17.09.2019 Views

17 қыркүйек, 2019 жыл №106 (15426)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

17 қыркүйек, сейсенбі

2019 жыл

№106 (15426)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

БАҒА САЯСАТЫ

Ырысы мен ырзығы мол

Нақпа-нақ

Еліміз

бойынша

2,2

млн.

зейнеткер

бар

КӨШІ-ҚОН

10 мыңнан

асты

Биыл жыл басынан бері көрші

елдерден тарихи отанына

оралған 10,7 мыңнан астам

қандасымыз Қазақстан азаматтығын

алыпты. Еліміздің азаматтығын

алған қазақтардың

дені Өзбекстан елінен келді.

Олардың үлесі – 48,5%.

Сенбі-жексенбі күндері Павлодар облысының өндірушілері елорда

тұрғындары үшін ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді.

Нұр-Сұлтандағы «Ханшатыр» ойын-сауық орталығының маңында

ұйымдастырылған дәстүрлі жәрмеңкеде өңірден жеткізілген

500 тоннадан астам өнім екі күннің ішінде сатылып кеткен. Павлодардың

табиғи өнімін тағатсыздана күтетін тұрғындар, әсіресе, арзан етке,

картоп пен қарбызға қарық болды.

Туризм:

«БЕСҚАРАҒАЙДЫҢ» АЛТЫН ШЕҢБЕРІ»

Суретті түсірген – Серік Қапаров.

Жалғасы 2-бетте

Дәл осындай атаумен Шарбақты және Аққулы аудандарының аумағындағы қарағайлы

орманда жаңа туристік бағыт ашылды. Оның «алтын шеңбер» аталуының да өзіндік себебі

бар. Өңірдегі көздің жауын алар әсем орындар мен Ғабдұл-Уахит хазірет, Сары бәйбіше,

қасиетті Мерғалым ата кесенесі сияқты облыс түгілі республика көлемінде танымал киелі

орындардың орналасқан жері бір шеңберді құрайды. Оның жалпы қашықтығы - шамамен

150 шақырым. Жаңа туристік бағыттың ашылуымен ауданға ағылатын келушілердің саны

да еселеп арта түседі деп күтілуде.

Толығырақ 5-бетте

Одан кейінгі орында Қытай Халық

Республикасынан қоныс аударған этностық

қазақтар тұр. Олар 36%-ды құраса,

Моңғолиядан – 6,2%, Түркіменстаннан –

5,4%, Ресей Федерациясынан – 1,1%,

Ираннан – 0,5% этностық қазақтар

Қазақстан азаматтығын алды.

Атамекеніне қоныс аударған қазақтар

еліміздің Ақмола (27%), Маңғыстау (14%)

және Жамбыл (9%) облыстарында,

сондай-ақ Нұр-Сұлтан (8,9%) және Шымкент

(8,5%) қалаларында қоныстанды. Бүгінге

дейін, яғни 1991 жылдан бастап 307,3 мың

отбасы немесе 1,046 миллион этностық

қазақ тарихи Отанына оралып, оралман

мәртебесін алған екен.

«Қазақстанда оралман мәртебесін алған

этностық қазақтарға жеңілдетілген түрде

азаматтық алу үшін қолайлы жағдайлар

жасалды. Бұл мәртебе бір жылға жарамды.

Мәртебені ұзарту оралман мәртебесі

тоқтатылған күннен бастап үш айдан

аспайтын мерзімге өтініш берген кезде

жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу

үшін ғана көзделеді», дейді ҚР Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау вицеминистрі

Ахмади Сарбасов.

Вице-министр бұл ретте кейбір

оралмандардың ұсынылған уақыт ішінде

жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан

азаматтығын алмағанын және мұндай

мүмкіндіктен айырылғанын атап өтті.

«Осыған байланысты Қазақстанның

Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаев мұндай санаттағы қандастарымызға

мәртебесін жеңілдетілген тәртіппен

алуды 2019 жылдың 31 желтоқсанына

дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Осылайша мәртебесін ұзартпаған оралмандар

жергілікті атқарушы органдарға

жүгіне алады және Қазақстан азаматтығын

жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ішкі

істер органдарына құжаттарын тапсыра

алады», дейді А.Сарбасов.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.

2 17 қыркүйек, сейсенбі, 2019 жыл АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Тіркелуді

бүгіннен баста...

Жұма күні аймақ жастары Президенттік жастар

кадрлық резервінің негізгі бағыттарын талқылауға

қатысты.

Облыс орталығындағы шектеу жоқ. Біз үшін бұл тізімге

Жастар бастамаларын дамыту

орталығында өткен диалог алаңына

облыс әкімінің орынбасары Асхат

Оралов, ҚР Мемлекеттік қызмет

істері агенттігінің Павлодар

облысы бойынша департаментінің

басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов

Ертіс-Баян өңірінің азаматтары

көбірек енгені маңызды. Сондықтан,

құжаттарды қабылдаудың соңғы

күніне дейін созбай, тіркелуден

өтуді бүгіннен бастаңыздар, -

деді А.Оралов.

Ал ҚР Мемлекеттік қызмет

және ҚР Президенті жанындағы істері агенттігі Павлодар

Мемлекеттік басқару Академиясы

Павлодар облысы бойынша

филиалының директоры Гүлнәр

Исенова қатысты.

Кездесуде облыс әкімінің

орынбасары Асхат Оралов ел

Президентінің тікелей тапсырмасымен

биыл Президенттік жастар

кадрлық резерві жасақталатынын

айтты.

- Павлодар облысы - жастардың

ордасы. Біз кез келген істе

белсенділік танытуымыз керек.

Президенттік жастар кадрлық

резервін құрудағы басты мақсат –

дарынды жастар үшін ашық және

тиімді әлеуметтік саты құру. Оған

облысы бойынша департаментінің

басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов

Президенттік кадрлық резерв

жастардың өсуіне жол ашып,

олардың мемлекеттік маңызы

бар істерде шешім қабылдауына

зор мүмкіндік беретінін айтты.

Айта кетелік, Президенттік жастар

кадрлық резервіне іліккендер

министр немесе оның орынбасары,

республикалық маңызы бар

қалалардың басшысы, орталық

атқарушы органдар комитеттерінің

төрағасы, квазимемлекеттік сектор

компаниялары басқармаларының

төрағасы және мүшелері болып

қызмет ете алады. Үміткерлер

3 5 ж а с қ а д е й і н г і е ң б е к ө т і л pkrezerv.kz і сайтында 2019 жылдың

5 жылдан кем емес жастардың

барлығы қатыса алады. Ешқандай

30 қыркүйегіне дейін тіркелуден

өтуі шарт.

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Көмір

қымбаттамай ма?

Басы 1-бетте

Мұрат АЯҒАНОВ

Жәрмеңке ауылшаруашылық

өнімдеріне деген маусымдық

инфляцияның өсуіне жол бермейтін

тиімді тәсілдің біріне айналғалы

қашан. Баға саясатындағы айырмашылық

ондағы қойылатын өнімдердің

делдалсыз әкелінуіне және

сауда алаңдары үшін жалақы

сұралмайтындығымен байланысты.

Мұндай жеңілдік екінші

жағынан өңір кәсіпкерлері мен

шаруаларға өз өнімін тікелей

сатуына мүмкіндік береді.

Дәстүрлі жәрмеңкеде Павлодар

облысының атын шығарған ет-сүт,

ұн, көкөніс және бақша өнімдері

молынан ұсынылды. Елордалықтар

біздің шаруалардың азық-түлік

өнімдері жергілікті супермаркеттерге

қарағанда әлдеқайда арзан

екенін тілге тиек етті. Көпшілігі

өздеріне жақсы таныс азықтүлік

түрлері мен павлодарлық

брендтерді іздеп келген. Әсіресе

«Рубиком», «КЭММИ», «Крендель»

секілді компаниялардың өнімдеріне

кезек ерекше байқалды.

- Біз отбасымызбен «Рубиком»

шұжықтарын айрықша ұнатамыз.

Жәрмеңкеде шұжықтар жергілікті

дүкендерге қарағанда 300-400

теңгеге арзанға сатылып жатыр.

Ырысы мен

ырзығы мол

Қызым екеуіміз көтергенімізше

шұжықтар мен шұжықшалар

(сосиска) сатып алдық, - деп

ризалығын танытты зейнеткер

Ольга Потёмкина.

Ал елордалық тұрғын Елдос

Сәрсенбиев Германиядан күтіп

отырған меймандары үшін мұнда

келіп ет сатып алғанын жеткізді.

Айтуынша, қаланың дәл ортасында

мұндай сауда мерекесін өткізу

жұртшылық үшін өте қолайлы.

Ал бастысы сатылып жатқан

тауарлардың барлығы табиғи

және сапалы.

Осылайша бас қаланың

жұртшылығын қарық қылған

жәрмеңке Павлодар өңірінің

берекесін паш етті. Қыс келе

жатқанда ондағы тұрғындарға

азық-түлік қорын қампайтып алуға

мүмкіндік берді. Біздің шаруалар

мен қайта өңдеушілердің

Нұр-Сұлтандағы кезекті жәрмеңкесі

12-13 қазан күндері өткізіледі деп

күтілуде.

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

Зауыт тұтас тоқтаған жоқ!

С

Күн қысқарып, қара суық таяғалы жұртшылық

қысқы отынның қамына кірісуде. Көпшіліктің

көкейінде көмір бағасы жылдағыдай тағы көтеріліп

кете ме деген күдіктің жүргені де рас. Қатты

отын нарығында қазіргі жағдай қандай?

Өткен аптада Екібастұз қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында

«Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысын тоқтатып,

130 қызметкер мәжбүрлі демалысқа кеткені жөнінде ақпарат шықты. Мұны

естіген көпшілік ашыларында мақтауы асыра айтылған алып өндіріс орнының аз

уақытта жабылып қалғанына таңдай қақты, қынжылды. Мәселенің мән-жайын

білмекке кәсіпорын өкілінің өзіне хабарласқан едік.

Мұрат АЯҒАНОВ

Облыс әкімдігінің баспасөз

қызметінен хабарлағандай, өңірдегі

көмір өндіретін кәсіпорындарда

қара отынның бағасы тоннасына

2 мыңнан 7 мың теңгеге дейін

жетіп тұр. Яғни, өндірушінің бағасы

бірқалыпты. Көмір кеніштері биыл

күзде қара алтынның бағасы

қымбаттамайды деп уәде берді.

Алдағы жылыту маусымында

аймақ тұрғындарының

көмір бойынша қажеттілігі 430

тоннаны құрайды делініп отыр.

Облыстық энергетика және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық

басқармасының мәліметіне

сүйенсек, тұрғындардың қора-

Вест», «Богатырь Көмір» және

қ о й м а с ы н д а қ а з і р д і ң ө з і н д е «Қаражыра ЛТД» ЖШС-терінің

58 мың тонна көмір сақтаулы.

Бұл көрсеткіш жалпы қажеттіліктің

13,4%-ын құрайды.

Бөлшек саудада көмірдің

тоннасы 6800 теңгеден басталып,

16 500 теңгеге дейін жетіп

тұр. Бұл – жеткізу үстемесін

қоса алғандағы баға. Жауапты

басқарманың коммуналдық

шаруашылық бөлімінің басшысы

Амангелді Рүстемовтің айтуынша,

былтырғы жылдың дәл

осы кезеңімен салыстырғанда

облыста жеке азаматтардың

отын сатып алу белсенділігі

төмен. Өткен жылы халық

отынды тамыз айынан қамдай

бастаған көрінеді. Бұл – көмір

кеніштері мен қоймаларды ұзынсонар

кезекті тудырмаудың басты

шарты. Сондықтан тұрғындар

көмірді биыл да ертерек сатып

алып, қамданғандары дұрыс.

Қазіргі таңда тас көмірдің

тоннасы 4800-12000 теңгені

құрайды, ал қоңыр көмірді 10500-

16500 теңге аралығында сатып

алуға болады. Айта кету керек,

тұрғындардың көбі «Майкубен

көмірін алады. Ал отынды

жеткізумен жеке нарықта үш

жүзге жуық жеке кәсіпкер айналысады.

Облыстың қалалары

мен аудандарында тұрғындарға

отынды ресми сауда орындарынан

сатып алуға болады.

Мәселен, облыс орталығында

«Элит.kz» базасы немесе «А-Вест

Павлодар» ЖШС-тері тұрақты

жұмыс істеп тұр.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Тұтқаны көтерген кәсіпорынның

бас инженері Сергей Ахонько терең

күрсінді де, қала әкімдіктің баспасөз

қызметіне ренішінің қара қазандай

екенін айтудан бастады.

- «Проммашкомплект» ЖШС

негізгі екі өндіріс түрінен тұрады.

Біріншісінде теміржолға арналған

бағыттама өнімдері шығарылса,

екіншісінде теміржол дөңгелектері

өндіріледі. Мұны кәсіпорнымызға

арнайы келген қала әкіміне анықтап

айтқан едім. Алғашқы өндіріс

тапсырыстың жоқтығынан тоқтады,

ал дөңгелек өндірілетін зауытымызда

жұмыс жалғасып жатыр,

тоқтаған жоқ, - дейді Сергей

Николаевич.

Айта кетейік, теміржол бағыттамалық

керек-жарақтарын өндіретін

зауыт 2012 жылы іске қосылған. Ал

теміржол дөңгелектерін шығаратын

өндіріс былтыр ғана ашылды.

- Жалпы, «Проммашкомплект»

кәсіпорнында 80 адам еңбек

етеді. Бағыттамалық өнімдер

шығаратын зауыт басты тапсырыс

беруші «Қазақстан теміржолы»

ұлттық компаниясы» акционерлік

қоғамынан биылғы жылға өтінім

түспеді. Салдарынан жұмыс жоқ

болғандықтан 130 қызметкеріміз

мәжбүрлі демалысқа жіберілді, -

дейді кәсіпорын өкілі.

Айтуынша, 2012 жылы іске

қосылған зауытта соңғы үш жылда

«ҚТЖ» АҚ-мен арада жүйелі түрде

мәселе туындап келе жатқан көрінеді.

- Бізге тиісті көлемде өтінім

түспей тұр. Бағыттамалық құралдар

өндіретін зауыт әу баста жобаланған

әрі есептелген өндірістік қуатының

елу пайызы көлемінде ғана жұмыс

істеп келеді. Яғни, жартысы бос

тұр. Өйткені, тапсырыс толықтай

берілмейді. Осыдан бір ай бұрын

«Қазақстан теміржолы» АҚ-на

былтырғы тапсырысты толық

орындап, қолдарына өткіздік.

Табыстаған соң олар бізге биылғы

жылдың өтінімін растайтындарын

уәде еткен еді. Бірақ, орындалмады.

Өтінім жоқ, сәйкесінше,

алдын ала төленген қаржы жоқ.

Біз қолда бар шикізатты өндіріске

толық жаратып тастадық, - дейді

С.Ахонько.

Кәсіпорын басшылығы мәселені

шешу үшін өткен аптада Нұр-Сұлтан

қаласында «Қазақстан теміржолы»

ҰК» АҚ басшылығымен келіссөздер

жүргізген. Оның нәтижесі ағымдағы

аптада белгілі болатын көрінеді.

Жағдайды, нақтысы, кәсіпорынның

ахуалы мен жұмысшылардың

әлеуметтік кепілдемесін қала

әкімдігі де назарда ұстайтындарын

айтып отыр. Бұл жөнінде әкімдіктің

Facebook әлеуметтік желісіндегі

ресми парақшасында жазылған.

Ал енді «Проммашкомплект»

ЖШС-нің теміржол дөңгелектерін

шығаратын өндірісіне келетін

болсақ, мұнда жұмыс қызу.

- Зауыт тәулік бойы жұмыс

істейді. Қазіргі таңда тәулігіне

300-400 дана теміржол дөңгелегі

шығарылады. Алдағы уақытта

тәулігіне алты жүзге жуық дөңгелек

шығару көзделген. Жыл соңына

қарай дөңгелек шығаратын зауытымыз

өндірістік қуатына жетеді

деп межелеп отырмыз, - дейді

кәсіпорын өкілі.

Айта кету керек, бүгінде теміржол

дөңгелектері ішкі нарыққа, сондай-ақ,

ТМД елдеріне жөнелтіледі. Нақтырақ

айтсақ, негізгі тұтынушылары өз

елімізбен қатар Ресей, Белорусия

және тағы басқасы бар.

Кәсіпорын дөңгелектерге өзге

елдер де қызығушылық танытып

жатса, басқа құрлықтың талаптарына

сай етіп те өндіруге қауқарлы

екендіктерін алға тартады.

Екібастұз қаласы.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА 17 қыркүйек, сейсенбі, 2019 жыл 3

Мереке АМАНТАЙ

Бұл мәселелер Инвесторлар

үйінде «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер

палатасының ұйымдастыруымен

өткен Еуразиялық экономикалық

комиссияның (ЕЭК) Бәсекелестік

және монополияға қарсы реттеу

жөніндегі қоғамдық қабылдау

блогының көшпелі отырысында

айтылды.

Аталмыш шараға Бәсекелестік

және монополияға қарсы реттеу

бойынша Алқа мүшесі (Министр)

Хатшылық меңгерушісі Ілияс

Ыбыраев, Павлодар облысы әкімінің

орынбасары Арыстан Қабыкенов,

ЕЭК Бәсекелестік және мемлекеттік

сатып алу саласындағы саясат

департаментінің директоры Әлия

Жұмабаева қатысты.

Аталмыш жиында Ілияс Ыбыраев

іскерлік қоғамдастықпен қарымқатынасты

күшейту аталмыш

комиссия жұмысының маңызды

міндеттерінің бірі екенін айтты.

Оның сөзіне сүйенсек, қоғамдық

қабылдаудың форматы кәсіпкерлерге

ЕЭК сарапшыларымен тікелей диалог

құрып, мәселелер туралы айтуға

мүмкіндік береді.

ШАРУАНЫҢ ШАҒЫМЫ

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Асхат Қанатұлы 2006 жылдан

бері ауыл шаруашылығында еңбек

етеді. Қос бірдей шаруа қожалығын

ұстап отырған іскер азамат мемлекеттен

бөлінетін жеңілдетілген жанаржағармайдың

тиімділігі шамалы

екенін алға тартады.

- Біздің ауыл облыс орталығынан

300 шақырым қашықтықта орналасқан.

Енді осыншама жер жүріп, қажетті

дизельді отынды алып кетуден бізге

түсер пайдасы жоқтың қасы. Себебі,

керек көлемді бөліп жеткізуге автоцистерна

жалдаймыз. Оның жолы

бар, сонымен жеткізілген отын

құны іргеміздегі жанармай құю

станцияларындағы бағадан небары

1-3 теңгеге айырмашылықта болады.

Сондықтан, айналадағы станциялардан

алғанымыз тиімдірек екенін

көріп отырмыз, - дейді шаруа.

Асхат Бұламбаев қазіргі таңда

«Буламбаев» жеке кәсіпкерлігі

мен «Талан» шаруа қожалығын

қатар дамытып отыр. Алғашқысы

2006 жылы құрылған, мұнда егін

шаруашылығына басымдық берілген.

Екіншісі 2015 жылы тіркеліп, мал

басын көбейтуді көздеген. Шаруаның

қолында 620 бас ірі қара мал,

100 бас жылқы бар. Мал шаруашылығына

арналған 10 мың гектарға

жуық жайылымы бар. Ал «Буламбаев»

жеке кәсіпкерлігіне тіркелген 2500

гектар егістік алқаптың 2 мыңына

шаруа биыл бидай, арпа, мал азығын

еккен. Енді оруға келгенде тағы

Кептеліс - кедергі

Шекарадағы кептеліс пен ұзын-сонар кезек өңірдегі

кәсіпкерлерді талай жылдан бері мазалап келеді. Бұл,

әсіресе, көкөністер мен жемістерді тасымалдайтын

жүк көліктеріне айтарлықтай шығын келтіруде.

- Бизнес мәселелерін, оның

ішінде ЕАЭО нарығында туындайтын

түйткілдерді шешуде мұндай

кездесулердің маңызы зор. Қазіргі

уақытта тауар сатылымында, қызмет

көрсетуде кездесетін кедергі жоқ

деп айта алмаймыз. Дегенмен,

мұндай мәселелердің туындамауы

үшін біртіндеп жүйелі жұмыс істеуге

көшіп келеміз. Соңғы жылдары

40-тан астам мәселенің мән-жайын

анықтап, шешімін таптық. Еліміздің

бес өңірінде болып, кездесетін

проблемалардың бір тектес екенін

аңғардық, - дейді Ілияс Ыбыраев.

Кездесу барысында өңірлік

кәсіпкерлер ЕЭК өкілдеріне

мәселелерін тікелей жолдауға,

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің

аумағында кәсібін жүргізуге, оны

жүзеге асыру кезінде туындайтын

қиындықтар туралы айтуға мүмкіндік

алды. Мәселен, кәсіпкерлердің

құқығын қорғау қоғамының төрағасы

Юрий Страхов шекарада туындаған

мәселелерді айтты.

- Соңғы кездері шекарадан

өткен кезде көліктердің ұзақ

уақыт бойы кезекте тұратынын

байқаймыз. Олардың көбі көкөніс

пен жеміс тасымалдаушылар екені

Шалғайдағыларға

тиімділігі шамалы ма?

КӘСІПКЕРЛІК

Көктем-күзде шаруаларға жеңілдетілген жанар-жағармай берілетіні бар.

Бірақ, шаруаға тиімділігі сезілуі тиіс бұл қолдау тетігінің шалғайдағылар шын

мәнінде еш пайдасын көрмейтін көрінеді. Бұл жөнінде Екібастұз қаласына

қарасты Әлкей Марғұлан ауылының тұрғыны Асхат Бұламбаев айтып отыр.

да жанармай мәселесі алдынан

шыққан. Дизельді отын көп көлемде

қажет болғандықтан, біраз бөлігін

амалсыздан облыс орталығынан

алып отыр.

- Менің шаруашылығыма күзгі

науқанда 64 тонна жанармай

жұмсалады. Оның 18 тоннасын ақысын

төлеп, Павлодар қаласынан жеткізіп

алдық. Тағы 13 тоннаға тапсырыс

бердім. Қалғанын іргеден сатып

алуды жөн көріп отырмын. Себебі,

тасымалдау құнын қосқанда маған

тиімсіз. Кейбір ұсақ шаруаларға тіптен

аз мөлшерде қажет. Сондықтан

кейде бірлесіп, автоцистерна жалдап

жеткіземіз. Жалпы өз ойым келесі

жылы тіптен жеңілдетілген жанармайдан

бас тартамын ба дегенге

саяды, - дейді шаруашылық иесі.

Бұл мәселені шаруа жуырда

ауылына арнайы барған Екібастұз

қалалық мәслихат депутаттарының

алдында да көтеріпті. Осы ретте,

шаруа дизельді отынды тікелей

өндірушіден алу жағы қарастырылса

деген пікірде.

- Менің түсінігімше, арнайы

оператор өндіруші кәсіпорыннан

шыққан өнімге өз қызметінің құнын

қосады. Егер ол шамамен 10-15

теңге болса әр литріне, бұл қызмет

алынып тасталса, бір тоннадан 10-15

мың теңге үнемдер едік. Өндіруші

кәсіпорынмен әр аудан-қаладағы

ауыл шаруашылығы бөлімдері

келісімшарт жасап, тікелей жұмыс

істесе, дұрыс па деп ойлаймын.

Әйтпесе, арада делдалдық қызмет

атқаратын оператор реттеп, қағазға

мөр басып, тізім түзгені үшін артық

анық. Біздің еліміздегі шекарада

мұндай мәселе туындамайды.

Бірақ, Ресей Федерациясы тарапынан

көптеген қиындықтар бар.

Ал бұл өз кезегінде тасымалдап

бара жатқан өнімнің бұзылуына

әкеледі, - деді Юрий Страхов.

Мұндай мәселелерді «Smak-Pv»

ЖШС өкілі Евгения Михайлова

да көтерді.

- Біздің компания Ресейге

балмұздақ сатумен айналысады.

Жақында біздің өнімдерді тасымалдайтын

көліктер Қазақстан

шекарасында отыз сағат, Ресей

шекарасында 3 сағаттан астам

уақыт кезекте тұрып қалды. Бұл

жағдай соңғы бірнеше жылдан

бері қайталанып келеді. Мұндай

кедергілерге не себепті тап болатынымызды

ешкім ашып, анық

айтпайды. Өздеріңізге белгілі,

балмұздақты сақтау белгілі бір

температураны қажет етеді.

Жүк көліктерінде оны сақтайтын

тоңазытқыш жанармай арқылы

жұмыс істейді. Осының салдарынан

шығынға ұшыраудамыз. Бұл

мәселені қалай шешуге болады? -

деп қынжылды Е.Михайлова.

Бұл ретте Әлия Жұмабаева

жергілікті кәсіпкерлер көтерген

мәселелер мен ұсыныстар бақылауға

алынатынын жеткізді. Оның айтуынша,

бұған екі ел арасындағы

шекараның толық жабдықталмағаны,

фитосанитарлық процедуралардың

көптігі және басқа да себептер

әсер етуі мүмкін.

шығын қосып отыр бізге, - деп

пайымдайды А.Бұламбаев.

Шаруаның мәселесіне байланысты

облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасына хабарласқан едік.

Басқарманың өсімдік шаруашылығы

және механикаландыру бөлімінің

басшысы Есентай Мүрсәлімов

операторлар арқылы жанармайды

шаруаларға үлестіру ісінің енгізілгеніне

біраз уақыт болғанын айтты.

Яғни, бекітілген талап сол. Бұл

қызметті аймағымызда «Парнас»

және «LS Tride» ЖШС-тері атқарады.

Биылдан бастап өтінімдер онлайн

түрде басқармаға түседі, одан әрі

шаруалар оператормен келісімшартқа

отырады. Демек, өндірушіден

шыққан өнімге оператор әр тоннасына

8 мың 500 теңге көлемінде

аталған қызметі үшін қосымша ақы

қосады. Қазіргі таңда дизельді

отынның бір тоннасы 206 500 теңгеге

бағаланып отыр. Басқарма өкілі аймағымыздың

әр ауданында шалғайда

орналасқан шаруашылықтардың аз

еместігін айтты. Десе де, мемлекеттен

бөлінген жеңілдетілген жанармайды

диқандардың алып жатқаны,

тиімділігінің бір белгісі, деді.

Жалпы, облысымызға биыл

күзгі жиын-терімге 21 мың тонна

арзан бағалы жанармай бөлінген.

Оның 79 пайызына, яғни, 16 мың

531 тоннасына өтінім түсіпті.

53 пайызының, тонналап айтсақ

11 мыңының ақысы төленген. Ал

44 пайызын, бұл шамамен 9 мың

тонна, дизельді отынды шаруалар

ауылдарына әкетіп үлгерген.

Екібастұз қаласы.

ХАЛЫҚ САНАҒЫ

Электронды

түрде өтеді

Қазақстанда 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында

халық санағы өтеді. Халық санағына Қазақстанның

барлық азаматтары қатысады.

Оның ішінде елде тұрақты тұратын кәмелетке толмағандар,

сондай-ақ уақытша тұратын, уақытша жоқ азаматтар, шетелдік

азаматтар, республикада тұратын азаматтығы жоқ адамдар.

Шетелде тұрақты тұратын қазақстандықтардың деректері де

есепке алынады.

Халық санағы арнайы оқытылған адам – интервьюерлермен

жаппай аралау жолымен өтеді. Интервьюерлердің өзімен бірге

тиісті куәлік, портфель және логотипі бар көк шарф болады.

Санақ кезіндегі негізгі жаңалық қазіргі заманғы ақпараттық

технологияларды (интернет және планшеттік құрылғылар) пайдалану

болмақ.

Онлайн-режимде интернет-санақ www.sanaq.gov.kz сайтты арқылы

жүзеге асырылады. Респондент өзінің ЖСН-ін, жеке куәлігінің

нөмірін, ұялы телефон нөмірін, код және растау паролін енгізе

отырып тіркеле алады. Жаңа жүйе тәулігіне 24 сағат қолжетімді.

Мемлекет өміріндегі маңызды процестің қатысушылары үшін

бірқатар басқа да артықшылықтарға ие.

Сауалнамаларда деректердің қайталануын болдырмау үшін

азаматтардың ЖСН нөмірі көрсетіледі. Ұлтқа, білім беруге, жұмыспен

қамтуға, көші-қонға қатысты сұрақтардан басқа тұрғын үй жағдайы,

отбасы жағдайы, халықтың денсаулығы туралы пункттер бар.

Барлығы 45 сұраққа дейін қойылатын болады.

Халық санағы барысында алынған мәліметтер қатаң құпия

болып табылады.

Облыстық статистика департаменті.

Студенттік

деканды таңдайды

БІЛІМ

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік

университетінде деканның жастар саясаты жөніндегі

көмекшісі тағайындалмақ.

Аталмыш оқу орнының мәліметіне сүйенсек, студенттік декан

ПМУ-дің қызметкері болады. Сайлау жылына бір мәрте – 1 қазанда

өткізіліп, кандидат толық бір оқу жылына таңдалады. Кезектен

тыс сайлау қызметтен бас тарту, оқудан шығу, басқа қалаға

көшу немесе ереже талаптары бұзылған жағдайда өткізіледі. Атап

өтерлігі, студенттер бұл қызметке лайық деп таңдаған адамды

екі рет қана сайлай алады.

Студенттік декан оқу орнында білім алушылардың бос уақытын

тиімді қамту, жатақханамен қамтамасыз ету, оқу ақысы мен

тамақтануға жеңілдік алу мәселелеріне көңіл бөледі. Сонымен қатар,

бюджет жобасын қалыптастыру, оқудан шығарылатын студенттер

тізімін қадағалау, білім алушылар арасында жанжалға әкелетін

жағдайлардың туындамауын назарға алады. Бұл лауазымға өз

кандидатурасын күндізгі оқу бөлімінде оқитын, «Инстаграмм»

әлеуметтік желісінде 500-ден кем емес оқырманы бар студенттер

ұсына алады. Өтініштер 19 қыркүйекке дейін қабылданады. Бұл

ретте кандидаттар жеке мәліметтерін stud.dekan@psu.kz электронды

поштасына жолдауы қажет. Яғни, өтінішке аты-жөні, факультеті,

тобы мен ұялы телефон нөмірін жазуы тиіс. Кандидаттардың

сайлауалды жұмысы 20-29 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Өз тілшіміз.

4 17 қыркүйек, сейсенбі, 2019 жыл ТІРШІЛІК

САРЫАРҚА САМАЛЫ

БАС ТАҚЫРЫП

Науқан уақытылы

аяқталады

- Есентай Базарбайұлы, жылдағы

дәстүр бойынша дәнді дақылдарды

қыркүйек айының соңына дейін

жинап алуды жоспарлап отырсыздар.

Шаруалардың қарқыны қалай?

- Диқандардың қарқыны жақсы.

Онымен қоса, қазір күн райы қолайлы

болып тұр. Сондықтан диқандар бар

күшін жұмылдыруда. Кешкі уақытта

да ауадағы ылғал деңгейі төмен.

Сондықтан диқандар түнге дейін

талмай еңбек етуде. Әзірге облыс

бойынша дәнді дақылдар шамамен

496 мың гектардан астам алқапта

жиналды. Бұл - жалпы жоспарланған

көлемнің 63 пайызы. Дәнді дақылдардың

шығымдылығы гектарынан 9,3 центнерді

құрап отыр. Нәтижесінде, қазір

қамбалар 462 мың тоннаға жуық

астықпен толықты.

- Биыл астықтың шығымдылығы

былтырға қарағанда сәл төмендеу.

Көрсеткіш осы деңгейде сақталатын

болса, жоспар орындала ма?

- Иә, былтыр астықтың шығымдылығы

гектарына 10 центнерден астам

болды. Биыл 10 центнерден жинауды

жоспарлағанбыз. Әзірге 9,3 центнерді

қанағат тұтып отырмыз. Оған да шүкір

ету қажет. Себебі, жаз айларында

жауын-шашын мөлшері аз болғанын

Аймақ шаруаларының алдында қыркүйек айының соңына

дейін күзгі жиын-терім науқанын аяқтау мақсаты тұр.

Мұндай маңызды кезеңде диқандар үшін әрбір күн

санаулы. Әзірге облыс бойынша дәнді дақылдардың

63 пайызы жиналған. Жауапты мекеме өкілдері науқан

уақытылы, нәтижелі аяқталады деп сендіріп отыр. Күзгі

жиын-терімнің аяқ алысы жайында облыстық ауыл

шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы

және механикаландыру бөлімінің басшысы Есентай

Мүрсәлімовпен сөйлескен едік.

білесіздер. Дегенмен, күзгі жиынтерім

науқаны әлі аяқталған жоқ.

Науқанның соңына дейін жоспарлы

10 центнерлік көрсеткішке шығамыз

деп ойлаймын. Себебі әр ауданда

көрсеткіш әр деңгейде сақталуда.

- Маңызды науқанда «қамшы

салдырмай» келе жатқан аудандар

қайсы?

- Әзірге Успен, Тереңкөл, Павлодар

аудандары көш бастап тұр. Мұнда

жалпы егістік алқабының 70 пайызында

егінді жинап үлгерген. Бірақ бұл

басқа аудандардың қарқыны төмен

дегенді білдірмейді. Әр аудандағы

егістік көлемі әртүрлі. Мысалы,

Успен ауданы мен Ертіс ауданын

салыстыруға келмейді. Ертіс негізгі

астықты өлке болып табылады. Егістік

алқаптарының көлемі әлдеқайда

үлкен. Олар дәнді дақылдарының

57 пайызын жинаған. Сондықтан облыс

бойынша әр аудан барын салуда.

- Картоп, көкөністің шығымдылығы

қандай деңгейде?

- Картоп, көкөніс алқаптары қолдан

суарылатыны белгілі. Сондықтан

оның шығымдылығы көбіне жауыншашынға

байланысты болмайды. Нақты

айтсақ, қазір 9 800 гектар алқапта

картоп жиналды. Ол жалпы көлемнің

55 пайызын құрайды. Шығымдылығы -

гектарынан 276 центнер шамасында.

Шаруалар бүгінгі күнге дейін 269 мың

тонна шамасында картоп жинады.

Ал көкөністерге келетін болсақ,

шамамен 3500 гектардан 106 мың

тоннаға жуық өнім алдық. Гектарынан

303 центнер. Бақша дақылдарының

да жартысынан көбі жиналып үлгерді.

- Күзгі науқанның тағы бір маңызды

бағыты - мал азығын дайындау.

Осыған қатысты көрсеткіштерге

тоқталсаңыз...

- Аймақ шаруалары мал азығын

дайындау жұмыстарын қазірдің өзінде

жоспарлы көлемінен асыра орындады.

Облысымыз бойынша 1 млн. 151 мың

тонна шөп жиналды. Яғни, жалпы

жоспарланған көлемнің 126 пайызы.

Көрсеткіш әлі де ұлғая түседі. Шалғылар

шабындықтан кеткен жоқ. Аймақ

басшысы Болат Бақауов мал азығы

бойынша 1,5 жылдық қор дайындауды

тапсырған болатын. Бұл меже толығымен

бағындырылады. Бұдан бөлек, 60 мың

тоннадан астам пішендеме, 95 мың

тонна сүрлем жиналды.

- Ұсынған мәліметтеріңізге рақмет.

Сұхбаттасқан –

Данияр ЖҰМАДІЛ.

Жақсылық -

жан рақаты

Павлодар ауданының Сычевка негізгі

мектебінде әлеуметтік жағынан қорғалмаған

отбасы балаларына қолдау көрсету

мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке

жол» республикалық акциясы ойдағыдай

ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты - аз қамтамасыз етілген және

көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау

көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке

келмей қалуының алдын алу, жетім және ата–анасының

қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы, тұрмыс

жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету.

Осы ретте Черноярск ауылдық округіндегі Новочерноярка

мәдениет үйінің директоры И.Жарылғаповқа

және Павлодар облыстық мәслихатының депутаты

Г.Нұрхановаға қол ұшын созып, көмек көрсеткені

үшін алғыс білдіреміз. Мейірімділік пен қамқорлық

көрсеткен жандардың алдынан үнемі жақсылық

шықсын дейміз.

Сычевка негізгі мектебінің ұжымы,

Павлодар ауданы.

Ізгілікке толы іс

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді

көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің

негізгісі – ұрпақ тәрбиесі. Бұл тұрғыда

мектеп қабырғасының алар орны ерекше.

Арайлы жаздың үш айы көзді ашып-жұмғанша зу

етіп өте шықты. Міне, жаңа оқу жылын да бастап

үлгердік. Жылдағы дәстүрден жаңылмай, биыл да

«Мектепке жол» акциясы аясында ауылымыздың

жеке кәсіпкерлері оқушыларымызға қаржылай көмек

көрсетті. Атап айтар болсақ, жеке кәсіпкер Қыдырхан

Тілеухан мен Төлеуғазы 50 мың теңге көлемінде

көмек берді. Ал Тимур Кабдулов 15 мың, Айтмұханбет

Пұшпақов 10 мың теңге мөлшерінде ақша жұмсап,

сауапты іске қатысты. Жаны жомарт Болат Бейсекеев

әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы бір оқушыға

костюм-шалбар алып берді. Жиналған қаражатқа

1-сыныпқа биыл аяқ басқан бүлдіршіндерге мектепке

қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Жақсының

жақсылығын айту қашан да орынды. Ізгілікке толы

істер ауылымыздың береке-бірлігін бекемдей түсері

анық.

Н.ОРАЛ,

Сұлужон орта мектебінің химия пәні мұғалімі,

Баянауыл ауданы.

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Университеттер тәжірибе алмасты

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті білім бағдарламасына

әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орны саналатын Назарбаев Университетінің

тәжірибесін енгізуде. Бұл жаңашылдық ҚР Білім және ғылым министрлігінің

бастамасымен қолға алынып отыр.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздарды

даярлайтын оқу ордасы «Педагог

мәртебесі» туралы Заң жобасын

толығымен қолдап, студенттерінің

заман көшінен қалмауын ерекше

назарға алып отыр. Осы орайда,

аймағымыздың белді оқу орны

Назарбаев Университетінің өкілдерін

арнайы шақырып, келелі кездесу

өткізді.

«Білім беру саласындағы

көшбасшылық» тақырыбын арқау

еткен бағдарлама аясында екі

күндік семинар ұйымдастырылып,

білікті мамандар жергілікті оқытушы

құраммен тәжірибе алмасты.

Алдымен, Елордамыз – Нұр-Сұлтан

қаласынан келген құрметті меймандар

Павлодар мемлекеттік педагогикалық

университетін аралап, тыныстіршілігімен

танысты. Тәжірибелі

мамандардың қатарында Назарбаев

Университетінің декандары,

ғалымдары, менеджерлері және ҚР

Президенті жанындағы Мемлекеттік

басқару Академиясының өкілдері

болды. Арнайы экскурсиядан кейін

Павлодар мемлекеттік педагогикалық

университетінің ректоры Алтынбек

Нухұлы қонақтарға алғысын білдіріп,

ауқымды шараның маңыздылығына

тоқталды.

- Павлодар мемлекеттік педагогикалық

университеті - ұрпақ

тәрбиелеу жолында аянбай еңбек

ететін ұстаздарды дайындайтын

оқу орны. Бұл ретте білім ордасы

болашақ мұғалімдерге берілетін

білім сапасын арттыру, заманауи

оқу бағдарламасын енгізу жолында

ауқымды жұмыс атқаруда. Бүгінгі

кездесу де осындай игі істердің

бірі деп білемін. Заманауи білім

бағдарламаларын оқу жүйесіне

енгізудің маңызы зор. Сондықтан

ауқымды семинардан мол үміт күтеміз.

Оқу ордамыздағы құрылымдық,

ғылыми, ұйымдастырушылық жұмыстарды

өзгерту үшін Назарбаев

университетінің тәжірибесіне сүйенуіміз

қажет. Екі күннің ішінде

ректордан бастап университеттің

проректорлары, декандары, кафедра

меңгерушілері мен оқытушылар

құрамы Назарбаев Университеті

және ҚР Президенті жанындағы

Мемлекеттік басқару Академиясының

өкілдерімен тәжірибе алмасып, өз

ойларын ортаға салатын болады.

Қазіргі уақытта мектептер жаңа

оқу бағдарламасына көшірілді. Ал

білім ошағындағы түлектерді жоғары

оқу орындары дайындап, маман

иесі атандырады. Сондықтан ұрпақ

тәрбиелейтін болашақ ұстаздарды

білім жүйесінің жаңа тәсілдерімен

оқытудың маңызы зор. Келелі кездесуден

нәтиже шығады деген ойдамыз, -

деді Алтынбек Нухұлы.

Назарбаев Университетінің

жоғары білім беру мектебінің

деканы Аида Сағынтаева екі күндік

семинарда Павлодар мемлекеттік

педагогикалық университетінің білім

берудегі тәжірибесі назарға алынатынын

айтты.

- Семинар бірнеше бағытта жұмыс

істейді. Бұл ретте басқару ісі, оқу

бағдарламасын құру, оның негізгі

талаптары, білім беру жүйесіндегі

зерттеу мәселелеріне көңіл бөлетін

боламыз. Осы бағытта жұмыс

істейтін Назарбаев Университетінің

өкілдері өздерінің тәжірибелерімен

бөлісетін болады. Бұл семинарда

павлодарлық әріптестерімізден

де мол білім алатын боламыз.

Біздің университетте академиялық

бостандық бар. Яғни, біздегі оқу

бағдарламасы мемлекеттік стандартқа

сай әзірленбейді. Бұл іспен оқу

орнындағы профессорлар құрамы

айналысады. Кез келген бағдарламаны

қолға алмас бұрын студенттермен,

түлектермен, мұғалімдермен, атааналармен

кездесу өткізіледі. Алдағы

5-10 жылды алдын ала болжаймыз.

Барлығы ортақ шешімге келіп, нақты

не керектігін шешкен кезде ғана

бағдарлама әзірленеді. Сонымен

қатар, студенттердің қызығушылығына

ерекше көңіл бөлінеді. Студенттер

нені көздейді, оларға үй тапсырмасын

қандай деңгейде беру қажет

сынды сұрақтар да ескеріледі.

Оларға психологиялық тұрғыдан

қолдау көрсетіледі. Университеттегі

оқу жүйесі студенттің танымдық

дамуына бағытталған. Біздің

университет түлектерді жұмысқа

орналастыруды мақсат етпейді.

Студенттерді еңбек нарығына дайындамаймыз,

керісінше, еңбек нарығын

қалыптастыру үшін оқытамыз. Олар

жұмыс берушіні іздемей, өздері

өзгелерге жұмыс ұсынуы тиіс, -

дейді Аида Қыстаубайқызы.

Семинардың алғашқы күнінде

мамандар «Ғылым не үшін қажет?»,

«Көшбасшылық, басқару және менеджмент»,

«Ғылыми этика» сынды

тақырыптарды кеңінен талқылап,

ойларымен бөлісті. Екінші күні

семинар қатысушылары зерттеу

тәсілдері, мәліметтерді сұрыптау,

сараптама жасау мәселелеріне

тоқталды. Сонымен қатар зерттеу

жұмыстарының қорытындысын

шығару мен конференцияға қатысу

тақырыбында өткен сессияға қатысты.

Назарбаев Университеті жоғары

білім беру мектебінің қосымша білім

беру департаментінің директоры

Жаңыл Жонтаева жергілікті жоғары

оқу орнының бастамасын жоғары

бағалады.

- Биыл ұстаздар қауымы үшін

жемісті жыл деп білемін. Әсіресе,

ұстаздар мәртебесін арттыруға

ерекше көңіл бөлінуде. Сондықтан

бүгінгі заманның мұғалімі заман

көшінен қалмауы тиіс. ПМПУ-дің

бастамасын толық қолдаймын. Бұл

университеттің де өзіндік тәжірибесі

бар. Екі жоғары оқу орнының

білікті мамандары жақсы нәтижеге

қол жеткізеді деген ойдамын, -

дейді Ж.Жонтаева.

Еске сала кетейік, ПМПУ

республикадағы жеті педагогикалық

университеттің ішінде 2-орынды

алады.

(20197)

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ТУРИЗМ 17 қыркүйек, сейсенбі, 2019 жыл 5

«Бесқарағайдың» алтын шеңбері»

Дәл осындай атаумен Шарбақты және Аққулы аудандарының аумағындағы

қарағайлы орманда жаңа туристік бағыт ашылды. Оның «алтын шеңбер»

аталуының да өзіндік себебі бар. Өңірдегі көздің жауын алар әсем орындар

мен Ғабдұл-Уахит Хазірет, Сары бәйбіше, қасиетті Мерғалым ата кесенесі

сияқты облыс түгілі республика көлемінде танымал киелі орындардың

орналасқан жері бір шеңберді құрайды. Оның жалпы қашықтығы шамамен

150 шақырым. Бұл орындар қазірдің өзінде еліміз бойынша кең танылған.

Жаңа туристік бағыттың ашылуымен ауданға келушілердің саны да еселеп

арта түседі деп күтілуде.

Данияр ЖҰМАДІЛ

Жаңа бағыттар

ашылды

Қарағайлы орман. Тұмса

табиғат. Жанға шипа болатын

таза ауа. Шарбақты ауданында

туризмді дамытудың алғышарты

осы болмақ. Заманауи тілмен

айтқанда, бірегей қарағайлы

алқап облысымыздың тағы бір

«брендіне» айналып отыр. Тек оны

өз деңгейінде насихаттап, туристерге

демалуға жайлы жағдай

жасай алсақ игі.

Ауданның туристік әлеуетін

арттыруда «Ертіс орманы»

мемлекеттік орман табиғи резерваты

ауқымды жұмыс атқарып

отыр. Елімізде орманды отауға

мораторий жарияланғалы бұл

бағыттағы заңсыздықтар барынша

тыйылған. Мекеме қызметкерлерінің

жұмысы сәл де болсын жеңілдеді

деуге келеді. Есесіне, резерват

өкілдері күштері мен үнемделген

қаражатын туризмді дамытуға

бағыттауда.

Облыстық Бас редакторлар

клубы бас болып, бірқатар жергілікті

бұқаралық ақпарат құралдарының

өкілдері Шарбақты ауданына барып

қайттық. Ондағы жаңадан ашылған

«Бесқарағайдың алтын шеңбері»

деп аталатын туристік бағытпен

таныстық.

- Аудан қонақтары арасында

киелі орындар зор танымалдылыққа

ие. Өткенімізді қайта жаңғыртуда

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының

мол септігі тиюде. Оның аясында

өңірімізді мекен еткен белгілі

тұлғалардың жерленген орындарын

зерттедік. Картадан қарасақ,

аталмыш орындар шеңбер түрінде

орналасқан екен. Бірден бұл орынға

«Бесқарағайдың алтын шеңбері»

деп ат қойып, айдар тағып алдық, -

дейді «Ертіс орманы» табиғи

резерватының басшысы Қуандық

Байболов.

Қазір мұнда туристер аялдайтын

11 орын бар. Оның 5-еуі сакралды

орындар болып табылады. Туристік

маршруттың жалпы ұзындығы

150 шақырымды құрап отыр. Ол

Есілбай ауылынан басталады. Мұнда

заманында туған өлкесінің көркеюіне,

қазақ балаларының барынша

білім алуына мол ықпал еткен

Темірғалы Нұрекенов жерленген.

Былтыр онда кесене тұрғызылды.

Ол дін және қоғам қайраткері

ретінде белгілі. Есілбай ауылына

өз қаражатына мешіт, медресе

салдырған екен. Бұл мешіттің

имамы әрі ұстазы Ғабдұл-Уахит

Хазірет болған. Т.Нұрекенов

қазақ тілінен бөлек орыс, парсы,

араб, татар сияқты бірнеше шет

тілдерін жетік меңгерген. Алаш

арыстары Әлихан Бөкейханов,

Ахмет Байтұрсыновтар негізін

қалаған «Алаш» қозғалысының

қайраткері, сонымен қатар, 1905

Ғабдұл-Уахит хазірет кесенесі.

жылғы Қарқаралы петициясын

ұйымдастырушылардың бірі

болып табылады. Тағы бір тарихи

деректерде Темірғалы қажының

Мемлекеттік Думаның депутаты

болғаны жазылған.

Биыл Есілбай ауылының

жанынан, күре жолдың бойынан

жергілікті кәсіпкер, аудандық

мәслихат депутаты Қисамиден

Машенов туристер үшін «Саялы

мекен Есілбай» атты этноауылдың

жобасын қолға алған. Мұнда киіз

үйден дәмхана жабдықталыпты.

- Келесі жылы мұнда келушілерге

арнап киіз үйлерден қонақ үй

тұрғызуды жоспарлап отырмыз.

Негізі, ауданның киелі орындарын

Киелі орындарды қамтитын жаңа туристік бағыт.

қамтитын туристік маршрут осы

Есілбай ауылынан басталады. Этноауылды

осы жерге орналастыруымыздың

да себебі – осы, -

дейді Қ.Машенов.

Бұдан кейін бірнеше қорымды

біріктіретін «Бәйімбет алаңына»

бет бұрдық. Бұл - Шарбақты

және Аққулы аудандарының шекарасы.

Мұнда Шоғман қожа мен

атақты «Сары бәйбіше» зираты

орналасқан. «Сары бәйбішенің»

есімі ел арасына тек көріпкел,

емшілік қасиетімен ғана тарап

қойған жоқ. Ол кісі жауырыншы

болған. Өз заманында

ерлермен бірге ел басқарған,

аталы сөзге тоқтай білетін ел

анасы болған. Сондай-ақ, елін

жоңғар шапқыншылығынан аман

алып қалған батыр ана ретінде

де мәлім. Бұдан бөлек, мұнда

Шоғман қажы Алдамжарұлының

кесенесі бой көтерген. Ол - көпке

аты мәлім емші болған адам.

- Биыл «Ертіс орманы» табиғи

резерватының қолдауымен «Сары

бәйбішенің» зиратының жанынан

келушілерге арналған үй, музей

салынуда. Бәйімбет алаңына

еліміздің әр өңірінен адамдар

Шырақшы Ермек Балтаұлы.

келіп, зиярат етеді. Ендігі кезекте

жол мәселесі оң шешілсе деген

ниетіміз бар, - дейді жергілікті

тұрғын, «Сары бәйбішенің»

ұрпағы Бауыржан Қапанұлы.

Шарбақтыда туристер көп

келетін орындардың бірі - халық

арасында Ислам дінінің өркендеуі

жолына бар ғұмырын арнаған белгілі

дін таратушы, ғұлама Ғабдұл-Уахит

Тіленшіұлының кесенесі.

- Мұнда зиярат етушілер өз

аты-жөндерін, келген уақыттарын

жазатын кітапша бар. Оған

сүйенсек, өткен жылы кесенеге

2 мыңнан астам адам келген.

Бұл - ресми тіркелген көрсеткіш.

Кітапшаға тіркелмегендері қаншама.

Келушілер үшін қонақ үй, дәрет

алатын орындар жабдықталған.

Арнайы құрбан шалатын, ас

әзірлейтін жерлер бар. Барлығы

тегін. Атап өтерлігі, биыл Хазіреттің

кесенесіне жарық тартылмақ, -

дейді шырақшы Ермек Балтаұлы.

Резерватта экологиялық туризм

дамуда. Шарбақты ауданына

қарасты Садықащы ауылының

жанында «Қарағайлы алаң» деп

аталатын демалыс орны ашылды.

Ол қысы-жазы жұмыс істейді.

Демалушыларға арналған жатын

орындар, асхана, спорт зал

жабдықталған. Монша бой көтеруде.

Бағасы да қолжетімді.

Орман қалпына

келтірілуде

Cуретті түсірген - Серік Қапаров.

Павлодар облысының солтүстікшығыс

бөлігі орманды алқапқа

ұласады. Оның қорғалуына «Ертіс

орманы» мемлекеттік орман табиғи

резерваты жауап береді. Мекеме

иелігіндегі орман қорының жалпы

аумағы 277 мың гектарды құрайды.

Оның 153 мың гектар алқабын

қарағайлы орман алып жатыр.

Биыл «Ертіс орманы» республика

көлемінде табиғатты қорғау

шаралары бойынша 2-орын алған.

Облыс көлемінде туризмді дамыту

бағытындағы нәтижелі жұмыстары

оң бағаланып, 1-орынға ие болды.

Резерват өкілдері орман қорын

сақтап қана қоймай, қалпына

келтіру жұмыстарын нәтижелі

жүргізуде. Бүгінде мекеме қарамағында

жалпы аумағы 37 гектар

болатын екі тәлімбақ бар. Облысымызды

толығымен жасыл желекпен

қамтамасыз етіп отыр. Бұдан

бөлек, еліміздің өзге де аймақтары

көшеттерді осы резерваттан сатып

алады. Биыл 3 миллионнан астам

көшет сатқан.

- Қарағай көшеттерін өсіру

оңай жұмыс емес. Тұқымның өсіп,

жетілуі үшін кем дегенде 2 жыл

уақыт қажет көрінеді. Содан кейін

ғана оны сатуға болады. Оған

дейін резерват қызметкерлері

көшеттерді күтіп, баптап, бар

күшін салады, - дейді «Ертіс

орманы» табиғи резерватының

басшысы Қ.Байболов.

Жалпы, резерватта 600-ден

астам адам еңбек етеді. Оның

300-і жаз мезгілінде жұмысқа

жұмылдырылады. Себебі, жаз шыға

өрт қаупі де арта түседі. Мекемеде

32 өрт сөндіруге арналған

автокөлік, 30-ға жуық трактор

және басқа да техникалар бар.

Жоғарыда атап өткендей, соңғы

жылдары орманды заңсыз отау

тоқтатылған. Орман өрті де азайды.

Бұл ретте, өрттің ошақтарын

анықтауда авиациялық бөлімше

қызметкерлерінің көмегі молынан

тиюде.

- Павлодардың авиациялық

бөлімшесі 1963 жылдан бері

жұмыс істеуде. Құрамымызда

10 өрт сөндіруші қызметкеріміз

бар. Олар әуеден өрт сөндіру

жұмыстарына қатысады. Тілсіз

жау анықталған жағдайда алғашқы

болып ұшып барып, сөндіруге әрекет

етеміз. Қазір орманның жағдайы

тұрақты. Адами фактордан өрт

шығу фактілері де азайды, – дейді

авиациялық қызмет бөлімшесінің

басшысы Валерий Марченко.

Шарбақты ауданы.

6

17 қыркүйек, сейсенбі, 2019 жыл ҰЛТ САУЛЫҒЫ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЖОЛДАУ ЖҮГІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында

медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін

қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды. Әсіресе,

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатыны,

оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан

астам теңге бөлінетінін атап өтті.

Павлодар қалалық №3 емхананың дәрігері

Денис Виногоров бұл жаңашылдық еліміздің

әрбір тұрғынына медициналық көмекті

тегін алуына мүмкіндік беретінін айтады.

Оның сөзінше, бұл жүйеге қосылғандар

дәрігер қабылдауына жазылуда, кешенді

клиникалық тексерістен өтуде, ота жасау

кезінде ақы төлемейтін болады. Міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру

жүйесі еліміздегі медицинаның дамуына

жол ашады.

- Алдағы үш жыл ішінде міндетті

МӘСЕЛЕ

Дәрігер неге тапшы?

Балтыры сыздап, басы

ауыратындардың көпшілігі

емханадағы жалпы тәжірибе

дәрігерінің есігін қағатыны белгілі.

Бұл қызметті атқаратындарға

жүктелетін міндет зор. Өйткені

аталған мамандар терапевт және

педиатрдың жұмысын қоса

атқарады. Қазіргі уақытта өңірде

жалпы тәжірибе дәрігерінің

жүктемесі ауыр. Себебі бір

дәрігер 2490 адамды емдейді.

Аймағымызға әлі де 112 жалпы

тәжірибе дәрігері қажет.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Қазіргі уақытта Павлодар облысында

жалпы тәжірибе дәрігерінің 350 бөлімшесі

жұмыс істейді. Олар жалпы саны

600145 адамға қызмет көрсетеді. Яғни,

бір бөлімшеде тіркеуде тұрған халықтың

саны кем дегенде 1715 адамды құрайды.

Бүгінде аймағымызда 241 жалпы тәжірибе

дәрігері қызмет етеді. Бұл жеткіліксіз.

Алайда, жыл соңына дейін 65 маман

келеді деп күтілуде.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау

басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Сәуле Арыстанованың айтуынша, маман

тапшылығын азайту мақсатында жұмысқа

жаңа тұрған қызметкерлерге мемлекет

тарапынан қолдау көрсетіледі. Мәселен,

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы

арқылы келген жастарға 70 айлық есептік

көрсеткіш көлемінде көтермеақы төленеді.

Қажетті жүйе

әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне

2,8 триллионнан астам қаржы бөлінеді.

Бұдан бөлек, үш жылдық бюджет аясында

д е н с а у л ы қ с а қ т а у ж ү й е с і н д а м ы т у ғ а қ о с ы м ш а

2,3 триллионнан астам теңге қарастырылады.

Мұның бәрі денсаулық сақтау саласына

з о р қ о л д а у . Қ а з і р г і у а қ ы т т а № 3 е м х а н а н ы ң

5 маманы жаңа жүйені түсіндіру мақсатында

жұмыстар жүргізуде, жадынамалар таратуда.

Сонымен қатар, мекемелерді аралап,

қызметкерлерге жаңашылдықтың талаптарын

түсіндіруде, - дейді Д.Виногоров.

Яғни, жас мамандарға 76 755 теңге беріледі.

Сонымен қатар, баспанамен қамтылуы үшін

төмен пайызбен несие де беріледі. 2018

жылы 34 қызметкер пәтерге ие болуы

үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен

аспайтын қаражат көлемінде несие алды.

Бұл ретте әрбір жас маман 3 млн. 607

мың теңгеге ие болды. Бұдан бөлек,

71 дәрігерге 70 АЕК көлемінде көтерме

жәрдемақы берілді. Медициналық мекемелер

42 жас маманның жалға алған

пәтер ақысын төлейді екен. Атап өтерлігі,

аудан-қаланың жергілікті атқарушы билігі

тарапынан жоғары медициналық білімді

меңгерген 38 қызметкер баспанаға ие

болды. Оның 28-і ауылда берілді.

- Қызметке енді ғана тұрған жастар үшін

еңбекақы мен баспананың маңызы зор.

Сондықтан денсаулық сақтау басқармасы

қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын

ерекше назарға алады. Қазіргі уақытта Ақсу

қаласында жас мамандар үшін 15 пәтер

бар. Ал Екібастұз қаласында денсаулық

сақтау саласының қызметкерлері үшін

86 пәтер дайын тұр. Бұдан бөлек,

«7-20-25» бағдарламасы да өз деңгейінде

жүзеге асырылуда. Жергілікті медициналық

мекеме тарапынан жас мамандарға пәтердің

алғашқы жарнасын төлеу үшін 1 млн. теңге

көлемінде қаржы берілуде. Қазіргі уақытта

12 дәрігердің өтініші қабылданып, жаңа

баспанаға ие болды, - дейді С.Арыстанова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

жыл сайын медицина мамандарын даярлайтын

жоғары оқу орындарына барып, бос

орындар жәрмеңкесіне қатысады. Шара

аясында жастарға көрсетілетін қолдауды

түсіндіріп, жұмысқа шақырады. Бұл ретте,

100-ге жуық түлекпен келісімшарт жасалған.

Өткен жылы аймағымыздың медицина

мекемелеріне 120-ға жуық жас маман

келген.

ТЕМІРҚАЗЫҚ

Айдана

ҚУАНЫШЕВА

Қатерлі ісікке

қарсы тұр!

Қатерлі ісік көрсеткіші

бойынша Шығыс Қазақстан

мен Солтүстік Қазақстан облыстары

алдыңғы орынды алады.

Ал Павлодар облысы үздік

үштікті толықтырып отыр.

Қазіргі уақытта аймағымызда

11 мың адам диспансерлік

есепте тұр.

Мамандардың айтуынша, онкологиялық

ауруға егде жастағы адамдар тез

шалдығады екен. Дертті анықтауда

скринингтік тексерудің маңызы зор.

Егер бұл ауруға шалдыққандар дәрігер

қарауына ерте келсе, дерттің алдын

алуға мүмкіндік зор.

Жыл басынан бері 250 адам қатерлі

ісікке шалдығыпты. Оның 90-ға жуығы

жоғарыда айтылған скринингтік тексеру

кезінде анықталған. Бұл кезде адам

бойында қатерлі ісіктің белгілері көрінбейді

екен. Аймағымызда жыл сайын орташа

есеппен 2200-2300 адам осы дертке

шалдығады. Тіркелген сырқат түрлерінің

50 пайызы сүт безінің қатерлі ісігі,

тері, өкпе, тік ішек, асқазан ісігіне

тиесілі. Сондықтан қауіпті дертпен

күресу үшін осыдан 3 жыл бұрын жаңа

ғимараттың құрылысы басталған еді.

Ескі онкологиялық орталық 1961 жылы

салынған болатын. Бүгінде жаңа нысанның

құрылысы аяқталған. Ағымдағы жылдың

қараша айында қолданысқа беріледі

деп күтілуде.

Жаңа ғимаратта аймағымызда

бұрын-соңды болмаған желілік үдеткіш

қондырғысы орнатылған. Бұл қондырғы

ем алуға мұқтаж науқастар үшін зор

к ө м е к б о л м а қ . С е б е б і е м д е л у ш і л е р д і ң

70 пайызы сәулелік терапияны қажет

етеді екен. Бүгінде қажетті жабдықтардың

80 пайызы әкелінген. Жаңа нысан

пайдалануға берілсе, диагностикалық

зерттеулердің сапасы артып, дәрігерлердің

еңбек жағдайы жақсара түспек.

Қазіргі уақытта қатерлі ісікті емдеуге

мүмкіндік беретін озық технологиялар

енгізілуде. Бірақ мамандар заманауи

медицина жоғарыдағы көрсеткішті тек

10 пайызға ғана төмендетуге мүмкіндік

беретінін айтады. Бастысы, адам өз

денсаулығына жауапкершілікпен қарауы

тиіс. Өйткені қатерлі ісікке шалдыққан

адам бастапқы кезде дерттің белгілерін

сезбейді екен. Ауру әбден бойға тараған

соң, асқынып кетеді. Сол уақытта адам

өміріне араша түсу қиынға соғады.

Сондықтан ауруды ерте анықтау үшін

уақытылы тексеруден өтудің маңызы зор.

БІЛІКТІЛІК

Ота жасады

Павлодар қаласының кардиохирургтері Семей

қаласында 6 айлық балаға ота жасады. «Ашық

артериялық түтік» диагнозымен дүниеге келген

сәби шала туылған екен.

Салмағы 2 килограмды құрайтын нәрестені денсаулығына байланысты

Павлодарға тасымалдау мүмкін болмаған. Сондықтан білікті

мамандар бригадасы Семей қаласының перинаталдық орталығына

аттанды. Олардың ішінде балалар кардиохирургі, реаниматолог және

үш медбике бар. Ота бір сағатқа созылған. Ашық артериялық түтікше

кезінде қан көп мөлшерде өкпеге барады, сол сәтте бала тұншыға

бастайды екен. Сондықтан өкпе қызметін жасанды жолмен күшейту

қажеттігі туындайды. Егер ми мен ішек ауруы асқынатын болса, бала

өміріне зор қауіп төнеді. Кардиохирургтердің айтуынша, нәресте жергілікті

мамандардың бақылауында болады. Оның денсаулығы әлі де ұзақ

уақыт күтімді қажет етеді.

Еске сала кетейік, павлодарлық дәрігерлер Семей қаласында мұндай

отаны 2017 жылы жасаған.

Павлодарда жедел жәрдем қызметінің кезекшілері телефон арқылы екі

баланың өмірге келуіне көмек көрсетті.

Өмірін құтқарды

Жалпы, Павлодар облысында жедел жәрдем

қызметінің мамандары 65 адамға қоңырау арқылы

шұғыл көмек көрсеткен. Яғни, мамандар ауыр

халде хабарласқан адамға жедел жәрдем көлігін

жіберумен қатар телефон арқылы онымен байланысты

үзбейді. Мамандар үйіне жеткен уақытқа

дейін оның жағдайын қоңырау арқылы бақылайды.

Шұғыл жағдайда түскен шақыртудың 50 пайызы

балалар арасында дененің тартылуы, түрлі деңгейдегі

күйік шалу, тыныс алу мүшесін қалыпқа келтіруге

қатысты болған. Ал жедел жәрдем қызметіне

жүгінген адамдардың 35 пайызы жүрек ауруы,

жүрек қағысының бұзылуы, бастағы қан айналым

жүйесіне байланысты шағымданған. Облыстық

жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары

Ольга Вербоваяның айтуынша, қоңырауды

қабылдайтын қызметкерлер үйде босанған екі әйелге

көмек көрсеткен. Жедел жәрдем қызметкерлері

көрсетілген мекенжайға жеткен кезде балалар дүниеге

келіп үлгерген. Оларды мамандар перзентханаға

жеткізген.

- 103 қызметіне Маралды көлі мен Усолка өзенінде

суға кетіп бара жатқандарды құтқару жөнінде хабар

түсті. Бұл жағдайда әрбір секунд маңызды екенін

ескерген жөн. Тіркелген екі жағдайда да кезекші

мамандар жедел жәрдем көлігі жеткенше қажетті

кеңес беріп, адамдарды құтқарып қалған. Бірақ

кейбір жағдайларда адамдар кезекші операторлардың

көмегінен бас тартып, тұтқаны қойып жатады. Әйтеуір,

барлық жағдайда да жедел жәрдем қызметкерлері

оқиға орнына дереу жетіп, қатердің алдын алып

үлгерді, - дейді О.Вербовая.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ХАТ-ҚОРЖЫН 17 қыркүйек, сейсенбі, 2019 жыл 7

Жаңатілекті

жарылқайды

Тұрғындарды сапалы ауызсумен

қамту мәселесі күн тәртібінен түспей

келеді. Жылдар бойы тіршілік нәрінен

тарыққан ауылдағы ағайынның жайы

енді-енді оңалуда.

Игіліктің бір ұшы Баянауыл ауданына қарасты

Жаңатілек ауылына тиіп отыр. Мұнда орталықтандырылған

су құбырлары тартылуда. Құрылыс жұмыстарын

«Алвис» ЖШС мердігерлік кәсіпорны жүргізуде. Жобаға

сәйкес елді мекенде 11 шақырымға жуық құбыр

тартылмақ. Қажетті техникалар жұмылдырылған.

Жұмысқа ауыл азаматтары да атсалысуда. Нысан

үстіміздегі жылдың қараша айында пайдалануға

беріледі деп күтілуде. Жаңатілектегі әрбір үйдің

ауласына сапалы ауызсу жеткізілмек.

Мұхамет-Қайыр ШӘРІПОВ,

Баянауыл ауданы.

Тоғызқұмалақшылар

қуантты!

Жуырда Павлодарда 20 жасқа дейінгі

тоғызқұмалақшылар арасында командалық

кубок өтті. Оған облыстың

барлың аудан-қалаларынан 11 команда

қатысты.

Дүбірлі додаға Ақсу қаласындағы №2 балалар

мен жастар спорт мектебінің тоғызқұмалақшылары да

қатысты. Гүлжан Мұхаметқалиқызынан тәлім алатын

спортшылар намысты қолдан берген жоқ. Атап айтсақ,

Айдана Болатханова, Аида Нұртасқызы, Малика

Нүкенова, Әника Тұрсынбайқызы, Тамерлан Сапар,

Арнұр Шахметтер тәуір өнер көрсетті. Бапкердің айтуынша,

А.Болатханова 2006 жылғы болса, командадағы

қалған бес ойыншы 2008 жылғы жеткіншектер.

Тартысқа толы өткен сайыста Ақсу қаласының

командасы жүлделі III орынды иеленіп, мерейімізді

асырды. Қуанышты сәтте балалардың бапкерінен

шәкірттері туралы сұраған едім. Ол: «Айдана, Аида,

Әника - спорт шеберінен үміткерлер, сондай-ақ ҚР

чемпионатының жүлдегерлері. Ал Тамерлан, Малика,

Арнұр - республикалық жарыстардың жеңімпаздары»

деді. Олар жастығына қарамастан әр түрлі додаларда

жоғары нәтижелер көрсетуде. Спортшылардың

болашағының жарқын екендігіне сенімдімін.

Балаларын биік шыңға жетелеген жаттықтырушыға

ата-аналардың айтар алғысы шексіз. Олар үшін

Гүлжан Мұхаметқалиқызы отбасының бір мүшесіне

айналып кетті. Тәжірибелі бапкерге біз де толайым

табыс тілейміз.

Жас қырандарымыздың қанаттары қатайып, биік

белестерді бағындыра берсін!

Р.СҮЙІНОВА,

Ақсу қаласы.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Облыс тұрғындары мен қонақтарын 19 қыркүйек күні Аққулы

ауылының мәдениет үйінің ғимаратында сағат 11.00-де өтетін

V мерейтойлық жылжымалы туристік көрмеге шақырамыз.

Сіздерді облыстың туристік ұйымдары, Баянауыл мемлекеттік ұлттық

табиғи паркі, «Ертіс орманы» МОТР өкілдерімен кездесулер күтеді.

Көрмеге облыстың туристік өнімдері мен қолөнершілердің кәдесый

«Жастар жылы» - жаңа

мүмкіндіктер!

Жастар – мемлекеттің ең белсенді мүшелері. Қазіргі таңда

жастардың рухани, мәдени білім алып, кәсіби толыққанды

дамуы үшін барлық жағдай жасалуда.

Бүгінде Елбасы Жолдауында айтылған

жастар қамқорлығына қатысты көптеген

іргелі жобалар жүзеге асуда. «Рухани

жаңғыру» бағдарламасы мен «Бес

әлеуметтік бастама» соның басты

айғағы бола алады.

2019 жылы тұңғыш Елбасымыз

Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялауымен

«Жастар жылы» болып бекітілді. Жастар -

еліміздің негізгі драйвері, демократиялық

жаңарудың негізін салушы қозғаушы

күш. Жастар жылында қарқын алар

бастамалардың орны ерекше. Оған

Елбасымыз Жастар жылының ашылу

салтанатында жасаған баяндамасында

кеңінен тоқталды. Азаматтардың сапалы

әрі қолжетімді білім алуы, тұрақты

жұмыспен қамтамасыз етілуі, тұрғын

үй мәселесі басты назарда болуы тиіс

екендігі айтылды. Соның ішінде студенттерге

біршама жобаларды нақтылап

айтып берді. «Жұмыспен қамту»,

«Дипломмен – ауылға», «Білімді маман»,

«Критикалық ойлау», «Қашықтықтан оқыту»,

«Жасыл ел» секілді бағдарламалардың

әрқайсысының орны ерекше. Жоғарыда

аталған бағыттар шеңберінде мемлекет

тарапынан жастарға ерекше қолдау

жасалуда. Бұл жастардың тұрмыстықәлеуметтік

жағдайының оңалуына үлкен

септігін тигізері сөзсіз. Толассыз беріліп

Бірнеше әулетті

сақтап қалған

Қазақтың байтақ даласында жаны

жайсаң, бір өзі бір рулы елге үлгі

болған асыл ерлер өткен ғой. Соның бірі

Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек

майталманы Ағзам Боқанов еді.

Ағзам Боқанов 1908 жылы Павлодар

облысына қарасты Баянауыл ауданы,

С.Торайғыров кеңшарына қарайтын

Қ ы ң ы р т а с а у ы л ы н д а д ү н и е г е к е л г е н .

8 жасқа дейін ауыл молдасынан білім

алған. Кейіннен әкесі Баянауылдағы орыс

мектебіне оқуға жіберіп, өзінің саудагер

досының үйіне тұрғызады. 20-жылдары

ол Семей қаласына әскери оқуға түсіп,

аздаған уақыт сол жерде қызмет етеді.

Өткен ғасырдың 20-жылдарының соңы

мен 30-жылдардың басында А.Боқанов

Ташкент қаласына кетіп, экономикалық

институтқа оқуға түседі. Қазақстанда

30-жылдары қиын-қыстау кез туып,

ашаршылық жайлағанда ол Ош қаласында

жұмыс істеді. Үлкендердің айтуынша, сол

жылдары Семей қаласында таңертең

ертемен атқа жегілген арбамен қала

көшелерінен аштықтан өлім құшқан

адамдарды жинаған. Адам мүрделері

тау-тау болып үйіліп жатқан. Бұл кезеңде

еліміздің оңтүстігінде жағдай айтарлықтай

жақсы болған. Дәл мұндай ашаршылық

орын алмаған екен. Сол кезде А.Боқанов

азық-түлік тиейтін вагонды жалға алып,

ұн, май және тағы басқа азық-түлік

сатып алып Семей қаласына аттанған

(ол кезде оның ата-анасы мен аға, әпкесі

барған). Анасы ол жеткенше аштықтан

және аурудан қайтыс болған. Ол әкесі

мен ағасын, әпкесін, олардың балалары

мен өзге де туыстары - Құдайберген

Садықовты, Әшім Қарағызовты алып

кеткен. Жолда станцияда Баянауылдан

қалаға жаяу келген, аштықтан қайтыс

болған әйелі мен қызын жерлеген туысы

Қамар Қасымовты кездестіреді. Ағзам

Боқанұлы оны кезіктіргенде ол арыпашып,

қайғыға берілген. Оны да Ош

отырған мүмкіндікті тиімді пайдалану

- жастардың қолында.

Мәселен, мен жас маман ретінде

Башмашын орта мектебіне келіп, екі

жыл тәжірибе жинадым. Оқушыларымның

кейбіреуі бірнеше республикалық

сырттай оқыту олимпиадалары мен

аудандық «Махамбет», «Абай оқулары»

сынды мәнерлеп оқу сайыстарының

жеңімпазы атанды. Менің алға қойған

басты мақсатым – оқушыларға заман

ағымына сай білім беру, тәрбиелеу.

Башмашын орта мектебі соңғы үш

жылда аудандық «Жас кемел» атты жас

педагогтар клубының негізін қалады.

Мектеп базасында екі облыстық, бір

аудандық семинар өткізілді. Мектеп

ұжымы қоғамда болатын түрлі шараларға

үнемі атсалысады. Жастарды айналасына

жақын болуға баулиды.

Біз, ұстаздар, Қазақстан тәуелсіздігінің

тамырын тереңдетіп, халық мүддесін

бірінші орынға қоятын, еліміздің атын

бар әлемге паш ететін кейінгі буынды

тәрбиелеуге күш салуымыз керек.

Г.ШҮЛЕНБАЕВА,

Башмашын мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Железин ауданы.

қаласына бірге ертіп кеткен. Ош қаласында

олардың барлығы жұмысқа орналасып,

сол жерде бірқатар уақытқа тұрақтаған.

Сөйтіп, ашаршылықтан туыстарын аман

алып қалған.

1934 жылдың жазында барлығы

Алматы қаласына қоныс аударған. Ал

кейбір туыстары Баянауылға оралған.

Ағзам Боқанұлы Алматыда жұмысқа

орналасып, отбасын құрады. Соғыс

басталарда ұлды болады. 1942 жылы

майдан шебіне аттанып, артиллерия

курсын бітіреді. Орал қаласында әскерде

болып, Украинадағы эвакуацияланған

әскери ұшқыштар даярлайтын училищені

бітіреді. 1942-1943 жылдары Иранға әскери

жұмысқа жіберіледі. 1946 жылдан 1956

жылға дейін А.Боқанов Ворошиловград

қаласында әскери авиациялық училищеде

әскери қызметте болды. 1957-

1962 жылдары Виттенберг қаласында

Германияның совет әскері қатарында

қызмет етті. Гвардияда подполковник

шенімен демалысқа шығарылады.

Көптеген марапаттар мен құрмет

қағаздарының иесі атанды. Кейіннен

зейнет жасына шыққанша ҚазССР

геологиялық министрлігінің жұмыспен

қамту басқармасының бастығы болды.

Республикалық деңгейдегі дербес зейнеткер

атанды. А.Боқанов 2004 жылы қайтыс

болды. Асыл азамат артына өшпестей

із қалдырды.

Шолпан ӘБІЛҒАЗЫҚЫЗЫ,

Торайғыр ауылы,

Баянауыл ауданы.

жұмыстары қойылады. Сонымен қатар, «Павлодар облысында ішкі

туризмді дамытудың жағдайы, міндеттері мен перспективалары»

тақырыбында семинар өткізіледі.

Күні: 19 қыркүйек 2019 жыл.

Өтетін орны: Мәдениет үйі, Аққулы ауылы.

Уақыты: басталуы сағат 11.00-де.

Анықтама телефоны: 8 (7182) 619144.

Электрондық мекен-жайы: turizmpvl@mail.ru. (20198).

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12504 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1846

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

8

17 қыркүйек, сейсенбі, 2019 жыл ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»

Баба рухын асқақтатты

Бұдан былай Май ауданына жолыңыз түссе, Жаңатілек ауылының

тұсында тас тұғырға қонған хас батырдың тұлғасы көзіңізге оттай

басылатыны анық. Бұл - Абылай ханның сенімді батырларының

бірі, Май өңірінің тумасы, жерлесіміз – Тілеуқабыл Дәулетбайұлына

арналған ескерткіш. Жуырда Арғын, Бәсентиін, Иман ұрпақтары

Тілеуқабыл батырға ескерткіш пен белгітас орнатты.

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ

ТУҒАНЫНА – 175 ЖЫЛ

«Желсіз түнде

жарық ай»

Бұрнағы күні осындай атаумен

облыстық Ж.Аймауытов атындағы

қазақ музыка-драма театрында

белгілі қоғам қайраткері,

абайтанушы Даниял Әсенов

моноспектаклін сахналады.

Алпысбай ХОНЖ

Батырдың құрметіне орнатылған игі

шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің

орынбасары Асхат Оралов, Май ауданының

әкімі Марат Ақтаев, жерлесіміз, қоғам

қайраткері Қуат Есімханов және басқа

да зиялы қауым өкілдері, батырдың

ұрпақтары, Май ауданының тұрғындары

мен қонақтары қатысты.

- Тілеуқабыл батыр - елімізге ортақ

тұлға. Біз айтулы ерлерімізді жарқыратып

көрсетуіміз керек. Ол үшін өңірде ілкімді

істер атқарылуда. Соңғы екі жарым жылда

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» бағдарламалық мақаласы

аясында аймағымызда бірқатар жұмыс

жасалды. Мәселен, Павлодар облысындағы

киелі жерлер географиялық картасы

43 жаңа орынмен толықты. Солардың

жетеуі республикалық деңгейдегі киелі

орындар картасына енгізілді. Бүгінде Май

ауданындағы «Қалмаққырылған» тарихи

орнына ерекше көңіл бөлудеміз. Осы

жұмысқа облыс әкімінің қолдауымен

10 млн. теңге қаражат бөлінді. Бүгінде

аталған тарихи орында ғалымдарымыз

жұмыс жасауда. Жыл аяғында «Қалмақ

қырылған» жері бойынша ауқымды конференция

өткіземіз. Келесі жылы киелі

жерлерді сақтау, халыққа насихаттау

мақсатында тағы да арнайы қаржы бөлетін

боламыз. Алдағы уақытта «Ауыл - ел

бесігі» бағдарламасы бойынша Май ауданында

бірқатар жұмыс атқарылады, -

деді Асхат Оралов.

Салтанатты шара барысында ән әуелеп,

күй күмбірледі. Жергілікті өнерпаздар

тарихи өлкені әуезді әнге бөледі. Қазақстан

Журналистер одағының мүшесі, ақын,

...Тілеуқабыл

Дәулетбайұлы

туралы деректер,

белгілі тұлға, этнограф,

философ

Мәшһүр

Жүсіптің

еңбектерінде жиі

кездеседі...

шараны ұйымдастырушылардың бірі

Қанат Шайғазин арнау өлеңін айтып,

Май өңірінің тарихын жырына арқау етті.

Қоғам қайраткері, Май ауданының

Құрметті азаматы Қуат Есімханов

ескерткіштің ашылуымен ауылдастарды

құттықтап, Май өңірінің азаматтары атқарған

шараға жоғары баға берді.

Тарихи деректерге сүйенсек, Абылай

хан Тілеуқабыл батырға ерекше сенім

артқан екен. Тіпті, ол келмейінше жорыққа

шықпайтын болған. Жаңатілек ауылында

туып-өскен батыр қазақ-қалмақ арасындағы

соңғы ұрыстардың бірі болған

«Шаңдыжорық» шайқасында Солтанмәмет

сұлтанның Батыс Қазақстан жақтағы

жорығына қатысты деген болжам айтылады.

Тілеуқабыл Дәулетбайұлы туралы

деректер, белгілі тұлға, этнограф, философ

Мәшһүр Жүсіптің еңбектерінде жиі кездеседі.

«Иман десе иман екен; ат - арыстан,

нұр - пейіштен хақ сөз». «Тілеуқабыл

аты қалып, батыр атанып кеткен» деген

ғұламаның бір ауыз сөзінің өзі Тілеуқабыл

батырдың аруақты ер болғанын айқын

көрсеткендей.

Хас батырдың мүсінін Қазақстан

Суретшілер одағының мүшесі, жерлесіміз

Тұрар Төлеев жасады. Ескерткішке

шығындалған қаражатты батырдың тікелей

ұрпағы - Сүлеймен Жүнісов көтерді. С.Жүнісов

әйгілі балуан Жақсылық Үшкемпіровтің

шәкірті екенін айта кеткен жөн.

Сондай-ақ ескерткіш пен монументтің

бой көтеруіне бірқатар азаматтар

демеушілік жасады. Атап айтсақ, Эрик

Қабдықалықов, Мақсат Ешмұратов,

Бейбіт Жүнісов, Серік Саттаров, Қанат

Шайғазин, Ержан Сүлейменов, Сағындық

Сүлейменов, Қожабек Нөкей, Ерлік

Сүлейменов, Ардақ Ешмұратов, Дәулет

Базылов, Социал Әйтенов, Төлеубек Әйтенов,

Марат Саттаровтар үлес қосты. Ал Ерғанат

Сымекенов, Ерлан Садвакасов, Руслан

Бейсенов, Өмірзақ Балкенов құрылыс

жұмыстарын жүргізуге қолынан келгенше

көмектесті.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінен

соң Тілеуқабыл батырдың рухына құран

бағышталып, ас берілді. Сондай-ақ, бұл

күні спорттық ойындардан сайыстар өтті.

Білекті жігіттер гір тасын көтеру, қол

күрестен, арқан тарту ойындарынан

сынға түсті. Сонымен қатар, қазақ

күресінен 3 салмақ дәрежесі бойынша

балуандар боз кілемге шықты. Белдескен

жігітердің арасында Семей және

Нұр-Сұлтан қаласының балуандары,

сондай-ақ өңіріміздің барлық аудандары

мен қалаларынан спортшылар бар. Білекті

де жүректі жігіттер аударыспақтан бақ

сынап, бағы мен бабы келіскендердің

мерейі үстем болды. Батырдың құрметіне

арналған аста бәйге ұйымдастырылып,

аузымен құс тістеген жүйріктер қасиетті

Май өңірін дүбірге бөледі. 10 шақырымдық

құнан бәйгеге барлығы 27 жүйірік қатысты.

Ал 16 шақырымдық аламан бәйгеде

30 сәйгүлік жарыс жолына шықты. Дүбірлі

додада Шығыс Қазақстан облысы - Семей

және Өскемен қалаларынан, Нұр-Сұлтан

қаласынан, Қарағанды облысынан, сондай-ақ

Павлодар өңірінің тұлпарлары топқа

түсті.

Май – тарихқа бай өңір. Қол бастаған

көсемдер мен сөз бастаған шешендердің

талайы өмірге келген өлкеден ұлағатты

ұрпақтың шығуы - заңдылық. Қиын-қыстау

сәтте ормандай еліне қорған болған

баһадүр бабамыздың рухын асқақтатып,

руханиятымыздың дамуына айтарлықтай

үлес қосқан Арғын, Бәсентиін, Иман

ұрпақтарының, Май ауданы азаматтарының

игілікті ісі - көпке үлгі.

Жаңатілек ауылы,

Май ауданы.

Абайтанушы Даниял Әсеновтің қара сөздің

зергері болған ғұлама Абай Құнанбаевты

бүгінгі жас ұрпаққа кеңінен танытып, оның

шығармаларын дәріптеп жүргеніне 25 жылдан

асқан. Жаңа оқу жылы басталған Павлодар

қаласындағы 30 мектепке арнайы барып,

«Абайтану» сабағын өткізді. Ендігісін 2015

жылы сахналанған «Желсіз түнде жарық ай»

моноспектаклін кішкентай көрермендеріне

қайта ұсынуды жөн көрген.

- Бұл Абай атамыздың 170 жылдығына

орай сахналанған болатын. Мұнда

1 сағат 15 минутқа созылатын қойылымда

ақынның қара сөздерінен бастап, өлеңдері

мен әндері кең көлемде көрініс табады.

Абай атамыздың шығармаларын кітаптан

оқығаннан гөрі осындай шарада әсерлі

болатыны анық. Театрға келген балалардың

ұйып тыңдап отырғанын, әндерін бірге

айтып отырғанын көргенде қуандым, -

дейді абайтанушы.

Игі бастамасын облыс әкімінің орынбасары

Асхат Ораловқа таныстырып, жеке

қабылдауында болған Даниял Сабырұлы

ерекше қолдау тапқанын тілге тиек етті. Ал

«Желсіз түнде жарық ай» моноспектаклінің

қоюшы режиссері - Ж.Аймауытов атындағы

қазақ музыка-драма театрының бас режиссері

Әділет Ақанов.

Шаһардың барлық мектептеріне барып,

«Абайтану» сабағын өткізген Д.Әсенов

кеше Тереңкөл және Железин аудандарына

жол тартты. Осылайша ол облыстағы

10 аудан мен 2 қалада болып, оқушыларды

Абай әлеміне жетелемек.

ФУТБОЛ

«Таразды»

тізерлетті

Қ.МҮСӘЙІП.

Ел чемпионатының 26-туры

аясында павлодарлық «Ertis»

футбол клубы «Тараз» командасын

қабылдап, 1:0 есебімен

жеңіске жетті.

Бұл кездесу қос командаға да маңызды

еді. Себебі, ойынның нәтижесі екі тараптың

да Премьер-лигада қалуына тікелей ықпал

еткені анық. Жауапкершілікті сезінген

жерлестеріміз жанкүйерлер алдында

барын салып ойнады. Кездесу бастала

салысымен алаң иелері ойын тізгінін өз

қолына алуға тырысты. Кездесудің 12-ші

минутында бұрыштамадан асырылған допқа

иелік еткен Деян Георгиевич қарсыластың

қақпасын баспен дәл көздеп, есеп ашты.

Алаң иелерінің есепті еселеуге мүмкіндігі

бар еді. Алайда, «Ertis» командасының

капитаны Карлос Фонсеканың жарақатына

байланысты ойыннан шығуына тура келді. 1:0

есебімен ойынның бірінші бөлігін аяқтаған

қос команда үзілістен кейін де есепке

өзгерту енгізе алған жоқ.

Бүгінде турнир кестесінің соңғы орындарында

тұрған «Ertis», «Тараз», «Атырау»

және «Ақтөбе» командалары арасында

лигада қалу үшін тартыс жүруде.

А.ХОНЖ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!