14.01.2020 Views

14 қаңтар, 2020 жыл №4 (15474)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

14 қаңтар, сейсенбі

2020 жыл

№4 (15474)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ

Жаңарту жайлылыққа

жетелейді

Нақпа-нақ

Өңір

бойынша

көпқабатты

үйлердегі

лифтілердің

61%-ы

тозып тұр

САЛЫҚ

Тұрақтылықты

қамтиды

Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаевтың былтыр

қыркүйек айында микро

және шағын кәсіпкерлік

субъектілерін тексеруге үш

жылдық тыйым салу туралы

шешімі жаңа жылдан бастап

күшіне енді.

Биыл Павлодар қаласындағы теміржол және автобус вокзалдары

жаңа кейіпке енбек. Жолаушылар алысқа арлы-берлі қатынауда

аялдайтын бұл ғимараттардың суықтығын айтып, жиі шағымданатын

еді. Бұйыртса, бұл мәселе де келесі қысқа дейін шешімін

таппақ. Сапаржайлардың жағдайымен танысқан облыс әкімі

Болат Бақауов жолаушыларға жайлылық жасауға бағытталған

бірқатар тапсырма берді.

Театр:

«ЖАС АБАЙДЫ» КҮТІҢІЗДЕР!

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.

Жалғасы 3-бетте

2020 жыл еліміз үшін мерейлі мерекелерге толы болмақ. Іргелі мерейтойларды атап

өтуге Павлодар жұрты да үлес қоспақ. Бұл қатарда облыстық Ж.Аймауытов атындағы

қазақ музыка-драма театры «Жас Абай» қойылымын ұсынбақ. Бұл туралы театрдың

көркемдік жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» Ерлік Жуасбекпен тілдескен едік.

Толығырақ 6-бетте

Үкіметтің экономикалық блогы, Қаржы

министрлігі ШОБ субъектілеріне алдағы

3 жыл ішінде орта есеппен 100 мыңға

жуық тексеру жүргізілмейтінін хабарлады.

Бұл әкімшілік жүктемені азайтуға,

бизнес-ортаның тұрақтылығын қамтамасыз

етуге, бизнесті оңай жүргізуге және

бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік

беруі тиіс.

Қаржы министрі Әлихан Смайылов

шағын және микро бизнес салық төлеуден

босатылған кезде бюджетке түсетін

қаржы көлемі қысқаратынын бұған дейін

де айтқан болатын. Үш жылға арналған

жалпы трансферді жоспарлау барысында

мұның барлығы ескеріліпті. Бизнесті

тексеруге мораторий жариялаудан ел

қазынасына түсетін қаржы қаншалықты

азаятынын да Үкімет есептеп үлгерді.

Қаржы министрлігі 1 жылда 200 млрд.,

жиынтығы үш жылда 600 млрд. теңгені

аз алайын деп тұр. Яғни, Президенттің

пәрменін орындау 600 млрд. теңгеге

түспек.

Қаржы министрлігі туындаған шығындарды

салықтық және кедендік әкімшілендіруді

жетілдіру арқылы өтеуді

жоспарлап отыр. Себебі кәсіпкерлікті

дамыту көбіне-көп өңірлік сипатқа ие.

Министр Ә.Смайыловтың айтуынша, осының

нәтижесінде 2019 жылы бюджеттің кірісі

1,1 трлн. теңгеден асты.

Республикалық кәсіпкерлерге көмек

көрсету орталығының директоры

Д.Казанцев шағын және орта кәсіпкерлікті

тексеруден үш жылға босатуының өзі

бизнеске үлкен көмек екенін айтады.

Бүгінде еліміздің белсенді тұрғынының

30%-дан астамы шағын және орта бизнеспен

айналысады. Экономикадағы ШОБ

үлесі 28,5%-ды құрайды. «Атамекен»

ҰКП-мен бірлесіп, аталған көрсеткішті

2025 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу

жөнінде стратегиялық міндет қойылған.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 14 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

ДЕПУТАТТАР - ӨҢІРДЕ

Өңірімізде жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті

Мәжілісінің депутаттары Павлодар қалалық

мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының

депутаттық фракциясының отырысына қатысты.

13 миллиард

теңге қажет

ҚАМҚОРЛЫҚ

Әлеуметтің әлеуетін

арттыру – ел мұраты

Аймағымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

(АӘК) тағайындаудың тәртібі және аз қамтылған отбасыларындағы балаларды

кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету мәселелері бойынша

селекторлық жиын өткізді.

Келелі жиында бүгінгі күнге

дейін күрмеуі шешілмей келе жатқан

бірқатар мәселелер сөз болды.

Соның бірі - Ертіс өзені үстінен

салынған «Нұрлы жол» көпірінің

аяқталмаған бөлігі - Кенжекөл

ауылы жанындағы жол қиылысы

болды. Мамандар аталған бөлікті

аяқтауға қосымша 13 миллиард

теңге қаражат қажеттігін айтты.

Жиынға Мәжіліс депутаттары

Нұржан Әшімбетов, Айзада

Құрманова, Айгүл Нұркина және

Александр Суслов қатысты.

Павлодар қалалық мәслихатының

хатшысы Зәуреш Мұқашева

қалалық мәслихат депутаттары мен

жергілікті атқарушы органдардың

өзара байланысы жайынан

баяндаса, партияның қалалық

мәслихаттағы фракциясының

жетекшісі Қобыланбек Қожин

Ескерусіз

қалмайды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айзада

Құрманова мен Айгүл Нұркина аймағымыздағы

ұстаздар қауымымен жүздесті.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Павлодар қаласындағы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру

ұлттық орталығындағы кездесуге

жиналғандар «Педагог

мәртебесі туралы» заңды

талқылап, өз ұсыныстарын айтты.

Алдымен ұстаздар қауымы халық

қалаулыларына жаңа құжаттың

қабылданғаны үшін алғыстарын

білдірді. Дөңгелек үстелге қатысқан

Ертіс аудандық білім беру бөлімінің

басшысы Самал Қадырова мен

Ақсу қалалық білім беру бөлімінің

басшысы Қайрат Смағұлов мұғалімдер

асыға күткен жаңа жоба

ұстаздардың мәртебесін белгілеп,

қызметке деген құлшынысын

одан әрі арттыратынын атап өтіп,

заңдағы ұтымды тұстарға тоқталды.

Павлодар қалалық №34 мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі Илья

Поляков педагогтар арасындағы

түрлі байқаулар ұстаздардың

тәжірибесі мен біліктілігін арттыратынын

айтты. Қалалық, облыстық

байқаулардың жеңімпазы атанып

үлгерген маман республикалық,

халықаралық деңгейдегі жарыста

бақ сынағысы келетінін жеткізді.

Дөңгелек үстелге жиналған педагогтар

жаңа құжаттағы баптарды

талқылап, өз ұсыныстарын да

жеткізді. Мәселен, Павлодар қалалық

білім беру бөлімінің басшысы

Самал Айтқазинаның айтуынша,

2007 жылы жарыққа шыққан Үкімет

қаулысына сәйкес, 30 сынып

топтамасы бар мектепте де,

60 сыныптық топтамасы бар

мектептерде де 1 психолог

болуы керек. ҚР Білім және

ғылым министрлігінің өкілдері бұл

жүктемеге өзгеріс енгізілетінін

айтқан. Алайда жүктеме сол

күйінде қалып отыр.

Айзада Құрманова әрбір заң

фракцияның бүгінгі қызметі

туралы айтты.

«Қазавтожол» кәсіпорны

өкілдерінің айтуынша, көпірдің

жобалық-сметалық құжаттары

нашар дайындалған. Соның

кесірінен аталмыш нысанның

құрылысы толықтай аяқталмай

қалған. Көпірдің қалған бөлігін

толықтай аяқтау үшін қосымша

13 миллиард теңге қаражат қажет

екен. Бүгінде жобалық-сметалық

құжаты дайын тұрған жол қиылысы

мәселесін Мәжіліс депутаты

Александр Суслов зерттеп, көмек

көрсететінін жеткізді.

Мәжілісмендер барлық

ұсыныс-тілектердің барлығын

бақылауға алатынын айта келе,

мәслихат депутаттарын аймақтық

мәселелерді шешуде бірлесе

жұмыс істеуге шақырды.

қабылданғаннан кейін министрліктерге

тапсырма берілетінін

айтты. Аталмыш құжат әзірленіп

жатқанына сенім білдірді. Ал

облыс орталығындағы біліктілікті

арттыру орталығының мамандары

ҚР «Педагог мәртебесі туралы»

Заңның 3-бабына толықтыру

енгізуді сұрады. Аталмыш бапта

біліктілікті арттыру ісімен айналысатын

мамандар тізімге алынбаған.

Олардың негізгі мамандықтары

– мұғалім. Сондықтан

педагог ұғымына түсінік берген

бапқа осы сала мамандарын

қосуды өтінді.

Айгүл Нұркина 3-бапта жоғары

оқу орындарында жұмыс істейтін

мұғалімдер де енбей қалғанын

айтты. Бұл мәселе бұған дейін

талқыланған. Жоғары оқу орындары

мен қосымша білім берумен айналысатын

мамандардың мәртебесі

ҚР Білім туралы заңында көрініс

табатынын жеткізді.

Бұдан бөлек, ұстаздар қауымы

жүктеме мәселесіне көңіл аударды.

Олардың сөзінше, 2020-2025

жылдарға арналған білім беруді

дамыту бағдарламасында қала

және ауыл мектептерінің білім

алушыларына ерекше көңіл

бөлінген. Құжатта оқушылар

арасындағы білім беру сапасындағы

алшақтықты қысқарту жөнінде

арнайы тармақ бар. Оған сәйкес,

білім беру көрсеткіші төмен мектептерге

мәртебесі жоғары білім

ошақтары қамқорлық танытуы

тиіс. Жобадағы бұл тармақ білім

сапасы бойынша үздік деп танылған

мектептердің әкімшілігі мен мұғалімдеріне

салмақ салуы мүмкін.

Бұл міндетті орындауда мектеп

ұжымы, тьюторларға қосымша

ынталандыру қарастырылса дейді.

Айзада Құрманова ұсынысты ҚР

Білім және ғылым министрлігіне

жеткізетінін айтты.

Нұржайна ШОДЫР

Аталмыш шараға облысқа

қарасты қала, аудан әкімдерінің

орынбасарлары, үкіметтік емес

ұйымдардың өкілдері, басқарма

басшылары мен көпбалалы аналар

қатысты.

Вице-министр алдымен елімізде

соңғы уақытта әлеуметтік саланы

дамытуға айрықша мән беріліп,

халықтың тұрмыс-тіршілігін

жақсартуға бағытталған іс-шаралар

жүйелі жүзеге асып жатқанын

атап өтті.

- Мемлекет басшысының тапсырмасы

бойынша көпбалалы және

аз қамтылған отбасыларын қолдау

шаралары үздіксіз жалғасуда.

Осыған орай биылғы жылдың

1 қаңтарынан бастап 4 және одан

көп баласы бар шаңырақтарға

мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды.

Яғни, ай сайын әр

балаға 10 500 теңге көлемінде

қаржылай көмек көрсетілуде. Бұл

мақсатқа бюджеттен 170 млрд.

теңге бөлінді. Үстіміздегі жылдың

5 қаңтарындағы жағдай бойынша

367 мың қазақстандық көпбалалы

ана жаңадан тағайындалған

жәрдемақыны алып үлгерді. Ал

тұрмысы төмен отбасыларындағы

230 мыңнан астам балаға

әлеуметтік пакет ұсынылады, -

деді Ерлан Әукенов.

Сондай-ақ, ол жиында биылдан

бастап атаулы әлеуметтік көмекті

тағайындау тәртібіне өзгерістер

енгізілгендіктен, болжам бойынша

елімізде мұндай көмекке мұқтаж

отбасыларының саны былтырғы

жылмен салыстырғанда едәуір азаятынын

алға тартты. Нәтижесінде,

осы салаға жұмсалатын қаржы

көлемі үнемделіп, есесіне нағыз

көмекке мұқтаж азаматтарға тиісті

әлеуметтік қолдау көрсетілетін

болады, - деді Ерлан Әукенов.

Вице-министр, сондай-ақ,

атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің

жаңа тетіктерін де түсіндірді.

Оның айтуынша, 2020 жылдың

1 қаңтарынан бастап атаулы

әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

толығымен өзгерген. Аталмыш

көмек бұрынғыдай «шартты және

Сурет ғаламтордан алынды.

шартсыз» деп бөлініп, 6 немесе

12 айға бірден тағайындалмайды.

Яғни, АӘК алу үшін тұрғындар үш

ай сайын құжаттарын жаңартып

жинап, отбасына кіретін айлық

кірістің күнкөріс деңгейінің шекті

мөлшеріне жетпейтіндігін дәлелдеп

отыруы тиіс. Қазіргі таңда еліміздің

барлық өңіріндегі жұмыспен қамту

орталықтарында әлеуметтік көмекке

мұқтаж жандар үшін құжат қабылдау

науқаны қызу жүріп жатыр. Талап

бойынша дәл қазір осы жылдың

1-ші тоқсанында атаулы көмек алуға

ниетті тұрғындардың өтініштері

қабылдануда. Бұл жолы құжат

тапсырушылардың кірісі өткен

жылдың соңғы тоқсанының,

яғни, қазан, қараша, желтоқсан

айларындағы табысы бойынша

есептеледі. Бірақ оған осы

айлардағы көпбалалы аналарға

төленіп келген 10 504 теңге

мемлекеттік жәрдемақы қосылады.

Ал бұрын балалар жәрдемақысы

есептелмеген еді. Сондай-ақ,

биылғы жылдың сәуір айынан

бастап АӘК алушылар қайтадан

екінші тоқсанға құжаттарын

тапсырады. Міне, сол кезден

бастап көпбалалы отбасылары

үшін жаңадан тағайындалған

мемлекеттік жәрдемақы кіріске

қосылып саналатын болады. Бұл

ретте, әр облыстың экономикалық

жағдайына байланысты кедейшілік

деңгейінің минимумы әр түрлі

екенін атап өткен жөн. Мәселен,

Павлодар облысында бұл көрсеткіш

18 618 теңге болып бекітілген.

Тағы бір ескеретіні, биылдан

бастап әлеуметтік көмек алуға

ниетті отбасылардың барлық

мүшесі бір мекенжайда тіркеуде

болуы тиіс. Егер тұрақты мекенжайы

жоқ болса, уақытша тіркеуге

тұрып, жаңартып отыруларына

мүмкіндігі бар. Сонымен қатар,

вице-министр «еңбек етемін» деген

азаматтарды қолдауға мемлекет

әркез даяр екенін де атап өтті.

Бұған дейін атап өткеніміздей,

жаңа ережеге сәйкес бұдан былай

атаулы әлеуметтік көмек шынайы

мұқтаж жандарға ғана берілмек.

Ол жағы қатаң қадағаланатын

болады.

- Жаңа талап бойынша АӘК

алдымен табысы аз отбасыларына,

соның ішінде көпбалалы

шаңырақтарға төленеді. Сонымен

қатар, көмектің бұл түрі әлеуметтік

жағдайы төмен отбасыларына

ақшалай төлемдер түрінде және

жеке ісін бастауға оқытуға, жұмысқа

орналасуға, қолдау көрсету

арқылы отбасын өмірлік қиын

жағдайдан шығаруға көмектесуге

бағытталғанын атап өткен жөн. Ал

ерлі-зайыпты екі адам да ешбір

жерде жұмыс істегісі келмейтін

болса, мұндай «жатып ішерлерге»

атаулы көмек көрсетілмейді. Сол

үшін ата-ананың бірі үйіндегі бала

тәрбиесіне бас-көз болса, екіншісі

міндетті түрде жұмыспен қамту

орталығына барып, екі қолға бір

күрек табуы қажет. Әйтпегенде,

әлеуметтік жеңілдіктерден қағылады,

- деді Ерлан Әукенов.

Сондай-ақ, осы жылдан бастап

табысы төмен отбасыларындағы

балалар үшін кепілдендірілген

әлеуметтік пакет енгізілген.

Оның құрамында дәрумендерге

бай балалар тағамы, гигиеналық

құралдар бар. Сол арқылы аз

қамтылған отбасыларының балғындарын

дәрумен тапшылығынан

болатын рахит, полиомиелит және

басқа да аурулардан аман сақтап

қалу көзделуде. Әлеуметтік пакет

тұрмысы төмен отбасылары үшін

үлкен көмек болатынын халық

қалаулылары да атап өтті.

- Жалпы, бұл пакеттің құрамында

1-6 жас аралығындағы

балалар үшін пастерленген

сүттен бастап, құнарлы ботқалар,

гигиеналық заттар, қысқасы, негізгі

қажеттіліктердің бәрі бар. Ал 6-18

жас аралығындағы балалар үшін

ақшалай көмек беру жөнінде

пікірлер айтылуда. Сондай-ақ,

арнайы әлеуметтік карталар

жасау туралы ұсыныстар да

бар. Сол арқылы сауда үйлерінен

баланың өзіне қажетті киім-кешегін

алуына мүмкіндік жасау туралы

мәселелер қарастырылуда, - деді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Айгүл Нұркина. Вице-министр

тұрмысы төмен отбасыларының

балаларына тауар түрінде қолдау

көрсету шаралары АҚШ, Германия,

Африка елдерінде де тәжірибеде

барын атап өтті.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 14 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл 3

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

Былтыр «Қазақстан алюминийі» АҚ-на қарасты ЖЭО-1 және Екібастұз жылу электр

орталығында техникалық қателіктер жиі орын алып, тұрғындар зардабын тартқан.

Атап айтсақ, пәтерлерде жылудың мөлшері тұрақты сақталмапты. Жылу тарататын

кәсіпорындар мұның себебін қазандықтардың тозуымен түсіндіріп отыр.

Жылудың «жыры»

жалғаса ма?

Жаңарту

жайлылыққа

жетелейді

Оралхан ҚОЖАНОВ

Тозған лифт

тоқтасын!

Облыс әкімі Болат Бақауовтың

төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде

осы және коммуналдық салаға

қатысты өзге де мәселелер жіпке

тізілді.

Облыстық энергетика және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

басқармасының басшысы Мұрат

Әбілқалықовтың мәліметінше,

былтырғы жылу беру маусымында

«Қазақстан алюминийі» АҚ-на

қарасты ЖЭО-1 6 қазандықты іске

қосқан. Резерв ретінде бірде-бір

қазандық тіркелмепті. Салдарынан

қазандықтардың жүктемесі артып,

көптеген павлодарлықтар үйлерінде

бүрсеңдеп отыруға мәжбүр болған.

«Қазақстан алюминийі» АҚ-на қарасты

ЖЭО-1 басшылығының айтуынша,

қазандықтарды күрделі жөндеу

жұмыстары жүйелі жалғасуда. Әзірге

№2 және №6 қазандықтардың жағдайы

нашар. Кәсіпорын басшылығы биылғы

жылу беру маусымында ірі апаттарға

жол берілмейтініне сендірді.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС

директоры Александр Захарьян

тарифті көтермесе, тозған жылу

желілерін жаңарту мүмкін еместігін

айтады. Тарифті өсіргеннің өзінде

күрделі жөндеу жұмыстарын

толығымен жүргізу қиын. Қол қусырып

отырған олар жоқ. Жыл сайын бұл

бағыттағы шаруалар аздап болсын

атқарылып жатқан көрінеді.

Жалпы, аймағымызда тозған

жылу желілерін ауыстыру жұмыстары

«Нұрлы жол», Өңірлерді дамытудың

2020 жылға дейінгі бағдарламалары

шеңберінде жүргізілуде. Облыстық

бюджеттен де қомақты қаражат

бөлініп жатқанын атап өткен жөн.

Облыстық энергетика және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

басқармасының басшысы

Мұрат Әбілқалықовтың мәліметінше,

аймағымыздағы 1869 жолаушылар

лифтісінің 1136-і 25 жылдық «миссиясын»

әлдеқашан аяқтаған. Яғни,

тозу көрсеткіші – 61 пайыз. Аймақ

басшысы қызмет мерзімі жарамсыз

лифтілерді тоқтату қажет екенін

атап өтті. «Көшеде дөңгелегі тозған

көлікті көрсе тәртіп сақшылары

24 лифтіні жаңарту бойынша жобалықсметалық

құжаттама мен мемлекеттік

сараптама әзір. Олардың жалпы

құны - 233,6 млн. теңге.

Тариф

3 есеге азаяды

2023 жылға дейін елді мекендерді

толығымен орталықтандырылған

су жүйесімен қамтамасыз ету

жоспарланып отыр. Биыл 700

шақырымға жуық су желілері тартылады

деп күтілуде. Аймақ басшысы

Болат Бақауов құрылысқа қажетті

материалдардың Нұр-Сұлтан мен

Қарағанды өңірлерінен жеткізілетініне

қынжылыс білдірді.

- Ақсуда құбыр шығаратын

«ДАНиЕР» ЖШС бар. Өнімін нарыққа

шығаруға дайын болса, барынша

қолдау көрсету қажет. Екінші мәселе

– орталықтандырылған су құбырын

салу бір бөлек, оны күтіп-ұстау

жағын да ойластыру қажет. Қараусыз

қалған құбырлар бес жылдың ішінде

жарамсыз күйге енуі мүмкін. Сол

себепті, алдын ала экскаватор,

дәнекерлеу қондырғылары және

басқа да қажетті құрылғыларды

қамтамасыз ету жағын қарастыру

қажет, - деді Болат Бақауов.

Жиын барысында Ертіс

ауданындағы топтық су құбырының

пайдаланушылары үшін тариф

3 есеге азаятыны айтылды. Тарифті

тоқтататыны белгілі. Сол сияқты субсидиялауға республикалық

жарамсыз лифтілердің жұмыс бюджеттен 195 миллион теңге

істеуіне жол берілмеуі тиіс. Бастысы,

тұрғындарға лифттің ортақ мүлік

екендігін ұғындырған жөн», деді

Б.Бақауов.

Былтыр Павлодар қаласында

26,5 миллион теңгеге 2 лифті

қаражат қарастырылған. Бүгінде

бір текше метр судың құны

300 теңгені құрайды.

- Ауыл шаруашылығы министрі

тиісті бұйрыққа қол қойды. Қазір

бұл мәселе бірінші вице-премьердің

(Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, қарауында. Тариф субсидияланғаннан

5 0 - ү й ) ж а ң а р т ы л ғ а н . кейін барлық Б ү г і н д е

шығындарды

есепке алғанда тұрғындар

үшін бір текше метр судың құны

100 теңгеге жуық болады, - деді

Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин.

Жол сапасына

саспаңыз!

Алқа мәжілісінде облыстық

жолаушылар көлігі мен автомобиль

жолдары басқармасы басшысының

орынбасары Қизат Жақыпов та баяндама

жасады. Оның мәліметінше,

былтыр республикалық маңызы

бар жолдардың 395,5 шақырымы

жөнделген. Бұл бағытқа 46,6 миллиард

теңге қаражат бағытталған. Сондай-ақ

жергілікті жолдардың 286 шақырымы

ретке келтіріліпті. «Ауыл - ел бесігі»

жобасы шеңберінде Ертіс ауданында

11 шақырым, Баянауыл ауданында

10 шақырым, Железин ауданында

11 шақырым және Тереңкөл

ауданында 7 шақырым жол

жөнделгенін атап өткен жөн. Биыл

жергілікті маңызы бар жолдардың

425 шақырымы жөндеуден өтеді

деп жоспарлануда. Бұл былтырғы

көрсеткіштен 40 пайызға артық.

Облыс әкімі Болат Бақауов жыл

сайын жолдардың сапасы жақсарып

келе жатқанын атап өтті. Десе де,

көлік тізгіндегендердің көбі Екібастұз-

Майқайың тас жолының жағдайына

риза емес. Жөндеу жұмыстарын

жүргізген қос мердігер кепілдік

мерзіміне сәйкес жөндеу жұмыстарын

жүргізіп тұрады. Ережеге бағынбай,

артық мөлшерде көмір таситын жүк

көліктері де бақылауда. Бұл ретте,

аймақ басшысы Қалқаман және

Майқайың кенттерінде айыппұл

тұрағын салу ісін жеделдетуді

тапсырды.

Қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын

автобустарды жаңарту

жұмыстары да жүйелі жүргізілуде.

Мәселен, былтыр Павлодар қаласында

20 жаңа автобус пен 10 электробус

сатып алыныпты. Сондай-ақ 23 жаңа

трамвай жолға шыққан. Екібастұз

қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов

алдағы уақытта жолақысы

65 теңгеден 80 теңгеге көтеріліп,

тиісінше жолаушылар тасымалдауға

жауапты мердігерлер техника

паркін жаңарту ісін қолға алатынына

сендірді.

Басы 1-бетте

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Аймақ басшысы алдымен

теміржол вокзалына барды.

Бірден жолаушылар жиі көтеретін

ғимараттың суықтығын алға

тартты. Кіреберіс есіктерге тым

болмағанда жылу сақтайтын

құрылғылар қою қажеттігін

ескертті. Айта кету керек,

бұл ғимаратта автовокзал да

қызмет етеді. «Павлодарвокзалсервис»

ЖШС директорының

міндетін атқарушы Дастан

Махметов жылыту мәселесі биыл

шешімін табады деп сендірді.

Яғни, ғимаратқа күрделі жөндеу

жүргізу кезінде жылу жүйесін

өзгерту көзделіп отыр. Айтуынша,

2006 жылы жылу жүйесі

дұрыс жаңартылмай, салдарынан

ғимарат аязды күндері

аңырап кететін болған. Оған

қоса, терезелері де жылуды

ұстауға қауқарсыз көрінеді.

Сондықтан, биылға жоспарланған

ауқымды жөндеу жұмыстары

кезінде осы тұс та ескерілмек.

Мұнда ғимараттың ішкі және

қасбеті толық жаңа кейіпке

енбек. Осы ретте, облыс

әкімі Болат Бақауов қасбеттің

өзіндік ерекшелігін сақтауды

тапсырды. Павлодар теміржол

вокзалының ғимараты табиғи

тас – мәрмәрмен қапталған.

- Қайта жөндеудің эскиздік

жобасы әкімдікпен келісіледі.

Вокзалымыздың бірегейлігін

сақтаймыз. Елімізде мұндай

ерекше таспен көмкерілген екі

ғана вокзал бар. Сондықтан,

міндетіміз - жөндеп, жақсарту

ғана емес, ерекшелігімізді

сақтау, - дейді «Сапаржай

Павлодар» ЖШС директоры

Павел Браславский.

Айта кету керек, ғимаратты

қайта қалпына келтіру, жөндеу

кәсіпорынның өз қаржысына

жасалмақ. П.Браславскийдің

мәлімдеуінше, 15 жыл бойы

вокзал кәсіпорынның жеке

қаражатына күн көруде. Мұндай

тәжірибе бірегей саналатын

көрінеді. Себебі, «ҚТЖ» ҰК»

АҚ-ға қарасты өзге өңірлердегі

вокзалдардың бәрі мемлекеттік

бюджеттен субсидияланады.

Сонымен қатар, вокзал

маңындағы аумақты реттеу

де қолға алынбақ. Кәсіпорын

басшылығы заңсыз таксистердің

кесірінен жиі кептеліс орын

алып, жолаушыларға жайсыздық

туғызатынын атап өтті. Сондықтан,

автовокзал мен теміржол вокзалына

келушілерді жеке кіргізіпшығаратын

шлагбаумдар орнату

ұсынылып отыр. Заңды түрде

жолаушылар тасымалымен айналысатын

лицензиясы бар таксистерге

жеке тұрақ қарастыру

ойластырылуда. Жылытылатын

аялдама, заманауи тамақтану

орны да орналастырылмақ.

Аймақ басшысы Б.Бақауов

бұл мәселе бұған дейін де

көтеріліп, мемлекеттік-жекеменшік

әріптестік аясында іске асыру

ойластырылғанын айтты.

Сондай-ақ, аймақ басшысы

90-жылдардың жағдайында қалып

қойған, көпшілік «корт» деп

атап кеткен вокзал маңындағы

базардан бастап Чкалов көшесі,

16-үй мекенжайына дейінгі

аралықты толық жаңартудың

кезі келгенін айтты. Бұл аумақ

қонақтарды қарсы алып,

шығарып салатын қаланың

қақпасы іспеттес екенін еске

салды. Сондай-ақ, бұған дейін

қаланың көліктік инфрақұрылымы

стратегиясын құрған алматылық

институтты аталған өзгерістерді

енгізу ісіне тарту мүмкіндігі

барын атап өтті.

Б.Бақауов пойыздар

аялдайтын жердің жарықтандырылуын

сынға алды. Яғни,

шамдардың жануы әр жыл

мезгілінде қас қараятын кезбен

үйлесіп отыруы тиіс, деді.

Ғимаратішілік жарықтандыру

жағын да кәсіпорын басшылығы

шешетіндерін уәде етті.

Бұдан кейін облыс әкімі

сенімді басқаруға өткен автовокзал

ғимаратына барды. Мұнда

да жолаушыларға жайлылық

толық жасалмағаны байқалды.

Аңырап тұрғанына қоса, сағаттап

автобус күтетін жолаушылар

темір орындықтарда отыруға

мәжбүр. «Автовокзалсервис»

ЖШС директоры Евгений Пилипенко

биыл бәрін жасай алмайтындарын

жасырмады. Келесі

жылы қолға аламыз, деп уәде

етті. Қазір ол жолаушылар

ағынын арттыруға күш салуда.

Облыс әкімі Б.Бақауов

Кенжекөлге қарай автовокзал

салып, Шығыстан

қатынайтындарды «Нұрлы

жол» көпірі арқылы бағыттау,

осылайша, қала ішіне

түсетін жүктемені азайту

көзделіп отырғанын мәлім

етті. Е.Пилипенко мұндай

өзгеріс автобуспен келіп,

пойызға отырып, сапарын ары

қарай жалғастыратындарға

қолайсыздық туғызатынын

алға тартты. Сондықтан, алып

вокзалдан гөрі транзиттік

станция салған орынды, деген

пікір білдірді. Мұндай жағдайда

қаланың Дачный, Достық шағын

аудандары тұрғындары үшін

өте қолайлы болмақ.

Сондай-ақ, аймақ басшысы

құзырлы органдарға Торайғыров

көшесін вокзал маңынан кесіп

өтетін жаяу жүргіншілерге

жолүсті өтпе жолын салуды

қарастыруды тапсырды. Бұл ой

іске асса, осы аумақтағы көлік

қозғалысына, жаяу жүргіншілер

қауіпсіздігіне айтарлықтай оң

септігін тигізбек.


4 14 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Мерейтойда неге

мән беріледі?

Биыл - мерейтойлық датаға толы жыл. Солардың

бірі - ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың бірегей

үлгісіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының

25 жылдығы. Маңызды мерекеге әзірлік жайын білмек

мақсатында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы

хатшылығының меңгерушісі, төраға орынбасары

Айнұр Мақсұтқызы Сәрсенбаевамен тілдескен едік.

ҚАМҚОРЛЫҚ

Облыстағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға жаңа

форматтағы АӘК тағайындалуда. Жыл басынан бері

600-дей көпбалалы отбасы жәрдемақы алуға өтініш

берген. Биыл 5700 көпбалалы отбасы әлеуметтік

көмек алады деп жоспарлануда.

5700 отбасы

көмек алады

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

- Айнұр Мақсұтқызы,

Ассамблеяның ширек ғасырлық

атаулы күніне де аз қалды.

Әзірлікті бастап кеткен боларсыздар?

- Еліміздің ерекше қоғамдық

институтына айналған Қазақстан

халқы Ассамблеясы 1995 жылы

1 наурызда Елбасының бастамасымен

құрылған болатын. Содан бері,

міне, қоғамға қажетті құрылым екенін

дәлелдеп отыр. Елімізде Қазақстан

Республикасы Конституциясының

және Қазақстан халқы Ассамблеясының

25 жылдық мерейтойлық

даталарын атап өту бойынша

Ұлттық жоспар түзілгені белгілі.

Сол құжатқа сәйкес біз өзіміздің

облыстық жоспарымызды жасадық.

Мұнда ауқымды шаралар жоспарланды.

Оның ішінде ассамблеяның

қоғамдағы орнын, ұлтаралық

татулыққа қосқан үлесін айшықтауға

бағытталған халықаралық конференциялар

өткізу көзделіп отыр.

Ассамблеяның Төрағасы – Елбасының

рөліне маңыз берілмек. Яғни,

елімізде бірлік пен татулықты сақтау

жолында Тұңғыш Президенттің

еткен ерен еңбегіне көңіл бөлінеді.

Республика көлемінде «Елбасы

жолымен» атты жоба - экспедиция

жоспарланған. Жобаның

мақсаты Елбасының еліміздің

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

дамуына қосқан үлесі кеңінен

насихатталмақ. Оған қатысушылар

Нұрсұлтан Әбішұлының туған жері

Шамалғаннан бастап, жүріп өткен

жолы, қызмет еткен ұйымдарын

аралайды, етене араласқан азаматтармен

тілдеседі. Осылайша,

естеліктерге кеңінен куә болмақ.

- Енді аймағымызда атқарылатын

шараларға ойыссақ...

- Облыстық 25 этномәдени

бірлестік бар. Әрқайсысы мерейтойлық

жылға жоспарларын жасап,

ұсыныстарын білдірді. Елеп-екшеп,

ең ерекше, ең маңыздылары

таңдалды. Оған облыстық көлемдегі

ғана емес, халықаралық деңгейдегі

іс-шаралар да енді. Мерейтойлық

жылдың, әлбетте, салтанатты

ашылуы болады. Наурыз айында

Ассамблеяның республикалық, одан

кейін облыстық сессиясы өтеді.

Дәстүрлі этнофестивальдеріміз

де биыл сән-салтанатымен

25 жылдыққа орайластырылады.

Жаздың демалыс күндері

ұйымдастырылатын фестиваліміз

де жалғасады. Былтыр әртүрлі

тілде бесік әндерінің «Бесік жыры»

фестивалін қолға алған болатынбыз.

Бұл бастаманы биыл

республикалық деңгейде өткізуді

жоспарлап отырмыз. Сонымен

қатар, Ассамблеяның жастар

қанатымен бірлесіп, еріктілер

Қош бол, ПИК...

Былтыр 26 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша ҚР

кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы» Заңға қол қойғаны белгілі. Оған сәйкес, үйді басқару

формасын меншік иелері өздері анықтайды.

орталығын ашпақпыз.

- 25 жылдыққа орай қандай

ерекше жобалар жоспарлануда?

- Жобаларымызды 2020

жылғы мерейтойлық даталармен

орайластыруға мән бермекпіз.

Мәселен, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың

туған жері - Қасқабұлаққа барып,

зираты орналасқан Жидебайда

ауқымды шара ұйымдастырсақ

деген ойымыз бар. Облыстық

Қазақстан халқы Ассамблеясының

күндерін өткізбекпіз. Абай атамыз да

бірлік пен татулықты көп жырлады

ғой. Сондықтан, біздің ұйыммен

түпкі мақсаты ұштасып жатқанын

көрсетсек дейміз. Жыл сайынғы

«Сабатой» мерекесін де ағымдағы

жылы дәл осы ұлы ойшылдың

отанында ұйымдастыру ұсынылып

отыр. Оны уақыт, қаржылық жағдай

көрсетер. Сондықтан бұл жоспар

әлі қарастырылады.

Аймағымызда халықарлық фестивальдер

де өтеді. Мәселен, «Фин-угор»

фестиваліне Коми, Удмуртия, Тува

елдері өкілдері қатысады деп

күтілуде. Бұдан басқа да жобажоспарлар

жетерлік. Жалпы, әрбір

шарамыз елдегі бірлік пен татулықты,

тыныштықтың түп-төркініне үңіліп,

насихаттауды көздейді.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан –

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар

қызметіндегі брифингте

айтылды. Облыстық жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы

басшысының орынбасары Гүлнәр

Әлімованың айтуынша, көпбалалы

отбасыларға кірісіне қарамастан

мемлекеттік жәрдемақы төленуде.

Мұндай көмек аймақ бойынша

5700 көпбалалы отбасына

тағайындалған. АӘК жағдайы

төмен отбасыларға беріледі.

Әлеуметтік көмек мөлшері

отбасының әр мүшесі үшін орташа

жан басына шаққандағы табыс

пен отбасының әрбір мүшесінің

ең төменгі күнкөріс деңгейінің

70%-ның арасындағы айырманы

құрайды.

Жаңа әлеуметтік көмектің

басты шартының бірі – еңбекке

қабілетті отбасы мүшелері

жұмыс істеуге міндеттелмек.

Егер азамат мекеме ұсынған

жұмыстан негізсіз бас тартатын

болса, әлеуметтік көмектен тек

ол ғана емес, толықтай отбасы

айрылады. Осы мақсатта ағымдағы

жылы 2000-нан астам еңбекке

қабілетті азаматты жұмыспен

қамту шаралары жүргізілмек.

АӘК-тегі тағы бір өзгеріс –

кепілдендірілген әлеуметтік

пакет. Бұл әлеуметтік топтама

тек атаулы әлеуметтік көмек алатын

отбасылардағы 1 жастан 18 жасқа

дейінгі балаларға беріледі.

- Кепілдендірілген әлеуметтік

пакеттің екі түрі бар, олар баланың

жасына байланысты. 1 жастан

6 жасқа дейінгі балалар үшін азықтүлік

тауарлары мен тұрмыстық

гигиеналық тауарлары қарастырылған.

Азық-түлік тауарлары

түрлі жарма, пюре, шырын, сүт

және т.б. қамтиды. Бұны азықтүлік

өнімдерін темір мен басқа

да дәрумендердің, минералдардың

жетіспеушілігін ескере отырып,

Денсаулық сақтау министрлігі

ұсынды. Азық-түлік жиынтығын

балалар ай сайын алатын болады.

Тіс пастасын, балаға арналған щетка,

кір жуатын ұнтақ, сабын сияқты

тұрмыстық тазалық құралдары

тоқсанына бір рет ұсынылады.

Әр балаға бір пакеттен беріледі,

- дейді Г.Әлімова.

Бұдан бөлек, 6 жастан

18 жасқа дейінгі балалар үшін

ыстық тамақ, мектеп киімдері мен

оқу құралдарын сатып алу, жол

жүру шығындарын өтеу, сондай-ақ

тегін медициналық қызмет көрсету

қарастырылған. Мектеп жасындағы

балаларға әлеуметтік топтама оқу

жылының соңына дейін мектеп

тарапынан беріледі. Ал азық-түлік

жиынтығы мен химиялық тауарлар

жергілікті атқарушы органдар арқылы

үлестіріледі.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Уақыт қажет

Достық үйінде өткен облыстық қоғамдық

кеңес төралқасының кеңейтілген отырысында

аталған мәселе егжей-тегжейлі

талқыланды. Жаңа заң 10 қаңтардан бастап

күшіне енгендіктен әзірге нақты ережелер

белгісіз. Азаматтардың құқықтары мен заңды

мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

Сергей Гуляев осы уақытқа дейін пәтер

иелері кооперативі қызметі тиімсіз жұмыс

істегенін айтады.

- Кондоминиум нысандарын ұстау үшін

ПИК-тер (Пәтер иелері кооперативі) пәтер

иелерінен ай сайын жарналық және мақсатты

қаржы жинайды. Бұл қаржының қалай

жұмсалатыны туралы ПИК төрағасы мен

бас есепшісінен басқа тірі жан білмейді.

Ережеге сәйкес, қаржының бір бөлігі ПИК

қызметкерлерінің жалақысына және кондоминиум

нысандарының қалыпты жұмысын

қамтамасыз етуге жұмсалса, белгілі бір

бөлігі тозығы жеткен коммуналдық желілерге

күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін

жинақталуы керек еді. ПИК өкілдерінің

тұрғындар алдында есеп беру мәселесі

де жайына қалды. Жаңа заң қаражаттың

қандай мақсатта жұмсалғанын, яғни, жұмыстың

ашықтығына көз жеткізуге мүмкіндік бермек.

Заң жобасында ПИК ұғымының орнына МИБ

(Мүлік иелерін біріктіру) құру қарастырылған.

Бірақ, жаңашылдықтың енгізілуіне әжептәуір

уақыт қажет. Себебі, әр үйдің жеке заңды

тұлға мен басқару органын анықтауы оңай

шаруа емес, - дейді С.Гуляев.

Бір белгілісі, тұрғындардан жиналатын

қаржы мөлшері көбейеді. Себебі, басқарушы

және сервистік қызмет көрсететін мекеменің

еңбегі үшін жарна төленуі керек. Бұл ретте,

жиынға қатысқан ПИК ассоциациясы өкілдері

тұрғындардан қаражат жинау мәселесі

оңайлыққа түспейтінін атап өтті. Қазірдің

өзінде пәтер иелерінің берешегі аз емес.

Жеке заңды тұлға ретінде кәмелеттік

жасқа толған кез келген азамат үміткер

бола алады. Олар арнайы кәсіптік оқытудан

өтпек. Әзірге оқыту жұмыстарымен кімдер

айналысатыны белгісіз.

Жиынға қатысқан облыс әкімінің бірінші

орынбасары Ұлан Жазылбек алдағы уақытта

мұндай жиындар жиі өткізіліп, жаңашылдықтың

жай-жапсары талқылатынын жеткізді.

Шіркеймен

«майдан» жалғасады

Кеңейтілген отырыста қаралған екінші

мәселе дезинсекциялық шаралардың тиімділігі

жайлы болды. Облыстық қоғамдық кеңестің

төрағасы Тито Сыздықовтың айтуынша,

қазір тұрғындар арасында екіұдай пікір

қалыптасқан. Бірі – шыбын-шіркеймен

күрес жұмыстары жалғасу керек десе,

кейбіреуі қомақты қаражаттың суға сіңіп

жатқанын алға тартады.

Облыстық энергетика және тұрғын

үй-коммуналдық шаруа-шылық басқармасының

басшысы Мұрат Әбілқалықовтың мәліметінше,

былтыр шыбын-шіркеймен күресуге облыстық

Сурет ғаламтордан алынды.

бюджеттен 602,3 миллион теңге қаражат

бөлінген. Бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігі

91 пайызды құраған. Биыл да облыстық

бюджеттен сонша көлемде қаражат бөлу

қарастырылған. Қазірдің өзінде қажетті

биологиялық тауарлардың тізімі жасалып,

жұмыс бағыттары айқындалған.

Облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері

дезинсекциялық шаралардың маңыздылығын

айта келе, жұмыстардың қарқынды жалғаса

беруін қолдайтындарын жеткізді.


SARYARQA SAMALY

ТІРШІЛІК 14 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл 5

МӘСЕЛЕ

Әйел жыласа,

көңіл құлазыр...

Отбасының іргесін ірітіп, ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындауына

көп жағдайда алкогольдік ішімдік себеп болатынын білеміз. Бірақ соңғы уақытта

қызғаныштың да салдарынан шаңырақ шайқалуда. Жанұядағы береке мен

ауызбіршіліктің жоқтығынан отбасылар ажырасып, балалар толық емес жанұяда

тәрбие көруде. Бұл сезім бе, ауытқу ма?

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Сандар

сөйлесін...

Қоғамды алаңдатқан мәселеге

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаев ерекше назар аударған

болатын. Президент Қазақстан

халқына Жолдауында әйелдерге

қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық

әрекетіне барғандарды қатаң жазалауды

тапсырды.

Өткен жылдың соңында

облыстық полиция департаменті

басшысының есебін тыңдаған

аймақ басшысы Болат Бақауов

отбасындағы жанжалды азайту

мақсатында учаскелік инспекторларға

бірқатар тапсырма берген болатын.

Әсіресе, өзіне бекітілген көшедегі

үйлерді аралап, ішімдікке тәуелді

адамдармен жұмысты күшейтуді

жүктеді.

Шындығында үй ішінде үрей

тудыратын отбасылық жанжалдың

саны азаяр емес. Тұрмыстық зорлықзомбылық

мәселесі өзектілігін жоймай

келетіні өкінішті. Өткен жылы өңірде

тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері

32,2 пайызға артқан. Облыстық

полиция департаментінің басшысы

Нұрлан Мәсімовтің сөзінше, 2019

жылы 78 отбасы жанжалы тіркелген.

2018 жылы бұл көрсеткіш 59-ды

құраған. Жантүршігерлік оқиғалардың

басым көпшілігі Павлодар, Екібастұз

қалалары мен Ақтоғай, Баянауыл,

Железин, Май, Успен, Павлодар

аудандарында тіркелген.

- Тұрмыстық зорлық-зомбылық

фактіле-рінің 73 пайызы жұмыссыз

жүргендердің әрекетінен болған.

Яғни, отбасындағы жанжалдың туындауына

тұрақты қызметі жоқтар

себеп болуда. Бұдан бөлек, қылмыстардың

63 пайызы ішімдік салдарынан

орын алған. Жоғарыдағы

78 фактінің 49-ы ащы суға тойып

алғандардың әрекетінен пайда болған.

Өңірде профилактикалық шаралар

ауқымды түрде жүргізілгенімен,

мәселе өзекті күйде қалып отыр, -

дейді Н.Мәсімов.

Қызғаныштың

қасіреті

Облыс орталығында Қамзин

көшесі, 20-үй мекенжайында

орналасқан аналар мен балаларды

бейімдеу орталығы 18 адамға

шақталған. Бұл орынды панасыз

қалғандар мекендейді. Қазіргі уақытта

аталмыш орталықта жанұяның

жылулығына бөлене алмаған

20 әйел тұрақтауда. Павлодар

қаласы полиция басқармасы

әйелдерді зорлық-зомбылықтан

қорғау тобының аға инспекторы,

полиция майоры Бақытжан

Турсаринова паналаушылардың

қатары көп жағдайда шамадан

тыс артатынын айтады.

- Өңірде тұрмыстық зорлықзомбылық

мәселесі өзекті күйде

қалып отыр. Отбасының ойран

болуына ішімдік, жұмыссыздықпен

қатар қызғаныш сезімі де себеп

болуда. Ақтөбе, Тараз қаласынан

көмек сұрап келген әйелдер де болды.

Ең сорақысы, қызғаныштың салдарынан

облыс орталығында әйелін

қамауда ұстаған фактілер де орын

алды. Күйеуі әйелін биіктігі 3 метр

қоршаумен қоршалған үйге қамаған.

Үйді кілтімен ашып, жағдайын біліп

тұрған. Абырой болғанда, жолдасынан

зәбір көрген әйел қашып

шығып, құқық қорғау органдарынан

көмек сұрайды. Бүгінде

ол жұмысқа орналасты, баласымен

жеке пәтер жалдап тұрады.

Жолдасымен ажырасты. Күйеуі заң

алдында жауапқа тартылды, - дейді

Б.Турсаринова.

Отбасынан қорлық көрген әйелдер

үшін полицияның көп арналы «102»

нөмірі мен 87057072879 ұялы телефоны

үздіксіз жұмыс істейді. Полиция

майорының айтуынша, дүйсенбіжұма

аралығында жедел қызмет

көрсету орталығына 5-6 шақырту

түссе, демалыс күндері қоңыраулар

саны 10-15-ке артады екен.

- Зорлық-зомбылық жағдай

тұрмысы төмен отбасыларда ғана

Түйін:

орын алады деп ойлауға болмайды.

Лауазымды қызметте жүрген

әйелдердің отбасында да ұрыскеріс

жиі орын алады. Шаңырақтың

шайқалуы қаншама баланың жетім

қалуына себеп болады. Бізге келіп

түскен арыздардың ешқайсысы

қараусыз қалмайды. Бәрін жіті

қадағалаймыз. Өкінішке қарай,

көмек сұрап келетін әйелдердің

басым көпшілігі - азаматтық некеде

тұратындар. Жолдасының мінезін

толық танып-білмей, бірге тұруға

келісім беріп жатады. Ерте шешім

қабылдаудың соңы осындай жағдайға

ұласып, өзегін өкінішке толтырады,-

дейді Б.Турсаринова.

Жұмыс

жүргізілуде

Өткір мәселені азайту мақсатында

қалалық полиция басқармасының

өкілдері аналар мен балаларды

бейімдеу орталығының

мүшелерімен бірлесіп, түрлі акцияларды

ұйымдастырады. Бұл ретте

8-11-сыныптар арасында отбасылық

құндылықтарға байланысты сауалнама

жүргізіліп, тренингтер, семинарлар

өткізіледі. Бақытжан Турсаринованың

айтуынша, мектеп ұстаздарының

қатысуымен «Дөңгелек үстел»

ұйымдастырылды. «Отбасындағы

зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»

тақырыбында ата-аналар жиналысы

өткізіліп, сенім телефоны

жазылған буклеттер таратылды. Бұдан

бөлек, 10-11-сынып оқушылары мен

колледж студенттерінің қатысуымен

тұрмыстық зорлық-зомбылық

профилактикасына қатысты заң

талаптары түсіндірілген. Акция

аясында жергілікті полиция

қызметкерлерінің көмегімен

23 адамға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық

Кодексінің 73-бабына

сәйкес, қорғау нұсқамасы берілді.

Қалалық соттың көмегімен

отбасылардың арасында 38 кездесу

өткізіліп, 27 жанұя қайта тіл табысты.

Жоғарыда күрмеулі мәселемен

күресу мақсатында аймақ басшысы

бірқатар міндет жүктегенін атап

өткен едік. Бұл тапсырмаға сәйкес

облыстық полиция департаментінің

қызметкерлері рейд шараларын

ұйымдастыруда. Департаменттің

мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары

биылғы жылдың алғашқы 4 күні

ішінде тұрмысы төмен 42 отбасыны

аралаған. Өкінішке қарай,

бірқатар жанұяның аналары мен

әкелері ішімдік ішкен күйде көзге

түскен. Олардың үйінде балаларға

жағдай жасалмағаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде ата-ана құқығын

дұрыс сақтамағаны үшін 5 адам

әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

4 күннің ішіндегі көрсеткіш осындай

болса, жағдайдың алаңдатарлық

екенін анық көруге болады.

Отанның тірегі – отбасы, дейміз. Әлі күнге дейін

бұзақының қас-қабағына қарап, әр күнін қорқынышпен

өткізіп жүрген әлсіз жандар бар. Мейірім мен жылуға

зәру бала есейгенде әкесінің ісін қайталай ма деген

ой келеді. Ата-анасынан мейірім көрмеген баланың

болашағы не болмақ? Сондықтан үй ішінде үрей

болмаса екен дейміз...

Айсұлу Байысова –

өңіріміздің кәсіпкерлері

қатарына енді

ғана енген жас ана.

Жобасы да ерекше.

Ол шалғайдағы елді

мекен тұрғындарын

күнделікті тұтынатын

тауарлармен қамтуды

жөн көріпті. Тіпті,

дүкеннің бағытын

әлеуметтік етуге де

маңыз берген.

Қалауына

қол

жеткізді

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Айсұлудың меңгерген мамандығы – сарапшы-бағалаушы. Біраз

уақыт Шарбақты аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде

іс жүргізуші болып еңбек еткен. Ол бұрыннан жеке іс бастауды

армандайды. Іштегі арманы әрдайым маза бермейтін көрінеді.

Сөйтіп, тұңғышымен декреттік демалысқа шығарда тұрақты

жұмыстан бірден қол үзіп, болашағын жеке кәсіппен байланыстыруды

жөн көреді. Таныстарынан естіген «Еңбек»

бағдарламасының бір тармағы – «Бастау» жобасына жүгінеді.

- Таныстарымнан кәсіп ашуға ниетті азаматтарға мемлекеттен

қолдаудың көптігін естідім. Толық ақпарат алу үшін

аудандық жұмыспен қамту орталығына бардым. Қажетті

құжаттар, талаптар жайында сұрап- білдім. Бизнестің негізін

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында

үйрендім. Мұнда бір ай «Бастау» жобасы аясында

білім алдым. Бизнес-тренерім Әйгерім Әмірхановадан кәсіп

жүргізудің қыр-сырын меңгердім, - дейді Айсұлу Байысова.

Курстан өткені жөнінде қолына сертификат тиген соң

мемлекеттік көмек – грант алуға өтінім білдіреді. Сөйтіп,

100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көмек, яғни

252 мың теңге алады. Айсұлудың кәсібі әлеуметтік маңызды

болғандықтан, жергілікті әкімдік те қолдау көрсеткен. Нақтысы,

талай жыл Сынтас ауылында қаңырап тұрған бұрынғы

дүкен ғимаратын жас кәсіпкерге береді. Осылайша, «Саида»

жеке кәсіпкерлігін құрып, әлеуметтік дүкеніне «Асыл» деген

атау береді.

- Ғимараттың берілуі де - бізге көп көмек. Өз қаражатымызға

нысанды толық жөндеуден өткіздік. Мемлекеттен алған

қайтарымсыз қаржыға дүкенге қажетті жабдықтар сатып

алдық. Қазіргі таңда дүкенімде өзім сатушымын. Атаанамыз,

жолдасым жәрдемдесіп тұрады. Алдағы уақытта екі

адамды жұмыспен қамту ойда бар, - дейді жас кәсіпкер.

«Асыл» дүкенінде бүгінде азық-түлік және тұрғындар

күнделікті тұтынатын шаруашылық тауарлары сатылады.

Ресеймен шекарада орналасқан шағын ғана Сынтас

ауылында қазіргі таңда 70 шақты үй бар. Оларға қыста

азық-түлік тасу қиынға соғады. Сондықтан кейбірі бір апта

тұтынатын нанды бірден жеткізіп әкелуге мәжбүр. Енді

ашылған дүкеннен ауылдықтарға жаңа піскен «ас атасын»

күнделікті алып тұруға мүмкіндік туды. Дүкен әлеуметтік

деген мәртебеге ие болғандықтан, кәсіпкер бағаны да

барынша соған лайық етуге тырысатын көрінеді.

- Ісімді ашуға, әлбетте, мемлектетік бағдарлама түрткі

болды. Ниет болса, әр нәрсенің жолын табуға, кез келген

кәсіпті дөңгелетіп әкетуге болатынына көзім жетті. Сондықтан,

замандас-тарымды бизнеске бет бұрудан қорықпауға шағырар

едім, - дейді жас кәсіпкер.


6 14 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл РУХ

SARYARQA SAMALY

ТЕАТР

«Жас Абайды» күтіңіздер!

- Ерлік Тілеуқұлұлы, биыл театр

үшін тарихи жыл. Театр шымылдығын

түріп, көрерменмен бірге жасап келе

жатқанына 30 жыл. Осы айтулы датаға

дайындықтарыңыз қалай?

- Иә, дұрыс айтсыз, 2020 жыл театр

үшін жеңісті әрі жемісті жыл болмақ.

Себебі, театрдың құрылғанына биыл

30 жыл толады. Қазіргі таңда біздің ұжым

ӘДЕБИЕТ

2020 жыл еліміз үшін мерейлі мерекелерге толы болмақ. Іргелі

мерейтойларды атап өтуге Павлодар жұрты да үлес қоспақ.

Бұл қатарда облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкадрама

театры «Жас Абай» қойылымын ұсынбақ. Бұл туралы

театрдың көркемдік жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі»

Ерлік Жуасбекпен тілдескен едік.

мерекеге орай қызу дайындықты бастап

кетті. Мұнда өтетін мәдени шаралар мен

жаңа қойылымдардың жөні бір бөлек,

естеріңізде болса бізге өткен жылдың

соңында облыс әкімі Болат Жұмабекұлы

осы айтулы датаға орай театрға күрделі

жөндеу жүргізуге қомақты қаржы бөлгізген.

Алдағы уақытта өнер ұжымы толықтай

жаңарып, өзгеше сипатқа енетін болады.

Осы мақсатта жұмыстар атқарылып жатыр.

Сонымен қатар, аймақ басшылығының

қолдауымен қыркүйек-қазан айларында

30 жылдыққа орай республикалық театрлар

фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз.

Бұдан бөлек, мерекеге орай атқарылатын

өзгеде іс-шаралардың жоспары әзірленіп

жатыр. Жалпы айтқанда, 30 жылдықты

ел есінде қаларлықтай етіп өткізу үшін

барынша дайындалып жатырмыз.

- Көрермен көңілінен шығатын

қандай қойылым әзірлеудесіздер?

- Негізі өнер адамдары ешқашан бір

орында тұрақтап қалмайды ғой. Мерекеге

орай дайындық бір бөлек. Бұл ретте біз

өзіміздің көрермендерімізді де ұмытқан

жоқпыз. Алдағы уақытта өңір жұртшылыған

өзіміздің тың туындыларымызбен қуанта

беретін боламыз. Театрдың кішкентай

көрермендерін тамаша жаңалық күтіп тұр.

Яғни, 3 жастан асқан балғын бүлдіршіндерге

арнап, Семей қаласындағы Абай атындағы

Қазақ мемлекеттік музыкалық драма

театрының режиссері Айдын Салбанды

арнайы шақыртып, қуыршақтар қойылымын

қоймақ ниеттеміз. Бұл өңірімізде алғаш рет

эксперимент түрінде өтеді. «Ойыншықтар» деп

аталатын пьесаның авторы әрі режиссері -

Айдын Салбанның өзі. Режиссермен

келіссөз нәтижесінде, ақпан айында

спектакльді бастау жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, қазақтың бас ақыны, ұлы

ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының

175 жылдығына орай, театрымыздың

бас режиссері Әділет Ақанов, авторлар

К.Ахметов, Ж.Хаджиевтің «Жас Абай»

қойылымын сахналамақ ниетте. Бұдан

бөлек те жоспарларымыз көп. Алдағы

уақытта көрерменді жаңа қойылымдармен

қуантатын боламыз.

- Ерлік, сөз басында театрға күрделі

жөндеу жұмыстары жүргізілетінін

айттыңыз. Ол қашан басталмақ?

- Күрделі жөндеу жұмыстарын сәуірмамыр

айларында бастауды жөн көріп

отырмыз. Осы уақыт аралығында театр

ұжымы еліміздің бірқатар қалаларына

гастрольдік сапар ұйымдастырмақ ниетте.

Атап айтар болсақ Нұр-Сұлтан, Көкшетау

сынды қалалардан әзірден бастап шақыртулар

келіп түсуде. Негізі бұл үрдіс театрымыздың

дәстүріне айналған шаралардың бірі. Өткен

жылы естеріңізде болса, араға 23 жыл

салып алматылық көрермендерімізбен

қауышқан болатынбыз. Тағы бір жоспарымызды

айта кетсем, театр жөндеу

жұмысына жабылатын 2 айда труппаны

шет мемлекеттерге шығарып, тәжірибе

алмастыру жоспары қарастырылып жатыр.

Егер бұл ойымыз жүзеге асатын болса,

әртістердің практикалық тұрғыдан дамуына

үлкен септігін тигізер еді.

- Соңғы жылдары Павлодар

өңірінде театрлар фестивалі мүлдем

ұйымдастырылмаған екен. Бұл

ауқымды шараны өткізу театрдың

30 жылдығы аясында жүзеге асатыны

қуанарлық іс екен...

- Театрдың 30 жылдық мерекесіне

орай, облыс әкімдігі және облыстық

мәдениет, тілдерді дамыту және архив

ісі басқармасының қолдауымен бұл шара

биыл өңірімізде өтетін болады. Қазіргі таңда

фестивальдің ережесі бекітілді. Аталмыш

шараға қатысатын өнер ұжымдарына белгілі

бір шектеу қойылмайды. Еркін форматта, кез

келген жанрда қойылымдарын сахналайтын

болады. Фестивальде еліміздегі айтулы

театрлар үздік қойылымдарымен қатысып,

бақ сынаспақ. Біздің басты мақсатымыз

- Павлодар тұрғындарына театр өнерінің

ерекше үлгісін көрсетіп, Ертіс-Баян өңірін

театр өнерінің қарқынды дамуына үлес

қосатын орталыққа айналдыру. Жұмыла

көтерсек, бұл да қолымыздан келетініне

сенемін.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

Жүсіпбектің шығармасы табылды

Жақында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург

Жүсіпбек Аймауытұлының «Күдіріс» атты

әңгімесі табылды. Аталған шығарма 1925 жылы

«Қазақ тілі» газетінде жарияланған екен. Бірақ

одан кейін аталмыш әңгіме бірде-бір баспасөз бетіне

жарияланбаған. Жазушының жеке шығармалар

жинағына да енбей қалыпты.

Бұл әңгіменің бар екенін

жүсіпбектанушы ғалымдар білмеді

десем, ағаттық болар. 1928 жылы

Смағұл Сәдуақасұлына берген анкета

жауабында Жүсіпбек Аймауытұлы

өзінің қандай шығармалар жазып

жатқанын, әр шығармасын қай

газет-журналға жариялағаны туралы

дерек берген. Алайда аты

аталғанымен, ғылыми айналымға

енбей, оқырманымен қауышпай,

жоғалып кеткен шығармалар да

жетерлік. Өз басым Жүсіпбек

Аймауытұлының аудармалары

бойынша ҰҒА академигі, алаштанушы

ғалым Дихан Қамзабекұлының

жетекшілігімен докторлық диссертация

қорғаған едім. Сондықтан

2012 жылдан бері Ж.Аймауытұлының

аудармаларына қатысты құжаттар

мен деректерді негізгі зерттеу

нысаныма айналдырғанмын. Зерттеу

барысында Ресей мемлекеттік

кітапханасының Мәскеудегі және

Химки қалаларындағы сирек

қолжазбалар қорына, Қытай

елінің Бейжің қаласындағы

Орталық ұлттар университетінің

кітапханасына, Америка Құрама

Штаты, Калифорния штатына

(Джек Лондоннан тәржімалаған

аударма мәтіндерінің түпнұсқасымен

жұмыс істеу мақсатында), Семей

қаласындағы «Қазіргі заман тарихы

құжаттама орталығына», «Семей

өлкетану музейінің» мұрағат қорына

және Қазақстан ұлттық кітапханасының

сирек қолжазбалар

қорында жұмыс істедім. Осы

секілді, тарихи дереккөз табылуы

мүмкін деген жерлерге арнайы

іссапармен бардым. Нәтижесінде

Ж.Аймауытұлының назардан қалып

қойған С.Чуйковтан аударған «Тау

еліндегі оқиға», К.Берковичиден

аударған «Тұқым», П.Дудоровтан

аударған «Молла Ирамидың кітап

жазуға қалай кіріскені» (асылы

Жәлаледдин Руми) атты тәржімалар

табылды. Аталған еңбектері төте

жазудан кирилл қарпіне аударылып,

алғаш рет ғылыми айналымға

енді. Сондай-ақ, Ф.Дюшеннен

тәржімалаған «Дәмелі» атты аудармасы

С.Дәуітұлының әзірлеуімен

1990 жылы «Парасат» журналында

жарыққа шығыпты. 1918 жылы

19 маусымда «Абай» журналында

жарияланған В.Гюгодан аударған

«Бейшаралар» атты тәржімасының

авторлығы дәлелденді. Осыған

дейінгі жинақтарына төл шығармасы

ретінде енген «Күмәжнек» (Әмиән)

атты әңгімесі Чеховтың «Бумажник»

атты әңгімесінің аудармасы екендігі

анықталды. Аталған мұра жазушының

аудармалар қорына қосылды.

Кезекті іздестіру жұмысымыз

барысында «Семейдегі өлкетану

музейінің» мұрағат қорынан «Күдіріс»

әңгімесі кезікті. Жалпы, Семей

мұрағатында алаш арыстарының

ашылмай жатқан біршама еңбегі

бар екенін алаштанушы ғалым

Тұрсын Жұртбай айтқан болатын.

Ағамыз бірде:

- Семейде Ж.Аймауытұлының

аудармаларынан басқа жоғалып

кеткен төл шығармалары бар.

Архивте жұмыс істесең, соларды

да қарай жүр», - деген болатын.

«Күдіріс» әңгімесі Семей газетінің

бірнеше санында бөлек-бөлек

жарияланған. Бастапқыда бір

бөлшегі жетпей, мәтін толық

болмағандықтан, жатып қалады.

Сөйтіп жүргенде, «Күдіріс» қысқа

ғана үзінді мәтін ретінде «Жылқышы»

деген атпен 2013 жылы жарық

көрген Ахмет Байтұрсынұлының

6 томдық шығармалар жинағының

2-томында жарияланады.

Екі мәтінді салыстырып қарасам,

айна-қатесіз бірдей. Оның үстіне

қолымдағы «Күдірістің» жетпей

,,

...1918 жылы 19 маусымда «Абай» журналында

жарияланған В.Гюгодан аударған «Бейшаралар»

атты тәржімасының авторлығы дәлелденді.

Осыған дейінгі жинақтарына төл шығармасы

ретінде енген «Күмәжнек» (Әмиән) атты әңгімесі

Чеховтың «Бумажник» атты әңгімесінің аудармасы

екендігі анықталды....

тұрған керек бөлігі дәл сол

«Жылқышы»-ның ішінде тұр. Ең

қызығы, «Жылқышы» деген атпен

шыққан мәтін - оқулыққа мәтін

талдау үшін берілген кішкентай

ғана бөлік. Осы бөлік жыртықтың

жамауындай тұтас шығарманы

көз алдыма әкелгенде, қайран

қалдым... Әңгіме бүтінделген соң,

А.Байтұрсынұлының оқулығында

жүрген «Жылқышы» әңгімесінің

авторлығын іздестірдік. Осылайша

жинақты баспаға дайындап,

шығарғандардың бірі – алаштанушы

ғалым Айгүл Ісмақоваға

хабарластық: «Біз жинақты

шығарғанда А.Байтұрсынұлы мен

Т.Шонанұлының құрастыруымен

шыққан «Оқу құралын» түпнұсқадан

өзгертпей, қаз-қалпында төте

жазудан кириллицаға аудардық.

Түпнұсқада «Жылқышы» деп

жазылған қысқа әңгіменің авторы

көрсетілмеген еді. Оқулықты

құрастырушы Ахмет Байтұрсынұлы

болғандықтан, аталмыш әңгіменің

А.Байтұрсынұлы шығармалар

жинағында жарық көруі заңды», -

деді ол. Ол кезде оқу құралдарына

енген жинақтардың авторы

көрсетілмей қалуы жиі кездесетін

жайт еді.

«Күдіріс» дайын болған соң

үлкен жазушылар мен ғалымдардың

пікірін білмекке алаштанушы және

әуезовтанушы ғалым, филология

ғылымдарының докторы Тұрсын

Жұртбай ағамызға бардым. Мәтінді

қарап шығып, былай деп алғысөз

жазды: «Жүсіпбек Аймауытовтың

шығармаларын қазірге қалдырған,

архивтанушы-ғалым Бейсенбай

Байғалиев жазушының үш

әңгімесін Семей мұрағаттары

мен мұражайынан тауып, оның

ішінде осы «Күдіріс» әңгімесі де

бар, кезінде баспасөзге ұсынған

еді. Бірақ жарияланбай, сол күйінде

жоғалып кетті. Қарлығаш Әубәкірдің

бұл жарияланымы – өте олжалы іс».

Осы арада назар аударар тағы

бір мәселе бар. Ол - «Күдірісті» алғаш

тапқан - белгілі ғалым Бейсенбай

Байғалиев» деген дерек. Рас. Алғаш

тауып, көрсетіп кеткен - Бейсенбай

Байғалиев. Әттегенайы – жариялап

үлгермеген. Енді Бейсенбай

Байғалиевтің еңбегі болса, атаусыз

қалған ғалымның еңбегін иеленіп

кеткендей болмаймыз ба деген

ішкі сауал туындады. Сөйтіп,

Бейсенбай Байғалиев туралы

мәлімет іздеп, Ғарифолла Әнес

ағамызға хабарластым. Бір істі

ұзаққа соза берсең, созыла

береді екен. Дерек өте аз. Өстіп

жүргенде, тағы да қалып қоя ма

деген оймен, не болса да көркем

шығарманың авторы – жазушы

Жүсіпбек Аймауытұлының да,

бірінші тапқан ғалым – Бейсенбай

Байғалиевтің де аттарын атап

жарыққа шығардық. Мүмкін алдағы

уақытта тағы бір тарқатып жазармын

деген ой бар.

Қорыта айтар болсам, Мәскеу,

Алматы және Семей мұрағаттарында

әлі жарыққа шықпаған құжаттар бар.

Ендеше, енді шығып келе жатқан

жас ғалымдар өз тақырыптары

бойынша жұмыс істесе, қазына

жетерлік. Ендігі мақсат - осы

жаңадан табылған дүниелерді

топтастырып, Ж.Аймауытұлының

аудармалар жинағын шығару. Тіпті,

толық шығармалар жинағын қайта

басып шығарсақ артық емес. Аруақ

алдындағы бір парыздың өтелмегі

сол болар еді...

Қарлығаш ӘУБӘКІР,

филология ғылымдарының

PhD докторы, Семей қаласы.


SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 14 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл 7

СЕМИНАР

Жобалық кеңсе

таныстырылды

Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы қызметі облыстық тауарлар

мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін

бақылау департаментімен және ақпараттықағартушылық

штабымен бірлесіп медицина

және фармацевтика қызметкерлеріне

арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы

тақырыптық семинар өткізді.

Семинарға фармацевтикалық қызметкерлер, дәрідәрмекпен

қамтамасыз ету мәселесі бойынша емдеуалдын

алу ұйымдары бас дәрігерлерінің орынбасарлары,

облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы

және «СК-Фармация» ЖШС өңірлік өкілі қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесінің

басшысының бірінші орынбасары Ардақ Балғожин біздің

қоғамымыз үшін әлеуметтік маңызды болып табылатын

фармацевтикалық және медициналық салалардағы парасаттылық

қағидаттарын сақтау қажеттігін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция

және парасаттылық басқармасының бас маманы Сансызбай

Мирас семинарға қатысушыларға 2019 жылы қарашада

«СК-Фармация – Адалдық алаңы» ЖШС дәрілік заттар

мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы

базасында ашылған «СК-Фармация» жобалық кеңсесімен

таныстырды.

Семинар барысында спикерлер «СК-Фармация – Адалдық

алаңы» жобалық кеңсесі қызметінің өзектілігі, фармацевтика

саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту,

фармацевтикалық ұйымдардың қызметіне парасаттылық

қағидаттарын енгізу, сондай-ақ фармацевтика саласындағы

бұзушылықтар мен шағымдарды талдау мәселелерін

қарастырды.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттықағарту

штабының басшысы Алма Қозбаева іс-шараға

қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы

қоғамдық ұйымдардың рөлі туралы хабардар етті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша фармацевтикалық және

медициналық қауымдастығының төрағасы Зәуре Қажинова,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және тауарлар мен

қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті

арасындағы өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол

қоюды ұсынды. Бұл ұсынысты семинарға қатысушылар

қолдады. Қорытынды сөзінде тауарлар мен қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының

орынбасары Әлия Шұғайыпова қатысушыларға алғысын

білдіріп, денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа

қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданған

шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Тиімді жарнама!

«HALYQ RADIOSY» - 100.5 FM толқыны өз жарнамаңызды

«Бизнес FM» бағдарламасында орналастырудың ерекше

мүмкіндігін ұсынады. Дыбыс роликтерін әзірлеу және жалға

беру бағасы 3000 теңгеден бастап, ал хабарландырудың

әрбір сөзі үшін 100 теңге, 10 сөзден асса, бағасы 80 теңге

болады. Жарнамаңыз күніне 24 рет шығып, тыңдаушылардың

90%-дан астамын қамтиды. Бұл жарнама беруші үшін ең

тиімді де нәтижелі болатыны сөзсіз! «HALYQ RADIOSY»

толқынындағы «Бизнес FM» бағдарламасы Сізді міндетті

түрде естиді!

Телефондарымыз: 66-15-40, 65-15-42.

Павлодар облысының әкімі өңірлік қаржы басқармасының

басшысы Нұрлан Дүйсембиновке әкесі

Шайқыслямнің

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып,

көңіл айтады.

Павлодар қаласы әкімінің жұмысы туралы

ұсыныстар, ескертулер мен пікірлер жинауға

арналған жәшіктерді орналастыру орындары

р/с

Ұсыныстар мен ескертулер

Ауылдар, кенттер,

жинауға арналған жәшіктердің

шағынаудандар атауы

орналасатын жері

Ауылдар мен кент

1 Павлодар ауылы Советская к-сі, 4, ауыл әкімдігі

2 Ленин кенті Макаренко к-сі, 3А, кенті әкімдігі

3 Мойылды ауылы Центральная к-сі, 5, ауыл әкімдігі

4 Жетекші ауылы Әуезов к-сі, 15, ауыл әкімдігі

5 Кенжекөл ауылы

Ата Заң к-сі, 3, ауылдық округінің

әкімдігі

6 Долгое ауылы

Долгое ауылының ойын-сауық

орталығы, Баспақов к-сі, 9

7 Байдала ауылы

Байдала ауылының ойын-сауық

орталығы, Қуанов к-сі, 19/2

8

9

Павлодар қаласының

әкімдігі

Павлодар қаласының

әкімдігі

Павлодар қаласы

Қайырбаев к-сі, 32

Кривенко к-сі, 25

10 «Nur Otan» партиясы ПҚФ Толстой к-сі, 57

11

Естай атындағы Мәдениет

сарайы

Конституция алаңы, 1

12 «Қазақстан алюминийі» АҚ Шығыс өнеркәсіптік аймақ, 65-құрылыс

13 «ПМХЗ» ЖШС Химкомбинатская көшесі, 1

14 «Квазар» СҮ Естай көшесі, 81

15 «Batyr mall» ССО Қамзин көшесі, 67/1

2020 жылға арналған Павлодар қаласы,

ауылдық округі, кент және ауыл әкімдерінің есеп

беру кездесулерінің

ЖЕЛІЛІК КЕСТЕСІ

Әкімшілікаумақтық

бірліктігі

Павлодар

қаласы

(Нүкенов

Қайрат

Теміршотұлы -

қала әкімі)

ДҮЙСЕНБІ СЕЙСЕНБІ СӘРСЕНБІ БЕЙСЕНБІ ЖҰМА

13 қаңтар 14 қаңтар 15 қаңтар 16 қаңтар 17 қаңтар

Кенжекөл

ауылдық округі,

Долгое ауылы,

ойын-сауық

орталығы,

сағат 11.00

(а/о әкімі –

Шуақбаев Серік

Ниязбекұлы

Байдала ауылы,

ойын-сауық

орталығы,

сағат 12.30

(а/о әкімі

Шуақбаев Серік

Ниязбекұлы)

Павлодар

ауылы,

№40 ЖОБМ,

Береговая к-сі,

60/1

сағат 15.00

(ауыл әкімі –

Рушанов

Сырым

Төкенұлы,

қала әкімі –

Нүкенов Қайрат

Теміршотұлы)

Кенжекөл

ауылдық округі,

Кенжекөл ауылы,

Мәдениет үйі,

Ата Заң к-сі

сағат 11.00

(а/о әкімі –

Шуақбаев Серік

Ниязбекұлы,

қала әкімі –

Нүкенов

Қайрат

Теміршотұлы

Қала әкімінің

Зеленстрой

ауданының

тұрғындарымен

есеп беру

кездесуі,

№37 ЖОБМ

Ворушин көшесі

6/2,

сағат 15.00

(қала әкімі –

Нүкенов Қайрат

Теміршотұлы)

Ленин кенті,

Жаяу Мұса

атындағы

мәдениет үйі,

Павлодарская

к-сі, 53А

сағат 11.00

(кент әкімі –

Алшимбаева

Маржан

Қадырқызы,

қала әкімі –

Нүкенов Қайрат

Теміршотұлы)

Қала әкімінің

Жаңаауыл

ауданының

тұрғындары

алдында есеп

беру кездесуі

Мәдениет үйі

6-шы Жаңаауыл

көшесі 6/1,

сағат 16.00

(қала әкімі –

Нүкенов Қайрат

Теміршотұлы)

20 қаңтар 21 қаңтар 22 қаңтар 23 қаңтар 24 қаңтар

Қала әкімінің

екінші

Павлодар

ауданының

тұрғындарымен

есеп беру

кездесуі,

Технологиялық

колледж

Я.Геринг

көшесі 78,

сағат 16.00

(қала әкімі –

Нүкенов

Қайрат

Теміршотұлы)

Жетекші ауылы,

Жетекші ауылы әкімі

аппаратының мәдени–

сауық орталығы,

Әуезов к-сі, 15

сағат 11.00

(ауыл әкімі –

Құрмантаев Есімхан

Құрмантайұлы, қала

әкімі – Нүкенов

Қайрат Теміршотұлы)

Қала әкімінің

Железнодорожников

ауданының

тұрғындары алдында

есеп беру кездесуі,

Мәдениет үйі

Кленовая көшесі

77 А,

сағат 15.00

(қала әкімі – Нүкенов

Қайрат Теміршотұлы)

Мойылды

ауылы,

«Мойылды

шипажайы» АҚ

Центральная

к-сі, 1

сағат 15.00

(ауыл әкімі –

Смағұлов

Ақылбек

Оңғарұлы,

(қала әкімі –

Нүкенов Қайрат

Теміршотұлы)

Қала әкімінің

Қоғамдық

кеңеспен

есеп беру

кездесуі

Павлодар

қаласының

әкімшілік

ғимараты

Қайырбаев

к-сі, 32

сағат 11.00

(қала әкімі –

Нүкенов Қайрат

Теміршотұлы)

Қала әкімінің

шағын

аудандарының

тұрғындарымен

есеп беру

кездесуі

«Колос»

мәдени-сауық

орталығы

Астана

көшесі,156

сағат 11.00

(қала әкімі –

Нүкенов Қайрат

Теміршотұлы

27 қаңтар 28 қаңтар 29 қаңтар 30 қаңтар 31 қаңтар

Қала әкімінің

«Алюминий

Казахстана»

АҚ еңбек

ұжымдарымен

есеп беру

кездесуі

«Алюминий

Казахстана»

АҚ әкімшілік

ғимараты

Шығыс

өнеркәсіптік

аймақ,

65-құрылыс

сағат 11.00

(қала әкімі

– Нүкенов

Қайрат

Теміршотұлы)

Қала әкімінің

«ПМХЗ» ЖШС

еңбек ұжымдарымен

есеп беру кездесуі

«ПМХЗ» ЖШС

әкімшілік ғимараты

Химкомбинат к-сі, 1

сағат 11.00

(қала әкімі – Нүкенов

Қайрат Теміршотұлы)

Қала әкімінің

шағын

аудандарының

тұрғындарымен

есеп беру

кездесуі

Қ.Әбусейітов

атындағы

мәдени-сауық

орталығы

Катаев көшесі,

44

сағат 11.00

(қала әкімі –

Нүкенов Қайрат

Теміршотұлы)

Қала әкімінің

шағын

аудандарының

тұрғындарымен

есеп беру

кездесуі

«Шаңырақ» ОХШ

мен МСҚО

Н.Назарбаев

даңғылы,

сағат 11.00

(қала әкімі –

Нүкенов Қайрат

Теміршотұлы)

3 ақпан 4 ақпан 5 ақпан 6 ақпан 7 ақпан

Қала әкімінің

қорытынды

есеп беру

кездесуі

Естай атындағы

ҚМС

Конституция

алаңы, 1

сағат 11.00

(қала әкімі –

Нүкенов Қайрат

Теміршотұлы)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 9980 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 49

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8

14 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл ИІРІМ

ТУРИЗМ

«Мырзашоқыға»

бардыңыз ба?

Бүгінде Баянауыл баурайында жазда ғана емес,

қыстың күндері де демалуға болады. Тіпті,

800 метр биіктікке көтеріліп, жалпы ұзындығы

1050 метр болатын аспалы жол арқылы тамсандыратын,

таң қалдыратын табиғатқа жоғарыдан

көз тастай аласыз. Ол үшін Мырзашоқы тау-шаңғы

кешеніне бару керек.

SARYARQA SAMALY

СПОРТ-АҚПАРАТ

Маусымға

әзірлік

ойдағыдай

Павлодарлық «Ertis» футбол

клубы Түркия жерінде

алғашқы оқу-жаттығу жиынын

бастады.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Қаражар ауылының қасында орналасқан кешен бүгінде күніне

1500-2000 адамды қабылдауға қауқарлы. Мұнда аспалы жол

арқылы жоғарыға көтеріліп, жоғарыдан шаңғы, сноуборд, тюбингтермен

құлдилай сырғанауға болады. Кешеннің меңгерушісі

Орынбай Өскенбаевтың айтуынша, қаңтар айының соңына дейін

демалушыларға қажет қосымша құралдар сатып алынады.

- Мырзашоқыдан аймағымыздың ғана емес, Нұр-Сұлтан қаласы

мен Қарағанды облысының тұрғындары жиі келеді. Ресейдің

Омбы облысынан кәсіби сноубордшылар да жаттығу жасайды.

Туристер санының артып келе жатқанын ескеріп, қосымша

100 шаңғы, 70 сноуборд, тюбингтер аламыз. Сонымен қатар,

демалушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жылыну орындарын,

қонақүйлер, дәмхана салу ойда бар. Ол үшін 70 млн.

теңге қаржы қарастырмақпыз. Жалпы, өткен жылдың маусым

айында тау-шаңғы кешенін сенімді басқаруға алған уақыттан бері

барлығы 35 млн. теңге инвестиция салдық, - дейді О.Өскенбаев.

Баянауыл аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің

басшысы Зейнолла Тәліпов былтыр қысқы маусымда Мырзашоқыға

5 мың адам келгенін айтты.

- Мырзашоқы тау-шаңғы кешенінде шаңғылар, сноубордтар,

тюбингтер тегін беріледі. Аспалы жол үшін ғана ақы алынады.

Ересек адамдар 500 теңге, 18 жасқа дейінгі балалар 250 теңге

төлейді. Ал 10 жасқа дейінгі балалар үшін тегін. 1050 метр

болатын аспалы жол бір сағатта 550 адамға қызмет көрсетуге

қауқарлы, - дейді З.Тәліпов.

Мырзашоқы тау-шаңғы кешені жергілікті тұрғындарды да жұмыспен

қамтып отыр. Қазіргі уақытта мұнда 14 адам тұрақты түрде еңбек

етеді. Орташа айлық жалақы – 100 мың теңге. Сонымен қатар,

қаражарлықтар түрлі қолөнер туындысын сатылымға шығарып,

сол арқылы табыс тауып отыр.

Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов Мырзашоқының

дамуы тұтас ауданның әл-ауқатын жақсартады деген сенімде.

- Биыл Қаражар ауылына таза ауызсу тарту мақсатында

бюджеттен 268 млн. теңге қарастырылды. Су құбырлары салынған

соң елді мекеннен тау-шаңғы кешеніне дейін 1,8 шақырым құбыр

тартамыз. Сөйтіп, Мырзашоқы сумен толықтай қамтылады. Бұл

өз кезегінде жасанды қар жасау техникаларының үздіксіз жұмыс

істеуіне, туристерге қызмет көрсететін орындардың көптеп ашылуына

оң ықпал ететін болады. Алдағы уақытта Мырзашоқыны қысқы

ғана емес, жазғы туризмнің де өзегіне айналдыру ойда бар, -

дейді аудан басшысы.

Суреттерді түсірген – Ілияс Қанат.

,,...Мырзашоқы тау-шаңғы кешенінде

шаңғылар, сноубордтар, тюбингтер

тегін беріледі. Аспалы жол үшін ғана ақы

алынады. Ересек адамдар 500 теңге,

18 жасқа дейінгі балалар 250 теңге

төлейді. Ал 10 жасқа дейінгі балалар

үшін тегін. 1050 метр болатын аспалы

жол бір сағатта 550 адамға қызмет

көрсетуге қауқарлы...

Қайрат АХМЕТОВ, Екібастұз қаласының тұрғыны:

- Біз өткен жылы Мырзашоқыға алғаш рет келген

едік. Араға бір жыл салып келгенімізде оң өзгерістерді

байқадық. Сервис айтарлықтай жақсарыпты. Балалар

үшін тюбингпен сырғанау, аспалы жолмен серуендеу қызық.

Үлкен ұлым екеуіміз шаңғымен, сноубордпен жоғарыдан

түскенді ұнатамыз. Бұл ретте сырғанауға қажеттінің

бәрі, тіпті арнайы киім мен қорғаныс құралдары тегін

берілетіні қуантады. Ендігі ретте демалыс орны ашылса,

жақсы болар еді. Себебі қазіргідей бірнеше сағатқа қана

емес, бірнеше күнге келетін мүмкіндік туады.

Баянауыл ауданы.

Белек қаласына орналасқан

Милан Миланович бастаған команда

жаттықтырушылары шетелдік футболшылардың

мүмкіндігін бақылауда.

Бұдан бөлек, павлодарлық жас аяқдопшыларға

шеберлігін дәлелдеуге мүмкіндік

беріліп отыр.

Соңғы ақпараттарға сәйкес, команда

сапына белорусь қақпашысы Сергей

Черник, грузин шабуылшысы Леван

Куталия, жартылай қорғаушы Пабло

Подио (Аргентина), черногориялық Боян

Санкович ауысқан. Леван Куталия өткен

маусымда тбилисилік «Динамоның»

намысын қорғап, 33 ойында 20 доп

соққан. Грузиялық ойыншының шабуыл

шебін күшейтетініне сенім мол.

Жерлестеріміз қаңтар айында екі

жолдастық кездесу өткізеді. Атап айтсақ,

18 қаңтарда 2019 жылғы Түркіменстан

чемпионатының күміс жүлдегері –

«Ахал» командасымен бақ сынасса,

24 қаңтарда ресейлік «Олимппен»

кездеспек.

Дамир -

бабында

Біріккен Араб Әмірліктерінде

муай-тайдан өткен

құрлықтық жарыста павлодарлық

Дамир Фатхутдинов

қола медальға қол

жеткізді.

Халықаралық турнирге 35 елдің

спортшысы қатысқан. Қазақстан

құрамасы 3 алтын, 1 күміс және

3 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық

есепте 2-орынға табан тіреді.

Муай-тайдан Қазақстанның Еңбек

сіңірген жаттықтырушысы Марат

Смағұловтың айтуынша, аталған жарыста

Павлодар облысының намысын екі

спортшы қорғаған. Дамир Фатхутдинов

араға сегіз жыл салып спортқа

қайта оралғанына қарамастан, бірден

қола медальға қол жеткізгенін атап

өткен жөн.

Павлодар облысының тағы бір өкілі

Азамат Әбішев Азия біріншілігінде

71 келі салмақ дәрежесінде өнер

көрсетіп, ширек финалда Тайланд

спортшысына жол берді.

Әзірлеген – Оралхан ҚОЖАНОВ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!