21.09.2017 Views

21 қыркүйек, 2017 жыл №103 (15130)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

6 21 қыркүйек, бейсенбі, 2017 жыл АЛАҢ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Қоғамда жастарды ауылға тарту, жұмыспен қамту

мәселесі өзекті болып отыр. Қазір қаланың баласы

былай тұрсын, ауылда мектеп бітірген түлек туған жеріне

оралғысы келмейді. Егер тұрақты еңбекақы, баспанамен

қамтамасыз етсе, жұмыссыз жүрген жастар қатары азаяр

еді дейді мамандар. Осы орайда, жақында ҚР Парламенті

Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко

«Ауыл-ауылдан күнкөрістің қамымен қалаға ағылған

жұрт көшін тоқтату керек» деген бастама көтерді.

Оның сөзінше, ауылдан қалаға қашып келіп, белгілі

бір деңгейде жағдай жасамағанына наразы жастар

еліміздің тыныштығына қауіп төндіреді екен. Жалпы,

ауыл жастарының күнкөріс қамымен қалаға көшіп келуін

шектеген дұрыс па? «Алаңның» кезекті шығарылымын

осы тақырыпқа арнадық.

Ауыл жастарының

қалаға көшуін шектеген

дұрыс па?

Ұстаз

МЕРЕЙ

«Халық пен халықты, адам мен адамды

теңестіретін нәрсе - білім» деп ұлы жазушы

М.Әуезов айтқандай, Тәуелсіздік туын тіккен

елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы –

мектеп. Осындай білім ордаларының бірінде

тынбай еңбек етіп келе жатқан, кәсіби шеберлігі

шыңдалған аяулы әріптесімізді тілге тиек

еткіміз келеді.

- Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен

Владимир Божконың пікірімен келіспеймін.

Ауыл жастарының қалаға келу деңгейін азайту

бұрын КСРО уақытындағы жағдайды еске

салады. Ол кезде ауыл тұрғындарының қалаға

көшуін тіркеу құжаты арқылы шектеп, өзге

республикадан қоныс аударғандарға жағдай

жасалған еді. Сол замандағы жағдайды

қайталаудың не қажеті бар? «Абу-Даби

Плазадағы» төбелестен кейін Қазақстан

жастарын ауылдан шығармау деген пікір

дұрыс емес. Сонда барлық жағдайды

шетелдіктерге жасау керек пе? Керісінше,

ауылдан шыққан жастарды көбірек көшіріп,

қызметке орналастыру керекпіз. Егеменді

АЙБЫН

Қабылқақ ҚАПЕНОВ,

Павлодар облыстық мәслихатының

депутаты:

- Ауыл және қала жастарының өзіндік

айырмашылығы бар. Ауылдан шыққан бала

қалада қызмет атқара алмайды деген

талап жоқ. Егер қызмет бабымен қалаға

аттанса, оған неге кедергі келтіруіміз керек?

Астанадағы жұмысшылар дауына қалаға

келген ауыл жастары кінәлі емес. Бұл жерде

тағы бір мәселе бар. Ауыл азаматтары

еріккеннен қалаға ағылып жатқан жоқ. Барлығы

күнкөрістің қамы. Жұмыссыз отырған адам

жанұясын асырауы тиіс. Сол үшін қалаға

Фарида МҰҚАШЕВА,

заңгер:

Мұрат ӘБЕНОВ,

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер

палатасы басқарма төрағасының

орынбасары: (пікір әлеуметтік

парақшасынан алынды).

елміз ғой. Ауыл жастарының құқығын

шектеген дұрыс емес. Мемлекет басшысы

Н.Назарбаев «Серпін» бағдарламасы арқылы

жастардың ауылдан қалаға көшуі жөнінде

тапсырма беріп, оларға барлық жағдай

жасауды жүктеді. Жұмыс және баспанамен

қамтуға міндеттіміз. Сондықтан жоғарыдағы

ұсыныстық конституцияға сәйкестігін тексеру

қажет деп ойлаймын.

- Өз басым ауыл жастарының қалаға

көшуіне шектеу қоюға қарсымын. Заң бойынша

бұл жағдайда ауыл азаматтарына ешкім

қарсылық білдіре алмайды. Заңгер ретінде

жоғарыдағы бастама адам құқығын шектеумен

тең екенін айтқым келеді. Ауылдық

азаматтардың конституциялық құқығын

бұзу болып саналады. Ата Заңымыздың

14-бабында: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық

барып, ауыр жұмысқа жалданып, нәпақасын

табуға тырысады. Жастар ауылға барғысы

келмейді дейді. Оған себеп, жоғары және

орта білімі бар жастар ауылға барып, жұмыс

істеуге қызықпайды. Жалақының аздығына

байланысты ұсынған жұмыстан бас тартады.

Егер оларға толық жағдай жасалса, дайын

қызметтен кім қашады? Жұмыс істеймін

деген адам кез келген жерден екі қолға

бір күрек таба алады. Ауылда дәрігер,

мұғалім, ветеринар мамандары тапшы.

Жастар алдымен баспанамен қамтылуы

керек. Жалақы мөлшері де аз болмауы

тиіс. Осылайша ұсыныс пен сұраныстың

сәйкес келмеуінен, жұмыссыздық және маман

тапшылығы мәселесі шешілмей келеді.

және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне,

ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына,

тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез

келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді

ешқандай кемсітуге болмайды» деп анық

жазылған. Сонымен қатар, 21-баптың

1-тармағына сүйенсек, Қазақстан Республикасы

аумағында заңды түрде жүрген әрбір

адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде,

оның аумағында еркін жүріп-тұруға және

тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап

алуға құқығы бар. Сондықтан асығыс шешім

қабылдамаған жөн.

«Алаңды» үйлестірген – Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Әскерге шақыру басталды

Ер азаматтың міндеті – Отан алдындағы борышын

өтеу. Себебі мемлекет тыныштығын күзету -

кезек күттірмейтін іс. Қыркүйек айында күзгі

әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл

Павлодар облысынан күзгі шақырылым

бойынша 18-27 жас аралығындағы 800-ге жуық

азамат әскер қатарына аттанады.

Павлодар облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің

бастығы, полковник Нұрбол Зейнеловтің айтуынша,

шекара қызметінің бөлімшелеріне - 200, ұлттық

гвардия қатарына 300 сарбаз қабылданады. Мемлекеттік

күзет қызметіне 20 сарбаз шақырту алды. Биыл көктемде

830-дан астам азамат Отан алдындағы борышын өтеуге

аттанған.

Мамандардың сөзінше, әскер қатарына шақыру науқаны

мен медициналық тексеру мәселелері бойынша аталмыш

департаментте тікелей желі жұмыс істейді. Бұл ретте

тұрғындар 8 (7182) 68-31-80 нөміріне хабарласып, толық

мағлұмат ала алады.

Елімізде бекітілген ережеге сәйкес, әскер қатарына

әскерден босатылуға құқығы жоқ 18 жас пен 27 жас

аралығындағы ер азаматтар шақырылады. Әскери борыштың

мерзімі — 12 ай, яғни 1 жыл. Азаматтардың моральдықпсихологиялық

жағдайы мен білім деңгейі жіті ескеріледі.

Ең бастысы, жоғары немесе арнайы орта білімі болуы

шарт. Сондай-ақ, олардың әскери борышын өтеуге деген

ниеті, жігері болу керек. Сарбаздардың денсаулық жағдайы

мен туған-туыстарының істі болмауы да ескеріледі.

Айта кетерлігі, биыл еліміз бойынша 1990-1999 жылы

туған 16 мың азамат әскер қатарына шақырылмақ.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Ақсу қаласының Құркөл ауылының тумасы Теміржанова

Меруерт Әсетқызы 2003 жылы Павлодар университетінің

қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, 2008 жылдан

бастап қаламыздағы №25 жалпы орта білім беру мектебінде

қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Бүгінгі ұрпақты

білім нәрімен сусындатып жүрген ізденімпаз, білікті

маман білім беру саласында 23 жыл еңбек етуде.

Оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын жаңартумен қатар,

оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану мақсатында

ұстаздықты ту етіп келе жатқан Меруерт Әсетқызы

өзінің ізденімпаздығымен толағай жетістіктерге жетті.

Ол аудан және қалалық әдістемелік кабинеттер

меңгерушілеріне арналған семинарларда «Шеберлік

сыныптарын» жыл сайын өткізіп тұрады. Шәкірттері

облыс көлемінде өткізілетін «С.Торайғыров оқулары»,

«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы оқулары», «Қ.Бекқожин оқулары»,

«Махамбет оқуларына» қатысып, жүлделі орындарға

ие болуда. 2014 жылдан бері халықаралық «Сәтбаев

оқуларына» өзі де, шәкірттері де жүйелі түрде қатысып,

ІІ,ІІІ жүлделі орындарды иеленіп келеді. Жыл сайын

кем дегенде 30-дан астам оқушының ғылыми-зерттеу

жұмыстарына жетекшілік етіп, шығармашылығын шыңдап,

ой-өрістерін дамытуға үлес қосып жүрген ұлағатты

ұстаз.

Келешек ұрпаққа - кемел білім деген ұстаныммен

білімді, үлгілі шәкірт тәрбиелеп, әріптестерінің арасында

сыйлы бола білген көпбалалы ана Меруерт Әсетқызының

оқушылары әрқашан өздерінің жетістіктерімен қуантуда.

О л а р д ы ң қ а т а р ы н д а С о ф ь я А х м е т ж а н о в а , А н а р

Манапова, Ботагөз Амангелді, Әлия Жұмағалиева, Ажар

Әбелдинова, Анель Сайдағали, Жасмин Қайролла, Фархат

Хозыұлы бар. Бұл ретте республикалық «Алтын қалам -

2016» байқауының иегері Гүлнұр Бауыржанованы да

атап өткен жөн.

«Мәшһүртанудың ғылыми негіздері - «Мәңгілік ел»

ұлттық идеясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық

конференцияның жинағына енген ғылыми мақаласы

үшін Алғыс хат иеленді.

Меруерт Әсетқызының 2015 жылғы «Жыл мұғалімі»

байқауының «Шоқ жұлдыз» номинациясы бойынша

ІІ орын, республикалық әскери-патриоттық «Қазақстан

патриоты» журналының ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына

орай ұйымдастырылған «Көк тудың желбірегені...» атты

шығармашылық байқауға шәкірттерін қатыстырып,

белсенділік танытқаны үшін арнайы диплом, «Үздік

педагог - 2017» қалалық байқауында І орын, «Үздік

авторлық бағдарлама - 2017» қалалық байқауында

ІІІ орын, «Ең үздік әдістемелік-дидактикалық құралдары -

2017» қалалық сайысында ІІ орын иегері атанғаны -

шәкірттері, ата-анасы, әріптестері, мектебіміз үшін

де үлкен мәртебе. Оның облыстық, республикалық

басылымдарда ғылыми-әдістемелік тұрғыда ой қозғап,

тұжырымды пікір танытқан мақалалары әріптестерінің

көңілінен шығуда.

Міне, осындай елеулі еңбегімен елге танылып жүрген

Меруерт Әсетқызы барлық жетістіктері бойынша соңғы

үш жылда мектепішілік рейтинг бойынша көш бастап

келеді. Облыстық Білім беру басқармасының Білім беруді

және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығында

«Сын тұрғысынан ойланту арқылы оқушылардың

шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбы бойынша

облыс мұғалімдері арасында Меруерт Бауыржанованың

тәжірибесі жинақталып, үлгі-өнеге болуда.

Ұстаздық еңбек жемісті бола берсін!

Жанна ТӨЛЕУБАЕВА,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, №25

орта мектеп, Павлодар қаласы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!