03.10.2019 Views

3 қазан, 2019 жыл №113 (15433)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

2 3 қазан, бейсенбі, 2019 жыл АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ӨНДІРІС

Шаңды

«шап» береді

ERG тобындағы «Қазхром ТҰК»

АҚ қарасты Ақсу ферроқорытпа

зауытының төртінші

балқыту цехындағы №44

пешінде жаңа газ тазарту

кешенінің құрылыс жұмыстары

басталды. Бұл жобаны жүзеге

асыру үшін 3 млрд. теңге

жұмсалмақ.

Экологиялық тұрғыдан тиімді жаңа нысан

зауыттың төтінші балқыту пешіндегі газ

тазарту жүйесін жаңғырту жұмыстарының

жалғасы болмақ. Айта кету керек, 2013

жылдан бастап мұндағы сегіз пештің

үшеуіне жаңа газ тазарту қондырғылары

орнатылған. Бүгінгі таңда компания газ

тазартудың тағы үш жүйесін қайта құру

жобаларын аяқтауға жақын.

- Кәсіпорынның барлық балқыту

пештері қажетті тазарту кешендерімен

жабдықталған. Бірақ, біз оларды біртіндеп

тазартудың және жетілдірудің жоғары

дәрежелі қазіргі заманғы қондырғыларына

алмастырудамыз. Біз бұл бағытта көп

жұмыс атқардық. 2000 жылдан бастап

2017 жылға дейінгі аралықта зауытта

ферроқорытпа пештеріне арналған тоғыз

жаңа газ тазарту қондырғысын орнатты.

Нәтижесінде зауыт тек осы істің арқасында

ауаға шығарылатын шаң көлемін екі есеге

азайтты, - дейді Ақсу ферроқорытпа

зауытының директоры Сергей Прокопьев.

Бүгінде №44 пештің газ тазарту

ғимаратында дайындық жұмыстары

басталды. Жабдықтар мен металл конструкциялары

бөлшектелуде. Ғимараттан 600

тоннадан астам металл конструкцияларының

бөлшектері шығарылған. Сонымен қоса,

мердігер бұл жұмыстармен қоса жаңа

элементтер мен тораптарды дайындаумен

айналысуда. Сүзгілік элементтерді

пайдалану жағынан тәжірибесі мол зауыт

мамандарының таңдауы чехиялық «ZVVZ-

Enven Engineering» фирмасының сенімді

сүзгілеріне түсті.

- №№41, 45 және 46 пештердің бұған

дейін құрылған газ тазарту құрылғыларындағы

сияқты жаңа қондырғыда 4320 түтіктік

элементтер бар. Олар 13 мың шаршы

метрге жуық ауданды сүзгіден өткізе

алады. Бір сағатта 35 мың тонна шаңды

ұстап қалып, 500 мың текше метр газдық

қоспаны өңдеп шығаруға қауқарлы.

Тазартудың жалпы тиімділігі мұнда 99,4

пайызды құрайды, - дейді энергожөндеу

цехының бастығы Құмарбек Сейітқазин.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары

кестеге сәйкес жүргізілуде. №44 пештің

газ тазарту қондырғысы толық жаңартуды

2020 жылдың көктемінде аяқтау жоспарланып

отыр.

Г.МАҒЖАН.

ЗЕЙНЕТАҚЫ

Тәртіп

жеңілдеді

Павлодарда жыл басынан бері

3 мыңға жуық адамға базалық

зейнетақы тағайындалды. Ал

елімізде зейнетақы төлемдерін

2,2 миллион адам алады.

Базалық зейнетақы Алматы облысында

ең көп тағайындалған. Ал Атырау

облысында небары 1554 адам базалық

зейнетақы алады.

- Зейнеткерлік – қарттықты әдемі

қарсы алып, бос уақытты жақындарыңмен

өткізуге мүмкіндік беретін кезең. Біз

зейнеткерлікке шығу рәсімін барынша

жеңілдетуге тырысып жатырмыз. Бір жыл

бұрын зейнеткерлікке бір өтінішпен шығуға

мүмкіндік беретін қызмет түрін енгіздік.

Биыл халыққа қызмет көрсету орталығына

бармай-ақ, СМС-хабарлама арқылы зейнеткерлікті

рәсімдеуге мүмкіндік беретін

жаңа қызмет түрін іске қостық. Цифрлық

жаңашылдықтар құрметті демалысқа артық

қағазсыз шығуға жол ашады, – дейді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» акционерлік қоғамының

басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Өз тілшіміз.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

БИЛІК ЖӘНЕ БҮГІНГІ МӘСЕЛЕ

Сумен қамтуда кедергі де,

кемшілік те бар

2016 жылдан бері аймақ ауылдарында

жалпы ұзындығы

1 мың шақырымдық су

құбырлары тартылып,

45 мың адам сапалы ауызсумен

қамтылған. 112 елді

мекен орталықтандырылған

су жүйесіне қол жеткізген. Бұл

дегеніңіз, облыстағы әрбір

үшінші ауылда таза ауызсу бар.

Енді қалған елді мекендерді

сумен қамту қалай жүзеге

аспақ?

Бұл мәселе облыс әкімдігінің аппараттық

жиынында сөз болды. Облыстық жер

қойнауын пайдалану, қоршаған орта және

су ресурстары басқармасының басшысы

Қадылжан Сәтиевтің мәліметі бойынша,

соңғы үш жылда ауылдарды таза ауызсумен

қамту көрсеткіші 2016 жылы 19 пайыз болса,

биылғы жобалар толық жүзеге асса, жыл

соңында 40 пайызға жетпек. Ағымдағы жылы

су құбырын тарту бойынша 52 жоба қолға

алынған. Оның жетеуі қолданысқа берілсе,

тағы 35-і жуықта аяқталады. Сөйтіп, жыл

соңына дейін тағы 38 мың ауыл тұрғыны

таза ауызсуға қол жеткізеді. Ал алдағы

жылға 30 жоба республикалық үш жылдық

бюджеттен қолдау тапқан. Одан бөлек,

16,4 млрд. теңгенің 23 дайын жобасы

бар.Бірақ, оларға әлі қаржы қарастырылмаған.

Мәліметтер келтіре кетсек, бүгінде

180 ауыл жергілікті су көздерінен, 55 ауыл

КБМ тұтынса, 6 елді мекенге су тасымалданып

жеткізіледі.

Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі

таңда елімізде тұрғын саны 200 адамнан

асатын ауылдарға су құбырын тартуға

рұқсат. Ал халық саны бұл көлемнен кем

елді мекендерді кешенді блок-модульдармен

(КБМ) қамту қарастырылмақ. Осы ретте,

облысымызда бұл талаптар бойынша

ауылдар саны есептелген. Яғни, қазіргі

таңда 126 ауыл орталықтандырылған су

құбырын тартуға іріктеліп алынса, 98 елді

мекен КБМ көмегімен тіршілік көзімен

қамтылмақ. Ал 126 ауылдың 40-ында

құбыр тартылып жатса, 17 елді мекеннің

жобасы 2020 жылдың бюджетіне еніп отыр.

Жиында мәлім болғандай, бір ауылға КБМ

орнатуға шамамен 10 млн. теңгедей қаражат

қажет. Бұл сома 98 елді мекенге көбейтілсе,

1 млрд. теңгедей қаржы жұмсалады. Міне,

Бұл жөнінде облыс әкімдігінде аймақтың

санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы сөз

болған жиында айтылды. Облыстық тауарлар

және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін

бақылау департаменті басшысының міндетін

атқарушы Батырбек Әлиевтің мәлімдеуінше,

бюджеттен сатып алынған вакцина облыс

тұрғындарының 7,9 пайызын ғана қамтуға

жетеді. Осы ретте, облыстық денсаулық сақтау

басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Ардақ Күзеков тұмау мен ЖРВИ жиілемеуі

үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет

дегенді алға тартып отыр. Яғни, әр кәсіпорын

мен мекеме қызметкерлеріне тұмауға қарсы

екпе салуға құлықты болғаны абзал. Себебі,

аймағымыздың бас дәрігерінің айтуынша,

екпеге жұмсалған қаржы кәсіпорынға еселеніп

қайтады. Мәселен, кәсіпорындарда аурусырқау

бес есеге дейін төмендеп, еңбекке

жарамсыздық күндері үшін жұмысшыға

төленетін ақы да айтарлықтай азаяды, дейді

А.Күзеков. Сөзіне сенсек, екпеге жұмсалған

қаржы 2-5 есеге ақталады. Міне, осындай

осыны ескерген облыс әкімі Б.Бақауов бұл

жұмыстарды үш жылға бөліп, бюджеттен

қарастыруға әбден болатынын атап өтті.

Дегенмен, ауылдарды сумен қамтуда

кездесетін бірқатар кедергілер де жоқ емес.

Қадылжан Сәтиевтің айтуынша, әсіресе,

жобалық-сметалық құжаттардың әзірлену

сапасы төмен. Салдарынан жобаларды

жүзеге асыруда түрлі қиындықтар туындайды.

Мәселен, Баянауыл ауданының

Ақсаң ауылына су құбырын жобалағанда

ол елді мекеннің тасты жерде орналасқаны

ескерілмеген. Сөйтіп, мердігер іске кіріскенде

алдынан кедергі шыққан. Бұл дегеніңіз,

тапсырыс берушілер жобаны қабылдауда

қырағылық танытпайды. Сонымен қатар,

құбыр тарту құнын тым қымбатқа жобалау

жағы да кездеседі. Мысалы, Ақтоғайда

Харьков пен Мүткенов ауылдарына тартылатын

су құбырларының жалпы сомасы

2,5 млрд. теңгеден асып кеткен. Сөйтсе,

жобаға сорғы станциясының айналасын

абаттандыру және басқа да жұмыстар

еніп кеткен. Облыс әкімі Болат Бақауов

су тартуда мұндай кемшілікке жол бермеу

қажеттігін қадап айтты.

Сонымен қатар, жиында кейбір су

құбырларының құрылысы кестеден кешігіп

жатқаны мәлім болды. Ақсудың Еңбек,

Шарбақтының Орловка, Май ауданының

Май ауылындағы жұмыстар 30 күнге кешігіп

отыр. Аймақ басшысы әрқайсысы бойынша

жағдайды сұрап, жеделдетуді тапсырды.

Тағы бір кеңінен талқыға түскен мәселе -

орталықтандырылған су жүйесіне үйлерде

де қосылу көрсеткішінің төмендігі. Жалпы,

облыс бойынша мұндай жүйе бар елді мекен

тұрғындардың 65 пайызы қосылған. Ал

жекелеген аудандарды алсаңыз, тым төмен.

Мәселен, 2017-2018 жылдары қолданысқа

берілген су құбырларынан үйге су тарту жағы

Ақтоғай, Успен, Баянауыл, Шарбақты және

Тереңкөл аудандарында көңілге қонымсыз.

Успен ауданының Қоңырөзек ауылында

252 үй болса, соның 22,7 пайызы ғана суды

үйге кіргізген. Ақтоғайдың орталығында

да 21,5 пайыздан аспайды. Облыс әкімі

Б.Бақауов талай жыл су құбырының құрылысын

сұраған Ленин кенті тұрғындарының тек

50 пайызы суды үйіне дейін жеткізіп алғанына

таңданыс білдірді. Павлодар қаласының

әкімі Қ.Нүкенов жыл соңына дейін көрсеткіш

арта түседі деп сендірді. Ал аймағымызда

биыл іске қосылатын құбырлардан үйге су

тарту тіптен төмен. Болат Бақауов бұл істе

жергілікті әкімдіктердің жұмысы сылбыр,

деді. Сонымен қатар, аймақ басшысы әр

аудандағы коммуналдық кәсіпорындардың

тұтынған суға жинаған қаражат жағын да

тексеру қажеттігін тілге тиек етті.

Баяндамашы қолданысқа берілген су

құбырларына қызмет көрсету мәселесі де

өзекті екенін жасырмады. Бүгінде 27 ауылдағы

су құбыры ешкімнің иелігіне өткізілмеген.

Билік оны сенімді қолға тапсыруға ниетті,

бірақ жарияланған конкурстарға қатысушылар

жоқ. Осы ретте, су құбырларын бірыңғай

операторға беру жағы да қарастырылуда.

Екпемен еңбекті еселеуге болады

2018-2019 жылдардың эпидемиологиялық маусымында «жіті

респираторлық вирустық инфекция» диагнозымен 18 мыңнан

астам адам тіркелген. Оның 94-і тұмаумен ауырған. Міне, осы

көрсеткіштерді төмендету үшін облыс тұрғындарының кем

дегенде 10 пайызына тұмауға қарсы екпе салу қажет.

мәліметтерді ескерген облыс әкімі Болат

Бақауов аудан-қалалардың әкімдеріне

кәсіпорындардың тізімін түзіп, бір аптада

талдау жасап, түсіндіруді тапсырды.

Б.Әлиевтің айтуынша, жалпы аймақта

ахуал тұрақты. Кейбір сырқат түрлері

азайса, кейбірі өскен. Мәселен, сальмонеллез

ауруы 8 жағдайға артса, сероздық

менингиттің маусымдық өсімі байқалған.

Дегенмен, бәрі бақыланатын деңгейден

аспаған. Былтырғы желтоқсан айынан бері

қызылшамен ауырған 198 науқас тіркеліпті.

Жағдайды ушықтырмау үшін бұл дертке

қарсы қосымша екпе жасау қолға алынған.

Мәселен, өткен айдан бастап 20-29 жас

аралығындағы азаматтарды қызылша мен

қызамыққа қарсы вакцинациялау науқаны

басталған.

Ал туберкулез дерті 2,3 пайызға төмендеген.

Облыстық көрсеткіш төмендегенмен, кейбір

аудандарда, керісінше, өсім байқалып отыр,

дейді Б.Әлиев. Мәселен, Павлодар қаласында

11 пайызға, Ақтоғайда 1,7 есеге, Успенде

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

2,5 есеге артқан. Аймағымызда биыл 2 бала

туберкулезге шалдыққан. Сонымен қатар

мамандар Тереңкөл мен Баянауыл аудандарында

дерт ошағы бар отбасыларындағы балаларда

туберкулездің қайталануына алаңдаулы. Осы

ретте, дәрігерлер осы дертке шалдыққан

жандарды амбулаторлық емделу кезеңінде

әлеуметтік қолдау мәселесін көтеріп отыр.

Яғни, аурумен күресуде ауқаттануы жақсы

болуы тиіс. Сондықтан, облыс әкімі Болат

Бақауов науқастарға айына нақты қанша

сома қарастырылуы қажеттігін егжей-тегжейлі

талдауды тапсырды.

Жиында балалардың денсаулығына

байланысты мәселелер де сөз болды.

Б.Әлиев балалардың денсаулығын қорғау

мақсатында тиісті санитарлық норма талаптарына

сәйкестендіруді қажет ететін білім беру

объектілерінің тізілімі түзілгенін атап өтті. Осы

ретте, арнайы жоспар құрылған. Ал облыс

әкімі Болат Бақауов мектеп оқушыларына

берілетін тағамдардың сапасына кешенді

тексеру жүргізу қажеттігін айтты. Яғни, ата-аналардан

шағым түскенге дейін тексеріс жүргізу

керек, деді. Облыстық білім беру басқармасының

басшысы Дінислам Болатханұлы

құзырлы органдардың жоспарлы тексерісінен

бөлек тек ата-аналардың шағымымен ғана

тексеріс жүргізуге болатынын алға тартты.

Дегенмен, аймақ басшысы тетігін табуды

тапсырды.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!