10.09.2019 Views

10 қыркүйек, 2019 жыл №103 (15423)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

2 10 қыркүйек, сейсенбі, 2019 жыл

АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ҚҰРЫЛЫС

Жақында Павлодар қаласында түрлі түсті,

бағасы қолжетімді, жеңіл кірпіштер шығарыла

бастайды. Өндірістегі жұмыстардың дені автоматты

түрде жүргізілетіндіктен, ірі зауытта

небары алты адам жұмыс істейтін болады.

Түрлі түсті

кірпіш шығарады

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

«Hagi-Павлодар»

жауапкершілігі шектеулі

серіктестігі қазірдің өзінде

қызыл кірпіштер дайындап,

оларды тұрғын үй құрылысында

пайдаланады.

Ал келесі жылдан бастап

кірпіштің өзге түрлерін

шығаруды да қолға алмақ.

Компанияның директоры

Георгий Шпейзердің айтуынша,

елімізде заманауи

үлгідегі мұндай кәсіпорын

жоқ.

- Қазіргі кезде кірпіштердің

біреуінің салмағы -

шамамен 6 келі. Сондықтан

жұмыс барысында қиындықтар туындап жатады. Ал біздің

кірпіштің салмағы небары 3,5 келі болмақ. Оған қоса, оны

тапсырыс берушінің қалаған түсіне бояу мүмкіндігі қарастырылады.

Осылайша, облыс нарығына бағасы небары 40-45 теңге

болатын арзан әрі сапалы өнім ұсынамыз. Айына 3 млн. дана

кірпіш шығару жоспарланып отыр. Одан бөлек, кеспетас,

тротуарлық плита, жиектес дайындаймыз, - дейді Г.Шпейзер.

Бүгінгі күні тиісті құралдардың басым бөлігі Германиядан

жеткізілді. Алдағы 20 күн аралығында қажет жабдықтың

барлығы әкелінеді. Айта кетерлігі, кәсіпорындағы жұмыстың

денін роботтар автоматтандырылған түрде атқармақ. Сондықтан

көп жұмыс орнын ашудың қажеті болмайды. Зауыт басшылығы

бар-жоғы алты адамды қызметке қабылдамақ.

Облыс әкімі Болат Бақауов жергілікті компанияға қолдау

білдіріп, құрылыс барысында павлодарлық кірпішке басымдық

беру қажеттігін айтты.

- Алдағы уақытта Екібастұз қаласында 50, Ақсуда 50 және

Павлодарда 100 үй салынбақ. Сондықтан кірпішке сұраныстың

арта түсері анық, - деді аймақ басшысы.

Айта кетелік, «Hagi-Павлодар» серіктестігі тұрғын үй

құрылысында қолданылатын материалдардың 95 пайызы –

жергілікті өнім. Таяуда аталмыш кәсіпорын цемент зауытын

салмақ. Сол кезде павлодарлық үлес 100 пайызға жетеді.

Сонымен қатар, аймақ басшысы «Спорт сити» жобасы

аясында салынып жатқан спорттық нысандардың құрылыс

барысын аралап, тексеріп шықты. Мұнда олимпиадалық резерв

дайындау орталығы, мұз айдыны және жабық манеж бой

көтермек. Құрылысшылардың айтуынша, жұмыстар кестеге

сәйкес, еш қиындықсыз жүргізілуде. Енді жергілікті билік футбол

клубына автобус сатып алу және спортшыларға жатақхана

салу мәселесін қарастырмақ.

Басы 1-бетте

Жылу беруге дайын

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Аймақ басшысы алдымен Ақсу

ферроқорытпа зауыты, «Еуроазиаттық

энергетикалық корпорациясы» АҚ

қазандықтарының жұмысын тексерді.

Мұндағы мамандар әлеуметтік

нысандар мен көпқабатты үйлердің

жылуға уақытылы қосылуы үшін бел

жазбай еңбек етуде. Тіпті, олардың

қатарында нәзік жандылар бар.

Мәселен, үшінші дәрежелі электр

слесары Гүлнар Шүленова Ақсу электр

станциясында ширек ғасырға жуық

жұмыс істейді.

- Менің жолдасым Ақсу ферроқорытпа

зауытында, қызым осы

кәсіпорында қызмет атқарады.

Сондықтан зауыттың жұмысы

отбасымызға таңсық емес. Ерлермен

қанаттаса еңбек етудің еш қиындығы

жоқ. Біздің цехта 10-ға жуық нәзік

жандының болуы – соның дәлелі. Ал

менің міндетім – электр желілерінің

үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз

ету. Сол арқылы құралдардағы

температураны бақылаймын. Жылу

станциясының жұмысы температураға

тікелей байланысты болғандықтан,

жауапкершілік жүгі де ауыр. Соған

қарамастан мен өз ісімді жақсы

көремін, - дейді Г.Шүленова.

Бұдан соң Б.Бақауов Павлодар

қаласындағы үш жылу-электр

орталығының жұмысын пысықтады.

Айталық, «Қазақстан алюминийі» АҚ-на

қарасты №1 ЖЭО қыста қиындық

туындамас үшін бірнеше агрегатты

жөндеді.

- Биыл үш қазандық агрегатын

жөндеу жоспарланған. Қуаттылығы

сағатына 420 тонна бу болатын екеуі

жөнделді. Ал қуаттылығы сағатына

320 тонна бу өндіретін тағы бір

қазандық агрегатында жұмыстар әлі

аяқталған жоқ. Жөндеу жоспарланған

екі турбоагрегаттың біреуі қолданысқа

берілді, екіншісі жөнделуде. Жоспарға

сәйкес, тиісті жұмыстар қараша айында

аяқталады. Жалпы, біздің станцияда

350 МВт электр энергиясы мен

1 мың гигакалорийден астам жылу

өндіріледі, - дейді №1 ЖЭО бас

инженері Дмитрий Захаров.

Аймақ басшысы екі қаладағы

орталықтардың дайындығына оң

баға берді.

- Жылу-электр станцияларының

биылғы дайындығы былтырғыдан

жақсы. Павлодар мен Ақсу қалаларындағы

орталықтар 15 қыркүйектен

бастап жылу беруге дайын.

Ешқайсысында күрделі мәселе жоқ,

жұмыстың барлығы белгіленген кестеге

сәйкес жүргізілуде. Ал Павлодар

қаласында шамамен 400 үй ыстық

сусыз отыр. Бұл мәселе алдағы

10 күн ішінде шешіліп, келесі

аптадан бастап барлығы ыстық

суға қосылады, - деді Б.Бақауов.

Сонымен қатар, №3 жылу-электр

орталығында жылу маусымына жауапты

кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен

жиын өтті. «Павлодар жылу желілері»

ЖШС директоры Марат Иманаевтың

Резервке алынғандардың асуы биік

айтуынша, биыл 9,2 шақырым желіні

күрделі жөндеу жоспарланған. Осы

уақытқа дейін оның 8 шақырымы

жөнделді. Сынақтар кезінде

150 ақау анықталды.

- Ақаудың көп болуы салдарынан

күрделі жөндеу жұмыстары

мерзімінен сәл кешігуде. Оған қоса,

асфальт төсейтін мердігерлік компаниялар

жұмысына салғырт қарайды.

Сондықтан өзімізге тиісті техникаларды

сатып алып, асфальтті

төсеуге тура келіп отыр, - дейді

М.Иманаев.

Бұл ретте Болат Жұмабекұлы

«Павлодар-Водоканал» ЖШС жөндеу

жүргізген соң жол жабындысын қайта

қалпына келтірмейтінін сынға алып,

тиісті жұмысты 15 қыркүйекке дейін

аяқтауды тапсырды.

Облыстық энергетика және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

басқармасы басшысының міндетін

атқарушы Мұрат Әбілқалықов қатты

отынмен қамту шаралары туралы

баяндама жасады. Аймақтың

бюджеттік ұйымдарына 135,6 мың

тонна көмір керек екен. Бүгінгі

күнге дейін оның 27,5 мыңы тиісті

жерлерге жеткізілді. Тек Баянауыл

ауданында бұл бағыттағы жұмыс

әлі күнге дейін қолға алынған жоқ.

Сондай-ақ, Павлодар, Екібастұз және

Ақсу қалаларындағы бюджеттік

мекемелердің жылу үшін қомақты

қарызы бары белгілі болды. Аймақ

басшысы аталған мәселелерді жылу

маусымы басталғанға дейін шешуді

қатаң тапсырды.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

Елі үшін еңбек етуге әзір, креативті ойы бар, жасы 35-тен

аспаған, жоғары білімді Қазақстан азаматтары биліктегі биік

орындардан үміттенуіне әбден болады. Ол үшін Президенттік

жастар кадрлық резервіне іріктеуден өтуге ұмтылу қажет. Айта

кетейік, іріктеу елімізде ағымдағы аптада басталды.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы

мемлекеттік басқару академиясының облыстық

филиалы директоры Гүлнәр Исенова өңірлік

коммуникациялар қызметінде өткен брифингте

мәлім етті. Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауының

негізгі бағыттарына арналған жиында жастар

резервіне қабылдау талаптары айтылды.

- Президент сайлауалды бағдарламасында

президенттік жастардың кадрлық резервін

құру айтылған еді, міне, енді іріктеу басталып

кетті. Қазіргі таңда еліміз бойынша 2370

азамат тіркеліп, оның 132-сі бірінші кезеңнен

өткен. Бұл резерв еңбек етуге ынталы

жастарға мол мүмкіндік береді. Өткендер

резервте бес жыл тұрады. Олар шетінен

жоғары лауазымдарға ұсынылатын болады, -

дейді спикер.

Жалпы, бұған дейін жүзеге асқан

А корпусына іріктеу жұмыстарынан жастардың

кадрлық резервіне қабылдаудың өзгешелігі

көп көрінеді. Резервте тұрып, басқарушы

орынға жайғаса алмаса да, кем дегенде

академиядан оқудан өтіп, біліктілігін арттыруға

мүмкіндік алады. Үміткердің жоғары білімі,

кем дегенде бес жылдық еңбек өтілі болуы

тиіс. Ол туралы бір немесе үшке дейін

оң мінездеме берілуі тиіс. Мұны саяси

қызметшілерден бөлек, жас азамат еңбек

ететін мекеменің басшысы да жазып беруге

болады. Резервке енгендер басқарушылық

деңгейдегі лауазымдардан дәмете алады.

Орталық мемлекеттік органдарда да, салалық

деңгейде де, яғни, министрлер, вице-министрлер,

комитет төрағалары, квазимемлекеттік

секторда басшылық қызметтерге орналаса

алады.

Жас азаматтар PKRezerv.kz онлайн-платформасына

кіріп, аты-жөнін, ЖСН енгізгеннен

соң жеке кабинет ашылады. Міне, осы жерге

өзі туралы қажетті ақпараттарды толтырады.

Бұл – бірінші кезең. Мұның бәрін

кандидат үйінде отырып-ақ тындыра алады. Ал

екінші кезеңде тестілеуден өтеді. Бұл ретте,

үміткерлердің білімінен гөрі, креативті ойлау,

талдай білу қабілетіне мән беріледі. Яғни,

күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен

жұмыс істей алу қабілеті тексеріледі. Мұнда

да үйдегі веб-камерасы, жылдамдығы

5 мегабайттан асатын интернеті бар компьютерден

жауап беріледі. Үшінші кезеңде

кандидаттар эссе жазып, ойын жетік әрі

жүйелі жеткізу қабілетін көрсетеді. Сонымен

қатар, 5 минут ішінде онлайн арқылы жоба

қорғайды. Ол идеясы алдағы уақытта белгілі

бір аудан-қаланың, еліміздің қандай бір

мәселесін оңалтуға бағытталуы тиіс. Онлайнплатформа

толық цифрландырылған.

Сондықтан, нақты кандидаттың өзі

екенін тексеруге мүмкіндік бар көрінеді.

Осы кезеңдерден сүрінбеген жас азамат

төртінші кезеңде эксперттік комиссияның

алдына барады. Комиссия әрбірімен сөйлесіп,

іріктеп, ары қарай Президент әкімшілігі

жанындағы кадрлық резерв жөніндегі Ұлттық

комиссияға жолдайды. Міне, осында жоғары

балл алғандарды Президенттік жастар

кадрлық резервіне қабылдау турасында

шешім қабылданады.

Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

облыс бойынша департаментінің

басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов Президенттің

Жолдауындағы өз саласына қатысты негізгі

тұстарға тоқталды. Яғни, келесі жылдан бастап

бес жыл ішінде мемлекеттік қызметшілер

мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің

25 пайызға қысқаратынын сөз етті. Бұл

бағытта жұмыстар жүргізілуде. Айтуынша,

облысымызда бүгінде 3 мыңнан астам азамат

жергілікті атқарушы қызметте еңбек етеді.

Бұл салада 10 пайыз жұмыс орны бос тұр.

Тіпті, кейбірінде одан да жоғары. Мәселен,

Успенде мемлекеттік қызметшілер орнының

28 пайызы, Шарбақтыда 18 пайызы бос

көрінеді. Қысқарту кезінде бос орындарға

мән беріледі, деді Т.Жұмағұлов. Сондай-ақ,

үнемделген қаржы қызметшілердің еңбегін өсіріп,

ынталандыруға, мекемелердің материалдықтехникалық

базасын жақсартуға жұмсалатынын

айтты. Жергілікті атқарушы органдардың

жұмысын халық бағалайтын жүйе қолға

алынатыны белгілі. Бұл ретте, спикер пилоттық

жоба ретінде бірнеше өңір таңдалып, содан

кейін нәтижелі болса, жаппай енгізілетінін

атап өтті. Сыбайлас жемқорлық қылмыс

жасалған мекеменің бірінші басшысының

жауапкершілігі заңнамалық негізде бекітілетінін

де тілге тиек етті.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!