28.09.2017 Views

28 қыркүйек, бейсенбі 2017 жыл №106 (15133)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

16 28 қыркүйек, бейсенбі, 2017 жыл ЗЕЙІН САРЫАРҚА САМАЛЫ

ТЕАТР

Сейфуллин - Павлодарда

Алпысбай ХОНЖ

Жыл сайын Ертіс-Баян жеріне

өздерінің таңдаулы туындыларымен

келетін С.Сейфуллин атындағы қазақ

драма театры бұл жолы Павлодар

жұртына «Қаз дауысты Қазыбек би»

тарихи драмасы мен «Абай мен

Әбіш» қойылымын арнайы әкелген.

50 жыл театрда еңбек еткен

режиссер әрі актер Кеңес Жұмабеков

1968 жылы Алматы театр студиясын

бітіргеннен кейін гастрольдік

сапармен Павлодарға келіп,

Чехов театрында алғаш рет өнер

көрсетеді. Өнер әлемінде тұсауын

кесіп, қанаттандырған Ертіс өңіріне

режиссер зор алғысын білдірді.

- «Қаз дауысты Қазыбек

би» тарихи драмасы осыдан

20 жыл бұрын жазылып қойған.

Мұндағы актерлардың барлығы жастар.

Қазыбек бабамыздың тарихи тұлға

болып қалыптасуына әкесі Келдібектің

еңбегі зор. Павлодарлық көрермендер

Қарағанды облыстық С.Сейфуллин атындағы қазақ

драма театрының ұжымы жаңа маусымда павлодарлық

көрерменмен қауышуды жөн көріпті. Көршілес екі облыс

арасындағы мәдени байланыстың орнағанына биыл

5 жыл болды.

қойылымды ерекше ықыласпен

қабылдады. Ал көрермен назарына

ұсынылатын екінші спектакль -

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы»

романы бойынша сахналанған

«Абай мен Әбіш» қойылымы. Қазіргі

жас режиссерлердің кейбірі атауын

өзгертіп, «Замана, неткен тар едің»

деп атап жүрген бұл драма 1995

жылы Абайдың 150 жылдығына орай

Жазушылар одағы мен Мәдениет

министрлігі өткізген жабық конкурста

бес сыйлықтың біреуіне ие болған.

Біздің ұжым үшін Павлодар облысы

ерекше ыстық. Әр кезде құшақ

жая қарсы алып, шалқар шабыт

сыйлайды, - дейді Кеңес Жұмабеков.

Осы жылы театр іргетасының

қаланып, өнерсүйер қауымға

қалтқысыз қызмет етіп келе

жатқанына 85 жыл толып отыр.

А й т у л ы д а т а н ы ө н е р ұ ж ы м ы

2 қараша күні кең ауқымда атап

өтуді жоспарлауда.

Айта кетелік, «Қаз дауысты

Қазыбек би» қойылымының премье-

расы 21-22 қыркүйек күндері

аталмыш өнер ұжымының 86-ыншы

маусымының шымылдығын түріп

берді. Сонымен қатар, өнер ұжымы

балаларға арналған музыкалық

ертегімен кішкентай көрермендерін

қуантуда.

Жұлдызжорамал

2 - 8 ҚАЗАН

Тоқты (21.03-20.04).

Тоқтылар кез келген істі

көңіл-күйлеріне байланысты

атқарады. Сондықтан түрлі

оқиғалар алмакезек келетін

бұл аптада ерік-жігерді мықты

ұстау керек. Апта соңына қарай

киім-кешек алуға аңсарыңыз

ауады. Ақшаны үнемдей біліңіз.

Отбасыңызда жақсы жаңалық

болмақ.

Жұма – сәтті.

Егіздер (22.05-21.06).

Үйреншікті істер мен оқиғалардан

бұрын мән бермеген

жағдайды аңғарасыз. Қалыпты

тіршіліктің ағымына ілесе отырып,

біраз жетістікке қол жеткізесіз.

Жаңалықшыл, идеяшыл болып,

жүзеге асыра алсаңыз қаржылық

жағдай да жақсарады. Қиялға ерік

беріп, реті келсе көңіл көтеруден

тартынбаған жөн.

Сенбі – сәтті.

Торпақ (21.04-21.05).

Нар тәуекелге басып, бұған дейін

жүрексініп келген істі қолға алсаңыз,

жолыңыз оңғарылады. Тағдыр сыйына

тап болуыңыз ғажап емес. Аптаның

екінші жартысында бәсекелестермен

тіл табысуға тырысқан жөн. Артықауыс

өсек-сөзге мән бермеңіз. Сонда кез

келген жағдайда биіктігіңізбен көзге

түсетін боласыз. Қаржы жағдайыңыз

жақсарады.

Бейсенбі – сәтті.

Шаян (22.06-22.07).

Шаянға батылдық керек. Сонда ғана

атқарған жұмыстың жемісін көре

аласыз. Жаңа айдың басында иммунитет

әлсіреуі мүмкін, денсаулыққа

мән беру керек. Жолға шығу, қыдыру,

іссапар атаулыны әзірге кейінге

шегерген жөн болмақ. Апта соңында

әріптестермен жақсы тіл табысасыз.

Жұма-сәтті.

Бикеш (24.08-23.09).

Қазанда Бикештер тағдырына

барынша еркелеуі тиіс. Айналаңыздағылардың,

отбасы, туыс,

достардың құрметіне бөленесіз.

Бұған дейін ыңғайсыз санап келген

істер, күрделі мәселелер өз өзінен

оңтайлы шешіледі. Тек апта соңына

қарай бәсекелестің алдауына түсіп

қалмаңыз.

Апта – сәтті.

Арыстан (23.07-23.08).

Қоршаған ортаңыз – сіздің

айнаңыз. Сондықтан Арыстанға

осы аптада өзін өзі дұрыс ұстап,

іскерлік қабілетті танытып,

әріптестермен жақсы қарымқатынас

орната білсе ісі де алға

баспақ. Қаражатқа барынша абай

болу керек. Ақша жұмсайтын уақыт

әлі жеткен жоқ. Отбасыңызда

жылылық салтанат құрмақ.

Сәрсенбі – сәтті.

ЕМ-ДОМ

Тағы да лимон

Үйде лимонмен 7 түрлі сырқаттан ауру түрінен

емделуге болады. Бұл - кез келген сырқат түріне

шипа болатын жеміс түрі. Өйткені оның құрамында

дәрумендер, пайдалы элементтер өте көп. Тамағыңыз,

ішіңіз, тіпті бауырыңыз ауырса да бірден лимонды

еске алыңыз. Қазір біз сіздердің назарларыңызға

лимонмен емдеуге болатын 7 ауру түрін ұсынамыз.

Тамақ ауруы (ангина)

Тамақ қатты ауырған кезде

лимонның жартысын алып, қабығымен

бірге жеу керек. Ащы, әрине, бірақ

бұлай жеу өте пайдалы. Сонымен

қатар лимон шырынымен де

тамақты шаюға болады. Ол үшін

лимонның үштен бір бөлігін алып,

сумен араластырып, тамақты сағат

сайын шайып тұрыңыз немесе күніне

3 рет тамаққа жағыңыз.

Бронх қабынуы (бронхит)

Егер бронх қабынуына дейін

жетсе, онда 50 грамм үккіштен

өткізілген ақжелкек пен 2-3 цитрустік

жемістің шырынынан сусын жасаңыз.

Кейін соны шай қасықпен күніне

бірнеше мәрте ішу керек. Бірақ біраз

уақытқа дейін ештеңе ішпеген жөн.

Сарымсақпен (чеснок) араласқан

лимон да денсаулыққа күшті әсер

етеді. Оны дайындау үшін 5 лимон

мен 4 сарымсақ бөлігіне 1 литр

қайнаған су құйып, қақпағын қатты

жауып, 5 тәулік суық, қараңғы жерде

ұстау керек. Дайын болған соң

күніне 3 рет тамақтан ішерден

20 минут бұрын шай қасықпен

ішіңіз.

Жүрек айныса

Жүрек айнып, майлы тамақ

жегеннен кейін кейде адамның

құсқысы келетіні бар. Ондай

жағдайда жарты лимонның

шырыны мен жарты шай қасық

ас содасын араластырып, ішсе,

ауру бірден басылады.

Тұмау

Тұмау кезінде дәрілік шөптермен

және лимонмен шай ішу керек.

Әсіресе жалбыз, қырмызы, шатыраш,

қырықбуын, бақажапырақ секілді

шөптермен ішкен жақсы. Мұндай

қоспалар ағзадағы кальций

мөлшерін көбейтеді. Ал кальций

қызу көтерілгенде өте жақсы

көмектеседі.

Жүрек-қан тамырлары

жүйесінің ауруы (атеросклероз)

Бір ас қасық қарағай қылқанына

бір стақан қайнаған су құйып, 30-60

минут суығанын күту керек. Дайын

тұнбаны сүзгіден өткізіп, қабығы

аршылған және ұнтақталған жарты

лимонмен араластырып, күніне 3 рет

тамаққа дейін ішу керек. Емделу

курсы – 15-20 күн.

Бауырдың қабынуы

(гепатит)

Мұндай ауруға шалдықсаңыз,

лимон шырынын күн сайын міндетті

түрде ішіп отырса, пайдасы көп.

Ол үшін лимонның қабығын аршып,

екіге бөліп, үстіне қайнаған су

құйып, 12 сағатқа қалдырыңыз.

Дайын болған соң бір стақаннан

аш қарынға ішіңіз.

Артериялық қысымның

төмендеуі (гипотония)

Артериялық қан қысымы жиі

төмендегенде тағы да лимон

көмектеседі. 5-6 лимонды

еттартқыштан өткізіп, дайын болған

лимон езбесіне 100 грамм шағыр

гүлінің (бурьян) жапырақтарын

қосыңыз. Бұл дәрілік өсімдікті

барлық дәріханадан табуға болады.

Ботқаға бір литр қайнаған салқын

су құйып, 36 сағат тоңазытқышқа

салып, ашыту керек. Содан кейін

жарты килограмм бал қосып,

барлығын жақсылап араластырып,

қайтадан 25 сағатқа тоңазытқышқа

қойыңыз. Тұнбаны тамақ ішуіңізге

жарты сағат қалғанда күніне

4 реттен ішіңіз. Осылай 3 апта

қайталасаңыз, аурудан біржола

айығасыз.

Әзірлеген – С.ТАУҚЫЗЫ.

Сарышаян (24.10-22.11).

Сарышаян да алдына үлкен мақсат

қойып, жоспар құра білсе, осы аптада

олардың біразын жүзеге асыруға

мүмкіндік мол болмақ. Табысыңыз

да көбейеді. Сарышаянның көбі

жаңа өмірдің баспалдағында тұр.

Сондықтан барлық істі, оқиғаны

барынша салмақтап көріңіз.

Жексенбі – сәтті.

Тауешкі (22.12-20.01).

Тауешкі үшін қазан сынақ айына

айналуы мүмкін. Бірақ ештеңеге

мән бермей тек алға ұмтылу

керек. Мақсаткерлік, еңбекқорлық,

іскерлік – осы қасиеттер кез келген

қиындықты жеңуге көмектеседі.

Қаржылық жағдай әзірге тұрақты.

Махаббат мәселесінде қуанышқа

бөленуіңіз мүмкін.

Сәрсенбі – сәтті.

Балық (21.02-20.03).

Ақкөңілділік, көмек сұрағанның

жанынан табылу – Балыққа тән

қасиет. Бұл аптада ондай істерден

бас тарта тұрыңыз. Әйтпесе зардап

шегуіңіз мүмкін. Кәсіби іске барынша

мән беріп, жаңашыл бола біліңіз. Отбасына

да көңіл бөлуді ұмытпаған жөн.

Апта соңында жиынға баруыңыз

мүмкін, көпшіліктің назары сізге

ауатын болады.

Дүйсенбі – сәтті.

Таразы (24.09-23.10).

Мақсатқа жету үшін бар

күш-жігерді жұмсау керек. Тіпті

өзіңізді жарнамалау да артықтық

етпес. Апта соңына қарай Таразыға

ыңғайлы ұсыныс түспек. Бұл

қаржыға байланысты. Сондай-ақ

отбасыңызда оң жаңалықтар бар.

Кәсіби іс те жемісті болмақ.

Бейсенбі – сәтті.

Мерген (23.11-21.12).

Өзіңізді бағалай біліңіз. Осы күндері

бәрінен қол үзіп, демалыс алғаныңыз

дұрыс. Сонда ғана кез келген іске тың

жігермен кірісіп, мақсатқа жетудің

мүмкіндігі тумақ. Сондай-ақ осы

күндері жеткен жетістік, атқарған

жұмысыңыз жайлы да қаймықпай

айту керек. Басшылықпен жақсы

тіл табысып, жоспармен бөлісуге

болады, олардың біразын жүзеге

асыра аласыз.

Сейсенбі – сәтті.

Суқұйғыш (21.01-20.02).

Айналада болып жатқан оқиғаларды

қалт жібермеңіз. Жалпы, апта бойы

Суқұйғыштар көтеріңкі көңіл күйде

болмақ. Тіпті қара түсті ақ деп

көретін боласыз, ұсақ-түйекке

мән бермей, кез келген бөгеттен

тартынбай өтесіз. Әріптестік

байланыс тарапынан алыстан

хабар келмек.

Дүйсенбі – сәтті.

Бетті үйлестірген -

Сая МОЛДАЙЫП.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!