21.01.2020 Views

21 қаңтар, 2020 жыл №7 (15477)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

21 қаңтар, сейсенбі

2020 жыл

№7 (15477)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

Балаларға –

қауіпсіз жол!

АКЦИЯ

Нақпа-нақ

Өткен жылы

Қазақстаннан

шетелге

156 мың

бас ірі қара мал

шығарылды

ЭКОНОМИКА

9,8 мың

шақырымы

жөнделеді

ҚР Премьер-Министрі

Асқар Маминнің

төрағалығымен

2020-2025 жылдарға

арналған «Нұрлы

жол» мемлекеттік

бағдарламасы аясында

автожол саласын дамыту

жөнінде кеңес өтті.

Агроөнеркәсіп:

КАРТОПТАН - КРАХМАЛ

Сурет ғаламтордан алынды.

Бүгінде автобус жүргізушілерінің қауіпсіздік шараларын ескере

бермейтіні жиі кездеседі. Қоғамдық көліктерге жолаушылардың

«аузы-мұрнынан шыға» тиеліп бара жататыны бір бөлек, кейбір

жүргізушілердің жол үстінде ұялы телефонының экранынан көз

алмайтынын, есірткіге елтіп алып, рөлге жармасатыны туралы

сұмдық жайттарды қоғам арасында көріп, біліп жүрміз. Мұндай

келеңсіз оқиғалар мектепке автобуспен тұрақты тасымалданатын

оқушылардың жағдайына баса назар аударуды қажет ететіні айтпаса

да түсінікті.

Жалғасы 2-бетте

Бүгінде облысымызда жалпы сұраныстан бірнеше есе көп картоп өсіріледі. Күзде

жиналған мол өнімді өңір тұрғындары тұтынып, біразын еліміздің басқа аймақтары

мен көршілес елдерге жөнелткенмен, қоймада артық картоп қалады. Көп жағдайда ол

жарамсыз болып, мал азығына айналады. Сондықтан жергілікті билік картоп өңдеу ісін

бастауға бел буды. Атап айтқанда, крахмал зауытын салуды жөн деп шешті.

Толығырақ 5-бетте

Былтыр республикалық маңызы бар

4,4 мың шақырым автожол салынды және

реконструкцияланған. Жыл қорытындысы

бойынша 641 шақырым жолда қозғалыс

ашылды. 1,1 мың шақырым республикалық

маңызы бар және 3,5 мың шақырым жергілікті

желілердегі автожолға күрделі және орташа

жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жақсы және

қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық

маңызы бар автожолдардың үлесі 88%-ға,

жергілікті маңызы бар жолдар 71%-ға

жеткізілген. Республикалық маңызы бар

І және ІІ техникалық санаттағы жолдардың

ұзындығы 34%-ға (8,2 мың шақырымға)

дейін ұлғайған.

Автожол саласының 2020 жылға

арналған бюджеті 750 млрд. теңгені

құрайды. Республикалық және жергілікті

маңызы бар 9,8 мың шақырым жол жөндеу

жұмыстарымен қамтылады деп жоспарлануда.

Тағы 4 мың шақырым жол құрылыс

жұмыстарымен қамтылады.

Жыл қорытындысы бойынша жалпы

ұзындығы 2,6 мың шақырым жол

учаскелерінде қозғалысты ашу жоспарлануда.

Жол-құрылыс жұмыстарына барлығы

100 мыңға жуық адам жұмылдырылмақ.

Бұдан басқа жол бойындағы сервистің

18 көпфункционалды кешенін салу үшін

инвестициялар тарту, 304 санитарлықгигиеналық

торапты салу және қызмет

көрсету жоспарланған.

«Биыл автомобиль жолдарын салу

бойынша ауқымды жұмыс көлемін атқару

қажет. Алға қойылған міндеттерді уақытылы

әрі сапалы орындау және жыл соңына

дейін автомобиль жолдарын жаңғыртудың

негізгі жобалары бойынша қозғалысты

қамтамасыз ету мақсатында құрылыс

маусымына алдын ала дайындалу керек», —

деді Үкімет басшысы.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 21 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Зағиптар

орталығы

ашылды

ҚАМҚОРЛЫҚ

Жергілікті билік өкілдері өңірдегі зағиптар мен

көздері нашар көретін азаматтардың жағдайына

айрықша назар аударуда. Жақында көру мүмкіндігі

шектеулі азаматтарды оңалтуға арналған орталықты

іске қосып, жарымжан жандарды бір

қуантып тастады.

БИЛІК ЕСЕП БЕРУДЕ

Тұрғындар тілегі

қандай?

Павлодар қаласындағы Жаңаауыл шағын ауданының тұрғындарын қар шығару,

жол жөндеу, көріктендіру мәселелері алаңдатады. Сондықтан, жергілікті

жұртшылық бұл бағыттағы жұмыстарды уақыт оздырмай атқару қажет

деп пайымдайды. Ал тілектері – жеке дәрігерлік амбулатория мен шағын

футбол алаңының салынуы. Көпшіліктің көкейіндегі бұл жайттар қашан

және қалай шешімін табады?

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Тілеуберді САХАБА

Аталмыш ғимарат өткен жылдың

соңында облыс басшылығының

қолдауымен өткен қайырымдылық

шарадан түскен қаражатқа сатып

алынған. Сонымен қатар, облыстық

«Қазақ зағиптар қоғамы» ұйымына

жаңа автокөлік сыйға берілді.

Орталықтың ашылу салтанатына

«Nur Otan» партиясы

Павлодар облыстық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары

Илья Теренченко қатысып,

көпшілікті құттықтады. Аталған

қайырымдылық шара барысында

демеушілерден 51,5 миллион

теңге жиналған.

- Қайырымдылық балы

өткеннен кейін «Қазақ зағиптар

қоғамы» қоғамдық қорының өтініші

бойынша қамқоршылық кеңесі

құрылды. Оған билік өкілдері,

депутаттар, мүмкіндігі шектеулі

адамдар, дәрігерлер және тәуелсіз

сарапшылар кірді. Осы бастаманы

барлығы бірауыздан қолдады.

Ал орталық үшін қандай құралжабдықтар

керек екенін мүмкіндігі

шектеулі адамдар анықтады. Бүгінгі

күнге дейін 30 миллион теңге

игерілді, - деді И.Теренченко.

Облыстық «Қазақ зағиптар

қоғамы» төрағасы Дүйсенбек

Қабдуловтың сөзінше, облыс

көлемінде көру мүмкіндігі шектеулі

2607 адам бар. Бұл орталықтың

негізгі мақсаты – сол азаматтарды

оңалту жұмыстарын жүргізу.

Сонымен қатар, көзі көрмейтін

адамдарға компьютер және

ұялы телефондарды қолдануды

үйретеді. Бұдан бөлек, аспаздық

және тігіншілік кәсібіне баулуға

арналған курстар жұмыс істейді.

- Курсқа үзбей келген адамдар

өзі қалаған мамандықты меңгеріп,

кейін жеке кәсіпорындарға жұмыс

істеуге болады. Орналасқан

жеріміз де ыңғайлы. Қаланың

барлық ауданына автобустар

қатынайды. Міне, зағип жандар үшін

осындай қолайлы жағдай жасап

жатқан жергілікті билік өкілдеріне

айтар алғысымыз шексіз, -

дейді Дүйсенбек Хасенұлы.

Көру мүмкіндігі шектеулі

азаматтар орталығы бұған дейін

академик Марғұлан көшесінде

орналасқан еді. Бірақ, ол тар

болғандықтан қоғамның барлық

мүшелерін қамтып жұмыс істеуге

мүмкіндік болмаған. Ал жаңа

ашылған орталық академик Сәтбаев

көшесі мен Торайғыров көшелерінің

қиылысында орналасқан. Жалпы,

аумағы 256 шаршы метрді құрайды.

Яғни, бұрынғы ғимараттан екі

жарым есеге дейін үлкен. Жаңа

жиһаздармен және басқа да

қажетті құрал-жабдықтармен

жабдықталған.

Суреттерді түсірген - Р.Мұстафина.

Павлодар қаласының әкімі

Қайрат Нүкеновтің тұрғындар

алдындағы кезекті есептік кездесуі

Жаңаауыл шағын ауданында өтті.

Алдымен шаһар басшысы былтыр

атқарылған жұмыстар мен биылға

жоспарланған істерге тоқталды.

Айталық, өткен жылы дәл осы

шағын ауданда тұрғындардың

өтініші бойынша жаңа мәдениет

үйі қолданысқа берілген болатын.

Сонымен қатар, тұрғын үйлерді

электр энергиясымен үздіксіз

қамтамасыз ету үшін Жаңаауыл

көшесі, 7 мекенжайында кешенді

трансформаторлық қосалқы станция

ауыстырылды. Қайрат Нүкенов

шағын ауданның жағдайы жақсаруы

үшін осы жылы да бірқатар істің

қолға алынатынын айтты.

Павлодар қалалық полиция

басқармасының Солтүстік бөлімі

бастығы Арғын Алтынбеков те

есеп беріп, жалпы алғанда шағын

аудандағы жағдайдың тұрақты

екенін айтты.

- 2 0 1 8 ж ы л ы Ж а ң а а у ы л д а

9 құқық бұзушылық тіркелсе,

былтыр бұл көрсеткіш азайып,

6 құқық бұзушылық орын алды.

Осы орайда кейбір жергілікті

тұрғындардың төрт түлікті қараусыз

ж і б е р е т і н і б а й қ а л д ы . А т а п а й т қ а н д а ,

15 мал айып тұрағына қойылып,

иелеріне қатысты әкімшілік шара

қолданылды. Биыл осы жайтты

ескеріп, тұрғындардың барлығы

төрт түлікті жайылымға қосса игі

еді, - деді А.Алтынбеков.

Басы 1-бетте

Мұрат АЯҒАНОВ

Елімізде «Қауіпсіз мектеп автобусы»

республикалық акциясы

басталды. Акцияның мақсаты -

балаларды білім беру ұйымдарына

тасымалдауды ұйымдастыру

барысында олардың қауіпсіздігін

қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен

тасымалдауды жүзеге асыру

кезінде жол-көлік оқиғаларының

алдын алу, деп хабарлады ҚР

Білім және ғылым министрлігі

Балалардың құқықтарын қорғау

комитетінің өкілдері.

Науқан 15 ақпанға дейін

өткізіледі деп жоспарланған.

Шара мектепке дейінгі және

мектеп жасындағы балаларды,

мүдделі мемлекеттік органдар мен

кәмелетке толмағандардың істері

және олардың құқықтарын қорғау

жөніндегі комиссияларды, ата-аналар

қауымдастығын, мекемелердің,

еңбек ұжымдарын, үкіметтік емес

ұйымдар мен бұқаралық ақпарат

Өз кезегінде тұрғындар да

өтініш-тілектерін білдірді. Айтуларынша,

жүк көліктері күндізтүні

тоқтаусыз зулайды. Шамадан

тыс жүк тиеп алуымен қатар,

тұрғындардың тыныштығын бұзатын

көрінеді. Сондықтан полиция

өкілдеріне бұл жайтты назарға

алып, жүк көліктеріне қатысты

шара қарастыруды сұрады.

Шағын аудан тұрғындарын

алаңдататын мәселе бұл ғана

емес. Жергілікті жұртшылық

қардың уақытылы тазаланбайтынына

шағымданды.

- Техникалар біздің ауданға

келмейді десек, қателеспейміз.

Қала әкіміне қоңырау шалып,

үйілген қар суреттерін телефонына

жіберген соң ғана қар күрейтін

көліктер келеді. Оның өзінде бір-екі

автомобиль жолындағы қарды

жаяу жүргіншілер жолына қарай

итере салып, қайта кетеді. Сонда

тұрғындар жаяу қалай жүреді?

Қарды неге сыртқа шығармайды? –

деді тұрғын Татьяна Сүлейменова.

Бұл ретте шаһар басшысы

тұрғындардың түсіністік танытуын

сұрады.

- Соңғы күндері боран болып,

қар көп мөлшерде жауды.

Коммуналдық меншіктегі техникалар

шағын аудан түгілі орталық

көшелердің өзін тазалауға үлгермей

жатады. Сондықтан түсіністік

танытып, мүмкіндік болса өз

аулаларыңыздың аумағын қардан

тазаласаңыздар жақсы болар еді.

Біз өз кезегімізде Жаңаауылға

техникалардың уақытылы келуін

қадағалайтын боламыз, - деді

Қ.Нүкенов.

Т ұ р ғ ы н д а р д ы ң т а ғ ы б і р т і л е г і -

2 мыңнан астам адам тұратын

шағын ауданда дәрігерлік амбулаторияның

салынуы. Қаладағы емханаларға

барып, тиісті ем-домды алу

үшін біраз уақыт автобус күтіп,

жол жүру көпшілікке, әсіресе

кішкентай балалары бар аналар

мен қарттарға ауыртпалық салатын

көрінеді. Сондықтан, бірінші кезекте

керек медициналық қызметтерді

көрсететін жеке медбикенің, емдеу

орнының болғанын қалайды. Қайрат

Теміршотұлы бұл өтінішті ескеріп,

дәрігерлік амбулатория ашудың

жолдарын қарастыруға уәде берді.

Ауыл ақсақалдары аудандағы

№30 мектепке Кеңес Одағының

батыры Құдайберген Сұрағановтың

есімін беруді ұсынды. Павлодар

қалалық білім беру бөлімінің

басшысы Самал Айтқазинаның

айтуынша, бұл бастамаға қатысты

құжаттар әзір. Алдағы уақытта тиісті

мекемелер қарауына ұсынылатын

болады.

Сонымен қатар, Жаңаауыл

жұртшылығы шағын футбол

алаңын салып, аудан аумағын

көріктендіру үшін кемінде 200

көшет қарастыруды сұрады. Есептік

кездесу барысында көтерілген

осы және өзге мәселелердің

барлығы қала басшылығының

назарына алынып, шешу жолдары

қарастырылатын болды.

Балаларға – қауіпсіз жол!

құралдарын, жергілікті полиция

қызметтерінің өкілдерін қамтиды.

«Қауіпсіз мектеп автобусы

үшін» ұранымен өтетін акция барысында

мектептік тасымалдауды

ұйымдастыру жөніндегі жергілікті

атқарушы органдардың қызметін

зерделеу көзделіп отыр. Бұған қоса

автокөліктің техникалық талаптарға

сәйкестігі, балаларды білім беру

мекемелеріне тұрақты тасымалдауды

жүзеге асыратын автокөліктердің

техникалық байқаудан өтуі,

жүргізушілердің құрамын тексеру,

қозғалыс схемасының бар болуы

зерделенеді.

Мектепке кірме жолдарының

қауіпсіздігі (аумақты жарықтандыру,

«Балалар» белгісінің бар болуы,

жаяу жүргіншілерге арналған

өткелдерді, жасанды жол кедергісін

және т.б. құру) қадағаланып,

балаларды тасымалдайтын көлік

құралдарында арнайы жарық және

дыбыс сигналдарының бар болуы

да қадағаланады.

- Акция барысында бұған

қоса мектепке кірме жолдар,

жаяу жүргіншілерге арналған

өткелдердің маңында қолданыстағы

бейнебақылау камераларының

бар болуы тексеріледі. Жол

қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің

бұзылуын болдырмау туралы

және жол қозғалысының қауіпсіздігі

тақырыбында мектеп

автобустарының жүргізушілерімен

нұсқамалар жүргізілуде. Сондай-ақ

балаларды көлік құралдарына

отырғызу және түсіру кезінде

мектеп автобустары жүргізушілерінің

міндетті түрде апаттық дабыл

қағуды қолдануын талап етудеміз.

Баршаңызды осы акцияға белсенді

қатысуға шақырамыз, - делінген

Балалардың құқықтарын қорғау

комитетінің хабарламасында.

Балалардың құқықтары мен

заңды мүдделерін бұзу фактілері

болған жағдайда, оның ішінде

мектептерге және үйге қауіпсіз

тасымалдауды қамтамасыз ету

үшін жауапты министрліктің

Балалардың құқықтарын қорғау

комитетінің «сенім» телефонына

хабарласуларыңызды сұраймыз:

8 (7172) 742528.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 21 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл 3

Тегін дәрі

кімге тиесілі?

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

(МӘМС) аясында халықты тегін дәрі-дәрмекпен

қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінбек.

Әсіресе, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер белгілі

бір сырқат түрлері бойынша 192 препаратты тегін

алмақ. Осы орайда, Павлодар облысына жұмыс сапарымен

келген ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі

Ләззат Ақтаевамен жаңа жүйенің тиімділігі

жайында тілдескен болатынбыз.

- Ләззат Мейрашқызы, МӘМС

жүйесі аясында халықты

тегін дәрі-дәрмекпен қамту

мәселесіне ерекше көңіл бөлініп

жатқанын естідік. Тегін дәрі

кімдерге тиесілі?

- Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз

ету жүйесі де екі пакетке бөлінеді.

Кепілдендірілген тегін медициналық

көмек пакетіне препараттардың

90 пайызы енгізілсе, міндетті

әлеуметтік сақтандыру пакетіне

10 пайызы кірген. Дәрі-дәрмекті

тегін беру - ҚР Денсаулық

сақтау министрлігінің №666

бұйрығында бекітілген ережеге

сәйкес жүргізіледі.

Созылмалы сырқат түрлері

бойынша диспансерлік есепте

тұрған ересектер бұрынғыдай

дәрімен тегін қамтылады.

Сонымен қатар, жүйке жүйесі,

жүрек-қан тамыры, тыныс алу

мүшелеріне қатысты ауруларға

шалдыққандарды тегін дәрідәрмекпен

қамтамасыз ету

жоспарлануда. Учаскелік дәрігер

науқастың диагнозына қарай тегін

дәрілер тізімін жазып береді. Егер

қажетті препарат нұсқаулықта

көрсетілмесе, оны ақылы негізде

алу қажет.

Атап өтерлігі, МӘМС жүйесі

негізінде тегін берілетін дәрідәрмек

тізімі 192 препаратқа

артты. Бұдан былай, 18 жасқа

дейінгі балалар осы препараттарды

тегін алатын болады. Бұл

қатарға жіті респираторлық вирусты

инфекциясы (ЖРВИ) және тұмау,

ДЕНСАУЛЫҚ

дене қызуын түсіру, аллергияны,

т.б. сырқат түрлерін емдеуге

арналған дәрілер жатады. Ол үшін

сырқаттанып қалған жасөспірім

тіркеуде тұрған емхананың учаскелік

дәрігеріне қарануы керек.

- Бұған дейін 5 жасқа дейінгі

балалар тегін дәрі-дәрмекпен

қамтылғанын білеміз. Бұл

жаңашылдықты ата-аналар

қайдан біле алады? Дәрігер

қабылдауына келген жасөспірім

дәрімен тегін қамтылатынын

кімнен естуі тіис?

- Бұл ретте халық арасында

түсіндіру жұмыстарын күшейткен

абзал. Дәрігер жасөспірімдердің

бойындағы ауруды емдеуге қажетті

дәрілер жазылған нұсқаулық беруі

керек. Егер нұсқаулық берілмесе,

әрбір медициналық ұйымда

науқастың құқығын қорғайтын

қызмет бар. Ата-аналар сол

жердегі мамандардың көмегіне

жүгіне алады. Бұдан бөлек, егер

емделуші жоғарыдағы бұйрық

тізімімен танысып үлгермесе, 1406

телефоны арқылы медициналық

сақтандыру қорына хабарласып,

қажетті мәлімет алса болады.

Бұдан бөлек, медициналық мекемелерде

сенім телефондары да

жұмыс істейді. Бастысы, тұтқаның

ар жағында отырған оператор

толық мағлұмат бере алуы тиіс.

- Аймағымыз міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру

жүйесі негізінде жұмыс

істеуге дайын ба? Жергілікті

Мәртебені

анықтау маңызды

БАС ТАҚЫРЫП

денсаулық сақтау саласының

қызметіне қандай

баға бересіз?

- Павлодар облысына жұмыс

сапары кезінде аудандық

орталық ауруханалардың, облыс

орталығындағы медициналық мекемелерді

араладық. Дәрігерлер

екі пакет бойынша қызмет

көрсетуде. Павлодар облысының

денсаулық саласы цифрландыру

жүйесіне көшкенін атап өткім

келеді. Дайындық өз деңгейінде

жүргізілуде. Павлодар облысында

қазіргі уақытта 83 мың адам

сақтандыру жүйесіне қатыспай

отыр. Оның ішінде өзін-өзі

жұмыспен қамтығандар, жалдамалы

жұмыскерлер бар. Сәуір

айына дейін МӘМС жүйесіне

қатысты барлық мәселе шешілуі

тиіс.

Қазіргі уақытта МӘМС жүйесі

негізінде денсаулық сақтау саласы

бойынша қаржыланыру мөлшері

артып келеді. Бұл қаражат жергілікті

емдеу мекемелерін бағасы

қымбат магниттік-резонанстық

томография, компьютерлік томография

сынды құрылғылармен

жабдықтауға жұмсалатын болады.

Қазіргі уақытта жергілікті билік,

облыстық денсаулық сақтау

басқармасының басшылығы осы

мәселеге ерекше көңіл бөліп

отыр.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Елімізде енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

аясында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көрсеткіші артып отыр.

Әсіресе, магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томографияға

сұраныс артуда.

Павлодар облысында кеңес

беру-диагностикалық қызметті

қаржыландыру 10 есеге, сауықтыру

қызметін пайдаланушылардың

саны 15 есеге көбейген. Бұл

туралы Павлодар облысына

жұмыс сапарымен келген

ҚР Денсаулық сақтау вицеминистрі

Ләззат Ақтаева айтты.

Құрметті мейман аймағымыздағы

медициналық мекемелерді

аралап, мамандардың қаңтар

айында енгізілген МӘМС жүйесі

бойынша жұмыс істеу деңгейімен

танысты. Ләззат Мейрашқызы

жоғарыдағы көрсеткіштер халықтың

қалтасындағы қаражатты

үнемдеуге мүмкіндік беретінін

айтты.

- Өңірлерге сапарға шығып,

міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру жүйесінің жұмыс істеу

деңгейімен танысудамын. Павлодар

облысының аудан-ауылдарын

аралап, дәрігерлермен жүздестім.

Жалпы, өңірде жаңашылдықты

енгізу бағытында ауқымды жұмыс

атқарылған. Десе де, облыста

әлі де мәртебесі анықталмаған

адамдар бар. Мысалы, оның

ішінде 14 мың адам өзін-өзі

жұмыспен қамтып отыр екен.

29 мың жұмыскерге басшылары

тұрақты түрде жарна аудармай

келеді. Сақтандырылмаған адам

медициналық қызметті тегін

алмайтын болады. Осы бағытта

жұмысты күшейту қажет, - деді

Л.Ақтаева.

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» коммерциялық

емес акционерлік қоғамы

Павлодар облысы бойынша

филиалының директоры Нұрлан

Қасымов бір рет аударылған

жарна аясында әрбір адам

4 ай сақтандыру жүйесіне қатыса

алатынын айтады. Егер жұмыс

беруші ай сайын қызметкері үшін

жарна аударып үлгермесе, 4 айдың

ішінде төлеуі тиіс. Бұл ретте

өтейтін сома мөлшері автоматты

түрде 4 айға көрсетіледі. Бұдан

бөлек, жалдамалы жұмыскер

өздігінен ай сайын 2125 теңге

көлемінде ақша аудара алады.

Атап өтерлігі, МӘМС жүйесі

ағымдағы жылдың 31 наурызына

дейін жалпыға бірдей

қызмет көрсетеді. Яғни, адамдар

сақтандырылған немесе

сақтандырылмағанына қарамастан,

медициналық көмектің екі пакетін

тегін алады. Ал 1 сәуірден бастап,

МӘМС-ке тіркелмегендер екінші

пакетті ақылы негізде алуға

мәжбүр болады.

Өз тілшіміз.

Фильм түсіріліп,

10 тілге

аударылады

«Биыл Абай Құнанбайұлының

туғанына 175 жыл толады.

Халқымыздың ұлы перзентінің

мерейтойын лайықты атап өту

үшін арнайы құрылған комиссия

дайындық жұмыстарын бастап

кетті. Мемлекет көлемінде және

халықаралық деңгейде ауқымды

іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып

отыр. Бірақ мұның бәрі той

тойлау үшін емес, ой-өрісімізді

кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз

үшін өткізілмек», - деп жазды

Қазақстан Республикасының

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы

Қазақстан» атты мақаласында.

Жалпы, биыл қазақтың бас

ақыны, философ, ағартушы және

ойшыл – ұлы Абайдың 175 жылдығын

атап өту аясында Қазақстанда және

шетелдерде 500-ге жуық мерекелік

іс-шара ұйымдастырылатын болады.

ҚР Президенті жанындағы Орталық

коммуникациялар қызметінің

алаңында баспасөз мәслихатын

өткізген ҚР Мәдениет және спорт

вице-министрі Нұрғиса Дәуешов

осылай деп мәлімдеді. Брифингке,

сондай-ақ, академик, қоғам

қайраткері, Абай Құнанбайұлының

175 жылдық мерейтойын өткізу

жөніндегі мемлекеттік комиссияның

мүшесі Ғарифолла Есім, ҚР

МСМ Мәдениет және өнер істері

департаменті директорының орынбасары

Ғани Мұратов қатысты.

Белгілі болғандай, 2020 жылы

қазақ халқының ұлы ақыны,

ағартушы Абай Құнанбайұлының

175 жылдық мерейтойын жоғары

ұйымдастырушылық және мазмұндық

деңгейде мерекелеуді қамтамасыз

ету мақсатында құрылған мемлекеттік

комиссияның құрамы бекітілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

Хатшысы төрағалығымен

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық

мерейтойын дайындау және өткізу

жөніндегі мемлекеттік комиссияның

алғашқы отырысында мерейтойды

дайындау және өткізу жөніндегі

жалпыреспубликалық жоспарының

жобасын қарастырған.

Жоспар 82 тармақты қамтиды,

солардың ішінде ірі халықаралық

және республикалық қоғамдық

маңызы бар, ғылыми, ағартушылық

іс-шаралар, конференциялар, симпозиумдар,

пленэрлер, дөңгелек

үстелдер, сынып сағаттары,

поэтикалық және әдеби конкурстар,

баспасөз турлары және өзге

де іс-шаралар бар. Қазірдің өзінде

облыстардың, республикалық

маңызға ие қалалар мен астана

әкімдіктерінің мерекелеу бойынша

өңірлік жоспарлары бар. Маңызды

жобалардың бірі – Абай шығармаларының

жинағын шетелдің

10 тіліне аудару және шығару,

Абайдың өмірі, шығармашылығы,

мұрасы мен рөлі туралы үш деректіқойылымдық

фильмді шығару

екендігін атап өтті.

Министрлік сайтында жарияланғандай,

Абай туралы фильм

түсіруге өтініштер қаңтардың соңына

дейін қабылданады. Ұлттық киноны

қолдау мемлекеттік орталығы «Абай»

деректі фильмін, сонымен қатар

Бүгін елімізде Абай Құнанбайұлының

175 жылдығын мерекелеудің

басталуы ресми

жарияланады. Қазақстан

Республикасы Мәдениет және

спорт министрлігі осыған

орай Қазақстанның өнер

шеберлерінің концертін ұйымдастырады.

Һәкімге арналған

мерейтойдың ресми түрде

салтанатты ашылу рәсімі

Нұр-Сұлтан қаласында өтетіні

мәлім болды.

толықметражды картина түсіруге

дайындық үстінде. Осы шараның

аясында орталық арнайы конкурс

жариялап отыр.

- 2020 жылдың қаңтар айының

соңына дейін түскен барлық

өтініш қаралып, Сараптамалық

кеңестің қорытындысы бойынша

ведомствоаралық комиссияға

қосымша қарау үшін жіберіледі.

Комиссия мүшелері шешім шығарады,

- деді ҰКҚМО өндіріс бойынша

басқарма төрағасының орынбасары

Олжабай Мұсабеков. Фильм

комиссия мүшелерінің ұсыныстарына

сәйкес таңдалып, түсіріледі.

Бүгінгі таңда конкурсқа қатысуға

алты өтінім түсті. Оның ішінде

фильм-опера, екі тарихи мелодрама,

30 сериядан тұратын деректі фильм,

15 сериялы қысқаметрлі фильм және

тағы бір толықметражды фильм

бар. «Қосымша өтінімдерді күтеміз.

Менің ойымша, қаңтардың соңына

дейін бұдан да көп ұсыныстар

болады», - дейді ол.

2020 жылғы тамызда Семей

қаласында «Абай мұрасы және

әлемдік руханият» атты халықаралық

ғылыми-практикалық конференция

өткізіледі. Конференцияға белгілі

отандық және шетелдік абайтанушы

ғалымдар, ғылыми-шығармашылық

зиялы қауым өкілдері шақырылады.

Мерейтой аясында Абайдың

«Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихимәдени

және әдеби-мемориалдық

музей-қорығын музеефикацияландыру

және ақын есімімен байланысты

тарихи-мәдени мұра объектілеріне

ғылыми-реставрациялау жұмыстарын

жүргізу қарастырылғандығына

тоқтала келе, ҚР Мәдениет және

спорт вице-министрі Н.Дәуешов:

«Барлық оқу орындарында

Абайдың өлеңдерін және қарасөздерін

мәнерлеп оқу және мазмұндау

бойынша ашық сабақтар мен

тақырыптық шығарма байқаулары

өткізіледі. Республиканың барлық

аймақтарында оқушылар үшін «Абай

жеріне саяхат» атты Абай жерлеріне

экскурсиялық турлар қарастырылған.

Жоғары оқу орындарында ғылыми

конференциялар, Абай оқулары,

симпозиумдар, поэтикалық және

әдеби фестивальдер, поэзия кештері,

Абай өлеңдерін үздік оқу, әндерін

орындау және шығармашылығын

білу бойынша семинарлар

мен конкурстар жоспарлануда.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанынан

«Абай академиясы» ғылыми-зерттеу

институты құрылды», - деді.

Ұлы Абайдың 175 жылдық

мерейтойын атап өту қарсаңында

әрбір қазақстандық Абайдың

шығармалары бойынша жалпыұлттық

диктантқа қатыса алады.

Сонымен қатар мерейтой аясында

барлық мәдениет және спорт

ұйымдарында әдеби оқулар,

тақырыптық іс-шаралар, ұлттық

спорт түрлері бойынша спорттық

жарыстар, шығармашылық кештер,

фестивальдер, әскери бөлімдерде

белгілі ақын-жазушылар, абайтанушы

ғалымдардың қатысуымен

салтанатты іс-шаралар және т.б.

өткізіледі.

М.ЖӘНІБЕК.


4

21 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

ӨҢІР

Мал санын

көбейтуде

Ақсулық Ілияс Музукаев «Қарапайым

заттар экономикасы» бағдарламасы

аясында берілген жеңілдетілген несиеге

50 бас ірі қара сатып алды. Мұнымен

шектеліп қалмай, алдағы уақытта

мемлекеттік қолдау арқылы мал санын

тағы да көбейтуді жоспарлап отыр.

ТАБИҒАТ

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Сырлықала ауылының тұрғыны Ілияс Шарбаденұлы

өткен жылы «Шарабаден» шаруа қожалығын ашты.

Сол тұста қорасында 60 бас ірі қара болған еді. Кейін

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының

оңтайлы мүмкіндіктері туралы біліп, бағдарламаға

қатысуға бел буды. Сөйтіп, облыс аумағындағы

өзге шаруалардан тағы 50 бас сиыр сатып алды.

- Мал шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар

бағдарламаның талаптарын сараптап, сараладым.

Олардың қатарында «Қарапайым заттар

экономикасы» бағдарламасының тиімді екенін байқадым.

Осы бағдарлама аясында «ҚазАгроҚаржы»

акционерлік қоғамы арқылы 10 млн. теңге несие

алдым. Пайыздық жеңілдік төмен әрі жылына бір рет

қана төлем жасауға болады. Бұл кәсібін енді бастап

жатқан мен сияқты шаруалардың шатқаяқтап кетпей,

керісінше дамуына мол мүмкіндік береді. Себебі,

жылына бір рет төлейтін сома көлемі қалтаға салмақ

салмайды, - дейді шаруашылық басшысы.

Қазіргі кезде шаруа қожалығында екі адам тұрақты

түрде жұмыс істейді. Сонымен қатар, Ілияс

Шарбаденұлының бауырлары көмектесіп, қолғабыс

жасайды. Алдағы уақытта қорадағы малды сатпай,

керісінше, санын көбейту көзделіп отыр.

- Әзірше ірі қараны сатып, еті мен сүтін өңдеу орындарына

тапсыру туралы ой жоқ. Басты мақсатым – сиыр

санын көбейту. Ал ол үшін не керек? Жұмысқа деген

құлшыныс, мемлекеттік қолдау және төрт түлікке

қажет азық. Мұның барлығы бар. Демек, кәсібімді

кеңейтуге мүмкіндік мол. Осы орайда ауылдағы

ағайынның өз ісімен айналысуына «Қарапайым

заттар экономикасы» бағдарламасы қолайлы жағдай

жасағанын атап өту керек. Мемлекет тарапынан

тиімді мүмкіндіктер ұсынылмаса, мал шаруашылығын

дамытуды қолға алар ма едім, кім білсін?! – деп

ойын түйіндеді І.Музукаев.

Ақсу қаласының

ауылдық аймағы.

Адасқандар

табылды

Өткен аптаның соңында құбылған

ауа райы жол қатынасын қиындатып,

жолаушыларды әбігерге салды.

Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға

табиғаттың тосын мінезі жөнінде

СМС-хабарлама таратқанымен, ескертпелерге

құлақ аспай, алыс жолға

шыққандар тіркелді.

Мәселен, өткен сенбіде Екібастұз ауылдық аймағына

қарасты Бозшакөл елді мекенінен 15 шақырым

жерде жолаушылар автобусы батып қалған. Оқиға

орнында төтенше жағдайлар департаменті мен

«ҚазАвтоЖол» АҚ қызметкерлері жұмыс істеп,

Volvo маркалы автобусты қар құрсауынан алып

шықты. Қарағанды-Омбы бағыты бойынша жолға

шыққан көлікте 21 жолаушы болған. Оның сегізі - Ресей

Федерациясының азаматтары. Мамандардың көмегімен

олар Шідерті кентіндегі жылыту пунктіне жеткізілді.

Жолаушыларға медициналық көмек қажет

болмады. Бұдан бөлек, Баянауыл ауданында боранда

жоғалған 2 ер адам табылды. Іздестіру шараларына

төтенше жағдай департаментінің 4 қызметкері,

1 техника және жоғалған адамның туысы жұмылдырылды.

Оқиға желісіне сүйенетін болсақ, 1988 және

1989 жылы туған екі ер адам сағат 17.00-де Лекер

ауылының Мәуке учаскесінен шығып, жоғалып

кеткен. Мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеп,

жоғалғандарды түнгі сағат 2.20-да тапты. Екі ер

адамға да медициналық көмек қажет болмады.

Еске сала кетейік, аймағымызда қыс мезгілі басталғалы

бері жалпы саны 392 техника қар құрсауынан

босатылып, 114 адам жылыту пункттеріне орналастырылды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Тілеуберді САХАБА

БИЫЛ - ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫ

Төрт бағытқа негізделген

Еріктілер жылына орай

Қазақстан халқы Ассамблеясының

облыстық филиалында

«Волонтерлік қозғалыс

орталығы» ашылды. 4 бағыт

негізінде жұмыс істейтін

орталыққа өңірдегі этномәдени

бірлестік өкілдері

мен студент жастар мүше

болып енді.

Бұл бастаманы бұған дейін «Social

Assembly» республикалық жастар форумында

ҚХА «Жаңғыру жолының» белсенділері

көтерген болатын. Мұндай

орталықтар еліміздің барлық облысында

құрылды. Жаңадан ашылған волонтерлер

қозғалысы орталығына жетекшілер

тағайындалып, алдағы жоспарлары

ресми түрде бекітілді.

Облыстық Қазақстан халқы

Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

Айнұр Сәрсенбаева аталмыш

орталықтың алдына қойған 5 міндетін

атап өтті.

- Бұл - біз үшін үлкен бастама. 4 бағыт,

яғни әлеуметтік, спорт, білім және

«Келісім» медиация бағытында жұмыс

істейтін еріктілер тобының алдына үлкен

міндеттер жүктеп отырмыз. Яғни, ҚХА

волонтерлік қозғалысының қызметін

ұйымдастырудың және үйлестірудің

бірыңғай тетігін әзірлеу, волонтерлер

институтын дамыту, әлеуметтік

міндеттерді шешуге азаматтық тұрғыдан

атсалысу дағдыларына баулу, еріктілер

қозғалысының көшбасшыларын анықтау,

халық арасында әлеуметтік идеялары

мен принциптерін тарату жүктелді.

КӨРМЕ

Әр бағыттың алдына қойған үлкен

мақсаттары бар. Мысалы, «Бірлік»

әлеуметтік бағытындағы белсенділер

әлеуметтік бағдарламалар аясындағы

қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға

және қатысуға міндетті.

Көмекке мұқтаж жандарға қол

ұшын берумен қатар тарихи-рухани

құндылықтарды қорғап, қалпына

келтіру жұмыстарына қатысады, -

дейді А.Сәрсенбаева.

Өңірдегі волонтерлік қозғалыс

орталығының жетекшісі болып Рамиль

Смаилов тағайындалды. Әр бағыт

бойынша жауапты тұлғаларға Еріктілер

белгісі мен құжаты салтанатты түрде

табыс етілді.

Жиын соңында қатысушылар орталықтың

негізгі жұмысымен танысып, open

space форматында тәжірибе алмасты.

Раис АФАНАСЬЕВ,

«Волонтерлік қозғалыс орталығының»

«Тәрбие» спорттық бағытының жетекшісі:

- Өзімнің дене шынықтыру және

спорт саласындағы ұзақ жылғы еңбек

өтілімді пайдалана отырып, көп

адамға көмектесетініме қуанып

отырмын. Менің басты мақсатым -

спортшылар мен еріктілердің басын

қосып, түрлі мектептер мен ЖОО -

да үйірмелер, спорттық жарыстар

өткізу. Алға қойған жоспарым көп.

Тек оны жүзеге асыру қажет.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың

да арасында шеберлік сағаттарын

ұйымдастырсам деймін.

«Қазақ тарихындағы Ислам»

ҚМДБ – еліміздегі мұсылман жұртшылығына

діни-руханияттық басшылық

жасайтын және Алланың асыл діні –

Исламды халқымыздың дәстүрлі жолымен

насихаттаушы мекеме. Қазақстанның

көп ғасырлық тарихы мен мәдениеті

Ислам дінімен байланыса дамып келеді.

Соңғы 30 жыл ішінде еліміздің Діни

басқармасы да көптеген пәтуалар

шығарып, асыл дінімізді кең көлемде

насихаттауда.

Аталмыш шараға ҚМДБ-ның Павлодар

облысы бойынша өкіл имамы

Жолдас Қоспақұлы, облыстық дін істері

басқармасының басшысы Дәулет

Зәкариянов, Toraighyrov University

профессоры, филология ғылымдарының

докторы Айтмұхамбет Тұрышев

және қала мешіттерінің имамдары

мен өңіріміздің зиялы қауымы қатысты.

- Биыл Діни басқарма үшін айтулы

жыл болмақ. Себебі, біздің

құрылғанымызға 30 жыл толып отыр.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Қазақ

тарихындағы Ислам» тақырыбында кітаптар көрмесі ашылды.

Шара Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының

30 жылдық мерейтойына арналды.

Қазақстан мұсылмандарының алғашқы

құрылтайы 1990 жылы 12 қаңтарда

өткен еді. Бүгінгі көрменің басты

мақсаты – кітапхана оқырмандарына

сол Діни басқарманың тарихын

көрсету және қорымыздағы діни

әдебиеттермен таныстыру болып

отыр. Биылғы мерейлі датаға орай

«30 игі шара» деген үлкен жоба

басталды. Яғни, республика бойынша

отыз мешітті күрделі жөндеуден өткізу,

отыз көпір салу секілді игі жұмыстар

атқармақпыз, - деді Жолдас Қоспақұлы.

Кітапхана оқырмандарының назарына

ҚМДБ сараптамасынан өткен

500-ге жуық діни кітап ұсынылды.

Болашақта мұндай көрмелер аудандық

мешіттерде де ұйымдастырылмақ.


SARYARQA SAMALY

ДӘУЛЕТ 21 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл 5

АГРОӨНЕРКӘСІП

Картоптан -

крахмал

Бүгінде облысымызда жалпы сұраныстан бірнеше есе көп картоп өсіріледі. Күзде

жиналған мол өнімді өңір тұрғындары тұтынып, еліміздің басқа аймақтары

мен көршілес елдерге жөнелткенмен, қоймада артық картоп қалады. Көп

жағдайда ол жарамсыз болып, мал азығына айналады. Сондықтан жергілікті

билік картоп өңдеу ісін бастауға бел буды. Атап айтқанда, крахмал зауытын

салуды жөн деп шешті.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Сұраныс

жоғары

Елімізде Павлодарда өсірілген

картоп жоғары бағаланады.

Тіпті, Нұр-Сұлтан қаласында

жүйелі түрде ұйымдастырылатын

ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде

тұрғындар барлығын бірден сатып

алады. Түркістан, Жамбыл, Алматы

облыстарынан арнайы келіп,

жергілікті шаруалар өсірген

өнімді бірнеше жүк көлігімен алып

кететін саудагерлердің қарасы

қалың. Осыдан-ақ павлодарлық

картопқа деген сұраныстың көп

екенін айқын аңғаруға болады.

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасы ұсынған мәліметке

сүйенсек, былтыр аймағымызда 17,9

мың гектар алқапқа картоп егіліп,

әр гектардан орташа есеппен 309

центнер өнім жиналды. Сөйтіп,

барлығы 552 мың тонна картоп

алынды. Ал облыс тұрғындарының

сұранысы – шамамен 100 мың

тонна. Қалғанын өзге өңірлерге

жөнелтіп, сыртқа сатады.

- Былтыр Қазақстанның облыстарына

барлығы 27 684 тонна картоп

жеткізілді. Сонымен қатар, әлем

елдеріне 106 мың тоннадан астамы

экспортталды. Олардың қатарында

Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан

сынды ірі сатып алушылар бар.

Ақтоғай, Железин аудандарындағы

шаруашылықтар экспорттайтын

өнім көлемі басқа аудандармен

салыстырғанда анағұрлым көп, -

дейді облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасы экспортты және

импортты ұйымдастыру бөлімінің

басшысы Айдана Бейсекеева.

Бұл ретте Ақсу қаласының

ауылдық аймағы мен Павлодар

ауданындағы шаруалардың басым

бөлігі өзге бағытты таңдағанын

атап өту керек. Мұндағы шаруалар

өнімді экспорттауға қарағанда

көктемде, яғни картоп бағасы

күрт қымбаттаған тұста жергілікті

нарыққа сатылымға шығаруды

құп көреді. Сондықтан бірнеше

көкөніс қоймасын салып, күзде

жиналған өнімді сол жерде көктемге

дейін сақтайды. Мәселен, Ақсу

қаласына қарасты Мәмәйіт Омаров

ауылындағы «Әлихан» шаруа

қожалығы былтыр 180 гектарға

картоп егіп, әр гектардан 300

центнер өнім алды. Өз өңірімізден

бөлек, Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен

қалалары, Түркістан облысы

тұтынушыларына картоптың келісін

90 теңгеге сатты. Қалған бөлігін

кейін сатылымға шығармақ.

- Бұған дейін 1,5 мың тонна

көкөніс сақтауға арналған шағын

ғана қойма болатын. Былтыр 4 мың

тонна картоп пен сәбіз сақтайтын

тағы бір қойма салдық. Күзде

жиналған өнімнің басым бөлігі

осында сақталады. Оны сұраныс

артқан тұста сатамыз, - дейді

шаруа қожалығының басшысы

Қуатбек Қисамиев.

Өндірістікке

көшу керек

Байқағанымыздай, картоптың тең

жартысы сатылымға шығарылып,

Суреттер қордан алынды.

сыртқа жөнелтілсе, қалған жартысы

сол күйі сақталып қала береді.

Көкөніс қоймасы бар шаруалар

өнімді өздеріне қолайлы уақытта

сатып, содан табыс табады.

Ал мұндай сақтау орны жоқ

шаруашылықтарға артық өнімді

малға беріп, оған да жарамсыз

болса, қоқысқа тастауға тура

келеді. Қазақстанның картоп

және көкөніс өсірушілері одағының

б а с қ а р м а т ө р а ғ а с ы Қ а й р а т

Бисетаев сол себепті өнімді өңдеу

орны ауадай қажет екенін алға

тартады.

- Бұдан 10 жыл бұрын Қазақстан

импортқа тәуелді ел болса, бүгінде

экспорттаушы мемлекетке айналды.

Осы уақыт аралығында шаруалар

ел тұрғындарының сұранысын өтеп

қана қоймай, сыртқа сататын

деңгейге жетті. Айталық, жыл

сайын орта есеппен 200 мың

тонна қазақстандық картоп өзге

елдердің тұтынушыларына жол

тартады. Десе де, экспорттың

болашағы бұлыңғыр. Бүгін болған

сұраныс ертең болмауы әбден

мүмкін. Оған қоса, елімізде өсірілген

өнім кей жағдайда сатылымға да

жарамай, ысырап болып жатады.

Осы жайттардың барлығын ескеріп,

крахмал зауытын салған дұрыс. Бұл

өңдеу орнының Павлодар облысында

іске қосылуы тіпті жақсы.

Себебі, Павлодар картопты өсіру

көрсеткіші бойынша көш ілгері тұр, -

дейді Қ.Бисетаев.

Таяуда өңірімізге келген

шетелдік сарапшы Ханс Громбах

та жергілікті шаруалардың әлеуеті

жоғары екенін айтты.

- Өңірде көбінесе картоптың

асханалық түрі өсіріледі. Оның

құрамында крахмал үлесі – 12-13

пайыз. Ал зауыт жұмысы үшін

крахмалы 19-25 пайыз болатын

өндірістік картоп керек. Картоптың

бұл тұқымын өсіру қомақты

қаржы құюды талап етпейді.

Тек агротехникалық шараларды

дұрыс пайдалана білсе болғаны.

Бұл бағытта біз көмек көрсетуге

әзірміз, - деген еді шетелдік маман.

Железин ауданындағы «Пахарь»

шаруа қожалығы биылдан-ақ

өндірістік үлгідегі картопты тәжірибе

ретінде өсіріп көрмек. Шаруашылық

басшысы Олег Литвиненконың

айтуынша, көктемде картоптың

еуропалық тұқымының үш сұрпы

жеткізіледі.

- Былтыр 350 гектарға картоп

салып, 52 тонна жинадық. Ішкі

нарықты ғана өніммен қамтып

қоймай, Өзбекстанның сауда

орындарына да жөнелттік. Алдағы

уақытта облыста крахмал зауыты

салынатынын ескеріп, биыл

өндірістік картопты алғаш рет

өсірмекпіз. Еуропадан жеткізілетін

үш сұрыпты 5 гектар аумаққа салу

жоспарда бар. Оның қайсысы

біздің климатқа қолайлы болып,

мол өнім берсе, келесі жылы

сол сұрыпқа басымдық беретін

боламыз, - дейді О.Литвиненко.

Железинде

зауыт

салынады

Железин ауданындағы

шаруалардың өндірістік картоп

өсіру ісіне ден қоюы тегін емес.

Себебі картоп өңдеу орны дәл

осы ауданда салынбақ. Әуелде

Ақсу қаласының аумағында іске

қосылуы жоспарланған кәсіпорынның

не себепті Железин ауданына

ауысқанын сала мамандары былай

түсіндірді:

- Біріншіден, Железин ауданының

топырағы анағұрлым құнарлы.

Айталық, Ақсудағы алқапта

гектарынан 400 центнер, ал

Железинде 500 центнер картоп

жиналады. Екіншіден, ақсулық

шаруашылықтардың барлығында

дерлік ірі көкөніс қоймалары бар.

Яғни, шаруалар өнімдерді біраз

уақыт сақтап, баға күрт өскенде

сатуды құп көреді. Железин ауданында

мұндай қоймалар жоқ,

сондықтан шикізатпен қамтуда

мәселе болмайды. Үшіншіден,

Железин Ресейдің Омбы облысымен

іргелес жатыр. Крахмалдың

экспортқа бағытталған тауар

екенін ескерсек, зауыттың көліклогистикалық

тұрғыдан алғанда

шекараға жақын аумақта салынғаны

әлдеқайда дұрыс.

Жобаның жүзеге асуына

жауапты «Павлодар» әлеуметтіккәсіпкерлік

корпорациясының

басқарма төрағасы Александр

Бабенконың айтуынша, наурыз

айында тиісті құжаттар дайын

болып, сараптамаға жіберіледі.

Содан соң зауыт құрылысына

кірісуге болады.

- Кәсіпорын жылына 150 мың

тонна картопты өңдеп, 24 мың

тонна крахмал шығаратын болады.

Бұл өнімді сатылымға шығарар

әлемдік нарық аясы кең. Еуропа

елдері жылына 568 мың тонна,

ТМД елдері 24 мың тонна крахмал

тұтынады екен. Бұл ретте аталмыш

өнімді ірі өндірушілердің бірі –

Беларусьтің өзі бізге бәсекелес

бола алмайды. Бұл елдегі Гродно

қаласындағы зауыт жылына 40

мың тонна картопты өңдеп, одан

5,6 мың тонна өнім алады. Біздің

қуаттылық бұдан бірнеше есе

жоғары болмақ, - дейді А.Бабенко.

Алдын ала есептеулер бойынша,

к р а х м а л з а у ы т ы н ы ң қ ұ р ы л ы с ы н а

30 млн. еуро қажет. Мұндай

қомақты көлемдегі инвестиция

құюға отандық және шетелдік

компаниялар қызығушылық

танытып отыр. Себебі, экспортқа

бағытталған крахмалды саудалаудан

мол табысқа кенелуге

болады. Айталық, былтыр Қытай

63 млн. АҚШ долларына, Оңтүстік

Корея 83 млн. АҚШ долларына

крахмал сатып алған көрінеді.

Сондықтан өңірімізде картопты

өңдеп, одан дайындалған крахмалды

экспорттау аса маңызды.

Ендігі ретте павлодарлық картоп өсірушілерге

асханалық тұқымды ысыра тұрып, өндірістік түрін

қолдануға көшу керек. Былтыр аймағымызда алғаш

рет қант қызылшасы тәжірибе түрінде егілсе, биыл

өндірістік картоп салынады. Шикізатпен қамтуда

қиындық болмаса, 2021 жылы іске қосылатын крахмал

зауыты агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына тың

серпін береді.


6 21 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл ДҮБІР

SARYARQA SAMALY

Табысқа толы болғай,

«Токио-2020!»

Тышқан жылының басты спорттық додасы – Жапония астанасы Токиода

өтетін XXXII жазғы Олимпия ойындары. 24 шілде - 9 тамыз аралығында

ұйымдастырылатын мықтылар бәсекесін қазақстандықтар да асыға

күтіп отырғаны анық.

Жаңашылдық

көп

Бұл Олимпиаданың ерекшеліктері

аз емес. Мәселен, жаңадан 5

спорт түрі енгізіліп отыр. Бейсбол/

софтбол, каратэ, серфинг, спорттық

құзға өрмелеу және скейтбординг

бойынша алғашқы жүлдегерлердің

есімдері тарихта қалмақ. Жалпы,

қатысушылар спорттың 33 түрінен

339 медаль жиынтығын сарапқа

салады. Дүбірлі додаға әлемнің 206

елінен 11090 спортшы қатысады

деп күтілуде. Тағы бір ерекшелігі,

биыл гендерлік теңдікке басымдық

беріліп, спортшылардың 49 пайызын

нәзік жандылар құрайтын болады.

Сөйтіп, жеңіл атлетика, су спорты

түрлері, нысана көздеу, ауыр атлетика,

бокс және күрес түрлеріндегі

ерлер жолдамаларының саны

қысқарып, әйелдердің үлесіне

берілді.

Әзірге

25 жолдама

Жапония дүбірлі доданы осымен

екінші рет қабылдамақ. Күншығыс

елі ең алғаш Жазғы Олимпия ойындарын

1964 жылы өткізген екен.

Сол жылы 93 елдің спортшылары

бақ сынап, спорттың 19 түрінен

жүлделерді сарапқа салған-ды. Ол

уақытта қазақстандық спортшылар

Кеңес одағының құрамында бақ

сынаса, биыл Тәуелсіз ел ретінде

жетінші Жазғы Олимпия ойындарына

қатыспақ. Қазірге дейін

еліміздің саңлақтары 25 жолдамаға

қол жеткізіп отыр. Атап айтсақ,

Юрий Юрков (нысана көздеу),

Сәрсенкүл Рысбекова (стенд ату),

Ришат Хайбуллин (спорттық құзға

өрмелеу), Дмитрий Баландин (100,

200 метрге брасс әдісімен жүзу),

Ольга Рыпакова, Георгий Шейко

(жеңіл атлетика), Евгений Гидич

(велоспорт, лицензия командаға

беріледі), садақ атудан Қазақстан

ерлер командасы (Денис Ганькин,

Ильфат Абдуллин, Санжан Мұсаев;

командалық және жекелей сын),

Виталий Худяков (ашық суда

жүзу), Екатерина және Александра

Ольга Рыпакова

Немич (синхронды жүзу), Милад

Карими (спорттық гимнастика),

Валентина Исламова, Эльмира

Сыздықова (әйелдер күресі), Асхат

Ділмұхамедов, Мейрамбек Айнағұлов

(грек-рим күресі), Нұрислам

Санаев, Дәулет Ниязбеков, Данияр

Қайсанов, Әлішер Ерғали (еркін

күрес) Олимпиада жолдамасына

ие болды. Алда әлі талай іріктеу

сайыстары тұр.

Атлантадағы

алғашқы

алтындар

Тарихқа көз жүгіртсек, жазғы

Олимпия ойындарына Тәуелсіз

мемлекет ретінде 1996 жылдан бері

тұрақты түрде қатысып келеміз.

Сол жылы өткен Атланта Олимпиадасы

ел спортшылары үшін

табысты болып, 3 алтын, 4 күміс

және 4 қола медаль еншіледік. Атап

айтсақ, грек-рим күресінен Юрий

Мельниченко, боксшы Василий

Жиров және бессайысшы Александр

Парыгин алтыннан алқа тақса,

мылтық атудан Сергей Беляев – екі,

ал ауыр атлет Анатолий Храпатый

бір күміс медальды қоржынға салды.

Боксшылар Болат Ниязымбетов

пен Ермахан Ибрайымов, мерген

Владимир Вохмянин және еркін

күрес шебері Мәулен Мамыров

Олимпиаданың қола жүлдегері

атанды. Сөйтіп, жалпыкомандалық

есепте 24-орынға тұрақтадық.

Сиднейде

сенім ақталды

Сидней Олимпиадасында (2000

жыл) да отандастарымыз тәуір

нәтиже көрсетті. Жеті медаль

(3 алтын, 4 күміс) олжалаған

саңлақтарымыз жалпыкомандалық

есепте 22-орыннан көрінді. Алтын

медальды боксшылар Бекзат Саттарханов

пен Ермахан Ибрайы-мов,

жеңіл атлет Ольга Шишигина,

күміс медальды боксшылар

Болат Жұмаділов пен Мұхтархан

Ділдәбеков, велоспортшы Александр

Винокуров және еркін күрес

шебері Ислам Байрамуков алып

берді.

Бақтиярға

бақ қонды

2004 жылы Афина Олимпиадасында

спортшыларымыздың

нәтижесі біраз төмендеді. Онда 1

алтын, 4 күміс және 3 қола медаль

алған қазақстандықтар жалпы

есепте 40-орынға табан тіреді.

Жалғыз алтынды боксшы Бақтияр

Артаев қанжығасына байласа, күміс

медальды қазіргі таңда кәсіпқой

бокста қарсыластарын сұлатып

жүрген Геннадий Головкин, ауыр

атлет Сергей Филимонов, грек-рим

күресінен Георгий Цурцумия,

еркін күрестен Геннадий Лалиев

еншіледі. Қола медальды онсайысшы

Дмитрий Карпов, боксшы

Серік Елеуов және грек-рим күресі

шебері Мхитар Манукян иеленді.

Допинг дауы

2008 жылы өткен Бейжің

Олимпиадасында 13 спортшымыз

жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Алайда, допинг тексерісінен кейін,

ХОК 5 отандасымыздың жүлдесін

қайтарып алды. Ауыратлет Илья

Ильин допинг қолданды деген

айыппен Олимпиада чемпионы

деген атағынан айырылса, дәл

сондай айыппен Таймураз Тигиев

(күрес) пен Ирина Некрасова (ауыр

атлетика) күміс, Мария Грабовецкая

(ауыр атлетика) пен Әсет

Мәмбетов (күрес) қола жүлделерін

қайтарып берді. Сондайақ өзге

елдің спортшылары да допингпен

ұсталып, нәтижесінде 2008 жылы

күміс алған отандасымыз Алла

Важенина (ауыр атлет) арада 8

жыл өткенде Олимпиада чемпионы

атанса, Нұрбақыт Теңізбаев (күрес)

пен Ольга Рыпаковалардың (үш

қарғып секіру) қола жүлделері

күміске айналды. Сөйтіп бұл

додада қазақстандықтар жалпы

саны 2 алтын, 3 күміс және 4 қола

медаль алып, командалық есепте

37-орынға тұрақтады. Қазақстанның

алғашқы алтынын ел қоржынына

боксшы Бақыт Сәрсекбаев салса,

екіншісі жоғарыда айтқандай Алла

Важенинаға тиесілі. Күміс медальды

Асхат Житкеев иеленсе, қола

медальдар әйелдер күресінен Елена

Шалыгинаға, еркін күрестен Марид

Муталимовке, боксшы Еркебұлан

Шынәлиевке және таэквондошы

Арман Шылмановқа бұйырды.

Павлодардың

алғашқы

жүлдесі

2012 жылғы Лондонда өткен

Олимпия ойындарда қазақстандық

спортшылар толайым табысқа жетіп,

алғаш рет Олимпиадада 7 алтын

алдық деп бөркімізді аспанға атып

едік. Сөйтсек, бекер қуанған

екенбіз. Арада 4 жыл өткенде Илья

Ильин бастаған ауыратлеттеріміз

Зульфия Чиншанло, Майя Манеза,

Светлана Подобедова допинг

қолданды деген айыппен алтын

медальдарын қайтарып берді.

Есесіне тағы бір ауыратлетіміз

Анна Нұрмұхамбетова мен еркін

күрес шебері Дәулет Шабанбай

қола жүлдегер атанды. Дәулеттің

жүлдесі Павлодар облысының

жазғы Олимпия ойындарындағы

алғашқы медалі болып тарихқа енді.

Бүгінде Лондондағы табысымыз 11

медаль (3 алтын, 1 күміс, 7 қола).

2012 жылы алтын жүлделер легін

велоспортшы Александр Винокуров

бастап берген еді. Жеңісті

жолды әрі қарай боксшы Серік

Сәпиев пен жеңіл атлет Ольга

Дәулет Шабанбай

Рыпакова жалғап, Отанымыздың

даңқын асыра түскен-ді. Боксшы

Әділбек Ниязымбетов күміспен

күптелсе, қола медальды грек-рим

күресінен Даниял Гаджиев, еркін

күрестен Ақжүрек Таңатаров,

бокстан Марина Вольнова мен

Иван Дычко, әйелдер күресінен

Гүзел Манюрова олжалады.

Рио төрінде

2016 жылғы Рио Олимпиадасында

да сайыпқыран

саңлақтарымыз ауыз толтырып

айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.

3 алтын, 5 күміс, 10 қола жүлде

(18) олжалаған спортшыларымыз

жалпыкомандалық есепте 22-орынға

тұрақтады. Жүзу спортынан Дмитрий

Баландин, ауыр атлет Ниджат

Рагимов және боксшы Данияр

Елеусінов ел мерейін асырып,

алтыннан алқа тағынды. Ал Елдос

Сметов (дзюдо), Жазира Жаппарқұл

(ауыр атлетика), Василий Левит

(бокс), Әділбек Ниязымбетов (бокс),

Гюзель Манюрова (күрес) күміспен

күптелсе, Галбадрах Отгонцэцэг

(дзюдо), Фархад Харки, Карина

Горичева, Денис Уланов, Александр

Зайчиков (ауыр атлетика),

Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика),

Эльмира Сыздықова, Екатерина

Ларионова (күрес), Иван Дычко,

Дариға Шәкімова (бокс) ел

қоржынына қола медаль салды.

Токио Олимпиадасы отандастарымыз

үшін олжалы

болады деген сенімдеміз.

Алға, Қазақстан!

Роботтар қызмет көрсетеді

Toyota Miraitowa және Someity атты қос робот – Токио

Олимпидасының ресми тұмары. Жалпы, дүбірлі додада

еріктілердің орнына түрлі роботтар қызмет көрсетпек.

Негізгі миссияларының бірі - меймандарды қарсы алып,

естелік суретке түсу.

Бойтұмарлар ойыншықтарға ұқсас. Роботтар негізгі іс-шараларда бейне

және дыбыс арқылы хабар таратады. Олардың көмегімен көрермендер

спортшылармен сөйлесе алады. Трибуналардағы роботтар келушілерге

өз орындарын табуға көмектеседі және кәдесыйлар сияқты ұсақ жүктерді

әкеп береді. Енді бірі стадиондағы тамақ тарататын адамдарды алмастырады.

Бұл ретте, арнайы планшеттің көмегімен тағамдар мен сусындарға

тапсырыс беруге болады.

FSR роботы спортшыларға қолғабыс етеді. Ол спортшылар лақтырған

доп, найза және басқа да құрал-жабдықтарды әкеледі. Ұйымдастырушылар

дүбірлі доданы ең инновациялық Олимпиада деп бағалап отыр.

Бетті әзірлеген - Оралхан ҚОЖАНОВ.


SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 21 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл 7

ЕСТЕЛІК

Жұлдызды ғалым

Белгілі ғалым, ағартушы Бекмұрат Уахатов екеуіміз жақын дос болдық. Ол 60

жасқа толғанда республикалық «Жас алаш» газетіне арнайы мақала жазып

шығардым. Сондай-ақ, «Шалқар» радиосына барып, «Бекмұрат Уахатов -

жұлдызды ғалым» деген тақырыпта сөйледім. Сөйтіп өзімнің досымның

алдында аздаған парызымнан құтылып, жеңілдегендей болдым. Енді осыған

қоса Мұхтар Әуезовке байланысты бір естелік айтқым келеді.

Мұқаңның шәкірттері аз

болатын-ды. Ол кісі адамды бір

қарағаннан танитын. Жазушының

бәрі психолог болады ғой. Осыдан

бірдеңе шығады-ау, деген жастарды

төңірегіне топтастырып жүретін. Сол

жастардың ішінен таңдап алған

шәкірті Бекмұрат еді. Мұхтар Әуезов

1957 жылдың 17 қаңтарында бөлім

басшысы болып келгеннен көз

жұмғанға дейін бір жағында басқа

шәкірт-інілері жүрсе, бір жағында

Бекмұрат жүретін. Кездесулердің

барлығына Бекмұратты алып баратын.

Кейін 1958 жылдары мен елге

мұғалім болып кеткен едім. Бірде

Мұқаңды қонаққа шақырдым. Бәкең

де бірге келді, әңгіме барысында

Мұқанды белгілі бір тақырыпта

сөйлеуге Бекмұрат жол ашып, сұрақ

қойып отыратын. Бірде Бекмұрат:

– Сіз Абайды жаздыңыз, Абайды

көрдіңіз бе? - деп сұрады.

- Абайды 6 жасымда көрдім, -

деді жазушы. Содан кейін сөзін одан

ары жалғады: - Біз жайлауға көшіп

келгенде Абайдың ауылы бір күн

кейін келіп қонды. Қазақтың ескі

салты бойынша менің әжем жаңа

келіп, қоныстанып жатқан ауылға

ерулік апарды. Мен де әжемнен

қалмай бірге бардым. Үлкен алты

қанат ақ үй екен. Сыртта бір топ

ат байлаулы. Үйге әжем кіргенде

бір топ адам көлден дүр етіп ұшқан

қаздар сияқты орындарынан тұрды.

«Ерлік

сабақтары»

Ұлы Жеңістің

75 жылдығына

орай облыс

мектептерінде

«Ерлік сабақтары»

атты акция

басталды.

Шараның басты мақсаты – жас буынды өз елінің

патриоты болуға тәрбиелеп, Отанын қорғай білуге

баулу. Сондай-ақ, оқушыларға Тәуелсіз ел тарихы

және Конституция туралы жан-жақты ақпарат беріп,

Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыздың

ерліктерін насихаттау.

Аталмыш акцияға жергілікті әскери

басқару органдарының өкілдері, әскери

даңқ мұражайының қызметкерлері, алғашқы

әскери дайындық пәнінің оқытушылары және

«ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық

қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысындағы

филиалының төрағасы, отставкадағы майор Жан

Қаратаев қатысты.

- Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің

маңызы зор. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды

ширату керек. «Отан - отбасынан басталады»

демекші, әр азамат өз ұрпағына ата-бабаларының

ерлігі жайлы әсерлі әңгімелер айтып, бүгінгі бейбіт

күннің оңайлықпен келмегенін түсіндіруі тиіс. Сонда

ғана біз жігерлі, ержүрек әрі білімді жастарды

тәрбиелей аламыз. Ол үшін осындай шаралардың

берері мол, - дейді Жан Қаратаев.

Акция аясында өңірдегі білім беру мекемелерінде

«Ерлік сабақтары» өтсе, музейлерде Ұлы Отан

соғысына қатысқан батырларымыз жайлы тың

деректер оқушылар назарына ұсынылмақ.

Н.АҚЫТЕГІ.

Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту

және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары

Османова Сәуле Ғабдылжапарқызына бауыры

Мараттың

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып,

көңіл айтады.

(209)

Әжемді жоғары шығарды, мен оң

жағына отырдым. Ел қайта сабасына

түсіп, әңгіме басталғанда ортасында

отырған бір кісі әңгімені қайта қоңыр

дауыспен айта бастады. Осы кезде

мен әжемнің бір иығынан ұрланып,

сөйлеп отырған кісіге қарадым.

Шапанын желбегей жамылған,

басында тақиясы бар мол денелі,

сөйлеп отырғанда түсі сұстылау.

Сол Абай екен. Алдында Абайдың

өлеңін жаттап жүрген жайым бар

еді. Абай ұзақ сөйледі, не сөйлегені

есімде жоқ. Ішім пысқаннан кейін

мен кетемін деп әжемнің етегінен

тарттым. Мұнымды байқаған Абай

маған қарап: - Сен бүгін ешқайда

бармайсың, менің мына түлкі ішігімнің

ішінде ұйықтайсың, ішіне орап, сені

ұйықтатамын, - деді ішігін көрсетіп.

Бөтен адамның мені алып қаламын

дегеніне жыладым, сонда әжем: -

Бұл Абай деген атаң, - деді. Әжем

қанша алдаса да көнбей, Абайдың

үйіне қондырмай қара көлеңкеде

ауылға алып кеттім. Менің Абаймен

бірінші кездесуім де соңғы кездесуім

де сол,- деп еді Мұхтар Әуезов.

Сосын Мұқаң Бекмұратқа бұрылып:

- Әй, Бекмұрат, сен мен айтпай

жүрген, жасырын жатқан сырларымды

айтқызуға шеберсің-ау -

деді. Иә, сонда Бекмұрат өзінің

ұстазының жан дүниесін өзгеден

ерекше түсінетіндей, кілтін аша

білетіндей байқалды. Ұстазына деген

махаббаты, ұстазына деген құрметі

ерекше еді. Екінші айтайын дегенім

– Бекмұрат Уахатовтың ғылымдағы

еңбегі. Қазақтың халық өлеңдері, оның

тарихы туралы жазғандары фольклор

ғылымына қосылған үлкен қазына.

Бекеңді ерекше бағалайтыным – оның

керемет еңбексүйгіштігі. Бүкіл орыс

әдебиеті XVIII, XIX ғасырдағы Васильев,

Потанин сияқты оқымыстылардың

ешкім оқымаған еңбектерінің барлығын

алтын қазынадан көтеріп, соны

жарыққа шығарды. Бұл ғылымның

сүтінің бетін қалқып алумен бірдей.

Қазақтың халық өлеңдерін, беташар,

жар-жар, сыңсу, қоштасу т.б. тереңнен

толғаған.

Қазіргі кезде орыс халқы туралы

түрлі пікірлер айтылып жүр. Меніңше,

орыс халқы екі түрлі. Біріншісі – біздің

көшпелі дәуіріміздегі ауыз әдебиетін

жинап, зерттеп, том-том кітап шығарып

жариялап кеткендер. Егер орыстың

фольклористері мен этнографтары

болмаса бүгінгі «Қыз Жібек», «Айман-

Шолпан», «Бекет», «Қозы Көрпеш-Баян

Сұлу», «Жанқожа» жырлары дәл сол

күйінде сақталмас еді. Сондықтан

біз орыс халқының алдыңғы қатарлы

демократиялық көзқарастағы басқа

ұлттарды сүйетін оқымыстыларын

әр уақытта құрметтеп, бағалауымыз

керек. Екіншісі – қазақтарды кемсітіп,

қорлап қарайтын интеллигенциясы.

Олар тарихи адамдар емес. Сол секілді

Бекмұрат Уахатов та орыс халқының

Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы

8 қыркүйектегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын

есепке қою және есептен алу тәртібін белгілеу

туралы» №258/9 қаулысының күші жойылды деп

тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы

жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан

Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық

актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы

4)-тармақшасына сәйкес Павлодар облысының

әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы

8 қыркүйектегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке

қою және есептен алу тәртібін белгілеу туралы» №258/9

алдыңғы қатарлы демократиялық

көзқарасын және біздің халыққа көп

еңбек сіңірген азаматтарын жоғары

бағалаған. Ол екі елдің арасын достастырып

тұрған алтын көпірі сияқты.

Бекмұрат Уахатов – талантты әрі

дарынды ғалым. Ол орыс халқының

XVII-XIX ғасырдағы оқымыстыларының

еңбектерін жинап бүгінгі қауымға

танытып кетті. Мұндай ғалым

тарихта сирек кездеседі. 1904 жылы

Петербургта Шоқан Уәлихановтың

шығармалар жинағының алғы сөзін

жазған Веселовский өз сөзінде:

«Шоқан Уәлиханов құйрықты жұлдыз

секілді ағып түсті» дейді. Ал Бекмұрат

болса «құйрықты жұлдыз» секілді

ағып түскен жоқ, Шолпан жұлдызы

секілді қайтадан тарихта жанған адам.

Шолпан жұлдызы сияқты биікте тұрған

адам. Түсіруге болмайды. Бекеңнің

отбасы, бала-шағасы бақытты болсын.

Елі, халқы, оқымысты қауымы бар

кезде, қазақ халқының интелигенциясы

тұрғанда Бәкең еш уақытта

ұмытылмайды, ұмытылмауы мүмкін

емес. Оның тарих алдында жасаған

өлшеусіз еңбегі мәңгі бақи алтын

әріппен жазылады деп ойлаймын.

Бәкеңнің бірнеше кітабы бар,

соның бірі – «Тоғысқан тағдырлар»,

одан кейін «Қазақтың халық өлеңдері»

монографиясы шықты. Бекмұрат

Уахатов екі жанрда творчестволық

қызмет атқарған. Автордың драмалық

шығармалары мен повестері де

бар. Одан кейін өмірінің соңғы

10-15 жылында бірыңғай ғылыми,

творчестволық жұмыспен шұғылданған.

Сұлтанғали САДЫРБАЕВ,

филология ғылымдарының

докторы, академик, Жамбыл

және Ы.Алтынсарин атындағы

халықаралық сыйлықтардың

иегері.

қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№4761 болып тіркелді, 2015 жылғы 21 қазанда

«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

2. «Павлодар облысының энергетика және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»

мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген

тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында

мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің

интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз

етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс

әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е.Жазылбекке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі.

Облыс әкімі.

Павлодар облысының прокуратурасы, 140000, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 3-үй, анықтама

телефоны: 8(7182) 31-51-11, 31-50-80, эл.мекенжайы 7182380@prokuror.kz, Екібастұз қаласы

прокуратурасында 2 бірлік, Баянауыл ауданы прокуратурасында 1 бірлік, Ақтоғай ауданы

прокуратурасында 1 бірлік бос лауазымдық қызмет орындарына конкурс жариялайды.

Лауазым санаты:

Екібастұз қаласы прокуратурасы

бөлімінің прокуроры (C-RGP-5),

Баянауыл ауданы прокуратурасының

прокуроры (C-RGP-5), Ақтоғай

ауданы прокуратурасының прокуроры

(C-RGP-5).

Еңбекақы төлеу мөлшері мен

шарты қолданыстағы заңнамаға

сәйкес белгіленеді (еңбекақысы

125 826 (1 жүз жиырма бес мың

сегіз жүз жиырма алты теңге).

Функционалдық міндеттері:

қоғамдық мүддені қорғау

бойынша, үкімдердің орындалуына

прокурорлық қадағалауды жүзеге

асыру, сотта мемлекет мүддесіне

өкілдік ету, сондай-ақ мемлекет

атынан қылмыстық қудалауды

жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға

қойылатын талаптар:

білімі – жоғары кәсіби, нақты

лауазымның функционалдық

бағытына сәйкес келуі тиіс немесе

жоғары заңгерлік;

құқық қорғау органдарында

қызметін өтеуге денсаулығы

бойынша жарамдылығы;

нақты лауазым бойынша

функционалдық міндеттерін

орындауға қажетті міндетті білімінің,

дағдылары мен қабілеттерінің болуы;

Құжаттар тізбесі:

1) Өтініш (Қазақстан Республикасының

прокуратура органдары

жүйесінде лауазымдарға

орналастыру үшін конкурс пен

тағылымдама өткізу қағидаларының

(бұдан әрі – Қағида) 2-қосымшасына

сәйкес нысан бойынша);

2) сауалнама (Қағиданың

3-қосым-шасына сәйкес нысан

бойынша);

3) кадрларды есепке алу

жөніндегі толтырылған жеке парақ

(Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес

нысан бойынша (нақты мекенжайы

мен телефондары, соның

ішінде байланыс телефондары

көрсетілген);

4) өз қолымен жазып және

басып шығарған толық өмірбаяны,

туған-туысқандары, соның ішінде

бұрынғы жұбайлары да көрсетілуі

тиіс (Қағиданың 5-қосымшасына

сәйкес нысан бойынша);

5) жеке сәйкестендіру

нөмірі бар Қазақстан Республикасы

азаматының жеке басын

куәландыратын құжат көшірмесі,

нотариалды түрде расталған;

6) білімі туралы құжат көшірмесі,

нотариалды түрде расталған;

7) еңбек қызметін растайтын

құжат көшірмесі, нотариалды түрде

расталған;

8) әскери билет көшірмесі

немесе шақыру учаскесіне тіркелгені

туралы куәлік;

9) өлшемі 3х4 сурет (3 дана);

10) азаматтың және оның

жұбайының кірісі мен мүлкі туралы

мекенжайы бойынша салық органына

тапсырған декларациясын

растайтын құжаттар;

11) қолданыстағы заңнама

нормаларын білуі туралы

компьютерлік тестілеу нәтижелері,

конкурсқа қатысу үшін құжаттарын

тапсыру кезеңіне жарамды

тестілеудің шектеулі мәнінен

төмен емес;

12) медициналық және психофизиологиялық

куәландырудан өту

нәтижелері, соның ішінде прокуратура

органдарындағы қызметке

жарамдылығын анықтау үшін

әскери-дәрігерлік комиссияларда

полиграфологиялық зерттеуден

және міндетті арнайы тексеруден

өту нәтижелері;

13) құқықтық статистика және

арнайы есепке алу органдарының

соттылығының жоқтығы, бір жыл

ішінде қасақана құқық бұзушылық

жасағаны үшін сот тәртібінде

әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас

жемқорлық құқық бұзушылығын

жасағаны үшін тәртіптік және

әкімшілік жауапкершілікке тартылуы

жоқ екендігі туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс орнынан

(оқу орнынан) мінездеме.

Азаматтар білімі, жұмыс

тәжірибесі, кәсіби деңгейі мен

іскерлік атағына қатысты қосымша

ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми

(академиялық) дәрежесі мен атағы

туралы құжаттар көшірмесін,

мінездеме, ұсыныс, ғылыми

жарияланымдарын) ұсына алады.

Аталған құжаттардың бірінің

болмауы оларды қараудан бас

тарту үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау конкурс

өткізу туралы хабарландыру

жарияланған күннен бастап 5 жұмыс

күні ішінде жүзеге асырылады,

мекенжайы - Павлодар қаласы,

Лермонтов көшесі, 3.

Құжат тізбесінде көрсетілген

қосымшалар Қазақстан Республикасы

Бас прокурорының

2014 жылғы 4 мамырдағы №40

бұйрығымен бекітілген Қазақстан

Республикасының прокуратура

органдары жүйесінде лауазымдарға

орналастыру үшін конкурс пен

тағылымдама өткізу қағидаларында

бар.

Павлодар облысының

прокуратурасы.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 9980 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 101

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 21 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл ДОДА

SARYARQA SAMALY

СПОРТ ТЫНЫСЫ

Омбы оқушылары озды

Павлодар қаласында ағайынды спортшылар Иван және

Сергей Ярмоленколарды еске алуға арналған грек-рим

күресінен оқушылар арасында турнир өтті. Осымен 23 рет

ұйымдастырылып отырған жарысқа Ресей және Қырғызстан

елінің балуандары да бақ сынады.

Алғашқы

жеңіс

Түркия жерінде

оқу-жаттығу жиынында

жүрген павлодарлық

«Ertis» жолдастық кездесу

өткізіп, биылғы маусымды

жеңіспен бастады.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Қос азамат аймағымыздағы грек-рим

күресінің дамуына зор үлес қосып, талантты

шәкірттер дайындаған жаттықтырушылар

ретінде танымал. Жиырма төрт жыл бұрын

ағайындылар отырған көлік жол апатына

ұшырап, екеуі де ажал құшқан еді. Содан бері

грек-рим күресінен жасөспірімдер бойынша

Павлодар облысының аға жаттықтырушысы

Григорий Ярмоленко ағаларын еске алу

турнирін өткізуді дәстүрге айналдырған.

Биылғы жарысқа 180-нен аса балуан қатысты.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты

көптеген спортшылар жарысқа келе алмады.

Бұл ретте, ұйымдастырушылар қиындықтарға

қарамастан турнирге алыстан келген Ресейдің

Таулы Алтай және Қырғызстан елінің өкілдеріне

зор алғыстарын білдірді.

Қырғызстанның грек-рим күресі бойынша

Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Петр Ялома

бұл жарысқа қатарынан 10 жылдан аса

уақыт қатысып жатқанын айтады.

- Турнирдің орны бөлек. Жасөспірімдер

арасындағы құрлықтық жарыстарға дайындық

ретінде қарастырамын. Олай дейтінім, бұл

жарыста 2009 жылы шәкіртім Урматбек Аматов

өнер көрсетіп, келесі жылы жасөспірімдер

арасындағы алғашқы Олимпиадада алтын

алған еді. Биыл сайдың тасындай іріктелген

5 спортшыны әкелдім. Барлығы - Бішкек

қаласындағы спорт мектебінің оқушылары.

Жалпы, грек-рим күресі - Қырғызстанда ең

дамыған спорт түрі. Бұл ретте, мемлекет

тарапынан қомақты қаражат бөлініп, барынша

қолдау көрсетіледі. Қырғыз елінен Токио

Олимпиадасына әзірге 87 салмақта өнер

көрсететін Атабек Азизбеков жолдама алды, -

дейді П.Ялома.

Аталған турнирдің ең алғашқы

жеңімпаздарының бірі – Александр Шартнер

естелігімен бөлісті.

Григорий Ярмоленко

Суреттерді түсірген - Әлібек Жиенәлинов.

- Ең алғашқы еске алу турнирі қос

ағайынның туып-өскен жері – Железин

ауданында ұйымдастырылған еді. Иван

мен Сергей шеберлігі ерекше жандар

еді. Қаржылық қиындықтарға қарамастан

шәкірттерін жарыстардан қалдырмай,

шекара асып кететін. Турнирді жыл сайын

жоғары деңгейде ұйымдастырып жүрген

Григорий Ярмоленкоға алғысым шексіз, -

дейді Александр.

Турнирдің салтанатты ашылуына Павлодар

қаласының әкімі Қайрат Нүкенов қатысып,

жас спортшыларға сәттілік тіледі. Екі күнге

созылған жарыста 10 салмақ бойынша

жеңімпаздар анықталды. Атап айтсақ, 30

келіде Эльдар Гаджиев (Омбы өңірі, Ресей),

33 келіде Диас Сәрсембай (Павлодар қаласы),

45 келіде Дәурен Амантаев (Павлодар облысы),

48 келіде Дастан Эсенгулов (Қырғызстан),

51 келіде Марк Кан (Қостанай облысы),

55 келіде Марсель Шихов (Омбы өңірі,

Ресей), 60 келіде Амин Фаткулин (Омбы

өңірі, Ресей), 65 келіде Ярослав Данилевский

(Омбы өңірі, Ресей), 71 келіде Санжар

Сәбитов (Қостанай облысы), 80 келіде Дәулет

Қасымханов (Қостанай облысы), 80+ келіде

Темірлан Нұрболат (Алматы қаласы) чемпион

атанды. «Турнирдің ең үздік балуаны» атағына

Амин Фаткулин лайық деп танылды. Жарыс

жүлдегерлеріне лайықты сыйлықтар табысталды.

Байқағаңыздай, 4 салмақта топ жарған

омбылық спортшылар Отанына олжалы

оралды. Бұл ретте, бас бапкерлер Дархан

Оразов, Наурызбай Арынғазинов және Илья

Квитковтың еңбегін атап өткен жөн. Дархан

қазақ тілінде еркін сөйлейді екен. Ол Омбы

жерінде қазақтың ұлттық дәстүрі жақсы

сақталғанын айтып, екі елдің мәдени-спорттық

байланысының арта беруін тілек етті.

Жерлестеріміз былтырғы Түркіменстан

біріншілігінің күміс жүлдегері «Ахал»

командасымен бақ сынап, 3:1 есебімен

ұтты. Кездесуде Артем Попов, Тимур

Байжанов және Дмитрий Мандриченко

мергендігімен көзге түсті. Құрама сапына

көз жүгіртсек, алғашқы таймда Александр

Заруцкий, Рафкат Аслан, Марко

Томич, Милош Стаменкович, Арман

Нүсіп, Артем Попов, Пабло Подио,

Карлос Фонсека, Руслан Мингазов,

Леван Куталия жасыл алаңға шықса,

екінші кезеңде Сергей Черник, Данил

Кузнецов, Павел Баркунов, Әліби Тасболатов,

Сансызбай Жаңатұрмысов, Изат

Құлжанов, Денис Красноперов, Арман

Смайылов, Батыр Кұдайбердинов және

қаралымдағы өзге ойыншылар өнер

көрсетті.

5 жасар

чемпион

Алматы қаласында

шахматтан 18 жасқа

дейінгі балалар арасында

ел біріншілігі өтіп, өз

тобында павлодарлық

Эльсид Эльмурзиев дара

шықты.

Шахматтан Павлодар облысының

аға жаттықтырушысы Арман Габдушев

бес жасар бүлдіршіннен мұндай нәтиже

күтпегенін айтады.

- Эльсидтің нәтижесі қатты қуантты.

Бұл жастағы топта павлодарлық спортшылар

көптен бері жеңімпаз атанбаған

еді. Турнир барысына қарасақ, Эльсид

к ө ш б а с т а п к е л е ж а т ы п , қ а т а р ы н а н

2 жеңіліске ұшырады. Кейін 2 ойынды

ұтып, чемпион атанды, - дейді

А.Габдушев.

Аталған чемпионатта 8 жасқа дейінгі

топта тағы бір павлодарлық Ахмет

Сулейман қолаға қол жеткізді. Бұл

топта қатысушылардың көп болғанын

атап өткен жөн. Сондықтан да, қоланың

өзі алтынға пара-пар.

Біріншілікте жас ерекшеліктеріне

қарай 6 топта 872 спортшы бақ сынады.

Павлодар облысынан 37 жас шахматшы

аймақ намысын қорғады.

Әзірлеген – Оралхан ҚОЖАНОВ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!