13.02.2020 Views

13 ақпан, 2020 жыл №17 (15487)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

24 13 ақпан, бейсенбі, 2020 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

КӨРМЕ

«Әл-Фараби мұрасы»

Шығыстың ғұлама

ойшылы, ұлы ғалым,

философ Әбу Насыр

әл-Фарабидің 1150

жылдығына орай

облыстық көркемсурет

музейінде «Әл-Фараби

мұрасы» атты көрме

ашылды.

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ

Көрмеге еліміздегі және өңірдегі суретшілердің

20-ға жуық туындысы қойылған.

Жұмыстар графикалық және кескіндеме

бағытында салынған. Картиналардың

барлығы ғалымның өмірі мен шығармашылығына

негізделген. Олардың қатарында

Виктор Поликарпов, Евгений Сидоркин

сынды жерлес қылқалам шеберлерінің

портрет жанрындағы жұмыстары бар.

Виктор Федорович Отырар қаласында

жүргізілген зерттеу экспедициясына

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Бірегей музейде «Ұлы даланың ұлы

тұлғалары» деген атаумен ашылған зал

жұмыс істейді. Мұнда Павлодар өңірінің

ғана емес, күллі қазақ елінің атын әлемге

танытқан, соңына еселі еңбегі мұра болып

қалған дара тұлғалардың жеке заттары,

фотосуреттері, тарихи-құнды жәдігерлері

мен қолжазбалары сақтаулы тұр. Соның

бірі - Қазақ КСР Ғылым академиясының

президенті, «Халық қаһарманы» Шапық

Шөкин.

- Шапық атамыздың өзі пайдаланған

көзілдірігі мен тақиясын біздің музейге

Toraighyrov University тапсырды. Сонымен

бірге, ғалымның 90 жылдық мерейтойына

орай аталмыш білім ордасы 2002

жылы өздері жасатқан сағатты да сыйға

тартты. Бұл жәдігерлер бізге келетін әрбір

көрерменді бейжай қалдырмайтыны анық, -

дейді «Ertis» мультимедиялық музейінің

экскурсия жүргізушісі Жәния Жәнібекова.

Суреттерді түсірген - Владимер Бугаев.

ЖЕТІ АТАДАН ЖЕТКЕН ЖӘДІГЕР

Академик таққан көзілдірік

Қазақтың көрнекті

энергетигі, академик

Шапық Шөкиннің ерен

еңбегі - ел жадында.

Елінің ертеңі үшін аянбай

тер төккен ғалымның

көзілдірігі мен тақиясы

«Ertis» мультимедиялық

музейінде сақтаулы.

қатысқанын айтады. Осылайша ол

әл-Фарабидің құнды жәдігерлерімен

танысқан.

- Мен өз жұмысыма ойшылдың шығармашылық

қабілетін арқау еттім. Сол

арқылы таным-түсінігі және портреттері

халық жадында мәңгі сақталсын деген

мақсат болды. Жалпы, ғалымның әр

ғылымға енгізген жаңалығы баршаға

мәлім, - дейді суретші Виктор

Федорович.

Ойшылға арналған көрме наурыз айына

дейін жалғасын таппақ.

Жансері СЪЕЗБЕК,

ИнЕУ студенті.

Суретті түсірген – автор.

Ш.Шөкин 1912 жылы 1 қазанда дүниеге

келген. Сібір өзендері арнасының бір бөлігін

Қазақстан мен Орта Азияға бұру мүмкіндігі

бар екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеген. Ол -

бес ұл, үш қызы бар кедей отбасында

дүниеге келген. Әкесі Шоқы Баймағамбетов

білімнің беделін ерте түсініп, отбасындағы

материалдық қиыншылыққа қарамастан,

үлкен ұлы Ризаны оқуға жібереді.

Әкесінің бұл шешімі отбасына үлкен

қайыр болып тиеді. 1918 жылы Шоқы

Баймағамбетов қайтыс болғанда Риза

аяққа тұрып, бүкіл отбасының ауыртпашылығын

өз мойнына алып, асырапбағады.

Ш.Шөкиннің ғылымға қызығушылығы

жалпы энергетика, су энергетикасы, су

шаруашылық-энергетикалық мәселелерден

басталды. Осы салада Қазақстан энергетикасы

дамуы ғылыми-техникалық

болжамының кешенді жүйесін құрды. Сол

арқылы елді жылу-энергетика кешенімен

қамтудың негізін салды.

Ғалымның көзілдірігі мен тақиясын

көргіңіз келсе, «Ertis» мультимедиялық

музейіне келіңіз.

ЖЕТІНШІ СӨЗ

Жас бала анадан туғанда екі түрлі

мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем,

ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің

құмары, бұлар болмаса, тән жанға

қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді,

қуат таппайды. Біреуі білсем екен

демеклік. Не көрсе соған талпынып,

жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған

қызығып, аузына салып, дәмін татып

қарап, тамағына, бетіне басып қарап,

сырнай-керней болса, дауысына

ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит

үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де,

біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол

немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге

үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп,

көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін

сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның

бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем

екен, үйренсем екен деген.

Дүниенің көрінген һәм көрінбеген

сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп

білмесе, адамдықпен орны болмайды.

Оны білмеген соң, ол жан адам жаны

болмай, хайуан жаны болады. Әзелде

құдай тағала хайуанның жанынан

адамның жанын ірі жаратқан, сол

әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат

жетпеген, ми толмаған ессіз бала

күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір

нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы,

тамақ та есімізден шығып кететұғын

құмарымызды, ержеткен соң, ақыл

кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін

тауып сұранып, ғылым тапқандардың

жолына неге салмайды екеміз?

Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып,

құмарланып жиған қазынамызды

көбейтсек керек, бұл жанның тамағы

еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға

бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай

қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай

барқылдап, ауылдағы боқтықтан

ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде

билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш

енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге

бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен

қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық,

көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен

көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ

тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге

салмадық, оны білмеген кісінің несі

кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса

да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой,

тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» -

дейміз, артығын білмейміз, айтып

тұрса ұқпаймыз.

Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім

жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан

малдан неміз артық? Қайта, бала

күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те,

білмесек те, білсек екен деген адамның

баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан

да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін

деп таласпайды. Біз түк білмейміз,

біз де білеміз деп надандығымызды

білімділікке бермей таласқанда, өлертірілерімізді

білмей, күре тамырымызды

адырайтып кетеміз.

1891

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!