14.09.2017 Views

14 қыркүйек, бейсенбі 2017 жыл №100 (15127)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ТҮЙТКІЛ 14 қыркүйек, бейсенбі, 2017 жыл 7

«Балаларға

алаңдаймыз!»

Басы 1-бетте

Мереке АМАНТАЙ

Батыржан Жанайхан Дачный шағын

ауданында тұрады. Ұлы Манас Усолка

шағын ауданында орналасқан №25

мектепте оқиды. Манас мектепке кемінде

жарты сағат жүреді. Әкесінің айтуынша,

қоғамдық көліктегі қарбалас оқушының

қауіпсіздігіне кері әсер етеді. Иін тірескен

жолаушылар арасындағы бітпейтін дау,

екі ортада қысылып қалу қаупі тағы бар,

дейді әке.

- Қаламызда қоғамдық көліктер қызмет

көрсеткенімен, кейбірінің сапасы сын

көтермейді. Күнделікті бекітілген жоспарды

орындау үшін жүргізушілер алды-артына

қарамастан барынша жоғары жылдамдықпен

жүремін деп, көліктің ішінде отырған қаншама

адамның өміріне жауапты екендіктерін естен

шығарып алады. Сондықтан автобусқа

отырған жұрт межелі жеріне жетемін

дегенше жандарын шүберекке түйіп

отыруға мәжбүр. Аты айтып тұрғандай,

қоғамдық көлік көпшілік орын болып саналады.

Ендеше мұнда әдеп пен тәртіптің

сақталуы шарт. Автобустағы тізбектеле

беретін «мәдениетті» көріністерді тұрғындар

күнделікті көріп жүр. Көліктердің техникалық

ақауларын былай қойғанда, жолаушылармен

қарым-қатынаста да біршама

«ақау» бар. Бұл - бір. Екіншіден, адамды

аузы-мұрны шыққанша толтырып алатын

қоғамдық көліктер аз емес. Текетірескен

жұрт бір-бірімен жанжалдасып жатады.

Осындай жайсыздықтардан кейін балаларымызды

мектепке жіберерде алаңдап

отырамыз. Белгілі бір аралықта таңертең,

түсте, кешкі мезгілде арнайы жүретін

мектеп автобусын шығарса дұрыс болар

еді, - дейді Б.Жанайхан.

Жоғарыда сөз етілген оқиға сыйымдылығы

үлкен автобусқа қатысты. Ал қала көшелерінде

шағын класты автобустар, яғни «маршуткалар»

жиі қатынайды. Олардың тасымалына

қатысты сын тіпті көп. Аталмыш мәселеге

байланысты ата-ана Гүлнар Досымованың

да өкпесі қара қазандай. Ол да баласын

таңмен таласа мектепке апарады. Өзін

жалғыз жіберуге тіпті жүрексінеді. Өйткені

№3 бағытта жүретін шағын автобуста

да мұндай келеңсіздіктердің үнемі орын

алатынын айтады. Қыстырылып, қымтырылып

мектепке әрең жетеміз, деп кейиді ана.

- Таңнан ерте тұрып №3 шағын автобусқа

отыруға асығамыз. Көп уақытымызды күтумен

өткіземіз. Ал көлік ішіндегі жағымсыз жағдай

күнде қайталанады. Көліктегі жолаушылардың

көптігі соншалық, аяқ басар жер табылмай

қалады. Олардың арасында өзімнің қызым

сынды мектеп жасындағы балалар да бар.

Ересек жүргіншілер көп адамның арасынан

әйтеуір бастары көрінгендеріне, тыныс алуға

мүмкіндігі барына шүкір айтады. Соның

өзінде сөзге келіп жататындар жетерлік.

Ине шаншар жер жоқ екенін білсе де, көлік

жүргізушілер аялдамалардан адамдарды

артығымен алудан аянбайды. Көліктің әр

аялдамадан адамдарды «тиеуі» біраз уақыт

алады. Бұл - жұмысқа немесе сабаққа

асығып бара жатқан жолаушылардың

ашуын туғызатыны рас. Балаларымыз

мектепке түймелері үзіліп, киімі мыж-мыж

болып, шалбардың балағына аяқтардың

ізі басылып, мең-зең күйде әзер жетеді.

Олар үшін алаңдаймыз. Адамдардың

арасында қысылып қалады. Арқаларына

таққан зілдей сөмкелері тағы бар. Ашуға

мінген жолаушылар арасында балаларға

зекитіндер де кездеседі. Оқушылар үшін

мектеп автобустары неге қарастырылмайды?

Тым болмаса таңғы сағат 7.00-8.00 шамасында

жүретін қоғамдық көліктер қатарын

көбейтсе болмай ма? - дейді ашынған ана.

Баласының қауіпсіздігі үшін шырылдаған

ата-аналардың уайымы бізді де бейжай

қалдырмады. Ата-аналардың талап-тілегін

жеткізу үшін Павлодар қалалық білім

беру бөлімінің жалпы орта білім беру

секторының меңгерушісі Людмила

Казанцеваға хабарластық. Айтуынша,

қалада тұратын оқушылар үшін мектеп

...Оқушылар

үшін мектеп автобустары неге

қарастырылмайды? Тым болмаса таңғы сағат

7.00-8.00 шамасында жүретін қоғамдық көліктер

қатарын көбейтсе болмай ма? - дейді ашынған

ана...

автобусы қарастырылмайды. Автобус дәл

қазіргі уақытта ауыл мектептерінде ғана

бар. Оның өзінде мектептен 3 шақырым

алыс қашықтықта орналасса ғана беріледі.

Ал қалалықтар балаларын үйіне жақын

мектепке берсін, дейді.

Батыржан Жанайхан баласын үйінен

алыс та болса №25 мектепте оқытқысы

келетінін айтады. Өйткені ұлының тек таза

қазақ мектебінде білім алғанын қалайды.

- Мен ғана емес, көршілерімнің, тіпті

кейбір қаланың арғы шетінде тұратын

таныстарымның көбі балаларын №25

мектепте оқытады. Біздің үйдің жанындағы

№21 мектеп – аралас мектеп. Ал мен

балаларымның тек таза қазақ тілінде білім

беретін мекемеде оқығанын қалаймын, -

дейді әке.

Айта кетелік, биыл №25 мектепте «Алғашқы

қоңырау» бір күнде 2 рет соғылған. Қалай

дейсіз ғой, бұл - мектеп оқушыларының

көптігінен. Мұның өзі - қаладағы қазақ

мектептерінің жетіспейтіндігінің бір көрінісі.

Бәлкім, Б.Жанайхан сынды ата-аналар

үйлерінің жанында білім нәрімен сусындатар

қазақ мектебі болғанда, алаңсыз

отырар ма еді...

Бүгінде қала бойынша күндізгі жалпы

білім беретін 42 мектеп бар. Оның 7-уі

таза қазақ мектебі болса, 12-і - орыс

тілінде білім беретін мектеп. Аралас

мектеп саны – 21. Ал, ағымдағы жылы

2 аралас мектеп таза қазақ мектебіне

көшпек. Дәл қазір қала бойынша

оқушыларын мектепке дейін тасымалдайтын

2 білім ордасы бар. Олар - №43

және 30 орта білім беру мектептері. Бірі

мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен

шықса, екіншісі жеке тасымалдау арқылы

жүргізіледі. Осы тұста «екі мыңға жуық

балаға білім беріп отырған №25 мектеп

неге жеке өзінің автобусын шығармасқа?»,

деген ата-аналар тілегімен №25 мектеп

директорының міндетін атқарушы Гүлзат

Ахметжановаға хабарласқан едік. Ол бұған

оқу орны мемлекеттік мекеме болғандықтан,

білім бөліміне хабарласып, басшылықтан

сұрау керектігін айтып, қысқа қайырды. Ал

құзырлы органның уәжі жоғарыда берілді.

Бағамдасақ, ата-аналардың көбі

балаларының тек қазақ тілді мектептерде

білім алғанын қалайды. Оған

қоса білім ордаларында берілетін білім

сапасының жоғары болуын да ескереді.

Ал таңдаудың қандай мектептерге көбірек

түскенін алыстан қатынайтын оқушылардың

көптігінен аңғаруға болады. Мәселен,

№19 білім беру ордасын алайық. Мектеп

директорының міндетін атқарушы Сәуле

Мұхамеджанованың сөзінше, мұнда

оқушылар 2-Павлодардан, Усолка шағын

ауданынан, Ворушин көшелерінен келіп

оқиды. Осы тектес жағдай академик Шөкин

көшесінде орналасқан Бауыржан Момышұлы

атындағы №22 мектепте де бар. Мектеп

директоры Майра Мамбетованың айтуынша,

жақын маңдағы №9, №13 мектептер

орыс тілінде ғана білім беретіндіктен,

алыс та болса ата-аналар балаларын

осы мектепке әкеледі. Сонымен қатар,

Абай атындағы №10 дарынды балаларға

арналған мектеп-лицейдің биыл 1 ғана

бірінші сынып қабылдағанын ескеру керек.

Үлесі аз. Бұл да болса таза қазақ тілінде

білім беретін мекемелердің аздығынан

қазақ балалары қаланың бір шетінен

екіншісіне қатынауға мәжбүр екендігіне

тағы бір дәлел.

Бүгінде қала бойынша жолаушыларға

қызмет көрсететін 417 қоғамдық көлік

бар. Оның 168-і автобус болса, 249-ы -

шағын автобус. Бұл аз көрсеткіш емес.

Сондықтан лажы болса, қала әкімшілігі

кешенді жүйені қолға алса, дейді ата-аналар.

Балалар мектепке қатынайтын уақытта

таңертеңгі сағат 7-8, түскі 13-14, кешкі

18-19 сағаттар арасында қала бойыншамектеп

автобустары берілсе, дейді олар.

Шет мемлекеттерде бұл үрдіс әлдеқайда

дамыған. Мәселен, Жапонияның әр мектебінде

оқушыларды тасымалдайтын жеке автобус

бар. Иә, Жапония – өзіндік өмір сүру заңы

өзгеге ұқсамайтын, ерекше қадамдардан

қорықпайтын елдердің бірегейі. Олардың

мектеп автобусы әлемнің ешбір еліне

ұқсамайды. Сыртқы бейнесінің өзі ерекше.

Онда әртүрлі мультфильм кейіпкерлері

бейнеленген. Жапондық психологтар мұндай

автобуспен жүрген балалар мектепке зор

ынтамен барады дегенді айтады. Екінші

жағынан бұл автобустың ішінде балалар

отырғаны айқын білінеді. Бұл өз кезегінде

жүргізушілер назарын аудартатыны да

сөзсіз.

Суреттер ғаламтордан алынды.

P.S. Құзырлы мекемелердің құзіретіне сүйенсек, ата-аналардың

талап-тілегі орындалмайтынға ұқсайды. Бірақ балалардың

қауіпсіздігі тұрғысынан алып қарасақ, уақыт оздырмай қолға алуды

қажет ететін қадам. Айта кетейік, еліміздің кейбір қалаларында

School Bus жобасын енгізу жоспарланған болатын. Қоғамдық

көлік саласындағы бұл жоба оқушыларды барлық талаптар мен

стандарттарға сай арнайы автобустармен тасымалдаудың

қауіпсіз және қолайлы жүйесін құруға бағытталған. Бүгінде

мұндай қауіпсіз әрі қолайлы, әлемдік деңгейдегі мектеп автобусы

біздің қалалық ата-аналардың да арманына айналды.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!