28.09.2017 Views

28 қыркүйек, бейсенбі 2017 жыл №106 (15133)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА

28 қыркүйек, бейсенбі, 2017 жыл 5

Көмір неге қымбат?

Басы 1-бетте

Тамыз-қыркүйек айлары туа салысымен

ауылдағы ағайын қыстың қамына кіріседі. Біздің

өңірде жарты жылға дейін жалғасатын қара

күз бен аязды қыста үйді жылы ұстау үшін

ағашын да, көмірін де молынан дайындайды.

Бірақ соңғысының бағасы жыл санап қымбаттап

барады. Осыдан бірнеше жыл бұрын қара

отынның бір тоннасы шамамен 5-7 мың

теңге аралығында болса, бүгінде ең арзаны –

9-10 мың теңге. Шалғайдағы елді мекендерде

12-13 мың теңгеге дейін жететін

көрінеді. Ал бір үйге кем дегенде 5 тонна

көмір керек. Сәйкесінше, ауылдағы ағайын

қалтасынан тым құрығанда 50 мың теңге

шығаруы тиіс. Оған ағашқа жұмсалатын

шығынды қосыңыз. Сонда қыстап шығуы

үшін ең кемі – 60-70 мың теңге қажет.

Ауылдағы үйлердің көбі кең сарайдай

екенін ескерсек, бұдан да көп қаражат

талап етуі әбден мүмкін. Қомақты сома

қарапайым жұртшылықта қайдан болсын?!

Амал жоқ, отбасының суықта дірдектемей,

денсаулығына зиян келмеуі үшін түрлі жол

қарастырады.

- Жыл санап көмірдің бір тоннасына

кем дегенде 1 мың теңге қосылатынына

етіміз үйреніп кеткен. Күнә кеше Майкөбе

мен Екібастұз көмірлерінің әрқайсысынан

3 тоннадан шамамен 70 мың теңгеге сатып

алдым. Ал зейнетақым – 33 мың теңге. Ол

қысқы отынға жетпейтіндіктен, қорадағы

жалғыз сиырды сатуға тура келді. Есесіне

соғымсыз қалдық, - дейді Ертіс ауданының

тұрғыны Гүлбарам Ахметова.

Ал ақтоғайлық Дәулет Тұрсынов көмірге

қажет қаражатты отбасымен бірге жаз бойы

қарақат, жидек жинап, сатумен тауыпты.

- Отбасымызда мен ғана жұмыс істеймін,

алатын жалақым – 30 мың теңге. Сондықтан

жаз бойы жұбайым, екі балам қарақат,

қара бүлдірген, жидектің бір шелегін орта

есеппен 5 мың теңгеге сатты. Сөйтіп, жаздың

аптап ыстығына қарамастан, көмірге қажет

қаражатты тірнектеп жинадық. Майкөбе

көмірінің 5 тоннасын алдық, көктемге қарай

тағы 2-3 тонна қажет болады. Көмірдің

бір тоннасы 11 мың теңгеден сатылуда.

Былтыр 10 мың теңге болған еді, - дейді

Д.Тұрсынов.

Көмір бағасының неліктен жыл санап

қымбаттайтынын білмек болып кәсіпкерлерді

сөзге тартқан едік. Алыпсатарлардың көбі

«коммерциялық құпия» деген желеумен

жауап беруден бас тартты. Десе де,

кәсіпкер Қайрат Әбішев мұны былай

түсіндірді.

- Мен жеке «КамАЗ» көлігіммен Майкөбе,

Сарыкөл және Талдыкөл көмірлерін облыс

орталығына жақын ауылдарға тасып, сатамын.

Сарыкөл мен Талдыкөлдің бір тоннасын

3700 теңгеден алып, 7-8 мың теңгеге,

Майкөбенің бір тоннасын 5200 теңгеге алып,

10 мың теңгеге жеткіземін. Бір барғанда

шамамен 30-40 тонна әкелемін. Баға өсуінің

екі себебі бар. Біріншісі – көмірді босату

бағасының, екіншісі – жанармай мен көлік

бөлшектері құнының қымбаттауы. Ауылдың

ӨНЕРКӘСІП

Павлодар мұнай-химия зауыты

жұмысын уақытша тоқтатты.

Себеп – жоспарлы жөндеудің

жүргізілуі.

Мұнай өңдеумен айналысатын кәсіпорында

жоспарға сәйкес жұмыстар басталды. Зауыттың

бас директорының орынбасары Иван Дубининнің

айтуынша, осы айға белгіленген өндірістік көлем

толығымен орындалды. Сондықтан тұтынушылар

жанармайдан тарықпауы тиіс.

- Осы уақытқа дейін 3 млн. 380 мың тонна

шикізат өңдедік. Шамамен 30 мың тонна

дизельді отын, 15 мың тонна бензин және

30 мың тонна мазут дайын. Оларды тапсырыс

берушілерге жөнелтіп жатырмыз. Ал соңғы

уақытта жанармай бағасының қымбаттауына

келер болсақ, бұл зауыт жұмысының уақытша

жабылуымен байланысты емес. Бұл осы жағдайды

пайдаланып отырған «пысықайлардың» тірлігі

болуы мүмкін, - дейді И.Дубинин.

Павлодар мұнай-химия зауыты жұмысын

26 қазанда қайта жалғастырмақ. Оған дейін

белгіленген жұмыстар аяқталуы тиіс.

қашықтығына байланысты да көмір бағасы

өзгеруі мүмкін, - дейді Қ.Әбішев.

...Осыдан бірнеше

жыл бұрын қара

отынның бір

тоннасы шамамен

5-7 мың

теңге

аралығында болса,

бүгінде ең арзаны –

9-10 мың теңге.

Шалғайдағы елді

мекендерде 12-13

мың теңгеге дейін

жететін көрінеді...

Осы орайда былтыр облыс орталығында

брикеттелген көмір шығаратын «Убунту»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ашылғанын

айта кетелік. Компания басшысы Бауыржан

Асанов отынның бұл түрінің бірнеше

артықшылығын атап өтті. Брикеттелген

көмірдің қызуы 4-5 есеге артық әрі оны

8 сағатқа дейін сақтап тұра алады. Мәселен,

Жөндеу басталды

1 кг брикеттелген көмірдің қызуы әдеткі

1 шелек көмір беретін жылумен тең. Оның

сақталу мерзімі шектелмеген әрі кез келген

жағдайда сапасын жоғалтпайды. Оған қоса,

көмірдің кесектелген түрінің иісі әрі тозаңы

жоқ. Күлі де аз шығып, оны қысқы уақытта

мұздың үстіне себуге, ал көктемде жерді

тыңайтуға қолдануға болады.

- Негізгі басымдық – бағаның қолжетімділігі.

Бірақ біз тоннамен емес, қаппен

сатамыз. 25 келілік бір қаптың бағасы –

400 теңге, - дейді Б.Асанов.

Алайда от жағатын ағайынның жаңа

өнім сапасына көңілі толмағанға ұқсайды.

Мәселен, былтыр дәл осы көмірді пайдаланған

павлодарлық тұрғын Шолпан Ахмедиярова

айтарлықтай артықшылықты байқамағанын

айтады.

- Жаңа өнім болғандықтан брикеттелген

көмірдің бір қабын 400 теңгеге

алып, пайдаланып көрдік. Сапасына көңіл

толған жоқ. Қызуы біз ойлағандай жоғары

болмай шықты. Сондықтан биыл Майкөбе

көмірінің 8 тоннасын алдық, -

дейді ол.

Көпшілік сатып алатын көмірдің тағы

бір түрі – Екібастұз қаласындағы «Богатырь

Көмір» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігінде өндірілетін өнім. Мұнда көмір

екі топқа бөлініп, шығарылады: Ресейдің

үш, еліміздегі Екібастұз, Қарағанды, Астана,

Петропавл, Көкшетау қалаларындағы

мемлекеттік аумақтық электр станцияларына

жеткізілетін энергетикалық көмір

және тұрғындардың пайдалануына

бағытталған коммуналдық-тұрмыстық көмір.

Компания өкілдері тұтынушылар тарапынан

С

Несие алды

Сурет ғаламтордан алынды.

сұранысқа ие көмірдің соңғы түрінің бағасын

жариялауды құп көрмеді.

- Осы жылдың 8 айында 25,1 млн. тонна

көмір шығарылды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық

қажеттілікке бағытталған

0,83 млн. тонна отын өндірілді. Бұл өткен

жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда

0,26 млн. тоннаға артық. Көмірдің бұл

түрі тұрғындар мен бюджеттік ұйымдарға

темір жол немесе өздерінің автокөлікпен

алып кетуі арқылы жөнелтіледі, - дейді

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз хатшысы

Қанат Алдабаев.

ҚР Энергетика министрлігінің электр энергетикасы

және көмір өнеркәсібі департаменті

директорының орынбасары Талғат Әбілғазының

айтуынша, бүгінде елімізде көмір тапшылығы

жоқ. Тіпті, мемлекеттегі көмір қоры әлі

300 жылға жетеді. Ал баға саясатына

келер болсақ, көмір құны мемлекет тарапынан

реттелмейді. Сондықтан кім қандай

бағаға сатса да өз еркі.

- Қазіргі кезде республика бойынша

400-ге жуық көмір өндіру кені бар.

Көмірді өндіру құны бір тонна үшін

3-5 мың теңгені құрайды. Кеніштің өзінде

8 мың теңгеге дейін жетеді. Одан кейін

осы көмірді тұтынушыға жеткізу, алыпсатарлар

бар. Мұның барлығы - нарықтық

жағдай. Бағаны да нарық анықтайды,

көмірдің құны сұранысқа қарай өзгереді, -

дейді Т.Әбілғазы.

Демек, қара отынның құнын қадағалайтын

қандай да бір құзырлы орган жоқ. Сондықтан

ауылдағы ағайынға қымбат көмірді

тұтынуға тура келеді. Нарық заңы -

осындай.

ҚОЛДАУ

Железин ауданының 10 тұрғыны 2017-2021

жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту

және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

аясында 51 млн. теңге несие алып, бірі ісін

ашып, енді бірі кәсібін кеңейтуде.

Жобалардың басым бөлігі мал бордақылау,

техника сатып алу, шағын құс фермасын ашуға

бағытталған. Мәселен, Алакөл ауылының тұрғыны

жеңілдетілген несие бойынша 750 қаз және

900 үйрек алып, жаңа жылда облыс тұрғындарын

сапалы құс етімен қамтымақ. Кәсіпкерлер палатасының

Железин аудандық филиалының директоры Талғат

Қожамжаровтың айтуынша, кәсіпкерлерге бизнесжоспар

құру, кепілге қояр мүлік құжаттарын ретке

келтіру, жоспарды іске асыруда көмек көрсетілді.

Алдағы уақытта салық есебін дайындау бойынша

кеңестер беріледі.

- Аудан тұрғындары тарапынан қызмет көрсету,

инновациялық технологияларды қолдану бойынша

жобалар сұранысқа ие. Осы бағытта кәсіпкерлік нысандарын

ашу үшін жергілікті тұрғындармен бірлесе жұмыс

істеп жатырмыз. Палата мамандары әркез қолдау

көрсетуге әзір, - дейді Т.Қожамжаров.

Бетті әзірлеген - Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!