21.01.2020 Views

21 қаңтар, 2020 жыл №7 (15477)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

6 21 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл ДҮБІР

SARYARQA SAMALY

Табысқа толы болғай,

«Токио-2020!»

Тышқан жылының басты спорттық додасы – Жапония астанасы Токиода

өтетін XXXII жазғы Олимпия ойындары. 24 шілде - 9 тамыз аралығында

ұйымдастырылатын мықтылар бәсекесін қазақстандықтар да асыға

күтіп отырғаны анық.

Жаңашылдық

көп

Бұл Олимпиаданың ерекшеліктері

аз емес. Мәселен, жаңадан 5

спорт түрі енгізіліп отыр. Бейсбол/

софтбол, каратэ, серфинг, спорттық

құзға өрмелеу және скейтбординг

бойынша алғашқы жүлдегерлердің

есімдері тарихта қалмақ. Жалпы,

қатысушылар спорттың 33 түрінен

339 медаль жиынтығын сарапқа

салады. Дүбірлі додаға әлемнің 206

елінен 11090 спортшы қатысады

деп күтілуде. Тағы бір ерекшелігі,

биыл гендерлік теңдікке басымдық

беріліп, спортшылардың 49 пайызын

нәзік жандылар құрайтын болады.

Сөйтіп, жеңіл атлетика, су спорты

түрлері, нысана көздеу, ауыр атлетика,

бокс және күрес түрлеріндегі

ерлер жолдамаларының саны

қысқарып, әйелдердің үлесіне

берілді.

Әзірге

25 жолдама

Жапония дүбірлі доданы осымен

екінші рет қабылдамақ. Күншығыс

елі ең алғаш Жазғы Олимпия ойындарын

1964 жылы өткізген екен.

Сол жылы 93 елдің спортшылары

бақ сынап, спорттың 19 түрінен

жүлделерді сарапқа салған-ды. Ол

уақытта қазақстандық спортшылар

Кеңес одағының құрамында бақ

сынаса, биыл Тәуелсіз ел ретінде

жетінші Жазғы Олимпия ойындарына

қатыспақ. Қазірге дейін

еліміздің саңлақтары 25 жолдамаға

қол жеткізіп отыр. Атап айтсақ,

Юрий Юрков (нысана көздеу),

Сәрсенкүл Рысбекова (стенд ату),

Ришат Хайбуллин (спорттық құзға

өрмелеу), Дмитрий Баландин (100,

200 метрге брасс әдісімен жүзу),

Ольга Рыпакова, Георгий Шейко

(жеңіл атлетика), Евгений Гидич

(велоспорт, лицензия командаға

беріледі), садақ атудан Қазақстан

ерлер командасы (Денис Ганькин,

Ильфат Абдуллин, Санжан Мұсаев;

командалық және жекелей сын),

Виталий Худяков (ашық суда

жүзу), Екатерина және Александра

Ольга Рыпакова

Немич (синхронды жүзу), Милад

Карими (спорттық гимнастика),

Валентина Исламова, Эльмира

Сыздықова (әйелдер күресі), Асхат

Ділмұхамедов, Мейрамбек Айнағұлов

(грек-рим күресі), Нұрислам

Санаев, Дәулет Ниязбеков, Данияр

Қайсанов, Әлішер Ерғали (еркін

күрес) Олимпиада жолдамасына

ие болды. Алда әлі талай іріктеу

сайыстары тұр.

Атлантадағы

алғашқы

алтындар

Тарихқа көз жүгіртсек, жазғы

Олимпия ойындарына Тәуелсіз

мемлекет ретінде 1996 жылдан бері

тұрақты түрде қатысып келеміз.

Сол жылы өткен Атланта Олимпиадасы

ел спортшылары үшін

табысты болып, 3 алтын, 4 күміс

және 4 қола медаль еншіледік. Атап

айтсақ, грек-рим күресінен Юрий

Мельниченко, боксшы Василий

Жиров және бессайысшы Александр

Парыгин алтыннан алқа тақса,

мылтық атудан Сергей Беляев – екі,

ал ауыр атлет Анатолий Храпатый

бір күміс медальды қоржынға салды.

Боксшылар Болат Ниязымбетов

пен Ермахан Ибрайымов, мерген

Владимир Вохмянин және еркін

күрес шебері Мәулен Мамыров

Олимпиаданың қола жүлдегері

атанды. Сөйтіп, жалпыкомандалық

есепте 24-орынға тұрақтадық.

Сиднейде

сенім ақталды

Сидней Олимпиадасында (2000

жыл) да отандастарымыз тәуір

нәтиже көрсетті. Жеті медаль

(3 алтын, 4 күміс) олжалаған

саңлақтарымыз жалпыкомандалық

есепте 22-орыннан көрінді. Алтын

медальды боксшылар Бекзат Саттарханов

пен Ермахан Ибрайы-мов,

жеңіл атлет Ольга Шишигина,

күміс медальды боксшылар

Болат Жұмаділов пен Мұхтархан

Ділдәбеков, велоспортшы Александр

Винокуров және еркін күрес

шебері Ислам Байрамуков алып

берді.

Бақтиярға

бақ қонды

2004 жылы Афина Олимпиадасында

спортшыларымыздың

нәтижесі біраз төмендеді. Онда 1

алтын, 4 күміс және 3 қола медаль

алған қазақстандықтар жалпы

есепте 40-орынға табан тіреді.

Жалғыз алтынды боксшы Бақтияр

Артаев қанжығасына байласа, күміс

медальды қазіргі таңда кәсіпқой

бокста қарсыластарын сұлатып

жүрген Геннадий Головкин, ауыр

атлет Сергей Филимонов, грек-рим

күресінен Георгий Цурцумия,

еркін күрестен Геннадий Лалиев

еншіледі. Қола медальды онсайысшы

Дмитрий Карпов, боксшы

Серік Елеуов және грек-рим күресі

шебері Мхитар Манукян иеленді.

Допинг дауы

2008 жылы өткен Бейжің

Олимпиадасында 13 спортшымыз

жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Алайда, допинг тексерісінен кейін,

ХОК 5 отандасымыздың жүлдесін

қайтарып алды. Ауыратлет Илья

Ильин допинг қолданды деген

айыппен Олимпиада чемпионы

деген атағынан айырылса, дәл

сондай айыппен Таймураз Тигиев

(күрес) пен Ирина Некрасова (ауыр

атлетика) күміс, Мария Грабовецкая

(ауыр атлетика) пен Әсет

Мәмбетов (күрес) қола жүлделерін

қайтарып берді. Сондайақ өзге

елдің спортшылары да допингпен

ұсталып, нәтижесінде 2008 жылы

күміс алған отандасымыз Алла

Важенина (ауыр атлет) арада 8

жыл өткенде Олимпиада чемпионы

атанса, Нұрбақыт Теңізбаев (күрес)

пен Ольга Рыпаковалардың (үш

қарғып секіру) қола жүлделері

күміске айналды. Сөйтіп бұл

додада қазақстандықтар жалпы

саны 2 алтын, 3 күміс және 4 қола

медаль алып, командалық есепте

37-орынға тұрақтады. Қазақстанның

алғашқы алтынын ел қоржынына

боксшы Бақыт Сәрсекбаев салса,

екіншісі жоғарыда айтқандай Алла

Важенинаға тиесілі. Күміс медальды

Асхат Житкеев иеленсе, қола

медальдар әйелдер күресінен Елена

Шалыгинаға, еркін күрестен Марид

Муталимовке, боксшы Еркебұлан

Шынәлиевке және таэквондошы

Арман Шылмановқа бұйырды.

Павлодардың

алғашқы

жүлдесі

2012 жылғы Лондонда өткен

Олимпия ойындарда қазақстандық

спортшылар толайым табысқа жетіп,

алғаш рет Олимпиадада 7 алтын

алдық деп бөркімізді аспанға атып

едік. Сөйтсек, бекер қуанған

екенбіз. Арада 4 жыл өткенде Илья

Ильин бастаған ауыратлеттеріміз

Зульфия Чиншанло, Майя Манеза,

Светлана Подобедова допинг

қолданды деген айыппен алтын

медальдарын қайтарып берді.

Есесіне тағы бір ауыратлетіміз

Анна Нұрмұхамбетова мен еркін

күрес шебері Дәулет Шабанбай

қола жүлдегер атанды. Дәулеттің

жүлдесі Павлодар облысының

жазғы Олимпия ойындарындағы

алғашқы медалі болып тарихқа енді.

Бүгінде Лондондағы табысымыз 11

медаль (3 алтын, 1 күміс, 7 қола).

2012 жылы алтын жүлделер легін

велоспортшы Александр Винокуров

бастап берген еді. Жеңісті

жолды әрі қарай боксшы Серік

Сәпиев пен жеңіл атлет Ольга

Дәулет Шабанбай

Рыпакова жалғап, Отанымыздың

даңқын асыра түскен-ді. Боксшы

Әділбек Ниязымбетов күміспен

күптелсе, қола медальды грек-рим

күресінен Даниял Гаджиев, еркін

күрестен Ақжүрек Таңатаров,

бокстан Марина Вольнова мен

Иван Дычко, әйелдер күресінен

Гүзел Манюрова олжалады.

Рио төрінде

2016 жылғы Рио Олимпиадасында

да сайыпқыран

саңлақтарымыз ауыз толтырып

айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.

3 алтын, 5 күміс, 10 қола жүлде

(18) олжалаған спортшыларымыз

жалпыкомандалық есепте 22-орынға

тұрақтады. Жүзу спортынан Дмитрий

Баландин, ауыр атлет Ниджат

Рагимов және боксшы Данияр

Елеусінов ел мерейін асырып,

алтыннан алқа тағынды. Ал Елдос

Сметов (дзюдо), Жазира Жаппарқұл

(ауыр атлетика), Василий Левит

(бокс), Әділбек Ниязымбетов (бокс),

Гюзель Манюрова (күрес) күміспен

күптелсе, Галбадрах Отгонцэцэг

(дзюдо), Фархад Харки, Карина

Горичева, Денис Уланов, Александр

Зайчиков (ауыр атлетика),

Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика),

Эльмира Сыздықова, Екатерина

Ларионова (күрес), Иван Дычко,

Дариға Шәкімова (бокс) ел

қоржынына қола медаль салды.

Токио Олимпиадасы отандастарымыз

үшін олжалы

болады деген сенімдеміз.

Алға, Қазақстан!

Роботтар қызмет көрсетеді

Toyota Miraitowa және Someity атты қос робот – Токио

Олимпидасының ресми тұмары. Жалпы, дүбірлі додада

еріктілердің орнына түрлі роботтар қызмет көрсетпек.

Негізгі миссияларының бірі - меймандарды қарсы алып,

естелік суретке түсу.

Бойтұмарлар ойыншықтарға ұқсас. Роботтар негізгі іс-шараларда бейне

және дыбыс арқылы хабар таратады. Олардың көмегімен көрермендер

спортшылармен сөйлесе алады. Трибуналардағы роботтар келушілерге

өз орындарын табуға көмектеседі және кәдесыйлар сияқты ұсақ жүктерді

әкеп береді. Енді бірі стадиондағы тамақ тарататын адамдарды алмастырады.

Бұл ретте, арнайы планшеттің көмегімен тағамдар мен сусындарға

тапсырыс беруге болады.

FSR роботы спортшыларға қолғабыс етеді. Ол спортшылар лақтырған

доп, найза және басқа да құрал-жабдықтарды әкеледі. Ұйымдастырушылар

дүбірлі доданы ең инновациялық Олимпиада деп бағалап отыр.

Бетті әзірлеген - Оралхан ҚОЖАНОВ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!