05.11.2019 Views

5 қараша, 2019 жыл №127 (15447)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

5 қараша, сейсенбі

2019 жыл

№127 (15447)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

ЖҰМЫС САПАРЫ

«Жасыл елге»

жоғары баға берді

Нақпа-нақ

Облыстағы

құрылыс

саласының өсімі

жыл басынан

бері

106,3

пайызды

құрады

ИНВЕСТИЦИЯ

Импортты

шектейді

Павлодар облысында салынатын

қант зауыты елімізге

сырттан әкелінетін импорт

құмшекердің үлесін айтарлықтай

азайтып, отандық

сұраныстың 40 пайызын

өтейтін болады. Сондай-ақ

бұл жоба қант қызылшасын

өсіретін фермерлік шаруашылықтардың,

суармалы

жерлердің көбеюіне оң әсер

етеді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға

Назарбаева аймағымызға сапары барысында «Достық үйінде» еліміздің

жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ, «Жасыл ел»

жастар еңбек жасақтары маусымының жабылуына, мектеп оқушыларын

«Жас ұлан» қатарына қабылдау салтанатына қатысты.

Кәсіпкерлік:

АЛАҢСЫЗ АЯЛДАЙ АЛАМЫЗ БА?

Сурет senate.parlam.kz сайтынан алынды.

Жалғасы 2-бетте

Бұған дейін облыс аумағында жол бойы сервисі саласы кенжелеп келгені жасырын емес.

Сапарға шыққандарға сапалы қызмет көрсететін орындар саны некен-саяқ. Тіпті, олардың

кейбірі талапқа сай келмей, жүргізушілер мен жолаушылардың сынына жиі ұшырайды. Осы

олқылықтардың орнын толтырып, жағдайды ретке келтіру үшін келесі жылдан бастап

аймағымызда жол бойы сервисін дамытудың өңірлік бағдарламасы жүзеге асады. Бұл

бағдарлама қазіргі жағдайды жақсартуға қалай әсер етеді?

Толығырақ 4-бетте

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде

аталған жобаның жай-жапсары талқыланды.

Оған ведомство басшысы Сапархан

Омаров, Павлодар облысы әкімінің

орынбасары Алмас Батанов және Түрік

елінен келген Kayseri Seker Fabrikasi

компаниясының басшылығы қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы

аясында бірқатар негізгі тауарлардың,

соның ішінде қанттың импорттық үлесін

отандық өніммен алмастыру бойынша

жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі.

Жауапты министрлікпен бүгінде қант

өндірісін дамыту жөніндегі 2027 жылға

дейінгі салалық бағдарлама жүзеге

асуда.

Кездесуде түрік компаниясының

өкілдері Қазақстанның қант қызылшасы

өндірісін дамыту, ел тұрғындарын отандық

құмшекермен қамтамасыз ету және

экпортты өсіруге қатысты әлеуеттерін

айрықша атап өтті. Қызылшаны өңдеп,

қантқа айналдыратын кәсіпорынның

салынуы нәтижесінде бүгінде сырттан

келіп жатқан тәттінің үлесін айтарлықтай

төмендетуге жол ашылады. Қазірде сапалы

қант қызылшасын өсіруге талпынып,

тәжірибе жүзінде алғашқы өнімдерін

алып үлгерген шаруашылықтар бар.

Бұл жоба аясында Қазақстанға инвестиция

келіп қана қоймай, отандық

кәсіпкерлер мен фермерлер қант

қызылшасын өсірудің жаңа әдістерін,

оны ұзақ уақытқа сақтау мен өңдеудің

тәсілдерің меңгереді. Kayseri Seker

Fabrikasi Түркиядағы жоғары өнімді қант

зауыттарының басын қосып отырған

ірі компания екенін айтып өтелік.

Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.

2

5 қараша, сейсенбі, 2019 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ШАРУАНЫҢ ЖАЙЫ

«Жасыл елге»

жоғары баға берді

Басы 1-бетте

Жастармен кездесу Қазақстан

Жастары конгресінің күндері

шеңберінде ұйымдастырылды.

Сенат спикері, Конгресс кеңесінің

төрағасы Дариға Назарбаева

пленарлық отырысқа қатысып,

жастар ұйымдарының өкілдерімен

емін-еркін әңгіме құрды. Кездесу

кезінде Жастар конгресінің

мүшелеріне медальдар мен

Алғыс хаттар табыстады. Айта

кету керек, облыс әкімінің әлеуметтік

мәселелер жөніндегі орынбасары

Асхат Оралов еліміздің жастар

саясатын дамытуға қосқан үлесі

үшін «Қазақстан жастар конгресінің»

медалімен марапатталды.

Сонымен қатар, Toraighyrov

University-інде (С.Торайғыров

атындағы ПМУ) өткен «Жасыл

ел» жастар еңбек жасақтарының

XV маусымының жабылу салтанатына

қатысты. Úzdіk sarbaz,

Úzdіk jasaq, Úzdіk jetekshі, Úzdіk

komandir және басқа да арнайы

номинациялар бойынша үздік

сарбаздар мен үздік жасақтар

марапатталды. Естеріңізге сала

кетейік, бұл бағдарламаны құру

Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан

Назарбаевтың бастамасы болатын.

Д.Назарбаева «Жасыл ел» жастар

қозғалысы дарынды да болашағына

бейжай қарамайтын азаматтар

үшін жетістікке жетелейтін алғашқы

баспалдақтың бірі екенін атап

өтті.

- Сіздердің жасап жатқан

жұмыстарыңызға таңданыспен

қараймын. Бүгінге дейін еліміз

бойынша қаншама ағаш

отырғызылды?! Соның жарқын

көрінісі – елордамыздың айналасына

егілген жасыл белдеу

дер едім. Бүгінде жайқалған

орманға айналды. Әлем бойынша

жүздеген мың гектарға адам

қолымен ағаш егіліп, орманға

айналған мұндай мысалды өз

басым кездестірмеппін. Жасыл

желектің нәтижесінде қаланың

климаты өзгерді, табиғат жанданды.

Орманшылар мен орман күзетшілері

жұмыс ауқымының артқанын айтып

отыр. Мұның бәрі өз қолымызбен

жасалды, - деді Дариға Назарбаева.

Жастарды маусымның жабылуымен

құттықтап, JASYL EL AWARDS

жеңімпаздарын атауға облыс әкімі

Болат Бақауов, Ақпарат және

қоғамдық даму министрлігінің

Жастар және отбасы істері

комитетінің төрағасы Мадияр

Қожахмет, «Жасыл ел» жастар еңбек

жасақтарының республикалық

штабының жетекшісі Азамат

Данияр қатысты.

Кездесу соңында Дариға

Назарбаева осыдан 18 жыл бұрын

2001 жылы Сара Назарбаева

отырғызған ағаштың жанына

шырша ағашын екті. Сонымен

Сурет senate.parlam.kz сайтынан алынды.

қатар, университетке еліміздегі

ең әдемі ғимараттардың бірі -

Қазақстан Парламенті Сенатының

макетін тарту етті. Сапардан

естелік ретінде Toraighyrov University

ұжымы мәртебелі мейманға

достық шарж сыйлады.

Жастар бастамаларын дамыту

орталығында Сенат Төрағасы

Ұлттық еріктілер желісінің

волонтерлік бастамаларының

көрмесін де тамашалады. Jomart

Jurek республикалық сыйлығының

«Жыл еріктісі» аталымының иегері

Аяжан Құрманова меймандарды

өңіріміздің волонтерлік қызметімен

таныстырды. «28 ілгек» шала

туған балаларға көмек көрсететін

қайырымдылық клубының, «Vita»

іздестіру тобының, Қызыл

жарты ай қоғамының жергілікті

филиалының, «Әлеуметтік-волонтерлік

орталығының», «Павлодар

мейірімділер клубының» жұмыстарына

жекелей тоқталды.

Айта кету керек, өткен жылы

«Мейірімділік керуені» байқауакциясының

қатысушысы «Павлодар

мейірімділер клубы»

Д.Назарбаеваның қолы қойылған

Алғыс хатқа ие болған. Үш жыл

ішінде аталмыш клуб 300-ден

астам түрлі акция ұйымдастырып

үлгерген. Үш жылда облыс

м е к т е п т е р і н т а р т а о т ы р ы п ,

16 тонна пластмассалық қақпақтар

жинап, ауырып жатқан

балалардың еміне жәрдемдесті.

Ал Vita еріктілердің іздестіру тобы

құрамында 50 адам бар. Олар

соңғы жарты жылда 13 адамның

табылып, үйіне оралуына ықпал

еткен. 50 адам волонтерлердің

таратқан ақпаратынан кейін үйіне

қайтқан.

Сенат спикері, облыс әкімі,

облыстық және қалалық мәслихат

депутаттары М.Катаев атындағы

оқушылар сарайында «Жас ұлан»

және «Жас қыран» ұйымдары

қатарына озат оқушыларды

қабылдау салтанатына қатысты.

Олар жас өрендерге көгілдір

галстуктарын тағып, оқуда

сәттілік тіледі. Ал оқушылар

Отанға адал қызмет етуге,

үлкендерді құрметтеуге, табиғатты

аялауға уәде берді. Сонымен

қатар, «Жас ұлан» ұйымының

әнұранын орындады.

- Алдарыңызға мақсат

қойып, оларға қол жеткізуге

тырысыңыздар. Бұл таным жолы

бақыттарыңызға қол жеткізуде

және Отанымыздың гүлденуіне

үлес қосар жемісті болсын.

Дарындарыңыз бен табанды

еңбектеріңіз нағыз көшбасшы

болуға көмектесіп қана қоймай,

ел дамуының кепіліне айналуына

тілектеспін, - деді балаларға

Д.Назарбаева. Бұл күні 50 оқушы

«Жас ұлан», 20 оқушы «Жас

қыран» қатарына алынды.

Өз тілшіміз.

Ереже талабы

тығырыққа тіреді

Ақсудың Евгеньевка ауылындағы «Сергей» шаруа қожалығы ойламаған жерден

опық жеп отыр. Нақтысы, 2017 жылы Украинадан және өз өңірімізден барлығы

330 бас асыл тұқымды ірі қара мал алып, сүтті бағыттағы сиырларды көбейтуді

көздейді. Шаруа жеке қаражатына алған сиырдың әр басына мемлекеттен жалпы

сомасы 52 млн. теңге көлемінде субсидия алады. Енді, соның 18,5 млн. теңгесін

қайтару талап етіліп отыр.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Мұндай мәселе облыстық

тексеру комиссиясының облыстық

ауыл шаруашылығы басқармасында

жүргізген тексерісінен кейін

анықталған. Бұл жөнінде «Атамекен»

өңірлік кәсіпкерлер палатасында

өткен жиында белгілі болды. Яғни,

шаруашылық басшысы Виктор

Рямбов тығырықтан жалғыз өзі

шыға алмайтынын біліп, палатаның

мамандарынан қолдау күтіп отыр.

Палата сарапшыларының айтуынша,

шаруашылық 2017 жылы

асыл тұқымды мал сатып алып,

оған кеткен шығынға мемлекеттен

әр мал басына субсидия алған.

Өтінім беріп, субсидия аларда тиісті

құжатқа қол қойған. Онда шаруа бір

жыл ішінде малдың түгел сақталуын

қамтамасыз ету міндетін мойнына

алады. Өйткені, Ауыл шаруашылығы

министрлігі түзген ережеде бұл талап

міндетті түрде болған. В.Рямбов

алаңсыз мал басын өсіріп, былтыр

тауарлы сүт фермасын ашып, еңбегін

жалғастыра береді. Алайда, мал

болған соң ауырмай тұрмайды.

Сөйтіп, әр басын 900 мың теңгеге

сатып алған 330 сиырының 114-і

түрлі ауруларға шалдығуына байланысты

сойылып, ет өңдеу комбинатына

бір басты 250 мың теңгеден

тапсырған. Бәрін бір уақытта емес,

әртүрлі кезде, яғни, ауруына қарай

союға тура келген. Оны растайтын

тиісті ветеринарлық құжаттары да

шаруаның қолында. Осылайша,

ережеде көрсетілгендей бір жылға

дейін малды түгел сақтау талабын

орындай алмаған. Мұны облыстық

тексеру комиссиясы басқармада

жүргізген аудит кезінде анықтап

отыр.

Шаруаның мәселесіне қатысты

әр органның өз уәжі бар. Мәселен,

ауыл шаруашылығы басқармасының

басшысының орынбасары Марат

Шұғаев субсидия берерде барлық

құжаттары дұрыс әрі мал басы

орнында болғанын алға тартып отыр.

- «Сергей» шаруашылығының

басшысы - өте жауапты азамат.

Өте өкінішті жағдай. Бірақ, тексеру

комиссиясы ұйғарым шығарып, тиісті

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

уақытта мал басы сақталмағандықтан

субсидияға жұмсалған қаржыны

қайтаруды талап етуде. Сондықтан,

шаруашылық басшысына ескерту

хат жібердік. Біздің басқармада

бақылау функциясы жоқ. Яғни,

барып, әр мал басының орнында

тұрғанын тексеруге құқығымыз жоқ, -

дейді М.Шұғаев.

Ал тексеру комиссия мемлекеттік

бағдарламалардың жүзеге асырылуы

бойынша жүргізілген тексеріс кезінде

талап бойынша бір жылға дейін

сақталуы тиіс мал бастарының

жоқтығын базадан анықтағандарын

айтады. Екі арнайы базаны сүзіп

өткен. Сол кезде «Сергей» шаруа

қожалығында 114 бастың болмағаны

белгілі болған.

- Факт бар, талап бұзылған.

Біз көрдік пе, оны жазып, тиісті

шара қолдануымыз керек. Субсидия

беру ережесін Ауыл шаруашылығы

министрлігі түзген. Сол талап

сақталуы тиіс. Сақталмады, демек,

біз мемлекеттің қаржысын қайтаруды

қамтамасыз етуді құзырлы органнан

талап етеміз. Талап ережеде де,

өтінімде де жазылған. Онда шаруа

малды бір жыл бойы сақтауды

міндетіне алатынын растап, қол

қойған, - дейді облыстық тексеру

комиссиясының мүшесі Жанар

Шейхислам.

Комиссия мүшесінің мәлімдеуінше,

мұндай мәселемен «Сергей»

шаруа қожалығы ғана емес,

тағы 58 шаруашылық бетпе-бет

келеді. Өйткені, тексеріс кезінде

ережеге сәйкес облыс бойынша

59 тауар өндіруші мал басын тиісті

мерзім ішінде сақтамаған. Яғни,

субсидияланған 6230 бас асыл

тұқымды мал орнында болмай

шыққан. Оларға да жуырда

басқарма осындай ескерту хат

жолдайды. Сөйтіп, шаруалардан

қазынаға жалпы сомасы 99 млн.

теңгені қайтару талап етілмек. Әр

шаруада әртүрлі сома. Біреуінде

1 млн. теңгеге жетпесе, бірінде

1 миллионнан асады. Ең көбі осы

«Сергей» шаруа қожалығында болып

отыр.

Палата жанындағы кәсіпкерлердің

құқықтарын қорғау және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі

кеңес мүшелері мәселе сотпен қана

шешілетінін алға тартты. Бұл ретте,

өңірлік палата директоры Ербол

Арынов шаруаға жан-жақты көмек

көрсетілетінін атап өтті. Палата

қызметкерлері мемлекеттік қолдау

ауыл шаруашылығын дамытуға жасалатынын,

ал ақсулық кәсіпкердің бұл

бағытта ісінде мін жоқтығын алға

тартып отыр. Яғни, олар субсидия

алған шаруа оны талан-таражға

жібермей, мақсатты жұмсап, тіпті

шаруашылығын кеңейтіп отырғаны

ескерілуі тиіс деп пайымдайды.

Сондай-ақ, кеңес мүшелері

министрлікте ереже түзу кезінде

форс-мажорлық жағдайларды

ескермеулеріне таңданыс танытты.

Мәселені кеңес мүшелері құзырлы

министрлік, «Атамекеннің» бас

кеңсесі арқылы көтеру қажеттігін

атап өтті.

- Жеке қаржыма асыл тұқымды

малдың әр басын 900 мың теңгеге

сатып алып, 250 мың теңгеге

тапсыра салу маған тиімді дейсіздер

ме?! Союға тура келген малдың

орнын бүгінде төлі басып отыр.

Неге министрліктегі мамандар

қателесе алады, ал менің қателесуіме

болмайды?! – деп ашынады шаруа.

Бір қызығы, министрлік қателігін

кеш түсінген бе, әйтеуір, биыл

субсидия берудің жаңа ережесі

жасалған. Онда шаруаға асыл

тұқымды мал басын түгелдей

сақтап қалуды міндеттеу талабы

алынып тасталыпты. Енді заңгерлер

заңның кері күшін негізге алып,

ереже өзгертілгеннен кейін шаруасын

шатқаяқтатпай, керісінше, кеңейткен

кәсіпкерге оң әсерін тигізу жайын

қарастырмақ.

Е.Арынов алпыс шақты шаруаға

қатысты мәселе облыс басшылығы

деңгейінде көтерілетінін мәлім етті.

«Сергей» шаруа қожалығының

құжаттарын құқықтық тұрғыдан

саралап, палата сарапшылары

кәсіпкерге заң аясында толық

қолдау көрсетпек.

ТАҒАЙЫНДАУ

Жаңа басшы таныстырылды

Павлодар облыстық полиция департаментінде - жаңа басшы. ҚР Ішкі істер

министрінің бұйрығымен бұл қызметке Нұрлан Мәсімов тағайындалды.

Министр Ерлан Тұрғымбаев департаменттің жеке құрамына жаңа

басшыны салтанатты түрде таныстырды. Ал полиция генерал-майоры

Амантай Әубәкіров қызметін ҚР ішкі істер министрлігінің Орталық

аппаратында жалғастыратын болады.

Нұрлан Мәсімов 1973 жылы туған. Ішкі істер саласында 1999

жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Басшылық лауазымда жұмыс

тәжірибесі бар. 9 жыл бойы Алматы облыстық полиция департаменті

басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ағымдағы

жылдың мамыр айынан бастап Ішкі істер министрлігінің орталық

аппаратындағы департаменттердің бірін басқарған. Қызмет барысында

әр істе жауапкершілігі жоғары екенін көрсетті.

Сонымен қатар, облыстық полиция департаменті басшысының

тергеу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына полиция полковнигі

Фархат Омаров тағайындалды. Министр басшыларды жаңа қызметімен

құттықтап, бірқатар тапсырма берді.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей,

полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте

өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін

органға айналуы тиіс. Мамандар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз

етіп, құқығын қорғауы қажет. Полиция қызметінің тиімділігі тәртіп

сақшыларының беделіне байланысты болуы керек, - деді Е.Тұрғымбаев.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 5 қараша, сейсенбі, 2019 жыл 3

БАС ТАҚЫРЫП

Ауыл мәдениеті аласармайды

Айтыскер ақын Аян Сейітов «Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді», -

деп жырлаған еді. Бүгінде қазақтықтың қаймағы сақталған, алтын бесік –

ауылды көркейтуде атқарылып жатқан істер аз емес. Солардың бірі - облыстық

мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы қолға алған «Ауыл

клубы 4.0» жобасы. Жаңа жобаның мақсаты мен міндетін білу үшін облыстық

«Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени–сауық қызметі орталығының

басшысы Риза Аяпбергенованы аз-кем әңгімеге тарттық.

- Риза Шайхықызы, «Ауыл

клубы 4.0» жобасының мақсаты

қандай?

- «Ауыл клубы 4.0» жобасы

«Модернизация 4.0», яғни даму

деңгейіне жету, өндірістің дамуы

мен мәдениет саласының дамуын

сәйкестендіру бағытында туындап

отыр. Жобаның негізгі мақсаты -

ауыл клубтары мен мәдениет

үйлерінің жұмысына жаңа серпіліс

беру. Мұнда әр ауыл тұрғынының

мәдениетті дамытуға жауапкершілігін

арттыру және өздігінен бастамашыл

ұсыныстар білдіріп, кез келген іске

белсене қатысуға жағдай жасауды

қамтамасыз ету. Негізі бұл жоба

7 бағыт бойынша іске асырылады.

- Олар қандай бағыттар?

- Ауыл клубтары мен мәдениет

үйлерінің жұмысына жаңа қарқын

беруді мақсат еткен жаңа жобаның

бағыттары әралуандылығымен ерекше.

ФОРУМ

Қазақ тілі қоғам айнасы болуы тиіс!

Еліміз егемендік алғанына ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, мемлекеттік

тіл өз тұғырына қонды деп ауыз толтырып айта алмасымыз анық. Әсіресе,

солтүстік өңірлерде мемлекеттік тіл мәселесі өткір тұр. Себебі, қазақ

тілінің қолданылу аясы әлі де тар. Бұған кім кінәлі? Тығырықтан шығар

жол қандай? Бұл мәселелер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

аймағымызда алғаш рет өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің

форумында талқыланды.

Нұржайна ШОДЫР

Облыс орталығындағы «Достық»

үйінде ұйымдастырылған ауқымды

шараға тіл жанашырлары, филолог

ғалымдар және өңірдің түкпіртүкпіріндегі

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімдері шақырылды.

Форум қатысушылары мемлекеттік

тіл мәртебесін көтеріп, қолданылу

аясын кеңейтуге қатысты өз ойларын

ортаға салып, кездесетін кедергілер

жайын да сөз етті.

Форумда алғаш болып сөз

алған облыстық мәдениет, тілдерді

дамыту және архив ісі басқармасы

басшысының орынбасары Сәуле

Османова тіл тағдыры - ел тағдыры

екенін айтып, мемлекеттік тіл

саясатын жүзеге асыруда қазақ

тілі мамандарының рөлі зор екенін

атап өтті.

- Ел ертеңі – жастар. Өкінішке

қарай, қазіргі жас буын әлеуметтік

желілерде көп отырады. Бір-бірімен

хат-хабар алмасады, сөйлеседі.

Біз олардың тіл қасиетін онша

сезіне бермейтінін байқаймыз.

Тіл грамматикасын сақтамайды. Ал

Атап айтқанда, «Dancing», «Ауыл

туралы кино», «Домбыраны ұлықта»,

«Қолөнер – зор өнер», «Таңғажайып

ауылым» фотокөрмесі, «Ауыл кеші

қызықты», «Мәдениет еріктілері»

бағыттары.

- Осы бағыттардың бірнешеуіне

кеңінен тоқталып

өтсеңіз...

- Әр бағыттың өзіне тән

міндеттері бар. Мысалы, «Dancing»

ауыл тұрғындарының жаппай би

флэшмобына қатысуын, әр көшеден

театрландырылған көрініс қойылып,

ауыл кештерін ұйымдастыруын

және мәдениет үйінің жанынан

би үйірмелерін ашуды көздесе,

«Ауыл туралы кино» бағытында

туған жердің қасиетті жерлерін,

әдемі көріністерін, сол өлкеден

шыққан батырлар туралы бейнефильмдер,

видеоконтент жасау

және презентациялық байқаулар

ұстаздар қауымы мұндай қателікке

жол бермей, кемшін тұстарды

түзетуге ынталы, мүдделі болуы

тиіс. Сонда ғана біз оқушыларды

тіл тазалығын сақтауға үйрете

аламыз. Мемлекеттік тілге деген

шынайы құрмет мектеп қабырғасында

қалыптасуы тиіс, - деді. Бұдан соң

Павлодар мемлекеттік педагогикалық

университетінің профессоры, филология

ғылымдарының докторы Бекен

Сағындықұлы «Ұстаз ұлағаты немесе

рухани тектілік» деген тақырыпта

баяндама жасап, қазіргі қазақ тілі

пәні бағдарламасы мазмұнының

сұйылып бара жатқанын сынға алды.

- Қазақта классикалық білім

беру Ахмет Байтұрсыновтан

басталды. Өзінің аты аталмаса

да, оқытуындағы өзгешелік өткен

ғасырдың аяғына дейін өмір сүрді.

Қазақ білімінде бастауыш бастап,

баяндауыш бақылап тұратын. Қазіргі

білім беру үдерісінде анықтайтын

ештеңе жоқ (анықтауышты айтам),

бәрі Еуропадан толығып келген

(толықтауышты айтам). Пысықтауыш

та - өзінше бір әлем. Бүгінгі балаң

сөйлем мүшелері деген түсініктен

ада болудың алдында. Әдебиет -

ұйымдастыру керек. «Домбыраны

ұлықта» да ұлттық аспаптың қадірін

асқақтатып, әр үйдің төрінен

орын алуына ықпал ету, ауыл

тұрғындарын домбыра ойнауға

қызығушылығын арттыру, мектептегі

домбыра үйірмесін жандандыру және

14-29 жас аралығындағы жастарға

домбыра шертуді үйрету көзделген.

- Жобаға кімдер қатыса

алады?

- Ең бірінші, әр ауданда қанша

ауыл клубы мен мәдениет үйі бар

солардың барлығын қамтуды мақсат

етіп отырмыз. Сонымен қатар, әр

ауылдың адамдарымен жұмыс істеп,

ниет білдірген кез келген тұрғын

қатысуы шарт.

- Жеңімпаздарды қалай

анықтайсыздар?

- Біз мониторинг жасап, барлық

ауылдық клубтар мен мәдениет

үйлерін бақылап отырамыз. Қазіргі

ардың ісі дейтінбіз. Біздің ұрпақ пен

бізден бір-екі ұрпақ бұрынғылар ақынжазушының

түр-түсін түстемей-ақ,

оны оқыған шығармасы арқылы

танитын. Қой баққан шопаның мен

темір тепкен тентегіңнің (тракторшыны

айтып отырмын) қолтығында

жүретін көркем шығармалар қазіргі

уақытта кітапхана сөресінен ысырылып

жатыр. Ескіріп қалыпты дейді есі

кеткендер. Есі кіргендер интернеттен

смартфонын алып, әлеуметтік

желілердегі таралымдардың құлы

болып отыр. Құлдық құрылғылар

құртып бара жатқаны анық, - деді

Бекен Сағындықұлы. Сондай-ақ,

ол қазіргі жаңартылған білім беру

жүйесіндегі соңғы талаптар қазақ

тілі ғылымының дамуына тұсау

болып, қолданылу аясын шектеп

отырғанын да сөз етті.

- Жаңартылған жаңа оқулықтар

қазақ тілі грамматикасы мен

әдеби көркем шығармалар желісін

мазмұны мен мәтініне көптеп

кіргізуді ар санапты. Тек қазақ тілі

оқулығынан тарихты, жаратылысты

әрі эстетикалық мәнді мәтінді оқи

отырып, қай пәннің мұғалімі екеніңе

есеп бере алмайтын жағдайда

жүрген әріптес шәкірттерімізге қандай

жұбату айтарымызды білмей біз

далмыз. Таңғалатын нәрсе ме?

Осынша білімнің бәсі неге төмендеп

кетті. Қазақ тілі мен әдебиеті

сабағының сағат саны қысқарды.

Бір жыл көлеміне артылатын Абай

дәрісі бір аптаға жетпей түгесілетін

болды. «Абай жолын» оқы деп айту

былай тұрсын, бір өлеңін жаттатудың

өзі мұң болды. Себебі мемстандарт

солай сөйлейді, өкінішті! -

деген қынжылысын да айтты.

Тіл жанашырлары бас қосқан

шара барысында Ертіс-Баян өңіріндегі

алғашқы қазақ тілі мен әдебиеті

кафедрасының 30 жылдығы да аталып

өтті. Осы жылдар арасында аталмыш

кафедрадан білім алып, бүгінде

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

маманы атанған ұстаздар қауымы

таңда осыған орай арнайы кесте

құрылды. Осы кесте бойынша біз

атқарушы ұйымдардан фото, видео

есептерін алып, жыл бойы анализ

жасап, соңында қорытындысын

жасайтын боламыз. Қызықты жоба

ұсынған ауылдық клубтарға арнайы

барып, өзіміз көретін боламыз.

- Жоба қашан іске асады?

- Бұл 2020 жылы қаңтарда

басталып, жылдың соңына дейін

жүргізілетін болады.

Сұхбаттасқан – Қарлығаш

ХАШЫМҚЫЗЫ.

кафедраның ашылуына ұйытқы

болған алғашқы меңгерушісі Ермек

Өтебаевты бір минут үнсіздікпен

еске алды.

Алқалы жиында түрлі ұлт өкілдері

өмір сүріп жатқан өңірімізде

өзгенің балаларына мемлекеттік

тілді үйрету мәселесі де сөз болды.

Бұл жөнінде баяндама жасаған

Toraighyrov University қазақ тілі

кафедрасының меңгерушісі, филология

ғылымдарының кандидаты,

профессор Айман Зейнуллина өзге

ұлт өкілдері мен өз тілін білмейтін

қандастарымызға мемлекеттік тілді

оқытудың әдіс-тәсілдерін айтып,

өз тәжірибесімен бөлісті.

- Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда

оқыту өте қиын болады.

Десе де, осы бағытта жүргізіліп

жатқан жұмыстардың нәтижесінде

шала қазақтарымыз шүлдірлесе де

қазақша түсініп, жаза білетін жағдайға

жетті. Тіпті, түк түсінбейтін, жүрегіне

жақындатпайтын өзге тілді ұлттар

да амандасудан бастап, ары қарай

ауызекі тілде тәп-тәуір сөйлей алатын

деңгейге көтерілді. Тілге қатысты

өткен республикалық олимпиадаларда

осы шәкірттеріміз топ жарып

жүр. Бұл - тіл мамандарының еңбегінің

жемісі. Мемлекеттік тілдің

қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған

шаралар мұнымен тоқтамауы

тиіс, - деді Айман Файзоллақызы.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық

университетінің қазақ

тілі және әдебиеті кафедрасының

профессоры Ырысгүл Шақаман

Хабарландыру

2019 жылдың 8 қарашасында

сағат 10.00-де

(Павлодар қаласы, Ак.

Сәтбаев көшесі, 49-үй,

облыс әкімдігінің үлкен

мәжіліс залы) VІ сайланған

облыстық мәслихаттың

ХХV кезектен тыс сессиясы

шақырылады.

Сессияның қарауына келесі

мәселелер шығарылады:

1. Облыстық мәслихаттың

2018 жылғы 13 желтоқсандағы

«2019-2021 жылдарға арналған

облыстық бюджет туралы»

№288/26 шешіміне өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы.

2. ҚР агроөнеркәсіптік кешенін

дамытудың 2017-2021 жылдарға

арналған мемлекеттік

бағдарламасын жүзеге асыру

барысы туралы.

3. Халықтың денсаулығы

үшін экологиялық тәуекелфакторлары

және қоршаған

ортаның аймақтың тіршілік

етуіне әсерімен байланысты

қауіп-қатерді азайту бойынша

шаралар туралы және т.б.

Облыстық мәслихат

а п п а р а т ы н ы ң б а с ш ы с ы

А.МАРДАНОВА.

бүгінгі форум қазақ тілі мамандарының

өз істеріне есеп беріп, қай

бағытта жұмыс істеу керектігін

түсінулеріне ықпал ететінін атап өтті.

- Жасыратыны жоқ, біздің өңірде

түрлі ұлт өкілдері тұратындықтан,

туған тіліміздің көлеңкеде қалып

қойып жататын жайы бар. Сондықтан

мемлекеттік тілдің қолданылу аясын

дамытып отыру қажет. Ол үшін

ұстаздардың үлесі зор. Жалпы,

мемлекеттік тілді меңгеру жағынан

білім беру жүйесінде қойылған

талаптар мен стандартқа түскен

форма бойынша облысымыз алдыңғы

қатарда. Бірақ ішкі мазмұндық

жүйесі жағынан артта қалушылық

бар. Яғни, салиқалы тіл мәдениеті,

қоғамдық ортада тарату, кеңес жүргізу

тұрғысынан алғанда мемлекеттік

тілдің деңгейі әлі де төмен. Осындай

шаралар бұл олқылықтың орнын

толтыруға септігін тигізеді, - дейді

Ырысгүл Шақаман.

Форум соңында қатысушылар

мемлекеттік тілдің қолдану аясын

кеңейту мәселесіне қатысты өз

ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Сондай-ақ, тіл саясатын жүргізуге

байланысты қоғамдық жұмыстарға

белсене қатысқан бір топ тіл маманы

Алғыс хаттармен марапатталып,

бағалы сыйлықтарға ие болды.

Шара соңы Павлодар мемлекеттік

педагогикалық университетінде

өңіріміздегі алғашқы қазақ кафедрасының

30 жылдығына арналған

панельдік сессиямен жалғасын

тапты.

Суреттер мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасынан алынды.

4 5 қараша, сейсенбі, 2019 жыл ТҮЙТКІЛ

SARYARQA SAMALY

КӘСІПКЕРЛІК

Алаңсыз аялдай аламыз ба?

Бұған дейін облыс аумағында жол бойы сервисі саласы кенжелеп келгені

жасырын емес. Сапарға шыққандарға сапалы қызмет көрсететін орындар

саны некен-саяқ. Тіпті, олардың кейбірі талапқа сай келмей, жүргізушілер

мен жолаушылардың сынына жиі ұшырайды. Осы олқылықтардың орнын

толтырып, жағдайды ретке келтіру үшін келесі жылдан бастап аймағымызда

жол бойы сервисін дамытудың өңірлік бағдарламасы жүзеге асады. Бұл

бағдарлама қазіргі жағдайды жақсартуға қалай әсер етеді? Жалпы, облыс

аумағындағы жолдар бойындағы қызметтің бүгінгі ахуалы қандай?

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Талапты

сақтамаса...

Ауыл мен ауылды, қала мен

қаланы жалғайтын жол бойында

жанар-жағармай бекеті мен көлік

жөндеу орнын, дәмхана мен қонақ

үйді, тіпті жылы дәретхананы жиі

кездестіру екіталай. Бұл жағдай

жолаушыларға қолайсыздық

тудырмай қоймайды.

- Биыл ақпан айында қақаған

суықта отбасылық жағдайға байланысты

Ертіс ауданына жеңіл көлікпен

жолға шықтық. Ақтоғай ауданының

шекарасынан өте берген кезде

дөңгелек жарылып, тоқтап қалдық.

Жақын маңда дөңгелек ауыстыратын

бірде-бір орын жоқ. Абырой

болғанда, өзге жүргізушілердің

бірі тоқтап, қол ұшын созды.

Әйтпегенде сақылдаған сары аязда

үсіп қалар ма едік, кім білсін?!

Осындай жағдайлардың алдын

алу үшін тым құрығанда 30-50

шақырым сайын көлік жөндеу,

жанармай құю, тамақтану орындары

жұмыс істесе жақсы болар

еді, - дейді Павлодар қаласының

тұрғыны Дәулет Сансызбаев.

Облыс орталығының тағы

бір тұрғыны – Азамат Омаров

жұмыс бабымен елордаға жиі

қатынайды. «Сондықтан, жол

бойындағы сервистің жағдайын

жақсы білемін» дейді.

- Кейде аптасына бірнеше рет

Нұр-Сұлтан қаласына барамын.

Сол кезде Қалқаман, Шідерті,

Ерейментаудың қасында тоқтап,

тамақтанамын, жанармай құямын.

Осы орайда біздің облыстағы екі

бірдей сервистің айырмашылығы жер

мен көктей екенін айтқым келеді.

Биыл Екібастұз қаласына қарасты

Шідертіде жаңа кешен салынып,

жүргізушілерге қолайлы жағдай

жасалды. Не керектің бәрі бар. Ал

Ақсу қаласының аумағына кіретін

Қалқаман кентінің жанындағы қызмет

көрсету орындарындағы жағдай

бөлек. Әрине, жақсы дәмханалар

мен жанармай бекеттері жұмыс

істейді, бірақ бәрінің бірдей сапасы

жоғары деуге келмейді. Мәселен,

бір станциядағы жанармай көлемін

есептеуіш құрылғылар кеңестік

дәуірден қалған сияқты. Әбден

тозығы жетіп, ескірген. Кейде

істен шығатыны тағы бар. Жылы

дәретхана да жоқ. Осындай жайтты

бірнеше рет көрген соң аталмыш

жанармай құю орнынан айналып

өтетін болдым, - деді ол.

Кейін белгілі болғандай, тұрғын

айтып отырған жанармай бекеті

Ақсу қалалық мәслихатының

депутаты, кәсіпкер Қанапия

Әліповке тиесілі екен. Оның Ақсу

қаласындағы тағы бір жанармай

бекетінің жағдайы сын көтермейтін

көрінеді. Бұл мәселеге қатысты

кәсіпкердің айтар уәжін білмек

болып өзіне хабарласқанымызда

тілдесу мүмкін болмады.

Айтпақшы, жылы дәретханалар

мәселесіне ерекше тоқталмасқа

болмайды. Ұлттық стандартқа

сәйкес, жол бойында қызмет

көрсететін нысандарда жылы

дәретханалар болуы тиіс. Бірақ

бұл талапты кәсіпкерлердің барлығы

бірдей ескере бермейді. Айталық,

Ақсу қаласының аумағындағы 17

қызмет көрсету орнының жетеуінде

ғана жылы дәретхана бар. Тағы

екеуі жөндеу жұмыстарының

жүргізілуіне байланысты ісін

уақытша тоқтатса, сегізінде

тиісті жұмыстар атқарылуда.

Жергілікті билік өкілдері апта

сайын кәсіпкерлермен кездесіп,

жол бойы сервисіне арнайы барып,

жолаушыларға жақсы жағдай жасау

қажеттігін үнемі ескертеді. Ал оған

құлақ аспаса, сотқа жүгінуден

басқа амал қалмайды.

Осы орайда «ҚазАвтоЖол»

Ұлттық компаниясы Павлодар

облыстық филилалының директоры

Ақылбек Қабылдиннің талапты

орындамайтын кәсіпкерлердің

нысандарына барар жолды жауып

тастау керек деген пікірі ойға

оралады.

- Бізге тұрғындар тарапынан

«жылы дәретхана жоқ», «жылы

дәретханаға кіргізбейді» деген

арыздар жиі түседі. Мәселен, жол

бойындағы жанар-жағармай құю

бекетін алайық. Олардың басым

бөлігінде жылы дәретхана жоқ.

Ал оның болуы міндетті. Ұлттық

стандартқа бағынбайтын осындай

кәсіпкерлерге қатысты шара

қолданатын кез келді. Мәселен,

нысанға бұрылатын жолды жауып

тастаса, клиенттен қағылған бизнес

өкілдерінің талапты орындауына

тура келеді, – деген болатын

жиындардың бірінде облыстық

филиалдың директоры.

Ақсудың ісі

көш ілгері

Жол бойы сервисіндегі

осы сынды олқылықтарды,

тұрғындардың өтініш-тілектерін

ескеріп, жергілікті билік іске

мықтап кірісті. Кәсіпкерлермен

кездесіп, инвесторлар іздеп, осы

бағыттағы шағын және орта бизнес

нысандарының санын көбейтудің

амалдарын жасауда. Мәселен,

биыл облыс аумағында жыл

басынан бері 5 жол бойы сервисі

нысаны өз жұмысын бастады.

Облыстық кәсіпкерлік және сауда

басқармасының мәліметіне сүйенсек,

бүгінгі күні республикалық жолдың

бойында 140, облысішілік жолда

24 нысан орналасқан.

Бұл ретте басқарма өкілдері Ақсу

қаласының аумағында жол бойы

сервисіне жан біткенін атап өтті.

Иә, жұмыс істеп тұрған бірді-екілі

жанармай бекетіне қатысты көңіл

толмаушылық болғанымен, тұтас

алғанда қала мен оған қарасты

ауылдық аймақтарда істің алға

басқанын байқауға болады. Соның

дәлелі - соңғы үш жыл уақыт

аралығында бірде-бір жол бойы

сервисі салынбаған Ақсу қаласының

аумағында биыл сең қозғалып,

жұмыс қайта жанданды. Осы

жылдың өзінде жол бойындағы

төрт бірдей жаңа нысан пайдалануға

берілмек. Олардың бірі – қонақ үй

мен мейрамхана кешені. Жобаны

қолға алған «ПСУ-2» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігінің директоры

Азамат Ароновтың айтуынша,

жаңа бағыттағы кәсіпті

ашуға мемлекет тарапынан зор

қолдау көрсетілді.

- Біздің компания негізінен

құрылыс жұмыстарымен айналысады.

Бұған дейін облыс көлемінде

түрлі ғимарат салдық. Олардың

қатарында жол бойы сервисінің

нысандары да бар. Бұл бағыттағы

жұмыстың болашағы зор екенін

байқап, осы салада кәсіп бастауды

ұйғардым. Сөйтіп, «Бизнестің жол

картасы – 2020» мемлекеттік

бағдарламасы бойынша 40 млн.

теңге несие алдым. Аймақ басшысы

Болат Жұмабекұлы құрылыс

барысын арнайы келіп көріп,

қолдау білдіретінін айтты. Оған

қоса, таяуда облыстық мәслихат

депутаттары мемлекеттік қазынадан

инженерлік-коммуникациялық

желілерді тартуға 34,8 млн. теңге

беру туралы ұсынысты мақұлдады.

Жобаның жалпы құны – 105 млн.

теңге, - дейді А.Аронов.

Мамыр айында басталған

құрылыс жұмыстары аяқталуға

таяу. Бүгінде инфрақұрылым

толық тартылып, негізгі жұмыстар

жасалды. Енді ішкі әрлеу мен

сыртқы қаптау ісі қалды. Тиісті

жұмыстарды бір айдан астам уақыт

аралығында атқарып, желтоқсан

айында 80 орындық дәмхана мен

11 адамға арналған қонақ үйді

ел игілігіне беру жоспарланып

отыр. Осылайша, жаңа жол бойы

сервисі нысанының іске қосылуы

Ақсудағы бизнестің, қызмет

көрсету саласының дамуына үлес

қосып қана қоймай, 5 тұрғынның

жұмысқа орналасуына мүмкіндік

жасалады. Одан бөлек, биыл

Ақсуда екі дәмхана, дөңгелек

жөндеу, жанар-жағармай бекеті

пайдалануға беріледі.

Келесі жылы

кеңейеді

Келесі жылы да Ақсу қаласының

аумағында ірі жобалар жүзеге

асады. Олардың қатарында «Нұрлы

жол» көпірінің жанындағы Қарабай

ауылы қасында қолданысқа берілетін

ірі кешен ерекше атап өтуге

тұрарлық. Былтыр «KazAsiaInvest»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ірі кешеннің құрылысын бастады.

Мұнда қонақ үй, дәмхана, минимаркет,

жанар-жағармай бекеті,

дәріхана, автокөлік жуу орны,

монша ашылады. Яғни, Ұлттық

стандарттағы ең жоғары «А» категориясына

сай келетін сервис

болмақ.

Жолаушылар легі көп Қалқаман

кентінде де жаңа қызмет көрсету

орындары тұрғындарды қабылдайды.

Мақсат Тоқпанов есімді кәсіпкер

дәмхана, қонақ үй, жанармай бекеті

мен дүкенді біріктіретін кешен

салмақ. «Азалия» дәмханасының

басшысы Назигүл Сәдуақасова

осы тамақтану орнының қасынан

екі қабатты кешен тұрғызып,

жүргізушілер мен жолаушыларға

қазіргіден де қолайлы жағдай

жасауды ойластырып отыр. Сол

жолдың бойындағы Төртқұдық

ауылының қасында «ҚазАвтоЖол»

Ұлттық компаниясы екі модуль орнатады.

Оған ас ішетін орын, азықтүлік

дүкені және жылы дәретхана

кіреді. Сонымен қатар, Қарабай

және Евгеньевка ауылдарының

маңында тұрғындардың аялдап,

тамақтануына арналған заманауи

қызмет көрсету орындарын ашу

жоспарда бар. Бұл ретте Ақсу

қаласы әкімінің орынбасары

Мақсат Қонақбаев инвесторларға

әрдайым қолдау жасалатынын

атап өтті.

- Ақсу қаласы мен ауылдық

аймағында кәсіп ашуға ниетті

азаматтарға жан-жақты көмек

көрсетуге әзірміз. Мемлекеттік

бағдарламалар арқылы жеңілдетілген

несиелер алу мүмкіндігі де бар.

Біздің өңірден өтетін республикалық,

облыстық маңыздағы жолдардың

барын ескерсек, жол бойы сервисі

– табысты іс. Сондықтан облыс

тұрғындарын жүргізушілер мен

жолаушыларға қызмет көрсететін

орындар ашып, кәсіпті кеңейтуге

шақырамыз, - дейді М.Қонақбаев.

Тұтас өңір көлемінде бұл

бағыттағы жұмыстарды ілгерілету

мақсатында Павлодар облысында

жол бойы сервисін дамытудың

2020-2022 жылдарға арналған

өңірлік бағдарламасы әзірленуде.

- Облыстағы жолдардың

аумағындағы кәсіпкерлік нысандарының

бүгінгі жағдайы мен

тұрғындардың талап-тілектерін

саралай келе, жаңа бағдарлама

дайындауды қолға алдық. Соның

аясында жұмыс істеп тұрған

нысандарды Ұлттық стандартқа

сәйкестендіру, кәсіпкерлерді

қаржылай қолдау, инвесторларды

іздеу, жергілікті билік

пен бизнес өкілдері арасындағы

байланысты нығайту шаралары

қамтылады. Бұл бағдарламаға

кез келген адам қатыса алады.

Сол арқылы бәсекелестік орта

қалыптасып, сервис ісі оң бағытқа

өзгереріне сенім мол, - дейді

облыстық кәсіпкерлік және сауда

басқармасының басшысы Жайық

Хасанов.

С

Түйін:

Ақсу қаласының кіре-берісінде салынып жатқан кешен.

Жол – негізгі күретамыр. Оның бойында қызмет көрсету

орындары ашылса, жергілікті тұрғындарға да, кәсіпкерге де,

жолаушыларға да тиімді болады. Яғни, жаңа жұмыс орындары

құрылады, сапалы қызмет көрсетіледі, табыс пен салық

түседі. Тек ол үшін көненің көзіндей көретін ескі құрылғылардан

арылып, қазір жұмыс істеп тұрған сервисті одан әрі дамытып,

тұтынушылардың талабына сай жаңа нысандар ашу керек.

SARYARQA SAMALY

КҮРЕТАМЫР 5 қараша, сейсенбі, 2019 жыл 5

«Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен

әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл

өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыс-тыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да,

тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады».

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатынан.

Жұмыла көтерген

жүк жеңіл

Ұлттық тіл ұлттың

ар-намысы болғандықтан,

мемлекеттік тілдің

тағдыры қашанда бірінші

орында тұруға тиіс. Бұл –

кез келген басшының да,

тіл жанашырларының да

үнемі айтып жүрген сөзі.

Осы бір қағида біздің өңірде

іс жүзінде бұлжытпай орындалуда

ма?

Көзбен не көріп жүрміз, құлақпен не

естіп жүрміз? Тіліміздің қадірін қашырмаудың

жолдары қандай? Міне, біз осы мәселелер

төңірегіндегі ойымызды ортаға салып,

газет оқырмандарын да ашық пікір

алмасуға шақырғалы отырмыз. Өңірдегі

тіліміз, басқа салаларды айтпағанның

өзінде, тірлігіміздің басты-басты бөлігінде

сұраныстан тыс қалып келеді. Бұған

келтірер мысалдар жеткілікті. Отбасында

ата-аналар мен ата-әжелер балаларымен,

немере-шөберелерімен орыс тілінде тіл

қатысады. Қазақ мектептерінің оқушылары

да орыстанып барады. Көптеген мекемелер

мен ұйымдарда қазақтар бір-бірімен

орыс тілінде сөйлесуге құмар.

Тіліміз жолаушылар таситын көлікте,

екінің бірі баратын халыққа қызмет көрсету

орталықтарында тиісті деңгейде қолданылмай

келеді. Бұл жерлерде, өзге ұлт өкілдерін

айтпағанның өзінде, өзіміздің үлкенді-кішілі

қаракөздеріміздің қазақ тіліне - деген

көзқарастары таңғалдырады.

– Қарағым-ау, мына қоғамдық көлікке

мінгендерге айтарыңды неге қазақша

айтпайсың, тіліміз – елімізде мемлекеттік

тіл ғой десең, автобус кондукторының

айтары:

– Ата, орысша сөйлеп жатқан жалғыз

біз бе, басқалар да осы тілде сөйлеп

жатқан жоқ па? – деп, тіл мәртебесінен

хабарының жоқтығын бірден байқатады.

Осындай әңгімелерден кейін бізді

ойландыратыны: осы жолаушылар көлігінің

жұмысына жауапты мекеменің басшысы

Қазақстан Республикасының Конституциясынан,

елдегі Тіл Заңынан бейхабар

болғаны ма? Тіпті де бұлай болуы мүмкін

емес, өйткені осындай сұранысқа ие сала

басшысын тиісінше аудан, қала, облыс

әкімдері тағайындайды емес пе? Ол

басшының есебі түрлі жиын-отырыстарда

ауық-ауық тыңдалып та отырылады. Онда

тіл мәселесі де сөз болмай қалмайды.

Әрине, сөз болады, бірақ оған басшы

немқұрайды қараған жағдайда жоғарыда

баяндалғандай елеулі кемшіліктерге

жол беріледі. Басшы мұндай мәселеде

жауапкершілік сезінбесе, оң нәтиже қайдан

болсын. Сонда билік басындағылардың да

бұған көзжұмбайлыққа барғандары ма?

Тиісті мән берілсе, автобус пен трамвай

кондукторларын қазақша сөйлетуде еш

қиындық жоқ. Олар мына сияқты тілдесу

амалдарын меңгерсе болғаны:

Абай болыңыздар, есіктер жабылады –

Будьте осторожны, двери закрываются.

Автобус/трамвай жолақысы

40 теңге – Проезд в автобусе/трамвае

стоит 40 тенге.

Жолақысын төлеңіздер – Прошу оплатить

проезд.

Өткізіп жіберіңізші – Пожалуйста,

дайте пройти.

Кірушілер, артқа өтіңіздер – Вошедшие,

пройдите назад.

Кірушілер, алға қарай жылжыңыздар –

Вошедшие, пройдите вперед.

Жолақысын тағы кім төлеген жоқ? –

Еще кто не оплатил проезд?

Жасы үлкен адамдарға орын

беріңіздер – Уступайте место людям

пожилого возраста .

Балалы жолаушыларға орын беріңіздер –

Уступайте место пассажирам с детьми.

Мүгедектерге орын беріңіздер –Уступайте

место инвалидам.

Жеңілдікпен жүру құжатын ашық күйінде

көрсетіңіздер – Покажите льготный

проездной документ в развернутом виде.

Бұл – «Педуниверситет» аялдамасы –

Это – остановка «Педуниверситет».

Келесі аялдама – «Музыка колледжі» -

Следующая остановка – «Музыкальный

колледж».

Сіз келесі аялдамадан түсесіз – Вы

выходите на следующей остановке

Ақырғы аялдама – Конечная остановка.

Мұндай сөз тіркестері мен қарапайым

сөйлемдерді әр мекемедегі мемлекеттік

тіл жөніндегі маман құрастыра да,

кондукторларға үйрете де алады. Тек

мекеме басшысының бұған қатаң талабы

болса болғаны.

Осы тәріздес жағдайды халыққа қызмет

көрсету орталықтары қызметкерлері

ішінен де кездестіріп жүрміз. Әсіресе

жекелеген құжаттардың қазақ тіліндегі

үлгілерін сұрай қалсаңыз, қабақ шытып:

– Ағатай, Сіз де орыс тілін бір кісідей

білетін шығарсыз. Бұл құжаттың қазақша

үлгісі бітіп қалып еді, орысша үлгісін

алыңызшы, – деп, сылтау айтатындар

да, сондай-ақ:

– Ағатай, мен орыс тілді едім. Сіздің

мына қазақ тіліндегі өтінішіңізді түсінбей-ақ

тұрмын, сондықтан мұны орыс тілінде

жазып беріңізші, – деп өтінетін мамандар

да бар.

Қысқасы, енді мемлекеттік тіл дегенде

түрлі сылтауларды айтпайтын, өздеріне

міндеттелген іспен саналы түрде айналысатын

қызметкерлерді тәрбиелеуіміз

керек болып тұр. Ол үшін оларды оқыту

да, олардың жауапкершіліктерін арттыру

да күн тәртібіне қойылғаны жөн. Мұны әр

мекеме басшысы өзінің тікелей парызы

санауы тиіс. Сонда ғана көздеген мақсатка

қол жеткізуге болады.

Ұлттық тіл – ұлттың болашағы.

Қазақстанның болашағы – мемлекеттік

тілінде. Тіліміз отыз жыл бойы сергелдеңді

аз кешкен жоқ. Оны өз тұғырына қондыруға

«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып»

күш жұмсамасақ, болмайтын түрі бар.

Қалайша десек, біздіңше:

1. Ең бастысы мекеме, ұйым және

кәсіпорын басшыларының Тіл Заңы талаптарына

сай жауапкершіліктерін арттыру

арқылы. Осы мақсатта сала басшыларының,

зиялы қауым өкілдерінің, қоғамдық

Сурет ғаламтордан алынды.

бірлестіктер мен ұйымдар жетекшілерінің

қатысуларымен бір облыстық алқалы жиын

өткізілсе, онда қабылданған ұсыныстар

мекемелер мен ұйымдарға жолданса,

ортақ шаруамыздың алға жылжуына

септігін тигізер еді.

Мәселе осы жиынды жан-жақты ойластырып,

оның тағылымдық, әсерлілік

жағына үлкен мән беріп өткізуде. Оған

қатысушыларға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың

туған тіл туралы әр жылдары айтқан

қанатты сөздерінің түпкі мағыналарын

жеткізсек, бүгінде қалғып жүргендерді

жаңаша ойға шомдырар ма едік.

2. Жер-жерде әр сала мамандарының

біліктілігін жетілдіру жөнінде семинарлар,

үстел басында пікір алмасулар

ұйымдастырудың берері аз болмайтыны

белгілі. Айталық, мектептердегі атааналар

кеңесі төрағалары, балабақша

меңгерушілері, қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімдері, кітапханашылар,

қоғамдық ұйымдар жетекшілері

және тағы басқалар жеке-жеке бас

қосып, мемлекеттік тіл мәселесіндегі

қалыптасқан оң тәжірибені бір-біріне

ұсынып жатар болса, онда ана тілімізге

деген бетбұрысты елеулі түрде байқаған

болар едік.

3. Бұл маңызды шаруаға зиялы

қауым мен ата-аналарды, ата-әжелерді

кеңінен тартқаннан ұтпасақ, ұтылмаймыз.

Өмірлік тәжірибесі мол бұл адамдар

балабақшаларда, білім ордаларында ұлттық

құндылықтар жөнінде тәрбие сағаттарын

өткізіп, ата-аналардың жалпы жиналыстарына

қатысса, онда ұлттық педагогика негізінде

мәселелер көтеріліп жатса, артықтық етпесе

керек.

Мұндай оң бастаманы «Ақсақалдар

тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері

қолға ала бастады. Олар өткен оқу жылында

оқушылармен және студент жастармен

«Қазақ халқының ұлттық құндылықтары»,

«Қазақ жүректі жастар қандай болулары

керек?» және «Біз қандай кітап оқып

жүрміз?» деген тақырыптарға он шақты

мектепте тартымды да әсерлі тәрбие

сағаттарын өткізді.

Қорыта айтқанда, тіліміздің қолданылуы

мен насихатталуы – мемлекеттік мәні

бар мәселе. Бұл мәселеге басшы бол,

қосшы бол, қатардағы азамат бол, салғырт

қарауға болмайды. Бұл жұмысты бүгінгі

уақыт талабына сай жүргізуге тиістіміз.

Мемлекеттік тілді үйретуде, осы тілде

сөйлеуді, жазуды әр мекеме мен ұйымда

талап етуде билік басындағылар, үлкендікішіміз

болып ортақ қимыл жасасақ,

бітпейтін іс жоқ демекпіз. Олай болса,

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев

айтқандай, жұмыла жұмыс жүргізейік,

ағайын!

Ульян МАҚҰЛ,

Павлодар қаласы.

ҚЫС -2019

Әзірлік

мығым

Павлодар облысында

«Қыс-2019» республикалық

командалықштабтық

оқу-жаттығуы

өтті. Дәстүрге айналған

ауқымды шарада төтенше

жағдайлар қызметі

мамандарының дайындығы

мен материалдықтехникалық

жабдықталуы

тексерілді.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Командалық-штабтық оқу-жаттығу кезінде

Павлодар-Омбы бағыты бойынша жолға

шыққан жолаушыларға көмек көрсетілді.

Оқиға желісіне сүйенетін болсақ, автобус жол

жиегінде тоқтап тұрған тракторға соғылады.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 4 адам

зардап шегеді. Көліктен шыға алған жолаушылар

түрлі бағытқа бет алған. Павлодар

ауылына қарай жаяу жүрген адамдар жолда

адасып, елді мекенге жете алмаған. Мамандар

жедел іздестіру шарасы нәтижесінде оларды

оқиға орнынан 4 шақырым жерден тауып

алды. Олар жылыту пунктіне жеткізіліп,

медициналық көмек алды.

Павлодар қалалық төтенше жағдайлар

басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық

қорғау полковнигі Қ.Бертібаев қыста қызмет

көрсететін техника мен қызметкерлердің дайындығына

баға берді. Оның сөзінше, командалық

оқу-жаттығу барысында ішкі істер басқармасы,

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары және

денсаулық сақтау басқармасының мамандары

өз міндеттерін мүлтіксіз орындады. Ауа

райының суығына қарамастан, жедел әрекет

етті. Бұл мамандардың қыс мезгіліне әзірлігін

көрсетеді.

Мүмкіндікті

мүлт

жібермеген

Мемлекеттік

бағдарламалардың

жемісін көріп

отырғандардың

қатарында

Тереңкөл ауданы

Байқоныс

ауылының

тұрғыны Серік

Хамитов та бар.

Ол ата кәсіпті дамытуды қолға алған. 2018

жылы «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты -

«Бастау» бойынша арнайы курстан өтіп,

240 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант

ұтып алады. Бұл қаржыға сиыр сауатын құрылғы

сатып алған. Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама

арқылы төмен пайызбен 2 миллион теңге

несие рәсімдеген. Бүгінде кәсіпкер етті және

сүтті бағытта мал өсіріп, балаларын еңбекке

баулуда.

- Жұбайым екеуіміз 9 бала өсіріп отырмыз.

Ұл-қызымызды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке

тәрбиелеу - міндетіміз. «Көз қорқақ, қол батыр»

демекші, отбасыммен ақылдаса келе, тәуекелге

бел будым. «Еңбек» бағдарламасының мүмкіндігін

пайдаландым. Қазір жемісін көріп отырмын.

Бүгінде төрт түліктің қысқы азығы, қорасы дайын.

Ауылымыз - ірі қара өсіруге қолайлы мекен. Мал

басын асылдандырып, санын көбейткім келеді, -

дейді кәсіпкер.

Серік Хамитов мемлекеттік бағдарлама

жұмыссыз отырғандарға зор мүмкіндік екенін

айтады. Сондықтан ауыл тұрғындары «Еңбек»

бағдарламасының талаптарымен танысып,

бақтарын сынап көруі керек.

6 5 қараша, сейсенбі, 2019 жыл ХАТҚОРЖЫН

SARYARQA SAMALY

МЕДИЦИНА

Биіктен-биікке

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар

облыстық қазақ музыка-драма театры

Ақтау қаласында өткен I халықаралық

«Әбіш әлемі» фестивалінде топ жарды

дегенді естігенде ерекше қуандым.

Әлемнің 7 мемлекеті мен Қазақстанның

3 өнер ұжымы қатысқан бәсекеде

үздік өнер көрсету - кез келгенге

бұйыра бермес бақыт.

Театрдың бас режиссері Әділет Ақанов ұсынған

«Король Лир» моноспектаклі қазылар алқасының

сынынан сүрінбей өтіп, лайықты баға алғаны -

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген

қайраткері, көрермен көзайымы бола білген

менің сүйікті әртісім Бейбіт Шәнімнің толымды

табысы дер едім.

«Король Лирді сахналау - арманым», - деген

еді Б.Шәнім ертеректе бір кездескенімде.

Иә, бұл қай әртістің болса да қол жетпейтін

арманы екені рас. Б.Шәнім «Король Лирдің» толық

нұсқасын да сәтті шығарғаны көрермендердің

есінде болар. Содан бері қаншама уақыт өтсе

де Бейбіт бауырым осы күрделі образды әбден

меңгеріп, басқа қырынан сомдап шығуы бұған

дәлел.

Бұл - тұтас өнер ұжымына берілген лайықты

марапат деп білемін. Қазір театр құрамына

жастардың көбірек қабылдануы оларға бұрынғыдан

да жауапты әрі салмақты жүк артары анық.

Театр ұжымының биіктен-биікке құлаш ұра беруіне

тілекшімін.

Социал ӘЙТЕНОВ,

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ҚБ

облыстық филиалының төрағасы,

Қазақстанның Құрметті журналисі.

Келешек үшін

Кекілбаевты оқы!

Өзінің өткен өмір жолымен, артында

қалдырған бай мұрасымен дараланатын

тұлғалар біздің елде көп. Соның

бірі әрі бірегейі - Қазақстанның Халық

жазушысы, көрнекті мемлекет және

қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев.

Оқырман қауымға «Бір шөкім бұлт», «Дала балладалары»,

«Дәуірмен бетпе-бет», «Шыңырау» атты

туындыларымен кең танылған жазушы шығармалары

өзгелерге ұқамайды. Оның «Үркер», «Елең–алаң»,

«Аңыздың ақыры» романдары да оқырман қауымнан

лайықты бағасын алды. Қаламгер шығармаларының

негізгі арқауы – тарихи оқиғалар мен оған тап

болған жеке адам, халық ахуалы, тағдыры. Бірқатар

шығармалары шет тілдерге аударылды. Әбіш

Кекілбаев жазған-сызғандарының басым бөлігін

бір шоқып, екі қарайтын Кеңес өкіметі тұсындағы

қиын-қыстау кезеңдерде жазды. Бұл екінің бірі бара

бермейтін батырлық еді. Ол ұлтымыздың тарихи

жады мен санасына жасалып жатқан жауыздықтарға

қарсы әйгілі «мәңгүрттік метафорасы» арқылы

күрес ашты. Рухани өміріміздің табалдырығын әп

деп аттағаннан соңғы демі біткенге дейін Әбіш

Кекілбайұлы қоғам мен адам арасындағы қарамақайшылықты,

қоғамның адам санасы мен психологиясына

әсер-ықпалын, адамның қоғамда алатын

орнын, болмысы мен табиғатын, драмасы мен

трагедиясын барынша көрсетуге тырысты. Бір

сөзбен айтқанда, бүгінде бүкіл қазақ халқының

аса зор құндылықтарына айналған оның мол рухани

қазынасы келер ұрпақтардың игілігіне қызмет ете

берері сөзсіз. Мұндай мол рухани қазына қалдырған

қазақ арғы-бергі тарихымызда сирек.

Әбіш Кекілбаев тірі болғанда алдағы желтоқсан

айында 80 жасқа толар еді. Өмірден көзі кетсе

де, артында мол мұрасы біздерге мирас болып

қалды. Биыл «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша

Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» кітабын оқу

көпшілікке ұсынылған еді. Сондай-ақ қабырғалы

қаламгердің танымдық мақалалары, ой толғаныстары,

ұлт болашағы туралы айтқан сүбелі сөздері жарияланған

баспасөз беттері де мектебіміздің жоғары сынып

оқушылары арасында насихатталды.

Р.БУЛКЕНОВА,

Қ.Бекқожин атындағы №12 мектептің

кітапхана меңгерушісі,

Павлодар қаласы.

Кеңінен

насихатталды

Жуырда Ямышев жалпы орта білім беру

мектебінде қоғам белсендісі, жыршы,

Абайтанушы Даниял Әсеновпен

кездесу өтті. Әдеби шараға Кеңес

негізгі мектебінің 8-9-сынып

оқушылары да қатысты.

Павлодар өңірі Даниял Әсеновті «Біздің Абай»

деп біледі. Себебі, ол кісі соңғы отыз жылға жуық

уақытта ел арасында Абайдың шығармаларын

насихаттап жүр. Сондай-ақ жыршы Шәкәрімнің,

Мағжанның, Мәшһүр Жүсіптің, Сұлтанмахмұттың

шығармашылықтарын және ауыз әдебиет үлгілері

«Қыз Жібек», «Қобыланды батыр» дастандарын

жатқа айтады.

Даниял аға жиналған ұстаздар мен оқушыларға

Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін жатқа

оқыды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

бағдарламасы аясында биыл жыршы «Абай ауылға

келді» бағдарламасымен облыстың қалалары мен

аудандарын аралап, Абайдың шығармашылығын

жұртшылыққа кең көлемде насихаттады. Кеш

барысында өнер иесінің ғибратты әңгімесі мен

ұлы тұлғалардың шығармаларынан шабыт алған

балалар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

А. ҚАРАМБАЕВА,

Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің

аға тәлімгері.

Құрметке лайық

мамандық

Жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі

шектеулі жандарды күтіп, көмек

көрсетумен айналысатын арнайы

мамандар бар.

Олар – әлеуметтік қызметкерлер! Бұл мамандық

иелеріне өз ісінің шебері болу аздық етеді.

Аталмыш саланы таңдағандар адами қасиетке

бай болуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі жандардың

ішкі жан дүниесіне үңіліп, тіл табыса білуі керек.

Әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы өзгелерге

ұқсамайды. Өйткені олар өзі жауапты адамдардың

үйін жинап, тағам әзірлейді. Бірнеше мекемеге барып,

коммуналдық қызмет ақысын төлейді. Дәріхана,

дүкенге де барады. Іс-шараларды ұйымдастыру

үшін демеушілерді де іздейді. Осылайша, жаны

жабырқап жүрген жандарға қамқорлық сыйлап,

көңілін көтереді. Сондықтан ауыр саланы таңдаған

мамандық иелері құрметке лайық деп білеміз.

Д.ТІЛЕБАЛДИНА,

Павлодар қаласы жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің маманы.

«Сағындым жылы

жүзіңізді»

Ұлы Отан соғысының ардагері Махмет

Әбілқасұлының өмірі мен қызметжолы

көпке үлгі. Атам ел-жұртқа

сыйлы, қазақи болмысты, қысылғанда

талайы келіп арқа тұтқан беделді

жан еді.

Ол әрдайым көмек қолын созуға дайын тұратын,

жанары жарық жұлдыздай жанып тұратын өнегелі

азамат еді. Өзіне ғана тән ұтқыр да ұшқыр сөз

тұрпаты мен көпке үлгі болған, асқар тау әке,

немерелерінің қамқоршысы, біріне жанашыр аға,

жұбайы Тұрсынтайға адал жар бола білген жан

еді. Менің атам Махмет Әбілқасұлы 1926 жылы

қаңтар айында Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы

«Қалмақ қырылған» тауының оң жақ етегінде

Шатырлы бұлақ деген жерде дүниеге келген. Жастайынан

өте зерек, алғыр болып өскен атам білімге

деген құштарлығымен өзгелерден ерекшеленді.

Кішкентайынан ел ісіне араласып, үлкендердің ақ

батасын алып, елдің баласы бола білген. Атамның

балғын балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарымен

тұспа-тұс келді. Небары 17 жасында, 1943

жылы қараша айында әскер қатарына шақырылып,

соғыстың дәмін татқан. Жолдастары Қайырғали,

Нығмет үшеуі Беларусь майданында артиллерия

әскер қатарында азаматтық борышын өтеді.

Туған елге тек 1950 жылдың қазан айында оралып,

Баянауыл аудандық дайындау мекемесінде есепшінің

көмекшісі, кейін есепші, Баянауыл аудандық қаржы

бөлімінде инспектор болып жұмыс істеді. Осыдан

соң Қызыл Шілік кеңесінің хатшысы, кейін Қызыл

Шіліктің төрағасы болып еңбек жолын жалғастырды.

Жосалы, Жаңажол және Баянауыл совхоздарының

бөлімше меңгерушісі қызметін де жауапкершілікпен

атқарды. Торайғыр совхозында сауда бірлестігінің

директоры болып жұмыс істеді. Ал зейнетке шығар

алдында Жосалы совхозының жергілікті кеңесінің

хатшысы, ауылдық және аудандық кеңестің депутаты

болды. Қызметіне адал, сөзіне берік азамат

өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін.

Ұлы Отан соғысының ардагері кейінгі жылдары

еңбек ардагері атанды. Майдан даласындағы

ерен еңбегі мен ерлігі үшін бірнеше рет орден–

медальдар иеленді. Олардың қатарында «1941–1945

жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін»,

«Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны

жеңгені үшін», тағы басқа көптеген орден–

медальдары мен марапаттары бар.

Биыл атамның өмірден озғанына 11 жыл толып

отыр. Мен атамды әрдайым сағынышпен еске

аламын. Ғұмырының соңында атам мені қолымнан

жетелеп мектеп табалдырығын алғаш аттатып,

ақ батасын берді. Ол кісінің орнын ешкім де

баса алмайды. Қазіргі уақытта Махмет атамыздың

әулетінің тамыры тереңге жайылып, ұл–қыздары

өмірден өз орындарын таба білді. Бұл – Ұлы

Отан соғысының ардагері Махмет атамыз бен

Тұрсынтай әжеміздің саналы тәрбиесінің нәтижесі.

Артында қалған ұрпақтары атамыздың өнегелі ізін

жалғастырып келеміз.

Назира МАХМЕТ,

немересі.

Бірлескен істің

жемісі

Екібастұз қаласындағы №36 мектеплицейінде

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясында «Ұлы даланың жеті

қыры» мақаласы аясында мәдени

мұраның мәні» атты семинар өтті.

Оған Екібастұз өңіріндегі 30-дан астам мұражай

жетекшілері қатысты. Шара барысында Ш.Айманов

атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының

ұстаздар ұжымы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Бұл іс-шараны Павлодар қаласындағы «Өрлеу»

біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлесе атқарды.

Семинарда «Атқа міну мәдениеті», «Саятшылық»,

«Алтын адам», «Аң стилі» тақырыбындағы негізгі

мәселелерді тәжірибе жүзінде көрсетті. Сонымен

қатар, мектеп мұражайларының ерекшелігі мен

маңыздылығына тоқталды.

А.ТӨЛЕШОВА,

Ш.Айманов атындағы

мектеп-интернатының оқу ісі

жөніндегі орынбасары.

«Хатқоржынды» ақтарған - Алпысбай ХОНЖ.

SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 5 қараша, сейсенбі, 2019 жыл 7

ӨНЕР

«Екеуіміздің қанымыз бір»

Нұр-Сұлтан қаласында жаңадан құрылған «Ерекше»

театры гастрольдік сапармен ел аралап, өз қойылымдарын

көрсетуде. Сенбі күні Ж.Аймауытов атындағы

облыстық қазақ музыка-драма театрында «Екеуіміздің

қанымыз бір» атты әлеуметтік драмасын сахналап,

көрерменнің ыстық ықыласын арқалап қайтты.

Елордадағы «Ерекше» театры

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму

министрлігінің және Ұлттық дельфий

комитетінің қолдауымен құрылған.

Бұл – ерекше балалармен жұмыс

істейтін еліміздегі алғашқы жоба.

Театрдың «Ерекше» деп аталуының

өзіндік себебі бар. Құрамында

ерекше күтімді қажет ететін,

яғни, мүмкіндігі шектеулі балалар

ғана ойнайды. Мысалы, сөйлеу

қабілеті дамымай қалған, көзі

көрмейтін және нашар көретін,

құлағы естімейтін, тірек қимыл

аппараты бұзылған жандар. Театр

ұжымының жас ерекшеліктері –

11-26 жас аралығында. Біз мұндай

адамдарды «мүмкіндігі шектеулі»

деп жатамыз. Анығында бұлардың

бойына Алла шексіз мүмкіндік,

өзгелерден ерекше қабілет

сыйлаған. Тіпті, он екі мүшесі

бүтін адамның қолынан келмейтін

образдарды сомдап, өз міндеттерін

асқан шеберлікпен атқарып шықты.

Павлодарлық көрермендерге

ұсынылған «Екеуіміздің қанымыз

БІЛІМ

бір» атты әлеуметтік драмасы

Д.Р.Киплингтің аңызға айналған

«Джунглилер кітабына» негізделіп

алынған. Қойылым көрермендерге

керең-мылқау бала мен социум

арасындағы шиеленісті суреттейді.

Қойылым желісі абырой мен

ерлік, адалдық пен шыншылдық

сынды игі қасиеттерді дәріптейді.

Актерлер қойылымды көрермендерге

сахналық бейнемен және ымишара

тілімен жеткізеді.

Ұлттық дельфий комитетінің

атқарушы директоры Дәулет

Ырыскеновтің сөзінше, театр екі

труппамен жұмыс істейді. Оның

біріншісі Нұр-Сұлтан қаласында

болса, екіншісі Петропавл қаласында

орналасқан. Өнер ұжымы бұған

дейін еліміздің солтүстік облыстарын

аралаған. Осы қойылымнан

кейін он күн үзіліс жасап,

оңтүстік және батыс өңірлерге

аттанады.

- Біз облыстарға барған

сапарымызда қойылыммен ғана

шектелмейміз. Түске дейін мүмкіндігі

Жүлделі болды

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық

орталығы жыл сайын 1-7-сынып оқушыларының

зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының

республикалық «Зерде» конкурсын

өткізіп келеді.

Биылғы сынның облыстық

кезеңіне Павлодар қаласындағы

№35 орта мектебінен 5 оқушы

қатысты. Зерттеу барысында

жинаған білімдерін, тәжірибелерін,

жұмыс жетекшілері берген

кеңестерін іс жүзінде қолдана

білген балғындарымыздың қанжығалары

майланды. Атап айтсақ,

Гүлнар Аманжолова жетекшілік

еткен 2-сынып оқушысы Құсайын

Медина 2-дәрежелі дипломды

иеленсе, Бақыт Шарбақбаева

жетекшілік еткен 3-сынып

оқушылары Солтан Мейірлан мен

Құдайберген Аяулым, Ботагөз

Махамбетова жетекшілік еткен

4-сынып оқушылары Қазыхан

Еркежан мен Серіков Заһир

3-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мектеп ұжымы мен

басшылығы атынан жүлдегерлерімізді

шын жүректен құттықтап,

конкурстың республикалық

кезеңінде сәттілік тілейміз!

Сондай-ақ, шәкірттеріміздің жетекшілеріне

алғысымызды білдіреміз.

Мейрам БАЙМҰСА,

Павлодар қаласындағы

№35 орта мектептің

мұғалімі.

66-15-40 66-15-42

ЖАРНАМА

шектеулі балалармен жүздесіп,

оларға арасында шеберлік сыныбын

өткіземіз. Мақсатымыз – өзіміздің

тәжірибемізбен бөлісіп, мүмкіндігі

шектеулі балалардың өнерге, соның

ішінде театр саласына келуіне

ықпал ету. Себебі, мұндай балалар

көбінде қарапайым кәсіппен айна-

Мереке АМАНТАЙ

Суретті түсірген – А.Сейсенбаева.

лысып, өнер, мәдениет саласына

көп бара бермейді, - дейді Дәулет

Ырыскенов.

Қойылым соңында залға еркін

микрофон қойылып, көрермендер

де өз әсерлерімен бөлісті.

«Ақ самал

жыры Ертістің»

Т.САХАБА.

МЕРЕЙ

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын

Дәмет Қарашашеваның «Ақ самал жыры Ертістің»

атты шығармашылық кеші өтті. Сыршыл өлеңдерімен

оқырманның жүрегіне жол тапқан мерейтой иесі биыл

70 жасқа толды.

Шараның шымылдығы ақынның

«Туған жер» өлеңімен түрілді. Аталмыш

кешке зиялы қауым өкілдері, ардагер

журналистің әріптестері мен сыныптастары,

үзеңгілес достары жиналды.

Олар мерейтой иесін құттықтап,

ізгі лебіздерін арнады. Бұқар

жырау атындағы әдебиет және

өнер музейінің басшысы Жеңіс

Молдабеков мерейтой иесіне өзі

салған портретін табыс етті.

- Дәмет Бабылбекқызы - көптеген

жасқа журналистиканың

негіздерін үйреткен жандардың

бірі. 11 жылдан аса аймақтың басты

үнжариясы - «Халық радиосында»

қызметте болды. Мен радиоға келген

сәттен бастап әріптес бола жүріп

Дәмет апамыздан тәлім алдым.

Радиожурналистиканың өзге ақпарат

құралдарынан ерекшелігін түсіндіріп,

осы саладағы артықшылықтарды

үйреткен алғашқы ұстаздарымның

бірі болды. Дәмет Бабылбекқызы -

ел-жұртқа қоғам алдында сіңірген

еселі еңбегімен танымал жан. Ол

білім саласының, сонымен қатар,

өңірлік журналистиканың дамуына

аянбай тер төгіп, сүбелі үлес қосты.

Оның тағылымға толы тағдыры,

еселі еңбегі өрімтал ұрпаққа өнеге.

«Халық радиосы» ұжымының атынан

Дәмет апамызға зор денсаулық

тілейміз, - деді әріптесі Елдос

Төлеубаев.

Дәмет Бабылбекқызы 1949 жылы

21 қазанда Павлодар облысы Краснокутск

ауданы Шідерті ауылында

дүниеге келген. 1966 жылы мектепті,

1972 жылы Семей педагогикалық

институтының химия-биология

факультетін бітірді. Сол жылы

Ақкөл орта мектебінде мұғалім

болып еңбек жолын бастады.

Қызу еңбектен қол үзбей жүріп-ақ,

ақынның қаламынан қарымды жыр,

тұшымды туындылар дүниеге келеді.

Ең алғаш журналистік еңбек жолы

Екібастұз аудандық «Алға» газетінде

басталды. 1977 жылы аталмыш газет

редакторының орынбасары болып

тағайындалды. 1980-82 жылдары

Алматыға барып, жоғары партия

мектебінде оқып, журналистика

мамандығы бойынша білім алды.

1985 жылы аталмыш газеттің

редакторы болып тағайындалады.

1999 жылдан бастап облыстық

«Сарыарқа самалы» газетінің

Екібастұздағы меншікті тілшісі

болды. 2001 жылы Екібастұздан

Павлодар телерадиосына бас

редактор болып ауысты. Осы

жерде 2007 жылы құрметті еңбек

демалысына шықты.

Кеште ақынның ғибратты ғұмыры

мен шығармашылығынан бір үзік сыр

шертетін деректі фильм көрсетілді.

Сондай-ақ, кеште ақынның қуатты

қаламынан туған өлеңдері оқылып,

өңірімізге танымал өнер иелері

ақын сөзіне жазылған әдемі

әндерді шабыттана шырқады.

Дәмет Бабылбекқызының ұлы

Айзат та жиналған жұртшылыққа

анасының жанына жақын әндерінің

бірін нақышына келтіре орындап

берді.

Өзінің бар ғұмырын елінің

еңселі істеріне, халқының келешегі

мен ұрпағына арнап келе жатқан

ақын кеш соңында барша тілектес

қауымға алғысын білдірді.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12421 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2211

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

8

5 қараша, сейсенбі, 2019 жыл ИІРІМ

МӘДЕНИЕТ

«Астана Балет» - Павлодарда

Жуырда «Астана Балет»

театрының өнерпаздары

павлодарлық көрермендерге

әлемдік балет өнерінің

жауһарларын паш етті.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Естай атындағы мәдениет сарайында

1-2 қараша күндері өткен өнер кешін

тамашалауға келген жерлестеріміздің қарасы

мол болды. Көрермен қатарында облыс

әкімі Болат Бақауов та отырды.

Астаналық өнер ұжымы неоклассикалық

бағыттағы үш бір актілі балеттен тұратын

арнайы бағдарламасын ел назарына ұсынды.

Мұнда павлодарлық көрермен алғаш рет

америкалық балет негізін қалаушы Джордж

Баланчиннің әлемге әйгілі «Серенадасын»

тамашалады. Сонымен қатар, театрдың

шақырылған хореографы Рикардо Амарантенің

«Love Fear Loss» және «A Fuego Lento»

атты екі туындысы бар.

«Астана Балет» театрының бас

балетмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген

қайраткері Мукарам Авахридің айтуынша,

Джордж Баланчиннің «Серенадасының»

премьерасы 2017 жылы Нұр-Сұлтан

қаласында өткен. «Астана Балет» театры -

Д.Баланчиннің балеттерін сахналаған Орта

Азиядағы жалғыз театр.

- Чайковскийдің музыкасымен үндескен

«Серенада» - көз тоймас хореографиялық

өрнектер, мұнтаздай таза би иірімдері

және санаңызды сергітіп, таным көкжиегін

кеңейтіп, нағыз рухани азық боларлық

туынды. Оның үстіне, бұл спектакль екі

ғажайып құрамда қойылады. Әртістердің

ФУТБОЛ. ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Алпысбай ХОНЖ

кәсіби деңгейі өте жоғары. Олар - еуропалық

сахналарды бағындырып жүрген өнерпаздар, -

деді Мукарам Авахри.

Кештің екінші бөлімінде бразилиялық

хореограф Рикардо Амарантенің «Love Fear

Loss» (Махаббат Үрей Айырылу) және «A

Fuego Lento» (Баяу жалын) туындылары

көрсетілді. Көрермен қауым әртістердің

техникалық шеберлігі мен көңіл тебірентер

эмоциялық күш-қуатына тәнті болды.

Мұндағы «A Fuego Lento» - аргентина

композиторларының туындылары

мен бразилиялық самбо элементтерінен

Суреттерді түсірген - Дастан Ысқақов.

өрнектелген балет. Дәл осы балет қойылымы

Лондон қаласындағы Ковент-Гарден

Корольдік театрында, Нью-Йорктің Линкольн

орталығында, Монте-Карло қаласында

Монакодағы Гримальди Форумының және

өзге де әйгілі театрлардың сахнасында

қойылған.

«Астана Балет» театры желтоқсан айында

ХІХ-ХХІ ғасыр композиторларының музыкасына

қойылған екі актілі «Күлше қыз» балетінің

премьерасын елордалықтардың назарына

ұсынбақ. Балеттің қоюшы-хореографы –

ресейлік балетмейстер Надежда Калинина.

«Қайратты» қапы қалдырды!

Футболдан Қазақстан

Премьер-Лигасының

32-туры аясында

Павлодардың «Ertis»

футбол клубы өз алаңында

Алматының «Қайратын»

қабылдап, 5:0 есебімен

жеңіске жетті. Осылайша,

«Ertis» биылғы маусымның

өз алаңымыздағы

соңғы ойынында

жанкүйерлерінің мерейін

үстем етті.

Бұл кездесуде «Ertis» клубының қорғанысқа

көңіл бөлуі түсінікті жағдай еді. Дей

тұрғанмен, Милан Милановичтен тәлім

алатын жерлестеріміз қорғаныспен қатар

шабуылға да иек арта білді. «Қайраттың»

ойыншылары бірнеше мәрте жүйелі шабуыл

ұйымдастыруға тырысқанымен «Ertis»

командасының тас қамал қорғаушыларынан

айласын асыра алмады. «Қайраттың»

бастаған шабуылы үнемі аяқсыз қалып

жатты. Қарымта шабуылға иек артқан

павлодарлықтар жақсы ойын өрнегімен көзге

түсті. Кездесудің 38-інші минутында «Ertis»

күтпеген жерден есеп ашты. Голдың авторы -

командамыздың жартылай қорғаушысы

Сұлтан Сағынаев. «Қайрат» қанша қаһарына

мінгенімен таразы басын теңестіре алмай

әуре-сарсаңға түсті. Кездесудің бірінші

бөлігі павлодарлықтардың басымдығымен

аяқталды.

Ойынның екінші жартысында жанкүйерлердің

«Қайраттан» айтарлықтай қауіптенгені

рас. Десе де, «Ertis» көсіліп ойнады. Кездесудің

61-інші минутында «Қайрат» бұрыштама

добын орындауға мүмкіндік алды. Допқа

таласта алматылық қорғаушы Раде Дугаличтің

гол соғатын мүмкіндігі болған. Алайда,

Руслан Есімов сауатты ойнап, қауіптің бетін

қайтара білді. Жерлестеріміз уақыт өткен

сайын шабуылды үдете түсті. Кездесудің

65-інші минутында «Ertis» футбол клубының

жартылай қорғаушысы Жереми Манзорро

есепті еселеді. Павлодарлықтар мұнымен

тоқтап қалмай, тағы да өткір шабуыл

ұйымдастыруға ден қойды. Жұдырықтай

жұмылған команданың бұл жоспары жүзеге

асты. Ойынның 81-інші минутында Милош

Стаменкович алматылықтардың қақпасынан

саңылау тапты. Есеп – 3:0. «Қайраттың»

есепті қысқартуы мұң болды. Араға

Суретті түсірген – Серік Қапаров.

5 минут салып жерлестеріміз тағы да

жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Бұл жолы

Арман Кеңесов есепті еселеді. Абдырап

қалған алматылықтарға жерлестеріміз ес

жиғызған жоқ. Төреші қосқан қосымша уақытта

А.Кеңесов белсенді ойнап, ойынға енді

араласқан Карлос Фонсеканың гол соғуына

жақсы мүмкіндік жасады. Португалиялық

футболшы мүлт кеткен жоқ. Есеп –

5:0!

Осылайша, «Ertis» биылғы маусымда

өз алаңында өткен соңғы ойында жақсы

нәтижеге қол жеткізді. «Ertis»-ке «Қайрат» есе

жіберген соң елордалық «Астана» футбол

командасы 6-ыншы мәрте ел чемпионы

атанды. «Ertis» осы маусымдағы соңғы

ойынын 9 қараша күні сырт алаңда

«Астанаға» қарсы өткізеді.

SARYARQA SAMALY

«SARYARQA SAMALY»

ГАЗЕТІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ

АРНАЛҒАН XII

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

ТУРНИР

Дәстүрлі

турнирге

дайынбыз

Биыл XII мәрте өтетін

доданың басталуына екі

күн ғана уақыт қалды.

Дәстүрлі турнир жайлы

тоғызқұмалақтан облыстың

бас жаттықтырушысы

Арыстан Қапаевтан сұраған

едік.

- Арыстан Исатайұлы, «Saryarqa

samaly» басылымының жүлдесі үшін

өтетін респбликалық сайыс басқа

жарыстардан несімен ерекшеленеді?

- Аймақтың ата басылымы - «Saryarqa

samaly» газеті жыл сайын тоғызқұмалақтан

дәстүрлі турнир өткізеді. Турнирге қатысушылар

5 топқа бөлініп (8,10,12,15 жасқа

және 16 жастан асқан ересектер) өнер

көрсетеді. Жарысқа келушілердің саны

да уақыт өткен сайын артып келеді. Бұл

додада қатысушылардың жас ерекшелігіне

шектеу жоқ. Былтырғы жылы әлемнің алты

мемлекетінен келген тоғызқұмалақшылармен

қоса Қазақстанның әр түкпірінен осы

турнирге спортшылар қатысты. Жарысқа

қатысушылардың жалпы саны 400-ден

асып кеткен еді. Биыл да бұл додаға

қатысып, бақ сынаймын деген кез

келген адамға есік ашық. Сондай-ақ

бұл турнир - әуесқой спортшылар кәсіби

тоғызқұмалақшылармен бірге бақ сынауға

мүмкіндік алатын бірден-бір жарыс. Жыл

сайын бұл додаға тоғызқұмалақтан спорт

шеберлері, халықаралық, республикалық

сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері

қатысады. Тоғызқұмалақты жаңадан үйреніп

жүрген жастар кәсіби спортшыларға қарап

бой түзейді. Жарыс осы тұрғыдан алғанда

басқа сайыстардан ерекше сипатқа ие.

- Аталған турнир тоғызқұмалақты

енді бастаған спортшылар

үшін ерекше маңызға ие дейсіз ғой?

- Иә, бұл турнир бүгінде жастар

арасында ерекше қызығушылық тудырып

отыр. Әсіресе, 8-10 жас аралығындағы

балалар осы турнирді жыл сайын

асыға күтеді. Себебі, аталған жастағы

тоғызқұмалақшылар үшін жүлде 9-ыншы

орынға дейін үлестіріледі. Биыл басылым

ұжымы 12-15 жас аралығында өнер

көрсететін спортшылар үшін жүлде санын

арттыруды жоспарлап отыр. Бұл «Жастар

жылы» аясында тоғызқұмалақшыларға

жасалған тосынсый болмақ.

- Биыл жарысқа қай өңірлердің

спортшылары қатысады?

Бүгінге дейін Қарағанды, Алматы,

Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Тараз,

Семей, Өскемен өңірлерінен өтініштер келіп

түсті. Сонымен қоса, біздің аймақтағы

барлық аудан- қалалардың тоғызқұмалақшылары

жарысқа қызу дайындық

үстінде. Қатысушылар саны жылдағыдан

айтарлықтай көп болуы да мүмкін.

- Турнирді ұйымдастырудағы

мақсат не?

Турнирдің мақсаты – тоғызқұмалақтың

бұқаралық сипатына көңіл бөлу. Қоғамға

төл ойынымызды кең көлемде насихаттау.

Бұл тұрғыдан алғанда облыстық «Saryarqa

samaly» газетінің еңбегі көпке үлгі.

- Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен – Алпысбай ХОНЖ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!