05.01.2021 Views

5 қаңтар сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Төрлет, 2021!

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

5 қаңтар, сейсенбі

2021 жыл

№1 (15619)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Егемендік еншісі –

саналы ұрпақ

РУХ

АЛҚАУ СӨЗ

Ой ойлайтын

уақыт

Ассалаумағалейкүм, ардақты

оқырман!

Міне, Алланың бұйрығымен

2021 жыл да босағамыздан

енді. Күнтізбелік жаңа жылдың

енуі жақсы үміттермен,

ақ тілектермен қоса өрілетіні

белгілі. Баршамызға бұл жыл

қайырлы болсын дегіміз

келеді.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ,

бас редактор

Сүйінші!

ЖАҚСЫЛЫҚ КҮТКЕН ЖЫЛ КЕЛДІ!

Коллажды жасаған - М.Мұстафина.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Тәуелсіздігінің

30 жылдығын сән-салтанатқа ұластырмай, халықтың игілігіне

жарар нақты істермен өткізуді ұсынды. Расында, бұл – жеңіл-желпі

акция және іс-шаралармен көңіл толтыратын той емес, ширек

ғасырдан астам уақыт ішінде халықтың рухани-мәдени, әлеуметтіктұрмыстық

ахуалының қаншалықты өзгергеніне баға беретін

жауапты кезең болмақ.

Жалғасы 5-бетте

Босағамыздан аттап кірген жаңа жылдан күтеріміз көп. Биыл эпидемиологиялық ахуал

жақсарып, бұрынғы алаңсыз уақыттың қайта оралғанын қалаймыз. 2021 жыл қиындықтарды

еңсеріп, жетістікке жетер жыл болса екен деп тілейміз. Әр отбасына қуаныш сыйлап, табыс

әкелетін игі істер басталып та кетті.

Толығырақ 6-бетте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаевтың жаңажылдық құттықтау

сөзінде айтылғандай, өткен жылдың

ауыртпашылығы көп болды. Қазақта

«кібісе жыл» делінетін, төрт жылда бір

қайырылатын осы уақыттың сынағы

оңай болмайтынын халқымыз ертеден

айтқан. Пандемияның салдарынан

біраз асылдарымыз арамыздан кетті.

Экономикалық-әлеуметтік жағдайымыз

аздап төмендесе де, ұзамай оның

орны толары даусыз. «Көппен көрген

ұлы той» дегендей, қазақ елі де әлем

халықтары секілді осы індетті бастан

өткеріп келеді. Енді арнайы зерттеулер

мен екпелердің нәтижесінде оның беті

қайтып, аманшылық болар деп үміт

етеміз. Жаңа жылдан күтер ең үлкен

жақсылығымыз осы! Ел аман болса,

еңсеміз түзелер.

Биылғы жыл ұлы Тәуелсіздігімізді

алғанымызға 30 жыл толуымен дараланады.

Президент те соны айтты. Қазақ

елі бұл датаны дүние жүзі алдында

абыроймен атап өткенін тілейміз! Бәріміздің

оған қосар үлесіміз бар. Ең алдымен

елдегі бірлік, ынтымақ сақталса, аузымыз

әрдайым аққа жетіп тұратынын білеміз.

Қазақ әрқашан аталы сөзге, баталы

сөзге баса мән берген. Өкінішке қарай,

соңғы уақытта әртүрлі әлеуметтік желілерде,

мессенджерлерде іріткі салар

ойлар, бейнежазба, ақпараттар таралып

жатады. Бұл, ең алдымен, пайым-түсінігі

толыспаған азаматтарымыздың ойына кері

әсер етеді. Жастардың да қазір пәлежаладан

сақ жүргені қажет. Осы орайда

ұлттық ресми газеттердің орны бөлек

екенін айтатын уақыт жетті. Газеттердің

мақсаты - тек жедел ақпарат беруде ғана

емес. Оның рөлін белгілі бір дәрежеде

әлеуметтік желілер де атқаруы мүмкін.

Бірақ еліміздегі жағдайды байыпты

түрде, ешбір қоспасыз, іріткісіз жариялайтын

– осы ресми газеттер. Павлодар

облыстық «Saryarqa samaly» газеті де

92 жылдық тарихында осы мақсаттан

тайған емес. Әрдайым елмен бірге,

халықпен мүдделес. Оны әр өңірде, ауданқалада

бізге жанашыр аға-апаларымыз,

білікті азаматтар растай алады.

Біздің газет күнделікті хабарлар

беруден бөлек, зейнетақы, тұрғын үй,

денсаулық дейсіз бе, сол салалардағы

өзгерістерді сараптап, оқырмандарына

ұсынып отырады. Оны өз тілімізде аналитика,

талдау деп айтамыз. Әіресе, қазақтың

жиі кездесетін мәселесін қаузауды басты

міндетіміз деп ұғамыз.

Жалғасы 4-бетте


2 5 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл САЙЛАУ

SARYARQA SAMALY

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ

ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРЫНЫҢ

ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ

Бағаны

бақылауды өтінді

Екібастұзда «KEGOC» АҚ жұмыскерлері «Nur Otan»

партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына

кандидат Мирхат Мұсанаптан азық-түлік

бағаларын бақылауға алуды өтінді.

«Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер

онлайн-режимде Павлодардың №1 автобус паркінің ұжымымен кездесті.

Жұмыла түсуіміз керек

Депутаттыққа кандидаттар

Раушан Даумова, Нағашбек

Әубәкіров, Жарқынбек Амантайұлы

мен Рамиль Смайылов тасымалдаушыларды

партияның алдағы

бес жылда атқаратын істерімен

таныстырып өтті.

Айталық, Раушан Даумова

онлайн-аудиторияның назарын

облыс кәсіпорындарында еңбек

жағдайы мен төлемақысының

жақсартылуы мәселелеріне аударды.

Оның пікірінше, пандемия

кезінде қазақстандықтарға одан

бетер жұмылып, алдағы межелерді

бағындыруға ұмтылу керек.

- Мен облысымыздың тау-кен

металлургия саласының мыңдаған

ұжымының өкілімін, - дейді Раушан

Даумова. – Біз зиянды өндірісте

жұмыс істеген жұмысшылардың

зейнетақысына қосымша ақы төлеуді

талап етеміз. Одан бөлек, партия

ең төменгі жалақының көлемін

арттыруды көздейді.

Оның сөзіне қарағанда, халық

партияға сенеді және «нұротандықтар»

халық сенімін ақтау үшін

бар күшін салады.

Жарқынбек Амантайұлы «Nur

Otan» арқылы көптеген қазақстандықтардың

проблемалары шешіл-

генін айтып, мұны «Nur Otan»

партиясының артықшылықтарының

бірі екендігін атап өтті.

- «Nur Otan» - жылдар бойы

халыққа қызмет етуді міндет етіп

алған еліміздің басты саяси күші, -

дейді Жарқынбек Амантайұлы. –

Мысалы, жол сапасын алайық.

Ол - кез келген мемлекет экономикасының

іргетасы. Павлодар

облысы - бұл көрсеткіш бойынша

еліміздің үздік өңірлерінің бірі.

2021 жылы облысымызда 370 шақырым

жол жөнделеді.

Кездесу кезінде тасымалдаушылар

өздерін толғандырған

сауалдарын қойды. Олардың

біразына жауап беруге тырысқан

партиялықтар қалғандарын аманат

етіп, шешілуін іздестіретінін айтты.

Депутаттыққа үміткер «KEGOC»

АҚ ұжымымен бейнеконференцбайланыс

арқылы кездесті. Екібастұздықтардың

сауалына жауап

берген Мирхат Мұсанап партияның

осы бағыттағы жұмыстарымен

таныстырды.

- Облыстың ішкі азық-түлік

нарығының үздіксіз жұмысын

сақтауға және экспорт үшін жаңа

мүмкіндіктер іздеуге баса назар

аударылатын болады, - деді ол. –

Егіс алқаптарын 900 мың гектарға

дейін кеңейтуге және өнімділік

пен жалпы түсімді арттыруға күш

салынып. Қосымша 30 мың гектар

суармалы жер енгізу және Павлодар

қаласында сыйымдылығы 60 сауда

орны бар «егістіктен сөреге

дейін» жобасы бойынша фермерлік

өнімдердің мамандандырылған

базарын салу жоспарлануда.

Бүгінде Екібастұзда тұрғын

үй құрылысы қызып тұр. Сол

себепті «KEGOC» АҚ депутаттыққа

кандидат Мирхат Мұсанаптан

кезекте тұрған азаматтар пәтер

кілттеріне қашан ие болады деп

сұрады.

Партиялықтың айтуынша,

бүгінгі күні облыста тұрғын

үймен қамтамасыз ету деңгейі

бір адамға шаққанда 22,3 шаршы

метрге дейін жақсарды. «Nur Otan»

партиясы 2025 жылға қарай осы

көрсеткішті 24,4 шаршы метрге

дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.

«Нұротандықтар» ол үшін

2021-2025 жылдар аралығында

облыстың қалалары мен аудандарында

14 мың пәтер салуды,

облыс тұрғындарын «7-20-25»

және «5-10-20» бағдарламалары

бойынша кредиттік тұрғын үймен

қамтамасыз етуді жоспарлауда.

Нәтижесінде 9000-нан астам

кезекте тұрғандар тұрғын үймен

қамтамасыз етіледі.

Сапаға мән беріледі

Павлодар облыстық мәслихатының депутаттығына

үміткер Дулат Әбетжанов Аққулы ауданы

Баймолдин ауылдық округінің тұрғындарымен

онлайн кездесті.

Zoom платформасы арқылы

бейнеконференция режимінде

өткізілген шараға 20-дан астам

тұрғын қатысып, кандидатқа сауалдарын

қоя алды.

Әдеттегідей, Дулат Ермекұлы

«Nut Otan» партиясының сайлауалды

бағдарламасында қамтылған

елді мекен тұрғындарына қатысты

тың жоспарлармен бөлісті.

Өз кезегінде атажұртқа қоныс

аударған Әшімхан Өмірхан есімді

ауыл тұрғыны ауызсу мен жол салу

мәселесін ортаға салды. Дулат

Әбетжанов бұл бағытта атқарылатын

шаралар тізбегін баяндап,

ең негізгілеріне тоқталды. Атап

айтқанда, алдағы 5 жылда

Баймолдин ауылын ауызсумен

100 пайыз қамту, ауылішілік жолдардың

4,5 шақырымын жөндеу

көзделуде. Сонымен қатар, партия

ауылды ұялы байланыспен қамтып,

бейнебақылау орнатуға,

мектепті күрделі жөндеуден

өткізуге және дәріхана пунктін

ашуға тікелей ықпал етпек.

Атап өтерлігі, «Nur Otan» партиясы

Елбасы, Партия Төрағасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру»

бағдарламалық мақаласында айтылған

идеяларын өміршең ету

мақсатында жер-жерде рухани

шараларды тұрақты өткізуде. Бұл

ретте Дулат Ермекұлы Аққулы

ауданында Ұлы Отан соғысының

қаһарманы Әбілқайыр Баймолдиннің

мұраларын танымал етуге айрықша

мән берілетінін сөз етті.

Баймолдин ауылдық округінің

тұрғындары жерлес кандидатқа

сәттілік тілеп, алдағы сайлауда

нақты таңдауларын жасайтындарын

айтты.

Дәрігерлердің жалақысы

2,5 есеге артады

Успен ауданының тұрғындары әлеуметтік желідегі «Сұрақ қойыңыз» айдары аясында облыстық

мәслихат депутаты Айнұр Әбитоваға сауал жолдауға мүмкіндік алды.

Өтініштерге жауап жазған «Nur Otan»

партиясының мүшесі партияның сайлауалды

бағдарламасынан нақты мысалдар

келтірді.

Мәселен, Тобылжан ауылының тұрғыны

Максим Лошкарев аудандық ауруханада

мамандандырылған дәрігердің кеңесін

алудың қиындығына қынжылыс білдірді.

- Өзім дәрігермін, сол себепті Сіздің

сауалыңыз орынды, - деді Айнұр Әбитова. –

Отандық денсаулық сақтау жүйесі, оның

ішінде ауылдық жерлерде кадрлардың

жетіспеушілігі сезіледі. Бұл мәселені

шешу үшін «Nur Otan» партиясы нақты

қадамдар жасамақ. 2023 жылға қарай

дәрігерлер жалақысы 2,5 есеге артып,

550 000 теңгеге, ал орта медициналық

персонал айлығы 190 000 теңгеге жетеді.

Сонымен қатар, депутаттыққа кандидаттың

сөзіне қарағанда, медицина қызметкерлерін

ынталандыру жүйесі жетілдіріліп,

қосымша өтемақылар төленеді. Мамандарды,

соның ішінде балалар дәрігерлерін

даярлауға бөлінетін гранттар саны артады.

Успен ауданына келсек, мұнда «Еңбек»

және «Дипломмен – ауылға!» бағдарламалары

бойынша 20 маманды тарту жоспарлануда.

Оларға көтермеақы мен баспана сатып

алуға жеңілдікпен несие беру көзделген.

Одан бөлек, 2025 жылға дейін Ольгин,

Ковалевка, Тимирязев, Дмитриевка және

Вознесенка ауылдарында медпункттер мен

Лозовойдағы фельдшерлік-акушерлік пунктін

күрделі жөндеу жоспарлануда.

Дейтұрғанмен, Богатырь тұрғындары

интернет пен ұялы байланыстың нашарлығын

айтты.

Осы орайда партия алдағы бес жылда

ел халқының 99%-ын жоғары жылдамдықты

интернетке қосуды мақсат тұтуда. Ауыл

мектептеріне басымдық беріледі.

Успен ауданының 500 адамнан кем тұратын

ауылдарының бәрінде ұялы байланысты

сәйкес қондырғылар орнату арқылы

күшейтіледі.

Сұрақ-жауап кезінде аудан орталығында

саябақ ұйымдастырып, Константиновкада

бассейнді жөндеу де сөз болды. Алайда

бәрінен бұрын ауылдықтар электр энергиясына

түнгі тарифті қалпына келтіруді өтінді.

(20225)

Үгіт материалдарын БАҚ-та көшіріп басуға, сондай-ақ оларды БАҚ-тың сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында қайталауға тыйым салынған.

Мақалалардың жариялану ақысы «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.


SARYARQA SAMALY

АҚПАРАТ 5 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл 3

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Екібастұз қаласындағы

кейбір көпқабатты

баспаналарға

жылу жеткілікті

көлемде жетпейді.

Соның салдарынан

шаһар тұрғындары

қақаған суықта

пәтерлерінде бүрсең

қағуға мәжбүр. Бөлме

температурасының

белгіленген нормадан

төмен болуына

байланысты түсетін

шағымдар да аз емес.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

2 қаңтар күні кеншілер шаһарына барып,

жылу-электр орталықтарының жұмыс

барысымен танысты.

Аймақ басшысы алдымен Б.Нұржанов

атындағы ГРЭС-1 станциясына ат басын

бұрды. Кәсіпорын басшылығының айтуына

қарағанда, қоймаларда 254 мың тонна

қатты отын бар. Бұл қор шамамен жеті

күнге жетеді. Әбілқайыр Бақтыбайұлы

бұл көлемнің аздығын алға тартып,

қорды көбейтуді тапсырды. Көмірді

қабылдау жұмысын оңтайландырып,

тиісті нормативке жеткізуді де жүктеді.

Ал ГРЭС-2 станциясы басшылығы

№3 энергиялық блоктың құрылысына

қатысты дайындық жұмыстарымен

таныстырды. Қазіргі уақытта жобаға

байланысты техникалық және

КЕЗДЕСУ

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Ертіс-

Баян өңірінің зиялы қауым өкілдерімен

кездесіп, осы тақырып аясында әңгіме

өрбітті. Жазушылар, суретшілер,

мәдениет және өнер қайраткерлерінің

қатысуымен өткен басқосуда өңір

басшысы шығармашылық зиялы қауым

өкілдерінің барлық ұсыныстары қаралып,

ескерілетінін айтты.

- Мәдениет, өнер және басқа да

аралас салаларда көптеген мәселелер

бар екенін білеміз. Осы мәселелерді

шешу жолында аянып қалмаймыз.

Сіздердің барлық тілектеріңізді ескереміз

және сіздермен бірге оларды жүзеге

асыруға тырысамыз, - деді Ә.Сқақов.

Чехов атындағы драма театрының

директоры және көркемдік жетекшісі

Жылу жетпейді

қаржылық аудит жүргізілуде. Сонымен

қатар, Қытайдан салмағы 7 мың

тоннадан астам жабдық жеткізілуі тиіс.

- Жақында Энергетика министрі Нұрлан

Ноғаев келіп, жаңа блоктың құрылысын

жан-жақты талқыладық. Жобалық-сметалық

Виктор Аввакумов облыстағы мәдениет

нысандарында мұндай іргелі жөндеу

жұмыстары болғанын атап өтті.

- Жүз жылдан астам уақыт біздің

театрдың қосалқы ғимаратында жөндеу

жүргізілген жоқ. Сонымен қатар, облыс

орталығындағы Луначарский көшесіндегі

балалар кітапханасы да 50 жыл бойы

жөнделмеген. Атқарылған жұмыстар

үшін алғыс айтқым келеді, - деді

В.Аввакумов.

Белгілі ақын және композитор Асығат

Тұрғанбек Павлодар облысында айтыстарды

өткізу дәстүрін жандандыруды

ұсынды. «Желдірме» жас ақындар мектебі

жетекшісінің айтуынша, өңірде өз әлеуетін

ашу және дамыту үшін тұрақты алаңды

қажет ететін таланттар көп.

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

құжаттамаға өзгерістер енгізілген соң

жоба мемлекеттік сараптамаға беріледі, -

деді кәсіпорын басшысы Владимир

Асташов.

Бұл ретте Екібастұз жылу-электр

орталығының өкілдері жылу маусымының

барысы туралы баяндады. Қаланың кейбір

көпқабатты үйлерінің тұрғындарынан

жылудың жетпейтініне байланысты

шағымдар ара-тұра түсетін көрінеді.

Жылу берушілер мұны кейбір үйлердің

сорғыларды жылу желілеріне ешқандай

келісімсіз қосуымен байланыстырды.

Соның салдарынан басқа үйлер мен

пәтерлерді тиісті деңгейде жылыту

мүмкін болмай отыр. Әбілқайыр Сқақов

бұл мәселені уақыт оздырмай шешуді

тапсырды.

- Шамадан тыс жылуды өздігінен

қамтамасыз етіп отырған пайдаланушыларды

анықтау керек. Ол қиын

емес. Пәтер иелері кооперативтерімен

жұмыс істеп, жылу-техникалық есептер

мен жылу тасымалдауға байланысты

параметрлерін өлшеу керек, - деді

облыс әкімі.

Аймақ басшысы қалалық полиция

басқармасында да болды. Бөлім бастығы

Василий Склярдың айтуынша, 2021

жылдың алғашқы күнінде қалада тек

екі қылмыс тіркелді. Екі жағдайда да

көлік жүргізу құқығынан айырылған мас

жүргізушілер ұсталды. Жалпы, тәртіп

сақшылары Екібастұздағы жағдайды

тұрақты деп бағалады.

Ұсыныстарын білдірді

Аймағымызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020»

мемлекеттік бағдарламасы аясында былтыр ұзақ жылдар

жөндеу көрмеген бірқатар нысан қайта жаңарып, заман талабына

сай түрленді. Оң өзгеріске өңірдің зиялы қауым өкілдері

ризашылығын білдіріп, жоғары бағалады.

- Біздің айтыскерлер әрдайым

республикалық деңгейде жүлделі

орындарға ие болып жүр. Кезінде

айтыстар «Шаңырақ» шығармашылық

үйінде үнемі өткізіліп тұратын. 2015

жылы жерлесіміз Аспанбек Шұғатаев

«Алтын домбыра» республикалық

байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

Павлодар облысында айтыскерлердің

өнері шетте қалмауы үшін айтыстың

қайта жанданғанын қалаймыз, - деді

А.Тұрғанбек.

Ж.Аймауытов атындағы музыкадрама

театрының әртісі Талжібек

Атамбек актерлердің мәдениет пен

өнер саласында жоғары наградаларға

ие болғанын тілге тиек ете отырып,

театр академиялық мәртебеге лайық

десе, ақын Арман Қани «Ертіс дидары»

газетін қайта жаңғыртып, Павлодар

облысы ақындарының кітаптарын жиі

шығаруды ұсынды.

Кездесу соңында қатысушылар

облыстық көркемсурет музейіне

қойылған жергілікті және қазақстандық

суретшілердің көрмесін тамашалады.

ДАМУ

Оң нәтиже бар

Былтыр облыстың негізгі

әлеуметтік-экономикалық салаларында

айтарлықтай өсім

байқалды. Агроөнеркәсіптік

кешенде де оң нәтижелер бар.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен

өткен аппараттық жиын барысында 2020 жылғы

жұмыстың алдын ала қорытындысы шығарылды.

Облыс әкімінің орынбасары Әлия Арынова пандемия

кезінде сақталған оң динамика экономикадағы

шығындарды азайтуға мүмкіндік бергенін

атап өтті. Сонымен қатар, теміржол дөңгелектері

өндірісінің 2,5 есеге артуы есебінен машина жасау

өндірісінде өсім байқалды. Металл құрылымдарын

шығару 1,2 есеге, полипропилен өндірісі 1,9 есеге,

сым-ток өнімдерін шығару 12 пайызға, металл

кендерін өндіру 9 пайызға өсті.

- Жыл қорытындысы бойынша қазынаға 470 млрд.

теңгеден астам инвестиция түсуі тиіс. Оған қоса,

облыста 500 млрд. теңгеге 32 инвестициялық жоба

жүзеге асуда. Оның 8-і биыл іске қосылып, жаңа

өндіріс орындары пайда болды, - деді Ә.Арынова.

Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өсім

4 пайызды құрады. Жақсы және қанағаттанарлық

жағдайдағы жолдардың үлесі 86 пайызға жетті.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы

арқылы өңірдің 138 елді мекенінде 456 әлеуметтік

және инфрақұрылымдық нысан жөнделді.

- 2020 жыл оңай болған жоқ. Әйтсе де,

экономиканың негізгі секторлары өз тұрақтылығын

көрсетті. Облыстағы жұмыссыздық деңгейі бұрынғы

қалпында қалды. Бұл ретте «Жұмыспен қамтудың

жол картасы» бағдарламасы маңызды рөл атқарғанын

атап өту керек. Бүгінде агроөнеркәсіптік кешенді

дамыту есебінен облыс экономикасын әртараптандыру

үшін барлық мүмкіндік бар. Алдымен өзімізді ауыл

шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуіміз керек.

Содан соң сыртқы нарыққа жөнелтуге болады.

Өнімдерді экспортқа шығарар әлеуетіміз жоғары, -

деді Ә.Сқақов.

КӘСІПКЕРЛІК

Қолдаусыз

қалмайды

Аймағымызда кәсіпкерліктің

қыр-сырын меңгерген іскер

әйелдер аз емес. Олардың өңірдің

әлеуметтік-экономикалық

дамуына қосқан үлестері зор. Бұл

ретте, алдағы уақытта әйелдер

кәсіпкерлігін қолдау мақсатында

арнайы гранттар тағайындалмақ.

Мұндай ұсыныс облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың

өңірдің іскер әйелдерімен болған кездесуінде айтылды.

Бұдан бөлек, жиында кәсіпкерлікті дамытудың өзге

де мәселелері сөз болды.

Аймақ басшысы облыстағы әйелдердің іскерлік

қауымдастығы белсенді екенін және өңірдегі барлық

бизнес-сектордың дамуы кәсіпкер әйелдердің

қызметімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

- Көптеген кәсіпкерлер сіздерден үлгі ала

алады. Сіздер әр істі алға бастырып қана қоймай,

қайырымдылықпен айналысасыздар. Жаңа жұмыс

орындарын ұсынып отырсыздар. Мұның бәрі -

орасан еңбек, - Ә.Сқақов.

Облыстық әйелдердің іскерлік кеңесінің ақпаратына

сүйенсек, былтыр өңірдегі әйелдердің бизнеске

қатысу үлесі 49 пайызды құраған. Аймақтағы

19 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерін әйелдер

басқарып отыр. Бұл ретте кәсіпкер ханымдар

бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде де

ұмытпақ емес.

Кездесуде проблемалық мәселелер де талқыланды.

Кәсіпкер ханымдар өз ісін дамыту үшін техникалық

шарттарды алуда қиындықтар жиі кездесетінін

айтты. Жағдайды талқылау үшін олар монополист

кәсіпорындардың өкілдерімен кездесу ұйымдастыруды

сұрады. «Бизнеспен айналысатын әйелдер, әсіресе

ауылдық жерлердегі арулар қолдауды қажет етеді.

Табысқа жетудің алғашқы қадамын жасаудан

қорқатындар немесе өмірлік қиын жағдайға тап

болғандар бар, ал қаржылық көмек қиын одан

шығуға көмектесетін еді. Тіпті 10 грант болса да,

бұл 10 шын бақытты отбасы болар еді. Біз бұл

бастамаға қатысуға дайынбыз», - деді «Ақжар

Өндіріс» агрофирмасы» ЖШС-нің өкілі.

Аймақ басшысы бұл бастаманы қолдап, гранттық

қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруға уәде берді.

Жиын соңында Әбілқайыр Сқақов іскер әйелдерге

бірқатар марапат табыстады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.


4 5 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл ИГІЛІК

SARYARQA SAMALY

Ой ойлайтын

уақыт

Басы 1-бетте

БАС ТАҚЫРЫП

Павлодар футболы

«қайта оралады»!

Осы орайда руханият, білім беру, т.б. тақырыптар

бойынша өңірдегі білікті, ойы-сөзі түзу тұлғалардың

басын қосып, дөңгелек үстелдер өткіземіз. Былтырғы

жылы карантиндік шараларға байланысты басқосулар

азайып қалса, биыл онлайн қалыпта болсын осындай

іргелі отырыстарды қайта қолға аламыз. Былтыр

кемеңгер Әл-Фарабидің 1150 жылдық, ұлы Абайдың

175 жылдық мерейтойын насихаттау бойынша газетте

көптеген мақалалар жарық көрді. Биыл да руханият

алыптары туралы халыққа ұдайы рухани азық ұсынамыз.

Одан басқа, газет көлеміне қарай, мүмкіндігінше

әдеби-тарихи шығармаларды беруге тырысамыз. Қазақ

қай уақытта да жалаң ақпаратты аздық еткен, оған

байыптауға, болашағына қатысты дүниелер қажет. Осы

орайда балалар мен жасөспірімдердің, мұғалімдердің,

дәрігерлердің арнайы беттері мен қосымшалары жарық

көруін жалғастырады.

Індеттің әсері барлық салаға, соның ішінде газетке

жазылуға да кері әсерін тигізді. Мәселенің түбі

әлеуметтің күнкөрісі, табыс табуына барып тірелетінін

ұғынамыз. Десе де, бәрібір рухани мәселені алдыңғы

қатарға қойған оқырмандарымыз көп екен. Олар

балаларына, немерелеріне газет оқып, қазақы үлгіде

тәрбиеленуді мақсат тұтатыны құптарлық. «Saryarqa

samaly» газетіне жазылуда осыны байқадық. Әсіресе,

облыс бойынша Ақсу қаласы, Ақтоғай, Баянауыл, Май,

Аққулы, Тереңкөл, Железинка, Ертіс аудандарының

тұрғындары белсенділік көрсетіп отыр.

Атақты абайтанушы, академик, жерлесіміз Ғарифолла

Есімнің бір айтқаны бар еді: «Жұрт деген бар, сол

жұрт есті сөзді жақсы түсінеді, ойы зерек, байыпты

болады. Сол жұртты басқа халық тыңдайды. Жүрген

жерінде «мынандай жақсылық болған екен» деп айтып,

үлгі болып жүреді. Сол жұрт аман болсын» деп. Сол

секілді, облыстық қазақ газетіне жазылған ардақты

оқырмандарымызды «сүт бетіне қалқып шыққан

қаймақ» деп түсінеміз. Олар жүрген жерінде газетте

жарияланған мақала, айтылған ойлар туралы насихаттайды

деп білеміз. Расында, осы жұртымыз аман

болса, газеттің де тағдыры аман.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «қазір той тойлайтын

заман емес, ой ойлайтын заман» деп айтқан еді. Бұл

тек карантин мәселесін ғана қозғамайды. Жалпы,

заманның ағымы - осы ой ойлау, өзге халықтан озық

болу, өзімізді, ұлттық болмысымызды сақтауды ойлау,

уайымдау дегенді білдірсе керек.

Шын мәнінде, қазақы баспасөзден сусындату, отбасында

қазақы салтты ұстану арқылы ғана ұрпағымызға

ұлттық, бірегей тәрбие бере аламыз.

Ең бастысы, жаңа жыл өзінің берекесімен, еліміздің

қайта түлеуімен танылсын!

Биыл 2022 жылы Катарда өтетін

футболдан әлем чемпионатының

іріктеу кезеңі басталады.

Қазақстан ұлттық құрамасына

жеребе «жолдас» болмай, кілең

мықтыларға жолыққаны белгілі.

Бұл – жақында ғана құрама

тізгінін ұстаған павлодарлық

маман Талғат Байсуфиновтің

шеберлігі сыналатын сәт.

Білікті бапкермен болған шағын

сұхбатты назарларыңызға

ұсынамыз.

- Талғат Маруаұлы, сізге

жүктелген маңызды міндет

айқын. Құраманың ойынынан

не күтеміз?

- Біздің топқа үздік құрамалар

түскені белгілі. Қарсыластарымыз -

Франция, Украина, Босния және Герцеговина

мен Финляндия. Біздің топтағы

Финляндиядан басқа құрамалардың

барлығы әлем чемпионатының финалдық

кезеңіне шығып, футбол тойының

куәгеріне айналған. Мәселен, Франция

құрамасының 2018 жылы Ресейде

өткен әлемдік біріншілікте жеңімпаз

атанғанын футбол жанкүйерлері

жақсы біледі. Сондай-ақ Украина

мұндай ірі жарысқа ең алғаш 2006

жылы қатысса да, сол жылы қанатын

кеңге жайып, ширек финалға дейін

жеткен. Босния және Герцеговина –

Бразилиядағы додаға қатысушы.

Қысқасы, қарсыластарымыздың

барлығы «мықты» деген мәртебеге

лайық.

Бір жағынан азуын айға білеген

құрамалармен кездесу - үлкен

тәжірибе. Кейбір қарсыластардың

бізді менсінбейтіні командамызға оң

әсерін тигізуі мүмкін. Біздің мақсат

– жасыл алаңда аянып қалмау. Әр

кездесуде лайықты өнер көрсетуге

тырысамыз. Жігіттерге сенемін!

- Кімдерге сенім артамыз?

Ел біріншілігінде ойнап жүрген

футболшылар үмітті

ақтай ала ма?

- Ішкі біріншілікте тәжірибелі

аяқдопшылар аз емес. Десе де, шетел

чемпионаттарында шеберлікті шыңдау

маңызды. Бұл жағдай ойыншыларға

да, ұлттық құрамаға да пайдасын

тигізері анық. Ресей, Польша, Беларусь

сияқты чемпионаттарда жасындай

жарқылдап жүрген қазақстандықтар

бар. Соларға сенім артамыз. Бұған

дейін ел құрамасының сапында доп

тепкен тәжірибелі жігіттер де қатардан

қалмайтын болады. Әлем біріншілігіне

іріктеу кезеңі – ел намысы сыналатын сәт.

Техника мен тактикадан осалдау болуымыз

мүмкін. Бірақ ел намысы сынға

түскенде біздің ойыншылар аянып

қалмас. Оң нәтижеге жетер күн алыс

емес деп есептеймін.

- Ұлттық құрама Франция

сияқты азулы қарсыластармен

жолыққанда, павлодарлық

командадан бірде-бір ойыншының

шақыртылмайтыны

өкінішті-ақ. Жалпы, Павлодар

футболының болашағы жайлы

не айтасыз?

- Павлодар футболының алдағы

дамуы «Ақсу» командасымен байланысты

болады деп ойлаймын. Бүгінде

аталған команда екінші лигадан

бірінші лигаға жолдама алды. Ендігі

жерде премьер-лигаға өту – басты

мақсат. Осылайша, бұрынғыдай үлкен

футболдың қайта оралуы күтілуде.

Бұған жергілікті әкімдік те ынталы.

Бұл ретте, аймақта 2025 жылға дейінгі

футболды дамыту тұжырымдамасы

қолға алынған болатын. Оған сәйкес,

инфрақұрылым мәселесі, балаларжасөспірімдер

футболын жандандыру

жұмыстары жалғаспақ. Маңызды жоба

жүйелі іске асып, Павлодар футболы

биік деңгейге көтерілетініне сенімдімін!

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Оралхан ҚОЖАНОВ.

«Қарулы» қарсыластар

Қазақстан футбол федерациясы 1994 жылы ФИФА құрамына енгелі

бүгінге дейін алты рет әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде

бақ сынаған. Оның екеуіне Азия футбол конфедерациясында

(АФК) жүргенінде қатысса, қалған төртеуінде УЕФА аясында

өнер көрсетіп келеді. Жаһандық доданың іріктеуіне алты рет

қатыссақ та, өкінішке қарай, барлығында сәтсіз ойнадық.

Ең бір ауыз толтырып айтар-лықтай

нәтижеміз деп 2002 жылғы Оңтүстік Корея

мен Жапонияда өткен біріншіліктің іріктеуін

айта аламыз. Азия құрлығындағы іріктеудің

екінші айналымында Ирак құрамасымен

бірдей ұпай жинап, жеке көрсеткіш бойынша

қарсыластарымызға жол беріп, келесі айналымнан

құр қалған болатынбыз.

Енді, міне, жетінші іріктеу кезеңіне

де аяқ бастық. Бәлкім, киелі санның

кезегінде футболшыларымыз жаһандық

доданың негізгі кезеңіне жолдама алмаса

да, әлем футболын дүр сілкіндіріп қалар

деп сенеміз. Биылғы іріктеуде D тобына

түскен жерлестеріміз Франция, Украина,

Босния және Герцеговина, Финляндия

құрамаларымен әлем чемпионатының

жолдамасын сарапқа салатыны белгілі.

Ендеше, құрамаларға жеке-жеке тоқталғанды

жөн көрдік.

Франция. Ең кейінгі әлем чемпиондарын

таныстырып жатудың өзі артық болар.

Құрамы Киллиан Мбаппе, Пол Погба, Антуан

Гризманн, Рафаэль Варан секілді кіл мықты

футболшылармен жасақ-талған «үш жолақты»

ел әзірге әлем футболында қарсылас шыдатар

емес. Ресми матчтарда ең соңғы

рет 2020 жылғы Еуропа чемпионатының

іріктеу кезеңінде Түркия футболшыларынан

жеңілген. 2019 жылдың маусым айында

өткен кездесуде түрік ағайындарымыз 2:0

есебімен басым түскен-ді. Франциямен

өтетін екі ойында да жерлестеріміз ұпай

ала алмайтыны белгілі. Тек Қазақстан

қыздар құрамасы сияқты бір ойында 12

гол өткізіп алып, әлем алдында тағы да

масқара болмасақ игі еді.

Украина. Әйгілі шабуылшы Андрей

Шевченко жаттықтыратын Украина құрамасы

Франциядан кейінгі басты қарсыласымыз

саналады. Біздің жігіттер Украина футболшыларымен

бүгінге дейін жасыл алаңда

төрт рет жолықты. Барлығы да - әлем

біріншілігінің іріктеу ойындары. Екі рет

2006 жылғы, екі рет 2010 жылғы әлем

чемпионатының іріктеу кезеңіндегі топтық

кезеңнің бәсекелері. Екі құраманың ең

алғашқы «таныстығы» 2004 жылы басталды.

8 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда

өткен ойынның бірінші таймында

жерлестеріміз 1:1 нәтижесімен тең түскенімен,

екінші таймда тағы бір гол өткізіп алып,

1:2 есебімен жол берді. Келесі жылдың

маусым айында жерлестеріміз Украинаға

сапар шегіп, Киевтегі Олимпиадалық

стадионда алаң иелері біздің қақпаға

жауапсыз екі гол соғып, кезекті жеңісіне

қол жеткізді. Араға үш жыл салып, қос

құраманың жолы әлем чемпионатының

топтық кезеңде тағы да түйісті. Өкінішке

қарай, бұл іріктеудің де екі кездесуінде

украиналықтардың мерейі үстем болды.

Алғаш Алматыдағы матчта 3:1 есебімен,

Украинада 2:1 нәтижесімен жеңілдік.

Александр Зинченко («Манчестер

Сити», Англия), Андрей Ярмоленко

(«Вест Хэм», Англия), Руслан Малиновский

(«Аталанта», Италия) секілді шоқ жұлдыздары

бар Украина құрамасы қазіргі таңда ФИФА

рейтингінде 24-орында келеді.

Финляндия. Бұл елдің ұлттық

құрамасы да, Еурокубокта бақ

сынайтын командалары да қазақстандық

жанкүйерлерге жақсы таныс. Әзірге екі елдің

футболшылары тарихта үш рет кездескен.

Ең алғаш Қазақстан мен Финляндия

2006 жылы ақпанда Кипрде өткен

халықаралық турнирде жолығып,

негізгі уақытта жеңімпаз анықталмаған.

Ал ойыннан кейінгі пенальти сериясында

қарсыластарымыздың жолы болды.

Есеп – 3:1. Кейіннен екі құрама 2008 жылы

Аустрия мен Швейцарияда өткен Еуропа

чемпионатының іріктеу кезеңі аясында бір

топқа түсті. 2006 жылдың қазан айында

Алматыда өткен ойында қонақтар 2:0

есебімен жеңіске жетті. 2007 жылы сырт

алаңдағы кездесуде де жерлестеріміз

қарсыластарына жол берді. Бұл жолғы

матч 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына

шешілді. Қазіргі таңда Финляндия

ФИФА рейтингінде 54-орында тұр.

Топтағы соңғы қарсыласымыз – Босния

және Герцеговина. Әзірге екі елдің ұлттық

құрамалары жасыл алаңда кездеспесе де,

Балқан түбегіндегі елдердің ойыны бізге

жақсы таныс. Әрине, қазір Босния және

Герцеговинаның көрсетіп жүрген ойыны

аса мәз емес. Кейінгі жеті ойыннан бері

жеңіс не екенін білмей келеді. Тек өткен

жылдың қараша айында ғана Ұлттар

лигасы аясында сырт алаңда Лихтенштейн

құрамасын 3:0 есебімен жеңген.

Қазақстан ұлттық құрамасының

матчтарының күнтізбесі:

28.03.2021 Қазақстан – Франция

01.04.2021 Украина – Қазақстан

01.09.2021 Қазақстан – Украина

04.09.2021 Финляндия –Қазақстан

08.09.2021

09.10.2021

Босния және Герцеговина –

Қазақстан

Қазақстан – Босния

және Герцеговина

12.10.2021 Қазақстан – Финляндия

14.11.2021 Франция – Қазақстан

Өз тілшіміз.


SARYARQA SAMALY

КӨКЖИЕК 5 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл 5

Егемендік еншісі – саналы ұрпақ

Басы 1-бетте

Философия ғылымдарының

докторы, академик Ғарифолла

Есім ағамызбен хабарласып, ел

егемендігінің алдағы мерейлі датасына

қатысты ойлары мен ұсыныспікірлерін

сұрап білген едік.

- Тәуелсіздік алғаннан кейінгі

30 жылдың дересінде мақтанышпен

айтар көп жетістікке жеттік.

Соның бірі – ойы тәуелсіз,

санасы сәулелі, түйсігі терең

жаңа ұрпақ қалыптастыруымыз.

Тәуелсіздіктен кейін өмірге келген

перзенттеріміз бүгін орда бұзар

30 жасқа толып отыр. Мен

30 бен 40-тың арасындағы жастарды

«күміс ұрпақ» деп атаймын. Күміс

дегеніміз - суға салсаңыз, оны

тазалайтын қасиеті бар аса құнды

зат. Яғни, 30 бен 40-тың арасындағы

жігіттер де - қоғамды тазалаушылар.

Өздеріңіз білесіздер, біздің қоғам

көзге көрінетін және көрінбейтін

шаң мен тозаңға толы. Ол – авторитаризм,

жемқорлық, т.б. Сол

секілді, өндірістің, ғылым мен

білімнің дамуына тұсау болып тұрған

көптеген факторлар бар. Солардың

барлығын қайта қозғалтатын –

осы буын. Бұл – Тәуелсіздіктің

ең басты жетістігі.

Екінші жетістігіміз – осы 30 жылдың

ішінде сол жастардың санасы

мен сезімі үлкен өзгеріске түсті.

Мысалы, қазіргі 10-15 жастағы

баланың танымы осыдан 40 жыл

бұрынғы дәл сондай жастағы

баланың таным-түсінігінен мүлдем

бөлек.

Үшінші жарқын жетістігіміз –

қоғамда жаңа түсініктер қалыптасты.

Ең бастысы, жекеменшіктік психологиясы

қалыптаса бастады. Бұрын

социализм кезінде жекеменшік

ұғымы деген болған жоқ. Жеке

шаруамен шұғылданған адамдарды

жазалаған. Мен еліміздің әр облысына

іссапармен барып жүремін.

Сонда байқағаным, өңірлерде өте

ауқымды жекеменшік иелері пайда

болыпты. Мысалы, кейбір ауылдарда

сол социализм кезіндегі

совхоздардан да көп жылқы ұстап

отырған азаматтар бар. Ал қазақ

үшін жылқы малының орны жоғары,

жылқы - біздің рухымыз, жылқы -

біздің мінезіміз.

Төртінші мақтанатынымыз –

қазақ елі Тәуелсіз мемлекет ретінде

әлемге өзін жан-жақты көрсете

білді. Кейбір тұлғалар бізді саясат

арқылы ғана танытқысы келеді.

Бұл дұрыс емес. Негізінен, саясат,

ғылым, білім, технология, мәдениет,

спорт – жеке-жеке арналар. Міне,

осы салалардың әрқайсысына

қазақтың жаңа буыны келіп, сол

арқылы қазақ атын жер-жаһанға

жария қылды. Біз дүние жүзіне

солай танылдық.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы –

біз үшін үлкен мүмкіндіктердің

көзі. Бұл біз үшін өте ауқымды

мерейтой болғанымен, орындалмаған

өкініштерімізді де айту парыз.

Осы ретте алдымен еске келетіні –

бизнес саласы. Біздің елде макробизнес

қана бар. Ал шағын бизнес

пен орта бизнес әлі өз деңгейіне

көтеріле алған жоқ. Елдің шағын

және орта бизнесі ішкі өнімнің

60 пайызын құрамайынша, жағдайымыз

оңалмайды. Біз мұнай, газ,

металл, уран секілді шикізатпен

ішкі өнімді толтырып отырмыз.

Өкінішке қарай, осы салалардан

түсетін пайданың қанша екенін

осы күнге дейін ешкім толық

айтып бере алмайды. Бізде дұрыс

жолға қойылмаған тағы бір мәселе

бар. Ол - бизнес пен экономикадан

гөрі саясатты көп сөз етіп

кеткеніміз. Мемлекетті жасайтын

саясат емес. Мемлекетті аяққа

тұрғызатын – бизнес. Министрлер

мен әкімдер саясатпен айналысып

кетті. Негізінде, саясат олардың

жұмысы емес. Олардың жұмысы -

нарық және нарықтық қатынастар,

өндіріс және индустрия. Сондай-ақ,

ІТ технология мен білім-ғылымды

дамыту. Ал саясатпен саяси партиялар

шұғылдансын. Ол үшін партияларды

бәсеке алаңына еркін жіберу

керек. Ал бәсеке болған жерде

нәтиже болады. Егер, бәсекеге

қабілетсіз бір-екі партияны қолдан

жасап шығарып отырсақ, олардан

халыққа пайда келмейді. Одан

кейінгі кемшілігіміз – білім ғылым

саласына деген бойкүйездігіміз.

Өкінішке қарай, біздің ғалымдарға

мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінбей

келеді. Өйткені, ғалымдардың

жалақысы аз, тұрақты баспаналары

жоқ. Аз жалақымен мықты

ғылым жасалмайды. Егер, тұрмыстық

жағдайлары төмен болса, қай кезде

іссапарға шығады? Қай кезде

ғылыми жұмыспен айналысады?

Ал біздегі ғылыми адамдардың

басты мәселесі күнкөріс болып

кетті. Мұндай жағдайда әлемдік

ғылым бәсекесінен шет қалып

қоямыз. Сол секілді білім саласында

да кемшіліктер бар. Ешкімге

пайдасы жоқ, түсініксіз реформалар

көбейді. Ауылдық жердегі

кәсіптік училищелер жабылып қалды.

Соның кесірінен жұмысшы маман

дайындау жағынан ақсап келеміз.

Білім саласының осы кетігін толтыруымыз

керек.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында

«Қазақ тілін ұлтаралық қатынас

тілі деңгейіне көтеруіміз керек» деді.

Міне, осы ұсынысты 30 жылдық

қарсаңында іске асыра бастасақ,

ұрпақтың игілігі жолында атқарған

ең үлкен шаруамыз осы болар еді.

Рухани жетістік дегеніміз – осы.

Президент айтты ма, орындау –

міндет. Осы ретте, Еуропадан үлгі

алуымыз керек. Мысалы, немістер,

француздар ағылшынша сөйлегенді

ұнатпайды. Қандай жиын болса

да, өз тілдерінде аударма жасауды

талап етеді. Өздеріңіз білесіздер,

қазір әлі күнге дейін қазақ балалары

орыс мектептерінде оқиды. Қазақша

сөйлегісі келмейтін отбасылар да

баршылық. Билікте отырғандардың

ішінде де бар. Бұларды тазалау

қажет. Жалпы айтқанда, қазақ болып

өмір сүрсек, Тәуелсіздік қалады.

Сондықтан, ең басты ұстаным –

қазақтану, толық қазақ болуымыз

керек. Қазақ болып өмір сүрсек,

әлемді де солай қабылдасақ,

біз Тәуелсіздікті жоғалтпаймыз.

Жазып алған –

Тілеуберді САХАБА.

САЙЛАУ-2021

Таңдау жасар сәт

Осы жылдың басты

саяси науқаны -

барлық деңгейдегі

мәслихаттар мен ҚР

Парламенті Мәжілісінің

депутаттарын таңдау.

10 қаңтарға

белгіленген сайлау

бұрынғылардан

өзгеше болмақ. Ел

тарихында алғаш рет

қазақстандықтар

партиялық тізімге

сәйкес дауыс береді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Биыл Парламенттің төменгі

палатасы мен барлық деңгейдегі

мәслихаттардың депутаттар тізімі

жаңарады. Мәжіліс тарихына

үңілер болсақ, бұған дейін

барлығы алты сайлау өткен екен.

Алғашқы сайлау кезінде, яғни

1995 жылдың желтоқсан айында

67 депутат сайланды. 1999 жылы

ұйымдастырылған екінші сайлау

кезінде 547 кандидат тіркеліп,

бір орынға сегіз адам таласты.

Бұл - бірінші сайлау кезінде

болмаған көрсеткіш. 2004 жылдың

қыркүйегінде өткен үшінші сайлау

қорытындысы бойынша 77 адам

депутат атанды. Мәжіліс депутаттарын

төртінші мәрте сайлау

2007 жылдың тамызында өтті.

Нәтижесінде төменгі палатаның

107 депутаты таңдалды. Бесінші

сайлау 2012 жылдың қаңтар айында

өтті. Ал 2016 жылы сайланған

107 депутат осы уақытқа дейін

қызмет атқарды.

Биыл жетінші рет өтетін сайлау

жүйесі, депутаттардың жұмысы

өзгеше болмақ. Біріншіден, тиісті

заңға түзетулер енгізу арқылы

парламенттік оппозиция институты

құрылады. Енді Мәжілістің тұрақты

комитеттерінің бір төрағасы мен

екі хатшысы солардың қатарынан

таңдалуы тиіс. Екіншіден, депутаттар

қатарындағы азаматтардың

кемінде 30 пайызы әйелдер

мен жастар болуы керек деген

талап қойылды. Сол үшін арнайы

квота енгізілді. Үшіншіден, барлық

деңгейдегі мәслихаттар сайлауы

партиялық тізім бойынша өтеді.

Яғни, сайлаушылар белгілі бір

адамды емес, бюллетеньге енген

бес партияның біреуін таңдайды.

Бұған дейін мұндай жүйе болған

емес.

Отандық және шетелдік

сарапшылардың пайымынша,

биылғы сайлаудың жаңашылдығы

да, жауапкершілігі де көп.

Мәселен, Еуропалық парламенттегі

Ортаазиялық делегация төрағасының

орынбасары Андрис Америкс

әйелдер мен жастарға міндетті

квотаның қарастырылуын ерекше

атап өткен екен.

- Сайлау кезінде Қазақстан

халқы алдағы бес жылда жұмыс

істейтін депутаттарды таңдайды.

Мен ел тұрғындары дұрыс таңдау

жасайды, ал мемлекет басшылығы

демократиялық проецестің ашық

әрі әділ жүруін бақылайды деген

үміттемін. Осы орайда депутаттық

орындардың 30 пайызы әйел

адамдар мен жастарға берілетінін

құптаймын. Бұл Қазақстанның саяси

дамуына, әлемдік тәжірибеге сай

келетін бағытты ұстауына оң әсер

етері анық. Әлем жұртшылығы

пандемиямен күресіп жатқан

тұста бұл сайлау бұқара мен билік

арасындағы өзара сенімнің жарқын

үлгісі болуы керек, - деген пікір

білдірді А.Америкс.

Қазақстандық саясаттанушылардың

да өз айтары бар. Әділ

Қаукеновтің айтуына қарағанда, үгітнасихат

шаралары басталғаннан-ақ

партиялардың жұмысына «қан

жүгірді».

- Қазір елімізде саяси жаңғыру

басталып, «Халық үніне құлақ

асатын мемлекет» тұжырымдамасы

іске асуда. Сондықтан Мәжіліс,

мәслихаттар сайлауы партияларға

жаңа мүмкіндіктер беріп отыр.

Олардың әрқайсысы бұрын-соңды

болмаған саяси технологияларды

қолға алып, соның негізінде белсенді

түрде іске кірісті. Оны үгіт-насихат

жұмыстарынан да айқын байқауға

болады. Партия көшбасшылары,

депутаттықтан үміткерлер әлеуметтік

желілерді, интернет алаңдарын,

түрлі онлайн-кездесу платформаларын

меңгеріп алды. Пандемия,

дағдарыс кезінде жаңашылдықтарға

бет бұрып, басқа бағытқа қарай

қадам басу оңай емес. Десе де,

сайлауға түскен бес партияның

барлығы жоғары кәсібилік көрсетіп

отыр дей аламын. Сайлау алдындағы

науқан қиындықсыз өтуде, - дейді

саясаттанушы.

Сайлау барысын жергілікті және

шетелдік бақылаушылар қадағалайды.

ЕҚЫҰ Демократиялық институттар

және адам құқықтары жөніндегі

бюросының шолушысы Михаела

Сивич бақылаушылар сайлаушылар

мен кандидаттарды тіркеуді,

үгіт-насихат жұмыстарын, сайлау

әкімшілігі мен тиісті мемлекеттік

органдардың жұмысын, заңнаманы

және оның қолданылуын, сайлауға

қатысты дауларды шешу мәселелерін

назарға алатынын айтты. Жалпы,

Қазақстандағы сайлау барысын

100-ге жуық шетелдік сарапшы

мен шамамен 20 мың отандық

бақылаушы қадағалайтын болады.

Ол үшін жергілікті бақылаушыларды

дайындайтын орталықтар

да құрылды.

Сарапшылардың ойлары Мәжіліс

пен барлық деңгейдегі мәслихат

депутаттарын таңдау науқаны

белгіленген талаптар аясында

әділ өтеді деген пікірге саяды. Ал

депутаттық құрамдардың жаңаруы

саяси белсенділіктің артуына,

қордаланған мәселелердің оң

шешім табуына, халық қалаулылары

мен халықтың өзі арасындағы

байланыстың нығая түсуіне әсер

етуі тиіс.

Павлодар облыстық аумақтық

сайлау комиссиясының мәліметінше,

«Nur Otan», «Ақжол», «Ауыл»,

«Адал» және «Қазақстанның халық

партиясы» партияларынан барлығы

54 тізім ұсынылып, мәслихаттарға

476 кандидат тіркелді. Олардың

қатарында 223 әйел адам мен

жастар бар. Бұл – кандидаттардың

жалпы санының 47 пайызы.

10 қаңтар күні облыста барлығы

532 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Тұрғындар мекенжайы бойынша

белгіленген учаскелерге келіп,

аудандық немесе қалалық,

облыстық мәслихаттар мен Парламент

Мәжілісінің депутаттарын

таңдау үшін бес партияның біріне

дауыс бере алады. Саяси науқан

кезінде павлодарлықтар белсенділік

танытып, ел болашағы үшін таңдау

жасайды деп үміттенеміз.


6 5 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл СҮЙІНШІ

SARYARQA SAMALY

Жақсылық күткен жыл келді!

Босағамыздан аттап кірген жаңа жылдан күтеріміз

көп. Биыл эпидемиологиялық ахуал

жақсарып, бұрынғы алаңсыз уақыттың қайта

оралғанын қалаймыз. 2021 жыл қиындықтарды

еңсеріп, жетістікке жетер жыл болса екен деп

тілейміз. Әр отбасына қуаныш сыйлап, табыс

әкелетін игі істер басталып та кетті. Осы орайда

жанды жадыратар жағымды жаңалықтардың

бірқатарымен бөлісе отырайық.

Зейнетақы

өседі

Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаев алдағы бес жыл

ішінде зейнетақыны индексациялауға

3 трлн. теңгеден астам қаржы

жұмсалатынын айтқан болатын.

Қарттар игіліктің басын биылдан

бастап көреді. Зейнетке шыққан

қарияларымыздың ай сайынғы

алары 7 пайызға өсетін болды.

Яғни, мемлекеттік базалық зейнетақы

төлемінің ең төменгі мөлшері

1 689 теңгеге артып, 18 524 теңгеге

жетеді. Зейнетақының ең төменгі

мөлшері 4,6 мың теңгеге ұлғайып,

43 272 теңгені құрайды. Демек,

биыл зейнетақы шамамен 7 мың

теңгеге көбейеді.

Зейнетақы демекші, қаңтар

айынан бастап зейнетақы жинақтау

шоттарындағы қаржының бір

бөлігін мерзімінен бұрын шешіп

алуға мүмкіндік беріледі. Бұл -

былтыр қоғамда қызу талқыланған

тақы-рыптардың бірі. Әр жасқа

сәйкес белгіленген жеткілікті

деңгейі бар 700 мың қазақстандық

зейнетақы шоттарындағы жинақ

ақшасын баспана алу, ипотекалық

қарызды жабу, емделу үшін пайдалана

алады. Мұндай мүмкіндік

біраз уақыт бойы қордаланып

келе жатқан мәселелердің оң

шешім табуына әсер етуі тиіс.

Жәрдемақы

көлемі ұлғаяды

Биыл жәрдемақылар мен басқа

да әлеуметтік төлемдерді, айыппұлдарды,

салықтарды есептеу

үшін қолданылатын айлық есептік

көрсеткіштің (АЕК) көлемі көбейді.

Былтыр 1 сәуірден бастап бір айлық

есептік көрсеткіш 2 778 теңге болса,

осы жылы 2917 теңгені құрады.

Сәйкесінше мемлекеттік қазынадан

берілетін әлеуметтік төлемдердің,

оның ішінде жәрдемақының

көлемі артады.

Айталық, көпбалалы аналарға

ай сайын берілетін жәрдемақы

өседі. Енді төрт бала тәрбиелеп

отырған ата-аналар 46,7 мың

теңге, бес баласы барлар 58,4

мың теңге, алты балалы отбасылар

70,1 мың теңге, жеті бала үшін

81,8 мың теңге, сегіз баланың

ата-анасы 93,3 мың теңге, тоғыз

баланы бағып-қағып отырғандар

105 мың теңге, он және одан да

көп баласы бар батыр аналар 116,6

мың теңге алады. Осылайша,

жәрдемақы көлемі шамамен

4-5 мың теңгеге көбейеді.

Бірінші, екінші және үшінші

баланың дүниеге келуі үшін

берілетін бірреттік төлем де

105,5 мың теңгеден 110,8

мың теңгеге дейін,

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

төртінші және одан көп балаға

арналған жәрдемақы 175 мың

теңгеден 183,7 мың теңгеге дейін

артады.

Күнкөріс деңгейі

көтеріледі

Былтыр базалық әлеуметтік

төлемдерді есептеу үшін қолданылатын

ең төменгі күнкөріс

деңгейі 32 668 теңге болған еді.

Биыл бұл көрсеткіш 34 302 теңге

болып белгіленді. Соған сәйкес,

мүгедектікке байланысты берілетін

төлемдердің сомасы өзгерді.

І топтағы мүгедектер 1,92 еселенген

ең төменгі күнкөріс деңгейі,

яғни 62 723 теңге алса,

енді 65 860 теңге алу мүмкіндігі

бар. Ересек жастағы II мүгедек

тобындағы адамға төленетін ақы

49 983 теңгеден 52 483 теңгеге

өседі. III топтағы ересек мүгедек

адамға 1,04 еселенген ең төменгі

күнкөріс деңгейі мөлшерінде

жәрдемақы беріледі. Былтыр ол

33 975 теңге болса, биыл 35 675

теңге болады.

Электрондық

әмияннан алады

Осы жылдан бастап ел тұрғындарына

атаулы әлеуметтік көмек

электронды әмиян арқылы беріледі.

Бұл дегеніңіз - ай сайын

алатын тиісті сома әлеуметтік

электрондық әмиянға түседі деген

сөз. Яғни, банкке барып, шот

ашудың қажеті жоқ. Табысы

төмен отбасылар осы әмияндағы

қаржыны азық-түлік, киім-кешек

алуда еш қиындықсыз пайдалана

алады. Жылдың соңына қарай

мемлекеттік жәрдемақы алатын

өзге де әлеуметтік топтарға

қаржы аударарда осы жаңа тәсіл

қолданылмақ. Мұндай жаңашылдық

соңғы уақытта тұрғындардың

басым бөлігі қолма-қол ақшамен

төлеу жасауды азайтқандықтан

енгізіліп отыр. Сарапшылардың

пайымынша, атаулы әлеуметтік

көмекті электронды әмиян арқылы

беру қаржы қауіпсіздігін

қамтамасыз етіп, онлайн түрде

төлемдерді жасау мүмкіндігін

арттырады.

Педагогтардың

айлығы артады

Өткен жылы мұғалімдердің

еңбекақысы 25 пайызға көбейген

болатын. Биыл да дәл осындай

көлемде үстемеақы қосылады.

Айта кетерлік жайт - бұл тек

мектеп мұғалімдеріне емес, балабақша

тәрбиешілері, қосымша

білім беру ұйымдары қызметкерлері,

колледждер мен жоғары

оқу орындарының оқытушыларына

да қатысты. Олардың жалақысы

25 пайызға көбейеді.

Сонымен қатар, мұғалім өз

ісінің шебері болса, ай сайын

еңбекақысына қоса 50 пайыз төлем

алады. Дәптер тексергені, сынып

жетекшілігі, магистрлық дәрежесі -

барлығы ескеріліп, қосымша ақы

да төленеді.

Биылдан бастап білім беру

саласын басқару жүйесі де

өзгереді. Бұдан былай аудандық

және қалалық білім бөлімдері

облыстық басқармалардың тікелей

бақылауында болады. Ауданқалалардағы

білім бөлімдерін

басқару мен қаржыландыру да

облыстық деңгейге өтеді.

Ақ желеңділер де

ұмыт қалмайды

Пандемиямен күрестің алдыңғы

шебінде жүрген ақ желеңділердің

еңбегі ерен екеніне ешкім

шүбә келтірмес. Елеулі еңбек

лайықты деңгейде бағалануы тиіс.

Ел билігі осылай пайымдайды.

Сондықтан былтыр коронавирустық

инфекцияға төтеп беру үшін

тер төккен медицина саласының

қызметкерлеріне өтемақылар

берілген болатын. Айлығы да

айтарлықтай өсті. Мәселен, дәрігерлердің

еңбекақысы 246 мың

теңгеге, орта медициналық қызметкерлердің

жалақысы 144 мың

теңгеге жетті. Алдағы үш жыл аралығында

250 мыңға жуық ақ желеңдінің

айлығы кезең-кезеңмен өсіп,

2023 жылы орташа еңбекақы

көлемінен екі есеге асып түсуі

тиіс. Жыл сайын дәрігерлердің

жалақысы 30 пайызға, мейірбикелердікі

20 пайызға көбейеді.

Биыл бұл мақсатқа қазынадан

222,3 млрд. теңге қарастырылып

отыр. Сонымен қатар, осы жылы

санитарлық-эпидемиологиялық

сала қызметкерлерінің еңбекақысын

арттыруға 6,6 млрд. теңге

жұмсалады.

Полицейлердің

жағдайы

жақсарады

Тәртіп сақшылары да медицина

қызметкерлерімен қатар

қауіпті індеттің таралуының алдын

алып жүр. Қоғам қауіпсіздігін сақтау,

қылмыстық әрекеттердің

бетін тез арада шешу сынды

жауапкершіліктің ауыр жүгі тағы

бар. Қысқасы, жұмыстары қиын,

алар ақшасы - аз. Сондықтан

былтыр Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев полиция

қызметкерлерінің айлығын алдағы

үш жылда 30 пайызға арттыру

қажеттігін айтқан еді. Бұл бағыттағы

жұмыс биылдан басталады. Яғни,

осы жылдан бастап құқық қорғау

органдары қызметкерлерінің жалақысы

өседі.

Сонымен қатар, олардың

әлеуметтік жағдайына баса мән

беріледі. Бұған дейін жыл сайын

тәртіп сақшыларына тұрғын үй

өтемақысын беру үшін бюджеттен

15 млрд. теңге бөлінетін.

Биыл қосымша 10 млрд. теңге

қарастырылады. Сөйтіп, кезекші,

қарауыл бөлімдері, мамандандырылған

күзет ұйымдары,

ведомстволық оқу орындары

мен қылмыстық-атқару жүйесі

өкілдерінің баспана мәселесін

шешуі үшін барлығы 25 млрд.

теңге бағытталады.

Әлеуметтік сала

да ескеріледі

Соңғы жылдары қарттар үйлері,

мүмкіндігі шектеулі жандарға

арналған оңалту орталықтары,

тұрақты мекенжайы жоқ, тұрмыстық

зорлық-зомбылықтың құрбандары

болған адамдарды

бейімдеу орындарында еңбек

ететін қазақстандықтардың еңбекақысы

төмен екені жиі көтерілді.

Жалғызбасты қариялардың үйлеріне

барып, бар жағдайын

жасайтын әлеуметтік қызметкерлердің

айлығы да мардымсыз

еді. Қарттардың көңілін

аулап, денсаулығын бақылап,

«ерекше» адамдардың аяқтан

нық тұруы үшін күні-түні тынбай

еңбек ету әсте оңай емес.

Сондықтан бұл сала өкілдерінің

талай жылдан бергі тілегі де

ескерілді. Биыл әлеуметтік сала

қызметкерлерінің еңбекақысы

1,5 есеге өсетін болды. Нәтижесінде

осы салада жұмыс істейтін

38,5 мың қызметкердің қалтасына

түсер қаржы көбейеді.

2021 жылғы өзгерістер:

Бір айлық

есептік көрсеткіш

2 917

теңге

Ең төменгі жалақы 42 500

теңге

Ең төменгі

мемлекеттік базалық

зейнетақы

Ең төменгі

зейнетақы көлемі

Ең төменгі күнкөріс

деңгейі

18 524

теңге

43 272

теңге

34 302

теңге

Осы жылы жәрдемақы, әлеуметтік төлем, жалақы көлемін арттыру

бағытында осындай оң өзгерістер орын алмақ. Сол арқылы тұрғындардың

табысы көбейіп, әлеуметтің әл-ауқаты жақсара түсуі тиіс. Әлбетте,

ай сайын алар қаржының көлемі көңіл көншітер болғаны жақсы-ақ. Десе

де, басты байлық - денсаулыққа баса назар аударуды ұмыт қалдырмаңыздар!

Жаңа жыл әрқайсыңызға жақсылық, молшылық, бақыт пен береке

әкелсін!

Коллажды жасаған - Н.Кожиков.


SARYARQA SAMALY

ҚОҒАМ 5 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл 7

САЙЛАУ-2021

Пайыздық мөлшерлеме

азаюы тиіс

«Ақжол» демократиялық партиясының өкілдері

жұртшылықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларымен

таныстыруда. Ақжолдықтар ел дамуы

үшін түбегейлі өзгерістер қажет екенін алға тартуда.

Ол үшін билік әлеуметтікэкономикалық

және саяси реформаларды

қабылдап, жүзеге асыруы

қажет деп есептейді. Жақында

«Ақжол» партиясы атынан облыстық

мәслихат депутаттағына үміткер Фуат

Сатыбаев Мойылды шипажайының

қызметкерлерімен жүздесті. Шарада

партияның алға қойған мақсаттары

айтылды. Саяси ұйым мүшелері

қоғамда әлеуметтік әділеттілікті

орнату үшін тұтыну несиелерінің

пайыздық мөлшерлемелерін 7-8

пайыздан асырмау керектігін жеткізді.

Әсіресе, ауылдағы кәсіпкерлерді

Құттықтаймыз!

Отан отбасынан басталады.

Отбасы - шағын мемлекет.

Сол мемлекеттің тірегі - әке.

Біздің Кенжебаевтар әулетінің

ең басты мүшесі, ардақты

да абыройлы әкеміздің 80

жас мерейтойы. Қарттығында

да әдемі қартайып, отбасы,

ошақ қасы ғана емес, бөтенге

де жанашыр боп, ақыл бере

алатын қазынамыз.

Биыл сексеннің сеңгіріне

аяқ басып отырған әкеміз

Кенжебаев Серік Кенжебайұлы

қанқұйлы соғыстың алдында

Шығыс Қазақстан облысы,

Ақсуат ауданы, «Қызыл кесік»

ауылында дүниеге келіп,

Аягөз ауданы «Тарбағатай»

кеңшарында өмірін ауыл

Оралхан ҚОЖАНОВ

барынша қолдау қажет. Салықтық

жеңілдіктер қарастырылуы керек.

Ақжолдықтар жас отбасыларды

ынталандыру және бала туу өсімін

арттыру үшін ипотекалық несиенің

25 пайызын субсидиялаудың

тиімділігін де сөз етті.

Жасыратыны жоқ, көптеген ауылдарда

дарынды балалардың білім

көкжиегін кеңейту үшін мүмкіндіктер

аз. Салдарынан талай мықты тасада

қалып, арманынан қол үзуде. Бұл

ретте, «Ақжол» партиясы ауылдағы

балаларды қолдаудың тың тетіктерін

іске қосуды жоспарлап отыр.

Жұмысшылармен

жүздесті

«Ақжол» демократиялық партиясының мүшелері

Павлодар қаласындағы «Темірмаш» ЖШС зауытының

жұмысшыларымен кездесті.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының

директоры, партия мүшесі

Ербол Арынов зауыт жұмысшыларына

партияның сайлауалды бағдарламасын

егжей-тегжейлі түсіндіріп,

дауыс беруге шақырды.

- «Ақжол» партиясы - кезіндегі

ұлт зиялылары құрған «Алаш»

партиясының бүгінгі жалғасы.

Партияның басты ұстанымы –

кәсіпкерлікті қолдау. Осы саладағы

күрделі түйіндерді, түйткілді мәселелерді

шешуге атсалысып келеміз.

Себебі, әлеуметтік және денсаулық

саласындағы барлық жетістіктің түбі

кәсіпкерлікке келіп тіреледі. Әсіресе,

шикізат өңдеу зауыттарын салу

Тілеуберді САХАБА

мәселесін жиі көтеріп жүрміз. Біздің

елде жетіспей тұрғаны – осы. Бұдан

бөлек, халықты баспанамен қамту

жолында да тиімді ұсыныстарымыз

бар. Мысалы, 1 баласы бар отбасыға

мемлекет баспана алуға 25 пайыз,

2 бала дүниеге келсе 50 пайыз

субсидия беру керек. Ал 4 баласы

бар жанұяларға бұдан да тиімді

қолдау жасауды қарастыру қажет, -

дейді Ербол Сейітахметұлы.

Өзге де үміткерлер бастамаларын

ортаға салып, зауыт

жұмысшыларының сұрақтарына

жауап берді. Еске сала кетерлігі,

аймағымызда «Ақжол» партиясының

3500-ге жуық мүшесі бар.

Ардақты әкемізді 80 жасқа

толуымен құттықтаймыз!

шаруашылығына арнап, зейнетке

шыққанша зоотехник-ветеринар

болып, аянбай қызмет етті.

Ол кісімен алғаш әңгімелескен

адам мұғалім деп

ойлап қалары сөзсіз. Әкеміз

еселі еңбек, қажырлы қайрат

иесі ғана емес, кез келген

тақырыпқа сөйлесе беретіні

өз алдына, өзінің парасатпайымы

да жұрттан бөлек.

Анамыз екеуінен тараған төрт

ұл мен екі қыз, 15 немере

мен 12 шөберенің өзі - бір

қауым ел.

Сексеннің сеңгіріне аяқ

басса да, айтар әңгімесі,

берер кеңесі азаймаған

кеудесі көмбе қарт «адам

болатын адам Абайды оқиды»

деп әлі күнге дейін бағытбағдар

беруден тайған емес.

Ол кісінің тәрбиесін алған

ұрпағы осындай мерейлі

күнмен құттықтап, анамыз

екеуіне дендеріне саулық,

жандарына шаттық, қуаттары

таусылмай, шөбере-шөпшек

сүйіп, арамызда 100 жасай

берсін деп ақ тілек білдіреді.

Балалары, келіндері,

күйеу балалары,

немерелері, шөберелері.

ТАБИҒАТ

ҚУАНЫШ

Аязда сапарға

шықпаңыз!

Сиыр жылы қақаған аязбен

басталды. Облыстық

төтенше жағдайлар департаменті

мен полиция

департаментінің мамандары

тұрғындарды табиғаттың

тосын мінезінен

сақтануды ескертіп, жолда

қалған жолаушыларды

құтқаруда.

2-3 қаңтар күндері өңірде ауа

температурасы -35-40 градусқа дейін

төмендеп, кешкі сағат 18.00-ден

бастап

«

облыстық және республикалық

маңыздағы жолдар арқылы қоғамдық

көліктер мен дизельді техниканың

барлық түріне жүруге шектеу қойылды.

Кеше де қатты аяз көтеріліп, сынап

бағанасы -40 градусты көрсетті.

- Аязды күндер әлі де сақталады

деп күтілуде. Кей жерлерде тұман

болады деп болжануда. Тұрғындардың

аязды күндері жолға шықпауын

сұраймыз, - дейді облыстық төтенше

жағдайлар департаментінің басқарма

басшысы Айдын Қажыбеков.

Қазіргі уақытта республикалық,

облыстық маңыздағы жолдарда

полиция қызметкерлері тәртіпті

бақылауда. Мамандар жолда қалған

жолаушыларға көмек көрсетуде. Бұл

ретте сақшылардың көлігінен ыстық

шай, жылы көрпе мен қалың киім

де табылады. Облыстық полиция

департаменті басшысының бірінші

орынбасары Жасқайрат Қайыров

«ВАЗ» маркалы жеңіл көлікті тізгіндеген

жүргізушінің құтқарылғанын айтады.

Мамандар ер адамды дер уақытында

құтқарған.

- Көкшетау қаласынан Екібастұзға

жолға шыққан болатынмын. Шаһарға

жақындаған шақта көлігім от алмай

Жаңа баспана

Ақтоғайлық ондаған отбасы жаңа жылды жаңа баспанада

қарсы алды. Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол

картасы» және «Еңбек» бағдарламалары шеңберінде

әрқайсысы 24 пәтерлі екі үй пайдалануға берілді.

Жаңа шаңыраққа көпбалалы

отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі

шектеулі азаматтар, толық емес отбасыдан

шыққан жандар, денсаулық

сақтау және білім беру саласының

қызметкерлері қоныстанды. Аудан

әкімі Қаршыға Арынов тұрғындарға

салтанатты түрде пәтер кілттерін

табыс етті.

- Құрылысшылар кестеден

кешікпей, ғимараттарды уақытында

тапсырды. Отбасыларды қуанышты

сәтпен құттықтаймын. Жаңа үйде

жаңа армандар орындала берсін! –

деді аудан басшысы.

Оралхан ҚОЖАНОВ

қалды. Ақауды ретке келтіре

алмадым. Тоңа бастаған соң,

102 қызметіне қоңырау шалдым.

Жол сақшылары жылдам жетті.

Мені үсіктен аман алып қалған

қызметкерлерге алғысым шексіз, -

дейді жүргізуші Абай Күлшатов.

Полицейлер тұрғынның техникасын

жөндеген соң, Екібастұз қаласына

дейін ілесе отырып, шығарып салған.

- Бұған қоса Павлодар-Нұрсұлтан

бағыты бойынша жолға шыққан жүк

көлігі Шідерті елді мекенінде тоқтап

қалған. Ол ауа температурасына

қарамастан Ресейден Қырғызстанға

жолға шығыпты. Мамандар оны жылы

орынға жайғастырып, көлігін жөндеумен

айналысты. Техникасы ретке келген

соң, ол өз бағытын жалғастырды.

Қызметкерлер онымен әр сағат

сайын байланысқа шығып тұрды, -

дейді Ж.Қайыров.

Қырғызстан елінің тұрғыны Ақтілек

Арзыбеков жергілікті полицейлерге

ризашылығын білдірді.

Тәртіп сақшылары өмірге қауіп

төндіретін мұндай оқиғаға тап

болмас үшін тұрғындардың үйде

отыруын сұрайды.

Синоптиктер 10 қаңтарға дейін

ауа райы температурасы түнде

-29-36 градусқа дейін суытатынын

ескертуде.

Пәтер кілтіне ие болғандардың

бірі – аудандық аурухананың медбикесі

Зинат Мұхамедиярова.

«Отбасымыз үшін қуанышты күн.

Зәулім ғимараттағы жаңа пәтерге

көшіп жатырмыз. Туған өлкеміз –

Ақтоғай жылдан-жылға ажарлана

түскенін мақтан етеміз!», - дейді

З.Мұхамедиярова.

Ауданда биыл да тұрғын үй

құрылысы қарқынды жүргізілмек.

Ол үшін қажетті жобалық-сметалық

құжаттар әзірленіп жатыр.

Ақтоғай ауданы.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Азамат БАЙТЕНОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8271 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2657

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 5 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл ӘЗІЛ-ОСПАҚ

SARYARQA SAMALY

Жап-жаңа жылыңызбен!

МЫРС ЕТЕР

Кеміргіштің «кесірі»

(Әзіл әңгіме)

Уәлиолла әр кез Жаңа жыл қарсаңында тағдырын жүз сексен градусқа

айналдырып жіберген сонау тышқан жылын еріксіз еске алады. Олай

дейтініміз, сол күнгі оқиға бұл үшін басы қатты, аяғы тәтті болған бір

хикая еді. Әйтеуір тағдыры алдымен қыл үстінде болып, соңы жайма

шуақ өмірге ұласқанына ол мың тәубе дейді. Әйтпесе, әлі күнге ащы

суға тойып алып, гәккулетіп жүрер ме еді, әлде келместің кемесіне мініп

кете бара ма, кім білсін...

Ол қала іргесіндегі орыс ағайындар

басым ауылда тұрып жатты. Жай

жұмысшы болған соң, бас қатыратын

көп ештеңе жоқ, қыста қолдағы малын

азықтандыру – мұның міндеті. Ал бас

дегенде тек соны жазу әлегі бар.

Кешегіден дыңылдайтын шақшадай

басты қайткенде де «орнына қою» -

күнделікті дағдысы. Оған ішірткі қайда?

Жегі құрттай қинаған сол аран күнде

«ақаңды» аңсап, ол үшін бұл сабазың

«отқа да күюге, суға да батуға» бейілді.

Қасындағы бөтелкелестерімен жоқты

іздеп, дүкен кезеді, тиын-тебен болмаса,

жеке өзі иісшіл иттей «із кесетін». Ит

дегеннен шығады, сондай «жорық» кезінде

ол итке де талана жаздағаны бар.

Бірде ол ырғын тегін араққа қарық

болмаққа дәме артып, той өтіп жатқан

үйге жақындайды. Бейсауат жүргіншіні

жөпелдемеде сезе қойған кәнден елді

басына көтеріп, шәуілдей жөнелмесі

бар ма? Онысымен қоймай, бәкене

ит қасына тұрқы адам шошырлық,

тайөгіздей түркімен итін ергізіп, шақырусыз

қонаққа қарай бүлкілдейді. Ал ол болса,

қорыққанынан тұрған орнында қаққан

қазықтай мелшиіп қатып қалады. Әйтеуір

«күшігім, күшігім» деуге әрең-әрең дәрмені

жетеді. Құдай оңдағанда, анау дәу

үнсіз келді де, екі аяғын мұның иығына

марғау арта салады. Сол сәт адам мен

хайуанның бойлары теңесіп, бауырмал

ит мұның бетін жалай бастайды. Мұны

көріп шошынған ақ сары келіншек

«О, господи, допился, теперь с собакой

целуется» депті, бетін қайта-қайта

шымшылап.

Кім ойлаған, осылайша «Күлтөбенің

басында күнде жиын, күнде той» алаңсыз

ду-думан кешіп жатқан қайран дәуренғұмыры

айдың аманында бастан тайып

шықты. Ескі жылды есіркеп, жаңа

жылды жарылқаймын деп жүріп, Уәкең

ақаңды сілтеуден күн құрғатпады. «Сүр»

мастығынан айықпай жүріп, уақыттың

өткенінен мүлде бейхабар қалды. Өзі

айтқан осы мысық тірлігі ұзаққа ұласа

берер ме еді. Ескі жылдың соңғы

таңында әйелі мұны қатты жұлқылап,

ашулы дауыспен оятты:

– Әй, малғұн, тез тұр, кәне! Қорадағы

малдың азықсыз қанша күн тұрғанын

білемісің сен? Қырайын деп пе ең?

Өлмесін десең, шық та, малға жем сал.

Мынау қатқыл сөздер өңменінен

өткендей әсер етті. Мең-зең қалпы

тыжырына жастықтан басын көтеріп,

аяғынан тәлтіректей тұрды. Ықылассыз

ірки басып, «осы әйелдің ызыңы бітпейді,

мал қайда қашады» деген жаратпаған

сыңайда киім ілгішке қарай беттеді.

Малға киетін кең қолтық комбинезонға

жартылай жалаңаш денесін, аузы далиған

резеңке етікке аяғын шұлық киместен

сүңгіте салды да, асығыс тысқа

шықты. Таныс бейнені көрген бойда

ірісі, ұсағы бар, малдың бәрі жем

бөшкесі салынған арбаға қарай лап

қойды. Қожайын оларға зекіп, бөшкенің

аузына қарай өресін созды. Сөйтті

де, қолындағы бақырашымен одан

көсіп жем алмаққа қолын шынтағына

дейін сүңгітіп еді, ештеңе ілікпеді. Осы

қимылын қайталағанда мұның қолын біреу

қағып жібергендей болды. Оны ойлап

тұратын уақыт жоқ, мал болса бермесіңді

тартып алардай анталап тұрғандары

мынау. Бөшкенің түбіне жетпей тұрған

шығармын деген оймен бұл құлашын

кеңге жайып, бар пәрменімен қолын

тереңге бойлатып жіберіп еді. О, тоба!

Қақыр-шұқыр еткен дыбыспен бірге

денесі ток соққандай, тыз ете қалды

да, жан дауысы шыққан күйі қолын

бөшкеден қалай тартып алғанын өзі де

аңдамай қалды. Жыны ұстаған бақсыдай

бақырып, қолын сілкілеп селкілдесін-ай

кеп. Бір орнында айналшықтап тұрып

алды. Сөйтсе, адамның зәре-құтын

алып, аласапыран жасап жатқан ақылды

да айлалы алып тышқан егеуқұйрық

екен. Ол бөшке түбінде жемге тойып,

«жағасы жайлауда» қаннен-қаперсіз

жатқан. Кенет төбесінен әңгіртаяқ

ойнатқандай төңірегі тасыр-тұсырға

айналды да кетті. Одан есі шыққан

егеуқұйрық секіре-секіре өзі жанасқанға

жандәрмен жармаса кетті. Білекке тас

түйін жабысқан күйі одан сыртта да

айырылмады. Ақылынан адасқан кеміргіш

екі жеңнің арасын бой тасалайтын ін

деп қалса керек, иықтарды баса көктей

өтіп, крейсерлік жылдамдықпен құйын

перін әрлі-берлі жүгірсін-ай кеп. Одан

әрі балаққа кіріп, аяқтан бір-ақ шықты.

Адамның ет терісі бір мезгілде мың сан

құрт қаптағандай жыбыр-жыбыр, қыбырқыбыр

етеді. Осыдан шошынғаннан

бейшара от басқан мысық секілді (өзі

тегін айтпаған ғой) аяқтарын кезек-кезек

сілкілеп, еркінен тыс мәжбүр қимылдан

болдыра бастады. Құйрықты мақұлық

бостандыққа дұрыс бағыт ала алмай,

екі етіктің арасын кезек-кезек кезіп,

қасқағымда атылған тығындай балақтан

зу ете шығып, көзден ғайып болды.

Сол-ақ екен әбден қалжыраған сорлы

бейбақ та өзінің «Лезгинкаға» ұқсас

бейберекет биін күрт тоқтатып, «аһ» ұра

құлады. Жәй сұламаған, жүрек талмасы

ұстаған. Бақытына қарай онысы жеңіл

болып, ауруханадан сауығып шықты.

Сөйтіп, қашан да адамды жағалап

жүретін егеуқұйрық жаңа жылда Уәлиоллаға

бұрынғысынан мүлде өзге екінші өмір

сыйлады. Арақ десе ішкен асын жерге

қоятын сабазың енді оны аузына алмайтын

болды. Өзіне мүлдем жаңа кәсіп тапты. Қала

мешітіндегі қысқа оқудан өтіп, құдай жолын

ұстанған ауылдың имамы атанды. Онсыз

бірде-бір діни шара, салт-дәстүр рәсімі

өтпейді. Аяғын сылти басып (аурудың

салдары), шақырған жерден қалмайды.

Бұрын лепіре сөйлеп, ауыздыға сөз

бермейтін бір кезгі көкезу қазір құранды

сарната оқып, жәмиғатты ұйытатын, шын

мәніндегі молдаға айналды. Ауылдағы

ең салауатты адам кім десеңіз – нақ

соның өзін атайды жұрты.

Міне, Жаңа жылға санаулы сағаттар

қалғанда... жо-о, жоқ, ол шақырған жерге

алаңсыз кетіп барады. Егеуқұйрықтан

есеңгіреп, тағдыры адам танымастай

өзгергенін ол тылсым күшке телиді

және оған құдайдай сенеді. Өйткені,

тышқан жылы басқамен емес, оның

кеміргіш туыстасы егеуқұйрықпен кездескені

жайдан-жай емес, мұнда бір

беймәлім сыр бар дейді.

Қайткенде де адасқан адамды

тәубесіне келтіріп, салауаттыққа жол

ашқан сен жарайсың, егеуқұйрық!

Өтепберген ЖҮСІБӘЛИЕВ,

журналист.

Езутартар

- Айыпталушы, сіз әмиянды

қашан тауып алдыңыз?

- 31 желтоқсан күні.

- Онда неге бірден полицияға

тапсырмадыңыз?

- Сол күні полицияда ешкім

болмады.

- Ал келесі күні ше?

- Келесі күні әмиянда ештеңе қалмады.

***

- Аяз Ата, маған ойыншық көлік сыйлашы,

- деп бала айқай салады.

- Айқайлама, Аяз Ата сыбырлағаныңды

да жақсы естиді, - дейді оған

анасы.

- Иә, бірақ әкем есігін жауып

алды. Естімей қалуы мүмкін.

***

Мектептегі Жаңа жыл кеші.

Бастапқы әскери дайындықтан

сабақ беретін мұғалім Аяз Атаның

киімін киіп алған:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Сәлеметсіз бе, Аяз Ата! - дейді

жай дауыспен оқушылар.

- Бірдей шықпады. Кәне, тік тұр,

қайтала!

***

Жаңа жылды қарсы алғаннан

кейін:

- Мадам, сіз маған үйге баратын

жолды көрсетіп жібере аласыз ба?

- Иә...

- Менің қайда тұратынымды сіз

қайдан білесіз? Біз таныспыз ба?

- Өшір үніңді! Мен - сенің

әйеліңмін!

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!