08.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 8 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл 3

ҰБТ

Электронды

тестілеудің

ерекшелігі неде?

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілуде.

Түлектер тесті алғаш рет электрондық форматта тапсырады және

сынаққа кіру уақыты мен отыратын орнын оқушы өзі таңдайды.

Сонымен қатар, биыл әр оқушыға екі мәрте тест тапсыруға мүмкіндік

беріліп отыр. Яғни, алғашқысының қорытындысы сәтсіз шықса,

дайындалып, екінші рет қайта бағын сынап көруге болады.

Тілеуберді САХАБА

ҰБТ үш айға

созылады

Облыстық білім беру басқармасының

мәліметінше, ағымдағы

жылы 4479 оқушы 11-сынып

бітіреді. Өткен жылы 3772 бала

орта мектеп аттестатын алған

болатын. Биылғы түлектердің

82 пайызы (3682) ҰБТ тапсыруды

жоспарлап отыр.

- Биылғы ҰБТ үш айға

созылады. Яғни, 15 наурызда

ақылы тест басталып, ол

10 сәуірге дейін жалғасты. Одан

кейінгісін оқушылар ақысыз

негізде тапсырады. Ақысыз тест

тапсыру уақыты 30 маусымға

дейін жалғасады. Соңғысының

сертификатымен жоғары оқу

орындарының мемлекеттік гранттар

конкурсына қатысатын болады.

Бүгінгі күнге дейін ақылы ҰБТ-ға

облыс бойынша 2138 (47,7%)

түлек қатысты. Оның 1494-і –

Павлодар, 519-ы – Екібастұз,

125-і – Ақсу қаласынан. Түлектер

ақылы негізде өткізіліп жатқан ҰБТ

нәтижелері бойынша жоғары оқу

орындарының ақылы бөлімдеріне

құжат тапсыра алады. Ал негізгі

сынақты сәтті тапсырған түлектер

үшін бұл сертификаттың қажеті

болмайды. Биыл енгізілген тағы

бір жаңашылдық – электрондық

форматқа көшуіміз. Бұған дейін

әрбір оқушыға тест тапсырмалары

бар кітапша берілсе, енді

дербес компьютер ұсынылады.

Бұрын ҰБТ науқаны бас-аяғы

10 күннің ішінде аяқталатын.

Қазір оқушыға үш ай уақыт

берілді. Әркім өзінің қалаған

уақытында баруына болады, -

дейді облыстық білім беру

басқармасының маманы Нұргүл

Шалабаева.

Мамандардың сөзінше, түлектер

мемлекеттік білім беру гранттарына

арналған конкурсқа

қатысу үшін «app.testcenter.kz»

сілтемесі бойынша алдын ала

өтініш жазуы керек.

«Басына» сай

бағасы

Қазір әркім өз басындағы

біліміне сай бағасын алатын

заман болды. Яғни, былтырғы

жылдан бері ҰБТ сынағы қатаң

бақылауға алынып, білім саласында

бұрын-соңды болмаған

академиялық әділдік орнады.

Бұрынғыдай қулыққа салып,

рұқсат етілмеген көмекші құралдар

қолдануға қатаң тыйым салынды.

Атап айтқанда, тестілеу процесі

«Бір тестіленуші – бір компьютер –

бір камера» қағидаты бойынша

жүргізілуде.

- Әр бала жеке-жеке

компьютердің алдында отырып,

жұмыс істейді. Академиялық

әділдікті сақтау мақсатында

әр компьютердің үстіне тестілеу

процесін қадағалайтын бақылау

камерасы орнатылған. Егер

тестіленушінің тыйым салынған

заттарды пайдаланғаны анықталса,

компьютер бірден сөндіріліп,

түлектің жұмысы жойылады.

Тест процесі кезінде шпаргалканы

білдірмей пайдалану

да мүмкін емес. Кейін «Ұлттық

тестілеу орталығының» мамандары

процесті басынан соңына дейін

қайта тексеріп шығады да, заң

бұзғандардың нәтижесін бірден

жояды. Тіпті, жоғары оқу орын

грантын алып алған талапкердің

өзі гранттан айырылады. Аталған

мәселелер бойынша түлектерге

және олардың ата-аналарына

да түсіндіру жұмыстары жүргізілуде,

- дейді маман.

Жаңа

форматтың

артықшылығы

Биылғы енгізілген электрондық

форматтың бірқатар артықшылығы

бар. Біріншісі, түлек тестілеу

пунктінің ішінде қандай орын

ыңғайлы деп тапса, соған отыруға

құқығы бар. Мысалы, бір бала

оңашалау жерге отырғысы келсе,

енді біреулерге терезеге жақын

жарық жерде жұмыс істеу ыңғайлы

болуы мүмкін. Екіншісі, сынақ

тапсыратын күнді де, уақытты

да өзі белгілей алады. Мысалы,

гранттық конкурсқа арналған тестер

сәуір айының 10-ы мен маусым

айының 30-ы аралығында жүрілсе

осы уақыт аралығындағы кез

келген уақытта баруына болады.

Үшіншісі, тест тапсыру тілін дәл

сол кезде өзгертіп жіберуіне және

қате белгілеген жауаптарды қайта

түзетуге мүмкіндік бар. Бұрынғы

жүйеде ондай мүмкіндік жоқ

еді. Яғни, қағаздағы дөңгелек

ұяшықтарды қалай боясаң, солай

кететін. Төртіншіден, компьютерде

калькулятор және басқа

да көмекші кестелердің барлығы

бар. Бесіншіден, тестілеу нәтижесін

күні бойы сарылып күтіп жүрмейді.

Тапсырған уақытында бірден

белгілі болады, егер нәтижесіне

қанағаттанбаса, апелляцияға беруге

болады. Алтыншы артықшылығы,

бір түлекке екі мәрте сынақ

тапсыруға мүмкіндік берілген.

Соның қайсысынан жоғары балл

алса, сол сертификатпен жоғары

оқу орын грантының конкурсына

барады.

- ҰБТ-ға енгізілген өзгерістердің

барлығын құптаймыз. Бұл бүгінгі

қоғамның талабы және өте қолайлы

құрылған жүйе деп есептейміз. Бұл

жерде ең бастысы түлектердің

таңдаған пәндері бойынша

білім деңгейі өте әділ түрде

сарапқа салынады. Сонымен

қатар, олардың психологиялық

дайындығы мен компьютерді

қолдана білу сауаттылығы әсер

етеді. Қазір ата-аналармен және

мұғалімдермен осы бағыттар

бойынша жұмыс жүргізілуде, -

дейді №7 орта мектеп директоры

Халида Бекбосынова.

Қанша уақыт

беріледі?

Түлектердің таңдаған мамандықтарына

сәйкес екі түрлі уақыт

беріледі. Мысалы, жаратылыстану-математика

бағытындағы

пәндер (математика, физика,

химия, биология, география)

бойынша тапсыратын оқушыларға

240 минут (4 сағат) көлемінде

уақыт беріледі. Ал қоғамдықгуманитарлық

бағыттағы (қазақ

тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен

әдебиеті, шет тілдері, тарих

және құқық, т.б) мамандықтарын

таңдаған оқушылар 225 минут

(3 сағат 45 минут) уақыт ішінде

аяқтауы керек.

ҰБТ процесі барынша ашық

әрі объективті түрде жүреді. Яғни,

мемлекеттік комиссия мүшелері

аудиторияларды онлайн-трансляция

арқылы бақылап отырады.

Комиссия құрамында білім беру

органдарының, құқық қорғау

органдарының өкілдері және

журналистер бар. Аудиторияларда

барлық санитарлықэпидемиологиялық

нормалар

сақталады.

САУЛЫҚ - САҚТЫҚТА

Вакцина салдыру - індетті жеңудің төте жолы.

Мемлекет басшысы жақындарымызды сақтау

үшін, қоғамдық иммунитет қалыптастыру үшін

қоғам өкілдерін вакциналауды дұрыс тұрғыда

насихаттауға шақырды. Бүгінде өңіріміздегі сала

басшылары мен белсенді азаматтар көпшілікті

саналы қадамға баруға үндеп, екпе алудың маңыздылығын

түсіндіруде. Осыған орай жұртшылық

өкілдерінің пікірін беруді ұйғардық.

Індетті жеңудің

төте жолы

Алма ҚОЗБАЕВА,

«Қайсар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Індеттен құтылудың әзірге

жалғыз жолы бар. Ол – вакцина

салдыру. Яғни, қалыпты өмірге

қайта оралу үшін екпенің маңызы

зор деп есептеймін. Өз басым

әуелі түрлі ақпараттармен

танысып, кейін қауіпсіздігіне көз

жеткізген соң екпені салдыру

туралы шешім қабылдадым. Әр

азамат өз денсаулығына, отбасына

жауапты. Менің де үйімде

жасы үлкен кісілер бар. Жұмыс

бабымен сыртта көптеген азаматтармен

тығыз қарым-қатынаста

болғандықтан, иммунитеттің

- Қоғамның қауіпсіздігін сақтау –

өз қолымызда. Яғни, әркім өз

денсаулығын қорғаудан, сақтаудан

басталады. Сондықтан, мұндай

маңызды қоғамдық бастамаларға

келгенде тартынып қалмай, керісінше,

оның жоғары деңгейде жүзеге

асуына атсалысуымыз керек дейді

ол.

Үйде жасы 100-ге жақындаған

әжеміз бар. Міне, сол кісілердің

денсаулығын қорғау үшін

қолымыздан келгенді жасауға

дайын болдық. Яғни, вирусқа

қарсы вакцинация пайда болған

Өткен жылы жергілікті билік пен

картоп өсіретін 16 шаруашылық

меморандум жасаған болатын.

Соның негізінде шаруалар облыстағы

әлеуметтік дүкендерге картоптың

келісін 70 теңгеден босатуға

міндеттелді. Бүгінде бұл баға

80 теңгеге дейін көтерілді.

Сәйкесінше, әлеуметтік дүкендердегі

баға өсті. Бұған дейін картоптың

бір келісі 90 теңге болса, қазір

98 теңгені құрайды. Кейбір сауда

орындарында осы уақытқа дейін

140-150 теңгеден сатылып келген

өнімнің бағасы 200 теңгеге дейін

жетті.

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының бөлім басшысы

Төлеген Көшербаевтың айтуынша,

бағаның өзгеруі маусымдық жағдайға

байланысты.

- Жалпы, өңірде картоп

тапшылығы жоқ. Қазіргі уақытта

көкөніс қоймаларында 18 мың

тонна картоп сақтаулы. Алдын

ала есептеулер бойынша, бұл

көлем мамыр айының соңына

мықты болғаны абзал. Вакцина

қабылдағаннан кейінгі әсерім

жақсы. Жігерленген сияқтымын.

Боранды күні далаға шыққанда

қымтанып киініп аламыз ғой. Мен

де індетке қарсы вакцина алып,

барынша қорғанудың амалын

жасап жатырмын. Жерлестерімді

де вакцина қабылдауға шақырамын.

Жалпы, ауырмайтын жол - тазалық,

салауатты өмір салты, күтім,

иммундық ахуалды ұдайы бақылап

отыру. Осы қарапайым нәрселерді

ұмытпасақ, еліміз аман, жұртымыз

тыныш болады деп ойлаймын.

Айнұр МҰХАМЕДИЯРОВА,

«Nur Оtаn» партиясы Павлодар облыстық филиалы

төрағасының орынбасары:

күні бірден егіліп, аурудың алдын

аламыз деп шештік. Бұл - менің

ғана емес, отбасымның шешімі.

Себебі, біз бұрынғы өмір салтымызға

оралғымыз келеді. Ол үшін әркім

өз денсаулығына жауапкершілікпен

қарап, дәрігерлердің ақыл-кеңесін

уақытында орындап жүруі шарт.

Екпеден кейін бас айналу немесе

әлсіреу сынды кері әсер болмағанын

және жарты сағаттай мамандардың

бақылауында болғанымды айтып

өтейін. Өз міндеттеріне ерекше

жауапкершілікпен қараған дәрігерлерге

алғысымды білдіремін.

БАҒА САЯСАТЫ

Картоп

қымбаттады

Облыстағы сауда орындарында картоптың бағасы

орта есеппен алғанда 40 теңгеге өсті. Мамандар

мұны маусымдық жағдаймен байланыстырып отыр.

дейін жетеді. Десе де, өнімге

сұраныстың артуына байланысты

әрі шаруалардың қорларындағы

картоп азайғандықтан, босату

бағасы 10 теңгеге қымбаттады, -

дейді Т.Көшербаев.

Облыстық кәсіпкерлік және

индустриялық-инновациялық даму

басқармасының бөлім басшысы

Талғат Дұғаловтың айтуынша,

әлеуметтік дүкендерді арзан

өніммен қамтамасыз ету мақсатында

тұрақтандыру қорына 851 тонна

картоп сатып алынды. Оның шамамен

10 тоннасы күн сайын тұрақтандыру

қорының серіктестері саналатын

сауда орындарына жөнелтіледі.

Олардың қатарында ауылдық

аймақтағы дүкендер де бар. Ал ірі

сауда желілері, аулалардағы шағын

дүкендер тауарды жеткізушілермен

тікелей келісімшарт жасап, бағаны

өз еркімен белгілейді. Бұл сауда

нүктелеріндегі бағаны реттеуге

мемлекеттің құзіреттілігі жоқ.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!