07.03.2020 Views

7 наурыз, 2020 жыл №27 (15497)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Мерекелеріңізбен, аяулы жандар!

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

7 наурыз, сенбі

2020 жыл

№27 (15497)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

8 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ

Мал шаруашылығының

басықасында

әдетте ер

адамдардың жүретіні

белгілі. Десе де, ер

азаматқа тән ауыр

жүкті арқалап

жүрген арулар аз

емес. Мәселен, Май

ауданы Көктөбе

ауылында төрт

түлігін түгендеп,

тұрғындарға құнарлы

да сіңімді, дәмді

тағам түрлерін

ұсынып отырған

іскер әйел бар. Үй

шаруашылығына да

үлгеріп, әулеттің

«пысық келіні»

атанған Маржан

Мұсапова кез келген

марапатқа лайық.

Премьера:

Мерейі үстем

Маржан

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Суретті түсірген - Оралхан Қожанов.

Жалғасы 4-бетте

«ЖАС АБАЙ» КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТПАҚ

Құрметті Павлодар

облысының

әйелдер қауымы!

Сіздерді Халықаралық әйелдер

күнімен құттықтай отырып,

алдымен өз таңданысымды

білдіргім келеді.

Сіздердің бірнеше істі қатар

алып жүріп, әртүрлі міндеттерді

тамаша атқаруларыңыз

қуаныш пен мақтаныш

сезімдерін оятады.

Сіздер мейірбан ана, сүйікті

жар, жанашыр әпке әрі қарындас,

көрікті қыз ретінде отбасының

ұйытқысы бола жүріп,

зауыттарда тынбай еңбек

етесіздер, қоғамдық көлікті

батыл жүргізесіздер, шаршауды

білместен өз істеріңізді

дамытасыздар, мемлекетке

аянбай қызмет етесіздер,

науқас адамдардың өмірі үшін

күресесіздер, өскелең ұрпаққа

білім бересіздер.

Сіздердегі жан сұлулығы мен

көңіл кеңдігінде шек жоқ, ал мен

өздеріңізбен жерлес екенімді

мақтан тұтамын.

Павлодар облысының әйелдер

қауымы аймағымыздың

дамуына теңдессіз үлес қосуда.

Олардың тікелей араласуы

әрбір саланың қарқынды

дамуына септігін тигізуде.

Экономикамыздың дамуы мен

қоғамымызда орнаған береке

әйелдердің жасампаз күшінің

жемісі екені сөзсіз. Сіздерге сол

үшін алғысымды айтамын!

Сіздерді 8 наурыз мерекесімен

құттықтаймын! Сіздердің

шаттыққа толы жүздеріңіз

бәрімізді биік асуларға

жетелейді. Сондықтан да

қуанышты себептер күн сайын

еселене берсін!

Мерекелеріңізбен!

Әбілқайыр СҚАҚОВ,

Павлодар облысының әкімі.

Облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ерекше сый әзірлеуде. Бұл

жолы өнер ұжымының таңдауы Мұхтар Әуезовтің «Жас Абай» драмасына

түсіпті.

Толығырақ 7-бетте


2 7 наурыз, сенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

МЕДИЦИНА

Денсаулық сақтау басқармасының ұжымымен

және медицина мекемелерінің дәрігерлерімен

өткен кездесуде облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

павлодарлық медицина қызметкерлерінің

тәжірибесінің мол екенін атап өтті. Сондай-ақ,

әкім денсаулық сақтау жүйесінің бірінші

кезектегі міндеттерін белгіледі.

Басымдықтар

анықталды

Өңір басшысы саланы дамыту бойынша кешенді жоспар

әзірлеуді және медициналық қызметтердің сапасы мен

қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды.

- Материалдық-техникалық базаны жақсартып, медициналық

жабдықтарды пайдалану тиімділігі мен қажеттілігін талдау

қажет. Өкінішке қарай, пациенттер ағынының реттелмеуіне

байланысты жабдықтардың тоқтап тұру мәселесі әлі де

бар. Осы жұмысты үйлестіріңіздер. Сондай-ақ ғимараттарға,

медициналық жабдықтарға, денсаулық сақтау саласы

объектілерін күрделі жөндеуге және жаңаларын салуға

техникалық аудит жүргізу қажет, - деді облыс әкімі.

Әбілқайыр Сқақов міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру жүйесін енгізу мәселелеріне жеке тоқталып

өтті. Дәрігерлерге бұл жаңашылдықты халыққа барынша

түсіндіруді және әрдайым емделушілердің мүдделері үшін

қызмет етуді тапсырды. Өңір басшысы сондай-ақ бүкіл

әлемге тарап жатқан коронавирустың алдын алудың барлық

шараларын қабылдау қажеттілігін атап айтты.

Оған қоса, облыс әкімі павлодарлық медицина қызметкерлері

шетелде оқып, даярлықтан өтуі керек, деді. Бұл қызмет етіп

жүрген дәрігерлерге де, басқарушы буын қызметкерлеріне

де қатысты. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау

басқармасының алдында медициналық қызметтің сапасын

мұқият бақылау, медицина мекемелерін цифрландыруды

белсендендіру, озық технологиялы медициналық орталықтар

құру және жедел жәрдем қызметінің жұмысын жақсарту

міндеттері тұр.

Бұған қоса Әбілқайыр Сқақов денсаулық сақтау

басқармасының жаңа орынбасарын, ведомство басшысының

міндетін қоса атқаратын Біржан Досмайыловты басқарма

ұжымы мен ақ желеңділер қауымына таныстырды.

МЕРЕЙ

Аналар - асыл жандар...

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдегі

көпбалалы аналардың бір тобына «Күміс алқа» және «Алтын алқа» белгілерін тапсырды.

Мектептердің

мәселесі - назарда!

«Достық үйінде» өткен салтанатты шарада

аймақ басшысы аналарды мерейлі мерекемен

құттықтады.

- Сіздер тәуелсіз Қазақстанның өскелең

ұрпағын тәрбиелеп, ұл-қыздарыңыздың бақыты

үшін, яғни, еліміздің бақуаттылығы жолында еңбек

етіп келесіздер, - деді Әбілқайыр Сқақов. – Біз,

ер азаматтар сіздерге отбасындағы қамқорлық,

жарқын болашақ құрудағы еңбектеріңіз үшін

қарыздармыз. Сіздерге мықты денсаулық, тамаша

көңіл-күй, өмірлеріңізде жарқын сәттердің көп

болуын тілеймін.

Облыс әкімі шара барысында көпбалалы

аналарға «Күміс алқа» және «Алтын алқа»

белгілерін тапсырды. Қоғамдағы бірлік пен

ынтымақ нәзік жандылардың арқасы екендігін

атап өтті.

Ертіс ауданынан келген Светлана Васюкевич

жолдасымен отбасында үш ұл мен үш қыз

тәрбиелеп отыр. Ананың айтуынша, мерекедегі

ең үлкен сыйлық - балаларының құттықтауы.

Айтып өтейік, қазіргі таңда Павлодар облысында

12 мыңнан астам көп балалы отбасы бар.

БІЛІМ

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов облыс орталығындағы күрделі жөндеуді қажет

ететін жеті білім беру мекемесін аралап, ғимараттардың инженерлік жағдайымен

таныс болды.

ТАҒАЙЫНДАУ

Жаңа басшы

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

басшысының орынбасары, басқарма басшысының

міндетін атқарушы қызметіне Біржан

Серікбекұлы Досмайылов тағайындалды.

Біржан Досмайылов

1977 жылы 23 наурызда

Алматы қаласында өмірге

келген. 2000 жылы Қазақ

мемлекеттік медицина

университетін, 2013 жылы

Гуманитарлық-техникалық

академияны, ал 2015 жылы

Алматы Менеджмент

университетін тәмамдаған.

Жалпы практика дәрігері,

медицина ғылымдарының

кандидаты, экономика

мен бизнес бакалавры,

іскерлік әкімшілік

басқару магистрі.

Еңбек жолын 2001 жылы

Шу қалалық ауруханасында хирург болып бастаған. 2003-

2004 жылдары Нұр-Сұлтан қаласында Травматология және

ортопедия ғылыми зерттеу институтында жұмыс істеп,

ғылыми қызметке ауыстырылған. Ал 2004-2007 жылдары

аталмыш институтта күндізгі аспирантурадан өткен.

Аспирантурадағы оқуын аяқтаған соң Біржан

Досмайылов Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу

институтында 2016 жылға дейін әртүрлі қызметтерде еңбек

жолын жалғастырған. Ғылыми зерттеу институтының травматология

және ортопедия бөлімінің меңгерушісі болған.

Біржан Досмайылов 2016 жылы Астана қаласы №1

қалалық ауруханасының бас дәрігерінің инновация бойынша

орынбасары, ал 2017 жылдың 28 қарашасынан 2020

жылдың 4 наурызына дейін Нұр-Сұлтан қаласының №2

қалалық көпсалалы балалар ауруханасының директоры

қызметтерін атқарған.

Біржан Досмайылов 5 наурыздан облыстық денсаулық

сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметіне

тағайындалды және басшының міндетін атқарушы қызметін

қоса алып жүреді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі алдымен дарынды

балаларға арналған №8 лицейге бас

сұқты. Білім ордасының ұстаздары

лицей ғимараты күрделі жөндеуді

қажет ететінін, сондай-ақ, қасбетті

және астыңғы қабатты жаңартып,

аумақты абаттандыру керектігін айтты.

Ал аталған білім беру мекемесінің

шәкірттері аймақ басшысына робот

техникасы және 3D-үлгісіндегі өздерінің

жобалары мен ғылыми жетістіктерін

таныстырды.

Өңірдегі күрделі жөндеуді

қажет ететін білім нысандарының

қатарында дарынды балаларға

арналған Ы.Алтынсарин атындағы

қазақ гимназия-интернаты да бар.

Мамандар бұл ғимараттың кіреберісі

мен қасбетін жаңарту қажеттігін тілге

тиек етті.

Ә.Сқақов Павлодар қаласындағы

№2 жалпы білім беру мектебінде де

болып, кезінде балабақша кезегін

азайту мақсатында аталмыш білім

ордасының жанынан ашылған шағын

орталықтың жағдайымен танысты.

Ол болашақта мектептерді шағын

орталықтардан босатып, балғындарды

мемлекеттік тапсырыс қабылдауға

қауқарлы жеке меншік балабақшаларға

орналастыру мәселесін қарастыру

керектігін атап өтті.

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

Өңір басшысы, сондай-ақ,

күрделі жөндеуді қажет ететін

дарынды балаларға арналған

Абай атындағы №10 лицей-мектебі,

№3 гимназия, №34 және №5

мектептердің жағдайымен де танысты.

Бұл білім беру мекемелерінің бірі сумен

қамтамасыз ету жүйесін жаңартуды

қажет етсе, енді бірінің ғимаратына

жөндеу керек. Ал Абай атындағы

№10 лицей-мектебінің ғимараты

тарлық етіп келгені бегілі. Мәселен,

500 орындық лицейде 630 бала

білім алуда. Осыған орай, бүгінде

білім беру мекемесінің ғимаратын

кеңейту жұмыстары қолға алынуда.

Жаңа корпуста хореографиялық және

музыкалық залдар, еңбек кабинеттері,

сондай-ақ, акт залы орналасады деп

жоспарлануда. Қосымша салынып

жатқан ғимарат алдағы жаңа оқу

жылында пайдалануға берілмек.

Білім ордаларының жағдайымен

жіті таныс болған облыс әкімі тиісті

мамандарға ғимараттардың жай-күйін

мұқият тексеріп, қордаланған

мәселелерді кешенді түрде шешу

қажеттігін тапсырды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 7 наурыз, сенбі, 2020 жыл 3

Автобустар жолға

неге шықпады?

Соңғы уақытта Павлодар

қаласындағы қоғамдық көлік

қатынасы мәселесі күн тәртібінен

түсер емес. Ақпан айының соңында

алты кәсіпорын басшылығы мемлекет

тарапынан берілетін өтемақы

көлеміне көңілдері толмайтынын

білдіріп, жеңілдікпен жүретін жолаушыларды

тасымалдаудан бас тартатынын

мәлімдеген еді. Жергілікті

билік бірқатар келіссөз жүргізіп,

мәселені ретке келтірді. Бүгінде

тегін немесе жолақы құнының

жарты бағасын ғана төлейтін жеті

топ өкілдері қоғамдық көліктерде

бұрынғыдай жеңілдікпен қатынайды.

Бұл мәселенің түйіні тарқаған

тұста тағы бір жайттың шеті шықты.

5 наурыз күні «Павлодар автокомбинаты»

ЖШС мен №1 автобус

паркіне қарасты №1, 1э, 2, 9, 18

және 27 бағытта қатынайтын автобус

жүргізушілері жолға шықпай қойды.

Олар жолаушылардың бір бөлігін

жеңілдікпен тасымалдағаны үшін

бюджеттен берілетін өтемақының

жүргізушілердің емес, тек

кәсіпорынның қалтасына түсетініне

қапалы екендіктерін білдірді. Бұл

мәселеге Павлодар қаласының

әкімі Қайрат Нүкеновке араласуға

тура келді.

- Жолаушыларды автопарк

емес, жүргізушілер тасымалдайды.

Ал өтемақыны кәсіпорын

ғана алады. Сондықтан автобус

жүргізушілері өтемақы оларға да

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ

Жаңа нұсқа таныстырылды

Латын әліпбиінің соңғы ұсынылған жобасы павлодарлық

ғалымдардың көңілінен шықты. Облыстық

мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында

латын графикасына негізделген қазақ тілі

жаңа алфавитінің кезекті нұсқасын талқылады.

Тіл мамандары мен жанашырларының

қарастыруына орфографиялық,

әдістемелік, терминологиялық

және IT-сүйемелдеу жұмыс

тобының бірлескен отырысында

мақұлданған латын графикасындағы

қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы

келіп түсті.

Ғалымдар алдында бірнеше

мәселелер қойылды. Атап айтсақ,

отырыс кезінде жаңа алфавитте

«C» әрпін қалдырып, оны «Ч»

2020 жылдың 20 наурызында сағат

11-00-де (Павлодар қаласы, Ак.Сәтбаев көшесі,

49-үй, облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залы)

VІ сайланған облыстық мәслихаттың ХХXVIII кезекті

сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер

шығарылады:

1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы

11 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

Бұрнағы күні облыс орталығындағы жолаушылар тасымалымен айналысатын

екі компания жүргізушілері жолға шықпай, өтемақыға қатысты

наразылықтарын білдірді. Кәсіпорын басшылығы мен жүргізушілер арасындағы

түсініспеушіліктен жолаушылар жапа шегіп, аялдамада автобустарды сағаттап

күтуге мәжбүр болды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

берілуі тиіс деген талап қойды.

Бұл - дұрыс. Көліктерді жөндеу

мен техникалық қызмет көрсетуге

жұмсалатын шығындардан қалған

қаражат жүргізушілерге төленуі

керек, - деді Қ.Нүкенов.

Айта кетелік, жеңілдік қарастырылған

топтарды тасымалдағаны

үшін «Павлодар автокомбинаты»

118 млн. теңге, №1 автобуспаркі

109 млн. теңге өтемақы алады.

Ал «Павлодар автокомбинаты»

ЖШС директоры Александр

Панченко жүргізушілердің шу

көтеруіне ішкі мәселелер себеп

болғанын алға тартады.

- Күні кеше белгілі бір талаптар

қойылған анонимді хат алдым.

Жүргізушілер жалдау ақысының

құнын төмендетуді талап етті.

дыбысын белгілеу, «Ң» дыбысының

орнына қандай таңба қолданған

дұрыс және «W», «X», «C» әріптерін

пернетақтада орналастыру секілді

мәселелер талқыға салынды.

Әліпбидің жаңа нұсқасы туралы

Павлодар мемлекеттік педагогикалық

университетінің профессоры, филология

ғылымдарының докторы Бекен

Сағындықұлы өз пікірімен бөлісті.

- Бізге 31 таңбалы алфавитті

үлгі ретінде жіберді, біз тек осы

Хабарландыру

Мен үшін бұл күтпеген жайт

болды. Тараптармен сөйлесіп,

ортақ мәмілеге келгендей болдық.

Қазіргі таңда автобустар штатты

режимде жұмыс істейді, - деді

А.Панченко.

Еске сала кетейік, 1 наурыз күні

дәл осы кәсіпорынға қарасты №9

автобуста «Жеңілдікпен жүретін

жолаушылар! Әкімдіктің сіздердің

жолақыларыңызды төлейтін қаржысы

жоқ, сондықтан жолақы құнын

толық төлеулеріңізді сұраймыз»

деген хабарлама ілінді. Бұл

жайт жолаушылар тарапынан

наразылық тудырды. Кейін

Александр Панченко мұндай келеңсіз

жағдайдың болмауы тиіс екенін

алға тартып, хабарламалардың

алынып тасталғанын мәлімдеді.

бағытта ғана пікірімізді айттық.

Бізге ұнады. Әсіресе, дауысты

дыбыстарды умлаутпен беру тұсы.

«Ң» дыбысын «N» әрпін алып,

үстіне тильда белгісін қойып

қолданған дұрыс. Себебі – «Ң»

дыбысы өзімізге ғана тән, басқа

ел оны білмейді. Оған арнайы

таңба қабылдағаннан гөрі, бүкіл

әлемге танымал белгіні алған

дұрыс деп ойлаймыз, - дейді

Бекен Сағындықұлы

ПМПУ профессоры қазақ тіліндегі

«І» дыбысы үшін «Y» таңбасына

умлаут қосып жазғанды жөн

санайды. Оның пікірінше, сол

арқылы «Ы» мен «І»-нің жұптасуына

қол жеткізіледі.

Айбек ЖҰМАТОВ.

облыстық бюджет туралы» №423/36 шешіміне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

2. Ауылдық өңірлерде сумен жабдықтау

объектілерінің жағдайы және халықты сапалы

ауыз суымен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша

шаралар туралы.

3. Екібастұз қаласының және Железин ауданының

аумақтарын дамыту бағдарламасын іске

асыру барысы туралы және т.б.

С

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Карантинге

алынды

Павлодарда Дубай қаласынан келген 5 адам

коронавирусқа байланысты карантинге алынды.

Олар 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауында

болады.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг

барысында Павлодар облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас

Байғабылов мәлім етті. Оның айтуынша, коронавирус бойынша қауіпті

аймақтар тізіміне жататын елдерден мемлекетімізге келген адамдар

міндетті түрде 2 аптаға карантинге жатқызылады. Жоғарыдағы

5 адам отырған ұшақтың бортында Қытай елінің азаматы болған.

Қазіргі кезде медицина қызметкерлерінің көмегімен жерлестеріміз

150 адамға арналған обсервациялық бөлімге жатқызылды. Аталмыш

бөлім туберкулезге қарсы диспансердің жанындағы жеке ғимаратта

орналасқан. Бақылауға алынған адамдардың денсаулығы бірқалыпты.

- Наурыз айының 4-і күні түнде Дубайдан Нұр-Сұлтан қаласына

қонған ұшақтан Павлодар облысының 5 тұрғыны түсті. Дубайда

демалған 5 адамның екеуі – ерлі-зайыпты, екеуі әпкелі-сіңлілі және

бір адам жалғыз барған. Үшеуі – Ақсу қаласының, екеуі – Павлодар

қаласының тұрғыны. Бізге олардың Нұр-Сұлтан қаласына келгені

жөнінде хабар келді. Барлығын тұрғылықты мекенжайлары бойынша

тауып алдық. Қазіргі уақытта 5 адамның елордадан Павлодарға

қалай жеткені анықталуда. Облысқа келген уақыттан бері байланысқа

түскен отбасы мүшелері де бақылауға алынды. Оның ішінде 2 бала

бар, - дейді С.Байғабылов.

Сәдуақас Байғабыловтың сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта

аймағымызда жағдай тұрақты. Бақылауға алынған адамдарда дене

қызуы мен жөтел белгілері жоқ. Өңірімізде бұл ауруды анықтауға

қажетті құрал-жабдықтар, зертханалар, арнайы тестер саны жеткілікті.

Айта кетейік, Дубайдан келген Павлодар облысы тұрғындарының

үлкені 54 жаста болса, кішісі – 21 жаста.

Көрсеткіш

көңілдегідей,

бірақ...

2020 жылдың қаңтар айынан бастап міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі іске

қосылғаны белгілі. Қазіргі таңда аймақ тұрғындарының

95 пайызы сақтандырылып үлгерген. Көрсеткіш

көңіл көншіткенімен, осы салада туындаған

мәселелер де баршылық.

Нұржайна ШОДЫР

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен

баспасөз мәслихатында «Әлеуметтік

медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ-ның облыстық филиалы

директоры Нұрлан Қасымов мәлім

етті. Оның айтуынша, бүгінде

павлодарлықтарды сақтандыруға

бағытталған жұмыстар үздіксіз

жалғасуда. Соның нәтижесінде, 2017

жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың

ақпан айына дейінгі аралықта

аймақ тұрғындары медициналық

сақтандыру қорына 12,4 млрд

теңге аударған. Ал МӘМС аясында

15 түрлі жеңілдік санатына кіретін

азаматтардың қатарына енген

381 мың павлодарлық тұрғынға

медициналық қызмет мемлекет

қаражаты есебінен көрсетілуде.

Олардың қатарында балалар,

студенттер, мүмкіндігі шектеулі

жандар, жұмыссыздар, зейнеткерлер,

бала күтіміне байланысты

демалыста отырған әйелдер және

басқа да санаттағы азаматтар бар.

Өкінішке қарай, 20 мыңнан астам

облыс тұрғыны МӘМС жүйесіне

енбей қалуы мүмкін. Сонымен

қатар, әлеуметтік медициналық

сақтандыру қорына тұрақты

түрде жарна төлеуге мүмкіндігі

жоқ жалдамалы жұмыскерлер

қатары да аз емес көрінеді.

Бүгінде ел бойынша мұндай

САҚТАНДЫРУ

1 миллионға жуық адамның бар

екені анықталған. Осы жағдайды

реттеу үшін мемлекеттік кіріс органдарымен

бірлескен жұмыстар қолға

алынуда. Филиал директоры Нұрлан

Қасымов бұл мәселе маусымдық

жұмыс істейтін азаматтарға

қатысты туындағанын және кейбір

жұмыскерлер қарамағындағы

қызметкерлер үшін тұрақты түрде

жарна төлемейтінін мәлім етті.

Айта кетерлігі, міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру

жүйесі енгізілгеннен бері аймақта

диагностикалық қызметтерді пайдаланушылар

қатары көбейген.

- Медициналық сақтандыру

жүйесі іске қосылғаннан бері ақысы

қымбат тұратын қызметтердің

тұрғындарға қолжетімді екенін

ерекше атап өту керек. Мәселен,

компьютерлік томография қызметін

тұтыну көрсеткіші 3,6 есеге, ал

магнитті-резонансты томография

15,7 есеге артты. Сонымен қатар,

өткен жылмен салыстырғанда

консультациялық-диагностикалық

қызметтерді пайдалану көрсеткіші

6,8 есеге өсті, - деді Нұрлан

Қасымов.

Әзірге әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры 57 қызмет

берушімен шарт жасасқан. Оның

ішінде 31 медициналық ұйым (54,3%)

мемлекеттік, 26-сы жекеменшік

(45,7%) болып табылады. Соның

нәтижесінде медициналық қызмет

көрсетудің бірнеше түрі енгізілмек.


4 7 наурыз, сенбі, 2020 жыл АРДАҚ

SARYARQA SAMALY

АНА - ОТБАСЫНЫҢ ДА,

Октябрина Илларионовна

18 жасқа толмай-ақ өзі сұранып,

майданға аттанған. Бір

топ қыз училищеге түсуге барған

сәтте радиодан «соғыс,

соғыс» деп жария беріледі.

Алғашында бойжеткендер

сенбей, бір-бірінен «қайдағы

Батыр ана

Жастық шақ адам өмірінде күннің ұясынан шығып, көтерілген

кезі іспеттес. Арманға қол созып, алысқа көз тастайтын

уақыт. Ұлы Отан соғысына қатысқан арулар, міне, осындай шақтарын

ұрлатты. Сондай жандардың бірі – екібастұздық соғыс ардагері

Октябрина Борисова. Көктем мерекесінде бүгінгі бейбіт өмір үшін

күрескен бұл нәзік жандар жайлы айтпасқа болмас.

соғыс?» деп сұраумен болған

екен. Сәлден соң жергілікті

әскери комиссариаттан анығын

біледі. Бірден «бізді соғысқа

алыңыздар!» деп өтініш

білдіріп, шешім қабылдайды.

Әскери дайындықтан өтіп,

медбике курсын оқып, майданға

кетеді. Бірақ бұл жайында

ауылдағы ата-ана бейхабар

болады...

Сол бір сұрапыл жылдарды,

Отан үшін отқа түскен майдандастарды

ешкім ешқашан ұмытпас,

дейді О.Борисова.

Алғашында медбике, кейін

барлаушы болған. Одан соң

пулеметшілер мен артиллеристер

батальонында жаумен

шайқасқан. Ол соғыс тарихындағы

ірі шайқастардың бірі

Курск доғасында танктер текетіресіне

қатысқан. Әр шайқаста

ерлік танытқан. Ұлы Отан

соғысынан кейін Жапония үшін

шайқасқа да қатысыпты. Майданда

қаншама рет өлім аузынан

қалыпты...

Отты жылдардан кейін

Октябрина Илларионовна еңбек

майданында да елеулі

іс атқарған. Батыр да батыл

кейіпкеріміз 1924 жылы Ресейдің

Курск облысында дүниеге

келген. 1939 жылы Қиыр Шығысқа

қоныс аударған. 1968 жылдан

бері Екібастұз қаласында

тұрады. Түрлі қызметте

болған. Теміржолшыларды қажеттілікпен

қамту бөлімінде

еңбек еткен. Тұрмыс құрып,

екі қыз тәрбиелеп, өсірген.

Ерлігі, еңбегі үшін алған

марапаттары да аз емес.

Ұлы Отан соғысы II дәрежелі

орденімен, «Ерлігі үшін»,

«Маршал Жуков», «Адмирал

Кузнецов» және басқа да

медальдармен марапатталған.

Ал еңбек жолындағы табандылығы

үшін «Ерен еңбегі

үшін» медалі табысталған.

Екібастұз қаласының Құрметті

азаматы атанған.

- Біз аштықты да, сұрапыл

соғыстың да азабын көрдік.

Жастық шағымыз болған жоқ.

Ал қазір бәрі бар. Еліміз

тыныш. Сондықтан бүгінгі

ұрпақ бейбіт өмірдің қадірін

білуі керек, - дейді ардагер.

Г.МАҒЖАН.

Сонау сұрапыл жылдары майдан даласында оқ пен

оттың арасында жүріп, бейбітшілік үшін күрескен

жауынгерлердің қатарында қайсар қыздар да бар.

Отан үшін кеудесін оққа төсегендердің бірі - Ұлы Отан

соғысының ардагері Евдокия Хлобышева.

Соғысқа

қатысқан кейуана

Ол Ресей Федерациясының Пенза

облысында дүниеге келген. 1943 жылы

бар болғаны 18 жасында майданға

аттанады. Бірінші Украин фронтында

теміржолшылар жасағында Қызыл әскер

қатарында соғысқа қатысқан. Жеңіс

күнін Чехословакияда қарсы алады.

Бейбіт өмірге оралғаннан кейін, 1947

жылы Қазақстанның Павлодар облысына

көшіп келеді. Жолдасы Шарбақты ауданында

теміржол станциясының бастығы

қызметіне орналасады. Евдокия Филип-

повна да сол станцияда таразыда жұмыс

істеген. Кейін үй шаруасына араласып,

бала тәрбиесімен айналысқан. Күйеуі

екеуі бір ұл мен екі қызды өмірге әкеліп,

тәлім-тәрбие береді. Зейнеткерлікке

шыққан уақытта Павлодар қаласына

көшіп келеді. Қазіргі уақытта Ұлы

Отан соғысының ардагері ұлы және

немерелерімен Шарбақты ауданында

тұрады. Қайсар әйел - 5 немере мен

4 жиен сүйіп отырған бақытты әже.

Өз тілшіміз.

Мерейі үстем Маржан

Басы 1-бетте

Оралхан ҚОЖАНОВ

Мал шаруашылығымен айналысатындардың

көбі төрт түлігін көбейтіп, етін тиімді

бағаға сатуға құмар. «Ақжол» - шағын шаруашылықтардың

қатарынан табылса да, үлкен

істі қолға алып отыр. Цех ашу идеясы осыдан

екі жыл бұрын туындапты. Шаруашылықты

дөңгелетіп отырған Маржан Мұсапованың

айтуынша, өңірлік кәсіпкерлер палатасы

мамандарының арқасында бизнес жоспары

табысты жүзеге асуда.

- Шаруашылықты жалғыз алға сүйреу

мүмкін емес. Малдың жем-азығы, күтімі жолдасым

– Бауыржанның мойнында. Өзіміздің

кішігірім мал бордақылау алаңымыз бар.

Аптасына 2 сиыр, 1 жылқы, 2-3 қой сойылып,

цехтың мұздатқыш бөлмесіне жөнелтіледі.

Цехта өзіммен бірге 3 әйел еңбек етеді.

Тәулігіне 20-30 келі жартылай дайын өнім

әзірленеді. Атап айтсақ, тұшпара (1 келісі –

1300 теңге), мәнті (1500 теңге), тефтель

(1700 теңге), котлет (1700 теңге), су самса

(600 теңге), голубцы (1500 теңге), дірілдек

(600 теңге), тартылған ет (1500 теңге)

сатылады. Етті жіліктеп, қазы-қарта, шұжық

ретінде де үлестіреміз. Цех ғимаратына

жалғасқан шағын дүкеніміз бар. Өнімдер

аз уақыттың ішінде сатылып кетеді, -

дейді Маржан.

Тұрғындардың өнімді талап алатын жөні

бар. Біріншіден, бағасы қолжетімді. Екіншіден,

әр өнім қол еңбегімен дайындалады. Әу

баста тұшпара арнайы қондырғымен әзірленіп

келген. Алайда, дәмі келіңкіремей, әйелдер

қолмен жасауға көшкен. Үшіншіден, қазір

адамдар жұмысбасты болып кеткендіктен

бе, тамақ пісіруге уақыт тығыз. Жұмыстан

шаршап, еріншектігің ұстайтыны тағы бар.

Мұндай кезде жартылай дайын өнім көмекке

келеді.

Кәсібін жандандыруға талпынған отбасы

2018 жылы «Іскер» бағдарламасына қатысып,

пайыздық мөлшерлемесі төмен несиеге қол

жеткізеді. 6 миллион теңге қаражатқа цех

сатып алып, бүгінде алға қойған жоспарлары

рет-ретімен жүзеге асып келеді.

Алдағы уақытта сүт бағытындағы мал

шаруашылығын қатар алып, қымыз, құрт,

қоспа, ірімшіктің 5 түрін сату көзделуде.

Оған себеп те жоқ емес. Бүгінде мектеп

пен балабақшадағы ас мәзірінде міндетті

түрде қатты ірімшік болуы тиіс екен. Маржан

білім мекемелерімен келісімшартқа отырып,

табиғи өнім ұсынуға әзір.

Былтыр «Ақ жол» шаруа қожалығы

«Қазақстанның үздік тауары-2019» көрмебайқауына

қатысып, Алғыс хатын иеленді.

Аз уақыттың ішінде көптің көңілінен шыққан

Суретті түсірген автор.

Маржан мен Бауыржанның отбасылық

кәсібіне табыс тілейміз!

Май ауданы.


SARYARQA SAMALY

ШҰҒЫЛА 7 наурыз, сенбі, 2020 жыл 5

ОТАННЫҢ ДА ҰЙЫТҚЫСЫ

«Қара жұмыстан

қажымаймын»

Халқымызда «Еңбекпен келген нан тәтті» деген жақсы нақыл

бар. Осы сөзді өмірлік ұстанымға айналдырып, оны өз ісімен

үлгі еткен нәзік жандылар қаншама арамызда?! Биік мінберге

таласпай-ақ, үлкен айлыққа ұмтылмай-ақ, өмір бойы қара жұмыс

істеп бала-шағасын бақытты еткен аналарға қалай бас имеске?!

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нағима Тезекбаева да - сондай ана.

Тілеуберді САХАБА

Нағима Тезекбаева қалада көше тазалаушы

болып жұмыс істейді. Иә, жазда

көшенің қоқысын сыпырса, қыста қарын

аршиды. Мұнда жұмыс істеп жүргеніне

шамамен 14 жылдай уақыт болыпты. Оған

дейін де әртүрлі кәсіпорындарда қара жұмыс

істеген. Бұдан кейіпкеріміздің бойынан

еңбекке деген адалдықты, қарапайым жұмыс

болса да өз міндетіне деген жанашырлықты

байқадық. Нағима апаның негізгі мамандығы –

кран машинисі. Мұндай дипломды кезінде

Ресейдің Омбы қаласындағы орта арнаулы

оқу орындарының бірінен алыпты.

Нағима әже үшін өзгермейтін бір

ұстаным бар. Ол күнде таңертең үстіне

сары жұмыс жилеткасын киіп, ағаш сапты

күрегін иығына салып «жұмыс орнына» қарай

тартады. Қандай көшеде, не жұмыс істейтіні

жөнінде нұсқаманы қалалық тұрғын үй -

коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

береді. Біз барған күні өзі қатарлас бір

топ жұмысшымен бірге Теплов көшесінің

бойында жұмыс істеп жүрді. Тапсырма –

Академик Сәтбаев пен Мәшһүр Жүсіп

көшелерінің аралығын қардан тазалау.

Жол жиегіндегі қатқан қарды үйіп, арнайы

техникаларға тиеп береді. Әр жұмыстың

өзіндік қиындығы болатыны секілді, мұның

да өз бейнеті бар. Қыстың қақаған аязында

таңнан кешке дейін қармен «алысудың» азабы

мен жаздың шіліңгірінде күнге қақталып,

қоқыс жинаудың қиындығын жеңу Нағима

апа сынды өжет жандардың ғана қолынан

келер. Міне, осы еңбексүйгіштігі арқылы

бір қолымен отбасына қамқорлық көрсетсе,

екінші қолымен қоғамға пайдасын тигізуде.

Бұл - екінші жағынан сауапқа толы шарапатты

жұмыс. Ол тазалаған көшеден қанша

адам өтсе, сонша адамның алғысы, жақсы

сөзі жауып жатыр деген сөз.

- Жалпы, қолына күрек пен сыпырғыш

ұстап көшеге шығуды кейбіреулер ар санауы

да мүмкін. Ал мен бұл жұмысқа бір күн

шықпасам, бір ісім аяқталмай тұрғандай

сезіледі. Себебі, мен осында төккен маңдай

теріме берілген ақыны отбасымның игілігіне

жаратып отырмын. Сабақ оқитын немерелеріме

керек-жарағын алып беремін. Зейнетке

шыққаннан кейін балаларымның ақылкеңесімен

жұмысымды тапсырып, үй шаруасымен

ғана айналысқан едім. Екі айдан соң

қайта жұмысқа шықтым. Себебі, таңнан

кешке дейін үйде отыруға өзімді үйрете

алмадым. Бірақ қара жұмыстан қажыған

емеспін, - дейді Нағима Өмірзаққызы.

Жолдасы Зейнеқабиден Уәлиханұлымен

отасқанына 40 жылдан астам уақыт болыпты.

Бүгінгі күнге дейін төрт бала тәрбиелеп

өсірді. Олардан немере-жиен сүйіп, аяулы

әже атанып отыр. Балаларының барлығы

жоғары оқу орындарын бітірген, бір-бір

мамандық иелері. Екі ұлы әскери қызметкер.

Бір қызы Нұр-Сұлтан қаласында сауда

саласында, екінші қызы Ақсуда ауруханада

жұмыс істейді. Немерелерінің үлкені

Суретті түсірген - Серік Қапаров.

студент. Павлодар мемлекеттік педагогикалық

университетінде оқып жүр.

- 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

біздің отбасымыз үшін айрықша мереке.

Алыстағы балаларым мен немерелерім

келіп, мәре-сәре болып қаламыз. Мен үшін

ең үлкен сыйлық - немере-жиендерімнің

құттықтауы мен әкелген заттары. Келе

жатқан мерекемен құттықтаймын. Барлық

нәзік жандылар қауымын адал еңбек

етіп, ана бақытын көруді тілеймін, -

деді Нағима апа.

Ана – үйдің жарығы, отбасының жылуы.

Ендеше, шаңырақтың ауыртпалығы мен

мұң-мұқтажын отағасымен бірге көтерген

осындай өнегелі де өрелі аналар көп

болсын.

ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫ

«Анамның жолы»

Әйел – сенің ақылшың

Тұманбай Молдағалиев

Өңірімізде волонтерлік жолға бет бұрған жастардың

қатарын аға буын өкілдері де толықтырып келеді. Мәселен,

Дана Серімбаева жетекшілік ететін «Ашық жүрек» еріктілер

қозғалысында бүгінде қырыққа жуық жас бар.

Кейіпкеріміздің волонтер болуына анасы себепкер болған.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Дана Серімбаева бүгінде облыс

орталығындағы №19 орта мектебінде

директордың тәрбие жұмысы жөніндегі

орынбасары қызметін атқарады.

Оның анасы жастайынан «Қазақстан

қызыл ай» республикалық қоғамында

т ұ р а қ т ы д о н о р б о л ғ а н . Я ғ н и е р і к т і т ү р д е

30 жылдан астам уақыт қан тапсырып,

өзгелердің өміріне арашашы анасының

жолын кейін қызы жалғаған.

- Мен үшін анамның әр ісі - үлгіөнеге.

Ширек ғасырдан астам уақыт

«Қазақстан қызыл ай» қоғамының

құрамында ерікті болған анамның

жолын жалғауды өз міндетім деп қабылдадым.

Содан бері аталмыш қоғам

ұйымдастырған әртүрлі акцияларға

қатысып келемін. Ол қатарда әлеуметтік

осал топтағы адамдарға қайырымдылық

көрсетуде белсенділік танытып

келемін. Менің осы ісім қазір өз

шәкірттеріме үлгі болуда, - дейді

Д.Серімбаева.

Еріктінің айтуынша, өзі қызмет ететін

білім ошағында соңғы 5 жылдан

бері «Ашық жүрек» еріктілер қозғалысы

жұмыс жасайды. Мектептегі

белсенді жастар 7 бағыт бойынша

жұмыс істейді.

- Ең әуелі біз соғыс, еңбек

ардагерлеріне барынша қамқорлық

көрсетіп, жылдың әр мезгілінде үйлеріне

барып, өздерінің шамасы келмейтін

жұмыстарын істеп береміз. Сонымен

қатар, салауатты өмір салтын ұстана

отырып, түрлі спорттық шараларға

қатысамыз. Соңғы 3 жылда біздің

еріктілер Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің

кесенесіне барып, абаттандыру

жұмыстарын жүргізуді дәстүрге

айналдырды. Бұдан бөлек, іздестіру

жасақтарына да көмекке барып,

донорлық қызметімізді де атқарып

келеміз, - дейді ол.

«Ашық жүрек» еріктілер орталығындағы

әр оқушы алғашқы жәрдем

көрсету қызметі бойынша «Қазақстан

қызыл ай» қоғамы ұйымдастырған

арнайы оқу курсынан өткен. Қазір

ол балалар өздерінен кейін еріктілер

тобына қосылған жастарға білгендерін

үйрету үстінде. Бүгінде 35 еріктінің

басын біріктірген «Ашық жүрек»

еріктілер қозғалысының құрамында

ата-аналар мен ұстаздар да бар.

Алдағы уақытта осы бағытымыздан

таймаймыз, дейді ерікті ұстаз.

Сенікі ме, менікі ме сонау гүл,

Арман үшін жүрміз жазып алау жыр.

Жат біреуге бақыт болып туатын,

Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір.

Әйелді ылғи еркелеткен ер оңар,

Әйелдерсіз тірлігіміз не болар?

«Қой» дейтұғын қожаң егер болмаса,

Еркек байғұс азып-тозып жоғалар.

Әйел – сенің аспазың да күтушің,

Әйел барда биіксің де бүтінсің.

Әйел барда жалынсың сен, отсың сен,

Әйел жоқта бықсыған сен түтінсің.

Әйел – сенің ақылшың да, айбарың,

Ол барында естімейсің қайғы әнін.

Әйел – сенің күзетшің де, сақшың да,

Әйел – сенің мерекең де, мейрамың.

Әйел сені, сен әйелді сүйгенсің,

Сен әйелден, әйел сенен сый көрсін.

Өз елінің ұлы болам деген жұрт,

Әйелдерге құл болуды үйренсін.

Әйел, әйел – арман әні, жол әні,

Дүниенің кешкі қоңыр самалы,

Әйел сені құл қып алмай алдымен,

Құдай қылып көтермейді жоғары.

Сыйла әйелді, жоғарыдан бер орын,

Көтер оның мерейі мен беделін -

Өз қызыңды сыйлағаның ол сенің,

Өз анаңды мәңгі құрметтегенің.


6

7 наурыз, сенбі, 2020 жыл ПАРАСАТ

SARYARQA SAMALY

Қазақ тарихындағы әйелдер

«Ұяда нені көрсең, ұшқанда

соны ілерсің» дейді дана қазақ.

Абайдың да көзін ашқаннан көргені

салиқалы Зере әже, байсалды

Ұлжан аналарымыздың тәлімтәрбиесі

болды. Абайдың ақын

ретінде қалыптасуына ықпал еткен

алғашқы әсерді А.Жұбанов тап

басып көрсеткен: «Бірі – емшек

сүтімен қатар құлағына кіріп,

сүйегіне сіңген ананың «әлди-әлди

ақ бөпем», атаның «сал-сал білегі»,

қойшының әні, қыздың сыңсуы,

қаралы қатынның жоқтауынан

бастап көркемдік сезімін шырбыдай

шырмаған халық әдебиеті». Ежелден

жырға жаны құмар қазақ үшін осы

аталғандардың барлығының да

Әлемге әйгілі 10

әйелдің арасында

сақ патшайымы

Томиристің аты

аталады. Томирис

б.з.б. 6-ғасырда өмір

сүрген (б.д.д. 570-520

жж.). Ол атақты скиф

көсемі Ишпақайдың

тұқымынан тараған.

Тарихшылардың

көрсетуінде, ол Тұран

патшасы Афрасиабтың

(б.з.б. 534 жылы

қаза тапқан) қызы.

Тарихшылар оның

әкесі өлгеннен кейін

таққа отырғандығын

айтады.

Томирис – Орта Азия мен

Қазақстан түркілерінің арғы тегі

болып саналатын сақтардың аты

аңызға айналған патшасы. Көрікті

де ақылды, ат үстінде ойнаған

жауынгер әйел өзінің күйеуі дүниеден

қайтқан соң, патшалықты билейді.

«Тұмар патша туралы қисса» да

бар. Бұл қисса да жоғарыдағы

оқиғаның ізімен жазылған. Тұрсын

Жұртбаевтың «Дулыға» атты көркемтанымдық

кітабында Томирис жайлы

айтылған.

Томирис есімі 2005 шыққан

«Жүз тұңғыш» атты кітапқа енген.

Бұнда «Сақтан тараған массагет

тайпасының тұңғыш әйел патшасы.

Парсылар державасының негізін

қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны

біздің дәуірімізге дейінгі 529-жылы

Зере әже

Ұлы Абайдың ақын, азамат ретінде қалыптасуына

ықпал еткен орта жайлы айтқанда, солардың ішінде

ең бірінші кезекте айтатынымыз - оның дүниеге келген

әулеті. «Тәрбие - тал бесіктен» басталатын болса, ұлы

Абайдың тәй-тәй басқан бүлдіршін қалпынан саналы

азамат санатына қосылуына дейінгі аралықта аналар

ықпалының басым болғанын ешкім жоққа шығара

алмайды.

өлшеусіз маңызы бар. Ендеше,

атаның қанымен, ананың сүтімен

бойға сіңген жыршылдық қасиетті

жетілдіре түскен қарапайым қазақ

ортасы болды. Оның ішінде бесік

жырын шырқаған әже мен ана,

қыздың сыңсуы мен жар-жары,

қаралы әйелдің жоқтауы біртіндеп

бала санасына орнығып, жадында

жатталып, жүрегінде қоныстанды.

Бұл оның рухани жетілуінің бастапқы

сатылары еді. Абайдың бойында

өлең-жырға әуестік сезімін

ширықтыра түскен де, оған

алғаш болып көңіл аударған да

әжесі Зере болды. «Абай» энциклопедиясында

Зере әже жайлы

мынадай мәлімет жазылған: «Зере

(1785-1873) – Өскенбай бидің

бәйбішесі, Құнанбай қажының

анасы, Абайдың ұлы шешесі.

Зеренің азан шақырып қойған аты –

Тоқбала. Әкесі Бектемір - Найман

Томирис

жеңіп, соғыста өлтірген тұңғыш

әйел қолбасы» (55-б.), - делінген.

Кейбір қазақ зерттеушілерінің

жазбаларында Томиристің есімі

түрліше аталады. Тамаша, Томырыс,

Тұмар, т.б. Жаңағы «Жүз тұңғыш»

атты кітапта зерттеушілер Томирис

есімін бұлайша атауға қарсы

екендерін айтады. «Қазақ тарихшылары

Томиристі Тұмар деп жүр.

Қазіргі белгілі деректер бойынша,

оның дұрыс, бұрыстығына көз

жеткізу мүмкін емес. Алайда

сақ жұрты оны дәл гректерше

Томирис деп атамағаны айдан

анық. Ертедегі эллиндіктер Анарыс

(Арыс) бабамыздың Анахарсис,

Тоқсарыны Токсарид деп, одан

ішінде Матайдың Қойгел руынан

шыққан сыйлы адам. Бектемірдің

Тоқбала есімді қызы, Жанәлі есімді

ұлы болған. Жанәлінің ұрпағы –

Иранғали мен Қабыкен Оңғарбаевтар

бүгінде Семей қаласында тұрады.

Өскенбай би 5 әйелінен 10 бала

сүйген. Зереден – Құттымұхамбет

(жастай қайтыс болған), Құнанбай,

Тайбала туған Зерені Ырғызбай

тұқымдары, барша ауыл адамдары

«Кәрі әже» деп атапты. Қартайған

шағында құлағы естімей қалған

Зере немерелеріне дұға оқытып,

үшкіртетін болыпты. Зере немерелері

ішінде Ибраһимді ерекше жақсы

көрген. Абайды қойнына алып

жатқызып, еркелете-еркіндете

есірген ақылды, зейінді, жұмсақ

мінезді, мейірімді Зере немересіне

Абай деген аяулы ат қойса, туған

анасы мен кіші шешесі Ибраһимді

– Телғара деп атаған.

арғы бабаларымызды Тарғытай,

Ишпақай деп атаған. Бәрінде де

сөз соңына – ис, сис қосымшасын

орынсыз қоспаған, тек есімінің

соңында «с» дыбысы барларға ғана

қосқан. Демек Томиристі Тұмар

деп атау бұл тәртіпке үйлеспейді.

Ол өзі «марқұм болған патшаның

әйелі» ғой. Патша әйелді, сөз

жоқ, әйгілі, текті тұқымынан алса

керек. Біздің жорамалымызша,

оның аты Томирис немесе Тұмарыс

болуы және ол Арыс бабамыздың

қарындасы болуы, сондықтан

атын Тума+Арыс деп қоюы,

бәлкім, оның лақап аты да болуы

мүмкін» (60-б) деген жорамал

айтады.

Ұмай ана

Аты аңызға айналған аналар есімінің алдыңғы қатарын

Ұмай ана есімі толықтырады. Қазақ тарихындағы

әулие деп саналған алғашқы әйел адам болғандықтан,

оның есімінің «Жүз тұңғыш» жинағына енуі заңды.

Жинақта «Қазақтың ежелгі тарихында әулие атанған

тұңғыш әйел. Қазақ әйелдерінің сыйынатын тұңғыш

енесі» деп көрсете отырып, Ұмай ана жайлы неғұрлым

толық мәліметті қамтуға тырысқан.

Ұмай ана біздің дәуірімізге

дейінгі 2 ғасырда өмір сүрген,

Арғын Аспар есімді кісінің қызы

екен. Ол туралы мәліметтер бір

ізді емес. Бір деректе 13 бала

көтерген десе, ендібіреулері Ұмай

ананы алған кезде Елсаудың

жасы 70-тен асып кеткен дейді.

Көне түркі мифологиясы

бойынша, ол – ұрпақ

жалғастығын жебейтін періште.

Ертеде қазақтар қыздарын

ұзатқанда, неке қиғызу рәсімінде,

сондай-ақ әйелдер босанғанда

Ұмай анаға жалбарынып, одан

медет тілегені мәлім. «Ұмай»

деген сөз ежелгі түркі тілінде

«баланың ізі», «бала орны»,

«ана жатыры» деген мағынаны

білдіреді екен. Ұмай құдай - әйел

бейнесі түркі тілдес халықтардың

көпшілігінің этнографиясында

кездеседі. Әр халық Ұмай ана

бейнесін әр түрлі қабылдаған.

Біреулері Ұмай ана бейнесінің

нышаны ретінде садақты оғымен

баланың бесігінің тұсына ілсе,

ендібіреулері оны сұлу жас

әйел бейнесінде қабылдаған.

Ал қазақ халқы басқа көптеген

түркі тектес халықтар тәрізді

Ұмай ана босану кезінде әйел

адамға көмектесіп, сәбиді түрлі

пәлелерден (албас-тыдан т.б.)

қорғайды деп біледі. Ұзақ уақыт

бала көтермеген немесе сәбилері

шетінеп кеткен әйелдер Ұмай

анаға сыйынған. Аспанда Тәңірі,

жерде Ұмай ана деп табынады

қазақтар.

Ақын Сара

Сара Тастанбекқызының өмір сүрген жылдары

туралы деректер бірізді емес. М.Ж.Көпеев дерегі

бойынша, ақын 1853 жылы, ал енді бір деректерде

1878 жылы дүниеге келген деп көрсетеді. Ақын

Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келіп,

Алматы облысының Қапал ауданында дүниеден

қайтқан.

Әкесінен үш жасында жетім қалған Сара қыз тұрмыс тауқыметін

көп тартады. Туысқаны Жайсаңбекке «өгіз ұрладың» деген

жала жабылып, одан да айырылады. Қамқорлық танытып,

анасымен бірге көшіріп әкелген Тұрысбек қажы Сараны тумысынан

кемістігі бар 40 жастағы бай баласы Жиенқұлға айттырады.

Бұны естіген Есімбек қажы дауға араласады. Алайда

бұлардың ешқайсысының Сараның жеке басымен шаруасы жоқ

еді. Даудың соңы бар болғаны қалың малды екі қажының тең

бөліп алуымен тәмәмдалады. Ақын өз өмірінің ауыр көрінісін

«Тұзақ» атты дастанында баяндаған. «Жүрек сыры», «Жүрек»

атты өлеңдерінде ақын махаббат бостандығын жырға қосады.

«Ашындым», «Арсалаң алдында», «Торығу» толғауларында өмір

шындығы, әйелдің бас бостандығы, атқамінерлердің озбырлығы

мен әділетсіздігі жайлы сөз етеді.

Дүниеге неге туып, неге келдік,

Көретін болсақ өңкей қорлық, кемдік.

Жетімдік, жеткіліксіз шерлі өмірдің

Дүниеде болған ба тек бәрі мендік,-

деп ашынады ақын жаны.

Сара ақынның бағының ашылуына бұл кезде Найман елін

аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесуі

себеп болады. Шаршы топтың алдына онымен айтысуы Сараның

беделін арттырып, атағының атырапқа тарауына мұрындық

болды. «Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие

болған ақын қыздың өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын

сезген қажылар да көпке қарсы шыға алмай, оның басына

бостандық береді».

Ақынның бұлардан басқа «Ашындым», «Арсалаң аға алдында»,

«Жайлауда», «Әбіштің аруағына», «Хош бол, елім» атты көптеген

өлеңдері бар.

1993 жылы Т.Қалилахановтың «Ақын Сара» атты кітабы

«Жалын» баспасынан жарық көрді. Талдықорған

қаласында, Алматы облысының Ақсу ауданында

ақынға ескерткіш орнатылған. Сондай-ақ туыпөскен

жерінде мұражай ашылған.

«Қазақ тарихындағы әйелдер» кітабынан.


SARYARQA SAMALY

ТІРШІЛІК 7 наурыз, сенбі, 2020 жыл 7

«Жас Абай» көрерменге

жол тартпақ

Облыстық Ж.Аймауытов атындағы

қазақ музыка-драма театры Абай

Құнанбаевтың 175 жылдығына орай

ерекше сый әзірлеуде. Бұл жолы

өнер ұжымының таңдауы Мұхтар

Әуезовтің «Жас Абай» драмасына

түсіпті.

КӨРМЕ

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Аймақ руханиятының қарашаңырағы Ж.Аймауытов

атындағы қазақ музыка-драма театры елімізде кең көлемде

тойланатын мерейлі даталарды атап өтуде белсенділік

танытып келеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, өнер

ошағы Мұхтар Әуезовтің «Жас Абай» драмасының

желісімен «Ерте ояндым, ойландым...» трагедиясының

премьерасына әзірлік үстінде.

Қойылымның режиссері - Әділет Ақанов. Спектакльдегі

Абай образын ашу театрдың жас әртісі Абзал

Жақып мен Нұржан Әбіласанға бұйырған.

- Қойылымда хакімнің дүниеге келген сәтінен

бастап, балалық шағы мен есейген кезін көрсетеміз.

Біздің басты мақсат - жас Абайдың бейнесін ашу, сол

кездегі жер дауы мен жесір дауын бүкпесіз бұқараға

жеткізу. Қойылымның негізгі өзегі болатын көрініс -

Қодар мен оның келіні Қамқаның жазықсыз айыпталып,

өлім жазасына кесілуі. Осы сәтті өз көзімен

көрген бала Абайдың өмірге деген көзқарасы мен

ойын көрсетуге тырысамыз, - дейді Ә.Ақанов.

«Менің анам - ең керемет!»

Павлодар облыстық

көркемсурет музейінде

8 наурыз – Халықаралық

әйелдер күніне арналған

«Менің анам –

ең керемет» атты сурет

көрмесі ашылды. Павлодар

қалалық ЮНЕСКО клубы –

Балалар көркемсурет

мектебі шәкірттерінің өз

аналарын

бейнелеген туындылар

қойылды.

Тілеуберді САХАБА

Көрмеге аталған балалар көркемсурет мектебі

жанындағы «Ғажайып балалар әлемі» бейнелеу

студиясының оқушылары қатысты. Туындылары

қойылған кішкентай суретшілердің ең кішісі 4 жаста

болса, үлкені 10 жаста.

Балалар көркемсурет мектебі директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары Гүлнәр Мұхаметалинаның

сөзінше, аталған мектепте сурет өнерін таңдаған

800-ге жуық бала тәрбиеленеді.

- Біздің оқушылар осы көрме арқылы өз аналарына

тамаша сыйлық жасап отыр. Бала қиялындағы ана

бейнесінің сұлулығында шек жоқ ғой. Тақырыпты әр

Жас ақындармен кездесті

Түрлі облыстық және республикалық байқаулардың

жүлдегері атанған Оразбек Саяхат бүгінгі таңда

«Pavlodarnews.kz» АА тілшісі қызметін атқарса, Алтынбек

Мақсатхан - Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі.

Кеш қонақтары шәкірттермен өнер жолына алғаш

басқан қадамдары, шығармашылық жұмыстары жайлы

әңгімелеп берді.

- Біз де өздеріңдей жатақханада тұрып, білім нәрімен

сусындағанбыз. Сондықтан жастық шақтарымызда

ортақ дүниелер көп болғандықтан бүгінгі кездесуіміз

сендерге де, бізге де пайдалы болады деп ойлаймын.

Еліміздің басты білім ордасы саналатын мектепте

оқу әркімге берілмейтін мүмкіндік. Сондықтан

жауапкершілікті сезініп, еліміздің, өңіріміздің дамуына,

қоғамымыздың гүлденуіне үлесін қосатын азамат

болып шығуларыңа тілектеспін. Солай өскендеріңді

Тың туындының премьерасы 11 наурызға жоспарланған.

Қазір актерлік құрам мен шығармашылық топ

ала таңнан қара кешке дейін тынымсыз еңбек етуде.

Айта кетелік, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы»

эпопеясы негізінде сахналық қойылым алғаш рет

1949 жылы 28 желтоқсанда Қазақ драма театрында

қойылған. Оның режиссері - даңқты жерлесіміз

Шәкен Айманов. Ал Мұхтар Әуезов пен Леонид

Соболев жазған «Абай» трагедиялы пьесасы алғаш

рет 1940 жылы қазанның 30-ы күні Асқар Тоқпановтың

саxналауымен көрермен назарына ұсынылған. Содан

бері қазақ сахнасынан түспей келе жатқан Абай

тақырыбы әлі талай ұрпаққа өнеге болары хақ.

«Ерте ояндым, ойландым» трагедиясын тамашалап,

хакімнің жастық шағының куәсі болғыңыз

келсе, премьераға келіңіз!

Қойылым 11-12 наурыз күндері сағат 18.30-да

болады.

бала өзінше ашуға тырысты және суреттер бір-біріне

ұқсамайды. Ана бейнесі - бүлдіршіндер үшін өте

қызықты әрі әдемі тақырып. Әр суреттен баланың

анаға деген махаббатын байқадық, әр туындыдан

ананың балаға шашылар жылулығын сездік. Осы

көрмеге бұған дейін республикалық және халықаралық

көрмелер мен байқауларға қатысып жүрген жас

суретшілердің де қылқалам туындылары қойылды, -

деді Гүлнәр.

Ардақты аналарға арналған «Менің анам – ең

керемет» сурет көрмесін қала тұрғындары наурыз

айының 17-сіне дейін тамашалай алады.

Павлодардағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Ертіс-Баян өңірінің

жас ақындары Оразбек Саяхат пен Алтынбек Мақсатханмен кездесті.

қалаймын. Сендерге мемлекет сенім артып отыр.

Балалық шақта жинаған қазыналарың болашақтағы

жетістіктеріңе себепкер болады, - деді Оразбек

Саяхат. Ал Алтынбек Мақсатхан қазіргі заманға сай

дамыған елдермен иық тірестіретін ел болуға бүгінгі

ұрпақ жауапты екенін атап өтті. Елдің дамуы үшін

жастары рухты болу керектігін жеткізді.

Жас ақындар оқушыларға мектеп қабырғасында

жазған және махаббат тақырыбындағы өлеңдерін

оқып берді. Оқушылар өз кезегінде жетістікке жету

жолындағы еңбектену, мектеп кезіндегі қызықтар

сияқты көкейлеріндегі жүрген сұрақтарына жауап

алды.

Ерғазы ӘУБӘКІРОВ,

Назарбаев зияткерлік мектебінің

жатақхана тәрбиешісі.

Еріктілер

клубы құрылды

Павлодар облыстық Мәшһүр Жүсіп орталық

мешіті жанында «Ықылас» еріктілер клубы

құрылды. Осыған орай орталық мешіттің бас

имамы Жолдас қажы Қоспақұлы өңірдегі

еріктілер клубы мүшелерімен кездесті.

- Президентіміз 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады.

Біз бұл бастаманы қуана қолдаймыз. Дінімізде әр

мұсылман қиналғанға қол ұшын беріп, сауапты іске бастамашы

болуы тиіс. Осы мақсатта ерікті жастардың басын

қосып, алдағы жоспарлар туралы ақылдаспақпыз, - деді бас

имам. Сонымен қатар, алдағы Наурыз мейрамы, Қазақстан

халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні сынды ұлттық

және мемлекеттік мерекелер мен қасиетті Рамазан айы

қарсаңында ағаш отырғызу, қаланы көріктендіру сынды

жұмыстар жүргізудің маңызы зор екенін айтты. Имамның

сөзінше, ендігі кезекте қала, аудан, ауыл

ДІН-ДІҢГЕК

мешіттерінде

еріктілер тобы құрылады. Бұл бастама халықтан зор қолдау

тауып, олардың ықыласына бөленері сөзсіз.

Жастарға қажет

Қалалық Ақмешіт мешітінің діни сауат ашу

курсының жас шәкірттері облыстық «Nur

Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар

қанатының төрағасы Ғабит Хафизбен кездесу

ұйымдастырды.

Кездесуде «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы

облысымыздағы «Жастар бастамаларын дамыту орталықтарында»

«Еріктілер клубтары» ресми ашылғанын хабарлады.

- Бүгінгі жастарға дұрыс тәрбие берудегі ең күрделі

мәселе ұлтымыздың салтын, дәстүрін, мәдениетін оларға

дұрыс жеткізіп, түсіндіріп, ұғындыра білу. Ислам діні - біздің

ұлтымыздың мәдени болмысының мазмұны. Сол мазмұнды

біз жастарға өзінің ана тілін, тарихын, мәдениетін, руханиятын

түсіндіру арқылы бере аламыз, - деді.

Жастар ұйымының төрағасы алдағы уақытта дін жолын

ұстанып жүрген жастармен тығыз байланыста болатынын

айтты.

Сотталғандармен

кездесті

ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық насихат

тобының (РАНТ) мүшесі, танымал уағызшы

Еркебұлан Қарақұлов Павлодарға келді.

Дінтанушы облыс орталығында орналасқан 162/1, 162/2,

162/3 және 162/4 түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен

кездесіп, жат ағымның зардабы туралы уағыз айтты. Кездесу

барысында экстремистік бағыттың нақты сипаттары, елімізге

және отбасыларға тигізетін зияндары жөнінде тарқатып

айтып, олардың әртүрлі сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, сотталғандармен жеке кездесіп, Отанға

сүйіспеншілік, ата-ананың разылығына жету, дінді дұрыс ұстану,

айналасындағылармен көркем мәміледе болу, бос уақытты

тиімді пайдалану жолдары, білім алудың маңыздылығы секілді

тәрбиелік мәні бар мазмұнды тақырыптарда әңгімелесті. Мейманымыз

облыстық «Халық радиосының» «Таным» бағдарламасына

қатысып, сұхбат берді. Бағдарламада қазіргі замандағы

мұсылманның тұлғасы, жат ағымның сипаттары мен сақтану

жолдары әңгімеге арқау болды.

«Жеті рухани

қазық»

Ақсу қалалық мешітінің наиб имамдары

Жомарт Семсерханұлы мен Асхат Қизатұлы

жалпы білім беретін қалалық №2 мектептің

жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

Имамдар бұл кездесуде оқушыларға үшінші республикалық

имамдар форумында бекітілген «Жеті рухани қазық» Қазақстан

мұсылмандарының рухани тұғырнамасын таныстырып, түсіндірді.

Имамдар осы құжатта көрсетілген адамгершілік құндылықтар

туралы дәріс оқыды. Адамгершілік құндылықтар дегеніміз –

адам бойынан табылуы тиіс басты жеті қасиет пен ерекшелік.

Бұл тұғырнама алдағы уақытта еліміздегі мұсылмандар өміріне

рухани бағыт-бағдар беретін басты құжаттың біріне айналмақ.

Кездесу барысында тұғырнаманы әр адам жан-жақты танып,

зерттеп, әркім өз өмірі мен тұрмыс-тіршілігінде басты назарда

ұстауға тиіс екендігін кеңінен түсіндірді.

Мәшһүр Жүсіп мешітінің баспасөз қызметі.


8 7 наурыз, сенбі, 2020 жыл АУЫЛ-АЙМАҚ

SARYARQA SAMALY

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Алғашқылары ала бастады

Екібастұзда аз қамтылған отбасылар кепілдендірілген алғашқы

әлеуметтік пакеттерді ала бастады. Кеншілер шаһары мен

ауылдық аймағында мұндай көмек алуға 823 бала құқылы.

Олардың 394-і 1 мен 3 жас аралығында

болса, қалғаны - 3-6 жас шамасындағы

бүлдіршіндер. Айта кетейік, аталмыш

әлеуметтік пакеттер аз қамтылған

отбасылардағы 1-ден 6 жас аралығындағы

балаларға үлестіріледі. Пакеттің екі түрі

бар. Біріншісіне азық-түлік толтырылса,

екіншісіне жеке бас тазалығына арналған

заттар салынады.

Қалалық жұмыспен қамту және

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

«Лего құрастыру»

кабинеті ашылды

Баянауыл ауылының бөбектер бақшасында STEM технологиясын

жан-жақты дамыту мақсатында тәрбиеленушілерге арналған

«Лего құрастыру» кабинеті ашылды.

Қазіргі уақытта әлемде төртінші

технологиялық революция болып жатыр.

Яғни, ақпараттың қарқынды ағыны,

жоғары технологиялық инновациялар мен

әзірлемелер біздің өміріміздің барлық

салаларын өзгертуде. Қоғам сұранысы

да, жеке тұлғаның қызығушылықтары

да түрленді.

Егер бұрын қыздар еңбек сабағында

алжапқыш тігіп, ал ұл балалар ағашпен

немесе металмен жұмыс істесе, қазіргі

уақытта бұл жеткіліксіз. Робототехника,

құрастыру, бағдарламалау, үлгілеу,

3D-жобалау және тағы басқасы балаларды

баурап алды. Ғылым, математика, технологиялар

және инженерия сияқты басты

академиялық салалар бір мезгілде даму

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Динара Баграмованың айтуынша, азықтүлік

жиынтығы айына бір рет, тұрмыстық

химия жиынтықтары тоқсанына бір рет

беріледі. Бұл пакеттерді жиынтықтаумен

және жеткізумен павлодарлық «Invest

Project 2018» фирмасы айналысады. Бұл

фирмамен шарт жасалған.

Өз тілшіміз.

керек. Оларды STEM (science, technology,

engineering and mathematics) деген бір

сөзбен біріктіріп атауға болады.

Кабинеттің ашылу рәсімін өткізу құрметі

ардагер ұстаз, Баянауыл ауданының

Құрметті азаматы Ғалия Әубәкірова мен

«Жұлдыздар» ересек балалар тобының

тәрбиеленушісі Айзере Маркске берілді.

Балабақша тәрбиеленушілері тұсауы

кесілген ойын алаңына бірден лап қойып,

ойын қызығына кірісіп кетті.

Жиында Баянауыл ауылдық округінің

әкімі Руслан Мұқашев, білім бөлімі

басшысының міндетін атқарушы Мереке

Әбдікәрімов игі шараның мән-маңызына

тоқталды.

Бекмырза ЛЕКЕР.

УСПЕН АУДАНЫ

МАЙ АУДАНЫ

Ер есімі - ел есінде

Жақында Успен ауданына қарасты Ковалев орта мектебінің спорт

залында облыстық деңгейде өткен кір көтеру жарыстарының

жүлдегері Дмитрий Дериглазовты еске алуға арналған аудан

біріншілігі өткізілді.

Күш сынасу спортының бірнеше түрі

бойынша ұйымдастырылған шараға өңірдегі

Успен, Қозыкеткен, Тимирязев, Лозов

және Ковалев ауылдарының азаматтары

қатысты. Аталмыш жарысқа облыстық және

аудандық спартакиаданың бағдарламасына

енген 3 түрлі спорттық ойын кірді.

Қол күрес бойынша 70 келіге дейінгі

салмақта Ковалев ауылының азаматы

Д.Почемин, 80 келіге дейінгі салмақта

Успен ауылынан қатысқан М.Солонин

мен А.Баймолдинов жеңімпаз атанды.

Кір көтеру жарысы бойынша 73 келіге

дейінгі салмақта Ковалев ауылынан

Өз тіліңді құрметте!

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл «Еріктілер жылы»

деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда Май ауданының

орталық кітапханасының ғимаратында аудандық ішкі саясат

және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Тіл волонтері»

қозғалысының ашылу салтанаты өтті.

Облыс аудандарының ішінде алғаш

болып ашылған «Тіл волонтері» жобасына

облыстық «Ана тілі» орталығының

директоры Шолпан Кинжикова мен

аудандық ішкі саясат және тілдерді

дамыту бөлімінің басшысы Гүлсара Кокина

қатысты. Сондай-ақ, әрбір ауылдық

округтен құрылған еріктілер тобының

белсенділері мен жастар ісі жөніндегі

әдіскерлер арнайы шақырылды. Жобаның

басты мақсаты - ауданда мемлекеттік

тілді дамыту жұмыстарын жетілдіру және

көпшіліктің мемлекеттік тілді меңгеруіне

барған А.Тросиненко, 78 келіге дейінгі

салмақта Успен ауылынан М.Солонин,

85 келіге дейінгі салмақта Тимирязев

а у ы л ы н ы ң т ұ р ғ ы н ы А . Б а й м о л д и н о в ,

95 келіге дейін Успен ауылынан Р.Татенов,

ал 95 келіден артық салмақта Успен

ауылынан А.Бут жеңіске жетті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене тәрбиесі және спорт бөлімінің

грамоталарымен марапатталып, ақшалай

сыйлықтарға ие болды.

Өз тілшіміз.

жағдай жасау. Жиын барысында Шолпан

Д ұ х т ұ р б а й қ ы з ы ж о б а д а к ө р с е т і л г е н

20 тараудан тұратын іс-шаралар (көпшілік

жиналатын орындар, қоғамдық көліктер мен

саябақтар, ойын-сауық орталықтарында

қазақ тілінің флэш-тренинг сабақтарын

өткізу және т.б) жоспарын таныстырды.

Дөңгелек үстел басында орталықтың

жылдық жоспары талқыланды. Еріктілік

жұмысты ілгері дамытуға талпынған

жастар алдағы жылды жемісті өткізуге

ант берді.

Өз тілшіміз.

ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ

Жастарға қолдау бар

«Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы негізінде ауылдық жерлерде

еңбек етуге ниетті жастарға қолдау да артып келеді.

Шарбақты ауданына аталмыш бағдарламамен

келіп, алғашқы еңбек жолын

бастаған жас маманның бірі - Күлшат

Ақназарова. Ол жолдасымен бірге 3 баласын

ертіп, 2018 жылы Оңтүстік Қазақстан

облысы, Шардара ауданынан отбасымен

қоныс аударған. Келе сала

К.Ақназарова Шалдай ауылының

дәрігерлік амбулаториясына акушергинеколог

болып жұмысқа қабылданады.

Ал жолдасы – Ғани Еділов Шалдай

филиалының «Ертіс орманы» табиғи

резерватына қызметке орналасқан. Араға

көп уақыт салмай жас маманға 70 АЕК

мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленген.

Ал 2019 жылдың мамыр айында Шалдай

ауылынан тұрғын үй сатып алуға несие

берілді. Бүгінде отбасы осы қолдаудың

арқасында өз үйінде тұрып жатыр.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің

басшысы Сержан Иманқұловтың айтуынша,

«Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы

бойынша жастарды ауылға тарту

жұмысы биыл да өз жалғасын таппақ.

- «Дипломмен - ауылға!» жобасын

іске асыру аясында ауылдық елді мекендерге

жұмыс істеу және тұруға келген

жастарға яғни білім беру, денсаулық

сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,

мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік

кешен мамандарына 1 реттік көтерме

жәрдемақы беріледі. Ол 265 100 теңгені

құрайды. Бұдан бөлек, несие түрінде

тұрғын үй сатып алуға 3 976 500 теңге

мөлшерінде қолдау көрсетіледі, - дейді

С.Иманқұлов.

Оның айтуынша, бүгінге дейін аталмыш

бағдарлама аясында 499 маманға

көтерме жәрдемақы түрінде 66 813,3

мың теңге төленсе, 518 080,3 мың теңге

сомасындағы бюджеттік кредитті 248

маман алған. Ағымдағы жылы аталған

жұмыс жалғасын табады.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

ЕРТІС АУДАНЫ

Іске сәт, кәсіпкер!

Ауданда «Еңбек» бағдарламасының «Бизнес Бастау» жобасы

бойынша несие алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандардың

қатарында Веселая роща ауылының тұрғыны Роза Баштаева

да бар. Кәсіпкер жергілікті жұртшылықтың сұранысына сай

шаштараз ашты.

Роза Жеңісқызы ойға алғанын орындау

үшін алдымен шаш алу және кірпік өсіру

курсынан өтеді. Бизнес жоспарын сәтті

қорғап, мемлекет тарапынан қайтарымсыз

250 мың теңге көлемінде грант ұтып

алады. Бұл қаржыға салонға қажетті

құрал-жабдықтарды алып, ғимарат ішін

сәндейді. «Роза» жеке кәсіпкерлігі тек

Веселая роща ауылына ғана емес, жақын

маңдағы елді мекендердің азаматтарына

да қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта

салондағы тұрақты тұтынушылардың

қатары артып келеді.

Роза Жеңісқызы алдағы уақытта кәсібін

одан әрі кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын

ашуды жоспарлауда. «Еңбегіне

қарай өнбегі» демекші, табандылығының

арқасында кәсібінің нәсібін көруді көздеген

кейіпкердің ісіне береке тілейміз.

А.СЕРҒАЗИН.

Палуандар бақ сынасты

Ауданнан шыққан алғашқы КСРО спорт шебері Серік Серғазиннің

жүлдесіне еркін күрестен палуандар бақ сынады. Облыстың

түкпір-түкпірінен және Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан,

Ақмола өңірлерінен жарысқа 220 спортшы қатысты.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер

спорт мектебі ұйымдастырған турнирге

10 команда қатысты. Аудан әкімі Аян

Бейсекин ардагер спортшы Серік

Серғазиннің аудан мен облыс спортына

сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

- Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Серік Серғазин - еркін күрес бойынша

талай облыс және республикалық чемпиондарын

тәрбиелеген ардақты педагог.

Сонымен қатар, жерлесіміз 2016 жылғы

ардагерлер арасындағы әлем чемпионы

атанған. Былтыр ол Грузияда өткен әлем

чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Болашақ чемпиондарға Серік ағамыз

сияқты биіктерден көрінуді тілеймін, -

деді А.Бейсекин.

Жарыс қорытындысы бойынша қыздар

арасында Злата Радионова, Сәния Омарова,

Нұрсая Усина, София Змазнева және

Саида Науқанбаева жеңімпаз атанды.

Ал ерлерден Ерасыл Айтмұхамбет, Тілек

Мұхаметәлі, Нұргелді Қинаятов, Бейбарыс

Нұрмұхамбетов, Мейіржан Қайырлин,

Виктор Борцов, Медеу Ахмет, Әсет Тагвай,

Байсұлтан Сапарбек, Рахат Мейірманов

және Еркебұлан Айтпай чемпион болды.

Барлық жүлдегерлер грамоталар мен

ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Өз тілшіміз.


SARYARQA SAMALY

7 наурыз, сенбі, 2020 жыл

Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымшаның

мерекелік шығарылымы

Аналар аман болсын!

ЫСТЫҚ ЛЕБІЗ

АРНАУ

Құрметті достар! Ертең – Халықаралық әйелдер күні.

Ендеше, барша «Ана» атаулыны айтулы мерекемен шын

жүректен құттықтаймыз. Түн ұйқысын төрт бөліп,

сендердей ұл-қызды мәпелеп, тәрбиелеп өсірген аналарымыз

аман болсын! Ғұмыр жастары ұзақ, көрер

қызықтары көп болсын!

Ізгі тілекпен, «Айналайын» қосымшасы.

АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ...

Бағалай біл!

Әже

Мен үшін ең қымбат жан,

Әжемді жақсы көремін.

Қолым босай қалғанда,

Тақпақ айтып беремін.

Әжеме айтар тілегім:

Аман болсын басыңыз.

Ауырмаңыз ешқашан,

Жүзге жетсін жасыңыз.

Үлкен болып өскенде,

Бәрін алып беремін.

Өйткені мен әжемді,

Өте жақсы көремін.

Анэля ТАЛИПОВА,

№1 қазақ орта мектебінің

2-сынып оқушысы,

Ақсу қаласы.

Ана

Ана - өмірдің мәні әрі сәні. Олай

дейтінім, әр бала үшін анасының алар

орны ерекше. Кейде анамыз үйге

жұмыстан кешігіп келсе немесе қонаққа

кеткен кезде бізге бірдеңе жетпейді

де тұрады. Тіпті, анасыз тамағыңнан

ас өтпейді десем де, артық айтқандық

болмас. Себебі, мен үшін анамның

құйып берген қою шәйі мен өз қолымен

пісірген тамағынан артық дәмді ас жоқ.

Ал сабақтан шаршап келгенде, анаң

ыстық алақанымен маңдайыңнан бір

сипағанда, барлық шаршауың басылып

қалғандай сезінесің... Ғажап! Бұған

қарап, аналардың қасиетті жан екенін

аңғаруға болады.

Қазақ халқы әйел затын ерекше

құрметтеген. Аналар жайлы талай ақын

жалынды жыр жазған.

«Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар,

Ешқашан қартаймайды», - деп

ақын ағамыз Қайрат Жұмағали

жырлағандай, анасы бар адамдар

ешқашан қартаймайды. Бұл рас. Себебі,

сен қанша жасқа келсең де, анаңның

алдында кішкентай бала сияқты

болып қала бересің. Анаңның

жанында көңілің тоқ, жүрегің де

тыныш, қысқасы, сенен бақытты

жан жоқ. Бізге осындай бақыт пен

өмір сыйлаған, сонымен қатар,

бізді өсіріп, осы күнге жеткізген

аналарымызға сан мәрте бас

иіп, алғыс айтсақ та, артық

болмайды. Тіпті: «Анаңды арқалап алып,

қасиетті Меккені үш рет айналсаң да,

оның қарызынан құтыла алмайсың», -

деген ғибратты әңгімені естігеніміз бар.

«Жұмақ – ананың табанының астында»

деген де қанатты сөз бекер айтылмаған.

Демек, ананың өмірдегі алар орны

ерекше. Біз осыны түсініп, аналарымызды

әркез құрметтеп, бағалай

білейік! Көзінің тірісінде қадіріне

жетейік, достар!

Арман ІЗБАСАР,

8-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Достар, төмендегі жұмбақтардың шешуін табу арқылы «Анашым»

сөзжұмбағының тор көздеріндегі жасырын сөздерді таба аласыңдар.

Ендеше, іске сәт!

СӨЗ МӘЙЕГІ

Мақал-мәтелдер

Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атыңа ауыр жүк артпа.

* * *

Анасыз үй - көңілсіз күй.

* * *

Ана - ақылшы, ата – үкімшіл.

* * *

Ата - арың, ана – дәрің.

* * *

Ананың көңілі – балада,

Баланың көңілі – далада. .

* * *

Ана жақсылығын

ауырғанда білерсің.

* * *

Ананың сүті - бал,

Баланың тілі - бал.

Жинаған -

Нұрислам АХМЕТОВ,

2-сынып оқушысы.

Сөзжұмбақ

Асыл жанды анам-ай,

Боламын мен анамдай.

Менің анам ең жақсы,

Бәрінен де ардақты.

Еркелігімізді көтеріп,

Балаларына «күнім» дейді,

Анамызды үлгі етеміз,

Бізге үнемі күлімдейді.

Диляра БАЗАРБАЕВА,

№1 қазақ орта мектебінің

2-сынып оқушысы,

Ақсу қаласы.

1. Торы тай,

Табанында төрт ай. (....)

2. Тақия, мұрын, құлағы бар,

Самаурын қасында тұрағы бар. (......)

3. Шәкіртке жанашыр,

Мейірбан кім, жаны асыл? (.....)

4. Жіп-жіңішке денесі,

Ортасында шегесі. (........)

5. Мұрты бар, сақалы жоқ,

Тоны бар, шапаны жоқ. (.....)

6. Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз. (.......)

Құрастырған:

Әлихан БАЙБОЛАТ,

6-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.

А

Н

А

Ш

Ы

М

Беттің үйлестірушісі - Нұржайна ШОДЫР.


10 7 наурыз, сенбі, 2020 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

«Шақырусыз келген қонақтар»

3726 іскерлік және 274 жұмыс визасы, 26 фигурант, Қазақстанда, Қырғызстанда

және Қытайда 48 жалған кәсіпорын Қылмыстық әрекеттен түскен табыс

1 300 000 АҚШ долларынан артық соманы құрады.

Кейбір адамдар өмір бойы жеңіл

ақша табу жолында жүрсе, енді

біреулері оған уақыт өте келіп

жатады. Заң мен моральдік нормалардан

аттай отырып, әртүрлі

тәсілдермен баюға болады, солардың

бірін О.Бахриденова пайдаланбақшы

болған еді. Бірде оған Қазақстан

аумағына шетелдіктерді заңсыз

кіргізумен айналысу ойы келеді.

О.Бахриденова осы бағытта белсенді

түрде жұмыс істей бастайды. Біраз

іздестіргеннен кейін ол ақпараттық

технология мен электрондықцифрлық

қолтаңба бағыты бойынша

білімі бар В.Жанғазинмен танысады.

Одан әрі, электрондық үкімет

порталы арқылы іске қатысы жоқ

адамдарға жалған фирмалар тіркеле

бастайды.

Көп ақшаға деген құмарлық,

сондай-ақ өз-өзіне деген сенімділік

О.Бахриденоваға барлық тәуекелдерді

есептеуге мұрша бермейді. Ал

заңсыз көші-қон арнасы болса,

ҰҚК жедел уәкілдерінің басым

бағыттарының бірі болып табылады.

Кезекті тексерулер барысында

ҰҚК Атырау облысы бойынша

департаментінің қызметкері осы

саламен айналысатын басқа

компаниялармен салыстырғанда

мақұлданған визаларының санымен

біршама ерекшеленген ұйымға көңіл

аударады. Фирманы белгілі бір

аңызбен тексеру туралы шешім

қабылданады, оның барысында

жедел уәкіл жеке үйге тап болады,

бірақ бұл ғимаратта ешқандай

кеңсе жоқ екені және болуы мүмкін

емес екені бірден байқалады.

Үй қожайынынан сұрау алу

да шетелдіктерді Қазақстанға

заңсыз кіргізу бойынша ықтимал

алаяқтық жолын көрсетті. Осы

фактілер мен белгілердің барлығы

жедел зерттеу жүргізу үшін негіз

болып, ол 2017 жылғы қазанда

бастау алды. Атыраудың тұрғыны

О.Бахриденова, тергеу көрсеткендей,

6 жалған компанияның мүддесін

білдіре отырып, Атырау облысы

полиция департаменті көші-қон

қызметі басқармасындағы өзінің

қылмыстық байланыстары арқылы

429 шетелдікке іскерлік арнасы

бойынша қолдаухатты заңсыз

келіскен.

Алайда бұл теңіздің тамшысы

ғана болғанмен, шетелдіктерді

заңсыз шақырумен айналысатын

қылмыстық қоғамдастық ақырының

басы болатын. О.Бахриденованы

зерттеу барысында ҰҚК Атырау

облысы бойынша департаментінің

қызметкерлері астанада орналасқан

тағы бір қылмыстық топты

анықтайды. Алаяқтар компанияларды

тіркеу үшін О.Бахриденова

сияқты заңсыз жолмен алынған

электрондық-цифрлық қолтаңбаларды

пайдаланған. Одан әрі жалған

кәсіпорындардың әрекетін заңды

етіп көрсету үшін жалған сенімхаттар

дайындап, оларды бұрынғы

нотариустың қалпына келтірілген

мөрімен, кейіннен Нұр-Сұлтанның

әрекеттегі нотариустарының мөрле-

рімен растаған. Мөрлерді жалған

сенімхаттардың көмегімен полиграфиялық

компанияларда дайындатқан.

Одан әрі жалған ұйымдар атынан

Қытайда және Қырғызстанда

тіркелген фирмалармен қызмет

көрсетуге жалған шарттар жасалып,

олар да нотариустарда түпнұсқалары

көрсетілместен расталған. Жалған

шарттар негізінде шетелдік

азаматтарға шақыру хаттар ресімделіп

отырған.

Қылмыстық топты ҚХР азаматы

Чиу Тонгкун мен Нұр-Сұлтанның

тұрғыны Э.Нұрқанова басқарған.

Сонымен, екі пысық азаматтың

одағы 2014-2016 жылдар кезеңінде

шетелдегі консулдық қызметтердегі

сыбайластары арқылы шетелдіктерге

2000-нан аса шақыру

ресімдеуге мүмкіндік берген. 2017

жылғы қаңтарда виза берудің жаңа

қағидаларының енуіне қарамастан,

араны ашылған теріс пиғылдылар

тоқтай алмайды. Визалық қолдауды

кедергісіз келісу туралы алдын ала

уағдаластық бар көші-қон қызметінің

басқармасында өңірлерде жалған

кәсіпорындарды тіркеудің жаңа

тәсілдері пайда болды.

Теріс пиғылдылардың заңсыз

әрекетінің ауқымы, жүйелілігі,

қылмыстық байланыстары ҰҚК

жедел уәкілдерін таңқалдырды,

олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау,

Ақтөбе, Көкшетау және Қызылорда

қалаларында, сондай-ақ Қырғызстан

мен Қытайда тіркелген 48 жалған

кәсіпорынды анықтады. Бұдан басқа,

қылмыстық топқа Қазақстанның

мемлекеттік органдарының өкілдері

жәрдем көрсеткен.

ҰҚК Атырау облысы бойынша

қызметкерлері күдіктілердің

кінәларына жеткілікті дәлелдер

жинап, оларды ұстау туралы

шешім қабылдайды да, оны бір

мезгілде еліміздің бірнеше өңірінде

жүргізеді. Операция алаяқтар

мен қолы таза емес мемлекеттік

қызметшілердің жұмыс орындары

мен тұрғылықты жерлері бойынша

жүргізілді. Нәтижесінде 20 адам

ұсталып, оларды 2019 жылғы

ақпан мен қазанда сот кінәлі

деп танып, әртүрлі мерзімдерге

бостандықтарынан айыру мен

шектеуге, сондай-ақ ақшалай

айыппұлдарға үкім шығарды. Осы

қылмысқа қатысқан ҚХР-дың екі

азаматы және ҚР-ның бір азаматы

халықаралық іздестіруде, тағы үш

адамға қатысты тергеу іс-қимылдары

жалғасуда.

ҰҚК-нің осы операциясы

қызмет бабы бойынша көші-қон

мәселесімен байланысты мемлекеттік

органдардың өкілдеріне оң ықпал

еткен сияқты. Енді тек осындай

арналардың көмегімен елімізге

әртүрлі қылмыстық элементтерді,

террористер мен басқа да

қылмыскерлердің өтіп кетпейтініне

сену ғана қалады.

Дегенмен де көп жағдайда

оған жүйелі тұрғыда қарау қажет.

Заңды тұлғаларды тіркеуді және

көші-қон қызметінің жұмысын

регламенттейтін заң актілерін қайта

қарау керек. Электрондық үкімет

порталында заңды тұлғаларды қағаз

жүзінде тіркеу, нотариустардың өз

уәкілеттіліктерін теріс пайдалану

мәселелері ашық түрде қалып

отыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті

іске асырған операциялар бұдан

да көп сұрақты туындатты, бірақ

ол басқа мемлекеттік органдарға

қойылмақ.

Қ.ОРАЗОВ.

Конкурс жариялайды

«Павлодар облысының білім беру

басқармасы» ММ 4 бос лауазымға:

1. Ақсу қаласы, Әуезов көшесі, 58 мекенжайы

бойынша орналасқан «Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған мамандырылған

гимназиясы» ММ (одан әрі – Мемлекеттік

мекеме) директорының бос лауазымына

орналасуға (лауазымдық айлық ақысы

еңбек өтіліне байланысты – 101 422 теңгеден

123 030 теңгеге дейін);

Мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім

беру мектебі. Бағыты – жаратылыстануматематикалық.

1999 жылдан бастап жұмыс

істейді, мектептің жобалық қуаттылығы –

400 оқушы орны.

2. Павлодар қаласы, Академик Шөкин

көшесі, 146 мекенжайы бойынша орналасқан

«Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-

ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ (одан

әрі – Мемлекеттік мекеме) директорының

бос лауазымына орналасуға (лауазымдық

айлық ақысы еңбек өтіліне байланысты – 101

422 теңгеден 123 030 теңгеге дейін) ашық

конкурс жариялайды.

Мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім

беру мектебі. Бағыты – жаратылыстануматематикалық.

1994 жылдан бастап жұмыс

істейді, мектептің жобалық қуаттылығы –

250 оқушы орны.

3. Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі,

109 мекенжайы бойынша орналасқан «Облыстық

көп салалы дарынды балаларға арналған

көптілді лицей-интернаты» КММ (одан әрі

– Мемлекеттік мекеме) директорының бос

лауазымына орналасуға (лауазымдық айлық

ақысы еңбек өтіліне байланысты – 101 422

теңгеден 123 030 теңгеге дейін) ашық конкурс

жариялайды.

Мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім

беру мектебі. Бағыты – жаратылыстануматематикалық.

2015 жылдан бастап жұмыс

істейді, мектептің жобалық қуаттылығы –

600 оқушы орны.

4. Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 180/7

мекенжайы бойынша орналасқан «Облыстық

мамандандырылған әскери мектеп-интернаты»

КММ (одан әрі – Мемлекеттік мекеме)

директорының бос лауазымына орналасуға

(лауазымдық айлық ақысы еңбек өтіліне

байланысты – 101 422-ден 123 030 теңгеге

дейін) ашық конкурс жариялайды.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде

оқытатын жалпы білім беру мектебі. Бағыты –

жаратылыстану-математикалық. 1999 жылдан

бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық

қуаттылығы – 120 оқушы орны.

Төрт лауазымға арналған лауазымдық

міндеттер: Білім беру ұйымының қызметін оның

жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық

актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға

міндетті білім беру стандартын педагогикалық

және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске

асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын,

бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.

Бекітілген учаскедегі балаларды жаппай оқыту

заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен

қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылымиәдістемелік

және материалдық-техникалық

базасын ұйымдастырады және жетілдіреді.

Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз

етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі

заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын

қамтамасыз етеді.

Мұғалімдер (педагогикалық) ұйымдар,

әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары

қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына

берілген лицензиясына сәйкес оқушылар,

тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады,

оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік

қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың

арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды

құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын

үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың

туысқандық байланысын қолдау үшін оларға

жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.

Тәрбиеленушілер мен оқушыларды бағып-қағу

мен тұруы үшін белгіленген нормалардан

төмен емес жағдайларды қамтамасыз етеді.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың

(тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы

қызметкерлерінің өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне

қажетті жағдай жасайды.

Жұмысты және оқушыларды қорғау және

олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақпен

және медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз

ету бойынша бақылауды ұйымдастырады. ҚР

заңнамасында белгіленген шекте білім беру

ұйымының мүлкі мен қаражатына иелік етеді,

құрылтайшылардың қаржылық және материалдық

қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы жыл

сайынғы есепті ұсынады.

Оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын

және толықтырылуын нормативтік талаптарға

сәйкес қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібінің,

санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау

мен қауіпсіздік техникасының сақталуына жауап

береді.

Педагог кадрларды және қосалқы персоналды

іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады,

басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық

кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді,

олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай

жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады.

Қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға

қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге

түскен мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының

қызметкерлерін марапаттауға және көтермелеуге

ұсынады, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе

оларды алмастырушы тұлғалармен) байланысты

жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа

да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан

өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау

мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік

сауаттылыққа, ақпараттық-коммуникациялық

құзыреттілікке ие.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі

талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан

кейінгі) педагогикалық білім және педагогикалық

жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде

басшылық лауазымындағы өтілі 1 жылдан кем

емес, бірінші немесе жоғары біліктілік санатының

болуы және (немесе) кәсіби құзыреттерінің:

педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагогшебер

(мемлекеттік қызметшілерді, жоғары

оқу орындарының қызметкерлерін, әдістемелік

қызмет қызметкерлерін қоспағанда) болуы;

ескерту: «Облыстық мамандандырылған әскери

мектеп-интернаты» КММ директорының біліктілік

талаптары – жоғарыда көрсетілген талаптарға

сәйкес келуі, жоғары педагогикалық немесе

бейіні бойынша білімінің бар болуы тиіс;

- Қазақстан Республикасының Конституциясын,

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлізайыптылық)

және отбасы туралы» Кодексін, ҚР

«Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл

туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың

құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл туралы», «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан

айырылу жағдайы бойынша және жасына

байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік

жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік

қызметтер туралы», «Кәмелетке толмағандар

арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы

мен балалардың қадағалаусыз және

панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын

және білім беруді дамытудың бағыттары мен

перспективаларын, педагогика және психология

негіздерін, білім берудің мемлекеттік жалпыға

міндетті стандарттарын, педагогикалық ғылым

мен практиканың жетістіктерін, менеджмент

негіздерін, қаржылық-шаруашылық қызметін,

еңбек заңнамаларын, еңбекті қорғау, техника

қауіпсіздігі, санитарлық және өртке қарсы күрес

нормалары мен ережелерді білуі тиіс.

Конкурс ҚР БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы

№ 57 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі,

орта білім берудің жалпы білім беретін оқу

бағдарламаларын және қосымша білім берудің

білім беру бағдарламаларын іске асыратын

мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын

конкурстық тағайындау және конкурстық

тағайындау қағидалары (2018 жылға енгізілген

өзгерістермен), ҚР БҒМ 2018 жылғы 11 қаңтардағы

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер

енгізу туралы» №13 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар

конкурстық комиссияға келесі құжаттарды

тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың

көшірмесі;

3) білім туралы құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың

көшірмесі;

5) кадр есебі бойынша жеке іс парағы

және фотосурет;

6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары

мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік

мінездеме;

7) қолда бар біліктілік санаты және ғылыми

дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар

болса);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрінің міндетін атқарушының

2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық

сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық

құжаттама нысандарын бекіту туралы» №907

бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697

болып тіркелген) нысандағы медициналық

куәландырудан өткені туралы құжат;

9) сотталмағандығы туралы анықтама;

10) Мектепті дамытудың перспективалық

жоспары.

11) тестілеуден өткені туралы анықтама

(бар болса);

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім

беруді басқару органының қарауына оның

кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми

зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін

қорыту, наградалары (олар болған жағдайда)

туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Конкурстық құжаттарды қабылдау конкурс

өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен

бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілік

бағасы;

2) мемлекеттік білім беру ұйымының

қамқоршылық кеңесімен кандидаттарды келісу;

3) кандидаттарды «Дарын» республикалық

ғылыми-практикалық орталығымен келісу;

«Білім-инновация» лицейлерінің басшысы бос

лауазымына үміткер кандидат үшін «Біліминновация»

халықаралық қоғамдық қорымен

келісу талап етіледі.

4) білім беру басқармасының конкурстық

комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар

белгіленген тәртіппен «Павлодар облысының

білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінде

әңгімелесуден өтеді. Конкурсты өткізу күні

жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес

белгіленеді. Конкурсқа қатысу үшін тиісті

құжаттар мына мекенжайға ұсынылуы тиіс:

140000, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі,

32, Павлодар облысы білім беру басқармасының

кеңсесі, № 415 кабинет немесе «Азаматтарға

арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы.

Анықтама телефондары: 320964, 323500. Факс

(87182) 325725, электронды поштаның мекенжайы:

kense.do@pavlodar.gov.kz.

( 2 0 3 6 )


SARYARQA SAMALY

СҮЛЕЙМЕН БАЯЗИТОВ

(02.02.1944 - 06.03.2020)

Ертіс-Баян өңірінің

қадірлі қариясы, абыз

ақсақалы, ақын, жазушы,

сатирик, аудармашы,

Қазақстан Жазушылар

одағының және Журналистер

одағының мүшесі,

Баянауыл ауданының

Құрметті азаматы Сүлеймен

Баязитов өмірден озды.

Сүлеймен Баязитов

1944 жылғы 2 ақпан

күні Павлодар облысы

Баянауыл ауданы Большевик

ұжымшарында

(қазіргі Шоманкөл ауылы)

дүниеге келді. Большевик

орталау мектебін, Шөптікөлдегі механизация

училищесін тәмамдаған.

1960 жылы Павлодар зооветтехникумын бітірген.

1963-1967 жылдары әскер қатарында қызмет атқарған.

1984 жылы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде

қазақ тілі мен әдебиет факультетін бітірді.

Ақынның алғашқы жазған шағын әңгімелері, өлеңдері

1962-1963 жылдары «Тың өлкесі» газетінде жарық көрген.

Шығармалары облыстық «Қызыл ту» (Сарыарқа самалы),

республикалық «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті»,

«Дала дидары» газеттерінде, «Балдырған», «Жалын»,

«Жұлдыз», «Ұлағат», «Сарыарқа», «Ара» журналдарында

жарияланған. Республикалық «Жалын» баспасынан

«Бастау» атты жыр жинағы шықты. 1967-1997 жылдары

«Жеңіс» («Баянтау») газетінде әдеби қызметкер, бөлім

меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1997 жылдан

1999 жылға дейін облыстық «Сарыарқа самалы»

газетінде тілші қызметін атқарады. Зейнеткерлікке

дейін Красноармейка (қазіргі Кемеңгер ауылы) орта

мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді.

Сүлеймен ағаның алғашқы «Бастау» өлеңдер жинағы

«Жалын» баспасында жарияланды. «Тамыздағы тамұқ»

повестері, «Жасыбай батыр», «Арылу», «Көлеңке»

әңгімелері жарық көрді. Кейінгі жылдары «Құдіреті

күшті бір Алла» (2004), «Елсіздегі елес» (2004), «Хан

ием» (2004), «Жаралы жердің жанары» (2006), «Көне

қазақтың қыңыр қисыны» (2007) және т.б. жинақтары

жарық көрген. Соңғы жарық көрген кітабы ұлы ойшыл,

ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевке арналған «Бала Мәшһүр»

поэмасы. Ақынның балаларға арналған «Таңбалы тас

үңгірі», «Бөріқұлаған», «Содыр шал, Алшын, Көк бөрі»

ертегі, аңыз поэмалары жарыққа шыққан.

Жазушы Омар Хайям, Пабло Неруда, Федор Тютчев,

Леся Украинка, Роберт Бехер, Вашингтон Ирвинг, Марк

Твен сияқты әлем әдебиеті классиктерінің поэзиялық

және прозалық шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Сүлеймен ағаның жарқын бейнесі, елі үшін атқарған

қызметі, қаламгерлік пайымынан туындаған шығармалары

халықтың жадында жатталып, өскелең ұрпақтың

бойында отансүйгіштік, парасаттылық сезімдерін

тудырады деп сенеміз.

Ә.СҚАҚОВ, Б.БЕКСЕЙІТОВА, С.ЕСІМХАНОВ,

Ә.АРЫНОВА, С.ШАЯХМЕТОВ, А.БАТАНОВ,

А.ОРАЛОВ, А.ӘМІРИН, Е.ДӘУЕНОВ, Р.ШӨКЕЕВ,

А.ҚАНИ, А.АЛАҚАНҰЛЫ, Ғ.ЖҰМАТОВ,

З.СОЛТАНБАЕВ, М.ОМАРОВ, Ю.ПОМИНОВ,

В.СЕМЕРЬЯНОВ, Қ.ШӘКІРОВ, Ж.АМАНТАЙ.

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту

және архив ісі басқармасының ұжымы және мәдениет

қызметкерлері Қазақстанның Жазушылар және Журналистер

одағының мүшесі, Журналистер одағы сыйлығының

лауреаты, Павлодар облысының еңбек сіңірген өлкетанушысы,

ақын, жазушы

Сүлеймен Баязитовтің

қайтыс болуына байланысты марқұмның жақын туыстарына

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

«Saryarqa samaly» газетінің ұжымы басылымның

бұрынғы қызметкері, өңірімізге танымал ақын, жазушы,

Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан

Журналистер одағының мүшесі

Сүлеймен Баязитовтің

қайтыс болуына байланысты марқұмның артында

қалған ұрпақтары мен туған-туыстарына қайғысына

ортақтасып, көңіл айтады.

Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы, ақын

Сүлеймен Баязитовтің

қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

ЖАРНАМА

66-15-40 66-15-42

ХАБАРЛАМА 7 наурыз, сенбі, 2020 жыл 11

Құттықтаймыз!

Қадірлі Қаншайым Ахметқызы!

Сізді 70 жасқа толуыңызбен шын

жүректен құттықтаймыз. Өзіңізді

ортамыздың құты, ағайынның ырысы,

бала-шағаңның берекесі деп білеміз.

Номиналы 2000 теңгелік

банкноттар туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұлттық

валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары

дизайнының тұжырымдамасына сәйкес, Ұлттық

Банк Төрағасының Қазақстан теңгесі банкноттарында

қолтаңбасының қойылуы туралы талаптың 2016 жылдан

бастап алып тасталғанын еске салады.

Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық Банк

Төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты

қолтаңбасы қойылмаған 2012 жылғы үлгідегі

номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар.

Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып

табылады және төлемнің барлық түрі бойынша

қабылдануға міндетті. Сұрақтар туындаған

жағдайда «Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкі» РММ Павлодар филиалына 70-44-26,

70-44-27 телефондары бойынша хабарласуға

болады.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы

туралы толық ақпарат Ұлттық Банктің

www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында

орналастырылған.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»

республикалық мемлекеттік мекемесінің Павлодар филиалы.

(2037).

Омар келіні

Қапия Салыққызының

аруағына арнау

Жылдар жылжып өте шықты 20 жыл,

Өзің жоқсың, рухың бізді сипап жүр.

Есімізден кетпейсіз ғой, жан ана,

Төрдегі орнын, ойсыраған жанымызға

батып жүр.

Ақ арманмен, тәтті үмітті күтіп ең,

Ақ дастархан кең жайылып тұрушы еді.

Өзің жоқта іске асқан қадамдар,

Ұрпағыңның еңбегімен болып жүр.

Ата қаздай балапанын қорғаған,

Әкеміз де құран-дұға оқып жүр.

Немерелер өсіп келеді, көрмедің,

Тірлігіңде намысты қолдан бермедің.

Ақ тілегің орындалып жатыр ғой,

Сыр мінезді, сыпайы жан, сіз едің.

Асқар таулар алыстаса, биіктер,

Қадіріңді көрген-білген хош көрер.

Рухың бізге жігер беріп әрдайым,

Нағашы жұрт бар-жоғымен ескерген.

Шүкір дейміз өзіңдей жан барына,

Жақсылықты тілейміз біз жалбарына.

Өзіңдей нағашы апа – біздей жиен

Алаңдамай қарайды ғой болашаққа...

Тілек білдірушілер: Әсем-Бейбіт, Рысбек-Аяужан,

Берік-Айнұр, Рақым-Назерке, Рамазан-Ботагөз, жиендері.

(94)

Жаның жаннатта, иман болсын тұрағың,

Қабіріңде нұрлы шырақ шам жансын.

Қолдаушы да, қорғаушы да бір Алла!

Жаратқанның бұйрығы мен сынағын.

Қапия Салыққызына арналған ас

2020 жылғы 11 наурызда сағат

12.00-де Мәшһүр Жүсіп мешітінің

орта залында беріледі.

Еске алушылар:

Омаров Елжан әулеті,

туған-туысқандары.

(203)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 10096 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 446

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


7 наурыз, сенбі, 2020 жыл

SARYARQA SAMALY

Көңiлашар

«Көңілашарды» үйлестірген – Оралхан ҚОЖАНОВ.

Хас сұлу ханшайымдар,

мерекелеріңізбен!

Əйел мен машина

Толымбек ӘЛІМБЕКҰЛЫ

Еркек үшін әйел мен машина

Ыстық және жақын,

Екеуі де – өмір.

Бірақ әйел – қатын,

Ал, машина – темір.

Ұқсайтыны – еркек

Екеуін де аялайды,

Екеуін де бағалайды.

Машинасынан

Ақшасын аямайды.

Өйткені оны айдайды,

Уақытылы күтіп,

Уақытылы майлайды.

Оның бір жақсы жері,

Қайта-қайта ақша сұрап,

Алақанын жаймайды.

Ал әйел алған бетінен таймайды,

жүйкеңе ойнайды,

Берген сайын тоймайды.

Машина күн демейді,

Түн демейді,

Ақша бермесең үндемейді,

Кей кезде сілейіп

Кідіріп, тұрып қалады.

Ондай кезде еркек ашуланып,

Теуіп қалады, ұрып қалады –

Жауап жоқ,

бар айыбы сынып қалады.

Ал әйелді соқпай-ақ қой,

Жәй әшейін түртіп қал.

Жолыққандай күртік қар

Қар бораған бұзық қабағы,

Өткен-кеткенді тізіп, табады,

Сенің қан қысымың

250-ге жеткенде ғана

Тыныш табады,

«Жедел жәрдем» әкеткен соң

Амалсыз аузын жабады.

Əйелiңiздi

шақырып жiберiңiзшi...

Әйелдер мерекесі күні

кешке қарай есікті біреу сыртынан

сипалады. Қаққан жоқ,

сипалады... Естіп тұрмын,

құлағыма құмырсқа кіріп

кеткен жоқ.

Еңіретіп есікті ашсам,

көршім Мыжбан екен.

Қипақтап, қиылып тұр.

- Не болды? - деп сұрадым мен.

- Әйеліңізді шақырып жіберіңізші.

Мен есікті жауып, оны бұрышқа

тықтым.

- Әйелімді қайтейін деп едің?

- Жұмысым бар...

- Ол қандай жұмыс?

- Құпия енді...

- Айт деймін, осы сен неге күнара

әйелімді іздейсің де жүресің?

- Қашан?

- Кеше?

- Кеше тұз сұрадым.

- Әйелің келіп сұраса, сырғасы түсіп

қала ма, не?

- Әйеліңіз әйеліме бермейді...

- Неге бермейді?

- Ұрсысып қалған...

- Жоғалып қалшы! Жоқ болып кетші, а?

- Әйеліңіз керек еді...

- Сен жындымысың? Менің әйелімде

не жұмысың бар деймін?

- Кешіріңіз, сіздің әйеліңізді аса

құрметтеуші едім...

- Құрметтесең қайтейін?

- Жақсы әйел.

- Оны өзім де білемін.

- Біздің әйел сияқты емес.

- Құдая, сенің әйеліңнің беті құрысын!

Көкбет.

- Сосын ғой, сіздің әйеліңізге келіп

тұрғаным... - деді ол. Жыным келіп жағасынан

ала түстім. Қызғаныштан өртеніп

бара жатырмын. «Неге менің әйелімді

шақырып алмақ? Бірдеңелері бар ғой!

Ұятсыз, мені жұмсап тұр тағы да!»

- Мыжбан, айт шыныңды, менің

әйеліммен кездесіп жүрсің бе?

- Ия. Көңілі қаласа бере салады...

Мен оның бетіне шапалақпен салып

жібердім.

- Немене бере салады? - дедім мен

қалшылдап.

- Неге ұрасыз? - деген ол артына

жасырған қолын көрсеткісі келмей, кері

шегінді.

- Өлтіремін сені!

- Сіз бермейсіз ғой, апай кейде: «басым

сынып тұр, бір «чекушкаға» жетпей тұр,

елу тиын...» десем, бере салады...

- Қазір неге келіп тұрсың, құрметті

маскүнем?

- Біздің әйелді білесіз ғой, көк бет. Гүл

сыйлап едім, бетіме лақтырып жіберді.

Сосын...

- Немене сосын?

- Апайды сегізінші наурыз мерекесімен

құттықтай салайын деп...-деген ол артына

жасырған бір шоқ гүлін көрсетті... Қуанып

кеттім. Жаңа ғана әйеліме «Мерекеңмен!»

деп гүл салатын ваза сыйлап едім,

жақсы болды ғой. Оның қолындағы

гүлін жұлып алдым да, ашылып қалған

аузына жүз теңгелікті тастай салдым.

- Бар, басың сынып тұр ғой, жоғал!-

дедім. Ол жүз теңгені көріп, қуанып

кетті. Құлағына сыбырлап: «Мына гүлге

мен тапсырыс берген болайын, сен

айтып қойма!» дедім. «Аха» деп ол

кетті. Әйелімді гүлмен құттықтап, бөлме

ішінде ыңылдап жүр едім, біздің есікті

біреу жәймен тоқылдатып, артынша

сипалады.. Қоңырауы бұзылып қалған

еді... Есікті жұлқып ашсам, көршім

қисалаңдап тұр.

- Не болды тағы? - деп сұрадым.

- Әйеліңізді шақырып жіберіңізші...

- Әй, саған не керек, а?

- Гүлімді қайтып алайын деп едім,

біздің әйелді білесіз ғой, бетон бет.

Жаңа ғана: «Алмаймын, дені дұрыс

адам әйеліне иіс су, алтын сырға

сыйлайды, сенде ондай ақша да жоқ!»

деп қуып шыққан еді ғой.

- Енді?

- «Гүліңді қайда құрттың? Әкел деймін,

ойбай, мамама барып, құттықтап келеміз!»

дейді... Құдай үшін, әйеліңізді шақырып

жіберіңізші, ол мені түсінеді...

Мен оның бетіне быттиған қолымды

жауып, итеріп жібердім. Мұндай көршіні

көрсем, көзім шықсын! Айқай-шуды

естіп, әйелім есіктен басын қылтитты.

Қолында «мен сыйлаған» гүл шоғы.

«Бәрін естідім. Мыжбан көрші, гүліңді

ала ғой...» деді де, маған ала көзімен

зеңбірек атып, есікті тарс жапты. Мыжбан

болса, гүлін алып, айран асыр үйіне

кіріп кетті. Мен тұрмын подъезде пияз

жегендей тыжырынып... Қазір «Ұлы Отан

соғысы» басталатын болды... Нем бар

еді, көрші алқаштың гүліне құмартып?

Өмірімде әйеліме гүл сыйлап көрмеппін...

Вазаны кабинетімнен ала шығып

едім... Есіктің сыртынан сипаладым... Үнім

де әрең шықты: «Қатипаш, хал... халықаралық

әйелдер мерекесі құтты болсын!»

«Әй, Ахмет, ілтипатыңа рахмет!»

деген әйелімнің дауысы шықты іштен.

Бірақ есікті ашпады. Ойбай, неғып тұрмын?

Қырғыз министрінің өзі, митингіге шыққан

әйелдерге гүл сыйлады емес пе?

Гүл іздеуге кеттім! Айтпақшы, мен танитын,

танымайтын қыз-келіншектер,

мерекелеріңіз құтты болсын!

Мұхтар ШЕРІМ.

- Әке, неге 8 наурызды күнтізбеде қызыл

түспен бояп қойған?

Сонда әкесі бір күрсініп алып:

-Бұл еркек атаулының қаны ғой, ұлым,-

депті.

* * *

- Қымбаттым! Саған 8 наурызға не

сыйлайын?

- Тіпті... білмеймін...

- Ендеше тағы бір жыл ойлануыңа

уақыт беремін.

* * *

Еркектің қиялы:

«8 наурыз мерекесін 29 ақпанға ауыстырса,

жақсы болар еді...».

* * *

Гүл сататын дүкенде:

– Маған 101 тал раушан гүлін беріңізші.

– Жігітім-ау, сонша не бүлдіріп едіңіз?

Әйелдер-ай,

әйелдер...

Көрікті әйел еркектің көркін ғана

сыйламайды, бөркін сыйлайды.

***

Әйелдің ақылы мен ажары бір қазанға

сыймайтын екі қошқардың басы сияқты.

Ата-бабаларымыз ертеректе: «Әйелдің шашы –

ұзын, ақылы – қысқа» деп қысқа тұжырым

жасапты. Қазір шаш қысқарып – жота,

етек қысқарып – сұмдық, көйлек қысқарып –

кіндік көрініп жүр. Бұны әйелдердің

ақылының «ұзарғаны», еркектердің ұяттан

беті қызарғаны деп түсіну керек.

***

Әдетте әйелдерімізді жартымыз дейміз.

Жартымыз болған соң ол – жартымсыз,

егер бүтініміз десек, түтініміз ылғи да түзу

ұшар ма еді?…

Газеттің келесі нөмірі 2020 жылғы 12 наурыз, бейсенбі күні шығады.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!