаевтың «Көзімнің

қарасы» әнін ағылшын тілінде нақышына

келтіре орындап, көрермендердің ыстық

ықыласына бөленді. Сондай-ақ Абайдың

қара сөздерін орындағандар арасында

9-сынып оқушысы Индира Садықова

ел назарын өзіне аударды.

- Мен 3-ші сыныптан бастап Абай

оқуларына қатысып келемін. Бүгінде

ақынның 40-қа жуық өлеңін жатқа

білемін. Соңғы кездері ғұламаның

қара сөздерін жаттауды әдетке айналдырдым.

Осы шара барысында ұлы

ойшылдың 24-ші қара сөзін оқыдым.

Түсінген адамға ақынның қара сөздері -

ғибрат пен тәлімге толы дүние. Мен

ойшылдың өлеңдері мен басқа да

шығармаларын өміріме бағдаршам етіп

ұстағым келеді, - дейді И.Садықова.

Қазақтың біртуар ақынының мерейтойы

қарсаңында аталған мектептің

бастамасы көңіл қуантады. Әдеби

шараны өңіріміздегі басқа мектептер де

назарға алып, ғұламаның шығармаларын

кең көлемде насихаттауға үн қосады

деген ойдамыз.

Владимир БЕРКОВСКИЙ,

облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер

жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі:

- Астық саласындағы мемлекеттік саясат әбден пісіп-жетілген,

оңтайлы бағыт деп есептеймін. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы»

жыл сайынғы дәстүр бойынша диқандардан қорға қажетті бидайды

сатып алады да, ал қолында қалған өнімді қалай жарату керектігін

егін өсірушілер өздері шешеді. Ең бастысы – мемлекеттік астық қорын

толтырып алу. Қорда астық жеткілікті болса, нанның, нан өнімдерінің

бағасын қолайлы деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік бар. Биыл корпорация

жергілікті шаруалардан 3-сыныпты бидайдың (қамырлылығы 24

пайыздан кем болмауы керек делінуде) тоннасын 70 мың теңгеден

аламыз деп уағдаласып қойды. Бұл қазіргі сәтте жаман баға емес.

- Жыл сайынғы астық көлемі ішкі және

сыртқы нарықтағы сұранысты қанағаттандыруға

жетеді. Биыл да солай болады деген ойдамын.

Алайда әлем бойынша астық аз жиналған

кезеңдерде отандық астық өндірушілерге

белгілі бір басымдықтар берілмейтіні өкінішті.

Бір жылдары жауапты министрліктегілер

қамбада астық азайып қалды деп экспортқа

шектеулер қойған еді. Сол-ақ екен, біздің

халықаралық нарықтағы орнымызды Ресей,

Беларусь, Канада, Аргентина секілді астық

алпауыттары иеленіп кетті. Сырттағы сатып

алушылармен байланысты қайта жолға қою

- қиынның қиыны. Экспортқа шектеу қою

жалпы дұрыс бастама емес. Кейбіреулер

биыл бидайдың аз жиналуына байланысты

баға өседі, оның артын ала нан қымбаттайды деп дабыра

АЗЫҚ-ТҮЛІК

Сапасыз өнімнен сақтан!

Павлодар облысында тексеру шаралары кезінде 800 келі өнімнің

сапасы нашар екендігі анықталған. Нәтижесінде кәсіпкерлерге

қатысты 900-ден астам хаттама толтырылып, 73 миллион теңгеден

астам айыппұл салынған.

Облыстық тауарлар және көрсетілетін

қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін

бақылау департаментінің басшысы

Ирина Сорокинаның айтуынша, халықтың

биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін

2015 жылдан бастап айналымдағы өнімдерге

бақылау жасалады. Оның ішінде азық-түліктің

сапасы назарға алынады - Биыл өнімдерден

2,5 мыңнан астам сынама алдық. Оның

15 пайызы талапқа сай болмай

шықты. Өткен жылы бұл көрсеткіш

7 пайызды құраған еді. Талапқа сай емес

өнімдердің 75 пайызы шет елден келген.

Бұл ретте балық, сүт өнімдері мен ет

өнімдерінің үлесі басым. Сонымен қатар,

департамент тарапынан 30-дан астам

жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Биыл

сапасы нашар деп танылған 800 келі

өнімнің 700 келісі – сүт өнімдеріне тиесілі.

Кезекті жәрмеңкелердің бірінде мерзімі өтіп

Корпорация алдағы күндері

қорға қажет астықты сатып ала

бастайды. Ал артылған астықты

сыртқа кім қалай шығарса да өз

еркі. Нарықтағы құбылыстардан

нанның қымбаттау қаупі де бар.

Бірақ ол анау айтқандай шарықтап

кетпейді. Құзырлы органдар мен

бақылау топтары бұл мәселені

тұрақты назарда ұстамақ. Нан

қымбаттағанның өзінде ол астықтың

бағасына емес, өнімді дайындау,

жеткізу қызметтерінің өсуіне байланысты

орын алуы мүмкін. Сондықтан

бұл тұста алаңдайтын мәселе көріп тұрғаным жоқ.

Александр ПОЛЯКОВ,

«Победа» ЖШС-нің басшысы,

облыстық мәслихаттың депутаты:

қылуда. Меніңше, ас атасының азық-түлік себетіндегі орнын

анықтауымыз керек. Мәселен, күніне бір адам 300 грамм

нан жесе, ол айына орташа есеппен 15 бөлке нан сатып

алады деген сөз. Бөлкесі 100 теңгеден деп есептегеннің

өзінде, айына нанға шығын шамамен 1500 теңгені құрайды.

Бұл көп ақша емес. Осындай қарапайым, жан басына

шаққандағы статистикаларды пайдалана отырып, ұлттық

астық, ұн қорын құрса абзал болар еді. Ал астықтың,

нанның алдағы уақытта қанша теңгеге қымбаттайтыны

нарықтың еншісіндегі мәселе.

«Алаңды» үйлестірген – Мұрат АЯҒАНОВ.

кеткен йогурт сатылып жатқаны анықталды.

Сөйтсе, бұл өнім Ресейден әкелініпті. Сатумен

айналысқан кәсіпкер әкімдікпен келіспеген.

Көлігімен келіп, йогуртты төмен бағамен

сата бастаған. Тексеріс нәтижесінде өнімнің

мерзімі өткен болып шықты. Прокуратура

өкілдерінің көмегімен азық-түлік сақтауға

арналған қоймасын ашқызып, кәсіпкерге

200 мың теңгеден астам айыппұл салдық, -

дейді И.Сорокина.

Атап өтерлігі, айыппұл арқалағандар

1 аптаның ішінде қарызын өтесе, 50 пайызын

ғана төлеуге құқығы бар.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!