25.12.2020 Views

"Сарыарқа самалы" 20 қазан, сейсенбі, 2020 №118 (15588)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

20 қазан, сейсенбі

2020 жыл

№118 (15588)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!

Жедел көмектің

жолдары белгілі

Нақпа-нақ

«Birgemiz» қоғамдық

қоры ел бойынша

34 млрд.

теңгенің көмегін

көрсеткен

ЦИФРЛЫҚ ДАМУ

Интернетке

өзгеріс қажет

Елімізде жыл соңына дейін

5331 елді мекенге интернет

жеткізу жоспарлануда. Интернет

желісін дамыту үшін елімізде

екі ауқымды жоба іске асырылып

жатыр.

Инвестиция:

ӨҢДЕУ ӨРГЕ БАСПАЙ ТҰР

Суретті түсірген - Константин Шелков.

Аймағымыздағы емдеу мекемелері COVID-19 жұқпалы вирусының

екінші толқынына әзірлікті бастап кетті. Мәселен, облыс орталығындағы

№5 емханада 11 мобильді топ құрылған. Мұндағы дәрігерлер

пневмония мен коронавирусқа шалдығып, үйде ем алып жатқан

сырқаттанған емделушілерге кеңес береді.

Жалғасы 2-бетте

Биылғы пандемия аймақтағы ірі өндіріс орындарының жаңғырту жұмыстарын уақытылы

жүргізіп, шетелден қажетті құрал-жабдықтар жеткізуіне кері әсерін тигізіп отыр. Соның

салдарынан жоспарлы инвестиция көлемінің барлығы бірдей облыстық қазынаға құйылмай

қалу қаупі бар.

Толығырақ 2-бетте

ҚР Цифрлық даму, инновация және

аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат

Мусиннің айтуынша, отандық интернетті

дамыту үшін ауқымды жобалар жүзеге

асырылуда. Оның бірі - мемлекеттік-жеке

меншік әріптестік механизмі арқылы

оптикалық интернетті тарту. Жоба

бойынша 2,4 млн. адам тұратын 1 260

ауылға интернет желісі тартылуда. Егер

2018 жылы 56 ауылға оптикалық желі

тартылса, биыл 944 ауыл интернетке

қосылады. Бұл жобаға 75 млрд. теңгеге

жуық инвестиция бағытталып отыр.

Жоба аясында 3 700 мемлекеттік орган

мен бюджеттік мекемелерге байланыс

жеткізілді.

Екінші жоба 250 адамнан көп тұрғыны

бар 928 ауылды 3G және 4G, FWA

технологиясы бойынша мобильді интернетпен

қамтуды көздейді. Қазір оның

72-сі мобильді интернетке жалғанған.

«Интернеттің сапасы төмен болуының

бірнеше негізгі себебі бар. Біріншіден, бізде

интернет сапасы бойынша заңнамалық

талаптар жоқ. Сондықтан байланыс

саласының реттеушісі ретінде өзгеріс

енгізу қажет. Екіншіден, телекоммуникация

желісінің 90 пайызы радиорелелік

желіде және әуе байланыс арналары

бойынша салынған. Бұл дегеніміз

шағын телеком операторлары өздеріне

радиожиіліктер алып, оларды қызмет

көрсету үшін пайдаланбауда. Радиожиілік

ресурстарды тиімді қолдану маңызды

екені түсінікті. Біз арнайы аудит жасап,

пайдаланылмай келе жатқан жиіліктерді

мемлекетке қайтарып алуды жоспарлаудамыз.

Бірақ ол үшін тиісті стандарттар

мен заңнамаға өзгерістер енгізу

қажет», дейді Б.Мусин.

Бұл ретте министр радиожиіліктерді

бөлудің жаңа стандарттарын бекіту

керек екенін, тұрғын үй кешендерін

интернетсіз пайдалануға беруге тыйым

салынатынын айтады. Ол ұялы байланыс

ұйымдарына бөлінген радиожиіліктер үшін

төлемақының жылдық мөлшерлемесін

90 пайызға қысқарту арқылы ауылдық

елді мекендерде кең жолақты ұтқыр

байланыс желілерін салуға салықтық

преференциялар беруді ұсынып отыр.

Әзірлеген - Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 20 қазан, сейсенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

КӘСІБИ МЕРЕКЕ

От пен судан тайсалмай...

Өзгенің өмірі үшін басын қатерге тігетін өрт сөндірушілер

мен құтқарушылардың еңбегі ерен. Кеше аталған мамандық

иелерінің кәсіби мерекесіне орай жергілікті құтқару бөлімдеріне

жаңа мамандандырылған техникалардың кілті табыс етілді.

№4 өрт сөндіру бөлімінің сап түзеу

алаңында өткен салтанатты жиынға облыс әкімі

Әбілқайыр Сқақов қатысты. Аймақ басшысы

азаматтық қорғау саласы мамандарының

қоғамдағы қажеттілігі туралы айта келіп,

мамандарды кәсіби мерекемен құттықтады.

- Жылдың кез келген уақытында сіздердің

кәсіби шеберліктеріңіз бен ерліктеріңізге

куәгер болып келеміз. Алдағы уақытта

да материалдық-техникалық база мен

кадрлық әлеуетті нығайту ісі жалғаса

береді. Облыс әкімдігі тарапынан жан-жақты

көмек көрсетілетін болады, - деді аймақ

басшысы.

Бұл күні жергілікті бюджет есебінен

құтқарушыларға бір автоцистерна, екі «УАЗ»

автомобилі және төрт «Нива» автокөлігі

берілді. Сондай-ақ бірқатар сала мамандары

мерекеге орай марапатталды.

Азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің

өңірлік кеңесінің төрағасы Кәкима

Асқарова «Облыс алдында сіңірген еңбегі

үшін» белгісіне ие болды. Өңірлік өрт сөндіру

және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің

бастығы Сүлеймен Бимағамбетовке және

Ақсу ТЖ бөлімінің бастығы Дәулет Куконевке

облыс әкімінің құрмет грамоталары

табысталды.

Облыс әкімінің алғыс хатымен

№3 өрт сөндіру бөлімінің бастығы және аға

жүргізушісі Қазбек Бейсекеев пен Ерназар

Тілеукен, №4 өрт сөндіру бөлімінің командирі

Сұлтан Жасқайратов және «Апаттар медицинасы

орталығының» фельдшері Руслан

Бахтияров марапатталды.

Сонымен қатар азаматтық қорғау

қызметкерлері мен ардагерлеріне ведомстволық

наградалар үлестірілді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген -

Валерий Бугаев.

Жедел көмектің

жолдары белгілі

Басы 1-бетте

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

№5 емхананың бас дәрігерінің

орынбасары Оксана Валованың

айтуынша, емхана жанынан

құрылған мобильді топтар

ересектерден бөлек коронавирус

инфекциясының және

ЖРВИ белгілері бар балаларға

да алғашқы көмек көрсетеді.

- Әр мобильді топта бір дәрігер

мен бір медбике бар. Олар КВИ

және ЖРВИ белгілері бар азаматтардан

Call-орталыққа келіп түскен

қоңыраулар аясында қызмет етеді.

Бригадалық топ жедел жәрдем

шақырған тұрғындардың үйіне кемі

2 рет барып, көмек көрсетеді.

Пневмониямен ауырған әрі үйде

емделіп жатқан науқастарға да жиі

хабарласып, қажетті медициналық

жәрдем жасалады, - дейді О.Валова.

Қала ішінде дәрігерлерді

тасымалдайтын шағын жедел

жәрдем көлігі 450 килограмға

дейінгі салмаққа есептелген.

Мобильді көлік медициналық

топтың екі адамынан бөлек,

қажет болған жағдайда емделушіні

межелі жеріне жеткізеді. Мұнда

науқастарға арналған зембілдер

орналастырылған.

- Бізде мобильді топтардың

шақырту түскен жерге бару

алгоритмі құрылған. Мұнда

мамандар науқасты қарап, оның

физикалық және обьективті

деректерін тексеріп, дене қызуын

өлшейді. Нәтижесінде сырқаттың

ауырлығына байланысты емделуші

бөлімше дәрігерінің амбулаториялық

емдеуінде қалады немесе

жедел жәрдеммен инфекциялық

бөлімшеге жеткізіледі. Мұнда,

жедел жәрдемді мобильді топтың

дәрігері шақырады, - дейді бас

дәрігердің орынбасары.

Аталмыш емхана дәрігерлері

қала бойынша

59,9 мың тұрғынға қызмет

көрсетеді екен. Қазір күніне

үйлерден 60-80 шақырту келіп

түседі. Ал әр дүйсенбі күні бұл

көрсеткіш 100-ге дейін жетеді.

- Біз КВИ және ЖРВИ-мен

науқастанғандарға дәрігердің

нұсқауы бойынша тегін дәрідәрмектерді

үлестіреміз. Ол үшін

емделушілер бізге дәрігердің

тағайындауы мен емхананың

4 мөрі бар рецепті алып келуі шарт.

Сонымен қатар, біздің дәріханадан

18 жасқа дейінгі балаларға да

тегін дәрілер беріледі. Балаларға

арналған температура түсіретін

дәрілер, парацетамол, ибупрофен,

биферон тәрізді препараттардан

бөлек, түрлі антибиотиктер бар.

Жалпы, дәріханада балаларға

арналған 50-ге жуық дәрінің түрін

кездестіруге болады. Олардың

барлығы да тегін беріледі. Бізде

дәрі қоры жеткілікті, - деді фармацевт

Агля Ахметова.

Биылғы пандемия аймақтағы ірі өндіріс орындарының жаңғырту

жұмыстарын уақытылы жүргізіп, шетелден қажетті құрал-жабдықтар

жеткізуіне кері әсерін тигізіп отыр. Соның салдарынан жоспарлы

инвестиция көлемінің барлығы бірдей облыстық қазынаға құйылмай

қалу қаупі бар.

Облыстық әкімдікте өткен жиын

барысында индустриялық-инновациялық

даму басқармасының басшысы

Владимир Платов атап өткендей,

биыл барлығы 471 млрд. теңге инвестиция

тарту көзделген. Өткен тоғыз

айдың қорытындысы бойынша, оның

328 млрд. теңгесі аймақтың қазынасына

салынды. Алайда жылдың

соңына дейін бастапқы жоспар

орындалмай қалуы мүмкін. Әсіресе,

Павлодар және Екібастұз қалаларында

көрсеткішке қол жеткізбеудің

қаупі жоғары.

Екібастұз қаласының әкімі Ардақ

Қаңтарбаевтың айтуынша, 42 млрд.

теңге көлеміндегі инвестицияның

тартылмауына бірқатар кәсіпорынның

шетелден заманауи технологияларды

жеткізудегі қиындықтар кері әсерін

тигізуі ықтимал. Облыс орталығындағы

«Павлодар» арнайы экономикалық

аймағында кейбір өндіріс орнының

биыл іске қосылмауына да құралжабдықтармен

қамту мәселесі себеп

болғанға ұқсайды. Аймақ басшысы

Әбілқайыр Сқақов мұның барлығы

дұрыс жоспарламаудың салдары

екенін алға тартты.

Өңдеу өрге

баспай тұр

- Ірі жобалардың барлығын

жылдың соңына қалдырып,

кейін түрлі себеп пен сылтауды

айтып, нәтижесінде жоспарлы

көрсеткіштер орындалмай қалып

жатады. Аудан-қала әкімдері бұл

бағыттағы істерді ілгерілетіп, қазан,

қараша айларында мүмкіндігінше

мол қаржы тартуы тиіс, - деді

Ә.Сқақов.

Владимир Платовтың айтуынша,

«Павлодар» арнайы экономикалық

аймағы қатысушыларының

арасындағы тауар алмасуға салынатын

салық, өңірде электр

энергиясының қымбат, яғни 15

теңгеден көп болуы және аудандарда

өңдеу өнеркәсібінің кенже

қалуы да инвестицияның қажетті

көлемде салынбауына себеп

болып отыр. Айта кетелік, таяу

уақытта облыс аумағында өңдеу

саласында 30-дан астам жобаны

жүзеге асырып, 380 млрд. теңге

қаржы тарту жоспарланып отыр.

Соның нәтижесінде екі мыңнан

астам жұмыс орны ашылып,

өндіріс орындарының қуаттылығы

15 пайызға артып, мемлекетке

ИНВЕСТИЦИЯ

12 млрд. теңге көлемінде салық

түспек.

Бірақ облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов бұл бағыттағы жоспарлардың

әлі де шикі екенін

алға тартып, аудан әкімдеріне

2021-2023 жылдарға арналған

қайта өңдеу жоспарын дайындауды

тапсырды.

- Туризм, өңдеу, жеңіл

өнеркәсіптеріне қатысты жаңа

инвестициялық жобалар жоқ.

Аудандар, әсіресе Тереңкөл,

Шарбақты және Ақтоғай ұсынған

қайта өңдеу жобалары жан-жақты

сараланып, толық дайындалмаған.

Жобалардың инфрақұрылымдық

желілермен қамтылуы,

дайын өнімді сатылымға шығарар

нарық ауқымы белгіленбеген.

Сондықтан кешенді жоспар әзірлеу

керек, - деді облыс әкімі.

Жиын соңында Әбілқайыр

Сқақов жауапты мекеме басшылары

мен әкімдерге инвестиция

тартуға байланысты нақты тапсырмаларды

жүктеді.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 20 қазан, сейсенбі, 2020 жыл 3

Любовь Игуменова «Арай» сауда

үйінде орналасқан «Шапағат» базарында

2011 жылдан бері қоспа,

құрт, талқан сынды ұлттық өнімдерді

сатумен айналысып келді. Алдын

ала есептеу бойынша, өрттің салдарынан

3 млн. теңгеден астам

шығынға батты.

- Өнімдерді қайта дайындап,

саудаға шығарармыз. Ал құны

шамамен 3 млн. теңге болатын

тоңазытқыш, мұздатқыштарды қайта

сатып алу қиынға соғары анық.

Не болса да, «Шапағаттың» қайта

ашылуын күтіп, тұтынушыларға

танымал сауда орнында ісімізді

қайта жалғастыруға бел буып

отырмыз, - дейді ол.

Ал Күлжиян Белгібаева жылдар

бойы өсірген жануарларынан

ғана емес, жеке құжаттарынан

да айырылды.

- Мен бұрын жануарларды

үйде өсіріп, қолға үйрететінмін.

Ал соңғы екі жарым жылда

«Арайдың» ішінен шағын маркет

ашып, тотықұс, атжалман және

тағы басқаларын сатумен айналыстым.

Өрт кезінде ешқайсысын

шығара алмадым. Олардың күлі де

қалған жоқ. Есептеуімше, барлығы

8 млн. теңгелік тауар бір сәтте

жоқ болды. Одан бөлек, жеке

құжаттарым жанып кетті. Енді

барлығын қайта қалпына келтіру

керек, - дейді К.Белгібаева.

Бір апта бұрын болған өрттің

салдарынан барлығы 70-тен астам

кәсіпкер зардап шекті. Бірінші

қабаттағы «Шапағат» дүкенінде

58 саудагер азық-түлік өнімдерін

сатса, екінші қабатта 20-дан астам

жалға алушы киім-кешек, аяқ киім,

кілем, гүлдер және тағы басқа

тауарларды сатылымға шығару

арқылы күнелтті. Ал одан жоғары

қабаттарда жиһаз салоны мен

сауда үйінің әкімшілік бөлімі

орналасқан-ды.

Павлодар қаласының әкімі

Ержан Иманслям мен «Арай» сауда

үйінің басшылығы кәсіпкерлермен

кездесіп, сауда ісін жалғастыру

мәселелерін талқылады.

Сауда үйі басшылығының

өкілі Александр Стрюктің айтуынша,

бір ай дересінде «Шапағат»

базарында жөндеу жұмыстары

аяқталып, шамамен 600 шаршы

метр аумақ қалпына келтіріледі.

Содан соң саудагерлер өз ісін

қайта жандандыра алады. Ал

жоғары қабаттарды жөндеу үшін

бір жарым - екі ай уақыт қажет.

- Сауда үйі қайта ашылған

соң кәсіпкерлерден екі ай

аралығында жалдау ақысы

алынбайды. Ал саудасын өзге

дүкендерде жалғастыруды қалайтын

кәсіпкерлерге бұған

дейін төленген жалдау ақысының

сомасы қайтарылады, -

деді А.Стрюк.

Өз кезегінде шаһар басшысы

Ержан Иманслям саудагерлерге

80-нен астам өзге сауда орындары

ұсынылып отырғанын айтты. Облыс

орталығындағы «Нұрай», «Сарыарқа»,

«Олжа», «Манақбай», «Старый

город» және өзге сауда-саттық

мекемелерінің басшылығы өрттен

зардап шеккен кәсіпкерлерден

екі ай бойы жалдау ақысын да

талап етпейді. Ендігі таңдау еркі -

саудагерлердің өзінде.

- Айналым қаражатын толтырып,

жаңа құралдарды сатып алу үшін

6 пайыздық мөлшерлемемен

берілетін жеңілдетілген несие

алуға болады. Сонымен қатар,

жас кәсіпкерлер «Zhas-Halyk.

Ertis» бағдарламасына қатысып,

5 пайыздық мөлшерлемемен

кепілсіз несие ала алады, - деді

Е.Иманслям.

Айта кетелік, бүгінде қазанның

11-інен 12-сіне қараған түні «Арай»

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

«Шапағат» қашан

ашылады?

Облыс орталығындағы «Арай» сауда үйінен шыққан өрт 70-тен астам

кәсіпкерді жұмыссыз қалдырып, миллиондаған шығын әкелді. Мұндай

жағдайдан соң жылдар бойы ісін дөңгелетіп, содан нәпақа тауып отырған

саудагерлердің абдырап қалғаны рас. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың

тапсырмасы бойынша кәсіпкерлерге көмек қолын созып, қолдау көрсету

үшін жергілікті билік те іске араласып, түрлі ұсыныстарын білдірді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Хабарлама

сауда үйінен шыққан өрттің нақты

себебі әзірше анықталған жоқ.

Облыстық төтенше жағдайлар

жөніндегі департамент бастығы

Ернұр Өтегенов соңғы бірнеше жыл

бойы бұл нысанның өрт қауіпсіздігі

тексерілмегенін және 2018 жылы

11 кемшіліктің анықталғанын айтып

еді. Бірақ сауда үйінің басшылығы

мұнымен келіспеді.

- Осыдан екі жыл бұрын

анықталған кейбір кемшіліктерге

қатысты келіспейтін тұстарымыз

бар. Бұл туралы төтенше жағдайлар

қызметіне хат та жазған едік. Бірақ

оған жауап болмады әрі ешқандай

айыппұл салынған жоқ. Ал басқа

олқылықтар тез арада жойылды.

«Арай» ЖШС жаңа иелері аудит

жүргізіп, қандай да бір күрмеулі

мәселе жоқ деген қорытындыға

келді, - дейді А.Стрюк.

Павлодар қаласының әкімі Ержан

Иманслям қазіргі уақытта алдын

ала тергеу жұмыстары жүргізіліп

жатқанын атап өтті. Жалға алушылар

сараптама нәтижесімен келіспесе,

сотқа жүгінуге құқылы. Ал әзірге

«Арай» сауда үйіндегі орындарды

жалға алушылардың басым бөлігі

жөндеу жұмыстарының аяқталғанын

күтуді жөн көріп отыр.

Суретті түсірген -

Жансері Съезбек.

ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының

3-бабы 10-тармақшасына сәйкес, 2020 жылдың 29 қазанында сағат 11.00-де (Павлодар қ.,

Қайырбаев көш, 32, отырыс залында) VI сайланған Павлодар қалалық мәслихатының

71-кезекті сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

1. Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы

27 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған

Павлодар қаласы кентінің, ауылдық округінің және

кейбір ауылдарының бюджеті туралы» №455/62

шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы

төртінші бюджеттік деңгейінің орындалуы.

3. Әртүрлі.

Павлодар қалалық

мәслихат аппараты.

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!

Павлодар облысында карантин режимі қайта

күшейтіліп, бірқатар қызмет көрсету орындарының

жұмыс уақыты қысқарды. Сонымен қатар,

демалыс күндері ірі сауда орындары жабылып,

қоғамдық көліктердің қызметі шектелді.

Карантин

күшейді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен

брифингте облыстық тауарлар

мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

департаментінің басшысы

Батырбек Әлиев ресми хабарлады.

- Соңғы үш аптаны салыстыратын

болсақ, ауруға

шалдығушылардың өсіп келе

жатқанын байқаймыз. Қазір

0,9 пайыздық өсім сақталуда.

Сондықтан карантин режимін

қайта қатаңдату жөнінде қаулы

әзірледік. Жаңа ережеге сәйкес,

әр жексенбі күні облыста және

қалада қоғамдық көлік жүрмейді.

Сол секілді ірі сауда орталықтары

мен сауда үйлері де демалыс

күндері жабық тұратын болады, -

Батырбек Әлиев.

Мейрамхана, дәмхана, бар,

асхана секілді тамақтану және

көңіл көтеру орындарының,

азық-түлік дүкендерінің жұмыс

режимі түнгі сағат 22.00-ге

дейін қысқарды. Тамақтану

орындарындағы адам саны

30-дан аспауы керек. Келушілер

әлеуметтік арақашықтықты сақтап,

бір үстелдің басына алты адамнан

артық отыруға болмайды. Базарлар

мен азық-түлікке жатпайтын

дүкендер кешкі сағат 18.00-ге

Оралхан ҚОЖАНОВ

дейін жұмыс істейді әрі келушілер

20 пайыздан аспауы тиіс.

СПА-орталықтар, сұлулық

және массаж салондары мен

шаштараздар, моншалар мен

сауналар сағат 20.00-ге дейін

жұмыс істейді. Бірақ, клиенттердің

әрбіріне төрт шаршы метр

есебінен алдын ала жазылу

арқылы қабылдауы керек.

Сондай-ақ, фитнес-орталықтары

мен спортзалдарына

және спорттық-сауықтыру орталықтарына

да кешкі 20.00-ге

дейін алдын ала тіркелу арқылы

бара алады. Олар жалпы

сыйымдылығының 30 пайызына

дейін ғана қабылдай алады.

Баспаханалар, жөндеу шеберханалары,

автосалондар мен

көлік жуу орындары, дөңгелек

ауыстыру орындары , зергерлік

шеберханалар, ательелер мен

май құю орындары кешкі 20.00-ге

дейін жұмыс істейді.

Мамандардың айтуынша, трамвайларды,

автобустар мен микроавтобустарды

дезинфекциялауға

және механикалық өңдеуге бір

күн бөлінеді. Ғимараттарда да

санитарлық-дезинфекциялық

режим күшейтіледі.

Бүлінген

картопты кім

сатты?

Т.МАРХАБА.

ЖӘРМЕҢКЕ

Өткен сенбіде облыс орталығында ұйымдастырылған

жәрмеңкеде әдеттегідей өнімдер

молынан сатылды. Тұтынушылар қалаған

тауарын арзан бағамен сатып алды. Десе де,

кейбір тұрғындар әлеуметтік желі арқылы

картоптың сапасына шағымданғаны байқалды.

Бұл мәселеге іле-шала

облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасы

араласып, ресми жауабын

ұсынды. Басқарманың

бөлім басшысы Төлеген

Көшербаевтың айтуынша,

жәрмеңкеде жергілікті

шаруалармен қатар,

Павлодар және Ақсу

қалаларының кейбір

жеке кәсіпкерлері де

төбе көрсеткен.

- Тексеріс жұмыстарының

нәтижесінде

бүлінген картопты Ақсу

қаласынан келген бір кәсіпкердің сатқаны анықталды. Тұрғындардан

кешірім сұрай отыра, өнімді ауыстырып беретінімізді

мәлімдеймін. Осы орайда, жапа шеккен павлодарлықтарды

ауыл шаруашылығы басқармасына хабарласуын өтінеміз, -

дейді Т.Көшербаев.

Келеңсіз жағдайға тап болсаңыз, 8-775-893-20-21 телефон

нөміріне хабарласа аласыз.


4 20 қазан, сейсенбі, 2020 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Қатаң жаза

қажет-ақ

Аң аулау маусымы басталды екен деп арқаны кеңге салудың

қажеті шамалы. Ережеге сәйкес, аулауға рұқсат

етілген аң-құстардың тізімі бекітілген. Соның өзінде

арнайы лимит те қарастырылған. Бүгінде аймағымыздағы

жануарлар дүниесін қорғауға жауапты мамандар

түрлі акциялар ұйымдастырып, табиғат тепе-теңдігін

сақтауға барынша атсалысуда. Бұл бағыттағы жұмыстардың

барысы қалай? Заң бұзушылықтар азайды ма?

Сауалдарымызға облыстық орман шаруашылығы және

жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы

Руслан Төлепбаев жауап берді.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Павлодар өңірінде әлеуметтік кәсіпкерлік

мектебін құру мәселесі талқылануда. Бұл ҚР

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

кеңесшісі, «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының

негізін қалаушы әрі жетекшісі

Эмин Аскеровтің бастамасымен жүзеге аспақ.

Кәсіпкерлік

мектебі

құрылады

Тілеуберді САХАБА

- Руслан Мәлікұлы, жергілікті

полиция департаментімен бірлесіп,

«Браконьер» акциясы қолға

алыныпты. Бұл шараның мақсаты

қандай?

- Жыл бойы орманды және жануарлар

дүниесін қорғауды мақсат

еткен көптеген акциялар ұйымдастырылады.

Бұл ретте, «Браконьер»

жедел алдын алу іс-шарасының

жүгі ауыр. Яғни, аталған акцияның

ауқымы кең. Бұған сәйкес,

жыл басынан бері табиғатты қорғау

заңнамасындағы 760 құқық бұзушылық

анықталды. Оның ішінде

324 адам балық аулау ережесін

және 365 адам аң аулау ережесін

бұзып, жалпы сомасы 5,2 млн.

теңгеден астам әкімшілік айыппұл

салынды. Өткен жылмен салыстырсақ,

көрсеткіш төмендеді деп

мақтана алмаспыз. Айтпағым, айыппұл

мөлшерін арттырып, жазаны

қатаңдату керек. Акциядан тыс ресми

тіркелмеген заң бұзушылықтар

қаншама?

- Бүгінде аймағымызда шамамен

8 мыңнан астам ақбөкен

бар екен. Осы ретте, «Ақбөкен»

акциясының барысы туралы

айтып берсеңіз...

- Ақбөкендерді заңсыз аулаушыларға

жаза күшейтілгеннен бері

жануардың саны біршама өскені

байқалады. Ақбөкендерді заңсыз

аулау үшін жауапкершілік шараларын

күшейту мақсатында Орман

шаруашылығы және жануарлар

әлемі комитетінің 2023 жылға дейін

ғылыми мақсаттардан бөлек киіктерді

аулауға тыйым салу туралы бұйрығы

шыққан. Бұл ретте, киіктің еркегін

атқандарға 500 АЕК (1 миллион

400 мың теңге), аналығы мен төлін

аулағандарға 350 АЕК (1 миллион

теңге) айыппұл қарастырылған.

Соңғы рет ақбөкендерді ату фактісі

2018 жылдың 9 тамызында орын

алғанын атап өткен жөн. Киелі жануар

Баянауыл және Май аудандарының

аумағында мекен етеді. Оны қорғау

үшін 123 миллион гектар аумақта

бақылау жұмыстары жүргізіледі.

- Балықты заңсыз аулайтындармен

қалай күресіп жатырсыздар?

- Жыл басынан бері балықты

заңсыз аулауға қатысты 222 оқиға

тіркеліп, тиісті айыппұл салынды.

Айыппұл көлемі – 10-20 АЕК

тең. Бұл ретте, қайық, ау сияқты

тыйым салынған заттар да тәркіленді.

Көлдерден бекіре тұқымдас сүйрік

балығын аулауға тыйым салынғанын

атап өткен жөн. Балық түрлерін

көбейту, жалпы шаруашылықты дамыту

бойынша орман шаруашылығы және

жануарлар дүниесі комитеті тарапынан

үлкен стратегия әзірленіп

жатыр. Сәйкесінше, алдағы жылдары

облыстағы балық шаруашылығының

дамуы жаңа кезеңге көшеді деген

сенімдемін.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан –

Оралхан ҚОЖАНОВ.

«Павлодар облысының

кәсіподақ орталығында» өткен

дөңгелек үстел басында әлеуметтік

тұрғыда осал топтарды,

психикалық ауытқуға ұшыраған

және алкогольді ішімдік пен

нашақорлыққа тәуелді болған

адамдарды оңалту, оқыту

және жұмысқа орналастыру

мәселесі талқыланды. Әлеуметтік

кәсіпкерлер мектебінің

негізгі бағыты да – осы.

- Бұл – әлеуметтік мәселелерді

шешуге бағытталған

бизнестің жаңа түрі. Біз өмірдің

қиын жағдайына душар

болған барлық адамдарға

қарайласып, жұмысқа орналастыруға

тырысамыз. Мысалы,

аз қамтылған немесе көпбалалы

отбасыларға, қандай

да бір жағдаймен істі болып

сотталғандар мен есірткіге

тәуелді болғандарға қолдау

көрсетуге дайынбыз. Сонымен

қатар, барлық санаттағы

мүмкіндігі шектеулі жандарды

жұмысқа орналастырамыз.

Соңғы төрт жылда біз ақылойында

кемістігі бар балалармен

жұмыс істеп келеміз.

Жалпы, 80-дей адам жұмысқа

орналасты, - деді Эмин

Аскеров.

Биыл әлеуметтік кәсіпкерлік

шеберханасының жұмысын аймақтарда

жандандыру жоспары

құрылыпты. Біздің облыста

әлеуметтік кәсіпкерлік шеберханасы

Toraighyrov University базасында

құрылмақ. Қазан айының

соңына дейін қажетті құралжабдықтар

әкелініп, орталық

ресми түрде ашылады.

Облыстық жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы басшысының

орынбасары Гүлнәр

Камалованың айтуынша, қазір

Павлодар облысында 27 мың

мүгедек адам тұрады. Оның

24 мыңы - 18 жастан асқан

ересек адамдар. Статистика

бойынша барлық ересек адамдардың

12 пайызы ғана жұмысқа

орналасқан.

«Біздің күшіміз - бірлікте»

Ерлік тек білек күшімен

өлшенбейді. Оны жасау үшін

адамға әуелі үлкен жүрек пен

батылдық керек. Осы екі қасиетті

волонтерлер көпке көрсете білді.

Бұған дейін тиісті бағасын алмай,

тек қана жиын тойлар мен мерекелерде

флеш-моб билеуге

немесе ақпараттық парақтар

тарату жұмысына ғана тартылған

волонтерлер біздің қоғамға қажет

екенін енді ұқтырғандай. Пандемия

кезінде игілікті іске үн қосып,

соңынан жүздеген еріктіні ерте

білген «Павлодар мейірімділер

клубының» басшысы Асхат

Құсдәулетовті сөзге тарттық.

- Біздің волонтерлер әлі күнге

дейін COVID-19-бен күресуде

тұрғындарға жәрдемдесуін тоқтатқан

жоқ. Бұл індет толықтай жойыл-

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Әлемді әбігерге салған COVID-19 індетінен келер қауіп әлі сейілген жоқ.

Бүгінде вирусқа қарсы күресте ақ желеңділермен бірге, елдегі волонтерлердің

еңбегі де ерен. Төтенше жағдай режимі мен қатаңдатылған

карантин кезінде алдыңғы шепке шығып, дәрігерлер мен тәртіп сақшыларын

ыстық аспен қамтып, карантинге жабылған үйлерге азық-түлік

жеткізіп, қарияларға уақытылы дәрі-дәрмектерін апарып беріп тұрған

солар еді. Аймақ белсенділері вирустың екінші толқынымен күреске

де әзірлікке кірісіп кеткен.

майынша олар өз міндеттерін

атқара береді. Жасыратыны жоқ,

алғашқы кезде «Волонтерлер не

үшін керек?» деген жағымсыз

әңгімелер болды. Кейіннен

атқарылған жұмыстарымыз бен

еңбегімізді көрген жұрт әуелгі

көзқарастарын ұмытты. Бұл жерде

біз тек қана тамақ тасып, азықтүлік

таратып қана қоймадық.

Жерлестерімізді сабырға шақырып,

олардың кез келген қажеттілігін

орындауға тырыстық. Тіпті, биылғы

көктемде далада қалған жалғыз

басты анаға баспана салуға да

күш салдық, - дейді А.Құсдәулетов.

Өкінішке қарай, коронавирус

індеті Асхатты да айналып өтпеді.

Үнемі қауіп пен қатердің арасында

жүрген ол әуелі отбасы үшін

алаңдағанын айтады.

- Жасыратыны жоқ, вирусты

жұқтырғаным анықталған кезде ең

бірінші отбасымды, үш перзентім

мен ата-анамды ойладым. Қатерлі

дертке олар шалдықпаса екен

деп тіледім. Бұл індетпен күресу,

оның ауырлығын сезіну расымен

де қиын. Карантин кезінде

тұрғындар арасында дәрі түгілі

тамаққа ақша таппай отырған

жандар болды. «Сол адамдар

ауыра қалса күндері не болар

еді?» деген ой жиі мазалайтын, -

дейді волонтер.

Вирустың алғашқы толқынында

дәрігерлер мен тәртіп сақшыларының

қауіп-қатерге толы

еңбегін көрген А.Құсдәулетов

алдағы уақытта да кез келген

жағдайға әзір екенін айтады.

- Негізі, біздің волонтерлер

жауапкершілікті жақсы сезінеді.

Арамызда қыз балалар да бар.

Қанша қиын болса да, соңына

дейін бізбен бірге келеді. Олар

қазір де белсенді. Әлі күнге

қайырымдылық жасауды, ауырған

жандарға жәрдем беруін

тоқтатқан жоқ. Біздің күшіміз -

бірлікте. Сондықтан волонтерлер

әлі де өз күшінде, - деді

А.Құсдәулетов.

Иә, ерікті болу еріккеннің ісі

емес. Ол үшін адам бойында

үлкен жауапкершілік пен мейірім

болуы шарт. Қиын кезде өзінен

бұрын елі мен халқын ойлаған

волонтерлердің ерлігі көпке үлге.


SARYARQA SAMALY

МЕРЕЙ 20 қазан, сейсенбі, 2020 жыл 5

АДАМ - ЕҢБЕГІМЕН АСҚАҚ

ҚЫС - ҚЫР АСТЫНДА

Тұңғыш Президентті

қарсы алған

- Жоқ, бауырым, облыстағы көп

ауылдың бірі шығар, білмейді екем.

- Президент Назарбаев сенің ауылыңның

қайда екенінен де хабарсыз шығар,

ал біздің Құркөлде болғанын қалайша

естімегенсің, мен әлі күнге дейін мақтан

етемін.

- Құркөл,Құркөл... деп екінші жігіт

ауылдың атын қайталай берді.

- Ал сол ауылдың әкімі - менің бірінші

мұғалімім. Бүкіл ауылдастарымен Тұңғыш

Президентті қарсы алған сол кісі, аты-жөні -

Қаршыға Шаяхметов, ал аудан әкімі -

Қуат Есімханов деген менің жерлесім.

Білмесең, енді есіңе мықтап түйіп ал,

сендей кәсіпкер азаматтың есінде жүрсін

дегенім ғой...

Жастардың әңгімесі қыза түсті. Мен

ойланып қалдым, пәлі, мынау бір кезде

Құркөлдің әкімі болған, менің бала

кезден бергі досым, қазір 75 жасқа

толып отырған Қаршығаны аузына алған,

Президенттің біздің ауылға келгенін біліп

отырған ініміздің бірі болғаны да. Мен

әңгімелерін бөлмедім, ойыма сол оқиға

орала кетті.

Екеуіміз бір ауылда - Құркөлде туыпөстік.

Үй арасында үй жоқ. Інісі Бүркіт

үшеуіміз бірге ойнайтынбыз. Сосын Әйткен,

бізден гөрі ересек Малтай қосылатын.

Бір мектепте оқыдық. Жазу-сызуға өте

құмар болғанымызды, қабырға газеттерінен

соң орталық газет-журналдарға өлең,

хабар-ошар жазғанымызды ұстаздарымыз,

мектеп директоры, әдебиетші Шапағат

Шүлембаевтан бастап, Жарылғап Ықыласов,

Орман Жумкин, Ульян Мақұлов, т.б. қолдап,

ақыл-кеңес айтуға қажымайтын. Орта

мектептен соң жолымыз екі айырылды.

Сен мұғалімдікті қалап, Залмұқан

Арынов пен Қуанышбай Батырбаев

үшеуің Қарағандыға тарттыңдар. Мен

елде қалдым... Кейін бәріміздің жолымыз

облысымызда тоқайласты. Шіркін,

өмір! - деймін кейде отырып, қалайқалай

дөңгелейді...

...Ол Елбасы - Тұңғыш Президентіміз

Нұрсұлтан Назарбаевты туған ауылы -

Құркөлде қарсы аламын, қолын алып,

емен-жарқын бірге отырып, Фарида

жеңгемнің «Әнуар» кафесінде қадірлі

қонағымызға арналған дастарқаннан дәм

татамын, тіпті біраз уақыт тілдесемін деп

ойлады ма екен? Өмірінде мәңгі есте

қаларлық осы оқиға қалай басталып еді?

Бәрі аяқ астынан деуге ауыз бармайды.

Жоқ, Президенттің келетініне алдын

ала құлақтанып үлгерген ауыл адамдары.

Қалай қарсы алу керек? Қаршыға

Қабыкенұлынан маза кеткені сонша,

жұрттың сан қилы сауалдарына жауап

беріп те үлгермейді. Оның үстіне, бірде

ауданнан, енді бірде облыстан телефон

шалып, жағдайды сұрап жататындарда

есеп жоқ. Әрине, бәрі орынды. Президент

күнде облыстың қай ауылына барып

жатыр дейсің. Қарсы аламыз. Бір-бір

Автобуста отырмын. Менің арт жағымда отырған екі

жас жігіттің әңгімесіне еріксіз назар аудардым. Бірі:

«Сен Құркөл ауылы жайлы естуің бар ма?» деп қалды

әңгіме арасында.

жекеменшік шаруашылықтың тізгінін

ұстап отырған ауылдастары - бірі

інісі, бірі досы Қабиден Дөкулов

пен Қуанышбай Батырбаев қостай

жөнелді.

Бірде аудан әкімі Қуат Есімханов

үлкен адамның облысқа сапары

туралы құлаққағыс еткен-ді. Облыста

жекешелендіруге бірінші болып

«Целинный» совхозы кірісетінін де

ашық білдірді. Өйткені, дәл осы тұста

Президенттің мүмкіндігіне қарай әр

шаруашылықты мал-мүлкімен жекенің

қолына беру қаулысы да шыққан-ды.

Осыған орай аудан әкімі Қуат

Есімхановтың бастамасы бірауыздан

қолдау тапты. Ол шаруашылықты

әркімнің сіңірген еңбегіне қарай

үлесін таратып, мал-мүлкін жеке

меншікке беру туралы ойын да бүгіп

қалмаған еді. Әйтпесе күні ертең көк

атты әлдебір пысықайға жем болып

кетуі ғажап емес. Алмағайып кезеңде

шаруашылықтың шашырап қалуы мүмкін.

Бұған осы ауылдың кейбір адамдары

көз алартып, секем алғанымен, кейбірі

іштей сеніңкірегені рас. Келісетін сияқты.

Не көрмеген ауыл бұл. Жоқшылықты да,

ашаршылықты да бастан өткерді. Сонау

1929 жылы ұжымдық шаруашылық болып

құрылған аласапыранда да аман қалған.

Тұңғыш төраға, тоқсаннан асса да Арекең

– Арын Әлібаев ақсақал әлі ортамызда.

Ең бастысы - ел аман, хал-қадірінше

әркім құдай берген ырзығын ішіп-жеп

күн көріп жатыр. Бұдан жаманда да

тойға барғанбыз демекші, бастан не

өтпеді. Нар тәуекел!

Қаршыға Шаяхметов айтады: Ауыл

әкімімін. 1994 жылғы 14 қыркүйек күні

таңертең елең-алаңда аудан әкімі Қуат

Есімханов үйге телефон соғып, Президенттің

облыс орталығына келгенін жеткізді.

Жоспарында Құркөл де бар дегенді

қадап айтып, шаруа қожалықтарының

басшыларын «Қара ойға» жинаңыз деп,

сөзін аяқтады.

Ойлануға уақыт тар. Дегенмен, біз

де қол қусырып қарап отырмағанбыз.

Ауылдың көшелері ретке келтіріліп, үйлердің

бәрі әктелген-ді. Қоршаулар жаңартылып,

2,5 шақырым кіре беріс жолға асфальт

төселіп, елдің көркі адам танымастай

өзгерді. Құркөл ұжымшарының орнына

43 шаруа қожалығы пайда болды. Жалақы

алу былай тұрсын, зейнетақының өзі

кешіктіріліп берілетін осындай қиын

кезеңді бастан өткерсе де жұрт ләм-мим

демегеніне іштей қуандым. Халыққа жаңа

жүйені алдын ала хабарлап, түсіндіру

жұмыстары жүргізілгені де себеп болған

шығар, әйтеуір жиналған жұрт айғайға

басып кете қойған жоқ, төзімділік танытты.

Жоғары мәртебелі қонақтар мінген үш

қара жеңіл автокөлік жарыса кеп тоқтай

қалған сәтте біреуінен Нұрекең атып

түсті де, қолын жоғары көтеріп, елмен

амандасты. Жүзі бал-бұл жайнап, өзімен

бірге нұрлы шуақ әкелгендей. Халық ду

қол шапалақтап, құрмет көрсеткені сол

екен, жиналғандардың ортасына еніп

кетті. Ауылдастарымның өңдеріне қан

жүгіріп, қуанышты жағдайға кенелген

іспеттес. «Бітер істің басына, жақсы

келер қасына» демекші, жиналған топ

Президенттің келуін жақсылыққа жорыды.

- Хал-жағдайларың қалай? - деп

көпшілікке мейірлене қарады Нұрекең.

- Жақсы, жақсы, - деген сөздер әр

тұстан естіліп жатты. Ауылдың ақсақалдары

Арын Әлібаев, Мәсіғұт Әлиасқаров, Матай

Шабановтар мен тың ардагері Марина

Яхиналар осы топтың ішінде болған

еді. Ортада тұрған аудан әкімі Қуат

Есімханұлы:

- Нұрсұлтан Әбішұлы, мына жігіт ауыл

әкімі Қаршыға Шаяхметов дегенде, Нұрекең:

- Қаршыға, бері кел, жақында, - деп

қолын беріп, қолтығына алған кезде,

тұла бойым шымырлап кетті, ерекше

бір сезімге бөлендім. Алақаны сондай

жұмсақ, бойыма жылылық сыйлаған

тәрізді, анамның аялы алақанын еске

түсірді. Жұрт: «қолыңды жума», - деп

әзілдеп жатты.

- Қаршыға, еліңді, жеріңді ойла,

ылғи қамқор болғайсың, - деген аталы

ақылы мәңгі есімде жатталып қалып,

зейнеткерлікке шыққанға дейін Президент

сөзін орындаумен болдым...

Иә, не керек, сол күні Президент

ауылда жүргізіліп жатқан жекешелендіру

жұмысына дән риза болып, ақ батасын

беріп аттанды. Қазір, Құдайға шүкір,

ел орнында. Айтпақшы, бұл елдің

мың айдаған атақты байы Шабанбай

атамызға да ертеректе Абылай ханның

өзі Құркөлдің іргесінен өтіп бара жатқан

кезде бата берген екен. «Батамен ел

көгереді» демекші, ұлы тұлғаларымыздың

жүректен шыққан игі лебіз-тілек сөздері

ұрпағымызға дарыса дейміз. Қазақстанда

бірінші болып жекешелендіруді бастап

берген ауылдың адамдары болашаққа

нық сеніммен қарайды. Бағалы бастама

іле-шала елімізде кеңінен қанат жайып

кетті.

Ол гүл дәурен сәбилік, балалық шағы

өткен, өзі көп жыл ұстаздық етіп, ауыл

балаларына білім нұрын құйған, тәрбие

дарытқан туған ауылының түтіні биік

ұшып, көсегесі көгере берсе екен деген

ойын қайда жүрсе де ашық білдіреді.

Бұл елдің тумалары - Иманжүсіптен,

Сәбит Дөнентаевтан басталса, текті ұрпақ

жалғасып бара жатқанын, ауылда әр

жылдары өмір сүрген, қажырлылықпен

еңбек еткен ата-бабалары, қадірлі жандары

туралы толғана жазғанын «Құркөл

ауылының ақындары», «Құркөл өңірінің

тарихы» кітаптарынан көруге болады.

Әсіресе, шағын ауылдың шежіресі іспеттес

осы туындының әр бетін парақтаған

сайын ауылымның әлдеқашан өмірден

өткен қарияларымен сырласып, солардың

басып кеткен жолдарына үңілемін де,

жаным рахат тапқандай күй кешемін.

Ауданның бірнеше мектебінде басшылық

қызметте болса да, бәрібір туған ауылының

киесі тарта берген болуы керек, Қаршыға

досым ең соңында Құркөлде аттай

16 жыл әкім болғаны, ел басына аса

қиын күн туған шақта ауыртпашылықты

жерлестерімен бірге көтеріп, бөліскені

ерлікке татыр тірлік емес деп кім айта

алады? Кемшілік болған шығар-ау. Әйтсе

де, сондай тауқыметке, мұндай бейнетке

жігіттің жігіті шыдар-ау, достым. Ал сен

болсаң, сыр бермей өттің ғой, өттің...

Ол елі үшін аянбай еңбек етті.

«Ақсудың құрметті азаматы» атанды.

Басқа да марапаттары жетіп артылады.

Жан жары Нәзира Әріпқызы да қырық

жыл ұстаз болған. Екеуі 50 жыл отасып,

бала-шағасының, немере-жиендерінің

қызығын көруде. Қоғам жұмыстарынан

шет қалған емес. Халықаралық «Қазақ тілі

қоғамы» ҚБ облыстық филиалы төрағасының

бірінші орынбасары, «Ақсақалдар

тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

75 жасқа толып отырған бала кезден

осы күнге дейін бірге жүрген досымды

қалай құттықтасам да, жарасым тауып

тұрған секілді. Ең бастысы - денің сау

болса жетіп жатыр, қосағың Нәзирамен,

ұрпақтарыңмен ұзақ жаса дегім келеді,

Құркөлдің бел баласына.

Социал ӘЙТЕНОВ,

Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы»

ҚБ Павлодар облыстық филиалының

төрағасы, Қазақстанның

Құрметті журналисі.

Екібастұз қаласындағы

«мәңгілік» тақырыптардың

бірі – жылу. Әр күзде

тұрғындар үшін жылу

«жыры» басталып, көктемге

дейін созылады. Алайда

оның «емі» әзірге табылмай

отыр. Жылу беруге жауапты

мекеме басшылары пәтер

иелерінің қысқы маусымға

дұрыс дайындалмайтынын

алға тартады. Осылайша, қос

тараптың тартысы жылдар

бойы жалғасып келеді.

Жеке

секторға

жылу

жетпейді

Былай қарасаң, көмірге көміліп жатқан өңірде

жылу жайлы проблема туындамауы да тиіс

сияқты. Шындап кіріссе, шағын шаһардағы

жылу мәселесін шемішкедей шағып тастауға

болатындай көрінеді. Бірақ, ауызбен айту оңай...

Жыл сайын көпқабатты үйлер ырын-жырыңмен

жылуға қосылады. «Екібастұзжылуэнерго»

басшылығы «дайындығы жоқ үйлер жылусыз

қалады» деп сес көрсеткенімен, қара суықта

амалсыздан жылу бөледі. Тұрғындар да «жылу

бермей қайда барады?» деп әккіленіп алған.

Жеке сектор туралы әңгіме бөлек. Мұндағы

үйлердің жартысы жылудың рахатын сезініп,

тіпті, терезесін ашып қоятындар бар. Ал

көптеген үйлер қыс бойы жылудың аздығына

шағымданып, әкімдіктің табалдырығын тоздырады.

С о л а р д ы ң б і р і – Гр и д и н к ө ш е с і н д е г і ү й д і ң т ұ р ғ ы н ы

Антонина Иконникова.

- Қыста қалтырап отыратынымызды білгендіктен

жаздыгүні жылу беруге жауапты басшыларға

өтініш жаза бастаймыз. Біз де шағымданудан

шаршамаймыз, олар да құрғақ уәде беруден

тайсалмайды. Көше бойындағы құбырларды

ретке келтіргендей болады. Бірақ, еш өзгеріс

жоқ. Үйдегі жылудың мөлшері тиісті параметрлерге

сай емес. Жылу үшін төленген ақшамыз

қайда кетіп жатыр? – дейді зейнеткер.

Бұған «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС басшысы

Александр Захарьянның жауабы дайын.

- Екібастұз қаласындағы жылу құбырлары әбден

тозған. Салдарынан барлық шаһар зардабын

тартып отыр. Құбырларды жаңартқымыз-ақ

келеді, бірақ тариф бағасының төмендігі

мүмкіндік бермейді. Жыл басынан бері

тарифті 40-60 пайызға өсіруге өтініш бердік.

Өтінішіміз қанағаттандырылмады. Екіншіден,

жеке сектордың тұрғындары әу бастан дайындық

жұмыстарын жүргізуге құлықсыз. Құбырларды

шаю шаралары қолға алынбайды. Салдарынан

алғашқы қатарда орналасқан үйлерге

жылу тиісті мөлшерде жетіп, соңындағы үйлер

жылусыз қалады, - дейді А.Захарьян.

Биыл көмірлі шаһарда қысқы маусымға

дейін 2 мәрте гидравликалық сынақ жұмыстары

жүргізіліп, нәтижесінде ішкі орамдық желілерде

109 ақау, ал магистральді жылу желілерінде 18

ақау анықталған. Бүгінде апатты желілер ретке

келтіріліп, жерүсті құбырларын қаптау шаралары

қолға алынған. Бұл – қосалқы жұмыстар.

Өкінішке қарай, ескі құбырлардың проблемасы

әлі күнге дейін ашық күйінде қалып отыр.

Белгілі болғандай, құбырлардың 84 пайызы

әбден тозған. Жақсы көрсеткіш емес, әрине.

Бұлай жалғаса берсе, қақаған аязда апаттар

жиі орын алып, үлкен проблемаға айналуы

мүмкін. Қыс маусымы енді басталғандықтан,

әзірге шаһарда жағдай тұрақты. Қаңтарақпанда

не болар екен? Екібастұздықтар

жылдар бойы жалғасып келе жатқан түйткілдің

түйінін тарқатуға жаңадан тағайындалған шаһар

басшысы Ардақ Қаңтарбаев атсалысады деген

сенімде. Тариф бағасын көтеріп, тұрғындарға

салмақ салмай-ақ өзге қаржылай тетіктер

арқылы құбырларды жаңарту жұмыстары қолға

алынады деген үміт мол.

Оралхан ҚОЖАНОВ,

Екібастұз қаласы.


6 20 қазан, сейсенбі, 2020 жыл РУХАНИЯТ

SARYARQA SAMALY

ЭКОЛОГИЯ

Тұрмыстық

қоқыс

аз өңделеді

Мерейі үстем

майталмандар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Аймағымызда экологиялық

ахуалды жақсарту

мақсатында арнайы жол

картасы қолға алынғаны

белгілі. Бұған сәйкес, 2021-

2025 жылдар аралығында

облыстың орман қоры

50 миллионнан астам

қарағаймен толығуы тиіс.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен

брифингте экология мәселесі сөз болды. Облыстық

жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және

су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары

Әйгерім Қабылтаеваның айтуынша, жыл

сайын 110 гектар орман алқабына ағаш отырғызу

жоспарланған.

Ағаш отырғызу ісіне ірі кәсіпорындар да

белсенді атсалысуға ниетті. Десе де, абаттандыру

ережелерін сақтамайтындар да аз емес.

- Ірі кәсіпорындардың санитарлық қорғау

аймақтарында абаттандыру бойынша жоспардың

5,6 пайызы ғана орындалған. Ережені елеп,

талаптардың 30-40 пайызын жүзеге асырып

отырған зауыттар саусақпен санарлық. Ендігі

жерде өз аумағында ағаш отырғызудан бас

тартқан кәсіпорындар қаланың «жасыл белдеуін»

жаңғыртуға жұмылдырылады, - дейді облыстық

экология департаменті басшысының орынбасары

Дархан Исжанов.

Белгілі болғандай, осы жылдың 9 айында

жергілікті кәсіпорындардан 511 мың тонна

зиянды қалдық заттар шығарылған. Бұл – өткен

жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аз.

Көрсеткішті төмендету мақсатында зауыт басшылары

инвестициялық бағдарламаларды қолға

алған. Мәселен, «Қазақстан алюминийі» зауытында

құны 5 миллион долларды құрайтын

ірі жоба жүзеге асуда. Оған сәйкес, соңғы

үлгідегі сүзгіш қондырғысы орнатылып, зиянды

заттардың сыртқа шығуына тосқауыл болмақ.

Тұрмыстық қалдық заттардың зияны да аз

емес. Әйгерім Қабылтаеваның мәліметінше,

жыл сайын қоқыс үйінділеріне 650 мың

тонна заттар шығарылады екен. Өкінішке

қарай, оның небары 16,5 пайызы өңделеді.

Жоспарға сәйкес, 2030 жылға дейін көрсеткішті

40 пайызға дейін арттыру көзделген.

- Облыс аумағында пластик, макулатура,

шыны және қаңылтыр заттар өңделеді. Жергілікті

қоқыс өңдейтін 10 кәсіпорында пластиктен

қапшықтар мен автошиналар жасалады.

Қалғаны Қарағанды облысына жөнелтіледі.

Келесі жылдан бастап аймағымызда құрғақ,

сұйық және пластик қоқысты сұрыптайтын

1000 жаңа контейнер пайда болады деп күтілуде.

Бұл жүйе биыл Екібастұзда енгізіліп, әзірге

513 контейнер орнатылды, - дейді Ә.Қабылтаева.

Жуырда

Нұр-Сұлтан

қаласында

Мәдениет және

өнер саласы

ұйымдары мен

қызметкерлері

арасындағы

III республикалық

«Рухани қазына –

2020» байқауы

өз мәресіне

жеткені мәлім.

Бұл байқаудан

жерлестеріміз

де құр алақан

қалған жоқ.

Павлодарлықтардың

қанжығасында

4 жүлде бар.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Осымен үшінші рет өткізілген

байқауға мемлекеттік музейлер,

кітапханалар, мәдениет үйлері мен

ауылдық клубтардың қызметкерлері

қатысқан. Олар 50 аталым бойынша

марапатталды. Жүлделілер қатарынан

орын алған төрт жерлесіміздің әрқайсысы

арнайы диплом мен 500 мың теңгенің

сертификатына ие болды.

Аталмыш байқаудың «Үздік облыстық

маңызы бар мемлекеттік музей

қызметкері» аталымын облыстық Бұқар

жырау атындағы әдебиет және өнер

музейінің әдебиет бөлімінің басшысы

Ербол Қайыров жеңіп алса, «Үздік

ауылдық маңызы бар мемлекеттік музей

қызметкері» аталымы «Қ.Сәтбаевтың

Баянауыл мемориалдық музейі» филиалы

М.Көпеевтің мемориалдық музейінің

экскурсоводы Әсет Пазыловқа бұйырды.

Ал облыстық С.Торайғыров атындағы

әмбебап ғылыми кітапханасының

өлкетану және цифрлық технологиялар

бөлімінің басшысы Марал Тәженова

«Үздік маңызы бар кітапхана қызметкері»

атанса, Баянауыл ауданы Торайғыр

ауылының мәдениет үйінің әдіскері

Ләйлә Нұржанқызы «Күләш Байсейітова

атындағы арнайы жүлдеге» ие болды.

Атап өтерлігі, облыстық Бұқар жырау

атындағы әдебиет және өнер музейінің

қызметкерлері «Рухани қазына»

байқауында екінші жыл үздік атанып

отыр. Былтыр дәл осы аталым бойынша

Мағзия Әбенова жеңіске жеткен. Биыл

әріптесінің жеңісті жолын Ербол Қайыров

жалғады. Мәдениет саласында еңбек

етіп жүргеніне 15 жылға жуықтаған

Ербол Мәтіұлы өңірлік әдебиеттің

дамуына барынша үлес қосуда.

- Мен қатысқан аталымға еліміздің

барлық өңірінен 50-ге жуық өтінім

келіп түскен. Байқау шарты бойынша,

додаға соңғы 3 жылда атқарған

жұмыстарымды жібердім. Оның ішінде

зерттеу жұмыстарымнан бастап, осы

өңірден шыққан, қазақтың әдебиетіне,

мәдениетіне, тарихына сүбелі үлес

қосқан дара тұлғаларымыздың елге

жетпей қалған тың дүниелерін іздеп,

таптым. Мәселен, осындай еңбектің

бірі - С.Торайғыровтың 1933 жылы

шыққан кітабы. Сонымен қатар, Қалижан

Бекқожин, Мұзафар Әлімбаев, Қалмұқан

Исабаев, Қабдыкәрім Ыдырысов,

Нұтфолла Шәкенов, Сәбит Дөнентаев

тәрізді тұлғаларымыздың ұрпақтарымен

жыл сайын кездесіп, олардың қолында

бар барлық қолжазбалар мен ескі

суреттерін алып, жинақтаудамыз. Дихан

Әбіловтің кезінде Алаш арыстарымен

түскен суреттерін 5 жыл іздеп жүріп,

әзер қол жеткіздік. Бұдан бөлек, соңғы

3 жылда ауыз әдебиетіне ден қойып,

фольклор жинауды қолға алған едім.

Аймағымыздың бірқатар аудандарын

аралап жүріп, тапқан дүниелерімді

былтыр «Сыр сандық» деген кітапқа

топтастырдым. Оның ішінде Мәшһүр

Жүсіп атамыздың Железин ауданына

барғанда айтылған алты ауыз

өлеңдері халық арасында сақталып

қалған. Соны жазып алып, осы кітапқа

қостық. Міне, осы жұмыстар менің

жеңіске жетуіме мұрындық болды, -

дейді Е.Қайыров.

Қатысушылардың айтуынша, дәстүрлі

байқаудың биылғы ерекшелігі – ауылдық

жерлерге көп көңіл бөліп, жүлденің

басым бөлігін ауыл қызметкерлеріне

берілуінде. Оған дәлел - баянауылдық

қос жеңімпаз.

М.Көпеевтің мемориалдық музейінің

экскурсия жүргізушісі Әсет Пазылов

мұндай байқаулар ауылда тынбай ізденіп,

еңбектеніп жүрген мамандардың өсуіне,

олардың алдына тың мақсаттар қоюына

мүмкіндік береді дейді.

- Өз басым бұл байқауға алғаш рет

қатысып отырмын. Бұл жерде бір ғана

М.Көпеевтің мемориалдық музейінің

жұмысын ғана көрсетіп қоймадық. Яғни,

бір «майданда» жүрген әріптестеріміз -

Қ.Сәтбаев атындағы музей мен

С.Торайғыров атындағы музейдің

де үлесі бар. Байқауға музейлерге

жүргізген экскурсиядан бөлек, жеке

қаламымнан шыққан Мәшһүр Жүсіп

Көпеев туралы кітаптарым мен ғылыми

еңбектерім ұсынылды. Ең басты жұмысым

Мәшһүр Жүсіп кесенесіндегі қызметім

болды. Рухани қазына іздеп келген

әр адаммен жұмыс істеу, оларды

атаның бай мұрасымен таныстыру -

біздің ең басты мақсатымыз, - дейді

Ә.Пазылов.

Ал «Күләш Байсейітова атындағы

арнайы жүлдеге» ие болған Ләйлә

Нұржанқызы аядай ғана ауылда

орналасқан мәдениет үйінің республикалық

және облыстық мәдени іс-шараларды

өткізуімен ерекшеленгенін атап өтті.

- Торайғыр ауылында 600-ге жуық

адам тұрады. Мәдениет үйінде қызмет

еткеніме 3 жыл болды. Осы аралықта

ауылда көптеген ауқымды шаралардың

өтуіне атсалыстым. Жалпы, мәдениет

үйі тек қана ән мен күйдің ордасы

ғана емес, мұнда біз салауатты өмір

салтын насихаттаймыз әрі жастардың

рухани азық алуына мүмкіндік жасаймыз.

Бізде спорт пен мәдениетке қатысты

8 үйірме жұмыс істейді. Сонымен

қатар, карантинге дейін мәдениет

үйіндегі ЛЭД-экран арқылы отандық

фильмдерді көрсетіп тұрдық. Ауылда

интернет желісі болмаса да, аудандық,

облыстық, республикалық іс-шараларға

белсене қатысып келеміз. Қазылар

алқасының назар аударған тұсы да

осы болды, - дейді Л.Нұржанқызы.

Байқаудың тағы бір жүлдегері Марал

Тәженоваға жеңіс сыйлаған еңбегі -

ғылыми-зерттеу жұмыстарынан бөлек,

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке

тағзым» атты жұмысы. Мұнда соғыс

жылдарында майдангерлердің отбасына

жазған хаттары архив қорларынан

алынып, цифрландырылған еді.

Айта кетелік, байқауға қатысқан

259 адамның 119-ы - кітапхана, 90-ы -

мәдени ойын-сауық ошағы мен 50-і -

музей қызметкері.

Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Суреттерді түсірген -

автор.


SARYARQA SAMALY

ХАБАРЛАМА 20 қазан, сейсенбі, 2020 жыл 7

АДАМ -ЕҢБЕГІМЕН АСҚАҚ

Ұлағатты ұстаз

Адамның тұлға болып қалыптасуына,

дүниедегі әрбір мамандық иесінің

болашаққа қанаттануына себепкер

болатын жанашыр, ізденімпаз адам –

ұстаз.

Он сегіз жыл бойы

шәкірттеріне қанат бітіріп,

қиялын шыңдап, бірнеше

буын түлек пен әріптестерін

тәрбиелеген ұлағатты ұстазымыз,

лицейіміздің «анасы»

Ғазизова Роза Мамайқызы

35 жыл абыройлы еңбек етіп,

құрметті зейнеткерлік жасқа

жетіп отыр. Егер мұндағы

білім алушыларға лицей

екінші үйі болса, әр шәкірттің

жанына жақын келетін, өмірлік

ұстанымдарының жаршысына

айналатын ұлағатты жан Роза

Мамайқызын екінші анасы

десек те артық етпейді.

Роза Мамайқызы 1983

жылы Украинадағы Виницкий

педагогикалық институтын

орыс тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі мамандығы

бойныша тәмамдап, 1983-1997

жылдар аралығында Целиноград

облысы, Селті ауданы,

Қарабұлақ орта мектебінде

еңбек етті. Ұстаздық

қызметімен қоса оқу-тәрбие

ісінің меңгерушісінің орынбасары

болды. 1997-2002

оқу жылдары Ы.Алтынсарин

атындағы Павлодар облыстық

Киелі Қызылағаш мекеніміз,

Қыпшақтың бір бұтағы екенбіз біз.

Елінің абыройлы азаматы,

Өмірден ерте кетті Беке ініміз,

Өмір деген қарасаң қас қағымда,

Бәйтерек ең, туған жер асқарында.

гимназия-интернатында

орыс тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі мен аға

тәрбиеші болып істеді, 2002

жылы Павлодар қаласының

облыстық қазақ-түрік қыз

балаларға арналған лицейинтернатында

оқу-тәрбие ісі

жөнінде басшының орынбасары

мен орыс тілі мен

әдебиеті пәнінен мұғалімдік

қызметін осы күнге дейін

абыройлы атқаруда.

Ұлағатты ұстаздың еңбегі

елеусіз қалмай, бірнеше

жоғары марапаттарға ие

болды. Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым

министрлігінің «Білім беру

ісінің құрметті қызметкері»

төсбелгісімен, Қазақстан

Республикасы Білім және

ғылым министрлігінің Құрмет

грамотасымен, Павлодар

облысы білім басқармасының

Құрмет грамотасымен марапатталды.

Роза Мамайқызы – нәзік

жанды, атына заты сай, өте

қарапайым, қайырымды

адам, нағыз ұстаз ғана

емес, отбасында аяулы

Шаралардың басты мақсаты –

жастардың экологиялық

тәрбиесін қалыптастыра

отырып, табиғатымыздың

әсемдігін сақтау болып

белгіленді. Мемлекетіміздің

индустриясы дами отырып,

зиялы кәсіпорындардың саны

да артып келеді. Сонымен Облымысыздың

қатар халық саны жыл

сайын көбейіп, тұрмыстық

қалдықтардың өсуіне әкеліп

отыр. Қоршаған ортамызды

бұзатын негізгі кері факторлармен

қатар азаматтардың

табиғат аясында демалу

тәрбиесі де назар аударуды

қажет етіп отыр.

Отбасылық кәуап пісірумен

басталатын кездесулер, су

жағасында кеңінен өткізіліп,

артынан қалатын пластик

ыдыстар мен бөтелкелер,

жеке гигиеналық заттар,

тамақ пен ішімдік қалдықтары

барша эко жүйемізге әсерін

тигізеді. Саябақтарда демалып

отырған халық пен оның ішінде

жасөспірімдеріміз, сан түрлі

қаптамаларды жерге тастап,

барша қаламыз бен өлкеміздің

көркін бұзады. Бұндай жан

түршігерлік жағдайдың алдын

алу мақсатында, мемлекеттік

органдар мен азаматтық

сектор тынбай жұмыс жасауда.

танымал

эколог мамандар әр жерде өз

жұмыстарын атқарып, жастардың

экологиялық тәрбиесін оңалту

үшін барлық жігерін салуда.

Әрине бұл бастама бір мезетте

орындалмайды, сондықтан біздің

бүгінгі мақсатымыз жастар

қауымын экологиялық жобаларға

қатыстыра отырып, сана-сезімін,

азаматтық жауапкершіліктерін

оятып, өз қолымен тұрмыстық

қалдықтарды жинатып, өз

қолдарымен жасыл желек

отырғызып, табиғатқа құрметпен

қарауды үйрету болып

отыр. Экологиялық апаттарды

болдырмау үшін адамзат тұтыну

мөлшерін азайту керек, тамақ,

киім басқа да қажет заттарды

жар, ардақты ана, асыл әже.

«Білім-Инновация» дарынды

қыз балалар арналған

лицей ұжымының атынан

абыройлы ұстазды бүгінгі

белесімен құттықтаймыз. Ерен

еңбегіңіз, көрсеткен өнегеңіз

бен толағай тағылымыңыз

шәкірттеріңіз бен ұжымды

биікке шығарды, қызметіңіз

әлі де неше буынға үлгі

тұтарлық деп мақтанышпен

атаймыз. Әрдайым мерейіңіз

үстем, мәртебеңіз биік болсын!

С.СҚАҚОВА,

дарынды қыз балаларға

арналған «Білім-Инновация»

лицей-интернатының

кәсіподақ төрайымы.

«Қоршаған ортаның тазалығы –

азаматтардың ортақ міндеті»

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы

бойынша «Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігі 29 қыркүйек

пен 16 қазанда Екібастұз жастары үшін «Дөңгелек үстел» мен кездесу өткізді.

тиімді пайдаланып, олардың

қызмет ету мерзімін арттырып,

аз сатып алып, нәтижесінде

қалдықтарды аз лақтырып,

қоршаған ортасына жеңілдік

жасай алады. Тұрмыстық

заттарымыздың екінші өмірі,

қалдықтарды қайта өңдеу

кәсіпорындарымен және

әрбір тұрғынымыздың ойлау

қабілетімен тығыз байланысты.

Киім-кишекті мезгіл сайын

ауыстыра бермей, ұқыпты

кисек, одан кейін мұқтаж

адамдарға сыйлап берсек,

тұтыну мөлшері төмендейді,

сонымен қатар полиэтилен

қаптамасы бар азық-түлік аз

тұтынып, барынша экологиялық

қаптамаларға көшетін болсақ,

қалдықтар саны азаятын болады.

Жұлдыз Егеубайқызы

МАЛДЫБАЕВА,

«Кенжекөл жастары»

ЖҚБ үйлестірушісі.

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмесе, мына

телефондарға хабарласыңыздар: «Қазпошта» АҚ ПОФ-ның жазылу бөлімі:

32-40-37 және сенім телефоны: 32-35-35.

(909)

Бекмұқан Нұртазаұлы Мұхамеджановты

еске аламыз

Шаңырақты шайқалтып кете бардың,

Бақилыққа 45 жастан асқаныңда,

Он бес жыл біз өзіңді көрмегелі,

Қойнына тар қабірдің жерлегелі.

Сүйген жар Махаббат пен бес балаңның,

Қайғы жұтып, көз жасы селдегелі,

Жігіттердің жампозы, кемелі едің,

Жасыңнан іске шебер өнерлі едің.

Қайтейін, жан бауырым өмірде жоқ,

Тірі болсаң 60 жасқа келер едің.

Ажалға шара жоқ қой, не қыламыз,

Сені ойласақ, істен де жаңыламыз.

Туыстар, отбасы мен дос-жарандар,

Көре алмай нұр жүзіңді, сағынамыз.

Жас отауда керілді керегелер,

Ізіңді басып келеді немерелер.

Хабарландыру

ЖК «Шайғазинов М.Е.» Павлодар қ. Академик Сәтбаев

көшесі, 350-үй (құрылыс 5 кезеңде)» «Көшеде орналасқан

бөлшек сауда үй-жайлары мен жерасты паркингтерімен

9 қабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы жобасын талқылау

бойынша қоғамдық тыңдауын өткізеді.

Карантинге байланысты қоғамдық тыңдаулар бейнеконференция

түрінде өтеді.

Өтетін күні: 2020 жылдың 17 қарашасында, сағат

11.00-де.

Сілтеме: WtatsApp 8(708)2449220

Жобалардың материалдары http://www.tabigatpv.gov.

kz/ сайтындаорналастырды.

Жоба материалдарымен қағаз түрінде мына мекенжай

бойынша танысуға болады Нұр-Сұлтан қ., Академик Сәтбаев

көшесі. 350-үй, тел 8(775)4630901.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпаратқа қол

жеткізуін қамтамасыз етуге жауапты жергілікті атқарушы

орган - «Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және

су ресурстары басқармасы» ММ, Темиргалина А.С., тел.:

8(7182)32-93-79.

ҚОӘБ материалдарын электронды түрде, ескертулер

мен ұсыныстарды мына электронды мекенжайға жіберіңіз:

temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz.

Тапсырыс беруші ЖК «Шайғазинов М.Е.», байланыс

тел.: 8(775)4630901.

ҚОӘБ жобасының әзірлеуші ЖШС фирмасы «Строй-Тех»,

Нұр-Сұлтан қ., Суворов к. 23Б, Байланыс тел: 8(7182)

66-53-17.

Экологиялық сараптама жүргізетін орган – Мемлекеттік

сараптама.

Объявление

ИП «Шайгазинов М.Е.» уведомляет о проведении

общественных слушаний в формате ВКС по проекту

«Строительство 5-ти 9-и этажных жилых домов со встроенными

торговыми помещениями и подземным паркингом,

расположенных по ул.Академика Сатпаева 350 г.Павлодар

(строительство в 5 очередей)»

В связи с продлением карантинного режима слушания

будут проходить в формате видеоконференцсвязи 17

ноября 2020 года в 11:00 ч.

Ссылка: WtatsApp 8(708)2449220

По вопросам подключения к ВКС можно обращаться

по телефону 8(775)4630901.

Документация по проекту размещена на сайте www.

tabigatpv.gov.kz.

С материалами проекта на бумажном носителе

можно ознакомиться по адресу:г. Павлодар ул. Академика

Сатпаева, 350, тел 8(775)4630901.

Местный исполнительный орган, ответственный за доступ

к информации о проведении общественных слушаний -

ГУ «Управление недропользования, окружающей среды и

водных ресурсов Павлодарской области», ТемиргалинаА.С.,

тел.: 8 (7182) 32-93-79.

Запрос на получение материалов ОВОС в электронном

виде, замечания и предложения направлять по эл.адресу:

temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz.

Заказчик проекта: ИП «Шайгазинов М.Е.», контактные

данные г.Павлодар ул.Академика Сатпаева, 350, тел

8(775)4630901.

Разработчик проекта ОВОС: ТОО фирма «Строй-Тех»

контактные данные: г.Нур-Султан, ул. Суворова, 23Б Тел:

8(7182) 66-53-17

Орган по проведению экологической экспертизы –

Госэкспертиза.

(50)

Тиімді

жарнама!

«HALYQ RADIOSY» - 100.5 FM толқыны

өз жарнамаңызды «Бизнес FM»

бағдарламасында орналастырудың ерекше

мүмкіндігін ұсынады. Дыбыс роликтерін

әзірлеу және жалға беру бағасы 3000

теңгеден бастап, ал хабарландырудың

әрбір сөзі үшін 100 теңге, 10 сөзден асса,

бағасы 80 теңге болады. Жарнамаңыз

күніне 24 рет шығып, тыңдаушылардың

90%-дан астамын қамтиды. Бұл жарнама

беруші үшін ең тиімді де нәтижелі

болатыны сөзсіз! «HALYQ RADIOSY»

толқынындағы «Бизнес FM» бағдарламасы

Сізді міндетті түрде естиді!

Телефондарымыз: 66-15-40, 65-15-42.

Өміріңді солар әрі жалғастырып,

Қызығын сүйген жарың көре берер.

Өзің едің сүйенер тірегіміз,

Ауылдағы бір үйдің түлегіміз.

Өзіңе дұға жауып, еске аламыз,

Қабыл болсын, Алла қолдап, тілегіміз,

Бауырым, жатқан жерің жарық болсын,

Жамылған топырағың мамық болсын.

Бекмұқан есімің мәңгі жасап,

Есіміңді еске алар елің болсын.

Аллаға ниетіміз дұрыс болсын,

Еліміз індеттерден тыныш болсын.

Шайқалмай Бекмұқанның шаңырағы,

Таусылмас бақыт пенен ырыс толсын.

Еске алушы: апасы Жібек Нұртазақызы,

Ақтоғай ауданы.

(1)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Азамат БАЙТЕНОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 9412 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2018

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 20 қазан, сейсенбі, 2020 жыл иірім

SARYARQA SAMALY

Есентай Ерботиннің туғанына - 80 жыл

Ақын бақыты

Балалар әдебиетінен өз орнын ойып алған жерлесіміз Есентай

Ерботин - ерте оянған жаңашыл ақын. Оның өмірі де, өлеңі

де күрделі, махаббат пен арманға, қасіретке толы болды.

Жасампаздық, еркіндік, қиялдау еркіндігін, жүрек еркіндігін

ауыздықтамаған ақын.

Өлең - өмір, кешегің мен бүгінің,

Онда сенің мәртебелі тұғырың.

Әр жолында қуанышың, ренішің,

Ол жасаса - ұзақ сенің ғұмырың, -

деп жырлаған ақын «поэзия – адам баласының

рухы» екендігін дөп басып айтқандай.

Ақын өлеңдерінің әрбір жолында, әрбір

шумағында көзге бірден көрінбейтін құпия

да, терең философия, зор азаматтық

үн жатыр. Өлеңдерінің барлығы дерлік

балаларға арналса да, үлкендерді де бір

сәт болса да, ойлануын талап етеді.

Ол өзінің ең алғашқы өлеңдерінің

бірінде:

Мен кішкене бұлақпын,

Қайнарым жатыр тереңде.

Батпақтан, лайдан жырақпын,

Тұнықпын ішсең егерде, - деп жырлай

келіп, өзінің әлі де жыр әлемінде жетілмегенін,

оған жаңадан бойлап, өзін өз арнасымен

ағысқа түскен кішкене бұлаққа

теңейді. Әдебиет әлеміне бірден жарқыраған

жайындай ақын болып келмесе де,

өзінің жырларымен қазақ әдебиетінің тарихында

өз есімін қалдырды.

Шындығында да, Есентай Ерботин студент,

жауынгер болса да, шығармашылықтан

қол үзіп қалмады, керісінше әдебиетке

тереңдей бойлап, қыр–сырына қанықты.

Кейіннен оның да жоғары бағасын алды.

Қазақтың халық ақыны, балалар

әдебиетінің атасы Мұзафар Әлімбаев:

«Солдат жігіт Есентай Ерботин қазақ

балаларының сүйікті ақыны болып, өсіпжетілді,

қаламын ұштады. Оның өлеңдері

өрнекті, ойнақы әрі шымыр, шағын әрі

ойлы болғандықтан, жас сәбилер жылдам

жаттап алады.

Ол еліміздің өткен тарихын, әдет–ғұрпын,

салт–санасын, географиясын бес саусақтай

білетін, ол содан да жас буынға қазақ

батырлары қаһармандықтарын жырлап,

үлгі-өнеге ұсынатын.

Туған жердің тауларын, суларын тамаша

тақпақ етіп жазып, әсемдігін суреттейтін.

Оның шығармаларын дүниежүзілік балалар

поэзиясы антологиясына ұсынсақ, ұялмас

едік» дейді.

Есентай Ерботин аға буынның бағасымен

қатар ақ батасын алған.

Ақиық ақын Қабдыкәрім Ыдырысов:

«Талантты, талапты інім Есентай, әрқашан да

жырың өрісті, өзіңе жемісті жеңіс тілеймін»

деп жылы лебіздерін білдірген-ді.

Поэзияның басты қуаты – адам баласын

көркем сөз арқылы тәрбиелеу, жетілдіру.

Кез келген ақын балаларға арналған

поэзиялық шығармаларды жаза алмайды,

жазса да белгілі бір қағидатты ұстана

алмайды.

Өйткені, шығарманың өзі баланың

өсу деңгейімен бірге жетіліп, баламен

бірге есейіп, сол кезеңді, сол ойды, сол

қоғамдық ортаны дөп басуы - шарт.

Ол жөнінде ақын өзінің күнделіктерінің

бірінде «Шығарма шұрайлылығы тілдің

шұрайлылығына, құнарлылығына байланысты.

Тілі жұтаң дүние жарамсыз. Балаларға

арнап дүние жазу алдымен балалықты

меңгере танудан туады. Өз балалығың

кемтін соғады. Сондықтан немерең мен

шөберең ғұмырын бастан өткеру керек»

деп жазады.

Бес жастағы бала мен он жастағы

балаға жазылған шығармалардың арасын

Есентай Ерботин ашып, басып көрсеткен.

Ақынның «Тал» атты өлеңінде:

Топырақты жарды да,

Өсіп шықты тал мына.

Тамырлары таралып,

Тереңнен мол нәр алып,

Күн нұрына кенелді,

Көктем сайын көгерді.

Биіктеді, жетілді,

Бейне бөбек секілді.

Поэзиядағы бейнелі қолданыстармен

салыстырсақ, бұл өлеңдегі теңеулер

қарапайым көрінері анық, бірақ балабақшадағы,

бастауыш сынып оқушылары

үшін, елестету қабілеттерін жетілдіруге

арналған өлеңдер.

Баланың сол талдың жерден нәр алуын

суреттей келе, «күн нұрына кенелді», «көктем

сайын көгерді», «биіктеді, жетілді», «бейне

бөбек секілді» деп балалардың көз алдына

елестетуі арқылы күннің жылуын ананың

аялы алақанының жылуына теңеп, талға да

күтім, бап керектігін айқын көрсетті. Енді

бір жағынан - күнді адамзат тіршілігінің

жарық жағының символы еткендей.

Ал енді «Туындайды сөзден сөз» атты

өлеңінде:

Келте менен қысқаның,

Баламасы табылды:

Бір әріптен қысқарып,

Үш сөз болды танымды:

Шолақ,

Олақ,

Лақ,

Ақ.

Бұл сынды өлеңдер балалардың ойлау,

сөйлеу қабілеттерін жетілдіруге, сөз қорын

байытуға арналған.

Есентай Ерботиннің өлеңдерін балаларға

арнауы - сол шақтан оларды өмірге

баптауы, дайындауы. Оның өлеңдері -

балалар үшін таптырмас қазына. Қазіргі

замандағы еліктегіш, солықтағыш жастардың

бойларына оның өлең-жырлары арқылы

өмірге, Отанға, ата-анаға деген сүйіспеншілік

сезімдерін ұялатуды мақсат тұтты. Ұлттық

әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту

жағдайында Бұқар жырау атындағы әдебиет

және өнер музейінің ұйымдастыруымен жыл

сайын Есентай Ерботин оқулары өтеді. Оған

қаламыздың барлық мектептері, лицейлер

мен интернаттардың оқушылары қатысады.

Ақын балаларға арнап өлең–жырлар

ғана жазып қойған жоқ. Сонымен қатар

аудандық, облыстық газет беттерінде «Мергенбайдың

жұлдызы», «Мереке күнгі қуаныш»,

«Маған қанат бітірді», «Орталықтан алыс

деген сылтау ма?», «Ата мекен қадірі» сын

мақалалары мен әңгімелері жарық көрді.

Ақынның қалам сермеген тақырыбы

қалмаған. Махаббат тақырыбына жазған

өлеңдерінің өзі - бір төбе. 1970 жылдың

басында ақын «Ән ғашығы» атты өзінің

көлемді жанрда алғашқы поэмасын жазды.

Поэма «Бекемдік», «Әнші ауылда», «Әмірені

тыңдағанда», «Тұтқында», «Парижден хат»

атты бес бөлімнен тұрады.

Ақын аз жасады. Оның артында «Өрнек»,

«Өнеге», «Серік пен Берік», «Менің досым»,

«Балалар бала болғанда», «Далаға саяхат»

деген өлең жинақтары қалды.

Кейіннен өмірінің соңғы күндері жазған

өлеңдер топтамасы республикалық «Ұлан»

газетінде жарық көрген болатын. Қалай

десек те, аз жасап, көп жазған бақытты

ақын. Оның бақыты – жырлары, артында

қалған мұралары, оның бақыты – сіз бен

біз.

Көп еңбектенгендігінің арқасында

Есентай Ерботин бақытты.

Мақаламызды ақынның мына бір өлең

жолдарымен аяқтағымыз келеді:

Бір күні тіршілікті доғарармын,

Мәңгілік жер бетінен жоғалармын.

Артымда азын –аулақ қалғандарым,

Кәдеңе асса, халқым, сол – арманым.

Ербол ҚАЙЫРОВ,

Бұқар жырау атындағы әдебиет және

өнер музейінің ғылыми қызметкері.

поэзия

Баянтау –

Сарыарқаның

Хантәңірі!

Баянтау Тянь-Шань да емес,

Памир да емес,

Қараса шыңдарына,

кәрі демес.

Көктауым сұлулықтың

тәңіріндей,

Баянтау адамзатқа

болған елес.

Баянтау – Сарыарқаның

Хантәңірі,

Ордасы ұлылардың, ән өңірі.

Көк жоны көк тіреген

Ақбеттаудың,

Жүріп тұр бар тауларға

әлі әмірі.

Жоталы жондары көп

Баянтаудың,

Тәрізді жалғасындай

өр Алтайдың.

Мөлдір су, жаһандағы

көл тұнығы,

Сипаты жырға сыймас

Жасыбайдың.

Қақ жарып қарағайы

жартастарын,

Барады андағайлап

қыр асқарын.

Бөрідей дұшпандарын

домалатқан,

Шыңдары көлегейлеп

түн астарын.

Аспанға алтын ноқат оттар

қонған,

Сыр тартып жымыңдайды

жарық нұрдан.

Қазаққа берген талай

тарландарын,

Баяным оянғандай

тәтті ұйқыдан.

Жеті көл шыңындағы

құрметіне,

Түседі күн сәулесі су бетіне.

Айнадай жарқыраған

айдындарын,

Ұқсатам Ақбет

қыздың келбетіне.

Секілді Баянаула Иранбағы,

Арала тау мен тасын

илан-дағы.

Ақ бұлттың арасынан

ақ сұңқардай,

Көрерсің құдіретті имандағы.

Мұхамет–Қайыр ШӘРІПОВ,

Баянауыл ауданы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!