27.08.2019 Views

27 тамыз, 2019 жыл №97 (15417)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8

27 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл ДОДА

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЧЕМПИОНАТ

Алпысбай ХОНЖ

EРТІС PROMENADE

Триатлон мықтылары –

Павлодарда!

Павлодарда триатлоннан

ҚР Кубогының және ел

чемпионатының финалы

өтті. Екі күн бойы еліміздің

әр өңірінен сайдың

тасындай іріктелген спортшылар

бірнеше қашықтық

бойынша шеберліктерін

сынға салды.

Сайыстың алғашқы күні жарыс

шымылдығын жастар мен жасөспірімдер

ашты. Elitе санатындағы спортшылар

арасында Гундерсен жүйесі бойынша «суперспринт»

және «стандартты» қашықтықта

жарыс өткізілді. Алматы мен Шымкент

қалаларынан, сонымен бірге Ақмола және

Шығыс Қазақстан облыстарынан келген

28 кәсіби спортшы ҚР Кубогының финалында

бақ сынады. «Супер-спринт» қашықтығында

(300 м жүзу, 8 км веложарыс және 2 км

жүгіру) 11 ұл мен 11 қыз додаға түсті. Ер

балалардың арасындағы үздік спортшы жүзу

кезеңінен кейін-ақ белгілі бола бастады.

Рашид Романчук жарыстың 3 кезеңінде

де алдына жан салған жоқ. Ол мәреге

27 минут 36 секундта жетіп, чемпион атанды.

Екінші орын Мұрат Жәкеннің еншісінде

болса, үштікті Владислав Иванов түйіндеді.

Бұл спортшылардың барлығы да Ақмола

облыстық триатлон мектебінің өкілдері

екенін айта кеткен жөн.

Қыздар арасында жүзу кезеңін бірінші

болып Наталья Короткова (Ақмола облысы)

аяқтады. Ол жүзуде 5 минут 37 секунд

уақыт көрсеткен еді. Әйтсе де, Короткова

басымдықты мәреге дейін ұстап тұра алмады.

Ол небары төртінші орынға тұрақтады. Жүзуді

үшінші болып аяқтаған Ашраф Камалова

(Ақмола облысы) соңғы жүгіру кезеңінде

қайсарлық танытып, мәреге бірінші келді.

Екінші орында алматылық Юлия Озерова

болса, тағы бір көкшетаулық қыз Надежда

Бекмағанбетова үшінші орыннан көрінді.

Ал «стандартты» қашықтықта (1500 м

жүзу, 40 км веложарыс және 10 км жүгіру)

кәсіпқой 5 спортшы жарыс жолына шықты.

Бұл додада ерекше бәсеке білінді. Сайыс

үздіктері тек веложарыстың екінші кезеңінен

кейін ғана анықтала бастады. Чемпиондыққа

талас Александр Автушко (Шымкент),

Әнуар Тұрыбаев (Алматы) және Дэнис

Туницкий (Ақмола облысы) арасында

өрбіді. Жүгіру кезеңінің екінші айналымына

дейін көш бастаған Александр Автушко өз

позициясын соңына дейін сақтай алмай,

мәреге үшінші жетті. Оның уақыты –

Өткен сенбі күні «Eртіс Promenade» сахнасында украиналық «Quest Pistols Show» тобы өнер

көрсетті. Сахнада әнмен қатар заманауи биді де нақышына келтіре орындайтын өнерпаздар

көрермен жинаудан рекорд жасады.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

2 сағат 5 минут және 37 секунд. Одан

8 секундқа озып шыққан Дэнис Туницкий

екінші орын иегері атанды. Жарыстың

алтын жүлдесі алматылық Әнуар Тұрыбаевқа

бұйырды. Ол мәреге 2 сағат 2 минут 38

секундта жетті.

Жарыстың екінші күні «супер-спринт»

(300 м жүзу, 8 км веложарыс және 2 км

жүгіру) қашықтығы бойынша ҚР Кубогының

финалы өтті. Алматы, Ақмола және Шығыс

Қазақстан облыстарынан келген 22 кәсіби

атлет жарыс жолына шықты. Бұл сайыста

да Ақмола облысының спортшыларына тең

келер ешкім болған жоқ. Болашағынан

зор үміт күттіретін Мұрат Жәкен чемпион

атанды. Бұл жолы күміс жүлдеге Владислав

Иванов қол жеткізсе, Рашид Романчук

үшінші орынды еншіледі.

Қыздар арасында Ашраф Камалова

(Ақмола облысы) алтыннан алқа тақты. Оның

нәтижесі - 30 минут және 35 секунд. Ал

31 минут, 31 секундтық уақытты көрсеткен

алматылық Юлия Озерова күміс жүлдеге

қол жеткізді. Үшінші орында - Надежда

40 мың көрермен...

Бір уақытта төменгі жағалауға 40 мың көрерменнің басын қосқан

Украина елінің танымал тобы Ертіс-Баян өңірінің тарихынан, соның

ішінде қазақ елінің атын әлемге әйгілеген біртуар тұлғалар жайында

мол хабардар екенін жеткізді.

- Павлодар қаласы сондай әсем. Бірден бізді өзінің әсем

табиғатымен, тазалығымен баурап алды. Бұл жерден талай-талай

даңқты адамдардың шыққанын білеміз. Олардың ішінде біздің

әріптестеріміз де бар. Бүгінде оларды әлем таниды, - деді өнер

иелері.

Бір қызығы «Quest Pistols Show»-тың әндерін тыңдап, оларды

көзбен көру үшін облыстың әр өңірінен келген жастар да жетерлік.

Кеш барысында әйгілі топтың жанкүйерлері суретке түсіп, гүл

шоқтарын табыс етті.

Бекмағанбетова (Ақмола облысы). Ол

мәреге 33 минут 32 секунд уақытта жетті.

Ал ел чемпионатының «стандартты»

қашықтығы бойынша өткен финалдық

ойында әуесқойлар тартысқа толы ойын

өрнегін көрсетті. Жарыс жолына шыққан

87 әуесқой спортшы жекелей және эстафеталық

сайыста сынға түсті. Спортшылар

1500 м жүзу, 40 км веложарыс,

10 км жүгіру тапсырмаларын еңсерді.

Жекелей сында халықаралық дәрежедегі

спорт шебері Аслан Әбдрахманов мәреге

бірінші болып жетіп, жарыстың абсолютті

чемпионы атанды. Ал әйелдер арасындағы

жекелей сында Нұр-Сұлтан қаласынан

келген Айнұр Құмарова жеңімпаз атанды.

Эстафеталық сында өнер көрсеткен

9 команда арасында ең үздік нәтижені

павлодарлық «Running Pavlodar» командасы

көрсетті. Команда сапындағы

3 спортшы - 2 сағат 01 минут және 55 секунд

уақыт ішінде мәре сызығын қиып өтті.

Осылайша, 2 күнге созылған дүбірлі дода

өз мәресіне жетті.

Дандыбай ӘЛІМБАЕВ, жарыстың бас төрешісі:

- Жарыстың өтуіне жоғары баға берер едім. Ұйымдастырушылар өз жұмысына

жауапкершілікпен қарағаны көрініп тұр. Спортшыларымыз ойдағыдай өнер

көрсетті деп айтуға болады. Екі күнге созылған жарыста үздік атанған спортшылар

алдағы уақытта өтетін әлемдік ірі жарыстарға қатысуға мүмкіндігін

еселей түседі. Енді ұзақ қашықтықта өтетін 1 жарыс бар. Ол алдағы уақытты

Ақтау қаласында ұйымдастырылады. Осы жарыстан соң әлемдік додаларға және

2020 жылы Жапонияның Токио қаласында өтетін Жазғы олимпиада ойындарына

қатысатын спортшыларды сұрыптайтын боламыз.

Айта кетелік, 31 тамыз күні «Eртіс Promenade» биылғы

жұмыс маусымын аяқтайды. Бұл күні бас сахнада Роза

Рымбаева, Татьяна Бурмистрова, Қайрат Нұртас, Ескендір

Ибрагимов және «Кешью» тобы өнер көрсетеді деп күтілуде.

С

СПОРТ ТЫНЫСЫ

Уыстан шыққан

жеңіс

Павлодардың «Ertis»

футбол клубы ел

чемпионатының 24-туры

аясында «Ақтөбеге»

қарсы ойнап, 1:1 есебімен

тең түсті.

Бұл кездесуде павлодарлық команда

қалай да жеңіске жетуі тиіс еді.

Ойын басынан шабуылға иек артқан

жерлестеріміз қарсыластар қақпасын жиі

торуылдағанымен, есеп аша алмады.

Үзілістен соң да ойынның алғашқы

бөлігіндегі көрініс қайталанды.

Кездесудің 62-ші минутында

сербиялық ойыншы Марко Станоевичтің

соққан айып добы голға айналып,

павлодарлықтар бір серпіліп қалған еді.

Жанкүйерлер «Ertis» аяқдопшыларының

ойынына енді қан жүгіре бастады деп

топшылағанымен, барлығы керісінше

болды. Гол жіберген алаң иелері жүйелі

шабуылдар ұйымдастыруымен көзге

түсті. Нәтижесінде ойынның 84-ші

минутында бұрыштамадан асырылған

допты сәтті пайдаланған ақтөбелік

шабуылшы Абат Айымбетов таразы

басын теңестіріп үлгерді.

- Биылғы маусымда бұған дейін де

«Ақтөбемен» жасыл алаңда кездескенбіз.

Екі ойын да бір-біріне ұқсас мәнде

өрбіді. Алдыңғы ойында да 1:0 есебімен

жеңіп жатып, 2 гол жіберіп алсақ, бүгін

тең ойынға қанағат білдірдік. Біз бүгін

100 пайыз жеңуге тиіс едік. Өкініштісі,

соңғы 10 минутта біз допты жөнді

ұстай алмадық. 1:0 есебімен ұтып

жатқанда гол соқпасаң жеңіліп қалуың

мүмкін. Футболда ондай жағдайлар

жиі кездеседі. Ойын соңында гол

жіберіп алмағанымызға қуануымыз

керек. Ойынымыз жақсарып келеді

деп есептеймін. Бір ұпайдың өзі -

олжа. Соңғы орындардан шығу үшін

талмай еңбектенуіміз керек, - деді

«Ertis» футбол клубының бас бапкері

Милан Миланович.

Биылғы маусымдағы «Ertis» футбол

клубының жағдайы мәз емес. Барлығы

24 кездесу өткізген павлодарлық

команда небары 5 рет жеңіске жеткен.

Ал 15 ойында жеңіліс тауып, 4 кездесуде

тең түскен болатын. Соңғы кездесуден

1 ұпай қармаған командамыз

турнир кестесінде 10-шы орында тұр.

Абыроймен

оралды!

Жуырда Ақтөбе

қаласында Қазақстанның

V Паралимпиада ойындары

бағдарламасы

аясында жүзуден жарыс

өтті.

Еліміздің әр өңірінен жиналған

спортшылар арасында павлодарлық

3 үміткер өнер көрсетіп, жақсы

нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтар

болсақ, жерлесіміз Иван Шипов

3 қашықтық бойынша сынға түсіп,

өңір намысын абыроймен қорғады.

Ол 100 және 400 метрге еркін әдіс

бойынша жүзуде, 100 метрге кешенді

жүзу бағдарламасында 3 күміс медаль

жеңіп алды. Сондай-ақ Станислав

Мочалкин еркін әдіс бойынша

50 метрге жүзуде, 100 метрге шалқалап

жүзуде 2 қола жүлдені еншіледі. Ал

еркін әдісте 100 метрге жарысқан

тағы бір спортшымыз Дәурен Серіков

8-орынды қанағат етті.

Әзірлеген – А.ӘБДІЛҰЛЫ

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!