01.03.2019 Views

Шымкент келбеті 17

Жұма 1 наурыз 2019 жыл

Жұма 1 наурыз 2019 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4

№17 (1659)

1 наурыз 2019 жыл

1 наурыз – Алғыс айту күні

www.shymkala.kz

Шымкентте

22 ақпанда,

яғни Алғыс

айту күні қарсаңында

басталған апталық

1 наурызға

дейін жалғасты. Апталық

аясында әр

күннің атауы белгіленіп,

түрлі іс-шаралар

ұйымдастырылды.

Бір шаңырақ

астында

Ұстаздарға

мың алғыс!

Қалалық Қазақстан халқы

Ассамблеясы славян этно-мәдени

бірлестігімен бірге ұстаздарға

құрмет көрсетті. Мерекелік

жиынға құрметті, ардагер

ұстаздар шақырылып,

сый-құрмет көрсетілді.

– Ұстаз – ұлт пен ұрпақ

үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерді

білім нәрімен сусындатып,

адамгершілік рухта

тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді

бойына дарытуда

Бақтыбай қажы Бейсенбаев,

Қазақстан мұсылмандары

діни басқармасының

Шымкент қаласы

бойынша өкіл имамы:

АДАМҒА АЛҒЫС

АЙТА АЛМАҒАН,

АЛЛАҒА ШҮКІРШІЛІК

ЕТЕ АЛМАЙДЫ

ұстаздардың еңбегі зор. Осыны

ескеріп, Алғыс айту күні мерекесі

қарсаңында ардагер ұстаздарға

алғыс білдіріп, ерекше ілтипат

көрсетуді жөн санадық,

– дейді қалалық славян этномәдени

бірлестігінің төрайымы

Наталья Романова.

Жиын соңы қалалық оқушылар

сарайының өнерпаздары

дайындаған концерттік бағдарламаға

ұласты. Осындай іс-шаралар

қалалық әзірбайжан этно-мәдени

бірлестігінің ұйымдастыру

ымен М.Сапарбаев

атындағы ОҚГИ-де жалғасып,

жастар ұстаздармен кездесті,

мәртебелі мамандық жөнінде

оқушылар арасында шығармалар

байқауы өтті.

«Тағдыр

тоғыстырғандар»

Ал «Тарихқа тағзым» күні

Қазақстан халқы Ассамблеясында

депортация жылдары

Қазақстанға қоныс аударған этностар

туралы «Тағдыр тоғыстырған»

атты кітап, фото, тарихи

құжаттар көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге оқушылар,

студенттер мен жалпы жастар

қатысып, Қазақстанға күштеп

қоныс аударылған этностардың

бастан кешкендерін, жергілікті

халық тарапынан қандай қолдауларға

ие болғаны жөнінде

деректермен танысты.

Көрмеге өңірлік қоғамдықсаяси

тарихы мемлекеттік архиві,

Шымкент қалалық саяси

қуғын-сүргін құрбандары

музейі, қалалық «Отырар» ғылыми-әмбебап

кітапханасы,

білім мекемелері және этно-мәдени

бірлестіктер 200-ге тарта

тарихи-мәдени құжаттарды

ұсынған.

Арзу Гурбанова – қазақ жеріне

күштеп қоныс аударған әзірбайжан

этносының үшінші ұрпағы.

Ол қиын-қыстау кезеңде

қазақтың дархан даласына

тап болмағанда ата-бабаларының

тағдыры немен аяқталатынын

болжап айтудың өзі қиын

екенін айтады.

– Тұтастай алғанда ХХ ғасырдың

басынан бастап Қазақстанға

5,6 миллион адам

күштеп қоныс аударылды.

Қазақ отбасыларының өздері

ауыр экономикалық жағдайларды

бастан кешіп, бұрын-соңды

болмаған қудалауға ұшырап

жатса да қоныстанушыларға

қолдау көрсетті. Қазақ жерінен

пана тапқандардың арасында

біздің аға ұрпақ өкілдері де бар.

Жергілікті халық бас сауғалап

келгендердің тілін түсінбесе де

өз бауырындай қарап, барымен

бөлісті. Мейірім жылуын берді.

Қазір де түрлі этнос өкілдеріне

ұдайы қамқор көзбен қарап,

бәйтеректей сая болып

келеді. Қазақ халқының жақсылығын

этностардың бүгінгі

ұрпақтары ұмытпауы тиіс, –

дейді Арзу Арипқызы.

Басқосуда түрік, иран, кәріс,

шешен секілді бірқатар этнос

өкілдері қиын-қыстау кезеңде

пана болған қазақ еліне ақеділ

алғысын айтып, патриоттық

тақырыпта өлеңдер оқыды.

Этнос өкілдері

қазақ

отбасыларында

қонақта

Алғыс айту күні мерекесі

қарсаңында басталған апталық

«Ықылас күні» атауымен

жалғасты. Бұл күні саяси

қуғын-сүргін қасіретін бастан

өткізген этнос өкілдерінің

бүгінгі буыны қиын-қыстау

жылдары пана болып, қолдау

көрсеткен қазақтардың

бүгінгі ұрпақтары тұратын

шаңырақтарға барып, алғысын

білдірді.

Мысалы, түрік этносының

өкілі Тұрымбек Османов атабабалары

пана тапқан Ақылбек

Ахметбай ақсақалдың отбасына

барды. Зұлмат жылдары

бауырына басып, айрықша

қамқорлық танытқаны үшін

ризашылығын жеткізді.

Жанына қалалық кәріс,

грек, иран этно-мәдени бірлестіктері

мен «Ынтымақ» этносаралық

бірлестігінің жетекшілерін

ерте барған ол

үй иесіне достықтың белгісі

ретінде арнайы сыйлық тарту

етті.

– Солақай саясаттың салдарынан

біздің ата-бабаларымыз

1944 жылы Грузияның Ахысқа

аймағынан қазақ жеріне қоныс

аударды. 8 баласымен Шымкенттің

маңындағы Қызылсай

ауылына тап болған біздің бабаларымыз,

яғни, Османовтар

әулетін сол кезде Ахметбай ақсақал

қабылдап, қоржын тамының

бір бөлмесін ұсынды. Өздерінің

басындағы қиын жағдайға

қарамастан бір үзім нанымен

бөлісіп, аштықтан, аурудан

титықтаған халықты

аман алып қалды. Осындай

мейірімділігі үшін қазақ халқына

шексіз ризашығымды

білдеремін, – дейді түрік ақсақалы

Т.Османов.

Қайтпас шағынауданында

тұратын қос әулеттің ұрпақтары

бүгінде өсіп-өнген. Бір туған

бауырлардай өзара тығыз

байланыста өмір сүреді.

Алғыс айту мекерекесін асыға

күтетіндердің бірі – шешен

этносының өкілі Разван Амачев.

1944 жылы шешен-ингуш

халықтары қазақ жеріне депортацияланғанда

Равзан ақсақал

14 жаста болған. Шешен

этносының қазақтардан көрген

жақсылығын немерелеріне

үнемі айтып отырады. Мереке

қарсаңында өздеріне қамқор

болған Тоғыс ауылындағы

Рыскелдиевтердің отбасына

арнайы барып, шынайы алғысын

жеткізді.

Осы күні қаладағы 16 этномәдени

бірлестіктердің төрағалары

да Шымкенттегі Қуатбек

Қабылбеков, Қуат Сүйеубаев,

Өлмесхан Жаныбековтың отбасыларына

барып, қазақ халқының

жасаған жақсылығын

еске алды.

Құран Кәрімде: «Сонда Мұса өз еліне: «Алланың

сендерді Перғауынның әулетінен құтқарып,

өздеріңе жасаған игілігін еске алыңдар. Олар,

сендерді – ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі

қалдырып, ең жаман азапқа салатын еді. Міне,

осында сендерге, өздеріңнің Раббыңнан үлкен

сынақ бар», – деген еді. Әрі сонда сендердің Раббың:

«Егер шүкір етсеңдер, сендерге оны міндетті

түрде арттыра беремін. Ал, егер күпірлік етсеңдер,

шын мәнінде азабым өте қатты», – деп жариялады»,

–(Ибраһим сүресі, 6-7 аяттар) деген

аят Мұса (ғ.с.) пайғамбар халқының басынан өткерген

адам төзгісіз қиыншылықтарынан Жаратқан

Алла құтқарғанын ескерте отырып, тұтастай

бір елдің бейбіт өмір сүруі өлшеусіз бақыт екенін

жеткізуде. Ал, осы мамыражай шуақты күндердің

баянды болуы шүкіршілікпен жалғасын табатыны

да айтылуда.

Алғыс айту күні қазақ тарихының сындарлы

шақтарымен тығыз байланысты. Қазақ халқы

қиын-қыстау заманды басынан өткізді. Бұрын-соңды

болмаған зұлматты заман болды. Бұған қоса,

тұтас ұлттың басына қара бұлт үйірілген шақта

тілі басқа, діні бөлек қаншама ұлттарға пана бола

білді. Тағдыр тәлкегіне түсіп, жан сауғалап, қазақ

жерінен пана тапқан өзге ұлттар қазақ халқына

шексіз алғысын білдіреді. Өйткені, олар дархан

даламыздан жылу тапты. Бүгінде олардың ұрпақтары

Қазақстанды өз отаны деп біледі. Осынау

кең байтақ даланы мұра етуіміздің бірден бір

себебі Алла Тағала ата-бабамыздың дархан пейіліне

берген болса керек.

Бұл мереке тарихымыздағы ең ауыр да, шешуші

кезеңін ұмытпауға шақырады. Сонымен қатар, бұл

мереке қазақ халқының дархандығы мен даналығын

көрсететін айтулы күн. Біздің халық бас сауғалап

келген ұлт өкілдерін Хәкім Абай: «Адамзаттың

бәрін сүй бауырым деп...» дегендей бөліп-жармай

қолындағы барымен бөлісті. Бұл әкенің қанымен,

ананың ақ сүтімен һәм асыл діннің нәрімен

біткен тектілік пен адамгершілік, дархандық

мен кемеңгерліктің ең биік үлгісі. Мұндай ерлікпен

мақтануға міндеттіміз.

Сондықтан Алғыс айту күні жай кезекті ұрандармен

емес нақты тәрбиелік және тағылымдық

іс-шаралармен өткізу керек. Қазақ тарихының

алтын әріппен жазылған парақтарын жастарға

жеткізу күні ретінде өткізу қажет. Жас ұрпаққа

өнеге болатын ғибраты мол мереке. Ұлттық кодымызды

қалпына келтіруде қажетті құрамдас бөлшегі.

Аталмыш мерекенің де басты міндетінің бірі

осы деп ойлаймын.

Жер бетінің дамылсыз соғыс соқыларынан алған

жарақатынан емделу үшін әрі адамзат бүгінге

мейірімділікке аса мұқтаж уақытта мұндай айтулы

күн ауадай қажет. Сондықтан, Алғыс айту күні

еліміздің азаматтары қазақ халқына алғыс айтуымен

қатар баршамыздың өз ата-анамызға, бауырларымызға

да қала берсе барша отандастарымызға

алғыс білдіретін күн екенін ұмытпайық!

Сенбілікке келіңіз!

Қазақстанның үшінші мегаполисі – Шымкент

қаласының ер-азаматтары, Сіздерді көктем мерекесі

8 Наурыз – аналар мерекесіне орай барша

нәзік жанды аруларға сый жасауға шақырамыз!

Тіршіліктің бастауымен тұспа-тұс келетін тазалық

айында қаламызды қоқыстан тазартып,

әйелдер қауымына таза, жанға жайлы мерекелік

орта қалыптастырайық!

Ендеше, 2 наурыз күні біз сіздерді ер-азаматтар

ғана қатысатын жалпықалалық сенбілікте

күтеміз!

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!