30.11.2019 Views

30 қараша, 2019 жыл №138 (15458)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

30 қараша, сенбі

2019 жыл

№138 (15458)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

ФЕНОМЕН

Бірегей

1991 жылдың

1 желтоқсанында

Қазақстан

Республикасының

халқы Тұңғыш

Президент

Нұрсұлтан

Назарбаевты

сайлады. Бұл күн -

қазақ халқының

алғаш рет

өз таңдауын

еркін жасап,

азаттықтың

арайлы таңы атып,

елдік жолына

қадам басқан күн.

Сол сәттен бүгінгі

күнге дейін еліміз

еңсесін тіктеп,

қарыштап дамып,

әлеуметтікэкономикалық

жағдайы

жақсарды.

Жетістікке

жетелер бұл

жолды Елбасы

салып берді.

Демек, Елбасы

жолы – елдіктің

жолы.

Тұңғыш Президент күніне

арналған материалдарды

4-7-беттерден оқи аласыздар

Кәсіпкерлік:

ТАУАРЛАРЫН ХАЛЫҚ ТҰТЫНАДЫ

Сурет akorda.kz сайтынан алынды.

Импортқа тәуелділіктен арылудың жолдарының бірі ретінде елімізде «Қарапайым заттар экономикасы»

атты бағдарлама қолға алынды. Яғни, күнделікті тұтынатын қарапайым заттарды өзімізде

шығарып, ішкі нарықты толық қамту көзделіп отыр. Сондықтан, мұндай заттарды өндіруге ден

қойған бизнесмендерге қолдау күшейді. Нақтысы, кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріп, кәсібін

кеңейтуге жәрдем жасалуда.

Толығырақ 9-бетте

Құрметті

облыс

тұрғындары!

Баршаңызды 1 желтоқсан –

Тұңғыш Президент күнімен

құттықтаймын!

Киелі Отанымыз – Қазақстан

Республикасының тәуелсіз тарихының

бастауында болып,

егемендік пен еркіндік алған тұста

мемлекетіміздің саяси бағытбағдарын,

экономикалық даму

жолын, халықты әлеуметтік қорғау

тәсілдерін айқындаған тұлға –

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев халқының

қайғысыз-қамсыз өмір сүруі үшін

ерен еңбек етіп, ойға алған әрбір ісін

ел игілігіне арнап келеді. Елбасының

бастамасымен қолға алынған

«7-20-25» бағдарламасы арқылы

өңірімізде бой көтерген тұрғын

үйлерден пәтер алушылардың

саны артуда. «Рухани жаңғыру»

бағдарламасын жүзеге асыру

нәтижесінде аймағымызда киелі

нысандар картасы құрылып,

әулиелер мен билердің, батырлар

мен көсемдердің кесенелері абаттандырылды.

Бағдарламаның бір

бөлімі - «Мектебіме тағзым» жобасы

бойынша бизнестің әлеуметтік

жауапкершілігі аясында меценаттар

туған ауылдары мен өздері білім

алған мектептерінің материалдықтехникалық

базасын нығайтуға

үлес қосты.

Мерейлі мереке қарсаңында

әлем елдері мен халықаралық

беделді ұйымдардың басшылары

Ұлт көшбасшысына құттықтау

хаттарын жолдауы – Нұрсұлтан

Әбішұлының түрлі діни конфессиялар

мен мемлекеттік құрылымы

өзгеше елдердің татулығын

нығайтып, жаһандағы бейбіт

өмірді сақтап қалуға қосқан үлесін

мойындауы.

Мерейлі мереке күні сіздерге және

отбасыларыңызға зор денсаулық,

баянды бақыт пен береке-бірлік

тілеймін!

Болат БАҚАУОВ,

Павлодар облысының әкімі.


2 30 қараша, сенбі, 2019 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Шаңырақ шаттығы

«7 - 20 - 25»

Кеше Тұңғыш Президент күніне орай облыс орталығындағы

Академик Шөкин көшесі, 150/1 мекенжайында орналасқан

көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Павлодарлықтар жаңа

үйге Елбасы ұсынған бес бастаманың бірі - «7-20-25» мемлекеттік

бағдарламасы арқылы қол жеткізді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Облыстық полиция департаментінде

қызмет ететін ерлі-зайыптылар - Нұрғиса

және Эльмира Шәкеновтар осы уақытқа

дейін ата-аналарымен бірге тұрған еді.

Үш баланы тәрбиелеп отырған жас отбасы

бірнеше жыл бойы пәтердің алғашқы жарнасына

тірнектеп қаржы жинады. Сөйтіп,

мереке қарсаңында «7-20-25» бағдарламасы

аясында баспаналы болды.

- Бүгін біздің отбасы үшін 29 санының

маңызы арта түскендей. Осы жылдың

29 қыркүйегінде егіз баламыз дүниеге

келіп, 29 қарашада, 29 жасымда нөмірі

29 пәтердің иесі атандық. Халқымыз «Өз

үйім – өлең төсегім» деп тегін айтпаса

керек. Кең, жайлы баспанаң болғанға не

жетсін! Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан

Әбішұлының бастамасымен қолға алынған

«7-20-25» бағдарламасы арқылы үш бөлмелі

үйге қоныстандық. Қуанышымызда шек

жоқ, - дейді Эльмира Шәкенова.

Жаңа үйге қоныстанушыларды облыс

әкімі Болат Бақауов құттықтап, бар

жақсылықты тіледі.

- Осыдан үш-төрт жыл бұрын Алюминстрой

ауданының әр тұрғынымен кездесіп,

басқа баспаналарға уақытша қоныстанып,

ескі екі қабатты үйлерді босатуын сұрадық.

Сол тұста кейбірі біздің бастамамызға

күмәнмен қарап еді. Ал қазір мұнда жаңа

Сарыарқа шағын ауданы бой көтерді. Шыны

керек, бүгін мен сіздерден артық қуанып

тұрмын. Себебі 70-тен астам павлодарлық

отбасы қоныс тойын тойлап отыр.

Бұл көпқабатты тұрғын үйдің айналасында

құрылыс қарқынды жүруде.

Демек, алдағы уақытта тағы мыңдаған

тұрғын өз үйіне қол жеткізеді. Жалпы,

Сарыарқа шағын ауданындағы құрылыс

жұмыстарын екі жыл аралығында аяқтап,

ауданды абаттандырамыз. Тұңғыш Президент

күні қарсаңында баспаналы болу -

бақыт, деп ойлаймын. Әр шаңыраққа

құт-береке тілеймін, - деді Б.Бақауов.

Бұл күні аймақ басшысы Айбол мен

Рауия Секербаевтардың үйіне арнайы

барып, жас отбасының кенжесі – Әминаның

тұсауын кесті.

- Біз 10 жыл бойы пәтер жалдап тұрдық.

Біреудің үйін паналау оңай емес. Сондықтан

өз баспанамыздың болғанын қалап, қаржы

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

жинадық. «7-20-25» бағдарламасы бойынша

алғашқы жарнаны төлеп, 15 жылға үш

бөлмелі пәтер сатып алдық. Ай сайынғы

төлем – 85 мың теңге. Бұл сома қалтамызға

салмақ салмайды, себебі бұған дейін

өзгенің пәтерін шамамен осындай қаржыға

жалдаған едік. Бұл ретте бүгінгі күн отбасымыз

үшін қоныс тойынан тұсаукесер

тойына ұласқаны қуантады. Ел басқарып,

халықтың батасын алып жүрген облыс

әкімі Болат Жұмабекұлына қызымыздың

тұсауын кесуін сұрап, қолқа салдық.

Баламыз аймақ басшысы сияқты еліне

қызмет етер азамат болғанын қалаймыз, -

деп пікірін білдірді Рауия Секербаева.

Айта кетелік, Ак.Шөкин көшесі, 150/1

мекенжайындағы тұрғын үйді «Жәрдем»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрғызды.

Екі подъезді баспанада барлығы 72 пәтер

бар. Жыл соңына дейін Сарыарқа шағын

ауданында тағы бірнеше үйді қолданысқа

тапсыру жоспарланып отыр.

ТАРТУ

Студенттерге - қолайлы баспана

Кеше облыс орталығында 200 орынға арналған

жаңа Студенттер үйі пайдалануға берілді. Заманауи

үлгіде бой көтерген жатақханада білім алушыларға

барынша жағдай жасалған.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Тұңғыш Президент күніне орай

қолданысқа берілген Студенттер үйі

«Жоғары электроника және коммуникациялар

колледжіне» тиесілі.

ғимараттың ашылу салтанатына

облыс әкімі Болат Бақауов, колледж

студенттері мен ата-аналар қатысты.

Студенттерді жаңа қонысымен

құттықтай келген аймақ басшысы

Болат Жұмабекұлы жастарды жақсы

білім алып, ел үмітін ақтауға шақырды.

- Еліміздегі айтулы мерекелердің

бірі - Тұңғыш Президент күні

қарсаңында қолданысқа беріліп

отырған жаңа нысан студенттердің

сапалы білім алып, мықты маман

болып шығуына жағдай жасайды

деп ойлаймын. Елбасы біздің

алдымызға 2023 жылға дейін барлық

студенттерді жатақханамен қамту

туралы тапсырма берген болатын.

Біз 3 жылда колледждерге арналған

дәл осындай 3 Студенттер үйін

салдық, - деді Болат Жұмабекұлы.

Ашылу салтанатынан кейін аймақ

басшысы 5 қабатты жаңа нысанның

ішін аралап көріп, ата-аналардың

қуанышымен бөлісті. Студенттер

үйінің ашылуына Екібастұз қаласы,

Шиқылдақ ауылынан арнайы

келген көпбалалы ана Сандуғаш

Жұқашева аталмыш колледжде

3 баласының білім алып жатқанын

тілге тиек етті.

- Осы колледжде оқып жүрген

3 балама да жатақханадан орын

бұйырып отыр. Отбасынан шалғайда

жүрген балаларымыздың жайлы

жерге орналасқаны - біз үшін

үлкен қуаныш. Ұлт ұстазы Ахмет

Байтұрсынов «Балам дейтін ел

болмаса, елім дейтін бала қайдан

шығады?» дегендей, жастардың

қамын жасап, жақсы білім алуына

жол ашып беріп отырған облыс

әкіміне және де колледж ұжымына

зор алғысымды білдіремін. Енді

жастарға тек жақсы оқып, көптің

үмітін ақтау ғана қалды, - дейді

Сандуғаш Жұқашева.

Бүгінгі таңда аймақта студенттерді

баспанамен қамту мәселесі

қарқынды түрде жүзеге асырылып

келеді. Облыстық білім беру басқармасының

басшысы Дінислам

Болатханұлының айтуынша, өңірде

35 мемлекеттік колледж болса,

олардың 21-інде жатақхана бар. Ал

жаңадан бой көтерген жатақхана

небары 6 айдың ішінде қолданысқа

берілген. Оның құрылысына

664 млн. теңге қаражат жұмсалған.

Бас мердігер – «Портал ПВ» ЖШС.

- Біз студенттерді жатақханамен

қамту бағытындағы жұмыстарымызды

жалғастыра беретін боламыз. Қазіргі

уақытта «Ақсу қара металлургия

колледжіне» арналған 200 орындық

жатақхана салынуда. Сонымен қатар,

Б.Ахметов атындағы педагогикалық

колледж үшін де қосымша студенттер

үйін салуды көздеп отырмыз.

Жатақхана бой көтеретін жердің

орны белгілі болғаннан кейін, бірден

іске кірісеміз, - дейді Дінислам

Болатханұлы.

Басқарма басшысының сөзіне

сүйенсек, облыстағы жекеменшік

колледждердің өз жатақханалары

бар. Сондай-ақ, оңтайландырудың

нәтижесінде босаған ғимараттардан

қайта жатақхана құру мәселесі

қарастыруылуда.

Жаңа жатақхананың бөлмелері

екі орынға негізделген. Әр бөлмеде

кереуеттер, орындықтар, үстел,

киім-кешекке арналған шкаф және

санитарлық торап (ванна, қолжуғыш,

унитаз) бар. Бірінші қабатта теледидар,

жұмсақ жиһазбен жабдықталған

демалыс бөлмесі болса,

төменгі қабатта заманауи спорт құралдарымен

жабдықталған тренажер

және хореография залы орналасқан.

Бұдан бөлек, жатақханада электр

плиталары, тоңазытқыштар, микротолқынды

пештер, үстелдер мен

орындықтар және кір жуатын орын,

сондай-ақ 32 орынға арналған буфет

бар. Сонымен қатар, жатақхана

ішінен медициналық орталыққа да

орын қарастырылған. Ал аулада

арнайы жабыны бар баскетбол

ойын алаңы орналасқан.

Айта кетелік, «Жоғары электроника

және коммуникациялар

колледжінің» ескі жатақханасында

небары 75 орын ғана болған еді.

Қазіргі уақытта босаған ғимаратты

өңірдегі өзге колледждің балансына

беру көзделген.

Құрметті

павлодарлықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті

күнімен құттықтаймын!

Елбасының басшылығымен

қазақстандықтардың және

халықаралық қоғамдастықтың

құрметіне ие болған

жаһандық бастамалар,

ауқымды құқықтық, экономикалық,

саяси және

әлеуметтік реформалар

жүзеге асырылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан -

терең тарихы, бүгіні мен

болашағы бар көпұлтты,

табысты және заманауи

мемлекет.

Құрметті жерлестер!

Осы айтулы күні баршаңызға

мықты денсаулық, бейбітшілік

пен өркендеу, бақыт және

табыс тілеймін!

Қайрат НҮКЕНОВ,

Павлодар қаласының әкімі.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 30 қараша, сенбі, 2019 жыл 3

ӨҢІР

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ

Диқандардың

еңбегі ақталды

Астықты өлке Железин ауданында биыл диқандардың еңбегі жанған. Шаруалар

бекітілген жоспарды ойдағыдай орындап, гектарынан орташа есеппен

10,3 центнер өнім алған.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифинг

барысында Железин ауданының

әкімі Қанат Кашкиров мәлім етті.

Айтуынша, ағымдағы жылы 114 мың

гектар жерге дәнді дақыл егілген.

Бұдан бөлек, картоп пен көкөніс

1 мың 368 гектар аумақты алған.

Ал майлы дақылдар 18 мың гектар

жерге отырғызылған.

- Қазіргі уақытта суармалы

алқаптарды ұлғайту бағытында

жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылы

қазіргі аумақ 2 есеге көбейіп,

18,5 мың гектарға тең болады.

Ағымдағы жылы 2 суармалы алқап

енгізілді. Бұл ретте 560 гектар

«Болашақ-Агро» ЖШС мен 481

гектар «КАБ» шаруа қожалығына

тиесілі. Ауыл шаруашылығы тауарларын

өндірушілерді қаржылай

қолдауға да ерекше мән берілген.

2019 жылы 77 заманауи техника

сатып алынды. Бұл бағытқа 1

миллиард 592 миллион теңге қаржы

жұмсалды, - деді Қ.Кашкиров.

Аудан басшысының айтуынша,

елді мекендерде мал

саны артып келеді. Бүгінде ірі

Тілеуберді САХАБА

Партияның облыстық филиалы төрағасының

бірінші орынбасары Илья Теренченко алдымен

жаңадан тағайындалған бақылау комиссиясының

төрағасы Олег Костенконы және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің

төрағасы Сансызбай Әкімбековті таныстырды.

Жиынның күн тәртібінде қаралған бірінші

мәселе - партияның аумақтық филиалдарының

бақылау комиссиясының жұмысын жандандыру.

Сонымен қатар, атқарылған жұмыстар жөнінде

белгілі бір уақытта есеп беріп, оны талқылап отыру

керек деген ұсыныстар айтылды. Кейін одан әрі

партиялық бақылау желісі бойынша есеп және

статистика секторларындағы заң бұзушылықтар

сөз болды. Ескертулер мен заң бұзушылықтар

саны бойынша Екібастұз қаласы мен Железин

ауданы алдыңғы қатарда тұрғаны аталып өтті. Бұл

ретте Екібастұз қаласының әкімі Ержан Иманзаипов

осы мәселені егжей-тегжейлі қарай отырып,

«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалы

қараның саны 26 мыңға жеткен.

Сонымен қатар, 37,6 мың қой,

9,2 мың жылқы өсірілуде. Биыл

«Astal agro» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігі «Сыбаға» мемлекеттік

бағдарламасы арқылы 180 бас

«Абердин-Ангус» тұқымды ірі қараға

ие болды. Бұл мақсатқа 141 млн.

теңге қаржы жұмсады. Сонымен

қатар, аталмыш бағдарлама аясында

4 ауыл шаруашылық кәсіпорнына

36 млн. теңге бөлінген. Бұл

қаражат 1 216 бас ұсақ малды

сатып алуға жұмсалады.

Биыл агроөндірістік кешенде

жалпы құны 1 млрд. 39 миллион

теңгенің 9 инвестициялық жобасы

жүзеге асырылды. Олардың қатарында

жоғарыдағы екі суармалы

алқап, «Самрұқ и К», «Агро

Капитал» ЖШС-дегі көкөніс сақтау

қоймалары, өзге қожалықтардағы

бидай сақтау қоймалары бар.

Ауданда 856 шағын және орта

кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Оның ішінде 805-і белсенді жұмыс

істейді. Кәсіпорындардан түскен

салықтың көлемі 168 миллион

теңгені құрайды. Инвестиция

көлемі 5 млрд. 241 миллион

теңгеге тең.

Ауданда жергілікті халықтың

мұңына айналған мәселенің

бірі – жол. Елдімекендегі жолдың

75 пайызы жақсы және қанағаттанарлық

деңгейде.

- Аудандық маңыздағы «Железин –

Веселая роща – Мыңкөл»

бағытындағы 41 шақырымды

құрайтын жолға жөндеу жұмыстары

жүргізілді. 8,8 шақырымға асфальт

төселді. Бұл бағытқа 514 млн. теңге

қаржы жұмсалды. Республикалық

және облыстық бюджеттен бөлінген

қаржыға аудан орталығындағы

15 көше жөндеуден өтті. Барлық

жұмыстар уақытылы аяқталды.

Сонымен қатар, аудандық бюджет

арқылы Жаңа Жұлдыз ауылындағы

көше де жаңа кейіпке енді. Аталмыш

мақсатқа 28 млн. теңге бағытталды.

Сонымен қатар, жол жөндеу

бойынша көшелерді қалпына келтіру

мақсатында жобалық-сметалық

құжат әзірленді. Бұл мақсатқа

1 млрд. 502 млн. теңге қаржы

бөлінген, - дейді Қ.Кашкиров.

Қазіргі уақытта аудандағы

халықтың 75 пайызы орталықтандырылған

ауызсу жүйесімен

қамтылған. Аудан орталығында

бұл көрсеткіш 95 пайызға тең.

Биыл шілде айында Прииртышск

ауылында су құбыры салынды.

Железинде құрылыс жұмыстары

да қарқын алған. Биыл спорт

кешені пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Жаңа жұлдыз

ауылында балабақша қайта

жөндеуден өтті. Бұдан бөлек, «Ауыл -

ел бесігі» бағдарламасы аясында

3 нысанды күрделі жөндеуге және

15 көшені жаңа кейіпке енгізу

мақсатында республикалық және

облыстық бюджеттен 383 млн.

683 мың теңге қаржы бөлінген.

Қазіргі уақытта ауданға 23 отбасы

қоныс аударған. Олардың баспанамен

қамтылуы үшін бюджеттен

22 млн. теңге қаржы бөлінген.

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

Партия бақылауға алады

«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалында партиялық бақылау

комиссиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі

қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

төрағасының бірінші орынбасары Нияз Макраевты

партиялық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс

енгізді. Оған Н.Макраевтың партия басшылығы

берген тапсырмаларды жүйелі түрде орындамағаны

себеп болып отыр.

Илья Теренченконың сөзінше, партияның орталық

аппараты берген тапсырмаларды жүйелі түрде

атқарып келе жатқан филиалдар да баршылық. Бұл

ретте Ақтоғай және Аққулы аудандық бөлімшелері

басшыларының белсенділігі мен жоғары кәсібилігін

атап өтті.

- ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаев бір сөзінде жергілікті партия

ұйымдарының жұмысын күшейту қажеттігін атап,

«нұротандықтарға» үлкен жауапкершілік жүктеді.

Сондықтан да бас партияның қатарында білімі

мен тәжірибесі қатар өскен белсенді азаматтар

болуы керек, - деді И.Теренченко.

Сондай-ақ, жиын барысында «Нұрлы жол»

және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары

шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Құтты мекен»

ұлттық жобасының нысандарында қаражаттың

мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылауға алу

қажеттілігі айтылды.

Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде Павлодар облысындағы

кәсіпорындарда 87 қайғылы оқиға тіркелген. Салдарынан

92 адам зардап шегіп, 8 қызметкер қайтыс

болған. Жауапты мамандар бұл жағдайға өндіріс

орындарындағы қауіпсіздік ережесінің сақталмауы

себеп екенін айтады. Аталмыш мәселе өңіраралық

семинарда кеңінен талқыланды.

Қайғылы жағдай

қайтсе азаяды?

Айдана ҚУАНЫШЕВА

«Қазақстан электролиз зауыты»

акционерлік қоғамында ұйымдастырылған

ауқымды шараға ҚР Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігінің комитет төрағасы

Ербол Нұрғалиев, Павлодар облыстық

еңбек басқармасының бастығы Асқар

Қапанов және Шығыс Қазақстан

облысы мен аймағымыздағы кәсіпорындар

қызметкерлері қатысты.

«Қауіпсіз еңбек жағдайларын

қамтамасыз ету» тақырыбын арқау

еткен семинар бұған дейін Ақтөбе

облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында

өткізілген. Жиында Ербол Нұрғалиев

елімізде жүргізіліп жатқан кешенді

істер нәтижесінде жарақат алған

адамдардың қатары азайып келе

жатқанын айтты.

- Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін

қамтамасыз ету бағытында

министрлік бірқатар іс-шараларды

атқаруда. Бұл ретте «Қауіпсіз

еңбек» ақпараттық науқаны жүргізілуде.

Елімізде өндіріс орындарында

тіркелген қайғылы жағдайлардың

көрсеткіші азайып келеді.

Биылғы 10 айдың ішінде 1000-нан

астам адам кәсіпорында жарақат

алды. Өкінішке қарай 129 адам

бақилық болды. Бұл өткен жылмен

салыстырғанда төмен көрсеткіш.

Соңғы 5 жылдың ішінде қызмет

барысында жарақат алғандардың

саны 22 пайызға азайып отыр. Бұл

бағыттағы жұмыстар жалғасатын

болады, - деді ол.

Ербол Жолдасбекұлының айтуынша,

жыл сайын жұмыс орындарында

1500-ден астам қызметкер

жұмыста жарақат алып, 200-ден

астам адам қайтыс болады. Бұл

ретте 2019-2023 жылдарға арналған

өндірістік жарақаттануды және зиянды

еңбек жағдайларындағы жұмыс

орындарын азайту жөніндегі жол

картасы бекітілген. ҚР Мәжілісінде

еңбекті қорғауды басқару жүйесін

жетілдіруге бағытталған еңбек

жөніндегі заң жобасы әзірленуде.

ҚР Бас мемлекеттік еңбек

инспекторы Төлеген Оспанқұлов

та бірқатар статистикамен бөлісті.

Оның айтуынша еліміздегі өндіріс

орындарында жыл басынан бері

957 қайғылы оқиға тіркелген. Салда-

рынан 1069 адам жарақат алған.

Аталмыш көрсеткіш өткен жылдың

сәйкес кезеңімен салыстырғанда

13 пайызға төмен.

- Өндірісте зардап шеккен

1 мыңнан астам адамның 265-і

Павлодар және Шығыс Қазақстан

облыстарында жазатайым оқиғаға

тап болды. Екі өңірдегі жарақат

алғандардың көрсеткіші 24,8 пайызға

тең. 2018 жылы және биылғы 10

айдың қорытындысы бойынша

147 еңбек инспекторы қызметінен

босатылды. 1835 іс құқық қорғау

органдарына жіберілді. Нәтижесінде

237 қылмыстық іс қозғалды.

Өкінішке қарай, тіркелген қайғылы

жағдайлардың басым көпшілігінде

қызметкерлер еңбек қауіпсіздігі

ережесін дұрыс сақтамағаны

анықталды, - деді Т.Оспанқұлов.

Өндірістегі оқиыс оқиғаларды

азайту мақсатында аймағымызда

да бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Асқар Қапановтың сөзінше, биыл

25 өңіраралық отырыс өткізіліп,

68 жұмыс берушінің есебі тыңдалған.

- Павлодар облысы – Қазақстанның

дамыған индустриялық өңірінің

бірі. Жұмыскерлердің қауіпсіздігі

біздің бақылауымызда. Мемлекеттік

еңбек инспекциясының сайтында

«Қайғылы жағдайлар сараптамасы»

атты жеке бөлім бар. Онда орын

алған оқиғалар туралы ақпарат пен

себебі жазылады. Мұндай нақты

мәлімет өзге өндіріс орындарындағы

оқыс оқиғалардың алдын алуға

жол ашады. Бұл сайттың көмегімен

өңірдегі кәсіпорындардың қызметтегі

жауапкершілігі, құжаттары да қалыпқа

келтірілді, - деді А.Қапанов.

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ

вице-президенті Бауыржан Смайылов

кәсіпорында бірқатар бағдарлама

жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Өкінішке орай, аталмыш зауытта

биыл бір жазатайым оқиға орын

алған. Дегенмен соңғы 12 жылдың

көрсеткіші бойынша «Қазақстан

электролиз зауыты» акционерлік

қоғамы облыста еңбек қауіпсіздігі

бойынша үлгілі кәсіпорындар

қатарына енеді.

Жиын соңында екі өңірдің

кәсіпорын өкілдері өздерін

толғандырған сауалдарын жолдап,

бекітілген іс-шаралардың бағытымен

танысты.

С


4 30 қараша, сенбі, 2019 жыл МӘРТЕБЕ

SARYARQA SAMALY

Ғасыр тұлғасы

ТОЛҒАНЫС

- Мен Нұрсұлтан Әбішұлын 1957

жылдан бері танимын. Сол жылы

Қаскелеңдегі Абай атындағы қазақ

орта мектебінде педагогикалық

практикадан өткенімде ол сол

мектептің 10-сынып оқушысы

еді. Бала кезден зерек, елгезек,

қаржырлы, намысты болып өсті.

Орта мектепті үздік тәмамдап,

кейін Теміртау қаласына, содан

соң Украинаның Днепродзержинск

қаласына металлургия саласында

еңбек етуге аттанды. Сонда қарымқабілетімен

көзге түсіп, әуелі

комбинаттың, одан қаланың, содан

соң облыстың басшылығында болып,

40 жасында Орталық Комитеттің

хатшылығына шақырылғанын, көп

ұзамай сол кезде Кеңес Одағындағы

ең жас Совмин Төрағасы болып

бекітілгенін де жұртшылық жақсы

біледі.

Осы орайда мына бір жайт ойға

оралып отыр: 1991 жылы елімізде

алғаш рет Президент сайлауы

өтіп, халық Нұрсұлтан Назарбаевты

таңдаған соң Президентті

ұлықтау рәсімі өтті. Инаугурация

рәсімі аяқталып келе жатқанда

сахна төріндегі мемлекеттік Ту көз

алдымызда қисайып бара жатты.

Кенет әлгі құлап бара жатқан

Туды Президент бір қолымен

қағып алды! Ту сыртында тұрған

Тудың құлап бара жатқанын қалай

көріп қалғаны, соны қалай ұстап

үлгергені таңғаларлық. Мен үшін

сол оқиғаның символдық мәні

бар. Мемлекет басшысы шын

мәнінде туымызды қайта тіктеп,

тәуелсіздігіміздің тұғырлы, еліміздің

мәңгілік болуы жолында аянбай

еңбек етті.

Жалпы, біз Нұрсұлтан Әбішұлымен

аласапыран кезден бері бірге

болып, егемендіміздің баянды

болуы үшін қоян-қолтық жұмыс

істедік. Әр түрлі мәселе-лерге

қатысты кездесіп, пікір алмасып

тұратынбыз. Халықтың әл-ауқаты,

ел ішіндегі жағдайларды әңгіме

қылып, қиындықтарды еңсерудің,

Тәуелсіз қазақ елінің аяққа нық тұрып, қарқынды дамып, әлемнің озық елдерімен иық тірестірер жоғары

деңгейге жетуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен екені анық. Осы уақытта дейін түсірілген

телехабарлар мен кинолар, жазылған кітаптар мен мақалалар арқылы Тұңғыш Президенттің балалық

шағынан бастап бүгінгі кемелденген күніне дейін жүріп өткен жолы насихатталуда. Егемендігіміз

жарияланған уақыттан бері еліміздің өркендеуі жолында Елбасымен қатар қызмет етіп, сенімді серігіне

айналған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі филолог-ғалым Мырзатай Жолдасбековтің

айтары көп. Сондықтан Тұңғыш Президент күні қарсаңында Мырзатай Жолдасбековпен тілдесіп,

естеліктерімен бөлісуді сұрадық.

тығырықтан шығудың, одан әрі

дамудың тетіктерін талқыладық.

Сондай күндердің бірі биылғы

жылдың 11 қаңтары еді...

Сол күні әдеттегідей жұмыста

отыр едім, телефоным шыр ете

түсті. Тұтқаны көтерсем, Елбасы

екен:

- Иә, Мырзеке, хал-ахуалыңыз,

жағдайыңыз қалай? Отбасы, ел

іші аман ба?

- Ассалаумағалейкүм, шүкір,

жақсы.

- Қолың бос болса, бір жарым

сағаттан соң маған келіп кетсеңізші.

Айтатын мәселе бар еді..

- Бопты, барамын.

Осылай бір-екі ауыз сөз

алмасқан соң түс кезінде Ақордаға

бардым. Елдің жағдайы, жақында

Ақ жол тілеп,

батасын берді

Президенттің алдына шығып, өңірде атқарылып

жатқан келелі істермен таныстыру екінің біріне

міндеттеле бермейтін жауапкершілік. Осындай

сәтті басынан кешірген жерлесіміз Айгүл

Кенжетаева ондай тарихи күнді ұмытпақ емес.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан

Назарбаев 2018 жылы шілде

айында облысқа арнайы жұмыс

сапарымен келген болатын. Осы

кезде С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапханаға арнайы

барды. Мұнда «Рухани жаңғыру»

бағдарламасының өңірлік жобалау

офисі орналасқан.

- Бұл менің Мемлекет басшысымен

алғаш рет кездесуім

еді. Ерекше толқыдым. Бірақ

маған үлкен міндет жүктелген

болатын. Ол жерде мен Елбасына

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясында өңірде атқарылып

жатқан істерді мұқият таныстыруым

керек болды. Нұрсұлтан

Әбішұлының алдында «Рухани

жаңғыру» бағдарламасының

негізгі бағыттары бойынша

өңірде атқарылып жатқан

183 жобаны және оны жүзеге

асыруға жалпы сомасы

11 миллиард теңгеден астам

қаражат бөлінгенін, өңірімізде

қолға алынған ең ірі ауқымды

жобаларға тоқталған болатынмын.

Бұл мен үшін үлкен мәртебе еді, -

дейді Айгүл Кенжетаева.

Елбасымен кездесуінде

Айгүл Н.Назарбаевтың «Өркенің

өссін, балам!» деген ақ батасын

алды.

Қ.МҮСӘЙІП.

жарияланған «Ұлы Даланың жеті

қыры» мақаласының өзегі төңірегінде

әңгімелестік. Сол кезде президенттік

өкілеттілігін мерзімінен бұрын тапсыру

туралы ойының шет жағасын шығарды.

- Мен еліме 28 жыл Президенттік

қызмет атқардым. Халықпен бірге

талай жайтты бастан өткердік. Бүгінде

еңселі елге айналдық. Байқап

қарасам, көршілес мемлекеттердегі

Президенттердің барлығының жасы

менен кіші. Соған қарағанда менің

кететін уақытым таяды-ау...

Мен мұндай сөз естимін деп

күтпеп едім. Сәл үнсіздіктен соң...

- Бұл жерде жаста тұрған түк

жоқ. Қайта сіз түркі елдерінің

ағасына айналдыңыз. Сириядағы

шиеленіс, Ресей мен Украинаның,

Ресей мен Түркияның арасындағы

Солардың қатарында тереңкөлдік

жас Нұрдәулет Аяпберген де

бар. Тереңкөл ауданы Байқоныс

ауылындағы мектептің түлегі сол сәтті

өміріндегі тарихи оқиға деп біледі.

Жас ұлан Елбасының қатысуымен

өткен жиыннан ерекше әсер алғанын

айтады. Мемлекет басшысының

отансүйгіштік, салауатты өмір

салтын ұстану бағытында айтқан

түсініспеушіліктердің тігісін жатқызып,

елдер арасындағы байланысты

берік қылуға сүбелі үлес қостыңыз.

Жасыңыздың үлкендігі, кемеңгерлігіңіз

бен көрегенділігіңіздің арқасында

Орта Азиядағы сұңғыла саясаткер

атандыңыз. Қала берді, сіз тақтан

кетсеңіз, халықтың жағдайы не

болмақ? Тұрғындар абдырап

қалуы әбден мүмкін. Құдай берген

қуатыңыз бен денсаулығыңыздың

барында Президенттік қызметіңізді

жалғастыра берген дұрыс-ау, - деп

ойымды білдірдім.

Сол жүздесуден соң, араға екі

айға жетер-жетпес уақыт салып,

Нұрсұлтан Әбішұлы күллі елге

өкілеттілігін мерзімінен бұрын

тапсырғаны туралы жариялады.

Шыны керек, мен шешім мұншалықты

ЖАСТАР

Азат елдің Айбыны

Өткен жылы «Айбын – 2018» республикалық әскерипатриоттық

жарысында Павлодар облысының

«Қайсар» клубы жеңімпаз атанып, бас жүлдені ұтып

алған болатын. Жас ұландар ҚР Тұңғыш Президенті

күнінде Нұр-Сұлтан қаласындағы салтанатты шеруге

қатысып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесу

мүмкіндігіне ие болған еді.

сөздері жерлесімізді батылдыққа

шақырған.

- «Айбын – 2018» байқауы алдымен

ауылымызда ұйымдастырылды.

Үздік деп танылған сарбаздар

аудандық сайыста бақ сынады.

Жолым болып, облыстық құрамға

өттім. Өңіріміздің түкпір-түкпірінен

15 бала іріктеліп алынды. Мен

Тереңкөл ауданынан қатыстым.

Барлығымыз аймақ намысын қорғап,

жеңімпаз атандық, - дейді ол.

Нұрдәулет Аяпберген Елбасының

алдында саптық шеруге қатысу

оңайға соқпағанын айтады. Бұл

ретте қобалжығанын жасырмады.

- Өткен жылғы Тұңғыш Президент

күні менің санамда мәңгі

жатталатыны сөзсіз. Біздің құрам

Нұр-Сұлтан қаласында 5 күн

тез қабылданады деп ойламаппын.

Халықтың да күтпегені байқалып

қалды. Әсіресе, Елбасының күлкісіз

күндері мен ұйқысыз түндеріне куә

болып, қырық атанға жүк болар

қиындықты қайыспай көтеріп келе

жатқанын көрген, тәуелсіздіктің

қазығы қағылғаннан бері тізе қосып,

бірген еңбек еткен біз үшін оңай

болған жоқ.

Сөйтіп, ағалық жолмен ел тізгінін

інісіне берді. Бұл ретте тікелей

туыстық қатынасты емес, қанымызға

сіңген бауырлықты айтып отырмын.

Себебі мұндай құбылыс әлемде

сирек кездеседі. Тіпті, бұрындары

тақ үшін әкесі баласын, баласы

әкесін жамандыққа қиғаны белгілі. Ал

біздің елде бұл процесс ешқандай

дүрлігусіз өтті.

Тұңғыш Президенттің ізін жалғаған

Қасым-Жомарт Тоқаев – өте парасатты,

ақылды, талапшыл азамат,

есімі әлемге белгілі дипломат.

Қазіргі саясаты көпшіліктің көңіліне

қонады. Нұрсұлтан Әбішұлы да біз

Мемлекет басшысын қолдауымыз

керектігін үнемі айтады.

Елбасы Президенттік өкілеттілігін

тапсырғанмен, биліктен кеткен жоқ.

Қауіпсіздік кеңесінің, «Nur Otan»

партиясының, Қазақстан халқы

Ассамблеясының Төрағасы ретінде

бағыт-бағдар беріп, ел үшін маңызды

шешімдерді қабылдайды.

Сайып келгенде, мұның барлығы

оның көреген көшбасшы, сарабдал

саясаткер, дарынды ұйымдастырушы,

тәуелсіздіктің бірнеше ұрпағын

тәрбиелеп келе жатқан білікті

тәлімгер, тарих толғатып туған

ғасыр тұлғасы екенін көрсетеді.

Жазып алған –

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

дайындалды. Салтанатты шеруге

қатыстық. Сол сәтте Елбасымыз

Нұрсұлтан Әбішұлы «Айбын – 2018»

республикалық әскери-патриоттық

жарысының жеңімпаздары – біздің

өңірдің жастарымен жүздесті.

Тұңғыш Президенттің қолын алып,

жалынды, рух беретін тілегін

естіп, шабыт алғанымыз рас. Елім

үшін адал еңбек ету - парызым.

Егемендігіміз мәңгілік болсын! -

дейді Н.Аяпберген.

Қазіргі уақытта Нұрдәулет -

Павлодар мемлекеттік педагогикалық

университетінің 1-курс студенті.

Оқу орнын тәмамдаған соң, Отан

алдындағы борышын өтеуді мақсат

етеді.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


SARYARQA SAMALY

БОЛМЫС 30 қараша, сенбі, 2019 жыл 5

Елбасының жеті қыры

Сарабдал саясаткер, көреген көшбасшы, дара дипломат сынды ұғымдар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен

астасып жатыр. Қазақстандықтар ғана емес, күллі әлем жұртшылығы біздің елдің Тұңғыш Президентінің жан-жақты

екенін жақсы біледі. Әсіресе, әлемдік деңгейдегі саясаткерлер, өзге мемлекеттердің басшылары Елбасының қауіпсіздік

пен тыныштықтың, тың идеялар мен жаңа бастамалардың жаршысы ретінде таниды. Бұдан бөлек, бір бойына сан түрлі

өнер дарыған дарын иесі екені көпшілікке мәлім. Осы орайда «Ұлы Даланың жеті қырын» айқындап берген Тұңғыш

Президенттің болмысының жеті қырын оқырман қауым назарына ұсынуды жөн көрдік.

Сарабдал

саясаткер

1990 жылдардың басындағы

еліміздің жағдайы көпшіліктің

есінде болар. Кеңес Одағы ыдырап,

құрамындағы елдерде тоқырау

орын алды. Бұл кезде егемен

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Назарбаев

батыл шешімдер қабылдап,

еліміздің аяққа нық тұруы үшін

аянбай еңбек етті. Қысқа уақыт

аралығында Мемлекеттік рәміздеріміз,

төл валютамыз қабылданып,

тәуелсіздігіміз айшықтала

түсті. Қиын-қыстау кезеңдерде

стратегиялық бағдарламалар

әзірленіп, кемел келешекке нақты

қадамдар жасалды. Айталық,

«Қазақстан-2030» стратегиясы,

ауыл, мәдениет және тағы басқа

жылдардың жариялануы, еңбек,

білім, денсаулық, зейнетақы

және бірқатар салаларда жүйелі

істердің қолға алынуы, өндіріс

орындарының ашылып, индустриялық

шоғырдың қалыптасуы өз жемісін

бере бастады. Бүгінде Қазақстан

әлемдік аренада ойып тұрып орын

алар, өзге озық мемлекеттермен

иық тірестірер елге айналды.

Бұл – әлеуметтік–экономикалық

әлеуетті арттыру бағытындағы

сарабдал саясаттың жемісі. Ал

осы бағытты әзірлеп, айқындап,

бағдар берген – сұңғыла саясаткер

Нұрсұлтан Назарбаев.

Бейбітшілік

жаршысы

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан

кейін полигонды жауып, өз еркімен

ядролық қарудан бас тартқан алғашқы

мемлекет ретінде тарихта қалды.

Мемлекет басшысының бұл шешімі

өзге елдердің тарапынан қолдау

тапты. Сонымен қатар, біздің ел

әлемдік деңгейде шиеленіскен

мәселелердің шешім табар ордасына

айналды. Мәселен, соңғы жылдары

бас қалада ұйымдастырылатын Астана

процесі Сирия түйінін тарқатудағы

маңызы зор шара болып табылады.

Сол сияқты, таяуда Елбасы Ресей

мен Украина елдері арасындағы

бұралаң байланыстарды реттеу үшін

Қазақстанды диалогтық алаң ретінде

ұсынды. Бұл елімізді бейбітшілік пен

тыныштықты ту еткен, өзге елдер

арасындағы еркін пікір алмасудың

ұйытқысы ретінде көрсетеді.

Сонымен қатар, Қазақстан –

130-дан астам ұлт өкілі бір шаңырақ

астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан

бірден-бір мемлекет. Нұрсұлтан

Назарбаевтың

бастамасымен

Қазақстан халқы Ассамблеясы

құрылып, елдің береке-бірлігін

сақтауды, өзара сыйластық пен

келісім орнатуды мақсат тұтқан

қоғамдық институт құрылды. Сайып

келгенде, Тұңғыш Президенттің тікелей

араласуымен ұлтаралық, еларалық

татулық қалыптасып келеді.

Дара дипломат

Мемлекеттің саяси, әлеуметтікэкономикалық

даму жолында

өзге мемлекеттермен өзара

ықпалдастықтың мәні зор. Әсіресе,

түрлі халықаралық ұйымдардың

құрамына еніп, төрағалық ету аса

маңызды. Бұл ретте Қазақстанның

жетістікке жеткенін айрықша

атап өту керек. Біріккен Ұлттар

Ұйымы мен Дүниежүзілік сауда

ұйымының қатарына қосылып, әр

жылдары Еуропадағы Қауіпсіздік

және Ынтымақтастық ұйымына,

Ислам Ынтымақтастығы ұйымына

төрағалық етуі, аталмыш ұйымдар

саммиттерінің бас қаламызда өтуі

Елбасының дипломат ретіндегі

көрегенділігін көрсетсе керек.

Сонымен қатар, Әлемдік және

дәстүрлі діндер көшбасшылары

съезі бірнеше мәрте біздің елде

ұйымдастырылды. Дүние жүзінің кез

келген елімен берік, тату байланыс

орнатылған. Қазақстанның Азия

мен Еуропа арасын жалғап жатқан

өткелге айналуында да Тұңғыш

Президенттің қолтаңбасы бар.

Көреген

көшбасшы

Қазақстанның бас қаласы –

әлемдегі «ең жас» астана.

Оның авторы – Тұңғыш Президент.

1997 жылы Нұрсұлтан

Назарбаев тарихи шешім қабылдап,

астананы Алматыдан Ақмолаға

көшіру туралы Жарлыққа қол

қойды. 1998 жылы әлем картасында

пайда болған жаңа астананың

халықаралық тұсаукесері өтті. Сол

тұста кейбір адамдар бұл шешімге

күмәнмен қарағаны жасырын емес.

Алайда, Елбасы өзінің көрегендігі

арқылы жас қаланың бас қалаға

айналуы елімізге тың серпін әкелерін

айғақтап берді.

Шынымен, 20 жылдан астам

уақытта еліміздің солтүстігіндегі

шаһар адам танымастай өзгерді.

Бүгінде ол Қазақстанның ғана

емес, әлемдік саясаттың,

өркениеттің, мәдениет пен

спорттың, жаһанданудың астанансына

айналды. Халықаралық

деңгейдегі шаралардың басым

бөлігі дәл осы шаһарда өтеді.

Бұл ретте елорданың бас

сәулетшісі Нұрсұлтан Назарбаев

екенін атап өту керек. Қаланың

көптеген ғимараты, ескерткіштері

Елбасының сурет, сызба және нобай

түрінде түсірген ой-идеяларынан

алынған. Ал әлемнің белгілі

сәулетшілері Нұрсұлтан Әбішұлының

ойларын өмірде жүзеге асыра білді.

Мәселен, Мемлекет басшысының

сызбасы бойынша Бейбітшілік және

келісім сарайы, Президент мәдениет

орталығы, Ақорда резиденциясы,

«Бәйтерек», «Отан қорғаушылар»

монументтері, «Хан Шатыр» сауда–

ойын-сауық орталығы бой көтерді.

Ал биыл, Елбасы президенттік

өкілеттілігін мерзімінен бұрын

тапсырған соң, Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев бас қаланы

астананың авторы – Нұрсұлтан

Назарбаевтың есімімен атауды

ұсынып, қалың көпшілік бұл бастаманы

құптады. Бүгінде Елордамыз

Нұр-Сұлтан қаласы деп аталады.

Ақын

әрі жазушы

Нұрсұлтан Назарбаев кітап

оқығанды жақсы көреді. Әсіресе,

Абай, Мұхтар Әуезов сияқты

белгілі қазақ жазушылары мен

ақындарының, орыс және әлем

әдебиеті классиктерінің туындыларын

қолынан тастамайтын көрінеді.

Елбасының өзі де кітап

жазады. Мамандардың айтуынша,

бір кітап жазуына орта есеппен

16 ай уақыт арналатын көрінеді.

Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан

жолы», «Сындарлы он жыл»,

«Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім

халқыммен», «Өзекжарды ойлар»,

«Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім –

тірегім», «Қазақстан-Ресей қатынастары»,

«Қалың елім, қазағым»,

«Қазақстанның егеменді мемлекет

ретінде қалыптасуы мен дамуының

стратегиясы», «Әділеттің ақ жолы»

және тағы да басқа кітаптары

жарық көрді.

Одан бөлек, ақындық қабілеті

бар. Қазақстан Республикасы

Әнұраны мәтінінің телавторы

екені баршаға белгілі. Сондай-ақ,

Президенттің сөзіне жазылған «Елім

менің», «Жерім менің», «Үшқоңыр»,

«Шұбарат» сынды әндер тыңдарман

қауымның жүрегінен орын алды.

Дүлдүл

домбырашы

«Домбыра қазақтың жан

дүниесімен байланысты. Күйді,

домбыраның әуенін, сазын мұрнына

жусан иісі барған әрі Ұлы далада

өмірге келген қазақ қана түсіне

алады. Себебі, бұл ерекше музыка

адамның жан дүниесін көрсетеді,

яғни мұңды немесе қуанышты

ойды ашық байқатады. Кешкілік

домбыраны шертіп отырған кезде

барлығы ұмытылады. Маған бұл

әсер ұнайды, сондай-ақ, домбырада

жақсы ойнайтын адамдарға

құрметпен қараймын» деген екен

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің естелік

кітабында.

Елбасының домбыраның «құлағында

ойнайтын» өнері де бар.

Салтанатты, мерекелік кештерде,

көпшілік арасында қолына домбыраны

алып, ән шырқағанын талай

көрдік. Президенттік оркестр өнерпаздарының

сөздеріне сүйенсек,

Нұрсұлтан Әбішұлы халық әндері

мен ретро әндердің басым бөлігінің

сөзін жатқа біледі. Одан бөлек,

мандолин, баянда ойнайды.

Сайыпқыран

спортшы

Елбасы салауатты өмір салтын

насихаттап қана қоймай, өзі де

спортпен белсенді, тұрақты түрде

айналысады. Сүйікті спорт түрлерінің

бірі – үлкен теннис. Спорттың бұл

түрімен Президент болып сайланған

соң, яғни 40 жастан асқан кезде

айналыса бастады. Өзгелердің де

тенниске деген қызығушылығын

тудырды. Ол үшін аталмыш спорт

түріне қажет инфрақұрылымдық

нысандарды салып, оның тек элиталық

емес, бұқаралық спортқа

айналуына сүбелі үлес қосты.

Нұрсұлтан Әбішұлы қысқы спортқа

да әуес. Әсіресе, шаңғы тепкенді

жақсы көреді. «Мен 50 жастан

асқан шағымда шаңғыға алғаш

тұрып, тау шаңғысымен айналысуды

жөн көрдім. Бұл – нағыз

ерлерге арналған спорт. Әрине,

оның қатері де жоқ емес, сондықтан

отбасым да, достарым да «Шаңғыны

қайтесің?» деп жиі айтатын. Бірақ

небір қиын, жолсыз жерлермен

сырғанағанды жақсы көремін», -

дейді Елбасы естеліктерінің бірінде.

Тұңғыш Президент альпинизмге

де жақын. Кәсіби альпинистермен

бірге бірнеше шыңды

бағындырған. Қазіргі таңда Алматы

маңында Нұрсұлтан деп аталатын

шың бар.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің осындай

қырлары бар. Нұрсұлтан Әбішұлы - тек сұңғыла

саясаткер ғана емес, өнерге де, спортқа да жақын

адам. Бұл тұрғыдан алғанда, өскелең ұрпақтың

Елбасыдан алар үлгі-өнегесі көп.

Әзірлеген – Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.


6

30 қараша, сенбі, 2019 жыл Ел және Елбасы

SARYARQA SAMALY

БІРЕГЕЙ

Бірлікке бастаған көшбасшы немесе «Назарбаев моделі»

Тарихты бірегейлер жасайды. Олар уақыттың тезінен

де оза шауып, тіпті болашақтың сара жолын салып

кетеді. Жер ғаламшарының түкпірінде есімдері мәңгі

жаңғырады. Ал мәңгіліктің шегі жоқ. Қазақстан

Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - сол бірегей тағдырды

еншілеген тұлға. Нұрсұлтан Әбішұлы отыз жылдай

Мемлекет басшысы болған тұста Қазақстанның

жаһандық аренадағы мәртебесінің бекуіне орасан

зор еңбек сіңірді.

Бүгінде Еуразия құрлығының

кіндігінде орналасқан Қазақстанды

бар жаһан біледі. Билікке келген

сәтінен-ақ, халықаралық бітім

саясатын басшылыққа алған Елбасы

әлемге пайда тигізер қаншама оң

шешімдер қабылдап, тіпті мәмілегерлік

үшін диалог алаңын да құрды. Осы

орайда Ұлыбританияның 1979-1990

жылдары Премьер-министрі болған

Маргарет Тэтчер 1990 жылдардың

басында «Қазір әлемде бес-алты

ірі және өте ықпалды саясаткер

бар. Солардың бірі – Нұрсұлтан

Назарбаев. Мен оған толық сенемін

және оның Қазақстанда жүзеге

асырып жатқан бастамаларымен

келісемін», – деген еді.

Елбасы - заманның тынысын

дөп баса алатын көреген саясаткер.

Заман буырқанған теңіз бетінде

жылжыған қайық іспетті болса, ол

батып кетпеуі үшін ескекті ұстар

қажыр-қайрат керек-ақ. Нұрсұлтан

Назарбаев осынау сан қилы сәтте

елдің ішкі де, сыртқы да жайына

тереңнен көз салып, бағамдай алды.

ХХІ ғасыр табалдырықтан аттаған

сәтте-ақ, қарқынды өзгерістер болды.

Әлем де, адам да өзгерді. Цифрландыру

мен жаһанданудың күнделікті

адамзат тұрмысына еніп кеткені

сонша, экономикалық, әлеуметтік,

қоғамдық тіпті бар әлем өмірінің

сұранысы өзгеріп кетті. Ел басшыларына

тың реформа құруға және

оларды кезек күттірмей дұрыс

бағыттап отыруға тура келді. Бұл

тұрғыда танымал зерттеуші Рой

Медведевтің Нұрсұлтан Назарбаев

туралы «Өзге бақылаушылар сынды

Қазақстанның табысқа жетуі мен

сәттілігін Президент Нұрсұлтан

Назарбаевпен байланыстырамын.

Мемлекет басшысы дағдарыс

жылдары маңызды шешімдер

қабылдап, бағамдай алды. Оның

қабылдаған шешімдері арқасында

Қазақстан басқа мемлекеттер еңсере

алмаған қаншама қауіптен аман

қалды», деген сөзі ойға оралады.

Әлбетте, тек ішкі саясатыңды

бағамдай берсең, сыртыңнан көз

тастар алпауыттар бар. Елбасы

осының бәрін уысында ұстап,

тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен

бастап Қазақстанды бейбіт жолға

бастады. Әлем үшін тек соғыс

пен қауіптің көзі болған, талай

миллиондардың тағдырын жалмаған

атом бомбасынан бас тартып,

аса маңызды шешім қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың осы шешімі

бар жаһан лидерлеріне үлгі болып,

Қазақстанның бітімгерлік саясатына

деген сенім пайда болды.

Бұл шешімді АҚШ-тың бұрынғы

президенті Барак Обама «Президент

Назарбаев ядролық қаруларды

таратпау мәселелерінде әлемдегі

үлгілі көшбасшылардың бірі саналады.

Қазақстан ядролық қарудан бас

тартып, қауіпсіздік пен экономикалық

өркендеуге қол жеткізуде үлгі бола

алады. Бұл қадам Қазақстанды

өңірдегі тұрақты елдердің біріне

айналдыруға мүмкіндік берді»,

деп оң пікір білдірген еді. Тұңғыш

ел басшымыз бір халықтың не

мемлекеттің ғана емес, тұтас әлемнің,

онда тұратын адам баласының

ертеңіне көз тастады. Себебі

жаппай қырып-жоятын ядролық қару

соғыс қауіп-қатерін күшейтумен

қатар, жымысқы саясаттың да

құралына айналып үлгерген еді.

Ресей Федерациясының Президенті

Владимир Путин Елбасының осынау

кең жүректі қасиетін «Нұрсұлтан

Әбішұлы – саясатта көптен, Кеңес

дәуірінен келе жатқан тұлға. Мені

қатты таңғалдыратыны – оның заман

тынысын тап басып танитыны. Бұл

қасиет – бүгінгі әлемді дөп басып

сезіне алатын қасиет оған қайдан

дарыған?! Ол – адал да әділ. Кейбір

мәселелерді талқылағанда, әрдайым

қарапайым адамдарға бұл қалай

тиеді деп ойлап тұрады. Бұл жеке

адамға, қарапайым отбасылар өміріне

қалай әсер етеді? Солардың орнына

өзін, өзінің жақындарын қойып көріп

барып, шешім қабылдайды. Ол – өз

халқының бір бөлігі», – деп бағалаған

болатын. Ал Ресей Федерациясының

Премьер-Министрі Дмитрий Медведев

қазіргі Қазақстанның табысты

дамуында, Қазақстан мен Ресей

арасындағы тату көршілік пен

одақтастықты дамытуда Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан

зор рөлін атаған еді.

Сирия Араб Республикасында

ұзақ жылдарға жалғасқан соғыс тек

бір мемлекеттің ғана емес, тұтас

әлемнің тыныштығы мен бейбіт

өміріне нұқсан келтіре бастады.

Мүдделер қақтығысып, саясат

қитұрқы ойынға айналды. Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев тамыры тереңге

кеткен қантөгісті тоқтату үшін тың

бастама көтеріп, Қазақстан астанасын

Сириядағы бітімге келе алмай

отырған тараптарды бір ортаға жинап,

диалог құру алаңы ретінде ұсынды.

Осылайша Сирия бойынша Астана

процесінің оннан аса раунды өтті.

Тараптар ақырындап келісімге келе

бастады, қызу соғыс өршіп тұрған

аймақтардағы жағдай түзелді. Бұл

процесс әлі де жалғасуда.

Елбасының кезекті бастамасы

бейбіт әлемнің кең тыныс ашуына

тағы да түрткі бола алды. Ұлтымызға

жат ағымның ықпалымен Сирияға

кетіп, адасқан отандастарымызды

елге қайтаруды әлемде алғаш

қолға алған Қазақстан десек артық

айтқандық емес. Өйткені алпауыт

державалардың өзі азаматтарынан

бас тартып, оларды қоғамға «індет»

таратар содырлар ретінде көріп,

шекарадан әрі асырмады. Бұл –

рас. Оның дәлелі – Елбасымыз

Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей

тапсырмасымен осы жылдың басында

табысты жүзеге асырылған «Жусан»

гуманитарлық операциясы. Операция

нәтижесінде жүзге жуық қазақстандық,

ең бастысы еш кінәсі жоқ кіршіксіз

сәбилер Отанына оралды. Әрине

олардың ата-аналарының ісі заң

негізінде сотта қаралды. Бірақ туған

мекенінде. Міне, Елбасының көреген

саясатының арқасында отандастарымыз

шетелде өгей тағдыр

кешпеді. Себебі жат ағымға еріп

кеткен ата-аналарының артынан ерген

балалары бар ғой, олардың бұл

таңдау еркіндігі емес еді. Елбасы

мұнда келер ұрпақтың да қамын

ойлап, оларды тамұқ тағдыр апатынан

сақтап қалды. Осы арада «сәбидің

бәрі бақытты болу үшін жаралған»

немесе «жесірін жатқа бермеген,

жетімін жылатпаған» деген халық

даналығы ойға келеді.

Елбасының сындарлы саяси

ұстанымы тек сыртқы саясатта ғана

емес, ел ішінде де оң бағыт тапты.

Нұрсұлтан Әбішұлы қабылдаған ел

тарихындағы ең айтулы да маңызды

шешімдердің бірі елорданы Алматыдан

Ақмола қаласына (қазіргі

Нұр-Сұлтан) көшіру болды. Бұл

оңай шешім болған жоқ. Алайда

саяси, экономикалық, стратегиялық

тұрғыда ең ұтымды шешім еді.

Елбасының көрегендігі мен тікелей

бақылауының арқасында Қазақстан

қысқа мерзімде Еуразияның жүрегіне

айналған өркениетті астананы тұрғыза

алды. Елорданың құрылысы алғаш

басталып, әсем ғимараттары енді

бой түзеп жатқан сәтте-ақ, бұл

шаһар әлемдік саясатты талқылап,

оң шешімге келе алатын орталыққа

айналды. Жас қалада Елбасының

бастамасымен әлемдік деңгейдегі

іс-шаралар өтіп, жаһандық береке

мен бірлікке Қазақстан тікелей түрткі

болды. Нұр-Сұлтан қаласының

жылнамасына әлемнің 56 елінің

басын қосқан, «Астана декларациясы»

деген атпен тарихқа енген

аса маңызды құжат қабылданған

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық

ұйымының айтулы

саммиті, 57 мұсылман елінің басын

біріктіретін Ислам Ынтымақтастығы

Ұйымының сессиясы, Дүниежүзілік

ислам экономикалық форумы

жазылды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан

Шанхай ынтымақтастық ұйымының,

Азиядағы өзара ықпалдастық

және сенім шаралары кеңесінің,

Еуразиялық Экономикалық одақтың

аса жоғары жауапкершілікті талап

ететін форумдарын қабылдады.

Аталған халықаралық жиындарда

Қазақстан Тұңғыш Президентінің

идеяларына негізделген әлемнің

саяси-экономикалық дамуына әсер

ететін тарихи құжаттарға қол қойылды.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың

елордамыздың 20 жылдық мерейтойына

орай жарияланған «Елбасы

жігерінің жеңісі» атты мақаласындағы

(2018 жылғы 3 шілде, «Егемен

Қазақстан» газеті) Елбасымызға

берілген баға тұтас елдің берген

бағасы іспетті: «Астана – Елбасының

перзенті. Ол – мемлекет құрушы

әрі ғажайып қала – Астананың

рухани әкесі, архитекторы. Оның

есімі дәуірдің ең белгілі, ықпалды

жаңартушыларының қатарында

аталады. Ол жаңа Қазақстан

мемлекетін орнату кезеңінде қазіргі

заманның ең дарынды жасампаз

реформаторы ретінде танылды».

Иә, көпжылғы тәуелділіктен

кейін егемендігін алған Қазақ елінің

өзі таңдаған астанасын заманауи

әлемдік сәулет өнеріне сай қылып

салу кез келген саясаткердің,

Мемлекет басшысының қолынан келе

бермейтіні анық. Н.Ә.Назарбаевтың

ерекше қасиет иесі екенін белгілі

мемлекет қайраткері, Қазақстан

Республикасының Тұңғыш Президенті –

Елбасы Кеңсесінің басшысы

М.Қасымбековтің елорданың

тұсаукесер рәсіміне дайындық барысы

бойынша Елбасының төрағалығымен

өткен жұмыс кеңесінің стенограммасын

негізге алып жазған «Бас

қала осылай басталған» (2018 жылғы

18 маусым, «Егемен Қазақстан»

газеті), «Как зарождалась Астана»

(18 июня 2018 года, «Казахстанская

правда»), «Бас қала осылай

басталған» (2018 жылғы 19 маусым,

«Айқын» газеті), «Как зарождалась

Астана» (19 июня 2018 года, и

«Литер») атты мақаласындағы мына

жолдар дәлелдей түседі: «Мәселенің

мәнісін терең білу, аудиторияның

өзіндік ерекшелігін ескеру, сенім

ахуалын қалыптастыру, стратегиялық

тұрғыдан ойлай білу және құбылмалы

жағдайда жедел жол табу сияқты

қасиеттерді иеленген Нұрсұлтан

Әбішұлы өзін тек саяси жетекші,

дипломат, менеджер ғана емес,

сонымен бірге өмірлік тәжірибесі

мол адам ретінде танытады».

Елбасымыздың тағы бір бастамасы

– Қазақстанның әлеуеті мен

күш-қуатын, кемел келешегін әлемге

танытқан ЭКСПО-2017 халықаралық

көрмесін өткізу болды. Көрме –

жаһандық масштабтағы ірі іс-шара,

оны тек өткізіп қою жеткіліксіз,

халықаралық көрме арқылы

мемлекеттің ұстанымы мен нақты

көзқарасы көрінеді. Қазақстан -

қашаннан «жасыл» экономиканы

қолдайтын мемлекет. Нұрсұлтан

Назарбаевтың басшылығымен

елордада «Болашақ энергиясы»

атауымен көрме ғимараты бой

түзеп, егемен елдің астанасына

көрік қосып, ұстанымын тағы да

бекемдеді. Жас Қазақстан үшін

ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу -

үлкен жетістік. Себебі осы уақытқа

дейін жоғарыда аталған айтулы

іс-шараны әлемнің дамыған елдері

ғана өткізген болатын. Халықаралық

бітімгерлік пен бейбіт өмір жолында


SARYARQA SAMALY

ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ 30 қараша, сенбі, 2019 жыл 7

Қазақстан тағы да бой көрсетті. Осы

орайда АҚШ Президенті Дональд

Трамп «Мен Президент мырзаға

ЭКСПО-2017 арқылы энергетикалық

қауіпсіздік мәселелері бойынша

жаһандық үнқатысуды ілгерілетудегі

көрегендігі мен көшбасшылығы

үшін ризашылығымды білдіремін.

Өзара құрмет пен ортақ мүдделерге

негізделген АҚШ пен Қазақстан

арасындағы стратегиялық әріптестіктің

әрі қарай нығая түсетініне үміттенемін»,

деп пікір білдірді.

Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаевтың

тапсырмасымен ЭКСПО қалашығында

болашақта Нұр-Сұлтан қаласын

әлемге танымал қаржы орталығына

айналдыратын «Астана» халықаралық

қаржы орталығының да ашылғанын

атап өту керек.

Осы арада айтарымыз, егер

бүгінде сәні мен салтанаты келіскен

әсем елордамыз болмаса, Қазақ

жерінде жоғарыда аталған күллі әлемді

таңғалдырған айтулы форумдар өтер

ме еді?! Сондықтан бүгінгі буын

емес, болашақ ұрпақ та осыдан

ширек ғасыр бұрын еліміз үшін аса

қиын жылдары Жоғарғы Кеңестің

алдында астананы Сарыарқаға ауыстырудың

ел дамуы үшін қажеттілігін

дәлелдей алған, дәлелдеп қана

қоймай, Қазақстан астанасын қысқа

мерзімде салдыра алған Тұңғыш

Президентіміздің қайраткерлігін

білу керек деп есептеймін.

Қазақстан – талай тағдырларды

бір ортаға біріктірген көпұлтты

мемлекет. Елбасы көпұлтты елді еш

кикілжің, дау-дамайсыз басқарудың

тың үлгісін бар ғаламға таныта

алды. Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем

жұртшылығына үлгі-өнеге ретінде

ұсынған Қазақстан халқы Ассамблеясын

құрып, Қазақ елінде әр ұлт

өкіліне құрмет танытылатынын, еркіндік

пен демократияның барын көрсетіп,

зайырлы мемлекет құра алды. Талай

мемлекеттің ішкі саясаты ұлтаралық

қақтығыстар салдарынан қырғиқабақ

тартысқа ұласып жатқанда,

Қазақстан ұлы Абайдың «адамзаттың

бәрін сүй, бауырым деп» деген

қағидатын ұстанатынын дәлелдеді.

Қазіргі заманда дінаралық кикілжің

салдарынан азамат соғысының

оты тұтанып, әлемге лаңкестіктің

қаупі төнгенін көрудеміз. Осы

тұста Елбасы жаппай қырып-жою

қаруынан бас тартып, салмақты

шешім қабылдаған сәттегідей, тағы

бір әлеуетті қадам жасады. Еліміз

еңсесін енді тіктеп жатқанда еш

сескенбей, әлемдік және дәстүрлі дін

лидерлерінің съезін өткізіп, барлық

дін өкілдерінің көшбасшыларын

елор-даның төрінде сұхбат құруға

жинай алды. Бір-бірімен жаға

жыртысып, жылдар бойы өштесу

мен ымырасыздықтан көз ашпай

келе жатқан бірқатар дін өкілдері

бір-бірімен қол алысып, пікірлесе

алатын деңгейге жетті. Әрине, бұл

дінаралық қақтығыстарды түбегейлі

жойып жіберді дегенді білдірмейді,

дегенмен бейбіт өмірдің бүр жаруына

елеулі үлесін қосты. Қазақстан

тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен

бастап Тұңғыш Президентіміздің

сенімді серігі болған, Елбасымыз

айқындап берген сыртқы саясатты

жүзеге асыруда қайраткерлігімен

танылған ел Президенті Қ.Тоқаев

«Елбасы бастамасымен дүниеге

келген съезд бүгінде әр үш жыл

сайын шақырылатын бірегей

дінаралық диалог алаңы ретінде

берік қалыптасты. Форум халықаралық

ахуал ушығып тұрған қазіргі уақытта

дүние жүзіндегі мәдениеттер мен

өркениеттердің арасын жалғап,

дінаралық төзімділік пен ынтымақты

нығайтуда теңдессіз рөл атқарып

келеді. Сондықтан ел ішіндегі

конфессияаралық келісімге арқау

болуымен қатар, қалың жұртшылықтың

санасына әлемдегі күллі діндердің

бейбітсүйгіш болмысын сіңіре білген

жиынның халықаралық маңызы

ерекше», деген болатын.

Сонымен қатар Қазақстанның

Тұңғыш Президенті «қайта құрудың»

кері салдарынан пайда болған

қақтығыстарды жою бойынша

бітімгершілік жұмыстар атқарды.

Осыны түбіміз бір Әзербайжан

Республикасының Президенті Ильхам

Әлиевтің мына сөздері дәлелдегендей:

«Аймақтағы бейбітшілікке бағытталған

Қазақстан басшылығының жүйелі

дана саясаты көбіне қауіпсіздікті

нығайтуды көздейді. Қазақстан тұғыры

биік, тегеуріні мықты мемлекетке

айналды. Сондықтан да аймақтық

мәселелерді шешуде Қазақстанның

рөлі мен маңызы арта түсуде, ал

біз бұл мемлекеттің жетістігіне

әрқашан да қуаныштымыз».

Тәуелсіздіктің қиын дәуірінің

бастапқы жылдарында ел экономикасы

күйреу жағдайында тұрды, іс

жүзінде барлық ірі өндіріс орындары

тоқтап қалды. Инфляция бірден

өсіп кетті, жұмыссыздық көбейді.

Ел «жабайы капитализмге» енді.

Тәуелсіз Қазақстанға халықаралық

деңгейдегі сапалы білімі бар

кәсіби кадрлар өте қажет болды.

Жекешелендіру жүргізіп, елімізге

инвестиция тарту керек болды. Тіпті

ең тәжірибелі басқарушылардың

жаңа экономикалық және әлеуметтік

процестерді қалай басқару, егемен

мемлекетті қалай құру туралы

түсінігінің өзі бұлдыр болатын.

Осындай жағдайда Қазақстанның

лайықты болашағын болжау қазақтың

бағына туған азамат Нұрсұлтан

Назарбаевқа ғана бұйырды.

Ғұлама ғалым, кемеңгер ұстаз

Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын

десең, бесігіңді түзе» деген аталы

сөзімен үндес Елбасымыздың еліміздің

талантты жастарының білім алуына

арналған «Болашақ» стипендиясы –

Қазақстанның сенімді стратегиялық

таңдауы болды. Дүние жүзіне танылған

қазақстандық брендке айналған

«Болашақ» бағдарламасы туралы

Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік

дәуірі» кітабында былай еске алады:

«Біздің болашақты болжау мен

стратегиялық көрегендігіміздің

бір үлгісі – 1993 жылдың 5

қарашасында бекітілген «Болашақ»

халықаралық стипендиясы болды.

Мемлекеттің қаржылық жағдайы

елеулі шығындарды ауырсынатынына

қарамастан, мен елдің болашағын

ойлай отырып, ең лайықты деген

жас қазақстандықтарды әлемнің

үздік университеттерінде оқытуға

қажетті қаржы бөлуге пәрмен бердім.

Менің ойымша, елді дамытуда

және оның гүлденуіне ауқымды

үлес қосуда жетекші рөл атқаруға

тиісті зияткерлер шоғыры солардан

қалыптасуға тиісті болатын».

Осыдан түйер ой: XIX ғасырда

ұлы Абай «Интернатта оқып жүр,

талай қазақ баласы...», – деп жырлап,

жастарды мектепте білім алуға

шақырса, XX ғасырдың басында Алаш

зиялылары Мәскеу мен Петербордың

белді жоғары оқу орындарында

білім алып, Мемлекеттік думаға

сайланып, елінің азаттығын ойлады.

Ал XX ғасырдың аяғында «ХХІ ғасыр

– білім бәсекелестігі ғасыры», деген

ұстанымның авторы Елбасымыздың

арқасында Америка, Ұлыбритания,

Германия, Франция және басқа да

шет мемлекеттердің әлем таныған

университеттерінде білім алған

тәуелсіз Қазақстан жастары білім

беру, денсаулық сақтау, мәдениет,

ғылым және техника салаларында

жүздеген ғылыми әзірлемелер мен

ірі жобаларды жүзеге асырып, зор

жетістіктерге қол жеткізуде.

Еліміз санаулы күндерден кейін

осыдан 28 жыл бұрын Елбасымыздың

бастамасы бойынша қабылданған

«Қазақ КСР Президентін сайлау

туралы» заң бойынша өткен

бүкілхалықтық сайлау өткізілген атаулы

күн – Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті күні мерекесін

атап өтеді. Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздік

дәуірі» кітабында «осы тарихи

сайлаудың Қазақстанның тәуелсіздікке

қарай жасаған шешуші қадамы

болғанын» атап өткен болатын.

Өйткені саяси күнтізбеде ол заңды

және символдық тұрғыда Тәуелсіздік

күніне ұласады.

С о н ы м е н қ а т а р 1 9 9 1 ж ы л ғ ы

1 желтоқсаннан бастап тәуелсіздіктің

әр жылдары өткен барлық

жалпыхалықтық тікелей сайлауларда

қазақстандықтар тұрақтылық пен

саяси-экономикалық дамуды таңдап,

дауыстарын түгелдей Нұрсұлтан

Назарбаевқа берді. Яғни, осы

жылдары Ел мен Елбасы егіз ұғым

болып кетті. Елбасымыз іргесі берік,

өзегі мықты, қуатты мемлекет құрды.

Кеңес Одағының құрсауынан шыққан

Қазақстан күллі әлем мойындаған

беделді елге және бейбітшілік

белдеуіне айналды. Тұрақтылықтың,

татулықтың, тұтастықтың арқасында

тәуелсіздігіміз тұғырлы болды. Елінің

ертеңін ойлаған Елбасы Есілдің

бойына жаңа Елордамызды орнатты.

Тұңғыш Президентіміз «Мәдени

мұра» мемлекеттік бағдарламасын

ұсынуының нәтижесінде рухани бай

мұраларымыз зерделі ұрпақтың зейінін

ашып, көне тарихты қайта жаңғыртты.

Осының бәрі теңдессіз тұлғаның

тегеурінді істері арқылы жүзеге

асқанын дана халқымыз жақсы біледі.

Осы арада, М.Қасымбековтің «Егемен

Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 21

маусымдағы санында жарияланған

«Бастау» атты мақаласындағы мына

бір дәйекті сөздерді келтіргім келеді:

«Адам уақытты таңдамайды, ол тек

уақытпен бірге тыныстайды. Алайда

Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл саяси

өмірбаяны белгілі дәрежеде бұл

нақылды жоққа шығарумен келеді.

Өйткені мемлекеттік қайраткер

ретінде ол өзіне берілген жағдаяттар

жүйесінің ауқымымен шектеліп

қалмай, тағдырдың жазғанына сеніп,

соның ырқына енжар ілесіп кете

бермеді. Керісінше, ол қалыптасқан

жағдайға көнбей, бұлқыныс танытып,

болмысты өзі белсене қалыптастыра

отырып, аса қолайсыз жағдайда

және іс жүзінде тақыр жерде жаңа

мемлекет орнатумен қатар, республиканы

әлемдік қауымдастықтың

толыққанды әрі беделді мүшесі

деңгейіне көтере алды».

Дегенмен осы жылдың наурызында

Қазақ мемлекеттігінің негізін

қалаушы ҰЛЫ ТҰЛҒА, Қазақстан

Республикасының Тұңғыш Президенті –

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

әлемде теңдесі жоқ тарихи

шешім қабылдады. Елбасымыз

өз еркімен Мемлекет басшысы

өкілеттігін тоқтатты. Бұл тағдырлы

шешім жаһандық деңгейде, тарихи

ауқымда танылған саяси қайраткердің

кемеңгерлігі мен парасаттылығын

әлемге тағы да танытты, мойындатты.

Осылайша Елбасы іс жүзінде

тәуелсіз елдегі саяси басқару

мен сабақтастықтың мүлде жаңа,

озық үлгісін жасап берді. Менің

ойымша, қазір де, алдағы уақытта

да Елбасымыздың бұрын-соңды

әлемдік саясатта қайталанбаған

осы шешімі лайықты бағасын ала

береді және болашақта билікке

келетін мемлекет басшылары үшін

тұрақ-тылықты, сабақтастықты

сақтау формуласы болып қала

береді. Елбасының осы шешімі

жаһан лидерлері мен сарапшыларын

таңдай қақтырды. Елбасының

салып кеткен жолын, бітімгерлік

саясатын сабақтастықты негізге

алған қазіргі Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

жалғастыруда. Қасым-Жомарт Тоқаев

Тұңғыш Президент салып кеткен

сара жолды жалғап қана қоймай,

Елбасы ұсынған Бес институционалды

реформа мен Ұлт Жоспарын

толыққанды жүзеге асыруды қолға

алды. Қазақстанның жаһандық

аренадағы бітімгерлік миссиясы

мен имиджі сол қалпы сақталды.

Ішкі саясатта Мемлекет басшысының

жетекшілігімен тың реформалар мен

бастамалар көтерілуде. Қасым-Жомарт

Кемелұлы осы жылы Қазақстан

халқына жариялаған алғашқы Жолдауында

заман талабына сай тиімді

мемлекет құрудың, халықпен тығыз

байланыс жасаудың, қоғамдық

келісімді нығайтып, еркін қоғам

қалыптастырудың, азаматтардың

құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз

етудің бірқатар тетігін атап көрсетті.

«Ел бірлігі – оның әралуандылығында»,

деді Қазақстан Президенті өзінің

Жолдауында. Елбасының «Ел бірлігі –

ең асыл қасиет» деген сөзін ту

еткен Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаевтың ынтымақ пен

береке-бірлікке негізделген қазіргі

саясаты ел дамуына одан әрі тың

серпін беруде.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ел

егемендігін бекемдеу жолындағы

қажырлы еңбегі «Қазақстан жолы»

және «Назарбаев моделі» деген

атқа ие болды. Бірегей лидердің

сарабдал шешімдері тұтас ұлтты

ұшпаққа шығара алды. Осы арада

тәуелсіздіктің алғашқы жылдары

Германияның күнделікті «Франкфутер

Альгеймане Цайтунг» басылымында

жарияланған Қазақстанның

Тұңғыш Президенті туралы мына

жолдарды келтіргіміз келеді: «Кеңес

Одағының ықпалды саясаткерлерінің

ішінде Нұрсұлтан Назарбаевты ең

тартымды саясаткер деуге болады.

Өзінің сырт келбетімен, әрі сөйлеу

мәнерімен назар аудартып қана

қоймай, саясаткерлер ішінде бірден

көзге түсетін ерекше құбылыс иесі».

Бүгінде Елбасы өзінің мәмілегерлік

миссиясын жалғастырып келеді. Күні

кеше ғана ел жүрегі Нұр-Сұлтанда

өткен Астана клубының бесінші

отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы

бүгінгі жаһандық саясатта түйіні

шешілмей тұрған Украина мен

Ресей, Оңтүстік Корея мен Солтүстік

Корея арасындағы мәселеге тоқтау

салуды атап көрсетіп, Қазақстанның

мәміле алаңы болуға дайын

екендігі туралы бастама көтерді.

Егер тараптар Елбасы ұсынысына

келісер болса, Қазақстан саяси

шиеліністің оң шешілуіне ықпал

етер кезекті келіссөз алаңы болмақ.

Сонымен қатар ядролық полигонын

жауып, әлемдегі төртінші

зымырандық-ядролық әлеуеттен

бас тартқан Қазақстанның Тұңғыш

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әр

екі жыл сайын ядролық қауіпсіздік

бойынша жаһандық саммит өткізу

тәжірибесін қайта жандандыруды

және Қазақстанның осындай

саммиттердің бірін өз астанасында

қабылдауға дайын екендігі туралы

бастамасы да еліміздің бейбітшілік

ұстанымын барша әлем алдында

айшықтай түседі.

Тәуелсіз Қазақстанның отыз жылға

жуық уақыт ішінде қаланған әрбір

кірпішінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың қолтаңбасы бар. Тек

ел іргесін мығым қалауда емес,

халықаралық саясатта да қажырлы

саясаткердің қосқан үлесі орасан

зор. Оны бар жаһан лидерлері

мойындады. Бітім мен мәмілеге

құрылған саясат, жаңа елорда –

өркениет пен келісімнің ордасы,

тәуелсіз Қазақстан – тұрақты даму

жолына түскен негізі нық мемлекет.

Ал Елбасы бірегей саясаткер. Ұлы

Қазақ хандарының бітімгершілік

жолын жалғап қана қоймай, асқақ

армандарын орындаған Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаев тарихты ғана

емес, жаңа заман тынысын да

жаңғыртты.

Осыдан он бес жылдай бұрын

Қазақстан халқымен болған телеэфирде

Елбасымыз Қазақстанның

ұлттық идеясы қандай болуы керек

деген сауалға «Ұлттық идеяны

барлық қазақстандық бірдей

қабылдайтын болуы тиіс. 75 жыл

бойы коммунистік идеямен өмір

сүрдік. Бүгінгі мемлекетімізді

құрушы қазақ халқы. Қазақ басқа

жерде өскен де, өнген де жоқ. Біз

ешқайдан көшіп келгеніміз жоқ. Қазақ

елінің, Қазақстанның тәуелсіздігі –

ол бірінші идея. Мұны болашақ

ұрпақтың қолына тапсыруға тиіспіз.

Ұлттық идеяның тағы бір тірегі –

ел экономикасын бәсекелестікке

сай мықты жасау. Үшінші идея –

елдің бірлігі. Осы үш мәселенің

төңірегінде қазақтың тілін, қазақтың

дәстүрін басқа халықты ренжітпей

шешетін болсақ, осы үш саладан

басқа қандай идея керек», деп

жауап берген болатын. Олай болса,

Қазақстан Республикасының Тұңғыш

Президенті – Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаевтың мәңгілік ұлы идеялары

тәуелсіздік рухымен өсіп

келе жатқан еліміздің ертеңгі үміті,

сенімді серігі болып табылатын

жас буынның бойтұмары болуы

тиіс екені сөзсіз.

Әмірхан РАХЫМЖАНОВ,

Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті – Елбасы

кітапханасының директоры,

саяси ғылымдар докторы,

профессор.


8 30 қараша, сенбі, 2019 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

Бөле-жара

Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір

аптаның аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер

балапанды апта сайын санайды. Осы

жеті күнде жер бетіндегі тіршіліктен көңілге

оғаш, көзге ерекше көрінгені жетерлік.

Есірікке де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде,

дөңгеленген он сегіз мың ғаламда біз куә

болған, бөле-жара айтар оқиғалар қайсы?

Ысырапты кім тыяды?

Үкімет «Ақбұлақ», «Ауызсу» бағдарламаларына

2011 жылдан бері 1,2 трлн. теңге қаржы

шығындапты. Бұл қаражатқа ауылдық жерді таза

ауызсумен қамту көрсеткішін 80 пайыз, қалаларды

100 пайызға жеткізу керек болған. Алайда, жобалар

іс жүзінде деріне жеткізілмей, миллиардтаған

қаражат желге ұшқан.

Бүгінде еліміз бойынша 2,5 млн. адам сапалы

ауызсуға жарымай отыр. Өзге аймақтарды былай

қойғанда, бас шаһардың кейбір тұрғындары әлі

күнге дейін суды шелекпен тасып ішіп отырғанын

да ҚР Парламентінің депутаттары жақсы біледі

екен. Ал ауылдардың жартысынан астамы ауызсумен

қамтылмаған. Есеп комитетінің төрайымы

Наталья Годунованың айтуынша, тозған ауызсу

құбырларының мәселесі де өткір тұр. Былтыр

218 миллион текше метр су шығыны болған. Одан

келген ақшалай шығын 16 млрд. теңгені құрады.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға

тозған инженерлік желілердің мәселесін шешу

үшін мемлекеттік жекеменшік-әріптестік тетігін

пайдалану ұсынылып отыр. Себебі республика

бойынша су мен кәріз желілерінің 57 пайызы

тозып тұр. Ал жыл сайын оның бес пайызы ғана

жаңартылады.

Сенат спикері Дариға Назарбаева бұл мәселені

сұмдық жайтқа балады. Айтуынша, елімізде аталған

мәселемен айналысатын арнайы орган құру керек.

- Ол агенттік бола ма, әлде мамандандырылған

ұйым бола ма, бәрібір. Есеп комитеті айғақтап

берген сұмдық жайттарға қараңыз, қаншама қаржы

жоғалттық, қанша шығын келді. Бірақ сол үшін

жаза арқалаған, шығынын өтеген ешкім жоқ. Бұл

осылай жалғаса береді. Себебі, біздің мемлекеттің

су шаруашылығы қауіпсіздігі бойынша қылмыстар

айтарлықтай маңызды мәселе болмай тұр. Сондықтан

жеткілікті мән берілмеуде. Жауапкершілкті күшейту

керек, - дейді Сенат төрағасы.

Суды ысырап етіп отырған өңірлер арасында

Алматы қаласы көш бастайды – 33%. Ақмола

облысы – 20, ал Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары

мен Жамбыл, Ақтөбе және Қостанай облыстарында

су шығындау көрсеткіші 13-тен 16 пайызға

дейін жетіп тұр.

Әліптің артын бағайық...

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда бензин

қымбаттауы мүмкін. Себебі мемлекетіміз бензин

акцизін бірден 10 теңгеге көтеруді ұйғарып қойған.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың

сөзіне сенсек, біз үшін оның үлкен пайдасы бар

екен. Қазақстан Ресей нарығын арзан бензинге

қарық қылып отыр. Ал өз көлік отынын көршілеріміз

Еуропаға қымбат бағамен экспорттайды. Сайып

келгенде, біздің арзан бензин арқылы пайданы

күреп тауып отыр, дейді министр. Ал оны реттеудің

жолы – акциз бағасын көтеру.

- Бұл инфляцияға немесе шағын және орта

кәсіпкерлік нысандарының өнімдерінің өзіндік

құнына қатты әсер етпейді. Бүгінде акциздің

едәуір үлесін мұнай өндіретін, өңдейтін және

нарыққа шығаратын компаниялардың кірісі мен

шығыны алып отыр.

Бұл акциз құны литріне 10 теңгеге өскенімен,

бензин де 10 теңгеге өседі деген сөз емес.

Мысалы, 2015 жылы біз акцизді 4,5 мың теңгеден

10,5 мың теңгеге көтердік. Бірақ жанармай бағасы

нарықта ондай қатты қымбаттаған жоқ,-дейді

ведомство басшысы.

Не де болса әліптің артын бағайық.

Албаниядағы зілзала

Албаниядағы зілзаладан 40 адамның ажал

құшқаны белгілі болып отыр. Сондай-ақ 650 тұрғын

түрлі жарақат алған. Аймақта құтқару-іздестіру

жұмыстары жүріп жатыр. Белгілісі, осы уақытқа

дейін мамандар үйінділер астынан 45 азаматты

аман алып шығыпты. Айта кетейік, ондағы жер

сілкінісі соңғы 30 жылда ел аумағында тіркелген ең

қуатты зілзала болып отыр. Жерасты дүмпулерінің

жойқын болғаны соншалық, ол көршілес елдерде

де сезілген. Қазір табиғи апатқа байланысты

Дуррес пен Туман өңірлерінде 30 күнге төтенше

жағдай режимі жарияланды.

Апта оқиғаларын бөле-жара сөз еткен -

Апта оқиғаларын бөле-жара сөз еткен -

Мұрат

Мұрат

АЯҒАНОВ.

АЯҒАНОВ.

БАС ТАҚЫРЫП

Қандастар қапы қалмасын!

- Гүлстан Манапқызы, акция

қашан басталды және қай уақытқа

дейін жалғасады?

- «Мерзімі өтіп кеткен оралман

мәртебесін ұзарту» акциясы осы

жылдың наурыз айында басталған

болатын. Желтоқсан айының 31-іне

дейін жалғасады. Бұл - Мемлекет

басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың

этникалық қазақтардың проблемалық

мәселелерін шешу және шеттен келген

қандастарды жеңілдетілген тәртіппен

азаматтыққа қабылдау бойынша берген

тапсырмалары аясында қолға алынған

шара. Сондықтан, оралман куәліктерінің

мерзімін өткізіп алған қандастарымызды

осы акцияны пайдаланып, құжаттарын

рәсімдеп алуға шақырамыз. Келер

жылы мұндай мүмкіндік болу-болмауы

екіталай. Акция бүгінде өз нәтижесін

беріп жатыр. Наурыз айынан бері

238 этникалық қазақ мерзімі өткен

құжаттарын қайта қалпына келтіріп,

азаматтыққа өтініш берді. Ресей Феде-

САЙЛАУ

Бүгінде шеттен көшіп келген қандастар арасында әлдебір себептермен

Қазақстан азаматтығына қол жеткізе алмай жүргендер

бар. Солардың бір бөлігі белгілі бір уақытқа ғана берілетін

оралман куәлігінің жарамдылық мерзімін өткізіп алған. Міне,

сондай жағдайға тап болған қандастарымыз құжаттарын қайта

қалпына келтіріп, ел азаматы атануы үшін облыстық полиция

департаментінің көші-қон қызметі басқармасы арнайы акция

жариялап отыр. Бұл туралы көші-қон қызметі басқармасының

аға инспекторы Гүлстан Батталова әңгімелеп берді.

рациясынан келген бір қандасымыз

ғана Қазақстан азаматтығын алудан

бас тартты. Жалпы, жыл басынан бері

1000-ға жуық этникалық қазаққа тұрақты

тіркеуге тұруға рұқсат бердік. Олардың

барлығы оралман куәліктерін алып,

Қазақстан азаматтығына қабылданды.

- Құжаттарын уақытында

рәсімдеп үлгермеген азаматтар

бұл акция жөнінде естіп-біліп

отыр ма?

- Акцияның басталғаны жөнінде

көптеген сайттарда және әлеуметтік

желілерде жарияланды. Сонымен қатар,

телеарналардың жаңалықтарынан

айттық. Одан бөлек, шілде айында әрбір

қалалар мен аудандардағы көш-қон

басқармалары жергілікті полиция

қызметкерлерімен бірлесіп үш күндік

рейд ұйымдастырды. Яғни, мамандар өз

аумақтарында тұратын қандастарымызбен

кездесіп, осы акция жөнінде ақпарат

берді. Егер шынымен осындай жағдаймен

азаматтық ала алмай жүргендер болса,

оларды облыстық жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының көші-қон бөліміне

жолдаймыз. Мекенжайы – Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 59-үй. Егер,

тығырыққа тірелген қандастарымыз акция

туралы бір жерден естіп жатса, біздің

мамандардың көмегіне жүгінбей-ақ,

бірден жергілікті жердегі көші-қон

бөліміне бара берсе болады. Олар

мерзімі өтіп кеткен оралман куәлігін

Сенімге ие болды

Павлодар қаласына қарасты Жетекші ауылының

жаңа әкімі болып Есімхан Құрмантаев

сайланды. Сайлауға қалалық мәслихаттың

16 депутаты қатысып, барлығы да аталған

азаматтың кандидатурасын қолдады.

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Александр Маржықбаевтың айтуынша, бұрынғы әкім өз

еркімен жұмыстан босатылған. Ережеге сай, 3 ай ішінде

жаңа әкім сайлануы тиіс. Осы уақыт аралығында екі

адам ғана ауыл әкімі болуға ниет білдіріпті. Кандидаттар

БИЗНЕС

Сауда үйі ашылды

Павлодар қаласының Усолка шағын ауданында ҚР Тұңғыш

Президенті күніне орай «Мечта» электроника және тұрмыстық

техника дүкенінің ашылу салтанаты болды.

Тілеуберді САХАБА

Бұл - облыс орталығында «Мечта»

сауда желісі бойынша іске қосылған

екінші нысан. Жаңа сауда нысанының

ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары

Арыстан Кенжалинов қатысып,

тұрғындарды құттықтады. «Мечта»

сауда желісінің филиал директоры

Рүстем Ергашовтың айтуынша, жаңа

ашылған сауда үйінде тауарлар төрт

күн бойы жеңілдетілген бағамен сатылатын

болады. Сонымен қатар, әрбір

100-інші тұтынушыға смартфон сыйға

беріледі.

- Павлодарда «Мечта» сауда үйінің

екінші нысанын салатын орынды таңдау

кезінде көп ойландық. Кейін осы Усолка

шағын ауданына тоқталған едік. Ал

ашылу рәсімінің Қазақстанның Тұңғыш

Президенті күнімен тұспа-тұс келгеніне

қуаныштымыз. Тұтынушыларды өзімізге

тарту мақсатында бірқатар жеңілдіктер

жасадық. Сатып алушылар кез келген

тауарды пайызсыз бөліп төлеу жолымен

алуға болады. Тауарларды рәсімдеу

үшін бірнеше банкпен келісімшартқа

отырдық, банк қызметкерлері тұтынушыларға

сапалы қызмет көрсетуге

әзір. Сонымен қатар, қазір бізден зат

сатып алған адамдардың барлығына

кэшбэк беріледі. Оны екі аптадан кейін

басқа бір тауар сатып алу кезінде

бонус ретінде қолдана алады, - дейді

Р.Ергашов.

Жаңа ашылған сауда үйі 30-дан

астам адамды жұмыспен қамтыды.

Болашақта жұмыс ауқымы ұлғайса,

тағы қосымша мамандар тартылатын

болады.

тағы екі айға ұзартып береді. Міне,

осы уақыт ішінде барлық құжаттарын

рәсімдеп үлгеруі керек.

- Атамекенге біржола қалу

мақсатында көшіп келетін қандастарға

нақты қандай талап

қойылады?

- Қандастарымыз қай елден келсе

де, біздің заңнамада бекітілген қажетті

құжаттарды алып келуі керек. Тек Қытайдан

келетіндерден ғана тіркеуден шығу парағы

мен сотталмағаны туралы анықтама

сұралмайды. Егер құжат түгел болса,

азаматтық алу барысында ешқандай

проблема болмайды. Ұзаса жарты жыл

ішінде құжаттарын толық рәсімдеп,

азаматтыққа қабылдануға мүмкіндік бар.

Яғни, алдымен шекарадан кіргеннен

кейін бес күн ішінде уақытша тіркеуге

тұрып, кейін тұрақты тіркеуге құжат

жинайды. Бұл екі ай ішінде беріледі. Одан

кейін екі апта жүріп, ықтиярхат алады.

Көп адам ықтиярхат қолға тигеннен

кейін жайбарақат жүріп қалады. Олай

болмайды, бірден азаматтық алуға әрекет

жасау керек. Ал оралман куәлігі Атамекенге

біржола қоныстану мақсатында

келген қазақтарға ғана беріледі. Оның

жарамдылық мерзімі – бір жыл. Осы

бір жыл ішінде азаматтық алып үлгеру

керек. Міне, ең негізгі талап – осы.

- Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан –

Тілеуберді САХАБА.

сайлауға дейін депутаттар алдында ауылды дамыту жөніндегі

бағдарламасын қорғауға мүмкіндік алған. Сайлауға дауыс

беруге құқығы бар 26 депутаттың 16-сы қатысты.

Есімхан Құрмантаев әр жылдары Түркістан облысының

құқық қорғау саласында қызмет еткен. Сайрам ауданының

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде

заңгер, Түлкібас ауданының құрылыс, сәулет және қала

құрылысы бөлімі басшысының орынбасары болып еңбек

еткен.

Әкімдікке сайланбас бұрын Павлодар қалалық құрылыс

бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарды.

О.АХМАДИЯ.

С


SARYARQA SAMALY

ЭКОНОМИКА 30 қараша, сенбі, 2019 жыл 9

КӘСІПКЕРЛІК

Тауарларын халық тұтынады

Импортқа тәуелділіктен арылудың жолдарының бірі ретінде

елімізде «Қарапайым заттар экономикасы» атты бағдарлама

қолға алынды. Яғни, күнделікті тұтынатын қарапайым заттарды

өзімізде шығарып, ішкі нарықты толық қамту көзделіп отыр.

Сондықтан, мұндай заттарды өндіруге ден қойған бизнесмендерге

қолдау күшейді. Нақтысы, кәсіпкерлерге жеңілдетілген

несие беріп, кәсібін кеңейтуге жәрдем жасалуда.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Төртінші орын

Ағымдағы жылы елімізде халық тұтынатын

тауарлар өндірісін қолдауға 600 млрд.

бөлінгені белгілі. Осы бағыттағы жобаларды

жүйелеп, бағыт сілтейтін жобалық

кеңсе де аймағымызда ашылған болатын.

Бұл бағдарламаның тиімді тетіктерін

пайдалануға ниетті азаматтар аз емес. Биыл

бір жылдың өзінде облысымызда жалпы

сомасы 12,5 млрд. теңгенің 45 жобасы

мақұлданған. Екінші деңгейлі банктерде

мақұлданған жобалар саны жағынан

аймағымыздың республика көлемінде бестікке

енгенін облыс әкімі Болат Бақауов жуырда

Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте

атап өткен еді. Облыстық кәсіпкерлік және

сауда басқармасы мамандарының айтуынша,

УПНК кәсіпорны жүзеге асыратын

15 млрд. теңгенің жобасы мақұлданса,

республика бойынша төртінші орынды

сақтап қалу мүмкін болмақ.

Жалпы, «Қарапайым заттар экономикасы»

бағдарламасы күнделікті тұтынатын

тауарлар көлемін арттырып қана қоймай,

шағын және орта бизнестің өрістеуіне

жетелейді. Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орны

ашылып, талай отбасының табысына да

оң әсер етеді.

Тиімділігін түсініп...

Бағдарламаның жемісін көріп отырған

жандардың бірі – кәсіпкер Гүлжанат Әбішева.

Тереңкөл ауданының Береговое ауылындағы

жеке кәсіпкерліктің иесі «Қарапайым заттар

экономикасы» бағдарламасына қатысып,

кәсібін кеңейтуде.

- Биыл жаңа бағдарлама қолға алынғанын

естіп, құжаттарымды тапсырдым. Әрине,

бәрі тез болған жоқ. Себебі, өзіндік талаптары

бар. Бастысы, кепілге қоятын мүлік

қажет. Сөйтіп, қаладағы екі пәтерді кепілге

қойып, екінші деңгейлі банктен жылдық

мөлшерлемесі 15 пайыз болатын 15 млн.

теңге несие алдым. Бағдарлама аясында

бұл пайыздық мөлшерлеменің 9 пайызы

мемлекеттен субсидияланды. Бұл дегеніңіз

маған несие алты пайызбен беріліп отыр.

оған қоса, жарты жыл демалыс берді.

Мемлекет бізге аздап реттеліп алуға қолдау

көрсетіп отыр. Бұл - біз сияқты кәсіпкерлерге

айтарлықтай көмек. Әйтпесе, банктерден

тікелей алып, мемлекеттен субсидияланбаса,

қарызды еселеп қайтарар едік, -

дейді Гүлжанат Бекежанқызы.

Кәсіпкер 2006 жылдан бері кәсіпкерлікпен

айналысып жүр. Негізі бұл салаға бейімділігі

одан ерте басталыпты. Тоқсаныншы жылдары

үйден нан пісіріп сатып, күн көрген. Одан

кейін шағын дүкен ашып, тіршілік етуде.

Қазіргі таңда азық-түлік-шаруашылық дүкені

бар. Мемлекеттің жәрдемімен алған жеңілдікті

несиеге дүкенге қосымша ғимарат салып,

кеңейткен. Шағын наубайхана ашуды да

көздеп отыр.

- Торт, түрлі тоқаштар, нан пісіруді қолға

алмақпын. Иленген қамыр да қатырып

сатпақ ойда бар. Шағын наубайханаға

қажетті электр пешін сатып алдым. Қызым

Мейрамгүл қазіргі таңда декреттік демалыста.

Қос жоғары білімі бар. Бірақ, бала

күтімімен отырған соң кондитердің курсынан

өтіп, аздап тапсырыстар алып жүр. Бүгінде

дүкенімде күніне 150-ге жуық бөлке нан

сатылады. Нанды аптасына үш рет қаладан,

күн сайын аудан орталығынан алдырамын.

Енді осы көлемді өз наубайханамда пісіріп,

ауылдастарыма ұсынуды жөн көріп отырмын.

Кәсібім кеңейіп, екі адамға жұмыс орны

ашылды, - дейді кәсіпкер.

Жұмсақ жиһаз

«Қарапайым заттар экономикасы» елімізде

жеңіл өнеркәсіпті өркендетуге басымдық

беріп отырғанын білеміз. Бұл мүмкіндікті

аймағымызда да барынша пайдаланып

жатқан кәсіпкерлер баршылық. Мәселен,

Павлодар қаласындағы «Жәнібекова» жеке

кәсіпкерлігі бес жыл жиһаз шығарумен

айналысады. Кәсіпкер Самал Жәнібекованың

айтуынша, жолдасы жиһаз шығаруға бейімі

болып, осыдан бес жыл бұрын іс бастаған.

Біртіндеп ілгері басқан. Жалға ғимарат

алып, тапсырыстар қабылдауға көшеді.

Бүгінде жеке кәсіпкерлікте үш адам еңбекпен

қамтылған.

- «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан

елімізде «Қарапайым заттар экономикасы»

бағдарламасы жайында біліп,

құжаттарымызды тапсырдық. Бізді, әрине,

пайыздық мөлшерлемені мемлекет субсидиялайтыны

қызықтырды. Ісін енді дамыта

бастаған кәсіпкерлер үшін бұл - айтарлықтай

көмек. Өйткені, банктен жоғары пайызбен

алсақ, кәсіпті өрістету мүмкін болмас еді, -

дейді Самал Жәнібекова.

Кәсіпкер қазіргі таңда өзгенің ғимаратын

жалға алып, бизнес жүргізіп отыр. Енді

мемлекеттің қолдауымен жеңілдікті несие

алып, жеке ғимарат сатып алуды көздеп

отыр. Өтінімі банкте мақұлданған. 16 миллион

теңге алып, осылайша кәсібін дамытпақ.

Дерек пен дәйек:

• 2018 жылмен салыстырғанда жергілікті жеңіл өнеркәсіп

өндірушілерінің мемлекеттік сатып алуға қатысуы 4 есеге өскен;

• жиһаз өнеркәсібіндегі өсім - 9 есе.

• құрылыс материалдары өндірісі 7 есеге артқан.

- 1 5 п а й ы з б е н а л а т ы н н е с и е м і з д і ң

9 пайызын мемлекет жеңілдетіп бермек.

Қалған 6 пайызын төлеймін. Өте тиімді

бағдарлама. Ғимарат сатып алғаннан кейін

қызметкерлер қатары тағы бес адамға

артады, - дейді С.Жәнібекова.

Бұл кәсіпорын шығаратын жұмсақ жиһаздар

шетелдік өнімдерден кем түспейді. Себебі,

павлодарлық бизнесмендер тауарларының

сапасына көп көңіл бөледі. Әрбір тапсырыс

берушінің қалауын ескеріп, жасайды.

- Қазіргі таңда айына оннан астам бұйым

шығарамыз. Біздің жиһаздар премиум класқа

жатады. Тапсырысты азаматтардың қалауына

қарай барынша ерекше етіп жасаймыз.

Қажетті фурнитураларды да талғаммен

таңдаймыз. Нарықта өз орныңды табу үшін

сапаға мән беру керек. Кәсіпорнымызға

қарасты «Creativo» атты авторлық жұмсақ

жиһаз студиямыз бар, - дейді кәсіпкер.

Сонымен қатар, кәсіпкер «Жиһаз мектебін»

ашқан. Бұл жаңа жоба мемлекеттік-жекеменшік

әріптестік аясында іске асқан. Яғни, мұнда

мемлекеттік тапсырыс бойынша азаматтар

білім алып, жиһаз өндірісінің қыр-сырын

меңгеріп шығады.

Кәсіпорынның жиһаздарын павлодарлықтар

мен елордалық тұрғындар жиі алады. Өзге

өңірлерден де алғандар аз емес көрінеді.

Бастысы, қарапайым заттар өндірісінде

өсім бар. Облыстық кәсіпкерлік және сауда

басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2018

жылмен салыстырғанда оң нәтиже байқалуда.

Мәселен, жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің

мемлекеттік сатып алуларға қатысуы 4 есеге

артқан. Яғни, 2018 жылы өсім 4,2 пайызды

құраса, биыл тоғыз айда 17 пайызға өсіпті.

Жиһаз өнеркәсібі бойынша сатып алу жағы

былтыр 6,3 пайызға өссе, биыл тоғыз

айда 59 пайызға артыпты. Осылайша, 9

есеге ұлғайған. Құрылыс материалдарын

шығару да қарқын алғаны аңғарылады.

Биыл 7 есеге көбейген.

Аграрлық бағыт

Айта кету керек, «Қарапайым заттар

экономикасы» бағдарламасы өнеркәсіпті

ғана қамтымайды. Мұнда аграрлық салаға

да басымдық берілген. Яғни, күнделікті

тұтынатын ет пен сүтті де жеңілдікті несие

алып, көлемін өсіруге мемлекет жәрдемдесіп

отыр.

Мұндай жобалар аймағымызда да жүзеге

асуда. Мәселен, «Аграрлық кредиттік корпо-

рациясы» облыстық филиалының мәліметі

бойынша биыл жалпы 1 млрд. 295 млн.

теңгенің өтінімдер пулы жиналған. Яғни,

53 азамат өтінім білдірген. Қазіргі таңда

аграрлық бағытта жеңілдікті несие алуға

н и е т б і л д і р г е н д е р д і ң 2 7 - с і н е 3 9 7 м л н .

76 мың теңге көлемінде кредит берілген.

Өтінім берген азаматтардың көбі ірі қара

мал, жылқы өсіруге және ауыл шаруашылығы

техникасын дамытуға ден қойып отыр.

Бағдарламаға қатысып, техника алған

шаруашылықтардың бірі – Тереңкөл ауданының

Ивановка ауылындағы «Богдан» қожалығы. 2017

жылы ғана негізі қаланған жас шаруашылық

суармалы алқапты арттыруға көңіл бөліп

отыр.

- Біз картоп егеміз. 242 гектар суармалы

алқабымыз бар. Сондықтан бізге жаңбырлата

суаратын техника аса қажет. «Қарапайым

заттар экономикасы» бағдарламасы

арқылы техника алуға жеңілдікті несиеге

қол жеткізуге болатынын біліп, қатыстық.

Құжаттарымызды тапсырып едік, көп ұзамай

өтінішіміз мақұлданды. Өз қаражатымызға

қоса, 9 миллион теңге көлемінде несие

алдық. Оның пайыздық мөлшерлемесінің

басым бөлігін мемлекет субсидиялайды.

Оған қоса, екі жылға демалыс беретіні өте

тиімді. Алғашқы екі жылда тек пайызын ғана

өтейміз. Мұндай жәрдем жас шаруашылықтар

үшін өте қолайлы, - дейді шаруашылық

өкілі Юлия Алай.

Шаруаның айтуынша, бағдарламаның тағы

бір тиімділігі - міндетті түрде жаңа техника

алу міндеттелмейді. Сонымен қатар, кімнен

алатынын кәсіпкердің өзі шешеді. Жаңбырлата

суаратын машина алған шаруашылық алдағы

уақытта сәбіз бен пияз егуді де қолға алмақ.

Түйін: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша іске асқан

жобалардың бірнешеуіне тоқталдық. Кәсіпкерлердің барлығы мемлекеттік

қолдаудың тиімді тетігі екенін алға тартып отыр. Бағдарлама қолға алынған

алғашқы жылының өзінде осындай нәтиже болса, алдағы уақытта нәтиже

еселей түсетініне сенейік. Сөйтіп, шеттен келетін тауарларға тәуелділіктен

арылып, өзіміздің ғана өнімді күнделікті тұтынатын күнге жетейік.


10 30 қараша, сенбі, 2019 жыл ТАЛБЕСІК

SARYARQA SAMALY

«Ауыл – ел бесігі

бағдарламасы» талай елді

мекеннің еңсесін көтеріп,

ауыл халқының әлеуметтік

ахуалына оң әсерін

тигізуде. Мәселен, осы жоба

аясында Железин ауданы

орталығында бос тұрған

ескі ғимаратқа реконструкция

жасалып, «Шабыт»

шығармашылық және

жастар орталығы құрылды.

Аталған ғимаратқа жақында

Өнер мектебі, Жастар бастамаларын

дамыту орталығы,

коворкинг орталығы

және ардагерлер кеңесі

қоныстанатын болады.

Тілеуберді САХАБА

«Шабыт» шығармашылық және жастар

орталығының ашылуы железиндік жас

өнерпаздардың шабытына шабыт қосар

жақсы жаңалық болды. Олай дейтініміз,

он жылдан бері №1 мектепті паналап

келген аудандағы жалғыз Өнер мектебі

жаңа ғимаратқа көшеді. Аудандық білім

беру бөлімінің басшысы Анар Бәденованың

сөзінше, аталған өнер мектебінде бұған

дейін 300-дей бала тәрбиеленсе, енді жаңа

ғимаратқа көшкеннің арқасында мекеменің

оқыту қуаттылығы еке есеге дейін артады.

Аталған нысанды қайта қалпына келтіруге

облыстық бюджеттен 48,4 млн. теңге көлемінде

қаражат бөлінген.

- «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге

асыру арқылы өңірдің өнері мен мәдениеті

саласында үлкен өзгеріс болып жатыр.

«Шабыт» шығармашылығы және жастар

орталығының екінші қабатын толығымен

Өнер мектебіне берді. Жас өнерпаздар мен

ұстаздарымыздың қуанышында шек жоқ.

Өнер мектебі бұған дейін 300-ден астам

баланы домбыра, фортепиано, гитара, баян,

саксофон, вокал, би, хор, декоративтіқолданбалы

өнер, театр өнері үйірмелері

бойынша дайындап келген еді. Енді жаңа

ғимаратқа көшкеннен кейін қосымша роботтехника

және латын әліпбиін үйрететін

сыныптар ашылады. Сонымен қатар,

дыбыс жазу студиясын құрамыз. Қазір

өнер мектебіне келіп өнерлерін дамытуға

жазылған балалар саны екі есеге артып,

700-ге жетті, - дейді Анар Балтабекқызы.

Расында, «Шабыт» орталығы өнерге бет

бұрып, алысқа шабамын деген баланың

жолын ашып отыр. Мұнда облыстық және

республикалық байқауларда топ жарып

жүрген жас дарындар баршылық. Өнер

мектебінде тәрбиеленетін Бибінұр Әшімжанова

жақында Алматыда өткен республикалық

жас домбырашылар сайысының бас жүлдесін

жеңіп алыпты.

Жаңа ғимараттың бірінші қабатынан

аудандық «Айбат» жастар бастамаларын

дамыту орталығына да орын беріліпті.

Жастар орталығының директоры Салтанат

Боранбаева енді өңір жастарын қолдау

бағытында аянбай жұмыс істейміз дейді.

Яғни, жастарды жұмысқа орналастыру, жеке

«Шабыт» жастарға

жалын бермек

кәсіп ашуына кеңес беру сынды жұмыстар

жүргізіп, түрлі мәдени-спорттық шаралар

ұйымдастырады.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында

Железинде жүзеге асқан жоба бұл ғана

емес. Биыл Қ.Әлсейітов атындағы аудандық

мәдениет үйі ғимаратының кіреберісінен

төбесіне дейін күрделі жөндеу жұмысы

жүргізілген. Бұл туралы аудандық мәдениет,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің

басшысы Уәлиолла Ақанов баяндап берді.

Оның сөзінше, мәдениет үйі ғимаратының

бой көтергеніне қырық жылдан астам уақыт

болыпты. Соңғы уақытта күтім көрмеген

нысанның төбесінен су ағып, қыста есіктерезесінен

суық аңырай бастаған.

- Мәдениет үйі – ауыл тұрғындары ең көп

жиналатын жер. Бұл халықтың мәдени-рухани

кемелденетін және жастарымыздың бос уақытын

тиімді өткізетін бірден бір орын. Сондықтан,

мұндай нысандарға күтім ауадай қажет.

Біздің күрделі жөндеуден өткізу керек деген

ұсынысымызды облыстық комиссия да бірден

қолдап, сұраған қаражатымызды берді.

Бұған облыстық бюджеттен 90 миллион

теңге бөлінді. Екіншіден бұл осыдан қырық

жыл бұрын ескі үлгіде салынған ғимарат

болғандықтан қазіргі заман талабына сай

келе қоймайды. Жөндеу барысында үлкен

концерттік залдың акустикасын жаңартып,

Өнер мектебінің директоры Н.Жаманбалинов.

сахнаны қайта құрдық. Ғимараттың кіре

берісіне жаңадан фойе құрылып, ресепшн

үстелі орнатылды. Сонымен қатар, екінші

қабатта музыкалық операторлар отыратын

арнайы бөлме ашылды, - деді бөлім басшысы.

Құрылыс жұмысын жергілікті «Турбосервис»

ЖШС жүргізіп, барлық жұмысты келіскен

уақытында аяқтаған. Күрделі жөндеуден

кейінгі қайта ашылу салтанаты еліміздің

Тәуелсіздік күні мерекесі қарса-ңында

болады. «Ауыл – ел бесігінің» шарапаты

Железин ауылы.

аудан орталығындағы «Балапан» бөбекжайына

да тиді. Мектеп алды білім беру мекемесі

2011 жылы бой көтерген. Қазіргі күні 100-ге

жуық бала тәрбиеленеді. Нысанды күрделі

жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен

25 млн. теңге бағытталған. Бұған ғимараттың

сыртқы қасбеті жаңартылып, есік-терезелері

ауыстырылған. Соның нәтижесінде нысанның

ішкі температурасы бұрын қыста 20-21 градус

болса, қазір 24-25 градусқа көтерілген.

Бөлінген қаражаттан үнемделген 3 млн.

теңгеге аулаға ойын алаңы орнатылған.

Биыл Железин ауданы орталығындағы

жолдар мәселесі де біржола шешімін тапты.

Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында

ауыл ішіндегі сапасы сын көтермейтін

15 көшеге асфальт төселді. Железин ауылдық

округі әкімінің орынбасары Бекет Байгереевтің

сөзінше, жөнделген жолдардың жалпы

ұзындығы 11,3 шақырым. Күрделі жөндеуден

өткен көшелердің бойына 56 жол белгісі,

20 дренажды құбыр орнатылды. Сонымен

қатар, адам көп жүретін әлеуметтік нысандардың

тұсына, 20 нүктеге жаяу жүргіншілер

өткелі салынды. Жоба құны 207 миллион

теңгені құрады. Келесі жылы тағы 10 көшеге,

яғни 8 шақырым жолды жөндеу үшін жобалықсметалық

құжат әзірленген. Жобаны жүзеге

асыру үшін тағы 170 млн. теңге көлемінде

қаражат керек болады.

* * *

Мұндай игі шаралар Тереңкөл ауданында

да жүзеге асырылуда. Жақында

аудан орталығында жаңа мектеп-интернаты

есігін айқара ашпақ. Бұрынғы ескі мешіт

ғимаратын «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

аясында реконструкциялап, болашағы жоқ

ауылдардан ауысып келген оқушыларды

орналастыруға әзірлеп жатыр.

Интернат аудан орталығындағы №2

А.Текенов атындағы орта мектепке қарайтын

болады. Қазір ғимарат ішіне қойылатын

«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ»

жаңа жиһаздар мен заманауи құралжабдықтар

сатып алынуда. Мектеп директоры

Евгения Мартыненконың сөзінше, интернатқа

9-11-сынып оқушылары орналастырылады.

- Мектеп жанындағы интернаттың жалпы

сыйымдылығы 20 балаға арналған. Бос тұрған

нысанды интернатқа айналдырудағы басты

мақсатымыз – 9 және 11-сынып оқушылары

осында тұрып, тест сынақтарына жақсы

дайындалып, өздері қалаған оқу орындарына

түсуіне мүмкіндік жасау. Нысан толығымен

жабдықталған соң кейбір болашағы жоқ

ауылдарда жабылып жатқан мектептердің

балаларын әкеліп орналастырамыз. Мұнда

орналасқан балалар біздің мектепте оқиды, -

дейді Евгения Мартыненко.

Жалпы, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

бойынша Тереңкөл ауданында бірқатар ірі

жоба жүзеге асырылған. Тереңкөл ауылының

әкімі Азамат Маңғытовтың сөзінше, әлеуметтік

маңызы зор нысандарды жөндеуге және

тозығы жеткен жолдарды қайта қалпына

келтіруге облыстық және аудандық бюджеттерден

300 миллион теңгеге жақын қаражат

бағытталды.

- Тереңкөл ауданы орталығында алты

көшенің жолына орташа жөндеу жүргізілді.

Бұған 125 миллион теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен

тағы үш көшенің жолын қалпына келтіріп,

төрт шақырымға жаяу жүргіншілер жолы

салынды. Бұдан бөлек төрт көшеге жаңадан

жарық шамдары орнатылды. А.Текенов

атындағы орта мектептің жылу жүйесі толық

ауыстырылып, жалпы ұзындығы 700 метр

болатын жаңа құбырлар тартылды. Келесі

жылы осы жоба бойынша қолға алатын

тағы 11 жоба әзірленуде, - деді ауыл әкімі.

Аудан орталығында балалар мен

жасөспірімдер спорт мектебі бар. Мұнда

633 оқушы он спорт түрі бойынша тәрбиеленіп

жатыр. Биыл тереңкөлдік жас спортшылар

республикалық ірі жарыстардан 4 алтын,

5 күміс, 4 қола медалін еншілеген. Спорт

мектебінің 22 оқушысы төрт спорт түрі

бойынша облыстық құрама командаларда

өнер көрсетеді. Олар енді шаңы бұрқыраған

ескі алаңда емес кәдімгі толық көлемдегі

үлкен кәсіби алаңда доп тебетін болады.

Себебі, аталған мемлекеттік бағдарлама

бойынша мектеп ауласындағы футбол алаңына

жасанды жабын төселді. Сонымен қоса,

алаңның айналасына алты жарық шам

және көрерменге арналған 300 орындық

орнатылды.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

облысымыздың төрт ауданында жүзеге

асырылуда. Атап айтар болсақ, жыл

басынан бері Ертіс, Баянауыл, Железин

және Тереңкөл аудандарында барлығы

25 жоба қолға алынған. Өңірлердегі

ескірген әлеуметтік нысандарды, тозығы

жеткен жолдарды жөндеуге және көшелерді

жарықтандыруға бір жарым миллиард

теңгеден астам қаражат игерілді.

Железин, Тереңкөл

аудандары.

С


SARYARQA SAMALY

ЖЕЛҚАЗЫҚ 30 қараша, сенбі, 2019 жыл 11

ТАҒЗЫМ

Аяулы ұстаз, ғұлама ғалым еді

Қуандық Фазылұлы Алматыдан аспирантура бітіріп, Семейдің

Н.Крупская атындағы пединститутына қызметке орналасты.

Жаңа келген жас маман, білімді ұстаз қызметін ұршықтай

иірді, студент жастармен де қоян-қолтық араласып, тез тіл

табысып, қоғамдық жұмыстарды өз мәнінде әдемі атқара

білді. Бұл тұста оқу озаттары Бақтыбек Құниязов, Ғарифолла

Есім, Қайыргелді Тоқтамысов және т.б. белсенді жігіттер

институт өміріндегі қоғамдық қызметтерге етене араласып,

көпшіліктің зор ықыласына бөленді.

Қуандық аға бізге үшінші-төртінші

курстарда әдебиет теориясынан дәріс

оқып, сабақ берді. Мен Қарағанды

пединститутынан Семей пединститутының

үшінші курсына ауысқан едім.

Қуандық Мәшһүр Жүсіптің алдына

түскеніме қуандым. Мәшһүр ғұламаның

есімі аталуының өзі бізді білімге

жетелеп отырғандай болды. Қуандық

аға Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы»

романындағы образдарға морфологиялық

талдау жасап отырып түсіндіретін.

Біз байқамаған иірімдерді, жазушының

жаңа сөз қолданыстарын тауып,

алдымызға жайып салатын. Орыстың

классик жазушылары Л.Толстой,

А.Пушкин, М.Шолохов, тағы басқа

мықтылардың еңбектерінен қыруар

мысалдар айта кететін. Ш.Айтматовтың

«Қош бол, Гүлсары» повесіндегі жас

құлынның енесін борпылдатып еміп

жатқанын жазушының шеберлігімен

ұштастыра айтқанда, ауылды, ондағы

құлындарды сағынатынбыз. Классик

жазушы Ғ.Мүсіреповтің «Сөз жоқ,

соның іздері» әңгімесін шегіне жеткізе

талдайтын да еді.

Қуандық ағаның тілмен жұмыс

істеуінің өзі ғалым адамдарға тән

құбылыс болатын. Бұл кісінің тілмен

БӘРЕКЕЛДІ

жұмыс істеуі үйінде архивте сақтаулы

болуы керек. Көзінің тірісінде «Алла

тағала маған енді жиырма жыл ғұмыр

берсе, осы жазған-жиғандарымды кітап

қып шығарып кетер едім», деп айтып

отыратын. Ол арманына жете алмай

кетті. Артында мықты ұрпағы бар,

арманы орындалар деп білеміз. Семейде

жүргенде Қуандық ағамыз: «Біздің

факультеттің білім деңгейі Алматының

ҚазПИ-іне жетті» дейтін. Айтса айтқандай.

Семейде Қайым Мұқаметқанов,

Мұхтар Әуезовтің Семейдегі жан жолдасы,

«Абай» энциклопедиясы авторларының

бірі, академик Шәкен Жұмағалиев –

мықты лингвист, Қинаят Шаяхметов –

барлығын қағазға қарамай айта беретін

жан-жақты ғалым, Рахима Қантаева –

грамматика саласының мықты маманы,

Мәрбан Белбаева – мықты тіл маманы,

ұстаз Мансүр Акимов, ғалым Қуандық

Мәшһүр Жүсіпов және тағы басқа

ғалымдар институттың абыройы болды.

Бірде Қуандық аға мені оңаша

шақырып алып: «Жұмат, «Достықты

қалай түсінесің?» деген тақырыпқа

диспут өткізейік, соны сен басқарып

жүргіз»,- деді. Өткіздік. Қаланың жоғары

оқу орындарының студенттері залға

сыймай кетті. Диспут қызу, жақсы

өтті. Соңында Қуандық ағаға сөз

бердім. Ол кісінің сөздері әдемі, жатық

шықты, әр жерден келген мықтыларды

айрандай ұйытып тастады. Жұрт риза

боп, соңында қол соқты. Осы қалада

талай кездесіп, кеңесіп жүрдік. Сонда

«Жұмат, сен мектептерге араб тілін

енгізуді көбірек айтып жүр» деп ерекше

тапсыратын-ды.

Ағаның қазасына қатты қайғырдым.

Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы

торқа болсын. Балаларына, туғантуыстарына

қайғыларына ортақтасып,

көңіл айтамын.

Жұмат ТӨЛЕБАЕВ,

Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі.

Жас таланттар топ жарды

Жуырда Ақтөбе қаласында

өткен «Тәуелсіздік – жырәнім»

атты республикалық

фестивальде Ы.Алтынсарин

атындағы дарынды балаларға

арналған қазақ

гимназия-интернатының

оқушылары үздік атанды.

ДІНИ МЕРЕКЕ

Маңызы зор

Мәуліт айы

Жақында Павлодар қаласының

Ленин кентінде Мұхаммед Пайғамбарымыздың

(с.ғ.с.) туған күніне

арналған Мәуліт мерекесі аталып

өтілді.

Шараны ауылдағы Ысқақ хазірет мешітінің

имамы Қайрат Қабышев кент әкімдігімен және

мәдениет үйімен бірлесіп ұйымдастырды. Мақсаты

– Ислам көшбасшысы әрі дін таратушы

тұлғаның өнегелі өмір жолын насихаттау, халықты

имандылыққа баулу. Мәуліт сөзі арабшадан

аударғанда «туған күн» деген мағынаны білдіреді.

Алла Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) миледи жыл санауы

бойынша 571 жылы Рәбиул-Әууәл айының 12-сі,

дүйсенбі күні дүниеге келген. Сондықтан, Рәбиул-

Әууәл айы - барша мұсылман үшін үлкен мереке,

аса қуанышты ай. Міне, осы айды Мәуліт айы деп

атап, Алла елшісіне салауаттар айтып, айрықша

құрмет көрсетілу дәстүрге айналған. Биыл бұл

мереке қараша айына тұспа-тұс келіп отыр.

Мерекелік шараға қалалық «Бижан» мешітінің

бас имамы Әбдісамат Айтқазыұлы арнайы келіп

қатысып, жиналған жамағатқа адамзаттың асылы

туралы уағыз айтып, аруақтарға құран бағыштады.

Содан кейін ауыл әкімі Маржан Алшынбаева

сөз сөйлеп, халықты осы қасиетті мерекемен

құттықтады. Шара барысында жергілікті «Асыл

әжелер» ансамблі халық әндерін шырқаса,

«Мұрагер» қайырымдылық мекемесінің шәкірттері

Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат өлеңдерін

айтып, ерекше ғибратты кеш сыйлады. Сонымен

қатар, Серік Теміров, Бауыржан Ахметов сынды

жергілікті өнерпаздар дін туралы әндер мен

термелер орындады. Мәдениет үйінің фоесінде

№3 көпшілік кітапханасының қызметкерлері

діни кітаптар көрмесін ұйымдастырды. Мешіт

қызметкерлері келгендердің барлығына діни

газеттер мен журналдар таратты.

Қ.ЕРҒАЛИЕВ,

ардагерлер кеңесінің мүшесі,

Ленин кенті, Павлодар қаласы.

«Үкілі домбыра»

«Рухани жаңғыру»

бағдарламасының

«Ұлы Даланың жеті

қыры» жобасын

жүзеге асыру аясында

YouТubeканалында

«Үкілі домбыра» атты онлайн

домбыра сабағының тұсауы кесілді.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Байқау Елбасының «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық

мақаласы аясында өскелең ұрпақты

туған жерге, Отанға, ана тіліне,

ұлттық рухани құндылықтарымызбен

төл өнерімізге, оның ішінде шешендік,

жыршылық, ақындық өнерге деген

қабілеттерін шыңдау мақсатында

ұйымдастырылған. Тіл мәдениетін

көтеру, шешендік өнерді насихаттау,

сөз өнеріне жақын, тілге шешен, ділмар

таланттарды іздеп табуды көздеген

фестивальге өңірімізден бір топ өнерлі

жас аттанған болатын. Павлодарлық

балғындар «Таза, мінсіз асыл сөз...»

шешендік өнер, «Көмейден жыр

ағылсын...» жыршылар және «Тәуелсіздік

тартуы» бала ақындар мүшәйрасында

бақ сынады. Аталған додаға қатысқан

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды

балаларға арналған қазақ гимназияинтернатының

7-сынып оқушысы

Шыңғыс Асығатұлы шешендік өнер

байқауында бас жүлдені қанжығаласа,

8-сынып оқушысы Нұршапағат Сәулет

жас ақындар мүшәйрасында 3-орынды

еншілеген. Ал жыршылар байқауында

6-сынып оқушысы Нұрғиса Мақсұтхан

ынталандыру сыйлығына ие болды.

- Біздің байқау 3 кезеңнен тұрды.

Алғашқы кезеңде өзімізді таныстырсақ,

екінші кезеңде сол жерде берілген даудың

шешімін айтуымыз қажет болды. Үшінші

кезеңде жеребе арқылы түскен тақырып

бойынша сөйлеу талабы қойылды.

Қарсыластарымның барлығы мықты

болды. Ұстаздарымның және әкемнің

ақыл-кеңесімен жасаған дайындығым

жетістікке жетуіме сеп болды, - дейді

Шыңғыс Асығатұлы.

Ал екі кезеңнен тұрған ақындар

мүшәйрасында Нұршапағат Сәулет

бірінші кезеңде туған жер туралы

өлеңін ұсынса, екінші кезеңде жеребе

арқылы түскен тақырыпқа 30 минут

ішінде өлең шығарған. Ал Нұрғиса

Мақсұтхан «Алпамыс батыр» жырын

жаттаған. Фестивальде біздің аймақтан

бөлек, Ақтөбе, Батыс Қазақстан

облысы, Түркістан, Атырау, Маңғыстау,

Қарағанды, және Нұр-Сұлтан және

Алматы қалаларынан үздік шыққан

5-11-сыныптарда оқитын 27 өнерпаз

қатысқан.

Игі шараны ұйымдастыруға Павлодар қалалық

білім беру бөлімі, Қ.Даржұман атындағы ұлттық

жаңғыру мектебі және облыс орталығындағы

Балалар музыка мектебі мұрындық болды.

«Үкілі домбыра» сабағының салтанатты ашылу

рәсіміне «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігі мен

қалалық білім беру бөлімінің өкілдері, сондай-ақ,

өңірдегі өнер мектептерінің ұстаздары, оқушылары

қатысты. Онлайн жүйесі бойынша тұсауы кесілген

салтанатты кеш барысында жас домбырашылар

күмбірлете күй тартса, Қ.Даржұман атындағы ұлттық

жаңғыру мектебінің тәрбиеленушілері көпшілік

назарына қолданбалы өнер бағыты бойынша

көрме ұсынды. Ал Балалар музыка мектебінің

педагогы Жұлдыз Қорабаева көрермендерді

домбыра аспабының құрылысымен, дыбыс

шығару ережелерімен таныстырып, музыкалық

аспаптың қасиеті жайлы сөз етті. Сонымен

қатар, ол халық әні «Еркем-ай»-ды домбырада

орындау үшін шеберлік сыныптарын көрсетті.

Көпшілікке ұлттық аспабымызды ұлықтап,

үйретуге бағытталған жаңа жоба оқушылар мен

онлайн тыңдармандары үшін қосымша білім беру

ресурсы болып табылады, дейді балалар музыка

мектебінің педагогтары. Сондай-ақ, бұл шара

жас буынның ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін

арттырып, адамгершілік қасиеттерін дамытуға,

патриоттық сана-сезімдерін қалыптастыруда үлкен

маңызға ие екенін атап өткен жөн.

Айта кетерлігі, «Үкілі домбыра» онлайн сабақтарын

YouТube-каналында Павлодар қаласындағы Балалар

музыка мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі

Жұлдыз Қорабаева жүргізетін болады.

Нұржайна ШОДЫР.


12 30 қараша, сенбі, 2019 жыл РУХ

SARYARQA SAMALY

Киелі мекенге саяхат

Баянауыл ауданының бір топ Құрметті

азаматы, ардагер ұстаздар, еңбек ардагерлері,

өлкетанушылар, тарихшылар аудан

әкімдігінің ұйымдастыруымен Павлодар

облыстық «Қайырымдылық эстафетасы»

аясында Түркістан қаласына саяхат жасады.

Жерлестеріміз Түркістан қаласының көрікті

жерлерін, қасиетті орындар мен киелі нысандарын

аралады. Оқырман назарына тағылымды

сапар куәгерлерінің алған әсерлерін ұсынамыз.

Түркістанға тағзым

Түркістан қаласына сапарымызда біз Арыстанбаб мазарында,

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде болып, Әбу Насыр әл-Фараби, әз

заһир Бейбарыс сұлтандардың топырағына, көне Отырар қаласының

орнына тәу еттік. Қожа Ахмет Яссауи 62 жасқа толғанда: «Мен

Пайғамбардан (с.ғ.с.) артық емеспін, маған енді жарық дүниенің есігі

жабық», - деп жер астына қылуетке түсіпті. Қылуетте тағы осыншама

жас жасап дүниеден өтіпті. Баянауыл азаматтары қылуетке

түсіп, бабамыздың әруағына тағзым еттік. Құрбандық шалып,

ата-бабаларымыздың аруақтарына құран бағыштадық.

Арыстан баб - Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) 33 мың сахабасының

бірі болған адам. Пайғамбар (с.ғ.с.) дүниеден өтер алдында Арыстан

бабқа құрма беріп, «Дүниеге Ахмет есімді ұл келеді, осы құрманы

соған берерсің, менің жолымды жалғастыратын сол болады», - деп

өсиет айтқан екен. Арыстан баб құрманы тілінің астында сақтап,

Ахмет есімді ұлды 500 жыл іздеген екен. Ахметті іздеп тапқан

кезде құрманың сүйегі ғана қалса керек. Жеті жасар Ахметті

Арыстанбаб бірден танып, баланың аузын ашып, құрманың сүйегін

түкіріп жібереді. Баланы қарамағына алып, ұзақ жылдар оқытып

барып, дүниеден өтіпті.

Атақты Әмір Темір парсының шеберлерін әкеліп, Ахмет Яссауидің

басына кесене тұрғызуды бұйырады. Құрылыс басталады. Бірақ,

түн ішінде бір көк өгіз келіп, құрылысты қайта-қайта құлата беріпті.

Бір күні Әмір Темірдің түсінде ақсақал адам: «Сен шынымен Қожа

Ахметке кесене тұрғызғың келсе, әуелі оның ұстазы Арыстанбабқа

тұрғыз!», - дейді де ғайып болады.

Әмір Темір түсінде көрген ақсақалдың сөзін екі етпей, Арыстан

бабқа кесене салғызады. Содан кейін ғана Қожа Ахметке арнап

кесене көтеріпті. Құрылыс ғимараты таңдай қақтырады. Сан ғасырлық

кесене әлі баяғы қалпын сақтап тұр. Біз Еңсегей бойлы ер Есімнің,

Рәбиға Сұлтан Бегімнің кесенелеріне тәу еттік. Мұндағы сыртқы және

ішкі қорғандар әлі де қалпына келтіріліп үлкен жұмыстар атқарылуда.

Күлтөбеден жоғарылау тұрған шығыс моншасын араладық. Алған

әсерлерімізді бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Түркістаннан 70 шақырым жердегі Үкаша ата зираты көп жайттан

сыр шертеді. Үкаша атаның қорымында дұға бағыштаттық, басы

жартасты тесіп түсіп кеткен тұсында шыңырау құдық пайда болған

екен. Құдықтың тереңдігі – 28 метр. Аңыз-әңгімеге қарағанда пейілі

кең адамдарға су шығып, басқалардың шелегі бос көтеріледі

делінген. «Бисмилләһ-ир, рахман-ир-рахим!», - деп шелегімді тастап

кеп жібергенімде шелегім суға толы шықты. Меккедегі зәм-зәм суы

бастауын осы Үкаша ата құдығынан алады деседі. Баянауланың

азаматтары бірінен соң бірі киелі құдықтан су алып, ырымдап

үйлеріне құйып алып жатты.

Киелі Түркістан жерінен алған әсеріміз шексіз. Қасиетті

ата-бабаларымыздың жатқан жерлеріне тағзым етіп қоштастық.

Президентіміз Қасым-Жомарт

Тоқаевтың басым көңіл бөліп

отырғаны ішкі туризмді дамыту

болып табылады. Қазақстанның

бір облысындай ғана аумағы бар

мемлекеттерді бүкіл әлем таниды.

Себебі, ол мемлекеттерде біздің

еліміздегідей қазба байлығы мол

болмағанымен, туризм жоғары

деңгейде қарыштап дамыған.

Қасиетті Түркістан сапарында,

Президентіміз айтқандай, Баянауылда

ішкі туризмді дамытуға

тамаша мүмкіндіктер барына көзім

жетті. Мен өлкетанушы болғаннан

кейін бізге жолбасшылық жасаған

азаматтарға, нысандардың тарихын

баяндаушыларға көп көңіл бөлдім.

Қазақ елі түгілі, бүкіл түркі

әлеміне ортақ саналатын, ЮНЕСКО

қасиетті орындар тізіміне енген

Әзірет сұлтан мемлекеттік

қорығының тыныс-тіршілігі, қызмет

көрсетуі жақсы ұйымдастырылған

екен. Ел аумағындағы ірі мекемелерден

келген қонақтарға, тіпті

шағын топтың өздеріне жасайтын

қызметтері көңілімнен шықты.

Мемориалдық кешен қызмет-

Мұхамет-Қайыр ШӘРІПОВ.

Қызмет сапасы жоғары

керлері өте білімді, зиярат етіп

келуші қауымға жоғары деңгейде

толыққанды ақпарат береді.

Бір атап өтерлігі, Баянауылдағы

республикалық нысандар

қатарына енген Қоңыр әулие

үңгір-шатқалына халық көптеп

келуде. Оның ішінде басым

бөлігі арнайы зиярат етушілір

болып табылады. Атап айтсақ,

қара жұмыскерлерден бастап,

сенаторларға дейін, мектеп

қабырғасындағы оқушылар мен

студенттерден бастап, ғұлама

академиктер келіп, біздің ауданның,

оның ішінде қасиетті нысандардың

тарихымен танысып, әлеуметтік

желілерде жиі жариялап жатады.

Қоңыр әулие үңгірі республикалық

қасиетті нысандар қатарына

енгеннен кейін аймақ және аудан

басшылығы көңіл бөліп, қаржы

бөлініп, халыққа қолайлы абаттандыру

жұмыстары жүргізілуде.

Бізге де ауданымызда Әзірет

сұлтандағыдай жоғары деңгейде

қызмет көрсетуге әбден болады.

Алтынбек ҚҰРМАНОВ.

Жаңа әлемнің

есігін ашқандаймын

Алланың ризашылығымен

ойламаған сапардың ойға түрткі

салар сәті көп. Себебі, ел көресің,

жұртпен дидарласасың. Парасатты

пенделермен кездесесің.

Бұл - менің Түркістанға үшінші

рет баруым.

Ең бірінші 2007 жылы бардым.

Алғашқы қадамды Арыстанбабтан

бастадым, ол кезде қабыр зираты

ашық болды, жөндеу жұмыстары

басталмаған еді. Осы жолы жөндеу

жұмыстары жақсы өткізіліп, бөлмесі

кілтпен жабық болды. Сол жолы

Ахмет Яссауи, Хазірет сұлтанның

мавзолейінде жөндеу жұмыстары

жаңа басталып жатыр екен. Сол

кездегі жақсы дүниелерді сол

қалпында көрдім, моншасы,

жерасты мешіті, Әзірет Сұлтанның

өз үйі сол кезде жұма мешіті

болып тұрды.

Мавзолейінде тай қазаны

ешқандай қоршаусыз тұрды.

Едіге ұлы Шоң бидің осы жерде

жерленгенін білемін. Келесі бөлмеде

атақты билердің бізден барған

таста жазулары тұр. Бірінші, оң

босағада Қаз дауысты Қазыбек

бабамның тасы, келесі босағада

Наурызбай батырдың тасы

тұр. Сол сапарымда бірнеше

әулиелердің зиратына бардым,

Сайранда Сансыз баб, Отырарда

Отыз баб, Қожа Ахмет Яссауидің

әкесі Ибраһим, анасы Қарашаш,

қызы Гауһар, Қарақан батыр,

Айша Бибі, тағы басқа жерлерге

бардым.

Екінші рет 2016 жылы қазан

айында барған едім. Ол кезде

Үкаша ата сахабаның зиратына

бардым. Қасиетті құдығына шелек

тастап едім, су шықпады. Содан

«Ата, мені тағы шақырасың ғой», -

деп аттанып едім.

Ал осы жолы аудан ардагерлерімен

бірге үшінші рет барғанымда

Үкаша атаның құдығына

шын ниетпен шелек тастадым.

Бірақ тарта алмадым. Шырақшы

тартып алып берді, шелек толы

су шықты. «Аллаға ризамын!», -

деп қуандым. Иә, бұл – «Алла,

менің басым Пайғамбарымның

аяғында жатса екен!», - деген

арман-тілегінің орындалғаны екен.

Осы жолы Отырарды көрдім,

онда ашық музейді тамашаладық.

Шоң бабам туралы «Сарыарқа

самалы» газетінде жарияланған

мақаламды түркістандықтарға

тапсырдым. Ол жақ та Шоң бидің

кім екенін біліп жүрсін.

Бұл сапарда жаңа әлемнің

есігін ашқандай болдым. Менің

Едігеұлы Қосдәулет немересі Жақып

атам Әзірет сұлтанға үш рет

барып, пірәдар атағын алған.

Сол кісінің ізімен мен де қасиетті

мекенге үш рет бардым. Енді,

Алла жолын беріп, бес парыздың

бірі - қажылықты атқарып келсем

деген тілегім бар.

Шолпан ЖАҚЫПОВА.

Алғысымыз

шексіз!

Киелі мекен - Түркістан

қаласына бару мен үшін сауапты

да бақытты сапар болды. Тарих

пәнінің ұстазы ретінде тек кітап

бетінен оқыған тарихи өлкені

көзбен көріп, топырағын басып,

ауасын жұттым. Талай ерлердің

найзасының ұшымен, білегінің

күшімен бізге аманат болған,

батыр бабалардың «Елім», «Жерім»

деп соққан жүректерінің ерлігін

паш еткен, асқақтаған Отырарды,

айбатты Арыстанбаб кесенесін,

Ахмет Яссауи мекенін, Ғазірет

сұлтан мешітін көру қандай бақыт!

Үкаша атаның кәусар құдығынан

сусындап, киелі мекен – текті Баян

еліне, «Ағар бұлағы таусылмасын!», -

деп тіледім. «Жасаған дұғамыз,

иамандылық пен сеніміміз қабыл

болып, ұрпақтарымыз бен туған

жеріміздің тал бесігіне Алланың

нұры жаусын!», - деп тілек еттім.

Бұл сапарға барған азаматтар

кезінде ауданның сан саласында

еңбек еткен, жастары енді ғана

қарттыққа жеткен ағалар болды. Ең

жасы үлкені - топбасшымыз Мұхтар

Әбенов ағамыз. Дей тұрғанмен,

ол кісі киелі мекенде өзін бәрінен

де жас көрсете білді.

Сапарды ұйымдастырып, аттандырған

күннен елге оралғанша

сағат сайын хабарласып, тілекші

болып, дем берген аудан әкімі

Оразгелді Қайыргелдиновке ерекше

аналық ризашылығымды білдіремін.

Сондай-ақ, бізді бастап апарған

аудан әкімінің орынбасары Қанат

Кәрімовке және Жастар орталығының

директоры Ренат Ильдинге

алғыс айтамын.

Маған жаңа құрылған Түркістан

облысы орталығында Павлодар

облысының демеушілігімен салынған

халыққа қызмет көрсету орталығы

ерекше ұнады. Асқақтап бой көтерген

бұл мекеме біздің киелі мекенге

қаққан алғашқы алтын қазығымыз

емей немене?! Осы мекендегі текті

елдің қос азаматы Руслан Қуатов

пен Нұрсұлтан Жанысов қыран

бүркіттей қалықтаған келешегі

кемел екенін көрсетіп, аталар батасына,

аналар құрметіне бөленді.

Бізге жасаған құрметтері Алладан

қайтып, ырзық-бақыттары арта

берсін!

Екі күндік сапарымыздың

бағдарламасы мазмұнды да

мақсатты болды. Сапаршылар

үйді-үйімізге қимай қоштастық.

Осындай игілікті істер көп болсын.

Қарттарын елеген азаматтарға

бақыт, еліме тыныштық, жастарға

амандық тілеймін.

Нескен МӘЛІКОВА,

Баянауыл-Түркістан-Баянауыл.


SARYARQA SAMALY

ЖАҢҒЫРЫҚ 30 қараша, сенбі, 2019 жыл 13

Өр мінезді Өмір батыр

Железин ауданы Веселая роща ауылында Абылай ханның

сенімді батырларының бірі Өмір батыр Байдәулетұлының

ерлігін еске алуға арналған «Бұқар жырау толғауларындағы

батыр бейнесі. Өмір батыр» атты ғылыми конференция өтті.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Осыдан 10 жыл бұрын ауданның

Құрметті азаматы Жамбыл Ахметов

бастаған бірқатар белсенді

азаматтың мұрындық болуымен

батыр жерленген зират маңына

ескерткіш тас қойылған. Алайда осы

уақытқа дейін батырдың бейнесі,

ерлігі жайлы көп айтылмапты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

шеңберінде батырдың ұрпақтары

мен ауыл тұрғындары жастарға Өмір

Байдәулетұлының өнегелі өмірін

насихаттау мақсатында үлкен істі

қолға алған. «Жұмыла көтерген жүк

жеңіл» демекші, өлкетанушылар

Ресейдің Омбы өңіріндегі тарихи

мұрағат басшылығына байланысқа

шыққан. Нәтижесінде маңызды

мағлұматтар табылып, бүгінде

батыр жайлы тарихи деректерді

кейінгі ұрпаққа жеткізу жұмыстары

мықтап қолға алынуда. Атап

айтсақ, Өмір батырды еске алуға

арналған спорттық-мәдени шаралар

ұйымдастырылған. Ғылыми конференцияны

өткізудегі мақсат та сол.

Жиында Бұқар жырау атындағы

облыстық әдебиет және өнер

музейінің бөлім басшысы Ербол

Қайыров, филология ғылымдарының

кандидаты Амантай Тойшыбайұлы,

өлкетанушы, ауыл имамы Қалихан

Шахимов, ауыл мектебінің тарих

пәнінің мұғалімі Александра

Сисько баяндама жасап, Өмір

батырдың бейнесін аша түсті.

Ғылыми ақпараттар орыс офицері

И.Андреевтің «Орта орда қырғызқайсақтарының

тарихы» еңбегінде

көптеп кездеседі.

- Тарихи деректерге сүйенсек,

«Өмір рубасы болған және 1756

жылы Қытай мемлекетінен қашқан

қалмақ ханзадасы Әмірсананы

жасырып, оны Семей бекінісіне

әкелген» деп жазылған И.Андреевтің

күнделігінде. Осындай жауапты

істің басы-қасында Абылай

ханның болғаны тарихтан белгілі.

Маңызды тапсырманың Өмір

батырға жүктелуінің өзі батырдың

қазақ тарихында алатын орнын

айшықтап тұр. Әмірсананы бекініске

апарып жасырғаннан кейін Өмір

батырдың ерен еңбегіне разы

болған қалмақ ханзадасы бағалы

сыйлықтар тарту еткен. Оның

ішінде ат әбзелдері, алмас қылыш,

құндыз жағалы, оюы алтынмен

апталған шапан болған. Әмірсана

кейін Тобыл қаласында ауырып

қайтыс болып, оның денесі бальзамдалып,

теріге оралып, Кяхта

қаласына жерленеді. Бұл оқиғаның

басы-қасында Өмір батыр жүрген.

Батыр жайлы Бұқар жыраудың

толғауларында да кездеседі, -

дейді Ербол Қайыров.

Ел аузында сақталған аңызәңгімелер

аз емес. Есенқұл мен Өмір

батыр Абылай ханның рұқсатымен

бір жоспар ойластырыпты. Сол күні

жау жағы қазақтарға қарағанда

басым болса керек. Өмір батыр

жау шебіне жақын келіп, қасақана

тұтқынға түседі. Қалмақ әскерінің

арасында үрей тудыру үшін «Абылай

ханның ұрысты бастамай отырған

себебі: қосымша қалың қол күтіп

отырғанын, осы ұрысқа қазақтың

ең атақты батырлары жиналғанын»

айтады. Түн жарымда қарауылды

өлтіріп, тұтқыннан босап шығады.

Осы сәтте Есенқұл батыр жауынгерлермен

жау шебінің ту сыртынан

келіп, Өмір батыр белгі бергенде

жау тұрағына лап қояды. Сөйтіп,

бірнеше мәрте шабуылдап, түні

бойы жаудың құтын қашырып,

әбден әлсіретеді. Ертеңінде болған

ұрыста таң атқанша көз ілмеген,

қалжыраған, әрі рухы басылған

жау көп шығынға ұшырап, жеңіледі.

Железин ауданында «Өмір

шоғы», «Санжар қыстауы», «Қалмақ

шоғы», «Айғыр атқан» деген

жер атаулары бар Мұның бәрі -

Өмір батырмен байланысты

жерлер. Атап айтсақ, «Өмір

шоғы» - Өмір батыр тұрған жер.

«Санжар қыстауы» - батыр қоныс

тепкен, кейін баласы Санжар

медресе салдырған жер. Орны

әлі күнге дейін сақталған. «Қалмақ

шоғы» - қазақ пен қалмақтың

ұрысы болған жер. Жергілікті

тұрғындардың айтуынша, басында

екі оба бар, бірінде қазақтың,

ал екіншісінде жоңғарлардың

жауынгерлері жерленген. «Айғыр

атқан» - жаугершілік заманда

жоңғар жақтан үнемі бір айғыр

келіп, қазақ жылқыларын айдап

әкетіп жүрген. Қанша қуса да

ұстатпай құтылып жүрген екен.

Айласы таусылған тұрғындар Өмір

батырға айтады. Батыр жылқыны

айдап әкетіп бара жатқан жерінен

жоңғардың айғырын атып өлтіреді.

Сол жер «Айғыр атқан» деп аталып

кеткен.

Бұл күні батырдың аруағына

құран бағышталып, ас берілді.

«Баян батыр» қорының Павлодар

облысындағы басшысы Сұңғат

Тапалшинов Өмір батырды еске

алуға арналған сурет сайысының

жүлдегерлерін марапаттады.

Шараны ұйымдастырушы-лардың

бірі – ауыл азаматы, өлкетанушы

Аманжол Хамитов алдағы уақытта

батырды насихаттау шаралары

жалғаса беретінін жеткізді.

Железин ауданы.

ТАНЫМ

Өнегелі өмір жыршысы

Ақын Рәшит Сәбитұлының «Меже» атты туындысы хақында

Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты

тақырыбы. Ақынның бірінші бақыты – шығармашылық үрдіс.

Ақын-жазушы болу қазіргі заманда

аса табысты жұмыс емес. Қалай

болғанда да, әдебиетке келу, поэзия

немесе прозамен айналысу кәсіпке

жатпайды. «Жазу, шығару – адамның

миссиясы, өмірдегі ұстанымы»

десек болады. Жазатын адам бұл

салаға қаражат табу мақсатымен

келмейді. Бүгінде қаламгердің көбі

жазушылыққа байланысты емес

мамандықпен жұмыс істейді. Бірақ

жұмыстан қолдары босай қалса,

кешке немесе таңертең болсын

жазып, шығармашылықпен айналысады.

Себебі бұл – адамға маза

бермейтін нәрсе. Шығарма алдымен

жазушының басында піседі, оны

қағазға түсіру – механика ғана.

Оның тек миыңда толыққанды

форма алып, бас-аяғы жиналып,

кейіпкерлерің анықталса, болды.

Ақын өмір саясатын көркем суреттеп,

шынайы жеткізсе, оның парасатының

биік болғаны. Сөз өнерінің осындай

табиғатын терең білген, шұрайын

танытып, ақиқатын айтқан ақын -

публицист Рәшит Сәбитұлы.

Рәшит Сәбитұлы Павлодар

облысы Аққулы ауданында дүниеге

келіп, туған ауылындағы мектепте

оқыды. Жоғары білімін Қазақ

мемлекеттік университетінің журналистика

факультетінде алған екен.

Алғашқы еңбек жолын қазіргі Ақсу

аудандық «Ильич жолы» газетінің қазақ

басылымында редактор қызметінен

бастаған. 1965 жылдың 1 мамырынан

бастап Май аудандық «Маяк»-

«Шамшырақ» газетінің қазақ басылымына

басшылық жасап, аудан

тынысының қазақ тілінде танылуына

мұрындық болған.

Рәшит Сәбитұлы журналист

қырымен қатар аудармашы –

тәржімалық таланты бар. 1972–1992

жылдары Қазақстан Компартиясының

Орталық Комитеті жанындағы Партия

тарихы институтында аға ғылыми

редактор болып қызмет істей жүріп,

20 жыл бойы В.И.Ленин шығармалары

толық жинағының 55 томдығын,

« В . И . Л е н и н т у р а л ы е с т е л і к т е р д і ң »

5 томдығын, К.Маркс пен Ф.Энгельстің

таңдамалы шығармаларының

10 томдығын қазақ тіліне аударуға

және оларды бастырып шығаруға

тікелей қатысқан. Әрине, бұл

шығармалардың бүгінгі күнде

мазмұны мен мәні өзекті болмаса

да, тәржімалау сапасы тұрғысынан

қарағанда өте жоғары деңгейде

болғанын көреміз. Өйткені Кеңес

дәуірі кезінде бұл аудармалар

жиынтығы қазақ аудиториясы үшін

түсінікті, дұрыс, сауатты материалдар

жиынтығы ретінде кеңінен

қолданыста болды.

Рәшит Сәбитұлының журналистік

және аудармашылық өнерінен

бөлек биік тұратын таланты – оның

ақындық табиғаты. Оның алғашқы

өлеңдері өзі жоғары білім алған

Қазақ мемлекеттік университетінің

1-курсында оқып жүрген кезінде,

яғни 1955 жылы көктемде «Лениншіл

жас» газетіне жарияланған екен. Ол

кезде кез келген адамның шығармасы

аталмыш газетке шыға бермейді.

Рәшит ағаның өлеңдерінің мазмұны

мен мағынасы, көркемдік табиғаты

шынайы болғандықтан болар, алғашқы

ақындық–қаламгерлік жолы сәтті

басталды. Ал 1956 жылы «Жас

жүрек» атты топтама өлеңдері жарық

көрсе, 1961 жылы «Тақпақ айтып,

ән шырқайық» ұжымдық жинақтары,

сондай–ақ антология, хрестоматия

оқулықтарында басылады.

1959 жылы «Алғашқы адым»

деген айдармен бір топ өлеңдері

«Жұлдыз» журналында жарық көреді.

1957 жылы «Қазақ университеті»

газеті жас ақындардың таңдаулы

өлеңдеріне жарияланған алғашқы

конкурста бас жүлдені иеленеді.

Ал 1978 жылы «Жалын» баспасынан

«Толқын» атты жыр жинағы

жарық көреді.

Рәшит Сәбитұлының шығармашылық

белесі Қазақ елінің

Тәуелсіздік алған кезеңінде кең қанат

жайды. «Қалың елім – қазағым!» (2001

ж.), «Туған жерім, думанды елім»

(2004 ж.), «Дүбірлі дүние» (2006 ж.),

«Парыз бен қарыз» (2006 ж.), «Үміт

пен сенім» (2008 ж.), «Өмір сүргім

келеді» (2008 ж.), «Қазақпын» (2009

ж.), «Әндетеді жүрегім» (2009 ж.)

және «Ұрпағымын сақтардың» (2011

ж.) деп аталатын жыр жинақтары

аз тиражбен шықса да, оқырман

қолына тиіп, ақынның азаматтық

дүниетанымы мен туған елге деген

сүйіспеншілігін танытатын жыр жақұты

деп қабылдауға болады.

Ал енді 2017 жылы жарық көрген

ағамыздың кезекті «Меже» атты жыр

жинағы қолымызға тиіп отыр. Туынды

мазмұны «Өлең–жырлар, дастан–

толғаулар, эссе–естеліктер» және

«Ой тамшылары, көңіл күнделігінен

немесе эссе–естеліктер» атты екі

бөлімнен тұрады. Аталмыш жинақта

автор өзінің өлең–жырларында,

толғау–толғамдарында, шағын

эссе–естеліктерінде адами қасиет,

азаматтық парыз, ақындық өнер,

өмір–ғұмыр, пайым–парасат, иба–

инабат, үлгі–өнеге, тәлім–тәрбие

төңірегінде қазақи таным–болмысымен

жырлай білген, терең сыр

шерткен.

Ақын өлеңдерінің көркемдігі де

айшықты. Мағынасы терең. Шумағы

ширақ, оқығанда бірден терең ойға

жетелер тартымды ұйқастары көңіл

толқытары хақ.

Мықтының мысы басып,

ықпай сөйле,

Шындықтың шеңберінен

шықпай сөйле,

Ақ туын ақиқаттың

жықпай сөйле.

«Жүндеуге жуас түйе

жақсы деген»,

Момынды тығырыққа

тықпай сөйле.

Нақақтың намысына

тимей сөйле.

Басыңды патшаға да имей сөйле.

Жалтармай, жазықсызды

жақтап сөйле,

Жаладан айыпсызды

ақтап сөйле.

Сақина сатып алмай сау басыңа,

Абырой, беделіңді

сақтап сөйле!

деп жырлай келе, сөйлеу мәдениеті

мен тіл тазалығы туралы насихат

ойын жеткізеді. Адамгершілік пен

парасаттылықтың қандай өлшемдері

болу керектігін осы жыр жолдарынан

танимыз.

Рәшит Сәбитұлының аталмыш

туындысындағы өлең–жырларының

басты арқауы – өмір толғаулары,

адамгершілік хақында, махаббатқа

арналған өлеңдері мен тіпті

ән мәтіндері, әзіл–оспақ, сын–

сықақтарының көркемдік палитрасы

шынайы екенін байқаймыз.

Ал «Құс базары», «Өтірік өлең»,

«Жұмбақ өлең», «Білгіш болсаң айта

ғой», «Әріптер әлеміне саяхат»

атты өлеңдері балаларға арналған

базарлық жыр ретінде қабылдап,

жасөспірімдер дүниетанымына

сай қызықты жазылғанын көреміз.

Ақын толғауларының да тәрбиелік

мәні зор. Мысалы, «Адам

болу - арға сын» атты толғауында –

Даңғаздаға үйірсек,

Даңғой болсаң, есерсің.

Масыл болсаң, қоғамға

Пайдасы жоқ парықсыз,

Парасатсыз, кеселсің.

Қиянатшыл болсаң сен

Батпағына күнәнің

Белуардан батасың, – деп

жырлай келе, адами қасиеттің ең

биік күш–қуатын зерделеп, рухани

мүгедек болудың себеп–салдарын

анықтап берген.

Ақын шығармашылығының

тақы-рыптары өзекті, суреттелу

көркемдігі айшықты, айтылар ойы

нақты және шынайы.

Ішкі-сыртқы зұлматтардың

салмағынан белі бүгіліп барып

жазылған, үміті үзіліп барып

жалғанған қазақ халқын өзгелермен

терезесі тең мықты

мемлекеттердің қатарына қоссақ,

іргелі ел етсек деген перзенттік

ұлы мақсат небір марғасқаларымыздың

ұйқысын қашырып,

мазасын алғаны ақиқат. Ал,

мұндайда ақын қайтіп жайбарақат

қалар?! Міне, осы ретте Рәшит

Сәбитұлы да қоғам қайраткері,

журналист, аудармашы, ең бастысы

ақын ретінде Қазақ елінің тарихи

шежірелі ғұмырына бір адамдай

еңбегін сіңірді.

Ендеше абыздық жаста

жүрген Рәшит Сәбитұлына қуатты

денсаулық, қайырлы ұзақ ғұмыр

тілейік! Жазары көп, қаламы

қарымды, ұрпағына айтар ғақлия

ойлары құнарлы болсын!

Айман ЗЕЙНУЛИНА,

Торайғыров атындағы

ПМУ-дің «Қазақ тілі және

журналистика» кафедрасының

меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор.


14 30 қараша, сенбі, 2019 жыл ӨТТІҢ, ДҮНИЕ...

SARYARQA SAMALY

ЕСТЕЛІК

Өнеге еді Өсекең...

Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде ұзақ

жылдар бойы қызмет еткен белгілі журналист

Өскенбай Тастемханов ағамыз туралы да естелік

жазуға тура келіп тұр. Әрине, ол кісінің алдын

көрген іні ретінде борыштымыз. Бүгінде қалам

ұстап мақала жазып жүрсек, оған ағалардың

шикілі маман ретінде редакция босағасын

аттағанда арқамыздан қағуы үлкен септігін

тигізді. Біз жақсының жақсылығын айтуға, тым

болды дүниеден озған соң мемуарлық дүние

ретінде жазуға тиіспіз.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Өскенбай ағаны 2000-ыншы

жылдар басында, студент

болып, өзімше өлең әкеліп,

редакция босағасын аттағанда

кездестіргенмін. Кейін, сол

кездегі бас редактор Мұхит

Мүрсәлиұлы Омаров редакция

жанынан «Жас қалам» тілшілер

мектебін ұйымдастырып, біраз дәріс

оқыған еді. Еңсегей бойлы, үнемі

тіп-тік жүретін, үлкен-кіші алдынан

кездесіп қалса, сіз деп сыпайы

ғана иіліп амандасып, жол беріп,

өткізіп тұратын. Әуелде, ондай

мәдениеттілікті көрмеген бізге оның

қылығы қызық көрінгені де рас.

Онымыз біздің шалалығымыз екенін

кейін ұқтық. Өсекең барлығына

бірдей құрметпен қарап, ешкімнің

сөзін бөлмей тыңдайтын, басакөктемейтін,

жымиып қана қоя

салатын момын мінез иесі еді.

Бірақ бұл оның кәсіби шеберлігіне,

батыл принципіне ешқандай

нұқсанын тигізген емес. Өсекең

біз жас тілші болып редакцияға

келген жылдары қандай болса,

10 жылдан кейін дәл осындай

бірқалыпты мінезінен танбай,

зейнеткерлікке шықты. Әдетте,

газет өндірісі қым-қуыт, кешегі

атқарған істің бүгін жарамай

қалуы, оны қойшы, таңертең

жасалған беттің түстен кейін

қайта бұзылуы – табиғи жағдай.

Еңбегім еш кетті деп ешкім реніш

етпейді. Себебі, газет шығару ісі

тірі организм секілді, талапқа

байланысты өзгеруі мүмкін. Қандай

жағдай болса да, Өсекең асқан

ыждағаттылықты, байыптылықты,

қара кешке дейін әдіптеп жазып,

газет беттерін мұқият оқып отыруымен

көз алдымда қалды.

Менің көз алдымда - Өсекең

үнемі бас редактордың бірінші

орынбасары лауазымында. Ол

дегеніңіз ертелі-кеш тақырыптарды

жоспарлап, тілшілерге тапсырма

беріп, қолжазбаларын дамылсыз

оқып, ол аздай, құлаш-құлаш

беттерді мұқият шұқшиып оқу.

Жұмыс үстелінде – нөмірлерін

айналдырып шырылдатып теретін

жасыл телефон, қараңғы болғанда

кабинеттің жарығын қоспай, жасыл

үстел лампасын жағып қойып,

қаламымен беттен қателерді

сызып отыратын.

2000-ыншы жылдардың басында

«Сарыарқа самалы» газетінің

құрамына жастар қосылып,

Төлеубек Қоңыр, Қажымұрат

Смағұлов, Бақыт Баймұратов,

Өскенбай Тастемханов, Ғалымбек

Жұматовтар – біздің шын мәнінде

журналистік шеберлікті үйреткен

асыл ұстаздарымызға айналды.

Олар бар білгенін өздерінен кейін

келіп, қатарды толықтырған лекке

беруді міндеті деп санағаны кәміл.

Өскенбай ағаның қалай

«қолына түскенім» есімде. Бір

жылдай әлеуметтік мәселелер

бойынша жазуға төселген мені бас

редактор Мұхит Мүрсәлиұлы экономика

бөліміне жіберді. Оған дейін

Бақыт Баймұратов аға жетекшім

болып еді. Экономика деген атағы

дардай, қайткенмен бөгде аралға

түскендей тайсақтадым. Жоқ,

Өскенбай аға осы бөлімнің ысылып

қалған жүйріктері Жұмабек Сманов,

Айбек Қобдабай сынды жігіттермен

бірге баптады. Кейін көп ұзамай

республикалық бәйгелерде жүлде

алатын жағдайға жеттім.

Өзі жазуға уақыт табылғанда

Президенттің реформалары,

экономикалық стратегиялар туралы

көлемді дүниелерге қалам тербейтін.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың

тікелей қатысуымен салынған

тұңғыш теміржол тармағы – Ақсу-

Дегелең бағытының құрылысы

туралы көсіліп жазды. Тәуелсіздік

алғалы тұңғыш рет қолға алынған

ірі құрылыстың, қазіргі тілмен

айтқанда, мегажобаның елге,

халыққа, экономикаға берер

пайдасы туралы тақырыпты

жілігін шағып, майын ішкендей

тамсанта, таңдандыра жазды.

Біз үнемі Өсекеңнің Құрметті

теміржолшы Әби Сарқыншақов

ағамыздан интервью алып, жазып

жатқанына таң қалатын едік.

Өсекең өз тақырыбына соншалық

беріліп, кейіпкерлерін сөйлетуден

еш жалықпайтын.

Кейде газет жұмысы жайланғанда,

кешқұрым редакцияның ұзын,

тар дәлізінің ортасында тұрып

әңгімелесу бақыты бұйыратын.

Біз жастар болып әрине сөзге

жарытпаймыз. Мұндайда Бақыт

Баймұратов екеуінің диалогы

қызық бізге. «Өскенбай мырза!

Сіз қалай ойлайсыз?» деп бастап

алады Бақыт аға. Ол үнемі осылай

жұмбақтап, тақпақтап бастайтын

еді. Өсекең болса, жымиып қана,

«рас, рас» деп, екі қолын бір-біріне

айқастырып, мақұлдап қоятын.

Заманы бір ағалардың кейбір

әңгімелерін ұқсақ, кейбір сөздеріне

өреміз жете қоймайды. Әйтеуір,

бір-біріне деген сыйластығы, құрметі

бөлек екенін сеземіз. Сөйткен

ағаларымыз екеуі де бір жылы

дүние салғанын айтсаңызшы...

Өскенбай ағаның рухани дүниесі

бай еді. Іргемізде тұрған, өзі де,

кейін мен де оқып түлеп ұшқан

Павлодар педучилищесін «Мәскеу

мемлекеттік университеті» деп

атайтын құрметпен. Онда ұстаздық

қызмет еткен Ұлы Отан соғысының

ардагері Қантай Елубаеваны айта

келіп, «сен өзің зерттеп жүрген

ақын Қабдыкәрім Ыдырысовтың

құдағиы, сол кісіні сөйлетіп,

әңгімесін жазып ал» деп ақыл

беріп еді. Кейін дәл солай жасадым

да. Міне, қамқорлық.

Бастапқыда күнделікті жұмыс

жоспары туралы ғана ойлайтын

адамдай көрінген секілді еді. Кейін

әңгімелесе келгенде, Өсекеңнің

мүлдем басқа қыры ашыла түсті.

Ол домбырада «Балбырауын»

күйін шертеді. Кезінде ұлттық

рух жаңғыра бастағанда, 1970-

інші жылдары Мейрам Асылғазин

бар, басқа да қазақ азаматтары

жиналып, өнерпаздар тобын

құрған көрінеді.

Өсекеңнің бір қыры – теннис

ойнауында. Ракетканы иіріп соққан

кезде ақ шарда дамыл болмайтын.

Өзі де спорт тақырыбына жетік

болатын. Мәскеу олимпиадасы

,,

Солдан оңға қарай: ардагерлеріміз Т.Ибадуллин, Ө.Тастемханов, Б.Баймұратов.

туралы тамсана айтатын да,

әңгімелейтін. Олимпиада жүлдегері

Жақсылық Үшкемпіровтің белдесуі

туралы керемет сүйсініп оқитын

мақала жариялады.

Өскенбай аға ізденгіштігімен

танылған еді. Нарыққа көшу жылдарында

орыс тілінде «Павлодарда

қалай бизнес жасауға болады?

деген кітап жазып шыққан.

Бірқатар кәсіпорын басшыларымен

қарым-қатынасы жақсы

болатын. Сонда олар Өсекеңнің

білімділігін, кәсібилігін мойындайтын.

Жақсы тіл табысу арқылы қазақ

газетіне жарнаманы қалай тартып,

қосымша табыс түсіру керектігін

тәжірибе жүзінде көрсете білді. Бұл

туралы белгілі қоғам қайраткері,

облыстық телевидениені басқарған

Алма Әжібаеваның бір естелігінде

Өскенбай ағаның іскерлігін үлгі

ретінде коллективке айтқаны бар.

Өсекең еркін тақырыптарда

да көсілетін. «Ақ коньки» атты

мөлдіреген естелік дүние жазып

шықты. Өзі де мұзда мәнерлеп

сырғанаудың шебері болатын.

«Мұздағы математика» деген

мақаласын тұшынып оқыдық.

Енді бірде Өсекең әкесі туралы

айтатын:

- Үйіміз ескілеу болатын. Бір күні

әкей есік алдына аппақ бөренелерді

әкеліп түсіре бастады. Үй салатын

болдық, алақай деп қуандық. Әкей

басымыздан сипады. Сөйтіп, үй

сала бастадық. Бірақ күтпеген

жағдайға тап болдық. Біреулер

«бұлар қалайша үй салып жатыр,

мына бөренелерді қай ақшасына

сатып алған» деп, сыртымыздан

арыз жіберіпті. Сөйтіп тексерушілер

келді. Әкей өте ұқыпты адам еді,

барлық сатып алу чектерін сақтап

қойған екен ғой, соны көрсетіп, ақ

екенін дәлелдеп шықты, - деп бір

мұңдылау оқиғасын айтып еді. Енді

бір уақыт ол кезде қалада мал

ұстайтын қазақтар көп болғанын,

үйлеріне Усолка өзенінің арғы

бетінен шөп шауып, оны арбаға

...44 жыл бойы қызмет еткенінде ұжым

ішінде де небір оқиғалар, қым-қуыт кезеңдер

өтетіні белгілі ғой. Қайсысында болмасын Өсекең

өзінің бірқалыпты мінезімен, байсалдылығымен,

пайым-парасатының тереңдігімен жеңімпаз

болып шығып отырған...

тиеп әкелетінін әңгімелейді.

Өсекеңнің әңгімелері - тыңдай

білгенге бір әлем.

Өскенбай аға классикалық

музыканың да тыңдарманы еді.

Симфониялық концерттерге баратынын

естігенде аң-таң болып

едік. Бізге қайда ондай талғам?.

Музыкаға деген әуестікті педучилищеде

оқыған жылдары

мұғалімдер дарытқанын айтатын,

онда домбырашылар ансамблінде

мүше болған көрінеді. КСРО-ның

өнер майталмандарының бәрін

танитын, Ресейдің «Культура» телеарнасын

талмай тамашалайтынын

айтқан еді.

Не керек, Өскенбай аға көңілі

дария, сан қырлы, мінезі биязы

адам болатын. 44 жыл бойы

қызмет еткенінде ұжым ішінде де

небір оқиғалар, қым-қуыт кезеңдер

өтетіні белгілі ғой. Қайсысында

болмасын Өсекең өзінің бірқалыпты

мінезімен, байсалдылығымен,

пайым-парасатының тереңдігімен

жеңімпаз болып шығып отырған.

Ұжыммен бірге Баянауылға, тағы

басқа демалыс орындарына барғанда

мен үнемі Бақыт Баймұратов,

Өскенбай ағалармен бір бөлмеге

орналасатын едім. Ондайда барлық

дәмді тағамдармен қатар, ең

бір құнды әңгімелерге қарық

болатын едім. Қызықты тақырыптар

шертілетін. Бақыт ағаның шешендік,

актерлік өнері ерекше, Өсекең

болса «ғажап, ғажап» деп басын

изеп, жымиып отыратын.

Зейнет жасқа жеткен соң бас

редактордың орынбасары лауазымынан

босап, бір жылдай шолушы

журналист қызметін атқарды. Сол

кезде жоғарыда аталған біршама

әдемі дүниелерін жазып жариялады.

Кейін олардың бәрінің басын

қосып, бір жинақ етіп шығарды.

«Нұрбол, бәрібір зейнет жасқа

келгеннен кейін жұмыс істеу

бұрынғыдай болмайды екен»

деп айтып жүрді, кейін біржола

құрметті демалысқа шыққан еді.

Қым-қуыт тіршілікпен жүріп,

редакция жұмыстарынан босамай,

кейін Өскенбай ағамен ұдайы

сөйлесіп тұрудың реті болмады.

Әрине, мерейтойларда, атаулы

күндерде жүздесіп, бір қуанысып

қалатын едік. Ондайда: «Әлі

күнге дейін түсімде мақаламды

уақытынан кешіктіріп алғандай

болып, қысылып оянамын» деп

айтатын. Ой, Алла, журналист

болып жүргенде сіңірген сол бір

қасиет кейін кәсіби дерт секілді

кісі соңынан қалмайтын болғаны

ма?.

Кейде аманат арқалап жүргендей

қопайып: «Өсеке, газетіміз қалай

шығып жатыр, ой-пікіріңіз болса

айта жүріңіз» деп қолқалайтынмын.

«Газетті алып тұрамын, рахмет.

Бірақ пікір айта алмаймын, себебі

әр уақыттың өз сұранысы бар,

талабы болады. Соған сәйкес мақалалар

да жазылады» деп әдепті,

мәдениетті жауап қататын. Соңғы

рет 70 жасқа толғанда (2017 жылы

5 наурыз) өзі туралы арнайы

мерейтойлық мақаланы келіп

оқып, жарияланған соң ризашылық

білдірген еді. Одан басқа, басы

артық хабарласа қоймайтын. Әлде

мазамызды алмайын деді ме...

Биыл Павлодар облыстық

«Сарыарқа самалы» газетінің

редакциясы үш бірдей аяулы

ардагерінен айырылды. Көктемде

«Құрмет» орденді журналист, Май

ауданының Құрметті азаматы

Төлеубек Қоңыров 80 жасында

дүниеден озды, маусым айында

Қазақстанның Құрметті журналисі

Бақыт Баймұратов 75-інде дүние

салды. Енді, міне, жазмыш солай

болып, 73 жасқа қараған шағында

Өскенбай Тастемханов ағамыз

арамыздан ұзап кете барды.

Тағдырдың жазуына не шара..

Десе де, ардагерлеріміздің ортамызда

қарайып жүргеніне не жетсін.

Ұрпақтарына ғұмыр берсін. Өзге

аға-апаларымыз аман болсын

деп тілейміз. Жаныңыз жаннатта

болсын, Өскенбай аға...


SARYARQA SAMALY

ХАБАРЛАМА 30 қараша, сенбі, 2019 жыл 15

«Алюминий Казахстана» АҚ филиалы «Керегетас»

кенішінде (Майқайың кенті) жұмыс істеуге:

- Жұмыс тәжірибесі бар кең бейінді станокшы

қажет.

- Білімі жоғары, тау-кен жұмыстары саласында

жұмыс тәжірибесі бар, электрондық

тахеометрде жұмыс істей алатын аға маркшейдер

қажет.

Құрметті оқырмандар!

«Құрметті оқырмандар! «Naızatas» әдеби-көркем,

қоғамдық-саяси журналына 2020 жылға

жазылу басталды!

Жазылу

мерзімі

6 ай

12 ай

Анықтама телефоны:

8(71840)69318, 87052042148,

эл.пошта Gulnur.Dyusenaeva@erg.kz

«Қазпошта» АҚ

–ның бөлімшесі

арқылы жазылу

«Alash Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы

жазылу

Редакцияда

ресімделу

және алу

мен жазылу

Индексі 67276

қала ауыл

Павлодар қ. Павлодар қ.

3 384,90 3 397,80

теңге теңге

3 380 теңге 3 120 теңге

6 769,80 6 795,60

теңге теңге

6 760 теңге 6 240 теңге

Үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен

«Naızatas» журналына кез келген пошта бөлімшесінде

пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қаласы

Ак.Сәтбаев көшесі, 50 (тел. 32-40-37) мекенжайында

орналасқан Қазпошта ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі,

142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press»

ЖШС-де (тел. 61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа,

(баламалы) редакция арқылы жазылуды Астана көшесі,

143-үй мекенжайында ресімдеп, журналды тікелей редакциядан

алуға болады. Тел. 8 (7182) 66-15-41.

Құрметті оқырмандар!

Қоғамдық–саяси, ақпаратты-жарнамалық «Звезда

Прииртышья» газетіне 2020 жылға жазылу басталды!

Жазылу мерзімі

6 ай (аптасына

үш нөмір)

12 ай

(аптасына үш

нөмір)

12 ай

(бейсенбілік

нөмір)

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі

арқылы жазылу

Индексі 55440

қала ауыл

6 657,10

теңге

13 314,20

теңге

6 988,20

теңге

13 976,40

теңге

Индексі 25440

қала ауыл

4 040,70

теңге

4 251,40

теңге

«Alash Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы

жазылу

Редакцияда

ресімдеу және

алу мен жазылу

Павлодар қ. Павлодар қ.

6 650 теңге 5 556 теңге

13 300 теңге 11 112 теңге

4 035 теңге

3 144 теңге

(20252)

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына

дейін жеткізілумен кез келген пошта бөлімшесінде, пошта

қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев

к-сі, 50 (тел. 32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан

«Қазпошта» ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы

бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел.

61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, баламалы жазылу

арқылы Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша ресімдеп,

тікелей редакциядан алуға болады.

Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген

басылымға 50 данадан артық жазылған жағдайда кәсіпорынға

дейін жеткізумен ұжымдық баламалы жазылуды ұсынамыз.

Тел.: 8 (718 2) 66-15-41.

Мемлекеттік қызмет

алушылардың

назарына!

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап

мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша

көрсетілетін қызметті берушінің өзгеруіне

байланысты (микроқаржы ұйымдарын

есептік тіркеу, коллекторлық агенттіктерді

есептік тіркеу) өтпелі кезеңде «ЕЛ МДҚ»

АЖ-да күтпеген техникалық іркілістер

туындауы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандарды ескере

отырып, Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкіне берілетін мемлекеттік

қызметтерді көрсетуге арналған өтініштерді

қарау мерзімдерін - оларды ағымдағы

жылдың желтоқсан айының соңына

дейін орындау мақсатында алдын ала

есептеуді сұраймыз немесе 2020 жылдың

1 қаңтарынан бастап жаңа қызмет

берушіге (Қаржы нарықтарын реттеу және

дамыту агенттігі) мемлекеттік қызметтерді

көрсетуге арналған өтініштерді жолдау

қажет.

«Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі»

РММ Павлодар филиалы

Құрметті оқырмандар!

Қоғамдық–саяси, ақпаратты-жарнамалық

«Saryarqa samaly» газетіне 2020 жылға жазылу басталды!

Жазылу мерзімі

(20251)

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі арқылы жазылу

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен кез келген

пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев

к-сі, 50 (тел.: 32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта» ғимаратында,

Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де

(тел.: 61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, баламалы жазылу арқылы Астана

к-сі, 143 екенжайы бойынша ресімдеп, тікелей редакциядан алуға болады.

Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген басылымға 50

данадан артық жазылған жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізумен ұжымдық

баламалы жазылуды ұсынамыз. Тел.: 8 (7182) 66-15-41.

Тиімді

жарнама!

Павлодарда Достық шағын

ауданының құрылысы үшін

жер телімдерін алу жұмыстары

жалғасуда.

Аталмыш жұмыстар қаланы оңтүстік

бағытқа қарай дамытудың бас жоспарына

сәйкес және «Мемлекеттік мүлік

туралы» Қазақстан Республикасының

2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының

63-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Достық шағын ауданының жалпы

ауданы 95 га құрайды.

Павлодар қаласы әкімдігінің қаулысы

қабылданғаннан кейін, жер учаскелерінің

меншік иелеріне пошта арқылы жерді

мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп беру

туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.

Бұл рәсімдерге қатысты барлық

сұрақтар бойынша «Павлодар қаласының

жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік

мекемесіне келесі мекенжай бойынша

Павлодар қ., Кривенко к-сі, 25, 620-кеңсе,

сондай-ақ, 73-05-85 телефоны бойынша

жүгіне аласыз.

«Alash Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы жазылу

«HALYQ RADIOSY» - 100.5 FM толқыны өз жарнамаңызды

«Бизнес FM» бағдарламасында орналастырудың ерекше

мүмкіндігін ұсынады. Дыбыс роликтерін әзірлеу және жалға беру

бағасы 3000 теңгеден бастап, ал хабарландырудың әрбір сөзі

үшін 100 теңге, 10 сөзден асса, бағасы

80 теңге болады. Жарнамаңыз күніне 24 рет шығып,

тыңдаушылардың 90%-дан астамын қамтиды. Бұл жарнама

беруші үшін ең тиімді де нәтижелі болатыны сөзсіз! «HALYQ

RADIOSY» толқынындағы «Бизнес FM» бағдарламасы Сізді

міндетті түрде естиді!

Телефондарымыз: 66-15-40, 65-15-42.

Павлодар қаласы

әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Горводоканал» МКК Екібастұз қаласының тұтынушыларына 2020 ж.

1 қаңтардан 2020 ж. 31 желтоқсан аралығында тарату желілері бойынша

техникалық су беру қызметіне тарифтің мөлшері туралы хабарлайды - 107,16

теңге/м 3 (ҚҚС-сыз).

Негіздеме:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды

реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ 2019 ж.

28 қарашадан №109-НҚ бұйрығы.

«Горводоканал» МКК Солнечный кентінің тұтынушыларына (заңды

тұлғаларына) жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне (ҚҚС есебінсіз)

2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 31 желтоқсан аралығы кезеңіне тарифтердің

шекті деңгейінің мөлшері туралы хабарлайды:

- жылу энергиясын есептеу құралдары бар

тұтынушылар үшін 1 719,43 теңге/Гкал

- жылу энергиясын есептеу құралдары жоқ

тұтынушылар үшін 2 919,03 теңге/Гкал

Негіздеме: «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушыларды

қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ 2016 ж.

7 қарашадан №168-НҚ бұйрығы.

(20253)

Редакцияда

ресімдеу және

алумен жазылу

Индексі 55441

қала ауыл

Павлодар қ. Павлодар қ.

6 ай (аптасына үш

нөмір)

6 657,10 теңге 6 988,20 теңге 6 650 теңге 5 556 теңге

12 ай

13 314,20 теңге 13 976,40 теңге

(аптасына үш нөмір)

13 300 теңге 11 112 теңге

Индексі 55442

қала ауыл

3 144 теңге

12 ай

4 040,70 теңге 4 251,40 теңге 4 035 теңге

(бейсенбілік нөмір)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12421 дана,

бүгінгі көлемі 4 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2408

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


16 30 қараша, сенбі, 2019 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

«SARYARQA SAMALY» БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

Ақыл-ой арнасын адамзаттық игі идеяларды

жүзеге асыруға бұра білетін, әрдайым

халық арасынан табылатын ҚР Тұңғыш

Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев -

МУЗЕЙ

Көрме арқауы - өнегелі өмір

Тұңғыш Президент күніне орай

Г.Потанин атындағы тарихиөлкетану

музейінде «Елбасының

бес қыры» жобасы аясында

ұйымдастырылған көрме

көпшілікке жол тартты. Онда

Елбасының балалық шағының

куәсі болған құнды заттарды

кездестіруге болады. Атап айтар

болсақ, оның оқушы кезінде

отырған партасын және Шамалған

ауылындағы туып-өскен үйінің

үлгісі мен алғаш қолына ұстаған

домбырасы бар.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Көрменің ашылуына жиналған жерлестеріміз

әуелі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың

балалық шағын суреттейтін «Балалық

шағымның аспаны» деректі фильмін тамашалады.

Одан кейін Елбасының балалық

шағы туралы әңгімесіне түсірілген бейнефильм

ұсынылды.

Мерекеге орай ұйымдастырылған көрме

4 бөлімнен тұрды. Мұнда бірінші кезеңде

көпшілік Елбасы өмірге келген жайлаудың

толық көрінісін, Шамалған ауылында

тұрған үйдің келбетін тамашалады.

- Көрмеде қамтылған 4 бөлім де

Нұрсұлтан Әбішұлының балалық шағымен

тікелей байланысты. Бәрімізге аян, Елбасының

бала кезіндегі арманының бірі ұшқыш

болу еді. Ол тек арман күйінде қалса

да, біз көрмеге ұшақтың макетін қоюды

жөн көрдік. Сондай-ақ, Қазақ елін алма

мен қызғалдақтың отаны деп жатамыз.

Жалпы алғанда, алма мен қызғалдақтың да

Тұңғыш Президентіміздің балалық шағында

алатын орны ерекше. Бұдан бөлек, ол

кісі бала кезінде спортқа де өте жақын

болған. Сонда жеткен жетістіктері мен

Елбасымен бірге түскен суреттер!

көпшіл адам. Елбасын көзімен көріп,

жүздескен, сәлемдескен азаматтар соның

өзін үлкен мәртебе санайтыны белгілі.

Құрметті оқырман! ҚР Тұңғыш Президент

күні мерекесіне орай газетіміз көпшілік

арасында ерекше байқау ұйымдастыруды

ойға алып отыр. Тәуелсіздік жылдары

Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесуге сәтін

салып, Елбасымен бірге түскен тарихи

фотосуреттеріңіз болса, редакцияға жолдаңыз.

Фотосуретпен бірге сол кездесудің

сыры жазылған шағын ақпаратты да қоса

ұсынуды сұраймыз. Редакция ұжымы ең

үздік сәттер бейнеленген фотосурет пен

оған қатысты қызықты хикаяларды сұрыптап,

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік

газет нөмірінде жариялайды.

марапаттарын да қамтуға тырыстық, -

дейді облыстық Г.Потанин атындағы тарихиөлкетану

музейінің өлке тарихын ғылыми

қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара

Опабекова.

Елбасының үйінің көрінісі.

Фотосуреттерді (компьютерлік сканерден

өткізген күйде) осы жылдың 10 желтоқсанына

дейін газеттің ssamaly29@gmail.com

электронды поштасына, «Байқауға!» деген

тақырыппен жолдауларыңызға болады.

Немесе редакцияға әкеліп тапсыру мүмкіндігі

бар. Сіз бөліскен фотосурет пен сырхикаяңыз

жұртшылыққа танымал болуын

қаласаңыз, байқауға қатысуға асығыңыз.

Үздік суреттердің иелерін редакция тарапынан

естелік сыйлықтар күтіп тұрғанын

да хабарлаймыз.

Байқауға қатысты қосымша сауалдарыңыз

болса, 8(7182) 66-15-30 телефон

нөміріне немесе 8777 1311132 «ватсап»

нөміріне хабарласыңыздар.

Редакция.

Суреттерді түсірген - Серік Қапаров.

Сонымен қатар, көрмеден Елбасының

жазған кітаптарын және Павлодар өңіріне

жасаған жұмыс сапарлары кезінде түсірілген

фото-суреттерді де кездестіруге болады.

Жалпы, 150-ге жуық экспонат қойылған

көрмеден эксклюзивті заттарды да көруге

болады.

- Аймағымыздағы электролиз зауыты

мен оның екінші кезеңі ашылған кезде

Елбасы өзі келіп қатысып, алюминийдің

бір кесегін ұстап тұрып суретке түскен

екен. 1997 жылы сол зауыт салынады деп

негізі қаланған кезде де қолына қалақша

алған. Осы тарихи сәттердің барлығы

таспаланған суреттер көрменің бір бөлігін

алып тұр. Жуырда музей қорына Алюминий

зауыты осы құнды суреттер мен Елбасы

өз қолымен ұстаған алюминийдің кесегін

және қалақшаны бізге берген болатын.

Бүгінгі көрмеге қойылған ерекше заттардың

бірегейі де осылар, - дейді Д.Опабекова.

Айтулы мерекеге орай, облыс орталығындағы

музейлер мен мұражайларда

да Елбасының өмір жолынан сыр шертетін

көрмелер жұмысын бастады. Атап айтар

болсақ, Бұқар жырау атындағы әдебиет және

өнер музейінде «Болашақты бастап берген

жастық шақ» атты көрмеде Н.Назарбаевтың

қызметі жайлы баяндайтын фотоматериалдар,

кітаптар, студент кезіндегі естелік

суреттер бар. Сонымен қатар, балауыздан

жасалған Елбасының мүсінін де осы мәдени

мекемеден табуға болады.

Бұдан бөлек, облыстық көркемсурет

музейі ұсынған «Елбасы Ертіс-Баян өңірінде»

атты көрмеде Н.Назарбаевтың Тәуелсіздік

жылдарында жазған кітаптары қамтылған. Ал

П.Васильев музей үйінде «Тарих ағымында»,

Шафердің музей үйінде «Елбасының сүйікті

әндері» және С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапханада «Халық таңдаған

көшбасшы» атты кітап көрмелері көпшілік

назарына ұсынылды.

Көрмелер 3 желтоқсанға дейін жұмыс

істейтін болады.

МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІ

«Ұлы дала үні»

«Шаңырақ» орталығында

Иса Байзақов атындағы

облыстық филармонияның

ұйымдастыруымен

«Ұлы дала үні» атты

дәстүрлі әншілердің

алғашқы концерті өтті.

Ертіс-Баян өңірінің дәстүрлі әншілері

алғаш рет бір сахнада бас қосып,

павлодарлықтарға ерекше рухани кеш

сыйлады. Шара Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» бағдарламасы және

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы

аясында ұйымдастырылып отыр.

- Өңіріміздегі дәстүрлі әншілер

бұры-соңды бір ортада бас қосып,

жеке кеш бермеген еді. Бұл жолы

ұлттық рухымызды асқақтататын, сан

ғасырлық тарихы бар дәстүрлі халық

әндерінен шашу шашуды жөн көрдік.

Алдағы уақытта да дәстүрлі әншілердің

шығармашылығын қолдау мақсатында

бірқатар ауқымды істер атқарылатын

болады, - дейді Иса Байзақов атындағы

облыстық филармонияның бас редакторы

Сәуле Мұқаева.

«Шаңырақ» орталығына жиналған

қауымның делебесін қоздырып, шабыттандырған

дәстүрлі әншілер көрерменнің

ыстық ықыласына бөленді. Концертке

облысқа танымал дәстүрлі әншілер мен

термешілер қатысты. Кештің шымылдығын

«Шаңырақ сазы» халықтық фольклорлық

ансамблінің сүйемелдеуімен

әнші Нұржан Сарқамбаев «Беу, айдай»

әнімен ашты. Ал халық әні «Жиырма

бесті» әуелете шырқаған ҚР Мәдениет

қайраткері Ербол Айтбаевқа деген

жерлестерінің ықыласы зор болды.

Мықтылардың қатарында халықаралық,

республикалық, облыстық байқаулардың

лауреаттары Әсел Ботаева, Сәуле

Мүсіпова, Жанболат Байсолтан,

Салтанат Қисатова сынды әншілер

дәстүрлі әннің сәнін келтірді.

Айта кетелік, дәстүрлі әншілерді

қолдау мақсатында желтоқсан айының

4-і күні Успен ауданында алғаш рет

дәстүрлі әншілердің республикалық

фестивалі ұйымдастырылмақ.

«Шернияз»

топ жарды

Өңірімізде Қазақстан-

Болгария-Ресей елдерінің

біріккен шығармашылық

жобасы: «Қазақстан

Розасы» атты X хореографиялық

фестивальбайқауы

өтті.

Аталмыш жобаға Иса Байзақов атындағы

Павлодар облыстық филармониясының

хореографиялық ұжымдары

қатысты. Додада жергілікті «Шернияз»

би ансамблінің қыздары жарады. Олар

«Халық биі», «Заманауи би» мен «Шығыс

биі» аталымдарында бақ сынап, қазылар

алқасының ықыласына бөленді. Яғни,

«Халық биінде» 1, «Заманауи» және

«Шығыс биі» аталымында жүлделі

2-орынға ие болды. Сөйтіп, бишілер

2020-2021 жылы Болгарияның Обзор

қаласында өтетін «Розы Обзора»

халықаралық фестиваль-баяқауына

750 еуро көлемінде жеңілдік сетрификатын

иеленді. Би ұжымының көркемдік

жетекшісі - Нұрлан Беков.

Бұдан бөлек, байқауда өнер көрсеткен

«Нұр» би ансамблі «Халық биі» аталымында

1-орынға ие болды. Көркемдік

жетекшісі - ҚР Мәдениет саласының

үздігі Айгүл Даирбаева.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!