04.01.2021 Views

"Сарыарқа самалы" 8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 ж., №100 (15570)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

8 қыркүйек, сейсенбі

2020 жыл

№100 (15570)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Қорғаны

мықты ел тыныш

Нақпа-нақ

«7-20-25»

бағдарламасы

бойынша елімізде

38

мыңнан

аса өтінім

қабылданды

САЛЫҚ

Төлеу жүйесі

жеңілдейді

Елімізде пандемиядан зардап

шеккен сектордағы шағын

және орта бизнес үшін айналымнан

жекелеген салық төлеу

құқығы енгізіледі. Салық

міндеттемелерінің орындалуын

жеңілдету, салықтар

мен төлемдер санын азайту

мақсатында ұлттық заңнамаға

толық тексеру жүргізілмек.

Суретті түсірген – Серік Қапаров.

Келешекте учаскелік инспектордың мәртебесін заңнама арқылы

арттырып, оның өнімді жұмыс істеуіне мол мүмкіндік беру көзделіп

отыр. Ол азаматтар алдында танымал, қолжетімді әрі беделді болып,

жұртшылықтың құқықтарын қорғауға тиіс. Бұл – Президенттің

биылғы Жолдауында айрықша айтылған, құқық қорғау саласына

жүктелген маңызды міндет.

Денсаулық:

COVID-19: «ЕКІНШІ ТОЛҚЫНҒА» ДАЙЫНБЫЗ БА?

Жалғасы 3-бетте

Әуелде оншалық қатерлі жаудай көріне қоймаған аты жаман індеттің қайта оралып соғуынан

жұрт секемденіп отыр. Мамандар күз салқынымен бірге вирустың да әлеуеті күшейетінін ерте

бастан ескерткен. Төтенше жағдай мен карантиннен әбден зәрезап болған ел тұрғындары

ендігі жерде күзді демін ішінен ала күтуде...

Толығырақ 4-бетте

- Бұл жұмыс басталып та кетті. Шағын

және орта бизнес үшін жекелеген салық

төлеу құқығы енгізіледі. Экономиканы

әртараптандыру және бюджетті толықтыру

үшін салықтық ставканы саралау мүмкіндігі

қарастырылады, - деді Үкімет басшысының

бірінші орынбасары Әлихан Смайылов.

Осы орайда басты бюджеттік коэффициенттер

мен ережелер, тиімділікті

бағалау және бюджет саясатының тұрақтылығы

жинағы әзірленетін болады.

«Кеңейтілген бюджетті» енгізу арқылы

шоғырландырылған бюджетке бюджеттен

тыс қорларды қосу жолымен мемлекеттік

қаржыны кешенді бағалауды енгізу

жоспарланып отыр. Нәтижесінде бюджеттік

жоспарлаудың жаңа тәсілдері

мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі ұлттық

басымдықтарды барынша толық жүзеге

асыруды қамтамасыз етеді делінуде.

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан

Дәленовтің сөзіне сүйенсек, екі салықты

бір төлемге біріктіру бойынша ұсыныстар

даярланған. Жеке адамдардың мүлік және

жер салығын біріктіру ескерілген. Бұл өз

кезегінде түбіртек толтыруға кететін уақытты,

банк комиссиясы секілді шығындарды

қысқартады, деп есептейді министр.

Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын

үйлердің иелері үшін жер салығын

алып тастау ұсынылған. «Бұл қадамдар

3 млн. салық төлеушіге қатысты болады.

Мұнымен қоса, жаңа ұсыныстар бөлек

қаралады, яғни еңбекақы төлеу қорынан

салықты ұстап қалу бағыты пысықталады.

Салықтарды бір төлемге біріктіруді

қарастыруға болады. Бұл қадам шағын

және орта бизнес үшін төлем жасауды

айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар,

түрлі төлемдер мен алымдарды оңтайландыруға

болады», дейді Р.Дәленов.

Дайын ұсыныстардың бірқатары 2021

жылы іс жүзіне енгізіледі деп жоспарлануда.

Әзірлеген - Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 8 қыркүйек, cейсенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Жұма күні облысымызға «Қазақтелеком» АҚ-ның

басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев жұмыс

сапарымен келіп, Ақсу қаласына қарасты Мәмәйіт

Омаров ауылындағы интернет жылдамдығын

арттыру жобасымен танысты.

Ауылда 4G іске

қосылды

ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН

«Цифрлы Павлодар»

қолға алынады

Облыстың 29 ауылында бір мың километрге жуық желі тартылып, жоғары

жылдамдықты интернет қызметі қосылды. Нәтижесінде шәкірттер мен

ұстаздар сабақтарды қашықтан қиындықсыз оқи алады. Сонымен қатар,

аймақта «Цифрлы Павлодар» жобасы қолға алынып, соның аясында саябақтар

мен орталық жағажайда серуендеушілер тегін Wi-Fi қызметін пайдалана

алатын болады.

Бұған дейін аталған ауыл

тұрғындары Tele2/Altel операторы

ұсынған секундына 2 мегабитті

құрайтан 3G желісін пайдаланып

келген. «Қазақтелеком» АҚ-ның

жобасының арқасында ендігі

жерде интернет жылдамдығы

10 есеге дейін артып, 4G желісі

ұстап тұр. Осылайша, ауылдағы

ағайын мемлекеттік, медициналық,

банктік қызмет көрсетулерді

онлайн түрде пайдалана алады.

Жағымды жаңалық жергілікті

мектеп ұжымын айрықша қуантып

отыр. Мектеп директоры Бижамал

Ақтаеваның айтуынша, жаңа оқу

жылында 215 оқушы тіркелген.

Оның 148-і қашықтан білім алуда.

Интернет жылдамдығының артуы

ұстаздарға да, шәкірттерге де

оң әсерін тигізбек. Мектепте

интернет жылдамдығы секундына

40 мегабитті құрап отыр.

«Қазақтелеком» АҚ-ның

басқарма төрағасы Қуанышбек

Есекеевтің айтуынша, 3G желісінен

4G желісіне көшуге жерасты

ЖИЫН-ТЕРІМ - 2020

Диқандарда

дамыл жоқ

Павлодарлық диқандар егіс алқабының

жартысынан көбін орып үлгерді. Атап айтсақ,

486,8 мың гектарға орақ түсіп, 398 мың тонна

астық қамбаға құйылған. Ең жоғары нәтижеге

Ертіс ауданының шаруалары қол жеткізуде.

Ондағы астық өнімділігі гектарына 10,2 центнерді

құрап отыр.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының бас маманы

Байболат Рахымжановтың айтуынша,

мамыр және маусым айларында

жауын-шашын болмай,

диқандарды алаңдатқаны рас.

Десе де, алдыңғы жылдардағыдай

мол өнім жиналмаса

да, шаруалар қанағаттанарлық

деңгейде өнім алуда.

- Ертіс ауданының диқандарымен

қатар, тереңкөлдіктер

де тәуір нәтижеге қол жеткізуде.

Олар гектарынан 10,2 центнер

астық жинауда. Ал, Павлодар,

Шарбақты және Успен аудандарында

көрсеткіш төмен.

Диқандар майлы дақылдарды

жаппай жинауға қыркүйек

инфрақұрылым жұмыстарының

нәтижесінде қол жеткізіліп отыр.

Интернет жылдамдығын арттыру

жобасы Павлодар облысында

2018 жылдан бері жүзеге асуда.

Содан бері 29 ауылдағы 113

мемлекеттік мекемеде интернет

жылдамдығы жақсарған.

Аймағымыздағы барлық

353 елі мекенді интернетпен

қамтуға арақашықтықтың

алыстығы және тұғындардың

аз болуы кедергі келтіруде.

Яғни, инвестициялық жобаларды

шалғай ауылда жүзеге

асыру тиімді емес. Бүгінде 111

елді мекен талшықты-оптикалық

байланыс желісіне қосылса,

29 ауыл радиорелелік байланыспен

қамтылған. 12 ауыл

спутниктік байланыс жүйесімен,

қалған 213 елді мекеннің тұрғындары

телефон желісі арқылы

интернетке қол жеткізіп отыр.

Ж.СЪЕЗБЕК,

Ақсу қаласының

ауылдық аймағы.

айының 20-нан бастап кірісетін

болады, - дейді Б.Рахымжанов.

Жуықта облыс әкімі

Әбілқайыр Сқақов шаруаларға

арзандатылған жанар-жағармайдың

уақытылы жеткізілуін

қадағалауды тапсырған болатын.

Б.Рахымжановтың мәліметінше,

күзгі науқанға бөлінген 21,5 мың

тоннаның 13 400 тоннасына

келісімшарт жасалған.

9500 тонна дизель отынының

қаржысы төленіп, 7300

тоннасы тасымалданған.

Бүгінде облыс аумағында

7 элеватор жұмыс істейді. Жыл

сайын онда шамамен 331 мың

тонна астық сақталады. Ірі

шаруашылықтар дәнді дақылдарды

өздерінің қоймаларында

сақтаса, қалған диқандарға

элеваторлар қызмет көрсетуге

дайын.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

және «Қазақтелеком» АҚ басқарма

төрағасы Қуаныш Есекеев Павлодар

қаласындағы деректерді өңдеу

орталығының жұмыс барысымен

танысып, алдағы уақытқа белгіленген

жоба-жоспарларды талқылады.

Мәселен, «Қазақтелеком» АҚ

Баянауыл курорттық аймағын

жоғары жылдамды интернетпен

қамтуды ұсынды. Сонымен қатар,

қос тарап өзара әріптестік

туралы меморандумға қол қойып,

аймақта цифрландыру бойынша

ауқымды істерді қолға алмақ.

Атап айтқанда, «Цифрлы

Павлодар» бағдарламасы басталып,

соның аясында облыс орталығында

3000-ға жуық бейнебақылау камерасы,

жол қозғалысын автоматты

бақылау жүйесі, экологиялық мониторинг

станциялары орнатылып,

орталық жағажай, саябақтар мен

қоғамдық орындар Wi-Fi желісімен

қамтылады.

«Қазақтелеком» АҚ басқарма

төрағасы Қуаныш

Есекеевтің айтуынша,

таяуда ғана Павлодар

облысында аяқталған

жоба - талшықтыоптикалық

желілерді тарту

жұмысы елді мекендердің

дамуына, тұрғындардың

цифрлық сауаттылығының

артуына оң ықпал етеді.

- «Цифрлы Қазақстан»

мемлекеттік бағдарламасы

аясында Павлодар облысында

талшықты-оптикалық

байланыс желілерінің

құрылысын толығымен

аяқтадық. Нәтижесінде

аймақтың 29 шалғай ауылдарында

113 мемлекеттік

мекеме аталмыш желіге

қосылды. Енді абоненттер

деректерді 10 есе жоғары

жылдамдықпен тарата

алады, - дейді Қ.Есекеев.

Аймақ басшысы Әбілқайыр

Сқақов қалалықтарға да қолайлы

жағдай жасау үшін дезинсекциялық

шараларды іске асыруда заманауи

әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттігі

туралы ойымен бөлісті.

- Біз технологиялардың барлық

мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып,

қала тұрғындары мен қонақтары

үшін қолайлы жағдай тудыруымыз

керек. Мысалы, соңғы жылдары

шыбын-шіркей көпшіліктің мазасын

алып, ыңғайсыздық тудыруда.

Оларға қарсы күреске қазынадан

қаржы қарастырылып, тиісті

жұмыстарды атқардық. Ендігі ретте

экологиялық мониторинг арқылы

қансорғыштардың көп шоғырланған

орындарын анықтап, жүргізілген

жұмыстардың тиімділігін сараптайтын

тетіктерді де қарастыруға

болады, - деді аймақ басшысы.

«Қазақтелеком» АҚ сауда

жөніндегі директоры Леонид

Муравьевтің айтуынша, тың

технологияның берер мүмкіндігі

көп. Алматы қаласында қолға

алынған пилоттық жоба қызмет

көрсету орындары мен қоғамдық

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

көліктерде санитарлық талаптарды

орындамаған азаматтар

мен кәсіпкерлерді бірден анықтап

береді. Мұндағы камералар пандемиядан

кейін де тиімді болып

қала бермек.

- Қоғамдық көліктердегі камералар

медициналық бетперде

кимеген адамдарды анықтайды,

автобус ішінде қашықтықтың

сақталмауын көрсетеді. Кейін

бейнежазбалар құзырлы мекемелерге

жолданып, тасымалдаушы

кәсіпорындарға қатысты шаралар

қолданылады. Осы камералар

арқылы қоғамдық көліктердегі

жолаушылардың нақты ағынын,

олардың белгіленген кестеге сәйкес

жүруін де бақылауға болады. Бұл

өз кезегінде көлеңкелі бизнестің

алдын алып, қазынаға түсетін

салық көлемін көбейтеді, - дейді

Л.Муравьев.

Атап өтерлігі, «Цифрлы

Павлодар» бағдарламасының

аясында аулаларда, білім беру

мекемелерінде камералар орнатылып,

деректер тиісті мекемелерге

жолданып отырмақ.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл 3

БІЛІМ

Күйші есімін

қайтарған абзал

Өткен аптаның соңында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодардағы бірқатар

мәдениет және қосымша білім беру мекемелерін аралады.

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Қамданған

қапы қалмайды

Ертіс ауданында жыл санап төрт түлік

саны артуда. Мал ұстаған ағайын қыстың

қытымыр мінезіне төтеп беру үшін шөпті

артығымен дайындауға дағдыланған.

Жансері СЪЕЗБЕК

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен онлайн

брифингте Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин қысқы

маусымға дайындық барысына тоқталды.

- Жоспарға сәйкес, 76 мың тоннадан астам шөп

және 5,5 мың тонна пішендеме әзірлеу көзделген. Әзірге

69,5 мың тонна шөп дайындалды. Бұл – жоспардың 91 пайызы.

55,2 мың тонна шөп қыстаққа жеткізілді. Шығымдылығы –

орташа есеппен гектарына 8,4 центнер. Ал тоғай шөбінікі

15,7 центнерді құрап отыр, - дейді аудан басшысы.

Сондай-ақ аудандағы ірі ауыл шаруашылығы өнімін

өндірушілер саналатын «Замандас» және «Оразбаев» шаруа

қожалықтарында 5,5 мың тонна сүрлем әзірленген. «Ертіс»

тәжірибелі шаруашылығы басшылығы да бұл іске білек

сыбана кірісуде.

Өңірде жиын-терім жұмыстары да ойдағыдай жүргізілуде.

Әзірге 75 мың гектар алқаптан астық жиналған.

Соңғы жылдары жергілікті шаруалар техника паркін

жаңартуға көңіл бөлуде. Атап айтсақ, 2018 жылы 21 фермер,

2019 жылы 26 фермер, биыл 19 шаруашылық жаңа техникалар

сатып алған. Бүгінде «Қарапайым заттар экономикасы»

бағдарламасы шеңберінде 5 жоба талқыланып жатыр.

Қорғаны

мықты

ел тыныш

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов

музыкалық колледж – дарынды

балаларға арналған музыкалық

мектеп-интернат кешеніне танымал

опера әншісі және педагог Шахимардан

Әбіловпен бірге барды.

Қонақтар вокалдық ән айту мен

музыкалық аспаптарда ойнауды

үйренетін сыныптарда болды. Жергілікті

кітап қоймасында танымал өнер

иесі бұл Қазақстандағы ең үздік

музыка кітапханаларының бірі екенін

атап өтті.

- Мұнда ең тапшы ноталарды

табуға болады. Тіпті консерваторияларда

да мұндай кітапханалар жоқ.

Бұл балаларды оқытуға арналған

өте мықты база, - деді Шахимардан

Әбілов

Концерт залында колледж түлектері

мен оқушылары белгілі баяншы,

қазақстандық және халықаралық

конкурстардың лауреаты Олжас

Нұрлановтың қатысуымен музыкалық

қойылым ұйымдастырды. Музыкалық

колледждің басқа корпусында

Шахимардан Әбілов облыс әкіміне

авторлық вокал мектебін таныстырды.

Мұнда балалар академиялық ән айтуды

үйренуге және музыкалық мансапқа

алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік

алады.

Одан кейін аймақ басшысы

30 мыңға жуық грампластинка

сақталған Шафердің музей-үйін

аралады. Мекеменің негізін қалаушы

89 жастағы Наум Шафер пластинкаларды

қалай жинағаны жайлы

әңгімеледі және коллекциясындағы

жазбалар сандық форматқа аударылатынын

айтты. Музыкатанушы

қонақтарға «Қараторғай» әні жазылған

1938 жылғы пластинканы тыңдатты.

- Осындай музыкалық коллекцияны,

нағыз ұлттық қазынаны жинаудағы

орасан зор еңбегіңіз үшін көптен-көп

рахмет, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Облыс әкімі Катаев атындағы

облыстық оқушылар сарайында

да болды. Мұнда қосымша білім

беруді дамыту туралы сөз болды.

Балалар робототехникамен айналысады,

астрономия мен тілдерді

үйренеді, вокалды және музыкалық

аспаптарда ойнауды, бейне студияда

жұмыс істеуді үйренеді. Биылғы

жылы мекеме өңірдегі үздік білім

беру ұйымдарының бірі ретінде

50 миллион теңгенің сертификатын

иеленді.

Балалар көркемсурет мектебі

корпустарының бірінде Әбілқайыр

Сқақов сурет салу сабақтарына

қатысты. Бүгінгі таңда қосымша

білім беру мекемесі аймаққа жақсы

танымал. Мұнда 1 мыңнан астам бала

бейнелеу өнерін үйренеді. Мектепке

қала маңындағы ауылдардың жас

тұрғындары да келеді.

- Ұстаздарымыздың басым

бөлігі - біздің бұрынғы түлектеріміз.

Көбі оқудан соң Павлодар көркемсурет

колледжіне, Қазақстанның

басқа өңірлеріндегі және тіпті шет

елдердегі жоғары оқу орындарына

түседі. Кейін қайтып оралып, бізде

сабақ береді. Біздің мектептің

40 жылдық жұмысында осындай

сабақтастық қалыптасты,-деді балалар

көркемсурет мектебінің жетекшісі

Ләйлә Мағзамова.

Балалар музыка мектебінде

облыс әкімі ұрмалы аспаптар, домбыра,

саксофон және пианино кабинеттерінде

болды. Әбілқайыр Сқақов

мектеп орынжайларында жөндеу

жұмыстарын жүргізіп, балалар мен

педагогтар үшін қолайлы жағдай жасау

қажеттігіне назар аударды. Сонымен

қатар мекеме директорының оқу

орнына қазақтың халық музыканты

және композиторы Құрманғазының

атын қайтару туралы ұсынысын

қолдайтынын жеткізді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басы 1-бетте

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Учаскелік инспекторларға жұртшылықпен етене жұмыс

істеу ісі жүктелген. Ауыл, аудан және қалада қызмет

атқаратын учаскелік инспекторлардың міндеті ортақ.

Олар өздері жауапты аумақтағы адамдардың мәселесін

жақсы біледі. Әсіресе, жанжал шығаруға бейім адамдарды,

аз қамтылған отбасыларды, үйде қару-жарақ

ұстайтын тұрғындарды, ішімдікті жиі тұтынатын адамдарды

есепке алып, қатаң бақылайды. Күн сайын үйлерді

аралап, құқықбұзушылық фактілерінің алдын алуы керек.

Мұндай жауапты міндетті арқалап жүргендердің қатарында

Данияр Балтабай да бар. Ол - Павлодар қаласындағы

Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция

лейтенанты. Білікті маман облыс орталығындағы Усолка

шағын ауданының тәртібін бақылайды. Бір өзі 2300

пәтердегі 7 мыңға жуық адамның қауіпсіздігіне жауапты.

Учаскелік инспектордың қат-қабат жұмысы аудандағы әр

азаматпен етене танысуға мұрша бермесе де, күніне

70-ке жуық үйді аралап шығады екен. Ондағы мақсат –

жалға берілетін пәтерлерді қадағалау, рұқсат етілген

қару-жарақ сақтау талабының орындалуын бақылау,

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тексеру.

- Мемлекет басшысының Жолдауында учаскелік

инспектордың мәртебесін көтеруге ерекше мән берілді.

Жалпы, тәртіп сақшыларына халықтың көзқарасы бірдей

деп айта алмаймын. Қызметіміз жұртшылықпен етене

жақын болуға бағытталғандықтан, олардың мәселесін

барынша шешуге тырысып келеміз. Жұмыс күніміз таңғы

сағат 8.00-де басталып, кешкі сағат 23.00-де аяқталады.

Аптасына бір мәрте 24 сағат, яғни тәулік бойы жұмыс

істейміз. Өзім жауапты аумақта ішімдікке салынған,

шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтар

мен отбасылық жанжал шығаруға бейім жанұя бар.

Бұл пәтерлерге күн сайын бас сұғып, көршілерінен

де жағдайды сұрап тұрамын. Бұдан бөлек, күніне кемі

6-7 адам өтінішпен келеді. Сондай-ақ, қоғамдық көмекші

және пәтер иелері кооперативінің жетекшісімен де тығыз

байланыста жұмыс істеймін. Олар маған мәселелерді

бірлесіп шешуге көмек қолдарын созады. Болашақта

қоғамдық көмекшілердің саны артса, тиімді болар еді, -

дейді Данияр Бауыржанұлы.

Учаскелік инспектордың мәртебесін арттыру уақыт

еншісінде. Бұл мақсаттың орындалуына тұрғындар да

көмектесуі керек. Өзара түсіністік пен сыйластық барда

мамандыққа деген адалдық, полицейге деген сенім де

артады деген ойдамыз.


4

8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл ДЕНСАУЛЫҚ

SARYARQA SAMALY

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!

COVID-19: «екінші толқынға»

дайынбыз ба?

Әуелде оншалық

қатерлі жаудай

көріне қоймаған аты

жаман індеттіңқайта

оралып соғуынан

жұрт секемденіп

отыр. Мамандар күз

салқынымен бірге

вирустың да әлеуеті

күшейетінін ерте

бастан ескерткен.

Төтенше жағдай мен

карантиннен әбден

зәрезап болған ел

тұрғындары ендігі

жерде күзді демін

ішінен ала күтуде.

Қауіпке қатысты

жұрт арасында алыпқашпа

әңгімелердің

де туып жатқаны

дауыл алдындағы

қорқыныш сезіміне

орайлас болып

тұрғаны түсінікті.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Күзде карантин

қайта күшейтіле

ме?

Бұл сауалға өткен аптада ғана

Үкімет басшысының орынбасары

Ералы Тоғжанов жауап берді. Вицепремьер

онлайн брифинг барысында

қазақстандықтар күзде кезекті

локдаунға дайындалу қажет пе деген

мәселеге орай түсініктеме берді.

Қазақстандықтар әлеуметтік желі

арқылы «17 қыркүйек күні елде

COVID-19 пандемиясына байланысты

карантин қайта күшейтіледі екен»

деген ақпарат тарап жатқанын айтуда.

Журналситер Үкімет басшысының

орынбасарынан бұл ақпараттың

қаншалықты рас екенін сұрап,

қызығушылық танытты. Қараша

айында расымен күніне 5000 адам

ауру жұқтыруы мүмкін бе?

Өз жауабында Ералы Тоғжанов

елде қайтадан локдаун енгізу

жоспарланбағанын атап өтті. Оның

сөзінше, Қазақстанда коронавирус

бойынша эпидемиологиялық жағдай

тұрақталған. Бұған аурудың өсу

деңгейінің азаюы мен инфекциялық

және провизорлық стационарлардағы

төсек-орындардың босап қалғаны

дәлел болып отыр.

«Бүгінде аурудың өсуі деңгейі 0,1%

пайыз болып отыр. Бұл - эпидемияға

қарсы өткізілген шаралардың

нәтижесі. Ауруханалардағы төсекорындардың

17 пайызы ғана пайдаланылуда.

Сондықтан, бүгінде

жағдай тұрақты және карантинді

қайта енгізуге ешқандай негіз жоқ

деп айта аламын», - дейді Үкімет

басшысының орынбасары.

Медицинаның

әзірлігі қандай?

Қазақстанда коронавирус індеті

кезіне кадр тапшылығын шешу

үшін 30 мың медицина қызметкері

қосымша курстан өтті. Бұл туралы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің

ресми өкілі Бағдат Қожахметов

айтты.

- Пандемия жағдайында кадр

қажеттілігін шешу үшін Денсаулық

сақтау министрлігі өзекті мәселелер

бойынша 30 мың медицина

қызметкеріне қосымша

курстар өткізді. Сонымен қатар

медициналық жоғары оқу

орындарының оқытушылары медицина

қызметкерлері үшін тұрақты

түрде вебинарлар өткізуде. Соңғы

4 айдың ішінде республикалық

бюджет қаражаты есебінен жұқпалы

аурулардың эпидемиологиясы

және биоқауіпсіздік, инфекциялық

емес аурулардың алдын алу және

тиімді емдеу курстары бойынша

5 мыңнан астам медицина қызметкері

дайындықтан өтті. Медицина

кадрларын қайта даярлау квотасы

бойынша осы жылдың 1 тамызынан

бастап 45 эпидемиологпен

толықтырылды. 1 қарашаға таман

тағы да 205 эпидемиолог пен

165 жедел медициналық жәрдем

дәрігерімен толығатын болады, -

деді ол Орталық коммуникациялар

қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар оның айтуынша,

биылғы жылға арналған білім беру

тапсырысы аясында жұқпалы аурулар,

анестезиология мен реаниматология

мамандықтары бойынша 200

және 240 көлемінде мемлекеттік

білім беру гранттарын ұлғайту

көзделген. Ресейлік мамандарды

тарта отырып, «COVID-19-дың барлық

кезеңінде көмек көрсету» тақырыбы

бойынша сырқаттанушылығы

жоғары 4 өңірдің 200 медицина

қызметкері оқытылған. «Әрине, кез

келген дәрігерді дайындау үшін

уақыт керек. Дегенмен, індет оны

күтпейді. Сондықтан медицина

қызметкерлерінің санын арттыру

үшін осындай қадамдарға бардық», -

деді Бағдат Қожахметов.

Вакцинаны

сынауға ниетті

Коронавирусқа қарсы отандық

вакцинаны сынақтан өткізуге өз

еркімен қатысуға ниетті Қазақстан

азаматтарынан өтінім қабылдау

басталы. Белгілі болғандай, осы

қыркүйек айында 244 еріктіге

қазақстандық вакцина салынады.

Естеріңізде болса, бұған дейін

қазақстандық зертханада індеттің

жұқтырудың алдын алатын вакцина

әзірленгенін, оның Дүниежүзілік

денсаулық сақтау ұйымының

тізіміне енгенін айтқан болатынбыз.

Ендігі жерде сол вакцинаны

клиникалық тұрғыда зерттеу

кезеңі іске асырылуда.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының

ғылыми-зерттеу институты

(БҚПҒЗИ) коронавирусқа қарсы

вакцинаны зерттеуге қатысатын

еріктілерді қабылдауда. Вакцинаны

сынауға қатыса алатын еріктілердің

жасы – 18-ден 50 жасқа дейін.

Еріктілерге келесідей талаптар

қойылады: - анамнезінде COVID-19

диагнозының болмауы; - зерттеу

басталғаннан бастап соңғы 14 күнде

еріктілер коронавирус инфекциясы

зертханалық түрде расталған

немесе инфекцияға күдікті адамдармен

тығыз байланыста болмауы

керек; - созылмалы инфекциялар

мен аллергиялық реакциялардың

болмауы; - алкогольге және есірткіге

тәуелді, психикалық ауытқулары,

ауыр эндокриндік және бүйрек

сырқаттарының болмауы; - жүрек

және қанайналым жүйесінің созылмалы

ауруларымен диспансерлік

есепте тұрмауы тиіс; - жүкті және

бала емізетін әйелдер зерттеуге

қатыса алмайды.

Вакциналауға рұқсат етілгендердің

барлығы толық ақпарат алғаны

жөнінде ерікті түрде келісімге қол

қояды. Күн сайын өзін-өзі бақылау

күнделігін жүргізіп, бірнеше апта

бойы дәрігерге уақытында баруы

керек. Зерттеудің әр қатысушысына

сақтандыру беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша,

зерттеу Ұлттық фтизиопульмонология

ғылыми орталығының

клиникалық базасында жүргізіледі.

Атап өтілгендей, еріктілер туралы

барлық ақпарат құпия болып табылады

және Қазақстан Республикасының

дербес деректерді қорғау туралы

заңнамасымен қорғалады.

ҚР Денсаулық сақтау

министрлігінен рұқсат алынғаннан

кейін 2020 жылдың 20 қыркүйегінде

Алматы қаласындағы клиниканың

базасында COVID-19-ға антиденесі

жоқ 44 еріктіге клиникалық сынақ

(І фаза) басталатындығы күтіледі.

2020 жылдың қазан айының ортасында

Дүниежүзілік денсаулық

сақтау ұйымының талаптарына сай

келетін 200 еріктіге клиникалық

сынақ өткізудің ІІ фазасына

шығу жоспарланған. Клиникалық

сынақтың ІІ фазасы 2020 жылдың

желтоқсан айында аяқталуы тиіс.

Көптеген елдің (Қытай, АҚШ, Ресей)

тәжірибесін және халықты вакцинамен

қамтамасыз ету қажеттігін

қаперге ала отырып, клиникалық

сынақ фазасының санын 4-тен 2-ге

дейін қысқарту қарастырылып

жатыр. Бұл ДДҰ талаптарына қайшы

болмайды. Кандидат вакцинаның

клиникалық сынақ нәтижелерін

ДДҰ растаған жағдайда Қазақстан

институты жанындағы құрылыс

жұмыстары жүргізіліп жатқан

Иммунобиологиялық препараттар

өндірісі зауыты вакцина шығаруға

дайын. Зауыттың жобалық қуаты

жылына 60 млн. дозаны құрайды.

Құрылыс жұмысы 2020 жылдың

желтоқсанында аяқталады.

Өкпе

аппаратын

өзгеден

сұрамаймыз

Қазақстанда медициналық

құрал-жабдықтар өндірісі жаңа

даму кезеңіне аяқ басқан сыңайлы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік

өндірістерге тәуелді болу – ұлттық

қауіпсіздікке нұқсан келтіретінін

ескертіп, дәрі-дәрмек, құралжабдықтар

өндірісін құруға баса

мән беруді тапсырған болатын.

Коронавирус пен оған ұқсас

белгілері бар пневмонияның

асқыну кезінде елімізде өкпені

жасанды желдету аппараттарына

зәрулік қатты сезілген. Қоғамдық

ұйымдар қаржы жинап, Түркиядан,

басқа да елдерден жаппай сатып

алуды ұйымдастырған. Індеттің келуі

отандық медицинаның олқылықтарын

әшкере қылып, оны тез

арада жоймаса, салдары зор болатынын

ескертуде.

Кеше ғана жағымды жаңалық

жетті. Елімізде өкпені жасанды

желдету аппаратын шығаратын

өндіріс ашылды. Нұр-Сұлтан қаласында

«Қазақстан Аселсан инжиниринг»

ЖШС қорғаныс өнеркәсібінде

өкпені жасанды желдету

(ӨЖЖ) стационарлық аппараттарының

өндірісі ұйымдастырылған.

Аталмыш нысанға ҚР

Премьер-Министрі Асқар Мамин

барды.

Бұл аппарат емдеу мекемелерінде

жансақтау және қарқынды

терапия бөлімдерінде ересектер

мен балалардың өкпесін ұзақ

уақыт бойы желдетуге арналған.

ӨЖЖ аппараты ҚР Денсаулық

сақтау министрлігінің талаптарына

сай келеді және Нұр-Сұлтан

қаласындағы Көпсалалы жұқпалы

аурулар орталығында сәтті сынақтан

өтіп, медицина мамандарының

оң сараптамалық қорытындысын

алған. Бүгінгі таңда жергіліктендіру

деңгейін 30%-ға дейін жеткізумен,

оны 50% және одан да көп

пайызға ұлғайту перспективасымен

ӨЖЖ аппараттарын

өндірістік құрастыру жүзеге

асырылуда. Өндірістік цикл

кезеңінде жергіліктендіру деңгейі

«Қазақстан Аселсан инжиниринг»

ЖШС-ның заманауи

технологиялық жабдықтармен

жабдықталуының және электронды,

радиоэлектронды және оптикалық

приборлар саласындағы инженерліктехникалық

персоналдың құзыретінің

жоғарылығының арқасында артатын

болады. ӨЖЖ аппараттары өндірісіне

ҚР басқа да қорғаныс саласы

кәсіпорындарының технологиялық

әлеуеті тартылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің

жөнелтуге рұқсаты бойынша ӨЖЖ

аппараттары биыл қыркүйек-қазан

айларында еліміздің барлық өңірлері

бойынша медицина мекемелеріне

1500 дана көлемінде жеткізілетін

болады. ӨЖЖ аппараттарын құрастырумен

қатар, кәсіпорынның

инженерлік-техникалық персоналы

емдеу мекемелеріндегі медицина

қызметкерлерінің оқытылуын

қамтамасыз етеді, сондай-ақ

24/7 режимінде техникалық қолдауды

жүзеге асырады. Кәсіпорындарға

3 жыл бойы кепілдікті

қызмет көрсету мерзімі ұсынылады.

Үкімет басшысы өндіріспен танысып,

еліміздің медицина мекемелеріне

өнімдерді уақытылы жеткізуді

қамтамасыз етуді тапсырды.

Коронавирустың бірінші толқыны келгенде халық оған

психологиялық тұрғыдан дайын болған жоқ. Аурудың алдын

алу немесе одан сауығу адам психологиясына тікелей байланысты.

Сондықтан көбіміз бұл індеттің бар екеніне сенбей,

той-томалақ ұйымдастырдық. Енді күз мезгілінде, әсіресе

жұртшылық арасында, әсіресе балалар мен қарттар арасында

тұмау көбейеді. Ал ол өз кезегінде коронавирусқа ұласуы

мүмкін. Мұның алдын алу үшін қазіргі таңда С, Е, А және цинк

витаминдерін қабылдау керек, деп кеңес беруде мамандар.

Үкіметтің аурудың алдын алу жөніндегі шаралары бір бөлек,

әрқайсымыз өзіміз сақтыққа баса мән беріп, жақындарымызды

қорғауымыз керек.


SARYARQA SAMALY

8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл 5

БАС ТАҚЫРЫП

Күздің әр күні -

ырыс

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында

ауылдық жерлердегі шағын шаруашылықтарды

барынша қолдау керектігін

айтты. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің

басым бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда

өндірілетінін ескерсек, қаржылай демеу

тетіктері сол арнаға бағытталғаны дұрыс.

Фермерлер қаржылық ұйымдардың көмегін

қаншалықты пайдаланып отыр? Осы және

өзге де сауалдарымызға «Аграрлық несие

корпорациясы» АҚ-ның Павлодар облыстық

филиалының директоры Болат Аманжолов

жауап берді.

ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА - 25 ЖЫЛ

Конституцияның 25 жылдық мерейтойы қарсаңында

Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі

Нұржан Әшімбетов Нұр-Сұлтан қаласында тұратын

еңбек ардагері Әбдікәрім Қадыровпен жүздесті.

Ардагерге -

құрмет

- Болат Әменұлы, шаруаларды

қолдауға жауапты әр

қаржылық ұйымның ұсынатын

қызметі бөлек. Сіздер қандай

қолдау көрсетесіздер?

- Шаруалар мал сатып алам

десе де, техника жаңартқысы келсе

де біздің көмегімізге жүгінеді.

Одан бөлек, қаражатты суармалы

алқапты іске қосу үшін,

тауарлы сүт фермасын кеңейту

мақсатында пайдаланып жатқандар

аз емес. Мәселен, былтыр «Еңбек»

бағдарламасы шеңберінде жалпы

сомасы 714 млн. 170,4 мың

теңгені құрайтын 106 несие

үлестірілді. Нәтижесінде 1139 бас

ірі қара, 847 жылқы, 344 ұсақ

мал сатып алынды. Сондай-ақ,

15 ауыл шаруашылығы техникасы

қатарға қосылып, өзге де

техникаға қажетті қондырғыларға

қол жеткізілді.

«Кең дала» бағдарламасы

шеңберінде 40 фермер көктемгі

және күзгі науқанды ойдағыдай

атқару үшін 1 млрд.-тан астам

теңгеге көмек алды. «Сыбаға»

бағдарламасы бойынша 2280

бас аналық ірі қара, 13367 ұсақ

мал сатып алынды. «Агробизнес»

және «Агротехника», «Ырыс»,

«Қарапайым заттар экономикасы»

бағдарламалары шеңберінде де

мал сатып алып, техника паркін

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

жаңартқандар көп. Былтырғы

жылдың қорытындысы бойынша

500-ге жуық ауыл шаруашылығы

тауарын өндірушілерге қолдау

көрсетілді.

- Төтенше жағдай режимі

кезінде көмекке жүгінген

шаруа- лар көп болды ма?

- Еліміздегі карантиндік шектеулер

көктемгі егіс науқанына

тұспа-тұс келгені белгілі. Қиынқыстау

кезеңде фермерлерді

қолдауды жалғастырып, өтініштерді

кері қайтармадық. Шаруаларға

тиімді болу үшін онлайн жүйені

де іске қостық. Әдетте өтініштер

15 күннің ішінде қарастырылатын

еді. Төтенше жағдай кезінде мерзім

4 күнге дейін қысқартылды.

- Қаржыландыру кезінде

шаруалар қандай проблемаларға

тап болады?

- Негізінен өтініштер кері

қайтарылмайды десем де болады.

Кепілдік заттың бағасына қарай

тиісті қаражат үлестіріледі.

Цифрландыру жүйесіне көңіл бөліне

бастағалы құжат жинап, уақыт сарп

ету сияқты мәселелер келмеске

кетті. Шаруаларға таңдау мүмкіндігі

көп. Өз шама-шарқына қарай

ауыл шаруашылығын қаржылай

қолдау ұйымдарының көмегіне

жүгіне алады.

- Президент биылғы Жолдауында

шаруаларды қолдау

жайында айтты. Бұған сіздің

ұйым нендей үлес қоса

алады?

- Бүгінде «Еңбек» бағдарламасы

шеңберінде несиелендіру

жалғасуда. Бұл бағдарлама аясында

биылғы жылға 690 236 400 теңге

қаражат бөлінген. Бұл қаржы

ауылдық жерлердегі фермерлерді

қолдауға бағытталған. Мемлекет

басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың

Жолдауындағы айтылған шағын

шаруашылықтарды демеу шаралары

жалғаса береді. «Еңбек»

бағдарламасының талаптарына

сәйкес, мал шаруашылығын

дамытуды қолға алғандар

үшін несие мерзімі 6,5 жыл,

өсімдік шаруашылығымен айналысатындарға

3 жыл, ауыл

шаруашылығы өнімдерін қайта

өңдеу және сақтау шараларын

жүргізу үшін 6,5 жылды құрайды.

3 қыркүйекке дейінгі жағдай

бойынша, өңірде 499 несие

берілді.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Қалалық ардагерлер кеңесінің, қалалық қоғамдық кеңес, Павлодар

облыстық туберкулезге қарсы диспансері еңбек ұжымының қолдаухаттары

бойынша Павлодар қаласының мәслихаты Әбдікәрім Қадырұлына

«Павлодар қаласының Құрметті азаматы» атағын берген.

Ә.Қадыров 1956 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын

бітіргеннен бастап Павлодар облысының денсаулық сақтау

саласында 54 жыл еңбек етті. Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы,

«Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, КСРО денсаулық сақтау саласының

үздігі болып табылады. Қай қызметте болмасын Ә.Қадыров өзін

жоғары білікті маман, мықты ұйымдастырушы, өз елінің нағыз патриоты

ретінде көрсете білді. Бірнеше жас дәрігерлер буынының тәлімгері

болып табылады.

Зайыбы Күлзия Рүстемовамен 4 баланы өмірге әкеліп, олардан

8 немере көрді. Қазіргі уақытта 19 шөберенің тәрбиесіне де атсалысуда.

Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов Павлодар қаласындағы өз

әріптестерінің атынан ардагерді мерекемен құттықтап, «Павлодар

қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісі мен куәлігін тапсырды. Ардагерге

зор денсаулық, отбасының амандығын тіледі. Өз кезегінде Әбдікәрім

Қадырұлы Павлодар облысы мен қаласының басшылығының ардагерлерге

көрсеткен ықыластары үшін алғысын білдіріп, ел халқының

амандығын тіледі.

Өз тілшіміз.

Фермерлер көштен қалмайды

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары

аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру керектігін айтқан болатын. Шынымен

де, қиын-қыстау кезеңде кооператив құрамына кірген шағын шаруашылықтарға кез келген қолдау

артық етпейді.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Осыдан 3-4 жыл бұрын елімізде жаппай

кооператив құру ісі қолға алынған еді. Өңірде

мемлекеттік бағдарламалардың игілігін бірге

пайдалануға серттескен шағын шаруашылықтар

аз емес. Аймағымызда 35 шаруашылықты

біріктірген «Ертіс Агро» кооперативі қиындықтарға

қарамастан, жұмысын жалғастырып келеді.

- Бар шаруа қаражатқа байланысты.

Бұл ретте, тиісті қаржы уақытында қолға

тиіп, күзгі науқанды ойдағыдай атқарып

жатырмыз. Несиелік қаражатқа минералдық

тыңайтқыштар, техниканың қосалқы бөлшектері,

тағы басқа қажетті заттар сатып алынды.

Несиені өтеу мерзімі – осы жылдың

желтоқсанында. Жиын-терім жұмыстарын

ойдағыдай жүргізіп, берешектен құтыламыз

деген сенімдеміз. Жалпы, иелігімізде

200 мың гектар жер бар. Биыл 80 мыңнан аса

гектарға бидай, 20 мың гектарға күнбағыс, 5

мың гектарға қарақұмық егілді. Күзгі науқан

қызу жалғасуда, - дейді кооператив басшысы

Ерлан Тоқтушақов.

Кооператив құрамындағы шаруалардың

мақсаты айқын. Көбіне шетелдік тәжірибеге

сүйенгенді тәуір көреді. Елімізде шаруалардың

бірігу жүйесі енді жанданып жатқандықтан

әлемдік қауымдастыққа назар аудару заңдылық.

- Арманым - әлемдік деңгейдегі кооператив

құру. Сөйтіп, оның құрамына мыңдаған

қатысушыны қабылдау. Әлемде мұндай

қауымдастықтар жеткілікті, олар табысты

түрде жұмыс істеп, одан әрі гүлденуде. Бұл

бірлестіктер білім беру бағдарламаларына

қатысып, қайырымдылық істермен де айналысуда.

Мәселен, Германияда әр фермер белгілі

бір кооперативтің мүшесі болып табылады.

Ешкім өз бетінше жұмыс істемейді, себебі

бірлесіп жұмыс істеу тиімдірек. Халықаралық

кооперативтік альянстың мәліметтеріне сүйенсек,

әлемде кооперативтік ұйымдарда 700 миллиондай

адам жұмыс істейді. Яғни, жердің

әрбір оныншы тұрғыны! 300 ірі кооператив

жылына 2,1 трлн. доллар өндіреді. Оңтүстік

Кореяда орналасқан ең ірі кооперативтің

бюджеті Қазақстан бюджетінен төрт есе

көп. Қандай көлем екенін елестетіп көріңіз! –

дейді Е.Тоқтушақов.

Соңғы кезде кооператив өкілдері Канаданың

ауылшаруашылық министрлігімен байланыс

орнатып, жұмыстарын жандандыруда.

Сондай-ақ, фермерлер шет елге барып,

тәжірибе алмасып жатқан көрінеді.

- Біз жұмысымызды ақшадан емес, технологиядан

бастадық. Соның арқасында

бидайдың көптеген түрін, майлы дақылдарды,

бұршақ және мал жемшөбінің бірқатар

түрін өсіруді мықтап қолға алдық. Бұған

дейін фермерлердің көбі сапалы тұқымның

жоқтығынан және өсіру технологияларын

түсінбегендіктен бұл істен алыс болатын.

Құрылғаннан бері, яғни, 4 жыл ішінде

мемлекет тарапынан 6,2 миллион теңге

субсидия алдық. 115 миллион теңге салық

төледік. Яғни, мемлекетке алған ақшамызды

20 есе етіп қайтардық, - дейді кооператив

басшысы.

Павлодар облысында жерді суаруға

мүмкіндік беретін Ертіс өзені бар. Ал өзеннің

мүмкіндігін пайдалана алмайтын шаруалар не

істеуі керек? «Бізде жер асты сулары түрінде

үлкен ресурстар бар, оларды тиімді пайдалану

керек. Осыдан 10 жыл бұрын АҚШ-та

болдым. Орегон сияқты климаты ең құрғақ

штаттарда фермерлердің 70 пайызы егіс

алқабын жер асты сулары арқылы суарады

екен. Яғни олар артезиан құдықтарын пайдаланып

отыр. Осыны іске асырсақ құба-құп», -

дейді Е.Тоқтушақов.


6 8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл

SARYARQA SAMALY

ҒЫЛЫМ

Өміршең жобаға өріс кең

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы

Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында

жас ғалымдардың ғылыми жобаларына қолдау көрсетіп,

пайдаға асырудың маңыздылығын атап өтті. Расында,

өндіріс саласын өрістеткісі келетін өнертапқыштар

қашанда қолдауға лайық. Солардың қатарында

Toraighyrov University инженерия факультетінің профессорлары

мен студенттері ойлап тапқан ғылыми жобалар

өміршеңдігімен танылып отыр.

Тілеуберді САХАБА

Президент маңызды құжатта: «Үкіметке

жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында

500 ғалымның тағылымдамадан

өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ,

«Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу

жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын»

деп атап өтті. Бұл – елдегі жас ғалымдар

мен өнертапқыштардың ізденісіне тың

серпіліс сыйлап, болашақтарына үлкен

үміт тудырғаны айдан анық.

Toraighyrov University инженерия факультетінің

деканы Қайратулла Әбішевтің

сөзінше, оқу орнында болашағынан мол үміт

күттіретін жас ғалымдар баршылық. Олардың

қатарында университет пен облыс әкімдігінің

жаңа жобаларды қаржыландыруға

арналған гранттарына қатысып, жеңімпаз

атанып жүргендер де бар.

- Биыл Рамис Заитов бастаған өнертапқыш

студенттер электр күшімен жүретін

катамаран жобасын ойлап тауып, оны іске

қосты. Қазіргі таңда Ертіс өзенінде сынамадан

өткізіп жатырмыз. Жақында жоба

авторлары облыстық кәсіпкерлік және сауда

басқармасы жариялаған конкурсқа қаты-

сып, 5 миллион теңгенің грантын ұтып алды.

Міне, соның нәтижесінде әлгі катамаранды

әлі де жетілдіріп, жылжымалы демалыс

үйіне айналдыруды жоспарлап отыр. Сонымен

қатар, біздің жас ғалымдардың бастамасымен

коммуналдық салаға арналған

шағын трактор жобасы дайындалды.

Онымен тұрмыстық қоқыс қалдықтарын және

қыс мезгілінде ауланың қарын шығаруға

болады. Жас ғалым-дардың жаңалықтары

қолдау тапса, нұр үстіне нұр болар еді, -

дейді факультет деканы.

Toraighyrov University профессоры Иван

Шукмиктің тағы бір ауқымды ғылыми

жобасы да кісі қызығарлық. Ол - ауыл

шаруашылығы саласына, соның ішінде мал

өсірушілерге таптырмайтын жел энергетикасы

құрылғысы. Желден энергия тудыратын

қондырғының макеттік жобасы оқу

орнының шеберханасында тұр. Қазіргі күні

жас ғалымдар оны жетілдіріп, толықтыра

түсу үшін жан-жақты зерттеулер жүргізуде.

Айтуларынша, қондырғылар әмбебап әрі

біздің аймақтың ауа райына шыдас беретін

болуы керек.

- Мұны екі мақсатта пайдалануға

болады. Біріншісі – электр желісі жетпеген

алыс жердегі фермаларға қойып, жарық

алуға болады. Екіншіден, ол өндіретін

энергия күшімен жерден су тартып шығаруға

болады. Бір ерекшелігі, қондырғы қалыпты

жылдамдықта жұмыс істейді. Мысалы, жел

күшейсе, әдеттегіден жиірек айналып кетпейді.

Сондай-ақ жел тым баяулап, басылып

қалғанда да бірден тоқтап қалмайды, -

дейді машина жасау және стандарттау

кафедрасының оқу-зертхана меңгерушісі

Андрей Ткачук.

Айта кетейік, Toraighyrov University инженерия

факультетіне алты кафедра қарайды.

Мұнда барлығы 1800 студент білім алуда.

Оқу орны әкімшілігі мен жергілікті өндіріс

орындары арасында арнайы келісімшарт

бар. Мысалы, Павлодар мұнай-химия зауытымен

бірлесіп дуалды оқыту жүйесін жүзеге

асырған. Яғни, механика және мұнай-газ

ісі кафедрасында оқитын студенттер бес

жұмыс күнінің үш күнін университетте

өткізсе, қалған екі күнінде зауытқа барып,

тәжірибелерін шыңдайды.

ҚАШЫҚТАН ОҚУ

Алғашқы аптадан не түйдік?

Оқу жылының алғашқы аптасы да артта қалды. Көп мектептер

үшін қашықтан білім беру форматында басталған бұл кезеңде

қиындықтар кездескені айтпаса да түсінікті. Өңірімізде алғашқы

апта қалай өтті?

Павлодар қаласында тұратын Қасымхановтар

отбасынан биыл екі бала мектепке

барды. Олардың кішісі бастауышта болғандықтан,

кезекші сыныпқа қабылданса,

5-сыныпқа көшкен қызы үйден оқуда. Кезекші

сыныпқа барып жүрген баласының

көңіл күйі, оқуға деген белсенділігі ойдағыдай.

Үйдегі үлкені мектепке барғысы келеді.

Бірақ, талап ортақ болған соң мойынсұнуға

тура келеді дейді балалардың анасы

Махаббат.

- Өткен жылдың төртінші тоқсанынан

көп сабақ алдық. Сондағы қиындықтармен

осы күзде қайта кездеспес үшін жазда

онлайн сабақтарға қатысып, қашықтық

форматта білім алуға дағдыланған едік.

Жазғы демалысты бос өткізбей, әртүрлі

онлайн олимпиадаларға жазылып, қатысқанбыз.

Міне, соның арқасында жаңа оқу

жылын тәуір бастадық, алғашқы апта

аса қиынға соққан жоқ. Үйдегі балалар

мұғаліммен ZOOM жүйесі арқылы байланысып,

тілдесіп жатыр. Әзірге аса қиын

тапсырмалар болған жоқ. Алғашқы күні

сынып сағаты өтіп, одан соң қашықтық

жүйеге дағдыландыру, үйрету шаралары

жүргізілді. Дегенмен, ата-ана балаларын

үнемі бақылап, қадағалап отырмаса

болмайды. Үнемі үйде отырғандықтан,

баламыздың сабақ кезінде ойы басқа

жаққа ауып кетеді. Екіншіден, сабақ

күнде бір уақытта емес, әртүрлі сағатта

басталып жүр. Мысалы, бейнесабаққа бір

күні таңертең қосылсақ, енді бірде түсте

шақырады. Бала бір тәртіпке, бір жүйеге

үйренуі үшін белгілі бір уақытты бекітіп

қойған жөн болар, - дейді Махаббат

Қасымханова.

Облыс орталығындағы Б.Момышұлы

атындағы орта мектебі директорының

орынбасары Жанат Рақышеваның сөзінше,

жоғары сынып оқушылары жаңа оқу жылына

тәуір дайындықпен кіріскен. Барлық баланың

үйінде сапалы интернет орнатылған.

Аз қамтамасыз етілген және көпбалалы

27 отбасына уақытша компьютерлер берілді.

Ал, бастауыш сынып мұғалімдерінің

жүктемесі бұрынғыдан екі есеге артқан.

Мысалы, бір сыныпта 20 бала болса, оның

барлығын бір уақытта сыныпқа отырғызуға

болмайды. Екіге бөліп, екі ауысым

бойынша сабақ береді. Әдетте бір мұғалімнің

жүктемесі 15 сағат болса, екі топқа

бөлінгенде 30 сағат жұмыс істеуге тура

келеді. Дегенмен, айлық еңбекақыларында

бұл өзгерістердің барлығы есептелетін

көрінеді.

- Біздің мектептегі ата-аналардың

көпшілігі балаларының дәстүрлі форматта

білім алғанын қалайды. Негізі бастауыш

сынып оқушыларының 70 пайызы мектепке

келіп жүр. Барлық санитарлық талаптар

сақталған. Оқушыларды үзіліске әртүрлі

уақытта шығарамыз. Ал бұған дейін

онлайн оқытамыз деп шешім қабылдаған

ата-аналардың көбі балалары қайтадан

мектепке келіп білім алса деп өтініш

білдіруде. Біз барлық ұсыныстарды қалалық

білім беру бөліміне жібереміз. Алайда,

өтініштердің барлығын қанағаттандыру

мүмкін емес. Қосымша кезекші сыныптарды

ашуға кабинеттеріміз жетпейді.

Сондықтан, жағдай тұрақталғанша осы

жүйені сақтай тұруға тура келеді, - дейді

Жанат Еркінқызы.

Екібастұз қаласындағы мамандандырылған

«Зерде» дарынды балалар мектебінің

мұғалімі Қымбат Қапашеваның сөзіне

сүйенсек, өткен оқу жылының соңғы тоқсанымен

салыстырғанда қазір жағдай

оңалған. «5, 6, 9-сыныптарға қазақ тілі

мен әдебиет пәнінен сабақ беремін.

Барлығы қашықтан жүріп жатыр. Атааналармен

де жақсы тіл табысып

жатырмыз. Психологиялық дайындығы

жоғары екенін аңғардық. Дей тұрғанмен,

5-сынып оқушылары бұл жүйеге жедел

қалыптаса алмай жатқанын жасыруға

болмайды. Себебі, олар цифрлық форматқа

әлі дағдыланбаған. Сондықтан, біраз

уақыт керек. Қазір бір сабаққа 40 минут

уақыт берілген. Оның 10-15 минутында

ZООМ-мен байланысқа шығамыз. Ал

қалған уақытта daryn.online, Kundelik.kz

және Classroom платформаларында берілген

тапсырмаларды орындауға арнаймыз»,

дейді ол.

Осылайша ұстаздар қауымы оқу жылының

алғашқы тоқсаны кездескен қиындықтарға

қарамастан нәтижелі өткенін хабарлауда.

Бұл ерекшелік біраз оқушылар үшін

кедергілер тудырғанымен, балалардың

жаңа форматтағы оқуға төселіп кететіні

анық. Ең бастысы, ұстаздар мен атааналар

балаларға психологиялық тұрғыдан

демеу болған дұрыс деп есептейміз.

С

Т.МАРХАБА.


SARYARQA SAMALY

8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл 7

Жалпыұлттық жоспары

жасалады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы

Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қазіргідей

сын сағатта еліміздің дамуына аса қажетті бағыттар нақты

көрсетіліп, тапсырмалар берілген болатын. Олардың

бірі қазіргідей дағдарыстық жағдайда экономиканы жандандыруға

қатысты болса, екіншісі - қашықтан оқытуда

отандық білім платформаларының жоқтығы, зейнетақы

жинағының бір бөлігін азаматтардың баспана, денсаулығын

жақсарту мәселесін шешуға жұмсауына рұқсат беру

секілді келелі бағыттар. Президент Жолдауының барлық

бағыттарын іске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспар

жасалады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-

Министрі Асқар Мамин айтты.

- Президент мемлекеттік басқаруды

жетілдіру, кадр саясатын, шешім қабылдау

және олардың орындалуы үшін жауапкершілік

жүйесін қайта қарау бойынша бірқатар

тапсырмалар берді. Бірқатар, оның

ішінде Мемлекет басшысына бағынысты

мемлекеттік органдар құрылады. Осы

міндеттерді орындау үшін Үкімет жедел

және нақты шаралар қабылдауы қажет», -

деді ол.

Үкімет басшысы Президент Жолдауының

барлық бағыттарын іске асыру бойынша

Жалпыұлттық жоспар жасалатындығын

айтты. «Мемлекет басшысының Жолдауын

толық және уақытында іске асыру

үшін қажетті ресурстар мен құралдар

бар. Осы ретте Жолдауды белгіленген

міндеттерді тиімді орындау бойынша

үйлесімді жұмысты қамтамасыз етуіміз

қажет. Мемлекеттік органдарға Жалпыұлттық

жоспар бойынша ұсыныстарын

4 қыркүйекке дейін Ұлттық экономика

министрлігіне енгізуді тапсырамын. Келесі

отырыста Мемлекет басшысының бекітуіне

енгізу үшін Жалпыұлттық жоспардың

жобасын қарастырып, мақұлдауымыз

керек», - деді Асқар Мамин.

Шағын және орта бизнеске Үкімет

тарапынан қандай қолдау шаралары

болатынын ҚР Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары Әлихан Смайылов

айтып берді. «Бизнестің жол картасы -

2025» мемлекеттік бағдарламасының

жаңа бағыты аясында Мемлекет басшысының

тапсырмасына сәйкес, шағын және

орта бизнеске қосымша көмек көрсету

мақсатында соңғы заемші үшін жылдық

ставкасын 6 пайызға жеткізе отырып,

ШОБ-тың қолданыстағы кредиттерінің

пайыздық ставкасын субсидиялау жүргізіледі.

Судсидиялау төтенше жағдай

режимі жарияланған сәттен бастап

12 айлық кезеңді жабады», - деді бірінші

вице-премьер Үкімет үйіндегі баспасөз

мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бизнес ахуалды

одан ары жақсарту үшін кешенді шаралар

қабылданады. Бұл тәуекелдерді

басқару жүйесін автоматтандыру, барлық

реттеушілік талаптарды тексеруді

және оларды қысқартуды қамтиды.

«Қазіргі уақытта Кәсіпкерлік кодексін

бекіте отырып, реттеушілік апелляция

институтын енгізу бойынша шаралар

дайындалып жатыр. ШОБ субъектілері

осы жылдың соңына дейін республикалық

және коммуналдық меншік нысандары

бойынша жалға алу төлемін төлеуден

босатылады. Мұндай шара квазимемлекеттік

нысандарға да қолданылады.

Зардап шеккен салалардағы ШОБ

субъектілері Жалақы төлеу қорынан

зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру

қорына және медициналық

сақтандыру қорына төлем аударудан

жылдың соңына дейін босатылады.

Орта шикізаттық емес кәсіпорындарға

бағдарланған экспорттық акселлерация

бағдарламасы іске қосылады. Кәсіпкерлікті

қолдау үшін қосымша 200 млрд.

теңге бөлініп, жеңілдік ставкамен айналым

капиталын кредиттеу көлемі 800 млрд.

теңгеге дейін жеткізіледі және бұл бағдарлама

2021 жылдың соңына дейін ұзартылады.

Жоғарыда аталған шаралардың

барлығы 2025 жылға қарай жалпы ішкі

өнімдегі ШОБ үлесін 35 пайызға дейін

арттыру және бұл салада жұмыспен

қамтылғандар санын 4 млн. адамға дейін

жеткізу тапсырмасын орындауға септігін

тигізеді», - деді Әлихан Смайылов.

Бүгінде елімізде салықтар мен алымдардың

40-қа жуық түрі бар. Салықтық

міндеттемелерді орындауды барынша

жеңілдетіп, салықтар мен өзге де төлемдердің

санын азайтқанда ғана шағын және

орта бизнестің тынысы ашылары анық.

Ал бұл бағытта Үкімет не істемек? Бірінші

вице-премьердің сөзіне қарағанда, салық

міндеттемелерінің орындалуын жеңілдету,

салықтар мен төлемдер санын азайту

мақсатында ұлттық заңнамаға толық

тексеру жүргізіледі. Бұл жұмыс қазіргі

уақытта басталып та кеткен. Барынша

зардап шеккен сектордағы шағын және

орта бизнес үшін айналымнан жекелеген

салық төлеу құқығын енгізу мәселесі де

пысықталу үстінде.

Еліміздің білім беру саласында заман

талабына сай келмейтін тұстары анықталып

отыр. Анықтаушы – сол індет.

Қашықтықтан оқыту барысында отандық

бірыңғай білім беру платформасының

жоқтығы көрінді.

Білім және ғылым министрі Асхат

Аймағамбетов осы мәселе туралы кеңірек

айтып берді. «Мемлекет басшысы орта

білім бойынша қашықтан оқыту платформаларының

мүмкіндігін арттыру тапсырмасын

бергенін білесіздер. Біркелкілендіру,

ортақ талаптар қою бойынша жұмысты

бастап кеттік. Әрі қарай бұл жұмысты

жалғастырып, тиісті деңгейде орындайтын

боламыз», - деп сендірді министр.

Мемлекет басшысы Жолдауында ұстаздардың

жалақысын 2021 жылдың қаңтар

айынан бастап 25 пайызға көбейтілетіні,

бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша

1,2 триллион теңге бөлінетіні айтылған

еді. Осы мәселеге орай министр қажетті

қаражат бюджетте қарастырылып қойғанын

айтады. Бұған қоса, осы жылдың

қыркүйек айының өзінде ұстаздардың

дәптер тексеру бойынша үстемеақысы

2 есе көбейіп, сынып жетекшілігі үшін

алатын үстемеақысы да екі есе

арттырылған екен. Ал магистратура бітірген

ұстаздарға магистрлік деңгейіне

сәйкес айына қосымша 27 мың теңге

төлене бастамақ. Жолдауда 6 жасқа

дейінгі балаларды мектепке дейінгі

тәрбиемен және біліммен 2025 жылға

қарай 100 пайыз қамту міндеті қойылған

еді. Осы мәселеге орай пікір білдірген

Асхат Аймағамбетов 6 жасқа дейінгі

балаларды балабақшамен 100 пайыз

қамту мәселесін іске асырудың екі

ерекшелігіне тоқталады. «Біріншіден, бұл

тапсырманы мемлекеттік тапсырыс беру

арқылы жекеменшік балабақшаның үлесін

арттыру есебінен орындаймыз. Қысқа

уақыттың ішінде жекеменшік секторды

дамытудың арқасында өзгеріс болды.

Қамту пайызы өсті. Ары қарай осы

бағытпен жұмыс істеп, балаларды балабақшамен

қамту мәселесін шешеміз»,-

деді министр. Оның айтуынша, екінші

ерекшелік – ваучерлік тетік. «Ваучерлік

тетік дегеніміз не? Мәселен, бүгінде атаана

баласының кезегі келгеннен кейін

қай балабақшаға баратынын мемлекет

көрсетіп береді. Енді мұнан кейін

Мемлекет басшысының тапсырмасы

бойынша ваучерлік тетік қолданылады.

Яғни, ата-ана өзінің ваучерін алып,

өзіне ұнаған, тиімді деген балабақшаны

таңдайды. Қазіргі уақытта облыс не

қаланың, ауданның білім бөлімдері, басқармалары

конкурс өткізіп, қай балабақша

мемлекеттік тапсырыс алатынын анықтаса,

енді ата-ана өзі таңдайды. Бұл ең алдымен

бәсекелестікті арттырады. Ал бәсекелестік

болғанда сапа жақсарады. Сондықтан

бұл - өте маңызды тапсырма», - деді

Асхат Аймағамбетов. «Мемлекет басшысы

ауыл, қала мектептерін дамыту, әсіресе

жалпы білім беруді дамыту бойынша да

тапсырма берген еді. Бұл тапсырманы

орындау үшін де министрлік тиісті

жұмыстар жүргізе бастамақ. «Ең алдымен

шағынжинақты мектептерге қатысты.

Оларда бірнеше проблема бар. Біріншісі -

ұстаздардың жетіспеушілігі, екіншісі -

материалдық-техникалық базасы, білім

деңгейі. Сондықтан осы тұрғыда жұмыс

жүргіземіз. Еңбекақы төлеу тетігін өзгертеміз.

Ұтқыр мұғалім, интернат салу,

әдістемелік көмек, оқыту жұмыстары,

жалпы материалдық-техникалық базаны

жаңарту бойынша іс-шаралар қабылданады»,

- деді ол.

Айта кетерлігі, балалар мен жастардың

шығармашылық әлеуеті мақсатында

өңірлерде ұлттық қолөнер орталықтарын

ашу жоспарланып отыр. Мұны жоғарыда

аталған баспасөз мәслихатына қатысқан

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі

Нұрқиса Дәуешов айтқан болатын. Оның

атап өтуінше, балаларды шығармашылыққа

жаппай тартудың осындай қағидаты

бойынша республикалық және жергілікті

деңгейдегі мәдениет ұйымдарында шығармашылық

үйірме құруға бастамашылық

жасалады. Бұл балаларды дамыту мақсатында

бос уақытын тиімді пайдалануды

қамтамасыз етіп, талантты баланы ерте

анықтауға ықпал етеді.

Сонымен қатар, мәдениет және өнер

ұйымдарында белсенді ересектермен

өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті жағдай

іске асырылады. Мұнан бөлек, 2021 жылғы

1 қаңтардан бастап мәдениет және

спорт саласындағы мамандандырылған

мектептер мен колледждер қызметкерлерінің

жалақысы 2023 жылға дейін жыл

сайын 25 пайызға ұлғаятын болады. Ал,

бүгінде ҚР Парламенті Мәжілісінде қарастырылып

жатқан бұқаралық спортты

дамытуға бағытталған заң жобасы аясында

мемлекеттік білім ұйымдарының педагогтарына

сабақтан тыс спорт сабақтарын

жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан

100 пайыз мөлшерінде қосымша

ақы енгізу мәселесі пысықталу үстінде.

Ал зейнетақы жинақтарын пайдалану

тетігі қандай болмақ екенін ҚР Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Біржан Нұрымбетовтың айтып бергенін

газетіміздің өткен санында жазған болатынбыз.

Министрдің айтуынша, негізгі

қағидат – зейнетақы жинақтары жинақтаушы

зейнетақы жүйесінен азаматтарды

болашақта зейнетақымен қамсыздандыру

үшін қажет. Сондықтан белгілі бір

сома зейнетақы шотында қалуы керек.

Осы соманың артығын азаматтар өз

қалауы бойынша жоғарыда көрсетілген

қажеттіліктеріне пайдалана алады.«Барлық

зейнетақы жинағын үлестіру міндеті тұрған

жоқ», - деді Б.Нұрымбетов. Жоғарыда

көрсетілген қажеттіліктер үшін Бірыңғай

зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ)

жинақтарының бір бөлігін алу құқығын

министрдің айтуынша, біріншіден,

зейнетақы жинақтары бар еңбекке

қабілетті жастағы азаматтар «жеткіліктілік

шегі» деп аталатын соманың бір бөлігін

(бұл шамамен 529,7 мың адам) пайдалана

алады. Екіншіден, БЖЗҚ-да жинақтары

бар зейнеткерлер қалған соманың 50%-

на дейін (шамамен 178,4 мың адам)

пайдалана алады. Азаматтардың осы

санатында жиынтық зейнетақы (жасына

байланысты зейнетақыны, базалық

зейнетақыны және БЖЗҚ-дан төлемдерді

қоса алғанда) жоғалған табыс (бұрын

алынған жалақы) мөлшерінің кемінде

40%-ын құрауы тиіс. Үшіншіден,

зейнетақы аннуитетін ресімдеген және

әлі де жинақтары бар азаматтар – БЖЗҚда

қалған соманы пайдалана алады

(шамамен 13,3 мың адам). «Осылайша,

зейнетақы жинақтарының бір бөлігін

мақсатты пайдалану мүмкіндігін 721 мыңнан

астам қазақстандық пайдалана

алады», – деді Біржан Нұрымбетов.

Бұл жолғы Президент Жолдауы қазіргі кезеңнің талап етіп

отырған басым бағыттарын көрсетіп бергені анық. Яғни,

Үкіметке, құзырлы министрліктерге, жергілікті әкімдіктерге,

атқарушы органдарға Президенттің тапсырмаларын

іске асыру бойынша жеделділік пен кәсібилік қажет болады.

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.


Бақытты адам концепциясы

Тарихтың «құм

басқан» көне «рухани

күмбездерінің» ішінде

алыстан мұнартып,

жақындаған сайын

жарқырай түсетін

Әбу Насыр Мұхаммед

ибн Ұзлағ ибн Тархан

әл-Фарабидің тұлғасы

биіктей түседі. Қазақ

елі көп уақытқа дейін

әл-Фарабиді біле

бермеді. Оның есімі

шығыстанушылардың

еңбектерінде аталып

жүргенімен, өзіне

лайықты бағасын

толық ала алмай келді.

1975 жылы жарық көрген өзбек

ғалымы М.Хайруллаевтың «Мировоззрение

Фараби и его значение

в истории философии» (Ташкент,

1967), «М.Фараби: эпоха и учение»

(Ташкент, 1975) атты монографиялық

зерттеулері шығып, осы тақырыпта

докторлық диссертация қорғағаннан

кейін барып қазақ ғалымдары бұл

мәселеге назар аудара бастады.

Әл-Фараби – ғылымның барлық

саласымен дерлік, айналысып,

150-дей ғылыми трактат жазып,

артына өшпес мұра қалдырған

энциклопедист ғұлама, орта

ғасырлардағы түркілік, исламдық

өркениеттің жарық жұлдызы. Оның

есімі әлемдік өркениеттің тарихында

әйгілі ойшыл, философ, математик,

физик, астроном, әлеуметтанушы,

тілші, сөз өнерін, саз өнерін зерттеуші

ретінде кеңінен танымал болды.

Ол «Ғылымдардың жіктелуі

туралы сөз» атты еңбегінде ғылымды

бес салаға бөліп жіктейді:

«біріншісі – тіл білімі және

оның бөлімдері;

екіншісі – логика және оның

бөлімдері;

үшіншісі – математикалық

ғылымдар. Бұлар: арифметика,

геометрия, оптика, тәлімдік астрономия,

музыка ғылымы, ауырлық

туралы ғылым, механика;

төртіншісі – физика және оның

бөліктері, діни ілім және оның

бөлімдері;

бесіншісі – азаматтық ғылым

және оның бөлімдері, діни ілім

және оның бөлімдері» (Әбу Насыр

әл-Фараби. Таңдамалы трактаттары.

Алматы, «Арыс», 2009, 15-бет).

Орта ғасырлардағы ғылым

біртұтас, әлі іштей жіктеліп, жеке

сала болып қалыптаса қоймаған

болатын. Сондықтан да ғалымдар

өмірдің, барлық ғылым салаларының

ортақ әмбебап заңдылықтарын

зерттейтін философ болды.

Әл-Фараби еңбектерінің салмақты

жағы ғылымның философиялық

мәселелерін зерделеуге арналған

еңбектерінде ғылымның аса маңызды

проблемалары көтеріліп, ғұламаны

асқан ойшыл, кемеңгер философ

ретінде әлемге танытты.

Идеализм мен исламның негізгі

қағидаларынан бастау алатын

әл-Фарабидің философиясы материализмге

арқа сүйейтін Батыстың

философиясынан өзгешелеу келеді.

Ғалым мұрасын зерттеушілер

әл-Фараби философиясына тірек

болған үш дәйектемені көрсетеді: «1)

дүниені мәңгілік деп тану; 2) зерттеу

принципі ретіндегі детерминизм; 3)

парасат жайындағы ілім, бұл ілімнің

адам жанының мәңгі өлмейтіндігі

бекер дейтін қорытындыға бейім

тұрғандығы» (Б.М.Кедров, Ш.Е.Есенов,

А.Х.Қасымжанов. Әл-Фарабидің

философиялық көзқарастары.

Кітапта: Әбу Насыр әл-Фараби.

Бақыт туралы кітап. Алматы, 2015,

20-бет).

Әл-Фараби ғылым салаларын

жүйелегенде, ең алдына тіл білімін

қояды. Өйткені, «Бұл айтылғандардың

барлығын пайымдау жолымен – өз

ойымызды қалай жеткізу керектігінен,

үйрету немесе үйрену керектігінен,

қалай баяндау, сұрау, жауап беру

керектігінен абстракциялану арқылы

таптық. Осы себепті барлық

ғылымдардың ішіндегі ең бірінші

ғылым тіл туралы ғылым деймін.

Ол заттарға, яғни субстанция мен

акциденцияларға атау береді. Екінші

ғылым – грамматика, ол атауларды

қалай реттеу керектігіне, субстанциялар

мен акциденциялардың

орналасуын білдіретін сөздер мен

сөйлемдерді және содан шығатын

салдарларды құрастыруға үйретеді».

Бұл жерде ғұламаның адамның адам

ретіндегі саналы тіршілігінде, адамның

өмірдің құпияларын танып-білуіне

көмектесетін ғылыми ізденістерінде

тілдің айрықша орнына ерекше

мән бергендігі көрінеді.

Әл-Фарабидің анықтауынша, тілдің

сан қырлы қызметі тікелей логикамен

байланысты: «Ол қорытынды

алу үшін логикалық фигураларға

сай баяндауыш сөйлемдерді қалай

орналастыру керектігіне үйретеді.

Солардың арқасында біз танымағанды

танимыз, ненің ақиқат, ненің жалған

екендігі туралы пікір айтамыз» (сонда).

«Поэзия (өнері) туралы» трактатында

ол негізінен, арабтың

сөз өнері жайлы ойларын басқа

елдермен салыстыра отырып,

әңгімелейді. Өлеңдегі дыбыстың,

ырғақтың, басқа да бөліктердің,

шарттардың, айтылымның үйлесім

табуы заңдылық дейді. Бұл жерде

сөз өнерінің бейнелеушілік сипаты

басқалармен салыстыра отырып,

дәл көрсетеді.

Оның «Поэзия (өнері) туралы»

трактатындағы «Демек, өнер екі

түрге бөлінеді: біреуінің мақсаты

тамаша көркемдікке ие болу,

екіншісінің мақсаты пайдаға ие

болу»; «Тек тамаша көркемдікке

жетуді мақсат ететін өнер философия

деп немесе абсолюттік

мағынада айтқанда, даналық деп

аталады» (сонда, 35-бет) деген

пікірлері күні бүгінге дейін өзінің

маңызын жойған жоқ. Ғұламаның

«Барлық поэтикалық шығармалар

бір нәрсені қиялмен жақсы бейнелеу

үшін ғана шығарылған» (233-бет)

деген ой түйінінде сөз өнерінің

басты қасиеті ашылған.

Ғалымның «Қайырымды қала

тұрғындарының көзқарастары

туралы трактат», «Бақытқа жету

жайында», «Бақыт жолын сілтеу»,

«Азаматтық саясат», «Соғыс пен

бейбіт өмір туралы кітап», «Қоғамды

зерттеу кітабы» еңбектерінде адам

қайтсе, бақытты болады, адамдар

бақытты өмір сүре алатын қоғамдық

құрылыс қандай болуы керек? деген

сауалдар төңірегінде мәселенің

мәніне тереңдеп барады.

Әл-Фараби қоғам дұрыс болу

үшін онда өмір сүретін адамдар

дұрыс болу керек деп біледі. Ал

адамдардың алдына белгілі бір

мақсат қойып, соған жету үшін

барынша ұмтылатыны белгілі. Сонда

адам тіршілігінің бар мәні бақытты

болуға саяды. «Екінші ұстаз» адам

өмірінің ең жоғары сатысы саналатын

«бақыт» категориясына тоқталып,

оған философиялық тұрғыдан сипаттама,

терең талдаулар жасайды.

Ол «Адамзат кемелдігінің ең биік

дәрежесіне жеткен» адамды бақытты

адам санайды. Адам бақытты

болу үшін ол өмір сүріп отырған

елдің басшысы да кемел адам

болуы керек», «Адамдар ішіндегі

ең таңдаулы жан бірінші басшы

болуға тиіс» деп біледі. Осындай

оймен басшыға қойылатын алты

талапты атайды:

«Бірінші шарт – дана болу.

Екінші шарт – қалаға арнап

бірінші имамдар (басшы, Д.Ы.)

белгілеген заңдарды, ережелер

мен әдет-ғұрыптарды жадында

сақтап, жетік білу, өзінің барлық

іс-әрекетін осыларға сәйкес жүргізу.

Үшінші – бұрынғылардан тиісті

заң сақталмаған жағдайда, бірінші

адамдардың үлгісімен әрекет жасай

отырып, бұл жөнінде тапқырлық

көрсету.

Төртінші – бірінші имамдар

аңдай алмаған нәрселерді бұрыннан

қалыптасып қалған жағдайды да,

болашақ оқиғаларды да қалаған

кезінде танып-біліп отырарлықтай

тапқыр да білгір болу; өзінің осындай

іс-әрекетінде ол халықтың әл-ауқатын

жақсартуды мақсат етуге тиіс.

Бесінші – бірінші имамдардың

заңдарын және солардан кейін,

олардың үлгісі бойынша өзі белгілеген

заңдарды орындауға жұртты өз

сөзімен жігерлендіре білу.

Алтыншы – әскери істерді жүргізу

үшін қажетті дәрежеде қайратты

болу, оның бер жағында әскери

өнерді қызмет бабындағы өнер

ретінде және билеуші өнер ретінде

біліп алу».

Ғұлама «Адамдар ішіндегі ең

таңдаулы жан бірінші басшы болуға

тиіс...» (сонда, 356-бет) деп, негізгі

ойын нығырлай түседі. Сонда

ең таңдаулы, кемелдікке жеткен

бақытты адам қандай адам? Бұл

сауал – адамзат қоғамын Адам-ата

жаралғалы бері ойландырып келе

жатқан мәңгілік мәселе. Әл-Фараби

«Бақыт жолын сілтеу», «Бақытқа жету

жайында», «Мемлекеттік қайраткердің

нақыл сөзлері», «Қайырымды қала

тұрғындарының көзқарастары» секілді

еңбектерінде осы мәселеге тереңдей

барып, күні бүгінге дейін өзінің

құнын жоймаған бағалы пікірлер

айтты. Жаһанданудың салдарынан

әлем дағдарысқа, тоқырауға ұшырап

отырған мына заманда әл-Фарабидің

гуманистік идеяларға негізделген

ғылыми ой-пікірлерінің өміршеңдігі

көрініп тұр.

Әл-Фараби өмірге келген әрбір

адам бақытты болу үшін өмір

сүреді дейді: «Бақыт – әрбір адам

ұмтылатын мақсат...» (Әл-Фараби.

Әлеуметтік-этикалық трактаттар.

Алматы, «Ғылым», 1975, 3-бет), «Жан

біткеннің бәрі ең биік кәмелеттікке

жету үшін жаралған, ол бұған өзіне

тән болмыс сатысына сәйкес жете

алады» (Әл-Фараби. Философиялық

трактаттар. Алматы, 1973,

347-бет).

Адамның бақытқа жету жолындағы

күресінде үш түрлі жағдайды

басынан өткереді. Олар: «1. Бұл –

әрекеттер, адам өзінің дене

мүшелерін пайдалану үшін керекті

әрекеттер, мысалы, орнынан тұру,

отыру, көлікке мініп жүру, көру, есту

үшін керекті әрекеттер. 2. Жан

эффектілері. Мысалы, құштарлық,

рахат, қуаныш, ашу, қорқыныш,

жабырқау, күйіну, қызғаныш және

сол сияқтылар. 3. Ақыл-парасат.

Бұл үшіншісі адамның бүкіл өмір

бойында болады немесе кейде

болып, кейде болмайды».

Осы үшеудің ішіндегі ақылпарасат

– адамдардың бақытты

болуы үшін Алланың сыйлаған сыйы.

«Адам нақ осы ақыл арқылы адам

болған...»; «Ақыл-парасат күші –

адамның ойлауына, пайымдауына

ғылым мен өнерді ұғынуына және

жақсы қылық пен жаман қылықты

айыруына көмектесетін күш» (сонда,

194-бет).

Ақылды, парасатты болу үшін

адам өмір бойы оқумен, оқығандарын

бойына тоқумен, жақсылардан

үйренумен өтеді: «Үйрету дегеніміз –

халықтар мен қалаларға теориялық

ізгіліктерді дарыту деген сөз». Жақсы

тәрбиемен дұрыс бағытта берілген

білім адамды кемелдікке, даналыққа

қарай бастайды. «Даналықтың

ерекшелігі – әрбір түпкі нәрсенің шекті

себептерінің оған мәлімділігі болса

және адам өмірінің мақсаты бақыт

болса, ал мақсат сол себептердің

бірі болса, онда, даналық дегеніміз,

шын бақыт болып табылатын зат

туралы білімнің бізге беретіні болып

шығады. Даналық дегеніміз – шын

бақыт туралы білім беретін нәрсе, ал

пайымдағыштық – бақытқа жету үшін

орындау керек болатын әрекеттер

туралы білімнің беретін дүниесі»

(Әл-Фараби. Бақыт туралы кітап.

Алматы, 2015, 16-бет).

Бақыт дегеннің не нәрсе екендігін

жан-жақты білімдарлығының,

ойшылдығының арқасында жан-жақты

түсіндіреді; әртүрлі қырынан сипаттайды:

«Кейбіреулер ләззат алуды

ең жоғары бақыт деп, есептейді.

Енді біреулер байлықты бақыт деп,

санайды. Үшінші біреулер бақытты

сол екеуінің ұштасуы деп біледі»

(сонда, 311-312 беттер);

«Бақыт дегеніміз – игіліктердің

ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және

ең жетілгені...» (сонда, 5-бет);

«...біз философияның арқасында

бақытқа жетеміз. Ал оны біз жақсы

ақыл-парасат арқылы меңгереміз»

(сонда, 36-бет);

«Ең дұрысы, бақыт – оқығанда,

сабақ алғанда, білімді игеру, әртүрлі

өнерлерді үйренгенде, оларды игеру,

(оларға сәйкес) жұмыстарды орындау

сияқты игілікті істер арқылы қол

жететін мақсат» (сонда, 258-бет);

«Бақыт – өз басың үшін көксейтін

игілік; бұған ешбір жағдайда және

ешқашанда басқа нәрсеге бола

талпынбайды, өйткені (бақыттың)

аржағында адамның қолы жете

алмайтын бұдан артық нәрсе

жоқ. Бақытқа жетуге көмектесетін

еркін әрекет – тамаша әрекет.

Мұны туғызатын әдет-ғұрып –

қайырымдылық. Бақытқа (жетуге)

бөгет жасайтын әрекет жаман


SARYARQA SAMALY

РУХ 8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл 9

немесе сұмпайы әрекет болмақ.

Бұл әрекетті туғызатын әдет-ғұрып –

кемшілік, кесепат, пасықтық» (сонда,

179-бет).

Әл-Фарабидің пікірінше, адам

өмірінің мәні мен сәні, ең жоғарғы

шыңы болып саналатын бақыт

жанның байлығына, адамгершілікке

негізделеді. «Жақсы мінез-құлық пен

ақыл күші болып, екеуі біріккенде –

бұлар адамшылық қасиеттер болып

табылады» (сонда). Жаны жайсаң,

адамгершілігі мол адамдардың мінезқұлқы

да жақсы келеді. Жақсы мінезқұлық

білім алу, үйрену барысында

көбіне тәрбиемен қалыптасады.

«Адамның бойына дарыған,

халықтар мен қала тұрғындарына тән

және бұл дүниеде тиесілі бақытқа

жетуіне, о дүниеде асқан рахатқа

кенелуіне септігін тигізетін төрт

түрлі нәрсе бар, бұлар: теориялық

ізгіліктер, ойшылдық ізгіліктер,

этикалық ізгіліктер және практикалық

өнерлер».

«Адамның игі қылықтары

мен жақсы әрекеттерін жасауға

көмектесетін жан қасиеттері – ізгілікті

қасиеттер, ал адамның пасық істер

мен оңбаған әрекеттер жасауына

себепші болатындары – сұрқиялық,

кемшілік немесе опасыздық болып

табылады».

Адамның саналы өмірін қамтамасыз

ететін – денінің саулығы мен

жан саулығы. Осы екеуі бір-біріне

сай, үйлесім тапқанда ғана адам

бақытты бола алады. Денсаулықты

дәрігер қадағаласа, жан саулығы –

аса күрделі; ол адамның өзінің

дүниеге көзқарасынан бастап,

алған біліміне, тәрбиесіне, өмірлік

мақсатына, мамандығына, қоршаған

әлеуметтік ортасына сияқты көптеген

факторларға байланысты.

«Дене сияқты жанда да өзіне

тән денсаулығы және науқасы

болады. Жанның саулығы сол,

оның өзінің және бөлшектерінің

жайы жақсы болуының әсерінен

әрдайым ізгі қылықтар көрсетіледі,

игілікті істер істеледі және тамаша

әрекеттер жасалады. Ал жанның

науқастығы сол, оның өзінің және

оның бөлшектерінің жайы нашар

халде болуының әсерінен әрдайым

жаман қылықтар көрсетіледі, азғындық

істер істеледі және сорақы әрекеттер

жасалады». «Жаман мінез-құлық –

рухани кесел». Жан сұлулығы, жақсы

мінез адамды қайырымды етеді.

«Қайырымдылық адамдар жанынан

берік орын алғанда, не адамдар

ұстамды болғанда, қалаларда теріс

қылықтар жойылады» (сонда, 201-бет).

Өмірдегі адамдардың білім

деңгейі оқыған, оқымаған, жоғары

білімді дегендей, түрліше болуы –

заңды. Осындай адамдар туралы

«Ақыл-естің тілегенін (жасауға) парасаты

және батылдығы жететін есті

адамдар болады. Мұндай (адамдарды)

біз әдетте, өзінің лайығынша,

ерікті адам деп атаймыз, ал енді

өз бойында осы екі (қасиет)

жоқ адамдарды хайуан тәріздес

адамдар деп атаймыз, ал тек ақыл-есі

ғана жетіп, батылы бар-майтындарды

жаратылысынан құл адамдар

дейміз» (сонда, 29-бет) – деген

сипаттамалар беріліпті. Ары қарай

ойын «Бұлардың ішінде батыл бола

тұрса да, ақыл-есі кем түсетіндер

бар. Бұлар үшін басқалар ақылға

салып, пайымдайтын болады.

Бұл жағдайда мұның өзінің қамын

жеуші басқа адамдарға бұл не

бағынып, не бағынбайды. Егер

бағынбаса, онда бұл да хайуан

тәріздес, ал егер бағынса, ол

көп істерінде табысқа жетеді

және осының арқасында құлдар

(қатарынан) шығып, еріктілер

қатарына қосылады» (сонда, 30-бет) –

деп жалғастырған.

Бақытты болу кез келген адамның

қолынан келе берер оңай шаруа

емес. Оған өмірді сүре білуге

қажетті жан-жақты білімі бар, жаны

бай, адамгершілігі, рухы жоғары,

мақсатына жету үшін қиындықтарға

шыдап, күресе білетін адамдар ғана

қол жеткізе алады. «Егер адамның

өмір сүруінің мақсаты – ең жоғары

кәмелетке жету болса, онда адамның

осы бақытқа жетуін көрсету үшін

оны меңгеруге қабілетті нәрселердің

бәрін алу керек». «Адамның өмір

сүру мақсаты ең жоғары бақытқа

жету болатын болса, ол адам бақыт

дегеннің не екенін білуі қажет және

оны өзінің мақсаты етіп қойып,

соған ұмтылуы қажет. Сонан кейін

ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс

екенін біліп, соған әрекет жасауы

керек» (сонда, 409-бет).

Әл-Фарабидің адам концепциясында

жүрек аса маңызды орынға

ие. Өйткені, адамның бақытты болу

жолындағы өмірінің барлығы осы

жүрек арқылы басқарылады. Жүрегі

таза, жылы адамдар ғана бақытты

өмір сүре алады. Оған себеп, жүрек –

адамның денесіндегі ең басты орган;

адам ананың құрсағында жаратыла

бастағанда, ең алдымен жүрек

жаратылады; адамның басқа дене

мүшелерінің барлығы ми арқылы

жүрекке қызмет етеді.

«Жүрек – басты мүше, мұны тәннің

ешқандай басқа мүшесі билемейді.

Бұдан кейін ми келеді. Бұл да –

басты мүше; бірақ мұның үстемдігі

бірінші емес, екінші, өйткені ол

барлық басқа мүшелерді билейтін

болса, оның өзін жүрек билейді.

Бірақ бұл тек жүрекке қызмет

етеді және жүректің табиғи ниетіне

қарай, бұған басқа мүшелер қызмет

етеді.

(Ми жүректен кейінгі) мүше

ретінде (әрекет етеді), басты (мүше)

бейімделе алмаған жерде оның

орнын басады, оның өкілі болады,

әр іске бейімделіп отырады; жүректің

ізгі ниеттерін жүзеге асыру ісіне

қызмет ету тек қана миға тән

қабілет.

Мәселен, жүрек – ішкі табиғи

жылылықтың көзі...

Ми (мұнда) жүрекке қызмет

етеді, сезімдік жүйке тамырларға

өз күшін бойында сақтайтын қуат

бітіреді, бұл қуат қоректендіруші

(күштердің) сезімтал болуына

мүмкіндік береді...

Мүшелердің ішінде тұңғыш рет

жүрек пайда болады, бұдан кейін

ми, одан соң бауыр, одан кейін

көбауыр, сонсоң басқалары пайда

болады. Бәрінен соң барып, қимылға

келетіні – жыныс мүшелері...

Үстем күштің мекені – жүректе»

(Әл-Фараби. Философиялық трактаттар.

Алматы, 1973, 289-295 беттер).

Ұлы Абай да адамның өміріндегі

жүректің атқарар қызметіне ерекше

мән берген. Мида қорытылған ой

жүректің сарабынан өтіп барып,

сөзге айналып, сыртқа шығады.

Ақынның айтуынша, сөз «жүректен

шықпаса, жүрекке жетпейді»; «бойда

қуат, ойда көз болмаса, ондайларға

айтпа сөз»; жүрексіз айтылған сөз –

жалған сөз; ондайларға сенбе. Өмірдің

әділетсіздіктерін қайнаған ішінде

жүріп көп көрген, барынша сезінген

халқының көзі, сезімі, жыршысы

атанған ақынның жүрегі – «қырық

жамау».

Бұл жерде қазақ топырағынан

шыққан екі ұлы айтқан ой-пікірлерінің

арада мыңнан астам жыл уақыт

өтсе де бір арнадан шығып жатқаны

көрінеді. Ұлы философ әл-Фараби

адам бақытты болуы үшін ол ақылпарасаттың

иесі, жүрегі таза, жылы

болуы керек десе, ақын Абай ең

алдына оның ойының дұрыс болуын,

яғни мидың қызметін қояды. Екі ұлы

да адам өміріндегі сандаған ойларды

қорытып, ой ойлап, даналыққа,

парасаттылыққа жетелейтін, дұрыс

жолды табатын мидың, сол мидың

қорытып ұсынған «ақылдарының»

ішінен дұрысын қабыл алып,

«жылылыққа орап», сөз арқылы сыртқа

шығаратын жүректің қызметтерін

аса жоғары бағалағандықтары,

бірін-бірі толықтыра түскендіктері

көрініп тұр. Ұлылардың ұлылығы,

ұлылардың үндестіктері осылай

болса керек.

«Әбден жетілген адамдардың

ғана жандары мәңгі өлмейді»

(Әл-Фараби). «Өлді деуге бола ма,

айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына

сөз қалдырған» (Абай). Иә, ақылпарасаттың

шыңына шығып, оны

ой елегінен өткізіп, артта келе

жатқан ұрпақтардың бақытты өмір

сүруіне көмектесетін «өлмейтұғын

сөз» қалдырған ұлылардың рухтары

мәңгі жасай береді.

Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ,

филология ғылымдарының

докторы, профессор.

«Жiгiттер, ойын

арзан, күлкi

қымбат»

Абайдың

шығармашылық

өнернамасында

өзiнiң ұстанымын,

көзқарасын танытатын

«сөз сарасы»,

«сөз майы», «сөз

мәнiсi», «шын сөз»,

«қасиет тұтып, ойға

ұмтыл, қан қайнап,

қуат егiлсiн!», «қуаты

күштi нұрлы сөз»,

«таза ойла», «сөздiң

шыны», «ақыл сөз»,

«жақсы сөз» дейтiн

кесек-кесек, лек-лек

мағыналы ұғымдар

ақын поэзиясының

асыл сипаттарын

айқын танытады.

1886 жылы жазылған «Жiгiттер,

ойын арзан, күлкi қымбат» дейтiн

жыр-толғауы жанды сыр-cұхбат,

әңгiме айту, ақыл қосу, жас

берендердiң ой-cанасын, көңiл

сарайын күмбiрлетiп, оятып-серпiлту

үлгiсiнде өзiнiң мол тәжiрибесiмен

ортақтасу, бөлiсу тұр-ғысынан

жазылғандай. Шығыс өркениетi

мен Ұлы дала мәдениетi тарихында

жақсылардың мәслихаты –

cұхбат, әңгiмелесу түрiнде ұйымдастырылған.

«Жақсы адаммен

бiрге болып сұхбаттасу жұпардай

әсер қалдырады (өзiң де сондай

боласың)», деген Мұхаммед (с.ғ.c.)

өз хадистерiнде. Я болмаса

Алла мен оның Елшici 90 мың

тақырып бойынша (шариғат –

30 мың, тариқат – 30 мың,

хақиқат – 30 мың) cұхбаттасқан.

Сұхбат құру, мәжiлiс жасау –

ұлттың интеллектуалдық әлеуетiн

жақсартады. Ертеде шахтар

қабылдау (меджлис) жасап, өлең

оқып, музыка тыңдайды екен.

Халық қызметкерi Абай да

сұхбаттасу, әңгiмелесу дәстүрiн

гүлдендiрген, кең қолданысқа

енгiзген, жанды құбылысқа

айналдырған, ел игiлiгiне жаратқан.

Ол да тыңдау өнерiне баулып,

шәкiрттердi оқытқан. Себебi 1880

жылы Жидебайда медресе ашқан.

Абайдың ұлттық дүниетанымы,

пәлсапалық көзқарасы, мәдени

дәрежесi, ойшыл зеректiгi ел

қайғысын ойлаған, iлгерiнi болжаған.

Сұңқарлық санаты, тылсым табиғаты

елден ерек екені жырында

да, сырында да тұнып тұр.

Шын көңiлмен сүйсе екен,

кiмдi cүйсе,

Бiр сөзiмен тұрса екен,

жанса-күйсе.

Немесе:

Керек ic бозбалаға –

талаптылық,

Әр түрлi өнер, мiнез, жақсы

қылық.

Болмаса:

Жолдастық, сұхбаттастық –

бiр үлкен ic,

Оның қадiрiн жетесiз адам

бiлмес.

Әйтпесе:

Кемдi-күн қызық дәурен тату

өткiз,

Жетпесе, бiрiңдiкiн

бiрiң жеткiз!

Күншiлдiксiз тату бол шын

көзiмен,

Қиянатшылдық болмақты

естен кеткіз!

дегенiнде жiбектей есiлген жақсы

қылыққа, қараса ханнан көзi

өткiр, сөйлесе жаннан сөзi өткiр

қасиеттерге ие «шын көңiлмен»

«шын күлерлiк», жүзi шұғыла,

шынар тұлға «сүйiктi ер», «ер

жiгiт» болса екен деген ұлы тiлек,

ұлы уайымы бар.

Абай ер жiгiт тағдырында

жар таңдаудың мәнiсi хақында:

Бiреуді көркi бар деп

жақсы көрме,

Лапылдақ көрсеқызар

нәпсiге ерме.

Әйел жақсы

болмайды көркiменен,

Мiнезiне көз жетпей,

көңiл берме,

деп, «жеңсiкқойлық», «жеңсiкқұмар»

дегендерден ада болып,

сана сабырлығына бас ию,

тұрлаулылықты темiрқазықтай

тiрек ету ләзiм.

Адам өмiрi мен тағдырының

жай-күйiн жүйрiк зерделейтiн,

ұшан-теңiз бiлiмнiң, өлшеусiз

тәжірибенiң, интуицияның иесi

Абай:

Жасаулы деп, малды деп

байдан алма,

Кедей қызы арзан деп

құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата-ананың қызынан

ғапыл қалма,

деп, қандай құсты қолға қондыру

керектiгiн нақтылап, шегелеп

жеткiзедi.

Осы бiр даналық тағылым,

мағыналы өсиет Жүciп

Баласағұнның:

Тегі таза, құтты болсын

тамыры,

Ұяты мол, инабаты hәм iрi.

Қол тимеген, болсын аттап

шықпаған,

Сенен басқа еркек бар деп

ұқпаған.

Сенi cүйiп, сенен басқа iздемес,

Жаман қылық, жарамсыз

ic icтемес,

деген бәйiттерiмен үндеседi.

«Толқынын жүрегiңнiң хаттай

таныр» пейiштiң шынарындай,

уылжыған уыздай әйел затын:

Майысқан, бейне гүлдей

толықсыған,

Кем емес алтын тақтан

жар төсегi.

Әйтпесе:

Ақыл керек, ес керек,

мiнез керек,

Ер ұялар iс қылмас, қатын

зерек,

деп, кемел сипаттап, сұлу сезiммен

суреттейдi.

Ненi айтса да сөздiң алмастай

өткiрiн, уыттысын қолданатындығына

«Салақ, олақ, ойнасшы, керiмкербез»,

«жыртаң-тыртаң», «сасық

ми» деген сөздерiн мысалға

келтiруге болады.

Қазақ қауымы iшiнде қай

заманда да көріксіз, өрескел

жайттар да, сыздауықтар да

жетерлік болған. Бұл Абай сынынан

да тыс қалмады. Ақын:

Кей құрбы бүгiн тату,

ертең бату,

Тiлеуi, жақындығы – бәрi cату, –

деп түңiлсе, үмiтi кесiлсе:

Көкiрегiнде қаяу жоқ,

қиянат жоқ,

Қажымас, қайта айнымас

қайран тату! –

деп, қөңiлi cүйсiнедi.

Тағы да:

Пайда деп, мал деп

туар ендiгi жас, –

деп шошынады.

Түптеп келгенде, бұл өлеңде

заман келбетi, әлеуметтiк қайшылықтар,

ел ортасындағы ахуал,

адамдардың тәртiбi (жалақорлық,

жанжалқұмарлық, арызқұмарлық,

опасыздық), пейiл, қарым-қатынас

шынайы көрсетiлген.

Стратег Абай зәре-құтыңды

қашыратын жан түршiгерлiк

жаманшылықтардан қорғайтын

қамал-қорғаның:

Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,

Өзi зордың болады ығы да зор, –

деп, ғибратты пiкiр ұсынады.

Абайдың «Жiгiттер, ойын арзан,

күлкi қымбат» дейтiн жаратындысы –

оның өскен-өнген өлкесiнде сұхбат

құрудың, әңгiмешiлдiк, шешендiк

өнердiң өрге өрлегендiгiне, өркендегенiне

бiрегей өнегелi мысал.

Сұхбат – тәрбие мен бiлiм құралы.

Психологиялық әсерi мол

ақын дауысында мейiр, тазалық,

сыршылдық, құштарлық, рухани

кеңiстiк пен кемелдiк бар.

Жақсыдан қалған көз – Көкбай

Жанатайұлының мына бiр әдеби

шығармашылық дерегінен елеулі

мәлімет аламыз:

Семейге Абай келсе,

бiзде думан,

Ән салып босамаймыз

айғай-шудан.

Бас қосу, бақастасу,

мәжiлiс құру,

Секiлдi бiр ғылымның

жолын қуған.

Тарихтан неше түрлi

Абай сөйлеп,

Өзгелер отырады

ауызын буған.

Бiр барсаң мәжiлiсiнен

кеткiң келмес,

Хакiмдей Аплатон

аңырап тұрған.

Келбетiне, бiлiмiне лайықты,

Япыр-ау, мұндай адам

қалай туған.

Мұнда Абайдың туабiттi

әңгiмешiлдiк, сұхбат құру өнерiн

толық түсiндiрiп түйiндеген.

Келешектiң тұлғасын тәрбиелеудi

мақсат тұтқан Абай – ұлт

рухының символы.

Серік НЕГИМОВ,

филология ғылымдарының

докторы, профессор.


10

8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл SARYARQA SAMALY

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!

Ендігі үміт – екпеде

Әлемді жайлаған COVID-19 індетіне байланысты

ел тұрғындарының қалыпты өмір сүру

салтының өзгергеніне жарты жыл уақыт өтті.

Қауіпті індеттің тоқтамы жоқтай көрінгені де

рас. Әсіресе, жаз мезгілінде вирустан келген

ауыртпалық жұртшылыққа оңай тимеді.

Қазір екінші толқынға дайындық жүргізілуде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының

мамандары адамзат қауіпті кеселмен әлі екі

жыл күресетінін алға тартып отыр. Жаһан

жұртшылығының ендігі үміті - екпеде.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Сынақтан

өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына

арнаған биылғы Жолдауында

да мезгіл мәселесін сөз етті.

Пандемия кемі екі жылға созылатынын

айтып, ел тұрғындарын

дайын болуға шақырды.

Иә, коронавирус басталғалы

барлық ел вакцина дайындауға

көшті. Шілде айының соңында

ғалымдар қазақстандық екпенің

сынақтан сәтті өткенін айтып,

сүйінші сұраған еді. Бұл ретте

кеселдің бетін қайтаруда ҚР

Денсаулық сақтау министрлігі

тарапынан М.Айқымбаев атындағы

аса қауіпті аурулар жөніндегі

ұлттық ғылыми орталық пен

Қазақ аграрлық университеті

бірлесіп, вакцина әзірлеуде.

Министрліктің тауарлар және

қызмет қауіпсіздігі мен сапасын

бақылау комитеті Жұқпалы

ауруларды эпидемиологиялық

қадағалау басқармасының бас

сарапшысы Нұршай Әзімбаева

екпенің тиімділігі сынақтардың

нәтижесінде белгілі болатынын

айтты. Аталмыш ғылыми орталық

пен оқу орны бірлесіп, вакцинология

жөніндегі халықаралық

орталық құрған. Қазір шетелдік

әріптестермен бірлесіп ауқымды

жұмыс жүргізуде.

Вакцина алғашқы кезекте

коронавирус ауыр өтетін топтарға

егілмек. Бұл қатарға тыныс

алу, жүрек, қан тамырларының

созылмалы ауруына шалдыққандар,

қант диабетімен ауыратындар

жатады. Сонымен қатар,

барлық медицина қызметкерлеріне

де екпе салынады. Алғашқы

лекке жататын адамдардың

саны 2 миллионға жуықтайды

екен. Қазіргі уақытта министрлік

дәрі егуде қаражат бөлу, сатып

алу мәселелерін қарастыруда.

Елімізде алғашқы вакцинаны

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің

ғалымы әрі проректоры,

университет жанындағы халықаралық

вакцинология орталығының

директоры Қайсар Табынов

алды. Оған австриялық биотехнологиялық

компанияның екпесі

егілген. COVAX-19 деп аталатын

вакцинаны аталған компания

өз елінде өз еркімен келген

40 еріктіге де салыпты. Қайсар

Табынов екпенің қауіпсіздігі мен

иммуногендігіне көз жеткізу үшін

салдырғанын айтады. Сонымен

қатар, вакцина құрамына кіретін

Advax-CpG әлеуетін байқауды

мақсат тұтқан. Бұл біздің

елімізде аллергиялық ринит

және қолқа демікпесін емдеуде

қолданылады.

Вирус және

вакцина

Жуырда елден бұрын дертке

қарсы вакцинаның бір түрін

Ресей ғалымдары тапты. Жарты

жыл бойы түрлі сынақтан өткен

вакцина «Спутник V» деп аталады.

Инфекцияның алдын алатын

препарат Н.Гамалея атындағы

Ұлттық эпидемиологиялық және

микробиологиялық зерттеу

орталығы дәрі-дәрмек зауытында

шығарылған. Қыркүйек айында

алғашқы болып медицина

қызметкерлері егілмек. Ресей

тұрғындары арасында екпе

қараша-желтоқсан айларында

салынады деп күтілуде.

Әзірге «Спутник V» екпесі

үшінші сынақтан әлі өткізілген

жоқ, сонда да қыркүйек айында

ресейлік медицина қызметкерлеріне

салынады. Көршілес мемлекеттің

бұл жетістігін Қазақстан

да жоғары бағалады. Президентіміз

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап,

жедел хат та жолдаған

болатын. Жуырда Үкіметтік делегация

ресейлік вакцинаны сатып

алу мәселесін талқылау үшін

Мәскеуге барып қайтты. Сапар

барысында Ресейдің тікелей

инвестициялар қоры мен «СК-

Фармация» арасында «Спутник

V» вакцинасының кепілдік берілген

көлемін сынақтардың барлық

сатыларынан өткеннен кейін

бөлу туралы өзара келісімге қол

қойылды. Еліміз үшін қажетті вакцина

көлемін Н.Гамалея атындағы

эпидемиология және

микробиология ұлттық зерттеу

орталығы жүргізуге дайын

екендігін айтқан. Бұл ретте, қауіп

тобына кіретін қазақстандықтар

үшін иммундау тегін және ерікті

негізде жүргізілмек.

Коронавирусты жұқтырушылардың

саны жағынан АҚШ көш

бастап тұр. Олар екпені жасау

жағынан да алда келеді. Әлем

бойынша ең ауқымды зерттеу

өткізіп, оған 30 мың ерікті

қатысқан. Зерттеудің алғашқы

нәтижелері бірнеше айдан соң

белгілі болмақ.

Дауасы жоқ дертті өз уақытында

алдын алмай, күллі жаһан

жұртшылығын әбігерге салған

Қытай да екпе жасаудан қалысар

емес. АҚШ вакцинасын сынақтан

өткізіп жатқанда, Қытай

2 вакцинаның сынақтан өткенін

жариялады. Зерттеу қорытындысы

бойынша бұл дәрі өзінің

қауіпсіз әрі COVID-19-ға тойтарыс

бере алатынын көрсеткен.

Сонымен қатар, адам организмінде

антиденелердің пайда

болуына көмектеседі екен.

Сынақтың үшінші кезеңі шетелде

өткізілмек.

Өңірдегі ахуал

Түйін:

Аймағымызда эпидемиологиялық

ахуал тұрақталды. Оған

бас мемлекеттік санитар дәрігерінің

қаулыға енгізген өзгертулері

себеп. Бірқатар шектеу шаралары

жеңілдеді. Батырбек Әлиевтің

сөзіне сүйенсек, өңірде

коронавирус жұқтырушылардың

саны күннен-күнге азайып

келеді. Шілде айының соңында

індетке шалдығушылар қатары

17 пайызды құраса, тамыз

айында көрсеткіш 7,4 пайызға

төмендеді. Тамыз айының соңғы

аптасында жұқтырушылар қатары

2,5 пайызға азайды. Осыған

сәйкес, демалыс күндері бірқатар

шектеу шаралары жеңілдеді.

Алайда адамдар әлі де санитарлық

талапты қатаң сақтауы

тиіс. Егер індетке шалдығушылардың

саны артатын болса,

карантин режимі қайта күшеюі

мүмкін. Сондықтан көрсеткіш

азайды деп, босаңсуға болмайды.

Мамандардың сөзінше, жаппай

екпе егу мәселесі уақыт

еншісінде. Бірақ аталған жағдайда

халықтың ойы екіге

бөлінген. Бірі құптаса, енді бірі

қарсылық білдіруде.

Павлодар қаласының тұрғыны

Гүлия Қылышбекова вакцинаның

сапасына күмәнмен

қарайтынын айтады.

- Қазір әлем елдерінің екпе

мәселесімен айналысып жатқанын

білеміз. Бәрімізді де екінші

толқын алаңдатып отыр. Күз

мезгілінде тұмау, ЖРВИ белгілері

өршитінін білеміз. Сондықтан

көп балалы ана ретінде ұлқызымның

болашағына алаңдаймын.

Қазір Ресей, АҚШ, Қытайда

да вакцина жасалып, сынақтан

өтіп жатқанын естіп жүрміз.

Елімізде де екпені өз еркімен

алған адам тіркелді. Өкініштісі,

әлі күнге дейін ешбір ғалым

вакцинаның вирусқа қарсы тұра

алатындығына кепілдік бере

алмай отыр. Екпенің тиімділігін

көрмей, қабылдай алмаймын.

Балаларыма салдыруға да қорқамын.

Егер ауруға қарсы тұра

алатын, адам өміріне қауіп төндірмейтін

дәрі табылса, келісім беремін,

- дейді көпбалалы ана.

Денсаулық сақтау саласының

ардагері Құралай Қасенова

халықтың екіұдай пікірі індетпен

күресуде кедергі келтіруі мүмкін

екенін айтады.

- Біздің елдің тұрғындары

вакцина мәселесіне үркіп қарайтыны

белгілі. Ресейдің тұрғындары

жаңа шыққан екпеге кезекке

тұруда. Ал Еуропа СOVID-19-

ға қарсы екпе алмағандарды

қабылдамаймыз деп отыр.

Дәрігерлер ел тұрғындарын

тұмауға қарсы вакцина алуда да

әрең көндіреді. Бірақ коронавирус

- қауіпті індет. Оны ЖРВИ

белгісімен салыстыруға болмайды.

Қаншалықты ауыр өтетінін

барлық ел тұрғындары сезінді

десем қателеспеймін. Вакцинаның

көмегімен науқастардың

саны азайып, дәрігерлердің

де жұмысы жеңілдей түспек.

Сол себепті күні-түні індеттің

алдын алуда тер төгіп жатқан

ғалымдарға көмек қолын созып,

сенім білдірейік. Бірлескен істе

ғана береке болады, - дейді ол.

Қазір бүкіл әлемге керегі - індетке қарсы тұратын

вакцина. Бұл ретте көрсоқыр бәсекелестікке

де жол жоқ. Бастысы, өкпеден қысқан дерттің

дауасы табылса болғаны. Пандемиямен әлі екі жыл

күресетін болсақ, ғалымдар індетті ойран ететін

жолды анықтайтынына сенеміз. Бәрі уақыт еншісінде.


SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл 11

Абай еліне велосапар

МӘДЕНИЕТ

Хакім Абайдың өнегелі өмірін насихаттау

мақсатында Нұр-Сұлтан қаласынан Семейдегі

Жидебай қонысына веломарафон қатысушылары

жолға шықты. 1000 шақырымды велосипедпен

бағындырғалы отырған 3 жігерлі азамат

біздің өңірімізге аялдап, жоспарымен бөлісті.

Веломарафонның бастамашысы –

Ернат Мелсұлы. Елімізге танымал журналист,

ағылшын тілінің оқытушы-аудармашысы.

Топ құрамында журналист

Дәулетқали Асауов пен музей қызметкері,

археолог Жасұлан Үкеев те

бар. Веломарафон «Нұр-Сұлтан –

Ерейментау – Екібастұз – Павлодар –

Семей – Бөрілі – Жидебай» бағыты

бойынша, яғни 3 облыстың аумағын

қамтып отыр.

- 2018 жылы елордамыздың 20 жылдығына

орай, Қарағанды облысы

Ақтоғай ауданының 90 жылдық мерейтойына

орай алғаш рет 500 шақырымдық

велосапарды ұйымдастырған едік.

2019 жылы Сәкен Сейфулиннің

125 жылдығы және Жаңаарқа ауданының

90 жылдық мерейтойына арнап,

208 шақырым жолды бағындырдық.

Сондай-ақ Саяси қуғын-сүргін және

ашаршылық құрбандарын еске алу

күнінде елордамыздан АЛЖИР лагеріне

дейін 2 сағат ішінде 42 шақырымды

бағындырып, әруақтарға тәу еттім.

Биыл Абай атамыздың 175 жылдығына

орай веломарафон дәстүрі жалғасын

тауып отыр. Басты мақсат – Абай

Құнанбайұлының бай мұрасын насихаттау,

қалың жұртшылықты, әсіресе, жастарды

саламатты өмір салтын ұстануға

үндеу. Келесі жылдан бастап веломарафонды

«Жасасын, Алаш, жасасын!»

деген атпен бүкілхалықтық спорттықрухани

іс-шараға айналдырғым келеді, -

дейді Ернат Мелсұлы.

Велосапар 2 қыркүйекте Нұр-Сұлтан

қаласындағы Абай ескерткішінің

алдынан басталған. Алғашқы күні

166 шақырым жол артта қалып,

қатысушылар Ерейментау қаласына

аялдаған. Одан арғы күндері Екібастұз

және Павлодар қалаларын басып

өтті. Велотоп мүшелері Жидебай

қонысына 10 күннің ішінде жетеміз

деп жоспарлауда. Сәт сапар!

О.ҚОЖАНОВ.

Музейге келіңіз!

Ертіс-Баян өңіріндегі музейлер 2 қыркүйектен бастап өз

жұмысына қайта кірісті. Көпшілікті асыға күтіп отырған

музей ұжымы алғашқы келушілерге арнайы сый-сыяпат та

әзірлеп қойған.

Облыс орталығында құнды жәдігерлердің

алтын кенішіне айналған музейлер

мен мұражайлар саны онға жуық.

Барлығы да елдегі төтенше жағдай

режимі кезінде офлайн жұмыстан

онлайн қызмет көрсетуге көшкен еді.

6 айға жуық уақыт өз көрермендерімен

әлеуметтік желілер арқылы жүздесіп,

тарихы терең экспонаттар мен

тарихи тұлғаларымыз жайлы тың деректерді

ұсынып келді.

Г.Потанин атындағы облыстық тарихиөлкетану

музейінің директоры Гүлнар

Нұрахметова қиын сәтті артта қалдырып,

музейлердің қызметі жанданғанына

қуанышты.

- Біз үшін 2 қыркүйек ерекше күндердің

қатарына қосылды. Себебі, бұл

күні біз өз көрермендерімізбен қауышып,

көрмеге қойылған заттарымызды

таныстыруға мүмкіндік алып отырмыз.

Атаулы күнде музей есігін бірінші болып

ашқан павлодарлықтарға, соның ішінде

кішкентай бүлдіршіндерге арнайы

сыйлық та әзірлеп қойдық, - дейді

Г.Нұрахметова.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

С

Пандемияға дейін музейлер мен

мұражайларда өткізіледі деп жоспарланған

талай көрменің уақыты кейінге шегерілгені

белгілі. Қазіргі уақытта өлкетану

музейінде екі жаңа көрме дайын тұр. Ал

карантин кезінде музей қызметкерлері

онлайн жұмыстан бөлек, экспонаттар

санын арттыруға атсалысқан.

- Осы уақыт аралығында біз

қорымызды толықтыру ісін де назардан

тыс қалдырмадық. Мәселен, бізге

жеткен құнды жәдігерлерді санатына

қарай «Ertis» мультимедиялық музейіне

жібердік. Шілде айында музейіміздің

коллекциясы неоген кезеңінің ежелгі

жануарлардың қаңқаларымен толыққан

еді. Ол жануарлардың қаңқаларын 1929

жылы Павлодар облысында мәскеулік

палеонтолог Ю.Орлов «Қазқонақта» тапқан.

Солардың ішінде үш тұяқты гиппарион

жылқысы, қылыштісті махай род

мысығы, хилотерий мүй ізтұмсығының

қаңқасы бар. Жақында Железин ауданы

Башмачное ауылынан табылған қыш

ыдыстар да мультимедиялық музейге

жіберілді, - дейді ол.

ҚОБЫЗ САРЫНЫ

Ол біздің

жүрегімізде

мәңгі қалады

2020 жылдың 9 қыркүйегінде

Тереңкөл ауданының Құрметті

азаматы Бейсембаев Нұратай

Темірболатұлы 71 жасқа толушы еді.

Нұратай Темірболатұлы 1949 жылы

Жезқазған облысы, Нұраталды

ауылында дүниеге келген.

1971 жылы К.А.Тимирязев атындағы

Мәскеу ауылшаруашылық академиясын

тәмамдаған.

70-80 жылдары Павлодар облысының

Краснокутскі (қазіргі

Ақтоғай) ауданында ауылшаруашылық

саласында басшылық қызметтерді

атқарды.

1988 жылдан Қазақстан Компартиясы Павлодар

обкомының аграрлық бөлімнің меңгерушісі болды.

90-шы жылдары Нұратай Темірболатұлы Павлодар

облысы Качир аудандық партия комитетінің хатшысы,

Качир ауданы әкімшілігінің басшысы, Бобровка совхозының

директоры лауазымдарында қызмет атқарды.

2002 жылы «Қазақстан Республикасы жер ресурстарын

басқару агенттігінің Павлодар облысы бойынша

жер инспекциясы» ММ басшысы болып тағайындалып,

бұл лауазымнан зейнеткерлік демалысқа шықты.

Нұратай Темірболатұлының өмірі Отанға, халыққа, жас

ұрпақты тәрбиелеуде жанқиярлықпен қызмет етудің жарқын

мысалы ретінде есте қалады. Ол өмірін мемлекеттік

қызметке арнаған, кәсібіне деген шексіз адалдығының

арқасында халық арасында үлкен құрметке ие болды.

Нұратай Темірболатұлының жарқын бейнесі біздің

жүрегімізде мәңгі қалады.

Павлодар облысының қала құрылысы және

жерді бақылау басқармасының ұжымы.

(20152)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласында сапасын қамтамасыз ету

комитеті Павлодар облысының Білім саласында сапасын

қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік қызмет көрсетудің

екі түрін көрсетеді.

Білім туралы құжаттарға (тұпнұсқалар) апостиль қою.

Апостиль тек білім туралы құжаттың тұпнұсқаларында

қойылады.

Өтініштерді қабылдау Халыққа қызмет көрсету орталығы

және «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге

асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 15 жұмыс күні.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және/

немесе оған қосымшаны беру.

Білім беру қызметіне лицензия беру www.elicense.kz

порталы арқылы тек электронды нысанда жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету мерзімі:

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасын

беру - 30 жұмыс күні.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасын

қайта рәсімдеу - 3 жұмыс күні.

Мектепке дейінгі барлық ұйымдар «Е-лизенциялау»

порталы арқылы мектепке дейінгі білім беру саласында

қызметті бастағандығы туралы хабарламаны беруге міндетті.

Білім саласында сапасын қамтамасыз

ету департаменті.

(20154)

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапасын қамтамасыз

ету комитеті Павлодар облысы білім саласында сапасын

қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерінің Қазақстан

Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары),

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»,

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын

бұзу фактілері туралы хабарлау үшін Департаменттің 61-82-75,

61-82-66 сенім телефондары жұмысын жалғастыруда.

(20155)

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон

комитетінің Павлодар облысы департаменті» республикалық

мемлекеттік мекеме-сінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік

қызметшілерінің Әдеп Кодексін, «ҚР Мемлекеттік

қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қымыл

туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, департаменттің

мемлекеттік қызметшілерінің бұзу фактілері орын

алған жағдайда хабарлау үшін 32-47-43 сенім телефоны

жұмыс істейді.

(20153)

«Ертіс Медиа» ЖШС және «Saryarqa samaly» газетінің

ұжымдары серіктестік директорының орынбасары

Жұмабек Смановқа қайын атасы

Серік Рамазанұлының

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып,

көңіл айтады.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Азамат БАЙТЕНОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 9473 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1710

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 8 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл ЕЛ ҚАМЫ

SARYARQA SAMALY

Жақыныңа жанашыр бол!

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!