14.01.2021 Views

"Сарыарқа самалы" 29 қыркүйек, сейсенбі, 2020 ж. №109 (15579)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4 29 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл ТІРШІЛІК

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Құс тұмауы: жағдай

тұрақты ма?

ЖИЫН-ТЕРІМ

630 тоннасы

бастырылды

«Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы тіркеліпті»

деп ауыз жиғанша болған жоқ, қауіпті індет өткен

аптаның басында аймағымыздың бірқатар өңірінде

анықталды. Қауырсын қанаттыларды «қынадай қырып

жатқан» жұқпалы ауру облыстың құс шаруашылығына

аз зардап тигізбейтіндей. Қазір облыстағы эпизоотиялық

ахуал қандай? Нендей сақтық шаралары қолға

алынуда? Осы және өзге де сауалдарымызға облыстық

ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік

Батырғожинов жауап берді.

- Серік Барлыбайұлы,

құс тұмауы қай аудандарда

тіркелді? Қандай сақтық шаралары

жүргізілуде?

- Қыркүйек айының басынан

бері өңірде 3082 құс қырылды.

Құс тұмауы Железин, Ақтоғай,

Тереңкөл, Ертіс және Баянауыл

аудандарында тіркеліп отыр. Бүгінде

республикалық эпидемияға қарсы

топтың мамандары Железин ауданына

қарасты Ақтау және Жаңа

Жұлдыз ауылдарының, Тереңкөл

ауданына қарасты Трофимовка

ауылының, Ертіс ауданына

қарасты Ағашорын ауылының

кіреберістеріне дезинфекциялық

тосқауыл орнатты. Аталған ауылдар

карантинге жабылып, елді мекен

айналасындағы жер жыртылды.

Өлген құстардың денесі өртеу

әдісімен жойылды. Сақтық шараларына

тоқталсақ, аудандарға

390,1 мың вакцина үлестірілді.

Әзірге 150,7 мың бас құсқа дәрі

егілді. Қорда 75 мың дәрі сақтаулы.

Жағдай қатаң бақылауда. Арқаны

кеңге салуға әлі ерте. Солтүстіктен

оңтүстікке жабайы құстардың

ұшуы қазан айының соңына дейін

жалғасатынын ескерсек, жағдай

әзірше тұрақтамайды.

- Бұл жағымсыз жағдай құс

шаруашылығының дамуына

қаншалықты әсер етеді?

- Бүгінде облыс аумағында

1 миллион 856 мың бас құс бар.

Оның ішінде жеке шаруа қожалықтарда

– 674 мың, құс фабрикаларында

1 миллион 182 мың

құс тіркелген. Індеттен қырылған

жануарлар қолдағы құстың небары

0,15 пайызын құрайды. Барлығы да

жеке аулаларда орын алып отыр.

Сол себепті, құс шаруашылығының

дамуына орасан зор шығын әкеледі

деуге келмейді.

- Індеттің салдарынан

жергілікті нарықтағы құс

еті мен жұмыртқаның бағасы

аспандап кетпей ме?

- Облыс аумағындағы сауда

орындарында саудаланатын құс

өнімдері (жұмыртқа және құс еті)

негізгі 3 ірі құс фабрикасынан тасымалданады.

Олар: «Павлодар құс»,

«Шарбақты Құс» және «Қызылжар

Құс» фабрикалары. Бүгінде аталған

кәсіпорындардағы эпизоотиялық

жағдай тұрақты. Сондықтан құс

өнімдерінің тапшылығы орын

алмайды. Соған орай баға өсуіне

де негіз жоқ.

- Үй жануарларынан айырылған

тұрғындарға өтемақы

төлене ме?

- Әзірге ол мәселе екінші кезекте

тұр. Қазір дәрі егу жұмыстарын

жүйелі жүргізіп, аурудың алдын алу

мақсат етілуде. Жалпы, өтемақы

төлерде құс өлімі тіркелген уақыттағы

ет бағасының орташа мөлшері

есепке алынады. Қыркүйекте құс

тұмауы орын алатынын ешкім

білген жоқ. Сол себепті бюджет

қаржысы нақтыланғанда өтемақы

үшін қаражат қарастырылмағаны

түсінікті. Десе де, бұл проблема

Үкімет көлемінде шешімін табатынына

сенім мол.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Аймақ шаруаларына арзандатылған жанаржағармайдың

уақытылы жеткізілуі – басты

назарда. Бұл ретте, Май ауданының диқандарына

тиесілі 192 тонна дизель отынының қаражаты

төленіп, тиісті орындарға жөнелтілуде. Әзірге

33 пайызы тасымалданған.

Аудандық ауыл шаруашылығы

және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

Людмила Байкежанованың

мәліметінше, бүгінде 1260 гектар

күздік дақылдар жиналған.

Сәйкесінше, 630 тонна астық

бастырылған. Өнімділігі – орташа

есеппен гектарына 5 центнер.

Жиын-терім жұмыстарына 16

комбайн жұмылдырылған. Астықты

тасымалдау үшін тіркемелерімен

бірге 4 «КамАЗ» және 7 МТЗ

тракторы бар.

Мал азығына тоқталсақ,

жоспарға сәйкес 82,1 мың тонна

шөп дайындалуы тиіс. Бүгінде

жоспар артығымен орындалып,

84,7 мың тонна әзірленген.

Қыстаққа 46 мың тоннасы, яғни

55 пайызы тасымалданған.

О.АХМАДИЯ.

Жүзуге жағдай жасалды

Екібастұз қаласындағы

30 жылдан бері жөндеу

көрмеген «Жасыбай»

спорт кешені

биыл мемлекеттік

бағдарламаның

аясында түрлене

түспек. Жүзуді жанына

серік еткен балғындар

мен қалалықтардың

қолайлылығы үшін

жағдай жасалып, заманауи

құралдармен

жабдықталды.

Кеншілер шаһарындағы «Жасыбай»

спорт кешені 1989 жылы салынған

болатын. Сол уақыттан бері ағымдық

жұмыстар жүргізілгенмен, күрделі

жөндеу болған жоқ. Соның салдарынан

бассейн залдарының қабырғасы

мен еденіндегі плиткалар сынып,

бассейннің тостағанында жарықтар

пайда болып, жуыну бөлмелері

мен жаттығу залдары қолайсыздық

тудыра бастады. бірақ бұған дейін

оларды ретке келтіріп, жаңартуға

қазынада қомақты қаржы болған

жоқ. Тек биыл «Жұмыспен қамтудың

жол картасы-2020» бағдарламасы

бойынша 167,7 млн. теңге қаржы

қарастырылып, мемлекеттік конкурс

нәтижесінде 146 млн. теңгеден

астам қаражат бөлінді. Бүгінде сәуір

айында басталған тиісті жұмыстар

аяқталуға таяу. 25 метрлік үлкен

және 12 метрлік кіші бассейндердің

тостағандары, плиткалар толығымен

жаңартылып, жуыну және жаттығу

бөлмелері жөнделді. Енді ішкі әрлеу

жұмыстарының аз көлемі қалды. Бұл

істер де бір ай дересінде аяқталып,

қазан айының соңында жаңарған

бассейн пайдалануға берілмек.

Балалар-жасөспірімдер спорт

мектебінің директоры Қуат Абылайхановтың

айтуынша, мұнда мектеп

жасындағы 500-ден астам бала

жүзумен тұрақты түрде айналысады.

Олар үшін секциялардың

барлығы тегін. Ал аталмыш спорт

түрімен бос уақытта айналысуға

ниетті екібастұздықтар үшін бір

сеанс 450 теңгені құрайды. Абонемент

те сатып алуға болады.

- Жалпы, 25 метрлік бассейнде

бір уақытта 60 адам жүзе алады.

Бірақ бүгінгі эпидемиологиялық

жағдайға байланысты бір адамға

5 шаршы метр көлем ғана берілуі

тиіс. Сондықтан бассейнді жөндеу

жұмыстары аяқталған соң 20-30

адам ғана жүзетін болады. Оларды

Дмитрий Лысица, Наталья Сафронова

сынды білікті, тәжірибелі мамандар

жаттықтырады. Тек карантин шараларына

байланысты спорт кешеніндегі

жаттығулардың барлығы

онлайн режимде, ашық аспан астында

өтіп жатыр. Спортшылар да, бапкерлер

де залға оралатын күнді тағатсыздана

күтіп жүр, - дейді Қ.Абылайханов.

Жүзуші жеткіншектердің қатарында

жетістікке жетіп жүргендер жетерлік.

Айталық, аталмыш спорт мектебінің

тәрбиеленушісі Аделаина Пчелинцева -

бүгінде ҚР Ұлттық құрамасының

мүшесі. Сонымен қатар, 20-дан астам

Суреттерді түсірген – Серік Қапаров.

спортшы облыстық, республикалық

сайыстардан үнемі олжалы оралады.

Қуат Қаптайұлының пайымынша,

жаңарған бассейнге келушілердің де,

жүлдегерлер мен жеңімпаздардың

да саны артары анық. Ол үшін

мердігер компания - жергілікті

«Вершина» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігі барын салуда.

Аталмыш кәсіпорынның өндірістік

директоры Әлібек Қуанышевтің айтуынша,

жоспарлы істер белгіленген

кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысанды

уақытылы тапсыру үшін жұмысшылар

аянбай еңбек етіп жатыр. Десе де,

бірқатар қолбайлаулар жоқ емес.

- Біріншіден, аталмыш мемлекеттік

бағдарлама аясында жергілікті

жұмыспен қамту орталығы

22 адамды жіберуі тиіс болса,

бүгінде 6 студент қана жұмыс

істеп жүр. «Жұмыспен қамтуың жол

картасы-2020» бағдарламаларының

барлығы бір мезетте басталған соң

білікті мамандарды былай қойғанда

қатардағы жұмыс күші жетпей жатыр.

Сондықтан өзіміздің кәсіпорынның

басқа құрылыс алаңындағы қызметкерлерін

осы іске тартуға тура келді.

Екіншіден, құрылыс материалдарының

отандық үлесінің 90 пайызды

талап етуі. Бірақ қажетті материалдардың

барлығы бірдей біздің елде

шығарылмайды. Айталық, бассейндегі

технологиялар Германиядан,

плиткалар, сантехника Ресейден

жеткізілді. Әрине, біздің облыста

шығарылатын өнімдерді барынша

пайдалануға тырысамыз. Мәселен,

біздің кәсіпорын пластикалық терезелер

мен есіктерді, кірпіштер мен

кеспетастарды шығарады, соларды

қойдық. Әйтсе де, 90 пайыздың

барлығын қазақстандық тауармен

қамту мүмкін емес. Үшіншіден,

осыдан үш жыл бұрын жасалған

жобада көрсетілген бағалардың

бүгінгі бағамен сәйкес келмеуі.

Мысалы, сметада плитканың бағасы

2700 теңге деп көрсетілсе, біз сапалы

материалдарды пайдалану үшін

оларды 3800-4500 теңгеге сатып

алдық. Сметадағы бағасы 5-6 мың

теңгелік қарапайым шамдардың

орнына ылғалға төзімді, құны 80 мың

теңге болатын шамдарды орнаттық.

Сол сияқты жұмыстар, өзгерістер жетіп

артылады. Осындай қолбайлаулар мен

қымбаттыққа қарамастан, балалар

үшін барлық жағдайды жасау үшін

тырысып жатырмыз, - дейді

Ә.Қуанышев.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ,

Екібастұз қаласы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!