08.06.2018 Views

ddfsdfdsfdfd

dsfdsfsdfsdfsdf

dsfdsfsdfsdfsdf

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

УДК 1/14

ББК 87.3 (4/8) (5Каз)

Ж 52

1

Желтоқсан Ж. (Едихан Шаймерденұлы Сәбит).

Ж 52 Ақ Сарбаз. // Желтоқсан Ж. - Алматы: Көкіл, 2017.– 525 б.: илл.

Кеңейтілген және толықтырылған 3-ші басылымы.

ISBN 978-601-275-571-8

Рецензенттер:

Қоқымбаева Б.Д., профессор, философия докторы

Омарова Г.Н., профессор, өнертану докторы

Кітап, Жиһан, адам, материя, Ғарыш заңдары, Эволюцияның алтыншы

сатысы туралы жаңа білім жинақтаған. Алғашқы басылымы кең оқырман

қауымына, әсіресе ғалымдарға, жазушыларға, журналистерге, студенттерге

арналған болатын.

Алайда, осы уақыт ішінде ең үлкен қызығушылық білдіргендер –

ортаншы және жоғарғы класс оқушылары болып шықты. Кездесу барысында

олардың сұрақтарына жауап бере жүріп, автор кітапты Жиһан құрылымының

заңдарын тануға талпынған әрбір адам түсінетіндей етіп қосымша мәлімет

енгізіп жетілдірілді.

УДК 1/14

ББК 87.3 (4/8) (5Каз)

ISBN 978-601-275-571-8

© Желтоқсан Жиhaн, 2017.

2

Алматы - 2017

3

АВТОРДАН

Адамзат тарихында айтулы құбылыс болып өтті – Жер планетасы

Эволюцияның жаңа сатысына шықты. Бұл ахуал барлық адамдардан өз істері

үшін ғана емес, сондай-ақ сезімдері мен ойлары үшін де ерекше жауапкер

болуын талап етеді.

Жаңа сатыға өтудің ерекше мәні ескеріле отырып, кітапта, жаңа

Дәуірдің басында ілесе келетін бұлтарылмас өтпелі процестерді түсінуге

қажетті білімнің бір бөлігі паш етілді.

Оқырманның бұл кітапқа деген болашақтағы ықыласын болжай отырып,

адамзат тарихының қасіретті беттері жайлы көп айтыла қойған жоқ. Мәлімет

адамдарға қарсы пайдаланылуы мүмкін деген жерлерде де айналып өту

қағидасы қолданылды.

Жалпы адамзаттық күрделі мәселелер қозғалатын шытырман қиын

жерлерде, автор ‒ ізгі бастауды сақтап арттыруды, ал қарама-қайшыны

жасыруды немесе ол туралы тұспалдап жеткізуді талап ететін ұлттық

этикалық норманы басшылыққа алды.

Кітапқа, автордың компьютерлік кешендердің баптаушысы ‒ инженер

кәсібі сөзсіз таңбасын салған. Кітаптың, қоғамдық сана жетілген сайын

толықтырып, кеңейтіп отыруға лайықталған блоктық-модульдік құрылымы

осыдан келіп шығады.

Бұл кітаптағы барлық ерекше ақпарат автордың өзінің рухани өрлеуінің

тәжірибесінен алынған және логика мен ғылыми талдауға сүйенеді. Ешбір

шектен асатын ақпарат көздерімен, «жатпланеталықтармен» және ТҰО-мен

(танылмаған ұшу объекттері) автордың түйісулері болмаған, және оның өзі

ақылға сыймас қабілеттерден ада.

Кітаптың, дайындық деңгейлері әр түрлі оқырмандарға түсінікті болуы

үшін ‒ күрделі терминдердің қолданылуы шектелген. Кітапты болашақта

басқа тілдерге аудару мүмкіндігі ескерілгендіктен шығарманың сөз

құрылысының қарапайымдылығы таңдалған болатын.

Адамзаттың, Эволюцияның алтыншы сатысына қарай жылжуы және

алтыншы саты халқы туралы кітаптың басты ойын қабылдауға артық

мәлімет бөгет болмас үшін, баяндаудың үдемелі қарқынын сақтауда белгілі

ұғымдарды қысқартып беру көзделді.

Кітаптың мұқабасында алты жұлдыздан тұратын пирамида бейнеленген.

Пирамиданың тұғырында Эволюцияның алғашқы үш сатысын меңзейтін үш

жұлдыз тұр. Екі жұлдыздан тұратын екінші қатар төртінші мен бесінші

сатыны, ал пирамиданың шыңындағы жалғыз жұлдыз ‒ физикалық дүниедегі

Эволюцияның алтыншы, күрмеуші сатысын білдіреді.

Пирамиданың үстінде Мәңгі Жолды бейнелейтін қазақтың ұлттық

символы орналасқан. Алтыншы сатының халқы Жерұйықтың Жасыл

Жұлдызына осы жолмен жүріп жетеді.

4

Жасыл Жұлдыздың үстінде ‒ тәңіршіл-түркілер тәжім ететін Әлемдік

Теректің ұшар басы түрінде орындалған кітаптың атауы тұр.

Автор, кітаптың оқырман санасында дінге, тарихқа, әдебиетке, өнерге

деген құштарлықты оятатынына және ақыр соңында рухани өрлеу мен

өркендеуге жетелейтініне сенеді.

5

КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ҮШІНШІ

БАСЫЛЫМҒА АЛҒЫ СӨЗ

Бұл кітап Адамзаттың Жаңа Эволюциялық сатыға өтуді жоспарлаған

дайындығының жалғасы болып табылады.

Бірінші кітап ‒ «Ақ Сарбаз» ‒ 1993-ші жылы басылып шыққан және

кейінгі кітаптарда толығырақ ашылуға болжанған жаңа білім турасындағы

шағын анықтама түрінде жарыққа шығарылған болатын. Бұл басылым

оқырмандардың қызу ықыласына ие болды, және шығарма жайындағы

пікірлер жиі жағдайда қарама-қайшы болған еді.

Ең көп қызығушылық танытқандар, күтілгендей ‒ келесі мыңжылдықта

өмір сүретін оқырмандар болып шықты. Сондықтан, 1997-ші жылы

шығарылған «Ақ Сарбаз» кітабының екінші басылымы негізінен ең балауса

оқырманға арналған болатын. Сол үшін күрделі ұғымдар түсінікті етіп

баяндалады және арқаулы тұстары бірнеше рет нақтыланып, қайталаланып

отырады.

Оқырманның алдыңғы басылымдарды іздемей-ақ қоюына болады. Ол

кітаптардың мәтіні мұнда сәл ғана түзетулермен түгелдей сақталған.

Тараулардың аттары мен саны да өзгеріссіз қалды.

Екінші кітап басылып шыққаннан кейін, мен Жер планетасына ұзақ

және қиын іссапарым туралы толық есебімді жазып өзімнің Ұстазымның

Еркін толығымен орындадым деп есептеген едім.

Бірақ мен, өзімнің достарыма және ізбасарларыма өз өмірімнің және

білімдерімнің көпке жариялап ашуға әлі ерте немесе онша маңызды емес деп

санап жүрген бөліктерінің біразын ауызша баяндаған едім. Олардың бұған

берген жауабы қарама-қарсы болып шықты – олар ізеттілікпен, үлкендерді

құрметтейтін ұлттық дәстүрімізді бұзбай, осы фрагменттерге жоғары баға

берген еді. Нәтижесінде, оларды оқырманның бағалауына ұсынуға мені

көндіріп, өзіме осы міндеттемені алуға сендірген еді.

Негізінен жетінші тарауға толықтырулар және сегізінші тарауға

түсініктемелер жаздым. Оқырмандар кітаптың басқа да бөлімдеріне

қызығушылық білдірсе, оларға да қажетті түсініктемелерді беруге

тырысамын.

Кітаптың қосымшасында өзімнің бірінші әңгімелерімді жариялап

отырмын. Бұл ‒ менің достарыма баяндаған өмірімнің тарихынан туындаған

әңгімелер. Осы ауызша әңгімелер олардың пікірінше ‒ кіріспесі, сюжеті және

күшті финалы бар, тыңдаушылардың (оқырмандардың) ойлануына, демек

рухани өрлеуіне де азық бола алатын, толығымен аяқталған шығармалар

түрінде қабылданады. Мен де осыны өзімнің жұмысымның мақсаты деп

санаймын.

Кітапты бірінші тараудан бастап оқу шарт емес. Жетінші тараудан

бастап, білім ядросын ары қарай қалыптастыру мақсатымен сегізінші және

тоғызыншы тарауларды оқумен жалғастыруға болады. Одан ары негізгі

жетінші тараудан шиыршық бойымен басталған қозғалысты жалғастыру

6

үшін, төртінші, бесінші, алтыншы тарауларды оқып алған дұрыс, ал ең

соңында бірінші ‒ түбегейлі тарауды және оны түсіндіруші ‒ екінші және

үшінші тарауларды оқуға болады.

Ал, дайындығы жақсы оқырман, дәстүрлі жолмен ‒ біріншіден

тоғызыншы тарауға дейін оқып шығуы қажет.

Кітапта жазылғанның бәрін ұзақ ой елегінен және логикалық талдаудан

өткізгеннен кейін ғана сеніммен қабылдау қажет. Осыдан кейін

қарапайымнан күрделіге қарай жылжи отырып Ғарыш Заңдарын өмірге,

тіршілікке қолдануға болады.

Бұл басылым да бұрынғылардай, үлкен ықыласқа ие болып, оқырманға

Жаңа Білім Сарайына апаратын келесі есікті ашып береді деп болжаймын.

7

І. ЭВОЛЮЦИЯ САТЫЛАРЫ

Жаратушының әмірімен бүкіл Жиһан, Ғарыштың негізгі жеті заңына

сәйкес қозғалып дамиды.

І. Рух Эволюциясының Заңы.

ІІ. Ғарыштың Әділет Заңы.

ІІІ. Иерархия Заңы.

ІV. Тіршілік Айналымының Заңы.

V.Ұқсастықтар Заңы.

VІ. Еркін Ерік Заңы.

VІІ. Эволюция Жолындағы Құрбандық Заңы.

Барлық Ғарыш заңдары өзінен өрбитін негізгі заң ‒ Эволюция заңы

болып табылды.

1. Рух Эволюциясының Заңы. Ол жеті сатылы цикл болып табылады,

спираль бойынша жылжып, өзінің шыққан тегіне, бірақ та әлдеқайда биік

деңгейде келіп түйіседі. Адам бітіміне тиісті Рух Эволюциясының Заңы

төмендегідей, сатылар бойынша құрылады:

1. Ментал денесі

2. Астрал денесі.

3. Менлік (Эгоцентризм)

4. Мінсіз Физикалық дене.

5. Ақыл ‒ Мейірбандық

7. Өлмес Жан.

ІІ. Ғарыштық Әділет Заңы. Карма Заңы деп те аталады. Жеті сатысы

бар, спираль бойымен өрбиді. Спираль бойымен шексіздіктен шексіздікке бір

нүктеден тарқатылып, жоғарғы деңгейдегі нүктеге шиыршықталған Кеңістік

аясында алғашқы екі негізгі заңға орай Уақыт та спираль бойымен жылжиды.

Карма Заңының жеті деңгейі бар:

1. Жеке бастың Кармасы (жеке Карма)

2. Ұжымдық Карма (топтық Карма)

3. Әулеттік Карма.

4. Ұлттық Карма.

5. Мемлекеттік Карма.

6. Планеталық Карма.

7. Ғарыштық Карма.

ІІІ. Иерархия Заңы. Бұл заң алдыңғы екі заңнан өрбиді де тіршіліктің

жеті деңгейіне сәйкес құрылады. Тіршіліктің әрбір деңгейі де өз ішінде

Иерархиялық сатылардан құрылады:

8

Бірінші Ғарыш кезеңі.

1. Нольдік деңгей.

2. Минералдар Дүниесі.

3. Өсімдіктер Дүниесі.

4. Жануарлар Дүниесі.

5. Саналы тіршілік иелерінің Дүниесі.

6. Астралды тұлғалар Дүниесі.

7. Менталды тұлғалар Дүниесі.

Екінші Ғарыш кезеңі.

Биік Тіршілік Иелерінің дүниесі ‒ Гиперкеңістік немесе Құдіретті

формалар Дүниесі.

Үшінші Ғарыш кезеңі.

Күмбірлеген Күй Сфераларының Дүниесі.

ІV. Тіршілік Айналымының заңы немесе Құбылу заңы. Ол жеті

сатылы болып келеді, Эволюция мен Карма заңдарына сәйкес спираль

бойымен жылжиды да Иерархия заңына сәйкес түзіледі.

V. Ұқсастықтар заңы. Иерархия заңынан өрбиді және тіршіліктің жеті

деңгейімен тарайды. Бұл заңға сәйкес, биік дүниелер төменгі дүниелерге

ұқсас, бірақ та биік дүниелер Эволюция спиралі бойынша әлдеқайда биік

деңгейде тұр.

VІ. Ғарыштың жеті заңын орындаудың Еркін Ерік Заңы. Бұның да

жеті сатысы бар, себебі, осы заңды орындаған тұлға өзі үшін Карманың жеті

деңгейінің бірін тудырады. Бұл заңға сәйкес, әрбір тұлға, Жиһан

құрлымының заңдарын орындаудағы жолын өз еркімен таңдап алуға

ықтярлы. Анағұрлым биік дамыған өркениеттердің өздерінен төмен тұрған

өркениеттер Карманың килікпеуі жайлы Ғарыш Серіктестігінің кепілдігі осы

заңнан келіп шығады.

VІІ. Эволюция жолындағы Құрбандық заңы. Карма заңына сәйкес

жеті сатысы бар.

Өзінен өлмес жанының жолына шалынған құрбандық жеке бастың

ұнамы кармасын немесе карманың бірінші деңгейін қалыптастырады. Өз

халқының жолына шалынған құрбандық мейірбан ұлттық карманы немесе

төртінші дәрежедегі карманы тудырады.

Өзін-өзі бүкіл Адамзат жолына құрбан еткен тұлға алтыншы дәрежедегі

‒ планеталық карманы немесе одан анағұрлым биік Ғарыштық карманы

тудырады. Өзін-өзі құбан ету ‒ Эвлюцияның негізгі қозғаушы күші болып

табылады да барлық жеті заңды шыққан тегіне, асылына тоғыстырады.

9

Эволюция Заңы

Ғарыш заңдарына сәйкес, эволюциялық процесс басынан аяғына дейін

жеті кезең арқылы өтеді. Адамзат бұл жеті кезең-сатының бесеуінен асып

өзінің эволюциялық дамуының алтыншы сатысына көтеріліп келе жатыр.

Әрбір кезең-саты өз кезегінде жеті бұтаққа бөлінеді, және әрбір бұтаққа

адамзаттың эволюциялық өрлеуіндегі сол сатыға жүктелеген негізгі

принциптердің біреуінің белгілі бір қасиетін шыңдап жетілдірген

халықтардың бір тобы сәйкес келеді.

Тіршіліктің шексіз айналымы эволюцияның бірінші сатысынан

басталады. Құдіретті өмір Ұшқынының, яғни монаданың маңайына ментал

дүниесі, яғни ой денесі қалыптасады. Осылайша бірінші сатыда Ментал

Денесінің принципі шыңдалады.

Эволюцияның екінші сатысында ментал денесінің маңайына астрал

денесі, яғни сезімдер мен эмоциялар денесі қалыптасады. Сондықтан

эволюцияның екінші сатысы Астрал Денесінің принципін іске асырады.

Үшінші сатыда Өлмес Жан физикалық денеге ие болады. Эволюция

барысында астрал денесі өзінің вибрациясы арқылы ең алдымен физикалық

дүниенің ең нәзік, эфирлік материясын тартып алады. Одан кейін физикалық

дүниенің газ тәрізді құрамдылары тартылады, одан әрі, негізінен судан

тұратын, бу күйінде келетін неғұрлым тығыздалған құрамдылары тартылады,

осылайша физикалық дүниенің ең күрделі құрамдыларын иемденгенше, бұл

құбылыс жалғаса бермек.

Физикалық дене өсіп, күрделенген сайын, оның қоршаған дүниені сезім

мүшелері арқылы түйсіну дәрежесі де өсе түседі және Құдіретті Сана

көлегейленеді де бірте-бірте физикалық ақыл, тұлғаның ментал денесіндегі

сақталған Абсолюттік Білімді көлеңкелейді. Ақыр соңында, Адам, Құдіретті

Сананың соңғы ұшқындарынан айырылып, өз эмоциялары мен сезімдерінің

және әлі кемеліне жетпеген физикалық ақылының нағыз құлына

айналғандығынан ‒ өзімінің сезінуім арқылы қабылдағандарым ғана рас ‒

деген түйсікке келеді. Үшінші сатының эволюциялық қозғалысының

нысанасы Менлік (Эгоцентризм) принципі болып табылады.

Барған сайын өскен менлік қоршаған ортаны танып білудің құралы ‒

Физикалық Дененің бұдан ары жетілуіне әкеледі.

Төртінші саты ‒ Физикалық денені жетілдіру сатысы болып табылады,

бұл принципті көне гректер мен олардың мұрагерлері ‒ римдіктер

толығымен орындап шықты. Олар мінсіз физикалық денеге табынуға дейін

жетті.

Римдіктер май мен шарап сататын автоматтарды ойлап шығарды, бір

ақшалық жүйеден екінші ақшалық жүйеге аударатын механикалық

компьютерді пайдаланды. Грецияның философиялық мектептерін дамытқан

олар заттың атомдық құрылымының сырын ашты. Сонымен қатар Мысыр

мен Бабыл, Үнді мен Қытайдағы философиялық ой да биік өреге жетті.

10

Дәл осы уақытта аң терісін жамылған Солтүстік-Батыс Еуропа

тайпалары негізгі алдыңғы сатыларда қаланған келесі принцип ‒ Ақыл

принципін енді ғана жетілдіре бастаған. Еуропа халықтары осы принциптің

ең озық өкілдері болып табылады.

Ақылға сүйенген бесінші саты адамдары машиналық өркениетте елеулі

табыстарға жетті, ал енді техниканы одан ары асқындыра дамыту ‒

адамзатты ең соңғы қауіпті шегіне тіреп, апатқа ұшыратуы мүмкін. Әсіресе

ядролық энергетиканың бақылаусыз дамуы өте қауіпті, өйткені бұнда

адамдар төртінші өлшемге ‒ яғни астрал дүниесінің шегіне баса көктеп

кіреді, ал бұл жазалаусыз қалмайды.

ХХ-шы ғасырдың аяғында Ғарышта көптен аңсаулы алтыншы сатының

ең алғашқы бұтақтары бүр жарды. Бұл күндері алтыншы сатының адамдары

сыртынан атомдық-компьютерлік өркениеттің кедей туысындай болып

көрінеді, алайда, соған қармастан, олардың генокодында Ақылдан да биік ‒

келесі принцип сақтаулы.

Алтыншы сатыда Мейірбандық ‒ Ізгілік принципі жетілетін болады.

Адамдар осы принцип арқылы ғана адам тәрізді жануардан Ғарыштық

Адамға дейін эволюциялық ұмтылыс жасай алады.

Өз айналасына деген шексіз махаббатын дамыта білген алтыншы

сатының балалары ғарыш энергияларын басқара алады да сол арқылы

тіршіліктің бұдан да биік формасына өтеді. Адам өзінің жетілмеген, қолайсыз

физикалық денесін алтыншы сатыда ғана сарқып, Ғарыш Адамына айнала

алады. Адамзаттың өткен бес сатыда жинаған қорының ең асылын игерумен

бірге Эволюцияның алтыншы сатысы жетінші сатының да барлық бұтағын

бойына сиғызған.

Эволюция сатыларын өтудің санды заңдылығы бар:

1. Өз сатысының нөміріне сәйкес бұтақ нөмірі осы сатының

принциптерін жете дамытқан бір немесе бір топ халыққа лайық болады.

Саты № = Бұтақ № → принцип иелері.

Үшінші сатының үшінші бұтағы Менлік принципін шегіне жеткізеді.

Төртінші сатының төртінші бұтағына жататын Көне Греция халықтары

Физикалық Дене принципін мінсіз дәрежеге жеткізіп жалпы адамзаттық

мәдениетті қалыптастырады.

Бесінші бұтақтан шыққан еуропалықтар бесінші сатының Ақыл

принципін шегіне жеткізе дамытты.

2. Принцип иесінен кейін тұрған бұтақ адамзаттың келесі сатысын

өрбітетін бір топ халықты тудырады.

Саты № +1 = Бұтақ № → Эволюцияның келесі сатысы.

Бір Жаратушыға деген ілкі сенімнің арқасында Үшінші сатының

төртінші бұтағында Мінсіз Дене принципі Менлік принципін жеңеді.

11

12

Нұх пайғамбардың тұқымы деп аталатын бұл бұтақтан адамзаттың

төртінші сатысы өсіп шықты.

Төртінші сатының бесінші бұтағынан бесінші ‒ Ақыл сатысы өсіп

шықты, ал бесінші сатының алтыншы бұтағынан адамзаттың Ұлы алтыншы

сатысының алғашқы балауса өркені өсті.

3. Әрбір сатыда, бесіншіні қоса, негізгі принциптің иелерінен

эволюциялық тығырық пайда болады. Эволюцияның бір ғана принципін

дамытып, келесісін дамытпағандықтан пайда болған эволюциялық

тығырықта асқына дамыған принцип мағынасыздық халге дейін жеткізіледі.

Бірінші және екінші сатының эволюциялық тығырықтары шынымен-ақ

тірі элементальдар, жындар, эльфтер және аңыздардың басқа кейіпкерлерінің

түріндегі тығыз денесіз тіршіліктің әр түрлі формаларын өрбітті.

Үшінші сатыда асыра дамытылған Менлік принципі магиялық

рәсімдерге негізделген құрбандық шалудың жан түршіктіретін түрлерін

шығарған әр алуан мәжуси культтерді тудырды. Осының барлығы үшінші

саты континентінің басым бөлігін жойып жіберген планеталық апатқа

ұрындырды.

Мағынасыздыққа жеткізілген төртінші саты, яғни Физикалық Дененің

принципі адам тәнін ақылға сыймас кейіптерде, тіпті айуандық мақсаттарда

пайдаланатын шығыс жекпе-жектері мен йогалық секталарды тудырды.

Егерде бесінші сатыда Ақыл ‒ Логика принципі Мағынасыздыққа

жеткізілсе, онда адамзаттың тарихы қасіретті қиямет-қайыммен аяқталып

тынады. ХХ-шы ғасыр аяғындағы өркениет сырқатынан құтылудың жолы –

Эволюцияның алтыншы сатысына өту болып табылады.

Бесінші сатының жетінші Ақыл бұтағына, өз сатысы принципінің ең

талапты мұрагерлері ретінде экономикалық жағынан жете дамыған Жапония

мен Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары тартылып бара жатыр. Алайда бұл

бұтақ, эволюциялық тығырыққа бұрылмай, адамзаттың басқа бұтақтары

сияқты, өзінің эволюциялық қабілеттерін сақтай отырып, Мейірбандық

жолымен ізгілікті ұмтылыс жасап шексіз Ғарышқа жол тартып бара жатқан

алтыншы, жемісті бұтаққа қосыла алады.

ХХ-шы ғасырдың аяғында Солтүстік Америка мен Еуропада өткен

ізгілікті дүмпулер бесінші бұтақтағыларды алтыншы саты халқының ірге

тұсына әкеліп тіреді. Барлық адамға нәсіліне, ұлты мен әлеуметтік жағдайтегіне

қарамастан алтыншы сатыға жол ашық.

Эволюцияның бесінші сатысы дүниеге ғылым мен өнердің асқарларын

берді, алайда бесінші сатыда тұрған алып алтыншы сатыда тұрған сәбиден

ынта қойып тәлім алатын болады.

4. Эволюциялық тығырығы жоқ болғандықтан алтыншы саты өзінің

жетінші бұтағынан тура келесі жетінші сатыға өтеді.

Алтыншы саты балаларының бойындағы Жиһан мен өздерінің болашағы

жайлы Абсолюттік Білімді басуға ешқандай асқына дамыған физикалық

дененің де, тым ілгері дамыған физикалық ақылдың да шамасы жетпейді.

13

Алтыншы саты адамдары эволюциялық жол бойында ауыр сынға түседі,

алайда олар саһаралық бабаларынан дарыған биік руханиеттің арқасында бұл

сыннан сүрінбей өтеді. Жазмышқа шексіз сеніп және өздерінің азап шегуі

бүкіл адамзаттың жинап алған күнәсінен туындағанын білгендіктен, олар

алтыншы сатыда физикалық денелерін сарқып, тұрпайы физикалық дүниені

тастап шығуға мүмкіндік алады. Физикалық дүниемен салыстырғанда

мүмкіндіктері мүлдем шексіз астрал дүниесі алтыншы саты адамдарының

мекеніне айналады.

Алтыншы саты адамдары өз эволюциясының соңында физикалық

дүниені тастап шығады да астрал, одан әрі ментал дүниелеріне өтеді.

Адамның эволюциясы қабаттас дүниелерге көшумен аяқталмайды, одан әрі

оған Биік Тіршілік Иелерінің Дүниесі, содан соң Күмбірлеген Күй

Сфераларының Дүниесі де ашылады. Бұл Универсал Ғарыш Модулінің (УҒ

Модулі немесе УҒМ ‒ деп қысқартуға болады) арқасында мүмкін болады. УҒ

Модулін төбесінде қабаттас дүниелерге жол ашып беретін ілгек-спиралі бар

пирамида кейпінде бейнелеуге болады.

Үшінші және төртінші саты адамдарының Модулінде бұл ілгек алғашқы

орамдарын енді ғана бастаған болатын, ал бесінші саты адамдарында ол

төртінші өлшемге еніп тұрған спиарльдің бірнеше орамына шиыршықталды.

Саналы өмірді қамтамасыз ету үшін және астрал дүниесімен

ынтымақтасу үшін, алтыншы саты адамдарында бұл спираль келесі

орамдарына тарқатылады және әрбір жаңа орам қосылған сайын келесі

эволюциялық шағын сатыға өту басталады.

Бұл орын аустырулардың барлығы, Адам о баста Жиһан Эволюциясын

үдетуге әсер ете алатын, ерекше дамып эволюцияланатын тұлға ретінде

жоспарланғандығынан мүмкін болады. Сол себепті, Адам қабаттас

дүниелерде өмір сүріп әркет ете алуы үшін, Жаратушы оны өзіне кейіптес

және ұқсас етіп жасады.

5. Жетінші саты адамдары бізге жоғарыдан берілген Өлмес Жанның

принципін жетілдіру арқылы эволюциялық спиральді өзінің шыққан тегіне

апарып, бірақ та әлдеқайда биік деңгейде тұйықтайды. Егер ең басында

Өлмес Жан сыннан өтіп жетілуі үшін Жаратушыдан бөлініп физикалық

дүниеге түсірілген болса, енді соңында, эволюциялық тұрғыдан мінсіз Өлмес

Жан Жаратушыға қайтып оралады да, осылайша өзінің эволюциялық циклын

тұйықтайды.

Карма Заңы

Эволюция заңынан өрбитін Ғарыштық Әділет ‒ Карма заңы да өзінің

жеті саты-деңгейлерінің бойымен жетіледі.

Бірінші сатыда қажетті жеке бас кармасы қалыптасады, ал екінші

кезеңде ол ‒ мектепте, басқа оқу орнында, әскери қызметте, жұмыста,

спортта топтық кармаға айналады.

14

Екінші сатыда қалыптасқан қажетті топтық карма үшінші кезеңде

әулеттік кармаға айналады.

Үшінші сатыда қажетті әулеттік карма қалыптасады да төртінші кезеңде

ұлттық кармаға айналады.

Төртінші сатыда қажетті ұлттық карма қалыптасады да өзінің бесінші

кезеңінде мемлекеттік кармаға айналады.

Бесінші сатыда қажетті мемлекеттік карма қалыптасады да алтыншы

кезеңінде планеталық кармаға айналады.

Алтыншы сатыда қажетті планеталық карма сомдалады да, соңғы

жетінші кезеңінде ғарыштық кармаға айналады.

Жетінші сатыда қажетті ғарыштық карма қалыптасып келесі

Эволюциялық Кезеңге өту басталады.

Біріншіден бастап бесіншіні қоса қамтитын аралықтағы әрбір сатының

асқына дамығандығынан, карманы Мағынасыздық дәрежесіне жеткізетін

Карма тығырығы пайда болады.

Бірінші сатының кармалық тығырығы жеке бастың менмендігін

туғызады.

Екінші сатының кармалық тығырығы топтық тұйықтық пен

сектанттықты тудырады.

Үшінші сатының кармалық тығырығы әулеттік және рулық жікшілдікті,

династиялық қатыгездікті туғызады.

Төртінші сатының кармалық тығырығы мемлекеттік тоталитаризм мен

әлемдік соғыстарды, билік аймағы үшін таласқан системалардың табан

тірескен дұшпандығын тудырады.

Карма заңдарына сәйкес, егер бір адамның екінші адамға деген шексіз

сүйіспеншілігі келесі карма сатыларымен үйлеспесе, жеке бас кармасы

тығырыққа тіреледі.

Құмарлығыңның объектісін құдайға теңеу ‒ бұдан да ауыр салдарға

ұрындырады.

Бірін-бірі сүйген жандардың өзара қатынастары топтық кармамен

неғұрлым үйлескен жағдайда олардың қарым-қатынастары соғұрлым

жағымдырақ болып дамиды. Бұл заң атам заманнан әйгілі болған және

негізінен әркім өз теңімен отау құрған. Топтық карманың қайшылықтары

осылай ғана жойылатын.

Егер топтық және жеке карманың шарттары сақталса, онда әулеттік

карманың тұрақтылығынан отбасының босағасы берік болады.

Одан әрі әулеттік карма ұлттық кармаға қосылады, себебі әулет, ұлтты

құрайтын тұрақты бірлік болып табылады.

Болашақ алтыншы саты кармасының төменгі деңгейлері, Карманың

планеталық, ал одан әрі ғарыштық сатыларына жеткен қоғам құрылымының

өзімен-ақ сақталады.

Карманың алтыншы планеталық және жетінші ғарыштық деңгейлерінде

кармалық тығырықтары болмайды.

15

16

Ғарыш заңдарының барлығын, оның ішінде ерекше орын алатын

жетінші ‒ Құрбандық заңын орындау арқылы карманың неғұрлым жоғарғы

деңгейлеріне үнемі ұмтылу жолымен кармалық тығырықтардан құтылуға

болады.

Жеке бастың мүддесін ұжымның жолына құрбан ету арқылы біз

қайырымды топтық карма тудырамыз.

Топтық мүдделерімізді әулет, ру, династия атына құрбан ету арқылы

мейірбанды әулеттік карма қалыптастырамыз.

Әулеттік мүдделерімізді өз халқымыздың атына құрбан ету арқылы

мейірбанды ұлттық карманы қалыптастырамыз.

Өзінің жеке, ұлттық мүддесін құрбан еткен халық мейірбанды

мемлекеттік карманы тудырады.

Өздерінің мемлекеттік кармаларын құрбан еткен Жер халықтары

алтыншы деңгейлі мейірбанды планеталық карманы тудырады да

Эволюцияның алтыншы сатысына өтеді.

Өздерінің планеталық мүдделерін құрбан ету арқылы Жоғары Дамыған

өркениеттердің тұрғындары Ғарыш Бауырластығын құрады.

Иерархия Заңы

Тіршіліктің әрбір деңгейлі, келесі кезеңге өткенше, планеталық айналым

деп аталатын мерзімде өзіне бұйырған Эволюцияның жеті сатысы бойынша

дамиды.

Нольдік деңгей – Құдіретті Логос ‒ Сөз арқылы Жиһанды тудыратын

Ілкі материяны бойында сақтап эволюциялық дамудың басын құрайтын ноль

өлшемді дүние. Бұл дүниенің жетінші сатысын Ғарыштық вакуум алып тұр.

Бірінші деңгей – шыңында, өзінің формасын жадында ұстайтын

кристалдар орналасқан, эволюциялық бір өлшемді минералдар дүниесі. Бұл

дүниеден өмір минералы ‒ су ерекше орын алады.

Екінші деңгей – қарапайым балдыр, қына мен мүктен басталып,

гүлдермен аяқталатын, және ең шыңында мәдени өсімдіктер орналасқан

эволюциялық екі өлшемді өсімдіктер дүниесі. Бұл дүниеде ерекше орын

алатындары ‒ тары, күріш, бидай сияқты дәнді дақылдар.

Үшінші деңгей – эволюциялық үш өлшемді жануарлар дүниесі.

Микробтардан басталып жоғары дамыған жануарлармен аяқталады. Адамға

ең жақын тұрған жануар болғандықтан және бойында эволюциялық

Иерархына жан-тәнімен беріліп адалдық сезімін қалыптастырғандығынан

бұл дүниеден ит есімді жануар ерекше орын алады.

Төртінші деңгей – үш өлшемді физикалық дүниеден төртінші

өлшемдегі астрал дүниесіне өз еркімен шығуға мүмкіндік алған Адамдардың

эволюциялық төрт өлшемді дүниесі.

Бесінші деңгей – Астрал дүниесі. Әрқайсысы жеті сатыға бөлінетін екі

бөліктен тұрады.

17

Астрал дүниесінің бір бөлігі физикалық дүниеде тұратындарға, яғни

кейіптелгендерге арналған.

Адамның бұл дүниеде өмір сүріп іс-әрекет жасауы үшін, ноль-астралды

денемен көмкерілген жеті қабатты астрал денесі болады. Физикалық дүниеде

өмір сүрушілердің астрал денелерінің физикалық дүниеден қайтқандардың

астрал денелерінен басты айырмасы осы.

Астрал дүниесінің екінші бөлігінде физикалық дүниеде қайтыс болған

тұлғалар, яғни аруақтар тұрады.

Астрал дүниесінің тұрғындары өздерінің үш өлшемді кеңістігінде

тіршілік кешеді. Олар үшін ментал дүниесі төртінші өлшем болып табылады.

Өздерінің төртінші өлшемдеріне олар ұйқы немесе шому кезінде барады,

және олардың ментал дүниесінде тудырған ой формалары астрал дүниесіне

келіп сымбатқа ие болады.

Алтыншы деңгей ‒ Ментал дүниесі. Бұл дүние де әрқайсысы жеті

сатыға бөлінетін екі бөліктен тұрады.

Ментал дүниесінің бір бөлігі физикалық дүние тұрғындарына арналған.

Осы дүниемен қатынасу үшін кейіптелген жанның ноль-менталды

денемен көмкерілген жеті қабатты ментал денесі болады, ал аруақтардың

ментал денелерінің ноль-менталды денесі болмайды.

Ментал Дүниесінің басқа бөлігінде физикалық дүние мен астрал

дүниесін тастап шыққан тұлғалардың ментал денелері тұрады.

Эволюцияның келесі кезеңі ‒ Гиперкеңістікте сүретін Биік Тіршілік

Иелері, Ғарыш Құрылысшыларының Дүниесі болып табылады.

Одан әрі Күмбірлеген Күй Сфераларының дүниесіндегі Өмірүсті

басталады.

Барлық Ғарыш Құрылысшылары Биік Дүниелердегі өздеріне тиесілі

ғұмырларынан, сый-биліктерінен өз еркімен бас тартып, бүкіл ғұмырларын

Эволюциялық Жоспарды іске асыруға арнаған. Сондықтан олар өздерінің

биліктері жүретін өмір деңгейлеріне сәйкес Минералдар Дүниесінен бастап,

яғни өмірдің бірінші деңгейінен басталатын Иерархия заңы бойынша жеті

сатылық деңгейге бөлінетін Ғарыш Құрылысшылары бола алады:

1. Бірінші саты ‒ Минералдар Дүниесіне.

2. Екінші саты ‒ Өсімдіктер Дүниесіне.

3. Үшінші саты ‒ Жануарлар Дүниесіне.

4. Төртінші саты ‒ Саналы Тіршілік Иелерінің Дүниесіне.

5. Бесінші саты ‒ Астралды тұлғалар Дүниесіне.

6. Алтыншы саты ‒ Менталды тұлғалар Дүниесіне.

7. Жетінші саты ‒ Биік Тіршілік Иелерінің Дүниесіне.

Тұлғаның дайындық дәрежесі мен эволюциялық деңгейіне орай Ғарыш

Құрылысшысының әрбір деңгейі өз ретімен тағы да жеті класқа бөлінеді.

Болашақ Ғарыш Құрылысшысы ментал, астрал және физикалық

дүниелерінде эволюциясын аяқтағаннан кейін өзінің жаңа кезеңін өмірдің

бірінші деңгейі ‒ Минералдар дүниесінен бастайды да өмірдің бірінші

деңгейін жаратуды үйрену үшін Бірінші класқа түседі. Сатыдан сатыға өткен

18

ол тіршіліктің қарапайым түрлерін құруды үйреніп, бірінші сатының жетінші

класын аяқтағаннан кейін ‒ тағы да бірінші класқа, бірақ та екінші сатының

бірінші класына өтіп Өсімдіктер Дүниесіндегі мінсіз жетілген өмір түрлерін

жартауды үйренеді.

Ғарыш Құрылысшылары осылай дәріс алып өмір деңгейлерімен жылжи

береді. Эволюциялық ағынды жылдамдату үшін Ғарыш Құрылысшыларының

өз қалауымен физикалық дүниеде тууға хақысы бар және бұл дүниеде олар

Ғарыш мектебінде игерген дағдыларын қолданып, жетілдіре алады. Бұл

оларға тарихтың ағымына өз істерімен әсер ету үшін адами қоғамда ең көзге

көрінер орын алуына мүмкіншілік береді.

Сондықтан асыл тастардың сарапшысы, он саусағынан өнер тамған

зергер немесе минералдарды зерттеуші ғалымның, Тіршіліктің бірінші

деңгейінің Құрылысшысы болуы әбден ықтимал.

Ұлы селекционер, жаратылыстанушы, биолог екінші және үшінші

деңгейдің Құрылысшысы болып шығуы мүмкін.

Ұлы дәрігер, генетик, этнограф Адамдар дүниесі жайлы білімін пайдаға

асырып жүрген төртінші деңгейдің Құрылысшысы болып шығуы мүмкін.

Әйгілі жазушылар мен ақындар, музыканттар мен суретшілер,

сәулетшілер бесінші деңгейдің Құрылысшысы болып шығуы мүмкін.

Адамзаттың гүлі боп саналатын діни қайраткерлер, ойшылдар,

гуманистер ‒ алтыншы дәрежелі Ғарыш Құрылысшылары болуы мүмкін.

Ғарыш Құрылысшылары алтыншы деңгейден бастап Планеталық Рух

деп аталады, себебі физикалық және қабаттас дүниелерді қоса олардың

ықпалы біріншіден алтыншыға дейін барлық тіршілік деңгейлеріне тарайды.

Мысалы, Жердің Планеталық Рухы алтыншы деңгейдің алтыншы

класындағы Ғарыш Құрылысшысы болғандықтан Тудырушы ретінде ол

біріншіден бастап бесіншіні қоса тіршілік деңгейлерінен тізбекті түрде өткен.

Ментал дүниесін алтыншы сатыға дейін қадағалағандығының арқасында ол

өзінің мүридтерінен философияның, ғылым мен өнердің кемеңгерлерін

тудыра алған.

Алтыншы деңгейдің жетінші класының Ғарыш |Құрылысшылары

Жүйелік Рух деп аталады. Олар Барлық тіршілік деңгейлерін, ментал

дүниесінің ең жоғарғы, үшінші дүние ‒ ой дүниесінің «үшінші аспан» деп

аталатын жетінші сатысын қоса қадағалап отырады. Жүйелік Рухтар жұлдыз

жүйелеріндегі өмір ағындарын басқарады.

Тіршіліктің жетінші деңгейлі Ғарыш Құрылысшылары галактикалық

кеңістіктегі, содан кейін Эволюция спиралі бойымен галактикалар

аралығындағы және одан да ары бүкіл Жиһандағы өмір ағындарын

басқарады.

Осы кезде жетінші дәрежелі Құрылысшылар Ғарыштық Құрылысшылар

Мектебінде ұстаз және тәлімгер жетекші болады.

Барлық Құрылысшылар Ғарыш Серіктестігіне бірігеді.

Ғарыштық классификация бойынша біздің адмазат алтыншы сатыға өтер

кезеңінде Эволюцияның бесінші сатысында тіршіліктің төртінші деңгейінде

19

деп саналады. Алтыншы сатыға өту ‒ планеталық айналымды аяқтауға

дайындық және тіршілік деңгейлерінің ауысуы болып табылады. Сол себепті,

тіршіліктің төртінші деңгейінен Астрал дүниесі болып табылатын бесінші

деңгейіне глобальдық өтуді жеңілдету үшін барлық Ғарыш Құрылысшылары

Жер планетасында физикалық денелерінде тууы тиіс.

Біздің планеталық айналымымыз, ең соңғы адам физикалық дүниеден

қайтып, оны біздің тіршіліктес кіші бауырларымыз ‒ жануарларға босатқанда

ғана аяқталады. Осы кезге дәлелдеп тіршіліктің төртінші деңгейінің Ғарыш

Құрылысшылары тіршіліктің үшінші деңгейінің бұрынғы тұрғындарының

ілкі Универсал Ғарыш Модульдеріне лайықтап жаңа сипат жаратады, сол

арқылы олар Эволюцияның келесі кезеңін эволюцияның бірінші сатысында

мүлдем жаңа ментал денелерін құрастырудан бастауға мүмкіншілік алады.

Содан кейін екінші сатыда олар астрал денесін жетілдіреді, одан әрі эфирлік

және физикалық денені иемденгенше осылай өздерінің Эволюция сатыларын

жалғастыра бермек.

Жануарлардың орнын осы дүние өсімдіктерінің екі өлшемді кодтары

басады, ал өсімдіктердің орнына минералдар дүниесі ауысады.

Минералдардан босаған орынды толық дамымаған, өздерінің

эволюциялық жоспарын орындамаған тіршіліктің бірінші деңгейінің

бастапқы векторлары толтырады. Минералдар дүниесінде, сондай-ақ,

өсімдіктер, жануарлар, тіпті саналы тіршілік иелері ‒ адамдар дүниесінің

сынына толмай түбіне түскен монадалары өздерінің эволюциясын

жалғастырады.

Осылайша тіршілік айналымының тағы бір үлкен кезеңі аяқталады да

кристалдардың ымырт тіршілігінен саналы тіршілік иелерінің дүниесіне

дейін және одан әрі Иерархияның жоғарғы деңгейлерінің бойымен жаңа

айналым басталады.

Ұқсастықтар заңына сүйене отырып минералдар дүниесіндегі

тіршіліктің бастапқы векторлары – жақұт, зүмруд пен алмас кристалдары

сияқты асыл тастардың бастапқы векторлары келесі планеталық айналымда

жетіле келе өсімдіктер дүниесінің әсем гүлдеріне айналады деп

жорамалдауға болады.

Сондай-ақ орхидея, раушан, қалдақ, лилия мен лотос гүлдерінің екі

өлшемді кодтары жануарлар дүниесіне өтіп, ең алдымен жануарлар

дүниесінің тірі гүлдері болып саналатын түрлі-түсті көбелек пен

қауырсындары мың бояуға малынған құстар болып кейіптеледі де, ақырында

Аңдар патшалығының кербез өкілдеріне айналады.

Тіршіліктің төртінші деңгейі ‒ Саналы Тіршілік Иелерінің дүниесінде,

Эволюцияның төртінші сатысынан бастап Еркін Ерік заңы күшіне енеді де,

тұлға өзінің эволюциялық дамуындағы іс-әрекеттерін өз еркімен таңдап алу

хұқығына ие болады.

Физикалық дүниедегі тіршілік деңгейлері бес сатыдан өтіп елеулі түрде

эволюцияланды.

20

21

Бұны Жануарлар дүниесінің қазба қалдықтарынан байқауға болады.

Тіршіліктің үшінші деңгейінің екінші сатысының соңында трилобиттер

салтанат құрған кезеңнің болғаны белгілі. Содан кейін Жерді динозаврлар

жайлаған үшінші сатының заманы келді. Бұдан соң жануарлар дүниесі өзінің

төртінші сатысына көтерілді де денелері дәу мөлшерге жеткен жылы қанды

жануарларды дүниеге келтірді. Сонымен, өмірдің үшінші деңгейіндегі

Эволюцияның аумалы бесінші сатысының аяғында қазіргі заманымыздың

жануарларын көріп отырмыз, ал олардың ішінде, әсіресе үй жануарларының

дамығандығы соншалық, тіпті өздерінің иелерінің мінез-құлықтарына ие

бола бастады.

Тіршіліктің Иерархиялық деңгейлері Құрбандық заңына сәйкес

эволюцияланады да, өздерінің бұрынғыдан да биік тіршілік деңгейіне өтуіне

керекті кармалық ахуалды тудырады.

Минералдар өсімдіктер мен жануарлардың клеткаларының құрамына

кіреді, ал кристалдар адамға күрделі ғылыми технологияларда қызмет етеді.

Өсімдіктер, өздерін жануарлар мен адамдар дүниесінің атына құрбан

етіп, олар үшін азық пен киімге, отынға айналады.

Жануарлар өздерін әлдеқайда биік деңгейде құрбандыққа шалады. Олар

адамға азық пен киім болып қана қоймайды, сондай-ақ Саналы Тіршілік

Иелерінің еңбегіне де араласады.

Адамзат та өзін құрбандық етумен дамиды. Бірақ бұл әлдеқайда биік,

рухани деңгейдегі құрбандық.

Адам өзінің ізгілікті және рухани игіліктері үшін, өзінің Құдайды

түсініп-тануы үшін бұл жалғанның молшылығын, ал көп жағдайда тіпті өз

жанын құрбан етуі арқылы тіршіліктің әлдеқайда биік деңгейлеріне, яғни

қабаттас дүниелерге өтеді де одан ары қарай рухани лидерлердің бірі болып

дами алады.

Адамзаттың болашақ Лидерлері астрал және ментал дүниелерінде аз

уақыт өмір сүреді де, олардың астрал және ментал денелері тез сейіліп, Биік

Тіршілік Иелерінің Дүниесіне өту үшін Универсал Ғарыш Модулін босатады.

Осы сәтте адамзаттың болашақ Ұстазының Универсал Ғарыш Модуліне

адамдарға әкеліп берілетін Жаңа Білім жиналып, жазылады, Биік Тіршілік

Иелерінен қажетті өкілеттер алу үшін олармен уақыт пен кеңістікте керекті

болашақ байланыстар қалыптастырылады.

Жиһанның барлық тіршілік иелерінің Универсал Ғарыш Модулі бірдей

етіп жаратылған. Сондықтан Биік Тіршілік Иелері Жиһанның әрбір төмен

тұрған өркениеттерінде өмір сүріп, іс-әрекет жасап және оларға көмектесе

алады.

Ғарышта, өмір негізі мен формасына қарамастан, әрбір планеталы

физикалық дүниенің өзіндік астрал және ментал дүниелері болады.

Ғарыш Заңдарын бұзбай, Биік Тіршілік Иелері кез келген планетадағы

саналы тіршілік Эволюциясының бағытын үдете немесе түзете алады, және

олардың осындай көмек көрсетуге жалғыз ғана мүмкіндігі бар.

22

Ғарыш заңдарына сәйкес, Биік Тіршілік Иелерінің, төмен тұрған

өркениеттердің кармасына килігуіне тыйым салынған, әйтсе де, Жер

планетасы, және онымен бірге бүкіл Жиһан, Биік Тіршілік Иелерінің

жанкешті ерлігі мен көмегінің арқасында Эволюция ағынында сақталып

келеді. Ғарыш заңдарын айналып өтуге болмайды, сол себепті, өздері

үкімдеген заңдарды адамзаттың орындауына көмектесу үшін Биік Тіршілік

Иелерінің жалғыз ғана мүмкіндігі бар. Бұл үшін олар тұрпайы физикалық

дүниеде, Жердегі ананың құрсағынан тууы керек. Бұдан кейін Биік Тіршілік

Иелерінің Жердегі жолы кәдімгі адамның жолындай болады.

Мейірбандық пен Ортақтасу заңына ілесе отырып Биік Тіршілік Иесі

өзінің Универсал Ғарыш Модулін ажыратып алады да ментал дүниесіне еніп,

өзіне Жерде қажет болатын болашақ ақыл-ойын қалыптастырады. Одан әрі,

астрал дүниесінен өткенде оның Универсал Ғарыш Модулі өзінің

вибрациясына сәйкес астрал материясын тартады да, өз сезімдерінің өткізгіші

және сонымен қатар болашақ физикалық денесіне ұқсас болатын астрал

денесін қалыптастырады. Биік Тіршілік Иелерінің басқа адамдардан

айырмасы ‒ олар физикалық дүниеде туу үшін әрқайсысының ұлттық,

әулеттік, және жеке басының кармалары барлық шартқа сай келетін болашақ

ата-анасын өздері таңдайды. Биік Тіршілік Иесі үшін тұрпайы физикалық

дүниеге келу ‒ өзінің рухани қуатынан уақытша айырылып өз еркімен

эволюциялық төмендеу болып табылады.

Барлық адамдар сияқты олар да туған кезінде өздерінің өткен

ғұмырларын ұмытады, тек санасының терең түбінде Биік Дүниелерде бұрын

тұрақтағандығын білдіретін үзінділер сақталып қалады. Универсал Ғарыш

Модулінің арқасында, барлық сәбилер нәсілдік, ұлттық және әлеуметтік

тегіне қарамастан, дүниені мейірбандылықпен түйсіне білуде бір-біріне ұқсас

болып келеді. Әрбір сәбидің бойында Жаратушының өзінен өрбитін

Құдіретті өмір Ұшқыны бар, сондықтан адамның балаға деген пейілінен

оның Бір ғана Құдайдың өзіне сену деңгейін бағалауға болады.

Карма заңы бойынша, Биік Тіршілік Иесінің физикалық дүниедегі жолы

ауыр болуы керек. Тек қана азап пен қасіреттің жолын кешіп, және бұл

жағдайда адамдарға ыза сақтамай ғана өзіңнің рухани қуатыңды қайтарып,

адам баласына Эволюцияның келесі сатысына өтуге көмектесе аласың.

Бұл жағдайда Биік рухани күштің иесі физикалық дүниенің толық

құқықты мүшесі болғандықтан Ғарыш заңдары бұзылмай сақталады. Оның

да кәдімгі адамның қанындай қызыл қаны бар, тәні мен жаны ауырады,

физикалық өлімнен қорқады, алайда оның құрбандығының құны барлық

адамның ауыр кармасын өтеп сейілтеді.

Мысал ретінде қарапайым көміртегінің графит түріндегі үйінділері мен

тура сондай химиялық формуласы бар көміртегінің орасан зор қысым мен

биік температурадан өткізіліп, қатаң сақтаулы өлшеммен қырланған, яғни

баға жетпес гауһарға айналған кесегін келтіруге болады.

23

Бүкіл адамзаттың Ғарыш заңы алдындағы құны ‒ графиттің құнындай,

ал адам кейпіндегі, Эволюция көрігінен өткен, мейірбандықпен қырланған

Биік Тіршілік Иесінің құны ‒ баға жетпес рухани гауһардың құнындай.

Ұқсастықтар заңы бойынша рухани деңгейдегі графит пен гауһардың

арасындағы өтпелі ахуалды Бір ғана Жаратушыға сенушілер кешеді. Олар

Биік Тіршілік Иелері мен эволюциялық тұрғыдан алғанда жете дамымаған

адамдардың ортасында жүреді.

Тіршілік Айналымының Заңы

Эволюция заңына сәйкес әрбір тұлға өзінің Универсал Ғарыш Модулінің

(УҒМ) ішінде өмірден өмірге өте жүріп Эволюцияның жеті сатысын кешеді.

Бұл қозғалыс микроцикл, миницикл және толық циклдан тұрады.

1. Эволюцияның микроциклы физикалық, астрал және ментал

дүниелеріндегі, туғаннан өлгенге дейінгі аралықтағы бір ғұмырдан тұрады.

2. Миницикл жеті ғұмырдан тұрады.

3. Толық цикл эволюция сатылары бойындағы қозғалыстан тұрады.

Жетінші сатыдан өткеннен кейін аяқталады және кем дегенде 49-дан бастап

жүздеген ғұмырларға дейін қамти алады.

Әрбір тұлғаның ғұмырының бастапқы микроциклы Ұқсастықтар заңына

сәйкес Эволюцияның сатылы заңын толығымен қайталайды.

Ментал, астрал және физикалық үш дүниелердің бойымен айналмалы

қозғалысын бастаған УҒМ әуелі ментал дүниесінен өтіп ноль-менталды

денемен көмкерілген ой денесін иемденеді.

Бұл кіші саты Эволюцияның бірінші сатысын қайталайды.

Содан кейін УҒМ қалыптасқан ментал денесімен бірге астрал

дүниесінен өтіп, физикалық денені қалыптастыруына арналған модель және

программа болып табылатын ноль-астралды денемен көмкерілген сезім

денесін иеленеді.

Бұл кіші саты Эволюцияның екінші сатысын қайталайды.

Одан әрі ноль-менталды және ноль-астралды денелеріне киінген УҒМ

физикалық дүниеге өтеді. Бұл жолда астрал денесі эфирлік материяны

жамылады да ақырында аналық ұрықтың ішінен келіп шығады.

Бұл кіші саты Эволюцияның үшінші сатысын қайталайды.

Тұлғаның физикалық денесінің кемеліне келгенге дейінгі аралықтағы

қалыптасуы мен жетілу барысы Эволюцияның төртінші сатысына сәйкес

келеді.

Сананың бұдан кейінгі жетілу жолы мен дененің толықтай Ақылға

бағыну барысы Эволюцияның бесінші сатысын қайталайды.

Өмір жолының аяғында Дене де, Ақыл да келесі ‒ Ізгілік принципіне

бағынуға өтеді.

Осылайша Эволюцияның алтыншы сатысы қайталанады.

24

25

Ең соңында физикалық дүниені тастап шығып қабаттас дүниелерге

өткен адам өзінің Өлмес Жанын жетілдіру арқылы Эволюцияның жетінші

сатысын қайталайды.

Алдымен астралдағы, содан кейін ментал дүниесіндегі ғұмырын

аяқтаған УҒМ өмір айналымын толық бітіріп, жаңа циклды бастауға дайын

тұрады.

УҒМ-нің Эволюция сатылары бойынша қозғалысы Ғарыштық Әділет

заңына, яғни Карма заңына бағынады. Бұрынығы өткен микроциклғұмырларында

жинақтаған Кармасына сай, тұлғаның УҒМ-і өзіне сәйкес ой

және сезім-күй денесін иемденеді. Содан кейін физикалық дүниеде

жаратылғанда, өткен ғұмырларында көтеріле алған Карма деңгейлеріне

сәйкес келетін ошақты, әулетті, ұлтты иемденеді.

Физикалық дүниедегі ғұмырын аяқтаған тұлға, осы өткен өмірінің

нәтижесі бойынша, кармасына сәйкес қабаттас дүниелердің өзіне бұйырған

сатыларында ғұмырын жалғастырады.

Тұлғаның әуелі астрал, одан кейін ментал дүниелеріндегі ғұмыры

аяқталғаннан кейін УҒМ-і жаңа кезеңге дайындала бастайды. Міне осы кезде

Карма заңы өзінің толық күшіне енеді де, тұлға алдымен кармалық

дешифратордан өтеді. Тестіден өтуші тұлғаның өмір деңгейлерінің

қайсысына баруға міндетті екенін осы дешифратор анықтайды.

Егерде УҒМ-нің ұшар басынан тым құрымаса сииральдің алғашқы

шиыршығы табылса болды, оған төрт өлшемді эволюциялық кеңістікте

орналасқан Саналы Тіршілік Иелерінің дүниесіне туннель ашылады.

Ауыр қылымыс, әсіресе Ұлы Аналық Негізге қарсы қиянат жасаған

тұлға төртінші өлшемнің координата спиралінен айырылады да адами

ананың энергетикалық арнасына тартыла алмайды.

Сондықтан төртінші координатадан мақұрым пирамида Адамдар

Дүниесіне өте алмаған күйі эволюциялық үш өлшемді тіршілік деңгейі ‒

Жануарлар Дүниесіне құлап түседі.

Егерде адам, ізгілікке қарсы қылмыс істеген болса, адаммен Келісім-

Шартқа отырған үй жануарларын азаптаған болса, Жануарлар дүниесін

қырып-жойған болса, онда пирамиданың аппликат көгі деп аталатын Z

координатасы жойылады.

Осының салдарынан тұлғаның координаттық коды екі өлшемдік

дәрежеге түседі, яғни жануардың қарапайым аналық энергетикалық арнасына

тартыла алмайды да, оның екі өлшемді тұлғасы енді Өсімдіктер Дүниесіне

құлап кетеді.

Егерде тұлға бұдан да асқан қылымысқа барып бөгденің эволюциялық

игілігін оның ғұмырын иемденіп немесе геноцидке салып ұрлаған болса,

қоршаған табиғи ортаны құртуға қатысқан болса, онда қылмысты тұлға тағы

бір координатасынан айырылады да, тіпті өсімдіктердің ұрығына да тартыла

алмай қалады.

26

Енді тұлғаның координаталық коды бір өлшемді болады да

эволюциялық бір өлшемді Минералдар Дүниесіне құлайды және өзінің

эволюциялық жолын нольден бастауға мәжбүр болады.

Эволюция жолындағы тұлғалар планеталық айналым деп аталатын

Иерархия деңгейлерімен жоғары қарай ұмтылады. Эволюция жолындағы

тұлғалардың тіршіліктің келесі иерархиялық деңгейіне өту мезгілі

иерархиялық Дүниелердің әрқайсысы жеткен және ең алдымен Саналы

Тіршілік Иелері Дүниесінің жеткен эволюциялық сатылармен анықталады.

Адамзат Эволюцияның алтыншы сатысына және Карманың планеталық

деңгейіне жеткен жағдайда планеталық айналым аяқталады да Саналы

Тіршілік Иелері астрал дүниесінің әлдеқайда қолайлы эволюциялық ортасын

иемдену үшін физикалық дүниеден қайтуға дайын болады.

Эволюциялық даярлықты графикалық түрде Универсал Ғарыш

Модулінің спираліндегі орамдар санынан анықтауға болады. Орамдардың

саны астрал дүниесінің жеті сатысына сәйкес ‒ жетіге жеткен кезде Адам

қабаттас дүниелерге біржолата көшуге дайын болады.

Адамзат үшін, алтыншы сатыға өту ‒ бірнеше ғасырдан кейін

адамдардың физикалық дүниеден біржолата қайтып, тіршіліктің келесі

иерархиялық деңгейіне толығымен өтетіндігін білдіреді.

Астрал дүниесінде өмір сүретіндердің астрал дүниесімен екі арадағы

байланыс спиралі Универсал Ғарыш Модулінің ішіне тартылып, оның

орнына ментал дүниесімен байланыстыратын спиралі пайда болады. Ментал

дүниесі танылған сайын спираль тарқатыла түседі де, тұлғаның астрал

дүниесіндегі эволюциясының соңында бір нүктеден төртінші орамға дейін

тарқатылған және қайтадан жетінші орамға дейін шиыршақталған жеті

орамды ұршық тәрізді түріне келеді.

Бұндай тұлғаның ментал дүниесіне өтуіне орай жеті орамды спиралі

тағы да УҒМ-нің ішіне тартылып, оның орнында пайда болған ілгек арқылы

Биік Тіршілік Иелерінің келесі, шексіз дүниесінде бірінші деңгейдің бірінші

класындағы Ғарыш Құрылысшысы бола алатын тұлға осы дүниемен

байланыса алады.

Тұлға осы иерархиялық деңгейлермен неғұрлым жоғарғы өрлесе, оның

Универсал Ғарыш Модулінің орамдар саны соғұрлым көбейе түседі.

Ғарыш Құрылысшысы әрбір деңгейдің келесі класына өтер алдында

өзінің білімін қолданып және шеберлігін шыңдау үшін физикалық дүниеге

төмен түсуге міндетті.

Осы уақытта оның өзін-өзі Құрбандыққа қиюға даярлығы да қатал

сыннан өтеді, егер ол түнек иелерінің торына түссе, онда ол барлығын

басынан, Адамдар Дүниесінің деңгейінен бастауға мәжбүр болады. Ал егер

ол қылмыс жасаса, онда одан да төменірек түседі.

Сондықтан да болашақ Ғарыш Құрылысшылары қатал таңдаудан өтеді

және Жер тұрғындарынан шыққан Ғарыш Құрылысшылары ерекше сыйқұрметке

бөленеді. Олар көп емес, бірақ та Жер планетасының физикалық

дүниесінде кешкен азаптарынан өтіп, жеңе білгендіктерінен олар Ғарыш

27

Бауырластығының ең күрделі және нар тәуекел деген тапсырмаларын

Ғарыштық Серіктестіктің барлық тіршілікті дүниелерінде орындай алады.

Негізінен бұндай лидерлер өздерінің туған планетасында дүниеге келеді,

еңбек етеді, шайқасады, өледі, өйткені барлық Жарық күштерінің Түнек

күштеріне қарама-қарсы тұратын жері осында. Ғарыш Құрылысшыларының

тыныс алуға да уақыты жоқ деуге болады, сондықтан Биік Тіршілік

Иелерінің Дүниесіне өтіп, жаңа мүмкіндіктері мен өкілеттерін иеленіп, Жер

планетасындағы жұмыстарын ары қарай жалғастыру үшін астрал дүниесінде

қырық күн болғаннан кейін олар ментал дүниесіне көтеріліп оны қас-қағым

сәтте өтеді. Осы кезде олар бауырластарына өздерінің тәжірбиесін беріп, ал

өз класында білген-түйгенін ортаға салып, бір-бірімен сырласады ‒ ақыр

соңында өз іс-әрекеттеріне баға алып және жұмыстарының келесі кезеңін

анықтау үшін Ғарыш Бауырластығының алдына келеді.

Осыдан кейін, Тіршілік Айналымының заңына сәйкес, Ғарыш

Құрылысшысы қайтадан төмендеп физикалық дүниеге түсе бастайды.

Осы уақытқа қарай оның болашақ анасы жасы 4,5 айға толып,

қалыптасып үлгірген ұрпағына ие болады да кейінірек физикалық дүниеге

келтіру үшін оның УҒМ-ін өзінің энергетикалық арнасы арқылы бойына

тарта алады.

Бұндайда нағыз фантастикалық жағдай пайда болуы мүмкін ‒ бойында

өз нәрестесін көтерген болашақ ана физикалық дүниедегі ақырғы күндерін

сүріп жүрген болашақ сәбиін кездестіреді.

Олар бір-бірін міндетті түрде таниды және түсіндірусіз, елжірей бауыр

тартқандарын өзара сезеді, ал ана болса, олар аз уақытқа ғана

айырылысатындарын түсініп, ‒ шексіз Тіршілік айналымында ағып жүрген

миллиардтаған жандардың арасынан, қабаттас дүниелерге тартылған

Карманың үзілмес жіптерімен кімге таңулы екенін аналық жүрегімен сезіп,

сол бір жалғызын ғана өзіне тартып алатынын біледі.

28

ІІ. ҚАБАТТАС ДҮНИЕЛЕР

1. Үш Өсиет-Келісім

Бірінші заң ‒ Эволюция заңына бағынып, дүниеге келген адам өзінің

кәрілігі мен қайтыс болар шағына қарай бұлтарыссыз жылжиды.

Бұл жылжудың шарттары Екінші заң ‒ Карма заңына тәуелді. Адамның

эволюциялық және әлеуметтік сатыдан алар орны Бірінші және Екінші заңға

тікелей тәуелді Үшінші заң ‒ Иерархия заңынан келіп шығады.

Бұл ғұмырлық циклын аяқтап болған адам Төртінші заң ‒ Құбылу

заңына сәйкес өз өмірін қабаттас дүниелерде жалғастырады. Қабаттас

дүниелердегі барлық өмір мерзімдерін аяқтағаннан кейін адам, Бірінші заңға

бағынып, осы Бірінші заңнан өрбитін өмірдің үздіксіз айналымына

тартылып, қайтадан жер бетінде дүниеге келеді. Эволюциялық дәуірлердің

барлығы іске аспайынша бұл қозғалыс тоқтамақ емес.

Адам жаны мекен ететін дүниелер Бесінші заң ‒ Ұқсастықтар заңына

бағынады, және бұл дүниелердегі адамның өмір сипаты, оның Алтыншы заң

‒ Еркін Ерік заңына сүйене отырып алдыңғы Заңдарды қалай орындағанына

тәуелді.

Адамның бұл дүниелерде болу мерзімі, оның өз бойында Жетінші заң –

Мейірбандық пен Құрбандық заңына сәйкес келетін қасиеттерді қаншалықты

дәрежеде дамытқанымен белгіленеді.

ОСЫ ЗАҢДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ, ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ СПИРАЛЬ

БОЙЫМЕН ЖЫЛЖИТЫН УАҚЫТ АҒЫНЫНДА ӨРБИДІ.

УАҚЫТТЫҢ СПИРАЛЬМЕН ЖЫЛЖУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ, ӨТКЕН

ЗАМАНДА БОЛҒАН ОҚИҒАЛАР ҚАЙТАЛАНЫП ОТЫРАДЫ.

Ілкіде, өзінің эволюциялық сәбилік кезеңінде ғұмыр кешіп жатқан

адмзатқа Мұса пайғамбар жіберілді. Сол арқылы Жаратушы адамзатпен

Бірінші Өсиет-Келісім жасады. Одан кейін Будда келіп, келіп Ғарыштың

Эволюция, Карма және Құбылу заңдарын Бірінші Келісімге қосымша ретінде

әкелді, себебі нәрестелік дәуіріндегі адамзат өзінің қайдан шыққаны туралы

азапты сұраққа жауап іздеу үстінде еді.

Бұл ізденістер, эволюциялық тұрғыдан жас болғанымен, азғындап біткен

адамзатты рухани өлім шегіне әкелді де барлық адамдардың ауыр кармасын

бейтараптау үшін адами анадан Құтқарушымыз ‒ Иисус Христос дүниеге

келді, ал Ол арқылы Жаңа Өсиет ‒ Жаратушының балауса адамзатпен

Келісімі іске асты.

Содан кейін кәмелетке толған, өз істеріне толығымен жауап беруге

тиісті адамзатпен соңғы Пайғамбар ‒ Мұхамет арқылы Соңғы Өсиет-Келісім

29

жасалды. Рухани дәуір толық бір айналып шығып эволюциялық спираль

бойынша өз жолының бастауына қайтып оралды.

Бұл өсиеттерден Құдай мен Оның Жаратқаны ‒ біздің Жиһан туралы

Абсолюттік Білім келіп шығады.

«Әу баста Сөз болды» (Иоанн 1.1). Құдіретті Сөз арқылы алдымен

Күмбірлеген Құдіретті Күй Сфераларының Дүниесі пайда болады, содан

кейін әзірге жай пенделердің өресі жетпейтін Биік Тіршілік Иелерінің

Дүниесі, одан соң ой материясының дүниесі ‒ Ментал Дүниесі, одан ары

сезімдер материясы кейпінде келетін Астрал Дүниесі және ең соңында

Физикалық Материя дүниесі пайда болады.

Физикалық дүниеден бөліп алып қабаттас дүниелерге көшіргенде

Бірінші (Көне), Жаңа және Соңғы Өсиеттердегі көптеген даулы текстер

түсінікті болып шығады.

Адамның топырақтан жаратылуы туралы постулаттан өмірдің үлгілері ‒

алғашқы формалары астрал дүниесінде пайда болғанына меңзейді,

сондықтан Көне Өсиеттегі адамның жаратылуы туралы текстерге қабаттас

дүниелерден бөліп дұрыс түсінік беру мүмкін емес.

Бұл жөнінде Құран абсолютті түрде дәл айтады. 23-ші «Мүминұн)

сүресі:

«12. Расында Біз адамды нағыз балшық тегінен жараттық».

Бұл ең алдымен, Эволюцияның ІІ-ші сатысында алғашқы астрал

материясынан адамның пішін-үлгісі жаратылғанын анықтайды,және одан

кейін ғана «...Жаратушы Иеміз Адам мен оның әйеліне теріден киім жасап

оларға кигізді» (Болмыс 3,21).

Үш Өсиеттің өлімнен кейінгі ғұмырды жалғастыру туралы

қағидаларының барлығы ‒ бүкіл өмір бойы өз Келісімінің бір де бір шартын

бұзбай, сол Келісім бойынша туу мен өлім айналымның шеңберін бұзып

шыққан сенушілерге ғана қатысты.

Өз кармасын толығымен сарқыған және Өсиеттердің бірін аяғына дейін

орындаған сенуші-имандылар бұдан арғы құбылуды қажет етпейді және

Ғарыштық Соттың басталғанын хабарлайтын керней үнін күтіп ментал

дүниесінде жасай береді.

Бұл жайында апостол Павелдің айтқаны бар (1-ші Коринфтіктерге, 15-ші

тарау):

«51. Сендерге құпияны айтамын: түгелдей бәріміз біз өлмейміз, бірақ

барлығымыз өзгереміз,

52. Кенеттен, қас қағым сәтте, соңғы кернейдің үнінде; өйткені керней

шақырады, және өлілер бұзылмаған күйінде тіріледі, ал біз өзгереміз.»

2. Аруақтар дүниесі

Алтыншы сатының халқы қаббаттас астрал және ментал дүниелерімен

тікелей қатынас үстінде өмір сүретін болады. Өзіндік астрал және ментал

30

денелері арқылы осы дүниелермен қатынасуға адамның барлық құралдары

бар.

Адамның физикалық денесі, оның Өлмес Жанының физикалық

дүниедегі ғұмырын қамтамасыз ететін сауыт болып табылады. Құдіретті

өмір Ұшқынының нақтырақ анықтамасы ‒ Универсал Ғарыш Модулі.

Бұл Модульде жинақталған эволюциялық қор әрбір тұлғаның өмір және ісәрекет

деңгейін қамтамасыз етеді.

Өткен ғұмырлар жайлы барлық мәлімет Универсал Ғарыш Модулінде

зейінделіп сақталады.

Физикалық дүние астрал дүниесінің, немесе «жұлдыздар» дүниесінің

нольдік деңгейлерінің ұқсасы болып табылады. Астрал дүниесі бүгінгі

ғылым жеткілікті дәрежеде зерттеп үлгірген аса нәзік материядан тұрады.

Барлық денелердің өмірлік әрекеттерінің барысында адам денесінің

маңайында жоғары жиілік өрісінде көрінетін реңктің әр түрлі деңгейіндегі

түстеріне боянып, интенсивті сәулеленетін, аура деп аталатын тұрақты

энергия өрісі пайда болады. Аураның сапасы адамның эволюциялық

жетілуінің деңгейімен анықталады. Адам өзінің астрал және ментал

денелеріне өз қадамдарының ізін мәңгіге таңбалайды және қабаттас

дүниелердегі өзінің болашақ ғұмырын өзі белгілейді.

Адамның астрал денесі, оның физикалық денесінің көшірмесі болып

табылады және астрал денесінің бөлшектері физикалық денені құрайтын

материяның арасында еркін орналасады, сондықтан бір дене екіншіге

салынып кигізілгендей болып тұрады.

Ментал, яғни ой дүниесі, тіршіліктің энергетикалық деңгейлерінің

дүниесі болып табылады және тұлғаның пішін түріндегі шектеуі болмайды.

Ментал дүниесінің материясы астрал дүниесі бөлшектерінің арасына

қалай орналасса, ментал денесі де астрал және физикалық денелерге солайша

салынған, ал ментал дененің өзіне Универсал Ғарыш Модулі салынған.

Өресі төмен сезімдер мен ойлар қабаттас дүниелердің төменгі

бөліктеріне орналасады. Сезімі мен ойы неғұрлым биік болған сайын

адамның астрал немесе ментал денесі энергетикалық арнамен соғұрлым

жоғарырақ көтеріледі. Қабаттас дүниелерде уақыт та спираль бойымен

жылжиды және физикалық уақыттың бір минутының ішінде астрал

дүниесінде оның тұрғындарының өмірлерінің ондаған жылдары, ал ментал

дүниесінде ‒ жүздеген жылдары өтуі мүмкін.

Бұл ‒ қабаттас дүниелердегі бөлшектер жылдамдығының физикалық

дүниедегіден анағұрлым зор болатындығымен түсіндіріледі.

Астрал дүниесінің төменгі деңгейінде физикалық дүниеде әзірше өмір

сүріп жатқан тұлғалардың астрал денелерімен қатар физикалық дүниеде

қайтыс болғаннан кейін ноль-астралды денелерінен айырылып өздерінің

алдағы тағдыры жайлы үкімді тосып отырғандардың астрал денелері араласа

қоныстанады. Қайтыс болған адам бірсыпыра уақыт физикалық дүниенің

астралды ұқсастарының арасында болады.

31

Оның денесінің эфирлік және газ құрамдылары ыдырағаннан кейін

астрал дүниесінің төменгі қабатымен арадағы байланысы үзіледі. Бұл мерзім

діндерде белгілі, ол 7 күннен 9 күнге дейін созылады. Осы мерзімде

жақындары марқұмның аруағы сияқты бір елесті көруі мүмкін, бірақ та

қайтыс болған жанды мазаламаған жөн және мүмкіндігінше тым қатты

қайғыға берілмеуі керек. Келесі ғұмырына қарай өткен жанды жоқтап, кері

шақыру ‒ мағынасыз, тіпті қатыгез әрекет болып табылады, себебі,

физикалық дүниені тастап шыққандар аяқталған ғұмырында жинақталған

кармасының жеңілденгенін қажет етеді. Физикалық дүниеден қайтыс

болғандар бұдан соң қырық күннің ішінде өз үкімін тосады. Үкімін алғаннан

кейін аруақтар одан ары физикалық дүниенің қарапайым тұрғындарының

астрал денелері өте алмайтын астрал дүниесіндегі өз бөлігіне өтеді.

Тек Жоғары дүниелерге шақырылғандар ғана астрал дүниесінің тірілер

үшін тыйым салынған бөлігінен өте алады.

Қайтыс болғандардың астрал дүниесінің алғашқы үш сатысы діни

кітаптарда Тозақ деп аталады. Әрбір саты өз кезегінде үш шеңберге бөлінеді.

Бұлар Тозақтың әйгілі тоғыз шеңберін құрайды.

Келесі төртінші, бесінші және алтыншы сатылар Тазартқышты құрайды.

Ал астрал әлемінің соңғы жетінші сатысы ‒ Жұмақ Кіре берісі деп

аталады.

Әр адам өз өмірінің барсында, астрал денесінің сапасы мен мықтылығы

тұлғаның өткен ғұмырындағы атқарған істеріне сай келетін жеті қабатын

қалыптастырады.

Аруақ ретімен, әуелі Тозақ арқылы өтіп, оның ішіндегі әрбір сатыда

өзінің астрал денесінің сол сатыға байланысты қабаттары қаншалықты

мықты болса, соншалықты шамада кідіреді.

Ауыр қылмыс жасаған тұлғалардың астрал денелерінің төменгі

қабаттары қалыңдап қатая түседі де, ауыр азап шегу үстінде қарыздарын

өтеп, осы денелерін тоздырып сарқығанға дейін Тозақта қала береді.

Ал бұндай денелері жеңіл тұлғалар Тозақтың сатыларында ұзақ

аялдамай, тіпті олардың қасынан қолма-қол, кідіріссіз өтеді деуге болады.

Үш Өсиет-Келісімнің біреуін ұстанып толығымен орындап шыққан

сенушілер Тазартқыштан тез өтіп, астрал дүниесінің жетінші сатысы ‒

Эвнояда өмір сүреді. Осы сәттен ары қарай Бір Жаратушыға ғана сенетін ізгі

ниетті адамдар үшін бұрынғыдан да қызықты, толысымды жаңа өмір

басталады.

Әбден тозған, әсіресе аурулы денесінен босап шыққан адам өлім сәтінде

бостандықтың айтып жеткізуге болмайтын қуанышқа толы күйін кешеді.

Астрал денесі жеңіл және икемді, сондықтан өзінің өліп бара жатқан

физикалық денесінің дірілі адамның ойына да келмейді. Физикалық өлім

кезінде адам ешқандай ауру мен қасіретті сезбейді. Бір ғұмырдан екінші

ғұмырға өтердегі, бұл сансыз рет кешілген күй тіршілік иесі үшін табиғи да

үйреншікті күй. Бұндай аурусыз, уақытша өлім күйін адам күнде, ұйқы

32

кезінде, физикалық денесін тастап астрал дүниесіне, ал одан кейде тіпті

ментал дүниесіне де өткенде кешеді.

Діндерден белгілі адам жанының өлместігінің расында анық негізі бар,

және физикалық дүниені тастап шыққан жанның астрал дүниесіндегі ең

алғашқы сезімі ‒ өлім деген атымен жоқ дүниенің осындай әдемі жаратылуы

үшін Биік Тәңірдің алдында шексіз ризалы сүйіспеншілік сезімі. Күйбең

ойдың құрсауынан босаған сана бір-ақ сәтте Тәңірдің Ойымен жаратылған

Жиһанның шынайы құрылымын көреді, және астрал дүниесінде жаңадан

туған адам, тасталған физикалық дүниедегі өзінің бұрынғы ауыр болып

көрінген мәселелеріне қуана күледі.

Астрал дүниесінде де дәл осындағыдай, бірақ әлдеқайда алуан түрлі

табиғат ‒ ландшафт, өзендер, теңіз бен мұхиттар бар.

Астрал дүниесінің тұрғындары өздері тастап шыққан физикалық

дүниедегідей, сол физикалық дүниеде өздерінің қалыптастырған қармасына

сай күрес пен еңбекке толы күн кешеді, сүйеді, шығармашылықтың қуанышқасіретін

көреді.

Алайда астрал дүниесінің мүмкіндіктері физикалық дүниенің

мүмкіндіктерінен әлдеқайда биік, ал астрал денесінің сезімталдығы

әлдеқайда бай және нәзіктеу болады.

Қапияда қаза тапқан немесе соғыста өлген адамдар көбінесе өздерімен

не болғанын, неге олар өздерінің өлі денелерін сыртынан көріп тұрғанын

алғашында түсіне алмайды, тек біраз уақыттан кейін өлімнің жоқтығын,

өздерінің басқа дүниеде екендігін, нағыз өмірдің енді ғана басталғанын

түсінеді.

Астрал дүниесінде адамдар өздерінің қайтыс болған жақындарын,

таныстарын, достары мен жауларын кездестіріп, оларға өздерінің кармалық

қарыздарын қайтарады.

Астрал дүниесінде ауыр сыннан тайсақтау, жердегідей сырыңды

жасыру, алдау және өтірік айту мүмкін емес.

Кармасы ауыр адамдардың астрал дүниесіндегі ғұмыры діндерде жақсы

белгілі, және нанымды дәлдікпен баяндалған. Қарапайым еңбек адамдары

көбінесе, өздерінің астрал дүниесіндегі өмірін, өздерінің тура сол, физикалық

дүниедегі өмір сүріп еңбек еткен жағдайларында жалғастырады. Физикалық

дүниеде қалған туыстары мен жақындары қабаттас дүниелерге өтіп

кеткендердің тағдырын едәуір жеңілдете алады. Ең сауапты көмегін

бұндағылар қайтыс болғандарға, олардың заттық және рухани қарыздарын

өтеу арқылы көрсете алады. Адамның физикалық дүниедегі қарыздары

толығымен өтеліп болмайынша оған, Карма заңы бойынша, қабаттас

дүниелерде де ілесіп отырады.

Физикалық дүниені тастап шыққан адам үшін қарыздарының қырық күн

ішінде өтелуі оның құтқарылуына сауабын тигізуі мүмкін, себебі, қырқыншы

күні астрал дүниесіндегі әркімнің ғұмырының тағдыры шешіледі. Жерде

өлген тіршілік иесінің бірде-біреуі қасиетті қырық күн өтпестен бұрын астрал

дүниесін тастап кете алмайды.

33

Бірін-бірі сүйген жандар бір-бірімен барлық қабаттас дүниелерде

кездесіп отырады, сондықтан бұндайға кәдімгідей дайын болу керек те,

физикалық дүниеден қайтқан жақын жанды сенбеушілік білдіріп кеудеден

итеруге болмайды.

Астрал дүниесіндегі адамның ғұмыры Жер уақытымен есептегенде

ондаған күндерден жүздеген жылдарға дейін созылуы мүмкін. Астрал

дүниесіндегі ғұмырын аяқтаған адам қайтадан өлгендей болып, күні біткен

астрал денесін тастап шығады. Осы сәтте адамның астрал денесінен оның

ментал денесі Универсал Ғарыш Модулімен бірге бөлініп шығады да ментал

дүниесі деп аталатын, ой материясының дүниесіне енеді.

Мұнда аруақ әрбір сатыда ментал денесі қабаттарының мықтылығына

сай мерзімге кідіре отырып, сатылар тізбегімен жоғары қарай өтеді.

Ортақ игілік хақындағы биік ойлармен өмір сүрген адам ментал әлемінің

төменгі деңгейлерінен шапшаң өтіп ментал дүниесінің алтыншы, жетінші

қабаттарына көтеріледі. Онда ол, физикалық дүниеде өмір сүрген кезінде

асқақ шабыттың қанатына мінген сәттерінде ғана жеткен ‒ сұлулыққа сүңгіп,

әдемі ойлар тудыратын таза идеялар дүниесінде өмір сүреді.

Адамның ментал денесінің физикалық және астрал денесінен

айырмашылығы ‒ оның әдеттегідей формасы болмайды, және ол адамның

менлігі ‒ «эгосын» көмкеретін энергетикалық ұйысу түрінде тіршілік етеді.

Ментал дүниесінде тіршілік иесі идеялар әлемінде өмір сүреді, және өзінің

шығармашылық мүмкіндігін толық іске асыруға керектің барлығына ие

болады.

Әлемдік діндерде ментал дүниесі Жұмақ ретінде белгілі. Бір ғана

Жаратушыға сенетіндер үшін ментал дүниесіндегі өмір ‒ әділдікпен өткізген

ғұмырларының зейнеті болып табылады. Олар, Ғарыш Соты басталғанға

дейін ментал дүниесінде, жер уақыты бойынша мыңдаған жыл өмір сүреді.

Кейбір, нақты өліп, бірақ та ноль-астралды денелерін сақтағандар,

клиникалық өлімнен кейін, өздерінің қарыздарын өтеу үшін, Жоғары

Күштердің әмірімен астрал дүниесінен кері қарай, физикалық дүниедегі өз

денелеріне қайтарылуы мүмкін. Бұндай адамдарға жерлік ғұмырына

ораларының алдында жарыққа бөленген тұлғалар жолығып, қайтарылуының

себебін түсіндіреді. Олар кері қайтарылатын жанның санасындағы астрал

дүниесі туралы мәліметтің денін өшіріп, физикалық дүниедегі өмірге кедергі

келтірмейтінін ғана қалдырады.

Негізінен болашақ жайлы мәлімет өшіріледі, себебі бұндай білім

қарапайым адамның кармалық қарыздарын қайтаруын қиындатуы мүмкін.

Өздері қысқа мерзімге ғана аялдаған әдемі дүние туралы қалдық елестер

бұндай адамдардың дүниетанымын жақсы жағына өзгертеді. Олардың

барлығы бұдан былай құлшына сенушілерге айналып, өздерінің бұрынғы

жерлік ләззаттарына ықыластығынан түбегейлі арылады. Бұндай адамдар

үшін өлім ұғымы атымен жойылады, ал физикалық дүниедегі өмірінің

жалғасуын олар жақын адамдары мен қоғам алдындағы міндет ретінде

қабылдайды.

34

3. Адамның тууы мен өмірі

Әрбір өмірінде адам үдемелі түрде Эволюцияның барлық жеті

сатысынан өтеді.

Эволюциялық айналымды бастағанда Универсал Ғарыш Модулі

алдымен ментал дүниесінен өтеді. Бұл кезеңде ол, ментал дүниесінің осы

тұлғаның эволюциялық қорына толығымен сәйкес келетін материясын ғана

өзіне тартып алады да, тұлғаның болашақ интеллектуалдық деңгейін

қалыптастырады. Содан соң ментал денесі ноль-менталды қабықшамен

көмкеріледі. Бұл кезең Эволюцияның бірінші сатысын қайталайды және осы

атаулы өмірдің эволюциясының бірінші кіші баспалдағы болып табылалы.

Одан әрі, Универсал Ғарыш Модулі астрал дүниесінен өтеді де, енді

болашақ физикалық дененің барлық өзіндік ерекшеліктері таңбаланған

астрал материясымен көмкеріліп ноль-астралды қабықшаға ие болады. Бұл

кезең Эволюцияның екінші сатысына сәйкес келеді.

Бұдан соң осы тұлға алдыменен физикалық дүние тұрғындарына

арналған астрал дүниесінің бөлігінде ноль-астралды денеде туады.

Біраз уақыт ана өзінің ноль-астралды денесі арқылы астрал дүниесінде

жаңа туған сәбиімен қарым-қатынаста болып оның физикалық дүниеге

келуіне дайындалады.

Астрал дүниесінен ана өз сәбиінің болашағы жайлы мәлімет алуы

мүмкін және оны алдын ала осыған орай тәрбиелеуге дайындалады.

Сондықтан да болар, ұлы адамдардың аналары өз балаларының болашағы

туралы әрқашанда білген.

Соңғы кезеңінде бұл Модуль ана құрсағына тартылады да, болашақ

физикалық денені сомдау үшін ұрық ішіне орналастырылады.

Өлмес Жанның өзіндік физикалық денесін тапқан аса маңызды бұл сәті,

Эволюцияның үшінші сатысының қайталануы, яғни Универсал Ғарыш

Модулінің физикалық дүниеге батуы болып табылады.

Жаңа туған нәресте биік руханиетті тіршілік иесі болғанымен, оның

санасы бастауыш деңгейде болады. Одан әрі, физикалық дене мен сана өскен

сайын, руханиет әлсірейді де, үшінші кіші баспалдақтың принципі ‒ Менлік

іске қосылады. Жасөспірім дүниені өзінің сезім мүшелері арқылы ғана

түйсінеді, және бұл жасында оның менмендігі мен тұлғалануының ең биік

деңгейге жетуі эволюциялық себептерге негізделеді.

Бұдан ары «меннің» сұраныстары төртінші кіші баспалдақ принципінің

дамуы барысында іске асады да жас адамның барлық ұмтылысы өзінің

физикалық денесінің қажеттерін қанағаттандыруға бағытталады. Бұл кіші

баспалдақта руханиеттің құлдырауы ең төменгі деңгейіне дейін жетеді. Өсіп

келе жатқан дене руханиеттің әрбір жылтын тырп еткізбей буып тастап

отырады.

Айналасындағы дүниені тануын жалғастыра келе адам бесінші кіші

баспалдақ ‒ Ақылға өтеді де, енді көбінесе өзінің сезім мүшелері мен

эмоцияларына емес, ‒ дұрыс мағынаға жүгінеді. Сана өскен сайын таным

35

нысанасының аясы кеңейе түседі де, адам, өзін қоршаған дүниенің

жарасымдылығының Бастапқы себебі болуы тиіс деген сенімге келеді, яғни

саналы түрде Құдай туралы түсінікке ие болады.

Осы сәттен бастап өзінің қайтыс болуына дейін адам алтыншы кіші

баспалдақ ‒ Ізгілік пен Мейірбандыққа көтеріледі. Өсіп келе жатқан руханиет

адамды, кемелденген санасын сақтай отырып, эволюция спиралінің бойымен

сәби руханиетінің деңгейіне қайтарып әкеледі. Одан әрі, руханиет өсіп, ал

сана, дене және менлік өшкен сайын адам біржолата сәбилік күйге енеді де,

қайтыс болар сәтінде жаңа туған нәрестеге ұқсайды. Ол, тек керісінше,

физикалық дүниеден астрал дүниесіне қарай туады да, сол дүниеде өз

эволюциясының алтыншы, кіші баспалдағын жалғастырады.

Астрал дүниесіндегі ғұмырын аяқтағаннан кейін тіршілік иесі ментал

дүниесіне өтеді де, микроэволюцияның ең соңғы, жетінші кезеңіне кіреді.

Сонымен, бір ғұмырдың жеті баспалдақты микроциклы аяқталды да,

микроэволюцияның спиралі өзінің бастапқы күйіне, бірақ та әлдеқайда

жоғары деңгейде қайтып оралды.

Белгілі мөлшердегі микроциклдардан дұрыс эволюциялық жылжуының

нәтижесінде адам енді Эволюцияның әлдеқайда биік, жалпы адамзаттық

сатысына өтеді.

Өзінің нәсілі мен ұлтына және әлеуметтік ахуалына қарамастан барлық

адамдар эволюцияның белгілі бір сатысында тұрады.

Үшінші сатыда эволюциялық тұрғыдан кемшін дамыған, сиқыр, магия,

экстрасенсорика, астрологиямен айналысып, азған рухтар және Түнек

Күштерімен астасуға апаратын әрекет атаулының бәріне бойсұнған адамдар

тұрады.

Өз денесінің керегін ғана күйттеген адам Эволюцияның жалпы

адамзаттық төртінші сатысында тұрады және оны өзінің кіші айналымды

өмірлерінде ұзақ та азапты жол тосады.

Ақыл-ойы кемел дамығанымен, мейірбандығын өреге жеткізе алмаған

адам Эволюцияның бесінші сатысында болады.

Өз бойында Мейірбандық принципін дамытқан адам алтыншы сатыдан

табылады және болашақта адамзаттың рухани Жетекшісі болу үшін шұғыл

рухани дамудың құқығын алады.

Физикалық дүниеде өмір сүріп жатқан адам уақытының бір бөлігін

астрал дүниесінде өткізеді, ал кейде, биік шабыттағы шығармашылық

ізіденістерінің кезінде, немесе ерекше дамыған тұлға ретінде, Биік Күштердің

шақыруымен ментал дүниесіне де зиярат етеді.

Физикалық дүниеде келешекте болатын оқиғалар осы дүниенің барлық

саналы тіршілік иелерінің ой әрекеттерінің қорынан ең алдымен ментал

дүниесінде, идеялар күйінде қалыптасады.

Менталдағы жоспар астрал дүниесіне нақты әрекеттер түрінде

таңбаланады. Астрал дүниесіндегі бұл оқиғалар белгілі бір уақыттан кейін

астралдағы жоспарды толығымен қайталайтын физикалық дүниеге

таңбаланады.

36

37

Физикалық дүниеде астрал және ментал жоспарына адамдардың

еркін еріктері қосылады. Олар өздерінің әрекеттерімен, эмоцияларымен

және ой формаларымен бұрынғы кармаға қосылатын жаңа кармалық

байланыстарды тудырады.

Белгілі бір уақыттан кейін жаңарған карма туындаған ой формалары

арқылы ментал дүниесіне әсер етеді де, өзіне эмоциялар материясын тартып

алып астрал дүниесінің нақты оқиғаларына айналады. Содан кейін алдыңғы

кармалық циклдың негізгі оқиғаларының қайталануымен кармалық сценарий

астрал дүниесінен физикалық дүниеге түсіп орындалады.

Ұйқы кезінде, астрал және ментал дүниелеріндегі өмір физикалық

дүниенің уақытымен өлшегенде өте қысқа мерзімде өтеді. Осы мерзім ішінде

астрал дүниесіндегі тұлға, физикалық дүниеде көптеген жылдарға созылып

қайталанатын оқиғаларды басынан өткізе алады. Астрал дүниесіндегі

ғұмырында адам кармалық байланыстарды қалыптастырады, ал содан кейін

физикалық дүниеде адамдар бір-бірімен бұлтармай кездесіп, өзаралық

қарыздарын қайтарады.

Астрал дүниесіндегі оқиғалар физикалық дүниедегі оқиғалардан

бірнеше сағаттан көптеген онжылдықтарға дейін оза алады.

Ментал дүниесіндегі оқиғалар жердегі оқиғалардан жүздеген немесе

мыңдаған жылдарға оза алады.

Физикалық дүниеде өмір сүріп жатқан адамдар ұйқы кезінде өздерінің

астрал денелерімен, яғни өздерінің осы астрал денелерінің жете алған астрал

дүниесі деңгейлерінің тұрғындарымен қатынасады. Адамның рухани өмірі

неғұрлым сезімтал және бай болған сайын, оған астрал дүниесінің соғұрлым

биігірек деңгейлерінің есігі ашылады.

4. Өрлеу үстіндегілер

Алтыншы сатыдағы адамдардың өмірлерінің негізгі бөлігі

кейіптелгендердің астрал және ментал дүниелерімен ашық қатынаста және

ынтымақтастықта өтетін болады.

Рух өрлеуінің бастауыш кезеңдерінде қабаттас дүниелермен қатынасқа

түсуші оның ой астарына басынқы бөгеуілдер енгізу арқылы шатастыруға

тырысқан түнекшілердің тегеурінді қарсылығына ұрынады.

Түнекшілердің бөгеуілдерін ажырату қиын емес, өйткені

сайтаншылдардың Ғарыш шайқасындағы жеңілістерінен кейін олар

астралдағы Тозақтың төменгі қабаттарын ғана қадағалай алады, яғни,

олардың энергиялық қоры шамалы. Ұйқыда жатқан адамға жіберетін

елестердің фоны түнек тұлғаларының әлсіз энергиялық қуатына байланысты

сұрғылттау болады. Әдетте бұл, ізгіліктің кебін киген, болашақта келуі

мүмкін дәулеттің, өзімшілдік талаптануының орындалуы кейпіндегі

суреттер. Осының бәрі – эволюциялық тұрғыдан алғанда балаң адамдар түсіп

қалатын тұзақ үлгілері.

38

Биік дүниелермен қатынасқанда өрлеуші жарқыраған бейнелерді көреді

де, өзінің өткені мен бүгіні жайлы, көбінесе өзіне жақпайтын, бірақ аяусыз

нақты, шын мәлімет алады. Рухы күштілер ғана өздері туралы осындай

аяусыз шындықты қабылдап, оның ‒ сүрінгенге кінәсін мойындатып,

болашақта алдынан қандай қиындықтар шығатынын білдіріп тұрған ‒ Биік

әділет екенін түсінеді.

Бұдан әрі өрлегенде алтыншы сатының адамдары кармалық спиральдің

неғұрлым ыңғайлы орамдарына еніп, енді өздерінің кармалық достарымен,

әріптестерімен және сүйген жандарымен кездеседі.

Одан әрі өрлеуші қабаттас дүниелердің жоғарғы деңгейлерімен тұрақты

байланыста болады да, олардың кұдіретті сұлулығын көріп түйсінеді.

Адамның Биік күштермен кездескендігінің ақиқаттығын болып

жатқанның қуатты энергиялық коректендірілуі айғақтайды. Сол себепті,

нағыз оқиға биік сәуле аясында, жарыққа бөленген тұлғалардың қатысуымен

өтеді.

Қабаттас дүниелердегі глобальдық, және тіпті ғарыштық маңызы бар

кармалық әрекеттер, оларға осындай энергетикалық ілеспелеу ере жүргенде

ғана физикалық дүниеде кейіптеле алады.

Астрал дүниесінен жақын болашақта өзінің қатысуымен өтетін оқиғалар

жайлы мәлімет алған адам, өз істерінде өте сақ болуы керек.

Егерде алтыншы сатының адамы өзі қаламаған оқиғаны болдырмауға

тырысса, мысалы, астрал дүниесінде ендігі болып өткен оқиғадан бой тартса,

онда қабаттас дүниелер арасындағы әрекеттестіктің себеп-салдар байланысы

бұзылады. Астралдағы жоспардан бұл, елеусіз болып көрінетін ауытқу, ең

алдымен жергілікті көлемдегі күтпеген апаттық катаклизмдерді туғызуы

мүмкін, ал жоспар, бұған да қарамастан, бәрібір орындалмаса, зілзаланың

аймағы одан да зор болып ұлғая беруі мүмкін.

Егер өрлеуші өзіне биіктен түскен жарлықты бұлжытпай орындаса, онда

оның ештеңеден қорықпауына болады, себебі, оның өзі кармалық жоспардың

бөлігі болып табылады.

Бұл жолда өрлеуші өзінің шегіне жетіп, оның ары қарай жылжуы тоқтап

қалатын сәті болады. Бұндайда өзінің рухани өрлеуінің «құдіреттілігі» жайлы

алдамшы сезім пайда болады, бірақ та бұл ‒ жалған сезім. Бұл әншейін,

қордаланған білімді жүйеге келтіріп, келесі өрлеудің алдындағы демалыс

үшін қажетті кідіріс.

Алайда бұл кідіріс, ақиқаттың біразын білген жан заңды жолмен алған

білімін ізін басып соңынан келе жатқан өзі сияқты өрлеушілерге беріп

болмайынша, созылуы мүмкін.

Йогтық транс пен кейбір шығыс жекпе-жектерінің психофизикалық

жаттығулары арқылы астрал дүниесінің төменгі деңгейлеріне рұқсатсыз,

зорлықпен кіретін бұрынғы сатылардың тәжірибесінен, алтыншы сатыда

тұрған адамдардың айырмашылығы ‒ бұлар жоғарыдан келген шақыру

бойынша бірлескен ынтымақтастық үшін қабаттас дүниелерге зиярат етеді.

39

Ауыр кармалық қарыздарды өтеместен медитациямен шұғылданудың

ешқандай мағынасы болмайды, ол рухани сапардағы жай ғана көмекші құрал

болып табылады.

Игілікті ой мейірімді сезімдермен айғақтанып, қайырымды істермен

бекігенде ғана ментал, астрал және физикалық дүниелердің үшбірлігі іске

асады.

Астрал дүниесіне магиялық әдіс арқылы кіру бұдан да үлкен қылмыс

болып табылады. Бұл жерде магияның ақ немесе қара болуының еш

айырмасы жоқ, себебі, магия тек қана қараңғы, яғни сайтаншыл болады.

Сондай-ақ психотроптық құралдар мен есірткілерді пайдалануға

болмайды.

Бұл тәсілдер арқылы тұлға астрал дүниесінің ең төменгі деңгейлеріне

күшпен кіреді де өзін ауыр кармаға душар етеді және келесі ғұмырында

санадан айрылады да өткен ғұмырында бойында болған психофизикалық

қабілеттерді пайдалана алмайды.

Эволюциялық жағынан жете дамыған адамдар өздерінің астрал

дүниесіндегі қатысқан оқиғаларын естерінде сақтай алады. Бұл білім оларға

физикалық дүниедегі оқиғаларды көп жылға дейін алға қарай болжауға

мүмкіндік береді. Ментал дүниесіне шақырылғандар өз уақытынан мыңдаған

жылдарға озған оқиғаларды көреді және Биік Күштердің рұқсатымен

сенушілерге келешектің сырын ашып бере алады.

Пайғамбарлардың айтқандарының барлығы нақты мәліметтік негізге

сүйенеді және басты сипаттарымен физикалық дүниеде іске асады. Астрал

және ментал дүниесінен бөлінген түрде бұндай білімге ие болу мүмкін емес,

себебі, физикалық дүниенің заңы бойынша нақты болжам жасау ‒ мәліметтің

жағдайға сәйкес ауыспалы шегіне жеткізілген мөлшерін қажет етеді.

Ментал дүниесімен, яғни ой дүниесімен қатынасы бар адамдар неше

түрлі ілім мен діндердің арасынан әжептәуір әдемі және логикалық жағынан

мінсіз, жалған ілімдерден Құдіретті Ақиқатты ажырата алады. Ұйқыдан

оянған адам сананың терең қабатында Жиһан кұрылымының заңдары жайлы

шын білімнің бір бөлігін есінде сақтап қалады. Бұл білім адамға, физикалық

дүниеде, өзінің эволюциялық деңгейіне сәйкес, ментал дүниесінен

қабылдауға шамасы жеткен наным мен сенімді ғана таңдап алуға мүмкіндік

береді. Эволюция барысында ментал дүниесінің анағұрлым биік

деңгейлерімен қатынасқан адам Құдіретті Мейірім дүниесіне жетіп, Бір

Жаратушыға деген сенімге ие болады.

5. Адамның жеті центрі

Жаратушыға ұқсас және кейіптес етіп жасалған адам микрокосмос

болып табылады, және болашақта оның Биік Тіршілік Иелерімен иық

теңестіруге әлеуетті мүмкіндігі бар. Бұған жеткізерлік, адам денесінде жеті

негізгі және бірнеше ондаған көмекші центрлер бар.

40

Көмекші центрлер медицинада акупунктуралық нүктелер ретінде

белгілі. Сол нүктелерге әсер ету арқылы адамның сырқатын емдеуге болады.

Ал жеті негізгі центрлер адамға рухани бағытта қызмет етеді.

Бұл центрлердің ахуалы мен сапасы жайлы мәлімет Универсал Ғарыш

Модулінің ішінде сақталады да тұлғаның эволюциялық игілігі ретінде

ғұмырдан-ғұмырға беріліп отырады. Қарапайым адамның бұл центрлері аз

дамыған, тек эволюциялық тұрғыдан ілгері дамығандардың ғана ояна

бастаған немесе істеп тұрған центрлері бар.

1. Төменгі немесе түпкі центр омыртқаның ең төменгі нүктесіне

орналасқан.

Бұл центрдің бақылаусыз және асқына дамуы өнер адамдарының

өмірбаянынан білетініміздей аумалы психикалық күйге, сексуалдық

ауытқуларға және басқа да ауруларға апарып соғады.

Діндердің тәжірибесінде бұл центрдің оянуынан туындаған

шығармашылық қуатты тұрақтандырып басудың әдістері бар. Бұндай

жағдайда сенушілерге ораза ұстау, тізгінделу және адамдар тұрмайтын

жырақтау жерде оңаша тұру тапсырылған. Бұл қағидаларды ұстанбаған

шығармашыл адам «кундалини өртін» ішімдікпен, есірткімен және моральдік

азғындаумен өшіруге мәжбүр болған, ал бұның бәрі өз кезегінде ауыр

кармаға айналады. Талай ұлы адамдардың быт-шыт болған тағдыры тарихтан

белгілі, сондықтан алтыншы сатының перзенттері өздерінің оянып келе

жатқан центрлерінің дамуын асқан сақтықпен қадағалап, аялай білуі керек.

Жаңа дәуірде төменгі центрлердің ықпалы бұрынғы сатылардың

дәуірлеріндегідей онша маңызды болмайды. Сондықтан, классикалық

йогадан белгілі, адамның ұрпақ жалғастыру қабілетін реттеп отыратын

белдемше центрі негізгіден көмекшіге айналады.

2. Келесі центр ‒ төсетекте орналасқан «энергетикалық» центр. Кәдімгі

адамдарда бұл центр энергияның қоры болып табылады да, ағзадағы

энергетикалық тепе-теңдікті реттеп отырады. Эволюциялық тұрғыдан озып

кеткен адамдарда бұл центр өз қорынан басқа центрлердің жұмысын

қамтамасыз етеді. Бұл центрдің оянуының белгісі ‒ адам ағзасының ет

белогынсыз өмір сүру қабілетінің пайда болуында, яғни бұл белокты көкөніс

пен сүт тағамдарынан өндіре алатын қабілетінде. Болашақ алтыншы саты

адамдарында «энергетикалық» центр басқа центрлермен бірге үйлесе дамып,

аз тамақпен қанағаттану әдетін қалыптастырады да тіпті ақырында,

ғарыштық энергиядан қуат алуға дейін жеткізеді.

Ет-сүт тағамдарынан, балық етінен бас тарту арқылы, эволюциялық

негізсіз, энергетикалық центрдің жұмысын жасанды түрде жандандыру ‒ ең

тәуір деген нәтижеде тозып-әлсіреуге әкеліп өзіңнің жалпы адамзаттық

міндетіңді орындай алмайтын халге жеткізеді.

3. Үшінші центр кеудеде, екінші центрдің үстіне орналасқан. Бұл центр

адамның астрал денесінің вибрациялық ырғағын қалыптастыру үшін және

сол арқылы физикалық дененің тіршілік ырғағын қалыптастыру үшін қызмет

етеді.

41

4. Төртінші центр жүрек тұсында орналасқан және басқа центрлердің

эволюциялық тұрғыдан жандануы мен одан кейінгі қызметін басқарып

отырады. Адам, бойында өзін қоршаған ортаға деген шексіз махаббатын оята

алғанда ғана, оның басқа центрлерінің эволюциялы, заңдылы оянуының

басталуы мүмкін болады.

5. Бесінші центр көмейге орналасқан. Бұл центрді дамытқан алтыншы

сатының адамдары, оның тербелісі арқылы физикалық дүниеде кез келген

қашықтыққа және эволюциялық дамудың барысында астрал және ментал

дүниелеріне де хабар бере алатын болады.

6. Келесі центр адамның басында ‒ сфералық фокустаушы айна сияқты

желке сүйектен басталып қастан сәл жоғарырақ тұста маңдай сүйекке келіп

тіреледі. Руханиеті жоғары адамдардың бұл центрінде астрал және ментал

дүниелерінен алынған ақпарат зерделеніп талданады. Осыдан келіп

физикалық дүниедегі болашақ оқиғаларды болжап білудің сыры ментал және

астрал дүниелерінде болып өткен оқиғалардан ашылады. Бұл центр оянған

сайын адам өзі жинақтаған қуат қорын кеңістікке сәулелеп тарата алады. Осы

арқылы, түрлі энергетикалық вампирлерден қорғану мақсатында

энергетикалық сауыт қалыптастыруға болады.

Алтыншы саты адамдарының бұл центрі кейіннен ғарышта сейілген

энергияны шоғырландырып, түрлендіріп және қабаттас дүниелерге тарата

алатын болады.

7. Соңғы центр адам денесінің ең жоғарғы нүктесі ‒ тақ төбесінде

орналасқан. Бұл ‒ адамды Биік дүниелермен жалғастыратын центр болып

табылады. Ғарыштан келген ақпарат осы жетінші центр арқылы қабылданып,

басқа центрлерге таратылады.

6. Ену арнасы мен өрлеу арнасы

Осы центрлер арқылы қабаттас дүниелермен іске асатын байланысты,

графикалық түрде, физикалық дүниенің жазықтығында тұрған адам кейпінде

бейнелеуге болады.

Физикалық дүниенің жазықтығымен параллельді түрде жүрек арқылы

астрал, яғни сезімдер мен эмоциялар дүниесі өтеді, ал бастағы алтыншы

центр арқылы ментал дүниесі, яғни ой дүниесінің жазықтығы өтеді.

Бұл жазықтықтар бір-бірімен қиыса алмайды және өзара, вертикаль

бойынша қабаттас дүниелердің жазықтықтарын вертикаль бойымен көктей

өтетін энергетикалық арна арқылы жалғасады. Бұл арна жұлынның бойымен,

төменгі центр мен бастың центрлерінің аралығында орналасқан. Бұл арнаның

бойымен қабаттас дүниелердің арасындағы нәзік материяның, энергия мен

ақпараттың қозғалысы іске асады.

Осы арналар арқылы ментал, астрал және физикалық дүниелер

арасындағы байланыстарды ғибадатхана кұрылысының мысалы арқылы

түсінуге болады:

42

‒ Алдымен, кейіптелгендердің ментал дүниесінің жоғарғы деңгейлерінде

ғибадатхананың идеясы туындайды.

Содан кейін бұл ой сәулетшінің санасында пісіп-жетіледі де бірте-бірте

ену арнасы арқылы ментал дүниесінің төменгі деңгейіне дейін түсіп сызба

түріндегі ғибадатхананың қалаулы пішінін иеленеді.

‒ Енді, ғибадатхананың жобасы әбден жетілген сәтте ол ену арнасы

арқылы төмен қарай сәулетшінің төртінші центріндегі астрал дүниесінің

жоғарғы деңгейлеріне тартылады. Бұнда жоба ғибадатхананың алғашқы

моделі ретінде кейіптеледі. Сәулетшінің толғаныс сезімдері ғибадатхананың

моделін одан әрі жетілдіре береді де, ақыр соңында, әбден жетіліп болған

модель кейіптелгендердің астрал дүниесінің төменгі деңгейіне түседі.

‒ Бұдан соң, ғибадатхана салынатын жерді иеленіп отырған

мемлекетпен және халықпен тығыз байланысқан сәулетшінің кармасына

сәйкес, белгіленген күні мен сағатында бұл жоба сәулетшінің арнасы арқылы

физикалық дүниеге өтеді де, астрал дүниесінің мінсіз формалар әлемінен

келген ойдың материяға айналуы басталады.

Дәл осындай жолмен музыканттардың центрлері мен ену арнасы арқылы

физикалық дүниеге халық әуендері мен күйлер, халық әндері және

классикалық музыканың маржандары ментал дүниесінің мінсіз дыбыстар

әлемінен келіп жетеді.

Қосулы арнасы және істеп турған центрлері арқылы барлық адамдар

сезімдері мен ойлары арқылы үнемі өзара тұрақты байланыста болады, ал

кейінірек алтыншы сатының адамдары бұл арналары мен центрлері арқылы

кез келген қашықтықта, астрал дүниесінде сезімдерінің энергиясын, ал

ментал дүниесі арқылы ‒ ақпаратты таратып және қабылдай алатын болады.

Бұл арнаның өткізгіштік мүмкіндігі адамның эволюциялық дамуының

деңгейіне тәуелді. Өткен дәуірлердегі адамдардың көпшілігінде бұл арна,

негізінен, туған не өлген сәтте іске қосылып, туған немесе ғұмырын аяқтаған

денелерді келесі кеңістіктерге тасымалдаудың құралы болған.

Адамдардың қабаттас дүниелер арқылы қатынасуының қалай іске

асатынын түсіну үшін, бір-бірімен астрал дүниесінің жазықтығы арқылы

сезіммен, ал ментал дүниесінің жазықтығы арқылы оймен қосылған барлық

адамдарды елестету керек.

Физикалық дүниеде, өзінен алыс жерде жүрген баласына төнген қатерді

сезген ананың абыржуын осы байланыстармен түсіндіруге болады. Жүрек

центрі арқылы бір-біріне жақын және сүйген жандар астрал дүниесінің

тербелісін қабыдайды, яғни мұнда бір-біріне сәйкес эмоциялык жиіліктердің

резонансы туындайды.

Бастың центрлері арқылы ментал дүниесінде үлкен қашықтыққа, және

де, сонымен қоса көп адамға ой тасымалдап жеткізу қабілетін де осылайша

түсіндіруге болады.

Астрал дүниесімен түйіскен кезде адам, өз-өзінің ішіне ‒ әлдебір

туннельге құлап кеткендей күйде болады. Бұл, оның астрал денесінің арна

43

арқылы және Жүрек центрі арқылы астрал дүниесінің жеті

жазықтықтарының біреуіне қарай жылжуынан туған әсер.

Ментал денесінің Универсал Ғарыш Модулімен бірігіп арна мен

жоғарғы центрлер арқылы, астрал дүниесінен ментал дүниесінің

жазықтығына қоныс аударуы да осылай өтеді.

Жаратылып келе жатқан тұлғаның ментал дүниесінен астрал дүниесінің

жазықтығына, ал одан ары ананың бойындағы ұрыққа қарай жылжуы да

осылай өтеді, тек кері ретпен іске асады.

Энергетикалық арна көзге көрінбейтін екі энергетикалық ағыстан

тұрады. Бұлардың түйінді жері ‒ жеті биік центрлер болып табылады. Бұл екі

ағыс бірінші төменгі центрде, энергетикалық бөгет арқылы жалғасады, бірақ

өзара араласпайды.

Оң жағындағы ағыс қабаттас дүниелердің энергиясы мен материясының

енуі үшін керек.

Адам дүниеге келерден бұрын оның Универсал Ғарыш Модулі өзінің

болашақ анасы тарапынан тартылып, тақ төбесінде орналасқан жетінші центр

арқылы ананың энергетикалық арнасына өтеді. Одан ары, осы арнамен төмен

жылжи отырып, Модуль, ментал дүниесімен жалғасқан алтыншы, адам

басындағы центрге түседі. Ментал дүниесінен, Модуль, тұлғаның болашақ

интеллектуалдық деңгейіне сәйкес келетін ментал материясын өзіне тартады

және кейіптелгендер дүниесіндегі тіршілігі үшін қажетті ноль-менталды

қабықшаны иеленеді.

Болашақ ұлы ғалым қуғын мен сәтсіздікке, түңіліске толы ғұмырларды

бірінен кейін бірін кешіп, өзінің ментал денесін жетілдіріп, кемеліне

келтіреді. Ақыр соңында, Универсал Ғарыш Модулінің бір дәнін ғана

тиянақтайтын соңғы ғұмырында ол көптеген ғұмырдың шешілмеген

сауалдарын шешіп өзін даңқ тұғырына көтеретін ментал денесін иеленеді.

Алайда, бұл ғалым өзінің ашқан жаңалықтары үшін кармалық жауапкер,

сондықтан адамдарға зиян келтіретін жағдайда оның, өзінің интеллектуалдық

игілігінен бас тартуға хұқығы бар. Ізгілікті қадам тұлғаға жылдам дамудың

хұқығын береді де, келесі циклда бұндай адам, болашақта рухани

басшылардың бірі болу үшін өз өмірін адамгершілік мақсаттарға

бағыштайды.

Жылжыған күйі Модуль, астрал дүниесіне өтуге алдын ала дайындық

іске асырылатын, бесінші центрден өтеді. Ананың энергетикалық арнасымен

жылжыған Модуль, барлық центрлерді қоректендіретін энергетикалық торап

ретіндегі төртінші, Жүрек центріне түседі. Осы центр арқылы Модуль, астрал

дүниесіне құлап кетеді де, сол жерде өзінің бұрынғы ғұмырларына сәйкес

келетін астрал материясын тартады. Осылайша қалыптасқан астрал денесі

болашақ физикалық дененің толық көшірмесі болып табылады.

Мысалы, біреуді соқыр еткен адам астрал дүниесінен өткенде, өзінің

астрал денесіне жанар жүйкесін тарта алмайды да, өткен өмірінде соқыр

етуге бұйырған адамдарының бар қорқынышы мен әлсіздігін түйсіну үшін

соқыр болып туады. Болашақ ұлы музыкант астрал дүниесінде келешекте

44

шебер орындаушылыққа жеткізетін тиісті эмоциялар денесін және қолының

білегінің болашақ формасын иемденеді.

Қалыптасып болған астрал денесі одан әрі аналық энергетикалық

арнамен жылжып отырып үшінші және екінші центрлерден өтеді де, өзінің

астрал денесіне арналған эфирлік жамылғыға ие болады. Эфирлік жамылғы

адамның физикалық денесінің терісі сияқты оның астрал денесі үшін өзі

жалғаушы, өзі қорғаушы жамылғы болып табылады.

Ақыр соңында қалыптасып болған астрал денесі төменгі центрге жетіп,

сол арқылы ана құрсағындағы 4,5 айлық дәрежеге жеткен нәрестеге енеді.

Сәби ажалсыз жанға ие болған сәтте, ана оның тепкінін сезеді де, нәресте

физикалық дүниеде қозғалып, өмір сүре бастайды.

Сол жақтағы энергетикалық ағыс төменгі центрлерден жоғарғы

центрлерге қарай өрлейді.

Қабаттас дүниелермен әрекеттескенде астрал және ментал денелері

Универсал Ғарыш Модулімен бірге түпкі центрден энергетикалық арнаны

бойлай екінші және үшінші центрлер арқылы төртінші, жүрек центріне

жылжиды. Бұл жерде астрал дене төртінші өлшемге, яғни астрал дүниесіне

өтеді. Бұл дүниемен адам тұрақты қатынаста болады және мұнда ол ең

алдымен, біраз уақыттан кейін өзінің энергетикалық арнасы арқылы

физикалық дүниеге тартылып, сол дүниеде жүзеге асатын іс-әрекеттерді

қалыптастырады.

Егер жылдам дамыған тұлға ментал дүниесін зиярат етуге шақырылса,

ол, астрал дүниесінде қалдырылатын өзінің астрал денесіне түнек тұлғасы

басып кірмес үшін бұл денесін, күзетілетін арнайы контейнер табытқа салып

кетеді. Сол себепті Бір Жаратушыға сенетіндер ғана ментал дүниесінің биік

қабаттарын және Биік Дүниелерді зиярат ете алады.

Келесі кезеңде ментал денесі Универсал Ғарыш Модулімен бірге астрал

денесінің энергетикалық арнасына құлап кетеді де бесінші центр арқылы

арна бойымен, бесінші өлшемге, яғни ментал дүниесіне шығаратын жолы

бар, алтыншы центрге барып түседі.

Тура осылай, Универсал Ғарыш Модулі, тұлғаның ерекше өкілеттер мен

қасиеттерге ие болуы үшін және сол арқылы бір эволюциялық сатыдан

екіншісіне өтердегі планетаның тағдырына әсер ету үшін, ментал дүниесінен

энергетикалық арнаның бойымен Биік Тіршілік Иелерінің тарапынан ең Биік

Сфераларға тартылады.

7. Киелі Құпияны Сақтаушылар

Биік Сфераларға жасалған қандай да болмасын зиярат Универсал Ғарыш

Модулінің осы қабаттардың қуаты мен ақпаратын өзіне тартуына әкеледі, ал

бұл ақпарат кейіннен адам санасында алдын ала болжау, шапағаттану,

шығармашылық шабыт бейнесінде көрінеді.

Ментал дүниесінен бастап, тұлға Биік Дүниелердің тілмен айтып

жеткізуге мүмкін емес өте көркем суреттерін «көреді», олардың кұдіретті

45

сазын «естиді», бірақ бұның бәрі толқындық, вибрациялық деңгейде

қабылданады.

Эволюциялық тұрғыдан биік өрлеген тұлға ғана Биік Дүниелерге барып

шыға алады және осыдан кейін, өмірге деген кұштарлығын жоғалтпайды.

Бұндай адамдар, адамзаттың рухани жетекшілерінің міндетін басшылыққа

алады да, эволюциялық парызды терең түйсінгендіктен барып өмірге деген

ықыластан айрылмайды. Әрине, санада таңбаланып қалған Биік Тіршілік

Иелері дүниесінің жарқыраған суреттері, сұлулығына тіл жетпес Биік

Сфералардың музыкасы, Абсолюттік Ақиқаттың көрінісі бұл адамдардың

өмірі мен мінез-құлқына әсер етеді. Олардың істеген ісі, көзқарасы

айналасындағылармен қарым-қатынасы түсінбестік, кейде тіпті қайшылықты

әсер туғызады.

Жалған пайғамбарлардан басты айырмасы ‒ өздерінің риясыздығымен,

фәни дәулетке деген селқостығымен ерекшеленіп тұратын рухани

басшыларын адамдар аялай білуі керек. Келешек дүниеде адамзаттың бұндай

басшылары әсіресе әйел-аналардан көп шығады. Ана тіршілік бастауында

тұр, сондықтан ол өз центрлерінде планеталық, ал жақын келешекте

ғарыштық деңгейдегі эволюциялық қозғалыстың жаратушыларын өзі

сомдайды. Универсал Ғарыш Модулін ментал және астрал дүниелері арқылы

жер жазықтығына өткізе алатын, дамыған ғарыштық арналары бар әйеланалар,

Ғарыштан келетін ақпаратты қабылдауға әсіресе бейімделген болады.

Бұл білім оларға қоғамдық санаға шешуші ықпалын жүргізіп, адамзаттың

эволюциялық қозғалысын тұйық жолдардан сақтандыратын мүмкіндіктерді

береді.

Аналық Негізге жасалған зорлық, тұлғаны саналы, адамдық

кейіптелуден ада етеді. Бұндай қылмыскерлер тек түнек күштерінің

көмегімен ғана адам денесін жамылып жаңа өмірге келе алатын.

Эволюцияның алтыншы сатысында барлық Ғарыш заңдары Жер

планетасында өз күшіне енеді, сондықтан Ұлы Аналық Негізге зорлық

істеген қылмыскерлердің жазасы ‒ бұлтартпас жаза.

Келе жатқан жаңа дәуірде алтыншы саты адамдарының мүмкіндіктері

физикалық дүниенің қазіргі техникалық құралдарының мүмкіндіктерінен

асып түседі.

Жүрек пен ой центрлерінің игілікті әсерінен астрал және ментал

дүниелері жаңа, биік сапаға көтеріледі. Бұл ‒ ментал дүниесінен тағы да жаңа

ой формаларын ілестіріп шығарады, ал олар өз кезегінде астрал дүниесінде

нақты оқиғаларға айналып эволюцияның тегеурінді өрлеуін тудырады.

Алтыншы сатының әрбір адамы, қабаттас дүниелер арқылы физикалық

дүниені өзгерте алатын қуатты эволюциялық жүйе болып табылады.

Басталған жаңа дәуірде бұл қызмет, адам тарапынан, оның дамыған

рухани центрлерінің көмегімен саналы түрде басқарылып қадағаланатын

болады.

Алтыншы саты адамдары центрлерінің қызметі Жүрек центрінің

оянуынан басталады. Қайғыға ортақтасу жолымен оянатын Жүрек центрі

46

басқа центрлердің оянуының және жарасымды әрекетінің ең ыңғайлы

режимдерін іске қосады.

Алтыншы саты адамдары центрлерінің жағымсыз салдардан ада

жарасымды қызметі 30 жастан кейін ғана мүмкін болады.

Жүрек центрінің оянуына, кеуде тұсының ауыруы мен ұнамсыз

сезінулер, денедегі күшті вибрациялар және кеңістікте бағдар ұстаудан

жаңылу тән.

Бұндай жағдайда кардиологиялық орталыққа барып көрінген жөн.

Егерде жүректің соғысынан ешқандай ауытқулар байқалмаса, онда, тіпті

ойларының өзі таза да адал, мейірімді адамның өмірінде үлкен өзгерістердің

басталғаны.

Басқа центрлердің оянуы ерекше феномендерді ілестіріп ала келеді,

сондықтан нәзік материяларды басқару ісінде аса жауапкершілікті болған

жөн.

Адамда бұндай центрлердің болуы оны әлеуетті түрде күдіретті күш

иесіне айналдырады, сондықтан бұл қуат қирату жолына жұмсалса, адамның

ғарыш кеңістігінде не жасап тындыруы мүмкін екенін елестету қиын емес.

Сол себепті, алтыншы саты адамдары центрлерінің оянуы Жиһан

құрылымының заңдарымен қатаң сәйкестікте болады.

47

III. ЖИҺАН ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ

Негізгі Ғарыштық заң ‒ Эволюция заңы Карма заңымен тығыз

байланысқан. Карма Заңы ‒ Ғарыштық Әділет заңы, немесе себеп пен салдар

заңы деп аталады.

Эволюция мен Карма заңынан, Иерархия заңы мен Құбылу заңы өрбиді.

Карманың барлық адамға ортақ жеті деңгейі бар:

Ғарыштық карма. Жер планетасының тұрғындары үшін бұл карма өте

әлсіз білінді. Адамзаттың алтыншы сатыға өтуімен бірге Ғарыштық

карманың күші жиналып, болашақ Жиһан азаматтарына тарайды.

Жалпы адамзаттық немесе планеталық карма. Бұл карма

Эволюцияның жеті сатысының барлығы толығымен аяқталғаннан кейін ғана

өтелуі мүмкін.

Мемлекеттік карма. Бұл, мемлекет құрамына кіретін халықтар мен

ұлттардың кармаларынан қалыптасады.

Ұлттық карма. Бұл карма өткен ғұмырлардан қалыптасады, сондықтан

бір ғұмыр бойында өз халқыңның алдындағы қарызыңды өтеп, ұлттық

кармаңды аяқтау мүмкін емес.

Әулеттік карма. Бұл карма да жоғарыдан беріледі, сондықтан адам өз

бетімен ата-анасын және туысын таңдай алмайды. Дін қағидаларын орындау

арқылы адам нақ осы құбылуында әулеттік кармалық қарыздарының басым

бөлігін өтей алады, алайда қайырымды әулеттік байланыстар тұлғаның

соңынан ғұмырдан-ғұмырға үнемі еріп отырады.

Топтық, ұжымдық карма. Бұл кармаға да адам бұрынғы

ғұмырларының байланыстарына орай тартылады. Бұл карма қоғамдық

топтың мүддесіндегі адал еңбекпен өтеле алады. Адам өзінің топтық

кармасын өзі таңдап және қалыптастыра алады.

Жеке карма. Бұл карма, барлық өткен ғұмырлардың жинаған қорынан

анықталады, алайда өзінің жеке кармасындағы дәл қазіргі карма ағынын

таңдап қалыптастыруға адамның өте мол мүмкіндіктері бар.

Ғарыш Сотында әрбір адам ең алдымен өзінің жеке кармасын қалай

орындағандығы жөнінде жауап береді. Егерде ол саналы түрде эволюциялық

ұрлыққа барып, біреудің ғұмырын иемденген болса, онда оның өзінің жеке

эволюциялық тәжірибесі жойылып, барлығын да басынан бастауға мәжбүр

болады.

Егерде адамның жеке кармасы ауыр болмаса, онда ол оқу орнындағы,

әскер қатарындағы, өндірістегі, қоғамдық бірлестіктердегі, тұйықталған діни

секталардағы өзінің топтық кармасын қалай іске асырғандығы жөнінен сынға

түседі. Нашар орындалған топтық карма, адамды туған сайын қайтара сол

топ, ұжым, қоғам немесе сектаға ұшырап, қарыздары біткенше осылай жүре

беруге бұйырады.

48

Өз ұжымдарында, топтарында қанат жайып өркендегеннен кейін біртебірте,

алдыменен сәтсіздер қатарына түсіп, ал содан кейін жай, орташа

қабілетті тұлғаларға айналған адамдардың қасіреттерінің сырын топтық

кармадан түсінуге болады. Бұл ретте әсіресе көзге түсетіндер ‒ спортшылар,

себебі олардың ұжымдары қоғамның назарында болады. Ұжым энергиясынан

нәр алған команда түлегінің неге алдымен өз ұжымының үмітіне, ал кейіннен

оның лидеріне айналатынын топтық карма байланыстары арқылы түсінуге

болады. Алайда, командасын әлдеқайда абыройлы ұжымға айырбастаған

талабы мол спортшы, түсініксіз сәтсіздіктерге ұшырап, кездейсоқ сияқты

болып көрінген жарақаттар ала бастайды да, ақыр соңында сол жат ұжымнан

шығарылып тынады.

Топтық карма бойынша үлкен қарыздары болмаған жағдайда, адам, атаанасы

мен жақын туыстарының және руы мен әулетінің алдындағы қарызын

қалай өтегендігі жайлы әулеттік карма бойынша жауап береді. Бұл жерде

тұлғаның эволюциялық бостандығының дәрежесі бұрынғыдан да шектеулі.

Адам өз ата-анасын, аға-қарындасын, туыстарын таңдауға ықтиярсыз ‒ олар

оған жоғарыдан бұйырылады және егерде оның қайырымды әулеттік кармаға

лайық екендігі анықталса, онда ол өзін жақсы көретін жақын туыстарымен

ата-анасының мейіріміне бөленіп, асыл текті иеленеді.

Бұдан кейін адам ұлттық кармасын қалай орындағанын анықтайтын ең

азапты сыннан өтеді. Егерде бұл карма жеткілікті дәрежеде орындалған

болса, онда кәдімгі адам өзінің кезекті ғұмырында эволюцияның келесі,

анағұрлым күрделі шиыршығына өтуге хұқық алады.

Бөгденің киімін киіп, мейілі, тіпті өте абыройлы болса да қаны бөтен

халықтың дінін, психологиясын, тілі мен дәстүрін қабылдап, өздерінің

ұлттық кармасын сатқандар қайыршы, тексіз, жалбырдың ошағында қайта

туу азабына ұрынады.

Орындалмаған ұлттық карманың соңына ауыр салдар ілеседі. Бұндай

жағдайдағы адамдар физикалық дүниеде бөтен ұлттың кармасын аяқтап

болғаннан кейін астрал дүниесінде ауыр жазадан өтеді де, эволюциялық

сабақ ақырына дейін жатталып болмайынша физикалық дүниеде көптеген

ғұмырларға есептелген және бұрынғысынан әлдеқайда азапты құбылуға

бұйырылады.

Халықтардың өзара бірлескен өркендеуінің эволюциялық жолын

айналып өтіп, олардың ұлттық ерекшеліктерін күшпен жою, ал соңынан Жер

халықтарының ұлттық кармасын бұзу арқылы оларды рухани деградацияға

ұшырататын жалған интернационализм ‒ коммунизмнің негізгі торы болып

табылады. Жалған коммунистік интернационализмнің басты мақсаты ‒

Мейірбандықтың заңды эволюциялық жолымен Жердің барлық халықтарын

біріктіретін және адамзат дамуының келесі, алтыншы сатысына өтетін

халықтың туындауына жол бермеу болып табылады.

Коммунистер табиғатпен қоса бәрін аяқ астына салып атомдықракеталық

қаруды жасап шығарған ақылды құлдарды өсіріп жеткізді, ғылым

49

мен шығармашылық элитасын өсіріп өз қоғамының мызғымастығына сенімді

болатын.

Бірақ олар бір ғана нәрсені ‒ Карма заңы мен одан өрбитін Құбылу

заңын ескермеді. Сол себепті, олар ізгі дворяндар мен Жоғарыдан түсетін

батасы арқылы өздерінің қайырымды істерінің жемісіне бөленіп отырған

Ұлы әміршілерді қоя тұрып, рухани аристократия мен ізгілікті элитаны да

өсіре алмаған.

Карма заңына сәйкес, кемеңгер қылмыскерлер мен революционерлер

дарынды қылмыскерлер мен революционерлерді өсіреді, бұлардан қабілетті

қылмыскерлер мен революционерлер туады да, ақыр соңында реңсіз,

қабілетсіз надан тобырға айналады.

Карма спиралі бойымен үдей жылжыған адам өзінің бұрынғы

қарыздыларымен де, несиешілерімен де кездеседі. Бұндайда бұрынғы

өміріңде өзіңді ойсыратып жұтатқан немесе өлтірген адамнан кек алуыңа

мүмкіндік туады. Сонымен қатар, өзіңе қастық жасағанды кешіре салуға да

мүмкіндігің бар. Бұндайда кешіре білгеннің кармалық спиралі шұғыл

шиыршықталады да оның, өзіне сүйікті жандармен, достарымен,

әріптестерімен кездесуін тездетеді.

Өрлеу үстіндегі жан иесі, қысқартылған карма спиралі бойынша жылжи

отырып, қысылған жағдайда, өмірінде болып өткен онжылдық қоғамдық

циклдердің ең ынғайлысында орналасқан, өзіне таныс кармалық орамға

кіруіне тиянақ болған әрекеттерін қайталай алады.

Бұндай цикл тұлға үшін біршама кауіпсіздеу болғанымен жеміссіз,

себебі кармалық игілікке кенелтетін егін өткен циклда орылып қойған.

Мейірбанды құрбандық жолымен әрқашанда карманың жаңа, бейтаныс

орамдарын таныған жөн.

Карма заңы бүкіл Жиһанға ортақ және әрбір тұлғадан қарыздарын сөзсіз

қайтаруды талап етеді. Карма заңы бойынша:

‒ өлтіргеніңді қайтадан тудыруға тиістісің;

‒ тартып алғаныңды қайтаруға тиістісің;

‒ өтірігіңді жоюға тиістісің;

‒ қиратқаныңды қалпына келтіруге тиістісің.

Карманың күрделі заңдарының осындай қарапайымдалған

түсініктерінен адамның физикалық дүниедегі шытырман өмірінің міндеттері

шығады.

Діндерде уағыздалатын рухани игіліктер Карма заңынан тамыр тартады,

демек ХХІ-ші, Ғарыштық ғасырдың табалдырығында тұрғанымызда, бұл

игіліктерді заманымызға лайық түсінуіміз керек. Карма заңдары жалпы

адамзаттық заңдар және Ғарыштық Әділет заңына сәйкестікте дәл өлшеніп

қолданылуы керек.

Егер жауынгердің әрекетсіздігі, кармасы бойынша өзі қорғауға міндетті

адамдар үшін бұрынғыдан да ауыр зардап шектірсе, оның мейірбандықпен

қол қусырып қарап отыруға ешқандай хақысы жоқ.

50

Әмірші, мемлекет қайраткері өз халқының кармасын барынша жеңілдету

жолындағы әрекеттерін тек өзі билік кұрған кезеңмен ғана шектемей,

кармасына сәйкес өз тағдырын оған сеніммен тапсырған туған халқының

келешегіне де өзінің қазіргі істерінің қандай әсер тигізетінін есінен

шығармауы керек.

Қандай да болсын әрекет жаңа карманы тудырады да, сыртынан өте

пайдалы боп көрінген істен түбінде үлкен зұлымдық шығуы мүмкін.

Керісінше де солай. Ұнамсыз карманы жинақтаудан кұтылудың бір ғана

жолы бар. Ол үшін, өз іс-әрекетіңде жеке пайдаңды және өз басыңның ғана

қамын ойламай, түбінде өзіңе зиянын тигізетініне де қарамастан қоғам

мүддесінің орындалуын көздеуің керек. Бұл жағдайда адамның лайықты

ұжымдық және ұлттық кармасы қалыптасып, ақырында ол келешегіндегі

одан да ұнамсыз жағдайлардан құтылады.

Карма спиралі бойынша, адам, міндетті түрде бұрынғы әрекеттеріне

қайтып оралуға мәжбүр болады, сол себепті жеке бастың пайдасын

көздеуден, қиянаттан аулақ болған жөн.

Өзіңнің рухани Ұстазыңды сату ‒ кешуі жоқ ең ауыр қылмыс болып

саналады.

Өз әміршісін сатқандар өздеріне ауыр карма тудырады. Бұндай қылмыс

үшін жеке адам ғана емес, бүкіл ел ғасырлар бойы жаза тартады.

Өзінің қамқоршысын, шаңырағын, қонағын, сондай-ақ риясыз көңілімен

сенген жанды сатқандарды да ауыр жаза күтеді.

Аталық негізден айнып, ана мен баланы зорлықпен өлтіргендер ұзақ

және сұмдық жазаға кесіледі. Себебі, әлсіздер өз өмірлерін ер адамға

корғаушы деп, сеніп тапсырады.

Байқаусызда төгілген қанның да құнын төлейсің. Келесі құбылуларыңда

сөнген жанның шырағын қайтадан жағуға міндеттісің.

Күнәсіз сәбиге бағытталған ата-аналық мейіріміңмен үзіліп қалған

эволюциялық өрлеуі үшін күнәңді жууға тиістісің. Ата-аналар көбінесе

бұндай балаларын жақсы көрмейді де бар ықыласын өздерімен ұнамды

кармалық байланыстағы балаға аударады. Алайда бұл кірбіңді, сүйіспеншілік

арқылы жеңе білген ата-аналар өз отбасылары үшін мейірімді карма

қалыптастырады да, көптеген пәле бұлардың шаңырағын айналып өтеді.

Осыған байланысты, әйел адамның өз баласымен қатар біреудің

баласына да аналық мейірімін төгуі арқылы өзінің кармалық қарыздарын

қайтаруға әлдеқайда мол мүмкіндігі бар. Сондықтан әйел адам эволюциялық

тұрғыдан алғанда жылдамырақ өркендейді. Аналық Негіздің жеделдетілген

рухани ізгілікті эволюциясының нәтижесінде ғана, адамзаттың

Мейірбандықтың алтыншы сатысына және одан ары шексіз Ғарышқа

бағытталған жолы жатыр.

Балалық шақтағы дарындылықты, қабілеттілік пен кемеңгерлікті өткен

өмірлерде жинақталған эволюциялық игіліктермен ғана түсіндіруге болады.

Бір ата-анадан кемеңгер баланың да, кәдімгі баланың да тууынан тағы да

осы Карма заңы танылады. Жердегі тұқым қуалау заңын тәрк етіп, кемтар

51

ата-анадан да он екі мүшесі бүтін бала туады. Мұнда да рухани заң ‒ Карма

заңы үстемдік етеді.

Көптеген адамдар кармалық байланыстарын өз әулетінде өтей алады.

Қайырымды қарым-қатынастар бір шаңырақтын астында рухани бірлікпен

ынтымақтастықты тудырады, алайда бүкіл адамзат тарихында бұндай сыйқұрметке

бөленгендер санаулы. Күйісі кеткен ошақта өткен ғұмырдан келген,

езгідегі адам мен қанаушы адам қайтара кездеседі, бірақ олардың енді орны

ауысып, бұрынғы құл өзінің бұрынғы қожасын езгіге салады. Жиірек

жағдайда есе қайтарушы өзінің эволюциялық кембағалдығына сай кармалық

борышкерінің алдындағы өз өкілетін асырып жібереді. Бұндай жағдайда

келесі ғұмырларының бірінде олар қайта кездесіп, тағы да орын алмасады.

Езгі мен қиянаттың жыры, екеуінің бірі кешірім жолына түскенше, осылайша

жалғаса береді. Екеуінің бірі кешірім еткенде, жамандықтың жібі үзіліп екі

рух бір-бірімен мәңгіге қоштасып карманың өзге шиыршықтарына енеді.

Кешірімді адам, карманың жайлы шиыршығына өтіп, өзінің сүйікті

жандарымен тіпті осы ғұмырында да кездесуі мүмкін.

Әрбір халықтың, ұжымның, әулеттің, жеке адамның өзіндік кармалық

ресурсы болады. Бұл қорды Мейірбандықпен, пайдалы еңбек арқылы, жалпы

адамзаттық игіліктерді қорғау арқылы толықтырып отыруға болады.

Сонымен қатар, жаупкершілік арқылы, мағынасыз, заңғар кұрылыстар салу

арқылы, бір-біріне жалғасқан жөнсіз, берекесіз той-мейрамдар арқылы

кармалық қорды азайтып, сарқуға болады. Халықтың кармалық ресурсы

сансыз ұрпақ ғұмырларының барысында, ал адамның ресурсы оның өткен

ғұмырларының барысында қалыптасады. Сол себепті біреудін тасы өрге

домалайды, ал енді біреу қанша тырбанса да ісі ілгері баспайды.

Жеңілгенге мейірбан мінез көрсеткен, ал жеңісті шексіз салтанатқа

немесе жығынды болғанды қорлауға айналдырмаған халық, қолбасшы

немесе жауынгер өзінің кармалық ресурсын сақтайды және болашақта

олардың қатерлі жаулары болмайды.

Жауынгердің немесе спортшының қиын қарсыласының кармалық негізі

бар. Ұлы жауынгердің бір жаманнын алдында әлсіз болғаны, ал айтулы

спортшының әлсіз қарсыластан жеңілгені тарихтан белгілі. Бұл, кармалық

борышкерлердің кездесіп, өткен ғұмырларындағы қарыздарын

қайтарғандығының белгісі.

Бойында туа біткен күмәншіл түйсігі бар басшылардың аяқ астынан

қамсыз күйге түсуі, шебер, тәжірибелі саясатшылардың түсініксіз қате

жіберуіде кармалық заңға негізделеді.

ХХ-шы ғасырдың аяғына қарай көптеген бизнесмендер, қайырымдылық

жолына жұмсаған қаржыларының сәтті іс болып кері қайтатынын байқаған.

Бұл кармалық спиральдің шиыршықталуынан болып отыр. Мейірбандықпен

еселенген кармалық ресурс жедел түрде берерменнің өзіне қайтып келеді.

Адамзаттың алтыншы сатыға аяқ басуына байланысты физикалық дүние

тұрғындарының астрал, тіпті ментал дүниесімен де ұнамды қатынастарына

жол ашылды.

52

Қабаттас дүниелермен ынтымактасу арқылы жалпы планеталық

карманы жеңілдету мүмкіндігі туды.

Ең алдымен, астрал дүниесінен, сонда ендігі болып жатқан, келешекте

жерде қайталануға тиіс өзгерістер, яки басқа оқиғалар жайлы нақты, немесе

бейнелі түрдегі мәліметті алуға болады. Бұл оқиғалар физикалық дүниеде

қайталанатын болғандықтан, қалған уақыттың ішінде келешек оқиғаларды

әлсірету немесе күшейту үшін бірлескен әрекеттер істеуге болады.

Астрал дүниесіндегі ғұмыры кезінде адам өз әрекетімен себеп пен

салдар тізбегіне тартылады. Астрал дүниесінің энергиясынан қуат алған

адам, сол астрал дүниенің, кейіннен физикалық дүниеде қайталанатын

оқиғаларына қатысады. Осыдан, адам өміріндегі ұнамды немесе ұнамсыз

оқиғалар, топ ішінде өзінің кармалық борышкерлерімен немесе

несиешілерімен аяқ астынан ұшырасуы өрбиді. Бірін-бірі сүйгеңдер жаңа

ғұмырда қайтара кездескенде бір-біріне бір көргеннен осылайша ғашық

болады. Таныс емес адамдардың арасында еш себепсіз пайда болатын

өшпенділік өткен ғұмырлардағы кармалық дұшпаңдардың кездескендігін

білдіреді.

Кейбір адамдардың өз ажалының мерзімін ғаламат дәлдікпен айтып

бергені белгілі. Бұл арада ешқандай кұпия жоқ. Олар өздерінің ең алдымен

ментал, содан соң астрал дүниесіндегі ажалының соғыста немесе аурудан

келгенін еске сақтап қалған.

Бұл ең алдымен, не қирайтын немесе ауыратын, не болмаса

зақымданатын ноль-менталдық, ал сонан соң ноль-астралдық денелерде

көрінісін табады. Қабаттас дүниелердегі бастан кешкен осы ахуалы адамның

есінде сақталып қалады да, кейіннен бұл оқиғалар физикалық дүниеге

таңбаланады.

Көптеген бесінші саты адамдарының санасындағы қалдық мәлімет ұйқы

кезінде келетін елестермен араласады. Бұл елестер шынында да адамның

күндізгі көңіл-күйінің әсерінен туындайды да, адамның миы ұзақ уақыт бойы

бұл оқиғаларды сараптау үстінде болады. Алайда белгілі бір сәтте мидың бұл

жұмысы күрт тоқтайды да, физикалық дүниеде ендігі шиеленісіп үлгірген

кармалық байланыстарды ары қарай тиянақтау үшін адам өзінің нольастралды

денесімен астрал дүниесіне тартылады. Бұл әрекеттер кезінде

адамның астрал және ментал денелері, кәдімгі физикалық денесі сияқты

жетіледі немесе азып-тозады. Астрал және ментал дүниелеріндегі ісәрекетімен,

адам, физикалық дүниеге белгілі бір энергия алып келеді.

Қабаттас дүниелерден үнемі нәр алып отырмайынша адам өзінің көңілкүйінен,

шығармашылық мүмкіндігінен айырылады. Сондықтан адам жаңа

күнін бастарда ‒ алдымда, қабаттас дүниелерде бұрынғыдан да қызғылықты

өмір күтіп тұр, ‒ деп дайындалуы керек. Адам қиянатты неғұрлым аз жасап,

пайдалы істі неғұрлым көп тындырған сайын, астрал және тіпті ментал

дүниесінің оқиғалары оның санасында анығырақ таңбаланады. Адам

санасында, оның қабаттас дүниелерден кетердегі, яғни оянар сәттегі ісі,

әрекеті анығырақ, деректірек сақталады. Бұл кезеңде тұлға, бір сәттің ішінде

53

барлық үш дүниеде өмір кешкендей болады. Ол физикалық денесіне ене

бастаған, бірақ жартылай астрал және тіпті ментал дүниесінен табылып тұр.

Бұл сәт туралы, оянғаннан кейін қағазға немесе диктофонға жазып алып,

артынан сараптауға болады. Осылайша, өзіңнің және өзіңді қоршаған

ортаның болашағын болжауға жеткілікті мәлімет жинап алуға болады.

Ананың өз перзентіне төнген қауіпті сезуінің, астрал дүниесінен келген

нақты мәліметтік негізі бар. Карма заңына сәйкес бұл оқиға астрал

дүниесінде өтіп те кетті. Карманың соққысынан қашып құтылу мүмкін емес.

Алайда оны жұмсартуға, әлсіретуге немесе кешеуілдетуге болады. Ол үшін

зауалды адамның заттарын үлестіріп, кәріп-қасерлерге, әсіресе балаларға,

жетімдерге шапағат етіп, оған ұнамды карма даярлау керек. Нәтижесінде

көмек алған балалардың мейірбан ойы ментал дүниесін іске қосады. Ал бұл

өз кезегінде астрал дүниесіне әсер етіп, онда, зауалға бұйырылған адамға

бағышталған ізгі байланыстар қалыптасады. Одан ары астрал дүниесі

физикалық дүниеге әсер етіп, жаңа, ұнамды кармалық байланыстар түзеді.

Осылайша болашақ қазаның мекенінен өте алыста тұрған адамдардың өздері,

зауалға бұйырылған кармалық борышкерге барлық үш дүниеде көмектесе

алады. Егерде Мейірбандықтан туған жаңа карманың күші бұрынғы ауыр

карманы сейілтуге жеткілікті болса, онда карманың бұлтарылмас қаһары

жазаланушыға әлсіз соққы болып қана жетеді.

Белгілі бір уақыттан кейін бұл қатерлі ахуал қайыра жаңғырығады. Сол

кездегі карманың соққысы жинақталған жаңа кармаға байланысты болады.

Кармалық қарыздар өтеліп болғанша осылай қайталана бермек.

Өзінің рухани жолын бастағанның ең басты қағидасы ‒ «өзің өрлегің

келсе, құлап жатқанды тұрғызып, оған өрлеуге көмектес».

Содан кейін төмендегі, ақылға сыймастай қайшылықты ұғымдарды

мойындамақ керек:

‒ алыстаған сайын ‒ жақын;

‒ ең әлсіз ‒ ең күшті;

‒ бұрынғыны қайырмайынша жаңаны ала алмайсың;

‒ ең ұлы нәрсе мен ең пасық нәрсе бір тамырдан өнеді.

Адамның төңірегі оның өзіндік кармасының айнасы болып табылады.

Құбылу заңын түйсіну арқылы ғана, біреудің өрлеуінің, екіншінің

төмендеуінің сырын ұғынуға болады. Әсіресе рухани жолдағы адам

кармасының өзгертілуі, ең алдымен әулеттегі, содан кейін барып қызметтегі,

қоғамдағы кармалық байланыстардың өзгеруіне әкеліп соғады. «Өз отанында

пайғамбар жоқ», «жақының ‒ жауың» деген сөздер бекер айтылмаған.

Эволюциялық өрлеу тек Мейірбандық арқылы ғана мүмкін, сондықтан

эволюциялық шыңыраудан шығар жолдың алғашқы қадамы ‒ ізгілікті,

мейірбанды істен басталуы керек. Біраз уақыттан кейін адам, өзі істеген

жақсы істің өзіне қайтып келгенін және дер кезінде қайтып келгенін

байқайды. Алайда, бұны түсіну үшін жай адамға ұзақ уақыт керек. Өзің

жасаған жақсылықтың қиянат болып қайтқанын көріп кектенбес үшін

54

шыдамдылық пен үлкен сенім керек. Бұнымен олар берушінің ауыр

кармасының сейілуін жылдамдатады.

Рухани өрлеудің белгілі бір кезеңінде адамға толық жалғыздық керек.

Рухани биікке өрлеуді жеңілдету үшін, өзіңді бөгденің кармасымен, әсіресе

кездейсоқ біреулердің немесе ерігіп әуестенген адамдардың шиеленген

кармаларымен байланыстырудың қажеті жоқ.

Рухани өрлеудің ең шешуші сәтінде өзінің шәкіртіне көмектеспек

ниетпен Ұстаз келеді. Оны іздеудің керегі жоқ, ол Жиһандағы ең мықты

Рухани тартылыспен шәкіртіне өзі келеді.

Рухани биікке жетіп, қажетті білімді алғаннан кейін, зияны тимейтін

білімді ғана беру үшін адамдарға қайтып келу керек.

Алтыншы саты перзенттеріне арналған сый ‒ өздерінің мейірбан

кармасын кез келген пайдалы іске жұмсау құқығы болмақ. Олар араласқан

істің барлығы гүлденіп сала бермек.

Алтыншы саты перзенттері Карма заңы бойынша, өз қарыздарын

қайтарғаннан кейін міндетті түрде сүйікті жандарымен кездеседі, себебі

алтыншы сатының негізгі қозғаушы күші Махаббат, Мейірім болып

табылады.

Адамдар жаңа Дәуірге өткеннен соң бірін-бірі сүйген жандар физикалық

дүниеде міндетті түрде кездеседі. Әр адамның кармалық қарыздары өзгеше,

сондықтан олар басқалардың алдындағы өздерінің ауыр кармалық

қарыздарын қайтарғаннан кейін ғана кездесе алады. Кездесу кез келген жаста

болуы мүмкін. Бұның шешуші мәні жоқ. Егер олардың бірінің қарызы аса

көп болса, ол физикалық дүниеге ертерек келіп қарыздарын қайтарады. Оны

сүйген жан оның ауыр кармасының сейілмек мерзімін біліп, сол сәтте

кездесу үшін физикалық дүниеде кейіптеле алады.

Сүйген жандар аяқ астынан табысады, алайда өткен ғұмырлардан

тартылып, екеуін байланыстырып тұрған кармаға орай бір-бірін жазбай

таниды. Мейірбандықпен кармалық қарыздарды төлеуді жылдамдату арқылы

бұл кездесуді жеделдетуге болады.

Өрлеу үстіндегі адам күнделікті тұрмыста еш керегі жоқ дүние-мүлік

жинаудан аулақ болуы керек. Әр затқа адамдардың еңбегі, ал сол арқылы

олардың кармасының табы сіңген, сол себепті мағынасыз жинау немесе

шашу жолына түскен адам ауыр карма тиянақтайды. Ал фәни дүниедегі әрбір

заттың астрал дүниесінде сыңарының бар екенін ескеретін болсақ, онда

бөгденің дәулетін ұрлап шашканның өзін-өзі қандай ауыр кармаға

бұйыратынын елестету киын емес.

Ал керісінше, мұқтаж адамдарға берілген материалдық көмек астрал

дүниесіндегі сыңары арқылы беруші адамның өзіне карма спиралі бойынша

ең керекті кезінде қайтып оралады.

Эволюциялық өрлеу үстіндегі алтыншы сатының перзенттері өздерінің

ісі ғана емес, сондай-ақ өздерінің сөзі, тіпті ойлары үшін жауапты екенін

естен шығармауы керек. Астрал және ментал дүниелері енді олардың

жанында, және аса дамыған астрал және ментал денелері бар алтыншы саты

55

адамдарының іс-әрекеттерімен орасан зор үйлесімдікте болады. Сондықтан

ойланбай айта салған азғантай да болсын өтірік сөзі ментал дүниесін

қозғайды, оның әсерінен өз кезегінде астрал дүниесі өзгереді, ал ол

физикалық дүниеге таңбаланады. Түптеп келгенде, жалған сөздің иесі өзі

ойша сомдаған ахуалға тап болып, өзіне-өзі тағайындап алған міндетті

орындауға мәжбүр болады. Тіпті жақсы ниетті көздесе де, өтірік айтушы

нашар кармадан туындаған оқиғаның салдарынан Карма заңын бұзған адам

ретінде жазаланады.

Өзін-өзі сақтап қалу инстинкті мен одан өрбитін физикалық өлім

алдындағы қорқыныш, тіршілік иесінің ой астарындағы, эволюция ағынында

неғұрлым ұзағырақ бөгелуге бағытталған ұмтылысы болып табылады.

Сананың астарында қалған бұрынғы ғұмырларындағы өз жолын табуда

шеккен азап пен қиындық, адамды, кейіннен, қабаттас дүниелердегі өзінің

несібесін жеңілдету үшін физикалық дүниедегі жаңа тәжірибені игеру

мақсатымен өз өмірін қорғауға итермелейді.

Адам, өзінің нақ осы кұбылуындағы кармалық міндетін атқарып

болмайынша ажал қорқынышының аясында болады.

Сенуші адам өлерінің алдында, қабаттас дүниелер арқылы өзінің

болашақтағы өлімінің мерзімін, жағдайын, кармалық дәлелдемесін біледі де,

өзінің сеніп келгенімен кездесу үшін қабаттас дүниелерге өтуге абыроймен

дайындалады.

Кармасы ауыр адамдар қабаттас дүниелердің бар екенін және өздерінің

ерте ме, кеш пе ‒ Ғарыш Сотының алдында жауап беретіндігін теріске

шығарады. Сондықтан қылмыскерлер өлер алдында өздерінің

жазасыздығына әбден сенімді бола бастайды.

Басқаның ғұмырының сапасын бағалаудағы адамның басты қатесі

бұрынғы ғұмырлардан өрбитін өзінің де басқаның да кармасын есепке

алмастан дәл қазіргі жағдайды жартылай және үзінді түрінде түсінуінен

туындайды.

Ақылға сыймас қылмыс жасаған қанішерлердің зауал кешпеуі ‒

алдамшы көрініс. Себебі, қылмыс неғұрлым сұмдық болса, карманың кері

соққысына соғұрлым мол уақыт керек. Жаңа қылмыс іске асуы үшін

бұрынғыдан да көп уақытты керек ететін анағұрлым ауыр карманы

тудырады. Қылмыскерлердің физикалық дүниедегі өлімі жазадан кұтылу

болып табылмайды. Бұл, сезім және эмоциялар, яғни астрал дүниесіндегі

адам айтқысыз азапты жазаның енді ғана басталғанын білдіреді, сондықтан

оларды аяуға ғана болады.

Қылмыскердің астрал дүниесіндегі жазасы аяқталғаннан кейін, оның

әлсіз ментал денесі тез ыдырайды да босаған монада ментал дүниесінің

төменгі қабаттарынан шыға бастайды. Бұл қозғалыс кезінде, монада, өзінің

ауыр кармасына сәйкес ментал дүниесінен, адам болып қайта жаратылуға

жетпестей аз ғана материя тартып алады. Одан кейін оның монадасы мен

ментал денесі, оның өткені мен кеткеніне сәйкес астрал денесін

қалыптастыратын астрал дүниесіне түседі, ал одан ары, жазаланушы өзінің

56

инволюция дәрежесіне сәйкес қарабайыр ғұмыр деңгейінде кейіптелу үшін

физикалық дүниеге өтеді.

Физикалық дүниеде, тіпті мемлекеттік деңгейде жасырылып-жабылған

жырынды қылмыстың өзі астрал дүниесінде аян болады. Бұл қылмыстың

нәтижесінде пайда болып коллективтендірілген карма, осыны ойлап тапқан

үшін ғана емес, сондай-ақ осы қылмыскерлерді тудырған халықтар үшін де

сұмдық ауыр салдарға соқтырады.

Инволюция жолдары сан-салалы және діндер тарапынан егжей-тегжейлі

зерттелген. Көптеген инволюциялык. жолдар сырты жылтыраған сымбатқа,

немесе денсаулық үшін өте пайдалы лажға жасырынған.

Бұл жерде көрнекі мысал ретінде, адам толықтай хайуанның кейпіне

кіретін шығыс жекпе-жектерін келтіруге болады. Бұл процестің кезінде

саналы тіршілік иесі, уақытша, эволюциялық сатының бойымен толық бір

планеталық айналымға төмен түседі. Осы кезде атом бөлшегінің анағұрлым

төменгі энергиялық деңгейге өткен кезіндегідей энергия бөлініп шығады.

Инволюциялық жол арқылы кармадан уақытша ғана сытылып кетуге болады.

Шыңғыс ханның бірнеше жүз сарбазының, тапа-тал түсте, ашық майданда

Шаолинь монастірін шабуылмен алғандығы ‒ тағылымы жетерлік, анық

тарихи айғақ бола алады.

Саһаралықтардың әрқайсысына бұл шайқаста бірнеше монах пен

олардың шәкірттері қарсы шыққан, алайда соған қарамастан осы ұрыстан

кейін Шаолинь монастірінің тіршілігі ұзақ уақытқа үзілді. Және екі қарамақарсы

жүйенің бұл көрнекі қақтығысынан тарихшылардың назарынан тыс

қалған, таңдай қақтыратын бір дәлел бар ‒ көшпенділердің жауынгерлік

үрдістерінде денесінің бірде-бір мүшесімен ұру әдісінің мүлдем жоқ болуы,

ал стандарттық қаруы ‒ қылыш, найза және садақ еді.

Әр түрлі тылсым білім арқылы кармадан құтылып кетемін деген үміттің

бәрі рухани азып-тозуға алып барады. Эволюциялық өрлеу жолындағы

адамға неше түрлі астрологтар, сәуегейлер, бақсы-балгерлер және әсіресе

көптеген адамдарды арбайтын экстрасенстермен болған қатынасы, ауыр

салдар болып қайтады. Олар ауыр карманы бұза алмайды, ал таңғажайып

әсерлерге өздерінің құрбандарын инволюциялық құрдымға құлату арқылы

жетеді. Өзінің Өлмес Рухын сатқаны үшін тұлға арзан ақы алып, жоғарыдан

келген азаптары сәл ғана жеңілдейді, алайда одан кейін тән ауыруының

орнына жан ауыруы келеді және оның қандай қияға шығарарын болжау

мүмкін емес.

Адамды Зұлымдық Күштерімен қызметтестікке итермелейтін жалған

пайғамбарлармен қатынасқа түскендер бұдан да зор қатерге ұрынады. Рухани

келбеттің аяқ астынан өзгеріп, адам нанғысыз қасиеттерге ие бола қалуы ‒

жалған пайғамбарлардың басты айырым белгісі.

Ауыр карманы Кұдіретті Күштерге сеніп қана мейірбандық жолымен

сейілтуге болады. Алдыңғы сатылардың кармалық спиралі ондаған жылдарға

созылған еді. Кейде, мейірбанды кармалық игілік адамға келесі

ғұмырларында ғана қайтарылатын.

57

Адамзаттың алтыншы сатыға өтуіне және адамзат тарихында махшар

сәттің тақауына байланысты карманың спиралі шиыршықталуының ең соңғы

шегіне жетті.

Алтыншы саты адамдарына, себеп пен салдардың арасындағы уақыты

ондаған, жүздеген есе қысқартылған «қысқа карма» беріледі. «Қысқа, таза

кармаға» орай олар өзінің болашағын жоспарлап, өткеннен тартылған

карманың ең қолайлы шиыршығына ене алады. Бұл арқылы олар өзінің

қорғанысын да қалыптастыра алады. «Қысқа кармасы» бар жеке адамға

немесе тұтас халыққа қарсы жасалған зұлымдық осы зұлымдықтың иесіне,

қылмысына парапар күшейтілген зауал ретінде қайтып оралады.

Өткендегі оқиғаларды жаңғыртып отыратын мыңжылдық, жүзжылдық,

онжылдық, кармалық циклдар белгілі. Үлкен және кіші циклдар уақыт

ағымында бір мезгілде қабаттасып түйіскен жағдайда, қайталанған

оқиғаларға карма тегеурінімен тұп-тура сол, бұрыннан таныс тұлғалар

тартылады, кейде тіпті олардың бұрынғы есімдерінің қайталануы да мүмкін.

Осы заңға және өткеннен алынған нақты мәліметке сүйене отырып

болашақты дәл болжауға болады. Бұрын болып өткен оқиғалардың бәрі

бұлтармай қайталанады ‒ бірақ та жаңа ахуал үстінде және жаңа құралдар

арқылы.

ХХ-шы ғасырдың аяғында уақыт ағымында онжылдық, жүзжылдық

және мыңжылдық циклдар сәйкес келіп қана қоймайды, сондай-ақ бүкіл

бесінші сатының дәуірі аяқталады. Барлық халықтар және жекелеген әрбір

адам Жаңа Дәуір шегіне келді. Бұл жерде олар өздерінің нәсілдік белгілеріне

қарамастан, Сүйіспеншілік пен Мейірім сатысына бағытталған заңды

Эволюциялық қозғалысқа жұмылдырылады.

Адамзаттың алтыншы сатыға аяқ басуымен бірге тіршілік иесі ‒ Жер

планетасы да, айналамыздағы барлық әлемдердің Ғарыштық кеңістігі де

Эволюция жолымен екпіндей дамып келеді.

Алтыншы саты принципінің іске асуы үшін планетаның физикалық,

астрал және ментал дүниелері энергетикасының сапасы өзгере бастады.

Осының барлығы жеке адамның, әулеттің, бірлестіктің, халықтың,

мемлекеттің кармалық есебін тиянақтайтын Ғарыш Заңдарын қозғалысқа

келтірді. Парыздарының орындалу сапасына байланысты олардың алтыншы

сатыға өтуге лайықтылығының дәрежесі анықталады.

Б.д. ХХ-шы ғасырының аяғына қарай Жер адамдарына арналған бірнеше

жаңа кармалық циклдар қалыптасты:

‒ рухани сатылармен өрлеудің жетіжылдық циклы;

‒ қоғамдық онжылдык цикл;

‒ он екі жылдық кармалық цикл;

‒ алтыншы саты халқының перзенттері арасынан аса тегеурінді жылжып

келе жатқандарының біржылдық кармалық циклі.

Рухани цикл мен қоғамдық цикл және жеке циклдың арасында тығыз

кармалық тәуелділік бар. Барлық кармалық қарыздар қайтарылмайынша,

келесі рухани сатыға шығу ондаған жылдарға созылып кетуі мүмкін.

58

Бұндайда өрлеу үстіндегі адам коғамдық және жеке циклдарын саналы түрде

жылдамдатуға міндетті.

Эволюциялық тұрғыдан кемел дамыған адам өзінің өмірінде бұрындары

болған оқиғалардың қайталанатынын байқай алады. Алтыншы саты

адамдары өздерінің балалық, бозбалалық шағы өткен жерлерді қайыра

аралап, соған ұксас ахуал үстінде немесе кейде сол туып өскен, немесе

болған жерлерінде оқу оқып, еңбек етуге міндетті. Олар үшін, бұрын таныған

адамына ұқсас, өміріне үлкен ықпал еткен адамға қайта кездесу үйреншікті

жәйтқа айналады.

Бұның барлығы өрлеу үстіндегі адамның мектепте, қызмет еткен

жерінде жинаған кармалық қарыздарын қайтару үшін керек. Кармалық

қарыздардың қайтарылуы кармалық спиральдің аса жылдам

шиыршықталуына әкеліп соғады.

Оқиғалардың қайталану жиілігі бірнеше күнге дейін тығыздалуы

мүмкін, сондықтан алтыншы саты адамы өзінің таяу болашағын өзі

жоспарлай алатын болады. Соңғы шегіне дейін шиыршықталған карма

спиралі Қайырымдылық жасауына мүмкіндік тудырады да тыңдырған

істеріңнің жемісін уақыттың қысқа мерзімді аралығында көріп, сезуіңе себеп

болады.

Ғарыш пен Жердегінің бәрі спираль бойынша Эволюция заңына

бағынып жылжиды, сол себепті әрбір адам, әулет, халық өзінің жолының

бастауына келеді және өзінің барлық қарызын өтеуге мәжбүр болады.

Күнәсіз пәк сәбиді өлтірумен басталған патша әулеті осы әулеттің соңғы

мұрагерінің өлтірілуімен аяқталады. Дүние-мүлік, әсіресе патша тағына бола

ұлының қолынан ажал тапқан әкенің қарғысы, бұл тұқымның үзілуіне, әкені

өлтіруге барған перзенттің әулетінің толығымен жойылуына апарып соғады.

Патшаны оның қол астындағылардың өлтіруі халыққа бұдан да зор азап

әкелмек, себебі бұл жерде Иерархия заңы бұзылады. Заңды Иерархиясын

құлатқан халыққа Әзәзіл иерархиясы беріледі. Сондықтан бұндай халық

өзінің эволюциялық жолын жалғастыру үшін қиратқан нәрсесін қалпына

келтіруге міндетті.

Тас дәуірі деңгейінде өмір сүріп жатқан тайпалар өз көсемдерімен

Ғарыш Сотының алдына келгенде, мәдениетті, ауқатты бірақ та өздерінің

Иерархиясын құлатқан ұлы халықтардан жолдары үстем болады, себебі,

баланың патша әулетінде тууы Ғарыштың баршаға ортақ мызғымас заңымен

мәңгіге бекітілген.

Ал, азаматтары, алтыншы саты халқының перзенттеріне қиянат жасаған,

әсіресе әйелдерін қорлаған халықтар эволюциялық тіршіліктің айналымынан

мүлдем алынып тастауға бұйырылады, өйткені бұл жерде, алдағы тағдыры

осы адам ұрқының әзірге әлсіз болғанымен болашақта мол жеміс берерлік

балауса өскіндеріне тәуелді Жиһанның игілігіне қастандық жасалады.

Бұрындары адамзаттың жаңа сатыға өтуі планетарлық апаттарды

ілестіріп келетін. Адамзат енді алтыншы сатыға өту үстінде, сондықтан

жалпы адамзаттық тұрағымыз ‒ Жер планетасы күйреу шегіне жетті.

59

IV. ҒАРЫШ ШАЙҚАСЫ

1. Иерархия

Еуропаның озық ойшылдары сонау ХІХ-шы ғасырдың аяғында өздерінің

өркениетінің қайғылы финалын болжаған және эволюциялық тығырықтан

шығар жолды Азиядан іздеуді өсиет етіп айтқан. Адамзат өзінің рухани

Лидерлерін атап айтқанда, тек Азиядан ғана алып отырған. Адамзатқа

бұрынырақ жіберілген Ұстаздардың тек санаулыларының ғана олардың

жаһандық мақсатын көрсететін айрықша мәртебесі болған.

Сакъямуни, өмір мен өлімнің сырын ашқаны үшін Жарықтанған ‒

Будда деген құрметті атаққа ие болған. Құбылу заңына байланысты, біз,

адамның ешқашан өлмейтінін, бір энергиялық күйден келесі энергиялық

күйге өтіп, өлім мен өмірдің үздіксіз алмасқан керуенінде жүре беретінін

білеміз. Әрбір келесі кұбылудың ахуалы мен сапасы ‒ Карма, яғни себеп пен

салдар заңына тәуелді.

Иса Пайғамбар, өзінің қасиетті қанымен адамдарды қадым заманнан

келе жатқан күнәдан азат еткені үшін, Құдаймен татуластырғаны үшін және,

дамуы кемеліне жетпегенімен, қылмысы кемел адамзатқа Эволюциялық

Емтиханнан өту мерзімін кейінге қалдырғаны үшін Құтқарушы атанған.

Соңғы Пайғамбар болғандықтан Мұхаметке ерекше міндет жүктелді.

Ол өзінен бұрынғы діндердің қорытындысы болып табылатын ілімді алып

келді. Сол себепті Ислам жер бетіндегі соңғы дін және мұсылман қауымын

сайтаншыл идеологиядан сақтай алатын сенімді қорған болып саналады.

Ғарыш Сарбазына ‒ Жеңімпаз деген Эволюциялық мәртебе берілген.

Зұлымдық Иерархиясын талқандау соңын ғана пешенесіне жазылған.

Христиандар оны ‒ Құтқарушымыз бір кезде, сенім жолындағыларға

жіберуге уәде еткен Жұбатушы ‒ Параклет деп атайды. Мұсылмандар оны

Әл-Қаһар деп есімдейді.

Буддистер ‒ оның Үндістаннан алыс Солтүстікте, Түнек Заманының

соңында Әлемдік Зұлымдықты жазалау үшін дүниеге келетіні туралы ең

толық деректер берген болатын.

Планеталық Рух ‒ Люцифердің сатқындығының нәтижесінде Жер,

Ғарыш Бауырластығынан тәркіленгеннен кейін, Иерархия, Жердің

эволюциясын тәмамдау үшін, адамзатқа бұйырылған Ғарыш Сарбазын

таңдамақ болды. Ол үшін Ғарыш Бауырластығы конкурс жариялап, ол жерде

ең мәртебелі Иерархтар өз шәкірттерін сарапқа салды. Бірінші талапкер

мінсіз сұлу еді. Оның Ұстазы, дүниені сұлулық арашалайды деген оймен өз

шәкіртін Жетекшілікке ұсынған.

Екінші талапкер өз бойында биік данышпандықты дамытқан-ды. Оның

Ұстазының ойынша адамдарды адастырмай алға жетелейтін жұлдыз ‒ тек

қана Данышпандық болмақ еді.

60

Үшінші Ұстаз өз шәкірті ‒ мінсіз Шешенді алға тартты. Ол Кеңестің

үлкен пейіліне ие болды.

Ең соңында Иерархияның алдына тұлабойынан мейірім мен шапағат

нұры төгілген шәкірт келіп тұрды. Бұл жолмен барлық ұлы Иерархтар жүріп

өткендіктен, Кеңес кесімінің тағдыры белгілі болғандай еді. Бірақ та Кеңес

Басшысы үндемеді, ал Өзіне Иерархияның осы таңдауын бекітуді

ұсынғандарға жауап ретінде, Өзінің шәкіртін ортаға шақыруды өтінді.

Оң аяғын сылти басқан шәкірт Кеңестің алдына келіп тұрды. Оның айта

қаларлықтай көркі де жоқ еді, сұрақтарға жатық жауап бере алмағандығына

қарағанда, оның бойында үлкен данышпандықтың да жоқтығы білінді. Ең

басты сынға келгенде шәкірт ерекше мейірім үлгісін де көрсете алмады, ал

оның мінезінен мейірімсіздікпен шектес дүлей ашу білінгенде, Кеңес

мүшелері шошына таң қалып, Ұстазы ‒ Кешіруші және Мейірбанға ‒ Шәкірт

таңдауда қателескен жоқсың ба, ‒ деген сауал қойды.

Ұстаздың жауабы қарапайым және анық еді ‒ бұл шәкірт өз эволюциясы

барысында, өзінің бойында ерекше қасиет ‒ Ұстазға деген Адалдық пен

Айнымастықты қалыптастырған, сол себепті, осы қасиетінің арқасында ол,

басқа талапкерлер түспей қоймайтын, Люцифердің ең қисынды тоқылған

торларынан құтыла алады.

Кенестің шешімі бірауызды болды ‒ адам баласында Адалдық пен

Айнымастық өте сирек кездесетін қасиет болғандықтан, рухтың бұл қасиеті

аса қымбат игілік болып саналсын, сол себепті Билік Белгілері мен

Эволюцияның Туы, сөзсіз, осы шәкіртке берілсін және оған барлық тиесілі

өкілеттерімен қоса Жеңімпаз мәртебесі тапсырылсын, ‒ деп ұйғарылды.

Ол кезде, Жер бетінде алтыншы саты адамдарының пайда болу

мүмкіндігінің өзі ‒ қол жетпес арман еді. Иерархия, қалған Ғарышты

Люцифер індетінен сақтау үшін күрес жүргізіп жатқан. Құтқарушымыздың

қасиетті қаны ғана Зұлымдық Күштеріне тежеу салып, Ғарыштағы ең ұлы

майданның басын бастап берді.

Люциферді оның өз планетасында жеңу және Ғарыштың эволюциялық

спиралінде желілі апат тудырмай жеңу ‒ тек жерлік эволюциясының

барысында ғана Люцифердің өзінен бір саты биік рухани деңгейге жеткен

жер адамының ғана қолынан келетін іс еді. Бір өркениеттің, тіпті ең ізгі деген

ниетпен болса да, екінші өркениет ісіне араласуы сияқты орны толмас

өкінішке апарар іске тыйым салатын Ғарыш заңын тек осылай ғана іске

асыруға болар еді.

Ғарыш Бауырластығына өз еркімен кірген өркениеттер ғана өзара

әрекеттесіп ортақ, ұнамды карма қалыптастыра алады.

Жер ‒ Ғарыштағы кармалық іріңжай іспеттес кұбылыс, сол себепті оны

Карма заңы бойынша, жер адамдарының қолымен ғана емдеген, немесе

жойған дұрыс. Міне, сол себепті, жүздеген миллион адамнан құралған тірі

қалқан арқылы Ғарыш күштерінен қорғанып жүрген Люцифер, өзінің

аранында тұрған, көзбен емес ‒ көкірекпен ғана танылатын бір Жаратушыға

сенетін, әрі жердің нақты игіліктерінен гөрі азапты өлімді лайық көрген

61

адамзат балаларынан осылайша жеңілуге тиіс еді. Ал олардың ең

Таңдаулысы өлім мен өмірді кешіп күресе жүріп, Зұлымдықты жеңе алатын,

Ғарыш өкілеттіктерімен толықтырылған рухани қуатқа жету үшін, адамдық

эволюцияның барлық сатысынан өтіп болды.

Жаратушының әмірімен Жер планетасын жасаған Люцифер ‒

Нұртасушы атанған бұрынғы Ғарыш Кұрылысшысы еді. Өзінің

Бауырластарының ішіндегі ең шебері болғандықтан, ол, Ғарыштағы ең әдемі

болып саналатын планетаны жасады, оған физикалық дүниедегі тіршіліктің

ең мінсіз формаларын қоныстандырды. Содан кейін, бауырластарынан аса

мұқият жасырып келген өзінің асқынған менмендігі мен тәкаппарлығының

кесірінен, ол, өзі Биік Құдірет болғысы келді де нәтижесінде Жерді Ғарыш

Бауырластығынан үзіп алып Эволюцияның спиралін бұзды.

Ғарыш Бауырластығынан құпия білім мен қабілет алған ол, планетаның

оның өзімен бірге жойылуының Ғарыш спиралі бойынша жоғарыға да,

төменге де бағытталған жүйелі апат тудыратынын жақсы біледі. Ғарыш

заңдарына саятын болсақ, планетаны оның құрылысшысынан тартып алу

мүмкін емес, себебі Жоғары Күштер өз шешімдерін ешқашан қайтармайды

да, тапсырған өкілеттерін қайыра тартып алмайды.

Тек қана Люцифердің сатқындығының салдарынан Жердегі Эволюция

құбыжық түрге еніп қылмысты жолмен дамыды. Ол өз планетасында,

Жердегі тіршілік қолайлы жағдайлардың ақылға сыймас қиысуының

арқасында пайда болды, сондықтан адам өз өмірін бір-ақ рет қана келетін

қайталанбас бақыт деп санауға және оны барынша өкінбестей етіп жұмсауға

тиісті, ал бұл үшін қандай айла-шарғы болса да жарап жатыр, ‒ деген

алдамшы ұғым қалыптастырды. Құпия білімді пайдаланып Люцифер Жер

планетасының астрал дүниесінің үлкен бөлігін жаулап алды.

Басқыншылығын одан әрі өрбіткен, енді Ібіліске айналған Люцифер

ментал дүниесіндегі өткелдерді қиратты, сол арқылы өзінің өлген сайтаншыл

достарының жандарын Ғарыш Сотына соқтырмай физикалық дүниеге алып

келудің мүмкіндігіне жетті. Мінеки, Жердегі Зұлымдықтың шектеусіз және

жазасыз болуының, ал зұлымдардың барған сайын гүлденіп, ғұмырларының

ең ұзақ шегіне дейін жеткенше тіршілік етуінің себебі ‒ осы.

2. Түнек Күштерінің күйреуі

Түнек күштерінің астрал дүниесінің кеңістігіндегі жаугершілігінің

бітпейтіндей болып көрінуі, табиғатында қирату мен жою принциптері

көзделмеген Ғарыш Бауырластығының жарату мен мейірбандық жолындағы

табиғи эволюциялық өрлеуінің салдары. Планеталық Рух ‒ Люцифердің жанжақты

дайындалған сатқындығы Ғарыш Бауырластығын қиын жағдайға

түсірді. Ерекше білімге қаныққан Планеталық Рухты, Сарбаз болып

эволюцияланған Жер тұрғыны ғана бейтараптандыра алар еді. Ғарыш

Сарбазының көптен күтіліп ХХ-шы ғасырдың аяғында паш етілуі, Жер

уақыты бойынша б. д. 1978-ші жылының 20-шы ақпаны күні астрал

62

дүниесінде Жарық пен Түнек күштерінің арасындағы орасан зор шайқасына

ұласты.

Ғарыш шайқасы басталар алдындағы күштердің орналасуы Ғарыш

Бауырластығының пайдасына шешілмейтіндей жағдайда болатын, өйткені

Ғарыш заңдарына сәйкес Ғарыш Бауырластығының саналы тіршілік иесіне

зиян келтіруге хұқығы жоқ еді, сондықтан олардың қолында тек Түнек

күштерін тежеу арқылы ығыстырудың ғана құралдары болған.

Шегіне жеткізе үдемеленген эволюция барысында өз бойында ғарыш

энергиясының айрықша қуатты түрлендіргіштерін дамытқан Жеңімпаз,

қорғанып жатқан Ғарыштық Бауырларының арасында өзінің астрал денесінде

ең қиын сәтте пайда болды.

Сайтаншылдар үшін Ғарыш Сарбазының бұл шайқасқа күтпеген жерден

келіп кіруінің сыры, Жеңімпаздың ең соңғы сәтке дейін Люцифердің басқа

құрбандарынан еш айырмасының болмауында және әзәзіл тыңшыларының

назарынан тыс қалғандығында жатыр.

Заңды түрде жинақталған эволюциялық потенциал оған бірнеше айдың

ішінде жарылыс тәрізді өрлеу үстінде, кәдімгі адам дәрежесінен Ғарыш

Сарбазының деңгейіне көтерілуге мүмкіндік берді.

Бұл оқиға Люцифер тарапынан ескерусіз қалған жоқ. Оның Ғарыш

Бауырластығындағы өткен ғұмырында бұндай кұбылыс болып көрген емес

еді, сол себепті, планетаның Қожасы өзінің заңғар ақылымен Жоғары

Күштердің қарсы әрекетін болжап шығарды, ал асқына дамыған өзін-өзі

сақтау түйсігі оған белгісіз бір қатердің төніп келе жатқанын қатесіз сездірді.

Ғарыш тарихындағы бірінші революцияны жасағаннан кейінгі уақытта,

Люцифер, алдағы бұлтарылмас жазадан құтылып кетпейтінін түршіге

сезінумен жүретін. Оның өзімшіл көкірегі үшін ең қорқынышты нәрсе ‒

Ғарыш Сотына тартылу мүмкіндігі мен өзі өте жақсы танитын Биік Тіршілік

Иелерінің алдындағы жауап беру қорлығы еді.

Әзәзіл Империясы деп адамдар атаған иеліктің шетінде өтіп жатқан

түсініксіз кұбылыстар түнек күштерін едәуір қобалжытты. Аса қуатты

рухани тұлғаларға айнымастан ере келетін феномендер Ғарыш

бұлғақшысының ең қорқынышты болжамдарын расқа шығарды.

Сол себепті, Люцифер шайқастың алдында, түнек күштері басып алған

дүниелерден келіп қосылған құдіретті одақтастарын Жаратушыға кейіптес

және ұқсас жасалған Жер адамының, эволюция сатыларымен көтеріле

отырып кысқа мерзім аралығында Биік Тіршілік Иелеріне тән энергетикалық

куатты тудыра алатындығы жайлы ескертті.

Өздерінің интеллектіне және қиратқыш күштеріне мастанған,

Люцифердің өзіндей шексіз тәкаппар жаратындылары бұл хабарды, өз

Планетасының және оның тұрғындарының ерекшелігін үнемі баса айтып

отыратын идеялық әкелерінің құдірет сырқатына балады.

Олардың бұндай құрметтемеушілігіне шамданып қалған, өз тұлғасының

титтей де болса кінаратталғанын көтере алмайтын Люцифер қорланып,

шайқасқа қатысудан бас тартты.

63

Люцифермен одақтас дүниелерден келген түнекшілердің сансыз

легиондары Жарық Күштері сарбаздарының қатарын ойсыратқанда, Ғарыш

Сарбазы өзінің эволюциялық тәжірибесіне сүйене отырып, шабуылдаушы

сайтаншылдардың шешуші соққы үшін басты күштерін ғана емес, сондай-ақ

өздерінің жасырын тосқауылдағы барлық күштерін де енгізгенін анықтады.

Ғарыш энергиясының ұшы-қиыры жоқ мұхитынан, Жеңімпаз,

жолындағысының барлығын қиратып өртеп өткен энергетикалық дүркін

тудырды. Қасиетті Кітаптарда айтылған аңсаулы өсиет ‒ Жарық Күштері мен

Түнек Күштерінің арасындағы Ұлы Шайқас, қуаты мен күші теңдессіз

ұйысқан кұпия Оттың шарпуымен аяқталды.

Түнек Күштерінің қорғаныс сауыттары мен аппараттары көк жалынның

тегеурініне шыдамай сөгіліп, шылпара болды. Люцифер, жауының қарымы

жетпейтін алыс жерден, айызының қанғанын жасыра алмай, өз

одақтастарының өлім сәтін тамашалап тұрды. Оның көкірегінде, бір сәтке,

оның өзінің апанында өлшеусіз қысқа эволюциялық мерзім ішінде Ғарыш

Сарбазын өсіріп дайындап үлгірген, бір кездегі өзінің Ғарыш Бауырластығы

үшін тіпті мактаныш сезімі де жылт етті.

Ғарыш заңдары бойынша, бұндай қуатты тек физикалық дүниеде өмір

сүретін, сол себепті Ғарыштың егізіндей ұқсасы болып табылатын өзінің

астрал денесіндегі центрлерін дамытып сақадай сай сақтаған адам баласы

ғана тудыра алады.

Өмірден өмірге өте жүріп болашақ Жеңімпаз, кәдімгі адамның

ағзасындағы энергетикалық тепе-теңдікті басқаратын Отты центрді дамытқан

еді. Әрине, ең негізгі жеті центрдің дамуындағы бұндай бейжарасым жазасыз

қалмайды, дегенмен, соған қарамастан басты мақсат орындалды.

Шамасы, Ғарыштың бұдан кейінгі эволюциялық дамуында қиратудың

мұндай қүдіретті қаруын пайдаланудың қажеттілігі ешқашанда туындай

қоймас.

Осы шайқас кезіндегі Ғарыш Сарбазы центрлерінің қызметін қайталау

қалай мүмкін болмаса, Жеңімпаздың эволюциялық жолын қайталап шығу да

сондай дәрежеде мүмкін емес.

Энергетикалық дүркін атылған сәтте, барлық центрлер Жүрек центрінің

басқаруымен бір ырғақта, бір қарқында жұмыс істеп тұрды. Центрлердің іске

қосылу ізіндегі болмашы ғана ауытқу, Кеңістікте сейілген Ғарыш

энергиясының селдей төгіліп келіп қуатты толқынға айналуын бұзып тастар

еді.

Бұны, ядролық жарылыстан күш алатын лазерлер жүйесінің

қызметіндегі ауытқумен салыстыруға болады.

Ғарыш энергиясын теңдесі жоқ қуатты Көк Жалынға айналдыру үшін

мөлдір таза аура мен ғұмырлар бойы жинақталған энергияның толығына

таяуы жұмсалды. Сайтаншылдар бұл кұдіретті қуатқа қарсы қояр ешқандай

қорған таппады. Люцифердің одақтастары шегінгенде ғана аман қалар еді.

Олардың төзімділігі мен әскери қабілеттерін, сұмдық жеңілістен кейін де

дұрыс шешім таба білетін ақылдылығын мойындау керек.

64

1978-ші жылдың 20-шы ақпаны күнін, Түнек Иерархиясының ақыры

ретінде Жиһан тарихындағы шешуші күн деп есептеуге болады.

Люцифердің табансыз одақтастарының кейбір бөлімшелері майдан

даласын тастай қашып, ғарыштың шексіз кеңістігінде жасырынбақ ниетте.

Олардың тағдыры шешілген. Негізгі күштерден, Түнек Иерархиясынан

бөлініп қалған оларды бұлтартпас өлім күтіп тұр.

Түнек күштерінің басым бөлігі, білгір Люцифер өзін астаң-кестең еткен

қаруға қарсы қорғану амалын жанталаса іздеп жатқан жерлік қамалдарына

тәртібін бұзбай шегініп кетті. Шабуылын жалғастырған Жарық Күштері,

Люцифердің әлі де тегеурінді легиондары мен одақтастарын Галактиканың

шетіне, күнмаңайы кеңістігіне ығыстырып шығарды.

Ғарыш Шайқасынан кейін Люциферге, Орданың Жоғарғы Магистрі

ретінде, Иерархия заңына бағынып өзінің қылмысты ұйымын өз еркімен

таратқан жағдайда кешірім алу мүмкіндігі ұсынылды. Кешірім

одақтастарының монадалары өз істеріне сәйкес сатыда жаңа эволюция

жолын бастай алатын физикалық дүниені кұруға шеберлігін жұмсау үшін

Люциферге алтыншы дәрежелі Ғарыш Құрылысшысы мәртебесін сақтау

кепілдігін беретін еді.

Түнек Иерархиясының өз еркімен ыдырауы, Ғарыш Бауырластығына

бүкіл адамзаттың ауыр кармасының шиесін неғұрлым ауыртпай шешуіне

және қажетсіз құрбандықтан құтылуына мүмкіндік берер еді.

Люциферге берілген кешірімнің үзілді-кесілді шарттарының бірі ‒ оның

Ғарыш Бауырластығының алдына келуі және сотталу үшін емес, керісінше,

Жер планетасының физикалық дүниесінің және оның астрал дүниесінің

жауланған бөлігінің билігінен өз еркімен бас тарту үшін келуі еді. Ғарыш

Бауырластығының бұрынғы әріптесі ретіндегі Люцифердің өтініші бойынша,

бұл қажетті рәсім Люцифердің өзі атаған Биік Тіршілік Иелерінің шағын

ортасында өтуі керек еді. Оның барлық өтініштері қабылданды да, Ғарыш

Сарбазы шайқасты тоқтатты. 1978-ші жылдың 23-ші ақпаны күні қайыра

өткен бұл шайқаста сайтаншылдар мен олардың одақтастары тағы да

ойсырай жеңіліп, олардың жігері құм болып, үрейі ұшқан шеріктері Жердің

астрал дүниесінің төменгі қабаттарына түсе бастады.

Шайқас кезінде ғайыптан келген кідірісті, Түнек Иерархиясының

басшылары тағдырдың сыйы ретінде қабылдады. Олар өздерінің

талқандалып, шегініп бара жатқан легиондарын тоқтатты және шайқасты

жалғастыру үшін әскери шептерін түзеп, өздеріне үйреншікті емес

қорғанушылар ретіндегі ахуалына лайық жаңа айла-шарғы мен амалдарды

қарастыра бастады. Олардың қажыры мен кайратын, тапқырлығын, кез

келген, тіпті шарасыз ахуалға шапшаң бейімделгіш қабілетін мойындау

керек.

Люцифердің одақтастары мен жақтастары Жоғары Сотқа түбегейлі

қарсы болды. Олардың күрес арқылы ғана Түнек Иерархиясындағы билігі

мен мәртебесін сақтап қалу, сол арқылы өздерінің бұлтарылмас финалын

барынша кешеуілдетуге мүмкіндігі бар болатын. Әзәзіл әскерлерінің бір

65

бөлігі шегініп үлгірген астрал дүниесінің төменгі қабаттарының тапшы

энергетикалық қоры оларды бұлтарылмас апатқа бұйырған еді.

Сол себепті, Түнек Иерархиясының жетекшілері, өздерінің рухани

әкесінің шексіз менмендігін шебер пайдаланып, Жоғары Күштердің алдында

жауап беруге тиіс Люциферді келіссөзді тоқтатып, келісімді тұтқиылдан

бұзуға көндірді. Өршелене ұрыс салған сайтаншылдар Жарық Күштерін тағы

да ығыстыра бастады, сондықтан Жеңімпаздың, қалған барлық қуаты мен

таза аурасының сақталып қалған бөлігін жұмсап, түнек күштерін тоқтатуына

және шайқас барысын өзгертуіне тура келді.

Бұл шағын шайқаста, Жарық Күштері Жердің астрал дүниесінде әзәзіл

әскерін түбегейлі жеңіп, оларды Люцифермен қоса Жер планетасының

физикалық дүниесіне, Жетісу аңғарына құлатып жіберді. Біздің дәуіріміздің

1978-ші жылының 12-ші және 17-ші мамыры күні Алматы қаласының

үстінде ұзаққа созылған, дыбыссыз, жұмбақ найзағай ойыны, шар тәрізді

найзағайлар ‒ жеңілген сайтаншылдар монадаларының төгілуі ‒ астрал

дүниесіндегі соңғы шайқастың нәтижесін көрсетеді және Люцифердің әзәзіл

әскерлерімен бірге өздерінің алдын ала дуалап тастаған жолдастарының

тәндерін иемденгендігі енді физикалық дүниедегі шайқастың басталғанын

білдіреді.

3. Жалған пайғамбар-сайтаншылдар

Адам ерекше магиялык әсердің күшімен зомбиге айналады да осының

нәтижесінде адамның тәнінен оның монадасы алынып, орнына басқа

тұлғаның монадасы салынады. Зомбиге айналған тұлға өзінің «өлмес жаны»

туралы мүлдем ойламайды. Зомбилер Ғарыш заңдарына қарсы бағытталған

кез келген қылмысқа бара береді.

Енді түнекшілердің барлық лидерлері нақты физикалық денелерімен

Жерде жүр және олардың мақсаттары айқын ‒ Ғарыш Сарбазын табу, оның

мүмкіндіктерін анықтау және осының негізінде қорғаныс пен шабуылдың

жаңа құралдарын тиянақтау.

Люциферге одақтас Түнек күштерінің киратылудан аман қалған

аппараттарының басым бөлігі күнмаңайы кеңістігінде қалып, Жарық

Күштерінің тарапынан шабуылға ұшырап, өздерінің негізгі тұрағы ‒ Жер

планетасына қарай ығысып барады. Осыған байланысты, Жер адамдарының,

танылмаған ұшу объекттердің мейірімсіз, басқыншы пиғылдағы

мақұлықтарымен ұшырасуы жиілеп кетті. Бұл «жатпланеталықтар» деп

аталатындар адамдарды ұрлап, олардың санасында басқа планетада болдықмыс

деген алдамшы әсер қалыптастырады. Бұған Ғарыш заңы тұрғысынан

үзілді-кесілді тыйым салынған. Биік Дүниелерге тек қана өз эволюциясының

деңгейіне лайық хұқық алған адамдар ғана зиярат ете алады, және бұл зиярат

астрал денесінде ғана өтуі мүмкін. Бұдан да жоғары қабаттарға шығып Биік

Тіршілік Иелерімен тілдесудің қажеті туғанда, адамның астрал денесі арнайы

қоймада қалдырылады да, одан арғы жол мен сұхбат ментал денесінде іске

66

асады. Эволюцияның лайықты сатысында тұрған адамзаттың пайғамбарлары

мен таңдаулы жетекшілері өздеріне тиесілі білім мен өкілеттерін тек осындай

жолмен ғана алған.

Жарық Күштерінің бұдан әрі өрбіген шабуылы Люцифердің

одақтастарының және олардың ұшатын аппараттарының күнмаңайы

кеңістігіндегі жолын кесті.

Жер адамы үшін ақылға сыймайтындай болып көрінетін ұшатын

объекттер үш және төрт өлшемді кеңістікте ұшуға арналған, алайда, Жарық

Күштерінің оларды астрал дүниесінің төменгі қабаттарына ығыстыруының

нәтижесінде бұл аппараттардың энергетикалық қоры өте шектеулі.

Осыдан келіп «жатпланеталықтардың» адамға және оның

мүмкіндіктеріне деген ықыласының сыры ашылады. Олар адамдарды ұрлап

оларға түрлі тәжірибе жасайды. Жиі-жиі бұл тәжірибелер анайы, айуандық

жолмен жасалады. Бұл тәжірибелердің мақсаты ‒ қиратқыш энергияны

басқарып отыру мақсатында, Жаратушының ұқсасы ‒ адамнан, барынша

қысқа мерзімде, центрлері жасанды тұрде дамытылған өздерінің сайтаншыл

биороботтарын жасап шығару.

Адамның жанын алу үшін «жатпланеталықтар» биік тіршілік иелерінің

кейпінде көрініп, ақылға сыймас қасиет пен қабілеттерді көрсетпелеп,

адамдарды жөнге салып емдеуге кіріседі. Сол себепті сенім, дін

жолындағылар христиан және ислам низамдарын қатаң ұстанып, мұндай

кездесулерден бой тартуы керек. Жоғары Күштердің, басқа тіршілік

иелерінің кармасына араласпауы жайлы Ғарыш заңын бұзуға хақысы жоқ

екенін ұмытпаған жөн.

Тәжірибе немесе басқа планетаға «зиярат» үшін, негізінен ауыр

кармалық қарызы жоқ, бірақ Бір Жаратушыға сенімі берік емес, көбінесе

қарапайым, сенгіш, еңбек адамдары таңдалатыны байқалған. Осылайша,

балаң сананы түрлі ғажайыптармен таңқалдырып, тек осындай адамдардан

өздерінің сайтандық биороботтарын даярламақ.

Жеке адамның қабылдауы тұрғысынан алып, мейірімді не мейірімсіз

өркениеттер болады деу ‒ ұшқарылық. Ғарыш Заңын бұлжытпай ұстанатын

өркениеттер бар да, Ғарыштың басты заңдары ‒ Эволюция мен Карма

заңдарын бұзатын күштер бар. Жатпланеталықтардың Жер адамдарымен

жасалатын рұқсатсыз қатынастары Түнек Иерархиясы қылмыснамасының

жалғасы болып табылады.

Жер адамдарының немесе басқа да тіршілік иелерінің кармасына

араласпау заңының өкілетін тоқтата алатын бір ғана себеп бар. Белгілі бір

өркениет өзін-өзі жоюдың қайтпас жолына түскенде, Ғарыш зерттеушілері,

Ғарыш Бауырластығының санкциясы бойынша болашақ апаттың себептерін

кеңінен зерттеуге хұқық алады. Бұл Ғарыш архивтері үшін және осындай

кұбылыстарды алдын ала болжау үшін қажет.

Сенім жолындағылар, ендігі жерде Жер планетасы ‒ Ғарышта

талқандалған барлық түнек күштерінің ең соңғы тұрағы екенін естен

шығармауы керек. Сондықтан нешетүрлі жалған пайғамбарлар, танылмаған

67

ұшу объекттерінен түскен-мыс ақылға сыймас қасиет иелері ‒ жалған

жатпланеталықтар көптеп келе бермек. Олар Ұлы Ұстаздар салған жолмен

жүреді, және де, егер қасиетті мекендерде көрініп олардың сөзін қайталасақ,

діндерді астастырушылардың кебін кисек, қисапсыз ұқсастарын тудырсақ,

қасарысқан жауымызды тырп еткізбей буып тастаймыз, ‒ деп ойлайды.

Олардың бостандық, теңдік, бауырластық жайлы әдемі, бірақ жалған

ілімдерінің күші, бұл қымбат игіліктерге эволюциялық сатылардан өтетін

азапты жолдан қиыс кете салу, Карма және басқа Ғарыш заңдарын айналып

өту арқылы жету «мүмкіндігінде» жатыр.

Сайтаншылдар өздерінің ұйымдары беретін әсіре қызыл құжаттары

арқылы бостандық патшалығына жеткіземіз деп уәде береді, ал өздерін

нұрлы болашақтың кірер қақпасымыз деп жариялайды.

Олар пайғамбар атаулының барлығының да киімін жамылады, тіпті

Жаратушы да болып көреді, осылайша бейберекет ұпай жинау үстінде

әйтеуір бір жерінен міндетті түрде қате жіберіп алады. Түнекшілер өздерінің

менмендігінен ешқашанда арыла алмайды, ал дін мен сенім жолында

ешқашан тұрмағаны себепті, олар, іс жүзінде өздерінің әдемі сөздеріне

қайшы әрекет жасайды, зұлымдықты жазалау керек болғанда мейірімдік

көрсетіп, мейірімділік жасаудың орнына зұлымдыққа барады.

Карма заңы бойынша Ғарыш Елшісі өз міндетін атқарғаннан кейін

физикалық дүниеден біржолата кетеді. Жердегі анадан сол бұрынғы кейіпте

туу, сол өмір жолын өту, орындалып болған карманы қайталау мүмкін емес.

Өмірден өмірге жаңа білімді жинақтап, кемеліне келтіріп және кесімді

күні адамдарға паш ететін ‒ келесі Ғарыш Елшісі немесе биік деңгейлі

Кұрылысшы болады.

Ол келесі, толығымен орындалған Карма деңгейлерінің иесі болуға

міндетті:

1. Кіршіксіз таза жеке кармалы, яғни мінсіз, қайырымды, адал және

инабатты адам болуға.

2. Топтық кармасында ешқандай қарыздары болмауы тиіс. Мысалға,

адам мұғалім немесе дәрігер мамандығына оқыды делік, ал бұған қоғамдық

қаржы жұмсалды. Алайда, диплом иесі қоғамға қарызын қайтармай, оның

орнына басқа кәсіппен айналысады, бірақ мардымды ештеңе тындыра алмай

енді, өзін Ғарыш Елшісімін, немесе сыпайылау ‒ Ғарыш Құрылысшысымын,

‒ деп жариялайды.

Сайтаншылдардың көбі аса ептілікпен, сыртқы көзбен қарағанда

инабатты болып көрінетін адамның кебін киіп, өздерінің өткендегі қылмысты

істерін мұқият жасырады. Алайда топтық карманы жасыру әлдеқайда

күрделірек, сондықтан атаққа жамылғанды карманың бұл деңгейінде

әшкерелеу онша қиын емес.

3. Егер жеке де, топтық та карма асқан шеберлікпен бүркемеленсе

немесе олардың сырын ашуға ешқандай мүмкіндік болмаса, онда оны

әулеттік кармасынан тексеру керек. Туысы жоқ, ата-тегі мен бабаларының

аруағын ұмытқан, ата-анасын сыйламайтын адам тіпті қарапайым

68

адамгершілік түсініктері бойынша сенімге лайық бола алмайды. Биік

Күштердің берген мәртебесін иемденгендер тек қана тұрақты әулеттік

кармасы бар таңдаулы отбасында дүниеге келеді.

4. Ғарыштық Елші немесе Құрылысшы толығымен орындалған ұлттық

карма иесі болуға міндетті. Болашақ Ғарыш Елшісі немесе Құрылысшысы

халық ортасында, өзінің тарихи отанында өсіп, ана тілі мен туған елінің салтдәстүрін

білуге тиісті. Ол өз халқының тағдырын бірге бөлісуге міндетті

және өзінің тайпаластары бастан кешкен қуғын-сүргін мен қайғы-қасіретті

бірге кешуге тиіс. Сондықтан Ғарыш Елшілерінің барлығы негізінде саны аз,

езгіде болған немесе қуғындалған көшпелі халықтардан шыққан.

5. Әлемге Ғарыш Елшісін немесе биік деңгейлі Құрылысшыны берген

халық өзінің мемлекетін кұруға және бесінші деңгейдегі Карманы иеленуге

міндетті.

6. Елшінің немесе Құрылысшының ақиқаттығын дәлелдейтін соңғы

және басты белгісі ‒ Оның әрекеттерінің Планеталық масштабтағы нәтижені

туғызуында жатыр. Олардың істерінің Карманың алтыншы деңгейіне сәйкес

келетіндігінің нәтижесінде бүкіләлемдік дін пайда болады.

7. Осы міндеттердің барлыған орындағанда ғана Ғарыш Елшісін

Ғарыштық Карма деңгейінде тұрған, шынымен Құдайдан жіберілген және

ешқандай кезекті жалған пайғамбар-сайтаншыл емес деп санауға болады.

Жоғары Күштердің әлдебір жерде паш етілуі ‒ бір-ақ рет болатын

көріну, ал түнек иелері, болып өткен құбылыстың құр елесін, көлеңкесін ғана

тудыра алады.

Жоғары Күштердің айрықша маңызды хабарлары кәдімгі адамдарға

түсініксіз құпия нышан түрінде және бір-ақ рет жіберіледі. Сайтаншылдар

бұны қайталағанда аса нанымды қосымшалар енгізеді.

Жарық Күштерінің өкілдері өз Жарғысын қатаң ұстанады да, адамзатқа

айрықша маңызы бар хабар беру керек болғанда ғана өз тұрақтарынан

шығады. Олар руханиетсіз, дабырашыл тобырдың лас энергиясын қажет

етпейді, өздерінің игілікті істері үшін ешқашан ақы алмайды. Оның үстіне,

халық алдына шығып келгеннен кейін Ғарыш Елшілері азап шегеді, себебі

олар рухани мәлімет, немесе білімді тапсыру кезінде топқа қатысып тұрған

қараниеттілерден қорғана алмайды.

Биік Тіршілік Иелері тек қана сирек жағдайларда адамдарға, негізінен

сәбилерге, жарқыраған бейне, ой формалары кейпінде көрінеді.

Сайтаншылдар кейінгі кезде бұл амалды көрінген жерде ретсіз пайдалана

бастады. Сенім жолындағыларға бұның себебі түсінікті.

Олардың айырым белгісі мынадай: фантомдар өздерін «паш» еткенде

белгілі есімдерді жамылып келеді және нандыра түсу үшін, шартты сөз

ретінде, сол ахуалға сәйкес цитатаны ұсынуы да мүмкін.

Биік Тіршілік Иесі өзін-өзі паш еткенде ешқандай есімді атамай-ақ

келеді. Әркім Оларды жүрегімен, өзінің нанымының деңгейімен таниды.

Жетілмеген пішін, оның арғысы ‒ жерлік есімдер, Биік Тіршілік Иелері үшін

69

Олардың болмысының шектеуі болып табылады. Сенім жолындағылар

аномальдік кұбылыстар кезінде осыны естен шығармауы керек.

Жалған пайғамбарлар Ғарыш шайқасы жайында хабарсыз және

өздерінің «ізгі хабарларында» Ғарыш тарихындағы бұл ұлы оқиға жайлы

тіпті бір ауыз сөз де айтпайды. Астрал дүниесінің ортаңғы қабаттарына да

кіре алмайтын жай адамның, сол астрал дүниесінде болып жатқан оқиғалар

туралы тіпті ағымдық ақпаратты да білуі мүмкін емес. Сол себепті,

«елшілер» әлдебір ‒ «адамзатқа ескертулер», «аян», «хабар» алғандығы

жайлы айтқанымен, немесе тіпті өздерін Биік Тіршілік Иелеріміз деп

жариялағанымен, Ғарыш тарихындағы ең басты оқиға жайлы түсінігі

болмаса, онда бұл олардың, кәдімгі, адамның назарын тайдыру үшін

тудырылған қатардағы «зомби» екендігін айғақтайды.

Рухани білімді алуға тағайындалған тіршілік иесі, топтық кармаға

сәйкес коммунистік партия құрамында бола алмайды.

Құдайдың рухани қастастарының ұйымына бір-ақ күн болса да

қатысқан, дінмен күресуге ант берген, коммунистердің ауыр, қанды

кармасын мойнына алған бірде-бір адам рухани білімнің табалдырығынан да

аттай алмайды, ешқандай «аян» да ала алмайды.

Бүгінгі күнгі, коммунистер мен Әзәзіл Империясының мемлекеттік

аппараты қызметкерлерінен шыққан түрлі-түсті «әулиелер», «қайта

құбылғандар», «елшілер» ‒ жалған пайғамбарлыққа тағайындалған кәдімгі

зомбилер. Олардың көбі, тіпті, өздерінің өткенін түсіндіретін агенттің

лайықты аңызын, одан арғысы ‒ қандай болмасын рухани негіз де жасай

алмаған.

Жалған пайғамбарлардың сахналық киімдері де дәстүрлі діни

бейнелерден көшірілген. Олардың идеологиялық тұғырының әлсіздігі

сахналық эффекттермен, халықтың жетілмеген өкілдеріне бағышталған

ырым-нанымдармен бүркемеленеді.

Жалған пайғамбарлар адам үйіріндегі жыртқыштардың міндетін

атқарады. Бұл жерде олар Бір Жаратушыға деген сенімі әлсіз жандарды

тауып, өз тұзағына түсіреді.

Әрбір жаңадан келген «масих», «пайғамбар», «елшіні» тұрмыс игілігінің

сынынан өткізуге болады.

Биік рухтың шын иесі өз еңбегімен күнелтеді және ақша мен садақа

алмайтындығы былай тұрсын, өзінің тапқан-таянғанынан мүскіндер мен өз

шәкірттеріне көмектеседі.

Егерде бұл қағида сақталмаса ‒ сіздің алдыңызда қарапайым ғана алаяқ

тұр деген сөз. Асып кеткенде бұл ‒ жолы болмаған актёр, немесе, кәдімгі

өмірде өз мейманасын іске асыра алмаған себепті, жалған пайғамбарлықтың

тайғақ кешулі жолына түсіп есесін жібермеске бел буған адам.

Мәлімет пен білім ‒ материяның бір түрі болып табылады да, сол

себепті материяның сақталу заңына бағынып, жоқтан пайда болмайды. Білім

қалай оңай келсе, оның бағасы да сол дәрежеде арзан болады. Ауыр еңбек

пен қасіреттің нәтижесінде алынған білім ғана ‒ ақиқатты және кұнды.

70

Кәдуілгі адамға білімнің, таныс емес тілдердің, экстрасенсорлық

қабілеттердің аяқ астынан қона салуы, түнек күштерінің араласуының және

аталмыш тұлғаның зомбиге айналуының айғағы.

Жалған пайғамбарлар Әлемдік Зұлымдықтың бар екенін теріске

шығарады. Олардың идеологтары, Зұлымдықты Ізгіліктің бір түрі деп

ақтайтын нанымды теория ойлап шығарған. Түнекшілер Люцифердің

алдында адам айтқысыз үрей кешеді, тіпті қожасының атын атауға да

қорқады, оның бар екенін теріске шығарады.

Люцифердің бар екенін жасыру үшін сайтаншыл идеологтар ақылды

алжастыратын, қандықол диктаторлардың тұлғасын сомдаған. Тоталитарлық

идеология оларды әп-сәтте тірі кұдайға айналдырып, маңайын құтырынған,

желікпелі дақпыртқа толтырады. Диктатордың атын сансыз рет қайталап,

оны бейнелейтін қисапсыз пұттарды тудыра жүріп, идеологтар, оның

маңайына шебер насихатпен уланған миллиондаған адамдардың ойлары мен

долы эмоцияларынан психикалык потенциалды саналы түрде қойылтатыны

сондай, тіпті жай, қарапайым тұлғалардың өзі Люцифер әмірінің теңдесі жоқ

орындаушысына айналады.

Жалған пайғамбарлар асқынған менмендігімен, даңққұмарлығымен

дараланады және өздеріне немесе ілімдеріне келтірілген болмашы күмән мен

айтылған сынды көтере алмайды. Жұбаныш іздегендерді таңқалдыратын

уақытша сәуегейлік, өзінің Өлмес Рухын Зұлымдық иелеріне сату арқылы

келеді. Оның ар жағында рухани азғындау тұр. Тұлғанын эволюциялық

сатымен төмен қарай кұлдырай құлауы психикалық энергия тудырады, ал ол

аталмыш жан иесіне қысқа мерзімге экстрасенсорлық қабілеттер дарытады.

тан бұндай жалған пайғамбарлардың құрбандары өз бойында энергия

ағынын сезеді, қояншықтықпен шектес шалқыма күйге түседі және бойында

бөгде иенің барын түйсінеді. Іс жүзінде олар аталмыш алаяқтардың санасыз

құлына айналады да солармен бірігіп Тозақ шеңберлеріне түседі.

Жалған пайғамбар күшінің сайтаншыл табиғатын айғақтайтын дәлел

жаппай сеанстағы транс кезінде тербеліп билеп жүрген адамдар болып

табылады.

Жаппай экстрасенсорлык әсер кезінде сананың терең қабатында жатқан,

жабайы инстинкттерді тежейтін әдептілік тыйымдары алынып тасталады.

Бұл әсерлердің құрбандары, сеанс кезінде, өзінің күнделікті өмірінде

істемеген әрекеттерге барады. Бірақ жаппай экстрасенсорлық сеанстың ауыр

салдары соңынан, осындай экстрасенстің келіп кеткенінен кейін болатын

мағынасыз, ауыр, айуандық қылмыстардың күрт өсуінен көрінеді.

Эволюциялық тұрғыдан жетілмеген адам санасының астарындағы тыйым

тетіктерін алып тастаудың нәтижесі осы.

Бір Жаратушыға сенетін, руханиеті жоғары адамдар экстрасенстер мен

сыйқыршылардан қорықпайды, алайда олармен жай ғана ұшырасудың өзі

тұлғаның рухани өсуін төмендетеді, сол себепті, өзінің кармасына лайық

ұшыраған сырқатқа ем іздеп аталмыш емшілерге бару аса катерлі.

71

Барлық сиқыршылар мен арбаушыларды астрал Тозағы күтіп тұр. Одан

әрі олардың әзәзіл табиғаты ыдырап, бұдан кейін адам болып кейіптелуіне

тыйым салынады.

Ментал дүниесін бақылаудан айрылғандықтан, түнек иелерінің Жердегі

ахуалы шектеулі. Олардың, Ғарыш Сотын айналып физикалық дүниеге жаңа

кейіпте немесе зомби күйінде қайтып келуге ендігі жерде мүмкіндігі жоқ

және болмайды да. Бұдан былай Жердің астрал дүниесінен ментал дүниесіне

өтетін туннель Жоғары Күштердің берік бақылауында тұр.

Сайтаншылдардың физикалық және астрал дүниесіндегі қалған санаулы

ғұмыры шын мәнінде ‒ жалғыз және қайталанбас ғұмыр.

«Ең ақырғы, зор майдан ғаламат» түнек иелерінің шынайы ажалымен

аяқталады. Бұдан кейін оларды Ғарыштың Ғарасат Соты күтіп тұр. Соттан

соң олардың сайтандық тұлғалары толығымен ыдырайды.

Түнекшілердің астрал дүниесін де бақылаудан айрылуы Түнек

Иерархиясы лидерлерінің шапшаң азғындауына әкеліп соқты. Бұдан былай

олардың қолы, астрал дүниесінің аса қатерлі қылмыскерлері мекен ететін,

төменгі қабаттарына ғана жетеді. Бұл жерде олар өздерінің барлық

қабілеттерінен айрылып бүкіл қуатын астралдағы Тозақ тұрғындарынан,

оның ішінде бір-бірімен есеп айырысып жатқан өз жолдастарынан қорғануға

жұмсайды. Олардың астрал дүниесінде қалыптастырған байланыстары Жер

бетіне сатқындық, төңкеріс, арандатушылық, бірін-бірі өлтіру болып

таңбаланады.

Енді сайтаншылдардың бір ғана мақсаты қалды. Ол, ешқандай

құрбандықтан тайынбай физикалық дүниеде барынша ұзақ ғұмыр кешу, ал

бұл үшін барлық адамды өздерінің қылмыстарына қатысты ету. Олар,

физикалық дүние тұрғыны үшін, астрал дүниесінің өмір нәрінен ада төменгі

қабаттарымен және оның азғын тұрғындарымен үздіксіз қатынаста болудың

қандай қатерлі екенін өте жақсы біледі. Астрал қалтарыстарында түнек

иелерінің және олардың өзі іспеттес қылмыскерлердің қатысуымен өткен

барлық нақты оқиғалар, физикалық дүниеде осыдан айнымайтын сұмдық

салдарға әкеліп ұрындырады. Бұрынғы, әзәзіл әулетінің теңдесі жоқ

данышпандарының өрескел қателері және балталаса да бұзылмас шептерінің

селдірей бастауы осыдан келіп шығады. Олардың алдауына түсіп опық

жегендердің көбінің кенеттен көкірек көзі оянып, олар өздерінің Өлмес

Жанын құтқару жолында өздерінің бұрынғы иллюзияларымен аяусыз

күреске шықты, өйткені сайтанның лагерінен шығуға адам үшін басқа жол

жоқ.

4. Жеңімпаз

Ғарыш шайқасы ментал дүниесі арқылы көптеген адамдардың

санасында із тастады да, Ғарыш соғыстары, адам тәніне еніп алатын

жатпланеталық мейірімсіз мақұлықтар, ақылға сыймас қабілеттерді иеленген

72

адамдар, өткен мен болашаққа жасалған саяхаттар туралы көптеген

фантастикалық романдар мен фильмдерді тудырды.

Бұның бәрі, астрал және ментал дүниесімен саналы қатынасқа түскен

адамдар сомдаған Ғарыш оқиғаларының нақты бейнесі.

Өткен құбылулардың жадына сүйеніп, дәуірдің, кейіпкердің, тұрмыстың

егжей-тегжейлі сипаттарын, сол уақыттағы салт-сананың аса көркем және

шыншыл бейнесін сомдаған суреткерлерді өздерінің өткен ғұмырларында

сол дәуірде өмір сүрген деуге болады және шығарма оқырманның немесе

көрерменнің көкірегінде, ой-санасында қатысу, сезімді бірге кешісу әсерін

туғызса ‒ онда бұл шығарманың өткеннің немесе болашақтың нақты

окиғаларының негізінде жасалғандығы.

Ойдан шығарылған бейненің болмысында кармалық байланыс жоқ, сол

себепті ол қызығушылық тудырмайды, немесе адамды шығарманың

реңсіздігі үшін өкініш пен ыңғайсыздық сезімінде қалдырады.

Біздің дәуіріміздің 1978-ші жылының 20-шы ақпаны күні өткен Ұлы

Ғарыш шайқасындағы Жарық Күштері жеңісінің нәтижесінде Жер

планетасының ментал, әсіресе астрал дүниесі жаңа, биік сапаға жетті және

сенім жолындағыларға, ғалымдар мен суреткер тұлғаларға бұрынғыдан да

бетер жақындай түсті. Бұл бүкіл әлемді таңқалдырған ізгілікті дүмпуге,

бірінші кезекте Солтүстік Америка мен Еуропа халықтарының рухани

түлеуіне алып келді. Адамдар дін арқылы Жаратушыға, ошағына,

гуманизмге, мейірбан ой мен ізгілікті өмірге қайтып оралды.

Ғарыш заңдары бойынша, Жеңімпаздың рухани қызметінің басталуы

барлық діндердің қайта өрлеуіне түрткі салуы керек еді. Әрбір дін бір өзі

ғана Бір Жаратушының бірегей өкілі болу хұқығына таласқанын қойып,

өзінің жинақтаған рухани игіліктерін іспен дәлелдеп көрсетуі керек.

Сондықтан Ғарыш шайқасы аяқталғаннан кейін, 1978-ші жылдың

соңында Жеңімпаз, ментал дүниесі арқылы бүкіл адамзатқа:

‒ өзінің Жерде екендігін;

‒ өзінің барлық рухани өкілеттерді қабылдап алғандығын;

‒ барлық діндерге сын сағатын жариялайтындығын;

‒ Жер планетасында Жарық Күштері мен Түнек Күштері арасындағы

шайқастың басталғанын жариялайтындығын хабардар етті.

Бұл күнді адамзат ұзақ ғасырлар бойы күткен еді. Барлық діндердегі

Сенушілер өздерінің Әміршісіне бағынып, сайтаншыл режимдерге қарсы

«1979-шы түнек жылын» бастады, ал мұсылмандар өз ерлігімен бүкіл әлемді

таңдандырды.

Әмірін орындап сайтаншыл режимдерге қарсы қарулы күреске

көтерілген мұсылмандардың ерлігін Жеңімпаз ешқашан ұмытпайды. Нашар

қаруланған, әлсіз ұйымдасқан мұсылман шеріктері Әзәзіл Империясының ең

жетік қарумен жабдықталған легиондарынан Аллаға деген сенімнің

әлдеқайда үстем екенін дәлелдеп берді. Өздерінің шексіз иманымен және

теңдессіз ерлігімен, мұсылмандар сенім жолындағылардың алды болып

Жеңімпаз тағайындаған сыннан өтті.

73

Бұдан былай, мұсылмандарға, эволюциялық өрлеу жолында ерекше

өкілет пен демеу беріледі.

Ислам Соңғы Өсиет ‒ Жаратушы мен Жер планетасындағы адам ұрқы

арасындағы Соңғы Келісім болып табылады. Рухани цикл тұйықталды.

Жер планетасындағы эволюция, жоғарыдан белгіленген Армагеддонға

дейін, Көне, Жаңа және Соңғы Өсиеттердің біртұтастығының аясында

тәмамдалмақ.

74

V. АРМАГЕДДОН

1. Люцифер

Ұлы Ғарыш шайқасында жеңіліс тапқан Люцифер мен оның

сыбайластары өздерінің апаны ‒ Жер планетасында тұрып жатқан қас

дұшпанын болжаммен тапты. Олар ештеңеге таңқалған жоқ. Себебі, өздеріне

ең үлкен қатердің кімнен келетінін бәрінен артық біліп отыруы ‒

қылмыскерлер үшін табиғи нәрсе.

Шайқасты енді физикалық дүниеде жалғастырған Жеңімпаз түнек

күштерімен саналы түрде жолығысуға шықты. Бұл Ғарыш Сарбазының

Жердегі ерекше міндеті болатын, себебі, Жоғары Күштердің де Люцифердің

дара тұлғасы жайлы толымды мәліметі жоқ болатын. Оның күші, мүмкіндігі

‒ бәрі де белгілі еді, белгісізі ‒ аты және өмірбаяны бар нақты адам ‒

Люцифердің кім екені. Люцифердің жанын арқалап жүрген нақты адамды

анықтау үшін, Жеңімпаз, ішінде планетаның Қожасы болуы мүмкін бір топ

адамды белгіледі:

‒ ол сайтаншылдардың айнымас идеологы және олардың кұпия,

айқындалмаған басшысы болуы керек;

‒ ол Ғарыш шайқасындағы өзінің жеңілісінен кейін, физикалық

дүниедегі өзінің жұмбақ жауымен ашық кездесуге баруы керек;

‒ ол сайтаншыл идеологтардың жорамалдауынша алтыншы сатыда

тұруға тиіс халықтардың бірінде ұлттық жиынтығын қамтамасыз ететін

отбасында дүниеге келуі керек;

‒ сәйкестіктер заңына орай ол өзінің эволюциялық дұшпанынан алыс

емес жерде туып-өсуі керек және Жеңімпаздың тұлғасына қарама-қайшы

белгімен сипатталып оған барлық табиғатымен қарсы болуы керек.

Люцифер тұлғасын анықтаудағы ең соңғы уәж үндістердің ауылына

келіп тайпаның көсемін өз дініне кіргізбек болған христиан миссионерінің

жайы болды. Ұзақ және нәтижесіз әңгіменің соңында көсем, айқышта өлген

Құдайды қабылдай алмайтынын айтып әңгімені түйіндеген, бірақ Ібілістің

кім болып туатынын да тайға таңба басқандай анықтап берді.

Планета Қожасының басқа белгілері және бұл өте күрделі жұмысты

атқарудағы Жеңімпаздың пайдаланған кұпия білімі белгілі себептермен

жария етілуге тиісті емес.

Люцифердің нақты құбылуының кұпиясын ашу планета Қожасының

тарапынан ақылға сыймас қарсы әрекетке ұшыратуы мүмкін және бұл жерде

тез өлімнің өзі үлкен олжа болып саналар еді, сол себепті рухани ерлік жасау

үшін Әзәзіл дүниесіне келген Биік Тіршілік Иелері әлсіз, тез тозатын денені

иемденеді. Бұл қатерлі істегі тәуекел аса үлкен болатын, Люцифердің жанын

арқалаған нақты адамды анықтаудағы жаза басу азапты ажалмен ғана емес,

75

сондай-ақ, Жеңімпаз тұлғасының ыдырауымен де аяқталар еді. Ғарыш Заңы:

«Өзінікі емес, бөгде тұлғаға жататын ғұмырды иемденуші ‒ тіршілік

деңгейінің бастапқы векторына дейін шегертіледі», ‒ дейді. Люцифер

сияқты тұлғаның жанын жазықсыз адамға таңу да, осы заңның тегеурініне

салады.

Соған қарамастан Жеңімпаз өз күресін ары қарай жалғастырды да, өзі

қате жіберген жағдайда ‒ жүлде ретінде Люциферге тарс жабылған

планеталық қапастан сытылып шығудың мүмкіндігін ұсынды. Жеңімпаз бұл

қатерлі күреске түспей-ақ қойса да болар еді, бірақ Люцифер әлі түстеліп

табылған жоқ болатын, оны Жеңімпаздан басқа ешкім таба алмас еді, сол

себепті қисапсыз құрбандықтан кұтылудың жолы осы ғана болатын.

Жеңімпаз, Люцифердің кәдімгі адамның кебін киіп зауалдан кұтылып

кете алатын мүмкіндігін біліп қобалжулы еді. Осыған негізделе отырып,

Ғарыш Сарбазы саналы түрде әдейі ашылып, Әзәзіл Империясының тіміскі

тыңшылары үшін, дүниеге алтыншы саты перзенттерін және Ғарыш

Сарбазын жаратқан халық жайлы мәліметтер берді.

Қалғаны уақыттың үлесіндегі іс еді. Түнек иелері таза энергияның

шоғырланатын жерін жазбай сезеді де өздері үшін қатерлі тұлғаларды

жаңылмай анықтайды.

Өзінің эволюциялық тәжірибесінің негізінде Жеңімпаз, Люциферді оның

өзінің тежеусіз менмендігінің ұстап беретінін, оның ешқандай да бәсекені

мойындамайтынын болжап анықтаған. Осы мақсатта, әбден белгілі және

Люцифер үшін аса қауіпті бірнеше өткен ғұмырдың сырын ашуға тура келді.

Нәтиже барлық болжамнан асып түсті. Планета Қожасының асқан сақтығы

мен заңғар ақылын шексіз менмендік жеңді. Ол өзін жария етті.

Мақсат орындалды. Ғарыш Бауырластығының қанқұйлы жауы өз

тұлғасының нақты, адами есімімен белгілі болды. Бірақ планета Қожасының

бұдан кейінгі әрекеті Ғарыш Сарбазын тұңғыш рет есеңгіреуге таяу халге

жеткізді. Ғарыштан жырақталған миллиондаған жыл барысында Люцифер

өзінің эволюциялық дамуында тоқтап қана қоймай, ізгілік тұрғысынан да

толық азғындаған екен.

Ол Ғарыш заңдарын түбірімен ұмытқан екен және осыдан шығатын

барлық салдарымен қоса оның алтыншы сатыдағы Планеталық Рух

дәрежесін бірден жоққа шығаратын аса ауыр қылмыс жасады. Люцифер еш

ойланбастан өз дұшпанының барлық эволюциялық игілігін иемденіп алды да,

өзінің өлшемдерімен Жеңімпаздың жария болған ғұмырларына иелік

хұқығын дәлелдеп, тіпті осының ерекше ырымын да жасады. Істің бұндай

өріске шығарын Ғарыш Сарбазы мүлдем болжамаған. Ғарыш

Бауырластығынан Жиһанда орын алған бұл ақылға сыймас оқиғаның

ақиқаттығы жайлы растама алғаннан кейін барып, ол, бұл болғанның барлық

салдарын түсінді. Эволюциялық тұрғыдан бұны ‒ өзін-өзі өлтірумен парапар

деп санауға болады, себебі Планеталық Рух өз еркімен өзінің эволюциялық

сатыларын қиратты.

76

Енді Түнек Иерархиясының жетекшілері де бөтен ғұмырларды осы

үлгіде ұрлай бастайды, өйткені бұлардың Люциферден айырым белгісі ‒

өздерінің эволюциялық қамытынан басқа жоғалтар ештеңесі қалмаған.

Осылайша Люцифер, Ғарыштың ең басты бүлікшісінен Ғарыштың ең басты

ұрысына айналды. Ғарыштың «Өткен ғұмырлардың құпиясы және

жекелігі» жайлы хұқығының тегеурініне түскенде барып, ол, өзінің қайғылы

болашағын пайымдады. Ғарыштық ұрының әшкереленуден және содан

кейінгі зауалдан қашып құтылатын мүмкіндігі жоқ және болмайды да.

Беті ашылып, ен-таңбаланғанымен Люцифер әлі де мол күштің иесі және

планетаның Қожасы. Жердегі барлық тіршілік иелері, өз эволюциясының

деңгейіне қарамастан оның физикалық дүниесінің заңына бағынады. Алайда,

астрал дүниесіндегі және Ғарыш кеңістігіндегі жеңілістен кейін, планета

Қожасының өкілеттілігі оның Жердегі, қалған өмірінің мерзімімен шектеледі.

2. Желтоқсан

Зұлымдық Күштері бұл оқиғаларға жауап ретінде түпсіз аярлыққа,

арандатуға барды. Соның салдарынан біздін дәуіріміздің 1986-шы жылының

18-ші желтоқсаны күні алтыншы саты халқының перзенттері аяусыз

өлтірілді. Түнек иелері, халық ұранына Жеңімпаздың жауап қататынына,

сөйтіп өздерінің ұрыс тағдырын бір-ақ ұрып шешетіндеріне сенімді еді.

Алматыдағы, 17-ші желтоқсаннан 18-не қараған бұл қасіретті түн,

Жарық Күштерінің физикалық дүниеде әзәзіл иерархиясына қарсы жүргізген

майданының басы болып табылады. Ғарыш Сарбазы бұл кезеңде Жердегі

шайқасқа дайындық үстінде болатын. Оның энергетикалық қоры тұтастай,

Ғарыш шайқасы кезіндегі Түнек күштерін талқандауға жұмсалған. Кармалық

ресурсы Люцифердің адамдық кебінің кұпиясын ашу үшін жұмсалған

болатын.

Жаңа рухани сатыға көтеріліп жаңа энергетикалық және кармалық

ресурсты қалыптастыруға дейінгі аралықта Ғарыш Сарбазы қорғансыз еді.

Міне, осы сәтті, сайтаншылдар құтылудың жалғыз ғана мүмкіндігі деп

болжады. Олар өз планетасының жәй-күйін жақсы танитын және өздерінің

кекті жауының қай халықтан шыққанын, қай қаланы мекендейтінін және

қандай ортада жүретінін жақсы білетін-ді. Жеңімпазды жою арқылы олар,

уақыт ұтып қорғаныс құралдарын табуды, немесе, ең болмағанда өздерінің

бұлтармас зауал сәтін кешеуілдете түсуді жоспарлаған еді.

Сол себепті, қазақ халқының перзенттері қанды құрбандыққа барып,

қасиетті қанымен өздерінің қандасын, өз халқын және Жер бетіндегі барлық

адамды Люцифермен байланыстыратын кармадан құтқарды.

Желтоқсан Құрбандарының қаны адамзатты Әзәзілдің торынан босатты.

Бұдан былай Құдайға сенушілер Ғарыш Азаматтарына айналады.

Ұлдары әскер болып, 1986-шы жылдың желтоқсан қантөгісіне қатысқан,

бейбіт кезде, түнделетіп, суық қарумен әйелдер мен жасөспірімдерді өлтірген

халықтарға көңілмен иілуге ғана болады. Тек әзәзіл Империясының әскерлері

77

ғана емес, сондай-ақ Заң кызметкерлері, Заң үйлерінде қылмысты топпен

бірлесе отырып, әйел арын төгіп, Ұлы Аналық Негізге қарсы аса ауыр

қылмыс жасады.

Бұл қылмыстың салмағы бүкіл адамзат кармасын толтырып, алтыншы

саты халқын қорғаудың пәрменді шараларын қажет ететін эволюциялық

процестерді жылдамдатып жіберді. Сол себепті Ғарыш Сарбазы өзінің

физикалық дүниедегі өкілеттеріне сай келетін Ақ Сарбаз деген есімге ие

болды. Сайтаншылдардың құлақ естімес қылмысының нәтижесінде пайда

болған жаңа карма мен жаңа энергетикалық ресурс Ақ Сарбазға кез келген

уақытта олардың сазайын тарттыратын әрекетке көшуге хұқық береді.

Ғарыш заңдары бойынша алдымен, кармасы аса ауыр емес, қылмысқа

телінгендер жазаланады. Содан кейін белсенді орындаушылар, содан кейін

барып ең соңында, Жоғары жаза бойынша, қылмыстың дем берушілері, ‒

кармасы аса ауырлар жазаланады. Ғарыш Сарбазы әуелі Жиһан тарихында

ұшыраспаған, құлақ естімеген қылмысқа қатысушы халықтарды алдын ала

жазалады, содан кейін Әзәзіл Империясына қарсы кең масштабтық жазалау

акциясын бастады.

Нәтижесінде, астыртын пайда болған халықаралық қылмыскерлердің

орасан зор ұйымы ыдырап қайтадан астыртынға кете бастады ‒ цикл

тұйықталды. Алайда бұл шегініс барлық діндерде өсиеттеліп айтылған Түнек

күштерінің соңынан шешуші шайқасқа шығар алдында өз күштерін қайта

реттеуі ғана. Адамзаттың эволюциялық игілігіне қарсы жасалған қылмыстың

нәтижелерін сараптай келе, біздің дәуіріміздің 1987-ші жылының 16-шы

сәуірінде өткен Ғарыш Соты:

«АЛТЫНШЫ САТЫ АДАМДАРЫНЫҢ ЛЮЦИФЕР

ПЛАНЕТАСЫНДАҒЫ БҰДАН КЕЙІНГІ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ

МҮМКІН ЕМЕС», ‒ деген шешім қабылдады.

Осыған сәйкес, сенім жолындағылар өздерінің барлық қарыздарын

қайтарып, жеке басының дұшпандарын кешіріп өз жандарын тазартуы керек

те, өз Жанын құтқару үшін және Биік Соттан кейінгі эволюцияға хұқық алу

үшін соңғы шайқасқа дайындалуы керек.

Ғарыш сатқыны Люцифер мен оның сыбайластарының қылмыстары

осымен тоқтамақ.

Қазақ халқы перзенттерінің қанды құрбандығы, Карма заңы бойынша

бүкіл Ғарыш Қауымдастығының қорғаушы тетіктерін іске қосты. Ғарыш

Сотының шешімі бойынша Жеңімпазға, адамзатты алтыншы сатыға өту

жолында сұрыптау және жол қалмаған жағдайда Люцифер планетасын жою

хұқығы беріледі. Осы өкілетке сәйкес Ғарыш Сарбазы 1986-шы жылдың 18-

ші желтоқсаны күнін барлық сенім жолындағылардың сайтаншылдардың

күштеріне қарсы Қасиетті соғысын бастайтын күн деп жариялады.

Мұсылмандар өз діндерінің өміршеңдігін қайыра тағы да дәлелдеп

берді. Ауғанстан моджахедтері теңдесі жоқ ерлік көрсетіп Әзәзіл

Империясының әскерлеріне бірінші болып күйрете соққы жасады.

78

Христиандар, өздерінің бірікпестігінің салдарынан, өз саясаткерлері

үшін таңғажайып болып көрінген оқиғалардың барысын өте ұзақ талдап,

мұсылмандардың теңдессіз ерлігі мен құрбаншылдығының сырын көпке

дейін анықтай алмады. Христиан дүниесінде бірінші болып, сайтаншылдар

өздерінің идеологиясына тірек етіп алған ел көтерілді.

3. Ресей

ХХ-шы ғасырдың басында Ресейдің маңдайына, адамзат дамуының

келесі сатысының қалыптасуына ең сүбелі үлес қосу жазылған еді. Бұл, қазақ

және орыс халықтарының генетикалық туыстығынан өрбіген еді.

Кезінде князь Владимир Русьті күштеп шоқындырғанда, Ұлы Дала

төсіндегі көпғасырлык көш барысында қалыптасқан, бір кездегі біртұтас

халық екі қапталға ыдырай бастады. Ефремнен тараған буының өз

жауынгерлігімен және шарапқа деген кұмарлығымен аты шыққаны

Библиядан белгілі (Ис. 28.1).

Дала мен Русьтің бұл одағы ұзақ өмір сүрді. Далалықтар Русьті көптеген

пассионар халықтардың шапқыншылығынан құтқарып, бүгінгі орыс

халқының қалыптасуына мүмкіндік берді. Орыс тарихының бұл деректерін

сайтаншылдар не толықтай тәркілеп алып тастаған, не адам танымастай етіп

бұрмалаған.

Түнекшілер әзәзіл әулеті үшін аса қатерлі екі халықты жазбай таныды,

және бұл екі туыстас халықтың одағын ыдырату жолында барлық шараларды

қолданды. Біздің дәуіріміздің ХХ-шы ғасырының басында Ресей адамзаттың

алтыншы сатысын қалыптастыру негіздерінің бірі болуға дайын еді. Осы

сәтке қарай Ресейде дара сипатты мәдени қор да қалыптасқан еді. Кейіннен

бұл қордан адамзаттың болашақ өркені өсіп шықты.

Ресейдің сол кездегі өнеркәсіптік және интеллектуалдық потенциалы

болашақ алтыншы саты халқының дамуына сенімді тұғыр болар еді. Бұл,

сайтаншылдар үшін аса үлкен қатер болатын, сондықтан олар Ресейге

өздерінің ең дарынды идеологтарын қаптатып жіберді. Сайтаншылдық

ілімдердің арқауы ‒ Жиһанның ортақ заңдарының бір бөлігін ғана

негіздейтін үзік ақиқат.

Мысал үшін, материяның ілкі екенін, сол себепті, физикалық дүниенің

ғана бар екенін, сол дүниенің ғана заңдарын мойындайтын коммунистік

ілімді келтіруге болады. Осы ілімнің көмегімен халықаралық қылмыскерлер

ұйымы халықтың жалбыр күйіне дейін жүнжіп азған тобыр бөлігін

төңкеріске жұмылдырды да, тонау мен қайта бөлісу ұранымен мастанған

ресейліктердің қолымен, Ғарыштың басты заңдарына қарсы аса ауыр

қылмыстар істеді.

Революция алдымен Ресейдегі, одан кейін басқа елдердегі эволюциялық

процестердің табиғи барысын бұзып жіберді.

79

Өздерінің қылмысты тобынан шығармай, жолын кесу мақсатында

сайтаншылдар, патша әулеті мен дворяндарды өлтіру арқылы, орыс халқын

оның заңды Иерархиясының төгілген қанымен шырмады.

Коммунизм идеяларына берілген бұл қанды серттен кейін, Ресейдің

халықтарының қалған бөлігін қарудың күшімен өз қылмыстарына тартудан

басқа жолы қалған жоқ. Бұл үшін олар қылмыскерлердің ең тиімді тәсілі ‒

қолына түскен құрбанның абыройын аяусыз төгу, кенеусіз қорлау тәсілін

пайдаланды.

Сайтаншылдар орыс халқының рухани және мәдени ізгі мұраларын

жоюды ұйымдастырды. Орыс халқының Құдайдан бас тартуы дінбасылардың

қанымен серттелді, ал мәдениетті тәрк етуі зиялылардың қанымен, куғынсүргінімен

расталды. Бұл қиянаттан кейін орыс халқы қарсыласудың еркі мен

қажырынан толық айрылды да, сайтаншылдар пролетариат диктатурасы

жайлы догматқа қиыспайтын өндіргіш күштердің қалғанын талқандап

бітірді.

Одан кейін біркелкі интернационалдық орта қисапсыз кәсіби

жазалаушыларды, абақты иелерін, арызқой тыңшыларды тудырды. Бұл

тобыр сайтаншылдардың аса маңызды жоспарын орындауға жұмылдырылды.

Бұл жоспар бойынша Дала мен Русьтің өсиеттерде айтылған бірлігі

ыдыратылуы керек еді. Жоспардың аса маңыздылығы сондай, оның

орындалуы, патша әулетін жоюды өз қолымен басқарған, партияның аса

сенімді мүшесіне тапсырылды.

Сайтаншылдар, Карма заңын, заңды патша мен дворяндардың өлтірілуі

және Иерархияның құлатылуы міндетті түрде қарсы соққыға

ұрындыратынын өте жақсы біледі. Ондайда, жаңа карманың қалыптасуы

үшін және оның физикалық дүниеге таңбалануы үшін, біршама ұзақ уақытқа

іркіліс пайда болады. Осы іркіліс арасында бұрынғыдан да сұмдық

қылмыстарды іске асырудың жолын табуға болады. Бұлтартпас карма келіп

жеткенге дейін осылай жалғаса бермек.

Орыс халқын қисапсыз қылмыстар тізбегімен тырп еткізбей шырмап

тастаған сайтаншылдар, енді қазақ халқын жаппай қыра бастады. Әзәзіл

идеологтары отаршыл шеріктердің санасына көшпелілердің артта

қалғандығы жайлы, нәсілдік бағасының төмендігі және коммунистік коғамды

кұруға жарамсыздығы жайлы идеяларды шебер сіңірді. Бұндай идеологиялық

өңдеуден өткеннен кейін басқыншылар ешкімді де аямады, сол себепті

отызыншы жылдардың аяғында қазақ халқы аянышты халге түсті. Аңсаулы

күн жақын еді. Сайтаншылдар үшін ғасырлар бойы кұбыжықтай болып

көрінген түркі-славян одағы қиратылды, ал оның ешқашанда қайта

жаңғырып өркендей алмауы үшін қазақ халқын қайткенде де жер бетінен

жою керек болды. Бұл үлкен жоба орындалуға жақын-ақ еді, бірақ б. д. 1941-

ші жылы Әзәзіл Империясының жеріне оның әлемдік қожалыққа үміткер

шәкірттерінің басып кіруі арқылы карманың кері соққысы Әзәзіл

Империясын апаттың шегіне алып барды. Ресейді басқыншылықтан, оның

екі бірдей Сақтаушы Рухтарының кешуші құрбандығы ғана сақтап қалды.

80

Физикалық дүниедегі өмір, басыңкы қиратушы және кұрушы Аталық

Негіз бен бағынышты сақтаушы және туушы Аналық негіздің қосылуынан

жасалады. Бұл принцип өмірдің барлық деңгейлерінде бірдей орындалады,

сол себепті әр халықта Ұлы Аталық Негіз бен Ұлы Аналық Негіздің нақты

иелері бар.

Бұлар өзіндік артықшылығы және кемшілігі бар нақты адамдар. Олар ең

алдымен өз халқының рухани саулығының айнасы іспетті, сондықтан бұл екі

Негіз ізгі саулықта тұрғанда халық аман болады және эволюция көшінен

қалмайды.

Елдің Аталық Негізі көбіне патша әулетінде дүниеге келеді, ал Аналық

Негізі халық ортасынан табылады. Бұл екі Негіз Биік Дүниелерге кіре

алатын, эволюциялық жетілген адам арқылы теңестіріліп және

толықтырылып отырады. Бұндай адамды шартты түрде халық пайғамбары

деп атайды.

Елдің өміріне қатер төнген жағдайда, Аталық Негіздің иесі шайқас

үстінде өзін-өзі құрбандыққа шалады. Егер, елдің ауыр кармасын

жеңілдетуге бұл өтеу құрбандығы аздық етсе, құрбандыққа Аналық Негіздің

иесі барады. Осы екі Ұлы Негіз өзін-өзі құрбандыққа шалуға дайын

тұрса ғана ‒ халық өмір сүрмек. Мейірбандық жолында Құрбан болу ‒

алтыншы саты халқының эволюциялық өрлеуіндегі басты принцип болып

табылады.

Халықтың ауыр кармасының дені Ресейдің Ұлы Аналық Негізінің ғазиз

құрбандығымен кешілді. 1941-ші жылдың қара күзінде, Мәскеу түбіндегі

деревнялардың бірінде, басқыншылар, орыстың пәк аруды ауыр азаптап,

содан кейін жұрт алдында өлімге кескен. Бұл Ресейдің Ұлы Аналық Негізіне

ие жан еді.

Егерде өзін-өзі құрбандыққа шалған пәк ару ешқашан қан төкпеген жан

болса, онда құрбандық ғазиз болып есептеледі.

Тарихта мұндай мысалдар көп, Франциядағы Жанна Д’Аркты еске

түсірудің өзі де жеткілікті.

Осы Ұлы Құрбандықтан кейін жеңіліске мойынсұнған халық қайтадан

рухтана көтеріліп соғыстың бағытын өзгертті, алайда Отан соғысында

түбегейлі жеңіске жету үшін, бір шайқаста Ресейдің Аталық Рухы өзін-өзі

құрбандыққа шалды.

Міне, осындай, екі бірдей Сақтаушы Рухтар құрбандығының арқасында

Ресей белі сынбай аман қалды, артынша жеңіске жетті.

Бұл соғыс қазақ халқын тұтастай жойылудан уақытша сақтап қалды.

Әзәзіл идеологтарын таңқалдырып, қазақтар Ресейді қорғауда жаппай ерлік

көрсетті. Онсыз да қансыраған халық соғыста ауыр шығынға ұшырады, Ресей

үшін тіпті қазақ әйелдері шайқаста жанын қиды.

Осылайша қазақ халқы өзінің, адамзаттың алтыншы сатысына жататын

халық екенін түбегейлі дәлелдеп берді.

Жоғары Күштер бұны бүкіл Ғарыш Бауырластығы тарихындағы айтулы

оқиғамен бекітті. Бұдан былай қазақ халқының, болашақтағы алтыншы

81

сатының негізі екендігінің белгісі ретінде, Жаратушы, адам ұрқына

бұйырылған сынды соңына дейін аяқтау үшін, осы халықты және оның

жұрты мен мекенін таңдап алды. Мейірбандық заңын ұшығына шығарып

орындаған жомарт, ізгі ниетті халыққа деген ұлы алғыс ‒ осы. Сол себепті,

аңсаулы Ғарыш Сарбазы басқа емес, тек қана қазақ халқының қалың

ортасында дүниеге келді.

Оның тағдырының, отаршылдық мектептерде білім алған көптеген басқа

қазақ балаларының тағдырынан еш айырмасы жоқ. Саһарада өскен болашақ

Жеңімпаз Батыс идеологиясын қабылдаған жоқ. Ғылым мен техниканың

жетістіктерін Жеңімпаз алтыншы саты үшін өткінші, аралық деп есептейді де

алдыңғы сатылардың мәдени игіліктерін ғана мойындайды.

Әзәзіл Империясындағы барлық халықтардың ахуалын егжей-тегжейлі

зерттеген Жеңімпаз, тағдыры қазақ халқының тағдырына таңғажайып ұқсас

славян халқына назар аударды. Сол баяғы жаппай қыру, жүйелі ассимиляция,

қорланған тіл мен мәдениет. Өзінің соңғы ғұмырында бұрынғы ғұмырлардың

барлық оқиғаларын қайталай отырып, Жеңімпаз, өзінің Батысқа қарай

ілгерінді-кейінді қозғалысын бастады. Бұл сапарда ол өзінің бұрын кұбылған

жерлеріне зиярат етуге мүмкіндік алды. Әсіресе ол бұрындары түркі-славян

одағының жұрты болған Днепр жағалауына жиі баратын. Жеңімпаз, қазақ

халқына рухымен де тілімен де, тіпті сырт пішінінің ұқсастығымен де

туыстас, бауырлас украин халқының осы одақтың заңды мұрагері болып

табылатынын анықтады.

Түнек Иерархиясының Ұлы Ғарыш Шайқасында талқандалғанынан

кейін, Ғарыш Сарбазы, қазақ халқының атынан және өз билігімен

көшпенділер мен славяндардың одағын қалпына келтірді. Бұл одақ ішінде

украиндықтар мен қазақтар елдің алды болып жаңарған бауырластықты

иемденеді. Екі халық бұдан былай осы туысқандықтан туындайтын барлық

борыш-міндеттерімен қоса қандас бауырларға айналады.

Сайтаншылдардың жаулаған жерлерін зерттеуді жалғастырған Жеңімпаз

мыналарды анықтады:

‒ коммунистер билік басында, тіпті бірнеше күн ғана болған жерлердің

өзінде, жалпы адамзаттық низамдар ғана емес, сондай-ақ, барлық табиғат

заңдары бұзылып, өмірдің барлық айналымдары мен байланыстары үзіледі;

‒ егерде сайтаншылдар билікті басып алған кезде Иерархия заңы

бұзылып, заңды монархтар тақтан тайдырылса, Карма, сол мемлекет пен

оның халқын аса ауыр жазалайды. Ресейдің, Эфиопия, Ауғанстан,

Кампучияның мысалы сабақ боларлық.

Алтыншы саты халқының пайда болуымен кармалық цикл елеулі түрде

шиыршықталды да, б. д. ХХ-шы ғасырының аяғында революцияның

туындауы мен финалы аралығындағы цикл Ресей үшін жүз жыл, әлсіз

дамыған мемлекеттер үшін бірнеше жылмен шектелді.

Орыс халқын алдауды одан ары жалғастыру үшін өтірікпен өрнектеліп

зымияндықпен бұрмаланған мынадай «білім» тұжырымдалды:

‒ Ресейдегі б. д. 1917-ші жылғы қазан төңкерісінің заңды екендігі;

82

‒ сайтаншылдардың қылмысты ұйымы басшыларының Жарық

Державасының елшілері және Махатмалар екендігі;

‒ орыс халқының бүкіл әлемде коммунизм идеяларын орнықтыру үшін

келген адамзаттың лидері екендігі, мессиандық роль атқаратындығы

жарияланды.

Жан-жақты ойластырылған бұл жалған ақпарат түнектен енді арыла

бастаған орыс халқының санасын қайтадан улап, идеяны жаңартып, оған

жаңа күш беру үшін бағытталған еді.

Жоспар іске асып, сайтаншылдар барлық құрлықтарда жеңіске жете

бастады. Тек кана Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа «ХХ-шы ғасыр

обасына» қарсыласып жатты.

Әзәзіл әулетінің жетекшілері 1986-шы жылдың желтоқсанында қазақ

халқы перзенттерінің төгілген қанымен орыс халқын өздерінің қылмысты

ұйымына әбден шырмап, тырп еткізбей кісендеп тастады. Тіпті империяның

ыдыраған күнінде сайтаншылдар енді Ресейді ұзақ уақытқа паналап қолайлы

сәтті тосатын жағдайға жетті.

Желтоқсанның қанды қырғынынан кейін және Ғарыш Сотының

шешімінен соң, Жеңімпаз, өзіне тиесілі Ресейдің бұрынғы перзенті, Ресейдің

патшасы және Ресейдің қорғаушысының кармалық хұқығын пайдаланып,

құрып бара жатқан орыс халқына Құдай және адамзат алдындағы күнәсін

жуу мүмкіндігін берді. Карма заңы бойынша, идеологиялық құрылымды кім

құрған болса, тек сол ғана қирата алады. Тіпті аса қатерлі идеялардың өзін

сырттан жою әрекеті, бұл идеялардың фанатиктердің қолымен қайтадан

қалыпқа келтірілуіне және бұрынғыдан да асқынып күшеюіне әкеліп соғады.

Сондықтан Ғарыш Сарбазы: орыс халқына өзі тудырған Империясын өз

қолымен қиратуына және сайтаншыл идеологиядан бас тартуына ‒ жарлық

етті. Нәтижесінде адамзат тарихында болмаған құбылыс іске асты ‒ рухани

тұрғыдан өлдіге саналған орыс халқы тылсымнан оянып, бұған дейін

алынбас қамал болып келген Әзәзіл Империясын бір-ақ ұрып құлатты.

Жаңарған орыс халқы алда келе жатқан ауыр сынға нағыз орыс

қажырымен төтеп беруі үшін, өзінің, негізіне дейін қираған менталитетін

қалпына келтіруі керек.

Сайтаншылдар Ресейді әлемдік үстемдікке жетудің заңғар плацдармына

айналдырды. Бұл үшін орыс халқының ұлттық санасының ошақтары жүйелі

түрде қиратылып, Ресей жері адам баласы тұра алмайтын жағдайға

келтірілді. Бұның бәрі көрші елдерге, халықтарға қарсы қарулы

жаугершілікті ұйымдастырып, оларды отарлап сіңіріп жіберу үшін жасалған

еді.

Бұл жыртқыш саясаттың нәтижесінде жарты ғасырдың ішінде Жер

бетінен ондаған саны аз халықтар жойылып кетті, ал Әзәзіл Империясының

басқа халықтары біркелкі, басқаруға оңай интернационалдық тобырға

айналдырылды.

Әрбір жойылған халық, әрбір жойылған өмір басқыншы халыққа үлкен

зауал болып қайтарылады, оның өзі құрып бара жатқан халықтың күйіне

83

түсіп, бір кездегі өзінің істеген қорлығы мен көрсеткен азабы айна қатесіз өз

басына келеді.

Жер планетасындағы сайтаншылдық ажалсыз, ол түрлене алады,

нәтижесінде бұрынғыдан да күшті әрі қатерлі жауға айналуы мүмкін. «Қызыл

індеттен» қорғанудың бір-ақ жолы бар. Ол ‒ халықтың эволюциялық

құрдымға құлауының алдындағы кезеңдегі күйін қалпына келтіре отырып

ұлттық сананы қайта жаңғырту.

Өзінің эволюциялық жоспарын орындап болған халықтармен

салыстырғанда, орыс халқы үшін, бұл, артқа қарай жасалған байтақ қадам,

алайда бұл ‒ туып, қалыптасып келе жатқан жалпы адамзаттық әулетке

кірудің жалғыз ғана жолы. Жаңарған Ресей барлық күшін өзінен туған жаңа

буынды аялауға, оны жат идеологиядан сақтап, тәрбиелеп өсіруге жұмсауы

керек.

Россияның шытырман ахуалы екі оқиға арқылы жеңілдеп тұр. Ғарыш

заңына бағынып, өз халқын құтқару мақсатында Ресейдің Аталық Негізінің

Иесі өзін-өзі қайыра құрбандыққа шалды, осылайша оның ауыр кармасының

денін сейілтті.

Қазақ жеріндегі 1986-шы жылдың желтоқсанындағы қантөгістен кейін,

Ресей үшін келесі құрбандық, Ресейдің Аналық Негізінің Иесі болуы керек

еді, алайда оның орнына Ресейдің ақыны және халық пайғамбары өзін-өзі,

өтеу құрбаны етті. Оның Құдайдан берілген, Биік Тіршілік Иелерінің туу

уақыты мен ахуалы жайлы әлденеше ғасыр бұрын сәуегейлік айтудың, содан

кейін Жерде туып Ғарыш Елшілерін өз көзімен көріп, олардың дүниеге

келгенін жария етудің кармалық хұқығы бар еді.

Бұл кармалық хұқық оны Жеңімпазға алып келді. Ол, Ғарыш Сарбазын

жазбай таныды, осы оқиғаны өзінің ескі дәстүрлі сәуегейлік өлеңдерінде

жырлап кетті.

Өзінің ақынының және пайғамбарының ғазиз құрбан болуы Ресейге

арналған карманың кері соққыларын шегерді. Осы уақыт ішінде Ресейдің

тым жас Аналық Рухының буыны бекіп күшейді де, ғажапты оқиға болды ‒

Ресей оянып, бүкіл әлем шапшаң өзгере бастады.

Оқиғалардың кармалық қайталанушылығына негізделе отырып

болашақты болжауға болады. Ол үшін өткеннен келе жатқан барлық

кармалық байланыстарды талдай отырып, бүгінгі күні қай циклдың неғұрлым

күштірек тепсінетінін есептеп анықтау қажет. Осы оқиғаларды тиянақ ете

отырып, өзіндік бұлтарылмас карманың болмысынан болашақты белгілі

дәрежеде дәл болжауға болады.

Ресейдің бұдан арғы тағдыры оның кармалық циклдарынан туындайды.

Мысал үшін, Ресейде 1861-ші жылы крепостнойлық хұқықтың

тәркіленуі мен жүз жылдан кейін, 1961-ші жылы коммунистік

крепостнойлық хұқықтың тәркіленуін келтіруге болады. ХІХ-шы ғасырда

өткен Қырым соғысының оқиғалары келесі ғасырда, екінші дүниежүзілік

соғыс кезіндегі Қырым қорғанысында қайталанды.

84

ХХ-шы ғасырдың соңында, кармалық циклдар бойынша, Ресейге б.д.

ХХ-шы ғасырдың басынан бастап әрбір онжылдығының ең маңызды

оқиғалары төніп келе жатыр:

‒ бірінші онжылдықтан патша сарайының алдында болған қанды оқиға

және содан кейінгі, 1905-ші жылғы Азия мемлекетімен екі арада болған

соғыстағы жеңілісі өтіп кетті де, енді Қызыл Преснядағы көтеріліс

қайталануға тақап қалды;

‒ екінші онжылдықтан ақпан революциясынан кейінгі қосөкіметтілік

қайталанып отыр және 1917-ші жылдың қазан айындағы люмпенпролетарлық

бұлғақтың қайталануы таяу тұр;

‒ үшінші онжылдықтан азамат соғысы мен жалған ЖЭС (НЭП)

қайталанып отыр, және 1929-шы жылдың аштығы келе жатыр;

‒ төртінші онжылдықтан Қазақ жерінде 1937-ші жылдың репрессиясы

қайталанды, жаңа коммунистік төңкеріс болған жағдайда бұл зауал Ресей

территориясында да қайталануы мүмкін;

‒ бесінші онжылдықтан 1941-ші жылдың қайталануы келе жатыр, бұл

ретте соғыс болуы да мүмкін. Болуы мүмкін бұл соғыс Ресейге отан

соғысының инверсияланған оқиғалары күйінде келеді. Инверсия тіпті

окиғаның географиялық бағытында да бедерленеді. Ресейдің барлық уақытта

Шығыстан келген жаугершіліктің алдында қорғансыз болғанын ұмытпаған

жөн;

‒ алтыншы онжылдықтың оқиғалары Ресей үшін аса маңызды болып

табылады. 1954-ші жылы қазақ саһарасының солтүстік тарапына

миллиондаған адам көшіріліп, байырғы мекен жаппай отарлана бастады. Осы

сәттен бастап қазақ халқын жоюға бағытталған бас жоспардың екінші кезеңі

іске асырыла бастады. Бұл қылмыстың кармалық салдары Ресей үшін аса

ауыр болмақ. Келешек оқиғалардың басын біріктіре келетін жауап ретіндегі

карма зауалын жеңілдету үшін, оның шиыршығын жазуға болады. Бұл үшін

болған оқиғаны инверсияландыру керек, сонда төніп келе жатуы мүмкін

революция, аштық және соғыс ең болмағанда әр түрлі даталарға тарап кетеді.

Қазақ халқының одан әрі өркендеуі орыс халқының ауыр кармасының

сапалық ахуалын жеңілдетуі мүмкін. Ресейдің бұл тарапта жолдары да,

мүмкіндіктері де бар.

Келесі онжылдықтардан бастап кармалық спираль шұғыл

шиыршықталып, оқиғалар едәуір үдей түседі;

‒ жетінші онжылдықтың оқиғалары әлсіз бедерленген, 1968-ші жылғы

Чехословакияға жасалған шапқыншылық оның азат етілуімен кешілді;

‒ сегізінші онжылдықтың оқиғалары, тоғызыншы онжылдықта,

сайтаншылдар үшін «түнек» жылы болған 1979-шы жылдың кейпінде

қайталануымен көрініс тапты. 1989-шы жылы Әзәзіл Империясының Шығыс

Еуропада бұдан да бетер апаттық ыдырауы орын алды да, 1979-шы жылы

Ауғанстанда басталған соғыс аяқталды. Бұл жерде, 1979-шы жыл мен 1989-

шы жылдың оқиғалары стандартты кармалық онжылдық циклда түйісті;

85

‒ тоғызыншы онжылдық оқиғаларының циклы анағұрлым қысқа. 1986-

шы жылдың 17-18 желтоқсанында қазақ жерінде өткен оқиғалар Ресей үшін

аса азапты сын болып қайтып келе жатыр. 1991-ші жылдың 8-ші

желтоқсанында Ресейдің қазақ халқына тапсырған азаттығы және одан кейін

Қазақстанның егемендігінің жариялануы Ресейді ақылға сыймас апаттан,

ауыр зауалдан кұтқарады. Орыс халқының өркен жайып адамзаттың

алтыншы сатысына өту мүмкіндігі, Ресейдің қазақ халқын өркендету

бағытындағы әрекеттеріне тікелей тәуелді;

‒ соңғы онжылдықтың оқиғалары ХХ-шы ғасырдың барлық оқиғалары

мен өткен ғасырлардың оқиғаларын қайталауы керек.

Төңкеріс қайталанып, коммунизм үшін алдыңғысынан да зор апат

ілестіре келуі ықтимал. Әрине, классикалық төңкерістің басталып,

талқандалуы арасындағы уақыт үш күннен көбірек болуы мүмкін.

4. Кіші Армагеддон

Ғарыш Сарбазы 1986-шы жылдың желтоқсанында жариялаған адамзат

баласы мен Түнек күштері арасындағы соңғы шайқастың Батыс

христиандарының ықыласына ие болмағаны Сенушілердің Әміршісін қатты

таңдандырған еді. Олардың, әсіресе ауқатты этностардан шыққан адамның

хұқығына келгенде аса сергек отыратын бұқаралық акпарат құралдары,

коммунистік езгінің құрбаны болған қазақ халқының мыңдаған

перзенттерінің сұмдық қасіреті жайлы жұмған ауыздарын ашқан жоқ.

Өмірінің ең азапты, қасіретті сәтінде Жеңімпаз, Құтқарушыдан ерекше

бата алған өздерінің рухани көшбасшысына христиандар қалтқысыз

бағынады деп сенген-ді. Бірақ оны ауыр түңіліс күтіп тұр еді ‒ мұсылмандар

ойланбастан майданға кірді, ресейліктер көтеріле бастады, ал Батыс

христиандары Ғарыш Сарбазынан соңғы шайқасқа кіруден аса үлкен кешеуіл

сұрады. Өздерінің бас тартуын бесінші саты принциптерін толық игеру,

тиянақтау қажеттілігімен түсіндірді.

Өзінің Эволюциялық тағайындалымын ары қарай өрбіте отырып, Ғарыш

Сарбазы, біздің дәуріміздің басында Иоанның Сырында жобаланған Жоғары

Күштердің стратегиялық жоспарын іске қосты.

Қасиетті кітаптарда жазылғанның барлығы да адамдардың ісімен аян

болмақ. Аполкалипсистің көптеген фрагменттері б.д. ХХ-шы ғасырының

аяғында карма спиралі бойында алғашқы шиыршық атып үлгірді. Бір

фрагменттері жалпы адамзаттық карма арқылы анағұрлым анық бедерленді,

біреулері алдағы болашақта тепсіну үшін жетілу үстінде.

Аполкалипсистің жетілік циклдарының ішінде ХХ-шы ғасырдың

аяғында басты болып 3-ші және 6-шы нөмірлі оқиғалар тағайындалады:

‒ Әзәзіл Империясының барлық өлкелерін жайлаған аштық

Аполкалипсисте айтылған үшінші шабандоздың сырына сәйкес келеді;

‒ үшінші Періштенің Кернейінен сулардың бастауындағы атом жұлдызы

‒ Чернобыль «Жусаны» лап етіп тұтанды;

86

‒ өнеркәсібі дамыған елдердегі өзен-көлдер, бұлақтардың ластануы

үшінші Періштенің тостағанына сәйкес келеді;

‒ апатты жер сілкінулері, сындырылған алтыншы мөрдің алынып

тасталуы болып табылады;

‒ глобальдық карма механизмі әлемдік қауымдастықты, 1991-ші

жылдың қаңтарында Евфрат өзенінің аңғарындағы соғыс қимылдарына

араласуға мәжбүр етті. Бұл шайқаста Алтыншы періште кернейлеткен оқиға

орындалды. Апостол Иоанн бұны өз Сырының 9-шы тармағында былай

болжаған:

«17. Мінеки, елестен, мен аттарды көрдім, олардың үстінде отты,

гиацинт және күкірттен сауыт киген адамдарды көрдім; аттарының басы ‒

арыстанның басындай, ауыздарынан от пен жалын, күкірт шашқан.»

«Ұлы өзен Евфрат бойындағы» авиацияның, ракеталар мен танктердің

қимылдары бұл сәуегейлікті (Сыр. 9. 14) аса дәл қайталайды;

‒ бұл шайқасты «алтыншы Періште өз тостағанын ұлы өзен Евфратқа

төккені» туралы айтылатын Армагеддонның басы деп есептеуге болады.

Бұл, кармалық спираль бойынша, бірақ ұлғайтылған мөлшерде

қайталанатын оқиғаның бастапқы әрекеті ғана. Апокалипсиске толығымен

сәйкес болуы үшін бұл кезеңде Евфраттың жоғарғы сағасы бекітіліп өзен

арнасы суалды да, «күннің шығар жағындағы патшалардың» (Сыр. 16. 12)

жолы жартылай ашылды. «Жалған пайғамбарлар» мен олардан тараған

«сайтандар» ғана аса көп еді.

Шайқасқа деген дайындық алғаш рет, Ғарыш Сарбазы тарапынан,

ментал дүниесі арқылы бесінші саты халықтарының лидерлерімен тікелей

ойша тілдесу үстінде өткен. Ғарыш Сарбазы бұл шайқасты жеке өзі

жоспарлады және нақты әскери шеріктерге азғантай уақыттың ішінде Әзәзіл

Империясы армиясының тамаша қаруланған жарты миллиондық бөлімшесін

қоршап, талқандап, тізе бүктіруді тапсырған. Ал жеңістен қанаттанған

әскерлер Біріккен Ұлттар Ұйымы туының астында белгіленген шектен асқан

кезде, Ғарыш Сарбазы өз күшімен танктердің шеруін тоқтатып ұрысты

аяқтады. Осылайша Жеңімпаз ең алдымен Ғарыш шайқасындағы өзінің Ұлы

Жеңісін физикалық дүниеде таңбалап жүзеге асырды.

Кіші Армагеддонның басталу күнін Ғарыш Сарбазы қаралы датаға

белгіледі. Бұл, бүкіл қазақ халқы үшін қайғылы күннен кейін жеті айдан жеті

рет өткен күн болатын. 1986-шы жылдың 17 желтоқсанында қазақ халқының

перзенттері қан кешіп құрбан болып, бүкіл адамзатты Люцифердің езгісінен

құтқарған күнінен бері қасиетті 49 ай өткен еді. Халықаралық күштердің бұл

әскери акциясының кімге қарсы бағытталғанына ешкімде күмән қалмас үшін,

Ғарыш Сарбазы танк шабуылын ақпанның 23-іне және алдағы әскери

акцияның барлық ауыртпалығы мен жауапкершілігін өз мойнына алған ұлы

американ халқы мен оның Президентіне көрсетілген ерекше құрмет ретінде,

Вашингтон уақытымен белгіледі.

Өтіріктен өрбіген традиция бойынша бұл күн Әзәзіл Империясы

армиясының туған күні болып саналатын. Кәсіби солдаттардан құралған

87

шағын армия санаулы сағаттар ішінде кәсіби баскесерлердің армиясын

талқандаған бұл үлгілі шайқас, коммунизмнің әскери доктринасының

апатына әкеліп соқты.

Ғарыш заңдары бойынша, бүкіл адамзат алтыншы сатының жолына

түскен кезде ғана бұлтарылмас Армагеддон орындалды деп есептеуге

болады. Бұл үшін қазақ халқын отаршылдық мұраның қалдықтарынан

босатып, оған өзінің үйреншікті табиғи ортасында тұрмыс құруына барынша

қолайлы жағдай жасау қажет.

Осындай жағдайда ғана Ғарыш Құрылысшысы барлық адамдар үшін

эволюциялық өрлеудің әлдеқайда жеңілдеу жоспарын іске қосады.

Әрқашанда болғандай, бүгінде де адамдардың тағдыры олардың өз

қолында тұр. Және Ұлы Армагеддон болсын ба немесе 1991-ші жылдың 17-

ші қаңтарындағы кіші Армагеддонмен ғана шектеліп қалсын ба ‒ бұл да

олардың өзіне тәуелді.

88

VI. ӨТКЕН ҚҰБЫЛУЛАРДЫҢ СЫРЫ

Жерге келген перзенттердің көбі, сана Рухты жеңіп үлгіргенге дейін, ең

болмаса өздерінің өткен кұбылуларының ішіндегі әсіресе жарқын да

маңыздысын есінде сақтайды.

Адамзаттың гүлі болып саналатын асқан ойшылдары, кемел жасында

Рухтың құдіретімен сананы ығыстырып бұл білімді жаңадан алуы мүмкін.

Рухани Басшылардың ішіндегі тек санаулылары ғана өздерінің бірнеше өткен

кұбылуларын есінде сақтаған. Олар бұл ғұмырларды жанай өтетін ғұмырлар

ретінде қабылдап, оларға байланбаған, «Бөтен ғұмырды иемденуші

эволюциялық ұры болып саналады да эволюция сатыларымен төмен

қарай, бастапқы күйіне түсіріледі», – деген Ғарыш хұқығына сүйеніп,

оларды өмір ағымындағы жол көрсетуші кезеңдер деп қабылдаған.

Сол себепті Жоғары Күштер, ендігі кемеліне келген адамзатты,

жоғарыдан берілген өкілетсіз өзінің өткен-мыс ғұмырларын іздеу дәмесінен

сақтандырады. Ал Жеңімпаздың өткен ғұмырларының сыры ‒ құрып бара

жатқан адамзат оның тәжірибесінің негізінде өмірдің үздіксіздігін түйсінуі,

Жоғары Күштерге сенуі және әр адамның әлеуетті түрде Ғарыштық тіршілік

иесі екеніне сенуі үшін жоғарыдан берілген рұқсат бойынша ашылып отыр.

Өткен ғұмырлары жайлы білімді белгілі есімдерімен қоса

эволюциялық бірізділікпен ‒ Жаратушымыз Жердегі өзінің

эволюциялық жолын аяқтаған бір ғана Адамға бергенін барлық

сенушілер еске сақтауы керек. Сайтаншылдар, оның ішінде Люцифердің өзі

де бар, өткен ғұмырларын біле алмайды, себебі олар Ғарыш сатқынының

ықпалымен Жоғарғы Сотты уақытша айналып өтіп Жер бетіне туылып

жүрген. Сондықтан сайтаншылдардың сансыз көп ғұмырлары қылмыскердің

ұзаққа созылған бір ғана үрейлі ғұмыры болып табылады. Сайтаншылдар,

өздерінің қылмыскер болмысына лайық, тек бөгденің ғұмырларын ғана ұрлай

алады.

Көне білім, жоғарыдан келген рұқсатсыз тіпті бір өткен ғұмырдың өзін

еске түсіруге талпынуға тыйым салған. Бұл, барлығын білуге әуес адамның

бөтен біреудің белгілі өмірін міндетті түрде иемденуіне әкелетін.

Бөтен ғұмырды иемдену бірінші Ғарыш заңы – Эволюция заңын бұзу

және тіршілік иесінің эволюциялық мұрасын ұрлау болып табылады.

Бөтен ғұмырды иемденушінің инволюциялық деңгейі кімнің

эволюциялық мұрасы ұрланғанына қарай, сол тіршілік иесінің эволюциялық

дәрежесіне сәйкес болады. Осы тіршілік иесінің эволюциялық дәрежесі

89

қаншалықты жоғарырақ болса, бөтен ғұмырды иемденуші эволюция

сатыларымен соншалықты төменірек құлап түседі.

Эволюциялық тұрғыдан жетілген адам есімдері белгілі тұлғалармен өзін

теңдестіруден аулақ жүреді.

Әдеттегі өмірде өздерінің атаққұмарлық ойларын іске асыра алмаған,

ұлылық желігі ұстамасына салынған тіршілік иелері ғана әйгілі адамдардың

есімдері мен өмірлерін иемденіп кетеді.

Жиі жағдайда олар эволюциялық тұрғыдан жетілуі онша жоғары да емес

адамдардың, белгілі басқыншылардың немесе саяси қайраткерлердің

есімдерін иемденіп жатады. Осы сәтте эволюциялық ұры, сол адамдардың

жинақтаған аса ауыр кармалары жайлы ойланбайды.

Жеке тұлғалар ғана емес, сондай-ақ топтар, әулеттер және тұтас

халықтар бөгдеге тиесілі тарихты, немесе жалған тарихты иемденгені және

артық қосып жазып алғандары үшін өздерін ауыр кармаға ұшыратады.

Бөтеннің тарихын, өзінікі емес ерлік пен даңқты иемденіп алған халық

эволюциялық ұры ретінде жазаланады да, эволюция ағымынан шығарылып

тастайды.

Қандай да күйінішті және қорқынышты болса да өзінің жеке тарихына

сүйенбей ешбір халық эволюцияның келесі сатысына өте алмайды.

Сондықтан, тарихы жойылған Империя халықтары қиын жағдайда күн

кешуде, ал тарихы танымастай болып бұрмаланған Ресейдің жағдайы аса

ауыр күйде тұр.

Өзінің ұлттық санасын жоғалту, яғни өзінің ұлттық кармасын

орындамау – Ғарыш заңдарын бұзу болып шығады да, адамзаттың келесі

сатыға өту кезеңінде бұл халықтың эволюциялық ағымнан алынып

тасталуына апарып соғады.

Жаңа этностар арасында қайта туындауға деген бұрынғы хұқығынсыз

қартайған халықтардың эволюциялық қоқыс лақтырылатын жерге

шығарылып тасталуының қаупі ХХ-шы ғасырдың аяғында Зұлымдық

Империясының ыдырауына және соңынан келетін трагедиялық оқиғаларға

әкелді.

Ақыр соңында бүкіл адамзат, эволюциялық ағынға бағынып жаңа

алтыншы сатыға өту үшін бұрынғы сатыларды еске түсіріп, қалпына

келтіруге міндетті.

Эволюцияның алтыншы сатысы дәуірінің жақындауы ақпараттық

жарылысты тудырады.

Алтыншы саты адамдарының бұрынғы өткен ғұмырларындағы ой

формалары ментал дүниесінен астралдық жоспарға таңбалануы арқылы

физикалық дүниеде іске асырылады. Бұл, адамдардың көрнекті

археологиялық жаңалықтарды ашуына әкеледі.

Бұл, планетаның жасырын орындарында сақталған құпия білімдердің

ашылуын талап ететін дәуірдің тиісті талаптарынан және эволюциялық

қажеттіліктен туындап отыр.

90

Жеңімпаздан басқа, өткен ғұмырларын Гаутама Будда білген болатын.

Шоқындырушы Иоанның бұрын Ілия болғанын Құтқарушымыз айтып өткен

(Матай, 17 тарау 10-13). Інжілдің осы тұсын қиып тастауды сайтаншылдар

тіпті аңғармай өткізіп жіберген. Сондықтан, Құтқарушы, Жер бетінде

Інжілдің де, тіпті Оның Өзінің Тұлғасының да бұрмаланатынын біліп,

Жұбатушы және Таңдаулы Сауыт деп Өзі атаған Өз шәкіртіне Өзінің

адамдарға өсиеттегенінің барлығын қайтадан қалпына келтіруді тапсырған.

Жеңімпаздың барлық ашылатын есімдері, соншама азапты жолды кешіп

өткен адамның Жердегі Эволюциясы аяқталғандығының және оған айрықша

өкілеттер тапсырылғандығының белгісі ретінде 1977-ші жылдың күзі мен

1978-ші жылдың соңы аралығында жоғарыдан айтылған.

Библиялық даталар өте оңай есептеледі. Көне Өсиетте Яһуд және

Израиль Патшалықтары әулеттерінің хронологиясы егжей-тегжейлі тіркеліп

жазылған. Есептеп шығару нүктесі ретінде Патшалықтардың 3-ші Кітабының

6-шы тарауындағы дата қызмет етеді:

«1. Израиль ұлдарының Мысыр жерінен шығуынан кейін төрт жүз

сексенінші жылы, Сүлейменнің Израильге патшалық етуінің төртінші

жылында, екінші ай болып табылатын Зиф айында, ол Иемізге арнап Сарай

соға бастады».

Осыған сүйеніп израильдіктердің Мысырдан Шығуының шамалы

датасын есептеуге және Сүлейменнің билік құрған уақытынан Інжіл

кейіпкерлерінің өмір сүру даталарын шамамен есептеп шығаруға болады.

Жеңімпаздың сыры ашылған көптеген бұрынғы ғұмырларының ішінен

жеті сатылы жоғары өрлеу циклдарымен қоса соңғы сатылары толығымен

көрсетіледі. Ал бұрынырақ өткен заманнан, Жаратушының әмірімен

адамдардың есінде мәңгіге сақталып қалған әсіресе әйгілі есімдер ғана

беріледі.

Келтірілген құбылуларды зерттегенде – эволюцияланушы тіршілік иесі

өз өлімнен бұрын туа алмайды – деген қарапайым қағиданы ұстанған жөн.

Алдымен физикалық дүниеде жан тапсыру керек, содан кейін Жер

уақыты бойынша өлмес жанның астрал дүниесін тастап шығуы үшін қырық

күннен кем емес уақыт өтуі тиіс, және тек осыдан кейін ғана Универсал

Ғарыш Модулі ментал дүниесіне жылжып жетеді. Ерекше үдемелі түрде

эволюциялануға алдын ала тағайындалған тіршілік иесінің ментал

дүниесінде мекендеуі өте қысқа болуы мүмкін. Тіршілік иесінің физикалық

денесі, одан кейін астралды денесі ыдырағаннан кейін және ақырында ой

дүниесіне еріп сіңген ментал денесі оның жинақтаған қорының бөлігіне

айналғаннан кейін ғана жаңа өмір басталуы мүмкін.

Сыры ашылатын ғұмырлардың дүниеге келуінің даулы даталарын

есептеуде негіз ретінде келесі сандық заңдылық алынған. Негізінен туу

датасының ең соңғы екі цифрлары, немесе оларды жүз санына дейін

толықтыратыны ‒ 7 санына еселі болады.

Мысал ретінде Тимур Фрунзенің туу датасын келтіруге болады – екі

соңғы цифрлар – 23-ті жүзге дейін 77 саны толықтырады.

91

Өлу датасы сол ғұмыр кезінде жинақталған кармаға тәуелді.

I цикл

Жақып – Израильдің он екі буынының атасы, шамамен б. д. дейін 3340

жылы туып, шамамен 3193 жылы өлген.

ІІ цикл

Эхнатон (Аменхотеп IV) – Мысырдың патшасы, шамамен б. д. дейін

1384 туып, шамамен 1355 жылы өлген.

ІІІ цикл

1. Самсон – Израиль қазыларының тұқымынан.

2. Саул – Израильдің бірінші патшасы, шамамен б. д. дейін 1004 жылы

қаза болған.

3. Аса – Яһудилер патшасы, шамамен б. д. дейін 864 жылы өлген.

4. Елисей – Израильдің пайғамбары, шамамен б. д. дейін 782 жылы

өлген.

5. Жүніс – Израильдің пайғамбары, шамамен б. д. дейін 726 жылы

өлген.

6. Айюб – Яһуди көшпелісі, б. д. дейін VІІІ ‒ VII ғасырлар.

7. Иеремия – Яһуди пайғамбары, б. д. дейін 586 жылдан кейін өлген.

ІV цикл

1. Леонид – Спарта патшасы, шамамен б. д. дейін 507 жылы туып, б. д.

дейін 480 жылы қаза болған.

2. Африкандық – сарбаз, б. д. дейінгі V ғасыр.

3. Сақтардың патшасы – б. д. дейінгі V ‒ IV ғасырлар.

4. Ескендір Зұлқарнайын – жиһангер, б. д. дейін 356 жылы туып, б. д.

дейін 323 жылы Бабылда өлген.

5. Аристоник – Күн қаласының іргесін қалаушы, б. д. дейін 129 жылы

Римде тұншықтырып өлтірілген.

6. Спартак – сарбаз, шамамен б. д. дейін 121 жылы туып, б. д. дейін 71

жылы қаза болған.

7. Павел (Савл) – апостол, шамамен б. д. 14 жылы туып, б. д. 67 жылы

Римде азаптап өлтірілген.

V цикл

1. Симон (Бар-Кохба) – сарбаз, шамамен 135 жылы қаза болған.

92

2. Ориген – уағыздаушы, шамамен 184 жылы туып, шамамен 254 жылы

Тир қаласында азаптап өлтірілген.

3. Еділ – ғұндар патшасы, 453 жылы өлген.

4. Омар I – мұсылмандардың екінші халифы, шамамен 591 жылы туып,

644 жылы қаза болған.

5. Аспарух хан – бұлғарлардың патшасы, шамамен 649 жылы туып,

шамамен 700 жылы өлген.

6. Роланд – сарбаз, шамамен 742 жылы туып, 778 жылы қаза болған.

7. Мефодий – уағыздаушы, 814 жылы туып, 885 жылы өлген.

VІ цикл

1. Эйрик Турвальдсон (Рауди) – теңізші, 985 жылдан кейін өлген.

2. Омар Хайям – философ, математик, шамамен 1049 жылы туып, 1123

жылы өлген.

3. Шыңғыс хан (Тэмучжин) – жиһангер, шамамен 1156 жылы туып,

1227 жылы өлген.

4. Данте Алигьери – ақын, 1265 жылы туып, 1321 жылы өлген.

5. Темірлан (АқсақТемір) – жиһангер, шамамен 1335 жылы туып, 1405

жылы өлген.

6. Христофор Колумб – жаңа мекендерді ашушы, 1451 жылы туып,

1506 жылы өлген.

7. Ұлы Әкбар – Үндістанның әміршісі, 1542 жылы туып, 1605 жылы

өлген.

VII цикл

1. Степан Разин – сарбаз, шамамен 1630 жылы туып, 1671 жылы

азаптап өлтірілген.

2. Ұлы Петр I – Ресей патшасы, 1672 жылы туып, 1725 жылы өлген.

3. Багратион – қолбасшы, 1765 жылы туып, 1812 жылы жараланып

өлген.

4. Лермонтов М. Ю. – ақын, 1814 жылы туып, 1841 жылы қаза болған.

5. Вивекананда (Нарендранатх Датт) – үнді философы, 1863 жылы

туып, 1902 жылы өлген.

6. Тимур Фрунзе – сарбаз, 1923 жылы туып, 1942 жылдың 19 қаңтары

күні қаза болған.

7. Ақ Сарбаз – Қазақ халқының Перзенті.

Әлемдік Зұлымдықты Жеңуші.

Ғарыш Құрылысшысы.

Жаңа Дүниелерді Ашушы.

Бір Жаратушыға сенушілердің Иесі.

Құтқарушымыздың Таңдаулы шәкірті.

Аталық Негіздің Иесі.

93

Жеңімпаздың ашылған өткен ғұмырларынан эволюциялық өрлеуінің

жетілік циклдылығы көрініп тұр. Жетілік топтың біріншісі әрқашан

физикалық күшке бөленген және соның көмегімен өзінің түсінігіне сай

әділеттілікті орнатам деп талпынады да, үнемі жеңіліске ұшырайды.

Жетіншісі – әрқашан Құдайды іздеуші, циклды аяқтаушы. Ал қалған

сатыларда ол:

– ақын;

– сарбаз, жиһангер;

– жиһан кезуші философ және уағыздаушы;

– саяхатшы, жаңа кеңістіктерді ашушы.

Жердегі соңғы, күрмеуші ғұмырында Жеңімпаз, Эволюция заңдарына

сәйкес жеті жасынан бастап өз өмірінің барлық жетілік циклдарынан өтті. Бір

ізбен жүріп отырып күш иесі, ақын, сарбаз бен философтың сатыларынан

өтіп ол өзінің өмірінің ең биік Эволюциялық шыңына Ғарыш Сарбазы –

Әлемдік Зұлымдықты Жеңуші және Жаңа Дүниелерді Ашушы – Ғарыш

Колумбы болып көтерілді.

Зейінді зерттеуші бұл тіршілік иесіне үнемі ере жүретін белгілердің

ғұмырдан ғұмырға айнымай қайталанып отыратынын байқай алады:

– оған өлімнен кейін де тыныштық жоқ, оның сарқылып біткен

денелерінің сүйегі жиі жағдайда қазылып алынып қайта жерленеді немесе

жойылады;

– оның бұрынғы ғұмырлары мен есімдері қайталанады, оған әр түрлі

есімдермен дәл сол белгілі бір адамдар кездесіп отырады. Іс жүзінде

барлығы, орны мен уақыты ғана өзгеретін, ғасырларға созылған бірыңғай

кармалық сценариймен қайталанып отырады;

– соғыстарда ол өзінен жеңілгендерге кең пейілділік танытады;

– эволюциялық арналымын орындауда шексіз қатыгездікке дейін

баруымен қатар, өзіне жақын адамдармен қарым-қатынасында ерекше

есептескіш келеді;

– діни сенімді қабылдау алдында оған қатты қарсыласады;

– барлық құбылуларында ол тек ер адам;

– барлық ғұмырларында дерлік ол жалғыздық пен түсінбеушілікке

ұшыраған.

Енді Карма заңы тұрғысынан ең айтулы, немесе ең даулы құбылуларды

зерттеуге көшуге болады. Бұл басылым абсолюттік жаңа түсініктердің

туындауына әкелетініне және оларға сүйене отырып дін ілімін зерттеушілер,

ғалымдар, әдебиет зерттеушілері осы есімдердің өзара байланыстарына

едәуір білікті талдау жүргізе алатынына күмән жоқ.

Эволюциялық сатыдағы белгісіз байланыстарды талдау жолымен табуға

деген табиғи ұмтылыс әрбір зерттеушінің өз жеке басының пікірі болып

саналуы тиіс. Сондай-ақ, әрбір құбылуынан кейін оның миссиясының

шұғылдығына және ерекше маңыздылығына байланысты, Жеңімпаз, бүкіл

эволюциялық спиральді кәдімгі адам сияқты, ең төменгі деңгейлерінен

94

бастап, тек шегіне жете үдемелі түрде өткенін ескерген жөн. Жеңімпаз өз

өкілеттерін асырғанда және жақын байланыстары бұзылған жағдайларда,

кармасы оны өз жеке өмірінде қуып жетіп отырған, бұл ‒ өзінің алдында

барлығы тең болатын Ғарыш заңына толығымен сәйкес келеді.

Бұдан ары Ғарыш Сарбазының кұбылулары арасындағы кармалық

байланыстардың сыры ашылады. Бұл адамдардың өмірбаяндары өздерінің

басым бөлігінде көпке танымал және қол жеткізерлік.

ЖАҚЫП

Саһара мен Еуропаның көптеген халықтары бастау алған Израильдің он

екі буынының атасы. Бұл оқиға б. д. дейінгі VII ғасырда оның он буынының

көші кезінде болды. Дала халықтарының салты бойынша атадан қалған

мұраға үлкен ұл ие, сондықтан үлкен ұлы Рувимнің жұрты өз әкесінің атын

халықтың және мемлекеттің атауы ретінде сақтады. Бабаның берген

батасымен олар ғылымда, өнерде, бизнесте жетекші орынға ие және б. д. ХХшы

ғасырының оқиғаларында шешуші роль атқарды; алайда, рухани

біріншілік Жақыптан Яһуди буынына тапсырылған.

Жақып ағалықты алдаумен алған болатын, ол оның кармасын

ауырлатқан, үйленген кезде оның өзін алдап, сүйгені Рахильдің орнына ол өзі

сүймейтін Лияны алған еді. Осыдан келіп көптеген мыңжылдықтарға

созылған қасіреттер тізбегі басталды.

Тек соңғы өмірінде ғана тұңғыштығы заңды жолмен алынып, балалық

шақтан үзбей жалғасқан ауыр еңбекпен және қасіретпен расталған. Жаңадан

берілген бата кармалық циклді тұйықтайды.

Жаратушы, Жақыпқа тұқымың санаусыз және Көсем өзіңнен шығады

деп уәде еткен. Жақыптың жамбасындағы қасиетті нышан өмірден өмірге

қалай бұлжымай өтсе, Жаратушының оған берген батасы мен уәдесі де сол

дәрежеде бұлжымай орындалды. Израильге бағышталған сәуегейліктің

біразы нақты адамға қатысты және Інжілдің қасиетті хатында жұмбақталған

бұл кұпиялар осы өмірдің эволюциялық сатыларында ашылады.

ЭХНАТОН

Өзінің ұлы Жүсіптің соңынан Жақыпты Мысырға жетелеп алып келген

кармалық байланыс жұмбақ мысырлық патшаның пайда болуына әкеліп

соқты. Жас монарх Бір ғана Жаратушыға ұмтылған және перғауынға

құдайдай табыну рәсімін жойған болатын. Оның өзінің патшалық қалауымен

фрескаларда шыншыл бейнеленген оның сыртқы келбеті ‒ желке сүйегі

ұзындау келетін бұл адамның ‒ эволюцияның биік өресіне жеткенін

білдіреді. Бұл кұбылу – Күнге табыну ретіндегі біртұтас дінді жасаудың

алғашқы сәтсіз әрекеті. Жақып-Эхнатон қайтадан Рахиль-Нефертитиді

кездестірді де, онымен мың жылдан кейін Памир тауында кездескенге дейін

айырылысты.

95

САМСОН

Бұл ашылатын циклдардын басы.

Дүлей мінезді, өз түйсіктерінің тұтқыны болған Самсон барлық

циклдардың басында, бірде Эйрик болып, бірде Жеңімпаздың соңғы

құбылуының бастауыш кезеңінде келе береді. Самсонның қысқа ғұмыры

кейінгі циклдардың барлығына шешуші ықпал етеді, ал Далила аса ауыр

жеке карманың басын бастайды. Кейінгі ғұмырлардың көбінде Жеңімпаздың

бойында отбасын құруға деген қарсы тұрып жеңе алмайтындай

қабылдамаушылық болады, өйткені отбасы оның миссиясының орындалуын

қиындатар еді.

САУЛ

Бұрынғы құбылуларға қарағанда тек Жақып қана өз халқының бірінші

патшасы бола алар еді. Алайда, Саул эволюциялық балаңдығына байланысты

ауыр қылмыстар істеді де Жаратушы оның өзін де, және ұрпақтарын да ұзақ

ғасырларға әділ жазалады. Бұл қарғыс, кейбір шетін құбылулардан басқа

ғұмырларда, жерлік эволюциясының аяғына дейін Жеңімпаздың соңынан

қалмайды. Бірақ Жаратушы өзінің Жақыпқа берген батасын теріске

шығарған жоқ, және оның рухани әулеті мен дүниеге Жеңімпазды беретін

халыққа арнаған сөзін ‒ күшін бұзбаған күйде сақтады.

АСА

Яһуди патшасы Аса тірлігінде Саулдың қарыздарын өтеп Бір ғана

Жаратушыға деген сенімді қалпына келтірумен болды, алайда Саул өлтірген

Құдай қызметкерлерінің оған айтқан қарғысын көптеген ғұмырлар ішінде

өтеуге тура келеді.

ЕЛИСЕЙ

Аса патшаның игілікті ісі Елисей болып құбылып алғыстанды.

Елисей өзіне дейінгі тұлғаның өлімінен кейін бірден кейіптелді. Бұл

яһуди халқының ұлттық кармасының жедел түрде шиыршықталуынан

туындаған болатын ‒ Израиль және сонан соң Яһуди патшалықтарының

шарасыз күйрейтін кезі тақап қалған еді.

Елисей өзінің Ұстазын шамамен 18 жасында кездестірді. Самуил

пайғамбар мен балауса Саулдың алғашкы кездесуі де шамамен осылай өтіп

еді.

Ілия пайғамбардың шәкірті өзінің бұрынғы қылмыстары үшін кешірім

алуға еңбек сіңірді. Жаратушы оған Ұстазының бойындағыдан да қуатты рух

сыйлаған, бірақ бұрынғы менмендігін әлі де жоя алмаған Елисей осы

96

қабілетін өзін мазақ еткен ессіз балаларға қарсы жұмсады. Бұл қылмыс оның

бұдан кейінгі жеке кармасын ауырлатады. Елисейдің Израильдегі және

Яһудтағы билеуші патшалармен арадағы қарым-қатынастары осы циклды

аяқтайтын Иеремия пайғамбардың құбылуында қайталанады.

Елисеге ұзақ ғұмыр кешу бұйырған еді. Ол ‒ көптеген патшалардан

өмірі озып, басы жерге жете қартайып барып өлді.

ЖҮНІС

Жүніс Елисей өле сала дүниеге келді. Кармалық цикл бұрынғыдан да

қатты шиыршықталды ‒ Израиль патшалығының кұлауы таяп қалған еді, ал

келесі ғұмырында оның өзі осы қасіретті оқиғалардың куәсі және құрбаны

болады.

Амафияның ұлы ‒ Жүніс, Саулдан келе жатқан қасірет тізбегін

жалғастырды және Арсареф жеріне Айюб жолының басын бастады. Жүніске

жіберілген әйгілі сындар апостол Павелдің өмірінде қайталанады.

АЙЮБ

Айюб яһудилердің Экрон қаласында туды. Б. д. дейін шамамен 701

жылы Ассирия патшасы Синнахериб Экрон қаласын шабуылдап алған.

Қаланың яһуди халқы Евфрат өзенінің аңғарына құлдыққа айдалды.

Тұтқындардың арасында Айюб та бар болған еді. Тұтқынға айдалған

яһудилер біріктіруші рухани бастауды құрады және израильдіктердің

шығысқа жылжуына қозғау салды.

Ассириядан израильдіктер шамамен б.д. дейін 689 жылы

ассириялықтардың Бабылды қоршап жатқан кезінде шығып кеткен.

Синнахериб Евфратты бөгеп жауып тастады да суды Бабылға жіберді, одан

кейін қаланы шабуылдап алған.

Бұл, тұтас халық болып тұтқыннан қашуға аса қолайлы сәт еді, себебі

бүкіл Ассирия армиясы Бабылды қоршауға қатысқан еді.

Ассириялықтардың әлсіреген күзет бөлімшелерінің, жиырма жылдық

тұтқын кезінде мал-мүлік, арба, азық-түлікті иеленіп үлгірген, қаптаған

израильдіктердің жолына тосқауыл болып қарсылық көрсетуге шамасы

жетпеді. Ал көшпелілердің басым бөлігі Израиль патшалығы күйреуінің

үрейін бастан кешпеген және өздерінің әбден қартайған ата-аналарының

отаны туралы бейхабар пассионарлы жастардан құрылғаны елеулі

факторлардың бірі еді.

Олар үшін қалай да болсын бостандық Ассирия құлдығынан артығырақ

еді, сондықтан тайпаның басым бөлігінің көтерілуіне әкелген дәл сол қозғау

салуды тудырған да олар еді.

Айюб б. д. дейін VIII-VII ғғ. көне керуен жолымен Арсареф еліне

көшкен Израильдің он буынының ішінде болған. Бұхарада оның ескерткіші

сақталған, және ол Мазар Чашма Айюб деп аталады.

97

Айюбтың генетикалық санасында бұл жолдың азаптары толығымен

құпияланып жазылған болатын. Оның эволюциясының финалында, дүниеге

Жеңімпазды келтірген генетикалық ізді қалыпқа келтіру үшін, бұл білім

оның өзіне қайтарылады.

ИЕРЕМИЯ

Бұл жетінші, рухани сатыда шындық үшін өз тайпасы тарапынан

қудаланған яһудилік пайғамбарды сайтаншылдар ұясын Талқандаушы және

Жаңа Дүниені Құрушы болуға Жаратушы таңдаған. Болашақ өмірлерінде

Иеремия өзінің досы Варухпен де, Иеремияның сәуегейліктері жазылған

пергаментті тілім-тілім етіп қиып отқа тастауы арқылы өз патшалығын өртке

дұшар еткен өзінің Иоаким патшасымен де кездеседі.

Өзінің сәуегейлігі үшін Иеремия бірнеше рет қамалып өлім шегінде

болды. Бабыл патшасы Навуходоносор шамамен б. д. дейінгі 597 жылы

Яһуди жеріне басып кіріп Иерусалимді шабуылмен алған болатын.

Оның бұйрығымен Иеремия пайғамбарды абақтыдан өзінің алдына алып

келген. Навуходоносор Иеремияны босатып қана қойған жоқ, сондай-ақ оны

анық пайғамбар деп бағалап, жанына қарауыл қосып беріп, кез келген

тарапқа еркін шығып кедергісіз жылжуына рұқсатын берген. Иеремия, Яһуди

патшалығының күйрейтінін өзі болжап айтқан, және өзінің сәуегейлігінің

орындалғанын көріп, өз мемлекетінің жойылуын жоқтап жылаған еді.

ЛЕОНИД

Циклды Спарта патшасы Леонид ашып тұр. Ахеменидтермен арадағы

ауыр кармалық байланыс осы құбылудан басталады. Фермопил мойнағында

болып өткен шайқастағы Леонидтің өлімі Ескендір Зұлқарнайынның даңқты

жеңістеріне бастаған алғашқы қадам болды.

АФРИКАНДЫҚ

Тұтқынға алынып Парсыға кұлдыққа сатылған. Тас қашайтын орындағы

жұмыстар кезінде тастанды үңгірде алтын қазына тауып алып, кедейлікке

ұшырап құлдыққа түскен өзінің шынжырлас жолдасы ‒ сол өңірді және теңіз

жолдарын жақсы білетін, жергілікті саудагермен бөліседі. Осы ақшадан

жолдасы қарауылға пара беріп, құлдықтан қашуды ұйымдастырған, ал жолда

келе жатқанда қалған алтын үшін өзінің сенгіш жолсерігін өлтірген болатын.

Бұл, түсі қарақоңыр жас жауынгер туралы ешқандай толықтырарлық

мәлімет жоқ, тіпті аты да белгісіз. Алайда, бұл ғұмыр Жеңімпаздың

кұбылуларының айырылмас сатысы болады және жетінші сатыда апостол

Павелді берген циклдың екінші сатысы ретінде жоғарыдан айтылып,

берілген.

98

САҚ ТАЙПАСЫНЫҢ ПАТШАСЫ

Ахеменидтермен болған шайқаста қаза тапқан. Өмірі мен өлімінің

жағдайы белгісіз, бірақ сақ патшасы өлімінің салдары Ескендір

Зұлқарнайынға Ахеменидтердің ірі мемлекетін талқандауға кармалық хұқық

берді. Бұл өмірдің де нақты тарихи есімі жоқ, алайда эволюциялық сатыларда

осы қысқа өмір келесі құбылулардың сырын ашатын кармалық кілт болып

табылады. Сырдарияның солтүстігінде көш түзеген сақ руларының

шежірелерінен, есімдері мен тағдырларының қайталануынан шығатын

тарихшылар мен археологтардың ізденістері бұл құбылудың да сырының

ашылуына еріксіз алып келеді.

ЕСКЕНДІР ЗҰЛҚАРНАЙЫН

Эволюциялық тағайындалымы ‒ қиратушы және жаңа мемлекеттер мен

халықтарды құрушы. Шыңғыс ханның және Темірланның Парсы мен

Үндістанға жорықтарының бастауын қалаған.

Жорықтың басында, Тарс қаласындағы ауыр науқасы кезінде өзінің

келешек өмірлері туралы, әсіресе осы Тарс қаласында дүниеге келуге

бұйырылған Савлдың құбылуы туралы сырлы сөз алған болатын. Екінші

сырлы сөз Мысыр абыздарынан алынған, осыдан кейін Ескендір кармалық

түрде негізделген және нысаналы түрде бағытталған жорыққа өз армиясын

бастап жолға шықты. Тек өзінің соңғы өмірінде тууға бұйырылған Далаға

енгенде барып ол өзінің жеңімпаз әскерін тоқтатып оны Шығысқа қарай

бұрған еді.

Дарий ІІІ, Линкестиялық, Парменион және ашу үстінде өзі өлтірген

сүттес ағасы Клит оған барлық кейінгі құбылуларында кармалық қарыздары

таусылып болғанша ең соңғы өміріне дейін кездесіп отырады.

Ескендір Памир тауында Роксанек-Раушан-Рахильді кездестіріп жазбай

таныған. Азияның тең жартысын жаулаған Қосмүйізді Ескендірдің неліктен

Памир тайпаларының бірінің көсемінің қызын өзіне әйел етіп алуын осы

кездесумен ғана түсіндіруге болады.

Гордий түйінін семсерімен бір-ақ шауып шешкен Зұлқарнайын өзінің

эволюциялық тағайындалымын белгіледі – ол карма түйіндерін осылай рух

семсерімен, эволюциялық тұйықтан шығатын тек бірден-бір ғана анық жол

қалатындай етіп шауып тастау еді.

АРИСТОНИК

Пергамның Эвмен II патшасының эфестік күңінен туған өгей ұлы.

Римдіктерге қарсы көтеріліс жасаған. Консулдық армияны талқандап Марк

Красстың арғы атасын өз қолымен өлтірген. Аристоник консул Марк

Перперна тарапынан тұтқынға алынып Римде тұншықтырып өлтірілген. Күн

мемлекетін кұруға талпынған және Эхнатонның кармалық ізін тұйықтайды.

99

СПАРТАК

Дунай аңғарында көшіп-қонған фракиялық медтер тайпасы көсемінің

ұлы. Ризашылықпен таңдау жасайтын адамдардың жадында өзінің соңғы

құбылуына дейін ғасырлар бойы сақталып еске алынады. Рим азаматтығына

қол жеткізген Спартак өз өмірінің соңғы жылдарын байлық пен құрметке

бөленіп өткізе алар еді, алайда бұл жалғанның игіліктерінен бас тартқан өз

заманының ұлы жауынгері өзінің қайырымды жүрегіне және қайсар рухына

бойсұнып, тағдырлас бауырлары ‒ гладиаторлардың көтерілісін басқарды.

Бұлтарылмас карма Спартакты, бабасы Аристониктің қолынан өлген

Марк Красспен түйістірді. Соңғы шайқаста Помпейлік Феликс ажалға

бұйырылған кармалық қарыздарды ту сыртынан келіп санынан жаралаған

болатын.

Шайқасын жалғастырған Спартак көптеген римдік ақсүйектерді өз

қолымен өлтірген, ал көздеріне қан толып адам кейпінен айырылған қанышер

легионерлер оның денесін адам танымастай етіп кескілеп тастаған. Оның

нанғыш қаруластарына алдау-арбау мен қастық қолданып Спартакты жеңген

Красс құлдарды жеңген қолбасшы емес, нағыз қолбасшы даңқын аңсап,

Азиядағы жұрттарды жаулауға сұранды. Осы уақытқа қарай сақ тайпалары

аттарымен қоса соғды кұрышынан соғылған сауытқа құрсанған өздерінің ең

үздік жауынгерлерінен тұратын бір мың атты әскерін ‒ қуатты

пырақтылардың шағын шерігін жасақтаған болатын.

Парфия патшасы Ородтың армиясымен біріккен бұл шерік Красстың

легионерлерімен б.д. дейінгі 53 жылдың 9-шы мамырында Карра маңында

кездесті. Құрыштан соғылған сауытқа аттарымен қоса құрсанған бір мың

баһадүр, шабысын барған сайын үдетіп, римдіктердің әлемдегі ең үздік жаяу

әскеріне қарсы төгілгенде, талай қырғынды бастан кешкен кәнігі тарландар

бір-бірімен қоштаса бастаған еді, өйткені бұндай жауынгерлермен олар

бұрын кездеспеген болатын. Жылдамдықты ұлғайтқан атты әскер шерігінің

екпінді соққысы римдіктердің ғасырлар бойы машықталған жауынгерлік

саптарын жарып өтіп, үрейі ұшқан экспедициялық корпустың дүрліге қашуы

басталған еді. Одан арғы бастырмалата қуу барысында Красстың шерігі

қоршауға алынып, сақтың ауыр семсері Красстың басын шауып түсірді де,

осылайша кармалық тепе-теңдікті қалпына келтірді. Римнің бұлғақшысы

және алыпсатар алаяғы ұлы жауынгерді зауалсыз жеңсе ‒ бұл әділетсіздік

болар еді.

Қолбасшы Спартактың кұлдар армиясының Римнің кәсіпқой армиясына

қарсы жүргізген шайқастарының жоспарлары, шайқастың шешуші

кезеңдерінде ең күшті соққы беруші күш ретінде атты әскерді қолдануы,

әйелге деген бекзаттығы, жеңілгенге деген рақымшылығы – бұның бәрі

толығымен Ескендір Зұлқарнайынды қайталайды.

Жауынгер Спартак ұлы рух жауынгері – апостол Павелдің жолын

жеңілдету үшін өзінің бұрынғы барлық кармалық қарыздарының өтеуін өз

мойнына алған еді.

100

101

ІІАВЕЛ

Бұл бұрын өткен барлық құбылулардың биік шыңы, ол орасан зор

Ғарыштық оқиғамен – Құтқарушымыздың дүниеге келуімен бір мезгілде

болған, ал Құтқарушымыз Савлды барлық мәжүсилердің, яғни бүкіл

Адамзаттың апостолы етіп тағайындағаны оның соңғы құбылуына сәйкес

келеді.

Павел Жоғары деңгейлерге екі рет шақырылған, алайда Ғарыш

Бауырластығының заңдарына сәйкес, бұл жайында астарлап қана басқа

адамның атынан айтқан. Жоғары Дүниелерге екі мәрте зиярат етудің

айрықша хұқығы оның кейінгі құбылуларында да мәңгіге сақталды. Данте

мен Лермонтов бұл зияраттарды егжей-тегжейлі сипаттаған. Жеңімпаз бұл

хұқықты соңғы құбылуында дайындық кезеңінде пайдаланды, тиесілі

өкілеттер қабылданғаннан кейін бұл шектеу де алынып тасталды.

Бұл жайында Павел өзінің Коринфтіктерге жіберген Екінші Сәлемінің

12-ші тарауында айтқан:

«1. Мақтану маған пайда әкелмейді; себебі мен Иеміздің сыры мен

елестеріне келемін.

2. Осыдан он төрт жыл бұрын (денесімен бе – білмеймін, денесінен тыс

па – білмеймін: Құдай біледі) үшінші қат аспанға көтерілген, Христосқа

сенуші бір адамды білемін.

3. Міне, осындай адамды (тек денесімен бе, денесінен тыс па –

білмеймін: Құдай – біледі) білемін,

4. оның Жұмаққа дейін көтерілгенін және адамға айтып жеткізуге

мүмкін емес, үнсіз айтылған сөздерді естігенін білемін.»

Ерекше жетілген эволюциялық тұлға ретінде апостол Павелдің өзінің

жеке саны бар. Ол – оның сол кезеңдегі эволюциялық деңгейін көрсететін

жиырма сегіз саны. Апостолдардың Істеріндегі, Апокалипсистегі және

Дантенің «Құдіретті комедиясындағы» 28 санымен белгіленген тараулар

және жолдар бөлігінің Павелге қатысы бар.

Савлдың мінезін ескере отырып, Жоғары Күштер, физикалық дүниеде

ол өз Ұстазымен кездеспесін деген шешім қабылдады. Өзгеше болғанда,

Савлдың ғұмыры Ұстазының ғұмырымен бірге аяқталар еді де, бүкіл әлем

яһудилерге арналған дінді дүниежүзілік дінге айналдырған Павелге қол

жеткізе алмай қалар еді.

Бозбала дәурені кезіндегі христиандарды қудалаған күнәсі Савлдың

келешек өмірлеріндегі ауыр кармаға, әсіресе рухани жолындағы азапқа

ұласады. Алайда күнәнің денін Павел өз еңбегімен, рухани ерлігімен және

азапты өлімімен жуып кетті.

Павелдің Жаратушыдан алған рухани білімі өз заманынан мыңдаған

жылға озып тұр еді. Сондықтан Павел адамның астрал және ментал денесі

туралы білімді құпиялап тастады: «рух, жан және дене.» (Фесс. 1:5, 23).

102

Павел өзінің бұрынғы ғұмырлары жайлы білген. Құдайға сенуші адам

оның хаттарынан тура осыны дәлелдейтін жерлерді таба алады. Галаттарға

жолданған хаттың 4-ші тарауындағы:

«19. Перзенттерім менің, өздеріңде Христос айқындалмайынша сендер

үшін қайтадан туудың азабындамын!» – деген оның жұмбақ сөздері

құпияланған Құбылулар заңы немесе реинкарнация заңы болып

табылады. Осы заңды тиянақ еткенде ғана, Құтқарушымыздың, Өзінің Жерге

Сот жасау үшін қайтып келетіндігі жайлы және сол кезде Оның

шәкірттерінің көбі тірі болатындығын тағайындаған. Көпшілік бұны тура

мағынада түсінді, себебі Інжілде жазылып тұрған Ғарыш Заңдарының бір

бөлігі сол кезде түсінбеуден немесе жиі жағдайда тіпті жауыз ниетпен де

алынып тасталған болатын. Бұл, Құтқарушымыздың осы сәтке ғана емес,

мыңдаған жылдарға жариялаған бұлтармас заңдарының екі жақты болып

түсініктемеленуін тудырған.

Сол себепті, сайтаншылдар Павел тұлғасын екі мың жыл бойына

кіреукелеуге бар күшін салды, ал дін жолындағыларға өздерінің екі жүзді

табиғатына сай келетін мысалды ұсынған. Оларды әсіресе ашындырғаны –

Павелдің өмір салты мен оның «Ұстаз еңбек етуі тиіс, ал тапқан ақысынан

өз шәкірттеріне көмектесуі керек» деген рухани қағидасы еді.

Ендігі даусыз апостол дәрежесіне жеткен Павел уағыз айту үшін

христиан қауымдастығына келгенде, өзімен бір сенімдегі бауырластарының

қарсылығына қарамастан, ең алдымен базардағы, көшпелілерге арналған

шатырлар жасалатын қатарға баратын. Оның тіккен шатырлары тез

сатылатын. Еңбек үстінде ол Құтқарушымыздың ілімін уағыздайтын, ал

кешке ақысын алған соң кәріп-қасерлерге үлестіріп болғаннан кейін ғана

христиан қауымдастығына уағызға аттанатын болған. Тіпті абақтыға,

туыстардың қаржысы немесе қайырымдылықтың есебінен күн көретін

қамаудағылардың арасына түскенде де, Павел сырттан шикізат пен тапсырыс

алып, тапқан пұлынан жаңадан келіп қосылған бір сенімдегі бауырларына

көмектесіп отырған.

Ал Павелдің өмірде қарапайым болғанын, ет жемегенін, шарап

ішпегенін ескерсек, онда онымен рухани саудагерлердің арасындағы жер мен

көктей айырмашылық көзге бірден ұрады.

Келесі, үнемі қысқарып отыратын циклдар Савлды оның жердегі

эволюциясының шыңына алып келеді. Апостол Павелдің рухани нышаны

болып саналатын семсер Жеңімпаздың Түнек Дүниесін қиратқан Ғарыштық

От Қаруына айналады.

БАР-КОХБА

Жұлдыз Перзенті атанған Симон Римге қарсы көтеріліс бастады да

жеңіліп, өзінің барлық өткен ғұмырларындағыдай циклдың басында

өлтірілді. Алайда бұл ғұмырдың ерекше мәні бар, себебі тарихтың қалауымен

Бар-Кохбаның христиандарға ешқандай қиянат көрсетілмесін деген жарлығы

103

бар шиыршық көне жазбаның осы күнге дейін сақталып қалуы бұйырған

екен.

Яһудилердің кез келген өзге нанымға шектен аса төзбейтінін есепке

алғанда, бұл кұжаттың яһуди ортодоксы Савлдың жалындаған христиан

Павелге айналғанын белгілеп, Бар-Кохбаның өткен ғұмырын айғақтайтынын

түсіну қиын емес.

Бұл құбылу – Савлдың бұрынғысынан да биік рухани шыңға

көтерілерінің алдында заңғар биіктен төмен қарай түскен сатысы.

Осы ғұмырмен бірге яһудидің ұлттық кармасы аяқталады.

ОРИГЕН

Ориген Мысырда, Зұлқарнайын салдырған Александрия қаласында

дүниеге келіп, сол Зұлқарнайын қиратқан Тир қаласында азаптап өлтірілген.

Өткен ғұмырдан келе жатқан кармалық қарыз осылай ғана қайтарыла алар

еді.

Ориген өзіне дейін кұбылғандардың мәжусилік Римге қарсы жүргізген

күресін жалғастырды. Туғаннан өлгенге дейін Ескендір Зұлқарнайынның

жолдарымен жүріп өтіп, соның қарыздарын өтеді.

Рухани жоспарда апостол Павелдің уағыздаушылық жолын

жалғастырды. Ориген, барлық тіршілік иелері бұлтармас жолмен өрлеп

Жаратушыға қайтып барады деп, жалпыға бірдей тиесілі құтқарылу идеясын

уағыздады.

ЕДІЛ

Ғұн тайпаларының біреуінің көсемі Мұңзықтың ұлы. 434 жылы өзінің

бауыры Бледамен бірлесіп саһаралық ғұндардың және Дунай мен Днепр

арасындағы Өзен-аралықты жайлаған славяңдардың арғы бабалары –

анттармен және басқа да туыстас тайпалармен арадағы әскери одақты

басқарды. Саһара жасағы тек осындай одақ құрып қана Оңтүстік-Батыс

Еуропаның қалалары мен қамалдарын шаба алатын. Еділдің бауыры саят

құруды, той-думандарды, басқа да ойын-сауықтарды ұнататын, сол себепті

Еділдің қайсар рухы көздеген кармалық жоспардың іске асуына кедергі

келтіретін еді. Осыдан кейін Еділ інісін биліктен аластатып, бірлескен

тайпалардың әскери көсемі ‒ бірегей қағаны болғаннан соң өзінің сақадай

сай әскерімен Балқан өңіріне және одан ары Константинопольге дейін жорық

жасады. Содан кейін бағытын шұғыл өзгертіп бүгінгі Франция аумағында

өмір сүрген галлдарға қарсы жорыққа шығып Орлеанға дейін жетті.

Орлеан түбінде оған түсінде болашақ Францияның Ұлы Аналық Негізі

көрінген ‒ бұл қаланың келешектегі арналымы және онда Жанна Д’Аркты

ұлы даңқ күтіп тұрғаны жайлы хабар естіді. Одан кейін Еділге оның алдағы

заманда Францияда туып Ұлы Карлмен бірге Испания үшін соғысатындығы

жайлы айтылды.

104

Осы көріністен соң 451 жылы Еділ Орлеанды тастап Каталун жазығына

шықты. Осы жерде оның жолын римдіктер мен галлдардың біріккен қолы

кес-кестеген. Болып өткен шайқаста армиялардың ешқайсысы да жеңіске

жете алмады, және Еділ өзін өте ыңғайсыз сезінген, себебі римдіктердің

армиясын оның бұрынғы балалық шағы кезіндегі досы және бауырласы

Аэций басқарған еді. Сондықтан, өмірін арашалағанға қылышын сілтеп, өз

тайпасының заңдарына сәйкес тіпті мақтауға лайық әрекет жасап оны

жауыздықпен сатып кеткен бауырласына қарсы саһара перзенті Еділ

шайқастың ең шешуші сәтінде өзінің гвардиясы ‒ ауыр қаруланған атты

әскерін шабуылға жібермеді.

Аэций ғұндардың арасында римдіктердің аманаты ретінде өмір

сүргенде, Еділ онымен достасқан болатын: ғұндардың көсемі болғаннан соң

ол Аэцийді өзіне жақын тартқан, ал Аэций Римге қарсы көтеріліс жасап

жеңіліске ұшырағаннан кейін ғұндарға қашып келген кездерінде, Еділ оның

өмірін бірнеше рет ажалдан құтқарған еді. Аэций ғұндардың осал және күшті

жерлерін жете зерттеп біліп алған еді, сондықтан өзінің жарылқаушысына ту

сыртынан жасаған оның соққысы әрине өте жанға батар соққы болған еді.

Оның үстіне, көшпелінің көзқарасы тұрғысынан бұндай жауыздық әрекет ‒

өзіне сенім артқан адамға жасаған сатқындықпен тең болатын, және

далалықтардың санасына мүлдем сыймайтын еді.

Осы, Батыс тарихшыларының пікірі бойынша таңданарлық шайқастан

кейін Еділ Спартактың жолын қайталап, 452-ші жылы Римге қарсы аттанды

да, империяның бүкіл Солтүстік бөлігін қамалдарымен қоса тас-талқан етті.

Оның Римді қиратуға толық кармалық хұқығы бар болған, алайда

христиандық Римге ол тиіспеді, тек құн өндірумен шектелген болатын.

Ғұндардың патшасы Римнің басқыншылығына қарсы жүргізілген

Аристоник, Спартак, Павел және Бар-Кохбаның күресін аяқтады. Еділ

жорықтары Жеңімпаздың Батысқа бағытталған ілгерінді-кейінді қозғалысына

жол салды.

ОМАР I

Мұсылмандардың екінші халифы, қолбасшы Омар өзінің исламға

апаратын жолын Мұхаметтің ізбасарларын қуғындаудан бастады. Жоғарыдан

аян алып, мұсылмандар үшін ең бір қиын кезеңде Мұхамет пайғамбардың

ілімін қабылдады. Жауынгер Омардың тегеурінінің арқасында ислам Сирия,

Мысыр мен Парсы жерлеріне тарады. Бұл жорықтарда Омар карма ізіне еріп

отырып, Ескендір Зұлқарнайын жиһангерлігінің бір бөлігін қайталады. Тіпті

Омар өлгеннен кейін де бұл кармалық сценарий арабтар тарапынан

жалғастырылды. Орта Азияны жаулау кезінде арабтар б. д. 751 жылы Саһара

шегіндегі Талас өзеніне келіп тоқтады.

Болашақ Ғарыш Сарбазының Ұлы Рухы, соңғы ғұмырында оның

маңдайына жазылған тағдырымен оны дүниеге келтіруі тиіс халықтың

жеріне жасалған жаугершілікті тоқтатты. Сол себепті болашақ алтыншы саты

105

халқы мен дүниеге Исламды берген елдің арасында ұнамды кармалық

байланыстар сақталды.

Омар бейнесі дін жолындағылар үшін мұсылмандардың халифы және

өзінің рухани міндетіне деген беріктіктің үлгісі ретінде сақталды. Күнделікті

тұрмыста ол қарапайым, ұстамды адам ретінде тақуалығымен танылды.

Бозбала шағында ол шарапты, сазшылар мен биші бикештер қатысқан

көңілді отырыстарды аса ұнатататын.

Өмірлік қуатқа толы жас Омар исламды қабылдай сала осының бәрінен

бас тартты. Рух күйкі дүниені жеңді. Омар, өмірінің соңына дейін марапат

пен байлықтан жиреніп өтті. Халиф кезінде ол мұсылмандардың бүкіл

қазынасы мен қоғамдық мүлкін әділеттілікпен жұмсап, жорықта өлген

діндестерінің отбасыларына және кедейлерге қаржыны аямай мол етіп бөліп

беретін. Сонымен қатар Омар өзінің көптеген туыстарын қатаң ұстады –

олардың өздері де одан әлдебір жеңілдік сұрауға батпайтын.

Парсыға жасаған жорықтарында Омар ауыр карма жинақтады.

Нәтижесінде оның ғұмырын, оның өзінің парсылық құлы қиды. Алайда

мұсылмандар халифының өлтірілуі ‒ кейіннен Темірлан жорықтарында

көрініс берген, бұрынғыдан да ауыр салдарды тудырған болатын.

Омар билігі кезінде ислам нығайып қаңа қойған жоқ, сонымен қатар ол

әлемдік дінге айналды.

Омар Иерархия заңын бұлжытпай орындады, Мұхаметтің тірі кезінде

Рухани Ұстазының саясында болды. Тек мұсылмандар халифы болып, ислам

иерархиясындағы ең жоғары сатыға көтерілгеннен кейін барып ол өзінің

қолбасшы ретіндегі кармалық арналымын іске асырды.

Жақып бейнесіндегі өткен құбылумен байланыстырып тұратын буын

ретінде, «Жақыптың сатысына» ұқсас, мұсылман мен христиандар бірдей

дәрежеде құрмет тұтатын, Иерусалим сарайларының біріндегі «Омардың

сатысы» болып табылады. Жаратушы мен адам ұрқы арасындағы Соңғы

Өсиетті мәңгіге аманаттау үшін халиф Омар, соңғы Пайғамбардың

серіктестерінен рухани коллегия құруға өкім етті де, Пайғамбардың асырап

алған баласы ‒ Зәйіт ибн Сәбиттің басқаруымен Мұхаметтің айтқанының

барлығы бүкіл мұсылманның Қасиетті Кітабы – Құранда жинақталды. Халиф

Омар Құранның барлық мәтіндерін өз қолымен тексеріп шықты. Осы Сөз

күні бүгінге дейін сол Омар қабылдаған күйінде тұр.

Мәжусилік символдардан ада ислам, христиан діні сияқты ортақ яһуди

бағанынан бөлініп шыққан. Биік Әмір бойынша ислам жер бетіндегі соңғы

дін болып, ал Мұхамет – Соңғы Пайғамбар болып саналады. Мұхамет

пайғамбардың ілімі өзінің бойында шөл дала тұрғындарының әдет-салтына

жақындатылған өз заманының заңдарын да, және алдағы көп ғасырларға

кұпияланған Ғарыш Заңдарын да ұштастырады.

Жеті сатылық циклдардан тұратын Эволюция заңы Құранда көптеген

кезеңдерге алдын ала болжамданып ‒ 71-ші Нұх сүресінде айтылған:

«13. Ол сендерді кезеңдерге жатқызып жаратқан.

106

14. Алланың жеті қат көкті қатар-қатар етіп жаратқанын көрмейсіңдер

ме?

15. Оған олар үшін айды жарық етіп, күнді шам етіп орнатты.

16. Алла сендерді жерден өсімдік етіп өсірді.

17. Одан кейін сендерді ол жерге қайтарады, содан кейін қайта

шығарады.»

Эволюция сатылары жайында Құранның 70-ші, «Мағарыж» сүресінде

айтылған:

«3. Ол азап биік дәрежелі баспалдақтар иесі Алладан.

4. Оған елу мың жылда шығаратын жолды періштелер мен рух бір-ақ

күнде өтеді.»

Жаратушының бір күнін Әзірейіл кернейлетіп Махшарға шақыратын

мың кесіндіге бөлгенде әр кесінді елу жылдық болып шығады. Туып,

перзентіңе өмір сыйлауға және Биік Соттың алдына жаныңның рухани дайын

болып келуі үшін бұл уақыт әбден жеткілікті.

Құбылу заңы үш Өсиетке қайшы келмейді. Құранның 40-шы «Ғафыр»

сүресінде былай делінген:

«11. Олар: Иеміз! Сен бізді екі мәрте өлтіріп, екі мәрте тірілттің:

күнәмізді аян етеміз; осы тығырықтан шығар жол бар ма?»

Жердегі тіршілік еткеннің барлығы да Нұхтың кезінде, Топан су

қаптағанда ажалды танып, содан кейін Жаратушы мен адам ұрқы арасындағы

Бірінші Өсиеттен бұрын тірілтілген.

Үш Өсиет-Келісімнен тысқары қалғандар да Кұбылу заңына сәйкес

тіршіліктің эволюциялық айналымында болмақ.

Бұл жайында Құранның 95-ші сүресінде айтылған:

«4. Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық,

5. одан кейін біз оларды төменнің төменіне түсіреміз,

6. иман келтіріп, ізгі іс тындырғандардан өзгесін, ‒ оларға қисапсыз

сыйлық бар!»

Карма заңы 17-ші сүренің ішінде айтылады. Түнде апарған:

«13. Әрбір адамның қарызын Біз оның мойнына артып қойдық, оның

тірілген күніне Кітап келтіреміз, ол Кітапты адам ашық күйінде табады:

14. Өз Кітабынды оқы! Ісіңнің есебі сенің өз ішіңде!»

Араб тілінің барлық байлығы мен бекзаттығын пайдаланған, өлең өнері

тұрғысынан мінсіз, арабтың құпиялы хатымен таңбаланған Құран сөзі Ғарыш

заңдарын паш етеді. Ал намаздың ритмі Жиһанды Жаратушының алдына

Өлмес Рухты жеткізіп ұштастыратын Ғарыш вибрацияларына сәйкес келеді.

АСПАРУХ

Фанагория мен Қара теңіз маңайын мекендеген Дулу руынан шыққан

бұлғарлық түркілер тайпасы патшасының ұлы.

Жауынгер көршілерінің қысымынан ру үш буынға бөлінген. Тайпаның

патшасы Құбрат ханның әмірімен буындардың бірі, тайпаның негізгі бөлігіне

107

қуғыннан құтылып жаңа отанға жетуге уақыт беру үшін өздерін өлімге

құрбан етіп тосқауылда қалды.

Бір буын солтүстікке кетіп Бұлғар патшалығын кұрды.

Кіші патшазада ‒ Аспарух өзіне тиесілі тайпа бөлігін алып батысқа,

Днепр арқылы Балқанға, Спартак туып өскен Дунай жағасына аттанды.

Басқыншы болып келген саһара перзенттерін оңтүстік славян

тайпаларының құшақ жая қарсы алып бұлғар ханының қол астында олармен

бірлесіп әскери одақ құруын және олардың атын алуын тек осы жәйтпен ғана

түсіндіруге болады.

Аспарух хан өзінің Батысқа бағытталған кармалық сапарын

жалғастырды. Түркілер мен славяндарды біріктіріп Спартактың бұрынғы

отанында жаңа мемлекет құрды.

Бұл құбылу Жеңімпаздың түркі-славян кармасының басы болып

табылады.

РОЛАНД (ХРУОДЛАНД)

Француз маркграфы Роланд, Леонидтің ерлігін қайталап Пиренейдегі

Ронсеваль сайында қаза тапты. Испанияның бостандығы үшін күрескен

Роланд болашақ испан тәжімен ұнамды кармалық байланыстар

қалыптастырды. Сол себепті, аты белгісіз жат жұрттық Колумб, ақыр

соңында, өзінің алыс мұратты көздеген теңіз саяхатшылығын тек Испанияда

ғана жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

Кезбе әнші – менестрельдер жырлаған Роландтың күйрете соққы беретін

семсері Дюрандаль, болашақта Ақ Сарбаздың күйрете соққы беріп Түнек

Күштерін талқандайтын Ғарыш семсеріне айналады.

МЕФОДИЙ

Гректердің Салоники қаласында стратиг-қолбасшының отбасында

дүниеге келді. Атты шеріктердің бастығы дәрежесіне дейін көтерілді. Содан

соң рухани жолға түсіп, өзінің інісі Кирилмен бірігіп Қасиетті Жазуды

уағыздауға көшті. Славян жазуын тудырды, славян тілдеріне Қасиетті

Жазуды аударды.

Інісі Кирилмен бірге Болгарияда ғана пана тауып өз тағайындалымын

орындауға мүмкіндік алды. Аспарух ханның ұрпақтары саһара салтына тән,

Карма заңына бағынып, өздерінің бұрынғы патшасын жылы қабылдады, ал

кейіннен ағайынды екеуі жеткізген сенімді де қабылдады.

Мефодий діндар, уағыздаушы ретінде жеті сатылы циклды тұйықтайды.

ЭЙРИК РАУДИ

Бұл кұбылумен, алдыңғыдан да қысқа, соңғының алдындағы цикл

ашылады. Қимыл-әрекеттері алдын ала болжауға келмейтін, мінезі сыйымсыз

108

Эйрик, Колумбтан басталатын жаңа мекендер жайлы жұмбақ ілімнің негізін

қалаған. Бұл кұбылудың генетикалық негіздемесі ‒ Еділді ерекше, құрметті

орынға қойып, «Құдайдың қылышы» деп атаған скандинав аңыздарында

жасырулы.

ОМАР ХАЙЯМ

Бұл кұбылуда Омар Хайям, бұрындары, Омар халифтың жаугершілігі

кезінде жинақталған ауыр карманы өтеген. Бұл ретте қуғындаушылар өз

өкілетінен асып кетті де, жаңадан жиңақталған ауыр ұлттық карма Темірлан

жорықтары кезінде сейілді.

Омар өзінің кармалық ұқсасы ‒ антиподы, кәсіпқой терроризмнің

данышпан ұйымдастырушысы – Ғасан ибн-Саббахпен кездесті.

Бозбала кезінде екеуі дос болды, одан кейін жолдары екіге айырылған.

Ғасан кісі өлтіруші ‒ асасиндер сектасының басшысына айналды, ал Омар

астроном, математик және ақын болды.

Иранның математигі, астрономы, философы ‒ Омар, өзін ақынмын деп

есептемейтін. Хайямның рубаиларын мұсылман-софының дүниетанымы деп

қарауға болады. Дінбасылар тарапынан қудаланған, дінге қас адам атанған

Омар өлерінің алдында былай деді: «Уа, Кұдайым, мен өрем жеткенше

Өзіңді тануға ұмтылғанымды білесің. Кеш мені, менің танымым – ол, Саған

қарай тартылған жол».

ШЫҢҒЫС ХАН

Аңыз бойынша жирен шашты шағыр көзді бабадан тарайтын моңғолдың

борджигин тайпасы көсемінің ұлы. Жаулаушылар руының ауыр кармасын

айықтыру үшін Жаратушы Жеңімпазды соңғы құбылуында осы рудан тууға

бұйырды.

Бұл құбылудың эволюциялық мұраты – қирату және жаңа мемлекеттер

мен халықтарды тудыру еді.

Шыңғыс хан жаугершілігі Ескендір Зұлқарнайынның, Еділ патша мен

халиф Омардың жорықтарының жалғасы болып табылады. Шыңғыс ханның

ақылға сыймайтын жеңістерінің сыры осы кармалық алдын ала

тағайындалуында жатыр. Батыс тарихшыларының әрекетімен қалыптасқан

көзқарасқа қайшы, бүкіл Еуразия жазығы шағын кәсіби атты әскердің

күшімен жаулап алынған.

Шыңғыс ханның биік мақсаты – тыныштық, бейбітшілік, дінге еріктілік,

ізгілік салтанатын құрған бүкіләлемдік мемлекетті құру еді.

Өзінің жалғыз мұрагері болуға тұрарлық ұлы ‒ Жошы ханды Шыңғыс

хан өлтіруі мүмкін емес. Өзінің ұлы әкесінің барлық терең ойластырған

жоспарларын тек Жошы ғана жалғастыра алар еді, және де, егер Шыңғыс

өзіне пайдасы тиер әрбір адамды қадірлегенін ескеретін болсақ, онда

қартайған кезінде ол тек өзінің үлкен ұлына ғана үміт артқан болатын.

109

Сондықтан, «соңғы теңізге» дейінгі жасалатын жорықты жалғастыруға өзінің

немересі – Жошының ұлы – Бату ханды тағайындаған еді.

Өз ұлының өлтірушісі деп жазықсыз қаралайтын аңыз Шыңғыс ханның

қарсыластарының дипломатиясы машықтап жетілдірген сұлба бойынша

оның ұлдарын бір-біріне айдап салып, өздерінің жоғалтып алған позициясын

қайтару үшін жасалған арандату болатын.

Шыңғыс ханның ұрпақтары кейіннен буыны қатпаған Ресейді батыс пен

оңтүстік шығыстан басталған жаугершіліктен қорғады.

ДАНТЕ АЛИГЬЕРИ

Данте өзінің кейбір өткен ғұмырлары жайлы білген және оларды өзінің

«Құдіретті комедиясында» астарлы түрде ашқан. Алдымен ол тек апостол

Павел мен өзіне, «аспан бүркеуінің екі рет ашылғанын» тұспалдап айтты.

Беатриче өлімінен кейін «ғажайып көрініс болды» және «жердегі ғұмырын

орталағанда» ол Тозақ, Тазартқыш және Жұмақты зиярат етті. Жұмақта

болған кезінде христиан дүниесінің барлық әулиелерін көрген, бірақ ол

жақта апостол Павелді таба алмады. Ойын ашық айтуға барлығын өз

уысында ұстаған инквизициядан именген ол, осыны болашақ зерттеушілерге

кілт ретінде қалдырды.

Оған сыры ашылған екінші ғұмыр – Лия-Беатричені кездестірген Жақып

ғұмыры. Мың жылдан кейін, әйел затына көрсетілген менмендіктің жазасы

Дантенің Беатричеге деген жауапсыз махаббатымен кармалық қарызы болып

өтелді. Лия оны Тазартқыштан шыға берісте, Жер Жұмағында қарсы алып,

кейіннен оның алдына Беатриче болып келеді.

Одан ары ол «биікке өрлеген сатыны» көріп «Жақыптың сатысына»

меңзейді, ал «Жұмақ райханының» сатысынан ол Беатриченің жанында

тұрған Рахильді де көреді.

«Құдіретті комедияда» астрал дүниесі ‒ Тозақ пен Тазартқыштың,

ментал дүниесі ‒ Жұмақтың құрылысы егжей-тегжейлі сипатталған. Басқа

дүниелердің бұндай заңғар суретін көз алдыңа елестету мүмкін емес. Әр адам

болашақта өзін күтіп тұрған жаза немесе рақым туралы танып білетін Тозақ,

Тазартқыш және Жұмақтың көп сатылы деңгейлерін өз көзімен көрмейінше,

оларды өлеңмен бейнелеу мүмкін емес еді.

Данте қылмыстың түрлері мен астралды Тозақта оларға тиесілі жаза

түрлерін барынша толық анықтаған, бірақ бөтен ғұмырды иемденген

эволюциялық ұрыға тиісті жазаны көрмеген еді. Оның заманында

қылмыстың мұндай түрі әлі болмаған.

Өмірдің ең алдымен астрал дүниесінде туындайтынын Данте нақты

білген. Бұл жайында былай айтылған:

67. Толқын дымдаған шөптің арасында,

Аспанда жаралған ұрықсыз гүлден,

Ол гүлтәж тоқып отырды.

110

116. ...кейде көзге көрінетін ұрықсыз-ақ,

Шөптер өседі.

(«Тазартқыш», 28 тарау)

Тек астрал дүниесінде ғана астралдық гүлдер мен шөптер физикалық

ұрықсыз өседі. Данте ол кезде әрине бұны ашық айта алмаған, сол себепті

осының барлығын құпиялап жеткізген.

Данте болашақта болатын Ғарыш Шайқасындағы өзінің арналымы

туралы да білген, бұл туралы оған айтылған:

115. Соғыстың ауыр күйбеңі аяқталғанша

Мәңгі-мәңгі даңқтың тұғырын

көруге бұйырылған

Текті болып тұған сен...

(«Жұмақ», 5 тарау)

39. «Дұшпан қолын талқаңдаушы Сен, куан!»

(«Тазартқыш», 15 тарау)

«Құдіретті комедиядағы» біраз есімдердің мифологиялық сипатта

немесе әдеби тәсіл ретінде қолданылатынын, сол себепті олардың өзіне тән

белгілері бар екенін есте ұстаған жөн. Белгілі тұлғалардың шын бар екені

«Лимб» және «Жұмақ райханын» суреттейтін тарауларында айтылған. Басқа

есімдер одан кейінгі шешімдердің кілті болып табылады.

ТЕМІРЛАН

Анасы жағынан Шыңғыс ханның тұяғы, сондықтан әмір атанған, ал

билік басында қаны таза патша ұрпағы – хан отырған ‒ соның атынан Темір

өзінің жаугершіліктерін жүргізген.

Шыңғыс ханның эволюциялық жолын жалғастырды.

Алтын Орданы талқандап Ресейді құтқарды, сол арқылы орыс халқының

алдындағы кармалық қарызды өтеп болашақ ресейлік кұбылулардың ізгі

негіздерін қалады. Баязитті жеңіп, Еуропаны Кіші Азиядан келе жатқан

жойқын апаттан құтқарды. Бұл үшін, келешекте жас патша – І-ші Петрге

қажет көмегімен Еуропа Темірге алғысын білдіреді.

Темірлан өзінің текті қарсыласы – ұлы жауынгер Баязитті өлтірген жоқ.

Ескендір Зұлкарнайынның Үндістан патшасы ‒ Порға жасаған

кеңшілігін қайталап, Темірлан, одақтас болатындығы жайлы келісімін алып

Баязиттің патшалығын өзіне қалдырды. Баязит Темірлан иеліктерін батыстан

корғауға тиіс еді. Бұл кезде Темірлан Шығыс тарапқа қарсы ғаламат жорық

дайындап жатқан, сондықтан үнемі көтерілістер бұрқ етіп шығатын ту

сыртында күшті одақтастың болғаны оған әлдеқайда тиімді еді.

111

«Ақсақ Темірдің» Үндістанға жасаған жорығы Темірланның

ұрпақтарынан Ұлы Моғолдар әулетін тудырды, ал Моғолдар Үндістанды

қорғап, ұлы державалар қатарына көтерген болатын.

Темір мұсылман-софының кармалық ізін жалғастырды. Үлкен істі

көктен келген аяннан кейін ғана бастап, үнемі жеңіске жетіп отырған. Ал өз

бетімен бастаған әрекеттері ауыр кармалық салдарға соқтырды.

Бойына Ғарыш Оты біткен Темірдің әрекеттері Сергий Радонежскийдің

миссиясымен бір кармалық ағында еді. Осы циклда физикалық дүниеде

ұшыраса алмаған олар, тек астрал және ментал дүниелері арқылы тілдесетін.

Сергийдің кұбылуларының көбіндегі оның рухани тағайындалымы –

Ұлы Ғарыш шайқасына дейін Жеңімпаздың қиратқыш энергияларының

шектеушісі миссиясын атқару болып табылады.

Өзінің соңғы рухани ерлігінде Ғарыштық тәлімгер ‒ Сергий

Радонежский орыс халқының ауыр кармасын өз мойнына алып, өзін-өзі

кешірімдік кұрбандығына шалды. Өзінің Рухани әкесін және пайғамбарын

құрбандыққа шалу арқылы ғана Ресей сайтаншыл идеологиядан құтылып

Эволюцияға оралар жолының басына келді.

КОЛУМБ

Христофор өзінің кейбір өткен ғұмырлары жайлы білген және осыны

өзінің автографында кұпиялап кеткен.

S.

SAS.

XMY

Xro FERENS

Автографтың шыңына ол Савл есімінің бірінші әрпін қойған. Қалған

белгілер Саул, Аса, Самсон есімдерінің бастапқы әріптері. Колумбтың

Америка жағалауына төрт мәрте жүзіп баруы апостол Павелдің

уағыздаушылық төрт сапарын қайталайды.

Христофор Американы ашқанда жоғарыдан берілген алдын ала

тағайындауға өзінің де пайдакүнемдік элементін қосып, континенттің

байырғы мекендеушілерін шексіз азапқа ұшыратты.

Америка континентінің халықтарын отарлау кезінде жинақталған

Колумбтың ауыр кармасының денін, оның тұрақты эволюциялық серігі және

рухани әріптесі, «үндістердің апостолы» атанған Бартоломе Лас Касас өтеді.

Колумбтың еңбегінің арқасында Испания әлемдік державаға айналды,

бірақ Христофор өз өкілетінен асып кеткені үшін тақыр кедейшілікке түсіп

өлді. Алайда, Колумбтың сапары тек қана испан жағалауынан басталды, жаңа

мекенге жеткізер жолды испан кемелері салды, осылайша болашақ

Жеңімпаздың Жаңа Дүниелерге тартылар жолының негізі қаланды.

112

ӘКБАР

Сұлтан Бабырдың ұрпағы, Үндістанның билеушісі. Әкбар циклды

аяқтайды және ол біртұтас дін тудыруға тырысқан. Бұл кұбылуда, Темірдің

Үндістанға жасаған жорығы кезінде жинақталған Жеңімпаздың ауыр

кармасының дені өтелді. Үндістанның алдындағы бұл кармалық қарыз

Колумбтың бүкіл өміріне ықпалын тигізген еді.

Оның сапарларының анық мұраты – Үндістан мен Ұлы Ханның иелігіне

жол табу еді. Өзінің Батысқа бағытталған ілгерінді-кейінді қозғалысының

барысында Колумб Америка континентін ашты, бірақ сол күйі Үндістанға

жете алмады. Тек келесі ғұмырында ғана, Карма заңына сәйкес, ол

Үндістанды билеген Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаған Темірлан

ұрпақтарының отбасында дүниеге келді.

Әкбар ханның кезінде Үндістан әлемдік держава ретінде өзінің ең биік

өресіне жетті.

РАЗИН СТЕПАН

Бұл – соңғы циклдың бірінші құбылуы. Орыстың патшасы Алексей

Михайлович пен Донның беймәлім казагын таңғажайып тағдыр

байланыстырған. Бозбала кезінде Степан, әкесіне дұға арнап оқу үшін киелі

мекенге бара жатқанда сақшылармен кақтығысып, патша алдында жауапкер

болды. Бұдан кейін ол көтеріліс бастап, артынша жеңіліп қайтадан патша

алдына келді. Аяусыз азапталып, ауыр ажалға кесілген мүлдем қорғансыз

тұтқын Алексей Михайловичтің бойында таңқаларлық аяныш және бір

мезгілде түсініксіз үрей тудырған еді.

Келесі ғасырда, дәл сондай жағдайларда, тура сол селода туып,

көтерілісті тура сол жерлерде бастап, тіпті адамдарды жазалайтын орында

(Лобное место) тура солай азаптап өлтірілген Емельян Пугачев кейпінде

Разинның тұрақты эволюциялық ұқсасы – антиподы пайда болды.

Разин ресейлік ұлттық карманы бастап казактың ұлы ретінде саһаралық

түркі кармасын жалғастырды, себебі казактар қыпшақ тайпасынан (половцы)

тараған еді. Кейбір казак қауымдастықтарында ұзақ уақытқа дейін түркі тілі,

киімі, салты, әскери жарғысы сақталған болатын. Дон казактары бұрынғы

біртұтас халықтан тамыр тартады ‒ оның бір бөлігі көшпелі тұрмыс салтын

сақтап қалды, ал отырықшылыққа бейімделген екінші бөлігі солтүстік

халықтарының арасына сіңіп ішінара ассимиляцияланды да, славян

тайпаларына бастау болды.

ҰЛЫ ПЕТР

Ресей патшасы Алексей Михайлович, өзі жазалаған бүлікшіл Стенька

Разиннің өз отбасында туғанын және болашақта орыс патшасы болатынын

113

білгенде, бәлкім жаны тынышталып өлер ме еді. Осылайша қанды қарыз

қайтарылып, патшалық құбылуға хұқық алынды. Бұрынғы құбылудан

Петрдің бойында шағын бөлмелерді ұнататындығы, қарапайым халыққа

бауырмалдығы, қарапайым киім мен тамаққа қанағаттануы, және стрелецтер

мен боярларға деген тұрақты жақтырмаушылық сақталып қалды.

Петрдің әулеттік және кейіннен сенаттан берілген мәртебелері көп еді,

бірақ оның ең үлкен мақтанышы – Кенигсбергтегі артиллериялық мектепті

аяқтауы жөніндегі дипломы болатын.

Кармалық спираль бойынша халиф Омардың ісін қайталап

жалғастырған Петр патша Құранның орыс тіліне аударылуы және басып

шығарылуы жөнінде жарлық берген. I Петрге дейін мұсылмандардың

қасиетті кітабына Ресейде тыйым салынған еді.

I Петр орыс алфавитіне өзгерістерді өзі енгізіп грек алфавитінен енген

сегіз әріпті алдырып тастады. Сондай-ақ ол хат үлгісі мен шрифтке елеулі

өзгерістер енгізді. Бұл, орыс тілін жедел түрде жетілдіруге керекті шаралар

еді. Осылайша Петр І славян жазуын тудырған Мефодийдің және оның інісі

Кирилдің ағартушылық ісін қайталап жалғастырды.

Бұл істі М. Ю. Лермонтов жалғастырып орыс тілін дамытып жетілдірді.

Теңізші Колумбтың тәжірибесін Степан Разин сақтап жалғастырып,

патша флотының қолынан келмеген іс тындырды. Казак қайықтарымен

шыққан ол, парсы флотын талқандап тұтқынға алған.

Кармалық спираль бойынша бұл тәжірибе жас I Петрге теңіздегі

шайқастарын тиімді жүргізуге мүмкіндік берді. Солардың бірінде бұрынғы

оқиға қайталанып, жаяу әскерді жеңіл кайықтарға отырғызған Петр

дұшпанның көп зеңбіректі ауыр кемелерін қолма-қол айқасып тұтқынға

алды.

Темірланның көп жорықтарының бірінде жинақталған ауыр карма

соңынан түрік соғысы кезінде Петрдің армиясының жеңілісін ілестіре

әкелген еді: оны тұтқынға түсіп қалудан және тіпті мүмкін болар ажалдан тек

ғажайып қана құтқарған.

Петр патша өзінің эволюциялық тәжірибесіне сай молшылыққа,

салтанатқа, құрметке немқұрайды қарайтын, қолөнердің көптеген түрін

білетін, кез келген жұмысқа икемді болған, ал өзінің түпкі ойларының

орындалуына пайдасы тиер ақсүйекті де, қарапайым адамды да кұшақ жайып

қарсы алатын.

Бұрынғы өткен ғұмырлардың тәжірибесінен ол қолбасшылық дарын,

саяси интуиция және ғасырларға жететін болашақты алдын ала болжау

қабілеттерін сақтап дамытқан. Өзінің мемлекеттік парызын орындаудағы

қатыгездігіне қарамастан ұрпақтары оны ақтап ‒ Ұлы Петр деп атаған.

Жеке өмірдегі қателері кейіннен ауыр кармаға ұласады. Алғашқы

ғашығы А. Монс, бірінші әйелі Е. Лопухина және екінші әйелі М.

Скавронская келешек өмірлерінде кездесіп оған өз жеке басының

қарыздарын қайтарады. Голландықтар, немістер және ағылшындармен

114

қалыптастырған ұнамды байланыстары кейінгі өмірлерде мейірбанды

кармаға айналады.

Петр ресей-түркі кармасын жалғастырды – анасы жағынан бойына

сіңген нағашы жұртының саһаралық қаны оның сыртқы келбетінен және асау

мінезінен анық көрініп тұратын.

Орыстың ұлы патшасы, кеме апатына ұшыраған теңізшілерді кұтқарған

кезінде бойына суық тигізіп алды да, сол дерттен ауыр азап үстінде өлді.

Жердегі күйкі өмірден босаған соңғы сәтінде Петрдің көз алдында орыс

халқының болашақтағы ұлылығы мен одан кейінгі бақытсыздығы ашылады,

және оның соңғы демі Ресей мен Саһараға бағышталады.

БАГРАТИОН ПЕТР

Багратидтер әулетінен шыққан грузин патшаларының тұқымы, Ресей

қолбасшысы князь Петр Багратион Ресейді қорғап Ұлы Петрдің ісін

жалғастырды. Болашақта Ресей өз патшасының ‒ өз қорғаушысының ұранын

естісін, сайтаншылдық бұғауынан құтылсын – деп, ол өзін кұрбандыққа

қиды.

Наполеон мен князь Багратионды кейіннен карма әке мен ұл ретінде

кездестіреді. Дарынды қолбасшының Бородино шайқасындағы

дүдәмалдығын осымен ғана түсіндіруге болады. Өлімші жарақат алған

Багратионның қаны төгілген сәтте, жеңілмейтін Бонапарт ұрысты тоқтатып,

орыстарға майдан даласынан шегінуге мүмкіндік берді.

Багратион Жеңімпаздың ресейлік ұлттық кармасын жалғастырды және

одақтас саһаралықтардың атты әскері Дидгори маңындағы шайқаста

Грузияны қорғап қалған замандағы грузин патшасы Дәуіттің кезінен

басталған және грузиндер мен қыпшақтарды байланыстыратын грузин-түркі

кармасын аяқтады.

ЛЕРМОНТОВ

Михаил Юрьевич өзінің көптеген өткен ғұмырларын білген және осы

білімін астарлап өз өлеңдерінде бейнелеп кеткен. Римдік тобырдың ермегіне

бола аренада өліп бара жатқан гладиатор ‒ оның көз алдына бүкіл өмірінің,

ақ шаш анасы мен Дунай жағалауындағы ата жұртының елестеуі – бұл

Спартакқа меңзеу.

Ақынның үнемі «жаңа өмірге» дайын болуы, В. Лопухинаға деген

қасіретті махаббаты ‒ Данте Алигьери туралы естелік. Өзінің

шығармашылығында ‒ өмірінің мәнін теңіз кеңістіктерін шарлау деп білген

теңізшінің тағдырымен бірдей сезініп, кейбір өткен ғұмырлары жайлы ол тек

аңғарған, сондықтан балалық шағында оның Ескеңдір Зұлқарнайынға және

әсіресе Наполеонның тұлғасына деген ұмтылуы бүгінде түсінікті.

Бородино шайқасына тікелей қатысқан адам ғана өз санасынан алып

осындай ғаламат сурет сала алар еді. Өзінің бір өлеңінде ақын Степан

115

Разинді саналы түрде айыптап, және, шамасы I-ші Петр жерленген

Петропавл қамалы туралы айтқаны болуы керек, әлдебір «салтанатты

мавзолейді» аса айқын тұспалдайды.

Және тек өзі өте қадірлейтін бір есімді ол ашық түрде атауды мүмкін деп

шешкен еді. С. А. Бахметеваға арнаған өлеңінде ол, болашақта оның

шығармашылығын ғана емес, сондай-ақ оның өткен ғұмырларын

зерттеушілерге де жол сілтейтін кілт сөздер ретінде «Павелдің ... арнауы» деп

сызып көрсеткен және осылайша ерекшелеп айтқан. Неліктен оның «сәби

күнінен жүрегінде сақтаған» «жерлік емес жалынды» жағуды армандап «тұла

бойын өртеген өлеңнің шөлінен» тезірек кұтылу үшін осы өмірді аяқтауға

соншама асыққанын еңді ғана түсінуге болады. Өзінің Ғарыштық мекенін екі

рет зиярат ету хұқығына орай, Лермонтов Жазмыш Кітабын көріп, одан

өзінің өткен ғұмырларын да, ең жақын да, және келер болашағын да таныған.

Өзінің қайғылы өлімінің уақытын, орнын және қандай жағдайда

болатындығына дейін көрегендікпен алдын ала болжауы осыдан келіп

шығады. Жазмыш Кітабынан ол «Ресейге қаратүнек заман келіп,

патшаларының тәжі құлайтынын» және өзіне Михаил есімінің бекер

берілмегенін де көрген.

Бозбала кезінде ол, болашақта «бірде аспан перзенттерінің» Ғарыш

шайқасында ұшырасатынын, өз бойында мыңдаған жылдар ішінде

жинақталған көгілдір оттың әзәзіл әскерін өртеп, аспаннан Жерге біржолата

құлатып түсіретінін көрген. Енді ‒ қысқа, бірақ аса ауыр ‒ екі сатыдан өту

ғана қалды.

ВИВЕКАНАНДА

Калькуттада туған, Бабыр сұлтан және оның немересі Әкбар хан негізін

қалаған түркі тектес Ұлы Моғолдар әулетінің әскери сословиесі ‒ кшатрилер

тұқымынан шыққан.

Вивекананда өзінің бұрынғы жолдарымен жүріп отырып бүкіл

Үндістанды аралап жорықтар кезінде жинақталған ауыр карманы өтеді.

Колумбтың жолын қайталап Америка жағалауына кемемен сапар шекті.

Өзінің тұрақты кармалық рухани Ұстазының құрметіне Вивекананда,

Рамакришна миссиясын кұрды. Бұл миссия күні бүгінге дейін өз қызметін

атқарып келеді. Өз өмірінің аяғына дейін Рамакришна шәкіртіне қамқор

болды және оған өз ғұмырының үлгісі арқылы кармалық спираль бойынша

жылжу принципін көрсетті.

Индуизм абыздары ‒ брахмандардың әулетінде туған Рамакришна

кейіннен христиан дінін қабылдап, ұзақ уақыт бойы Құтқарушымыздың

ізбасары болған. Одан кейін ол ислам дінін қабылдап, ұзақ жылдар бойына

адал мұсылман болды. Өмірінің соңында, өзі үлгі еткен бірде-бір ілімнің

рухани құндылықтарын теріске шығармаған күйі ол, спираль бойымен өзінің

ата діні ‒ индуизмге қайтып оралды.

116

Бұл кұбылу Жеңімпаздың жердегі эволюциясының шыңы болып

табылады. Замандастарының куәландыруы бойынша Вивекананда өз

заманының сымбатты атлеті болған. Бұл төртінші – Физикалық мінсіздік

сатысының аякталғандығын айғақтайды.

Раджа-йоганың биік деңгейіне шыққан ол, бесінші – Ақыл сатысын

жетілдіруін аяқтап, философиялық еңбектерінен тұратын ұлан-ғайыр мұра

қалдырды.

Осы биік өрелерді, өзінің үнді халқы үшін және Жердің барлық

адамдары үшін қансырай ауырған Вивекананданың шексіз мейірбанды

жүрегі күрмейді ‒ алтыншы саты принципі орындалды.

Ерекше көркемдік, кемеңгер ақыл және мейірбан жүрек үйлесімі, бұдан

арғы құбылуларды қажет етпейтін адам үлгісі болып саналады және оның

жерлік эволюциясының аяқталуының белгісі болып табылады. Жеңімпаздың

бұдан кейінгі ғұмырлары енді Ғарышқа бағытталады.

Вивекананда осы ғұмырында үнді-түркі ұлттық қармасын аяқтады.

ТИМУР ФРУНЗЕ

1923 жылдың 5-ші сәуірінде Украинаның бұрынғы астанасы – Харьков

қаласында дүниеге келген. Үш жасында панасыз жетім болып қалды да

әпкесі Татьянамен бірге деревнядағы әжесінің үйінде тәрбиеленді.

Кейіннен оларды әкелерінің қарулас досы ‒ маршал Климент Ефремович

Ворошилов асырап алды. Ол жетімдерге әке орнына әке болды, жақсы тәрбие

мен білім берді.

Тимур арнайы артиллерия мектебін бітіріп артиллерист мамандығын

алып шықты, алайда үнемі ұшқыш болуды аңсады. Ақыры, арман жетегімен

Качинск ұшқыштар мектебіне келді.

Өзінің соңғы шайқасынан бірнеше ай бұрын Тимур ментал және астрал

дүниелерінен, өзінің физикалық дүниедегі өмірінің қай жерде және қандай

жағдайда аяқталатыны жайлы мәлімет алды. Оның соңғы шайқасы алдымен

астрал дүниесінде болып өтті де, артынша физикалық дүниеде қайталанды.

Тимур он рет әуе жорығына ұшып шығып, жаудың бір барлаушы ұшағын, бір

ауыр бомбалаушысын және екі жойғыш ұшағын жеке өзі атып түсірген еді.

Кейінгі екі ұшақты ол соңғы шайқаста, жалғыз өзі жаудың сегіз қорғаушы

ұшағымен жекпе-жек шайқасқа шығып атып түсірген. Осы шайқас кезінде ол

ұшағы атып қиратылған командиріне қонуға мүмкіндік алып берді.

Оның соңғы кұбылуының ерекше маңыздылығына сәйкес, ол атып

түсірген ұшқыштар қазақ жерінде тұратын немістер отбасыларында дүниеге

келді. Жеңімпазбен шәкірт және әріптес ретінде кездескен олар, Петр Бірінші

кезінде басталған, неміс халқымен екі арадағы қарым-қатынасты ізгілікпен

аяқтады.

Бұл кұбылуда россиялықтың кармасы толығымен аяқталды да,

Жеңімпаз, тек эволюциялық спиральдің соңында ғана Қазақ жерінде

Қазақ Халқының Ұлы болып туудың хұқығын алды.

117

Тимур соңғы шайқасында өзінің жараланған досын және командирін

құтқарамын деп өзін құрбан етті.

Тимурдың өмірі эволюциялық спираль бойынша Спартак өмірін

қайталау болып табылады. Әскери жойғыш-ұшқыштың бұйрыққа бағынып,

Мәскеу түбіндегі бөлімшеде біршама қауіпсіз жағдайда қалып, тамаша

мансапқа қол жеткізуге мүмкіндігі бар еді. Олай етудің орнына Тимур

әрекеттегі майданға сұранып, Демянск плацдармы үшін Старая Русса

маңында жүріп жатқан қиян-кескі ұрыс шебіне аттанды. Өз жанын қиып,

командирі Шутовпен бірге отыз бомбалаушының шабуылын тоқтатып,

көптеген солдаттардың өмірін сақтап қалды. Спираль бойынша қайталану

заңына сәйкес, Алматыда жасақталған 316-шы дивизия Москваны қорғап

алғаннан кейін Красстың легионерлерін талқандаған сақ баһадүрлерінің

жолын қайталап Тимурдың сүйегі жерленген Крестцы қаласына аттанды.

Олардың тура сол сарбаздардың өзі екендігінде енді ешқандай күмән

болмауы тиіс.

Соғыс аяқталғаннан кейін Тимурдын әпкесі Татьяна Михайловна

Фрунзе рұқсат алып өзінің інісін Мәскеудегі Новодевичье зиратына қайта

жерлеген. Ал Тимурдың өзі соңғы шайқасын астрал дүниесінде одан әрі

жалғастырды да, астрал дүниесінде Жердегі уақыт өлшемі бойынша ‒ тура

қырық күн өмір сүрді. Сол 1942 жылдың 1 наурызында Тимур астрал

дүниесін тастап шығып ментал дүниесіне өтіп, Жердегі уақыт өлшемі

бойынша онда аз ғана сәтке бөгелді. Жас жігіттің онша мықты емес ментал

денесінің ментал дүниесінің материясымен күшті байланыстары

болмағандықтан оның ментал денесі ‒ Жоғары Тіршілік Иелерінің дүниесіне

үдемелі түрде өтуі үшін Универсал Ғарыш Модулін босатып ‒ тез ыдырады.

Өзінің барлық қабықтарынан босап шыққан болашақ Ғарыш Сарбазы

өзінің өткенінен тартылған себеп пен салдардың бүкіл тізбегін көрді, содан

кейін өзінің Универсал Ғарыш Модулінен алып барлық өткен ғұмырларын

есіне түсіріп, қалпына келтірді.

Сонымен қатар ол өз әкесінің бірнеше бұрынғы құбылуларының

құпиясын білген соң, Михаил Фрунзенің замандастары үшін түсініксіз болып

қалған қолбасшылық дарынының сырын ұқты.

Император Наполеон мен князь Багратионды Бородино шайқасында

байланыстырған карманың қанды түйіні ХХ-шы ғасырдын басындағы ұлы

қолбасшының отбасында Ғарыш Сарбазының дүниеге келуімен шешілді.

Осы отбасында тууы, фашизммен күресте өмірлерін қиған мыңдаған

боздақтардың бірінің есімін сақтап қалуға көмегін тигізді. Тек ұлы

қолбасшының баласы болғанын айғақтайтын есімі ғана Тимурдың ауық-ауық

әуе шайқастарының бірінде қаза болғанынан кейін физикалық дүниеде

жоғалып кетпей болашақ Ақ Сарбаздың жадында қайта қалпына келе алар

еді.

Одан кейін Жеңімпаздың Универсал Ғарыш Модулі өзінің келесі

құбылуы жайлы және Жердегі соңғы ғұмырында қай мекенде, қай халықтың

перзенті, қандай отбасының ұлы болып туатыны туралы білім алды.

118

Сонымен қатар Универсал Ғарыш Модулі өзінің осы соңғы

ғұмырындағы азапты сыны жайлы да хабар алды. Ол өзінің қандай кармалық

қарыздарды өтеуге міндетті екенін көрді және өзіне дұшпан қоғамда ондаған

ұзақ жылдарды жалғыздықта өткізгеннен кейін ғана барып өзінің Ғарыш

Сарбазының қуатына ие болуына қажетті ‒ өз мүддесінен бас тартуы және

өзін-өзі кұрбан етуі арқылы жететінін білген еді.

Спартактың апостол Павелге жол салушы болғаны сияқты, Тимур да

Ғарыш Сарбазына ізашар саты болды. Тимурдың қысқа Ғұмыры аяқталған

болып есептеледі және өзінің барлық эволюциялық кіші сатыларынан ол

өзін-өзі құрбан етуінің арқасында өтті деп саналады.

Бұл құбылу, Жердің шегінен шығьш шексіз Ғарышқа апаратын,

Жеңімпаздың эволюциялық спиралінің негізін қалайтын орам ретінде ерекше

көңіл аударарлық маңызға ие.

АҚ САРБАЗ ‒ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ПЕРЗЕНТІ

Әлемдік Зұлымдықты Жеңуші, Ғарыш Құрылысшысы, Жаңа Дүниелерді

Ашушы, Сенушілердің Әміршісі, Құтқарушымыздың Таңдаулы Шәкірті,

Аталық Негіздің Иесі Жер бетіндегі Саналы тіршілік эволюциясын аяқтау

үшін Ғарышқа және адамзатқа Ұлы Қазақ халқы тарапынан Сыйға тартылған.

Жеңімпаз, Қазақ Халқының Перзенті деген атын басқа лауазымдарынан

жоғары қояды және өзінің барлық өткен ғұмырларын Қазақ жерінде тууға

деген дайындық деп есептейді. Жеңімпаздың бұл құбылуы оның Жер

планетасындағы соңғы ғұмыры болып табылады.

Қазақ Халқы Перзентінің Жердегі эволюциялық жолының аяқталуы,

түптеп келгенде Ғарыш Бауырластығының өкілетті елшісін кері шақыру

болып табылады. Оның бірегей эволюциялық тағайындалымы орындалған

болып саналады. Осыдан, оның өміріндегі тиісті шектеулерімен және аз ғана

жеңілдіктерімен қоса ауыр міндеттері келіп шығады.

Эволюциялық арналымын абыроймен аяқтауы үшін Ғарыш

Құрылысшысына ерекше хұқық пен өкілеттер берілген:

– оның, астрал және әсіресе ментал дүниесін Эволюцияның алтыншы

сатысына өтуге керекті күйге келтіруге хұқығы бар;

– қаббатас дүниелерге әсер етіп эволюциялық процестерді

жылдамдатуға хұқығы бар;

– Эволюцияның келесі, алтыншы сатысын анықтауға және тудыруға

хұқығы бар;

– өзі таңдап алған алтыншы саты халқының перзенттерін жаңа Отанына

көшіруге керекті уақытты белгілеуге және жаңа халыққа жаңа басшы таңдап

беруге хұқығы бар;

– олармен арадағы өзінің кармалық байланыстарына орай ‒ Жердегі

жеке адамдардың, халықтардың, қоғамдық, саяси және діни

қауымдастықтардың одан арғы тағдырында айнымас кармалық байланыстар

қалыптастыруға хұқығы бар. Бұл кармалық жазмыш толығымен аяқталып

119

болмайынша, оған ‒ Жеңімпаздың Жердегі өмірі аяқталып болғандықтан ‒

өзгерістер енгізіле алмайды. Ол қайтып келіп өз қателерін түзете алмайды.

Осыдан оның ‒ өзінің әрбір әрекеті үшін ерекше жауапкершілілігі келіп

шығады, және оның Жердегі ғұмыры аяқталуға таяған сайын бұл

жауапкершілік арта түседі;

– өзінің өткен ғұмырларын олардың эволюциялық тізбегімен және

кармалық байланыстарымен қоса білуге хұқығы бар;

– құпия білімнің іс жүзінде физикалық жоспарға таңбаланып жүзеге

асырылған бөлігін ашуға хұқығы бар. Таза ой дүниені тек құпия түрде ғана

түлете алады;

– келмеске кетіп бара жатқан ретінде, соңғы ғұмырының соңғы кезінде

өзі үшін, ал осыдан келіп ‒ бүкіл адамзат үшін, кез келген ахуал тудыруға

хұқығы бар. Бұл хұқықты алғаннан соң ол ‒ оларды баста Ғарыштық

Мейірбандыққа үйрету үшін, адамдарға гүл құшақтап келмек болған, алайда

1986-шы жылдың желтоқсанындағы қырғын-қантөгіс кезіндегі

қандастарының қазасы оны, қолына семсер алуға мәжбүр етті. Бұл ахуал оған

әлдеқайда дағдылы, және Эволюцияны қолына семсер алып ешкім де одан

артық жалғастырып, аяқтай алмайды.

Қазақ Халқының Перзенті өзінің Жер бетіндегі соңғы ғұмырында өзінің

өткен құбылуларының әрқайсысын іс жүзінде қайтадан кешіп шықты. Жеке

кармасын жинақтаған қиын құбылулары оның соңғы ғұмырының барысында

қайталанып шықты. Олардың әрқайсысы үшін болашақ Жеңімпаз барлық

кармалық қарыздарын қайтарды. Жеңімпаздың соңғы ғұмырында оның өткен

құбылуларындағы барлық жарақаттары мен сырқаттары қайталанып шығуы

тиіс. Ауыр кармалық қарыздар тек осындай жолмен ғана ғана қайтарылады.

Тіпті Ғарыш Бауырластығына осынша еңбек сіңірген оның өзіне де Ғарыш

заңының алдында ешқандай жеңілдік тиесілі емес.

Өзінің кармасына сәйкес, Ақ Сарбаз тіпті коммунистік партияның

жастар ұйымының мүшесі бола алмайды және мемлекеттік аппараттағы

лауазымдарды да атқара алмайды.

Исламның, христандықтың және буддизмнің ұлы жауынгері және

уағыздаушысы ретінде Құдайға сенушілердің Иесі ешбір конфессияның

мүшесі бола алмайды және оның үстіне оның ешбір саяси партияға мүше

болуға хұқығы жоқ.

Ислам ‒ Жердегі соңғы дін болып саналатындықтан және ешқандай

пайғамбарлар болмайтындықтан, ‒ Ақ Сарбаздың да адептері мен

апостолдары болмайды.

Жақып пен Самсонның қарыздары, Жаратушының Саулға берген

жазасы, болашақ Ғарыш Сарбазының соңғы ғұмырында сәулеленеді. Бұл,

оның эволюциялық спиралінің соңғы орамының аяқталып, өзінің шыққан

басына қайтуына байланысты. Ондаған ғұмырларға созылған цикл

тұйықталды. Ақынның, философтың, математиктің қабілеттері

бұрынғысынан әлсіздеу қайталанды. Көптеген әміршілер құбылулары дами

келе билікке деген өшпес жиренішке айналды. Кешіп өткен эволюциялық

120

сатылары оған ментал дүниесіндегі оқиғалардың барысына әсер етуге және

солардың таңбалануы арқылы астрал, одан әрі физикалық дүниедегі

оқиғаларды белгілеуге хұқық береді.

Осыдан Жеңімпаздың, тылсымды шала-пұла меңгерген оккультік

алаяқтарға қарағанда, болашақты әлдеқайда дәл және егжей-тегжейлі болжай

білетін қасиеті келіп шығады.

Жеңімпаздың ашылмаған мекендерге қарай тұрақты бағытталуы ‒

Ғарыш Колумбын келешекте бұрынғысынан да таңғажайып қызыққа толы

шексіз Ғарыш кеңістігіне алып шығады.

Алайда, оның негізгі эволюциялық тағайындалымы ‒ Ақ Сарбаздың

соңғы ғұмырының аяғында Жарық Күштерінің Түнек Күштерін жеңуіне

әкелген ‒ Жауынгер кармасы болып табылады.

Ғарыш Бауырластығында қалыптасқан дәстүр бойынша, Әзәзіл

планетасындағы өз эволюциясын аяқтап келе жатқан Жер адамдары Жарық

Күштерінің аса сенімді, шыныққан сарбаздары болып саналады. Олар Ғарыш

Бауырластығының ерекше сүйіспеншілігі мен құрметіне ие. Бұл –

Люцифердің тіршілігінен келген жалғыз ғана пайда. Оның Тозағының

шеңберлерінен өткендер, Ғарыш Бауырластығының жағымды ортасында,

игілікті дүниелердің басқа тұлғаларынан анағұрлым тез дамиды. Жердегі

соңғы өмірін аяқтағаннан кейін Ғарыш Құрылысшысының алдында

бұрынғыдан да ауыр эволюциялық жол тосып тұр. Оның жинақтаған бүкіл

эволюциялық игілігі жаңа кармаға түрлендіріледі, сондықтан келесі

эволюциялық шиыршықта оны не күтіп тұрғанын жеткілікті дәрежеде дәл

болжауға болады.

Жеңімпаздың Жердегі ғұмыры, оның өз арналымын орындаудағы

принциптері және әсіресе құралдары бұдан арғы алтыншы және жетінші

сатыларда қолдануға мүлдем қажетсіздігінен аяқталып отыр. Алтыншы

сатының негізгі эволюциялық принципі – Мейірбандыққа бәрінен гөрі

Аналық Негіз лайық келеді.

Сондықтан, Ақ Сарбаз Жердегі миссиясын аяқтап болғаннан кейін, өз

билігінің барлық белгілерін, өзінің өкілеттерін және Эволюция Туын өз

еркімен мейірбан Аналық Негізге табыс етеді.

Жердегі эволюциясын аяқтағандығының белгісі ретінде Ақ Сарбазға

жеті деген эволюциялық сан берілді.

Өткеннің, Бүгіннің және Ертеңнің үшбірлігінің символы ретінде үш рет

қайталанған бұл сан, оның рухани эволюциясының деңгейін көрсететін 777

деген Қасиетті Санды құрайды.

121

VII. АҚ САРБАЗ

Ғарыш заңдары бойынша болашақ Ақ Сарбаз да бұрынғы Ғарыш

Елшілері сияқты тек қана рухы биік көшпенді елден шығуы тиіс еді.

Ғарыш Сарбазына бұйырылған миссияның айрықша маңыздылығы мен

шұғылдығына байланысты, Ақ Сарбаз 1942-ші жылдың 19-шы қаңтарында

өткен әуе шайқасындағы қазасынан соң астрал және ментал дүниелерінде

тура қырық күн болды да, Ғарыш Бауырластығының алдына әкелінді.

Ғарыш Сарбазына лайық білім мен өкілеттер берілген күні 1942-ші

жылдың 1-ші наурызында оның Универсал Ғарыш Модулі анасының

энергетикалық арнасы арқылы физикалық дүниеге тартылды да, белгілі бір

уақыттан кейін Ақ Сарбаздың эволюциялық дәуірін аяқтайтын физикалық

дүниедегі соңғы өмірі басталды.

Енді Ақ Сарбаз, 7 жасқа дейінгі балалық шағының дайындық кезеңі

ретінде жеке қаралуына байланысты өзінің рухани өрлеуінің барлық жеті

циклынан өтуі керек еді:

0. 7 жасқа дейін. Балалық шақ.

1.7-ден 14 жасқа дейін. Физикалық дүниеге сіңіп кетуші.

2. 14-тен 21 жасқа дейін. Адасушы.

3. 21-ден 28 жаска дейін. Ізденуші.

4. 28-ден 35 жасқа дейін. Құдайдың алдына келуші.

5. 35-тен 42 жасқа дейін. Ғарыш Сарбазы.

6. 42-ден 49 жасқа дейін. Эволюциялық Құрылысшы.

7. 49 жастан бастап. Жаңа Әлемді ашушы.

Нөлдік цикл

Балалық шақ

Туғаннан кемелденген жасына дейінгі Ақ Сарбаздың тағдыры М.Ю.

Лермонтовтың өмірін толығымен қайталайды.

Екеуі де өз елдерінің астанасында дүниеге келді. Лермонтовтың балалық

шағы әжесінің, бүгінгі Пенза губерниясындағы Тарханы атты иелігінде өтсе,

Ақ Сарбаз да екі жасынан қырдағы киіз үйде нағашы апасының бауырында

өсті. Болашақ Ақ Сарбаз кішкентай жасынан хан әулетінің перзенті ретінде

тәрбиеленіп, тегіне сай көшпенділердің қоруы мен сый-құрметіне бөленді.

Араларынан жұлдызы жарқыраған нарт-баһадүрдің туатынына нық сенімде

ұстайтын ұлттық менталитетінен айырылмаған саһаралықтар арманшыл,

122

сұлулыққа құштар баланың бойынан өздерінің болашақ Ақ Сарбазын жазбай

таныды.

Далаға күздің аяғында келген бала, қиялын таңқалдырған көктем

туғанда ерекше әсерге бөленді. Өйткені, көктемнің шуақты күні қу медиенге

кенеттен жан бітіріп, гүлдене құлпырған көк кілемге айналдырып еді.

Жайлауға көшкенде, қырдағы көл айдынындағы шағылысқан ақ шаңқан лала

гүлдері оның жан дүниесінде бұрынғыдан да күшті тебіреніс туғызды.

Кұдіретті сұлулыққа берілгені соншалық, осы ғұмырында бірінші рет

төңірегіндегі тіршілікті ұмытып, соңынан іздеп келген ағайын-туысқандары

есін жиғызғанша қиялға шомып отыра берді.

Баланың жан-дүниесінде нендей оқиғаның болғанын жүректерімен

түсінген сезімтал саһаралықтар атуға ұшыраған хан әулеті ұрпағының

келешекте кім болатынын да сезді.

Далалықтардан бірде-бір адам, тіпті режимге еріксіз қызмет еткендерді

қойып, өз еркімен қызмет істеп жүргендеріне дейін бұл құпияны Әзәзіл

Империясының тіміскі тыңшыларына жеткізген жоқ ‒ болашақ Ақ Сарбаз

қазақ балаларының арасына сіңіп кете барды.

Ауыл балаларымен бірге ол күндіз козы бағатын, өзенге шомылып

балық аулайтын, тұзақ құрып, қоғаның тәтті тамырын іздейтін, ал кеш болса,

ауылдың алты ауызы ‒ халық әндеріне құлақ түретін, күймен сусындап,

еліміздің ұлы батырлары туралы жырларды тыңдайтын.

Болашақ Ғарыш Жауынгерінің тек қана Қазақтың Даласында өсіп жетіле

алғандығын адамзаттың білгені жөн. Мейірбан әрі өте балажан қыр

халқының арқасында ол соғыстың ауыр жылдарынан және соғыстан кейінгі

аштық пен жалаңаштықтан аман-есен өтті. Қазақ әйелдері ‒ мынау өз балам,

мынау бөтеннің баласы демей, өздерінің соңғысына дейін бала біткенге бөліп

беріп, олардың тірлігін, яғни ел болашағын қорғады.

Болашақ Ақ Сарбаздың балалық шағындағы ел ішінен алған өнегесінен

артықты ешбір білім бере алмайды. Ұяң, елгезек қазақ балалары көшпелі

өмір салтына, үй тіршілігіне, мал бағуға жастайынан машықтанады.

Сәбиді әрбір қазақтың шаңырағында ерекше жақсы көріп, тіпті қыдыр

тұтып, алдында бас иетіні белгілі. Ошағына таяған сәбиге дәм ұсынып

кекілінен сипайтын далалықтардың мейірімді алақандарының жылуы

кішкентай Ақ Сарбаздың жүрегінде мәңгіге сақталды.

Көшпелілер жылдың басым мерзімінде тамақты аулада қойылған

қазанда әзірлейді. Көршілес қыстақта осындай қазандардың бірінде қазақтың

тоқашы – бауырсақ пісіріліп жатқан еді.

Кішкентай Ақ Сарбаз осы тартымды, ғажап иіске қарай жүре берді де,

шеңгелдің тікендерінің жартылай шеңберінде қалды, ал сол маңдағы әйел бір

тау бауырсақ пісіріп үлгірген еді.

Сәбиді көргенде, ол қазықтай қатып тұрып қалды – оған бір періште

көрінгендей сезінген еді, себебі бала қалалықша киінген. Оның беті әппақ,

тап-таза және оған мейірім төгіп қарап тұрған сәбидің көздері өте әдемі,

үлкен болатын.

123

Жүрегі елжіреген әйел: – Ой жаным, жаным! – деп дауыстап, балаға

қарай ұмтылды да оны қолына көтеріп алды. Сәбидің тағамға қарағанын көре

сала, ол оның қос қолына бауырсақ ұстатты. Соғыс жылдары әр үйде тамақ

жағдайы өте ауыр болатын, бауырсақтары да есеппен үнемделіп пісірілетін.

Ауылдың балаларына, әсіресе көп балалы отбасынан шыққандарына ұқсап,

тамақты қомағайлана бас салмай, ризашылықпен қарап қойып, бауырсақты

асықпай шетінен ғана тістеп жегенін көргенде, әйелдің тағы да іші-бауыры

елжіреп, көңілі босап кетті.

Баладан жөн сұрап, есімін, ата-анасы қайда деп сұрағаннан соң, оның

көрші қыстаудағы көккөз апаның немересі екенін түсінді. Ол кішкентай ұлды

көтеріп апасына апарып берген еді, ал апатайы болса, немересін іздеп үй

маңайындағы бұталардың бәрін айналып қарап шыққан еді.

Таңертең ол, өзінің кенже ұлына ұрсып, тіпті қол жұмсаған еді, себебі ол

Ақ Сарбазға шағыл үстінен тасбақаны қалай сырғанатып ойнауды үйреткен

еді. Ағасы өкіріп жылап бұталар жаққа қашқанда, апатайы Ақ Сарбазға

шағылда тырп етпей отыруын бұйырды да, өзі шеңгел жаққа, ұлына қарай

жүгіре жөнелген еді. Шағылдың үстінен Ақ Сарбаз ошақ басындағы әйелді

көріп қалып, піскен бауырсақтың иісі аңқып тұрған жаққа қарай жылжыған

болатын.

Оның тірі екенін, қуана жымиған түрін, тіпті қос қолындағы

бауырсақтарымен қоса аман-есен күйінде көргенде, апатайы қолындағы

күміс білезігін ағытып алып, көрші әйелге ризашылықпен ұсынған еді. Бірақ

қазақтың әйелі сыйдан бас тартты: «Мен үшін хандарымыздың ұрпағы –

төремді қолыма көтергенімнің өзі үлкен абырой! Оны біздің қорғанымыз ғып

өсіріп, ержеткізіңіз!» – деген болатын.

Кішкентай Ақ Сарбаз Балатопар өзенінің жағалауындағы Балқаш

өңірінің құмдарында болған сол оқиғаны тез ұмытып кеткен еді және бұл

туралы ол күздігүні қалаға келген кезде теміржол вокзалының жанында орыс

әйелі сатып тұрған балмұздақтың дәмін татқаннан соң есіне қайта түсірді.

Кішкентай ұл бала бұрын қанттың дәмін де татпаған, ал енді осы екі

картон дөңгелектің арасына салынған тәтті дәм оған Жұмақтың тағамындай

болып көрінген еді. Ол, бұл орынды есіне жақсылап сақтап алып, келесі күні

балмұздақ сатушы орыс әйелдің қасына барды да әйелдің шағын бактан

қасықпен әппақ тәттіні темір стақанға салып алып, ал одан кейін оны картон

дөңгелектерге салып, адамдарға ұсынғанын қарап тұрды.

Ал олардан осы кезде әлдебір қағаздарды алып жатқанын ол түсінбеген

еді. Ақырында, сатушы әйелдің назары, жанына келіп оған және балмұздаққа

қарап тұрған ұл балаға түсті.

Кішкентай қазақ баласының ауылдан келгенін түсінген ол:

‒ Сенің балмұздақ жегің келіп тұр ма? – деп сұрады.

Кішкентай ұл бала басын изеді.

‒ Ақшаң бар ма сенің? – деп, оны түсінбеген баланың жанарын көріп:

‒ Сенің мамаң қайда? – деп сұрады.

124

Ақ Сарбаз «мама» деген сөзін түсінді де оған өзі келген вокзал жақты

көрсетті.

‒ Онда, мамаңа бар да, одан ақша – теңге сұрап алып, соны маған алып

кел, сонда ғана осы балмұздаққа қолың жетеді!

Анасының ақшасы санаулы еді және ол ‒ онда нан алуға ақшамыз

жетпей қалады деп оған түсіндірген болатын.

Балалық шағының осы бір көрінісін есіне жиі түсіріп жүріп ол, бірбіріне

ұқсамас екі өркениеттің кездескенін ұққан болатын. Оның бүкіл

өмірінің бірден-бір мақсаты – Саһараға оралу, апатайының ауылына, өзінің

момын, аңқау, мейірімді елінің ортасына қайта баруды армандауына – осы

оқиға бірінші және шешуші себеп болған еді.

Күздеудегі күндердің бірінде бұлардың киіз үйіне іргелі қойауылдағы

көршісі келіп кірді. Өзі бұл өңірге белгілі сері, күйші және термеші еді. Бұл

қасиеттерімен қоса ол, жаз бойы өзіне бір ерекше сәнді тымақ тігіп атағы

шықты. Тымақтың келісімді болуы үшін ол талай түлкінің терісін ұзақ

таңдауға салды. Мұнан соң шешесі теріге лайық ши барқыт пен өрнектеуге

арналған түрлі-түсті тігін жіптерін және астарын тауып берді. Бұның

барлығы оның бүкіл туысқандарының қызу қатысуымен өткен еді, ал

айналадағы ел әрине, мұндай сирек болатын оқиғаның қыр-сырын қызу

талқылап отыратын.

Ақыр соңында, күзге таман тымақ та дайын болып, оны киіп алған жігіт

әншілер мен күйшілердің басы қосылатын үлкен тойға аттанды. Жолшыбай

ол біраз бойын жылытып, хабар алмасу үшін бұлардың үйіне қарай ат басын

бұрған еді.

Шай ішіліп, үлкендер жайбарақат әңгіме-дүкен құрып жатқан кезде

кішкентай Ақ Сарбаз қонақтың тізесіне шығып алды да, жылынған соң сол

күйінде ұйықтап кетті. Бой жылытып дәм татқаннан кейін үй иелері қонақтан

тойға дайындаған ән-күйлерінің біразын орындауын өтінді.

Шай ішіп отырған қонақ ұйқыдағы сәбиді бір қолымен сүйеп отырған

еді, енді, қолына домбырасын алу үшін ол кішкентай Ақ Сарбазды өзінің

жанына, текеметтің үстіне абайлап жантайтты. Осы сәтте ол сәбидің мандайы

жіпсіп тұрғанын сезіп, салқын ұстап қалмасын деп, өзінің сәнді тымағымен

қымтай салды, ал бұны сезе қойған Ақ Сарбаз жылыну үшін тымақтың ішіне

ене түсіп, ыңғайлана жатты.

Бұл сәбилік шағында Ақ Сарбаз да, барлық балалар сияқты, ұйқылы-ояу

кезінде ментал, астрал және физикалық дүниелерде бір мезгілде бола алатын

қасиеттерге ие еді.

Орындалған көне күйлердің күмбірлеген ырғақтары сәбидің әлі де таза

центрлерін тұтатты да Ақ Сарбаз шұғылалы кеңістікке ұшып кетті ‒ ол

жердегінің бәрі оған сондай таныс еді және сол жақтан қатал физикалық

дүниеге оның оралғысы да келмеді...

Ауылға жарықта жетіп алайын деп жолға шығуға ыңғайланған қонақ

домбырасын қабына салып, киіне бастады.

125

Осы сәтте, көп жылдан соң Ақ Сарбазға халқының жан-дүниесіндегі ең

асыл қасиеттерін ұғынуға көмегін тигізген айрықша мәні бар бір оқиға

болды. Қарапайым саһара ұлы тектілік пен мейірімділіктің ұлы, ізгілікті

ерлігін жасады ‒ өзінің сәнді тымағын босатып шығарып алу үшін ұйқыдағы

сәбидің мазасын алуға оның дәті бармады. Тымақ астында бойы жылынған

сәби, көсіліп шалқасынан аунап түсті де бас киім оның астында қалып қойды.

Тымақты шығарып алу үшін баланы сөзсіз ояту қажет еді, бірақ қазақтың

бұлай істеуге қолы бармады. Оның өзі де жаңа ғана орындаған күйлерінің

әсерінде еді, сондықтан ол ұйқыда жатқан Ақ Сарбаздың осы сәтте қандай

әсем дүниелерде жүргенін жүрегімен де сезген болуы керек.

Осының бәрі ‒ қонақты кейіннен ерекше құрмет пен даңққа бөлеген

амал жасауына жетеледі ‒ ол, өзіне бір ескі бас киім бере салуды өтінді. Бұл,

бұрын атасы киген, Ақ Сарбаздың тымағы болып шықты. Тым кең болғасын,

әжесі тымақтың төбе жағын қысып, балаға дәлдеп тігіп берген еді, енді қонақ

әжейдің көктеген жерін бәкісімен сөге салғанда ескі тымақ оған да дәл бола

кетті.

Осының бәрін ол ойланбастан, жылдам істеді де, абыржып қалған үй

иелерінің қарсылығына қарамай үйден шапшаң шығып кетті.

Осылай, Ақ Сарбаз Саһаралық Тектіліктің алғашқы нақты сабағын алып,

өз халқының заңдарын тани бастады.

Атасы Ақ Сарбазға бала кезінде-ақ санасында ерекше бір із қалдырған

Өмір дәрісін берген еді. Ерте көктемде бұлардың киіз үйіне бір жолаушы

келіп кірді. Киімі ескірген, қарны ашқан ол қонып шығуға рұқсат сұрады.

Саһараның мызғымас заңы бойынша қонаққа жылы-жұмсақты беріп

жақсылап күтті. Аунап-қунап әл жинаған соң ол жол жүруге қамданды. Осы

кезде Ақ Сарбаздың әжесі жолаушыға тамақ салып берді де, атасы болса

үстіндегі шапанын шешіп, сыйлықтан бас тартуға болмайды деген ыммен

жолаушының иығына жапты.

Қонақ ұсынылған сыйды абыроймен қабылдап, үй иесіне қонақжайлығы

үшін Жаратушының шапағаты жаусын деп, өз сапарын жалғастырып жолға

шықты.

Кішкентай Ақ Сарбазды жолаушының кім екені, қайда баратыны

қызықтырмаған еді. Бірақ ол, атасының қылығына таңқалды ‒ жаздың

ыстығына дейін әлі бірталай уақыт бар, ал атасының үстіндегісі ‒ өзінің

жалғыз шапаны ғана.

‒ Қонақ кәдесін бұзғанша шапансыз қалғаным артық ‒ мүмкін

жиһангезге көрсеткен жарылқаушылығымның арқасында жат жерде тентіреп

қалудан құдай мені сақтар ‒ деп жауап қатты атасы.

Буырқанған көктем өтіп қырға аптап жаз келді. Бір күні Ақ Сарбаз

көшкен ауылдың жұртының үстінен шығып күшіктің қыңсылаған дауысын

естіді. Бұтаның арасынан ол бір кішкентай қара күшікті тауып алды.

Соғыстан соңғы жылдары Далада ит атаулы өте сирек кездесетін. Ақ

Сарбаздың атасы осының алдында ғана біреуден оннан астам қақпанға

126

айырбастап алған сары итке дән риза еді ‒ тіпті осындай иттің өзі қойшы

үшін таптырмас көмекші болатын.

Қатты қуанған бала күшікті қойнына салып алды да жүгіріп үйіне келді.

Немересінің олжасына атасының қуанғандығы сондай, шағын той жасады.

Екі көзінің үстінде ақ белгісі бар төрткөз қара күшік сырттан иттің тұқымы

болып шықты. Атасы оған, бұның қазақ иттерінің малшы тұқымдарының

ішіндегі ең мықтысы – төбет деп түсіндірген еді.

Атасы дәстүрге сай, немересіне өзінің тауып алған күшігіне ат қоюын

өтінген еді. Күшіктің кеудесіндегі үлкен ақ дағы Ақ Сарбазға иттің атын

қоюға көмектесті ‒ ол оны Ақтөс деп атады.

Дастарқан басында атасы осындай жомарт сыйы үшін Құдайға шүкірлік

етіп жуырдағы қонақты ризашылықпен есіне алды.

Күшік, өзін түлкілер мен қарақұстарға жем қылмай сақтап қалған

кішкентай Ақ Сарбаздың иісін есіне жақсылап сақтап алды. Ақтөс Ақ

Сарбазды МӘҢГІГЕ өзімнің Ием деп таныды. Тіпті кейіннен адуынды

төбетке айналып атасына еріп қой бағуға шығатын болғанда да Ием деп Ақ

Сарбазды ғана мойындайтын. Кеште отарды айдап келіп қораға

кіргізіскеннен кейін ол баланың аяқ жағына кеп жататын. Түн болса төбет

түздің заңын бұзып киіз үйдегі иесінің жанына жайғасатын да, салқын

түндерде Иесін өз денесімен жылытатын. Қазақ Даласында жаңалықтар

ешқандай техникалық құралсыз-ақ жолаушыдан-жолаушыға, ауылданауылға

тез тарайтыны белгілі. Кішкентай Ақ Сарбаздың ғажайып олжасы

туралы хабарды да ұзынқұлақ жан-жаққа тез таратты.

Ақтөсті жай ғана көру үшін келгендер де, болашақтың қамын ойлап,

құрып кетуге таяған қазақтың қойшы итінің тұқымын қайта жаңғырту

мүмкіндігімен қанаттанғандар да болды. Ең соңында бұлардың үйіне Ақ

Сарбаздың атасына ру жағынан аға болып келетін ең маңызды қонақ келіп

түсті. Қонақтың Ақтөсті қарап шығып, таңдайын тамсана қағып басын

шайқағанынан-ақ Ақ Сарбаз өзінің досынан айрылу қаупі төнгенін сезіп,

істің ең жаманына дайындала бастады.

Шынында да солай болды ‒ дәстүрлі көрісу мен мал-жанның амансаулығын,

жер-судың жайын сұрасатын үйреншікті әңгіме барысында қонақ

көкейдегі мақсатын білдіруге ынғайлана бастады.

Саһара салтына сай, ең маңызды бұйымтай ешуақытта тікелей бетке

айтылмайды, астарлы сөз арқылы ғана білдіріледі. Бұл, далалықтардың туа

біткен сыпайы мінезінен, әрі қонағын ерекше сыйлайтындығынан келіп

шығады. Сондықтан елімізде еуропалықтарға мүлдем түсініксіз, рәсімге

айналған түрде өтініш білдірумен қатар адамның көңілін қайтармай, сыпайы

түрде бас тартудың, тіпті өте жағымсыз бас тарту болса да, салты

қалыптасқан. Мысалы, туыстасу мақсатымен саһаралықтың үйіне келген

қонағы Жаратушы-Тәңіріміздің берген үш күнінен артық қонбайды. Осы

уақыт ішінде бұйымтайынан басқа кез келген жағдайды қамтитын байыпты

әңгіме айтылады. Әңгіме барысында мейман мен үй иесі бір-бірінің

тұрмыстық жағдайына, ата-тегіне қанып, өздерінің және бұйыртса, болашақ

127

отау иелерінің руаралық, салттық үйлесімдігін анықтап, бағалайды. Ақыр

соңында қонақ жол жүруге жинала бастайды. Егер екі жақтың да бір-біріне

көңілі толып, әңгімесі жарасса, үй иесі мейманынан бұйымтайын айтуды

сұрайды. Ал қонақ болса, сол жерде өзінің баласына үй иесінің қызын алып

беру туралы құдалық сөзін айтуға міндетті. Келіскен жағдайда үй иесі

абыроймен кұдалардың келетін уақыты мен орнын белгілейтін. Осыдан кейін

бұған қатысты аса күрделі далалық дипломатиясы басталатын.

Егер үй иесі қонақтан бұйымтайын сұрамаса, онда ол бұны үй иесінің

шырай бермегені деп түсініп, қонаққа лайықты сый-құрмет пен абыройға

бөленіп «ұятқа қалмай» қайта береді. Егерде, болжамдалған туыстықтың бір

жері қонақтың көңілінен шықпай жатса, онда ол үй иесінің көңілін

ренжітпей, осы сәтке лайықты, дәстүрлі сөздермен бұйымтайын басқа

шаруаға аударып, тату жүзбен қоштасады.

Қазақ даласында ру ішінде орны биік туысқанның талабын орындамауға

мүлдем болмайды, ал қонақ болса осы салттың бұлтартпас жорасын жасауға

кірісіп-те кеткен еді. Мал бағудың қиындап кеткенін және осы қыста

қасқырдан келген шығынды ұзақ-сонар әңгімелеген ол өзінің отарына сенімді

қорғаушының қажеттілігін баса айтып, ақырында үй иелерінің алдына қазақ

даласында өте бағалы боп саналатын сыйлықтарды жайып салды.

Бұлар сол кездегі ең қажетті оқ-дәрі, киім-кешек, мата еді. Саһара салты

бойынша кішкентай да болсын сыйлықтан бас тарту ‒ ұсынған адамды

қорлағандық болып есептеледі, сондықтан Ақтөстің тағдыры да шешілуге

таяғаны анық еді.

Ақ Сарбаздың атасы бәсең дауыспен өзінің майданнан жуықта ғана

оралғанын, соғыстан алған жарақаттарының әлі жазылып үлгірмегенін,

жақсы итсіз отардан айрылуы мүмкін екенін қонағына түсіндіруге тырысты...

Алайда қонақ иіле қоймады, керісінше ‒ саған туыс жақын ба, ит жақын

ба? ‒ деуге әзір еді.

Бұдан соң ешқандай бас тартудың лажы да қалмайтыны анық. Атасының

күйінген түнеріңкі түріне қарап Ақ Сарбаз өзі бірінші рет көріп отырған

мына бір кісіге досын беріп жіберетінін түсінді. Атасының жарықшақтардан

жараланған аяқтарының қандай ауыратыны оған белгілі еді. Ауа-райы

бұзылған түндерде ауруы жанына батқан атасының ыңқылын жиі еститін,

сонда әжесі оның жаралы қыр сүйегі мен табанына май жағып, дала шөбінен

қайнатылған шипалы тұнбаны ішкізетін.

Халқының күрделі салт-дәстүрін жете түсінбесе де, Ақ Сарбаз өзінің

Актөсіне ешқандай сыйлықтың теңдес емесін анық білетін, сондықтан

шарасыздықтан жылай бастады. Алайда оның әжесі осынау қасіретті

тығырықтан шығудың тамаша әдісін тапты. Оған өз туыстарының мінезқұлқы

мен талай сырлары да белгілі еді. Ақсақалдың айналасына әйгілі

болған сәнқойлығын және жұртта жоқ әдемі заттарға әуес келетінін де жақсы

білетін. Қонақ болса жуықта ғана бірнеше қой беріп айырбастап алған құрама

белдігінің күміс айылбасы мен құрама жапсырмаларын тамашалауға

шақырғандай болып, қайта-қайта түзеп қойып отырған.

128

Ақ Сарбаздың әжесі ақтық сөздің айтылар сәтін түп-тамырынан дәл

басып орнынан тез тұрған бойда сандықтың ішінен немересіне сыйлыққа

берілген баяғы тымақты шығарды. Өздеріне берілген бағалы сыйлық пен

қарттың қамқорлығына шын жүректен алғыс айта отырып, сыйға сый ретінде

бізден де мынау сыйлықты қабылдауыңызды өтінеміз, ‒ деп оған тымақты

ұсынды.

Еркектік мінезіне сай қонақ тымақты немқұрайды пішінмен қолына

алып, оның төбесіндегі өрнегін айналдыра бір қарап, өрттей құлпырған түгін

сипап көрді. Ақырында ол, бұл тымақтың осы жерлік сәннен өзгеше

тігілгеніне назар аударды. Тымақты жиектеген кезде шебердің әдейі

қалдырған, жалт-жұлт етіп құлпырған түлкі құйрығы, тымақтың желке

жағынан төгіліп, бөрікке ерекше бір әсемдік беріп тұрды. Бұл тымақ туралы

қарт бұрын да естіген болуы керек, бірақ дәл осы сәтте көргені түздің тарлан

серісіне ерекше әсер етті. Өзінің жасанды селқостығын зорға жасырып

отырған қонақ тымақты басына киіп, әжей ұсынған айнаға қарады.

Осынау салтанатты сыйлықты тезірек қабылдап, қойауылдың сыртына

шыға сала тымақты киіп алып, желе-жортып үйіне жетуге асығып отырғаны

және ауылдағы жұртты дүр еткізіп, бір тамсандырсам, шіркін, ‒ деген ойы

оның көздерінен-ақ білініп тұр еді. Әрине, ол өзінің қандай бұйымтаймен

келгенін есіне де алған жоқ. Алғысы келмегендей сыңаймен тымақты

қабылдаған ақсақал, оны бәйбішесі үшін әжейден сыйға тартылып отырған

орамалға ұқыптылықпен орап, қоржынына салды. Бұдан кейін ол мырзалық

көңілмен шаңырақ иелеріне қош айтысып жолға аттанды.

Осылай Ақ Сарбаз саһаралық дипломатияның тағы бір сабағын игерді.

Баланың Дала тіршілігіне сіңуі жалғаса берді де, есейе келе ол өз халқының

руханиетіне тереңірек үңіліп, бойына сіңіре бастады.

Өмір болса өзінің дәрісін жалғастыра берді ‒ көп ұзамай бала оның ащы

сабағының да дәмін татып, өміріндегі алғашқы айрылу қасіретін бастан

кешті.

Жазғы көшіп-қонудан кейін олар саманнан соғылған бірнеше үйлерден

тұратын малшылар ауылында қыстайтын. Осы жерде Ақ Сарбаз әкесі

соғыста қаза болған, өзімен жасы құрдас бір баламен достасты.

Ол ұяң, үндемейтін бала еді, әйтеуір Ақ Сарбаз екеуі мықтап дос болды.

Бір күш оларды бір-біріне тартып тұратын, сондықтан қыс достар үшін

білінбей тез өте шыққан еді. Бұлардың тіпті жазғы жайлауларының да

көршілес болуы кездейсоқ емес болатын, олардың киіз үйлері көктеуде де,

жайлауда да, тіпті күздеуге көшкенде де көрші қонды. Ақ Сарбаздың досы

жуырда ғана күйеуге шыққан үлкен әпкесінің отбасында анасымен бірге

тұрды. Қаза болған жауынгердің өзге балалары да бұл үйде тұратын, бірақ

шаңырақтағы жалғыз еркек кіндік осы бала болатын. Сол себепті, анасы да,

әпкелері де осы жалғыз ұлды алақандарына салып аялап өсірді, олардың

мейірімі мен қамқорлығы асып-төгіліп оның досына да төгіліп жататын. Ақ

Сарбаз да оларға бауыр басып, өз ұлдарындай болып кетті. Жылдың жаймашуақ

мезгілін достар жайлау маңындағы көл жағасында бірге өткізді, ал

129

қыста тағы да бірге, туған ауылдарында болды. Бірақ келесі көктемде олар

жайлауға бөліне көшті де, жаз бойы Ақ Сарбаз өзінің досымен күзде қалай

кездесетінін және алғашқы қар түсе салысымен тұзақ құрып, тамыздыққа

қурай жинайтынын, ал қыстың ұзақ кештерінде екеуі әжесінің Даламыздың

ұлы батырлары туралы айтатын аңыздарын бірге тыңдайтынын армандады.

Жаз бітпейтіндей болып ұзаққа созылды, Ақ Сарбаз болса досын әбден

сағынып жүрді, ақырында бұлар қыстаққа да көшіп келді. Бірақ досының үйі

бұл жылы өзге орында қыстап калған екен, сондықтан Ақ Сарбаз үшін

доссыз өткен бұл қыс тым суық әрі шексіз ұзақ болып көрінді. Оның көңілін

бір ғана үміт жылытушы еді ‒ ол өзінің досымен көктемде міндетті түрде

кездесетінін білетін, өйткені атасы немересіне досының үй-іштері жазғы

жайлауда оларға жақын қоныстанатынын айтқан.

Шынында да, көктемде бұлардың ауылының жанынан оның досының

отбасы көшіп өтті, алайда киіз үйлеріне ат басын тіреген қонақтардың

арасынан ол өз досын көре алмады. Атасы бұл кезде отарын бағып өрісте

жүрген, сондықтан қонақтарды әжесі қарсы алды. Апасының қайғылы

түрінен және көз жасынан Ақ Сарбаз түзеуге келмейтін бір ауыр жағдайдың

болғанын ұқты.

Бір-бірімен жылап көрісіп, дәстүрлі жоқтауын айтып шерін тарқатып

болғаннан соң ақырында досының анасы жылы шыраймен мейірлене Ақ

Сарбазға қарады да былай деді:

‒ Айналайын! Досыңнан айрылып қалдық. Досың, биылғы көктемде

өзендегі мұз ойылып, суға құлап денесіне суық тигізіп алды, қатты ауырды.

Ауырып әл үстінде жатқанда да ол үнемі сені сұрап, атыңды атап шақырумен

болды. Демі үзілер алдында есін жиып, үлкен ер-азаматтай бәрімізбен

қоштасып, туыстарына басу айтты. Соңғы өсиетін айтып ол өзінің мүлкін

таратты, ал саған, әулетіндегі жалғыз ер-азамат ретінде әкесінен мұраға

калған мынау бір затты беруді тапсырып кетті.

Осы сөздерді айтып, досының анасы Ақ Сарбаздың басынан аялай

сипап, оған түсті шүберекке оралған затты ұсынды. Қайғысы жанына тастай

батқан баланың көңіл-күйінде не болып жатқанын түсінген ана оны жұбата

бастады:

‒ Жә, жылама қарағым, берілме кайғыға! Досың өлген жоқ, ол атабабаларымыздың

аруақтары тұрып жатқан дүниеге қайтты. Біздің бәріміз де

бұл жалғаннан қайтқанда сол, өлмес жандар дүниесінде өзіміздің жақын

туысқандарымызбен жолығамыз. Барлығымыз да о жаққа қайтамыз және бірбірімізбен

кездесеміз!

Бұл, Ақ Сарбаздың өміріндегі ең қайғылы, әрі ретімен жалғасқан

айырылу-күйзелулерінің алғашқысы еді.

Омырауына дала жусанының ащы тұнбасын жағып баласын айнытатын

анадай, өмірдің өз рахатынан қалай түңілдіретіні оған әлі беймәлім еді.

Киіз үйдің ішінде жатып, шаңыраққа қарап ол, осы дүние мен атабабалары

аруақтарының дүниесін өмірге келтірген Жаратушыдан өзін

досымен кездестіруін тіледі.

130

Ақ Сарбаз ол кезде өзінің жетінші көктеміне қадам басқан еді. Өмірінің

жетіге еселі жылдарында ол бір рухани сатыдан келесісіне өту ахуалын

басынан өткізіп отыратынын әзірше білмейтін еді. Оның өміріндегі рухани

шапағаттануының ең қуатты жарқылдары ылғи осы кезеңдерде өтетін. Ақ

Сарбаздың досынан айырылуы да қалаға оралар алдындағы бірінші өтпелі

кезеңге дәл келді.

Тек даланың таза аурасында ғана ол өзінің қиын жолына дайындалу

кезеңінен өте алған еді. Ғарыш заңдары бойынша ол жаңа білім алуға және

қабаттас дүниелерге зиярат етудің ерекше артықшылықтарына құқық алды.

Сондықтан, бұндай айырылуларды ол уақытша ажырасу деп қабылдады және

ата-бабалар дүниесінде өзінің досын қайтадан жолықтыратынына сенетін.

Олар қайтадан, бірақ едәуір жоғары рухани деңгейде тағы да кездеседі де

бірге болады.

Қайғылы күн ешқашан бітпейтіндей болып көрінді. Ақырында қойын

айдап атасы да келді. Кешкі тамақ үстінде ол өзінің сол кездегі жалғыз ғана

немересімен үлкен адамдай сөйлесіп, жұбату сөздерін айтты. Әжесі,

жанындай жақсы көретін сүйікті немересінің көңілін сыйлап досының

аруағына бағышталған ас әзірлеген екен. Атасы төс қалтасынан бәкісін алып

ет турай бастады. Атасының қолындағы пышақтың жаныла-жаныла әбден

таусылуға айналған жүзіне қарап отырған Ақ Сарбаздың есіне өзі күндіз,

оңашада дұрыстап көріп алған, досының сыйлығы түсті. Атасы немересінің

қолынан гүлді шүберекке оралған затты алып байлауын шешті де, ішінен

ертегіден шыққандай әдемі бәкіні алды. Қола жапсырмасы бар, мүйіз сапты,

ұзындығы үлкен кісінің алақанынан аспайтын пышақтың сыртқы түрі көз

тартарлықтай еді.

Бәкіні ашып, атасы оның жүзінің өткірлігін тамсана бағалады да

табақтағы қалған етті рахаттана турап бітірді. Мұнан соң атасы бәкіні мұқият

сүртіп, бүктеп жапқаннан кейін ұқыптылықпен қабына орап заңды иесіне

қайтарды. Оның қолдарының аздап қалтырағанынан Ақ Сарбаз атасының өз

дәрежесіне лайық ұстамдылық танытқанымен қандай толқуда отырғанын

түсінді.

Атасының көне пышағының жұқарған жүзіне, тозып шытынаған сабына

қарап отырып, кішкентай Ақ Сарбаз саһаралық жомарттықтың заңдарын

орындау жолындағы өзінің алғашқы қадамын жасады. Бұл дүниеден ерте

қайтқан досынан қалған жалғыз естелігін ол қос қолымен ұмтыла созып

атасына берді.

Ол уақытта бұндай пышақ ақылға сыймас байлық болып есептелетін.

Немересінің мәртебелі сыйлығына көңілі елжіреген атасы оған ерекше

ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Таңертең атасы қоржынына жарма мен ұн толтырып, алдына бір қойды

өңгеріп алды да, осылардың бәрін жесір әйелдің ауылына жеткізіп тастады.

Атадан қалған жалғыз түяқ ‒ бұл дүниеден қайтқан баланың қырқын беруге

бірнеше күн қалғаны атасына белгілі еді. Даланың салты бойынша қайтыс

болған адамның отбасына қарымта сыйлық беруге болмайды, бірақ жесір

131

әйелдің үй-іші бастан кешіп отырған қиын жағдайда баласының қырқын

беруге жасалған бұл дәстүрлі көмек көршісінің намысына тимейтін қолғабыс

еді.

Ақ Сарбаздың атасы аз сөйлейтін тұйық мінезді адам болатын,

сондықтан немересінің де, онымен жақын қатарлас өзінің кішкентай

балаларының да тәрбие жағына аз араласатын. Бала-шағасы оны тек қана

кешке, ұйқыға кетердің алдында ғана көретін, өйткені таң ата салысымен

ертерек, балалар ұйқыда жатқан кезде ол отарын айдап, өріске апаратын

жолға шығып кететін.

Тек бір рет қана ол немересіне, бүкіл ғұмыр бойына оның есінде

сақталып қалған сөздерді айтты.

Бұл оқиға көктемгі жер қарайып, қыстақтағы балалар асық ойнауға

кіріскен кезінде болды. Ойынның бір сәтінде, көрші үйдің баласы

«асықтарды ұру ережесін бұзып ұттың» деген жала жауып Ақ Сарбаздан

ұтылған асығын тартып алуға ұмтылды. Жанжалдан төбелес шығып,

ересектердің содырларды бір-бірінен айыруларына тура келді.

Ақ Сарбаз өз ісінің дұрыстығына сенімді болатын. Неге екені белгісіз,

көршінің баласы оны көрген жерден-ақ ұнатпай, үнемі қағытып, мұқатуға

тырысты, сөйтіп жүріп ақырында ұтылып қалғанына іші удай ашып

ызаланған еді. Атасы немересін сабырмен тыңдап болғаннан кейін оған

былай деді:

‒ Тексіз біреумен таласқа түскенің жараспайды. Хан әулетінің ұрпағы

бұлай істемейді! Өз тегіңнің абыройы мен даңқын сақтап бұндай ерегестен

өзіңді жоғары ұста!

Болашақ Ғарыш Жауынгерін тәрбиелеу осылай жүріп жатты. Бірер

уақыттан соң Ақ Сарбаз атасының алдында өзінің игі істері арқылы

халқының қасиетті заңдарын қабылдап, бойына сіңіргенін дәлелдеп берді.

Кейіннен, есейіп, рухани дамудың биігіне шыққан кезде, Ақ Сарбаз

қазақтардың неліктен осынау физикалық дүниеге аз байланып, бұл жалғанда

өздерін қонақтай ғана сезініп өмір сүретіндігінің сырын түсінді. Қыр адамы

ғұмыр бойына жоқшылыққа төзіп, қиындыққа шыдап мал жинайды, бұның

өзін қыз ұзатып, келін түсіру тойына және өзінің асына хатым түсіруге

жинайды. Осылайша қазақтар өз кармасын барынша жеңілдетіп қабаттас

дүниелерде жедел өрлеуге қол жеткізетінін Ақ Сарбаз ұқты. Сәби

тыныштығын бұзбаймын деп өнерпаз өзінің бір киер сәнді тымағын қиып

тастап кеткені оның есіне оралды. Ал жесір ана болса, одан да жоғарғы

салттықтың игі ісін жасады. Ол баласының өсиетін орындап, досына

пышақты өз қолымен әкеп табыс етті. Көктемгі жұтаң мерзімде ашыққан

отбасына ұн мен ет қаншама қажет болса да ұлының пышағын саудаға салған

жоқ. Тіпті солай істесе де ешкім оған кінә таға алмас еді. Жалғыз ұлының

соңғы аманатын жерге тастамаған аяулы ана қайран халқының қарапайым

заңын бұлжытпай орындады.

Осылайша болашақ Ғарыш Жауынгері түздің тұрғыны үшін мәңгі

рухтың аумалы материядан қаншама биік екендігінің нақты дәлелін алды.

132

Балалық дәурен жарқ етіп өте шықты да кішкентай Ақ Сарбазға Алматы

түбіндегі шағын ауылда тұратын ата-анасының қолына қайтатын кезі де

таяды. Бұл 1949-шы жылдың күзі еді. Жолға шығардан бұрын жеті жасар Ақ

Сарбазды Жоғары Күштердің үкімімен руының үлкен ақсақалы тегіне сай

дәстүрмен физикалық дүниеде әлі АЙҚЫНДАЛА ҚОЙМАҒАН рухани

патшалықтың тағына тағайындау рәсімін орындап, оған:

‒ халқыңның қорғаны бол,

‒ кез келген ісіңді аяғына дейін жеткізуге ерікті бол,

‒ тек қана беруші бол және қос қолыңмен беретін бол,

‒ қажет болса, туған халқыңның қарызын өтеу үшін жаныңды құрбан

етуге дайын бол ‒ деп, батасын берді.

Бұл, киелі дәрежені иеленуіне бата беру және рухани патшалық тағына

тағайындау рәсімі өте кұпия жағдайда өтті, бұған тек ең жақын туыстары

ғана қатысты. Жоғары Күштер өз құпияларын мұқият сақтайды. Жердің

аман қалуының соңғы үміті ‒ Ғарыш Жауынгері болып белгіленгендіктен Ақ

Сарбаз, коммунизм насихатшылары тарапынан: оңбайтын надан, пайдасыз,

арамшөп іспетті ‒ деп, толығымен құртылуға кесілген халықтың ішінде туды.

Қазақ халқы тағдыр тәлкегіне ақырына дейін көнді, өзінің генетикалық

корының басым да, асыл бөлігінен айырылды. Халықты түгелдей азып

кетуден сақтағаны, оның жүрегіне жазылған ‒ халқын құрсаудан босатып,

жарық дүниеге алып шығатын АРМАНЫ ‒ Ұлы Сарбазына деген өшпес

сенімі ғана еді.

Ұлы Ғарыш шайқасына дейін түнек күштеріне танылмауы үшін Ақ

Сарбазға қарапайым бет әлпет пен тым күшті емес дене берілді.

«Ең әлсіз ‒ ең күшті» ‒ дейтін кармалық қағида осылай жүзеге асты.

Саһараға апарғандағыдай жеті жасар Ақ Сарбазды Алматының

іргесіндегі поселкеге күздің аяғында әкелді. Бұл жерде ол жаңа тәжірибе

жинақтаудың қатал мектебінен өтіп, бұрынғы ғұмырларынан қалған

кармалық қарыздарын өтеуге міндетті еді.

Түзде Ақ Сарбаз өзімен тек қана қайырымды кармалық

байланыстағылардың арасында болған. Ал енді, қала іргесінде, мектептегі,

көршілерімен арадағы жалғасып жатқан қайырымды байланыстарымен қатар

оған өзімен ұнамсыз кармалық байланыста тұрғандармен де бетпе-бет

кездесуіне тура келді.

Кішкентай Ақ Сарбаз жаңа ортаға тез үйреніп алып, бірнеше айдың

ішінде орыс тілінде еркін сөйлейтін болды.

Ол қайтадан қаланын іргесіндегі көп ұлтты поселкенің балаларының

ішіне сіңіп кетті де олардан ештеңесімен ерекшеленбеді. Көзге ілінбес

бірыңғай поселкелік балалардың ішінде болашақ Ғарыш Сарбазының жүруі

мүмкін деп түнекшілер сірә ешқашан да ойламаған болар.

Сонымен, Физикалық дүниеге сіңіп кетуші деп аталатын оның бірінші

жетіжылдық циклы басталды.

133

Бірінші цикл

Физикалық дүниеге сіңіп кетуші

Ақ Сарбаз қалаға кетсе де, Даламен арадағы байланысы үзілген жоқ.

Қалаға келген жақын-жұрағатының бәрі Ақ Сарбаздың әке-шешесіне сәлем

беріп кіріп шығатын. Ал ата-әжесі жылына бір рет күзде қалаға мал айдап

келеді. Ақ Сарбаз келгендерден өзінің иті жайлы сұрастырар еді.

Атасы оған Ақтөстің аман-есен екенін, бұрынғыдан да күшті болғанын,

маңайда өзімен теңдесер иттің жоқтығын айтады. Бұл кішкентай Ақ

Сарбазды әрдайым қуантатын және ол атасына тапсырып өзінің досына

кәмпит пен тоқаш беріп жіберетін.

Уақыт өте берді. Атасы тағы да қалаға мал айдап келді. Ақ Сарбаздың

иті туралы сауалына жауап қатпады. Тек кетерде ғана Ақтөстің өліп

қалғанын естіртіп, немересінің көз жасын көргісі келмей жолға тезірек

аттанып кетті.

Келесі көктемде бұлардың ауласына бір сары күшік келіп кірді. Иттің өзі

келіп, үйі мен иесін таңдап алғаны ‒ тағдырдың бұйрығы болып саналады.

Осылай, кішкентай Ақ Сарбаздың өмірінде екінші ит пайда болды да, оған

Ақжол деп ат қойды. Күзде қалаға мал айдап келген атасы өсіп қалған

Ақжолды көрді. Ең әуелі иттің азуы мен аяқтарын бажайлап қарап шығып

көзінің үстіндегі екі ақ белгіге назар аударды:

‒ Бұл да көне тұқым болмағанымен қорушы болуға әбден жарайды, ‒

деді.

Ақтөс сияқты бұл күшік те Ақ Сарбазды ием деп таныды. Ойынға барса

да, өзенге шомылуға жүгірсе де, қожасынан бір елі қалмайтын. Елеусіз жүріп

ол кеуделі, сіңірлі, қайсар мінезді барақ ит болып өсті. Қаланың аула

күзетуші иттерімен таласқанда Ақжол өзінің анық басымдылығын дәлелдеп

ойсырата жеңуші еді. Ақ Сарбаз өз досын мақтан тұтатын.

Ол кезде поселкеде дуал қою әдеті жоқ еді, тіпті дуал тұрғызатын тақтай

да табылмайтын, себебі бір тілім қарағайдың өзі үй құрылысына

жұмсалатын. Иттер түнде шынжырдан босатылып аула мен бақшаны

күзететін еді. Соғыстан кейінгі мазасыз уақытта әр үй үшін қорушы ауадай

қажет болды. Сөйтіп Ақжол отбасының бір мүшесіне айналды.

Елді мекен үлкейе берді. Жаңа тұрғындар иттің түрлі тұқымдарын алып

келді, ақырында ауылда тайыншадай шығыс еуропалық овчарка пайда болды

‒ бұны демалысқа шыққан әскери адамның отбасы әкелді. Иттердің амалсыз

талас-тартыстары басталды. Жаңа келген ит поселке иттерінің «элитасы»

болып танылған ұрыскерлерінің зәресін ұшырды. Ақжолды жекпе-жекке

шығару үшін Ақ Сарбаздың құрбыластары оны үгіттей бастады. Ақжолдан

әлдеқайда ірі овчарканы көріп жүретін Ақ Сарбаз өз досы үшін қобалжулы

еді, бірақ соған қарамастан шайқас басталды.

Бұл Ақжолдың ең ауыр жекпе-жегі болды. Қарсыласының физикалық

күші басым болатын және алғашында одан анық асып тұрған еді. Ақжолдың

134

мойны мен құлақтары қан жоса болса да, ол тегеурінге төтеп берді және өз

ауласы мен көшесі үшін келімсекпен соңына дейін шайқасуға дайын еді.

Шетелдік ит оны өзінің салмағымен баса берді, бірақ та Далалық төбеттің

жауынгерлік рухы Батыстың асыл тұқымының сапасынан биік болып шықты.

Жалғаса берген шайқаста өркениетті қарсыласынан теңдессіз төзімді екендігі

анықталды – овчарканың қалжырап алқына бастағаны көзге түсті, ал Ақжол

болса, енді ғана бусанып, жақсылап қыза бастаған еді.

Ақырында Ақжол, адам аулауға ғана әбден дағдыланған және иттер

жекпе-жегіне шығуға тәжірибесі жоқ шекарашы иттің әлсірегенін сезген еді.

Ақжол өзінің қарсыласын шапшаң шыр айнала бастап, біресе бір жаққа,

біресе екінші жаққа кенет бұрылып, сонымен қатар ерекше осал тұстарына

кірш еткізіп өткір азуын аямай батырды.

Ақжолдың шеңберлері шабуыл шебін өзгерте отырып, біресе

шиыршықтала, біресе тарқатыла берді де, ақырында ол иықтан кеудемен

қақырата ұратын әйгілі соққысын қолданды. Овчарка жауырынына

аударылып құлады және, егер Ақ Сарбаз Ақжолды тежеп алып кетпесе,

қарсыласының күні бітер еді.

Кеудемен иықтан ұрған соққы мен жеңілген жаудың жалынышты

қыңсылы Ақ Сарбаздың санасында баяғыда Саһарада өткен, балалық

шағында болған бір жекпе-жектің елесін оятты. Онда әлі жас Ақтөс кеудемен

ұрып ауыл иттерінің көсемі ‒ алпамсадай кәнігі төбетті алып соққан еді.

Кейін Ақ Сарбаз бұл оқиғаны ұмытып кетті. Ақжол білінбей қартайып

барып өлді. Ақ Сарбаз болса сезімі мен түйсігіне, ақылына ғана сенетін

бозбалалық шаққа жетті.

Аулада иттің болғанын тәуір көретін дәстүрге сай, Ақ Сарбаз иттің түрлі

тұқымынан күшіктер асырап көрді. Біреуін көшеден тапса, басқасын арзан

бағаға сатып алды, ал енді бірін тұқым-шежіресі толығымен жазылған

құжатына қоса қымбатқа сатып әкелетін, содан кейін торыққан Ақ Сарбаз

достарынан оған күшік тауып беруін өтіне бастады. Бірақ бәрінің нәтижесі

біреу ғана еді. Асыраған күшік өсе келе иттердің көктемде басталатын

ойындары кезінде жоғалып кететін. Осылайша он жыл өтті, өлген ұлы Иттің

рухы аулаға басқа иттерді жібермей тұрғанын, сол себепті оның Өзінің

қайтып келуін күту керек екенін әжесі немересіне ұғындырған болатын.

Ол кезде Ақ Сарбаз Ғарыш заңдарынан бейхабар болатын және өзінің

жай адамға тән ауыр кармалық қарыздарын өтеу үстінде еді. Енді оның карма

шиыршығы бірнеше орам жасап үлгірді, тындырған қайырымды істері де

көбейді.

Бір күні үйіне қайтып келе жатып поселке шетіндегі қарамай

шалшығына батып жатқан ақ күшікті көзі шалды. Күшіктің жабысқақ

шалшықтан шыға алмай әбден қалжырағаны байқалады. Адам баласын

көргенде ол өзінің ит тілінде көмек сұрап жалбарынды.

Ақ Сарбаз шалшықтың шетіне жақындап күшіктің көзіне қарағанда

таныс әлдене жалт еткендей сезімде болды. Әсіресе ақ күшіктің қабағының

үстіндегі қара ноқаттар көзіне оттай басылды.

135

Шалшық аумақты жерді алып жатқандықтан күшікке жету үшін Ақ

Сарбаз бірнеше тас төседі. Күшікке енді жетіп көтере бергенде аяғы тайып

шалшыққа түсті де кетті. Аяқ киімін шалшыққа қалдырып олжасын газетке

орап кеудесіне қысқан күйде үйіне жалаңаяқ қайтты. Күшік өзіне тым ұзақ

емес өткен кезден өте таныс иісті сезіп, иесін қайтадан таныған еді.

Үйіне келіп Ақ Сарбаз күшікті тамақтандырды да күйіп қалған қарны

мен аяқтарына тотияйын жақты. Күшік оны жалаймын деп кішкентай

тұмсығын көк дәріге былғап алды. Алайда оның бұдан кейінгі қылығы бұл

кезде ақыл мен қисынға ғана сенетін Ақ Сарбазды танымының дұрыстығына

күмәндануына мәжбүр етті.

Жан-жағына қарап алған күшік кері қайтып дарбазаның түбінде бұрын

да тұрған таныс үйшігіне кірді де төсеніш үстіне жатып алды. Бүкіл

жатысынан оның ақыр соңында өз ауласы мен өз үйіне жетіп, өз иесін

тапқандығы көрініп тұр еді.

Оған ат қоюға тиісті болған Ақ Сарбазға күшіктің ақ түсі түрткі болып,

ол оны Ақбас деп атады.

Бұл кезде поселкенің бос жерлерінің бәріне жарасымды үйлер салынып

дуалдар тартылды, жұрт енді сақ құлақ иттерді ұстайтын болды, тіпті

экзотикалық иттерді де асырау сәнге айнала бастады.

Ақбас өсе келе әдемі, дене бітімі дұрыс қалыптасқан күшті итке

айналды, бірақ оның бойындағы агрессивтігі едәуір азайған еді. Ақ Сарбаз

оның мінезінен итке мүлде тән емес ерекшелікті байқады – Ақбас панасыз

иттерді ертіп әкеліп, оларды өзінің аяғынан тамақтандыратынды шығарды.

Таңертең жиі жағдайда оның үйшігінен бірнеше иесіз иттер шығып жүрді.

Аула мен тамақ, үйшік, иттің бөлінбес еншісі болып табылады. Сол

себепті Ақтөс пен Ақжолдың мүрагерінің мінезіндегі бұл өзгерістер, егерде

бұл үшеуі бір ит болса, осы үш ғұмырының ішінде жылдам дамып айуан

жолынан бас тартып өз бойында жаңа қасиеттер қалыптастыра бастаған

деген ойға жетеледі. Ақбас өзінің жауынгерлік қасиеттерін жоғалтқан жоқ

және оны сиректеу болып тұратын жекпе-жектерде дәлелдеп те жүрді. Өзінің

тұрқының шағындығына қарамастан ол едәуір биік дуалдардан қарғып өте

беретін.

Ақбастың карма спиралі тағы да шиыршықталды да, ол өзінің бұрынғы

жекпе-жегін тағы да қайталады. Бірде оның ауласына көрші көшеден

тайыншадай ала ит ‒ шетелдік дог келіп кірді де Ақбастың қол астындағы

иттерді қуалай бастады. Өз көшесінде қожалық етіп үйренген Ақбас догқа

дүрсе қоя беріп оған өзінің кеудемен ұратын әйгілі соққысын қолданды. Сол

сәтте, барлық өмірлерінде бірінші рет алып иттің тегеурінінен кері серпіліп,

құлай жаздап бойын әрең түзеді. Бірақ биік рухы қорқу дегенді білмейтін

Ақбас қайтадан шабуылға шықты. Зәр шашқан дог оған қарсы атылды. Ақбас

екпіндеген күйі оның бауырына кіріп кетіп жұқа шабына өткір азуын салды.

Ауыр жарадан есі шыққан дог майдан алаңынан безіп шықты.

Осының барлығын бақылап тұрған Ақ Сарбаздың, бір иттің өзіне

үшінші рет келіп тұрғандығына ендігі жерде ешқандай күмәні қалмады.

136

Ақбас қым-қуыт ұлан дәуренін сүрді. Кемеліне келгенде үлкен атақ пен

абыройды иеленді. Қартайғанда ол әбден алжып көзі көрмейтін, құлағы

естімейтін болды. Тіпті өз адамдарына да үріп қоятын. Ұмытпағаны –

Иесінің ИІСІ ғана.

Бұл, Ақ Сарбаздың Ғарыш Шайқасына қатысып үлгірген, өзінің өткен

ғұмырларын білетін және көрегендікке ие болған кезі еді. Бірде ол Ақбас пен

оның достарының әңгімесін анық естіді. Олар өз тілінде Ақбастан:

‒ Иеңе үлкен ризашылық нышанын көрсетесің бе? ‒ деп сұрады.

Ақбастың шынжыр мен қарғыбауды білмей өткен азат өмірі иесінің

мейірбандығын, жақсы асырағанын дәлелдейтін, сондықтан Ақбас

тұқымдастарына, иттің иеге деген ерекше құрметінің дәстүрлі белгісі

бойынша, өз өлімін қожасына көрсетпейтінін білдірді.

Жаздың демалыс күндерінің бірінде Ақбас Ақ Сарбаздың аяғына

тақалып ұзақ жатты. Сәлден соң оның қолын жалап, келесі кездесуге дейін

есіне сақтағысы келгендей иесін ұзақ иіскеледі. Артынша орнынан ақырын

көтеріліп, шайқастың бірінде жараланған алдыңғы оң аяғын сылти басып,

көшемен төмен қарай жүре берді. Бұрылысқа жеткенде ол артына бұрылды.

Көшесіне, үйі мен иесіне ұзақ қарап тұрды да, ақырында бұрылысты айналып

көзден ғайып болды. Бұның мәнісін Ақ Сарбаз бірнеше апта өткеннен кейін

барып білді. Ақбастың ауыл сыртындағы сайлардың біріне өлуге кеткенін,

енді оны күтудің керегі жоқтығын түсінді.

Содан кейін хикімет тағы қайталанды ‒ Ақ Сарбаздың ауласына он жыл

бойы ит тұрақтамады.

Ақтөс-Ақжол-Ақбас өзінің иесіне қайтып келе ме? Мүмкін Ақ Сарбаз

бұл жалғандағы қалған ғұмырын, өз эволюциясындағы ерекше қасиет ‒

Иесіне деген АЙНЫМАСТЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚТЫ дамытқан төрт аяқты

досынсыз өткізер. Ол тек осы қасиетінің күшімен Жаңа Әлемнің түрлі

тұзақтарынан аман өтіп, Эволюцияның келесі Айналымында өзінің Иесімен

енді Саналы Тіршілік Иесі ретінде кездесетін болар.

Ғарыш Заңдарына сәйкес, туыстас рухтардың арасындағы байланыс

үзілмейді және Ақ Сарбаз қай кияға шықса да өзінің Иті үшін Биік Тіршілік

Иесі болып қалады. Өз досымен бұдан да биік деңгейлерде кездескенде Ақ

Сарбаз оған келесі планеталық айналымдағы бұдан да күрделі және қиын

өмірінде жәрдемдеседі.

Шамасы, Ақбас құлдардың көсемі және ақын, жауынгер және саяхатшы,

немесе ғұлама философ болар, ғұмырының аяғында Өз Итін күтер ‒ сөйтіп

осылай шексіз жалғаса бермек. Данте бұл жол жайында анық біліп, өзінің

«Құдіретті комедиясында» астарлап айтып кеткен:

101. ...бірақ та айбынды

102. Ит жетіп, күйрер сонда Зұлымдық.

(Бірінші жыр)

137

Ақ Сарбаздың мектептегі өмірінің соғыстан кейінгі жылдарда өскен

балалардың дәуренінен ешқандай айырмашылығы байқалмады.

Ақ Сарбаз оқыған поселкелік орыс тілді мектепте коммунистік оқу

ағарту жүйесімен сыйыспай жер аударылып келген мұғалімдер болды. Олар

негізінен оқыту әдіс-тәсілдері мен ойлау танымдары стандарттан тыс, ой

өресі биік, өздерінің маңдайына жазылған ісіне айнымай берілген адал

адамдар болатын.

Бұл мектепте классикалық музыкадан сабақ оқытылып, кештер

ұйымдастырылатын, орыс және шетел әдебиеті классиктерінің шығармалары

бойынша сахналық қойылымдар өткізілетін.

Ақ Сарбазды мектепте көбінесе тарих пен әдебиет қызықтыратын. Осы

пәндерден сабақ берген ұстаздарының арқасында Ақ Сарбаздың мектептегі

алған білімінің деңгейі өте тамаша болатын ‒ ол, гуманитарлық та, дәл

пәндерді де бірдей үздік оқып, игерген еді.

Мектепте кішкентай Ақ Сарбазға оның өткен ғұмырларындағы бұрынғы

есімдерін атап айтқан тарих пәнінің Ұстазы берілген болатын. Ол кішкентай

Ақ Сарбазға оның бұрынғы есімдерін айтып берді. Қарапайым ауыл мұғалімі

‒ ежелгі дүние тарихының сабағын бергенде, ол ‒ сол оқиғаларға өзі

қатысқандай баяндап беретін.

Бұл әсерлер Ақ Сарбаздың астарлы түйсіктерінде Ұстаздың әдеттегіден

тыс түр-тұрпатынан күшейе түсетін. Ол маңғаз, ірі денелі, әппақ қардай ақ,

сәнді, қайратты ұзын шаштары бар, мейірімді көк көзді адам болатын, және

есімі де таураттық ‒ Гавриил еді.

Оның сабақтарында сілтідей тыныштық орнайтын ‒ тіпті ең шектен

шыққан тентектер мен жалқаулар да, демін ішіне тартып, оның ғажап

ертегідей әлемдеріне сіңіп кететін.

Иығындағы сұр түсті, тозыңқы мұғалім халаты бейнелі қимыл үстінде

біресе перғауынның киіміне, біресе жауынгердің сулығына, немесе римдік

тогаға айналатын, ал меңзегішін семсердей сермеп, найзадай нұқып ары-бері

сермеп, өзінің оқушысының сана астарында көне заманғы оқиғалардың

қатысушысындай күйге түсіретін мазаң естеліктерді тудырған еді.

Ұстаз өзінің сүйікті каһармандарын әңгімелегенде ерекше шабытқа

енетін. Ақ Сарбаз, реформатор-перғауын Эхнатонның «Күнге арналған

гимнін» осы кісінің аузынан бірінші рет естіген еді. Спартандықтардың

патшасы Леонидтің қасіретті тағдыры әсершіл баланың жанын терең

тебіреніске түсірді. Ұстазымен бірге ол Ескендір Зүлкарнайынның

жорықтарына катысты, Аристониктің күн қаласын салды, құлдардың

көтерілісі мен Спартактың ақырғы шайқастағы өлімін нақты сезініп,

қайтадан басынан кешті. Осы әсерлердің барлығы кейіннен Ақ Сарбаздың

өткен заманнан басты есімдерін есіне түсіруіне көмектесті, ал әзірше ол

физикалық дүниеге бурынғысынан да тереңірек сүңгіп жаңа тәжірибе

жинақтауын жалғастыра берді де, ақыр соңында өзінің екінші айналымына

Адасушы ретінде келіп енді.

138

Екінші цикл

Адасушы

Қыр халқының туыстық ара-қатынасы қашанда берік. Ақ Сарбаз

мектепте оқыған кезінде жазғы каникулда көптеген ағайын-туыстарына жай

демалып қайтуға Дала төсіне жиі баратын, ал кейіннен, студенттік шақта аң

аулаға да шығатын.

Міне, осы кезде ол, Түздің төрінде ғана ашылатын ‒ өзінің ерекше

қасиеттерін сезе бастады. Бұл кейініректе оны, ерекше жауапты шешімдерді

қабылдау алдында, өзінің міндетті түрде Қырға шығып, халқының арасында

болып қайтатынына әкелді.

Өзінің рухани өрлеуіне қажетті жаңа білім мен өкілеттер алу үшін Биік

Дүниелермен байланысқа шығуына мүмкіндік беретін ұлы даланың таза

аурасынан ерекше күш алатын.

Алғаш ретте, әуелі бозбала кезінде, Ақ Сарбаз өзінің кармалық

спиралінің Дала төсінде тез шиыршықтала бастағанын байқады.

Ақ Сарбаз алғаш рет Саһараға аң аулауға апатайы және нағаш ағасы

тұратын ауылға келген болатын. Ақ Сарбазбен бірге қазақ халқына

құрметпен қарайтын және Дала халқының арасында біраз болып қайтуға

курстас досы да келген еді.

Ақ Сарбаз досы екеуі алдымен ауыл маңында аңшылық құрды. Қонақ

үшін бұл қызық саят, ал Ақ Сарбаз үшін балалықтың бал дәурені өткен

мекенге, шомылған өзеніне, балалардың суықтан тоңғанда көктемгі күннің

шуағына жылынатын ыстық шағылдарына қайта оралуы еді.

Ауыл жанындағы аңшылық олжаға онша бай бола бермейді. Алайда

олардың қоржыны құр қайтқан күні болған жоқ. Аптаның аяғында

қойшыларға қыстау салып жүрген нағашысы қайтып келіп, бәрінің таңертең

алыстағы көлдерге аттанатынын, нағыз аңшылықтың не екенін сонда

көрсететінін мәлімдеді.

Таңертең ерте, үшеуі поселкенің ортасына, ауылдық элитаның

аңшылары жүк машинаға отырып енді жүргелі тұрғанда келді. Жылжи

бастаған машинаға жүгіріп жетіп шанақтың артқы жақтауынан ішіне секіріп

мінді де жолсеріктерімен сәлемдесіп, отыратын ыңғайлы жер іздей бастады.

Аңшының жіті көзімен жолаушыларды шолып өткен Ақ Сарбаз олардың

қаруының сай екенін, кейбіреуінде тіпті бұл өңір үшін таңсық құлақсыз,

қосауыз мылтықтың бар екенін байқады. Киімдері де үйлесімді ‒ барлығы

кенеп күрте мен аңшының ұзын қоныш етігін киген. Машина қорабының бір

бұрышында аңшылық жабдық пен балықшының ауы, бір жәшік шарап пен

сыра, бір дорба тұз тұр, тіпті қазан-ошағына дейін бар. Қысқасы, жарақтану

деңгейлері өте жоғары еді.

Бұл салтанатты көрген Ақ Сарбаз өзінің мақталы сырмасы мен керзі

етігінен ұялды, аңшылардың арасында сирек кездесетін, оқпаны тозған ескі

мылтығын алысырақ тығып тастады. Кенет, аңшылардың капюшоны бар

139

брезент сулық киген біреуі қораптан асыла еңкейіп, жүргізушіге белгі беріп

машинаны тоқтатты да, қайдағы бір бұратаналарға деген жиіркенішін

жасырмай, өздерінің таңдаулы қоғамынан бұлардың аулақ жүруін қалайтын

уәж көтермес сыңаймен, машинадан түсіп қалуын талап етті.

Нағашы ағасының өтініш-дәлелдері ешқандай әсер етпеді ‒ бұлармен

бірге қонағы келе жатқандығы, бұл ‒ Дала қонақжайлығын бұзу болып

саналатындығы ‒ мұнын бәрі келімсектер үшін бос сөз еді. Бұдан кейін сөзге

Ақ Сарбаз араласты ‒ үш адамның машинаға ауыр жүк болмайтындығын,

оның үстіне көліктің қоғамдық екенін естеріне салды. Алайда олар илікпеді,

тіпті нағашы ағасының ‒ тым болмаса жарты сағаттан соң жолға тастап

кетіңіздер, олжаларыңызға ортақ болмаймыз ‒ деген сөзіне де құлақ аспады.

Ақырында әбден қорланған ағасы машинадан секіріп түсті де Ақ Сарбаз бен

оның досына түсуді бұйырды. Қаһарына мінген Ақ Сарбаз кетіп бара

жатқандарға:

‒ Қарғалар мен сауысқандарды және бос құмыраларыңды олжалап, құр

қол қайтыңдар! ‒ деп аңшы үшін ең сұмдық болып саналатын тілегін айтты.

Ал олар жауап ретінде ‒ қалып бара жатқандардың киімін, жарағын,

әсіресе олжаға арналған үлкен иыққаптарын келеке қылды. Машина

бұларды шаңға көміп алға оза берді, ал шанақтан:

‒ Бізге де ататын аң қалдырыңдар! ‒ деген келемеж күлкісі мен әжуа

тілектері естіліп бара жатты.

Алыстап бара жатқан машинаға ойлана қараған ағасы: ‒ Алыс көлдерге

бүгін барудың да керегі жоқ шығар, себебі күн қанқызыл болып атты ‒ көп

ұзамай батыстан суық және қатты жел соғады, ‒ деді.

Қыр адамының көпшілігі сияқты, оның да жан дүниесі ойшыл болатын,

күйбең тіршілікті жек көретін, шақырмаған жерден аулақ жүретін және

жазмышқа сенетін.

Ал Ақ Сарбаз бұл кезде әділеттік туралы өзінің ғана түсініктерін

мойындайтын. Машинаны қайтар жолда тосып алып дөңгелектерін атқылап

теспек те болды. Алайда нағашысы жиеніне басу айтып аң аулаудың жаңа

шешімін ұсынды ‒ яғни қалыңға тіке беттеп жол бойы аң-құс ату керек.

Ортада өзі, Ақ Сарбаз бен досы қапталдай жүреді. Құсты ең жақын жүрген

адам атады – деп шешті.

Мылтықтарын оқтап шеп құрған бұлар нағашысына бала кезден таныс

аңшы соқпақтарымен шағылдар арқылы алға жылжыды. Небәрі жарты-ақ

сағаттан кейін басталған саят Ақ Сарбаздың барлық ренішін ұмыттырып

жіберді. Аңшылық қызуымен жүріп бұлар жағасында сырбаз қырғауылдар

үйірімен өріп жүрген кішкентай өзені бар тоғайлы сайға қалай жеткендерін

де аңғармай қалды.

Осында Ақ Сарбаздың қырғауыл атуының бірінші аңшылығы басталған

еді – мұнда ол бұта арасынан ұшқан құсты қағып түсіруде кірпік-қағыс сәтті

жібермей мылтықты тіреусіз көтере атудың кереметін таныған болатын.

Тоғайдың ішінде ол алысқа ататын ірі калибрлі беделді маркалы ауыр

шетелдік мылтыққа қарағанда, бытыраны кең шашатың қысқа оқпанды

140

қарудың артық екенін пайымдады. Жеңіл мылтықты тіреусіз көтере ату

кезіндегі оның қатты тепкісін сездірмейтін мақталы сырма, керзі етік және

тізесін былғарымен қаптаған ыңғайлы шалбары үшін нағашысына дән риза

еді.

Патшалар тұқымынан тарайтын Ақ Сарбаздың генінде тумысынан

аңшылыққа деген құмарлық кодталған, өйткені баһадүр бабалары соғыстан

бос уақытта жауынгерлік машығынан айрылып қалмас үшін үнемі аңға

шығып отыратын.

Қонақтарының аңшылыққа жан-тәнімен кіріскеніне қарап ағасы өз

міндетін ойдағыдай атқарғанын мәлімдеді. Астанадан келген туысын

қонақжайлықпен қабылдаған қожайын ретіндегі миссиясын қорытындылап,

ол бауырларына арнап патшалар жейтін тамақ әзірлеуге кірісті.

Ол әуелі отты лаулатып жақты, содан соң ең ірі екі қырғауылды таңдап

алып ішек-қарнын алып тастады да, әрқайсысының ішіне бір-бір шөкім тұз

салды. Содан кейін құстарды қауырсындарының үстінен айналдыра балшық

жағып, алау ортасынан шұңқыр қазып, соған салды. Шұңқырды көміп, үстіне

шоқ ысырып ағаш қалаған соң, кешке дейін үзіліс жариялады.

Бұл кезде күн тас төбеге көтеріліп, құс біткеннің бәрі бұтаның

көлеңкесіне тығылып қалған. Аңшылар да қатты шаршаған еді. Қонақтар

өзенге шомылып салқын жерге олжаларын ілгенше тамақ та даяр болды.

Нағашысы оттың күлін бір шетке ысырып, қуырылып қалған құс етін суырып

алды. Содан кейін шаттана жымиып саз қабыршақтарын сындырды.

Қауырсыны мен терісі сазбен бірге сыпырылып түсті де түйе жапырақтан

жайылған дастарқан үстіне буы бұрқыраған әппақ ет түсе қалды. Бұл еттің

дәмін Ақ Сарбаз ешқашан ұмытпайды.

Ұзаққа созылған аялдан кейін нағашысы саятты жалғастыратындарын

хабарлады, себебі күн батуға еңкейді ‒ енді құс қанатын түзейді. Солай

болды да. Шеп құра жылжыған аңшылар бұтаны сүзіп, барлық оқтарын

жұмсап жарты сағатта мол олжаға кенелді. Үш үлкен иыққап олжаға лық

толғандықтан ауылға жетуге шама қайда, жүргінші көлік кездесер ме деген

үмітпен олар жолға шықты.

Аңшылар ақырындап үздік-создық жүріп келеді. Алда Ақ Сарбаздың

басқалардан гөрі күштілеу досы, ортада Ақ Сарбаз, ең соңында асықпай

нағашысы келе жатты. Ол артынан жақындап қалған машинаның шуылын

естіді де көлікті тоқтатты.

Биік шанақты жүк машинасы жүрісін тежеді. Капюшоны бар кенеп

сулық киген адам шанақтан еңкейіп Ақ Сарбаздың нағашысының иыққабын

алды, ал қасындағылардың біреуі көтерілуіне көмектесті. Ақ Сарбаз,

нағашысын бай олжамен олардың құттықтап жатқанын естіді. Ал, Ақ

Сарбаздың олжасын көтеріп алғанда, олардың жаңағы қошеметі таңданысқа,

ашық қызғаныш пен кейістікке айналды. Ал үшінші иыққапты екеулеп әрең

көтеріп салған кезде олардың үндері мүлдем өшіп зілді тыныштық орнады.

Машина ауылға қарай жылжыды да Ақ Сарбаз серіктерінің жүзіне қарап

отырып оларды шырамытқандай болды. Әсіресе кенеп сулықты кісі таныс.

141

Машина шанағының бір бұрышына бекітілген жәшік, дорбадағы тұз,

балықшының ауы және кәстрөл мен примусты көргенде оның барлық күмәні

сейілді. Бұның баяғы сол машина екені, отырғандардың бұларды азанда

соншама қорлап тастап кеткен адамдар екені айдан анық еді. Түстері

бұзылып, көздерін тайсақтатып ала қашқандарына қарап Ақ Сарбаз бұлардың

жолы болмағандарын ұқты. Машина шанағына зер сала көз тіккенде бір

қаптың түбінде болар-болмас олжа жатқанын, ал қалғандарының бос екенін

байқады.

Ақ Сарбаздың тілі студенттік ортада адамды жер қылатын асқан

уыттылығымен ерекшеленетін. Кегінің қайтқанын көріп, көңілі марқайған ол,

түк білмеген адамдай әлгілерді әңгімеге тартып, олжаларын қайда

жасырғандарын сұрады.

Өздерін машинадан түсіріп кеткен кісі, көлде қатты жел тұрып, үйректің

ұшпағанын, бар болғаны екі шүрегейді олжалағандарын міңгірлей баяндады.

Отырғандардың бағына орай Ақ Сарбаздың кекесінді толғауы ұзаққа

созылған жоқ. Әп-сәтте машина межелі жерге жетті де жүргізуші сәл

қиыстап, жолы болған жүргіншілерді ауыл шетіндегі нағашысының үйіне

жеткізіп тастады.

Қоштасарда ағасы жүргізушіге мол үлес ұсынды ‒ бұл Ақ Сарбаз үшін

түсінікті еді ‒ бірақ нағашысының бұдан кейінгі қылығына қайран қалды.

Нағашысы машинада отырғандардың әрқайсысына, тіпті өзін қонағы

мен жиенінің алдында қорлап кеткен кісіге дейін бір-бір үлес берді.

Одан әрі нағашысы құттықтап келген көрші-қолаңның барлығына да

үлес таратты. Бұл дәстүрді Ақ Сарбаз бала жасынан білетін, сол себепті

нағашысына ескі аңшылық ырымды атқаруға қуана көмектесті. Бірақ өзін

өкпелетіп қорлаған жанға қайырым жасауға Ақ Сарбаз әлі дайын емес

болатын. Кешкі ас үстінде ағасынан неге олай істегенін сұрады.

Ағасы түз адамына тән тура және түсінікті жауап берді:

‒ Өз сөздері мен істеріне ұятты болып қалсын! Ал өз отбасының

ортасында еңгезердей ер адам, өз қаруымен емес, басқаның тапқан жабайы

аң-құсынан әзірленген кешкі асын қандай намысы қорланып ішіп отырғанын

ойлап көрсеңші! Мен болсам, бәрін өзімнің салтыма сай істедім, ал олар

өзінің салтын ұстанды! Үйіне қайтқанда олжаның кімдікі екенін мойындап,

шынын айтса да жеткілікті!

Нағашысын қонақтарымен бірге машинадан түсіріп кеткенін, олардың

еңсесі түсіп жаяу кетіп бара жатқанын, елдің көпшілігі көрген екен. Түске

таяу осы жағдай поселкенің, адамды зеріктіретін бірқалыпты тіршілігінде

сан-саққа жүгіртіліп, егжей-тегжейлі талқыланған болатын, сондықтан Ақ

Сарбаздың көптеген туыстары бұған қатты күйінген еді. Бірақ

қорлаушылардың қалай масқара болғаны, нағашысының кісілік салтын қалай

қолданғаны жайлы хабар ауылды алдыңғы әңгімемен қапталдай аралады. Үй

іші «құтты болсын» айтқалы келген туысқандарға толып кетті.

Ақ Сарбаздың әжесі қуаныштан жүзі жайнап, сүйікті немересінің

олжасынан қуырылған ыстық қуырдақты келген қонақтарға ұсынумен болды.

142

Қонақтар үсті-үстіне келді. Аңшылар кезектесіп саят барысын әңгіме қылды.

Ақырында түн ортасы ауа қонақтар тарап, олардың әрқайсысы дала салтымен

олжадан тиесілі үлестерін алып қайтты.

Ол кезде Ақ Сарбаз дерекке және әділет жайлы өз түсініктеріне ғана

сенетін жаста еді. Алайда арамзалықтан басталып, соңында

Қайырымдылыктың Зұлымдықты түбегейлі жеңуімен аяқталған осы күнгі

нақты оқиға Ақ Сарбазға әлдеқандай материалдық емес әділеттіліктің болуы

мүмкін екенін көрсетіп, осыны гипотеза ретінде қабылдауына мәжбүрледі.

Ал нағашысы өзінің игі ісімен, қарапайым сөзімен оған Карма туралы бүкіл

өміріне жетерлік сабақ берді.

Санасында осынау қызық күннің оқиғаларын сан рет ойлай отырып Ақ

Сарбаз мынадай қорытындыға келді:

‒ зұлымдыққа үнемі зұлымдықпен жауап беру шарт емес;

‒ егер сенің бір жаққа баруыңа қарсылық туса, ол сен бармайтын орын

болғаны;

‒ сені қуғындағанның бәрі саған жау емес, керісінше ‒ сені қуғындаушы

адам өзінің және онымен байланысы бар адамдар ғана болуы тиіс шеңберге

сені жібермей, тағдырдың қалауын орындаушы рөлін атқаруы мүмкін.

Түзден тыс жерде өткен өзінің он екі жылдық өмірінде Ақ Сарбаз

мұндай жағдайларға көп ұшырасқан жоқ. Және ол жақта себеп пен

салдардың арасында айлар, тіпті жылдар өтетін. Ал мұнда әділеттіліктің

үстемдік алуына және шеңбердің бастапқы тұсына қайта айналып келіп

тұйықталуы үшін бірнеше сағат қана жеткілікті болды.

Бірнеше күннен кейін Ақ Сарбаз өзінің серіктесімен бірге қалаға

қайтқан болатын, бірақ та, қайтар алдында ол – өздерінің тағы да аңшылық

құрғанын және олармен шамамен дәл осындай оқиғалар, тек басқа жағдайда

және жаңа қатысушы кейіпкерлермен бірге болғанын ‒ түсінде көрген еді.

Тек нақты фактілер мен ғылыми талдауға ғана сенетін Ақ Сарбаз осы

түсті ағзасының күндізгі бастан кешкен оқиғаларға қатысты реакциясы деп

санаған еді. Біраздан соң ол бұл туралы ұмытып та кеткендей болатын, бірақ

есінде осы таңғажайып түстің оқиғалары тіпті ұсақ-түйегіне дейін және

гүлдердің боянған түстерінің ашықтығына дейін есінде сақталған еді.

Бір жылдан соң тағы да күзде Ақ Сарбаз досы екеуі нағашысының

ауылына қайта айналып тағы да аңшылыққа келді. Нағашысы осы кезге

есептеп демалыс алған екен. Бірнеше күннен кейін бұлар Ақ Сарбаздың

туыстары тұратын шалғайдағы ауылға қонаққа шақырылды. Үйлену тойына

қызу дайындық жүріп жатқан. Сол себепті алыстан келетін қонақтар күтулі

еді. Алыстағылар алдын ала бірнеше күн бұрын келуі керек болғандықтан,

және бүкіл туысқандарды бір жинап қауышу мақсатымен елдің бәріне

арнайы көлік жіберіліпті.

Тойға дейін әлі екі күн бар болатын, осы аралықта туысқандардың біреуі

Ақ Сарбазды қонаққа шақырды. Кештетіп Ақ Сарбаз нағашысымен және

досымен бірге жағалаудағы тоғай ішінде көзге ілінбей орналасқан қойшы

қыстауына, танертең аңға шығу үшін жеткен еді.

143

Ауылдың қонағын алдымен қойшы иттері қарсы алады, содан кейін

барып үй иесі шығады. Бұнда да қонақтарға қарсы кішкентай, өзі сабалақ,

құлағы жерге дейін салбыраған ит жүгіріп шықты. Иттің аты Дружок еді.

Қонақтарға ықылас көрсеткен ол Ақ Сарбазға көбірек ұмтылып, оның қолын

жалағысы келіп, тұмсығымен түрткілеп иіскелей бастады. Әлдебір таныс

иісті есіне түсіргісі келгені айдан анық еді. Ол тіпті қонақпен бірге үйге де

кірмек болды, бірақ қожайындары оны сыртқа шығарып жіберді. Жалына

қыңсылап есікті тырмалаған итті аяп, Ақ Сарбаз бірнеше рет сыртқа шығып

Дружокқа дастарқаннан алып шыққан сүйектерді берді. Бірақ ит тамаққа

жоламаған күйі қонақты иіскелеп оның бетін жалауға ұмтыла берді. Ол бұл

қылығынан таңертең де жаңылған жоқ. Таңғы тамақтан соң қонақтар саятқа

шыққанда ит ілесе шықты. Иесі оны Ақ Сарбаздың өтінішімен бос қоя берді

де, одан әрі жалғасқан барлық оқиғаның ең басты кейіпкері ‒ осы ит болды.

Алғашында аңшылар жолмен жүріп отырып, қалыңнан ашыққа тезірек

шыққанша асықты. Аддарынан терек түбінде тұрған бірнеше машина мен

тігулі шатырлар көзге шалынды.

Аңшылар қосын кесіп өткен бұлар, үстін кенеппен көлеңкелеген асхана

есебіндегі жерде, жиналмалы үстел басында отырған қысқа бурыл шашты,

мосқал адамды көрді.

Қыр салтымен нағашысы бастап келіп, олар үлкен кісіге сәлем беріп жөн

сұрасты. Бұл демалысқа шыққан әскери адам екен. Ол бұрындары осы өңірде

болғандығын, ал енді аңшылар қоғамының мүшелерін және өзінің

бастықтарын бір аптаға аңшылыққа алып келгенін айтты. Әңгіме үстінде ол

шатыр жаққа мысқылын жасырмай қарап, олардың ұйқысы қанғанын, енді

дайын дастарқанға зауқы соғатынын айтты.

Ақ Сарбаз аңшылар қосының үлкен талғаммен тұрғызылып жақсы

жарақтандырылғанын іштей бағалап үлгірді. Асхана мен шатырларға

генератордан жарық жүйесі тартылған, тіпті, қасында жылтыраған, мәпелі

әлдекімдер суды шашып-төгіп жуынып жатқан, қолжуғыштары да бар еді.

Одан әрі көз тастаған Ақ Сарбаз, келгендердің аң аулау көріністерімен

зерленіп, әшекейленген әсем мылтықтарын көрді, ақырында олардың

иттеріне назар аударды.

Ит тобырында екі сеттер, бір пойнтер, шығыс-еуропалық овчарка мен

тайыншадай шұбар дог бар екен. Аңшылықтан гөрі күзетке машықтанған

соңғы екеуі Дружокқа дүрсе қоя беріп еді, қожалары оларды әрең ажыратып,

қарғылап алды. Дружок болса, Ақ Сарбаздың аяғына тығылып жалына

қыңсылады. Ақ Сарбаз мосқал кісіден бұтаның арасында еш пайдасы

тимейтін сеттер мен пойнтерді неге алып келгендерін, овчарка мен догтың

мұнда не керегі бар екенін сұрады.

‒ Бұл бастықтардың қалауы, ‒ деп жауап берді ол, ‒ мен де дауласып,

тура осылай айтқанмын, бірақ менің айтқаным олар үшін бос сөз. Мына

иттерімен олар қабандар мен қарақұйрықтарды қамағысы келеді. ‒ деді. Ақ

Сарбаз, ит қосатын еуропалық аңшылықтың қыр-сырын жақсы білетін. Сол

себепті ‒ сеттерлер қалың бұталар мен тікенектерге төзуі мүмкін, бірақ

144

тықыр жүнді пойнтердің қатыспай-ақ қойғаны дұрыс екенін ұғындырды.

Оның үстіне бұл иттер батпақтың құсын ғана аңдуға бейімделген, ал шіл

болса, қашан үстінен ит шыққанша ұшпай жатып алады. Бұл ашық жерде

ғана жақсы, ит аңшыдан көп озып отырады. Пойнтер құсты сезгенде тік

тұрып алдыңғы аяғын көтереді, ал сеттер құстың табылғандығы жайлы белгі

беріп жерге жата қалады. Аңшы асықпай келіп атуға ыңғайланғанда ғана

барып аңшының белгісімен бұндай иттер бас салып құсты үркітіп аспанға

шығарады. Аңшы ұрымтал жерден ата береді. Ал мұнда, қалың бұтаның

ішінде ‒ шалт қимылдап, көздемей ату керек; оның үстіне иттің дыбысын

естіген қырғауыл ешқашан тығылып жатпайды, бұл жерге еуропалық иттің

мүлде қатысы жоқ ‒ деді.

Мосқал аңшы қонақтың аңшылық қыр-сыры жайлы айткан пікірлерін

жоғары бағалады және аттанардың алдында өзінің де осындай пікірде

болғанын, бірақ та бастықтардың бұны келемеж қылғанын айтты. Міне,

бірнеше күннен бері оның ұлымен бірге екеулеп тапқан табысын олар ішіпжеп

үйлеріне қаттап жатыр. Ертең, жексенбі күні олар үйлеріне қайтады,

себебі демалыстары бітті. Бүгін соңғы рет үлкен аңшылық жасап, аңды

көбірек атып үйге тез жеткіземіз, бір үлесін жоғарыдағы бастықтарға береміз,

деп отыр.

Ақырында қолжуғыштың жанындағылар рақымы түсіп, бұратаналарға

назар аударды. Ортасындағы бір қылжақбас бұлардың киімі мен қаруын тілге

тиек етіп мысқылдай бастады. Әсіресе олардың күлкісін келтіргені ‒ сабалақ

жүнді кішкентай Дружок еді. Олар үшін бұл ит аңға кетіп бара жатқан түкке

жарамайтын нашарлардың серігіндей көрінді. Ең соңында штаттық

масқарапаздың мазағына ілінген зат ‒ былтырғыдай, құсқа арналған

иыққаптар болды.

Қылжақбастың айтқан мазағын оның иелері де қостай жөнелді. Сол

сәтте Ақ Сарбаздың құлағына таныс сөздер келіп жетті:

‒ Оу, мырзалар, мыжырайған мылтықтарыңмен құстың барлығын қырып

тастап жүрмендер! Әйтпесе мына дәу қаптарың олжаның салмағына

шыдамай, екі ортада сөгіліп кетер!

‒ Ал, иті қандай, шіркін! Шамасы кұстың төресін ұстауға арналған

ерекше тұқым болса керек.

Бұрынғы естігенінен айнымайтын сөз, ал ең бастысы ‒ алдында тұрған

адамдардың бет-құбылысы санасында былтырғы оқиғаны оятты. Ол өзінің

өткен жылғы көрген түсін бүге-шігесіне дейін есіне түсірді. Өзінің

көрегендігіне сеніңкіремей, әсіресе түсінің соңындағы елестерді үркітіп

алмас үшін Ақ Сарбаз келімсектерге «жол болсын» айтты да, мосқал адаммен

қоштасқан үшеуі әрі қарай жүре берді.

Кетіп бара жатып Ақ Сарбаз мосқал кісінің дауыс көтере сөйлегенін

естіді:

‒ Жергіліктілерге бекер күлмеңдер! Бұл өте кішіпейіл, дарқан халық!

Келген сайын мені ылғи қуана қарсы алады. Жөнсіз қылжақ қылғандарыңа

кешке жақын өкініп жүрмеңдер!

145

Барлық будан иттер сияқты Дружок та өте зерек еді. Ақ Сарбаздың

көңіл-күйін дөп басқан ол, өзінің аңшылық өнерін табан астында дәлелдегісі

келді. Олар он қадам да жасап үлгірместен Дружок бұтаның ішіне зып беріп

кіріп кетті. Сәлден кейін оның әуп еткен дауысы естілді де, артынша таныс

шу шықты. Әп-сәтте тікенектің арасынан қанаты сартылдап қырғауылдың

әдемі қоразы көтерілді. Ақ Сарбаз қырғауылға ең жақын тұста еді. Нағашысы

мен досы алға озып кеткен. Әкесінің көне мылтығын шалт көтерген Ақ

Сарбаз тирдегідей мәнермен көздеді. Гүрс еткен мылтық үні мен әуелеп

барып құлаған қырғауылдың бұрқ еткен қауырсыны Ақ Сарбазға әділет

үстемдігінің салютіндей болып көрінді. Дружок бұл кезде екінші

қырғауылды қайырып алып келген еді. Таңғы аспанға тағы бір салют атылды.

Олжасын жинап жатқан Ақ Сарбаз нағашысының кұптай қол көтергенін

байқады да осыны көріп тұр ма екен деп, қылжақбастарға бұрылды.

Иә, олар көріпті: асыға басып шатырға кіріп бара жатқан манағы

масқарапаздың иіні көзге шалынды, тоқмейіл бастықтар болса сілейіп тұрып

қалған. Ал бурыл шашты мосқал кісінің абыройы асып еңсесі түзуленгені

көрініп тұрды. Ол өз адамдарына үстелді жұдырығымен тоқпақтап әлденені

батыра айтып жатты.

Дружок шамасы, өзін жәбірлеушілерді мүлде жер қылмақ боп бекінсе

керек ‒ нысанаға тағы бір қырғауылды айдап шықты. Содан кейін шеңгелге

кіріп, ұзаққа жоғалып кетті. Біраздан кейін бұтаның ішінен жүгіре шыққан

ол, жұрттың көзінше Ақ Сарбаздың аяғының астына тістеп алып келген

қырғауылын тастады. Сынған қанатына қарап Ақ Сарбаз Дружоктың,

орашолақ аңшылар атып азапты өлімге кескен, асыл тұқымды иттері таба

алмаған жаралы қырғауылды алып келгенін түсінді. Ақ Сарбаздың

қошеметіне құйрығын бұлғаңдатып қуана үрген Дружок бұта арасына кіріп

кетіп тағы бір жаралы қырғауылды алып шықты.

Мұның бәрі сілтідей тынған қылжақбастардың көз алдында өтті.

Нағашысы ит пен аңшыны ымдап көрсете күлді де Ақ Сарбазға «кеттік» деп

белгі берді.

Әрі қарай оқиға өткен жылғы нұсқа бойынша өрбіді.

Нағашысы бұларды өзінің жазда қырғауылдың үлкен үйірлерін байқаған

тоғайға алып келді. Аңшылар қайтадан от жағып, ең үлкен екі қырғауылды

сазбалшықпен сылап отқа көмді де өзенге шомылуға кетті. Түскі тамақтан

соң нағашысы таңертеңгі олжаны алып, тойға дайындық жүріп жатқан

ауылға тартты, өйткені оның қатысуын қажет ететін жұмыстар бар еді.

Аңшылық билігі өзіне тиген соң Ақ Сарбаз өткен жылдың оқиғаларын

толық қайталауды ойлап, бүгінгі аңшылықты қалай аяқтауды сараптады.

Ішкі түйсігімен ол, оқиғалар тізбегінің әлдеқалай шиыршықталғанын, ал

өзінің түсінде көргендерінің қызықты тізбекпен айна-қатесіз қайталана

бастағанын сезген еді.

Олардан алысырақта бәсекелестерінің ауыр мылтықтарының гүрсілі

естіліп жатты. Атыс қарқынының бейберекет ұлғаюына қарап отырып Ақ

Сарбаз олардың қашқан құсты соңынан қуалай атып жатқандарын, осының

146

бәрі қырғауылдарды неғұрлым аулағырақ, ұңғысы жатық мылтықтарының

қарымы әзер жететін жерге айдап салып алдарында келе жатқан иттерінің

кесірінен екенін түсінді.

Одан кейін ол, аңшылар үркіткен сол қырғауылдардың қол созым

жердегі шағылдың қамысына келіп қонып жатқандарын көрді.

Бұл байқағандарынан ол келесі әрекеттің жоспарын қорытты.

Ақ Сарбаз кешке дейін үзіліс жариялап, досы екеуі бос гильзаларды

оқтауға кірісті де іңірге таман шағыл ортасындағы қамыстарға қарай

қозғалды.

Бәсекелестердің мылтық гүрсілі жақындай түсті. Олардан және әсіресе

олардың иттерінен үріккен қырғауылдар шеңбердің ашық кеңістікке

шығаратын жіңішке өтпемен бөлінген тұсына қарай ығысты. Осы өтпенің екі

жағына досымен бірге тұрып алған Ақ Сарбаздың өмірінде ешқашан

болмаған саят осы кезде басталған еді. Үздіксіз атыс құлақ тұндырды, тек

мылтығыңды оқтап үлгіре біл, қалғаны Дружоктың жұмысы.

Мылтық оқтап жатып Ақ Сарбаз кешкі ымыртта шағыл үстіне шыға

келіп жоғарыдан төмен қарай есі кете қарап қалған бағанағы аңшыларды

байқады. Бұл жердің бедері, кейіпкерлері төменде, көрермендері жоғарыда

орналасатын, римдік театрға ұқсайтын еді. Олар шағыл үстінен бұл, ақылға

сыймас атысқа мысы құрып қарап тұрды. Өздерінің әбден қалжырағандығы,

төмен түсіп қалың қамысты жарып өтуге енді шамаларының жоқтығы,

олжаларының таңертеңгі жоспарға мүлде сай еместігі көрініп тұрды. Мысы

құрыған ызалы дауыспен олар аңшылық қызумен қырғауылдарды Ақ Сарбаз

бен досының боратқан оқтарының астына қуып шығарып жатқан иттерін кері

шақыра бастады. Ең соңынан төбеге мосқал әскери адам көтеріліп осы

аңшылық ұрысты аяғына дейін тамашалады. Қас қарайды. Әрбір атыс өзінің

от жалынымен зенбірек атысын елестетті. Бұл көріністен кәрі жауынгер

соғыста өткізген күндерін есіне түсірді.

Осы кезде қырғауылдар да жер бауырлап қамыстың ішіне қонақтай

бастаған еді. Бірақ Дружоктың тоқтайтын түрі жоқ. Ақ Сарбаз өзіне қарай екі

қырғауылдың ұшып келе жатқанын, ал қысқа оқпанды мылтығының қарымы

жетпеген досының өзіне «ат!» деп айғайлап тұрғанын көрді. Ақ Сарбаз оған:

‒ Осы да жетер, олжамызды апара алмай қалармыз! ‒ деп айқайлады. Алайда

досы көнер емес. Ақырында Ақ Сарбаз өзінен гөрі көрермендер үшін

мылтығын сәнмен көтеріп бірінен соң бірін ‒ екі қоразды да атып түсірді.

Көрермендерді енді байқаған досының мерейі көтеріліп ай-шайға қарамай

бұталардың ішіне кіріп кетті.

Алғашында олар түтінсіз дәрімен атып оқтарын тауысты да енді өздері

дайындаған түтінді дәрімен оқталған патрондармен атуға көшті. Қайсар досы

Дружоктың көмегімен үш бірдей қырғауылды үркітіп үшеуін де атып түсірді.

Түтінді дәрімен оқталған мылтықтың аузынан от бүркушіден атылғандай бір

құшақ жалын төгіліп, атыстан құлақ тұнды. Ақ Сарбаз бен досына

жақынырақ тұрған көрермендердің дәрменсіз түрінен осы канонаданың

гүрсілі олардың таңертеңгі дандайсуларын күл талқан еткені көрініп тұрды.

147

Әскери адамның:

‒ Жолға қарай жүріңдер! Сол жерде біз осы нағыз ворошиловшы

атқыштармен және шынайы жауынгерлермен кездесе аламыз! Таңертең

өздерің мазақ қылған адамдар сендерге жақсы сабақ беріп, қалай ату керек

екенін көрсетті!.. Ал енді оның сендерді иттеріңмен қоса өздерінің құс

айдаушылары ретінде пайдаланғаны да анықталып отыр! ‒ деген сөздері

естілді.

Ақ Сарбаз досы екеуі ұзақ жүріп олжаларын жинады, иыққаптарына

салып, белге таққандарынан артылғандарын екі-екіден байлап иықтарына

асты. Осыдан кейін жолға шықты. Көп кешікпей олар аңшылар қосына да

жетті. Бұл жерде олардың қасына, өзіне күзетшімен аспазшының қосымша

міндеттері жүктелген жүргізуші жігіт таяды. Ұяла қызараңдаған ол Ақ

Сарбазға өзінің өтінішін айтып: «Қырғауылдарыңыздың біразын сатпас па

екенсіздер, тым болмаса кұс төресі ‒ қырғауылдың біреуін қалыңдығыма

апарып көрсетейін.» ‒ деді.

Ақ Сарбаз оның ақша ұсынған қолын үнсіз кері ысырып, иығынан екі ірі

қоразды алып ұсынды. Мұның соңынан әскери адам келіп өзінің серіктерінің

атынан ең болмаса оншақты қырғауыл сатуын өтінді, әйтпесе бастықтары

оған күн көрсетпейтінін айтты.

Мейірбан нағашысы жанында жоқ болғандықтан Ақ Сарбаз ардагерге өз

атынан бірнеше қырғауыл ұстатты, ал қалғандарына ‒ құрметті адамды

жұмсағанша, өтініштерін өз бетімен келіп айтсын, ‒ деп қатқыл дауыспен

сәлем айтып жіберді.

Олар бұған тіл қатпай келісті. Ақ Сарбаз оларға ақшамен сауда жасау

өзінің тегіне сай еместігін, сол себепті сұраған қырғауылдарын олардан

артылып қалған оқ-дәріге айырбастайтынын мәлімдеді.

Айырбас екі жаққа да аса тиімді болды. Тау боп үйілген оқ-дәрі мен

бытыра тағы да бірнеше күнге жетерлік еді. Жүргізуші бұларды үйіне дейін

қуана-қуана жеткізіп салып өзіне тиесілі үлесін тағы алды.

Ақ Сарбаздың туыстары нағашысынан аңшылықтың қалай басталып,

келімсектердің таңертең-ақ ұятқа қалғанын білген еді. Бірақ та, кешкі тамақ

үстінде аңшылар хикаясының жалғасын естігенде балаша куанып, ешбір

табалаусыз қабылдады. Әсіресе ұнаған жерлерін бірінен соң бірі келіп

жатқан туыстарға қайталап айтуға тура келді. Тек түн ортасында ғана

үйлеріне тарқаған қонақтар аңшылардан бір-бір сыбағасын ала қайтқан еді.

Бұл қызықты күн осылайша аяқталды. Ал ертесіне олар жайлаудағы

тойға аттанды. Ақ Сарбаз досына өз халқының әдет-салтын көрсетпек болды.

Бұл тойда Ақ Сарбазға осы өмірінің мағынасын айқындауға әсер еткен бір

оқиға болды.

Дәстүр бойынша той үстінде аламан бәйге, аударыспақ сайысы өтетін

және көкпар тартылатын. Ат үстінде өтетін бұл ойында, серкенің тушасын

тартып әкеткен ойыншы оны алдын ала белгіленген көмбеге тастауы керек,

сол ойынды Ақ Сарбаз өзіне ең лайық деп санады. Бұл туралы ол өз

148

туыстарына жариялап, оны топқа енгізіп, мінуге тәуір айғырды алып келуін

тапсырған болатын.

Әдетте қонақтың көңілін қайтаруға болмайды. Ақ Сарбаздың

туысқандары қиын жағдайда қалған еді. Өйткені бұл додаға әбден ысылған,

аттың құлағында ойнайтын жігіттер қатысып қақтығысады, ал қаладан

келген қонақ ат тұяғының астында қалуы әбден мүмкін еді. Қонақжайлықты

бұзбай бұл тығырықтан қалай шығу керек?

Бұдан кейінгі оқиғаның барысынан Ақ Сарбаз туыстарының бұның тек

қалауын біліп қана қоймайтындығын, сондай-ақ ойын да оқитынын түсінді.

Олар ертеңгі жиынға дейін қонақтың күте тұруын, ал таңертең үйірден өзіне

ұнаған айғырды таңдап алуына болатынын айтты.

Жасы үлкен қария оның ең маңызды және жауапты топта ‒ тосқауылда

болатынын айтты. Додаға кіргенде әдіс пен айла қажет, ал ең бастысы ‒

аттың басын меңгере білу керек. Бұл қала тұрғыны үшін қиындау шаруа. Ал,

тосқауыл топта көкпар алып шыққан жігітті қалқалау үшін аттылар нөпірінің

көп болуы шарт. Ақ Сарбаз бұл құрметке келісіп ертеңінде жылқының

ішінен ат таңдауға келді.

Көзіне оттай басылғаны ‒ біркелкі дала жылқыларының ішінен

дараланып көрінген шоқтығы биік, сирағы ұзын, қаз мойын ақбоз арғымақ

еді.

Ақ Сарбаз таңдайын қағып өз тегінің намысын қорғауға лайықты

арғымақты нұсқап көрсетті!

Қасындағылар бір-біріне қарап жеңіл күрсінді де айғырды ұстап ерттей

бастады. Біраз уақыттан соң арман еткен арғымағының үстіне салтанатты

сәнмен отырған Ақ Сарбаз көкпар өтетін жерге қарай беттеді.

Топтың ішіндегі өз орнын ол жақсы жаттап алған еді. Көкпар басталып

додадан біреу серкені алып шыққан кезде бұлар да атына қамшы басты да,

Ақ Сарбаз туыстарының соңынан ашық далаға шаба жөнелді.

Ақбоз ат әп-сәтте бауырын жазып топтан суырылып шыға келді. Қарсы

соғып ысқырған жел құлағын тұндырды, бірақ та әттең! ‒ шабыс бірнеше

шақырымға ғана созылды. Бірте-бірте айғырдың арыны басылып шабысынан

жаңыла бастады. Әуелі желіске, одан аяңға түсіп, ақырында төбеге ұрғандай

тұрды да қалды. Ақ Сарбаз аттың дір-дір етіп ауыр дем алып тұрғанын

көрді...

Ол туыстарының немқұрайлығының, ертегідегідей әдемі атты мақтаған

бұның сөзін көздерін тайдыра ынтасыз қабылдауының сырын енді түсінді.

Мейірбан туыстарының өзін жақсы танығандығын және тек осы атты ғана

таңдайтынын білгендігін, сөйтіп қонақжайлықтан еш ауытқымай оны ат

тұяғының астында қалу қатерінен сақтап қалғанын ұқты. Ақ Сарбаз сондайақ

аурулы атты өз еркімен таңдап өзін-өзі ойыннан шығарғандығын

пайымдады. Кейінірек туыстары, мас басшылардың бірі аң қуып айғырды

зорықтырғанын, өздерінің оны емдеп үйірге салуға ғана ұстап жүргендігін

айтып түсіндірді.

149

Дода алыста өтіп жатты. Тосқауылшылар олардың соңынан шаба

жөнелді. Ақ Сарбаз атты аяп, ерден түсті де тізгінінен жетелеп сайға қарай

жүрді. Айғыр біраздан соң терін басты. Ақ Сарбаз ешкімнің көзіне түскісі

келмей атын ақырын аяңдатып сайдың қарсы жағынан келіп кірді.

Алайда жұрт оны күтуде еді. Ең ет жақын туыстары шағылға шығып

алысқа мазасыздана көзін тігіп тұр екен. Ақ Сарбазды көре сала әйел адамдар

жанына жүгіріп келіп бұны аман жеткізгені үшін атты аялай сипап еркелете

бастады. Олардың мейірбан, ұяң жүздеріне қарап тұрып Ақ Сарбаз өзінің

ашуын ұмытып кетті. Оның жүрегін өз халқына деген аяныш шаншып,

тілгілей бастады.

Ол бұрын да халықтың өз дәстүрінен тая бастағанын, ауыл

тұрғындарының маскүнемдікке салынғанын, бұл әдеттің малшылар әулетіне

де жеткенін күйіне байқаған-ды. Әйелдер, тіпті аналар да арақ ішетін болған.

Олардан енді қандай ұрпақ туатынын болжау қиын емес еді.

Бұл ақ жүрек, мейірбан да сенгіш халықтың болашақ тағдыры не

болмақ? Шынымен-ақ жат идеология мен жалған мәдениеттің түңғиығына

батып жоғалмақ па?

Олай болса, атомдық-компьютерлік өркениетке еш керегі жоқ бұл

халықты табиғат неге жаратты және осыншама қорлық пен қасіретке неге

салды?

Егер бұл жай сынақ болса, онда сынақты жүргізуші аса қатыгез болғаны,

ал егер тығырықтан шығар жол болса, қайда ол жол?

Кешкі ас үстіндегі келелі әңгімеден кейін Ақ Сарбаз өмірдегі өзінің

соңғы мақсатын анықтады.

Қыр адамдарымен біраз араласып қалған Ақ Сарбаздың досы саһара

жұртының қарияларға деген ерекше құрметін білетін, бірақ сақалын қырау

шалған қариялардың, Ақ Сарбаз атын естіп оның ата-тегіне қанғанда неге

келіп қолын сүйетінін түсіне алмады.

Ол Ақ Сарбаздың қолын сүюге рұқсат бергеніне кейіді. Сен

азиатшылсың, мұның бәрі хандық жүйенің қалдығы, ХХ-шы ғасырдағы

теңдік, бостандық, бауырластық идеяларына қайшы келетін жабайылық деп

бағалады.

Ақ Сарбаз осы жерде шындап ашуланды. Қонаққа Дала салтына

килікпеуін ұсынды: «Өзіңнің славяндық тамырыңның шежіресіне дұрыстап

үңіл, егер ХХ-шы ғасырдың аяғында еліңде патша мен дворяндар, ұлттық

интеллигенция сақталса қазір қандай болар еді», ‒ деді үстемелеп.

Ақ Сарбаздың сөзі ұзаққа созылар ма еді, алайда ақсақалдар қонаққа:

«Біздін бұл баламызға көрсеткен құрметіміз ‒ оның аталарына ‒ қазақтың

елдігін сақтап қалған ұлы хандарымызға деген сый-құрметіміз, сол себепті

бұл жерде үлкенді сыйлаудың Дала заңы бұзылып тұрған жоқ», ‒ деп

түсіндірді.

Аз-аздап Ақ Сарбаздың ашуы тарап, өзі ол кезде ойын секілді

қабылдаған балалық шағындағы өзіне берілген бата есіне түсті. Ол, бұның

ойын емес ‒ үлкен ғұрып екенін енді ғана түсінді. Бұл, өз тегі мен Қазақ

150

халқы арасындағы рухани Келісімнің өзі арқылы жасалуы еді. Елінің бұл

Келісімге адал екенін Ақ Сарбаз қазіргі көрсетілген сый-құрметтен түсінді.

Ендеше ол да өзінің тағайындалуы кезіндегі келісімге адал болуы керек.

Ақ Сарбаз, қарияның айтқан батасының сөздерін есінде қайта

жаңғыртты. Оның сол, кұдіретті сәтте ерекше салтанатты, тылсым толқыныс

үстінде болғанын, ата-анасының ерекше мақтаныш пен маңызды кейіпте

тұрғанын, әжесі мен көп сөйлемейтін қара сақалды атасының жүздерінен

төгілген жылы мейірімін есіне түсірді.

Осының барлығы санасынан жарқ етіп өткен Ақ Сарбаз ‒ барлық

күшімді, барлық қабілетімді өз халқыма, туған алтын Далама арнаймын ‒

деп, ойша ант берді.

Енді оның мақсаты айқын еді, ол ‒ өз халқына қызмет ету. Ал бұл үшін

аса бір маңызды нәрсені еске түсіріп, кейіннен, халқының тағдырын

өзгертуге жетерлік күш табу үшін өз бойынан әлдебір білімді оятуы керек

еді. Осылай, Ақ Сарбаздың өмірінің екінші кезеңі аяқталып – Ізденуші деп

аталатын келесі кезеңі басталды.

Үшінші цикл

Ізденуші

Ол іздене бастады ‒ өз халқы туралы, оның тарихы, өмір салты, сенімнанымы

жайлы үзік-үзік мәліметтерге қол жеткізді. Сонымен қатар, ол жер

бетіндегі басқа да халықтарды, олардың тарихын, әдет-ғұрпын, дінін, егжейтегжейлі

зерттеді. Олардың ұлттық санасы мен мінез-құлқын, Жер шарын

мекендеген елдердің түр-тұлғасына дейін әсер ететін шешуші фактор

ретіндегі қоршаған ортасын түсінуге тырысты.

Бұл білімдерге кибернетика, физика, математикалық логика қосылды.

Ол кезде Ақ Сарбаздың санасы пайдалысы да пайдасызы да бар мүлікке толы

қойма секілді еді. Жоғарғы оқу орнында алған абыройлы мамандықтың

арқасында ол сол тар заманның өзінде белгілі бір материалдық және рухани

бостандыққа қол жеткізді.

Түз топырағында туып өскен Ақ Сарбаз Батыстың идеологиясы мен өмір

салтын қабылдаған жоқ. Көненің мәдени мұраларын ғана қабылдады. Ғылым

мен техниканың жетістіктерін Ақ Сарбаз болашаққа барар жолдағы өтпелі

дәуір деп санады.

Көптеген адамдар сияқты Ақ Сарбаз да балалық кезінде өзінің бірнеше

ғұмырын білетін, алайда күйкі ақылдың оянуына байланысты бұрынғы білім

ұмыт болды. Бұл, жаңа мәліметтерді жинау үшін қажет еді.

Тек білімнің белгілі бір деңгейіне жетіп, кармалық қарыздардың денін

өтеп болғанда ғана Ақ Сарбаз Универсал Ғарыш Модуліндегі өзінің

эволюциялық жоспарының бастапқы бөлігін біле алды.

151

Қасиет оянғанда санасын найзағай соққысы тіліп өткендей болатын да,

адам өмір сүруі барысында өзін азаптап мазалаған мәселелерді кенеттен

терең түсіне бастайтын.

Қасиеттің алғаш оянуы 1970-ші жылы көктемде таудан төмен түсіп келе

жатқанда болды. Ауа ылғал еді, көктемнің суық желі соғып тұрған. Ақ

Сарбаз жылы үйге асығып келе жатты. Ең таяу ауылға дейін әлі бірталай жер

бар еді. Осы сәтте тау жолына кұрылысшылар мен жол жұмысшыларын

тиеген автобус шыға келді. Ақ Сарбаз соңғы күшін сарп етіп жол жиегіне

жүгіріп шықты да қол көтерді, бірақ жүргізуші «бұратананы» өзіне лайық

ортасына қалдырып тоқтамай өте шықты.

Автобус жартылай бос еді, бір кісінің ауыр болмайтыны да белгілі.

Бұндай сімілтір қылық шаршаған, әрі тоңған Ақ Сарбазды мықтап күйіндірді.

Өзіне осы өңірдің елеусіз бір бөлігіндей немқұрайды қарап өте шыққан

адамдарымен қоса автобустың тамұқ түбіне құлап кетуін іштей күйіне тіледі.

Ашудан соңғы күшін жоғалтып қалжыраған Ақ Сарбаз өкпек желден

ықтап, жолдан қиыстау бір ойпаңды паналады.

Егер мұнда кибернетик маманды өзіне-өзі сенімшіл келімсектер тек

табиғаттың өкінішті қатесіндей ғана көрсе, онда неге, не үшін осы жерде, осы

елдің арасында тудым? – деп Ақ Сарбаз өзіне қайта-қайта сұрақ қоятын.

Ашуы бірте-бірте сейіліп, Ақ Сарбаз Алатаудың қарлы шыңдарына көз

тоқтатты. Өзіне бала жастан таныс сұлулықпен жүздескендегі бәрін

ұмытатын ерекше күйге сүңгіді де кетті... Суық, өкпек жел кенеттен басыла

қалды, алашұбар бұлт тарап, жып-жылы, жарқыраған күн шықты.

Ақ Сарбаздың санасында жарқыраған шапағат туындады да оның

қиналған тынымсыз жанының тереңінде жатқан құпиялы асыл қорына

сәулесін түсірді. Баяулатылған кинодағыдай Ақ Сарбаздың ішкі жандүниесінің

алдында Жиһан ашылды да, және ол оның қалай құрылғанын

көрді. Одан кейін ол өзінің ішкі жан-дүниесінің құрылымын анықтады, өзінің

болашақ тағайындалымын көрді, ал онан ары адамдардың оған деген қарымқатынасын

тудыратын себепті де түсінді. Оның өмірінде, өзінің

дүниетанымы мен болашақ тағдырын және халқының аянышты халін

өзгертетін оқиға болғанына айнымас сенімі туындады.

Санасындағы көз қарықтыратын көріністерді өшірмеген күйі Ақ Сарбаз

алға қарай жүре түсті де ‒ бұрылыстың артында тура сол автобустың

тұрғанын, ал жүргізушісі оның моторын шұқылап әлденесін жөндеп

жатқанын көргенде қаншама таңданған еді. Бұл жәйтті белгілеп өткен Ақ

Сарбаз әрі қарай жүре берді. Сәлден соң әлгі автобус оны қуып жетіп қасына

тоқтады, жүргізуші есікті ашып өте кішіпейіл кейіпте жолаушыны ішке

шақырды. Ақ Сарбаздың: – Не болды? ‒ деген сұрағына, машинаға не

болғанын түсіне алмадым, от алдырып едім өзінен-өзі жүріп кетті, ‒ деп

жауап берді.

Автобус ішінде жылына отырып Ақ Сарбаз ойдың күшімен машинаны

да тоқтатуға болатынын ұқты. Бұны автобус жүргізушісі де іштей сезген

152

болуы керек, жолынан бұрылып келіп жұмбақ жолаушыны тура үйінің

жанына әкеліп түсірді.

Осы дайындалу ұмтылысынан кейін болашақ Ғарыш Сарбазы үшін

АЛҒАШҚЫ және ең азапты сын басталды.

Алтыншы дәрежелі Ғарыш Құрылысшысы Люцифердің сатқындығынан

ащы сабақ алған Ғарыш Бауырластығы Ақ Сарбазды ең ауыр, тіпті қатыгез

сынақтан өткізуді ұйғарды. Иерархияның Люциферге Құпия Білімнің сырын

ашып дәрежелеуге, оның физикалық денесінің центрлері мен энергетикалық

арнасын ашып бергені, оны ерекше қабілеттерге бөлегені, оған сенім артып

тілектес болғаны ‒ тым қымбат бағаға түскен болатын.

Люцифер әлдебір мифтік тұлға болған жоқ. Ол да, кез келген

эволюцияланушы тіршілік иесіндей өмір сүріп, дамыған болатын. Тек өз

бетімен өзінің әрекеттерін материяға айналдыруға мүмкіндік беретін

деңгейге жеткенде ғана, ол Жоғары Күштердің жоспарымен өзі құрған

планетаны өзіне қалдыруды шешкен. Планета Рухының мүмкіндіктері оған

Иерархия тарапынан бақылаусыз және зақымсыз болуына жол берді. Бұның

бәрі Ұқсастықтар заңы бойынша Жаратушы жаратқан тіршілік иесі –

адамның физикалық денесінің қуатқа ие болғандығынан туындайды.

Сондықтан, 1970-ші жылдың 16-шы және 19-шы сәуірі аралығында Ақ

Сарбаз физикалық дүниеде, одан кейін жан азабы одан да бетер қиын

болатын астрал дүниесінде де өлім сынағына ұшыратылған еді. Ол Құдайдан

қайтса – өз жанын сақтап қалар еді, бірақ та ол физикалық та, астралдық та

денесінің өліп кетуін таңдаған еді – ол тайынбады, және өзінің Құдайының

атына, Ғарыш Бауырластығының және өз халқының атына өзін құрбандыққа

шалуға дайын екендігін дәлелдеп шықты.

Бұл кезде Ақ Сарбаз жиырма сегіз жастағы қылшылдаған жас жігіт еді,

шаңырақ көтеруді армандайтын, творчестволық жоспарлары бар болатын.

Құрбандық Жоғары Күштер тарапынан ТОЛЫҚҚҰНДЫ деп бағаланды.

Осыған сүйене отырып Ғарыш Кеңесі талапкерді бұдан да қиын сынның

келесі баспалдағына өткізуді ұйғарды.

БІРІНШІ өткен сыннан ол ментал дүниесінің жоғарғы деңгейіне, немесе

ескіше ұғындырғанда «үшінші көкке» (2-ші Коринф. 12. 2) көтерілуге

мүмкіндік және хұқық алды. Мұндағы бірінші аспанды ‒ физикалық дүниеге,

екінші көкті ‒ астрал дүниесіне, үшінші көкті ‒ ментал дүниесінің жоғарғы

деңгейіне тән деп түсінген жөн.

Алдымен физикалық денесін тастап шығып, астралды денемен қалғанда

Ақ Сарбаз ‒ мен өз денемді өзім, сыртынан қалай көріп тұрмын? ‒ деп

таңданды. Одан ары астрал денеден жасылдау түсті шар бөлініп шықты, және

осы шар көре алады екен, сезіне де алады, ал ең бастысы – ойлай алады. Ақ

Сарбаз сәл шошынып қалған, бірақ тез түсіне қойды: егер осы шар ойлай

алатын болса, онда ол – өзі, және әдеттен тыс шар екеуі бірінің біреуі

болғаны.

Содан кейін шар планетаны айнала спираль бойымен жылжи бастады.

Ақ Сарбаз азап лагерьлеріндегі, жезөкшелер үйі мен абақтылардағы,

153

апиынханалардағы адамдардың жантүршігерлік азап-қорлықтарын көрді.

Бәрінен де оны түршіктіргені ‒ өзінің туып-өскен еліндегі адам жанын

жұтатын алып машина еді. Егер адамдар өздерінің ажалсыз екенін білсе,

физикалық әлемдегі өмір ‒ эволюцияның шексіз сатыларының біреуі ғана

екенін ұқса, өздерінің өлмес жанын саудаға салып жалған дүниедегі

аянышты бейшаралық тұрмысқа мұнша байланбас еді-ау ‒ деп күйіне ойлады

Ақ Сарбаз.

Бұл ой Ақ Сарбаздың ментал денесіне үдеу қарқынын берді де, ол

ментал дүниесінің жоғарғы қабаттарына қарай жылдамырақ жылжыды.

Кенеттен қозғалыс тоқтап, Ақ Сарбаздың алдында алтын шұғыла пайда

болды. Сол шұғыладан жан тербеген Үн естілді. Оған Жиһан бүкіл

қозғалысын тоқтатып, осы Үнді тыңдап тұрғандай әсер етті. Ақ Сарбазға

оның тағайындауы мен шайқасқа дайын болуға тиісті уақыт мерзімі

хабарланды. Бұдан соң Ақ Сарбаз ілездің арасында өзінің астрал денесіне,

одан кейін физикалық денесіне қайтып оралды.

Ақ Сарбаз үшін ментал дүниесіне жасалған сапар ізсіз кеткен жоқ.

Себебі оның Универсал Ғарыш Модулі ментал дүниесінің биік деңгейінен

сапасы мүлдем жаңа материяны бойына тартып алды да, Ақ Сарбаз жаңа

менталды денеге ие болды. Астрал дүниесінен өткен кезде жаңа ментал

денесі өз ғұмырын сарқыған астрал дененің орнына өзіне тиесілі эмоция

материясын тартып алды да, осылардың бәрі уақытша қалдырылған

физикалық денеге қайтып келді.

Сонымен, нақты түрде 1970-ші жылдың көктемінде жаңа адам –

Болашақ Ғарыш Сарбазы дүниеге келді.

Жаңа менталды және астралды денелердің ықпалымен Ақ Сарбаздың

дүниетанымы мен іс-әрекеттерінің өзгергендігі сондай, төңірегіндегі жұртта

ол ауыстырылып кеткен деген сенім қалыптасты.

Шайқасқа деген дайындықтың одан әрі өріс алуы, оның бойында

таңғажайып қабілеттердің пайда болуына әкеліп, көптеген көлденең

қиындықтар туғызды.

Ол алдымен өзінің басқалардың ойларын көріп, ести алатынын

анықтағанда шошып кетті. Айналасындағылардың ой-өрістері оны түңілдіріп

жіберді. Адамның ең кұпия, етене сырына еріксіз ортақ болудан туатын ар

азабы бұдан да ауыр еді.

Сол себепті, Ақ Сарбаз өзімен әңгімелесушілерге өзінің олардың

ойларын оқи алатынын ескертіп отыратын болды. Кейде ол өзі де байқамай,

әлі қойылмаған сауалға жауап беріп, енді ғана сұралмақ болған затты ұстата

салатын. Әрине оның бұл қабілеттері маңайындағылардың ықыласына

бөлене қойған жоқ.

Ақырында Ақ Сарбаз Жоғары Күштерден ‒ одан осы жағымсыз қасиетті

кері қайтарып алуын өтініп жалбарына бастады. Ол бұл қасиетті жеке

басының пайдасына бір рет те пайдаланбағанын және кез келген адамның ойдүниесіне

баса көктеп кіруді мүлде қаламайтынын дәлелдеп шықты.

154

Болашақ Ғарыш Сарбазы осылайша Ғарыш Елшілерінің ождан

низамының ЕКІНШІ сынынан өтті.

Жоғары Күштер Ақ Сарбаздың орынды пікірін құптап, басқаның

ойларын оқу қасиетінен айырды. Ол бұдан кейін біраз уақыт өзінің қайтадан

кәдімгі адамға айналғанына, бөгде сезімдер мен ойлардың азапты

салмағынан құтылғанына қуанып рахатты күйде жүрді. Арада жарты жылдай

уақыт өткенде Ақ Сарбаз кенеттен өзінің бір жолдасының апатқа

ұшырайтынын, жақындарының біреуінің пәле-жалаға тап болатынын, таныс

баланың бұзақылармен шатасатынын көріп, тағы да жұртты ескерте бастады.

Ақ Сарбаздың ниеті жамандыққа жол бермеу болатын. Алайда аталған

пәлекеттер өзінің айтқаны бойынша өз уақытында, өзгермей іске асқанда,

оның маңайындағылар мен пәлеге ұшырағандар ‒ жаман ырымды бастап

осыған ұрындырған сенсің ‒ деп бас салып Ақ Сарбаздың өзін кінәлады.

Осының бәрі Ақ Сарбаздың ар азабын күшейтті. Ол бөгденің тағдырына

араласудың дұрыс-бұрыстығын тағы да сарапқа салды.

Ол күні бұрын болжауларын қойған еді, және оның маңайындағы

адамдардың бақытсыздыққа әкелген себеп-салдар байланыстарын талдай

бастады да, әр адам өз әрекетімен нені өзі құрған болса, соған жетіп, соны

иеленетінін түсінді. Оны қанша сақтандырсаң да, құтыла алмайтын нәрсе

орын алады – адам дәл белгіленген сәтте баяу жылжыған, манёвр жасай

алмайтын трамвай қағып тастайтын тура сол жерге келіп жетеді. Келешек

құрбан бір секундқа ғана жай кідірсе немесе рельстен титтей ертерек аттап

өтсе, аман қалар еді, бірақ карма бұл оқиғаның себеп-салдар жіптерін өріп

қойған, және одан құтылып шығу ДЕРЛІК мүмкін емес. Осы ДЕРЛІККЕ Ақ

Сарбаз кейін өз тәжірибесінен көз жеткізген еді, ал өзі осы жаңа қасиеттің

мағынасыздығына таңқалды және егер ол жанына жақын адамдарға,

айналасындағыларға көмегін ештеңемен тигізе алмаса – онда қырсығы

арылмайтын болашақты білмегенім тіпті жақсы деп, қарапайым адамдар

сияқты болуды шешкен еді.

Ақ Сарбаз бұл сыйды өз жеке басының пайдасына қолдануды ойына да

алған жоқ. Алдын ала ескертулерінің ешқандай пайдасы жоқ екендігіне

сенімді болғанда Жоғары Күштерден бұл үрейлі қасиетті одан алып тастауды

тағы да өтіне бастады.

Осылай, Ол ‒ оның дәрежесіндегі тіршілік иесіне арналған ҮШІНШІ

сынақтың бастапқы деңгейінен өткен болатын және өзінің

маңайындағылардың болашағын көрмейтін күйге түскен еді. Біраз уақыт ол

ақырында азаптан құтылған адамның көңіл-күйінде өмір сүрген еді. Аз

уақыттан соң ‒ Ақ Сарбаз өз бойында жаңа қабілеттердің пайда болғанын

байқады. Бойында өзі мүлде күтпеген қасиет ашылып, енді қоғамдық өмірдің

болашағын болжай алатын болды. Бұл қасиет өзі қызмет еткен мекемелерде,

яғни топтық кармасы бар жерде білінді. Ол өзі үшін білімнің жаңа деңгейінің

ашылғанын, өзі қатыса отырып топтық карма байланыстарының болашағын

болжай алатынын, осылайша өзіне де, жұртқа да пайда келтіре алатынын

сезді. Еңбек пен таным үстінде ол төңірегіндегілермен өзін қандай карма

155

жіптері байланыстырып тұрғанын ұғынды. Күрделі де қиын топтық

карманың жинақталуын болдырмау үшін мынадай қағидаларды басшылыққа

алу керек екен:

‒ неғұрлым аз адамға міндетті болу;

‒ қоғамға барынша көп беріп, өзіне неғұрлым аз алу;

‒ айтқан сөзіңде тұру ‒ мойынға алған міндетің, тіпті жаудың

алдындағы міндет болса да, аяғына дейін орындалуы тиіс;

‒ өз жеке басының ісіне, өз маңайына, жаңа топтық карманы

жинақтаудан құтылу үшін адамдарды барынша аз тарту;

‒ Ақ Сарбаз, бүкіл адамзатқа қызмет етуі үшін, өзінің ешбір діни

конфессиямен байланысқа кіруге құқығы жоқ деген тұжырымға келді.

Осы қағидаларды басшылыққа алғандығының арқасында Ақ Сарбаз осы

өмірінде жинақталған жеке және топтық кармалық қарыздарын, сондай-ақ

өткен өмірлерінен келе жатқан қарыздарының біразын өтеуге мүмкіндік

алды. Бірақ ол кезде Ақ Сарбаз өзінің өткен өмірлерін білмейтін еді,

осыларды жалпы адамгершілік қағидаға сүйене отырып істейтін.

Бұның бәрі ҮШІНШІ дәреженің сыны болатын. Ақ Сарбаз бұдан да

сүрінбей өтті. Ол өзінің 1970-ші жылы қабаттас дүниелерге бірінші рет

барғанда алған кармалық байланыстарының және энергияларының қорын

сарқыды. Бұл, оның ‒ өзінің рухани өрлеуінің келесі кезеңіне өтуге дайын

екендігінің белгісі еді.

Иерархия оны жетелеуді жалғастыра берді. Енді, Ғарыш Сарбазын

дайындаудың ақырғы кезеңінде оны Ғарыш Мектебіне Басшы әйел өз

қамқорына алды. Бірінші рет ол ‒ 1975-ші жылдың 22 қыркүйегінде, түстен

кейін Есептеуіш орталығының залынан ЭЕМ-ның шуылынан демалайын деп

зауыт скверіндегі сәкіге отырып демалуға шыққан кезінде ‒ оның дауысын

естіген еді. Ақ Сарбаздың жүрегі өз халқы үшін жарылатындай ауыратын,

және ол қазақтарды тығырыққа тыққан тоталитарлық жүйеден шығару

жолын іздеумен жүрген кезі еді.

Әлдебір сәтте ол осы дүниеден тыс кетті... Жеңіл самал соғып,

жапырақтар айнала бастады, ал самалдан мейірімді және нәзік Әйел Дауысы

естіліп: «Жаңа Өркениет негізінің қалаушысы боласың...» деді.

Сол кезде ол тек өзінің санасына ғана сенетін, алайда бұл Дауысқа лезде

және бүтіндей сенген еді, себебі бұрынғы ғұмырларында да Соған бағынуға

дағдыланған болатын. Бұл хабарлама оны есеңгіреген күйге ұшыратты. Бала

жасынан аса жауапкершілікті болғандықтан, ол, өзіне жүктелген

тапсырмаларды ойланбастан орындауға дағдыланған болатын.

Алайда, бұнда одан тіпті орындалуы мүмкін емес істі жасау талап

етілуде. Ол, өзі игеруге тиісті білімнің жиынтығын көз алдына елестеткенде

бұл оны торыққан күйге түсірді. «Мұндай жаза маған не үшін берілді? Менен

артық басқа біреу табылған жоқ па? – деп сұраған ол өз ойынша лайық болар

деген үміткерлерді ұсына берді. Бұлар, аты әлемге әйгілі физик ғалымдар еді

‒ Ақ Сарбаз олардың алдында бас иетін.

156

Бірақ Дауыс, ешқандай күмән келтірмейтін үнмен – «Сен таңдалдың.» ‒

деп жауап берді. Және де бұл аса мықты сеніммен айтылғаны сонша, Ақ

Сарбаз тіпті тіл алып, жоғарыдан қойылған осы міндетті қалай жақсырақ

орындасам екен деп талдай бастады. Осы жайлы, қайда болса да – жұмыста

ма, әлде достарының ортасында ма, не істесе де – өндірістік мәселелерді

шешсе де, кітап оқыса да, әлде үйіндегі гүл бақшасында гүлдерді баптаса да,

оның санасында және ой астарында шешім табуды үнемі ойлайтын болды.

1976-шы жылдың тамызында Ақ Сарбаз еңбек демалысын Қара теңіздің

жағасында өткізген еді. Күндердің бірінде жергілікті базарда көздері

мөлдіреген, сары шашты адамдарды көрген еді – олар кілегей, ірімшік және

сүзбе сататындар еді. Олармен әңгімелесе отырып олардан ұлттарының кім

екенін сұраған. Олар абыроймен: «Біз абхазбыз, осы жердің жергілікті

тұрғындарымыз.» ‒ деп жауап қайтарған. Мен осы кезге дейін бай жағалауда

да абхаздарды неге көре алмадым деген Ақ Сарбаздың сұрағына олар: «Біз

бұл базарға таулы поселкелерден түсеміз» ‒ деген. Ақ Сарбаз бұл жерде,

арасынан ең қанышер диктаторды берген, өмір сүруге тек биік дәрежелі

ерекше артықшылыққа ие ұлт өкілдерінің ғана хақысы бар екенін білді.

Әңгімелесуін жалғастыра жүріп ол осы мейірімді және қонақжай халықтың

тағдыры өзінің туған қазақтарыныкіне ұқсас, оларды колонизаторлар туған

жерінде адам болу құқығынан айырып, ашықтан-ашық «хайуан» деп атап,

Қазақстанда бұратана халықтың топастығы туралы талқыға салу «құдаймен

күресуші» халықтың жақсы сыңайының бірін танытуының белгісі болған.

Қазақ тілін естіген кезде лезде талап қоятын: «Өз хайуан тілдеріңде

сөйлемей, орысша сөйлесіңдер, себебі не айтып жатқандарың түсініксіз,

бәлкім сендер кеңес үкіметін құлатқалы жүрсіңдер».

Олардың барлығы қазақ музыкасы жайлы керемет үлкен «мамандар»

еді. Егер жұмыс орнында радиодан қазақ музыкасы естілсе, «ақ адамдар»

қазақ қызметтестерінен титтей де ұялмай, «хайуандық музыкасын» өшіріңдер

деп дауыстап талап қойғандарына бір-бірімен көз қысысып ия, қалай біз

бұларды қатырдық? ‒ деп абсолютті түрде өздерінің қылықтарының

дұрыстығына және ең бастысы, жазасыздығына сенімді болатын. Қазақстан,

Империя құрамындағы ең езгіде болған республика еді.

Басқа республиканың қонағы болса да, бұнда да ол өзінің аластанған

болып саналатынын түсінді. Бірде ол жеке меншік бөлікте тұратын басқа

демалушылардың ізімен қоршалған санаторийдің аумағына кездейсоқ кіріп

«ақ күзетшілерге» өзін тек балмұздақ пен су сатып алмақ болған Қонақ

ретінде таныстырған еді, бірақ та оны ол жерден күштеп итеріп шығарып

тастаған болатын. Ақ Сарбаз қатты ызаланды, бірақ өзін-өзі ұстап оның адам

ретіндегі және осы жердің Қонағы ретіндегі құқығын бұзып тұрғандарын

оларға айтты. Жауап ретінде олардан оған арсыздық қимылдармен қоса

қорлау сөздері айтылған болатын. Әбден дүлей ашуға мінген Ақ Сарбаз

оларға айқайлап – осы күнді естерінде жақсылап сақтап алуын және 10-12

жыл өткенде осы жер отқа оранып өлім құшағында болатынын, ал олардың

157

өздері қуғынға ұшырап аластатылған қайыршыларға айналатынын айтқан

еді.

Кейінірек, құмдауыт жағалауда жан ауруы мен қорлаудан күйзеліп

екпетінен жатқан ол, кенеттен қолына біреудің тақағанын сезген еді. Бұл,

поселкеде жиі көрініп жүретін панасыз ит екен. Оның көңіл күйін сезген

болар, ит оған жаны ашығаннан қасына келіп, қолын жалаған. Ақ Сарбаз

көтеріліп отырып, итті басынан сипап, оның өз Қожайынын тауып алуына

және оның өз үйшігі, және әр күні итаяғында көжесі мен сүйегі де болсын

деп тіледі. Кейіннен оның осы итке тілегенінің бәрі орындалған болып

шықты.

Қанаудағы өз елі туралы ойлауын жалғастыра берген Ақ Сарбаз кенет

теңіз үстінде орасан зор пирамиданы анық көрді. Одан кейін ол ғайып болды

да, бірақ Күннен тараған Дауыс естілді: «Сен менің бауырымсың! Сен маған

теңсің! Және Мен сенің кез келген өтінішіңді орындаймын.» Ақ Сарбаз тіпті

таңқалған да жоқ, тек сұрақ қойды: «Сен мына пляждағы осы тасты жылжыта

аласың ба?» Дауыс жауап қатып: «Жоқ!» ‒ деді. ‒ Онда сен тек Нәзік

энергияларды басқара аласың ғой! – деп сезді Ақ Сарбаз. «Ия! Осыдан кейін

сен де оларды басқара алатын боласың. ‒ деп жауап берді Дауыс, ‒ және бұл

нәзік энергияларды саналы түрде қолдану қажет, әйтпесе пәледен құтыла

алмайсың.» ‒ деп түсіндірген болатын.

Сол кезден бастап Ақ Сарбаз ауа-райына ықпал ете алатынын сезген еді,

бірақ оның осы қабілеттерін басқа адамдар да байқайтын болды. Келесі

жылдың шілдесінде ойға шомып ыстықтан ығысып тротуардан аллеяға

тоғайлардың көлеңкесіне өткен кезде, оған қарсы келе жатқан егде адам:

«Құрметтім, тұра тұрыңыз! Сіздің төбеңіздің үстіндегі кішкентай бұлттан

Сіздің үстіңізге жаңбыр жауып келе жатқанын білесіз бе? ‒ деді.

‒ Бұлай болуы мүмкін емес! Мынадай ыстықта қайдағы жаңбыр?

‒ Сіз артыңызға қараңызшы, Сіздің артыңызда жауынның жауған ізі

асфальтта жатыр!

Ақ Сарбаз артқа қарай бұрылып – шынымен күннің көзінен буланып,

оның аяғына дейін суланған жолақтың тартылғанын көрді.

Ер адамға алғысын айтып ары қарай жүре берген ол бұның не екенін

талдай бастады. Алайда, ол ой-санасын іске қосқан сәтте жауып тұрған

жаңбыр күрт тыйла қалды.

Бір аптадан соң ол іссапармен Мәскеуде жүрген еді. Онда, тамыздың

басы болғанына қарамастан қара суық түсіп, үнемі жаңбыр жауып тұрды.

Күндердің бірінде, автобус аялдамасында оның қасына қарапайым киінген

қартаң әйел таяп, оған иіліп өтіне бастады:

‒ Ұлым, бейшара мені аяй гөр! Бізге рақымшылық жаса! – деп өтінді.

Ақ Сарбаз бірден қалтасынан ақша суырып алмақ болды, бірақ әйел оны

тоқтатып:

‒ Жо, жоқ! Міне, менің қолыма қарашы, оларға не болғанын көрші!

Ия, оның қолы ісініп, тілім-тілім болып жарылып кеткен екен.

‒ Қолыңызға не болған?

158

‒ Біз бақшамызда картоптың түбіне топырақты үюден әбден мезі

болдық! Жаз бойы бітпейтін жаңбыр құйды, егер енді күн шықпаса, картоп,

сәбіз, қырыққабат, қызылша – бәрі шіріп кететін болды. Ал біз ‒ кедейлерге

картопсыз, тұздалған қырыққабатсыз қыстан аман-есен шығу екі талай

болар!

Бұл әңгіме адамдардың көзінше болған еді, бірақ ешкім бір ауыз сөз

айтпады. Ақ Сарбаз осы дүниеден сытылып шыққандай ойланбастан сұрақ

қойды:

‒ Ал егер бүкіл тамыз бен қыркүйекте күн ыстық болса,

бақшаларыңызға осы жеткілікті бола ма?

‒ Ой, жетеді, тіпті антоновка мен жидектердің бәрі пісіп үлгіреді де,

біздің балалар саған алғысын жаудырады. Тек Күніміз қашан шығады екен?

‒ Бір күннен кейін таңертең – Күн шығады, Сіздер үшін! – деп лезде

жауап қайтарды Ақ Сарбаз.

‒ Ал, рахмет саған ұлым, өзіңнің тілегеніңнің бәрін Құдай саған берсін!

Өз істерімен айналысып жүріп ол өзінің берген уәдесін ұмытып та

кеткен еді, тек бірнеше күннен соң ыстықтан тасалап жүріп, сол екі,

әдеттегіден тыс адамдардың – біреуі жылы күндер сұрап өтінсе, екіншісі оған

екі айға созылатын ыстықтың боларына уәде берген ‒ оғаш әңгімесін есіне

түсірді.

Кейін, ол үйіне қайтты. Қараша айы келді. Бірде, Ақ Сарбаз теледидарды

қосқанда мәскеулік диктор әйел көрінді. Жайдары күлімсіреп, жағымды

дауыспен:

‒ Құрметті телекөрермендер! Сіздерді келе жатқан Ұлы Қазан

мерекесімен құттықтаймыз. Гидромет орталығы бұрын-соңды болмаған үш

айға созылған жылы ауа-райы жақын арада аяқталады деп хабарлайды.

Мәскеуліктер мейрамға әлі жазғы көйлектері мен костюмдерін киіне алады,

бірақ 10-шы қарашада кенет күн суытатынын ескертеді, сонымен салқынмен

рахаттана беріңіздер! – деп хабарлаған болатын.

Ақ Сарбаз бұны кездейсоқ сәйкестік деп санаған болса да, бірақ дәл

осындай жағдай бірнеше жылдан соң 1981-ші жылы орын алды. Ол кезде ол

киевтік «Электронмаш» зауытына іссапармен барған еді және тағы да

жұпыны киінген қартаң әйел оның қасына келген еді. Тура солай, өзінің

қолдарын оған көрсетіп, күн туралы өтінген, ал Ақ Сарбаз енді саналы түрде

жылы ауа райының қазан айының ортасына дейін боларына уәде берген еді,

және өзінің болжамының орындалу мүмкіндігіне ешбір күмәні болған жоқ.

Осы 1981-ші жылы Ақ Сарбаз өзінің рухани жұмысының нәтижесін

жасаған еді, және осымен оның жолы аяқталды деп санаған болатын. Ол

Ғарыш Шайқасына қатысып, Люциферді тапқан болатын, ал ол енді ешбір

қабаттас дүниелерде Ақ Сарбаздан құтыла алмас еді және міндетті түрде

Иерархияның алдына келіп тұратыны анық. Сондықтан ол өзінің өткен

ғұмырларына зияраттары аяқталған деп санап, және зерттеуші ретінде ол осы

ұлы өмірлерден бас тартып, оларға анық лайық емеспін деп және қайтадан

қарапайым адам болуды тіледі.

159

Осы шешіммен ол Киевте ұшаққа отырған еді, бірақ одан кейінгі

оқиғалар оның өзі үшін қабылдаған тағдырлық шешімдерін өзгертуіне

мәжбүр етті.

Ұшақ Минералды суларға (Минводы) жанармайын толықтыру үшін

қонған болатын, жолаушылар бортқа қайтып орналасты, бірақ найзағай

жарқылдай бастады да, одан бетер үрейлі түрде күшейе берді. Біраз уақыт

өте, иллюминатор жақта отырған көршілесі Ақ Сарбаздың назарын бір қызық

оқиғаға аударған болатын:

‒ Қараңызшы, найзағайлар тоқтаусыз Машук тауына құлап жатыр, ал

онда Лермонтов өлтіріліп, жерленген жер ғой!

Ия, шынымен-ақ найзағайлар толассыз ағынмен тура сол тауға құлап

жатты, оған Ақ Сарбаз, шынайы таңырқап, бұл неге бұлай болған екен? – деп

ойлады. Ұшақ бір сағаттай тұрды, салонның ішіндегі қапырықтан адамдар

таза ауаға шығуына рұқсат сұрай бастады. Бірақ бортсерік қыз әуежай

барлық қызмет көрсетуін орындап қойған, сондықтан тек ауа райының

жақсаруын күту ғана қалды деп айтты. Ал ұшақ әуеге көтерілгенше ауа

салқындатқыш пен жарықты қоса алмаймыз, себебі онда аккумуляторлар

отырып қалады да, ұшып-көтерілу мүмкіндігінен айырыламыз. Қапырыққа

шыдауға шама жоқ еді ‒ балалар жылай бастады. Тура осы кезде сұмдық

гүрсіл тарс етті, өртсөндіргіш машиналардың дабыл қағып ұлыған үні естілді

және борттың жанындағы күштік кабельден от ұшқындары тарай бастады.

«Ал, енді бітті! – деді көршісі, ‒ егер енді әуежайдың электржабдықтары

өшірілсе, онда біз мұнда бір күннен артық отырып қаламыз!»

Бортсерік қыз жолаушыларды тыныштандыруға тырысты, алайда

балалар одан да бетер, енді шошығандарынан, өкіріп жылай бастады – бүкіл

салоннан балалар ағылып Ақ Сарбаз отырған жерге жинала бастады,

ақырында алдыңғы қатардан кішкентай сәби еңбектеп жетіп, оның

шалбарының балағынан қапсыра ұстап, тура бетін оған тақап өкіріп, еңірей

бастады. Баланың жылауына мүлде төзіп шыдай алмайтын Ақ Сарбаз бұл

сұмдық оқиғалардың себебі неде екен деп сасқалақтап талдай бастады.

Салонда найзағайлардың жарқылы жиілеп кеткен болатын, борт маңындағы

кабель электрлік доғаға айналған еді, ал балалар оның креслосының қасына

тұрып алып тоқтаусыз өкіріп жылай берді...

Ақ Сарбаз тағы да иллюминаторға қарады. Көршісі оған: ‒ Қараңызшы!

Машук көк отқа оранып жалын атып жатыр! – деген еді. Сонда ғана Ақ

Сарбаз осының бәріне өзі кінәлі екенін түсінді. Әсіресе, өзін аяуды қиыла

өтінген сәбидің түрі Ақ Сарбаздың жанына батқан еді.

Лермонтовтың қаза тауып, жерленген жерінің аса қатты жалындап

жатқаны және зар еңіреген балалар оны өзінің «тағдырлы» шешімін

өзгертуге итермеледі. «Жарайды, мен осы өмірлерді қабылдаймын және

олардың қарыздарының барлығын өтеуге міндеттенемін. Тек осы

қорқынышты дауыл тоқтап, балалар еңірегенін қойса екен.» ‒ деп шешкен

болатын.

160

Нәзік стихияларды басқару оған бұдан арғы жұмысын жалғастыруға

қажет екенін, және оның ‒ ұлы есімдерден өзін шеттетуінің және

сыпайылығының орынсыздығын ол түсінді.

Ол өзіне осыны анықтағаннан соң, найзағайлы дауыл кенет бәсеңдеп,

терезенің сыртындағы кабельдің жануы тоқтады. Аз уақыт өткеннен соң

бортсерік қыз:

‒ Әркім өз орнына орналасуларыңызды өтінемін және белбеулеріңізді

бекітіңіздер! Метеоқызмет хабарлағандай, дауыл шебінде Қазақстанға дейін

коридор пайда болды, сондықтан лайнер ұшып-көтерілу жолағына бара

жатыр! ‒ деп хабарлады.

Айналасындағылар үшін әдеттен тыс болса да, бірақ Ақ Сарбаз үшін

кездейсоқ емес бұл оқиға осылай аяқталды. Ол, алдында орындауы тиіс

үлкен жұмыстың күтіп тұрғанын – алтыншы саты халқын құру, ал бұл үшін

оның халқы азат болуы тиіс екенін түсінген болатын. Және оны тек Құдай

ғана азат ете алады!

Төртінші цикл

Құдайдың алдына келуші

Жеті жыл өтіп, Ақ Сарбаз 35 жасқа толды. 1977-ші жылы ол әлі рухани

сәби еді. Ол енді жаңа қасиеттер мен ерекше өкілеттікке ие болу үшін екінші

рет, бұл жолы Құдіретті Сфералар Дүниесіне көтерілуге тиіс болды.

Ол уақытта Империяның бүкіл халқы «темір перденің тасасында»

толықтай рухани құрсауда және ақпараттық блокадада қалған еді.

Тоталитарлық идеология дәуірлеп тұрған.

Өлмес рух идеясын теріске шығаратын материалистік ілімнің ақыл мен

санаға берері шамалы еді. Зұлымдық Империясының өзгеше ойлайтындарды

басып-жаншу аппаратының сұмдық қуатының алдындағы өзінің әлсіздігінен

торыққан күйге түспеу үшін, Ақ Сарбазға одан ары өсуіне жаңа рухани күш

қажет болатын.

Өзінің өткен ғұмырларының рухани сатыларымен жылжи отырып, Ақ

Сарбаз үнді философиясының сиқырына түсіп қалды. Йога жайлы тапқан

жадау мәліметтерді егжей-тегжейлі зерттеген ол өзі үшін жаттығулар, тамақ

ішу, ағзаны тазалау жүйесін, ізгілік кодексін қалыптастырып, осыларды

бұлжытпай орындауға кірісті.

Жаттығуларды, әсіресе асана қалыптарын жасау қиынға соқты. Сол

себептен олардың ішінен ең қарапайымын таңдап алды. Есесіне

медитациялық шому машығын тез меңгеріп, осы күйде сағаттап отыра

алатын болды.

Бұл ахуал ұзаққа созылған еді және күндердің бірінде, терең шомудың

кезінде санасында тез жылт етіп, әлдебір белгісіз елдің, бейтаныс жұрттың

көгілдір түске малынған суреттері пайда болды. Бұл астралды хикаяны

аяғына дейін көруге құмартқан Ақ Сарбазға өз бетімен шомудың қатерлі

161

екенін ой астарынан ескерткен дауыс келіп жетті де шомудан шығуы керек

екенін білдірді.

Осы оқиғадан кейін Ақ Сарбаз үнділік философияны бұдан әрі тереңдей

түсіну үшін үндіге айналу керек екенін, үндіше ойлап, тамақтанып, өмір

сүруі, тыныс алуы керек екендігін түсінді. Бұл жаттығулар оны белгілі бір

рухани белеске шығарып, үнді философиясы Ақ Сарбазға өрлеудің бастапқы

деңгейінде сүйеніш болды.

Одан кейін оның рухани өрлеуі тағы да баяулап қалды. Ақ Сарбаз өзіне

Ұстаз керек екенін, онсыз бұдан ары қарай өрлеудің мүмкін еместігін ұқты.

Өз кармасына сәйкес, Ақ Сарбаз раджа-йоганы биік дәрежеде меңгерген

Ұстазға кездесті, дәлірек айтқанда оны оған ертіп әкелген еді. Ұстаз кәдімгі

жерлік мамандықтың иесі ‒ дәрігер болып істейтін. Өкпе ауруларын

емдеудің өзіндік әдістемесінің арқасында оның аты белгілі болатын. Оның

емдеу жүйесі раджа-йогадан алынған тыныс жаттығуларына және

энергетикалық центрлерге әсер ету арқылы бойдағы қуат ағымын тепетеңдікке

келтіруге негізделген еді.

Шәкіртпен кездеспес бұрын, Ұстаз бірнеше ай бойы Ақ Сарбазды

кепілдеме берушілер арқылы сырттай әбден зерттеді. Оның рухани деңгейін

сезгеннен кейін Ұстаз кездесуге ықылас білдірді, бірақ Ақ Сарбаз кездесуді

тағы да кешеуілдете тұруды ұйғарды. Ол өзін шәкірт ретінде әлі дайын

емеспін деп ойлап, лайықты рухани дәрежеге көтерілгенше Ұстазға келуге

құқығым жоқ деп есептеген еді.

Олар 1977-ші жылғы жаздың басында ғана жүздесті. Ұстаз өмір бойы

күткен сәтінің іске асқанын ‒ ақыры өзінің Жоғарыдан тағайындалған

Шәкіртіне кездескенін түсінді. Ақ Сарбаз да Ұстаздың мейірімді көгілдір

жанарынан, бүкіл әлпетінен өзіне жылы ұшырайтын әлдебір жақындық

тапқандай болды. Өзінің мектептегі Ұстазы есіне түскен кезде, сенімі әбден

орнығып, санасындағы бүкіл құпиясын Ұстазына ашып салды. Бұл ойша

сұхбат көзді ашып жұмғанша өте шықты. Осыдан соң Ақ Сарбаздың есінде

мәңгі қалған алғашқы дәріс басталды.

Алдымен Ұстазы оның неге құштар екенін, рухани жолға қалай түскенін

айтып беруін өтінді. Одан кейін шәкіртінің нені сүйіп оқитынын сұрап, Ақ

Сарбаздың орыс және шетел классикасын сүйіп оқитынына және адамзаттың

рухани ой-қазынасын бағалауда өзіндік өлшемдері бар екендігіне әбден риза

болды. Бұдан соң Ұстаз оның қандай музыканы ұнататынын сұрады.

Шәкіртінің классикалық музыканы жақсы көретінін естігенде балаша

қуанды. Ақ Сарбаз алдында жаны сәбидей пәк адамның отырғанын, екеуінің

бір-бірімен оңай тіл табыса алатынын түсінді.

Ұстаз Ақ Сарбаздың басынан өткен рухани феномендерге егжейтегжейлі

қорытынды жасады. Бірнеше нысаналы сұрақтардың арқасында

Ұстаз шәкірттің информациялық құрсауда жүріп-ақ бөгде сана езгісіне

түспегенін, өзінің нақты көзі жетіп, көңілге түйгеніне ғана сүйенетінін

анықтады. Ұстаз Ақ Сарбазды тығырықтан тез алып шықты да оның рухани

өрлеуінің келесі баспалдағы болып табылатын үнді философиясын меңгеруге

162

көмектесті. Ұлы үнді данышпандары жинақтаған рухани тәжірибенің

арқасында Ақ Сарбаз келесі сатылардан жылдам өтті. Раджа-йога әдістері

арқылы Ұстаз Ақ Сарбаздың центрлерінің әрі қарай ашылуына ықпал етті,

оларды басқаруды үйретті. Кейіннен Ғарыш Шайқасы кезінде бұның пайдасы

тиді.

Ұстазының дәрістері Ақ Сарбазға үнді философиясына деген шексіз

құрмет пен ризашылық сезімін оятқан еді, сондықтан ол алтыншы саты

халқы менталитетінің қажетті құрамы болуға тиіс.

Осы сатыдан кейінгі жолын Ақ Сарбаз өз бетімен жалғастырды, себебі

ол өзінің рухани деңгейінің әлі биік емес екенін, белгіленген мерзімге

үлгірмейтінін сезіп еді.

Өзінің физикалық дүниедегі Ұстазына жолыққанға дейін Ақ Сарбаз

аруақтар өмір сүретін астралдың жоғарғы деңгейлеріне арнайы шақырумен

ғана бара алатын. Енді ол жеткілікті дайындық арқылы өз бетімен терең

шому күйіне кіре алатын болды. Бірақ тәжірибе жинауға уақыт

қалмағандықтан өздерінің қиындықтарынан өтіп алған өзіне дейінгілердің

жинақтаған тәжірибесін Ақ Сарбаз әрқашан ризашылықпен қабылдайтын.

Рухани тәжірибенің иелері ‒ қарапайым да адамдар, және бірінші

кезекте еңбек етушілер, және рұхы биік адамдар да болатын. Ақ Сарбаз ‒

еңбек етуші де, және ұлы ғалым да, немесе рухы биік жан да ‒ барлығы

белгілі бір бірдей принциптерді ұстанып өмір сүреді ‒ деген тұжырымға жиі

келетін. Олар бір-бірінен алыс емес екенін, тек бүкіл ғаламды тану

шиыршығының әр түрлі орамдарында тұрғандығымен ғана бір-бірінен

ерекшеленеді. Осыған сүйене отырып Ақ Сарбаз олардың тәжірибесін

аксиома ретінде басшылыққа алып, өз жолымен ары қарай жылжуды үйренді.

Ақ Сарбаз классикалық раджа-йоганы игеруде үлкен жетістіктерге

жетті, әсіресе өзінің центрлерін өз қалауы бойынша іске қосып, басқаруды

үйренді. Бұл тәжірибелердің нәтижесі ақылға сыймастай еді. Оның

центрлерінің оянуы түрлі ғажайып оқиғаларды тудырды. Бұл уақытта оның

бірінші мен аралық, белдемше центрлері тұрақтанған жағдайға түсіп

үлгірген, 28 жасында ол бұларды толық меңгеретін болды.

Келесі жеті жылда отты центр ояна бастады, бұл кезде центрінің маңайы

қатты ауыратын. Ақ Сарбаздың отты центрінің шамадан тыс дамуы, осы

центрдің жұмысын ғарыш энергиясын түрлендіру және генерациялау үшін

шегіне жеткізе бағыттау жолымен жүзеге асты. Бұған центрдің ас қорыту

қабілетін әлсірету арқылы ғана жетуге болар еді. Мұның арты созылмалы

ауруға ұшыратқандықтан Ақ Сарбаз таза тамақтың тек шектеулі мөлшерін

ғана қорек ете алатын.

Өзінің эволюциялық мұратына сәйкес, Ақ Сарбазға азапсыз, сырқатсыз

оңайлықпен ешнәрсе де келген жоқ. Өзінің жеткен биіктерін үлкен ақымен

өтеуге мәжбүр болса да Ақ Сарбаз жүктелген міндетті орындау үшін өзінің

азапты жолын жалғастыра берді. Бұл жол оның осы жердегі ғұмырын

аяқтайтындығы, енді аз ғана шыдау керек екендігі ғана көңілге тұтар жалғыз

медеу болатын.

163

Ең жанына бататыны ‒ әуелі көкірек, содан кейін жүрек центрінің оянуы

еді. Жеті жылдай Ақ Сарбаз жүрек аритмиясымен ауыратын адамның

ахуалында болды, өліп бара жатқан жанның күйін кешті. Өң мен түстің

арасындағыдай еді бұл. Маңайындағы кеңістік, көшелер, үйлер, ағаштар мен

адамдар мұхит толқынында жүзіп бара жатқандай әсер қалдыратын.

Бірнеше рет көшеде өліп қала жаздады. Бірде көшені қиып өтетін

жерасты жолында шын мәнінде өлім аузынан қалды. Бір қызығы, қорқыныш

қаперіне де кірген жоқ, тек, ойында әйелдер мен балаларды текке шошытып

аламын-ау деген кінәлі қысылу ғана болды.

Бар күшін жинап үйіне жеткен ол азаптың аяғын тосты.

Осы кезде репродуктордан классикалық әуен төгіле жөнелді. Глюктің

«Орфей мен Эвридикасы» орындалған еді. Ақ Сарбаз саздың өз ахуалына

соншама сәйкес келгендігіне қайран қалды, содан соң көздерін жұмып өзін

бұл жалғаннан алып кететін күйдің толқынына берілді. Алайда жағдай

керісінше қалыптасты, жүрек өз ырғағымен жұмыс істей бастады.

Скрипкалар үні кеуденің шаншуын тарқатып жіберді де, Ақ Сарбаз бұл

дүниелік емес әлдебір рахат күйге түсті. Сырқат басылды, мектептегі

классикалық музыка кештерін есіне түсірген ол, өзін саз өнеріне деген

құштарлыққа дағдыландырған мұғалімдерге іштей рахмет айтты.

Институттағы достары ауылдан келген бұны әйгілі музыканттардың

концертіне барады деп, студенттік кештерде радиоқабылдағыштан

классикалық немесе халық музыкасы естілсе болды күйтабақты тоқтатып

қоятын қызық мінезін айтып жиі әзілдейтін. Ақ Сарбаз бұл сәтте өзін өлімнен

алып қалған осы музыка екенін түсінді.

Рухани биік өреге жеткен кезде Биік Дүниелерге шығатын болды да, сол

жақта Ғарыш Әуезін естіген ол өнер дегдарларының асқақ шабыт кезінде

Биік Дүниелермен астасатынын, өздерінің өлмес шығармаларын сол

дүниелерден әкелетіндігін ұғынды. Сол уақыттан бастап Ақ Сарбаз

классикалық музыка әуендерін жинап, қандай әуездің Ғарыш ырғақтарына ең

жақын тұрғанын анықтады.

Сөйтіп ол Биік Дүниелердің жарасымын тани бастады. Жер бетінде

Ғарышпен байланыста болатын адамдар бар деген тұжырымға келді.

Немен ауырсаң сонымен емдел деген. Жүрек центрі жұмысының

ауытқуын Ақ Сарбаз классикалық музыка арқылы қалыпқа келтіретін болды.

Сұлу әуенді естігенде жүрек шаншуы тоқтап, жаны жай табатын.

Осындай өң мен түстің арасындағы күйде Ақ Сарбаз бұрынғыша, жай

адам сияқты ‒ қызметке барып жүрді, жастарды өзінің даңқты мамандығына

баулыды ‒ қысқасы, қоғам алдындағы өз парызын өтей берді.

Рухани ерлік пен сый-құрметті аңсайтындардың кемде-кемі оның

мандайына жазылған бұндай сынақтар мен қасіреттерден өтуге сірә келісе

қоймас еді.

Әрбір центрдің оянуы өрлеу үстіндегі адамды ерекше күйге түсіріп,

таңғажайып қасиет дарытады. Бұған дандайсып кетпеу үшін эволюциялық

кемелдік қажет.

164

Тек 35 жасқа толғанда ғана жүрек центрі жоғары дамушыға зиян

келтірмей Ақ Сарбаздың кармасы да өз міндетін орындай алуына қажетті

жағдайлармен сәйкестендірілген болатын. Бұл кезде Ақ Сарбаздың осыдан 7

жыл бұрынғы Ізгілік пен Зұлымдық, қоршаған ортасы және өзінің қоғамдағы

арналымы туралы түсінігінің түбегейлі өзгергендігі сондай ‒ қасындағылар

Ақ Сарбазды қайтадан танымастай болды.

Жақын жүргендері, оның өздерінің орталарынан, дәлірек айтқанда

өздері катынасқан карманың деңгейінен кетіп бара жатқанын сезді. Жайдары

жиын-отырыстарда бірге болған достары олардың ортасына қайта оралуын

қиыла өтінген еді, себебі онсыз, оның таусылмайтын әзіл-қалжыңдарынсыз,

сауықшылдық, төкпе тосын сөздер, гусарлық рух олардың мерекелерін

тастап кетіп, олардың өмірлері іш пыстыратын, татымсыз болып қалған еді.

Өзінің саналы өмірінің біраз дәурені өткен бұл ортадан жатсынып алыстауы

Ақ Сарбаздың өзін де азап шегуге салған еді. Айналасындағылар біртіндеп

оның топтық және ішінара әулеттік кармадан кезеңімен кете бастағанына

үйренді.

Бұл Ақ Сарбаздың физикалық дүниеде өмір сүруші адамдардың астрал

дүниесінің неғұрлым жоғарғы деңгейлеріне шапшаң жылжыған қасиетінен

еді. Ол өзіне келешекте кездесер ізбасарлары мен көмекшілеріне қабаттас

дүниелерде алдын ала байланысып, жаңадан ‒ жеке, топтық және әулеттік

карма байланыстарын жасайтын болды. Ақ Сарбаздың өз эволюциясының

келесі сатысына өтуімен бірге оның ұлттық кармасы да өзгере бастады.

Осы қызықты және бір мезгілде аса қиын жұмыс тек жүрек центрі

үйлесімділікпен қызмет ететін болғанда ғана басталды. Ақ Сарбаз осы центр

арқылы кармасы ізгі жандар өмір сүретін астрал әлемінің биік қабаттарына

қызықты саяхаттарын жасайтын. Астрал дүниесіне осы шығулар жоғарыдан

келген шақырулар арқылы өтетін және бұл ‒ Ақ Сарбазды о дүниеде үздіксіз

жұмыс істеуге машықтануына қажет болатын.

Әрбір осындай шығуы оны балалық кезден таныс рахат күйге түсіретін.

Қабаттас дүниелерден келесі шақыртуды күткен Ақ Сарбаз нәзік әлемнің

ажарлы суреттерін еске сақтамақ болып алдыңғы оқиғаларды жалғастыруды

жоспарлайтын. Бірақ әрбір саяхат жаңа кеңістіктерді ашатын, жаңа тіршілік

иелерімен кездестіретін, және қызықты оқиғалар ешқашан бірін-бірі

қайталамайтын. Ақырында Ақ Сарбаз о дүние мен оның мүмкіндіктерінің

шексіз екенін, қабаттас дүниелердің аз ғана бөлігін аралау үшін бір

ғұмырдың өзінің аздық ететінін түсінді.

Сол екі арада жай адамның астрал дүниесінің биік қабаттарына жиі

шығатынынан сайтаншылдар секем алып қалды. Олар оған өте жоғары

қызығушылық таныта бастады. Сонда ғана ол бірінші рет түнекшілердің оған

құрған торлары мен тұзақтарын сезінген болатын. Ең алдымен олар оны

шебер жағынудан тұратын, оған ешқашан оныкі болуы мүмкін емес жалған

лауазымдарды сұқпалап торға түсіреміз деп үміттенген еді. Одан соң әр түрлі

діндердің рухани көшбасшыларының түріндегі жалған кейіпкерлер болып,

165

сәті түссе ілінер деп қармағына әр түрлі жемді салған балықшыдай, мүлдем

жүйесіз, қалай болса солай оның көз алдына келе бастаған еді.

Барлық осы фантомдар өздерін айрықша атап көрсетуі арқылы көз

жеткізуге тырысатын. Олар әсіре әрленген киім-кешектерді жамылып алып

өздерінің сахналық бейнелеріне сайма-сай қаптаған аттрибуттармен

жарақтанатын. Олар ұлылардың айтқан сөздерін жиі және орынсыз қайталап

өздерін-өзі ұлы есімдермен атайтын. Олардың тым мүләйімсіп күмән

тудыратын көпсөзділігімен ‒ түсінбей қалады деп корыққандай, өздерінің

айтқандарын көрсетпелейтін көптеген аттрибуттармен нығайтатыны ‒ Ақ

Сарбазды айрықша алаңдатқан еді.

Ақ Сарбаздың Ғарыш Бауырластығымен түйісулері әрқашан аса қысқа

мерзімді түрінде өтетін. Оған өте сыйымды, шегіне дейін тығыздалған ой

формалары берілетін. Олардың кейбіреулері көптеген жылдар бойы ойлануға

арналатын тапсырма түрінде берілетін. Кейде тек таңбаланған оқиғалардың

негізінде ғана ол қысқа ой формаларының сырын ашатын. Берілетін ақпарат

тек тұспалданған өзгеше түрінде болатын – және құпияланған ақпаратты

дұрыс түсінуі үшін Ақ Сарбазға ұлттық менталитеті көмектесті.

Саһаралық әдет-ғұрып заңдары бойынша өзіңнің өтініштеріңді тікелей

түрде айтуға және оның үстіне, тілектен тікелей бас тартуға да болмайтын.

Бұндай жағдайлар үшін бейнелі түрде және тұспалдап, астарлап айту салтдәстүрі

қалыптасып сақталған.

Сондықтан Ғарыш Бауырластығы Ғарыш Сарбазын дайындаудың

бастапқы кезеңінде көп қиындық көрген жоқ. Қазақтардың қатынасатын тілі

Ғарыш Бауырластығына айрықша маңызды хабарларын тұспалдап және

логикалық жұмбақтар түрінде беріп отыруларына, сонымен қатар, ар-намыс

кодексін сақтауларына, ашық түрде көмек көрсетуге тыйым салынған

«Басқаның кармасына араласпау» қағидасын бұзбауға мүмкіндік берген.

Өзінің рухани өрлеуінің сапасын бағалауда Ақ Сарбаз бір рет те мақтау

естіген емес ‒ керісінше, сәл аялдан соң оны босаңсуға жібермей алға

жетелей берді. Маңдай терімен жеткен кезекті рухани шыңнан түскен Ақ

Сарбаз адамдарға жинаған білімін беретін де, өзі соңғы деп санаған тағы бір

шыңға ұмтылатын. Бірақ бұл шың да аралықтағы биіктің бірі болып

шығатын, осылайша ол, өзі үшін бұл жолдың аяғы болмайтынын ақырында

ұғынған еді.

Кейде ол аздап демалуға, физикалық дүниені тастап шыққан өзінің

жақын тіршілік иелерімен кездесуге рұқсат алатын. Осындай зияраттарының

біреуінде астрал дүниесінің құбылудан босап шыққан жандар тұратын

бөлігінде ол өзінің қайтыс болған апатайы мен басқа туысқандарын

кездестірген болатын.

Ол уақытта Ақ Сарбаз, үнді философиясын тереңдетіп зерттеу жолымен

өзінің бастапқы міндетті оқу кезеңінен өтіп жатқан болатын. Бұл, Ақ

Сарбазға өзінің таңбасын салған болатын және астралдық денесінде де оның

кейпі үлкен өзгерістерге ұшыраған еді ‒ оның ой формалары да осыған сай

болатын.

166

Астрал дүниесіндегі кездесу кезінде туыстары өздерінің тайпаласын

әрең таныды. Осы кездесудің боларын алдын ала білгендіктен ғана олар

оның ‒ өздерінің Ақ Сарбазының өзі екеніне сенген еді.

Әсіресе оның апатайы ренжіген еді. Өмірінде өзінің сүйікті немересіне

тіпті дауыс көтеріп сөйлеп көрмеген еді, ал мұнда ол алғашқы рет қатаң

дауыспен сұрақ қойды:

‒ Сен өзің кімсің? Және руың, ата-тегің кім?

‒ Бұл мен ғой, апатайым! Сені көруге келдім және еңбегімнің,

оқуымның арқасында осындай құқыққа ие болдым!

‒ Еңбегіңмен жеткеніңді көріп тұрмын, бірақ қандай бағамен! Мына

түрің не? Ойларың да бір түрлі оғаш? Ал бойыңдағы еліңнен, оның салтдәстүрі

мен заңдарынан алғандарың қайда? Саған өмір берген кім? Сені

қорғап, асырап-өсірген кім? Алпамыс, Қорқыт және Асанқайғы туралы айтып

берген кім? Саған ән айтып, күй тартқан кім? Қазір сен кім болып тұрсың

және қай елдің перзентісің?

‒ Мен әрқашан өз елімнің ұлы және сенің немерең болғанмын, болып

отырмын және әрқашанда бола бермекпін, апа!

‒ Олай болса, тез атып тұра алмайтындай күйде, аяғыңды түсініксіз бір

түйін етіп байлап алып, неге отырсың? Ал сен аяғыңды тарқатып болғанша

жау өзінің қара ісін тындырып үлгірмей ме? Сен жауынгер патшалар

әулетінің ұлысың және саған өз тайпаңның қорғаушысы болу тағайындалған!

Сондықтан орныңнан тұр да, әрқашан біздің рубасының берген батасы

бойынша шайқасқа шығуға дайын бол!

Өзінің физикалық денесіне оралғанда Ақ Сарбаз өз жолының бірінші

кезеңі ғана өткенін, енді ізденістің жаңа кезеңі басталғанын ұқты. Бұл үшін

өзінің бесінші центрін, одан кейін ментал дүниесіне шығу үшін алтыншы

центрін оятуы керек еді.

Бесінші центрдің ояна бастауы да талай азапқа душар етті. Бірнеше рет

ол өзінің айқайынан, тамағының қатты ауырғанынан оянып кетіп жүрді. Қуат

арнасы бойындағы бесінші центрдің алдында тұрған қақпақша әлі

ашылмаған еді. Отты центрден тасқындап көтерілген қуат осы қақпақшаға

келіп соғылатын да жүрек центріне қарай қайыра теуіп, Ақ Сарбазды есінен

тандыратын.

Ұстазы шәкіртінің қасіретін көріп, оның себебін түсінді және қолынан

келгенше аурудың бөлігін өзіне қабылдап, ішінара азайтуға көмектесті.

Бірақ, Ақ Сарбаздың жалынышты көзқарасына еш илікпей, бүкіл әлпетімен,

жасырулы күштерді өз бойынан іздеп табуға талаптандырған.

Бір күні Ақ Сарбаз салт бойынша Ұстазы мен оның таныстарын үйіне

қонаққа шақырып, түскі асқа дейін құрметті мейманға өз халқы туралы, оның

музыкалық мәдениеті, әдет-ғұрпы туралы әңгіме шертті. Бұдан соң Ұстаздың

өтініші бойынша ол күйтабақ ойнатты. Ақ Сарбаз ойланып жатпастан әлем

елдерінің көбіне тараған, варган деп аталатын, шаңқобызда орындалған

әуенді қосты. Алғашқы дыбыстан-ақ ол түпкі центрдің бұлқынып барып іске

қосылғанын сезді. Бұл қуаттың ағынын тоқтатпай ары қарай көтеру үшін ол

167

енді ішкі түйсігіне сай, қыл қобызда тартылған күйді ойнатты. Қобыз

әуенінен бүлк-бүлк соғып отты центр оянды да қуат ағыны ширатылып

тығыз шиыршыққа айналды...

Бөлменің ішімен жеңіл самалдың лебі өтті, ал «отты центрдің»

пульстенуі күшейген сайын бөлмедегі қапырық пен ыстық басылды.

Осылайша, Ақ Сарбаз бұл центрдің тағы да бір қолданылуы туралы білім

алды.

Ағынның одан арғы екпінін сезген ол сыбызғыда тартылған күйді қосты,

осы сәтте үшінші кеуде центрі ашылды. Содан кейін Ақ Сарбаз үнтаспаға

жазылған мүлде бөлекше күйді қосты. Түрі сопақтау жеміске ұқсайтын

сазсырнай уілдеп қоя берді. Бұл аспаптың дыбысынан аз-аздап бірақ барған

сайын карқындап жүрек центрі оянды. Центрлер әуенінің симфониясын Ақ

Сарбаз өзіне әсіресе ұнайтын домбыра күйлерімен аяқтамақ болды.

Домбыраның күмбірлеген көкейтесті үні қасиетті даланың құпия

ырғақтарымен қуат ағындарын ала жөнелген. Кенеттен Ақ Сарбаз, өмірі

айықпайтын тамақ ауруының сап тиылғанын сезді. Энергияның бесінші

центрге тиген алғашқы соққысынан демі қысылып қалды, және қазақ

халқының жан-дүниесінде сақталған көне күй, центрдің вибрациясын ‒

адамдардан көптеген ғасырларға құпияланған ‒ тура сол ырғақпен және оны

қосуының бірізділігімен сүйемелдеген еді.

Бұл центрдің жұмысының кез-келген ақауы Ақ Сарбаз үшін түзелмейтін

салдар тудырар еді, бірақ домбыра өз ісіне одан да бетер нәзік

резонаторларды қатыстыра отырып бесінші центрді тербеген үстіне тербей

түсті. Бұл резонаторлардың тербелісі ақырында бесінші центрді ашып

жіберді де, энергия ағыны алдын ала дайындалып қойған алтыншы центрге

сау етіп құйылды.

Көз қарықтырған сәуле жарқ етті де қарақұстағы шағылдырғыштан бір

нүктеге сәулені жинақтай бастады және топталған энергиялар шоғы әлі

ашылып үлгірмеген қабақүсті сүйекке келіп соғылды. Желке сүйегіндегі

солқылдаған ауыруы қатер дабылын қаққан еді. Ақ Сарбаз, қауіпке

берілмей денесін билеп алды да, түрегеліп үнтаспаны өшіріп,

қаракөлеңкеленген бөлменің шамын жақты. Ең алдымен көзіне түскені ‒

Ұстаз сәкінің үстінде лотос қалпында отыр екен. Көздері жұмулы, бет-әлпеті,

бүкіл тұлғасы тас мүсіндей болып қимылсыз қалған, тек терең демінен оның

кеудесінде жан бар екенін білуге болар еді.

Бірте-бірте Ұстаз терең шому ‒ самадхиден шықты да шәкіртінен, бұл

тамаша ғарыш сазын өз үнтаспасына жазып алуды өтінді. Ұстаз осы сәтте өз

міндетін абыроймен атқарып болғанын арнасы арқылы біліп еді. Ол шәкіртті

өзіне лайықты жолға алып келді. Ұлттық танымның оянуы Қазақ Халқының

Перзенті үшін бірден-бір түзу жол еді.

Кейіннен Ақ Сарбаз күйлердің өз денесіндегі бесінші центрді оятқан

бұрынғы ізін сақтап күйге шомып көре бастады. Басқа үйлесімдер жасап та

байқады. Нәтижелері түрліше болып шықты. Өзіне-өзі тәжірибе жасай

отырып Ақ Сарбаз қазақ музыкасындағы ырғақтың құпиясын жарым-

168

жартылай ғана аша алды. Көп ұзамай біріншіден бастап алтыншыға дейінгі

центрлерін жалғыз домбыраның өзі оята алатынына көзі жетті, ал басқа

халық аспаптары кейбір жеке центрлерге таңдаулы түрде ғана әсер етеді

екен.

Бұл феномен оны қызықтыра түсті және домбыраны адамның денесімен

салыстырғанда ғана барып ол, осы өте қарапайым сияқты болып көрінетін

аспаптың құрылымындағы қаланған сырын түсінген еді:

‒ домбыраның ұзындығы шамамен, адамның төменгі центрінен жеті

центрі орналасқан төбесіне дейінгі денесінің ұзындығына тең;

‒ домбыраның ішектері бекітілетін жоғарғы жағы, адамның басына

ұқсас, мойыны ‒ омыртқасына, ал домбыраның дыбысы туындайтын

резонаторы ‒ шанағы, адамның жамбасындай;

‒ домбыраның қос ішегі омыртқа бойымен созылып жатқан қос энергия

арнасына ұқсайды. Бір ішек екіншісінен сәл жоғарырақ дәл маңдайдағы

алтыншы центрден жетіншіге дейінгі аралықтың өлшеміне тең болып

бекітіледі. Бұл, жетінші центрден басталатын адамның энергетикалық ену

арнасының қызметіне дәлме-дәл сәйкес келеді;

‒ бұдан әрі осы ішек домбыраның мойнымен өтіп, резонаторшанағының

түбінде, қос энергетикалық арнаны өзінің тілімен бекітетін

немесе ажырататын үнді манускриптерінде бейнеленген жыланға ұқсас

бірнеше орам жасайды;

‒ бұдан соң ішек жоғары өрлеп, бірінші ішектен сәл төменірек құлаққа

барып бекітіледі, бұл – алтыншы центр арқылы ментал дүниесіне шыға

алатын, адамның энергетикалық арнасының шығулар құрылғысын

қайталайды;

‒ адамның денесіне ұқсас етіп жасалған мұндай аспапта халық

күйлеріндегі құпияланған ырғақтарды сақтай отырып ойнаған кезде,

алтыншы саты адамдарының ең нәзік ұлттық түйсіктері оянып,

энергетикалық центрлері іске қосылатын болады.

Ақ Сарбаздың Ғарыш Шайқасына соңғы дайындығы осылай басталды.

Халық музыкасы оның алтыншы центрінің бірте-бірте ашылуына себепші

болды да, ақырында ол осы центр арқылы ментал дүниесіне өз бетімен шыға

алатын дәрежеге жетті. Шәкіртінің кез келген қиялдан асып түсетін, ментал

дүниесімен арадағы түйісулері Ұстазды бұдан арғы әрекеттерге итермеледі.

Ол енді Ақ Сарбаздың өзінің Жоғары Рухани Ұстазымен кездесуі туралы

өтінуі керек екенін айтқан еді. Өзіне қандай шәкірттің жіберілгенін оның

жүрегі сезетін.

Бірнеше айға созылған үздіксіз дәрістерден кейін Ұстаз соңғы сабағын

өткізіп, Ақ Сарбаздан қысқаша емтихан алды да, бұдан былай оған Ұстаз

бола алмайтынын ‒ ары қарай Ақ Сарбаз өз бетімен қозғалуы тиіс екенін

мәлімдеді.

Ғарыш Құрылысшыларының жарғысына сәйкес физикалық Ұстазы өз

шәкіртімен тура жеті жыл бірге болып, Ақ Сарбаздың әрекеттерін қадағалап

оның рухани жолын түзеп отырды.

169

Бұлтартпас айрылысар мерзім жеткенде Ұстаз өз шәкіртіне өмірдің

соңғы сабағын берді. Өзінің ұлттық кармасын орындап Ұстаз өмірінің

соңында ата жұртына, көне орыс шаһарына көшіп барды да православиені

қабылдап карма шиыршығы бойынша бабаларының дініне қайтып оралды.

Жаңа жол іздеп қиналмайтын оқушылық несібесін Ақ Сарбаздың

қиғысы жоқ-ты. Мұнда оған барлығы қолмен қойғандай түсіндірілетін, тек

табысқа жету үшін қажырлы, табанды болу оған әрқашан үйреншікті жәйт

болатын. Алайда Ұстаз илікпеді, Ақ Сарбаздан қабаттас дүниелердің ажарын

тамашалап «лотос» қалпында күйге шомып отыра бермей эволюциялық

ұмтылыс жасауын талап етті.

Бұны Ақ Сарбаздың өзі де тез түсінді. Жоғары Күштерден, баға жетпес

рухани қуатты өзінің зияраттарына жұмсағанша, рухани өрлеу жолын жаңа

бастаушыларға берулерін өтінді, бұл ризашылықпен қабылданған еді.

Бұл игіліктерден бас тартқан Ақ Сарбаз арада біраз уақыт өткеннен

кейін өзіне жаңа білімнің ашыла бастағанын сезді, Бірте-бірте бұрын

танылмаған кеңістіктерге тереңдеп самадхи қалпына шомып сағаттап

отыратын, алайда ешбір өрлеу байқалмады. Рухани өрлеудің заңдарын жақсы

меңгерген Ақ Сарбаз, өзінің танымынан бұрынғы тәжірибені алып тастауға

бекінді. Ешқандай мақсатқа байланбай, қордаланған білімнің бәрі ұмытылып,

толық тыныштық күйдің келуін күтті.

1977-ші жылдың жазында болған осындай терең күйге шомулардың

бірінде Оның санасының астарында алтындай жарқырап гүлденген Дала, көл

бетін жапқан қардай әппақ лала гүлдері, зүбәржаттай жасыл шалғындар,

құмда өскен қарағанның жалындай алқызыл гүлдері, жүйрік кесірткелердің

таңғы шағыл бетіне салып кеткен өрнекті іздері пайда болды.

Одан кейін кезегімен киіз үй, немересіне бір тостақ айран мен шелпек

ұсынып жатқан алтын шашты, шәй көзді әжесінің бейнесі, ең соңында

ұмытыла бастаған «Елім-ай» әнінің әуені санасының тұңғиығынан

қалқып шықты. Бұл әуеннен әлдебір терең толқындар туындап Ақ

Сарбаздың санасының астарында Көктің сфераларының музыкасына

біртіндеп ұласқан саһара күйлері күмбірлеп қоя берді.

Әрі қарай Ақ Сарбаздың ішкі жанарының алдынан сансыз жұлдыздары

бар Ғарыш кеңістігі ашылды да, Галактикалар мен тұмандықтар үдей түскен

күңіреумен зымырап өткен шиыршыққа айналғандай еді. Осыдан кейін

бұның бәрі Жиһанның шиыршықталған кеңістігіне тарс етіп жабылған

Абсолютті тыныштық орнады. Ақ Сарбаз барлық жаратылғанға, оның ішінде

өзіне де деген МЕЙІРІМ шуағын көзді шағылыстыра шашып жарқыраған

нүктені көрді.

Бұл ‒ Абсолютті Ақиқат та, Шексіз Қуат та, Бәрін сыйғызатын Даналық

та еді. Бұның барлығы Бәрін жеңетін Махаббатқа қосылып құйылды.

Құдайдың Сүйіспеншілігінің осы жайнаған кеңістігіне Ақ Сарбаздың еріп

және оған сіңіп кеткісі келген жеңе алмас құштарлығы туындады.

Бұл көрініс аз ғана сәтке созылды. Ақ Сарбаз кезеңімен кері оралды – ең

алдымен Жиһанға, одан әрі оның Универсал Ғарыш Модулі үдемелі түрде

170

қабырғадай төнген Галактикалар Шоғырларының қасынан зымырап өтті.

Бұдан соң оның ментал денесіне өзінің Галактикасының жұлдыздары

жарқыраған еді. Кейінірек, қасынан Сатурнның астралды сақиналары

қалықтап өтті де, Ақ Сарбаздың астрал денесі энергетикалық арнасымен

өзінің физикалық денесіне дағдылы сипатта шарт етіп оралған болатын.

Осылайша 1977-ші жылдың 30-шы шілдесі күні Ақ Сарбаз Жоғары

Дүниелерге екінші қайтара көтеріліп Жиһанның Шегіне жетті де

Жаратушының жүзін көріп «ауызбен айтылмайтын сөзді естіді» (2-ші

Коринф. 12. 4).

Ақ Сарбаздың Универсал Ғарыш Модуліне тартылған Ұлы Білім біраз

уақыттан соң мемлекеттердің келешегін, әлемдік діндердің, саяси

блоктардың және бүкіл Жер планетасының таяу болашағын көретін болды

және өз халқының алтыншы саты халқы болып таңдалғанын ұқты.

Бастапқыда бұл қиял сияқты болып көрінді. Ақ Сарбаз бесінші саты

халықтарының жеткен ғылыми-техникалық және экономикалық биік өресі

жайлы жақсы білетін. Бесінші саты халықтарымен салыстырғанда саһара

малшылары атомдық-компьютерлік өркениеттің жоқ-жітік туыстары сияқты

еді. Ақ Сарбаз бұл жәйтті адамзаттың төртінші эволюциялық сатысынан

бесіншісіне өту кезеңімен салыстырды. Сол кездегі Рим философтарына ‒

тұманды Альбионның жағалауынан келген, аң терісін киім еткен, жағымсыз

иісі бар тұтқындарды көрсетіп ‒ осылардың ұрпақтары бұдан да жоғары

өркениеттің негізін қалайды, бүкіл планетаны құрта алатын қару жасап

шығарады, Айдың бетіне қонады және ұшу аппараттарын басқа да

планеталарға жібереді ‒ десе, қалай қабылдайтынын елестетіп көрді. Әрине,

бұл философтар мұндай болжамға сенбес еді.

Сондай-ақ, ХХ-шы ғасырдың аяғындағы Батыстың ғалымдарына тымақ

пен тон киіп қой соңында жүрген қазақ даласының малшысын көрсетіп,

осыдан тараған ұрпақ ХХІ-ші ғасырда Эволюцияның бұдан әлдеқайда биік

деңгейіне көтеріліп ізгі қауым құрады және өзінің оянған центрлері арқылы

биік қабілеттер мен кұдіретті энергияларды игеретіндігі сондай ‒ оның

қасында батыс өркениетінің жетістіктері көнеріп, керексіз, тіпті қатерлі зат

боп қалады десе, ‒ олар да осындай көзқарас танытар еді.

Осы білімге қанаттанған Ақ Сарбаз бұл кезде Әзәзіл Империясының

ерекше бақылауына алынған өз ортасына, қазақ халқының осы сәттен бастап

алтыншы сатының халқы болып табылатындығын және осы халыққа әлемдік

қауымдастық тарапынан ерекше мәртебе берілуі керек екенін айтып, ескерте

бастады.

Жер бетіндегі халықтарды өз бетінше егжей-тегжейлі зерттей келіп Ақ

Сарбаз осыдан біраз бұрын ғана көшпелі тіршілік кешкен халықтарды бөліп

алды. Олардың ішінен қанында соғыс пен зорлық ниеті жоқ халықтарды

сұрыптады. Осылардың арасынан ол Бір Құдайға сенетін салты биік, ізгі

заңды ұлттарды ажыратты. Ең соңында осы лайық дегендердің ішінен ол

дүниеге әлі Ғарыш Елшілері мен Пайғамбарларды әкелмегендерін таңдады.

171

Сараптаудың керегі болмай қалды: аталмыш шарттарға бірден-бір

лайықтысы ‒ қазақ халқы болып шықты. Осыдан кейін Ғарыш зерттеушісі

Ақ Сарбаз Жер планетасының өкілетті тұрғыны ретінде Өзінің

тұжырымдарын Ғарыш Бауырластығының алдына тартты. Сөйтіп Ғарыштың

Еркін Ерік Заңы сақталған еді.

Ғарыш Бауырластығы, Жоғары Күштердің осындай жағдайға арнап

жоспарлаған әрекеттерін іске асыра беруге болады деп шешті, себебі, Жер

планетасының өкілінен Иерархияның таңдауын растайтын айғақ келді.

Осы сәттен бастап Ақ Сарбаздың Ғарыш Шайқасына деген ерекше

дайындығы басталды. Ғарыш Бауырластығы өз жоспарларын кұпия түрде

сақтай білді. Белгіленген мерзімде Ақ Сарбаз шайқасқа дайын болатын, бірақ

ол алдын ала тағы да өте қатаң сыннан өткізілді. Ақ Сарбаздың, өз

центрлерін Ғарыш Шайқасынан бұрын өзімшілдік мақсатта қолданып қою

қауіпінің тәуекелі тым жоғары болатын. Онда ол Люцифердің тарапынан

ашылуы және бейтараптандырылуы мүмкін еді. Ғарыш заңдарын бұзбай,

қарсылас күштердің тепе-теңдігін сақтай отырып жеңіске жетуді көздеген

Жоғары Күштердің бүкіл жоспары күйреуі мүмкін еді.

Ал Ғарыш шайқасында жеңіске жеткеннен кейін аса қиратушы қуатқа ие

болған Ғарыш Сарбазы Люцифердің жолын қайталаса, онда бұдан да сұмдық

апаттық салдар енді Жиһан үшін туындауы мүмкін еді.

Сондықтан, Ақ Сарбаз Ұлы Аналық Негізге деген құрмет көрсету

бойынша ТӨРТІНШІ сынақты қамтитын аса қатаң ТӨРТІНШІ сынға

тартылды.

Қабаттас дүниелердегі қорытынды сынақтан өту үшін, он екі мүшесі сау,

ешқандай физикалық және ар-ождан кінәраты жоқ ер адам бірде-бір әйелді

ренжітпеген болуы тиіс еді. Тіпті бұндай жағдай болғанның өзінде Аталық

Негіздің Иесі өз кінәсін жуып Ұлы Аналық Негіздің кешірімін алуға міндетті

еді. Осыдан соң ғана Ақ Сарбаз астрал және ментал дүниелеріндегі

сынақтарға жіберілді.

Өзінің құқығын пайдаланып, ол өзіне таныс жолмен әуелі астрал

дүниесіндегі Тозаққа саяхат жасады. Тозақ деңгейлерімен жылжыған кезінде

физикалық дүниеден кеткен өзіне танымал көптеген адамдарды көрді. Оның

өтініші бойынша Жолбасшы оны ‒ өз зерттеулері арқылы адамдарды жаппай

қыратын қаруға жол ашып бергендердің бірі ‒ белгілі ғалымның жасырынған

үңгіріне ертіп әкелді.

Мейірбандықтың жолын тәрк етіп өзінің асқына дамыған ақылын

қылмыс жолына жұмсаған ұлы ғалым жаза ретінде санасынан айырылып

делқұлы күйге түсіріліпті. Бұл ғалым Ақ Сарбаз үшін данышпан адам және

ғылыми қызметкердің үлгісі болып саналатын. Жазаға таң қалған Ақ Сарбаз

адамзаттың аса көрнекті тұлғасын осындай қасіретті қорытындыға алып

келген себеп пен салдар байланысын кейіннен түсінген еді.

Алайда, Ақ Сарбаз Тозақта, одан кейін Тазартқышта да бір өзін ‒ Еділ

патша, Шыңғыс хан мен Әмір Темірді бірге алғанда ‒ әдетте олармен

салыстырылатын белгілі диктаторды таба алмаған кезінде бұрынғыдан да

172

таң-тамаша болды. Ақ Сарбаздың сұрағына Жолбасшы, ол тұлғаның өзіне

тиесілі қатаң жазадан өтіп жолын жалғастыру үшін физикалық дүниеге

қайтарылғандығын түсіндірді ‒ диктатор өз әрекеті арқылы бүкіл әлемде

коммунизм жеңіп шықса не болатынын өркениетті дүниеге көрнекі түрде

көрсетті, ал ең бастысы ‒ фашизмге қарсы күреске шешуші үлес қосты, ‒ деп

жауап қатты.

Ақ Сарбаз бұл сұмдық дүниеге жасаған сапарының ең соңғы екенін

білетін-ді, сол себепті көргендерін есінде түгел сақтауға тырысып, зерттеуші

ретінде бесінші саты дәуірінің соңындағы Тозақ пен Тазартқыштың ахуалына

талдау жасады.

Рет-ретімен ол астрал дүниесінің төменгі үш сатысынан өтті. Әрбір

сатыда үш шеңберден ‒ барлығы Тозақтың тоғыз шеңберін құрайды.

Келесі үш сатысы ‒ төртінші, бесінші, алтыншы – өз ішінде үш

шеңберге бөлініп тоғыз шеңберлі Тазартқышты құрайды.

Ал соңғы, жетінші саты болашақ Жер жаннаты Эвнояның астрал

дүниесіндегі ұқсасы болып табылады.

Астралды дүниенің төменгі деңгейлерін аралап жүріп ол өзі бұрын

адамзаттың жарылқаушысы деп санауға әзір болған көптеген тұлғаларды

Тозақ пен Тазартқыштан тапты, бірақ та, коммунистік насихат тарапынан

зұлым деп жарияланған адамдардың көбін онда кездестіре алмады.

Ақ Сарбаз Карма туралы мүлдем жаңа түсініктер алды, оның

заңдарының нәзіктігі мен әр алуандығын түйсінді де, оның көп өлшемді

заңдары жайлы түйсіктерін кеңейтіп, жете түсіне бастады. Ақ Сарбаз тағы да

физикалық дүниенің үзік-үзік білімінің қаншалықты жұтаң екендігіне

қайтара көз жеткізді де, өзінің әбігерге салынған ой-санасына және өткен

өмірінің ішіндегі сол санасында қалыптасып үлгірген мызғымастай

аксиомаларға тағы бір рет күле қарады.

Астралдағы Тозақтың барлық жабық кіші деңгейлеріне баруға рұқсат

алған еді, сондықтан бұрынғы сатылардың барлық сұмдықтарын есінде

сақтау үшін қажет деп санағанының бәрін аралап көріп шықты.

Бұл хұқықты Ақ Сарбаз Жер планетасын мәңгіге тастап бара жатқан

адам ретінде иеленді. Сондықтан ол соңғы рет, бірақ бұл жолы өзінің

Жердегі бүкіл ғұмырын аяқтаушы саяхатшы ретінде Тозақ пен Тазартқыштан

іс жүзінде соңғы рет өтуі тиіс еді.

Мұнан соң Ақ Сарбаз бұл сұмдық мекенге енді қайтып оралмайтын

жанның істеуге тиісті ырымдарын орындады. Жолбасшы оны астралды

Жұмақ ‒Эвнояның қақпасының алдына дейін жеткізіп салды да, ары қарай

Ақ Сарбаз сапарын өзі жалғастырды.

Алдымен ол астрал дүниесінің гүлденіп тұрған алқаптарынан өтті.

Жұпар иісі аңқыған бақтарда Ақ Сарбазды осындай өмірге ықтиярлық алған

жарқын жүзді адамдар қарсы алды. Олардың ішінен Ақ Сарбаз өзінің

туыстарын да, достарын да, майдандас серіктерін де көрді.

Астралды Жұмақтың рухани биік дамыған тұрғындары бұл жазираға тек

қана тиесілі хұқығы бар еңбегі сіңген адамның келе алатынын білетін. Ал, Ақ

173

Сарбаздың өткен өмірлерінде қасына ергендер оның тағайындауы туралы

күні бұрын білген еді. Сол себепті олар Ақ Сарбаздың мұнда дем алуға

аялдамаған себебін түсініп, жаннатты жазирадан ең қысқа жолмен шығуына

көмектесті.

Алқаптан шығар жерде Ақ Сарбаз жолсеріктерімен қоштасып, олардан

көптеген пайдалы кеңес алды. Ақ Сарбаз талдағыш ақылының таразысына

салып мұндағы болып жатқан оқиғалардың бәрі жер бетінде ертегі, аңыз

түрінде белгілі екенін байқады. Ол, ертегілер мен аңыздардың ‒ көптеген

буындардың өмірден-өмірге жинақталып шоғырланған тәжірибесі болып

табылатынын түсінді.

Әрі қарай қозғалған Ақ Сарбаз өзіне таныс жолды таныды. Есіне өлең

шумақтары оралды:

Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз;

Тастақ жол жарқырайды буға амалсыз;

Елсіз Жер тұрғандай боп, Хаққа мүлгіп,

Сөйлесіп ымдасқандай көкте жұлдыз.

Жол Ақ Сарбазға таныс еді ‒ ол ғұмырдан ғұмырға осы жолмен өтіп

Сарайға барып Биік Кеңестің алдына келіп тұратын.

Бірақ алдымен ол сынақтан өтушіге арналған міндетті түрдегі дайындық

курсынан өтуге тиіс еді. Дайындықтың ең қиын уақытта «Шәкірт дайын

болған кезде – Ұстаз өз-өзінен пайда болады!» ‒ деген көне принцип іске

қосылған еді.

Оқу полигонында Ақ Сарбаз Оның осында екенін сезіп қойды, бірақ

Оны көре алмады. Кенет оның алдында кішкене айдаһар шыға келді. Ол

мүлде қорқынышты емес еді және оған мейіріммен қарап тұрды. Бірақ

Ұстазы оған осы кішкентай айдаһарды тұншықтыруын тапсырды! Ақ

Сарбаздың кішкентай айдаһарға өте жаны ашып тұрса да ол үнсіз бағынған

болатын. Кішкентай айдаһар қалшылдап дірілдеп, оның көздері шарасынан

шыға бастаған еді, және ол әбден тынышталған кезде Ақ Сарбаз өзінің ойға

сыймас жылдамдықпен кеңістікте зымырағанын сезген болатын.

Ептеп, жылдамдық азая бастады және ол полигонда пайда болды, бірақ

біреудің орнына кішкентай айдаһарлардың бірнешеуін көрді, бірақ одан да

кішірек болып, оның басының үстінде ұшып жүрді. Ұстазы осы кішкентай

айдаһарларды да ұстап алып оларды да тұншықтырып тастауды тапсырды.

Олар селкілдеп шоршып, олардың да көздері шарасынан шығып жатты және

Ақ Сарбаз тағы да енді Галактикалар арасымен ұшып кеткенін сезінген еді.

Әлдебір кезде ол бір орында тұрғанын, ал Ұстазы кеңістікті одан өткізіп

жатқанын түсінді. Осылай бірнеше рет болғаннан соң Ұстазы сабақтың

аяқталғанын ымдап оған түсіндірді.

Ақ Сарбаз момақан тұрпатты кейіппен:

‒ Ұстаз, бұл қандай кішкене айдаһарлар? – деп сұрады.

‒ Бұл сенің Менмендігің! Оны қаншама күштеп мыжып тастасаң,

соншама Кеңістік саған ашылады!

174

Осы сабақтан соң Ақ Сарбаз таулы жалғыз аяқ соқпақ жолдың үстінде

пайда болды. Алдыңғы жақта топырлаған адамдарды көрді, олардың

арасында бала-шаға мен әйелдер көбірек болды. Қараңғы түсіп келе жатты,

сайдан суық жел соқты, балалар жылай бастады да, Ақ Сарбаз олардың қай

жаққа бара жатқанын және неге тоқтап тұрғанын әйелдерден сұраған еді.

‒ Біз паналайтын жерімізге бара жатырмыз, бірақ та соқпақ жолды құлап

түскен жартас жауып бітеп тастады, және бұл жерде енді біз суықтан тоңып

өлетін болдық. – деді.

Суық жел адамдардың бойындағы соңғы жылуын үрлеп әкетіп жатты, ал

балалар жылап, Ақ Сарбаздың алдына жинала бастады. Олар ішкі

сезімдерімен оның қорғаушы екенін сезіп, одан көмек сұрай бастады.

Әсіресе, анасы тура оның бетіне жақындатқан емшектегі сәби аянышты

жылаған еді. Осы аянышты зар оны шешуші әрекетке итермеледі. Ол

жартастың үстіне шығып алып, оның тұтас тау жынысының жылғасына

шығыңқы жерімен кіріп шыңыраудың үстінен төніп тұрғанын көрді. Егер

осы шығыңқыны шауып тастаса, сонда ғана жартас төмен құлайтынын,

жолдың ашылатынын ол түсінді. Онда оның өзі де жартаспен бірге

шыңырауға құлап түсер еді.

Өте қорқынышты болса да, ол осы шығыңқыны шаба бастады. Іс өте

нашар жылжыды – әр соққыдан тастың тек ұсақ үгінділері ғана түсіп жатты.

Ол төніп тұрған жартаспен тұтас тау жынысының арасындағы бөгетшені

шауып бітіп үлгірмейтінін түсінді. Бірақ та, ол шығыңқыны ұра берді, ұра

берді – өзінің әлсірей бастағанын сезсе де әрекетін жалғастыра берді.

Кенет оның қасында алқызыл плащ киінген жас қыз пайда болды да,

оған бір ақ тасты ұсынды: «Осы таспен ұрып көр, ол сенің қолыңа ыңғайлы!

Ол оны бірден таныды да, көмектің Жоғарыдан келгенін түсінді. Ақ

Сарбаз тасты алды да, бар пәрменімен бөгетшені ұрып жіберді. Жан жаққа

жарықшақтар шашырап, әр соққы сайын бөгетше жұқара берді. Ақырында

бөгетше жарылды да, жартас гүрілдеп оның өзін қоса алып шыңырауға құлап

түсті. Ақ Сарбаз есін жиғанда, биікте жоғарыда өзінің үстінде Көзді көрді,

«Сен неге бұлай істедің, сен қаза таптың ғой!» ‒ деп Дауыс сұрады.

‒ Мен адамдарды құтқарғым келді, әсіресе еңіреген балаларға жаным

ашыған еді.

‒ Кешірілдің! – деді Дауыс, және жоғарыдан ілмегі бар малшының таяғы

оның қасына құлап түсті. Ақ Сарбаз қайтадан бойсұнушылық тұрпат

көрсетіп үміттене сұраған еді:

‒ Бұл не таяқ? Иеміздің қойларын бағуым үшін болар?

‒ Жоқ! Жиһан кезушінің қолындағы таяғы сияқты, Ұстаздың еркіне

бағынышты болуың үшін.

Осылайша өзін-өзі сақтау сезімін басу және өз-өзінен бас тарту сынағы

аяқталды.

Сынақтар жалғаса берді. Ақ Сарбаз одан ары тауға қарай жылжыды да

жол үстінде тұрған жиһан кезушіні көрді.

175

Жақын келіп ол оның әлі өте жас екенін анықтап көрді. Оның үстінде

өкшесіне дейін төгілген жүннен тоқылған тігіссіз кенеп кең киім, ал аяғында

қызыл асығының тұсында баумен байланған, теріден тігілген сандалиясы

болды. Ол Ақ Сарбазға биязы тауыспен:

‒ Менімен бірге жүр, ұлым! – деді.

Ақ Сарбаз бір түрлі болып түсінбеді – неге одан анық жастау адам оны

ұлым деп атағанына түсіне алмады, бірақ та түрінде емес, Дауысындағы өте

бір таныстық жүрегін дір еткізді! Бұл оның соншама көп тосқан Ұстазы, және

ақыр соңында Оны көре алатын болды ғой! Ол үндемей бағынды да

жиһангездің соңынан жылжыды. Ол оны бұлттардан жоғары алып кететін

тіп-тік жартасқа ертіп жеткізді де, соған өрмелеп көтерілуіне бұйырды! Бүкіл

денесімен жартасқа жабысып Ақ Сарбаз жоғары қарай өрмелей берді, ал бір

шығыңқыға жеткен кезінде Ұстазы оған сәл аялдауына рұқсат беріп:

‒ Төмен қарауды және артыңа бұрылып қарауды ойыңа да алма!

Жоғарыға, тек жоғарыға ғана жылжы, әйтпесе бәлеге ұрынасың! – деп әмір

берді.

Бірақ тыныстану кездерінің біреуінде Ақ Сарбаз шыдамай, төмен қарап

қалды. Көрінген шыңырау үрейін тудырды және ол дірілдеп шығыңқыға

сырғып түсті.

Ұстазы оның көзіне өкінішпен қарап:

‒ Немене, басқалардай, сен де солай қарай бармақсың ба? Мен сені осы

туралы ескертіп едім ғой! Сен енді тағы да жалғыз боласың, өз жолыңды

күрделендіріп алдың, және жоғары қарай өз күшіңмен өрлейсің. – деп айтқан

болатын.

‒ Ұстаз! Мен осы Жолмен көп жүріп және өте биік деңгейге жеттім.

Қазір мен құлап түсем бе деп қорқып тұрмын және сонда сүріп өткен

соншама өткен ғұмырларымның қиын жолы күл-талқан бола ма? Ұстаз,

қарапайымдау жол жоқ па, айтшы?

‒ Міне, саған жеңілдеу жол – деп Ұстаз ирелеңдеген тау жолын ‒ олар

тұрған шығыңқыдан жоғары кететін серпантинді көрсетіп көзден ғайып

болды. Ақ Сарбаз жеңілдене күрсініп алды да серпантинмен жүріп кетті.

Алғашында жол жүру, тік өрмелеумен салыстырғанда, өте жеңілдеп

қалған еді, бірақ соңынан соқпақ жолда жарықтар пайда бола бастады, ал кей

жерлерде жол сондай тар, тек аяқтың табаны ғана сыйатындай болып, кейде

жоғары емес, төмен кетіп, ақырында арасынан жыртқыш аңдар өкіріп жатқан

қалың бұталы орман басталды. Енді ол, Ұстазы оны тастап кеткен жерге

қайта баруға мәжбүр болды. Ақ Сарбаз жай ғана кері ұшып түсіп, енді өрлеу

жолы жалғыз жол – осы туындаған жағдайдан шығудың бір ғана амалы

барын әбден ұғынды. Ақ Сарбаз, биікке қарай жұлқына ұмтылды.

Шынтақтары мен қос тізесінің терісін сыдыра, ол таулы қыратқа

өрмелеп жетіп, бүкіл денесінің дірілдегені басылғанша шалқасынан жатып

ұзақ демалды. Ақыр соңында әрең тұрып, оны тосып тұрған Сарайға қарай

жүріп кетті.

176

Ақ Сарбаздың келісімі бойынша оның Универсал Ғарыш Модулінің

бүкіл Эволюциялық Мұрасын зерттеген ұзақ, нақты емтиханнан соң Ғарыш

Сарбазы толығымен жетіліп дайын болды деп белгіленді. Ақ Сарбазға Ғарыш

Семсерін табыс етіп, тағайындауын орындап шығуы үшін оның барлық

центрлерін ашуға болатын еді.

Осыдан кейін Ғарыш Сарбазы Иерархия тарапынан Құпия Білімге

қанықтырылып, оған Жеңімпаз деген атақ-дәреже берілді. 1977-ші жылдың

30-шы шілдесі күні Жоғары Дүниелерге екінші рет көтерілген кезінде

Универсал Ғарыш Модуліне жазылған бағдарлама бойынша Ақ Сарбаздың

алдағы Ғарыш Шайқасына түбегейлі дайындығы басталды.

Дайындық кезіндегі сәттердің бірінде Ақ Сарбаз түнек күштерінің

шабуылына ұшырап үлкен қиындықтарға тап болды. Ғарыш

Бауырластығындағы ар-намыс Кодексіне сәйкес ол өз мүмкіндіктерін толық

сарқығанша ешқандай жәрдем сұрамай ақырына дейін күресті. Осыдан кейін

ғана Ақ Сарбаз өзінің Ұстазынан көмек сұрады және Құтқарушымыздан

кездесуге өзінің жарқыраған киімімен келуін өтінді.

Шәкіртінің жалбарынуын қабыл алған Ұстаз онымен Құдіретті

формалар Дүниесі ‒ Гиперкеңістікте 1977-ші жылдың 4-ші қыркүйегінде

кездесті.

Ақ Сарбаздың 35 жас өмірінде жеткен рухани деңгейіне Ұстаздың

берген бағасы шәкірттің менмендігіне азық бола алмады. Ғарыш Шайқасы

алдында мұның иығына қандай жауапты міндет артылатынын ескере отырып

Ұстаз Ақ Сарбазға бұрынғы қарыздарын жедел төлеп құтылуға және

менмендіктен барынша айығуға нұсқау берді: «Сенде өзіңнің Эгоң

неғұрылым аз болса, соғұрылым сенің бойыңда Мен және Менің Қуатым

көбейе түседі», ‒ деді Ұстазы. Содан кейін екеуінің ендігі, Күмбірлеген

Сфералар Дүниесіндегі кездесер мерзімін көрсетті.

Ажырасар алдында Ақ Сарбаз Ұстазынан Ғарыш Шайқасына дайын

екендігінің белгісін беруді өтінді. Оның тіпті осы өміріндегі қарыздарының

өзі аса ауыр еді. Ақ Сарбаз, кәдімгі пенделер сияқты, өзіне жүктелген

міндетті атқара алатынына күмәнданатын. Сол себепті, ол Ұстазын өз

күдігіне сендіріп Ғарыш Шайқасындағы өзінің болашақ орнын нақтылау

үшін, физикалық дүниеде физикалық Ғажап көрсетуін өтінді.

Ұстаздан физикалық Ғажап көрсетуді сұрау ‒ рухани шәкірттіктің аса

ауыр күнәсі болып саналады. Ақ Сарбаз бұл үшін әлі талай өкінетінін, бұның

жазасы ‒ кейіннен маңайындағылардың өзіне сенбестігі арқылы өтелетінін

білетін. Бірақ Ғарыш Шайқасына дейін өзінің толық эволюциялық

шиыршығын қалпына келтіру үшін өткен өмірлерін ашудың жауапкершілігі

бәрінен зор болды. Сондықтан Ақ Сарбаз, өзінің шайқасқа түбегейлі дайын

екенін айғақтайтын Ғажап көрсетуді сұрап жалбарынды.

‒ Не, күмәншіл, үстіңе жай отын түсіріп жіберейін бе, сонда? ‒ деп

сұрады Ұстаз.

177

‒ Дәл, солай! Өзіңнің туған күніңде, менің шайқаска дайын екенімді

сендіріп найзағай түсір! Қалған жағдайда мен Сенен ғажап тілемеймін, менің

Саған деген сенімім ешқандай ғажапты керек етпейді!

Содан бері көп күн өтті. Ақ Сарбаз өзінің Ұстазымен арадағы келісім

туралы әбден ұмытып кеткен еді. Қыс түсті, Жаңа жыл да таяп келе жатты,

және 1977-ші жылдың 25-ші желтоқсаны болатын. Ақ Сарбаз таң

қараңғысында үйден шықты. Кенеттен Алматының аязды аспанын қақырата

күн күркіреп қоя берді. Найзағайдан сөгілген бұлттан әппақ болып, Ақ

Сарбаздың бүкіл қарыздарын ақтайтын бұрын-соңды болмаған қар жауып

кетті. Ол өзінің Ұстазының алдында кешірілгенін және ақталғанын, және

барлық өткен өмірлерінің эволюциялық шиыршығын дұрыс қалпына

келтіргенін ‒ енді Ұлы Ғарыш Шайқасына өзінің дайын екенін білді.

Бесінші цикл

Ғарыш Сарбазы

1977-ші жылдың соңына қарай Ақ Сарбаз өзінің өткен өмірлерінің

шиыршығын толығымен дерлік қалпына келтіріп жеті кезеңнен тұратын

эволюциялық кесте жасады. Бұл кестеде соңғы жетінші кезеңдегі алтыншы

ғұмырдың орны ғана толтырылмаған еді.

Бастапқы кезеңдердегі өмірлер өз-өзінен ашылып, деректі кұжаттар

арқылы, ең алдымен ‒ Інжілмен расталып отырды.

Ең күрделісі бесінші кезең еді, бірте-бірте ол да ашылды. Осы жерде Ақ

Сарбаз алғаш рет өзінің өткен ғұмырларын еске түсіруінің түнек иелерінің

айрықша назарына ілінгенін сезді. Олар Ақ Сарбаз үшін үлкен шеберлікпен

жалған ғұмыр жасап тықпалай бастады. Олардың бұндайда орасан зор

тәжірибесі болған сияқты және эволюциялық тұрғыдан жетілмеген

адамдардың талайы олардың осы аса алдамшы тұзағына да түскен болар.

Даңққұмар, менмен жан болса өзінің еңбегі сіңбеген бөгде атақ, бөтен өмірге

жармаса кетер еді. Өзгенің эволюциялық жетістігін ұрлап аранға түскен

адамды Түнек күштері өздерінің бағынышты қаруына айналдырады. Күтіп

тұрған Тозақтан, ал одан ары адами тұлғаның ыдырауынан құтылудың жолы

жоқ: тек Ібіліске адал қызмет етуі ғана оны бұл сұмдық тағдырдан құтқарады

деп ескертеді.

Ақ Сарбаз үшін бөгде өмір жасай отырып, олар ең әуелі оның

эволюциялық шиыршығын үзіп оған бөтен шынжыр жалғамак болды. Олар

сол кезде-ақ Жер планетасының физикалық дүниесінде өзінің соншама өткен

өмірлерін есіне түсіре алған адамның пайда болуы неге әкеліп соқтыратынын

түсіне бастады. Егер олар бесінші, әсіресе алтыншы кезеңде қандай

есімдердің аян боларын білгенде ең ақырғы шараға, тіпті өлтіріп тастауға

дейін барар еді.

178

Алайда оларды өздерінің шексіз менмендігі ‒ адамзатқа данышпандарды

біз ғана бере аламыз ‒ деген сенімі алжастырды. Сайтаншылдар өркендемей

артта қалған надан халықтан, басқаны былай койғанда, жай дарынды біреу

шығады деп те есептемеді.

Сол себепті олар талай сыннан өткен, аса көп күшті керек етпейтін

сенімді тәсілді пайдаланып Иоанн Лествичниктің келбетін шебер сомдап

шығарды да осы фантомның көмегімен Ақ Сарбаздың өткен өмірлерінің

пирамидасын бұзбақ болып дәмеленді. Бұл кезде ол бесінші циклдегі өзінің

ең көрнекті өмірлерін, бірінші – Бар-Кохбаның және жетінші ‒ Мефодийдің

өмірін қалпына келтіріп болған еді.

Ақ Сарбаз ислам дініне ықылас білдіріп қасиетті Құранды тереңдетіп

зерттей бастағанда олар бұдан келер зор қатерді бірден сезіп, өздерінің ең

мықты тұзағын құрды. Иоанн Лествичник те шамамен халиф Омардың

уақытында өмір сүрген. Дайын шешім ретінде олар «Жақыптың баспалдағы»

сияқты періштелер мен адамдар көтеріліп түсіп жатқан «Иоанның

баспалдағын» көрсетуге тырысты. Эволюциялық тұрғыдан жетілмеген адам

үшін бұндай дәл келу бұлтартпас дәлел сияқты еді, бірақ Ақ Сарбаздың

тәжірибесі бұның тым нанымды болып көрінетінін ойға салды. Оны әсіресе

күмәндандырғаны ‒ алдамшының, Ақ Сарбазға мүлдем тән емес ‒ тым әулие

болып көрінуі еді, және ақыр соңында фантом өз атын өзі атады. Осыдан

кейін Ақ Сарбаздың күмәнінің дұрыстығы расталып, олар оны сонша кімге

санайды? – деп, қарсы жаққа аздап өкпеледі де. Алайда ойын әрі қарай өрбіте

отырып ол өзіне аса ұнамды тұжырымдарға келді ‒ түнекшілер Ғарыш

Заңдарын, Ғарыш Бауырластығының жарғысын білмейді екен, ал ең бастысы

‒ олар Ғарыш Сарбазының пайда болу мүмкіндігінен мүлдем бейхабар болып

шықты.

Машықты әдіспен Ақ Сарбаз халиф Омардың есімін қалпына келтірді,

ал ізінше, өткен өмірлердің зейінін қатты ширықтыра отырып екінші сатыға

Ориген орналасты. Бесінші циклдің соңғылары болып Ақ Сарбаздың есіне

түркілер: Еділ патша мен Аспарух ханның өмірлері түсті.

Алтыншы және жетінші циклдегі ғұмырлар әлдеқайда оңай ашылды да

түзілген тағдырлар кестесінен, соңғы циклдегі алтыншы сатының толмай

тұрғаны көрінді, және сол өмірді қалпына келтіру онша қиын еместей еді.

Бірақ бұл ғұмыр тым қысқа болатын. Мұнда Ақ Сарбаз алдыңғы

өмірлерінің айқын белгілерімен салыстырғанда аз із қалдырыпты.

Тиянақты бір дерек табу үшін Ақ Сарбаз ең алдымен өзінің осы өмірін

бала жасынан бері қайта есіне түсіруге, сол арқылы карма шиыршығын

пайдаланып, өткен өмірінің ең жақын бір орамына кері қарай жылжып,

шолып шығуды шешті.

Бала кезінде кейбір кітаптарды оқып отырып қызық бір күйге түсетін ‒

осы кітапты бұрын оқыған сияқты, онда не барын алдын ала білетіндей күйді

кешетін. Соғысқа дейінгі фильмдерді көргенде де өзін солай сезінетін.

Бұларды бірінші рет көріп немесе оқып отырғанын анық білсе де әлгі

сезімнен айыға алмайтын.

179

Оның Екінші дүниежүзілік соғыс туралы кітаптарға, әсіресе фильмдерге

деген ықыласы көзге түсіп тұратын, ал бала кезінде оны фашизмнің пайда

болу тарихы туралы кітаптар бәрінен де көп қызықтыратын.

Кітапханашылар әрине оның балаға тән емес саяси кітаптарға деген

ықыласын байқады. Бірде, ауыл кеңесінің адамы онымен тілектесе

сұхбаттасып, үлкендерге арналған кітаптарды неге оқитынын және одан не

түсінетінін сұрады. Баланың жауабы оны толық қанағаттандырған болуы

керек. Осы ұзақ әңгімеден кейін Ақ Сарбазға адам естімеген артықшылық

берілді – оған, кітап қоймасына кіріп, қалаған кітабын оқуға рұқсат етілді.

Бұл уақытта оның он бір-он екі жасар құрдастары кітапханашылар ұсынған

кітаптарды ғана оқитын. Бұл жерде жүйенің идеологиялық қағидалары

бұлжытпай орындалып, балалардың ақылы үшін күрес майданы өрістеп

тұрған кез еді.

Ақ Сарбаз фашизмнің Германиядағы үкімет басына қалай келгенін, бұл

идеологияның әуелі Еуропаны, одан соң өзге құрлықтарды калай жаулағанын

қызыға зерттеді.

Бұның бәрі оған өте таныс болатын, ал Россиядағы 1941-ші жылғы

соғыстың басын ол өзі қатысқандай қабылдайтын. Азап пен езгінің сұмдық

суреттерін, күйікті жеңілістер мен түңілуді қайыра өз көзімен көріп, басынан

кешкендей сезінді.

Сол кезде айтуға болмайтын, соғыстың бастапқы кезеңі жайлы шындық

пен ауыр жеңілістердің, сансыз құрбандықтардың сыры ашылған сайын бұл

естеліктер күшейе берді.

Сонымен қатар, соғыстың одан кейінгі және жеңіске жеткізген финалға

дейінгі келесі кезеңдері туралы кітаптар мен фильмдер Ақ Сарбазға өзі

қатысқандай әсер етпейтін, ол бұларды кәдуілгі көрермен немесе оқырман

ретінде қабылдайтын.

Осының барлығы Ақ Сарбазды ‒ Ізгілік пен Зұлымдықтың арасында

болған ең орасан зор шайқасқа оның қатыспауы мүмкін емес, ‒ деген кәміл

сенімге әкеліп тіреді, және тек сонда ғана оның ізденістері мақсаттылық

сипатқа ие болды.

Оның центрлері бұл кезде оянып, айналасындағыларға елеулі әсерін

тигізе бастаған-ды. Өткен ғұмырлары санасының оянуы Ақ Сарбазбен тіпті

қысқа уақыт жұғысқан адамның өзіне де әсер ететін.

Бірде жаздың күні автобусқа шеттен келгені білініп тұрған өңі

солтүстіктің күніне тотықпаған әйел кірді. Қолында үш жастар шамасындағы

қыз баласы бар. Қыздың жүзіне қарап отырып Ақ Сарбаз, кенет оның өткен

ғұмырында осындай сәби күйінде, қоршаудағы Питерде аштан өлгенін анық

көрді.

Отандасының бұл ойын сезген басқа бір әйел сөмкесінен алма мен

тоқаш алып қызға ұсынды. Қыздың шешесі секемдене түсті, бірақ та қысық

көзді мейірімді ананың жаны ашып, жылы жымиған жүзінен өзі сияқты

ананы көргенде тынышталған еді.

180

Ақ Сарбаз соңғы ғұмырын одан әрі есіне түсіре берді. Міне, енді автобус

аялдамасында бір баланың шешесіне әлдебір нәрсені аптыға айтқанын естіді:

‒ Мама, бүгін біздің балабақшаға жаңадан бір қыз келді! Көзі қандай,

бантиктері қандай! Мен оны бірден таныдым! Онымен соғыстың алдында

кездескенмін!

Өзінің жұмыстарын ойлап отырған шешесі ұлына қолын бір-ақ сілтеді:

‒ Орынсыз қиялданғаныңды қашан қоясың? Менің өзім соғыстан соң

туғанмын! Атаңнан сұрасаң ол саған кешке соғысыңды да соғыстан бұрын

көргенін де айтып береді!

Бұндай, намысты қорлайтын әдепсіз жауап баланың сезімтал жанына

ауыр тиіп, оның ішіндегі сақтандырғышы іске қосылды да, бала үнсіз қалды.

Оның енді ешқашан ата-анасымен сыр бөліспейтіні түсінікті еді.

Бұл оқиға Ақ Сарбаздың ең жақын зерде толқындарын дір еткізді де ‒

ол кішкентай кезінен өкшелеп қалмай үнемі қайталанып отыратын

қорқынышты түсін қинала есіне алды.

Түс, ретімен, Жаңа жылдан кейін, дағдылы мезгілінде көрінетін. Бір

мосқал кісінің бұны басынан сипап айтқаны әлі есінде:

‒ Тыныштал қарағым, айқайлама! Түсіңде сонша не көрдің? Оққорым

таусылды деп кімге айқайлайсың? Жер бауырлай ұшып өз аэродромына

қайтуы тиіс командирің кім? Соғыс аяқталғалы қай заман? Қаршадай

баланың соғысқа өзі қатыскандай әмір беруін қарай гөр! Соғыс туралы

көрген киноларының әсері ғой түсіне кіріп шошытып, айқайлатып жатқан.

Мына суды ішіп ал да, бәрін ұмыт, шырағым!

Бұл түс 1970-ші және 1977-ші жылдар аралығында қаңтар айының

ортасында жан түршігерлік егжей-тегжейімен қайталана бастады. Әуе

шайқасында өзінің ажалымен аяқталатын хикаяны есіне жақсы сақтаған Ақ

Сарбаз жыл сайын осы түсті түршіге күтетін болды. Бұл, шамасы, сананың

астарында қорғаныс реакциясын туғызса керек ‒ енді ол түсінде өзінің

тақтайшаға отырып Харьков қаласының іргесіндегі мұзды төбешіктен

сырғанағанын көретін болды. Одан кейін дәл сол көрініс қайталанды, бірақ

ол енді өзінің Москва өзенінің тік жарынан сырғанағанын және қас қарайған

кезде Кремльдің мұнараларының жұлдыздарын ап-анық көрген болатын.

Одан кейін, әкесінің жапон карабинін рұқсатсыз алғаны және сол үшін

жазаланғаны есіне түсті. Әрі қарай, Артек пионер лагерінде өзінің

қатысуымен болған төтенше оқиға оның зердесінде қалқып шықты: тек өзін

асырап алған өгей әкесінің атағының арқасында ғана бұл оқиғаның салдары

қауіпті зардапқа ұшыратпаған еді. Оның Кремль басшылары жайлы

тартынбай айтқан ащы пікірінен кейін, туыстары мен таныстарының үрейлі

жүздері зердесінде бірнеше рет ап-айқын жарқ етіп көз алдына келді.

Ақ Сарбаз, коммунизмді фашизммен салыстырған кезінде, курстастары

мен тарих және философия пәндері оқытушыларының жүзінде де дәл

осындай үрей ойнаған еді.

Соңғы курстағы әскери жиын кезінде Ақ Сарбаздың бөлімшесі отырған

артиллериялық тартқыштың тиекпен бекітілген қапсырма шегесі жарылып

181

сынғанда, зеңбірек ағытылып қалған еді. Олар зеңбіректі тартқышқа тіркеп

жатқанда ‒ осы оқиға, Еділ бойындағы құмдауыт аймақ және жолбасшы

офицердің айтып жеткізуге болмайтын фольклоры – бұның бәрі бұрын

болғандай, өзіне өте таныс нәрсені есіне түсірген болатын.

Осылардың бәрі Ақ Сарбаздың зердесінде қордаланып, өзі үшін ерекше

‒ 1977-ші жылдың желтоқсан айында, Жаңа жыл түнінде өткен өмір

естеліктері Тимур Фрунзенің есімімен және оның қысқа ғұмырымен толық

қалпына келді.

Дағды бойынша Ақ Сарбаз өзінің 1978-ші жылғы 19-шы қаңтарда көруі

тиіс қорқынышты түсіне дайындала бастады, бірақ, оның орнына ол бала

кезінде туған күнінде көрген ең тамаша түсін қайтадан көрді.

Сол кезде ол тура он жасқа толған еді және ата-анасы осы күнді

әдеттегіден ерекше салтанатпен атап өткен еді. Түн ортасы болып елдің

барлығы ұйыктаған кезде неше күннен бері үнсіз тұрған радиоқабылдағыш

сөйлеп кетті:

‒ Маған қошақанның суретін салып берші! ‒ деген баланың дауысы

естілді. Бұл Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай Ханзада» атты

дыбысталған ертегісі еді. Ақ Сарбаз тына қалып, оның кейіпкерлерінің

сиқырлы дүниесіне шомып кетті.

Бала кезінен ерекше әсершіл ол, ханзадамен бірге жүріп

жанартаулардың көмейін тазалады, гүлге су кұйып Түлкімен әңгімелесті.

Ертегі ешқашан бітпесе екен деп тілеген еді, бірақ ертегі аяқталды да,

кішкентай Ақ Сарбаз өзіне әсіресе ұнаған тұстарын санасында көпке дейін

қайталап, жаңғыртып жатты.

Ақырында көзі ілінген ол, өзінің алаулаған қызыл түсті теңіздің

ортасындағы ғажайып аралда жүргенін көрді. Теңіздің түбі мен көз көрім

жағалаудың бәрінде түрлі-түсті тастар шашылып жатыр. Тастардың бәрі

жасыл күннің сәулесіне шағылысып жарқырайды. Ауада заты таныс емес

гүлдердің жұпар иісі аңқиды, көбелек пе, кұс па, әлдебіреулер ұшып өтіп

жатыр. Қалың бұтаның арасынан таңғажайып хайуандар шығып Ақ Сарбазға

таңырқай қарап тұрды. Олар бұдан корыққан да жоқ, өйткені ешкімнен

төнген қауіп те, біреуді аулап жүрген ешкім де жоқ. «Өзім ертегіден ол

туралы оқыған жұмақ сірә осы болар», ‒ деп шешкен Ақ Сарбаз, осы

жұмақты Жаратушыдан өзін осында мәңгіге қалдыруын өтінді.

Жиырма бес жыл өткен кезде ол таныс аралдан тағы да алаулаған қызыл

теңізді көрді, белгісіз гүлдердің иісінен басы айналды, тағы да мәңгіге

осында қалғысы келіп кетті. Ұйқыдан ояна салып Ақ Сарбаз өзінің ғажайып

түсін егжей-тегжейлі сараптай бастады. Бұған дейінгі оның шығулары нақты

еді және белгілі бір әрекет пен білімге машықтандыруды көздейтін. Бұл

түсінің мағынасын таба алмаған ол кейіннен барлығы өз-өзінен түсінікті

болар деп шешті. Ал, әзірше Ақ Сарбаздың алдында зерттеушінің аса

қызықты жұмысы тосып тұрған еді.

Өткен ғұмырларының бүкіл спиралі Тимур Фрунзенің өмірімен

тұйықталды. Енді сол ғұмырлардың арасындағы кармалық байланыстарды

182

егжей-тегжейлі сараптау керек болатын, ал алда басқа тұлғалармен арадағы

қатынастар тұрған-ды. Жаңа ғылым ‒ Төрт өлшемді тарихтың бірінші

ашушысы, алғашқы зерттеушісі болып жұмыс жасау Ақ Сарбазға ерекше

қуаныш сыйлады. Ғарыш заңдарынан, әсіресе Құбылу заңынан үзіп алынған

күйінде қазіргі тарихтың қоғам дамуын толық пайымдай алмайтынын ол

түсінді.

Бұл ой оны үйіріп алды да, Ақ Сарбаз жым-жырт кітапханада аса

қызығушылықпен жұмысқа берілді. Өткен ғұмырлардың басқа тұлғалармен

байланысын шексіз зерттей беруге болады. Осылардың ішінен тұрақты

жарасым тапқан: Елисей мен оның Ұстазы Ілия, Ескендір Зұлқарнайын мен

Аристотель, Шыңғыс хан мен Қытай ойшылы Елю-Чуцай, Әмір Темір мен

Сергий Радонежский, Колумб пен Лас-Касас, Вивекананда мен

Рамакришнаның байланыстары көрініп тұр.

Сондай-ақ қырғи-қабақ байланыстар да тұрақты қайталанып отырады ‒

құбыла қайта туып, Ақ Сарбазға қанша тұлғалардың ере жүргенін әлі

анықтау керек.

Осының барлығы зерттеушіні қызықтырғаны сондай, ол алдағы болатын

Ғарыш Шайқасын мүлдем есінен шығарып, кеңістікке түнек иелерін секем

алдыратындай ой таратқанын қойды.

Болашағы жоқ халықтың жат көзқарасты өкілінің зерттеушілікке

шынымен берілгені сайтаншылдардың тыңшыларын тыныштандырған еді.

Олар тіпті оған кедергі келтірмеуді шешкен. Жұмысын жасай берсін, ал ол

жұмысты аяқтаған кезде, онысын біз иемденіп аламыз да, мыңдаған жалған

пайғамбарларды, жалған әулиелерді және жалған қайта туылғандарды

жаратып әлемге қаптатып жібереміз.

Түнек Күштері бұл уақытта алдағы Ғарыш Шайқасына түбегейлі

дайындық жүргізіп жатқан еді. Бастама тізгіні толығымен олардың қолында

болатын. Олардың ғарыштық флоттары барлық майдандарда жеңіске жетіп,

Жарық Күштері ең соңғы шебінде тұрған еді. Түнекшілер енді ақырғы

шешуші соққы берудің алдында тұрды. Бұл, Жарық Күштері Ғарыш

Заңдарын мүлтіксіз сақтап және ол заңдарда белгіленген күштердің тепетеңдігін

бұзбағандығынан өрбіген еді. Ғарыш Бауырластығына қарсыласқан

өркениет өкілдеріне қарсы тура сол өркениет өкілдері Жарық Күштерінің

жағында болып шайқасқан еді. Осылай Карма заңы сақталып, әлдеқандай

өркениет заңдарды бұзған болса, тура сол өркениет өкілдері ғана бұзылғанды

қалпына келтіруі талап етіледі. Осындай жағдайда бір өркениеттің

екіншісінің кармасына араласпау жөніндегі ғарыш құқығының бұзылуы

орын алмайды. Бірақ та, сайтаншылдар өздерінің ең ұнамды және жақсы

меңгерген тәсілін қолданған – ол, жалған интерөркениет, онымен одан ары

жалпы ғарыштық карманы шиелендіріп, күрделендірген болатын, ал Жарық

Күштері тек Түнектің интерғарыштық революциялық күштерін тежеп қана

отырған.

Жарық Күштерінің онсыз да жеңіл емес жағдайын жерлік

сайтаншылдардың легиондарының есебінен Түнек Күштерінің жаппай

183

толықтырылуы қиындатып жіберді. Ғарыштық бүлікшілердің флоты осы

толықтырулар есебінен күшейіп шықты, ал Жарық Күштеріне бұны тек Жер

планетасының тұрғындарының арасынан жоғары өрлегендерінің санымен

ғана теңгеруге болатын еді. Бірақ, бұл толықтыру сайтаншылдардың

легиондарымен салыстырғанда тым аз еді. Осы теңсіздікті жерлік Ақ Сарбаз

бұл интерғарыштық түйінді ғарыштық семсерінің бір соққысымен шауып

тастап, бейтараптандыруы тиіс болатын.

Ғарыштың бар үміті Ақ Сарбазда болған, және ғарыш Бауырластығы

оның тұлғасының құпиясын мүлтіксіз сақтаған. Осындай сақтық шаралар

қолданылғандықтан, шешуші шайқасқа дейін Ғарыш Сарбазын түнекшілдер

аша алмағаны міне, сондықтан болар.

Ал, әзірше, болашақ Ғарыш Сарбазы Танымның әппақ қардай лала

гүлдеріне таңданып және оларды сырттай бақылап төрт өлшемді тарих

Мұхитының жағасында отырған еді... Түнекшілер біржолата тынышталды да,

одан арнайы қадағалауларын алып тастады.

Ғарыш Шайқасының алдында Люцифердің өз басқаруымен Түнек

Иерархиясының Жоғарғы Кеңесінің отырысы болып өтті. Кеңес Мүшелері

жеңуші жаққа тән болатын өршіген көтеріңкі көңіл-күйде болған еді.

Люциферге былай баяндалған болатын:

‒ Жарық Күштері талқандалуға таяды, оларды енді тек құрту ғана

қалды;

‒ Жарық Күштерінің соғысқа жарамды барлық кемелері бақылауға

алынған және тіпті олардың көмекші аппараттары да есептеулі;

‒ шайқас кезінде Жарық Күштерінің бір де бір кемесі соғыс алаңының

аймағын тастап шыққан жоқ;

‒ Ғарыш Бауырластығының стратегиялық резервінен алынған қандай да

болмасын елеулі қосымша күштері де болған жоқ;

‒ барлау, қарама-қарсы күштердің ғарыш маңындағы кеңістігінде

жаудың жұлдызаралық кемелерінің болуын білдіретін сипаттық сәулеленудің

табылмағанын дәлелдейді;

‒ жоғарыда атап айтылғаннан ‒ Жарық Күштерінің, қарсыласқан

күштердің бастапқы тепе-теңдігін талап ететін ‒ тура өздерінің Ғарыш

Заңдарының тұзағына түсіп қалғаны тұжырымдалады.

Осының бәрі және соңынан келетін Жарық Күштері флотының күйреуі

түнекшілерге кармалық спиральді одан ары шатыстыруға және осының

нәтижесінде астрал дүниесіндегі одан да көбірек Ғарыштық кеңістікке

өздерінің ықпалын тарату үшін жеткілікті уақытты ұтып алуға мүмкіндік

берер еді. Қысқасы, түнек иерархиясы өзінің триумфына дайындалып және

өзінің ықпалына келешекте түсер аймақтарды алдын ала бөлісе бастаған еді.

Бірақ та, Жоғары Магистрдің айтқаны оларды түсінбеушілік күйге

түсірді.

‒ Сендердің барлық әсіре мастанған болжамдарың күйрете соғатын

жеңіліске айналуы мүмкін! Жарық Күштерінің уақытша сәтсіздіктері жауап

ретіндегі жойқын соққы беру үшін оң Карманы жинақтауы болып шығуы

184

мүмкін. Жарық Күштерінің қатарларындағы сабырлық пен ұйымшылдық

соның негізі.

Жеңіліске ұшырағандар өздерін олай ұстамайды!

Сендер байқамаған және өздеріңе елеулі емес болып көрінетін тағы да

бір жәйт бар. Ал, Ғарыш Бауырластығының Жарлығын бүге-шігесіне дейін

білетін мен үшін бұл жәйт шешуші болып тұр! Егер біз шынында да сөзсіз

жеңетін болсақ, онда қарсыласымыз жараланған жауынгерлерін өзінің

жарғысына сәйкес қайткен күнде де эвакуациялап құтқаруы тиіс!

Алайда, егер олардың бір де бір кемесі соғыс алаңының аймағын тастап

шықпаған болса, онда жаралылары жорық госпиталінде болғаны!!! Ғарыш

Бауырластығы Құрбандық және Мейірбандық Заңдарына сай

құрылғандықтан өздерінің қорғансыз бауырларын ешқашанда анық өлімге

қалдырмайды! Жарық Күштерінің Ғарыш шайқасында қаза тапқан барлық

жауынгерлері Өмір Айналымының Заңына сәйкес жаңа құбылуларын алады!

Ал, жаралыларды жойылуға дұшар етіп тіпті өзінің өмірінің құнымен болса

да оларды құтқармағандарды Карма Заңы бойынша инволюциялық

шыңырауға құлап түсу қаупі күтіп тұр.

Сондықтан мен, Ғарыш Бауырластығының бұрынғы қызметкері ретінде

қарсыласымыздың өзінің арсеналында Абсолютті Қару бар екеніне берік

сенімдемін, ал сендер алдын ала дайындалған тұзаққа өздерің еніп бара

жатырсыңдар!

Ғарыш тарихында осы кезге дейін сыры белгісіз Қарудың болуы

теориялық тұрғыдан мүмкін. Карма заңына сәйкес, тек менің планетамда

ғана осындай Қаруға ие Ғарыш Сарбазының пайда болуы мүмкін. Бүгінгі

күнге дейін оның болуы екі талай еді, бірақ та мен, айналадағы кеңістікте

әлдеқандай белгісіз вибрацияларды сезіп тұрмын!

Ғарыш Сарбазының физикалық дүниеде адамдар арасында көзге

түспеуге барлық мүмкіндігі бар болған. Алайда, астрал дүниесінде және оған

қоса Ғарыштық кеңістіктің өзінде тіпті іске қосылмаған болса да, Бейнесіне

және Өзіне Ұқсас болып жаратылып әлеуетті түрде қирату үшін асқын

дамытылған центрлерді жасыру мүмкін емес!

Сол себепті, мен барлығыңа дереу кейін шегініп, жаулап алынған

дүниелерге бекінулеріңді бұйырамын! Бұл бізге, қарсыласымыз Абсолюттік

Қаруды қолдануы мүмкін жағдайда оның салдарын елеулі түрде әлсіретуге,

күштерімізді соза жаюға және бытыратып орналастыруға мүмкіндік береді.

Тек осылай ғана апаттан құтыламыз және өз ісімізді жалғастыра аламыз!

Түнекшілердің бұдан кейінгі әрекеттерін Екінші Ғарыштық Революция

деп атауға болады. Люцифердің Иерархиясының тарихында бірінші рет оның

өзінің бағыныштылары өздерінің Жоғары Магистріне бағынудан бас

тартты!

Алдымен олар Қожайынды өз шешімін жойғызуға әрекеттеніп

талаптануға кіріскен еді:

‒ Ұлы Магистр! Біз, Сіздің еркіңізді орындап, Жер планетасы

тұрғындарының бәрін жаһанды түрде тексеріп шықтық. Біз барлық

185

паранормальді қабілеттері барларын анықтап тапқанбыз, және оларды сәйкес

әзірлемелеуге алғанбыз. Олардың басым бөлігі біздің агенттеріміз болды,

немесе бейтараптандырылды, ары кетсе жай жойылып тасталған!

‒ Сіздің қорқынышыңыз тым ұлғайтылған, өйткені бұндай жағдайда

бұлтартпай орын алатын Ғарыш энергиясының Жер планетасына қарай

бағытталған ұзақ мерзімді жылжуын соңғы уақыт аралығында біз іздеп таба

алмадық. Ал, бұл ешқандай Ғарыш Сарбазының жоқ екенін білдіреді!

‒ Қарсыласымызды ең ауыр шығынға ұшыратып өзіміздің ұлы

жеңісімізге жетудің осындай мүмкіндігіне біз сірә ешқашан да ие бола

алмаспыз!

Егер Сіз шайқасқа қатысқыңыз келмесе, онда жай ғана бізге бөгет

болмаңыз! Біз енді қарсыласымызды өз күшімізбен-ақ күйрете аламыз!

‒ Мүмкін, Сізге тыныштық бермей жүрген осы болар! Сіз өзіңіздің

шексіз, диктаторлық құзырлығыңыздан айырылып қалудан қорқасыз және

бізді соншама азап шегіп жеткен жеңісімізден құр алақан қалдырғыңыз

келеді!

‒ Сіздің амбицияңызды қанағаттандырамыз деп біз тым көп шығынға

ұшырадық! Бұдан ары біз қарсыласымыздың шегінуіне және оның қайтадан

жаңа күш жинауына жол беріп тәуекелге барғымыз келмейді!

‒ Сіз Өзіңіздің бұрын Ғарыш Бауырластығына қатысты болғаныңызды

ылғи да ілгері шығарып, осылайша олардың Иерархиясын біздікінен жоғары

қоясыз!

Біз ылғи да Сіздің қорлауыңызға шыдағанбыз, өйткені Сіздің Ұлы

Іліміңізге бұлжымай сендік, және күні бүгінге дейін Сізді кемеңгер және

қателеспейтін деп санап келдік. Бірақ, неге Сіз қарсылас жақтың өз

жаралыларын эвакуацияламағанынан әлдебір ойдан шығарылған қатерді

көріп тұрғаныңызды біз мүлдем түсіне алмадық! Қарсыластардың

энергиялық ресурстары кәдімгідей бітуге таяды, ал мұндай эвакуация үшін

олар бүтіндей бір жұлдызаралық кемені бөліп шығаруы және нөл-кеңістіктен

өту үшін алдағы шайқастың шешуші кезеңіне анық жетпейтін энергия

тасымалдағыштардың санын жұмсауы керек!

‒ Біз Сіздің барлық жарлықтарыңызды мүлтіксіз орындап отырдық,

өйткені Сіздің көзқарастарыңыз бен біздің Иерархияның мүддесі бір

болатын. Енді біз Сіздің жеке басыңызды біздің ұлы мүддемізден биік

қоятыныңызды көріп тұрмыз. Сіз өз орныңызды сақтау үшін осындай мифтік

Ғарыш Сарбазын ойлап шығардыңыз. Сол себепті біз Сіздің жеке еркіңізбен

қабылдаған шешімге бағынудан бас тартамыз! Жоғарғы Кеңес шешуші

шайқас жүргізуді ұйғарды және шабуылдың мерзімін белгіледі. Сізге, Ұлы

Магистр ретінде, ұрысты жай ғана сыртынан бақылауыңызға, ақырында

келіп қарсыластың тізе бүккенін қабылдап, бізді ұлы жеңіспен

құттықтауыңызға болады!

Люцифер заңғар ақылымен өзі ең қорыққан жағдайдың болғанын

түсінді. Ол төңкерген карма шиыршығы, Ғарыштың Құпия Білімінің бөлігін

ұрлаған оның соншама амал-айласына қарамастан бұлтартпай өзінің

186

басталған жеріне кері оралып келді де, енді өзінің туғызғандары өзіне қарсы

революция жасады.

Ғарыш Заңдарының мүлт кетпейтініне және өзінің болмай қоймайтын

Жоғары Соттың алдында сөзсіз жауап беруіне тура келетініне ол күйінішпен

көз жеткізді. Оның жәбірленген шексіз өзімшіл көңілін, бұлғақшыларды

бұдан да үлкен зауал күтіп тұрғаны, Өзін тақтан құлатуы арқылы олардың

өздеріне тиесілі зауалына бірінші қадамын бастағаны ғана жұбатты. Түнек

күштерінің алдағы алапат Ғарыш Шайқасындағы ажалдарына қарсы кетіп

бара жатқандарына, ал тірі қалатындардың әлі өзіне құлдық ұрып, кешірім

сұрайтынына оның еш күмәні қалған жоқ.

Ол бірінші рет Ғарыш Бауырластығына жасаған өзінің сатқындығына

өкініп бұрын болмаған белгісіз сезімде болды, және бойында Жаратушының

алдындағы күнәмді қалай жусам деген тілек туындады. Бірақ бұл ізгі ойды

ашу толқыны мен өзін соншама төмендетіп сатқындық жасағандарға деген

жанын күйдірген жеккөрініш сезімі жұтып қойды. Жазалаудың ең бір ойға

түспейтін көріністерін отты қиялында елестете бастады, алайда таяу

шайқаста оларды күтіп тұрған зауал, оның кекшіл қиялынан да асып түсті.

Ал әзірше оның ескертуін дәлелдеп, сатқындарды көрнекі түрде жазалауы

тиіс өзі есептеп тапқан және өзі одан сонша қауіптенген сырлы Ғарыш

Сарбазы еді.

Зор ләззат дарытатын зерттеушілік шабыты мен құмарлығын әлі де

жоғалта қоймаған Люцифер Ғарыш Бауырластығының ең ұлы құпиясын

білуге қатты ынтықты. Белгісіз Ғарыш Сарбазының қандай қасиеті бар екен?

Түнек Иерархиясының алапат күшін Ол іс жүзінде қалай құртып жіберер

екен? Осы арқылы одақтас дүниелердің менменсіген топжарғыштарына

өздерінің Жоғары Магистрінің ұлы көрегендігі мен терең күдігінің

шындыққа шыққанын дәлелдер еді.

Осыларды ойлаған Люцифер өзін сатқандардың жеңілісі мен қалай

қорлық шеккенін егжей-тегжейлі тамашалау үшін өзіне адалдық пен

берілгендіктен таймаған қол астындағыларымен одақтастарының бір бөлігін

ертіп майдан алаңынан шықты да, қауіпсіз қашықтықтан өзінің кегін

қайтаратын жоспардың орындалуын күте бастады.

1978-ші жылдың 20-шы ақпаны күні өтпек Ғарыш Шайқасының

қарсаңында 35 жасқа толғанымен Ақ Сарбаздың тәні де, жаны да әлі сәби

қалыпта болатын, өйткені 1970-ші жылдың көктемінде ол рухымен және

тәнімен екінші рет дүниеге келді. Сәбидің белгісіздік пен өлімнің алдында

қорықпайтыны белгілі.

Сәби, белгісіздік пен өлімнің алдында қорқынышты сезінбейді ‒ Ақ

Сарбазда, Ғарышта шайқасудың ешқандай тәжірибесі болмаған. Сондықтан,

ғарыштық ұрыстардағы жеңілістің ауыр салмағы оның иығын басып тұрған

жоқ болатын. Ол – енді Ғарыш Шайқасында, қандай күшпен бетпе-бет

ұшырасқалы тұрғанын тіпті де аңғармаған болатын. Бүкіл сынақтан өтіп

Жоғары Дүниелерге екінші рет шақыртылғаннан кейін Ақ Сарбаз физикалық

денесінен өз қалауымен шығып қабаттас дүниелерге өтуге хұқық алған еді.

187

Ғарыш Шайқасы болатын күні ол Ғарыш Бауырластығының Жоғарғы

әскери кеңесі мен Басқару Орталығы және қосалқы кызметтері орналасқан

ғарыш базасына келді.

Жолбасшылар Ғарыш Сарбазын ең алдымен, қабаттас дүниелер

кеңістігінде енді ғана қыза бастаған орасан зор ұрыс кезінде жараланған

Жарық Күштерінің сарбаздары жатқан госпиталь арқылы алып жүрді.

Жоғары Күштер, жаралыларға Ғарыш Сарбазының келуі қандай

рухтандыратын психологиялық әсер беретінін және Ақ Сарбаздың

центрлерін іске қосу үшін қандай кармалық бастапқы импульс керек екенін

дұрыс болжаған еді.

Ауыр жарақаттан азап шегіп жатқандар Ақ Сарбазды көрген кезде ой

формалар көшкінін төкті:

‒ Шынымен-ақ Ғарыш Сарбазы ма?!!

‒ Ал, мен оны жеңістен үміт үзбес үшін ойлап шығарылған аңыз екен

десем!

‒ Ол алып болуы керек сияқты еді ғой?

‒ Сонда осы, физикалық дүниені әлі тастамаған адамның қолынан

бірдеңе келе ме?

‒ Тұлғасында тұрған ештеңе жоқ! Қараңдар, центрлері бүлкілдеп, жана

бастады!!!

‒ Әрине! Ол Оның Бейнесіне және Өзіне Ұқсас болып жаратылған және

бізден артықшылығы ‒ барлық жеті центрі бар!

‒ Ғажап! Отты центрі көк жұлдыздай жанып айнала бастады!!!

‒ Иә, Оның Бейнесіне және Өзіне Ұқсас болып жаратылған Жер

адамының ғана қолынан келеді бұндай іс!

‒ Енді, бітті! Бұндай сыйды олар тіпті күтпейді!

‒ Түнекшілердің күні бітті!

‒ Біздің азабымыз бен шығынымыз текке кетпепті!

‒ Шыдадық-ау! Жеттік-ау!

‒ Біз енді жеңеміз!!!

Жүрген бойда жолбасшылар Ақ Сарбазды басқару орталығына алып

келді. Мұндағылар оны тықырши күтіп отыр еді, себебі, Жарық Күштерінің

бүкіл қоры сарқылып біткен еді.

Ғарыш Сарбазын көрген сәтте әбден қалжыраған Бас Қолбасшы көлемді

суреттегі ұлан-ғайыр майданның қолайсыз ахуалын сызып көрсетіп жатқан

сәулелі меңзегішін үстелге тастай салып, креслоға сылқ етіп отыра кетті де,

айналасындағыларға кеңес аяқталды дегенді білдіріп, көздерін жұмды. Өзінің

өткен ғұмырларында Ақ Сарбазбен қарулас ретінде майдан даласында талай

кездескен ол алдында кімнің тұрғанын және шайқас тағдырының қалай

шешілетінін қателеспей болжады. Кеңеске қатысушы аса жоғары дамыған

өркениеттерден келген Жарық Күштері ғарыш флоттарының қолбасшылары

да, өздері сенген арманның орындалғанын және Ғарыш Сарбазының

өздерінің арасында екенін лезде түсінді. Олардың әрқайсысы Ақ Сарбазға өз

188

ғұрпынша құрмет көрсетіп, Оған өзінің эволюциялық арналымын абыроймен

атқарып шығуға тілектестік білдірді.

Жарық пен Түнектің барлық күштері бетпе-бет кездескен Ғарыш

Шайқасының ортасына шыққан Ақ Сарбаз ғасырлар бойы машықтанған тәркі

күйге шомды. Ашу, өшпенділік пен батырға тән қаһар немесе жүрексіну

сезімі Ғарыш Сарбазында болған жоқ. Өлмес Жанның абсолютті тыныштық

күйі орнады, ал осы күйден шексіз ғарыш кеңістігінің анықтығы мен

айқындығы пайда болды да, осы кеңістік Ғарыш Сарбазының центрлеріне

тартылып құйыла бастады.

Содан кейін, белгілі бір ретпен, аса жаңа жұлдыздар болып жарылысқа

түскен центрлері оның қуат арнасында тоғысты. Ақ Сарбазды қоршаған

ғарыш кеңістігі шиыршықталып, Ғарыш Сарбазы ұшында орналасқан алып

конусқа айналды. Көк жалынның бүлкілдей соққан толқындарына толып

кеткен бұл конустың ішінде қамалған Түнек Күштерінің жантүршігерлік

жойқын қуаты әп-сәтте ғайып болды...

Ұлы Ғарыш Шайқасы осылай аяқталды да, одан кейін Ғарыш

Бауырластығының жаңа тарихы басталды.

Түнек Күштерінің Ғарыш Бауырластығы Күштеріне тікелей от шашып

түйіскен бөлігі ғана аман қалды.

Бұдан кейінгі жергілікті шайқастарда Түнек Күштері түбегейлі

талқандалып, астрал дүниесінің төменгі деңгейлеріне ығыстырылып

тасталды, және олар ондағы өз позицияларын әлі сақтауда және

эволюциялық тұрғыдан жетілмеген көптеген адамдарға шектеулі дәрежеде

ықпал ете алады.

Өзінің Ғарыш Сарбазына тағайындалымын орындап шыққан Ақ Сарбаз,

өз қабілетіне тым сеніп, енді өзіне Аңшы рөлін алуды және астралдың

шытырмандарында Люцифердің өзімен жекпе-жекке шығуды шешкен

болатын. Оның Еркін Ерік хұкына ешкім көлденең келген жоқ, сондай-ақ

Люцифер мен оның дүниесін Ақ Сарбаздан артық білетін ешкім жоқ та еді.

Сондықтан, Ақ Сарбаздың Люциферді оның иелігінен айламен шығаруы

әжептәуір сәтті болғанымен, ол өз әрекеттерінің құқықты болуының

заңдылығы жайлы терең күмән мен түңіліске тап болды.

Планета Иесін кездестірген сәттерінде Ақ Сарбаз әрдайым өз қаруын

іске қосатын, алайда Люцифер аяушылық көрсеткендей жымиып өзінің

астралды шытырмандарында жоқ болып кететін. Бұнымен қатар абыржып

қалған Ақ Сарбазға мақұлдаған сыңаймен бас изеп белгі де жіберіп үлгіретін.

Ақыр соңында, 1980-ші жылдың күзінде Люцифер ‒ физикалық дүниеде

Ақ Сарбазға қонақ ретінде өзі келген болатын, ал бұнысымен ол ‒ үйіне

бейбіт сәлемін айтып кірген тіпті қас жауын да қабылдауды өзінің міндеті

деп есептейтін саһаралықты, тұйыққа тіреген еді.

Люцифердің бұл келуінің мақсаты ‒ Ғарыш Бауырластығының Өкілімен

өзінің болашағы жайлы келіссөз жүргізу және сонымен қатар Ақ Сарбаздың

күші мен мүмкіндіктерін анықтау еді.

189

Ғарыш Бауырластығының бұрынғы қызметкері болған Люцифер өз

тәжірибесінен, тіршілік иесіне өткен өмірлерін ашудың қаншалықты қуат

дарытатынын білетін. Сол себепті ол өзінің жұмбақ дұшпанының өткен

өмірлерін анықтамақ болып Ақ Сарбаздан бұрынғы өмірлерінің бірнеше

есімдерін атауды өтінді.

Қонақжайлық дәстүрімен мейманның бетін қайтаруға болмайды.

Алдымен Ақ Сарбаз өзінің бұрынғы есімдерін ашудан жалтарды, оның өз

үйінде өзі кімді жорамалдаса, соның өзін қабылдап отырғанына әлі көзі

жетпейтін. Қонақтың түнекшілер өкілі болғаны күмән туғызбаған еді ‒ бұл

оның ішкі үрейлі күшінен, заңғар ақылынан, әдеттен тыс, өзіне еліктіріп

баурайтын көркінен және әмір айтып бұйырғанға әбден дағдыланғанынан

анық көрініп тұрған болатын.

Алайда, Қонақты сұқтану қаупінен аман алып қалу үшін Ақ Сарбаз

қатері аздау болар құпияны ашты да, Тимур Фрунзенің әкесінің бұрынғы

өмірлерінің бірнешеуін сараптауына ұсынған болатын. Бұл есімдер қонаққа

өте ұнаған еді. Қандай да болсын ұлылыққа ие болса да өз ұлыныкінен әке

жолы әрқашан үлкен екенін білген, сондықтан қонағы еш ойланбастан осы

аталған есімдерді өзіне иемденіп алды.

Осы кезде ол сәл ашылып, Ақ Сарбазға өшпенділіктің, үрейлі жігердің

және адамға тән емес менмендіктің толқынын төкті. Физикалық дүниеде

жүргенде Ақ Сарбаздың рухани білімі шектеулі болатын, алайда өз иелігінде

Люцифер оны қалайда тауып алатынына сенімді болатын, сондықтан Ғарыш

Шайқасына қалай дайындалған болса ‒ бұл кездесуге де солай дайындалған

еді.

Өз планетасында Люциферге іс жүзінде ешкімнің де тісі батпас еді, және

оның әлі талай зұлымдық істеуге мүмкіндігі мол болатын. Сол себепті, Ақ

Сарбаз оны тауып тіршілік иесінің құпиясын ашуға міндетті болатын. Ақ

Сарбаз өз үйінде КІМДІ қабылдап отырғанын жүрегімен түсінді, бірақ жаза

басқан жағдайда тәуекелдің салдары өте ауыр болар еді. Кез келген тұлғаны

танудағы қателіктен Ғарыштың Негізгі Эволюция заңы бұзылады. Ал,

тіршілік иесінің эволюциялық игілігіне басып енудің жазасы өте ауыр.

Өзгенің эволюциялық игілігін иемденуге немесе бөгденің

эволюциялық меншігін басқа біреуге таңуға ешкімнің де хақысы жоқ.

Әрбір тұлға даралығымен, қайталанбастығымен ерекшеленеді, оның

өткен өмірлерінің тәжірибесі оның жеке кармасының жібін өреді, сондықтан,

ешкімнің де, абыройлы болғанымен өзінікі емес бөтен ғұмырларды

иемденуге, немесе біреулерді жағымпаздана ұлы есімдермен атауға хақысы

жоқ.

Фашизм көсемдерінің өздеріне көне заман қолбасшылары мен

каһармандарының есімдерін иемденгені белгілі, және олардың қайғылы

тағдыры мен жұқпалы идеологиясының күйреуі ‒ тіпті сабақ боларлық.

Бөгденің өмірін иемденуші, Ғарыш заңдарынан тыс қалдырылады да,

өзінің физикалық дүниедегі ғұмырын аяқтағаннан кейін эволюция

сатыларымен төмен құлатылады.

190

Сондай-ақ біреуге, тіпті ашу үстінде де Люцифердің есімін жапсыру

немесе Ібіліс атандыру қатерлі. Планета Қожасы оның тұлғасына қол

сұққандарды өзі катаң жазалайды. Осы ауыр қылмыс үшін жазаланған

адамдар белгілі.

Ақ Сарбаз қонағын сынай түспек болып Ғарыш Сарбазының ең маңызды

есімдерін паш етті. Сақтығын жоғалтқан Люцифер жаңа ғана өзі иемденген

есімдерден үзілді-кесілді бас тартып шыға келді. Уәж көтермес кейіппен ол

Ғарыш Сарбазының есімдерін ғана өзінікі деп есептейтінін мәлімдеді де

оларды иемдену ырымын жасады.

Бұдан кейінгінің барлығы да планетаның құдіретті Қожасының

билігінен тыс еді ‒ ол бөгденің эволюциялық игілігінің дербестігі туралы

Ғарыш құқығының ықпалына түсіп қалды.

Ғарыш Бауырластығы өз шешімін ешқашан өзгертіп немесе біреуге

берген өкілетін кері қайырып алған емес. Люцифер осы қағиданы әрдайым

пайдаланып, өз планетасында бойына ештеңе дарытпайтын. Ғарыш

Сарбазының эволюциялық игілігін иемдену Люцифердің Ғарыш

Құрылысшысы ретіндегі құқықтары мен өкілеттерінің болашағын тәрк етті.

Осылайша Ғарыш Қаруымен ала алмаған қуатты Люциферді Ақ Сарбаз

Жиһан Құрылымының Заңдарын жақсы білгендігімен түбегейлі жеңді.

Өзінің Ақ Сарбаз ғұмырларын иемденуге талпынысының түбі не

болғанын Люцифер ұққанша көп уақыт өтті.

Бұрындары мызғымас болған түнекшілер Иерархиясындағы басталған

жіктелу, Люциферді өз дұшпанының тұлғасын бұрынғыдан да мұқият

зерттеуге мәжбүрледі. Алдымен ол Ақ Сарбаздың астралды мүмкіндіктерін

анықтауды ұйғарды. Бұл үшін ол сәті келгенде астрал дүниесінде дүрмекті

мейрам ұйымдастырды. Үлкен байлық пен айрықша салтанаттың айғағы

болмақ бұл тойға Ақ Сарбаз құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Люцифер мен оның Иерархиясының мүмкіндіктерін анықтау

мақсатымен Ақ Сарбаз да бұл ұсынысты қабылдап, шақырылған мерзімде

Люцифердің иелігіне келді.

Салтанат ұзақ әрі сан-салалы болды. Жер бетіндегі сайтаншылдардың

Әзәзіл Империясының халықтар бірлігі шерулерінің және билеуші басшы

топқа берілгендіктерін білдіру сценарийлерінің қайдан келетіні Ақ Сарбазға

енді түсінікті болды.

Салтанаттың соңында Люцифер Ақ Сарбазды өз сарайындағы тойға

шақырды.

Қонағын өзінің Иерархиясының байлығымен және ұлан-ғасыр

молшылығымен қайран қалдыру мақсатымен мереке ерекше

талғампаздықпен ұйымдастырылған еді. Дастарқанға қойылған жемісжидектердің,

теңіз бен өзен өнімдерінің және жабайы аң-құс тағамдарының

алуан түрлілігіне есеп жоқ еді. Ақ Сарбаз астрал дүниесінің өзіне белгісіз

ғажайып тағамдары мен жемістерін жеуден барынша бас тартты. Құрмет

көрсетуші қожайын өзінің қонағына жаңа тағамдарды бірінен соң бірін ұсына

191

берді, бірақ Ақ Сарбаз өзіне балалық шағынан таныс тағамнан дәм татты да,

үй иесінен той думанды тастап шығуға рұқсат сұрады.

Люцифердің, оның энергетикалық қалқанын ынталы зейінмен тінте

қарап, қорғансыз тұсын іздеп, сатқындықпен соққы беру мүмкіндігін

іздеумен болғанын және сонымен қатар оның әрбір сөзін, тіпті қимылын

қадағалап, зерттеу үстінде екенін Ақ Сарбаз үнемі сезіп отырды. Бұның бәрі

Дала төсінде қазақтың қонақжай салтын бойына сіңіріп өскен Ақ Сарбазға

өте ұнамаған еді. Қожайынның өзі шақырып алып қонағына қатысты жасап

отырған мұндай аярлығы Ақ Сарбаздың ашуын шегіне дейін жеткізді.

Алайда Люцифер оған ерекше сый әзірлепті – салтанатты үнмен ол осы

қорытынды тағамды алып келуге бұйырған еді. Ақ Сарбазға қарай сәл

еңкейіп, Қожайын ‒ қонағының құрметіне ғана қазір, соңғы рет бұдан көп

ғасырлар бұрын ұсынылған ‒ «Мафусаилдың суы» әкелінетінін түсіндіре

бастады.

Оның берген белгісімен залға алтын мен күмістен жасалған терең

ыдыстарға құйылған, түтін түстес қойылтпа тәрізді зат әкелінген еді.

Мерекеге қатысушы қонақтардың бұл оқиға үшін иесіне таңданулары мен

алғыстарын жаудырғаны соншалықты, тіпті Ақ Сарбаз өзіне шын мәнінде

ерекше сый-құрмет көрсетіліп жатқанын, бірақ аса шеберлікпен құрылған

әлдеқандай тұзақтың да дайындалғанын түсіне қойған еді.

Люцифер оған «Мафусаил суының» көптеген дертке шипа болатынын,

ең бастысы ‒ кез келген тіршілік иесінің ғұмырын бірнеше есе ұзартатынын

түсіндірді.

Алтыншы деңгейлі ең шебер Құрылысшының мүмкіндіктерін

білетіндіктен Ақ Сарбаз оның сөздерінің растығына күмән келтірген жоқ,

бірақ Люцифердің бұл туындысында жасырын қатер барын ішкі түйсігімен

жете түсінді. Сондықтан Ақ Сарбаз «Мафусаилдың суынан» бас тарта

бастады, бірақ қожайын өзінің қонағын мүмкіндігінше зерттеп үлгірген

болатын, сондықтан оған зерттеуші ретінде – бүкіл Жиһанда осыдан кейін

ешқашан қайтадан әзірленуі мүмкін болмайтын осындай өте сирек кездесетін

сиқырлы сусынды бағалап көруін ұсынған еді.

Ақ Сарбаз бұл жариялауды түсініп, бағалады – ақырында зерттеушінің

қызығушылығы жеңді. Алтындалған қасықпен ыдыстан бұл затты іліп алды

да, осы қойылтпа тәрізді массадан әлдебір оғаш эманациялардың тарап

жатқанын сезе қойды. Оның санасының терең астарынан көне заманның

көмескі көріністері шыға келген еді. Оған, қаны мен тәнін қобалжытқан

құмарлықтың өте таныс сезімі келді, ал өзінің құпияланған ең түпкі

ниеттерінің орындалуын тосып, тына қалған Люцифердің көздері фосфордай

жылтырап жарқ етті.

Далалық әдет-ғұрпы үй иесінің кез келген тілегін орындауды және

алдына тартылған дәмнен бас тартып үй иесін ренжітпеуді талап етеді. Өте

пайдалы сияқты болып көрінген тағамнан құпия қауіп-қатердің тарап

тұрғаны және Люцифердің қақиған кейпі Ақ Сарбаздың қырағылығын оятты.

Ол кішкене қасықты ыдысқа кері салып қойды. Сол кезде қожайын қолына

192

ыдысты өзі алып, ал бұнысымен өзінің жақтастарын естен тандырарлық

күйге түсіріп, ең сыйлы қонағы үшін қожайынның өз қолымен әзірлеген

ерекше тағамынан әдеп сақтап дәм татуын, оның қолын қайтарып намысына

тимеуін Ақ Сарбаздан өтіне бастады.

Ғасырлар бойы дамытқан парыз бен жауапкершілік сезімі Ақ Сарбазды

беймазалық ұсыныстардан бас тартуына жетеледі. Ресми кездесудің

аяқталғанының белгісі ретінде Ақ Сарбаз өзінің отты центрін тұтатты ‒

бұнысынан қатысушыларды да, Люцифердің өзін де айтып жеткізуге

болмайтын асқан үрей билеп, енді бұрынғыдан да зор қатер болар деп, соған

дайындала бастаған еді. Алайда қонақ өзінің саһара салтын бұзған жоқ. Бүкіл

түнек Иерархиясын бір дүркін отпен өртеп жіберу мүмкіндігі өзінде енді

бола қоймасын білді, бірақ ол Сөз берген – ал олар болса, оған сеніп

қалғандар. Өзінің іске қосылған центрлерімен Ақ Сарбаз Люцифердің немесе

оның жақтастарының қонақжайлық заңын бұзу мүмкіндігінің жай ғана алдын

алған еді де өзінің энергетикалық қуат туннелі арқылы жиынды тастап

шығып кетті.

Кейінірек Ақ Сарбаз өз сапарының ізсіз кетпегенін түсінді ‒ түнекшілер

Иерархиясында жіктелу басталды. Ғарыш Шайқасынан аман қалған Түнектің

жоғарғы иерархтары өздерінің жеңілістерін майдан шебінде Люцифердің

болмауынан туындады деп жорамалдайтын. Сол себепті өздерінің Бас

Магистрінің қуаты мен тылсым біліміне деген олардың сенімі мызғымаған.

Ал, барлығын билеп-төстеген Люцифердің қалыптастырған өзін-өзі

марапаттау қағидаларын қалай бұзғандығын, үрей туғызатын Люцифердің

енді өз мейманынан қалайша есі кете қорыққанын көргендер, Қожайынның

қабаттас дүниелердегі билігінің біткенін, енді өздерінің онсыз да өмір сүре

алатындарын түсінді.

Люцифер мен оның Иерархиясының қылмысты істерінің карма

шиыршығы ақыр соңында тұйықталып, бастапқы қалпына келді. Тұңғыш

Ғарыш революционері болған Люцифер себеп пен салдар ізімен өзі сияқты

революционерлерді дүниеге алып келді.

Люцифердің қабаттас дүниелерге бұрынғы ықпалы сайтаншылдар үшін

ең қолайлы жаңа құбылуларды қамтамасыз ететін. Бұрынғы терроршыреволюционерлердің

ажалдан корықпауының және өздерін құрбандыққа

шалуға ұмтылуының үрейлілігі осы жағдаймен түсіндіріледі.

Олардың әрқайсысы өзін құрбан ету арқылы планета Қожасынан жаңа

өмір алатынын білетін. Келесі ғұмырында оның Әзәзілге сіңірген еңбегіне

сай ерекше артықшылықтарға ие болып партиялық иерархияда ең биік

орынға қолы жететін.

Репрессияға ұшыраған Қызыл Армия командирлерінің өз

иерархиясының алдындағы жігерсіздігі мен бойкүйездігі осы болашақтағы

абыройлы құбылудан дәмеленгендігінен еді. Өз идеялары үшін олардың

әрқайсысы қайтпай шайқасты, әскерлерінің алдындағы беделі зор болды.

Қаласа, армияны көтеріп өз басшысының апанын талқандап оны тұтқынға

алуға да мүмкіндігі болды. Тым болмағанда жанталаса қарсыласып партия

193

күштерін бас көтерместей етіп қансыратып, диктаторды өзінің амбициясын

аз да болса азайтуға мәжбүрлей алар еді.

Олай істеудің орнына армия басшылары қаруларын сөзге келместен

тапсырып, қинау үстінде өздерінің жолдастары мен олардың отбасына жала

жауып, ұстап беріп, өзінікіндей қинау мен азаптауға және масқара өлімге

душар қылатын. Беделі аздау қатардағы коммунистердің мойынсұнуы бұдан

да көрнекті еді. Барлығы да өз иерархиямыздың қатыгез билігіне қалтқысыз

бағынсақ, адалдығымыз үшін келесі ғұмырымызда әлдеқайда қолайлы

құбылуға ие боламыз деп сенді. Люцифердің бұл, өңін теріс айналдырған

Иерархия мен Құбылу заңдарының күші ‒ Ғарыш Шайқасына дейін ғана

жүріп тұрды. Ал енді сайтаншылдардың барлығын Үрейлі Сот күтіп тұр.

Қазіргі кездегі аман қалып, байрақтарын қайта бояп, бет пердесін

ауыстырып үлгіргендердің кейбіреуінің ісінің алға басуы ‒ түнекшілер

иерархиясының алдындағы бұрынғы еңбегі үшін алған алғысы болып қана

табылады. Олардың уақытша гүдденуін өлім жазасына кесілген адамның ең

соңғы тілегі бойынша дайындалған дәмді тамақпен салыстыруға болады.

Түнек иелерінің бейберекет әрекеттері ‒ олардың бір кездегі мызғымас

шептерінің ыдырай бастағанының айғағы. Бұл түнек иерархиясының терең

дағдарысқа ұшырағанын көрсетеді. Бұның себебі ең алдымен «тыныш

революция» жасап өздеріне бөлек ұйым құрып алған бұрынғы достарын

Люцифер күш-қуат пен идея беруден, ұйымдастыру көмегінен мақұрым

еткендігінде жатыр. Бұл ұйымда Люциферге жеке шешім қабылдауға хұқық

тимей, таза, сахналық билік қана берілген болатын.

Түнекшілер өздерінің Ғарыш Шайқасындағы жеңілістерінің салдарын

егжей-тегжейлі талдап, барлығын билеп-төстейтін бұрынғы Люцифердің енді

қабаттас дүниелердегі өмір айналымына да билігі жүрмейтінін ұғынды.

Бұрындары ол түнек Иерархиясының өлген әлде өлтірілген

қайраткерлерін немесе аса көзге түскен қанішерлерді үлкен салтанатпен

«тірілтетін». Бұл үшін ол өзінің ықпалындағы астрал және ментал

дүниелерінің деңгейлері арқылы сайтаншылдардың қайта туылуын

«ұйымдастыратын». Әдеттегі эволюциялық тіршілік айналымы қандай болса,

тура солай ол, өзінің алтыншы деңгейлі Планета Рухының мүмкіндіктерін

қолданып өз әріптестерінің монадаларын алдымен ментал денелермен

көмкерген. Осы денелер, жетіктенген қылмыскерлік ой-санасын дамытқан

қасиеттерге ие болатындай жағдай тудыра алатын. Одан ары Люцифер өзінің

серіктестерінің монадаларын астрал дүниесінен өткізе отырып, оларға сәйкес

сезімдер мен эмоция материясымен көмкеретін. Сол себепті, сайтаншылдар

идеологиялық тұрғыдан әбден жарақталған, өздерінің қылмысты істерін

орындағанда сондай жалынды және шабытты болатын.

Өткен эволюциялық, сатылардың тығырықтары өмір сүріп тұрғанда,

адамдардың әлсіздігінен, ескіліктің қалдықтарынан және дүниенанымдарынан

қоректенетін түнекшілердің билігі өркендеп тұрған кезде,

осындай жұғымды орта өздері ойдан шығарған Жарық Күштерінің киімдерін

жамылған сайтаншылдарды тудыра береді.

194

Бүгінде сайтаншылдар астралды Тозақтың төменгі деңгейлерін ғана

қадағалайды, ал физикалық дүниеде оларға тек бірін-бірі өлтіру, төңкеріс пен

революциялар ұйымдастыру ғана қалды.

Өздерінің бұрынғы көсемдері ‒ жалған коммунизм кемеңгерлерінен

айырмасы, ХХ-шы ғасырдың аяғындағы сайтаншылдар идеологиялық

тұрғыдан нашар дайындалған және жиі-жиі идеологиялық диверсанттың

қалай болса солай жасалған жалған өмірбаянын тұтынады.

Әсіресе, түнекшілердің ‒ күйреуден күйреуге әкеліп, қайталана беретін

біркелкі әдістері, тактикасы мен стратегиялары таңдандырады.

Бірінші Ғарыш революциясын жасаған өздерінің Қожайынының ісін

қайталаған өзінің ізбасарларын Люцифер өзінің қолдауынсыз

қалдырғандықтан түнекшілердің халі келешексіз болып тұр.

Зұлымдық Империясының апаттық ыдырауы, кенеттен шырқының

бұзылуы, ал кейде тіпті бір кездегі кемеңгер Түнек басшыларының

түсіндіруге келмейтін ағаттықтары – ол, Люцифердің өзі өзінің

туындыларына қарсы соғыс ашқанын білдіреді.

Бұл оқиғалардың барлығы Люцифердің Жарық Күштері жағына өтіп, өз

планетасын Ғарыштың эволюциялық шиыршығына қайтып алып келуі

мүмкін екенін көрсетеді. Бұл жағдайда адамзат, Жерұйықта тұратын

бауырларымен қабаттаса, туған планетасында да өзінің эволюциясын

жалғастыруға мүмкіндік алады.

Астрал дүниесіндегі Ғарыш Шайқасы мен Зұлымдық Империясының

содан кейінгі физикалық дүниеде ыдырауы сайтаншылдардың бұрынғы

кейіпте өмір сүруін мағынасыз етті. Сондықтан болашақта коммунизм

идеяларын жаңартатын ұлы реформатор болуға жоспарланғандарға өте

шұғыл түрде қабаттас дүниелердегі идеологиялық және моральдік

дайындықсыз, жалған пайғамбарларға, ғарыш елшілеріне, жалған әулиелерге,

экстрасенстер мен астрологтарға айналуына тура келді.

Әрине, олардың Ғарыш Шайқасы туралы, сондай-ақ Ақ Сарбаз жайлы

ешқандай мәліметі болмады. Сол себепті олардың күмәнді «аяндары» мен

«жіберілген хабарларында» Ғарыш кеңістігінде болып өткен ұлан-ғайыр

оқиғаның нышаны да жоқ.

Ғарыш Шайқасы мен Ақ Сарбаз туралы мағлұматтар жария болғаннан

кейін, ақ киімдерге киінген жалған Ғарыш Сарбаздарының пайда болуы

сөзсіз. Бұл рольдерді сол баяғы сайтан иектеген зомбилер орындауы тиіс.

ХХ-шы ғасырдың аяғында пайда болған жалған пайғамбарлардың барлығы

1978-ші жылдың 20-шы ақпанындағы Ғарыш Шайқасына дейін дүниеге

келгендер. Олар әрине өз тапсырмаларын Түнек Иерархиясының өте күшейіп

физикалық дүниені толыққа жуық, астрал дүниесінің басым бөлігін және

ментал дүниесінің бір бөлігін өз уыстарында ұстап тұрған кезінде алған.

Келешек жалған пайғамбарлар физикалық дүниеде өздеріне тиесілі

деңгейге жеткен соң тапсырмаларын орындауға кірісті. Олар коммунизм

идеяларының бүкіл әлемде жеңуін көздеген жоспарды аяғына дейін жеткізуге

бағытталған болатын.

195

Қалыптасқан Әлемдік Зұлымдық Империясында олар сайтаншылдықтың

көшбасшыларына және идеологтарына айналуы тиіс еді. Бұл үшін оларға

тиісті құқықтар, білімдер және қабілеттер берілген болатын, бірақ та

түнекшілердің Ғарыш Шайқасындағы жеңілісі олардың ұзаққа бағытталған

барлық түпкі ойларын өшіріп тастады. Сондықтан, әрекеттегі, резервте

немесе астыртын сақтауда тұрған барлық коммунизм агенттерінің бағдары

басқа қызметтерді орындауға, соның ішінде жалған Ақ Сарбазды жасап

шығаруға да, шұғыл түрде қайта өзгертілген болатын. Ғарыш Сарбазының

рөлін орындауға бағдарланған зомбилердің туындау мүмкіндігі Ақ

Сарбаздың қысқарған кармасының жағдайында әдеттен тыс салдарға әкелуі

мүмкін.

Осы уақытқа дейін сайтаншылдар астрал дүниесіндегі жоспарланған

барлық оқиғалар физикалық дүниеде іске асырылып болғаннан кейін, бұл

оқиғаларды қуаттандыратын барлық энергия сарқылғаннан соң және

кармалық жоспар толығымен аяқталғаннан кейін ғана жалған

пайғамбарларды жасап шығаратын.

Жоғары Тіршілік иелері физикалық дүниені біржолата тастап

шыққаннан кейін, босап қалған кармалық жоспарда жалған пайғамбарлар

біраз уақыт өздерінің сайтаншыл жоспарларын жазасыз іске асыруға

мүмкіндік алатын.

Жеңімпаздың тұлғасын жасанды ету мүмкіндігінің барлық қаупі ‒ оның

әлі де физикалық дүниеде болуында және барлық қабаттас дүниелердегі

энергиялардың ағындарын басқарып отыруында жатыр. Ал егер бұған

Жеңімпаздың, сайтаншылдардың басшыларына қатысты айрықша

өкілеттерін бірге қосатын болсақ, онда түнекшілердің ‒ негізінен бұрынғы

функционерлер болағандардан жасап шығарған, көздері жалындап от

шашқан «каһарман» тұлғаларының пайда болуы олар үшін қандай салдарға

апарып соқтыратынын елестетуге болады.

Сайтаншылдардың өздерінің қас дұшпанының жалған ұқсастарының

пайда болуымен қатар ‒ астрал дүниесінің оқиғалары физикалық дүниеде әлі

барлығы қайталанып үлгірмеген ‒ парадокстық жағдай туындайды. Карма

механизмі ‒ физикалық дүниеде іске асырылуы үшін өзара әбден анықталған

байланыстарға ие ‒ шығарылып қойған тұлғалармен арақатынасқа түседі.

Сондықтан, әлі аяқталмаған кармалық жоспарда бөтен кейіпкерлердің

пайда болуы ‒ Қара Иерархия үшін де, қатардағы сайтаншылдар үшін де

және олардың зомбилері үшін де ‒ болжаусыз салдарды өзіне ілестіруі

мүмкін.

Тозақ пен Тазартқышты және Жұмақтың Кіре берісін аралай жүріп, Ақ

Сарбаз өткен ғұмырларының кейбір түсініксіз тұстарын анықтай түсу үшін

өзінің өткен өмірлеріндегі қоса жүрген кармалық жаулары мен достары

орналасқан жерлерге дейін нысаналы түрде барған болатын.

Центрлерді оятудың бірден-бір шарты ‒ өткен өмірлердің зердесін қайта

қалыпқа келтіру болып табылады. Мүмкін еместей қысқа мерзім ішінде Ақ Сарбаз

196

өзінің эволюциялық сатыларын басынан аяғына дейін толық қалпына келтіріп

үлгірді және кез келген бөтен ғұмыр бұл тізбекті бұзып кетер еді.

Кейініректе, аталған есімдердің арасындағы нәзік карма байланыстарын

зерттей отырып, осы жұмысты зерттеуші ретінде жалғастырған ол ‒ өзінің

тағайындалымын орындауы үшін қандай күштердің іске қосылғанын ұққан еді.

Сонымен бір мезгілде, ол – түнекшілердің өз планетасында оны тауып алып

өлтіру үшін кез келген құрбандыққа баруға дайын екеніне күмәнсіз болатын. Бұл,

олардың жеңілісі үшін кек алуы және өздерінің бұлтартпас ақырын кешеуілдету

әрекеті болар еді.

Шабуылдау үшін сайтаншылдар 1982-ші жылдың жазын таңдады ‒ ол кезде

Ақ Сарбаз 40 жасқа толған еді. Бұл ‒ ер-азамат, әсіресе жауынгер-аңшы үшін

көнеден қатерлі деп саналатын жас болатын. Егер адам сол шектен асып өтсе, онда

ол әбден қартайғанға дейін өмір сүреді. Ақ Сарбаз астрал дүниесінде шабуылды

күткен еді, бірақ жау соншама күшті болып көп энергетикалық шығындар

бағасымен тойтарыс беруге шамасы жеткен. Түнекшілер енді бұрынғы және

қарусыз Ғарыш Сарбазы олардың болжауымен кенет жасалған жаппай шабуылға

қарсыласа алмайды деп ойлаған...

Бірақ олар қателескен еді ‒ әлеуетті құрбанды олардың бұрынғы Ұлы

Магистрі – Нұртасушы алдын ала сақтандырған еді. Ол олардың сатқындығын

ұмытқан жоқ және Ақ Сарбаздың отты центрінен шыққан көк жалында өзінің

бұрынғы серіктестерінің өртеніп жатқанын ерекше табалаушылық сезіммен

бақылап тұрған.

Түнекшілер көп шығынға ұшыраса да ұйымшылдықпен, дүрлігусіз өздерінің

паналайтын жеріне шегінген еді, сонымен қатар олар алғашында бұрқырап жанған

көк жалын азая бастағанын, ал олар шегінген сәтте тіпті жоққа жуық болғанын

жақсылап байқап қалған және естерінде сақтап үлгірген еді.

Түнекшілердің көшбасшыларына бұл факт өз жоспарларын түбегейлі

орындауларына үміт берген еді. Олардың дүниелерінде Ақ Сарбаздың

мүмкіндіктері сөзсіз шектеулі және ол енді тек қорғанатын болады, сондықтан

жаппай шабуыл сәтті аяқталады деген сенімде болған еді.

Түнекшілердің оны тыныштықта қалдырмайтынын білген Ақ Сарбаз, өзінің

әлсіздігін тым тықпалаусыз әдейі көрсетпелей бастады да, тез арада өзінің жоспары

іске асқанын түсінді. Күмән тудыратын тұлғалардың оның көңіл-күйіне аса

қызығушылықпен ерекше назар аудара бастағаны, өз әрекеттерінің дұрыстығына

оны сендірді.

Саһаралық әскери тәсілі: егер жауды қамалынан айламен шығару қажет болса,

онда жалған әлсіздік таныту қажет. Сонда ол, қамалын тастап шығып, өзінің

артықшылығынан айырылады: Бірақ түнекшілер де саһаралықтардың тәсілін

зерттеп біліп алған болатын және қарсыласын тұрақты бақылауға алып, бүтіндей екі

жыл аңдып күткен еді.

Ақ Сарбаз Іле өзенінің төменгі сағасында тұратын өзінің туыстарына аң

аулауға жыл сайын баруын жалғастыра берген болатын, бірақ өзінің күтпеген

көмекшісінен шабуылдау күні туралы алдын ала тағы да ескертілген ол, демалуға

Алматы маңындағы қабаттас дүниелермен байланыстағы порталы бар жерге барған

197

еді. Шайқастың күнін өзгертуге болмайтын осындай бір жағдайда, ол кездесу

орнын өзі таңдаған. Түркілер бұл орынды бұрыннан біліп, қастерлейтін, алайда

тоталитарлық жүйе кезінде бұл білімдер жоғалтылған болатын. Ал портал өз

тіршілігін жалғастыра берген, сондықтан Ақ Сарбаз алдымен астрал дүниесінде,

одан кейін сөзсіз физикалық дүниеде де болатын өзінің бәлкім ең ақырғы шайқасын

беруді шешкен еді.

Портал оған энергетикалық қоректеніп алуға мүмкіндік берер еді. Шайқастың

нәтижесі ойдағыдай болған жағдайда оған бұдан былай ешқашан қарсыласын

осындай порталға алдап кіргізу қолдан келмесін де ол білетін. Ақ Сарбаз

қарсыласына өз мақсатына жетуіне, өз өлімі мен жеңуінің шегінде теңгеріле

тұруына мүмкіндік беретін ұрыстың жүргізу тактикасын әзірлеген болатын.

Қарсыласының ашықтан-ашық «тірі теңіз» әдісімен әрекеттенетінін Ақ Сарбаз

білетін, онда өлгендердің денелерін мыжып өтіп, шабуылдаушылар толқыны леклегімен

бірінен соң бірі – қарсыласының энергоқоры таусылғанша деген есеппен ‒

соққылай береді.

Бәрі солай болды да – шабуылдаушылар толқыны бірінен соң бірі жөңкіп

соққылай берді, ал Ақ Сарбаз келесі шабуылдаушылар толқынын әдейі алдыңғы

шабуылдаушылардан жақынырақ өткізіп отырды.

Соңғы нәтижесінде ұрыс тепе-теңдік күйге түсті, енді елеусіз резерв таразы

салмақтарының біреуін басып кетуіне әкелер сәт туды. Бұл резерв түнекшілердің ең

мықты жауынгерлері болатын ‒ енді олар өз жеңістеріне толық сенімді болып, соны

ашық және батыл түрде шабуылға қосқан еді. Бірақ, Ақ Сарбаз өзінің ең соңғы

резерві – Өзінің денесіне өмір энергиясын беріп тұратын «энергетикалық

аккумуляторын» іске қосты. Қарсыласқа әлдебір шығын келтіруге бұл

генератордың қуаты әрине жеткіліксіз, бірақ Ақ Сарбаз оны порталда сақталған

орасан зор көлемдегі инерттік энергияның жарғышы ретінде пайдалануды шешкен

еді. Дәл осындай жарылыстар шахталар мен диірмендерде болып тұрады – ауада

инерттік қалқыған күйдегі тас көмірдің шаңы, ұнның дәнінің үзілген ұнтағы

кездейсоқ ұшқыннан жарылуы мүмкін. Және де, шабуылшылар легі тас лақтырым

жерге дейін оған жақындап жеткен кезде, ол өзінің отты центрі арқылы осы

жарғышты іске қосып жіберді... Тағы да, Ғарыш Шайқасы кезіндегідей,

түнекшілердің соққы бергіш күштері осы өршелене түскен жалында өртенді де жоқ

болды. Ал порталдың бейтарап нүктесінде алдын ала орналасқан Ақ Сарбаздың өзі

айтарлықтай ешбір зиян шеккен жоқ. Енді оның қарсыласқа бұндай ауыр соққы

берудің мүмкіндігі болмайтынын да білген еді, сонымен қоса ол өзінің ресурсын

сақтап, ұрыс алаңын тастап кеткен жағдайда да олар оны бәрібір соңынан тауып

алар еді және осы қоры порталдан тыс жақта оның өмірін аз ғана сәтке ұзарта алар

еді. Ал бұнысымен ол қарсыласын сондай қорқынышқа дұшар етіп, үрейге келтірді,

тіпті олар енді ешқашан күш қолдану акциясына бара алмайтындай күйге түсті, тек

оған жымысқы түрде сұмпайылық істеп және оның қандай да болмасын ең титтей

қатесін қашан жасар екен деп тосумен ғана жүрмек.

Тіршілікке қажетті ресурсынан айырылған Ақ Сарбаз тым әлсіз еді, және әзер

қимылдайтын болды. Бірақ түнекшілер бұны тағы бір жаңа шабуылға арандатушы

әрекеті деп қабылдап, толығымен аң-таң болған күйге түсті: «Қараңдар, ол тағы да

198

бізді өзіміздің панамыздан алдап шығарғысы келіп тырмысып жүр! Бірақ Магистр

бізге – ол ешқашан қайталанбайды деп айтқан еді, сондықтан да ешкім оған

бейімделіп және қарсы шараларды тудыра алмаған...».

‒ Әне, қарап көріп алыңдар, қалай әртістік қимылмен оң аяғын сылти басып,

көшеде сүйретіліп әрең жылжып келе жатқанын және қалай бозарып, әрбір 50-60

қадам сайын демалып тұрған түрін көрдіңдер ме?

‒ Егер ол, өзінше ‒ бізді оның өте қарапайым тұзағына түседі деп үміттенсе,

онда өзі бізді кім деп санап жүр екен?

‒ Ия, егер олар осындай дарынсызға үміт артып тәуекелге бел буса, онда

қарсыласымыздың Иерархиясында да азып-тозу басталған екен ғой!»

Егерде түнекшілер Ғарыш Құрылысшысы дәрежесін алғанша Ақ Сарбаз

мүлдем қорғансыз болғанын білгенде, онда олар өздерінің үрейлі қас жауын

ойланбастан жайпап тастар еді. Бірақ та, порталдағы ұрыс кезінде шошынғандары

соншалық, бұл тіпті олардың сана-жігерін жансыздандырып тастаған еді. Оларда

тек өзін-өзі қорғаудың ырықсыз сезімі ғана қалған: «Әркім өз жеке басы үшін! ‒ Сен

бүгін өл, ал мен тағы бір күн артық сүріп, ертең өлейін!»

Нұртасушының оған көрсеткен шешуші көмегі мен қолдауын Ақ Сарбаз

есепке алды да, жантүршігерлік желтоқсан оқиғаларынан кейін онымен кездесуге

шығып және одан: ‒ «Қызыл қанішерлер» қандай хайуандық жасағаны туралы

білесің бе?» ‒ деп сұраған болатын. Ол:

‒ Ия, білемін, ‒ деп жауап қайтарған.

‒ Онда, бұған не істемек ойың бар?

‒ Мен оларды жай ғана қырып тастаймын.»

Осыдан кейін Зұлымдық Империясының кенеттен ыдырауы – империяны

құрған кім болса, соның өзі ғана Ғарыш Заңы бойынша оны жойып жібергенімен

түсіндіріледі. Ал енді оны ешкім өз қалпына келтіре алмайды, және фанатиктер

«өлмес идеялардың салтанат құруы үшін» тағы да қанды судай ағызуға дайын болса

да, Империяны туындатушыдан ешбір идеялық қолдау алмағандықтан әрқайсысы

өздерінің бұрыш-бұрыштарына тарап тынды. Империяның өзін-өзі жойып тастау

құпиясының осы кезге дейін шешілмегені осымен түсіндіріледі. Осы оқиғамен

Нұртасушы өзінің Жарық Күштері жағына шынымен де өткенін дәлелдеп берген.

Ақ Сарбаз өз дәстүрімен өзінің одақтасына жаңа – Ақ Жарқын деген есім берді.

Олардың 1980-ші жылдың жазынан басталған таныстықтарынан кейін Ақ

Сарбаз аса шыдамдылық танытып Ақ Жарқын – Нұртасушыны өз жағына тартуға

тырысқан еді. Ол оған бірде-бір рет оның бұрын жасаған зұлымдықтары туралы

бетіне басып айтпады. Керісінше, Ақ Жарқынның асқан менмендігін біле тұра, Ақ

Сарбаз әрдайым оның планетасында өзінің Қонақ қана екенін және оның

Қожайынының иелігінде болу уақыты санаулы екенін, және осы жолы оның

дүниесінде олар мәңгіге ажырасатындары туралы әрдайым басып айтатын.

Сонда Ақ Жарқын тынышталып, басқа тақырыптарға көшетін.

Бір рет ол өте өршеленген күйінде келді, тіпті оның қолдары қалтырап тұрды –

кіре сала ол оған не болғанын Ақ Сарбаз түсіндіріп бере ала ма? ‒ деп бірден

сұраған еді:

199

‒ Мен жаңа ғана өліп қала жаздадым – біреу мені тура бұрылыста трамвайдың

ашық есігінен итеріп тастауға тырысты. Мен жолға құлап түсе жаздадым, бірақ әрең

ғана өзімді құлаудан ұстап қалдым. Ал көшеде автокөлік келе жатты – мен тура

соның дөңгелектерінің астында қалар едім. Сондықтан менің білгім келеді – бұл іс,

дәлірек айтсам – өлтіруге әрекет жасау – Сіздің қолыңыз емес пе?

‒ Бұл ешқашан болмайды! Егер саған менің көзімше қатер төнетін болса, онда

мен сені өз денеммен жауып құтқарар едім! – деп Ақ Сарбаз оның үйіп-төккен

ызалы шағымына үзілді-кесілді жауап қайтарған болатын.

Ақ Жарқын осындай жауапқа өте масаттанып қалғаны көрініп тұрды:

‒ Мен үшін тіпті Ғарыш Сарбазының өзі өмірін қиюға дайын болса, мен сонда

шынымен-ақ ұлы болғаным ба?

‒ Жоқ! Мен, кез келген жағдайда Осы дүниені сенен бұрын тастап кетуге

тиіспін. Және де О дүниеде мен сені шыдап тосып отырамын, менің қымбатты

Нұртасушым!

‒ Сіз, қымбатты Ақ Сарбаз, маған сондай құрмет көрсеткіңіз келе ме?

‒ Әрине олай емес. Менен басқа ешкім де физикалық дүниені тастап шыққан

тіршілік иелерінің арасынан сені анықтай алмайды. Ал мен сені баяғыда сәулемен

белгілеп қойғанмын, сондықтан тек мен ғана сені осы қаптаған көпшілік арасынан

тауып, Жоғары сот алдына алып барамын, ал онда саған сенің сиқырлығыңның

көмегі тимес. Ал сонымен сенің зұлымдықтарыңның ақыры келеді.

‒ Сонда қалай? Мен Сізге Қонақ ретінде келіп тұрмын ғой! Сіздердің

заңдарыңыз бойынша менің жеке басымның дербестік хұқы бар емес пе?

‒ Ия, бірақ есіңде болар, өзің қалай біздің таныс болған бірінші сағаттан

бастап, оң қолыңның білегімен өзіңе қарай күреу қимылын жасап, менің өмірлік

энергиямды сорып отырғаның, ондағы мақсатың мені жай өлтіре салу, немесе одан

да нашары – мені мүгедектікке түсіру болған. Менің бұған былқ етпегенімді көріп,

менен неге сенің аяғыңа құлап түсіп, аяушылық сұрап жалбарынбай отырғаным

туралы сұраған едің: «Мен, міне бір сағаттан артық уақыт Сіздің энергияңызды

тартып сорып отырмын, ал Сіз өзіңізді өте керемет сезініп, тіпті қызара бөртіп

кеткеніңіз қалай?» Оған менің жауабым: «Қол сорғымен Мұхитты сорып алуға

талпынғаныңдай» ‒ дегенмін.

‒ Ия, есімде. Тура осының өзі ‒ менің қолымның бір ғана қимылынан есінен

танып қалатын, және есін жиған кезде менен кешірім сұрап жалбарынатын көптеген

мистификаторлардың біреуі емес екеніңізге мені сендірген еді. Сіздің физикалық

Ұстазыңыздың таныстарын шынымен қорқыту арқылы ғана мен Сізге жете алдым.

Олардың қалай шыңғырып, өздерін өлтірмеуімді өтінгенін Сіз көрсеңіз ғой! Ал

одан кейін қарыспай көніп, мені Сіздің үйіңізге ертіп әкелген... Жиіркенген түрмен

қарамай-ақ қойыңыз! Әркім өз соғысын өз әдісімен жүргізеді, ал менің қорқыту

әдістерім мені ешқашан жайсыз жағдайға қалдырған емес. Көріп тұрсыз, мен

осындамын және мен өзімді сонша қызықтырғанның тура өзін жаңылмай

тапқанымды кәміл білемін! Маған қарсы революция жасаған оңбағандардың

армиясын Сіз Кеңістікте қалай өртеп тастағаныңызды көргенмін және соған өте

риза болғанмын!

200

‒ Ия! Қонаққа жарамсыз сенің әрекеттеріңе жауап ретінде мен сені инедей

жіңішке сәулемен белгілеп қойдым және сен Осы дүниені тастап шыққан соң, Сот

алдына сатқынды мен ұстап алып апарамын!

‒ Немене, мені иіскеп жүріп таптың ба қарғыс атқыр Ит? Сен Ол дүниелерде

де маған тыныштық берген жоқсың! Қожайын әйелдің алдында мені ылғи да ұры

және қу деп, нашар етіп көрсететінсің, және тек сүйкімді Қожайын әйелдің

қорғанымен ғана мен сенің үрейлі азу тістеріңнен құтылатынмын!

‒ Ия, Мышық! Мен сені таптым және осымен сенің мысықтық ойындарың

ақырына жетті! Мен сені көптен тосып отырған жаққа ертіп апарамын! Және менің

саған тек жаным ашиды.

‒ Сонымен не, басқа шешім жоқ па? Менде қалғаны тек осы өмірім, ал одан

ары – Тозақ па?

‒ Әрине, жоқ! Мен Ғарыш Бауырластығының өкілетті өкілі ретінде саған,

бұрынғы Еркек Мысықтарға лайық, өз-өзіңмен кетіп қалған орныңа қайта қайтып

баруыңды ұсынамын!

‒ Ал мен не бетіммен бұрынғы бауырларымның және әсіресе қазір Ғарыш

Мектебін басқарып отырған менің бұрынғы ием ‒ Қожайын әйелдің көзіне енді

қайтып қарай алар екенмін!?

‒ Мен саған уәде беремін! Өкінушінің үстінен ешқандай сот та болмайды, тек

жабық түрдегі сұхбат өтеді және сенің келісіміңмен, саған жаңа планетаны құруға

және онда жаңа тіршілікті тудыруға тағайындау беріледі.

‒ Мен келісемін! Бауырластықты тастап шығып, өзімнің көкірекшілдігімнің

жетегімен Құдайдай болам деп шешкен күнімді қарғыс атсын! Өзімнің

Менмендігімнің алдамшы ырқына енді ешқашан ермеймін деп ант беремін! Мен

толығымен Ғарыш Бауырластығының «Өзің сатқын болғанша, сатқындыққа

ұшырағаның артық» ‒ деген Қағидасын ойлана келіп түсіндім! – деді Ақ Жарқын

дірілдеген дауыспен. – Және тағы бір жәйт – мен шын ниетіммен Сізбен Осы

дүниеде біржолата ажырасуыма өкінемін! Өзіңіздің Галактикалық құрылысшы

ретіндегі өте жоғары деңгейіңізде Сіз мен туралы ұмытпайтын боларсыз деп

үміттенемін. Мен Сіздің болашақ деңгейіңізді біліп тұрмын – ол Сіздің аураңыздың

жарқырауынан көрінеді!

‒ Арқалаған жүгімнің ауырлығына байланысты, мен өзімнің жердегі

өмірімнен бірдеме есіме түсіруге бос уақытым да болмас деп ойлаймын. Бірақ мен

саған жаңа іс-әрекет өрісінде сан алуан табыстарға жетуіңе тілектеспін! Сенің тағы

да Бауырластықты өзіңнің шеберлігіңмен таңқалдыратыныңа және өзіңнің

«Материя бағбаны» деген атағыңды ақтайтыныңа толығымен сенімдімін.

‒ Бұрынғы Ғарыш құрылысшысы ретінде мен – Галактикалық құрылысшы

деңгейінің өтпелі екенін және Сізді Эволюцияның соңғы кезеңі – Күмбірлеген

Күйлер Сферасы тосып тұрғанына сенімдімін! Және, осындай, бұрын естілмеген

өрлеуіңізбен Сіз маған міндеттісіз деп білемін. Себебі, егер мен – Люцифер

болмағанда, онда Ғарыш Сарбазы да пайда болмас еді. Ал Қиратушы өз жұмысын

орындап болғаннан кейін, менің жолыммен жүру оны қызықтырмасын, әйтпесе

Ғарыш Бауырластығының ақырсоңы келуі мүмкін деп, оны осындай деңгейге

жоғарылатудан басқа амалы қалған жоқ!

201

Сонымен, Сіздің өсуіңізге мен аз емес дәрежеде үлес қостым. Ал Сіз өте

жоғары дәрежеңізде әйтсе де мені ұмытпаңыз және қиын сәттерде мені қолдап

жүріңіз!

‒ Ия, әрине! Сен мені шынықтырдың және сенің құрып қойғаныңды Қирату

әдістеріне үйреттің. Өз күшімді енді тағы да пайда болуы мүмкін Люциферге қарсы

ешқашан қолдануыма тура келмес деп үміттенемін. Бауырластықты сатып кету

жалғыз ғана оқиға болғандықтан, ол ең болмағанда тағы бір рет қайталануы тиіс!

Және сендей айлакер жауыз, зұлымдықтың шебері болмаса, жақсы болар еді.

‒ Мен өз әрекеттерімнің ауырлығының бәрін түсінемін және өз күнәмді өтеуге

мүмкіндігінше қажет барлығын орындаймын! Және тағы бір білейін дегенім – Осы

дүние екеуімізсіз не болады?

‒ Сен мынаған қара!

Ақ Сарбаз өзінің балалық шағы кезінде болмайтын көрініске Ақ Жарқынның

назарын аударған еді: көлеңкеде Ақбас жатқан болатын, ал оның бүйірінде еркек

мысық қалғып жатты. Балаларға сыйға тартылған кішкене еркек мысықты, Ақбас

бірден өз қамқорлығына алған, ал ол болса қаңғыбас иттер мен мысықтардан

қорғаушым және досым деп оны мойындаған болатын.

‒ Ия, бұл екеуі бір-біріне қас жау болмауы анық, өздерінің Қожайындарына

адал қызмет көрсетіп Эволюцияның келесі кезеңіне – Саналы Тіршілік Иелерінің

дүниесіне бірге Жоспарлы түрде өтетіндеріне енді көзім жетті.

Және тағы да. Мен өзімнің Сізбен соңғы қатынасуымның мүмкіндігімен Сіздің

бұрынғы планеталық айналымдағы өміріңіз жайлы және әсіресе Қожайыныңызбен

қарым-қатынасыңыз туралы әңгімелеп бергеніңізді өтінейін деп едім. Менің білгім

келгені, ол тура Сізді ғана Ғарыш Сарбазы болуға ұсынғанда Оны немене жетелеген

еді? Сіздің өткен ғұмырларыңыз маған өте мәлім, ал бұрынғы планеталық айналым

үзік-үзік қана менің есімде бар. Және өзімнің планетамда Саналы Тіршілік иелерін

қалыптастырғанда Сіздің тәжірибеңіздің маған Эволюция Көшбасшыларын

таңдаған кезімде тиер пайдасы өте қажет болар еді.

‒ Жақсы! Бұл сұрақты маған физикалық дүниедегі Ұстазым да қойған

болатын, ал мен өзімнің есебімді оған ұсынғаннан соң, оның түнекшілердің

жібергені емес пе екен деген күдіктерінің бәрі сейілген еді! Ол, өзі күткен өз

шәкіртіне жеткенін және оған соңғы сабақтарын бере алатынынан бақыттан жайнап

шыға келген болатын.

Оның өтінішімен мен терең медитацияға шомып және өзімнің

Жетекшілерімнен сол бұрын өткен өмірлерді ашуын сұрағанмын. Біртіндеп,

жылдамдатылған фильмдей мен алдымен менің Қожайынымның тайпасы жаудан

ығысып жылы, жабайы аң-құстарға толы жайлаудан суықтау таулы бөктерлерге

көтерілгенін көрдім. Алда жүрген аңшылар таулы өзеннің жағалауында үлкен тау

үңгірін тапқан еді.

Айналасы жеміс-жидекке, тамырларға, демек жабай аң-құсқа толы, ешкімнің

қолы тимеген орман! Бірақ осы жақтың өз иесі ‒ үңгірлік дәу аю бар болған, ал өз

иелігін ол бекерден-бекер бермейтіні анық. Тайпа көсемі, аңшылармен ақылдаса

отырып, ары қарай жылжуға күш жоқ, сондықтан үңгір алдында ‒ аю қоректенуге

шығып, суын тойып ішіп, ұзаққа жату үшін қайтқан кезінде оған тосқауыл құруды

202

шешкен еді. Бірақ, тамақтанудан қайтқан аю тосқауылға өзі шабуыл жасап иттердің

көбін және бірнеше аңшыларды мерт қып жыртып тастаған. Менің қожайыным

аюдың тырнағының соққысынан жараланған еді және аю оны да жыртып

тастағысы келгенде, мен оның ең жанға бататын жеріне артынан келіп азу тістерімді

кірш еткізіп батырып, өз өмірімді құрбандыққа қиюыммен қожайынымның өмірін

сақтап қалған едім! Өлтірілген аюдың ұшасы тайпаға қыстай азық болған және

оның үңгірінде бірнеше ұрпақ өмір сүрген!

Одан кейін маған көрсеткені – мен тағы да кішкентай күшік болып, үңгірге

таяп, қорғауды өтіндім. Қожайыным мені танып, қабылдап, асырап шықты, және

мен бұрынғы құбылуымдағыдай онымен бірге аңға шығып жүрдім. Иттік

өмірлерімнің басым бөлігінде мен малшының бөрібасары болып, Қожайынымның

табын малдарын қорғайтынмын. Өмірлерімнің біреуінде мен темірден жасалған

жалпақ тіліктерімен безендірілген тері сауыт жамылған жауынгер ит болғанмын,

және Қожайыныммен қатар тұрып шайқасатынмын.

Одан ары мен Саһараны, киіз үйді және сол киіз үйге жақындап келе жатқан

өзімді көрдім... Менің қарғыбауымнан патшаның салған белгілерін көрген малшы,

маған бір аяқ айран құйып беріп, туыстарына мені қамқорлығына ала тұруын

тапсырып, өзі ханның ордасына шауып кетті... Бірнеше күннен соң ол күймелі

арбамен қайтып оралды және мені өзімнің сүйікті Қожайыныма ‒ ханның

шатырына апарып салған болатын.

Өзімнің соңғы өмірімде зағип болған Қожайынымның жетектеушісі –

қорғаушысы және жол-жөнекей жабайы аң-құс аулап, асыраушысы болғанмын.

Қожайын дала ақыны және халық жырауы болған. Біз тағы да бірге болғанбыз және

салқын түндерде мен оны өзімнің денеммен жылытатынмын ‒ оған қызмет

еткеніме және оның ИІСІН шексіз ұзақ иіскей алатыныма, сол бойынша мен

әрқашан өзімнің жаңа иттік өмірілерімде тауып алатыныма ‒ бақытты болдым!

Міне, сондықтан Қожайын, Жоғары Тіршілік Иелерінің Дүниесіне өткенімнен

кейін, ғұмырдан-ғұмырға дейін Саналы Тіршілік иелері дүниесінде мені жетектеген

болатын. Ол маған көмектесіп және Ғарыш Мектебінің Тәлімгері ретінде оқытып,

үйретіп, ал содан кейін мені Ғарыш Сарбазына үміткер болуға ұсынған еді.

Иерархия алдына менің ең басты қадір-қасиетім – ол, «жанқиярлық пен айнымас

адалдық» деп – мені Жоғары Күштерге түбегейлі дайындық үшін шәкірт етіп

тапсырған болатын.

Ал сен, еркек Мысық, өз бетіңмен өмір сүрген, өз Қожайындарыңды сатқан

Люцифер болдың. Және мен, осының бәрі аман-есен аяқталғанына қуаныштымын.

Сенің Бауырластыққа қайтып оралуың Иерархияға Тозақ пен Тазартқышты

жойып тастауға заңды хұқық береді. Эволюцияның Алтыншы сатысының келуімен

олардың болуы мүмкін емес, себебі онда жіберілетін де ешкім болмайды. Осы

қорқынышты дүниелердің барлық мекендеушілері Эволюциялық емтиханнан өте

алмағандар ретінде өздерінің жасаған істеріне сай, жануарлар Дүниесіне, өсімдіктер

және тіпті минералдар Дүниелеріне төмен құлатылып түсіріледі. Тозақсыз және

Тазартқышсыз үшінші, төртінші және бесінші сатылардың өкілдерінің қоспасынан

тұратын осы жексұрын өркениет жедел түрде қирайтын болады.

203

Және сонда ғана Жер планетасында Эволюцияның алтыншы сатысының өмір

сүруі мүмкін болады.

Сен, Ақ Жарқын, Ғарыш Бауырластығына қайтуға өзіңнің алдын ала

келісіміңді бердің деп санайтын болайық! Сен енді, Ғарыш Құрылысшысына

лайық, өзіңнің әділдікпен өмір сүруге деген ниетіңнің шынайылығын дәлелдеуге

тиіссің.

Сен үшін менің кепілдік бергенімді есіңде сақта!

Осы дүниедегі өзіңнің соңғы өміріңнің мерзімі аяқталысымен, сен өзің таңдап

алған Бауырластық өкілдерінен және Мектепті басқаратын Басшы әйелден тұратын

комиссияның алдына келесің. Міндетті түрдегі өкіну рәсімін орындау керек болады,

ал содан соң жас Күн жүйесіне жіберілуің үшін міндетті түрде нұсқау беріледі ‒

онда Саналы Тіршілік иелерін жаратуың, кейіннен олардың арасынан Ғарыш

мектебіне оқуға үміткерлерді өкіл етіп жолдауың үшін саған енді ғана туындай

бастаған планета да беріледі.

‒ Мен бұл ұсынысты қабылдаймын және оны толығымен орындауға

міндеттенемін. Мен өз антымды ешқашан бұзбаймын деп ант етемін!

‒ Адасқан Бауырымды қайтарғаныма және жасампаздық жұмыспен

айналысуына әрекеттескеніме шексіз қуаныштымын!

Сенің Ғарыш Бауырластығына оралуыңмен Жер Әзәзіл Планетасы болуын

доғарады.

Алтыншы деңгейлі алтыншы класс Құрылысшысы сенің орныңды басады. Ол,

алтыншы саты халқының Әйелдік Негізінің Иесі болады. Адамзат өз эволюциясын

аяқтағаннан соң және Гиперкеңістікке шыққаннан соң, Планетаның Ару Иесі жаңа

Дүниелерді, оның ішінде Саналы Тіршілік Иелер Дүниесін де тудыра бастайды.

Оның басқаруымен Жер планетасы әлі де миллиардтаған жылдар өмір сүретін

болады және бірнеше мәртебе Ғарышты өзінің сан-алуан түрлі өмір формаларымен

таңқалдырады.»

Сонымен, барлық көшпелілерге сай адами шыдамдылығымен, жақсылық

тілеушілікпен және халықтық дипломатиясымен Ақ Сарбаз Ғарыштың ең күрделі

түйінін бейбіт түрде шешіп татулық түрде тарқатып берді!

Иерархия, Ақ Сарбаздың өзі, өз ниетімен енді планетаның бұрынғы

Қожайынын іздеп тауып, оны Бауырластыққа қайтарды деп қаулы етті!

Эволюцияның атына бұндай ерлік жасаушы Иерархияның қолындағы

мүмкіндіктерінің шегінде кез-келген марапатын сұрап алуға хақысы бар!

Жер адамының қағидаларына сүйеніп ойланған Ақ Сарбаз, алтыншы саты Діні

– Тәңіршілдікті және оған ұқсас халықтық нанымдарды ұстанатын түркі

халықтарының аумақтары кіретін Ғарыштық Қорықты Жер планетасында құруды

өтінді. Осы Қорықта машинасыз жаңа рухани өркениеттің алғашқы өскіндері

кедергісіз туындауы үшін Жер планетасында туындап келе жатқан халықты қазіргі

өркениеттің зиянды ықпалынан қорғайтын Заңдар әрекет етуі тиіс.

Бұл жол қазіргі уақытта аса көп уақыт пен көп күш жұмсауды қажет ететінін,

сондықтан Жоспарды орындау қарқыны жоғалып кетеді деп, Иерархия түсіндірген.

Сондықтан, Ғарыш Бауырластығы Ақ Сарбазға айрықша еңбегі үшін сыйға бүтін

бір Планета берілетінін жариялады.

204

Ондағы жайылымдар ғана бүкіл біздің Азияның аумағынан асып кетеді, ал

онда сол жерде көшпелі өмір салтын ұстанатын бірнеше мың қоныс аударушылар

өмір сүретін болады.

Ақ Сарбазды бұл шынында да Ғарыштық Сыйлық қайран қалдырды да, ол бұл

ұсынысты ішінара қабылдады. Өйткені, бұл барлық күрделі мәселелерді шешетін

болды!

Енді адами генофондты көшіру және жаңа Отанның жағдайына бейімдеу

бойынша жоспарды орындау үшін ол Эволюциялық Құрылысшының дәрежесін алу

үшін Ғарыш Мектебінде оқудан өтуі тиіс.

Алтыншы цикл

Эволюциялық Құрылысшы

Ақ Сарбаздың балалық шақтан 27 жасқа дейінгі барлық өмірі Лермонтовтың

ғұмырын қайталайтындықтан өткен өмірлер зердесін қалпына келтіру осы есімнен

басталды. Ұлы ақын қалдырған мұраны зерттеу үстінде Ақ Сарбаз Лермонтов

өлеңдерінің астарын ұқты, бұрынғы өмірлері жайлы жасырын мәліметті анықтады.

Ақ Сарбаздың өткен ғұмырлар зердесінің оянуы ауыр естеліктерді, жан күйзелісін,

өткен өмірінде орын алған сырқат пен қасіреттерді ілестіре келді. Осының бәрі,

өзінің өткен ғұмырларын есіне түсірген одан кармалық қарыздарын қайтаруды

талап еткен ұшы-қиыры жоқ секілді көрінген жұрттың мазалаған легімен ауырлай

түсті. Ақ Сарбаз бұл кісілердің ішінен өзінің бұрынғы тізесі батқандарды танып,

қолынан келгенінше олардың алдындағы борышын өтеді. Бұл қарыздар біреулеріне

әкімшілік билік, екіншілеріне пайдалы мамандық ретінде қайтарылды,

үшіншілеріне өз отбасыларын көтеру үшін немесе білім алу үшін қолайлы жағдай

жасалды. Кармалық есеп бойынша қарызын алғандардың көпшілігі өздерінің

жарылқаушысын арсыздықпен сатып кетті. Олардың рақымсыз қылықтарын көрген

Ақ Сарбаз қарызым өтелді деген қорытындыға келді ‒ өздеріне жақсылық жасаушы

ұстазын сату арқылы бұл тұлғалар өткен ғұмырлардағы кармалық борыштың

қалдығын түгел жойып еді.

Ақ Сарбаздың топтық кармасының қалыптасуы қиын болған жоқ. Ол

шиыршықталған жол бойымен осы өміріндегі өзінің оқып, еңбек еткен жерлерін

аралап шығып қалған қарыздарын қайтарды.

Ең қиыны Шыңғыс тұқымының қарызын қайтару болды. Карма заңы

бойынша жиһангер әулеті, ең соңында әулет кармасын өтеушіні туғызуы керек.

Әмір Темірдің ауыр қарыздарын оның ұрпақтары Ұлықбек, Бабыр және Әкбар

патша өтеп шықты.

Шыңғыс ханның тікелей ұрпақтары Жәнібек, Қасым, Абылай хан және

басқалары қазақтың өз мемлекетін құрып, оны қорғау арқылы ауыр әулет

кармасының үлкен бөлігін ақтап шықты.

Өз тегінің шежіресін зерттеу үстінде Ақ Сарбаз, өзі сүйген, дос болғысы

келген адамдардың оны неге тастап кеткенін, ал ұнатпайтын адамдардан ұзақ

205

жылдар бойы неге құтыла алмағанын түсінді. Бұл адамдар оның тарапынан

бір кезде әділетсіз жазаланған немесе ол осы адамдарға өткен ғұмырында

зорлық көрсеткен екен.

Әрі қарай рухани өрлеу барысында Ақ Сарбаздың мойнына ұлттық

карманың бұдан да ауыр қамыты келіп киілді.

Ақ Сарбазға оның артта қалған, болашағы жоқ ұлттың өкілі екендігін

ескертіп, үнемі бетіне салық қылушы еді. Сол себепті ол студенттік кездің

өзінде-ақ өмірлік мақсатым ‒ елімнің егемендігі мен бостандығы үшін күресу

деп белгіледі.

Бұл үшін ол көп жыл бойы ұлт-азаттық қозғалыстар тәжірибесін,

олардың жеңуінің немесе жеңілуінің сырын зерттеді.

Өз халқының бостандығы үшін күреске дайындала жүріп Ақ Сарбаз

құпия, астыртын ұйымдардың тәжірибелерін санасына сіңірді. Содан кейін

ұлт-азаттық қозғалыстарды басып-жаншудағы армиялардың, арнайы

қызметтер мен барлау органдарының тәжірибесін бажайлап зерттеген ол,

Үндістандағыдай бағынудан бас тартудың, тоталитарлық тәртіп

жағдайындағы астыртын күрестің толық жеңіліске, қисапсыз құрбандыққа

ғана ұрындыратынын түсінді.

Ақ Сарбаз өз халқының тек рухани өсу арқылы ғана бостандыққа

жететінін ұқты. Карма заңын зерттеп тану барысында, Ақ Сарбаз, егер

эволюцияның алтыншы сатысы ендігі пайда болса, онда езгідегі қазақ

халқының кармасы ‒ Ғарыштың сатылап өрлеу Заңын бұзбай, эволюциялық

қысқа мерзім ішінде ұлттық кармадан мемлекеттік кармаға өсуі керек деген

қорытындыға келді.

Тек қана егеменді мемлекет құрғаннан соң барып алтыншы саты

халқының планеталық, ал кейіннен күрмеуші ‒ Ғарыштық Кармасы пайда

болар еді.

Осы заңдылыққа сүйенген және қазақ халқының келешектегі

Эволюцияның алтыншы деңгейінің негізі етіп таңдалып алынғанына сенген

Ақ Сарбаз өзінің өмірлік мұратына жетті. Алтыншы саты халқының егеменді

ел болуы шындыққа айналды.

Бүкіл Түнек Иерархиясы Империясының барлық құдіретті Ғарыш

Заңдарының алдында әлсіздік көрсетті. Алтыншы саты халқының

бостандығына дұшпан болған күштердің барлығы өздерінің жанкешті

қарсылығына қарамастан күл-талқан болды. Тәуелсіздікті Империяның өзге

халықтары да алды ‒ бірақ күтпеген жерден келген бостандықтың салдары әр

елдің ұлттық кармасына орай түрліше өрбіді.

Ақ Сарбаздың бұдан кейінгі әрекеті халқының ұлттық санасын, оның

тілін, мәдениетін, музыкасын жанғыртып оны планета игілігі дәрежесіне

дейін көтеруге бағышталады.

Түнек иелерінің айрықша мүдделерінің басты нысанасына айналмақ

алтыншы саты балаларына ерекше қамқорлық көрсетіледі.

206

Бұл шаралар Қазақстанда, әсіресе алтыншы саты халқының

астанасында, әуелі рухани деңгейде шешуші, соңғы шайқас салу үшін бүкіл

Түнек күштерінің жиналуы себепті туындап отыр.

Алтыншы саты балаларын өздерінің тұзағына түсіру үшін түнек иелері

ең айлалы тәсілдерді қолданатын болады. Түнек тыңшыларының ең

жағымды, сөзге шешен, сендіру қабілеті ең күштілері астана мен ел ішін

аралап іріткі салады. Оған қоса неше түрлі секталар, жалған пайғамбарлар,

«елшілер» мен «әулиелер» пайда болып өз идеяларын қызу насихаттайды

және олардың басты нысанасы қазақтың балалары болмақ.

Бұның бәрі үшінші және төртінші саты құрлықтарының құрдымға кетер

алдында болған әзәзіл дүниесінің жын-ойнағына ұқсайды.

Бірақ, бұл ойнақ шексіз жалғаса бермек емес.

АЛТЫНШЫ САТЫ ХАЛҚЫНЫҢ ПЕРЗЕНТТЕРІ БҰДАН БЫЛАЙ

БҮКІЛ ҒАРЫШТЫҢ ИГІЛІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ, СОНДЫҚТАН

ЖОҒАРЫ КҮШТЕР ӘЗӘЗІЛ ОЙНАҒЫН ТОҚТАТУ ҮШІН КЕЗ

КЕЛГЕН ШҰҒЫЛ ШАРАҒА БАРА АЛАДЫ.

Ақ Сарбаз түнек иелерінің мақсаты мен айла-шарғыларын жете зерттеп

оған қарсы өз шарасын дайындап отыр.

Түнек құратын тұзақтарды көріп Ақ Сарбаз оларды джунглидегі

маймылдарды аулау тәсілімен салыстырды. Ол үшін аңшы, ішіне маймылдың

қолы ғана сыйятын мойыны тар құмыраны алады. Ыдысты ағашқа байлап,

ішіне бір уыс жаңғақ салған аңшы аулағырақ барып тұрады. Ағаш басындағы

қызық құмар маймылдар жерге түседі де олардың біреуі құмыраға қолын

тығып жаңғаққа жармасады.

Мұны көрген аңшы асықпай-ақ олжасының қасына келеді. Маймыл

секіріп, үрейлене шыңғырғанмен, жұдырығын жазып алақанындағы

жанғақты тастай қашу ойына да кіріп шықпайды. Маймылдың санасында

олжадан бас тарту қалыптаспаған. Осындай қарабайыр рефлекстің кесірінен

ол торға түседі.

Тура осылай адам да өзінің нәпсісіне, пайдақұмарлығына орай

Сайтанның тұзағына түседі. Эволюциялық жолда жетілген адамдардың көбі

махаббат тонын киген нәпсінің, немесе оңай табыстың тұзағына түспей

айналып өтеді, бірақ биліктің сиқырлы күшіне қарсы тұра алмайды. Тек

эволюциялық тәжірибесі жоғары жан ғана диктатор, жаулаушы, қанішер мен

бүлікшінің қандай карма тұзақтарына түсетінін пайымдай алады.

Жауыздық, нәпсі мен билікқұмарлықтан жерініп дағдыланғандар, бір

уыс жаңғақ ‒ бойдан арылмаған атақ пен даңққұмарлықтан ұсталады.

Өз эволюциясында белгілі бір сатыға жеткенде ғана адам бұл жалған

дүниенің барлық тұзағынан айналып өтіп Тәңірге қарай бағыт алады.

Құдайлық ой әлемімен тұтасудан құдіретті өнер туындылары дүниеге

келеді. Әуелі ол өлмес жанның Биік Дүниелермен ынтымақтастықтағы

сезімін ең ұғымды түрде бейнелей алатын музыка өнерінде көрініс табады.

Діни сенім Жаратушыға жақын болған сайын оның музыкалық шығармаларының

мәні арта береді. Католиктердің «Аvе, Маriа» гимнінің кіршіксіз тазалығы,

207

православиелік ән-әуендерінің салтанатты сыршылдығы мен жиырмасыншы

ғасырдың аяғындағы сектанттық музыка арасындағы айырмашылық жер мен

көктей. Бұл шығармалардың бір бөлігі, көбейіп кеткен секталардың, жалған

пайғамбарлардың сансыз рет қайталанатын мантралары мен дұға, дуалары

эволюциялық тұрғыдан жетілмеген балауса сананы улап, адамды зомбиге

айналдырудың қаруы болып отыр. Өлмес жанның құтқарылар бір ғана жолы бар.

Ол ‒ ұлттық сана мен ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын

ұлттық салт-дәстүрге қайтып келу.

Алтыншы сатының адамдары үшін сайтаншыл ритмдерден қорғанудың ең

сенімді жолы ‒ қазақтың халық музыкасы болып табылады. Дала күйлері мен

халық әндері жын иектегенді жазады, ақын мен жазушының, жалпы өнер

адамының әлсіреген рухына, өше бастаған шабытына нәр береді, жаңа бағыт

көрсетеді.

Қазақтың халық музыкасының алдында бүкіл әлем қарыздар, себебі, 1986-шы

жылғы Алматы қаласында өткен желтоқсанның қанды оқиғаларынан кейін және

осыдан соң болған Ғарыш Соты кезінде, Ақ Сарбаз, тек осы жүрек елжіретер ән мен

күйге иіліп қана қанішерлерге адам айтқысыз зауал жіберуден бас тартты. Халық

музыкасының құпия ырғақтарынан өз жұртының болашақ тағдыр-талайын таныған

Ғарыш Сарбазы түзелмес қателіктерге ұрынған жоқ.

Ақ Сарбаз өзінің эволюциялық өрлеуін жалғастыра отырып, 1987 жылдың

жазында мектептің оқу ғимараттарына келіп жетті, ол онда Ғарыш

Бауырластығының шешімімен конверсия курсынан өтуге тиісті еді, жай айтсақ,

Қиратушыдан Ғарыш Құрылысшысы болу үшін қайта оқып шығуы керек еді.

Қызметкер оны қарсы алды да Басты оқу ғимаратына ертіп әкелді. Бүкіл оқу

кешені осы өңірдің бет-бедеріне үйлестіріле енгізілген еді: зерттеуханалары,

жаттығу залдары, коммуникациялары жер астында, ал лекциялық залдары жер

үстінде орналастырылған.

Ғимаратқа кіргеннен соң қызметкер оны лекциялар өтетін кластар арасындағы

дәлізбен Қабылдаулар залына ертіп апара жатты, ал онда ол Мектеп Басшылығына

таныстырылып және кіріспелік нұсқаулар алуы тиіс еді. Олар, өтпе аралықтарында

әдемі өсімдіктер мен гүлдерден құралған композициялары бар кең, жарық пен ауаға

толы дәлізбен жүріп келе жатты. Ақ Сарбаз бұл әсемдікке қызыға қарады, бірақ

лекциялық залдардан келіп жатқан сезімдер мен ой формаларының толқындары

оны осы күйден шығарды – Ғарыш Жауынгерінің мұнда келгені туралы бүкіл

мектеп біледі екен!

Ғарыш Сарбазына ерекше қошемет білдіру белгісі ретінде, оның өмірбаяны,

кармалық байланыстары, өрлеу жолы және 1978-ші жылдың 20-шы ақпанындағы

Ғарыш шайқасы мұнда Ғарыш Сарбазына деген айрықша құрмет белгісі ретінде

барлық егжей-тегжейіне дейін толығымен міндетті түрде оқылатын жеке пән болып

енгізілген екен.

Оның Ғарыш Мектебінде оқыған кезіндегі табыстарына ерекше назар

аударылған...

1. Бірінші курстан қалған білімдерін ол өзінің соңғы өмірінде қолданған. Бірде,

1982 жылы кешенді пайдалануға тапсыру кезінде магниттік таспадағы болгарлық

208

жинақтағыш тоқтап қалған болатын – шетелде өндірілген микросұлба істен

шыққан, ал қосалқы қорға ол қосылмаған еді. Микросұлбаны ауыстыру үшін жеті

данада өтінім жазып, Мемлекеттік жоспарлау комитеті арқылы өңдеуші зауытқа

жіберу қажет болатын. Бірақ бұған екі-үш ай кетер еді, алайда тапсырыс беруші

объектісінің маңыздылығына байланысты бұлай етуге болмас еді.

Барлығының көзінше Ақ Сарбаз зақымдалған сұлбаға алақанын тигізді де

ойша сұлбаның кристалын қосалқы бөлшек келіп жеткенше жұмыс істей тұруын

өтінді.

Бұл бір ғажап болды – жинақтағыш жұмыс істей бастады да, кешен барлық

тестілік сынақтардан өтіп шықты. Қажет болғанда, ол өзінің қабілеттерін тек ең

шекті жағдайда ғана пайдаланатын. Соны біле тұра, оның шәкірттері платаны

«сиқырлап» жөндей салуын өтінетін. Ол оларға ‒ маған арқа сүйеудің орнына

жабдықтың материалдық бөлігін жаттап алғандарың жөн, – деп жауап берген.

2. Мектептің Екінші курсын есіне алуы ретінде, ол өзінің үйі орналасқан сел

шөгіндісінің үстінде керемет әсем гүл бағын өсіріп шығарған.

3. Мектептің Үшінші курсын еске алуы Інжілде Жақып пайғамбардың үй

жануарларын сұрыптауымен сақталған: Болмыс, 30.41.: «Әрдайым, күйлі малдар

шағылысар кезде, Жақып малдың көз алдына науаларға шыбықтарды салатын, олар

шыбықтарға қарап шағылыссын деп. 42. Бірақ нашар мал шағылысқанда,

шыбықтарды науаға салмайтын. Осылайша Лаванның үлесіне нашар қойлар

тисе, Жақып күйлі малға ие болды.»

Физикалық дүниедегі Ұстазы, Шәкірті онымен әңгімелескен кездерінде

сырын ашқанда, бұл феномендердің астарында ненің барын аңғарған

болатын және өзінің болжамдарын тексеру үшін өз шәкірттерін Онымен

бірге Алматы хайуанаттар бағына барып қайтуды ұсынған еді. Олардың

торларына бұлар таяған кезде жоғары дамыған жануарлар қобалжып

тынышсыздана бастады, ал олар текті тұқымды жануарлар – бұғылардың

қоршауына жақындағанда жануарлар Ақ Сарбаз тұрған жерге жүгіріп жетіп

жиналып жалынышты дауыспен айқайлаған еді, ал қартайған ұрғашы бұғы

торға тіпті тікелей тұмсығын тақап, ауыр күрсіне тыныс алып, өзінің

тұтқындағы қайғылы тағдырына наразылығын айтып еңіреді. Оған қосыла

шіңкілдеген аянышты дауыстарымен кішкентай бұзаулары да еңіреп жылай

бастады.

Ақ Сарбаз дауыстап оларға олардың азаптары таяуда аяқталып, олар

Саналы Тіршілік Иелерінің қатарына өтетіндері туралы уәдесін берген

болатын. Таңғаларлық сәт – бірақ жануарлар оны түсініп, айқайларын басып,

мойындарын созып, бастарын жоғары көтеріп, ынталы зейінмен тыңдағандай

түр көрсетті. Олардың бір сөзді де ұқпағаны түсінікті, бірақ та жүрек

центрінің жұмысы арқылы айтылған Адам ойын олар қабылдаған еді.

Адамдардың назарына түспеу үшін Ұстаз, бақтан шығып кетуге белгі

берді. Өзінің Шәкіртінің тағайындалымының ерекшелігіне тағы да көз

жеткізген еді.

4. Мектептің Төртінші курсындағы жетістіктер мен сәтсіздіктер оның

өткен ғұмырларында 6-шы тарауда белгіленіп жазылған.

209

5. Бесінші курста алынған білімдер адамдардың өмірлеріне Нәзік Дүние

арқылы әсер етуіне жағдай туғызған.

6. Алтыншы курста Планеталық Құрылысшыға оқып жүріп, ол

Эволюция Сатыларының жылжуына ықпалын тигізе алды.

Сол кезде, онымен қатарлас болып Нұртасушы да оқу курстарынан

өткен болатын. Ол, оқып жүріп, Планета Құрылысшысының Алтыншы

деңгейлі алтыншы класына дейін жеткен еді. Одан кейін ол өзі құрып, жасап

шығарған планетада өмір Эволюциясын аяқтап, Жүйелік немесе Күн

Құрылысшысы болуға өтуге міндетті еді, бірақ ол өз Планетасымен, және

оның ең мінсіз болып жетілген Саналы Тіршілік Иелерімен, әсіресе бүкіл

Жиһандағы ең таңғажайып сымбатты әйелдерімен ешбір ажырасуды

қаламады, себебі Жүйелік Құрылысшы болған жағдайда ол осының

барлығынан айырылар еді, өйткені Иерархия заңы бойынша оның Физикалық

Дүниеге кейіптеліп тууы мүмкін емес болатын. Осылай, ең бірінші

Ғарыштық сатқын – Люцифер пайда болды.

Ақ Сарбаз сол кезде өзінің де планетасын жаратты, бірақ оның бастапқы

жағдайы әлдеқайда нашарлау еді, сондықтан планета өсімдіктер мен

жануарлардың алуан түрлі болу мүмкіндігі тұрғысынан бай емес болатын.

Саналы Тіршілік Иелерінің кәдімгі алты центрлері бар болған, және олар

Эволюция сатыларымен жоспарлы түрде ерекше кідірусіз дамуда болатын.

Бірақ Люцифердің Сатқындығы Иерархияны Төтенше шаралар

қабылдап, Қиратушыға конкурс жариялауға мәжбүрлеген еді. Бұл конкурста

Ақ Сарбаз таңдалған еді, және оның Ғарыш Сарбазы болуына дайындық

басталған... Ол өз планетасын басқаруды басқа құрылысшыға тапсырғаннан

кейін Жер планетасына жіберілді, онда оған жерлік анасы тиісті физикалық

денесін берген болатын.

Енді, Ғарыш Мектебінің Үздіксіз Оқуды қарастыратын Жарғысы

бойынша, оған Бірінші курстан бастап экстерн түрінде барлық оқу

сатыларынан өтуі керек еді.

Ақ Сарбаз аса зор қиындықтарға дайындалып Иерархияның осы

тапсырмасына асқан жауапкершілікпен қарап, өзін-өзі іштей жинақы ұстады,

өйткені орын алған кейбір себептерге байланысты, ол өзінің бұрынғы

мектептік тәжірибесінің біршамасын ұмытып та қалған екен...

Мектептің ішімен жүріп келе жатып, ол жаңа кластар мен

зерттеуханалардың пайда болғанын көрді, және мектептің өзі де қайта

жаңартудан өткендігінен бұрынғыдан да бетер әдемі және әсерлі болғанын

байқады.

Ақ Сарбаз – лекциялық залдардан төгіліп жатқан таңдану мен

сүйіспеншілік сезімдерінің толқындарына сүңгігендей күйде келе жатты.

Батырға деген өздерінің сый-құрметін және шаттанған сезімдерін тікелей

білдіруге мүмкіндігі болмаған әр түрлі дүниелердің өкілдері өздерінің ой

формаларын дәлізге таңбалап жібере бастады. Бұл – Ақ Сарбазға түсініксіз

белгілер болған еді, кейбіреуі біздің иероглифтарға ұқсас, басқасы өте күшті

тіршілік иелерінің кескіндемелері, табиғаттың күтпеген құбылысының

210

символдары және олардың арасында ең көбі – Оттың символы еді. Әр залдың

демалуға арналған өз дәлізі болғандықтан, және басқа залдармен жабық

өткелдер арқылы қосылатындығынан ол қай символ қайсы өркениеттікі деп

табуға тырысты.

Ол үшін ең түсінікті және туысқанындай жанына жақын болғаны –

бүлкілдеп оттай жанған жүректің белгісі еді – бұл өзінің жерліктері еді!

Триумф деп аталатын осындай құрмет көрсетуге лайық деп табылған

өздерінің жерлесі үшін мақтаныштарының және сүйіспеншіліктерінің

толқындарында көбірек бола тұруға Ақ Сарбаз тіпті баяу жүре бастаған еді.

Қызметкер әрине, бәрін түсінді де, оған тағайындалған қабылдауға асыға

түсу керектігін білдірген болатын. Ол, Қабылдау Залына тура өтуге

болатынын, бірақ Мектепті басқарушы әйел бұл ТРИУМФТЫ курсанттар

үшін тәрбиелік акция және оқуға жаңадан келгендерге – олардың өте күрделі

оқу курсына барлық ынтасымен, жан-тәнімен беріліп кірісуіне көтермелеу

импульсін беру ретінде Ақ Сарбазды осы жолмен өткізуді шешкен деп

қызметкер оған түсіндірді.

Ақ Сарбаздың жуырда ғана басқа, тек госпиталь палаталары арасындағы

дәлізбен өткені есіне түсті, онда Ғарыш Шайқасында жарақаттанғандар ‒

тура осы дүниелердің өкілдері емделіп жатқан еді. Онда да сезімдері мен ой

формалары осыған ұқсас еді, бірақ ол бір ой формасын есіне сақтап қалған

еді. Ол оны госпитальда да, осы жерде де дәліздердің біреуінде көзіне

түскенде, қызметкерден бұл қандай өркениет, Жоғары Құрметтеудің

символы болып тұрғаны кішкентай су сарқырамасы, ал Оның Алатауында

бұндай сарқырамалар толып жатыр деп сұраған болатын.

«Олар сіздер сияқты гуманоидтар, және эволюцияның дәл алтыншы

сатысында тұр. Ал олардың планетасы шөлден, дала белдеуінен және

таулардан тұрады. Ол жақта су өте аз және Ұлылықтың символы – Еркін

сарқырап аққан Су болып саналады. Және осы планета өзінің тіршілік етуге

осынша қатаң жағдайымен Ғарыш мектебіне қабылдануға дайын, саны көп

рухани тұрғыдан жоғары кемелденген тіршілік иелерін өсіріп шығарды.

Сондықтан, тура осы планета тұрғындары өздері мекендейтін ғарыштық

үйін өздерінің Жерлік бауырластарымен бөлісті! Сіздің бұл өркениетке

қызығушылық танытып, ұмтылуыңыз бекер емес! Олар енді Сіздің тікелей

туыстарыңыз. Осы белгісімен олар Сізге оқу курсынан жедел өтуіңізге және

Галактикалық Құрылысшының жетінші дәрежесін алып, сол берілген билік

хұқыңызға сүйене отырып олардың Галактикасына адами генофондтың

қоныс аударуын жүзеге асыруыңызға өздерінің тілектестігін білдіріп жатыр.

Ал енді қабылдауға тез жетейік, бізде кешігуге болмайды.».

Қабылдау қарапайым және іскерлік сипатта өтті. Мектепке басшылық

ететін әйел Ақ Сарбазды жақсы білетін және ежелгі уақыттарда ол Оны ‒

Ғарыш Сарбазы болуға дәл Оның Ұстазымен бірге ұсынған еді және Оның

соңғы өмірінде ол өзі Ақ Сарбазды рухани сатылар бойымен жүргізіп

отырған болатын.

211

Ол Оған, арнайы ол үшін ғана өңделіп жетілдірілген ерекше бағдарлама

бойынша оқитыны туралы түсіндірді.

Онда бәрі ескерілді және әсіресе мұқият оның Қиратушы тәжірибесін

бейтараптандыруға ерекше назар аударылды. Ал қазір оны зерттеуханалық

корпусқа ертіп апарады да, онда ол бір мезгілде бейімделу және оқу

курсынан өтетін болады.

Оқудың бірінші жылы Оған өте ауыр тиді. Курстық жобасында ол

көміртегі изотопының кристалдық торын құра алмады, ол табиғатта іс

жүзінде жоқ еді, бірақ та оны синтездеуге және жұлдызаралық кемелердің

құрылысы үшін қажетті материал жасап шығаруға болады. Ол кезде оған

басқарушы әйелдің өзі көмекке келіп, ол келесі курсқа өтуге мүмкіндік алған

еді. Өзі тағайындаған ережелерді неге өзі бұзғаны туралы оған сұрақ

қойғандарға: «Ия, ереже бұзылды, және бұл – бірінші және соңғы рет! Егер

Ол болмаса, онда Ғарыш мектебі де болмас еді, және басқасының барлығы

да! Болашақта Ол осылайша менің қолдауымды пайдаланады, себебі ол

үдемелі оқу курсымен келе жатыр, бұл да енді ешқашан болмайды! Тек

жалғыз Ғарыш Сарбазы үшін ғана осы ерекшеліктер беріледі!» ‒ деген.

‒ Ғарыш Бауырластығы оны Галактикалық Құрылысшы дәрежесінде,

оның сіңірген ерен еңбегінің аса даралығы үшін, өз отбасына бірден

қабылдауды шешкен. Сондықтан, Сіздердің барлықтарыңыз ‒ ұстаздар да,

ассистенттер де, Оны белгіленген уақытқа дейін оқытып шығару үшін

барынша күш жұмсауға тиіссіздер! Сіздердің барлықтарыңыз – Оның өз

мәртебесінде өзін-өзі Жиһанның езіліп кетуі – Пралайяға дейін толығымен

Жалғыздыққа душар ететіні туралы білуге тиіссіздер. Бұл құрбандыққа Ол өз

елі үшін барып отыр, және Иерархия осы үшін Жер планетасының алтыншы

саты халқына жаңа Галактикадан жаңа Отан беріп отыр.»

Осы жиыннан кейін Ақ Сарбаздың оқуы жеңілірек өтетін болды да,

белгіленген мерзімде ол алтыншы деңгейлі Құрылысшы атағын алуға

емтихан тапсыра бастады. Бұл үшін Ол полигонда Күн жүйелерінің

модельдерін тіршілік дүниелерімен қоса жасап шығаруы тиіс еді. Оның

жасаған модельдерінің барлығы онша сәтті болмады.

Комиссия оларды жарамсыз деп тапқаннан соң, полигондағы кеңістікті

тазарту үшін оларды қиратып жою керек болатын. Бұл жұмысқа барлық

қызметтестердің қанша күш жұмсап, ал ең бастысы қанша энергетикалық

ресурстардың жұмсалғанын көре тұра, Ақ Сарбаз оларға өз көмегін ұсынған

еді. Бұл ұсыныс зор ынтамен қабылданған еді – барлығы ең болмаса миға

қонбас кішірейтілген масштабта да болсын, Ұлы Ғарыш Шайқасының

моделін көргісі келді! Тым ұзақ емес терең шомуға енгеннен соң ол өзінің

отты центрінен энергетикалық дүркін атуды жасады да – барлық сәтсіз

құрылыстар бұрқыраған көк оттың жалынында жоқ болды да кетті.

Бұл көрініске шабыттанған Ұстазы комиссияға: «Ия, модельдері мүлдем

жарамсыз, бірақ – ол қалай қирата алатынын көрдіңіздер ғой! Онда біз оны

басты қиратушы етіп штатқа алсақ қайтеді?» ‒ деді.

212

Барлығы Ұстаздың қалжыңын бағалаған еді, бірақ та бұл баға әділ де

қатаң емтихан комиссиясын оң шешім қабылдауға көндіру үшін өтпелі баға

бола алмады. Сонда, Басқарушы әйелдің белгісімен ол, нағыз тірі алтыншы

саты балаларының ой формаларын көрсетті. Ол оларды өзінің қиялында

жаратып, одан кейін осы ой формаларын олардың Универсал Ғарыш

модульдеріне бейнелеп түсіріп, ал олардың аналары осы ой формаларына

өмір берген болатын. Одан кейін ол болашақ балалардың ой формаларын

көрсеткен, оларды Ғарыш осы мектепке дайындауға алар еді.

Жер планетасының алтыншы саты балалары емтихан комиссиясының

қатаң мүшелерін өте күшті толқуға енгізді. Бірнеше уақыт олар терең шому

мен медитация күйінде отырып қалды, себебі олар осы кішкентай және

білімге өте құштар балалар қандай алға ұмтылыс және қарқынды

эволюциялық ұмтылыс әкелетінін көрген еді.

Комиссия шешімі бір пікірлі болды, емтихан тапсырушы жоспардың

басым бөлігін орындап және өз планетасында келешек Ғарыш

Құрылысшылардың бастапқы тобын жаратқаны үшін – оның қосқан үлесін

алтыншы деңгейлі құрылысшы дәрежесін оған тағайындауға жеткілікті деп

санап, одан ары қарай Галактикалық Құрылысшы дәрежесіне дайындалуы

үшін оны жетінші курсқа өткізуге жетерлік деп шешкен болатын.

Сонымен, алтыншы саты халқы балаларының арқасында Ақ Сарбаз

өзінің ең қиын емтиханынан өткен болатын. Жетінші курстың бастапқы

кезеңін оқып шыққан соң, ол мектепті тастап шығып өзінің өте ауыр

мәселелерімен айналысу үшін және «қызыл» жендеттер намысын таптап

кемітіп қорлап жатқан өз еліне кері қайтып келген болатын.

Ақ Сарбаздың физикалық дүниедегі мүмкіндіктері әуелі менталдағы, одан

кейін астралдағы жоспарды физикалық дүниеде іске асыруға қажетті уақыт

аралығынан келіп шығады.

Алтыншы саты халқының жерінде істеген адам айтқысыз жауыздығы үшін

сайтаншылдарды жазаламақ ниетпен Ақ Сарбаз қабаттас дүниелерде қарсы

әрекетке кірісті.

Өзі іске асырмақ зауалдың нобайын пысықтау ниетімен Ақ Сарбаз қаза болған

қандастарын астрал дүниесінде қырқы өткенше барып көрді. Ол әрбір құрбанның,

әсіресе өз тайпасының Ғазиз Жас Аруларының әрқайсысының қандай жағдайда

өлтірілгендігін егжей-тегжейлі зерттеді.

Анықталған жәйттердің сұмдықтығы сонша, қаны қайнап каһарланған Ақ

Сарбаз, бұндай жендеттерді туғандардың бәрін өздерінің тәсілін өздеріне әлденеше

есе күшейте қолданып, түгелдей құртып жібермек болды.

Бірақ Ғарыш Сарбазының әділетті ниетіне құрбандардың берген жауабы Ақ

Сарбазды қайран қалдырды. Айуандық қорлау мен азапты өлімді басынан өткізген

жандардан мұндай өтініш боларын күтпеген Ақ Сарбаз құрбандардың жендеттер

үшін бұдан да сұмдық жаза талап ететініне сенімді болатын. Алайда олар өздерінің

Ақ Сарбазынан азаптаушыларға кешірім жасауын сұрады, өз өтініштерінің себебін

‒ зауал кезінде жазықсыз жандардың, әсіресе сәбилердің қырылатындығымен

түсіндірді. Тәннен ажыраған олардың бойында көріпкелдік қасиеті ашылып, өздері

213

үшін және туған халқы үшін Ғарыш Сарбазы зауалының болашақта неге

соқтыратынын білді. Сол себепті олар Ақ Сарбаздан, қаһарын шектеп,

мүмкіндігінше Мейірбандық заңына сүйенуін өтінді.

Кейінірек Ақ Сарбаз қазақ халқының құрбан болған перзенттері осы арқылы

өздерінің шынында да алтыншы саты халқы екенін дәлелдегенін, алтыншы саты

халқының соңғы, қатал емтиханнан өткенін түсінді.

Қазақ елі перзенттерінің ешқашан Зұлымдық жолымен жүрмейтініне, бұрынғы

сатылардың жантүршігерлік жолын қайталамайтындығына Ғарыш

Бауырластығының әбден көзі жетті. Ғарыш Бауырластығы тарихындағы бұл елеулі

оқиғаның арқасында 1987-ші жылдың 16-шы сәуірі күні болған Ғарыш Сотында,

алтыншы саты халқына және Ақ Сарбазға Жерұйыққа қоныс аудару туралы

ұсыныс жасалды.

Жетінші цикл

Жаңа Әлемдерді Ашушы

Бұл оқиғаның түнек иелері үшін құпиясы жоқ еді. Адам ұрқының басқа

Галактикаға көшірілу мүмкіндігінен олар өз жоспарларының күл-талқаны

шыққанын көрді.

Түнек Иерархиясының көсемдері өздерінің заңғар ақылдарымен, материализм

кемеңгерлерінің есіне келмеген бұл Ғарыштық КӨШУДЕН өздерін бұлтартпас өлім

жазасы күтіп тұрғанын есептеп шығарды да Жер бетіндегі ең соңғы ұлы кеңесінде

кенеттен қалыптасқан ахуалға сай өздерін құтқарудың ерекше жоспарын жасап

үлгірді.

Олар тоналып болған Ресейді тастап шығуды, енді мағынасы жоқ әлемдік

биліктен, тіпті уақытша өздерінің ілімінен бас тартуды және барлық күшін

алтыншы саты халқының арасына сыналап кіріп, сіңісіп кету жолына жұмсауды

ұйғарды. Бүкіл Әлемдік Зұлымдық күштері сайтаншылдықтың жаһандық

орталықтарынан Жетісу өңіріне ауысып, алтыншы сатының өскінімен бірге

жасырынып жаңа планетаға енуді, содан соң мезгілі жеткенде зұлымдықтың жаңа,

заңғар шеңберін қайтадан бастауды көздеуде. Жаңа планета сайтаншылдарға жаңа

карма беріп, Ғарыш Сотын өлшеусіз кешеуілдетер еді.

Келешектегі күтулі оқиғаларға қарамастан Ғарыш Бауырластығы алтыншы

саты перзенттерін Жер планетасынан көшіріп, Жерұйық деп аталатын Отанға

қоныстандырады. Бұл Ғарыш шиыршығымен қантөгіссіз өрлеуді талап ететін және

өлтірілген сайтаншылдарға жаңа Мекенде қайтадан ғұмыр бермеуді көздейтін

Ғарыш Заңдарының тәртібінен шығып отырған шешім.

Алтыншы саты перзенттері көшіріліп болғаннан кейін Ғарыш Сарбазы барлық

сенушілерге Жарық пен Түнектің Жер бетіндегі соңғы шайқасын жария етеді.

Осы шайқаста Бір Құдайға сенушілер Әлемдік Зулымдықтан өз қанымен

тазарып, келесі эволюциялық өрлеуге мүмкіндік алады.

214

Еркін Ерік заңына сәйкес, адамдар өздерінің болашақ эволюциясын

өздері таңдауға, күресе жүріп, еңбек ете жүріп өзінің Өлмес Жанын

кұтқарып, жаңа планетада дүниеге келуге хұқығы бар. Не болмаса жарамсыз

қоқыс ретінде эволюциялық күресінге лақтырылып эволюцияны ең төменгі

сатыдан қайта бастайды, өйткені Өлмес Рухтың қалдықтары қаншама өте

шамалы болғанымен ешқашан құрымақ емес.

Ғарыш Күштері шайқас нәтижесіне сәйкес адамзаттың да планетаның да

тағдырын белгілейді. Егерде Ізгілік күштері жеңіп шығатын болса адамзат

Жер планетасында алтыншы сатыны толықтырып әрі қарай өмір сүре алады

және Эволюцияны жеделдету жолында жаңа Отанмен екі арада рухани озық

жандар арқылы қарым-қатынас жасайды.

Осы сәттен Ақ Сарбаздың Жер планетасындағы ғұмырының ең соңғы

кезеңі және эволюцияның өзі үшін белгіленген жаңа сатысына шығуға

дайындығы басталмақ.

Оған енді Жерде мүлдем қолдануға болмайтын білім ашыла бастады. Ақ

Сарбаз Күдіретті Күштердің әділетті екендігіне, ешкімге артық білім

бермейтіндігіне ешқашан да күмән келтірген емес.

Ол өзіне ашыла бастаған білімнің неге керектігін қайта-қайта зерделеп

түсінуге тырысты, ақырында ол өзінің бұл Жер планетасында қонақ екенін,

мына дүниедегі сапарының көп ұзамай аяқталатынын ұқты.

Сол себепті, Ақ Сарбаз өткен жолының естеліктері үзілмес үшін өзінің

Жер бетіндегі соңғы ғұмырының егжей-тегжейін қалпына келтіре бастады.

Өзінің Эгоцентризмінің, Мінсіз Физикалық Денесінің және Ақылының

кіші сатыларымен жылжи отырып Ақ Сарбаз күрмеуші алтыншы кіші сатыға

келіп жетті. Өз эволюциясының макро-, мини- және микродәуірінде Ақ

Сарбаз туған Қазақ тіліне, сазына, ойлау жүйесі мен халқының өмір салтына

біржолата қайтып оралатын болады.

Өмірінің соңында Ақ Сарбаз балалық шағына, Саһараға қайтып келіп

өзінің қайта туған туысқандары мен Итін қайыра кездестіреді де алтыншы

саты халқының эволюциясын жалғастыруға дайындалады.

Сонда оның жетеуден жеті ретке созылған соңғы ғұмырының үлкен бір

кезеңі тұйықталып, физикалық дүниенің кемерінен ары қарай бағытталған

қозғалысы басталмақ.

Ақ Сарбаздың Даламен қатынасы ешқашан да үзілген емес. Бұл жерден

ол рухани күш алды, өзін қинаған жауаптардың шешімін тапты.

Жұмыс кезінде Ақ Сарбаз өз демалысының бұлжымас кестесін жасап

қоятын. Бұл аңшылық маусымының басталатын ‒ қыркүйек пен қазан айлары

еді. Бұл жолы ол қырдағы туысқандарына жалғыз баратын болды. Ғарыш

Шайқасының алдындағы осындай бір сапардан кейін, ол жолы түскен бір

машинамен саяттан қайтып келе жатты. Машинаның жургізушісі

малшыларға шай, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты заттарды әкеліп береді екен.

Жол бойы жүргізуші күздеуде мал бағып отырған қойшы қоныстарына соғып

тапсырылған заттарды қалдырып кетіп отырды. Ең ақырында ол соңғы

тұраққа келіп тоқтады да машинадағы жүкті түсіре бастады.

215

Киіз үйден қыр әдетімен үй иелері шығып Ақ Сарбазды дәм татуға

шақырды. Шаңырақ иелері уыздай жас малшы отбасы екен.

Олардың кішкентай баласы қонақтың тізесіне кеп шығып отырды да,

бойы жылынған соң қалғып кетті, ал оның ата-анасы болса мейманға үнсіз

қарап отырды. Жүргізуші, әкелген затына айырбастағандарын тиемек болып

сыртқа шығып кетті де үйде мейман мен үй иелері оңаша қалды.

Ақ Сарбаз өз қандастарының сенгіш, мейірлі жүздерінен төгілген

әлдебір ішкі жарықтан олардың өз үйлеріне Кімнің келгенін біліп, түсініп

отырғанын анық сезді.

Ешқандай сөздің, ешқандай жазбаша куәландырудың, ешбір хан

киімінің керегі жоқ екен ‒ киіз үйде жай ғана үнсіз отыру жеткілікті болды.

Өз халқына деген махаббат толқыны қайта көтеріліп Ақ Сарбаздың

санасынан жеке бастың күйініш-сүйінішін ығыстыра жөнелді. Міне,

ақырында ол, өзінің бұл өмірден шаршай іздегенінің бәрі, оған қоса өзінің

даңқы мен сәттілігінің, өзі жайлы шежіренің, өлмес рухының өз халқының

бойында жатқанын анық көрді.

Ақ Сарбаздың санасында оның туған халқына, мына жас отбасыға алыс

болашақта бұйырылған ауыр азап пен қасіретті сынақтардың бейнелері ақыл

жетпес жылдамдықпен жалт етіп өте шықты.

Ақ Сарбаздың мұздай суық ақылы қайтадан шамырқанып, қарсыласа

бастады, бірақ қасіреттің ауыр суреттері кенеттен ғайып болды да санада

өзінің халқы, осы отырған отбасы және өзі мүлде жаңа бейнеде тіршілік

кешпек ғажайып сұлу мекен өзінің қанық, ажарлы бояуымен жарқырап шыға

келді.

Бұл күй көзді-ашып жұмғандай уақытқа созылды, бірақ Ақ Сарбазға

мың жыл өткендей болып көрінді. Ол Жоғары Күштермен өзінің елі арқылы

Келісім жасағанын түсінді және Жаратушыдан ‒ «елімнен ешқашан айыра

көрме» ‒ деп тіледі.

Жас жұбайлар қонақты жолға аттандырып салуға сыртқа ілесе шықты

да, қоштасарда қимас көңілдің айғағындай «Айналайын!» ‒ деп бір-біріне

жүректің ең ыстық ықыласын білдірді.

Көшпенділер Эволюция шиыршығын бұдан бірнеше мың жыл бұрын

білген және әрқашан Ғарыш Заңдарынан ауытқыған жоқ.

Бұл білім көшпенділердің көне дәстүрінде сақталды. Алыс та, қатерлі

жолға аттанарда қазақ, алдымен шеңбер бойынша, өзінің бала-шағасы, әйелі,

ата-анасы отырған отбасын бір айналып шығып:

‒ Айналып кетейін! ‒ деген.

Мұнан кейін ол өзінің ауыл ішіндегі туыстары мен көрші-қолаңды

аралап шығып:

‒ Айналайын, ауылым! ‒ деген.

Ақырында ол атына мініп жақын-туысқандарымен қоштасқан соң ауыл

жиегімен үлкен шеңбер жасап:

‒ Айналайын, атамекен! ‒ деген.

216

Осыдан кейін, өз сапарының соңында айналып үйіне оралатынына нық

сенген ол ең ұзақ төртінші шеңбермен жолға шығатын.

Сонда қатерлі жолдан аман қайтқан ол, ауылды айнала шеңбер жасап:

‒ Айналайын, туған ел! ‒ деген.

Содан соң кішірейе берген шеңбермен жүріп:

‒ Айналайын, ауылым! ‒ деген.

Ақырында аттан түскен ол, есікті ашып үйге кіріп, ошақты айнала

жетінші шеңбер жасап, ақбасты әкесі мен қартайған шешесін, әйелі мен

балаларын ‒ әрқайсысымен «Айналайын!» ‒ деп, құшақтасып көріскен.

Көненің қасиетті дәстүрін орындап шиыршық шеңберімен осылай

айналған сайын, көшпенді, бір ғұмырдың кіші шеңберімен үйге қайтуды,

немесе жорықта мерт болса, Өмір Айналымының Үлкен шеңберімен туған

Даласына қайта оралатынын білген. Сонда ол өз әулетінде, баласының

немесе немересінің отбасында Құбылу заңына сәйкес қайтадан дүниеге келер

еді. Осылайша, оның Отанға деген, туған халқына деген, өз ошағына деген

адал сезімінен өрбитін, Жиһанмен берік байланысы үзілмей жалғаса берген.

Алыс әлемдерге жол бастаған Ақ Сарбаз өз ұлтының көне салтына бас

иіп:

‒ АЙНАЛАЙЫН, ТУҒАН ЕЛ! ‒ дейді.

217

VIII. АЛТЫНШЫ САТЫНЫҢ ХАЛҚЫ

Әлем өзінің Құтқарушысын, алтынды менсінбейтін, ал қонағын жиһан

кезген Құдайым деп сыйлайтын көшпелі Яһудилер тайпасынан сыйға алды.

Яһудилер Жақып пен Лияның төртінші ұлынан тарайды және Жақыптан

тараған он екі буын елдің бірі болып саналады. Жоғары Ерікке бағынып, бұл

халықтың он буыны «уәде етілген мекендерінде» өздерінің заңдарын

толығымен орындай алмағандықтан, б.д. дейінгі VIII-VII ғғ. сол жұртын

тастап шықты.

Бұл туралы Ездраның (Эзра) 3-ші кітабының 13-ші тарауында жазылған:

«40. Бұл он буын Осия патшаның заманында өз жерінен тұтқындалып

көшірілген еді, ал оның өзін Ассирия патшасы Салманассар тұтқындап,

оларды өзеннен ары өткізіп жіберген, және олар өзге мекенге апарылған.

41. Ал олар өз кеңестерінде мәжусилердің көбін тастап шығып, ешқашан

адам баласы тұрмаған мекенге кетуді ұйғарды,

42. өз елінде орындамаған өздерінің заңдарын, сол жақта сақтап,

орындау үшін.

43. Тар қойнаулармен олар Евфрат өзеніне келді;

44. өйткені, Жаратушы олар үшін сол кезде ғажайып келтіріп, олар өтіп

болғанша өзен арнасын жауып тастады;

45. өйткені осы жер арқылы олар ұзақ, бір жарым жыл жүрген еді; бұл

елдің атауы Арсареф.»

Кейініректе Ұлы Жібек жолы деп аталған, халықтарды біріктіретін көне

күре жолмен жылжи отырып олар далалы және таулы мекенге жетті ‒ ол

қазіргі Жетісуға сәйкес келеді. Ата буындарының бір бөлігі жергілікті

тайпалармен араласып кетіп осы жерге қоныс тепті. Жерорта теңізі

генотипінің бүгінге дейін сақталуы халықтардың осы араласуының нәтижесі

болып табылады. Бүгінгі таңда сары шашты қазақтардың дені Сырдария

өзенінің аңғарында және Семей өңірінде қоныстанған. Атап айтқанда, тура

осы өңірлердің мақсатты түрде бағытталған нысанаға алынып, экологиялық

геноцидке ұшыратылуы кездейсоқ емес еді.

Қалған буындар Батыс Еуропаға дейін созылған ұшы-қиыры жоқ

саһараға бағыт алды, ал яһуди буыны Жоңғар қақпасы арқылы елсіз шөл

алқабына әрірек кіре түсіп, көккөз, жирен шашты жұмбақ тайпалардың

негізін қалаған еді. Бұл буыннан қалғандары Онон мен Керулен өзендерінің

аңғарында көшіп-қонған борджигин тайпасында сақталған. Осы тайпадан

кейіннен Шыңғыс хан атанған Тэмучжин туындаған.

Еншісіне Қазақ Даласы берілген Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы

ханнан Төре тұқымына біріктірілген қазақ хандары тараған. Жошы ханнан:

Тоқайтемір

Өзтемір

218

Қожа

Бадақұл

Орыс хан

Құтлық Бұқа

Құтыжақ

Барақ хан

Жәнібек хан (І456 жылы қазақтарды Ташкент түбіндегі Көк Ордадан

Жетісуға бөліп алып кеткен. Қазақ мемлекетінің басы осы жылмен

есептеледі.)

Жәдік

Шығай хан

Есім хан

Жәңгір хан

Уәлибек

Абылай

Уәли

Әбілмансұр (Абылай хан).

Өзінің бабасы Абылайдың есімін алған Әбілмансұрдың жер қайысқан

көп ұлынан қазақтың соңғы хандары тарайды.

Абылай хан тұқымының ішінде азғантайы ғана арғы бабасы Шыңғыс

ханның «Яса» заңын толығымен орындап, кез келген басқыншыларға қарсы

қолына қару алып күресті.

Қазан төңкерісінен кейін ханның бас имеген қайсар тұқымдары

жоспарлы қырғынға ұшыратылды да, қалғандары қалың қазақ арасына сіңіп

кетті.

Бас имеген, ата заңын аяғына дейін орындаған осы әулеттердің бірі

дүниеге Жеңімпазды берді. Жаратушының күні бұрын белгілегені Иеремия

пайғамбар арқылы орындалды:

1-ші тарау, 10. «Қара, Мен сені осы күні халықтар мен патшалықтардың

төбесіне қойдым, түп-тамырымен құртсын және талқандасын деп, жасап

шығарып және орнатсын деп.»

30-шы тарау, 21. «және оның көсемі оның өзінен болады, және әміршісі

де оның өзінің ортасынан тарайды; және Мен оны Өзіме жақындатамын,

және ол маған таяп келе алады, өйткені өз-өзінен Маған жақындауға кімнің

батылы жетер? ‒ дейді Иеміз.

22. Және сендер Менің елім боласыңдар, және Мен сендердің

Құдайларың боламын.»

Жеңімпаздың тағдыры Жаратушының әмірімен белгіленіп Саһарадан

туындайтыны туралы Исайя пайғамбар алдын ала сәуегейлеп 40-шы тарауда

айтқан:

«3. Иен шөл даладағы зарлының үні: Иемізге жолды дайындаңдар,

Құдайымызға арнап саһарадағы жолдарды түзу етіп салыңдар.»

Исайяның бұл сөзін евангелист Матфей 3.3. тарауда келтіреді:

219

«Себебі ол соның өзі, ол жайында Исайя пайғамбар айтқан: иен шөл

даладағы зарлының үні шығады: Иемізге жолды дайындаңдар, Оған арнап

******* жолдарды түзу етіп салыңдар!»

Тура осылай, сөз Маркта 1.3 және Лукада 3.4 жазылған. Және үшеуінде

де түпнұсқадағы «саһарадағы» деген шешуші сөз алынып тасталған.

Израиль дінбасылары өз мәтіндерін бұрмалаусыз ғасырлар бойы

сақтаған, яғни бұндай салақтықты олар жібере алмас еді. Ең дегенде, солай

болғанның өзінде классикалық көне яһуди мектебінде тәрбиеленген,

«Гамалиилдің тақымында отырып өскен, ата заңынан мұқият өнеге алған»

(Істер 22.3.) апостол Павел түпнұсқаға осындай сорақы сәйкессіздік енгенін

байқар еді.

Бұл қате Көне өсиеттегі пайғамбарлардың мәтіндеріне берген

түсіндірмелеріндегі қателіктердің нәтижесінде, және, Құтқарушымыз

дүниеге келгеннен соң екі мың жыл кейін адамзат тарихында болуға тиіс

оқиғалар туралы мәліметтің жоқтығынан пайда болған. Құтқарушымыз

Өзінің шәкірті үшін осы оқиғаларды Өзі тағайындағаны туралы Лука жазған

Інжіл нұсқасында баяндалады:

12-ші тарау, 49. «Мен Жер бетіне от құлатып түсірем деп келдім және

оның жалын шығара бастағанын қалаймын!»

Енді Інжілді зерттеушілерде, Қасиетті кітаптың өзгертілгендігі туралы

ешқандай күмән болмауы керек. Бұдан Қасиетті Інжіл өзінің рухани

ұлылығының титтей де болсын бөлігін жоғалтқан жоқ, бірақ та

сайтаншылдар бұл өзгерістерді белгілі бір мақсатпен енгізген еді.

Құтқарушымыздың кұдіретіне бетпе-бет төтеп беруге олардың шамасы жоқ,

сондықтан олар өздерінің байырғы ‒ егер қарсыласың соншалықты күшті

болып, оны жеңу мүмкін емес болса, онда оның киімін киініп, оның өзінің

атынан қауіпті білімді сенімсіздендіру қажет ‒ дейтін тәсілдерін қолданған.

Құтқарушымыз осылай боларын алдын ала біліп, өзінің шәкіртіне

барлығын Оның Өзінен болған тура сол қалпына қайта келтіруін тапсырған.

Құтқарушының Жұбатушы-Параклет деп атанған бұл шәкірті туралы

апостол Иоаннан өзгертулерге ұшырамаған Інжілде жазылған:

14-ші тарау.

«15. Егер Мені сүйсеңдер, Менің өсиеттерімді орындаңдар.

16. Сонда Мен көктегі Әкемнен өтінемін, және сендерге басқа

Жұбатушыны береді, сендермен мәңгі бірге болатын,

17. Ақиқаттың Рухы ‒ Оны бұл жалған қабылдай алмайды, өйткені Оны

көрмейді және де Оны білмейді; ал сендер Оны білесіңдер, себебі Ол

сендердің бойларыңда бар және бойларыңда бола береді.

18. Сендерді жетімсіретіп қалдырмаймын, сендерге келемін.

26. Әкем Менің жолыма айтып жіберетін Киелі Рух ‒ Жұбатушы,

сендерді бәріне үйретеді және Менің сендерге айтқанымның барлығын да

естеріңе салып береді.»*

15-ші тарау.

220

«26. Қашан Мен Әкемнен алып жіберген Жұбатушы сендерге келгенде,

ал ол Әкемнің Өзінен тарайтын Ақиқат Рухы, ол Мен туралы куәландыру

сөзін айтады;

27. Сондай-ақ, сендер де куәландырасыңдар, өйткені сендер ең басынан

Менімен біргесіңдер.»

16-шы тарау.

«7. Бірақ, Мен сендерге ақиқатты айтамын: сендер үшін Менің кеткенім

артығырақ; өйткені, Мен кетпесем, Жұбатушы сендерге келе алмайды, ал

егер Мен кетсем, сонда Оны сендерге жіберемін.

8. Мінеки, сонда Ол келіп, дүниенің күнәсін және шындығын ашып,

соттың таянғанын айтып:

9. Маған сенбегендіктерінің күнәсы туралы;

10. Менің Өз Әкеме қайтқаным туралы, және енді Мені көре

алмайтындықтарың туралы шындықты;

11. Сот туралы да, осы дүниенің әзәзіл әміршісінің айыпталғандығы

туралы айтады.

12. Сендерге әлі де айтарым мол; бірақ енді сендер оны өздеріңе сиғыза

алмайсыңдар.

13. Ал Ақиқаттың Рухы ‒ Ол келгенде, Ол сендерді кез-келген ақиқатқа

бағыттайды: өйткені Ол Өз атынан сөйлемейді, бірақ не естісе, соны айтып

беретін болады, және сендерге келешек туралы жариялайды.

14. Ол Менің даңқымды арттырады, өйткені ол Менікінен алғанын

сендерге жариялайды.

15. Әкемдегі бардың бәрі Менікі; сондықтан Менікінен алғанын

сендерге жариялайды деп Мен солай айттым.»*

Жұбатушы өзінің соңғы өмірінде өзінің Ұстазының Еркін орындап,

ақиқатты қалпына келтіреді, және Құтқарушымыз туралы куәландырады.

Данте Алигьери өзінің соңғы рет дүниеге келетін мекенін «Құдіретті

комедиясының» бас жағында жұмбақ өлең жолдарымен белгілеп кеткен:

103. Оның тататыны фәни берер Сый емес,

Ол, киіз туырлықтың астында

105. Абырой, махаббат пен даналықтың дәмін татпақ.

(Бірінші жыр)

Бұл жолдарды төмендегідей түсінген абзал:

103. Люцифер оны өз тұзағына түсіре алмайды,

Саһарада, қазақтың киіз үйінің киіз туырлығының астында

105. Өскен оған, Жаратушының рақымы қайтып оралады.

Жаратушының Жақып-Израильге арнап сызған жазмыштың барлығы

Қазақ Халқы Перзентінің бойынан табылды. Жаратушының Өзі таңдап алған

221

халықтан дамыған бұтақ қазақ топырағына егіліп, алтыншы саты халқының

ортасынан көптен аңсаулы жемісін берді.

Жақыптан шығып оның өзіне тіпті генетикалық тұрғыдан қайтып келген

мың жылға созылған эволюциялық цикл тұйықталды. Исайя пайғамбарда

осы жайлы жазылған сөз бар:

41-ші тарау, 2. «Шындықты ту еткен ерді шығыстан кім өрлетті, оны кім

соңынан еруге шақырды, оған кім халықтарды және патшаларды

бағындырып берді?»

46-шы тарау, 11. «Мен шығыстан, алыс елден, Менің белгілегенімді

орындайтын қыранды шақырдым. Мен айттым, және Мен осыны

орындатамын, жазмыш сыздым, және соны іске асырамын.»

Ақ Сарбаздың эволюциялық тағайындалымы, оның қабаттас

дүниелердегі сапары мен азапты жолының аяқталу жағдайы туралы Исайя

пайғамбар ашып көрсеткен:

41-ші тарау, 3. «Ол оларды ешқашан өзінің аяғымен баспаған жолмен

жайымен қуып келеді.»

Әрине физикалық дүниеде бұны жасау мүмкін емес, және ол «өз

аяғымен» астрал дүниесіне де, ал одан да бетер, ментал дүниесіне басып

жүре алмас еді.

Эволюцияны жалғастыру үшін болашақта жаңа халықтың таңдалуы

туралы Исайя пайғамбарда айтылған:

65-ші тарау, 1. «Мен Өзім туралы сұрамағандарға ашылдым; Мені

іздемегендер Мені тапты.»

Ездранын 3-ші кітабының І-ші тарауында жазылғаны:

«37. Келешекте келер адамдарға сәттілік рахатын өсиеттеймін, ал

олардың перзенттері Мені тәніндегі көздерімен көрмесе де, бірақ Менің

айтқандарыма рухымен сеніп, салтанат құрып шаттануда.

38. Міне, бауырым, қара енді, даңқы қандай, ‒ шығыстан шығатын

адамдарға қара, оларға

39. Мен Ибраһимді, Ысқақты және Жақыпты, және Осияны, және

Амосты, және Михейді, және Иоильді, және Авдийді, және Жүністі,

40. және Наумды, және Аввакумды, Софонияны, Аггейді, Зәкәрияны

және Иеміздің Періштесі атанған Малахияны көсемдері етіп Мен беретін

адамдарға қара.»

Осия пайғамбарда да 2-ші тармақта айтылған:

«23. Міне, Мен оны Өзіме бағыштап жерге себемін де, Кешірілмегенді

кешіремін, және Менің халқым болмағанға «сен Менің халқымсың» деймін,

ал, ол: Сен менің Құдайымсың!» ‒ дейді.

Қазақ халқы қыпшақтардан тарайды. Қыпшақтардың арғы атасы, іргесін

хуннулар мен түркіттер қалаған Ұлы Түркі қағанатының сынығы ‒ «көктің

түркілері» болып табылады. Сол себепті, қазақ халқы ХХ-шы ғасырға дейін

үнемі қалыптасу үстінде болды да пассионарлық дүмпуге жетерлік рухани

әлеуетін әлі жинап үлгірген жоқ. Жетісу өңірін үйсін деп аталатын көк көзді,

сары шашты халықтың мекендегені, олардан қазақтың сары үйсін

222

тайпасының тарайтындығы тарихи кұжаттардан белгілі. Осындай,

«динлиндер мен енисейлік қырғыздар» деп аталатын тайпалар Онтүстік-

Батыс Сібірдегі Минусинск ойпатында мекендеген. Осы сары шашты

генотип б. д. дейінгі VIII‒VII ғғ. Тигр мен Евфрат өзендері арасындағы

Мәуреннахрдан Жетісуға қарай көшкен яһудилерге де тән.

Көк көзді үйсіндердің көршілері болашақ ұлан-ғайыр түркілер

суперэтносының бір бөлігіне айналған ақсары өңді сақтар еді.

Сақтардың әскери дәстүрі қазақтардың соғыс өнерінде үлкен із

қалдырды. Саһара шерігінің басты күші ‒ барлық уақытта темір құрсанған

ауыр атты әскері еді. Ұзын найзаларын алға ұмсынып, сызаты жоқ тығыз

шеппен шабуылға шыққан атты әскерлер дер кезінде шешуші соққы жасар

еді. Шаншыла тиген ауыр соққы жаудың сапын ойрандап тырым-тырақай

қылатын. Бұндай шепте тұру үшін жауынгерге үлкен күш пен қажыр және

ұзын найза сияқты жойқын қаруды игерерлік үлкен әдіс керек болатын.

Аттың және салт аттының массасы шабуыл екпінімен еселеніп, найзаның

ұшына шоғырланатын, және осы энергияны нысанаға дәлме-дәл бағыттап

тигізу керек болатын. Сондықтан, әр қазақ ‒ бала жасынан бастап малшының

ұзын сырығын ‒ айыр ұшты құрықты меңгеруді үйренген. Осы қарапайым

құралмен-ақ қойшы қойды өргізіп жусатқан, қасқырды жасқаған, керек болса

барымташымен де алысқан. Көшпелі, құрыққа ілмектелген қыл арқанды

бекітіп, үйірдегі жылқыны да ұстайтын. Тек осылай, жиі жағдайда екеулеп,

әлі басбілігі болмаған асау айғырды екі жақтан қыспаққа алып өзінің

болашақ жауынгер қазанатын ұстайтын.

Бұл, болашақ жауынгер серігін қорламау және оны жасытып зақым

келтіріп алмау мақсатымен жасалатын.

Көшпенділер шалманы ежелден-ақ шебер тастайтын, алайда бұл тәсіл

ұрыс кезінде жаудың ауыр қаруланған жаяу әскерінің шебін ту-талақай ету

үшін ғана қолданылатын. Сондай-ақ, шалманы жүйрік атты барлаушылар

жау ордасынан тұтқын алып шығу үшін пайдаланатын. Алайда ердің серігі,

қолғанаты болып саналатын атқа шалма салу қылмыс болып саналар еді.

Көшпенді үшін астындағы аты әрқашанда оның өмірінің, жанының ажырамас

бөлігі болып саналатын, және оған айрықша құрмет көрсетілетін.

Ұшы-қиыры жоқ саһарада атсыз тұрмыс кешу аса қиын нәрсе, ал ұрыс

кезінде жауынгердің өмірі көп жағдайда астындағы атына тәуелді болатын.

Көшпенділер халықтық сұрыптау тәсілін қолданып жылқының түрлі

тұқымын өсіріп шығарды. Бұлардың бірі бәйгеге шапса, бірі аса

төзімділігінің арқасында алыс, ауыр жолдарға пайдаланылатын.

Өздерінің ауыр атты әскерлері үшін көшпенділер жауынгер

жылқысының ерекше бір тұқымын өсіріп шығарды. Бұл зор денелі, күшті,

аса төзімді, ауыр қару асынған атты әскерді қиналмай көтеретін қазанаттар

еді.

Ал жау үшін ең қорқыныштысы, бұл аттардың дию мінезді болуы және

ұрыс кезінде үстіндегі иесімен бірлесіп тең дәрежеде шайқасатыны, алдыңғы

тұяқтарымен тарпып, дұшпанды тістеп ерден сыпырып түсіретіндігі еді.

223

Қыпшақтардың және кейіннен моңғолдардың саны аз атты шеріктерінің

көршілес елдердің атты әскерлерінен үстем шығуы осы саһара жылкысының

биік жауынгерлік қасиеттеріне байланысты.

Ескендір Зұлқарнайынның фалангасы сияқты, сақтың, одан кейін

қазақтың атты әскері қапталынан әлсіз болып келетін. Бүйірді қорғау үшін

ұшқыр атпен жарақталған жеңіл атты әскер қолданылатын.

Жеңіл атты әскердің басты қаруы ‒ әрі ықшам, әрі тегеурінді, құрама

садақ еді. Таутекенің мүйізінен жасалған бұл садақпен 300-400 метр

қашықтықтағы нысананы дәлдеп атып түсіруге болатын. Бұл садақтың оғы

еуропалық сауытты тесіп өтеді.

Мықты садақшы бір сәтте бірнеше оқ атады. Яғни, бірінші оқ нысанаға

жетіп үлгіргенше, садақшы басқа нысаналарға бағыттап тағы да бірнеше оқ

атып жібереді деген сөз.

Басқа халықтардың садақ ату өнерінен саһаралық садақ тарту өнерінің

айырмасы ‒ бұнда садақтың адырнасы құлақтан асырылып желке тұсқа дейін

тартылады. Осының арқасында садақтың оғы ерекше жылдамдық пен

тегеурінге ие болады. Еуропалық жауынгерлердің бірде-біреуі саһара

садағының адырнасын кере алмаған, себебі бұл садақты тарту үшін бала

жастайынан жаттығып, арнайы бұлшық еттерді шынықтыруы керек.

Алыс нысаналы атыс қаруынан кеткен есесін қалайда толтыру үшін

отырықшы халықтар арбалет қаруын ойлап шығарған, алайда бұл қару

қарымы жағынан садаққа жақындағанымен, атыстың жылдамдығы мен

жиілігі жағынан ұтылатын.

Әскердің ұйымдастырылуының мінсіздігі, ұрыстың кемелденген

тактикасы мен шабуылдауға және қорғанысқа пайдаланылатын қарудың жете

дамығандығы ‒ оқ-дәрімен ататын қаруды ойлап тапқанға дейінгі ұзақ

ғасырлар бойында ‒ далалық атты әскерді жауынан үнемі үстем шығарып

отырған.

Қазақ халқы әрқашан тек қана корғаныс соғыстарын жүргізген болатын.

Өзінің ұлан-ғайыр жерін корғау үшін Қазақ Ордасы қазақтың ру-тайпалары

кіретін үш жүзге бөлінген.

Үш жүздің әрқайсысы сонымен қатар әскери округ та болып келетін,

олардың міндетіне өз аймағының шекарасын қорғау кіретін.

Жаудың шағын шабуылы бір немесе бірнеше іргелес рудың күшімен

тойтарылатын. Егерде жау үлкен қосынмен кірсе, онда бүкіл жүздің барлық

әскери күші көтерілетін болған.

Жиі жағдайда жаудың басқыншылығын тойтарып, жеңіліс тапқан

қарсыласын қуалай отырып жерін тазартуға, басқаларға үлгі болсын деп

соғыс салығын салып құнын төлетуге бір жүздің күші толық жететін. Бұл,

белгілі дәрежеде жүздердің, жиі жағдайда тіпті рулардың арасындағы

ерекшелену мен бәсекеге апаратын. Эволюцияның алтыншы сатысына өту

кезінде қазақ халқының жүзге тұрмақ, тіпті ру-тайпаға бөлінуінің

тәжірибелік те, эволюциялық та қажеттілігі жоқ.

224

Көшпелілердің көне діні ‒ тәңіршілдік, бір Жаратушы – Көкке ‒ Тәңірге

сенушілердің алғашқы монотеистік діні болып табылады. Бұл дін Құбылу

заңымен таныс болатын, сол себепті көшпелілер өзінің қадірлі руласын

жерлеген кезде оның моласына бие сүтінен әзірленген қымызды сеуіп,

марқұмның аруағына өздерінің арасында қайта дүниеге келуін және

тайпасының қорғаны мен тірегі болуын өтінген.

Сондықтан қазақтарда өлім деген түсінік болмаған, «қайтыс болу» ‒ о

дүниеге қайту деген ұғым болған. Бұл ‒ физикалық дүниеде қайтыс болған

адамның «аруақтар дүниесі» деп аталатын ‒ ата-бабалар рухының әлеміне ‒

қабаттас дүниелерге оралатынын білдіреді. Қазақтар мен жапондықтардың

арасында кең тараған «ата-бабаның аруағына» деген көне сенім ‒ құбылу

заңына сүйенеді, алайда бұл ретте, тіршілік айналымы ескерілмегендіктен

осы білім үзінді түріндегі сипатта қолданылған.

Егерде физикалық дүниеде қайтыс болғанның рухы әзірге астрал

дүниесінде болса, онда онымен байланыс астралды формалар дүниесінде

өтеді. Ментал дүниесіндегілермен қатынас ой формалары күйінде болады. Ал

Ақ Сарбаздың құбылуларынан көрініп тұрғанындай ‒ баяғыда өлген

тұлғаның енді физикалық дүниеде жүргенін көруге болады және онымен тек

қабаттас дүниелер арқылы ғана емес, сондай-ақ физикалық дүниеде де

тікелей қатынасу әбден мүмкін.

Бүкіл түркілердің тотем-символы бөрі болып табылады және

далалықтардың көк ‒ аспан түстес зеңгір байрағында алтын жіппен бөрінің

басы кестеленіп бейнеленген.

Жетісуда қоныс тепкен он буынның ішінде Вениамин буыны да бар еді,

бұл буынның белгісі де қасқыр болатын. Жақып-Израиль о дүниелік болар

алдында ұлдарын жанына шақырып, олардың әрқайсысының мұратын

анықтап берген. Сонда Вениамин туралы былай деген:

Болмыс, 49-шы тарау, 27: «Вениамин, жыртқыш қасқыр, танертең ‒

ұстап алғанын жейді, және кешке ‒ тапқан олжасын бөлісетін болады.»

Екінші Заңның 33-ші тарауының, 12-ші тармағында айтылғандай, Мұса

пайғамбар о дүниелік болар алдында:

«Вениамин туралы айтқан: Иеміздің сүйіктісі Оның үйінде қатерсіз өмір

кешеді, ол әр күнде Құдайдың қамқорлығына бөленген; ол Оның иығының

аясында тыныштық күйде отыр.» Бұл ‒ дүниеге Ғарыш Сарбазын сыйлайтын

халық туралы күні бұрын айтылған құпиялы болжам.

Қазақ халқы тұрақты армия, сот, полиция, абақты ‒ қысқасы мемлекетке

тән белгілердің бірде-біреуін ұстамаған.

Соғыс кезінде төре тұқымынан хан сайланатын болған. Қазақтың рубасы

ақсақалдары ақ киізге көтеріп халыққа оның ханын жариялайтын. Осыдан

кейін дәстүрге сай, ханның малы мен барлық дәулеті оның жеңіліс туралы

ойына да алмауы үшін, елге таратылатын. Санасын ‒ күшенбей күн көруден,

мал мен байлықтан арылтқан хан, майданда болсын, дипломатияда болсын,

тек қана жеңіске ұмтылған.

225

Ханның өкілеттігі соғыспен бірге аяқталатын. Жасақтағы сарбаздар ‒

әрқайсысы өз қоныстарына тарап кететін, және хан да өзіне тиесілі соғыс

олжасымен өзінің иелігіне қайтатын да одан ары қарай өзінің руының тектілігінен

басқа өз елінен ештеңесімен ерекшеленбей өмір сүретін.

Қазақ халқына алтынның билігі жүрмеген. Саһара жұрты ежелден күмісті

артық бағалаған, оның өзін де зергерлік жұмысқа керекті шикізат ретінде ғана

қолданған. Ыдыс-аяқ, белбеу мен түрлі әшекей, қару-жарақ пен ат әбзелі сияқты

халықтық қолөнер үлгілері тек қана қақтап соғылған күміспен зерленген.

Жалпы қазақ халқы ақшаны керек қылмаған, ал саһараға келетін ақша парсы

мен қытайдыкі, кейінірек еуропалықтардыкі еді, оның өзі бірден әшекейге

айналатын.

Жуырдағы уақытқа дейін жолаушы, ақын, әнші Саһараны бір шетінен

екінші шетіне дейін кесіп өте алатын және қай жерде болмасын,

қонақжайлылығы үшін қонақ болған үйдің иесіне ақысына ақша ұсыну деген

оның ойына да келмейтін. Саһаралықтар қонағына жылы шыраймен

қонақасысын ұсынып қана емес, тіпті қажеттілік туындаса, жолаушыға

жолына тамағын, киім-кешегін және аяқ-киіміне дейін беруге міндетті

болатын.

Саһараның ежелгі қонақжайлық салтын орындау арқылы, қазақ,

Ғарыштық Карма заңын орындап, игілікті іс тындыратын.

Саһара заңы қанды кекке тыйым салған ‒ өлтірілген ағайын үшін қарсы

жақтан кұн алынады және төрелік арқылы құн алынып болғаннан кейін

барлық дау-дамай тыйылатын.

Елден қуылу ‒ көшпелі үшін ең ауыр жаза болған. Елден қуылғанның

отбасы, мал-мүлкі, дүниесі ‒ өзімен бірге қалатын, сондықтан ол жырақта

жан бағудан ешқандай материалдық зардап шекпейтін. Бірақ, өзінің ата

жұртынан, туған елінен айырылу қасіретіне кез келген саһара перзенті төзе

қоймайтын.

Көшпелінің санасына адамды еркіндіктен, Күн нұрынан, кең дүниеден

айыру ойы мүлдем сыймайтын.

Көшпелі тұрмыс қазақ мінезіне ерекше із тастады. Саһара жұрты сәби

мінезді болып келеді, оңын дүниетанымында ертегілік сипаттар басым.

Бесінші саты адамдары көшпелілердің мінез-құлқын пайымдағанда, осындай

қасиеттерін дұрыс бағалай алмай, әр түрлі түсініспеушілік орын алатын.

Көшпелінің малы бар немесе жоқ болуы күннің райына байланысты еді.

Жерді жылқының болат тұяғы сындыра алмайтын көк мұз жауып, саһараны

жұт жайлағанда, мал қисапсыз қырылатын болған.

Бұл, саһарада үнемі алмасып отыратын аралықпен өтеді, сондықтан

далалықтар бұндай апатқа әрқашанда дайын. Бұндай жағдайда көшпелі

табын ішіндегі ең мықты мал тұқымдарын іріктеп алатын да жиналмалы киіз

үйлерін аттары мен түйелеріне артып саһараның арғы шетіндегі

жекжаттарына ауа көшетін. Туыстар ағайынды қыстан шығарып береді.

Малының санын қалпына келтіріп алған қазақ өзінің жұртына бет алады.

226

Келесі кезекте жұттан ыққан ағайыны бұған келсе, бұл да малы мен

жайылымын бөліп беріп, туысына пана болмақ.

Осылайша, «өркениетті халықтар» үшін түсініксіз болып көрінетін

қасиет ‒ Мәңгі рухты жалған дүниеден биік қою ‒ осындай ахуал үстінде

қалыптасқан. Қазақ тіпті өз баласын да меншіктене алмаған, ал қонақты

«кұдайы қонақ» деп қарсы алған. Осылай, өз жеріне жасалған

басқыншылықтың барлығын тойтарған саһара жұрты, терістіктен қазақ

жеріне мыңдаған босқын мен мүскін төгілгенде, өз заңының алдында әлсіз

болып шықты. Өзінің жылы орнынан әдетте жазда қозғалатын босқындар

саһараға қара күзде азып-тозып, ашығып жететін. Саһара халқының

қонақжайлығы болмаса келімсектер қыстан аман шықпас еді.

Ал көктемде, аталмыш мүскін келімсектер жердің ең шұрайлысын

егістік пен бақшаға тартып алып, қамал салып, жер иесін шөл мен сорға

ығыстырып тастады. Қазақ халқының ауыр қасіреті осыдан басталды да

1917-ші жылғы Ресейдегі коммунизм жеңісінен кейін ашықтан-ашық

геноцидке айналды. Қолдан ұйымдастырылған аштық, маскүнемдік,

халықтың тілі мен діліне жасалған басқыншылық қазақты күшінен айырды,

алайда оның өміршең қабілетін жеңе алмады. Қазақ халқы өзінің миссиясын

орындап, дүниеге Ғарыш Сарбазын да, алтыншы саты перзенттерін де әкелді.

Олар, негізінен өз тайпасының менталитетін сақтап қалған малшылар –

көшпелілер отбасынан шықты. Бұдан былай Эволюцияның Алтыншы

Сатысы Адамзатының тілі болатын Қазақ халқының дархан тілі – оның ең

маңызды игілігі.

Өзінің бейнелік, дыбыстық ерекшеліктерімен қазақ тілі келешекте

мәліметтің басым бөлігін өте ықшамды түрде жеткізе алатын, ал кейіннен

ойша тілдесудің тиянағы болатын деңгейге жақындады. Жер халықтарының

арасынан, әсіресе қазақ халқының ішінен пайда болған алтыншы саты

перзенттері қазірдің өзінде ақпараттың бір бөлігімен өзара ойша мәлімет

алмасып, бөліседі.

Бойына ерекше рухани күш-қуат жинақтап, өзінің ырғағымен Ғарыш

энергияларының вибрацияларына жақындап келе жатқан Қазақтың халық

музыкасы алтыншы саты адамдарының екпінді эволюциялық өрлеуіне

мүмкіндік береді. Сондықтан, қазақ тілін білмейінше, қазақ елінің әнкүйлерін

жан-дүниеңмен түсінбейінше ешқандай да рухани өркендеуің

мүмкін емес.

Бүгінде қазақ халқы, қиянат пен жаманшылық, лас жыныстық

қатынастарды уағыздайтын бұқаралық ақпарат құралдарының үлкен

шабуылына ұшырап отыр. Өздерінің биік ізгілігін ғасырлар бойы сақтаған

көшпелілердің санасында бұндай «өркениет жетістіктерінің» басым бөлігі

бұрын болып та көрген емес.

Эволюцияның жаңа сатысына көтерілерде міндетті түрде қосарланып

келетін күйреу процесін барынша әлсірету үшін Әлемдік Қауымдастық Қазақ

жерін Ғарыш Қорығы деп жариялауы керек. Көшпелілер бұдан кейінгі

эволюцияның міндетті түрде керекті тиянағы ‒ машинасыз өркениетті

227

қалыптастыруы үшін, бүкіл адамзат бірлесіп көшпелілердің табиғи тіршілік

ортасын қалпына келтіруі тиіс.

Азаматтары Қазақ жерінде тұратын мемлекеттердің халықтары мен

үкіметтері, дүниеге Ғарыш Сарбазын берген халыққа қарсы жасалған

қылмыстардың қандай ауыр салдарға ұрындыратынын түсініп тиісті

қорытынды шығаруы керек. Алғашқы бастапқы соққылар бұл халықтардың

жерлеріне қазірдің өзінде-ақ жауып жатыр ‒ тайпаластарының жат жердегі

қылмыстары үшін олардың қандастары жауап беріп қырғынға ұшырауда.

Қандай да болмасын төгілген қан кармалық спираль бойынша өзің

өлтірген құрбаныңмен кездесуге ұрындырады ‒ енді кісі өлтіргіштің өзі

құрбандыққа айналады. Бұл жолы қанның қарызын алушы өз өкілетінен асып

кететін болса, келесі кездесуде енді өзі қарыз төлеуге мәжбүр болады. Екі

адамның біреуі дұшпанын мейірбандық салтымен кешірмейінше алма-кезек

кек алысу осылайша жалғаса бермек. Кешірген жағдайда, шиеленіскен кектің

түйіні шешіліп, кешіруші адам карманың басқа, қолайлы шиыршығына енеді.

Сондықтан, желтоқсан оқиғаларынан қейін Ғарыш Сарбазы өз халқынан кек

алмау, шыдамдылық пен сабырлық сақтауды өтінген.

Бұл ‒ адамзаттың болашақ тағдыры үшін шешуші сәт еді. Қазақ халқы

өзінің көп ғасырлық тарихында барлық жаугершілікті тойтарып, ұлан-ғайыр

жерін сақтап қалды. Намысқа мінген халықтың кек алуға ниеттенуі заңды

табиғи кұбылыс. Алайда қазақ халқы өзінің Иерархиясын қиратқан жоқ,

Ғарыш Заңын бұзған жоқ. Сондықтан, қорлыққа төзгеннен гөрі өлімге

баруды лайық көрген қазақ халқы жүрек қалауына еріп, өзінің заңды

әміршісінің тілегін орындады, қиянат ізін жалғастырмады.

Шексіз кешірім жасауды да өз бойында қамтитын алтыншы сатының

осы ‒ Мейірбандық принципін орындауы арқылы Қазақ халқы Жоғары

Күштердің жауап ретіндегі жазалау әрекеттерін тоқтатты, себебі, бұл кезде

жалпы адамзаттық карма қалыптаса бастаған еді.

Алтыншы саты халқының қалыптасуын барынша жылдамдату үшін,

Жеңімпаз, қазақ халқының ежелгі салтына орай, оған лайық бауырлас

халықты таңдады. Бұл халықтың бітімі төмендегі принциптерге сәйкес болуы

керек:

‒ Ғарыш заңдарын ұстанған және мұрагерлігі үзілмеген Иерархиясы бар;

‒ адамзаттың жинақтаған эволюциялық игіліктерінің барлығын бойына

сіңірген және бесінші сатының шыңына шыққан;

‒ қазақ халқымен арадағы ауыр кармалық байланыстарының болмауы;

‒ қазақ халқымен рухы, ізгілік дәстүрлері және әдет-ғұрыптары жағынан

сыйыса алатын болуы тиіс.

Бесінші саты халықтарының көбі осы шарттарға сай келеді. Қиын істі

бүкіл адамзаттың мүддесіне сай етіп шешу үшін Жеңімпаз өзінің барлық

эволюциялық тәжірибесін жұмсады.

Таңдаудан кеткен қате бүкіл адамзат үшін үлкен апат әкелер еді, сол

себепті, Ғарыш Құрылысшысы түйіндеуге асыққан жоқ. Б. д. 1990-шы жылы

ғана Жоғары Күштермен ақылдасып барып өз шешімін айтты. Ғарыш

228

Бауырластығы қазақ халқының бауырлас халқын ұнатып толығымен

құптады. Сенім жолындағылар Ғарыш Құрылысшысының еркін құрметпен

қабыл алып, болашақтағы эволюциялық жолдың барлық ауыртпалығын

көтеретін бауырлас екі халыққа көмек көрсетуге міндетті.

БҰДАН БЫЛАЙ ЖӘНЕ МӘҢГІГЕ ‒ ЖОҒАРЫ КҮШТЕРДІҢ

ӘМІРІМЕН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА БАУЫРЛАС ХАЛЫҚ ЕТІП, МЕЙІРБАН

ЖӘНЕ ТАЛАПТЫ ЖАПОН ХАЛҚЫ БҰЙЫРЫЛАДЫ.

Қазақ халқы эволюция сатыларымен бірге жүрмек өзінің аталған

бауырларын қуанышпен құшақ жая қарсы алады.

ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында Жер планетасы ғарыш циклдары

бойынша Күн жүйесімен бірге қозғала отырып қуатты Ғарыш

энергияларының ағынына кірді. Бұл тірі организмдердің және ең алдымен

Жер планетасының саналы тіршілік иелерінің бойында бұрыннан

жоспарланған процестердің оянуына түрткі салды.

Бұл ‒ жаңа эволюциялық принцип ‒ Мейірбандық пен Ізгіліктің

алғашқы иелерінің пайда болуына алып келді. Жер халықтарының бітімін

ұзақ сараптау мен байыптаудың нәтижесінде, адамдар арасында

Мейірбандық пен Ізгілік иелері ‒ Эволюцияның жаңа сатысы ‒ алтыншы

саты перзенттері пайда бола бастады деген қорытынды жасалған. Бұндай

балалардың ең көбі Қазақстанның аумағында табылып отыр, оның ерекше

ұйысқан жері Жетісу аймағы, және алтыншы саты перзентерінің ең жоғары

шоғырланған орталығы Алматы болып шықты. Осы өңірді мекендеген

ондаған ұлттар мен ұлыстар арасынан алтыншы саты перзенттерінің басым

бөлігін іс жүзінде жойылып кете жаздаған қазақ халқы тудырып отыр.

Бұнда тұрған таңданарлық ештеңе жоқ – себебі, адамзаттың барлық

рухани Көсемдері: Мұса, Будда, Құтқарушымыз, Соңғы Пайғамбар Мұхамет

– барлығы да саны аз, езгі көрген халықтардан шыққан, және

«құрылысшылар керексіз деп шығарып тастаған тас, соның өзі бұрыштың

іргетасына айналды» да, (Мф. 21. 42.) одан болашақ жалпы адамзаттық жаңа

тұрақтың құрылысы басталады.

Ғарыш Заңдарына сәйкес, алтыншы сатыға негіз боларлық халықты

таңдау ‒ ерекше құпия болатын, сондықтан жаңа білім иесі пайда болғанға

дейін бұл сыр аса мұқият сақталды. Олай етпегенде Түнек күштері бұл

шағын халықты мақсатты нысанаға алып, жер бетінен кұртып жіберер еді.

Қазақ халқын жоюдың әрекеті әлденеше рет болған, алайда

басқыншылардың өздері жойылып кетіп отырған. Енді бүкіл жер шарын

қамтитын жаңа сатыға өту жағдайында алтыншы саты халқына жасалған

қиянаттың қайсысы болмасын планетарлық апатқа апарады. Адамзат өз

мәселелерін шешерде ең алдымен осы факторды есепке алғаны жөн.

1986-шы жылдың желтоқсанында Алматы қаласындағы қанды оқиғаның

салдарынан тоталитарлық жүйенің апаттық жолмен күйреуі, Ғарыш

Заңдарын менсінбеудің бұдан да ауыр салдарға соқтыратынының көрнекі

үлгісін көрсетті. Ал керісінше ‒ алтыншы саты халқын және оның жерін

қорғаған жеке адамдар мен халықтар, ізгілік жүйесінің мызғымас

229

байланыстарына сәйкес қарқынды түрде эволюцияланып және аса жылдам

өрлеп, өздері де алтыншы сатыға ене алады.

1. Жаңа өркениет Құдайдың оған берген дініне өз күнтізбесімен

негізделуі тиіс. Христиандық және мұсылмандық діндер өздерінің

өсиеттеріне сүйенеді, және олардың өз күнтізбелері бар;

2. Жаңа өркениет әлемге Ұлы төл мәдениетін ұсынуы тиіс;

3. Табиғатпен үйлесімдікте өмір сүруі және тіршілік ету ортасына зиян

келтірмейтін, бүгінгі күнгіден өзгеше шаруашылық жүргізудің тәсілін

қолдана білуі тиіс;

4. Эволюцияның грек-римдік төртінші және қазіргі ағылшын-еуропалық

бесінші басқарушы сатысының үлгісімен Эволюцияның Жаңа сатысының

негізі болатын халықты ұсынуы тиіс.

Біріншіден. Түркілер Жаратушы мен көшпенділер арасындағы

жазылмаған келісім болып табылатын Тәңіршілдікті ұстанған. Дәл осындай

сүйіспеншілік келісімі ата-ана мен перзенттері арасында бар.

Тәңіршілдік барлық Ұлы діндердің іргетасы болып табылады.

Сақтардың ханзадасы Сакъямуни құрған буддизм – Тәңіршілдіктің Оңтүстік-

Шығыс Азия халықтарына арнап бейімделген көшірмесі болып табылады.

Христиандық та Тәңіршілдікті өзіне икемдеп көшіріп алған болатын,

бірақ та иезуиттер өздері тонаған көшпенділерге жала жабуға, оларды

құртуға барынша күш салған. Егерде, бір кезде олар Жаратушының және

Адамзаттың алдында өкінішпен мойынсұнып және Ватикандағы өздерінің

мағлұматтарын жарыққа шығарса, онда сенушілердің жан-дүниесін күйретіп

отырған олардың сұмдық жалғандықтары ашылар еді.

Ресей, құдайға құлшылық ету мінәжатын үш ғасыр бойы үстемдік

құрған түркі тілінде жүргізген. Сондай-ақ, Алтын Орданың және Осман

империясының мұсылмандары да түркілер тілінде сөйлеген, хат жазған және

Құранды оқыған болатын.

Бұл енді құпия емес, өйткені XX-шы ғасырдың аяғына дейін ирандық

эмиссарлар сақтап қалу мақсатын сылтау етіп, ал іс жүзінде оларды құртып

тастау үшін Құранның қолжазбаларын Саһараны аралап арзанға сатып алып

жүретін, дәл осылай исламистер бұрынырақ Тәңіршілдіктің көне

ескерткіштерімен қоса көне білімді сақтаушыларын және діни

қызметкерлерін де құртып тастаған болатын.

Бүгінгі күнде Тәңіршілдік солтүстік халықтарда – Алтай, Саха, Тыва,

Хакас және саны аз Долган елінде сақталып тұр. Бірақ алтыншы саты

халқының діні қайтадан ‒ дінге еріктілік беретін және қанды кек алуы жоқ

Тәңіршілдік болады. Төгілген қан үшін құн төленіп алынатын, ал ең

құндылығы, Тәңіршілдік ‒ табиғатпен үйлесімдікте 12-жылдық тәңіршілдік

күнтізбесімен өмір сүруді ұстанады. Қытайлықтарға 3 ғасырдай билік құрған

түркілер болған, сондықтан қытайлықтар ең алдымен бұл күнтізбені

түркілерден қабылдаған, ал қытайлықтардан ол бүкіл Оңтүстік Шығыс

Азияға тарап кеткен еді.

230

Енді ол өзімізге «Қытай күнтізбесі» ретінде қайтып келді, бірақ та

қытайлықтардың қойы, сиыры, жылқысы болған емес. Қытайлықтардың ұлы

және әр түрлі ас мәзірінде сүт жоқ, және сүттен дайындалатын тамақтары да

жоқ болған. Ханьдық түпкілікті қытайлықтардың көбі үшін сүт тағамдары

улы, өйткені олардың ағзаларында сүттің ақ уызы мен майын ажыратып

бөлшектейтін ферменттер жоқ. Қытайлықтар күнтізбеге өздерінің

өзгерістерін енгізіп – Қасқыр жылын өздерінің мифтік Айдаһарына

алмастырған. Қазақтар қазірде Мешін деп атайтын Үркер шоқжұлдызының

жылын өздеріне ыңғайлы Маймылға өзгерткен. Көшпенділер үшін Үркер –

Мешін (Плеяды) маусымдар белгісі болып табылады, және Ніл өзенінің тасу

маусымының басталуын белгілейтін Сириустың шыға бастауы мысырлықтар

үшін қандай маңызды болса, көшпелілер үшін де Үркер сондай маңызды

болып саналады.

Екіншіден. Эволюцияның жаңа сатысы әлемге өзінің материалдық емес

ұлы мәдениетін, ал оның шыңы ‒ қазақтың дәстүрлі музыкасын ұсынады.

Қазақ күйлерінің және еуропалық музыканың барлық негіздері және

олардың деңгейлері Эварист Галуаның зерттеулеріне сүйеніп, музыканың

математикалық теориясын шығарған профессор Болат Қарақұловтың іргелі

еңбектерінде математикалық түрінде негізделген.

Үшіншіден. Түркілердің жер бетінде ең көне болып шығатын руналық

жазуы болған, оның шығу тегінің түп тамыры Ғарыштан тартылатынын қазақ

ғалымы Тайжан Досан ашып жазып кеткен (Досанов Т.С. Тайна руники:

Графический дизайн в эзотерической концепции бога Тенгри, сокрытой в

знаках рунического письма, в родовых тамгах и в символах геометрического

генеза – Алматы: 2009. – 296 с.)

Төртіншіден. Саһаралықтар көшпелі мал шарушылығын жүргізудің істәжірбиесін

жинақтаған, сондықтан Жерұйықта да, мүмкін болса Ғарыш

Қорығында да оның өзінің ажырамас бөлігі ретінде Табиғатпен етене болып

Үйлесімдікте өмір сүре алады. Көшпелі-малшының өмір салты үдемелі

эволюцияға және машинасыз алтыншы деңгейлі рухани сатысын құруына

алып келеді.

Бесіншіден. Қазірде қазақ елінің арасында алтыншы саты балалары көп.

Бұл, олардың музыкалық конкурстардағы көптеген жеңістерінен көзге түседі,

сондай-ақ, математика, физика, химия, биология бойынша – нақты және

жаратылыс тану ғылымдарының конкурстарында да олар көш басында.

Шахмат бойынша да қазақ балалары алдыңғы позициялардан орын алады.

Бұл ‒ қазақ балаларының интеллектуалдық деңгейлерімен де өздерінің

еуропалық және азиялық құдастарынан кем түсіп тұрмақ түгіл, керісінше ‒

өздерінің абстрактілік ойлау және Табиғат заңдарын интуитивтік түсінудегі

қабілеттерінің олардан асып түсетінін көрсетеді.

Игі іс, жақсы сөз, ізгі ой ‒ адамдардың, әсіресе алтыншы саты

перзенттерінің тіпті сыртқы келбетін де өзгертеді, бұлардың көбі қазірдің

өзінде нәсілдік нышандарымен де өздерінің ата-аналарына ұқсамайды.

231

Эволюция спиралі бойынша халық, дамудың жаңа кезеңін бастау үшін

бастапқы генотипке қайтып келді.

Жаңа дүниеде ұлт пен нәсілге деген бөліну болмайды. Іс жүзінде,

Қазақстан жерінде жаңа ұлт пайда болады. Қазақстанды өздерінің тарихи

отаны деп таныған барлық халықтар бұл ұлттың құрамына кіре алады. Жаңа

суперэтностың қалыптасуы барысындағы Ғарыш заңдарын сақтаудың

жалғыз шарты ‒ қазақ халқының менталитетін, тілін, музыкалық мәдениетін

және ішінара өмір сүру салтын қабылдау болып табылады.

Планетаның жаңарған жерлеріне кейіннен тарап кететін алтыншы

сатының жаңа суперэтносының қалыптасуы үшін, Қазақстан жерінде

шындыққа негізделген тарихи түрде қалыптасқан жағдайдың әсерімен оны

мекендейтін барлық халықтардан асқын дәрежеде жеткілікті болып шегіне

жеткен масса қалыптасып тұр.

ХХ-шы ғасырдың аяғында қазақ халқы бесінші сатының алтыншы

Мейірбандық бұтағынның адамдарынан және жарым-жартылай бесінші

Ақыл сатысының адамдарынан, Физикалық дамудың төртінші сатысы

адамдарынан және тіпті үшінші сатыны құрайтын экстрасенстер,

эволюциялық тұрғыдан дамымай қалған адамдар түріндегі және ұлттың

ұлтсызданып жүнжіген бөлігінен тұратын конгломерат болып табылады.

Бүкіл осы конгломератты ‒ өңдеуге мүлдем жарамсыз телімдері мен

жұтаң жерлері құрайтын, ал оның азғантай бөлігін ғана құнарлы қабаты ‒

қазақ ұлтының маңдайалды асылдары бар егістік түрінде елестетуге болады.

Халықтың осы, эволюциялық тұрғыдан озық болып жетілген құнарлы қабаты

ХХ-шы ғасырдың аяғында тек бірнеше жүз ғана алтыншы саты адамдарын

тудырды және Жердің барлық халықтары бірігіп, саны бұларға таяу өз

өкілдерін өсіріп жаңа сатыға қосты. Алтыншы саты адамдарының басым

көпшілігі 1978-ші жылдан кейін, эволюциялық тұрғыдан кемел жетілген о

дүние аруақтарының физикалық дүниеге жаппай ұмтылуы кезінде туған

балалар.

Физикалық дүниеге жаңадан туу үшін қайтып оралушы алтыншы саты

перзенттері ментал дүниесінен өздерінің болашағы, Ғарыш Шайқасы, Ақ

Сарбаз туралы білім мен мәлімет алады. Олар Жер бетінде бір-бірімен

міндетті түрде кездеседі және Жаңа білім іздеп Ғарыш Сарбазының алдына

келіп тұрады.

Әр қазақтың дүниеге келер кезінде оның Универсал Ғарыш Модулінде

қазақ халқының болашақ тағайындалымын, Ақ Сарбаз бен Жерұйық туралы

білімді қамтитын ақпарат салынған. Халықтың эволюциялық балғын,

ертегілі-эпикалық, сәбилік менталитетіне сай, Зұлымдықты қабылдамайтын

ұзақ төзімділігін осы біліммен ғана түсіндіруге болады.

Басқа халықтардың болашақ тағдыры олардың алтыншы саты халқына

деген ниетіне байланысты болады. Алтыншы саты халқын сақтаған әрбір

жеке тұлға да, бүкіл адамзат та өзінің болашағын қамтамасыз етеді. Өткен

сатылардың барлық эволюцияланған тұлғалары алтыншы саты адамдарының

ішінде дүниеге келеді.

232

Алтыншы саты халқын, әсіресе алтыншы саты халқының әйелдерін

қорғау арқылы әрбір адам өзінің болашақ құбылуын, өзінің ізгі қоғамын, өз

халқын және оның өзіне алдыңғы өміріндегі еңбегіне лайық ‒ тиесілі дене

мен жан беретін ‒ болашақ анасын қорғайды.

Ғарыштық Карма заңына сәйкес адамзаттың жаңа сатыға өтуі, бұл

процеске құбылудан бұрынырақ шыққан барлық тұлғалардың да қатысуын

талап етеді. Армагеддонға қатысу үшін немесе бейбіт, бірақ азапты жолды

жалғастыру үшін, барлық Жер халықтарының эволюциялық кемел дамыған

тұлғалары осы сәтке сәйкес, физикалық дүниеде тууы тиіс.

Мейірбандық жолымен жетілген тұлғалар, өз халықтарының басына

төнген осындай қиын, өтпелі кезеңде қабаттас дүниелерде мәңгі рахатқа

шому күйінде болып қала алмайды.

Түнек Иерархиясы астрал дүниесінде талқандалғаннан кейін бүкіл әзәзіл

әскері физикалық дүниеге шоғырланғандықтан, Жарық Күштерінің барлық

сарбаздары Армагеддонға қатысу үшін немесе бейбіт шешім болған

жағдайда ‒ жаңа суперэтносты қалыптастыру ағымдарына кіру мақсатымен,

1978-ші жылдың 12-ші және 17-ші мамырынан кейін өз халықтарының қалың

ортасында дүниеге келе бастады.

Қазақ ұлтының асыл мақтанышы болған барлық адамдар, оның ішінде

күні кеше ғана қайтыс болғандары да бар ‒ өз жұртының ортасында, өз елінің

тағдырына ортақтас болу үшін өздерінің сол бұрынғы әулеттерінде жаңадан

туып дүниеге келді.

ЖЕРДЕГІ СОҢҒЫ ШАЙҚАС ЖӘНЕ ЖЕРҰЙЫҚҚА БАРЫП

ТІРЕЛЕТІН СОҢҒЫ КӨШ, ИІСІ ҚАЗАҚ НӘСІЛІНІҢ БІР ЖЕРГЕ

ЖИНАЛУЫН ТАЛАП ЕТЕДІ.

233

IX. ЖЕРҰЙЫҚТЫҢ ЖАСЫЛ ЖҰЛДЫЗЫ

1. Ғарыш Соты

Көптен күткен алтыншы сатының нығайып бүкіл адамзатқа ықпал етуі

үшін Ғарыш Сотының үкіміне кешеуілдік беріледі.

Бұл ықпал күшейген сайын Жер бетінде дін, ізгілік, адамгершілік,

отбасы низамдары қайтара жаңғыруда. Адамзаттың көптеген тайпаларынан

алтыншы саты перзенттері пайда бола бастады.

Жалпы адамзаттық карманың жаңа арнаға бұрылып, сайтаншылдар

жоспарлаған эволюциялық тығырықтан шығуы Зұлымдық күштері үшін

ажалға тең. Адамзатты апатқа ұрындырарлық күш оларда әлі де жетерлік.

Планета Қожасының Жердегі физикалық дүниеге тигізетін ықпалы қашанда

күшті болмақ, бойында Құдайдың берген өмір Ұшқыны бар әрбір тіршілік

иесі сияқты, Люцифер үшін де кешірілу мүмкіндігі сақталады.

Эволюция заңына сәйкес, кез келген тұлға өмірдің кандай да болмасын

деңгейінен бастап өрлеуге хақылы. Түнек Иерархиясының ымырасыз

қайраткерлері ғана физикалық дүниедегі өздерінің артықшылық ахуалдарын

осы, соңғы өмірлері өткенше сақтауды және алтыншы саты халқын

қайткенде де жоюды ұйғарды.

Бұл үшін сайтаншылдар, осы күнгі адам психикасына өзін-өзі жоюға

апаратын және оның генетикалық кодына әсер етер қазіргі заманның барлық

құралдарын қолдана алады. Қазақ даласына әкелінген емі жоқ індеттер

Ғарыш Бауырластығының барлық еңбегін жоққа шығаруы мүмкін. Ал саһара

перзенті өзінің қонағынан, туысынан, досынан ақы алуға мәжбүр болған күн

‒ адамзат басына келген ең қасіретті күн болмақ. Еуропалықтардың көзімен

қарағанда, мұндай қылықтың еш ерсілігі жоқ, алайда қазақ үшін бұл, рухани

тұрғыдан алып қарағанда ‒ толығымен рухани азғындау болып саналады.

Сайтаншылдардың түп нысанасы да осы.

Алтыншы саты халқының рухани өлімі адамзат эволюциясының

тоқталуына апарады, ал бұл өз кезегінде бүкіл Ғарыштық эволюция спиралі

бойынша жоғарыға да, төменге де бағытталған тізбекті апатқа ұрындырады.

Сондықтан, 1986-шы жылдың желтоқсан айында алтыншы саты

халқының жерінде орын алған окиғалардың ізімен 1987-ші жылдың 16-шы

сәуірі күні болған Ғарыш Сотында Ғарыш Бауырластығы алтыншы саты

халқын басқа планетаға көшіру жайында шешім қабылдады.

Тіршілігі бар Дүниелердің барлық өкілдері қатысқан бұл Кеңесте әуелі

Алматы қаласындағы 1986-шы жылғы желтоқсан құрбандары зәбірленуші

ретінде астрал денелерімен қатысқан сот өткен еді.

234

Жер планетасы астрал дүниесінің жоғарғы деңгейлеріне орналасқан

Ғарыш Соты залымен энергетикалық арналары арқылы байланысқан

Тіршілігі бар барлық Дүниелер, қазақ халқы перзенттеріне, әсіресе Ұлы

Аналық Негізге қарсы сайтаншылдардың жасаған жантүршігерлік

қылмысының егжей-тегжейіне қанғанда, естен тана үрейленді.

Құрбандардың, әсіресе мүлдем жас ару қыздардың астрал санасының

астарынан алынған ‒ оларға қарсы жасалған айуандық пен арсыздықтың

кенеусіздігі сондай ‒ бұл құбыжық планета туралы қауесеттен ғана білетін

Тіршілігі бар Дүниелер, Жоғары Күштердің болашақта Түнек Күштеріне

қарсы жұмсайтын соққысының қорына пульстену тербелісі арқылы энергия

кұя бастаған еді.

Ғарыш Сотына Ақ Сарбаз астрал денесінде куә ретінде ғана қатысты,

өйткені, ол бір жақты ғана қолдап, қарсы жақтағылардың әрекеттеріне

объективті баға бере алмас еді. Алайда, Ғарыш шайқасында Зұлымдық

күштерін талқандаған Жеңімпаздың: «Планета барлық тұрғындарымен бірге

жойылсын», ‒ деген үзілді-кесілді талабын сот есепке алды. Ғарыш Сарбазы

тіпті, өзінің физикалық денесінің генокодында кейіннен оның өзінен

сайтаншыл тұлғаны өсіріп шығаруға бағытталған кезуші бағдарламаның

жазылған-жазылмағанын да кесіп айта алмас еді. Олай болғанда, есіл еңбек

пен барлық құрбандықтар бекер болып, жаңа денені иемденген

сайтаншылдар зұлымдықтың бұрынғыдан да қанды шеңберін бастар еді. Ал,

Ұлы Ғарыш Заңдарын бұзбай, Жарық Күштері бұл күресте ендігі жерде жеңе

ала ма, жоқ-па, ‒ ол белгісіз еді.

Бұл дәлелдер Ғарыш Бауырластығын, барлық мүмкін болар себеп-салдар

байланысын тереңірек талдау үшін адам генофондының тағдырын шешуді

кейінге қалдыруына мәжбүр етті.

Ғарыш Сотының барысында, күмәнсіз қабылданар қатаң Үкімді

өзгерткен ұлы оқиға болды. Соттың егжей-тегжейін естіп түршіккен, Ғарыш

Бауырластығының құрамына кіретін гуманоидтық өркениеттердің бірі, Жер

тұрғындарына эволюциялық дамуын жалғастыруы үшін көшіп баруына өз

планетасын ұсынды.

Бұл, Ғарыш Қауымдастығы үшін күтпеген ұсыныс емес еді, себебі

байырғы жоспар бойынша Жер адамдарының бұл планетаға көшірілуі

үшінші мыңжылдыққа белгіленген болатын. Алтыншы саты да сол мерзімде

қалыптасуы керек еді. Ғарыш Шайқасынан кейінгі, Жердегі оқиғалардың

апатты түрде өріс алуына байланысты, біздің ғарыштық бауырларымыз

өздерінің Күміс Планета деп атайтын Ғарыштық Тұрағын бізге босатып

беруді ұйғарды.

Эволюция сатыларына сәйкес, бесінші сатының алтыншы бұтағы Ұлы

алтыншы саты болып өсіп шығады. Эволюциялық тығырығы

болмағандықтан алтыншы саты өзінің жетінші бұтағынан тура соңғы,

жетінші сатыға өтеді.

Бесінші сатыдағы адамзаттың даму деңгейін сүті тамшылаған балауса

дәндермен салыстыруға болса, алтыншы саты адамдары кемеліне келген,

235

жерге қайыра егуге жарайтын дәндер сияқты. Сондықтан, Жоғары Күштер

үшін ‒ адамзаттың эволюцияланып жетілген сатысын жаңа Отанға көшіру

арқылы ‒ оны құтқаруға мүмкіндік туды.

Адамзат тарихындағы осы ұлы оқиғаның барысында жаңа, әлдеқайда

биік деңгейге көтерілген кармалық спираль өзінің бастауына келіп

тұйықталады.

Ғарыш Қауымдастығының эволюциялық қозғалысында тоқырау

сипаттары байқала бастады. Сондықтан бұл ағынға әлі жас, пассионарлық

энергиясы кемерінен асып-тасыған, жаңа білімге құштар, Ғарыштың ұшықиыры

жоқ әлі танылмаған кеңістіктерін кезуді аңсаған Жердің алтыншы

саты халқының қосылуы аса қажет еді.

Тағдырдың бұлтартпас тоғысуымен Күміс Планета, өзінің жолы үлкен

бауырлары ‒ Жер тұрғындарынан Эволюцияның эстафетасын қабылдап

алуға тиіс өркениеттің бесігі еді, алайда бәрі де керісінше болып шықты.

Эволюциялық дамуында алысқа ұзап кеткен бұл өркениет, өзінің қырылып

бара жатқан жерлік бауырларына бүкіл көңілімен, жүрегімен иіліп,

менмендік оты тасыған Люцифердің ойына да сыймайтын жаңа іске бел

буды. Біздің жасы кіші ғарыштық бауырларымыз өздерінің игеріп болған

ғарыштық тұрақтарын өз эволюциясының шешуші кезеңінде бізге ұсынып

отыр. Өйткені олар да дамудың алтыншы сатысында, алайда оның аяқталу

кезеңінде тұр.

Сол себепті бұл планета, Жерден қоныс аударған алтыншы саты

адамдарының эволюциялық өрлеуі үшін аса қолайлы. Жаңа планетаны

игерудің алғашқы сәтінен бастап, Ғарыштың үзілмей жалғасқан

эволюциялық спиралінде жасы үлкен өркениет, жасы өзінен кіші болғанымен

эволюция деңгейімен озып кеткен өркениетпен орын алмастыратын бұрама

пайда болады.

Бұл планета Жаратушы тарапынан Көне Өсиетте Исайя пайғамбар

арқылы жаңа адамдарға өсиеттелген (65-ші бап):

«17, Міне, Мен, жаңа аспан мен жаңа жерді жараттым, енді

бұрынғылары еске де келмейді, жүректі де тебірентпейді.»

Жаратушының бұл ұлы жарылқауын жеті ғасырдан кейін Жаңа Өсиетте

апостол Иоанн растаған (Сыр, 21-ші бап):

«1. Және, мен, жаңа аспан мен жаңа жерді көрдім, себебі бұрынғы аспан

мен бұрынғы жер келмеске кетті, және теңіз де жоқ.»

Ғарыш кеңістігіндегі жеті сатылы циклды Эволюцияның өз жалғасын

табуы Жаратушы мен адам ұрқы арасындағы Соңғы Өсиет ‒ Құранда алдын

ала белгіленген (23-ші, Мүминүн сүресі):

«17. Біз сендерден жоғары етіп жеті жол жараттық. Біз пенделердің

қамын ойладық.»

Оқиғаның осылайша өрбуіне орай, Ғарыш Бауырластығы, алтыншы

саты халқының эволюциясын жаңа планетада жалғастыру үшін, Ғарыш

Сарбазынан, жетінші дәрежелі Ғарыш Құрылысшысының лауазымын

қабылауды ұсынды.

236

Бұл білім Ақ Сарбазға, төмендегі өмір деңгейлеріне өз ықпалын

жүргізуіне мүмкіндік береді:

1. Минералдар дүниесіне.

2. Өсімдіктер дүниесіне.

3. Жануарлар дүниесіне.

4. Саналы тіршілік иелерінің дүниесіне.

5. Астралды тіршілік иелерінің дүниесіне.

6. Менталды тіршілік иелерінің дүниесіне.

7. Биік Тіршілік Иелерінің дүниесіне.

Жетінші саты Ақ Сарбазға, өзі үшін жаңа ‒ Жаратушылық міндеті

арқылы эволюциялық қабілеттерін Ғарыш Серіктестігіне барынша пайдалы

етіп жұмсауы үшін тағайындалған.

Осы тағайындалумен бір мезгілде, тұрғындарды бір Галактикадан

екіншіге көшіру барысы Эволюция заңына сәйкестелді. Галактикааралық

кеңістіктердегі өмір ағынын реттеу құқығы тек Жетінші дәрежелі

Құрылысшы өкілетінен ғана өрбиді. Сондықтан Ақ Сарбаздың, өзін жетінші

деңгейдегі Ғарыш Құрылысшысы дәрежесіне жеткізген халықтың өзімен

бірге көшуіне келісім беруінің арқасында Ғарыш Бауырластығы Ғарыш

Заңдарының барлығын мүлтіксіз орындап шықты.

І. Эволюция Заңы алтыншы саты халқының эволюция спиралінде

сақталуының арқасында орындалады.

ІІ. Карма Заңы Жерұйықта Ақ Сарбаздың кармасына оның туған

халқының кармасы өрілуімен орындалады.

ІІІ. Иерархия Заңы тіршіліктің жетінші деңгейінің Құрылысшысы

ретіндегі Ақ Сарбаздың келісімімен және қолғабысымен сақталады.

ІV. Тіршілік Айналымының Заңы Жер адамдарының басқа планетаға

көшуімен орындалады.

V. Ұқсастықтар Заңы Жерұйық планетасы мен оның тұрғындарының

Эволюцияның алтыншы сатысынан табылуымен сақталады.

VІ. Еркін Ерік Заңы қазақ халқының менталитетінде барлық уақытта

Жерұйық жайлы асыл арманның бар болғандығымен сақталады.

Бұл жерде Жоғары Күштердің адамзат Кармасына араласпауының кепілі

болған Ғарыш Құқығы бұзылмай сақталады. Басқа планетаға көшіру

жөніндегі эволюциялық жоспарды іске асырушы адам ‒ тіршіліктің жетінші

деңгейінің Құрылысшысы ретінде Ғарыш Бауырластығының құрамына

кіретін Ақ Сарбаз болып табылады.

VІІ. Құрбандық Заңы өзінің тұрағы ‒ Жерұйықты Жер адамдарына

берген Күміс Планета тұрғындары тарапынан орындалған. Эволюция

жолына жасаған осы құрбандығы үшін оларға өз эволюциясы жолында

шегіне жете үдеумен даму қабілеті сыйға тартылады.

237

2. Ғарыштық бауырластар

Қалаулы шешімді қабылдау үшін Ақ Сарбаз өзінің физикалық денесінен

тыс, 1987-ші жылдың күзінде өзімен ере жүрген Ғарыш Бауырластығының

Өкілетті Мүшесімен бірге Жерұйыққа алдырылды. Бұларды әуелі Жүйелік

Құрылысшы, артынан осы планетаны құрған, және оны физикалық дүниедегі

оның саналы бөлігімен бірге Эволюцияның Алтыншы Сатысына жеткізген

Жерұйықтың Планеталық Рухы қабылдады.

Жұлдыз жүйесіне таянған кезде, Ақ Сарбаз түсі жасылдау жұлдыздан

төртінші орында орналасқан, күміс дискісінен достық вибрациясы тараған

планетаға назар аударды. Планета Құрылысшысы бұның сол, Жер

адамдарына арналған планета екенін ұғындырды.

Бұл жұлдыз жүйесі физикалық жұлдыздық жұп болып табылады.

Ортасында біздің Күн де кіретін сары жұлдыздар класына жататын шырағы

бар. Тек Жерұйықтың шырағы өзінің биік буынымен бірге өрлеген,

Эволюцияның алтыншы сатысының жұлдызы болып табылады. Біздің

Күннен айырмашылығы, ол жасылдау сәуле шашады, сондықтан Ақ Сарбаз

оны Жасыл зүбәржат Күн деп атады. Жасыл Күннің қуаты алтыншы саты

адамдарының эволюциясына лайықталған, сондықтан оның сәулесі

күйдірмейді ‒ тек жылытады. Осыдан Күміс планетадағы тіршіліктің өзіндік

формалары келіп шығады.

Екіншісі ‒ сөніп бара жатқан орасан ауыр Ақ кортық болып табылады

және түнгі аспанда ол Күміс планетаның екінші шырағының рөлін атқарады.

Жерұйықтан кейін соңғы, бесінші планета бар, ал оның ар жағында Ақ

Кортық орналасқан. Бүкіл жүйе мұз кесектерінен және қатып қалған

газдардан құралған астероидтар өрісімен қоршалған. Бұл өрістердің орналасу

тәртібі үнемі өзгеріп отырады, өйткені Ақ Қортық біресе Жасыл Жұлдызға

жақындап, біресе жүйенің центрінен алыстап, созылыңқы эллипстік орбита

бойынша айналады.

Жүйенің бес планетасының төртеуінде физикалық тіршіліктің әр түрлі

деңгейде дамыған формалары бар.

Жасыл Жұлдызға ең жақын орналасқан планетада минералдар дүниесі

дамуда.

Екінші планетада минералдармен бірге өсімдіктер дүниесі дамыған.

Үшінші планетада минералдар, өсімдіктер және жануарлар дүниесі

бірлесе даму үстінде.

Төртінші, диаметрі бойынша ең үлкен ‒ Жерұйық планетасында

физикалық тіршіліктің барлық төрт деңгейі ‒ минералдар, өсімдіктер,

жануарлар және Саналы тіршілік иелерінің дүниесі дамып жатыр.

Бұл планетаның тұрғындары оны өте ертеден Күміс планета деп атайды.

Ғарыш Кеңістігінен көз тастаған Ақ Сарбаз, Жасыл Жұлдыздың сәулесімен

шағылысқан алтын түстес серіктерінің, планетаның күміс дискісімен

дөңгелеп кетіп бара жатқанын көргенде, планета түрғындарының көне

білімінің нақтылығына қайран қалған.

238

Планета көгінің еңкею бұрышы шамамен 17 градусқа тең, сондықтан

Жерұйықтың басым бөлігінде жыл маусымдары шұғыл өзгерусіз ауысады.

Планетаның әр түрлі көлемдегі сегіз серігі бар, және Жерұйықтың түнгі

аспаны Жер аспанына ұқсамайды.

Тіршіліктің алты деңгейінің Ғарыштық Құрылысшысы бұл планетаны,

тұрғындарының жоспарлы эволюциялық өрлеуі үшін ыңғайлы етіп құрған.

Сондықтан планета, Жердегідей алуан түрлі тіршілік жағдайлары мен

формаларынан ада.

Биік саналы бөлігімен бірге тірі жан иесі ‒ Жерұйық планетасы да

кемел дамыды. Бұл өз кезегінде планета тұрғындарының биік қарқынмен

өрлеуіне мүмкіндік туғызды. Планетаның астрал дүниесі оның астрал денесі

болып табылады, ал Жерұйық тұрғындарының игілікті биік ойынан

туындаған ментал дүниесі планетаның ментал денесі болып табылады.

Жердегі астрал және ментал дүниелері өзара екі бөлікке бөлінген. Бір

бөлігі физикалық дүниеде өмір сүрген адамның астрал және ментал

дүниелерінде әрекет етуіне арналған. Басқа бөлігі ‒ физикалық дүниеде өлген

тұлғаларға арналған. Физикалық дүниеде өмір сүретін кәдімгі адамдарға бұл

астрал дүниесіне кіруге тыйым салынған.

Жерұйықта бұндай шекара жоқ деуге де болады, және планетаның

астрал дүниесінде Тозақ пен Тазартқыш жоқ. Сол себепті Жерұйықтың жаңа

тұрғындары физикалық дүниені тастап шыққан туыстарымен емін-еркін

қарым-қатынаста болады, ал ажал деген ұғым олар үшін көп ұзамай ұмыт

болмақ.

Эволюция жолымен жоғары дамыған ментал дүниесінің астрал өресіне

және одан ары физикалық дүниеге таңбалануы жанартаулардың әрекетін

тоқтатқан. Таза ноосфераның әсерінен тектоникалық және атмосфералық

апаттар тыйылған, сондай-ақ Жерұйық тұрғындарының алтыншы ‒

Мейірбандық сатысына өтуіне байланысты жер сілкінуі, дауыл, қуаңшылық

пен топан су сияқты құбылыстар өзді-өзінен тоқтаған.

Планета Құрылысшысы өз ісінде Ғарыш Заңдарын мүлтіксіз орындаған,

өз планетасының тұрғындары үшін үдемелі Эволюцияның барлық қолайлы

жағдайын жасаған. Ал бұған тек өмірдің барлық деңгейлері үшін мейірбан

карма жасау жолымен жылжи отырып қана қол жеткізу мүмкін болған еді.

Жерұйықта жыртқыш аңдар түгіл, тіпті паразит өсімдіктер де жоқ. Бұл,

алтыншы саты финалына жеткен планетада бір тұлғаның өз тіршілігі үшін

басқа тұлғаны өлтіру дағдысының және тіршіліктің паразит түрлерінің

жоқтығымен түсіндіріледі.

Одан ары Планеталық Рух Жер адамдарына қолайлы болып шыққан

планета атмосферасының химиялық құрамы жайлы айтты. Содан кейін бұлар

планеталық ұшақпен айнала ұшу барысында, Жерұйық планетасының

солтүстік жарты шарымен таныса бастады.

Планетада мұхиттардың жоқтығы көзге бірден шалынды. Көлемі

жағынан бұл планета Жерден үлкендеу, бірақ ядросының массасы онша

тығыз емес болуы керек, өйткені мұндағы тартылыс күші жердегімен

239

шамалас екен. Планетаның бүкіл беті сирек көлдері бар, аса терең емес,

ағысы баяу өзендермен тамырланған құрлықтан тұрады. Онда кең байтақ

шөл далалар, орасан зор таулы шыңдар және экватор маңайында құрғақ

субтропиктер де кездеседі. Планетаның екі полюсі мұзбен және нығыздалған

қармен аздап қана жабылған.

Алайда, бұдан арғы көргені Ақ Сарбазды жанын тебіренте,

таңдандырды. Мың сан шөп пен бұтадан құралған шеті-шегі жоқ бұл мүхит

ақылға сыймас үлкен болса да, Ақ Сарбазға туған даласын елестеткен еді.

Жерұйықтың бұрынғы кезде ең көп игерілген жері осы тұсы еді, ал

Жерұйықтың алтыншы саты тұрғындары өркениетінің қалдықтары,

адамдардың Эволюция спиралі бойымен табиғат аясына оның ажырамас

бөлігі ретінде қайтып келгендігінің тілсіз куәсі еді. Қалалардың ескі жұрты

үлкен екен. Бұларды жою үшін әлі көп уақыт керек. Жерден қоныс

аударғандар өздерінің жаңа отанының ең шұрайлы бөлігін игеруге келгенде

планетада бұрынғы өркениеттің жұрнағы да болмауы қажет. Ғарыш заңдары

бойынша жаңа өркениет бұрынғы өркениеттің жетістіктеріне байланбай,

дербес түрде дамуы керек.

Бұл, саһаралықтардың арасында неше түрлі фетиштер мен

табынушылық рәсімдерін және өздерінен әлдеқайда жоғары дамыған

өркениеттің көмегіне сүйену үмітін тудырмау үшін қажет, өйткені шегіне

жете шиыршықталған уақыт спиралінің жағдайында қайталанған сайын

осының бәрі қарқындап ұлғая беретін қиын салдар мен аса ауыр карманы

соңынан ілестіре әкелетіні анық.

Ғарыш Бауырластығының адамзатты жаңа Отанға көшірудегі асқын

мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып күш салуының түпкі мақсаты ‒

Бірінші Ғарыш заңы ‒ Эволюция заңын орындау және соның барысында

«Құдайдың кейіптесі және ұқсасы» болып жаратылған Адамды жоспарлы

түрде Ғарыш ағымына енгізу болып табылады.

Саһарада өскен Ақ Сарбаз ұлан-ғайыр планеталық ресурстарды және

бұдан ары Жер планетасының эволюциялық тұрғыдан кемел жетілген

тұрғындарының Универсалды Ғарыш Модульдерін осында көшірудің үлкен

мүмкіндіктерін көрді.

Планетаны таныстырушылар Ғарыш Сарбазын жақсы танитын. Сол

себепті ең алдымен олар Жерұйықтың ең шұрайлы жері болып саналатын

алып Даланы көрсетуден бастады. Ақ Сарбаздың көз алдынан оның туған

саһарасына жүрегін елжірете ұқсайтын жазық кең дала таусылмас ұзақ уақыт

ішінде шексіз созылып өте берді. Жалғандық пен сатқындықтың,

алыпсатарлық пен азғындықтың тиянағы болар қалалары жоқ, тек қисапсыз

мал өрген Ұлы Далада өзінің арманының орындалатынына, өз тайпасының

Ғарыш заңдарын сақтап табиғатпен бірлікте күн кешетініне Ақ Сарбаз нық

сенді.

Ұлы Даладан кейін экватордан сәл жоғарырақ, төңірегі шыңдармен

құрсауланған көл мен тау жотасы жылт етті де, ары қарай шөл дала басталды.

240

Қонақтарды қабылдаған Ғарыш Құрылысшысы ‒ Жерұйықтың Планеталық

Рухы, планетаның бұл бөлігінің қорық екенін түсіндірді.

Осыдан біраз бұрын эволюцияның бесінші сатысына шыққан Күміс

планета тұрғындары үшін эволюциялық тығырыққа тірелудің қаупі туған. Ал

бұл кезде планетаның шөлейт аймағында тұратын ізгілігі биік көшпелілер

дамудың алтыншы сатысына жеткен еді. Осы ортадан шыққан рухани көсем

жаңа білім алып келді де, сол білімнің арқасында бүкіл планета өз

тұрғындарымен бірге эволюцияның алтыншы сатысына көтерілді.

Ұлы Шөлдің бірнеше жазираларында техникалық өркениетпен қабаттаса

көшпелі малшылардың машинасыз өркениеті дамыған. Ізгілігі мен руханиеті

биік, көшпелі өмірден туындаған орта ‒ алтыншы сатының алғашқы

перзенттерінің жаралуына себеп болды.

Өздерінің центрлерін ашқан олар бір-бірімен кез келген қашықтықтан

ойша тілдесуді, ауа райын басқаруды, затты тудырып және жоқ етуді

үйренді. Бұған керекті биік энергияны олар Ғарыштан алады. Бұл энергияны

олар өз центрлері арқылы түрлендіреді де жарым-жартылай өз ағзаларының

энергетикалық шығындарының орнын толтырып отыру үшін пайдаланады.

Сондықтан олар, бесінші саты перзенттеріне қарағанда ас-суды, табиғи қуат

көздерін, өмірді қамтамасыз ететін заттарды өте аз мөлшерде жұмсайды.

Көшпелілер артына ешқандай қоқыс қалдырмайды, ал жанбайтын заттар

біраз уақыттан кейін ыдырап табиғатқа қайтып оралады.

Бірте-бірте қала тұрғындары жаңа рухани ілімді қабылдай бастады,

артынша көшпелі тұрмысқа ауысты.

Күміс планетада бұндайды іске асыру қиын емес еді. Ұлы Дала қайтадан

Эволюция спиралінің бойымен бұрынғы қала тұрғындарының мекеніне

айналды.

Осылайша планета тұрғындары өз Эволюциясының соңғы алтыншы

сатысына өтті. Алтыншы сатының туып-өрбіген отанына құрмет ретінде Ұлы

Шөлді Киелі қорық етіп жариялау шешімі қабылданған. Планетаның қасиетті

мекенін шырышы бұзылмаған таза күйінде сақтау үшін оны тек үлкен мереке

күндері ғана зиярат етуге болатын.

Ақ Сарбаз қыр адамына тән әдетпен шөл даланың ең енсіздеу жері

таудағы көлдің тұсында екенін байқап калған. Бұл көлдің, Жерұйықтың басқа

көлдерінен үлкендігі тіпті сондай ‒ Ақ Сарбаз оны жердегідей, планетаның

Дария-Мұхиты деп атады. Ақ Сарбаздың ойын қатесіз оқып отырған

Жерұйық иесі, бұл тұщы судың ең үлкен қоймасы ‒ планетаның басты

байлығы екенін ұғындырды.

Ұлы шөлден кейін шөлейт аймақ ашылды да артынша қайыра шексіз

Далаға ұласты. Планета бір айналым жасап шыққанша бұл көрініс үзілген

жоқ. Жерұйық планетасының шамамен үштен екісін алып жатқан, қиял

құшағына сыймас орасан зор Дала Ақ Сарбаздың санасынан сайтаншыл

қылмыскерлерге арналған қорқынышты жазаның суреттерін ығыстырып

шығарды. Оған, Жер адамдарының ешқайсысы, тіпті әлденеше ғұмыр кешсе

241

де, мал үйіріне жай ғана ілесіп отырып бүкіл Жерұйықтың жайылымдарын

аралап шыға алмас-ау, ‒ деген ой келді.

Ақ Сарбаздың жанында бірге жүрген Ғарыш Бауырластығының ерекше

лауазымы бар өкілі, Ғарыш Сарбазын адам ұрқының эволюциясын жаңа

Отанда жалғастыруға және жер адамдарына арналған Армагеддонды

тоқтатуға көндірудің қолайлы сәтінің келгенін ұқты.

Ақ Сарбаздың санасында орныққан Ғарыш Флотының күшімен белгісіз

қирату қаруын қолдану арқылы сайтаншылдарға жасалатын зауал ‒ Жерді

жоюдың кекті ойларын ұшы-қиыры жоқ дала суреттері бөліп жіберді.

Сондықтан ол бейбіт шешімге әзірше келісімін берді. Өз эволюциясының

мақсаты ‒ Армагеддонды іске асырып сайтаншылдардың ұясын талқандауға

керекті уақыт әлі бар еді. Ол, Ғарыш Заңдарына сәйкес, бұл әрекеттің бүкіл

Ғарыштық эволюциялық жоспарды нендей салдарға жетелейтінін жақсылап

ойлап алуы керек болатын. Зұлымдық Империясы солдаттарының киімін

киген қанішерлер мен зорлаушыларды ең азапты өлімге қию және алтыншы

саты халқының перзенттеріне қарсы қылмысты ұйымдастырушылар мен дем

берушілерді ерекше жазалау, соңынан Әзәзіл Империясының ұлан-ғайыр

территорияларын құртып тастап жоқ ету ‒ міне, Ғарыш Сарбазы қазір өз

санасындағы осындай ойлардан, ашу мен ызадан арылуы керек еді.

Бойындағы әбден түсінікті эмоцияларын басып, өз сезіміне толығымен

ие болғаннан соң, фәни дүниені тәрк етіп абсолютті әділ күйіне оралғанда

ғана ол Ғарыш Сарбазына тиесілі күшке ие болар еді. Бұдан кейін оны ешкім

де тоқтата алмас еді. Алайда Жерұйық Ақ Сарбаздың бүкіл жан-дүниесін

елжіретіп, сайтаншылдарға дайындаған жан түршіктіретін ең сұмдық жазаны

қолданудан оны қатты айнытқан еді. Сондықтан Ақ Сарбаз, 1978-ші жылдың

20-шы ақпаны күнгі Ғарыш Шайқасын енді физикалық дүниеде

жалғастырмақ үшін Ғарыш Флотын құруды ары қарай жалғастыру және

Ғарыш Флотын жарым-жартылай немесе түгелдей бейбіт жолымен алтыншы

саты адамдарын Жерұйыққа көшіру ісіне бұру туралы шешім қабылдады.

Көңілі жадыраған Ғарыш Күштерінің Өкілі, Ақ Сарбаздан және өздерін

қарсы алып қабылдаған Жерұйықтың Жүйелік және Планеталық Рухтарынан,

Жерұйықты Жердегі бауырларға беру жөніндегі алдын ала шешімді тиесілі

келісіммен бекітуді ұсынды.

Ғарыш Сарбазына алтыншы саты балаларын жердегі тұтқыннан алып

шығуға және сонан соң сайтаншылдардың ұясын Ғарыштың куатты күшімен

талқандауға мүмкіндік беретін бұл жоспарды Ақ Сарбаз бірден қабылдады.

Содан кейін Ақ Сарбаз бен Планеталық Рух бірлесе отырып қоныс

аударушылардың Жерұйықтағы қозғалысының тәртібін тиянақтап әзірледі.

Планета Әміршісінің физикалық денесі де бар еді, және «Өз еңбегіңмен

аяғына жеткізген ісің ғана ақиқат болмақ, сол ғана шын өмір сүрмек», ‒ деген

Ғарыш Құрылысшысының Намыс Кодексіне және Ғарыш Заңдарына сәйкес

олардың осы бірлескен жоспарын іске асыруға өзі де қатысуға міндетті

болатын.

242

Олар бірлесе отырып қоныс аударушылардың жолын белгіледі. Бұл

жолда олар планетаның жергіліқті тұрғындары былай тұрсын, тіпті бұрынғы

өркениеттің ізін де кездестірмеуі керек еді. Кейде оларға, осыдан бірнеше

күн бұрын ғана құрылысты қирату жұмыстары жүргізілген жерлерден өтуге

тура келеді. Жерұйық тұрғындары оңтүстік жарты шарға қарай ығысып өмір

сүруде. Жер планетасынан көшіп келушілер олар тұрған аймаққа жеткенше

талай уақыт өтпек. Бұл мерзімде эволюциялық даму үстіндегі байырғы

тұрғындардың қалған бөлігі өз өркениетінің барлық ізін жойып үлгіреді де,

планетаның физикалық дүниесін тастап шығатын болады.

Бұл жоспар бойынша планета иелері уақыттан үлкен ұтыс алып, жақын

планеталарға барынша аз шығынмен қоныс аударады. Күміс планетаның

сегіз серіктерінің бірінде бақылау станциясы құрылады. Бұл станция

Жерұйықтың адам аяғы баспас жерінде жасырын қалатын зерттеушілермен

байланыс жасау үшін керек.

Жоспарды қиыстырып болғаннан кейін меймандос Планета Рухы

планеталық дәстүр бойынша құрметті қонақтарды үйіне ізет көрсету

қонақасысына шақырды. Өтініш қабыл алынып планеталық ұшақ төмендей

бастағанда Ақ Сарбаз осы планета кеңістіктерінің ұшы-қиыры жоқ екендігіне

тағы да көз жеткізді.

Қонуға таяған кезде Ақ Сарбаз, өте үлкен блоктарды аспаларына іліп

жүктеп алған орасан зор дирижабльдерді көрген еді. Олар негізінен

оңтүстікке қарай ұшып бара жатты.

Ақ Сарбаз ойша тілдесу деңгейінде қасында отырған ілеспелеушісінен:

Бұл әуе құрылғылары нені алып бара жатыр? – деп сұрады.

– Олар біздің құрылыстарымыздың бөліктерін планетаның оңтүстік

жартысындағы тау жүйесінің ең терең шатқалдарына апарып тастауда.

Осылай біз өз өркениетіміздің іздерін жойып жатырмыз.

– Онда сіздердің ғалымдарыңыз ауада ұшатын жүк тасушылардың

мұздану мәселесін қалай шеше алды екен? Біздің планетамызда бұл мәселе

көліктің осы арзан түрін қолдануымызға кедергі болған еді. Сонымен қатар,

ұшу аппараттарын айлақтарынан жұлып әкететін дауылды желдердің

мәселесін шеше алмадық. Сондықтан бізде ең үлкен жүктерді теңіз кемелері

тасымалдайды.

– Сонда, жүктерді сумен тасымалдай алатындай, сіздерде су соншама

көп пе?

– Біздің планетамызда құрлық планета бетінің үштен бір бөлігінен де

аздау, ал қалғанын тұщы сулы мұхиттар басып жатыр. Осы мұхиттарда біздің

орасан зор кемелеріміз жүзіп жүреді. Олар құрлықтар арасында мұнайды,

сусымалы жүктерді, контейнерлерді тасымалдайды. Жолаушыларды

тасымалдауға арналған кемелер Жер планетасының бірнеше мың

тұрғындарын бір рейспен тасымалдай алады.

Бізде көптеген өзендер мен көлдер бар. Судың молшылығы соншама,

тіпті бай үйлерде суға шомылып малтауға арналған жасанды суаттары бар!

Солтүстік полюсте бізде мұзды мұхит орналасқан. Ал оңтүстік полюсте бізде

243

сіздердің орташа тауларыңыздың биіктігіндей қалың мұзы бар материк

жатыр!

– Ия! Бұл шынымен-ақ бүкіл Жиһандағы ең бай планета екен! Сіздердің

әуе кемелеріңіздің неліктен мұзданатыны енді түсінікті болды. Ол,

атмосферадағы су буының мөлшері жоғары болуынан. Сіздерде ауаның

қозғалысы неге қарқынды болатыны да енді түсінікті. Бұл мұхиттар мен

құрлық арасындағы температураның үлкен айырмашылығынан туындайды.

Менің пайымдауымша, ең үлкен құндылығы су болып саналатын біздің

планетадан сіздердің планеталық үйлеріңіздің ең үлкен айырмашылығы

осында жатыр!

Менің, Жер планетасының ерекшеліктері туралы айтқандарымнан

қасымда еріп жүруші дәлдігі осындай зор әсер қалдыратын қорытынды

шығара алса, онда осы планета тұрғындарының интеллектуалдық деңгейінің

қаншама биік екені түсінікті ‒ деп Ақ Сарбаз тұжырымдады.

– Біздің планетамызда мұхиттар жоқ, демек ауаның қарқынды жылжуы

да жоқ, ал құрғақ ауа әуе кемелерінің мұздануын тудыра алмайды.

Сондықтан, жүктеріміздің басым бөлігін біз ауада тасымалдаймыз және

біздің кемелеріміз электр қуатымен қозғалады, ал оны кеме корпусындағы

күн панельдерінен алып отырады. Ал Сіздің планетаңызда шөлдер бар ма?

– Біздің Жер планетасының кең аумақтарын құм басып жатыр және онда

сіздер сияқты суды ең ұлы құндылық деп санайтын адамдар өмір сүруде.

– Онда біздің планетаға қоныс аударатын халықтың белгілі бір бөлігі

бәлкім осы шөлдерде өмір сүрген, аз суға қанағаттана алатын адамдардан

болуы мүмкін ғой?

– Шүбәсіз солай! Шөл далаларды мекендейтін тұрғындардың тәжірибесі

Сіздердің Ұлы Далаларыңызбен сондай-ақ Ұлы Шөлдеріңізбен көшкен кезде

аса қажет болмақ. Инбридингті мүлдем болдырмау мақсатымен, қоныс

аударушылардың арасына планетаның барлық нәсілдерінің өкілдері іріктеліп

алынады, ал бесінші саты халықтарының арасынан жайылымды мал

шаруашылығы жағынан тәжірибесі барларға артықшылық беріледі.

– Біздің Планетамыз жерліктердің туған мекеніне айналатынына

күмәнім жоқ, ал енді қорғағыш экранды іске қосыңыз – біз қонатын жерімізге

таяп қалдық!

Ақ Сарбаз иллюминаторға үңіліп қарады.

Экватордың шартты сызығының түстігінен шалынып қалған айнадай су

айдындарының бірі суы кермектеу, аралдары бар теңіз болып шықты.

Қабылдау рәсімі Планеталық Рухтың резиденциясы орналасқан осы

аралдардың бірінде өтті.

Планеталық ұшақ бір қалыпты жылжып барып портқа екпінсіз қонды.

Ары қарай, Планета Құрылысшысының резиденциясына дейін олар

электромобильмен жетті. Жол жиегінің бойымен жазықтықта аса ірі

жануарлардың табындары жайылып жүрді. Қасында еріп жүруші:

244

– Бұл біздің асыраушыларымыз, осы жануарлардың сүтімен

қоректенеміз, және эволюцияның алтыншы сатысына өткеннен соң біз ет

тағамынан бас тартқанбыз! – деп түсіндірді.

Одан әрі олар қалаға келіп кірді. Ол шиыршық тәрізді құрылған

үйлерден тұрады екен. Бұл ғимараттардың айналып жылжитыны көрініп

тұрды. Ақ Сарбаз:

– Айналатын ғимараттар барлық пәтер-үйлерді тиімді түрде күн

жарығымен қамтамасыз ететінін түсіндім. Бірақ олардың барлығы неліктен

шиыршық түрінде құрылған? – деп сұрады.

– Бесінші саты кезеңінде біздің планетамызда ондаған мың планета

тұрғындарын сыйдыра алатын орасан зор ғимараттар болған. Бірақ біздің

өркениетіміз таудай болып үйілген қоқыстың астында қала бастады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың әрекетінен туындайтын газдардан ауа

уланған еді. Алайда ауаға ең көп залал көліктен келген болатын.

Өркениетіміз өзінің тіршілік әрекетінің қалдықтарының арасында ақырындап

құрып бара жатқан. Бірақ Планета Құрылысшысы бұндай финалдың боларын

алдын ала болжап білген, сондықтан ол Ұлы Шөл далада дүниеге келген еді!

Ол бізді техногендік тұйықтан өзі алып шығып, Планета тұрғындарын

Табиғатқа қайтарды! Біз шиыршықталған ғимараттар салдық, себебі планета

тұрғындары да, жүктер де бұл ғимараттарда шиыршық бойымен қозғалуда.

Ал бұл болса, қозғалыстың ең тиімді түрі, сондықтан біз планета қорын

барынша аз пайдаланамыз.

Ары қарай олар туннельге кірді және онда Ақ Сарбаз ойын-сауық

залдарын, дүкендерді, электрлі пойыздар мен электромобильдерді көрген

болатын. Осының бәрі жер астында орналасқан еді. Үстіңгі бетін саябақтар,

гүлзарлар, ал өзге аумағын Жерұйықтың бұзылмай сақталған табиғатының

орасан зор кеңістіктері алып жатты. Осы туннель оларды тура

резиденцияның алдына әкелді. Ол өте зор конус тәрізді ұлу қабыршығының

пішінінде шиыршықталып салынған екен. Электромобиль алаңшаның үстіне

тоқтады да лифт оларды тұрғын үйлер деңгейіне дыбыссыз көтерді, ал одан

әрі қарсы алушылар Ақ Сарбазды Қабылдау Залына ертіп әкелді.

Осы жерде планета тұрғындары Ғарыш Сарбазының киімін киінген тірі

жерлік адамды алғаш рет тамашалады. Бұл қабылдау жерлік ұлан-асыр

тойларға ұқсамады. Бұл рух мерекесі еді. Екі өркениет кездесіп, көңілдерін

салтанатты қуаныш биледі.

Көзі үйренген Ақ Сарбаз белгілі бір сипаттар арқылы, қатысқандардың

көбі Күміс планетаның физикалық дүниесінде өздерінің физикалық

денелерінде өмір сүретінін түсінді. Үй иелері де қонақтың, өзінің биік

мәртебесіне қарамастан физикалық денесі бар екенін байқады.

Екі жақ та бір-бірін қызықтап тамашалаған. Планета иелері, Жер

адамдарының мінсіз денеге ие екені жайлы көп естіген-ді. Қонақтың астрал

денесіне қарап отырып бұның растығына олардың көзі жетті.

Ақ Сарбаз да олардың жүзіне байыппен зер салды. Олардың,

самайларына қарай сәл созылған үлкен көздері оған өте ұнаған еді. Осы

245

көздері арқылы олар бәрін айқын білдіретін үйлесімді сезім күйлерін жеткізе

алады екен. Мәлімет алмасу оларда негізінен ойлық деңгейде өтіп жатты.

Олар Ақ Сарбазбен де осылайша, оның ой формаларын оқып, өздерінікін

оған жіберіп сұхбаттасты. Осы мәлімет алмасу арқылы Ақ Сарбаз зерттеуші

ретінде өзіне бастапқы кезеңде қажетті барлық мәліметті алды.

Ең алдымен ол планета иелерінің көне замандардан бастап осы уақытқа

дейінгі аралықтағы тарихын білуге ықылас танытты. Бұл тарих, өзіндік

қиындықтары бар Эволюция сатыларымен жоспарлы кезеңділікпен өрлеудің

суреттемесі болып шықты. Бұларда, әсіресе келесі сатыға өту кезеңдерінде

қиындықтар да, құрбандықтар да болған екен. Тіршілік айналымы бұл

шығындарын қайтарып тіршілігін қалпына келтіріп отырған. Планеталық

Рух, оларды жеткен деңгейлеріне қанағаттандырмастан ары қарай, келесі

сатыға жетелеп отырған. Сондықтан олар, белгіленген Эволюциялық

мерзімді бұзбай, барлық бес сатыдан өтіп, алтыншы сатысын аяқтауға

тақаған. Бұл кезеңде олар қалауынша ұзақ өмір сүре алар еді, алайда өзінің

алтыншы сатысына енді аяқ басқан Жер адамдарының сұмдық азабын көрген

бұлардың жүрегінде аяушылық сезімі оянған еді.

Олар, Жер адамдарына физикалық дүниедегі қалған жолын өтсін деген

ниетпен өздерінің Күміс планетасын беруді ұйғарды.

Кезінде олар, техногендік тығырықтан шығып Эволюция спиралі

бойынша табиғат аясына оның бөлігі ретінде қайтып келу жолында бірнеше

ұрпақтың ғұмыры барысында ауыр еңбек еткен еді.

Олардың ойша қойылған сұрақтарына жауап ретінде Ақ Сарбаз өз

планетасы тарихының бір бөлігін ғана ашты. Олардың санасына ең алдымен

мәдениет, ал содан кейін ‒ ғылым мен техникалық даму туралы мәлімет

берілді.

Қонақтар Жер адамдарының рухын танымақ мақсатта әуелі мәдениет

жайлы білуге ықылас білдірген. Өздеріне керекті мәліметті Ақ Сарбаздың

санасының астарынан, оның өткен ғұмырларынан, әсіресе соңғы, алтыншы

саты халқы перзенттерінің санасынан Жер халықтарының мәдени игіліктерін,

әндері мен күйлерін балаша қуанып қабыл алған олардың зор шаттыққа

бөленгені көрініп тұрды.

Алайда, барынша шыншыл болуды ұйғарған Ақ Сарбаз оларға ой

формаларының көмегімен жердегі соғыстардың, аштықтың, індеттің сұмдық

көріністерін ұсынып, концентрациялық лагерьлерді және бейбіт қалалардың

үстіндегі атом жарылыстарын көрсеткенде, қатысушылардан тараған үрей

толқынына қарап ол ‒ осы да жеткілікті деп тоқтады.

Шомудан шыққан қатысушылардың жүзінен олардың қатты

түршіккендері байқалды. Бұл, жоғары дамыған тіршілік иелерінің реакциясы

еді. Олардың, жер адамдарының ауыр тағдырына көңілдерімен иілгені,

Ғарышта бұндайдың қайталанбауы үшін қолынан келген көмегін

аямайтындығы көрініп тұрды. Және осының бәрі қонақты өз аянышымен

ренжітіп алмауды көздеген сыпайылық пен әдептіліктің аса нәзік көрінісімен

ілесе сезілген еді. Ғарыш азаматтарына айнала бастаған бұл Күміс планета

246

тұрғындарының мейірімді сұлу көздерінен Ақ Сарбаз олардың қандай

сезімдердің әсерінде болғанын түсінді.

Саһарада өскен менің халқымда да осындай инабаттылық, мейірбандық,

жанашырлық сезімдер басым ғой ‒ деген ой жылт етті.

Қабылдауға планетаның түрлі деңгейдегі және класындағы Ғарыштық

Құрылысшылары қатысқан еді. Олармен ойша тілдескен Ақ Сарбаз өзінің

халқына жаңа отанды игеруге қажетті ақпаратқа қанықты.

Қонақтармен бірге аралды серуендеуге шыққан Ақ Сарбаз қою қызыл

түсті теңізге, судың түбі мен жағада шашылып жатқан түрлі-түсті тастарға,

хош иісті гүлдері бар, шиыршықтала өскен өсімдіктерге назар аударып біраз

тұрды да ‒ есіне түсірді! Бұл, оның балалық шағындағы түсінде көрген

мекені еді. Өзінің Жер планетасында дүниеге келерінің алдында осы

гүлденген аралда болғаны есіне түсті. Осы арал мен осы теңіз, Ұлы Дала

және туған халқының қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған құтты мекен

туралы ізгі арманы осы күннен бастап шындыққа айналмақ. Ақ Сарбаз бен

оның халқы осы планетада өмір сүретін болады. Осыған бағыштап Ақ Сарбаз

өзінің центрлері мен энергетикалық арнасын іске қосты.

Қазақ халқының құт дарыған Жерұйық жайлы мыңжылдық арманынан

Ақ Сарбаз тиесілі ой формаларын қалыптастырды. Ғарыш заңдарына

сәйкестендірілген бұл ой формаларын Ақ Сарбаз өзінің алтыншы центрі

арқылы энергетикалық арна бойымен Жерұйықтың ментал дүниесіне

жолдады. Бұл ойлар осы жерде өмір сүре бастады.

Ақ Сарбаздың Жерұйыққа жасаған зияраты осымен аяқталды. Ой

формаларын жаңа Отанның астрал дүниесінде, одан соң физикалық

дүниесінде іске асыру ғана қалды.

Жерұйық тұрғындарымен және Планеталық Рухпен қоштасқан Ақ

Сарбаз планеталық ұшақпен жұлдызаралық кемеге жетіп, артынша Ғарыш

Бауырластығына аттанды.

3. Кеме

Алдын ала бекітілген шешім бойынша Ғарыш Сарбазы Қиратушыдан

Тудырушыға айнала отырып өз мойнына Ғарыш Құрылысшысының міндетін

алуы керек еді.

Тіршіліктің жеті деңгейінің Құрылысшысына Нысандау ырымы

жасалды да, осы сәттен бастап Ақ Сарбаз Жер адамдарын көшіру жоспарын

іске асыруға кірісті.

Жерұйықтың ментал дүниесінде Жер адамдарына керек ахуалды

тудырғаннан соң Ғарыш Құрылысшысы Жер планетасының астрал

дүниесінде Жерұйыққа көшірілетін алтыншы саты адамдарын іріктей

бастады.

Астрал дүниесінде зат тасымалдайтын кемені жасауда Ғарыш

Бауырластығы белгілі бір қиыншылықтарға душар болды. Өздерінің

Эволюциялық дамуында едәуір алға суырылып озып кеткен ғарыш

247

өркениеттері өздерінің астралдық дүниелерін де және оның үстіне

физикалық дүниелерін де тіпті баяғыда тастап шыққан еді. Сондықтан астрал

кеңістігінде жылжуға жарайтын және кейіннен осы жобамен физикалық

дүниеде қайталанатын жұлдызаралық және жүк кемелерінің лайықты

жобасын табу үшін түрлі өркениеттердің көне архивтерін біраз ақтарып

қиналуға тура келді. Бір кісілік ең қолайлы шағын кеме, жетінші дәрежелі

жаңа Ғарыш Құрылысшысы ‒ Ақ Сарбазға берілді. Ақ Сарбаз оны «Жұлдыз

қайығы» деп атады.

Ғарыш Бауырластығы Жер уақытымен өлшегенде бес жылдың ішінде

астрал материясын тасымалдауға лайық әжептәуір көнерген ескі үлгідегі

жұлдызаралық және жүк кемелерін құрастырып болды. Астрал дүниесіндегі

оқиғалардың физикалық дүниеде қайталануы үшін осымен бір мезгілде

жұлдыз кемесінің физикалық сыңары жасалып жатыр.

Астрал және физикалық кеменің екеуі де бір-ақ рет пайдаланып, ұшу

аяқталғаннан кейін жойылуға бұйырылған.

Жер адамдарын бір жолдық кемемен Жерұйыққа көшіру жоспарын Ақ

Сарбаз Жетінші Дәрежелі Құрылысшының құрметті киімін киіп бірінші рет

Ғарыш Бауырластығының Кеңесіне қатысқан кезінде ұсынды. Сонымен

қатар Ақ Сарбаз өзінің жаңа, Тудырушы болмысына сәйкестігін анықтайтын

сыннан өтті.

Ақ Сарбаз бір жолдық кеменің пайдасына шешкен ұсынысын былайша

жүйеледі:

‒ Бұл, Ақ Сарбаздың менталдық жоспарынан жобаны астралдық және

соңынан физикалық дүниеде іске асыруға бағытталған бастапқы кармалық

байланыстарды жеңілдетуге және қысқартуға мүмкіндік береді.

‒ Қайтарылмалы кеменің жобасы физикалық дүниеде де қайталанғанда

музейге коюға лайық кеменің, өзінің аттанған нүктесіне кармалық спиральдің

үзілмей жалғасуы үшін қайтып келуін талап етеді. Сонымен қатар, бұндай

ауыр жобаның астрал дүниесінде іске асырылуы көбірек тікелей уақытты да

талап етер еді, демек осы әрекеттің физикалық дүниеге таңбалану уақытын

да ұлғайтар еді.

‒ Бір жолдық Ғарыш Кемесінің астралды және физикалық дүниелердегі

бірін-бірі дәлме-дәл қайталайтын ұшу траекториялары, астрал дүниесіндегі

оқиғалардың физикалық дүниеде қайталануына қажетті уақытты барынша

қысқартады.

Төмен түсірілетін модульдің ішінде бір орынды шағын жұлдыз қайығы

үшін арнайы бөлік қарастырылған. Бұл аппаратпен Ақ Сарбаз Жер

планетасының астрал дүниесіне қайтып келіп, артынша өзінің физикалық

денесіне енуі керек.

‒ Бұл жағдай оқиғалардың астрал дүниесінен физикалық дүниеге

үзілмей таңбаланып қайталануына кедергі келтірмейді. Астралдық жоспарға

сәйкес физикалық жұлдыз кемесі жер адамдары мен Ақ Сарбазды

Жерұйыққа жеткізіп салады. Ол жерде Ақ Сарбаздың, жаңа Отанның

физикалық дүниесіндегі эволюциялық жолы аяқталады да, шағын жұлдыз

248

249

қайығы оны эволюция жолындағы еңбегін ары қарай жалғастыруы үшін

Ғарыш Бауырластығына алып барады.

‒ Бір жолдық кеме экономия тұрғысынан да қолайлы болып шықты,

себебі жұлдызаралық кеменің түрлендіруші қозғалтқышы үшін жұмсалатын

энергия тасымалдауыштарының қисапсыз көлемін үнемдейді. Ал, бұндай

қозғалтқышқа арналатын энергия тасымалдауыштың, жұлдыз кемесінің өзіне

қарағанда әлдеқайда бағалы екенін ескеретін болсақ, онда бір жолдық

кеменің артықшылығы дәлелдеуді керек етпейді.

‒ Қайтарылмалы кемеге қарағанда бір жолдық жұлдыз кемесі

конструкциялық тұрғыдан да қарапайым болып шықты, себебі, бір-ақ рет

пайдаланылатын кеменің конструкциясын күшейтудің керегі жоқ, оның

қозғалтқышы мен корпусының салмақ түсетін элементтері жеңілдетілген.

Кеңес бұл айтылғандардың барлығын құптап қабылдады. Ақ Сарбаз

өзінің жаңа міндетке лайық екенін көрсетіп дәлелдеген соң оның жоспары

іске асырыла бастады.

Астралдық кеменің экипажы тек қана бұрынғы жерлік ғарышкерлер

болған адамдардан құралған және олардың бәрі Жерұйықтың астрал

дүниесінде қалады.

Болашақ физикалық жұлдыз кемесі мен жүк кемесінің экипаждары

физикалық дүниеде өмір сүріп жатқан ғарышкерлерден құралатын болады

және сондай-ақ, олар да Жерұйықта қалады.

Осылайша, байырғы ізбен, астрал дүниесінің оқиғалары физикалық

дүниеде қайталанып, бұл ұлы оқиғаның кармалық және уақыттық спиралі

үзілмей сақталады.

Жүк кемесінің Жер планетасының астрал дүниесінен аттанысын Ақ

Сарбаз 1992-шы жылдың 16-шы сәуіріне белгіледі. Бұл күні жер адамдарын

Жерұйыққа көшіру жайлы шешімнің қабылданғанына бес жыл толды.

Осы уақыттың ішінде 1986-шы жылдың желтоқсанында Алматы

қаласында қаза болған қазақ халқының перзенттері Тозақ пен Тазартқыштан

аса жылдам өтіп, Тозақ пен Тазартқышты мәңгіге тастап шығушыларға

арналған қажетті формальдік рәсімдерді орындаған еді.

Содан кейін, Ақ Сарбаз оларды Жұмақтың кіре берісіне ертіп әкелді.

Бұнда Жердің басқа халықтарының да көптеген өкілдері бар еді. Олар

өздерінің ізгі өмірімен Жерұйықта ғұмыр кешудің хұқығын алғандар.

Бұлардың ішінде Ақ Сарбаздың, б. д. 1932-ші жылы болған аштықта өлген,

Империяның абақтыларындағы азапты өлімнен өлген және екінші

дүниежүзілік соғыста қаза болған қандастары да көп еді.

Көшірілуге бұйырылған бұл жандардың барлығының да Универсал

Ғарыш Модульдері тиесілі жолмен Жердегі тіршілік айналымынан

шығарылды. Бұлар енді Жердің физикалық дүниесіне кіре алмайды. Адамзат

бұл биік жандарды мәңгілікке жоғалтты, сондықтан оларды, әсіресе 1986-шы

жылдың желтоқсанында қаза болған қазақ халқының перзенттерін мәңгіге

есте сақтауы керек.

250

Ғарыш Бауырластығы түнекшілердің бірде-біреуінің Жерұйыққа өтіп

кетуінің кез келген мүмкіндігіне жол бермеу мақсатында адамдардың өлмес

жанын таңдап тексере отырып өткізудің ерекше амалдарын ойлап шығарған.

4. Көшу

Белгіленген мерзімде астралды жұлдызаралық кеме күнмаңайы

кеңістігіне келіп жетті де, одан бөлінген жүк кемесі Жердің Жұмағының Кіре

берісіндегі табысу орнына түсірілді.

Ақ Сарбаз, әкетілетін үй жануарлары мен төрт түлік малды

сұрыптаудың барлық мүмкін болатын жәйттарын егжей-тегжейлі ой елегінен

өткізді. Бұл, Жерұйық табиғатының тепе-теңдігін бұзбау үшін қажет болды.

Адам мен арадағы Келісімшартты бұзбай сақтаушы малшы иттері

далалықтардың бірінші көмекшілері болып табылады. Сол себепті иттер жүк

кемесіне бірінші болып кіргізіліп, өздеріне арналған модульге

орналастырылды. Сонан соң жылқының барлық саһаралық тұқымдарының ең

үздігі іріктеліп алынды. Бұдан соң қойдың тек ел қолында сұрыпталған,

тіршілікке ерекше төзімді барлық таңдаулы тұқымдары әкеліп тиелді. Ең

соңында Кемеге түйенің барлық тұқымдарының келесі кіргізілді, өйткені

ойсылқараның асыл текті түрлері болмаса, Жерұйықтың алып даласы мен

сортаңды тақырларын, әсіресе шөлді аймақтарын кесіп өту мүмкін емес еді.

Содан кейін жаңа планетаның жағдайына бейімделу мерзімінде қажетті

болатын мүлік пен азық-түлік тиелді. Жүк кемесінің бөлек қуысына өзін

кейіннен Жердің астрал дүниесіне алып қайтатын Ақ Сарбаздың

Галактикааралық қайығы орналастырылды.

Ақырында жер тұрғындарының туған планетасымен қоштасар ең бір

қиын да қимас сәті келіп жетті. Жаңа Отанға көшуге еңбегі сіңіп жолы

ашылған жандар ғана аттанатын орынға жиналды. Олардың әрқайсысы

қариялардың қатаң комиссиясының алдында жас мөлшеріне сай емтихан

тапсырды. Өз халқының салт-дәстүрін ана тілінде айта білу мен Жерұйық

табиғатына жақын жағдайда өмір сүре алу қабілеті сынға салынды. Сынақ

соңында әркім халық әнін орындап беруге тиісті болды. Өйткені ән салғанда

қазақтың барлық жан сыры ашылатын еді.

Сол себепті кеме төңірегіне жиналғандардың ішінде түбегейлі шешімге

келмеген кездейсоқ жандар болған жоқ. Олардың әрқайсысы барлығын ой

елегінен өткізіп, өлшеп-пішіп түбегейлі, қайтпас шешімге бекінгендер еді.

Алайда туған планетамен мәңгіге қоштасып күн жүзіне соңғы рет қарауды

ұсынған Ақ Сарбаздың сөзі естілгенде көпшілігі көлдеген көз жасына ие бола

алмай қалды.

Әйелдің ашық дауысы зарлы әнді бастай жөнелді. Бұл ел өмірінің

осындай ауыр сәтінде айтылар ұлттық гимн «Елім-ай» әні, ‒ туған жермен

қоштасу әні еді.

Халық осы әнді айтқан бойымен қариялардың артынан еріп кемеге кіре

бастады. Ең соңынан Ақ Сарбаз келіп енген кезде ауызғы люк те жабылды.

251

Тура алдын ала есептелген уақытта жүк кемесі планета бетінен ұшып шықты.

Сөйтіп, Жер уақытымен 1992-ші жылдың 16-шы сәуірінде Адамзат

тарихының жаңа дәуірі басталды.

Күн жүйесінен тыс белгіленген нүктеде жүк кемесі жұлдыз кемесімен

кездесіп, оның тұмсық жағындағы тұрғын бөлігінің ішіне тартылып,

орналастырылды. Мұнан кейін жұлдызаралық ұшақ шекті жылдамдығына

жеткенше екпінін үдете берді. Сонан соң нөл-кеңістікті өту нүктесі

айқындалғаннан кейін кеңістікті түрлендіруші қозғалтқыш іске қосылды.

Түрлендіруші қозғалтқыш, қуаттың қарқындауы өзінің ең жоғарғы нүктесіне

жеткен кезде, жұлдыз кемесінің бүкіл массасын ішіне тартып алды да, аса

жаңа жұлдыздай жарқ етіп жанды. Осының серпінімен жүк кемесі көзді

ашып-жұмғанша белгіленген Галактикадан бірақ шықты. Бұл жағдайда

жұлдызаралық кеменің материясы түгелге жуық өз Галактикасында,

кеңістікті түрлендіруші қозғалтқыштың іске қосылған жерінде қалып койды.

Ал, тасымалданған жүк кемесі болса, жалпы материяның ең бір болмашы

бөлігін ғана құрайтын. Қысқартылған карма интервалымен қозғалу жоспары

осылайша жүзеге асты.

Жасыл Күннің жұлдызды жүйесі өз Галактикасының қиыр шетінде

орналасқан. Бұл галактика жер планетасында Шетен шоқжұлдызы деген

атауымен танымал жұлдыздар тобының бағытында орналасқан шарлы

шоғырлардың бірі болып табылады.

Тасымал өте дәлдікпен іске асты да жүк кемесі Жасыл Жұлдыз

жүйесінің белгіленген нүктесінен келіп шықты. Бұл ‒ жүйенің Ақ қортыққа

қарама-қарсы жағы болатын. Экипаж жүк кемесінің қозғалтқышын іске

қосты да кеме астероидтар өрісін жанай өтіп Жерұйық планетасына қарай

қозғала бастады.

Астралды жүк кемесі болашақта Жерұйықтың физикалық дүниесінде

физикалық жүк кемесі келіп түсетін дәл сол жерге қондырылды. Бұл, Ақ

Сарбаз Қаратау деп ат койған таулардың етегінде, тұщы сулы орасан зор

көлге қарама-қарсы жатқан шөл даланың шетінде шамамен 40 градустай

солтүстік ендікте болып еді.

Жүк кемесі келіп қонғаннан кейін қоныс аударушылар біршама уақыт

бейімделу кезеңінен өтті. Кеменің тұрғын бөлігіне Жерұйықтың ауасымен

аралас ауа жіберу алғашқыда аз-аздап басталып, бірте-бірте көбейтіле берді.

Жер бетінен келгендерді Жерұйықтың ерекше атмосферасына бейімдеу

біртіндеп жүзеге асты. Ақырында планета бетіне аяқ басуға шешім

қабылданды.

Бұл айрықша оқиға қыр халқының салтына лайық таңертең ерте Жасыл

Зүбәржат жұлдыз жаңа атып келе жатқан кезде болды. Жүк кемесінің

экипажы шлюздер мен далаға шығаратын люкті ашты. Одан күміс түстес

материалдан тұратын кең және беті жазық транспортерлік жол шығарылды.

Осыдан кейін тұрғын бөліктің есігі ашылды. Дала иерархиясының заңына сай

Ақ Сарбаз, Жерұйық бетіне елді бастап бірінші болып шығуға шашын қырау

шалған ақсақал қарияны шақырды.

252

Ол болса түз әдебін ұстанып уәде етілген мекенге бірінші болып Ақ

Сарбаздың өзінің шығуын өтіне бастады. Алайда, Ақ Сарбаз мынау мекенде

өзінің бұрын да болғанын, тіпті жемісін жеп, суын ішіп те көргенін айтып,

ұсыныстан бас тартты. Қария осы кезде, мына жаңа дүниеге болашақтың

рухани бастаушысы болмақ әйел адамның алғашқы болып шығуын

қалайтынын білдірді. Дала иерархиясының дәстүрінде тәрбиеленген ана,

қарияның беделін түсірмеуді ойлап бұған келісе қоймады. Дала

кішіпейілділігінің бұл тайталасы әлі біраз уақытқа созылып, ақырында қарт

кісі елдің еркіне мойынсұнып қадам басар ма еді. Бірақ жаңа дүниенің бетіне

тұңғыш қоныстанушыны шығару туралы Ақ Сарбаз ойлаған қасиетті ырым

аяқ астынан, күтпеген жағдайда бұзылды. Әлдебір толқу пайда болып,

айқайлаған ана дауысы шықты:

‒ Айналайын, тоқта! Жүгірме! Құлайсың!

Артына бұрылған Ақ Сарбаз жылжымалы жолмен сары шашты, шәй

көзді үш жастар шамасындағы қыз баланың оң аяғын сылти басып жүгіріп

бара жатқанын көрді. Мынау сәбиді Жер планетасында бұрын көргені есіне

түсті. Шығар люктің алдында топырлап тұрған қоныс аударушылар есін

жиып үлгіргенше қыз бала өзіне үйреншікті құм үстіне секіріп түсті де тұптұра

жарқырап жаңа шығып келе жатқан Жасыл Жұлдызды бетке алып

жүгіре жөнелді.

Осылай ол енді бұрынғы Жер адамдарының жадында, ал сонан-соң

жерұйықтықтардың келесі ұрпақтарының аңыздарында да Жасыл Зүбәржат

Жұлдызға қарай жүгірген Сәби болып сақталып қалды...

Ең бірінші болып есін жиған қыздың шешесі жолмен тура жүгірді.

Қалғандары да оның артынан шығып жұмсақ құмды кұшақтап ізет етіп, Ұлы

Қайырымдылығы үшін Құдіретті Жаратушыға алғыстарын жаудырды. Өз

перзенттерін анасы қалай қарсы алатын болса, бізді де Жаңа Отан солай

қабылдаса екен, ‒ деп құдайдан тіледі. Жерұйыққа бірінші болып сәбидің

қадам басуын және сонымен қоса оның Ұлы Әйелдік Негізден болуын жұрт

Құдайдың қалауымен жасалған, ‒ деп біліп, бұны жақсы ырымға жорыды.

Халықтың Жаңа Отанмен қауышқан қуанышты сәтіне қарап тұрып Ақ

Сарбаз планета да өзінің жаңа балаларын бауырына алып қабылдағанын

сезді. Бұның дәлелі ретінде өзіне таныс Тәңіртау жақтан кеме қонған орынға

бұлттар жылжып жетті де, адамдардың үстінен Жерұйықтың жылы жаңбыры

жауып қоя берді. Бұл жақта жаңбырдың өте сирек жауатынын Ақ Сарбаздан

бұрында естіп білген ел, осы оқиғаны ‒ өздерін Жаңа Отанның қабылдағаны

деп түсінді. Құдайға алғыс дұғасын арнай отырып қариялар көктің бұл

нұрына алақандарын тосып жаңа сумен жүздерін жуды. Әке-шешелері

сәбилерін қолдарына көтеріп жаңбырға жуындырды. Сөйтіп жаңа су олардың

бойынан бақытсыздық пен азап атаулыны мәңгіге шайып, жоқ қылсын, ‒ деп

тіледі.

Жауын қалай күтпеген жерден басталса, дәл солай сап тыйылды да, бұлт

сейіліп, Жасыл Жұлдыз қайтадан жарқырап шыға келді...

253

Бұдан көп жыл бұрын болғандай, Ақ Сарбаздың алдынан бүкіл Жиһан

тағы да ашылып, ол өз халқының болашағын көрді. Осынау Ұлы Білімнің бір

бөлігі ретінде оның осы сарғыш шашты, шәйкөзді қыз баланың немересі

болып қайтадан дүниеге келетіні еді. Бәрі де қайталанып, олар Эволюцияның

жаңа сатыларымен Ұлы Өмір Айналымында тағы да бірлесе жылжитын

болады!

Бұл білімге шому күйінен Ақ Сарбазды кеме командирінің үні алып

шықты. Жүк контейнерлері мен мал тұрған модульдерді түсіру және

орналастыру жоспарын өзгеріссіз бастай беруге бола ма? ‒ деген сұрақ

қойылып еді. Рұқсат берілгеннен кейін экипаж жұмысқа кірісіп кетті де

кешке дейін жүктің барлығы кеме айналасына орналастырылып болды.

Жерден әкелінген түліктерді саһаралықтар алдымен ерекше күтімге

алды. Себебі, бөгде планетада өмір сүрудің бірден-бір көзі енді малға

байланысты еді. Планета ерекшелігін бірінші сапарынан білетіндіктен, Ақ

Сарбаз адамзат ұрқын көшіру уақытын дәлме-дәл белгіледі.

Жерұйықтың солтүстік жарты шарында көктем жаңа туып келе

жатқандықтан мынау алғашқы жаңбыр жердің жандануына жайлы болды.

Туған даладағы сияқты айнала көктеп, Эволюцияның алтыншы сатысында

тұрған планетаның шөбіне аузы тиген мал тез күйленіп шыға келді.

Өсімдіктің көпшілігі туған жердің шөбіне өте ұқсас еді. Ал, бұл планетада

зиянды, улы паразит өсімдіктер мен жыртқыш аңдардың жоқ екенін Ақ

Сарбаздың аузынан естіген кезде малшылардың күдігі мүлдем тарқап кетті.

Нұх пайғамбардың құтқарғыш кемесіндей болып көрінген Ғарыш Кемесі

ұзақ уақыт бойына көшпенділердің үйіне, үйреншікті ауа мен суы, азықтүлігі

бар қуат көзіне айналды. Олар біткен кезде, тек қана ұсталмайтын қор

қалды.

Бейімделу кезеңінен өткеннен соң Ақ Сарбаз өз жоспарының негізгі

бөлігін атқаруға кірісті. Жерұйықтың жаңа тұрғындары бұл уақытта кеме

маңын зерттеп су мен азық-түліктің жеткен жеріне дейін айналаны шарлап

шығып еді. Әкелінген хабар көңіл жұбатарлықтай болған жоқ. Оңтүстікті

сусыз, шөлді жазық алып жатты. Шығыс жақта сортаң тақырлар басталады,

сондықтан күншығысқа қарай жылжу тым қауіпті еді. Батыстағы тауларға

қарай тура тартуға терең аңғар бөгет жасайды. Алда солтүстікке барар жол

ғана қалды және жол барлаушылардың сол жақтан әкелген хабары да жақсы

болды. Солтүстікке қарай ендеп жүре түскен сайын жайылым да қалыңдай

береді екен, тек бұлар орналасқан жазирадан гөрі ауа райы салқындау бола

бастайды.

Ақ Сарбаз өз халқының ерікті еркіне араласқан жоқ және алдарындағы

жағдайды өздерінің бағалауына мүмкіндік берді. Ол бұны, олардың

Жерұйықтағы көшін өз еркімен, Ақ Сарбаздың жоқ кезінде де одан ары

жалғастыра алсын, ‒ деген оймен істеді.

Мұнымен қатар Ақ Сарбаз өз елінің ащы тәжірибесін де, оның

психологиясын да ескерді. Қазақ даласындағы бөлініп жан жаққа тарап

бытырай орналасқан жүздер мен рулар, бүкіл елге толығымен құрып кету

254

255

қаупі төнгенде ғана күш біріктіретін еді. Ауыр жағдайдан кұтылар жалғыз

жол қалған кезде ғана ойшыл, момын жанды қыр халқы тастүйін болып

бірігіп, табанды да ынтымақты бола түсетін.

Сол себепті ақсақалдар кеңесі, солтүстікке қарай аңғарды жиектей

жылжып, қарлы Тәңіртауға бағыт ұстау үшін құздан өтер өткел іздеу туралы

өз бетімен дұрыс шешім қабылдаған кезде Ақ Сарбаз онша таң қалған жоқ.

Алдағы көш ауыртпалығын көтеруге дәрменсіз, Жерұйықтың жағдайына

жеткілікті дәрежеде бейімделе алмаған және өзгенің мойнына масыл

болғысы келмегендерді өз еріктеріне сай, кеме жанында қалдыруға шешім

қабылданды.

Тау етегіне жеткеннен соң көштің шығуының сәтті аяқталғаны туралы

қандастары түтін салып шартты белгі беретін болып уағдаласты. Көш сәтті

болған жағдайда артта қалған жұрт алдыңғылардың ізімен жылжи отырып

қайта бірігіп, тайпа біртұтас болады.

Халықтың бұдан арғы қозғалысы тек қана батысты бетке ұстау болсын,

планетаны көше отырып айналып шығып, ақырында кемеге келесі жағынан

қайтып оралу қажет деген шешім қабылданды.

Сондай-ақ кеме қасында оның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін

астронавтар экипажы да осында тұрақты мекен тепті. Мұнымен қатар Киелі

Құпияны Сақтаушылар да осы жерде қалдырылды. Олар, голограммалық

ақпарат тасымалдауыштары бар борттық компьютер орналасқан Білім

Қоймасына ену хұқығына ие болғандар еді. Бұл, жойылмай сақталатын

тасымалдауыштарда адамзаттың түгелге жуық тарихы жазылып, оның

рухани және мәдени мұрасы жинақталған. Мұның өзі Эволюцияның бұрынғы

сатылары туралы естеліктің ұмытылмай сақталып Уақыт Жібінің үзілмеуі

үшін қажет.

5. Жаңа Отан

Тәңіртауға апаратын жол қиын еді, бірақ та Ақ Сарбаз, малды көктемгі

жас өскінді қуалай жая отырып солтүстікке қарай көшу үшін кеменің ерте

көктемде келіп қону уақытын да, көшу уақытын да күні бұрын ескеріп

қойған болатын. Өзінің өткен өмірлері мен балалық шағынан оның

жинақтаған тәжірибесі жеткілікті болғандықтан тайпаластары оған сөзсіз

бағынып мұны өздерінің қыстауларынан жазғы жайлауға көшетін үйреншікті

көктемгі көшу деп қабылдады.

Сол себепті көшпенділер тайпасы шығынға ұшырамастан, малдың бір

бөлігін ғана жоғалта отырып тау етегіндегі тұщы сулы көлге келіп жетті.

Біраздан соң қайратты жігіттердің бірнешеуі жақын жердегі қияға көтеріліп,

Кеме жанында қалғандарға көштің сәтті аяқталғанын уәделескендей білсін

деп айғақтап түтін салып белгі берді.

Суы қайтқан көлдік жерлердегі тамаша жайылым мен тау етегіндегі

жайлауға ауызы тиген малдың саны көбейе бастады. Малшылар

Жерұйықтың иесіз қалған үй жануарларын да асырай бастады. Осылай,

256

Жерұйықтың жануарлары Өмір Айналымының осы кезеңін сәтті аяқтау үшін

Саналы Тіршілік Иелерінің Дүниесіне қызмет етуін жалғастырды.

Жерұйықтың үй жануарларының бір бөлігі планетаның астрал

дүниесінде өз қожайындарымен бірге өмір сүріп, Иерархияның келесі деңгейі

‒ Саналы Тіршілік Иелерінің Дүниесіне өтетін шақты күтуде.

Ал, өз планетасының Саналы Тіршілік Иелері Дүниесінің

тұрғындарымен айтарлықтай тығыз байланысын әлі қалыптастырып

үлгірмеген Жерұйықтың көптеген хайуанаттары өмір айналымына ерікті

түрде тартылып, өздерінің жаңа иелерімен жағымды қатынасқа түсе бастады.

Өмірдің барлық деңгейіндегі тіршілік иелері осы үлгімен, өзін-өзі

құрбандыққа ұсына отырып, өздерінің эволюциясын жеделдетеді.

Арада Жерұйық уақытымен жарты жыл мерзім болған кезде күздің

алғашқы салқын желі соғып өтті. Бұл кезде барлық отбасылар әлі де

Тәңіртаудың шұрайлы қойнауларында мал бағып жатты. Көпшілігі жол

тауқыметін ұмытып, тұрмыстарын түзеуге кірісті. Әйелдер киіз басып,

жүннен киімдер тоқыды, қыштан күйдіріп ыдыс-аяқ жасады. Қой сүтінен май

шайқап, құрт кептіріп ірімшік қайнатты. Ер адамдардың да айналысатын

жұмысы жеткілікті еді. Мал бағу, тері илеу. Қариялар болса дәстүрге сай

теріден ер-тұрман жасаумен, ал ағаштан киіз үйдің қаңқасын құрайтын

бөліктерін жасаумен шұғылданды. Көшпенділер қауымындағы құт-берекенің

басты белгісі жергілікті ағаш тұқымынан жасалған алғашқы домбыра болды.

Оны жасаған шебер дәстүр бойынша бірінші болып өзінің шығарған

«Жерұйық» атты күйін орындап берді. Онан кейін жүннен тоқылған киім мен

теріден жасалған аяқ киімдер тұрмысқа енді, тіпті жергілікті асыл тастармен

безендірілген әшекей бұйымдар да пайда бола бастады.

Алайда есендікпен ере ең бірінші болып Ақ Сарбаздың бәрінен көбірек

қауіптенгені ‒ болмай қоймайтын ырың-жырыңдықтар келді. Өздерінің

рухани басымдыққа тағайындалуын жаңсақ түсінген әйелдердің кейбіреулері

далалық иерархия заңдарынан аттап өте бастады. Алдымен отбасында, ал

онан соң тайпанын ішінде, бұндай жағдайдағы дағдылы дау-жанжалдар

туындай бастады. Сондықтан Ақ Сарбаз сөзге араласып, ананың басымдығы

‒ оның рухани байлығында, мейірімділігінде және Табиғаттың сырын танып

білуінде екенін түсіндіруге мәжбүр болды. Халық өмірінің рухы мен

ізгілігіне қатысты жағдайларда Ақсақалдар кеңесіндегі шешімді сөзді

әрқашан аналар айтпақ, және бұл үшін олар өз елінің ізгілікті салт-дәстүрін

ұстанып, мейірімді, ақылды, сабырлы, өнегелі, жаны таза болып, алтыншы

саты халқының пайда болуына және Жерұйықта өмір сүруге жетелеген

еліміздің барлық игілі дала заңдары мен салт-дәстүріне сай болуы тиіс

екендігін айтуға тура келді.

Осыдан кейін барып ұрыс-керіс басылды, бірақ болашақ жанжалдардың

туындау мүмкіндігінің себебі айқындалған еді. Ақ Сарбаз мұны да ескерді.

Көшу кезінде адамдардың бір-бірімен қандай тату және мейірімді, бір-бірінің

қайғысына ортақтас болғаны оның жадында жақсы сақталып еді. Ол өз

халқының Жерұйық бетімен шектеусіз қозғалу жоспарын әбден кесіп-пішіп,

257

көп ойланды. Әзірге оны Кеме маңында қалған тайпалас бауырларының

жайы алаңдатып, кідірте берді.

Жаз аяқталған уақытта таудың ең биік беткейіндегі малшы тұрағынан

қуанышты хабар келіп жетті. Алыстағы Қаратаудың шыңынан бірнеше күн

бойы түтін будақтап шартты белгі беріліп жатқаны мәлім болды. Бұл бір

жерде бас біріктіру үшін тайпаның қалған бөлігінің бұлардың ізімен жолға

шыққанын білдіретін белгісі еді. Алайда бұл хабардың Ақ Сарбазға әкелген

уайымы да көп болды. Ол арттағыларды, көктемгі шөп қурап кетпей

тұрғанда, жаздың ортасынан қалмай шығып күзгі салқынға дейін тау

баурайына жетіп үлгіреді деп үміттенген еді. Ол ментал дүниесі арқылы

артта қалған бауырларымен байланыс жасауға бірнеше рет әрекеттеніп те

көрген. Бірақ та Жерұйықтың ғажайып ментал дүниесі оның ойын тарқатып,

сейілтіп жіберетін. Бауырлары болса түсінде жаңа әлемнің шұғылалы

көріністерін көргенде рахатқа бойсұнып Ақ Сарбаздың әзірше өздеріне

жағымсыздау ой-бейнелі нұсқауларын нашар қабылдады. Күн жылы, шөп

мол. Демек сүт те, май да, ірімшік те жеткілікті. Әлсіреген туысқандарға,

әсіресе қарттар мен балаларға әлі де демалыс пен күтім қажет еді.

Сондықтан, Кемеден солтүстікке қарай әне-міне қозғаламыз деп жүргенде

жаздың аяғы да болып қалды, қалыптасқан дағдымен малдың соңынан

отбасылардың басым бөлігі ере көшіп кеткенше кешеуілдеді.

Кеме жанында қалатын экипаж бен Білім Сақтаушылардың отбасылары

үшін әкелінген азық-түліктің қажетті қорын қалдыру керек еді. Және оларға

бөлінген малды келесі көктемге дейін тебінге жайып қыстан шығару қажет

болды. Осыларды ескере отырып, Ақ Сарбаз тағайындап кеткен тайпалық

кеңес артық адамдар мен малды Тәңіртауға қарай көшіру туралы шешімге

келді. Алайда олар кеш қалып еді. Таулы жазираға өтер асуға жақындаған

кезде күзгі салқын басталды. Аузы шөпке жарымай жүдеген мал жолшыбай

құлай бастады. Ал, адамдар арасында әсіресе қарттар мен әйелдердің

шамадан тыс тырысуынан және тамақтың тапшылығынан әлсіреу басталды.

Өйткені дала дәстүрімен соңғы азық балаларға берілуде еді.

Бұндай жағдайда бұлтартпай туындайтын жіктелу және қарияларға кінә

тағу басталды. Өздерінің азап шегуінің басты себепкері Ақ Сарбаз, ‒ деп те

естеріне алғандар болды. Ал, ауыр сапардан еңсесі түскендердің кейбіреулері

тамағы тоқ Кеме маңына қайта оралу үшін кейін бұрылу керек деген ұсыныс

айтты. Бірақ рухы биік далалықтардан тұратын тайпаның басты бөлігі бұл

ниетке батыл тойтарыс беріп жолды жалғастыруды талап етті:

‒ Тіпті, біздің барлығымыз жолда қырылсақ та, Жерұйықтың ғажайып

ой дүниесінде әрі қарай өмір сүретін боламыз! Біздің өз тайпамызға қарай

ұмтылып, өз міндетімізді ақырына дейін адал атқарғанымыз себепті бізге

Даладағы өз бауырларымыздың арасында тууға хұқық беріледі!

‒ Ал, кімде-кім бұдан тайқып, кейін қайтуға әрекет қылса, бұл қимыл

Жаңа Отанда да біздерді ақ жолын ұстаушы мен теріс жолға түсуші етіп

бөліп жібермек. Ондай жағдайда Зұлымдықтың жаңа тармағы басталады да,

біздің шеккен азабымыз бен сіңірген еңбегіміздің бәрі бекер болады!

258

‒ Ақ Сарбаз бен тайпаластарымыз бізді ұмытпайды, олар көмекке

міндетті түрде келеді! Олар нағыз көшпеліге тән қимылмен сапарға көктемгі

жайылымда шықты. Сіздер жол бойы құлаған малдың сүйегін де,

қандастарымыздың бірде-бір моласын да көрген жоқсыңдар ғой! Ақ Сарбаз

бәрін де ескерген және бірде-бір адамын жоғалтпай алып өткен. Өйткені ол ‒

бізге Жаратушы Тәңірдің Өзі жіберген шынайы Ғарыш Құрылысшысы!

Бұл жалынды сөздер тәні қалжыраса да жаны жарқын адамдардың

еңсесін көтерді. Әлі де күйкі Сананың құрсауында өмір сүруге

дағдыланғандарға олардың кейін қайтуға болатын шектен әлдеқашан асып

кеткендігі түсіндірілді. Енді ешқандай шығындарға қарамай тек қана алға

жылжитын бірден-бір, қайталанбас жол қалған еді! Халықтың жан сақтау

жайлы көне түйсігі іске қосылды. Болдырған аттар мен түйелерден барлық

жүк атаулыны ‒ киіз үйлер мен мүлікті сыпырып тастаған жұрт, көлікке

балалар мен қарттарды мінгізді де әлсіреген аттарды жаяу жетектей отырып

алға ұмтылды. Алда өмір мен өлім тайталасқан асу жатты!

Ел тарихында сирек кездесетін, қысталаңнан жанкештілікпен құтыла

білудің ғажап үлгісі жасалды. Ақ Жұлдыз деп өздері атап алған Ақ Қортық

жұлдыз бен Жерұйықтың бірнеше аспансеріктерінің күңгірт жарығының

астында, ақырғы күшін сарп еткен жұрт асудан ұшып өткендей болып тез-ақ

өте шықты да жазира қойнауына келіп түсті.

Халықта енді дәрмен қалған жоқ еді. Көпшілігі ес-түссіз күйге енді. Тек

ең рухы күштілер ғана ағаш қалдықтарынан отын жинап тау өзенінің

жағасына от жағуға кірісті. Тоңған әрі әлсіреген адамдарды жылындыру

қажет еді.

Бұл мезгілде Ақ Сарбаз да киіз үй, жылы киім және азық-түлікпен

жабдықталған керуенді бастап асуға қарай беттеп келе жатқан болатын. Бұл

керуенді жасақтауда ол даушыларды түгел алды және бірнеше тәжірибелі,

мол қажырлы жандарды ілестірді. Ақ Сарбаз бірнеше рет медитацияға

шомып, екінші көштегі қандастарының көмек сұраған ой формаларын сезіп

еді. Сол себепті Ақ Сарбаз қысқа ғана аялдамалар жасап керуенді суыт алып

жүрді. Ол асуға бұрын жетіп, келе жатқандарды асудың арғы бетінде қарсы

алуға асықты. Ал, таулы жазираға кірер ауыздағы жанған отты көрген кезде

таңқалды. Мұндағы қажыған ел болса төменнен пайда болған салт аттыларға

үнсіз қадалып өз көздеріне өздері сенбеді...

Көпшілігі мұны ұйықтап кетіп ғажайып түс көріп жатыр екенмін деп

ұқты. Алайда салт аттылар шұғыл бері жақындап, амандаса бастағанда және

олардың ішінен өздерінің Ақ Сарбазын көрген кезде бұлар жәрдемге

тайпаластарының келгенін ұқты. Олар бауырларын ұмытпаған екен ғой!

Туған тайпаға деген асқақ сезім мен шаттық толқыны шарасынан асып

төгіліп жатты. Ел қуанышында шек жоқ. Қуатынан айрылғандардың

көпшілігі алдыңғы кеткен тайпаластарын қайта көруден үмітін үзіп еді.

Бұндай екіталай жағдайда аман қауышқан жандар Дала дәстүрімен жылап

көрісе бастады. Соғыста хабарсыз жоғалып кетті деп саналғандар,

мүгедектер госпитальдан ауылға орала бастағанда елмен осылай жылап

259

көріскеніне Ақ Сарбаз бала кезінде куә болып еді. Тіпті, қазасы жайлы қара

қағаз келген бір ауылдасы да тірі оралған еді.

Көңіл сезімін осылайша білдіруді Ақ Сарбаз бала жасынан жаны ауыра

қабылдайтын, бірақ өз халқының дәстүріне араласпады. Ол бір шетке

ығысып жас тайпаластарын қасына шақырды да отты көбірек жағып, тамақ

пісіруді, жергілікті дәрі шөпті қайнатып ең алдымен балалар мен қарияларға

және әлсірегендерге ішкізуді бұйырды.

Ақ Сарбаз келушілердің бәрін аралап көріп шықты. Қариялармен

жолдың егжей-тегжейін әңгіме қылды. Өйткені біраз уақыттан соң

адамдарды Жер планетасынан Жерұйықтың физикалық дүниесіне

көшіргенде бұл жағдайдың міндетті түрде қайталанатынын білетін. Бәрінен

бұрын Ақ Сарбазды тайпаның асудан шығынсыз қалайша зу етіп өте

шыққаны қызықтырды. Алдыңғы көш болса бұл асуды жайлы маусымда,

шөптің қою кезінің өзінде бірнеше күн жүріп барып өткен болатын. Ешкім де

бұл кереметке нақты жауап қайтара алмады. Бірақ Ақ Сарбаз кейіннен аңызға

айналатын бұл ұмтылыстың сырын анықтап, егжей-тегжейін сұрастыра

берді.

Сол уақытта әлдекім оның жеңінен тартты да, сәби үні шықты:

‒ Ақ Сарбаз!

Бұл Жерұйық бетіне тұңғыш аяқ басушы, баяғы сарғыш шашты қыз бала

еді. Оған қараған кезде Ақ Сарбаз осынау шәй көзді қыздың өзінің ашық та

таза қуат арнасы арқылы адамдарға жанқиярлық пен ерліктің жалынын беріп

келгенін түсінді. Дәрмені бітіп қиналып келе жатқандардың қайдан күш-қуат

алғаны енді белгілі болды. Бұл сәбидің бұрынғы ғұмырында кім болғанын,

екеуін қандай ізгі қатынастар байланыстырып тұрғанын білетіндігіне Ақ

Сарбаз енді шек келтірген жоқ. Оның ойын оқыған қыз бұған қарай қолдарын

созған кезде Ақ Сарбаз сәбиді елжірей көтеріп көкірегіне қысты.

‒ Айналайын!

Өзінің айрықша өкілеттілігі мен Эволюция Туын оның Кімге табыс

ететіні және келешекте алтыншы саты халқын Жерұйық бетімен Кімнің

бастап жүретіні айдан анық болды. Әзірге, сәби есейіп рухани қуатқа қолы

жеткенге дейін тайпа Ақсақалдар Кеңесіне бағынады.

Ақ Сарбаз елдің эволюциялық қозғалысын барынша жеделдетудің

жолдарын іздестірумен болды. Ол халықты жікке бөліп, күйреуге ұшыратар

ауыр салдардың қайталану мүмкіндігінен құтқарар жалғыз-ақ жол тапты.

Кеше ғана мәмлеге келместей болып өштескен жандар бүгін әлсіз балалар

мен қарияларды бірлесе күтіп, сыйлап қолдарынан келгенше көмек жасауда.

Олардың барлығы бірге таудағы көлге қарай кері жылжыған кездегі өзара

жарасымдылық пен кісілік қайырымдылықты есіне алған Ақ Сарбаз мынадай

тұжырымға келді:

Құтқарылу жолы тек қана үздіксіз қозғалыста!!! Аял жасап,

тоқшылыққа ұрындың-ақ болды ‒ бәрі зая кетеді. Қызғаныш, өсек, ұрыскеріс

басталады да, ел бірлігі бұзылып, бас-басына бөлінген бәсеке,

бақталасқа айналады. Әзірше Ақ Сарбаз тайпаластарының ес жиып, бекінуіне

260

тиісті уақыт бөліп оларды сақтап қалуды ойластырумен болды. Ұлы Көшті

бастау үшін күш жинау керек еді.

Қауышу тойы бірнеше күнге созылды. Ағайындар ата салтымен

келушілердің алдына мал салып, дүние-мүліктерін түгендеп берді. Сөйтіп,

барлығы Жерұйықтағы алғашқы қысты сәтті өткізді. Таулы жазираның бір

қалыпты жағдайында жаңа келушілер тез оңалды. Әдеттенбеген қарсыз қыс

мал бағуға өте қолайлы еді. Елдің көпшілігі сапардың бастапқы кезеңінде

бастарына түскен ауыртпалықты ұмыта бастады. Мынадай көл жағасындағы

жаннаттай жазирада біраз уақыт бола тұрсақ жаман болмас-ау, ірге

аудармасақ тіпті де жақсы болар еді, ‒ деген күңкілдерді Ақ Сарбаз бірнеше

рет естіді. Халық көлді Тәттісу деп атап кетіп еді.

Тайпаластар арасындағы күншілдік пен қараулыққа жаны күйзелетін Ақ

Сарбаз жанжалға соқтырар жағдайдың пісіп келе жатқанын сезді. Ол Жасыл

Жұлдыздың бататын бағытын бетке алып ерте көктемде қайтадан жолға

шығу керек деп шешті. Өзі Жерұйыққа алғаш келгенде есіне сақтап қалған

Ұлы Далаға тұяқ іліктіру қажет еді.

Алайда Ақ Сарбаздың жоспарына өмір өз өзгерістерін енгізді. Планета

Кұрылысшысы қонақтарына жәрдемдесіп, бейімделудің кезеңін өз

планетасының ең қолайлы жерінде өткізуіне мүмкіндік бергенін ол білетін.

Бірақ, келушілер бұл уақытта жазираның шөбін тауысып, көлді ластап

экологиялық тепе-теңдікті бұзып та үлгірді.

Сол себепті, Жерұйықтың нәзік, қорғансыз табиғаты көктемге жетпейақ,

қонақтарына қозғалу туралы дабыл берді. Бірнеше рет жер сілкінді.

Көлден толқын көтеріліп ауылдың бір бөлігін су алып кетті. Бұдан ешкім

зиян шеккен жоқ, себебі мал біткеннің бәрі көл төңірегіндегі шөп атаулыны

түгел тауысып таудағы жайылымдарға шығып кеткен болатын.

Ақ Сарбаз да, елі де бұл қорықты кідірмей тастап шығу керек екенін

түсінді. Таулы жазирамен қош айтысып, асу аузында Тәттісуға соңғы рет көз

тастаған жұрт өздерінің шексіз көшу сапарын бастады. Тастақты, жартылай

шөлді аймақты көптеген қиыншылықтармен басып өткен олар ақырында

Ұлы Далаға келіп аяқ басты. Осы кезде Ақ Сарбаздың, Жерұйықтың астрал

дүниесіндегі зиярат мерзімі бітті. Жердің физикалық дүниесінде қалған, әлі

дәмі таусылмаған физикалық денеге қайтатын уақыт жетті. Тек жетінші

деңгейдегі Ғарыш Құрылысшысының ғана, физикалық денені ұзақ уақытқа

тастап шығуға, астрал денесінде жүріп өз өмірінің біразын басқа Галактикада

кешуге, содан кейін Жердегі өзінің физикалық денесіне қайтып оралуға

мүмкіндігі бар.

6. Жер ‒ Жерұйық

Жерұйықпен қоштасар кез келгенде Ақ Сарбаз бүкіл тайпасын жинады

да, өздерінің Жердегі алғашқы кездесуіндегідей Рахильден, бұл жолы

Жерұйық құдығынан су алып келуін өтінді. Содан соң халыққа өзінің

өлмейтіндігін, тек Жерге қайту керек екендігін жариялады. Осыдан кейін Ақ

261

Сарбаз өз халқының ол жақтағы болашақ жолын көрсетіп, Жерден келетін

физикалық денедегі туыстарының Жерұйықтың физикалық дүниесіне келіп

орналасатын мерзімін белгіледі. Ақ Сарбаз өзінің Ғарыш қайығын бұдан

бұрынырақ шақырып алдыртқан еді. Жерұйық халқына өз ықтиярын

білдірген ол Жер планетасының астрал дүниесіне, одан соң энергетикалық

арна арқылы өзінің физикалық денесіне қайтып келді.

Осылайша астрал дүниесінде Жерұйыққа көшу іске асты. Ақ Сарбаз өз

жоспарының денін орындап болды, енді бұл жоспарды физикалық дүниеде

іске асыру ғана қалды.

Кейінірек, адамзаттың ықтиярына байланысты Ақ Сарбаз айтқан Ғарыш

кемесі келуге тиісті.

Жер планетасының белгіленген адамдары Ақ Сарбазбен бірге туған

планетасын тастап шығып Жерұйықта эволюцияның жаңа орамын бастайды.

Бұл жоспарды физикалық дүниеде, тек тиісті центрлері жұмыс істеп

тұрған, ғарыш энергиясын, ой формаларын, астралды модельдерді басқа

планетаға өзінің энергетикалық арнасы арқылы өткізе алатын жер адамы ғана

орындай алады. Сол себепті Ақ Сарбаз тіршіліктің жеті деңгейінің Ғарыштық

Құрылысшысы болып тағайындалды. Ол Ғарыштың Қарма Заңына сәйкес,

оған өз өмірлерін сеніп тапсырған адамдармен бірге, жаңа планетадағы

барлық ауыр сыннан өтуі керек.

Жерұйық планетасындағы физикалық денесімен Ақ Сарбаз,

Жерұйықтың Планеталық Рухы белгілеген физикалық дүние заңдарын

орындауға міндетті.

Жетінші деңгейлі Ғарыш Құрылысшысы өзінің центрлері және

энергетикалық арнасы арқылы Жерұйықпен тікелей байланыста. Ол жақта

Ақ Сарбаз Жерұйықтың астрал және ментал дүниелерін алтыншы саты

адамдарына арнап дайындап жатыр. Бұл жұмыс сол сәтінде Жер

планетасының ментал дүниесіне игі әсерін тигізуде, себебі Ақ Сарбаз Жердің

физикалық дүниесінде әлі өмір сүріп жатыр, ал өзінің жетінші центрі арқылы

Жерұйықпен бір мезгілде байланысып тұр. Өзіне тиесілі рухани қызметтің

денін ол Жерұйықта орындап жатыр, және тек анда-санда ғана Жердің

тамыры тайыз жатқан болашақ оқиғаларын түзетіп жіберіп отырады.

Жердің ментал дүниесіне келетін Жерұйықтың ой формалары алтыншы

саты адамдарының санасына таңбаланып жатыр. Осының бәрі оларға тікелей

қатысты болуының әсерінен олардың бойында ерекше сабыр және жаңа

білімге деген құштарлық қалыптасқан. Тайпа қайтадан өзінің аяғы басып

көрмеген мекенге бағытталған ең ауыр көшіне дайындық үстінде.

Жерұйықта өмір сүруге бұйырылғандар өздерінің центрлері арқылы

Ғарыш Құрылысшысымен байланысқан және оның центрлері мен

энергетикалық арнасы арқылы Жерұйықтың ментал дүниесінің ой

формаларын қалыптастыруға қатысады. Олар бұл ой формаларын өздерінің

болашақ Отандарының ментал дүниесінен астрал, одан әрі физикалық

дүниесінде іске асырады.

262

Бұл әрекеттестік Жерұйық жайлы нақты мәліметті білетін алтыншы

саты адамдары санасының көшкін қардай пәрменді кеңеюіне әкеледі де олар

оны толықтыруға қатысады. Бүгінде олар өздерінің болашақ ғұмырларын

егжей-тегжейіне дейін біледі, өйткені олар оған өздері қатысуда. Бұл ой

формалары Жерұйықтың ментал дүниесінен астрал дүниесіне әсер етіп

жатыр.

Жер планетасынан айырмашылығы ‒ Жерұйықта оның алтыншы

деңгейлі Планеталық Рухы жетінші деңгейлі Құрылысшымен

ынтымақтаса отырып эволюциялық процестерге белсенді түрде әрекеттеседі.

Бұл әрекеттестіктің арқасында өріс алған тегеурінді эволюциялық өрлеудің

жалынында Ақ Сарбаздың және Жерден қоныс аударушылардың ауыр

кармасы жанып кетеді. Ақ Сарбаздың да есебі осы болатын ‒ Эволюцияның

Жерден өрбіген бұтағынан Ғарыш өзінің көптен күткен жемісін татуы керек.

Жердегі эволюцияның бейбіт жалғасуы Ақ Сарбаздың өз халқымен бірге

Жерұйыққа аттануына мүмкіндік береді. Ал Армагеддон болған жағдайда Ақ

Сарбаздың Универсал Ғарыш Модулі Жерұйыққа тартылады да, сол жерде

қайтадан дүниеге келеді. Адамзаттық ана қайтадан оған Жерұйықтың

физикалық дүниесінде өмір сүруге жарайтын дене береді.

Бұл алтыншы саты адамдарының жаңа Отандағы эволюциясын

жалғастыруының бірден-бір шарты.

Ақ Сарбаз өзінің Сарыарқасымен, уланып былғанған, жыртылып, талантаражға

түсіп қор болған асыл Жұртымен қоштасып отыр. Ақ Сарбаздың

жүрегі Отан үшін шеккен «жанын жегідей жеп өртеген» ауыр қайғыдан

арылды. Ол өзінің соңғы ғұмырын аяқтағаннан кейін, қандастарына және

Жер халқының басқа да перзенттеріне қосылып Ғарыш Кемесінің аттанатын

алаңына келеді.

Ақ Сарбаздың алғашқы жоспары бойынша тек Жердің физикалық

дүниесінен көшірілген бірнеше жүз жандармен бірге астралдан

көшірілетіндердің Универсал Ғарыш Модульдері ғана адамзаттың осы

бөлігінің эволюциялық жолы толығымен аяқталғанша тіршілік айналымына

қатысуы қажет еді.

Алайда Жер планетасындағы оқиғалардың одан ары өрбуі барысында

Зұлымдық Империясының ыдырауы және алтыншы саты халқының егеменді

мемлекетінің пайда болуы Жер планетасының барлық тұрғындарының

Эволюцияның алтыншы сатысына қарай жасаған алғашқы қадамы болды.

Алтыншы саты адамдарының пайда болуы – мыңдаған жылдар бойы

жауыздық өргізген, және Ғарыш Бауырластығының ең зор дұшпандарын

тудырған Жер планетасын ақтайтын жалғыз ғана айғақ. Тірі жан иесі ‒ Жер

планетасы өзіне тиесілі жолмен ғарыштық тіршілік айналымына қайта ену

үшін дұрыс эволюциялануы тиіс планеталық тіршілік иесі ретінде қалайда

болса өзін-өзі сақтауға қалған жалғыз ғана мүмкіндігін сарқа пайдаланады.

Алтыншы саты перзенттерінің энергетикалық арналары арқылы Жерге

келіп жатқан ғарыш энергиясы, сырқат планета үшін, тереңде жатқан, жер

263

бедерін айықтыруға арналған алып механизмді іске қосатын сигнал болып

саналады.

Ішкі механизмге бағынған планета континенттердің бірін ішіне тартып,

сыртқа жаңа құрлықтарды итеріп шығарады. Бұл қалайша іске асатынын

Исайя пайғамбар айтқан (41-ші бап):

«5. Аралдарды көрдік те үрейлендік. Жердің шеті дірілдеді. Бір-біріне

таяп келіп, қосылды.»

Ал планета өзі, өзінің эволюциялық игілігі ‒ алтыншы саты адамдарын

корғайды және Ғарышта көптен күтулі алтыншы саты перзенттеріне

Жерұйықпен қабаттаса Жерде де эволюциялық жолын жалғастыра алатындай

ахуал тудырады. Уланған, тіршілік етуге жарамсыз жерлерді планета ішіне

тартып алады. Қайнаған магма улы химиялық қосындылар мен экологиялық

зиянды өндіріс қалдықтарын қайыра ыдыратады. Кез келген тірі организм

сияқты, планета, бұл шлактарды өңдеп зарарсыздандырады да, өзінің

тіршілік етуі үшін аса маңызды ағзаларынан аулақ орынға түсіріп, капсулаға

тығып тастайды. Бұрынғы құрлықтардың орнына планета өз ішінен жаңа

континентті ‒ Жердегі Жерұйық пен аралдарды өсіріп шығарады. Осы

құрлықтарға табан тіреген адамзат, Жерұйық өркениетімен қабаттасып,

өзінің туған планетасында Эволюцияның алтыншы сатысына өрлеуін

жалғастырады.

Бұндай жағдайда Ғарыш Құрылысшысы Жер адамдарының Универсал

Ғарыш Модульдерін Жерұйықта тудыру үшін Жерұйыққа өткізе алады.

Галактикалар арасындағы туыстас өркениеттер мен тұлғаларды алмасу ‒

Ғарыштың «Килікпеу туралы» хұқығына еш нұқсан келтірместен іске аса

береді. Жерұйық тұрғындары мен Жер адамдары бірлесе әрекеттесіп ортақ

кармалық спираль өреді. Жерұйық оқиғалары кейіннен міндетті түрде Жерде

қайталанатын болады. Бұл заңдылық Жерұйық өркениетінің Жер

өркениетімен салыстырғанда анағұрлым биік болуынан шығып отыр.

Уақыт өте екі планета да эволюциялық деңгейлерімен теңесіп біртұтас

өмір айналымын қалыптастыруы тиіс.

7. Елім-ай

Физикалық дүниедегі белгіленген жеріне жүк кемесі қонған сәтте, Жер

планетасының астрал дүниесінде Тозақ пен Тазартқыш жойылады. Немесе

Армагеддон отында планетамен бірге өртенеді, немесе Эволюцияның

алтыншы сатысына бүкіл адамзаттың, дұрысында Жердің планеталық

Рухымен бірлесе жылжуының нәтижесінде ‒ Тозақ пен Тазартқыштың

тіршілігі кармалық қажетсіздігіне байланысты ‒ мүлдем жойылады.

Осы нұсқаның қайсысы іске асса да, Жерұйыққа қоныс аударушылар

бұл дүниеде енді орны да қалмаған Тозақ пен Тазартқышқа қайтып орала

алмайды. Осылайша карма заңы формальды түрде болса да орындалады.

Келмеске кеткендердің Универсал Ғарыш Модульдері, Эволюцияға

сәйкестігі тексерілгеннен соң тіршілік айналымынан алынады. Алтыншы

264

саты перзенттері Жерде соңғы рет Отанымен қоштасып «Елім-ай» ұлттық

гимнін айтады, содан кейін қасіретті халықтың Жаңа тарихы басталады.

Қоныс аударушылар, ракета жерден тебінгенде өздерінің туған Жер

планетасын соңғы рет тамашалап қоштасады, одан кейін біраз уақыт өткен

соң өздерінің асыл шырағы ‒ алтын Күнмен мәңгіге арыздасады.

Жерден жеткен өмір эстафетасын қабылдаған Ғарыш Кемесі

галактикааралық кеңістікті жүзіп өтеді де, Жаңа Отанда Жиһанның негізгі

заңы ‒ Эволюция заңын іске асыру ‒ ары қарай жалғаса береді.

Жер адамдары Жерұйыққа тұтас әулеттер болып көшіріледі. Бұл

әулеттік карманы сақтау үшін және болашақта жоғары деңгейдегі мейірбан

карманы қалыптастыру үшін керек. Қоныс аударушылардың арасында

еңбектеген баладан бастап еңкейген қарияға дейінгі аралықтағы түрлі жас

өкілдері болады. Бұл, эволюцияның бастауыш тұйық кіші сатылары, Жаңа

Отандағы саналы тіршіліктің табиғи айналымын қалыптастыру үшін керек.

Барлық қоныс аударушылар және алғашқы керекті азық-түлік қоры, киіз

үйлер, үй тұрмысының жабдығы, көшпелі малшылардың еңбек құралсаймандары,

Жерұйықтың шөлейтінде өмір сүре алатын малдың тұқымдары

‒ осының барлығы жүк кемесіне тиеліп күнмаңайы орбитасындағы жұлдыз

кемесінің тұрғын бөлігіне жеткізіледі.

Жұлдыз кемесінің аттануы мен Жерұйық орналасқан басқа Галактикаға

және оның жұлдыз жүйесіне ұшу уақыты қатаң белгіленген.

Бұл аталмыш жұлдыз жүйесінің аса сирек қасиетімен түсіндіріледі.

Бүкіл жүйе қатып қалған газ және мұз кесектерінен тұратын тығыз қалқанмен

қоршалған. Осыған байланысты, басқарылып ұшатын кез келген объекттер

бұл жұлдыз жүйесіне ене алмайды. Туған күнінен бастап осы уақытқа дейінгі

аралықта бірнеше рет қана, аспан механикасының заңдарына сәйкес бұл

қалқан бойында қысқа уақытқа туннель пайда болған.

Қазір Жерұйықтың жұлдыз жүйесінде дәл сондай, сирек кездесетін

кұбылыс басталды, яғни планеталардың бәрі бір сызық бойына реттеліп,

олардың ортақ массасы екінші жұлдыз ‒ Ақ қортықпен бірігіп белдеудің бір

жағынан өте сиретілген кеңістік ‒ қалқандағы туннельді тудырады. Жұлдыз

кемесінен бөлініп шыққан жүк кемесі осы туннель арқылы өтіп үлгіруі керек.

Жүк кемесі қоныс аударушыларды Жерұйыққа жеткізіп салғаннан кейін

метеорит белдеуіндегі туннель жабылады да жұлдыз жүйесінің ішінен

болсын, сыртынан болсын, барлық физикалық ұшатын объекттердің жолы

ұзақ ғасырларға кесіледі.

Қазіргі уақытта біздің ғарыштық бауырластарымыздың біразы астрал

дүниесінде өмір сүреді. Қалғандары планетаны дер кезінде босатып Жерден

қоныс аударушыларға тастап кету үшін өздерін және туыстарын саналы

түрде азапты құрбандыққа шалып, өздерінің физикалық денелерінің дәмін

барынша тез тауысуға тырысуда.

Бірақ бұл құрбандықтары үшін оларға жылдам эволюция сыйы беріледі.

Олардың астрал дүниесі физикалық дүние тұрғындары үшін айқын. Ол

жердегі дүниелер арасындағы әріптестік ешқашан үзілмейді, сондықтан олар

265

ажал дегеннің не екенін білмейді, ал физикалық денелерін тастап шыққан

жандар іргедегі қабаттас дүниеде өмір сүре береді.

Эвакуациялық шеріктер өз өркениетінің белгілерін жою жұмысын

аяқтайды, биологиялық айналымдарды өзінің биік саналы бөлігінсіз тіршілік

етуге тұйықтайды. Бұрынғы өркениеттің орнын енді Жерден қоныс

аударушылар басады. Жер адамының табиғатпен әрекеттесіп, тіл табысуы

қандай болса, Жаңа Отандағы жаңа жағдайға икемділігі де сондай дәрежеде

сәйкес болады.

Қатаң шектелген мерзімге байланысты, Жерұйықтың жергілікті

тұрғындары таяудағы планетаның біріне қоныс аударады. Ғарыш

бауырластарымыз Жер адамдарын қабылдау үшін жүргізіліп жатқан

дайындық жұмыстарын аяқтап қалды, бірақ белгіленген мерзімге үлгірмейтін

түрі бар. Сондықтан Ғарыш Құрылысшысы бұрын өзі байқап қалған таудағы

көлдің тура қарама-қарсындағы құм мен шөлейттің түйіскен жерін қону

алаңы етіп белгіледі. Ұлы Шөл осы тұсқа таяғанда едәуір тарылады. Көшіп

келушілер таяу арадағы адырлардан алыстағы биік тау шыңдарын тамашалай

алады. Ақ Сарбаз бұл тауларды Тәңіртау деп атады. Төбесін бұлт пен мұнар

жапқан қарлы шыңдар мөлдір сулы, шүйгін жайлымды Жетісу мен Алтайды

елестететін болады. Саһара жұрты үшін бұл жаңа мекен ‒ Жерұйық болмақ.

Қоныс аударушылардың түсетін жері жан-жақты ойластырылған.

Аталмыш жердің ауа райы, біркелкі өсімдіктер және жануарлар дүниесі, аса

терең емес өзендері көшіп келушілердің тез бейімделуіне ықпал етеді. Олар

біраз уақыт бойы кеменің тұрғын бөлігінде болып Жерұйыққа аз-аздап

үйрене бастайды. Кеме ‒ өзі үй, өзі қуат көзі және Уақыт Жібін үзбей,

бұрынғы Эволюция Сатылары туралы адамзаттың Жадын, оның азапты

тарихы жайлы Шежіресін бұзбай сақтау мақсатында адамзат жинақтаған

рухани және мәдени қоры да болады. Бұл, эволюциялық Зейін мен

Тәжірибені өшірмей сақтауды талап ететін алтыншы саты жоспарының

орындалуының бірден-бір шарты.

Жойылмайтын голограммалық мәліметті сақтайтын компьютер тұрған

Білім Қорына әркім кіре бермейтін болады. Тек Киелі Құпияны Сақтаушылар

ғана эволюциялық процестер мен пайда болған мәселелерді Жердің

оқиғаларымен салыстырып пайымдауға құқылы болады, өйткені бүкіл Жер

кармасы қоныс аударатын әрбір жеке адамның бойында және тұтастай

алғанда бүкіл алтыншы саты халқының бойында сақталады.

Жерұйық жұртының ортақ кармасына Ақ Сарбаздың кармасы өріледі.

Егерде ол өз халқымен бірге Жерұйыққа барып түссе, онда қоныс

аударушылардың жолы аса ауыр болмайды, себебі Ақ Сарбаздың Жерұйық

жайлы білімі олардың жаңа өмірге деген төзімін арттырып шығындарын

едәуір азайтады.

Алайда, Армагеддон болмай қоймаса, онда Жарық Күштерінің жеңісі

үшін Ақ Сарбаздың сол кезде құрбан болуы шарт. Бұлай болғанда алтыншы

саты халқы өз ішінен жұлдызы жарқырап туатын ең асылын күтеді. Жаңа

266

Отанда туған Осы перзенттің бойынан олар өздерінің Ақ Сарбазын жазбай

таниды.

Карма спиралі бойынша, бірақ енді Жерұйықта Ақ Сарбаздың

Саһарадағы, Әжесінің үйінде, туыстарының ортасындағы балалық шағы

қайталанады. Ол өзінің өткен ғұмырындағы астрал денесінде жүріп

Жерұйықта көргендерін есіне түсіреді. Сонда туған тайпасы, жетінші

дәрежелі Құрылысшының лауазымын, құдіретін және білімін иеленген жас

баланың айтқандарын бұлжытпай орындайды.

Карма спиралінің бұлтартпас дамуына бағынған Ақ Сарбаз Жерұйықтың

батысында моншақтай тізілген тауларға көшін бастап жүре береді. Төтесінен

кесіп өтпек болған алғашқы әрекет сәтсіз аяқталады. Жол қарауға кеткен

адамдар аласа Қаратау мен биік Тәңіртаудың арасын қақ бөліп жатқан тік

жарлы терең аңғардан мал-жанмен өту мүмкін емес екенін айтып, қайтып

келеді. Тайпаның бір бөлігі шығысқа, шөлейтке қарай жылжып көреді,

алайда көп ұзамай шөлейттің көлемі, жұтаң жайылымы мен суаты малға қол

емес, ‒ деп кері қайтады. Сол кезде Ақ Сарбаз, ұрпақтар кейіннен аңыз

қылып айтып, алғыспен еске алатын жаңа жол ашады. Бұл тұщы сулы

Теңізге, одан ары Жерұйықтың Ұлы Даласына апарар жалғыз дұрыс жол

болып шығады.

Ақ Сарбаздың елі малға жеткілікті шөбі мен суы бар жолмен солтүстікке

өрлей жылжиды. Көгал мен суаттарды жағалаған Ақ Сарбаз әулеті тауға

жетіп ойдағы көлге құлап, осы жерде ұзақ тұрып қалады. Таудың шыңынан

олар түтін салып қалған жұртқа белгі береді. Олар да Ақ Сарбаз көшінің

соңынан еріп таудағы көл мен гүлденген жазираға келеді. Шырышы

бұзылмаған табиғаттың аясында жер қайысқан көп халықтың ұзақ уақыт

қоныс тебуі Жерұйықтың ментал және астрал дүниесіндегі жарасымды бұза

бастайды. Планетаның физикалық дүниесінде апаттың лебі білінеді.

Сондықтан Ақ Сарбаз қайтадан Ұлы Даланың ішіне қарай бойлай

көшеді.

Жол бойында Ақ Сарбаздың тайпасы Жасыл Жұлдыздың батар тұсын

маңдай сүбеде ұстап жайылым мен суаттарды жағалай көшпелілердің ирек

бағытымен жүреді. Осы жолдың бойында қарт адамдар өз эволюциясының

алтыншы кіші сатысын бір ғұмырда тәмамдайды. Барлық пен молшылыққа

бөккен қандастарына бата берген олар, туыстардың құрметіне бөленген

күйде Жерұйық планетасының физикалық дүниесін тастап шығады.

Жерұйықтың физикалық дүниесінен қайтқандар оның астрал, одан кейін

ментал дүниесін жайлайды. Олар қабаттас дүниелерде алғашында қысқа ғана

ғұмыр кешеді.

Жерұйықтың жаңа тұрғындарының Универсал Ғарыш Модульдері

ментал және астрал дүниесінің сапасы жаңа материясын өзіне тартып алып

планетаның физикалық дүниесінде жаратылады. Бұл өз кезегінде,

Жерұйықтың жаңа тұрғындарының дене бітімдерінің өзгеруіне апарып

соғады. Балалардың сыртқы келбеті ата-аналарына ұқсамайтын болады.

Олардың бет-әлпеті нәзік болады, ал ұзынша үлкен көздері Жаңа Отанының

267

барлық бояуы мен реңкін көретін болады. Олардың денелері Ғарыш

энергиясымен қоректенуге үдемелі түрде икемделе бастайды.

Қабаттас дүниелерде ие болған эволюциялық нышандар мен қабілеттер

жаңа дүниенің жаңа азаматтарын аса жылдамдаған эволюцияға бастайды.

Астрал және ментал дүниелері физикалық дүниемен және оның жаңа

тұрғындарымен үздіксіз қатынасқа түседі. Жасыл Күннің биік қуаты жұмсақ,

жылы және шашыраңқы сәулелену күйінде тарайды. Жерұйықтың бояуы

қанық табиғат суреттері алтыншы саты адамдарына берілген сый болады.

Осының барлығы Жерұйықтың физикалық дүниесінен қайтқандардың

тұратын мөлдір астрал дүниесімен оңай да қарапайым қатынастың арқасында

жалпы рухани өрлеуге бастайды.

Ұлы Даламен көшудің барысында көптеген ұрпақ ауысады.

Жерұйықтың қабаттас дүниелеріндегі қандастар физикалық дүниеде

жаратылып, тайпа өсе бастайды. Осы кезде олар Жерұйықтың астрал

дүниесіндегі өмірін аяқтайды. Бұл жерге олар Галактикааралық Соттың ‒

адамзатты басқа планетаға көшіру туралы үкімі шығарылғаннан кейін

Ғарыштық жұлдыз кемесімен жеткізілген болатын.

Үдемелі түрде эволюцияланған олар Жерұйық планетасының ментал

дүниесіне өтеді де, алғашқы қоныс аударушылар физикалық дүниені тастап

шыға бастағанда, бұлар ментал дүниесіндегі қысқа ғұмырларын аяқтайды.

Олардың Универсал Ғарыш Модульдері физикалық дүниеге тартылып, жаңа

денеде, жаңа планетада, Жасыл Жұлдызы жарқыраған жаңа аспанның

аясында дүниеге келеді.

Жерұйықтың жаңа тұрғындары аса қолайлы жағдайда, рухани жолмен

үдемелі дамитын болады. Бұл жайында Бірінші Өсиетте Исайя пайғамбар

айтқан (66-шы бап):

«22. Міне, сонда, Мен жаратқан жаңа аспан мен жаңа жер дәйім Менің

көз алдымда тұратыны сияқты, сендердің ұркың да, есімің де солай болмақ,

дейді Иеміз.»

Жаңа Өсиетте апостол Петр бұл жайында өзінің Екінші сәлемінде былай

деген (3-ші бап):

«13. Біз, Оның өсиетімен, ақиқат қана жасайтын жаңа аспан мен жаңа

жерді күтудеміз.

Соңғы Өсиеттің 14-ші сүресінде былай делінген:

«49. Жер ‒ басқа жерге айналған, ал аспан ‒ басқа аспанға айналған күні

олар барлығын бағындырған бір Құдайдың алдына келіп тұрады.»

БҰДАН БЫЛАЙ ҚҰДАЙДЫҢ АЛДЫНДА ТҰРҒАН АЛТЫНШЫ

САТЫ ПЕРЗЕНТТЕРІ ЕНДІ ЕШҚАНДАЙ КЕЛІСІМДІ КЕРЕК ЕТПЕЙДІ.

ОЛАР БІРТҰТАС ҒАРЫШ АҒЫНЫНДА ЖЕДЕЛ ДАМИТЫН БОЛАДЫ.

Жерұйықтың аса жылдам дамыған тұрғындарының Универсал Ғарыш

Модульдері Ғарыш Құрылысшыларының деңгейіне жеткеннен кейін, өз

еркімен Жер планетасында жаралып адам қоғамының эволюциясына игілікті

ықпалын тигізе алады. Осының арқасында адамзат, байтақ ұмтылыс жасап

саналы айуан дәрежесінен Ғарыш адамы дәрежесіне көтеріледі. Бұндай

268

адамның Жерде жетерлік дәрежеде дамыған Универсал Ғарыш Модулі

арқылы Жерұйықта туып, жердегімен салыстырғанда өлшеусіз биік ахуал

үстінде өзінің эволюциясын жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Көшпелілер Ұлы Даланы жайлап болғанша оның бұрынғы тұрғындары

өз өркениетінің барлық белгісін жойып үлгіреді де олардың Ғарыштық

жоспары толығымен орындалған болып саналады. Ұлы Дала миллиардтаған

адамды асырай алады. Жерұйық тұрғындарының келесі әулеті Жер

планетасының астрал және ментал дүниелерін тастап шыққан, Жерұйықта

дүниеге келудің хұқығын алған тұлғалардың Универсал Ғарыш

Модульдерінің есебінен көбейе алады.

Ұлы Даладағы сапары кезінде Ақ Сарбаз өзінің тозған физикалық

денесін тастап шығып, Жерұйықтың қабаттас дүниелеріне өтеді. Содан кейін

Ақ Сарбаз шамамен төртінші буында қайта туып Жерұйықты толық айналып

шығады.

Жерұйықта дүниеге келген әрбір жаңа буын бұрынғыларына қарағанда

планетадағы тіршілік құру жағдайына әлдеқайда бейімделген болады. Тайпа

қатыгез шөлейттен қиналмай өтіп Кемеге қарсы тараптан қайтып келеді.

Бұлар Тіршілік Айналымының заңына сәйкес туған, бұрынғыға қарағанда

кемелі биік денені иеленген сол баяғы 1-ші көшпен қоныс аударушылар

болады. Оларды, бұлар сияқты жаңа денені иемденген, Кеменің жанында

қалып қойған қандастары қуана қарсы алады. Тауға қарай көшіп кеткендерді

бұлар көп уақытқа дейін ұмытпай естеріне сақтайды, ал уақыт өте көзден

тайғандар бұлар үшін аңызға айналады.

Араларында бір ғана реніш, көлеңке болады. Кеме жанында қалып

қойған отырықшылар өздерінің көшпелі қандастарынан бет-әлпетімен де

андағайлап ажырасып турады. Кеме маңайындағы кеңістікті игеру

барысында бұлар Жер планетасындағы өздерінің қыстауларына ұқсас тұрақ

салып алады. Жарым-жартылай бұрынғы тұрмысты, тіпті айырбас сауданы

жаңғыртады. Бұның барлығы руымен бір адам үшін, бір адамы бүкіл ел үшін

құрбан болып үйренген көшпелілерді қатты түңілдіреді. Ұлы Даламен

көшкен заманда бір-біріне сүйеу және құрбан болу қағидасын ұстанып қана

аман қалып эволюциялануға болар еді. Сондықтан Ақ Сарбаз

отырықшыларға да, алғашқы табан тіреген тұраққа қайтып келгендерге де

таудағы Теңізге, одан ары Ұлы Далаға қарай көшуге әмір етеді. Бұл сапарды

Ақ Сарбаз бітпеске, мәңгіге, Жерұйықтағы физикалық тіршілік аяқталып,

халық Эволюциясының жаңа, жетінші сатысына өткенше бұйырады.

Осы ‒ әуелі Ғарыш Кемесінен басталған, одан кейін Ұлы Даладағы ұшықиыры

жоқ жолға ұласқан сапарда Жер планетасында басталған Кармалық

Спираль өзінің бастапқы Нүктесіне келіп тұйықталады. Қабылды тастап,

адамзат, Құдайдың қалаулы ұлы ‒ көшпелі Абылға келеді, одан кейін Адам

ата мен Хауа ананың ұрпағы алтыншы сатының аяғында астралды Жаннатқа

қайтып оралады. ҰЛЫ ДӘУІР ӨЗІНІҢ БАСТАПҚЫ НҮКТЕСІНЕ КЕЛІП

КҮРМЕЛЕДІ.

269

Құдайға кейіптес, ұқсас етіп жаратылған адам, оянған центрлері арқылы

өз бойында биік қасиеттерді сомдайды. Осы қасиеттердің көмегімен ол

эволюциялық қысқа мерзімнің ішінде алтыншы сатыдан өтеді де жаңа

Отанының физикалық дүниесін тастап шығады, содан кейін планеталық

Эволюцияны түйіндейтін жетінші сатыны игеріп астрал дүниесіне өтеді де,

одан ары Жерұйық планетасының ментал дүниесін көктей өтіп шексіз Ғарыш

Кеңістігіне шығады.

Эволюцияның осыдан миллиондаған жыл бұрынғы, ілкі ахуалы

осылайша өзінің толық қалпына келеді.

Жасы үлкен адамзат өзінің эволюциялық заңды орнын иемденеді, ал

бізге кезінде өздерінің Ғарыштық Тұрағын босатып берген жасы кіші

бауырларымыз Эволюция деңгейімен енді ересек болып шыққан Жер

планетасындағы бауырларының көмегін қуана қабылдайды. Осылайша

Эволюциялық Ғарыш Спиралі қалпына келеді де Ғарыш циклы жалғаса

береді.

ЖИҺАННЫҢ ОСЫНДАЙ СЫН САҒАТЫНДА, ТӘҢІРІМ, ҚАЗАҚ

ЖЕРІН, ҚАЗАҚ ЕЛІН САҚТАЙ ГӨР!

270

Т Ә Ң І Р Ж А У Ы Н Г Е Р І

(Әңгімелер жинағы)

271

1.ТӘЛІМГЕРЛЕР

Өзінің рухани дамуы енді ғана басталғанда, жетпісінші жылдардың

басында Ақ Сарбаздың үйіндегі телефон шылдырлады – әйел дауысы оның

есімін атап, артық сұрақ қоймауын өтінді де, бірден іске көшкен болатын:

‒ Сіз «Иван Денисовичтың бір күнін» оқығыңыз келе ме?

‒ Әрине, оқығым келеді! Мен бұл повесть жайлы көп естіген едім, бірақ

еш жерден таба алмадым.

‒ Онда ертең, тура сағат 8-00-де пәлендей бір көшеде болыңыз да, жол

жиегімен төмен жүре беріңіз. Жеңіл көлік қасыңызға таяғанда, оның

терезесінен Сізге пакет беріледі. Оны сөмкеге немесе папкаға салыңыз да,

асықпай үйіңізге қайтыңыз және Сізге оны оқып бітіру үшін қанша уақыт

қажет?

‒ Әдетте, мен өте жылдам оқимын, бірақ мәтіні ұнап қалса, қайта

оқитыным бар, сондықтан маған екі-үш күн әбден жеткілікті болар деп

ойлаймын. Сізге, тосыннан берген көмегіңіз үшін алдын ала

ризашылығымды білдіремін, өйткені өзімнің отыз жасыма қарай тек М.

Горькийдің «Клим Самгинның өмірінен» және біздің елде басып шығарылған

тағы бірнеше классиктердің жазғандарынан басқасының бәрін оқып шықтым,

өйткені олардың шығармалары жүрегімді елжірете қоймаған еді. Ал қазір,

нағыз рухани аштық күйіндемін!

‒ Жақсы! Онда, ертеңге дейін!

Таңертең Ақ Сарбаз керекті көшеде болды – оған автомобиль таяп,

қасынан өте берген кезде терезесінен газетке оралған пакет берілді де,

автомобиль кетіп қалды...

Үйінде, Ақ Сарбаз пакетті ашты. Оның ішінде повесть басылып шыққан

кеңестік журнал бар екен.

Үш күннен соң телефон шылдырлап, тағы да сол дауыс сәлемдесті де

сұрады:

‒ Повесті қалай бағалайсыз, әсіресе несі Сізге көп әсер етті?

‒ Әрине, автор сөздің үлкен шебері. Оның тілі дәмді екен! Өзінің не

үшін отырғызылғанын сол күйі түсіне алмаған қарапайым «зэктің» қасіретті

көңіл-күйін өте шынайы сезіндім. Бәрінен көп есте қалғаны, ол – ешкіммен

272

араласпайтын және асханада еңсесін тік ұстап отырып, тастай қатты қызыл

иектерімен тамақты шайнап жеп отырған саяси тұтқын, себебі тістері не

цинганың салдарынан түсіп қалған, немесе оларды тергеу кезінде сындырып

саудыратқан болуы керек. Бірақ ол иілмеген!

‒ Өте дұрыс, тамаша тұжырым. Ертең тағы да сол көшеге, сол уақытта

келіңіз. Пакетті қайтарып, жаңасын аласыз.

Пакетті үйіне әкеле салып, оның ішінен ағайынды Стругацкийлердің

«Құдай болу қиын» повестін көрді. Бірнеше күннен соң телефон тағы да

шылдырлап, дауыс, өткен жолғыдай, қалай? ‒ деп сұрады.

Кітап маған – жоғары дамыған өркениеттің төмен дамыған өркениеттің

тағдырына араласуының заңдылығы бойынша сұрақтарыма қатысты жауап

берді. Бірақ, есте қалған басты ой, ол – қатал тирания мен диктатураның

орнына «сұрлар» не «қоңырлар», ал олардың орнын міндетті түрде

еретиктерді, не кітаптарды өртейтін оттарын жақпай жүре алмайтын қара

мундирге немесе рясаға киінгендер ауыстырады!

‒ Жақсы! Өте дұрыс қорытынды! М. Булгаковтың «Шебері мен

Маргаритасын» оқығыңыз келе ме?

‒ Өте, келеді! Бұл кітапты оқуды баяғыдан армандап едім! Сізге тіпті

қалай алғыс айтарымды білмей тұрмын!

‒ Біз үшін ең үлкен алғыс, ол – Сіздің өмір жолын дұрыс таңдағаныңыз!

Ал енді – көше мен уақыт, және қалғаны да солай, өзгереді!

Осылайша, Ақ Сарбаз М. Грегордың «Көпір» антифашистік повестін,

Г.Г. Маркестің «Жүз жыл жалғыздығын» оқып шықты. Ақырында, ол А.

Бестердің «Беті жоқ адам» фантастикалық әңгімесін оқуға алды. Кітапта,

бөгденің ойларын оқи алатын адамдар туралы әңгімеленген еді, ал ондағы

жазылғанның бәрі оған адамдардың ойларын кәдімгідей көре бастағандағы

өзінің көңіл-күйін түсінуіне көмектескен болатын. Жетекшілерінің, оның

көңіл-күйін дәл сезіп, өзіне қалай көмектесу керек екенін білетіні Ақ

Сарбазды таңқалдырды. Ізінше, принтерде басылған Ричард Бахтың

«Джонатан Ливингстон есімді шағала» астарлы нақыл-повесті келді.

Оқығаны оны тітіреткені сонша, Ақ Сарбаз өзінің есінен айырылмағанын ‒

Эволюция және Қайта құбылу Заңдары туралы білетін адамдардың бар

екенін түсінді...

Одан ары ол Андрей Платоновтың «Шұңқырының» ксерокөшірмесін

алды. Кітап оны тітіретті. Бәрінен де оны, «қызыл террор» заманында 1930

жылы осындай антикеңестік шығарма жазуға автордың тәуекелге барған

273

ержүректілігі және оның, ішіне бүкіл континент батып кеткен СОЛ

«Шұңқырды» сәуегейлікпен көре білгені таңдандарды.

Повестің соңында ол кішкентай жазбахатты тапты, онда оның демалыс

күні әдеттегідей, базарға азық-түлік алуға сөмкесін ала баруын және

ештеңеге таңқалмауын сұраған екен. Ақ Сарбаз өзіне қамқорлық жасалып,

дәріс берілгенін өте ұнататын, сондықтан белгіленген уақытта базарға барып

көкөніс пен жарма сатып алды. Ет пен балықты ол бұл кезде жемейтін, ал

егер ботқаның немесе көкөністен пісірілген көженің дәмін келтіру үшін

өсімдік майының бір құмырасын сатып алу мүмкіндігі бола қалса, соған

қуанатын. Ол өзінің негізгі мақсаты туралы мүлдем ұмытып кеткен еді, бірақ

ауызы ашық сөмкесіне біреу бір нәрсе салғанын сезді.

Үйінде ол түтікшені ашты. Оның ішінде Теміртау мен Новочеркасскідегі

халық шерулерінің атылуы туралы екі қысқа ксерокөшірме бар екен.

Теміртаудағы оқиғалар туралы ол ‒ қазақ, орыс, украиндерді атып өлтіруде

Кавказсырты республикаларынан келген жендеттердің қанішерлігінің куәсі

болғандардан естіп білген болатын. Бірақ, Новочеркасскіде орыстар

өздерінің орыстарын атып, қырып тастағаны және қырылғандардың арасында

балалар мен әйелдер болғаны оны жантүршігерлік күйге түсірді.

Ол апатайынан, «компеске» жайлы, 1930-32 жылдары аштықтан өлген

адамдардың мәйіттері Саһарада шашылып жатқаны туралы естіген болатын.

Бұны, большевиктер басшыларының жіберіп алған қатесі ғана, олар

көшпенділер мен егіншілердің шаруашылықтарын бір-біріне теңестірген, ал

«артық» мал мемлекеттің мүддесі үшін конфискацияланған деп

пайымдайтын.

Ал мына жағдайда ол – әлде осының сыры жүйеде ме, және

большевиктердің істеген істеріне олардың идеологиясы қиюласпай ма, деп

ойлана бастады.

Мақала соңында ол тағы да жазбахат тапты. Онда, олардың уақытша

ажырасатынын, себебі өздерінің бақылауға алынғанын сезгенін және ол да

байқап сөйлеп, өз пікірлерін абайлап айтып, оған сақ болуын ескертіпті. Одан

ары – қолындағы барлық алғандарын өртеп, өзін бұдан былай қарапайым

кеңестік адамдай ұстауы керек деген өтініш бар екен.

Біраз уақыт өте, Ақ Сарбаз жұмыс істеп жүрген зерттеу институтының

директоры шақырып, оны КОКП-ға (КПСС) қабылдау туралы бөлу қағазын

көрсетті. Ақ Сарбаз бұны естігенде есінен танып қала жаздады: ‒ Неге мені?

‒ Менен гөрі лайықты басқа біреудің болмағаны ма? – деп директордан

сұрады.

274

– Түсінесіз бе, партия гуманитарлықтар ‒ тарихшылар, заңгерлер,

филологтармен кәдімгідей асқын жүктелген, ал коммунизмнің ғылымитехникалық

базасын құру мақсаттарын шешу үшін, атап айтқанда ‒

техникалық сауатты мамандар мен 30 жас шамасындағы ұлттық кадрлар

керек! Сондықтан, электрондық-есептеуіш техникасының жетекші маманы

ретінде Сізді ұсынып отырмын.

– Мен мұндай артықшылықтан бас тартамын және ғылыми-техникалық

прогрестің қарапайым еңбеккерлерінің қатарында қалғым келеді!

– Сіз өзіңіздің қызмет бабымен көтерілуіңізден айырыласыз! Өзіңіз де

білесіз – басшылық лауазымға тек партия мүшелері ғана ие бола алады.

Оның үстіне, Сіздің жеке ісіңізге КОКП қатарына кіруден бас тартқаныңыз

туралы жазба енгізіледі. Бұл, өміріңізге өте үлкен жағымсыздықтарды ала

келуі мүмкін! Бас тартуыңыздың салдары неге әкелетінін жақсылап

ойладыңыз ба, және шешіміңізді өзгерткіңіз келмей ме?

‒ Жоқ, мен бұл зор құрметтен бас тартамын!

‒ Онда мен қазір карточкаңызға Сіздің бас тартуыңыздың себебін жазуға

тиіспін!

‒ Менің, өзімді КОКП қатарында болуға лайық емеспін деп

есептейтінімді жазыңыз!

Әжептәуір ақылды, дұрыс пікірі бар адамның өзінің аман-саулығынан

бас тартқанына таңырқап, сол күйі түсіне алмағаны директордың жүзінде

көрініп тұрды. Бірақ та, «Шұңқыр» мен Новочеркасскідегі атулар өздерінің

ізгі ісін орындады!

Осы бас тарту туралы жазба Ақ Сарбаздың ісінде, КСРО Мемлекеттік

қауіпсіздік комитетінің мұрағатында сақталған және тілек білдіргендер бұған

көзін жеткізе алады.

Оны өз жағына тарту үшін екі қарсылас жүйенің өзара жарысы

басталғанын Ақ Сарбаз түсінді, бірақ та оның көңілі «қызыл Империя»

қарсыластарының жағында болатын. Империяны күйретіп, өз елін тәуелсіз

ету үшін бір уыс диссидентердің күшінің, және тіпті НАТО күштерінің де аз

екенін түсінсе де, ол ‒ «Идеялар зеңбіректен де күшті» екеніне сенетін,

сондықтан өзінің саяси білімін жалғастыра беруді ұйғарды. Ал, бұл үшін ол,

кімді жақтайтынын өзінің әрекеттері арқылы білдіруге тиіс еді.

Өзіне МҚК (КГБ) тыңшысы бекітілгенін және сол «стукач» сыртқы

құрылғылар жөніндегі механик екенін ол баяғыда түсінген еді. Өзінің ЕОсына

(ВЦ) жұмысқа қабылдаған кезде оның кандидатурасына үзілді-кесілді

275

қарсы болған, өйткені оның бұрынғы жұмыс орнында қызмет көрсеткен

механизмдері есептеуіш техникасына ешбір қатысы жоқ болатын. Бірақ та

директор, үміткердің өте белгілі кәсіпорындардың парторгы болғанын

айтқан. Ақ Сарбаз қарсы болып, қалайша жасы қырықтан әлдеқайда асқан

ересек адамның сондай маңызды кәсіпорынның партия ұйымының

басшысына тиесілі артықшылықтардан бас тартып, өз мамандығын күрт

ауыстырғаны несі? ‒ деген еді.

Алайда директор, мәселенің талқылауға жатпайтынын мәлімдеп,

кандидатураның жоғарыдан бекітілгенін тұспалдап түсіндірді. Амалы

қалмаған Ақ Сарбаздың бұған көнуіне тура келді. Механик өте сыпайы,

пысық жұмыскер болғанымен, арнайы білігінің жоқтығы бірталай мәселелер

тудырды. Ақырында, бұны бұлтартпас қажеттілік ретінде қабылдауға мәжбүр

болды.

Жаңа орынға біраз үйреніп алған механик, әрине саяси жұмыс жөніндегі

көшбасшының рөлін иемденіп алды. Әр ұжымда міндетті түрде өтетін саяси

сағаттарда ол өзін шынайы политруктай ұстайтын болды. Қарсыласуға жол

бермейтіндей үнмен, ол тіпті өзінің тікелей бастығын жөнге салуға кірісті,

әсіресе, Ақ Сарбаз КОКП қатарына өтуден бас тартқаннан соң, ол тым

еркінсіп кетті. Өзінің бастығын кәдімгідей саяси сауаты жоқ адам деп

санайтыны көрініп тұрды.

Оның қарсы шыққан әрекеттерінің бірінде, Ақ Сарбаз механикке сұрақ

қойды:

‒ Эйнштейннің малайы өзінің қожайынын жай ғана есуас деп санағанын

Сіз білесіз бе? Ал, осы құпияның сыры – бұл малайдың, фашистік

Германияның саяси полициясы – «гестапоның» тыңшысы болуында еді. Ал,

егер қожайыны оның бақылауының астында болса, онда ол шынында да

жармес! Әйтпесе, фюрерді мадақтап, сый-құрметке бөленіп жүрмей ме!

Механик, бұған ‒ кейбір өресі төмен адамдарға ашуланып, оларды

итжеккенге тағы да айдап жіберсе, артық болмас еді! ‒ деп, қорқытқандай

болды.

Ақ Сарбаз онысына былай жауап берген еді:

‒ Партия, итжеккенге бір рет азын-аулақ кибернетиктерді жөнелткен

болатын! Сонда, қазір кибернетика қайда жатыр, және Батыспен

салғастырғанда, қай деңгейде екен? Мемлекет, кез келген жолмен батыстық

технологияларды қолға түсіруге тырысады. Өз күшімізбен әзірлеген бірде-бір

ЭЕМ жоқ! Барлығы ‒ шетелдік кешендердің «бүтіндей тартылған»

көшірмесі! Ия, темірді көшірмелеп, көбейтуге болады! Бірақ, эволюциялық

276

жолмен қалыптаспаған мектепте бірнеше жыл ішінде мамандарды өсіріп

шығару мүмкін емес! Сонымен, баратын жеріңізге барып, менің

көзқарастарым туралы жеткізіңіз!

Осы сөздерден соң механиктің үні өшті, бірақ та, өзінің намысын

көпшілік алдында қорлауға батылы жеткен «ақылды туземецті» құртып

жібергісі келіп тұрғаны оның түрінен-ақ түсінікті еді.

Өзінің Тәлімгерлерімен уақытша ажырасуы да осы қақтығыстан соң

орын алған болатын. Бұл келеңсіз оқиғаны ол бірден өзінің политрукмеханигімен

байланыстырды да, оны кәдімгідей ‒ лауазымға сәйкес емес ‒

дейтін бап бойынша жұмыстан шығаруды ұйғарды. Бұл үшін, Заң бойынша

үш негізделген баяндаухат беру және тиісті ұсыным жазу керек болатын.

Бұл өте шатақ жол болатын, ал Ақ Сарбаз кімнің үстінен болса да шағым

түсіруді мүлдем ұнатпайтын. Алайда, Ақ Сарбаз ылғи да Жоғарыдан келетін

көмекке телитін бір жағдай орын алды. Біраз уақыт өткенде, механик өз

бастығынан кешірім сұрап, Кеңес үкіметіне наразылығын білдіріп, өзінің

еңбегі сіңген коммунист бола тұра – кішкентай екі бөлмелі пәтерде ұлымен,

келінімен және немересімен қысылып отырғанын айта бастады.

Біртіндеп, жалынды коммунистен ол, аяқ астынан үкімет басындағы

билікке оппозиционер болып өзгерді. Ақ Сарбаз оның сөзін тоқтатуға

тырысты, бірақ ол, өзінің қожайындарының тапсырмасын орындап жатқан

адамның қажырлығымен, артынан келер салдарынан қорықпай, билікті

сынауын жалғастыра берді.

Уақыт өте берді, ал Тәлімгерлер үнсіз еді ‒ бұл, Ақ Сарбазды батыл

әрекетке итермеледі: ол, механикке жаны ашығандай сыңай танытып, тіпті

оның антикеңестік көзқарастарына ортақ екенін білдірді. Ақырсоңында ол,

«сұмдық құпиясымен» өзінің механигімен бөлісті – Ақ Сарбаз, өзінің

«Қамшы мен орақтың одағы» деп аталатын астыртын топтың мүшесі болып

табылатынын айтты.

Механик жайнап кетті! Кенет, Ақ Сарбаз оның ойларын анық естіді:

«Міне, енді ұсталдың ба, көкетайым! Егер мен, бүкіл астыртын ұйымды

әшкерелеп ұстап берсем, онда маған екі, әйтпесе тіпті үш бөлмелі пәтер

шартты түрде беріледі. Қала ортасына жақынырақ, жақсы жоспарланған

болса, онда өзімдікін ұлым мен келініме және немереме қалдырып, өзім

жаңасына көшемін!»

Механик ұйымның мақсаты мен бағдарламасын мұқият анықтап алды.

Жауап оны қуантты:

277

‒ Біздің мақсатымыз – алдымен конфедеративті, ұлттық мемлекет құру,

соңынан ‒ кез келген Одақтық республикаға өз тағдырын өзі шешуге

кепілдік беретін Конституцияға сай ‒ КСРО (СССР) құрамынан шығу болып

табылады.

‒ Ал, біз – орыстардың жағдайы не болмақ?

‒ Сіздерге таңдау жасау құқығы беріледі – Ресейге көшу немесе

азаматтығын қабылдап, тілін үйреніп, Қазақ Республикасы азаматының

барлық құқықтарын пайдалану.

‒ Онда мен екіншісін қабылдаймын да, әрине, осында тұрып өмір сүруге

қаламын!

Біртіндеп, Ақ Сарбаз өзінің механигін өзіне пікірлес етті. Ақырында,

арандатушы тосқан сәт келді. Ақ Сарбаз оған сеніммен, Весновка өзенінің

бас жағындағы бақтың ішінде жексенбіде өтетін ұйымның саяси кеңесінің

отырысы өтетінін және оны әңгімелесуге шақыратынын, ал мен Сізді саяси

кеңеске таныстырамын деп, оған хабарлады.

‒ Ал неге бақта, бір жердегі бөлмеде емес?

‒ Бақтың ішінде бала-шағасымен көптеген қала тұрғындары демалады,

сондықтан аз ғана бір топ адам ешкімнің күдігін тудырмайды. Сіз бақта жай

ғана қыдырып жүресіз, ал мен қасыңызға келіп өзім шақырамын, себебі саяси

кеңес ең алдымен Сіздің білуіңізге жатпайтын өзіміздің мәселелерімізді

шешеді. Бізге жарайсыз ба, жоқ па ‒ барлығы саяси кеңестің шешіміне

тәуелді болады.

‒ Егер ия десе, одан ары не болады?

‒ Сізге, өзіңіздің пікірлес орыстарыңыздың арасында жұмыс жүргізуді

тапсыруы мүмкін.

‒ Ал, егер жоқ десе?

‒ Онда біз ажырасамыз! Сіздің қолыңызда, кейіннен теріс салдар

тудыруы мүмкін ештеңе де болмайды, бір жапырақ қағаз да, бағдарлама да,

біреуге іс жасауға қандай да болсын ешнәрсе Сізде болмайды да, біз Сіздің

алдыңызда тап-таза күйде қаламыз.

‒ Жақсы! Мен міндетті түрде келемін!

Бұл сөздерін айтқан кезінде механиктің ойлары марапаттар туралы ғана

емес, сондай-ақ, оның бастығын күтіп тұрған тағдыр жайлы да еді! Оның

емін-еркін және ауқатты өмір сүруіне жағдай жасап, жаңа мамандықты

игеруге көмектесіп, үйретіп шыққан өзінің басшысына сондай тағдырды

278

тілегенін, Ақ Сарбаз тіпті өзінің көз алдына да елестете алмаған еді. Ақ

Сарбазды бәрінен де көп таңқалдырғаны, ол ‒ адамды, қателесіп жүрсің,

антикеңестік әрекеттерің үшін үлкен залал басыңа тілерсің деп, бұндайға

барудан бас тарт деп оның ескертпегеніне таңырқады. Әрине, қарапайым

адам, тек МҚК агенті болмаса, солай істеуі де керек еді. Сауатты қазақ оған

және оның балаларына ‒ жат жерде майлы «кесек» үшін күресуі кезінде

тікелей қауіп төндірушісі және бәсекелесі болатын. Оның көздерінен ‒ ол

үшін өзінің жай ғана жойылуға жататын материал екенін, сондықтан өзінің

ізденістерін аяғына дейін жеткізуі тиіс екенін Ақ Сарбаз түсінген еді.

Белгіленген демалыс күні механик баққа келді. Олар біраз уақыт бақ

ішінде серуендеді, бірақ «тыңшы» нәтижеге қол жеткізе алмады. Ақ Сарбаз

оған – дастарқан үстінде уәделенген белгіні көрмегенін және бұл, саяси

кеңестің ‒ оны өз қатарына алмай тұрып, тағы да тексеру керек деп

санайтындығын білдіреді деп айтты.

Механиктің көңілі қалғаны анық еді. Ол өзінің теріс эмоцияларын әрең

басып:

‒ Сізге қандай уәделі белгі берілген еді? – деп сұрады.

‒ Бұл тігінен қойылған бір бөлке қара нан болатын! Бірақ та Сіз бұдан

асығыс тұжырым жасамаңыз – келесі жолы бұл дастарқанның ортасына

қойылған кефир құмырасы немесе басқа бір зат болуы мүмкін. Біздің ұйымда

конспирацияға аса маңызды мән беріледі. – деді.

Осы сөздерді айтқан Ақ Сарбаз механикпен қоштасты да, осы ауданда

тұратын достарына кетіп қалды.

Бірнеше күннен кейін механик жұмысқа кешігіп келді, және жұмыстан

шығуы туралы өтінішті үстелге тастады да:

‒ Сендер – «қойларды» өз басымызға пәле тауып оқытқанымыз-ай! Сен,

ақылдысымақ, бәрі осы күйінде қалады деп ойлайсың ба? Тұра тұр бәлем,

мыйды қатыратын сендер ‒ оқымыстылардың барлығын қамауға алатын

күніміз келер әлі! – деп ақтарылды.

‒ Бұл күн ешқашан келмейді! Ал Сіз ‒ барыңыз да, өздеріңіздің МҚКдегі

қожайындарыңызға – ақылы мен білімі дұрыстау «жансызын» жіберсін

деп айтыңыз. Ең құрығанда, жөнді бірдеме жайында әңгімелесуге жарап

қалар. Ең бастысы, менің ‒ жасырын ұйымдардың барлық арнайы

қызметтерінің әдістерін, соның ішінде «народная воля» лаңкестерінің де

тәжірибесін және олардың неден құрығанын, зерттеп біліп алғанымды да,

оларға түсіндіре барыңыз!

279

Осындай жолдаумен Ақ Сарбаз, сәтсіздікке ұшыраған «стукачтың»

өтініші мен босату парағына қол қойды. Кейінірек, осы оқиға жайында

ойлана отырып ‒ механиктің өсек айтуға өз кураторына жүгіре жөнелгенін,

алайда ол сауатты адам болғандықтан, өзінің агентіне – бақылауыңдағы

адамың өзіңді мазақ қылып, «топас» ‒ сенің құпияңды баяғыда ашқан ‒ деп

түсіндірген болуы керек. ‒ Енді сенің ешқандай пайдаң жоқ, сондықтан

жұмыстан шық – ал, одан ары сені қайда жіберерімді ойластыруым керек.

Қазір мен, оның айналасына ендіруге едәуір лайықты кандидатты табу жағын

ойластыруым керек. – деп айтқаны жөнінде тұжырым жасаған болатын.

Тыңшыдан ол құтылды, алайда белгісіз достары хабарсыз еді, сондықтан

Ақ Сарбаз тағы да толық жалғыздықта қалды. Ол, өзін кім рухани

қамқорлығына алып, нысаналы түрде жетектегенін талдай бастады. Олардың

кем дегенде екі адам болғаны анық. Машинаның рөлін басқарып отырған ер

адамның жүзін ол көруге де талпынған жоқ, және машинаның нөміріне

қарағысы да келмеген. Пакетті оған артқы терезеден әйел беретін және оның,

егіншілер – еуропалықтарға тән ‒ білегі үлкен және саусақтары ұзын екенін

көре алған еді. Телефоннан естілген дауыстан, оның таза әдеби тілде

сөйлейтін білімді қазақтарда мүлдем болмайтын ‒ сәл ғана білінетін сөйлеу

өзгешелігі бар екенін анықтады. Хрущёвтік «жылылық» жылдарында

режимнің қылмыстарының біразы ғана ашылған еді, бірақ та, әр бесінші

немесе алтыншы азаматты органдардың қызметкеріне немесе «тыңшысына»

айналдырған қандай сұмдық мемлекеттік машинаның құрылғанын түсінуге

осының өзі де жеткілікті болатын.

Сондықтан Ақ Сарбаз, МҚК (КГБ) бақылауына ілінудің үлкен

тәуекеліне өздерінің басын да, өздерінің отбасыларын да өз еркімен тіккен

адамдардың ерлігіне лайық баға берген еді.

Бірде, телефон арқылы сөйлескен кезінде:

‒ Сіздер мені неге қамқорлыққа алдыңыздар, және Сіздерді ұстап береді

деп неге менен қорықпайсыздар? – деп сұраған еді.

‒ Біз Сізді жақсы білеміз, және Сіздің адалдығыңыз бен

парасаттылығыңызға сенімдіміз. Сондықтан, біз Сізге өте үлкен үміт артамыз

және Сізге сәттілік тілейміз!

Олардың үмітін Ақ Сарбаздың толығымен ақтағанын уақыт көрсетті –

Империя күйреді, өзгеше ойлайтындарды басып-жаншу машинасы жойылды

да, Гулагтың лагерьлерінде миллиондаған адамдар өмірлерін ол үшін құрбан

еткен ‒ Азаттық келді.

280

Жалғыздықта қалған Ақ Сарбаз, халқына бостандық әперу жолдарының

жоспарын есептеуге кірісіп, өз халқының күші де, қуатты одақтасы да жоқ

екендігінен шарасыздық күйге түсті. Марксизм-ленинизм идеялары өзінің

алдында солып түсетін ‒ рухани шыңның келуі тиіс екенін ол түсінетін. Осы

уақытта, 1975 жылдың күзгі күн теңесуі кезінде өзіне Жоғарыдан: «жаңа

өркениет негізін қалау» тапсырылғанын естіген еді.

Жаңа өркениеттің негізі болып өзінің зорлық-зомбылық көріп,

қорланған елі болатынын ол әлі білмеген еді, тек жаңа өркениетте

Империялар мен колониялардың болуы мүмкін емес деп ойлайтын.

Оның көз алдында британдық Империяның халықтары азаттық алды,

Франция мен Португалияның колониялары да бостандыққа қол жеткізді,

сондықтан ол – өз халқының да, дәл осындай эволюциялық жолмен азаттық

алатынына үміттенген еді.

Көне даналықта айтылғандай: «Шәкірт дайын болғанда, Ұстаз өзінен-өзі

пайда болады». 1976 жылдың күзінде солай болды да. Оның достары

Ұстазбен бұрыннан таныс болатын және оған рухани білім іздеп жүрген бір

ЭЕМ инженері бар деп айтқан еді. Ұстаз оған сыннан өтуге бір жыл уақыт

беріп, оны өзінің шәкірттері арқылы жетектеді. Ақ Сарбаз оның барлық

нұсқауларын қуана орындады да, Ұстазбен кездесу сәтін сабырмен тосты.

Оның жалғыздығы аяқталды. Достары қасында жұмыс істейтін және түскі

тамақ ішуге оның кабинетіне келетін.

Осылай бір жыл өтті. Ақ Сарбаз рухани жарғыны да, өмір салтын да

қабылдап, сенімді вегетариандық болып алды – бұған ата-анасы мен

туыстары қатты шошынған еді.

Ол тіпті сырт пішінімен де өзгерді, өйткені ол қатты арықтап кетті.

Йогалық тәжірибелерді орындағанда ол қарнын ішіне қарай тартып алып,

ішкі органдарының массажын жасай алатын болды. Кейбір асаналарды ол

сол күйі игере алмағаны оны қатты күйзелтті, бірақ, кейіннен анықталғандай,

бұның ерекше маңызы да болмаған екен.

Оның Ұстазы ‒ Раджа-йог, мамандығы дәрігер болатын. Ұстазының

«Катюша» гвардиялық миномёттерінің құрамында соғысқаны Ақ Сарбаздың

оған деген ерекше құрметін тудырды. Ол 1944 жылы жараланып,

комиссияланған, сонан соң дәрігер мамандығын оқып игерген, және өкпе

ауруларын емдеуге арналатын өзінің емдеу жүйесін әзірлеген екен.

1977 жылдың көктемінің соңында ол Ақ Сарбазды өзінің шәкірттерінің

қатарына қабылдап алды. Ақ Сарбаз оған өзінің қабаттас дүниелерге

шығулары туралы айтты, ал Ұстаз тыныс алу жаттығуларына өзінің

281

түзетулерін енгізді және оларды орындағаннан кейін Ақ Сарбаздың

фантастикалық рухани шарықтауы басталды.

Осы жылдың күзінде ол таныс омарташыдан қысқы мерзімге бал сатып

алу үшін достарымен бірге қаланың шетіне шыққан болатын. Бал салынған

ыдыстарын арқалаған олар көшеге шығып әңгімелесу үшін біраз кідіріп

қалды. Әңгіме тағы да қабаттас дүниелер туралы болды. Осы кезде олардың

қасына жас әйел жақындап келіп, сәлемдесті де, өте көне славян атын атап,

өзін таныстырды. Араларында екі техникалық ғылым кандидаты, бір

ақпараттық технологиялар маманы және Ақ Сарбаз болған джентльмендер де

өз кезегінде сәлемдесіп, өздерін таныстырып өткеннен соң, әйел Ақ Сарбазға

бұрылып:

‒ Кешіріңіз, Сіздің жүзіңіз жарық шашып тұрғанын Сіз білесіз бе? – деп

сұрады.

‒ Болуы мүмкін емес! Өздігінен жарқырайтындай оған не болыпты?

Жарық, көше шамынан түсіп тұрған шығар!

‒ Назар аударыңыз, мұнда ешқандай көше шамы жоқ. Аспанды да

бірыңғай бұлттар жауып тұр. Ал мен, мамандығым бойынша физикпін және

физика пәнінің оқытушысымын, сондықтан ‒ «егер дене жарық шашып

тұрса, ал оған бөгде жарық көзінен келіп түсіп тұрған жарық жоқ болса, онда

дене өзінің ішкі энергиясының көзінен жарықтанатынын» мен жақсы білемін.

Сіздер биік әлденелер туралы әңгімелескен боларсыз деп ойлаймын?

‒ Ия! Біз Ғарыш және Эволюция туралы әңгімелескен едік!

‒ Онда бәрі түсінікті! Сіздер осы биік тақырыптан басқасына ауысқан

кезде жарықтану әлсірей бастады да, тіпті білінбейтіндей болып азайды!

Сондықтан өтінемін – бұдан ары абайлап жүріңіз және өзіңізге артық назар

аударылуынан сақ болыңыз!

Осы сөздерді айтқан әйел, қоштасып, кетіп қалды. Ақ Сарбаздың

достары да тым тез ымырт түсе бастағанын байқап, автобус аялдамасына

қалай жетеміз? ‒ деп алаңдай бастады. Осы кезде атмосферада әлдебір

құйынды қозғалыс пайда болды да, бұлттар сейіліп кетіп, аспанда толуға

таяған ай жарқ етті!

Үйінде Ақ Сарбаз – бұл әйел кім? – деп талдай бастады. Кездейсоқ

жолаушы ма, немесе өзінің Тәлімгерлерінің біреуі ме екен? Олар өздері

туралы неге хабар бермей жатыр?

Бәлкім, олар оның өз Ұстазын тапқанын біледі де, енді өздерінің көмегі

бұдан былай керек жоқ та шығар? Мүмкін олар, Ғарыш Шайқасының

282

алдында оны Зұлымдық агенттері мерзімнен бұрын таппасын деп,

сақтандырған шығар?

Өзінің Ұстазы оны бірнеше жылдардан соң тастап кететінін, ал Империя

күйрегеннен соң бүгінгі адал пікірлестері біздің елімізге «қилы 90-шы

жылдар» төнген кезде әр түрлі секталарға тарап кететінін, және ол өзінің

үйреншікті жалғыздығында қалатынын Ақ Сарбаз әлі білген жоқ еді. Бірақ,

уақыттың шиыршық бойымен жылжитыны туралы және біраз уақыт өте,

өткен өміріндегі барлық елеулі оқиғалардың қайталанатынын білуі ‒ оны

алда әлі тосып тұрған еді. Және, ең мықты сценарисі мен қоюшысы ‒ ӨМІР

болып табылатын мәңгі қойылымнан, тағы да сол, бірақ басқа киімдерге

киінген кейіпкерлер келе бермек!

2. ДЕИЧ

Есептеуіш орталықта 1978 жылдың жазында магниттік таспалы

жинақтағыштарда профилактикалық жұмыстар жүргізу қажеттілігі

туындады. Механизмдердің жетектерін жуып және қайта майлау үшін

мойынтіректерін баспалап шығару қажет болды, ал бұл үшін шағын баспақ

керек еді.

Бұндай баспақ, жай ғана Деич деген атымен бүкіл қалаға белгілі

механикте ғана бар болатын, және Ақ Сарбаз оны өзінің ЕО-сына (ВЦ)

уақытша жұмысқа шақырды.

Деич жұмысқа қызу кірісіп кетті, ал түскі үзіліс кезінде ол өзінің жұмыс

берушісінен оның өмірге деген көзқарасы туралы қазбалап сұрай берді...

Тез арада Ақ Сарбаз оның, өзін сектаға мүшелікке тартуға тырысып

жатқанын түсінді. Деичтің сөз саптауынан оның інжілдік шіркеудің өкілі

екенін түсініп, оған бірқатар сұрақтар қойды:

‒ Сіз сенушісіз бе?

‒ Ия!

‒ Сіз христиандықсыз ба?

‒ Ия!

‒ Сіз інжілдік христиандықсыз ба?

‒ Ия!

Енді Деич қарсы сұрағын қойды:

283

‒ Ал Сіздің сеніміңіз қандай?

‒ Мен, тәңіршілмін!

‒ Бұл қандай сенім? Сіз осы, мәжүси емессіз бе? Онда, Сіз тура бізге –

Христосқа апаратын құтқаратын сенім жолына келуіңіз керек!

‒ Жоқ! Мен, көшпенділердің ең көне, монотеистік діні – Тәңірге

сенушімін!

‒ Өз дініңізді ұстанғаныңызға көп уақыт болды ма?

‒ Балалық шағымнан, шамамен екі жасымда мамам мені көктемде

апатайымның тәрбиесіне апарып салған кезден. Апатайым мені және өзінің

балаларын таң ата Күнге бас июге және бізге көктем мен жылуын сыйлағаны

үшін оған рахмет айтуға шығаратын. Мен әрине, ештеңе түсінбедім және

бұны жай ойын деп қабылдадым, бірақ, өсе келе бұл рәсімді қуана-қуана

орындайтын болдым.

Сондай-ақ, біз жаңа туған айға, таңғы жұлдызымыз – Шолпанға, кешкі

жұлдыз – Зухраға да бас иетінбіз. Кейінірек, қалаға қайтып орлалған соң мен

бұл рәсім туралы ұмытып кеткенмін, бірақ, рухани жолға түскеннен соң

өзімнің осы көне дініме қайта оралған болатынмын. Бірақ оның алдында мен

үнді философиясын және әсіресе Библияны жақсылап тұрып оқып, зерттеп

алғанмын!

Осы жәйт Деичті өте қызықтырды. Ол, әңгімелесушісінің ‒ Мұсаның

Мысырдан ертіп алып шыққан қыңыр халқына қатысты көзқарасын

анықтамақ болды, және олардың Мұсаны қалай жақтырмай кіналағаны

жайлы айтты ‒ «ол жерде тойғанша нан жеп, етке толы қазандарымызды

айнала отырушы едік! ‒ ал сендер, бүкіл қауымымызды аштан қатыру үшін

бізді осы шөл далаға бастап алып келдіңдер» (Шығу, 16.3).

‒ Әрине! Олар жол бойы күңкілдеген – «Мысырда тегін жеген балықты,

қиярды және қауынды, жуаны да, пиязды да, және сарымсақты қалай ғана

ұмытамыз» (Сандар, 11.5).

Деич қатты таңырқап:

‒ Бұндай егжей-тегжейлі нақтылықты Сіз қайдан алғансыз? Библияны

өте нақтылы зерттеп жүрсем де, мұндайды мен тіпті де есіме түсіре алмай

тұрмын? – деп сұрады.

‒ Мен оны Сандар тарауынан алдым.

‒ Бұның болуы мүмкін емес! Бұл – Сіздің ойдан шығарғаныңыз

екендігіне қазір көзімізді жеткіземіз!

284

Өзінің Библиясын көрсетілген жерінде ашқан Деич ұятқа қалды.

‒ Бұл жерін мен қалайша көрмегенмін? Мен бүкіл Библияны бірнеше

рет оқып шыққан едім, және маған бәрі түсінікті деп санаған едім!

‒ Ал мен оның мәтінін зейін салып мұқият оқығанмын, және «балық

тегін болған» дегені ‒ оны мысырлықтардың жемегенін білдіреді. Осыдан

мен, мысырлықтардың гиксос – түркілердің тұқымдары болған деген

қорытынды жасай аламын! Саһаралық түркілердің, балықты ‒ «судың

құрты» деп санайтыны, сондай дәрежеде саңырауқұлақты да, пісірілген және

тұздалған көкөністі де жемейтіні белгілі! Көшпенділердің өздеріне лайық деп

есептейтін тағамы ‒ ет және сүт өнімдері!

‒ Мейілі! Сіздің Қасиетті Кітапты әжептәуір білетініңізге көзім жетті.

Сіздің Библияңызды көруіме мүмкін бе екен?

Келесі күні Ақ Сарбаз оған, достары өзіне тарту еткен, 1976 жылы

Мәскеу Патриархиясының тапсырысы бойынша басып шығарылған өз

кітабын үйінен бірге ала келіп, көрсеткен еді.

Деич Библияның беттерін ақтарып, мұқият қарап шықты да, кері

қайтарды, одан кейін көрсетпелей отырып қолын шытымен сүрте бастады.

‒ Не болды, Деич? Бұл көрсетпелеуіңіз не?

‒ Мен, Сіздің кітабыңыз біздің қауымымыздыкі емес екеніне көзімді

жеткізейін дегенім ғой. Міне, мынау – біздің Библия! Ақиқат осында!

Ақ Сарбаз оны мұқият қарап шығып, одан ешқандай ерекшелік таба

алған жоқ. Кітап кеңестік баспадан шығарылған, тек шрифті басқа және

мұқабасы қарапайымдылау. Бірақ, Деичтің өтінішіне көніп, демалыс

күндеріне оны өзімен бірге үйіне ала кетті. Протестанттық Інжілді қарап

шығып Салоникалықтарға 1-ші х., 5-тарауда «Өйткені, олар «тыныштық

және қауіпсіздік», ... 3-ші өлеңнің жоқ екеніне назар аударды. Бұл, өзінің

мәтінді жете білгендігінен емес, тек кейбір басылымдарда осы жерінің

алынып тасталғаны туралы жай естіп білгендігінен ғана болатын.

Осы тұсын салмамен белгілеп алып, дүйсенбіде оны Деичке көрсетті.

Оған ол қызараңдап, бәлкім бұл баспахананың жіберген қатесі болуы керек,

деп айта берді. Бірақ Ақ Сарбаз өзінің кітабын ашып, оның ішінде осы

мәтіннің тұрғанын, ал Деичтің кітабында алып тасталған жері болмағандай,

мәтіннің нөмірленуі рет-ретімен тізбектеліп берілгенін оған көрсетті.

Ақ Сарбаз, Апокалипсисте ‒ Сыр., 22.19 – «Кімде-кім Құдайдың хабары

жазылған осы кітаптың сөздерінен бір нәрсені алып тастаса, Құдай одан

өмірден және қасиетті қаладан алатын үлесінен және осы кітаптағы

285

жазылғаннан да аластатып алып тастайды» делінген жерін Деичтің есіне

салды.

‒ Мен, Сіздің кітабыңызға қолымды тигізгеннен соң, көрсетпелеп

қолымды сүртпей-ақ қояйын, әйтсе де, заң бойынша мен өзімнің үстімдегі

киімімді жыртып тастауға тиіс едім – өйткені қасиеттінің қорланып аяққа

тапталғандығының куәсі болдым – яғни қасиетті сөздің әдейі бұрмаланғанын

таптым!

Деич өз кітабын асыға-үсіге газетке орап алып, қош айтысты.

Келесі күні ол, профилактикалық жұмыстарды жүргізуге келді де,

кешегі жәйт туралы діни кеңеске жеткізгенін, және олар бұл кітапты

қолданыстан тәркілеп, жоюды шешкендерін, ал басылуын дұрыстап

қадағаламағандарға қатаң жаза белгіленгені туралы айтты.

Түскі үзіліс кезінде олар руханиет туралы әңгімелесулерін жалғастырды.

Деич Ақ Сарбазға қағаз түптегінің ішіндегі кітапты ұсынып, оны оқып

шығуды өтінді, бірақ асқан ұқыптылықпен беттерін жартылай ғана ашып

оқуды сұрады, себебі бұл олардың сигналдық данасы және Ақ Сарбаздың

осы кітап ішіндегі білімнің тереңділігіне таңданатынын айтты.

‒ Ал енді, түскі үзіліс бітпей тұрып, айтыңызшы ‒ Библия бойынша

осындай танымыңыз Сізде қайдан пайда болған? Діндердің барлық

реформаторлары Жоғарыдан әлдеқандай белгілерді алатын, және осыдан

кейін ғана, инквизициядан да, билік басындағылардан да қорықпай, өздерінің

қызметін бастаған болатын.

‒ Ия! Бұған түрткі ең басында, менің рухани оянуымнан кейін отыз

жасқа толғанымда болған еді: мен түсімде қаламыздың ортасында пайда

болдым. Кенеттен, өздерінің жап-жас жүздеріне келіспей ерсі болып көрінген

ұзын сақалды, ақ түсті киім киген фанатиктер бір жақтан шыға келді.

Пышақтарын оңды-солды сілтеп олар мені қуа жөнелді! Олардан құтылмақ

болып, мен қаланың төменгі жағынан бірақ шықтым да қуғыншылар мен

олардың тыңшыларын ізден адастыру үшін өзеннің арнасына түсіп, сонымен

жүре бердім.

Қалың бұталардың арасынан бұзып-жарып өткенімде мен, өзен

жағасында тұрған үлкен торды және оның ішінде отырған өте үлкен

егеуқұйрықты көрдім. Одан жеркенішті иіс шығып тұрды және ол аянышты

дыбыс шығарып жатты. Мен оны аяп, тордың есігін ашқым келіп еді, бірақ та

бір Үн естілді:

‒ Оны тордың ішіне қамаған сен емессің – оған азаттық беретін де сен

емес!

286

Мен, аңшы ретінде, әркімнің олжаға деген құқығының және оған ешкім

қол сұқпайтынын білемін! Сондықтан мен, ары қарай жүре бердім де,

ақырында бір жолға тап болдым. Сол жолмен ары қарай жүріп, жол

айырығына жеттім – ол жерде, кілем үстінде отырған қарияны, ал оның

алдында өте қызықты және әдемі заттар жатқанын көрдім. Олардың

арасында сиқырлы семсерді де, сиқырлы дастарқанды да, және автоқаламды

көрдім. Әр заттың жанында оның қасиеттерін суреттейтін тақтайшасы жатты.

Автоқалам, иесінің айтқан сөздерін бірден жазып алып, түзетулер енгізе

алады екен. Менің бас тартқанымды білдіре басымды шайқағанымды көріп,

қария менің назарымды бақыт пен байлық әкелетін сиқырлы сақинаға

аударды, одан ары, қобдишаның ішінде патшаның тәжі және тағы бірнеше

түсініксіз заттар жатты.

Бірақ та, мен осының барлығынан бас тартып, ары қарай кете бергім

келді. Сол сәтте қария:

‒ Ең болмағанда, құрмет көрсетіп, бірдеңе алмайсың ба! – деді.

Анықтап қарап, кілемнің шетінде, өзімнің балалық шағымдағы

тістерімнің ізі сақталған ағаш қасығымды көрдім де, соны сыйға беруін

сұрадым. Қария жеңілдене күрсінді де:

‒ Жарайды, егерде сен мұндай таңдау жасасаң, онда мынаны ал. – деп,

маған кітап ұсынды. Мұқабасынан оның Библия екенін оқыдым – кітап

өзінен-өзі ашылды да, бірінші беттерінде мен адам өлтірілуін, сатқындықты,

зинақорлықты, жаппай дарға асу мен ызаланған адамдардың бүлік шығарып

жүрген тобырларын көрдім. Менің ұнатпаған көңіл-күйімді сезгендей, кітап

екінші бөлігін – Інжілді ашты. Оның беттері таза күмістей жарқырады, ал

әріптері, әсіресе бас әріптері – бағалы тастармен әшекейленіп, жайнап шыға

келді!

Бірақ, кейбір тұстарында кітаптың беттері кеңейіп ашылды да, оларда ‒

мағынасы Ақ Сарбазға өте түсінікті және курсивпен жазылған жаңа өлеңдер

пайда болды. Оларда, негізінен Құбылу заңы мен Дүниелердің Ұқсастығы

заңы туралы айтылды. Ақ Сарбаз Қасиетті Кітапты бұрмалаушыларға

қаһарын төгіп ашудан жарыла жаздады, бірақ та қария оған жұмсақ үнмен:

‒ Бұны Жоғары Соттың құзырына қалдыр, ал өзің Өмір Терегін

жаңартылған жапырақтарымен қоса қайта өмірге келтір де, қураған немесе

ауру бұтақтарын кесіп таста! – деді.

Осы сөздерді айтқан соң қария алтын шуаққа малынып жарқырай

бастады да, ғайып болды...

287

Бұны ести сала Деичтің жүзі жайнап кетті – бұл, Сіздің христиан дінін

ұстануға тиіс екендігіңізге тікелей берілген нұсқау ғой, әрине, біздерден –

Інжілдік христиандықтардан басқа ешкім де Інжілді осылай түсінбейді және

дәріптей алмайды. Біз ешқандай иконаларды, крестті, шіркеулерді

қабылдамаймыз. Біз тек, Христосты саналы түрде қабылдайтын ересек

адамдарды ғана шоқындырамыз. Айтпақшы, қалған белгілер – фанатиктер

тобыры, тор ішіндегі егеуқұйрық нені түсіндіреді?

‒ Менің ойымша, бұл – тәңіршілдікті қайта жаңғыртуда ең жан қия

аянбай қарсыласуды исламшылдар көрсететініне маған ескерту, себебі бұл

олардан ізбасарларының бөлігін тартып алып, оларды қолындағы жіліктің

майлы басынан айырады.

‒ Бірақ та Сіздердің өзіңіз мұсылмандар емессіз бе?

‒ Ауру адамға таянатын таяқ керек, ал сау адамға ол қажет емес! Рухани

тұрғыдан науқас халыққа ислам, христиандық немесе буддизм керек, бірақ

Құдайға тікелей Сенімі бар рухани тұрғыдан бай халыққа «от пен семсер»

арқалап әкелген діндер қажет емес. Ерте ме, кеш пе, еліміздің өзінің ертеден

қалған дініне қайтып оралады! Біздің ата-бабаларымыз жоңғарлық ламаизм

түріндегі буддизмге де, зороастризмге және несториандық уағыздаушылар

мен манихейлерге де үзілді-кесілді тойтарыс берген. Ал ислам болса,

тәңіршілдікке тіпті сондай ұқсас болғандықтан, ақкөңіл көшпенділер оны өз

діндерінің бөлігі ретінде қабылдаған еді.

Қазақтар, күні бүгінге дейін исламда тыйым салынған – сәби дүниеге

келгендегі ырымдарын, үйлену салтын және жерлеу рәсімдерін тойлап

өткізеді. Көшпенділер күні бүгінге дейін жылқы етін жеуге және қымыз

ішуге салынған тыйымды да бұзады және еліміз қанша уақыт тіршілік етсе –

сонша уақыт қазысын жеп, қымызын ішеді!

21-ші ғасырда тәңіршілдік бүкіл әлемде ең басты дінге айналады,

өйткені эволюция спиралімен Адамзат өзінің бастапқы нанымына, бірақ

анағұрлым биік эволюциялық деңгейде қайтып оралуы тиіс. Бұл әрине,

исламдық дінбасыларының тарапынан қарсыластық тудыратыны түсінікті.

Бұған әуре болу бекер – себебі тәңіршілдікке кел деп ешкім де үгіттемейді,

керісінше – өзіңнің тәңіршіл болуға лайық екеніңді дәлелдеуің керек – яғни

Даламыздың барлық заңдарын орындауға, білімің кең ауқымды жанжақтылы

адам болуға және барлық діндердің негіздерін білуге тиіссің.

Сондықтан, тәңіршілдердің көп болуы мүлде мүмкін емес!

– Сіздің оны босата жаздаған әлгі жиренішті егеуқұйрық нені білдіреді?

288

– Егеуқұйрық ең сұмдық эпидемиялардың таратушысы болып саналады!

Бұл – рухани азғындаудың, жалған пайғамбарлар мен қатыгез секталардың

жаппай туындауының індеттері деп ойлаймын, бұндайлар әрқашанда

қоғамдық формациялар ауысқан жағдайда орын алады, мысалы, біздің 20-шы

ғасыр басталғанда да осылай болған!

Ал, енді жұмысымызға кірісейік, өйткені үзілісімізді тағы да жемісті

рухани дау үстінде өткіздік!».

Кеш батқанда Ақ Сарбаз, Деичтің ұсынған кітапшасын мұқият оқып

шықты. Бұл, Библияның зерттеуі еді. Ақ Сарбаз, адамзатқа күні бүгінге дейін

беймәлім жаңа білімдерге әуестеніп, өзі тым ұнатпайтын жұмыстан

оқырманын босатқаны үшін ‒ арғы бабалардың да, патшалардың да

ғұмырларын мазмұндайтын хронологиясы үшін және осы ‒ көп еңбекті талап

ететін ықтиятты жұмысты жасағаны үшін ‒ авторға дән риза болып, іштей

рахметін айтып, осы кестені ұқыптылықпен көшіріп алды.

Келесі күні ол Деичке кітабын қайтарып берді, ал оның – бұл кітапқа

қандай баға бересіз – деген сұрағына өзінің жаңа ештеңе алмағанын, бірақ та

хронологияға жоғары баға берді, себебі өзі де бірнеше рет осыны жасағысы

келгенін, бірақ осыған үнемі қолы тимей жүргенін айтты.

– Бірақ та Сіз Жазбаны түп тұрғысына дейін білесіз ғой, сонда Сіз біздің

зерттеуімізден ештеңе де алмадыңыз ба?

– Зерттеушінің еуропалық екенін көріп тұрмын және де ол өзінің

назарын ұсақ-түйекке аударып, тіпті шоқтығы биік сәуегейліктерді

назарынан тыс қалдырады. Мысалы, Құтқарушымыздың келетіні жайлы жаңа

дәуірге дейін бір жарым мың жыл бұрын Билер кітабында жазылған!

– Өтінемін, сол жерін көрсетіңізші! Сізге қатысты жаңылмағанымызға

әбден көз жеткізгім келеді!

– Жақсы! Ағаштардың өздеріне патша тағайындамақ болып

ақырсоңында тікенді бұтаққа келіп, одан өздеріне патша болуын өтінгені

туралы айтылатын Билер кітабын 9.8-15 ашайық:

Билер 9.15. Тікенді бұта оларға: «егер сендер мені шынымен өздеріңе

патша еткілерің келсе, онда келіп, менің көлеңкемді паналаңдар: ал егер

алдап тұрсаңдар, онда тікенді бұтадан от лап етіп шығып, Ливанның

самырсындарын өртеп жібереді».

Бұны Иофам Сихемнің тұрғындарына айтқан болатын, бірақ бұл жерде

қатаң тәртіп бойынша өмір сүретін және ойлайтын қазымыр еуропалық, бұл

289

сөздердің астарлы мағынасын сезе алмаған, алайда бұл астарлы сөз –

далалық көшпендіге өте түсінікті!

Ал, осы астарлы сөздің мағынасы – Құтқарушымызды керіп шегелеп

Өлтіру кезінде Оның басындағы тікенді бұта тәжінде, ал «менің көлеңкеме

паналаңдар» дегені «Мені қабылдаңдар және Менің соңымнан еріңдер,

әйтпесе Ливанның самырсындары өртендіріліп қирайды дегені – Ливан

самырсынынан салынған Иерусалим ғибадатханасының қиратылуын

білдіреді!

Осы сәтте Деич өте оғаш қимыл жасады – ол орнынан атып тұрып,

айқай салды:

‒ Мен оны таптым! Таңдаулыны тапқан менмін! Иеміз мені осыған

жетеледі!

Қасымызда отырған адамдарға қарамастан ол екі қолын қусырып бәсең

дауыспен мінажат оқи бастады. Мінажат сөздерін Ақ Сарбаз анық ести

алмады, бірақ Жаратушыға айтылған ризашылық сөздері жиі естіліп жатты.

‒ Не болды, Деич? Мына оғаш қылығыңызды қалай түсінуге болады?

‒ Біз жуырда ғана сенімімізге лайық, іштей қайғырып, сырттай қуанып

біздің ұмытылмас бауырымызды және уағыздаушымызды соңғы жолына

шығарып салған едік! Ол туралы Сіз естіген боларсыз деп үміттенемін?

‒ Естіп қана қоймай, тіпті бірнеше рет оның уағыздарын тыңдағанмын

да, себебі менің бірнеше көршілерім Еділ бойының немістері болып

табылады, және олардың үйлену тойларында ол уағыздарын айтып, жас

жұбайларға ақыл беретін. Сол себептен, мен өзімнің бағымда сәкіде отырып

оның айтқанын өте анық еститінмін! Және де мен, бұндай таңғажайып және

тілі шебер шешенді өмірімде ешқашан білмеген едім!

‒ Ал оған Сіз қалай қарайсыз?

‒ Шынайы сенуші христиандық деп санаймын және оның таза жаны

Иеміздің тағының қасында мекендесін!

‒ Бұл сөздерді естігенде Деич шынымен көзіне жас алды:

Ізгі тілектеріңіз үшін алғыс білдіремін! Және де, Сіз біздің рухани

тәлімгеріміздің істеріне жоғары баға беріп, оның өлім төсегінде болғанда

бізге тауып алуымызға бұйырғаны ‒ атап айтқанда, тура Сіз екеніңізді

дәлелдедіңіз деп айта аламын. Оған Құдайдан Аян берілген болатын, ал Ол

оған Ол, Құдай, біздің жанымызда жүрген Сенімді Жаңғыртушыны жерге

жібергенін оған айтқан. Бірақ ең бастысы – ол Сенімді Жаңыртушының,

290

кезінде Құтқарушыны әлемге сыйлаған Израиль халқы сияқты қорланған

және қаналған қазақ халқының ұлы болып табылатынын ескерткен! Мен тура

бүгін біздің ұстазымызға Иеміз жария еткендей, Таңдаулының табылғанын

және ұстазымыздың соңғы Еркі орындалғаны туралы шіркеу кеңесіне

хабарлаймын!»

Келесі күні Деич шілденің шыжыған ыстығына қарамастан

профилактика жұмысына жарасымды қара костюм мен галстуксыз ақ көйлек

киіп келді, өйткені ‒ олардың нанымы бойынша оларға, буындыратын

арнайы жіп арқанды мойнына тағуға тыйым салынған. Ол Ақ Сарбаздың

зауыт паркіне шығуын өтінді. Олар гүл дестесінің қасындағы сәкіге отырды

да, Деич оған өзін өте мұқият тыңдауды өтініп, басын Ақ Сарбаздың

құлағына жақындата ақырын ғана сыбырлап, келесіні хабарлады:

‒ Кеңес менің айтқанымды тыңдап алып, біздің іздегеніміз ‒ тура Сіз

деп, қаулы шығарды. Оның үстіне, Сізді бала кезіңізден білетін көршіңіз

шіркеу кеңесінің мүшесі болып табылады. Әрине, ол менің хабарлауыма

таңқалды және бірқатар қарсы сөздерді айтты. Әсіресе ол, Сіздің шектен

асатын тік мінезіңізді, көңіл қалдыратын ащы тіліңізді және христиандық

момындық пен сабырлығыңыздың толығымен жоқтығын баса айтып, қарсы

болды.

Кеңес басшысы оған бұл хабарламасы үшін ризашылығын білдіріп,

өзінің соңғы күдігінің сейілгенін мәлімдеді – себебі Ұстаз бәрінің шығып

кетуін өтініп, оған Таңдаулы тура осындай болуы тиіс, ал дауысы тәтті және

түрі сүйкімді, құбылғыш бейнелерден сақтануың керек! – деп айтқан еді.

Әсіресе материалдық игіліктерді сұрайтындардан және біздің қауымның

кассасына қолын сұғуға әрекет жасайтындардан сақтан! – деген.

Ал енді Кеңестің шешімін тыңдаңыз!

Сіз біздің қауымға мүше болып кіресіз және бетіңізді тыржитпаңыз да,

«жоқ» деп те айтпаңыз, тек біраз шыдап, мені соңына дейін тыңдаңыз!

Жарты жылдан соң, жарғы бойынша, біз мәртебеге енгізу рәсімін

өткіземіз де, Сізді уағыздаушы етіп тағайындаймыз.

Келесі жылы біз Сізді шіркеу кеңесіне енгіземіз және Сізді Нью-

Йорктегі Інжілдік христиандардың Дүниежүзілік кеңесіне делегат етіп

сайлаймыз!

Барлық ресми құжатталу рәсімдері орындалып болғаннан кейін, Сіз

Америкаға барасыз да, саяси баспана сұрайсыз. Сіздің өтінішіңіз қабыл

алынады деп санай беріңіз, себебі АҚШ-тың әрекеттегі Президенті біздің

шіркеуіміздің сиынатын келушісі.

291

Долларлық Америкадағы күтіп ұстау және тамақтану жағына

алаңдамауыңызға болады – біздің шіркеу ең дәулеттілердің бірі. Кеңес,

«рухани білімді уағыздаушының өзі еңбек етуі және тапқан таянғанына

өзінің ізбасарларын тамақтандыруы тиіс» ‒ деген Сіздің қағидаларыңызға оң

баға берді.

Бірақ, Америка – басқа ел, сондықтан Сіз үшін есепшот ашылады!

Американың, біздің қауымымыз орналасатын кез келген қаласында, Сіз

біздің қалаулы да қадірлі қонағымызсыз, және ақша дегенге тіпті

қолыңыздың ұшын да тигізбейтін боласыз! Сіздің қарамағыңызға біздің

бауырымыз бекітіледі де, ол Сіздің есептеріңізді төлеп жүреді!

Мен Сізден біздің ұсынысымызға асқан жауапкершілікпен қарауыңызды

және жауабын беруге асықпауыңызды өтінемін! Бір апта өткеннен соң мен

Сізге, әрине оң жауабыңызды алу үшін келемін!

‒ Ешқандай аптаның қажеті жоқ, Деич! Мен әрине – үзілді-кесілді «жоқ»

деп жауабымды айтамын!

Біріншіден, рухани білім үшін ақша алуға менің құқығым жоқ, әйтпесе

мен Жоғары Дүниелермен және өзімнің жеке Құтқарушыммен байланыстан

айырыламын! Ал, бұл ‒ мен үшін өлімнен де қорқынышты!

Екіншіден, жат елде мен қарапайым ақиқаттардың уағыздаушысына

айналамын да, Жерден ажыратылып жеңілген Антейге ұқсап кетемін!

Үшіншіден, мен туған музыкамсыз, ана тілімсіз және өзімнің

қандастарымсыз тіпті бір ай да өмір сүре алмаймын!

Сондықтан, егер Сіз шынайы христиандық болсаңыз, онда Сіз

Құтқарушымыздың еркіне сөзсіз көнуге және маған Оның Еркін орындауыма

кедергі жасамауға тиіссіз. Ол маған ‒ әлемдік діндердің барлық идеалдары

іске асырылатын ‒ Адамзаттың жаңа қауымдастығын құруды тапсырды!

Інжілде, Мф., 9.17 айтылғаны бар: «Жас шарапты жаңа торсыққа құяды,

сонда екеуі де дұрыс сақталады».

‒ Сіз не, Иисустың өзімен сөйлескенсіз бе?

‒ Ия, Деич! Ол маған жәрдем қолын созды және тіпті, маған Өзінің

дәрістерін берді де, менің Оған қызмет етуге жарамдылығымды да сынады!

Одан әрі, Ақ Сарбаз Деичке өзінің Ұстазбен сөйлескенін және өткен

сынақтарының ашылуға жатпайтындары туралы айтпай, тек ашуға мүмкін

деп есептелгендері туралы ғана баяндап берді.

292

Бұл, Деичті тітіретті! – Қарапайым адамның білімі осыдан екен ғой!

Онда Ол неге Сізді таңдады да, өзінің адал қызметкерлерінің ішінен біреуін

неліктен таңдамаған екен?

‒ Бәр гәп сонда болып тұр ғой! Сіздер, құдайдың құлдарысыздар –

қауым мүшелерісіздер, діндарларыңыз – қызмет етушілері, ал Мен, Оның

жұмыскерімін! Сондықтан, сіздердің барлықтарыңыздан маған Оның Еркін

орындауыма және Оның өзінен басталған Бірінші дінді жаңғыртуыма кедергі

жасамауларыңызды өтінемін. Құдай, адамдарға сенім артпайды және

олармен Ол, сенушінің құқықтары мен міндеттері бекітілген жазбаша Келісім

жасасқан, ал Тәңіршілдік болса, ол – Көктегі Әкесі мен оның рухани

перзенттері – көшпенділермен арадағы жазылмаған Келісім болып табылады.

Өмірде де осылай ‒ ата-ананың және сәбидің арасында ешқандай жазбалы

келісім жоқ, тек Сүйіспеншілік Келісімі ғана бар да, осы Келісімді орындау

барысында ата-аналары өз сәбиін құтқару үшін тіпті өздерінің өмірлерін

құрбан ете алады!

‒ Жақсы! Ал бұған Сіздің құзырлығыңыздың қандай белгілері берілген?

‒ Мен, Құтқарушымыздан, физикалық дүниеде ғажап келтіруді

өтінгенмін! Оған сенімім бар екеніне әбден нану үшін емес! Мен Одан

осындай жауапты жұмыс жасуға құзырлығымды растау туралы ғажап

келтіруді өтінген болатынмын! Осылай, менің өтінішіме сәйкес,

дүниежүзілік күнтізбе бойынша 25-ші желтоқсанда, Рождество күні таңертең

ерте найзағай күркіреді!

‒ Жақсы! Мен осының бәрін шіркеу кеңесіне баяндаймын.

Осыдан кейін Деич еңбекақысын алды да, көп уақытқа дейін жоғалып

кетті, бірақ Ақ Сарбаз қалалық газетте оқырмандардың өтініші бойынша

«шынында да 1977 жылдың 25 желтоқсаны күні 6 сағат 15 минутта қаланың

үстінде найзағай күркірегенін және қалың қар жауғанын, бірақ та

метеостанцияның аспаптары бұл атмосфералық құбылыстың болуына

ешқандай алдын ала білдіретін жағдайларды белігілеген жоқ» деп мәлімдейді

– деген хабарламаны оқыған болатын.

Газетте хабарлама жарияланғаннан кейін Деич, бұл жолы қонақ ретінде,

қайта келді де, тиесілі сәлем беруден соң:

‒ Әр дінде, ең соңғы мақсат ретінде ‒ өлімнен кейінгі тіршілік ету

мәселесі тұр. Сіздің Тәңіршілдік нанымыңыз бойынша өлімнен кейінгі

тіршіліктің сипаты қандай? – деп сұрады.

‒ Буддистер, даосистер, синтоистер, ежелгі славяндар, германдықтар,

скандинавтардыкі сияқты, дәл сондай – жалпы айтқанда, Көне Сенімді өз

293

жадында сақтап қалған барлық көне халықтардыкіндей! Мен өзім, шақыру

бойынша Тозаққа да, Тазартқышқа да, Ұжмаққа да барып қайттым, алайда

онда ешқандай сайтандар мен құбыжықтарды көрмедім! Ұқсастық заңы

бойынша, ол дүниелерде біздің дүниедегі жоқ ештеңелердің болуы мүмкін

емес, себебі біздің Физикалық дүниеміз Нәзік дүниенің таңбалануы, ал ол ‒

өз кезегінде Отты дүниенің таңбалануы болып табылады!

‒ Ал, яһудилер мен мұсылмандардың Ұжмағының бейнесі қандай? Және

біздің христиандықтан оның айырмашылығы қандай?

‒ Яһудилерде, өлімнен кейінгі тіршілік мүлдем жоқ. Өлгендер,

Архангелдің кернейінің үні естілгенше ұйқыда болады да, сонда ғана Сот

алдына бару үшін оянады! Ал, олардың Ұжмағы мен Тозағы Физикалық

дүниеде – Таураттың баптарын орындайтын яһудилер Бірінші Келісімге

сәйкес, Жердің бүкіл байлықтарына ие, және өздерінің Ұжмағын Жерде

орналастырады, ал Тауратты ұстанбайтындары жердің Тозағында өмір сүреді

де өледі.

Мұсылмандарда, Ұжмақ шыжып қайнаған сусыз шөл тұрғынының

арманы болып көрінеді – олардың Ұжмағында «бақтар гүлдейді,

арықтарында шербет пен алкогольсыз шарап ағады, және жас қыздар діндар

мұсылмандарға қызмет көрсетеді». Тура осындай Ұжмақта мұнайлы елдердің

арабиялық шейхтері тұрады, ал қалған мұсылмандар о дүниедегі өмірге

жетуді армандаумен өмір сүреді, және Мекке мен Мединадан неғұрлым

алыстаған сайын, олардың өмірі соғұрлым кедейшілікте өтеді.

Шындығында, исламдық Ұжмақта Нәзік дүниенің жоғарғы деңгейінде

сопы мұсылмандар, еңбекшілер мекендейді, бірақ та ешқандай лаңкесшахидтер

онда жоқ, себебі олар кәдімгі адам өлтірушілер, және оларды

Тозақтың ең қорқынышты зындандары тосып тұр. Онда ешқандай шайтандар

жоқ, себебі Құдайдың заңдарын бұзған адам барлық шайтандардан да

қорқынышты.

Ал, Отты дүниенің жоғарғы деңгейлерінде орналасқан христиандық

Ұжмақты алатын болсақ, оның тұрғындары мүлдем аз, өйткені Таудағы

уағыздың барлық баптарын тек саусақпен санап шығуға болатын біразы ғана

орындай алды.

Қалған адамзат Тәңірдің заңдарымен дамитын Эволюцияның жаңа

сатысында туу құқығына ие болу үшін сансыз рет мың өліп мың тіріліп, Өмір

айналымында жүр.

294

Осының бәрін, Деичтің ешбір құлқынсыз тыңдағаны көрініп тұрды,

өйткені бұл адамның пікірін өзгерте алмайтынына және уақытын бостан-бос

өткізіп отырғанына оның көзі жетті.

‒ Менің, Сізге қоятын, біздің сенімімізге қатысты бірнеше сұрақтарым

бар, оның үстіне, біздің канондарымыз бойынша Шығыс даналары сәби

Христосқа бірінші болып қалай келді, қазіргі де ‒ Шығыстан келетін

Пайғамбарлар дәл осылай ‒ Алғы Хабарды әкелмек. Менің сұрақтарыма

турасын және шынын айтыңыз:

‒ Сіздердің кездесулеріңіз кезінде Сіз Құтқарушыны қандай түрінде

көрген едіңіз және ол шамамен кімге ұқсайды?

‒ Жүзін мен көре алмадым, өйткені одан төгілген жарқырау әсерінен

оның тек контуры көрініп тұрді, бірақ ол ойланғанда немесе маған

ренжігенде ғана оның мұңды көздері көрінетін! Менің көргенім бар-жоғы

осы!

‒ Онда менің соңғы сұрағым бар: – Ол қашан біздің дүниемізге қайтадан

келеді және біз Оны қанша уақыт тосуымыз керек?

Осы сөздерді айтқанда, Деич тіпті орындықтан тұрып, көптен күтілген

хабарды анығырақ есту үшін құлағына алақандарын тигізді!

Бірақ та Ақ Сарбаз, бұны ешкімнің білуі мүмкін емес, және бәрі де

Інжілде қалай айтылды – солай болады, деп жауап қайтарды!

Деич қайғыра күрсінді:

‒ Бұл шынында да солай! Сіздің, алдын ала болжанған жалған

пайғамбарлардың бірі емес екеніңізге біз толығымен сенімдіміз, себебі Сіз ‒

ақшадан да, атақтан да бас тарттыңыз. Бірақ, біз Сіздің сеніміңізді де, Сіздің

жаңа дүниеңізді де қабылдай алмаймыз! Сондықтан, біз дос болып

қоштасамыз, бірақ та ‒ біздің есігіміз Сіз үшін әрдайым ашық! – деді.

Саны көп конфессиялардың өкілдерімен кездесулерінің біреуі ғана

осылай аяқталды. Олардың Оған кездесуге шыққандағы мақсаты ‒ Оның кім

екенін білу, әшкерелеу және әрине, Оны өздерінің сектасына алдап енгізу

болатын. Бірақ олар өз күшіне сенімді болып, дауыстары шатырлап,

өздерінің көкірегін керіп, шіреп келген еді, ал ең жақсы жағдайда, ұятқа

қалған күйінде қайтты, себебі олар өздерінің сенім-білімдерінің негіздерін

дұрыстап өздері білмейтін болып шықты.

Ал, Ақ Сарбаз, білімсіз, қараңғы адамдармен қатынасқаннан соң білімді

адамның кешетін күйінде болды, және бұдан ары ол: «Білімсізбен бір сағат

бірге өткізгеннен, бір жыл түрме – зынданда отырып шыққан әлдеқайда

295

артық» ‒ дейтін шығыс даналығына сүйеніп, бұдан былай сектанттармен

кездесулерден мұқият түрде аулақ жүретін болды.

3. ПАТША ОТБАСЫ

Тыныс алу гимнастикасы сабағынан кейін Ұстазы Ақ Сарбазға:

‒ Сздің Уақыт мұрағатына кіруге құқығыңыз бар екенін білемін, және

орыс адамы ретінде, соңғы орыс патшасы мен оның отбасының тағдыры

қалай болды екен? ‒ осы мені өте қызықтырады. Мен үшін бұл аса маңызды

‒ осы туралы Сіздің Жетекшілеріңізден сұраңызшы! – деп өтінген болатын.

Таңертең ерте Ақ Сарбаз, қажетті тыныс гимнастикасын орындап,

тақырыпты белгіледі де, терең медитация күйіне еніп кетті...

Біраз уақыттан соң ол Қрымның таулы жолында келе жатқан он екі

жасар баланы көрді.

Оның тізелерінің терісі сыдырылған, және өзі әбден қарны ашып,

шөлдеп келе жатқан еді. Үстіне кигені қысқа шалбар және матростық

жағасы мен галстугі бар көйлек, ал басында панамкасы бар болатын.

Қара теңіз жағалауында қаптап орналасқан пионер лагерьлерінде,

балаларды әдетте осылай киіндіретін. Суық жел соғып тұрды және бала

қатты тоңған еді.

Ақырында ол, танктер шабуылының қауіпі бар бағытты қалқандап

тұрған және танктерге қарсы қолданылатын 45-миллиметрлік зеңбіректердің

артиллериялық батареясының позициясына жетті. Солдаттарға таяп, ол

алдымен су сұрады, одан кейін тамақ беруін өтінді. Артиллеристер оның

шөлін қандырды және ботқа салынған котелок ұсынды.

Баланың асыға су ішкенін және соңынан ботқаны жегенін көрген

командирдің оған жаны ашып кетті. Ол өзі, Гороховец артиллериялық

училищесінің жеделдетілген курсын бітіріп, офицер шенін алған еді. Осы

баланың ботқаны ұқыптылықпен жегенінен, сонан соң ұсынған ас үшін

сыпайылықпен ризашылығын білдіргенінен және олармен бірге осында

қалуға рұқсат етуін және өзіне қандай жұмыс тапсыра алатынын

сұрағанынан, жас болғандықтан әлі отбасын құрып үлгірмеген командир осы

ұлдың кейпі өзіне бұрыннан өте таныс екенін сезінгендей күйде болды.

Командир, баладан сұрастырып, босқындарды алып шықққан

машиналар колоннасының бомбаланғанын білді. Әскерилер оларды теңіз

296

арқылы эвакуациялануы үшін жағалауға қарай кері қайтарған еді, себебі

фашистер бұл кезде Қырымды материктен кесіп тастаған болатын,

сондықтан бала, бомбалаудан аман қалғандармен бірге бірнеше күн жүрген,

соңынан босқындардың легінен қалып қалған және жолдан адасып,

ақырында батареяның позициясына шыққан еді.

Оның әңгімесін тыңдаған соң, командир оны далалық санитарлық пункт

орналасқан ойпатқа ертіп апарып, бас медбикеге тапсырды. Ол да осы

баланы жанымен ұнатып, түсініксіз сезім күйінде болды. Баланың түрінде

өте таныс және жақын болып көрінгені – оның басын бір жағына сәл еңкейте

сөйлегені болатын. Ата-анасы қарапайым адам болғанын айтса да, оның

бойынан өте биік тәрбие алған баланың тектілігі көрініп тұрды.

Медбикенің жан дүниесін, соғыс алаңына тап болған осы баланың

тағдыры үшін түсініксіз алаңдау сезімі биледі. Ол оның киімін жуып, жамап

берді де, алып кететін транспорттың келуін далалық лазаретте тосып жатқан

жаралылардың ыңырсуын естімесін деп, баланы медбикелерге арналған

шатырға түнеп шығуға орналастырды.

Оянғаннан соң, бала дене шынықтыру жаттығуларын жасады және

таңертеңгі асын ішкеннен кейін батареяға барды. Командир оған зеңбіректі

нысанаға бағыттайтын құралдың сабын айналдыруға, дәлдеу тетігінен

сығалауға рұқсат етті.

Одан ары бала, зеңбіректерге арналған тасаларды, зеңбірекшілер

тобының траншеясын және снарядтарға арналған жеке окопты аралап, қарап

шықты. Командир оған, жарғыға сәйкес – жау снаряды келіп тигенде

детонациядан жарылған снарядтардың зеңбірекшілер тобын құртып

жібермеуі және зеңбіректерді зақымдамауы үшін олар зеңбіректерден

қашықтау жерде, тасада орналастырылуы тиіс – деп түсіндірді.

Снарядтардың қайтып жеткізілетіні, зеңбіректердің қалай оқталатыны,

солдаттардың шайқаста болғаны және сол сәтте олардың қандай әсерде

болғаны – осының барлығы баланы қызықтырған еді...

Ол, батареяның алдындағы шепте қорғаныс құрып жатқан жаяу

әскерлерге де барған еді. Үйлерінде отбасылары қалған ересек жауынгерлер

баланы еркелетіп, тамақтандырды және оған өз қолымен жасаған бірталай

сыйлықтарын берді.

Осылай бір күн өтті де командир баланы түнеуге тағы да санитарлық

пунктке, медбикенің қамқорлығына ертіп апарды.

297

Олардың бір-біріне деген өзара қарым-қатынасы өте жақсы екені көрініп

тұрды, олар баланы қалдырып, өздері біраз серуендеп қайтты, ал содан кейін

командир позициясына оралды.

Таңертең бала батареяға кетіп қалды. Ол үнемі командирдің жанында

болуға тырысты. Біраз уақыттан соң бақылаушы «әуе!» сигналын берді де

батареяның үстінде «Рама» әуе барлаушысы пайда болды.

Біраз айналып ұшқаннан соң ол қайтып кетті, бірақ ізінше «Ю-87»

шүйлігуші бомбалауыштар пайда болды да дабылының үні жанды

мұздататын ұлуымен келіп, өздерінің бомбаларын жасанды батареяға

тастады.

Жау тактикасын білетін командир алдын ала жалған батарея жасауды

бұйырған болатын. Бұл үшін ол қираған машиналардың дөңгелектері мен

рамаларын, ал зеңбірек оқпандары ретінде босқындар тастап кеткен

арбалардың тертелерін пайдаланған болатын...

Бомбалар өте дәл түсті де, жарылыстан шашылған машиналардың

бөліктері тапсырманың орындалғанына және нысананың жойылғанына жау

ұшқыштарының көзін жеткізді. Олар кері бұрылып ұшып кетті де еңсені

түсіретін тыныштық орнады...

Бомбалаудан кейін танк шабуылы басталатынын командир өзінің аз да

болса жауынгерлік тәжірибесінен білетін. Бәрі де тура солай болды да

біраздан соң бақылаушы «Танкілер!» белгісін берді.

«Ұрысқа!» бұйрығы бойынша зеңбірекшілер топтары зеңбіректерін

тасаларынан тікелей нысаналауға сүйретіп шығарды да танкілерге оқ ата

бастады. Артиллеристер бірнеше танкілерді қиратты, бірақ та жаудың қарсы

атқан оғы батареяны жойып жіберді. Шепте жалғыз зеңбірек және бірнеше

жаралы жауынгер ғана қалды. Командир де жараланған еді, бірақ ол оқ атуын

тоқтатқан жоқ.

Тез арада жаралы сарбаздар қимылдағанын қойды, ал лейтенант

өршелене: «Снаряд! Снаряд!» ‒ деп айқайлай берді.

Бірақ та батареяда тірі қалған ол ғана болатын, сол кезде бала «тасадан

шықпа» деген командирдің бұйрығын бұзды. Ол қару-жарағы бар окопқа

жүгіріп жетіп ол жерден снарядты алып келді де өзін үйреткендей, зеңбіректі

оқтады.

Лейтенант зеңбіректі нысанаға көздеді де оқ атты. Сол сәтте позицияға

екі санитар қызбен бірге медбике келіп жетті. Олар да снарядтарды тасып

әкеле бастады, барақ соңғы зеңбірек те істен шықты. Медбикелер жараланған

298

командир мен баланы шұңқырға сүйретіп апарды, бірақ та танктердің

зеңбіректерінің оғынан командир, үш медбике және бала қаза тапқан еді.

Одан кейін танкілер, өздерінің қираған танктерінің ішінде тірідей өртеніп

кеткен достарының өшін алып, шынжыр табандарымен зеңбіректерді де, қаза

тапқандардың денелерін де шыр айналып, жаншып өтті...

Жергілікті ғана маңызы бар көптеген шайқастардың бірі осылай

аяқталды. Қырымды қорғау нәтижесіне бұның ешқандай ықпалы болған жоқ.

Жау екпінді ұмтылыс жасап Севастопольге жетті де, оның табанды

қорғанысы басталған болатын...

Бірақ Ақ Сарбаз, ұл баланың Романовтар династиясының тақ мұрагері –

ханзадасы екенін, ал батарея командирі – соңғы орыс патшасы, медбике

патшайым, ал санитаркалар – патшаның қыздары болғанын ап-анық көрген

еді.

Михаил Романовтың Ипатьев монастіріндегі 1613 жылы таққа отыру

кезінде тәж кигізу жорасыынан бастау алған, көпес Ипатьевтің үйінің

жертөлесінде патшаның отбасы атылған 1918 жылдың шілдесі қайталанған

еді...

Ұзақтығы 305 жылға созылған айналым патша тағының мұрагері – ұл

баланың өлімімен тұйықталды.

Романов отбасының барлық мүшелері өздерінің атылып өлтрілгенінен

соң – азап шегушілер ретінде Нәзік Дүниенің Жерлік Ұжымағына

қабылданған болатын... Бірақ та, революция үшін және Құдай мен адамдар

арасындағы Төрешіні өлтіргендері үшін Ресейдің алдында күтіп тұрған

сұмдық тағдыры – олардың өздеріне тиесілі Ұыжмақ рахатынан бас тартып,

Ресейді кешіру үшін өздерін құрбандыққа беру мақсатымен физикалық

дүниеде туған болатын.

Осымен, Романовтар династиясы мен орыс халқы арасындағы қарымқатынас

түбегейлі аяқталып болды және династияны, тіпті бірінші кезекте

Ұлы Пётрдің «Тақ мұрагерлігі туралы» жарлықтарына да сүйене отырып

жасанды түрде қайта қалпына келтіруге тырысу әрекеттері де, заңды

монархияның қайта қалпына келуіне әкеле алмайды.

Ұстаз, Ақ Сарбаздың берген есебін толғана тыңдап шықты да,

қобалжыған дауыспен:

‒ Сонда не, Ресейдің тұйықтан шығатын ешқандай жолы қалмаған ба? –

деп сұрады.

299

‒ Шығатын жол бар! Бірақ, бұл үшін Ресей өзінің мойнынан «қызыл

қамытты» үзіп лақтырып тастауы, және ең бірінші кезекте алтыншы саты

халқына, ал онымен бірге Империяның құлдығына түскен халықтарының

ешқайсысын бөліп-жармай барлығына да, бостандық беруі тиіс.

Содан кейін, Адамзат алдындағы қылмыстары үшін міндетті түрде

Халықтың Өкінуі орындалуы тиіс... Ресейдің, тек сонда ғана эволюциялық

ағынға кіруіне үміттенуге болады...

Ұстаз ауыр күрсінді де сұрақ қойды:

‒ Ал Ресей бұл шартты қалай орындай алады? – Империяның күштілігі

соншалық, мен бұл үшін ешқандай мүмкіншілікті көріп тұрған жоқпын.

‒ Эволюциялық ағын өзі-ақ, ешкімнің көмегінсіз, Ғарыш Жоспарына

қарсыласқанның бәрін жайпап сыпырып тастайды!

Бірақ, алтыншы саты халқының эволюциялық өрлеуіне жағдай жасауға

әрекеттесіп, көмектессе – бұл есепке алынады. Зұлымдық Империясын жою

керек!

‒ Сонда тағы да соғыс болады да, Ресей отқа орануы тиіс пе?

Ұстаз өзі, соғысқа «Катюша» гвардиялық миномёттер батареясының

құрамында артиллерист болып қатысып, ауыр жараланған еді. Сондықтан ол,

империяны күйретудің басқа жолын көрмеді.

‒ Жоқ! Алтыншы саты халқының пайда болуы рухани және

материалдық құндылықтардың қайта бағалануына алып келеді! Алтыншы

саты жауласқан екі саяси жүйені татуластырып, қарсыласудың аяқталуына

әкеледі.

‒ Бірақ, коммунистер олардың идеологиялық догматтарын шайқайтын

жаңа рухани ағымның туындауына ешқашан келісім бере алмас!

‒ Онда, орыс халқы, өзі – Империяны күйретіп, «өлмес идеяларды»

Тарихтың қоқыс тастайтын жеріне лақтырады!

‒ Сіздің сөзіңіз орындалсын, Екі рет дүниеге келуші!

Осылай Ұстаз, өткен өмірлерімнің біреуінің Құпиясын ашуға бастау

болған кілтті берген еді. Бұл лауазым, бір кезде Рамакришнаның сенімді

ізбасары және Үндістанның рухани Ұстазы болған Вивеканандаға берілген

болатын!

300

4. ҒАРЫШ МЕКТЕБІНЕ АПАРАТЫН ЖОЛ

Кездесулердің бірінде, Физикалық Ұстаз, өз Шәкіртінің осы дүниедегі

жолын аяқтап болғаннан кейін болашақта алдында не күтетіні туралы өзінің

Жетекшілерінен біліп беруін өтінген еді...

Өз сағаттарында Ақ Сарбаз қабаттас дүниелерге жетті де өзінің

болашағын көрді...

Келесі күні Ұстазына келіп, өз есебін алдына қойды:

‒ Мен, өзімнің көргенімді ғана айтып бере аламын! Өлгеннен соң,

қырқыншы күні адамдар, Жоғарғы Сот алдына келеді. Ол, Нәзік Дүниеде

адам қайда және қалай өмір сүретіні жайлы белгілейді. Мен, қарапайым адал

еңбеккерлермен бірге жерасты вокзалында пайда болдым. Пойыз бізді, әр

вагонның жеке эскалаторларға шығаратын қоршауы бар станцияға жеткізді.

Менің вагонымнан ғалымдар, ақындар, композиторлар, техникалық

интеллигенция шыққан еді. Эскалатор бізді қолдарында тақтайшалары бар

адамдар тұрған, күмбез тәрізді залға көтеріп шығарды. Тақтайшаларда

келушілердің аты және мамандануы жазылған екен.

Бұдан ары бір келеңсіз сәт орын алды: үстіне кең күртеше киген, жұмсақ

бұйра сақалды жас жігіт, еуропалық типті, анық «көк шұлық» әйелге сұрақ

қойды:

‒ Тибет монастырлеріндегі қолжазбаларды Сіз зерттедіңіз бе?

‒ Ия! Мен онда көп уақыт болдым, қоймадан тақтайшалардың бір

бөлігін алып шығу құқығын алу үшін қаншама еңбек сіңірдім!

‒ Ал онда, оларды мұнда беріңіз! Мен жақын арада Физикалық дүниеге

қайтуым керек, сондықтан Сіздің зерттеулеріңізді ары қарай жалғастыруым

үшін, тақтайшаларыңызды жақсылап тексеріп алуым қажет!

‒ Жоқ! Мен бұл білімдерді іздеп табуға бүкіл өмірімді сарп еттім,

отбасымды құрған да жоқпын және қалған өмірімді толығымен жалғыздықта

өткіздім. Сондықтан бұл – менің жеке игілігім, және ешкіммен де онымен

бөлісуге ықыласым жоқ!

Осы сәтте күмбездің астынан гүр еткен Дауыс естілді:

‒ Алып келгендеріңіздің барлығын арналымы бойынша тапсырыңыздар

да, одан ары қарай оқуды жалғастыру үшін өздеріңіздің залдарыңызға

барыңыздар!

301

Ақ Сарбаз бұл залдарды аралап жүріп, бұрынғы керемет композитор

жоғарғы математиканы игеріп жатқанын көрді! Музыкалық композиция мен

математиканың өзара ортақтығы өте көп екен.

Одан әрі ол, сәнді ақынның аспаздық өнерді шыңдап жатқанын, ал

импрессионист-суретші болса, енді макраме тоқуды үйреніп отырғанын,

тастарды бедерлеуші зергердің енді сәулет кәсібін меңгеріп жатқанын, аты

әйгілі авиаконструктордың киім үлгілерін жасау өнерін оқып-үйреніп

жатқанын, жалпы алғанда, бойындағы бір қырын ең шыңына жеткізе

жетілдірген әркім, өзінің Универсал Ғарыш Модулінің (ҰҒМ) келесі қырын

ажарлап өңдеуге тиіс екенін көрген болатын.

Ақ Сарбаз, «ерте дамыған данышпан» болған ақын Ника Турбинаның,

суретші Надя Рушеваның, үлкен үміт күттірген, бірақ әлдебір деңгейде

тоқтап қалған балғын лингвистердің, математик пен физиктердің қайғылы

тағдырларының себебін түсінді. Олар жай ғана бұрынғы жинақталған

тәжірибелерін пайдаланған, ал жаңасын игере алмаған, немесе бәрінен де

жиірек ‒ бұрынғы ғұмырларында жинаған «теріасты майын» ғана қорек етіп,

жаңа тәжірибе жинақтағысы келмеген. Қазірде, «индиго»-балалардың

феномені пайда болғанда ‒ бұл ерекше маңызды болып тұр.

Қайта Құбылу заңын оқып зерттеу, осындай балалар арасындағы өзін-өзі

өлтіру індетінен құтылуға көмектесер еді. Өздерінің ҰҒМ-інің кезекті қырын

ажарлап өңдеуге кірісуі үшін олардың күш-қуатын жаңа білімдерге аударып

бағыттау керек.

Мектепте ең алдымен балалардың рухани білім алуына назар аударылуы

қажет, сонда олар ерте жастан Эволюция заңдарын игеріп, өздерінің

өмірлерін өзгертетін және жаңа мамандықтың есігін ашып беретін Ұстазын,

шеберін, режиссёрін, продюсерін, тәлімгерін кездестіруі үшін алдарында –

оқу, еңбектену және мейірімді адам болып өсудің тек бір ғана жолы бар

екенін біледі.

Фактілер белгілі: кондитер М. Кошкин, өз заманының аса жетілген

берені еңкіш «Т-34» танкілерінің негізін қалаған, элеваторлар жобалаушысы

‒ инженер Н. Кондратюк адамдардың Айға ұшуын және қонуын негіздеген

және есептеп шығарған. Бұл жобаның орындауын НАСА инженерлері қолға

алды да, 1969 жылы адам алғашқы рет басқа ғарыштық дененің үстіне аяқ

басты.

Бұл, осындай жоспарланбаған «данышпандардың» өздерінің бұрынғы

өмірлерінде жинақтаған эволюциялық қорларын келесі өмірінде іске асыруға

дайындалғанын айқындайды. Тек эволюциялық қажеттілік қана керек болды

да ‒ олардың алдын ала белгіленген тағдыры айқындалды.

302

Өзінің жолын жалғастырған Ақ Сарбаз вокзал алдындағы алаңға шықты

да, фуникулёрге жету үшін автобусқа отырды.

Автобус жылжыды, біраз уақыттан соң жүргізуші:

№28-ші орындықтағы жолаушы қоғамдық жұмыстан жалтарып отыр.

Сізден, жұмысқа кірісуіңізді өтінемін! – деп жариялады.

Жан-жағына қараған Ақ Сарбаз, барлықтарының педальдарды басып

отырғанын көрді және бұл инерциялық типтегі экологиялық таза автомобиль

екенін, ал жолаушылар ауыр сермерді айналдырып отырғанын түсінді. Ол да

педальдарды бар пәрменімен баса бастады да, жүргізуші:

‒ №28-ші орындықтағы жолаушыға алғысымды білдіремін және

барлықтарыңызға біздің қаламыздың көшелерімен қызықты сапар

шегулеріңізге тілектеспін! – деді.

Соңғы аялдамада Ақ Сарбаз автобустан шығып даңғыл бойымен

фуникулёрге қарай беттеді.

Қасынан дәл осындай қозғалтқышы бар төбесі ашық көлік өтіп бара

жатты, оның ішінде педальдарды басып отырғандар, сыртынан алып

қарағанда, ақ халат киген студент-медиктер еді. Жол жиегімен келе жатқан

жаяу жүргіншіні көргенде, олар жылжуын тежеп, қызыға сұрады:

‒ Сіз қайда бара жатырсыз?

Олармен жолы бір болып шықты. Жастарға тән сыңаймен олар өздерінің

жолсерігінің киген киімін сөз қылып, қалжыңдай бастады, бірақ әсіресе

оларды, иесінің бойының жартысын алатын иыққабы қызықтырды.

‒ Мен мұнда, бұрынғы ғұмырларымда жинақтаған барлық ізденістерімді

ізбасарларыма арнап Қоймаға тапсыру үшін алып келе жатырмын!

‒ Біз де, ішіне өзіміздің қолжазбаларымыз, ойлап тапқан хирургиялық

құралдарымыз және Физикалық Дүниеге қайтушыларға арналған дәрідәрмектеріміз

салынған медициналық дорбаларымызды сонда апарып

тапсырғанбыз! Ал, бұл гипертрофияланған «білім қабы» кімге арналған екен?

‒ Ол, шамамен өздерің сияқты студенттерге, тек қана басқа мектепте оқу

курсына енгізуге арналған.

‒ Осындай орасан зор білім беретін ол қандай мектеп екен?

‒ Уақыты келгенде, сендердің де кейбіреулерің сол мектепке оқуға түсер

және сендер осы қаптың ішіндегі білімге қол жеткізе аларсыңдар!

303

Осы уақытқа таман Ақ Сарбаз межелі орынға жетті де, студенттермен

қоштаса бастады, бірақ олардың біреуі:

‒ Бұл Ол туралы бізге лекцияда оқыған тура сол Ғарыш Сарбазы емес

пе!? Тұра тұрыңыз! Кетпеңізші! Біздің Сізге қояр сұрақтарымыз көп...

‒ Мен, білімдердің бөлігін сендердің дүниелеріңнің Қоймасында

қалдырдым! Сонымен, оқыңдар – тоқыңдар, ал мен асығыспын, маған жылжу

керек, сау болыңдар!

Ақ Сарбаз фуникулёрге отырды да иен таулы қыратқа дейін жетті.

Сынақтан өтуі тиіс Білім Ғибадатханасы тұрған таулы қыраттан осы дүниені

бөліп тұрған шыңырауға апаратын бұл жолды Ол білетін...

Қараңғы түсе бастады. Жол иен және ұзақ болатын, ал жүгі иығына

батып келе жатты, және Ақ Сарбаз қатты шаршады. Осындай жүкпен түбі

шексіз шыңыраудан қалай секіремін? ‒ деген ой Оны бәрінен де көп

мазалаған еді. Ол, бұрын да ‒ ғұмырдан-ғұмырға оның үстінен секіріп өтетін.

Соңғы өмірінде де ‒ Ол әрең дегенде шетіне ілініп барып, жоғары қарай

қинала көтерілген еді. Ол кезде оның білімі жоқтың қасында еді, ал Оның

еңсесін әуе шайқастарында құлатқан неміс ұшқыштарын өлтіргені үшін аса

ауыр жүгі басып тұрған болатын. Бірақ та Ол, бұны өз Отанын, өз елін, және

өзінің жараланған командирін қорғау үшін жасаған еді. Сондықтан, сол жүгі

оны басып тұрғанымен, тым ауыр да емес болатын.

Ақ Сарбаз ойша, өзінің Тәлімгерінен:

‒ Қасыма ілеспелеушіні жіберіңізші! Мен оған осы аса ауыр қапты

шыңырау үстінен лақтырып көремін, одан кейін жеңілденген күйде бұл

қарғыс атқыр шыңыраудан өзім де өтермін!

Ілеспелеуші өте тез келіп жетті! Ол қапты қабылдап алды да, Ақ Сарбаз

жеңілдене күрсініп, ары қарай жылжыды. Біраз уақыттан соң Ақ Сарбаз:

‒ Шыңырауға қашан жетеміз, және оның үстінен біз қалай өтетін

боламыз? – деп сұрады.

‒ Ал Сіз оның үстінен баяғыда аттап өткенсіз!

‒ Бұл қалай, ол өзі ‒ сондай кең және қорқынышты емес пе?

‒ Ал Сіздің өсіп кеткеніңіз сондай, тіпті ол Сіз үшін кішкентай арықтай

ғана болды! Сондықтан, алаңдамаңыз, одан да Ғарыш мектебіне оқуға түсу

кезінде Сізді күтіп тұрған сынақтарға дайындала беріңіз.

304

Осылай әңгімелесе, олар Ғарыш Мектебі орналасқан жерге жетті және

онда Ақ Сарбаздың Ғарыш Құрылысшысы болуы үшін қиын да қызу оқуы

басталып кетті.

Ұстазы зейін салып Ақ Сарбазды тыңдап шықты. Оның қатты

толқығаны және түрінің салтанатты екені көрініп тұрды. Ол, шәкіртіне қайта

беруіне рұқсат етіп, басын изеді. Келесі жексенбіде, Ұстаздың үйінде оның

барлық шәкірттері жиналған кезде, ол:

‒ Мен Жоғарыдан белгілер алдым және бұдан былай Ақ Сарбаздың

Ұстазы бола алмайтынымды жариялаймын! Ол өз деңгейіне өтуі үстінде,

және ары қарай оны Жоғары Күштер жетелейді! Ал Сіздердің бәріңіз де енді

Ақ Сарбаздың басшылығының астына өтесіздер және ары қарай сіздердің

барлығыңызды ол өзі бастап, жетелейтін болады! – деп шаттықпен

жариялаған еді.

Осы сәттен бастап, барлығы жексенбі күндерінде Ақ Сарбаздың үйіне

жиналатын болды, ал Ұстаз анда-санда қонақ ретінде ғана келетін.

Бір жылдан кейін Ұстаз пенсияға шықты да Алтын жүзік бойындағы

көне орыс қаласына көшіп кетті.

Ол өзі жайлы ешқандай хабар бермеді. Не хат жазбады, не телефон

шалмады!

Демек, Оның еркі осылай болғаны, ал Шығыста ‒ Ұстаздың шешімі

талқыланбайды, тек үнсіз орындалады!

Бұл қасиетімен Шығыстың адамдары нақты ойлайтын еуропалықтардан

ерекшеленеді. Келешекте ‒ өз еліне, өз Ұстазына деген «жан қиярлық пен

айнымас адалдық» қағидасы ‒ алтыншы саты халқының рухани іргетасына

айналады.

5. ЖЕРҰЙЫҚ ХАБАРЛАРЫ

Тайпа, Тәттісу көлінің жағалауында болғанда, бірінші рет жерасты

дүмпуі туындады...

Ел, малмен бірге таудағы жайлауға шығып кеткен еді, ал жағалаудағы

күркеде Ақ Сарбаз кішкентай шәйкөз қыздың қасында қалған болатын. Қыз

сәл сырқаттанған еді және оған күтім қажет болған. Дүмпу болған кезде ол,

көлдің бетінде биік толқынның көтерілгенін көрген еді. Сәбиді қолына

305

көтеріп алған ол, төніп келе жатқан толқыннан құтылу үшін тау беткейімен

жоғары қарай жүгірді.

Толқын оның кеудесінің деңгейіне дейін жетіп барып кері қарай төгілді

де, өте зор, анық су жануарын бөгетте қалдырды. Оның мойны өте ұзын, ал

басы – орасан зор денесімен салыстырғанда, кіп-кішкентай еді. Адамдарды

байқаған сәтте құбыжық өзінің ұзын мойнындағы басын соларға қарай бұрды

– мақсаты, бұларды анығырақ қарап көру болып шықты.

Бірақ, кішкентай қыз шошып, зәресі ұшқаннан айқай салды. Ақ Сарбаз

шамасы келгенше оны жұбатып, тыныштандырды ‒ бұл жануар шөпті ғана

жейді, оларға ешқандай жамандық жасамайды ‒ деп оған түсіндіре бастады.

Бір сәтте, жануардың ‒ Жоғары Тіршілік иелері неге қорқыныш

толқындарын шашып тұр дегендей, аң-таң болып қалғанын Ақ Сарбаз сезген

болатын...

Бірақ, бұл кезде оның көзі көгалға түсті. Жануар шөптің әжептәуір

жұлымын тістеп алып, шайнай бастады. Адамдарға ешқандай жаманшылық

жасамайтынын білдіргісі келгендей, ол адамдарға қараумен болды.

Осы кезде екінші толқын жағаға келіп соғылғанда, құбыжық суға сүңгіді

де, көлдің тұңғыйығына сіңіп жоқ болып кетті.

Кешке жақын, Ақсақалдар Кеңесінде, ары қарай Саһараға жылжу

жөнінде шешім қабылданды. Көл жағасына тұрақтағанда – мәзірдің басым

бөлігі су өсімдіктеріне бай жағалау маңындағы шалпып жүзген балықтардан

тұратын. Бірақ, Саһараға енгенде олардың алдында күтілмеген қиындықтар

туындады.

Балалар сойылған еркек малдың етін жеуден бас тартты. Саулықтарды

сақтау қажет еді, өйткені олардың сүтінен құрт-ірімшік дайындалатын.

Халық түйе мен бие сүтін ішіп жүрді, бірақ тамақ бәрібір жетіспеді, ал Ақ

Сарбаз түйе мен жылқыларды союға рұқсатын бермеді, өйткені онда тайпа

жүк артатын жануарсыз қалса, оларсыз шексіз Саһарамен және одан да зор

Ұлы Шөлмен жылжып көшу мүмкін емес еді.

Наразылық басталды да, туған планетадан жұлып алып, онда олар ‒

«етке толы қазандар қасында отырып, жегеніміз қуырдақ пен кеспе көже,

палау да, бауырсақ пен шелпек жеп едік, енді оның бәрін түсімізде ғана

көретін болдық ‒ деп, қайтадан Ақ Сарбазды айыптауға кіріскен еді. Енді

міне, бізді қайдағы бір бөтен жерге, айлары Жердегі планеталардан көп,

аспаны да басқа, жұлдыздары да көрінбейтін жаққа әкеліп тастады. Осының

бәрі ‒ бізді ата-баба зиратынан алыс жақта аштықтан қатырып тастау үшін

істелген!» ‒ деді.

306

Әсіресе екі кемпір ‒ біреуі семіз, екіншісі оған қарама-қайшы, тыртиған

арық – ашуланып, кектенген еді. Олар, Ақ Сарбазды жазалауға шақырып,

халықты азғыра бастады: ‒ «Адырағалғыр! Иттің баласы! Бұл алаяқты бізге

беріңдерші! Бізді өзіміздің туған Жерімізге қайта апарсын. Әйтпесе біз оның

не барының бәрін жұлып тастаймыз!» Одан арғы айтылған сөздерді

келтірмеуге де болады...

Ақ Сарбаз оларды есінде мұқият сақтап алды, бірақ та жауап

қайтармады, себебі олар тек оның өзін ғана тілдеп, намысына тиген болатын,

және ол өзінің бәр түрімен көмек таяп қалғанын көрсеткен еді...

Мал ізімен төбешіктерден асып кеткен малшылар, оларға жан-жақтан

өте бір үлкен жануарлар табыны жақындап келе жатқаны жайлы хабарлады.

Өзінің Жерұйыққа алдындағы келіп қайтқан сапарында, Ақ Сарбаз, шөп

мұхитында жайылып жүрген ғажап жануарларға назар аударған еді. Олардың

көлемі тіпті өте үлкен, өздері біздің ақ мүйізтұмсықтарға ұқсас болатын.

Олар, қырлары өткір араның жүзіндей ұзын тілдерімен биік болып өскен,

протеинге бай қаттылау шөпті өздерінің орасан зор арандарына салар

алдында іс жүзінде орып алатын.

Басқа жануарлар сияқты, олар күндіз жайылып, шөпті орып жеп, ал

түнімен осы шөп массасын шайнап қорытатын. Сондықтан, олардың өз

төліне жетерлік сүті мол болатын.

Планетаның Саналы Тіршілік иелері олардың мекендейтін ортасын

тастап кетіп жатқан кезде бұлар өсіп-өніп тым көбейіп кеткен еді ‒ енді,

қоныс аударушылар үшін азықтың нағыз таусылмас қоры осылар болатын.

Іс жүзінде азын-аулақ сүт фермасындай болған осы жануарларды ол Сүт

көліктері деп атаған еді.

Таңертең малшылар, тұраққа орасан зор жануарлар табыны жақындап

келеді деп белгі берді, бірақ Ақ Сарбаз барлығын тыныштандырды да, сүт

құйып алуға көбірек ыдыс дайындауды өтінді.

Жоғары Тіршілік иелерін сағынған «сүт көліктері» адамдардың жанына

жүгіріп жетіп, біздің сиырларымыздың мөңіреуіне ұқсас дыбыс шығарып,

тұмсықтарымен адамдарды түрткілеп, оларға үйкеле бастады, одан кейін

олардың сүтін сауып алу үшін бір бүйіріне жантайып жата қалды.

Қоңыр түсті қою сүттің тығыз ағыны шелектерді сыңғырлатып аға

бастады да, сауылған сүттің алғашқы кесесін алдында ғана өздері қарғапсілеген

адамға ұсынды...

307

Ақ Сарбаз ыстық су әкелуін сұрады да, қою сүтті сұйытып ішіп алды

және қалғандарына да сүтті осылай сұйытып үшуін бұйырды, әйтпесе

олардың әлсіреген асқазандары мұндай қоюланған тамақты қорыта алмас еді.

Әйелдер қолда бар ыдыстарын сүтке толтырып алып, ашыған сүттен

ірімшік жасу үшін сүтті ұйытуға қойды.

«Сүт көліктерінің» табынын ең күшті еркегі басқарады, ал қалған

бұқалары алысырақта топталып жүреді. Осы жұмыссыз бұқалардың

бірнешеуін малшылар союға айдап әкеліп, көшпенділер көп айға дейін етке

жақсылап тойып алды.

Адамдар көңілденіп қалды, ал жылы сүтке тойып алған балалар қызу

ойындарына кірісті. Кейбір батылдауы, қуана мөңіреген жануарлардың

үстіне шығып алып төмен сырғанады, басқалары жас малды ат қып мініп

ойнады.

Адамдардың өз күшін қалыпқа келтіріп алуы үшін оларды ұзақ уақыт

демалдыру қажет деп шешілді. Тамақ жеткілікті еді. «Сүт көліктері» таң ата

өріске шығып, кешке жақын тұраққа қайтып оралатын болды. Осылай олар

жабайы күйінен шығып, қайтадан үй жануарына айналды, сонымен қатар

олар жылқы, қой, түйелерге кедергі жасамады. Түйелер өздері үшін шөлдің

шөгіріне ұқсас бұталар тауып алды. Жылқылар орта деңгейдегі жұқа шөпті

жеді, ал қойлар ең төменгі қабаттағы шөпті отап, қоректенетін болды. Осы

кезден бастап тұрақты түрде көшіп жайылатын табын қалыптасты. Жолжөнекей

табынға жаңа «сүт көліктері» келіп қосылып, ал қайсыбіреулері

қалып жатты. Бірақ та, көшпенділердің тамақтануына қажетті табын

сақталып отырды.

Адамдар демалып, оңалып алды, себебі сүттің ақ уыздан, май мен

көмірсудан тұратын құрамы керемет теңгерілген еді. Суы қосылмаған сүттің

бір кесесі іс жүзінде таңғы және түскі асқа жетіп тұрды.

Халық қуанышқа бөленді ‒ ән айтылып, домбырада тартылған күйлер

күмбірлей бастады, қысқасы ‒ бірнеше күнге созылатын қазақтың үйреншікті

тойлары басталған еді. Сол тойлардың бірінде, Ақ Сарбаз бұрыннан сезіп,

әсіресе абайлаған, келеңсіз бір оқиға орын алды.

Жақсылап демалып, тойынып алған екі кемпір, көңілдерін көншітуге

басқа да ермек іздегісі келген еді. Олар, әр заманда шатақ шығаруға әбден

кәнігіп, ысылған кемпірлердей, асқан ептілікпен, өз руларының көш

басындағы аса мықты екі жігітті өзара араздастырып, бір-біріне қарсы айдап

салды. Жанжал төбелеске дейін жетті, олар тіпті пышақтарына да жармасып

308

үлгірді, бірақ ақсақалдар өршеленген екі ересек адамды бір-бірінен әрең

дегенде айырып, ажыратып алған еді.

Жуырдағы толқулар кезінде елді көтеріліске азғырып алауыздық

тудырған тура осы екі революционер-кемпірді таныған Ақ Сарбаз тіпті де таң

қалған жоқ. Ақырсоңында барлық халыққа да аз болмас қасірет әкелген

осындай ескіліктің қалдықтарының тұтануына ол бұрыннан дайын болған

еді. Ол, бұл адамдардың тағдырына араласпады, оны ақсақалдар сотына

қалдырды – өйткені олар, жанжал тудырушылардың кармаларын бүкіл

тайпаның кармасына амалсыз өруге мәжбүр болатын. Ақсақалдар, бұл

кемпірлерге жазаның ең ауырын – тайпадан қуылсын! – деген айрықша қатаң

үкім шығарды.

Таңертең тайпа жолға шығуға дайындалды. Кемпірлер тұрақтың шетіне

шығарылды. Олар өздерінің ақ шаштарын тарқатып, қан-жоса ғып беттерін

тырнап, тізерлеп тұрып кешірім сұрап, қиыла өтінді...

Бірақ ақсақалдар – бұлар бүкіл халықтың түбіне жетпей тұрғанда,

тайпаның ең залалды екі мүшесінен айырылғанымыз артық! ‒ деп шешті.

Олар, көнеден тамыр тартатын – тайпадан қуып шығару рәсімін жасады – әр

адам кемпірлерге қарай бір уыс топырақ лақтырды. Бұл, тайпа үшін олардың

өлгенінің және тірідей көрге көмілгенінің белгісі болатын. Кемпірлердің

туыстары жерлеу кезінде айтылатын жоқтауларын айтып, сол жоқтаудың

зарымен, көшпен бірге жүріп кетті...

Жерұйыққа қоныс аударушылардың өміріндегі ең қайғылы көрініс

осылай аяқталды.

Мұндай жағдай Жер планетасында орын алса, дала қасқырлары

кемпірлерді бірінші түнде-ақ талап өлтірер еді, немесе олардың шөлдеп,

аштықтан өлетінін Ақ Сарбаз білетін. Бірақ Жерұйықта, эволюцияның

алтыншы сатыға өтудегі осы кезеңінде Ғарыштық Карма Заңы бойынша

жыртқыштардың болуы мүмкін емес. Аштықтан кемпірлер өле алмайды,

өйткені оларды тамақтандыруға міндетті «сүт тасығыштар» үшін олар әлі де

сол Жоғары Тіршілік иелері. Суықтан өлуі де мүмкін емес, өйткені туыстары

оларға, өздеріне тамақ пісіріп алуы үшін, шақпақтас, киіз, пышақтар, жылы

киім, котелоктар мен ыдыс-аяқ қалдырған болатын. Тайпа, күзге таман

оңтүстікке бағыт алып, күн біршама жылы болып тұрды. Шопандар,

төбелерден, олардың, көштің ізімен келе жатқандарын көріп жүрді.

Туыстары түндетіп атқа мініп барып, оларға құрт, ірімшік, ет, таза киім

апарып беріп, ал таңертең қайтып келіп жүрді. Ақсақалдар, түк көрмегендей

сыңай танытқан, өйткені мейірбандық парызын тежеуге болмайды. Ең

бастысы, ел-жұрт ‒ алауыздық үшін келетін жазаның бұлтарыссыздығын, Заң

309

бұзушыларға ешқандай аяушылықтың болуы мүмкін емес екенін түсінулері

қажет.

Біраз уақыттан кейін кемпірлердің толықтау келген біреуі өлді де,

туыстары оны жер қойнауына тапсырды, ал тағы бірнеше айдан соң екінші

кемпір де өлген еді. Жерұйықтың астрал дүниесінде өмір жолдарын аяқтап,

олар Отты дүниеге өтіп, бірақ та олардан бұрын қайтыс болған қоныс

аударушылардан бір деңгейге төменірек түсті де, ол жақта өз жазаларын

алуды жалғастырған болатын, келесі өмірінде – қайта құбылу кезінде,

олардың дау-дамай бастауға титтей де ишарасы білінсе – қояншығы

қысатындай күйге түсірілетін болған.

Тайпа сабақты мықтап түсініп алды, алауыздық пен жанжал тудырудың

кез келген себептері жоғалып тынды, барлығы да өзара қарымқатынастарында

бір-біріне деген өнегелі мінез-құлық көрсететін болды. Ақ

Сарбаз, елді сақтап қалудың жолы ‒ Жерұйықтың кеңістігінде де,

Эволюцияның сатыларымен де ‒ тек үздіксіз қозғалыста ғана екендігіне тағы

да көзін жеткізген еді.

6. Мама

Мамамның 2008 жылдың үшінші тамызында қайтыс болған күнінен бері

бар жоғы екі жыл өткен еді. Оянар алдында таңертең менің көмек

көрсетуімді әрдайым өтінген оның дауысын еститін болғандықтан, мен нәзік

Дүниеге шықтым.

Онда мамам мені қарсы алды да, бірден қаланың шетіне ертіп әкелді.

Жолай мен одан – бұл дүниеде оның қалай орналасқаны жайлы сұрағанмын:

‒ Мен керемет жеке жайда молшылық пен байлықта тұрып жатырмын.

Мен, әлемге ең ықпалды адамдарды тарту еткен әйелдердің қауымына

құрметті мүшесі ретінде қабылданғанмын, бірақ мені өзімнің тайпаласымның

алдындағы қарызым мазалай береді.

‒ Бала кезімде, отызыншы жылдары болған ашаршылықта үлкен әпкем

аштан өлген еді, менің өзім де аштықтан ісініп кеткен болатынмын, мені

қыстақтағы көршіміз ажалдан құтқарған, ол тасбақаларды, саршұнақтарды,

қояндарды ұстап, олардан сорпа қайнатып көже пісіріп, өзінің балаларын

және мені де қасықтан тамақтандырған. Егер ол болмаса мен аштан өлер

едім.

Көктемде қаладан әкем Әлиәкбар келіп мені Алматыға алып қайтты.

Сонда бой жеттім. Мен кейіннен сенің әкеңді кездестірдім, соңынан сені

дүниеге келтірдім.

Осы кезге таман біз қаланың шетіне жеттік. Онда ескі базардың

орнында үстел жанында түрі ұсқынсыз сақал-шашы өсіп кеткен бір шал

310

отырған еді. Бізді көре сала, ол орындықтың үстіндегі қоқыстарды сүртіп

тастап, бізді отыруға шақырды.

Бірақ шешем бір қара папканы ашты, оның ішінде өте бір қызықты

суреттер бар еді: парақтың оң жағында кішкентай кезіндегі менің мамамды

қасықпен аузына тамақ салып тамақтандырып жатқан адамның суретін

көрдім. «Осы жағында адамның жақсы істерін көрсететін жазулар бар және

үстінде ең елеулілері, ал төмен қарай – қарапайымдау істері. Ал сол жағында

жағымсыз істері, бұл ретте елеусіздері үстіңгі жақта, ал тым ауырлары –

төменіректе.»

Осы келеңсіз жағында бұл адамның өз қалтасына бөгденің затын салып

жатқанын көрдім – яғни ол ұрлық жасаған еді.

‒ Мама! Бұл дүниеде әділетсіздік жоқ, және әркім өзінің істеріне сай

жазаланған! Сондықтан бұл адам осы жерде үйсіз-күйсіз бейшараның күнін

кешуге лайық!

‒ Бірақ ол мені ажылдан құтқарған! Сен, анықталғандай, өте жоғары

дәрежелі Ғарыш Құрылысшысы екенсің, бұл туралы киіміңдегі белгілер

көрсетіп тұр. Бұл деңгейге сен Ғарыш Сарбазы ретінде Зұлымдық күштерін

күйреткенің үшін көтеріліп отырсың. Сенің анаң бола тұра, кімді тауып

өсіргенімді мен тіпті білмеген екенмін. Менің анам, яғни сенің апатайың

сенің құдайдың Елшісі екеніңді маған талай рет айтқан еді, бірақ мен бұны

қарт адамның фантазиясы деп қабылдаған едім. Оның сені, неге туған

балалары – біздерден де бетер сүйгенін енді ғана түсіндім. Егер мен бұны

бұрын түсінсем, онда саған әрине мейрімділеу болар едім.

‒ Жоқ, мама! Сен маған болашақ жауынгерге қажетті қатаң тәрбие

бердің.

‒ Онда мына бақытсызға көмектес, себебі қазіргі сүріп жатқан

өмірімдегі байлық пен құрметке әбден тойдым. Өткен ғұмырымда мені ешкім

еркелеткен жоқ, бақытты балалық шақ дегенді көрген жоқпын, себебі

кедейшілік кесірінен шешем мені және менің ағамды баласыз бөтен

отбасыға, ағайын-жамағаттарына берген. Мен қайтадан өзімнің туған

жерімде туғым келеді. Мен саған өз ұлым ретінде емес, Ғарыш

Құрылысшысы ретінде сұрақ қойғым келеді – өз немерелерімнің отбасында

туа аламын ба және солармен қайтадан қосыла аламын ба?

‒ Өзіңнің Құдай алдындағы сіңірген еңбегің үшін туатын отбасыңды

өзің таңдап алуға құқылысың!

‒ Онда менің жаңа өмірімді жеңілдетіп, менің қарызымды мен үшін

ұлдық міндетіңмен өтей салып, мына бақытсыздың өмірін жеңілдете сал.

‒ Жақсы, мама! Мен өз анықтамамды қарап шығып, өзімнің

өкілеттігімнің арасынан бұндай мүмкіндікті іздеп көрейін! Ия, анықтамада

мұндай бап бар екен:

«Ғарыш Бауырластығының мызғымас ережелерінен, Ғарыш Сарбазының

пайда болуының өзі ерекше оқиға болғандықтан, оның өкілеттіктері де

жалпылай қағидалардан тыс ерекшелік ретінде болуы мүмкін, бірақ бір

311

рет қана! Сондықтан мен өзімнің ерекшеленген құқығымды пайдаланып

көрейін.

Мен сол жақтағы папкадан бір парақты алдым да жыртып тастадым.

Жарқ етті де, адам қарапайым жұмысшылар асханасында үстел басында

отырған күйінде шыға келді. Түріне қарағанда, қырық жастағыдай,

қарапайым жұмысшылардың брезент күртешесіне киінген, алдында

тарелкада, еттен пісірілген тағам мен бір кружка сырасы тұрған еді.

Мамам сол жақтағы папкадан тағы бір парақты алып маған берді. Онда

бұл адамның жылқы үйірінен біреудің атын ұрлап әкетіп бара жатқаны

көрсетілген еді... Бұл ретте, оң жақтағы суреттің бір түрлі көмескіленіп, өше

бастағанын байқадым.

Мен бұл парақты да жыртып тастадым ‒ тағы да жарқ етті, және бұл

адамның отызға таяу жастағы кейпінде қымбат емес ресторанда отырғанын,

галстук пен костюм киінгенін, ал алдында тарелкаларда жейтін тағамы және

бір графин арағы бар екен.

Мамам папкадан үшінші парақты суырып алды. Онда бұл адамның

бөтен біреудің әйелімен көңіл көтеріп жүргені көрсетілді.

‒ Мама! Бұл ауыр күнә емес пе! – деп өтіне бастадым. Бірақ шешем

маған ұлдық қарызымды өтеуімді қатаң түрде есіме салды және қасиетті

сөздерді айтты:

‒ Мен әлі риза емеспін саған! Өзіңнің ұлдық қарызыңды әлі толығымен

орындамадың деп санаймын.

‒ Жарайды, солай болсын. Бірақ бұл сенің соңғы тілегің. Сенің менен,

өзің үшін келесі өміріңде едәуір маңызды игіліктердің берілуін өтінуіңе

болар еді. Сондықтан ойлан да, қандай таңдау жасайтыныңды шеш!

‒ Менің өтінішімді орында!

Мен бұл парақты да жырта салдым. Тағы да жарқыл пайда болып, тура

сол орында жазғы кафе көрінді, жас салпауыз жігіт қасындағы қызымен

үстел басында отыр екен, алдарында жемістер, балмұздақ, шампан

шарабы тұрды. Мен папканың оң жағына назар аудардым – бейне біртіндеп

өшті де, оның орнына оның жақсы істері бар жаңа парақ пайда болды.

Мамам: «Мен ризамын! Қарызыңды өтедің! Қанағаттандым! Сен боссың!

Сені құшақтай алмайтынымды білемін, себебі сенің басқа Дүниеден екеніңді

білемін. Бірақ, келесі өмірлерімізде көрісе аламыз ба?» ‒ деп сұрады.

‒ Бұл мүмкін емес екенін білемін, себебі мен енді ешқашан Жер бетіне

тіпті жәй ғана да аяқ баспаймын.

‒ Егер сен мен үшін бұдан артық ештеңе істей алмасаң, онда өз еліңе

қамқор бол!

‒ Біздің халқымыздың тіршілігі Ғарыш Жоспарына енгізілген. Егер

Күннің өзі жарылып кетсе де, біздің еліміз аман қалады. Ал сені, халқымыз

Ғарыш Сарбазының Анасы ретінде барлық уақыттарда әрқашанда

құрметтейді, және өзіңнің болашағың туралы алаңдамауыңа болады!

‒ Онда, Құдай сені қолдасын да, жолың сәтті болсын, ұлым! Егер біздің

тайпамыз Алтын Даламызға қайтып оралса және біз ата-баба заңымызбен

312

өздеріміздің киіз үйлерімізде, отар-отар қойларымызбен және үйір-үйір

жылқыларымызбен бірге емін-еркін өмір сүретін болсақ, онда одан басқа

бақыттың маған керегі де жоқ! Енді мен өзімнің болашақ отбасыма оралуға

дайындалу үшін кете берейін.

‒ Жолың оң болсын, мама! Енді бұдан былай сен аштық пен суықтың,

өтірік пен сатқындықтың не екенін ешқашан білмейтін боласың!

‒ Жаңа Өмірдің Ұлы Құрылысшысы, сенің айтқан сөздеріңнің бәрі

орындалсын! Мен енді Сенің тағайындалымыңды және Сенің Жолыңды

көріп тұрмын. Және, Саған мен Өмір сыйлаған күн баталы болсын!

7. Апатайым

Мен Алма-Ата (қазіргі Алматы) қаласында капитан шеніндегі әскеридің

отбасында 1942 жылдың мамырында дүниеге келдім. Мамам – Қыздар

педагогикалық институтының студенті болатын. 1943 жылдың күзінде мен

қатты ауыра бастағанмын, ас қабылдамайтын күйге түскендіктен, бір айдың

арасында ашығып, соның салдары тіпті ісіне бастағаныма әкелген болатын.

Мамам мені, Украинадан эвакуацияланған атақты балалар дәрігерінің

қабылдау кезегінде ұзақ сарылып барып оған көрсеткен болатын.

Дәрігер әр науқас балаға әдетте бірнеше минут уақытын жұмсап-ақ

дәлме-дәл диагноз бен ем-дом қабылдау тәсілдерін анықтап беретін. Бірақ

мені ол жарты сағаттай қағып тыңдап қарай берген соң, кезектегілер тіпті

күңкілдей бастаған еді. Ол өзінің ассириялық сәнді сақалын анда-санда сипап

қойып:

– Бұл бір сенбестік жағдай екен! Кезекте тұрмауыңыз үшін мына нөмірді

алыңыз. Екі күннен соң белгіленген уақытта осында келіңіз, ал мен өзімнің

жазбаларымды ақтарып қарап шығайын, және әкемнің де, сонымен қатар

атамның да жазып кеткендерін қарап шығайын – олардың тәжірибелерінде

осыған ұқсас жағдай болған ба, жоқ па, білгім келеді. – деген болатын.

Екінші рет қайта қарап шыққаннан соң дәрігер түбегейлі диагнозын

қойды:

– Балаңыздың ешқандай ауруы жоқ, бірақ сіз оны үш күн ішінде, ары

кеткенде – бір аптаның ішінде қаладан алып шықпасаңыз, ол өліп кетуі

мүмкін. Апаратын жерлеріңіз бар ма, және ол қай жақта? Мамам оған:

– Балқаш өңіріндегі құмдарда тұратын апасы бар және ол өзінің бірінші

немересін әрине қабылдайды! – деді.

– Тамаша! Құрғақ климат пен пайдалы ас сәбиіңіз үшін өте шипалы

болады. Және оны бұл жерден неғұрлым тезірек алып кетуге тырысыңыз.

313

Анам тура келесі күні Іле өзені айлағындағы поселкеге – қазіргі

Қапшағай қаласына келіп жетті. Шопандарға арналған жүк – ұн, жарма, қант

пен плиткалық шайды тиеген баржаны тіркеп алған кеменің палубасында біз

Балатопар ауылына дейін жүзіп жеттік. Күздің суық желі соғып тұрған, кеме

капитаны, дірілдеп тоңып тұрғанымды көріп, мені өз бушлатына орап, жылы

каютаға апарды. Жылынғаннан соң мен ұйықтап кеттім де, Бақанасқа

жеткенде ғана ояндым.

Осылай мен, бірнеше үйден тұратын Балатопар ауылына жеткенше,

капитанның каютасында қонып келдім. Онда біз бірнеше күн тұрдық, сонан

соң атына мініп апатайым келген еді.

Немересін көрген бойда ол мені көтеріп алып, жылап жіберді. Мен оған

жаным ашып, кішкентай алақандарыммен оның жасын сүрте бастадым, бұған

апатайым таң-тамаша болып:

– Айналайын! Бұдан былай әрқашан менің жалғыз қуанышым сен

боласың! ‒ деді.

Осылай болды да ‒ ол өз антын соңғы демі таусылғанша орындаған еді.

Содан кейін ол қызымен қоштасып, мені өзінің қыстауына алып қайтты.

Жолай ол маған атқа мінудің алғашқы сабағын берді. Ат өрге көтерілгенде

ол:

– Аттың мойнына қарай еңкей! – деп, өзі де менімен бірге алға қарай

еңкейді. Ал ат еңіске беттегенде:

– Артқа қарай шалқай да, атыңа көмектес! – деп үйретіп отырды.

Осылайша біз сабан аралас саз балшық – саманнан салынған қыстаққа

дейін жеттік. Бұл кезде апатайымның қолында оның алты баласының екеуі –

менен екі жас үлкен ‒ қызы Төпен және жасы менен жарты жыл кіші ұлы ‒

Қуанышбек тұратын. Олар екеуі ғана болғанда бір-бірімен жиі ұрсысып

қалатын, ал енді оларға мен қосылғаннан соң, әдеттегі балалар иерархиясы

қалпына келген еді. Төпен өзіне үлкеннің рөлін алды, нағашым екеуміз оған

қуана бағынатын болдық.

1945 жылдың қысында госпитальдан Белғожа атам оралды да,

жағдайымыз әлдеқайда жеңілдей түсті.

Бірде, менің төрт жасымда әке-шешем мені қыста қалаға алып кеткен,

алайда, біраз уақыттан соң мен тағы да сырқаттана бастап, денеме бөртпе

шығып, тура сол дәрігер мені құмды ауылға кері қайтарыңдар деп, ақылкеңесін

берген...

Маған ерекше қабілеттер берілгенін апатайым бірден түсінген еді. Жиі

жағдайда, шому күйіне енген кезімде – немерем ата-бабаларының

аруақтарымен қатынасып жатыр! – деп түсіндіріп, өзінің балаларынан

шуламауын өтінетін.

314

Бір күні, саулық қойдан сауылған сүтті пісіріп алуға және кешкі тамақты

дайындауға апатайымның отыны жетпей қалған еді. Мені апатайым өзінің

қасынан бір минутқа да жібермейтін, сондықтан өзі отынға барғанда, мені де

ертіп алды. Біз қайтып келгенше, атам өрістен отарын айдап келіп қойған

екен. Ол әрқашанда бізге дәмді тамақты – күлге пісірілген қоян етін әкелетін,

ал біз үшеуіміз, киіз үйге жүгіріп жеткенше оны жұлып бөліп, жеп алушы

едік...

Бұл жолы атам отқа пісірілген қоянды үлкеніміз Төпенге бере салып, өзі

қойды қораға кіргізуге кетіпті. Аш балалар маған бір түйірін де қалдырмай,

қоянды жеп қойыпты. Осы кезде апатайым екеуіміз шөмшек арқалап

қайтқанбыз, және балалардың күл жағылған кір-қожалақ бет-аузын

көргенімде мен олардың маған бір түйір қалдырмай, қоянды жеп

қойғандарын түсіндім...

Әке-шешем жоқта көрген күнім қараң деп еңіреп, жылай бастадым,

оныммен мен апатайымның қатты ашу ызасын тудырдым. Бұдан былай

ешқашан оның осындай қаһарлы түрін көрмедім, ал атама және өзінің

балаларына айтқан ауыр сөздерін бұрын-соңды естіп көрмедім. Мені жұбату

үшін ол маған бірнеше құрт түйірлерін тауып, менің зарымды тоқтату үшін,

маған бере қойды...

Мен құртты жеп, тынышталдым да, сандықтың артына тығылып, шому

күйіне түстім...

Жарты сағаттан соң бұрын-соңды болып көрмеген дауыл басталып кетті.

Жел киіз үйді орнынан жұлып әкетуге таяды, оны жел көтермесін деп,

апатайым мен атам киіз үйдің уығына жармасып салбырап қалды, ал балалар

керегеге жармасқан еді. Жел болса бұрынғыдан да бетер өршеленіп,

дүлейлене түсті, ақырында, біраз уақыттан соң, апатайым маған бұрылып

жалбарынды:

– Айналайын! Бізді кешіре гөр! Атаң оны әдейі істеген жоқ, ал балалар

қатты ашыққан екен! Сен желді тоқтат, егерде ол киіз үйді жұлып алып

кетсе, біздің бәріміз де, сен де, суықтан тоңып өлеміз. Мен қазір сендерге

дәмді көже пісіріп беремін!

Мен апатайымның тілін алдым, жел шынында да ‒ қалай тез басталса,

солай күрт тынды. Толығымен тыныштық орнады. Осы күннен бастап атам

да Тәңірден қандай немере алғанын түсініп, мені керемет қадірлейтін

болды...

Алтын балалық шағым тез өте шықты да, 1949 жылдың күзінде әкешешем

жүк машинамен мені алып қайтуға келді. Апатайым мамама

отанымның құмы салынған дорбаны берді де, егер мен балалық шағым өткен

мекенімді сағына бастасам, осы құмнан қайнатпа жасап, маған оны ішкізіп

отыруды тапсырды...

315

Әжем мамамды кабинаға отырғызды, ал біз ‒ екі ер азамат, шанақтағы

киізге оранып алдық. Бір-екі күннен соң Отар станциясына жеттік.

Ғимарат ішінен бір орыс еркек адам шығып, бізді бөлмеге кіруге

шақырды, ал маған бір уыс шекілдеуік берді. Мен оларды бірінші рет

көргендігімнен, бірнеше дәнін алып шайнай бастадым... Станция қызметкері

күлді де, оларды қалай шағу керек екенін көрсетті. Бірақ бұл кезде ғайыптан

бір әуен естілді. Анықтап қарап, музыканың жәшік ішінен шығып жатқанын

түсіндім. Мені бұның таңдандырғаны сондай, жәшіктің ішінде ән салып,

музыка ойнап отырған кішкентай адамдарды көру үшін, мен жәшікті ашуды

өтінгенмін. Бұның радио екенін мен тіпті білген емеспін. Басқа өркениеттің

элементімен өзімнің алғашқы танысуым осылай басталған еді.

Бастапқыда біз Алматы-I станциясында темір жол жұмысшысы болып

істейтін мамамның туысының үйіне қоныстандық. Әрине біз оның отбасына

ыңғайсыздық әкелдік, сондықтан жазда Малая станицаға, екі қожайынға

арналған қызметтік үйге көшіп кірдік. Үй, әкем диспетчер болып жұмысқа

орналасқан жүк көлігі автопаркінің аумағында тұрған болатын. Осы жерден

әкемнің автокөлік қызметкерінің мансабы басталған еді.

Жиһаз түсірілгенше, қараңғы түсті де, мені бақтың ішінде тұрған

төсекке ұйықтауға жатқыза салған...

Оянғанымда мен жұмақта екенмін деп ойладым. Төсектің үстінен алтын

шарлардың жұлдыз шоғырлары салбырап тұрды, қасында – ақ түстен бастап

ашық қызылына дейін түрлі-түсті құлқайыр гүлдері өсіп тұрған, ал бас

жағымда, тура менің аузыма тиер-тиместей жақын таяған жемістер көкшіл

түспен күмістей жарқырап, салбырап тұрды...

Бұл ғажап түсімді үркітіп алам ба деп, ұзақ жатып, әлде жұмақтамын ба

деп, білу үшін қолымды созып, жеміске тигіздім. Бұл қара өрік болып

шықты. Ол әлі толық піспеген еді, мен оны үзіп алып тісімді батырып көрдім.

Осы жұмақ жемісінің дәмін өмірімде бірінші рет татып көріп, өскенде

өзімнің бағымды өсіріп алып, сонда дем алатын боламын деп, шешім

қабылдадым.

Күзде мен мектепке бардым. Сабақ оқу маған оңай түсті, себебі мамам

мені оқып-жазуға ертерек үйретіп қойған болатын. Мұнда, Казачья станицада

мен бірінші рет ұлтаралық алауыздықтың белгілерімен ұшырастым.

Мектепке мен, көршіміздің қызы ‒ Мадинамен бірге баратынмын. Оның

ата-анасы қырқыншы жылдары туған жерінен көшірілген курдтар еді.

Мадинаның әкесі Ғасан ағай жүк машинасының жүргізушісі болып істейтін,

ал анасы үй шаруасындағы әйел болатын.

Сабақтан кейін, күндердің бірінде мені жоғарғы класс оқушылары

қоршап алып, бау-бақшасы бар бір үйге алып келді ‒ ол биік қорғанмен

қоршалған екен.

316

Мені балалар бір жаққа апара жатқанын Мадина көріпті. Бірақ ол

айқайламай, тек ақырын ғана біздің соңымыздан еріп отырған екен.

Балалар маған қорғанның астындағы суаруға арналған тар тесіктен ішіне

өтуімді ұсынды. Олардың өздері осы тар тесіктен өте алмаған, ал мен

олардың ойынша еңбектеп ішке өте алады екенмін.

– Сен бақтың ішіне өтіп ал да, бізге қорғанның үстінен алма мен

алмұртты лақтыра бер. Ауласында ит жоқ! Алма мен алмұртты бізге

лақтырып болғаннан соң, осы арықпен кері еңбектеп шығасың, ал біз саған

қалтаң толғанша алма, алмұрт салып береміз!

– Мен ешқайда кірмеймін! Бұл бөтендердің бағы, сондықтан

қожайынынан рұқсат сұрау керек. Сонда олар сендерге сұрағандарыңды

өздері-ақ береді!

– Енді қалғаны осы еді! Береді саған, олардан қыстыгүні қар сұрасаң да

– бермейді! Тура қазір кіресің, әйтпесе біз сені осы жерде сабап өлтіреміз.

Олар мені тесікке сүйрегенде, мен олардан қорғандым, ал олар мені ұра

бастап, біреуі артымнан келіп таспен басымнан ұрып жіберді. Мен есімнен

танып қалдым, ал олар мені өлтіріп тастадық деп ойлап, сүйретіп апарып,

шұңқырға лақтырған, үстіме бұтақтар мен жапырақтарды тастап шұңқырды

жауып, өздері қашып кеткен еді.

Мадина бұл жерді есіне сақтап алып біздің үйге жүгіріп барып, менің

мамама не болғанын айтыпты. Шешем халат мен тапочка киінген түрінде

жүгіріп келіп, қан болып жатқан мені қазып алып, біздің автобазадағы

медпунктіге көтеріп апарыпты. Ол жерде менің жарамды таңғаннан кейін

мамам мені үйге апарған еді. Есімді жиған кезде, менің әкем мен Мадинаның

әкесі екеуі бірнеше адамдармен – бұлар жас жүргізушілер ‒ шешендер мен

курдтар болатын – сөйлесіп жатқандарын естідім. Олар, сол ұлдардың атааналарына

қарсы «тәрбиелеу акциясын» өткізуге салт бойынша үлкендерден

рұқсат беруін сұрап тұрып алды. Әсіресе қызбаланған ‒ арықшаң келген,

сары шашты шешен Салман:

– Сіздер бұл жауыздардың қандай екенін білмейсіздер! Ал олар бізді

қыста Шешен жұртымыздан Қазақстанға тақыр далаға жер аударған кезден

мен оларды жақсылып зерттегенмін. Егерде бізді паналатқан қазақтардың

тектілігі болмаса, біз тірі қалмас едік! Окуппанттар тек күштің заңын ғана

түсінеді және егерде оларды өлімші ғып сабасаң ғана, берген сабақты тез

түсінеді, тіпті өздерінің қанаушыларын сүйетін болады! Олардың құлдық

болмысы осындай!

Әкем бәрін бейбіт жолмен шешуге тырысты және әлдеқандай заңсыз

әркеттерге қарсы болды.

– Сіз түсінсеңізші! Сіз айтқандай, бұл балалар тәжірбиелі қылмыскердей

іс әрекет жасады. Олар өздері адамды өлтірдік деп ойлап, баланың денесін

тығып тастап, барлық іздерін жасырған, ал өздері қашып кеткен.

Менің әкем кез келген заңсыз әрекеттерге қарсы екенін түсінген олар,

енді Мадинаның әкесіне жүгінді:

317

– Егер біз қазір оларға тиісті тойтарыс бермесек, келесі құрбан ретінде

олар Сіздің қызыңызды таңдайды. Заң бойынша, жас балаларға түк те

болмайтынын олар біліп отыр. Сіз қуғын көрген халықтың өкілі ретінде өз

сөзіңізді айтыңыз!

Ғасан ағай барлығына ‒ аптықтарыңды басып, шыға тұрыңдар деді, ал

өзі менің әкеме араб транскрипциясымен оның атын атап:

– Құрметті Шах-и-Мардан (аудармасы – Ұлы қолбасшы)! Жапа шеккен

жақ ретінде біздің балаларымызды одан арғы бәледен қорғап қалу үшін

қарсы әрекетке көшуге жастарымызға рұқсат беруіңіз керек деп ойлаймын! ‒

деді.

– Мен келісемін! Жігіттерді бері шақырыңыз!

Олар кіріп, қайта үстел маңына отырғанда, әкем:

– Біз, қадірменді Ғасан екеуіміз, қарсы әрекеттерге рұқсатымызды

береміз, бірақ та құрбандық болмасын! Ересектермен жай ғана «тәрбиелік

жұмыс» жүргізіңіздер, ал балаларға ешбір жағдайда қолдарыңызды

тигізбеңіздер! ‒ деді.

– Жарайды, Шәке! Сіздің қойған барлық шарттарыңызды орындаймыз!

Тәрбиеленушілер оларға берген сабақты көпке дейін естерінде сақтайтынына

сенімді болыңыз!

Осы әңгімені мен іргелес бөлмеден естіп, бәрін көріп, осында болған

адамдардың барлығын есімде сақтап қалдым.

Келесі күні жас курд және шешен жігіттері Мадинаны жеңіл көлікпен

мектепке екінші ауысым бітетін уақытта алып келді ‒ ол, мені соққыға

жыққан ұлдарды көрсетіп берді.

Жігіттер олардың әрқайсысының үйлеріне дейін жүріп отырып,

үйлерінің нөмірлерін жазып алды. Түн ортасына таяғанда олар топ-топ болып

сол үйлерге кіріп барып, «тәрбие жұмысын» өткізген еді. Кетерде, өлердей

таяқ жеген үй иелеріне сес көрсете ескеріп кетті:

– Егер кез-келген саны аз ұлттардың баласымен осыған ұқсас жағдай

болса, онда олар тағы да келеді, бірақ онда тұмсық бұзумен ғана аяқтала

қоймас!

Жарақаттан айығып болғанша жатқаннан соң, мен қайтадан мектепке

барғанмын, алайда назарыма түскен бір жәйт ‒ Мадина екеуміздің

маңайымызда әлдеқандай бір бос кеңістік түзіле қалатын ‒ «ақ адамдардың»

балалары бізді айналып жүгіріп өтетін болды...

Мен кейін ешқашан Мадинаны да, оның ата-анасын да көрген емеспін,

бірақ мейірімді және текті күрд еліне мәңгіге ризашылығымды сақтап

қалғам.

Поселкелік мектепте мен бір тоқсан ғана оқыдым, одан кейін біз

Интернациональная және Гоголь көшелері қиылысының маңына көшіп

келдік, ал мұнда ‒ ұшқыш Тимур Фрунзенің әкесі ‒ Михаил Васильевич

Фрунзе бұрын оқыған №5 мектепке мені оқуға берген еді.

318

Мен ол кезде бұның маған болашақта ойға салу болатынын әлі білмеген

едім, бірақ та ең қиын және аз белгіленген ‒ соңғының алдындағы өмірімді

есіме түсіруіме өте мол көмегін тигізген болатын.

1952 жылы біз қала маңындағы Тастақ поселкесіне көшіп келдік, себебі

мен қалада тағы да ауыра бастаған едім. Ата-анам каркастық-қамыс үй

тұрғызуды шешкен еді. Поселкеде мен тез сауығып алып, көршілердің

балаларымен бірге үлкен Алматы өзеніндегі бөгеуге суға түсуге жүгіріп

кететінмін.

Күзде мен ауылдың жетіжылдық мектебінің үшінші класына барғанмын,

оқу маған жеңіл де оңай болған, және – неге Тастақ колхозшыларының

балалары үшін арифметика ғана емес, тіпті олардың өздерінің ана тілі – орыс

тілін де оқу қиынға түсетінін мен түсіне алмайтынмын. Кейін, Жарықтану

алғаннан соң және өзімнің өткен ғұмырларымды білгеннен кейін, мүмкін

олар менен гөрі бұл білімдерді бірінші рет алып жатқанын, мен түсінгенім, ал

өзім болсам, өткен өмірімде үкімет мүшелерінің балаларына арналған

мәскеулік арнайы мектебін бітіргенмін. Онда сабақ бергендер өте жоғары

білікті мамандар болған, ал менің тәрбиешім Мелите Станчиктің арқасында

мен неміс тілінде сөйлеп, Гёте мен Шиллерді түпнұсқасында оқығанмын.

Одан кейін, асырап өсірген өкіл әкем – К. Е. Ворошиловтың талабымен

Артиллериялық мектепте оқып, тамаша техникалық білім алғанмын.

Тимур Фрунзе артиллерист болуға оқыған Нижний Новгородтың

(бұрынғы Горький) маңындағы Гороховец қаласындағы тура сол

артиллериялық полкта мен өзімнің Политехникалық институтымның әскери

кафедрасында артиллеристің әскери мамандығын алып, танкке қарсы

қолданылатын «Рапира» жүйесіндегі 100 миллиметрлік реактивтік зеңбірек

қондырғылары батареясының командирі ретінде машықтанғаным кездейсоқ

емес екенін мен кейінірек түсінген едім. Мүмкін, ол тура сол казармада

ұйықтап, тура сол асханадан тамақтанып және тура сол полигонда

зеңбіректерден әскери атыстар жүргізген шығар.

Үлкен үзіліс кезінде М. Лермонтовтың «Бородино» өлеңін толығымен

жаттап алғаным да кездейсоқ емес. Орыс тілінен бүкіл класс үй тапсырмасын

орындамай келіпті, және бәрімізге «екі» деген баға қойылмасын деп, балалар

маған осы өлеңді оқып беруге сұрансаңшы деп өтінген еді. Үй шаруасынан

қолым босамаған мен де сабаққа дайындалмаған едім, бірақ жауапкершілік

сезімі және балалардың маған деген сенімі мені кітапты оқуға

жұмылдырды...

Өлеңнің жолдары менің санама таңқалдырарлықтай жеңіл сіңді... Оны

мен бір кездері білгенімдей сезіндім. Сабақ үстінде үй тапсырмасын жатқа

оқып беруге сұрандым. Қартайған мұғалім әйелдің менімен бірге бұл

жалғаннан ажырап кеткені көрініп тұрды, және мен өлеңнің соңғы сөздерін

айтып болғаннан соң ол өз-өзіне келіп:

Міне, көрдіңдер ме балалар, туған әдебиетті қалай біліп, сүю керек

екенін! – деді.

319

Сабақ оқуға кластастарыма қуана көмектесетінмін, ал арифметикадан

күзге қайта тапсыруға қалдырылған біреуіне, оны осы пәндер бойынша «алға

тартуға» мені бекітіп қойған еді. Күн аралатып мен оның үйіне келіп тұрдым,

біз оқулықтағы есептерді шығаратынбыз, ал күзде ол осы пәндерді «жақсы»

деген бағаға тапсырған еді, осылайша екеуіміз жетіжылдық мектепті

бітіргенше бірге оқығанбыз.

Мектепті бітіру құрметіне арналған түлектер кешінде тарих пәнінің

мұғалімі Варакина Таисия Кузьминична мені оңаша алып шығып маған кеңес

беріп, тілегін айтқан болатын:

– Мен сені бұрыннан байқап жүрмін және өзіңнің турашыл мінезіңмен

және әділеттікке ұмтылысыңмен саған өмір сүру оңайға тие қоймас! Сен

өзіңе тек қана техникаға байланысты мамандық таңда. Темір сені сатып

кетпейді, темір сенің үстіңнен домалақ арыз жазбайды. Менің

таныстарымның арасындағы көбі адал да парасатты адамдар тек шындықты

айтқандары үшін ғана лагерьлерге айдалған. Менің өтінішімді орындашы –

адаммен істейтін жұмысты ешқашанда таңдама!

Кілең бестікпен оқыған оқу үздігінің Мақтау грамотасын алған мен,

байланыс техникумына түскім келген, себебі ол кезде орта білім алу үшін

төлемақы төленуі қажет болатын, ал оны біздің отбасылық бюджет көтере

алмас еді. Әкем ғана жұмыс істейтін, мамам бар уақытын жеті баланы

тамақтандырып, киімдерін жуып, және басқа да біздің үйде тұратын

туысқандарымызды күтумен айналысатын.

Мен техникумға құжаттарымды енді тапсыруға дайындалғанымда,

Үкіметтің «Жалпы орта білім беруді 1957 жылдың күзінен бастап енгізу

туралы» шешімі хабарланған еді.

Әкем маған:

– Үкімет сенің тілегіңді қолдап отырса оқуға бар, ал оны бітіргеннен соң

өзің таңдаған институтқа түс! – деді.

Мен бұны кездейсоқ сәйкестік деп санадым. Бірақ орта мектепті

бітіргенімде, Тау кен-металлургия институтының негізінде Политехникалық

институтты құру және онда «Автоматика және есептеуіш техникасы»

факультетінің ашылуы жайлы Үкіметтің кезекті Қаулысы шыққан еді.

Осылай, тағдырдың өзі мені қолымнан жетектеп отырды, адамдармен

істеуге ешқандай қатысы жоқ мамандықты таңдап, мен өзімнің мұғалімімнің

тілегін орындадым. Менің бала кезімде балалық шағымның әлеміне деген

сағынудан бірнеше рет өте қатты күйзеліске түскенмін. Мамам,

апатайымның тілегін есіне сақтап, дорбаға салып берген құмынан шай

демдеп беретін. Сырқат сәл азайып, алайда біраз уақыттан соң қайтадан белгі

бере бастайтын.

Алпысыншы жылдары атам, 1944 жылы Прибалтикадағы шайқастарда

алған бұрынғы жараларынан қайтыс болған, ал апатайым зейнеткерлікке

шықты да мен, тоғызыншы кластан бастап аң аулауға ылғи барып қайтатын

менің ағам ‒ өзінің ұлы Балтаймен тұратын болды. Әкем, менің туған күніме

велосипед сатып алып беріңізші – деген өтінішіме жауап ретінде, серіппелі

320

қосауыз «Тулканы» сыйлаған еді. Менің сұрағыма – жасөспірімдерге лайық

велосипедтің орнына неге маған – ересек адамдардың атыс қаруы сеніп

тапсырылады дегеніме, әкем:

‒ Мен әр апта сайын жол апаттары туралы мәліметті оқимын: жол

апатында өлгендердің жартысына таяуы – велосипедшілер. Сен не өліп, не

одан да жаманы, инвалид болып қалуың мүмкін – өзіңнің алаңсыздығыңнан

емес, бөтен біреудің кесірінен. Ал қаруға сен өзің жауаптысың, және қаруды

қолданудың барлық сақтану ережелерін мұқият орындайтын сенің

ұқыптылығың мен жауапкершілігіңді ескеретін болсақ, жазатайым оқиғаның

мүлдем болмайтынына мен сенімдімін!

Әр жаздың басында апатайым үнемі қалаға келетін болды, өзінің

балалары мен туысқандарының үйлеріне дәстүрлі түрде барып, аралап

қайтатын, біздің үйде тұратын. Ол, менің бала кезімдегідей, мені күтіп

мәпелей беретін, оның немерелері – менің бір қарындасым мен бес інілерім

бар болса да, ол мені ғана ‒ институттағы сабағымнан келгенімді тосып

алып, маған арнап тамағын пісіріп, менің тамақ ішкеніме, одан кейін шай

ішкеніме елжіреп қарап отыратын. Егер емтихан сессиясы болса, түнімен

сопроматтан, теориялық механикадан қурстық жобаларды сызғанымда, дәл

машиналар мен механизмдер жобаларымен айналысқанымда, апатайым ас

үйде маған шайымды қайнатып, кезекшілікте тұратын.

Бір ретте кезекті сызбаларымды тушьпен сызып отырғанымда, ұйықтап

қалмас үшін, сол уақыттағы кофе – қуырылған емен жаңғағы, цикорий мен

кофе дәндері ұнтақтарының қоспасын қайнатып әзірлеп алғанмын. Мен

жұмысыммен айналысқанымда, апатайым бірнеше рет шайын демдеп әкеліп

отыратын еді...

Мен кофе дайындап жатқан кезде, ол демалуға жантайған еді. «Кофеге»

мен қант та, сүт те қоспаған едім. Кофенің әсері уақытша ғана болып, мен

тағы да калғи бастадым, сызбамды бұзып алмау үшін тушь құйылған құтыны

қақпақпен жауып, ал рейсфедерді сумен жуып қойып, өзім таңғы ауамен

демалуға баққа шыққанмын...

Апатайым осы кезде оянып, менің бөлмеме кіргенде, оның назары ішіп

бітірілмеген «кофеге» түскен екен. «Кофе» мен тушьтың түстері бірдей қара

болатын, сондықтан ол менің чашкамдағы ішімдіктің дәмін тілінің ұшына

алып тексерген екен...

Оның дәмі оны үрейлендірген еді. Ол мамамды шошына оятып, немерем

артық оқудан шатасып сия ішіп жүр депті. Мамам да сасқалақтап бөлмеге

жүгіре кіріп, чашкадағының дәмін татып, апатайымды тыныштандырыпты:

– Ол сия емес, бұл кофе ғой! Немерең оны ұйықтап қалмас үшін ішіп

жүр!

Ішімдіктің түсі, дәмі, әсіресе иісі апатайымның ерекше жиіркенішін

тудырғаны сондай, кейіннен ол тіпті «кофе» деген сөзді де естігісі келмейтін.

Ол оны қазақтардың мәнерімен «копа» деп атайтын, себебі біздің тілде «в»,

«ф», «ц» және «ч» деген дыбыстар жоқ.

321

Осылай, 1973 жылға дейін жалғаса берді. Бірақ неге екені белгісіз, бірде

апатайым жазда емес, қазан айында келіп, менің ата-анамның қаладағы

пәтерінде тұрақтады. Оның келгені туралы ести сала, мен оған ұшып бардым

және ең алдымен сұрақ қойдым:

– Апатай! Сен ылғи жаздыгүні келуші едің, ал үйге, поселкеде бәрі

пештерін жаға бастап, қою түтін қаптағанда қайтушы едің ғой?

– Маған осылай қажет болып тұр! Отыр, мен саған шай қояйын!

Осы сөздерін айтқаннан соң, ол өз бөлмесіне кіріп кетті де, салтанатты

түрде киініп – жаңа көйлек, камзол киіп, ал басына ақ жаулық таңып алған

еді. Ол маған түрегеп тұрып шай құя бастады. Мен таңданып:

– Апатай! Неге түрегеп тұрсың? Саған ыңғайсыз ғой! – дедім.

– Сіздің алдыңызда отыруға хақым жоқ! Мен Сізден өтінемін, маған

өзімнің парызымды орындауға кедергі болмаңыз!

Мен, апатайым жай «еркелеп» сөйлеп тұр деп, оған бөгет болмадым.

Апатайым аяғына дейін рәсімін өткізіп бітіп:

– Жүр, енді мен сенімен қоштасамын! – деді.

Мен оны залдағы тахтаға дейін ертіп апардым, ол сол жерде маған

батасын беріп, бүкіл өмір бойы менің есімде сақталған өзінің соңғы еркі

мен өсиетін маған айтты.

Оның өсиеттері өзімнің тағайындалымымды орындауыма, және бәлкім,

өмірімді де сақтап қалуға көмегін тигізген.

Шығып бара жатып, мен апатайыма бұрылып қарадым. Ол тахтада

тәкаппарлана, арқасын кең ұстап отырды, оның көздерінен мен:

– Өзімнің немеремді өсірген менмін! Және ол еліміздің даңқын

шығарады!

Таңертең телефоннан көз жасын төккен мамамның дауысы естіліп ‒

«бүгін апатайың бақилық болды» ‒ дегенде, ол өзін неге солай ұстағанын

түсіндім.

Менің қайғым шексіз болды, ал мамам мені жұбатуға тырысты:

– Жылама! Өзіңді өзің қинай берме! Апатайың қайтыс болар алдында

мені оятты да: «Осы дүниені тастап шығардың алдында менің саған айтар

сөзім бар, тыңдап ал!» ‒ деді:

– Менің сүйікті немеремді құрметте және сыйлап жүр! Ол Құдай

алдындағы өзінің ерекше жолымен келе жатыр! Ол біздің халқымызға

бостандық әкеледі, оны Жерұйыққа апарады. Мен ол жерде оны тосамын.

Біздің барлығымыз Жерұйықта кездесіп, бір-бірімізден ешқашан

ажырамайтын боламыз!

Ләйім солай болсын! Қош аман бол, апатайым! Жерұйықта кездескенше!

322

8. Ыстықкөл

Жазғытұрым, 1962 жылы, көктемгі сессиядан соң мен үшінші курсқа

көшкенмін. Дәл сол жылы Ананьево ауылының қасында, Ыстықкөлдің

жағалауында студенттік спорттық-сауықтыру лагері ашылған. Мен өзімнің

кәсіподақ ұжымыма өтініш жазып, бірінші маусымға жолдама алдым және

көлге ең бірінші болып асудан өтетін топқа жазылдым.

Менімен бірге сапарға курстасым Н.И.Ч. те шыққан болатын. Кіріспелік

нұсқауды топ басқарушысы ‒ тәжірибелі альпинист Коробов пен оның

көмекшісі ‒ Карцевтен алғанбыз. Олардың «Аз сақтаннан гөрі әсіре

сақтанған артық?» ‒ деген ұрандарын мен өмірбақи есіме сақтап алдым.

Сонымен қатар, олар: ‒ Тауда өз қателеріңнен сабақ алудың қажеті жоқ,

кәсібилердің тәжірибесіне сүйенгенің артығырақ болар. Сонда ғана

жазатайым оқиғалардан құтыласың, өйткені тауда еш жерден көмек

күтпейтін боласың, ал жарақаттанған досың бүкіл топқа масыл болады. ‒

деген.

Нұсқаушы ең жеңіл маршрутты таңдаған. Қаскелең сайымен Чоң-Кемін

өзеніне дейін жүріп, одан ары Төре асуымен Шырпықты поселкесіне

жетуіміз керек. Бізді лагерьге дейін жеткізетін автобус сол жерге жіберіледі.

Коробов жолға шығар алдында жүктің бәрін иыққаптарға бөліп,

ауырлауларын – жігіттерге, ал жеңіліректерін қыздарға берген. Осы кезде

мені курстас досым таңқалдырды. Ол таудай үйіліп жатқан бұқтырылған еті

бар банкалардың, ботқаға қажет дән-дақылдардың, көже пісіруге арналған

көкөністердің арасынан қырыққабаттардың бәрін іріктеп алып, екі дорба

тұзбен бірге өзінің иыққабына салып алды. Оның ішіне тағы үлкен

эмальданған табақты салып, нығыздап алды. Нұсқаушы да оның мұндай

таңдауына аң-таң болып қарады, өйткені оның иыққабы басқа жігіттердікінен

бір жарым есе ауырлау болды. Досым мұндай жүктің оған үйреншікті және

өзінің нормасы екенін айтып түсіндірді. Кейін, мен оның қулығын түсіндім.

Ең бірінші демалу түскі тамақтану уақытына сәйкес келді, ал біздің

бәріміздің қарнымыз ашып қалған. Коробов, үйлерімізден алып шыққан асдәмдерімізбен

түстеніп алуымызға нұсқау берді. Бұл, негізінен бутербродтар

еді, ал менің досым иыққабынан қырыққабатты шығарып, оны табаққа

жонып салып, тұздады да, бүкіл осы массаны қолымен мыжып араластырды.

Бутербродтармен қоса бұл салат ‒ Ура! ‒ деп желінді. «Бис!» деген сұраумен

осы салаттың тағы бірнеше табағы жасалды.

Кешке таяу Чоң-Кемін өзенінің аңғарына жетіп, түнеуге тоқтадық. Ал

таң атысымен біз суы түнде тартылып азаятын өзеннен өтіп, Төре асуын

шабуылдауға шықпақ болғанбыз. Кешкі асқа бұқтырылған ет пен кәдімгі

туристік ботқа әзірленді. Ал Н.И.Ч. болса, тағы да қырыққабаттан жасалған

өзінің фирмалық салатын ұсынып, тағы да қолқошеметке астында қалды.

323

Кешкі астан кейін шатырларды құрып, түнеуге дайындалдық. Ал мен,

өзеннің төмен жағындағы малшылардың киіз үйлеріне барып, сонда қонып

шығуды ұйғардым. Нұсқаушы, досым екеуімізге рұқсатын беріп, таңертең

кешікпей лагерьде болуымызды талап етті. Бізге тағы үш курстасымыз ілесіп,

осы топ болып, киіз үйлерге жеттік. Алдымыздан қойшы иттері жүгіріп

шықты, бірақ киіз үйден малшының әйелі шығып, маған ұнайтын қырғыз

тілінде: «Сіздерге бірдеңе қажет пе?» ‒ деп сұрады.

Мен туған қазақ тілімде: «Біз Алматыдан келген туристерміз. Қонуға

рұқсат беруіңізді және қонақжайлық көрсетуіңізді өтінемін.» ‒ деп жауап

бердім. Әйел бірден киіз үйге кіруге шақырды, біраз уақыттан соң біз ыстық

шай ішіп отырдық. Кейінірек отарын айдап, отағасы да келді. Қонақтарды

көре сала, ол қонақ асын дайындауды тапсырды. Ет піскенше, ол: «Кімсіңдер,

қайдан келесіңдер және қайда бара жатырсыңдар», ‒ деп сұрастыра бастады.

Мен оған ана тілімде жауап беріп, біз политехникалық институттың

студенттері екенімізді, Ыстық көлге бара жатқанымызды айттым. Киіз үйдің

қожайыны маған ерекше назармен қарады, әсіресе сессия аяқталар кезде

жіберген менің жирен сақалыма көзі бірден түсті.

Жігіттер менің есімімді атап сөйлескенде, үй иелері маған үңіле қарады.

Бірдеңе түсінді ме, жоқ па, әйтеуір, маған ерекше көңіл аударып, қошемет

көрсеткен еді.

Шай ішіп бола берген кезде найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрып,

қатты жаңбыр құйып кеткені естілді. Малшының әйелі: «Әлгі туристер тағы

да бірдеңені бүлдірген екен. Міне, таудың рухы қатты ашулы. Енді жел

басылғанша және жаңбыр тоқтағанша, қойды өріске айдау мүмкін емес,

қозылар да сүтке тойып еме алмайтын болды!» ‒ деді. Мен осы сәтте бұл

дүниеден сытылғандай күйде болып, ойланбастан жауап бердім:

«Уайымдамаңыз! Таңертең жаңбыр да, найзағай да басылады. Күн шыққанда

қожайын отарын жайылымға айдап шығарады! Ал сіз бізге қосалқы киіз

үйлеріңізге қонып шығуымызға рұқсат етіңіз».

Біздің өтінішіміз орындалды. Отанасы бізге текемет пен бірнеше

көрпе‒жастық беріп, біз жақсылап ұйықтап шықтық.

Таңғы шайдан соң біз қонақжай үй иелерімен қоштастық, мен отанасына

цейлон шәйінің бірнеше қорабын ұсындым, ал жігіттер менің кеңесіммен

өзіміздің құрғақ тағамдарымыздан алдын ала салып дайындап қойған кәмпит,

печенье, шақпақ қант орамын ұсынды.

Бір-бірімізбен өзара разы болып қоштастық. Жаңбыр әлдеқашан тоқтап,

айналаның бәрі кеуіп үлгірген, ал таудың ар жағынан күн шыға бастаған еді.

Тұрағымызға жеткенде, қорқынышты көрініске куә болдық. Күшті жел

шатырлардың бәрін ұшырған, жағылған оттың басында әбден су өтіп,

жаураған жігіттер отыр, киімдері керілген жіпке кептіруге ілінген. Біздің

нұсқаушылардың ғана жағдайлары қалыпты еді, өйткені олар өз шатырларын

ережеге сай орнатқан, сондықтан жел ол шатырды жұлып әкете алмаған. Аз

уақыттан соң өз шатырынан Коробов шығып:

324

‒ Ал, қалайсындар? Жақсылап қызыққа баттыңдар ма? Мен кіріспе

нұсқауымда өздеріңмен бірге спирттік ішімдік алуға қатаң тыйым

салғанмын. Тау, міне, оған құрмет көрсетпегендерің үшін сыбағаларыңды

берді! Қоқыстың бәрін жинап, өртеңдер, ал бұқтырылған ет пен қоюланған

сүттің жанбайтын қаңылтыр қалбырларын алысырақ жерге көміп тастауды

бұйырамын. Күн шуағы түскенде, шағылысып, өрт қауіпін тудырмау

мақсатымен, бөтелкелерді және оның сынықтарын жинап, сол бөтелкелерді

алып келген әрбір адам оларды демалу зонасына дейін өзі арқалап апарып,

менің көзімше сондағы қоқыс жәшіктеріне лақтырып тастайды, ‒ деді.

Қыздар таңертеңгі ас дайындауға кірісті. Менің курстасым

қырыққабаттан тағы да салат жасады. Жорыққа шығар алдында бәріміз сапқа

тұрып, иыққаптарымызды алдымызға қойғанда, оның қырыққабат тиеген

иыққабы жартысынан да артық босап қалыпты!

Нұсқаушы барлық талаптарын айтып болған соң, маған сұрақ қойды:

‒ Ал, ол жақта бәрі ойдағыдай болды ма?

Менің серіктерім бір‒бірімен жарыса, айғайлап, әңгімелей жөнелді:

‒ Бізді қадірлі қонақтай қарсы алды!

‒ Біз қазанда пісірілген жас малдың етін жеп, ұйыған сүттен қатық,

айран іштік!

‒ Үй иелері бізге жеке киіз үй бөліп беріп, текеметтің үстінде

ұйықтадық!

‒ Бұның бәрі Едиханның арқасында. Ол үй иелерімен қазақ тілінде

сөйлесті, ал қырғыздар оны өте жақсы түсінеді екен!

Осының бәрін тыңдап болған нұсқаушы маған қарап:

‒ Мен сенің ауылда өскеніңді көріп тұрмын, сонымен қатар халықтың

салт-дәстүрін де жақсы білесің ғой?

‒ Ия! Мен Балқаштың құмды шағылдарында, Іле өзенінің төменгі

сағасында өскенмін.

‒ Жақсы! Мен бұны бірден түсінгенмін, сені және достарыңды

алаңдамай шопандарға жібергенім де сондықтан. Олар сені құшақ жая қарсы

алғанына қарағанда, салт-дәстүрден басқа, Табиғат заңдарын да біліп,

түсініп, оларды сақтап, орындайсың ғой?

‒ Иә, әрине! Біз автобустан түскеннен кейін, тау бөктеріне ене

бастағанда мен, Таудың рухынан оның иеліктеріне енуге рұқсат сұрағанмын.

Олар менің мінәжатымды естігеніне күмәнім жоқ.

‒ Әрине солай! Сені таулар мен тау баласы – қырғыздар қабылдаған!

Мына көргенсіздермен салыстырғанда жағдайларың жақсы. Сен де, достарың

да жайлы ұйықтап, тынығып алыпсыңдар. Киімдерің су емес, түрлерің

сергек. Біз ақылдаса келе, Чоң-Кеміннен нөсерден кейін тез өту мүмкіндігі

болмағандықтан, малшылар малдарын айдап өткізетін төмендегі ағаш

көпірге дейін жетіп, айналым жасап барамыз. Ал одан кейін іс жүзінде кері

қарай қайтып, осы жерге оралуымыз керек, сонда ғана Төре асуын

шабуылдауға шыға аламыз. Осындай шамадан тыс артық күш жұмсауды

қажет ететін күйге ұшырағанымыз – мына өз‒өзіне аса сенімді

325

жүгенсіздердің сапар кезінде арақ-шарап ішіп, масайрап,

сайраңдағандарының кесірі. Сендердің спорт бойынша кураторларың оларды

өзіне белгілеп алып, спорт лагеріне жеткенде, «көңілді өмірлері» үшін оларға

лайықты жазасын беріп көкесін танытады.

‒ Алаң болмаңыз! Жаттығулар кезінде мен олардың барлық жындарын

қағып алармын! Егер ол жақта да бөтелкеге жармасқаңдарыңды байқасам,

сендерді лагерьден қуып шығамын да, спорттық тәртіпті бұзғандарың үшін

ректораттың алдына ЖОО-дан шығарып тастау туралы мәселе қоямын.

Осымен, инцидент қаралып бітті де, біз сапарға шықтық. Түсте асудың

етегіне жетіп, шабуылға ұмтылдық. Біраз сағаттан соң асудың үстінде

болдық. Күн жарқырап тұрды. Біз иыққаптарымызды түсіріп, ілгерірек

жылжыдық. Төменде көгілдір асыл тастай болып, Ыстық көл көрініп жатты.

Біз мұндай ертегідегідей әсемдіктен сиқырланғандай, көзімізді басқа жаққа

бұруға күш таппай, ұзақ тұрдық.

Нұсқаушымыздың дауысы назарымызды өзіне аударды:

‒ Менің қасыма келіңдер және альпинисттердің балмұздағының дәмін

татыңдар! Ол қоюланған сүт банкасын ашып жіберіп, ішіндегінің бәрін

қардың үстіне құя салды. Қыздар шошып шыр етті:

‒ Ой! Сіз не істеп жатырсыз? Сүттің бәрі қарға сіңіп кетеді гой!

Коробов бұл сиқырды тәжірибесіз туристерге көп рет көрсеткені

білініп тұрды. Ол сығымдалып, мұз болып қатқан қарды қасықпен сүтке

араластырып, бәрімізді дайын болған дәмді тамақтан ауыз тиюге шақырды.

Расында, дәмі – тіл үйіретіндей! Коробов құрғақ паёктағы кепкен нан,

печенье, өрік-мейіз, кептірілген алмаларды шығарып, тамақтануды бұйырды.

Менің курстасым жас қырыққабаттан тағы да салат өндіріп, ең соңғы

қауданын турады. Сөйтіп, оның иыққабы босап қалды да, ары қарай ол

жүксіз, жеңілденіп жүрген еді. Мен оның тапқырлылығына таңқалдым.

Кенет, осыған ұқсас нәрсені бір жерден оқығаным есіме түсе кетті, бірақ ол

кезде бұған ерекше мән бермеген едім.

Ары қарай аңғарға дейін бір cарынды, аса шаршататын төмен түсу

басталды. Мен қысқы ескі бәтеңкемді асудан өтуге арнайы киіп едім, оның

құйылған резеңке табаны топырақтың және тас шөгінділерінің кедірбұдырлығын

әжептәуір жұмсартқан еді. Сол бәтеңке сыр беріп, тігісі сөгіле

бастады.

Ақырында, біз шопандар тұрағына жеттік. Сол жерде қонып қалуымыз

қажет еді. Қораның ауласында ірі малды тасымалдауға арналған жүк

машинасы, ал оның қасында экспедитор, жүргізуші және шопан тұрған еді.

Біз оларға жақындап, сәлемдестік. Мен малшыға, шляпа мен сулық киген

экспедиторға және жүргізушіге қолымды беріп, амандастым. Олардың

сұрақтарына біз туристер екенімізді, Алматыдан Шырпықтыға бара

жатқанымызды айттық.

Таулықтардың маған тағы да үңіле қарағанын сездім. Әсіресе, оларды

менің сақалым қызықтырған еді. Олардың сұрақтарына мен ана тілімде

жауап беріп, техникалық ЖОО-да үшінші курста оқитынымды, болашақ

326

мамандығым «ойлайтын машинамен» байланысты екенін айттым. Бұным

оларға күшті әсерін тигізді. Бірақ осы кезде олардың назары менің тігісі

сөгілген бәтеңкеме түсіп, мені поселкеге дейін апарып салуды ұсынды және

оларға қонақ болуға ұсынды.

Мен әрине келісіп, иыққабымды машинаның кузовына лақтырдым да,

тобымды өзіммен бірге баруға шақырдым. Бірақ экспедитор тек мені ғана

жеткізетінін, ал басқалар жаяу жүре берсін, себебі ереже бойынша мал

таситын машинаға адамдарды отырғызуға қатаң тыйым салынған деді. Бұған

мен достарымды тастап кете алмаймын деп жауап бердім. Сонымен қоса,

қыздардың да аяқ киімдері тозған, ал біреуі аяғын сырып алып, қатты

ақсаңдап жүрген болатын.

Мен иыққабымды түсіріп алу үшін машинаның шанағына

көтерілгенімде, қырғыздардың өзара әңгімелескенін естіп қалдым:

‒ Оның түрі қазаққа ұқсамайды, жүзі әппақ қой!

‒ Оның сақалы да жирен түсті, тіпті қызарған. Көздерінің бұрыштары

да қызарып тұр. Анық төренің өзі, Шыңғыс ханның ұрпағы!

‒ Ал есімі де хандардыкіндей – Едихан! Мұндай есіммен қарапайым

адам аталмайды!

‒ Тіпті мамандығы да қадірлеуге лайық, Шыңғыс ханның ұрпағына сай

екен!

‒ Ұлы Шыңғыс ханның рухын ашуландырмай-ақ қояйық! Оларды

поселкенің шетіне дейін апарып тастайық, шанақта адамдардың отырғаны ол

жақта ешкімнің көзіне түсе қоймас. Экспедитор Коробовқа адамдарды

шанаққа отырғызуын айтты да, маған қырғызша:

‒ Ал сіз бізбен бірге кабинаға отырыңыз. Шыңғыс ханның ұрпағына

мал тасуға арналған шанаққа отыруға болмайды, ‒ деді.

Жүргізуші біраз көңіл көтергісі келіп, машинаның жылдамдығын үдете

төмен қарай айдады. Шұғыл бұрылыстарда қыздардың қорқынышпен

айқайлағандарын естіп отырдым. Бірақ та, қалалық жүргізушілер тоқтап

қалатын немесе жолдың жиегіндегі орға түсіп кететін қауіпті жерлерден ауыл

жүргізушілерінің емін-еркін өте алатынын мен білетінмін. Сондықтан мен

экспедитор мен кабина есігінің арасында жайбарақат отыра бердім, тіпті

қалғып та кеттім.

Поселкенің шетіне жеткенде, олар мені оятып жіберді. Мен, қырғыз

бауырларыммен шын жүректен қоштастым да, олар ары қарай кетіп қалды.

Ал біз қонуға дайындала бастадық. Жер өте қатты болып шықты,

мектептің стадионы сияқты. Шатырларды орнықтыруға арналған қазықтар

нашар материалдан жасалған екен, майысып қалып жатты. Әйтеуір,

шатырлар «адал сөзбен» ғана тұрақтандырылды. Нұсқаушылардың шатыры

фирмалық, екі адамдық, қос шымылдықты, қазықтары сапалы болат

бұрыштықтардан жасалған екен. Шатырлары нық тұрды.

Кешкі асқа бұқтырылған еті бар ыстық ботқаны жеп алдық. Уақыт көп

болғандықтан, мен поселкеге барып, қыдырып келуді шештім. Жақсы

327

үйлердің біреуінің қасында мен он екі жастар шамасындағы қызды көрдім де,

үй иесін шақыруды сұрадым.

Үйден орта жастағы көзілдірікті адам шықты. Мен онымен амандасып,

өзімді таныстырдым, Политехникалық институттың студенттеріміз,

Алматыдан Ананьеводағы өзіміздің демалыс базамызға бара жатқанымызды

айттым, да одан:

‒ Сіз бірнеше адамды үйіңіздің верандасына түнеп шығуға кіргізе

аласыз ба? – деп өтіндім. ‒ Өткен түні соққан дауыл шатырларымызды тау

шатқалына ұшырып әкетіп, енді олардан су өтетін болды, суық жерде

түнегіміз келмейді, ‒ дедім.

1962 жылы осы кедейлеу поселкеге туристер бірінші рет келіп

тұрғандықтан болар, үй иесі бізді қабылдауға ақ көңілімен келісті, бірақ та

әйелінің қаладағы туысқандарына кеткенін айтты. Мен оған, біздің жаңа ғана

кешкі асымызды ішкенімізді, тек түнейтін орыннан басқа ештеңе қажет емес,

жылы жерде ұйықтасақ қана болғаны, ал таңертең базамызға кететінімізді

айттым.

‒ Қонақтар қанша болады?

‒ Не бары бес адамдай боламыз. Осы топ болып өткен түні малшы

шопанның үйінде қонып шыққанбыз. Қырғыз халқының қонақжайлығы

оларға ұнап қалған сияқты, сондықтан тағы да менің соңымнан қалмайды деп

ойлаймын.

‒ Жақсы, келе беріңдер. Менің есігім жақсы адамдарға әрдайым ашық.

Солай‒ақ болды. Қырғыздардың үйіне қонуға Коробовтан тағы да

рұқсат сұрағанымда, ол қап деп өкінді:

‒ Сендермен бірге бара алмайтыным-ай! Қызметтік міндетім ұстап тұр.

Жарайды, жүре беріңдер. Топқа басшы тағы да өзіңсің!

Біз ауылдағы үйге келгенімізде, самаурын сақылдап қайнап тұрған. Үй

иесінің қызы верандаға дөңгелек үстелді шығарып, дастарқанға құрт пен

қант, бауырсақ жайып, қырғыздың қою және иісі аңқыған бір шыны балын

қойды.

Шайын құйғанда, ол әрбір кесеге шым-шымдап тұз салып отырды.

«Ақ» адамдардың кейбіреулері беттерін тыржита бастағанда, мен ақырын

ғана:

‒ Жұлқынбай, тыныш отырыңдар! Ұнатпағандарың үнсіз шығып кете

беріңдер, ‒ дедім.

Шайдан кейін қыз верандаға киіз төсеп, көрпелер мен түрлі-түсті

тысталған жастықтар алып шыққаннан кейін, біз түнеуге жайғаса бастадық.

Мен әдетте өте сергек ұйықтаймын, желдің ұлығанынан және күн

күркірегенінен оянып кеттім. Найзағай қалай тез басталса, солай тез

аяқталды да, мен қайта ұйықтап кеттім. Әдеттегідей, мен маусымдық күннің

алғашқы сәулелерімен бірге ояндым да, тез киініп алып, көлге кеттім...

Бұл менің жиырма жылдық өмірімдегі көрген ең үлкен су айдыны еді.

Жағалаумен жүре бастадым да, көлдің Рухына жалындым:

328

‒ Мен құм арасында өстім және судың құнын өте жақсы білемін,

апатайым маған Судың Рухын құрметтеп қадірлеуді үйреткен! Сіздің

иелігіңіздегі суға ермек үшін емес, ауырған арқам мен сапарда қажалып

қалған табанымды емдеп алу үшін шомылуыма рұқсатыңызды беруіңізді

өтінемін!

Ұйқылы көл кенет толқынын шалп еткізді. Толқын менің жалаңаяқ

табаныма тиіп қана кері қайтты. Бұл ‒ берілген рұқсаттың белгісі еді. Мен

біртіндеп, суықтығы қарып алатындай қалың суға ендім де, ақыры сүңгіп

кеттім. Нұсқаушымыз көлдің суының химиялық құрамы физиологиялық

ерітіндіге таяйтынын, сондықтан судың ішінде көзді ашып, малтауға болады

деген.

Расында, мен алғаш рет көл түбіндегі тастар мен балдырларды айқын

көрдім. Менің ол кездегі өте бай қиялдарымның арқасында мен аңыз

бойынша табиғи апаттың салдарынан су астына кеткен көне қаланың

қирандыларын көз алдыма елестеткен едім...

Құмарым қанғанша жүзген соң, мен жағаға шықтым және бойымды

жазып, түзу тұрғанымды таңдана байқадым. Ауыр иыққаптан қажалған

иығым және арқам мүлдем ауырмайды, көшпенділерге тән онша үлкен емес

табандарымның сыздап ауырғаны да жазылып кетіпті.

Мені мейірімділікпен қабылдағаны үшін көлге рахметімді айтып, кері

қайтып келдім. Ол жақта бәрі оянып алған екен. Үй иесінің қызы ауладағы

ошақта біз әкелген бұқтырылған етті және жергілікті картоп пен томаттарды

қосып, қуырдақ әзірлеп жатыр екен. Таңғы аспен дәстүрлі тұздалған

шәйімізді ішіп алғаннан соң, жолға жинала бастағанда, мен штормовкамның

түймелері түсейін деп тұрғанын байқаған едім.

Кеше ғана, Коробовтан түнеуге сұранып тұрғанымда, артынан

спорттық дайындық бойынша кураторымыз Карцев келіп, маған жетердей

етіп түсіндірген еді:

‒ Ертең, таңғы 8-00-ден бастап Коробовтың туристік нұсқаушы

ретіндегі міндеті аяқталады. Сендердің барлығың менің басқаруыма

өтесіңдер. Сондықтан таңертеңгі сағат 8-00-де достарыңмен бірге сапта

тұратын болыңдар! Кімнің қайда және қашан баратынын енді мен шешетін

боламын. Түсінікті ме?

Сондықтан сапқа тұрғанда абыройлы болып көріну үшін, киімімді

ретке келтіріп алуды жөн көрдім. Иыққабымнан ілгегі бар сандықша сияқты

жасалған қаңылтыр қорапшаны шығардым. Бұндай қорапшаларда

Министрлер Кеңесіне үнді шәйлары келіп түсетін. Менің әкем автокөлікте

жұмыс істеген еді, сондықтан кейбір заттар біздің де қолымызға түсіп

қалатын. Қорапшаның сырты жыңғылдың, пілдердің, маймылдардың,

сонымен қатар, әрине, үнді бишілерінің кескіндері салынған суреттермен

безендірілген болатын.

Осы қорапшаның ішіне мен жорыққа шыққанда ең қажет заттарды –

стерильді бинт, марганцовка, шағын қайшы, ине‒жіп және сіріңкелердің

парафинделген бір қорабын салып алып жүретінмін.

329

Түймемді қадай бастағанымда, қыз бұл жұмысты өзіне тапсыруды

өтінді, өйткені бұл халықтың салтында ер азаматқа деген сый-құрмет әлі де

сақталған болатын және еңбек түрлерінің қатаң бөлінуі өз қалпында

сақталған. Мен, әрине, көне салдым, қыз икемділікпен өте тез менің барлық

түймелерімді қадап берді. Сол сәтте күндізгі жарықта ғана оның қараторы

өте әдемі қолы менің назарымды аударды, маған дайын жұмысты ұсынып

тұрып, басын көтергенде, мен оның жүзі сұлу, өте нәзік екенін көрдім. Ол

ине-жіпті жинап, қаңылтыр қорапшаға қайта салып қойды...

Сандықшаның, әдемілігімен және жарқын бояуларымен қызға зор әсер

еткені көрініп тұрды. Әрине, тек қана азық-түлік дүкені бар біздің даладағы

ауылдарға өте ұқсайтын мына шалғайдағы шаң басқан Шырпықтыда бұндай

сәнді байлық ұйықтасаң, түсіңе кірмейтіні анық.

Ертегіге сай нәрсені көріп тұрған балаша, осы арзан бірақ әдемі

әшекейдің әрбір бөлшегін есіне сақтап қалуға тырысқандай, қыз қолындағы

қорапшаны ары-бері айналдыра қарай берді.

Мен қыздың көңіліндегіні түсіндім де, қорапшаның ішіндегінің бәрін үй

иесі қол сүртуге берген жергілікті газеттен жасаған орамаға аударып төктім.

Содан кейін қорапшаның ішіне кептірілген жеміс-жидекті уыстап толтыра

салдым да, қызға сыйлық ретінде тарту еттім.

Ол толғаныстан қызарған екі бетін алақандарымен балаша басып, одан

кейін қос қолымен ұқыптылықпен қорапшаны алып, кеудесіне қысып ұстап

тұрып:

‒ Рахмет, аға, рахмет! – деді.

Осы сөздерді айта сала, ол өз бөлмесіне жүгіріп кетті. Мен орнымнан

тұрып, аулада үй иесімен қоштастым, сөйтіп біз шығуға бет бұрдық. Осы

кезде есік тарс етті де, шығаберісте біздің қыз көрінді. Ол киімін тез

ауыстырып үлгіріпті – үстіне ұзын қызыл көйлек киіп, желкесіне түйіп

қойған өте ұзын бұрымын арқасына бос жіберіп қойыпты. Бұл, оның осылай,

сыйлық үшін қонаққа айтқан алғысы еді.

Лагерьге келгенде, мен уақыт бойынша ығысу болғандай ойда қалдым.

Далада тағы да шатырлар шашылып жатыр. Оттың жанында отырған тура

сол адамдар, керілген жіпке су болған киімдері мен заттарын кептіріп іліп

қойған. Нұсқаушы тағы да өзінің ащы даусымен біреулерді тәрбиелеп

жаттты...

Біз Карцевтің бұйрығымен тез сапқа тұра қалдық және ол өзінің сөз

байлығына ерік берді, оның айтқандарын қайталамай‒ақ қоюға болады...

Автобус та тез арада келе қалды, бірнеше сағаттан соң біз Ананьеводағы

тура көлдің жағасындағы шатырлы лагерьге жеттік.

Біз және бізді қарсы алған қызметкерлер бір-бірімізге қарама-қарсы

сапқа тұрып, дәстүр бойынша айқайладық:

‒ Маршрутты жүріп өткен батырлардың даңқы арта берсін!

‒ Лагерь қызметкерлеріне физкультсәлем!

330

Одан кейін біздерді шатырларға бөліп таратты, біз жағдайымызды

ыңғайлай бастадық.

Таңертең спорттық топтың басқа мүшелері де келіп жетті және кәдімгі

тіршілік басталды – таңертеңгі гимнастикадан кейін көлде шомылу, одан

кейін секциялардағы жаттығулар, түскі асқа үзіліс және спорттық ойындар.

Біраз уақыт өте, бізді жергілікті командамен – жағалаудың

чемпионымен футболдан достық кездесу өткізуге шақырған.

Ойын нәтижесі таңқаларлық болды. Жағалау чемпиондары өз

жанкүйерлерінің көзінше әлдебір студенттерге жойқын есеппен жеңіліп

қалды. Қайталанған матч-реванш тағы да олардың үлкен жеңілісімен

аяқталды. Жергіліктілерге жалғыз жұбаныш болған жәйт – біздің спорттық

кафедрамызда волейболдан – әлем және Еуропа кубогының иегері Жан

Саурамбаев, ал сол кездегі аты аңызға айналған «үш секунд» деп аталған

команданың мүшесі В. Цветков баскетболдан сабақ беретін еді. Олардан

басқа, кафедрада классикалық және еркін күрестен әлем чемпиондары да бар

еді.

Біздің студенттік футбол құрамасында қол добынан, волейболдан, күрес

және бокстан студенттік командалардың мүшелері ойнады. Сондықтан біздің

физикалық дайындығымыз тиісті деңгейде болатын.

Біздің лагеріміз өсіп, толықтырыла берді. Алдымен оқытушыларымыз

бала-шағаларымен келді. Одан кейін ата-әжелер кішкентай немерелерімен

пайда болды.

Күндердің бірінде мен түстен кейінгі ұйқыдан оянып, шатырдан

шыққанда, баланың айқайын естідім:

‒ Бас оны, ұр оны!

Айқай жаққа басымды бұрғанда, балалардан қашып жүрген біздің

студентті көрдім. Баланың ойы шала деген, бұл олардың өз күштерін

шығаратын әдістері ғой деп ойлап қана қойдым. Бірақ баланың айқайы тағы

шықты:

‒ Міне, тағы бір «хайуан»! Ұрыңдар оны!

Балалар тобыры маған қарай жүгірді. Мен әлі дұрыстап оянған да жоқ

едім, не болып жатқанын түсіне де алмадым. Сол уақыт аралығында балалар

шатырлар арасындағы жолдармен маған жетіп қалды да, кері шегіну

жолдарымды асқан айлакерлікпен кесіп тастады. Алғашында, мұның бәрі

көңіл көтеретін ермек сияқты көрінді де, бұл қай балалар деп, оларға үңіліп

қарай бастадым. Бұл, жетіден он екіге дейінгі әр түрлі жастағы күтім көрген,

«ақ» балалар екен. Қолдарына ағаштар мен бұтақтармен қаруланған. Он екі

жасар ұл баланың қолында арматура кесіндісі бар, ал бәрінен де мені

таңқалдырғаны, беті өшпенділіктен қисайып кеткен азиат типті қыз еді. Ол

қолына тікенді бүргеннің қураған бұтағын ұстап алып, сол бұтақпен менің

беті-көзіме шұқи бастады. Оның істегенін қайталап, басқа балалар да,

қолдарындағы таяқтарын маған сұққылай бастады...

Киіз үйде өскен мені олардың бұл қылықтары тітіретті – балалар

Иерархия заңынан аттап өтіп, кішкентай революция жасап тұр.

331

Мен қызды қолынан ұстап алдым да, өз‒өзіне келсін деп, арқасынан

төмендеу жерінен жақсылап тұрып шапалақпен салып қалдым. Басқа

балалар, бұл «хайуан» олардан қашпайтынын түсінді де, шошына кері

шегінді.

‒ Бұл кімнің баласы? – деп сұрадым олардан.

‒ Бұл біздің ректорымыздың қызы! – деп, ұялмай маған тесіле қарап

тұрып, жауап қайтарды олар.

Мен, әрине, бұған сене қоймай:

‒ Онда мені сол ректорға ертіп апарыңдар! – дедім.

Балалар мені бір шатырға ертіп әкелді. Тікенді бұтақты алақанына

қысып алған қыздың қолынан ұстаған күйде мен сол шатырға кірдім.

Кішкентай үстел басында баланың ата‒анасы отырған еді. Әкесі – нағыз

қазақ, бойы биік емес, толық, дөңгелек жүзді екен. Анасы әйелдері айрықша

сұлулықпен қатар қазымырлылығымен ерекшеленетін Еділ жағалауында

тұратын түркілерден екені анық.

‒ Не болып қалды? – деген сұрағына, мен қыздың әкесіне ана тілімде

жауап беріп:

‒ Өзінің азиялық әкесінің тайпаластарына аңға шыққан метисканы

асырап өсіріп отырсыз! Сіздің қызыңыз оқытушылардың балаларынан содыр

топ құрып алып, енді қазақ студенттерін бүкіл лагерьде қуалап жүр.

Ер адам абыройын төкпей, маған бақырып ұрса жөнелмей, керісінше,

жүзі бозарып, қос қолымен басын ұстап, ыңырсыды. Бұл мәселе оның

алдынан бұрын да өткір болып шығып тұрған көрінеді.

Бірақ әйел, ызаға булығып, әжептәуір тартымды жүзін бұзып, бақырып

берді:

‒ Менің балама қол көтеруге қалай дәтің барды, студентсымақ неме!

Мен сені соттатып жіберемін, институттан қуып шығарамын!

‒ Шамаңыз келсе, істеп көріңіз! Лагерьдегі барлық адамдар сіздің

қызыңыздың айтақтауымен балалар студенттерді қуалап, «Мына ұсқынсыз

кемтарларды ұрыңдар!» ‒ деп айқайлағанына куә болды.

Осы кезде әйел өз баласының бетінен шапалақпен тартып-тартып

жібергенде, бұл әйел өзінің күйеуін ғана, өте ақылды маман болса да, жек

көріп қоймай, оның баласын да жек көрушілікпен көтеріп туғандықтан,

жауындай қатты жек көретінін түсіндім. Өкіріп жылаған қызының қолынан

ұстап алып, ол лагерь бастығының шатырына тартты. Мен оның айғайын

естідім, бірақ жаттығулар басталып, ойын алаңына кетіп қалдым.

Үзіліс кезінде ойын алаңында маған өзімнің ағылшын тілінен сабақ

беретін оқытушым жақындап келді. Ол славяндық, оның да күйеуі қазақ,

біздің ЖОО-ның оқытушусы. Бірақ бұл неке махаббатқа негізделген еді. Ол

бойшаң жирен шашты қазақтар мекендеген Семей өңірінің тумасы еді.

Олардың кішкентай ұлдары лагерьде ойнап жүріп, қазақ жігіттерінің қолына

қуана-қуана баратын. Бұл оларды өзімнің қандастарым деп қабылдағанын

білдіреді емес пе?

Оқытушы менен:

332

‒ Саған қарсы педкеңес жиналатындай, сен сонша не істеп қойғансың? –

деп сұраған еді.

Мен оған не болғанын және бәрі қалай болғанын түсіндіріп бердім,

сонда ол сәл сабырлылыққа келіп, былай деді:

‒ Абайла, өз тіліңе ие бол! Бәрі де орнына келер деп ойлаймын. Ол

әйелдің эмоциядан басқа саған қарсы қояр ештеңесі жоқ.

Кейінірек маған лагерь бастығы келді ‒ оның, біздің тыныш та, сабырлы

қаламызға қаптап келген сібірліктерден екені анық еді. Кедей деп айтуға

болмайтын бұл қоныс аударушылар өздерімен қоса колонизаторлық

менталитетін де ала келген болатын.

Жиіркенішті түрмен жымиып, лагерь бастығы менен былай сұрады:

‒ Ал не, тұрсың ба? Тұр, тұр, әзірше тұра алсаң!

Мен оның сөздеріне мән берген жоқпын, бірақ оның сөздерінен кейін

орын алған оқиғалар бұл сөздердің бекер айтылмағанына менің көзімді

жеткізді.

Тағдыр мені анық сақтап қалды. Тағы да әйелдердің шулаған дауысы

естілді – бұл айқайлап жатқан менің курстас қыздарым еді. Мен шу шыққан

жаққа қарай жүріп, бір жағымсыз көрініске тап болдым – біздің қыздар

өздерінің шатырының алдында біреумен ұрсысып, ішіне кіруге тырысқан еді,

бірақ оларды кіргізбей жатты.

Сөйтсек, біз жаттықтыруда жүрген кезде, бір факультеттің деканы келіп,

қыздардың шатырына орналасып алыпты.

Бұл шатыр үлгілі деп танылған болатын. Қыздар оның ішін әдемілеп

жинақтаған еді. Айналасындағы арам шөптерді жұлып, жаңбыр жауса, су

ағатын науалы ернеу жасап қойған еді, тіпті көрші лагерьден алып келген

гүлдерді кіре берістегі құмға отырғызып, өсіріп қойған.

Лагерь бастығы студент қыздарды хабардар етпей, олардың заттарын ең

тозық, онысына қоса, лагердің ең шетіндегі шатырға апарып тастауды

бұйырыпты. Одан ары тікенекті бүргеннің қалың бұталары басталатын.

Лагерьдің айналасында шарбақ қоршау жоқ, күзет те қойылмаған. Сондықтан

қыздар принципке жүгініп, лагерьден тура партияның Орталық комитетіне

тартып, коммунистің үстінен шағым айтуға уәде беріпті.

Кешкі астың уақыты да келді, лагерь бастығы хабарлама жасап:

‒ Бәрің кешкі астан кейін жиналысқа келіңдер! Онда аса маңызды

шешім шығарылады! – деді.

Жиналыс барлық ережелерге сай ұйымдастырылыпты: Президиум

сайланды, үстел басында қатаң тәртіппен киінген адамдар отыр.

Жиналыстың хатшысы күн тәртібін жариялады:

‒ Автоматика және Есептеу техникасы факультетінің үшінші курс

студенті Сәбит Едиханды институт оқытушылырының баласын ұрып,

бұзақылық әрекеттер жасағаны үшін институттан шығарып тастау мәселесі

шешіледі. Педагогикалық Кеңес ректорат алдында жоғарыда аталған

студентті ЖОО-дан шығару жөнінде өтінуге қаулы қабылдады. Бұл қаулыны

333

заңдастыру үшін студенттердің жалпы жиналысының шешімі қажет. Қандай

пікірлер бар?

Жан-жақтан дауыстар шықты:

‒ Айтатын болсақ, лагерьде қолына таяқ ұстаған балалар жүгіріп,

студенттерді, дәлірек айтсақ, қазақтарды қуып жүр. Бұл сұрақты да талқылау

керек!

Осы кезде жиналысқа біздің қыздар келіп, шу көтерді:

‒ Онда жиналыстың күн тәртібіне факультет деканының жексұрын

қылығы туралы да мәселе қою керек. Қандай негіз бойынша ол ай-шайсыз,

байбатша сияқты ‒ біздің шатырымызды басып алып, бізді қайдағы бір

малайындай, лагерьдің ең шетіндегі тозығы жеткен шатырға қуып тығады?

У-шу басталып кетті, мен ешкімді ұрмағанымды, қызды өз шешесі

ұрғанын, және бұған оның әкесінің куә екенін айтуға тырысып көрдім.

Бірақ, жиналысқа жетекшілік еткен әйел қатаң дауыспен ‒ алдымен

бірінші мәселені шешіп алуды талап етті, ал екінші мәселені кейінірек

талқылаймыз, ‒ деді.

Қайтадан пікірталас, дау басталып, эмоциялар қарқындылығы шыңына

жеткені сонша, тіпті осы сотты ұйымдастырушылардың өздерінің жүздерінен

жазасыздық нышаны жоғала бастады – себебі, үлкен тәртіпсіздіктер орын

алуы мүмкін еді.

Бірақ, тағы да менің сақтандырғыш періштелерім іске араласып, бір

дауыс естілді:

‒ Бір минут зейін салыңыздар!

Орнынан бойы биік, арықтау келген, ақ сары жігіт көтерілді. Ол шағын

сұр кітапшасын көрсетіп, өзін таныстырды:

‒ Мен институт Профкомының мүшесімін. Мәдениет және спорт

секторына жауаптымын. Мен мұнда Тың игеруге жіберілетін екпінді

студенттік құрылыс отрядтарын ұйымдастыру жөніндегі Қалалық комсомол

комитетінің шешімін орындау үшін келгенмін. Бұл маусым да осы шешімнің

негізінде ұйымдастырылған. Лагерьге жолдама алған кезде, барлығы

лагерьде тұру шарттарын орындауға міндетті екендігі жайында тиісті

қағаздарға қол қойған және мына кітапшада жазылған ішкі тәртіп ережелері

мен студенттік спорттық сауықтыру лагерінің барлық талаптарын орындауға

міндеттенген.

Бірақ, бұл кітапшада оқытушылар мен олардың балалары, және әсіресе,

кішкентай балаларымен жүрген ата-әжелердің лагерьде тұратыны туралы

бірде-бір сөз жазылмаған.

Сонда не болып тұр? Таңертеңгі жаттығу кезінде мен адамдардың бір

санын көремін, ал асханада, таңғы аста олардың саны екі есе көп, тағысынтағылар.

Бірақ, мұнда енді қылмыс та орын алуда, себебі лагерь студентік

кәсіподақ ұжымының ақшалай жарнасының есебінен қамтамасыз етілген.

Ал оқытушылардың өз кәсіподағы бар, өйткені олар қалталы класс, және

Шолпан-Атада оларға арналған әдемі, ыңғайлы, толық жабдықталған

санаторий бар.

334

‒ Сіз ол санаторийге жолдама алып көріңіз. Біздің ЖОО-дан он шақты

оқытушы ғана онда демалған болар. Ал, олар кімдердің туысқандары екенін

өзіңіз де білесіз! Бала-шағамызбен біз енді қайда барамыз? Студенттердің

жиналысы бізге осында қалуға рұқсатын берсін, ал біз жолдаманың ақысын

толығымен төлейміз. Уәде береміз ‒ бұдан ары ешқандай ұрыс-керісті

болдырмаймыз!

‒ Жиналыс шешсін, ал мен оның шешімін қолдаймын! Мен тура қазір

жиналыс хаттамасын мына сотты ұйымдастырушылардың аты-жөнімен қоса,

бірден ректоратқа жеткіземін. Не істеу керек екенін солар шешсін!

Зілдей тыныштық орнады...

Осы тыныштықты студенттік құраманың мүшесі ‒ белгілі балуанның

дауысы бөлген еді. Ол, орысша онша сауатты сөйлей алмайтын оңтүстіктің

тумасы болатын, бірақ есесіне тілеулестік танытып, түсінікті сөйледі:

‒ Бұл мәселені адамгершілікпен шешейік! Бізде, мұғалім оқу кезінде

оқушының туған ата-анасындай болып кетеді! Сонда не, біз өзіміздің атаанамызды

қамқорлыққа алып, тамақ бере алмаймыз ба? Бөтен адамдар кете

берсін, оларға бұл жерде істейтін іс жоқ. Ал бізге білім беріп жүрген

оқытушыларымыз қала берсін!

Жиналыс мынадай шешім қабылдады:

1. Бөтен адамдар тұрған күндерінің ақысын төлеп, ертең лагерьден

шығып кетсін.

2. «Хайуандарға аңшылық» ұйымдастырған балалардың оқытушы атааналары

да лагерьді тастап шықсын.

3. Қыздарды өз шатырларынан қуып шыққан декан да лагерьден кетсін.

4. Мұнда қалатын оқытушылар мен олардың балалары өздерінің берген

уәдесін толығымен орындайтын болсын.

5. Лагерь бастығы жұмыстан босатылсын, ал оның ісі тиісті орындардың

қарауына тапсырылсын.

Бұл, әдеттен тыс күн осылай аяқталды, және осы даудың себепкері

болған мені ешкім есіне де алмады.

Кейінірек, бұл оқиға жайында ұзақ ойланып, өмірімде орын алған тура

осындай оқиғаны есіме түсірдім. Ол 1955 жылы, көктемде болған. Бізді,

оқытушыларға колхоз бөліп берген айдалған танапқа ‒ картоп, сәбіз,

қызылша, тағы да басқа көп дақылдарды отырғызуға оларға көмек көрсетуге

жұмылдырған болатын.

Жексенбі күні біз, жоғары класс оқушылары, егістікке келіп жеттік.

Бізге шапқы, күрек, отырғызатын дақылдарды бөліп беріп, қатарларға

тұрғызды да, биологиядан сабақ беретін мұғалиманың басқаруымен біз

жұмысқа кірісіп кеттік.

Осы кезде мені географичка Ольга Никаноровна өзінің тығыз

«құрсауына» алды. Ол менің жанымда жүріп, менің әр қадамымды аңдып,

сынап, және бүкіл егістікке естіртіп, айғайлап ұрсып, менің намысыма тиіп,

балағаттай бастады, жайбасар, аспан құдайындай меңіреу, қолдары

арқасынан төмен өскен жалқау деп айғайлап маза бермеді...

335

Ақыр соңында, мұндай қорлыққа шыдамай, төзімім таусылып, мен де

айқай салдым:

‒ Маған Сіз сонша неге жармасып қалдыңыз? Осыншама қорлайтын,

басқа оқушыларыңыз құрып қалған ба? Маған сонша, кенедей қадалып

қалатындай, Сізге мен не жамандық жасап едім?

Кейінірек, осындай жек көрушіліктің себебін түсінгенмін. Көп оқитын

бала болғандықтан, мұғалімге жайсыз, ол дұрыс жауап бере алмайтын

сұрақтарды қоя берген шығармын. Міне енді осы жерде ол сылтауын тауып,

менен өшін алуды ұйғарған.

‒ Міне! Барлығың естідіңдер ғой ‒ маған, мектепке еңбек сіңірген

мұғалімге қалай тіл тигізгенін! Бәлем, мен сені, оңбаған, мектептен «қасқыр

билетімен» қуып шығарамын! Міне сонда сен ақылдысымақ шікірейгеннің

құнын татитын боласың!

Жалмауызға ұқсайтын осы зиянды кемпірден құтылу үшін мен егістіктің

арғы шетіне кетіп қалдым.

Түске қарай жұмыс аяқталған соң, бізге егістіктің шетіне жиналыңдар

деп хабарларлаған еді. Ол жерде бір төбешіктің үстінде барлық

мұғалімдеріміз жиналып тұр екен, ал бір жас мұғалима жақсы қойылған

дауыспен былай деп хабарлады:

‒ Сендердің барлығың оқушы Сәбит Едиханның еңбек сіңірген

мұғалімді қалай балағаттағанын естідіңдер! Сондықтан педагогикалық кеңес

өз шешімін қабылдады: жоғарыда аталған оқушы мектептен шығарылсын!

Ертең ол мектепке ата-анасын ертіп келіп, құжаттарын мектептен алып кетуі

тиіс!

Мен аң-таң болып, естен танғандай күйде болдым. Мұғалімдердің

ішінде менің класс жетекшім, физика пәнінің мұғалімі де болды, мен оған да

жайсыз сұрақтар қоятын едім. Басқа мұғалімдер де, мен олардың

сабақтарынан тек өте жақсы деген бағалар алатын болсам да, жатсына қарап,

үндемей тұрды. Олардың, жат жерде күн көру үшін күресіп,

колонизаторлардың заңдарына сәйкес «қайсар туземдіктердің» көзін құртып

жіберуге тиісті екенін мен кейін түсіндім.

Естен танғандай күйде мен үйге келіп, болған жайдың бәрін анама

баяндап, ертең ол мектепке баруы керек екенін айттым. Анам, Қыздар

педагогикалық институтында оқып жүргендіктен, педагогика заңдарынан құр

қол болмағандықтан болар, бұл жайды байыппен, сабырмен қабылдады.

Таңертең біз мектеп директоры Н.Д. Шипициннің кабинетіне келдік. Ол

бір семинардан түнде ғана қайтып келгендіктен, істің мән-жайын білмеген.

Педкеңес дәл сол құрамында жиналыпты, және Ольга Никаноровнаны менің

қалай балағаттап, қорлағаным туралы жас мұғалима баяндап берді.

Директор сұрақ қойды:

‒ Бұл, мектепте ‒ сабақ үстінде болып па еді?

‒ Жоқ! Жексенбі күні біз бесінші, алтыншы және жетінші класс

оқушыларын өзіміздің қосалқы шаруашылығымыздың егістігіне жинап алып,

336

мұғалімдердің учаскелеріне көкөніс отырғызғанбыз. Бұл оқиға сол жерде

орын алған.

‒ Менің рұқсатымсыз сіздер неге балаларды ауылшаруашылық

жұмыстарға жұмылдырғансыздар?

‒ Енді қалай, Сіз кетіп қалдыңыз емес пе, ал биолог Н.Г. ‒ жер

жылынды, картоп, қызылша және сәбіз отырғызытын кез дәл келіп тұр ‒

деген.

‒ Демек, балалар сабақтан тыс, өздерінің бос уақытында, риясыз

көңілмен сіздердің егістіктеріңізді егуге көмектескен болды ғой? Сіздер

оларды жұмыстан кейін ең болмаса, аздап тамақтандардыңыздар ма?

‒ Жетпегені сол-ақ еді! Осындай көп тобырға соншама тамақты қайдан

алар едік!

Директор хаттаманы алды да, сұрады:

‒ Мұнда әдебиет оқытушысы Раиса Константиновнаның қолы

қойылмапты. Бұған Сіз не дейсіз?

‒ Мен бұл жалаға үзілді-кесілді қарсы болғанмын! Ольга

Никаноровнаның өзі орыс тілінің ең жексұрын сөздерін қолдана отырып,

оқушыға ұрсып айқайлағанын естігенмін. Ал жиналыста ол ұжымды

азғыруға тырысқан:

‒ Егер біз қазір мына «қысық көздерді» өз бетімен жіберіп алсақ, онда

олар жақын арада біздің желкемізге мініп алады да, олардан қашып құтыла

алмайтын боламыз!

Бір қызығы, ұжым табындық түйсікке мойынсұнып, оның артынан ерді,

ал оқушының класс жетекшісі, физика пәнінің мұғалімі ‒ өзінің

тәрбиеленушісін қорғауға талпынған да жоқ, керісінше, ең қатаң жаза

қолданылсын деп үгіт жүргізді! Ал, Едиханға қатысты айтайын дегенім, ол

менің класымдағы ең қабілетті оқушы. Бесінші класта Дюманы, Сервантесті,

Вальтер Скотты оқитын, ал «Тиль Уленшпигель туралы дастанды» жатқа

білетін мектеп оқушысы туралы басқа не айтуға болады? Өзінің ар-намысын

қорғауға тырысқаны үшін, оны жайдан-жай, мектептен шығарып тастауға

үкім шығарған.

‒ Міне, міне! Неге екі жыл бір класта отырған, кілең екілікпен оқитын,

нағыз қарақшы Дерниковты мектептен шығарып тастау туралы педкеңестің

шешімі жоқ? Мен мектепте жұмыс істеп жүрген өмірімде үш қана оқушы

мектептен шығарылған, онда да мектептен шыққан соң, сот шешімі

бойынша, тікелей жас қылмыскерлер колониясына жіберілген болатын!

Ал сіздер балаларды өздеріңіздің жеке жер учаскелеріңізге құлдық

жұмысқа заңсыз жегіп, және көпшіліктің алдында мұғалім тіл тигізгеніне

оқушы қарсылық білдіргені үшін, оны мектептен шығаруға үкім

қабылдағансыздар!

Мен сіздердің құқықтық сауатсыздықтарыңыздың куәсі болып тұрған,

мына жала жапқан қағазды жыртып тастаймын, және ең бастысы ‒ сіздер

тәрбиеленушілерді қуғындап соттамай, «ақыл-ойды, мәңгілікті,

мейірімдікті» егуші Ұстаз болуға тартылғандарыңызды ұмытқансыздар.

337

Барлығы, ұнжығасы түсіңкіреген күйде үнсіз қалды. Тек жас мұғалима

ғана тағы да жарыла түсті:

‒ Бұл не болып кетті өзі, енді кез келген қазаққа бізді – орыстарды

балағаттап, тіл тигізе беруге бола ма?

Директор соғысқа басынан аяғына дейін қатысқан еді, ауыр

жарақаттанғаны туралы бетіндегі және басындағы тыртықтары соған айғақ

болатын. Ол ашу-ызасын басып тұрып, сөзін баяу бастады:

‒ Мен бүкіл соғысты осы сіз айтқан «қысық көзділермен» бірге

өткенмін. 1941 жылы шегіну кезінде біз бомбалау астында қалғанда, менің

бір полктастарым – қазақтар, жараланған мені ұрыс майданынан алып

шығып, және жоғалып қалған қаруымды ‒ менің винтовкамды іздеп жүріп,

тауып әкеліп берген. Әйтпегенде, қашқындармен бірге бір шұңқырда шіріп

жатар едім. Иә, иә! Соғыс заңдары сондай болған! Санитарлық бөлімде

особист менің қаруымның нөмірін солдат кітапшасындағы жазумен

салыстырды да, мені адал солдат ретінде көлікпен санитарлық пойызға

жіберген болатын. Міне, мен осылай тірі жүрмін!

Ольга Никаноровна, қаражаттық жағдайыңыздың қиындығын ескере

отырып, осыдан бес жыл бұрын мен сізді зейнетке шығармаған едім. Міне

сол үшін сіздің маған айтқан алғысыңыз осы. Құжаттарыңызды алыңыз да,

зейнет ақыңызды ресімдеңіз.

Құрметті оқытушылар, Хриптова Раиса Константиновнадан

басқаларыңызға мен ескерту жасаймын. Ал, Сіз, белсенді әйел, өз еркіңізбен

жұмыстан кетуіңіз жайлы арыз жазыңыз, әйтпесе, ереже бойынша менің,

сіздің ісіңізді тиісті орындарға жіберуіме тура келеді, себебі сіздің айтқан

пікірлеріңіз расистік екені анық, тіпті фашистік болып шығуы да мүмкін!

Мамандығыңызды өзгерткеніңіз де жөн болар еді, сіздейлерге мектепте

істейтін жұмыс жоқ, маған ‒ тәжірибелі педагогқа, әбден сенуіңізге болады!

Директор, оның мектебі бұрынғы казактар тұрған станицада

орналасқанын тарихшы ретінде әрине білетін, және мұнда казактардың

«қырғыз» деп, бұратаналарды жек көруі ылғи да орын алған! Сондықтан, бұл

іс бүкіл жұртқа жария болып кетпесін деп, ол осындай шектен асқан

шараларды қолданды, әйтпесе, оның ұжымында шовинисттік көзқарастар

орын алғаны үшін, өзін де жауапқа тартар еді.

Одан кейін ол менің анама қарап, былай деді:

‒ Менің әріптестерімнің жауапкерсіздік қылықтары үшін Сізден қиыла

кешірім сұраймын. Мен Сіздің ұлыңызды жақсы білемін. Ол оқу үздігі және

сабырлы, тәрбие көрген оқушы. Мен оны мақтау грамотасымен марапаттау

туралы бұйрығымды дайындап қойғанмын, және осымен әңгіме толығымен

бітті деп санаймын!

1955 жылдың көктеміндегі бұл сұмдық күн осылай аяқталды, ал мен сол

кезде маған өте қорқынышты болған осы оқиғаларды тіпті ұмытып та кеткен

едім.

338

Бірақ, жеті жылдан соң дәл көшірме дерлік, тіпті сондағыдай күтілмеген

нәтижемен өткен жиналыстан кейін, мен ойлана бастадым – бұл оқиғалардың

қайталануы тек кездейсоқтық па, әлде бұларда бір заңдылық бар ма?

Ол кезде мен әлі өзімнің тағайындалуым туралы, Уақыт Шиыршығы

жайлы білген жоқпын, жай ғана дүниені зерттеуді жалғастырып жүргенмін.

Ыстықкөлге мен он жыл өткеннен кейін ғана ‒ 1972 жылы жай, демалу үшін

қайта бардым, ал, тағы да он жылдан кейін, 1982 жылы мен Ғарыш Сарбазы

дәрежесінде астрал дүниенің төменгі деңгейлерінде «түнекшілерге» шайқас

беру үшін Ыстықкөлге келдім. Менің жаңадан табылған бауырласым Ақ

Жарқын (Нұртасушы) мені «түнекшілер» өздерінің Иерархиясын құтқару

үшін өлтіруге шешім қабылдағаны жайлы алдын ала ескерткен еді. Күнін

олар өздерінің астрологиялық есептеулерін басшылыққа ала отырып,

таңдаған еді, және сол есептеулер ‒ шайқас нәтижесі олардың олжасында

болады деп болжаған.

Шайқас орнын таңдағанда, мен Ыстықкөлдің алқабы ‒ қабаттас

дүниелерге қосатын портал екенін нақты білгенмін, және тек осы жерде ғана

жеңіске жетуіме мүмкіндігім бар деп санадым.

Солай ақ болды. «Түнекшілердің» ең таңдаулы жауынгерлері осы

шайқаста өртеніп кеткен. Көлдің айналасындағы сақинадай тізілген тауларда

бұл шайқастың жаңғырықтары көпке дейін дыбыссыз жарқылдармен белгі

беріп тұрды. Бұл ‒ Нәзік дүниеде өршелене түскен, жарқыраған оттың

жарқылы ғана еді, ол Жердің атмосферасында кәдімгі күркірейтін разрядтық

найзағайлардай соққылық толқынды туғыза алмайтын еді. Одан да зор

көпсағаттық, күндіз орын алған Көктің Отының жарқылдары 1978 жылдың

мамыр айының 12-сі мен 17-сі күндері Алматыда бір де бір үнсіз өткен

болатын – бұл қабаттас дүниелерден келген ғарыш оттарының толқындары

еді!

Осы шайқастан кейін мен толығымен өмірлік күштерімнен айырылған

едім, тек Ыстықкөлдің қасиетті аурасы ғана менің өмірлік күштерімді

қалпына келтіруге көмектесті, әйтпесе, «түнекшілердің» астрологиялық

болжамдарына сәйкес, мен өліп кетуге тиіс болғанмын.

Бірақ Қырғыз теңізінің аңғарында уақыт өзгеше өтеді – олардың

астроболжамдары тура да, астарлы да мағынада жеңіліс тапқан еді! Тек

Ғарыш Шайқасымен салыстыруға болатын оқиға тура осы жерде, Ыстық

көлдің қасиетті алқабында 1978 жылдың тамыз айының соңында орын алған

еді. Ол кезде мен Шолпан-Атаға енді Иерархияның шақыруымен келген едім.

Бірнеше күн жерге икемделіп және дайындалып алғаннан соң, мен портал

арқылы басқа Галактикаға, Жасыл Жұлдыздың жүйесіне – Жерұйыққа

жеткізілдім. Бұл туралы «Ақ Сарбаз» кітабының тоғызыншы тарауының

екінші бөлімінде толық жазылған.

Пайда табуға құмар дүниеқор адамдар порталды ластап жіберуінен

қорқып, мен бұл құпияны соңғы уақытқа дейін жасырып келдім. Бірақ портал

қазірде тірі және жұмыс істеп тұр, ол жерде рухани орталық бар,

339

халықаралық конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылып, өтіп

жатады.

Солай бола берсін! Портал сақталып және жұмыс істеп тұрғанда,

Адамзаттың Ғарыш Бауырластығымен байланысы да сақталмақ. Бұл –

Эволюция жоспарының Жер планетасында да орындалатындығының кепілі!

9. Планетаның Ару-Иесі

1986 жылдың қазан айында, жастарымыздың жаппай өлтіріліп жатқаны

туралы үрейлі көріністер мені мазалай бастаған еді. Мен, еңіреп жылаған,

зорланған қазақ қыздарын көрген болатынмын, бұны адам кейпінен

айырылған заң қызметкерлерінің формасын киген малғұндар жасаған еді...

Мен шошынып оянып, бұл сұмдықтар орындалмаса екен деп Құдайға

жалбарынатынмын. Бірақ та көріністер одан бетер толығырақ болып

айқындала бастаған еді... Онда мен, кез келген жерде, әсіресе МҚК (КГБ)

агенттерімен анық ұшырасқанымда, егер Империя алтыншы саты халқының

перзенттеріне қол көтерсе, оны не күтіп тұрғаны жайлы айтатын болдым.

Бірақ бұған ешкім құлақ аспады, ал қызметтестерім әдеттегідей – мынау тағы

да бір жаққа лағып кетіпті, жап-жақсы маман еді, қайтейік енді – дегендей,

саусақтарын самайының тұсында айналдыратын болды...

Менің ең ауыр қауіптенулерім 1986 жылдың желтоқсанында орындалып,

алаңдағы толқулар басталған болатын.

Әріптестеріміздің барлығы қатты шошынған еді. Олар қазақтардың

«жауыздығы» жайлы, Алматыға Шымкенттен, Жамбылдан отрядтар келе

жатыр, мақсаттары – орыстарды өлтіру – деп, қауесеттер таратып жатқан

болатын! Мен шамам жеткенше, бұл нақақтан жабылған пәле, біреулер,

асқан білгірлікпен, ұлтаралық алауыздықты әдейі таратуда – деп, дәлелдеуге

тырысқанмын.

Түстен кейін бізге – үйге қайтуларыңа болады, өйткені көлік

қызметкерлері ереуілдеп, жұмысты тоқтатқан, ал кешке таман көшелерде

жүру қауіпті болуы мүмкін – деп мәлімдеді. Менің қызметтестерім жұмыстан

қайтқанда Марков пен Тимирязев көшелерінің қиылысынан жүрген

кезімізде, маған – біздің алдымызға түсіп жүресің – деп талап етті. Жолжөнекей

бізге бірнеше қазақ жастары кездесті. Менімен бірге ергендер,

шошып, мені алдарына итермелеп, маған жармасып алды, бірақ жігіттер

қасымыздан өтіп кеткенде, олар сәл сабырға келді. Жолай, адамдардың бір

340

бөлігі өз үйлеріне тарады, бірақ көбін мен Бауман мен Абай көшелерінің

қиылысына дейін жеткіздім, ол жерде олар автобустарға мініп,

микрорайондарға қарай тарқап кеткен болатын.

Келесі күні, 17 желтоқсанда, осы жүрісіміз тағы да қайталанды,

қасымдағылар тектілі ісім үшін маған тағы да ризашылығын білдірді.

Ал, 18 желтоқсанда таңертең, кәсіпорнымыз аумағының кіреберісінде:

– Біздің, Грузия мен Армениядағы әскерлеріміз келіп жетті. Олар

Новосибирск пен Свердловскіден де келуге таяп қалды. Ал Мәскеуден,

Дзержинский атындағы дивизия келіп жетті. Енді олар бұл «хайуандарға» –

мұнда кімнің қожа екенін көрсетеді! – деген дауыстар естілді.

Әсіресе, кеше ғана менің арқама жабысып, артыма тығылғандар

өршеленіп, ызаланып жүрді. Енді олардың үрейі сейіліп кетіп, олар кеше ғана

«ақ адамдарды» қорыққан және бейшара түрлерінде көрген адамды талап

тастауға дайын еді.

Кейін, сағат онға таяу, бізді жиналысқа шақырған еді, прокурор – кәріс

әйел, толқулар аяқталды, қазақтар балаларды өлтіріп жатыр деген лақапты

таратқандар – арандатушылар, ал қазір оларға іздеу салынды деп мәлімдеді.

Оның бұл сөздері тиісті әсерін қалдырды, бірақ барлығы менің айтарымды

тосқан болатын. Менің жауабым, әрине, басшыларды қатты шошындырды:

– Мен, ешкім тақтан тайдырмаған, сондықтан абсолютті түрде заңды хан

тұқымының ұрпағы ретінде, әрекеттегі Конституцияға сай, Қазақстанның

КСРО-дан шығуын талап етемін!

Бұл жиынның хаттамасы КСРО-ның МҚК (КГБ) архивтерінде сақталуы

тиіс. Осы сөздерімнен кейін, тура сол күні партбюро отырысы өтіп, КОКП

Бас хатшысының атына антикеңестік сөздер айтқаным үшін мені жауапқа

тартуға Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетіне өтініш жіберу туралы қаулы

шығарған болатын.

Таңертең мен жұмыс орныма барғанымда, басшылар да, қызметкерлер

де аң-таң болған еді:

– Бұл неге әлі тұтқындалмаған? Бәлкім хатшымыз тым кешірек жеткен

болар. Қазір анықталып, түске таман бұл «элементтен» біз құтылатын

шығармыз.

Бірақ та, ешкім мені алып кетуге келмеді. МҚК-дегі қазақ

патриоттарымыз бұл жалған жаланы мүмкін жай ғана жойып жіберген болар.

341

Сұмдық қырғынның дәлірек егжей-тегжейін естіп білген соң, мен жұмыс

орнымдағы қабырғада ілулі тұрған Бас хатшының (Горбачёв Михаил

Сергеевич, 1931 ж. туған, 1983 – 1991 жж. ‒ КСРО КП Бас хатшысы, ал 1990-

1991 жж. ‒ КСРО-ның Бірінші және Соңғы Президенті.) портретін орнынан

жұлып алдым. Менің қолдауыммен лауазымға тағайындалған біздің

кәсіпорнымыздың бас инженері осы сәтте дәлізбен келе жатқан. Мен, Бас

хатшының портретін тура оның аяқ астына лақтырдым. Әйнегі сыңғыр етіп

күл-талқан болды...

Портретті көтеріп бас инженердің қолына ұстаттым да:

‒ Егер ол Менің Халқыма бостандық бермесе, мен ‒ патшалар

тұқымының ұрпағы ретінде, оның билігін оның Райкасымен қоса (Раиса

Максимовна) күл-талқан етуге уәде беретінімді өзіңнің арналарың арқылы

Жоғарыға жеткіз! – дедім.

Бастық әрине, менің антимемлекеттік әрекетім туралы жеткізуге

дирекцияға жүгіре жөнелді. Ондағылар тез қимылдап, тікелей байланыстың

«қызыл телефоны» арқылы Мәскеуге дереу хабарлаған болатын. Нәтижесі

естен тандырарлықтай болып, Бас хатшы Мәскеуден ізін суытып жоғалып

кетті.

Теледидар экранында ол тек 1987 жылдың 8-ші наурызында, әйелдерді

мейраммен құттықтау кезінде ғана пайда болды. Ол үйреншікті Президиумда

емес, залдағы соңғы қатарлардың бірінде отырған еді. Камера Бас хатшыға

қарай бұрылған сәтте ол тек жай ғана сәлем бергендей, қолын бұлғады. Сөз

сөйлеуге шамасы жоқ екені көзге түсіп тұрды, ал теледидардан ол сәуір

айында ғана сөйлей алды:

‒ Жолдастар, жергілікті партия басшылары! Бұл өзі не болып бара

жатыр? Алматы маңындағы аудан орталығы – Талғарда ауыл шаруашылығын

механикаландыру және электрлендіру техникумының оқытушысы Далабаев

жолдас өзінің диабетпен ауыратын анасы үшін техникум асханасынан бір-екі

килограмм қарақұмық сатып алған. Ал оны осы үшін антикеңестік әрекетке

бардың деп айыптап, жұмыстан шығарып тастаған!

Жолдастар, бұл не деген бассыздық! Ол не, сол қарақұмықты ұрлап алып

па? Мұндай асыра сілтеуді доғарайық жолдастар, және барлық мәселені

консенсус жолымен партия өмірінің лениндік нормасына сәйкес шешуіміз

керек! Бұдан әрі мұндай заңсыздықтар туралы естімейтін болайын,

жолдастар!

Бұл нағыз фантастика болды! Партияның Бас хатшысы қол астындағы

300 миллион азаматтарының арасынан алыстағы Талғардың қарапайым

оқытушысын қорғап жатты! Оның сөйлеген сөзінің мағынасын кемде-кем

түсінген болар, бірақ Бас хатшыны партияның қарт гвардиясы оңдырмай

сүріндіргенін және оған «ұрылар заңын» қолданып, қазақ жастарының

қанымен байлап тастағанын мен түсіндім.

342

Бірнеше күннен кейін, Абай және Бауман көшелерінің қиылысындағы

автобус аялдамасында маған бірнеше жігіттер таяп, ана тілімізде маған:

– Сіз, Шыңғыс ханның ұрпағы – Төресіз бе? – деп сұрақ қойды.

– Ия! Ал сіздер кім боласыздар және маған неге мұндай сұрақ қойып

тұрсыздар?

– Біз Зоовет, Сельхоз, Пединституттан келген барлық үш жүздің

өкілдеріміз. Бізбен бірге театр институтының қыздары да ергісі келген, бірақ

оларды бұл райынан қайтардық, себебі ұлт тағдырына қатысты мәселені ер

азаматтар өзара шешуі тиіс. Бірақ олардың да өтініштері мен үміттерін

Шыңғыс хан тұқымы – Төремізге жеткіземіз деп, оларға уәде бергенбіз. Ал

енді, бүкіл қазақ елінің атынан Сізге қояр сұрағымыз бар:

– Алаңда не болғанын Сіз білесіз бе?

– Ия, білемін, және сіздердің білмейтіндеріңізді де білемін!

Оларға, Империя түрмелерінде адамдарды жаппай өлтіру мен жас

қыздарға жасалған жауыздықтар туралы айтып бергенімнен кейін жастар

естен танарлық күйге түскен еді.

Ауыр үнсіздік орнады. Мен осы жастардың түрінен таныс әлденені

байқадым – олардың жүздері өшірілгендей болып көрінді. Менің зәрем ұшты

– алаңда тұрған жастардың да жүздері осылай, өшірілгендей еді. Олардың о

дүниелік болып кеткенін мен өзімнің ішкі сезіміммен көре алатынымды ол

кезде әлі білмеген едім...

Бұл тірі жігіттердің жүздері де сол жастардыкіндей өшірілген еді.

Барлығы да Ел үшін құрбандыққа баруға дайын және өмірлерімен анық

қоштасқан еді. Оларға деген аянышым жүрегімді инедей сұққылап

жаншыды, бірақ өз Елім үшін мақтанышым да жарқ етті. Ел үшін өз

өмірлерін қиюға әзір тұрған батырлар бар екен! Мен осы бес жігіттің

түрлеріне үңіліп қарап тұрдым, олар жұпыны киінген, мәз емес тамақтанудан

дене бітімдері де батырлардыкіндей емес. Бірақ, батырлық рухтары

сақталған, және осы бесеуі – ұлы Империямен шайқасуға дайын тұрды!

Ақыр соңында араларындағы ересектеуі ауыр күрсініп, былай деді:

Енді одан ары шыдауға болмас, біз елмен бірге өлерміз, ең құрып

кеткенде, тізе бүккен құл емес, сыйлауға тұрарлық ұлт болған деген естелік

қалсын десек, Көтеріліс заңды күшіне енуі үшін бізге өзіміздің

хандарымыздан Көсеміміз болуы қажет. Азаттық үшін көтерілісімізді Сіз

басқара аларма едіңіз?

343

– Әрине, ия! Бірақ мен сіздерді жатақаханаға қайтып оралып,

оқуларыңды жалғастыруларыңды өтінемін. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетіне

білімді адамдар қажет болады!

– Cіз не, шыдамдыққа шақырған біздің «бастықсымақтармен» біргесіз

бе?! Бізді ғана өлтіріп қоймай, оларды да бірге құртатынын, ең арғысы –

партиядан шығарып, жұмыстан қуып шығады деп олар қорыққан еді!

– Сіз Шыңғыс ханның ұрпағысыз және Сіздің Ұлы бабаңыздың

Жасағына сәйкес ұлт намысы үшін ең бірінші болып шайқасқа шығуыңыз

қажет!

Әсіресе, жауынгерлік Кіші Жүздің өкілі қызбаланып, қас жаудың бәрін

қыруды талап еткен еді.

Бірақ мен оны тоқтаттым:

– Шыңғыс ханның Жасақ заңы бойынша – жауың сені итермелеп тұрған

әрекеттерге ешқашан барма! – делінген. Қазір қаламыздағы солдаттар саны

ЖОО мен техникумдарды ғана емес, барлық училищелерді қоссақ-та, бүкіл

қазақ студенттерінің санынан асып түседі. Империяның Азаттықты аңсаған

басқа да халықтарына қанды сабақ көрсету үшін олар бізді тек жаттығу үшін

қолданады.

Одан соң мен қысқаша, Ғарыш Шайқасы туралы айтып бердім, және

Зұлымдық Күштері Аруақтар Дүниесінде күйрегенін, ал алаңдағы қантөгіс –

сайтаншылдардың үміті үзіліп, шарасыздықтан ызаланғандарының салдары

ғана, тіпті бұл олардың жеңістері де емес. Әлсіз ашуға булыққан олар 17

желтоқсанда Азаттық алаңында көз жасы мен қанын төгіп дүниеге келген

Алтыншы Саты Халқынан осылай өшін алған еді.

Халық елшілері таңырқап елти тыңдады. Кез келген басқадай жағдайда

олар қиялшылсың деп, менен ат-тонын ала қашар еді. Эволюцияның Жаңа

Сатысы туралы өз тайпаластарыма, әсіресе білімділерге, ЖОО

оқытушыларына, ғылым кандидаттарына айта бастағанымда, солай болатын

да. Бәрінен кейін қалған Қазақ елі осы формацияның негізі болатыны оларды

әсіресе қылжақы күйге енгізетін.

Бұдан былай біз Адамзаттың Көшбасшысына айналғанымыз туралы

қуанышты хабар бесеуінің жүректеріне сүйіншідей жеткен еді.

– Сіздер халық мақалын білесіздер – «Күшті – бірді жығар, білімді –

мыңды жығар!» Ал қазір Жаңа Дәуір келді, Ғарыш Білімін Иелену

Дәрежесіндегі Таңдаулы қирамас Империяны жеңіп шығады. Ел үшін

шайқасқа, Дәрежеленген Мен шықтым! Жәбірге ұшырату үшін қай жерден

344

келген болса, мен бұл жендеттерді сол жерімен қоса жоятын боламын.

Сондықтан, Жасақ бойынша менің аяғыма тұсау болмаңыздар!

– Жарайды, Хан-аға! Біз Сізді түсіндік! Жаңа ғана Сіз Азат және

Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті деген сөзді айттыңыз. Біз, Сізбен кездесерден

бұрын, сұрастырып, Сіздің ата-тегіңіз шынымен патшалардан тарайтынына

көз жеткіздік, сондықтан, біздің білгіміз келгені – Тәуелсіз Қазақстан

мемлекеті дегеніңіз жаңылыс айту емес, шынайы сөз бе?

1. Онда, біздің осы арманымыз қалай жүзеге асуы мүмкін?

2. Империяны құрту үшін қандай қажетті жағдайлар бар және соған

лайық қандай күштер бар?

3. Ақырында, Азаттық Күні қашан шығар екен?

– Жауап қайтарамын:

1. Біздің арманымыз біздің жақтан бір де бір оқ атусыз, бейбіт жолмен

жүзеге асады. Қызу қанды бастарға жеткізіңіздер, олар өздерінің ақылсыз

әрекеттерімен менің Жоспарымды бұзбасын.

Мен өзімнің Еліме тіпті төзімділік пен сабырлықты сақтауды

бұйырамын. Ал, жастар – сіздерге, қоғамдық көліктерде оккупанттардың

кемпір-шалдарына орын беруді жалғастыра беруді және үлкендерді сыйлауға

қатысты біздің барлық заңдарымызды орындауды бұйырамын.

Егер менің әмірім орындалып жатқанына көзім жетсе, онда менің Елім

өзінің Ханына бағынып бас игені туралы, Келісімнің қалпына келтірілгені

жайлы білетін боламын!

2. Жағдай өте қолайлы – Адамзат алтыншы деңгейге өтті де, Ақылды

Адам Рухани Адамға айналуы үстінде. Бұл қасиетке негізінен Қазақ Елі және

оған жақын түрік-монғол елдері сәйкес келіп тұр.

Эволюцияның Алтыншы Сатысының Әйелдік Рухы болып танылатын

Қызды окуппанттар азаптап өлтіргенін мен білемін! Халық үшін бұл қажетті

Құрбандық еді, өйткені азаттық гүлдері тек азап шегушілердің қандарында

ғана өсіп-өнеді!

Онымен бірге біздің Еліміздің жүздеген қыздары зорлық-зомбылықпен

өлтірілгенін білемін, ал бұл үшін мен қанішерлерді ең Биік өлшеммен

жауапқа тартамын! Осы құрбандық бүкіл Адамзатты «қызыл індеттен»

құтқару үшін жетерлік.

3. Халық ештеңеге кіріспей, тек қана тосуы қажет. Бұдан ары қарай

оқиғалардың барлығы біздің игілігімізге шешіледі.

345

– Сонда қанша уақыт тосуымыз керек?

– Көне кітаптарда, егер ауыр қиыншылық жағдай туындаса, халық үш

жарым жылдай шыдауы тиіс. Бірақ, одан кейін тағы да он екі ай төзе тұру аса

абзал деген қосымшасы жазылған. Сонда қауіп-қатер өзінен-өзі кетіп қалады.

Ал, егерде қасарыса берсек, оккупанттарды бұл ызаландыра түсіп, көптен

күткен тәуелсіздігіміздің келер мерзімін кешіктіреді!

– Жақсы! Біз екі жүз жылға тарта уақыт бойы оккупанттардың

астындамыз. Сондықтан үш жарым жыл қалай болса да шыдаймыз. Осы

мерзімнің не бір жағдайда өзінің нақты әсерін тигізгені жайлы үлгісі болыппа

еді ‒ Хан-аға, соны айтыңызшы.

– Әрине! Жақында ғана, 1941 жылы Германия КСРО-ға қарсы соғыс

бастай сала, құдайға сенушілер соғысып жүріп санай бастаған. Үш жарым

жыл өткеннен соң, ал ол 1944 жылдың желтоқсанында болған, соғыс қай

жақтан басталып келсе, сол жаққа қарай бағытталып, 1945 жылдың

көктемінде Германия тізе бүкті.

– Қызық екен, бұнда да Желтоқсан! Ал бізде Империя үш жарым

жылдан кейін 1990 жылдың маусымында осылай қирай ма?

– Ия! Әділ жаза беру машинасы қосылды, ал толық өз қуатына кіріп, өз

жерінде бейбіт жастарын өлтіруде ерекшеленген солдаттардың халықтары

талқандала бастағанда, сендер тіпті бұны тоқтатуды өтіне бастайсыңдар деп

сенем. Алдымен, Заңға сәйкес, қылмыстары тым зор емес, бірге қатысқандар

жазасын алады. Ал одан кейін өлім машинасы олардың басты күштерін және

идеялық шабыттандырушыларын құртуға кіріседі.

Ал енді, менің сіздерге бір ғана сұрағым бар – мені қалай іздеп

таптыңыздар?

– Хан аға, бұл оп-оңай ғой. Біріншіден, ел арасында Азат етуші –

Шыңғыс хан ұрпағы туралы аңыз баяғыдан бар емес пе, ал сонымен қатар

сіздің түр-тұрпатыңыз көзге ерекше түседі – ол, сіздің мұртыңыз, орыс

патшасы – І-ші Пëтрдің мұртынан аумайды.

Екіншіден, біз бәріміз Тастақта тұрамыз, дәлірек айтсақ, пәтер

жалдаймыз, ал Сіз таңертең Абай даңғылымен жұмысыңызға автобуспен

бізбен бірге барасыз, біз – өзіміздің СХИ мен Зооветке жетеміз.

Үшіншіден, біз Сізді 16 желтоқсанда таңертең алаңда көргенбіз. Сіз

автобустан түсіп, әскерилердің бір тобына жақын келіп оларға:

– Мұнда Мен жастардың бейбіт демонстрациясын көріп тұрмын. Сонда,

бұл жерде армияның, әсіресе танк әскерлерінің қандай қажеттілігі бар? –

346

дегеніңізге, танк әскерінің полковнигі Сізге – былай тұр, жоғал ары – демей,

– «Біз әскери адамбыз және бұйрықты ғана орындап тұрмыз» – деп Сіздің

алдыңызда ақтала бастаған еді. Ал Сіз оған өте тітірентер түріңізбен:

– Бұл менің Елімнің балалары! Осыдан, олардың біреуінің ғана басын

жарып көріңдер, сонда Мен сендердің бүкіл бандаларыңды жер бетінен

жойып, өшіріп тастаймын! Жарық дүниеге келгендеріңе өкінетін

боласыңдар! – дегенсіз.

Ғажап, бірақ әскерилердің зәресі ұшқаны көрініп тұрды! Әсіресе, олар

Сіздің тікірейген мұртыңызға үрейлене қараған еді!

– Мен бұл қорқынышты оқиғаларды алдын ала болжап білгенмін және

бұрыннан осы мұртты қоя бергенмін. Бұны мен, кезінде өздерінің Құдайы,

Патшасы және Отаны бар болғанын естеріне түсірсін деп, ресейліктер үшін

істегенмін.

Одан ары, Уақыт Шиыршығы бойымен Ғарыш Заңдарына сай,

революция өзінің 1917 жылы шыққан жеріне қайта оралуы тиіс.

Бұл жылы 1916 жылғы қазақ елінің көтерілісіне 70 жыл толды. Ол

заманда жазалаушылар көтерілісті қатал жәншіп тастаған. Алматы

маңындағы Қаскеленде екі ауыл толығымен қырылған болатын. Тек, анасы

қазан астына тығып кеткен кішкентай қыз ғана аман қалған болатын.

Міне, жетпіс жыл өткеннен соң өлтірілген жүздеген жастарымыз

Қаскелен жарларында жерленді.

Одан кейін (12.12.1917) 1997 жылы желтоқсан айында «Алашорда»

Алаштық автономиясы құрылғанына да жетпіс жыл толады. Ол, 1918

жылдың сәуіріне дейін өмір сүрген, бірақ та Тарихта бұл факт орын алды да,

осы оқиғаның қайталануын ешкім өзгерте алмайды! Сондықтан, менің

есептеуіммен, тиесілі үш жарым жыл шыдамдық танытып және тағы да бір

жыл тоссақ, біз 1991 жылы Тәуелсіздікті аламыз!

– Айтқаныңыз келсін, Хан аға! Сонда кім Империяны күйретіп, бізге

Азаттық алып береді?

– Бұны орыс халқы іске асырады! Империяны жасаған сол, сондықтан ол

Империяны қайта туындауға құқықсыз етіп, құртып тастайды! Ресей өзін

«қызыл Бұғаудан» азат етеді де, Империяның барлық халықтарына азаттық

береді.

– Онда өлім машинасы тоқтатыла ма?

347

– Ия! Біздің елдің кек алу салты жоқ, ал төгілген қанның құнын алу

деген бар. Сондықтан, Азаттығымыз – алтыншы Саты халқы перзенттерінің

төгілген қанымен өтелген құн болып есептеледі!

Егер Сіздер, барлық үш жүз өкілдері – бұл өтелген құнды жеткілікті

және ұлттың ар-намысын толығымен қалпына келтіреді деп санасаңыздар,

онда мен Сіздердің шешімдеріңізді Азаттық пен Тәуелсіздікті бейбіт жолмен

алу үшін Негіз деп қабылдаймын!

– Біз келісеміз! Біздің жерімізде бұдан бұлай ешқандай адам өлтіруі

ешқашан болмасын!

Осы сөздерден кейін олардың жүздерінен өлім бетпердесі жоғала

бастады да, кейбіреуі жымия қарады:

– Хан аға, осындай қуанышты хабар үшін біздің Ұлы алғысымызды

қабылдаңыз! Біз Сізге «Қара Хабаршы» болып, халқымызды өлімге қиып

келіп едік, ал енді біздің ел аман-есен мәңгі өмір сүретіні және де

Адамзаттың тірегі – соңғы үміті болатыны туралы айтып «Жарық

Хабаршысы» болып қайтып барамыз.

– Ал енді, Сізге біздің жанға батар бір сұрағымыз бар. Сіз жаңа Өмірдің

Әйелдік Рухы жайлы айттыңыз. Оны өлтірді ғой?!

– Оның жаны қазір Аруақтар Дүниесінде! Онда ол Жаңа өмір жарату

үшін барлық өкілеттіктері мен күш-қуатын алады. Ол ешкімнен кек алмайды

– ол, тек қана Табиғаттың әлі ұйқыда жатқан Күштерін әрекетке қосады да,

«Жерұйық» атты Жаңа континентті жаратады. Сонда, ешқандай кедергісіз

біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүрген болса, бәріміз де солай өмір сүре

береміз.

Ол таяуда, Тәуелсіз Қазақ мемлекетінде, Оның айрықша құқықтарына

сай, Өзі таңдаған отбасында еліміздің арасында қайтадан дүниеге келеді. Ел

ішінде тәлім-тәрбие алған қазақ қызы, Қиратушы өз ісін аяқтап болғанша

және Физикалық Дүниені тастап кеткенше, тоса тұрады!

Сондықтан, шыдамдылық танытып, тоса тұрыңдар – барлық ұлы

сілкіністер желтоқсандар сайын өтетін болады!

Алаңдағы қанды қырғыннан кейін бірнеше күн өте Орталық

Телевидениенің дикторы былай мәлімдеген еді:

348

– Бүгін, 25-ші желтоқсанда таңертең, Иерусалимнің үстінде дәл Иеміздің

табыты тұрған Ғибадатхананың төбесінде бұлт пайда болды!

Ол біртіндеп ұлғая түсіп, одан кейін солтүстікке қарай бет алды да,

Ливан, Сирия, Түркия үстінен өтті. Қара Теңіз үстінен өтіп бара жатып, бұлт

‒ суып бара жатқан теңіздің ауыр булануымен толығып алды. Одан ары

шығысқа, Грузияға қарай бұрылды да, Сванетияның төбесінде тұрып алды,

бұлт ортасы дәл Местия – Лентехи ауданының үстіне келді.

Бұл ауданның тұрғындары – свандардан дәстүр бойынша Грузия

армиясының гвардиясы және грузин князьдары мен патшаларының күзеті

жасақталатын. Бұл дәстүр кеңестік уақытта да сақталған, бірақ олардан

спецназ әскері жасақталатын болды.

Алаңда қазақ жастарын өлтіруде тура осы спецназ ерекше қаскөйлігімен

көзге түскен болатын.

Сванетияға осы зор бұлттан қар жауа бастады. Ол екі айдан аса жауып,

кей жерлерде қар тіпті таулықтардың қарауыл мұнараларын басып тастады.

Желтоқсан толқулары құрбандарының қырқыншы күнін еске алу кезінде

свандардың таулы ауылдарына қар көшкіні құлап түсті. Сонда көшкін, өзінің

туындауы мүлде мүмкін емес жерлерде жатқан поселкелерді басып қалған.

Жауған қардың көптігі соншама еді, қар көшкіні екпін күшімен барып,

таулықтар ешқашан мекендемеген сайлардың үстінен секіріп өтіп жатты.

Мыңдаған текше метр қар таудың теріскей құламаларына, тура свандардың

паналарының үстіне құлай берді. Табиғи апат осымен тоқтаған жоқ! Тағы да,

бірақ жазғытұрым, наурыз айында Иерусалим үстінде қайтадан бұлт пайда

болды. Осы бұлт тағы да Сванетияға келіп, енді осы бұлттан нөсер жаңбыр

құйды.

Жаңбыр массасы орасан зор қар массасын ерітті, ол лай мен тас аралас

сел ағынына келіп ұласты. Апат тағы да таулы поселкелерге құлап түсті! Тас

аралас лай көшкіні олардың үйлері мен ата-бабаларының зираттарын жойып

қана қоймады, ол өзімен қоса свандардың барлық жерін ағызып алып кетіп,

жалтыраған жалаңаш тастарды ғана қалдырды!

Свандар өздерінің бүкіл тарихында ешқашан ешкімге тізе бүкпеген еді.

Олар барлық басқыншылықтардың бетін қайтарған болатын, бірақ та

табиғаттың нысанаға бағыттаған апатты соққысына қарсы тұра алмады.

Тайпа ақсақалдары – олардың тайпаластарының басқа елдің жеріндегі

жасаған зұлымдықтары үшін құдайдың салған қарғысы – деп шешті де, өз

өмірлеріне қатер төнер деп шошынбау үшін, өздерін таусыз аймақтарға

көшіруді өтінген болатын. Грузия Үкіметі свандарды Удабно (аудармасы –

349

шөл дала) деп аталатын жазық орындағы жазираға көшіру туралы шешім

қабылдады. Ол жақта олар үйлерін тұрғызып, жүзім бақтарын егіп, өсіре

бастады, ал тұрмыстары біраз түзеліп, қалпына келді...

Бірақ, бір жылдан соң осы жазираға бұрын болып көрмеген, теннис

добындай ірі бұршақтан тұратын дауылды нөсер келіп құйды. Мұзды оқтар

үйлердің қаптама шатырларын, автомобильдердің темір шанақтарын тесіп

өтті. Теледидар камералары жүзім алқабындағы бетон діңгектеріне

пулемëтпен атқылағандай әсерін тигізген ойықтардың іздерін көрсеткен еді.

Соғыс ардагері:

– Мен бомбалау астында жиі болған едім, бірақ мұндай атысты ешқашан

бастан кешіп көрген емеспін! – деп айтты.

Апаттың осындай соққысынан кейін тайпа ақсақалдары тағдырмен

ойнамай, жан-жаққа бытырай көшуді, Қазақ елі перзенттерінің төгілген

күнәсіз қаны үшін Құдайдан жалынып-жалбарынып кешірім сұрауымыз

қажет – деп шешкен еді.

Табиғаттың осы бір айбарлы құбылыстарымен қатар Алматы

облысындағы Заречный поселкесінде, лагерьлік зона орналасқан жерде көзге

ілінбес бір оқиға орын алды. Желтоқсан көтерілісіне қатысқандарды

алғашында осы лагерьге жіберген болатын.

Лагерь бастығы жаңадан жеткізілген тұтқындарды сапқа тұрғызып, өз

ойынша оларға үрейлендіретін сөз айтқандай сезініп:

– Сендер, «хайуандар», өздеріңе мәдениет пен бақыт әкелген Кеңес

үкіметіне қарсы шықтыңдар! Сондықтан мен сендерге енді басқа мәдениет

пен бақытты өмірдің қандай болатынын көрсетемін! Ешкім бұл орыннан

бостандыққа шықпайды! Мен сендердің барлықтарыңды лагерьлік шаңтозаңға

үгітіп тастаймын!

Лагерь бастығы өзінің сөзі мен ісінің бір-бірінен ажырамайтынын

көрсетіп, қазақ балаларына ең сұмдық жаппай жазалау шараларын

ұйымдастырды. Өзінше, олардың рухын жаншып, еріксіз жүрген бір

өліктерге айналдырам деп ойлаған еді.

Бірақ ол қателесті – желтоқсан батырлары мұнда да көтеріліске шықты,

өз туған Жерінде Еркіндік үшін соңғы демі қалғанша шайқасатындарын

көрсетті!

Осы уақытта, жай ғана кездейсоқ деп саналған табиғи құбылыс орын

алды. Қаңтардың соңында, 1988 жылы (29.01.88.) лагерь бастығы Алматыға

мәжіліске қатысу үшін таңертең «Заречный» поселкесінен жолға шықты.

350

Осы кезде темір жолмен «Новосибирск – Ташкент» пойызы өтіп, ары қарай

магистральмен кете барды. Дәл осы сәтте Жаманқұм коллекторында дамба

бөгеті жырылып кеткен еді. Қаланың кәріз сулары жол-жөнекей құм мен

балшықты ішіне сіңіріп алып төмен қарай қаптай жөнелді де, бүкіл осы масса

лагерь бастығының машинасына келіп соғылды!

Машинаны, ішіндегі өліктерімен қоса коллектордың маңынан алысырақ

ағызып әкеткен жерінде тауып алған-ды. Лагерь бастығының және

қасындағының өліктерін мәйітханаға жеткізген және туыстарына жерлеуге

қайтарған болатын...

Туыстарының онымен қоштасуы үшін табыт ашық болуы керек еді,

бірақ олай болмады, себебі оның денесі фекальдық массаның аса қуатты

гидравликалық соққысына ұшырағандығынан, қандай да тазартып

жуындырса да, оның мәйітінен сасып-шіріген, күлімсіген иіс шыға берген

еді. Жерлеушілер бұл жендетті мырыш жәшігімен қоса көмуге мәжбүр

болған. Патриарх Никон айтқандай: «Сүйегіне қарай – майы да».

Баспасөз бен телевидение бұрын-соңды болып көрмеген «қысқы сел»

туралы ақпаратты барлық майда-шүйдесіне дейін жарыққа шығарды, тек

санаулы Саналылар ғана бұның тек – «Қаһарға мінген стихия қуаты» атты,

төніп келе жатқан симфонияның увертюрасы ғана екенін түсінді.

Желтоқсан қырғынынан кейін екі жыл өткен соң, 1988 жылдың

желтоқсанында Арменияда аса қуатты жер сілкінісі орын алды. Бұның,

құрбандарға ұзақ қиналыспен аяқталатын өлімді әкелетін динамикалық

сойылдармен қаруланып, сауыт киген спецназдардың әрекетіне жауап екенін

Политбюродағылар білген еді. Жердің табиғаттық апатының қарсы екпінді

соққысы КОКП басшылығына тиісті әсерін тигізді. Олар, ауа мен судың

нәзік стихиялары әрекетке кіріскенін ғана емес, сондай-ақ Жердің инерттік

стихиясының планета сағаты бойынша лезде іске қосылғанын түсінді.

Енді, Табиғат күштерінің бақылауда екенін толық көрсету үшін От

стихиясының соққысы ғана жетпей тұрды...

1989 жылдың мамырында еңбекшілер депутаттарының Бірінші

Бүкілодақтық Съезі басталды. Съездегі оқиғалар қауіпті сипатты иелене

бастады – Қонституциядан «КОКП-ның мемлекеттегі басқарушы рөлі

туралы» бапты алып тастауға, демек, көппартиялық жүйе құруға алғашқы

ұсыныстар айтыла бастады. Аймақаралық депутаттық оппозициялық топ

(МДГ) құрылды, Қызыл Империяның қылмыстары туралы шындықты

халыққа ашып салған қудаланған академик А. Сахаровтың сөйлеген сөзі

айтылды, және барлығын, саяси полиция – КГБ-ны жауапқа тартуды талап

еткен Олимпиада чемпионы Ю.В. Власов естен тандыра ұрды.

351

Елде бөліну қауіпі туындай бастаған еді. Ескі партия басшылығы

режимді сақтап қалу үшін сарай көтерілісіне әзірлене бастады...

Мамыр айының ең соңғы күндері біздің бөліміміздің есігі ашылды да,

жанында үш мәскеуліктер бар, директордың жалпы мәселелер жөніндегі

орынбасары Камаев кіріп келді. Бұлар, үкіметтік арнайы тарату қорынан

жабдықталатыны көрініп тұрған, жақсы киінген және алыстан келген

адамдар болатын. Күзетші екені анық олардың біреуі есіктің алдына тұра

қалды, ал екеуі менің қасыма отыра қалды. Директордың орынбасары

қызметшілердің барлығына бөлмеден шығуға ишарат жасап, ымдап

бұйырды.

Қонақтардың біреуі маған қарап:

– Сіз, Съезде не болып жатқанын қарайсыз ба, және болып жатқан

жағдай туралы пікіріңіз қандай? – деп сұрады.

– Ия! Телевизордан қатты қызығушылықпен қараймын және қалта

радиоқабылдағышынан тыңдаймын! Еліміз әскери бұлғақтың

табалдырығында тұр деп ойлаймын!

Келген адамдар бұған тіпті таңырқаған да жоқ, тек бір-біріне қарады, ал

басшысы:

– Онда, бұған жол бермеу үшін не істеу керек? – деп сұрады.

– Бас Хатшы Съезден жоғалып кетуі тиіс!

– Сонда бұдан не шығады?

– Бұлғақшылар, өздерінің арасынан біреу сатқындық жасады және

төңкеріс жоспарын айтып қойған деп шешеді. Сондықтан олар,

коммунистердің дағдысымен бірін-бірі көрсетуге жүгіре жөнеледі!

Сұрақ қойып отырған адам түсіністікпен басын изеді де, енді күлімсіреп:

– Бірақ, бұл үшін съезден кетіп қалуға Горбачëвтың темірдей салмақты

негізі болуы тиіс! – деді.

– Ондай салмақты негіздің бірнеше күннен кейін туындайтынына уәде

беремін!

– Біздің мұнда, тиісті қарсы шаралар қабылдау үшін нақты датаны білуге

келгенімізді түсінген боларсыз.

– Бұл, таяудағы екі-үш күнде болуы тиіс!

– Онда, қарсы шара жүргізуге бізде бар-жоғы бірнеше күн ғана бар ма?

352

– Ия! Тек Бас Хатшы ұшақпен қайтқанда, Внуково, Домодедово, немесе

Тушино аэродромдарына қонбасын!

– Онда ол қайда келіп қонбақ? Мүмкін, жай пойызбен қайтуы керек

шығар?

– Жоқ! Пойызбен жету тым ұзақ. Съездегі жағдай бақылаудан шығып

кетуі мүмкін! Ұшақ Мәскеу түбіндегі әскери аэродромға қона алады да, съезд

өзінің ел үшін маңызды жұмысын қалыпты түрде жалғастырады. Саяси

жүйені жаңартуға мүмкіндік беретін реформалар енгізу керек!

– Ия! Ескірген жүйені түбегейлі қайта құру керек! Жаңа озық

бастамаларды ескі Политбюро бөгеп отыр! Ол, тіршілігі біткен

идеологияның алған бағытынан аумайтын алғы шебі!

– Онда, партиялық құрылымның лениндік нормаларын басшылыққа ала

отырып, Политбюроның кеңейтілген құрамына одақтас республикалардың

барлық бірінші хатшыларын енгізу керек! Сонда, толық түріндегі тең

құқықтық орнайды да, Политбюрода өздерінің өкілдігі жоқ республикалар

жағынан ешқандай өкпе болмайды! Осылай, Политбюро біртұтас

монолиттен, өзінен Ел үшін не керек, соны жасауға келетін жұмсақ массаға

айналады!

– Қайта құруға және Жариялылыққа бағытталған партия жолына

әрекеттескеніңіз үшін Сізге үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздің барлық

ұсыныстарыңызды жоғарыға жеткіземіз!

Осы сөздерді айтқан олар бөлімнен шығып кетті. Директордың

орынбасары маған ризашылық жүзін сыйлады және бұдан әрі маған аса

құрметтілікпен қарайтын болды. Алайда ол, ұлтшыл және ашықтан-ашық

антисоветшіл маған аса маңызды мәселе бойынша сондай үлкен адамдардың

Мәскеуден неге келіп кеткенін сол күйі түсінбеді!

Бірнеше күн өтті де, мен таңертеңгі жаңалықтардан Ферғанада

ұлтаралық қақтығыстар орын алғанын естідім. Кейінірек, Иранның рухани

көшбасшысы – аятолла Хомейнидің өлгенін хабарлады, ал одан кейін,

Башкириядағы Аша станциясында газ жарылысы болғанын және зардап

шеккендер бар екені туралы хабарлады. Мен іштей, бұның тоғызыншы

жылы, алтыншы айда, үшінші күні болғанын (03.06.89.) дереу белгіледім.

Кейінірек, Бас Хатшының апат орнына келгенін көрсетті. Камера, оның

бетінен аққан жасты көрсетті. Ол, газ жарылысынан өртеніп үйілген көп

адамдардың мәйітіне қарап тұрып, қолын бірақ сілтеді де:

– Бәрі де бітті! Бұл бәрінің күйреуі! – деді. Одан ары камера Бас

Хатшының жүзін көрсетпеді, ал кейінірек, кешкі жаңалықтардың ресми

353

хабарында бұл эпизод алынып тасталған еді. Әрине, ол кезде жылап тұрған

Бас Хатшыны көрсетуге болмайтын, бірақ та мен оның неге жылағанын

түсіндім, және оның, айналасындағыларға түсініксіз күйінде қалған

сөздерінің мағынасын білдім...

Және күндіз, вокзал жанындағы құбырдан газдың жылыстап ағуы

байқалған болатын. Вокзал жұмысшылары апаттық жөндеу қызметіне

хабарлаған да еді, және ондағылар келіп құбырды қазып алып газдың

жылыстауын жоюға уәде берген де болатын...

Газ құбырдан шығып жатты, бірақ жағдай әлі де шыдай тұруға

болатындай еді. Кешке таяу станцияға «Новосибирск – Адлер» пойызы келді,

ал «Адлер – Новосибирск» пойызы станциядан шыға бастаған болатын.

Бұл пойыздарда 1986 ж. желтоқсандағы халық көтерілісін басуда ерекше

«көзге түскен» Новосибирск ОМОНының отбасылары болған. Үкімет

өздерінің «батырларын» мадақтағысы келді де, олардың отбасылары

Қырымның санаторийлеріне, соның ішінде атақты «Артек» лагеріне демалуға

жолдамалар алған болатын.

Тура 23 сағат 45 минутте, дәлме-дәл Алматыдағы «Метель» операциясы

басталған уақытта газ жарылысы күркіреді.

Жарылыстың күшін шағын қуатты ядролық зарядпен салыстыруға

болатын. Осының өзі-ақ, екі пойыз жолаушыларының басым бөлігінің тірідей

жанып кетуі, ал екінші бөлігінің әр түрлі деңгейдегі күйюлерімен Мәскеу

және Новосибирск клиникаларына әкетілуі үшін жеткілікті болды.

Неліктен, пәтердің тұйықталған кеңістігіндегі газдың осындай аз

шоғырлануы кезінде болатын дағдылы жарылыстың, ашық жерде, елеулі

емес жылыстауы кезінде орын алғанына мамандар әлі күнге дейін

қорытынды бере алмай келеді.

Үкімет басындағы ақылды адамдар осындай сұмдық апаттың себебін

түсінді және енді, алтыншы саты халқының перзенттерін өлтіргені үшін

құдаймен күресуші халықтың жауап беретін кезегі келгенін және оларға

қарсы От Апаты қолданылатынын дұрыс түсінді!

Желтоқсандағы қырғынға қатысты менің қарсылығым туралы Бас

Хатшыға әрине жеткізілген еді.

Бас Хатшының қатынға бағынғанын және елді оның әйелі Раиса

Максимовна билеп отырғанын айтып КОКП тарихында алғашқы рет оны

көпшілік алдында сынға тартқан Б.Н. Ельциннің партияға қарсы бағытталған

ұстанымын талқылау бойынша 1987 жылдың күзінде ашық партия

354

жиналысында менің бұл жөніндегі пікірімді айтуға міндеттелгенімді және

сөйлеген сөзіммен жиналысты естен тандырғаным туралы оған жеткізілген

еді:

– Мен Ельцинді ессіз деп санамаймын, керісінше – оны өте көреген адам

деп ойлаймын және алғашында қатты соққыға жығылатынын біледі деп

болжаймын! Бірақ ол, орыс халқының азап шеккендерге ылғи жаны

ашитынын да біледі! Және мен, Борис Николаевичтің КСРО-дағы ең бірінші

адам болмаса да, Ресейде міндетті түрде ең бірінші адам болғанын қалаймын,

және оның басшылығымен Ресей өзінің эволюциялық міндетін орындайды!

Парторг тікелей сұрады:

– Ол қайдағы міндет?

Мен жалтармалы жауап бердім:

– Бүкіл Адамзат үшін керекті, жақсы міндет!

Менің қызметтестерім тағы да самайының жанын саусақтарымен бұрай

бастады:

– Бәрі де түсінікті – есінен айырылған!

Келесі (1988) жылдың наурызында мені тағы да КОКП-ның 28-ші съезі

қарсаңында өтетін он бесінші Партконференцияға ұйымның қолдау тілектері

қабылдануы тиіс ашық партия жиналысына сүйрелей жөнелді.

Алдындағы, он төртінші Партконференция жарты ғасыр бұрын

өткізілген еді және Партконференция депутаттарының басым бөлігі кейінірек

партия мен Сталинның жаулары ретінде атылып тасталған болатын.

Кеңейтілген партия жиналысы үлкен шабытпен және Партконференция

атына арналған ұрандармен өткізіліп жатты. Штаттық идеологтың сөйлеген

сөзі әсіресе әсерлі болды, ол КОКП-ның жетекші рөлін мақтауда әдеттегідей

бәрінен асып түсті. Ақырында, бұл мәселе жайлы өз пікірімді айтуға мені

шақырды:

– Мен, әрине, алдымда сөз сөйлеген оратордың шешендігіне қайран

қаламын, бірақ та бұның бәрі шөлден өліп бара жатқан сорлының төсегінің

алдында шөлден өліп бара жатқанның денесіндегі жарасын қалай емдеу

керектігін талқылауға жиналған дәрігерлер кеңесіне ұқсайды! Ал оған жай

ғана су беру керек!

Мұнда да солай ‒ Қызыл Империяның құрсауында өліп бара жатқан

халыққа Бостандық беру қажет! Тек ресурстарға бай ел ғана өз басына түскен

осындай қорлыққа төзе алған.

355

Сондықтан мен, Конференцияның күн тақырыбында бір ғана мәселе –

КОКП-ның 28-ші съезін мерзімінен бұрын шақыру жайлы пункт болуын

ұсынамын. Ал мерзімінен бұрын өткен КОКП съезінің күн тәртібінде бір

ғана – КОКП-ның өзін-өзі таратуы туралы мәселе қойылуы тиіс!

Жиналыстың президиумынан сұрақ естілді:

– Негізі қандай?

Мен, қысқа да нұсқа, көбіне түнібейтіндей жауап қайтардым:

– Ұйым, ақыр соңында Эволюциялық тұйыққа кірді! Топастар үшін

түсіндіремін – эволюциялық жол бар. Осы жолмен бүкіл Адамзат жылжуда

және де бізді экономикалық та, саяси да күйреуге әкелген революциялық жол

да бар.

Өз атымнан уәде беремін, КОКП-ның өзін-өзі таратуы партия мүшелерін

халықаралық трибунал мен дарға асылуынан сақтап қалады.

Президиумнан біреу:

– Мына азғын осы уақытқа дейін неге бостандықта жүр? – деп

айқайлады.

Біздің парторг, айта кетуім керек – ол да Горбачëв, әжептәуір ар-намысы

бар адам болатын:

– Бұл оның жеке көзқарасы ғана! Ал, Партияның соңғы шешімдерімен

жарияланған Айқындық пен демократия саясаты, зорлық көрсету мен

ұлтаралық алауыздыққа шақырудан басқасына жол береді! – деді.

1987-ші және 1988-ші жылдарда өткен бұл партжиындардың

хаттамалары КСРО КГБ архивтерінде сақталуда, және бұл құжаттармен

танысуға ниет білдіргендер олармен таныса алады.

Партконференция, Политбюро мүшесі, партия кадрлар саясатына

Жауапты – Разумовскийдің басқаруымен өткен. Ол Д. Қонаевтың жұмыстан

мүлдем шығарылуының Ұйымдастырушысы және идеялық

шабыттандырушысы болған, оның әрекетінің соңы Алматыдағы 1986 жылы

алаңдағы жантүршігерлік оқиғаларға алып келді.

Партконференция, баяғыдан бері әдет болып кеткен бағдарлама мен бос

сөз және бос шешімдер саясында өткен еді. Өмір өз бағытымен өтіп жатты.

1987 жылы жазғытұрым Абхазияда еркіндік және тәуелсіздік үшін соғыс

басталды. Ержүрек абхаздар Грузия армиясын талқандап тастады.

Абхазияның барлық жолдарымен «зәресі ұшқан грузиндер қашып жосыды».

Ақыр соңында абхаздар Грузия президенті Шеварднадзенің Сухумидегі

356

резиденциясын қоршап алды және тек ресейлік спецназдар КСРО Жоғарғы

Кеңесі Президиумының бұрынғы басшысын тікұшақпен келіп атыс астынан

алып шыққан еді. Дәл осы кезде Сумгаитте ұлтаралық қақтығыстар орын

алды, оның салдары Таулы Қарабақтағы кең ауқымды әскери дау-жанжалға

әкеліп соқтырды. Соғыс нәтижесінде, Әзірбайжан өзінің аумағының үлкен

бір бөлігінен айырылды да, Закавказьеде шиеленісушіліктің өшпейтін ошағы

пайда болды.

Балтық Теңізі аумағының елдері тәуелсіздік үшін күресін бастаған еді.

Бірақ ондағы қарсыласу бейбіт түрде өтті. Балтылықтар мысалы, Таллиннен,

Ригадан Вильнюске дейін жол бойына адамдардың тірі жол-көпірін

тұрғызған болатын. Ұзынтұра Германның мұнарасынан эстондық азамат

«Бостандық» сөзін айтты, ал қол ұстасқан адамдар осы сөзді Вильнюстегі

алаңға дейін бір-біріне жалғастыра айтып жеткізді.

Мен балтылықтармен 1987 жылы өзіміздің Никольский базарында

ұшырастым. Олар, АММК-да (АХБК) тоқылған матадан тігілген джинстық

жейделерді сатып жүрген. Олардың тауарларына үңіліп қарағанымды көріп,

Ригадан келген сатушы жас жігіттер менен:

– Сіз қазақсыз ба? – деп сұрады.

– Ия! Сонымен қоса мен – түп-тамырыммен алматылықпын.

– Біз, Сіздің қалаңызда желтоқсанда не болғаны жайлы білеміз, және

Сізге қайғыласып, көңіл білдіреміз және Қызыл Империяға қарсы ең бірінші

болып көтерілген қазақ елінің ерлігіне қайран қалатынымызды білдіргіміз

келеді. Алда Мамыр мейрамы күтілуде, және әскери парад өтуі тиіс...

Сіздердің жастарыңыздың қанымен жуылған алаңда танкілер шеруінің өтуіне

Сіз жол бересіз бе, сол туралы біз білгіміз келеді. Бұл аруақтардың қадірін

қорлау ғой! Ұлттың құндылығын қорлауға ар-намысы бар ел оны

болдырмауы тиіс.

– Менің түсінгенім, сіздер бізді жаңа құрбандыққа итермелегілерің келіп

тұр. Бірақ біз Азаттық үшін өз қанымызбен өтеп қойғанбыз, ал сіздерге өз

Азаттықтарыңыз үшін әлі танкілердің астына жатуларыңызға тура келеді.

– Біз мәдениетті, өркениетті халықпыз, бостандықты қантөгіссіз,

демократиялық жолмен-ақ аламыз.

– Сіздердің айтқыларың келгені, тек тағы, жабайы елдер ғана Азаттықты

өз қанының құны арқылы алады деген ойларыңды мен түсініп тұрмын. Бірақ

та сіздер қатты қателесесіңдер! Азаттықтың гүлдері тек азап шегушілердің

қанында ғана гүлдеп өседі! Егер Бостандық ұлттың ең асыл адамдарының

357

қанымен бүркілмесе, оның мәңгілік болмасы анық. Сіздердің, бостандықты

қан төгусіз аламыз деуші идеологтарыңа солай жеткізіңдер!

Осы бір сөзталас кезінде менің қасыма біршама адамдар тобы жиналып

қалғанын мен аңғармаппын, бірақ олардың бәрі анық менің жақтастарым

болды! Жағдайды одан ары шиеленістіргім келмей, мен балтылықтарға

эволюциялық тұрғыдан заңды және ғұмыры ұзақ Бостандыққа жетулеріне

тілектестігімді білдіргенмін. Төрт жыл өткеннен соң, 1991 жылы Рига мен

Вильнюстегі өткен қанды оқиғалар менің болжамдарымды растаған еді.

Осы қақтығыс мені «Империя дағдарыстарының доғасын» құруыма

итермелеген. «Известия» газетінің соңғы бетіндегі ауа райы мәліметтерінде

Кеңестік Республикалардың астаналары нүктемен белгіленген картасы

жарияланатын. Осы нүктелер бойымен мен Таллиннен Ригаға, Вильнюске

дейін доға сыздым. Одан әрі өзінен-өзі Тбилиси, Ереван, Баку доғасы шыға

қалған еді. Біздің аумақта доға Алматы мен Фрунзеден басталып, ары қарай

Ташкент арқылы өтіп, Душанбеде аяқталған болатын. Бұл доғаларды мен

жұмыс орнымда әркүн сызып жүрдім, ал менің жеке меншік «стукачым»,

қызметіне әбден құныққан кәрі, ілмиген қызметкер, осы доғаларға назары

түсіп:

– Сен онда нені сызып жүрсің? – деп сұраған.

– Сенің, адам жанын жұтқыш Кеңес Үкіметіңді құлатып тастауды

жоспарлап жүрмін!

– Сен, біздің конторымыздың маңынан өтіп бара жатқан анау танкілерге

қара! Сонда өзің осы жойқын алып күшті құлатқың келе ме?

– Бұл алып баяғыда шіріп біткен, оның талқандалуына тек жақсы бір

соққы ғана беру қажет! Өзің көріп тұрғаныңдай, менің ұйымым да жоқ, не

бір астыртын шығатын газетім де жоқ, не боевиктерім де жоқ. Біз, қазақтар,

революцияшыл ел емеспіз. Бізде астыртын подполье ұйымы да болуы мүмкін

емес, себебі киіз үйміздің полы жоқ.

– Сонда Кеңес Билігін неменеңмен тақтан тайдырғалы жүрсің, мына

танкілер ағынына сен неңді қарсы қойғалы жүрсің?

– Менің артымда Ғарыш Бауырластығы және оның барлық күш-қуаты

тұр. Политбюродағы сенің қожаларың білетін жайттарды саған – қатардағы

«стукачқа» – білу бұйырмаған!

Танкілер екінші қабаттағы менің тереземнің жанынан бітпес ағын болып

өтіп жатты...

358

Танкистердің көздеріне қарау үшін мен Тимирязев көшесіне әдейі

шықтым. Жол бойында халық тұр екен, жақын маңдағы жатақханадан

шыққан қазақ қыздары да бар еді.

Үйдің қабырғасында:

– Ағатай! От жаудыр! – деген сөздер соғылып жазылған екен.

Қыздардың біреуі сөмкесінен кішкентай сиясауыт құтысын шығарып,

танк береніне лақтыруға ыңғайланды. Мен оған, олай істеудің қажеті жоқ

екенін білдіріп, басымды шайқадым. Қыз мені түсінді де, жымиып, құтысын

сөмкесіне кері салған болатын. Халықтың үнсіз қарғысымен шығарылып,

танкілер ары қарай өте берді.

Елімнің осындай әрекеті арқылы, барлық үш жүздің бес өкілінің менің

Еркімді Еліме жеткізгенін түсіндім. Енді тек Желтоқсанның Ұлы

тітіретулерін тосу ғана қалған еді.

Желтоқсанның 16-сында 1986 жылғы Халық көтерілісінің болған күніне

үш жыл толған еді де, 1989 жылдың 16 желтоқсанында Н. Чаушескудың

қанды режиміне қарсы Румынияда көтеріліс басталды. Диктаторды 25-ші

желтоқсанда атып тастады. Осымен Социалистік лагерь өзінің тіршілігін

жойды және Шығыс Еуропа халықтары Еркіндікті алған еді.

Екі жыл өткен соң, 1991 жылы 8 желтоқсанда Беловежская Пущада

Кеңес Одағы тарқатылды. Он бес республика тәуелсіздік алған болатын.

Қазақстан Тәуелсіздік туралы Заңын желтоқсан көтерілісі күні дәлме-дәл бес

жыл өткеннен соң 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылдаған еді.

Тағы екі жыл өткеннен соң – 1993 жылдың 16 желтоқсанында РФ

Мемлекеттік Думасының отырысында Кеңес Билігі, яғни РФ Жоғарғы Кеңесі

қиратылған еді.

Ұлы желтоқсандар кестесін түзуге болады!

І. 12.12.1917 – «Алашорда» автономиясының құрылуы.

ІІ. 16.12.1986 – Алматыдағы халық көтерілісі. Алтыншы саты туды.

ІІІ. 16.12.1989 – Румыниядағы халық көтерілісі. Соцлагерьдің ақыры.

ІV. 08.12.1991 – КСРО-ның ақыры.

359

V. 16.12.1991 – Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.

VІ. 16.12.1993 – Кеңес Билігінің ақыры.

Қазақ елінің бес жылғы төзімділігі мен тосуының нәтижесінде Империя

күйретіліп өзінің тіршілігін тоқтатты.

Үрейлі 1986 жылдың желтоқсанынан кейін 28 жарым жыл өтті. Мен 6

мүшел өмір сүріп, 73 жасқа жеттім. Бұл жасқа келгенде өміріңнің

қорытындысын шығару қажет және Менен Кейін не қалады деген сұрақ

туындайды. Маған Жаңа Планеталық қожайыны жайлы ойлар келіп мазалай

берді. Ол қайда, оған не болды екен, менің көмегіме зәру болып жүрме екен?

Көмек өте қажет болып шықты, көп кешікпей мен Оның шақыруымен,

Нәзік Дүниеде қала ортасындағы жол түйіспесіне шықтым. Он алты жас

шамасындағы анық ауылдық, бір киер қызыл түсті көйлегі бар талдырмаш

қыз маған қарай ұмтылып, құшағыма еніп, кеудеме басын тигізді:

– Аташым! Құтқар мені! Менің соңымнан бәр жерде бір титтей ұшақ

қалмай ұшып жүр. Одан құтылу үшін базарға да кірдім, жерасты өткеліне де,

үлкен дүкендерге де тығылдым, бірақ ол мені әр жерде тауып алып,

шығаберісте күтіп тұратын болды. Міне, ол тағы да менің төбемде төніп тұр!

Мен басымды көтердім де, бейнекамерамен ғана жабдықталған, қаружарағы

атымен жоқ, пилотсыз «Дрон» екенін түсіндім. Планшетімді алып,

навигатор функциясын таптым да, бейнебелгі қайда кетіп жатқанын білу

үшін оны «Дронға» қарай бағыттадым. Планшетник бір бағытты анықтады.

Енді бейнебелгіні қабылдау нүктесін есептеп табу үшін тағы бір қос

векторды қолға түсіру қажет болды. Қызбен бірге, екеуіміз метромен соңғы

аялдамаға дейін барып жеттік. Шығаберісте басымды көтердім де, өз

«Дронымызды» көрдім. Оның теректердің ұшар басына, не биік үйлердің

қалқасына тығылуға талпынбағаны мені қызықтырды. Навигаторды тағы да

бағыттап, екі нүктеаралық бұрышын таптым. Одан кейін біз электричкаға

отырып бірнеше бекеттен өттік. Осылай мен, үшінші бұрышты таптым,

планшетник бейнебелгіні қабылдайтын орынның координаттарын – цифрлы

түрдегі бойлығы мен ендігінің градусын, минуттарын шығарып берді. Осы

кезге дейін менің әрекеттерімді сабырмен бақылап жүрген қыз, кенет сұрақ

қойды:

– Ал, құрал ол жердің картасын көрсете ала ма?

360

Әрине, мен, бүгінгінің балалары компьютерді бізден артық меңгеріп

алғанын білетінмін, бірақ мұндай тиянақты сұрақ мені таңқалдырды:

– Әрине! Міне сол жердің картасы! Бұл планетаның ең бір адам өмір

сүре алмайтын орындарының біреуі. «Аң жүгірсе – табаны күйер, құс ұшса –

қанатын үйтер!»

– Мен бұл орын туралы білемін! Планетология сабағында оқытушылар

«түнек күштерінің» базалары орналасуы мүмкін орындар ретінде осы

координаттарға ерекше назар аударатын.

Осы кезде планшет менің сұрағыма спутниктен келген жауапты

қабылдап, белгінің қайда барып жатқан жерін, жерасты базасының көлемдік

бейнеленуіне шығарып, анықтап берді. Бұл, атомдық бомбылаудың орташа

қуатына төзуге мүмкіндігі бар жер астында орналасқан бүтін бір қала екен.

Оны тек, тіршілігін қамтамасыз ететін жүйесін ішінен жару арқылы ғана

талқандауға болар еді. Ал бұл үшін ең ауыр әрекетке бару қажет...

– Ешқандай құрбандық қажет емес! – деп қыз кенеттен есейген адамның

қатқыл дауысымен әр сөзін нақтылап айтты.

– Тыңдасаңшы, «Дронның» тығылмай, ашықтан-ашық сенің «ізіңе

түсіп» алғаны ‒ олардың сені тауып алғанын маған білдіргені және мені,

бірақ енді олардың аумағында ұрысқа шақырып тұрғаны емес пе! Сені қорғау

үшін мен ең шұғыл әрекеттерге барамын. Олар сені өлтірмейді, өйткені сен

бұрынғыдан да күштірек және жауап ретіндегі әрекеттер жасау үшін бұдан да

көбірек құқықтарға ие болып қайтадан бұл дүниеге құбылатыныңды біледі!

Олар саған ең сүйкімді жігіттерін, немесе халық арасындағы тәрбие алған

қыз ретінде жасы үлкен адамға сеніммен қарайтыныңды білетіндіктен, жасы

үлкен азғырып қызықтырушыларын да жібереді!

Олар сені қалайда масқаралағысы келеді және осылайша сені,

бойыңдағы күшіңнен айырып тастауды көздейді! Сонда олар жауап ретінде

әрекеттенуге уақыт ұтып, өздерінің агенттерін Жерұйыққа қоныс

аударушылардың арасына енгізіп жіберудің стратегиялық жоспарын іске

асыру мүмкіндігін байқап көрмек.

– Мен, Ғарыш Мектебінің толық курсын оқып шықтым! Осы курсқа,

Жер планетасының «өркениетті» тұрғындарының өнегелік бастауларын

ескере отырып, «моральдік агрессиядан қорғану» да енгізілген. Ал, олардың

сол бастауларының қандай екенін мен өз көзіммен көрдім және оларды

ешқашан есімнен шығармаймын! Одан зорғысы – олар Алтайдағы, сол

жақтың қорғау өрісінің бірі болған менің қабірімді қазып алып, менің

жерленген орнымды қорлап жатыр. Олар менің киелі денемді музейлерге

361

ЭКСПОНАТ ретінде көпшілік алдында көрсетіп, масқаралап жатыр ғой!

Сондықтан, олардың сазайын тарттыруға, тіпті Сіз өзіңіздің бай

қиялыңызбен көз алдыңызға елестете алмайтындай, менің барлық толық

құқытарым бар. Сонымен қатар, Планеталық Құрылысшы ретінде менің өте

зор мүмкіндіктерім бар, оған Барлық стихияларды басқару да кіреді!

– Сонда мен, жайбарақат отырып, тоса тұруым керек пе? Бұндай

ережелер менікі емес! Мен барамын да, тіпті өз өмірімді құрбан етсем де,

оларды өлтіріп тастаймын. Сонымен қоса, мен тіпті жас та емеспін –

жоғалтар ештеңем жоқ. Ал сенің жоғалтарың бар! Жасаққа сай, шайқас

кезіндегі өлім Шыңғыс хан ұрпағы үшін қайғылы жағдай емес, ол – марапат!

– Маған, өзімнің Планеталық Үйімде бәрін ретке келтіруіме, сонымен

қоса егеуқұйрықтар мен тарақандарды қалай құрту жөнінде шешім

қабылдауды өзіме қалдырыңыз! Сіз, Менің Үйімдегі Қонағымсыз, сонымен

қоса Жетінші Саты Құрылысшысысыз, сондықтан менің Мәртебесі Зор

Қонағыма әлдебір зиян келтірілгеніне жол берілмейді. Өзіңіздің Жаңа

Дүниелерді Ашушы ретіндегі өз істеріңізбен айналыса беріңіз!

Сіз маған, мені қай жақтан аңдып жүргендерін анықтап беріп, тамаша

көмектестіңіз. Мен үшін Сіз құрбандыққа баруға дайын болдыңыз, тіпті «Қас

жауың сенен күтіп тұрған әрекетті жасама!» – деген өзіңіздің қағидаңызды да

бұзуға дайын едіңіз.

Олар Сізге тұзақ құрған екен, ал Сіз оларға ең құрығанда осындай

жеңіске жетулеріне мүмкіндік бергелі тұрсыз. Одан да, оларды Сіздің

Заңдарыңызға сай – сол таңырқаған күйінде өзге Дүниеге өтіп кететіндей

етіп – таңқалдыру керек! Сондықтан, енді оларды, алтыншы деңгейдегі

алтыншы класс құрылысшысы – Мен таңқалдырамын!

– Келісемін! Менің өз мәселем де толып жатыр. Алтыншы саты

балаларын идеологиялық және ақпараттық агрессиядан құтқаруым қажет.

Мектептерде, балаларды Батыстың әдіс-тәсілдерімен «зомбилеп» және

компьютерлік ойындармен оларды балалық шағынан ажыратып жатыр.

Балаларды кітап оқудан бездіруде, және өлтіру – ол, жай ғана ойын деп

үйретіп жатыр. Олар, Алтыншы саты Халқы балаларының сана-сезімін

күйрету арқылы өздерінің жеңілістерінің кегін қайтаруды қалайды.

Мен бұндайды болдыра алмаймын және жауап ретіндегі әрекеттеріме

кірісемін, маған өзіңнің көмегің қажет, сенің мүмкіндіктеріңді білгім келеді.

Сен қазір «Физикалық Дүниеде адасушы» жасындасың, бірақ өзіңнің

бұрынғы ғұмырларыңның біреуі есіңе түскен. Басқа ғұмырларың да есіңде

362

ме, және менің басымнан өткен өте ауыр рухани күйзелістер сияқты, олар да

саған солай тиіп жатқан жоқ па?

– Жоқ, Хан аға! Мен өзімнің бұрынғы ғұмырларымда бірнеше рет қана

өз елімді қорғау үшін, Жауынгер болғанмын. Сондықтан, қорғау әрекеттерім

үшін аса ауыр күйзелістерге түсіп жүрген жоқпын. Сіздің Күйретуші

жолыңыз қайталанбас жол, және Сіз өз қателеріңіз арқылы үйреніп-дамып

ілгері жылжыдыңыз. Ал біз, Ғарыш Мектебінде Барлық Дүниелердегі

Құрылысшылардың тәжірибесі негізінде оқып-үйрендік. «Ғарыш

Бауырластығының Тарихында» Сіздің эволюциялық жолыңызды бейнелеп,

жүйелі түрде баяндайтын жеке бөлімі бар. Мен әрине, бұл бөлімді өте мұқият

зерттегенмін, алтыншы сатының негізін қалағаныңыз үшін Сізге өте

ризамын.

– Бірақ Физикалық дүниенің бұлтартпас заңдарына сәйкес, саған таяуда

Алғашқы Махаббат келуі мүмкін, келіп те қалған болар, ол ылғи бақытсыз

болады!

– Ия, махаббат келді ғой. Ол жігіт менікі сияқты, бай емес отбасынан.

Эволюция Жолында менің ойымша ол менің одақтасым да, ынтымақтасым да

болар деп ойлаймын. Біз екеуіміз, өз елімізді де, халық музыкасын да бірдей

сүйеміз. Сондықтан, ерекше келіспеушіліктер бола қоймас.

ба?

– Солай болсын! Бізге қалаға қайтатын кез келді. Сен енді сонда тұрасың

– Ия, өз туыстарымның үйінде тұрып, мектепте оқимын. Болашақ

мамандығым маған белгілі және ол өзіме тағайындалған мақсатымды

орындауға бәрінен де артық көмектеседі.

– Онда, «түнек күштерінің» базасын қалай күйретпек ойыңды білгім

келеді.

– Мен ештеңені құртпаймын! Бұндай мінсіз қорғанды мен неге бұзуым

керек екен? Шарасыз шекте адамдарға үй ретінде жарап қалады. Біраздан соң

мен «түнек күштерінің» басына іштей үрейді үйіремін, сонда олардың өздері

байбаламға салынып, осы жазираны тастап қашады, және тіпті бұндай

орынның болғанын да ұмытып кетеді.

Электричкамен біз кері қайтқан кезде «Дроннан» құтылу жолын

ойластырдым. Вокзалмаңы алаңындағы сарқыт сату дүкеніне кіріп, нәзік

металл жіптерімен кестеленген ұлттық тақиялардың бірнешеуін өзімнің көп

функционалды планшетіммен тексердім. Соның біреуі оның аура сәулесін

неғұрлым артық шашыратты және «Дроннан» шыққан сәулеленуді жақсы

тепті. Өзі, оның қызыл көйлегіне сәйкес дәстүрлі қызыл түске боялған еді.

363

Сыйлықты оның төбесіне кигіздім, ал сатушы оған айнаны ұсынды. Қыз,

қызарған бетін алақанымен жауып:

– Рахмет, аға рахмет! – деді. Мойнына жиналған бұрымын тарқатты да,

дала аруына айналды! Ойша, мен оны сыңғырлаған дауысы үшін Сандуғаш

деп атадым.

Ыстықкөлде жиі болған сайын Шырпықты ауылынан өткенде ылғи

толқып және Қонақтарын үлкен адамдай қарсы алып күткен сол бір қыз жол

жиегінде көрінбей ме екен деп қарайтынмын. Кездесу бізге бұйырмады,

маған – Физикалық Дүниеде оны қорғап қалу үшін Сандуғашты кездестіре

аламын ба – деген ой келді. Менің іштей сезімім маған – бұл ол үшін өте

қауіпті деп білдірді.

Басымды жоғары қарай көтеріп, «Дронның» вокзал үстінде ерсіліқарсылы

ұшып, сенделе бастағанын көрдім, ақырында ол біз келген жаққа

қарай ұшып кетті. Көшеде тақияны басынан тастамауын, мүмкіндігінше

металл жіптерімен әшекейленген ұлттық бешпетті киіп жүруін өтіндім.

Сонда, жаңа, жетілдірілген «Дрон» оның дене контуры мен центрлерінің

сәулеленуі арқылы оны таба алмайды.

Осымен, менің қауіпсіздік техникасы жөніндегі сарапшы болған ісім

аяқталды да, енді оны болашақта не күтіп тұр деген ой мені мазалай бастады.

Жалғыздықтың үрейлі сезімі және өзім ұнатқан адамдардың мені

жайбарақат сатып кеткен кездердегі азапты күйініштерім қайтадан есіме

түстіі. Мен де, ол сияқты – Махаббат бәрін жеңеді дегенге сенген

болатынмын! Бәлкім, оны да сондай тағдыр соққылары мен сүйгендерінің

сатқындықтары күтіп тұрған шығар!

Осы кезге дейін Ғарыш Құрылысшыларының көбі, өздерінің

жұмыстарын орындауға ешнәрсе кедергі бола алмас үшін жалғыздыққа

душар болған. Бірақ осы қыздың Ережеден айрықшалық болып шығуы

мүмкін шығар?

Ол Физикалық Дүниеде Адамзаттың Эволюциясының соңында, Планета

Айналымының аяғында, өмір сүру мерзімінің жартысын өткізген Жердің

Планеталық Құрылысшысы болып тағайындалды! Ал бұның өзі – Ережеден

айрықшалық еді.

Ол, 6-шы сатыны Өзі құрады, онда алдау – сатқындық болмайды.

Сондықтан ол өз өмірімен жастардың жанұяларына үлгі көрсетуі тиіс.

– Физикалық Дүниеде Сізбен біз кездесе аламыз ба – деп ол менен

сұрады.

364

– Күмәнсіз! Адами генофондты Жерұйыққа көшіру кезінде Сен –

Планетаның Құрылысшысы ретінде, қатысуға міндеттісің және олардың

Универсал Ғарыш Модульдерін планеталық Өмір Айналымынан шығарып

тастау үшін керексің. Мен, қоныс аударушылармен бірге ұшып кетемін, ал

сен өз планетаңда 6-сатыны дамыту үшін қаласың. Және мен саған

Эволюциялық Жоспарды сәтті аяқтауыңды тілеймін! Келесі Планеталық

Өмір Айналымы жөніндегі сенің жоспарларың қандай – соны білсем деп

едім?

– Мен былай шештім! Планета – бекер кеткен эволюциялық уақыттың

есесін толтыруы үшін – келесі Айналымды, соның ішінде Саналы Өмір

иелерін қоса – қоқыстан тазартылған Әлемдік мұхиттың ішінде дамитын

болады. Сонда, осы Планеталық айналымда туындаған мәселелердің басым

бөлігі алынып тасталады!

– Онда, Жүзу сапарың сәтті болсын, Планетаның Ару-Иесі!

Ғарыш Мектебінде кездескенше!

10. Шәкірт

1994 жылдың көктемінде, «Ақ Сарбаз» кітабымның бірінші басылыммен

шығарылуынан кейін, шалғайдағы елді мекеннен келген бірінші шәкіртім

пайда болды...

Ол Жайық өзені жағалауынан келген жеке меншік малшы, және өзі

Қазақ ұлттық университетінде журналистика факультетінде оқып жүр екен.

Жас шағынан эзотерика әдебиеттеріне қызығушылық танытатын және

әжептәуір кітаптар, білім қорын жинақтапты. Бірақ менің шағын кітабым

жаңа білім ауқымынан оның қиялдарынан асып түсіпті. Орал-Алматы

поезымен жеткенше, ол жақсы жүйеленген сұрақтар дайындап келіпті және

бір жарым айдай қатынаста мен оның сұрақтарына жауап берген едім:

Шәкірт: ‒ Кітапты оқып шығып, Сіз келесі басылымдарда ашылатын

тақырыптарды тек белгілеп көрсеткеніңізді түсіндім. Болашақ журналист

ретінде Сіз осы шағын кітапшаны жазғаныңызда қандай қағидаларға

сүйендініз?

А.С.: ‒ Бірінші қағида: Қиянат келтірмеу! Өйткені, мен әлемдік

діндердің негіздерін қозғап сондықтан шексіз абайлын қажет, сенушілердің

сезімдерінің көнілін қалдырмай өз идеяларымды оқырманға жеткізу.

Екінші қағида: Қысқалық – дарындылық белгісі! Бұл, еуропалық

сияқты, егжей-тегжейлер мен ренктерге кіріп алып тым қазбалай бермейтін,

керісінше ‒ ойдың кеңшілігі мен шексіздігін көрсете білетін – далалықтың

менталитетіне көбірек сәйкес келеді.

365

Үшінші қағида: Материалдың бір бөлігін зерттеушілерге қалдыр!

Олардың ізденулері мен жаңалық ашулары сенің идеяларыңды тек

толықтыра түседі және растайды.

Шәкірт: ‒ Мен Сіздің қағидаларыңызды қолдаймын, бірақ мені,

кәдімгідей, барлық адамдарды сияқты, өлімнен кейінгі тіршілік мәселесі

қызықтырады. Өзіңіздің жеке бақылап, қабаттас дүниелермен

түйісулеріңізден не айта аласыз?

А.С.: ‒ Мен өзімнің, бұл Дүниені тастап кеткен таныстарымды,

туыстарымды және белгілі тұлғаларды көргенмін:

Қарапайым еңбек адамдары – Сотқа далалармен және ормандармен,

саһаралармен, шөл далалармен және тау шатқалдарымен жүріп өтіп бара

жатты. Кейбіреулері құй батпақты кешіп өтіп бара жатты – бұлар, аса ауыр

кінәсі жоқ маскүнемдер. Өлімнен кейін, қырқыншы күні олар астрал

дүниесінде одан ары қайда және қалай баратындары туралы өз үкімін алады.

Маскүнемдердің басым бөлігі сазды батпаққа батып кетеді және

олардың модульдері ми батпақтағы сүліктердің ұрықтарына кіреді.

Маскүнемдер қалай өздерінің сорлы туысқандарының «қанын сорса», енді

сүлік болып ми батпақты мекендеушілердің қанын тура солай соратын

болады.

Менің қайтыс болған туыстарым астралда өте қарапайым өмір сүреді,

бірақ наразылық танытпайды, өйткені сынақтан өтуі жақын арада

аяқталатынын және оларды Жерұйық күтіп тұрғанын біледі.

Өздерінің жарылқаушыларын сатқандарды, өзіне сенген жандарды

алдағандарды – қара жамылған салт атты алдына салып, шыжып қызған шөл

даламен қуып бара жатты. Нәзік Дүниеде олар шөлдеп, жол-жөнекей өліп

жатты, одан әрі олар Отты Дүниеде аз уақыт өмір сүреді, ал олардың

Модульдері қосмекенділердің және балықтардың уылдырықтарына түседі

де, өздерінің эволюциялық жолын осы деңгейден бастап қайтадан

жалғастырады.

Өздерінің рухани Ұстаздарын сатып кеткендер Нәзік Дүниенің көне

Лабиринтіне түседі. Оның ішінде үрейі ұшып есі шыққан олар тұйықтан

шығар жолды жанталаса іздеп сенделеді және Физикалық дүниедегі өздерінің

өмірлеріндегі тұйықтардан жол тауып шығарып беріп жүрген өз Ұстазын

көмекке зарлап шақырады. Аштық пен шөлден өлгеннен соң олардың

Универсал Модульдерді бұталар мен ағаштардың тамырларында паразиттік

тіршілік ететін шырышты ұлулардың ұрықтарына құлап түседі. Онда олар

түнгі түнекте өсімдіктердің тамырларының лабиринттері арасында жорғалап

жүріп өмір сүреді.

Кісі өлтірушілер, лаңкестер, тонаушылар айдың бетіндегідей көрініспен

жүріп отырып, жолда Нәзік, одан кейін Отты Дүниелерде де өледі, ал

олардың Модульдері жыртқыш аңдардың ұрықтарына келіп түседі.

Дуалаушылар, әзәзіл арбаушылар, сиқыршылар жанартау күлін

тізелеріне дейін кешіп, жанартаулардың ауыз тесігіне еніп, сол дүниелерде

366

өледі де, олардың Модульдері егеуқұйрықтар мен тышқандардың

ұрықтарына кіреді.

Алтынға құмарлар, қаржылық алаяқтар мен аферистер, жесірлер мен

жетімдерді тонағандар, оңай олжа табу үшін жалпыадамзаттық моральді

аяққа басқандар Нәзік Дүниенің бүкіл боқтық-соқтығы ағып барып төгілетін

«Алтын аңғарға» кұлатылып түсіріледі.

Олардың өздерінің Иерархиясы да бар…

Жаңадан келіп түскендері алдымен боқтық ағындыларын белуардан

кешіп арпалыса жүріп жер телімдерін босатып құрғатумен шұғылданады. Бұл

телімдерде алаптың едәуір ілгерілеген мекендеушілері элита үшін көкөніс

өсіріп шығарады. Келесі деңгей ‒ ол, күзетшілер мен үй қызметшілері.

Энергиямен жабдықтайтын блок жеке орналасқан. Онда, элитаның

панажайларын жылыту және газ шырақтарымен жарықтандыру үшін

реакторларда боқтық қоймалжыңынан метан өндіріледі.

Элита жоғарыда, топырақ жарлардағы қазылған үңгірлерде мекендейді.

Олар сонда өмір сүріп өледі де, олардың Модульдері сасық

қоңыздардың құрттарына барып түседі...

Осы тіршілік иелерінің жазадан жалтаруға ешқандай мүмкіндіктері жоқ,

өйткені Түнек күштері Ғарыш Шайқасында жеңіліске ұшырағаннан кейін

Нәзік Дүниеге апаратын бір өткел ғана бар және бұдан ары ол толығымен

Иерархияның бақылауында тұр...

Рухани тұрғыдан ілгерілеп дамыған адамдар, қайтыс болғаннан кейін

жерасты өткелімен Астралдық Метроның станциясына келіп жетеді де,

пойыздар оларды өз станцияларына апарады, ал онда эскалатор оларды

күмбезді ғимаратқа жеткізеді де, олардың әрқайсысы Эволюция жолындағы

сіңірген қызметі мен енбегіне сай одан арғы жұмысы мен оқуын

жалғастыруға жіберіледі.

Шәкірт: ‒ Сонда қалай? Ол дүниеде қалалар, қоғамдық көліктер, біздің

өркениеттің басқа да жетістіктері бар ма?

А.С.: ‒ Біздін физикалық Дүниеміз Нәзік Дүниенің таңбалануы ғой! Ал

оның өзі ‒ Отты Дүниенің таңбалануы болып табылады. Сондықтан,

компьютерлер, ұшақтар, пойыздар сол дүниелерде ойлап табылған, содан

кейін оларды біздің Дүниеде тура сол ғалымдар мен өнертапқыш мамандар

жасап шығарған болатын. Шығармашылық әлемінде де көрнекті тарихи

романдар мен фильмдерді бұрынғы өмірлерінде сол оқиғаларда өмір сүрген

адамдардың өздері жазып, түсірген. Сондықтан олар өз шығармаларындағы

бейнеленген кейіпкерлерінің тұрмысын, әдет-ғұрпын, және ең бастысы ‒

олардың типаждарын көрегендікпен түсінеді. Әйтпесе көрерменнің қатысу

әсері жоғалады да, шығарма оның ешқандай оң әсерін тудыра алмайды.

Одан ары, әнгімелесу кезінде, шәкірт ауа-райын бақылауға

қызығушылық танытты:

Шәкірт: ‒ Билік басындағылар, Сіздің ауа райына ықпал ете

алатыныңыз туралы біліп пе еді?

367

А.С.: ‒ Әрине! Чернобыльдегі атом реакторының жарылысынан кейін

мамыр және маусым айыларында өтетін нөсерлер ең үлкен қауіп-қатерді

төндіруі мүмкін болатын. Онда, жағаларында үлкен қалалар орналасқан

Днепрдің суына радиоактивті жауын-шашын ағызылып, олардың барлық

тұрғындары жай ғана қырылып қалар еді...

Бірақ та, 26-шы сәуірдегі апат күнінен бастап нөсер жаңбырлары бұл

аймақты айналып өтті, ал менің өзім украин халқына көмектесу үшін жаздың

басында Киевке бардым. Киев көшелеріндегі көргендерім атомдық

Апокалипсистің кіре берісінің қарсаңы еді. Дүкендер, киоскілер, кафелер

полиэтилен қабыршақтарымен бітелген күйінде тұрған. Крещатикте

кездескен бірен-саран жаяу жүргіншілер де қабыршаққа оранып алған еді,

осының бәрі оба індеті кезіндегі орта ғасыр заманының қалаларына ұқсас

болатын. Адамдар жабырқаған күйде еді, ал курстардағы оқытушылар бүкіл

Одақтың аумағынан келген курс тыңдаушыларынан өздерінің Киевтен кез

келген қалаға көшіп кетуіне көмектесуін өтінуде болатын... Жалпы алғанда,

аласапыран мен дүрбелең жағдайы дәуірлеп тұрған кез еді.

Мен, ең алдымен адамдардың радиация алдындағы үрейін алып тастауға

тырыстым. Бұл үшін мен әдейі көрсетпелеп жағажайға бардым да, суға

шомыла бастадым... Жағада, қабыршыққа оранып отырған балық

аулаушылар, менің басқа жақтан келгенімді түсініп:

‒ Суға түспе! Онда радиация бар емес пе! ‒ деп айқайлай бастады.

Мен барлығы естісін деп дауысымды әдейі қатты шығарып:

‒ Кім радиациядан қорықса, ол жай тышқақтан да өліп қалады! Ал

радиацияның өте қарапайым емі бар ‒ ол, бұрышы қосылған украиндық

горилка! – деп жарияладым.

Балық аулаушыларға жан бітіп, қабыршықтарын лақтырып тастап,

қосылып ақша жинады да, жастау біреуін горилка әкелуге жұмсап жіберді.

Горилканың бір-екі стақанынан кейін қызу әнгімелесе бастағанда, мен

олардан:

‒ Радиоактивті өзенде неге балық аулап отырсындар? Бұл балықты

ешкім де жемейді ғой? – деп сұрадым.

‒ Ал бұл жай, процесс үшін. Балықты біз мысықтарға береміз!

Ақырында, радиациядан ешқандай қорқынышсыз, қалыпты адамдар

болып тарадық. Базарда мен елге әдейі көрсетіп, таңқурайды, шиені жеп

жүрдім. Сатушы әйелдер, қажет болған жағдайда жидектерді суға шайқап,

жуып ұсынатын, бірақ менің ізіммен басқа сатып алушылар да осылай

істейтін болды...

Бір аз уақыттан соң қалаға жан бітіп, адамдар көшеде жиі көріне

бастады, әсіресе, басқа қалалардан келген жастар өте көп болды. Маған, түркі

келбетіндегі жігіттер әсіресе ұнаған еді, олар – радиоактивті жауын

суларының Припять өзеніне, ал одан ары Днепрге ағызылуының алдын алу

үшін дамбалар салуға тартылған чуваштар мен мордвалар екен...

Ең бірінші қуатты нөсер, апат болған күнінен кейін ‒ 77-ші күні құйды.

Ол, 11-ші шілде күні кешке таяу басталды. Киев политехникалық

368

институтының ғимаратынан лекциядан шыққанымда мен, су ағынының және

жүрдек трамвай қабырғасының арасында қысылып қалдым. Біраз минуттан

кейін ағын мені ағызып кетер еді, сондықтан өмірімді сақтап қалу үшін

немесе, егер алда-жалда өліп кетсем ‒ суға кеткеннен гөрі жоғары кернеулі

токтың соққанынан өлгенім артық деп, жоғары вольтті электр берілісі

желісінің тірегіне шыға бастадым...

Кезеңділікпен өтетін табиғи процестерді өрескел бұзғаным үшін өзімнің

өліміммен өтеуге тиіс екенімді түсіндім, алайда күтпеген жерден орасан зор

жол жөндеу машинасы ғайыптан шыға келді...

Жүргізуші трапты дәл менің аяқтарымның астына беріп:

‒ Отыр енді! Қайда сені апаруым керек? – деді.

Одан, өзімді ең жақын метро станциясына жеткізуді өтіндім ‒ бір сағат

өте, мен үйде отырдым. Мені, асқан білгірлікпен және кәсібилікпен біреулер

ілеспелеп жүргенін үнемі сезіп жүрдім және өзімнің ғажайыппен

құтқарылғанымның осы, тіпті де көзге шалынбайтын кәсібилердің арқасында

болғанына тәуба дедім.

Біздің курста физик-ядерщиктің лекция оқуы кездейсоқ емес еді. Оны әр

апта сайын апатты жою орталығына кеңесші ретінде шақыратын және ол бәр

жағдайдың мән-жайынан хабардар болатын. Одан, бұл апат ‒ адамдардың

кінәсінен туындағанын, соның нәтижесінде бірнеше тонна уранның

жарылысы бүкіл Еуропаны және Азияның бір бөлігін жойып жіберуі мүмкін

болғанын білген едім. Бірақ, атомдық физиканың барлық негіздерін жоққа

шығарған ғажап орын алды ‒ уран ыдырауының энергиясы атом

жарылысына өтіп кетпей, тек радиоактивті элементтердің орасан зор

мөлшерінің шығарылуын ала келетін химиялық реакцияға айналған болатын.

Алайда, «энергия мен материяның сақталу заңы» бұлжымайды, сондықтан

бұндай ғажаптың тек реакторды қуатты күштік өріспен жапқанда ғана пайда

болуы мүмкін еді... Бірақ, біздің өркениеттің мұндай қуатты иемденуге жетер

күні әлі екіталай...

Бұл жерде Жоғары Күштердің кірісуі ықтимал және біз ‒

құтқарылғанымыз үшін Құдайға тәуба деп ‒ оған рахметімізді ғана айта

аламыз...

Өз миссиямды аяқтап, үйіме қайттым, бірақ қалқан бездің асқынуына

тап болдым және енді, өмірімнің ақырына дейін осыған сай препараттарды

қабылдауға мәжбүрмін. Бірақ, мен ешнәрсеге өкінбеймін және бауырлас

украин халқы үшін бұған тағы да баруға дайынмын.

Билік басындағылардың арасындағы көзі ашық адамдар осыны және

Алматыдағы 1986 жылғы оқиғалардан кейінгі менің позициямды түсінді

және бағалады деп есептеймін.

Шәкірт: ‒ Қала тұрғындары Сіздің ауа райына ықпал ету мүмкіндігіңіз

жайлы сезген бе еді?

А.С.: ‒ Ия, оны олар ой астарының деңгейінде сезген болар. 1983

жылдың жазында мен Киевке жоспарлы білік арттыру курстарына

«Электронмаш» зауытында маусым – тамыз айларында болғанмын, үйіме

369

қайтып, таңертең іссапар бойынша есеп беру үшін жұмысыма кеттім.

Аялдамалардың бірінде, трамвайдың вагонына түрі зиялыға ұқсайтын адам

кірді де, бірден маған төніп, жазғыра жөнелді:

‒ Тыңда! Өзің жаз бойы қайда жоғалып кеттің? Сенсіз ыстықтан өлуге

таядық қой! Аз да болса, ұялуың керек қой?

‒ Мен жаз бойы Киевте, курстарда болдым, міне авиабилетім, ал мынау

іссапар куәлігім. Есеп беру үшін жұмысыма бара жатырмын және өзім де

қапырықтан тұншығуға таядым.

‒ Шілденің аптабымен салыстырғанда, бұл жай қоңыр салқындай. Сен

тездетіп ісіңе кіріс, және жаңбыр қашан жауады, соны айт! Қаланың бәр

гүлдері қурап кетті, ал крандардан су әрең ағып, сорғалап тұр – бетімізді бір

шайқауға және шәугімді толтыруға ғана әзер жетеді!

‒ Жақсы! Ертең түске таяу нөсеріңізді аласыз, және енді ешқандай аптап

та болмайды, керісінше мамыражай күз келеді!

‒ Онда, бұл үшін саған рахмет, және бастығыңа сәлем айта бар – сені

бұндай ұзақ іссапарларға жібермесін!

Осы сөздерін айтып әлгі адам трамвайдан түсті де, өз жөнімен кете

барды. Танымайтын адаммен өзінің таңданарлық әңгімелесуін Ақ Сарбаз,

Алматыға тағайындалған мерзімде нөсер құйғаннан соң қала құлпырып

жайнағанда және тіршілік өзінің үйреншікті ретімен қайтадан жылжи

бастағанда ғана есіне түсірген болар.

Бұл оқиғалар шәкіртті шабыттандырған еді. Ауылына қайтқаннан соң ол

мені өзінің өтініштерімен жүктей бастады. Ол маған өз поселкесінен телефон

шалып, жазда жаңбыр жауғызуымды, ал бірде, көктемде жауған жаңа қарды

алып тастауды өтінді.

‒ Көктемгі қарды неге алып тастау керек екен? Ол егін алқаптары үшін

аса пайдалы емес пе?

‒ Әрине солай, бірақ та ауылдастарымның малға берер жемі мүлде

қалмады, ал сиырлар кеше ғана жас шөпті жұлып жеген еді. Бірақ, сиырдың

емшегі қарға тисе болды, олар қораға қарай қаша жөнеледі. Міне, енді екі күн

бойы сиырлар қорадан шықпай, аштан өкіріп тұр! Біз, шамамыз келгенше,

оларды дүкеннен сатып алған нанмен қоректендірудеміз, бірақ ақша да

таусылып барады, сондықтан ауылдастарым оларға көмек беруіңізді қиыла

өтінеді!

‒ Келісемін! Қарақұмнан жылы ауаны айдап жеткіземін, бірақ бұдан

былай маған мұндай өтініштеріңмен жүгіне берме, әйтпесе бұнің бәрі өзіңе

қарсы айналып шығуы мүмкін! Керегін алғаннан соң олар осының бәрін

кәдімгі табиғат құбылысы деп санайды да, бұнда сенің және сенің

Ұстазыңның ешқандай сіңген еңбегін көрмейді.

Осы сөгістен соң шәкірт өзінің қызуын біраз басты, алайда 1999 жылдың

жазы басталысымен тағы да қоңырау шалып, өзін тыңдауымды өтінді:

‒ Міне, бірнеше апта бойы сұмдық ыстық тұр! Шөптің бәрі қурап кетті,

малға жемшөп қалмады, ал ақсақалдардың айтуынша, енді тағы бір жұмадай

шыжыған ыстық сақталатын болса, өзен бойындағы ойпаттағы шөп қурап

370

кетеді де бүкіл малды союдан басқа амалымыз қалмайды деп отыр! Сонда біз

күзде, қыста және жазғытұры не жейміз?

‒ Ал, халық не дейді?

‒ Халық, жаңбыр тілеу рәсімін өткізіп, тасаттық жасауға дайындалып

жатыр және сол үшін жұма күніне жақын жердегі мешіттен молданы

шақырып қойды, бірақ та сұмдық ыстық тұр және олардың болжағанынан

түк те шыға қоймас деп ойлаймын! Мен Сіздің қолдауыңызды өтініп, алғым

келеді және егерде молда діндар мұсылмандардың үмітін ақтай алмаса, онда

олардың маған келіп өтінетіні, дәлірек айтқанда – Сізге жүгінері анық. Онда,

молданың ізімен, мен жексенбі күні жаңбыр шақырудың тәңіршілдік рәсімін

өткіземін де біздің Сеніміміздің күшін және ақиқаттығын дәлелдеймін!

‒ Жақсы! Мен сені қолдаймын, ал сен кейін маған телефон шалып –

ауылдастарыңа осының қандай әсер тигізгені туралы айтып бер.

Бір ай өтті, телефон соқпай, шәкірт өзі келді. Сәлемдескеннен соң ол,

поселкедегі болған оқиғалар жайында баяндады:

‒ Жұма күні түске таяу молда келді. Салт бойынша, құрбандыққа

шалынатын қошқар – молданың өзі оның мінсіздігін тексеріп қарап шығып,

таңдап алғаннан соң – сойылып, еті пісіруге қазанға салынды да, молда

дұғасын оқуға кірісті. Дұға ұзаққа созылды, бірақ та күн қаһарын аямай

төгіп, жер беті одан арман қыза түсті және ешқандай жаңбырдың нышаны да

сезілмеді...

Ақыр соңында молда жиылған жұртты ұрсып ‒ намыссыздар,

күнәкарлар ‒ деп сөгіп, қазаннан еттің ең дәмді кесектерін қағып алды да,

кетіп қалды. Жұрттың ұнжырғасы түсіп, Көктің өзі оларға қаһарланып

тұрғанын және Одан енді ешқандай қайырым күтуіміз бекер деп, молданың

айтқан сөздерін күбірлеп қайталап, үйді-үйлеріне тарады... Бірақ, «үміт ең

соңында үзіледі» дегендей, сенбі күні таңертең ауылдастары шәкіртке келіп,

оған:

‒ Өзіңнің Ұстазыңнан ‒ бізге көмектессін деп өтініп көрші, өйткені бізде

одан басқа үміт артар ешкім де қалмады. Егер Ол да бізге көмектесе алмаса,

онда біз шынымен де үлкен күнәкармыз және бұдан басқа тағдырға лайық

емеспіз! – деді.

‒ Жарайды! Ертең, менің Ұстазым үшін мерекелік жексенбі күні менің

үйіме келіңдер, қойды да ала келіңдер, ал мен тәңіршілдік жауын шақыру

рәсімін өткіземін.

Таңертең, поселке тұрғындарының бар ересегі менің үйімнің маңындағы

бос жерге жиналды. Мен солтүстікке бетімді қаратып төбешік үстіне

көтеріліп тұрдым, ал жұрт болса, бетін оңтүстікке қарап тұрды. Мен өзімнің

«Ақ Сарбаз» аңыз-дастанымды оқи бастадым. Күн түске таяу оттай қызыды,

жұрт күңкілдей бастады, кейбіреулерінің келемеждеп күле бастағанын

көрдім – қалалық жазушысымақтың бассыз ізбасары ақырында масқара

болып, біздің мыйымызды өзінің сандырақтаған әңгімелерімен қатырғанын

қоятын болды ғой – деген сыбыр сөздері құлағыма жетті...

371

Бірақ та мен Сіздің қуатыңызға ешбір күмәнданбай өзімнің дастанымды

жалғастырып оқи бердім.

Дастанның ортасына жеткенімде, көкжиекте мен кішкентай бұлтты

көрдім. Біраз уақыттан соң бұлт аспанның жартысын торлап тұрды, ал мен

дастанның соңғы шумағын оқып болғанымда – күн күркіреді де, аспаннан

толассыз жаңбыр құйды. Бәрі үйлеріне қаша жөнелді, бірақ қазандағы етті

өздерімен бірге ала кетіп, маған бір жілігін де қалдырмады.

Барлығы, молданың әрекетімен салыстырғанда қарама-қайшы болып

шықты. Келесі таңда жұрт малын опайттарға жая бастады, ал одан ары

адамның бойындай болып қалың шөп қаулап өсті де, мен малға жеткілікті

шөп шауып алдым. Бірақ та, мен басқа бұйымтаймен келдім – бақташылар

Қоян жылы болатын көріністерге тән құбылысты – түлкілердің, қояндардың

індерінен байқап, еліктердің және басқа да дала аңдарының бірден, кейде

екіден балалағанын аңғарыпты. Бұл, қыс кезінде осы жылы, әдеттегі жұт

боларының белгісі – жер бетін мұз қабыршығының басатыны және аңдар

ғана емес, адамдар да аштыққа дұшар болатынына меңзейді. Сондықтан,

олар Сізден осы келе жатқан қатаң қыстан аман шығуға көмектесуіңізді

өтінеді.

‒ Солай-ақ болсын! Бұдан былай Қоян жылы қайтарылады да,

ашаршылық орнына бұл жыл біздің тәңіршілдік жылнамамыздағы ең өнімді

және ең сәтті жыл болсын. Халқымыздың Менімен Келісімшарты

сақталатынының белгісі ретінде бұл жыл бұдан былай Тәңір жылы деп

аталатын болады. Егер, келесі 2011 жылы егін өнімі шығымды болып, тіпті

егістікте қалған астыққа жабайы аң-құстар тойынып, қыстан аман-есен

шықса, онда бұл – Келісімнің Жоғарыдан расталғандығының белгісі болмақ!

Бұл хабар шәкіртті таңдандырғаны сондай, ол тіпті, бұрынғыдай, бір

айдай қонақ болмай, ауылдастарына қуанышты хабарды жеткізу үшін үйіне

тез қайтып кетті!

Келесі жылы шәкірт тағы да менің хал-жағдайымды білу үшін қайта

келгенде, мен одан:

‒ Ал, ауылдастарың қалай? Жаңбырлар өткен соң олар Тәңірдің күшіне

сеніп, көздерін жеткізген болар және әдетте ауыр өтетін Қоян жылынан аманесен

шықты ма?

‒ Ия! Жаңбырлардан соң шөптің қаулап өскені сондай, біз оны өзімізге

артығымен шауып дайындап алып қана қоймай, шабындықтары

құрғақшылыққа ұшыраған көрші аудандарға артылған шөпті сатып жібердік.

Сондықтан қысты біз молшылықта өткіздік. Алайда жұрт бұны табиғаттың

қарапайым құбылысына жорыды да, мен олар үшін тағы да Ақ Сарбаз туралы

ойдан шығарылған ертегілермен жалықтыратын жергілікті фантазёр болып

қала бердім!

‒ Алайда жұт, көршілес Монғолияның малшыларына зор зиян келтірді

емес пе, және мыңжылдық бақылаулар тәжірибесінен алынған халық

білімдерінің заңдылығын көрсетті. Ешқандай ғажаптар білімсіз адамдардың

надандығын шайқалта алмайтынын сенің ақырында түсінгеніңе мен

372

қуанамын және де менен енді ешқашанда ғажаптар туралы сұрамауыңды

өтінемін!

Он екі жыл өтті де, енді Қоян жылының орнына Тәңір жылы қайтадан

келді. Қазақстан бұрын-соңды болмаған мол астық – 27 млн. тонна дәнді

дақыл жинап алды, бірақ өнімнің көбі егіндікте жиналмаған күйінде қалды,

ал жабайы аңдар мен құстар тойды да, қыстан аман-есен шықты.

Тура осы, 2011 жылдың көктемінде екі апаттық дауыл орын алды. 12-ші

мамыр күні таңертең қаланың үстімен ақылға сыймайтын күшті дауыл өтті.

Жел, үйлердің шатырларын жұлып, үлкен теректерді сындырды және

көптеген қиратулар жасады. Бірақ, келесі дауыл 17 мамырдың кешінде өзінің

қаһарын Медеу шатқалына қирата төкті. Онда ғасыр бойы өсіп тұрған

шыршалардың бірнеше гектар орманы жер жастанды.

Бұлардың, 1978 жылғы 12-ші және 17-ші мамырдағы дыбыссыз

найзағайлардың енді физикалық дүниеге таңбалануы екенін білдім. Табиғат,

бұл үрейлі дауылдардың өзі үшін ізсіз өтпегенін білдірді, бірақ та, екінші

жағынан мен, Армагедонның Жерде болмайтынын және адамзат ‒

Эволюцияның алтыншы сатысына бейбіт жолмен кіретінін түсіндім.

11. Аңшылық

1963 жылдың күзінде Ақ Сарбаз Іле өзенінің төменгі сағасына өзінің

нағашы ағасына аңшылыққа келген еді. Әдеттегідей ол туған туысқандарына

сыйлықтар ала барған: балалар киімін, мата орамдарын, ал нағашы ағасына

ең артық сыйлық ретінде аңшылық оқ-дәрі болатын. Ақ Сарбаз нағашы

ағасына қалта шамын, бір қорап пистон, түтінсіз жанатын оқ-дәрінің бірнеше

қалбырын, және диаметрі ұсақ бұршақтай №3 ірі бытыраның он

килограммдық дорбасын табыс етті. Жергілікті аңшылар үйрек, қырғауыл,

қоянды сондай-ақ ірі хайуандарды: елік, қарақұйрық, түлкіні атып алуға

бытыраның осы нөмірін қалайтын.

Кешкі ас үстінде Ақ Сарбаз жасы кішісі ретінде туристік бәкісін

қабынан суырып алды, ол пышақты өте көркем етіп көрсететін бүйіріндегі

жасыл саптамасы, қасығы мен шанышқысы бар өткір жүзді бәкі еді.

Бұндай пышақты Ақ Сарбаз әдейі сатып алған болатын. Біріншіден,

қасық пен шанышқы аңға шыққанда аса ыңғайлы, ал екіншіден далалықтар

көптеген ұсақ-түйектермен жабдықталған бәкілерді ұнатпайтын, себебі тез

майланып кететін ойықтарын тазарту қиын, және де олар иістеніп кететін.

Ақ Сарбаз бұл пышақты ең болмағанда аң аулап болғанша сақтауға

үміттенген еді және біреулер осы керексіз затқа қызығар деп ойламаған еді.

Ақ Сарбаз, таңырқап қараған қонақтардың көзінше бәкінің орталық

жүзінен қасығы мен шанышқысын босатып, жүзін ашты да етті турай

бастады. щұ

373

Бұл әрекеттердің бәрі нағашы ағасына әлдебір сиқырдай әсер берді.

Таңырқай қараған ол қасықты ашып бір қасық тұздықты ұрттап көрді, содан

кейін шанышқысын шығарып табақтан бір кесек етті іліп алды...

Мұндай байлыққа оның қатты таңданғаны көрініп тұрды. Сәл дірілдеген

саусақтарымен, ол қасық пен шанышқыны сүртіп, иесіне қайтарып бергенде,

түрінде ешнәрсе болмағандай сыңай көрсетуге әрең тырысты.

Ақ Сарбаз нағашысының көңіліндегіні бірден түсінді. Ол, етті турап

бітіп, бәкіні жинап, қос қолымен ағасына сыйлық деп ұсынған еді.

Нағашысы бұндай патшалық сыйлыққа жан-тәнімен риза болып,

қонақтың құрметіне демалыс күні «бірлескен» аң аулауды ұйымдастыратыны

туралы жариялады. Бұл үшін, жаз кезінде көзге түскен қаптаған қырғауылдар

үйірі қонақтаған тоғайларға жетуге жергілікті басшыдан жүк машина сұрап

алу қажеттігін айтқан еді. Ақ Сарбаз ағасынан «бірлескен» аңшылықтың не

екенін сұраған еді. Ол, атып алып болғаннан кейін барлығының олжасы

біріктіріліп, бір жерге үйіліп, содан барлығына біркелкі үлес бөлінеді деп

түсіндірді.

Бұл, атқыштардың барлығынан біркелкі деңгейде болуын талап етеді,

сондықтан әлсіз атқыштың топта болуы қаланбайтын.

Ағасы аңға өзінің бастығын да шақырды, ол да туысқандар арасынан

болатын, содан соң поселкенің ең мықты екі атқышын да шақырған еді.

Олардың біреуі бойы биік, арық, беті сопақтау болған. Ол үндемейтін,

мінезі тұйық адам екен. Ал екіншісі, керісінше сөзшең қортық, қу көзді, жүзі

дөп-дөңгелек болатын.

Ақ Сарбаз бұл жұпты Пат пен Паташон деп атады.

Кешкі астан соң ол верандаға барып, аңға дайындала бастады. Әрқашан

онымен адал Дружок еріп жүретін, бірнеше күн арасында таңертең үйрек

атып, кешке жақын қырғауыл атып фабрикалық патрондар қорын тауысуға

таяғандықтан, енді патрондарды оқтап алу қажеттігі туындаған.

Керек-жарақты түгендеп орналастырып жатқанда ол, аулада Пат пен

Паташон нағашысына «бірлескен» аңшылыққа қаладан келген адамды

қатыстырмақ болғаны үшін наразылық білдіргендерін естіп қалды:

– Ол өзі қалай атуды да білмейтін шығар. Ішіп алып бос бөтелкелерді

атуға ғана шебер бұндай қалалық аңшылардың талайын көргенбіз!

– Бізбен тағы бір нашар атқыш бірге бара жатыр, бірақ одан бас тарта

алмаймыз, себебі ол біздің бастығымыз.

– Сондықтан олжаны екі нашар атқыштарға да бөлуге тура келеді. Бұлар

бізге масыл болады емес пе!

Нағашым осы өңірдің ең үздік мергені еді, қонағының әжептәуір атқыш

екенін және оны ұшқан құсты, жүгірген аңды да атуға өзі үйреткенін айтып,

ал егер күтпеген жағдай бола қалса, олардың шығынын өз үлесінен

жабатынын мәлімдеді...

Ақ Сарбаз бұның бәрін анық естіген еді, сондықтан өзінің биік әулетінің

намысын қорғап қалуға және мысқылшылдарды ұятқа қалдыруға тиіспін деп

шешті.

374

Бұдан соң ол белгілі тәсілді пайдаланып, бытыралы оқтың шашырауын

ұлғайтуды ұйғарды. Оның, бытырамен атуға арналған «4-сақиналы

Зауэрының» атуы шоғырлы және қуатты болатын. Бұл, суда жүзген құстарды

атуға ыңғайлы еді, ал ұшқан қырғауылды көтергенде тіреусіз тез атуға

мүлдем жарамайтын.

Үйректерді ол №5-ші бытырамен ататын, бұл тарының дәніндей еді, ал

қырғауылдарды №7 бытырасымен ататын, бұл ‒ бидай жармасындай. Бұл

нөмірлердің тағы бір сөзсіз артықшылығы бар болатын – жергіліктілер

бұндайға ‒ жиырмашақтысын бере ғой деп қызықпайтын. Беттерін менсінбей

тыжырайтып, қалалықтардың ақылына күдіктенетіндерін білдіріп, айтып

кете баратын. Ақ Сарбаз ең жас болғандықтан, олар оны Дружокпен қоса

тоғайға, қалың бұталардың ішіне, құстарды көтеруге айдап салатынын, ал

өздері тәжірибелі аңшылар ретінде ыңғайлы позициядан жабайы құстарды

атып түсірмек ойлары бар екенін алдын ала білген еді...

Орташа қашықтықта жыл бойы үздіксіз ату тәжірибесі бар іс жүзіндегі

кәсіби атқыштармен бәсекелесу өте қиын болатынын, өзінің жылына бір рет

қана ату тәжірбиесі барын ол білген. Сондықтан ол өзінің айдаушы ретіндегі

ыңғайсыз жағдайын өз пайдасына айналдырып алуды шешті.

Бұл үшін ол, он-он бес метрлік дистанциядан қысқа шалып атуы керек

және келеке етушілердің олжасын олардың тұмсығының астынан қағып алуы

тиіс.

Бұл үшін ол, дәрінің өлшемін төрттен бір бөлігіне дейін азайтты, бұл

қарудың тебуін әлсіретеді де, атыстың дәлдігін арттырады. Ол бытыраның

зарядын 4-5 бөлікке бөліп, әрқайсысының арасын картонды аралықпен бөлді.

Бұл, әдеттегі патронға қарағанда, бытыраның шашырау диаметрін әлдеқайда

ұлғайтады.

«Егер күшті жауды жеңемін десең, оны өз әрекетіңмен таңқалдыр!» ‒

деп айтылатын өзінің ұлы бабасының әскери жарғысына сәйкес, әрине өз

жоспарын ешкімге айтқан жоқ.

Және де, әркім сайысқа өз жоспарымен дайындала бермей ме, тек

қабылданған жалпы ережелерді бұзбаса болғаны ғой.

Олар бұталардың маңына келгенде, барлығы да ойдағыдай болып

шықты, бойы аласасы қулана жымиып – жас аңшы итін ертіп бұталарға

бірінші болып жүре берсін, ал олар соңынан еріп үріккен қырғауылдарды

атып құлататынын айтты.

Ақ Сарбаз ізетпен бұл өкімді тыңдады да тоғайлы орманның шетімен

жылжыды, ал оның алдындағы Дружок қуана қызып бұталар арасына кіріп

кетті.

Біраздан соң ол, қазір қырғауыл шығады деп, қыңқ етіп белгі берді.

Солай-ақ болды, аңшының жанын дір еткізетін шумен, катапультадан

лақтырылғандай, бұталардың арасынан ең алдымен бірінші, одан кейін

екінші қырғауыл ұшып шықты.

Ақ Сарбаз қос оқпаннан бірнеше метр жерден тақағандай атып, оларды

құлатып түсірді.

375

Дружок қырғауылды аулаудағы мызғымас аңшылық ережені ақтауын

жалғастыра берді: «Мылтығың бір тиындық болса да, итің бір теңгелік болуы

тиіс».

Тоғай жиегімен жылжыған ол, тағы да үріккен қырғауылдарды бірнеше

дуплеттермен атып түсірген еді...

Бұл оның сәтті атудың бірде-бір мүмкіндігі екенін білетін, сондықтан ол

патрондарды аямады. Кейде ол, ұшып көтерілген қырғауылдың дыбысы

шыққан жаққа тәуекелдеп атып жіберіп отырды...

Жалпы алғанда, оның тәсілі іске асты – одан ары қарай, әр екінші атуы

нысанаға тиіп отырды. Содан соң қырғауылдардың ұшуы тоқтады, ал Ақ

Сарбаз Дружоктың көмегімен олжасын жинап алуға кірісті.

Дружок екеуі оннан астам қырғауылды үйіп тастағанда, Ақ Сарбаз Пат

пен Паташонға қарады. Олар, бұл ойға сыймас атыс кезінде бірнеше рет

мылтықтарын атуға ыңғайлап көтерген еді, бірақ Ақ Сарбаз олжаны тура

олардың иегінің астынан тартып әкетіп отырды.

Қалалықтың осындай аса нәтижелі атысына таңданған олар, үні шықпай

қалқиып тұрған еді...

Нағашысы туысының осындай нәтижесіне риза болып, атқыш пен итіне

меңзеп: – міне қалай ату керек дегендей, қуана жымиды.

Шалағай сыншының екеуінің де таңданғаны, ұятқа қалғаны көрініп

тұрды, сонда да менмендіктері жеңіп кетті. Олар, жас аңшының жай ғана

жолы болғанын, ал енді бұталардың арасындағы қырғауылдар баяғыда ұшып

кеткендіктен бұл жерде бітіретін ештеңе жоқ, бірақ енді ашық далаға шығып

аласа бұталарға барғанымызда кімнің нағыз атқыш екенін сонда көрерміз,

деген еді.

Жалпы алғанда олардікі де жөн болатын. Ел арасында «мерген» деген

атқыш дәрежесі аңды біраз жіберіңкіреп барып ататын аңшыға берілетін...

Осылай, асықпай, байыппен дәл көздеуді жете дамытқан тәжірибелі

аңшы, оқ-дәрі мен бытыраның қымбаттылығын ескеріп, нысанасын мүлт

жібермей ататын.

‒ Бұл жәй сәті түскені ғой, және мұнда жақсы иттің еңбегі көбірек!

‒ Ал, мүлт кеткен сәттерде қанша патрондарды бостан-босқа ысырап

қылды десеңші!

‒ Ол енді ашық жерде дәл осындай ұшқырлық көрсетсін! Қаладан

келген бұл пысықтың қолынан не келетінін сонда көрерміз!

Бұл сөздерге аңшылықтағы жасы үлкен бастық қатаң ескертіп – бұл

әзірше бос сөздерің, ал Ақ Сарбаздың жиде ағашына іліп жатқан

қырғауылдың бір үймесі – нақты нәтиже және ол сендердің ештеңемен

дәлелденбеген құр сөздеріңді сеспей қатырып тұр! ‒ деді.

Ақ Сарбазды, туысының бұндай қатаң сөздері таңқалдырмады, өйткені

ол ‒ бүкіл соғысты артиллерия батареясының командирі болып өткен, майор

шеніндегі отставкадағы адам болатын, және ойлағаны, сөйлеген сөздері және

істеген әрекеттерінің бәрі әскери адамға тән еді.

376

Өздерінің әрекеттеріне осындай қатаң баға берілгеніне қорланған олар

бәсекелесін ең ыңғайсыз позицияға қуып тығуды көздей бастады.

Бұл жақты өте жақсы білгендіктен, олар терең ұзын сайға қарай

жылжуды ұсынған еді, ал ол жердегі сайдың түбінде қырғауылдар

қоректенетін дәндерге толы қалың бұталы өсімдіктер қаптап тұратын. Бұл

ретте Ақ Сарбаз итімен сайдың түбіндегі қалың бұталардың арасымен

қысылып өтуі тиіс, ал олар сайдың үстіңгі жиегімен жүріп, ұшып көтерілген

құсты атып түсіріп отырмақ.

Сайдың әлі терең емес жағындағы түбіне түскен Ақ Сарбаз олардың оны

қандай тұзаққа түсіргенін түсінді.

Тоғайлы орманда ағаштардың арасындағы кеңістік Дружокқа жеткілікті

болып, ол қожайынның атуына құсты дәл айдап шығаратын. Сондықтан

тығыз бұталардың арасынан Дружок құстарды тек алға ғана қуа алады, ал

көлбеу сызықпен ұшқан құс Ақ Сарбазға көрінбейтін еді. Керісінше, сайдың

екі жиегінде келе жатқандарға ұшқан құс жоғарыдан өте жақсы көрініп тұрар

еді. Ақ Сарбаз олардың қалай өршелене және өте дәл атып жатқандарын

естіп, біліп жатты, ал бұл екеуі «бірлескен» аңшылыққа өздерінің бекер

шақырылмағанын көрсеткен еді.

Бұл жерде өздеріне іс қалмағанын түсінген нағашысы өзінің бастығымен

бірге бидайы мен сұлысы бар егіндік арқылы шеткеректе жылжуды шешті.

Орылған егіндікте жабайы құстарға әрқашанда көп жем табылатынын

нағашысы кәміл білетін, сондықтан олардың да бай олжалы болары анық.

Қалатындарға атысқа қаныққаннан кейін Ақ Сарбаз өз олжасын

қалдырған ағаштың маңына жиналуды тапсырып, нағашысы да бастығымен

бірге атыстың қызығына құмарлана кіріп кетті.

Ақ Сарбаз олардың мылтықтарының дыбысын естіді, атыс үні қызық

болып шығады екен ‒ алғашында бастықтың 20-шы калибрлі мылтығының

ойыншықтай «тырс» еткен дыбысы, соңынан іле-шала ағасының 12 калибрлі

«ИЖ»-інің қуатты, жуан дауысты басы гүрс ететін.

Мерген ағасының аса қадірлі адаммен, бірақ нашар атқышпен бір

мезгілде дерлік атып жатқанын, осылайша екеуінің де қомақты олжаға

бөленетінін Ақ Сарбаз түсінген еді...

Ал әзірше Ақ Сарбаз бұтаның арасымен өтем деп әбден шаршаған

болатын, сондықтан біраз демалуды шешті...

Өзінің бәсекелестері күткендей сайдың ішінде ол жөндеп ата алмады,

оның тек екі қырғауылды ғана атып алуға шамасы келді. Оның үстіне ол

барлық ерекше патрондарын атып бітіріп, өзінің «Зауэрын» енді №5

бытырасы бар екі фабрикалық патрондармен оқтап қойды.

Осы, бір сәтке демалуы ‒ соңынан өрбіген оқиғаларда шешуші маңызға

ие болды.

Кенет, бірінен кейін бірі ‒ бәсекелестердің мылтықтарының асығыс

атылған дыбысы ‒ төрт атыс үні естілді. Содан соң: «Ат! Ат! Әйтпесе қашып

кетеді!» ‒ деген өршеленген айғай естілді.

377

Орнынан тұра бастаған Ақ Сарбаз алдымен сатыр-сұтыр еткен дыбысты,

сонан соң сайдың түбімен атқыштардан секіріп қашып бара жатқан елікті

көрді.

Ол аңшының үстінен секіріп өтті. Ал елік жаңадан секіре бастағанда, Ақ

Сарбаз ойланбастан дереу мылтығын аңның жылжыған бағытының бойымен

бұра салып, тәуекелдеп атып жіберді.

Аңшының бұл күні тағы да жолы болды – елік секірген күйінде барып

бұтаның арасына гүрс етіп құлады. Бұтаның арасымен қысылылып өтіп

болғанша, бәсекелестері олжа құлаған жерге сайдың жиегімен бірінші болып

жүгіріп жетті де, төмен түсіп алып бір-бірімен аңды қайсысы атып түсіргенін

дәлелдеп, дауласа бастады.

Ақ Сарбаздың ‒ мен де екі рет атып едім ‒ дегеніне олар құлақ салмай,

қолдарын бірақ сілтеді. Ақ Сарбаздың белінде тек екі-ақ қырғауылдың

ілінгенін көре салып, бай олжаны арқалаған олар ‒ бізбен теңесетіндей сен

сонша кім едің? ‒ деген күйлеріне қайта еніп, тағы да бұрынғы менсінбейтін

қалпына келді.

Жасының үлкендігін пайдаланған олар ‒ егер дұрыстап ата алмасаң,

онда нағыз мергендердің жүк тасушысы болып біраз істеп көр, үлкендердің

алдын орамай, ‒ дегендей, аңды бәсекелестің иығына өңгерді.

Ақ Сарбаз олжаны үнсіз арқалап, еліктің жас және салмағының

қойдыкінен ауыр емес болғаны үшін тағдырға риза болып келе жатты.

Ақырында олар жиналатын жерге жетті. Ақ шашты отставник пен

нағашысы асықпай әңгімелесіп шәй ішіп отыр екен. Аңшылардың ірі

олжамен оралғанын көріп екеуі оларды құттықтай бастады.

Енді аңды кімнің атып алғанын анықтау керек еді. Әлгі екеуі аңды

кімнің атып алғанын бір-біріне өршелене дәлелдеуге кірісті.

Ақырында, Ақ Сарбаздың нағашысы жерге шыбықпен сайдың сұлбасын

сызып, сол уақытта кімнің қайда тұрғанын көрсетуді сұрады. Мергендер

атқан жерден Ақ Сарбаздың шаршап тоқтаған жеріне дейін олардың

шамамен алпыс адымдай қашықтықта тұрғаны жақсы көрініп тұрды. Ал, Ақ

Сарбаз тұрған жерден құлаған еліктің денесіне дейінгі қашықтық 15 метр

екен.

Ақ Сарбаз өзінің де атқанын, бірақ та олардың «Ат! Ат!» ‒ деген

айқайын естігеннен кейін ғана атқанын, ал содан соң олар жүгіріп келіп

олжаны бөлісе бастағанын мәлімдеді.

Бұл факт нағашысының күдігін туғызды. Мойнынан, және басынан

жараланған елік қалайша соншама қашықтықты жүгіре алды екен, содан

кейін мерт болғаны қалайша? Сонан соң жиенінің өте майда бытырамен атып

жүргені есіне түсіп, бастықтың бұған би ‒ арбитр болуын, өтінді.

Бұл жерде сараптаманың қажеті жоқ еді, себебі салғыласушылардың №3

ірі бытыралары Ақ Сарбаздың патронындағы №5-ші бытырасымен

салыстыруға келмеді және де жарадан алынған дәл сондай бытыраға сәйкес

болмай шықты.

378

Сондықтан, үлкендердің шешімдері талассыз болды: олжа қонақтыкі, ал

ақ шашты отставник өз атынан даугерлерге өте қатал сөздер айтып тастаған

еді.

Бәсекелестер ақтала бастап: «Қалың бұтаның арасында бұндай жас

атқыш елікті бірнеше қадамнан атып алады деп біздің ойымызға да келген

жоқ! Біз бұлай атуды бірнеше жылдан соң үйренген едік! Әрине, оған ұлы

ата-бабаларының аруақтары көмектесті!» ‒ деген еді.

‒ Енді, оның шынында да өзіміздің ханзадамыз екеніне көзіміз жетті,

және жөнсіз айтқан сөздеріміз бен қисынсыз қылығымыз үшін кешірім

сұраймыз!

Ақ Сарбаз, «бірлескен» аң аулау ережесімен бәрібір бөлісуге жататын

аң үшін сонша дауласудың неге керек екенін түсіне алмай-ақ қойды.

Бірақ, мұнда да өз тәртібі бар екен. Нағашысы еліктің денесін артқы

аяғынан ағашқа іліп, терісін шұлықтай сыпырып алып, ішек-қарнын т.б.

Дружокқа оның үлесі ретінде берді.

Сонан соң ол Ақ Сарбазға бұрылып: ‒ Енді, бес аңшының арасына

олжаны қалай бөліп беретініңді өзің шеш! ‒ деді.

Ол бұндай шешімді бірінші рет қабылдауы керек еді, оның үстіне

бастық оны, нағашысымен бірге өз үйіне кешке қонаққа келуге шақырып

қойған еді, сондықтан аң аулау тым ерте бітіп, кешкі атыс болмады.

Аса көп ойланбай-ақ, Ақ Сарбаз соңынан анықталғандай, ең әділ шешім

қабылдады. Ол, дененің алдыңғы жағын – алдыңғы сирақтары, қабырғасы

мен мойнын шақырылған аңшыларға беретін болды. Басын ол өзіне трофей

ретінде үйде қабырғаға мүйізін іліп қою үшін қалдырады. Ал денесінің артқы

жағын әулеттің ең үлкен адамына оны өз қалауымен бөлуіне беретін болды.

Алғашында сонша кемсіткен Пат пен Паташон оның патшалық

жомарттығын мақтап, алғыстарын жаудырып, өздеріне тиесілі бөлігін тез

бөлісіп алды.

Кейінірек, Ақ Сарбаз нағашысынан: ‒ Оларға онша жақсы емес бөлігін

берсем де, неге олар мені сонша мақтады? – деп сұраған еді. Ағасы бұған

былай деді: ‒ Қонақты және онымен қоса патша әулетінің адамын кемсіткені

үшін сен оларға сирақтарын, тұяғы мен қатты мойнын, құйрығын және

олардың нәсілін түсіретіндердің бәрін беруге хақың бар болатын.

Бірақ та, бұның орнына сен шынымен оларды патшадай сыйладың, енді

олар қайда жүрсе де, сені жігерлене мақтап есіне алатын болады!

Және, кешкі ас үстінде, еліктің үлбіреген қабырғаларынан ыстық

қуырдақты жеген кезде, бұл асыл аңның кімнің қаруымен атып алынғанын

мойындасын!

379

12. ЖҰМЫС

1. БРГИ (ВИРГ) 16.03.1966 – 12.03.1968/

Дипломдық тәжірибемді мен 1965 жылдың мамырынан желтоқсанына

дейін «дүниежүзілік пролетариат көсемі» туып-өскен Ульяновск қаласында

өткенмін. Тағылымдамам есептеуіш машиналар әскери зауытында өтті. Бір

қарағаннан-ақ бұл кешен «Поларис» зымырандары бар атом суасты

кемелерін жабдықтауға арналған американдық «Стретч» типті машинасының

дәлме-дәл көшірмесі екенін түсінгенбіз. Оған біз таңқалмадық, өйткені Кеңес

Одағында өзінің бір де бір жасап шығарған сериялық кешені болмаған. Бұл,

«ақылды» марксистік теоретиктердің тұжырымдауымен ‒ «кибернетика – ол,

жалған ғылым, еңбекшілердің миын шірітуге арналған буржуазия құралы» ‒

деп тапқан шешімдерінің салдарынан туындаған қорытынды еді.

Желтоқсанның соңында мен “Төтенше жағдайда магниттік жинақтағыш

қорын жасау» тақырыбында дипломымды қорғадым. Дәстүрлі банкеттен

кейін әскери машықтану бойынша Түрікменстанға Ашхабад маңындағы

артиллерия полкына барғанбыз. Әскери кафедрадан офицер шенін алғаннан

соң, 1966 жылдың наурызында біз үйге қайттық. Өзімнің жұмысқа

орналасатын жеріме бөліну құжатын алып Малая станицаға Құлжа күре

жолының бойындағы Бүкілодақтық геофизика барлау институты орналасқан

(БРГИ) ал қазір (ҚРГИ). Осылай, 16 жыл өткеннен соң мен шиыршық

бойымен өзімнің мектепте 1950 жылы оқуым басталған орынға қайтып

келдім. Бірақ енді мен электрондық-есептеуіш машинасының инженері

болуға оқуға тиісті едім.

Маған курстас болған екі қыз және біздің факультетті сырттай оқып

бітірген бір инженер БРГИ-де (ВИРГ) жұмыс істеп жүрген еді. Бұл ЭЕМ

инженерлерін дайындап шығару қажеттілігінен ұйымдастырылған болатын.

Бұл үшін 1962 жылы ұйымдастырылып және жедел оқытқан негізінен

геофизиктерден іріктелген топ оқуды бізден жарты жыл бұрын бітіріп

шыққан «тез піскендер» болатын. «Тез піскендер» арасынан әрекеттегі бір де

инженер шықпапты, алайда олар есептеуіш орталықтарының бағдарлама

жасау бөлімдерінің жеңілдің астымен ауырдың үстімен өту біліктілігі қажет

бастықтарының орындарын басып алыпты. Мен есептеуіш орталығына (ЕО)

жаңадан келгенімде «әскери кафедрадан босатылған» курстас қыздардың

және «тез піскендердің» үш айдай жұмыс тәжірибелері бар болып шықты.

ЕО бастығы да бұрынғы геофизик болатын, ол маған бірден:

380

‒ Бәрі бітті! Түсінікті. Сен енді дипломы бар осыған лайық ұлттық кадр

ретінде менің орнымды басып аласың, ал менің тағы да даланы кезетін геолог

болуыма тура келеді! – деп мәлімдеді.

‒ Сізді геолог болуға оқытты ғой! Мемлекет Сізді қазып алынатын

пайдалы жер қазынасын іздеп табуға қаражат жұмсағанда ЕО-да жылы

орында отырсын деп оқытпаған шығар!

‒ Ал сен шыжыған ыстықта құмдар мен сор батпақтарда сенделіп ащы

су ішіп, вермишель қосып құырған бұқтырылған етті ай далада ішіп көр!

Осындай өмірдің бес жылынан соң сенің қалай әндеткеніңді сонда көрер

едім!

Мен оған жаным ашып, оның орнын тартып алғанша жұмыстан

шыққаным артық, және де, бір екі жылдан соң келешекте қаламыздағы ЭЕМ

саны мамандар санынан әлі асып түсер деп уәде бердім. Менің берген

уәдемді бастық есіне түйіп алса да мені ЭЕМ элементтерінің ұяшықтарын

жөндеуге отырғызып кешеннің өзіне жолатпай қойды. Мен, триггерлер мен

мультивибраторлардың, инверторлар мен күшейткіштердің сиқырлы әлеміне

кіріп кеттім де, бастығым маған алаңдағанын қойып тынышталды.

Осылайша, қаламаса да, маған ол түбінде өте мейірімді қызмет

көрсеткен болып шықты – мен элементтік базаны жақсылап игеріп алдым.

Кейін, нағыз геологтар неліктен оған қолдарын ықылассыз

ұсынатындарының, өздерінің кешкі жиындарына оны ешқашан

шақырмайтындығының сырын түсіндім. Бұл жолдас өз мамандығын сатқан –

демек топтық кармадан шыққан, ал кейіннен ол өзін ұлы ұлттың өкілі етіп

төлқұжатына жазып алып ұлттық кармадан да шығып қалғанын білдім.

Тепкілер мен түкіріктердің қорлығынан өткен, бірақ соның бәріне шыдап

ұлттық қадірін сақтап қалғандар онымен әлдебір жиіркенішпен қатынасатын.

Оның бойы екі метрге таяу, өзі тақырбастау, мұрны үлкендеу, дауысының үні

сімілтірлеу, тәтті болатын. Менің өмірімде осы типтің дәлме-дәл көшірмелері

бастықтарым ретінде маған тағы да екі рет кездескен. Бір таңданарлығы,

олардың кез келген ортадағы жан сақтау өнері биік болғанымен олар өз

өмірлерін қайғылы нәтижемен аяқтаған болатын және осылай өз халқын

сатып кеткен «интернационалистердің» ақыры қандай болатынын айқындап

беретін ашық сабағын көрсеткен еді.

Ары қарай қиындау болды – мені жас және әлі үйленбеген кадр ретінде

сайлауда – үгіттеуші, Малая станицадағы өзім бұрын оқыған мектепке шеф

етіп тағайындады, ал жазда – ауылшаруашылық жұмысшысы болуға

міндеттеді. Қалалық партия комитетінің бөліп беретін тапсырмасына сәйкес,

барлық кәсіпорындар селоға көмек көрсету үшін бригадалар бөліп отыруға

381

міндетті. Ал біздің кәсіпорында бүкіл жаз бойы барлық геологтар дала

жұмыстарына кететіндіктен ауылшаруашылық жұмыстарына лаборант

қыздарды және қуатты еркек күші ретінде мені белгілейтін. Маусым айынан

бастап мен Шелек поселкесінің темекі алқаптарын арам шөптен тазартып

түптейтінмін, сонан соң темекі жапырақтарын қолмен сындырып жинап,

олардың қопасын трактордың арбашасына тиейтінмін. Темекінің улы

шырынынан менде аллергия басталды, бірақ мен жаздың соңына дейін

жұмыс істедім. Бұл аллергия өзінің мейірімді ісін орындады – мен әлі күнге

дейін темекі түтініне шыдамаймын және кейінірек, өз кәсібімнің

көшбасшысына айналған кезімде, жұмысқа жастарды қабылдағанда оларға

бірден шарт қоятын болдым – темекі шегушілер одан мүлдем бас тартады

немесе басқа жұмыс іздейді.

Осылай, менің жұмысымның бірінші жылы өтті. Кейбір жас

геологтармен арада әжептәуір қатынас орнады. Күзде олар даладан қайтып

келді де, олардың ізденістерінің нәтижелері машиналық өңдеуден өткізіле

бастады. Мені екінші ауысымға ауыстырды да, менің қолым ЭЕМ-ге сонда

ғана жетті. Мен әрқашанда зор ынталы оқушы болатынмын, алайда мұнда

бәрін өз бетіммен үйренуіме тура келді. Кейіннен бұл дағды рухани деңгейде

де жалғаса берді – мен тағы да өзімді-өзім оқытушының жолын, бірақ едәуір

жоғары деңгейде қайталадым.

Біздің геологтар 1966 жылғы барлауы кезінде Орталық Қазақстанда

молибденнің ең бай қорын тапқан болатын және бұл үшін көлемді сыйақы

алып, былайша айтқанда, Жаңа Жылға дейін «гуілдетіп» тойлаған еді. Жалпы

алғанда, олар өте көңілді және тату-тәтті тамаша жігіттер болатын.

Геологтардың өмір салты көшпелі сығандардың салтына ұқсас екенін

білдім. Жазғытұрым олардың арасында әлдеқандай бір абыржу мен

зарығудың нышанын байқадым. Шашы ағарған геологтан – Сіздерге не

болды? – деп сұрағанымда ол:

‒ Далаға шыққымыз келеді! Мынау отырықшы өмірден әбден ішім

пысып қаймықтым. – деді.

Расында да, далаға шығатыны хабарланғанда, олардың жүздері

қуаныштан жайнап кетті. Мен оларға жүктерін тиеуге көмектестім, ақырында

олар өздерінің сүйікті жұмысына салтанатпен аттанды.

Тура сол жылы, алғашында мен бұған ерекше мән бермеген бір оқиға

орын алған еді: біздің «тез піскен» үнемі телефон арқылы өзінің

жолдастарымен белсенді сөйлесулер жүргізетін болды да, ақырында

өздерінің «Who is who» деп аталатын ұйымды құрғанын бізге жария етті:

382

‒ Енді біз есептеуіш техниканың бәрін өз бақылауымызға алатын болдық

және біздің кәсібімізге енді ешбір «хайуан» ешқашан кіре алмайды!

Мен әрине, білмек болып: ‒ Бұл ұйымнан мен нені күтуім керек? –

дедім.

‒ Қарапайым инженер болып күнелтесің.

Кейін, бұл ұйым қай жерде есептеуіш орталығы құрылғалы жатқанын өз

арналары бойынша біліп алып, салалық автоматтандырылған басқару

жүйесіне (АБЖ) қызмет көрсететін персоналды қалыптастыру бойынша

өздерінің қызметін ұсынатын болды. Әрине, АБЖ басшыларының барлығы

романтикалық, өздерінің ән болып жырланған геолог кәсібін сатып кеткен

«геофизиктер» арасынан болатын.

Тоталитарлық мемлекетте үкіметтен тыс ұйым репрессияларға

ұшырамай, керісінше гүлдене түсіп, аз ауақыттан соң өзінің бақылауына

бүкіл Қазақстанды алғаны, мені ерекше таңқалдырғаны бар. Бұл, өте жақсы

төлемақыға ие, майлы жілік еді. Мемлекет, өзінің іждағатты идеологтарының

кесірлі қателерінің «арқасында» кибернетика саласы бойынша Батыстан

үмітсіз артта қалғанын сезгеннен соң осы кемшілікті жою мақсатымен бұған

үлкен артықшылық беруді шешкен болатын. «Асып түсеміз деп ойлаған едік

– әдеттегідей болып шықты!» дегендей, қара бет болды. «Who is who»

ұйымының пысық адамдары кибернетикаға деген талабы бар жігіттерді

ығыстырып тастап, басшылық қызметте өздерінің ұқсастарын қаптатып

тудырды. Іске бейімділер және үнсіз атқарушылар ғана аман қалды.

Дәл осындай көрініс ғылым мен техниканың барлық салаларында

байқалатын болды, ақырсоңында осы «пысық адамдар» мемлекетті де

күйреуге әкелген еді. Осы «Ху из ху» конторасын қалаушылардың және

идеологтарының біреуімен өз еңбек жолымды бастауыма тура келді.

1967 жылдың маусымында біздің бөлімде «Израильдің Таяу Шығыстағы

агрессиясына» қатысты жиналыс өткен еді. Жуырда ғана бөлім бастығы

болып тағайындалған Владимир Иосифович Гольдшмидт мені негізгі ұлттың

бірден бір өкілі болғандығымнан баяндама жасауға таңдады. Оның таңдауы

түсінікті болатын, себебі ұжымның басым бөлігі ұлы нацияның өкілдері еді,

ал қалғандары еврейлер болатын. Орыстардың өкілдері Египет, Сирия, Ирак

және Иордания бірлесіп құрған араб коалициясының сұмдық жеңілісі туралы

газет және телевидение хабарларынан әбден түңіліп үнжұрғасы түскен күйде

болатын. Бұл елдер ол кезде Кеңес халқының достары болып саналатын және

ең озық кеңестік қару-жарақпен қаруланған болатын. Ал еврейлер ашықтан

ашық немесе іштей қуанып жүрді. Сондықтан В.И. баяндаушы етіп бейтарап

адамды тағайындауға шешім қабылдаған еді:

383

‒ Едихан! Сізге осы тақырып бойынша баяндама жасау тапсырылады

және ертең жиналыста біз Сізді тыңдаймыз.

Кеңестік насихат бұл соғыс туралы әрине ең қара түске боямаланған

хабарларын таратып жатты. Ал мен, өз көзқарасыммен әрқашан әлсіздер

жағына шығатынмын. Жанжалдың басында саны көп және керемет

қаруланған коалиция армиясынан жойылудың қауіпі өзіне төнген кішкентай

елге жаным ашыған болатын.

Балғын шағымнан Купердің, Ридтің, Буссенардың шығармаларынан

сусындаған мен колониалдық тәуелділікте жатқан Азия, Африка және қос

Американың халықтарына жаным ашитын. Менің жиырма бес жасыма

таяғанымда осы елдердің басым бөлігі өркениеттік жолмен тәуелсіздігін

алған еді. Эволюция шиыршығы бойынша жиырма төрт жылдан кейін 1991

жылы Қызыл Империя ыдырады. Өркениеттік жолмен, Шығыс Еуропа мен

Орталық Азия халықтары аз ғана қантөгіспен өздерінің тәуелсіздігін алды.

Баяндама жасауға дайындық кезінде барлық газеттерді қарап шығып, «За

рубежом» апталық газетінде француз газетінен алынып басылған бір

мақаланы таптым. Онда екі жақтың солдаттарының және олардың қару

түрлерінің саны есептеліп көрсетіліпті. Қарудың саны да сапасы да бойынша

көп есе басымдылық коалиция жағында болған екен.

Осы деректерді мен таңертеңгі баяндамамда өзімнің қызметтестеріме

айтып бергенмін.

‒ Ал енді мұндай күйреумен аяқталған жеңілістің себептерін

қарастырайық:

Біріншіден. Бұл мотивация – біреулері тонауға және өлтіруге шыққан, ал

израильдіктер өздерінің Отанын, өздерінің үйлерін және өздерінің

отбасыларын қорғады. Сондықтан олар өмірін сақтап қалу үшін емес, өлімге

бас тігіп жан кештілікпен шайқасты! Біздің халқымызда мынадай нақыл сөз

бар: ‒ «Қанжарың ағаш болса да, жүрегің темір болсын»!

Міне, нәтижесі сол – шағын, бірақ мықты мотивацияланған Израиль

армиясы керемет кеңестік қару-жарақпен қаруланған саны көп агрессордың

армиясын тас-талқан етті.

‒ Не деп лағып кеттің, дұшпан! Бұл, еврейлер бірінші болып бишара

арабтарға шабуылдаған болатын!

‒ Онда, халықаралық құқық тұрғысынан агрессор туралы түсінікті

талдап көрейік. Сіздер бәлкім білмейтін шығарсыздар, бірақ жанжалдың

384

басталары алдында араб жағының талабымен БҰҰ әскерлері екі жақты бөліп

тұрған буферлік аймақтан шығарылып тастаған еді.

Бұл не үшін жасалды? Әрине, арабтардың израиль әйелдеріне сыйлық,

ал олардың балаларына кәмпит ұсынуы үшін емес екені анық! Израиль

армиясы басшылығының, ұлтын аман сақтап қалудың бірден бір ғана

мүмкіндігі қалған болатын – бұл, бірінші болып соққы жасау! Нәтижесі

сіздерге белгілі – араб армиясы жеңіліс тапты, және, егерде Кеңес Одағы

килікпесе, коалиция елдері өздерінің диктаторларының топастығынан, өз

тәуелсіздіктерінен де айырылар еді.

– Сен біздің арамыздағы жасырын жансыз, идеялық қас жауымыз болып

жүріпсің ғой! Сенің антикеңестік көзқарастарың туралы біз тиісті жерге

хабарлаймыз!

– Мен идеялық жауларыңыз емеспін! Барлық араб елдерінде билік

басында диктаторлық режимдер тұр, оларда коммунистік партияларға тыйым

салынған, ал коммунистерді түрмеге қамайды немесе атып тастайды, соған

назар аударыңыздар!

Ал Израильде Компартия олардың Парламентінің мүшесі және

демократиялық мемлекетте болуы тиіс жағдайға сай, қоғамдық өмірге

белсенді түрде қатысып жүр. Израильдіктердің басым бөлігі колхоздарда –

кибуцтерде жұмыс істейді және оларда шынайы социализм құрылған. Сонда

біздің жауымыз кім болып тұр?

Осы уақытқа дейін аздаған есеңгіреу күйінде болған Владимир

Иосифович менің өз пайдама өте күшті уәж келтіргенімді түсінген еді:

‒ Едиханға, қызықты баяндама жасағаны үшін алғысымызды айтайық

және Таяу Шығыстағы соғысты тоқтатып бейбіт өмірді қалпына келтірген

үкіметіміздің әрекетін қолдау жөнінде жиналысымыздың резолюциясын

қабылдайық. Жиналыс аяқталды, ал Сіз, Едихан, кетпей тұра тұрыңыз!

Барлығы шығып кеткеннен соң ол менен:

‒ Қару-жарақтар туралы мұндай егжей-тегжейлі мәліметтерді Сіз қайдан

алғансыз, айтыңызшы? – деп сұрады.

‒ Бұны «За рубежом» апталық кеңестік газетінен алған едім. Міне, қиып

алынған парағы!

Парақты мұқият оқыған ол жеңілдене күрсініп:

‒ Кеңестік газеттен екені өте жақсы болды! Жиналыстың хаттамасына

тура осылай жазамыз, Сіздің кеңес газетінде жазылғанды оқып, оған жай

385

ғана өзіңіздің түсініктемеңізді бергеніңізді жазамыз. Егер тергеу жағдайы

туындай қалса, қажет болуы мүмкін, осы парақты маған бере аласыз ба?

‒ Әрине, ала беріңіз! Маған оның керегі жоқ.

Осы жиналыстан кейін мен өзімнің тік мінезімнен және әділетсіздікке

шыдамайтындығымнан өзіме тағы да көп дұшпан тауып алдым.

Директордың ғылым жөніндегі орынбасарының өзі мені, әсіресе екінші

ауысымда жұмыс істегенімде, жеке бақылауына алатын болды. Алайда мен

бағдарлама жазушы Рувим Шимонович Хаймедей жақсы дос тауып алдым.

Жиналыстағы оқиға біздің бірінші бөлімнің (МҚК/КГБ) назарына түскен

еді. Сондықтан, В.И. Гольдшмидт басшылықтың алдында ұнамсыз әңгімеге

тап болған-ды. Соңынан ол, жеке әңгімелескенімізде, менің сақ болуымды

және саясат туралы әңгімелерден аулақ болуымды өтінді, бірақ та маған

Израиль халқына деген мейірімді көзқарасым үшін өзінің ризашылығын

білдірді.

Геофизика институтының ЕО (ВЦ) инженері КОКП-ның (КПСС) Таяу

Шығыстағы саясатына қарсы баяндама жасағаны туралы қауесет бүкіл біздің

саны өте аз қалалық интеллигенция арасында тарап кетті. Бәлкім сол кезде

мен өзімнің болашақ тәлімгерлерімнің назарына түскен шығармын және олар

мені өздерінің қамқорлығына алған болар.

1967 жылдың жазында мен Шелекке темекі жинауға қайта барған едім.

Біздің ұйымнан жұмыстарға тағы үш лаборант қыз және бұрынғы

геологтардан шыққан сол баяғы «тез піскен» бөлінген болатын. Темекі

шырынынан менде қайтадан аллергия басталды. Бригадир мені темекі

тюктерін тиеп-түсіруге ауыстырып, менің өмірімді өте жеңілдеткен кенеп

қолғаптар берген еді.

Шілденің ортасына қарай «тез піскен» атақты «әнші шағылға» барып

қайтуды ұйғарды. Шелектен Аяққалқан дауажайына дейін отыз-ақ

шақырымдай болатын. Мені де шақырды, себебі біздің қызметтес қыздар

олардың қасында кемінде екі азамат болғанын қалаған еді.

Осылайша біз, бес адамнан тұратын топ болып кейде жаяу, кейде жолжөнекей

автокөлікпен, қасында қайық айлағы бар дауажайға түнге таяу

жеткенбіз. Іле өзенінің арғы жағына өту үшін өзенді жағалап 12 км жоғары

қарай және шағылға жету үшін құммен тағы да бір сағаттай жүруіміз қажет

еді. Түнде біз даужайдан алыстап барып кешкі тамағымызды ішуге кірістік.

Осы кезде «тез піскен» шляпасын шешіп, бүгін оның 30 жасқа толғанын,

сондықтан туған күнін тойлайтынымызды жариялады. Ол, бұған қажеттінің

барлығын өзімен бірге ала шығыпты: ауқымды иыққабынан болгар шарабы

386

«Гамзаның» шөлмектерін және әр түрлі жеңіл-желпі тамақты шығара

бастады...

Қысқасы, біз таңға таяу ғана ұйықтадық, алайда ұйқымыз қанбады,

өйткені туған күн иесі бізді тым ерте оятып жіберді де, біз арғы жағаға өтіп

алып шыжыған күннің астында шағылға қарай жүріп кеттік. Біз оған тал

түсте ғана жеттік. Шағылға қарай құмның үстімен жүрген кезде өзімізді

нағыз күйіп тұрған аптапқа түскендей сезіндік. Түнгі шараптан кейін қатты

шөлдеп, су іше бергіміз келді, ал бос шөлмектерге өзеннен толтырып алған

суымыз апаттық түрде, тез сарқыла бастаған еді...

Ақырында шағылдың етегіне жеттік те, биіктігі 300 метрдей құмды

тауды шабуылдауға кірістік. Тау біздің әр қадамымызға нар қобыз немесе

орган ойнап тұрғандай күңіреніп жауап қайтарды. Табан астындағы құмның

қызғаны соншалық, тіпті жасанды теріден тігілген аяқкиім ери бастады.

Қыздардың біреуінің бетінде қызыл дақтар пайда болып, ол есінен тана

бастаған еді... Тауға шығуымызды тоқтатуға тура келді. Шөлмектегі судың

қалғанын соңғы тамшысына дейін оған бердік те, өзіміз ары қарай не

істеуіміз керек? ‒ деп ойластыра бастадық. Біз бір ғана қорытындыға келдік –

ағзамыздың сусыздануы басталмай тұрып дереу өзенге тез жүгіріп жету

қажет, бірақ жүруге де күшіміз қалмаған еді. Біз бәріміз сексеуілдің қураған

бұтасының жоқ деуге болатын көлеңкесін паналап өлімнің келуін тоса

бастадық...

Осы кезде біреуіміздің аяқкиіміндегі бауы үзіліп, ыстық құм аяқкиімінің

ішіне құйылып кетті. Ауырғаннан шыдай алмай, қыз айқайлай бастады. «Тез

піскен» бауға жарайтын жіп іздеп иыққабын ақтара бастады. Жіп табылды,

бірақ иыққаптың ішінде көзге түспеген бүтін «Гамзаның» бір шөлмегі

қалыпты. Бізді құтқарған сол еді. Біз бұл ыстық шарапты кружкаларға құйып

тез ішіп алдық та, өзенге қарай жүгіре жөнелдік...

Өзенге жете сала суға сүңгідік те балшықтан лайланған, бірақ соған

қарамастан тәтті суды ұзақ іштік... Демімізді әзер алып, біраз тыныстағаннан

соң, біз күннің батуын тосуды ұйғардық та, кешкі салқын түсе бастаған кезде

кері қарай жылжыдық.

Біздің жолымыз болып, жолай жүк машинасының шанағында Масақ

ауылына жеткен едік, ал одан ары қарай автобуспен Шелекке де келіп жеттік

те, дүйсенбі күні таңертең темекі алқабына жұмысқа шықтық.

1968 жылдың көктеміне қарай, маман ретінде маған бұл ұжымда ештеңе

де бұйырмайтынын түсінген едім және де барып-қайту жолы да алыс

болатын, сондықтан мен үйіме жақындау жерден жұмыс іздестіре бастадым,

387

оның үстіне мемлекеттік тарату бойынша екі жылдық міндетті түрдегі еңбек

ету мерзімім де аяқталып қалған болатын.

«Тез піскеннің» құрған ұйымының қуатын мен тез арада сездім. Барлық

жерде «ақ» бастықтар менің азиялық түрімді көре сала «орын жоқ» немесе

«штат әлі бекітілмеген» деп жауап беретін болды. Енді өзімнің туған

республикамда менің ешқандай келешегім болмайтынын түсіндім.

ІІ. Космостанция

(13.03.1968 – 13.10.1970 ж.)

Тағы да, сол кездегі ойлауымша, маған көмекке құтты жағдай келе

қалды. Институтта бірге оқыған досым маған телефон шалып,

Космостанциядағы ЭЕМ-да инженер болып жұмыс істегің келе ме деп

сұрады.Тек үйден барып істейтін жұмыс, бес күн биіктігі 3500 метр тауда, екі

күн үйде боласың, бірақ еңбекақысы әжептәуір жеткілікті деген еді. Мен

келістім де, біраздан соң Космостанцияның базасына сұхбаттасуға

шақырылғанмын.

Мені станция бастығы ‒ физика-математика ғылымдарының кандидаты,

мәдениетті және ақкөңіл адам Владимир Иванович Яковлев қабылдаған

болатын. Одан мен станцияның ғарыштан келетін жоғары энергияның

бөлшектерін зерттейтінін білдім. Дипломымды ұсынып, мен «Минск-2 типті

орташа кластағы ЭЕМ-да істейтінімді, элементтік базасын жөндеудегі

әжептәуір тәжірибемнің бар екенін айттым. Бұл өте жақсы кешендер әлі

дұрыс пысықталмаған және олар үнемі «төгіліп түсетін».

Бастық, станцияның халықаралық екенін және онда Польша, Венгрия,

Болгария, Чехословакиядан келген атом зерттеуші ғалымдар жұмыс

істейтінін айтты. Олардың «Наири» типті машинасы ғылыми экспериментті

өңдеу режимінде жұмыс атқаратыны туралы айтқан еді. Ол маған, соңынан

белгілі болғандай, өте маңызды сұрақ қойған еді:

‒ Қалай ойлайсыз, осындай жауапты жұмыс үшін Сіздің біліміңіз

жеткілікті ме?

Бұл, күйанықтаудың және жетілдірудің үлкен мүмкіндіктері мен

ыңғайлықтарын ұсына алатын микропрограммалық басқару кешені екенін

мен досымнан алдын ала естіп, біліп алған болатынмын.

388

‒ Әрине, Сіздердің ЭЕМ-ыңыз «Минск-2»-ге қарағанда, кішілеу және

қарапайымдау, бірақ шынымды айтсам, мені станцияның халықаралық

дәрежесі абыржытады, сондықтан Сізді уятқа қалдырам ба деп қорқамын.

‒ Міне, бізге керек адам тура Сіз боласыз! – деп бастық біртүрлі

жеңілдене күрсінді. – Әрине, мен курстасыңыздан Сіз туралы біраз анықтама

жинаған едім, және менің бұл реттегі болжап, күткенім расталды. Мұндай

күрделі техниканы «бір қолыммен-ақ» мәтібіне келтіруге шамам жетіп тұр –

дейтін «сорлы» мамансымақтардан біз әбден қиналып болғанбыз! – деді.

Мен, жұмыстан шығуымды тез ресімдедім де, 1968 жылдың

науырызында қызметтік автобуспен Космостанцияға келіп жеткенмін.

Менің ЭЕМ-ім ғарыш сәулелерін ұстап белгілеуге арналған

құрылғылардың бүкіл кешені орналасқан ең үлкен корпуста тұр екен. Ол

жерде әлемнің ең қуатты, 36 текше метрлік колориметрін монтаждап жатыр

екен. Адамдар – негізінен жастар, үстіне кигені штормовка, жүздері биязы,

мені көздерімен атпай, ешқандай тыжырынусыз қабылдады, жүздерінде тек ‒

бұл жаңадан келген қандай адам? ‒ деген қызығушылық қана болды.

Керісінше, сығырайған көздерімен «туземецті» жақтыртпай бір шолып

шығып, сектор бастығы мені қабағынан қар жаудыра қарсы алды. Кейіннен

оның өзіміздің жергілікті екенін, біздің ҚазМУ-ды бітіргенін білдім. Мен

оны іштей, Ильф пен Петровтың романындағы кейіпкердің атымен ‒

«Корейко» деп атадым. Оның ауылда өскенін және жергілікті халықтың

«жалқаулығы мен қараңғылығына» баяғыдан көзі жеткенін кейінірек білдім.

Сондықтан ол, халықаралық станцияда «туземецтің» пайда болуын жай ғана

қателік деп санайтын.

Ол маған оң пайдасын тигізді. Мен өз-өзімді жинақы ұстап, оның үстіне

шетелдіктердің алдында елімнің намысын түсірмеу үшін барынша күш

салдым.

ЭЕМ-ді қарап тексеріп шыққаннан кейін, онсыз күйанықтауды жүргізу

мүмкін емес болатын инженерлік панельдің жұмыс істемей қалғанын

анықтадым. Ақаулылықты мен тез таптым – есілме ішіндегі сымдар белгісіз

жағдаймен үзіліп қалыпты. Бұл ақаулылықты жою үшін сымдарды тестермен

«звондап шығу» жолымен жөндеуге болар еді, бірақ та мен ажыраманың

біріншісінен екіншісіне дейін қолымды созып жеткізе алмадым...

Бұл кезде Мәскеуден штаттық электронщик те келіп жетті. Соңынан

белгілі болғандай, ол жетекші маман екен. Ол, осы приборлардан және

станцияның датчиктерінен ағылып келетін бүкіл ақпаратты жинақтайтын

және магниттік тасымалдауышқа жазып алып одан ары қарай оны ЭЕМ-ға

389

өңдеуге және талдауға жіберіп отыратын «Вишня» қондырғысының

әзірлеушісі екен. Ол, эллингтің кіреберісіндегі шетжағында орналасқан менің

шағын залыма да кірген еді. Көз әлпеті айқын және жайдары, жасы ересектеу

адам екен. Менімен амандасып, өзін Борис Васильевич деп таныстырған соң,

ол:

‒ Халыңыз қалай? Қандай қиыншылықтар бар? Инженерлік панельге не

болған? Мен Жаңа Жыл алдында Мәскеуге кеткенімде панель жұмыс істеп

тұрған еді. Бұл машинаның түбіне жеткендер есептеуіш техниканың

күрделілігі, ақауды іздеп табудың қиындығы туралы маған бүтіндей бір

дастан жазып берген еді! Мен әрине, ЭЕМ негіздерін жете білемін деп айта

алмаймын, бірақ олар маған ЭЕМ-ді менен де аз түсінетіндей болып көрінді!

– деді.

‒ Олар сіздердің мәскеулік инженерлеріңіз бе еді?

‒ Жо-жоқ! Біз, физик болса бәрін түсінеді деп жұмысқа жергілікті

физиктерді қабылдаған едік, соның нәтижесінде өзімізді жазалап отырмыз.

Есептеу техникасы бойынша дипломы бар мамандар Мәскеуде де

жеткіліксіз. Сен нені тауып қандай тұжырымға келдің және қиындығы неде?

Менің жеке құжаттарыммен танысып, менің кім екенімді, қандай

екенімді оның алдын ала біліп алғанын түсіндім!

‒ Барлық электроншылар үшін стандартты болып саналатын

қиындықтар. Тестердің ұштығымен көрші блоктағы ажырамаға жету үшін

шексіз ұзара алатын қол ғана жетпейді. Ақаудың қай жерде екенін мен

түсіндім, ал енді есілменің ішіндегі үзілген сымдарды тауып, оларды

ауыстыру қажет.

‒ Онда бұл қиын мәселе емес! Сені де менің миымды шірітер деп

ойлаған едім, ал сен болсаң «анығына қанығып» алыпсың ғой! Екінші

ұштығын маған бер де оны қай жерге тигізу керек екенін бұйыра бер!

Ол менің сұлбаны қалай оқығаныма және оған дәлме-дәл бұйрықтар

беріп отырғаныма ізетпен қарап отырды. Бірақ та, оған өз жазбаларым

бойынша оқып бергендегі тура сол жерлерде тестер шынында да үзілген

орынды көрсеткенде, ол маған бұрынғысынан да бетер жете түсіне, ізет

білдіріп, біршама таңырқай қарады.

Ол алақандарын қуана ұйқалады да:

‒ Енді көріп тұрмын! Біз сені таңдап алғанда жаңылмаған екенбіз!

Есілмені тарқатып алып сымдарды ауыстыруға кіріспейміз бе? – деді.

Менің жаубым оны одан бетер таңқалдырды:

390

‒ Бұл қалай, Б.В., сонда не, біз ЕЭМ-ді ғарышқа ұшырғалы тұрмыз ба?

Есілменің ешқандай тарқатуы қажет емес! Әйтпесе, бұдан да көп сымдарды

үзіп аламыз. Сымды ең қысқа жолмен екі түйіспенің арасымен өзіңізге қарай

тарта бастаңыз!

‒ Бірақ, онда радиотехниканың барлық ережелерін бұзғанымыз ғой бұл!

‒ Мұнда радиотехника емес, ЭЕМ тұр, сондықтан монтажды қалай

жүргізу керек екенін мен білемін. Айтқанымдай істей беріңіз!

‒ Жақсы! Мұндағы қожайын сенсің және осының салдары үшін жауап

беретін де өзіңсің.

Біз барлық сымдарды дәнекерлеп болғаннан соң мен ЭЕМ-ді іске қостым

– инженерлік панель жұмыс істей бастады! Осы кезде мен әлдене бір

қимылдарды сездім де артыма бұрылып мөлдір әйнек аралығы арқылы

көптеген көздер менің әрекеттерімді бақылап тұрғанын байқадым. Менің

нәзік есту қабілетімнің арқасында олардың құптаулары құлағыма жетті.

Қоштасарда, Б.В.:

‒ Ия, сонымен біз бірлесіп жұмыс істей алады екенбіз! Бірдеме қажет

бола қалса, хабарласарсың. ‒ деп, өз жұмыстарымен кетіп қалды.

Кейінірек білгенім, менің алдымда жұмыс істеген сары шашты, бойы

ұзын көк көз физик пен оның механигі, Ыстықкөлге бара жатқан көптеген

туристер Космостанция арқылы өткенде, солардың арасындағы сұлу

қыздарды ЕО-ға (ВЦ) әкелумен көбірек айналысқан көрінеді. Осы

ойнақтарының кезінде сымдар үзіліп жарылған болуы керек. Кейін, «ЭЕМ-ді

кернеудің секірулерінен қорғау блогын» жанып кеткен күйінде ЭЕМ-ның

құжаттамасымен бірге шкаф ішінде жатқан жерінен таптым. Блокты жұмыс

үстелімнің үстіне шығарып қарап шыққанымда төбе шашым тік тұрды –

блоктың платалары ыстанған, резисторлары жанған болып шықты. Қысқасы,

күрделі жөндеу жүргізу қажет еді.

«Наири» машинасын Франциядан шыққан армяндық репатриант

инженерлердің жобалағанын білдім. Олар бүкіл құжаттаманы бірге ала келіп,

Ереванда өте жақсы машинаның шығарылуына жағдай жасаған. Алайда,

қорғаныс блогын жергілікті шеберлер жобалап шығарыпты. Блоктың ішінде

кітапқа ұқсас етіп бүктелген екі платасы болды, ал олардың үстінде 56-

түйіспелік ажыраманың есілмесі салынған болатын. Платаға жету үшін осы

есілмені ажырамадан дәнекерлеп босату қажет еді. Адамды зеріктіретін бұл

қара жұмысты «ақ» адамдар істеуге ерінгені анық еді, бәлкім олар сымдарды

шатыстырып алудан қорыққан болуы керек, бұл үстіңгі түйіспелердің

бетіндегі дәнекерлеу іздерінен айқын көрініп тұрды... Мені бұл жәйт

391

абыржыта алмады. Жіңішке сымдарды қиып әзірлеп алдым да қағаз

тілімдерін дайындап алып, әр сымды дәнекерлеп босата отырып, оған

түйіспенің нөмірі жазылған қағаз тілімін жапсырып отырдым. Ақырсоңында,

есілмені босатып алып қайырып тастадым, одан ол түйіспелі нөмірлерден

тұратын жапырақтары бар ағашқа ұқсап, тік тұра қалды. Мен платаларды

ашып, бұрып алдым да, олардың күрделі жөндеуіне кірістім. Ең алдымен мен

платаларға кернеу беру үшін жанған трансформаторды жаңадан қайта орап

шықтым, содан кейін жаңа кернеу түзеткіштерін орнатып алдым. Одан кейін

номиналдарын сақтай отырып барлық аспалы монтажды ғана ауыстыруды

ұйғардым, ал жаңа транзисторлар мен диодтарды алдын ала «звондатып»

тексеріп отырдым. Блоктың үстінде салбырап тұруға мәжбүр болдым, осы

көп тер төккізетін жұмыс менің арқамды ұйытып тастайтын болды.

Жұмысымды аз да болса жеңілдету үшін мен көк дерматинмен қапталған

креслоның металды шынтақшаларының үстіне тақтай қойып алып тосын

жасалған орындыққа отыратын болдым, ал аяқтарымды газет төселген

отырғышқа қойып алдым. Өзіме біраз ыңғайлы болып, ісім тез алға басты.

Осы кезде Физтехтен дипломдық қорғаудың алдында жазғы

тағылымдамадан өту үшін бір топ студенттер келген еді. Олардың арасында

бір аса сымбатты жігіт болған. Ол мен отырған залға кірді де менімен емес,

ЭЕМ-мен таныса жөнеліп, сұрақтарын жаудыра бастады. Мен оған, бұдан

бұрын үлкен ЭЕМ-да жұмыс істегенімді, ал мына машинаның архитектурасы

өзгеше және басқару принципі микропрограммалық болуы, бұл кешенді өте

арзандатады, және де бұл мүлде жаңа, озық бағыт деп, оған жауап

қайтардым.

Маған алғашында бұндай қызығушылығы ұнады, содан кейін әдемі

аузын менсінбей қисайтып, есептеуіш техникасынан өзінің әлдеқайда артық

білетін ағылшын тілін көрсетпелеп тұрғанын байқадым. Ақырында, мені

жұмысымнан үзбеуін өте қатаң дауыспен өтіндім де, блокты жөндеуімді

жалғастыра бердім. Ол әрине, шығып кетті. Сол сәтте шкафтың артынан

Б.В.-ның шығып келе жатқанын байқадым. Ол қатты күлкіден сел-селк еткен

күйде:

‒ Өзің жаңа ғана кімді орнына қойғаныңды білесің бе? Ол өте үлкен

бастықтың ұлы, ал ол болса, біздің бүкіл жобамызды оп-оңай жауып тастай

алатын адам! Келесі жолы онымен сыпайылау болғаның абзал, әйтпесе

көптеген жағымсыздықтарға ұрынасың ғой! – деді.

Кейініректе, «алармист» (дүрліктіруші) басшылыққа, Космостанция

жұмысына қауіп-қатер төніп тұр, себебі ең басты, маңызды нысанда ЕО-да

(ВЦ) – оның құзырлығына өзі күмән келтіретін азиялық жұмыс істеп жатыр ‒

деп хабарлағанын естіп білген едім.

392

Бір аптадан соң блоктың ең жауапты бөлігінен басқасы дайын болуға

таяды. Енді, ажырамаға елу алты сымды мұқият дәнекерлеп жалғау керек

болатын. Таңертеңгі дәнекерлеуден кейін көзім талып қатты

шаршағандықтан бірдемені бүлдіріп алмау үшін демалуым керек деп шештім

де, жатын корпустан шұға көрпешемді және А. Азимовтың «Мен ‒

роботпын» кітабын алдым да қораның төбесіне шығып, күнге қыздырына

бастадым...

Осы кезде, тағы бір колориметр орналасқан туннельден шығатын

баспалдақпен ақ шашты егде адам көтеріліп, менің қасыма келген еді. Менің

көзіме түскені, ол өте тамаша киінген еді және өзінің «алтын» жалатқан сәнді

көзілдірігі бар екен. Ол жылы шыраймен менің кім екенімді және не бітіріп

жатқанымды сұрады.

‒ Мен ЭЕМ-да жұмыс істеймін, ал қазір, үзілісім кезінде демалып, күнге

күйіп жатырмын.

‒ Бұл жақсы екен! Азимовты оқып жатқаныңызды көріп тұрмын. Оны

Сіз қалай бағалайсыз?

‒ Болашақта басқа планеталарға ұшулар роботтарсыз болмай қоймас деп

пайымдаймын. Оның үстіне, зиянды орта жағдайында роботты ешкім

ауыстыра алмайды!

‒ Сізге сәттілік тілеймін.

Осы сөздерді айтқан ол, өз жолымен кетіп қалды. Ол – жобаның

басшысы, академик Сергей Иванович Никольский болып шықты.

Үзілістен кейін мен ЕО-ға келдім. Ең қажетті сәтте пайда болу қабілетіне

ие екенім анықталды... Менің алдымда қызықты қойылым ашыла бастады –

менің жұмыс орнымның алдында тура сол көзәйнекті адам тұр екен.

«Алармист» оған көлденең тақтайы қойылған менің кресломды, сонан кейін

– ішек қарыны ақтарылғандай ашып-шашылған блокты және пішіні қағаз

жапырақтары бар солып қалған ағашқа ұқсап шошайып тұрған есілмені

нұсқап көрсетіп тұр екен. Қысқасы, ол: ‒ «Аларм!» ‒ мына мәдениетсіз азиат

ғылымның түбіне жетіп құртқалы жатыр! ‒ деп, дабыл қағып жатқан еді.

Мені көре сала, олар шығып кетті, ал мен орныма келіп отырдым да

қалған сымдарды ажырамаға дәнекерлеп қосып, блокты тексердім... Ол істей

бастады! Автоматикасы деңгейлік ауысулардың плюстік те, минустік те

құламаларын сенімді түрде өңдеп, істеп жатты. Мен, залда көлденең жатқан

кабельді алып тастадым да, блокты өзінің аналық ұяшығына орнаттым –

кешеннің құрамында да блок сенімді жұмысын істеп тұрды. Мен ЭЕМ-ді

программиске тапсырдым да, өзім сұлбаларды ары қарай зерттеуімді

393

жалғастыра бердім. Кеш бата бастаған еді, жұмыс күнінің де аяқталуы таяп

қалған болатын, алда кешкі ас тосып тұрған...

Осы сәтте өңі кетіп шошынған аспирант маған кіріп келді. Дірілдеген

дауыспен ол, мені басшылар өзімнің залыма қарама-қарсы тұрған орталық

пультке келсін деп шақырып жатқанын хабарлады. Онда шағын диванның

үстінде станция бастығы отыр, ал оның қасында «Корейко» және манағы

«алтын» көзәйнекті адам бар екен. Мен келіп қарама-қарсы отырдым, ал

«Корейко» бірден шабуылға көшті:

‒ Қорғағыш блокты қайда жоғалтып жібердің? Мен шкафтардың бәрін

ақтардым, тіпті қоймаға да бардым, бірақ онда ол жоқ!

‒ Блок өзінің тұратын тиісті орнында ЭЕМ-да тұр!

‒ Сен не! Бұзылған блокты істеп тұрған машинаға қойыпсың ғой! Бұл

үшін сені сотқа беру керек!

‒ Мен, дипломы бар ЭЕМ инженерімін және өз ісімді білемін. Ал

блоктың ақаулылығын тексеру үшін ҚазМУ-ді бітірудің қажеті жоқ. Бұл ‒

қарапайым монтёрдің де қолынан келеді.

«Корейко» бұлқан-талқан болды:

‒ Сен, кәдімгі алаяқсың! Мен бұны бір көргеннен-ақ байқағанмын, ал

енді сенің ісің бітті! Жүр, көреміз нені былықтырғаныңды!

Осы сөздерді айтқан ол ЕО-ға бет бұрды, оның ізімен мен де

жылжыдым. Басшының, қолын сәл сілтеп, біздің соңымыздан Борис

Васильевичті жібергенін көзімнің қиығымен байқап қалдым...

«Корейко» ЭЕМ-ның жұмысын тоқтатып, артқы есігін ашты да блокты

көрді.

‒ Сен тіпті, вольтметрге желінің кернеуін жай ғана қоса салғансың!

Міне, көкетайым, енді сен өзіңді-өзің әшкереледің!

Ол бақыттан жайнап шыға келді. Мен оның маска тәрізді сұп-сұр бетінің

күлімдегенін алғашқы рет көрдім.

Мен оған үстелде жатқан бұрандағышты бердім де, потенциометр

арқылы кернеуді көбейтуді ұсындым. Ол оны үстіне қарай бұрап жіберді де

240 вольт деңгейінде блок ЭЕМ-ді өшіріп тастады.

‒ Максимумы бойынша топас та жасай алады, ал минимум бойымен

сенікі өте алмас!

Блок кернеуді 200 вольтке түскен кезде үзіп тастағанда, ол аһ ұрды:

394

‒ Бұл мүмкін емес!

Сол кезде Б.В.-ның жағдайды тез бағалап, басшыға қарай жүгіре

жөнелгенін байқадым. Менің, аңшылардың бәріне тән есту қабілетімнің өте

нәзік екенін ешкім білмейтін:

‒ Сергей Иванович! Оның инженерлік алғырлығы қалыпты деңгейде деп

айтқан болатынмын. Бұны мен инженерлік пультті жөндеген кезде

байқағанмын. Мұнда да ол менің болжамдарымды ақтап шықты – ешқандай

сиқыр жоқ. Блок штаттық режимде істеп тұр!

Сергей Иванович маған бұрылып:

‒ Сіздің бұл жерді баурап алғаныңызды көріп тұрмын! Қандай

өтініштеріңіз бар? Бізде Сізге не ұнайды, ал несі ұнамайды? – деп сұрады.

Маған бәрі ұнайды – жұмысым да, менімен өзара қатынасуы да, және

әсіресе ұнағаны – мұнда ақылды адамдар көп екен. Олармен араласа жүріп

менің өзім де ақылды болып кеткен сияқтымын! Ал менің тағы бір түсінгенім

‒ кеңестік физик қорғасын тақталарды тиеу, швеллерлерді арқалап тасу,

пісірмелеу, дәнекерлеу, бұрғылау үшін сонымен қатар физикалық тұрғыдан

күшті болуы керек екенін түсіндім – жалпы айтқанда, жан-жақты

машықтанған шебер болуы тиіс! Ал ұнамайтыны – менде блокты бекітіп, кез

келген бұрышпен бұра алатын дұрыс монтаждық үстелімнің жоқтығы.

Сондықтан, креслодан «отырғыш» жасап алуыма тура келді, және тек осы

қалыпта ғана мен дәнекерлеу мен монтажды дұрыстап жүргізуге мүмкіндік

алдым!

Менің жауабым С.И. Никольскийді қанағаттандырғаны көрініп тұрды

және ол маған, бұдан арғы табыстарға жете беруімді тілеп, кетіп қалды.

Көзімнің қиығымен «Корейконың» қандай күйзеліске түсіп қара бет болып

қорланғанын байқадым – оның маған берген мінездемелері – құр жала жабу

болып шықты. Мен өзіме өшпес дұшпан тапқанымды түсіндім, өйткені

бұндай типтегі адамдар төменгі нәсілдің адамдарынан алған қорлауын

ешқашан кешірмейді.

Кейінірек аспирант В. Павлюченко менің қасыма келіп:

‒ Біз бәріміз, сенің «Корейконы» монтёрмен салыстырғаныңды және ол

сені электрониканы үстірт біледі деп көрсетуге тырысып, С.И.-дің алдында

өзінің «артын ашып» масқара болғанын естігенбіз. Сен үшін өңменнен өтер

салмақты сөзін жұмыс істеп тұрған блок айтты! Ал физик ‒ біздерде, темір

заң бар: «Ең елеусіз факт ең әдемі теорияны ұрып жығады!» Алайда бұл

адамнан сақтанғаның жөн – оның арамзалығын басымыздан кешкенбіз, ол

бәріміз туралы басшылықты құлағдар етіп жүреді.

395

Бірақ өмір мені сынауын жалғастыра берді, шамамен бір аптадан соң

менің түскі үзілісім кезінде аспирант жүгіріп келіп, ЭЕМ-ның жұмыс істемей

қалғанын айтты.

‒ Қалай істемей қалды – «қарысып» қалды ма, әлде кідірістермен істеп

жатыр ма?

‒ Жоға! Шын, өлген, тіпті тоқтап тұрған да жоқ!

Мен эллинге кірдім де, жүріп келе жатып алақандарымды ұйқалай

бастадым.

‒ Неменеге қуанып келесің, машина жұмыс істемей тұр ғой?

‒ Инженер болып әрекеттенуіме мүмкіндік туғанына!

‒ Ал, жарайды онда! Іске сәт, әйтпесе қазір жауапты эксперимент өтіп

жатыр. Машиналық есептеу аса қажет!

ЕО-ға келе сала, мен бірден қосу командасын теріп енгіздім де, бұл

операцияны әр қадамының ретімен орындай бастадым. Бірнеше минуттан

соң индикациядан төртінші разрядпен ығысудың өтпей жатқанын көрдім.

Сұлбадан мен осы разряд үшін жауап беретін блокты тауып, триггерді бері

шығарып оны дәнекерлеп ағыта бастадым. Аспирант залға басын сұғып:

‒ Ал, не болып жатыр? Бәрі дұрыс па? – деп сұрады.

‒ Ия! «Өліп қалған» ұяшықты дәнекерлеп босатып жатырмын және

шамамен он минуттан кейін тестілік тексеруді бастаймын!

Нәзік естуіммен оның біреуге менің сөздерімді қайталағанын сезген

едім. Бірнеше минуттан соң ұяшықты ауыстырдым да блокты орнына енгізіп

орнаттым және тестті іске қостым. Машина жүре бастады! Бұл менің өз

қолыммен бірінші рет жойған ақаулылық еді. Мен өз дипломымымды

ақтадым!

Тест өтіп болғанда мен есікті аштым да: ‒ ЭЕМ өз режимінде істеп тұр.

Жұмысқа кірісуге болады! ‒ деп хабарладым. Жауап ретінде қол

шапалақтаулар естілді – осылай, колориметрді монтаждаған жігіттер мені

ЭЕМ-ді жөндеудің былайша айтқанда «сәтті бастамасымен», ал өздерін –

ұйымда енді әрекеттегі инженердің пайда болуымен құттықтады!

Кейіннен, В. Павлюченко маған: ‒ Сенің «инженер болып әрекеттенудің

мүмкіндігі туды» деген сөздерің басшыларға тиісті әсерін тигізді, ал жарты

сағат ішінде ақаулылықты ауыздықтап тастағаныңда, олар – эксперимент

ойдағыдай орындалатын болды деп, жеңілдене күрсінген еді, ‒ деп жеткізді.

396

Арғысында мен В. Павлюченкомен достасып кеттім. Оған, аспирант

ретінде, ЭЕМ-да апта сайын жарты-ақ сағат бөлінген болатын. Мен өзіме

тиесілі тестілік айдап өтуге берілетін уақытымды оған беріп отырдым, бірақ

бұл үшін ол маған «ақытөлем» ретінде физика тарихын баяндап беруі тиіс

еді. Мен одан ұлы физиктер – Ландау, Иоффе, П. Капица туралы және де

Фейнман, Милликен жайлы естіп білдім, бірақ бәрінен де ерекше мені

«Паулидің эффекті» қызықтырды. Бұл физиктің ‒ маңайындағы барлық

приборлардың істемей қалатынымен және тіпті желідегі кернеудің де істен

шығатынымен атағы шыққан! Мен бұның бәрін кәсіптік «қалжыңдар» деп

қабылдағанмын, алайда демалыс күндерінен кейін мен залға кіргенімде бір

физик айқай салды:

‒ Ура! Машина істей бастады! Қожайыны қайтып келіп еді, ЭЕМ

қырсықтануын қойды!

Мен біраз ойланып қалдым. Ол кезде мен тек ғылымға ғана сенетінмін

және мұны жай кездейсоқ құбылыс деп санадым. Бірақ та, ерекше маңызды

эксперименттерді есептеу кезінде физиктер мені ЭЕМ-ның қасында

сақтандыру үшін жай ғана отыра тұруға шақыра бастағанда, бұл олардың

қалжыңы емес, бұған олар шынымен сенетінін түсіндім. Осындай құбылыс

үшін оларда тіпті «визит-эффект» деп аталатын дайын термині де бар екен.

Сонан соң ЭЕМ-ның телетайпы қырсығатын болды. Ол, нәтижелерді

басып шығаруға және сонымен қатар перфолентадан механикалық «енгізушығару»

қызметін атқаратын. Желімделіп жалғанатын тұстарында

перфолента жиі іркіліп, шайнала беретін, сондықтан программаны енгізу 10

минуттан жарты сағатқа дейін созылатын. Бұрынғы ЭЕМ-да мен дәл сол

перфоленталық фотоенгізуге үйреніп қалған едім, бірақ онда, арнайы

құрылғының арқасында, жылдамдық әлдеқайда жоғары болған. Бірақ ол

құрылғының құны басқару блогымен қоса алғанда, «Наири-2» құнының қақ

жартысын құрайтын. Ал әзірше мен, қолда бар құрылғыны тірілту жолын

қарастыра бастадым.

Жетекші білікті қолмен айналдырып көрдім де, тісті фрикционның

тістері әбден тозғандықтан таспаны іле алмай тайғанай беретінін және оны

жай ауыстыра салу керектігін түсіндім. Бұрынғы жұмыс орнымдағы механик,

маған: «Механика – ол, таңдаулылардың ғана ісі, сондықтан сенің басып

шығару және енгізу дегендерге тіпті жақындамағаның абзал» – деп, асқан

байыптылықпен мән бере отырып түсіндірген болатын.

Бірақ мұнда мен «жалғыз жауынгер» едім және физиктер, олардың

арасында шетелдіктер де, маған үміт арта қарап тұрған болатын. Ұлтымның

намысын түсірмеу үшін, мен қатты күшеніп, ақырында ойлап таптым –

397

білікті мойынтіректен жаншымалап шығарып алып, бөлшектерді темір

шыбыққа тізе бастадым...

Осылайша, алғашқы рет көріп тұрған бөлшектерді шатыстырып алмау

мақсатымен мен өзінше бір «Ариаднаның жібін» құрастырып алдым. Бәрі

ойдағыдай іске асты да, мен бұл фрикционды қоймадағы қордан алынған

жаңасымен ауыстырдым, алайда оның ең соңғы фрикцион екенін және қорда

басқасы енді мүлдем қалмағанын көрдім.

Физиктер, фрикционның шамамен жарты жылға жететінін маған айтқан

болатын. Олар өздерінің жұмыстарын жалғастыра берді, ал мен болсам,

жарты жылдан соң фрикционды қайдан табам деп, ойға баттым. Бәлкім

кездейсоқ емес шығар, бірде мен, теледидардан көрсетілген бір хабардан,

жұмыс істегенде шуылы өте баяу естілетін, өзі жылдам және сенімді жаңа

неміс телетайпының біздің телеграфқа орнатылғанын білдім. Менікі болса,

пулемёттей тарсылдайтын, сондықтан мен ЭЕМ залынан шығып кетуге және

орталық пульттің қасындағы креслода отырып, тосуға мәжбүр болатынмын.

Мен, бұл телетайптардың бастапқы деректерін анықтап алып, Лебедев

атындағы Физикалық институттың базасына техникалық көмек көрсету

өтінішімен ұйымның хатын тапсыруға Орталық телеграфқа кіріп шыққан

едім. Ол кезде «Ғарыш» деген сөз кез келген есікті ашатын және осылай, мен

1968 жылғы тамыздың аяғында Космостанцияға немістің телетайпын және

перфоленталық енгізу-шығаруын алып келдім. Менімен бірге механик те

келген. Мен оны жарты мөлшерлеме көлеміндегі еңбекақыға аппаратқа

қызмет көрсету үшін жұмысқа алған едім. Ажырамасын сәл өңдегеннен соң,

сол күні-ақ телетайпты іске қостым, ал механик оның соңғы баптауын

жүргізді. Жұмысын көрсетпелеу кезінде аппараттың шуылсыз істеп тұрғаны

соншалық, тіпті физиктер – ол істемей тұр деп ойлады, бірақ та – басылып

шыққан беттерді көргенде, олар мәз-мейрам болған еді.

Енді немістің перфоленталық енгізу-шығаруын қосу ғана қалған еді. Ол

ЭЕМ мен істеуге арналмаған, сондықтан оған қосымша жетілдіру жасау

керек болды. Бұл үшін мен реленің соленоидын алып, құрылғының түбіне

бекіттім, ал тартымдық иінтірегі ретінде бастапқыда жуан эмальді сымның

кесігін қолдандым.

ЭЕМ-нен сымдарды релеге тартып жалғадым, ол өз кезегінде таспаны

қадымдап жылжыта бастады да, құрылғыны іске қосты. Аппарат грузиндік

«Риониден» де жылдамырақ істей бастады. Оның үстіне, енгізу және

перфорациялау әр түрлі жолдармен іске асырылатын болды. Программаны

енгізу кезіндегі кенеттен жаңылысуға әкелетін ақаулар бұдан былай

туындамайтын болды.

398

Осы сынақтық жұмыстар кезінде жетекші физиктердің бірі Евгений

Иванович Т. қасыма келіп, менің жасаған жетілдіруімді дөрекі түрде

мазақтауға кірісті:

‒ Бұл неткен бишаралық? Мына бекітпесі не? Ал мына сымың не? Сен,

әлгі унтер-офицердің өзін-өзі қамшымен сабап тастаған әйгілі жесіріне

ұқсайсың! Алаяқ екеніңді ақырында міне, өз қолыңмен әшкереледің бе!

Біреудің жобалаған блогын жөндеу ‒ ол бір басқа, ал өз қолыңмен нақты іс

жасау ‒ мүлде басқа!

Мен сабырлықпен жауап қаттым:

‒ Сізге не болған, көрмей тұрсыз ба, бұл жәй ғана модель емеспе, оны

мен жұмыс істей ме, жоқ па деп, тексеріп көргенмін. Сіз физик бола тұра

өздеріңіздің қондырғыларыңыздың моделін жасамаушы ма едіңіз? Егер Сіз

өзіңіздің қызметтік пысықсынуыңызды сәл кейінірек көрсеткеніңізде,

өзіңіздің мені менсінбеушілігіңізді және сонымен қоса өзіңіздің «жоғары

мәдениеттілігіңіз» бен оқымыстылығыңызды көрсетпелеуге сізде ешқандай

себеп те болмас еді! Айтпақшы, орыстың ұлы «сатирі» Салтыков-Щедриннің

бұдан да басқа кейіпкерлері: унтер Пришибеев, полицеймейстер Держиморда

бар ғой... Солардың қайсысы Сізге жақынырақ, құрметті Евгений Иванович?

Беті ызадан қып-қызыл болған ол:

‒ Қарай гөр, қандай мәдениетті! Өз басымызға пәле іздеп, сендерді

оқытқанымыз-ай! Әлі сазайыңды берермін саған, инженерсымақ! – деді.

‒ Жақсы. Сіз енді мен туралы басшылыққа рапорт жазыңыз! Сіздің

саққұлақтығыңызды да, «жоғары мәдениетіңізді» де олар бағалайды деп

сенемін!

Ол кетіп қалды, ал мен ақшылдау қаңылтырдан тартымдық иінтірекше

қиып алдым да, оны жұқа егеумен өңдеп, қырларын ішіне қарай иіп,

бекітілетін тұстарын қызыл лакпен сырладым. Ол, зауытта жасалғандай, тіпті

әжептәуір болып шықты. Жаңа енгізуі бар ЭЕМ-ды Александр Иванович

Куличенкоға тапсырдым. Бұл украиндық мені туысындай көретін және

«камералықтардың» табалауынан үнемі қорғап жүретін. Олардың: «Машина

істемейді, программа жылжымайды!» ‒ деген шағымдануларына ол қатаң

дауыспен: «Машина үш ауысым бойы тоқтамай істеп тұр, ал сендердің

мыйларың жұмыс істемейді! Барыңдар да, оларыңды тазартыңдар, біздің

одақтасымыз алдында физик атын қорламаңдар! Енді ғана ЭЕМ-да жөні

дұрыс инженер пайда болған еді, ал сендер оны қуып шығуды ойлайсыңдар!

Мен сендерге ондай ләззат бере алмаймын!» ‒ деп жауап қайтарған болатын.

‒ Міне, Александр Иванович, жаңа енгізу. Байқап көресіз бе?

399

Ол таспаны орнатты да, керемет қуанып:

‒ Қандай тез жүріп жатыр, сонда ол енді таспаны шайнамайтын болды

ма? – деді.

‒ Әрине, шайнамайды! Бұл неміс аппараты ғой. Енді механизмді

жұдырықпен тоқпақтап, күйіп-пісудің қажеті жоқ. Енгізу кезінде енді жай

ғана демалып, тосып отыру ғана қалды!

‒ Беу сабазым-ай, жарайсың, бізге тарту еткен осы сыйлығың үшін саған

үлкен алғысымызды айтамын!

Осы сәтте станция бастығы В.И. Яковлев кіріп келіп, әдеттегі жылы

шырайымен сұрақ қойған еді:

‒ Ия, халдарың қалай? Істеріңнің оңға басқанын – аппараттың істеп

тұрғанын көріп тұрмын! Александр Иванович, оны Сіз қалай бағалайсыз?

‒ Мынау бір ғажап болды! Бұрынғы енгізуден мен инфаркт алам ба деп

жүргенмін. Ал енді, Едиханның арқасында, еңгізу жүріп жатқанда өзімнің

жазбаларымды қарап шығуыма, не болмаса, жәй залға шығып, темекі тартып

алуыма да болады. Кешеннің қожайыны барлық темекі шегушілерді мұнда

бас сұқпайтындай етіп жөндіктірді. Бұны, оның жалғыз ғана кемшілігі деуге

болады. Біздің бүтіндей бір арқан жүйкемізді сақтап қалған екпінді еңбегі

үшін атап өтуге лайық деп ойлаймын!

‒ Жақсы! Мен келісемін.

Е.И.Т.-ның сауатты «туземецтің» үстінен шағымданғаны, бірақ көздеген

әсерін тудыра алмағаны айдан анық еді, алайда өзіме теріс ниетті қасақы

тауып алдым.

Неміс енгізуін ЭЕМ-ға қосқаным туралы хабар ең алдымен

«шетелдіктерді» таңқалдырған болатын. Венгрияда, Чехословакияда және

Болгарияда неміс мәдениетіне және техникасына да үлкен құрметпен

қарайды. Барлығы да бұл ғажапты – «қазақ баласының» асау «немісті»

қалайша ауыздықтап үйретіп алғанын көруге келген еді. Олар менің жасап

алған қосалқы өңдеуімді таңдана зерттеп, бастарын ғана шайқап, үнсіз

шығып жатты.

Біраз уақыттан соң венгрлер тура сол неміс телетайпы жалғанған

өздерінің қондырғыларын алып келді. Олардың монтаждық бригадасы

Будапештпен арадағы байланысты орната бастады. Біз олармен, бізде көптен

бері жұмыс істеп жүрген және орыс тілін үйреніп алған Бенко Дьёрд пен

Андраштың көмегімен өзара белсенді қарым-қатынас орнаттық.

Космостанцияның бірқалыпты және ішті пыстыратын тұйық кеңістігіне бұл

400

қандай да болса әр түрлілікті енгізетін еді. Жаңа қондырғыны қызыға қарап

шыққанымда менің бір платаға назарым түскен еді ‒ оның ішіндегі қызыл

түсті резисторлары ұлттық ою-өрнек түрінде орналастырылыпты. Андраш

менің айтқанымды қонақтарға аударып бергенде, олар құптап шулай

жөнелді, ал Андраш менің мұнда басты буын – ЭЕМ инженері болып

табылатынымды және бүкіл эксперимент менің компьютерімде

жүргізілетінін айтқанда, олар бірінен соң бірі келіп менің қолымды қысты.

Андраш, оларда – Венгрияда ЭЕМ инженері – аса қадірленетін кәсіп екенін

бізге түсіндіріп, олардың қандасы осындай мамандықты игеріп алғанын және

осындай жоғары бағаланатын ғылымға қызмет ететінін мақтан тұтатынын

айтты. Қонақтардың мені «қандасымыз» деп атауының себебі ‒ Венгрияда

олардың этногенезіне түркілердің қатысқанын біледі де, оны мақтан етеді.

Біраз уақыттан соң Андраш менен, олардың қондырғысына келіп

кетуімді өтінді. Олардың шеберлері, хабар алмасу кезінде әлдене аяқ астынан

іске қосылып, хабардың үзіліп кететінін түсіндірді де, бастықтары түскі асын

ішуден оралмай тұрып, ақаулылықты жоюға көмектесуімді, әйтпесе олар

келеңсіз жағдайға ұрынатынын маған түсіндіріп, өтіне бастады. Бұл мәселе

маған бұрыннан таныс еді, сондықтан мен автожауап бергіштің қақпағын

бұрандадан босатып аштым. Оның ішінде авиациялық қозғалтқыштың

турбинасына ұқсас бір тетік тұрған еді. Мен осы «турбинканы» суырып

алдым, бір ағаш кесегін тауып, алып келдім де соның үстіне «турбинканы»

беттестіріп қойып, ұзындығын белгілеп алдым, сонан соң ағашты

балалардың ілекеш деп аталатын ойынының «уәлләйіне» ұқсас етіп жона

бастадым. Венгрлердің механигі менің әрекетімді секемдене бақылап тұрды.

Бірақ та мен екі жағынан ұшталған осы «уәлләйді» неміс механизмінің ішіне

орнатуға кіріскенімде, ол қатты үрейленіп, шошынған дауыспен Андрашқа

бірдемеңелерді айқайлап айта бастады. Ол да қорқып кеткен еді. Мен оларды

өзімнің ЕО-ма ертіп апарып, біздің телетайпта тұрған дәл сондай

«құрылғыны» көрсеттім. Олар біраз тынышталды. Мен олардан байланыс

желісін іске қосуын сұрадым... Аппарат жұмыс істей бастады да,

Будапешттен «желі қалыпты істеп тұр» деген хабарлама жетіп, басылып

шықты. Венгр маған өзінің араша түскен құтқарушысындай қараса да, бұның

сыры неде деп сұрады. Мен оған «уәлләймен» автожауап бергішті

ажыратқанымды және ол енді байланысқа кедергі бола алмайды деп жауап

қайтарған едім.

Алайда, венгр қолын жүрек тұсына басып, және маған қарап

бірдеңелерді айтып, тоқтамай сөйлей жөнелді. Андраш, оның мені көмек

бергенім үшін алғыс айтып жатқанын, бірақ олардың басшысы немістің

аппаратында қазақтың ағашы тұрғанына келісе қоймас, сондықтан оны қалай

401

ауыстыруға болатынын сұрайды деп аударып берді. Мен ағашымды суырып

алып, оған автожауап бергіштің түйіспелерін көрсеттім де, оларды оқшаулап

тастау керек – бар болғаны осы! – дедім. Бұны ешкім байқамайды. Ал сіздер

басшылықтарыңызға: ақауды өзіміз-ақ тауып, жойдық деп айта салыңыздар.

Ол менің көзімше түйіспелерді фирмалық қара оқшаулағыш таспамен

оқшаулады да, аппаратты іске қосты. Кетіп бара жатып, мен механиктің

қуаныштан жымиып, қос қолдап бұлғап тұрғанын көрдім. Осы оқиғадан

кейін «шетелдіктер» де маған ерекше ізет білдіріп қарайтын болды.

1969 жылдың жазы келді. Бір күні маған болгарлық Данчо Стаменов

келіп Болгарияда өндірілген аспалы сцинтилляторлардың зарядталған

бөлшектерді Жер атмосферасына соғылуы кезінде ұстап бекіткен ядролық

өзара әрекеттесулерді есептеу бағдарламасын жазып беруді өтінген болатын.

Мен оған өзімнің электроншы екендігімді, былайша айтқанда компьютердің

«темірі» жөніндегі маман болып табылатынымды, ал программа жазуды тек

тестілік бағдарламалар көлемінде ғана білетінімді оған түсіндіруге

тырыстым...

Бірақ та ол өзінің шарасыз жағдайын айтып, қоймады: егер ол

жұмыстарының қорытындысын өзінің Ғылым Академиясына ұсына алмаса,

онда оны жұмыстан шығарып тастайды, одан ары екі жылға армияға

шақырылатынын, ал одан кейін ғылыммен және тәуір жұмыспен қоштасуына

тура келетіні жайлы қыңқылдай берді.

Мен оған, ешқашан программаларды жазбағанымды және одан: ‒ Неге

өзіңнің мәскеулік физик-әріптестеріңе жүгінбейсің? ‒ деп сұрадым, өйткені

олардың бәрінің өз программалары бар емес пе және бір емес, бірнешеуі бар

болуы тиіс, ‒ деп дәлелдеуге тырыстым.

‒ Олардың барлығы маған көмектесуден бас тартты! Оның үстіне мен

ЭЕМ-дағы машиналық уақытты пайдаланушы ретінде олардың бәсекелесіне

айналамын. Ал ғылымда әркім өз басын күйттейді! Сондықтан, егер маған

көмектеспесең, онда менің атомшы- физик ретіндегі мансабымның құрдымға

кетері анық! Ең болмаса, болгар-кеңестік достығы үшін жасап көрсеңші. Мен

саған барлық формулалар мен есептеулерді қолыңа берейін, ал сен соның

барлығын машина тіліне айналдырып берші. Мен баяғыдан байқап жүрмін,

қандай да болсын іске кіріссең – соның бәрін нәтижелі орындап, соңына

дейін жеткізесің!

Бұл іс қолымнан келмей қалса, шетелдіктердің алдында қазақ елімнің

намысын ұятқа қалдырып алам ба деген ауыр ойлармен осы жұмысқа

кірістім...

402

Бірақ, бірнеше күннен кейін мен программаның тек формулалардан

тұратын үштен бір бөлігін жазып қойдым – одан ары деректердің

сұрыптауын жүргізе бастадым. Енді, максимальді және минимальді

нәтижелерді есепке алмай, коэффициенттер бойынша кесте құру қажет

болды. Бағдарлама жасаудың бұл тәсілдерін өзімнің ойлап шығаруым қажет

еді, сондықтан жақсылап тұрып басты қатыруға тура келді.

Қорытындысында, бағдарламаның негізгі бөлігін мен үш апта ішінде

аяқтадым. Алайда, бұл кезде Тодор деген жас физик келген болатын, Данчо

оған да қосымша өңдеу жазып беруді өтінді, себебі Тодор Болгариядағы аса

ықпалды адамның ұлы екен.

‒ Әрине! Біз өте қонақжай халықпыз және қолымнан келген көмегімді

қуана ұсынуға дайынмын.

Еуропалық адам ретінде Данчо сұрақ қойды:

‒ Жұмыс үшін қанша ақы төлеу керек?

‒ Ештеңе де керек емес! Мен болгар бауырларыма қолғабыс етуге

қуаныштымын, оның үстіне біз, қазақтар және сіздер, болгарлар – қаны бір

туыстармыз! Сіздер, Аспарух хан Дунайдың жағалауына алып келген

түркілердің былғар тайпасынан тарайсыңыздар емес пе?!

‒ Солай ма! Сенің атың Едихан болса, демек сен хан тұқымынан екенсің

ғой?

‒ Ия! Менің тегімді дәлелдейтін қағаздар жоқ. Соғыс кезінде 1942 жылы

әкемнің еркімен мамам паспортист әйелге менің таптық тұрғыдан

қабылданбайтын хандық атым, тегім және әкемнің аты жазылған қағазды

паспортист әйелге ұсынғанда, мамамның қандай тәуекелге бас тіккенін

өздеріңіз көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші. Паспортист әйелдің

назарын басқа жаққа аударғаны – ол, қолы қойылып мөрі басылған

метриканы мамамның оқып, әкемнің аты тұрған жерінде қатені байқап, соны

көрсетуі еді:

‒ Мына жері дұрыс емес! Мен, қатесі болмасын деп, баспалық

әріптермен жазып беріп едім ғой!

‒ Сендер «хайуандарға» қандай атпен аталсаңдар да бәрібір емес пе?

Мына метриканы ал да, жоғал, әйтпесе НКВД-ға қоңырау шалам!

Мамам, құжатты ала салып тез қаша жөнелген. Мектепке барғанда, мені

Эдуард деп жаза салған болатын, осылайша мені көптеген келеңсіздіктерден

құтқарған еді.

403

‒ Сенің шынында да патшалар әулетінен екеніңді енді мен де білемін!

Бұны мен сенің жасаған текті істеріңнен-ақ көріп тұрмын!

Мен алгоритмді алдым да, программаның соңғы блогы кешке таяу дайын

болды. Оператор Таня программаны теріп енгізді де машинаны іске қосты.

ЭЕМ қарысып тоқтап қалды! Мен, Данчоның қобалжығанын көріп, нық

дауыспен оған:

‒ Былай істейміз! ЭЕМ-ды есепке алмаймыз, менің қатемнің болуын да

есепке алмаймыз! – дедім.

Данчоның жүзінде үміт оты жалт етті...

‒ Тек пәрмендерді теру кезінде ғана қате жіберілген. Маған

программаның басып шығарылған бетін берші.

Программаны қарап шығып, циклдендіруді білдіретін «+» белгісінің

басылмай қалғанын тауып алдым.

‒ Міне, қате! Плюсті қоса сал, сонда программа жүреді.

Шынында да, түзету енгізгеннен соң программа жүре бастады да,

бірінші нәтижені шығарып берді. Осылай, үш апта ішінде мен өз бетіммен

кәсіби программистке үйреніп, жұмысын игеріп алдым! Данчо, басылған

нәтижені өзінің жазбаларымен салыстырды да, тура зал ішінде болгар биін

билей бастады! Сонан кейін ол маған:

‒ Мен сенің әрекеттеріңнің дұрыстығына әбден сенімді болғанмын және

сенің бұған көзің жетуі үшін міне, қара: мынау – станция бастығының қолы

қойылған бүгінгі түнге және одан ары дүйсенбіге дейін берілген машиналық

уақыттың кестесі! Ал біздің табысқа жететінімізге менің алдын ала сенімді

болғаныма сенің одан ары көз жеткізуің үшін мінеки – мен сені өзімнің

жертөлеме шақырамын, ол жерде болгарлық шарап пен жеңіл тамағы тосып

тұрған мерекелік дастарқан дайын тұр!

Данчоның өтінішімен, сақтандыру үшін мен демалыс күндеріне жұмыста

қалдым. Дүйсенбі күні түске таяу Данчо өзінің есептеулерінің негізгі бөлігін

аяқтады және экспериментті соңына дейін жетілдіріп болғаннан соң есеп

беруге Мәскеуге, одан ары Болгарияға қайтып кеткен еді. Болгарияда оның

жұмысы ең жоғары бағаға ие болып, оған оның сапарын тағы да үш жылға,

бір жыл Мәскеуде ФИАН-да болуға және Космостанцияда эксперимент

жүргізу үшін екі жылға ұзартты.

Осылайша, қызу жұмыс үстінде менің мұндағы бірінші жұмыс жылым

өтті. Жаздың соңына қарай ФИАН маған Қырымға, біздің базамыз

орналасқан Симеизге жолдама бөліп берді. Бұл кәдімгі шатырлы қалашық

404

болатын. Маған бөлінген төсегі, үстелі және тумбочкасы бар жеке шатыр

берілгені бірден демалушылардың назарына ілінді. Бірақ та, қалашықтың

бастығы бұның «Ерен еңбегі үшін!» деп басшылықтың өкімі бойынша

берілгенін оларға түсіндірді. Бұл әрине ФИАН қызметкерлерінің отбасы

мүшелері – мәскеуліктердің шынайы көңілмен қызығушылығын тудырды.

Мұнда егде адамдар да, ересектер де, мектеп түлектері де бар болатын.

Олармен әңгімелесу барысында мен сұмдық күйге түскен едім – олардың

көпшілігі, соның ішінде мектеп түлектері Қазақстанның және оның

астанасының қайда орналасқанын білмейді екен. Сондықтан, география,

этнография, тарих, соның ішінде Рейсейдің тарихы бойынша да, біраз уақыт

лектор болып «жұмыс атқаруыма» тура келді...

Демалыс кезеңінің соңына қарай біз әбден достасып кеттік, ал олар ‒ көп

әйел алатын және есек мінетін жабайылар деп ойлауын қойған еді...

Достарымның шақыруымен – Қырымнан шығып Мәскеуге келдім. 1969

жыл болатын ‒ Мәскеу мені адамдар мен машиналар санымен кәдімгідей

есеңгіреткен еді. Бірақ театрлар мен музейлер саны мені одан арман тітіретті.

Бүкіл бос уақытымда мен күндіз музейлерді араладым, ал кештерде – Кеңес

Армиясы, Немирович-Данченко, Ленком, Современник сынды театрларға

барып жүрдім... Кассада билет болмай қалғанда, кіреберістен, әрине үстіне

ақша қосып қолдан алатынмын – мен үшін өнер кез келген ақшадан қымбат

еді.

Бір күні, музейден кейін мен Стенька Разин және Пугачёв өлім жазасына

тартылған арнайы жазалау орнына (Лобное место) келдім. Бұл орын маған

өте таныс сияқты болып көрінді, ал түн ішінде мені бөлмелес адам оятып:

‒ Сен неге аяқ-қолың тырысып-тартылып, жан ұшыра айқайлайсың?

Жедел жәрдем шақыру керек пе? Бүгін тағы да қайда барғансың?

‒ Мен, адамдарды жазалап өлтіретін орында болғанмын! Ал, ол жерге

мен музейлерге айналдырылған бұрынғы шіркеулер жағынан қызыл

кірпіштен қаланған әлдебір туннельдің ішімен келген едім. Кенеттен,

кірпіштердің жігінен қан тамшылап ағып тұрғанын көрдім! Бір кезде, өзімнің

өлім жазасына тарту орнында, кергіш үстінде жатқанымды, ал жендет бірінен

соң бірін ‒ ең алдымен аяқтарымды, одан кейін қолдарымды, ақырында

басымды шауып тастағанын сезгенмін!

‒ Ондай қорқынышты жерлерге баруыңды азайтсаңшы, сонда түн

ортасында айқайлап оянып, ұйықтап жатқандарды оятпайтын боласың! Мә,

су жұтып жібер, және үрейлі түсіңді ұмыт.

405

Сол кезде мен өткен өмірлерімнің тағы біреуі еске түскенін білмеген

едім және біраздан соң бұл туралы ұмытқанмын.

Данчо бұл кезде Мәскеуде әйелімен бірге тұрып жатқан үйіне мені

қонаққа шақырған болатын. Дастарқан басында зайыбы болгар тілінде оның

күйеуіне көмектескенім үшін ризашылығын білдірді ‒ енді менің арқамда

олар өздерінің болашағы үшін алаңдамайтынын, жақсы жағдайда өмір сүріп

жатқандарын айтып отырды.

Осы кезде Мәскеуде болгар өнерінің декадасы өтіп жатқан еді, Данчо

мені концертке шақырды. Сахнада әндері мен билері аралас халық

жәрмеңкесінің көрінісі ойналып жатты, әсіресе маған аздап «масайраған»

кемпірдің халық әндерін қалай орындағаны ұнаған болатын. Оның

созылыңқы, зарлы дауысы да, айтқан әндерінің әуені де маған өте таныс

болып көрінген еді. Санамның терең астарында еміс-еміс естеліктер оянды...

Осы, 1969 жылдың көктемінде, менің қасыма штатқа, кейін маған бұны –

сақтандыру мақсатында деп түсіндіріп, бір инженерді жұмысқа қабылдаған

еді. Ол, Львов политехникалық институтының радиотехникалық факультетін

қызыл дипломмен аяқтаған түлегі болып шықты. Бұны, оның ЭЕМ-ның

техникалық сипаттамасын ұқыптылықпен көшіре бастағанынан-ақ байқауға

болатын.

‒ Ылғи шкафта жататын техникалық сипаттаманың көшірмесін

жазбалаудың қажеті не? – деп айтқан менің сұрағыма ол: «Сіздің

дипломыңыз қандай?» ‒ деп сұрады.

‒ Мен Қазақ политехникалық институтының автоматика және есептеу

техникасы факультетін бітіргенмін, дипломым – кәдімгідей! – дедім.

‒ Конспект жазу арқылы мен өз білімімді жүйелеймін, менің ойымша

Сізге осы жетіспей тұр. Және де, қайдағы бір қазақ ЖОО-сында қандай білім

алуға болады? Менің ісіме кедергі жасамаңыз! – деді.

Ол, осылай, мені көзіне де ілмейтінін көрсетпелеп тұрды. Мен оны

әрине, тыныштықта қалдырдым. Оның мұнда пайда бола қалуы ‒

«алармистің» ісі екенін, оның еуропалықты, оның үстіне үздік бітірушінің

«қызыл» дипломы бар адамды жұмысқа алуға басшылықты иландырғанын

түсіндім.

Бірнеше айдан кейін, машина тоқтап қалғанда, мен оған өзінің

еуропалық институт түлегінің биік «дәрежесін» көрсетуді ұсынып, өзім түскі

тамаққа кетіп қалдым. Біраз уақыттан соң қасыма жүгіріп келген физик:

406

‒ Әлгі, жаңадан келгенің, бар пәрменімен сұлбаларды ақтарып жатыр

және өзі есептеу техникасы туралы мүлдем түсінігі жоқ, кездейсоқ адамға

ұқсайма деп ойлаймын! Ақаулылықты өзің барып жоймасаң болмайды,

әйтпесе Құдай сақтасын, бүлдіріп тынатын түрі бар, онда эксперименттің

есептеуін екі-үш күнге тоқтатуымыз мүмкін. – деді.

Мен әрине, бұған жол бере алмадым – кішкентай ақаулылықты бірнеше

минут ішінде жойдым. Осыдан кейін менің жаңа қызметкерім өзінің

паңдануын құлдық жағымпазданумен алмастырып, соңымнан қалмай еріп

жүретінді шығарды да, не істесем де соның бәрін қайталап, маған ұқсауға

тырысты. Егер ол біреудің итаршысы болса, онда оған аса қысым жасамайын

деп шештім...

Бұл кезде Космостанцияда бұрын болмаған оқиға орын алды – қондырғы

тура колориметрдің үстінде бөлшектердің бұрын-соңды болып көрмеген

және жапон қондырғысының рекордынан көп есе асатын қуатты соққысын

ұстап белгіледі! Планетаның ғылыми қауымдарының ортасында бұл бұрынсоңды

болып көрмеген толқуды тудырды. Осы, бұрын-соңды болып

көрмеген феноменді дәлме-дәл өңдеп алу мақсатында біздің барлығымыз

демалыс күндерінде жұмысқа жұмылдырылған едік.

Түскі үзіліс кезінде мен серіктесті машинаның қасында кезекшілікке

қалдырғанмын. Шамамен, түстіктің ортасында, ол: «Машина тоқтап қалды».

– деген «жаңалықпен» жүгіріп келді. Оның ала келген тестілік басылмасында

оқылмайтын ДЖҚ (ДЗУ) адрестерін басшылар тамақтанатын үстелден

алынған салфеткаға жаза бастадым да, бүкіл адрестік шинаның істен

шыққанын анықтаған едім. Салфеткаға ажыраманың және түйіспенің нөмірін

жазып:

‒ Тіректің артқы есігін ашып мына түйіспені тап та, пинцетпен сымды

ақырын тартыңқырап көр, бірақ бүйріне қарай тарт. Сым оп-оңай босайды ‒

бәлкім ақау тура сол тұста «дәнекерлеудің құрғақтай» жүргізілуіне

байланысты орын алған шығар.

Ол кетіп қалды, оның соңынан ‒ шынында да не болып қалған? – екенін

білу үшін Борис Васильевич те жөнелді. Ол бірнеше минуттан кейін қайтып

келді де Сергей Иванович Никольскийдің жанына жақындап, оның құлағына

еңкейіп ақырын ғана сыбырлады:

‒ Мен, ажыраманы және түйіспелерді тексердім – шаңы бұзылмаған

қалпында тұр, және олардың бетіндегі шаңның қабаты қалың күйінде жатыр

– демек ешқандай «әдейі істелген ор қазу» болмаған!

407

Содан кейін ол маған толық аты-жөнімді атап, көздерін жыпылықтата

сөйледі, бұл оның аса қатты толқығандығын білдіретін:

‒ Бәрекелді, Е.Ш.! Сіз әбден қатырдыңыз! Мен электроникада қаншама

жыл жұмыс істеп келемін және мұндай феномендер туралы естіген едім! Енді

міне, құрылғыдан алыста отырып, басылып шыққан деректің негізінде

ақаудың орнын ғана емес, сондай-ақ оның сипатын есептеп анықтауға

болатынын мен өз көзіммен көріп отырмын. Шынымды айтайын – Сіз мені

қатты таңқалдырдыңыз және менің Сізге деген ізгі ниетім мен құрметімді

қабыл алыңыз! –деді.

«Феноменнің» есептеуі нәтижелі болып аяқталды да, басшылығымыз

БЭСМ типті үлкен ЭЕМ-да соңғы өңдеуді жүргізу үшін құжаттарды алып

Мәскеуге кетіп қалды. Космостанцияда тыныштық орнады да машина жиі

іске қосылмай бос тұратын болды. Осы аралыққа мен сыналап енуді

ұйғардым.

Инженер ретінде мен перфоленталық енгізу-шығаруды анахронизм деп

санадым және оны едәуір озық және жылдамырағымен ауыстыру керек деп

шештім. Бұл үшін мен ақпарат тасымалдауышы ретінде магниттік таспаны

және кәдімгі тұрмыстық магнитофонды пайдалануды шештім. Оның өткізу

жылдамдығы төмен болатын, ал жазбалау тығыздығы жүз есе жоғары

болатын. Сұлбасын мен бұдан бұрын ойластырғанмын және алдын ала

микробағдарлама да жазып қойған едім. Бір-екі күннің ішінде мен ДЗУ-дағы

микропрограмманы қайта жаңартып алдым. Электрондық сұлбаны жинадым

да, студиялық магнитофонға қосылдым, сонан соң перфоленталық енгізуден

программаны енгіздім және осының бәрін магниттік таспаға шығардым.

Жазып алу қалыпты өтті, және 15-20 минуттың орнына бірнеше секундқа

ғана созылды! Мен жазбаны кері айналдырдым да енгізу командасын іске

қостым. Бәрі қалыпты өтті де, жаңа сұлба жұмыс істеп тұрды!

Бірінші рет немістің енгізу-шығаруымен болғандағыдай, барлығы тағы

да іске асты.

Мен осы жұмысты бітіргеннен соң баяғы сол Александр Иванович

Куличенко машинаға келіп отырды (жетекші физиктердің барлығы –

Ивановичтер болатын). Ол перфолентадан өзінің программасын енгізді, ал

мен оған «магниттік таспаға шығару» командасын теруді өтіндім. Ол менің

өтінішімді орындады да, магнитофонның қалай іске қосылғанын,

«программаның жазылуы» жүре бастағанын таңырқап қарап отырды. Бұл

бірнеше секундта өтті. Ал оның бағдарламасы ең үлкен программа болатын

және бұрын шамамен жарты сағат ішінде енгізілетін. Мен таспаны кері қарай

айналдырдым да, оның программасын өшіріп тастадым. А.И. шошып, жарты

408

сағат бойы енгізілетін жұмысым жойылды ғой дегендей, қолымен бұлғай

бастады! Мен одан «программаны енгізу» командасын теруді өтіндім. Ол

бұны орындады, ал енгізу тағы да бірнеше секундта өтті.

‒ Ал енді программаны іске қос!

Программа жұмыс істей бастады! Александр Ивановичтің жүзі

қуаныштан жайнап кетті:

‒ Қалай, ә! Міне, енді менің де, біздің барлығымыздың да

қиналыстарымыз аяқталды – енді біздің қалыпты істейтін озық енгізуіміз

бар! Әй алыбым-ай, өзің мықты екенсің! Программа істей берсін, ал мен

басшылыққа барып қуанышты хабарды жеткізейін.

Станция бастығы В.И. Яковлев келіп менің жұмысым туралы ең жылы

сөздермен сипаттай бастады: «Сізді осы жұмысқа қабылдағанымда,

қателеспегенімді енді көріп тұрмын! Сізге бұйрықпен алғыс жариялаймын!»

– деді.

Мені құттықтап, алғыс айтуға физиктердің барлығы келді. Ал мен басты

қағиданы түсіндім де, мәңгіге санама сіңіріп алдым – адамға ең жақсы

жарнаманы жақсылап істелген жұмысы қамтамасыз етеді! Бұдан ары мен,

«ақ» адамдар маған жақтыртпай қарағанда, оларға жақсы істелген жұмыспен

жауап қайтаратын болдым. Жаның қанша қаласа да қарапайым бола беруіңе

болады – бірақ өзіңнен бұрын ешкімнің қолынан келмеген жұмысты

орындағаныңда, ол сен үшін өзі-ақ сөйлеп тұрады!

Шамамен бір айдан соң, Б.И. маған залға екі адамды ертіп кірді.

Мәскеудегі Радиоэлектроника институтында (ИРЭН) менің магниттік

«енгізу-шығаруым» туралы естіп-біліп, ол жайында сұрастырып-білуге және

оның тиісті құжаттамасын қалай алуға болатынын анықтауға өздерінің

жаушыларын жіберіпті. Үлкенінің аты-жөні Разумный, ал жастауыныкі –

Выскребцов екен. Олар, былайша айтқанда, институтқа қолғабыс ретінде,

менен құрылғының жұмысымен және оның сұлбаларымен таныстыруымды

өтінді.

Механикалық аппаратпен салыстырғанда, менің әзірлемемнің

артықшылығын қонақтарға ықыласпен көрсетіп айтып бердім. Оларды

әсіресе сұлбаның қарапайымдылығы мен арзандылығы таңқалдырды – баржоғы,

ДЗУ-дың ішіне бірнеше метр эмальді сымды, логиқалық жинақты және

екі күшейткішті – біреуін магнитофонның «қосу-тоқтатуына» ал екіншісін

дыбысты жазып алатын бастиекке қосу ғана керек еді. Сұлба мен

микропрограмманы көшіріп алғаннан кейін, ішіне ақша салынған конвертті

ұяла-қымсынып маған ұсынғысы келіп еді, бірақ та мен оны алудан үзілді-

409

кесілді бас тарттым. Олар мені оңашалау жерге ертіп әкеліп, Мәскеу

маңындағы Фрязино қаласына көшуге шақыруы бар ИРЭН басшылығының

кепілдік хатын көрсетті. Онда, маған ғылыми қызметкердің еңбекақысы

тағайындалатыны, сынақтық мерзімде аспиранттық жатақханадан бөлме

бөлінетіні, ал одан ары қарай ғылыми қалашықта жеке пәтер берілетіні

туралы айтылған екен...

Мен бұл ұсыныстан біржолата бас тарттым:

‒ Басшылыққа, менің шексіз құрметімді және ризашылығымды айта

барыңыздар. Егер менің әзірлемемнің ИРЭН-нің ғылыми зерттеулеріне

көмегі тисе, мен бұған өте қуаныштымын. Бірақ та мен өз Отанымсыз және

туған халқымсыз жарты жылдан артық өмір сүре алмаймын.

Келесі күні қонақтар қайтып кетті және одан ары олардан ешқандай

хабар болмады. Демек, бәрі қалыпты өткен екен және әзірлеме авторы оларға

тіпті қажет емес!

Кейінірек, Борис Васильевич сұлбаны ФИАН-ның қажеттіліктері үшін

көшіріп алуға рұқсат сұрап алды және бұдан былай маған өтініш жасап

ешкім де шыққан жоқ, демек әзірлеме бүкіл Кеңес Одағына тарап кетті!

Менің авторлығымды дәлелдейтін ешқандай да құжаттарды мен алған

жоқпын және солай істеу керек екенін де білген жоқпын. Мен болсам,

өзімнің жұмысымды жақсылап істедім деп санадым, әйтсе де кейінірек

физиктер маған менің бұл еңбегім үшін әжептәуір ақша талап етуіме болар

еді деп айтқан болатын, бірақ та енді тым кеш ‒ сұлба бүкіл елге тарап кетті.

Мен оларға, өзімнің әзірлемем сондай қадірлі мекемелерде қолданылып

жатқаны мен үшін үлкен абырой және де қоғамға риясыз көмектесетіндерден

сәттілік кері кетпес деп жауап бердім...

‒ Міне тағы бір идеалист! Бірақ та идеялармен қарның тоқ болмайды, ал

кейінірек – өзіңнің текті қадамдарыңа өкінесің және есіңде болсын, Мәскеу

ештеңені текке бермейді!

1970 жылдың жазында өзімнің әлдеқандай бір қызықты жағдайға тап

болғанымды байқайтын болдым – кешегі достарым мен әріптестерім маған

немқұрайлық таныта бастады, ал «Корейко» жоқтан өзге сылтаумен

тиісетінді шығарды. «Вильсон камерасы» тобында қызмет істейтін әйел мені

әсіресе айрықша қысымға алатын болды. Бірінші күннен бастап бұл топпен

арадағы қарым-қатынасым оңбады. Олардың залдары басқа зерттеуханаларға

қарағанда сән-салтанатты, бай болатын – теледидар, диван, журналдық

үстелдері бар... Бірде, оларға барғанымда, шікірейе киінген адам маған:

410

‒ Сіз есікте «Бөгде біреулердің кіруіне тыйым салынған» деген жазуды

көрмедіңіз бе? Дереу бөлмеден шығыңыз және бұдан былай мұнда кіруші

болмаңыз! Сіз сияқты қалаусыз қонақтар үшін ап-анық ‒ орысша жазулы тұр

емес пе!

Мен оған, жалпы алғанда бөгде емеспін, ФИАН-ның қызметкері ретінде

кімдермен бірге таяуда жұмысқа кірісетінімді біліп, танысу үшін келдім деп

жауап қаттым. Мен сіздер үшін Қонақпын және біздің жерімізде тұрған

Космостанцияға да, сіздің зерттеуханаларыңызға да менің жерімнің маған

қатысты салты тарайды. Ал егер сіз мені бөтен деп санасаңыз, онда сіз де

менің иелігіме кірмеңіз! – дедім.

Бұған олар қатты даурығып көңілдене түсті және көрші бөлмелердегі

қызметкер әйелдер мен еркектерді, өздерінің жабайы заңдары туралы нашар

орыс тілімен әлденені былжырап тұрған жабайыны көруге шақыра бастады!

Кейінірек, өздерінің программаларын баптауға менің ЕО-ма келген кезде

тымпиып, бұрын ештеңе болмағандай сыңай танытқан еді.

Біздің «алармист» те осы «камералық» топтың ішінен болатын. Осы

топта істейтін программист әйел әр күн сайын программаны жетілдіруге,

өңдеуге деп үнемі машиналық уақытты алып отыратын болды. Ол менің,

оның қасында, пульттің жанында тұруымды талап етті. Программасының кез

келген тоқтап қалуын ол менен көріп, мені – ЭЕМ-ның бірдемесін бұрап

қойды – деп кіналап: «Неге барлығының, тіпті шетелдіктердің машинасы

жұмыс істейді, ал біздегі машина істемейді! – деп айғайлайтын болды. Менің

әріптесім қасында тұрса да ол оған басын да бұрып қарамайтын.

Ақырында жанжал туындады да, «Корейко» маған жұмыстан кетуім

туралы өтініш жазуымды ұсынды. Мен ашуланып өтінішімді үстел үстіне

тастадым да, тіркеуден шығу парағына қол қойдыруға кетіп қалдым. Мен

өкінбестен кеттім, себебі соңғы кезде түнгі ұйқы кезінде демім тарылып

тұншыға бердім, ал күндіз бетім ісінген күйде төсектен тұратын болдым.

Профилактикалық тексеруде дәрігер маған, таулы жер кез келген адамға,

әсіресе саһаралықтарға жаға бермейді, ал жақын маңдағы қырғыздар үшін

бұндай мәселе жоқ деп түсіндірді. Медициналық тексеруде неліктен

кардиограмма ұсынуды талап еткенін түсіндім. Бәлкім, кардиограммам

оларды ол кезде қанағаттандырған, ал енді, маған алда-жалда бірдеңе бола

қалса, олар өздеріне ұнамсыз жағдайға ұшырағысы келмеген болуы керек.

Сонымен қоса, жағдайды және ескіріп бара жатқан есептеуіш кешенін

ауыстыру керектігін де түсінген едім.

Солай, 1970 жылдың қазанында Космостанцияда екі жарым жыл жұмыс

істегеннен соң ол жерден кетіп қалдым.Ешқандай өкпе-ызам жоқ еді, мен

411

еңбектегі міндетімнің бәрін жақсы орындап, ұлтымның абыройына кір

келтіргем жоқ. Кейіннен білгенім, менің әріптесімді масқара етіп қуыпты, ол

жақсы радиоинженер болған, алайда радиотехника есептеуіш техникасына

элемент болып қана енеді. Сондай-ақ, демалыстан қайтып келген С.И.

Никольский, мені оның рұқсатынсыз жұмыстан шығарып тастағаны үшін

басшылықтағыларға қатты ұрысқаны және соған сәйкес кадр алмастыру

жасағаны туралы мен естіген едім. Ол тура былай айтыпты:

‒ Мені, Физтехтен, МГУ-ден және Инженерлік-физикалық институттан

үміткерлер топ-тобымен қақпа алдында сарыла күтуде, ал Едихан болса –

жеке дара болып жаралған жұмыскер, біртума шебер, және мен оны жақын

арада Мәскеуге – өзіміздің есептеуіш орталығымызға ауыстырмақ

болғанмын, оның үстіне оны ИРЭН де өзіне алуға көздеп жатқан еді, ал онда

отырғандар ‒ сендерден әлдеқайда ақылдырақ адамдар!

Эволюция шиыршығының бойымен мен Космостанцияға 1984 жылы

«Электронмаштың» жөндеушілер тобының бастығы қызметін атқарушы

болып қайта оралғанмын. Американдық «ДЭС» фирмасының төртінші буын

машиналарының ұқсасы болып табылатын екі ЭЕМ кешенін қызмет

көрсетуіме алған болатынмын. Космостанция Ғылым Академиясының

иелігінде болатын – бұл өз алдына бөлек қызметімен мемлекет ішіндегі жеке

мемлекет сияқты. Бұл кешен ҒА күшімен 1980 жылы орнатылған еді, және

біздің ұйымның жарғысымен олар зауыттық сериялық қызмет көрсетуге

жатпайтын. Бірақ та, осы Космостанциядағы атомшы-физиктердің таза

менталды өрісінде инженер болып қалыптасқаным менің есімде жақсы

сақталған болатын, және мен енді осы ұжымға қарызымды қайтаруға тиіс

едім. Сондықтан мен екі машинаны да сервистік қызмет көрсетуге алдым.

Менің қол астымдағы қызметкерлерім Космостанциядағы портретімді көріп,

оның С.И. Никольскийдің өкімімен басқа инженерлерге, есептеуіш

техникасының мамандарына үлгі ретінде Құрмет тақтасына 1970 жылдан

бері ілулі тұрғанын білген болатын. Менің магниттік енгізуім ‒ «Едиханның

енгізуі» деген атауымен 1980 жылға дейін жұмыс істеп тұрды.

ІІІ. ОАЗИ-ОСБ (ЦСУ-ЦИНАО)

(04.11.1970 – 14.10.1980 ж.)

Жұмыстан шыққаннан кейін мен 13-ші қазаннан 4-ші қарашаға дейін

жұмыс іздеумен болдым. Барлық жерде – бұл «Ху их ху» тобының әрекеті

болатын – басшылар менің еңбек кітапшамды көріп, жұмысқа қабылдау үшін

412

кадрларды есепке алу парағын маған беретін, алайда мен оны толтырып,

фотосуретіммен бірге әкелгенімде, түрлері іші пысқандай болып, штаттық

кестеде қиыншылықтар пайда болғанын айта бастап, екі-үш жұмадан соң

кіріп шығыңыз деп, менің еңбек кітапшамнан ‒ осы уақыт аралығында менің

еңбек өтілім үзілетінін және енді менің мұнда оралмайтынымды анық біліп

тұрып, айта салатын...

Ақырсоңында, Орталық статистика институтында мен үшін ауысым

бастығы деген елеусіз лауазым табылды. Ондағы ЕО-да маған өте таныс

«Минск-2» типті ЭЕМ тұрған болатын – сондықтан ешқандай дайындықсыз

өзімнің міндеттеріме кірісіп кеттім.

Бірақ, арамдықсыз да бола қоймаған еді. Екі-үш ай өте, менің кабинетіме

кезекші инженер жүгіріп кіріп: «Фотоенгізу істен шықты. Машина тоқтап

тұр!» ‒ деді. Залға барып, фотоенгізуді қосып тексердім – оның шынымен

істемегеніне көз жеткіздім де, инженерге ескерту жасадым:

‒ Шынына келетін болсақ, Владимир Петрович, мұндай түкке

тұрмайтын қарапайым ақаулылықты, бостан-босқа мені әурелемей-ақ, өз

күшіңізбен жоюға тиіссіз!

‒ Онда Сіз бұның түкке тұрмайтынын дәлелдеңіз! Сонда Сіздің –

ауысым бастығы ретінде қолыңыздан не келетінін біз де көрейік!

‒ Жақсы. Онда менің жаныма осциллографты әкеліңіз де оны іске қосып,

қажетті жиілікке келтіріңіз. Сіздің міндетіңізді менің атқаруыма тұра келетін

болды!

Мен перфораторды іске қостым, тесілген бірыңғай тесіктері бар таспаны

жүргізіп өтікіздім де сақина етіп желімдедім, және фотоенгізуді орнаттым да

автономдық режимде іске қостым. Сонан соң, фотоенгізулердің

күшейткіштерінен келген сигналдарды қарай бастадым. Бесінші жолға

жеткен кезімде, инженер маған:

‒ Бәрі түсінікті! Енді ары қарай іздеуді өзіміз-ақ жалғастыра аламыз. –

деді.

Бірақ мен оны тоқтаттым:

‒ Қозғалмай, тыныш тұрыңыз! Мұнда ауысым бастығы кім? Бір жылға

да толмаған сарыуыз инженерсымақ екеніңіз бірден көрініп тұр! Кез келген

техниканың мызғымас заңын білмейтін бе едіңіз? Ол заң: «Жөндеуді

бастаған адам ‒ оны өзі ғана аяқтауы тиіс» ‒ дейді, әйтпесе бәрі былығады!

Бесінші жолдан сигнал жоқ, демек соған тиесілі күшейткіш істемей тұр.

Мен ұяшықты ажырамадан суырып алды. Осы кезде ол өзін әшкереледі!

413

«Маған да жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз! Қазір оны стендке апарып,

ақаулылықтың неден болғанын анықтап келейін» ‒ деп, дірілдеген қолын

ұяшыққа қарай созды...

Стенд пен ҚҚҚ (ЗИП) инженерлердің бөлмесінде тұрған. Ол жаңа

ұяшықпен тез оралды. Мен оны ажырамаға орнаттым да тестіні іске қостым.

Машина істей бастады! Ақаулылық сипатын журналға жазыңыздар деп

бұйырдым да, өз бөлмеме кеттім. Жолда, программистің ризашылықпен

қарап тұрғанын байқадым. Оның жүзінде, өз класын дәлелдеп, «ақ» адамды

орнына қойған қандасы үшін мақтанышы көрініп тұрды.

Мен, қарапайым оқырманға онша қызық емес оқиғаларды егжейтегжейлі

суреттеп, баяндауымның себебі – он жылдан соң, 1981 жылы мен

Киевте біліктілікті жетілдіру курстарында болғанымда, осыған ұқсас оқиғаны

бастан кешкен болатынмын. Сыртқы құрылғылар бойынша практикалық

сабақтарда, фотоенгізудегі туындаған ақаулылықты анықтап, жою керек

болатын. Шамамен, отыз курсанттың ішінен оқытушы мені таңдады да,

енгізілген ақаулылықты көрмесін деп, менің кластан шыға тұруымды өтінді.

Сонан соң ол мені класқа шақырды да, ақаулылықты тауып, оны жоюымды

өтінді...

Мен перфораторды іске қосып, бірыңғай тесуді жіберіп, таспаны сақина

ғып желімдедім, енгізуге орнаттым да оны іске қостым. Содан кейін,

ұстағыш индикатормен тексеріп, сигналдың тура бесінші жолда жоқ екенін

анықтадым. Мен ұяшықты суырып алдым да, оның түйіспесінің скотчпен

желімделгенін көріп, оны жұлып алып тастадым да, платаны оқытушының

қолына бердім:

‒ Ақаулылық табылды және жойылды! Сіздің бұдан арғы

бұйрығыңызды тосып тұрмын. Оқытушы маған өте жақсы деп үздік баға

қойды да, сабақты ары қарай жалғастырды.

Тек сонда ғана, ақаудың ұқсастығы бойынша, 1971 жылы менің қол

астымдағы қызметкердің маған қандай былықты дайындағанын түсінген

едім. Ол менің біліктілігімді тексерген екен! Ал басшылық, маған одан да

қатаң былықты дайындап қойыпты: штаттық құрылымның өзгеруіне

байланысты ЭЕМ-ға техникалық қызмет көрсету тобының радиоэлектроника

бойынша аға инженерінің лауазымына ауыстырылсын деген 10.03.1977

жылғы №166 бұйрығын беріпті. Бұл, менің лауазымымның төмендетілгенін

және радиоинженерге ауыстырылып, қайта мамандандырылғанымды

білдірген еді. Мен, «Ху из ху»-дың сақ отырғанын және менің орным

олардың адамдарының біреуіне қажет бола қалғанын түсіндім – бәлкім, тіпті

414

осындай лауазымдағы «хайуан» да олардың ашуын тудыра бастаған болуы

керек.

Бұл жерде ешқандай келешегімнің жоқтығын біліп, қайтадан жұмыс

іздеуге кірістім. Тағы да, көзге көрінбейтін кедергілер әр жерде аяғымды

шала берді. Менің қиындықтарым туралы білген әкем, маған олардың

Автотранстағы салалық есептеуіш орталығына жұмысқа ауысуды ұсынды.

Әкем маған, оның жақсы танысы – осы ЕО-ның (ВЦ) директоры, мені өте

үлкен еңбекақысымен және 40% прогрессивкасымен ЭЕМ бастығының

лауазымына жұмысқа алатыны туралы айтты. Белгіленген күні мен ‒ Абай

даңғылы мен Космонавтар көшесінің қиылысында Орталық стадионға

қарама-қарсы орналасқан және сол кездегі тіпті аса керемет ғимаратқа

келдім. Ол жерде мені, менің бірінші бастығыма тіпті аты-жөні де өте ұқсас,

бұйра шашты тақырбастау адам қарсы алды да, тағы да тура сол сөздерден

бастады:

‒ Ия, бәрі түсінікті! Бізге ұлттық кадрды енгізіп жатыр, енді біраз

уақыттан соң ЕО қысық көздерге толады да, ақырында Автоматтандырылған

Басқару Жүйесі де құрып бітеді!

Мен, оның айтқанымен келіспейтінімді оған түсіндіре бастадым, алайда

қасымызға, бұрын Космостанцияда жылтыңдап жүретін Людвиг А. келе

қалды. Онда ол электрлі- монтаждау цехында жинақтаушы болып істеген еді,

ал мұнда ол деректер дайындайтын топтың бастығы бола қалыпты. Біздің

цехымызда түкке тұрмайтын осы неме, менің өз лауазыма қалай сәйкес

болуым керек екенін маған үйретуге кірісті:

‒ Сен, өзіңнің ықпалы мол әкеңнің итаршысысың! Бірақ та, бұл жерде

біз саған жол бермейміз! Бұл жұмыс – тек «ақ» адамдарға арналған!

Мен оған келіспей, қарсылық білдірдім, тіпті физикалық «қарсылық» та

жасағым келді, бірақ осы сәтте менің қасыма бұрынғы курстасым Ғалия Х.

келді. Ол үшінші курста декреттік демалысқа шығып кеткен болатын, енді

міне ‒ оның лауазымына жұмысқа орналасқалы тұрған үміткер екенім

анықталды. Бұны білген мен, ашудан жарыла жаздап: «Бұл синекурадан бас

тартамын және әкемнің беделін емес – өзімнің білімімді ұсына алатын жерге

кетемін.» ‒ деп айттым да, есікті тарс жауып шығып кеттім. Автокөлік

министрлігінің ЕО-сында жауапты қызметкерлердің итаршылары жиналған

екен, сондықтан менің бұл «сұр жыландар ұясынан» кеткенім дұрыс болды.

Ақырында маған бір «даналы» ой келді – еңбекақысы аз, мәртебесіз

орын іздеуім керек екен. Менің тағы да жолым болды – осындай жұмыс іздеп

жүргенімде, көшеде Г. Фая кездесіп, менің мәселем туралы естіп білгеннен

соң Мәскеулік агрохимиялық қызмет көрсету институтының филиалына

415

қоңырау соғуды ұсынды, бірақ та еңбекақысы аз, ЭЕМ Тастақ жақтағы бір

зауыттың корпусында орналасқан деп түсіндірді. Оны бұл жағдай

қанағаттандырмапты.

‒ Ал мені, бұл жағдайлар өте қанағаттандырады, өйткені мен тура

Тастақтың өзінде тұрамын ғой. Телефонын берші!

Алдын ала телефон арқылы хабарласып, мен ұйымның басшысымен

кездестім. Бұл, шашы ақ, көзі көк, өте көрнекті адам Иван Константинович

Рябченко болатын. Ол менен Космостанция телефонының нөмірін сұрады да

менің көзімше оларға қоңырау шалды – оған станция бастығының

орынбасары Клименко Емельян Васильевич жауап берді:

‒ Мұнда, менің алдымда Сәбит Едиханның тіркелу парағы жатыр. Cіз ол

туралы не айта аласыз?

‒ Жақсы инженер! Егер ол жұмыс іздеп жүрсе, оған айта салыңыз –

қайта оралсын. Бұл, Сергей Иванович Никольскийдің өтініші, ол бір аса

маңызды жобаны бастап жатыр, ал оған ЭЕМ-ның тұрақты жұмыс істегені

қажет!

Мен өзімнің нәзік есту қабілетіммен бәрін естідім, ал И.К. менен:

‒ Сіздің денсаулығыңыз қалай? – деп сұрады.

‒ Ал, Сіз менің биік таулы жерде жүрегімнің мәселесі болғанын қайдан

біліп алғансыз? Космостанцияға жұмысқа орналасуға бір еңгезердей жігіт

келген, ол менің көз алдымда оттегінің жетіспеуінен есінен танып қалған еді.

‒ Сізбен телефон арқылы сөйлескеннен кейін мен, ЭЕМ-ды ала салып,

бізбен байланысы орнаған бір ұйымға телефон шалған едім. Олар маған Сіз

туралы жақсы мінездеме берген болатын.

‒ Сонымен, мінездемесі қандай екен?

‒ Олар, Сіздің Космостанцияда жақсы «машықтанғаныңызды», бірақ та

мінезіңіз тік және нашар деген болатын.

‒ Ал Сіздің шешіміңіз қандай? Ескеріңіз, олардың байланыстары орасан

зор.

‒ Мен Космостанция басшылығынан Сіз туралы тамаша мінездеме

алғанмын және бұл ‒ мен үшін шешуші фактор. «Ху из худың»

пысықтарымен мен аз да болса қатынасқанмын, және олардың өз пайдасын

ғана күйттейтінін бірден түсінгенмін. Ал менің өз мүддем бар ‒ олар маған

жөн сілтейтіндер емес! Мен тікелей Мәскеуге бағынамын, және Сізді

жұмысқа аламын. Жүріңіз, ЭЕМ-ның қайда тұрғанын Сізге көрсетейін. Онда

416

барып көргеннен соң, бұл орын Сізге жарайма, жоқ па, өзіңіз шешесіз,

өйткені Сізден бұрын екі адам мұндағы жағдайлардан үзілді-кесілді бас

тартқан болатын!

Директордың «газигімен» біз Руднев пен Ташкентская көшелерінің

қиылысына жеттік те, зауыт блогының ішіне кірдік. Төбесі өте биік және

терезелері үлкен бөлмелердің бірінде «Минск-22» кешені тұр екен.

‒ Инженерлердің және деректерді дайындау бөлмелері қайда?

‒ Бәрі осында тұр! Осы бөлменің өзін әрең дегенде қолыма түсірдім.

Жарай ма, жарамай ма – шешетін өзіңіз.

‒ Жарайды, мен осы жерден жоғары қарай он минуттай жүретін жерде,

Руднев көшесінің бойында тұрамын. Қоғамдық көлікке тәуелсіз болатыным

маған ыңғайлы және жұмысқа жаяу баратыным да денсаулығыма пайдалы.

Кешенді іске қосуым және оны жұмыстық режимге енгізуім керек,

сондықтан екі ауысыммен істеуіме тура келеді.

Осылай, мен осы цехтің ішіне кірдім де, 1971 жылдың екінші шілдесінен

1980 жылдың қазан айына дейін 9 жыл және 3 ай жұмыс істедім. Бүкіл жаз

бойы мен кешеннің баптауын жүргіздім – ПБАО-ның (АЦПУ) кең өлшемді

басып шығаруымен біраз қиналуға тура келді. Ақырында, механизмді

басқару блогымен жалғастыратын кабеліндегі туралауды тапқан едім. Бұнда,

менің Космостанциядағы байланыс кабельдеріндегі туралауларды жоюдың

басты маманы ‒ Борис Васильевичпен бірге жұмыс істеуден алған тәжірибем

мен үшін аса пайдалы болды, ал ондағы кабельдер жүздеген метрді

құрайтын... Мен сүзгіні жинап, дәнекерлеп алдым да, жұмыс жылжи

бастады!

Қарашаның бір күндерінде, кешкі сағат 9-ға таяу залға директор

қымбатты киінген келбетті адаммен бірге кірген еді. Оның үстінде тамаша

шұғадан тігілген қаракөл жағалы пальтосы және сол қаракөлден тігілген

шошақ бөрігі бар еді – осылай тек үкімет мүшелері киінетін. Директор мені

оған таныстырды. Біраз әңгімелескеннен соң мен музыкалық программаны

енгіздім – машина Огинскийдің полонезін орындады, одан кейін «Что так

жадно глядишь на дорогу» халық әнін, ал үшінші кезекте басып шығару

программасын іске қостым – ол «дүниежүзілік пролетариат көсемінің»

портретін шығарып берді, ал мен оны жоғары басшыға тапсырдым. Маған

одан да арғы табыстарға жете беруімді тілеп, олар кетіп қалды.

Кейінірек, Жаңа Жыл кешінде, директор маған:

‒ Сіздің жанкешті еңбегіңіздің арқасында мен үкімет мүшесінен

маңызды бәсті ұтып алдым! Есептеуіш орталығын қазақ басқаратынын

417

білгенде, ол қатты таңқалды – шынымен-ақ қолынан келе ме? Мен оған

Сіздің Космостанцияда істегеніңізді және олар Сізді қайтып оралуға

шақырып жатқанын, ал Сіз ЭЕМ-ді жұмыстық режимге қосу үшін екі

ауысым бойы аянбай еңбек етіп жатқаныңызды айтып, жауап бергенмін. Ол

бұған сенбеді, сондықтан мен онымен бәстесе отырып, ЕО-ға ертіп алып

келдім! Нәтижесі міне – оның таңқалғаны сонша ‒ ол бізге бір ғылымизерттеу

институтынан бірнеше бөлме бөліп берді. Барлығымыз ертең сонда

көшеміз. Телефондары мен мекенжайын жазып алыңыз.

Ары қарай ғажаптар басталды. Мені сондай «жақсы» және «жүрегі

елжіреп» қарсы алған Көлік министрлігінің ЕО қызметкері кенет, әр кеш

сайын маған қоңырау шалатын болды және менімен дөрекі сөйлескені үшін

кешірім сұрай бастады, ал соңында:

‒ Сіз біздің ЕО-ға қайтып орала аласыз ба? – деп сұрады.

‒ Жоқ! Мен ашық есікке ғана кіремін! Ал кері қайту – бұл өте жаман

жол. Мен тағдырға сенемін, өйткені ол ‒ ақылы бар адамды қолынан

жетектейді, ал топасты аяғынан ұстап алып сүйретеді, сонымен қоса оны

тұмсығымен жерді сүздіре отырып сүйрелейді!

‒ Міне, тағдыр енді мені осылай сүйретуде! Қулықшыл кеңесшілердің

сөзін тыңдама деп адамдар маған айтқан еді! Маған қажет қана адамдардың

өтінішімен қызметкерлерді қабылдап едім, бірақ олар осы мамандықтың

талабына сәйкес болмай шықты!

‒ «Қажетқаналардан» жаман иіс қана шығатынын өзің де білесің!

‒ Ал мен олардан тек қана: «Жұмысқа қабылдаған сенсің, олар үшін

жауап беретін де өзіңсің! – дегенін ғана естимін. Ал, «хуизхулардың»

қырандары ештеңеге қатысы жоқ болғандай ‒ енді оларды ешкім де жауапқа

да тарта алмайды! Олардың кеңсесі де, мекенжайы да жоқ, тек телефондары

ғана бар! Мені «қасқыр билетімен» жұмыстан шығарып жатыр, енді қалада

маған жұмыс жоқ! Алматыдан кетуге мәжбүрмін. Одан да өзімнің

шарашкамда шошаңдамай тыныш отыруым керек еді! Жарайды, қайтейін

енді, егер шамаңыз келсе – кешіріңіз. Қош, сау болыңыз!

Мұнымен ғажаптар біткен жоқ – желтоқсанның соңында тура осы ЕОның

бастығы жылдың қорытындыларын есептеу үшін машиналық уақытты

беруді сұраған өтініші бар ресми хатпен бізге шығыпты. Қала шетінде,

Тастақта зауыт цехында өте дәл және тұрақты істейтін машинаның тұрғаны

туралы ақпарат олардың құлағына біздің тапсырыс берушілерімізден барып

жеткенін түсіндім.

418

Біздегілер әлі Қазақстанның барлық егістіктерінің деректер банкін құру

бойынша – қандай дақылдар өсетінін, әр егістікке қанша тыңайтқыштардың,

гербицдтердің және т.б. келетіні туралы бағдарламаларды енді ғана игеру

үстінде болатын. Нәтижесінде, Агрохимге қажетті ақпараттың негізінде

тиісті түзетулер енгізуге көмектесетін әр егіндіктің жеке паспорты

қалыптастырылған болатын.

Түстен кейін ЭЕМ бос тұратын еді, бірақ та мен, ең асылы ‒ машинаны

тоқтатпау керек екенін білетінмін! Онда ол жұмыстық режимге кіретін, және

оны тиісті күйінде сүйемелдеп тұру үшін, мен машиналық уақытты басқа

ұйымдарға жалға бере бастадым. Сынақтық есептеулерден кейін менің

тапсырыстар портфелім лық толды. Аса беделді ЕО-лардың тұтынушылары

оларды тастап, менің цехыма кете бастады.

Директор менен: – Автотранс үшін бос уақыт бар ма? – деп сұрады,

әйтпесе олардың жылдық есеп беруіне өткізілмей қалу қаупі төніп тұр, егер

алда-жалда бірдеңе бола қалса, жалғыз ЕО-да ғана емес, басқаларының да

бастары домалайтын түрі бар. Мен оған: ‒ Тек түнгі ауысымда ғана уақыт

бос, өйткені айдың аяғына дейін жұмыс кестесін алдын ала құрастырып

қойған біздің құрметті тұтынушыларымыздың жұмыс кестесін жылжытуға

менің моральдік құқығым жоқ, ‒ деп жауап бердім.

Таңданарлық жәйт, бірақ Автотранс басшылығы осындай маңызды ұйым

үшін мұндай құрметті емес шарттарға келісті. Бірнеше күннен кейін олар,

Автокөлік министрлігінің асығыста қолданатын аса зәрулі резерві ретінде

біздің ЭЕМ-ді тізімге енгізу өтініші бар хат жолдады. (Бұл құжаттарды

Автокөлік министрлігінің 1971 желтоқсан бойынша архивінен немесе ЭЕМді

жалдау бойынша жүргізген төлемдерін Банктен табуға болады.). Автокөлік

министрлігі ЕО-сының жаңа басшысы аса сауатты маман болып шықты және

ЕО-ны «қажетқаналықтардан» аянбай тазартып, оның жұмысын тәртіпке

келтірді.

Менің топтық кармамның спиралі жарты жылға шиыршықталды – олар

маусым айында менен бас тартқан болатын, ал енді желтоқсанда, өздерін

күйреуден құтқаруымды өтініп, менің алдыма келген еді! Менің оларды

келемеждеуіме де болар еді, бірақ та олар менің әкем жұмыс істейтін

ведомстводан болғандықтан, автомобилистерді қолдауға шешім қабылдадым.

1972 жылдың көктемінде, тежегіш бұраманы бекітпеген механиктің

кесірінен кең баспа құрылғысының тісті доңғалағы істен шықты да, мен

доңғалақты ағытып алып цехқа келдім. Цех бастығы мені шебердің қасына

ертіп әкелді. Оның ұлты неміс екен және ол жаңа доңғалақты тез және

сапалы жонып, жасап шығарды. Цехтарды аралап жүріп, теңдесі жоқ

419

шеберлердің көпшілігі Еділ өзені аумағынан эвакуацияланған немістер

екеніне көзім жетті. Оларды мұнда жинаған зауыт директоры Эрих

Ионатанович Бон еді. Оның шеберлері өте сирек кездесетін заттарды жасай

алады екен, әсіресе мені мылтықтардың көркемдік зерлеуін жасайтын шебер

таңқалдырған еді. Мен әрине, оған өзімнің «4 сақиналы – Зауэрымды» алып

келдім де, оған аң аулау көріністерінен әлденелерді бейнелеуін өтіндім.

Қаруды қолына алып ол ең алдымен таңбасын қарап шықты, одан кейін

қырғышпен металдың бетін ысқылап көрді де, таңдайын қағып:

‒ О! Бұл өте керемет металл, мұндайды мен көптен бері көрмедім.

Қарудың түрінен, оның үнемі қолданыста жүргенін байқап тұрмын, ал онда

Сізге осындай керемет неміс қаруын бүлдірудің не қажеті бар? Алғашында,

бұл 16 калибр деп ойладым, алайда неміс шебері неміс құралымен

ұңғыларының ішінен артық металды жонып алғанын байқадым, сондықтан

мылтық өте жеңіл, кеңестіктен 50 мм-ге қысқалау. Мен суретті электролиттік

ваннада сілтімен өңдеу жолымен жасаймын, сондықтан ұңғының бүтіндігін

бұзып алуым мүмкін, ал бұл мылтықтың жарылуына әкелуі мүмкін! Мен

Сіздің өміріңіз үшін бұндай жауапкершілікті мойныма ала алмаймын! – деді.

‒ Жарайды, шебер! Мен Сіздің пікіріңізді бағалаймын, сондықтан Сіздің

уақытыңызды алғаным үшін кешіріңіз.

‒ Ештеңе етпес! Мен бұл қару туралы баяғыдан естігенмін және ол

туралы ойдан шығарылып айтылмағанын енді көріп тұрмын. Сіздің

қолыңызға ол қалай түскен?

‒ Мен өзімнің серіппелік «Тулкамды» нағаш ағама сыйлағанмын, ал өзім

жиырма жасқа толғанда тыңдағы жұмысым үшін алған еңбекақымды әкеме

беріп, маған мотороллер сатып әперуін өтінген едім. Туған күнімде таңертең

өзімнің бас жағымда жастықтың жанында осы қаруды көрдім! Әкем маған:

‒ Міне сенің сыйлығың және енді ешқашан менен мотороллер немесе

құдай сақтасын – мотоцикл әпер деп сұрама, өйткені оған мінетіндер жолда

ондап өліп жатыр! – деген болатын. Ал, мылтықты қайдан және кімнен

алғанын ол маған айтқан жоқ.

Жаз шықты ‒ бір неміс отбасының, балаларымен бірге – гүл егіп,

ағаштарға су құйып, зауыт паркін күтіп жүргенін және олардың мұнда темекі

қалдықтарын да, қоқысты да қалдырмай, толық тәртіп орнатқанын байқадым.

Кәдімгідей, нағыз «неміс слободасы»!

Алғашқы қысты мен едені цементтелген залда өткіздім, бірақ мені

құтқарған – зауыт кітапханасындағы оқу залы болатын. Қаланың ортасында

орналасқан, демалыс бөлмелері бар «мәдениетті» ЕО-ға әбден үйреніп алған

420

программистер бірінші рет маған ЕО-ға келгенінде, өркениеттің барлық

жетістіктерінен залдың шетжағында жалғыз қолжуғыштың ғана тұрғанын, ал

қалғаны зауыттың әкімшілік корпусында орналасқанын білгенде, олардың

зәресі ұшатын.

Ерекше «мәдениеттілері» тура солай: ‒ Бастығы қандай болса, есептеуіш

орталығы да сондай! – деп айтатын. Бірақ та, ЭЕМ-да біраз істеп көргеннен

соң олар өздерінің пікірін өзгертетін: ‒ Оның есесіне, программаның жүрісі

тұрақты, таспа ақаусыз жылжиды, және нәтижені валидолсыз, жүйкені

қоздырмай, сеніммен тосуға болады!

1971 жылдың жазы келе сала, залға зауыт пісірмелеушісі Сергей

Иванович Н. кіріп: ‒ Сіздерге перфораторшы керек пе, әйтпесе менің әйелім

екі автобуспен БРГИ-ге (ВИРГ) барып жүр? – деп сұрады.

‒ Әрине керек! Жұмыстан шықсын да, осында ауыссын.

Ол зауыттан бір квартал төмен тұрады екен, ал мен оған, өз жұмысын

орындап біте салысымен үйіне қайта беруіне рұқсатымды бергенмін, ал егер

керек бола қалса, оны үйінен шақыртып алатын болдым. Менің бұндайға

баруымның себебі, оған еңбек етуіне қалыпты жағдайды әзірше қамтамасыз

ете алмағанымда болатын. Сондықтан, мен залда антресоль жасауды шешіп,

аралықтары бар үш өткел-көпірден тұратын қарапайым жобаны

әзірлегенімде, Сергей Иванович оның іске асыруын өз қолына алған еді. Ол

өте жоғары дәрежелі шебер болатын, сондықтан ол баспалдақты да, залдағы

жылыту батареясынан келетін жылу беру жүйесін де пісірмелеп жасап берді.

Жалпы алғанда, жайлы болып шықты, бірақ та жазда ыстық, ал қыста салқын

болса да – енді инженерлердің өз бөлмесі бар деуге болатын еді.

Бұдан арғысы тіпті қызық – мен БРГИ-ден (ВИРГ) екі программисті

алып келдім. Машиналық уақытты жалға Геология басқармасы алды, ал

программистер арасында тағы да БРГИ-ліктер болды. Жазда залға кіргенде

«Ху из ху»-дың негізін қалаушысының біреуі – біздің «тез піскен», мен оған

«Анальгин» деп ат қойғанмын, онымен бірге толықшаң қыз және менің

мейірімді қызметтесім – БРГИ бойынша ескі досым Рувим Шимонович

Хаймені көргенімде, мен бұның бәрі кездейсоқ емес деп ойладым – демек

мен БРГИ-ге қайтып оралған жоқпын, керісінше ол маған келген еді!

Рувим, тіпті БРГИ-де болғанымызда, маған бірден ұнаған болатын,

себебі ол өзінің еврей болғанын мақтан тұтатын. Ол менің, жаңадан келушіге

тән – ұяң, қысылып жүретін күйімді түсініп, мені қамқорлығына алған еді.

Мен оның үйіне барып жүретінмін, оның қызы – Регинаны қолыма

көтеретінмін, ал ұлы – Сёмканы да талай арқалаған едім.

421

Онымен кездесуім қуанышты, ал «Анальгинмен» салқындау,

немқұрайды болды. Ол, басшылығы машиналық уақытты жалға алу туралы

менімен келісімшарт жасасқан Монтажспецстройда бөлім бастығы болатын.

Рувим, жұмыс істеу үшін пультке отырды, ал мен оның бастығын

сөйлесуге өзімнің кабинетіме шақырдым. Осы жұпыны залдың дәл сондай

жұпыны кабинетінің түрі оны тітіркендіргені көрініп тұрді. Мен, оның

құрған «Ху из ху» шовинистік ұйымы туралы ойлағанымның бәрін және

оның «арқасында» міне, мынау суық залда, түкке тұрмайтын академиялық

еңбекақы үшін отырғанымды оған айтып салдым. Ол, өздерінің құдіретті

ұйымы туралы қауесет тым әсіреленіп ұлғайтылған деді, ал сені жұмыстан

босатуға өзімнің ешқандай қатысым болмаған, және сенің тағдырыңа жеке

басымның қатысы жоқ! ‒ деп, өзін ақтауға тырысты. Ал, мұнда еріксіз

келгенін айтты: ‒ «Сені таңдағанда мен сенің өзіңе де, ЕО-ңа да қарсы

болғанмын, бірақ та, қарсы болғаныма қарамастан, басшылық мені осында

жіберді, сонда бұндай бишаралықтың басшылыққа несі ұнай қалғанын түсіне

алмадым».

Осы уақытқа қарай Рувим өз жұмысын аяқтап, программистка екеуі

менің кабинетіме көтерілді. Рувимның бет сүйегі шығыңқы жүзі мен мөлдір

көздері қуаныштан жайнап тұрды:

‒ Менің программам ақырында тоқтаусыз өтті ғой, міне Валентина да

бұны растай алады! Ал, Сіз маған, бірдемесін бүлдірдің ‒ деп, кіналаған

едіңіз. Ал саған айтарым ‒ ескі, адал досым – сенің машинаң қаладағы ең

үздік болып саналатынына қуаныштымын! Мендей кәсіби маманға сенуіңе

болады – сенің машинаң нағыз ғажап ‒ цимес! Біз қаланың жартысын

шарлап, паркеті төселген ЕО-ларда болдық, ал нәтижені тек осында ғана

шығара алдым, және мен сенің мықты электроншы болып өскеніңе

қуаныштымын, ал кейбір алалашниктерге қарағанда – сенің ісіңнің өзі бәрін

айқындап тұр! Енді менің арым таза – өзімнің программамды сеніммен

тапсыра аламын – себебі, ол – әрекет етуде!

‒ Бұл қалай, Рувим? Сені жұмыстан кетіріп жатыр ма? Бұны білген

болсам, бұлармен ешқандай келісімшартқа тұрмас едім!

‒ Әй, сен абайла! Мұнда Валентина С. тұр ғой, оның әкесінің кім екенін

білмейсің бе? Ол сенің шарашкаңды лезде жауып тастай алады! Сондықтан

шошаңдамай-ақ, тыныш отыр. Мұнда, қаланың шетіндегі бетонды інге

тығылып алсаң, сонда біздің қолымыз саған жетпейді деп ойлайсың ба?

Қыз, сөзімізге араласып: ‒ Менің әкемнің қандай қатысы бар? Рувим

Шимоновичтің программасы шынымен де осы жерде ғана істей бастады, ал

оның басқа жақта неге жүрмей қойғанын мен білмеймін. Ал, егерде Хайме

422

екеуіңнің араларыңда бір келіспеушілік бар болса, оны бұл жерде

көрсетпелемей, өз ұйымыңда жұмыстық тәртіппен шешу керек. Ал өзімнен

Рувим Шимоновичке ешқандай шағымымның жоқтығын және ЭЕМ-ның іс

жүзінде істеп тұрғанын басшылыққа жеткіземін! Ал сіздер келісімшартқа қол

қойғансыздар, онда сіздердің директорларыңыздың қолдары тұр, сондықтан

ЭЕМ бастығының міндетін дұрыстап орындаңыз!

‒ Жақсы! Мен Сіздің пікіріңізді ескеремін және менің досым Рувим бен-

Шимон Сіздерге жұмыс істеп жүрген кезде менің де Сіздердің

ұйымдарыңызға деген көзқарасым соншалықты жақсы болады! Кіммен бірге

жұмыс істейтінімді – мен өзім шешемін, ал менің директорым мені барлық

жағынан қолдайды, сондықтан ынтымақтастығымызды жалғастырамыз.

Рувим, менің оны бұрынғыдай бен-Шимон деп атағанымды ести сала

қуанып, жымия берді. Оның бастықтары кетіп қалды, ал біз, шай ішіп, және

тағы басқасынан да аздап дәм ала отырып, өзара ұзақ әңгімелестік...

Мен ол кезде тек ғылыми талдауға сенетінмін, кейінірек қана уақыттың

шиыршық бойымен жылжитынын түсінгенмін, ал менің спиралім өте қатты

шиыршықталған еді, содан қайталанулар басталған болатын. Жарыққа

шомуды алғанымнан кейін, мен енді уақыт спиралін саналы түрде

басқаратын болдым. Ал әзірше, өз елімнің ізгілік құндылықтарын

басшылыққа ала отырып, Жиһан құрылымының заңдарын игеру үстінде

болатынмын.

Рувимнің өтінішімен, программасының баптауын аяқтағаннан соң

жұмысқа қайтып оралмай-ақ бірден үйіне қайтуына мүмкіндік беру үшін,

оған – түстен кейін, жұмыс аяқталуға таяйтын кездегі ең ыңғайлы уақытты

бөліп бердім. Әйтеуір, мен оны күнде көретін болдым да, менің қызықсыз,

біркелкі өмірім көңілдрек өтетін болды.

1973 жылдың көктемі де келді. Мен, Ғылым Академиясына, институттық

досым Н.И.Ч. аспирант болып жүрген Тау-кен ісі институтына барғанмын.

Біз дос болатынбыз. Ол үйленгеннен соң, оның өз отбасына көбірек көңіл

бөлуі қажет екенін түсінгенмін, сондықтан оған диссертациясын жазуына

көмектесейін деп шештім. Диссертациясы дайын болуға таяған еді, тек

математикалық растауы, яғни формулаларды машина тіліне аудару және

ЭЕМ-де есептеп шығу ғана қалған. Мен бұл жұмысқа кірістім де, төрт айдан

соң программа дайын болды. Диссертация тақырыбы рудалық газдың

жарылысынан туындайтын апаттық жағдайдағы шахталық желдетуге

арналған болатын. Программа осы жарылыстың моделін жасап, есептеп

шығаратын және кеншілерге шахтаның ең аз газдалған тармақтарын және

423

шахтаның лифтіне шығаратын жолды көрсететін жарқырағыш

нұсқағыштарды сызатын.

Қызу жұмысты аяқтаннан соң, мен программаны іске қостым, бірақ ол

екінші тармақты есптеуге өту кезінде тұрып қалды, қайта қосқан бірнеше

өткізулерім тағы да екінші тармақта тоқтаумен аяқталды, ал шахтада

жүздеген тармақтар бар. Мен жағдайды талдауға кірістім – ЭЕМ істеп тұр,

программа да істеп тұр, демек тағы да адами фактор. Мен әбден шаршаған

едім, сондықтан көзсіз көбелектей, босқа әуре болмай ‒ жай ғана демалуды

ұйғардым.

Біздің ортақ досымыз Саша П. жұмадағы өзінің туған күніне шақырды,

онда ұзағырақ отырып қалып, Н.И.Ч. екеуіміз қона салғанбыз.

Таңертең, ертеден, мені бір шу ұйқыдан оятып жіберді. Біз ұйықтап

жатқан бірінші қабаттағы терезенің тура астында аула сыпырушысы

тротуарды сыпырып жүр екен. Алдымен мен терезені ашып оған ұрсайын

дегенмін, бірақ сыпырғыштың дыбысы – шыр, шыр, шыр – деп, менің үнемі

осы мәселе туралы ойлап жүрген басымда ақылға сыймайтын

ассоциацияларды тудырған еді... Ақпараттың қалтқылы массивтерін

қалыптастыру кезінде оларды таза нольмен бөлгенім бірден есіме түсті.

Сондықтан, бірінші өткізуден кейін ақпарат массивтері үшін бос өріс

тазартып әзірлеу және оған «таза» нольдерді жазып жіберу керек болатын.

Әйтпесе, программа «лық толған» өрістерге екінші рет тіреліп, тоқтай

беретін. Бұл мені таңдандырғаны сонша, мен шыдамсыздана айқай салдым:

‒ Сыпырушы, сыпырушы! Жұмыстық өрісті жай ғана тазарта салу керек!

‒ Ең бірінші болып менің айқайыма аула сыпырушысының жауабы

естілді:

‒ Мен не?! Мен өз ісіммен айналысып жатырмын ғой, маған неге

айқайлайсыз!

‒ Жо, жоқ, құрметтім! Сіз маған кіріп, менімен бірге отырып дәм

татсаңыз деймін, әйтпесе жалғыз өзім бас жазайын десем, ыңғайсыздау

болып тұр. Өтінемін, келіңіз!

Мен сыпырушыға стақанын толтыра арақ құйып, шұжық пен тұздалған

қиярдан бутерброд әзірлеп, қолына ұстаттым. Ол асықпай ішіп, дәмнен ауыз

түйді де: «Құт-береке дарысын! – деп өз жұмыстарымен айналысуға шығып

кетті.

Осы кезде үйдегі қожайын әйел: – Бұл не айқай? – деп жүгіріп келді.

424

‒ Программаның неге тоқтап қалатынын түсіндім! Тездетіп шайыңды

қой, біз ЕО-ға – есептеуге шығамыз!

Автобуста келе жатып, мен шағын «сыпырғыш» программаны тез жаза

салдым. Ол жұмыс істей бастады. Қуанышы қойнына симаған Н.И.Ч.

программаны бақылау үшін пультке барып отырды, ал мен өз кабинетіме

барып, бүкіл бір тәулік бойы ұйықтадым. Ояна сала залға төмен түстім:

‒ Жағдай қалай?

‒ Шахта тармақтарының үштен бір бөлігі есептеліп болды! Дүйсенбіге

дейін тағы үштен бір бөлігі есептеліп бітеді, ал егер сен түнгі ауысымды да

бөліп берсең, он шахтаның біріншісі есептеліп болады. Бір аптадан соң –

жұманың 15-00-інен дүйсенбінің 9-00-не дейін біз енді екінші шахтаны

есептеп жаттық. Екінші кіруіміз бұрынғыдай жеңіл болмады. Бір сарынды

уақыт өткізуден мен әбден қиналып шаршадым. Таңертең, дүйсенбіде

программаны өзгертуге пісіп жеттім, өйткені уақыт қысып тұрды. Жазда,

тұтынушылардың басым бөлігі еңбек демалысына шығып кеткен, ал таяуда

олар жаппай демалыстарынан қайтып, жұмысқа шығуы тиіс. Ол кезде біздің

уақытымыз өте тығыз болмақ. Ең алдымен он шахтаны есептеп шығуымыз

керек, ал содан кейін диссертацияны аяқтау үшін ақпарат жинақтаудың

екінші кезеңі басталмақ.

Программа – мен оны «ГНОМ» деп атадым – екі бөліктен тұратын.

Біріншісі бүкіл Одақ бойынша шахталық желдетуді баяғыдан бері есептейтін.

Программаның алгоритмін графтар теориясының негізінде ғалым Рязанцев

Геннадий Константинович әзірлеген, ал іске асырған – мықты программист

Цхай болатын. Әзірлеу кезінде ол 12 тармақтан тұратын шахтаның моделін

пайдаланған еді, программаны жүргізу кезінде оның «терегі» құрылатын

және модель жарты минутта оқылатын. Бірақ та, жүздеген тармақтары бар іс

жүзіндегі шахтаға оны қолдану кезінде есептеу уақыты 65-70 сағат

машиналық уақытқа дейін ұлғаятын болды. Мен, осы базалық программаның

блок-сұлбасын құрастырдым да, ақпарат ағындарын өзгерту есебінен оны

жедел жылдамдатудың тәсілін таптым.

Жаңа программамен мен 15-00-ден бастап екінші ауысымға қалдым,

және 3-ші шахтаны есептеуге кірістім, нәтижесі мені естен тандыра жаздады

– қосымшасымен бірге программа, қорытынды нәтижені 57 минуттан кейін

шығарды! Мен, қалған шахталарды есептеуге кірістім де, екінші ауысымның

соңына таяғанда бүкіл ақпарат есептеліп болған еді.

Н.И.Ч. телефон шалып: «Демалыс күндерге келесі есептеуді жүргізу

мүмкіндігі қалай?» ‒ деді. Мен оған: ‒ Кел де, бүкіл материалды алып кет –

барлық шахталар есептеліп қойды! – дедім.

425

Келген кезде, оның таңқалуы мен ризашылығы шексіз болды, бірақ мен

оның шешендігінің ағынын тоқтатып:

‒ Біз дос емеспіз бе. Тез қорғап ал да, бұл жұмысты таста. Сен өндірісте

жұмыс істеуге ауысуға, жақсы жалақы алып, отбасыңды өзің қамтамасыз

етуге тиіссің. – дедім.

Бір апта өтті де, Н.И.Ч. залға жас әйелді – біздің кафедрадағы

подполковниктің қызын ертіп әкелді. Ол біздің жүрдек программамызды

Қарағанды қаласының шахта басқармасындағы ЕО үшін алуға келіпті.

Бақылаулық объектіні есептеп шыққан ол, қатты таңқалды.

‒ Бұл не? Екі күн және үш түн бойы көзімізді бақырайтып отыратын

жағдайдан құтылдымыз ба? Бұндай керемет нәтижеге қалай қол

жеткіздіңдер?

‒ Бұның бәрі, біздің ұлттық кемшілігіміз – «жалқаулық шешейдің»

кінәсінен ғой! Әрқайсысы 65 сағатқа созылған екі кезекшіліктен соң, мен

үлкен зарығудан айтарлықтай әбден «пісіп-жетіп», программаны қалай

үдетудің амалын таптым – нәтижесі осы.

‒ Мұндай тез есептеудің сыры неде?

Мен блок-сұлбада шахтаның терегі қалай құрылатынын, тармақтың

қалай есептелетінін көрсете бастадым, бірақ ол менің сөзімді үзіп:

‒ Тоқтаңыз! Менің не үшін миымды қатыруым керек екен? Ер жігіт

мәселені шешті, нәтижесі көз алдымда! Енді, менің бәр жұмысым – бір

сағатта нәтижені алып, үйіме, отбасыма қайту. Сізге осы үшін рахмет

айтамын! Ал енді айтыңызшы – неге Сіз бұл теңдесі жоқ әзірлемеңізді бізге

оп-оңай бере салдыңыз?

‒ Менің, авторлық куәлік алуға құқығым болған. Бірақ, тіпті

әскерилендірілген тау-кендік құтқару бөлімшелерінің басқармасы жағынан

белсенді қысымның өзінде, бұл іс ең аз дегенде екі жылға созылар еді. Біздің

бюрократиямыз осындай – ОӨТБ (БРИЗ) ең алдымен сараптама жүргізуі,

бірнеше тәуелсіз тұжырымдамалар алуы, ал сонан соң авторлықты ресімдеуі

тиіс. Жалпы алғанда, бұның бәрі маған қажет емес деп санадым да, менің

әзірлемемнің Бүкілодақтық ғылыми және техникалық ақпарат институтында

(ВИНИТИ. №4493(75) депонирлеу нұсқасын таңдадым («Тау-кен ісі» РЖ-да

жарияланған, 1974, 12, Реф.12. В67). Егер менің әзірлемем ең болмағанда

бірнеше кеншілердің өмірін құтқара алса, мен өзімнің дипломымды ақтай

алдым деп есептейтін боламын.

426

‒ Онда мен, Сіздің рұқсатыңызбен бұл программаны Кемеровоға, одан

ары тау-кен рудалық өңдеу орындарына Қиыр Шығысқа беріп жіберемін. Ал

өзімнің атымнан, және программист әйелдердің атынан Сізге алғыс айтамын!

Сіз, демалыс күндері үнемі ЭЕМ-да кезекшілікте болуымыздан туындайтын

жанжалдардан біздің отбасыларымызды сақтап қалуға көмектестіңіз.

Бірнеше күн өтті де, Н.И.Ч. залға бойшаң, арық адамды ертіп әкелді. Ол

өзін, Харьков кен-тау институтының қызметкерімін деп таныстырды және

осы теңдесі жоқ программаны көрсетуді өтінді. Нәтижесі оны қатты

таңдандырды:

‒ Мен бұны азиаттық орындаудағы әлдебір айламен жасалған қулық деп

санағанмын, бірақ та бақылаулық үлгі 65-70 сағаттың орнына 57 минут

ішінде өтті, және мен Сізді осы жетістікпен құттықтаймын. Сіздің

программаңыздың көшірмесін алуыма болар ма екен?

‒ Әрине! Біз оны Қарағандыға, Кузнецк бассейніне беріп жібергенбіз

және олар қызу есептеулер жүргізуде!

‒ Ия, Сіздің мықты маман екеніңізді, бірақ іскер адам емес екеніңізді

көріп тұрмын. Одаққа миллиондаған қаржыны үнемдейтін осындай әзірлеме

үшін өте жақсы ақша алу керек еді, өйткені жоғары мамандандырылған еңбек

үшін өте жақсы төлемақы төленуі тиіс! Ия, дүние мінсіз емес – іскер

адамдарға биік ақыл жетіспейді, ал маңдайы кере қарыс интеллектуалдарға

іскерлік пен ептілік жетіспейді де, олар өздерінің еңбектерін су тегін таратып

жатыр. Сіздің адал және риясыз еңбегіңізде табысқа жетуіңізге тілектеспін!

Осы программаны баптау кезінде келеңсіз оқиға орын алды. Біз

серіктестерімізбен пультте отырып, мәселені шешу жолдарын талқылап

отырғанбыз. Осы кезде залға Рувим Шимонович пен программист әйел

Валентина кірді, оған ол өз жұмыстарын тапсыруы керек болатын. Олардың

машиналық уақытының кезегі жеткенге дейін Валентина қасымызға келді де,

Н.И.Ч.-пен амандасып:

‒ Сен мына қорада не істеп жүрсің? – деп сұрады.

‒ Бұл жерде менің диссертациям бойынша институттық досым маған

программа жазып жатыр.

‒ Ол сені алдап кетеді! Ол программист емес қой, бұған оның шамасы

жетпейді! Оның жай ғана жолы болып, кездейсоқ сәтті болып құрастырылған

машина қолына түскеннен, ол өзін электроншымын деп кісімсінеді, ал нағыз

кәсібилермен иық тіресуге оның миы да жетпейді!

427

Ең жиіркеніштісі – Н.И.Ч.-тің ештеңе естімегендей сыңай танытып,

жарамсақтана күлімсіреп, онымен әңгімелесуін жалғастыра бергені

болатын... Ашуланғаннан мен, бұл арсыз әйелді ЕО-дан қуып шығармақ

болған едім, бірақ Рувимнің көзінен – ол сені арандатып тұр! – дегенін

түсіндім де: ‒ Өз адалдығыңды іспен дәлелде! ‒ дейтін ережені есіме түсіріп,

өзімді-өзім тежедім.

Мені таңдандырғаны, ол – менің институттық досымның осы арсыздың

үйіп төккен ызалы сөздеріне ешқандай құлақ аспағанына, ештеңе

естімегендей сыңай танытқанына, әлде ол оның ұстанымын қолдап тұрғаны

ма, мұқият түрде онысын бүркемелеп жүрді ме? Оның шын бағынушылық

кеңесшілдік иілу менталитетімен ол басшылардың алдында зәресі ұшып,

олармен кез келген қатынастарда дау-дамайдан қаша жөнелуші еді, үлкен

бастықтың қызының позициясын үнсіз қолдап шыға келді... Мен кейде, оның

мені Робинзонның қасында жүрген Жұмадай санап жүргені ме? ‒ деп

ойлайтынмын. Осы сәт Н.И.Ч.-пен бұдан арғы достығымның үзілуіне себеп

болды.

Мен, Рувим өзінің істерін өткізіп, жұмысынан босап шыққанын тоса

тұрдым да, ал жылдың аяғында олардың ұйымдарымен шартты

жалғастырмай, оларды асқан ептілікпен өзімнің қол астымдағы ЕО-дан

шеттеттіп жібердім. Олардың жағдайы бұдан кейін мені қызықтырмады,

алайда Рувим тағы да келді, ол енді жаңа салалық ЕО-ның программалық

бөлімінің бастығы ретінде қайтып келді. Барлығын өз қолында ұстайтын «Ху

из ху»-ды белдесуге шақырып, мен Рувимнің ұйымымен келісімшарт

жасастым, қысқасы кіммен дос болуды өзім шешіп, таңдадым.

Бұдан кейін мен өзімнің программам туралы да, сондай-ақ өзімнің

магниттік енгізуім туралы да ештеңе естімедім – олар бүкіл Одақ бойынша

автордың атауынсыз тарап кетті. Алайда, кейінірек, рухани жолға

түскенімде, менің жасаған еңбегім үшін адамдардың шын көңілмен жолдаған

алғыстары маған қалай көмектескенін сезгенмін. Бұл дүниеде ештеңе де ізсіз

жоғалып кетпейді екен, тек кейбір ізгі істердің жемісі көп жылдардан соң

келеді, ал басқалардыкі – дереу дерлік келеді екен. Барлығы рухани даму

деңгейіне тәуелді – біреулерінде карма шиыршығы енді ғана ашылып жатса,

басқалардыкі – тығыздала шиыршықталған, және себептерден салдарға дейін

аз уақыт аралығы өтеді. Осыдан кейін екі докторлық диссертацияға

программаларды, механика және электр техникасы бойынша, және

оншақтысын ‒ кандидаттыққа, оның арасында біздің политехтіктерге де

жаздым. Диссертацияны қорғағаннан кейін болатын банкетке жалғыз ғана

Политехтің аспирант қызы шақырған еді, ол күні менің ауырғаным сонша,

428

жедел жәрдем шақырттым. Осылайша, диссертантқа жасаған өзімнің көмегім

үшін тіпті осындай алғыс түрін де қабылдай алмадым.

Одан ары менің рухани эволюциям басталды, ол туралы егжей-тегжейлі

«Ақ Сарбаз» кітабымда баяндағанмын.

1979 жылдың соңында мен, көптен күтілген «ЕС-1022» ЭЕМ-ның

үшінші буынын қабылдап алып, оны біздің жаңа ғимаратымызға монтаждап

орнаттым. Бірақ кешен маған онша ұнай қоймады: ол да американдық IBMнен

«тікелей көшірілген» болатын, алайда бұл ретте күйанықтау жүйесін

көшіруді ұмытып кетіпті, сондықтан өз күшімізбен жөндеу жүргізу мүмкін

емес болатын. Біз, Радиопромның жанындағы мамандандырылған ұйым,

(РЦО) Аймақтық қызмет көрсету орталығының қызметін пайдалануға

тіркелуге мәжбүр болдық.

Өзін-өзі бағалайтын инженер ретінде, алдымда мені іштің пысуы мен

деградация тосып тұрғанын түсінетінмін. Бірақ, тағы да сәтті жағдай қол

ұшын бере қалды – институттық досымнан әлдеқайда жоғары интеграция

деңгейіндегі элементтік базасы бар, енді төртінші буынға жататын ЭЕМ-ның

монтажын, баптауын және сервистік қызмет көрсетуін жүргізетін ұйымның

бар екенін білдім. Ол маған ұйымның телефонын берді де

«Союзэлектронмаштың» Новосибирскілік филиалының басшысымен

кездескеннен кейін мен жұмыстан шығу туралы өтініш жаздым. «ЕС-1022»

және «Минск-22М» ЭЕМ бастығының лауазымы бойынша да, еңбекақысы

бойынша да төмен жұмысқа ауысқаным менің туыстарымның да,

достарымның да түсінбестігін туғызды. Бірақ та мен, жаңа техникаға, жаңа

қызықты жұмысқа кетіп бара жатқанымды оларға түсіндірген едім.

IV. Союзэлектронмаш

(15.10.1980 – 24.03.1992 ж.)

Электронмаштың филиалына ЭЕМ-ға қызмет көрсету жөніндегі аға

инженердің лауазымына қабылданғанмын. Бұл ұжымда әжептәуір еңбек өтілі

бар және ең бірінші дипломды инженер мен болып шықтым. Мен үшін

кепілдеме берген, менің институттық досым ‒ Ядролық физика

институтының жетекші электроншысы Евгений Валентинович Лобанов

болғандықтан, маған деген ешқандай сұрақтар болмады. Мен, қарапайым

инженердің орнын өтінген едім, ал мені олар біздің ұжымның ең жоғары

лауазымына қабылдады. Менің алған куәлігімнің №8 болғаны, алғашқыда

қызметкерлер санының қанша болғанын көрсетеді. Бұл бөлім, өндірілген

429

жұмыстар көлеміне сәйкес, шаруашылық есептеу негізінде жұмыс істейтін.

Түскен табыстан үстемелі ақы төленіп отырды, ал жаңа қызметкерлерді

қабылдау үшін жаңа объектілерді қызмет көрсетуге алу керек болатын.

Өз жұмысымды Автокөлік басқармасының есептеуіш орталығындағы

американдық «Хьюлетт-Паккард» (Hewlett-Packard) 2-ядролық екі кешенін

баптауға қатысудан бастадым. Әрине, басында қиыншылықтар болды –

ЭЕМ-ның жаңа элементтік базасы, жаңа архитектурасы, бірақ та бұның

бәріне рахаттана шамам шетті, алайда кадрлар мәселесі қайта туындады.

Радиотехниктерді, электромеханиктерді тездетіп дайындау керек болды.

Орталық, жұмыстар көлемін және жұмысшылар санын ұлғайтуды талап

еткен, әйтпесе біздің бөлімшені тарқатып жіберуі мүмкін еді. Сондықтан

басшылық, басқа қызметкерлердікіне қарағанда менің өте жоғары

еңбекақымды ақтауым үшін жастарды бұл кәсіпке үйретуді өзіме жүктеді.

Осы уақытқа қарай жұмысқа жаңа ғана келгендердің оқу жүйесін

әзірлеген едім. Мамандардың жетпеуі аса қиын жағдайға ұшыратты, бізде

жүріп біраз үйреніп алғаннан кейін жастар есептеу орталықтарына

стационарға, әлдеқайда тыныш және еңбекақысы артық төленетін жұмысқа

кете беретін. Кейіннен, біздің ең мықты қызметкерлерімізге айналған

жігіттер ғана қалып отыратын. Менің, әскери қызметін өтеп қайтқандарды

ықыласпен жұмысқа қабылдап алғаныма бәрі таңданды. Мен, бұл жігіттердің

тәртіпке, өз шеберін сыйлап, оған сөзсіз бағынуға дағдыланғанын

бағалайтынмын. Менің, сұлбада солдаттарды екі қатар сапқа тұрғызып, екі

санның жинақтағыш сумматорда қалай қосылатынын көрсеткенімді олар

қызыға қарайтын. Мен, шәкірттеріме ‒ бұл кәсіптің ешқандай күрделілігі

жоқ, тек ынталы және шыдамды болу ғана қажет – деп, олардың құлағына

құя бердім. Біраз уақыт өткеннен соң, шәкірттерім өз күшімен сыртқы

құрылғылардың күтіп ұстауын жүргізіп, күрделі емес жөндеуін жасайтын

болды. Өзімнің еңбекақысы жоғары және аса қадірлі лауазымымды тастап

шыққанымда «Ху из хулар» демін ішіне тартып, қуана табалап, енді қашан

менің масқара болғанымды және «ақ» адамның туземецтен нәсілдік

артықшылығы теориясының нақты факт арқылы расталатынын тосып

отырған. Мен әр күн сайын өзімнің біліктілігімді дәлелдеп отыруға тиісті

болып, тіпті титтей қателесуімді олардың мерекеге айналдыруына сылтау

бермедім.

1981 жылдың басында ДЭК (Digital Equipment Corporation (DEC)

класына жататын машиналар келіп жетті. Мен оларды қызмет көрсетуге

алдым, ал шәкіртім А. Казанкинді, оған серіктестерімен бірге жеке бригада

құрып беріп, өз орныма қалдырдым. Жаңа машиналар қызмет көрсету

430

тұрғысынан өте қыңыр болатын, сондықтан жаңа жігіттерді қабылдап,

оларды «таза беттен» бастап оқытып, үйретуге тура келді.

Геология басқармасына «Хьюлетт-Паккардтың» ұқсастары болып

табылатын өте үлкен «ПС-2000» типті машиналар келгенде, мен В. Люпинді

және екі радиотехникті өзімнен үзіп алып, оларды осы кешендерге

жұмылдырдым. Екі айдан соң бұл топ та жеке бригадаға дейін өсті. Одан

кейін, «СМ-1800» микрокешендері келді де, олар үшін тағы бір топты бөліп

шығаруға тура келді. Ақырсоңында, менің №2-ші бригадамнан бөлініп тағы

да алты жеке бригада шықты. Менің жұмысымның нәтижесі көзбе-көз

көрініп тұрды – ұйымымыз қаланың директорлар корпусының алдында

талассыз беделге ие болды, ал осы майданға араласқан барлық алаяқтар жай

ғана жоққа сіңіп тынды.

Менің күйреуімді бекер тосқан қалалық ЕО-лардың «білгіш» мамандары

мені іздеп тауып, «таңдаулылар» кәсібінің құпияланған қыр-сырын

көрінгендерге жаппай үйретіп, қарапайым кәсіпке айналдырдың – деп сөге

бастады:

‒ Біздің мамандығымыз элитарлық, жабық және тек арнаулылар үшін

ғана қол жеткізерлік болуы тиіс, өйткені осының арқасында элитаның

құлпырып өркендеуіне жағдай жасалады. Ал сіз болсаңыз, шошқалардың

алдына маржан шашып жүрсіз!

‒ Мен бұны, Батыста қалыптасқандай – әр мекемеде ЭЕМ болуы үшін

істеймін. Ал, бұл үшін ортаңғы және кіші буындағы қызмет көрсетуші

персоналының үлкен құрамы керек. Ал, элитаны жаппай мөлшерде өсіру

мүмкін емес, бірақ шеберлер білімдерімен және кәсіптің сырымен бөлісіп

қана қоймай, сондай-ақ маған ұқсап, бұл білімдерді мәжбүрлеп беруі керек.

Ал ең бастысы – мен сіздердің «Ху из ху» ұйымдарыңызды құртамын.

Төртінші буынға жататын менің машиналарымда өрт сөндіруші

инженерлерді ұстаудың қажеті жоқ, оларды біздің «ЭЕМ-Сервистен» шыққан

менің шәкірттерім ауыстырды. Ал сіздердің ұйымдарыңызды есептеу

техникасының ыңғайшылдары тудырған, ал ыңғайшылдар өз кезегінде жай

ғана алаяқтарды, ал олар ‒ сөзшең надан тобырды қаптатып шығарды. Сіздер

мені сәтсіздіктің тұңғиығына батырмақ болдыңыздар, ал енді өз

шалшықтарыңызға өздеріңіз батып құрисыздар!

Біздің ұйымымыз тездетіп дамуы үшін, біз оны өнеркәсіптік, қала

құрушы салалардың есебінен кеңейтуді ұйғардық. Кеңесте, Зырян тау-кен

байыту комбинатынан бастауға шешім қабылданды. Онда барғанымызда

бізді бас инженер Юрий Валерьянович Реуцкий қабылдады. Ол осы

431

комбинатты құрған, руданы байытудың математикалық моделін әзірлеген

еді, сол үшін Мемлекеттік сыйлықпен марапатталған болатын.

Ол мәселені тез түсінді. Оны әсіресе, бізге өз қызметкерлерін бөліп бере

отырып жұмыстық бірліктерді босату, ал босаған орындарға ЖОО (ВУЗ)

бітірген және Армия қатарынан босатылған қабілетті электроншыларды

жұмысқа алу мүмкіндігі қызықтырған еді.

Ол бізге он маманын бөліп берді, олар өз орындарында қала берді, тек

еңбекақысын бізден алатын болды. 1982 жылдан бастап осы мамандарға ол

комбинаттың басқарушы ЭЕМ-дерінің барлығына сервистік қызмет

көрсетуге бір жарым миллион сом қаражатты қамтитын жұмыстар көлемін

бөлді. Осылайша, ол біздің филиалды таратылудан құтқарып қалды.

Сондықтан, алты жыл өткенде, 1988 жылы Ю.В. Реуцкий біздің аймақтық

өндірістік КазПОВТИ бірлестігінің директоры лауазымына конкурсты ұтып

алды.

Әділеттік салтанат құрды – кім бұрын ұжымды сақтап қалса, сол енді өзі

оны басқаратын болды. Директордың аса беделді орны үшін күрес өте қатаң,

және жергілікті номенклатура жағынан кейде тіпті тым лас, арандатушылық

сипатта болды. Бірақ та Реуцкий екі дауыс артық жинап, сайлауда жеңіске

жетті. Оған екі дауысты мен әкелгенмін. Алдымен мен, оның қандай тамаша

адам екенін айтып, шаруашылық блокты сендірдім, содан кейін клавишалық

машиналарды жөндеу зауытына бардым. Онда негізінен ұқыпты немістер,

басым бөлігі баптистер жұмыс істейтін. Мен олармен Құдай туралы

әңгімелесіп, Евангелие жайлы қойған олардың өте шытырман сұрақтарына

жауап беріп, жүректерін баурап сеніміне ендім – олар да өздерінің

дауыстарын менің жоғарыға ұсынған адамға берген болатын...

1982 жылдың көктемі шықты және учаскенің бастығы маған жоспар

бойынша жылдың соңына қарай қолда бар құрамның тағы үштен бір бөлігіне

– яғни төменгі және ортаңғы буын персоналының санын кем дегенде 15

адамға дейін өсіру талабы бар телефонхатты көрсетіп, тағы да мазалап,

жұмысымнан бөлді. Ол менің, фирманың құрушысы және оның идеологы

ретінде кез келген қиын жағдайлардан әрқашан күтпеген шығу жолын тауып

алатыныма әбден үйреніп алған болатын. Ол осы жолы да қателеспеді. Оның

көз алдында мен қойын дәптерімді шығарып, өзімнің бір жақсы танысым –

біздің кинотехникумның директорының ғылым жөніндегі орынбасары ‒ С.

Кенжебекке телефон соқтым. Сәлемдескеннен соң, мен оған:

‒ «Мен қазіргі уақытта Союзэлектронмашта қызмет істеймін. ЭЕМ-ға

қызмет көрсетуші радиотехниктер мен электромеханиктердің алғашқы

түлектерін шығару жағдайы не болып жатыр?» ‒ дедім.

432

‒ Оларды жұмысқа таратып орналастыруға қатысты үлкен

қиыншылықтар туындап тұр. Кәсіпорындардың бір бөлігі біздің

түлектерімізден бас тартты, сондықтан енді оларды қайда жіберерімді білмей

отырмын!

‒ Мен саған көмектесе аламын! Барып-келіп істейтін жұмыстар үшін

бізге 15 бала керек. Егер олар келіссе, оларды жұмысқа орналастырдым деп

санай бер!

‒ Саған тіпті қалай алғысымды айтарымды білмей отырмын, менің ескі

жан досым. Қашан кездесіп, бұл мәселені талқылаймыз?

‒ Бізді ертең сағат тоғызға таман тос және ақылдылау жігіттерді таңдап

қой!

Біз бастықпен бірге кинотехникумға келген кезде оқуды бітіруші

түлектердің барлығы сапта тұр екен. Кенжебек жалынды сөз сөйледі де, ‒

мұнда «біздің қамқоршыларымыз» келді, олар қалағандарыңды

Электронмашқа жұмысқа қабылдайды – деді. Барлық таратусыз қалған

түлектер ыстық ықылас білдірді. Бұлар – 16 бала болып шықты, бірақ та тағы

үш қыз қалды, олар барып-қайтып істейтін жұмысқа жарамайтын еді. Офиске

барып жұмысқа ресімделу үшін ұлдар автобусқа отыра бастағанда, қыздар

еңіреп жылай бастады: «Ал, біз ше, біз адам емеспіз бе? Ұлдармен бірге

болуға орын табылмады ма? Бұл қандай әділетсіздік!»

Олардың сүлкиген түрлерінен жүрегімнің елжірегені сонша, мен

бастыққа қарап:

‒ Бізге, жөндеу-монтаждық тобын (ЖМТ/РМГ) құратын және оған

кеңсенің ішінен бір бөлме беретін уақыт келді деп ойлаймын. Ал сен,

Новосибрскіге хабарласып, ЭЕМ платаларын жөндеуге арналатын

текшелерге тапсырыс бер – оларды бізге тура қазірден бастап жібере берсін.

Сонда біз осы қыздарды да жұмысқа бірге ала кетеміз! – дедім.

‒ Әрине, келісемін! Онда біз тиесілі адамдар саны бойынша тапсырманы

асыра орындаймыз, және ұлдарға да платаларды жөндеуге оңай болады!

Біз Кенжебекке: ‒ Егер, ұлдардыкінен төмендеу еңбекақыға келіссе ‒ бұл

қыздар да автобусқа отырсын! ‒ дедік.

Бұл қуанышты хабарды естіген үшеуі ‒ қанат біткендей, автобусқа ұшып

барып отырып алды да, барлығы бірге – бір ұжым болып, қызыққа толы жаңа

өмірге қарай сапарға аттанды. Жұмысқа жаңадан алынғандардың

ресімдеулері дұрысталып болғаннан соң бастық қатаң дауыспен маған:

433

‒ Сен маған көп уақыт бойы осы таусылмас резерв туралы неге тіл

қатпадың? Ертерек айтсаң қайтер еді, мен онда бостан-босқа жүйкемді

тоздырмас едім ғой! – деді.

‒ Сен менің не деп айтқаныма зейін қоймағансың ба, олар – оқуын ең

бірінші болып аяқтаған тұңғыш түлектер! Бұларды мен бірнеше жыл бойы

ойымда ұстап жүргенмін, ал қажеттілік туындаған кезде ‒ олар есіме түсті!

‒ Ендеше кешір мені, қуанғаным сонша ‒ зейін қойып тыңдамаған

екенмін! Мені нешінші рет құтқарып отырсың, рахмет саған! Сенің

мәңгібақи қарыздарыңмын, ал егер бұл туралы ұмытып жатсам – есіме салып

қой!

Учаске бастығы, менің белсенді әрекеттесуімнің арқасында біздің

ұйымымыздың базасында құрылған ПОВТИ-дің бас инженері болғаннан соң,

ол – коммунистің болмысына сай әрекет жасап, өзінің берген антын

толығымен ұмытып кеткен болатын. Ол кейіннен менің ең қас жауыма

айналды, өйткені оны шошынған, әлсіз күйінде көрген едім, ал ең бастысы –

шаруашылық жұмыстарымен ғана шұғылданған оның қойнында партбилеті

бар болғандықтан, өзі кездейсоқ басқарған саладағы құзіретсіздігінің куәсі

болған едім.

Ал әзірше, біздің ұйым қарқынды дами бастады. Керемет беделді

мамандығы бар адамдар жұмыс істейтін ұйым туралы қала тұрғындары да

естіген еді. Онда арақ ішпейді, темекі тартпайды, ал жастарды құшақ жая

қарсы алып, біліктілігі жоғары мамандар етіп үйретіп қана қоймай, сонымен

қоса адал адам етіп тәрбиелейді екен. «Ху из ху» бастықтарынан қорланған,

моральдік тұрғыдан намысы әбден жаншылып, жасық етіп тасталған ұлдарын

шешелері қолдарынан ұстап жетектеп алдымызға әкеле бастады. Осы, езіліп

қажыған балалардан келешекте көрнекті мамандар өсіп шықты.

Біздің мейрамдарымызда менің бастамашылығыммен ішімдікке

біржолата тыйым салынды. Балалар бір-бірімен қуана араласып көңіл

көтеретін. Араларынан таланттар да шықты – ақындар, әңгіме айтушылар,

суретшілер, музыканттар мен бишілер.

1982 жылдан бастап қаламыз, Киевтегі, Солтүстік Донецкідегі

зауыттардан ондаған машиналарды алды, бірақ олар әлдебір жағдаймен

біздің заңды ықпалымыздың шеңберіндегі аумақтан тыс қалған еді.

Кәсіпорындардың бастықтары, әлдеқайда құзіретті тұлғалармен еңбек

келісімшартын жасап қойғандарын айтып, біздің қызмет көрсетуімізден бас

тартатын болды. Шамамен жарты жыл өткенде, олар көз жасын көлдетіп

бізге келіп, өздерін күйреуден құтқаруымызды өтіне бастады. Қаланы,

машиналардың іске қосу-баптауын жүргізетін әлдебір фирманың алаяқтар

434

бандасы билеп-төстеп алған екен. Олар аңқау директорларға СВТ

«Сервистегі» «чуркаларға» қарама-қарсылық әрекет ретінде ЭЕМ-ның «ақ»

баптауын ұсынған. «Чуркалар» деп олар менің бастығымды және мені атаған,

сондықтан ұйымдардың басшылары олардың салған бұл «қармағын» қуанақуана

қауып ала берген.

Алаяқтардың тәсіл-есебі қарапайым болған – егер ЭЕМ жарамды болса –

бірден іске қосады, ақшасын алады да құрметке бөленіп кете береді, ал ЭЕМ

бірден іске қосылмай қойса – бәрібір, ақшаның белгілібір бөлігін сыпырып

алып, жоғалып кетеді. Мен, бұл алаяқтардың кім екенін анықтадым – олар,

ағайынды-егіз Моинбергтер екен. Көп жыл бойы жер астындағы көрде

жатып, соның ішінен жаңа ғана шыққандай, олардың бет терісі күңгірт және

сұп-сұр болатын. Ең бастысы – оларды заңды түрде жауапқа тарту мүлде

мүмкін емес екен.

Директорлардың өздері заңды бұзып, тексерілмеген адамдарды уақытша

жұмысқа қабылдаған және осы үшін жауапкершілікке тартылғысы

келмегендіктен, у-шу көтермей, қазанды жабық күйінде қалдыра берген.

Егерде мен ЭЕМ-ды тек бір-ақ рет қана іске қоса алмасам, онда

«хуизхушылар» менің тұлыбымды өртей отырып қала көшелерімен шерулеп

жүріп өтер еді. Ал осы жексұрындар, тып-тыныш өмір сүріп, өздерінің

құрбандарымен ұшырасып қалудан қорықпай, қаламызда емін-еркін жүрген.

Олардан тиген бір пайда, ол – олардың менің №8-ші бригадама жасап берген

жарнамасы еді, өйткені мен олардың ізімен жүріп отырып, олар бүлдіріп

кеткен кешендерді жөндеп, қалпына келтіргенмін.

Ал Жоғары энергиялар физикасы институтында біз «өліп қалған» екі

кешенді қатарға қосқанымызда, біздің акцияларымыз көкке көтерілді. Бұл

кешендер екі жыл бойы тоқтап тұрған еді және оларды ешкім де тірілте

алмаған болатын.

Дәл осындай екі кешен зақымдалған күйінде Солтүстік айналмадағы

Розовая көшесіндегі, директоры ‒ Иоктонның басқаруындағы Жол

машиналарының сынақтық станциясында тұрған болатын. Одақтық

Мемлекеттік жоспарлау комитеті стратегиялық маңызы бар жолдарды салу

үшін шетелдік фирмалардың жол жөндеу машиналарын валютаға сатып алу

мақсатымен қазақстандық институтқа олардың далалық сынақтарын өткізуді

тапсырған болатын. Әрине, станция басшылығы өз кәсіпорнының абыройын

түсірмеудің қамын ойлап, Киев зауытынан алынған «DEC» фирмасының

ұқсас кешендерінің лайық дәрежеде іске қосылуын жүзеге асыруды ұйғарған

еді. Жеткізуші фирмалар, сынақ қорытындыларының олардың ЭЕМ-дерімен

үйлесетін интерфейспен ұсынылуын талап еткен болатын. Дәл сол кезде,

өздерінің қызмет көрсетулерін ұсынып, осы екі алаяқ жетіп келген. Олар бір

435

ай бойы басты қатырған, ал сонан соң ақаулылықтар өте күрделі деп

жариялап, зауыттың баптаушы бригадасын шақыртқан, ал олар ЭЕМ-ның

қасында екі ай бекер әуреленіп, бастары төмен салбырап кетіп қалған, бірақ

өздерінен де мықты мамандарды шақырған, бірақ олар да пульттердің

қасында тағы да екі ай отырып, бұрынғылардай кешірім сұрап, бастарын

төмен салбыратып тайып тұрған екен. Қараша айы да басталған болатын, ал

жылдың соңына қарай ЭЕМ-де есептелген сынақтардың қорытындылары

МемЖоспарға тапсырылуы тиіс.

Менің директорым маған, олардың бас инженері келіп көмек сұрағанын,

әйтпесе оны «қасқырдың билетімен» жұмыстан шығарып тастауы мүмкін,

өйткені ол «ақ» баптаушыларды жалдаудың себепкері болғанын айтып,

оларға көмектесуді өтініп келгенін айтты. Біздің директор оған, біздің қызмет

көрсетуімізден жазбаша бас тартқан хаттарын көрсетіп, олардың бас

тартқандығының дәлелін Киевке жібергені туралы, ал зауыт оларды өзінің

барлық кепілдемелерінен алып тастағанын, енді оларға тек №8-ші

бригаданың басшысы ғана көмектесе алатынын айтыпты. Бірақ, бұл үшін

басшылығым маған бекітілген жұмыстардың кестесін өзгертуі керек, алайда

жыл соңындағы «қарбаласқа» байланысты менің ондайға келісе

қоймайтынымды да айтқан екен.

Әр дүйсенбі сайын бізде планёрка өтетін. Жиналыс біткенде, маған

диспетчер келіп:

‒ Сіз кіреберісте, баспалдақтың астында Сынақтық институттың

инженерін көрген жоқсыз ба? Оның сол жерде тұрып жатқанына бірнеше күн

болды! ‒ деді.

Мен дәлізге шығып қызыға қарадым. Шынында да, баспалдақтың

астында төселген матрастың үстінде бір жас жігіт отыр екен. Мені көре

салып, өзін таныстырды да, бас инженер осы жерде қонуға, бірақ та

баптаушыларсыз қайтып оралмайсың дегенін маған айтты:

‒ Мен әу бастан Сіздерді шақыру керек деп талап еткенмін, себебі

өзімнің институттық достарымнан Сіздің қызметкерлеріңіздің өте жоғары

біліктілігі жайлы естігенмін. Бірақ та, бас инженер – мемлекеттік

тапсырысты кешіктіре алмайтынын және дұрыс адамдарды тапқанын

мәлімдеген еді... Сөйтіп, ол енді жұмыстан «ытып шығудың» алдында тұр,

және барлық үмітімізді Сізге ғана артамыз!

‒ Мен саған ешқандай көмек жасай алмаймын. Осы бейсенбіде мен

Ядролық физика институтындағы кешенді монтаждаймын, ал сейсенбі мен

сәрсенбіде – жоспарлы профилактика бар. Ал енді айтшы, өзің қайда түнеп

жүрсің? Түнге қарай кіреберісті кілттеп, жауып тастайды ғой?

436

‒ Ал менің доңғалақты қонақ үйім бар, жүріңіз, көрсетейін!

Ол мені ауладағы қоралардың артына ертіп келді, ол жерде

камуфляждық түске боялған фургон тұр екен. Ол есігін ашып, басқышты

суырып шығарды да, мені ішке кіруге шақырды. Мен бұндай фургондарда

болғанмын – сол жақта газ плитасы мен жуғышы бар асхана, оң жақта – багы

мен душы бар «бұржуйка» пеші тұр. Ар жағында –төрт жатын орны мен

үстелі тұрған бөлмесі бар екен.

‒ Сізге шай қойып жіберейін!

‒ Жоқ, рахмет, мен жүре берейін. Жолым болды деп санай бер!

Автобустарың Комсомольская көшесімен жүре ме?

Ия! Таңертең ол, ықшамаудандардағы жұмысшыларымызды отырғызып

алып, Кудерин көшесімен Солтүстік айналмаға дейін төмен түседі.

‒ Менің екі бос күнім бар. Ертең 8-30-да мен жігіттеріммен Руднев

қиылысында тұрамын – автобустарың мені ала кетсін. Барып, сендердің

кешендеріңді қарап шығайын.

Таңертең қасымызға «Волга» автомашинасы келіп тоқтады да,

жүргізушісі:

‒ Едихан, Сіз боласыз ба? Онда отырыңыз, мен бас инженермін! – деді.

Машинада біз біраз әңгімелестік:

‒ Зауыттық баптаушылардың екі бригадасы келіп, бір де бір кешенді іске

қоса алмағанын білесіз бе?

‒ Олар маған үлгі емес. Зауыттық баптаушы ‒ менмін, тек тұрып жатқан

орным бойынша іссапарға жіберілген адаммын, мені әрқашанда іздеп табуға

және істеген жұмысым үшін жауапқа тартуға болады. Сіздерді ақымақ етіп

кеткен ағайынды Моинбергтер шығар?

‒ Ия! Дәл сол алаяқтар Сіздің атыңызға күйе жағып қаралаған еді, ал мен

оларға сеніп қалдым!

‒ Ә, солай ма! Күтілгендей болып шықты – «Ху из ху»-дың екі жүзді

ептілері өздерінің ішінен алаяқтарды тудырды! Бірақ, біздің ұйымымыз әлі

олардың түбіне жетеді!

Әңгіме үстінде жұмыс орнына жетіп қалғанымызды да байқамадық.

Әкімшілік корпусына жетуге біраз қалғанда, машина солға бұрылып, біз

шетелдік маркалы қымбат және үлкен машиналардың жанынан асықпай

өттік. Тек содан кейін біз ғимараттың алдына келіп тоқтадық. Қарап шығу

437

және бастапқы күйанықтау – «ДЭС» кешендерінің екеуі де жұмыс

істемейтінін көрсетті. Күйанықтауды ары қарай жалғастыра бергенімде бас

инженер қасыма келіп:

‒ Мен біздің директорымыздың өтініші бойынша келіп тұрмын:

айтыңызшы, ең болмағанда бір кешен қашан іске қосылмақ – бір, немесе бір

жарым айда ма? Уақыт қысып тұр, жылдың соңында біз МемЖоспарға

далалық сынақтардың қорытындысын жіберуге тиіспіз. Егер бірдеме қажет

болса, айтыңыз – біз бәрін орындаймыз!

Менің жауабым инженерді есінен тандыра жаздады! Мен қойын

дәптерімді алып:

‒ Міне, қараңыз! Екі күннен кейін мен ЯФИ-да (ИЯФ) кешенді баптауда

болуға тиіспін – ол жұмыс Киевтегі ВУМ зауыты диспетчерінің бақылауында

тұр! Сіздердің мәселелеріңізді шешуге менің екі күнім ғана бар! Ал егер мен

әр кешенде бір ай отырсам, онда мені кәсіптік сәйкессіздік үшін жұмыстан

қуып шығарады, және дұрыс істейді! Ал баптау мәселесіне келетін болсақ ‒

егер Сіздер мені жұмысымнан үзе бермесеңіздер, маған керек ең жақсы

көмегіңіз сол болар. Өтінемін, менің алаңсыз ойлануыма ешкім кедергі

жасамасын деп өкім етіңізші! Володя, есікті жауып ал, ол жақта ешкім де

жылтыңдамасын!

Бастапқы күйанықтау, кернеуді енгізудегі бақылау платасының жұмыс

істемейтініне көзімді жеткізді. Шынында да, транзисторлары жанып кетіпті.

Космостанциядағы «қорғаныс блогы» еріксіз есіме түскен еді. Процессорда

төртінші разряд бойынша ығысу жоқ! Бұл менің «Наиридегі» 1968 жылғы

алғашқы ақаулылықтың қайталануы ғой. Ол кезде, оның триггері жұмыс

істемеген еді, ал мұнда ‒ мультиплексор тесіліп қалған. Менің топтық

кармам – ұзақтығы 16-жылдық орамға шиыршықтала бастағанын түсіндім.

Жарамсыз платаны мен екінші кешеннен алынған платамен ауыстырдым да,

ЭЕМ-ді қостым. Дисплей, ЖЖҚ (ОЗУ) жадының толық емес режимде істеп

тұрғанын көрсетті...

Бұл хабарлама Володяның қатты қуанышын тудырды:

‒ Ура! Кешен жұмыс істей бастады! Бұлар ‒ нағыз шеберлер және

супермамандар деп айтып едім ғой!

Бас инженер жүгіріп келді. Оның жүзі қуаныштан жайнап тұрды:

‒ Ал, қалай! Сіздің және біздің де ісіміз оңдала бастапты ғой?

‒ Маған жұмыс істеуге кедергі жасамауды өтініп едім ғой! Бұл, тек басы

ғана!

438

‒ Жақсы, жарайды! Мен тек, директордың өкімімен келіп тұрмын! Ол

асханада салтанатты түскі ас әзірлеуді бұйырған еді, Сіздің режиміңізді

бұзбау үшін тек жарты сағатқа ертерек үзіліске шықсаңыз болғаны.

Екі сағаттан соң мен, барлық жад платаларын жөндеп болып, кешенді

тестілік режимге қостым. Біз түскі асты ішуге шықтық. Ол шынында да

салтанатты болды. Мен мұнда да тәрбиелік жұмысымды жалғастырдым:

‒ Көрдіңдер ме, жақсы қызметкерлерді қалай қошаметтейтінін.

Сендердің де осындай деңгейге көтеріліп, салтанатты аспен марапатталып

отыратын күндерің әлі келер деп ойлаймын!

Біз залға қайтып оралғанда, кешен үш тестілік циклден өткен екен. Тағы

да бас инженер келді:

‒ Директор Сіздің келуіңізді сұрайды! Жүріңіз, өтінемін!

Кабинетте мені, бойы аласа, шомбал денелі адам қарсы алды.Ол үстел

басынан шығып, маған қолын берді де, өзін таныстырды – Иоктон!

‒ Ия, солай! Енді мен, киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарай

шығарып салады деген мақалдың дұрыстығына сенемін! Саған өзімнің

таңданатынымды және қадірлейтінімді білдіргім келеді. Үш бригаданың

жарты жылда істей алмағанын сен жарты күнде істедің!

‒ Бірақ, алаяқ Моинбергтерді тіпті инженер деп атауға да жиіркенемін.

Ал мен болсам, жұмыс істемейтін екі кешеннен жұмыс істейтін біреуін ғана

құрастырдым, бар сіңірген еңбегім осы ғана!

‒ Жарайды! Сыпайы болмай-ақ қой. Мен де өзің сияқты инженермін, тек

механика бойынша, және нәтиженің қандай қиындықпен келетінін білемін.

Сен дәлізде, қолдарына қорапшалары мен папкаларын құшақтап тұрған

адамдарды көрдің бе?

‒ Ия, көрдім! Мен дәлізбен жүріп келе жатқанымда, олар маған қол

шапалақтап тұрған!

‒ Осылайша, олар ‒ өздерінің қинала тосуының аяқталғанына қуанып

тұрғанын білдіргені ғой. Олардың барлығы ‒ біліктілігі жоғары

қызметкерлер және өздерінің еңбегінің жемісін тезірек көргісі келеді! Мен

саған «сен» деп айтқанымның себебі – осындай әсерлі кәсіби деңгейіңе деген

құрметімді басқадай білдіре алмағандығымнан. Біздің «директорлық радио»

арқылы сен туралы көп естігенмін және сен туралы қауесеттің бекер

болмағанына қуанамын. Машиналық залға, жерлендіруге, кешеннің

қоректендірілуіне қоятын әлдеқандай талаптарың бар ма?

439

‒ Жоқ! Залыңыз – қаламыздың ең үздік залдарының бірі. Жерлендіруі

клумбада. Қоректендіру желісі мен сымдарының тартылуы қалыпты.

Барлығы ойдағыдай – күрделі жөндеуден соң кешенді сервистік қызмет

көрсетуге қабылдап алуға болады.

‒ Осының бәрі біздің жас инженеріміздің еңбегі. Айтпақшы, сен оны

қалай бағалайсың?

‒ Өте тамаша бала. Әсіресе біздің баспалдағымыздың астындағы матрас

үстінде өте көркем болып көрінген еді. Түріне қарап, оның сол жерде қыстап

шығудан тайынбайтынын түсіндім – өйткені ол өте қайсар екен. Бір сәтте

мен оның кейпінен дәл өзімнің жастық шағымдағы түрімді көрдім!

‒ Мен, дәліздегі адамдардың жанына барайын. Ол жерде бір әйелдің

естен танып қалғанын маған хабарлады. Олар, машина тағы да тоқтап қалады

және тағы да тосып отырып қаламыз ба деп қорқатын сияқты. Олардың

арасында машиналық уақыт үшін таласудан жанжал шыға бастады. Егер

мүмкін болса – оларға жұмыс істеуге рұқсатыңды берші, кешен міне,

төртінші тестілік циклден өтіп, істеп тұр ғой!

‒ Келісемін! Ендеше, машинаны қабылдап алсаңыздар, бізді үйлерімізге

жеткізіңіздер. Мен сығылған лимондаймын... Біраз тоқтап, демалу қажет. Ал

ертең, мен екінші кешенде жұмысымды жалғастырамын. Бірақ бұл жерде,

кем дегенде бір ай тер төгуге тұра келеді.

Микроавтобустың жүргізушісі бізді үйлерімізге – оған бас инженер

бұйырғандай – кіреберісіне дейін жеткізіп тастады. Әйгілі «Who is who»

алаяқтары қиратып үлгірген ЭЕМ-дердің көптеген күрделі жөндеулерінің бірі

осылай аяқталған еді.

Біздің атқарған жұмысымыздың оң әсерін біз бірнеше күннен кейін

сездік. Бәлкім, бұл Иоктонның беделінің зор болуынан шығар, біздің

сервистік қызмет көрсетуімізді алуға кезекке тұрғандардың саны көбейді.

Бірінші болып Политехтен біздің кафедрамыздың меңгерушісі келді. Мені

көре сала, ол дауыстап:

‒ Біздің түлектеріміздің барлық жерде отырғаны қандай бақыт! Сен бізді

қызмет көрсетулеріңе ал. Бізде қазір Кубадан студенттер оқып жүр, ал

олардың курстық жұмыстары ЭЕМ-да, ал машиналардың барлығы аяқ

астынан істен шықты. Бұл енді тек біздің «ұшқан ұямыздың» ғана емес, тіпті

бүкіл Қазақстанның беделіне келер соққы емес пе! Сондықтан,

шетелдіктердің алдында өз кафедраңның ұятқа қалмауына көмектесуіңді

өтінемін. Мен мұнда өзіммен бірге ЭЕМ-ға қызмет көрсету тобының бастығы

болып істейтін қызметкерімізді ертіп келдім. Оған, келісімшартты қалай

440

ресімдеу керегін түсіндір де, тезірек жөндеуге шық, әйтпесе менің басым

домалауға дайын тұр!

Мен оның қасында тұрған әйелге назар аудардым. Әйнегі қалың

көзілдірігінен соқырлау көздері сығырая қарап тұрған еді.

‒ Ғалия! Бұл сенсің бе? Мұнда қайдан келдің, ал әдемі көздеріңе не

болған?

‒ Институттық досым-ай, білесің бе, сен біздің Автотранста жұмыс

істеуден бас тартқаныңнан кейін жаңа бастық келіп, бәрімізді қуып шыққан,

ал мені қайта қалдырған болатын. Сонан соң 1975 жылы ЕС типті үлкен

ЭЕМ-дар келді де, жұмыстан шығармасын деп күндіз-түні сұлбаларды қарап

отырдым. Осылайша, көзімді құртып алдым, ал одан кейін бұндай

машиналар мен үшін емес деп түсініп, Политехке кетіп қалдым. Енді міне,

тағы да өтінемін – маған көмектес! Төртінші буынның машиналары маған

өте қиын болып шықты, ал сен оларды жақсылап игеріп алып және оларға

қызмет көрсететін бригаданы басқарып жүрсің.

Менің, қызмет көрсетуден ресми түрде бас тартуыма болар еді, себебі

енгізуді жүргізген біз емес, алайда менің топтық кармамның одан ары

шиыршықталғанын түсінгенмін, сондықтан өз институтыма қайтадан, бірақ

енді басқа сапалық деңгейде оралуым қажет еді. Олардың құжаттарын

кеңсеге өзім апарып, тура бүгін ресімдеуді және директордың қолын

қойдыруға ұсынуды сұрадым.

Бір күннен соң көмекшіммен бірге институтқа келдім де, онда біздің

кафедрада оқытушы болып істейтін өзімнің курстасыммен бетпе-бет кездесіп

қалдым. Мен оған: ‒ «О, Жолдыбай, сәлем!» ‒ деп, құшағымды жая

ұмтылдым, бірақ та ол салқындық танытып, мені өзінен аулақ итерді:

‒ Едихан, сен түк өзгермей, сол бұрынғы ауылдан келген күйіңде

қалыпсың ғой. Өзіңнің ең болмаса, кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе?

Мына түрің не боп кеткен өзі, ал мынау масқара сөмкеңе нені тиеп алғансың?

Өзің не, сантехник болып кеткенсің бе?

Мен таңырқап:

‒ Е, Жолдеке, егер мен сені сантехниктің күртешесін киген түріңде

кездестірсем де, сенен мұрнымды бұрмас едім. Менің түрім, өзімнің жарғыма

сай – электростатикалық зарядты жинақтамау үшін, ешқандай синтетика мен

жүннен тігілген киімсіз, ал сөмкем – құрал мен аспапқа арналған ‒

фирмалық!

441

Осы сәтте есік ашылды да, дәлізге кафедра меңгерушісі шықты. Енді

курстасымның таңырқайтын кезегі келді:

‒ Сәлем! Мен сені тосып отырмын. Жүр, біздің техникамыздың күрделі

жөндеуіне қатысты кейбір мәселелерді проректорға кіріп шешіп алайық. –

деді. Және, Жолдыбайға бұрылып:

‒ Сен неге мұнда түк бітірмей қақиып тұрсың? Бар да, залдың іші

тазартылып жинастырылуын қадағала, және Х. Ғалияға баптаушылардың

осында жүргенін хабарла!

Бұрылып артыма қарағанда, менің бұрынғы курстасымның тәкаппар

түрінен маған деген жиіркеніші мен үлкен бастыққа құлдай

жағымпаздануының сұмдық қоспасын көріп қалдым. Ол, не болғанын

түсінбей, күтілмеген жағдайдан шығар жолды жанталаса іздеп, басы қатқан

күйде еді. Одан арғы оқиғалар күрделі драмадағыдай дамыған еді.Тура сол

есіктен менің курстастарым, Бақберген мен Р. Галя шықты – менің оларды

өте қиын жағдайдан құтқаруға келгенімді олар білетін:

‒ Сенің келгенің біз үшін бақыт қой! Алда, бізді кубалықтармен

өткізетін практикалық сабақтар тосып тұр, ал біздің кешендер – қасақана

болғандай, бір күнде тоқтап қалды! Жүр, бізге кіріп шық ‒ шай ішеміз,

сөйлесеміз. Институтты бітіруіміздің он жылдығын тойлаған күннен бері бірбірімізді

көрмеппіз ғой!

‒ Қазір! Тек проректорға кіріп шығып, кейбір мәселелерді реттеп

алайын, содан кейін сендер үшін де уақыт табармын. Қабылдау бөлмесіне

бара жатқанымызда, кафедра меңгерушісі, оларға екі адам келіп, өздерінің

қызметін ұсынғанын айтты.

‒ Олар, ағайынды Моинбергтердің өздері шығар? Оларды кабинетіңнен

қуып шықпадың ба?

‒ Ия, тура солар болатын! Өзім де олар туралы естігенмін, бірақ олардың

артында өте үлкен адамдар тұр. Мен оларға, біздің кешендерде кубалықтар

оқитынын сылтау еттім, ал бұл ‒ Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің

бақылауында ‒ деп айтып қана, олардан құтыла алдым. Олар, бізге

қызығушылығын дереу тоқтатты.

Түске таяу, Бірінші кешенді қатарға қосқанымда, менің қасыма екі

кубалық келді, олардың ерлі-зайыпты екені түрінен көрініп тұрды. Әйелі тезтез

сөйлеп, «компаньерос» деген сөзді жиі қайталап бірдеңелерді айта берді.

Қасымызда тұрған біреу олардың тез арада Гаванаға үйлеріне қайтуы керек

деп маған аударып берді. Олар емтиханды мерзімінен бұрын тапсырыпты,

442

тек ЭЕМ-дағы тәжірибесі ғана орындалмаған, сол үшін тестіден өткізуге

бөлінген менің уақытымның екі сағатын сұрап тұр екен.

Әрине, мен Қонақтарға ізет көрсетіп, құрмет білдірдім де, уақытымды

құрбан еттім. Жолда келе жатқанда көмекшім: «Сіздің курстасыңыз неге

сондай оғаш қылық көрсетті? Алдымен ол Сізге аяғын сүртті, сонан соң

Сіздің қолыңызды жалауға әзір болды!» ‒ деп сұрады.

‒ Ол, кішкентай бастықтардың арасынан шыққан, сондықтан оның

бойында «жоғарыда тұрғандардың» алдында табыну түйсігі дамыған, ал

осыдан барып ауылдар мен поселкелерде тұратын тайпаластарын жек көру

сезімі қалыптасқан. Ал мен – тура сол ауылдық, поселкелік қазақтың бірімін.

Селолық мектепте жетіжылдықты, поселкелікте – онжылдықты бітірдім, ал

1960 жылы институтқа түскен кезімде, менің Тастағым әлі де қалалық типтегі

поселке болатын. Осыдан барып оның маған деген жеккөрушілігі сақталған.

Ал, менің кафедра меңгерушісімен қымсынбай сөйлескенімді, проректорға

оп-оңай кіріп-шығып жүргенімді көргенде оның бүткіл әлемі бір сәтте

күйреп, құлап түсті. Ауылдың қазағы үлкен бастық болғаны ма!? Осы

моральдік апатты бастан кешкені жақсы болды! Кішкентай адамсымақтарға

анда-сонда өмірден осындай соққыны алып отырғаны артық болмас.

Өздеріңе үйреткенімдей – осындай өнегелі қойылымдардың ең үздік

сценарисі мен режиссёрі – өмірдің өзі! Тек қана көз алдыңа елестетіп көрші –

мысалы уақыт жүрісі өзгерді дейік. Ең алдымен кафедра меңгерушісі шықса,

одан соң доцентсымақ кездессе – онда ол маған аяғын сүртпес еді, керісінше

ең жоғары сый-құрмет көрсетер еді. Бірақ мен адамгершілік таныттым –

өлген кешендерді қызмет көрсетуге қабылдадым, әйтсе де кердиюіме және

оны өзімнің соңымнан салпақтатып жүгірткізуіме де болар еді, ал бұны

билікке жетуге және шенге бас ұруға талпынған адам міндетті түрде істер

еді. Сондықтан, өмір былай бұрды: мақта-маталы, ескірген пиджак киіген

мен, ректордың қабылдау бөлмесіне кірдім, ал галстугімен костюм киген ол

ЭЕМ залын жинастыруға қалды.

Біздің кәсіпорын тез дамуын жалғастыра берді де, 1984 жылдың

қарашасында біз басты аймақтық кәсіпорын – «ЭЕМ-Сервис» болып, жеке

бөлініп шықтық. Біздің аймаққа Орта Азия республикалары енді. Одақтық

деңгейдегі кәсіпорын басшысының лауазымына Мәскеудің адамы

тағайындалуға тиіс болатын. Жаңа директор сауатты, іскер және әжептәуір

адал адам болып шықты. Ұжымның жалпы жиналысынан соң ол мені өз

кабинетіне шақырды:

‒ Мен мұнда жаңадан келген адаммын және маған өндірістік

буындардың басшылары жағынан қолдаудың болғаны қажет. Сіз мұнда тура

443

да, астарлы да мағынада – бірінші инженерсіз. Сіз осы ұйымды

құрушыларының бірісіз және оның басты идеологы болып табыласыз,

бригадалар басшыларының басым бөлігі – Сіздің шәкірттеріңіз. Маған,

жұмысты жақсарту үшін қандай кеңес бере аласыз? Сіздің бастығыңыз маған

КСРО-ның картасын көрсеткен еді, оның сыртына былай деп жазыпсыз:

«Біздің тәуелсіз кәсіпорнымыздың басшылығының кабинетінде ілініп

қойсын. Датасы: 31.12.1980 жыл». Сіздің фантазияларыңызға барлығының

қалай күлгенін ол маған айтқан еді. Алайда, фактілер – қайсар нәрсе, Сіздің

барлық «қиялдағандарыңыз» орындалып, іске асты. Сіздің әрекеттеріңіз

ұйымның аяғына туруы кезінде ең күрделі мәселені, туындаған жағдайларда

шешу кезінде, Сіздің әрекеттеріңіз әрқашанда тиянақты нәтижеге әкелетінін

барлығы есте сақтасын деп, мен бұл тарихи картаны мәжіліс залына іліп

қоюға бұйрық бердім. Мен бұны білемін және Сізді менің қасыма

әкімшілікке кез келген лаузымға жұмысқа шақырамын. Маған неден бастау

керек деп кеңес берер едіңіз?

‒ Ең бастысы – өндірістік бөлімшелердің жұмысына килікпеу. Олардағы

барлық жұмысшылар өзін-өзі реттеуге және жоспарды орындауға

жұмылдырылған, сондықтан оларды қыспақтап асықтырудың керегі жоқ!

Әкімшілікті Сіз өз қарауыңызбен іріктеп құрасыз, бірақ та бас инженер етіп

тек менің бастығымды тағайындауыңызды өтінемін. Бұлай істесек әділ

болады, себебі ұжымда бастапқы себеп-салдар байланысы сақталады. Ал

мен, өз орнымда қалғым келеді, өйткені мен ЭЕМ-нен алыстасам, Жерден

ажыратылған Антейдей болып қаламын. Әрекеттегі баптаушы ретінде мен

біздің ұйымның даму барысын алдын ала болжап біліп отыру қабілетімді

сақтап қаламын. Демек, сонда менің Сізге пайдам тиеді. Бірақ, алдын ала

ескертіп қояйын, маған берілген бұл қабілет тек аса күрделі жағдайларда ғана

пайдаланылуы тиіс. Және де, есіңізде болсын – менің қолым қойылған кез

келген қағаз, жоғарыда сөзсіз қабылданады!

Менің мүмкіндіктерімді пайдалану қажеттілігі тым тез арада туындаған

еді. Қолданудан шығарылып тасталған микросұлбалар – «чиптердің» тізімін

құрастырып, оған қоса тұжырымдау және одан арғы қорытындыларды

шығару мақсатымен құрылғыны және оның датасын көрсету жөнінде

Орталықтан өкім келіп түсті.

Директор маған қағазды көрсетіп:

‒ Енді не істейміз!? Орталықтың өкімін орындауымыз керек. Барлық

бригадалар бірнеше күнге осы есеп беруді жазуға отыратынын түсінемін,

бірақ одан басқа амалымыз жоқ па? – деп сұрады.

444

‒ Ия, амалы бар! Бұл өкімді құрастырған адам – дилетант, сырттан

шақырылған біреу екені бірден көрініп тұр. Көрсетілген тізімдегі

«чиптердің» бір бөлігі үшінші буын машиналарыныкі. Тағы бір бөлігі – СМ-

1,2,3,4 сериялық біздің төртінші буын машиналарыныкі. Бұл машиналар

өндірістен алынып тасталған, ал олардың орнына жаңа СМ-1420, ПС-2000

және СМ-1800 модельдері келді. Бұл модельдерде жаңа типті микросұлбалар

қолданылады. Қазіргі уақытта бесінші буынның «Микроша», «Агат» типті

алғашқы машиналары шығарылған және ары қарай өндірілуде. Қолданыстан

баяғыда шығарылып тасталған «чиптерге» қандай статистика болуы мүмкін?

Бұл шенеунік жай ғана өзінің белсенділігін көрсетпелеу мақсатында, бос

қағаз тудырумен айналысқан ғой.

‒ Онда, қандай ұсыныстар бар?

Былай жауап беру керек: «Технолог Г.Р.-дың құзырлығына күмәніміз

бар деп білдіреміз. Оның көрсеткен тізімінде зауыттар конвейерден алып

тастаған микросұлбалардың типтері келтірілген. Қызметкердің өз

лауазымына сәйкестігін анықтау жөнінде комиссия құру туралы мәселені

қарастыруды сұраймыз».

Менің жауабым, әрине жұмсартылған және едәуір нақтыланған түрінде

телетайпқа менің көзімше салынып, Орталыққа жіберілді. Біраз уақыттан

соң: «Жауапты құрастырған кім?» ‒ деген хабар келді.

Директор оны маған көрсетіп: ‒ Не деп жауап береміз? Бұған бас

инженердің қолы қойылыпты. Ал, ол – өте қатаң адам! – деді.

‒ Жауапты құрастырған №8-ші бөлімшенің бастығы деп, аты-жөніммен

қоса жазып жіберіңіз. – дедім.

‒ Байқаңыз! Егерде бірдеңе бола қалса, Орталыққа есеп беруге Сізді

бірге ала барамын!

Жауабымыз жіберілді. Келесі күні телетайптан хабар келіп түсті:

«Нөмірі пәленше өкім қайтарылып, жойылсын!»

Кейіннен бізге белгілі болғандай, бас инженер қағаз тудырышының

көкесін танытып, оны жұмыстан шығарып тастапты.

Біраз уақыттан соң директор маған өте үлкен бастықтан келген қағазды

көрсетті, және жіберген тұлғаның үлкендігі сондай, директор қағазды маған

ұсынғанда, тіпті орнынан түрегеп тұрып берген болатын. Онда, есептеуіш

техникасын дамытудағы Батыстан кейін қалуды жою мақсатымен жергілікті

орындардан кез келген ұсыныстар енгізілсін деп бұйырыпты.

445

Мен оған: «Ал менің бұған қандай қатысым бар? Сізде талдаушылармен

қоса білдей басқару аппаратыңыз бар емес пе. Солар жаубын жазсын!» ‒ деп

қарсыластым.

‒ Мәселе сонда ‒ олардың бәрінің пайдасы жоқ. Жоғарыдағылар да бұл

туралы біледі. Қараңыз – жаубын тек тікелей «станок басындағы»,

өндірістегілерден күтеміз деп көрсетілген. Сондықтан, Сіз жауап беруге

тиіссіз! Сізге ойлануға екі күн беремін. Жұмысқа келмеуіңізге болады, бірақ

та жауап бүрсігүні дайын болсын!

Мен жауабын құрастырдым да, оны екі кезеңге бөлдім (штаттық МҚКлықтың

(КГБ) белгілері бар қолжазбамды сақтап қойдым).

І. Жүйені орталықтандыру:

1. Радиопромдағы, Минприбордағы және т.б. ОСБ (ЦСУ)

мектептеріндегі, ғылыми зерттеуханалардағы бөгде «шеткі тармақтарын»

кешенді түрде мәселені шешуге қабілетті бірегей орталыққа жинау қажет

және білікті жұмысшылар кадрлары мен «ақ жағалыларды» дайындаудан

бастау қажет.

Ары қарай тармақтар ретімен.

ІІ. Қолда бар жүйені орталықсыздандыру:

Ары қарай тармақтар ретімен.

Менің жобам Орталыққа аптаның соңында жіберілді. Дүйсенбі күні

әдеттегідей планёркаға келдім және мені Біздің МҚК кураторымыз «ұстап

алды»:

‒ Ал, көкетайым! «Правданың» бас мақаласын қара! Мұнда, есптеуіш

техникасын дамытуды және қолдануды жақсарту бойынша Саяси Бюроның

Қаулысы тұр. Ал мынау сенің қолжазбаң – онда мен Саяси Бюроның

шешіміне дәлме-дәл ұқсас тармақтарын белгілеп қойдым! Сенің онда

әлдеқандай «блатың» бар ма?

Менің жазбахатымнан соң бір жылдан кейін, 1987 жылдың сәуірінде

Еесептеу техникасы және информатика жөніндегі мемлекеттік комитет

құрылды. Біздің кәсіпорнымыз ҚазЕТИӨБ (КазПОВТИ) (Қазақ есептеу

техникасы және информатика жөніндегі өндірістік бірлестік) деп аталды да,

оған жаңа директор тағайындалды.

1986 жылғы желтоқсан оқиғаларынан кейін мені ұлтшылсың деп үшінші

категориялы инженерге дейін төмендетті, бірақ жоғары білімім бар

болғандықтан, одан да төмен түсіре алмады. Фирманың негізін қалаған

446

адамды ең түбіне түсірді – менің шәкірттерімнің көбі лауазымы бойынша

менен жоғары болды. Бұның, жұмыстан кетуіме ұсыныс екенін мен түсіндім,

бірақ ақылды адамдар маған «қасқыр билеті» берілетінін айтқан еді, ал онда

еш жерге ‒ тіпті, түнгі күзетшінің орнына да жұмысқа орналаса

алмайтынымды түсіндім. Ал одан ары, 3 айдан соң арамтамақтық үшін

жауапқа тартылатыным туралы хабарлама аламын, ал тағы 3 ай өткенде мені

кеңестік диссиденттердің тағдыры – түрмеге қамалу немесе Сібірге айдалу

күтіп тұрмақ.

Бөлімшелер басшылары еңбек ұжымдары туралы жаңа заңға сәйкес

біздің өндірісімізде көтеріліс жасап, прогрессивті және белсенді басшы А.

Рахимовты орнынан тайдырғанға дейін мен жұмысқа барып жүрдім. Содан

кейін жаңа директорды сайлау белгіленді. Үш кандидатуралар қойылды,

және солардың бірі біздің қамқоршымыз – Зырян комбинатының директоры

Ю.В. Реуцкий болатын. Тура оның өзі біздің жаңа директорымыз болып

сайланды – шеңбер тұйықталды да, ұйымды таратылып кетуден құтқарған

адам, оны алты жылдан соң, оны 1982 жылдан бастап басқарды, жоғарыда

жазғанымдай теңдесі жоқ көмегі үшін ризашылық ретінде сайлау кезінде ол

үшін артық екі дауысты ұйымдастырған мен болатынмын. Ол әрине, мені

таныды, және кейінірек шағын мемлекеттік ендіруші кәсіпорнының (МГВП)

директоры болып ауысуыма ұсынған болатын. Бұл қызметте мен 1992

жылдың наурызына дейін жұмыс істедім де КСРО-ның ыдырауының ізімен

басталған біздің ұйымымыздың ыдырауына байланысты, осы кәсіпорыннан

босап шықтым.

V. «Фанкор Интернэшнэл»

(25.03.1992 – 25.05.2005 ж.)

Империяның күйреуіне таяғанын білгенмін және үлкен өзгерістерге

алдын ала дайындала бастадым. Біз, достарымызбен бірлесіп, бірдеме

өндіруді шештік те, Мәскеуден тотығуға қарсы инновациялық жабынның

өнертапқышын тауып алдық. Мен, фирманың Жарғылық капиталына барлық

жинақталған еңбекақымды салдым.

Біздің фирма тез дами бастады да, кәсіби іскерлікті қолдаушы

американдық қоғам бізге қызығушылық танытты. Олармен бірлесіп біз,

бірлескен қазақстандық-американдық «Фанкор-Интернэшнэл» кәсіпорнын

құрдық, онда мен зейнеткерлікке шыққаныма дейін істеп шықтым.

447

Менің топтық кармам аяқталды. Туған институттың үш кешенін күтімге

алып, аспиранттарына программаларын жазып беріп өзімнің Политехіме

қарыздарымды қайтардым. Бірмезгілде мектеп және ортам алдындағы

қарызым қалды. 1995 жылы Әміре Қашаубаев атындағы №1-ші алғашқы

қазақстандық музыка мектебінің негізінде «Көкіл» ұлттық мектебін құруға ат

салыстым. Бұл мектеп ұлттық менталитетті қалыптастырып қана қоймай,

сондай-ақ балалардың ақыл-ойының дамуына да ықпал ететін қазақ халық

музыкасын қолдана отырып балаларды оқытады. «Көкіл» оқушылары ең

жоғары деңгейдегі музыкалық конкурстардың жеңімпаздары ғана емес,

сондай-ақ математика, физика, химия және биология пәндері бойынша

конкурстардың жеңімпаздары атанды.

Мен мектептің идеологы болып, өзімнің бұрынғы өмірлерімдегі

кармалық байланыстарымды пайдаланып, мектепке он екі жыл көмектестім.

Осымен, менің мектептік қарызым таусылды және алдымда мені Ақдала мен

Тауқұмның шағылдары ‒ балғын шағымның мекеніне қайта оралуым тосып

тұр.

Менің әулеттік кармам 2010 жылдың қарашасында аяқталды. Менің

туыстарым, өткен өмірлерден келе жатқан бұрынғы қарыздарын алғаннан

соң, әрқайсысы өз бұрыштарына тарап кетті.

Енді Ұлттық кармам ғана қалды. Басқа ұлттың кез келген адамы бұл

кармада көптеген өмірлерге кідіріп қалар еді, ал менің елім мемлекеттік

кармасын жеңіп алды. Қазақстан Республикасы планеталық кармаға да кіріп

отыр, ал алтыншы сатының халқы ретінде – қазақ елі осы уақыттан бастап

бұдан ары Ғарыштық кармаға да ие болып отыр.

Сондықтан, менің елімнің сіңген еңбегіне сай, мен де Ғарыштық кармаға

ендім. Менің жолым белгіленген, және маған ‒ алтыншы саты халқын

Жерұйыққа көшіру бойынша Ғарыш Бауырластығының 1987 жылдың 16

сәуіріндегі шешімінің орындалуын тосуым ғана қалды.

448

13. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ

ЖЕТІ РУХАНИ ДЕҢГЕЙІ

КІРІСПЕ

Адамзат, бар болғаны үш генге бөлінеді.

1. Жауынгерлер, аңшылар. Бейбітшілік кезінде олар кәсіби әскерилер,

полицейлер, саяхатшылар, авантюристер, спортшылар.

2. Отырықшы егіншілер. Әртістер, академиктер жерді өңдеп, қарақатты

бутап кеседі, атызды өңдейді, әйелдер бөлмеде гүл өсіреді – бұл егінші

генінің көрінісі.

3. Көшпелі малшылар. Күнделікті тұрмыста жануарларды ‒ иттерді,

мысықтарды, қояндарды, жылқыларды асырап ұстап, бағуды ұнататындар.

Адамдардың кез келген типтері мен әлеуметтік топтары – аталған

гендердің біріне жатқызылады.

Негізгі бөлігі

Қазақ музыкасы (күйлер)

1. Күй –көшпенділердің сакральдық –

шому музыкасы. Барлық

пайғамбарларды әлемге берген

азиялықтар, көшпелілер.

Көшпелілердің ойға шому

қасиеттерінен қазақ музыкасының

түптамыры тарайды.

Қазіргі заманғы еуропалық музыка

(классика)

1. Еуропалық классика – бұл,

отырықшы егіншілердің музыкасы.

Бірақ оның көпшілігін олар

Шығыстан, крест жорықтары кезінде

алған.

449

2. Күйдің жетекші рөлін – ғарыштық

ырғақтар атқарады. Жетекші рөлі –

еркін метро-ритм. Ғарыштық музыка

ма, әлде жоқ па – центрлермен*

сезуге болады, және де дыбыс

күшімен тексеруге болады – күй

неғұрлым үйлесімді болса, дыбыс

күші де жағымсыз әсер етпейді.

3. Күйдің әсерінен бірлескен

медитация- шому деңгейі жоғары

болады.

4. Күйдің ұзақтығы 2-5 минут,

анығырақ 120-300 сек. Бұл

шоғырланған шому уақытына сәйкес

келеді. Нәтижесінде, бірнеше

секундта өтетін қабаттас дүниелерге

шығу орын алады. Қабаттас

дүниелерге шығу үшін рухани дайын

болу үшін орындаушы тазару рәсімін

жасауы тиіс.

5. Қазақ музыкасы суырып-салма

қасиетіне ие. Күйлерді нотамен

шектеудің немесе оларды дирижёрге

басқарту – ғарыш ырғақтарының

ритмін бұзады. Бұл ритмді тек жеке

орындаушы-импровизатор сезеді

және тек өзі ғана жеткізе алады.

6. Музыкант пен тыңдаушы бірлескен

сезім және ой өрісін тудырады. Хан

мен шопан, ақсақал мен сәби – бәрі де

бірдей көңіл-күй кешеді, сондықтан

халық музыкасы элитарлық болып

табылады.

2. Бесінші саты халықтарының

музыкасындағы жетекші рөл әуен мен

үйлесімге беріледі. Көпдауыстылық

екіге немесе үшке еселеніп

оңтайландырылған метро-ритмге

сүйенеді.

3. Еуропалық музыкадағы әсер ету

эстетикалық бірге әсерлесу, қиялдар

түрінде көрініс табады. Рухани музыка

– Бах, Моцарт, шоғырланудың

бастапқы деңгейін тудырады.

4. Еуропалық музыка – симфония,

концерт, 30 минуттан 1,5 сағатқа дейін

созылады.

5. Импровизацияға жол берілмейді.

Оның кез келген мүмкіндігіне жол

бермеу үшін, дәлдігін музыкалық

құжат – ноталар бойынша қолына таяқ

ұстап қадағалап тұратын дирижёр

қойылады.

6. Музыка әлеуметтікдеңгейлендірілген,

элиталық және

арнайы дайындығы бар

тыңдаушыларға

арналады.

Орындаушылар мен тыңдаушылар

сахна және зал болып бір-бірінен

бөлінген. Тыңдаушылар, әлеуметтік

тұрғыдан өзара – партер, ложа, галёрка

болып бір-бірінен бөлінген.

450

7. Қазақ музыкасы – ғарыштық. Ол

бесінші сатының қолдауына да

қарсыласуына да тәуелсіз күйде өмір

сүрген, сүруде және сүре бермек.

7. Еуропалық музыка бесінші сатының

Эволюциялық тұйығына кетіп барады..

Бірақ ол алтыншы сатының

музыкасына** енуі арқылы өзінің

эволюциясын жалғастыра алады.

Қорытынды

Уақыт шиыршығының бойымен музыка қайтадан Шығысқа, бірақ та

едәуір жоғары деңгейде – САҺАРАҒА оралуда.

* Жиһан Желтоқсан. Ақ Сарбаз – І-тарау, 1-ші бөлім.

** Сонда. – VІІ-тарау, 4-ші бөлім.

Қазақ және еуропалық музыкасының рухани деңгейлері

(салыстырмалы кесте)

Қазақ музыкасы (күйлер)

7 деңгей

Дәулеткерей – Жігер

Әлікей – Қоңырала

Мәмен – 17 жыл

Сүгір - Қосбасар

Еуропалық классика

7 деңгей

Бах

6 деңгей

Тәттімбет – Сарыжайлау

Соқыр Есжан – Қош аман бол,

Ақбикеш

Қазанғап – Көкіл

Құрманғазы – Серпер

6 деңгей

Моцарт – Реквием

Бетховен

Верди – Реквием

Мусоргский

Вагнер

451

5 деңгей

Дина – Бұлбұл

Махамбет – Жұмыр қылыш

Еспай – Терісқақпай

Түркеш – Көңіл ашар

Дайрабай – Дайрабай

4 деңгей

Сәкен Тұрысбеков

5 деңгей

Шопен

Лист

Шуман

Чайковский

Глинка

Бородин

4 деңгей

Скрябин

Малер

Шнитке

452

14. Сарра

1973 жылдың қазан айында апатайым қайтыс болғаннан кейін, көрші

әжей Сара Абрамовна Лиокумович мені өз қамқорлығына алған еді. Біз 1952

жылдан бері жай бұталы қаша арқылы ғана бөлініп көршілес тұрған

болатынбыз. Оның ұлы, Борис Соломонович, жоғары кластарға физика

пәнінен сабақ беретін еді.

Апатайым жаздыгүні әрдайым бізге келетін және Сара Абрамовнамен

үйдің іргесіндегі сәкіде жиі отырып өзара ымдасып сөйлесетін. Кейінірек

олар бір-бірін тәп-тәуір түсінетін болды...

Бірақ ең бастысы, олардың сыртқы түрлері де өте ұқсас болатын – екеуі

де сары шашты, көздері көкшіл, тек менің апатайым шағын бойлы, арықшаң

болса, Сара әжей етжеңді, әрі жасы үлкендеу еді.

Ұлының үнемі мектепте жұмыста болуына байланысты, мен Сара

Абрамовнаның үй іші шаруасына жиі көмектесіп жүретінмін. Оның ұлы өз

мамандығының шынайы жанкүйері болатын, физика заңдарын

көрсетпелейтін көптеген құралдарды өз қолымен құрастыратын. Бір сөзбен

айтқанда, үлгілі ұстаз болатын. Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін

қатысқан, артиллерия батареясының командирі ретінде бірнеше жауынгерлік

ордендермен марапатталған майдангер еді.

Осы ұстаздың алдына мен Петр І туралы романның авторы – Алексей

Толстой атындағы, 1957 жылы жаңадан ашылған № 62 мектепке келген

болатынмын.

Тіркелім бойынша жоғары жақта орналасқан № 75 мектепке бөлінсем

де, Борис Соломонович маған жаңадан ашылып жатқан № 62 мектепке

құжаттарымды тапсыруға кеңес берді, себебі математика пәнінен сол

мектепте Наконечная Лилия Александровна сабақ береді екен.

Ол менің математикаға деген қызығушылығымды оятты, сол білім

кейіннен институтта маған көп көмегін тигізді.

Мектептің қабылдау комиссиясына үлгеру туралы табельдің орнына

кілең беске оқитын оқу озатының мақтау грамотасын ұсынғанымда, барлық

мұғалімдер, тіпті мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі де, жүгіріп келді,

себебі мен осы құжатты әкелген бірінші оқушы екенмін. Кейінірек осындай

грамоталарын тағы екі оқушы ала келді, олар ағылшын тілін оқитын 8-ші А

класында менің кластастарыма айналды.

453

Уақыт өтті, мен мектеп пен институтты бітірдім. Осы уақыт ішінде

Сара әжейдің ұлы үйленіп, Соломон Борисович пен Сара Абрамовнаға Гена

мен Мария атты немерелер сыйлаған еді. Кейінірек Соломон атай қайтыс

болды. Ол қаладағы ең шебер тігінші болатын. Бұны үйіне үлкен

машиналардың жиі келіп-кетіп, оны бір жаққа алып кететінінен-ақ байқауға

болатын еді, сонан соң түнімен оның үйінен тігін машинасының дыбысы

естіліп жататын.

Апатайым қайтыс болғаннан кейін Сара әжей мені бірте-бірте өз

қамқорлығына алды. Ол кезде мен үйге жақын жерде жұмыс істейтін едім.

Кешке жақын ол мені аула алдында күтіп алып, өз өмірі туралы әңгімелерін

айтатын:

– Жастайымнан, ЖЭС (НЭП) заманында, бір Киевтік кәсіпкерде киім

тігуші болып жұмыс істедім. Сол жерде Соломонмен таныстым. Біз үйлендік,

ұлымыз Борис дүниеге келді. Ол ержетіп, әскер қатарына шақырылды,

артиллерия офицері болды. Соғыс басталғанда біз тылға көшірілдік, бірақ

Ростов маңында жаудың бомбалауына ұшырап, ары қарай тылға біз жаяу

жүрдік. Соломон, жолға шығарда маған барлық заттарды тастатып,

костюмдерге арналған мата орамдарын, астары мен фурнитурасын алуды

тапсырды да, өзі «Зингер» фирмасының тігін машинасын арқалап алды.

Мен сәнді киімдерім мен ыдыс-аяқтарымды да ала кетсем деп ойладым,

бірақ Соломон:

– Біз бұларды кейін-ақ қайта жиып алармыз, ал егер тігін машинасы

мен матадан айырылсақ, тылда аштан өлетін боламыз! – деді.

Ол дұрыс айтыпты! Біз кейінірек станцияға жетіп, пойызбен

Қызылордаға келдік. Соломон қалалық партия комитетінің хатшысына кіріп,

оған костюм тігіп беруді ұсынды. Ол ұсынысты қабылдап, бізге барактан бір

бөлме бергізді.

Соломон оған керемет костюм-шалбар тігіп бергеннен соң, бастық

бізге тіпті паëк бергізіп, қиын қыстан аман-есен шықтық. Жазда біз

Алматыға көшіп келдік. Соломон бір үлкен бастыққа тағы да костюм-шалбар

тігіп берді де, ол менің күйеуімнің қызметін өзінің таныстарына ұсынған еді.

Содан кейін ұлымыз соғыстан оралып, осы Тастақта жер телімін алдық,

үй тұрғыздық...

Бұл әңгімені Сара әжейден ай сайын бірнеше рет еститінмін, және

ізетпен тыңдап, оның ұлы мен немерелерін мақтап қоятынмын.

Мақтауларымды қуана қабылдаған әжей мені жылы жымиып, шығарып

салатын, ал біршама уақыттан соң бұл басынан бастап қайталанушы еді...

454

Борис Соломоновичте менімен жиі әңгімелесіп, көбінесе менің

мамандығыма қызығушылық білдіретін. Космостанцияға жұмысқа

орналасқанымнан соң, ол мені тіпті ерекше құрметтейтін болды. Оны физик

ретінде станцияның нені зерттейтіні, және физикалық эксперименттердің

қорытындыларын ЭЕМ/ЭВМ-де есептеуді ұйымдастырудағы менің рөлім

қатты қызықтыратын. Ол өз шәкіртінің бұндай биікке жеткеніне, оның

Мәскеудегі Лебедев атындағы Физика институтында жұмыс істейтініне жүзі

жайнап, қуанатын еді. Мен оған 1969 жылы Вернадский даңғылындағы өз

институтымда, сонан соң Долгопрудныйда орналасқан Физтехтегі

достарымда болғаным жайлы да әңгімелеп бердім. Әрине, Физтехтің

оқытушысы Людмила Стрыгинамен де кездескенімді айттым. Ол, ғалым

Ю.В. Кнорозовтың жетекшілігімен жүргізілген майя жазуларының құпиялы

мағынасын ашуға программист ретінде қатысқан болатын. Физтехтен мен

Жуковское қаласына, ұшақтар мен ғарыштық аппараттарды сынақтан

өткізетін Орталық аэрогидродинамикалық институтқа (ЦАГИ) бардым. Сол

институттың бір жетекші конструкторының үйінде қонақта болып, оның

отбасының зиялылығы мен мәдениеттілігіне тәнті болған едім. Олардың

көнеден тамыр тартатын ақсүйектер тегінен екені көрініп тұрды. Қыздары

Татьяна менің патшалар тұқымынан тарайтын Шыңғыс ханның ұрпағы

екенімді айтқанда, олар алдымен осыған өзіңізде қандай дәлеліңіз бар деп

сұрады? Олар, «Шыңғыс ханның ұрпағы» деп аталатын кеңестік фильмді

мысалға келтіріп, қарапайым малшының «Ғаламды Тітіретушінің» ұрпағы

екендігін дәлелдейтін құжаттың» кездейсоқ иесі болғанын және

кейбіреулердің оны контрреволюция күштерінің көсеміне қалай

айналдырғаны жайындағы оқиғаны куәлікке тартты.

Мен, әрине, ондай қолдан жасалатын немесе ұрлап алуға да болатын

қағаздарға сенбеу керектігі туралы айттым. Бұндай құпияны сақтаудың

әлдеқайда сенімді тәсілі бар, ол – халықтың санасында сақтау. Біздің

Космостанцияда қонақта болып қайтқан Татьяна мысал ретінде оларға

төмендегі альпі шалғынында мал жайып жүрген малшылардың

Космостанциядағы «ақылды машинада» өз қандастарының жұмыс істейтінін,

оның тегі тіпті Төре тұқымынан екендігін ести сала аттарына мініп, менімен

амандасуға келе бастағаны туралы айтқан еді. Ол, көшпенділердің аттан

түсіп, қос қолдарын ұсына сәлемдесіп, кеудемді сүзетіндей қимыл

көрсеткендерін және қатты дауыстап, маған әлденелерді айтып ізет

білдіргендері туралы баяндаған еді. Олар қайта бастаған кезде, мен олардан –

неге бұлай істедіңіздер? – деп сұрадым.

Олар, қадір-қасиетін жоғары ұстап:

455

– Біз өз хандарымыздың тұқымына құрмет көрсету үшін келгенбіз! –

деп жауап қайтарған еді.

Бұл мәліметтен кейін менің достарымның күдігі сейіліп, кешті көңілді

өткіздік, сонан соң мен электричкамен Мәскеуге оралдым.

Борис Соломоновичке айтқандарымның бәрі оны әрбір ата-ананы

мазалай беретін ойға жетеледі. Ұлына қандай мамандық таңдағаны дұрыс?

Бастапқыда ол әдеттегідей, Генадан музыкант шығарамын деп, оған пианино

сатып әперген болатын. Біз, оның клавиштерді қалай болса солай

тоқпақтағанын, ал оқытушының оған қабілетсіз, топас деп, ұрсып жатқанын

жиі еститінбіз.

Ақыр соңында оқытушының шыдамы таусылып, ол Борис

Соломоновичке еврейше әлденелерді айқайлап, есікті тарс еткізіп жауып,

кетіп қалды.

Генаның достары одан:

– Оқытушың саған не айтты? – деп сұрады.

Гена қуана-қуана:

– Сіздің ұлыңыздың екі құлағын да тіпті қоңыр аю емес, полярлық ақ

аюдың өзі басып кеткені анық, сондықтан оған музыкамен айналысудың

ешбір қажеті жоқ! – деп аударып берді.

Бұдан кейін әкесі ұлына физиканы үстірт үйрете бастады, бірақ,

техникаға, әсіресе электр қуатына ешқандай қызығушылығы жоқ баланың

өршеленген қарсыластығына тап болған еді. Сондықтан, ЭЕМ (ЭВМ) арқылы

майя жазуларының сыры қалай ашылғаны туралы менің айтқан әңгімелерім

оны қатты қызықтырды:

– Программист ЭЕМ құрылымын білуге тиіс пе? – деп сұрады.

– Бұның ешқандай қажеттілігі жоқ. Ең бастысы, тек бұйрықтар жүйесін

білуі керек, және солар арқылы қойылған тапсырманы орындауға ЭЕМ-ді

үйрету қажет. Бұл, шамамен автомобильдегідей. Автомобильдің құрылымын

түбегейлі білу керек емес, тек машина жүргізуді үйрену және жол

қозғалысының ережелерін білу қажет.

– Демек, менің Генамды программист етуге болады да, сонда ол өзің

сияқты, өмірден өз орнын таба алады ғой?

– Әрине! Ол көркемдік қиялы бар өте ақылды бала, егер табандылық

пен еңбекқорлық көрсете алса, онда оның алдында ешқандай кедергілердің

туындауы мүмкін емес.

456

Осылайша, Сара әжейдің сүйікті немересі тәп-тәуір программист

болып шықты, ал кейінірек, «қиын тоқсаныншы жылдары» отбасымен

Канадаға көшіп кетті.

1976 жылы менің рухани жолға түсіп вегетариандық болғанымнан

кейін қатты жүдегенімді байқаған Сара әжей мені, өзін-өзі құртқалы жатыр

деп ойлап, райымнан қайтаруға тырысты:

– О дүниеде май жағылған тоқаш жоқ! «Фиш» балығы да, қуырылған

тауық еті де жоқ! Осы дүниеде өмір сүру керек, ол жаққа жетуге әлі

үлгересің! – деді.

Мен әрине, оның айтқанына келістім, бірақ та өз жолымды жалғастыра

бердім. Өз денемді тазарту мақсатымен 1978 жылы Пасханың алдында мен

бес күндік ашығуға кірістім. Сәуірдің 29-ы күні келді, сенбі болатын.

Таңертең ақ байлауышын байлап салтанатты киінген Сара Абрамовна

мені үйіне шақырды да, қатаңдау дауыспен:

– Бүгін қандай күн екенін білесің бе? – деп сұрады.

– Ия! Бүгін Песáх – еврейлердің мейрамы.

– Ол нені білдіреді?

– Бұл, Иеміз еврейлерді Мысыр құлдығынан босатуға перғауынды

мәжбүрлеген, және олардың Мысырдан Шығуы басталған күн!

Әрі қарай әжей кішкентай ақ кенеп қаптан тұщы қамыр тілімдерін

шығарып:

– Бұл не екенін білесің бе? – деп сұрады.

– Бұл маца – тұщы нан, оны Иеміз Мысыр жерінен Шығу

асығыстығының белгісі ретінде еврейлерге тасқа пісіріп жеуге бұйырған

нан.

– Жақсы! Сен осы мацаны жейсің бе?

Қатарынан төрт күн ашықтым, әрі тұщы нанның біраз бөлігін жесем

ештеңе бүліне қоймас деп ойладым да, нан үзігін ептеп жей бастадым.

Ашығудан соң ол маған мүлде тәтті болып көрінді!

Сара Абрамовна нанды қалай жегенімді мұқият қарап тұрды және оның

көңіліндегі соңғы күдігі сейілді, өйткені ол менің жүзімдегі шынайы

сүйсінуді көрді!

Комодтағы жәшікті ашып, ішінен үсті шығыңқы қара қорапшаны

шығарып, оны басына байлап алды. Одан ары ол кішкентай қара қобдишаны

457

алып, оның мыс ілгегін ағытып, ішінен шағын амфораға ұқсас, түсі күңгірт

кіп-кішкентай құтыны шығарды. Сонан соң, оның қақпағынан қайшының

ұшымен шайыр тәрізді бір нәрсені сүріп алып құтыны ашып, маған қарады да

былай деді:

– Орындыққа отыр, көзіңді жұм да, мен рұқсат бермейінше ашпа,

қозғалушы болма!

Әжей осылай өтінген соң мен оның тілін алып орындыққа отырдым да,

көзімді жұмдым.

Оның әндете мінәжат оқи бастағанын естідім және ауа қозғалысынан

оның мені шеңбер бойымен айналып жүргенін сезіп отырдым...

Ақырында, қозғалыс аяқталды да, менің төбеме бір нәрсе тамды. Сарра

Абрамовна:

– Міне, орындалды! Мен Құдайымыздың қалауын орындадым және

бүгіннен бастап Еркінмін! Көзіңді аш! – деді.

Мен көзімді аштым. Алдымда менің апатайым тұр екен, және ол маған

мейіріммен қарап тұрған еді! Сәлден соң мен өз үйімде емес, қонақта

екенімді аңғардым, және бұл Сарра Абрамовна екен!

Ол, өзінің өмір бойы дайындалып келген белгілі бір маңызды істі

орындап болғандай, түрі айбынды күйде терезеден түскен күннің шуағында

жарқырап, жайнап тұр екен:

– Орындалды! Мирромен жүре бер!

Осы сөздерді айтқан ол, маған маца салынған дорбаны берді де,

қақпаға дейін өзі шығарып салды...

Мен бұны қарт адамның қиялдануы деп қабылдап өз істеріммен

айналысып жүріп бәрін де ұмытып кеткен едім. Кейінірек, таңғы шай үстінде

отырып, туысқандарым оғаштықпен менің басымды иіскей беретінін

байқадым:

– Аға, басыңызға не тамызып алғансыз! Сізден бір таңданарлық хош

иіс аңқып тұр ғой!

– Он жасымнан бастап ешбір иісті сезбейтінімді, нан кезегінде

тұрғанда суық тигенін өздерің де білесіңдер ғой! Таңертеңгі суықта аяғыма

пима киіп, нан сатып алуға кезекке тұрғанда қар еріп, аяғыма су өтіп кетті де,

гриппен ауырғанымның салдары асқынуға әкелді. Осылай мен біржолата

Иістер Дүниесінен айырылғанмын.

458

Өздерің айтсаңдаршы, бұл хош иіс әтірдің иісі ме, әлде гүлдің иісіне

ұқсай ма?

– Бұл иіс екеуінікі де емес! Басқа бірдеңемен салыстыруға келмейтін,

бізге беймәлім қандай да бір құдіретті иіс! Бұл теңдесі жоқ хош иіске

ұзағырақ рахаттануымыз үшін басыңызды көп уақыт өткенше жумаңызшы!

Келесі күні, 1978 жылдың 30-шы сәуірінде біз алғашқы Пасха

мейрамын тойладық. Барлық қонақтарым да менің төбемдегі иіске назар

аударды. Ұстаз бұл тұрақты иісті ұзақ иіскеп отырды да, соңында медитация

күйіне шомды...

Осы күйден шыққан ол, бұның менде қайдан пайда болғанын әңгімелеп

беруімді өтінді. Оған Сарра Абрамовнаның әдеттен тыс әрекеті туралы

баяндағанымнан кейін Ол ойланып отырып, мынаны айтты:

– Ия солай! Алдын ала болжанған Құдіретті Үкім айқындалды,

Иеміздің Еркі солай болғаны! Бұл миррó! Сіз Таққа тағайындалдыңыз.

Жоғарғы Күштердің неге бұған барғанын болашақ көрсетер. Дайындалыңыз,

және Бата Сізді қолдасын!

Тура осылай, бірақ бұдан 28,5 жыл бұрын, 1949 жылдың күзінде

анамның руының ақсақалы Нұрғожа атам, батасын беріп, мені таққа

тағайындау рәсімін жасағаны есіме түсті. Сонан соң мені қалаға алып кетті

де, ол жерде менің балалық алтын шағым аяқталып, күйбең тіршілік пен

қатаң өмірім басталған еді.

Бәлкім, мені дәл сондай ауыр сынақтарға дайындап жатқан болар.

Менің болжамдарым шындыққа айналды. Сол жылдың 12-ші және 17-

ші мамыры күндерінде аспанда дыбыссыз тылсым найзағайлар ойнады.

Бұл, Нәзік Дүниедегі Жарық күштері мен Түнек күштері арасындағы

орасан зор шайқастың жаңғырығы болатын. Әсіресе, 17-ші мамыр күні,

Түнек күштері Нәзік және Отты Дүниелерге апаратын және жасаған

қылмыстары үшін жазадан құтылуына мүмкіндік беретін өздерінің өткелі

үшін болған ақтық шайқаста айрықша өршеленіп, аянбай соғысты. Олар

толығымен тас-талқан болып, жеңіліске ұшырады да, Физикалық Дүниеге,

негізінен Алматы қаласының аумағындағы Тастақ пен Тастылы (Каменка)

маңына құлап тынды.

Менің Таққа Екі мәрте тағайындалуымның мәртебесі маған көптеген

жағымсыз қиындықтар әкелді. Әсіресе, өзінің қуғындалған ұлтынан бас

тартқан және ұлы халықтың өкілі болып жазылып алғандар, қаһар төгіп

459

қатты кектенетін. Ондай сұмырайларға амалсыз кездескенде қолдану үшін,

тіпті өзімнің жеке қауіпсіздік техникамды да жасап шығардым.

Мен тіпті, өткен өмірлерімдегі Жаңа және Соңғы Келісімнің Адепті

болған кезімде, қандай да бір жерге бара қалсам, тобырдың қарама-қарсы екі

лагерьге күрт бөлініп шыға келетінін, және дінаралық қақтығыстардың

басталатынын алдын ала білетінмін.

Бұндайда, мен өзімді өте елеусіз ұстап, өзгелерден ерекшеленбеуге,

ештеңе айтпауға тырыстым. Бірақ олар мені, қайда жүрсем де анықтап

алатын, және қорлап тілдей бастайтын, немесе заңсыз әрекеттерге баруға

итермелеп отыратын.

Бұның барлығы мені іс жүзінде жұрттан оқшауланған – қалалық

түрдегі саньяси болуыма, және жұмыстан бос бүкіл уақытымда Ғарыш және

Эволюция Заңдары жайлы ойларға шоматыныма әкелді. Солардың

қорытындысы – менің «Ақ Сарбаз» кітаптарым.

Кейінірек, Сақтаушы Періштелерімнің мені қажетті жолға

бағыттағанын, және өзімнің Эволюциялық тағайындалымымды орындай

алғанымды түсінгенмін.

Одан ары, мені Планета Қожайыны – Люцифердің өзі іздеп тауып

алғанда, оның құрған торларынан менің өмірімді тек Екі рет Таққа

тағайындалуымның мәртебесі ғана құтқарған еді!

Қорытындысы белгілі – Ол Ғарыштық Бауырластыққа қайтып оралды!

Кейінірек ол, екеуіміздің аса қауіпті де қатерлі әңгімелесулеріміз кезінде,

төбемнің үстіндегі жарқыраудың – Менің нақты Ғарыш Сарбазы екендігімнің

шешуші дәлелі болғандығын өзі мойындаған еді.

Мен, бұл, грек тілінде «хварно» деп аталатын жарқыраудың, Құдайдың

еркімен Сарраның Таққа тағайындаған жағуынан пайда болғанын түсіндім!

Оның таза жаны Өзінің Сеніміне сай, Иеміздің Тағының жанында

мекендесін!

15. Вадим

Вадим Борисович Макаров 1932 жылдың 28-ші ақпанында дүниеге

келген еді. Оның әкесі – мектеп ұстазы, анасы – бухгалтер еді. Қазақ Ұлттық

Университетінің геология факультетінде оқып, өзінің бар ғұмырында геолог

мамандығына адал болған. Ғылыми дәрежесіз-ақ, Ғылым Академиясының

460

Геология институтында көптеген ғылыми еңбектердің авторы, және көбінесе

қосалқы авторы болған.

Мен Вадиммен 1977 жылдың аяғында таныстым. Оның бойы биік емес,

бірақ дене бітімі, бәлкім өз мамандығы геолог болуының арқасында шымыр

еді. Оның ісі – тік қазылатын шурфтарды қазуға, тау жыныстарын іріктеп,

аппаратураны ары-бері арқалап тасуға мәжбүр болғандықтан әлсіздерге

арналмаған. Барлық геологтарға тән мінезімен ол далалық жұмыстарға

шығуды аса ұнататын, даланы және далалықтарды сүйетін, қазақ халқын өте

жақсы көретін. Достарымен саһарада машинасыз, байланыссыз, ақырсоңында

ас-сусыз, шарасыз жағдайларда қалған кездерінде малшылар оларды неше

мәрте құтқарып қалғаны үшін ғана емес, бұл елді жанымен жақсы көруші

еді…

Әрдайым бір жақтан атқа мінген малшы лезде пайда бола қалып, аттан

қарғып түсіп, амандасып, ашытқан айраны құйылған шанашын суырып алып,

жолдан адасып қалғандарды тойдыра сусындататын. Сонан соң ол бұлардың

иыққаптарын атқа өңгеріп, өзінің киіз үйіне ертіп әкелетін… Осыдан кейін

қазақтың жылы ниетті қонақжайлығы басталатын, ал соңында, геологтарды

әкететін көлік келгенде, жүректі елжірететін қоштасу орын алатын.

Саһаралықтар өз қонағынан ешқашан ақша алмайтын, бірақ пышақ,

дүрбі, аңшылыққа қажетті оқ-дәрі, ауыз суға арналатын белдік құты сияқты

сыйлықтарды ризашылықпен қабылдайтын.

Ол, өзінің орасан зор ақыл-санасымен, бұл халықтың өз уақытында емес,

өз өркениетінде де емес, жарым-жартылай бұзыла бастаған өзінің табиғи

ортасында да емес күйдегі өмір сүріп жатқанын түсінетін.

Осы бір мейірімді және момын халық қайда бара жатыр, келешектегі

тағдыры не болар деген ойлар оның славяндық жан-дүниесін үрейлендіріп

алаңдататын…

Маған оны мазалап әкелген осы ізденулері болатын. Оның, алтыншы

саты халқы туралы, эволюцияның осы сатысында адамзатты не күтіп

тұрғаны жайлы менен естіп-білгені – оған шабыт беріп қанаттандырып, осы

көтеріңкі көңіл-күй ырғағының арқасында ол өзінің соңғы өлеңдерін жазған

еді.

«Ресейде ақын, Ақыннан да артық» деген сөз бар, бірақ мен былай айтар

едім – Қазақ Саһарасы туралы осындай өлеңдерді жазған орыс Ақыны –

оның, осы өлеңдерді қалай жазғаны және оның поэзиясының

таңғажайыптылығы – оның Ғарыш Елшісі екендігін айқындайды.

461

Ол өзінің атауы бойынша бұл «хабарламаларын» күнде таңертең,

шамамен 4-5 сағат кезінде ояна сала, ас үйге барып, тақтайдан жасалған

сырланбаған үстел басына отырып, асқан жылдамдықпен жоғарыдан айту

бойынша жазып алатын.

Бұл ретте, ол сюжетті ойлап таппай, үндестікті іздеп шығармай-ақ, және

оның үстіне ешқашан шабытқа бөлену сәтін тоспайтын – ол үнемі онымен

бірге болатын және Жоғарғы дүниелермен байланысы аяқталған кезде

жазуын тоқтататын. Вадим бізге тек өзі жария етуге шешкен өлеңдерін ғана –

бұл бәрінен жиірек, күніне бірнеше өлеңдер еді, алайда ол, осындай

таңдардың біреуінде жазылған он жеті өлеңін алып келді…

Біз оның өлеңдерін белгілі ақындарға, сонымен қатар нақты

Эзотериканың өзіне маманданған Мәскеулік ақынға да көрсеткен едік. Бірақ

олардың барлығы Вадимнің өлеңдерін тіпті ең сәтті дегенде тек қазіргі

заманға сай емес – көнерген деуші еді. Әрине, тоталитарлық режим кезінде

бұндай өлеңдерді баспада жариялау туралы ешбір ой туындамайтын да. Бұл

туралы ол өзі: «Бүгінде мен, Вадим Макаров – басып шығарылмайтын

ақынмын» – деп жазып кеткен. Бірақ, мен оған, оның поэзиясы – өз

уақытынан ондаған жылдарға алшақ тұрған және оны көп ғасырларға озған

И.С. Бахтың музыкасымен туыстас екендігін, кейінірек ұрпақтарымыз оны

түсініп, Жаңа Дәуір ақыны ретінде бағалайтыны туралы айтып, оны

жубатушы едім...

Оның өлеңдерінің рухани қуаты мен әсер етер күші біздің қаламыздың

мәдени өмірінің бір үлкен оқиғасы кезінде айқындалды. 1980 жылдың

жазында Алматыда Н. Рерихтің суреттерінің көрмесі өтті. Осыған

байланысты, біздің досымыз журналист Н. Бабусенкова мені осы көрменің

ашылуына шақырған болатын. Галерея қызметкерлері, әсіресе экскурсия

жүргізушілері өздеріне беймәлім тақырып туралы не айтарын білмей

абыржып жүр екен. «Ежелгі Русь» сериясы бойынша олар ең құрығанда

композициясы туралы әлдене айта алар еді, бірақ та олар осы сюжеттердің

мағынасы туралы ештеңе білмейтін болып шықты, себебі кеңестік идеология

Н. Рерих шығармашылығының эзотерикалық мағынасын мұқият жасыратын.

Экспозицияның «Үндістан» бөлігі аз да болса түсінікті еді, бірақ болашақты

болжайтын «Армагеддон», «Соңғы Періште» суреттері толығымен

түсінбеушілікте еді, және экскурсия жүргізушілері, Шығыс музейінде

Мәскеуде осы көрмені барып көрген адам ретінде, мәскеулік

экскурсоводтарды толық қуанышқа бөлеген менен олар осы суреттердің

құпияланған мағынасы нені белгілейтіні туралы түсіндіріп беруімді өтінген

еді.

462

Оларды әсіресе «Иса» суреті қайран қалдырды. Композицияның қақ

ортасында адамның, үлкендігі үйдей, үрейлі бас сүйегі орналасқан еді. Сол

жағында, қуаң дала жолымен жалғыз келе жатқан ескілеу ұзын жейделі адам

бейнелгенген болатын, ал оң жағында мұнартқан төбелер көрініп тұрды...

Менен естігендерінің бәрін блокноттарына жазып жатқан экскурсия

жүргізушілеріне бізде – қазақтарда, Иисус Христосты «Иса» деп атайтынын,

ал бас сүйек Оның Иерусалимге, біздің барлығымыз үшін Өзін өтеу

құрбандығына шалатын Голгофа тауына барып, Өзі жеңетін Өлімді

бейнелейді деп түсіндірдім...

Содан соң олардың назары басына құлақшыны бар шошақ төбелі бөрік

киген сырт пішіні азиялық адамның тасқа қашалған орасан зор суретіне

ауды...

Мен оларға Рерихтің жалпы алғанда кәдімгі қатардағы ғылымиэтнографиялық

экспедициясының құпиялы мағынасы Әлемдік Зұлымдықтың

болашақ Жеңімпазы – Майтрейя туралы білімді іздеп табуға байланысты

болғанын түсіндірдім. Экспедициядағылар өз мақсатын орындады. Олар

Жеңімпаздың туатын уақыты мен орны туралы құпияланған түрде

жарияланған білімі бар суреттерді, кітаптарды алып келген еді.

Ж. Сент-Илер (Шығыс криптограммалары) айтқандай, «Даланың демі

мен Таулардың Хрустальді зыңылының тұсында құбылыс күтілетін» жерде

тұратын рухы биік көшпелі халықтың арасынан оның туатыны және бұл

Алтай – Гималай сызығының бойымен өтетіні туралы айқындалған. Біздің

сүйікті қаламыз Алматы дәл сол жердің өзі болып табылады...

Бұдданың лотос қалпында отырған немесе Самадхи – рахаттану күйінде

бүйіріне жантайған Будда суреттелген барлық буддалық канондардың

қағидаларына қарамастан, Әлемдік Зұлымдықты Жеңуші түрегеп тұрған –

шайқасқа әзір күйінде бейнеленгеніне назар аудардым! Үндістанның кейбір

ғибадатханаларында Оның алға бір адым аттап тұрғанын, яғни Оның

Миссиясының жеделдігін білдіретін мүсіндер бар... Батыс зерттеушілерінің

ешқайсысы Құпиялы Білімдердің шешімін табуға жақындай да алмаған,

және тек жарты ғасырдан кейін бұл құпияны кәсібі геолог, Қабілеттілігі

бойынша ақын – Вадим Макаров ашты. Мен оған Мәскеуден Н. Рерихтің

картиналарының көшірмелер жинағын алып келгенмін, ал кейінірек ол,

өзінің өлеңдерінде олардың құпиясын шешкен еді. Әр суретке, оның

сюжетінің толық түсініктемесін беретін медитация-өлеңі бар.

Бұл хабарымды галерея қызметкерлері ерекше ынта-ықыласпен

қабылдап, оларды осы ұлы адаммен кездестіруімді қиыла өтінді...

463

Мен оларға, бүгін-ақ ақынның досы және қолжазбаларының

сақтаушысы, кристалдар зерттеушісі, ғалым В. Раевпен сөйлесемін деп уәде

бердім. Мен одан Н. Рерихтің суреттеріне өлеңдер топтамасын дайындап

беруін сұраймын, ал сіздер ертең оның келуін күтіңіздер. Мүмкін ол, сіздерге

кеңесші болар, ал ақынның өзі, болмысында өте ұяң адам, және өзіне аса

қызығушылықты жақтырмайды...

Н. Рерихтің суреттері В. Макаровтың өлеңдерімен бірге бұрын болып

көрмеген қызығушылық тудырды – галереяға тұрған кезек циркке дейін

созылды, және галерея қызметкерлерінің өтініші бойынша экспозицияны бір

айға жуық уақытқа ұзартуға тура келді. Түпкі нәтижеде, Өзіне қандай

Ақынның керектігін Халық әдеттегідей, өзі шешті...

Өзінің өлеңдерімен Вадим, көрменің осыншама фантастикалық табысқа

жетуін қамтамасыз етіп қана қоймай, Болашақ жайлы бұған дейін

құпияланған Білім Қоймасының жабық есігін ашты...

Нева бойындағы бауырлас қаладан келген, көптеген жүлделердің

лауреаты – қадірлі ақын М. Дудник Алматыда болғанда, адамдар өздері үшін

және туыстары мен таныстарына арнап, топ-тобымен сатып алған «Көреген

түстер қаласы – Алматы» атты өлеңдер циклын жазып, баспада жариялап

шығарды.

1973 жылы, Азия, Африка және Латын Америкасы елдері

жазушыларының конференциясы кезіндегі үзілістердің бірінде делегаттар

таңғы отырыстан соң Мәдениет сарайының балконында демалып,

Алатаудың қарлы шыңдарын тамашалап отырғанда, Мәскеуден келген

белгілі ғалым, емдік ашығу әдістемесінің авторы В. Караваевтың көзі жасқа

толған еді...

Делегаттар, оның өзінің стандартқа сыймайтын көзқарастары үшін

репрессияға ұшырағанын білетін, сондықтан адами жанашырлықпен:

– Не болды, Сізге әлдеқандай бір көмек керек пе? – деп сұрай бастады.

– Осы жайнап тұрған тау шыңдарына қарай отырып мен кенеттен – бүкіл

әлем сенушілерінің не туралы армандағандарының бәрі де нақ осы қалада

орындалатынын көрдім! – деп жауап қатты.

– Мен, осы киелі Қалаға батамды беремін және Иеміздің мені Өз Қуатын

Әлемге көрсететін орынға алып келгеніне бақыттымын! – деді.

Біз барлығымыз Вадимнің даңқының шуағына жылынып жүрдік, ал

оның талантын қадірлеушілер көбейді. Тіпті оның өзі де ең алдымен өз

көзінің алдында күтпеген табыстан өсіп, еңсесі көтеріліп, өзін едәуір көңілді,

464

өміршең және бақытты сезініп, өз өлеңдерінде болжаған болашаққа сеніммен

қарайтын болды...

Вадимнің келуімен, үнді философиясын сүйетін біздің шағын

қауымымыз жаңа Білім іздеушілерінің қоғамына дейін дамып қана қоймай,

тіпті, Ақынның әр жексенбі сайын Құдайдан әкелетін жаңа Білімінің

генераторларына дейін өсті! Бұрын тек лириканы жазған ол, 1977 жылдың

25-ші желтоқсанындағы найзағайдан соң Аян алды, ал жаңа Дәуірдің

түбегейлі қалыптасқан Ақынына ол 1978 жылдың 12-ші және 17-ші

мамырындағы дыбыссыз найзағайлардан соң айналған еді. Вадимға

жіберілген Жаңа Білімнің одан ары қалай ашылғаны осы жинақтағы

көрсетілген даталардан білінеді. Біз барлығымыз Оның жаңа өлеңдерін қуана

күтетінбіз және Хабарларды егжей-тегжейіне дейін талқылап,

талдайтынбыз...

Біз, 1986 жылы Алматыда болған желтоқсанның сұмдық оқиғаларына

дейін осы көтеріңкі күйде тоғыз жыл өмір сүрдік. Вадим осыны алдын ала

сезген еді, және бір айдан аздау уақытта ол маған, 1986 жылдың 20-шы және

21-ші қарашасында жазған «Вифлеемнің жұлдызы жарқырады» және

«Қоштасу» деп аталатын өзінің соңғы өлеңдерін әкелді.

Ғарыш Елшісіне және Ресейдің халық пайғамбарының нанымына сай, ол

өз халқының кінәсінің басым бөлігін өз мойнына алды, және Эволюция

атына арнап, өз басын құрбандыққа шалуы арқылы ол, орыс халқына өзінің

мақсатын есіне түсіруге және Империяны күйретуге көмектесті. Сол сұмдық

оқиғаларды ол – өз жеке басына түскен, сондай-ақ, Ғарыштық көлемдегі,

апаттай кешті. Ол орыс халқына рақымшылық жасауды сұраған жоқ, тек

Жоғары Күштерден жауап ретіндегі әрекеттерді қолдануын кейінге

қалдыруды ғана өтінді, және соңынан айқындалғандай, ол өзінің Россияға

артқан үмітінен жаңылмаған болып шықты.

1987 жылдың 28 қаңтарында Вадим тура елу бес жасқа толды да, өзінің

туған күнінен кейін, жүрек ауыруымен ауруханаға жатып қалды. Қайтыс

болар алдында менімен кездесуі туралы өтінді. Оның өтініші бойынша

барлығы шығып, біз екеуіміз оңаша қалған кезде, ол менен өтінді:

– Өзім сүйетін қазақ елінің арасында алтыншы сатыда дүниеге келуіме

болар ма екен және Жерұйықта ғұмыр кешуіме рұқсат етіле ме?

– Өзіңнің дүниеге келуің үшін қалаған отбасын таңдауға толық құқығың

бар. Сенің Модулің Жерұйықтың кеңістігінде өзіңнің болашақ анаңның

денесіне тартылатын болады. Осы уақытта Жерұйықтықтар Эволюцияланып,

өздерінің Физикалық Дүниеде болу мерзімінің аяғына таяп тұрады. Олармен

465

бірге сенің де үдемелі эволюциялануың өтеді және содан кейін алдыңда сені

Ғарыш Мектебі күтіп тұрады.

– Сонда менің Ғарыш Мектебінде өзіңмен қатынасуға мүмкіндігім

болады екен ғой?

– Әрине! Мектептің Жарғысы бойынша алдымен Алтыншы Деңгейлі

Құрылысшыларды оқытатын боламын. Сонда біз екеуіміз өзіміздің одан арғы

Эволюциямызды жалғастыра береміз.

– Онда мен Соңғы Еркімді орындауыңды өтінемін!

Ресейді азат ет! Жаңа Ресей «халықтар абақтысын» қиратады және

«Қызыл Империяның» барлық халықтарына бостандық береді. Өздерінің

ақыны – Вадим Макаровты тек Жаңа Ресейде ғана танитын болсын!

Келесі күні 28-ші мамырда Оның жүрегі соғуын тоқтатты.

Оның Еркінің ең үлкен және қиын бөлігін мен орындадым: Ресей –

Ерікті!

Вадим қайтыс болғаннан кейін жиырма алты жыл өтті, және мен 2013

жылдың 22 қыркүйегінде Нәзік Дүниеде Шамбалаға шақырылдым. Оның

дәліздерінде жәшіктерді арқалап ерсілі-қарсы жүрген адамдарды көрдім.

Менің қасымнан олар шамамен 500 миллион жыл бұрынғы Жер

материктерінің конфигурацияларын сақтаған Жердің үлкен глобусын арбаша

үстінде алып бара жатты.

Мен ере жүрушіге сұрақ қойдым:

– Не болып қалды? Сіздер қайда көшіп барасыздар?

– Біз планетаны тастап кетіп бара жатырмыз! Біздің миссиямыз

толығымен орындалды, және біз бұл жақта тіпті де қажет емеспіз.

– Ал онда планетаны кім қорғайды және бізді Эволюция жолына кім

бағыттап, тәлім береді?

– Планета өзінің Эволюциялық жоспарын ақырсоңына дейін орындап

болды және Ғарышқа Эволюцияның алтыншы сатысын берді. Ал сенің күш

салуыңмен планета Люцифердің билігінен босады, және енді – Жердің жаңа

Құрылысшысы бар. Сондықтан, алтыншы деңгейлі алтыншы класс

Құрылысшысының жоспарларына килігуге біздің құқығымыз жоқ!

466

– Бірақ, Планета Қожайыны Ғарыштан келер шабуылға тойтарыс бере

алмайды ғой! Ғарыш Бауырластығы бізді қорғап осы күнге дейін жеткізді

емес пе? Енді Адамзатты не күтіп тұр?

– Ғарыш Бауырластығының шешімі бойынша алтыншы саты басқа

Галактикаға қоныс аударып, көшіріледі. Мына Адамзат өзінің техногендық

тұйығына еніп барады. Ал оның арғы тағдырын енді Ғарыш

Құрылысшысының өзі шешеді.

– Планетадағы адамзат генофондын сақтап қалудың әлдебір мүмкіндігі

бар ма?

– Теориялық тұрғыдан, ондай мүмкіндік бар! Егер Жер планетасында

машинасыз рухани өркениеттің дамуына жағдай жасалса, онда Ғарыш

Бауырластығы өзінің Жарғысына сәйкес, Планетаны осы уақытқа дейін қалай

қорғаса, тура солай қорғауын жалғастырады!

Сіз бұл планетаны біржолата мәңгіге тастап кетесіз де, ары қарай

Галактикалық Құрылысшы дәрежесіне оқу үшін Ғарыш Мектебіне қайтып

ораласыз.

– Сонымен, менің егде тартқан жасымды ескеретін болсақ, алтыншы

сатының өтпелі кезеңіне Адамзаттың уақыты мүлдем қалмайды ғой!

– Бұл енді адамдардың өз мәселесі! Біз планетаны тастап кетіп барамыз

және бұдан былай біздің көмегімізді аңсап, үміттенбеу керек.

– Онда, менің сұрағым бар: сіздердің жерлік әріптестеріңіздің жағдайы

қалай болмақ? Бұл – біріншіден! Екіншіден – мен дәліздерден неге тек

азиялықтарды ғана көрдім, ал еуропалықтардың бірін де көрмедім?

– Біздің қызметкерлеріміз жерасты жолдарымен Непал, Мустанг,

Ладакх, Монголия және Үндістанның монастырлеріне көшіріледі. Олар сол

жақта өздерінің жұмысын монах ретінде жалғастырады.

Ал олардың барлығының азиялықтардан болуы, Азия халықтарында

Ұстазға деген сый-құрмет әлі де сақталған, және олардың сана сезімінде

Өзімшілдік вирусы жоқ, демек оларда Сатқындық вирусы да жоқ!

Сондықтан, Шамбаланың өз қызметкерлерін осы халықтар арасынан іріктеп

таңдауының себебі де сол!

Физикалық Дүниеге қайтып оралғаннан кейін, мен өзімнің рухани

Ағамның соңғы Өтінішін орындауға кірістім. Мен оның өлеңдерін жеті

тармаққа бөлуді шештім, және 2014 жылдың көктемінде оның өлеңдерін

Интернетке шығардым. Менің күткенімдей – оның шығармашылығына ең

көп қызығушылық Ресейде болған, болады және болашақта да бола бермек!

467

Ресей, Құдай алдындағы өзінің Қорғаушысын және халық Пайғамбарын

ұмытпас, және оның тілектерін орындайды деген үміттемін!

16. Диктаторлар алабы

Шамбалаға 22.09.2013 ж. барғаннан кейін, мен – Кармалық

қарызыңызды өтеңіз! – деп талап еткен Дауыс естіген едім де, шекаралас

дүниелерге, Тозаққа – Диктаторлар алабына келіп жеттім.

Бұл дүниелерге менің бірінші сапарым кезінде осы алап арқылы, бірақ

алаптың жиегімен өткен едім. Ал енді, бұл жолы мен оның дәл ортасында

пайда болдым. Айналамда бұрынғы қатыгез диктаторлар жер бауырлап

жорғалап, не тізерлеп жылжып жатты. Менің қасымнан, тірі кезінде өз халқы

үшін Құдайға айналған белгілі тиран еңбектеп өтті. Ол сыпайы ысылдап,

жүзінен жылы шырай білдіруге тырысты, бірақ бұдан оның түрі

бұрынғысынан да қорқынышты болып көрінді. Қонаққа сәлем берген соң, ол

кішкентай өзендегі суатқа қарай еңбектеп кетті.

Қызметші пайда болды да, мені ары қарай, шатыры жоқ, қамыстан

жасалған оғаштау құрылысқа ертіп апарды:

– Мұнда түрікмендер көсемі – Джалал ад-Дин Менгбұрны тұрақтайды.

Оны Сіз Хорезмнен Қандағарға дейін қуғансыз, және Сіздің

қолбасшыларыңыз – Сүбітай мен Жебе оны ары қарай қуған. Олардан қаша

жүріп, ол жолай Тебризді, Қарабақты және Грузияны (1225ж.) жаулап алды.

Ақырсоңында ол Курдистанға дейін жеткен еді. Сол жерде, бір шағын

ауылда, оны ұйықтап жатқан кезінде бір уыс алтын теңге үшін наубайшы –

жергілікті тұрғын өлтіріп тастаған. Бір түнеп шығу үшін ақысын жақсылап

төлеген Қонағын өлтіріп, үй иесі Шығыстың Қасиетті Заңын бұзған еді!

Джалал ад-Дин – оны Шыңғыс хан «өзінің қарсы алдында отырған

ұлындай көргісі келген» – ұлы жауынгер болған. Ол, алған жараларынан

бірден өлмеді, және өлер алдында Қонағын өлтірген адамды туған бүкіл елді

қарғап кеткен еді!

Егер Джалал ад-Дин бұрынғы өмірінен кармалық қарызын қайтарған

өзінің өлтірушісін кешірсе, ол Ғарыш Құрылысшысына айнала алар еді.

Сонымен қатар, оның бүкіл халыққа қарғыс салуға құқығы жоқ еді. Бірақ

өзінің ішіндегі кішкене айдаһары – Эгосын жоя алмаған соң, инволюциялық

шиыршыққа кіріп кетті.

Ұлы жауынгердің қарғысы бүкіл халыққа тиді, және осы халық әлі күнге

дейін үш бөлікке ажырап, тәуелсіздікке жете алмай отыр. Басым бөлігі

468

Түркияда, қалғандары Сирия мен Иракта тұрады. Бұл – көп азап шеккен Курд

халқы! Олардың шағын диаспорасы Қазақстанның оңтүстік-шығысында

мекендейді. Бұл – қазақ ұлты алдында қанды кармалық қарызы жоқ санаулы

ғана халықтардың арасындағы біреуі.

– Джалал ад-Дин өзінің келесі өмірінде кім болып туған еді?

– Сіздің келесі өміріңізде, сіздер бір-біріңізге тағы да қас жау

болдыңыздар. Ол, енді түрікмендердің көсемі – Қара Жүсіп болып өмірге

келді және тағы да қашып жүрді, бұл жолы – Темірден. Сізден қашып жүріп,

ол тағы да Тебриз бен Қарабақты, және өмірінің соңында Бағдадты жаулап

алған еді! Ол, Сіздің керуендеріңізді шауып, Сіздің қалаларыңызды тонады,

ақырында Сізбен және Осман Империясының Сұлтаны – Баязитпен арадағы

соғысқа әкелді. Сіз одан Қара Жүсіпті қолыңызға тапсыруды талап еткенсіз.

Бірақ Баязит түрік халқына туыс түрікменді ұстап бере алмады.

1402 жылы, Анкара түбіндегі шайқаста Баязит жеңілді, бірақ та

Темірмен арадағы келісім бойынша өз тағында қалдырылды. Темір Шығысқа

қарсы дайындап жатқан жорығы кезінде өзінің тылдарын қорғауы керек еді.

Кезінде Ескендір Зұлқарнайын да өзінен жеңілген Үндістан билеушісі – Пор

патшаны тағында қалдырып, онымен бейбітшілік пен достастық туралы одақ

құрған.

Еуропалықтар Темір өзінің тұтқынын тор қапаста бірге алып жүрген,

және тұтқыны басын тордың шарбағына ұрып өлген, немесе қызмет етуші

әкеліп берген удан өлген деп, «қара аңыз» таратқан еді. Бірақ та, 20-шы

ғасырдың соңында Ирандағы қазба жұмыстары кезінде көне теңгелер

қазынасы табылған. Солардың арасында Баязитті бейнелейтін 1405 жылдың

датасы соғылған алтын теңгелер табылды! Бұл, Анкара түбіндегі шайқастан

үш жыл кейін орын алған.

Археология тұрғысынан әдеттегі факт өте әдемі, бірақ жалған тарихты

тағы да быт-шыт қылды.

Баязит империясының күйреуі түріктердің Еуропаға басып кіруін

тоқтатты және іс жүзінде бесінші сатыны құлдықтан құтқарды, себебі Баязит

бұл кезде Мысырмен одақ құру туралы келіссөздер жүргізе бастаған еді.

Еуропаға, екі Империялардың күшіне қарсы төтеп беру аса қиынға соғар еді.

Осындай орасан зор тітіретулердің басты кінәгері Қара Жүсіп өзінің қас

дұшпаны – Темірден ұзағырақ өмір сүрді. Өзінің ұлттық кармасына ілесе

отырып, ол бірнеше ғасырдан соң 1940 жылы түрікмен Сапармұрад Ниязоғлы

болып тағы да дүниеге келді. (1962 жылдан бастап КОКП (КПСС)

мүшесі, 1985 жылдың желтоқсанынан бастап Түрікменстан КП Бірінші

469

Хатшысы. Содан кейін 1991 жылдан бастап Түрікменстан Республикасының

Бірінші Президенті.) 2006 жылдың желтоқсанында 66 жасында қайтыс

болды.

– Сонда ол менен нені талап етеді?

– Ол диабеттен өлген! Еуропалық дәрігерлер түрікмендердің көсеміне

(Түрікменбашыға) көмектесе алмады. Нәзік денесінде ол пішінсіз қуыққа

айналды және сұмдық азап шегуде!

– Бірақ ол, қатыгез Тиран ретінде өзінің азабын қылмысына сай алды

ғой!

– Әйтсе де, Өзіңіздің өткен өмірлеріңізден Сіздің оған көп қарызыңыз

бар екен. Ал болашақ Жетінші деңгейлі Ғарыш Құрылысшысының ешқандай

кармалық қарыздары болмауы тиіс! Сондықтан, оның өтініші бойынша

қамыстан жасалған шымылдыққа жақындайықшы. Ол Сізді өзінің сұмдық

түрімен қорлағысы келмейді және Сізге қамыс сыбызғымен ойнап

орындайтынын тыңдауыңызды өтінеді!

Баланың жылауына ұқсас қайғылы түрікмен әуені естілді. Әуен менің

жүрегімді елжіретіп жіберді. Мен өзімнің планшетімді аштым да, оның

өмірін таптым. Оның қылмыстары сол жақта көрсетілді. Онда, өзінің саяси

қарсыластарын қуғындағаны және тіпті олардың өлтірілгені де көрсетілді!

Бірақ, ең сұмдық қылмысы ретінде оның өзін-өзі Құдайдың деңгейіне дейін

ұлықтауы болды!

Оң жақта оның мейірімді істері көрінді:

1. Бір де бір түрікмен әйелі «панельге» секс-бизнеске бармады!

2. Халық – тегін газ, электр, су, нан мен тұзды алып отыр.

3. Келімсек халықтар өкілдерінің бір де бірі түрікмен әйелдері мен

балаларын зорлаған жоқ, өлтірген де жоқ.

4. Түрікмендер еш жерде гастарбайтер болып жұмыс істемейді.

5. Ол алтыншы саты үшін ахалтеке текті түрікмен жылқысын сақтап

қалды.

6. Алтыншы саты үшін халық музыкасы мен қолөнерін қайта

жаңғыртты.

Мен Қызметшіге сұрақ қойдым:

– Ал мынау еңбектеп жүрген диктаторларға не болады? Олардың да

кейбіреулері жуырда ғана өз халықтары үшін Құдайлары болған еді ғой.

470

– Олар, осы Нәзік Дүниеде өлгеннен соң, Отты Дүниеде аз ғана өмір

сүреді де, олардың Модульдері қылмыстарының ауырлығына сай,

жыландардың немесе тасбақалардың ұрықтарына түседі. Физикалық Дүниеде

олар енді сондай ләззатпен таптаған өз халқының табаны астында

жорғалайтын болады!

– Бұл бақытсызға орта ғасырға қуып енгізген өз халқының табаны

астында еңбектеуі қажет деп ойлаймын!

– Ол Сізден өзінің азабын тоқтатуды өтінеді және ары қарай

эволюцияланғысы келмейді. Бұл оның түбегейлі тілегі, және сонымен оның

алдындағы Сіздің қарыздарыңыз жабылады!

Мен оның Ғұмырнамасын ары қарай қарап шығып, бүкіл курд Еліне

өзінің қарғысын салған жерін таптым. Сол өмірінде ол (Джалал ад-Дин)

жоғары эволюцияланған адам болатын, және егер ол курдтарды кешіріп,

оларға өзінің қарғысын жаудырмаса, келешекте Ғарыш Құрылысшысы болар

еді.

Қарғыс орындалды және әлі де 21-ші ғасырда курдтар, саны бойынша

түріктер мен ирандықтардан кем емес болса да, және сириялықтар мен

ирактықтардан саны асып тұрса да, тәуелсіздікке ие емес.

– Ендеше, курдтардан өзінің қарғысын алып тастасын, сонда ол өте

жеңілденіп қалады!

– Ол бұл азапты ауруға ары қарай шыдай алмайды және оның

қиналысын тоқтатуды өтінеді. Ол тіпті өзінің қарғысын алып тастаса да, бұл

сырқаты бәрібір кетпейді! Сондықтан ол, Сізден алтыншы деңгейдің жетінші

класының құрылысшысы ретінде Өзіңіздің құзыретіңізді қолдануыңызды

және ол бұдан былай ешқашан, ешқандай ауруды бастан кешпейтіндей етіп,

тіпті өзінің инволюциялық шыңырауға құлауының бағасымен өтелсе де, осы

азаптан босатуыңызды өтініп жатыр!

Мен планшеттің бағдарламасын іске қостым және ол бұл тіршілік

иесінің осы және одан соң Отты Дүниедегі өлімінен кейін Австралияның

шығыс жағалауының жанындағы Үлкен барьерлік рифте тұрақтайтыны

туралы мәлімет берді. Оның модулі, бөліну арқылы көбейетін және іс

жүзінде өлмейтін конустық медузаның ұрығына тартылады. Сыртқы

жаулары оған қауіпті емес, себебі табиғаттан оған ең күшті у берілген. Оның

қармалауыштарының бір ғана тиіп кетуі – кез келген жыртқышты өлтіре

алады. Сіздің кармалық қарызыңыз осылай өтелмек! Бұл – ережелерден

ерекшелік, бірақ та Ғарыш Сарбазы үшін ол орындалады!

Мен Қызметшіге:

471

– Бұл сорлыға ойлануына және соңғы шешімін қабылдауына аз ғана

уақыты бар екенін айтыңыз. Егер ол менің ұсынысымды қабылдап,

курдтарды кешірсе, онда мен осында қайтып келемін де, оған Таулы

уағыздың Өсиетіне сәйкес, Мф. 5.7:

– Қайырымдылар шаттанады, өйткені олар қылмыс жазасынан

құтқарылады – деп айтылғанындай, көмектесемін, – дедім.

Осыдан кейін мен Нәзік Дүниені тастап шықтым. Біраз уақыт өткеннен

кейін мені тағы да Диктаторлар мекеніне шақырды. Қызметші мені қамыстан

жасалған құрылысқа ертіп әкелді. Оның бір бөлігі алынып тасталған екен:

– Сіздің тіліңізді алып, Күнәкар өзінің қарғысын курд халқынан алып

тастады! Бұдан соң ол өте жеңілденіп қалды, және ол шапшаң арықтай

бастады. Оның арқасында не бар екенін қараңызшы!

Мен үңіліп қарадым да, оның арқасында дұрыс геометриялық ретпен

орналасқан дақтарды байқадым!

– Бұл, құм тасбақасының тас қабығы ғой!

– Ия! Кешіргені үшін оған оның жасаған барлық игі істері есептелді. Ол

ойсыздықпен қорлап, аяқ астына басқан өз халқының табаны астында бір

ғана ғұмырын жорғалап өткізеді. Ал өзінің одан арғы тағдырын ол адами

тұлға ретінде, өзі шешетін болады!

Мен өзімнің осы тіршілік иесінің алдындағы кармалық қарызымды

тауысқанымды және бұдан ары өз өмірімнің басты мақсаты – Алтыншы

Сатыны Жерұйыққа көшіруге еш кедергісіз дайындала алатынымды түсіндім.

Енді, өз достарына мейірімді және адал Курд Халқының алдындағы менің

қарызым ғана қалды.

1991 және 2003 жылдары Иракта болған екі соғыстың нәтижесінде

курдтардың азаттығы мен тәуелсіздігі іске асатындай жағдайға таяды.

Тәуелсіз Курдистан осы аймақта тұрақтылық күші болып қана қоймай,

сондай-ақ бесінші сатыға – бұдан бұрын берекелі Еуропада басталған

апаттық оқиғалардан құтылуға мүмкіндік беретінін – Әлемдік Қауымдастық

білуі тиіс. Осылайша, егер Жарық Күштерінің жақтасы ретінде осындай көп

азап шеккен Курд халқы да шайқасатын жағдайда тарихи әділеттік орын

алып, бесінші саты өз тарихының сәтті иіріміне ене алады.

Адамзаттың жаңа жауы – Антихрист тура Ғарыш Шайқасының алдында

ғана 1978 жылдың 20-шы ақпанында Люциферді тағынан тайдырған еді. Бұл

шайқаста Антихрист қаза тапты да, одан ары Физикалық Дүниеде, Нәзік

және Отты Дүниелерде де өлген болатын.

472

Түнек күштері өздерінің жаңа Ұлы Магистріне физикалық Дүниеге

қайтып келуін қамтамасыз етті. Жер Планетасының бірақ енді Нәзік

Дүниесінде 1978 жылдың 17 мамырында өткен орасан зор шайқаста олар

өздерінің Көсемінің Универсал Ғарыш Модулін Физикалық Дүниеге әкелетін

өткелден өтіп кетуі үшін өздерінің ең мықты жауынгерлерін құрбан етуі

арқылы жағдай жасаған. Сөйтіп, Физикалық Дүниеге оның туылуына жағдай

жасаған. Ал Жарық күштері ақылға сыймас құрбандыққа бару бағасымен осы

өткелді тас қып жауып тастаған еді, және енді Түнек Күштерінің тағдыры

шешілген болды да, Физикалық Дүниедегі өлімінен соң оларды тек Ғарыш

Соты мен жан түршіктірер Тозақ қана алдарында күтіп тұр.

Антихристің Модулін Сирияда тұратын оның физикалық анасы өзіне

тартып алды да, шамамен 1978 жылдың қазан айында Адамзаттың қас

дұшпаны – Антихрист туылған еді.

Басқа жаққа назарды аудару мақсатымен өз тактикасына сай

«түнекшілдер» ақылға сыймайтын қабілеттер аямай берілген тұлғаларды

Таяу Шығысқа және басқа да жерлерге ондап таратып жіберген болатын.

Сондықтан Антихристі анықтап табу іс жүзінде мүмкін емес. Сириядағы

2011 жылғы революциядан соң Антихрист бостандыққа сытылып шықты да

босқындар тобырында көптің ішіне сіңіп кетіп Еуропаға көшіп жеткен

болатын. Ал 2014 жылға қарай ол өзінің күшіне толығымен еніп те үлгірген.

Бірақ та ол Люцифер ие болған білімдерден жұрдай болғандықтан оның

мүмкіндіктері шектеулі болып тұр. Ал қазіргі жағдайда Люцифер – Ақ

Жарқын Ғарыш Бауырластығына кері қайтарылған.

Жаңа ғана туындап өсіп-өніп келе жатқан Эволюцияның алтыншы

сатысын құртып жіберу үшін Антихристің үшінші Дүниежүзілік соғыс отын

тұтатуға тырысып жатқаны анық. Жалған исламдық экстремистік топтардың

өкілдері – салафиттердің арандатушылары Қазақ жерінде баса көктеп жүр.

2014 жылдан бастап Ирак пен Сирияда бүкіл Адамзатқа қауіп-қатер

төндіріп тұрған лаңкестік топтың (ДАИШ) жан түршігерлік

қатыгездіктерінде, Тарих жәдігерлерін жоспарлы түрде қиратып

жатқандарында Антихристің өлшеусіз зұлым еркінің ықпалы көрініп тұр.

Оның ықпалының зор болуы соншалық, тіпті қарапайым адамдар 21-ші

ғасырдың неофашистері жағында соғысу мақсатымен бүкіл отбасымен

Сирияға баруда.

Сайтаншылдардың қолдарынан құлап түскен үздіксіз жалғаса беретін

революцияның Қызыл туын жалған исламдық экстремистер жерге түсірмей

көтеріп алған еді.

473

Уақыт шиыршығы бойынша тура жүз жыл өткеннен соң Еуропаның дәл

ортасындағы Украинада кең ауқымды әскери қақтығыстар басталған

болатын. Ал енді алдымызда бұрынғыдан да бетер апатты салдарға әкелуі

мүмкін 1917 жылғы революцияның қайталануы тосып тұр. Коммунизмнің

барлық идеологтарының ата-бабалары туылып шыққан Таяу Шығысқа

революция қайтып оралды.

Шиыршықталған уақыт спиралінде Ғарыш Заңдарын ұстанатын және өз

кармалық спиралін басқара алатын халықтар аман қалады және алтыншы

сатыға өте алады.Империялар жоғалмайынша, және бір де бір, тіпті саны ең

аз халық та, өзінің тәуелсіздігін алмайынша, және Табиғатпен бейбіт

үйлесімдегі өзінің дәстүрлі өмір сүру салтына оралмайынша – Адамзат

алтыншы сатыға өтпейді.

Адамзаттың, Эволюцияның алтыншы сатысына кіруімен, уақыт тығыз

спиральге шиыршықталды. Себеп пен салдар арасындағы өтетін мерзім

аралығы қысқарды. Сондай-ақ, дәл осындай жақсы нәтижелердің қайталануы

үшін барлығы, және жеке адамдар, ұйымдар, мемлекеттер – мейірімді, дұрыс

істер жасауы керек, себебі Жақсылық Күші мызғымас!

17. Тәуелсіздік

Таныстарымнан, 1990 жылдың қараша айының басында ескі алаңда

Азаттық пен тәуелсіздік үшін митинг өтіп жатқаны туралы естідім! Мен

бұны, шешуші әрекеттерді бастауыма берілген белгі деп қабылдадым.

– Ертең мен алаңға митингке кетіп барамын және онда өз елімнің

Азаттығы үшін шайқасамын! Егер біреулер мен туралы – біреуді өлтіріпті,

әлдебір жарылыс жасапты десе, немесе осы сияқты бірдеңелерді айтатын

болса – оған сенбеңдер. Мені немесе тұтқындайды, немесе коммунизмнің

саяси жауы ретінде өлтіреді! – деп, кешке таяу өзімнің туыстарыммен

қоштастым.

Таңертең, №4 трамваймен «Никольский базары» аялдамасына жеттім де,

Киров көшесімен жүріп, Масаншы көшесімен төмен қарай бұрылғанымда,

«Менің елім!» әнін естідім. Әнді «Целинный» кинотеатрының жанындағы

балабақша балалары айтып тұрғанын көрдім.

Олар, фашистік концлагерьдегі балалар сияқты, қоршаудың темір

шыбықтарын өздерінің кішкентай қолдарымен қысып ұстап, менің көзіме

474

тура қарап тұрған еді! Мен тоқтап, ұлттық Әнұранды аяғына дейін

тыңдадым. Балалар әнді жігерлене айтты!

Олардың жүздерінен де, ауылдан келгені анық білініп тұрған жас

тәрбиеші қыздың көзінен де, олардың мені ақтық шайқасқа шығарып салып

тұрғанын, Елімнің және оның перзенттерінің алдындағы парызымды

орындауымды тілеп тұрғанын түсіндім. Мен оларға қолымды бұлғадым да,

алаңға қарай батыл жүріп кеттім. Алыстан қалың жұртты көрдім. Басқа

алаңдағы үрей тудыратын қасіретті оқиғалар есіме түсті.

Жақынырақ келе, көңілім тынышталды. Мұнда армия, спецназ,

өртсөндіргіш машиналар мен овчаркалы полицайлар да жоқ екен.

Желтоқсанда өздерін нағыз халық жасағы ретінде көрсете алған, өзіміздің

қазақ милициясының жасағы митингті қорғап тұрды. Олардың ерлігі

болмағанда, желтоқсандағы жастар ішіндегі құрбандық шығыны одан да көп

болуы мүмкін еді. Негізінен ауылдан шыққан және тек қана табельдік

сойылдармен қаруланған біздің милиционерлер, арматура мен кабель

кесінділерімен қаруланған «ақ» жасақшылардың тосқауыл қатарын күшпен

бұзып, жол ашып жіберген болатын. Мир көшесі жағынан осы бұзылып

ашылған жолмен жастарымыздың басым бөлігі Байланыс техникумы мен

Политехке қарай шығып кеткен болатын.

Біртіндеп ұрандар мен плакаттарды ажырата бастадым да, митингте

«Азат», «Желтоқсан», «Алтын бесік» және «Алаш» партиялары мен

қоғамдық бірлестіктердің қатысып жатқанын көрдім.

Осы уақытта, Үкімет Үйінде ҚР Жоғарғы Кеңесінің отырысы жүріп

жатты. Ол жерде Балтық теңізі республикаларының үлгісімен «Тәуелсіздік

Декларациясын» қабылдау мәселесі шешіліп жатты. Ал халық, тура да

астарлы мағынадағы «қызыл» депутаттардың өршеленген қарсылығына

төтеп беру үшін қазақ депутаттарын қолдауға алаңға жиналыпты.

Мен осы адамдар теңізіне сіңіп кетіп, Азаттықтың эйфория күйін

кештім. Өзімді Гайд-паркте емін-еркін сөйлесе алатын ағылшындықтай

сезіндім. Мұнда қызығушылық тудыратын адамдар: ерекшеленіп шинель

киіп алған бір адам, кеудеше киген, маңдайына «раб КПСС» деген жазуы бар

белгі таңып алған суретші Зия жүрді. Хиджаб тәрізді киім киген «Алаш»

ислам партиясының мүше қыз-келіншектері өзгешеленіп тұрды. Жалпы

алғанда, бірінші рет саяси карнавал өтіп жатты. Халық бірнеше шағын

топтарға бөлініп, саяси мәселелерді талқылап жатты.

– «КОКП (КПСС) жойылсын!», «Ұлт сатқындарын – ҚарЛагқа!», «Қазақ

жастарын өлтіргендер атылсын!» – деген өзімнің ұрандарыммен мен де сол

дауларға араласып кеттім.

475

Осы қорқынышты ұрандар адамдарға бір мағыналы әсер етіп – мен

тұрған жерден жан-жаққа тым-тырақай қаша бастады. Осы жағдайда мен

режимнің Қазақ еліне қарсы жасаған қылмыстарына талдау жүргізуге

кірістім. Сол кезде мен толық түсіністік пен қолдау таба бастадым. Осылай,

он күннен аса уақыт өтті. Өзім бұл жағдайға бейімделіп алдым, бірақ кешке

таяу қатты шаршап, оң аяғымды сылти басып, үйіме қайтып жүрдім, ал

таңертең өз Елімнің алдындағы парызымды орындау үшін алаңға қайта

барып жүрдім.

Алаңда мен бір адамға назар аудардым. Оның Орталықтан келгені анық

еді. Лама жүнінен тігілген реглан-пальтосы бар және біз жақта өндірілмеген

тамаша костюм киген – қысқасы, кеңестік партия қызметкері екені көрініп

тұрды. Оның дене бітімі тәп-тәуір, орта бойлы еді. Келбеті еуропалық. Өзінің

мейірімді жарқын көздерімен жай ғана жылы шыраймен, мұқият зер салып,

маған қарап тұрды. Бір кезде мен оның ойларын естідім:

– Досьесінде бұл адам өзін-өзі Петр І деп атайды – деп жазылған, түртұрпатымен,

әсіресе тікірейген мұртымен де сәл ұқсас! Бірақ орта бойлы,

бет-әлпеті азиялық және түрінен де ұлылық көрінбейді. Дегенмен, не

боларын тоса тұрайық, ал әзірше ол өзін кеңес жүйесінің қас дұшпаны

ретінде айқындап тұр.

Менің белсенді де, ең бастысы жақсы уәжделген антисоветтік

насихатым, Орталықты менімен шайқасуға өзінің басты идеологиялық

жауынгерін – марксизм-ленинизм институтының теоретигін жіберуге

мәжбүрледі.

Мінсіз сұр костюмін киіп, галстук тағып алған арықшаң келген жас

адаммен бір сәтте бетпе-бет кездесе қалдым. Оның жақсы дайындалған

пікірталастырушы екені анық сезіліп тұрды. Әр сәтте оның пайдасына орай

өзгеріп тұратын ережелерімен, оның алаңында мен оны пікірталаста ұра

алмасымды түсіндім. Оның маған марксизм-ленинизм философиясы жайлы

лекцияларда оқытқан білімдерді қолданары ап-анық еді. Алайда, оның бір

сүрінер жері бар еді, ол – 1903 жылы большевиктер фракциясы құрылған

РСДРП-ның Лондонда өткен екінші съезінен басталған оның қоғамы мен

партиясының бір сызықтық екі өлшемді тарихы болатын.

Мен оның үйреншікті – қылқындыра қысып ұстап алатын және қатерлі

әдіс-тәсілдерді қолданатын коммунистік партерде алпарысудың орнына,

қирататын соққыларды астынан да, бүйірден де, әсіресе қуатты соққыларды

Жоғарыдан алатын тарихтың үш өлшемді шиыршығына алып кетіп,

сайысуды шештім.

476

Оның екі жағынан күзетшілер іспеттес стандартты шляпа мен плащ

киген адамдар тұрды. Бұлар «качок» емес – бойшаң, бұлшықты, қолдары

ұзын, ұрғыш сияқты соққыш күрескерлер еді. Олар маған назар аудара, қарап

тұрды. Аңшылар осылай таңғажайып аңға қарайды. Олардың көздерінде –

осы мыйлысымақ Кеңес Билігіне қорқынышты қауіп-қатер тудыра ала ма?

Бұны бір саусақпен-ақ сындыра салуға болады! – деген таңырқау байқалып

тұрды.

Әдетті қалпына еніп, сөзталаскер жақсы қойылған лекторлық сарынға

салып, сөйлей жөнелді:

– Сіз мұнда КОКП халықтың өндіргіш күштерін жойып жіберді және

жақын арада карточкалы жүйе енгізіледі дейсіз! Партияның мақсаты мен

міндетін дұрыс түсінбейсіз! Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін үздіксіз

жұмыс атқарылуда. Ал қазіргі бос дүкендер – ол уақытша қиындықтар ғана,

және біз оларды тағы да ойдағыдай жеңіп шығамыз!

– Бұл қиыншылықтар, аштық және еріксіздік – сіздердің

идеологияларыңыздың негізіне тура қаланған, өйткені олар әу бастан

ұрланған! Маркс өзінің идеясының басым бөлігін Бахаи ілімінен ұрлап алған

және оған «Пролетариат диктатурасы» деген бөлімін ғана енгізген.

Сондықтан, қандай сенімді де, әдемі болғанымен, ұрланған идеялар тек қана

қанды жемістерді береді!

Ұрланған идеялардың өміршеңдігін сүйемелдеу үшін, «Тонау және

тонап алынғанды бөлісу» теориясын қабылдамайтын халықтар мекендейтін

орасан зор аумақтарды елсіз қалдыру акциясы да, алдын ала ойластырып

жасалған болатын. Осылай, Украинада «Аштықтан қырылу» және Қазақ

Даласында «Коллективтендіру» жүргізілген болатын.

– Бұл, революциялық процестерге кедергі келтіретін элементтермен

қажетті таптық күрес қана болған!

– Онда «перманентті революция» теориясына және марксизм-ленинизм

идеяларын экспорттауға Қиыр Шығыс пен Солтүстіктің бақытсыз халықтары

қалай кедергі келтірер еді?

Нысаналы түрде ұйымдастырылған геноцидтің нәтижесінде саны аз

халықтардың ішінен алпысқа тарта елдер мүлдем жойылып кетті! Әрбір ел

Жаратылыс үшін аса бағалы. Әлдебір пандемия болып қалған жағдайда тура

сол жойылған халық өзінде осы инфекцияға қарсы тұрар антиденелерді

дамытқан шығар! Ал сіздер дәл осы халықты мақсатты түрде маскүнемдікке

үйретіп, дәстүрлі өмір сүру салтынан айырып, бала-шағасын олардан тартып

алып, балаларға арналған концлагерь-интернаттарыңызға бердіңіздер.

477

Коммунистердің мақсаты – өзіндік қасиеті жоқ, басқаруға оңай, осындай

тобырды құру болатын.

– Бұл, адами кейпі бар социализмге өтудегі шарасыздықтан туындаған

қателіктер. Қазір, өткендегі барлық қателіктер мен асыра сілтеулер ескеріліп,

жаңа Одақтық Келісім әзірленуде, ақырында «адами кейіптегі» социализм

құрылады!

– Мұндай социализм Батыста баяғыда құрылып қойған!

– Ондай социализм құрылған жер қайда екен? Америкада емес пе?

– Адами кейіптегі социализм Швецияда, Норвегияда, Данияда,

Голландияда, Францияда, Швейцарияда және Португалияда құрылған!

Оларда билік басында социалистік партиялар тұр!

Ал сіздердің ізбасарларыңыз – ол, Кубадағы Фидель, Камбоджадағы Пол

Пот, Солтүстік Кореядағы Ким-Ир-Сен. Назар аударыңыз! Егіндік

алқабының сексен пайызы Солтүстік Кореяда, бірақ онда аштық үстемдік

етуде, ал Оңтүстік Корея өркендеп, өсіп-өнуде! Екі мемлекетте де біркелкі

еңбекқор, дарынды халық өмір сүруде, ал нәтижесі айқын қарама-қарсы!

Демек, саяси жүйе кінәлі!

– Бұл, коммунизмге барар жолдағы қажетті құрбандық болған! Мұндай

жағдай ұрыс кезінде де болады, шабуылға шыққандардың алдында отты жал

тудыратын артиллерияның оты, белгіленген шабуыл жылдамдығынан асып,

алға озып кеткендерді жауып кететін жағдайлар да болады!

– Олай болса, неге артиллерия тек өзіміздің, тек қана өздеріміздің

адамдарымызды оқтың астына ала береді! Ал енді эволюция және инволюция

(революция) жайлы әңгімелесейік.

Эволюциялық жолмен келе жатқан халықтар – кедейлер болмасын деп

еңбектенсе, сіздер, коммунистер – байлар болмасын деп, миллиондаған

адамдарды өлтіріп, қырып салдыңыздар. Нәтижесі көз алдыңызда! Оларда

тауарлар мен азық-түлік молдығынан асып артылуда, ал бізде – дүкен

сөрелері қаңырап бос тұр, Съезд қаулылары да – тек қаңыраған бос сөз!

Біздің жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ Германия канцлері Бисмарк

былай айтқан екен:

– Егер социализм құрғыларың келсе, жандарың ашымайтын бір елді

іздеп табыңдар! Және соның тәжірибесінде әлеуметтік әділеттіліктің

жақтастарына үрейлі сабақ беріңдер!

478

– Сен өзің, сволочь, антисоветчик, байдың атылмай қалған

шалажансары! Сендей ақылдысымаққа шіркін Сталин мен Берия болса ғой!

Жабайы сендерді өз басымызға пәле тауып, оқытып алғанымыз-ай!

Мен бұл сөздерден жарыла жаздадым. Кез келген басқа жағдайда мен

дәл сондай деңгейде жауап қайтарар едім, бірақ менің артымда Қазақ Елі

тұрды, сондықтан мен өзіміздің рухымызға сай – ұстамдылықпен жылы

қабақ көрсете, жауап қайтардым:

– Міне, көкетай, өздеріңіздің ұрланған идеологияларыңызды қорғауға

ешқандай аргументтеріңіз қалмаған соң, енді тікелей қорлап, тіл тигізуге

көштіңіз бе! Осымен Сізді құттықтап қояйын!

«Қара бет» болғаны көрініп тұрды. Оның ту сыртында тұрған

шенеуніктердің түрі ап-анық солып қалды. Олар өздерінің іссапармен

жіберілген идеологтарының осылай есеңгіретерлік жеңіліске ұшырауын

күтпеген еді. Ал, күзетшілері, өздерінің оған деген менсінбеушілігін жасыра

алмай қарады. Олардың жүзінде – бұл дарынсыз немені не үшін жақсылап

тамақтандыру, қорғау керек екен? – деген ой жазулы тұрды.

Идеолог кері шегінді. Оның соңынан партиялық лек ере жөнелді.

Философиялық білімі жоқ инженерден коммунизмнің теоретик-идеологы

жеңіліс тапқан бұл идеологиялық жекпе-жек осылай аяқталды.

Артыма бұрылып қарасам, бағанағы алыстан келген адамды көрдім.

Қазақ Елімен бірге ол менің арт жағымда тұр екен! Оның мен туралы

болжамдары толығымен расталғанын оның салтанатты түрінен-ақ түсіндім.

Мен оның ойларын тағы да естідім:

– Бұл адам Ғарыш Заңдарының иегері екені анық, әйтпесе Кремльдің

штатты идеологының парша-паршасын шығара алмас еді!

Халық рухтанып, көңілдене түсті. Митингке қатысушылар арасында

шешуші әрекеттерге – жексұрын Жоғарғы Кеңесті басып алуға көшуіміз

қажет деген ұрандар естіле бастады. Тіпті, 1986 жылдың

желтоқсанындағыдай, халықты көтеріліске шақыратын ұрандар да естілді!

Жоғарғы Кеңес бұл кезде өз жұмысын жалғастыра берді. «Тәуелсіздік

Декларациясын» қабылдауға ешқандай жылжу жоқ болатын. Бәрін Солтүстік

аумақтың орыстілді депутаттары тежеп тұрды, әсіресе Оралдық депутат

ерекшеленді. Ол, 1986 жылы алаңдағы қырғынды ұйымдастырушылардың

қатарынан болатын және өзін жеңімпаздай ұстады, себебі оның артында

КОКП-ның барлық аппараты, армия, ҰҚК (КГБ), ІІМ (МВД) тұрған.

«Қызыл» депутаттар ешнәрседен жасқанбады, керісінше, олардың жүзінде –

мұнда не болып жатыр өзі? Кеңеске қарсыласқан мына қарақшыларды әлі

479

күнге дейін тұтқындамай, лагерьлерге жөнелтпей жатқаны несі? – деген

түсінбестік қана жазулы еді.

«Қызыл» депутаттар әр бап, әр нүкте үшін қағысып, қарсыласа берді,

сонда халық Жоғарғы Кеңес ғимаратын шабуылдауға бет бұрды. Тек ел

арасында сый-құрметке ие делегаттардың арқасында ғана демонстранттар

тоқтатылды, дегенмен, Декларацияның қабылдануына осының өзі де

жеткілікті болды! Бұл – 1990 жылдың 25 қазанында орын алған еді!

Жоғарғы Кеңес ғимаратынан бір топ адамдар шығып, алаңды кесіп өтіп,

партиялар мен қозғалыстар басшылары тұрған алаңның жоғарғы жағындағы

тротуарға келді. Кремльден келген идеологпен пікірталастан әбден шаршаған

мен де солардың арасында тұрғанмын.

Біз тұрған жерге баспасөз хатшысы келді. Ол қолында бір буда

парақтарды ұстап тұрды:

– Құрметті достар! Бұл Қазақ Социалистік Республикасының

«Тәуелсіздік Декларациясы». Енді біз өз қорларымызбен республикалық

бюджетімізді өзіміз басқара аламыз! Сіздерді тәуелсіздік алғанымызбен

құттықтаймын!

Халық арасынан сұрақтар төгілді:

– Ал, бізде өз армиямыз, Ұлттық туымыз, Әнұранымыз бола ма, тәуелсіз

мемлекет ретінде БҰҰ-да таныламыз ба, және орынға ие боламыз ба?

– Жоқ! Бұндай баптар Декларацияда жоқ, алайда, тіпті осы мәтіннің өзі

үшін екі апта бойы күрестік. Егерде халықтың қолдауы болмаса, онда біз әлі

де, әр үтір үшін таласымызды жалғастыра берер едік. «Қызыл» депутаттар

«Қазақ», «Қазақстан» сөзін естігеннен-ақ жынданып шыға келетін. Тек халық

шабуылға әрекеттенгенде ғана, осы Декларация зорға қабылданды.

– Онда бұл жай ғана қағаз, дәлірек айтқанда, Ниет білдіру Хаттамасы

ғана, одан басқа түк те емес. Ал, сонда өз армиямыз, Туымыз бен

Әнұранымыз, ақырында тіпті экономикалық тәуелсіздігіміздің кепілі бола

алатын өз ақшамыз болмаса – бұл қайдағы Тәуелсіздік?

Халық баспасөз хатшысын кауіпті шеңбермен қоршап алды. Оның

жанында қорғаушысы және ере жүрушісі ретінде шақырылған, біздің екі

атақты шығыс жекпе-жегінің ұрыс шеберлері тұрған еді. Олар ұрысқа

дайындық қалпына тұра қалған жоқ, керісінше қазақтың татулық белгісімен –

ашық алақандарын алға созып:

– Тоқтаңдар, туысқандар! Бұл арадағы дәнекер ғана, дәлірек айтқанда,

Халыққа жіберілген Жоғарғы Кеңестің Елшісі емес пе? Ол тек өз миссиясын

480

орындады. Одан Сіздер не күтесіздер? Шешімді қабылдаған ол емес, ол тек

өз міндетін ғана атқарды! – деді.

«Дәнекер», «Елші» деген сөздерді Халық дұрыс қабылдап, адамдардың

жұмылған жұдырықтары жазылып, ызаға бұлыққан түрлерінен ашу-ыза

тарқап кетті. Менің де бұндай тәуелсіздікке көңілім толмаса да, жақындап

барып баспасөз хатшысының қолынан Декларацияны алдым:

– Елімнің атынан мен осы Декларацияны қабылдаймын, өйткені бұл

Біздің Тәуелсіздігімізге қарай басқан бірінші қадамымыз! Халық даналығына

сай – ең ұзақ жол бірінші қадамнан басталады. Сондықтан, Халық бұл

Декларацияны Тәуелсіздікке бастайтын ең бірінші және шешуші қадам

ретінде қабылдайтынын Жоғарғы Кеңеске барып айтыңыздар! – дедім.

Бұл сөздеріммен, мен Декларацияны кері қайтардым.

Осы күнге дейін автоқалам болмағанына және сол Құжатқа қол

қоймағаныма өкінемін.

– Сіз неге бұл бос құжатты Халық атынан қабылдадыңыз? – деп

сұрағандарға:

– Бұл, біз жақтан бір де бір оқ атпай – біздің мәселемізді бейбіт жолмен

шешудің бір бөлігі ғана. Бұл Келісімді біздің Үш Жүзіміздің өкілдері 1986

жылдың күні ең қысқа, ал Түні ең сұмдық та, ұзақ – 22 желтоқсаны күні

қабылдаған болатын. – деп жауап бергенмін.

Осылай, «Тәуелсіздік Декларациясы» қабылданған 25 қазан күні де

аяқталған еді.

Арада бір күн өткеннен кейін ғана мен алаңға келе алдым. Ескерткіш

маңындағы гүл дестесінің қасында тігілген киіз үйді бұзып, жия бастаған.

Халық өте қатты толқу үстінде болғандықтан белгілі сықақшы-артист оларды

тыныштандыруға тырысып жатты. Оны ешкім тыңдамады, ақырсоңында

алаң алдындағы баспалдақтарға «Азат» партиясының өкілі көтерілді де:

– Кеше түнде, биліктегілер барлық партиялар басшыларын тұтқындады,

ал қазір митингке белсенді қатысқандарды да тұтқындауға кірісті.

Мен сіздердің баршаңызды Главпочтамтқа, өздеріңіздің байланыс

бөлімшелеріңізге барып, телеграф арқылы және таныстарыңыз бен

туыстарыңызға қоңырау шалып, Қазақстанның барлық қалаларында

қарсылық білдіру митингісіне шықсын деп хабарлауларыңызды өтінемін! –

деп халыққа үндеу тастады.

481

Бойым үрейден мұздап кетті. Тәуелсіздікті бейбіт жолмен алуды

көздеген менің жоспарым күйреу шегінде тұрды. Мен өзімнің Жарғымды

бұзуға мәжбүр болдым да, осылайша Елімнің алдында өзімнің ашылуыма

тура келді. Мен сол жердегі алаңшаға баспалдақтармен көтерілдім де,

жиналғандарға:

– Мен Сіздердің барлығыңыздан өзіміздің ұлттық менталитетімізге сай

ұстамдық пен сабырлық сақтауды өтінемін! – дедім.

Осы кезде, алдыңғы ораторлардың дауысын басып, кедергі жасап тұрған

дыбыс үдеткіштердің үні кенет өшіп қалды. Орталықтан келген сол бір

адамның маған көмекке келгенін түсіндім.

Бәсең дауыспен, өз сөзімді жалғастырдым:

– Қазақ Елі толық Тәуелсіздікке жету үшін қажеттінің бәрін орындап

қойған! Біздің жастарымыздың өмірлерімен, әсіресе ұлтымыздың таза

Әйелдік Негізінің қиылған өмірімен қажетті Құрбандық шалынған.

Эволюцияның жаңа сатысының Әйелдік Негізінің Иесін жендеттер азаптап

өлтірді. Ол – он алты жаста ғана еді! Ол, сонымен қатар енді Планетаның

Қожайыны, бұдан ары ол, өзінің Дүниелерін жарататын болады!

Өз ұлтымыздың ұзақ шыдамдылығына сай, «Империяның Өлігін»

«Уақыт Өзені» біздің қасымыздан ағызып әкетуін ғана тосуымыз қалды!

– Сонда, бұл Тәуелсіздік күніміз қашан келеді?

– Ешқандай у-шусыз тағы бір жыл жай ғана шыдай тұруымыз қажет.

Біз, қазақтар – ереуілшіл ел емеспіз. Бізде подполье болуы мүмкін емес,

өйткені біздің киіз үйміздің полы жоқ. Біз, қорғансыз жастарды түнделетіп

сапëрлік күректермен шабатын қарақшылар емеспіз! Біз тек қана күндіз,

Тәңір Көзі – Күн жайнап тұрғанда шайқасуға дағдыланған елміз. Ешқандай

митингтерге, оған қоса ешқандай құрбандықтарға бару енді қажет емес.

Бүгіннен бастап, бүкіл Адамзат үшін Киелі – Азаттық Алаңында, біздің

жастарымыздың қанымен Барлығы үшін толығымен төленіп қойған!

Ары қарай мен, Адамзаттың Эволюцияның жаңа рухани сатысына өткені

туралы айттым. Бұл өркениет машинасыз дамитын болады, ондағы адамдар

өздерінің рухани центрлерін аша отырып эволюциялануы үстінде Аса

дамыған адамдарға айналады деп айттым. Бұл жаңа Өркениеттің негізін

Тәңірге деген Сенімін шыңдаған Қазақ елі және басқа да түркі-монғол

халықтары құрайды!

Бірақ, бұл кезде «Алаш» исламдық партиясының мүшелері:

482

– Бұл жалған! Біз – қазақтар, ежелден исламдық халықпыз және тек

Аллаға ғана табынамыз! – деп, ойбайлай бастады.

– Мен «Араб Ренессансын» тудырып, жетіншіден он төртінші ғасырға

дейін қоса Эволюцияның Бесінші Сатысының локомотивіне айналған

Исламға аса зор құрметпен қараймын. Осы қуатты екпіннің арқасында,

Еуропада протестанттар қозғалысы басталып, инквизиция оттары сөнді де,

христиандықтар католиктердің ортодокстары тудырған рухани тығырықтан

шыға бастады. Дәл солай, Ислам өзінің тіршілік етуінің он төртінші

ғасырында тура сол ортодокстардың кесірінен эволюциялық тұйыққа еніп

отыр!

Тығырықтан шығу жолын Ислам елі – Малайзия, ортодокстық ескірген

қағидалардан бас тартып, инновациялық технологияларды қолдану бағытын

таңдады. Кувейт пен Біріккен Араб Әмірліктері де, Эволюциялық

тығырықтан шығудың осындай жолын танытуда. Оларда, Еуропа мен

Шығыс арасындағы телекоммуникациялық байланыстар, логистика мен

туризмнің табысы, мұнайды сатудан асып түседі!

Ал сіздер – «Алашистер», елімізді исламдық орта ғасырға

итермелейсіздер!

Исламистер өздерінің экспансиясын бастағанда, көшпенділерді ашық

шайқаста жеңе алмаған соң, Саһараға өздерінің діни үгіттеушілерін қаптатып

жіберді. Олар бізге қонақ болып киіз үйлерімізге жорғалап енген болатын, ал

Қонаққа қарсы көшпенділердің ешқандай қорғаны жоқ. Осы қонақтар

біртіндеп олардың санасына еніп алды да, сана-сезім кодын қайта

ауыстырып, исламистерге айналдырды. Исламды қабылдағанға дейін

түркілер Тәңірдің туы астында бүкіл Еуразия жазығын өздерінің иелігінде

ұстап тұрған болатын. Ислам болса, түркілердің бұрынғы мызғымас бірлігін

қақ айырды. Ақылға сыймайтын жағдай туындады – түркілер «сенімділер»

мен «сенімсіздерге» бөлініп алып, бірін-бірі қырып-жоя бастады. Ал зұлым

иезуиттер осы сәтті ұтымды пайдаланып, түркілер әлемін біржолата құртып

жіберді.

Діндер мен секталардың барлығы өздерінің қатарына жаңа сенушілерді

белсенділікпен тартады, себебі сенушілердің ұжымдық мінажаты дін

орталығының үстінде ой өрісі – Эгрегорды құрайды. Осылайша,

миллиондаған мұсылмандардың бірмезгілдегі сиынуы Мекке мен

Мединаның үстінде қуатты Эгрегорды тудырған болатын. Бұл менталдық

өріс уақыт өте келе Физикалық дүниеге таңбаланып, Арабия түбегінің

мекендеушілеріне материалдық байлықты да қалыптастырды. Біздің де

қазақтарымыз, бетін Меккеге бұрып алып, намазға жығылғанда, өздерінің

483

мінажаттарымен осылайша өз елін емес – саудиттерді байытып жатыр.

Тәңіршілдікті қабылдаған қазақтардан супер байыған саудиттердің рухани

қазынасына жарналар келіп түспесе де, бұны тіпті елемейтін де болар – деп

ойлаймын! Біздің исламдық жарылқаушыларымызды байытып жырғатқанша

– өз елімізді байытайық!

Әрбір исламшыл, мінажатқа тұрған сайын, өзінің рухани күш-қуатын өз

бала-шағасынан айыра тартып алып, Меккеге қарай жіберіп отырады. Рухани

күш пен қуаттан айырылған олар да, исламның еріксіз құлдарына айналады.

Мұсылмандар, ортодокстық емес исламды қабылдаған елдерден басқасының

бәрінде Мекке мен Мединадан неғұрлым алыстаса, соғұрлым кедейлік

кешеді.

Арабтар ешқандай жаңалық ойлап тауып жатқан жоқ. Менталды

Эгрегорды қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін католиктердің дінбасылары да

қолданған болатын. Сенгіш туземецтерді өз наным-сеніміне иландыру үшін

Ватикан өздерінің миссионерлерін планетаның ең шалғай орындарына

жіберіп отырған. Олардың Ватиканға арнаған мінажаттары мен жер

қойнауының байлықтары католиктердің басшыларын бұрын-соңды болып

көрмеген байлықтарға кенелткен еді, ал Рим Папасының ықпалы Жердің

барлық континенттеріне дерлік тарап кетті.

Африкандықтар:

– Ақ діни үгіттеушілері келмей тұрғанда, біздің егін алқаптарымыз бай,

саванналарымыз жабайы аң-құсқа толы, өзендеріміз қуатты, көлдеріміз тәтті

еді, ал ақ адамдардың қолында тек Библия ғана бар болған. Енді Библия

бізде, ал біздің бай егін алқаптарымыз, жабайы аң-құсқа толы

саванналарымыз, қуатты өзендеріміз бен тәтті көлдеріміз ақ адамдардың

қолында! Бөтен Нанымның әкелетіні міне, осы! – деп айтқан.

Бүгінгі күні протестант-христиандар: англикандық, лютерандық,

кальвинистік және тағы да басқа протестанттық конфессиялар бесінші

сатының қозғаушы күші болып отыр.

Ақылы агенттерінің күшімен Африка, Азия және Латын Америкасы

елдерін революцияға итермелеген коммунистер де, осындай Эгрегорды

құрып алған болатын.

– Ал, Ресейдегі коммунизмнің болашағы қандай болмақ?

– Коммунистік қозғалыс «сенімді» марксист-лениншілдерге және

«жаңылған» троцкистер мен маошыларға бөлініп, эволюциялық тұйыққа

баяғыда кіріп алған. Олардың арасында саяси лаңкестікке ұласқан қанды

484

қақтығыстар орын алды. Сондықтан, Эволюция Заңдарына сәйкес,

коммунизмнің ақыры бұлтартпай келеді.

Ресейді революциялардың қайталануы тосып тұр. Қазір Ресей, соңынан

күйзеліс пен аштыққа және шетелдік басқыншылыққа әкелетін 1905 жылғы

және 1917 жылғы ақпан революциясының кезеңіне тартылып бара жатыр!

– Сонда Ресей осы Уақыт тұзағынан қалай шыға алады?

– Ресей «Қызыл Империяны» күйретіп өркениеттер қауымдастығына

енуі тиіс!

Бірақ, бұл – тұйықтан шығудың тек бірінші ғана қадамы. Одан кейін

Ресей шарасыз 1941-45 жылдарға тартылады. Батыс, Берлиннен бастап, тура

Қызыл Армияның жолымен кері қарай жылжып, жиырма бес жыл өте,

Батыстың танкілері Курск Доғасында тұратыны хақ! Бұл процесс бұлтартпай

орындалады және оны тоқтату мүмкін емес! Тағдырдың қарымта соққысын

тек әлсіретуге ғана болады!

– Оны қалай істеуге болады?

– Ғарыш заңын өзгертуге болмайды, бірақ оны шексіз әлсіретуге

болады!

Мысалы: Ежелгі Греция құдайлары бүлікшіл Прометейдің қылмысын

кешіруді шешкен кезде, оның досы Гефест жартасқа келіп, Прометейді

бұғауынан босатты. Ал құдайлардың еркі бұзылмауы тиіс, сондықтан ол

шынжырдың буындарының біреуінен білезік соғып, оған жартастың бір

кесегін ойып салып, кешірілгеннің қолына тас қып шегелеп тастаған

болатын. Осылайша, Құдайлардың мызғымас Еркі орындалған болатын,

бірақ Үкімнің орындалу сапасы өзгерді!

Уақыт шиыршығының бойымен Қызыл Алаңда міндетті түрде шетел

армияларының әскери шеруі өтуі тиіс және олардың арасында ұлттық

Әнұранының әуенімен, жазылған ұлттық туын желбіретіп, қаруын қолына

ұстап Қазақ Армиясы да өтуі тиіс!

– Ағай! Бұл – соғыста жеңіске жеткеннен соң ғана болуы мүмкін ғой!

Әйтпесе Қазақ Армиясы Қызыл Алаңмен сап түзеп қалайша өтпек екен?

Және бұл әскери шеру қандай құрбандықтардың құнымен орындалуы тиіс?

Ия, солай! Әскери шеруді болдырмау мүмкін емес, бұл әскери шеру

фашизмді тізе бүктірген Жеңіс күнінің юбилейіне азаттық Ресейдің

шақыруымен өтуі мүмкін. Және осы одақтас армиялардың арасында міндетті

түрде Қазақ елінің де Армиясы болуы тиіс. Осы соғыстың тарихында ең

бірінші болып бұл соғыста шабуылға көшкен 316-шы Панфиловшылар

485

дивизиясы болғаны және Рейхстаг үстіне бірінші болып Жеңіс Туын тіккен

біздің жерлесіміз Р. Қошқарбаевтың болғаны бекерден бекер емес.

Осылайша, Ғарыштық Әділет Заңы орындалатын болады, бірақ та үкімнің

сапасы өзгереді!

Ресей Эволюциялық процеске әрекеттесуі тиіс. Сонда Ресей Еуропа

елдерінің ізімен алтыншы сатыға қарай жылжи алады. Олар Бесінші

Сатыдағы өз эволюциясын аяқтауға таяп қалды, түбінде бұлтартпай

қоқымды-қоқыстық орынға айналатын атомды-компьютерлік өркениетін

құрып, Жер бетіндегі өмір сүрудің өзіне қатер төндіруде!

Тұйықтан шығудың жолы бар, ол – Эволюцияның өскіндеп келе жатқан

Алтыншы сатысының ешқандай кедергісіз дамуына жағдай жасап, өзінің

аумағында Ғарыш Қорығын құрған кезде, Ресей Адамзаттың

жарылқаушысына айнала алады, одан кейін қалған Адамзатты да өз ағымына

тарта алады! Бірақ бұл үшін Ресей орасан зор сілкіністерге ұшырап, олардан

төзімділікпен өтуі тиіс, ал Жоғарыдан келер көмексіз бұл жоспарды

орындауы мүмкін емес!

Ресей эволюциялық тығырықтан шыға бастады. Оған 1913 жылға қарай

кері шегініп, ең алдымен, «жабайы капитализмнен» бастапқы капитал қорын

жинап, оның ішінде криминал жолымен де, біртіндеп олигархиялық және

одан ары қарай акционерлік капитализмге өтуі тиіс. Алайда, эволюциялық

ағынға қосылу үшін, алпысыншы жылдары Ұлыбритания елі істегендей,

Ресей өзінің колонияларынан құтылуы қажет.

Британдық ұлттар достығының үлгісімен, Ресей бұрынғы колониалды

халықтарға деген өз ықпалын тату көршілестік қарым-қатынастар негізінде

ғана сақтап қала алады, және де сол бұрынғы колонияларына айрықша

хұқықтық құруы қажет.

Орталықтан келген адам менің айтқан сөздерімді мұқият тыңдап тұрды.

Бір кезде мен – «әлемдік пролетариаттың көсемі» Ресейді алтынмен елу

миллион рейхсмаркаға сатқан неміс шпионы – дегенімде, қоршау

басқарушысы – подполковник Бейкотов Министрлер Кеңесі ғимаратының

шетжағындағы екі автобусқа тиелген ОМОНға мені тұтқындауға бұйрық

берді.

Бірақ, Орталықтан келген адам, қолын көтерді де, қол рациясымен анық

бір нәрсені айтқан еді. ОМОН автобустарға кері оралды.

Ары қарай мен, Бас хатшыны Ленинмен салыстырып, оның да Ресейді

неміс маркаларына сатқаны туралы және Германиядағы армияны ай далаға

алып шыққанын – бірақ зор компенсациясын қайтара отырып, бұны

486

біртіндеп жасауға болар еді – дегенімде, тағы да бұйрық естіліп, тағы да

автобустардан ОМОН секіріп түсіп, тура мен тұрған орынға қарай бағыт

алған еді...

Орталықтың адамы ОМОНды тоқтатты да, біздің подполковникті өзіне

шақырды. Анау, оның алдына жүгіріп барып екі қолын түсіріп, қақиып тұра

қалды. Зор билікке ие адамның оған не деп айтқанын мен анық ести

алмадым, бірақ еріндерінің жыбырлауынан орыстың ең таңдаулы боқтау

сөздерінің айтылып жатқанын аңғардым. Осыдан соң ОМОН автобустарға

тиелді де, алаңнан тайып тұрды. Менің Елмен сұхбаттасуым жалғаса берді.

– Біздің Тәуелсіздігіміз қашан келеді? – деген сұрақ естілді.

– Тәуелсіздікке жетер жолымыздың басым бөлігін біз өтіп те үлгірдік.

Варшавалық Келісім де енді жоқ. Империяның барлық тігістері тарс

айырылып сөгілуде, ал Орталық болса, елді басқарып-бақылауға дәрменсіз

күйді кешіп отыр. Қызыл Айдаһар әлі өлген жоқ, және тағы да көптеген

қантөгіске апаруы мүмкін. Бірақ, оның күндері санаулы.

Жоғарыдан белгіленген Ұлы оқиға орын алды – Қазақ Елі Әлемге Ғарыш

Сарбазын берді, ал ол, 1978 жылдың 20-шы және 23-ші ақпанында Қабаттас

Дүниелердегі Ұлы Ғарыш Шайқасында Зұлымдық Күштерін быт-шыт қып

талқандады! Бұл Шайқас енді жақын арада Жер планетасында таңбаланады!

Сіздер, 1990 жылдың 2 тамызында басталған Ирактың

басқыншылығынан Кувейтті азат ету үшін БҰҰ күштерінің әскери-соғыс

әрекетіне дайындықтары туралы мәліметтер топтамасын күн сайын көріп

жүрсіздер.

Халық арасынан дауыс шықты:

– Ал енді Кувейтті азат ету қашан басталады? Сарбаздар бірінен соң бірі

барып жатыр ғой. 20-ға жуық мемлекет өз әскери жасақтарын жіберіп жатыр.

Осы алып күш неге үш ай бойы орнынан жылжымай тұр?

– Жіберіліп жатқандар – ол, негізінен қосалқы күштер. Ал Арабтық

коалиция тек кішкентай Кувейттің жерінде ғана соғысамыз деп отыр. Ол

болса, біздің Талғар ауданымыздан да кішірек. Ол жерге жарты миллион

Мысыр, Сирия, Сауд Арабиясы армияларының солдаттары тіпті сыймайды

да, ал екіншіден – мұндай одақтастар құтқару операциясын жүргізуге тек

кедергі жасайды. Осындай жағдайда соғыса алатын жалғыз дивизияны

Америка Батыс Германиядан асығыс аудару үстінде. Қалған екеуі Сауд

Арабиясында жайғастырылып қойған, бірақ олар ядролық соғыс жағдайында

ғана соғысуға машықталған. «Крысы пустыни» («Шөл егеуқұйрықтары»)

элитарлық ағылшын дивизиясы да шайқас алаңына бара жатыр. Солтүстік

487

Африка үшін болған соғыста 1942 жылы осы дивизия ерекше ерлік танытқан

еді. Роммельдің әскерлері итальяндықтардың бөлімшелерімен бірлесіп,

Каирге, ал одан ары, Таяу Шығыстың мұнайына қарай ұмтылған болатын.

Бұндайда, Германияға жақтас ретінде, соғысқа одақтас Түркия мен Иран

араласар еді. Мақсаттың әжептәуір болашағы бар болатын.

Ағылшындық пен одақтас Австралиялық және Жаңа Зеландиялық

бөлімшелерін фельдмаршал Монтгомери басқарды. Ағылшындар, неміс

әскерлерінің қысымынан Каирге жақын орналасқан Эль-Аламейнге қарай

ығысқан еді.

Тек 23 қазанда ғана жау позицияларына ағылшын әскерлерінің шабуылы

басталды. Танк корпусы қорғанысты бұзып өтіп, неміс-итальян тобын

«қазанға» түсіріп қоршап алды да, қоршауда қалған әскерлер 1943 жылдың 4

қарашасында тізе бүкті.

Роммель корпусының талқандалуы соғыс барысын өзгертті. Солтүстік

Африкаға екінші болып Американ армиясы басып кірді де, неміс

армиясының ізімен оны қуып отырып, Сицилияға келіп түсті.

Енді, 49 жыл өткеннен кейін, тура сол ағылшын дивизиясы Таяу

Шығыста тұр.

Одақтастар, Кувейтті азат ету операциясын шамамен бір жарым жыл

арасында өткізуді жоспарлауда. Бірақ, Ғарыш Сарбазының әзірлеген

жоспары бойынша, алдымен Ирактың әскери нысандары бомбаланады. Бұл

бір ай арасында өтеді. Өз әскери күштерінің адами шығындарын неғұрлым

азайту мақсатына арналған Америка мен Англияның әскери доктринасы

осындай. Бұдан кейін танк шабуылы басталады! Ғарыш Сарбазының

жоспарымен, құрлық әскери операциясының ұзақтығы – бір жарым жыл

емес, және айлар емес, апта да емес, тіпті күндер де емес!

Мені есінен ауысқан деп ойлады ма, Ел ішінен біреу: бұдан да ары

азайтудың не қажеті бар? – дегендей:

– Азайтпа, ағай, азайтпа! – деп, шыдамай айқайлады.

– Менің есім дұрыс! Ал Иранмен арадағы соғыста әбден машықтанған,

саны жарты миллион басқыншылық армияны күйрету мерзімі санаулы

сағаттармен есептеледі! Сіздер, кәсіби қарақшылар армиясын кәсіби

жауынгерлердің бар-жоғы төрт-ақ дивизиясы тас-талқан ететінін көресіздер!

Оның үстіне, тұңғыш рет дәлдігі аса жоғары қару қолданылады да, оны

қолдану әсері Ирак әскерлері үшін жантүршігерлік болады! Бұл, Кремль

үшін есін тез жыйдыратын үлгі ретіндегі сабақ болады және Қызыл

Империяның күйреуін жеделдетеді.

488

– Ал онда осы шайқас қашан басталады?

– Ғарыш Сарбазы танк шабуылының басталуын ағылшынның «Шөл

егеуқұйрықтары» дивизиясы үшін 20-шы ақпанға белгіледі, ал американдық

әскерлер өздерінің шабуылын 23-ші ақпан күні бастайды. Бұл күндер –

Ғарыш Сарбазы 1978 жылдың 20-шы және 23-ші ақпанында Түнек күштерін

қабаттас дүниелерде қүйреткен күндерімен дәлме-дәл келетін болады, және

осының бәрі енді біздің Физикалық Дүниемізге таңбалануы тиіс.

Келесі жылдың жазында біздің көптен күткен тәуелсіздігіміз келеді! Мен

осылай уәде етемін де, өзімнің хандық сөзімді беремін – ал, бұның бұзылмас

ант екенін өздеріңіз де білесіздер. Ал, қазір Сіздерден өтінемін –

барлықтарыңыз үйлеріңізге қайтыңыздар, оқиғалардың дамуын тыныш қана

тосыңыздар!

Менің алғашқы және бәлкім ең соңғы рет өз Халқыма тікелей ашылып

сөйлегенім, ал ол менің өтінішімді орындаған – 27-ші қазан күні осылай

аяқталды!

1991 жылдың қаңтары келді. Таңертең, 17 қаңтар күні Иракты бомбалау

басталды. 1986 жылдың 17 желтоқсаны күнінен бастап тура қырық тоғыз ай

толды. Осылайша, Батыс өзінің болашағын қорғау үшін әскери күшін

қолдануға дайын екендігін көрсетіп, өзін алтыншы сатының платформасы

ретінде айқындады. Менің, танк шабуылын тура «еркектер күні» деп

тойланатын, ал дәлірек айтқанда – Кеңес Армиясы құрылған күніне құрлық

әскерлер операциясының басталатыны және ол айлап емес – сағаттар

аралығында өтетіні туралы «алдын ала болжағанымды»

жұмысымдағылардың барлығы білетін.

Соғыс ардагерлері де бұл мәселені талқылау үстінде еді, бірақ олар танк

шабуылына осындай мықты отты дайындық жүргізіліп жатқанына қатты

қуанып, құптап жатты:

– Солдатқа осылай қамқорлық танытатын осындай армияда біз өзіміз де

қызмет етуге келісер едік. Біз, көп жағдайда толық емес жауынгерлік

жинақпен, кейде тіпті аш күйімізде де шайқасқа шығатынбыз!

Ардагерлердің біреуі – П. Геркулес, осы күндері Израильге көшу үшін

қажетті құжаттарды ресімдеп жүрген. Алған жарақаттары мен марапаттарын

ескере отырып, оған біздің ақшамен есептегенде төленетін әскери

пенсиясының сомасын атағанда, ардагерлер өздерінің ерлігі үшін берілетін

қайыршының садақасы үшін Кеңес билігін балағаттап, бір сыбап алды. Бірақ

олар, шоқырақтаған құнсыздану мен азық-түлік бағасының көтерілуі

489

нәтижесінде бір-екі жылдан соң алдарында тосып тұрған қайыршылықтың

күнін кешерін әлі білмеген еді.

23 ақпан күні таңертең мен радиоқабылдағышты қостым да, «Америка

Үні» және «Азат Еуропа» хабарларын ұстай бастадым, бірақ әскери

әрекеттер туралы ешқандай мәліметтер берілген жоқ. Менің еңсем мүлде

түсіп кетті.

24 ақпанның таңында «Америка Үнін» бірден қоса салдым. Онда шайқас

алаңынан тікелей репортаж жүріп жатты:

– Бүгін, Американдық әскерлері Ирак армиясының позицияларына

шабуылды бастады...

Біраздан соң, «Шөл егеуқұйрықтары» элитарлық ағылшын танк

дивизиясы 20-шы ақпанда Сауд Арабиясы аумағымен жасырын манëвр

жасап, жауды бүйірден жапырып, Басраға шыққаны және осылайша жаудың

соққы берер тобын негізгі күштерінен ажыратып тастағаны туралы

хабарлады. Осылай, жаудың жарты миллионға жуық солдаттарын қоршауға

түсірген классикалық «қазан» орын алды. Бұл, қоршалған әскери топтың

ауыр жағдайға ұшырағанын және жауды тізе бүгуге еріксіз көндіруге қажетті

уақыттың еншісінде екенін білдірді.

Ағылшын дивизиясының манëврі Эль-Аламейн түбінде 1942 жылдың

күзінде болған шайқастың оқиғаларын толығымен қайталады да жеті мәрте

жеті рет – қырық тоғыз жыл өткен еді!

Әскери операциясы басталғаннан кейін жүз сағат өткенде, Ирак армиясы

беріле бастады. Соғыс аяқталды!

Мен жұмыста еңсемді көтере ұстап жүрдім. Вашингтон уақыты

біздікінен 12 сағатқа кешігетінін ұмытып кеткен екенмін, сондықтан ресми

түрінде шабуыл 23 ақпан күні олардың уақыты бойынша басталған-ды!

Демек, одақтастарымыз өздерінің парызы мен сөзіне берік болғаны!

Кеңес техникасымен қаруланған және соғыс жүргізуде Кеңестік

тактиканы қолданған Ирак армиясының күйреуі Орталықтағы әскерилерді

күйзелткені көрініп тұрды. Бұл, кейінірек КОКП-ның бұрынғы монолиттік

қатарларын ыдырауға итермелеген еді. Осы толқынмен, 1991 жылдың он

екінші маусымында Ресей Федерациясының Жоғарғы Кеңесі «Ресей

Тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдап, Б.Н. Ельциннің ең бірінші Жарлығымен

«Ресей Федерациясының аумағында КОКП-ның әрекетіне тыйым» салынды!

Халық бұл Жарлықты шаттана қабыл алды! Барлық кәсіпорындарда

парткомдарының терезелерінен партиялық әдебиеттер лақтырылып жатты!

490

Бір топ жексұрын идея сатушыларға деген құлдығының қорытындысын

халық осылайша шығарды!

Империя ыдырай бастады да, партияның ескі билеушілер тобы 1991

жылдың 19 тамызында әскери төңкеріске бел буды. Нәтижесі белгілі. КСРОның

Жоғарғы Кеңесінің отырысында Бас хатшы бесінші қыркүйекте «КОКПны

тарату туралы» Заңға қол қойды. «Қызыл сайтаншылдар» ұйымының

қылмыстық әрекеттері осылай атаусыз аяқталды.

Қазақстан «Тәуелсіздік туралы» Заңын 1991 жылдың 16 желтоқсанында

қабылдады. Осы күннен бастап азатты алтыншы саты халқының тарихы

басталады!

18. 1992 ж. Дүниежүзілік діни конгресі

Бұл конгресс Нью-Йорк қаласында 1892 жылы өткен бірінші

Дүниежүзілік діни конгресі басталған күннен кейін тура жүз жылдан соң өтуі

тиіс еді. Осы конгреске, ешкімге белгісіз үнді философы Нарендранатх Датт

(Вивекананда) қатысқан болатын. Бұл оған өзінің Ұстазы Рамакришнаның

таққан аты, Вивека – өзгешелену дегенді білдіреді, ал Ананда – рахаттану,

яғни – Өзгешеленуліктен Рахаттану деген мағынаны көрсетеді.

Конгресте үнділіктің сөз сөйлеуі – бомба жарылғандай әсер қалдырды!

Жұрт оны «Найзағай»-шешен деп атады. Үндістаннан ешкімге белгісіз болып

кеткен ол, Триумфатор болып қайтып оралды!

Калькутта портынан, тегі асыл раджалар оның арбашасының аттарын

доғарды да, оған өздері жегіліп, Вивекананданы үйіне дейін апарған

болатын...

Жүз жылдан соң конгрестің Алматыда өтетіні жайлы хабарланғанда, мен

бұны әрекетке көшу белгісі деп қабылдадым.

Конгрестің ұйымдастыру комитетіне 1992 жылдың қазан айында, оның

делегаттары өте жақсы ұмыт болған жаңа дін – Тәңіршілдіктің Алматыда

туындағанын білсін деп, мен өзімнің «Ақ Сарбаз» кітабымның бастапқы

қысқа нұсқасын жазып, апарғанмын. Мені Конгресс жетекшісі, белгілі

композитор Т. Мұхамеджанов қабылдады. Ол менің қолжазбамды қарап

шығып, оны тираждауға уақыт пен қаражаттың жоқтығына байланысты

конгрестің талқылау бағдарламасына енгізуден бас тартты. Мен оған

көнбедім:

491

– Қолжазба көлемі, бар болғаны – 50 баспа бет! Қазақстанда әлемдік

деңгейдегі өз философтарымыздың бар екенін бүкіл әлем білсін! Әйтпесе,

мұндай шығынға батудың не қажеті бар?

Бірақ менің наразылығым қабылданбады. Мен, ұйымдастыру комитетіне

барып Қазақстан Республикасынан тәуелсіз делегат ретінде тіркелдім.

Бұл, менің кітабымды басып шығаруға жасалған екінші қарсылық еді.

Қолжазбамды мен бірінші рет «Қазақстан» баспасына 1992 жылдың 10-

шы қыркүйегінде апарғанмын. Мені бас редактор – Сыздықов қабылдады

және оның баспасын неліктен таңдағанымды білгісі келген сұрағына:

– «Шәкәрім өлеңдерінің космогониясы» еңбегін жазған ғалымның менің

кітабымның құндылығын бағалай алатынына сендім – деп жауап қайтардым.

Бұл әрине, еңбектің авторына оң әсерін тигізді де, ол менің кітабымды

өңдеуге алды.

Бір апта өте мен, редакцияға қоңырау шалып:

– Кітабым қалай? – деп сұрадым.

Маған, кітаптың коммерциялық болашағы жоқ деп танылды, сондықтан

басып шығарылмайды – деп жауап берді.

– Ендеше, мен қолжазбамды қайтып алғым келеді! Оған қашан баруыма

болады?

– Техникалық себептермен, біз қазір қолжазбаңызды қайтара алмаймыз!

Бір-екі аптадан соң хабарласыңыз.

Мен редакцияға бардым, бірақ маған менің қолжазбам бас редакторда

екенін, ал ол болса, сапарда – деп айтылған болатын. Редакцияның бұндай

оғаш бет алысының себебін кейінірек түсіндім.

Алматыға конгресс ұйымдастырушысы – белгілі ақын және жазушы

Валентин Сидоров келгені туралы баспасөз бен телевидение хабарлаған

болатын. Ол, «Гималайдағы 7 күн», «Ағын үстіндегі көпір» очерктері мен

«Кілт» – өлеңдер жинағын жазған. Ригалық тегі ақсүйек екі әйел оған

эзотерикалық әдебиеттердің басым бөлігін берген болатын. Олар

революциядан буржуазиялық Латвияға қашып, сол қолжазбаларды сақтаған.

Оларды, Шамбаланы іздеу экспедициясынан ерлі-зайыпты Елена мен

Николай Рерихтердің әкелген білімдерімен Сидоровқа тек өңдеу ғана қалған

еді.

Сидоров конгресті ұйымдастыру дайындықтарымен танысқаннан соң

Мәскеуге кетіп қалды. Бірнеше күннен кейін маған редакциядан қоңырау

шалып, қолжазбамды алып кетуді өтінді.

492

Мені бас редактордың өзі қабылдады және басын төмен түсіріп:

– Біздің коммерциялық директорымыз Сіздің кітабыңызды

коммерциялық пайдасы жоқ және шығынды деп таныды. Қазір қағаз, бояу

мәселесі қиын екенін өзіңіз де білесіз. Бөлімге барып, М. Идадан

қолжазбаңызды алыңыз.

Бөлімде М. Ида мені салқын қарсы алып, қолжазбамды қайтарды, ал мен

журналға қол қойдым. М. Идаға назар салып қарағанымда мені күлкі қысты.

– Сіз мұнда неменеге мәз боп тұрсыз? Бұған себеп те жоқ сияқты.

Қолжазбасы қабылданбай қайтарылған, Сіз бірінші емессіз!

– Жо-жоқ! Осындай кітап жазған адамды М. Ида тойтаруының

парадокстылығы мені тіпті қайран қалдырады. Өзіңіз ең болмағанда оны

оқыдыңыз ба? Әсіресе, өткен заманда қуғындалған сіздің халқыңызға тікелей

қатысы бар есімдерді ашатын алтыншы тарауды да?

– Бұның бәрі фантазия! Ал біз фантазиялармен айналыспаймыз!

Қолжазбамды алып, көңілсіз ой жетегінде кете бардым. Алайда

кейінірек, сәтсіздігімді өз заңдарыма сай – өзімнен көрдім! Кітап әлі шала

жазылған, және оны әлі де жетілдіру қажет, деп шештім. Осы шешіммен

Дүниежүзілік конгреске дайындала бастадым, оның үстіне,

ұйымдастырушылар, әйгілі адамдар шақырылды деп хабарлады! Мен ол

адамдарды, біздікілердей сияқты, тек теледидардан көріп жүргендіктен, енді

кәдімгідей – жүзбе-жүз көргім келді.

Конгресс 1992 жылдың 18-ші қазанында Абай – Достық қиылысындағы

Республика Сарайында басталды. Еуропа мен Азиядан көптеген

делегациялар келді, бірақ арасында есімдері әйгілі адамдар болмады.

Вестибюльде үзіліс кезінде кришналықтар шулап ойнап, «Ақ Бауырластық»

өз сенімін көрмекке көрсетпелеп жүрді. Мен, әзіл үшін оларға жақындадым

да, аңқау сыңаймен жымиып:

– Сіздердің Бауырластықтарыңызға мүше болуға жараймын ба? – деп

сұрадым.

«О» дыбысын шығара сөйлеген, әсіре славянша киінген балалар мені

бастан-аяқ тәкаппарлана өлшеп қарап:

– Жоқ, біз өз қатарымызға тек славяндарды ғана қабылдаймыз! – деді.

– Онда, өз адептеріңізге Мария Дэви Христос (Мария Цвигун. Даяшы,

кейіннен қалалық партия комитетінің нұсқаушысы), секта идеологы,

программист Кривоногов – Иоанн Шоқындырушы деп, және тағы басқа ұлы

адамдардың есімдерін меншіктеп, сіздердің секта мүшелеріңіздің иемденіп

493

алғаны – сатанизмның күлімсіген иісін білдірмейме, соны маған

айтыңыздаршы?

Бұл, Өткен өмірлер құпиясын бұзу ғой. Ал, бұл – өте ауыр күнә және

басқаның құбылуларын иемдену, дәлірек айтсақ оны ұрлап алу – Ғарыш

Заңдарына қарсы жасалған аса ауыр қылмыс!

– Біздің әйел құдайымыз қасымызда, және әлденедей қателессек – құдай

алдындағы күнәмызды өзі-ақ жалбарынып жуа салады! Міне, мынау сол!

Вестибюльде өте тартымды, көкшіл көзді, сәл толықтау әйел өзінің

ізбасарларының ортасында билеп жүрді. Билеп жүріп, ол маған бірнеше рет

жақындап, көздерімен де, денесімен де арбау әрекеттерін жасады, ал мен

онысын бағаламай, ғалым ретінде әдеттен тыс өмір түрі деп қарап, оған тек

зерттеп тұрғанымды білдірдім. Осы кезде оның маңында бойы аласа адам

пайда болды да:

– Мария! Мария! – деп айқайлай бастады.

(В.А. Пацюк. Лақап аттары – Землянин, Запредельный. 1993 жылы менің

бірінші кітабым басылып шыққаннан соң ол мені іздеп тауып алған және өзін

шәкірт етіп қабылдауымды өтінді. Ол менің үйімде Жазғыш хатшы – Дабир

кейпінде отырып алып алтыншы саты туралы айтқан сырларымның бәрін

жазып алатын. Кейінірек, өздерінің жиындарындағы тобырдың алдында осы

білімдерді ол өзінің білімі деп көрсетіп айтқан.

Осыдан кейін Пацюк 1995 жылы халықаралық конференция

ұйымдастырып өткізді. Ол «Жазушы» баспасынан мөрі қойылған

кітабымның қолжазбасының түпнұсқасын әрине менің келісімім бойынша

редакциядан сұрап алған, бірақ та мені конференцияға шақырмады да менің

қолжазбамды оларға өзінікі деп көрсетті. Оның барлық осы әрекеттерінің

мақсаты – арам пайда тауып оңай олжаға кенелу еді.

Өзінің қолшоқпарларымен бірге «райкомдық құдайана» Марина

Цвигунның суреті басылған үгіт парақтарын бүкіл қаламызға қаптатып,

жапсырып шыққан да сол болатын. Одан соң ол өзіне сақал жіберіп Ғарыш

Елшісімін және Ұлы Ғұламамын деп өзін таныстыра бастаған.)

М. Цвигун оның аяғына жығыла құлап, бірдеңелерді айқайлады. Бұған,

ерігіп жүргендердің тобыры жинала бастады да, мен келесі, өте бір бейнелі

тұлғаға жақындадым. Ол, түсті хитонға киінген, жирен сақалды, түрі

славяндық адам екен. Айтып жатқан сөздерінен өзін «Виссарион» деп атап,

Құтқарушыны «көрнектеп» алғанын түсіндім.

Ол, қолдарын сермеп, сөйлеп тұрды. Сөйлеуін үзген сәтінде мен оған

сұрақ қойдым:

– Құдайға тіл тигізгенің үшін тамұқ отына өртенуден қорықпайсың ба?

494

– Мен – Сөзбін, және мен сіздерге Сөз әкелдім... – және т.б. айтып

жатты...

Мен оның сөзін үзіп тоқтаттым:

– Ал, онда өзіңді-өзің кімге теңеп атансаң, Сен – бәрін білуші – егер сен

оның Өзі болсаң, онда Менің кім екенімді атап айт! Мен – кіммін? Сен Мені

өзіңнің алақаныңдай танып, шартты түрде білуге тиіссің! Ал, қане, көрсет

болмысыңды!

Актëр көгеріп-бозарып, тұтқиылданған сахнасын лезде тастай салып,

тайып тұрды. Оның соңынан елірген бикештер тобыры құлшына ұмтылды...

Қасымда тұрғандардың біреуі менен:

– Бәрін сыйдыратын өзінің даналығымен Сізді құрта салмай, сөз

қағысудан азған ұрыдай қаша жөнелетіндей, Сіз оған сонша не айттыңыз? –

деп сұрады.

– Мен одан, Өзінің Еркін Орындаушысы етіп, Ол Кімді тәрбиелегенін,

тура Соның өзін тануын сұрадым! Бірақ ол әшкереленгісі келмей, тайып

тұруды жөн көрді!

– Біз оның өзін-өзі атауынан шынымен Ол екеніне, оның аферист

емесіне қалай көз жеткізуіміз керек, соны айтыңызшы?

– Бұны істеу оп-оңай! Оны айқыш ағашқа шегелеп тастау керек! Егер ол

өлгеннен соң үш күн өте тірілсе – бірақ бұған мен қатты күмәнданамын –

онда ол рас Өзі! Бірақ оған, өлім жазасына тартылу қорқынышымен не

көптің алдында өтірігінен бас тартуды немесе Биік Тіршілік Иесіне лайық

абыроймен өлуді ұсынғанда, оның көптеген жалған пайғамбарларға ұқсап,

бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартатынына қандай да болсын бәс тігемін!

(Виссарион: Сергей Тороп, КОКП (КПСС) мүшесі: Красноярскілік

учаскелік милиционер. «Жаңа Өмір» сектасының қалаушысы. Бір кітапты

және оның толықтыруын басып шығарған. 1993 жылдан бастап жаңа рухани

білімді мазмұндайтын кітап ретінде біздің Ғылым Академиямызда

зерттелуде.)

Конгресс жұмысын жалғастырды – бір отырыс кезінде Италиядан келген

қонақ Джованни (мен оны, алақандарындағы стигматтары үшін Тесілген деп

атадым) – кенет айқай салды:

– Мен Мария Қызды көріп тұрмын! Әне, Ол бұрышта тұр!

Барлығы президиум отырған сахнаның бұрышына қадала қарады. Ол

тұста әрине, ешкім де жоқ болатын, бірақ Тесілген желікпелігін

495

жалғастырып, ақырында ессіздікке енді де, оған медициналық көмек көрсету

үшін залдан шығарып, алып кетті.

Мен бұл лас сахналанған спектакльге еріксіз күле бастадым. Маңайда

отырған әйелдердің біреуі мені кіналауға кірісті:

– Сіз неге сонша қуанып, күліп отырсыз? Ол шынында да Құдай Анасын

көріп тұрған шығар!

– Біріншіден, христиандықтың бүкіл тарихында өздеріне аян берген Қыз

Марияны сенушілер бірнеше рет қана көрген. Бұл, кейіннен Сергий

Радонежскийге айналған балаң жігіт Варфоломей еді. Мария Қыз, Францияда

Лурд қаласында бұлақтың қасында, сенушілерге көрінген. Бұл бұлақ –

сенушілер табынатын орынға айналып, көптеген адамдар сол жерде дертінен

айыққан.

Және 1917 жылы бірнеше ай бойы Ол Португалияда, Фатима деп

аталатын жерде бақташы қыздарға көрініп, солар арқылы адамдарға өзінің

болашақ жайлы Сәуегейліктерін айтып жеткізген.

Ал мынау актëрсымақ өзінің елінде де Құдай Анасының көрінуі сияқты

етіп, осындай қойылымдар жасаған. Оның бойындағының бәрі жалған,

сонымен қатар алақандарындағы тесіктері де!

– Бұл нағыз стигматтар! Әулие Рим папасы мен Ватикан тұрған

Италияның өзінен келген әулие уағыздаушыға неге пәле жауып отырсыз?!

– Бұл бақытсыз бишара, ең тәуір жағдайда, есі ауысқан адам. Оның

«тесіктері» де өз орындарында емес! Рим империясының заңдарына сәйкес,

керіп шегелеу арқылы өлім жазасына үкімделгендерді Т-тәрізді діңгекке

шегелейтін, ал шегелерді алақанына емес, қолдың қоспасындағы әлдеқайда

мықты сіңірі бар білекке қағатын!

Бәлкім, менің жүзімнен әлденені көрген болуы керек, олар алдыңғы

қатарлар жағына асыға ауысып, кетіп қалды.

Конгресс жұмысын жалғастыра берді, әр түрлі елдерден және

секталардан делегаттар баяндамалар жасады. Австрияның өкілі өзінің

сахнаға шығуын қасқыр боп ұлып аяқтады. Бірақ бәрінен де Үндістанның

отқа табынушылары сахнада жылтылдап көрініп жүрді. Олар Сидоровқа

құдайша сияпат танытып, оны соғұрлым мадақтап жатты. Мен залда

Сидоровтың хатшысын байқап қалдым да, өзімді таныстырып, оған менің

қолжазбамды табыстауын өтіндім. Жас, сүйкімді әйел ынта білдіре қол

жазбаны қарап шығып, оның қойған бірнеше жетекші сұрақтарынан

эзотериканы біршама білетінін түсіндім, ал менің жауаптарым оны әбден

қанағаттандырды.

496

Келесі күні отырыс төрағасыз басталды. Ол шамамен бір сағаттан кейін

келді, мінбеге абыржып көтерілді де, кешіккені үшін кешірім сұрады:

– Мен кеше сайтаншыл мазмұндағы қолжазбаны алған едім, және

түнімен осы жексұрын жала шығармамен жұмыс істедім! Автор өзін

Параклет-Жұбатушы деп атайды екен! Ол, Ресейдің Адамзат алдындағы

жасаған-мыс жауыздықтары үшін өкінуін арсыздықпен талап етеді! Бұндай

зұлымдықтарды жасауға өзі керілген Ресей қалай бара алады?

Мен алдыңғы қатарда отырған орнымнан:

– Онда, керілген Ресей өзінің колонияларында саны аз халықтардың

ішінен 60-қа тарта елдерді жойып, құрлықтың алтыдан бір бөлігін табан

астына салып, қалайша таптап алған екен? – дедім.

– Міне, міне – естідіңіздер ме жаудың үнін?!

Осы сәтте залда жарық сөніп қалды да, төраға ары қарай микрофонсыз

сөйледі:

– Міне, көрдіңіздер ме! Түнек күштері жасырын да, айқын да,

шайқасуда. Тіміскі әрекеттерін менің әшкерелей алмауым үшін, олар тіпті

жарықты да өшіріп тастады!

– Сонда, Түнектеріңіз кім?! Сіз КОКП (КПСС) мүшесісіз, әйтпесе Сіз

Жазушылар Одағына кіре алмай, бірде бір титтей әңгімеңізді де басып

шығара алмас едіңіз! Оған қоса, Сіз МҚК (КГБ) агентісіз және мұнда

идеологиялық диверсия жүргізіп тұрсыз!

Бұған жауап ретінде Сидоров, кернеу қалпына келгенше үзіліс

жариялады да, соңынан ерген отқа табынушы нөкерлерімен бірге кетіп

қалды.

Мен, залда отырған Сидоровтың хатшысынан қолжазбамды қайтарып

алдым:

– Оның түкке тұрғысыз МҚК агенті және «стукачы» екенін

бастығыңызға айта барыңыз. Мен мұны осылай мәлімдей аламын, өйткені

театрланған кешігуімен және түні бойы менің қолжазбаммен «жұмыс

істеген» адамның нашар ойынымен сөйлеген жалынды сөзінің бәрі де жалған

деп ашық айта аламын. Ол, менің қолжазбамды «Қазақстан» баспасында

болған кезінде, қыркүйек айында оқып алған болатын. Оны қайтармай,

жарты ай ұстаған себебі осы! Ал оның сөйлеген сөзінен, оған менің 1990

жылдың 27-ші қазанында алаңдағы митингте халық алдына шығып, толқуын

тоқтатқаным туралы кадрлердің көрсетілгеніне де көзім жетті!

497

– Сіз не деп айтып тұрсыз? Сидоров Үндістанға барған және

Рерихтермен сұхбаттасқан, оны тіпті Махатмалардың біреуі қабылдаған

болатын!

– Ия! Ал Рерихтерге ол қалай енді? Ол түнделетіп, ұрықсатсыз Кулу

жазирасындағы олардың жекежайына ұры құсап, қоршаудан секіріп кірген.

Батыстың адам сүйгіш Ұстаздарының жекежайын күзететін тибеттік дәу

догтар оған тіпті тісін де батырмаған. Бәлкім ол, иттерге қарсы «МҚК-нің

зерттеуханаларында әзірленген» арнайы құралдарды қолданған болар! Ары

қарай ол, Рерихтер кешкі асын ішіп отырған қонақ бөлмесіне әлдеқандай

жолмен веранда арқылы кіріп, үсті-басы су күйінде өзін былай таныстырған:

– Амансыздар ма?! Мен, Ресейден келген Сіздердің

тайпаластарыңызбын. Сіздерден қонақжайлықты күтемін!

– Бұның бәрін Сіз ойдан шығардыңыз және менің рухани ұстазыма пәле

жауып тұрсыз!

– «Гималайдағы жеті күн» повесінде осы туралы өзі-ақ жазған. Ал содан

кейін, Махатмалардың біреуінің қабылдауына жеткенде, Ол оған жұмсақ

жымиып:

– Сіздердің Үндістаннан іздеп жүргендеріңіз тура өздеріңіз тұратын

аумақта, шамамен Алтай аясында орналасқан! Біз, таңертең мінажатқа

тұрғанда, бетімізді Солтүстік Шамбалаға қарай бұрып, сол жақтан Әлемдік

Зұлымдықты Жеңуші – Майтрейяны тосамыз!

Мұнда жоқ нәрсені бұл жақтан іздемеңіздер! Адамдар өздерінің иек

астындағы рухани игіліктерді шынында да көрмей, оларды үш теңіздің ар

жағынан іздейді екен! – деп айтқан болатын.

Осыдан кейін мен жиналыстың жалғасын тоспай, сарай маңында

тұратын достарымның үйіне қонаққа кеттім.

Келесі күні Конгресс өз жұмысын жалғастырды. Көгалда, қыр көрсетіп

«Ақ Бауырластық» мүшелері дұғаларын айтып жүрді. Үзілістер кезінде

вестибюльде кришналықтар әндетіп, биледі, кейбір жақта түрлі-түсті

шарларды айналдырып жатты, кенет, көрермендердің бірі – славян әйелі

айқай салды:

– Бұл не болып жатыр өзі? Сайтаншылдардың даңғара жын-ойнағы ғой

бұл! Мұнда Христос кейпін жамылған Ібіліске сөз берілді және оған ешкімде

тас атпады, ал Айтатын Сөзі барға – бір ауыз сөз айтқызбады! Антихристер,

сендерге көктің оты ғана жаумай тұр!

Оны бір шетке қарай ығыстырып, жергілікті экстрасенс – «Сары

Әулиенің» табынушылар тобыры залдан қаптап шықты. Ақ киім киген

498

сиқыршының ізбасарлары сиқырлап алғандай елітіп, фойе ішінде шыр айнала

бастады...

Үзіліс кезінде қасыма бір адам отыра қалып, маған «Алланың жаңа

хабары» деп аталатын жасыл түсті шағын брошюраны ұсынды. Ол өзін

таныстырып:

– Мен, Алланың елшісі – Ақ Бекетпін. Осы Кітапта баяндалған менің

сырларыма Сіз не айта аласыз? – деді.

Барлық киоскілер мен азық-түлік «дүңгіршектерінде» сатылған бұл

масқараны мен бұрын оқыған болатынмын.

– Ия, мен Сіздің кітапшаңызды оқығанмын! Бірақ, кітаптың неге орыс

тілінде жазылғанын мен тіпті де түсіне алмадым.

– Бәрібір емес пе? Барлық тілдер де, халықтар да Алладан ғой!

Мен, Құранның өзіме ерекше ұнаған нақыл сөздерін жазып алатын

қойын дәптерімді алып, керек жерін таптым:

– Сіз қатты қателесесіз! Киелі Құранда, кітаптың араб тілінде жазылғаны

туралы анық нұсқалған.

– Мен Құранды басынан аяғына дейін оқып шыққанмын. Мұндай нұсқау

онда жоқ!

– Сіз Крачковскийдің түкке тұрмайтын аудармасын оқығансыз және

онда бұл аяттар дәл аударылмаған болуы мүмкін. Ал дұрысы былай болады –

43-ші сүре:

1. Ашық Кітапқа серт.

2. Расында түсінулерің үшін оны Арапша Құран қылдық.

3. Күдіксіз ол қасымыздағы негізгі Кітапта өте жоғары, терең сырлы.

Алланың елшісі қарсыласа бастап еді, бірақ қасындағы серігі оның сөзін

бөліп:

– Мен құранды араб тілінде оқимын және бұл адамның сөзін растай

аламын. Сондықтан мен, діндар мұсылман ретінде, осы кісінің айтқаны шын

екенін құптаймын, және Сіз, құрметті «Ақ Бекет», қателесесіз! – деді. (Ақ

Бекет – сауда қызметкері. КОКП (КПСС) мүшесі. «Рухани Қоры» фондының

негізін қалаушы. 1996 жылы исламнан бас тартып, православиені қабылдады.

«Жаңа ұрпақ» газетіне «Қазақтарға жолдау» атты мақалалар жазған, оларда

өзін қазақтардың Апостолымын деп жариялаған. Кейінірек, бір жаққа

жоғалып кетті.).

499

Конгресс, «Конфессиялар арасындағы діни еріктілік және өзара

түсіністік туралы» күңгірт декларация қабылдаумен аяқталды. 1892

жылдағыға қарағанда, бұл жолы аса таң қаларлықтай ештеңе де болған жоқ.

Валентин Сидоров болса, жақсылап «пиарланып», көңіл көтеріп қайтты.

Кейінірек, ол да бір жаққа жоғалып кетті. Ал, Мәскеуде, өзін жақтаған

генерал Руцкоймен біріккен Р. Хасбулатов басқарған Жоғарғы Кеңес пен РФ

Президенті Б.Н. Ельциннің арасында елеулі саяси қайшылықтар басталды.

1993 жылдың 12-ші наурызындағы РФ Жоғарғы Кеңесінің отырысымен

төңкеріс жасалды. Конституцияға барлық «Билікті Кеңестерге!» тапсыратын

Заң енгізілді. А. Керенский басқарған Уақытша Үкіметті билікке әкелген

1917 жылғы ақпан революциясы іс жүзінде қайталанды.

Жауап ретінде Ельцин, 20-шы наурызда Ресейде Президенттік

басқаруды енгізді. Бүкіл ел, соңы азаматтық соғысы мен күйзеліске ұласқан

7-ші қараша төңкерісінің шегінде тұрды...

Мен бұған жол бере алмадым, және 24-ші наурызда Достық

даңғылындағы биік қабатты мейманханада орналасқан Ресей елшілігіне

бардым. Рұқсатнама ресімдеу кезінде, капитан менен ресми кездесуімнің

мақсатын сұрады:

– Ресейге, қос биліктілік мәселесін реттеу үшін, көмектесуге келдім!

– Аға, өз еліңізге көмектескеніңіз дұрыс шығар?

– Руцкой мен Хасбулатовтың басшылығымен неокоммунистер мен

жалаңдаған шовинистер Ресейдегі билікке қайта оралса, біздің тәуелсіздігіміз

қаншаға созылатынын сен маған айта аласың ба! Менің ойымша, бар-жоғы,

бірнеше күнге!

Ресей елшілігі қабаттардың біреуіндегі бірнеше бөлмеде орналасқан

екен. Қабылдау бөлмесінде мені керемет сұлу қыз қарсы алды және келу

мақсатыңыз қандай деген оның сұрағына:

– Ельцин мен Ресейге конституциялық тығырықтан шығуына

көмектесуге келдім – дедім.

Хатшы қыз мені бөлмеге кіргізді де, тоса тұруымды өтінді. Тура сағат 9-

да іргелес бөлмеден Елші – Красников Николай Васильевич шықты.

Мен өзімді таныстырдым және алдын ала болжап білу қабілетім бар деп,

түсіндірдім. 1990 жылдың 27-ші қазанында «Қазақстан тәуелсіздігі туралы

Декларация» қабылдауды қолдау жөніндегі митингте мен құпиямды ашуға

мәжбүр болдым және мінбеге шыққанмын. Бұдан былай біз Жаңа

Өркениеттің негізі боламыз деп халыққа түсіндірдім. Сөздерімді растау үшін

мен, Иракты бомбалаудың басталатын күні мен одақтастардың құрлық

500

әскерінің операциясы басталуының күнін белгіледім және бір ағылшындық,

үш американдық дивизиялардың күшімен саны миллионға жуық Ирак

армиясын жүз сағат ішінде талқандалуын белгіледім!

Осыдан соң мен, біз бұдан былай тәуелсіз елміз деп жарияладым және

Бостандықты бейбіт жолмен алу туралы Халықпен Келісім жасадым.

Одан әрі мен, Ресейдің Уақыт спиралі бойымен Ақпан революциясына

енгенін және оны алда Қазан пролетарлық революциясының, салдарымен

қоса апаттық қайталануы болатынын Елшіге түсіндірдім. Ал өткен заманнан,

Борис патша билігінің кезіндегі «Аласапыран кезең» қайталанады. Тіпті

есімдері де қайталанады!

– Ия, шынында да «Аласапыран кезең»! Сонда Сіз нені ұсынғыңыз

келеді?

– Мен, Борис Николаевичке «Президентке сенім арту туралы»

Референдум өткізуді Жоғарғы Кеңеске ұсынуды және осылайша

Конституциялық паттан шығуды ұсынамын!

– Бірақ, Жоғарғы Кеңес өзінің құқығына сүйеніп, тек қана теріс жауап

берілетін сұрақтарды белгілейді ғой. Мысалы: «Күйзеліс пен

жұмыссыздықтың жалғаса беруін қалайсызба?», және т.т...

Іс жүзінде, Жоғарғы Кеңес дайындаған сұрақтарға халықтың барлық

таптары, жұмысшылар мен қызметкерлер, шаруалар мен студенттер, полиция

мен армия жоқ деп айтады! Сонда Ельцин тиесілі 51% дауысты қалайша

жинай алады?

– Орыс халқы, өздерінің монархын тақтан тайдырған Революцияның

қайталануын қаламайды және екі зұлымдықтың жеңілірегін – әрекеттегі

билікті сақтап қалуды таңдайды.

– Жақсы! Мен Сіздің ұсыныстарыңызды Кремльге хабарлаймын. Ал енді

айтыңызшы – Президент дауыстардың қанша пайызын жинайды?

– Менің ойымша, ол дауыстардың 52%-ын алады! Бірақ та Сенім

Вотумынан кейін Жоғарғы Кеңесті дереу тарқатып жіберу керек. Әйтпесе

қантөгіс болады!

Регламент бойынша, Елшінің қабылдауы 10 минуттен аспауы тиіс, бірақ

біз бір сағатқа жуық сөйлестік. Мен қабылдау бөлмесінен шыққанымда,

кезекте біраз адам жиналып қалыпты. Олардың арасында бірнеше

қытайлықтар болған, бірақ олар сыпайылық таныта жымиып жатты, ал

басқаларының анық наразылықпен кейіп тұрғаны байқалды, бірақ хатшы қыз

оларды тыныштыққа шақырды...

501

Екі күн өткеннен соң мен, қатты толқып бозарған Борис Николаевичтің

Жоғарғы Кеңеске «Президентке сенім білдіру» туралы Референдум

белгілеуді ұсынғанын теледидардан көрдім!

Жоғарғы Кеңес депутаттарының бұл мәлімдемені қандай қатты

масаттанумен қарсы алғанын және тура сол жерде Ельцин үшін мүлдем

күйретерлік сұрақтардың тізімін құрастырып, дайындыққа бір ай уақыт

белгілегенін көрдім, және 1993 жылдың 25-ші сәуірінде Референдум өтті.

Президентті қолдайтын 52,5% дауыс – «қызыл Жоғарғы Кеңес» үшін

есеңгіретерлік нәтиже болды. Бірақ Ельцин қайтадан өзінің үйреншікті өмір

салтына салынып, Жоғарғы Кеңесті тарқатпады. Нәтижесі белгілі – Мәскеуде

3-ші қазанда әскери төңкеріс басталып, Останкинодағы телестудия мен

Мәскеудің мэриясы басып алынды. Бірақ бүлік күшпен басылды. Шетел

компанияларының барлық БАҚ-тары соғыс әрекеттерінің орнынан тікелей

хабар жүргізді.

Біраз уақыт өткеннен соң бізде Қазақстанда конституциялық жолмен

басым дауыс беру арқылы Қазақстанның өндірістік Солтүстігін

Республикамыздан бөліп тартып алуға шақыратын ұрандар шыға бастады.

Мен ҚР Үкіметін ашық ескерттім де, жергілікті Кеңестерді тарату шеруі

басталды, және кездейсоқ емес, бірінші болып өздерінің депутаттық

мандаттарынан менің Алмалы ауданымның Кеңес мүшелері, ал сонан соң

қалғандары да бас тартты. Нәтижесінде, Алматы қалалық Кеңесі,

Конституцияға сәйкес, өзінің тіршілігін доғарды. Облыстардың басым

бөлігіндегі Кеңестердің одан арғы таратылуы Жоғарғы Кеңесті таратуға

мүмкіндік берді де, Республикамыз ыдыраудан сақталды.

Менің, Жаңа Өркениет Бесігінің тәуелсіздігін алу және сақтау

жолындағы күресімнің бірінші кезеңі осылай аяқталды.

19. «Әнші шағылға» саяхат

Осы әңгімемді менің өте жақсы көретін өкіл анама – Алматы

мектептерінің бірінде география пәнінен сабақ берген мұғалім – Анна

Николаевнаға арнаймын.

Мен оның ұлы – Никпен 1961 жылдың күзінде танысқан едім. Бірінші

курсты аяқтап, екінші курсқа көшкен кезім болатын. Ник біздің группаға

Мәскеулік ЖОО/Вуз-дан ауысып келген еді. Ол кезде біздің ЭЕМ-60

группамыздың құрамы бірнеше тұрақты топтарға бөлініп алған болатын:

- Провинциядан, негізінен оңтүстіктен келген қазақ жігіттері өздерін

бөлек ұстап жүрді.

502

- Ата-аналары жоғары қызметтегілердің балалары бөлектеніп алатын.

Олардың білімдері жоғарылау және қымбаттырақ киім киіп, өздерін

ақсүйектерше ұстауға тым тырысушы еді.

- Бай, «ақ» адамдардың балалары да бір-бірімен тығыз байланыста

болатын.

- Бір топтан екіншісіне жеке-жеке сенделіп бай еместердің балалары

жүретін. Мен де осы «сұрыптаудың» арасында қалдым.

Өзімнің қазақтарым мені қалалық ретінде қабылдайтын, оның үстіне

ұлты таза емес деп санайтын, өйткені олар үшін мен жас кезімде орысқа

немесе татарға көбірек ұқсас болып көрінетінмін. Сонымен біраз уақыт тағы

да жалғыздықта болуыма тура келді.

Ник те, «сұрыпталғандар» арасында қалған кезде екеуіміз тез достасып,

аз уақыттан кейін жоғары математика есептерін шешу үшін ол мені өз үйіне

қонаққа шақырды. Үйі Кіші Алматы өзенінің арғы жағында, біздің

институттан алыс емес жерде орналасқан болатын.

Кешке жақын оның ата-анасы келді. Әкесі ЖОО-да ұстаз болған, ал

анасы мектепте география пәнінің мұғалімі болды. Әңгіме кезінде мен Анна

Николаевнаны географиядан өзімнің терең танымдарыммен таңқалдырдым.

Әсіресе ол менің халықтар мен тайпалар жайлы, олардың мәдениеттеріне,

салт-дәстүрлеріне, өмір сүру дағдысына деген жоғары қызығушылығыма

таңырқады.

Біздің кәсібіміз абсолютті түрде жаңа болатын да осы кәсіпке

мамандарды дайындаудың жүйелі мектебі әлі қалыптасып үлгірмеген еді.

Сондықтан инженерлерге арналатын міндетті сабақтарды бізге қаптатып

енгізе беретін. Негізгі салмақ жоғары математикаға түсетін. Жоғарғы

курстарда автореттеу (өздігінен реттеу) теориясын С.И. Горшин берді, ал

математикалық логиканы бізге ҚазМУ-ден шақырылған профессор

Персидский оқитын.

Жалпылай алғанда, біздің ЖОО-да математикадан ең үздіктері біз

болатынбыз. Бұның бәрі өте көп уақыт дайындалуды талап ететін.

Жазғытұрым, не қысқы сессиялар кезінде мен іс жүзінде досымның үйінде

тұратынмын, бұл трамваймен Тастақтан Абай және Достық қиылысына дейін

жолға кетер уақытымды үнемдейтін.

Бірте-бірте мен олардың отбасының мүшесіне айналдым. Бірге оқу

анағұрлым жеңіл болды, бір жіппен байланғандай бір-бірімізді жақын тартып

екеуіміз де жалғыздықтан құтылдық ...

503

Уақыт өте, біз студенттік той-думандардың, қалжыңдардың ұйтқысы

болып алдық. Үзілістерде біздің әзіл-қалжыңдарымызды ұйып

тыңдаушылардың шағын тобы әрқашан қасымызға жинала қалатын. Бірде біз

Кіші Алматы өзенінің жоғарғы арнасы маңындағы жасанды тоған

жағасындағы кафеде курстасымыздың біреуінің туған күнін тойлағанбыз.

Бұл жастар ортасында жақсы танылған кафе болатын. Біз жұмыс күні кешке

таяу келдік. Туған күнін тойлаушының денсаулығы үшін бірнеше тост

көтергеннен соң біз студенттік әндерді, соның ішінде өзіміз шығарған

әндерді де айттық. Кафенің өз эстрадасы жоқ болатын, ал егерде қонақтар

арасында гитара тартатын немесе ән айтатын қонақтар болса, бұндай

жәйттарды үлкен қошаметпен қарсы алатын. Кафе біртіндеп тола бастады,

ақырсоңында қалталы кавказдықтар келе бастады. Олардың дастарқанының

ас мәзірі біздікіне қарағанда әрине артығырақ еді, коньяк судай ағып, тост

үстіне тост айтылып, өздерін өмірдің нағыз қожайындарынша ұстады.

Бұл кезде біз енді ғана дұрыстап қыза бастаған едік. Есениннің «Москва

кабацкая» өлеңі айтылып, Б. Окуджава, М. Кукин және В. Высоцкийлердің

өлеңдері жалғасқан болатын. Менің досым осы бардқа түрімен өте ұқсас еді,

ал дауысының дәлдігі сондай, тіпті оны түпнұсқамен шатастыратын.

Бұл әндерді қызба көңілді кавказдықтар да тыңдап, куплеттерін бізге

қосылып айта бастады, одан әрі олардың өтінішімен кафе иесі екі үстелді

біріктіріп берді де, думан жалғаса берді. Кавказдықтардың жасы үлкені кафе

иесін шақырып, тағы да бірнеше коньяк құмыраларын алдырды, ыстық кәуап

ұсынылды...

Шағын дастарқанымыздан кейін бұл бізге нағыз мол қонақ асындай

көрінді. Коньяктың бірнеше рюмкасы өз ісін тындырып, біз ән айтудан

дағдылы, тың жердегі, аңшылықтағы, Ыстықкөлдегі жағдайлар туралы

қызықты әңгімелерімізге, қалжыңдарымызға көштік. Осы оқиғалардың басты

кейіпкері мен болатынмын. Қонақтар ішек-сілесі қатып күліп, кафе иесі –

толық, тақырбас армян бәрінен қатты күлген еді...

Көпшілігін өзіміз біздің Политехте өтетін кештерде жиі көретін «алтын

жастарға» кафе тола бастады. Олардың арасында біздің танысымыз, қаланың

ең көрікті жігіті Жора Туманян өзінің сұлу серігі – көз шағыстырар ақсары

шашты қызын ерте келді. Олар да той-томалаққа қосылып, отырысымыз ұлан

асыр тойға ұласты! Мұндай сұлу қыздарды көргенде кавказдықтар одан әрі

қызып алды! Ақырында, кеш аяқталды. Кафе иесі бізге аптасына бір рет

осында демалуға шақырып, дастарқаны оның есебінен болатынын айтып,

ұсыныс жасады, ал біз сол үшін өзіміздің әндерімізді, хикаяларымызды

айтып, кафе қауымының көңілін көтерсек қана болады:

504

– Сіздердің арқаңызда, осы жай жұмыс күнінің бір кешінде ғана менің

табысым бүкіл демалыс күніне қарағанда, көбірек болды. Сіздерге де

қосымша табыс артық болмас.

Бірақ біз оның осы ұсынысын әрине пайдалана алмадық. 1962 жылы

бізге Өмірбек Арыстанұлы Жолдасбеков келді. Ол «Теориялық механика»

курсын оқытты және сонымен қоса менің ЭЕМ-60-1 группамның кураторы

болды. Ол өзінің кураторлық қызметін, бізді стадионға шақырып, футболдан

жолдастық кездесу өткізуден бастады. Ол, ақылды және көреген адам ретінде

институтта үлгілі топ құруды және бізді өзінің мансаптық өрлеуіне трамплин

ретінде пайдаланғысы келді. Өзі толықтау, домалақ жүзді көрнекі оңтүстік

тұрғыны болатын, алайда алаңда ол орталық шабуылдаушы ретінде керемет

ептілік пен үйлестік танытты. Ойыннан соң ол бізді өзімен бірге сыра ішуге

шақырғанда, біз оның бұл ұсынысын қуана қабылдадық. Сыра ішу кезінде ол

біздің әрқайсымызбен сырласып, әңгімелесті және біздің жүрегімізді

ағайынгершілікке бармай-ақ баурап алды. Оны ұятқа қалдырмау үшін біз бар

жан-тәнімізбен оқуға тырысатынбыз. Оның жетекшілігімен біздің группамыз

жыл қорытындысы бойынша институттың ең үздік тобына айналды. Келесі,

1963 жылы, біздің деканымыз болды, кейінірек ол КазМУ-дың ректоры

болып тағайындалған еді.

Институтта математикадан ең мықтылардың бірі – біздің группа екенін

бәрі білетін. Егер біздің оқуымыз екінші ауысымға келе қалса, лекциялардан

кейін бізді «кешкі» бөлімдегілер, негізінен «Стройфактағылар»

(құрылысшылар факультеті) қарсы алатын. Олар семестрлік жұмыстарына

көмектесуімізді өтінетін, ал біздердің ешқайсымыз жарты сағатқа кідіріп

қалудан бас тартпай, тура сол жерде терезе алдында есептерін шығарып

беретінбіз. Біздің түсінігімізбен, олар қартайған студенттер деп саналатын.

Сәл тола бастаған қарындарына қалың портфельдерін қысып, қалталарынан

отбасылық рубльдерін шығара бастайтын, ал жігіттер олардың ақшасын

алудан бас тартатын, бірақ үйде пісірілген бәліштерін біз ықыласпен

қабылдайтын едік...

Кешкі лекциялардан соң қарнымыз ашатынын білетін олар біздің

еңбегімізді үй тағамымен қайтаруға тырысатын. Осы бір қайырымдылық

шаралары кезінде, тау-кен және металлургия факультеттерінде оқитын менің

қандастарым келіп, беделі зор факультеттің «элитарлық» студентінің

алдында біршама ұялып, жоғары математикадан семестрлік тапсырмаларын

орындауға көмектесуімді өтінген болатын. Олар лекцияларда ештеңе

түсінбепті, ал ертең зачëт тапсыруы керек, әйтпесе көктемгі сессияға

жіберілмейді.

505

– Өздеріңіз неге ертерек келмедіңіздер? Сіздер үшін уақыт табар едім

ғой.

– Сіз Сәтбаев көшесіндегі бас корпуста үнемі лекцияларда болдыңыз

және біз Сізді тек бүгін ғана іздеп таптық. Өтінеміз, көмектесіңізші! Біздің

бәріміз кедей отбасынанбыз, сондықтан қысқы сессияға дейін стипендиясыз

қалсақ жағдайымыз өте қиынға соғады!

– Жарайды, қайтеміз енді, жүріңіздер, сіздердің жатақханаларыңызда

түнге қалуыма тура келеді, жатақханадан маған шамы бар бір үстел

дайындап, шәйнек қойыңыздар, бірақ та алдымен, алаңдамасын деп, үйіме

вахтадан қоңырау шалып келейін!

Жатақханадағылар мен үшін шамы бар үстел бөліп, шәйнек қойды.

Дастарқанда, бәрі де ауылдан әкелінген, тау болып үстел үстіне үйілген

бауырсақ, құрт-ірімшік тұрды. Бұл менің көңілімді өте елжіретіп жіберді.

Шай қайнағанша мен графиктері бар функциялар бойынша есептерді тез

шығара бастадым. Жігіттерге тек экстремумдердің қисықтарын өз қолымен

сызып, түсініктемесін жазу ғана қалған еді. Олар дайын болған дәптерлерін

алып, үн-түнсіз өз бөлмелеріне тарап жатты.

Кешкі сағат сегізге таяу бастап, таудай болып үйілген дәптерлерді түн

ортасына дейін реттеп бітірдім де жарықты өшіріп, сәл демалу үшін төсекке

жантайдым... Мен өте сақ ұйықтайтынмын, бір кезде жарық жанып, абырдабырдан

оянып кеттім де сәл ашылған есіктен:

– Ол өте қатты шаршады, өйткені барлық есептерімізді шығарып берді,

енді біз зачëтке кетіп барамыз, ал сендер ол оянғанша тоса тұрыңдар! –

дегендерін естідім.

Менің болмысым, егер бір оянсам, одан әрі қайта ұйықтамауға

дағдыланған еді, сондықтан мен оларға:

– Кіре беріңіздер! Мен қазір тұрамын, жуынып алып шайымды ішемін

де, сіздердің де есептеріңізбен айналысамын. Менің лекцияға дейін уақытым

әлі жеткілікті, – дедім.

Жігіттер ризашылығын білдіріп, дәл алдыңғыдай, ауылдың дәмдерін

және бір топ үйілген дәптерлерді үстелге қойды. Осыншама беделді

факультеттің студенті – өздерінің қандасы үшін үміт пен мақтаныш ұялаған

олардың мейірімді жүздерін көрдім де, балалық шағымдағы таққа

тағайындалуым тағы да есіме түсті...

Демек, Келісім әрекет етуде және Елімнің перзенттері маған сеніп,

Шыңғыстың тұқымы ретінде, қорғауымды өтінді. Төмен барып жуындым да

506

бөлмеге қайтып оралдым. Онда шәйнек қайнап тұр екен. Мен отырып шәй

іше бастадым. Тура осы кезде жатақхана коменданты жетіп келіп мені тарпа

бас салды:

– Бұл қайдағы бөтендер? Менің ұрықсатымсыз мынаны кім кіргізген?

Бұл бөлменің үлкені қайсың? Ауылдан келген боқтық – сені жатақханадан

қуып шығарамын!

Менің жауабым оны қалтыратып жіберді:

– Біздің жерге тайгадан ағып келген сен – боқтықсың! Көк базардан

және өзге де орындардан келген алыпсатарларды жатақханаға жіберіп,

ақшаны қалай күреп жатқаныңды білмейді дейсің бе? Біздің группада өте

үлкен бастықтардың, соның ішінде ІІМ-нің де балалары оқиды, сондықтан

жарқырамай жоғал, әйтпесе сенің тәтті өміріңді өте ашты қыламын!

Қазақтың баласынан бұндай тойтарысты естіген коменданттың тілі

тартылып қалды! Ол әрине ауылдық балаларды әбден билеп-көндіруге және

олардың бөлмелеріне өзінің түнгі клиенттерін қоса қондыруға дағдыланып

алған. Сондықтан менің үрейлендіре қорқытқаным оған тітірететіндей әсер

етті.

Ол ауызын біресе ашып, біресе жауып, бірдемелерді айтуға тырысты,

бірақ осы жағдайға лайық сөз таба алмады. Оның жергілікті жексұрын

туземецтердің алдында қара бет болып қалғаны көрініп тұрды...

Осы жерде тағы бір рет өзімнің қандастарымның тектілігіне көзім жетті!

Олар оған көмекке келіп:

– Бұл ЭЕМ факультетінің студенті, ол бізге жоғары математикадан

есептерді шығаруға көмектесуде, әйтпесе біздің группаларымыздың үлгіру

сапасы күрт төмендейді де бұл соцжарыстың көрсеткіштеріне теріс әсерін

тигізеді ғой!

Комендант олардың оған тастаған «құтқару дөңгелегіне» жармаса кетті:

– Жарайды, егер ол үлгіру жоспарын орындауға көмектесіп жатса, қала

берсін, ал сендер келесі жолы кімдердің қандай мақсатпен келгені туралы

маған алдын ала хабарлайтын болыңдар!

Осы сөздерді айтқан ол, өзінің маңызды «жүзін» жартылай сақтағандай

болып, асыға-үсіге тайып тұрды. Кетерде, ол маған тесіле үңіліп, қарады –

бұл, әдеттен тыс таңғаларлық қазақ баласы тіпті «ақ адамнан» мүлдем

қорықпайды екен, тіпті сес көрсетті ол – ұлы, маған...

507

Мен өз жұмысымды жалғастыра бердім, ал ауылдан келген жігіттер осы

инцидентті түсініктемелей бастады:

– Көрдіңдер ме, бастықты қалай сыбағанын!

– Оның аты Едихан болса, ол шынымен-ақ Шыңғыс тұқымынан екен!

– Ия, оның көздерінің бұрышы қызыл тартқан, өңі әппақ. Ал ең бастысы,

ол өзін-өзі ханға лайық ұстайды, түрі де ханнан аумайды. Комендант одан

өлердей қорықты, басын бағынышты күймен төмен салбыратып, аулақ

қашып тынды!

– Әрине! Ол осындай факультетте оқыса, және бір түнде бірнеше

группаның есептерін шығарып берген болса, бұл оның ақылды адам екенін

дәлелдейді ғой. Міне, қазір де жұмысын тоқтатпай істеп отыр!

– Ол бізді жақын туыс-бауырларындай көреді!

– Шыңғыс тұқымдары әрқашан өз елін қолына қару ұстап қорғаған!

– Бұл олардың қанына сіңген! Оларды ғасырлар бойы осылай

тәрбиелеген! Ол ешқандай ақы да сұраған жоқ және осының бәрі оны

қуанышқа бөлейтін сияқты!

– Бірақ ол бізге мүлдем ұқсамайды, қайта түрі орысқа көбірек ұқсай ма?

– Ол біздің төреміз ғана емес, сонымен қатар ол өзі ауылдық! Және ана

тілімізде сөйлеп тұр. Әне, қараңдар, құрт-ірімшік пен бауырсақты қалай

рахаттанып жеп отырғанын! Қалалық қазақтар, біз олардан көмек

сұрағанымызда, тіпті көзіне де ілмей өте шыққан еді!

– Бостандық әкелушінің Шыңғыс тұқымынан шығатынын ел бекер

айтпаған ғой!

Қай жерде жүрсем де, келеңсіз оқиғаларға тартылатынымды бұрыннан

байқаған едім. Көп жағдайда бұл – менің еліме және оның мәдениетіне

жексұрын деп, менсінбеушілікпен қарайтындарға шектен аса төзе

алмайтындығымнан туындайтын.

Кейінірек, менің қарапайым адамдарға көріне бермейтін ұсақ-түйектерді

байқап қалатыныма және оларға өткір пікір-түсініктемелер беретініме көзім

жетті...

Тура сол көктемде біз группамызбен Абай мен Достық қиылысындағы

ескі корпустан Сәтбаев – Космонавтар маңындағы жаңа корпусымызға бара

жатқанбыз. Бірінші мамыр мерекесіне дағдылы дайындық жүріп жатқан кез

болатын, биік қоршау ішіндегі ғимараттардың бірінде мен «Под знаменем

508

марксизма-ленинизма вперëд к победе коммунизма!» («Марксизм-ленинизм

туының астында коммунизм жеңісіне қарай алға бас!») деген транспарантты

көріп қалдым. Бәрі әдеттегідей, тек ұранның қалалық «жындыхананың»

ғимаратында ілулі тұрғанын байқадым. Мен әрине қуана-қуана:

– Қараңдаршы, біздің «жындыхананың» қабырғасында не жазылғанын!

Бұл жерде мынадай ұран тәуірірек болар ма еді:

– «Под знаменем идиотизма и шизофренизма вперëд к победе

кретинизма!» («Идиотизм мен шизофренизм туының астында кретинизм

жеңісіне қарай алға бас!»). Тіпті ұйқас болып шықты. Курстастарымның

кейбіреуі ақыры күле бастады, бірақ «ортаншы тап» үнсіз тымырая қалды.

Алайда, ең таңқаларлығы, келесі күні біз дәл осы маршрутпен келе

жатқанымызда, автобус ішіндегі адамдар осы оқиғаны талқылап жатты, және

әлдекімдер:

– Кеше, осыған қатысты аудандық партия комитетінің отырысы

болыпты, онда Кеңес Билігінің беделін түсіретін саяси сауатсыздығы үшін

жындыхананың директорына сөгіс жариялапты! Қазір Сталин заманы емес –

соған тәуба десін, әйтпесе бұл көкетайды контрреволюциялық әрекеті үшін

атып тастар еді! – деді.

Біраз уақыт өте сала, күзде біз достарымызбен Карл Маркс көшесінде

трамваймен келе жатқанымызда, парк кіреберісінде мен Тоқаш Бокиннің

бюстін көрдім. Мүсінші бюстті «Г» әрпі түріндегі тұғырға қойыпты.

Мүсіншінің ойын түсінген мен, достарымның назарын соған аудардым:

– Қараңдар! Тоқаш Бокиннің басы шабылып, ауада салбырап тұр!

Мүсінші сталиндік жазаның құрбанын мәңгіге есте сақтайтын, өте тың

шешім тауыпты!

Бір апта өткен соң мен осы маршрут бойымен қайта келе жаттым, бірақ

енді ескерткіш алынып тасталған... Байқаймын, біреулер мені бақылауға

алған сияқты, бәлкім мен осында бірінші рет өзімнің тәлімгерлерімнің

назарына ілінген болармын...

Ескерткіш пен коммунизмге байланысты бұл оқиғалар он бес жылдан

соң тағы да қайталанды. Мен, Жандосов көшесімен келе жатқанда,

Шалғындар мен жайылымдар институты тұрған Правда көшесінің

бұрышындағы ғимараттың жанында «ойшылдың» мүсінін байқап қалдым. Ол

толығымен Роденнің скульптурасын қайталады, тек жүзі қазаққа ұқсас және

ұлттық нұсқада болатын. Сол жерде бір топ маңызды тұлғалар тұр екен.

Жолаушылардың бірі менен:

– Бұл кімнің мүсіні? – деп сұрады.

509

– Болжауымша, институттың ойлау қабілеті бар жалғыз ғана бірлігі осы

болар!

Біраз уақыт өткеннен соң мен тағы да сол ғимараттың қасынан өтіп бара

жаттым – мүсін орнында жоқ екен. Кейінірек білгенім, институт директоры

оны ішкі аулаға әкетуге бұйырып, соңынан соцреализмнің бұл шығармасын

бұздырған екен.

Оқиғалар спиралі шиыршықталуын жалғастыра берді де, енді

Механикаландыру және электрлендіру институтының ауласында, арт

жағында, зертханалық корпустың бойымен шпалдарға төселген рельстерді,

ал соңында үйінді-тұйықты көрдім. Тағы да бір топ бастық осы жолға қарап,

әлденені талқылауда. Таныс токарь Том Майер менен:

– Бұл өзі қандай жол? – деп сұрады.

– Бұл – коммунизмге апаратын жол!

Кейінірек, осы екі тар жолмен жем таратқыш электрлі арбаша қозғалуы

тиіс екенін досым түсіндірген, алайда менің сөзім басшылықтың құлағына

жетіп, жол бұзылды, ал жоба жабылды.

Осылай, мен ойларым мен сөздерімнің күші бар екенін түсініп, бұдан

ары өзімнің ойларымды айтқанда барынша сақ болуға тырыстым.

Менің студенттік жылдарым тез зымырап өтті. Досым «пролетариат

көсемінің» отанындағы бір зауытқа жолдама бойынша кетіп қалды. Екі жыл

өткенде ол үйіне әйелімен және сәбиімен бірге қайтып келді. Ұлы мені

бірден өзінің ағасы деп танып, менің қолымнан түспейтін болды.

Мен олардың үйін жерсінгенім сондай, тіпті Анна Николаевнаны шешей

деп атайтын болдым. Досым сапарын аяқтап болғанша, мен «әнші шағылға»

барып қайтқан болатынмын және шешейге бұл экспедиция туралы толық

есеп берген едім. Әсіресе оны жоғалған «Гамза» шөлмегі өмірімізді сақтап

қалған эпизод қайран қалдырды:

– Мен Алтай педагогтық институтында география факультетінде

оқығанмын. Оқу бағдарламасына сәйкес бүкіл Сібір мен Алтайды дерлік

аралап шықтым. Бірақ ол жақта бұндай ғажап жоқ! Үзік-кесік

хабарламалардан білетінім, «әнші құмдар» ОАР-дағы (ЦАР) Калахари

шөлінде, Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлінде бар. Олардағы құмдар тек

қатты жел тұрғанда ғана болмаса, әрқашан «әндете» бермейді. Бұл ғажапты

географ ретінде көргім келеді!

– Досымның оралғанын тосқанымыз жөн, әйтпесе экспедиция үлкен

қауіп-қатерге ұшырауы мүмкін деп ойлаймын! Бұған екеулеп шамамыз

510

жетпейді, себебі шөл даламен ойын жаман аяқталуы мүмкін! Ал үшеулесек,

егер Сіздің күйіңіз ыстықтан нашарласа, онда біз Сізді арқалап алып

шығамыз!

Қайтып оралғаннан кейін досым отбасылық қамытқа тартылып кетті.

Жұмысында аса үлкен мәселелер туындады да 1973 жылы менің программам

арқылы есептелген диссертациясы ақыры аяқталды, бірақ оған қайта-қайта

жаңа фрагменттерді қоса берген ол, әлі де қорғауға асықпай, істі ұзаққа

кешіктіре берді.

1975 жылдың тамызының басында мен шешейде қонақта болғанымда, ол

таңертеңнен ұлымен, көңіл қоюды талап ететін әңгімесін бастады:

– Тыңдашы! Сен не ойлап жүрсің? Келесі жылы мен зейнеткерлікке

шығамын, ал өзім оқушыларыма «әнші құмдар» туралы айтқым келеді. Бұл

ғажапты өз көзіммен көрмедім деп балаларға айта беремін, ал оқытушы

ретінде өзім тіпті олардан ұялатын болдым ғой. Сонда не істеуім керек, соны

сен ойлайсың ба? Едихан айтқандай, тау тек ыстық уақытта ғана «әндетеді»,

ал менің еңбек демалысым болса аяқталуға таяды, және мектепке барып,

жаңа оқу жылының алдында жөндеу жұмыстарын жасау керек!

Досым қайтадан, жоқ-жоқ – дей бастады, сонда шешей маған қарап:

– Ұлым, ең болмағанда сен менің жағдайымды түсінші, әйтпесе мен

балалардың көзіне қалай қарайтынымды білмей отырмын! Мүмкін «әнші

шағылға» мені апару сенің қолыңнан келетін шығар?

Тауға шығып жүрген кездерімізде өзара қатынасымызда досым ылғи

көш бастаушы болатын. Ол тауларды білетін де сүйетін және тауға

көтерілушілер арасында аты белгілі еді. Сондықтан мен, тауда үнемі екінші

нөмірде, жетегінде болатынмын да, оның көшбасшылығына әдеттеніп,

үйренгенмін және шешуші сөзді ылғи сол айтатын. Бірақ, бұл жерде шешей

алғашқы рет маған тікелей сөз тастады.

– Шешей, Сіз менен Сіздің қызықты және ұнамды экспедицияңызды

ұйымдастыруымды тілеп тұрсыз ба?

– Осымен айналысшы балам, әйтпесе менің еңбек демалысым бітуге

таяды, ал келесі жылы мен зейнеткерлікке шығамын.

– Жарайды, шешетай! Мен сіздің тілегіңізді орындауға дереу кірісемін!

– Қалай, тура дәл қазір ме? Ұлым мені құр уәдемен тойдыратын бір

аптадан да, бір айдан да соң емес пе?

511

– Бір аптадан соң тамыздың алғашқы салқындауы басталуы мүмкін, ал

шағылдың қалай «әндеткенін» Сіз естігіңіз келеді ғой?

– Ия, оның үстіне міндетті түрде құмды қабырғадан туындайтын

вибростендті де естісем деймін, ендеше сапардың ешқандай мәні болмайды!

– Сіздің тілегіңіз мен үшін Заң, сондықтан Өзіңізді шағылда тұрмын деп

есептей беріңіз!

– Менің бұған күмәнім жоқ, себебі сенің сөздеріңнен соң нақты іс

басталатынына мен әбден үйренгенмін. Ендеше іске сәт, бірақ айтшы, неге

сен осы күнге дейін үндемей жүрдің және көмегіңді ұсынбадың?

– Анасы мен ұлының арасындағы қарым-қатынасқа мен қалайша киліге

аламын? Сіздің көз алдыңызда бұл оны мен жақтан төмендету болып

көрінбей ме! Бірақ, досы ретінде мен бұған жол бере алмадым.

– Солай ма! Сен ұлттық дәстүрде тәрбиеленгенсің және өз халқыңның

салтын ұстанасың ғой! Мен Алтайда экспедицияда болғанмын, осы мейірімді

және сыпайы халықтың арасында тұрғанмын, ал мұнда, қалада түркілердің

әдет-ғұрпын аздап ұмытып қалыппын. Қалай керек деп ойласаң, солай әрекет

ет!

Мен анықтама бюросына қоңырау шалып автобекеттің телефонын біліп

алдым. Диспетчер маған, автобустың бүрсігүні таңғы сағат сегізде кететінін,

Аяққалқанға түсте жететінін, екі сағат демалыстан соң автобус кешке қалада

болады деп айтты. Диспетчер менен:

– Сіз санаторлық жолдамамен немесе турист ретінде барасыз ба? – деп

сұрады.

– Турист ретінде.

– Онда, ең алдымен билеттерді жолдамасы бар адамдар алады, ал

туристер қалған орындарға үміттене алады!

Мен шешейге бұрылып:

– Бүрсігүні, таңғы сегізге таман, автобекетте болыңыздар, ал мен ертерек

барып, билет сатып алып қоямын. Және, бұдан әрі мен Сіздің төленбес

қарыздарыңыз ретінде Сіздің қызықты да ұнамды сапарыңызды

ұйымдастырудың барлық шығынын өзіме аламын!

– Ұлым, сен міне екінші рет «қызықты және ұнамды сапар» дейсің!

Сенің сөздерің ылғи да өте салмақты негізге сүйенеді, сондықтан мен

«ұнамды» деген сөздің мағынасы нені білдіретінін білгім келеді, себебі сен

өздеріңнің бастарыңнан кешкен аса ауыр сын туралы айтқан едің ғой!

512

– Ия шешетай, мен бұндай салдарға әкелген барлық себептердің егжейтегжейін

тәптіштеп зерттегенмін. Шөл дала менің туған үйім екенін Сіз үнемі

ұмыта бересіз! Мен өзіме жат қалада алғашқы жылдары аяғымның тақыр

жерді, әсіресе асфальтті басқанда ауыратынына қиналатынмын.

Мен бабаларымның тәжірибесімен қаруландым! Шөл дала зерттеушілері

туралы Сіз көрген фильмдерде, әсіресе «Пржевальский» фильміндегілер

шөлдің ыстығына төзе алмай өлетіні, ол – оқиғаларға ерекше драматизм беру

үшін қолданылған кинематографиялық әдіс қана.

Іс жүзінде, керуендер, мұхиттағы теңізшілер сияқты, жұлдыздарды

бағдарға алып, үнемі түнде, біршама салқындықта қозғалатын. Күндіз олар

оазистерде, аңғарларда, шатқалдарда су бұлағының жанында жасырынатын,

ал күн батысымен тағы да келесі су көзіне дейін жылжитын. Керуеншілер

жол көрсетушілерді ылғи жергілікті тұрғындардан жалдайтын, бірақ та

өздерімен бірге жолға өзінің сенімді соқыр жол көрсетушісін алып шығатын.

– Неге соқырды? Ол жолды қалай таба алады?

– Иіс арқылы! Құмды дауылдан кейін шөл тұрпаты танымайтын

жағдайға дейін өзгеріп кеткенде, тіпті жергілікті жол көрсетушілердің өздері

де бағыттан айырылып қалатын. Шөл далада, егер жұлдыздар арқылы

бағыттану кезінде су көзінің жанынан жарты градусқа бағыттан ауытқып

жаңылсаң, ал бұл 50-60 шақырымдай, онда шөлдеп өліп кетуің де мүмкін.

Бірақ «Жібек жолы» жүздеген жылдар бойы пайдаланылуы барысында, бүкіл

жол бойында адамдардан да, түйелерден де биологиялық қалдықтар қалып

отырған. Ал олардың иісі ешқашан жоғалмайды, сондықтан соқыр жол

көрсетушілер әр жақтың құмдарын иіскеп, су көзін жолдан жаңылмай

табады!

– Ия, егерде сен менің оқушым болғанда, онда менің ең сүйікті оқушым

болар едің!

– Шешетай, қазір Сіз күлесіз! Менің аттестатымда географиядан «төрт»

деген баға тұр.

– Неліктен екен, соншама? Сенің географиялық білімің мектеп

бағдарламасынан анық асатын, ауқымы кең білімің бар емес пе!

– Мен, тоғызыншы класта тағы да география пәнінің мұғалімі – Иван

Макаровичпен дауға түсіп қалдым. Басында мен оның да сүйікті оқушысы

болғанмын. Бірақ, Иван Макарович, қартайғандықтан, бір рет жаңылып,

Монғолияның астанасын Улан-Удэ дегенде, мен оны қуана түзеткен едім:

513

– Улан-Удэ – Бурят-Монғол АКСР-ның (АССР) астанасы, ал

Монғолияның астанасы – Улан-Батор!

Сонда Иван Макаровичті ашу кернеп, маған бақырып ұрсып, «көзі

қысық ақылдыға» іштей кектеніп алған еді. Осылайша, мен тағы бір географ

қас жауға тап болдым. Сіз шешей, географтардан көрген қуғынымның

қарымтасы болдыңыз!

– Ал, жақсы! Онда маған арналатын ұнамды экспедицияның өзің құрған

жоспарын айта ғой!

– Мен 1967 жылғы бірінші жорықтың бар қателерін өте мұқият

талдадым да, бәрін керісінше жасауды шештім. Бізге тәуелді емес екі

позиция бар – автобус және қайықшы. Осыдан «А» жоспарым туындады:

1. Біз түске таяу жетеміз, ал мен қайық бекетіне барып өзеннен өту

жайын келісемін. Егер арғы бетке қарай біз күндіз өтіп алсақ, ол жақтан суға

қарай төмен түсетін жолдың оңай екенін білемін. Ол жерде бірнеше тоғайлар

бар, солардың көлеңкесінде күн батқанша аялдап, баратын жаққа қарай

жылжимыз. Ол жаққа шамамен үш сағатта жетеміз, біраз демалғаннан соң

канистрға су толтырып алып, отынға қураған ағаш жинап аламыз да,

шағылдың етегіне барамыз. Ол жерде жылан да, бүйі де болмайды, ал құм

түнімен бізге өзінің жылуын беріп тұрады.

2. Таңертең біз таңғы асымызды ішеміз де, күн шағылды қыздырған

кезде таудың жалында тұратын боламыз. Шағыл, Сіз үшін шешей, әндетеді

де, дірілдейді де! Содан кейін біз өзенге тезірек жүгіріп жетеміз де Іле

өзенінің жағасында кеш батқанша көлеңкеде отырамыз. Салқын түсе

салысымен біз Аяққалқанға қайтып ораламыз да арғы жағаға өтіп, жолжөнекей

машинамен үйге қайтамыз.

Шешей бәрін зейінмен тыңдады және жоспарды құптады:

– Барлығы мұқият ой елегінен өткізілген, сондықтан мен аса көп күш

жұмсамай-ақ маршрутты жүріп өте аламын.

Мен Никке бұрылып қарап:

– Біз ұйықтауға арналған қаптар мен шатырды алмаймыз. Олардың

орнына үлкен жапқыш аламыз, ол құмның үстіне салатын төсеніш те болады.

Егер қажет болса, жапқыштан төбемізге күн қағар жасау үшін оны талдан

шауып алған төрт қадаға бекітеміз, сол үшін балта қажет болады.

Қалғанының бәрі кәдімгі сапар кезіндегідей, тек ешбір ішімдіксіз! Суға

арналған үлкен канистр, котелок, жарма, консервілер, қоюланған сүт, т.т.

514

– Балам, тамаққа мен жауаптымын! Мен тауық етін қуырып, оны

иыққабыма, котелоктың ішіне салып апарамын. Өзің ұнататын қырыққабат

бәлішін де пісіремін. Ертең базарға барып қарбыз-қауын, көкөніс сатып

аламын.

– Мұнда біз ештеңе сатып алмаймыз. Бұның бәрін біз Шелекте сатып

аламыз. Ол жақта бәрі екі есе арзан. Ал Сіз, шешей, кең жиекті қалпақ киіп,

күннен қорғайтын қара көзілдірікті, әйтеуір, шөлдегі саяхат үшін қажеттінің

бәрін алыңыз, сонымен қатар жүннен тоқылған жылы киімдер алу қажет,

өйткені шөлде түнде салқын болады. Менің де саяхатқа дайындалуым керек,

сондықтан қазір үйіме қайтайын. Автобекетте бүрсігүні кездесеміз!

Автобекетке мен ертерек барып, үш билет сатып алдым. Кейін,

шешеймен бірге Ник келді. Автобуста терезе жақтағы барлық ыңғайлы

орындар бос емес болды да, біз өтпе жанында бір жақтағы қатарға бір-бірден

отырдық. Менің назарым терезе жақтағы бір әйелге түсті. Оның Солтүстіктен

екені анық көрініп тұрды. Мен одан:

– Кешіріңіз, Сіз Солтүстіктенсіз ғой? – деп сұрадым.

– Ия, мен Петропавловскіденмін. Не болды?

– Бір-екі сағаттан соң жазғы күннің сәулесі тура терезеге түседі. Сіз

күнге күйіп кетесіз! Сіздің басыңызда не қалпағыңыз жоқ, қара көзәйнегіңіз

де жоқ, көйлегіңіз жеңіл, жеңі де жоқ. Сіздің әппақ бетіңізден ыстыққа

үйренбегеніңіз көрініп тұр!

– Көлеңкедегі орындар бос емес-қой, мен не істей аламын?

– Сіз екінші қатардағы, көлеңкедегі менің орныма ауысып отырыңыз, ал

мен Сіздің орныңызға, шешейдің қалауына сай, қасына отырайын.

Әйел шешейге таңырқап қарады. Оның жүзінде таңдану бар еді – ақ

әйелдің ұлы азиат? Бірақ менің орныма қуана-қуана отырды.

Келе салып мен шешейді бұлақтың жанына жайғастырдым да, қайық

бекетіне жүгіріп барып, қайықшыға:

– Құрметтім! Менің Сізге бір үлкен өтінішім бар. Осында, елімізге еңбек

сіңірген ұстаз келді, ол география пәнінің мұғалімі және «әнші шағылға»

барып қайтқысы келеді. Біздің үшеуімізді шағылға жақын қарама-қарсы

тұсына апарып тастай аласыз ба? Мен Сізге өте риза болар едім,

қызметіңіздің ақысын төлеуге дайынмын. – дедім.

Қайықшы бағасын айтты, ал мен өз дағдыммен, аталған соманың үстіне

біраз қостым.

515

– Мына қағазды Сіз жағаға жеткен жерде аласыз! Ал екіншісін осы

айлаққа бізді ертең алып келгенде аласыз.

– Жарайды, жарты сағаттан кейін келе беріңіздер, мен дайын боламын!

Мен өз адамдарыма қайтып келдім. Шешей менен:

– Ия, қалай болды? Қайықшымен келістің бе? – деді.

– Бәрі қалыпты! Жарты сағаттан соң кемежайға барамыз.

Қайық станциясында бізді моторлы қайық тосып тұр екен. Мен шешейді

оның ортасына отырғызып, өзім жанына орналастым, ал Ник – қайықтың

тұмсық жағына отырды. Қайықшы моторды оталдырды да, біз ағынға қарсы

жоғары қарай жылжыдық. Он минуттей уақыт өткеннен кейін, шешей

әбігерленіп:

– Біз арғы жағаға мүлдем жақындай алмаймыз ба, қалай?! – деп сұрады.

– Кеменің капитаны бізді тура таудың өзіне жеткізуге келісті! Сіз

алаңдамаңыз, оданша ыңғайланып отырып, әсем айналаны тамашалай

беріңіз.

Шешей бәрін түсінді де, ризашылықпен жымиды:

– Сен бұл нұсқа туралы тіпті аузыңды да ашпадың ғой.

– Мен, құпия жоспар бұзылмасын деп, біздің әдет-ғұрпымызға сай,

айтпағанды жөн көрдім.

Жарты сағатта біз межелі орынға жеттік. Қайықшы авансын алып

қайтты, ал мен демалыс орнын әзірлей бастадым. Котелок үшін айыр

ағаштарды шауып алдым да шешейге арнап, ұзын сырық кесіп алдым:

– Сізде қазір, шөл зерттеушілерінің орнында болудың теңдесі жоқ

мүмкіндігіңіз бар. Ол қазір шегіне жетіп қызып тұр. Міне, мына сырықты

алыңыз да құмдармен біраз жүріп көріңіз, бірақ та тым алысқа кетпеңіз.

Сырық кездейсоқ жағдайға керек, алайда, шыжыған ыстықта жыландар

індеріне тығылатынын Өзіңіз де білесіз. Тек алыс кетпеңіз!

Шешей құмның үстімен біраз жүріп көруге қуана-қуана келісті. Тура он

минут өте, ол кері жүгіріп келді де өзенге тез жетіп, өзіне су бүрки бастады.

Оның көк көзді, мейірімді жүзі ыстықтан қызарып кеткен еді:

– Ой, сұмдық-ай! Мен осы қайнап тұрған ыстықта бірнеше сағат жүре

аламын деп ойлаған едім ғой? Маған жасаған қамқорлығың үшін рахмет,

ұлым. Сен менің өмірімді құтқардың!

516

Ник бұл кезде өзенде суға түсіп жүрген. Өзен ағыны қатты болса да, бұл

оған аса кедергі бола қойған жоқ. Осы кезде оттағы шәугім де қайнап, біз

түскі асқа кірістік.

Котелоктағы тауық етін жеп болып, шай ішіп отырғанымызда, Ник:

– Ал, енді тауды шабуылдау кезі келді! – деді.

– Ешқандай шабуыл болмайды және сен мұнда жөн көрсетпей-ақ қой!

Шешей экспедиция басшысы етіп мені тағайындады, сондықтан өз

жоспарымды ұстанамын. Біз, мен бұйырғанда ғана жылжыйтын боламыз, ал

сен әзірше құраған ағаштан отын бұтап дайындап қой. Біз оны от жағу үшін

өзімізбен бірге шағылға ала барамыз.

Ол маған аң-таң болып қарады, өйткені менің сөз сарыным өзгеріп, қатаң

әмірлі екпінмен сөйлегенімді бірінші рет естіген еді. Ол менің мінезімдегі

осынша шұғыл өзгерістердің себебін білген еді. Оның өтінішімен мен оның

әйелін өзіме жұмысқа алғанмын, өйткені оның аспиранттық жалақысының

аздығынан олар мұқтаждықта болған еді. Ол әйел Солтүстік Кавказдағы орыс

қоныс аударушыларының арасынан болатын. Олардың үйінде болған

кездерімде оның құмық, лақ, қарашай, кабардылықтар туралы кемсіте

айтқанына назар аударған болатынмын.

Бұндайдың салдары қандай кеселге ұрындыратыны туралы маған

ескертілген: «досыңнан айырылғың келсе, оның жұбайын жұмысқа ал».

Жуырда ғана, дастарқан басында, ол ішімдікке масайрап, маған себепсіз

тіл тигізген еді. Мен сабырлық таныттым, бірақ кейінірек оның мені басқа

біреумен шатастырғанын түсіндіріп, осыдан шығатын салдарға сай, енді

бұдан бұлай ол маған тек институттық курстасым ғана болатынын оған

айтқанмын. Оның сұраған кешірімдерін тойтардым, себебі ол мас күйінде

өзінің шынайы түрі кім екенін – екі жүзді ыңғайшыл адам екендігін

айқындап берген еді.

Шешей осының бәріне куә болған және қатаң түрде ұлының кінәсін

бетіне басып, оған, оның әйеліне және әйелінің туыстарына қатысты

көптеген ызғарлы сөздер айтқан...

Сондықтан ол ұлына қарап:

– Төлемақысы Едихандыкіндей беделді жұмысқа тұрамын деп қаншама

жыл бойы маған уәде беріп келесің. Көп жыл бойы «әнші шағылға» апарам

деп маған уәде беріп келдің. Ал Едихан болса екі күн ішінде менің өтінішімді

орындап, міне, шағыл тауының етегінде отырмын, бұл оның өз сөзінде

тұратын нағыз ер-азамат екендігінің дәлелі. Сондықтан аузыңды жап та,

517

оның айтқанын тыңда, сонымен қатар сенің әйелің оның қол астында жұмыс

істейтінін де есіңнен шығарма!

Күн бата біз жолға шықтық та, бір сағаттан соң шағыл етегіне жеттік.

Мұнда 30 метрлік биіктікте ершікті ойпатқа қарама-қарсы бірнеше

сексеуілдің астындағы алаңшаны таңдадым. Осында біз иыққаптарымызды

қалдырдық, ал мен сексеуіл бұтасына жақындадым да, оған кішкентай бау

байлап, таудың рухына өтінішім мен мінажатымды айттым:

– Маған және менің серіктеріме Сіздің Иелігіңізге енуге рұқсатыңызды

беруіңізді өтінемін. Мен осы құмдарда өсіп-жеткенмін және Тәңір заңдарын

білемін! Бізге осында қонуға да рұқсатыңызды беріңіз. Бізден соң бір де бір

қоқым түйірі де қалмайды. Біз бәрін өзімізбен бірге ала кетіп, жолдың

жиегіне көміп тастаймыз!

Жауап ретінде, сайдан күшті жел соғып, айналадағы таулар дірілдеген

жоғары үнімен күңіренді. Бұл – берілген рұқсаты еді!

Біз құмды тауға таядық және алғашқы қадамдарымызға тау ысқылды

үнмен жауап берді. Осылайша, бұл үннің әуенімен біз ершікке көтерілдік те,

тау жотасының сілеміне тірелетін шағылдың сол жақтағы ең биік нүктесіне

қарай жүрдік.

Биік тұсында біз шешейді ортаға тұрғыздық та, өзіміз еңіспен төмен

қарай секірдік. Аяғымыздың астындағы құмды шағыл дірілдеп, гуілдеді. Құм

теңселіп сілкінді де, бізді жан-жаққа лақтырып тастады. Ақырында біз түбіне

сырғып түстік те, әрең-әрең өз-өзімізге келдік. Бұл кезде күн батып, толуға

таяған ай шықты. Оның көлемі әдеттегідей емес, орасан зор еді! Біз құмды

кратердің түбінде екенбіз, енді одан көтеріліп шығу керек болды.

Бірақ шешей фантастикалық көріністен рахаттану үшін сәл күте

тұруымызды өтінді:

– Мен өзімді басқа планетада тұрғанымдай сезініп тұрмын.

Айналамызды құм қабырғасы қоршап тұр, және бұның барлығы ай

жарығында өте көркем. Тағы да кідіріп, тамашалайықшы!

– Сол ғана қалған еді! Оданда мен лагерьге барып, кешкі аспен

айналысайын. Сіздер көп кешікпеңіздер, әйтпесе ас суып қалады! – деп

айтқаннан кейін Ник жауап қайтарды да, тіке жоғары қарай өрмелей бастады.

Шешей таңғажайып әсем көрініске құрышы қанып, ұлының соңынан ол да

ергісі келді, бірақ мен оны тоқтаттым:

– «Ақылды тауға шықпайды, ақылды тауды айналып өтеді» деген халық

даналығына құлақ салайық! Біз тау жалымен жүргенде, мен біздің құлайтын

518

жаққа назар аударғанмын. Кері қайтудың ең жеңіл жолын көргенмін. Біз

қазір іс жүзінде кері қарай жүреміз және шұңқырдың ең төмен нүктесіне

көтерілеміз, ал онан әрі, кратердің жиегімен ершікке шығамыз – бұл да

таудың ең төмен нүктесі.

Осылайша біз, кратерді асықпай айналып өтіп, ершікке көтерілдік.

Шешей демалуды өтініп, біз құм үстіне отырдық. Мұнда ғажайып көрініс

ашылды. Тау жондары шағылға екі жақтан аэродинамикалық труба жасап

тұрғандай болды, және құлдыраған құм қайтадан тау басына, бастапқы

шыңына жинала бастады.

Осы кезде пысылдап, құмды қарғап-сілеп, бізге таяу жақтан Ник көрінді.

Ол бізді көргенде таңырқап тесіле қарады:

– Ал сіздер бұл жерге менен бұрын қалай жеттіңдер? – деп сұрады.

– Бұл, Едиханның нағыз құмда өмір сүрген адам екенін дәлелдейді, біз

асықпай шұңқырды айналып, жиегімен ершікке шықтық. Ал сен болсаң

төмен төгілген құммен өрмелеп, өзіңнің қырсықтығыңнан босқа арамтер

болдың!

Шешейдің көзінен, оның ұлымен әлдене жайлы әңгімелескісі келгенін

түсіндім, оған да біраз демалғаны артық болмас:

– Мен лагерьге барып сіздерге қайтар жолдың бағыты көрінуі үшін от

жағып қоямын. Сіздер қайтып келгенде ботқа да дайын тұрады!

Олар қайтып келген кезде ботқа дайын болған, ал мен шай қайнату үшін

отқа шәугімді қойдым, өйткені мұндай ауыртпалықтан кейін ең бастысы –

қанық шәй ішкен жөн.

Шешей шаттана жымиып, өзінің иыққабынан үйде пісірілген самса мен

тоқаштарды, маған ұнайтын қырыққабат салынып пісірілген бәлішті

тақтайшасымен қоса шығарды да маған қарап:

– Айтшы, балам! Өзің қалай ойлайсың, осы саяхатымыз аман-есен

аяқталды ма, және сенің бұдан сегіз жыл бұрын осы жерде бастан кешкен

қорқынышты жағдайларың енді алдымызда жоқ деп санайсың ба? – деді.

– Ия, Сізді тек үйіңізге жеткізу ғана қалды. Бұл мәселені мен шешіп те

қойдым. Қайықшы бізді сағат 11-де алып қайтады да, тура автобустың жолға

шығуына дәл жеткізеді!

– Саған, осындай керемет ұйымдастырылған және тамаша аяқталған

экспедиция үшін дән ризамын! Сен уәде бергендей, мен ешқандай қиындық

көрмедім. Мен керемет көп әсер алдым, және біздің саяхатымызды

519

фотоплëнкаға түсіріп алдым. Енді менің оқушыларыма айтарым көп, ал сен

осы әңгімелердің басты кейіпкері боласың!

Енді мен режимді сәл бұзғым келеді! Мен сендердің онша сәтті болмаған

сапарларың туралы есімде қалғанын дәлме-дәл сақтағанмын және кездейсоқ

жағдай болама деп «Гамзаның» бір шөлмегін ала салғам. Енді барлық

қиыншылықтар артта қалды, ал мен саған өзімнің аналық ризашылығымды

айтқым келеді және осы шарапты сендердің ерлер арасындағы достықтарың

үшін көтергім келеді. Мына есерсоқты кешіріп, араларыңда ешқандай реніш

қалмағанының белгісі ретінде оған қолыңды берші!

– Сіздің сөзіңіз мен үшін Заң! Ал саған, міне менің қолым және сенің

жуырда айтқандарыңның бір сөзін де ешқашан есіме де алмаймын деп ант

етемін!

– Онда, өзің осы шарапты құй да, нағыз шынайы достық үшін алып

қояйық!

Мен өзіме кружкаға біраз шарап құйдым да, Анна Николаевнаға аз ғана

түбіне және Никтің үлкен туристік эмальді кружкасына шарапты құя

бастадым. Сол кружкадан ол таудағы саяхатында сорпа, ботқа жеп, шәйін де

ішетін. Шөлмектегі бүкіл шарап осы кружкасына сыйып кетті. Шешей

шошып:

– Сен не істеп жатырсың? Ал маған, өзіңе ше?

– Бізге де қалды. Бірақ та мен таңертең сапарды соңына дейін жеткізу

үшін сақадай сай болуым қажет. Сонымен, достық үшін көтерейік!

Ник ішкенді, ән салып, гитарада ойнауды ұнататын, сондықтан ол

кружкадағы шарапты түбіне дейін іше салды. Жауап ретінде тост айтқанда,

оның тілі сәл күрмеле бастады, ал біраздан соң ол ұйықтады.

Оттың жанында шешеймен бірге ұзақ отырдық. Ол өзінің Алтайға

барған экспедициясы туралы әңгімесін айтты:

– Алтайлықтар маған бірден шын көңілмен құрмет пен сенім білдірді.

Кейінірек олар өздерінің Бұрханға деген көне Сенімі туралы айтқан болатын.

Ол – Шыңғыс ханның ұрпағы және осы ғасырдың аяғында Әлемдік

Зұлымдықты күйретуге және барлық халықтарды, солардың ішінде алтайлық

біздерді де «Қызыл бұғаудан» босатуға Жерге келеді – деді. Сен бұтақшаға

кішкентай лентаны байлап жатқанда ақкөңіл алтайлықтардың болашақ Ұлы

Жауынгер туралы, оның кім болатыны және Ол ұстанатын Сенім қандай

болатыны туралы айтқандарының кейбіреулерін егжей-тегжейіне дейін есіме

520

түсірдім. Сен, өзіңнің мінез-құлқыңа, айтқан сөздеріңе және адамдық

қасиеттеріңе қарағанда – Тәңірге сенушісің!

Мен бұрыннан байқап жүрмін, бұған тіпті сенің тура соның өзі болуың

мүмкін деген тиянақты негіздерім де бар! Менің сөзімді бөлме және үндемей

отыра тұр. Мейірімді алтайлықтар мені Ақ-Анна (Белая Анна) деп атайтын!

Олар менің өтінуім бойынша Бұрхан туралы тағы кейбір нәрселерді айтқан

еді, бірақ менен осыны жарияламауыма антымды алған болатын, әйтпесе, ол

күш-қуатына толық жетпей тұрғанда, «қызылдар» осы Наным жолына

түскендерге не істеді, солай оны да іздеп тауып өлтіріп тастайды! – деген.

Егер сен осы құпияны сақтау қажет десең, маған жауап бермей-ақ қой, мен

бәрін түсінемін!

– Шешей, мен Сізден, өз елім мен басқа елдердің Бостандығы ғана емес,

сондай-ақ Сіздің орыс халқыңыздың бостандығы үшін де ерлік жасауға

өзіңіздің аналық батаңызды беруіңізді сұраймын!

– Мен саған да, біздің бәрімізге де, аз да болса еркін елде біраз өмір

сүруіміз үшін батамды беремін! Ал, енді ұйықтайтын уақыт та келді!

Осы сөздерден соң, шешей жамылғыға оранды да, қалғи бастады. Мен

оның аяқ жағына жылы болсын деп, оттың шоқтарын сәл жылжыттым да

менің есту қабілетімнің нәзіктігінен естідім:

– Қарай гөр, туған ұлым ұйқыда жатыр, ал бауырыма басқан өкіл ұлым

мені туған анасындай күтуде! Менің батамды алуға құқығы бар болғаны ғой.

Құдай Оны Өз Жолдарында сақтап жүргей!

Таңертең бәрінен бұрын ояндым да, ботқа пісіріп, шәй қайнаттым. Біз

таңғы асымызды ішіп болып, таңғы салқынмен өзенге жеттік. Сәлден соң

қайықшы да жетті, сөйтіп біз кеш бата үйде болдық. Шешей, олардың үйіне

түней салуға менің қалғым келмей ме, деп сұрады. Мен, ертең жұмысыма

баруым үшін өз үйіме қайтқаным дұрыс болар, деп жауап қайтардым.

Осылай, менің өмірімнің бұл кезеңі аяқталды. Бірақ оның ізімен шешуші

мағына туындаған болатын. Ол кезде менің өз анам маған мұндай бата беруге

дайын емес еді. Алайда, мен одан 86-ның желтоқсанында, тіпті өзімнің

өмірімді қию бағасымен болса да, Зұлымдық Империясын талқандап-құртуға

дәл осындай батаны алған болатынмын. Иерархия мені Жаңа Өркениет

Негізінің қалаушысы ретінде тағайындауға дайындап жатқан кезде, Ақ-

Аннаның бұл батасы дәл сол уақытта маған қажет болған еді.

Мен бұл Батаны тура өзімнің Күшім орналасқан орында алдым. Бұл –

ешкімнің қолы тимегеген, адам аяғы баспаған шөл дала! Оның үстіне, Құдай

бұл орынды белгілейтін табиғи пирамиданы, құмнан тұратын «әнші» және

521

дірілдегіш тауды жаратты. Осы тербелістер арқылы мен қажетті Күшке ие

болып, пирамиданың Ғарышқа Сәуле шашуы арқылы Физикалық Дүниеде

айқындалдым. Ғарыш Сарбазы Физикалық Дүниеде айқындалды!

Бір айдан соң, 1975 жылдың 22-ші қыркүйегінде мен, Әйел Дауысын

естідім және Жаңа Әлемді Құруға тағайындау алдым!

20. Құпия

Барлық бұрынғы ғұмырларымды еске түсіргеннен кейін, маған өзімнің

өткен өмірлерімдегі аналарымның есімдері ашыла бастады. Мен оларды Жер

планетасындағы соңғы өмірімде кездестірдім. Ғарыш Заңдарына сәйкес, бұл

мүмкін еді, себебі осы мейірімді әйелдермен кездескеннен соң, маған

шешуші фактілер ашылған болатын.

Бұрынғы ғұмырларымнан маған ең бірінші болып кездескен анам – 1967

жылы бізбен бірге «Әнші шағылға» барған Ф.П. деген қыздардың бірі

болатын. Есінен тана бастаған сол еді, ал мен оны өзенге дейін арқама

көтеріп жеткізген едім.

Ол менің апатайыма біршама ұқсас еді, ал Сара Абрамовна маған өзінің

фотосуреттерін көрсеткенде, солардың бірінде, менің танысым Ф.П.-ға ұқсас,

тек бұрынғы модамен киінген бір қыз бар екен. Сапардан соң Ф.П. маған

сеніммен қарайтын болды да, арамызда өте мейірімді қарым-қатынас орын

алған болатын. Бірақ, келесі жазда ол маған қоңырау шалып, оның үйіне

соғып кетуімді өтінді. Мен әрине, қуана-қуана өзімнің бағымнан раушан

гүлінің салтанатты шоғын қиып алып, қанаттанған күйде, лезде келіп

жеттім...

Ол мені қақпа алдында қарсы алып, үйіне ертіп кірді, ал онда үстел

басында бөлме толы қонақтар болды.

– Бұл менің досым! Саяхатта бірге болғанымызда ол мені ажалдан

құтқарған еді, сондықтан менің тойыма оның қатысқанын қаладым! – деп,

мені қонақтарына таныстырды.

Одан кейін ол мені өзінің жұбайына таныстырды да, былай деді:

– Біз ертең Сібірге аттанамыз. Онда ОСБ-да (ЦСУ) есептеу орталығында

күйеуіммен бірге жұмыс істейтін боламыз.

Менің аңырған жүзімді байқаған ол, мені өзінің дос қызымен таныстыра

бастады:

– Бұл қадірлеуге лайық қыз, сенің өзіңе де, мамандығыңа да

қызығушылық танытып жүр! – деді.

522

Қыз талғамыма сай, менің апатайыма ұқсас болып шықты. Басқа әйел

типтерін мен ол кезде елемейтінмін. Біз қызу әңгімелестік, кино, әдебиет

жайлы көзқарастарымыз ортақ болып шықты. Көлемдік бейнелеуді ғана

қабылдайтындығымнан, әрине мен кескіндеме, сурет жағынан ештеңе

аңғармайтынмын, бірақ бұл айтарлықтай қайшылық та емес болатын. Кеш

аяқталғанда, Ф.П. қоштасар кезде менің басымнан сипап:

– Сау бол, менің қадірлі досым. Бақытты бол! – деді.

Арада бес жыл өтті, мен мәдениетті, көп оқыған оңтүстік славян қызы

М.М.-мен таныстым. Ол – бойшаң, қоңыр сары шашты, сымбатты және

мінезі аса ақ көңіл жан еді. Бұл кезде мен тура осындай қасиеттерді бағалай

бастағанмын. Сырқаттан соң мен өте әлсіз едім, сондықтан достарым мені

таза ауаға демалуға, ыстық құмда жылынуға, жаңа пісірілген балық сорпасын

ішуге, Қапшағайға алып баруды ұйғарды. Біз ол жерге тура көлге барып

тірелетін, қараусыз қалған ескі жолмен жүріп жеттік. Бүкіл жағалау

демалушыларға толы екен, сондықтан арамыздағы бір жігіт көлдегі құмдауыт

аралдарға өткел тауып, кешке таяу сол аралдардың біреуіне кеудемізге дейін

келетін суды кешіп өттік. Біз шатыр тігіп, лақтырғыларды сайлап,

қармақтарымызды қамдап, көлде балық аулауға кірісіп кеттік.

Қармақ қабуы керемет болды. Мен тіпті әзілдеп бірнеше ілгектерге жем

шаншып бұтаққа байлай салдым, ал алабұғалар болса, бірден бірнеше

ілгектерді қауып жатты. Менің достарым мәз-мейрам болды, ал М.М.

бастаған қыздар балықтарды тазалап аршып, балық сорпасын қайнатуға

кірісті.

Қараңғы түсе бастағанда, бұлттай қалың маса қаптап кетті де, біз

шатырға тығылдық. Біраз уақыттан соң қатты жел тұрып, көлде нағыз дауыл

басталды. Толқындар біздің шатырымызға таяу маңда шалпылдап жатты.

Осы кезде жүрегімнің дерті қозып, мен есімнен тана бастадым. Көмектің

келуін тосу бекер еді – біз жағамен қатынассыз күйде қалдық, қарамақарсымызда

Қапшағай шамдарының күңгірт жарығы көрініп тұрды, бұл –

жағдайымыздың қайғылығын одан әрі күшейте түскендей еді.

Менің азабымды аз да болса жеңілдету үшін М.М. басымнан сипап, бесік

жырын айта бастады...

Ғажап, бірақ бесік жырының сөзі де, әуені де маған өте таныс көрінген

еді. Осы мейірімді дауысты мен бұрынырақ естігенімдей күйде болдым.

Жүрегімнің ауырғаны бәсеңдеп басылды да, мен ұйықтап кеттім. Таңертең

мен, шатырдың жанындағы шағылдың етегінде, менің иыққабымның ішінен

алынған жұқа көрпемен қымталған күйімде ояндым. Мен тұрып, қасымдағы

досымды ояттым да, екеуіміз судан лақтырғыларды шығара бастадық.

523

Балықтар, әсіресе сазандар көп түсіпті. Біз примусты тұтатып, балық

сорпасын пісіруге қойдық. Біраздан соң шатырдан қыздар да шықты. Біз

таңғы асымызды ішкеннен соң, менің өтінішіммен, өткелден өтіп, жағадағы

демалушыларға келіп қосылдық. Олар дауылдан машиналарына тығылып,

көпшілігі кәсіпорындар жалдаған автобустардың ішін паналаған екен. Осы

автобустардың біріншісімен қалаға қайттық. Қоштасарда, мен М.М.-ға

қамқор болып күткені үшін алғысымды айттым, біраз уақытқа дейін біз

кездеспедік. Тура бірінші жолы болғандай, телефон соғылып, М.М. менің

кафеге келуімді өтінді. Мен бір шоқ раушан гүлін кесіп алып, кездесуге шаба

жөнелдім. Мені М.М. өзі қарсы алды да, жылы жымиып, залға ертіп кірді.

Онда да бір киер киімдеріне киінген, көңілді қонақтар отыр екен. Ол мені

өзімнің досым деп қонақтарына көрсетіп түсіндірді де, одан кейін мені

күйеуімен таныстырды:

– Біз ертең Сібірге, үлкен қалаға көшеміз. Менің туған жерім сонда.

Еңбек демалысымда осы адаммен танысқанмын, енді міне соған күйеуге

шығып жатырмын! Міне, менің дос қызыммен танысып қой, ол есептеу

техникасына өте қызығып жүр, саған онымен бірге көңілді болады деп

ойлаймын. Бақытты бол, менің қарашығым!

Әртістері мен декорацияларының өзгергені болмаса, өзімді дәл сол бір

фильмді көріп тұрғандай сезіндім. Бәрі бірінші реттегідей аяқталып,

үйреншікті жалғыздығыма қайта оралдым...

Екі жылдан соң мен енді шешеймен бірге «әнші шағылға» қайта барып,

оның батасын алдым. Содан соң, «Ақ Сарбаз» кітабының 7-ші тарауындағы

«Құдайдың алдына келу» бөлімінде баяндалған өзімнің рухани жолымды

бастадым. Мен 1977 жылы «әнші шағылда» Жоғарғы Күштерден алынған

бағдарламамен, өткен өмірлерімнің құпиясын ашуға дайындығымды бастап

кеттім. Қандай қайғылы да ауыр болмасын, тек өзінің өткен өмірлеріне

сүйеніп қана, Ғарыш Сарбазы жарыққа шыға алар еді. Ізденісім азапты да,

ұзақ болды. Бүкіл жастық кезім ерекше бір маңызды әлденені іздеп табуға

міндеттімін деген сезіммен өтті. Мен көзім талғанша көне ғимараттарға,

скульптуралар мен суреттерге үңіле қарап, олардан құпия мағыналарды іздеп

табам ба деп үміттенетінмін, бірақ ештеңе таба алмайтынмын. Менің

достарым жайдары өмірлерін сүріп жатты, ал мен болсам, мәні зор әлденені

іздеумен азаптандым, бірақ ештеңе таба алмадым. Ақырында, 1975 жылдың

көктемінде, достарым маған революцияға дейінгі Ресейде 1905 жылы

басылып шыққан Библияны оқуға берді. Ол шіркеулік-славяндық тілде «ять»,

«фиттерімен» жазылған екен.

Бір қызығы, Библияның шіркеулік тілі маған өте таныс болып шықты!

Есіме түсер-түспес естеліктер өткен өмірлерімдегі есімдерді көз алдыма

524

келтірді. Әсіресе, христиандықтарды қуғындаудан бастаған, ал кейіннен

христандықтың аса көрнекті уағыздаушысына айналған, Сенім үшін азапты

өлімнен тайынбаған Савл есімді жас жігіттің тағдыры мені қатты

толғандырды.

Библияны оқыған кезде мен оқиғаларға терең еніп, бірнеше айдан соң

Киелі Кітапты түбегейлі білетін болдым. Ол менің өткен өмірлерімнің ең

елеулі есімдерін ашуымда шешуші рөл атқарды. Бірақ ең бірінші болып

ашылған өмірім – Михаил Юрьевич Лермонтов болды.

1977 жылдың жазында, 30-шы шілдеде мен екінші рет Жоғарғы

Дүниелерге шақырылып, сонда Жаратушымен тілдестім. Енді мен өзімнің

өткен өмірлерімнің құпиясын ашуға тиіс болдым. Қыркүйекте, дәлірек

айтқанда 16-сы күні менің қолыма ақынның 4-томдық шығармалар жинағы

түсті. Өлеңдерінің барлығы маған мектеп кезінен өте таныс болатын. Бірде

бізді мектеп бағдарламасы бойынша кинотеатрға апарған еді. Фильмнің

алдында «Тарханы» деп аталатын киножурнал көрсетілді. Онда

көрсетілгеннің бәрі, әсіресе аласа дөңдері мен өзені жаныма жақын көрінді.

Олар менің көктемгі шағылдарыма және Балатопар өзеніне жүрек

шымырлатардай ұқсас еді. Диктордың соңғы сөздері айтылып,

Лермонтовтардың ата-бабаларынан келе жатқан зиратына күзгі жапырақтар

түсе бастағанда, мен еңіреп қоя бердім. Достарым, не болды деп алаңдап,

сұрай бастады, бірақ мен жасқа булығып:

– Түк те емес! Жай ғана, Миша Лермонтовты аяп кеттім – дедім.

Кітаптың беттерін аударып отырып, ақынның анасының портреті көзіме

түскенде, селк ете қалдым. Маған менің танысым М.М.-ның өзі қарап тұрды!

Тіпті маған аяныш пен уайымға толған көздерінің үңілуі де тура соныкі еді.

Ол маған жылы қабақ көрсетіп, тосын әзіл-қалжыңдарымды жоғары

бағалайтын:

– Сенімен салыстырғанда, маған таныс барлық өзге жігіттер – тек қана

жақсы костюмдерді киюшілер және «сыпайы мәнерлерге» ие болғансып

көрінетіндер. Ал сен болсаң, сауық-сайран мен өткір тілдің нағыз

бұрқағысың!

Оның сана сезімінің астарында – бұл оның тағдыры емес, және өзінің

маған деген махаббаты орынсыз және әдеттегідей емес болып, алдын ала

күмән тудырғандай еді. Егер ол үнділік әйел болса, Өмір Айналымының

Заңын білмеуінен туындаған, ақылға сыймайтын күйзелістерге ұшырамас еді.

Алайда, өткен ғұмырынан сақталған аналық инстинкті өз міндетін орындатты

– ол өзіне, сыйлауға тұрарлық өмір серігін тауып, онымен бірге өзінің сүйікті

Отанына оралған болатын.

525

Кейінірек, бұл Люцифердің ең жетіктенген тұзағы екенін түсіндім, егер

мен өткен ғұмырларымдағы аналарымның біреуімен қарым-қатынасқа енген

болсам, онда Ғарыш Сарбазы пайда болмас еді, ал Люцифер өзінің

зұлымдықтарын әлі де ұзақ уақытқа жалғастыра берер еді!

Портретке қарап отырып, кенет М.М.-ның маған айтқан бесік жыры

есіме түсті! Ол маған өте таныс еді! Оның әнін Тархандағы өз иелігінде

бесікте жатқанда естігенмін! Ол дүниеден қайтқанда, мен үш жаста

болатынмын, сондықтан оның жүзі менің есімде қалмапты:

«Қайғы мен қасіреттің ұлымын мен.

Мазасыз бұл жалғаннан әкем өткен.

Көздің жасын көлдетіп анам кетті,

Шырағы сөніп қайғылы бұл өмірден.

Олардан қалған өзім жалғыз тұяқ,

Дұман-тойдың керексіз бір мүшесі,

Қуарған томардағы балғын БҰТАҚ».

Ұлы ақынды тәрбиелеудегі оның әжесі – Е.А. Арсеньеваның (1773-1845)

рөлі жайлы анық білетінмін. Менің апатайым 1973 жылы 72 жасында қайтыс

болған еді, ал орыстанған түркілерден тараған Лермонтовтың әжесі де, сонша

жыл жасаған. Ол түркілер салтымен ұлдарды өлтіретін жын-шайтандарды

алдау үшін, қыз баланың сәнді киімдерін немересіне кигізген. Мені көз

тиюден сақтап қалу үшін, менің апатайым да дәл солай істейтін. Бұл, осы

ғұмыр құпиясы ашылуының ең шешуші сәттері болатын. Сонымен қатар,

бұдан да басқа маңызды ұқсастықтар табылған еді, бірақ оларды жариялауға

мүлдем болмайды.

Лермонтовтың өлеңдерін зерттей отырып, мен Спартак, Колумб, Разин,

Пëтр І және Багратионның өмірлеріне тікелей шықтым. Одан арғысы тіпті

оңай болды. Желтоқсанның аяғында мен өткен ғұмырларымды есіме түсіріп,

қалпына келтірдім! Бірақ осыны жиырма бес ғасыр бұрын сақтардың

ханзадасы Гаутама Будда іске асырған еді. Ол Жер бетінде өмір сүргендердің

арасынан өткен ғұмырларын еске түсіріп, қалпына келтіргендердің ең

біріншісі болатын, сондықтан Туу мен Өлудің шексіз айналымынан шығып

кете алды. Ол Нирванаға енуге хұқық алған еді және осы кезге дейін сонда

бола беруде. Мен Зұлымдық Күштерін күйретуге және Галактикалық

Құрылысшы ретінде өзімнің Эволюциямды жалғастыруға Құқық алдым.

Ғарыш Заңдары бойынша Галактикалық Құрылысшының Физикалық

526

Дүниеде болуға Құқығы жоқ, бірақ жетінші курс Курсантына – Ол тиесілі

емтиханын тапсырып болғанша – мұндай рұқсат берілген.

Шайқас кезінде Ақ Сарбаздың Центрлерінен шығып атылған Көк Оттың

әсерінен талқандалуының нәтижесінде пайда болған Ғарыш Кеңістігінің

алып ойығын болашақ Галактикалық Құрылысшы қалпына келтіруге

міндетті.

Енді Ол, әбден қызған сутегі, литий, гелий т.б. элементтерден тұратын

орасан зор газ бұлтын құрастыруы тиіс. Осы бұлтты айналмалы қозғалыс

күйіне келтіру және оның күн жүйелерін жасау қажет, осында Ақ Жарқынға

да жұмыс табылып жатады. Жаңа Галактика шағын және шарлы шоғырлар

класына жататын болады. Сонда, «Қиратқаныңды – қалпына келтіруге

тиіссің» деген Ғарыш Заңы толығымен орындалмақ.

Мен тағы да 22-ші қыркүйекте, бірақ енді 2016 жылы жеке өзіме тиесілі

кеңістікаралық кемемен Гиперкеңістікке жеткізілгенмін.

Менің көз алдымда алтын түсті, жарқыраған сәулетті Шаһар тұрды. Оған

ұшып таяған кезде Шаһар тұрғындары менің кемеме қарай ұшып келе

бастады. Олардың бойлары менің кемемнің шамамен 35 метрдей диаметрінің

оннан бір бөлігіндей еді. Жоғары Тіршілік Иелері кеңістікте ешқандай

аппаратсыз еркін қозғалып ұшып жүрді. Олар менің мөлдір кабинама

жақындап ұшып келіп достық ізеттің белгілерін бере бастады. Сондықтан,

мен енді олардың бет-әлпетін көре алдым, олар өте сымбатты, сұлу екен.

Еркектерінің бет кескіні қайратты және қатаңдау, және олар жарқыраған

комбинезондарға киінген екен, ал иықтарына түрлі-түсті плащ жамылған.

Әйелдердің жүздері нәзіктеу, өңі жұқа, және олар да ашық түсті

комбинезондарға киініп жалт-жұлт еткен матадан жасалған қысқа пелерина

жамылған екен.

Олардың ілеспелеуімен кемем аса сәулетті ғимараттың қарсы алдындағы

алаңға келіп қонды. Бұл Галактикалық Мектеп болатын. Маған, Мектепті

дұрыстап көріп шығуыма мүмкіндік берілді. Соңынан Қайық мені біздің

Физикалық Дүниеге алып қайтты. Физикалық Денедегі адамның Қайықтан

Гиперкеңістікке шығуы мүлдем мүмкін болмайтыны түсінікті. Бірақ бұл ‒

менің зор еңбектерім үшін алған марапатымның және Таңдаулылармен бірге

Жерұйыққа жылжығанымның, ал өз тағайындалымымды орындап болғаннан

соң Галактикалық Мектепке ауысатынымның белгісі еді.

Енді Ақ Сарбаз Жер Планетасымен мәңгіге қоштасу үстінде, бірақ өзінің

сүйікті Елімен ол ешқашанда қоштаспайды!

Айналайын, Туған ел!

527

АҚ САРБАЗ

Мазмұны

Автордан ..................................................................................4

Кеңейтілген және толықтырылған үшінші басылымға

алғы сөз.....................................................................................6

I. Эволюция сатылары....... .................................................8

II. Қабаттас дүниелер.......... .................................................28

III. Жиһан құрылымының заңдары...........................................46

IV. Ғарыш шайқасы..................................................................59

V. Армагеддон..........................................................................74

VI. Өткен құбылулардың сыры................................................88

VII. Ақ Сарбаз.........................................................................120

VIII. Алтыншы сатының халқы...............................................216

IX. Жерұйықтың Жасыл Жұлдызы.........................................232

«Ақ Сарбаз» кітабына қатысты фотоқұжаттар...............(8-12 б.т.)

ТӘҢІР ЖАУЫНГЕРІ (Әңгімелер жинағы).........................267

1. Тәлімгерлер............................................................................268

2. Деич........................................................................................279

3. Патша отбасы.........................................................................292

4. Ғарыш мектебіне апаратын жол.............................................297

5. Жерұйық хабарлары...............................................................301

6. Мама.......................................................................................306

7. Апатайым................................................................................309

8. Ыстықкөл................................................................................319

9. Планетаның Ару-Иесі.............................................................336

10. Шәкірт...................................................................................361

11. Аңшылық..............................................................................369

12. Жұмыс...................................................................................376

13. Қазақ және еуропалық музыкасының жеті деңгейлері.........445

14. Сарра.....................................................................................449

15. Вадим....................................................................................456

16. Диктаторлар алабы................................................................464

17. Тәуелсіздік.............................................................................470

18. 1992 ж. Дүниежүзілік діни конгресі......................................487

19. Әнші шағылға саяхат............................................................498

20. Құпия.....................................................................................518

Мазмұны......................................................................................525

528

Жиһан Желтоқсан

Ақ Сарбаз

Редактор Аниса Закенқызы

Суретші Ж. Қажытайұлы

Техникалық редактор Жомарт Қыстаубай

Желтоқсан Ж. (Едихан Шаймерденұлы Сәбит).

Ж 50 Ақ Сарбаз. ‒ Алматы, 2015. ‒ 367 бет, илл.

Кеңейтілген және толықтырылған үшінші басылымы.

Алматы, 20.02.2017 ж.

529

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!