07.09.2017 Views

7 қыркүйек, бейсенбі 2017 жыл №97 (15124)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4 7 қыркүйек, бейсенбі, 2017 жыл ҚОҒАМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Қасиетті орындар

насихатталады

«Каустиктің»

үлесі сатылады

Басы 1-бетте

ИНДУСТРИЯ

Павлодар облысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани

жаңғыру» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс жүргізіліп,

тың жобалар қолға алынуда. Оған өңірде атқарылған оң істер

дәлел бола алады.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Аймағымызда «Мектебіме тағзым»

жобасы аясында алтын ұясына қолдау

көрсеткен түлектердің көмегімен

71 миллион 400 мың теңге қаржы

жиналған. Аталмыш жоба биыл

25 мамырда қолға алынған болатын.

Облыс бойынша 500-ден астам түлек

белсенді қатысып, өңірдегі 300 мектептің

материалдық-техникалық жағдайын

жақсартуға өз үлестерін қосқан. Бұл

Қазақстан бойынша Павлодар өңірінде

жүзеге асырылып келе жатқан бірегей

жалғыз жоба екенін атап өтпеске болмас.

Мұндағы мақсат - үлгілі түлектерді

өздері түлеп ұшқан білім ордаларына

қайырымдылық шараларын жасауға тарту,

Баянауылдағы Үкібай бидің зираты

білім беру саласындағы әлеуметтікэкономикалық

жобалар арқылы

қазақстандық патриотизмді дамыту.

Жоба шеңберінде бірқатар білім ордасында

спорт және мәжіліс залдары,

оқу кабинеттері жөнделген. Аулада

көріктендіру жұмыстары жүргізіліп,

ағаштар отырғызылды. Компьютер, робот

техникасы және шахмет кабинеттері

ашылған. Мұндай игі істер оқушының

сабаққа деген қызығушылығын одан

әрі арттырмақ.

Атап өтерлігі, Павлодар облысында

жыл соңына дейін 10 жетім балаға

баспана беру жоспарлануда. «Нұр

Отан» партиясы Павлодар облыстық

филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Илья Теренченконың сөзінше,

өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясында жалпы құны 3,5 миллиард

теңгені құрайтын 44 жоба жүзеге

асырылуда. Солардың қатарындағы

«Мерей» жобасы облыстық мәслихаттың

депутаты, «Победа» ЖШС-нің директоры

Александр Поляковтың тәжірибесі

негізінде әзірленген. Ол 2016 жылы

«Жас ұрпақ» түлектеріне төрт бөлмелі

пәтер сатып алған болатын. Кәсіпкердің

бұл ісі көпшілік арасында үлкен қолдау

тапты. Ендігі жерде осы тәжірибені

жалғастыру туралы шешім қабылданған.

Мемлекет басшысы ұсынған

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясында атқарылған жұмыс мұнымен

шектелмейді. Қыркүйек айында

«Қасиетті жерлерге саяхат» акциясы

бастау алды. С.Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университеті

тарих және мәдениет институтының

директоры, тарих ғылымдарының кандидаты

Қайрат Батталов алдағы уақытта

өңір тұрғындары Павлодар облысының

сакралды картасында белгіленген орындармен

танысатынын айтады.

- Мектеп, колледж, жоғары оқу

орындары, кәсіпорын, депутаттар, ардагерлер,

үкіметтік емес ұйымдар, облыс

тұрғындары мен қонақтарын акцияға

белсенді қатысуға шақырамыз. Жобалық

кеңседе өңірлік сакралды картасы

бойынша 24 сарапшы жұмыс істеуде.

Оның құрамында ғылым докторлары мен

кандидаттар бар. Тізімге Ертіс өңіріндегі

маңызды 50 нысан енгізілген. Оның

80 пайызы Баянауылда орналасқан. 11-і

көне дәуірлер мен орта ғасырлардағы,

13-і қазіргі заманғы, 21-і тарихи және

қоғамдық-саяси маңызы бас нысандар

болса, 5-еуі - табиғи-ландшафтық нысан.

Қасиетті орындардың тізімі тұрақты

түрде жаңартылып, жаңа нысандармен

толықтырылып отыратын болады, -

дейді Қ.Батталов.

Атап өтерлігі, облыс тұрғындары

project_office_pvl@mail.ru электрондық

поштасына өз ұсыныстарын жібере

алады.

Ашық түрде өткізілетін екі кезеңдік конкурсқа

өтінімдер қабылдау мерзімі 2017 жылғы

25 қыркүйек күні аяқталады. Компания таратқан

хабарда түсіндірілгендей, еншілес және тәуелді

кәсіпорындарды сату Бизнесті трансформациялау

бағдарламасы аясында бейінді емес активтерден

арылу және компания қызметін тікелей атом саласына

бағыттау мақсатында жүзеге асырылуда.

Айта кетелік, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран

және оның қосындылары, сирек металдар, атом

энергетикалық стансалары үшін қажетті ядролық

отынды экспорттайтын ұлттық оператор болып

табылады.

Енді «Каустик» АҚ-ына келейік. Химиялық өндіріс

Павлодар қаласында орналасқан. Бұл - елімізде қолға

алынған индустриялық-инновациялық бағдарлама

аясында жаңғыртылған ірі және бірегей өндіріс.

Кәсіпорын жылына 30 мың тонна каустик содасы,

26 мың тонна сұйық хлор, 45 мың тонна тұз қышқылын,

сондай-ақ натрийдің техникалық гипохлоритын

(6,6 мың тонна) шығарады. Зауыт өнімдері экономиканың

көптеген салаларында мұнай, химия, медицина,

тамақ өнеркәсібі, түсті және қара металлургия және

т.б. қолданылады. Бөліп айтары, көптен айтылып

жүрген «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының

кәсіпорындары дәл осы мембрандық технологияға

құрылған хлор-сілті өндірісі негізінде бой көтеруде.

Мәселен, «Бо-На» кәсіпорны хлор-белизна өнімдері

негізінде жуғыш-залалсыздандыру заттарын шығарады.

Осы бағытта тағы бірнеше инвестициялық жобалар

қолға алынған. Яғни, «Каустик» АҚ-ындағы акциялар

үлесінің саудаға шығарылуы - Павлодар облысы

экономикасының болашағы үшін елеулі жайт.

Белгілі болғандай, бұдан басқа «Қазатомөнеркәсіп»

салаға жатпайтын үш компанияны сатпақшы. Олардың

қатарында фотоэлектрлі модульдер шығаратын қазіргі

заманғы зауыт - «Astana Solar» ЖШС, мультикристалды

кремний пластиналары мен фотоэлектрлі

ұяшықтар өндіретін «Kazakhstan Solar Silicon»

ЖШС, металлургиялық кремний өндірісіне және

желілік кварц кен орнына ие «KazSilicon» МК» ЖШС.

Айтқандай, еншілес және тәуелді кәсіпорындарды

сату Бизнесті трансформациялау бағдарламасы

аясында бейінді емес активтерден арылу және

компания қызметін тікелей атом саласына бағыттау

мақсатында жүзеге асырылуда. Сарапшылар бұдан

былай «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық операторына тиесілі

мүліктердің жекешелендірілуі қарқынды жүргізіледі

деп болжауда. Бұған таяуда елімізде жаңадан вицепремьер

болып аталған ұлттық компанияның бұрынғы

басшысы Асқар Жұмағалиевтің тағайындалуы өзек

болып отыр.

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТУ

Нағыз мұқтаждар нысанаға алынады

Облыста мүмкіндігі шектеулі 1215 азамат түрлі протез алу үшін тізімде тұр.

Құзырлы органнан қарастырылған қаржыға биыл 410 тұрғынның осындай

қажеттілігі өтелді. Алайда мамандар бұл көмектің аздық ететінін алға тартты.

Сондықтан облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаевтың төрағалығымен

өткен арнайы кеңесте алдағы уақытта бұл бағытты қаржыландыруды ұлғайтса

деген өтініш айтылды.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Жалпы аймағымызда мүмкіндігі

шектеулі жандарды протездікортопедиялық

бұйымдармен

қамтамасыз ету қызметін «Ортопрот»

фирмасы атқарады. Кәсіпорын

директоры Айгүл Хамиеваның

айтуынша, жыл сайын протездікортопедиялық

тауарлар мен

медициналық қызметтің сапасына

көңіл бөлінуде. Фирманы

жаңғырту бағытында да жұмыс

жасалған. 2016 жылғы жоспармен

салыстырғанда ағымдағы жылы өнім

саны 10 пайызға артқан. Алайда

ол тұтынушылардың қажеттілігін

толық жаба алмайды. Бірақ өнім

көлемін арттыру бұл фирманың

құзырында емес. Сондықтан

мемлекет тарапынан тапсырысты

ұлғайту қажет. Сонымен қатар

барынша қымбат әрі қызмет

ету мерзімі ұзағырақ бұйымдар

шығаруға ден қою керек. Мұндай

ұсынысты министрліктегілердің

өзі жасаған екен. Яғни мүмкіндігі

шектеулі жандарға ыңғайлы тауар

өндірілуі тиіс.

- Біздің көмегімізге жүгінетін

жандар көбінде соңғы үлгідегі

бұйымдар алуға ниет білдіреді.

Мәселен, ортопедиялық аппараттардың

ең жақсыларын тұтынғылары

келеді. Бірақ біз ондай заманауиларын

ұсына алмаймыз. Өйткені

тапсырыс беруші, яғни жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының

қымбат өнімдерді сатып алуға

қаржысы жетпейді. Ал мұқтаж

жандар жеңіл әрі ыңғайлы материалдардан

жасалған протездерді

қолданғанды қалайды. Осы мәселені

шешу жолдары қарастырылса, -

деді А.Хамиева.

Құзырлы басқарманың

мәліметіне сенсек, аталған

бағытқа жыл сайын 81 млн. теңге

бөлінеді. Ал қажеттілікті толық

қанағаттандыру үшін бұл соманы

кем дегенде үш есеге ұлғайту

қажет. Облыс әкімінің орынбасары

Мейрам Бегентаев жауапты мекеме

мамандарына қажеттілікті толық

зерделеп, заң жүзінде мәселені

шешу амалдарын іздестіруді

тапсырды. Кеңесте мүмкіндігі

шектеулі жандардың кәсібін

ашып, кеңейтуге қолғабыс жасау

мүмкіндіктері да айтылды. Бұл ретте

кеңес төрағасы жауапты органға

ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын

жетілдіруді жүктеді. Облыстық

денсаулық сақтау басқармасы

басшысының орынбасары Салтанат

Төлегенова мүгедектікке жетелейтін

жайттардың алдын алу бағытындағы

жұмыстарды баяндады. Айтуынша,

мұндай іс-шаралар ауруларды

ерте анықтау және емдеуге

бағытталған. Әсіресе, скринингтік

тексерулердің тиімділігі байқалуда.

Жыл сайын 270 мыңнан астам

азамат тексерілсе, соның 10 пайызында

ауру анықталған.

Жиын барысында әлеуметтік

қызмет көрсету жүйесін одан

әрі жаңғырту тұжырымдамасы

да талқыланды. ҚР Еңбек және

әлеуметтік қорғау министрлігі

әзірлеген бұл құжатта көзделген

іс-шаралар 2021 жылға дейін

жүзеге аспақ. Сонда әлеуметтік

қызмет көрсетудің қолжетімділігін

кеңейту көзделуде. Облыстық

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы

басшысының орынбасары Гүлнәр

...Әсіресе,

скринингтік

тексерулердің

тиімділігі

байқалуда.

Жыл

сайын 270 мыңнан

астам азамат

тексерілсе, соның

10 пайызында

ауру анықталған...

Камалованың айтуынша, тұжырымдама

әлеуметтік қызмет жүйесінің

азаматтарды қамту көкжиегін

кеңейтуді әрі жәрдемнің тиісті

жеріне жетуін күшейтуді көздейді.

Сондықтан алдағы уақытта өтініш

білдіру қағидасынан гөрі анықтау

қадамына көбірек көңіл бөлінеді.

Себебі бұған дейін көбінде өз

өмірін қиындыққа толы деп санап,

өтініш білдіргендерге жәрдем

көрсетіліп келді. Ал тиісті мекемеге

жүгінбеген, бірақ көмекке

зәру жандар әлеуметтік қызметтен

жиі тыс қалып қояды. Мұндай

жағдай кей азаматтарды әлеуметтік

қызметтің жекелеген тұтынушылары

ретінде қалыптастырып, қоғамда

әлеуметтік мәселелердің орын

алуына жетелейді. Осыны

ескерген мамандар облыста

мұқтаж жандардың картасын

әзірлеуде. Әлеуметтік қызметкерлер

жалақысының да аздығы,

ынталандыру жүйесінің осалдығы

да шешімін күткен мәселелердің

бірі болып отыр. Сәйкесінше,

салада еңбек етуге ниеттілер аз.

Басқарманың жоба-жоспарларына

қарасақ, алдағы уақытта жүзеге

асатын тың істер көп. Мысалы,

әлеуметтік қызмет көрсетудің

көпбағдарлы шағын үйлерін ашу

көзделуде. Ол үшін ауылдардағы

қараусыз қалған ғимараттар

кәдеге жаратылмақ. Сондай-ақ

әлеуметтік бағдарламаларды тікелей

қаржыландыруды мемлекеттік

сатып алуға алмастыру да жоспарда

бар. Бұдан бөлек бастамалар да

баршылық.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!