23.11.2019 Views

23 қараша, 2019 жыл №135 (15455)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

23 қараша, сенбі

2019 жыл

№135 (15455)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

ОНОМАСТИКА

Атауларды жаңғырту -

тарихты тану

Нақпа-нақ

Қазақстанда

киім

өндірісі

7,5

пайызға

артты

БАЙЛАНЫС

Желі пайда

көзіне

айналады

Қазақстан деректерді транзиттеуден

300 млн. АҚШ

доллары шамасында табыс

табуды жоспарлап отыр.

Талшықты-оптикалық байланыс

желісінің құрылысы

шеңберінде Қазақстан-Әзербайжан

бағыты бойынша

Каспий теңізінің түбіне

400 км коммуникациялық

желі төселмек.

Мағыналық тұрғыдан мәні әбден ескірген, тарихымызға да, салтымызға

да жат атауларды азаттық жолында жан алысып, жан беріскен батыр

бабаларымыз мен тарих тарландарының есімдеріне алмастыру – бүгінгі

қоғамның аяулы парызы. Осы тұрғыда облыс орталығында толайым

істер атқарылуда. Бұған дейін жазғанымыздай, өңірдегі бас шаһарда

13 көшенің атауы өзгермек. Айрықша атап өтерлігі, ғұлама Мәшһүр

Жүсіп бабамыздың есімі бұрынғы тар көшеден алынып, соңғы жылдары

түрлене түскен 1 Май көшесіне берілетіні көпшілікті айрықша қуантып

отыр.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік:

ӘРІПТЕСТІКТЕН ӘР КЕТПЕСІН!

Суретті түсірген – Серік Қапаров.

Жалғасы 3-бетте

Сырқатты дереу әрі дөп басып анықтауда заманауи құрылғылардың көмегі керек-ақ. Шұғыл

операциялар жасауда да жарты жұмыс осы озық құрал-жабдықпен атқарылатыны да анық.

Ақсу қалалық ауруханасы биыл жаңа жабдыққа қол жеткізіп, айтарлықтай істе ілгерілеушілік

байқалған. Мұндай мүмкіндік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында беріліп отыр.

Толығырақ 11-бетте

ҚР Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

дерегіне сүйенсек, қазірде Әзербайжан

бағытында салынатын желінің экономикалық

тұрғыдағы маңызы өте зор. Бұл жоба

Қытайдан Еуропаға трафик транзитін

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Министр

Асқар Жұмағалиев телекоммуникациялық

дәліз құрылысын бастау рәсіміне қатысу

барысында бірегей жобаны цифрлық

кеңістікті дамытудың жаңа кезеңі деп

атады.

- Бұл байланыс желісі Қазақстан

мен Әзербайжанды өзара байланыстырып

қана қоймайды. Қытайдан біздің

елдеріміз арқылы Еуропаға трафик

транзитін қамтамасыз етуге мүмкіндік

береді. Әрине, бұл - Қазақстан үшін

тиімді жоба. Өйткені, деректер транзитінен

300 млн. АҚШ доллары көлемінде табыс

түседі деп күтілуде. Бұл процесті жол

құрылысымен салыстыруға болады.

Жолдың сапасы жоғары болса, жүк

тасымалы артып, бюджет түсімдері

көбейіп, жол бойындағы қызмет көрсету

және т.б. сервистер дамиды, - дейді

А.Жұмағалиев.

Жобаны жүзеге асырумен Қазақстан-

Әзербайжан бірлескен кәсіпорны айналысады.

Оның инвестициялық құны -

шамамен 60 млн. АҚШ доллары. Транзиттен

10 жыл ішінде 300 млн. доллар

табыс түседі деп жоспарланған. Осымен

бірге, жоба 150 жұмыс орнын ашуға

мүмкіндік береді. Каспий теңізінің түбі

арқылы шамамен 400 км желі тартылады.

Деректерді жеткізу қуаты – кемінде секундына

4-6 терабит. Желіні пайдалануға

беру 2021 жылдың соңына жоспарланған.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 23 қараша, сенбі, 2019 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Бөле-жараБ

Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір

аптаның аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер

балапанды апта сайын санайды. Осы

жеті күнде жер бетіндегі тіршіліктен көңілге

оғаш, көзге ерекше көрінгені жетерлік.

Есірікке де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде,

дөңгеленген он сегіз мың ғаламда біз куә

болған, бөле-жара айтар оқиғалар қайсы?

Әкім қызметтен

неге кетті?

Тараздағы оқушының зорлану оқиғасынан кейін

ондағы білім саласының жетекшілері ғана емес,

шаһар басшысы да жылы орнымен қоштасты.

Салаға жауапты мамандарды қызметтен шеттету

әлі де жалғасып жатыр.

Әлқисса, апта бұрын Таразда 7-сыныпта оқитын

қыз баланы мектеп әжетханасында зорлап кеткен-ді.

Күдікті екі сағаттан кейін қолға түсіп, қамауға

алынды. Аталмыш жағдайдан соң облыс басшысы

арнайы жиын өткізіп, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар

жүктелді. Ондағы педагогтар пен полицейлерге

талап күшейтілмек. Мектеп қабырғасындағы

әрбір қылмысқа басшылық басымен жауап береді.

Білім ошақтарының қауіпсіздігін тәртіп сақшылары

күзететін болды. Белгілі болғандай, әлгі мектептің

дәретханасы далада орналасқан. Бұл жерде үлкен

сыныптың балалары өзінен кіші балаларға әлімжеттік

жасайтыны да өзгелерге мәлім екен. Жәбірленуші

қыз бала бұдан былай мектепке келмеуі мүмкін.

Себебі, оның психологиялық қысымға ұшырауы

ықтимал. Сондықтан жеткіншектің жанын жараламас

үшін шенділер үйінде оқыту жайын қарастырып

жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

аталған жайсыз жайтқа назар аудармай қалмады.

Президенттің пәрменімен қала әкімі Қайрат Досаев

лауазымынан босады. «Жамбыл облысының әкіміне

Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап

шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында

жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының

әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс

әкіміне ескерту жасадым», деп жазды Қ.Тоқаев

Twitter-дегі парақшасында.

Азғындық жасады деп айыпталған азамат

36 жаста. Оның бұған дейін зорлық жасағаны

үшін істі болғаны да анықталды.

Лицензияға

шектеу қойылды

Қазақстанға Олимпиада лицензиясын алуға

шектеу қойылды. Бұған отандық спортшыларымыздың

допинг дауына жиі ілігуі себеп. Салдарынан 2020

жылы өтетін төртжылдықтың басты додасында

ауыр атлетикадан ел намысын екі ғана зілтемірші

қорғайды.

2016 жылғы атышулы допинг дауынан кейін

Халықаралық олимпиада комитеті Қазақстанға

осындай жаза қолданып отыр. Сол уақытта бірнеше

қазақстандық спортшының қанынан рұқсат етілмеген

препарат табылған. Сондай-ақ, олардың 2008 және

2012 жылғы Олимпиада ойындарында алынған

допинг сынамалары да тексерілген. Салаға жауапты

министрлік допингке қарсы талаптарды күшейтіп,

заң жобасына бірқатар өзгерістер енгізді. Сенат

депутаттары мақұлдаған жаңа заңда допингпен

ұсталғандарды спорттан шеттету, барлық атақдәрежесінен

және ақшалай сыйақысынан айыру

сынды қатаң жазалар күтіп тұр. Жаттықтырушылар

да жазадан құтылмайды. ҚР Мәдениет және

спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша,

бұрын допинг сынамалары 8 жылға дейін

сақталып келген екен. Бүгінде оның мерзімі 10 жылға

дейін ұзартылған. Он жылдың ішінде олқылықтар

болса, қан талдаулары дұрыс болмаса, спортшы

мен жаттықтырушылар жүлдесі үшін алған үйін,

қаржысын және өзге де көтермелерін қайтарып

береді.

Заңсыз

құжат жасаған

Шетелдік азаматтарға заңсыз құжат жасаған

қазақстандық жалған компаниялардың басшылары

ұсталды. Заңсыз іспен айналысқан ұйымдасқан

қылмыстық топтың басшылары қытай азаматы

және еліміздің Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы

қызметкері болып шықты. Олар 2015-2016 жылдары

екі мыңдай шетел азаматына виза жасаттырып,

шақырту жіберген. Қылмыстық топтың негізгі басшылары

елордадан шыққан. Сондай-ақ, өңірлердегі

көші-қон полициясы басқармаларының өкілдерімен

де келісімде болған делініп отыр.

Апта Апта оқиғаларын бөле-жара сөз сөз еткен --

Мұрат АЯҒАНОВ.

Әр азаматтың

Назардан

тыс қалмайды

Бұл күні облыстық әкімдікке жиналғандардың

қарасы қалың болды. Тұрғындар

түрлі мәселесін айтып, жергілікті биліктен

көмек сұрап келді. Олардың қатарында

мүмкіндігі шектеулі жандар аз болған жоқ.

Айталық, Павлодар қаласының тұрғыны

Елена Юрченко облыс орталығындағы

инватаксилер санының аздығын айтты.

Бұл мәселені Павлодар қаласының

әкімдігі өз бақылауына алады. Ал Анна

Анатольевна подъезд ішінде баспалдақпен

көтерілу ыңғайсыздық тудыратынын

алға тартты. Облыс әкімі Болат Бақауов

демеушілер қаржысы есебінен арба

көтеретін қондырғы орнатуды тапсырды.

Үшінші топ мүгедегі, Павлодар ауданының

тұрғыны Гүлсая Әмірованың екі құлағы

соңғы үш жылдан бері мүлде естімейді.

Осыған дейін 5 ота жасағанмен, оң

нәтиже болмай отыр. Сондықтан, есту

қабілетін жақсартатын арнайы құрал

сатып алу қажет. Бірақ, оның бір данасы

5 млн. теңге тұрады. Ал екі баланың

анасында мұндай қаржы жоқ. Облыстық

жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

басшысы Қайрат Нұрмағамбетов келесі

жылы бюджеттік қаржыға осындай

аппараттың 4 данасын сатып алу

қарастырылғанын, оның бірі наурыз

айында Гүлсая Әміроваға берілетінін

айтты. Аймақ басшысы жұмысқа орналастыру

тетіктерін қарастыруға уәде берді.

Көпбалалы аналар да алаңдатқан

мәселелерін айта келді. Мәселен, бірі

төрт және одан да көп баласы бар

ата-аналарға дәріханалар мен ойынсауық

орталықтарында 50 пайызға дейін

жеңілдік қарастырылса деген ұсынысын

білдірді. Тағы бір көпбалалы ана облыс

орталығындағы 1964 жылы салынған

екі қабатты үйдегі пәтерге су тартып

беруді, енді бірі қысқы мезгілде отынмен

қамтуды сұрады. Б.Бақауов Павлодар

қаласының әкімдігіне көмек сұрай келген

көпбалалы отбасыларға қысқы отын

жеткізуді жүктеді.

Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні

павлодарлықтар жеке бастарының ғана

емес, жалпы қоғамға ортақ мәселелерге

де қозғау салды. Айталық, білім беру

саласының ардагері, ұстаз Қарлығаш

Будиева Павлодар қаласындағы көшелердің

«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ»

мәселесі - назарда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған бағыттардың бірі - «Халық

үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы. Аталмыш тұжырымдама аясында бейсенбі

күні «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» шарасы ұйымдастырылып, еліміздегі барлық

мемлекеттік мекеме басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аймақ

басшысы Болат Бақауов та павлодарлықтарды мазалаған өзекті сұрақтарға жауап беріп, кейбір

мәселелерді жеке бақылауына алды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Аймақ басшысы Болат Бақауов аталмыш қордың фронтофис

сарапшысы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы РҚБ-нің

Павлодар облыстық филиалының басшысы Болат Заутұлын

қабылдап, көші-қон саласындағы мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында Болат Заутұлы «Отандастар қоры»

КЕАҚ мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы бірлесіп атқарып

жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, екі тарап

тарихи Отанына оралып жатқан қандастарды қолдау мақсатында

көптеген іс-шараны жүзеге асыруда.

- Алыстан атажұртқа оралып жатқан ағайынды жан-жақты

қолдау және көмек көрсетуге бағытталған кешенді бағдарламалар,

көші-қон мәселелері, сондай-ақ, шеттегі қазақтармен қарымқатынасты

нығайтуға байланысты барлық жұмыс осы қор

арқылы оң шешімін табуда. Мәселен, биылғы жылдың тамыз

айында «Отандастар қоры» КЕАҚ демеушілердің қолдауымен

Моңғолиядан көшіп келген 78 адамның (13 отбасы) 85 пайызы

тұрақты мекенжай бойынша тіркеуге тұрды, 5 отбасы орал-

біріне Бөгенбай батырдың, ал Ертіс

ауданындағы көшелердің немесе мектептердің

біріне сол ауданда талай жыл

ұстаздық қызмет атқарған Ұлы Отан

соғысының ардагері Қабыкен Әутәліповтің

есімін беруді ұсынды. Аймақ басшысы

бастамалардың орынды екенін алға тартып,

жан-жақты саралап, көше атауларын

өзгерту келесі жылы қарастырылатынын

айтты.

Әкімнің қабылдауына келген ең жас

павлодарлық – облыс орталығындағы

№43 мектептің 4-сынып оқушысы Елисей

Ресняский. Жеткіншек тұздың алғаш

рет біздің өңірде өндіріле бастағанын

ескеріп, оны Павлодардың бойтұмары

ретінде таныстыру туралы ойды ортаға

салды. Сонымен қатар, 10 жасар оқушы

әр балабақша мен мектепте туған жердің

тарихы мен географиясын бейнелейтін

бұрыш, әкімдіктер сайтында «Менің

туған жерім» атты бөлім ашылса деген

пікірін білдірді. Өзі осы уақытқа дейін

өңіріміздегі бірқатар ауданды аралап,

ерекше тастарды, көне жәдігерлерді

жинаған екен. Болат Жұмабекұлы

ізденімпаз шәкірттің қызығушылығын

жоғары бағалап, әкімдік тарапынан

тұрақты қолдау көрсетілетініне уәде берді.

Бастысы –

баспана

Облыс басшысының қабылдауына

келгендердің басым бөлігін баспана

мәселесі алаңдататыны байқалды.

Мәселен, Әйгерім есімді тұрғынның үш

баласы бар. Олардың бірі онкологиялық

дертке шалдыққан. 2017 жылдан бері

тұрғын үй кезегінде тұр. Қазіргі кезде

облыс орталығындағы жер үйлердің бірін

жалдайды. Ал Богдан есімді павлодарлық

ерте жастан ата-анасынан айырылып,

балалар үйіне орналастырылған екен. Сол

кезде пәтерді әлдекім жекешелендіру

арқылы меншігіне алғанға ұқсайды. Соның

салдарынан павлодарлық баспанасыз

қалды. Балалар үйінен тәрбиеленіп

шыққан оның бүгінде барар жері жоқ.

- Өкінішке қарай, облыста Богдан

секілді тағдырдың тәлкегіне ұшырап жатқан

азаматтар бар. Балалар үйінен шыққан

соң да қайда барарын білмей, абдырап

қалатындар аз емес. Ғимараттардың

бірін қиын жағдайға тап болған осындай

тұрғындар үшін лайықтап, алаңсыз өмір

сүруіне жағдай жасаған жөн болар.

Бұл ойды іске асырудың тетіктерін,

мүмкіндіктерін қарастыру қажет, - деді

Б.Бақауов.

Павлодарлықтардың тағы бір бөлігі

тұрғын үй кезегі, баспана алуға арнайы

сертификаттардың берілуі, «Бақытты

отбасы», «7-20-25» бағдарламаларына

қатысу талаптарына қатысты сауалдарын

қойды.

Жалпы, облыстық әкімдікте өткен

«Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні»

шарасы аясында 130-дан астам азамат

келіп, алаңдатқан мәселелерін ортаға

салды. Барлығына тұшымды жауап пен

тиісті кеңестер берілді.

КӨШІ-ҚОН

Жұмысын жақсартуды тапсырды

Елбасының тапсырмасы бойынша шетелдегі қандастарды қолдау мақсатында елімізде «Отандастар

қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылып, сәтті жұмыс істеуде.

мандарды қабылдаудың өңірлік квотасына кіріп, ҚР-ның

азаматтығын қабылдау үшін құжаттарын тапсыруға құқықтық

ақыл-кеңес алды, - деді Болат Заутұлы. Сонымен қатар,

ол келесі жылы оралмандарға «Бірыңғай терезе» қағидаты

бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді оңтайландыру

жөніндегі жол картасының пилоттық жобасы әзірленіп жатқанын

айтып, аталмыш жобаны Павлодар облысында іске асыру

жолдарын таныстырды.

Аймақ басшысы өңірімізге алыс-жақыннан қоныс аударған

және осында тұрақты тұрып жатқан қандастарымызға деген

мемлекеттік қолдау жалғасын таба беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, Болат Жұмабекұлы көші-қон мәселесі әрдайым

назарда болатынын айтып, осы салаға жауапты адамдарға

қоныстанушылар мен оралмандарды уақытша орналастыру

орталығының жұмысын жақсартуды тапсырды.

Н.АҚЫТЕГІ.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 23 қараша, сенбі, 2019 жыл 3

Инвесторды таңдап

алар күн туды

Біраз жылдар бұрын аймағымыз инвесторлар іздеп шарқ ұратын. Ал бүгінде

бір жобаға қызығушылық танытқан бірнеше инвестор арасынан талаптары

мен ұсыныстары ұтымдысын таңдайтындай жағдайға жеткен. Мәселен, қант

зауытын салуға түріктік және қытайлық компаниялар ниет танытып отыр.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Бұл жөнінде «Kazakh Invest» АҚ

өңірлік директоры өңірлік комманикациялар

қызметінде өткен

брифинг барысында мәлімдеді.

Мұндай қызығушылық облысымызда

бизнес жүргізуге жайлы

жағдайдың жасалуынан туындап

жатыр, деді ол. Аталмыш мекеме

аймағымызда 47 жобаға жан-жақты

қолдау көрсетуде. Кейбірі бойынша

шетелдік инвесторлармен келіссөздер

жүргізілуде. Айтуынша, бір жобаның

нақты іске аса бастауына шамамен

екі жыл кетеді.

Бүгінде облыста жалпы өңірлік

өнімге салынған инвестиция көлемі

17 пайызға жеткен. 2025 жылға

дейін 30 пайызға жеткізу көзделіп

отыр. Облыстық индустриялықинновациялық

даму басқармасы

басшысының міндетін атқарушы

Ботагөз Нұрғазинаның айтуынша,

ағымдағы жылдың 10 айында инвестиция

15,7 пайызға артып, 351,7

млрд. теңгені құраған. Оның 75

пайызы - жеке инвестициялар.

Тартылған инвестиция көлемінің

17,5 пайызы – шетелдік. Өнеркәсіпке

салынған инвестицияның басым

бөлігі - өңдеуші сектор еншісінде.

Алдағы төрт жылға жүзеге асыруға

400 млрд. теңгенің 13 инвестициялық

жобасы жоспарланған. Іске асса,

5 мың жұмыс орны түзіледі. Соның

ішінде арабтар салуға құлық танытқан

техникалық кремний өндірісін,

кальцийленген сода шығаратын

зауыт, сұйылтылған көмірсутекті

газ бен полимер өндірісін атап

өтуге болады.

«Павлодар» арнайы экономикалық

аймағында да іргелі жобалар жүзеге

асуда. «Павлодар» АЭА төрағасы

Әлібек Несіпбековтің мәлімдеуінше,

арнайы аймақтағы өндірістер 2013

жылдан бері 100 млрд. теңгенің

өнімін шығарған. 39 млрд. теңгенің

тауары экспортталған. 5 млрд. теңге

қазынаға салық түрінде түскен.

Алюминий кластері алда келеді.

Осы ретте, инвесторларға арналған

алюминийді өңдеуге байланысты

бизнес-жоспарлар түзілген. Биыл

жыл соңына дейін төрт өндіріс іске

қосылмақ. Бұл өндірістерде тасты

көмірдің коксы, белсендендірілген

көмір, техникалық газ, пеш отыны

шығарылып, өнеркәсіптік қалдықтар

өңделеді.

Спикерлер ескі өндіріс орындарында

жабдықтарды жаңарту,

өндірісті жаңғырту ісіне де мән

беріліп жатқанын айтты. Мәселен,

биыл осы бағытта 59,1 млрд.

теңгенің 9 жобасы жүзеге асқан.

Екібастұз индустриялық аймағындағы

кремний зауытын тұрғызуды

ойға алған араб инвесторлары бүгінде

қосалқы станцияны салуды бастап

ӘЛЕУЕТ

кеткен. Естеріңізге сала кетейік,

бұған дейін «Ansa Silicon» компаниясы

бұл жобаны қолға алып, кейін

зауытта орнатылатын жабдықтары

мен технологиясы тұрғындар мен

әкімдіктің талабынан шықпаған

еді. Енді жобаны Біріккен Араб

Әмірліктерінің «Canarax» компаниясы

жүзеге асырмақ. Арабтар

қолданылатын технология мен

құрал-жабдық тиісті талаптарға

сай болады деп сендіруде. Оның

бәрі келесі жылы айқындалмақ.

Кеншілер шаһарындағы «Қазақстан

вагон жасау» зауытының да жайы

айтылды. Облыстық индустриялықинновациялық

даму басқармасы

басшысының орынбасары Анар

Айтқазиннің айтуынша, кәсіпорынды

келесі жылдан бастап аяққа

тұрғызудың амалдары қарастырылуда.

Ресейліктер қолға алуға ниет танытқан

көрінеді.

ҚАМҚОРЛЫҚ

Елбасы Н.Назарбаевтың Түркістан облысында

әлеуметтік объектілерді салу бойынша тапсырмасына

сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі

Түркістан қаласында Халыққа қызмет көрсету

орталығының ғимаратын жобалау және салу

бойынша жұмыс жүргізді.

Оң баға берді

Аталған іс-шараны іске асыру

мақсатында аталмыш нысанға

демеушілік қаражат тартылды.

Тапсырыс беруші «Промпроект

ТИСАР» ЖШС бекіткен

жеке жоба бойынша 1,2 млрд.

теңге құрылыс құнына сүйене

отырып, мердігер компания

«Тараз Құрылыс Инвестмент»

ЖШС белгіленген күнтізбелік

мерзімге ауданы 1,83 гектар

болатын аумақта заманауи

әкімшілік ғимараттың құрылысын

жүзеге асырды.

Салынған үш қабатты

ғимараттың жалпы ауданы 4247

шаршы метрді құрайды. Ғимаратта

барлық технологиялық талаптар,

тиісті инженерлік шешімдер,

өңірдің климат жағдайлары

ескерілген.

Объектіде жыл бойы инженерлік

жылумен жабдықтау

және

салқындатқыш

жүйемен жабдықтау ретінде

«Panasonic» компаниясының

газ құрылғысындағы заманауи

технология қолданылған. Қазіргі

уақытта реттеуші мамандар

барлық жүйені тиісті пайдалану

режимдерінде қадағалауды

жүзеге асырады.

Сәулет жобасын әзірлеген

кезде Түркістан қаласы әкімдігінің,

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамы тапсырыс беруші дирекциясының

сәулет стилистикасы

және ғимараттың ішкі жинақылығы

бойынша ерекше ұсыныстары

ескерілді.

Құрылыс кезінде фибробетоннан

жасалған жабыстырмамен

үйлесімде табиғи гранитті қоса

алғанда сапалы және табиғи

әрлеу материалдары, алюминий

қаптарындағы қараңғыланған

және шыңдалған шыны пайдаланылды.

Жаңа объектіге қойылатын

талаптарды, ауданның бірыңғай

егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын

ескере отыра, қоғамдық ғимаратты

салу кезінде құрылатын аумақты

абаттандыруға көңіл бөлінді.

Осыған байланысты, көлік қоятын

орындардың жеткілікті көлемін

орналастырумен негізгі магистральдар

тарапынан көлік қатынасы

қамтамасыз етілді. Халықтың аз

қамтылған топтары үшін жеке

орындар қарастырылған. Учаскені

көгалдандыру ұйымдастырылды,

тротуар және асфальт төселді,

көше жарығы орнатылды.

Көрсетілген іс-шараларда

құрылыстың барлық кезеңдерінде

бас мердігер 100-ден

200-ге дейін жұмысшыны,

меншікті маман-дандырылған

техниканы, 30 бірлік механизмді

жұмылдырды, субмердігер компаниялар

тартылды, Қазақстанның

әр өңірінен материалдар

мен бұйымдарды жеткізуге

келісімшарттар жүзеге асырылды.

2019 жылғы 15 қазанда

Халыққа қызмет көрсету орталығы

объектісінің құрылысы аяқталды.

ҚР Премьер-Министрі А.Маминге

таныстырылымы өткізілді. Бұл

ретте Павлодар облысы әкімдігінің

орындаған жұмысына жоғары

баға берілді.

Ағымдағы жылғы 19 қарашаға

сәйкес, мердігер тапсырыс

берушімен бірлесіп, аяқталған

құрылыс объектісін «Азаматтарға

арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық

емес акционерлік қоғамының

Түркістан облысы бойынша

филиалының балансына беру

бойынша құжаттар топтамасын

дайындау барысын аяқтауда.

Облыстық сәулет

және қала құрылысы

басқармасы.

Атауларды жаңғырту – тарихты тану

Басы 1-бетте

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Сессия соңында халық қалаулары көше

атауларын ауыстыруға қатысты мәселені

республикалық ономастикалық комиссияға

жолдауды қолдады.

Кейінгі кезде облыстың барлық дерлік

аудан-қаласында мағынасы ескірген көше,

елді мекен атаулары өзгеріп, қазақшаланып

келеді. Мәселен, талай жыл бойы қоғамның

талқысына жиі түскен Кутузов көшесі Нұрсұлтан

Назарбаев даңғылы, Ленин көшесі Астана,

Суворов көшесі Малайсары болып өзгерді.

Ал дүйсенбі күні облыс орталығындағы

тағы 13 көшенің атауын өзгертуге қатысты

қоғамдық тыңдау өткені мәлім. Жиынға

қатысқан павлодарлықтардың басым бөлігі

мен Павлодар қалалық мәслихатының

тұрақты комиссиясының 8 мүшесі бұған

дейін қоғамдық ұйым өкілдерінен келіп

түскен ұсыныстарды бірауыздан қолдады.

Атап айтқанда, Димитров көшесін Жүсіпбек

Аймауытов, 1 Май көшесін Мәшһүр Жүсіп,

Карл Маркс - Әлихан Бөкейхан, Киров –

Ермахан Бекмаханов, Короленко–

Бұқар жырау, Ж.Аймауытов–Ақжол,

М.Ж.Көпеев–Ақбеттау, Бестужевті

Шәкәрім Құдайбердиев деп атау мақұлданды.

Сонымен қатар, осы апта ортасында

қалалық мәслихат депутаттары

қоғамдық тыңдау нәтижесін республикалық

ономастикалық комиссияның қарауына

жіберу мәселесін талқыға салды.

- Қоғамдық тыңдаудың нәтижесі

бойынша қалалық мәслихаттың екі тұрақты

комиссиясының мүшелері қоғам өкілдерінен

көше атауларын ауыстыруға қатысты бастамасын

қолдады. Қоғамдық тыңдаудың хаттамасы

бұқаралық ақпарат құралдары мен

қалалық әкімдік, мәслихат сайттарында

жарияланады, - деді сессия төрағасы,

мәслихат депутаты Ерқанат Әбенов.

С

Қобланбек ҚОЖИН,

Павлодар қалалық мәслихатының

депутаты:

- Облыс орталығындағы көшелерге

еліміздің өркендеуіне еңбегі сіңген белгілі

адамдардың есімін беру – Тәуелсіздіктің

30 жылдығы қарсаңындағы тамаша

тарту. Қазақстандықтар, әсіресе,

өскелең ұрпақ бізге азат күнді сыйлаған

батырларды, қазақ халқының сара жолға

түсуіне бағыт-бағдар берген зиялы қауым

өкілдерін білуі тиіс. Бұған дейін бірден

13 көшенің атауын қазақшаландыру

мәселесі қаралмағанын атап өту керек.

Алдағы уақытта осы бағыттағы оң

істер жалғасын тауып, өзектілігін

жойған көше, елді мекен атаулары

өзгерсе, құба-құп.


4 23 қараша, сенбі, 2019 жыл

ТІРШІЛІК

SARYARQA SAMALY

Еліміздің үздік

КТК командалары

Павлодар облысы

әкімінің кубогын

сарапқа салды.

Естай атындағы мәдениет

сарайында өткен Jaidarman көңілді

тапқырлар сайысында 11 команда

бақ сынады. Олардың ойынын

облыс басшысы Болат Бақауов

қала тұрғындарымен бірге тамашалады.

Көңілді тапқырлардың

ойынына белгілі сатирик Көпен

Әмірбек, Қазақстан КТК одағы

жоғары лига бас редакторы Рүстем

Елжанов және «Halyq radıosy»-ның

директоры Жұмабек Сманов, «Қазақ

аруы-2019» байқауының жеңімпазы

Сәния Темірханова және Павлодар

облысы Жастар бастамаларын

дамыту орталығының директоры

Төлеген Айтбаев баға берді.

Облыстық Jaidarman лигасының

өкілі Серікболсын Қинаятов шара

өңірімізде «Жастар жылы» аясында

ұйымдастырылған алғашқы КТК

екенін айтты.

- Бұл додаға Ертіс-Баян өңірінің

Павлодар, Екібастұз және Ақсу

командаларынан бөлек, Нұр-Сұлтан,

Алматы, Қостанай, Петропавл,

Көкшетау және Семей қалаларынан

АГРОӨНЕРКӘСІП

11 мың тонна жеткізілді

Павлодар облысына өңірде өсірілген қызылшадан жасалған 11 тонна қант жеткізілді.

Алматы облысындағы Көксу қант зауыты өкілдері павлодарлық шаруалар өсірген

қызылшаның қант құрамының молдығы мен оның жоғары сапасын атап өтті.

Еске сала кетейік, осы жылы

Павлодар облысында тоғыз шаруа

қожалығы тәжірибе ретінде бір-бір

гектар қант қызылшасын салып, 270

тонна өнім алған еді. Осылайша,

өңірде алдағы екі жылда іске

қосылуы тиіс қант зауытына қажетті

шикізат базасын дамыту бойынша

даярлық жұмыстары басталды.

Қараша айының басында шаруалар

астықтың бір бөлігін Алматы

облысындағы Көксу қант зауытына

жіберген еді. Ал осы аптаның

басында Павлодарға облысымызда

өсірілген қызылшадан өндірілген

11 тонна қант жеткізілді.

- Көксу қант зауытының қызметкерлері

біздің қызылшаның құрамындағы

қант құрамының молдығын

атап өтті. Мысалы, Алматы облысында

«ЕРТІС ДАРЫНЫ»

Jaidarman мықтылары

қалжыңға кенелтті

Дауыс беру басталды

Павлодар облысында «Ертіс

дарыны - 2019» бірінші жастар

премиясының екінші кезеңі

басталды. Байқаудың бірінші

кезеңіне 254 жастан өтініш түскен.

Жалпы жүлде қоры 10 000 000 теңгені құрайтын

байқауға аймақтың 29 жасқа дейінгі тұрғындары

қатысуда. Облыс әкімі Болат Бақауовтың тапсырмасы

бойынша «Ертіс дарыны - 2019» бірінші жастар премиясына

құжаттар қабылдау 20 қараша күні аяқталды.

Өтініш берген 254 жастың ішінен 87-сі ғана келесі

кезеңге жолдама алған. Жастар премиясы 10 аталым

бойынша өтеді. Мұнда «Білім және ғылым», «Журналистика»,

«Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Мәдениет»,

танымал КТК командалары бақ

сынады. Бұлар - республикалық

жоғары және премьер-лигада

өнер көрсетіп жүрген жастар, -

дейді С.Қинаятов.

Сайыс нәтижесі бойынша, 3-орын

Нұр-Сұлтан қаласынан келген қос

команда «Евразият» пен «Тұранға»

бұйырды. Олардың әрқайсысына

100 мың теңге берілді. 2-орынды

өсірілген қызылшаның құрамындағы

қант деңгейінің көрсеткіші

15 пайыз болса, Павлодар облысының

қызыл-шасында бұл көрсеткіш

18 пайызды құрады. Сонымен қатар,

біздің шаруалар тыңайтқыштар мен

арнайы техниканы пайдаланбағанын

атап өту керек. Қант зауытының

өкілдері біздің қызылшаны көргенде

«оны жудыңдар ма?» деп сұрады.

Павлодар облысының топырағы

құмайтты болса, Алматы облысында

егістік алқаптарының жері саздау

болып келеді. Өңдеуші компанияның

сұрағының мәні де осында, - дейді

«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік

корпорациясы басқарма төрағасының

орынбасары Мансұр Қайырбаев.

Қазіргі кезде павлодарлық қызылшадан

өндірілген қант әлеуметтіккәсіпкерлік

корпорациясының қоймаларында

сақтаулы тұр. Корпорация

басшылығы жеткізілген

өнімді пайдалану жолдарын

қарастыруда. Олар қантты

тұрақтандыру қорында сақтаулары

немесе әлеуметтік аз қорғалған

тұрғындар тобына таратулары

мүмкін.

Келесі жылы Павлодар облысында

қант қызылшасын 300 гектар

аумақта егуді жоспарлап отыр.

Мамандардың айтуынша, Железин,

Павлодар және Ақтоғай аудандарында,

сондай-ақ, Ақсу қаласының

ауылдық аймағында егілетін

болады.

Павлодар облысы

әкімінің баспасөз қызметі.

«Өндіріс қызметкері», «Кәсіпкерлік», «Ерлігі үшін»,

«Еріктілер» және «Эстрада» саласында жетістікке

жеткен, талантты жастар қатыса алады.

Байқау талантты жастарға ғылыми, шығармашылық,

қоғамдық қызметі үшін, сондай-ақ жоғары спорттық

жетістіктері үшін қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.

Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында

ұйымдастырылады. Сондай-ақ жеңімпаздарға

«Облыстық Ертіс дарыны сыйлығының лауреаты» атағы

беріледі.

Құрметті жерлестер, ендігі кезекте «Ертіс дарынын»

анықтау сіздердің қолдарыңызда. Ол үшін TrueVote

сайтына кіріп, лайықты жасқа дауыс беріңіз.

Суретті түсірген - К.Музалевский.

еншілеген семейлік «Элемент» командасына

300 мың теңге бұйырды. Ал

облыс әкімінің кубогын жергілікті

«Павлодар жастар құрамасы» командасы

жеңіп алды. Сондай-ақ, олар

500 мың теңге сыйақыға ие болды.

Жерлестерімізді жеңісімен

құттықтаймыз!

Қ.МҮСӘЙІП.

Қ.МҮСӘЙІП.

МЕРЕЙТОЙ

Павлодар облысының Құрметті азаматы,

қоғам қайраткері, еңбек ардагері Әбілхақ

Түгелбаевтың 70 жасқа толу мерейтойына

орай «Өмір жолы – өнеге» атты кеш

ұйымдастырылды.

Құрмет көрсетілді

Достық үйінде өткен шараға алыс-жақыннан сыйлы меймандар

келіп, ақжарма тілектерін ақтарды. Кеш шымылдығын айтыскер

ақын Бейсенбі Мұқажанов арнау өлеңімен ашты. Облыс әкімінің

орынбасары Асхат Оралов аймақ басшысының құттықтауын

оқып, Әбілхақ Балғабайұлының иығына шапан жапты. Ауыл

шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан

Ұлттық ғылым академиясының академигі Зайролла Дүйсенбеков

зор ілтипатпен ғылым академиясының төсбелгілерін табыс етті.

- Мен Әбілхақты 30 жылдан аса уақыт білемін. 2002 жылдан

бері әріптес, қызметтес болдық. Советтік басқару жүйесі жойылып,

нарықтық экономикаға бейімделудің ауыр кезеңінде Әбекең

аймақтағы ең алғашқы басшылықтың құрамына еніп, табанды

еңбек етті. Мінезі биязы, ұстамды, көңілденсе шешіліп жақсы

кеңес құрып, әңгіме айтатын адамгершілігі мол жанды мерейтойымен

құттықтап, бар жақсылықты тілеймін, - деп З.Дүйсенбеков

ағынан жарылды.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы, тарихшы

Қойшығара Салғараұлы, Павлодар облысының Құрметті азаматы

Михаил Юрьев, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор

Зейнолла Тоқаев, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы Қайрат

Смағұлов, қоғам қайраткері Идият Әбдіхалықов және тағы басқа

азаматтар сөз алып, сый-сыяпаттарын табыстады.

- Әбекең бала кезінен әдебиетке құштар болып өсті. Қазақтың

батырлар жырын, әртүрлі дастандар мен өлеңдерді зердесіне

тоқып оқыды. Мен қалжың араластырып: «Әбеке, мамандық

таңдағанда қателестің, мал маманы болмай, әдебиетші, журналист

болғандығың дұрыс болар еді» - деп әзілдейтінмін. Шынында,

Әбекең әдебиетке төселген адам, аттары дүйім жұртқа танымал

Р.Тоқтаров, М.Асылғазин, Қ.Салғараұлы сияқты қаламгерлермен

дәмдес, сырлас болуы әдебиет әлеміне жол сілтеді. Өзінің

таңдаған мамандығы бойынша жоғары білім алып, қатардағы

бөлімше зоотехнигінен шаруашылық, аудан басқарып, облыстық

деңгейде жауапты, басшылық қызметтерді ойдағыдай атқарған

азамат болып қалыптасты, - деп И.Әбдіхалықов естелігімен

бөлісті.

Кеш барысында мерейтой иесінің отбасы жайлы бейнефильм

көрсетіліп, жұбайы Қымбат Шұқметқызы да сый-құрметке бөленді.

ЖАРЫС

Судағы сайыс

Оралхан ҚОЖАНОВ

О.АХМАДИЯ.

Жазғы маусымда аймағымызда суға бату оқиғалары

жиілеп кеткен-ді. Қайғылы жағдайдың алдын

алу мақсатында облыстық төтенше жағдай

департаменті мен жастар бастамаларын дамыту

орталығы мамандары бірлесіп жұмыс атқаруда.

Жақында «Шымыр» дене шынықтыру-сауықтыру бассейнінде

қалалық мектеп оқушылары арасында «Жас құтқарушы – 2019»

сайысы ұйымдастырылды. Алдыңғы жылдары құтқарушылар бәсекесі

№41 мектепте өткізіліп келіпті. Биыл сайыстың деңгейі артып,

7 м е к т е п т і ң о қ у ш ы л а р ы қ а т ы с у ғ а н и е т б і л д і р г е н . Ә р к о м а н д а

4 а д а м н а н ж а с а қ т а л ы п т ы . Е р е ж е г е с а й о қ у ш ы л а р д ы ң ж а с ы

15-17 аралығында болуы тиіс.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы

Толқын Әбішеваның айтуынша, оқушылар 5 кезең бойынша

сайысқа түскен. Атап айтсақ, кедергілерден жүзіп өту, батып

жатқан адамды құтқару, құтқару желеті мен шеңбері арқылы

50 метрге жүзу, аралас эстафета бойынша жүлдегерлер

анықталған. Төрешілердің шешімімен 1-орынды №41 мектептің

командасы иеленді. №34 мектептің командасы екінші орынға

тұрақтаса, №22 мектептің командасы үшінші орынды қанағат

тұтқан. Жүлдегерлердің барлығына диплом мен медаль табысталды.

Ал жеңімпаз команданың ойыншыларына Power Bank

сыйға берілді. Жарысқа белсенді қатысқан №№ 16, 17, 30 және

Жетекші жалпы білім беру мектебінің оқушыларына да ынталандыру

сыйлықтары үлестірілді.


SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ

23 қараша, сенбі, 2019 жыл 5

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Ресурстық

орталық ашылды

Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы жоғары

көпсалалы колледжінде ресурстық орталық өз

жұмысын бастады. Мұнда білім мен өнерді шыңдап,

тіл үйренуге мол мүмкіндік жасалған.

Жаңа орталықта мектеп

жасына дейінгі балғындар мен

оқушыларға түрлі сала бойынша

сабақтар жүргізілмек. Атап

айтқанда, мұнда «Тілдарын:

латын әліпбиі», «Englishclub»

оқу кабинеттері, «Овация»

орындаушылық шеберлік студиясы,

заманауи би студиясы және

домбыра үйрену мектебі бар.

Дәрістерді колледж оқытушылары

мен арнайы шақыртылған ұстаздар

жүргізеді. Осылайша, ақсулық

өрендердің таланттарын шыңдап,

өнердің қыр-сырын үйренуіне

жақсы жағдай жасалып отыр.

Колледж директоры Абай

Құрманқұловтың айтуынша, жаңа

орталық облыс намысын республикалық,

әлемдік додаларда

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Мәуліт мерекесіндегі

қуаныш

Ауылымызда Мәуліт мерекесі жоғары деңгейде

аталды. Дәл осы күнге М.Ж.Көпеев атындағы мектепте

күрес үйірмесінің ашылуы тұспа-тұс келді.

Салтанатты ашу рәсімі

ауылымызға сыйлы азаматтар

Арман Бексағанбетов пен Қанат

Бәйтеновке берілді. Айтулы сәтке

ауыл әкімі Төлеген Тілеубаев, Мұса

мырза мешітінің ұстазы Берікбай

Германұлы, Торайғыр ауылының

имамы Берік Уахит қатысты. Алысжақыннан

мәртебелі меймандар

келіп, игі істің куәсі болды. Айта

кету керек, үйірмеге қажетті құралжабдықтарға

ауыл азаматтары

көмек берді. Енді бапкер Қасым

Иманбай балаларға күрестің

абыроймен қорғар өнерпаздарды

дайындайды.

- Колледж жанынан ашылған

ресурстық орталық – қосымша білім

беру орны. Мұнда студенттер ғана

емес, балабақша тәрбиеленушілері,

мектеп оқушылары, тіпті қала

тұрғындары келіп, қалаған өнер түрі

бойынша дәрістерде оқиды. Бұл

ретте әлеуметтік жоба – домбыра

мектебінің ашылғанын атап өту

керек. Ұлттық аспапты меңгеру

дәрістері тегін болмақ, - дейді

А.Құрманқұлов.

Осылайша, шағын шаһарда

көпшіліктің, әсіресе, өскелең

ұрпақтың шығармашылығын

шыңдауға оңтайлы жағдай жасалды.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

қыр-сырын үйретеді. Сондай-ақ,

Мәуліт мерекесіне орай ауылымызда

волейболдан жарыс

ұйымдастырылды. Оған ауданның

Жаңажол, Сәтбаев, Майқайың,

Қаражар елді мекендері мен

Баянауыл орталығынан, Екібастұз

қаласынан командалар қатысты.

Бірінші және екінші орындар

кеншілер қаласынан келген қос

командаға бұйырса, үшінші орын

Жаңажол спортшыларына бұйырды.

Өз тілшіміз.

УСПЕН АУДАНЫ

Ақынға -

құрмет

Жақында Успен ауданында

«Музыка туралы

үлкен кітап» атты

дөңгелек үстел шарасы

ұйымдастырылды. Оған

өңірдегі жоғары сынып

оқушылары белсене

қатысты.

А т а л м ы ш ш а р а б е л г і л і а қ ы н ,

көркемсөз шебері Фариза

Оңғарсынованың туғанына 80 жыл

толуына арналды. Дөңгелек үстел

барысында успендік жастар белгілі

ақынның өмір деректерімен және

шығармашылық еңбектерімен таныс

болды. Аудандағы өнерге жаны жақын

оқушылар Фариза Оңғарсынованың

өлеңдерін оқып, көрермендерге рухани

ләззат сыйлады. Сондай-ақ, орыс

сыныптарында оқитын балалар ақынның

«Соловей», «Мелодия», «Беспокойная

пора», «Гордое поколение» атты орыс

тіліндегі поэтикалық жинақтарын

тамашалап, шығармаларын оқыды.

Бұл шараны өткізудегі басты

мақсат – жас буынға патриоттық

тәрбие беріп, дара тұлғаларымызды

танып-біліп, құрметтей білуге баулу,

дейді ұйымдастырушылар.

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Өз тілшіміз.

Түсінік берілді

ҚР Президенті Әкімшілігінің

тапсырмасына сай Ақтоғай

ауданы әкімі Бірыңғай

(Ұлттық) қабылдау күнін

өткізді. Сондай-ақ сыбайлас

жемқорлыққа қарсы бастамаға

сәйкес «Халық заңгері»

акциясы ұйымдастырылды.

Шараға мемлекеттік органдар мен

ұйымдардың бірінші басшылары мен орынбасарлары

қатысты. Аудан басшысы барлық

сауалдарға тиісті жауабын берді. Бұл күні

тұрғындар жергілікті «Атамекен» кәсіпкерлер

палатасының жетекшісі Н.Рахымжановтың

несиелендіру, шағын бизнесті дамыту жөніндегі

ақыл-кеңесін тыңдады. Ақтоғай ауылдық округінің

әкімі Б.Абдрахмановқа кешкі уақытта ауыл

көшелерін жарықтандыру мәселесі бойынша

сұрақтар қойылды. Ауыл әкімі бұл мәселе

жақын уақытта шешімін табатынына сендірді.

Жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Мұратов

мал шаруашылығын дамыту жөнінде қойылған

сауалдарға түсінік берді.

Тұрғындар мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылып

тұруына өтініш білдірді.

Өз тілшіміз.

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Ізгі істің игілігі

Жақында аудандық балалар кітапханасында

«Әлемді өлеңмен жеткізем» атты балалар

өлеңдер жинағының тұсауы кесілді.

Жинаққа 10-16 жас аралығындағы мектеп оқушыларының

шығармалары енді. Балалардың тырнақалды шығармалары

мен өлеңге жақын оқушылардың туындылары енгізілген.

Рухани кеште аудандық кітапхананың директоры М.Адамова

сөз сөйлеп, дарынды оқушыларды алғашқы еңбектерімен

құттықтады.

- Ауданымызда шығармашылыққа жақын балалар көп.

Дарынды оқушыларды қолдау мақсатында мазмұны тәуір

шығармаларды іріктеп алдық. Болашақта біздің ауданымыздан

жас қаламгерлер шығады деген ойдамыз. Қаламдары

ұштала берсін, - деді М.Адамова.

Балалардың жинағына педагогика саласының ардагері

Г.Әбдіразақова жоғары баға берді. Шара барысында

мектеп оқушылары кітапқа енген өлеңдерді жатқа оқып,

көрермендердің қошеметіне ие болды.

Өз тілшіміз.

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

Ардагерлермен

кездесті

Аудан әкімі А.Балғабаев жергілікті

ақсақалдармен кездесті. Шараға

ауылдық округтердің ардагерлер

кеңесінің төрағалары және қариялар

қатысты.

Отырыста аудан басшысы Абзал Әбілхақұлы

өңірдің тыныс-тіршілігімен бөлісіп, алдағы

уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.

Ақсақалдар қауымы ауданымызды дамыту бойынша

өз ұсыныстары мен ойларын айтты. Әсіресе,

жастарды еңбекке, кәсіпкерлік, бизнес саласына

тарту, жұмыссыздықты азайту, жастардың

бойында азаматтық, патриоттық сезімді жоғарлату

сияқты түйінді мәселелер талқыланды.

«Қарты бар ел – қазыналы ел» демекші,

жастарға өнеге, тәрбие беріп, дұрыс жол сілтеген

абыз ақсақалдардың біздің қоғам үшін орны

ерекше. Шара соңында А.Балғабаев көненің

көзіне айналған ақсақалдарға ауданымыздың

дамуына белсене атсалысып, қосқан үлестері

үшін алғысын білдірді.

С.ӘМІРЖАНОВА,

аудандық ішкі саясат және тілдерді

дамыту бөлімінің бас маманы.

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Жұртшылықты

жарылқап тұр

Аудан орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің

кезекті жәрмеңкесі өтті.

Тұрғындар көп жиналған шарада

ауылдық округтердің кәсіпкерлері

арзан бағада өз өнімдерін ұсынды.

«Базарбек» әмбебап базарындағы

жәрмеңкеге жұрт көп жиналды. Әсіресе,

жұмыртқа, сүт, шұжық өнімдеріне

сұраныс жоғары болғанын атап

өткен жөн. Бұл ретте жұмыртқаның

ондығы - 240 теңге, сүттің литрі – 120

теңге, майдың келісі – 2000 теңге,

ірімшік 500 теңгеден сатылды. Атап

өтерлігі, сүт өнімдері арзан бағамен

жылдам сатылып кетті. Жәрмеңкеде

190 келі жылқы еті, 210 келі құс еті,

90 келі қой еті саудаға шығарылды.

Алайда, жылқы етінің келісі – 2000

теңгеден, сиыр еті 1500-1700 теңгеден

саудаланды. Бағаның қымбаттығына

қарамастан, жергілікті халық бұл

өнімді сатып алды. Кәсіпкерлерге

ет бағасы қаладағыдан арзан болса

екен деген өтініштерін білдірді.

Өз тілшіміз.

ЕРТІС АУДАНЫ

Аурухана жөндеуден өтті

«Ауыл – ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының

өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.

Аталған бағдарлама Ертіс ауданында да жүйелі жалғасуда.

Атап айтсақ, жақында Ертіс аудандық ауруханасы

күрделі жөндеуден өтті. «Павлодар

Рем Комплекс» ЖШС ішкі су құбырын жөндеп,

жертөледегі су құбырларын ауыстырды. Оған

қоса екі сорғы орнатылды.

«Строитель» ЖШС аурухананың бірінші

қабатына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Яғни, тегін ем қабылдау кабинеті, ауыл

тұрғындарын қабылдау кабинеті, тіс жөндеу

орталығы, педиатрлық кабинет, инфекциялық

кабинеті заманауи үлгіде қайта жөнделді.

Сондай-ақ, терезе, есіктері жаңадан орнатылып,

еден төселді. Қабырғалар түрлі түсті

бояумен көмкеріліп, аурухананың ажары арта

түсті. Барлық жұмыстар 6 ай ішінде аяқталды.

Аталған жоба шеңберінде 2024 жылға дейін

Сілеті ауылының медициналық пункті, Ағашорын

ауылы медициналық пункті және аудандық

аурухананың қазандығы күрделі жөндеуден

өткізілмек.

Нарқұлан РАЙХАН.


6 23 қараша, сенбі, 2019 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

Біздің міндет -

сапалы қызмет!

Көп ұзамай облыс орталығында жаңа онкологиялық

диспансердің тұсауы кесіледі деп жоспарлануда. Заманауи

емдеу мекемесі өңірде өршіп тұрған қатерлі ісік

ауруларын емдеуге қаншалықты қауһарлы? Осы және

өзге де сауалдарымызға жауап алу үшін облыстық

онкологиялық диспансердің бас дәрігері Сүлейменов

Мұрат Құснұлұлымен сұхбаттасқан едік.

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

БАС ТАҚЫРЫП

- Павлодар облысы онкологиялық

аурулардың көрсеткіші

жағынан республикада

үшінші орында тұрғанын

білеміз. Қазіргі таңда өңірдегі

ахуал қалай?

- Өкінішке қарай, соңғы сегіз

айдың көрсеткіші бойынша онкологиялық

аурулардың таралуы

жағынан үшінші орындамыз. Дей

тұрғанмен, соңғы 6-7 жылдың

қорытындысы бойынша өңірде

қатерлі ісік ауруларынан болатын

өлім-жітім көрсеткіші 18 пайызға

төмендеді. Бұл – мемлекеттік

қолдаудың нәтижесі деп білемін.

Мәселен, тек бір науқасқа бір айда

таргентті дәрілік заттар алу үшін

1 млн. 200 мың теңгенің қаржысы

жұмсалады. Егер мемлекет тарапынан

мұндай қолдау көрсетілмесе,

қаражат бөлінбесе, жағдай өте

ауыр болар еді. Қуантарлығы,

денсаулық сақтау саласын

дамытуға жан-жақты мүмкіндік

жасалуда. Соның нәтижесінде біздің

жұмысымыз да алға басуда. Енді

жаңа диспансер іске қосылғаннан

кейін бұрынғыдан да жақсы

нәтижелерге қол жеткіземіз деген

үміттеміз. Заманауи құрылғылардың

көмегімен ауруды дер кезінде

анықтап, жедел әрі сапалы қызмет

көрсетуге мол мүмкіндігіміз бар.

Сұхбаттасқан –

Нұржайна ШОДЫР.

Көмір жеткілікті ме?

Облыс жұртшылығының қыстан тарықпай шығуы үшін шамамен 428 мың тонна

қатты отын қажет. Қазіргі уақытта тұрғындар тиісті отынның 80 пайызын

сатып алған. Жауапты мамандар өткен жылмен салыстырғанда көмір бағасы

артпағанын айтады.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Павлодар облыстық энергетика

және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығы басқармасы

басшысының оырнбасары Талғат

Испуловтың сөзінше, көмір бағасы

елді мекеннің ара қашықтығы,

сұрыптылығына байланысты белгіл

е н е д і . Қ а т т ы о т ы н н ы ң б і р т о н н а с ы

7 мың 200 теңгеден 15 мың 500

теңгеге дейін сатылады. Тас көмірді

7200 теңгеден 10 мың теңгеге дейін

сатып алуға болады. Бұл ретте

жауапты мамандар бағаның өсуіне

жол бермеу мақсатында арнайы

мониторинг жүргізеді.

Облыс орталығында 4 сату орны

бар. Сонымен қатар аудан-қалаларда

бір-бір сауда нүктесі тіркелген.

Аймағымыздың қоймаларында 13

мың тонна көмір сақтаулы. Бұл

ретте тұрғындарға сату нүктелері

мен көмірдің бар немесе жоқтығы

туралы ақпарат тарататын арнайы

желі құрылған.

- Павлодар облысы әкімінің

тапсырмасына сәйкес, ҚР

- Мұрат Құснұлұлы, жаңадан

ашылатын онкологиялық

диспансер елдегі ең қуатты

емдеу ұйымдарының қатарына

енеді екен. Демек, медициналық

мекеменің мүмкіндіктері

зор болғаны ғой...

- Иә, таяуда пайдалануға берілетін

онкологиялық диспансер

толығымен заманауи құрылғылармен

жабдықталмақ. Яғни, мамандарымыз

бұрын-соңды болмаған

медициналық аппараттармен жұмыс

істейді. Атап айтар болсақ, диспансер

ең соңғы үлгідегі компьютерлік

және магниттік-резонанстық томография,

желілік үдеткіш қондырғысы,

эксперт кластағы 3D ультрадыбыстық

зерттеу құрылғыларымен қамтамасыз

етіледі. Шет елден әкелінетін бұл

құрал-жабдықтарды сатып алу

үшін республикалық бюджеттен

қыруар қаржы бөлінді. Мәселен,

америкалық желілік үдеткіш

қондырғысы үшін қазынадан

1,8 млрд. теңге, магниттікрезонанстық

томографияға -

450 млн. теңге, компьютерлік

томография жасайтын құрылғыға

350 млн. теңге жұмсалды.

Жалпы, жаңа диспансерге құны

4 млрд. 600 мың теңге тұратын

медициналық құрылғылар қойылмақ.

Бұл – онкологиялық ауруларға

шалдыққан науқастарды нәтижелі

емдеуге үлкен септігін тигізері

анық. Сондай-ақ, жаңа диспансерде

200 адамға арналған

төсек-орын болады. Мұның сыртында

күн сайын диспансердің

емханасында жүздеген науқасқа

дәрігерлік көмек көрсетіледі.

Қосымша маммология, гинекология

бөлімшелері ашылады. Себебі,

бүгінде сүт безі мен жатыр мойыны

қатерлі ісігіне шалдыққан жандар

көбеюде. Сонымен қатар, алдағы

уақытта күндізгі стационарды 100

орынға дейін кеңейтеміз деген

жоспар бар.

- Заманауи құрылғылардың

тілін білетін білікті мамандар

жеткілікті ме? Жалпы, кадр

тапшылығы бар ма?

- Онкологиялық диспансерде

мамандар жеткілікті. Бүгінде мекемеде

барлығы 325 адам жұмыс істейді.

Олардың қатарында 60 дәрігер, 125

медбике бар. Дәрігерлеріміз бұған

дейін Израиль, Оңтүстік Корея, Англия,

Франция, Белоруссия сынды дамыған

елдердегі медициналық мекемелерге

барып, білімдерін жетілдіріп,

тәжірибе алмасып, емдеудің тың әдістәсілдерін

үйреніп келді. Сондықтан

мамандарымыз соңғы үлгідегі аппараттарды

толық меңгеріп, сапалы

жұмыс істеуге қабілетті. Оған еш

күмәнім жоқ. Жалпы, біліктілік санаты

жағынан онкологиялық диспансер

дәрігерлерінің республика көлемінде

көш бастап тұрғанын атап өткен жөн.

Яғни, көрсеткіш 94 пайызды құрайды.

Ал медбикелердің біліктілік санаты

91 пайызды құрайды. Дәрігерлердің

орташа жасы - 41. Бұл - жақсы

нәтиже. Демек, бізде әзірге маман

жағынан мәселе жоқ.

Ұлтық экономика министрлігінің

Бәсекелестікті қорғау және дамыту

комитетінің Павлодар облысы

бойынша департаменті, Павлодар

облысы бойынша мемлекеттік

кірістер департаменті және

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер

палатасы өкілдерінің қатысуымен

жұмыс тобы құрылды.

Аталмыш құрам заңсыз көмір

айналымының алдын алу бағытында

жұмыс істейді. Олар апта сайын

көмір сату орындарын аралайды.

Тексеру барысында қатты отынды

белгіленбеген орында сатумен

айналысқан 4 құқық бұзушы

анықталды. Оларға қатысты әкімшілік

хаттама толтырылды. Жағдай біздің

тұрақты бақылауымызда, - дейді

Талғат Испулов.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМҚОРЛЫҚ

«Бақытты

отбасы» көбейсін!

Елімізде әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларының

баспаналы болуына мүмкіндік жасау

мақсатында «Бақытты отбасы» жобасы жүзеге асуда.

Аталмыш бағдарламаның жемісін павлодарлықтар

да көруде.

Нұржайна ШОДЫР

Жақында облыс орталығындағы

95 отбасы баспаналы

болды. Павлодар қаласы қаржы

бөлімінің сектор меңгерушісі

Ақерке Еламанованың айтуынша,

биыл «Бақытты отбасы»

бағдарламасына қатысуға ниет

білдірген 348 шаңыраққа жолдама

беріліп, олардың төлем қабілетін

бағалау үшін тиісті құжаттары

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс

жинақ банкі» АҚ-на жіберілген.

Түрлі себептерге байланысты

банк 162 өтінімнен бас тартып,

186 адамның өтінішін құптаған.

Бүгінгі күні өтінімдері қабылданған

отбасылардың 95-і баспана

алып үлгерсе, қалғаны өздеріне

жайлы үй іздестіруде екен.

Бағдарлама аясында баспаналы

болғандардың бірі - 6 бала

тәрбиелеп отырған павлодарлық

тұрғын Жанар Қарашашева.

- Біз «Бақытты отбасы»

бағдарламасының арқасында

пәтерлі болдық. «Өз үйім -

өлең төсегім!» демекші,

өзіміздің тұрақты баспанамызды

тапқанымызға қуаныштымын.

Балалар да мәз-мейрам, - дейді

көпбалалы ана.

Айта кетерлігі, аталған

бағдарлама арқылы қолжетімді

тұрғын үй алу құқығы баршаға

бірдей бұйыра бермейді. Яғни, ол

үшін міндетті түрде мемлекеттік

тұрғын үй қорынан берілетін

тұрғын үйге мұқтаж азаматтар

тізімінде үш түрлі санат бойынша

кезекте тұруыңыз шарт. Нақтырақ

айтар болсақ, бұл бағдарламаға

көпбалалы, толық емес және

мүмкіндігі шектеулі балалары

бар немесе мүгедек балаларды

тәрбиелеп отырған отбасылары

ғана қатыса алады. Осы санатқа

жататын отбасыларына «Қазақстан

тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

А Қ а р қ ы л ы е ң т ө м е н г і , я ғ н и ,

2 пайыздық жеңілдікпен ипотека

берілетін болады. Ол үшін өтініш

берушілердің отбасылық кірісі

қатаң есепке алынады, дейді

мамандар.

Қазіргі таңда шаһар бойынша

ж а л п ы т ұ р ғ ы н ү й к е з е г і н д е

15 мыңнан астам адам тұрса,

олардың қатарында 4 мыңдай

толық емес, 400-ден астам

көпбалалы және 150-ге жуық

мүгедек баланы асыраушы отбасылары

тіркеуде тұр екен. Алдағы

уақытта осы санаттағы азаматтарды

қолжетімді баспанамен

қамтуға мүмкіндік берілмек.

КОНФЕРЕНЦИЯ

Жаңа заман

ағымында

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада

«Кітапхана - тарихи білім орталығы» атты халықаралық

ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Шараға орай Қазақстан, Ресей, Украина, Хакасия елдері

ғалымдарының, кітапхана қызметкерлерінің және ғалымдардың 50-ге

жуық мақаласы топтастырылған жинақ жарық көрді. Конференцияда

тарихты зерттеудегі ғылыми кітапханалардың әлеуетін тиімді

пайдалану мәселелері, тарихи-мәдени мұраны зерттеу және сақтау,

халықтың тарихи естелігіндегі кітапханалар мен мұрағаттар рөлі туралы

сөз болды. Сондай-ақ шекара аралық ынтымақтастықты нығайтып,

өлкетану құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, өлкетану ресурстарын

ілгерілетудегі қазіргі заман тәжірибелері, цифрлық ортадағы

кітапхана қызметтері мен өнімдері туралы мәселелер талқыланды.

- Екі күнге созылған халықаралық конференцияның ауқымы

кең. Бұл топтамада қазіргі цифрландыру дәуіріндегі кітапханаларға

қатысты көптеген мәліметтер қамтылған. Тек кітапханалардың ғана

емес, сонымен қатар мұражайлардың, білім беру және ғылыми

мекемелердің шекаралас ынтымақтастығын нығайту мәселесі де

орынды қозғалып отыр. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да

жалғасын табады, - дейді кітапхана басшысы Шолпан Шахметова.

Атаулы шараға еліміздің әр өңірінен, сонымен қатар, Ресей

Федерациясының Новосібір, Омбы қалаларынан, Моңғолия, Украина

Республикаларының тарихшы-ғалымдары және кітапхана ісінің

мамандары қатысты. Ғылыми-тәжірибелік конференцияға Моңғолия

Республикасының Баян-Өлгей аймағынан арнайы келген Айжан

Алданышқызы өлкетану саласын мектеп жасынан бастап оқыту

ұсынысын қолдайтынын жеткізді.

- Жасыратыны жоқ, біздің елімізде өлкетану саласы енді ғана

қарқын алып, дамып келеді. Сондықтан өскелең ұрпақты өзінің

туған елінің тарихын білуге үйрету үшін оны мектеп қабырғасынан

бастаған жөн. Қазақстан мен Моңғолия мемлекеттері арасында

мәдениет саласын өркендету үшін жасалған ынтымақтастық келісім

бар. Конференциядан үлкен әсер алдым. Бұл тәжірибені өзімізде

де қолданатын боламыз, - деді Баян-Өлгей аймағының мамандық

бақылау басқармасының мәдениет, өнер саласына жауаптанған

мемлекеттік инспектор Айжан Алданышқызы.

Шараның алғашқы күні пленарлық отырыс, кітап көрмелері

ұйымдастырылып, ғалымдармен кездесулер өтсе, екінші күні тәжірибелік

сабақтарға, шеберлік сыныптарына, тренингтерге басымдық берілді.

Қатысушылардың барлығы арнайы сертификаттарға ие болды.


Жас times

SARYARQA SAMALY

«Сарыарқа самалы» газетінің

жастарға арналған қосымшасы

ЖАРҚ ЕТКЕНДЕР

Оксананың

ойыншықтары

Сәбира

Мұхамеджанова

Халық қаһарманы

Қасым Қайсенов

«Желтоқсан көтерілісі –

Тәуелсіздігіміздің кіндігі», -

деп баға берген еді. Осы

оқиғада жанын құрбан

еткен жастың бірі Сәбира

Мұхамеджанова туралы не

білеміз?

Сәбира Есімбекқызы Мұхамеджанова

1970 жылы 1 қаңтар күні Шығыс Қазақстан

облысы, Тарбағатай ауданының Ақмектеп

ауылында дүниеге келген. 1977 жылы

туған ауылындағы «Ленин жолы» сегіз

жылдық мектебінің 1-сыныбына оқуға

қабылданады. 1984 жылы мектепті «өте

жақсы» деген бағамен үздік бітіріп, Өскемен

педагогикалық училищесіне бастауыш

сыныпқа мұғалімдер даярлайтын қазақ

бөліміне оқуға түскен.

1986 жылдың желтоқсанындағы оқиғада

«ұлтшыл» деген жала жабылып, орынсыз

қорлауға жол берілді. Тергеудің соңы

«ұлтшылдардың басын қосып, советтік

қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан»

Сәбира Мұхамеджанова деп танылады.

Ол кезде Сәбира небары 16 жаста еді.

Бойжеткен қыз мұндай жаланы көтере

алмай, 1986 жылы 26 желтоқсан күні

Өскемен қаласында жатақхананың бесінші

қабатынан секіріп, мерт болды.

Сәбира тәуелсіздік жолындағы алғашқы

құрбандардың бірі еді. Желтоқсан құрбаны

Сәбира Мұхамеджановаға 2001 жылы

«Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы»

атағы берілді.

Ал биыл 2019 жылдың тамыз айында

қазақтың қайсар қызының туған ауылында

ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылу

салтанатына келген құрметті қонақтар

қатарындағы қоғам қайраткерлері мен

ақындар, ғалымдар Сәбира жайында

естеліктер айтып, оның ерлік ісі туралы

кейінгі ұрпаққа үлгі болар тағылымды

сөз қозғаған. Батыр қыздың мүсінін

жасаған шебер - Құралай Рахымбаева.

Өз кезегінде көпшілік ауылдағы білім

ордасына Сәбира Мұхаметжанованың

есімі берілсе деген тілектерін білдірген.

Сол бір қаһарлы күндері күдікке іліккен

Сәбира тергеушіге: «Ешкімге тиіспеңдер,

оқудан шығармаңдар, барлығын мен

ұйымдастырдым және мен алаңға алып

шықтым» деген екен. Мұның өзі - ерлік!

Сәбираның отбасында бір әпкесі мен

ағасы бар. Олар туған ауылдарында

тұрады.

Өңірімізде өз ісін бастап, жеке кәсібін ашуға ниетті жастарды қолдайтын бірқатар ауқымды

істер қолға алынуда. Осы ретте, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай

кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының аясында жүзеге

асырылып отырған «Жас кәсіпкер» жобасын ерекше атап өтуге болады. Осы жоба негізінде

жеке кәсібін бастаған шарбақтылық Оксана Тарола ойыншықтар тігіп, сатуды жөн көрген.

«СЕРПІН»

Жалғасы 9-бетте

Жалғасы 9-бетте

Мақсатым - осы өңірге тұрақтау

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Облыста

«Серпін - 2050»

бағдарламасының іске

асырылып жатқанына

биыл 5 жыл. 2014

жылы аймаққа осы

бағдарлама аясында

білім іздеп келген

жастардың алды

дипломын қолдарына

алып, еңбек етуде.

Серпіннің алғашқы

түлектерінің бірі -

Нұрболат Рахметов.


8 Жас times

23 қараша, сенбі, 2019 жыл SARYARQA SAMALY

1 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

Елбасы –

елімен бірге

2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы

Парламент Сенатының отырысында

«ҚР Ата заңына толықтыру енгізу: «Қазақстан

Республикасындағы мерекелер» заңы қабылданды.

Тұңғыш Президент күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақ елі үшін жасаған еңбегін елеп-ескеру мақсатында

күнтізбеге енді.

2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап елімізде Тұңғыш Президент

күні дәстүрлі түрде тойлануда. Күнтізбеге қызыл белгімен

енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі өзінің жеке

Әнұраны, мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап,

шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан

Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор.

Жалпы, мұндай мереке әлемдік тәжірибеде бар. Дүниенің

бірқатар елдері соңғы бір ғасырда мемлекеттерінің іргетасын қалаған

Президенттерінің еңбегін елеп-ескеріп, олар таққа мінген күнді

салтанатты түрде ұлттық мейрам етіп белгілеп, тойлап келеді. Өзге

мемлекеттерді былай қойғанда, әлемнің алпауыт елі АҚШ Президент

күніне ерекше көңіл бөледі. 22 ақпан жыл сайын АҚШ-та Президент

күні ретінде аталып өтеді. Бұл атаулы күн 1782 жылдан бастау

алады. Дәл осы жылы Вирджини штатындағы Ричмонд шаһарында

алғаш рет АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның туған

күні аталып өтті. 19-ғасырдан, яғни 1880 жылдан бастап бұл күн

АҚШ-та кең түрде аталып өте бастады. Сондай-ақ ақпан айында

солтүстік пен оңтүстік соғысын тоқтатқан және Штаттар жеріндегі

құлдық билікті жойған АҚШ үшін орны бөлек ұлы қайраткер, президент

Авраам Линкольннің туған (12 ақпан) күні. Бұл күн ресми түрде

мейрамдар қатарына қосылмаса да, көпшілік өздерінше атап өтіп

жатады. 1971 жылы президент Ричард Никсонның екі ұлы Президент

күнін бірге атап өту жөнінде ұсыныс білдірді. Сондай-ақ өзге

президенттерді де осы күні еске алу керектігін еске салды. Содан

бері ақпан айының үшінші дүйсенбі күні АҚШ-та жалпы халықтық

демалыс күні болып белгіленіп, мейрам ретінде тойланып келеді.

Дәл осындай мереке біздің елімізде де жаңғырып, жаңаша

жағдайда тәуелсіздігімізді паш етіп, аталып өтіп жатса жақсы

емес пе?! Біріншіден, бұл мемлекеттің іргетасын қалаған Тұңғыш

Президентімізге ілтипат, екіншіден, халықтың қандай елде тұрып

жатқанын еске салып, сыйластыққа, достыққа шақыру, берекебірлікке

жетелеу болмақ.

Есіңде жүрсін:

• Нұрсұлтан Әбішұлы 1990 жылдың сәуірінде Қазақ КСР-ның

Президенті болып тағайындалды.

• 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің

жалпыхалықтық сайлауы өтіп, Н.Назарбаев 98,7% дауыспен

жеңіске жетті.

• 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум

нәтижесінде Президент Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға

дейін ұзартылды.

• 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлау

нәтижесі бойынша Н.Әбішұлы 79,78% дауыс иеленіп, Қазақстан

Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

• 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылар 91,5% дауыспен

Н.Ә.Назарбаевты ҚР Президенті етіп қайта тағайындады.

• Ал 2011 жылы 3 сәуір күні кезектен тыс президент сайлауында

Н.Назарбаев сайлаушылардың 95,5% дауысын жинап,

ҚР Президенті болып қайта сайланды.

• Тұңғыш Президент күні елімізде көптеген шара ұйымдастырылып,

мейрам ретінде тойланады.

• 2015 жылғы сәуір айының 26-сында өткен ҚР Президентінің

кезектен тыс сайлауында да Нұрсұлтан Назарбаев айқын жеңіске

жетті. Барлық сайлаушылардың 97,75 пайыз дауысын жинап,

ел басқару миссиясын жалғастырды.

• Биыл 19 наурызда Елбасы республикалық телеарналардан

халыққа үндеу жасап, президенттік өкілеттігін тоқтататынын

мәлімдеді. Осылайша тәуелсіз ел тарихындағы Н.Назарбаевтың

президенттік қызметі тоқтады. Сонау қысылтаяң шақта елді

талай тығырықтан алып шыққан, Қазақстанды әлемге танытқан

Елбасымыздың есімі мемлекет тарихында алтын әріптермен

мәңгілік жазылып қалмақ.

Павлодар қалалық №4

емхананың педиатр-дәрігері

Нұржамал Әубәкірованың

есімі ата-аналар арасында

кеңінен танымал десек,

қателеспейміз. Өткен жылы

қатарға қосылған жас

маман өзі жұмыс істейтін

медициналық мекемеде

аналарға арналған мектеп

пен балаларды дұрыс

тамақтандыруға үйрететін

ресурс орталығын ашқан

болатын. Әріптестерінің ортасында

сыйлы дәрігер биыл

«100 жаңа есім» жобасында

бағын сынауда.

Білікті

дәрігердің биігі

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Нұржамал Талғатқызы Шығыс

Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы

Қасым Қайсенов ауылында

дүниеге келген. Елді мекендегі

мектепті тәмамдаған соң, Нұр-Сұлтан

қаласындағы медициналық университетке

оқуға түседі. Білім ордасында

5 жыл бакалаврда, 2 жыл

интернатурада, 2 жыл резидентурада

оқып, дәрігер мамандығының

қыр-сырын меңгереді.

2018 жылы қолына диплом алған

соң, Павлодар қаласындағы №4

емханаға жұмысқа тұрады. Бар

болғаны бір жарым жыл ішінде өз

саласына жауапты екенін көрсете

білді. Нұржамал Талғатқызы

«Инстаграмм» парақшасында өз

оқырмандарына балалар арасында

кездесетін сырқат түрлері бойынша

ақыл-кеңесін айтып отырады. Ауру

түрлерін емдеу жолдарын егжейтегжейлі

түсіндіреді. Сондықтан

болар, қала тұрғындары Нұржамал

Әубәкіровадан үнемі көмек сұрап,

сұрақтарын жолдап жатады.

- Жоғары оқу орнын тәмамдаған

уақытта мамандық жәрмеңкесіне

қатысқан болатынмын. Сол уақытта

Павлодар қаласының мамандары

жұмысқа шақырды. Ұсынысты қабыл

алғаныма еш өкінбеймін. Отбасыммен

осы өңірге көшіп келдім.

Қызметке тұрған уақытта 150 мың

теңге көлемінде көтермеақыға ие

болдым.

Пәтер жалдау үшін ай

сайын 30 мың теңге қаржылай

көмек көрсетілді. Кейін мекеме

басшылығы «7-20-25» мемлекеттік

бағдарламасына қатысуға ұсыныс

жасады. Бұл ретте 1 млн. теңге

көлемінде қайтарымсыз қаржы

берілді. Бұл қаражатты алғашқы

жарнаға төлеп, бір бөлмелі пәтерге

ие болдық. Баспанамыз, тұрақты

жұмысымыз бар. Жас мамандарға

осындай қолдау көрсеткені

үшін қалалық №4 емхананың

басшылығына алғыс білдіремін, -

дейді Нұржамал Әубәкірова.

Нұржамал Талғатқызы өзі

қызмет жолын бастаған мекемеде

аналар үшін ресурс орталығын

ашқан болатын. Мұнда педиатр

дәрігерлер өмірге нәресте әкелген

әйелдерге дұрыс тамақтандырудың

тәсілін үйретеді. Тәжірибе жүзінде

баланың жасына байланысты түрлі

ботқаларды әзірлейді. Шеберлік

с а ғ а т ы н а 6 а й л ы қ т а н б а с т а п

3 жасқа дейінгі сәбиі бар аналар

белсенді қатысып келеді.

Бұл ретте аталмыш орталықта

барлық жағдай қарастырылғанын

атап өткен жөн. Бөлмеде

тоңазытқыш, шағын толқынды

пеш, су ішуге арналған кулер,

тамақ пісіруге арналған плита

да қарастырылған. Құрамында

дәрумені көп фасоль, жүгері,

бұршақ, күріш, қарақұмық сынды

тағамдар мен көкөністер сатылып

алынған. Балалар үшін арнайы

ойын алаңы да орналасқан.

- Қазір технология заманы екенін

білеміз. Күнделікті жұмысымнан

бөлек, «Инстаграмм» әлеуметтік

парақшасын белсенді пайдаланамын.

Оқырмандарымнан

келген сауалдарға жауап беремін.

Аналар тарапынан баланы дұрыс

тамақтандыру жөнінде көп сұрақ

келеді. Сондықтан ресурс орталығын

ашуды жөн көрдім. Шеберлік

сағатына қызығушылық білдіріп

жүрген ата-аналардың қатары күн

сайын артып келеді. Мұндай шара

аптасына екі мәрте өткізіледі.

Әрбір сәби 6 айға толғанға дейін

тек қана ана сүтімен қоректенуі

тиіс. Өйткені ана сүті дәруменге

бай. Бала 6 айдан асқаннан

кейін отбасы мүшелері ботқа

бере бастайтынын білеміз. Бірақ

оны әзірлеудің де жолдары бар.

Осылайша, аналарға ботқаны пісіруді

іс жүзінде көрсетіп, балаға беруге

болатын және жеуге болмайтын

тағамдар жөнінде кеңес беріп

келеміз, - дейді дәрігер.

Нұржамал Талғатқызы жуырда

Түркияның Стамбул қаласында

өткен семинарға қатысып келді.

Мұндай мүмкіндікке өңір дәрігерлері

арасында жүзден жүйрік атанғаны

үшін ие болған. Алдағы уақытта

Алматы қаласында өтетін семинарға

қатыспақ.

- Бір айдан кейін елімізде

міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру жүйесі енгізілетінін

білеміз. Бұл жаңашылдықты Түркия

мемлекетіне барғанда өз көзіммен

көрдім. Бұл елдің емханаларында

да дәрігер қабылдауына

деген кезек көп. Бірақ адамдар

мүгедектігіне, 1 жасқа толмаған

баласы барына қарамай, кезек

күтеді екен. Араларында айқай-шу

туындамайды. Өйткені мұндағы

сақтандыру жүйесі дәрігерлердің

құқығына негізделген. Яғни, кезекте

отырған адамдар бір-бірімен

ұрысып, дәрігер қызметіне бөгет

келтірсе, тегін пакетінен айрылады.

Бұдан бөлек, медициналық

мекеме ол адамды емдеуден

б а с т а р т а д ы . А л б і з д і ң е л і м і з д е

1 жасқа толмаған баласымен келген

анаға, мүгедектерге кезек күтпей

кіруге рұқсат етілген. Бастысы,

жаңа жүйе медицина саласына

жаңа серпін әкеледі деген

ойдамын. Дәрігерлер бұл бастамаға

дайын, - дейді Нұржамал Әубәкірова.

Қазіргі уақытта педиатр күніне

30-40 баланы қабылдайды. Бұдан

бөлек, шақырту бойынша өз

учаскесіне қарайтын үйлерді

аралап, балаларды емдеп келеді.

- «100 жаңа есім» жобасына

қатысуыма туысқандарым себеп

болды. Тәжірибем аз болса да,

бұл байқауда бақ сынауға бел

будым. Қазіргі уақытта жастарға

мол мүмкіндік берілуде. Сондықтан

жас мамандар бұл жобадан қалыс

қалмауы керек, - дейді Н.Әубәкірова.

Өңір тұрғындары үшін қызмет

атқарып, аналарға көмек көрсетіп

жүрген педиатрға сәттілік тілейміз!


Жас times

SARYARQA SAMALY 23 қараша, сенбі, 2019 жыл 9

ЖІГЕР

Бақбергеннің бағыты

айқын

Өңірімізде тағдырдың қиын сынағына ұшыраса да, тауы

шағылып, жігері мұқалмайтын қайсар да өжет жастар жетерлік.

Солардың бірі – Кенжекөл ауылының тұрғыны Бақберген

Қаламұш. Ол осыдан 2 жыл бұрын, 21 жасында Отардағы

№82796 әскери бөліміне (Жамбыл облысы) азаматтық борышын

өтеуге аттанады. Әскерде жүріп үстіне құлаған ауыр төсектен

омыртқасы сынып, жұлыны ауыр зақымданып, 1-топтағы

мүгедек болып, елге оралды.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Арбаға таңылған бозбала өзінің

қайсарлығының арқасында қол қусырып

отырған жоқ. Өзімен тағдырлас талай

жанның жүрегіндегі үміт сәулесін оятқан

Бақбергеннің арманы көп. Ол 2013 жылы

Ақтоғай ауданы Харьков орта мектебін

бітіргеннен кейін Ақсу қаласындағы қара

металлургия колледжіне оқуға түсіп, оны

2016 жылы 3 разрядты газ-электрмен

дәнекерлеуші мамандығы бойынша үздік

тәмамдайды. Дипломын қолына алысымен

Ақсу ферроқорытпа зауытына өз мамандығы

бойынша жұмысқа орналасады.

- Қызмет жолын бастағаныма небары

жарты жыл болған кезде Отан алдындағы

борышымды өтеуге аттандым. Арада екі

ай өткеннен кейін омыртқамнан зақым

алып, ауруханаға түстім. Жағдай былай

болған. Отарға сайысқа келе жатқан

спортшыларға жатын орын керек деп бізді

сол күні казармада емес, оның алдына

тігілген палаткаға жатқызды. Оның бір жақ

қабырғасына қарай тақалған екі ярусты

темір төсекте асты-үстінде 12, барлығы

24 сарбаз болдық. Мен кіре-беріске

жақын бұрышында, астында жаттым. Түн

ортасында темір төсек үстіндегі адамдарымен

бірге бір жақ бұрышына қарай

қисайып, менің үстіме құлап түсті. Қатты

жаншылдым. Жанымдағы жігіттер қолымнан

ұстап, жастыққа сүйеп отырғызды. Аяғымды

көтерейін десем, қимылдата алмай қойдым.

Әуелгіде ұйып қалған болар деп ойладым.

Өзім жұдырықпен ұрып көрдім, балалар

да ұстап көрді, ештеңе сезбедім. Сосын

қасымдағыларға: «Аяғым істемей қалды», -

дедім. Командирлерім шулап жүр. Сол

арада дәрігерлер келіп, аяғымды басып,

ұстап көрді де, казармаға кіргізіп, жедел

жәрдем шақырды. Олар белімді таңып,

Отардың ауруханасына апарды. Одан Алматы

қаласындағы әскери госпитальға жіберді», -

дейді Бақберген.

Алаңсыз күндері артта қалып, өмір

үшін арпалыс басталғанда бозбала бар

Идеясы бар, бірақ кәсібін бастау

үшін алғашқы капиталды қалай табарын

білмей жүрген талай жастың томағасын

сыпырған «Жас кәсіпкер» жобасына

Шарбақты ауданының 18-29 жас арасындағы

тұрғындары да асқан белсенділікпен

қатысуда.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің

мәліметінше, мұнда аталмыш жоба

аясында мал шаруашылығын дамыту,

дыбыс жазу студиясы мен автобояу

цехын ашу, фастфуд, кондитер өнімдерін

шығару, мұздатқыш құрылғысын сатып

алу, жиһаз және құрылыс материалдарын

шығару бойынша 64 адам қатысқан.

Олардың 35-і 200 АЕК көлемінде грант, 7-уі

3 млн. теңгеге дейін несие алған.

200 АЕК көлеміндегі грантқа ие

болғандардың бірі - 28 жастағы

Оксана. Мамандығы музыкант жас

қазіргі таңда декреттік демалыста отыр.

күшін жинап, бұрынғы қалпына келуді

армандайды. 1 жыл Алматы, Талдықорған,

Тараз қалаларына барып, үздіксіз ем алып,

оңалту орталықтарында болған Бақберген

өткен жылы Павлодарға оралады.

- Павлодарға келгеннен кейін де қарап

отырған жоқпын. Өңіріміздегі оңалту

орталықтарына, шипажайларға барып,

бұған дейін алып жүрген емдерім мен

жаттығуларымды үзбеуге тырыстым.

Ғаламтордан да ақпарат жинап, қалай

да аяққа тұрамын деген мақсат қойдым.

Жарақат алған кезде орнымнан тұрып,

қадам баспақ түгілі, денемді төсектен көтере

алмайтын едім. Қазір шүкір, отырып, кейін

еңбектеп үйрендім. Одан кейін жүруге

арналған құрылғының көмегімен бірнеше

қадамдар жасап, өз аяғыммен тұра алатын

күнге де жеттім. Бұл - менің соңғы 2

жылда жеткен ең үлкен жетістіктерімнің

бірі болды, - дейді Б.Қаламұш.

Оңалту орталықтарында ем алып жүріп,

өзіммен тағдырлас талай жанның жанайқайын

естіген бозбала оларға да көмек қолын

созуды ойлайды. Сөйтіп, «Бастау бизнес»

жобасы негізінде «Атамекен» кәсіпкерлер

палатасында оқытудан өтіп, 200 АЕК, яғни

505 мың теңгенің грантына ие болады.

- Біздің өңірде арбаға таңылып, аяққа

тұратын уақытын өткізіп алатын адамдар өте

көп. Жүру-тұру мүмкіндігінен айрылған талай

адам үшін екі аяғына тұрып, бір-екі қадам

жасаудың өзі - үлкен бақыт. Мен облыс

орталығындағы бірқатар оңалту орталықтарына

барып жүрген кезде тағдырластарымның

сөзінен осыны ұқтым. Бірақ, мүмкіндігі

шектелген адамның бәрінің ел аралап,

ем алуына мүмкіндік жоқ қой. Осыдан

кейін «неге Павлодарда да осындай оңалту

орталықтарын ашпасқа?» деген ой келді.

Сөйтіп, ағамның көмегімен алғашқы жаттығу

құрылғысын жасап шықтық. «Бастау бизнестен»

өткеннен кейін өзімнің бизнес жоспарыммен

облыс әкімі Болат Жұмабекұлының

жеке қабылдауына келіп, ойымды айттым.

Небары 1 аптаның ішінде ұсынысымды

қабылдап, маған оңалту орталығын ашатын

ғимарат тауып берді, - дейді жігерлі жас.

Оксананың ойыншықтары

Басы 7-бетте

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Оған ақыл-кеңесін айтып, жол көрсеткен

енесі екен.

- Бастапқыда ұлым баратын

балабақшада балғындардың ой-өрісін

дамытуға арналған кілемше жасап беруді

сұраған болатын. Бұдан кейін интернет

кеңістігінен іздеп отырып, кубиктер мен

кітаптар тауып алдым. Екі «Азбука» кітабын

жасауға үш ай уақыт кетті. Әрі қарай

панно мен әртүрлі ойыншықтар жасауды

қолға алдым. Менің бұл жұмыстарыма

қызығушылық танытқан таныстарым

тапсырыс беріп, сұрай бастады. Осыдан

кейін «бұл бастаманы неге бизнес көзіне

айналдырмасқа» деген ой келді. Грантқа

берілген 505 мың теңгеге тігін машинасын

сатып алдым, - дейді Оксана.

Қазіргі таңда кәсібін дөңгелетіп отырған

жас ана ойыншықтарды жасау үшін көбіне

фетр матасы мен синтетикалық мамықты

қолданады екен. Айтуынша, керекті

заттарды Ресейден арнайы тапсырыспен,

сондай-ақ, жергілікті сауда орындарынан

сатып алады. Оксананың қолынан

шыққан ойыншықтары тек Қазақстан

көлемінде ғана емес, Германия, Нью-Йорк

қалаларында да жақсы таныс көрінеді.

Сөйтіп, Кенжекөл ауылында жуырда

ашылған Мәдениет үйінің бір кабинеті

мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған

«Қарекет» оңалту орталығына айналады.

Бұдан бөлек, Бақбергенге өзі бұрын жарты

жыл қызмет етіп кеткен кәсіпорын өкілдері

де көмек қолын созады. Кабинетке қажетті

құрал-жабдықтарды сатып алу үшін ERG

компаниясы 5 млн. теңгенің сертификатын

табыс етті.

- Қазіргі таңда Еуразиялық топ өкілдері

берген қаржыға 9 жаттығу құрылғысы

алынды. Тағы 7-еуіне Алматы қаласына

тапсырыс беріп отырмыз. Жақын арада

келуі керек. Біздің ғимаратқа бұдан көп

симайды. Сонымен қатар, ем алушылармен

жұмыс жасайтын мамандар таңдалуда.

Негізі, «Қарекет» оңалту орталығының

жұмысының басталғанын тағатсыздана күтіп

жүргендер өте көп. Олардың арасында Ақсу

қаласынан және ауылдардан келуге ниет

білдіргендер бар. Біз күніне кем дегенде

10 адамды қабылдауға мүмкіндігіміз бар, -

дейді Бақберген.

Тағдыр тезіне мойынсұнбай, аяққа тұра

білген Бақбергеннің ісі өзгелерге үлгі.

Он саусағынан өнер тамған тігінші

болашақта кәсібін тек ойыншықтар

жасаумен ғана шектемей, балаларға

арналған киімдер тігуді де қолға алмақ

ниетте.

«СЕРПІН»

Мақсатым -

өсы өңірге

тұрақтау

Басы 7-бетте

«Серпін – 2050» бағдарламасы қолданысқа

енген кезде қуанбаған оңтүстіктің жастары

аз шығар. Мектеппен қоштасып, үлкен

өмірге қадам басар шақта солтүстікке

келіп, тегін білім алудың мүмкіндігі екінің

біріне бұйыра бермейтіні анық. Мұндағы

шарт біреу-ақ. Оқуын тәмамдаған түлек

Павлодар өңірінде қалып, жұмыс істеуі

тиіс. Алайда, серпіндік жастардың басым

бөлігіне Ертіс-Баян өңірінің климаты ұнамаса

керек, «Қысы тым суық» деген сылтаумен

үйлеріне кетіп жатқандары аз емес.

Ал Нұрболат үшін тегін білім алып,

маман атануына мүмкіндік берген Павлодар

өңірінде қалып, қызмет ету - абырой.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық

университетінің түлегі қазір Дарында

балаларға арналған Абай атындағы №10

лицей-мектебінің информатика пәнінің

мұғалімі болып қызмет етеді.

- Ең алғаш осы бағдарлама аясында

Павлодар өңіріне табан тіреген кезде

қорқыныш болды. Бейтаныс өлке, танымайтын

адамдар. Бірақ, мен үшін сіңісіп

кету қиын болған жоқ. Кез келген жерде

өзіңді жақсы қырыңнан көрсетіп, оқуыңа

да, жұмысыңа да асқан жауапкершілікпен

қарайтын болсаң, мәселе туындамайды деп

ойлаймын. ПМПУ-ге «Серпін» бағдарламасы

бойынша 10 студент келген едік. Оқу

бітіргеннен кейін осы жақта жұмыс істейміз

деп 2-ақ түлек қалдық, - дейді Нұрболат.

Жас ұстаз - Қызылорда қаласының

тумасы. Отбасында анасы, әпкесі мен ағасы

бар. Ұстаздық жолда жүргеніне 1 жыл ғана

уақыт болса да ол біраз жетістіктерге

жетіп үлгерген. Былтыр Алматы қаласында

өткен республикалық ұстаздар олимпиадасында

информатика пәні бойынша бірінші

орынды еншілесе, облыста да алдыңғы

орынды ешкімге бермеген. Бұдан бөлек

оқушылары да облыстық, республикалық

және халықаралық пәндік олимпиадалар мен

робототехника бойынша көш бастап тұр.

Серпіндіктердің Павлодар өңірінде

тұрақтамауы аймақ басшысының тікелей

назарында. Облыс әкімі Болат Бақауов

жуырда Нұр-Сұлтан қаласында Орталық

коммуникациялар қызметінде өткен брифингте

дәл осы мәселені сөз еткен болатын.

- «Серпін» бағдарламасымен Павлодар

облысында білім алып жатқан оңтүстіктің

балаларын «Nurly Ertis» жобасымен қызықтырып

отырмыз. Осы күнге дейін «Серпіндіктермен»

бірнеше рет кездестім. Өкінішке қарай,

олардың 70 пайызға жуығы Павлодарда

қалмайды. Біріншіден, Павлодардың суығына

үйрене алмағандықтарын айтады. Екіншіден,

баспана мәселесі өзекті болып тұр. Әйтпесе,

«пәтер берсеңіз қаламыз» деп отырған

жастар көп. Алайда оның бәріне пәтер

беретін мүмкіндік жоқ. Дей тұрғанмен,

серпіндіктер ата-аналарын Павлодар облысына

көшіріп әкелетін болса, «Nurly Ertis»

жобасы аясында баспана мәселесін шешіп

беруге болады. Сонымен қатар, Павлодар

облысында жұмыс істеуге қалған жастарды

бір жыл бойы тегін жатақханамен қамтамасыз

етеміз. Меніңше, бір жыл алаңсыз жұмыс

істесе, осы аралықта олардың өздері-ақ

пәтер алудың мүмкіндіктерін қарастыратын

секілді, – деген еді Болат Бақауов.

Осы жаңалықты бізден естіген Нұрболат

қуанышын жасыра алмады. Себебі, Қызылорда

қаласында тұратын отбасын Павлодарға

көшіріп алуды ойлап жүрген жас ұстаз

түбегейлі қарт Ертістің бойында тұрақтауды

көздейді.

- Қазіргі уақытта пәтер жалдап тұрамын.

«Nurly Ertis» бағдарламасы бойынша үй

беру туралы бұған дейін естімедім. Жақсы

жаңалық екен. Біз тәрізді ата-анасынан,

отбасынан жылдар бойы алыста жүрген

серпіндіктер үшін бұл - үлкен мүмкіндік.

Қасыма отбасымды көшіріп алуды көздеп

жүрген мен үшін керемет жаңалық, -

деді Н.Рахметов.

Айта кетелік, қазір бағдарлама

қатысушылары Ертіс-Баян өңіріндегі

жоғары оқу орындары мен колледждерінде

17 мамандық бойынша білім алып, жұмыспен

қамтылуда.


10 Жас times

23 қараша, сенбі, 2019 жыл SARYARQA SAMALY

ЖАСТАР ЖЫРЛАЙДЫ

Тәуелсіздік -

ең асыл құндылық

Алдымызда елдігіміздің айғағы болған Тәуелсіздік мерекесі келе

жатыр. Бұл күнді ата-бабамыз талай жылдар бойы зарыға аңсап,

қазаққа ғана тән табандылық пен жігердің арқасында басына тәж етіп

орната білді. Тәуелсіздік десе ішер асын жерге қоятын намысшыл һәм

батыл жастар арамызда жетерлік. Бүгінде аты әлемге мәшһүр Қазақ

елінің Тәуелсіздігін жырына арқау етпеген жан кемде-кем. Айтулы

мерекеге орай, өңір жастарының жыр шашуын ұсынуды жөн көрдік.

Тәуелсіздігім – байлығым!

Заманым менің, асқақтаған айбыным,

Тәуелсізбін, Тәуелсіздігім – байлығым.

Қайратты Қайрат, Ләззаттардың арқасы,

Азат ұрпақпын, бүгінде сондай жайлымын.

Сексен алтының ызғары еш ұмытылмас,

Қан төгіліп, лайланған, қайран айдыным!

Есіме алсам елімнің өткен парағын,

Жылайды жаным, жүректе орнап қайғы-мұң.

Қайғы боп келіп бодандық деген басыңа,

Соққы боп тиді қарттарың менен жасыңа.

Түнеріп аспан, күңіреніп дала сол кезде,

Біреулер бар еді айналған сенің қасыңа.

Теңдігің еді бабаларымның арманы,

Сол арман үшін талай боздағың...

Қан-терін төгіп арнады.

Төгілген сол бір қан менен тердің жолында,

Мінекей бүгін тәуелсіздігің орнады.

Сол ерлер төккен қан менен тердің жолында,

Бәйшешегіңде гүл ашты міне,

Жайнады қайта, солмады.

Сексен алты – желтоқсанның ызғары,

Елді қорғауға шықты ұлы, қыздары.

Буршының мұзға тайған күні туды сол кезде,

Тағыда бір аналардың жүректері сыздады.

Тәуелсіздік

Көкке қарасам, ай атам да тұр,

Жұлдыздан көрпе жамылып.

Тәуелсіздігім - тәңірдің сыйы,

«Ел анамыздың» бағы құт.

Атырау, Алтай тауын кезгенде,

Жау жүрек ұлдар жамылып,

Баһадүрлерім қорған жерін,

Қылышынан қан тамызып.

Тәуелсіздігім - ерлердің ары,

Жер үшін қиған жан үзіп.

Көкбөрілер де зарлы үнін қосқан,

Тау тағынан жаңғырып...

Ерлерім болса бесқару сайлап,

Оқтарын оттай жаудырып.

Бір қадамменен талай белді асқан,

Ат жалын да көз талдырып.

Жастарың төгіп қасықтап қанын,

Тағдырдан ащы дәм татты.

Күресті тынбай Отаны үшін,

Болса да мейлі жан тәтті.

Қайдасың, қазақ, оян, қазақ деп,

Жинады түгел жан-жақты.

Қараңғылықтың төріне,

Егемендік деген шам жақты.

Тар заманның батырлары,

Сыйлады бізге бар бақты.

Өткен тарихым - бүгінгі күнге жаңғырық,

Қуанышты басталады таң күліп.

Бабаларыма тағзым етемін әрқашан,

Тәуелсіздік таңы атты, міне, мәңгілік.

Сол тәуелсіздікті қылқалам қылып

ендеше,

Сәулесін шашқан жарық күнді де саласың.

Сол тәуелсіздікті тұлпар қылып тағыда,

Таулардан асып, аспанға қарай шабасың.

Сол тәуелсіздікпен тіл менен дінді

оралтып,

Адалдық пенен әділдікті де аласың.

Қуаншы елім, жайнашы мәңгі , Отаным,

Алла қаласа, мәңгілік, бақытты ел боп

қаласың.

Қып-қызыл қанмен беттерін жуып,

Қақ жарып жауды дал қылып.

Қарсыластардың желісін үзген,

Жон тері басын қалдырып...

Желтоқсанда да мұз үстін тырнап,

Тырнақ көбесін сөктіріп.

Өшпестей атын куә етіп жазған,

Көл бетін қанға бөктіріп.

Қырандар болса бір сәт қамалған,

Тұнжыр қапаста секеңдеп,

Бөрілер болса жем іле алмаған,

Тау басын ғана мекендеп.

Намысты ұлдар намысын қайрап,

Тағдыр заңына бағынып,

Жеңіске жетті жан жүректері,

Өлердей елді сағынып.

Дүбірлі тұлпар жер тарпығанда,

Тамыры жердің жарылып.

Қайырлы болды бізге Еділ жұрты,

Бабаларымыздан танылып.

Беу! Тәуелсіздік, бостандығым-ай!

Еркіндігім-ай! Аңсаған...

Халқыма мәңгі қайырлы болсын,

Мол ғұмыр кешсін барша жан.

«Қазірге дейін түркінің ішінде жігіттің сұлтаны

кім дегенде қазақ деген. Сол қазақ - мына Бізбіз!»

Ләйла КІРІСХАНҚЫЗЫ.

Серікхан СЕЙІЛ.

Н.Ә.Назарбаев.

«Мен мен едім, мен

едім...»

(жырауларша)

«Мен мен едім, мен едім...»

Қазақ деген ел едім!

Тамырын жайып тереңге,

Тәңірден алған керегін.

Арландығын танытып,

Жауласқандарын жоқ қылған,

Ажалсыз көк бөрі едім.

«Күлдір де күлдір кісінетіп,

Тұмар мойынды тұлпарым,

Топты жарған ер едім.

Мың батпандық қайғысын,

Қос ішегіне сыйдырған,

Тиексіз тілді сері едім.

Ұран тастап әлемге,

Үлгі тастап ұрпаққа,

Ата жолыммен келемін.

Қазақ болып туылдым,

Қазақ болып өлемін !

Он сегіз мың ғаламда,

Бір Аллаға сыйынып,

Басқа Құдай таппаған!

Екі дүние төрінде,

Иманын берік сақтаған.

Үш жүздің сауын тілесіп,

Төрт құбыласын тең қағып,

Бес қаруын баптаған.

Алты Алашты ел болып,

Жеті атасын жаттаған.

Сегіз жұмақтың кілті,

Тоғыз ай, он күн көтерген,

Анамның табанында деп,

Ақ жаулықтыға тоқтаған.

Он бір тілегін білдіріп,

Он екі айға амандық,

Дұға жасаған нақ бабам.

Жел жеткізбес шапқанда,

Құлагердей жүйрігін,

Құлын кезінде байқаған.

Омырауына балтамен,

Отын жарса да үндемей,

Сіңірінен сүйегін,

Сөгіп алса да сыр бермей,

Құйындай жауын жайпаған.

Жығылып жатса жасымай,

Жігерін қайрап жұлқынып,

Сүрініп, тұрып қайтадан.

Жебесі тесіп тастарды,

Екпіні тауды шайқаған.

Мен - сол қазақтың баласы!

Шамын жаққан соң жеңістің,

Шаттығы қонып шырайлы,

Шаңырағына құт кірген.

Мысы мықтыны құлатып,

Күші күштіні сұлатып,

Майданға барса тік кірген.

«Басы барларды идіріп,

Тізесі барды бүктірген».

«Мұнар да мұнар мұнар күн»,

Түн артынан шығар Күн!

«Бетеге кетсе – бел қалар,

Бектер кетсе – ел қалар»,

Аталар кетер – мен қалам!

Тастүлегімін Қыранның,

Ұлтым деген ұланмын.

Қамшы өмірдің қайғысы,

Арқамнан ұрар, шыдармын.

Құлармын, тағы тұрармын.

Егемендігім еңселі,

Бейбітшілігім баянды,

Темірін теуіп үзгенмін,

Бодандық деген бұғаудың!

Алға басып келемін,

Батасыменен бабамның,

Кәлимасымен тілімнің,

Қуатыменен Құранның.

Азаттығым тұрғанда,

Жылай қоймайтын шығармын.

Қазақтығым тұрғанда,

Құлай қоймайтын шығармын.

Абзал ҚАБДЫРАШ.

ТЕМІРҚАЗЫҚ

«Жас times»-тың

жауапты

шығарушысы -

Қарлығаш

ХАШЫМҚЫЗЫ

Тел: 8(7182)-66-15-32

Студенттер

бізден

бай ма?

Студенттік кезең -

өміріңдегі естен кетпес

есті шақтардың бірі.

Ғұмыр бойы жыр етіп

айтып жүретін тәтті

естеліктер де осы

жылдардан бастау алады.

Ең қызығы, үлкен өмірге

жолдама беретін де

студенттік кез емес пе?

Интернет желілерінде, газет беттерінде,

телеарна мен радиода жыл сайын

студенттердің жатақханасы мен оқу

ақысының жыл сайын қымбаттағанын

айтып, жар салады. Отбасынан, туған

ауылынан жырақта жүрген жастардың

мәселесін шешуге тырысып жататындар

да көп. Бұл ретте оқу орындары да

барынша жағдай туғызып, студенттер үйінің

жылдық төлеміне жеңілдіктер жасап, тіпті,

оқуында үздік танылған, қоғамдық

іс-шараларға белсенді қатысқан

ізденушілердің оқу ақысына жеңілдіктер

жасап немесе грантқа ауыстырып

жатады. Бұл студенттердің алаңсыз

білім алып, оқуында жақсы нәтижеге

қол жеткізуіне жол ашатыны анық. Бірақ,

қазіргі студенттердің басым бөлігі үшін

оқудан гөрі КFC-дің «сирақтарын» жеп,

кино көріп, боулинг ойнап, той жағалап,

ақша қуып жүрген әлдеқайда тиімді

тәрізді. Тіпті, олардың кейбірінің қолына

ұстаған ұялы телефондарының құны жарты

миллионға жақын. Ал үстерінде бренд

киімдер, астарында түрлі маркадағы

темір тұлпар. Құдды күніне миллиондап

табыс тауып отыратын олигарх дерсіз.

Жастардың бұлай желік алып, желпінуіне

әлеуметтік желідегі асыра мақтану да

себеп болады.

- Қазіргі уақытта студент кім, жұмыс

істейтін мамандар қайсы ажырату қиын.

Біздің қоғамда керісінше, таң атқаннан кеш

батқанға дейін бел жазбай еңбек ететін

қызметкерлерге қарағанда, күніне 6-7

сағат сабағына барып келіп, барын киіп,

қаланың көрікті һәм қымбат жерлерінде

жүретін студенттердің өмірі мың есе артық.

Ал біздің арамызда байдың баласына

ұқсап жүрген студенттердің барлығының

ата-анасының жағдайы керемет емес.

Көбі ауылда, азын-аулақ малын бағып,

мемлекеттен алатын жәрдемақы мен

жалақыға қарап отыр. Керек десеңіз,

ауылдағы дүкенге пәлен мыңдап қарыз.

Тапқанын студент баласының аузына

тосып, адам болсын деп жүрген құлынының

қаладағы жүрісі мынау. Дәл осылай

жастардың байлыққа, құр мақтанға жол

беруіне әлеуметтік желі, оның ішінде

инстаграмның тигізер үлесі мол. Себебі,

қазір екінің бірі ішіп-жеген тамағынан

бастап, жүрген жолы мен киген киміне

дейін интернетке салуды сәнге айналдырып

алды. Бұл біздің жастар үшін

қауіпті, - дейді психолог маман Айгүл

Рахимова.

Расымен де, қымбат кафелерді

жағалап, ұялы телефонның соңғы

моделін ұстап жүрген талай жастың

ата-анасы банктерге бағынышты, кредит

үшін қызмет етіп жүр-ау.

Уақытша мақтанып, ортамызда

байдың образын сомдап жүрген

жастарға Абайша айтсақ: «Өсек, өтірік,

мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

- Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек,

терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой -

Бес асыл іс, көнсеңіз...».


SARYARQA SAMALY

Сырқатты дереу әрі дөп

басып анықтауда заманауи

құрылғылардың

көмегі керек-ақ. Шұғыл

операциялар жасауда

да жарты жұмыс осы

озық құрал-жабдықпен

атқарылатыны да анық.

Ақсу қалалық ауруханасы

биыл жаңа жабдыққа қол

жеткізіп, айтарлықтай істе

ілгерілеушілік байқалған.

Мұндай мүмкіндік

мемлекеттік-жекеменшік

әріптестік аясында беріліп

отыр.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Таптырмайтын

томограф

Ағымдағы жылдың наурыз айында Ақсу

ауруханасына компьютерлік томограф

орнатылды. Құны 270 млн. теңге тұратын

жобаны «L-Group» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігі жүзеге асырды. Бұл фирма

жабдық орнатылатын бөлмені толық жөндеді.

Медициналық мекемеге жапондық жабдықты

орнатты, енді бес жыл бойы, яғни, 2019-

2023 жылдар аралығында сервистік қызмет

көрсетеді. Бұл дегеніңіз аурухана жабдықтың

қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге

бас қатырмайды. Бастысы, науқастарға

сапалы әрі дер кезінде қызмет көрсетуді

ғана ойлайды. Жабдықпен жұмыс істейтін

мамандарды инвестор оқытыпты. Бүгінде

компьютерлік томографтың тілін меңгерген

бір дәрігер мен екі рентген-зертханашы

қызмет етуде.

Ақсу қалалық ауруханасының директоры

Мақсұт Мұқашевтің айтуынша, компьютерлік

томограф аталмыш мекемеге аса қажет

болған. Негізі, бұл аурухана екінші деңгейлі

саналады. Демек, томографтың болуы

міндетті еді.

- Бізде травматология, невралгиялық

бағыттағы орындары бар терапия бөлімшелері

бар. Ауруханаға урологиялық сырқаттар

да қабылданатын хирургия, педиатрия

бөлімшелері, перзентхана кіреді. Бас сүйек-ми

зақымымен науқастарды қабылдаймыз.

Инсультке шалдыққандар да жәрдемге

жүгінеді. Міне, осындай сырқаттар кезінде

нақты әрі ертерек диагнозды анықтау үшін

компьютерлік томографтың пайдасы зор. Баста

гемотоманың, қан құйылу жағдайларының

бар-жоғын білуге көмектеседі. Онкологиялық

ауруларды да уақытылы тексеруге мүмкіндік

беріп отыр. Бұрын мұндай дерттерді анықтау

үшін тұрғындарды Павлодарға жіберетін

едік. Жабдық орнатылғаннан бері 985

компьютерлік томография жасалды, - дейді

Мақсат Тоқмұхамбетұлы.

Аурухана басшысының сөзіне сенсек,

жаңа жабдық қызмет сапасына да айтарлықтай

оң әсер етті. Баянауыл, Май аудандарынан

онкологиялық патологиялары

бар тұрғындарға да қызмет көрсетіледі.

Жалпы, ауруханада 180 орынға лайықталған

стационар, бір күнде 500 адамға дейін

қабыладй алатын емхана бар.

- Тағы бір қуантарлығы, келесі жылдан

бастап міндетті медициналық сақтандыру

жүйесі енгізілгеннен кейін компьютерлік

томография қызметі тегін болмақ. Яғни,

бұл қызмет жүйенің тегін медициналық

қызметтер пакетіне енеді. Бұған дейін

компьютерлік томография халықтың белгілі

бір санатына ғана тегін болды. Бастысы,

тұрғындар медициналық сақтандыру жүйесінің

қатысушысы болуы тиіс, - дейді М.Мұқашев.

Басым бөлігі –

денсаулық

саласында

Жалпы, айта кету керек, аймағымызда

жүзеге асып жатқан мемлекеттік-жекеменшік

әріптестік жобаларының басым бөлігі денсаулық

сақтау саласының еншісінде. Жуырда өткен

жиындардың бірінде облыстық экономика

және бюджетті жоспарлау басқармасының

басшысы Мақсат Тұрлыбаев 2017 жылдан

бері өңірімізде 32 жоба іске асқанын

айтқан болатын. Соның 16-сы – медицина

ҰЛТ САУЛЫҒЫ 23 қараша, сенбі, 2019 жыл 11

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК

Әріптестіктен

әр кетпесін!

саласында. Тарқата айтсақ, 2017 жылы

денсаулық саласында 6 жоба іске асты.

Павлодар және Кенжекөл ауылдарының

дәрігерлік амбулаториялары сатып алу

құқығынсыз 2017-2021 жылдарға сенімді

басқаруға берілген болатын. Бір өкініштісі,

бұл екі жоба бойынша прокуратура

кемшіліктер анықтады. Облыстық прокуратура

мемлекеттік-жекеменшік әріптестік

жобаларын жүзеге асыруда заңнамалардың

сақталуына талдау жасаған. Нәтижесінде

жоғарыда аталған екі жоба бойынша конкурс

өткізуде заңсыздық-тарға жол берілгені

белгілі болған. Сондықтан, жеке әріптеске

жасалған келісімшартты мерзімінен бұрын

бұзу жөнінде хат жолданыпты.

Тағы бір шарттың бұзылатын түрі бар.

Ол Павлодар қалалық №1 ауруханасында

ғимаратты жөндеп, компьютерлік томограф

орнату жобасы жүзеге асқан. Жобаны

«Джахаев» жеке кәсіпкерлігі қолға алған.

Алайда, кейін ескі жабдық орнатылғаны

анықталып отыр. Мұндай келеңсіздіктердің

алдын алу үшін облыс әкімі Болат Бақауов

құзырлы органдарға әрбір жобаны жіті

талдап, оңы мен солын терең зерделеуді

тапсырған болатын.

Айта кету керек, медицинадағы басқа

жобалар қалыпты іске асуда. Мәселен,

Екібастұз қалалық №1 емханасы сенімді

басқаруға берілген еді. Бүгінде мұндағы жұмыс

қалыпты. Алайда, мамандар жетіспеушілігі

байқалып отыр. Тағы бір маңызды жоба

аймағымыздың 12 медициналық мекемесіне

мол мүмкіндік сыйлады. Нақтысы, 72

наркоздық-тыныс алу аппараты мен өкпені

жасанды желдету құрылғылары орнатылды.

Былтыр да денсаулық саласында жекемен

әріптестік артты. 817 млн. теңгенің 2 жобасы

жүзеге асты. Алғашқысы бойынша алты

медициналық мекемеге 12 эндоскопиялық

жүйе орнатылды. Бұл жобаны жүзеге

асырған «United Medical» ЖШС 2018-2023

жылдар аралығында осы құрылғылардың

науқастарға қалтқысыз қызмет етуіне жауапты.

Екінші жоба аясында Ғ.Сұлтанов атындағы

облыстық ауруханаға компьютерлік томограф

орнатылған.

Биылғы жылдың еншісінде – 8 жоба.

Алғашқысы жоғарыда кеңірек тоқталған

Ақсу ауруханасында іске асса, екіншісі

бойынша аймағымыздың үш медициналық

мекемесіне германиялық хирургиялық

14 жабдық сатып алынған. Сондай-ақ,

биыл Ақсу қалалық ауруханасының бір

бөлігі клиникалық-диагностикалық зертханалар

ұйымдастыруға және зертханалық

қызметтер көрсетуге сенімді басқаруға

берілмек. Облыстық кардиологиялық

орталықта ангиографиялық рентгендік

аппаратын жаңғыртып, сервистік қызмет

көрсету ісі жекенің қолына өткізіледі.

Сонымен қатар, бірқатар медициналық

мекеме стационарындағы асхана қызметін

де бәсекелестік ортаға жіберу көзделген.

Яғни, инвестор асханалық блокты толық

жаңғыртып, әрі қарай қызмет көрсетуді

қолына алады. Бұл істе де абай болуды

әкімдікте өткен жиында аймақ басшысы атап

өткен болатын. Себебі, бұған дейінгілерге

қатысты қызмет сапасы бойынша шағымдар

түскен. Павлодар стоматологиялық емханасын

сатып алу құқығынсыз сенімді басқаруға

беру көзделген. Қазіргі таңда бұл жоба

бойынша шарт жасалуда.

«Қыздарым

еңбектей бастады»

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің

мына жобасы тіпті тиімді болып отыр.

Бұл – Ақсу қаласындағы мүмкіндігі шектеулі

балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер

көрсететін оңалту орталығы. Биыл қаңтар

айында ашылып, балаларды қабылдай

бастады. Бұған дейін ақсулық балғындарды

ата-аналары Павлодарға тасуға мәжбүр

болған. Әлеуметтік қорғау саласындағы

бұл жоба аз уақыттың ішінде өз тиімділігін

көрсетіп отыр.

- Бұл орталықта мүмкіндігі шектеулі

балаларға сауықтыру және әлеуметтікоңалту

қызметтері көрсетіледі. Бәрі арнайы

әлеуметтік қызметтер стандартына сәйкес

жүргізіледі. 5 жылға арналған жобаға 440

млн. теңге қарастырылған. 28 тұрақты жұмыс

орны ашылды. 22145 мың теңге инвестиция

құйылды, - деді облыстық жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламаларды

үйлестіру басқармасының бөлім басшысы

Әлия Рахимова.

Мамандардың айтуынша, балалар

орталықта диагнозына қарай бір айдан

бір жылға дейін оңалту ем-шараларын

ала алады. Ата-аналар орталықтың көлігін

шақырып, балаларын тегін ем-домға апарады.

Орталықта қимыл-тірек органдарында

сырқаты бар балалардың қозғалысын

қалыптастыруға қызмет көрсетеді. Біреуінің

жүріп, тағы бірінің еңбектеп, енді бірінің

белін қатайтып, өздігінен отыра алатындай

жағдайға жеткізуге жәрдемдесу - орталықтағы

мамандардың міндеті. Бұл міндет үдесінен

шығып жүргенін айтуға болады. Оған

осы орталыққа баласын апарып жүрген

жандардың сөзі дәлел.

- Айзере мен Айзада есімді егіз қызымыз

бар. Қазір 1 жас 10 айда. Қысымым көтеріліп,

балаларымды мерзімінен бұрын босануға

тура келді. Біраз уақыт өткеннен кейін

қыздарыма белден төмен церебральді сал

ауруы диагнозы қойылды. Талай жерге

барып, ем қабылдадық. Бірақ, айтарлықтай

өзгеріс болмады. Сөйтіп, Ақсу қаласында

оңалту орталығының ашылғанын естіп,

Курчатов қаласынан көшіп келдік. Биыл

қыркүйектің басынан бері осы оңалту

орталығында ем-дом алып жатырмыз.

Қуанышымда шек жоқ. 20 күннен кейін

нәтиже байқалды. Қос қызым еңбектей

бастады. Бұрын аяқтары сіресіп жататын.

Жан жоқ-тын. Қазір жұмсарып, икемге келеді,

өздіктерінен отырады. Қабырғаға сүйеп

қойсақ, тұра алады. Сөзбен айтып жеткізу

мүмкін емес! Талай жерге бардық қой.

Ақылы қызметтер де алдық. Бірақ, қысқа

мерзімде дәл осындай нәтиже болмап

еді, - деп қуанышымен бөлісті қос қыздың

анасы Индира Нұрғалиева.

Бес баланың анасы орталықтың мамандарына

дән риза. Әрқайсысы қызметін

асқан ыждаһатпен атқаратынына алғысын

жаудыруда.

- Міне, үш ай болды барып жүргенімізге.

Аптасына бес күн барамыз. Бір күнді

де үзбейміз. Бір жылға дейін емделе

аламыз. Одан кейін тағы тексерістен өтіп,

жалғастыру жағы қарастырылған. Күн де

емдеу-денешынықтыру сабағына барамыз.

Мұндағы мамандар бір баламен 40 минуттай

жұмыс істейді. Аяғының әр бақайына дейін

уқалап, жан бітіруге жандарын салады. Бізге

де үйретеді. Үйде көргенімді, үйренгенімді

қыздарыма жасаймын. Қыздарым жүгіріп

кететініне сенемін. Массаж, парафинмен

емдеу, гидромассаж сынды ем-шаралар

екі айда бір рет тағайындалып отырады.

Бастысы, бәрі тегін. Мұндағы мамандардан

жылулық есіп тұр. Көлік жүргізушісінің өзі

үйден бізді алып, көлікке отырғызып, орталық

мамандарына тапсырғанша жәрдемдеседі.

Қабылдап алатын қыздар да балаларды

киіндіріп-шешіндіруге көмектеседі. Емдік

процедураларды жасайтын қызметкерлер

де баланы күліп те, алдап та бәрін істетуге

тырысады. Осындай мүмкіндік жасалып

отырғанына аналық алғысымды білдіремін, -

дейді Индира Рымбекқызы.

Айта кету керек, бұл орталықта физиотерапия,

магнитотерапия, гидромассаж

жасалады. Баланың сөйлеу қабілетінде

мүкістігі болса, логопед сабақтарына барады.

Дефектолог баланың қоғамға бейімделуіне

қолғабыс жасайды. Бес рет тамақтандырылады.

Балаларды атқа мінгізіп, жүргізу қызметі

де көрсетіледі. Мамандардың айтуынша,

бұл қадам балаларға физикалық әсерден

бөлек, жануарлар әлемімен психологиялық

көңіл күй байланысын орнатуға мүмкіндік

береді.

Барлығы мемлекеттік тапсырыс негізінде

жүргізіледі. Яғни, ғимарат, барлық

жабдықтармен жеке әріптес қамтамасыз

етсе, қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыс

беріледі.

Басқарманың берген мәліметіне сүйенсек,

орталық биыл 52 балаға арнайы әлеуметтік

қызмет көрсеткен. Олардың ішінде 15 балада

оң нәтиже байқалған. Бірі өздігінен көтеріле

алса, бірі еңбектей, отыра алған. Бірі басын

ұстап, жан-жағына бұра бастаған. Енді бірі

қолына қасық ұстай алу жағдайына жеткен.

Қазіргі таңда мұнда 34 бала күнделікті

ем алып жүр.

Айта кетерлігі, соңғы үш жылда облысымызда

жүзеге асқан 32 жобаның төртеуі -

дәл осы әлеуметтік қорғау саласында.

ТҮЙІН:

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары жіті зерделенсе, берер

пайдасы мол екенін жоғарыдағы мысалдардан аңғаруға болады.

Көпшілікке керегі - кез келген қызметтің сапасы. Әріптестік осы

үдеден шықса, болғаны. Қос тарапқа тиімді әріптестік әрі қарай

әрлі әрі әлді бола бергей.


12

23 қараша, сенбі, 2019 жыл

БІЛІМ

SARYARQA SAMALY

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

БӘРЕКЕЛДІ!

«Балалардың болашағын тонаймыз, егер біз бүгін оларды кеше үйреткендей

үйрете берсек».

Д.Дьюи.

Критериалды бағалау

деген не?

Биыл Қазақстан

мектептері білім

берудің жаңартылған

мазмұнына көшуді

аяқтайды. Саладағы

бұл жаңашылдық

төртінші жыл жүргізіліп

келеді. Сонымен

қатар оқушыларды

бағалаудың жүйесі

де өзгеруде. Барлық

салада жаңалықтарды

енгізу әрдайым белгілі

бір қиындықтармен

жүретіні сөзсіз. Олар

әртүрлі қабылданады

және мұны толық түсіну

үшін уақыт қажет.

Бағалау үдерісі – заманауи білім беру

мен оқытудың маңызды элементтерінің

бірі. Қазақстан үшін критериалды

бағалаудың жаңа жүйесі білім алушының

дамуына, оның қызығушылығын

арттыруға және оқуға ынталандыруға

бағытталған. Негізінен, критериалды

тәсіл әр оқушының білім деңгейін жеке

анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан

бағалаудың объективтілігі оқушылар

қатысатын дескрипторлармен және

бағалауды модерациялаумен, талқылаумен,

салыстырумен расталады.

Жаңа бағалау жүйесі оқушыға тек оқу

үрдісінде ғана емес, сондай-ақ, өз оқу

нәтижелерін бағалауда белсенді болуына

ықпал етеді. Жалпы, критериалды бағалау

жүйесі мұғалімге оқушы жетістіктеріне

шолу жасап, деңгейін анықтап,

алдағы уақытта нені үйрену керектігін

көрсетеді.

Критериалды бағалау жүйесі оқушыны

өзінің оқу қызметін жоспарлауға, мақсатміндеттерін

айқындап, оған қол жеткізуіне

және өз еңбегінің нәтижесін бағалауға

үйретеді. Ал мұғалім шәкіртінің оқу

үлгерімін бақылап, оқыту міндеттерімен

анықталатын бағалау критерийлерін

негізге алады. Осылайша, бағалаудың

жаңа түрі білім алушыларды өз оқуына

жауапты болуға баулиды.

Бұрынғы білім жүйесінде оқушының

білімі 5 балдық шкала бойынша

бағаланды. Ал критериалды бағалау –

бұл оқушының жетістіктеріне апаратын

бағалау жүйесі. Ол екі бөлімнен тұрады:

формативті бағалау (қалыптастырушы)

және жиынтық бағалау (жиынтық). Ал

формативті бағалауда ескі әдістегідей,

яғни, «5», «4», «3» немесе «2» сынды

сандық бағалар жоқ. Мұғалім оқушының

ауызша немесе жазбаша жұмысын

бағалайды және күнделік пен

дәптерінде бағалардың орнына тиісті

пікір қалдырады. Бұл жазбаны атааналар

көреді, осылайша кері байланыс

орнатылады. Ұстаз өз пікірін білдіре

отырып, баланың жетістіктері туралы

айтып, сабақта не меңгергенін және

келесі сабақтарда неге басымдық

беру керектігін түсіндіруі тиіс. Демек,

формативті бағалаудың мақсаты -

оқу үрдісінде оқушыны қолдау,

бағдарламаны меңгеруде жоғары

нәтижелерге қол жеткізуге көмектесу.

Жиынтық бағалау - бұл белгілі

бір тақырып, бөлім немесе тоқсан

аяқталғаннан кейін қойылатын баға.

Ал осыларды негізге ала отырып,

оқу жылының соңында қорытынды

баға қойылады. Жиынтық бағалау

кезінде оқушыға игерілген сабақтар

бойынша тапсырмалар беріледі, содан

кейін оның тақырыпты меңгеруіне

қарай баға қойылады. Яғни, формативті

бағалау өткен сабақты күнделікті

талқылау түрінде жүргізілсе, жиынтық

бағалау – бұл бірнеше сабақтан

кейін немесе тоқсанның соңында

қойылатын жиынтық баға. Тақырып,

бөлім аяқталысымен оқушы алған

білімін «жиынтық бағалау» деп аталатын

бақылау жұмыстары кезінде көрсетуі

тиіс. Жиналған балдар әр бөлімнің

(бөлім үшін жиынтық бағалау - БЖБ)

және тоқсанның (тоқсан үшін жиынтық

бағалау -ТЖБ) қорытындысы бойынша

жинақталады. Мұндай объективті

бағалауда оқушы жеткіліксіз балдарға

не себеп болғанын және одан әрі

оқыту, тартылу үшін резерв бар екенін

көреді. Осы мәліметтерді мұғалімдер

ата-аналар қауымының онлайн арқылы

көріп отыруы үшін оқушының электронды

күнделігіне қояды.

Сонымен, критериалды бағалау -

оқушы өз табыстары мен сәтсіздіктері

туралы ақпарат алған кезде кері

байланыс функциясын орындайтын

үрдіс болып табылады.

Әлия ЖАКИЕНОВА,

облыстық білім беруді

дамытудың инновациялық

орталығының басшысы.

Халықаралық шәкіртақы иегері

Қарағанды экономикалық университетінде білім алатын

талантты жерлесіміз, баянауылдық Амантай Айымбек

таяуда Грэм Кларк атындағы халықаралық шәкіртақыны

жеңіп алды.

Белгілі Кохлеар компаниясы ұсынған

бұл марапат есту қабілеті бұзылған

жастардың еш алаңсыз жоғары білім

алып, алға қойған мақсатына жетуіне

қолдау көрсетуге бағытталған. Аталмыш

шәкіртақыны иеленуге арналған байқауға

әлемнің кез келген елінде тұратын

Кохлеар Нуклеус маркалы имплантын

пайдаланушылар ғана қатыса алады.

Атап өтерлігі, аталмыш сыйақыны

Қазақстан азаматы алғаш рет иеленген.

- Осы байқау туралы интернеттен

оқып, білдім. Бағымды сынап көргім

келді. Сөйтіп, әкеммен ақылдасып,

аталған компанияның Қазақстандағы

өкіліне қоңырау шалдық. Байқаудың

ережесі туралы толығырақ ақпарат

білдік. Бұдан соң бірден қажетті материалдарды

дайындап, сауалнаманы

толтырдым. Ағылшын тілінде эссе

жаздым. Мамыр айында байқау шарты

бойынша барлық қажет дүниелерді

пошта арқылы Австрияға жібердім.

Қазан айының соңында Шығыс Еуропа

тобында жеңімпаз атанғанымды естідім.

Алматыдағы компания өкілдігінде

сертификат табыс етілді. Олардың

өздері маған таң қалды. Себебі, бұл

тек Қазақстанда ғана емес, бұрынғы

Кеңес Одағының кеңістігінде алғашқы

оқиға екен, - дейді Амантай Айымбек.

Талантты жас туған жері Баянауылдағы

орта мектепті ойдағыдай бітіргеннен

кейін Қарағанды университетіне оқуға

түсіп, эколог мамандығы бойынша

білім алуда. Ол ағылшын және түрік

тілдерін еркін меңгерген. Сондай-ақ,

бокс, баскетбол, джиу-джитсу секілді

спорт түрлерімен де шұғылданады.

Алдына биік мақсат қойған жігерлі жас:

- Болашақта халықаралық экологиялық

жобаларды әзірлеуге қатысу

Сурет ғаламтордан алынды.

жоспарым бар. Сонымен қатар,

«Болашақ» бағдарламасы бойынша

шетелде оқуымды жалғастырғым

келеді, - дейді.

Н.АҚЫТЕГІ.

БІЛІМ-АҚПАРАТ

«Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби

бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың

халыққа Жолдауынан.

Олжалы

орталық

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясында Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса

атындағы жоғары көп салалы колледжінде

ресурстық орталықтың тұсауы кесілді.

Жаңа орталықтың ашылу салтанатына облыстық

білім беру басқармасы басшысының орынбасары Сәуле

Алекпарова, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Балтабай

Қаппасов, қалалық мәслихат депутаттары және колледж

оқытушылары мен өңірдегі белсенді жастар қатысты.

Облыстық білім беру басқармасының қолдауымен

ашылған жаңа орталық жастарға кәсіптік бағыт-бағдар

беріп, мектеп оқушыларының саналы түрде кәсіп таңдай

білуіне оң ықпалын тигізеді дейді мамандар. Сондай-ақ,

мұнда шәкірттер ой-өрісін дамытып, оқу дағдыларын

қалыптастырып, ең бастысы, өмірден адаспай өз орындарын

табуы үшін әлеуметтік-психологиялық көмек алатын

болады. Сонысымен де, ресурстық орталықтың жас

буын үшін берері мол. Сондай-ақ, мұнда «Тілдарын:

латын әліпбиі», «Englishclub» сынды оқу кабинеттері,

«Овация» атты шеберлік студиясы, заманауи би студиясы,

«Әлеуметтік жоба» бойынша домбыра үйрету мектебі

жұмыс істейтін болады.

Ақсулық тұрғындар бұл орталық оқушылар үшін үлкен

олжа екенін айтып, облыстық білім беру басқармасына

ризашылықтарын білдіруде.

Ғылым таппай

мақтанба!

Жалпы орта білім беретін пәндер бойынша

республикалық ғылыми жобалар сайысының

облыстық кезеңі басталды. Аталмыш

додаға 283 оқушы қатысып, өз жұмыстарын

қорғауда.

ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің болашақ

ғылыми әлеуетін қалыптастырып, жас таланттардың

талабын шыңдау мақсатында жыл сайын оқушылар

арасында республикалық ғылыми жобалар сайыстарын

өткізеді. Аталмыш байқау «Ғылыми-техникалық прогресс –

экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық

және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»,

«Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске

асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері

және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары» атты

төрт бағыт бойынша ұйымдастырылып келеді.

Ғылым қуған шәкірттерді қолдауға бағытталған байқау

биыл да жалғасын тапты. Осы оқу жылының басында

облыс бойынша 1162 оқушының 1473 ғылыми жобасы

тіркелген. Оның ішінде 524 жұмыс аудандық кезеңнен

өткен. Қазылар алқасының шешімі бойынша 283 жұмыс

үздік деп танылып, облыстық кезеңге жіберілген екен. Бұл

жұмыстарды өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының

профессор-оқытушы құрамынан құрылған қазылар алқасы

бағалайды. Ал аймақтық кезеңде білім бәйгесінен жүлделі

орын алған ғылыми жобалар республикалық жарыста

облыс намысын қорғайтын болады.

Н.ШОДЫР.


SARYARQA SAMALY

ЖЕЛҚАЗЫҚ 23 қараша, сенбі, 2019 жыл 13

Шахталы шаһардағы

шаттық

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында жас ұрпақты туған жерін сүюге, қадірлеуге

үйрету жайлы айтылған. Осы талап үдесінен шығатын өңірлік жобаның бірі - «Saryarqa samaly»

газеті ұйымдастырған дәстүрлі «Айналайын» фестивалі. Фестиваль жуықта Екібастұз қаласында

жалғасты. Аталмыш шара есімі елге танымал жерлесіміз, белгілі кентанушы Қосым Пішенбаевтың

175 жылдық мерейтойына арналды.

Нұржайна ШОДЫР

Шахталы шаһардағы С.Торайғыров

атындағы №22 гимназия-мектебінде өткен

«Айналайын» фестиваліне қала және ауыл

мектептерінің ұстаздары мен оқушылары

қатысты. Кеш қонақтары алдымен қара

тастың сырын ашқан кентанушы, зергер

Қосым Пішенбаевқа және облыстық «Saryarqa

samaly» газетінің мерейтойына арналған

көрмені тамашалады. Онда белгілі кентанушы

жайлы сүбелі еңбектер, оның әр

кезеңдегі тарихи суреттері, күйдірілген

саз балшық пен гипстен жасалған шағын

мүсіндер, сондай-ақ, балалардың «Айналайын»

қосымшасына арнап жазған шығармашылық

жұмыстары қойылған. Мазмұнды көрме

көпшілік көңілінен шықты.

Фестиваль қатысушыларын Қазақстан

Жазушылар одағының мүшесі, Екібастұз

қаласының Құрметті азаматы Жұмағали

Қоғабай құттықтап, газет ұжымына

жүрекжарды лебізін білдірді.

- Түсіне білген адам үшін бүгінгі

шараның мағынасы терең, берері мол.

Әсіресе, желкілдеп өсіп келе жатқан жас

буынға Қосым Пішенбаев сынды біртуар

тұлғаларымызды танытып, үлгі етуіміз керек.

Ол кісі кенді таппағанда, Екібастұз қаласы

бүгінгідей дәуірлеп тұрар ма еді?! Оқымаса

да табиғатты зерттеп, өз еңбектерін дәлелдей

білген асыл азаматты ардақтап, еске

алу - ұрпақ парызы. Осы бағытта елеулі

еңбек етіп жүрген облыстық басылымның

ұжымына алғыс айтамын. Еңбектеріңіз

жемісті, мерейтойларыңыз құтты болсын!, -

деді Жұмағали Бижанұлы.

Шара барысында көпшілік назарына

кентанушы Қосым Пішенбаевтың

өмір жолы мен еңбектері жайлы арнайы

әзірленген бейнекөрсетілім ұсынылды.

Сондай-ақ, облыстық басылымның шығу

тарихы мен жетістіктері туралы слайд

көрсетілді. Басылымның бас редакторы

Нұрбол Жайықбаев жиналғандарды фестивальмен

құттықтады.

- Балаларға арналған «Айналайын»

қосымшасының жарыққа шыққанына

20 жылдан асты. Осы уақыт аралығында

«Айналайынның» шекпенінен талай жас өсіп

шығып, биік белестерден көрінуде. Солардың

ізін басушы - бүгінгі оқушылармен жүздесіп,

өнерлерін тамашалап, шығармашылық қолдау

көрсетуді жөн санадық. Сонымен қатар,

фестиваль барысында әр өңірден шыққан

дара тұлғаларымыздың мерейтойын да атап

өтіп, балалардың рухани ләззат алуына

мүмкіндік жасасақ деген ойымыз бар. Міне,

бүгін сол мақсатымызға жетіп, рух тұнған

қасиетті Екібастұз жерінде өздеріңізбен

қауышып отырғаныма қуаныштымын, -

деді Нұрбол Қанатбекұлы.

Айтулы шара барысында бас редактор

оқушылардың шығармашылықпен айналысуына

бағыт-бағдар бергені үшін С.Торайғыров

атындағы №22 гимназия-мектебінің директоры

Дулат Тыныбековті және Солнечный

кентіндегі Абай атындағы №28 жалпы білім

беру мектебінің директоры Айман Кенжебаеваны

Алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ, «Айналайын» қосымшасына өз

жұмыстарын жіберіп, белсенділік танытқан

бір топ оқушы марапатталды. Олардың

қатарында №18 мектептің 6-сынып оқушысы

Дамир Дамиль, Ақкөл жалпы орта білім

беру мектебінің 4-сынып оқушысы Құралай

Мақсұт, №26 гимназия-мектебінің 7-сынып

оқушысы Ерасыл Қамаш, Солнечный кентіндегі

С

Абай атындағы №28 мектептің 6-сынып

оқушылары Еренғайып Сұлтанмахмұт пен

Аида Ахметова бар екенін атап өткен жөн.

Фестивальға жиналған қауымды аудандық

білім беру бөлімінің бас маманы Қарлығаш

Тәшенова да құттықтап, жас буын үшін

мұндай мазмұнды іс-шараның маңызы

зор екенін атап өтті.

Кеншілер қаласындағы «Айналайын»

фестивалі мұнымен ғана шектелген жоқ.

Кеш С.Торайғыров атындағы №22 гимназиямектебінің

өнерлі өрендерінің қатысуымен

ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға

ұласты. Аталған мектептің әншілері Ризат

Қабдықайыров, Армангүл Нұрлыбекова және

«Асыл» тобы әуелете ән салса, көркемсөз

оқу шебері, жас ақын Бексұлтан Қайдаров

өлең оқыды. Ал мектепішілік «Домбырадастан»

ансамблінің жетекшісі Дәметкен

Ақшамбаева шәкірттерімен бірге тәтті күй

шертіп, көрермен ықыласына бөленді.

Екібастұз қаласы.

ФУТБОЛ - 2019. ҚОРЫТЫНДЫ

«Еrtis» елді елең

еткізе ме?

Келер маусымда павлодарлық «Ertis» футбол клубының бапкерлік

құрамында өзгеріс орын алмайды. Команда басшылығы серб

маманы Милан Милановичке сенім артып отыр. Ең маңыздысы –

қысқы оқу-жаттығу жиындары кезінде шебер ойыншыларды

қатарға қосу.

Оралхан ҚОЖАНОВ

«Ertis» футбол клубының спорттық директоры

Эдуард Глазунов баспасөз мәслихатын

өткізіп, журналистердің сауалына жауап

берді. Оның айтуынша, биылғы маусым

сәтсіздіктермен есте қалды. Тек үшінші айналымда

ғана павлодарлықтар есін жиып,

турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта

алды. Бұған, әрине, бас бапкер Милан

Милановичтің сіңірген еңбегі зор. Өзімен

бірге алып келген сербиялық ойыншылар

да жаттықтырушыны жерге қаратпай, команданы

жеңіске жетеледі. Сол себепті, бас

бапкермен келісімшарт мерзімі ұзартылыпты.

- Легионерлерден Фонсека мен Стаменкович

командада қалады. Қалған 6 шетелдік

ойыншы жақын уақытта нақты жауабын айтады.

Қазақстандықтардан Шмидт, Кеңесов, Заруцкиймен

келісімшарт жасалды. Екібастұздан

қақпашы Серікбол Қапанов қайта оралды.

2020 жылдың 8-24 қаңтар аралығында

Түркия жерінде алғашқы оқу-жаттығу жиыны

өткізіледі. Дайындық барысында 2 жолдастық

кездесу ұйымдастырылады. 30 қаңтар-

22 ақпан аралығында екінші оқу-жаттығу

жиыны жоспарланған. Осы аралықта

команданың 80 пайызын жасақтау мақсат

етілуде, - дейді Э.Глазунов.

Келесі жылдың басты жаңалығы – Ресей,

Армения, Беларусь және Қырғызстан елінің

футболшылары легионер болып саналмайды.

Енді қазақстандық аяқдопшылар нарықтық

бәсекеге түсіп, «бағасы» арзандайды деп

күтілуде. Әйтпесе, қымбатшылықтың салдарынан

қазақстандық командаларға отандық

футболшылармен келісімшарт жасасу қиынға

соғатын көрінеді.

Эдуард Глазунов басқа командаларда

өнер көрсетіп жүрген павлодарлық футболшыларды

қатарға қосқысы келетінін, алайда

ойыншылардың талабы жоғары екенін

айтады. Легионерлерге келсек, тиімдісі –

ел чемпионатында шеберлігімен көзге түскен

ойыншыларды тарту. Жоқ дегенде, ТМД-ға

кіретін ел біріншіліктерінен шақыртқан абзал.

Себебі, басқа мемлекеттен қоныс аударған

футболшылардың бейімделуіне 4-6 ай уақыт

кетеді екен.

- Біздің биылғы қателігіміз – маусымды

орталық шабуылшысыз аяқтадық. Көбіне

стандарттық жағдайларда қорғаушылар доп

соғып, «жыртығымызды жамап» отырды.

Бүгінде орталық шабуылшымен қоса, орталық

жартылай қорғаушы, орталық қорғаушы қажет.

Милан Миланович 2-3 шепте еркін ойнайтын

әмбебап футболшыларға сенім артуды көздеп

отыр. Біз ойыншыларды ұсынамыз. Соңғы

шешімді бас бапкер қабылдайды, - дейді

Суретті түсірген - Оразбек Саяхат.

«Ertis» футбол клубының спорттық директоры.

Павлодарлық команданың бюджеті әлі

нақтыланған жоқ. Бірақ, артпаса, кемімейді,

деп отыр Э.Глазунов. Ең бастысы – клубтың

еш қарызы жоқ. Ойыншылардың жалақысы

толығымен беріліп, еңбек демалысына

жіберілген.

Жиын барысында бұрынғы бас бапкер

Димитар Димитровпен жалғасып жатқан жанжал

жайы айтылды. Журналистер «Жағымсыз

жағдайдан кейін «Ertis» «Ақтөбе» командасының

тағдырын қайталап, ұпайы шегерілмей ме?»

деген сауал қойды. Э.Глазуновтың айтуынша,

бүгінде іс сотта қаралуда. Дау-дамайдың

шешімі жақын уақытта белгілі болмақ.


14

23 қараша, сенбі, 2019 жыл хаттама

SARYARQA SAMALY

Димитров, Пахомов, Карл Маркс, Киров,

Короленко, Ж.Аймауытов, Володарский,

Крупская, М.Ж.Көпеев, Чкалов, Большая

Объездная, 1 Май, Бестужев көшелерін

қайта атау мәселесі жөнінде Павлодар

қалалық мәслихатының азаматтардың

құқықтары мен заңдылықтарын сақтау,

қала құрылысы және экология жөніндегі

тұрақты комиссияларындағы көпшілік

тындаулар хаттамасы

Павлодар қаласы. 2019 жылғы 18 қараша

басталу уақыты: 15.00-де

Өткізу орны: «Колос» балалар мәдени-сауық

орталығы, Астана көшесі, 156

Көпшілік тындаулар қала тұрғындарынан, облыс

және қаланың қоғамдық бірлестіктерінен, ғылыми

және шығармашылық зиялы қауымдарынан келіп

түскен ұсыныстарын қарастыру бойынша мәслихаттың

азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын сақтау,

қала құрылысы және экология жөніндегі тұрақты

комиссияларымен ұйымдастырылды.

Павлодар қалалық мәслихат депутаттарының

қарастыруына Павлодар қаласы әкімдігінің 2019 жылғы

7 қазандағы «Павлодар қаласының көшелерін қайта

атау бойынша материалдарды Павлодар қалалық

мәслихатының қарауына енгізу туралы» №1376/3

қаулысы түсті.

Павлодар қаласының тұрғындарына көпшілік

тындауларды өткізу туралы ақпарат Павлодар

қаласы әкімдігінің сайтында, қалалық мәслихаттың

сайтында және ағымдағы жылғы 19 қазанда «Сарыарқа

самалы», «Звезда Прииртышья» облыстық газеттерінде

жариялану арқылы жеткізілді.

Көпшілік тындаулардың төрағасы – Сандуғаш

Қайыргелдіқызы Қалижанова - №14 сайланған

округінен Павлодар қалалық мәслихатының депутаты,

азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын

сақтау жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының

көпшілік тындауларында қала тұрғындары, Қоғамдық

кеңесінің мүшелері, Құрметті азаматтары, депутаттар,

жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық

ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері

қатысты.

Дауыс беруде азаматтардың құқықтары мен

заңдылықтарын сақтау, қала құрылысы және экология

жөніндегі тұрақты комиссиялардың мүшелері болып

табылатын, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Көпшілік тыңдауларға 136 қатысушы қатысты

және тіркелді.

Күн тәртібі

Қала көшелерін қайта атау бойынша сұрақтар:

Димитров, Пахомов, Карл Маркс, Киров, Короленко,

Ж. Аймауытов, Володарский, Крупская, М.Ж.Көпеев,

Чкалов, 1 Май, Бестужев, Большая объездная.

Көпшілік тыңдау отырысының төрайымы – Қалижанова

Сандуғаш Қайыргелдіқызы күн тәртібімен және жұмыс

регламентімен таныстырды.

Сөз алғандар: Светлана Анатольевна Гладышева –

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары;

Рымтай Шөкейұлы Шөкеев – Облыстың құрметті

азаматы, Павлодар облысы ардагерлер кеңесінің

төрағасы.

Богнат Любовь Ивановна- Павлодар қаласының

құрметті азаматы, «Беларусь» этномәдени бірлестігінің

төрайымы;

Боранбай Қайырбекұлы Сқақов – еңбек ардагері;

Дацюк Александр Федорович - Павлодар қ.

№17 жалпы білім беру мектебінің мұғалімі.

Жарыссөз бөлімінде 11 адам қатысты – Павлодар

қаласының тұрғындары.

Гладышева Светлана Анатольевна:

Құрметті қатысушылар, құрметті ақсақалдар!

Қайырлы күн, құрметті сессия төрағасы!

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы

жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан

Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан

Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»

Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11

шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»

Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының

Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың

2019 жылғы 27 қыркүйектегі тапсырмасына сәйкес,

Павлодар қаласындағы ономастикалық жұмыстарды

жалғастырып жатырмыз.

Павлодар облысы әкімінің атына, Павлодар қаласы

әкімінің атына ағымдағы жылы жеке тұлғалар және

заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мәдениет

және тілдерді дамыту бөлімімен қарастырылды. Кейін

барлық қажетті құжаттар қалалық мәслихатқа,

атап айтқанда: Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы

университеттің ғалым-профессорлары тобы Димитров

көшесін Жүсіпбек Аймауытов көшесіне, 1 Май көшесін

Мәшһүр Жүсіп Көпеев көшесіне, Карл Маркс көшесін

Әлихан Бөкейханов көшесіне, Киров көшесін Ермұхан

Бекмаханов көшесіне, Короленко көшесін Бұқар жырау

көшесіне, Жүсіпбек Аймауытов көшесін Ақжол көшесіне,

М.Ж.Көпеев көшесін Ақбеттау көшесіне, Бестужев

көшесін Шәкәрім Құдайбердиев көшесіне, Қазақстан

Жазушылар одағының облыстық филиалының директоры

Арман Қани Володарский көшесін Желтоқсан

көшесіне, Үлкен айналмалы көшесін Жібек Жолы

көшесіне, қаланың зиялы қауымы өкілдерінен, «JEBE»

қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Жұмаділов, Павлодар

қаласының Құрметті азаматы Шолпан Байғалыдан

қаламыздың Крупская көшесін Едіге би көшесіне,

Сағадат Нұрмағанбетов атындағы Республикалық

қордың директоры К.Қамбаров атынан қаладағы Чкалов

көшесін Сағадат Нұрмағамбетов көшесіне, қалалық

ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенже Сәдуақасұлы

Кеңесбаевтың атынан Пахомов көшесін Қабдеш

Нұркиннің атына беру туралы өтініштер жолданды.

Бұл ұсыныстар өте орынды, өйткені көшелердің

идеологиялық жағынан алғанда ескірген атаулары

заман талабына сай, халық жадында қазақ мемлекетінің

қалыптасуына өз үлестерін қосқан, белгілі тарихи

тұлғалардың, мемлекеттік қайраткерлердің есімдерімен

қайта аталса, тарихымыздың, мәдени және рухани

мұраларымыздың жанданғаны деп түсінеміз.

Біз облыс орталығындағы ескірген көше атауларын

жаңарту - уақыт талабы деп санаймыз. Сонымен қатар,

жалпы қала тұрғындарына түрлі ұлттар мен этнос

өкілдері қазақ халқының тарихи тұлғаларымен жақын

танысып, қоғамдағы өзара келісім мен ауызбірлікті

нығайтуға ықпалын тигізеді.

Тарихи тұлғалар мен халықтың ұлы қайраткерлерінің

атын беретін көшелер біздің облыс орталығымыздың

көркі болатынына сенімдімін.

Қорыта келгенде, біздің қаламыз Еліміздің Тұңғыш

Президенті - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» мақаласында берген тапсырмаларын, қазақ

халқының ұлттық сәйкестігінің принциптеріне сәйкес

даму қажет. Менің ойымша, қала көшелері қазақ

халқының ұлы тұлғаларының есімімен аталса, ол

өскелең ұрпақтың жүрегінде патриоттық рухты оятып,

тарихымызды жаңаша зерделеуге жол ашады. Бұл

ұсынысты қолдауларыңызды сұраймын.

Қорыта айтқанда, бұл - менің қалам. Мен осы

қалада туып өстім. Сондықтан қаламыз Рухани жаңғыру

бағытында өсіп-өркендеуі тиіс деп ойлаймын. Қала

көшелерінің заманға сай, жастарға патриоттық сезім

сыйлайтын тарихи тұлғалардың есімімен аталуы қажет

деп білемін. Және сіздерді осы ұсыныстарды қолдауға

шақырамын.

Құрметті комиссия мүшелері, құрметті депутаттар,

Сіздерді қаланың 13 көшесінің қайта аталуын

қолдауларыңызды сұраймыз.

Рымтай Шөкейұлы Шөкеев:

- Қадірлі қатысушылар! Жаңағы айтқандай біздің

қаламыздың көптеген аттарын өзгерту керек деген

ұсыныспен біз - облыстың Ардагерлер кеңесі облыс

әкіміне, қала әкіміне және де қаланың мәслихатына

осындай көптеген ұсыныстар жібердік. Бұл ұсыныстар

бұрыннан бері айтылып жүрген ұсыныстар. Сондықтан

бұл көшелердің аты неге бұрын берілмеді демеңіздер.

Кезінде көшелерді қайта атау бойынша мораторий

болды. Сонымен осы көшелердің атын басқаша

өзгертуге көп уақыт жоғалтып алдық. Енді бүгін сол

уақыт келді. Сол уақыттың талабына сай айтылды.

Енді көшелердің аттары барлықтарыңызға айтылып

өтілді. Сол көшелердің аттарын облыстық Ардагерлер

кеңесінің атынан, сіздерден сұрайтыным, жаңағы

аталған көшелерді қолдасаңыздар деймін.

Рахмет!

Любовь Ивановна Богнат:

- Құрметті жиналған қауым! Мен сіздермен

кездескеніме қуаныштымын! Қымбатты жерлестер,

павлодарлықтар, осындай маңызды шарада сөз

алғаныма өте қуаныштымын. Бұл мүмкіндікті орынды

деп санаймын.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік жобасы біздің

өмірімізге жаңаша көзқараспен қарауымызды талап

етеді, тарих қойнауына үңіліп, жоғалтқанымызды

зерделеп, тарихи ескерткіштер мен туған жерімізді

қайта тани отырып, жаңа мемлекеттің қайта өркендеуіне

нық қадамдар жасау деп санаймын. Жаңа мемлекет,

тәуелсіз ел өзінің жаңа қоғамдық институттарын

қалыптастырып, тарихтың жаңа беттерін ашты десе

болады.

Жүсіпбек Аймауытовтың есіміне келсек, тарих

сахнасында өз орны бар тұлға. Қайта құрудың

бастапқы жылдарында біз тәуелсіз мемлекеттің тарихын

жазған тарихи тұлғаларды ұмытпауға тырыстық. Жаңа

әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру бүгінде

дұрыс, сауатты шешім қабылдай білуге талпындық,

туған өлкеміздің, туған жердің, атап айтқанда, тұтас

бір мемлекеттің имиджінде заманауи көзқараспен

қарауға мүмкіндік береді. Сол тұлғаларды насихаттай

отырып, біздің өлкеміздің тарихын жаңаша

зерделеп, асыл азаматтарымызды мойындай отырып,

әрине егемен мемлекеттің тарихи парақшасын өз

қолымызбен жасап отырмыз.

Мәшһүр Жүсіп. Мен Мәшһүр Жүсіп кесенесіне

екі рет әдейі барып қайтқан едім, кесененің ашылу

салтанатында да болдым. Ғұлама тұлғаның еңбектерін

жазған төбешікте отырдым, қасиетті Баянауылдың

энергетикасынан қуат алып, қаншама ғұлама тұлғаларды

өмірге әкелген жерді ерекше қадірлеймін. Сондықтан

бүгін жазылған және ұсынылған атауларды өз тарапымнан

қолдаймын.

Боранбай Кайырбекұлы Сқақов:

- Әлемнің тарихы ұлы адамдардың өмірімен

тікелей байланысты болады. Көшелер, алаңдар,

саябақтардың атаулары – бұл туған өлкенің бетке

ұстар карточкасы десе болады. Уақыт өткен сайын,

жаңаша көзқарас қалыптасады. Әсіресе тарихи

тұлғалар біздің жадымызда сақталады. Мысалы 1

май көшесін алайық. Барлығымыз 1 Май, 7 ноябрь

мерекелерінің ығында өстік, ал қазір мемлекеттік

құрылым өзгерді, идеология, саясат, әлеуметтік ескі

даталар, атаулар адамның логикалық қабылдауына

да оңай емес.

Мен тәжірибелі құқық қорғаушы, заңгер ретінде

бұл жаңалықтарды қолдаймын, көше атауларын қайта

өзгерту дұрыс деп санаймын.

Тарих үшін жеңіс жолында генералдың да,

қатардағы солдаттың да қосқан үлесі зор. Сондықтан

да С.Нұрмағамбетов пен Кабдеш Нұркин сынды

азаматтарға бір көшемізді бергеніміз өте дұрыс

деп санаймын.

Біздің өлкеміздің, халқымыздың мақтаныштары,

зиялылары Мәшекең, Бұқар, Шәкәрім сияқты тұлғалардың

есімі тарихта өзінің орнын алуына құқығы бар екеніне

ешқандай күмән жоқ деп ойлаймын. Себебі олардың

істеген еңбегі осы қараңғы қазақты оятамын, қараңғы

қазаққа ой саламын деген олардың ұшан-теңіз

еңбектері, әрине бүгін бағалануы керек, бағаланады

деп ойлаймын. Әрине, олардың жазғаны, тоқығаны

ұшан-теңіз. Олардың барлығын айту қажет емес.

Мысалы: Бұқардың айтқаны бар: «Бір зұлымдық

жасасан, бір тартарсын зардабын. Өзгерте алмас

ешкімде, табиғаттың заңдарын». Бұл даналық үлкенге

де, кішіге де, байға да, кедейге де барлығына қажет

нәрсе. Ал, енді Бұқардың айтқаны бар: «Апырмай, бұл

не деген заман болды, бұрынғының жақсысы жаман

болды. Арғымақтың аяғын арқан шалып, есек озған

заман болды» деп айтқанын бүгін біз өз көзімізбен

көріп, соның барлығын сезіп жүрміз.

Шәкәрімнің даналығы, оның оқымыстылығы,

«Үш анық» деген кішкентай ғана кітабын кім оқыса

да, қалай оқыса да барлығының жүрегіне тиетіне,

сана сезіміне әсер қалдыратынына ешқандай күмән

жоқ. Шәкәрім айтатын, «Әнші, күйші өлсе дағы, ән

менен күй баяғы, олар өзі өтсе дағы, қалды бөрік

пенен таяғы». Осының барлығы алдымызға келіп,

көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп жатырмыз.

Сөзімнің соңында, Мағжанның «Жатыр» деген өлеңі

бар, соны сіздерге айтқым келеді:

Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,

Кілтін өнер-білім ашып жатыр.

Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп,

Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.

Таласып өнер-білім алып жатыр,

Күнбе-күн алға қарай барып жатыр.

От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп,

Тәңірінің рахметіне қанып жатыр.

Ойламай біздің қазақ текке жатыр,

Бір іске жанаса алмай, шетте жатыр.

Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсаң,

Қазекең таң қаларлық көпте жатыр.

Байларың мыңды айдаған шалқып жатыр,

Бар малын болыстыққа сарқып жатыр.

Барымта, ұрыс-керіс, кісі өлтіріс -

Ішінде сорлы қазақ қалқып жатыр.

Кең жері күннен-күнге құрып жатыр,

Сұр жылан бар қан-сөлін сорып жатыр.

Астана, жұрт билеген адамдарды

Тәңірі күннен күнге ұрып жатыр.

Біреулер оқып төре болып жатыр,

Шен алып, бақыт құсы қонып жатыр.

Ұмытып өзін- өзі бұл сабазың,

Жұртына қарсы таяқ соғып жатыр.

Шәкірттер медреседе шіріп жатыр,

Қайдағы ескі нұсқа көріп жатыр.

Оқыған, дін іздеген байғұс шәкірт

Жемтікші құзғын болып кіріп жатыр.

Әйелдер мал орнына жүріп жатыр,

Жас қызын малға, шалға беріп жатыр.

«Бес байтал - әйел құны» деген бір сөз

Қармаққа талай жасты іліп жатыр.

Дау-жанжал ел арасы толып жатыр,

Өзара талас-тартыс болып жатыр.

Кешегі шешек жарған қазақ гүлі

Сарғайып, бір су тимей солып жатыр.

Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр,

Күннен күн артқа қарай кетіп жатыр.

Сезінбей өз өлгенін, өзінікін

Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр!

Сондықтан оқыдым деп, білдім деп жүрген азаматтар

осыны жадына сақтап, осындай мәселелерді көтергенде,

осындай адал ниетті біз әрине қолдауымыз керек.

Мен барлығын қолдаймын.

Александр Федорович Дацюк:

- Қайырлы күн, жерлестер! Бүгінгі шараға

қатысқанымызға өте қуаныштымын, бұл жаңашылдықтар

Павлодар қаласы үшін елеулі оқиға. Мен Короленко

көшесінің қайта аталуына тоқталсам, мен осы көшеде

тудым, сонда өстім.

Біздің Қазақстан – жас мемлекет. Халық арасында

кемені қалай атасаң, теңізде де ол солай сол жолмен

кетеді деген сөз бар. Бұл мәселеге жайбарақат

қарауға болмады. Жас буын өкілдері тарихты, өз

заманының ірі тұлғаларын жақсы білуі керек.

Короленко көшесін Бұқар жырау көшесіне қайта

атау бастамасын мен өзекті деп санаймын. Бұқар

жырау тек қана ақын емес, Абылай ханның ақылшысы,

кеңесшісі, мықты саясаткер болды. Сондықтан да,

мен жаңа идеяны қолдаймын.

Сандуғаш Қайыргелдіқызы Қалижанова:

- Қазір сөз жарысына келсек, аталған сұрақтар

бойынша ұсыныстарыңыз болса залда екі микрофон

жұмыс істейді. Өз ойларыңызды білдіріңіздер. Көпшілік

тыңдаудың әрбір қатысушысы бір ұсыныс айтуға құқы

бар. Сондықтан да регламентті сақтауға шақырамын.

Б.С.Сыздықов:

- Құрметті жиналған қауым! Бүгінгі көтеріліп

отырған мәселе, өте орынды деп санаймын. Әрине,

кезінде өткен Кеңестік дәуірде, мұнын барлығы бір

кезде ата-бабаларымыздан қалған мұраның өзгертіп

кеткендігін «коммунизм» деген сөзді елес қылып, билік

алды. Жаңа заман кеңестік, бір-ақ елдің азаматы

атанып, бай-кедей жоқ, ұлт пенен теңестік. Бір ортаға

бағынышты күйге ендім, қазақтар жоқ, салт-дәстүрді

үйрендім, орыс тілі мәртебеге ие боп, ана тілде

сөйлеуге де имемдік. Қазақ үшін қилы заман кез

келді. Естімегенді, көрмегенді көз көрді. Ата-бабам

мұра болып қалдырған, иемденген жерлердің атаулары

қисынсыз өзгерді. Соның барлығын әрбір ел

Егемендік, Тәуелсіздік алғаннан бастап, бұрынғы

ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен мұраларын

жаңғырту қай елдің болмасын дәстүрінде.

Құрметті осы тыңдауға қатысушылар! Біздер

барлығымыз Қазақстан азаматтарымыз, барлығымыз

да Қазақстан халқымыз, біз бір мақсат, бір мүдде

жолында өмір сүреміз, сондықтан да міндетіміз де

болашағымыз да айқын болуы керек. Өз басым бүгінгі

жаңа бастаманы бірауыздан қолдаймын! Құрметті

депутаттар, баршаңызды қолдауларыңызды сұраймын.

Р.Н.Рахимжанова, қала тұрғыны:

- Бүгінгі қаралып отырған мәселені, мен өз басым

өзекті мәселе деп есептеймін. Тәуелсіздік алғаннан

бері, елімізде қаншама жақсы игі істер жасалып

жатыр. Тарихта алтын әріптермен есімдері жазылған

тарихтың ақтаңдақтарын бүгінгі ұрпақ білуі тиіс.

Сондықтан да мен осы көше атауларының өзгеруін

қолдаймын. Сіздерді де қолдауға шақырамын.

Гүлмира Сейітқали, қала тұрғыны:

- Павлодар қаласының көше аттары қазақшаға

бұрыннан өзгеріп келе жатыр. Бұдан былай да көптеген

көше аттарын батырлардың, ұлы ғалымдар, ұлы

адамдар атауларына қойылса, өзгертілсе деп қалаймыз.

Сайлау Байбосын, редактор:

- Халықтың атынан өтініш жазып, Бөгенбай батыр

атауын келесі жолы қарастырайық.

Жарқынбек Амантайұлы, Ж.Аймауытов атындағы

қазақ музыка-драма театры басшысының орынбасары:

- Бүгінгі бастама баршамызға құтты болсын

және осы көшелердің қатарында Ж.Аймауытұлының

есімі айшықталып отырғанына біз өте қуаныштымыз.

Құрметті жерлестер! Біз осы күнге оңай жеткен жоқпыз.

Ұзақ жылдар бойы бір көшенің атын ауыстыру үшін

күрескен ағаларымыз отыр. Кейін де Бөгенбайдың

атын ұсынамыз. Қоғамдық ұйымдар бар, бәріміз

бірге атсалысайық. Бүгінгі он үш көшенің атауын

біз қолдаймыз.

Қала тұрғыны:

- Құрметті қауым! Мен аналар атынан сөз сөйлегім

келіп отыр. Бір кезде бір көшенің атын атауға біз

бара алмағанбыз. Біздің ұрпағымыз он үш атасының

атауын біліп, сол кісілердің өнерін, білімін алатын,

біздің ұрпақтарымызға қалдыратын байлығымыз

да, барлық шарамыз да осы. Сондықтан осыны

дауға салмай, бүгінгі он үш көшемізді ататқызайық,

қалған батырларымызға да жететін орын көп. Еліміз

гүлдене берсін.

Нұржамал Сейфималиковна Шакуова, қала тұрғыны:

- Мен қала тұрғынымын, осында туып, осы

қалада өстім. Туған қаланың көшелері маған бала

күнімнен таныс, құлағыма өте жақын. Алайда, заман

орнында тұрмайды, замана талабы солай болса - біз

жаңа атауларды қолдаймыз. Сондықтан да бүгінгі

шараға келдім, біртіндеп үйреніп те алармыз. Мен

қолдаймын.

Оксана Сергеевна Катетова, қала тұрғыны:

- Менің ойымша, өзгерістерден ешқашан қорықпау

керек, олардың өз заңдылығы, мақсаты болады. Біздің

бүгінгі шараның басты мақсаты біз 1991 жылдан

бастап тәуелсіз Қазақстанда тұрамыз, мақсатымыз

айқын ол - тарихты насихаттау, болашақта жастар

өз халқының тарихын, салт-дәстүрін тануы қажет, өз

өлкесінің танымал тұлғалары туралы білулері керек.

Аталған азаматтар еліміздің егемендігі жолында құрбан

болды, ел болашағы үшін еңбек етті.

Виктория Николаевна Камалетдинова, қазақ тілі

маманы:

- Киелі заманның шашбауын көтерген, ескі

атаулардың күні артта. Қазақтың нанын жеп, суын

ішкеннен кейін өз бауырына басқан, қазақ тарихын,

рухы биік ұлы тұлғалардың есімін білу, бізге, өзге

ұлт өкілдері үшін үлкен парыз, шынайы борыш деп

есептеймін. Кешегі ақындарымыз бен батырларымыздың

есімдері жүрегі қазақстандық деп соққан әрқайсымыз

үшін ортақ. Шынайы жазылған тарих қана халықтың

нағыз рухын оятуға, өзгертуге ұшыратады.

Светлана Викторовна Прохоренко, қала тұрғыны:

- Мен Павлодарда туып-өстім, осы қалада институтты

бітірдім, қазіргі күні екі балам бар. Бүгінгі

күні олар жоғары оқу орындарында білім алуда.

Мен Димитров көшесіне жақынырақ тұрамын. Бүгінгі

күні кейбір көшелердің атаулары немен байланысты

екені мүмкін балалар білмейтін шығар. Күн сайын

құлағымыз естиді, мысалы белгілі тұлғалар туралы

жастардың өзі де білгілері келіп, өлкенің тарихын

зерделеуге ден қояды. Сондықтан да, туған еліміздің

қуатты, одан да мықты болуымыз өзіміздің қолымызда,

сондықтан да өткенімізге, тарихымызға құрметпен

қарау керекпіз. Рахмет.

Абзал Қабдраш, айтыскер ақын:

- Бүгінгі өзгерейін деп отырған он үш көше бұл

тарихи тұрғыдан, саяси тұрғыдан өзінің мәнін де,

салмағын да жоғалтқан көшелер. Олардың орнына

кешегі Абылай ханға ақыл айтқан біздің Бұқар жырау

лайық. Қазақтың ұлы философы Мәшһүр Жүсіп

лайық. Қазақтың кең даласын сақтап берген Әлихан

Бөкейхандай тұлғалар лайық қой біздің көшемізге.

Осы жерде Бөгенбай жайлы ұсыныс айтып жатыр.

Біз жастар: «Көсемге көше берсе ерік болар, сенімді

серіктерміз сеніп барар. Бөгенбайға бір көше сұрап

жатыр, Павлодардың төріне көрік болар. Дәл қазір

он үш көше ауыстырсақ, ағайын, бүкіл тарихына еніп

барар. Сәл ғана сабыр қылып күзетейік, басымызға

ақ бұлт та төніп қалар. Жыл сайын он көшеден

ауыстырсақ, қазағым төрт құбылаң толық болар.

Ағайын сөйте берсек бірте-бірте, Бөгенбайдың кезегі

келіп қалар».

Қалижанова Сандуғаш Қайыргелдіқызы:

- Құрметті қатысушылар, барлық тындаушыларды

тындадық. Пікірталасты тоқтатуды және дауыс

беруді сұраймын. Павлодар қалалық мәслихатының

дауыс беру үрдісіне көшеміз, оған заңдылық пен

азаматтардың құқықтарын сақтау, қала құрылысы

мен экология жөніндегі тұрақты комиссиялардың

мүшелері болып табылатын депутаттар ғана

қатыса алады.

Халықтың пікірін ескере отырып, көпшілік тыңдаудың

қорытындысы бойынша:

- Димитров көшесін Жүсіпбек Аймауытұлы көшесіне,

- Карл Маркс көшесін Әлихан Бөкейханұлы көшесіне,

- Киров көшесін Ермұхан Бекмаханұлы көшесіне,

- Короленко көшесін Бұқар жырау көшесіне,

- Ж.Аймауытов көшесін Ақжол көшесіне,

- Володарский көшесін Желтоқсан көшесіне,

- Пахомов көшесін Қабдеш Нұркин көшесіне,

- Крупская көшесін Едіге би көшесіне,

- Большая объездная көшесін Жібек жолы көшесіне,

- М.Ж.Көпеев көшесін Ақбеттау көшесіне,

- Чкалов көшесін Сағадат Нұрмағамбетов көшесіне,

- 1 Май көшесін Мәшһүр Жүсіп көшесіне,

- Бестужев көшесін Шәкәрім Құдайбердіұлы

көшесіне қайта атау туралы ұсыныстарды дауысқа

саламыз.

Құрметті комиссия мүшелері, дауыс беруге кірісеміз.

Кім «ҚАРСЫ ЕМЕС»?

«ҚАРСЫ»?

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ»?

Құрметті көпшілік тыңдауға қатысушылар!

Дауыс беруге екі тұрақты комиссия мүшелерінің

депутаттары қатысты:

«Бірауыздан» қолданды!

Өткізілген көпшілік тыңдалым хаттамасы

7 жұмыс күні ішінде Павлодар қаласы әкімдігінің

және қалалық мәслихаттың ресми сайттарында орналастырылатын

және бұқаралық ақпарат құралдарында

жарияланатын болады.

Қалалық мәслихаттың және Павлодар қаласы

әкімдігінің бірлескен шешімі 2019 жылғы 20 қарашада

сессияда бекітілетін болады және материалдар

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген

мерзімде облыстық ономастикалық комиссиясының

қарастыруына жіберіледі.

Төраға С.Қалижанова.

Хаттама жүргізген - А.Сырымова.

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және

өзін–өзі басқару туралы» Заңының 3-бабы 10-тармақшасына сәйкес, 2019 жылдың

27 қарашасында сағат 11.00-де (Павлодар қ., Қайырбаев көш, 32, отырыс залында)

VI сайланған Павлодар қалалық мәслихатының 60-кезектен тыс сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

1. Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы «2019–2021

жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» №330/45 шешіміне өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы.

2. Әртүрлі.

Павлодар қалалық мәслихат аппараты.


SARYARQA SAMALY

ХАБАРЛАМА 23 қараша, сенбі, 2019 жыл 15

Құрметті оқырмандар!

«Құрметті оқырмандар! «Naızatas» әдеби-көркем, қоғамдықсаяси

журналына 2020 жылға жазылу басталды!

Жазылу

мерзімі

Құрметті оқырмандар!

Қоғамдық–саяси, ақпаратты-жарнамалық «Звезда Прииртышья»

газетіне 2020 жылға жазылу басталды!

Жазылу мерзімі

6 ай (аптасына үш

нөмір)

12 ай (аптасына үш

нөмір)

12 ай (бейсенбілік

нөмір)

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ және ШЕШІМІ

Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының

кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының 1993

жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан

Республикасының әкімшілік-аумақтық

құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 3)

тармақшасына, Қазақстан Республикасының

2001 жылғы 23 қаңтардағы

«Қазақстан Республикасындағы

жергілікті мемлекеттік басқару

және өзін-өзі басқару туралы»

Заңының 6-бабы 1-тармағының

4) тармақшасына сәйкес, Ертіс,

Павлодар, Шарбақты аудандарының

және Ақсу қаласының өкілді және

атқарушы органдарының пікірін

ескере отырып, Павлодар облысының

әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар

облыстық мәслихаты ШЕШІМ

ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Ертіс, Павлодар, Шарбақты

аудандарының және Павлодар облысы

Ақсу қаласының әкімшілік-аумақтық

құрылымына келесі өзгерістер

енгізілсін:

1) Ертіс ауданы бойынша:

Қарақұдық ауылдық округінің

Кеңес ауылын оның аумағын

Қарақұдық ауылдық округінің

Ынтымақ ауылының құрамына қоса

отырып таратылсын;

Северный ауылдық округінің

Степное ауылын оның аумағын

Северный ауылдық округінің

Северный ауылының құрамына

қоса отырып таратылсын;

Қызылжар ауылдық округінің

Тоғызақ ауылын оның аумағын

Қызылжар ауылдық округінің

Қызылжар ауылының құрамына

қоса отырып таратылсын;

2) Павлодар ауданы бойынша:

Ефремовка ауылдық округінің

Даниловка ауылын оның аумағын

Ефремовка ауылдық округінің Ефремовка

ауылының құрамына қоса

отырып таратылсын;

Рождественское ауылдық округінің

Максимовка ауылын оның аумағын

Рождественское ауылдық округінің

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі

арқылы жазылу

Индексі 55440

қала ауыл

6 657,10 6 988,20

теңге теңге

13 314,20 13 976,40

теңге теңге

Индексі 25440

қала ауыл

4 040,70 4 251,40

теңге теңге

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін

жеткізілумен кез келген пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы

немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел. 32-40-37) мекенжайы

бойынша орналасқан «Қазпошта» ғимаратында, Ак.Марғұлан

к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де

(тел. 61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, баламалы жазылу арқылы

Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша ресімдеп, тікелей редакциядан

алуға болады.

Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген басылымға

50 данадан артық жазылған жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізумен

ұжымдық баламалы жазылуды ұсынамыз. Тел.: 8 (718 2) 66-15-41.

«Қазпошта» АҚ –ның

бөлімшесі арқылы жазылу

Розовка ауылының құрамына қоса

отырып таратылсын;

Мичурин ауылдық округінің

Госплемстанция ауылын оның

аумағын Мичурин ауылдық округінің

Мичурин ауылының құрамына қоса

отырып таратылсын;

Шақат ауылдық округінің

Заозерный ауылын оның аумағын

Шақат ауылдық округінің Шақат

ауылының құрамына қоса отырып

таратылсын;

3) Шарбақты ауданы бойынша:

Шарбақты ауылдық округінің

Татьяновка ауылын оның аумағын

Шарбақты ауылдық округінің Малиновка

ауылының құрамына қоса

отырып таратылсын;

4) Ақсу қаласы бойынша:

Мәмәйіт Омаров атындағы

ауылдық округінің Көктерек ауылын

оның аумағын Мәмәйіт Омаров

атындағы округінің Мәмәйіт Омаров

атындағы ауылының құрамына қоса

отырып таратылсын;

Достық ауылдық округінің Малая

Парамоновка ауылын оның аумағын

Достық ауылдық округінің Достық

ауылының құрамына қоса отырып

таратылсын.

2. Осы бірлескен қаулының және

шешімнің орындалуын бақылау

облыстық мәслихаттың азаматтардың

құқықтары мен заңды мүдделерін

қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы бiрлескен қаулы мен

шешім алғашқы ресми жарияланған

күнінен кейін күнтізбелік он күн

өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Павлодар облысының

әкімі Б.БАҚАУОВ.

Сессия төрағасы,

облыстық мәслихаттың

хатшысы Б.БЕКСЕЙІТОВА.

«Alash Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы жазылу

«Alash Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы

жазылу

Редакцияда

ресімдеу

және алу

мен жазылу

Павлодар қ. Павлодар қ.

6 650 теңге

5 556 теңге

13 300 теңге 11 112 теңге

4 035 теңге

3 144 теңге

Редакцияда

ресімделу

және алу

мен жазылу

Индексі 67276

қала

ауыл

Павлодар қ. Павлодар қ.

6 ай 3 384,90 теңге 3 397,80 теңге 3 380 теңге 3 120 теңге

12 ай 6 769,80 теңге 6 795,60 теңге 6 760 теңге 6 240 теңге

Үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен «Naızatas» журналына

кез келген пошта бөлімшесінде пошта қызметкері арқылы

немесе Павлодар қаласы Ак.Сәтбаев көшесі, 50 (тел. 32-40-37)

мекенжайында орналасқан Қазпошта ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі,

142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел.

61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, (баламалы) редакция арқылы

жазылуды Астана көшесі, 143-үй мекенжайында ресімдеп, журналды

тікелей редакциядан алуға болады. Тел. 8 (7182) 66-15-41.

Қоғамдық–саяси, ақпаратты-жарнамалық «Saryarqa samaly»

газетіне 2020 жылға жазылу басталды!

Жазылу мерзімі

6 ай (аптасына

үш нөмір)

12 ай

(аптасына үш

нөмір)

12 ай

(бейсенбілік

нөмір)

«Қазпошта» АҚ–ның бөлімшесі

арқылы жазылу

Индексі 55441

қала

ауыл

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен

кез келген пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар

қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел.: 32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан

«Қазпошта» ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша

орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел.: 61-63-18) жазыла аласыз. Одан

басқа, баламалы жазылу арқылы Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша

ресімдеп, тікелей редакциядан алуға болады.

Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген басылымға 50 данадан

артық жазылған жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізумен ұжымдық баламалы жазылуды

ұсынамыз. Тел.: 8 (718 2) 66-15-41.

Тиімді

жарнама!

«Alash Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы жазылу

«HALYQ RADIOSY» - 100.5 FM толқыны өз

жарнамаңызды «Бизнес FM» бағдарламасында

орналастырудың ерекше мүмкіндігін ұсынады.

Дыбыс роликтерін әзірлеу және жалға беру бағасы

3000 теңгеден бастап, ал хабарландырудың әрбір

сөзі үшін 100 теңге, 10 сөзден асса, бағасы

80 теңге болады. Жарнамаңыз күніне 24 рет

шығып, тыңдаушылардың 90%-дан астамын

қамтиды. Бұл жарнама беруші үшін ең тиімді

де нәтижелі болатыны сөзсіз! «HALYQ RADIOSY»

толқынындағы «Бизнес FM» бағдарламасы Сізді

міндетті түрде естиді!

Телефондарымыз: 66-15-40, 65-15-42.

66-15-42

ЖАРНАМА

66-15-40

Редакцияда

ресімдеу және

алумен жазылу

Павлодар қ. Павлодар қ.

6 657,10 теңге 6 988,20 теңге 6 650 теңге 5 556 теңге

13 314,20

теңге

Индексі 55442

қала

ауыл

13 976,40 теңге 13 300 теңге 11 112 теңге

4 040,70 теңге 4 251,40 теңге 4 035 теңге

3 144 теңге

Жоба

Павлодар қаласында 2019 жылға арналған ««Лингва» жеке меншік мектебі»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орта білім беруге мемлекеттік білім

беру тапсырысын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

туралы» Заңының 31, 37–баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының

2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-3)

тармақшасына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар қаласының «Лингва» жеке меншік мектебі» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігінің орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары

С.А.Гладышеваға жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

р/с

Павлодар қаласының әкімі Қ.НҮКЕНОВ

Павлодар қаласы әкімдігінің

2019 жылғы «__» _____________

№ __________ қаулысына

қосымша

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

2019 жылға арналған Павлодар қаласында орта білім беруге

Ұйымдардың атауы

Оқушылардың

саны

Мөлшері

жылына

мемлекеттік

білім беру

тапсырысы

(теңге)

Орта

құны

бір

жылына

оқушы

(теңге)

1 2 3 4 5

1

««Лингва» жеке

меншік мектебі»

жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі

150 9496 253 397,63

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12421 дана,

бүгінгі көлемі 4 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2356

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


16 23 қараша, сенбі, 2019 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

ТҰСАУКЕСЕР

«Қазбат» фильмі

көрерменге жол тартты

Ш.Айманов атындағы

кинотеатрда тәжікауған

шекарасында

бітімгерлік қызмет

барысында ерлік

көрсеткен қазақстандық

жауынгерлердің

тағдыры суреттелетін

«Қазбат» көркем

фильмінің жабық

көрсетілімі өтті.

Картинаның режиссері - Асқар Ұзабаев.

Жаңа туындының жарыққа шығуына «АЮ

СИНЕМА» кинокомпаниясы мен ҚР Ұлттық

ұланы қолдау көрсеткен. Шынайы оқиғаға

құрылған бұл фильмнің тарихы да тереңде

жатыр. 1995 жылы 7 сәуір күні Пшихарв

шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің

жетінші құрама ротасы содырлардың

тұтқиылдан жасаған шабуылынан от пен

оқтың құрсауында қалады. Жаудың күші

басым болған ұрыста 17 әскери қызметші

оққа ұшып, 33-і жараланған еді. Ауған

жағынан шабуыл жасаған содырлар бір

сағаттың ішінде Тәжікстан аумағына өтіп

кетуді жоспарлаған болатын. Бірақ оларға

қарсы жасалған шабуылдың өте күшті

болғандығынан, бес сағатқа созылған

қарулы қақтығыстан кейін кері шегінуге

мәжбүр болды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш

Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың

Жарлығымен қапияда қаза болған

17 сарбаздың бесеуіне ІІ дәрежелі «Айбын»

ордені, он екі жауынгерге «Жауынгерлік

ерлігі үшін» медалі берілді. Тәжік халқына

көрсеткен көмегі үшін қазақстандық

ПРЕМЬЕРА

Қайта оралған «Король Лир»

Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкадрама

театры 30-маусымдағы екінші премьераны

ел назарына ұсынды. 14 жылдан бері қазақ

театрының сахнасында қойылмай кеткен Уильям

Шекспирдің «Король Лир» трагедиясы түрленіп,

моноспектакль жанрында сахналанды.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Жаңа қойылымның көрерменін бірден өзіне тартып,

баурап алуы аударманың құнарлылығында болса керек. Аз

сөзге көп мағына сыйғызып, жүрекпен үндесіп жататын қойылымның

кейіпкерлерін сомдау да іскерлік пен туабітті талантты

қажет ететіні даусыз. «Король Лир» қойылымын ең алғаш 2001

жылы елімізге белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген

қайраткері Ерсайын Тәпенов қойған болатын.

- 2005 жылға дейін театр репертуарында болып, кейін

белгілі себептермен алынып қалған бұл қойылым әзірге моноспектакль

жанрында сахналанбаған. Шығарманы оқып отырып,

бұл туындыдан шағын әрі керемет дүние жасап шығуға болатынын

көрдім. Осыдан кейін бірден іске кірістім. Негізі қазіргі

уақытта әлем театрларында моноспектакль жанры ерекше

қарқынмен дамып келе жатыр. Көштен қалмай, мен де осы

жауынгерлерге құрмет ретінде Душанбеде

монумент тұрғызылып, Ресейдің

«За отличие в службе» медалі де берілген

еді. Ал Нұр-Сұлтан қаласында «Отан-

Ана» монументінің жанынан Ішкі әскердің

17 сарбазына арналған аллея ашылып,

ескерткіш бағана орнатылып, Шымкент,

Петропавл және басқа да бірқатар қалаларда

батырлардың аруағына ескерткіш қойылды.

Дәл осы оқиғаны арқау еткен көркем

фильм жастарды ерлік пен батырлыққа

үндейтіні хақ. Сондай-ақ, елі мен жерін

қорғауда жанын пида еткен сарбаздардың

қайсарлығын, батыл қадамдарын ұмытуға

болмайды. Жаңа туындыдан бұған дейін

шығарманы қайта қоюды жөн көрдім, - дейді қойылымның

режиссері Әділет Ақанов.

Е.Тәпенов қойған «Король Лирде» де патшаның образын

сомдаған Бейбіт Шәнімге аталмыш бейнені жалғыз сомдау еш

қиындық тудырмады.

- Бұл қойылымда қазіргі кезде кездесетін көптеген қоғамдық

мәселелер сөз болады. Жалпы, спектакльдің негізгі мазмұны

- бақталастық, ұрпақтар арасындағы қарама-қайшылық, әке

мен бала қарым-қатынасы төңірегінде өрбиді. Бүкіл елін ашса,

алақанында, жұмса, жұдырығында ұстаған Лир патша өмірінің

соңында өзгереді. Адам бойындағы махаббат пен ғадауат, адалдық

пен ашкөздік тайталасып, адамгершілік қағидаттары алдыңғы

орынға шығады. Осы ретте маған қос режиссердің де үлкен сенім

артуы қанаттандырды. Ерсайын Тәпенов сахналаған қойылымда

Король Лирдің отбасындағы оқиғалар толығымен қамтылатын

болса, мұнда Корольдің тағдыры ғана сөз болады, - дейді Бейбіт

Шәнім.

Айта кетелік, театр ұжымы дәл осы қойылыммен Ақтау

қаласында өткен Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған

«ABISH ALEMI» I халықаралық фестивалінде лауреат атанған

болатын. Фестивальде жергілікті театрдан бөлек елімізден М.Әуезов

атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театры, Н.Жантөрин

атындағы Маңғыстау облыстық театры және Армения, Грузия,

Иран, Түркия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан елдерінен

келген театр ұжымдары бақ сынаған болатын.

Сурет egemen.kz сайтынан алынды.

облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ

музыка-драма театрының актері болған

Рахат Халықты, сондай-ақ Дәурен Серғазин,

Ринат Дошибеков, Дияс Мырзахмет,

Шарифбек Закиров, Индира Шынболатқызын

көруге болады.

Айта кетелік, көркем фильм 21 қарашадан

бастап еліміздің барлық кинотеатрларында

көрсетіле бастады. Фильмнің теледидарға

арналған нұсқасы келесі жылы 7 сәуірден

бастап, аталған қарулы қақтығыстың 25

жылдығына орай «Qazaqstan» телеарнасы

арқылы көрерменге жол тартады.

Қ.МҮСӘЙІП.

Суреттер pavlodarnews.kz сайтынан алынды.

МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІ

Қос алыпқа

ескерткіш

орнатылады

2020 жылы облыс

орталығында Абай

Құнанбаев пен Естай

Беркімбаевқа ескерткіш

орнатылмақ. Осыған орай,

мүсіншілер арасында

байқау ұйымдастырылуда.

Алыптарға қойылатын ескерткіштің

авторы болуға ниеттілер арасында тек

павлодарлық мүсіншілер ғана емес,

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және

Ақтөбе қалаларының да шеберлері

өз жұмыстарын ұсынған. Бұл туралы

Павлодар қалалық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Самал Бегалинова мәлім етті.

- Келер жылы ұлы ақын, ағартушы

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы

кең көлемде аталып өтіледі. Осыған

орай, Абайға арналған ескерткіш жоқ

қалаларда ақынның мүсінін орнату

ұсынылған. Бұл ескерткішке қатысты

байқауға 8 мүсіншіден 11 үлгі келіп

түсті. Әзірге оның үшеуі іріктеліп

алынды. Ал Естай атамызға арналған

ескерткіштің мәселесі 9 жылдан бері

көтеріліп келеді. Байқау барысында

ескерткіштің 9 үлгісі ұсынылды, - дейді

С.Бегалинова.

Сонымен, Абай Құнанбайұлына

арналған ескерткіш облыс орталығындағы

Абай – Кривенко көшелерінің қиылысында,

ал көрнекті әнші, ақын-сазгер, ҚазКСР-ның

еңбек сіңірген өнер қайраткері Естай

Беркімбайұлына арналған ескерткіш

қалалық саябақтың Естай–Академик

Бектұров көшелерінің қиылысатын

тұсында орнатылмақ.

Айта кетейік, қазақтың қос тұлғасына

арналған ескерткіштерге бюджеттен

тыс қаржы қарастырылуда.

Айым

Атырауда

жүлде алды

Жуырда Атырау

қаласында өткен

Қазақстанның Еңбек

сіңірген қайраткері,

қобызшы әрі күйші

Раушан Нұрпейісова

атындағы республикалық

қобызшылар байқауында

павлодарлық Айым

Мейірханова үздіктер

қатарынан табылды.

Жастайынан бойына құдыретті өнерді

сіңіріп өскен Айымның бұл алғашқы жеңісі

емес. Бұған дейін, 2007 жылы «Астана

Мерей» III Халықаралық жас орындаушылар

сайысында 1, XXXXIII республикалық

жас музыканттар байқауында

2, 2009 жылы Алматы қаласында өткен

Ахмет Жұбанов атындағы республикалық

додада 3, 2010 жылы Қарағанды

қаласында өткен Тәттімбет атындағы

VI республикалық конкурста 2-орын

иеленді. Ал 2015 жылы Нұр-Сұлтан

қаласында өткен XXI Халықаралық «Шабыт»

шығармашылық жастар фестивалінде

гран-приді қанжығалаған болатын.

- Айым Рүстембек Омаров атындағы

қазақ ұлт аспаптар оркестрінің артисі

ретінде көрерменге жақсы таныс. Ол

жоғары оқу орнында білім алып жүрген

кезінде-ақ оркестр құрамымен бірге

Вена, Сербия, Словакия, Словения,

Венгрия елдеріне гастрольдік сапармен

барып, өз өнерін көрсеткен. Ол қобыздан

бөлек, фортепиано аспабында да жақсы

ойнайды, - дейді Иса Байзақов атындағы

облыстық филармонияның бас редакторы

Сәуле Мұқаева.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!