10.10.2018 Views

Шымкент келбеті 80

Сәрсенбі 10 қазан 2018 жыл

Сәрсенбі 10 қазан 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS
• No tags were found...

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4

№80 (1619)

10 қазан 2018 жыл

Сұрақ-жауап

www.shymkala.kz

Мегаполисте ұсақ мәселе болмайды

Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп беру

кездесуі барысында келіп түскен сауалдарға ЖАУАПТАРЫ

1. Таңатарова Жадыра, Құрбанбаева

Айзада – «Сайрам» тұрғын

алабының тұрғындары

– «Сайрам» тұрғын алабындағы

№4 балалар үйіне көмекші мектепинтернаты

мен Шымкент қалалық

№1 ауруханасына қосымша электр

желісі жүргізілмеген, электр жарығы

өшкен кезде ғимараттардың жылуы

да өшеді. Осы мекемелерге заманауи

қосымша электр желісін жүргізіп беруді

сұраймыз.

Жауап: Шымкент қаласы «Сайрам

тұрғын алабының 10/0,4кВ электр жүйелерінің

құрылысы» нысаны бойынша

2018-2019 жылдары жобалау-сметалық

құжаттамасын әзірлеуге қаржы

бөлу үшін ұсыныс берілді. Аталған

жобада «Сайрам» тұрғын алабындағы

№4 балалар үйі мен Шымкент қалалық

№1 ауруханасын резервтік 10кВ

электр жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі

қамтылады.

2. Қасымов Тәжібай – «Достық»

тұрғын алабы, көше басқарушысы

– «Стандартцемент» ЖШС аумағындағы

«Достық» тұрғын алабының

210 үйі екі жекеменшік трансформатордан

электр жарығын алғандықтан

жарық жиі өшеді, сапасы өте

нашар. «Достық» тұрғын алабының

электр желілерін тиісті мекеменің

балансына алып, мемлекет тарапынан

заманауи электр жүйесін 2018 жылы

жүргізуге ықпал етсеңіздер.

Жауап: Шымкент қаласы аумағына

қосылған елді-мекендерді сапалы

инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен

қамтамасыз ету мақсатында

2017-2021 жылдарға арналған кешенді

әлеуметтік даму бағдарламасына сәйкес

«Достық» тұрғын алабын электр

жүйесімен қамтамасыз етуге жобалаусметалық

құжаттамасын әзірлеу 2018

жылға жоспарланған.

Бүгінгі таңда, нысанға қалалық

бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер

мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік

сатып алу шаралары жүргізілуде.

Жобалау жұмыстары 2018-2019

жылдары жүргізіледі.

3. Абдикаримов Базархан –

«Самал-3» шағын ауданы

– «Самал-3» шағын ауданының

жартысы мемлекеттік, жартысы

жекеменшік трансформаторлардан

жарық алады. Біз жеке меншік трансформатордан

жарық аламыз. Тариф

жоғары, жиі өшіп қалады, сапасы төмен,

қыста қиналамыз. Жоба дайын

дегенді естідік. Осы жобаға биылдан

қалмай қаржы бөлінеді ма?

Жауап: «Самал-3» шағын ауданында

4730 тұрғын үйді электр жарығымен

қамтамасыз ету мақсатында

(2-кезек) жобалау-сметалық құжаттамаларды

дайындауға жергілікті бюджеттен

17,0 млн. теңге қаржы қаралып,

жобаға сараптама қорытындысы

алынды.

Бүгінгі таңға, құрылыс жұмыстарын

жүргізуге қалалық бюджеттен қаржы

қаралып, мердігер мекемені анықтау

үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы

жарияланды. Сонымен қатар,

Қазақстан Республикасының Энергетика

министрлігіне құрылыс жұмыстарын

2019 жылы жүргізуге республикалық

бюджеттен қалған қаржыны бөлуге

бюджеттік өтінім жолданды.

4. Өскенбаев Тұрғанбай –

«Қарабастау» тұрғын алабы,

Наурыз көшесі, №142

– «Қарабастау» тұрғын алабында

трансформаторлар жеке меншікте,

тариф өте қымбат, бізге қашан

сапалы электр жарығы беріледі?

Жауап: Шымкент қаласының Қарабастау,

Қаратөбе, Жыланбұзған, Елтай,

Маятас, Бадам-1, Шапырашты,

Өтеміс елді мекендерін электр қуатымен

қамтамасыз ету мақсатында

Шымкент қаласының энергетика және

коммуналдық шаруашылық басқармасы

тапсырысымен «Jer Group» ЖШС-гі

тарапынан жобалау-сметалық құжаттамалар

әзірленіп, 2018 жылғы қыркүйек

айында сараптама қарауына ұсынылды.

Ағымдағы жылдың 1-қарашасына

дейін сараптама қорытындысы

алынады және құрылыс жұмыстарын

жүргізуге бюджеттік өтінім ұсынылатын

болады.

5. Шинасилов Тұрдалы – «Асар-

2» шағын ауданы, ауыл биі

– «Асар-2» шағын ауданы электр

жарығымен қашан қамтылатын болады?

Жауап: «Асар-2» шағын ауданын

электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында

Шымкент қаласының энергетика

және коммуналдық шаруашылық

басқармасы тапсырысымен «Улмад»

ЖШС-і тарапынан жобалау-сметалық

құжаттамалар әзірленді.

Жұмыс жобаға жекеменшік сараптама

жүргізуші мекеменің қорытындысы

беріліп, Қазақстан Республикасының

Энергетика министрлігіне құрылыс

жұмыстарын 2019 жылы жүргізу

үшін қаржы бөлуге бюджеттік өтінім

жолданды.

– «Асар-2» шағын ауданы ауыз сумен

қашан қамтылатын болады?

Жауап: Асар-2» шағын ауданын

ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында,

Шымкент қаласының энергетика

және коммуналдық шаруашылық

басқармасы тапсырысымен «Улмад»

ЖШС-і тарапынан жобалау-сметалық

құжаттамалар әзірленді.

2018 жылғы қазан айында ЖСҚ-сы

мемлекеттік сараптамаға ұсынылып,

жыл соңына дейін жоба қорытындысын

алу жоспарлануда. 2019 жылға

құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік

өтінім жолданады.

6. Кузеров Абдрахман, Батырбек

Өмірбек, Қалқожаев Яхия – «Тұран»

шағын ауданының тұрғындары

– «Тұран» шағын ауданында тұрып

жатқанымызға 12 жыл болды.

Электр жарығы мәселесі шешілмей

келеді. Жарық мәселесі өткір.

Жауап: «Шымкент қаласы

Тұран шағын ауданының 10кВ электр

жүйелерінің құрылысы» нысаны бойынша

«Әсем Құрылыс» ЖШС-і тарапынан

жобалау-сметалық құжаттамалар

әзірленді. Ағымдағы жылдың

қазан айында ЖСҚ-сы мемлекеттік

сараптамаға ұсынылып, жыл соңына

дейін жобаға қорытындысын алу жоспарлануда.

2019 жылға құрылыс жұмыстарын

жүргізуге бюджеттік өтінім

жолданады.

– «Тұран» шағын ауданында ауыз

су мәселесі толық шешілмеген. Яғни,

көше-көшелерде (тұрғындарға) су жүйелері

жоқ, халық 12 жылдан бері сусыз

отыр. Осы себепті, 2017 жылы

жасалған ауыз су жобасына бюджеттен

қаражат бөлуіңізді сұраймыз.

Жауап: «Шымкент қаласы

Тұран шағын ауданының ауыз су жүйелерінің

құрылысы (1-ші кезек)» нысаны

бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары

әзірленіп, құрылыс жұмыстарын

жүргізуге жергілікті бюджеттен

қаржы қаралды. Ендігі кезекте,

мемлекеттік сатып алу конкурсы

жарияланып, «Үшсай» ЖШС-гі мердігер

мекеме болып анықталды. Қазіргі

таңда, құрылыс жұмыстарын жүргізу

үшін рұқсатнама алуға қажетті құжаттары

рәсімделуде. Құрылыс жұмыстарын

ағымдағы жылы бастау және 2019

жылы аяқтау жоспарланған.

– Газ мәселесі өткір.

Жауап: «Тұран» шағын ауданын

табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында,

Шымкент қаласы энергетика

және коммуналдық шаруашылық

басқармасының тапсырысымен,

«Әсем Құрылыс» ЖШС-і тарапынан

жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленді.

2018 жылғы қыркүйек айында

жоба сараптама қарауына ұсынылды,

жылдың соңына дейін сараптама қорытындысы

алынады және құрылыс

жұмыстарын жүргізуге бюджеттік

өтінім жолданатын болады.

7. Байбосынов С. – «Ынтымақ-2»

шағын ауданы, №700 учаске

– «Ынтымақ-2» шағын ауданының

жартысында электр жарығы

жоқ. Осы мәселенің шешілуіне ықпал

жасаңыз.

Жауап: «Ынтымақ-2» шағын ауданын

электр қуатымен қамтамасыз

ету мақсатында жобалау-сметалық

құжаттамасын әзірлеуге қаржы қаралып,

жобалаушы мекемені анықтау

үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы

жарияланды. Конкурс нәтижесінде

анықталған мекемемен тиісті жұмыстар

жүргізіледі. Нысан 2019 жылға

өтпелі.

– «Ынтымақ-2» шағын ауданында

ауыз су жоқ. Осы мәселенің шешілуіне

ықпал жасаңыз.

Жауап: Шымкент қаласы Ынтымақ-2,

Жаңа Тұрлан және сол аумақтағы

Жиделі елді мекендерінің сапалы

ауыз су көздері болып табылатын

«Шымкент қаласы Достық мөлтек ауданынан

Сыпырған ата көшесі арқылы

Темірлан тас жолына дейін магистралды

су өткізгіштің құрылысы» нысаны

бойынша құрылыс жұмыстары мердігер

мекеме «Балта Сапар» ЖШС-і тарапынан

жүргізілуде. Нысанның құрылыс

жұмыстарын ағымдағы жылы

аяқтау жоспарланған.

Ендігі кезекте, «Шымкент қаласы

Ынтымақ-2 шағын ауданының ішкі

ауыз су тораптарының құрылысы»

нысаны бойынша жобалау-сметалық

құжаттамасын әзірлеуге қаржы қаралып,

жобалаушы мекемені анықтау

үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы

жарияланды. Конкурс нәтижесінде

анықталған мекемемен тиісті жобалау

жұмыстары жүргізіледі. Нысан

2019 жылға өтпелі.

8.Жолдасов Сәбит –«Қазығұрт»

шағын ауданы

– «Қазығұрт» шағын ауданындағы

С.Мұханов көшесі орталық көшелердің

бірі. Барлық халық осы жолмен

жүреді. Халықтың қауіпсіздігіне алаңдап

отырмыз. Көшені жарықтандыру

жұмыстары қашан жүргізіледі?

Жауап: Бүгінгі таңда С.Мұханов

көшесінде жарықшамдар орнатылды.

Оларды іске қосу мақсатында «Энергопоток»

ЖШС-і мен Шымкент қаласы

энергетика және коммуналдық

шаруашылық басқармасының арасында

энергия пайдалану үшін келісімшарт

түзілуде. Келісім-шарт жұмыстары

аяқталғаннан кейін жарықшамдар

іске қосылатын болады.

9. Досымбекова Несібелі – зейнеткер

– «Таскен» тұрғын алабының

шет жағында тұратын оқушылардың

№103 мектепке барып қайтуы

қиын. Көктем көшесінің екі жағынан

жүргіншілерге арналған аяқжол салуды

сұраймыз.

Жауап: «Таскен» шағын ауданындағы

Көктем көшесіне №103 мектепке

баратын көшеге аяқ жол салу жұмыстары

бекітілген жұмыс кестесіне

сәйкес толығымен атқарылды.

10.Сегізбаев Өскенбай –

«Қайнар-бұлақ» тұрғын алабы

– «Қайнар-бұлақ» тұрғын алабындағы

атауы жоқ 2 көшеге қашан

тас төселеді?

Жауап: «Қайнар-бұлақ» тұрғын

алабындағы 1 шақырымды құрайтын

атауы жоқ 2 көшеге шағал тас төсеу

жұмыстары толығымен атқарылды.

– «Қайнар-бұлақ» тұрғын алабына

№70 автобустың жүрмегеніне екі

жыл болды. Сонымен қатар, жаңадан

салынған №125 мектепке «Қайнар бұлақ»

тұрғын алабынан барып келетін

қоғамдық көлік жоқ.

Жауап: «Қайнар-бұлақ» тұрғын

алабы тұрғындарының өтініштері

негізінде №70 автобус бағыты екіге

бөлініп, №70 автобус бағыты «Қайнар-бұлақ»

сажайына, ал, №70а автобус

бағыты «Қайнар-бұлақ» тұрғын

алабына қатынап, тұрақты қызмет

көрсетуде.

Сонымен қатар, «Қайнар-бұлақ»

саяжайы №125 мектепке баратын жолға

жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты,

«Қайнар бұлақ» тұрғын алабына

қатынайтын №105 шағын автобус

бағыты 2018 жылғы 1 қыркүйектен

бастап аталған мектепке тұрақты,

бекітілген 12 кестемен жолаушыларды

тасымалдау қызметін атқаруда.

11.Аппазов Шәкір – «Құрсай»

шағын ауданы, ауыл биі

– 2014 жылы Сайрам ауданынан

«Бадам» елдімекені қалаға қосылған.

Бізге №60А деген автобустан басқа

қаладан көлік жүрмейді. №21 шағын

автобусы жүреді, ол 11 адамдық.

Бізде №49 мектепте 3 ауысымда

оқитын балаларға қоғамдық көлік

жоқ. Оқушылардың 40 пайызы қаладағы

мектептерде оқиды. Осыған

жәрдем берсеңіз.

Жауап: «Құрсай» шағын ауданындағы

№49 мектеп жанынан жүретін болып

№60А автобус бағытының қозғалыс

сызбасы өзгертілді.

12.Сағымбекова Ақмарал –

«Маятас» тұрғын алабы

– «Маятас» тұрғын алабының

мектебі бойындағы Б.Момышұлы көшесіне

аяқ жол салу жұмыстарын

жүргізіп берсеңіздер.

Жауап: «Маятас» тұрғын алабының

Б.Момышұлы көшесіне аяқ жол

орнату жұмыстарына қаржы қаралып,

мердігер мекеме «Нұрлы жол-7» ЖШСгі

жұмыстарды бекітілген жұмыс кестесіне

сәйкес толығымен атқарды.

13.Ибрагимов Нұржан –

«Көкбұлақ» тұрғын алабы

– «Жаңаталап», «Тәуелсіздікке 20

жыл», «Көкбұлақ» тұрғын алаптарынан

«Алтын төбе» тұрғын алабындағы

трассаға дейін жолы қашан

жөнделеді?

Жауап: «Жаңаталап» тұрғын алабындағы

мешіттен бастап Бадам трассасына

дейінгі жолға орташа жөндеу

жұмыстарына қаржы қаралып, мердігер

мекеме «ДостықСпецТранс» жөндеу

жұмыстарын бекітілген жұмыс

кестесіне сәйкес атқаруда. Жөндеу

жұмыстарын 2018 жылғы 30 қарашасына

дейін толығымен аяқтау жоспарлануда.

14.Бескемпіров Бағман –

«Жалын» тұрғын алабы, Садовая

көшесі, №66

– Қала ішкі жолдары, атап айтсақ:

Республика, Иляев, Қапал Батыр,

Жібек Жолы, Түркістан, Байтұрсынов,

Қазыбек би, т.б. көшелерді жөндеу

жұмысы қашан орындалады?

Жауап: Байтұрсынов көшесіне орташа

жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында

жобалау-сметалық құжаттамалар

әзірленіп, бюджеттен қаржы қаралды.

Қазіргі таңда мемлекеттік сатып

алу конкурсы жарияланды. Жеңімпаз

мекеме анықталған соң 2018-2019 жылдарға

бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес

жұмыстар атқарылады.

Республика даңғылына орташа

жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында

жобалау-сметалық құжаттамалар

әзірленіп, бюджеттен қаржы

бөлу үшін ұсыныс енгізілді. Жұмыстар

бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда

жүргізіледі.

Қапал батыр көпіріне 2016 жылы

қайта құру жұмыстары толығымен

жүргізіліп, қолданысқа берілген.

Жібек жолы көшесіне 2017 жылы

қайта құру жұмыстары толығымен

жүргізіліп, қолданысқа берілген.

Иляев, Қазыбек би көшелерінің

асфальт қабаттары жарамды болуына

байланысты, қазіргі таңда жөндеу

жұмыстарын атқарудың қажеттілігі

жоқ.

15.Аширова Тоғжан –

«Қайнар-бұлақ» саяжайы, жаңа құрылыс

тұрғыны

– «Қайнар-бұлақ» саяжайы жаңа

құрылыстағы №125 мектепке жол

және аяқжол керектігін көзбен көруге

шақырамын. Халықтың атынан

өтініш.

Жауап: «Қайнар-бұлақ» саяжайы

жаңа құрылыстағы №125 мектепке

баратын жолға бюджеттен қаржы

қаралып, жол және аяқ жол құрылысы

толығымен атқарылды.

– «Қайнар-бұлақ» саяжайы жаңа

құрылыстағы №125 мектепке баратын

қоғамдық көлік, аялдама керек.

Жауап: «Қайнар-бұлақ» саяжайы

№125 мектепке баратын жолға

жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталуына

байланысты 2018 жылғы 1

қыркүйектен бастап аталған мектепке

№105 шағын автобус бағыты тұрақты

бекітілген 12 кестемен жолаушыларды

тасымалдау қызметін атқаруда.

16. Суритаев Құдайберген – «Қатынкөпір»

шағын ауданы, Молдабаев

көшесі, №90

– Тельман елді-мекенінде Ә.Молдағұлова

атындағы көшесі бар. Соғыс

кезінде батыр атанған еді. Сол

көшеге асфальт салынған жоқ. Соны

қолға алсаңыз.

Жауап: «Қатынкөпір» шағын ауданы

А.Молдағұлова атындағы көшесіне

орташа жөндеу жұмыстарын атқару

мақсатында жобалау-сметалық құжаттар

әзірленді. 2019 жылға жөндеу жұмыстарына

қаржы бөлу үшін ұсыныс

енгізілетін болады, қаржы қаралған

жағдайда жұмыстар атқарылады.

17. Тулешов Алтынбек – «Ақжайық»

шағын ауданы, №64

– Осы кезге дейін көшелерге асфальт

жол төселмеген, кезінде өзіміз

ұйымдасып тас төсеп алғанбыз, қыс

мезгілінде қазылып кеткен, көшемен

жүріп тұруымыз өте қиын.

Біз әр жылы шығынданып тас

төсейміз, бірақ қардың, жаңбырдың

суымен қайтадан шұңқыр болып қазылып

кетеді. Сондықтан көлікпен жүру

өте қиын, жаңбырлы кезде лай батпақ

болып, жазда болса шаң көтеріліп

тынысымыз бітіп қалады.

Жауап: «Ақжайық» шағын ауданының

атауы жоқ 11 көшесіне орташа

жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында

жобалау-сметалық құжаттамалар

әзірленді. 2019 жылға бюджеттен

жөндеу жұмыстарына қаржы

бөлу үшін бюджеттік ұсыныс енгізілетін

болады.

18.Байжанов Бастархан – «Қызылжар»

шағын ауданы, ауыл биі

– Алматы – Ташкент айналма жолының

бойындағы «Бадам» өзеніндегі

көпір (мал базардың жанында) апатты

жағдайда, аталған көпір бұзылса

жол жабылады. Жүк көліктерінің

қозғалысы, қалааралық автобустардың

қатынасы тоқтайды. Аталған

көпір қашан жөндеуден өтеді?

Жауап: Алматы – Ташкент айналма

жолының бойындағы Бадам

өзеніндегі көпірге (мал базардың жанында)

қайта құру жұмыстарына қаржы

қаралып, мемлекеттік сатып алу

конкурсы жарияланды. Конкурс жеңімпазы

анықталған соң, 2019 жылы қайта

құру жұмыстары бекітілген кестеге

сәйкес атқарылатын болады.

19. Қарасинов Төлебай – «Құрсай»

шағын ауданы, Айшықты көшесі,

№55а

– Бізге жалғыз №60А автобусы,

№21-ші газель жүреді. Осыған қосымша

1 маршрут қосыңыздар.

Жауап: «Құрсай» шағын ауданының

жолаушылар ағыны зерттеліп,

№60А автобус бағытының соңғы

аялдамасын Айшықты көшесіне

дейін ұзарту бойынша шешім қабылданды.

Ал, №21 шағын автобус бағыты

соңғы «Ферма» аялдамадан оқушыларды

мектептің бұрылысына дейін

тегін тасымалдап жатқандығын хабарлаймыз.

20.Оспанова Бақытгүл –

«Нұртас» шағын ауданы, Гүлдала

көшесі, №1079

– Жаңадан салынған амбулатория

жұмыс істемей қалды. №3 поликлиникада

адам көптігінен кіру мүмкіндігі

жоқ. Қаратау ауданы халқының басым

көпшілігі сол поликлиникаға тіркелген.

Дәрігерлер аз, олардың білім дәрежелері

төмен. Тұрғындарды медициналық

көмекпен қамтамасыз етуді жақсартуға

көмектесуіңізді сұраймын.

Жауап: 2018 жылғы 1 қазандағы

жағдай бойынша №3 қалалық емханаға

қарасты «Нұртас» шағын ауданында

орналасқан дәрігерлік амбулаторияның

ғимараты «Түркістан облысының

қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Ғимаратты беру туралы»

2018 жылғы 5 шілдедегі №314 бұйрығымен

«Оңтүстік энергосервис» мемлекеттік

коммуналдық кәсіпорнының

теңгеріміне берілген.

Сонымен қатар, «Нұртас» шағын

ауданында жаңа емхананың құрылысы

жүргізілуде және 2019 жылы құрылысы

аяқталып, іске қосылады. Осы емхана

іске қосылғанда, аталған шағын

ауданның тұрғындары өз таңдауы бойынша

жаңа емханаға тіркеліп, медициналық

қызмет алуға құқылы.

21. Қонысбек Байдулла – жазушы,

ҚР құрметті журналисі, ОҚО

және Шымкент қаласының құрметті

азаматы

– Қала аудандарындағы аулалардың

біразы жөнделіп, абаттандыру

жұмыстары жүргізілген, бірақ,

соңғы 3-4 жылдан бері сол аулаларды

әкімдік жағынан бақылап жүрген

адам жоқ. Бүгінде сол жасалған аулалар

қирап жатыр, балалар футбол

ойнайтын алаңшаларының төсеніштері

қопарылып кеткен. Балалар ойнайтын,

халық демалатын орындардың

жағдайын ретке келтіру мәселеге

көңіл бөліңіздер.

Жауап: Шымкент қаласындағы

аулаларды абаттандыру, балалар және

спорт алаңшаларын күтіп ұстау Абай,

Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан

әкімдіктеріне жүктелген.

Жалпы, Шымкент қаласында аула

саны - 1237 (Абай ауданы - 258, Әл-

Фараби ауданы - 400, Енбекші ауданы

- 435, Қаратау ауданы - 144),

спорт аланшалар саны - 240 құрайды

(Абай ауданы - 71, Әл-Фараби ауданы

- 48, Енбекші ауданы - 91, Қаратау

ауданы - 30).

2014 жылдан бастап бүгінгі күнге

дейін 751 аулаға (Абай ауданы - 209,

Әл-Фараби ауданы - 217, Енбекші ауданы

- 311, Қаратау ауданы - 14) және

133 спорт аланшаларына (Абай ауданы

- 44, Әл-Фараби ауданы - 33, Енбекші

ауданы - 43, Қаратау ауданы - 13) жөндеу

жұмыстары жүргізілген.

Шымкент қалалық мәслихатының

2018 жылғы 27 шілдедегі шешіміне

сәйкес 49 аулаларды (Абай ауданы -

10, Әл-Фараби ауданы - 15, Енбекші

ауданы - 10, Қаратау ауданы - 14) абб

а т т а н д ы р у ғ а 856 ,6 м л н . т е ң г е ж ә н е

6 спорт алаңшаларын (Абай ауданы -

3, Енбекші ауданы - 3) жөндеу жұмыстарына

66,9 млн. теңге қаражаттар

қаралды.

22. Құдияров Салыбек –

«Қатынкөпір» шағын ауданы

– «Қатынкөпір» шағын ауданында

60 мыңдай адам тұрады. Бірде

бір спорт алаңы, не спорт залы жоқ.

Н.Назарбаев халықтың 30 пайызы дене

шынықтырумен айналысу керек дегені

бізде орындалып жатқан жоқ. Сондықтан,

спорт комплекс салып беруге

ықпал етсеңіз.

Жауап: «Қатынкөпір» шағын ауданы

Теміртау көшесі бойына спорт

алаңшасын салу мақсатында қалалық

жер қатынастары бөлімі тарапынан

далалық зерделеу актісі түзіліп,

белгіленген жер телімінің бос екені

анықталды. Спорт алаңшасын орнатуға

жергілікті бюджеттен қаржы

бөлініп, бүгінгі таңда сатып алу конкурсы

өткізілуде. Конкурс жеңімпазы

анықталған соң, спорт алаңшасының

құрылыс жұмыстары бекітілген жұмыс

кестесіне сәйкес атқарылады.

23.Ахметбеков Мұстафа –

«Отырар» шағын ауданы, №11 үй

басқарушысы

– Төменгі «Отырар» шағын ауданы,

№11 және №15/1 үйлердің ауласына

балалар алаңшасын орнатып берсеңіздер.

Олар дене шынықтырумен

айналысатын спорт алаңшасы жоқ,

сондай алаңша салып беру мәселесін

шешіп беруіңізді өтінемін.

Жауап: Қазіргі таңда төменгі

«Отырар» шағын ауданы, №11 үйдің

ауласын абаттандыру және балалар

ойын алаңшасын орнату үшін мемлекеттік

сатып алу конкурсы өткізілуде.

Жеңімпаз мердігер мекеме анықталған

соң, тиісті келісім-шарт түзіліп, жұмыстар

атқарылады.

Төменгі «Отырар» шағын ауданы

№15/1 үйдің ауласына спорт алаңшасын

орнату үшін жер телімін анықтау

жұмыстары жүргізіледі.

24. Абдукаримов Б.– облыстық

мәслихатының депутаты

– №8 облыстық сайлау округі бойынша

төмендегі аулалар жөнделуді

қажет етеді:

1. Төле би көшесі – №29, 31, 33,

37, 15, 17, 19, 21Б, 21В, 23А ;

2. Сарбаздар көшесі – №5, 7;

3. Ғ.Иляев көшесі – №115;

4. Тимирязев көшесі – №40;

5. Жолдасбеков көшесі – №59;

6. Л.Толстой көшесі – №121А;

7. Ақназар хан көшесі – №50; 50А,

52, 54, 54А 58, 60;

8. Алдияров көшесі – №2,4,34;

9. Адырбеков көшесі – №2/2,

10.Аварийная көшесі- №10/2, 10/3,

10/4

Жауап: 2018 жылдың жұмыс жоспарына

сәйкес аталған көпқабатты үй

аулаларына абаттандыру және балалар

ойын алаңшасын орнату жұмыстарын

жүргізуге 05.02.2018ж. №29/02-

334 және 28.05.2018ж. №211 хаттарымен

бюджеттік өтінім берілген. Нәтижесінде

бюджеттен 152 млн. қаржы

қаралып, Алдияров көшесі №№72, 74,

74а, Жанқожа батыр көшесі №№1/2,

1/3, 1/4, Ақназар хан көшесі №47, Қазанқап

ақын көшесі №№2/1, 2/2, 2/3,

2/4, Ғ.Иляев көшесі №115, А.Сасбұқаев

көшесі №40 көпқабатты үй аулаларына

абаттандыру және балалар

ойын алаңшасын орнату мақсатында

мемлекеттік сатып алу іс-шаралары

жүргізілуде.

Ал, Төле би көшесі №№29, 31, 33,

37, 15, 17, 19, 21Б, 21В, 23А, Сарбаздар

көшесі №№5, 7, Жолдасбеков көшесі

№59, Л.Толстой көшесі №121А,

Ақназар хан көшесі №№50, 50А, 52,

54, 54А, 58, 60, Алдияров көшесі –

№№2, 4, 34, Адырбеков көшесі – №2/2,

Аварийная көшесі- №№10/2, 10/3, 10/4

көпқабатты үй аулаларын абаттандыру

және балалар ойын алаңшасын орнату

жұмыстарына қаржының жетіспеуіне

байланысты Шымкент қаласының

қаржы басқармасына 10.09.2018ж.

№353 хатпен 2019 жылға бюджеттік

өтінім берілді.

25. Сатқанбаев Еркін –

Шымкент қалалық мәслихатының

депутаты

– Облыста да, Шымкент қаласында

да ішкі саясат жұмысын жандандыру

қажет.

Білім саласын айтсақ, ақпарат

беретін, білім мен тәрбие беретін,

ата-аналармен кездесетін, барлық

күш білім ошақтарында. Осы салаға

қатты қолдау көрсету керек.

Жауап: Шымкент қаласында ішкі

саясат саласын жетілдіру мақсатында

әзірленген кешенді іс-шаралар жоспарына

сәйкес, есепті кезең аралығында

«Туған жер бағдарламасының» кіші

бағдарламалары: «Тәрбие және білім»

(Оқушылар мен жастар арасында «Өлкетану»,

«Кітап-білім бұлағы», «Саналы

азамат» жобалары бойынша 62 іс-шаралар,

«Атамекен», «Жергілікті бастамалар

картасы», «Жомарт жүрек» базалық

жобалары бойынша қаладағы кәсіпкерлер,

меценаттар, демеушілермен 6 қайырымдылық

шаралар ұйымдастырылды.

«Рухани қазына» - «Ұлттық құндылықтар

- ел бірлігі», «Мәдениет», «Салтдәстүр

және құндылықтар» жобалары

бойынша 43 іс-шара өткізілді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан халқына арнаған «Төртінші

өнеркәсіптік революция жағдайындағы

дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын,

5 әлеуметтік бастамаларын насихаттау

бойынша 132 іс-шара ұйымдастырылып,

ақпараттық сүйемелдеу

жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес,

баспа бұқаралық ақпарат құралдарына

арнайы айдарлар ашылып, 208 мақала,

101 сюжеттер көрсетілді.

Шымкент қаласының республикалық

дәрежедегі қала мәртебесін алуына

байланысты ішкі саясат саласының

функциясы қайта әзірленді. Бұрынғы

бөлімнің құзыретіндегі ұлтаралық

мәселелер, жастар мен отбасы

саясаты мәселелері бойынша арнайы

басқарма құрылды. Ішкі саясат мәселелері

бойынша басқарманың негізгі

қызметін одан әрі дамыту мақсатында

«Ақпараттық талдау орталығы»

КММ, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»

КММ ашу бойынша жұмыстар

жүргізілуде.

Білім саласына мемлекет тарапынан

тұрақты қолдау көрсетілуде. 2018

жылы қаладағы 8 мектеп, 2 балабақша,

1 мектептен тыс мекемеге күрделі

жөндеу жұмыстары және 118 мекемеге

ағымдағы жөндеу жұмыстары

жүргізілді. Одан бөлек, құрылыс жұмыстары

2017 жылы басталған 4 мектептің

(Бозарық, №103, №112, №99) ғимараттары

пайдалануға тапсырылып,

1 балабақшаның (Уалиханов көшесі,

№224) ғимаратын пайдалануға беру

үшін құжаттары рәсімделуде.

26. Оспаналиева Рашкүл –

«Береке-А» ЖШС-ның директоры,

ОҚО мәслихатының депутаты

– Мені толғандыратын бір-ақ мәселе

– 2017 жылы бүкіл Қазақстан

бойынша ажырасу фактілері ең көп

біздің облыста болған екен. Бұрын Оңтүстік

Қазақстан облысы қаймағы бұзылмаған,

қазақшылығы, салт-дәстүрі

сақталған ел еді. Сондықтан, облыс,

қала әкімі, бәріміз қоғам болып жұмыла

жұмыс жасауымыз керек. Идеология

жұмысына, тәрбие жұмысына

көбірек назар аударсақ.

Жауап: Қалада отбасылық құндылықтарды

насихаттау мақсатында

бекітілген медиа-жоспарға сәйкес,

БАҚ арқылы оң имиджді материалдар

жариялау, бейнероликтер әзірленіп,

электронды БАҚ арқылы насихаттау

жұмыстары ұйымдастырылды. Қоғамдағы

отбасының беделін арттыру,

бойынша 2018 жылғы 25 мамыр күні

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының

бірінші кезеңі өткізілді. Байқауға

қатысуға жалпы 33 үміткер қатысып,

2 отбасыға облыстық кезеңге қатысуға

жолдама берілді. Сонымен қатар,

қаладағы орта арнаулы және жоғары

оқу орындарында сала мамандарының

қатысуымен 9 кездесулер, 3 семинар-тренинг,

1 акция ұйымдастырылып

өткізілді.

2018 жылғы 19 қыркүйек күні «Отбасы

күні» мерекесіне орай «Үлгілі отбасы»

байқауы ұйымдастырылды. Байқауға

8 отбасы қатыстырылып, жеңімпаз

отбасылар бағалы сыйлықтармен

марапатталды.

Қалада отбасы институтын дамыту,

идеологиялық жұмыстарды жандандыру,

балалар мен жастар тәрбиесімен тұрақты

жұмыс жүргізу мақсатында қала

әкімдігіне қарасты Отбасы, балалар

және жастар істері жөніндегі басқармасы

құрылды. Басқарманың бастамасымен

ағымдағы жылғы қараша айында

республикалық «Отбасындағы зорлық

– зомбылықсыз Қазақстан» жобасын

ұйымдастыру жоспарлануда.

27. Төле би көшесінің үй басқарушылары

атынан

– Төле би көшесі, «Қырғы» базарға

өтетін үлкен жолды қақ бөліп тұрған

бетонның орнына темір қоршау

қойсаңыздар екен.

Жауап: 2018 жылғы қараша айынан

бастап «Қырғы базардың» орталық

қақпасын күрделі заманауи жөндеу

жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жоба бойынша Төле би көшесіндегі

бетон орнына жаңа үлгідегі қоршау

орнатылатын болады.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!